Диссертация Зурбаевой а б

Page 11

Ішкі жүйелердің әрқайсысы ішкі құрылыммен сипатталады. Жалпы қолданыстағы кӛлікке темір жол, теңіздік, ӛзендік, автомобильді, ауа, құбырлы кӛліктері жатады. Экономкалық талдаудың мақсатына қарай жалпы қолданыстағы кӛлік басқа да топтамада қарастырылады: - әмбебап (мысалға темір жол, теңіздік, ӛзендік, автомобильді, ауа) және арнаулы (құбыр, электр ӛткізу желілері ); - ішкі (мемлекет ішінде тасымалдауды жүзеге асырады) және сыртқы (кӛп жағдайда теңіздік, шет елге де тасымалдауды жүзеге асыру); - жылдық (темір және автомобиль жолдары) және маусымдық (ішкі су); - магистралді (жалпы қолданыстағы кӛлік) және магистралді емес (ӛнеркәсіптік кӛлік). Кӛлік – бұл әр түрлі элементтерден тұратын ӛте күрделі инфрақұрылым болып табылады. Қазіргі таңда кӛліктің барлық түрлері бір-бірімен белгілі бір түрде байланысады да, барлығы бірге жүйені құрайды. ҚР статистика бойынша агенттігі мәліметтеріне сүйенсек, 2012 жылы Қазақстан территориясында темір жол кӛлігімен тасымалдау қызметін – 24 млн тасымалдаушылар пайдаланған, ауа кӛлігімен – 4,5 млн тасымалдаушылар, автомобиль кӛлігімен – 18,4 млрд тасымалдаушылар қызметтерін пайдаланған [5]. Автомобиль кӛлігін қолдануына халық ішінде сұраныс ӛте жоғары, себебі ол ең ыңғайлы және тез кӛлік түрі болып табылады. Бірақ автомобильдік кӛлікке сұраныс қаншалықты жоғары болғанымен кӛлік қозғалысын қаматамасыз ететін жолдардың жағдайы қанағаттанарлық емес. Жолдардың сапасының тӛмен болуымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін қаматамасыз ететін, жолаушылардың жайлы жүрісін қамтамасыз ететін жол бойындағы инфрақұрылымының қазіргі жағдайы ӛте тӛмен дәрежеде, ал оның біршама түрлері еліміздің жолдарында мүлдем жоқ. Кӛлік саласын зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша (Левшиц В., Галабурда В.Г.), жол – бұл кӛлік желісінің элементі. Кӛлік желісі ӛз кезегінде, кӛлік жүйесінің бір элементі болып есептеледі [6]. Кӛлік жүйесі – бұл «халық шаруашылығының бүтін бір саласы, «кӛлік жүйесі тӛрт элементтен құралған: кӛлік жүйесіндегі қоғамдық қолданыстағы кӛліктермен, қоғамдық емес кӛліктердің барлық түрлері, жылжымалы кӛлік құралдары (жылжымалы кӛлік құралдарының меншік формасынан тәуелсіз), кӛліктің еңбек ресурстарымен республикалық, аймақтық және муниципалды деңгейдегі кӛліктің барлық түрлерін басқару жүйелерінен тұрады [7]. Бұл элементтердің барлығы «жүк және жолаушыларды тасымалдау қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, халық шаруашылығының бірнеше салаларының бірігуі болып табылатын» кӛлік кешені түсінігін айқындайды. Бұл салаларға: кӛлік, кӛлік ӛнеркәсібі және кӛлік саласындағы кадрларын дайындау мекемесі, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстары жатады. Бірнеше жылдар бойы экономикалық әдебиеттерде және ресми құжаттарда «автожол кешені», «автожол саласы» және «автожол шаруашылығы» түсініктерінің бірегей қолданылуы байқалады. Сол себепті осы түсініктердің 11


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.