Қаражанбас №6 (қаз)

Page 1

«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы

ҚÀÐÀÆÀÍÁÀÑ ÊÅÍ ÎÐÍÛÍÄÀ ÒҰØÛÒÓ ÇÀÓÛÒÛÍ ÑÀËÓ ÒÓÐÀËÛ ÊÅ˲ѲÌÃÅ ҚÎË ҚÎÉÛËÄÛ «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ АЛДЫНДА СОҢҒЫ БІРНЕШЕ ЖЫЛДА ӨНДІРІЛЕТІН СУДЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ ҚУАТТАРДЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ, АУЫР МҰНАЙ ӨНДІРУДІ АРТТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ БОЛМАУЫ СИЯҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТУЫНДАУДА. ҚАРАЖАНБАС КЕН ОРНЫ МАҢЫНДА ТҰЩЫ СУ КӨЗДЕРІ МЕН МҰНАЙ ҚАБАТЫНА ЖЫЛУМЕН ӘСЕР ЕТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ГАЗҒА ҚОҒАМНЫҢ АЙТАРЛЫҚТАЙ СҰРАНЫСЫ БОЛМАУЫ САЛДАРЫНАН ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛДЫ. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша 2019 жылдың қаңтарынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ техникалық Еділ суын тұтынуды елеулі мөлшерде қысқарту жоспарланған. Бұл дегеніміз, 2019 жылдан бастап Қоғам бу шығару үшін су тапшылығына

ұшырап, мұнай өндіру мөлшері азаяды, сәйкесінше, көп шығынға ұшырайды деген сөз. 2016 жылы мамырда Қоғам акционерлерінің арасындағы өндірісті ұлғайту және Қаражанбас кен орнын сумен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін анықтау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК

ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ МЕН ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫНА ҚОСЫМШАҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

АҚ пен CITIC Group (СИТИК Груп), сондай-ақ Маңғыстау әкімшілігі бірлесе отырып келісім жасады. Құжатта күнделікті шығысымен есептегенде кем дегенде 17 000 текше метр тұщы су өндіру көзделіп, Қаражанбас тұщыту зауытын салуды 2018 жылдың аяғына дейін аяқтап, іске қосу жоспарланған.

Өңірді дамыту мақсатындағы зауыттың құрылыс жұмыстарын жүргізу нәтижесі жергілікті жердегі суды үнемдеуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, су сапасының артуына мүмкіндік туады. Зауыт құрылысы компанияның өз өнімін өндіретін бу энергиясын қамтамасыз ету туралы шешімді іске асыруға мүмкіндік бермек. Бұл шетелдік технологияларды зауытта және шетелдік инвестициялар негізінде CITIC Envirotech Қазақстан Республикасында салған бірінші компания болып табылады. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды енгізу арқылы

№6 / маусым/ 2017

зауыттың құрылысы облыс тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік ашады. Өйткені, бұл шешім компания үшін аса зор маңызға ие. Бу шығару үшін тұщыландыру мүмкіндігі, сонымен қатар, қабатты қысым саласындағы кенішті игеру мүмкіндігін жақсартады, ол өндірілетін суды тиімді іске асыруға жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының Премьер министрі Б.Сағынтаевтың, Қазақстан Республикасының Үкіметі және CITIC Group басқару корпорациясы мүшелерінің қатысуымен «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Е.Қaйржан мен CITIC Envirotech Ltd Тао арасында 2017 жылдың 7 маусымда тұщыту зауытын салу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес кен орны маңында тұщы су зауытының құрылыс жұмыстары басталатын болады.

3 2

КӘСІПОДАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

5 ҮЗДІК МАМАН-2017 ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІНІҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ


2

№6 / маусым/ 2017

Қаражанбас-ақпарат

ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ МЕН ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫНА ҚОСЫМШАҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 2013 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛЫҚИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН, ЖОЛ БИТУМЫН ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН БОЛАТЫН. Битум зауыты Қаражанбас кен орнының құрамында ауыр асфальт-қарамай заттары мол мұнайын өңдеуге бағытталған. Зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн. тоннадай мұнайды өңдеп, 330-450 мың тонна битум шығаруға жетеді. 2014-2015 жылдары мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік бағаның құлдырап кетуіне байланысты Битум зауытындағы өндірістік қызмет тиімсіз болып, кәсіпорынның өзін де, оның 200

жұмыскерін де экономикалық шығынға батыруға айналды. Жағдайды түзеу мақсатында ҚБМ Битум зауытын үшінші компанияның қатысуынсыз мұнаймен тікелей қамтамасыз ету жолын тауып, Энергетика министрлігімен келісілгеннен кейін, соның арқасында өнімнің өзіндік құны төмендеп, мұнай тұрақты жеткізіліп, кәсіпорынның жұмысы қалпына келтірілді.

ҚБМ мен Энергетика министрлігінің арасындағы қызметтің жаңа бағытына байланысты Жер қойнауын пайдалану туралы келісім-шартқа мұнайды асфальтқарамай заттардан тазарту үдерісін ҚБМның келісімшарттық қызметіне жатқызу туралы №4 Қосымшаға қол қойылып, нәтижесінде салық салу тәртібі реттеліп, компаниямыздың Битум зауытымен әріптестігіндегі басқа да мәселелер шешімін тапты.

ҚБМ-ның белсенді қызметі арқасында 2016 жылы Битум зауыты 624 мың тонна Қаражанбас мұнайын өңдеп, 110 мың тонна битум шығарды. Алынған өнім инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңыздағы автожолдарды салу барысында пайдаланылды. Қазіргі уақытта битумды шетелдерге экспорттау мүмкіндіктері қарастырылуда.

ÁÀÐ ÆÀҚÑÛËÛҚ – ÁÀËÀËÀÐ ҮزÍ

ÀÉÌÀҚ ÁÀÑØÛÑÛ ÆÀÑ ÌҰÍÀÉØÛËÀÐÌÅÍ ÆҮÇÄÅÑÒ² МАУСЫМНЫҢ БАСЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЖАС МАМАНДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВПЕН ЖҮЗДЕСТІ. «БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЖАСТАР – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ БАСТАР» ДЕГЕН АТАУМЕН ӨТКЕН ШАРАҒА «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» АҚ АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ СЕРІК ӘБДЕНОВ БАСТАҒАН БАСШЫЛАР ДА ҚАТЫСТЫ. Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» АҚ қарасты еншілес компанияларда еңбек ететін әрбір жетінші адам жастарды құрайды. Олармен жұмыс істеу бойынша бес бағытта нақты істер жолға қойылған. Кәсіби даму, мәдениет, инновация, салауатты өмір салтын қалыптастыру және көмек көрсету бойынша бүгінде бірқатар істер атқарылғандығы басқасу барысында әңгімеге

арқау болды. Еліміздегі көптеген ірі компаниялар Маңғыстауда орналасқандықтан жастар қанатының басым бөлігі осы аймақтың үлесіне тиеді. Осыны атаған облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Маңғыстау жастарының бағыты айқын екендігін, бүгінде олардың 74 мыңы қалада, 88 мыңы ауылды жерлерде тұратынын мысалға алды. Жас мамандар кеңесінің

өңірдегі компаниялардағы жетекшілері өз жұмыстары бойынша атқарылған шаруалар жайын баяндады. Мұнайшы жастармен кездесуде облыс әкімінің атына Маңғыстауды дамыту, оның ішінде өндіріс, ауыз су, қаланы көркейту, жастарды қолдау секілді жайттар ескеріліп, осы бойынша түрлі ұсыныстар айтылды.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БАТЫРҒАЛИ СЕРІКБАЕВ БАСТАҒАН ТОП АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨБЕКТЕР ҮЙІ МЕН АНАЛАР ҮЙІНЕ АРНАЙЫ БАРЫП ҚАЙТТЫ. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтарды табыстап, мерекеге орай ұйымдастырылған шараға қатысты. Өз кезегінде кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырғали Серікбаев бөбектерге әрдайым көмектесуге дайын екендігін айта келе, ұжымның елеулі еңбегіне табыс білдірді. Сондай-ақ, балалардың мерекесінде қаражанбастықтар Ақтау қаласындағы аналар үйіне де аялдады. Тағдыр ауыртпашылығына ұшыраған аналарға рухани қолдау білдіріп, кәсіподақ ұйымы атынан олардың бөбектеріне сыйлықтар ұсынылды. Тағдыр тауқыметін тартып, қиындыққа душар болғандарға пана болып отырған Ақтау қаласындағы аналар үйінде оннан астам жан тұрып жатыр.

Бәрекелді!

ÀÒÛÐÀÓÄÀ ҚÀÐÀÆÀÍÁÀÑÒÛҚÒÀÐ ÒÎÏ ÆÀÐÄÛ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БӨ» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНДА ЖЫЛ САЙЫН ӨТЕТІН ЖАС МАМАНДАР КҮНІ АЯСЫНДА ҚАРАЖАНБАСТЫҚ ЖАС МҰНАЙШЫЛАР ҮЗДІК АТАНДЫ. АТЫРАУДА ӨТКЕН ФОРУМДА ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ЖАРАС ИСЛАМБЕРДИЕВ ПЕН РУСЛАН АҚМҰҚАНОВ КӨП ІШІНЕН ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛЫП, ЕКЕУІ ДЕ І ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ. Мұнай-газ өндірісінің техникасы және технологиясы секциясында Руслан Ақмұратовтың «Шыбықтың ашылуына қарсы құрылғы» атты ғылыми жобасы жоғары бағасын алды. Русланның өндірісте еңбек ете жүріп, ғылыми жұмыспен шұғылданып жүргеніне 5 жылға жуықтады. Ол былтыр «ҚазМұнайГаз» ҰҚ компаниясы

өткізген байқауда ІІ орын иеленген. Геология секциясында сынға түскен Жарас Исламбердиевтің де мерейі тасыды. «Кольматациямен күресудің тиімді әдісі» тақырыбында ізденіп жүргеніне бір жылдың жүзі болған Жарас Қабат қысымын сақтау цехында жұмыс істейді. «Жас маман» жобасы бойынша өткен жылы

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысқа орналасқан ол ғылыми жұмысын болашақта одан әрі жетілдіріп, өндірісте практикалық тұрғыда қолдануды көздейді. Жастар форумында ғылыми жұмыстарымен үздік шығып, топ жарған әріптестерімізді Компания атынан құттықтап, еңбектеріне жеміс тілейміз.


№6 / маусым/ 2017

3

Кәсіподақ тынысы

ÊƏѲÏÎÄÀҚ ÊҮͲÍÅ ÎÐÀÉ ÌҰÍÀÉØÛËÀÐ ÌÀÐÀÏÀÒÒÀËÄÛ БИЫЛ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНҒАНЫНА 112 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. ТҰҢҒЫШ РЕТ НІЛДІ КЕНОРНЫНДА АЛТЫ АДАМНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҰЙЫМ КЕЙІН ЕЛІМІЗДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫНДА ҚҰРЫЛА БАСТАҒАН БОЛАТЫН. Айтулы күннің қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподағы бір топ мұнайшыны марапаттады. Өндіріске елеулі үлес қосып, ұжым арасындағы бірліктің нығаюына ұйытқы болып жүрген жандар алғысқа бөленді. Қаражанбас кен орнындағы мұнайшылардың демалыс үйінде бас қосқан жұмысшыларды Компания президенті Есен Қайржан, «Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Мейіржан Тұманов және кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырғали Серікбаев арнайы құттықтап, өлшеусіз еңбектеріне алғыс білдірді. «Кәсіподақ ұйымының қазақ топырағындағы тарихы ғасырдан астам уақытты құрайды. Содан бері қанаты кеңейіп, күннен күнге өркен жайып келеді. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында алтынкөпір болып жүрген кәсіподақ өзінің жауапкершілігі мол міндетін мүлтіксіз атқарып отыр. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді Есен Қайржанұлы. Өз сөзінде Мейіржан Тұманов кәсіподақтардың жұмысшылардың құқығын қорғап, үнемі олардың мәселесіне бей-жай қарамайтындығын тілге тиек етті. «2014 жылдан Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығы болып аталды. Құрамында салалық кәсіподақтын 7 филиалы, 35 жергілікті және 640 бастауыш ұйымдарды біріктіреді. Қазіргі кезде 80 000 жақын кәсіподақ мүшелері бар. Кәсіподақ ол жұмысшылардың жоғын жоқтап, барын түгендейтін бірден бір ұйым. Үнемі өзінің мүшелерімен тығыз жұмыс істеп, құқықтық жағынан маңызды шаруаларды атқарып келеді. Кәсіподақ күнімен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым еліміз тыныш, жұртымыз аман, еңбектеріңізге табысты болсын!», - деді М.Тұманов көпшілік алдында. Бұдан кейін «Қаражанбасмұнай» АҚ

кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырғали Серікбаев Компанияда ұзақ жылдардан бері табысты еңбек етіп келе жатқан жандарға алғыс хаттармен қоса ақшалай сертификат табыстады. Марапатталғандардың арасында «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Ағила Ешімова (кітапханашы), Дәурен Бердібеков, Марат Оразбаев бастаған мамандарға кәсіподақ атынан Жабдықтарды пайдалану және икемдеу жөндеу цехының кәсіподақ төрағасы, токарь Дүйсенбай Омаров, №2 Мұнай өндіру цехының кәсіподақ төрағасы, мұнай, газ және конденсат өндіру шебері Берік Қуанғалиев, Мұнай өндіру технологиясы бөлімінің инженері Данияр Оралов, Бу өндіру цехының Мұнайлы қабаттарға бу айдау бу генератор қондырғылары машинисі, цехтың кәсіподақ төрағасы Есір Түзелбаев, Жабдықтарды пайдалану және икемдеу жөндеу цехының технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарьі Бекзат Жайлаубаев, Мұнай дайындау және айдау цехының тауар операторы, цехтың кәсіподақ төрағасы Бақыт Сағынаев сынды азаматтар бар. Сонымен қатар, әлеуметтік сала марапаттар тапсырылды. Спорт түрлерінен Компания құрамасында өнер көрсететін мұнайшылар да марапаттан тыс қалған жоқ. Олардың қатарында Тарас Шалабаев, Бибігүл Өтенова, Аслан Ексатов, Ербол Ізмағамбетов, Әдеп Зорбаев, Мирас Тұрғановтар бар. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген өнерпаздар Айберген Өтепбергенов, Сағатбек Оразалиев, Аманғали Қанатов, Бауыржан Жумухамбетов, Әлібек Нұрымов, Жанар Нұржанова, Сәнияш Тәжібаева, Асылбек Бисатов, Әлібек Бүркітов алғыс хат пен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Айтулы кеште өнерпаз мұнайшылар концерттік бағдарламасын ұсынып, викториналық сұрақтармен жалғасын тапты. Сондай-ақ, лоторея ойнатылып, жұлдызы жанған мұнайшылар бағалы сыйлықтарды иеленді.


4

№6 / маусым/ 2017

Біздің бөлім

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТАЗАРТУДАН БАСТАЛАДЫ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНЫП, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛА БАСТАДЫ. МҰНДАЙ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЭКОЛОГИЯ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТИІМДІ ЖҮРГІЗІЛУІНЕ СЕПТІГІН ТИГІЗДІ. «Қаражанбаймұнай» АҚ республика бойынша мұнай өндірісінде елеулі орын алатын компаниялар санатында. Алайда компанияда қоршаған ортаны қорғау бойынша нақты жұмыстар екі мыңыншы жылдарға таман ғана жасалына бастады. Анығында 1997 жылы компанияда сала бойынша жаңа бөлім құрылды. Бүгінде өндірісте қорғашан ортаның ластанбауын қадағалап отырған сала сүбелі жұмысты атқарып отыр.

Мұнай скважиналарына жерасты жөндеу жұмыстарына байланысты жоспар жасап, түзілген қалдықтарды назарда ұстайды. «Бұрғылау жұмыстары мен құрылыс қалдықтарын есептеп отырамыз. Мысалы, келер жылы 2 160 мың тонна өнім өндіру жоспарланса, соған орай алдын ала қанша тонна қалдық шығатынын есептейміз. Кейін өкілетті органға хабарлаймыз. Біздің негізгі жұмысымыз

қалдықтарды тазартуды жоспарлап отырмыз. Алайда қаржының бекітілмеуіне байланысты оны кейінге шегердік», - дейді бөлім басшысы. Қаражанбастағы ескі полигон аумағы 5 га аумақты алып жатыр. Оның мүмкіндігі 80 мың тоннаға дейін жетеді. Қазір мұнда 36 мың тонна қалдық сақтаулы тұр. Енді келер жылдың бюджетіне қаралып, қалдықты 13 500 тоннаға дейін азайту көзделуде.

тағылары тағы бар. Олардың өсіпөнуін, сыртқы пішіндерін тұрақты түрде қадағауды Қоршаған ортаны қорғау бөлімі жүзеге асырады. Теңіздің жағалауында орналасқан 11 скважинаның барлығы ауыздықталып, жабылды. Дегенмен, экологияны қорғау мақсатында теңіздің 7 нүктесінен сынамаларын алу арқылы құрамында ауыр металдардың бар-жоғы да қадағаланады. Сонымен бірге, Қаражанбастағы тұрмыстық кешендерден шығатын зиянды заттардың мөлшері тұрақты тексеріледі. Айта берсе, мұнда атқарылатын

Сұлтанғали Қожанов басқаратын Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде сегіз маман екіге бөлініп кенорнына қатынап жұмыс істейді. Сондай-ақ бес эколог бар. Аумақтың экологиялық ахуалын бүге-шігесінен дейін білетін Нұрзила Әбішева, Татьяна Базылева, Жомарт Исламғалиев, Асхат Телегусов, Дариға Ниязбаева, Ғалымжан Есқалиев, Сәрсен Елдесбаев, Қарлығаш Әбдіраманова, Самал Шегірова сынды мамандар кен орнындағы технологиялық процестерді заң аясында жүргізілуін қадағалап жүр. Бөлім басшысы Сұлтанғали Қожанов бұрғылау жұмыстарынан бастап мұнай өндіру, сақтау, оны аумақтан шығарғанға дейінгі қоршаған ортаға тигізетін әсерін бақылауды қатаң қадағалайтындарын айтады.

– экологиялық жоба жасау. Өйткені, оны қоршаған ортаға қандай зияны барын қараймыз», - дейді С.Қожанов. 2010 жылдан бері Қаражанбас кен орнының аумағында қалдық сақталмайды. Қалдықтар арнайы сақтау орындарына жіберіледі. Жыл сайын мердігер мекемелер арқылы мұнай қалдықтары өнделіп, қалдықтарды өртеу жүйелі түрде іске асып келеді. Бұрғылаудан шыққан қалдықтар өндіріс аумағында қалмайды. «Соңғы жылдары біз 27 га аумақтағы құрылыс қалдықтарын жойдық. 2007-2014 жылға дейін заңсыз сақталатын полигон аумағымыз бар еді. Ол жерде 150 мың тоннадан астам қалдық жойылды. Қазіргі уақытта 200 га жерде қалдықтар көмілген. Біз алда сол жерді тазартып, топырақтағы зиянды

Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қызметкерлері жер астындағы судың жайын да бақылауда ұстап отыр. Қаражанбас кен орнында мұнай өндіру үшін газды көп мөлшерде қолданатыны белгілі. Салыстырмалы түрде 2 160 мың тонна мұнай өндіру үшін орасан зор көлемде газ жағылатына анық. Оның үстіне жер астына мұнайды көтеру үшін 254 градус ыстықтағы бу жіберу үшін жағылатын газдың қажеттілігі зор. Осындай өндіріс жұмыстарына мониторинг жасау, кен орнындағы қалдықтардың жан-жаққа әсер етуі секілді мәселелерді тұрақты түрде ескеріп, үнемі тексеріс жасалады. Өндірісте жерге сіңген мұнайдың жер асты суларына әсер етуі де аса маңызды. Сондайақ, кен орны аумағында өскен өсімдіктер мен мекен ететін түз

жұмыстар жыл он екі ай бойы тоқтамайды. Вахта сайын ауысып отыратын мамандардың біліктілігін арттырып, түрлі семинартренингтерге қатыстырып отыру дағдыға айналған. Олар Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында өткен семинарларға қатысып қайтты. Қоршаған ортаны қорғау бөлімі қолға алған игі шараның бірі – тал егу жұмыстары. Соның нәтижесінде өндіріс аумағында тамырын жайған тал-теректер жетерлік. Ал 2018 жылы Қаражанбас кен орнында 1 700 түп тал егу жоспарланған.


№6 / маусым/ 2017

5

ҮÇÄ²Ê ÌÀÌÀÍ-2017 ÆÛË ҮÇIJÊÒÅвͲҢ ÅѲ̲ ÁÅËò˲ «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамында 18 сәуір мен 31 мамыр күндері аралығында өткен «Үздік маман-2017» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жылда дәстүрлі түрде өтетін кәсіби шеберлік конкурсына қатысушы мамандар практикалық біліктіліктерін көрсетті. Олардың тәжірибесі мен шеберлігін О.Қабылов, К.Бозахаров Н.Ізтұрғанов, Б.Серікбаев, М.Баймудинов, Н.Быкылов, С.Жайлаубаев, А.Айтжанова, М.Махамбетова, Р.Арысбаева, М.Оразбаев сынды мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады. Сайыс барысында әділ қазылар кәсіби біліктілікпен қатар қауіпсіздік шарасының сақталуына да ерекше назар аударды. Аталған конкурсты өткізудегі басты мақсат – салалық мамандарды анықтай отырып, кәсіби тұрғыда дамуға ұмтылатын қызметкерлерді ынталандыру болып отыр. Жұмысшының атыжөні

Орын

26

К0386

Тайманов Нұрлан

Өндірісті автоматтандыру цехы

Бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесары

2

Мұнай және газ өндіру операторы

1

27

L 7646

Жолдасбаев Қанат

Өндірісті автоматтандыру цехы

Бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесары

3

№1 мұнай өндіру цехы

Мұнай және газ өндіру операторы

2

28

L7752

Сатыбалдиев Руслан Шалқыбйұлы

Тиеу-түсіру жұмыстарының учаскесі Арқан ілдіруші

1

№1 мұнай өндіру цехы

Мұнай және газ өндіру операторы

3

29

L3748

Кожамбетов Сәбит Тәуекелұлы

Тиеу-түсіру жұмыстарының учаскесі Арқан ілдіруші

2

L4639

Қайырбаев Әсет Қуатұлы №2 мұнай өндіру цехы

Мұнай және газ өндіру операторы

1

30

L8308

Қазақ Ахмет

Тиеу-түсіру жұмыстарының учаскесі Арқан ілдіруші

3

5

L7717

Болатқалиев Азамат Берікқалиұлы

№2 мұнай өндіру цехы

Мұнай және газ өндіру операторы

2

31

L0482

Кезенбаев Бауыржан Өмірұзақұлы

Құрылыс-жөндеу цехы

Ағаш шебер

1

6

L4060

Жанғалиев Арман Есенболатұлы

№2 мұнай өндіру цехы

Мұнай және газ өндіру операторы

3

32

L5132

Тілегенов Нұртөре Кемадуллаұлы

Құрылыс-жөндеу цехы

Ағаш шебер

2

7

L4807

Борсанов Айбек Асқарұлы

Мұнай дайындау және айдау цехы

Тауап операторы

1

33

L3671

Дунбаев Ысқақ

Құрылыс-жөндеу цехы

Ағаш шебер

3

8

K0259

Жұбатыров Ахмет Сүйіндікұлы

Мұнай дайындау және айдау цехы

Тауар операторы

2

34

L8184

Бектілеуов Рахымжан Исламұлы

Қабат қысымын ұстау цехы

9

L4482

Қаршығаев Алмас Мәуленұлы

Мұнай дайындау және айдау цехы

Тауар операторы

3

35

K0229

Сақтапов Аслан Амангелдіұлы

10

L5524

Әбіжанов Әсет Амандосұлы

Қабат қысымын ұстау цехы

Қабат қысымын ұстау операторы

1

36

L7647

Сатенбаев Асыланбек Жазықбайұлы

11

K0143

Қуан Олжас Әминұлы

Қабат қысымын ұстау цехы

Қабат қысымын ұстау операторы

2

37

L4701

Есжанов Бақтыбек Танбайұлы

12

K0196

Ұңғыларды зерттеу операторы

1

38

L3019

Сәлімгереев Асылхан Молдағалиұлы

13

K0198

Ғылыми-зерттеу Тасқалиев Әсет Тұрарұлы өндірістік жұмыстарының цехы Ғылыми-зерттеу Абаев Нұрбол өндірістік жұмыстарының Сисемәліұлы цехы

Ұңғыларды зерттеу операторы

2

39

L2575

Инешов Саламат Бердіқалиұлы

14

K0350

Әубәкіров Ержан Жұмабайұлы

Ұңғыларды зерттеу операторы

3

40

L3881

Кұлмырзаев Мерей Әлімбайұлы

15

L3749

Батырбаева Жанат Батырбайқызы

Ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстарының цехы Ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстарының цехы

Химиялық сараптау зертханашысы

1

41

L4546

Наурызов Әсет Аяпбергенұлы

16

L0431

Ахметов Айбар Мәлікұлы Бу өндіру цехы

Химиялық су тазарту аппаратшысы

1

42

L4712

Танбаев Ғалымжан Сембайұлы

17

L8150

Құмар Шынболат Талгатұлы

Бу өндіру цехы

Химиялық су тазарту аппаратшысы

2

43

K0158

Оразов Казидулла Токтавұлы

18

L4724

Ізбасаров Мереке Хожабергенұлы

Бу өндіру цехы

Химиялық су тазарту аппаратшысы

3

44

L1595

Кұлманов Садыр Ізтұрғанұлы

Технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі Технологиялық Қабат қысымын ұстау қондырғыларды жөндеу цехы слесарі Жабдықтарды пайдалану Технологиялық және икемдеу жөндеу қондырғыларды жөндеу цехы слесарі Жабдықтарды пайдалану және икемдеу жөндеу Электргаздәнекерлеушісі цехы Жабдықтарды пайдалану және икемдеу жөндеу Электргаздәнекерлеушісі цехы Жабдықтарды пайдалану және икемдеу жөндеу Электргаздәнекерлеушісі цехы Жабдықтарды пайдалану Технологиялық және икемдеу жөндеу жабдықтар және олармен цехы байланысты құрылымдар Жабдықтарды пайдалану Технологиялық және икемдеу жөндеу жабдықтар және олармен цехы байланысты құрылымдар Жабдықтарды пайдалану Монтажник технологическ және икемдеу жөндеу Технологиялық цехы жабдықтар және олармен Жабдықтарды пайдалану және икемдеу жөндеу Токарь цехы Жабдықтарды пайдалану және икемдеу жөндеу Токарь цехы

19

L5241

Сәкенов Жазылбек Қожашұлы

Бу өндіру цехы

1

45

L3017

Краснов Андрей Борисұлы

Жылу және сумен қамту Бу қазандары орнының цехы операторы

1

20

L4151

Кушкимбетов Азамат Орақұлы

Бу өндіру цехы

2

46

L6047

Нұрқанов Ғалымжан Ізмұханұлы

Жылу және сумен қамту Бу қазандары орнының цехы операторы

2

21

L3341

Абазов Арсен Абисалұлы Бу өндіру цехы

3

47

L4538

Созақбаев Ахат Қуатжанұлы

Жылу және сумен қамту Бу қазандары орнының цехы операторы

3

22

K0165

Айзаков Асқар Аманжолұлы

Электр цехы

1

48

L3196

Жаумытбаев Айболат Сатыбалдыұлы

Газ цехы

23

L4767

Леоновец Александр Вячеславұлы

Электр цехы

2

49

L8272

Аубекеров Ринат Раввильұлы

Газ цехы

24

L4446

Көбешов Әділет Мұхтарұлы

Электроцех

Мұнайлы қабаттарға бу айдау бугенератор қондырғылары машинисі Мұнайлы қабаттарға бу айдау бугенератор қондырғылары машинисі Мұнайлы қабаттарға бу айдау бугенератор қондырғылары машинисі Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу электромонтері Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу электромонтері Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу электромонтері

3

50

L4235

Құлыбеков Жанарыс Абайұлы

Газ цехы

25

L4628

Абдин Талант Айбекұлы

Өндірісті автоматтандыру цехы

Табель №

1

L2691

Бектұров Тағантұрлы Мерекеұлы

2

L8245

Нұралиев Әсет Аманқосұлы

3

L4315

Мүсімқұлов Біржан Калимжанұлы

4

Цех №1 мұнай өндіру цехы

Лауазым

Бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесары

1

Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесары Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесары Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесары

1 2 3 1 2 3 1 2 3 1 2

1 2 3


6

№6 / маусым/ 2017

Мәртебелі мамандық

ӨНДІРІСПЕН БІРГЕ ӨТКЕН ӨМІР

ҚАРАЖАНБАС КЕН ОРНЫ АШЫЛҒАЛЫ БЕРІ ӨНДІРІСПЕН БІТЕ ҚАЙНАСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН АРДАГЕР МҰНАЙШЫЛАР САНЫ КӨП ЕМЕС. ТАБАНДЫ ЕҢБЕГІМЕН АЙНАЛАСЫНА СЫЙЛЫ, ЖАСТАРҒА ҮЛГІ БОЛҒАН ОЛАРДЫ КОМПАНИЯНЫҢ МАҚТАНЫШЫ ДЕУІМІЗГЕ ӘБДЕН БОЛАДЫ. КЕН ОРНЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ЕТЕНЕ ТАНЫС АЗАТ БАЙМҰХАНОВ ЖИЫРМА ЖАСЫНАН БЕРІ ҚАРАЖАНБАСТА ЕҢБЕК ЕТЕДІ. ОНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫ 1982 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА БАСТАЛҒАН ЕДІ. Әскерден оралған бетте қолаяғы балғадай жігітке жаңадан ашылған өндірістен бірден жұмыс табыла кетті. Содан бері Ақтаудан екі жүз шақырымнан астам қашықтықтағы Қаражанбасқа қатынап жұмыс істеу оның 35 жылдан бері үзілмес дәстүріне айналған... Алғаш рет кен орнына табаны тигенде айналасында орыс

ұлтының өкілдері көп-тұғын. Ресейдің Краснодар аймағынан келген мұнайшылар кілең жақсы қызметтерді ұстап тұрған шақ болатын. Оператор, шебер секілді жауапты міндерттердің бәрі солардың қолында. Слесарь болып еңбек жолын бастаған Азат Баймұханов жұмыстың ауыртпалығын бір кісідей көтерді. Жаздың аптап ыстығы

мен қыстың қақаған суығында қанша қиналғанымен ол мұнай саласынан кетем деп еш ойлаған емес. Содан бергі 35 жылдың әр күні оның жадында жаттаулы, көкейінде сайрап тұр. Компанияның өрлеп, өркендеуі, еңсесін тіктеген кезі Азекеңнің көз алдында өтті. «Біз алғаш келген жылдары мұндағы жағдайды айтудың

өзі қиын еді», - деп еске алады ол. «Ол шақта қазіргідей жағдай жоқ болды. Шілденің ми қайнатар ыстығы мен ақпанның сүйектен өтер аязында бір вагонда жаттық. Ыстық-суыққа қарамастан осында қажырлы еңбек етіп, жұмыстан шаршадық деп айтпадық. Жауын жауып, жер батпақ болғанда жүру мүмкін емес болатын. Машақаты көп жұмысқа сол кезде шыдай алмай басқа салаға ойысқан әріптестеріміз де табылды», дейді Азат аға өткенді еске алып отырып. Азекеңнің есінде ерекше сақталған шағының бірі 198485 жылдар. Бұл уақыттары мұнайшылар Ақтаудан Қаражанбасқа ұшақпен қатынаған екен. «Ұшаққа мініп, көзді ашыпжұмғанша өндіріске жетіп келуші едік. Жұмыстан қажып шығып, ұшаққа отырғанда шаршағанымызды ұмытқандай болатынбыз», - дейді ардагер мұнайшы. Алтыншы разрядты мұнай өндіру операторы ең алғаш рет 1 миллион тонна өнім алған жылдар туралы да естеліктің шетін шығарды. «Тоқсаныншы жылдарға дейін өндіріс төмен болды. 1985 жылы алғаш рет өнім көлемі 1 млн. тоннаға жетіп, барша мұнайшы бөркімізді аспанға атып қуандық. Бұл біздің ары қарай табанды еңбек етуімізге

күш-қуат сыйлады». Тәуелсіздік алған жылдары ел экономикасы шатқаяқтап тұрған шақта «Қаражанбасмұнай» да бұл қиындықтан айналып өте алмады. Мұнайшылардың ұзақ уақыт жалақы алмауы, еңбекақыны азық-түлікпен алғаны да Азекеңнің есінде. Ол ол ма, арнайы киімді өздерімен бірге алып кетіп, үйде жуған кездерін де еш ұмытпақ емес. Бүгінде тәжірибелі мұнайшы өзінің еңбек жолын бірге бастаған әріптестерінің саусақпен санаулы екендігін айтады. «Біз көп болатынбыз. Бүгінде әрбір цехтарды қоса есептегенде санымыз жиырмаға жуықтайды. Кейде ұшырасып қалғанда менің есіме алыста қалған жас күнім түседі», - дейді Азат Баймұханов. Шетелдік технология келгенше жұмыстың тым ауыр болғанын айтқан ардагер мұнайшы 1997 жылы Қаражанбас кен орнына канадалықтар табан тірегенде жағдайдың күрт өзгергендігін айтады. Оған дейін жарық жиі сөніп, тіпті, асханада ұзынсонар кезек бітпестей көрінетін. Кейін өнім көлемі артып, өндіріс жұмысы жаңа технологияның арқасында едәуір жеңілдесе керек. Бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген Азат аға ата деген ардақты атты иеленіп, өнеге болып отыр.

Біздің мақтанышымыз

КІР ТАСЫН ҰРШЫҚША ИІРГЕН

НАРТАЙ ХАЛҚЫМЫЗДА БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР ДЕГЕН ДЕГЕН СӨЗ БАР. АЛАМАНДА КҮШТІ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕП, АЛЫСҚАНДЫ АЛЫП ҰРАТЫН АПАЙТӨС, АТАНЖІЛІК БАЛУАНДАР ЕЛ АРАСЫНДА ЖЕТІП АРТЫЛАДЫ. «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ №2 МҰНАЙ ӨНДІРУ ЦЕХЫНА ҚАРАСТЫ №30 ТОПТЫҚ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ НАРТАЙ АЛТЫБАЕВ СЕНІМДІ АҚТАҒАН СПОРТШЫ ЖІГІТТЕРДІҢ БІРІ. ШЫНАШАҚТАЙ БОЛҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН КІР ТАСЫН ИЫҚТАН АСЫРЫП КӨТЕРЕТІН ЖІГІТ ОБЛЫС, ҚАЛА БЕРДІ РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНАТТАРЫНДА САН РЕТ ОЗА ШАПТЫ. ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ТҰРАҚТАП, ТҰҒЫРДА ҮЗДІКТЕРМЕН БІРГЕ ҚОЛ БҰЛҒАДЫ.

Нартай отыздан асқан жігіт. Мұнай саласында еңбек ете жүріп, жанына серік еткен спортты бір сәтке ұмытқан емес. Әрқайсысы 2 пұт болатын кір тасын көтеруден оның қасында алпамсадай жігіттердің өзі жолда қалады. Жұмыстан тыс уақытта жаттығу залына барып, сом темірлерді көтерумен айналысады. Соның нәтижесі болар, сынға түскен сайыстарда үздіктер арасында Өткен жылы кір тасын көтеруден Шымкент қаласында өткен ел чемпионатында мұнайшы жігіт серпе көтеруден 50, жұлқа көтеру бойынша 70 рет көтеріп, үздік үштікке енді. Жас кезінде спорттың сан түрімен шұғылдана жүріп, есейе келе тек армрестлинг пен кір тасын көтерумен айналысуды жүйелі түрде қолға алған. 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нартай шәкірт тәрбиелеуге кіріскелі де біраз жылдың жүзі болды. «Әскерден кейін кір тасын көтеруге біржола ден қойған болатынмын. Қазір өндірісте Қайрат Әбілшиев, Әбу Баймұратов сынды әріптестермен бәсекелерде жолымыз үнемі түйісіп жүр. Бұдан басқа жастарды баулуды қолға алдым. Олардың бірқатары жүлдеге ілінді. «Каспий» спорт кешенінде жаттығамыз. Енді жаңадан ашылған «Маңғыстау-Арена» спорт ауысып, жастардың талабын ұштамақпыз», - дейді Нартай. Маңғыстау облысы бойынша кір тасын көтеру федерацияның президенті Роман

Исламғалиевпен бірге көптеген іргелі істерді атқарды. Кезекті бір жарыстан Нартайды ұшырастырған Роман бірден оны бапкерлікке шақырған. Бұл болса ойланбастан келісіп, именбей іске кіріскен еді. Айтқали Нұркен, Абзал Базарбаев, Жомарт Роман сынды бұла күші бойына сыймаған толағай шәкірттері сынға түскен сайыстарда бапкердің мерейін сан рет үстем етті. Шәкірттері биыл күзде кір тасын көтеруден Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. Нартайдың айтуынша, ағайындарынан арасында спортты серік еткендер жоқ. Спорттан гөрі өнерге жандары жақын. Үйдегілердің көбі өнерге бейім. Менің алдыма таңдау түскенде спортқа бет бұрдым. Спортпен айналысудан жаным жай тауып, ерекше ләззат аламын», - дейді. Нартайдың спортшылығынан бұрын біз оны мұнайшы деп әспеттейтініміз анық. Бірақ ауырлығы мол жұмыспен бірге салауатты өмір жолын ұстанған оның ісі өзгелерге үлгі боларлық әрекет. «Кейде жарыстарға барғанда алпамсадай жігіттерді көргенде шағын денелі шәкірттерім қаймыққандай болады. Ондай сәттерде «Именбе, күш білекте!» деп қолдау білдіріп, сенімдерін арттырамын», - дейді Нартай әңгіме арасында. Мұнайшы-спортшы төрт баланың әкесі. 2006 жылдан бері «Қаражанбасмұнай» АҚ-да жұмыс істеп келеді. Компания мақтанышына айналған оған ақ жол тілеп, алдағы сындардан олжалы оралуына тілектестік білдіреміз.


№6 / маусым/ 2017

7

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ,

МҰНАЙШЫ?

«ҚАРАЖАНБАС» КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІНДЕ «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, МҰНАЙШЫ?» АЙДАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛІП ТҰРАДЫ. ӨНДІРІСТЕ ЕҢБЕК ЕТЕТІН МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ САУАЛДАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫН ҰСЫНБАҚПЫЗ, СОНЫМЕН БІРГЕ, МҰНАЙШЫЛАР ТАРАПЫНАН ТҮРЛІ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР БОЛСА, ЖАРИЯЛАУҒА ДАЙЫНБЫЗ.

«ҚÀÐÀÆÀÍÁÀÑÌҰÍÀÉ» ÀҚ ÀÊÖÈÎÍÅÐËÅвͲҢ ÍÀÇÀÐÛÍÀ ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабына өзгерістер енгізілуіне байланысты, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) өз акционерлеріне дивидендтерін алуы үшін Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде өздерінің маңызды деректері сақталғандығы туралы мәліметпен қамтамасыз етуі керектігін хабарлайды. Заңға жаңадан енгізілген өзгерістерге сай, акция ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде өздерінің маңызды деректері сақталғандығы туралы мәліметі бар, дивидендтерді алу құқығына ие акционерлердің тізімі жасалған күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей дивидендті төлеу жүзеге асырылады. Акционердің маңызды деректері туралы мәлімет болмаған жағдайда, акционерлерге дивидендті төлеу Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде өзі туралы маңызды деректерді енгізгендігін растайтын құжаттымен өзінің өтінішін қосып Қоғамға өткізген күннен бастап тоқсан күннің ішінде жүргізіледі. Осыған байланысты, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның акциясын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі маңызды деректерді өзгертуге қатысты барлық сұрақтарыңызбен «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-на хабарласуыңыз сұралады. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-ның мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы,Сәтпаев көшесі, ғим.30А/3, «Тенгиз Тауэрс» тұрғын комплексі аумағында. Телефоны: 8 727 272 47 60, факс: 8 727 272 47 60, ішкі номер 230. Трансфер-агент: Ақтау қаласы, 14 шағынауданы, «Звезда Актау» Бизнес орталығы, телефон: 8 7292 42 66 40. Қазақстан Республикасының үлкен қалаларындағы трансфер-агенттерінің мекен-жайы туралы толық ақпаратты осы сайттан біле аласыз: www.tisr.kz

• МҰНАЙШЫЛАР ҚАЛАШЫҒЫНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ СІЗДІҢ КӨҢІЛІҢІЗДЕН ШЫҒА МА? • ЖАЛАҚЫ БЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕР СІЗДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРА МА? • СІЗДІҢ АЙТАР ҰСЫНЫСЫҢЫЗ? Асан Шуриев, Бұрғылау және ұңғыларды жер асты және күрделі жөндеу бөлімінің 2 санаттағы инженері: 1. Жалпы, мұнайшылар қалашығындағы әлеуметтік жағдайды алатын болсақ, ілгерілеу жағы жоғары деңгейде деп есептеймін. 2. Жалақы мен берілетін әлеуметтік көмектерге қанағаттанамын. Мұндай оң жағдайдың жасалғаны аса маңызды. 3. Қалашықтағы тұрғын үйлерде жаңадан жөндеуден өткен бөлмелерде тазалық сақтау, ішкі тәртіпті қадағалау талабы жоғары деңгейде болса екен деген ізгі тілек бар. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек туралы ақпараттар ауқымды жазылып, нәтижелі болғанын қалаймын. Асқар Дәулетмұратов, Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесары: 1. Жасалған әлеуметтік жағдай баршаның көңілінен шығады деген сенімдемін. Өз басым қанаттанамын деп сенімді түрде айта аламын. 2. Мұнайшыларға берілетін әлеуметтік пакеттердің қарастырылғаны қуантады. Оның ішінде балаларымызды жазғы лагерге жіберуі, теңіз жағалауындағы демалыс аймағында демалуға мүмкіндік тууы ілгерінді жұмыстардың нәтижесі деп ойлаймын. 3. Кен орнындағы интернет желісін жақсартса дұрыс болар еді. Кейде жұмыстан бос уақытта бейнежазбаларды тамашалау барысында интернеттің жылдамдығы төмен екендігі байқалып қалады. Вадим Шайкимов, Мұнай өндіру технологиясы бөлімінің инженері: 1. Жақында ғана біз мұнайшылар қалашығындағы күрделі жөндеуден өткен үйге жайғастық. Жалпы, тұрмыстық заттармен қамтып, кондиционер орнатып, қолайлы жағдай жасап отыр. Мұнда ішкі тәртіп сақталған. Асхана, мәдени демалыс орны біз үшін өте ыңғайлы. 2. Жалақыдан басқа әлеуметтік пакеттердің берілуі жұмыс істеуге деген ынтаны арттырады. Бұған қатысты ешқандай шағымым жоқ. 3. Қаражанбас кен орнындағы қалашықта сапалы Wi-Fi орнатып берсе деген тілегім бар. Қалашықта мұнайшылар көп. Олар пайдаланған кезде қол жетімді әрі жоғары жылдамдықпен жұмыс істеп тұрса екен.

ÊƏѲÏÎÄÀҚ ÌÀÐÀÏÀÒÛ – ƏвÏÒÅÑÒÅв̲ÇÄÅ КӘСІПОДАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОДАҚҚА МҮШЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ. Атаулы күннің қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ бірқатар қызметкерлері Алғыс хаттарға ие болды. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағының марапаты Қайрат Оңғарұлы, Азамат Шадиров, Жасұлан Жантөреев сынды әріптестерімізге ұйым қозғалысының

дамуына, қызметкерлердің әлеуметтікеңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауына қосқан үлесі үшін берілсе, «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырғали Серікбаевқа Маңғыстау облыстық мәслихатының атынан Алғыс хат табысталды.


8

№6 / маусым/ 2017

Құòòûқòàó

«Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек ұжымы маусым айында туған әріптестерімізді мерейтойларымен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жастарыңыз жақсылыққа толы жыл болсын. Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

50

Спартакиада

жас

ІРІКТЕУ КЕЗЕНІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ

01.06.1967 ж. Сүйегов Жайықбай Николайұлы – Өндірістік бөлімнің бастығы; 03.06.1967 ж. Бекжанов Бекес Жәлиұлы – Қабат қысымын ұстау цехының операторы;

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ АРАСЫНДА ӨТЕТІН СПАРТАКИАДАНЫҢ БІРІНШІ ТОБЫНДАҒЫ «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ, «АРҒЫМАҚТРАНССЕРВИС» ЖШС, «ТҰЛПАРМҰНАЙСЕРВИС» ЖШС, «ТЕХНИКАЛЫҚ КӨЛІКТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰҢҒЫМАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» ЖШС МҰНАЙШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ, ШАХМАТ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ. БАРЛЫҒЫ 35 МҰНАЙШЫ-СПОРТШЫ ҚАТЫСҚАН СЫН ТАРТЫСҚА ТОЛЫ БОЛДЫ.

11.06.1967 ж. Таянова Гүлнәр Санаққызы – Ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстарының цехның химиялық сараптау зертханашысы; 27.06.1967 ж. Бекетова Наталья Иванқызы – Бұрғылау және ұңғыларды жер асты және күрделі жөндеу бөлімінің технигі; 25.06.1967 ж. Озғанбаев Есет – №1 Мұнай өндіру цехының операторы;

60 жас

19.06.1957 ж. Жанғалиев Есенболат Мақсұтұлы – Мұнай дайындау және айдау цехының тауар операторы;

«Қаражанбасмұнай» АҚ

қызметкерлері Сағынғали Айтанов пен Гүлмира Мұңалбаеваға тең келер ешкім болмады. Қол күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде МӨЦ қызметкері Салтанат Анибаева, 80 келіге дейінгі сында Бибігүл Өтенованың мерейі тасыды. Ерлер арасындағы жарыста №2 МӨЦ қызметкері Мейрамбек Маңғытбаев өзгелерден оқ бойы озық шықты.

Аса ауыр салмақта Бу өндіру цехынан қатысқан Бақтияр Төлеубаевты тоқтату еш мүмкін болмады. Енді маусым айының отызы күні Ақтау қаласындағы «Каспий», «Дельфин» спорт кешендерінде үстел теннисі, шахмат, армрестлинг, волейбол, шағын футбол, жүзуден іріктеу кезеңдерінің екінші туры өтеді.

«Әріптесіме кітап сыйлаймын»

ХАБАРЛАНДЫРУ

айдарымен қайырымдылық акциясы жарияланады.

Акция аясында: Қайырымдылық көмек ретінде әртүрлі тақырыптағы кітаптар, көркем шығармалар жазылған аудиодисктер жинау көзделген. Сыйға тартылатын кітапта қандай да бір қолтаңба (экслибрис) немесе жазба белгісі (тиісті тұлғаның аты-жөні жазылған) болуы тиіс. Есіңізде болсын! Бұл қолтаңбалар ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған, өзінің жеке кітапханасынан кітапты сыйға беруші жұмыскердің кім екенін білуге мүмкіндік береді. Қаражанбас кен орнындағы Мәденидемалыс орталығының кітапхана қорын толықтыру мақсатында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шарасына әрбір блок

Ұсынылатын кітаптар:

Біз рухани жаңару дәуіріне қадам бастық. Білім - болашағымыз үшін жетістікке жетудің негізгі факторы екенін әрбір қазақстандық түсінуі тиіс. Жастардың болашағы үшін БІЛІМ бірінші орында тұруы тиіс. Егер бағалау жүйесінде білімділік басты құндылық болып табылатын болса, бізді үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз. (ҚР Президентінің жолдауы). ҚР Президентінің жолдауы аясында бүгінгі күннен бастап 31 тамызға дейін Компания басшылығы блоктары арасында (өндіріс жөніндегі вице-президент блогы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент блогы, коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент блогы, құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі вице-президент блогы)

Маусымның 9-10 күндері іріктеу кезеңінде үстел теннисінен ерлер арасында «Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік жұмыстар тобының қызметкері Талап Барболов топ жарса, қыздар арасында инженерлік-технологиялық қызмет орталығының өкілі Ақтоты Тұрбаева бірінші орынға ие болды. Шахматтан ерлер мен әйелдер арасында «АрғымақТрансСервис» ЖШС

«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ КОРПОРАТИВТІК БАСЫЛЫМЫ

Шығарушы: «Қаражанбасмұнай» АҚ Мекен-жайы: 130000 Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, 74/1 ғимарат

Денсаулық сақтау бойынша: - денсаулық энциклопедиясы; - медициналық әдебиеттер; - массаж жасауға қатысты әдебиеттер; - денсаулыққа қатысты әдебиеттер; - Тибет медицинасы әдебиеті; - фитоемдеу туралы әдебиет; - йога туралы түсінік; - денсаулық күтуге қатысты кітаптар, т.б.;

қызметкерлерінің шұғыл және белсенді ат салысуын сұраймыз және де акция қорытындысы Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай шығарылып, белсенді қатысқан жұмыскерлерге Компания президенті атынан Алғыс жарияланып, бағалы сыйлықтар беріледі. Кітаптың тақырыбы, сұраныста болуы, басылымы, оқырманға пайдалылығы, саны, эстетикалық сипаты ЕСКЕРІЛЕДІ! №1 қосымшада ұсынылған кітаптар тізімі көрсетілген. Акция соңында «Кітапхана түні - 2017» мәдени шарасы ұйымдастырылады. Cирек және ескі кітаптар көрмесі, сонымен қатар, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин рөлдерін біздің талантты жаста-

Білім бойынша: - профиль бойынша техникалық әдебиеттер; - Қазақстан Республикасының және аймақтың тарихи энциклопедиясы; - әдебиеттер, шет тілін үйренушілерге арналған кітаптар; - психология, гигиена, эстетика, этика бойынша кітаптар; - ата-аналарға арналған әдебиеттер; - үй шаруасын үйренуге арналған әдістемеліктер, пішу мен тігу, қолдан жасап үйрену, кулинария, косметология және сауықтыру мен емделуге қатысты дұрыс тамақтану туралы кітаптар, т.б.;

Шығарылымға жауапты: Себасов М.Б. – Әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Телефон: 8 (7292) 473172 Журналист: Қаржан Ж.А. Телефон: 8 (7292) 473072 Е-mail: Z_Karzhan@kbm.kz

рымыз сомдап, театрландырылған қойылым көрсетіледі. Кітаптарды Қаражанбас кен орнындағы МДО кітапханасына, сонымен қатар қаладағы Әлеуметтік жұмыс департаменті, № 104 кабинетке тапсыруларыңызға болады. Сұрақтар бойынша 3148, 3613 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Әлеуметтік жұмыс департаменті

Спорт және дене шынықтыру бойынша: - спорттық сауықтыру және дене шынықтыру туралы әдебиеттер; - сауықтыру аэробикасының әдістемесі және жұмыс күніндегі дене шынықтыру; - сауықтыру әдісі мен дене шынықтыру шарттары туралы кітаптар; - күшті дамыту мен дене кемшілігін түзетуге, жаттығуларды орындау техникасына арналған әдістемелер, - спорт түрлерінің ережелері туралы кітаптар; - психореттеуге (аутогендік жаттығу) арналған жаттығулардың әдістемелігі, - Қытай жекпе-жек өнерінің кітаптары, т.б.;

Мәдениет бойынша: - көшпенділер, тұрмыс-салт, мәдениет туралы әдебиеттер; - археология, туризм, ойын-сауық туралы әдебиеттер; - әлем халықтарының тамақтану дәстүрі, тағамдар тарихы; - отбасылық қарым-қатынас туралы оқу-әдістемелік құралдар; - халықтар мәдениеті туралы ;

Газет ҚР ИжДМ 11.12.15 тіркеліп, №15740-Г куәлігі берілген

Газет ай сайын шығады Таралымы 1 000 дана. Газет ЖШС «Adver» баспаханасында басылды 130000 Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 3 б шағын аудан, 55-1 ғимарат Тел: 8(7292) 304603


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.