27 05 2017

Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бө­ ленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ. Бұл айдың басты ерекшелігі, Алла Тағала Исламның бес парызының бірі болған оразаны парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда оқылған Құран аяттарының сауабы, атқарған ізгі іс-амалдардың сауабы өзге айларға қарағанда еселеп артады. Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазар­ татын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Ораза нағыз шынайы тақуалық пен сабырлылыққа жетелейді. Құранда Алла тағала: «Ей, иман келтіргендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят) деп бұйырған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев асыл дініміздің ел ішінде кеңінен құлаш жайып, өркениетпен ұштасуына үлкен қолдау көрсетуде. Қадірлі ағайын! Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Әумин! Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, ҚМДБ Қарағанды облысының бас имамы.

Бірінші рет Қарағандыда! Марафонға қатыс! 3 маусым күні жүздеген, тіпті, мыңдаған қарағандылық бірінші рет өзі үшін және өзінің қаласы үшін марафон бағытымен жүгіреді. Бас жүлде – 300 мың теңге! Басталу мерзімі және орны: 2017 жылдың 3 маусымы, сағат 9.00-де, Республика даңғылы, «Қарағанды-Арена» мұз сарайы. Барлық ниет білдіргендерді марафонға қатысуға шақырамыз. Әрбір қатысушыға дайындығына байланысты жүгіру қашықтығы ұсынылады. Әрбір тіркелген қатысушыға сертификат беріледі. Сондай-ақ, сыйлық ұсынылады! 1 шақырымдық қашықтыққа жүгіру үшін тіркелу міндетті емес. Сілтеме бойынша тіркеліп, жүгіру қашықтығын таңдаңыз: https:// docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfnQSW0-eP50TgSrROTzA56X2A7WKw xpfpWkcx9v4HTKAPvng/viewform

♦ СЕНБІ, 27 МАМЫР, 2017 жыл №57 (22 364) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті жол-патруль поли­ циясы қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік байқауын ұйымда­ стырды. «ЖПҚ үздік инспекторы» атағы Жезқазған қаласынан келген по­ лиция капитаны Тұрар Смағұлов және Теміртау қаласынан келген полиция аға сержанты Валерий Косянокқа берілді. 2-ші орынды Қа­ рағанды қаласы ІІБ жол-патруль­ дік полиция полкінің қызметкер­ лері – полиция лейтенанты Ринат Өскембек пен аға полиция сержан­ ты Айбар Садықов иеленді. 3-ші орынды Балқаш қаласының ІІБ жол-патрульдік полиция ротасы­ ның полицей-жүргізушісі, полиция аға сержанты Талғат Рақышев пен Қарағанды ІІБ жол-патрульдік по­ лиция полкі қызметінің инспекторы, полиция лейтенанты Алмас Оспа­ нов еншіледі.

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті отандастар! Баршаңызға қасиетті рамазан айы­ның қарсаңында жыл сайынғы дәстүрлі үндеуімді жолдаймын! Өздеріңізге белгілі, еліміздің Ақ­ төбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы отандастарымыз айтып келмейтін табиғи су тасқы­ нынан едәуір зардап шекті. Қаншама бауырларымыздың үйі су астында қалып, материалдық шығынға ұшы­ рады. Осыған орай, жомарт жандар мен қайырымды кәсіпкерлер табиғи апаттан үй-күйсіз шарасыз қалған тұрғындарға қолдау көрсетіп, көмегін аямауда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да жанашыр жамағаттың демеушілігімен «Қайырымдылық ке­ руені» акциясы аясында киім-кешек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұй­ ымдар жеткізді. Кәсіпкер азаматтар­ ды осы бағыттағы қайырымдылық жұ­ мыстарға белсене атсалысуға шақы­ рамын. Қадірлі бауырлар! Асыл дініміз Исламда «садақа жа­ рия» деген қасиетті ұғым бар. Қоғам­ ның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді, атап айтқанда, ме­ шіт-медресе, аурухана, балабақша, спорт кешендерін тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздырту, т.б игі амал­ дарды «садақа жария» деп атаймыз. Міне, бұл ізгі іс-шаралар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты амал­ дар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыстарда «Қайырым­ дылық мекемесін» ашып, жергілікті жас буынға діни һәм зайырлы білім беріп, имандылыққа тәрбиелеумен қатар тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде. Меценаттар мен кәсіпкер азамат­ тарды жалпы жұршылыққа қажетті нысандарды тұрғызу жұмысына бел­ сене араласып, жанашырлық таны­ туға шақырамын. Өйткені, рамазан – қайырымды жандар үшін мол мүмкін­ діктер маусымы. Оразада жасалған әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол­

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

БАУЫРЖАННЫҢ БИІГІ – АЛДА Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» сын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пай­ дасы тиген пенде» деп жауап берген екен. Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бай-дәулетті азаматтарды жағдайы төмен тұрғын­ дарға көмек көрсетуге үндеді. Мем­ лекет басшысының бұл бастамасына үн қосу баршамыздың азаматтық бо­ рышымызға айналуы қажет деп есеп­ теймін. Құрметті қазақстандықтар! Қоғамда кісі ақысын жеу, бала­ ны аяусыз ұру, педофилизм, нәрес­ тені далаға тастау, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасу, кейбір азаматтар арасындағы қатыгездік жағдайлар, арақ-шарапқа тәуелділік, отбасын­ дағы келіспеушілік, террорлық оқиға­ лар сынды жалпы адамгершілік құн­

дылықтарға жат әрекеттер көрініс табуда. Пендені рухани тұрғыдан аздырып, елдің тыныштығын бұзып, қоршаған орта мен бүкіл қоғамның тұтастығына үлкен зиянын тигізетін мұндай жаман әрекеттерге жұрт бо­ лып жұмылып қарсы күресуіміз керек. Бүгінгідей бірлігіміздің арқасында мұндай жағымсыз, жаман оқиғалар­ дың жолын кесе аламыз. Ардақты ағайын! Рамазан – мол сауап жинайтын қасиетті ай. Адам баласы ізгі амалы арқылы Жаратушының рақымына, нығметіне кенеледі. Жомарт, жана­ шыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқор­ лық көрсетуге, табиғи апат салда­ рынан бұзылған үйлерді жөндеуге, жетім мен жесірге мейірімділік таны­ тып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын.

Зекет беру – жағдайы келген (ша­ риғат бойынша нисап мөлшеріне жет­ кен) мұсылманға парыз. Ал зекет бе­ рекелі рамазан айында берілсе, оның да сауабы еселеніп жазылады. Қасиетті айдың құрметі үшін азықтүлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұй­ ымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өт­ кізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді біл­ діремін. Осынау жақсы амалдар ра­ мазаннан кейінгі айларда да жалға­ сын тапса нұр үстіне нұр. Он екі айдың сұлтаны болған қа­ сиетті рамазанда жасаған амалдары­ мыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, әрбір игі бастамаларымыз баянды болғай! Әумин!

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында облысқа шетелдіктер табан тіреді. Атап айтсақ, Куба, Австрия, Индонезия, Иран, Ирак, Ресей елінен келген елшілер Қарағандының мәдени ошақтарын аралап, тарихи жерлерін тамашалады. Мәмілегерлік миссияның өкілдері алдымен, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің Ор­ талық Қазақстан Қауымдастығы атынан Қараған­ ды облысына ақпараттық турға қатысуға шақырту алған кезде, саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайын көруге тілек білдірген болатын. Со­

нымен қатар, олар ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған зауытты, жұмыс істеген домна пешін көргісі келетіндігін айтқан. Оған қоса, шетелдіктер құм төбелерге, сирек кездесетін жануарларды бақылауға бола­ тын табиғи қорықтарға, әулие жерлерге, жалпы ашық аспан астындағы мұражай атанған Са­ рыарқа даласына қызығушылық танытқан. Сөйтіп, елшілердің сұранысына орай, алғашқы сапар Теміртаудағы «Арселор Мит­ талТемиртау» металлургиялық комбинатынан

басталды. Мәртебелі қонақтар алпауыт кәсіпо­ рынның жоғары мүмкіндіктерін, жұмысын көріп қайтты. Зауыт жұмыскерлері елшілік өкілдеріне егжей-тегжейлі таныстыру жұмыстарын жүргізді. Түстен кейін қонақтар Долинка кентіне ат­ танды. Көбісінің сұранысына орай, ҚарЛаг мұра­ жайын аралады. Үлкен әсер алды. БАҚ өкілдері­ не берген сұхбатында Индонезия елшісі Рахмат Прамоно мұражайдан алған әсерімен бөлісті. (Жалғасы 3-бетте).

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне екінші жартыжылдыққа жазылу жалғасуда

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78

Әлемді аузына қаратқан былғары қолғап шеберлерінен бөлек, жас боксшыларымыздың да рингтегі жетістігі жиі тамсандырып жүр. Үкілеген үміттеріміздің бірі – қарағандылық Бауыржан НЫҒМЕТОВ. Бапкерлері – ағайынды Қуаныш және Алмас ҚАУАШЕВТАР. Бірі – Халықаралық дәрежедегі АІВА төрешісі болса, екіншісі – Қазақстанның спорт шебері.

Бұған дейін де Бауыржанның бірнеше жеңісін сүйіншілеп жазған­ быз. Біздіңше, Бауыржанның биігі – алда! Тіл-көзден сақтасын! Жас спортшы жолынан тайған емес. Қай жарысқа барса да, құра­ лақан қайтпайды. Өзіне тән қай­ сарлығы болар. Жеңісті жолдарды жаңғыртып, жүлделі орынның бірін Қарағанды облысының қоржынына салып келеді. Бауыржан жуырда тағы да топ жарды. Қазақстан Республикасы­ ның чемпионатында. Қостанай қаласында өткен жа­ рыста 2003-2004 жылы туған жас боксшылар өзара бақ сынасқан. Бауыржан 34 келі салмақ дәреже­ сінде өнер көрсетті. Әдеттегідей, қарсылас шақ келтірмеді. Чемпи­ онаттың бірінші жүлделі орнын еншіледі. Облысқа абыроймен оралды! Мақтанышымыз Бауыржан Нығметов – №39 гимназияның оқушысы. Жалпы, бұл жарысқа Қарағандыдан 22 жас боксшы қатысқан. Бауыржанмен қатар, 1-орын алған тағы бір жерлесіміз – Ерсұлтан Олжабаев. Сондай-ақ, облыс қоржынында бір – 2-орын болса, сегіз жас боксшы 3-орынға табан тіреген. Бәрекелді!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.