Диссертация Зурбаевой а б

Page 94

дамуы себеп болған шығар. Алайда, жолаушыларды тасымалдау кӛлемінің 2008-2012 жылдар аралығындағы тенденцияларына сәйкес, Автомобиль кӛлігімен Солтүстікке, яғни Қазақстан Республикасының басқа аймақтары бағытындағы қозғалысы географиялық жақын орналасқан Батыс Еуропа және Азия елдері бағытындағы қозғалысқа қарағанда перспективалы емес деген қорытынды жасауға болады. Бірақ 2008 жылы Ӛзбекстанмен шекарасы арқылы ӛтетін жолаушы ағындарының күрт тӛмендеуі автобупен жол жүруге қызығушылықтың жоғалуының себебі уақыттың кӛп шығындалуына байланысты деп қарастыруға болады. Шекаралардан ӛту кезінде кейбір саяси шешімдер және шекаралық серіктестік үрдістерінің әлсіреуі байқалады. Сонымен қатар, Қызылорда облысының жол инфрақұрылымының жағдайы оны аймақ экономикасының дамуына қосымша кӛмек болатын ірі жолаушы ағындарының қозғалысы үшін транзиттік территория ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жолаушыларды ӛткізу облыс территориясында орналасқан барлық АӚП бойынша жүзеге асырылады. Негізгі тасымал кӛлемдері оңтүстік бағытында болды. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда тасымал кӛлемдерінің ӛсу қарқындарының ең жоғары кӛрсеткіші (64%) болды, ал басқа жылдары ол 48%-дан 60%-ға дейінгі аралықта болды. 50%-дан кӛп жолаушылар 2012 жылы облыс шекарасын шығыс бағыт бойынша ӛтті, ал 2008 жылы тенденция батыс бағытта болды. Облыс территориясы бойынша жолаушылар тасымалының үлес салмағы 2011 жылы – 190 мың адам болды, бұл кӛрсеткіш 2006 жылмен салыстыру бойынша 2,2 есеге тӛмендеген. 2008-2012 жылдар аралығында жолаушы тасымалының үлес салмағының тӛмендеу тенденциясы байқалады, бұл батыс бағытта автобуспен тасымалдаудың жалпы кӛлемінің тӛмендеуін кӛрсетеді [102, 14 б.]. Әрине, жолаушы тасымалына Қырғызстанның және Польшаның, Ресейдің Еуро Одаққа енуі және осы елдерге қатысты визалық тәртіптің енгізілуі тікелей әсер етеді. Біздің ойымызша, жолаушы ағындары кӛлемінің тӛмендеу тенденциялары уақытша және кейбір саяси сұрақтар реттелгеннен кейін ҚРның басқа мемлекеттермен және мемлекеттің аймақтарымен ӛзара әрекетіндегі экономикалық, туристік және басқа сипаттағы мүдделер жоғарылай түседі. Бұл ынтымақтастықтың дамуы үшін инфрақұрылымды үздіксіз жетілдіріп отыру керек: жолдың техникалық параметрлерін жоғарылату, олардың сапасын жақсарту, жол бойындағы қызмет ету объектілерінің санын кӛбейту және т.б. Алдағы 20 жылға кӛліктік стратегияны талқылау барысында экономиканың кӛліктік секторына мемлекеттің шамадан тыс араласуы мен жеке меншік жолдар салу қажеттілігі туралы кӛп айтылып жүр. Мамандардың бағалауы бойынша, жолдың құны қайтарылуы үшін қозғалыс қарқындылығы күніне 3040 мың автомобильді құрауы керек . Сарапшылардың болжаулары бойынша, 2025 жылға қарай автомобильді қолданатын отбасылар саны 10 отбасының ішінде 8-н құрайтын болады және халық қозғалысы 50%-ға жоғарылайды [108, 97 б.]. Қызылорда облысының территориясында жеке меншік жол аймақтары және оған қатысты жасанды жол құралдары пайда болатын болса, 94


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.