Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындаламыз

Page 1

А. Ә. Айнабек, Т. Ж. Ганиев

ҰБТ - ға дайындаламыз І бөлім фонетика лексика морфология

Астана – 2013

1


УДК 373.167-1 ББК 81.2 Қаз А 31

«Білім-2050» шығармашыл педагогтерінің одағы» қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен ұсынылған (2013 жылғы 2 тамыздағы № 5 хаттама)

А 31

Айнабек А. Ә., Ганиев Т. Ж. ҰБТ-ға дайындаламыз: Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған ҰБТ-ға дайындық негізінде жасалған оқу – әдістемелік құрал./ А. Ә. Айнабек, Т. Ж. Ганиев. - Астана: ЖШС «Самғай біл», 2013.- 232 бет. ISBN 978-601-300-200-2

Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған ҰБТ-ға дайындық негізінде жасалған оқу – әдістемелік құрал. Бұл оқу – әдістемелік құрал қазақ тілі пәні бойынша арнайы және жоғарғы оқу орнына түсуші талапкерлердің ҰБТ-ға дайындалуына арналған көмекші құрал ретінде ұсынылады. Тіл білімінің барлық бөлімдері бойынша қысқаша тұжырымдармен берілген теориялық ақпараттардан соң нақты тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары, өзара сабақтастықтағы кешенді тест жүргізудің тиімді жолдары көрсетілген. Орта мектеп мұғалімдері тест жинағына енген жаттығулар мен тест жұмыстарын жүргізу арқылы оқушы білімін бақылап, бағалауға пайдалана алады. Ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі – Оразова Г. Қ.

УДК 373.167-1 ББК 81.2 Қаз Ескерту: Бұл алғашқы қосымша оқу құралы болғандықтан оқу құралын пайдаланушылар тарапынан болатын сын-пікірлер мен ұсыныстарды bilim-2050@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз. «Самғай біл» ЖШС басып шығарған «ҰБТ-ға дайындаламыз» атты оқу құралын заңсыз көшіріп алуға, басып шығаруға, таратуға тыйым салынады.

© «Самғай біл» ЖШС, 2013

ISBN 978-601-300-200-2

2


АЛҒЫ СӨЗ Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) арқылы жүргізілуі қалыптасқан дәстүрге айналып отыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» бұл жұмысты жүйелі жүргізіп, әр оқу жылында барлық пәндер бойынша тест сұрақтарын толықтырып отыратыны белгілі. Талапкер қай пәннен де барынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылатыны анық. ҰБТ сұрақтары мектеп бағдарламасының барлық сыныптарын қамтитындықтан, жоғары көрсеткішке лайық ұпай жинау оңай емес. Өйткені қазақ тілінің негізгі материалдары мен грамматика заңдылықтары 5-9 сыныптарда өтіледі. Ұсынылып отырған оқу құралында қазақ тілінің барлық теориялық материалдары тақырыптарға топтастырылып, біріктіріліп, жүйеленіп берілген. Тіл білімінің теориясы, оған арналған жаттығулар Блум таксономиясы бойынша БІЛІМ мен ТҮСІНІКТІ жүзеге асыруға ықпал етсе, тест жұмыстары ҚОЛДАНЫСҚА негізделеді. Осыдан барып оқушы және пән мұғалімі атқарған жұмыстарды сараптай отырып, күтілетін нәтижеге қол жеткізеді. Тіл білімінің әр саласы мен оған қатысты тақырыптардың арнайы кодпен жіктелуі, бекіту тапсырмаларының берілуі тақырыптың өзіндік ерекшелігін терең тануға мүмкіндік береді. Жаттығулардағы грамматикалық талдауға берілген сөздер мен сөйлемдер курсивпен ерекшеленген. Оларды орындаудың тиімді әдістері, уақытты үнемдеу жағдайлары қарастырылған. Дайындық барысында мұғалім оқушыларды әрбір тақырыпты нақты түсінуге, талдауға, салыстыруға бейімдеуі керек. Алған білімді анықтау тестілері тақырыптық сабақтастықта құрылған. Әдетте тест әр саладан кейін беріледі. Ұсынылып отырған оқу құралында тест жұмыстары сабақтастырылған. Дәлірек айтқанда, фонетика мен лексиканың сабақтастырылған тұсы Ф-Л. Оқу-әдістемелік құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ұсынған тест спецификациясына, мектепте оқытылатын қазақ тілі курсының мемлекеттік стандарттары мен бағдарламасына негізделе жасалған. Берілген тақырыптық жоспар пән мұғалімінің бағытын жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Көмекші оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде фонетика, лексика, морфология салалары қамтылса, екінші бөлім синтаксис, стилистика, пунктуация бойынша жүйеленген. Қазақ тілі пәнінің курсы соңында 25 нұсқадан тұратын тест сұрақтары бойынша білімдері бекітіледі.

3


Қамтылған тақырыптар

Ф

Фонетика Әліпби, қазақ тіліндегі тіл дыбыстары мен олардың фонетикалық ерекшеліктері, дауысты дыбыстар, емлесі, сөйлеу мүшелерінің қатысына байланысты ерекшелігі және түрлері. Дауыссыз дыбыстар: сөйлеу мүшелерінің қатысы және жасалу орнына байланысты ерекшелігі, дауыссыз дыбыс түрлері, емлесі. Буын, тасымал, екпін. Үндестік заңы: буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ықпал түрлері. Орфография, орфоэпия, принциптер

Ф–1

Ф–2 Ф–3 Ф–4 Ф–5 Ф–6 Ф–9

Л Л–1 Л–2 Л–3 Л–4

Тарау бойынша тест сұрақтары

сағат саны

Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындық курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары 2013-2014 оқу жылы

5/4

1

1 1 1 1

4

Жалпы 9 Лексика 4/5 Лексикология, сөздік қор, сөздік құрам 1 Тура және ауыспалы мағына, көп мағыналы 1 сөздер, омоним, синоним, антоним. Табу, эвфемизм, дисфемизм, тұрақты сөз 1 тіркестері, мақал-мәтелдер. Көнерген сөздер, неологизмдер, жалпылама лексика, диалект сөздер, кірме сөздер, кәсіби 1 сөздер, термин сөздер, сөздіктер.

Л–5 Л–8

Тарау бойынша тест сұрақтары

4

Ф–Л

Фонетика мен лексика тарауларын бекіту сұрақтары

1

СЖ СЖ - 1 М М–1 М–2

Жалпы 9 1 Сөзжасам Сөзжасам: түбір мен қосымша, түрлері. Дара 1 сөздер мен күрделі сөздер, түрлері Морфология 9/10 Зат есім: түрлері мен түрленуі, жасалу 1 жолдары, зат есімнің сөйлемдегі қызметі Сын есім: тұлғасы мен жасалу жолдары, мағыналық түрлері, шырай түрлері, сын 1 есімнің сөйлемдегі қызметі 4

Б. Блум таксономия сының білім, түсіну, қолдану деңгейлеріне негізделеді.

Б. Блум таксономия сының білім, қолдану деңгейлеріне негізделеді.

Б. Блум таксономия сының білім, түсіну, қолдану деңгейлеріне негізделеді. Б. Блум таксономиясы ның білім, қолдану деңгейлеріне негізделеді.


М–3 М–4 М –5 М–6 М–7 М–8 М–9

М :10 М :18

Сан есім: мағыналық түрлері, емлесі, сөйлемдегі қызметі Есімдік: мағыналық түрлері мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі мен емлесі Етістік: басқа сөз таптарынан ерекшелігі мен жасалу жолдары, мағыналық түрлері, етістер Есімше, көсемше, шақ, рай, тұйық етістік, етістіктің сөйлемдегі қызметі Үстеу: негізгі, туынды үстеулер, грамматикалық ерекшелігі, мағыналық түрлері Еліктеу сөздер: лексика-грамматикалық ерекшелігі, жасалу жолдары, сөйлемдегі қызметі Шылау: лексика-грамматикалық ерекшелігі, түрлері, емлесі. Одағай: лексикаграмматикалық ерекшелігі, түрлері, тыныс белгісі. Тарау бойынша тест сұрақтары

Ф – Л – Фонетика, лексика, морфология тарауларын М бекіту бойынша тест сұрақтары С С–1 С–2 С–3 С–4 С–5 С–6 С–7 С–8 С–9 С – 10 С – 11 С -12 С – 13

С – 14

1 1 1 1 1 1

1

8

2

Жалпы 20 Синтаксис 14/5 Сөздердің байланысу тәсілдері мен 1 грамматикалық белгілері. Сөздердің байланысу түрлері, сөз тіркесі. 1 Сөйлем, айтылу мақсаттарына қарай түрлері 1 Сөйлем мүшелері 1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, жалпылауыш сөздер, сөйлемнің айқындауыш мүшелері, 1 оқшау сөздер Жай сөйлемнің түрлері 1 Құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем 1 және оның түрлері Ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты салалас 1 құрмалас Түсіндірмелі, талғаулы, кезектес салалас 1 құрмалас Сабақтас құрмалас, түрлері, шартты 1 бағыныңқы сабақтас құрмалас Қарсылықты бағыныңқы, мезгіл бағыныңқы, 1 қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас Мақсат бағыныңқы, себеп бағыныңқы сабақтас 1 құрмалас Сабақтас құрмаластың тыныс белгілері, көп бағыныңқы, жарыспалы көп бағыныңқы, 1 сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас, аралас құрмалас Төл сөз, төлеу сөз 1 5

Б. Блум таксономиясы ның білім, түсіну, қолдану деңгейлеріне негізделеді.

Б. Блум таксономиясы ның білім, қолдану деңгейлеріне негізделеді.

Б. Блум таксономиясы ның білім, түсіну, қолдану деңгейлеріне негізделеді.


С:15– Тарау бойынша тест сұрақтары С:17 Ф – Л – Фонетика, лексика, морфология және М–С синтаксис тарауларын бекіту бойынша тест сұрақтары Жалпы П П–1

П–2

П–3

СТ СТ – 1 СТ – 2

СТ – 3

Пунктуация Пунктуация, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері, нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілері Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері, үтір, нүктелі үтір, сызықша, қос нүкте, жақша, тырнақша

3

2 19 2/1 1

1

Тарау бойынша тест сұрақтары

1

Жалпы Стилистика Әдеби тіл туралы түсінік, стилистика, ауызекі сөйлеу стилі және оның түрлері. Жазбаша стиль түрлері: көркем әдебиет стилі, ресми іс қағаздары стилі, публицистикалық стиль,ғылыми стиль.

3 2/1

Тарау бойынша тест сұрақтары

1

Жалпы Дайындық курсы бойынша білімдерін бекітуге арналған тест сұрақтары Курстың жалпы сағаты

6

Б. Блум таксономиясы ның білім, қолдану деңгейлеріне негізделеді.

1

1

3 5 68

Б. Блум таксономиясы ның білім, түсіну, қолдану деңгейлеріне негізделеді. Б. Блум таксономиясы ның білім, қолдану деңгейлеріне негізделеді. Б. Блум таксономиясы ның білім, түсіну, қолдану деңгейлеріне негізделеді. Б. Блум таксономиясы ның білім, қолдану деңгейлеріне негізделеді


І БӨЛІМ Қазақ тілінің салалары Фонетика Ф-1 Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Ол гректің фоне – дыбыс деген сөзінен алынған. Анығырақ айтатын болсақ, фонетика тілдің дыбыстар жүйесінің заңдылықтарын, дыбыстың пайда болуын, жасалуын, жіктелуін, жазылу емлесін, үндесуін, сонымен бірге буын және оның түрлерін, орфография, орфоэпия ережелері мен екпін, тасымал заңдылықтарын қарастырады. Сөз мағынасын ажыратуға әсері бар дыбысты фонема дейміз. Мысалы: бала, қала сөздеріндегі б, қ дыбыстары сөз мағынасын ажыратып тұр, сол себепті олар фонема болады. Дыбыс пен әріп Адам баласының әрбір дыбысы дыбыстау мүшелері, яғни ауыз, мұрын қуысындағы сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сондықтан тіл дыбыстары айтылады, құлаққа естіледі. Сөйлеу мүшелері арқылы жасалған физикалық құбылыс дыбыс деп аталады. Ал әріп – тіл дыбыстарын жазуда белгілейтін таңба. Қазақ халқының жазу-сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралауына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы әр түрлі саяси-әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті. Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар (ә, ұ, ү, ө, і, ң, ғ, қ, һ). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер. Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды. Қазақ тілінде 42 әріп бар. Әріптердің белгілі ретпен тізілген жиынтығын әліпби деп атаймыз. Әліпбимен тізілген әріптердің орын тәртібі: 1) Аа 2) Әә 3) Бб 4) Вв 5) Гг 6) Ғғ 7) Дд 8) Ее 9) Ёё 10) Жж

11) Зз 12) Ии 13) Йй 14) Кк 15) Ққ 16) Лл 17) Мм 18) Нн 19) Ңң 20) Оо

21) Өө 22) Пп 23) Рр 24) Сс 25) Тт 26) Уу 27) Ұұ 28) Үү 29) Фф 30) Хх

31) Һһ 32) Цц 33) Чч 34) Шш 35) Щщ 36) ь 37) Ыы 38) Іі 39) ъ 40) Ээ

41) Юю 42) Яя

Бұл әріптердің 37-сі дыбыс. Олар мыналар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у (дауысты, дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. Әліпби бойынша берілген әріптер дыбыстардан көбірек, мысалы, ё, ю, я әріптерінің таңбаларын білдіретін дыбыстар қосарлы дыбыстар (дифтонг) болып келеді. Олар жеке-жеке саналатын дыбыстардың ё:й+о; ю:й+у; я: й+а қосындысы болғандықтан жеке дыбыс болып саналмайды.

7


Дыбыстардың жіктелуі Тіл дыбыстарын жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, жақ, ерін, т. б. болса, осылардың ішінде дауыс шымылдығы мен еріннің қызметі айрықша. Міне, осы дауыс шымылдығының жиырылып немесе керілуінен дыбыс шығады. Олар дауысты, дауыссыз дыбыстар болып жүйеленеді. Дауысты дыбыстар Айтылу кезінде өкпеден шыққан ауаның ешбір кедергісіз, еркін шығуынан жасалған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, о, ө, е, э, ұ, ү, ы, і, и, у. Дауысты дыбыстар буын құрайды, олардың жалпы саны – 12. Дауысты дыбыстар дыбыстау мүшелерінің қатысы мен түрлі ерекшеліктеріне қарай жұптасып,үш топқа бөлінеді, алтыға жіктеледі. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан дауыстылар мыналар: а, о, ұ, ы, у. Тілдің ілгері қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Жіңішке дауыстылар мыналар: ә, ө, ү, і, е, э, и, у. У дыбысы бірде жуан дауысты, бірде жіңішке дауысты болады. Жуан, жіңішке екенін сөздегі басқа дауыстыларға қарап ажыратуға болады. Мысалы, оқу сөзінде у дыбысы жуан дауысты болып тұр, өйткені бұл сөздегі о дыбысы – жуан дауысты. Ал, келу сөзінде у дыбысы жіңішке дауысты болып тұр, өйткені бұл сөздегі е дыбысы – жіңішке дауысты дыбыс. Бір буынды су, бу, жу, т. б. үнемі жуан буынды сөз болады. Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і, и, у. Ерін мен езудің қалпына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз. Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү, у. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар дейміз. Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, э, и, ы, і. Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылардың айтылуына әсер етеді, ол дауыстыны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы, құндыз сөзі – құндұз болып, күлкі сөзі – күлкү болып, ал өзен сөзі – өзөн болып айтылады. Жазудағы нормасы құндыз, күлкі, өзен болғанымен, олардың дұрыс айту нормасын сақтап айту қажет. Бұл сөздер айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерге жатады. Дауысты дыбыстардың жазылу емлесі Дауысты дыбыстардың өздеріне тән айтылу, жазылу ерекшеліктері бар. Қазақтың байырғы сөздерінде дауыстылар бірыңғай жуан немесе жіңішке болып келсе (балықшы, қағаз, өндіріс, ірімшік), басқа тілден енген сөздерде жуан, жіңішке дауыстылар араласып келе береді. Мысалы: мұғалім, депутат,кітап, т. б. 1. А, е әріптері буын талғамайды. Кез келген сөздердегі бастапқы, ортаңғы, соңғы буындарда кездесе береді. Мысалы: терезе,балалар, т. б. 2. Ә әрпі буын талғайды, ол көбінесе сөздің бірінші буындарында жазылады. Мысалы: сә-би, ә-ке, ә-леу-мет, т. б. 8


Ескерту: Кейбір сөздердің соңғы буындарында жазылады. Мысалы: күмән, кінә, Күлән, сірә, іңкәр. Кейде сөздің алғашқы буынындағы ә әрпінің әсерінен келесі буындағы а әрпі айтылуда ә әрпіне айналады. Мысалы: Ләззат (айтылуы – Ләззәт); рәсуа (айтылуы – рәсуә) т. б. 3. О, ө әріптері буын талғайды,олар көбінесе жалаң сөздердің бастапқы буынында жазылады. Мысалы: ө-сім-дік, бо-ран, бө-де-не, то-пы-рақ, т. б. Ескерту: 1) о әрпі орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында жазыла береді. Мысалы: кино, филолог, т. б. 2) о, ө әріптері кейбір біріккен сөз бен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында жазыла береді. Мысалы: Қызылорда, Алакөл, төсек-орын, көзбе-көз, т. б. 3) Ұ, ү әріптері буын талғайды. Олар көбінесе сөздің бастапқы буынында жазылады. Мысалы: үміт, ұрыншақ, жүрек, құбылыс, т. б. Ескерту: 1) ұ, ү әріптері санаулы сөздердің екінші буынында жазылады. Мысалы: мазмұн, дәстүр, мақұл, мәжбүр, т. б. 2) ұ, ү әріптері кейбір біріккен сөз бен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында кездеседі. Мысалы: тоғызқұмалақ, еңбеккүн, жаздыгүні, көкқұтан, т. б. 3) Ы, і әріптері буын талғамайды. Олар кез келген сөздердің барлық буындарында жазыла береді. Мысалы: мөлдір, ынталы, байлық, серігің, т. б. Ескерту: Кейбір сөздерге қосымша жалғанғанда түбірдегі ы, і түсіп қалады. Мысалы: ойын + а = ойна, әріп + і = әрпі, оқы + у = оқу, көрік + і = көркі. 4) И әрпінің алдында қысаң ы, і дыбыстары естілгенімен, жалаң и жазылады. Мысалы: (сиыр – сыйыр емес), т. б. Ескерту: 1) сый, тый түбірінен тараған сөздерде ю, я, й әріптерінің алдында ы әрпі сақталады. Мысалы: сыйлық, сыяды, сыю, тыйым, тыяды, тыю. 2) -йы, -йі, -ы әріптерімен аяқталған етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанса, соңғы ы, і әріптері мен көсемшенің -й жұрнағы қосылып жалаң и әрпіне айналады. Мысалы: кейі + й = кейи; байы + й = байи; оқы + й = оқи, т. б. 3) У әрпінің алдында қысаң ы, і, ұ, ү дыбыстары естілгенімен, жалаң у әрпі жазылады. Мысалы: (күлу – күлүу емес), т. б. 4) Э, ё әріптері тек орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілден енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: электр, шофёр, т. б. Дауыссыз дыбыстар Ф-2 Дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының жиырылып, өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысындағы мүшелердің біріне соқтығысып, бір-біріне кедергі болуынан жасалады. Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у). Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады. Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді. Қатаң дауыссыздар тек салдырдан жасалады. Олар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, х, ц, щ, ч, һ. Ұяң дауыссыздар үн мен салдырдан жасалады, бірақ салдыр басым болады. Олар мыналар: б, в, г, ғ д, ж, з.

9


Үнді дауыссыздар салдырдан үннің басымырақ болуынан жасалады. Олар мыналар: р, л, й, у, м, н, ң. Ескерту: У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс бола береді. Дауысты дыбыстан кейін келсе (жау, бау) дауыссыз, ал дауыссыздан соң келсе (су, жу) дауысты болады. Дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесі 1. Б, в, г, ғ, д әріптерімен қазақтың төл сөздері аяқталмайды. Б, в, г, д әріптерімен аяқталған орыс тілінен енген сөздерге дауыссыздан басталған қосымша үнемі қатаңнан бастап жалғанады. Мысалы: уставқа, штабты, геологпен, т. б. 2. Ф, щ, ц, ч әріптері тек орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: цирк, борщ, ферма, чемодан, т. б. Ескерту: ф әрпі кейбір араб, парсы тілінен енген жалпы, жалқы есімдерде кездеседі. Мысалы: Марфуға, Фарида, фәни (дүние), саф (таза), т. б.; щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінде кездеседі. Мысалы: ащы, тұщы, кеще. 3. Х әрпімен аяқталған сөздерге қосымша үнемі жуаннан жалғанады. Мысалы: цехтың, тарихтан, т. б. 4. Һ әрпі естілген жерінде жазыла береді. Мысалы: Гауһар, уһ, т. б. 5. Орыс тілінен енген қосарлы сс, мм, тт, лл, ст, сть, зд дыбыстарының тіркесіне аяқталған сөздерге қазақ тілінде қосымша жалғанса, соңғы әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: класс + қа = класқа, грамм + ды = грамды, металл + дан = металдан, ватт + пен = ватпен, журналист + ке = журналиске, повесть + ке = повеске, съезд + ге = съезге, т. б. 6. Орыс тілінен енген сөздер нд, нг, мп, мб, кт, ск, фт дыбыстарына аяқталса, оған қазақ тілінде қосымша жалғанғанда, түбірдің жуан-жіңішкелігіне қарай ы-і дәнекері арқылы жазылады. Мысалы: лифт –і-ге, киоск-і-ден, факт-і-ні, т. б. 7. Орыс тілінен енген сөздер ог, уг, рк, рг, кт, ск, кс, нкт, кль, бль, брь сияқты дыбыстар тізбегіне аяқталса, оларға қазақ тілінде қосымша үнемі жіңішке жалғанады. Мысалы: педагог + ке = педагогке, округ + тік = округтік, бинокль + ді = бинокльді, т. б. 8. Жіңішкелік ь және айыру ъ белгілері тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: адъютант, медаль, т. б. Жіңішкелік белгі ь түбір сөздің соңына келіп, оған дауыстыдан қосымша жалғанса, жіңішкелік белгі ь түсіріліп жазылады. Мысалы: лагерь + іне = лагеріне, медаль + і = медалі, т. б. Ал қосымша дауыссыздан басталса, онда жіңішкелік белгі ь сақталып жазылады. Мысалы: секретарь + ға = секретарьға, лагерь + ден= лагерьден, т. б. Буын Ф-3 Сөздерді айтқанда дауыс толқыны бөлшектеніп, топталып айтылады. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Ал дауыссыз дыбыс жеке тұрып буын құрай алмайды. Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Буынға бөлу тәртібі: 1. Екі дауысты дыбыстың ортасында бір дауыссыз келсе, ол дауыссыз келесі буынға кетеді. Мысалы: а-уыл, а-ға, қа-йың, т. б. 2. Екі дауысты дыбыстың ортасында екі дауыссыз келсе, екі дауыссыз екі жаққа кетеді. Мысалы: дос-тық, ор-ман, күл-кі, т. б.

10


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.