Каражанбас апрель каз #4

Page 1

Геолог – құрмет пен марапатқа лайық мамандық 3 бет

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі – біздің басты басымдық 4-5 бет

«Қаражанбас» корпоративтік басылымы

Руслан Макашев: «Компанияның әлеуметтік саясаты – адамдарға деген құрметі» 6-7 бет

№4, сәуір, 2017 жыл

2 бет

Құттықтаймыз сәуір айының мерейтой иегерлерi

жас Байбузов Саттибек Илясович Электргаздәнекерлеушісі Пайдалану жабдықтарын икемдеужөндеу цехы Yin Jiahong Өндірістік басқарма директоры Өндірістік басқарма Бектеш Мақсат Ерғалиұлы Қабат қысымын ұстау операторы Қабат қысымын ұстау цехы Тажиева Меирамгуль Хасановна Геолог Геология бөлімі

жас Әбіш Амантай Аралбайұлы Жөндеуші-слесарь Бу өндіру цехы

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қаражанбас кең орнына келді


2

№4, сәуір, 2017 жыл

ЖАҢАЛЫҚТАР Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қаражанбас кенорнында болды

Өңір басшысы компанияның өндірістік нысандарымен танысты. Ол «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС өндірістік базасында болды. Бұдан кейін мәжіліс өтіп, оның барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Есен Қайржан компанияның ағымдағы қызметі туралы айтты. Ералы Тоғжанов «Қаражанбасмұнай» АҚ жылына 2 миллион тоннадан аса мұнай өндірісі көлемімен Қазақстанның аса ірі мұнай өндіретін компаниялары ондығына және Маңғыстау облысының мұнай өндіретін мекемелердің үздік үштігіне кіретінін атап өтті. Мекеменің әрбір қызметкері аймақ экономикасына үлесін қосады, сондықтан жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай және жайлы жұмыс жағдайын жасау маңызды. Облыс әкімі қызметкерлердің ауысым ауылындағы тұрмыстық ахуалымен танысып, мұнайшылардың асханалары мен мәдениет үйін аралап шықты.

Қаражанбаста «Үздік маман –2017» кәсіби шеберлік байқауы басталды 2017 жылғы 18 сәуір күні, Қаражанбас кен орнында «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлері арасында дәстүрлі «Үздік маман –2017» кәсіби шеберлік байқауы басталды. Байқаудың мақсаты – жұмыскерлердің кәсіби шеберлігі мен біліктік деңгейін көтеру және оларды еңбекке ынталандыру. Байқауды жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Нүркен Қаражанов пен Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлім бастығы Жайлау Рүстембек құттықтау сөздерімен ашты. Шеберлік сайысы 18 сәуір – 31 мамыр аралығында 18 аталым бойынша өтеді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

21 сәуір күні “Қаражанбасмұнай” Акционерлік Қоғамы Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының 50-ден аса тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын өткізді. Балалар түрлі спорттық жарыстарға, сурет байқауына қатысып мәз-мәйрам болды. Бұл игі іс облыстық “Наурыз мерейі” акциясы аясында өтті. Құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі вице-президенті Макашев Руслан мен “Қаражанбасмұнай” АҚ жұмысшылар кәсіподағының төрағасы Серікбаев Батырғали балаларды құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Екі топқа бөлінген балалар тимбилдинг ойынында сынға түсті. Шарт бойынша қатысушылар қара күштен бөлек, тез ойлау, ширек қимылдау логикалық ой сынды бірнеше қасиетті көрсете білу керек болатын. Командалық рух пен жеңіске деген құлшынысты балалардың көңіл-күйінен байқауға болады. Олар жеңіске жету жолында бірлесе күш жұмылдырды. Әзірлеген мұндай тосын сый барлық балалардың көңілінен шықты. Ересек балалар спорттық жарыстарда бақ сынаса, кішкентай балақайлар сурет байқауына қатысты. Әрбір бүлдіршін армандарын ақ қағазға түсіріп, түрлі-түсті бояумен көмкерді. Жарыс болған жерде жеңісте, жеңілісте болады. Бірақ бүгінгі мерекеде барлық бала жеңімпаз болды. Бастысы достық жеңді.

«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Өңірде “Наурыз мерейі” қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Бұл игі шараға компания да өз үлесін қосып, қаладағы қарттар үйіне барып қайырымдылық шара өткізді. Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды әлеуметтік жұмыс бойынша департаменті директорының міндетін атқарушы Рысжанова Гүлмира мен “Қаражанбасмұнай” АҚ жұмысшылар кәсіподағының төрағасы Серікбаев Батырғали құттықтап, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, естелік сыйлықтар табыс етті. Шара кезінде ұйымдастырылған концерттік бағдарлама, молынан жайылған дастархан мен бағалы сыйлықтар ақсақалдардың көңілінен шықты. Өңірімізге белгілі әншілер ақсақалдарға арнап әннен шашу шашты. Қазақтың халық әндері мен термелері ата-әжелердің көңілдерін бір серпітіп, жастардың жалынды әндері керемет көңілкүй сыйлады. Қариялар ортаға шығып би билеп бір марқайып қалды. Ақсақалдар қоғамның б а с ш ы л ы ғ ы н а алғыстарын айтып, баталарын берді


3

№4, сәуір, 2017 жыл

Геолог – құрмет пен марапатқа лайық мамандық Қазақстанда сәуірдің бірінші жексенбісі – геолог күні. Бұл мамандық осыған дейінгі он жылмен салыстырғанда қарабайырланып кеткен тәрізді. ХХІ ғасыр геологының бүгінде кең даланың төсіне жүк көлігімен желіп жүріп, шатыр тігіп жататын романтикадан ауылы алшақтау. Қазірде ол – салқындатқыш, компьютер, жаңа бағдарлама, 3D технологияларымен жарақталған кеңсе қызметкері. Геологтар күнін ресми түрде атап өткенімізге осы жылы 51 жыл толды. 1966 жылғы 31 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы Жарлығымен геолог күні сәуірдің бірінші жексенбісі болып бекітілді. 2011 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен бұл күн тәуелсіз Қазақстан геологтарының кәсіби мерекесі болып жарияланды.

О

сы орайда біздің тілшіміз «Қаражанбасмұнай» АҚ геологиялық қызметінің бірнеше қызметкерлеріне өз мамандықтары туралы ой бөлісуді ұсынды. Бұл салада романтикаға орын қалды ма? Қандай жарқын оқиғалар осы саламен байланысты? Жұмазия Шеменова, №2 Мұнай өндіру цехының геологы:

Жыл өтсе де геологтардың өндірістегі мақсаты өзгермек емес: бизнес-жоспар тапсырмаларының орындалуына бар күшімізді салып, кенорынды игеруді барынша тиімді жүргізу. Әрбір жер қойнауының өзіндік ерекшелігі бар, геолог оның тілін таба білуі тиіс. Мен компанияда 1990 жылдан, ал геология саласында 2008 жылдан бастап еңбек етіп келемін. Әкем мұнайшы болған және мен мектеп қабырғасында жүргенде-ақ болашақта кім болатынымды айқындап қойғанмын. Жарқын сәттерге келер болсақ... 27 жыл ішінде көп болғаны сонша, ойыма да түспей тұрғаны (күледі). Негізінен геолог болашаққа, перспективаға жүмыс жасайды, оның еңбегінің нәтижесі араға ай салып, тіптен жыл салып көрінеді. Бірақ сол мезетте нәтижесі көрінетін сәттер де болады. Романтикасыз геолог болмайды. Барша әріптестерді геологтар күнімен құттықтаймын. Шын жүректен сарқылмас күш-қуат, жаңа мүмкіндіктер мен тың әсерлер, ойға алған мақсаттар мен жобалардың іске асуы үшін зор табандылық пен уақыт тілеймін! Ерлан Аққалиев, №2 Мұнай өндіру цехының геологы: Геологқа оқу аздық етеді, менің ойымша, геолог болып туылу қажет. Кез келген адам үнемі жаңа шешімдер ізденісіне, біліктілікке, қателіктен сабақ алуға икемделе бермейді.

Мен мекемеде 2006 жылдан бері қызмет етіп келемін, мында жас маман болып келіп едім, содан бері, міне, 11 жыл өтті. Әріптестіріме, білікті әрі тәжірибелі мамандар – Жұмазия Шеруеноваға, Роллан Туляевқа және т.б. алғысым шексіз. Мамандықтың қыр-сырын танытып, көрсеткен осылар болатын. Қазір өзім өзгелерге тәлімгер болғанда ғана ол үшін асқан сабырлылықтың қажет екенін түсіндім. Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мереке – геологтар күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық, табысты экспедициялар мен тың геологиялық жаңалықтар тілеймін! Сізге және отбасыңызға жақсылықтар мен құт-береке тілеймін. Толқын Байысқақова, Пластты қысымды сақтау геологы::

ГЕОЛОГТАР КҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҚБМ» АҚ Президенті Е.Қайржан Геологтар күні құрметіне Геология бөлімі жетекші геолог А.Унгарбаеваға «KAZENERGY» қауымдастығының медалін тапсырды. Өз құттықтауында Компания басшысы геологтардың мұнай-газ саласындағы маңызды рөлін атап өтті. қойнауын барлаушылар кеңесіне құлақ асады. Бізде «Геологтар қайда жол сілтесе, барлығы сонда бет түзейді» дейді. Біздің мамандық иелерінің мойнына жоғары жауапкершілік жүгі артылған. Іс жүзінде геологтар кенорынды барлаудан, игеру технологиясынан бастап, геологиялықтехникалық шараларды таңдауға дейінгі өндіріс үдерісінің барлық кезеңдерін бақылап, басқарады. Бұрғылаудың сәтті болуы геологтардың тыңғылықты жұмысымен тікелей байланысты. Барлық геологтарды мерекелерімен құттықтаймын, шығармашылық бастамалардың, жоспарлар мен жобалардың іске асуын, сондай-ақ жақсы әрі көтеріңкі көңіл күй тілеймін! Роллан Туляев, Геология және игеру бөлімі бастығының орынбасары

цехының

Мұнай саласын геологтарсыз елестету мүмкін емес. Өндіріс қызметкерлері жер

Компания басшылығы атынан геологтар күні кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Сізге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс, несібе тілеймін. Ашар жаңалық көп болғай.

Геологтар күніне марапатталған жұмыскерлер ФИО Оңғарбаева Айна Оразғалиқызы Садуақасов Манепхан Ерджанұлы Ақкалиев Ерлан Асқарұлы

Цех Геолгия бөлімі

Должность Жетекші геолог

Награда «KAZENERGY» қауымдастығының медалі

Геология және игеру Начальник отдела бөлімі

БӨ “Қазмұнайгаз” АҚ Құрмет граомтасы

№2 Мұнай өндіру цехының геологы

БӨ “Қазмұнайгаз” АҚ Құрмет граомтасы

Бөлім басшысы


4

№4, сәуір, 2017 жыл

БІЗДІҢ ЦЕХТАР

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі – біздің басты басымдық! Еңбек қауіпсіздігінің лайықты деңгейі – заманауи өндірістің басты талаптарының бірі. Компания қауіпсіздік деңгейін тұрақты қамтамасыз етуге, бірте-бірте апаттық көрсеткіштерді, өндірістік жарақаттарды, кәсіби ауруларды төмендетуге тырысады. Адамдар өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық және қауіпсіздік ережесін бұзып, еңбек қауіпсіздігі ұстанымына қайшы келіп қол жеткізілген жетістіктер өзін ақтай алмайды деген сенімдеміз. Тиімді өндірістік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру – «Қаражанбасмұнай» АҚ басымдылығы.

Б

үгін «Біздің цехтар» айдарында әңгіме еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі туралы өрбімек. Бөлімге Баймудинов Мұрат және Жайлау Рүстембек басшылық етеді. – Біз үшін ең бастысы – қауіпсіздік, - дейді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Мұрат Баймудинов. – Еңбекті қорғау және қызметкерлер қауіпсіздігінің жүйесі қайғылы оқиғаларды жою емес, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Біздің басты міндетіміз – жоғары деңгейді сақтап, жақсы көрсеткіштен үздікке ұмтылу, төтенше жағдайларды болдырмау. Сондықтан еңбек қауіпсіздігі басшылықтың басты назарында, біз де қауіпсіздік саясатын қатаң ұстанамыз. Мекемеде еңбек жағдайы сапасын

28 сәуір Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні

сапалы арттыру бағдарламасы іске қосылған. Ол бойынша еңбекті қорғау класстары проекторлармен, жүрекөкпе реанимациясына арналған

Жайлау Рустембек – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі басшысы

тренажерлармен, көрнекілік құралдарымен жабдықталған. Еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша біз қызметкерлерге инфекциялық ауруларға, қауіпті жәндіктерге қарсы екпе, сондай-ақ

арнайы киім мен қорғаныс құралдарын сатып аламыз. Әрбір қызметкердің міндетті арнаулы киімі, каскалары, қолғаптары мен аяқ киімдері болады. Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары – белбеу, сатылар тұрақты беріктігіне тексеріледі, 100 пайыздық деңгейде болуы үшін арнайы кесте бойынша сыналады. Бөлімнің негізгі міндеттері – қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді бақылаудың профилактикалық жұмыстары, дәлірек өндірісте еңбек жағдайын қалыпқа келтіру және жүйелі түрде жақсартуға бағытталған қауіпсіздіктің бірыңғай саясатын жүзеге асыру, сондай-ақ Компанияда еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру. Бұдан өзге бөлім өндірісте еңбек жағдайын қалыпқа келтіру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің емдеу-профилактикалық, санитарлықгигиеналық, ұйымдастыру-техникалық шаралар кешенін дайындап, іске асырады. Сонымен қатар қызметкерлердің ҚР Еңбек кодексін, «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР заңын және өзге де еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін реттемелейтін нормативтік-құқықтық актілерді, еңбек қауіпсіздігі нұсқауларын сақтауын, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары ұйғарымдарының орындалуын

Баймудинов Мурат – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі басшысы

бақылайды. «Еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайлар мен өзге де қызметкер денсаулығының зақымдалуын тексеру және есепке алу» ҚР Еңбек кодексінің 37 тарауының өндірісте


№4, сәуір, 2017 жыл

Акимов Денис

сақталуын қамтамасыз ету және шаралар қолдану, Компания бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жағдайына жүйелі түрде талдау жасау. Міне, осы маңызды міндеттер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөліміне жүктелген. Бөлімде іске асырылған жобалар көп. Қауіптілігі жоғары нысандарда қауіпсіз жұмыс өндірісі бойынша оқыту жүргізіледі (ЛЭП маңындағы өрт, жер жұмыстары). Тұрақты негізде жұмыс орындарын жұмыс жағдайлары бойынша аттестаттау өткізіледі, оның нәтижесі бойынша жұмыс жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ бөлім «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша материалдық ынталандыру бағдарламасының» іске асырылуына ерекше көңіл бөледі. Жоба мақсаты – Компанияның және кенорында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлердің материалдық мүддесін арттыру, жұмыс орындарында, бөлімдерде, жалпы ұйымда қауіпсіз және дұрыс еңбек жағдайын қамтамасыз ету, өндірістік жарақат пен кәсіби сырқаттың алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық жұмыстардың нәтижелілігін арттыру. Жылына екі рет 28 сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде және 16 желтоқсан тәуелсіздік күнінде ынталандыру ретінде Компания қызметкерлеріне құнды сыйлықтар беріледі. 2016 жылы кенорында еңбек қызметіне қатысты 1 жазатайым оқиға тіркелді. Аталған жағдайдың негізгі себебі қауіпсіздік техникасының сақталмауында және қызметкердің абайсыздығында болды, ол жону жұмыстары барысында саусағын зақымдады. Бұл жазатайым жағдайды комиссия тексеріп, белгілі бір шараларды алу ұсынылды. Оның ішінде жазатайым оқиғада зардап шеккен қызметкерге өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қосымша оқытудан өткізу ұсынылды. 2017 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша кенорында бірде-бір жазатайым оқиға не қауіпсіздік техникасының бұзылуы тіркелген жоқ. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі қызметкерлерінің негізгі міндеті қызметкерлердің оқытылуын бақылау. Қызметкерлердің қауіпсіздік әдістеріне, жұмыс қабылдау, технологиялық тәртіп, нұсқама, жүктелім-рұқсатнама, өндірістік және еңбек тәртібі бойынша білімін

тексеруге қатысу. Жұмысшыларды, қызметкерлерді және ИТҚ қауіпсіздік әдістеріне және жұмысты қабылдауға уақытылы және сапалы оқыту – өндірістік жарақат пен сырқаттың алдын алудың негізгі құралы. Кенорын өндірістік бөлімшелерінің ИТҚ оқыту, өзін-өзі дайындау, білімді тексеру үшін «Қауіпсіздік» компьютерлік оқыту курстары орнатылған 9 класс жабдықталған және қызмет етеді. Қызметкерлер өз бетімен жұмысқа нұсқамадан, тиісті өндірістік оқытудан, арнаулы бағдарламалар арқылы тағылымдамадан және білімді тексеруден өткеннен кейін жіберіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары қамтамасыз етілуінің ең маңызды факторы – сапалы оқу, жоғары білім және қызметкердің іс-

Мухамбетова Светлана

жүзіндегі қарым-қабілеті. Бөлімнің әрбір қызметкерінің өздік ерекше үлесі болады. Солардың ішінде Компанияда еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы саласында жылдар бойы еңбек етіп, осы жылдар ішінде өз ісінің шебері ретінде танылып, Компанияның еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жағдайының жақсаруына айтарлықтай үлес қосқандарды атап өткен жөн. Бұл – студенттік шақтан кейінгі 30 жылын Компанияға арнаған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас инженері Әуезалиева Фирюза. Мұхамбетова Светлана да Компанияда 30 жыл қызмет етіп келеді. Бөлімнің дамуына ат салысып,

5 қазірде өзінің бай тәжірибесімен жастармен бөлісуде. Светлана және Мұрат Баймудинов Қазақстанда алғашқылардың бірі болып (НЕБОШ) «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша халықаралық стандарт» курсы бойынша оқудан өтіп, сәйкес сертификаттарға қол жеткізді. Аға инженер Акимов Денистің Маңғыстау аумағындағы мұнай саласында көпжылдық еңбек өтілі бар. Бір қызығы ол компаниядағы еңбек жолын ағылшын тілінің аудармашысы болудан бастаған. 2007 жылдан бастап еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөліміне ауысқан. «Бұл бөлімдегі жұмыстың қызығы сол, түрлі мамандық иелерімен танысуға, өз біліктілігіңді техника және заң саласында пайдаға асыруға мүмкіндік береді, қауіпсіз жұмыс тәсілдерін қолдануға көмектеседі, қызметкерлерге олардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты түсіндіреді. Біздің жұмыстың ерекшелігі – бір орында тұрмай жаңаға ұмтылу, үнемі үйрену және түйгеніңмен бөлісу. Менің ойымша, бізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары біршама жолға қойылған, бірақ үйренеріміз әлде де бар. Бөлім ұжымының ауызы бір және ұйымшыл, қызметкерлер қашан да бір-біріне көмек қолын созуға дайын, қолдау көрсетіп, түсіністік танытады,» - дейді Денис. 2017 жылға бөлім міндеті қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің сақтауына әрі қарай бақылауды жалғастыру, өндірістік жарақаттың алдын алудың профилактикалық жұмыстарын жетілдіру мен еңбек жағдайын жақсарту. «Қаражанбасмұнай» АҚ-да тер төгіп еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер отбасына дінаман жететініне толық сенімді болуы тиіс, себебі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау – компанияның басты басымдылығы.


6

№4, сәуір, 2017 жыл

КОМПАНИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫ

Руслан Макашев: «Компанияның әлеуметтік саясаты – адамдарға деген құрметі» Тұрақтылық және әлеуметтік қорғаныс – қазіргі заманда ерекше талап етілетін екі фактор. «Қаражанбас» АҚ әлеуметтік жағдайды жоғары деңгейде ұстайды. Қалай және ненің арқасында ол көрсеткіш төмен түспейді? Компанияның құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі вице-президенті Руслан Мақашевпен сұхбат осы жөнінде өрбімек.

– Руслан Бексұлтанұлы, бүгінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы көп айтылады. Сіздің ойыңызша оның мәнісі не? – Шындығында әлеуметтік жауапкершілік ұғымы кең етек жайып келеді, бірақ оған берілген жалпыға ортақ белгілі бір анықтама жоқ. Менің ойымша, бұл – компанияның бизнес шешімдері үшін қызметкерлер, серіктестер, жалпы қоғам алдындағы жауакершілігі. Қазіргі таңда әлеуметтік аяда өзінің бағдарламасы жоқ бизнес-құрылымды елестету мүмкін емес. Кәсіпкерлік бірлестікті жүргізу барысында еңбек қауіпсіздігін, тұрақты жалақы, ынталандыру төлемдері, қосымша медициналық сақтандыру, адам ресурсын дамыту (оқыту бағдарламалары, біліктілікті арттыру бағдарламалары) және сын сағатта қызметкерлерге көмектесу мәселесі қойылуы тиіс. – Елімізде әлемдік дағдарыс құбылысы өседі деген қауіп бар. Компания әлеуметтік кепілдікті бұрынғы деңгейде сақтай ала ма? – Иә, мен бұған сенімдімін. Бұл бағыт басшылықтың тұрақты бақылауында. Компанияның әлеуметтік саясаты – адамдарға деген құрметі, олардың еңбегін бағалап, ынталандыру. Бұл дегеніңіз, қосымша жәрдемақы жүйесі тартымды ғана емес, мекеменің табыстылығына бағытталған, екі тарапқа да – жұмысшы мен жұмыс беруші үшін бірдей тиімді

болуы тиіс деген сөз. Әлеуметтік шығындар – мүлдем қайтарымы жоқ шығындар емес. Бұл адам капиталына салынған абсолютті қажеттілік, сөзсіз еңбек сапасы мен өнімділігінің артуына әкеледі. Бұл өзінше «Қаражанбасмұнай» АҚ экономикалық өсімінің негізі. Әлемдік мұнай бағасының құлдырауымен байланысты Компания үшін негізгі дағдарыстық кезеңдерде, 2015 жылдың басы 2016 жылдары да, Жұмыс беруші Ұжымдық шартқа сәйкес өзіне жүктелген міндеттемелерді толық көлемде орындады. Қазіргі уақытта жағдай бір қалыпты, бұл жаңа жобалардың енгізілуіне, сондайақ әлеуметтік салада жаңа жобалардың енгізілуіне мүмкіндік береді. Шынтуайтында біздің жұмыстың негізгі көрсеткіші – жоғары тұрған ұйымдарға түрлі деңгейдегі шаралардың орындалғаныдығы туралы есеп емес, қоғам мен біздің қызметкерлердің пікірлері мен қанағаттану дәрежесі. – Руслан Бексұлтанұлы, өндірісте қызмет ететін қызметкерлер үшін тұрмыс пен тамақтану жағдайы маңызды. Бұл бағытта қандай жұмыстар жасалды және не жасалады деп жоспарланып отыр? – Жалпы айтқанда, соңғы үш жылда аз жұмыс атқарылған жоқ. Кенорында 300 орынға арналған жаңа «Керемет» асханасы салынды және екі асханаға «Береке» мен «Дастарханға» күрделі жөндеу жүргізілді. Асханаларда жуық арада желдету жабдықтарының жұмысын жақсарту жұмыстары аяқталуға таяу. Кенорын ауысым ауылында қызметкерлерге арналған екі үлкен жатақхана блогы бар. 2015 жылы екі блок шатыры да сапалы металл жабындыларымен қапталды, бұдан кейін кіре берістер мен пәтерлерге күрделі жөндеу басталды. №2 жатақхана бойынша кіре берістерге толық жөндеу жұмыстары жасалды. №1 жатақхана бойынша жөндеу жұмыстары 80 пайызға жасалды. Осы жылдың наурызында №1 кіреберісті жөндеу

жұмыстары аяқталды, қызметкерлер қонысталды. №4 кіреберіске жөндеу жұмыстары басталды. Қалған бір кіреберістің жөндеу жұмыстарын біз осы жылдың жазының соңына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Орта есеппен бір кіреберіске компания 160 млн. теңге бөлді, жөндеуден кейін жатақхананың барлық бөлмелері толық жаңартылды, жиһазбен, заманауи тұрмыстық техникамен, спутниктік телевидениемен жабдықталды. Бұдан өзге ауысымдық ауылдың мәдени-ойын-сауық орталығы ғимаратын металл жабындыларымен қаптауды, қасбетін сырлауды және жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 3а,3б,3в жатақханаларына және орталық кір жуу ғимаратын жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ №1 және №2 жатақхана қасбетін сырлау және жөндеу жұмыстары осы жылдың жоспарында. Ауысым ауылын аббатандыру жоспары бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Өз күшімізбен ауысым ауылы периметрі бойынша сыртқы қоршау құрылысы жұмыстары орындалды. Аумаққа топырақ төгіліп, ауысым ауылының кіреберістер жолы тегістелді. Компания үшін қызметкерлерге өз үйінің жылуын сезіну үшін жайлы жағдай жасау маңызды. – Бос уақытта кеңсе және кенорын қызметкерлері үшін қандай мәдениспорттық сипаттағы шаралар өткізіледі? – Мүмкіндік пен бөлінген қаражатқа қарай біз барынша кеңседе де, кенорында да мұндай шараларды өткізуге тырысамыз. Соңғы 2-3 жылдықта мәдени-көпшілік және спорттық шаралар өзгеше деңгейде өтетінін атап өткен жөн,

«Біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші - қызметкерлердің пікірі мен қанағаттану дәрежесі.»


7

№4, сәуір, 2017 жыл

ал бұл біздің компаниямызды өңірімізде мұнай өндіретін басқа компаниялардан ерекшелендіреді. Нақты қандай шаралар өткізілгендігіне келсек, жыл басынан Халықаралық әйелдер күніне, Амал, Наурыз мерекелеріне арналған шаралар, «Көктем аруы» және т.б. бірқатар шаралар өтті. Жуық арада май мерекелеріне арналған шаралар ұйымдастырылады, мұнайгаз кешені қызметкерлері күнін, Тәуелсіздік күнін және т.б. жоғары деңгейде өткізу мәселесі жоспарда бар. Мәденикөпшілік жұмыстарды ұйымдастыру барысында, шоу-бағдарламаны түрлендіруге тырысып, онтандық эстрада жұлдыздарын шақырамыз және түрлі спорттық шараларды өткіземіз. Біз өткізетін қайырымдылық шараларды да ерекше атап өткен жөн. Бұл - қарттар үйіне, облыстық балалар үйіне, ҰОС ардагерлеріне және біздің зейнеткерлерге арналған шаралар. Тәжірибе алмасу аясында кәсіби шеберлік пен еңбек өнімділігін арттыру үшін кенорында жыл сайын «Мамандығы бойынша үздік» конкурсы ұйымдастырылады, оның жеңімпаздары аймақтық конкурста біздің компания атынан шығады. – Көктем келісімен компания қызметкерлері демалыс жөнінде ойлана бастайды. Ересектердің және балалардың корпоративтік демалысын дамыту жоспары қандай? – Осы жылы барлық 4 компания өкілдерінің тобы кәсіподақ төрағасымен бірлесіп жұмыс сапарымен қызметкерлерді емдеу және сауықтыру орталықтарында, сондай-ақ балалар сауықтыру демалыс орындарында болды. Ұйым талабын, емін, тұруын, бағасын (отбасы мүшелеріне жеңілдік есебімен) ескере отырып, таңдау «Қазақстан» Алматы қ,. «Aray Deluxe» ОҚО, «Шағала» Ақтау қ. санатроийлеріне түсті. Кәсіби тексеру қорытындысы бойынша Қоғам зейнеткерлерімен бірге, қызметкерлерді (еңбек өтілі жоғары) жөнелтуді ұйымдастыру жұмыстары іске асырылу барысында. Ұжымдық шартқа сәйкес, шипажайлық-курорттық орталықтарға Қоғамдағы еңбек өтілі 20 жыл болған қызметкерлер, компанияда кем дегенде 10 жыл еңбек еткен зейнеткерлер, кем дегенде 10 жыл еңбек өтілі есебімен кәсіби тексеру қорытындысымен емделу курсы тағайындалған

«Осы жылы барлығы 575 қызметкер баласына демалыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.»

қызметкерлер жіберіледі. Қазіргі таңда жоғарыда аталған шипажай орталықтарымен жалпы саны 158 жолдамаға 3 шарт жасалды: «Қазақстан» шипажайы – 52 жолдама, «Aray Deluxe» -86 жолдама, «Шағала» шипажайы – 20 жолдама. Сонымен қатар Кәсіподақ есебі және бастамасы бойынша осы жылы «Қазақстан» және «Aray Deluxe» шипажайына шамамен 100 жолдама сатып алынады. Бұл жылы қызметкерлерімізге Ақтау қ. Демалыс базасында дәстүрлі жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі жұмысшылар балдары үшін сапалы жазғы сауықтыру лагерълерін ұйымдастыру. Балалар лагерін таңдаудың басты критериі – бұл балалар қауіпсіздігі, олардың сапалы тұрмысы мен орналасуы, сапалы тамақтандыру, сондай-ақ жоғары деңгейдегі демалыс пен ойын-сауық. Критерилер негізінде тексеріс пен талдаулар нәтижесінде, бұл жылы Қазақстандағы ең жақсы балалар лагерлері таңдалды – «Ақбұлақ тауы» (Алматы қ.) және «Еуразия» (Орал қ.), «Волна» балалар демалыс орнының жабылуын ескеріп (біздің балдар жылда сонда баратын), «Фламинго» балалар лагері қарастырылды. Аталған лагерде ауқымды қаражаттың жұмсалуымен толық қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сәуірдің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Лагерді қайта құру жобасы бізге тартымды көрінді. Жөндеу аяқталғаннан кейін балаларды жаңа жаңғыртылған лагерге жібереміз деген

сенімдеміз. Өткен жылдардағыдай балаларды Астана қаласына мәдени-танымдық сапарға жолдау жалғасады. Бұл жылы біз жобаны «Экспо-2017 – қызметкерлер балдарының көзімен» деп атадық. Барлығы 575 қызметкер баласына демалыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. – ЭКСПО – 2017 демекші, Компания қызметкерлерін аталған көрмеге жіберу жоспарда бар ма? – «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдыі 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында ұйымдастырылмақ. Белгілі болғандай, бұл жоба өз уақытында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынды және оның ел үшін маңызы жоғары. Қазіргі таңда еншілес компания қызметкерлерін жіберу жобасы тікелей біздің акционер «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құзыретінде және барлық ұйымдастыру мәселелері - тұру, азық-түлік, тасымал, ҚМГ БӨ есебінен жүзеге асырылады. Біздің Компания 580 адамға квота бөлді, барлығы Қаражанбасмұнай компаниялар тобы бойынша (ҚБМ, АТС,ТМС, ТҚБжҰҚК) шамамен 1200 қызметкерді жіберу жоспарлануда. ҚМГ БӨ қызметкерлер үшін келесі критерилер белгіленді: 1. Өндіріс озаты; 2. Ұйымдағы кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі; 3. Тәртіптік жазалардың болмауы; 4. Компанияға еңбегінің сіңуі Кенорынға цехтар мен бөлімшелер бойынша қызметкерлер санына тепетең ақпарат жолданды. Жолға шығудың толық ақпараты қазіргі таңда ҚМГ БӨ-мен келісімделуде. – Үлкен рахмет, сәттілік тілеймін.


8

№4, сәуір, 2017 жыл

КОНКУРС

СПОРТ

«Қаражанбасмұнай» шағын футбол командасы «Барс Ойл» кубогы турнирінде бағын сынауда 15 сәуір сенбі күні ардагерлер арасында «Барс Ойл» кубогының жаңа маусымы басталды. Бұл жылы чемпиондық атаққа 15 команда таласады, олардың ішінде «Қаражанбасмұнай» АҚ командасы да бар. Қырық жастан асқандарға арналған 6х6 түріндегі шағын футболдан жыл сайынғы турнир Ұлы Отан соғысының жеңісіне 72 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Командалар екі «А» және «В» топтарына бөлінді. «Барс Ойл» кубогы үшін барлығы 15 команда бақ таластырады, олардың ішінде қатарға жаңадан қосылғандары да, «Шеллси», «Бозашы», «Автомобилист», «Спартак», «Қарақия» және т.б. тәрізді турнир негізі қаланғаннан-ақ қатысып жүрген командалар бар. Алғашқы екі кезеңде «Қаражанбасмұнай» командасы Ерсай және МАЭК командаларын 3:0 есебімен айқын басымдылықпен жеңіп, турнир кесетсінің алдыңғы қатарына орнықты. 22 сәуірде 3 және 4 кезеңде Барс Ойл командасымен ойнамақ. Өткен жылы «Қаражанбасмұнай» командасы финалда Спартак командасына жол беріп, беделді турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

22-23 сәуір аралығында А қ т а у қаласының “ М а ң ғ ы с тау арена” спорт кешенінде кәсіподақ ұйымдарының жастары арасында волейболдан турнир аяқталды. Жарысқа 15 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша “Қаражанбасмұнай-ТҚБжҰҚК” командасы қола медалға ие болды. Құттықтаймыз!


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.