Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№131 (18325), Бейсенбі, 10 қараша, 2016 жыл
АҚОРДА
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАСТЫ АСПЕКТІЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНАДЫ
= ЖАПОНИЯ «TOYOTA CAMRY 60» ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Жаңа «Toyota Camry 60» бірнеше айдан кейін шығатынына қарамастан, тәуелсіз дизайнерлер қазірдің өзінде тыңшылық жолмен көліктің дизайны туралы ақпараттарды таратып жатыр. 2017 жылы жаңа камри Қазақстанда ең көп сатылатын көлік болады деп болжанып отыр. Шанақтың алдыңғы жағында 50-ші маркамен салыстырғанда өзгешелік болады. = СЕРБИЯ КЕЛІНШЕК «АҒАШ ҚУЫРШАҚҚА» АЙНАЛДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Д.Трампты құттықтап, биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қарымқатынас орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті. «Сіздің басшылығыңызбен Америка Құрама Ш т ат т а р ы д ү н и е ж ү з і н д е т ұ р а қ т ы л ы қ т ы , қауіпсіздікті сақтау және өсіп-өркендеу жолында тірек болып қала беретініне сенімдімін», делінген жеделхатта. Елбасы Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы әріптестігіміздің маңызды кезеңіне айналатынына сенім білдірді. «Біз Кеңес жұмысына елеулі үлес қосып, АҚШпен барлық өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға әзірміз», делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа табыс тілеп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Осы елдегі бет әрлеуші Мирьяна Кика Милошевич ағаш қуыршаққа айналатын иллюзия жасады. Ол өз денесіне бояу жағу арқылы қуыршаққа айналу сәтін видеоға түсіріп алған. Осы бейне жыл сайын өтетін «NYX Face Awards» шарасында көрсетілді. Бет әрлеушінің туындысы көрермендерді тәнті етіп қана қоймай, жиналғандар оның шеберлігі шыңдалғанын мойындап қайтты.
А ЫЛД ЖАМБ = ЖАМБЫЛ
ГАЗ САҚТАУ ҚОЙМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
«Амангелді газ өңдеу зауыты» өнім түрлерін ұлғайтып, жылына 40 мың тонна жоғары октандық бензин шығаратын тұрақтандыру блогы мен сыйымдылығы 4160 тонналық сұйытылған газ сақтау қоймасын салу үстінде. Құрылыс осы айдың аяғында аяқталып, пайдалануға беріледі. = ЖУАЛЫ
Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында ел Президенті Пак Кын Хемен кездесу өткізу көзделген. Мемлекет басшылары келіссөздер аясында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-
қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және «Енсей» университетіне барады.
ЖОБА ҚҰНЫ 35 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында тағы бір қуаттылығы 50 МгВ-ты құрайтын күн электр стансасының құрылысы жобасын іске асыру көзделіп отыр. Нұрлыкент ауылдық округінен 150 гектар жер теліміне толықтай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның құны 35 миллиард теңгені құрайды.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ: ЗАРДАПТАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖҰМЫС ТОҚТАҒАН ЖОҚ АЛ ЗАҚЫМДАНҒАН НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА Уалихан ЖАЙЛАУ,
«Ақ жол».
ФЕРЕНЦИЯ И КОН М ЛЫ ҒЫ
«ҰЛТ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛЫП ӨТТІ
Ке ш е Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Ұлт т арихы және ұлы тұлғалар» атты республикалық ғылыми-практика лық конференция болып өтті. Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткен конференцияда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Ханкелді Әбжан, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор Зейнеп Базарбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың проректоры, тарих ғылымының докторы, профессор Ғабит Кенжебаев ұлтымыздың тағылымды тарихы мен оның ұлы тұлғалары жайлы кеңінен сөз етті. (Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның толық есебін газетіміздің алдағы санынан оқитын боласыздар).
Қ а р а ш а д а ғ ы д ү л е й д ау ы л д а н мойынқұмдықтар да зардап шекті. Бірқатар әлеуметтік нысандар мен көп қабатты үйлердің шатыры ұшып, терезесі қирап қалды. Дегенмен, аталған мекемелер жабылып қалған жоқ. Бүгінде жөндеу жұмыстары қызу қарқын алып, сала қызметкерлері күнделікті жұмыс барысын жалғастыруда. Ауданға арнайы іссапармен келген облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев денсаулық сақтау және білім нысандарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысымен танысып, зардап шеккен мекемелерді аралап көрді. Облыс басшысы алдымен Шығанақ ауылындағы 140 орындық «Қуаныш» балабақшасында болды. Бұл нысан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ашылған еді. Өтініш, тілектері орындалған көпшілік балаларының балабақшаға баратын болғанына риза.
Пана болар елің болсын, Табан тірер жерің болсын. ЖАЗЫЛЫМ – 2017
АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДАР
(Жалғасы 2-бетте).
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,
«Ақ жол».
Облыстың алыстағы аймақтарының бірі саналатын Сарысу ауданының жұртшылығы мерзімді басылымдарды оқуға, ғылым-білім жаңалықтарымен танысуға құштар. Өндірісі өркен жайып, ауыл шаруашылығы қарыштап дамыған сарысулықтар – көздері ашық, көкіректері ояу екендіктерін жыл сайын басылымға жазылу кезінде айқын дәлелдеп келеді. Биыл да сол үрдістерінен жаңылмауға бел байлап отыр. Бұрнағы күні Жаңатас қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде сарысулықтар облыстық «Ақ жол» газетінің бір топ журналистерімен кездесті. Кездесуді «Сарысу» аудандық газетінің бас редакторы Жамалбек Өзбеков ашып, жүргізді. Оған облыстық «Ақ жол» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Ақылжан Мамыт қатысып, облыс айнасының бүгінгі тынысы, шығармашылық ізденістері туралы айтты.
(Жалғасы 3-бетте).