8 қараша, 2018 жыл №129 (15300)

Page 6

ОЙ-ТАМЫЗЫҚ

6

8 қараша, бейсенбі, 2018 жыл

РУХ

Үздік шыққан

Мұрат АЯҒАНОВ

Тәуелділік

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамымыздың рухани дамуына тың серпіліс әкелді. Елеусіз қалған көптеген ұлттық мәселелерге маңыз берілді, игілікті істердің ұйытқысына айналды. Бұл мақала барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды. Сондықтан бағдарламаны ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру - баршамыздың міндетіміз.

Бүгінгі өмірімізді тұрмыстық техникасыз елестету қорқынышты. Үйдегі тоңазытқыш, теледидар, микротолқынды пеш, кір жуғыш машина, тағысын-тағылар бір демде жоғалып кетсе... Оларсыз бүгінгі тіршіліктің ұзақ сәтке тоқтап қалатынына сене беріңіз. Себебі біз күнделікті тірлігіміздің жартысын солардың мойнына жүктеп қойғамыз. Әйел заты бұрынғы уақыттағыдай кір жуып шаршамайды, тамақ әзірлеу үшін от жағып, көсеу ұстамайды. Ол заман өткен. Техника атаулы адамзаттың бос уақытын көбейтіп қана қоймай, оны жалқаулыққа душар етіп жатқанына көз жұма қараймыз. Теледидар көргің келсе, орныңнан тұрудың қажеті шамалы, қолыңыздағы басқару пультімен әлемдегі барлық қызықты тамашалап шығуға болады. Қарныңыз ашса, дүкен сөрелерінде бес минутта пісетін тағамдар сықап тұр. Қарап тұрсақ, жайлы тұрмыс еріншектікке, тоқмейі лді лі кке жетелейді екен. Ал «жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық» адам баласын аздыратынын Абай атамыз әлдеқашан айтып кеткен. Міне, бүгінгі қоғамдағы кері кетіп жатқан тұстарымыздың бір бөлігі осы техникаға тәуелділіктің арқасында орын алып отыр. Қазір жыл соңы жақындағалы облыс орталығындағы iрiлi-ұсақты сауда орындарында түрлi акциялар қаптап кеттi. Тұрмыстық техникадан бастап киiм мен азықтүлiкке дейiнгi сұранысқа ие тауарларды жеңiлдетiлген бағамен сатып алуға болады. Ол үшiн көп iзденудiң де қажетi жоқ. Интернеттен қарап немесе сыртқы жарнамаға көз салсаңыз жеткiлiктi. Бұл - жыл сайын қайталанатын үрдіс. Адамдар осы кезде тұрмыстық заттарды әдеттегіден көп сатып ала бастайды. Сөйті п, алған дүниесі не тәуелді лі гі артып, оның тұтқынына айналады. Мәселен, көптен армандап жүрген әмбебап ұялы телефонды сатып алдыңыз делік, оның қызығы бі р аптадан бі рнеше айға дейі н созылатыны анық. Соның салдарынан айналаңызда болып жатқан көптеген игіліктерден қағыласыз, бар ықыласыңыз соған ауған соң шаруаңыз бен кездесулеріңізді былай ысырып қоймасқа шара жоқ. Техниканың тұтқыны болу деген осы. Техниканың аса күрделеніп, оның адамның бақылауынан тыс қалып қою мүмкіндігі көңілге күдік ұялататыны шын. Ол адамның қол еңбегін жеңілдету арқылы еңбек өнімділігін арттырды, бірақ жұмыссыздық, бос уақытты ұйымдастыру секілді мәселелерді туындатты. Ал адамдар арасындағы бетпе-бет тұлғалық қарым-қатынастар аясы бірте-бірте тулақтай боп кішірейіп келе жатыр. Үйдегі жағдай жақсарған сайын бі р-бі р қуысқа кі рі п алып, дос-жараннан, туған-туыстан жаттануға әкеліп соғуда. Ғылым мен техника көмегі арқылы моральдық, экономикалық, мәдени қарқынды даму деген ұғым ойға сыймайды. Қарап отырсақ, қоғамды технофилиялық (жаңа технологиялардан ләззат алу) сырқат дендеп барады. Қазір жасөспірімдер тұрмақ, ересектердің өзі түн жарымында ұялы телефонда отырып, әлеуметтік желіде желігеді. Күні бойы «онлайн» болып, ұялы телефондағы әлеуметтік желіден түспейтін күйкі тірлік күнделікті шаруаларымыздың ақсауына алып келетінін көз көріп жүр. Тарихқа көз жүгіртсек, адам баласы технологиялық жетістіктердің барлығына бірдей қуана бермеген. Мәселен, 19-шы ғасырдың басындағы Англияны жайлаған «луддиттар қозғалысын» қайда қоямыз? Бәрінен бұрын өркениет құндылықтары техникалық жетістіктермен өлшенетін бүгінгі заманда адам өз табиғи интеллектісінен және дербестігінен айрылып бара жатқаны қынжылтады. Ал «жасандылықтан» құралған өмір түбінде жарға жықпай қоймайтыны шын. Табиғатпен етене адамзат баласы үшін қоршаған ортаның шынайы игіліктерінен айрылып қалу – қорқыныштың ең үлкені.

Сая МОЛДАЙЫП Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі - ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғыртудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», екенін атап көрсетті. Соған орай біздің өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда 6 арнайы жоба белгіленді. Бұл жобалар аймақтық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2018 жылы облыстық реестрге 8,5 млрд. теңгенің 178 жобасы енгізілсе, оның 5,3 млрд. теңгесі демеуші лерге тиесі лі . Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңбері нде «ТОП-20» үзді к жобаларды топтастырды. Олар мыналар: 1. 2018 жылы Павлодар қаласында «Ertis Promenade» жобасы іске асты. Ертістің төменгі жағалауында заманауи талаптарға сәйкес амфитеатр салынып, мұнда 1 маусымнан 2 қыркүйекке дейінгі аралықта кешкі мезгілде әр алуан тақырыптағы мәдени-көпшілік шаралар, аймақтың шығармашылық ұжымдарының концерті, еліміздің және шет елдердің әлемге әйгілі артистері өнер көрсетті. «Ertis Promenade» жобасы көпшілік тарапынан оң бағаға ие болды. 2. Павлодар қаласында алғаш рет «Ertis Cinema» қысқаметражды кино мен деректі фильмдердің І Халықаралық фестивалі өтіп, оған белгілі режиссерлер мен актерлер қатысты. Ші лдені ң 11-14-і күндері аралығында өткен кинофестиваль Қазақстанның кинематография саласына қомақты үлес қосқан актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың туған жерінде ұйымдастырылуы еліміздің мәдени өміріндегі ерекше маңызды оқиға болды. 3. 3-5 тамыз күндері Павлодар облысында «Ұлы Дала» атты ұлттық руханиятты сақтау, жаңғырту, насихаттауды мақсат еткен этнофестиваль өтті. Биыл бұл шараға 100 мыңнан астам адам қатысты, олардың арасында шетелдіктер де болды. Түрлі мәдени бағдарлама, байқаулар, спорттық шаралар, ұлттық тағамдар, қолөнер бұйымдарының көрмесі, оған барлық аймақтардың шеберлерінің қатысуы дәстүрге айналып келеді. 4. Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет арнайы жобасы аясында италиялық әйгілі дирижер Леонардо

Куадринидің шақыруымен И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрі Италияның 7 қаласында өнер көрсетті. 5. Биыл елі мі зді ң әйгі лі тұлғалары, жерлестеріміз Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы, Мұса Шормановтың 200 жылдығы, Бұқар жыраудың 350 жылдығы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы,

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 160 жылдық мерейтойлары «Туған жер» арнайы бағдарламасының аясында аталып өтті. 6. Қазақтың ұлттық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында тағы бір игі іс жүзеге асты. Павлодар қаласындағы Гагарин саябағында бірінші рет «Этноауыл» құрылып, 20 киіз үй тігілді. 7. Жергілікті жастардың бастамасымен «Асық ойнайық» жобасы жүзеге асты. Жылдамдыққа, мергендікке, нақты есептеуге бағыттайтын ұлттық ойын балаларға кеңінен танымал болды. 8. «Туған жер» арнайы бағдарламасы 2017 жылы қолға алынған болатын. Осы бағдарлама аясында «Мектебіме тағзым» акциясы ұйымдастырылып, түлектер өз мектептеріне демеушілік жасады. «Мектебіме тағзым - 2018» облыстық жоба аясында 298 мектепке 309,0 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. 9. Наурыз айында Павлодарда «IZDEU-2018» іздеушілер отрядының І-ші халықаралық форумы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шара Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алу, еліміздегі әскерипатриоттық ұйымдармен байланысты нығайту, Қазақстанның әр аймағы, Ресей Федерациясы, Украинадағы іздеушілер отрядтарымен кездесу биыл бірінші рет ұйымдастырылды. Форум «Қазақстан электролиз зауытының» жанынан құрылған «Майдан жолы» іздеу отрядының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды. 10. Май, Баянауыл, Шарбақты аудандарында дін қайраткері Ақбалық хазірет, қоғам қайраткері Мұса Шорманов пен Темірғалы Нұрекеновке кесенелер салынды.

Сандар сөйлейді: «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

6 бағдарлама арқылы 8,5 млрд теңгенің 178 жобасын іске асырды. іске асырды.

Шараларға

700 мыңнан астам адам қатысты. «Ұлы Дала» фестивалі 100 мыңнан астам адамды қамтыды. адамды қамтыды.

«Мектебіме тағзым - 2018» облыстық жобасы

298 мектепке түлектері 309,0 млн.теңгенің демеушілік көмегін жасады. арқылы

Ақбалық хазірет, М.Шорманов, Темірғалы Нұрекеновке кесенелер тұрғызылды.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.