Жеруйык

Page 1

ЖЕРҰЙЫҚ БЛАГОДАТНАЯ ЗЕМЛЯ THE PROMISED LAND


УДК 341.123.042 ББК 66.3 Қ 79 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Министерство культуры Республики Казахстан Выпущено по программе «Издание социально важных видов литературы» The Ministry of Culture of the Republic of Kazakhstan Issued under the «Edition of social important kinds of literature» Басып шағарушы: «Деловой Мир Астана» ЖШС Издатель: ТОО «Деловой Мир Астана» Publisher: LLC «Delovoi Mir Astana»

Қ 79

Қыдыралиев Д.Қ. «Жерұйық»/«Благодатная Земля»/«The Promised Land». – 2­ші басылым, толықт. – Астана: Деловой Мир Астана, 2014. – 260 б. – қазақша, орысша, ағылшынша

ISBN 978-601-7259-80-8 Қолдарыңыздағы кітап қазақ даласынан бастау алған ізгілік пен рухани келісім жайында сыр шерте отырып, бүкіләлемдік құндылықтар төңірегінде сөз қозғайды. Қазақстанда қалыптасқан этносаралық және конфессияаралық келісім моделі – Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы баяндайды. Дәйекті деректерге сүйеніп жазылған ойы орамды, тілі шұрайлы еңбек көзі қарақты оқырман қауымға арналған. Данная книга поведает Вам тайну доброты и духовного согласия, берущих начало в казахской степи. В ней пове­ ствуется об общемировых ценностях, о казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия – Ассамблее народа Казахстана. Глубокомысленный, выразительно изложенный труд, основанный на достоверных фактах, предназначен широ­ кому кругу просвещенных читателей. The given book will reveal you a secret of kindness and spiritual harmony, originating from the Kazakh steppe, it narrates about worldwide values and informs of “Kazakhstan Model” of interethnic and interconfessional harmony – Assembly of Kazakhstan people. Thoughtful and expressive work founded on authentic facts is oriented for a wide circle of educated readers.

УДК 341.123.042 ББК 66.3

ISBN 978-601-7259-80-8

© Барлық авторлық құқықтар сақталған Авторские права защищены All rights reserved © «Деловой Мир Астана» ЖШС, 2014 ТОО «Деловой Мир Астана», 2014 LLC «Delovoi mir Astana», 2014 © Қыдыралиев Д.Қ., 2014 Кыдыралиев Д.К., 2014 Kydyraliyev D.K., 2014


R

R

3


R

R

4


R

R

5


К

ез келген елдің тарихында ұлттың ұжымдық рухы тыныштық кезеңінен пассионарлық өрлеу кезеңіне көшетін уақыттар болады. Сол кезде адамдардың жиынтық энергиясы, олардың интеллектуалдық және шығармашылық күшқуаты таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізуге, бір ұрпақтың басқа елдерде жүздеген жылдар кететін жолды еңсеруге мүмкіндік береді. Біз, күшіміз саналуандықта деген қағидат бойынша өмір сүрудеміз. Сондықтан да біз Қазақстан қоғамының көпэтностылығына ұқыпты қараймыз. Бізде бір этностардың басқаларынан артықшылығы жоқ. Қазақстан – өзінің барлық азаматтарының Отаны. Нұрсұлтан Назарбаев, Астана қаласы, 5 шілде, 2008 жыл R

R

6


В

истории любой страны наступают периоды, когда коллективный дух нации переходит из стадии покоя в стадию пассионарного подъема. Тогда совокупная энергия людей, их интеллектуальные и творческие силы позволяют добиваться ошеломляющих результатов, в течение одного поколения преодолевать путь, на который у других стран уходили столетия. Мы живем по принципу – в многообразии наша сила. И мы бережно относимся к полиэтничности казахстанского общества. У нас нет превосходства одних этносов над другими. Казахстан – это Родина всех своих граждан. Нурсултан Назарбаев, город Астана, 5 июля 2008 года

I

n the history of any country there are periods when the collective spirit of the nation passes from the rest stage into the passion stage. Then cumulative energy of people, their intellectual and creative power allow to achieve stunning results, to pass a way during one generation wheras it has taken other countries centuries. We live by the maxim - our strength is in the variety. And we consider polyetnicity of the Kazakhstan society. We do not have superiority of one ethnos over others. Kazakhstan is the Native land of all citizens. Nursultan Nazarbayev, Astana city, July 5, 2008

R

R

7


R

R

8


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ THE PATH OF KAZAKHSTAN

R

R

9


Ж

аңа мыңжылдықтың қарсаңында, ғасырлар тоғысында Қазақстан тәуелсіздігін жа­ риялап, егемен ел атанды. Тәуелсіздікке қол жеткі­ зу арқылы қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған «мәңгілік ел» орнату туралы ұлы мұратын ақиқатқа айналдырып, төрт құбыласы тең, шекарасы айқындалған, қазығы берік толыққанды мемлекет қалыптастырды. Бұл – халықтың өршіл рухы мен өшпес жігерінің жеңісі. Қазақ халқы дербес мемлекет құрудың сан ғасырлық сатысынан өтті. Ұлы даланы дүбірлеткен алып қағанаттардың санғасырлық мемлекеттілік қағидаттары мен елдік ұстанымдары бізге мұра бо­ лып қалды. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен То­ был арасындағы кең­байтақ даламызда орныққан мемлекет сол дәстүрлердің заңды мұрагері. Тәуелсіздікті алу да, оны баянды ету де, мемлекеттікті орнату да, оны орнықтыру да оңай емес. Алып империя ыдырағаннан кейін Ош, Ферғана, Баку, Сумгаит, Таулы Қарабақ, Балтық жағалауы елдерінде дау­жанжалдар бо­ лып, оның аяғы этникалық қақтығыстарға, қанды соғыстарға айналды. Кеңестер Одағынан Қазақстанға экономикалық тұрғыдан мешеу қалған, мемлекеттік құрылымдары тоқырауға ұшыраған, шекарасы толық айқындалмаған, ұлттық қатынастары шиеленіскен ел мұра бо­ лып қалды. Көптеген танымал саясаттанушылар жас мемлекеттің этникалық қақтығыстың келесі R

R

10


Білекке – білек, жүрекке –жүрек, тілекке тілек қосқан ел жетістіктерге жетеді Страна, объединившая силы, сердца и чаяния, добьется успехов A country having combined efforts, hearts and aspirations will blossom

R

R

11


Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы Сессия Ассамблеи народа Казахстана Session of the Assembly of Kazakhstan people

R

R

12


Кофи Аннан Kofi Annan

ошағына айналатынын айтып, сәуегейлік жасап жатты. Қазақ елі жолайрықта тұрды. Алайда сындарлы саясат ұстанған республи­ ка басшылығы тығырықтан шығар жолды таба білді. Сәуегейлер жаңылды. Еуразия кеңістігінің кіндігіне орналасқан жас, жігерлі мемле­ кет дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, дүниежүзіне таныла бас тады. Әлемнің аузы дуа­ лы саясаттанушылары енді «қазақстандық мо­ дель» туралы сөз ете бастады. Қысқа мерзімде бейбітшілік белдеуіне, ізгілік мекеніне айналып үлгерген ел туралы дүниежүзінің белді, белгілі ба­ сылымдары жарыса жазып жатты. Қазақстанға 2002 жылы ресми сапармен кел­ ген Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан: «Қазақстан тәуелсіздік жылдарын­ да әлеуметтік­экономикалық салада, сондай­ақ ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде үлкен табыстарға қол жеткізді. Қазақстан өңірлік жанжалдарды шешудің бастамашысы болуға және ядролық қарусыздану үшін батыл әрекеттер жасауға қабілетті болып шықты. Қазақстанның іс­тәжірибесі ұлтаралық және конфессияаралық саналуандыққа кесір емес, игілік ретінде қарау ке­ рек екендігін көрсетті. Республика көптеген басқа елдерге үлгі бола алады» деп мәлімдеді. Ал қазақ жеріне табан тіреп, әлемдік бейбітшілік үшін тілек тілеген Рим Папасы ІІ Иоанн Павел: «Ұлы даланың татулығы мен келісімі рахат таңданысқа бөлейді және көпұлтты мемлекетте бейбітшілікті сақтауға болатындығын дәлелдейді» деп ағынан жарылды. R

R

13


Ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделі дүние жүзінде осындай қатынастардың ең үздігі деп танылды. Осындай мойындаудың нәтижесі Қазақстанның бұрынғы одастас республикалар арасында бірінші болып 2010 жылы – ЕҚЫҰ­на, ал 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ­на төрағалығы төрт ұран бойынша өтті: «Т» («trust» (сенім), «tradition» (дәстүр), «transparency» (ашықтық) және «tolerance» (төзімділік). Бұл формула Қазақстанның бейбітшілік пен келісім саясатының ішкі мазмұнына, рухына және идея­ сына толығымен сәйкес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша, «Аста­ на рухы» ұғымы сенім, келісім, толеранттылық пен алуантүрлілік бірлігі қағидаттарына негізделген әлемдік құрылысқа жаппай ұмтылудың символына айналмақ». Бүгінде бұл әлемдік тұғырға көтерілген Қазақстанның тек алғашқы нәтижелері ғана.

Ұлыбританияның экс­премьер­министрі, әлемдік саясатта өшпес із қалдырған Маргарет Тэтчер ханым Қазақстан Президентіне жолдаған хатында: «Тәуелсіздік алған сәттен бастап Сіздің көрегендік саясатыңыз елді бостандыққа апара­ тын жолға алып шықты. Пессимистер, бәлкім, сіздің еліңіздің этникалық және діни әрқилылығы ұлттарды жанжалдастырмай қоймайды, сөйтіп Қазақстанды әлсіретеді деп үміттенген болар. Алайда бәрі керісінше болып шықты. Қазақстан өзінің әралуандығының арқасында гүлденіп ке­ леді және өзінің әралуан дәстүрлер мен діни сенім­ дерге байлығының арқасында қуатына қуат қосуда. Сіздер басқаларға үлгі болдыңыздар» деп жазды. Этникалық және діни жанжалдар толастамай тұрған Таяу Шығыстағы Израиль мемлекетінің Сыртқы істер министрі, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығымен марапатталған әйгілі Шимон Перес те өз таңданысын жасыра алмай: «Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісім елінің өте жақсы моделі болып табылады» деп атап көрсетті.

R

R

14


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.