23 02 2017

Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ БЕЙСЕНБІ, 23 АҚПАН, 2017 жыл №22 (22 329) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Депутат сауалы

Шертпе күйдің шебері Тәттімбет атындағы колледждің жағдайы адам шошырлық. Талай дарындарды ұясынан ұшырған өнер ордасы орналасқан ғимараттың тозығы жеткен. Көптің көкейінде жүрген мәселе Қарағанды шеңберінен шығып, Мәжіліске дейін жетті. Халық қалаулысы, ұлт жанашыры Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ бұл мәселені Мәжілісте өткен Үкімет сағатында көтеріп, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВТІ өнер ордасындағы ахуалды көзбен көруге шақырды. – Қадыр Мырза-Әлиевтің өлеңі бар: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген. Күй өнерінде екі мектеп қалыптасқан. Оның біріншісі – төкпе күй. Құрманғазы мектебі. Екіншісі – шертпе күй. Тәттімбет мектебі. Мен бүгін Тәттімбет атындағы колледж туралы айт­ қым келіп отыр. Мен сіздердің бірнеше хаттарыңызды алдым. Бірақ, бұл хаттарыңыз маған ұнамайды. «Мәңгілік Ел» дейміз. Егер, біз күй өнерін, оның ішінде, қалыптасқан үлкен бір мектебін жоғалтып алатын болсақ, онда біздің «Мәңгілік Ел», алға қойған мақсаттарымыз қайда қалады? Сізді менімен бірге Қарағандыға барып, сол колледжді көріп қайтуға шақырамын. Шертпе күйдің шежіресі, сол жерде қалыптасып қалған үлкен күй мектебі жойылғалы тұр, – деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков. Сонымен бірге, депутат білім саласына енгізіліп отыр­ ған өзгерістер қанша маңызды болғанымен, ежелден бері дәстүрлі өнер мектептерінің жойылуына жол беруге болмайтынын атап өтті. «Біздің өзіміздің, табиғатымыздан келе жатқан мұраларымызды ұмытып кетер болсақ, біздің реформаларымыздың түкке қажеті болмай қалады», – деді депутат. Сұлтан ҚАЗИЕВ, «Болашақ» академиясының студенті. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Сейсенбі күні облыс әкімдігінде Агрөнеркәсіп кешеніне субсидия қаржыларын бөлу бойынша комиссияның отырысы өтті. Мұнда үстіміздегі жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан субсидия алуға қатысты түскен өтініштер қаралды. Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов төрағалық етті. Аймақтағы аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, қаржылық институттар, несиелік серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының басшылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысып отырды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сағынжан Апақашев субсидия алу бойынша тіркелген өтініштер тізімін комиссия назарына ұсынды. Биыл «Несиенің сыйақы мөлшер­ лемесін субсидиялау және технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне об­­лыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджетіне мақ­сатты ағымдағы трансферттер» бағдарламасы арқылы Қарағанды облысына жалпы сомасы 869,9 млн. теңге бөлінуде. Комиссияда 20 ақ­ панға дейін субсидия алуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды. Осы күнге дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы құрамында 494 қарыз алушы бар 13 қаржылық институттан өтініш қабылдап үлгерген. Бұлардың қатарында «Аграрлық Несиелік Корпорация» АҚ, «Қаз­ АгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашы­ лығын қаржылай қолдау қоры» АҚ,

. 61-ші қадам ДІ МЕН ӨҢДЕУ ЕТ ӨНДІРІСІ ЫҚ СТРАТЕГИЯЛ ІН Ш Ү У Т Ы дет ДАМ ТУ. Негізгі мін Р ТА Ы Д Р А Л және ИНВЕСТОР сын дамыту шикізат база ттау дерді экспор ім н ө н ге л е д өң

«Цесна Банк» АҚ, «Ағадыр» НС ЖШС, «Жаңаарқа» НС ЖШС, «Қаржыгер» НС ЖШС, «Қарқаралы» НС ЖШС, «Нұра Астық» НС ЖШС, «Сарыбел» НС ЖШС, «Ұлар» НС ЖШС, «Шет Көмек» НС ЖШС, «Бейбарыс» НС ЖШС бар. Институттар тарапынан сұралған субсидия көлемі 406,1 млн. теңгені құрады. Отырыста «Цесна Банк» АҚ Теміртау филиалы «РЕН-Милк» ЖШС-не берілген несиені субсидия­ лау мақсатымен таныстырды. Былтыр аталған сүт фабрикасы банктен айналым көлемін толықтыру мақсатында несие алған екен. Яғни, бұл қаржыға 1,6 мың тонна шикі сүт, 180 тонна құрғақ сүт, 89 тонна өнім қапшығы және 55 тонна жанар-жағармай сатып алынған. Фабрика өкілі

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Ел құрамасы Жапонияның Саппоро қаласындағы VІІІ Қысқы Азия ойындарының үшінші жарыс күнін (21 ақпан) төртінші сатыда тәмамдады. Қоржында – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде. Сейсенбі күні қазақстандықтар ал­ ғашқы алтынға қол жеткізді. Шаңғышы Ринат Мухин 15 шақырымдық бәсекеде қара үзді.

несиенің жәрдемі молынан болғанын айтты. Өз кезегінде комиссия мүшелері несиені субсидиялауға бірауыздан келісім берді. Сондай-ақ, Бұқар жырау ауданындағы «Бейбарыс» несиелік серіктестігі аудандағы «Бектас» және «Әлихан» шаруа қожалықтарының несиелерін субсидиялауды ұсынды. «Бектас» қожалығы жеңілдетілген несиемен 8,5 млн. теңгеге 45 сиыр мен 1 асыл тұқымды бұқа сатып алыпты. Ал, «Әлихан» шаруашылығы жалпы сомасы 19 млн. теңгеге 61 бас бие мен 5 асыл тұқымды айғыр алған. Бүгінде қос шаруашылық та осы малдың арқасында фермерліктердің өндірістік қуатын арттыруда. Несиелердің тиімді бағыттарда жұмсалғанын ескерген комиссия мүшелері

1000 метрге созылған конькишілер сынында Денис Кузин күмістен алқа тақты. Сондай-ақ, осы күні Елена Коломина қола медальді қанжығалады. Бұдан бір күн бұрын осы Коломина күміс­ пен күптелген еді. Ал, жалпыкомандалық есепте жарыс қожайындары көш бастап келеді. Жапондардың еншісінде – 23 медаль. 8 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль иеленді. Екінші орында – Оңтүстік Корея. Корей түбегінің өкілдерінде 20 медаль (6 алтын, 7 күміс, 7 қола). Үздік үштікті

«Бейбарыс» несиелік серіктестігінің ұсынысын қанағаттандырды. Комиссия отырысында барлық өтініштер қаралып, мүшелер тарапынан қолдау тапты. Жиынды қорытындылай келе Шагурашид Қалиұлы саладағы барлық мамандарды жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Әсіресе, жергілікті атқарушы билік органдарына қызметті ширата түсуді тапсырды. – Ауыл шаруашылығын өркендету – Елбасы алға қойып отырған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан, өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер агро­өнеркәсіп кешенін дамыту жолында белсене еңбек етіп, қағазбастылық­ тан арылып, ауыл шаруашылығы тауа­рын өндірушілерге дер кезінде қолдау көрсетуге тырысуы тиіс, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Тәуелсіздіктің әр күні әрбір азаматтан үлкен жауап­кер­ші­ лікті, өз саласы бойынша ат­ қара­тын қажырлы да табанды ең­бегін талап етеді. Тарих үшін 25 жыл аз ғана уақыт бол­ға­ны­­мен, осы жылдар ішінде Қа­зақ­­стан зор жетістіктерге жет­ті. Жетістіктердің нақты мы­салы мен тізімін санамалай бер­сең, өте көп. Ең бастысы, сол жетіс­тік елдің игілігіне айналып отыр. Ал, ол жетістіктерге жету жо­лын­да Президент Н.Назарбаев­тың жыл сайынғы дәстүрлі хал­­ы­ққа Жол­дауының алатын маңызы зор. Әр Жолдауда ел өміріндегі маңызды шаруаларға нақты бағыт беріліп, болашақ жос­пардың атқарылу жолдары көрсетіледі. Биылғы Жол­­дау­дың ерекшелігі сол, ел дамуын­дағы жақсы істерді еселей түсуге, жаңа заман, жаңа уақыт тала­бына сай әрекет етуге айқын жол нұсқады. Жолдауда жаңа техноло­гияларды меңгеру, халықтың игілігіне жарату мәселесі егжей-тегжейлі айтылған. Қарап тұр­саңыз, қазір дүние жүзі техно­логиялық дамудың жаңа әрі жедел қарқынына көшкен. Қа­зақ­­­стан да сол технологиялық жаңа­лықтан сырт қалмай, өрге бастар өркениетті көштен орын алуы міндет. Ол – жастарға, ке­лер ұрпаққа керек нәрсе. Одан бөлек, Жолдауда халық­тың тұрмысын жақсартуға, әлеуе­тін көтеруге қатысты да нақ­ты дүниелер айтылып­ты. Халық тұрмысы, әлеуметтік жағ­д­айы, бала-шағаның қамы деген қай заманда да маңызды мәселе болған ғой. Сондықтан, Жол­дауда халық тұрмысын одан әрі жақсартудың амалдары анық көрсетілгені көңіл қуантады. Президент белгілеп берген басымдықтарда айтылған дүние­лерге біз де өз үлесімізді қоса­мыз. Біздің қосар үлесіміз, ол – бүгінгі көрерменнің таны­мы мен талғамына жауап бере­тін жаңа спектакльдер қою, театрдың репертуарын байыту, шығармашылық ұжымының жан-жақты толысып, өсуі, са­палы жұмыс. Сол арқылы елдің өнерін шет елге шығарып, өзге елдерге көрсету, насихаттау. Мемлекеттің бағыт-бағ­дарын айқындап, оны халық­қа жет­кізіп отыру – Президенттің мін­деті. Сондықтан, ел мен жердің жаңа заман көшіне ілесіп, уа­қыт талабына сай дамуы үшін жасал­ған Жолдау талаптарын орындау жолында келешектен үміті мен мақсаты бар адамның ешқайсысы тысқары қалмауы тиіс. Асанәлі ӘШІМОВ, КСРО халық әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. АЛМАТЫ. «Егемен Қазақстан» газетінен.

шығыстағы көршіміз Қытай елі түйіндеді. Қытайлар 5 алтын, 3 күміс және 5 қоланы олжалады. Бізден кейін Катар құрамасы орын тепті. Оларда жалғыз алтын бар. Сөйтіп, ақ Азиаданың үш күнінде қатысушы 29 елдің арасында, тек, 5 мемлекет спортшылары жүлдегер атанды. Конькиші жерлесіміз Екатерина Ай­ дова, әзірге, жүлдесіз. Катя 1000 метр­ лік жарыста сегізінші нәтиже көрсетті. Бұйыртса, 1500 және 500 метрлік қашықтықтарда сынға түседі. Азиада 26 ақпанда аяқталады.

Құрметті азаматтар, кәсіпкерлер! Қарағанды облысының прокуратурасы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік саласындағы бақылау және қадағалау функцияларының қажеттілігіне талдау жүргізуде. Сіздердің осы салада шешілмей жүрген мәселелеріңіз, сонымен қатар, аталған функцияларды оңтайландыруға немесе жоюға қатысты ұсыныстарыңыз болған жағдайда 7212163@ prokuror.kz, karaganda@palata. kz электрондық мекен-жайына немесе Қарағанды қаласындағы «тікелей байланыс» телефон номерлері бойынша: 353539, 506415 хабарласуды сұраймыз.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» «Қазақстан – Ұлы Дала елі» сандық қосымшасы туралы бұған дейін де жазғанбыз. Ондағы деректерді кез келген азамат өзінің ғаламторға жалғанған жеке компьютері арқылы пайдалана алады. Сондай-ақ, қосымшаны ұялы телефоныңызға да жүктеп алудың мүмкіндігі бар. Үш тілде ақпар беретін қосымша 10 бөлімнен тұрады. Мәселен, «география» бөліміне үңіліңіз. Қазақстан туралы жал-

пы мәліметтер, жер бедері, ауа райы, ландшафттар және елдің өзен-көлдері жайлы деректермен танысасыз. Екінші бөлім – Ұлы Дала елінің тарихы. Мұнда тас дәуірі, қола дәуірі, сақ тайпалары туралы деректер топтастырылған. Ежелгі мемлекеттер және Ұлы Жібек жолының да тарихын оқып біле аласыз. Қазақстан қоғамы да қосымшадан тыс қалмаған. Қазақстан халқы Ассамблеясы, дін, елдегі мерекелер, спорттағы және білім саласындағы жетістіктеріміз сандық өнімнің мазмұнын аша түседі. Әрбір бөлімде тақырыпқа сай суреттер де сыр шертеді. Мысалы, елдің спорт саласына көз жүгіртемін десеңіз,

жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің мерейлі сәттегі суреті мен мұндалайды. Ұлы Дала елінің жаршысындай өнімді әзірлеу міндеті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындаған бо­латын. Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеу­ ге болады. Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej. Мобильді құрылғыны қолданушылар үшін App Store және Play Market нұсқалары да ашық. Бұдан бөлек, қосымшаның толық нұс­қасын компьютерге файл түрінде жүктеп алу да ұсынылған.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.