30082013

Page 4

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Алќапта – Кґкшетау комбайндары Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Көкшетаудағы «Вектор» комбайн құрастыру зауыты биылғы егін орағы қарсаңында өзінің алғашқы өнімдерін диқандар игілігіне ұсына бастады. Қазақстан-Ресей бірлескен кəсіпорны «ҚазАгроҚаржы» жəне «Ростсельмаш» комбайн зауыты» акционерлік қоғамдары арасындағы «Yector 410Kz» комбайндарын құрастыру жөніндегі мəміле негізінде құрылған болатын. Өткен жұмада, Атбасар ауданы жағынан іссапардан келе жатқан біз, «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар комбайндар тізбесіне құрметпен жол босатып тұрған көлік жүргізушілеріне ризашылығымызды білдіргенбіз. Ауданмен хабарласқанымызда, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жоламан Кəженов аталған техникалар «Полиграф-Астана» ЖШС алқаптарында егін орағына дайын тұрғанын айтты. Осыдан кейін зауытқа əдейі келгенбіз. Қақпа алдында Шортанды ауданындағы «Бектау» ЖШС директоры, облыстық мəслихаттың депутаты Сатыбалды Сыздықовты кездестірдік. Өзімізге жақсы таныс Сатыбалды Хамзенұлы жайдары жүзбен қуанышын бөлісіп жатыр. – Біздің шаруашылық «АгроцентрАстана» фирмасымен үлескер, – дейді ол. – Қаржылық жағдайымыз аса бапты болма ғанымен, «НұрБанк» өтінішімізге түсіністікпен қарады. Осының арқасында, анаумынау емес, «Вектордың» 20 данасын сатып алуға мүмкіндік туды. Бұл ауылдастарым үшін айрықша қуанышты оқиға. Өйткені, шаруашылығымыз соңғы рет 2001 жылы алынған «Енисейлерді» ілдебайлап пайдаланып жүр еді. Тозығы жеткен техника қайбір өнімділік берсін. Механизаторлардан да ұят болып жүр еді. Жігері тасыған жігіттер 28 мың гектар алқаптағы бітік егінді төкпей-шашпай жинауға құлшынып тұр. – Иə, Көкшетауға құстай ұшып жеткендейміз, – дейді шаруашылықтағы тракторегіс бригадасының бригадирі Александр Ткаченко. – Бүгін күні бойы механизаторлар өздеріне тиесілі комбайндарды 250 ша қы рымдық жолға дайындаумен болды. Жолбасшыларымыздың көмегімен түнде болса да жүріп кетпекпіз. Жалпы, мен «Вектор» комбайндарының техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалаймын. Оларды ауданымыздағы

«Новокубанка» ЖШС көп жылдардан бері пайдаланып келеді. «Вектор» өңіріміздің климаттық ерекшеліктеріне қолайлы, жеңіл басқарылады əрі жергілікті жағдайда жөндеп те

жыл санап артып келеді. Нақтылай айтсақ, республикамыздағы егін жинау техникасының 42 пайызы осы комбайндардың үлесінде, – деді ол. Бүгін біз шортандылықтарға тиесілі комбайндардың алғашқы тоғызын сапарға аттандырамақпыз. Жалпы, биыл 144 агрегатты дайындық сапына қоямыз. Оның жетпісін «Ростсельмаш» компаниясымен он жыл бойы əріптестік байланыстағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жүйесімен сататын боламыз. Қазіргі таңда өндірістік алаңдарымызды қызу жаңғыртып, қуаттандыру үстіндеміз. Келесі жылы 3000 шаршы метрлік екінші

Фарида БЫҚАЙ,

Облыс орталығындағы «Жылу жүйелері» ЖШС компаниясы қала тұтынушылары үшін коммуналдық төлем тарифтерін өсірусіз-ақ орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін тұрғындар үшін жылу желілерін қалай модернизациялауға болады деген мəселенің түйінін тапқандай. Яғни бұл жылу желілерін қайта жаңартуға да мүмкіндік тудырды. Мұндай жұмыстарды жүргізуге арналған қара жат облыс орталығындағы «Жылу жүйелері»» ЖШС-ның халықаралық қаржылық даму инс титуттарынан алған қарыз дарының арқасында пайда болды. 2011 жылы Еуропа Қайта құру жəне даму банкі қаланың жылу желілерін жаңартуға жəне модернизациялауға 2 млрд. 997 миллион теңге несие берді, дейді серіктестік инженері Александр Захарьян. Құбырлар ауыстырылып, жылу берілетін уақытты бақылайтын автоматты қондырғылар орнатылуда. Қолданыстағы магистральдарда құбырларды ораған минерал мақта жылу өткізгіштігі төмен пенополиуретанға ауыстырылуда. Алда №1 жылу электр орталығы қамтитын аумақ бойынша жұмыстар күтіп тұр. Нəтижесінде, жылу беру кезінде шығындар деңгейі 20 пайызға дейін азаятын болады. Шілде айында облыс орталығында серіктестік өткізген сынақтар кезінде көше бойында екі жерден асфальт опырылды. Бірінші жағдайда опырылған шұңқырға ер адам құлады, екіншісінде, шұңқырға жеңіл көлік түсіп кетті. Жалпы, жылу жүйелеріне жаз айларында сынақ жүргізу қысқы аязда апатты жағдайларға

Ақтөбе облысында қолға алынып жатқан ірі инвестициялық-инновациялық жобалардың ішінде Ақтөбе рельс зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жақында осы құрылыс алаңында болған «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс барысына риза болды. Мердігер компаниялар ауа райының жауын-шашынды болғанына қарамастан құрылыс жұмыстарында кідіріс болдырмауда. Бұл нысан облыстың экономикасына серпін беретін жоба ретінде жергілікті биліктің де қатаң қадағалауында тұрғаны шындық. Себебі, елдің күретамыры іспетті темір жолға қажетті рельс шығаратын бұл кəсіпорынның маңызы зор əрі елімізде біреу ғана сыңайлы.

Ґз рельсіміз болады Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

алуға болады. Ал, өнімділігі жағынан шетелдік комбайндардан қалыспайды. Осы кезде зауыт қақпасынан шығуға дайын комбайндардың құжаттары мен қосалқы бөлшектерін тексерістен өткізіп жүрген зауыт директоры Юрий Башуровтың қалт еткен уақытын пайдаланып, сөзге тарттық. – «Вектордың» Қазақстан рыногында үлесі

цехты іске қосу арқылы 200 комбайнды құрастыруға мүмкіндік туады. Ал, 2015 жылы оны 300-ге жеткізу ниетіндеміз. Сұраныстың өсе түсуін техниканың сапалық көрсеткішімен бірге, биылғы шілде айында кеден режіміндегі еркін қойма желісін ашқанымызбен байланыстыруға болады. Яғни өнімдерімізді қосымша құн салығынсыз босатудың арқасында комбайнның бағасы 12 пайызға арзандап отыр. Мұның өзі ауыл еңбеккерлері үшін айтарлықтай жеңілдік. Көкшетау зауытының болашақ жоспарлары туралы сұрағымызға Юрий Ефимович 20152016 жылдары өндірісті əртараптандыруға бағыт ұсталып, заманалық «Агросоюз-Хорш» тұқым себу кешендерін шығару жобасы түзілгенін айтты. Уақыт өте келе жаңа жұмыс орындары да көптеп ашылатын болады. Кəсіпорын өз мамандарын Ростовтағы зауытта кезең-кезеңімен оқыту үстінде. Ақмола облысы.

Жылу жїйелеріндегі жўмыс «Егемен Қазақстан».

5

www.egemen.kz

30 тамыз 2013 жыл

келтіруі мүмкін желілердің ең осал жерлерін анықтау үшін жасалады ғой, деп түсіндірді мұны серіктестіктің бас инженері Вадим Ковальчук. Егер құбыр темір-бетон науаға орналастырылған болса, онда тіпті ол жарылған жағдайда да су топырақты шаймай жəне опырылу қаупін туғызбай, желіден жылу камераларына қарай ағады. Ал, біз бүгінде арнасыз аралық қабат төсемдерін пайдаланамыз, ол да топырақтың шайылып кетуін болдырмайды. Жылу желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Жұмыс көп. Облыс орталығындағы жылу магис траль дарында əлі күнге дейін өткен ғасырдың 60-70-жылдарын да салынған бөлікшелер жеткілікті. Бұл тораптар сынақ ке зінде шыдамайды, сондық тан, то пырақ шайылады. Қаланың кез келген бөлігінде болуы мүмкін, сондықтан «Жылу желілері» ЖШС ақпарат құралдары арқылы қалалықтарды үнемі ескертіп отырады, оларды сынақ бөліктерінде сақ болуға шақырады. Жылу желілерін ұстап тұру үшін жыл сайын жылу желілерінің 15-16 шақырымын жөндеу қажет. Бүгінгі күні тарифтік сметалық өлшем 9,6 шақырымға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылу желілеріне жауапты адам құбырдың келесіде қай жерде жарылатынын алдын ала білудің жəне оның салдарын азайтудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Əрбір торап бойынша жүйелі түрде ақауды анықтау деп аталатын куəландыру жүргізіліп отырады. Егер жылу трассасының белгілі бір учаскесінде жылу маусымы ішінде 5-6 зақымдану болса, сол учаскеде күрделі жөндеу жүргізіледі. Егер зақымдану

жергілікті болса, онда оны жойып, кейін тексеріп, қайтадан жұмысқа қосады, дейді «Жылу жүйелері» ЖШС бас директоры Виталий Матвеев. Қысқа дайындық қызу жүріп жатыр. Былтырғы жылу маусымында Екібастұзда үйлерге жылу беру кезінде күрделі үзілістер болғаны белгілі. Сөйтіп, биыл жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 250 миллион 417 мың теңге бөлінді. Қаржыландыру жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауға жəне екібастұздықтарды жылумен қамтамасыз етуде алда тұрған қысты апатсыз өткізуге жасалған мүмкіндік. Екібастұзда қалыпты температура бойынша реттеудің жолға қойылған жүйесі жоқ, сондықтан жылу желілері үйлердің бір бөлігіне температуралық кестеге сəйкес келетін температураны бере алмайды, деп түсіндірді бас инженер Вадим Ковальчук. Жылу тораптарының, шығындарды реттегіштердің жəне тағы бас қа лардың болмауы жылу энергиясының нормадан тыс тұ ты нылуына алып келеді. Жүйені жолға қою үшін ПИКтердің белсенді қатысуы өте қажет. Бірақ кооперативтердің барлығы бірдей көмекке келе бермейді. Өткен жылы құны 9, 5 млрд. теңге болатын ішкі желілерді қайта жаңарту бойынша ұсыныстарға сай бірнеше жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар, «Жылу жүйелері» ЖШС мемлекеттік құрылымдармен өзара бірлесу нəтижесінде моноқалаларды дамыту жə не мемлекет-жеке меншік серіктестігі бағдарламалары аясындағы жұмысты бастауды жоспарлап отыр. Павлодар облысы.

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, бүгінде Кентау қаласында қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп қабатты тұрғын үйлердің құбырларын, магистралды жүйелерді, ішкі орамды қысыммен шаю, тазалау істері атқарылды.

Ќысќа дайындыќ ойдаєыдай Жылу маусымы біткенен кейін дайындық жұмыстарын бастаған болатынбыз. Қазандықтарды, турбиналарды өз күшімізбен жөндеп алдық. Алдағы уақытта бір салалы қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша магистралды құбырлар ауыстырылады. Ол жұмыстарды бірінші қазанға дейін толық бітіреміз. Қатты отын мен сұйық отынның мəселелерін шешу жолдарын қарастырып жатырмыз, дейді №5 жылу-энергия орталығының директоры Қабылбек Күмісбеков. Орталықтағы құбырлар арасына толып қалған күлдер алынып, бұрандалар мен құрылғылардың жарамсыздары ауыстырылуда. Мамандар трансформаторлар мен турбиналарды қайта жарақтап жатыр. Өткен жылы орталықта бес қазандық жұмыс істеген болатын. Биыл ЖЭО бюджеті есебінен сегізінші қазандық жөнделуде. Химия-лабораториялық бөлмелер күрделі жөндеуден өткен. Ендігі жерде қатты отынның сынамалары алынып, сапасын анықтауға толық мүмкіндік бар. Күрделі жөндеуден өткен асхана да жұмысшыларға сапалы ас мəзірін ұсынуға əзір. Қайрат ЗАЙНИШЕВ. КЕНТАУ.

Италияның əлемге танымал «Siemens-VAI» компаниясы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп қолға алған бұл жоба ның жалпы құны 55 миллиард теңге тұрады. Қазақстан экономикасына серпін беретін бірегей жоба – рельс зауытының құрылысы басталғалы жұмыста кəдімгідей қарқын байқалады. Мұның өзі инвесторлардың қаншалықты ықыласты екенін көрсетсе керек. Жақында осында болған облыс əкімі Архимед Мұхамбетов зауыт құрылысының осыншалықты қарқынды жүргізілуі уақыт талабы екенін айта келіп, өңірде экономикалық ілгерілеуге үлкен іргетас қаланып отырғанын алға тартты. Қазір өндіріс орны ірге

тебетін алаңда жер жұмыстары аяқталып келеді, кəсіпорынның іргетасы құйылып болды. Зауыт пайдалануға берілгенде жылына 430 мың тонна сортты рельс шығарылады. Еуропа мен Азияның қақ ортасында тұрғандығы жəне аймақта ірі өнеркəсіп орындарының шоғырлануы да есепке алынғаны көрініп тұр. Жобаны жүзеге асыру мерзімі өте қысқа, мұның өзі кəсіпорын құрылысын жүргізушілерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл зауыт 2014 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сөйтіп, бір жыл ішінде облыс орталығынан Мəртөкке шығар жолдың бойында тағы бір ірі өндіріс орны іске қосылмақшы. Зауыттың бастамашыларының бірі – «Транспорттық технология» ЖШС жобаны жүзеге асыруға

ынталы болып отыр. Қазірдің өзінде Қазақстанның Даму банкі жоба құжаттарын қарап, несиелік тұжырым берген. Аталмыш банк қажетті қаржының 70 пайызын несиелейді, ал, қалғанын Қазақстан темір жолы мен жеке инвесторлар қаржыландырады. Индустрияландыру картасына сəйкес жақын күндері жобаның инфрақұрылымдық желілері жарақтандырылады. Яғни газ, су, зауыттың темір жол арқылы өтетін автожолы, электр желісі осы бағдарлама аясында жүргізілетін болады. Зауытқа 39ыншы Қызғалдақты разьезінен темір жол тарту қарастырылған. Италияның «Siemens-VAI» компаниясы жабдықтарды жет кі зіп, өз технологияларын өндіріске орнатып қана қоймайды, қондырғыларды құру жəне құрылыс жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне бақылау жасайды. Зауыттың бас корпусын технологиялық жарақтандыру, прокаттық қондырғыларды жасақ тау, іске қосу-реттеу жұмыстарын италиялық мамандар жүзеге асырады. Бас мердігер – «Союзкомплект» ҚазақстанУкраина бірлескен кəсіпорны да өз тарапынан атқарылатын жұмыстардың уақтылы жəне сапалы болатынына кепілдік беріп отыр. Жобаны жүзеге асыруға қатысатын ресейлік «Прокатмонтаж» фирмасының италиялықтармен жұмыс жасауда бұрыннан қалыптасқан тəжірибесі бар екен. Өңірде бірнеше инвестициялық-инновациялық жобалар жүзеге асуда. Соның ішінде, күннен күнге жан-жағы жинақталып, жұмысы жүйеленіп қалған рельс зауытының таяу уақытта пайдалануға берілетініне қазіргі жұмыс қарқыны сендіре түседі. Ақтөбе облысы.

Жаѕєырту жўмыстарыныѕ жемісі Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Петропавл №2 жылу электр орталығы өздеріне жүктелген инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Стансаның көптен бері күрделі жөндеу көрмеген №6 қазан агрегатының қыздыру беттері толық ауыстырылып, күл ұстағыш жабдықтар орнатылды. Осылайша, қайта жаңартудан кейін бу өнімділігі сағатына 220-270 тоннаға дейін артты. Озық жобалардың жалпы құны 2 696,435 миллион теңге болса, олар шекті тарифтер жəне банктен алынған инвестициялық қарыздар арқылы толыққанды жүзеге асырылды. №7 қазандық агрегаты да қайта жаңартудың нəтижесінде қуаттылығы 220-270 тоннаға дейін, электр қуатының өндірілуі 53-65 мВт-ға дейін көбейіп, қоршаған ортаның эмиссиялары техникалық талаптарына сəйкестендірілді. Сондай-ақ, автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Осы жобаға жұмсалған капитал салымы 2 943, 856 миллион теңгені құрады. Қайта жаңарту арқылы шартты отынның үнемделуі №6 қазандықта 3938,2 тоннаны, №7 қазандықта 3715,3 тоннаны құрап отыр. Бүгінде №8 қазандық агрегатының монтаждау жұмыстарының 70,5 пайызы орындалып, барлығы 4698,181 миллион теңге жұмсау көзделген. Жаңа агрегат іске қосылған кезде экологиялық жəне экономикалық үнемділікпен жұмыс істейтін болады. ЖЭО-да атқарылып жатқан ірі шаралардың біріне əбден тозығы жеткен №4 турбина агрегатын

Урал зауытының жаңа “Т-50/60-90” турбинасына ауыстыру жұмысын жатқызуға болады. Қазір жалпы жаңарту көлемінің 53,5 пайызы атқарылды. Бүгінде турбина корпусының төменгі бөлігі мен генератор статорын жобалық жағдайға жеткізу ісі қолға алынған. Сонымен бірге жоғары жəне төмен қысымды құбырларды, қосалқы жабдықтарды монтаждау жəне автоматтандырылған басқару жүйесін орнату қызу қарқын алған. Мамандардың айтуынша, жаңа турбиналық агрегаттар жылына электр қуатын 50 мВт-ға көбейтуге жəне қосымша 320 млн. кВт./ сағат шамасында электр қуатын өндіруге, жылу қуаттылығын 96 Гкал/сағатқа арттыруға мүмкіндік береді. Отын үнемі бір шартты жылға 15055,4 тонна көмірге тең. Жаңа турбогенератордың жобалық құны 5373 миллион теңгеден асады. Жылу қуатын өндіруден түскен қаражатқа стансаның №2, 3,10,11 қазандық агрегаттарының қыздырма беттері ауыстырылды. Енді компанияның жоспарында №1 жəне №5 турбоагрегаттарды орнату міндеті тұр. Олардың жабдықтарын жеткізуге Урал турбина зауытымен келісімшарттар жасалған. Жаңғырту бағдарламалары аяқталғаннан кейін қазандық агрегаттар саны қазіргі жұмыс істеп тұрған 11 бірліктің орнына 12-ге жетеді, ал стансаның толыққан қуаттылығы 347 мВт-дан 480 мВт-ға дейін артады. Сөйтіп, 2015 жылға таман ескірген құрал-жабдықтардың 35-40 пайызы осы заманғы қуат үнемдегіш құрылғыларға ауыстырылатын болады. Солтүстік Қазақстан облысы.

Орманныѕ тынысын кеѕейтті

Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман жəне жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде тоғайды санитарлық тазарту жөнінде ерекше екі күн өтті. «Ерекше» деп отырғанымыз, құрғап-кеуіп тұрған, құлаған ағаштардан тоғайды арылтуға басқа аудандардағы əріптестер – Ақжайық, Бөрлі, Чапаев, Орал, Январцева орман шаруашы лықтарынан 46 адам күшқұралдарымен жетіп, көмек

көрсетті. Мұндай көмек аталған мекеменің өмірінде бірінші рет болып отыр. Айта кетейік, бұл іс аудан əкімі Н.Төреғалиев пен облыстық табиғи ресурстарды жəне табиғат пайдалануды реттеу жөніндегі басқарманың басшысы А.Дəулетжановтың бастамасымен жүзеге асты. Сонымен қатар, былтырдан бастап дағдыға енгендей, ауданның Тайпақ, Сарытоғай, Базартөбе, Базаршолан, Қарауылтөбе

ауылдарынан осы екі күнде орманда 350 тұрғын, еңбек ұжымдарының өкілдері аталған іспен айналысты. 1500 текше метр қураған, құлаған ағаштар, қалдық-қоқыстар жиналды. Болат ЕСҚАЛИЕВ. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН.

1


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.