31032015

Page 9

www.egemen.kz

31 наурыз 2015 жыл

Ар ма? Армаңыз? Армысыз? Осының қайсысы мақұл? Қазіргі əдеби тіл айырып алып, «Армысызға» айдар таққан. Сонда қалған екеуінің халі қалай болмақ? Ѳлең сѳздің қадірін бізден гѳрі тəуір білген бұрынғы шалдар «Ар ма?» дегенді қолай кѳрген сыңайлы. Оның жауабы, екі бастан «Бар бол!». Біз бүгінде «Сəлеметсіз бе?» деп амандасып, оған жауап бергенде «Ал, қайтесің?!» дегендей «Сəлеметсіз бе?» деп қайта сұраймыз. Осынымыз орыстың «Здравствуйте» дегеніне дəл солай «здравствуйте!» деп сəлемдесу рəсімінің көшірмесі емес пе екен? Сəлемге əлік алғанда абзалы «Сəлемет болыңыз» деу емес пе? Хо-о-ш, «Ар ма?»дегенге қайта оралайық. «Батырлар жырында» қалай деуші еді? «Жанына келді ар ма деп, алдында кісі бар ма деп». Ѳзбек пен ұйғыр, қарақалпақ пен түрікмен жəне сол ағайындармен қолтықтас жүрген ѳз қандастарымыз əлі күнге бірімен-бірі «Армаңыз», «армаңдар» деп амандасып жатады. Бұдан шығады – осының үшеуі де бізге бѳтен емес. Бѳтенсіреп жүрген ѳзіміз. Сѳз – дүние. Дүниені сыртқа тасымайды, ішке тасиды. Үйім кѳрікті, сəнді, жиһазды болса екен деп тасиды. Əттең, кейде біз ішке тасудың орнына, далаға тастаймыз.

Мен – қазақ! Қымбат маған бабам жері, Тырналар қиқу салған самал кѳгі. Бедер жоқ айдынында айнадайын, Аз алқа айналайын Шаған кѳлі. Арқада аққан сел боп жасты білем. Шұбырған ақ табан боп ашты білем, Қан исі қолқаны атып, Аңырақайда, Жер қапқан атанəкес қасты білем. Мақтанам, ұлыңмын деп сенің, қазақ, Сүйемін жерімді абат, елімді азат. Жоныңа жаным пида, тума мекен, Бір саған бағышталған пейіл таза, ақ, – деген ѳлеңді оқып, кѳптен кѳрінбей кеткен ескі танысын кѳргендей қуанса керек. Ескі таныс деуіміздің екінші жағы тағы бар. Мұхаң ескіше оқып, жазу былай тұрсын, Шығыс əдебиетін ѳте жақсы білген. «Тартыс» атты сегіз суретті пьесасының кейіпкерлері Юсуф қари мен Жəлел əпенді фарсы тілінде сөйлеседі. Жоқ, дұрысы Мұхаң оларды фарсыша сөйлетеді. Тіл өзге тілдер арқылы байып отырады. Кезінде қазақ тілін арабизмдер, фарсизмдерден «чистарту» науқаны жүргенде, талай əсем тіркес, əдемі сѳздердің қосақ ара бос кеткені мəлім. Соған іштей жаны ашыған Мұхаң Шығыс əдебиетін тəуір білетін Қуан ағаңның ѳлеңдерінде жиі ұшырайтын «гүлстан»,

● Өнеге өрнектері

Тахташтардың əрқайсысы ұзақ тарихы бар татар мəдениетінің биік-биік бір-бір асқары сияқты» деп жазды Қуан ағаң кейін. Ол «Дəртнаманың» авторы Закир Рамиевтің шығармашылығын қатты қадірледі. «Ол екеуміз Ордың суын тел ішкен жерлеспіз »деп те жазды («Егемен Қазақстан», 01.08.1992). Закир Рамиев өз заманының абыройлы ақыны болып қана қоймай іскер азамат ретінде қазақ пен татарға көп еңбек сіңірген кісі көрінеді. Əуелі татар молдаларынан білім алып, оқуын Ыстамбұлда жалғастырса керек. Елге оралғанда шығыс мəдениетін жетік білетін шарқшұнасориенталист ғана емес, саудасаттық, іскерлік қабілеттерімен кең танылады. Оның иелігінде ірілі-ұсақты зауытфабрикаларға қоса бірнеше алтын кені де болған. Ресейдің аса ірі алпауыттарының бірі бола тұра өзінің бірде-бір кітабын шығармаған, керісінше татардың талантты ақындарын

Ўлт арын арлаєан Сўлу жаралєан сўѕќар аќын

Сѳздің «ауруын» дəл білетін шалдар бүгінде сирек. Ілгеріде сирек те болса бар еді. Соның бірі – Қуан ағаңтын, қазақтың кѳрнекті ақыны Қуандық Шаңғытбаев. Сол Қуан ағаң кітабына «Ар ма, республикам» деп ат қояды. Біз осы тұсқа келгенде «Ар» сѳзін омоним ауылынан іздейміз. Іздесек оны ұят-иман, обал-сауаптың елінен табамыз. Қуан ағаң тұңғыш кітабын «Ар» деп атаған. Мұндағы «Ар» атақты орыс ақыны Владимир Соколов айтқан «Нет школ никаких. Только совесть». Қуан ағаңның поэтикалық генезисінің түп-тамыры тұңғыш жинағы «Ар» жарық кѳргенде, Мұхтар Омарханұлы Əуезов өлеңге ұлттың арын арлайтын ақын келгенін біліп, балаша қуанған. Ѳкінішке қарай, қуаныш ұзағынан сүйіндіре алмады. Екеуіне де «ұлтшыл» деген айып тағылып, ел іші ала тайдай бүлінді. Аққу – киелі құс. Назырқанса, шошыған кѳліне қайтып оралмайды. Қуан ағаң сол кеткеннен табаны күректей ширек ғасырға тақау уақыт бойы ѳлең ауылына атбасын бұрмапты. Ѳлең – баяғының ертегілерінде айтылатын қырық бірінші қақпа секілді дүние. Дұрысы – мұны ашпау керек. Аштың екен — басың жерге жеткенше қыр соңыңнан қалмайтын қырсық пен қызық, сəтсіздік пен қуанышқа ѳзім барып ұрындым дей бер. Қырық бірінші қақпа, ақыры, ѳз дегенін істеп тынды. Қуан ағаң ѳлеңге қайта келгенде: Ар! Сен сау болсаң, сана, сабыр, сарқылмас, Əділетімнің толы арнасы тартылмас, Қара дүние қаптап келсе, қаймықпан, Ажал қаупі ар күшінен артылмас, – деп келді. Сырбаздықтың түп қазығы – ұят пен иман. Ұят, иман деген кісі əр нəрсеге аялай қарайды. Топтай шабу, қосарлай тізу, қосамжарлай өзеуреу-сырбаздыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қасиеттер. Жаратылысында кірпияз, бекзат Қуан ағаң Құдайдың құтты күні тоқпақ жал, тобан аяқ шобыр да, құйған қасық-құлын мүсін жарау да аламан тасыр ғып жататын жыр жазығына ѳз жүйрігін сирек шығарды. Ѳзегін ѳртеп, жүрегін жарып шыққан жыр жинақтарының қолданқолға тимей, оқырманына жетіп жататыны да сол себеп. Қуандық Шаңғытбаев – сонысымен бірге, қалыптан шықпас тақуалықтан ада еркін ақын. (Чехов есіңізде ме, «Человек в футляре») Ол – бəсеке-таластан, жасандылықтан іргесін аулақ ұстайтын еркіндік. Осыдан аттай 75 жыл бұрын (1940 жылы) ѳлең табалдырығын: Ѳмірдің шалқар кѳшесін, Кешемін еркін шаңдатып, Ѳңгеріп алтын кесесін, Сімірем қанбай шəрбатын, – деп батыл да ағынан жарыла аттапты. Міне, содан бері оның өмірі ѳзін де, ѳзгені де қайталамай, жыр жарысында шашасын шаңға шалдырмай, тарлан шабыста өтті. Сѳз сиқырын сынаптай мысқалдап, қызғыштай қориды. Ұлы Мұхаң, Мұхтар Əуезов оның «Ар» атты тұңғыш жинағын оқығанда қандай күй кешкені бізге беймағлұм. Ол кешегі тілі қазақша шығып, медреседен сауат ашып, содан үлкен мəдениетке құлаш ұра бастаған жақсы мен жайсаңды кѳзінен тізіп əкеткен кербақ заманнан кейін ескі мұраларды игеруге ешкімнің де батылы бармай, «атам да сен, анам да сен – партияның» қылышынан қан тамып тұрғанда:

тілі бізге жақын, əсте, Алтай не Тарбағатайдың қазағы болуға керек деп жобалайды. Жақсыда жаттық жоқ деген осы да. «Қанша жасап өлсе дағы ақынды, Жас еді деп еске алыңдар, туғандар!» – деген сөз бар. Осы жолдар Қуаң ағаң типтес кісілерге арнап айтылған секілді. Ол биыл тоқсанға келеді екен, тоқсан деген мəужірген шалдың жасы ғой, Қуан ағаңды оған қалай қиямыз. Ілекең, Ілияс аға Жансүгіров шалдықты қалай суреттеуші еді: «Қаудырап аппақ қудай сақал-шашы, Қалтырап жынданғандай қолы, басы... іріңдеп, сығырайып екі көзі, біздерше хат білмейтін бір қатты шал, Жуан ит сүйек бермес жалмауызы». Бұл – аулақ асыл ағадан! Ол сол ақ жібек көйлегінің өңірін ақ самалға ашып тастап, қою қара шашы желмен желбіреп, сəуірдің осы жаңа ғана жауып өткен жұпар жаңбырынан соңғы шық толы шалғынды кешіп өртеңге өрлеп бара жатқан сұлу қалпында көз алдымызда қалып қойған. Басқа басқа, кəрілік, егделік əуел баста сұлу жаралған сұңқар ақынға еш жараспайтын секілді ғой, тегі. Қуан ағаңның қызы Гауһар əкесінің шығармашылығын халыққа насихаттауда ерен еңбек сіңіріп келеді. Өзі жетекшілік жасайтын «СаГа»баспасынан əке мұраларын шығарып, талмай іздену үстінде. Ұлы Жəнібек (Əз Жəнібек) Шаңғытбаев əкесінің өлеңдерін сағаттап жатқа оқиды. Қуан ағаң «Кəрі бүркіт» атты атақты жырында қантүбіт, қансүрек, шəулі атауларын көп білетінін көрсету үшін əдейі алып отырған жоқ, тақырып табиғаты соны талап етеді. Жыр жарасымы орынды қолданылған сөз, тілге орамды үндестікте екеніне көз жеткіздік. Ақынның таңдаулы дүниелерінің бірі «Шажа» аңыз дастаны. Осы бір шағын да болса, салмақты шығармадағы ауырлығы – аманаттай, қиындығы – қияметтей күнді басынан кешірген Қазақ елінің қайғы-мұңы оқушының өн бойын тітіркендіреді. Ə дегеннен-ақ, бір-бірімен шымыр байланысқан шумақтар шырмауына ілігіп, оқиға иіріміне бой ұсынасыз. Зұлымдықтың бетін қамшы болып осқан абыздың сѳздеріне кѳз жүгіртелік: Салулы орда сан жұртым, Сахара кезген кербақпын. Салалап кешкен сан бұлтым, Саясыз безген бейбақпын. Таудағы тарлан тарғылым, Табаны тиген кербақпын. Арлан да құба алғырым, Шалағай шүйген бейбақпын. немесе мынаған құлақ салайық: Тарп ұрған таудың тағысы, Тарпаңдай басып келесің, Тарлауыт нудың барысы. Ашаңдай басып келесің,

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.

«гүлтəж», «нəпəқа», «жəннəт», «илхам», «сүмбіл», «құмбыл», «майса сабат», «ақ торқа бұлт», «ыраңкѳк дала», «пүліш бел», «қамқа қыр», «күміс мизан күз кезі», «нарт қызыл күн» секілді нағыз қазақы тіркестерді кѳріп, сүйсінсе керек. Ол, əсіресе, бауырлас татар халық поэзиясын жақсы білетін. Марқұм Ғалым Ахмедов ақсақал, Сырбай Мəуленовпен кейде татарша сөйлесуші еді. Біздің шығыс поэзиясына қызығушылығымызды құптап, татар ауыз əдебиеті үлгілерінен тəржіма жасауды ұсынғаны бар. Сол ə дегенде-ақ сəтсіз басталып, «бесігенде тұншыққан» ісіміздің кейбір үлгілері ғайыптан тайып сақталып қалыпты: Қара да ғана қара ормандар бар, Қазанат керек өтерге, Қиямет досқа жаралғандар бар, Сен, жылама, еркем, бекерге. Қара ормандардан қара желдер ескенде, Қар түн керек жырларға. Сол жасыл тоғайларға, сол белестерге, Қайта оралатын күн бар ма. Қалай ұмытасың Еділді көркем, Еділге жылда соғалық, Орысқа шешкенше беліңді, еркем, Өле қал бұрымыңа оралып. Оқып шығып, түпнұсқамен салыстырған Қуан ағаң: «Сенің мұның қазақшаға қарап ұлып тұр, аудармада нағыз татар мұңы сезілуі керек, əйтпесе, бəрі бекер», деп шорт кесті. Кейін ол татар өлеңінің ең абыройлы, ең талантты өкілінің бірінен саналатын «Дəртнаманы» үлгіге алып, жеке кітап жазғанда нағыз татар мұңы деген, расында осындай болуға керек шығар деген ой келді. Қадыр Мырзалиев «Дəртнаманы» оқып «мынадай тəржіма менің қолымнан келмес еді» деп шынын айтты. Анығында, ол тəржіма емес еді, ол Қуан ағаңның төл шығармасы болатын. Əлбетте, көш басында татар шығармасы тұрғаны анық. «Бері келе татар əдебиетімен жүйелі түрде танысып, бейтаныс саф тұнығынан қана жұттым. Бұрын өткен Құл Ғали, Мұхамедияр, Қандаои, Чоқыриярларды (осының дұрысы Чоряр, яки, Шаряр, демек баяғы біздің Шəді төре жырлаған «Төрт дос» болуы да бек мүмкін) былай қойғанда, бертіндегі Закир Рамиев, Ғабдулла Тоқай, Сағит Рамиев, Шайхзада Бабич, Һади

көп қамқорлапты. Закир Рамиевтің өлеңдерін Сырбай Мəуленов те татар тілінде жалықпай оқушы еді. Əттең, туыс елдермен осы секілді байланыстар соңғы жылдары мүлде азайып кетті. Ол əлбетте кейін айтылатын, арада жылдар өткен соң, заман өзгерген соң асықпай жіктепжіліктеп айтылатұғын əңгіменің арқауы. Қуан ағаңның тілін ақын Серікбай Оспанов арнайы зерттеп, тамаша еңбек жазды. Қыраттағы қызыл қыршын ішінен, Қопал самғап кѳтерілді күшіген. Əрең қалды аман-есен бейшара, Бір саудайы бала түлкі тісінен. немесе: Боз буази бастапты. Ѳтті кѳктем Отты селін шілдігер тѳкті кѳктен. Жанастырды жоғары кѳтеріп ап. Сағым шайқап келеді көп түбектен! Не: Көк жиекте қалғып тұр Көк ала бас көп бұлт, Неге сонша өртейді, Ѳзегімді ѳрт қылып. Байқап қарағанда, табиғат салған суреттің астарынан адамдар кешкен тіршіліктің тынысын тануға болады екен. Табиғат пен адам əрекеті əдемі үйлесім тауып тұр. Шеберлік жанар арбайтын көріністер арқылы шешімін тапқан. Асылы артық бояусыз ой мен сезім тұтастығына жүдə қатты назар аударды. Қуан ағаң ѳлеңдерінің ə деп басталғанынан еркін құйыла жөнелетіні де содан болар. Кѳк жусанның шашағына құмырсқа Шығып алып шыққа шомып тұр əлі, Тыңын тастап тұнып тұрған тұрмысқа. Антеннасын ары-бері бұрады. Міне, осы шумақта ақындық ғажап аңғарымпаздығы байқалады. Бұл тұста тағы бір байқағанымыз, терең ой айтып, үлкен полотно жасау үшін үлкен тақырыптар іздеу тіпті де шарт емес екен. Кѳңіл кѳзімен қарай алар адам үшін, айналамыздағы мамыражай тіршіліктің ѳзінен ѳлең-ѳмірдің ѳзегі кѳрінбек. Қуандық Шаңғытбаев шығармашылығын сөз еткенде əдебиеттің басты элементі – тіл мəселесіне ерекше тоқталып ѳткен жѳн. Ѳйткені, халықтың тіл қазынасын пайдаланудағы оның үнемшілдігі мен шеберлігі, талғампаздығы, ѳлең өнерін мұрат еткені кім-кімге де ѳнеге боларлық. Кейінгі

толқын ақындар, ѳмірден ерте ѳткен Кеңшілік Мырзабеков пен Жұматай Жақыпбаевтан соны аңғарар едік. Осы бір тұста жасыратыны жоқ, ақын өлеңдерін оқығанда кейбіреулер «Қуандық жырларында түсініксіз сѳздер көп» дегенді жиі тілге тиек етеді. Бірақ біздіңше дəл осы жерде ақынға кінə арту артық. Түптеп келгенде тілді білу бар да, оны ѳлшеп қолдану тағы бар. Орынсыз қолданылған сөз – орнықсыз. Ол өлеңге опа бермейді. Жырдың шырайлы болуы үшін тілдің шұрайлы болуы шарт. Соңғы жылдары Отанымызға тағдыр тəлкегімен бір кездері шетке ауып кеткен қандастарымыз оралуда. Араларында əдебиетшілері аз емес. Қай қайсынан да аңғаратынымыз – оралман ағайындар мейлі, Қытайда, мейлі мұңғылдың даласында жүрсін ана тілімізді қаймағы бұзылмаған қалпында таза сақтай алған. Шан-шараф, ізет-үрмет оларға! Егер Қуан ағаң секілді сөз қадірін білетін ескі шалдар тірі болғанда оралман ағайындардың елге тез сіңісіп, əдебисаяси, əлеуметтік процестерге интеграцияланып, етене аралас кетуі бұдан гөрі жылдам, бұдан гөрі жеңіл, бұған қарағанда маңыздырақ болар ма еді?! Ескі мақал: «Бидің айтқанын құл да айтады, əттең ауызының дуасы жоқ», дейді. Дуалы ауыз қарияларға зəру екеніміз талас тудыра қояр ма екен? «Елге ел қосылса құт», деген көне сөзді жаңа шыққан күндей жақын тұтатынымыз содан. Ана бір жылы Пекинге жолымыз түсті. «Балқан, Балқан, Балқан тау, ол да біздің барған тау» дегендей Пекинде де қазақ аз емес екен. Қытай Халық Республикасы Ұлттар университетінің жанында қазақ тілі мен əдебиетін үйрететін, зерттейтін арнаулы ұжым бар. Шетінен сен тұр, мен атайын отанпəруар жігіттер мен қыздар. Қазақ өлеңі десе ішкен асын жерге қояды. Еркін, Мұхтар, Болаш секілді ұстаздар шəкірттеріне сапалы білім, саналы тəрбие беруде өз істерінің үздігі атанып келе жатқан жандар екеніне көзіміз жетті. Шетте жүрсе де тілін, ділін, дінін жоғалтпай, елім Қазақстан, ұлтым Қазақ деп жүрген сол азаматтарды көргенде еріксіз тебіренесің. Есімізде ерекше қалғаны сол Қытай Халық Республикасы Ұлттар университетінің мұғалімдері де, түлектері де Қуаң ағаң жырларын жақсы көреді екен, неге дегенде

Қайрауық долы бозкүйім, Шанақты теуіп кернесін, Желкілдек соққан жезкүйім, Жерегей бұлттай өрлесін. Мұнда оқушыны баурап алатын алмакезек алшылы-шік түсіп жатқан аллитерация, ассонанстардан да бұрын ѳлеңдегі фольклорлық сарын үлгісі. Иə, қайталап айтамыз фольклорлық үлгісі. Ѳзіміздің төл əдебиетімізде ғасырлар елегінен өтіп, ѳлшеніп, бізге саф алтын күйінде жеткен алтын қазына. Бұл – атадан қалған мұра. Ұрпақ борышы – мұраны тоздыру емес, оздыру десек, сөзге арқау еткен дастан діттеген жерінен шыққан. Ішкі ырғақтар, афоризмдер, теңеулер, синонимдер, идиомалардың небір əсем үлгілері де осында. Оқушы Шажа аярлығына күйінген сайын абыздың адалдығына, ағыл-тегіл төкпе айтқыштығына сүйінеді. Тіл шұрайын төге əспеттелген бұл дастан Қуандық ақын талантының бір қыры. Бұл көпшілік кѳңілінен шыққан шығарма. Қуандық Шаңғытбаевтың тағы бір ерекше атап ѳтетін қыры оның аудармалары. Бір кезде ұлы Мұхтар Əуезов бағалаған ақынның аудармашылық қасиеті əлі де ашылуын күтіп жатқан кезекті бір тың дүниелер. Сол ақын: Ѳлеңсіз менің күнім жоқ, Оңаза емен олжаға. Елесе елім ұлым деп Жетеді маған сол ғана, – депті. Ақын арманының іске асып, жырсүйер қауымға сүйікті болғанына қаншама уақыт өтті. Əйтсе де, жыр жиһазында жасау-жабдығы түгел өлеңді өмір деп ұққан ақын қашан да ізденіс үстінде екенін кітаптан соң кітапта дəлелдеп өтті. Жалпы, сөз басында айтылған Арлылыққа ешкім де үйретпейді. Ол туа бітті қасиет екендігі – аксиома. Бірақ үлгі тұтарлық, ұлағат аларлық азамат ақын болатыны басқа, ѳзінше бір əңгіме. Осы тұрғыдан келгенде ѳзін ақынмын деп сезінгендерге Қуандық Шаңғытбаевтан алар үлгі-ұлағат ұшан-теңіз. Ѳйткені, ол тіл мен сѳзді ғана үндестіріп қоймайды, азаматтық пен ақындықты, арлылық пен адамгершілікті айрықша биік қояды. Содан барып ақынның кірпияздығымен астасқан ішкі əлем тазалығы кім-кімді болса да еріксіз елең еткізеді. Рух шексіздігін тудырған уақыт – деп қазіргі аумалы-тѳкпелі, қиыны мен қызығы қайшыласқан кезеңде соны талап етеді. «Сапар шалғай, жол алыс, Ақынға жоқ ешуақытта демалыс», – дейді Қуан ағаң «Түркістан» атты өлеңінде. Сіз əлі де сапардасыз, ұстаз! Есенғали РАУШАНОВ, Аманхан ƏЛІМҰЛЫ. АЛМАТЫ.

9 Тўраќты дамуєа тўрлаулы жауап Мемлекеттіѕ даєдарысќа ќарсы саясатын сенаторлар осылай баєалап отыр Мемлекет басшысы əлемдік экономиканың тұрақсыздығына орай «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын өзгерту жөнінде тапсырмалар берген-ді. Осыған орай, экономикалық жəне заңнамалық өзгерістерді жедел ендіру мəселесі өткір туындаған болатын. Кеше осы мəселелерді тарқатып айтып беру үшін Сенаттың Қаржы жəне бюджет комитетінің мүшелері Ертарғын Астаев пен Лаззат Тұрлашов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына шықты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау жайы кеңінен қозғалды. Алдымен сөз алған Е.Астаев ең бастысы, республикалық бюджет оңтайландырылғанымен, азаматтарды əлеуметтік қорғау мəселесінде өзгеріс жоқ десе де болғандай екеніне назар аударды. Сенатор, сондай-ақ, «Агробизнес-2020» бағдарламасын оңтайландыру нəтижесінде АӨК бағытында жаңа ғылымизерттеулерге қарастырылған 69,9 миллиард теңгенің 3 миллиарды кемитінін алға тартты. Есесіне, «Нұрлы Жол» бағдарламасына сəйкес ауыл шаруашылығын қолдауға, АӨК субъектілерін субсидиялауға 20,0 миллиард теңге көзделгендігін атап көрсетті. Бұдан басқа, «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша қарастырылған 368,3 миллиард теңгенің 83,3 миллиарды кемітілетін болады. Бірақ «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласына ерекше екпін берілері белгілі болып отыр. Атап айтқанда, бұрын басталған тұрғын үй құрылыстарын аяқтау үшін Ұлттық қордан мақсатты трансферт ретінде 30 миллиард теңге қарастырылған. Сондайақ, осы қордан жаңа жобаларды іске асыру үшін облигациялық займ беру мəселесі шешімін тауыпты. «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын іс-шараларды оңтайландыру арқасында 22,3 миллиард теңгені үнемдеуге қол жеткізілмек. Елордада ЭКСПО-2017 халықара лық көрмесін өткізу үшін бөлінген қаржының 10,0 миллиард теңгесі де оңтайландырылғаны атап айтылды. Ертарғын Астаев сөзінің соңынан «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру экономика өсіміне ықпал етіп, өзінің мультипликативтік тиімділігін берерін, еңбекақының өсіміне, денсаулық сақтау, əлеуметтік аз қамтылғандарды қолдауға қосымша қаржы қосыларын, жалпы алғанда, экономиканың жандануына ықпал етерін ерекше атады. Бұдан кейін сөз алған Лаззат Тұрлашов 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау жəне оның мемлекет пен халықтың тыныс-тіршілігіне, экономикалық дамуға əсерін жанжақты айтып берді. Депутаттың айтуынша, бюджетті түзету сыртқы факторлардың ықпалдарын бейтарап етуге, отандық экономиканың одан əрі қарқынды дамуына себепші болуға, азаматтарымыздың əлеуметтік жағдайларын қорғауға бағытталуға тиіс. Сыртқы əсердің себебінен ел экономикасының даму қарқыны сəл бəсеңсігенмен, 2014 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты даму байқалды. «Бұған елімізде соңғы жылдары мектеп, аурухана жəне басқа да маңызды əлеуметтік объектілердің көптеп салынуы, сондай-ақ, орта жəне шағын бизнестің дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың қаржыландырылуы, əлеуметтік төлемдер деңгейінің сақталуы дəлел бола алады», деді Лаззат Махатұлы.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.