10қыркүйек пдф 2016 ж

Page 1

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОНДА ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНО­ МИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛЫП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ АЛ­ ДАҒЫ ШАРАЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ.

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

ak-jol-taraz@rambler.ru

№106 (18300), Сенбі, 10 қыркүйек, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

АҚОРДА

БАСТЫ МІНДЕТ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЗҮЛФИЯ ҒАБИДУЛЛИНАҒА РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан З.Ғабидуллинаны суға жүзу сайысында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. «Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті спортшыға зор денс аулық тілеп, келешекте жаңа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.

(АБАЙ).

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, сондай-ақ экономикалық өсімді қамтамасыз

Ел қуатты болмай, Қуаныш тұрақты болмайды. МЕЙРАМДА РЫҢЫЗБЕН!

БЕЙБІТШІЛІК, БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ӨРКЕН ЖАЯ БЕРСІН ОБЛЫС ӘКІМІ К.КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді мұсылман қауымының қасиеттi мейрамы Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт барша мұсылман қауымын адамзаттық құндылықтарды бағалауға, бірлікке, ізгілікке шақыратын ең басты да қасиетті мейрамдарының бірі. Қазақстанда Құрбан айт өзге де діни мейрамдар секілді бейбітшілік пен келісімді нығайтуда, қоғамды топтастыруда маңызды орын алады. Қасиетті Құрбан айт күні халқымыз рухани тазалықты, адалдықты ұлықтайды, жақындарына, мұқтаж жандарға қайырымдылық пен қамқорлық танытады. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыруымен бірге рухани және мәдени өрлеу жолында келеді. Мемлекетімізде дін және ар-ождан бостандығына барлық мүмкіндік жасалған. Діни конфессиялардың сыйластығы мен дәстүрлі құндылықтары халықтардың өзара жарасымды сыйластығын барынша көрсетіп келеді. Нәтижесінде дүниенің төрт бұрышында ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар толастамай тұрғанда біздің осындай береке-бірлігіміз өзге елдерге үлгі-өнеге ретінде ұсынылуда. Бүгінгі таңда облыс аумағында 320-дан астам діни бірлестіктер жұмыс істеуде. Діни бірлестіктер этникааралық келiсiм мен дiнаралық түсiнiстiктi одан әрi де нығайтып, Тәуелсiз Қазақстанды өркендетуге, оның мәдени, рухани құндылықтарын сақтауға алдағы уақытта да лайықты үлес қосады деген сенiмдемiз. Қадірменді жамағат! Ниеттеріңіз қабыл, Құрбан айттарыңыз мүбарәк болсын! Елімізде әрқашанда бейбітшілік, бірлік пен келісім өркен жая берсін! Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін!

ету жөніндегі алдағы шаралар айқындалды. Елбасы жиналғандарға арнаған сөзінде бүгін мемлекет алдында тұрған негізгі міндет – тұрғындардың өмір деңгейін а р т т ы р у е ке н і н ат а п ө т т і .

– Күрделі жағдайларға қарамастан, біз 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік қызметкердің орташа жалақысын 30%-ға, стипендиялар мен жәрдемақыларды – 25%-ға арттырып, зейнетақыны 9%-ға индексацияладық. 673 мың адамға

мүгедектігі және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақылар көлемін 25%-ға арттырдық, – деді Қазақстан Президенті. (Жалғасы 2-бетте).

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Б.Ә. Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Тәуелсіздік жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешені аралығында айтарлықтай дамыды. Атап айтқанда, 1991 жылы облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 4,4 миллион (оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 2,2 миллион, мал шаруашылығы – 2,1 миллион) теңгені құраса, 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 218,7 миллиард теңгені, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 114,6 миллиард теңге және мал шаруашылығы – 103,1 миллиард теңгеге өсті. Сондай-ақ, 1991 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша көрсетілген қызметтің көлемі – 100 мың теңгені құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш –

960,1 миллион теңге болды.

СҮЙІНШІ!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

1. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 қыркүйек №319

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ А.Ұ. Маминді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 қыркүйек №318

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 қыркүйек №320

НІ АСЫ КҮ Б Т О ЕҢ – ЕРТ

ЖАНҰЯ ЖЫЛЫЛЫҒЫ ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІККЕ ҰЛАСАДЫ

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». ҚОҒАМ ТОЛЫҚ КЕМЕЛДІ БОЛУЫ ҮШІН ОТБАСЫЛЫҚ ИНСТИТУТТЫ ДАМЫТУЫМЫЗ ШАРТ. ЖАНҰЯДАҒЫ БЕРЕКЕСІЗДІК ЖАЛПЫ ҚОҒАМҒА КӨЛЕҢКЕСІН ТҮСІРЕТІНІНЕ БҮГІНДЕ БАРШАМЫЗДЫҢ КӨЗІМІЗ ЖЕТТІ. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ САҚТАЛМАУЫ – ТӘРБИЕНІ АҚСАТТЫ. КӨТЕРГЕН ОТАУЫ БЕРІК БОЛМАҒАН ҮЙДІҢ ҰЛЫ ЖҮГЕНСІЗ КЕТТІ, ҚЫЗЫ КҮЙІГІН ТАРТТЫРДЫ. АРА-ТҰРА ӘР ӨҢІРДЕ ШАҢ БЕРІП ҚАЛЫП ЖАТҚАН МҰНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ОТБАСЫН МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ ДЕП САНАЙТЫН ЕЛІМІЗ ҮШІН ҚАҒЫЛҒАН ДАБЫЛ ЕДІ.

(Жалғасы 3-бетте).

Ы Н Ы Т Л А Ң Ы Н Я ЗҮЛФИ

ШЫҚТЫҚТА А Қ Р Т Е М 0 0 Ы АТАР ОЛ 1 СОНЫМЕН ҚМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТ ӘЛЕ Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Ри о-де-Жаней ро Пар а ли мп и ада ой ын ­ дарындағы Қазақ елінің үміті, Жамбыл өңірі жанкүйерлері үкілеп қосқан спортшы Зүлфия Ғабидуллина жүзуден талайлардың арманы болған алтын медальді жеңіп алды. Бұл – Тәуелсіз Қазақ елінің Паралимпиада тарихындағы тұңғыш медалі. Ол және алтын болып келді. Сонымен қатар, Зүлфия 100 метр қашықтыққа еркін стильде жүзуден әлем рекордын жаңартты. Ол бұған дейін әлемнің алты дүркін чемпионы және Азия параойындарының чемпионы, әлемнің қола жүлдегері болатын. Суда өзін балықтай еркін сезінетін біздің «қос мекенді» спортшымыз әлемдік рейтингте ү зд і к с е г і зд і к ке к і р ед і . Р и о - д е - Жа н е й р о Олимпиадасының алтыны Зүлфияның өміріндегі ең басты арманы болатын. Міне, мемлекет пен жергілікті билік тарапынан жасалған қамқорықтың, спортшының тынымсыз жаттығуы мен төккен терінің арқасында бұл арман да орындалды. З.Ғабидуллина паралимпиадаға бір аяғы немесе бір қолы жұмыс істемейтін спортшыларға арналған S3 категориясы бойынша қатысып отыр. Спортшыны жарыстарға жеке бапкері Саттар Бейсембаев дайындады. Зүлфия: – Әлем елдері көз тіккен додаға үлкен дайындықпен келдік. Мемлекет бар жағдайды жасады. Шетелде де жаттығу жиындарын өткіздік. Президент қабылдап, ақ жол тілегені де есімізде. Облыс әкімі де қуанышымызға ортақтасып отырады. Алда тағы медальға таласатын мүмкіндіктер бар. Талай жылдан бері күткен жеңісімді еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арнаймын. Бұл алтын медаль Қазақстандағы басқа да мүмкіндігі шектеулі жандардың жігеріне жігер қосады деп сенемін, – дейді алтын тағынған атақты спортшымыз. (Жалғасы 8-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.