Газета 14

Page 46

РЕПОРТАЖ

ҮЗДІК ЖАТАҚХАНА-2014 2014 жылғы 5 мамыр күні Тау-кен металлургия институтының акт залында 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік жатақхана – 2014» байқауын қорытындылап, марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың басты мақсаты – жатақханалардағы тазалық пен тәртіпті сақтау, студенттердің әлеуметтік жағдайы мен белсенділігін арттыру. Сонымен қатар студенттерді тәртіп, тазалық, ауызбіршілікке шақыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 2013-2014 оқу жылында студенттік кампус студенттерінің ауыз толтырып айтарлық жетістіктері аз емес. Жыл көлемінде 80-нен астам тәрбиелік мәні бар іс-шара, кездесу, спорттық жарыстар мен байқаулар ұйымдастырылды. Байқау 2013-2014 оқу жылының басында басталып, 4 жатақхана арасындағы қорытындылау іс-шарасы 2014 жылғы мамыр айының 5-не дейін созылды. Жатақханалар ауласына гүл егу жұмыстары осы жылғы байқаудың көркін келтірді. «Үздік бөлме» номинациясын 371 бөлме арасынан № 1 жатақханадан 115-ші, № 2 жатақханадан 1-ші, № 3 жатақханадан 40-шы, № 4 жатақханадан 86-шы бөлмелердің жеңімпаздарына университетіміздің әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы Баян Серікханқызы Нағасбекова табыстады. «Үздік қабат»

46

номинациясының жеңімпаздарын – № 1 жатақханадан 3 қабат (старостасы Салтанат Оңғарова, Әсел Төлеген, Сәулет және құрылыс институтының 1 курс студенттері), № 2 жатақханадан 4 қабат (старостасы Айкөркем Ғабиденова, Геология және мұнай-газ ісі институтының 3 курс студенті, Манар Құрманиязова, Экономика және бизнес институтының 1 курс студенті), № 3 жатақханадан 1 қабат (старостасы Әсел Уахитова, Ақпараттық технология және телекоммуникация институтының 1 курс студенті), № 4 жатақханадан 4 қабат (старостасы Ақерке Қамал, Шынар Жамалқанова, Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының 1 курс студенттері) Тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары Айгүл Ардабекқызы марапаттады. Старосталарға студенттердің қалауы бойынша арнайы Студенттер кәсіподағы ұйымы атынан микротолқынды пеш табыс етілді. «Үздік студенттік кеңес» номинацияның жеңімпазы – № 4 жатақхана Студенттік кеңесі, кеңес құрамы жазғы демалыста Ыстықкөлге демалыс орнына жолдама алды. Жолдаманы Студенттер кәсіподағы ұйымының төрайымы Жанна Қайыржанқызы Қалиақпарова табыстады. Жатақхана студенттері арасындағы патриоттық, ұжымдық мәдениетке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауда студенттердің тәртібі, жатақхана тазалығы, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, оларға қатысу белсенділігі, бөлмені таза ұстау мен жатақхана тынысына қосқан үлесі бойынша тандалды. Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы құттықтау сөз сөйлеп, киелі шаңыраққа кір келтірмей, үлгілі де білімді шәкірт болуға, тәуелсіздікті баянды етуге бар күш-жігерімізді жұмсайтынымызды тілге тиек етті. «Үздік жатақхана – 2014» номинациясының жеңімпазы № 2 жатақхананы арнайы кубок, сертификатпен марапаттап, байқау жеңімпаздарына заманауи сандық фотоаппаратын сыйлады. Жатақханалардың тазалығына, көркеюіне белсенді атсалысқаны үшін жатақхана қызметкерлері Эльвира Абдрасилова, Бағила Райымбаева, Гүлзат Құлжанова, Гүлжанат Құлжанова, Зулхия Жұмаханова, Гаухар Қалқабаева, Райхан Шүленова Алғысхатпен марапатталды. Мерейлі іс-шарамыздың соңында қазақ эстрадасының жұлдыздары «Серілер» тобы ән шырқап, студенттерге жақсы көңіл-күй сыйлады.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.