№ 27

Page 1

DIDAR

DIDAR

Мерекелеріңізбен, асыл аналар, аяулы арулар!

SHYǴYS QAZAQSTAN OBLYSTYQ GAZETІ

№27 (17728)

7 НАУРЫЗ

2019 ЖЫЛ

БЕЙСЕНБІ

WWW.DIDAR-GAZETI.KZ

1931 ЖЫЛДЫҢ 24 ҚАЗАНЫНАН ШЫҒАДЫ

ҚҰТТЫҚТАУ

Әйел – тіршіліктің тірегі, шаңырақтың шырағы! Аяулы аналар, ардақты арулар! Қымбатты қыз-келіншектер! Шуақты көктеммен бірге келген мерейлі мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – тіршіліктің тірегі, шаңырақтың шырағы, отбасының ұйтқысы! Әйел бойындағы қажыр-қайрат, шапағат пен шарапат, қайсарлық пен батылдық адамзатқа қуат беріп, ұлы істерге бастайды. Біз – анасын ардақтап, аруын аялайтын, қарындасын қорғап, қызын қадірлейтін дана халықпыз. Дәуір дөңгелеп, заман жаңарса да, біздің анаға деген құрметіміз еш өзгермейді. Себебі, біздің аналарымыз – ұлттық тәрбиенің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың тұнып тұрған қазынасы. Бүгінде қазақстандық әйел қоғамның барлық саласында белсенді, беделді. Осы игі қасиетпен Шығысқа шырай беріп, өңір дамуына зор үлес қосып келе жатқан барша әйелдер қауымына зор денсаулық, жанұяларына бақ-береке, еңбектеріне толайым табыс тілеймін! Өмірде әйел жаққан шырақ сөнбесін! Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Егор КИТОВ, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы: – Әрине, археологиялық жәдігерлердің қазірге дейін жетуі – ғалымдар Самашев пен Төлеубаевтың ерен еңбегі. Артефактіні тауып қана қоймай, оны сауатты аршып алу қажет. Ал бұл – күрделі іс. Қазақстан басшылығының ғылымға, өткенді зерттеуге лайықты көңіл бөліп отырғаны тәнті етті. Бұл – елдің болашағы бар деген сөз.

2,4-беттер


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
№ 27 by dgazety - Issuu