Diplomatic Herald

Page 46

Айдар Әміребаев. Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасының ұлттық, өңірлік …

ынтымақтастық пен бірлесіп өркендеудің соқпақтары ретінде заманауи әлемді конструкциялау стратегиясын білдіреді. Қытайдың ұлылығы, құдыреттілігі және рухани миссиясы туралы куәландырған ежелгі символды – Ұлы Жібек Жолын реинтерпретациялау арқылы жүзеге асырылған Қытай тарапының әлемге деген ресми меседжі осындай. Қазақстан бірлесіп өркендеу үшін елдер ынтымақтастығының саяси философиясына қосылады. Біздің еліміз Қытай басшылығында алаңдаушылық туғызып отырған қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізгі қауіптерін де бағалайды. Нақ сондықтан да тараптар осы заманның іс жүзінде барлық жаһандық проблемаларына қатысты көзқарастарының бірлігін білдіреді, халықаралық қатынастарда күш қолдануды, халықаралық құқық нормаларын елемеушілікті қолдамайды, егемендік пен аумақтық тұтастықтың мызғымастығы үшін күш жұмсайды, мемлекеттердің ішкі істеріне араласуды, оларға дамудың қандай да бір идеологиясы мен үлгісін таңуды айыптайды. «Белдеу және жол» өңірлік дамудың өзекті жобасы ретінде Халықаралық турбуленттілік жағдайлары және бұрын дәстүрлі түрде әлемдік экономикалық дамудың қозғаушы күштері болып келген өңірлердегі экономикалық даму қарқындарының төмендеуі Орталық Азияның жаңа даму серпіні бар өңір ретіндегі әлеуетін іске асыру мәселесін өзекті ете түседі. Біздің өңір осы уақытқа дейін әлемдік дамудың перифериясы, әлемдік көлік дәліздері мен коммуникациялардан шет қалған өзіндік «құрлықтық тұрғыдан жабылып қалған кеңістік» (land lock area) ретінде қабылданып келгені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, Қытайдың екі онжылдықтар бойындағы экономикалық серпінді дамуы, Қытайдың «Белдеу мен жол» стратегиялық бастамасының пайда болуы Еуразиядағы өсудің жаңа нүктесіне айналудың жақсы мүмкіндігін береді. Жаңғыру үстіндегі Қытайдың экономикалық серпініне байланысты өңір дамуының синергиясы қажеттілікке ие болды. Біздің елдеріміз кең ауқымды ынтымақтастыққа және басқа да дербес нарықтармен байланысуға арналған көлік дәліздерін жаңғыртуға мүдделі, өз бағытымен және серпінді дамып келе жатқан ҚХР түріндегі бизнес-әріптеске ие болды. Орталық Азия мемлекеттері Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасында қайта туындаған бизнескоммуникациялардың қиылысында болып шықты, бұл Орталық Азияда елдік және өңірлік хабтарды құру жобаларын өзекті ете түсті. Қытайдың өзінде экономиканы жаңарту және ішкі серпінді дамуды қамтамасыз ету міндеттерінен басқа, Қытайдың «сыртқа жүру» атты жаңа 45


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.