30072014

Page 5

30 шілде 2014 жыл

Ж

асы келгенде адам өзін емес, өзінен кейін қалатын ұрпағын ойлайтын əдеті. «Мыналардың күйі не болады, ертең мен кеткеннен кейін?» дегендей. Сол сауал, əсіресе, көз алдыңда құлдыраңдап немерелерің жүрсе жиі мазалайды. Еңкейіп немереңнің төбесінен иіскейсің. Жаннат жұпарын жұтасың. Бір жапырақ періште қанат балапаның талпына береді. Ұядан ұшуға асығады. Қоғамға, қатарға қосылуға асығады. Ол қанненқаперсіз. Алдында не күтіп тұрғанынан, қандай қоғам күтіп тұрғанынан бейхабар. Тезірек шапқылап қайнаған өмір базарына қойып кеткісі келеді. Қайран, періште тазалық! Балалық шақ туралы «бақытты» дегенді жиі айтамыз. Шыннан да солай. Өмірдің қалған бөлігі жөнінде олай айта алмайсың. Өйткені өмір атты додаға түсесің. Ол додадан жұрттың бəрі жеңіспен шыға бермейді. Тіптен, жеңіспен шыққанның өзінде жаға жыртылмай, жүрек сыздамай шығу екіталай. Сонау елуінші жылдарда қалған балалық шақ жиі еске түседі. Асық ойнап, доп қуып өскен оншақты бала едік. Солардың бес-алтауы өмірден тым ерте өтті. Тіршілік додасына шыдамады. Əсіресе, Əділханның тағдыры ауыр болды. Домбыраның құлағында ойнайтын тұнық қара көзді тап-таза бала еді. Өсе келе араққа жақын болды. Ақыры жасы келгенде бала-шағасынан ажырап, үйсіз-күйсіз, өмірден жалғызбасты өтті. Біздер, балалар, ол кезде алдымызда не күтіп тұрғанын білмедік. Балалық шақ бақыты мəңгі жалғаса беретіндей көрдік. Үлкеюге асықтық. Сөйтсек, үлкейген сайын заманың сені аяққа салып илеуді де үлкейтеді екен. Балшықша илейді екен. Енді бір айналып қарағаныңда, тіптен сен өз-өзіңді танымай қаласың. Біз де біраз жылдардан кейін бірбірімізді танымай қалдық. Түрімізде баяғы балдəурен шақтың өзі тұрмақ ізі де жоқ. Мінеки, бізді илеген қоғам құдіреті, періште баладан пері жасап береді. Осыны білгендіктен де, осыны көргендіктен де ертең «қызығын» немерелерің көретін қоғам туралы толғанасың. Бізден кейін немерелеріңе қалатын қоғам туралы, оның күнгейі мен көлеңкесі туралы ойға батасың. Рас, ертең немерелерімізге қалатын бұл қоғамды біз кешегі коммунистік жүйеден еншіледік. Ол жүйе 70 жылдық эксперименттен кейін өзінөзі ақтамай күйреп тынды. Құрдымға кетті. Сол-ақ екен, постсоветтік елдер түгел айдарынан жел есіп тұрған капитализмге бет бұрды. Сол жолға түсті. Біз де сөйттік. Рас, Құдай қолдап тəуелсіздік туын көтеріп түстік. Алайда, біз үлгі еткен капитал қоғамы қандай еді?! Оның плюс-минусы қайсы?! Ол тұста оны талқылап, таразылап, талдап жатуға мүмкіндік болмады. Өйткені, бір нəрсе анық еді. Капитал əлемінің ақшасы да, экономикасы да, қаруы да, өмір сүру деңгейі де өзге елдерден анағұрлым артық болды. Оған тең келер балама болмады. Сол елдерге еліктеу, солардың соңынан еру, шама келсе сол елдердің қатарына қосылу постсоветтік жас тəуелсіз елдер үшін арман болды. Болып та келеді. Өйткені, еркін нарық экономикасына тең келерлік экономиканы өз тарихында адамзат əлі ойлап таппапты. Анау Америка, мынау Еуропа, шығыстағы Жапония, бұлар айдарынан жел есіп көз алдымызда айдындап тұрған үлгілер болды. Өзге үлгі іздеудің қажеті шамалы еді. Соларға жеткенше, сол деңгейге жеткенше көзді жұмып капиталистік жолмен тарта бер! Құдайға шүкір, тартып та келеміз. Əлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына да қосылдық. Осы қарқынмен тарта берсек, иншалла, дамыған 30 ел қатарына да қосылуымыз мүмкін. Ылайым солай болғай! Бірақ... Бір «бірақ» бар. Сол біз үлгі еткен, біз беттеп келе жатқан қоғам, шынында, қандай қоғам? Оның бүгінгі сиқы қандай? Сол қоғам, яғни, біздің алдымызда келе жатқан капитал көші қайда барады? Бізді қайда бастап барады? Мазалайтын осы сұрақтар. Ең алдымен еске алар жəйт, бұл жүйе, бүгінгі капиталистік жүйе соңғы төрт ғасыр бойы əлемді жаулап, əлемді тонаған империализмнің мұрагері. Прогрестің күшімен қаруланып, əділет, гуманизм принциптерін жиып қойып, адам қанын судай шашып, əлсіз елдерді тонаумен, отарлаумен айна лысқан қауым. Сол кезде бұл озбыршыл, қиянатшыл қауымның жолында бөгет болып бір кедергі тұрыпты. Ол Құдай болыпты. Əлсіз халықтарға араша сұраған Құдай ғана болыпты. Сондықтан, бұл қиянатшыл қауым Құдайды қас жауы санапты. Қиянат, қантөгіс, ашкөздік атаулыны айыптап санасында саңқылдап тұрған Раббының үнін өшіру керек болыпты. Нəтижесінде Құдайтағаламен Батыста үш ғасырға созылған күрес жүріпті. Ақыры, ХІХ ғасыр аяғында империализм идеологтары: «Құдай өлді!» деп жариялапты. Құдай орнына таққа əкеліп капиталды отырғызыпты. Сөйтіп, Батыс енді ашықтан-ашық капитал – құдайға табынатын болыпты. Жүгенсіз, ұждансыз, моральсыз байлыққа жол ашылыпты. Құдайсыз қоғам тағы да көп ұзамай «адам – адамға қасқыр» деп ұрандатыпты. Ол дегені: «капитал – күштілер қоғамы, əлсізді əлділер

А

АН М А З

«анасынан ақша уыстап туған» қоғам екені мəлім. Бұл жерде бір ескерту бар: Біз имандылық пен байлықты бірбіріне қарсы қойып отырған жоқпыз. Біз имандылықты имансыз байлыққа қарсы қойып отырмыз. Халқымыз «Атымтай жомарт» атап кеткен əйгілі жомарт тарихта болған Хаким Тай есімді бір араб патшасы екен. Жомарттығы мен əділдігінің арқасында аты мəңгі өшпес аңызға айналған. Қарап отырсақ, Атымтайдың атын мəңгі өшпес аңызға айналдырған үш феноменнің бірлігі екен: билік, байлық жəне қайырымдылық! Осы үш феномен бір адамның басында тоғысқан шақта адам таңғаларлық аңыз туыпты. Қараңыз: билік пен байлыққа қайырымдылық қосылған. Сөйтіп, Хаким Тай «Атымтай жомартқа» айналған. Ендеше, осынау: «Қайырымдылық қайдан?», деген сауал туады. «Иманнан» деген жауап естиміз. «Иə, қайырымдылық – иманнан».

екі бүктеп бір шайнайды» деген сөз. Соның дəлелі ретінде осынау Құдайсыз қоғам небəрі 30 жыл ішінде Жер бетін қасапханаға айналдырған дүниежүзілік екі соғыс өртін тұтатыпты. Осыдан кейін неміс философы Эрих Фромм: «Егер, ХІХ ғасырда Құдай өлсе, онда ХХ ғасырда адам өлді», деп мəлімдеуге мəжбүр болған. Үнді ғұламасы Хазрет Инаят Хан: «Əлем жаман дəуірден сорақы дəуірге бет алды», деп дабыл қаққан. Ағылшын тарихшысы Арнольд Тоинби бұл ғасырды: «Интеллект пен «ноу-хоу» саласында орасан зор табысқа жеткен адамзат рухани салада сəтсіздіктен сəтсіздікке ұшырады», деп бағалаған. Бұларға орыс философы Николай Бердяев қосылып, «Самопознание» кітабында: «Мир вступил в античеловеческую эпоху, характеризующуюся процессом дегуманизации», деп үн қосты. Бұл пікірлер – ХХ ғасырдың алғашқы

шалыс қадамды қайталамай, бізге өз жолымызды іздеуге мүмкіндік беріп отыр. Бақуатты болашаққа Қазақстан ешкімнің қателігін қайталамай, өз жолымен баруына əбден болады. Ол қандай жол? Ол – бір жағынан: əлемдік тəжірибеге сүйенген, екінші жағынан: өзінің ұлттық тəжірибесіне сүйенген жол. Яғни, сан ғасырлық сынақтан өткен екі тарихи тəжірибеге сүйенген жол. Дамыған елдерден қазақ қоғамы капитал жинауды үйренсе, өзінің далалық дəстүрінен иман жинауды үйренеді. Екі түрлі өркениеттің екі ұлы қасиетін Қазақстан өзінің қос қанаты етеді. Ондай қос қанатқа ие болған Қазақстан қоғамының адами сапасы да Батыстан басым түседі. Батыстың қателігі – иманынан жиға нын жоғары қойды. Қазақстан болса жиғанынан иманын жоғары қояды. Болашақ қазақ қоғамының Батыс тан басты айырмашылығы

ИМАНДЫ ЌОЄАМ ИДЕЯСЫ Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер Академиясының профессоры.

жартысындағы атеистік Батысқа берілген бағалар. Ал, ХХ ғасырдың екінші жартысына берілген бағалар болса төмендегідей. Сол қоғамның айтулы ойшылдарының бірі Хосе Ортега-иГассет: «Бүгінгі Еуропада жаңа варварлық басталды». /«Тобырлар толқуы»/. Маикл Фоли: «Бүгінгі капитал əлемі кез келген адам миллионер бола алады деп сендіреді. Шынында олай емес, пирамиданың төбесіндегі титтей орынға санаулылар ғана сияды». /«Абсурд ғасыр»/. Элвин Тоффлер: «Қазір көз алдымызда басталған дағдарыс – жалғыз ғана капитализм дағдарысы емес, жалпы индустриалды қоғам дағдарысы». /«Адам шошырлық болашақ»/. Фрэнсис Фукуяма: «Қазіргі капитализм өзі отырған моральдық бұтақты өзі шауып коллапсқа бара жатқан жоқ па?!». /«Ұлы құлдырау»/. Патрик Бьюкенен: «Капитал Құдайы тақтан Библия Құдайын тайдырды. Секс, атақ, ақша, билік – мінеки, бүгін гі Америка табынатын жаңа құдайлар осылар». /«Батыстың ажалы»/ Сергей Вальцев: «1999 жылы Канн кинофестивалінде ерекше бір рекордсмен туралы деректі фильм көрсетілді. Ол қатарынан 251 еркекті бұтының арасынан өткізіп əлемдік рекорд жасаған жезөкше болып шықты. 2005 жылы Венеция фестивалі бас бəйгені екі гомосексуалист ковбой туралы «Бүкір тау» фильміне берді. Өркениетті Батыстың 30 елінде бүгінде еркекке еркек, əйелге əйел үйлене беретін заң қабылданды. Голландияда осындай 50 мың «отбасы» тіркелген. Жəне олардың саны жыл сайын 3 мыңға өсіп келеді. Тек 2003 жылдың өзінде АҚШ-тың 28 штатында балаларды жыныстық қатынасқа тартқаны үшін 176 священник қызметтен қуылды. Ал қалған 18 штатта ондай қылмыс жасаған священниктер əлі жұмысында отыр. Ресей капитализмге аяқ басқан жылдар ішінде елдегі нашақорлар саны 12 есеге өсті». /«Адамзат зауалы»/, – дейді. Батыс эксперттерінің бүгінгі Батыс туралы бұл деректерін біз не үшін келтіріп отырмыз? «Көз жұмып Батысқа ере берер болсақ, түбінде барар жеріміз осы», дегенді білдіру үшін. Бірақ бұл жерде біз күллі Батыс өркениетіне сыпыра топырақ шашудан аулақпыз. Аталмыш азғындықтармен күресіп жатқан да Батыс бар. Бірақ бұл өркениетте, өкінішке қарай, періштеден сайтан басым түсіп тұр. Даусыз, соңғы бес- алты ғасырда адамзат көшін алға бастап келе жатқан Батыс өркениеті. Батыс интеллекті алған бұл биіктерден ешкім де бас тартқысы жоқ. Бас тартсақ, тек, Батыста басталған ұждандық, имани құндылықтардан ауытқулардан, азғын даулардан бас тартамыз. Сол арқылы жаһанданудың жаппай жойқын індетіне қарсы тұрамыз. «Қарсы тұрамыз дейсіз бе? Ондай күш қайда, əлемді жайпап келе жатқан топан суға қарсы?» «Ондай күш бар!» дейміз. «Утопия!» дейсіз. «Утопия емес» – дейміз. Ондай күш бар. Ол күш тамыры тереңде, дəстүрлі

мəдениетімізде жатыр. Сол мəдениеттің тілі мен діні – қос діңгегі. Ұлттықтың қос қанаты. Ұлтты аздырып, оны тек тасмаңдай тұтынушы деңгейіне түсіру үшін жалмауыз жаһандану, алдымен, ұлттың осынау қос қанатына балта шабады. Сонда ұлт – ұлт болудан қалады. Ұлттық иммунитеттен айырылады. Өзінікі дегендерді мансұқтап, өзгенікі дегенге еліктей береді. Өзге тіл, өзге дін деп жүріп тасмаңдай тобырға айналады. Əлемде бұл процесс жүріп жатыр. Жəне барған сайын шапшаңдап барады. Ай сайын əлем бойынша екі тілдің өлуі содан. Бұл өзгелер үшін қоңырау. «Бұл күн ертең сенің басыңа да туады!» деген ескерту. Ұлттық рухтың қос қанатының бірі – дін дедік. Соңғы 2 мың жылдықта Жер бетіне шашылып кеткен еврейлерді ұлт ретінде аман алып қалған осы дін екені еске түседі. Тіл мен дін – ұлттың соңғы қамалы. Осылар аман болса қамал алынбайды. Осылар аман болса ел мəңгілік. Кешегі коммунистік режим біздің мəңгілік ел болуымызды қаламады. Тілімізге, дінімізге балта шапты. Бүгінде, шүкір, экономикамыз қарыштап дамып келеді. Алайда, кешегі имансыз қоғамнан əлсіреп шыққан рухымыз туралы олай айта алмаймыз. Иманы əлсіреген адам имансыз қылықтарға бейім. Қылмысқа бейім. Бүгінде Дала тарихында құлақ естіп, көз көрмеген қылмыс түрлері шығып жатыр. Ұлы Дала тарихында ол қылмыстардың заты тұрмақ, аты да болмағаны белгілі. Бұларды санамалап жатпауға да болар еді, бірақ, «ауруын жасырған өледі» делінген. Ең дұрысы – ашық қылмысқа қарсы ашық күресу. Бұл – ұлт саулығының кепілі. Қылмыстың қандай түрі болмасын – ол, ең алдымен, қоғам шалдыққан кесел. Жарқын болашаққа бара жатқан жас Елге жараспайтын кеселдер. Ол кеселдерден айығу шарт. Арылу шарт. Ол қандай кеселдер? Олар мыналар: коррупция, мафия, рэкет, ақша үшін адам өлтіру, суицид, бала сату, гомосексуализм, педофильдік, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, өз қызын өзі зорлау..., т.т. Құрметті оқырман! Егер, сіз төл мəдениетіміздің өткенінен хабардар болсаңыз бұл індеттердің Дала мəдениетіне мүлдем жат дерттер екенін бірден сезесіз. Сізге оны дəлел деп жатудың қажеті шамалы. Бұл қылмыстардың атынан да, затынан да жателдік екені көрініп тұр. Сол тəрізді мұндай Даламызға соңғылықта енген жателдік кеселдер қатарына жаппай ажырасу, тастанды бала, тастанды кəрі, тірі жетімдік деген індеттерді де қосуға болады. Бұлар дəстүрлі қазақ қоғамында кездеспеген, ұлы Далаға соңғы жүзжылдықта сырттан кірген індеттер. Бұл жерде біз Ұлы Дала бастан кешкен кешегі феодалдық қоғамды идеализациялаудан, əсірелеуден аулақпыз. Ол қоғамның да өзіне жетерлік кемшіліктері болды. Бірақ, əңгіме – сол кемшіліктеріне қарамастан ол қоғамның бізден иманы артық болғаны анық. Жарықтық большевизм «ескілікке балта шабамыз» деп, сол мыңдаған жыл қалыптасқан, мезгіл сынынан өткен ұлы құндылық – ұлттық иманға балта шауыпты. Барды балталап имансыздыққа жол ашыпты. Одан кейін біздің пешенемізге жазылған капитал қоғамы болса, ол о бастан

Тағы да: «Капитал ненің қоғамы?» деп сұраңыз: «Байлық пен биліктің қоғамы», деген жауапты естисіз. Ендеше, осы арада бір нəрсенің басы ашылып анық болып қалды. Капитал қоғамына жетпейтін нəрсенің иман екені анықталып қалды. Егер, капитал қоғамы көзді тарс жұмып ақша жинаумен ғана айналыспай, сонымен қатар, иман жинаумен де айналысқан болса, онда ол қоғам жоғарыда біз санамалап өткен көптеген қатерлі дерттерден дін аман болады екен. «Дəлеліңіз?» дейсіз. Дəлеліміз – мыңжылдық Дала тарихы. Өткенімізге бір айналып көз жіберіңізші! Дала халқы өз тарихында полициясыз, прокурорсыз, түрмесізақ аталмыш дерттерге шалдықпай ғұмыр кеше біліпті. Сол Ұлы Даланың бүгінгі мұрагері Қазақстан, мінеки, 23 жыл бойы капитал қоғамын құрумен келеді. Нəтижесінде Қазақстан қоғамы да капитал қоғамына тəн: коррупция, мафия, рэкет, ақша үшін адам өлтіру, суицид, педофильдік, гомосексуализм, бала сату, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік тəрізді капитал қоғамына тəн кеселдерге шалдықты. Оған: жаппай ажырасу, тастанды бала, тастанды қарт, тірі жетімдік тəрізді дерттерді де қосыңыз. Бəрі капитал қоғамының классикалық дерттері. Капитал қоғамы бұл дерттермен көз ашқалы күресіп келеді. Бірақ емдей алмай келеді. Заң, полиция, түрмелерін қанша көбейтсе де, күшейтсе де бұл кеселдердің емін таба алмай келеді. Соны көріп отырған сол қоғам ойшылдарының жанайқайын жоғарыда естідіңіз. Бұл – құдайсыз қоғам құрған Батыс жанайқайы. Ол жанайқайлар – байлығы тасып жатса да Батыстың бақытты қоғам құра алмағанын көрсетеді. Бұл сəуегейлердің бəрі: «Батыстың күні батуға таяу», деп сарнайды. Ендеше, «Батыстың күні батуға таяу» болса, онда оның соңынан ерудің қажеті қанша?! Бақуатты болашаққа бару үшін тек сол Батыс салған сүрлеумен ғана жүру міндет пе?! «Жоқ. Міндет емес»», дейсіз. «Қазақстанның өз жолы болуы керек!» дейсіз. Дұрыс айтасыз. Біз де солай ойлаймыз. Жаңа тарих Қазақстан қоғамына тамаша мүмкіндік беріп отыр. Ұждан, иман саласында Батыс басқан

5

www.egemen.kz

да осында болмақ. Сонда, капитал əлемі шалдыққан жəне бүгінде біз де шалдыға бастаған көптеген дерттердің емі табылады. Ол емнің аты – иман. Иманды шенеунік полициядан емес, Құдайдан қорқады. Оның бақылаушысы – санасында. Сондықтан да ол арамға қол созбайды. Иманды отбасы иманды ұл-қыз тəрбиелейді. Иманды ұл мен қыз иманды отау құрады. Иманды отауда маскүнемдіктің, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың өзі тұрмақ ізі де болмайды. Иманды ұл мен қыз зинақорлықтан, арамнан бойын аулақ ұстайды. Сондықтан, ондай қоғамда некесіз туған бала, жаппай ажырасу, тірі жетімдік өзінен-өзі құрдымға кетеді. Иманды отбасынан шыққан ұл мен қыз иманды бизнеспен айналысып, мемлекетке иманды қызмет етеді. Ұйымдасқан қылмыс, мафия, ұрлыққарлықтың жолы кесіледі. Иманды тəрбие алған ұл мен қыз адам тұрмақ құмырсқаны да өлімге қимайды. Демек, қылмыстың ауыр түрлері күрт қысқарады. Азаматтар жан-жақты əлеуметтік қорғалған əділетті, қауіпсіз, демократиялы қоғамның қызығын көреді. Ондай қоғамда белі бүгілген атаана өлер алдында өзінен кейінгі ұрпағын ойлап сары уайымға салынбайды. Ақыретке тыныш аттанады. Иманды қоғам идеясы осы. Бұл идея қалай, қайдан, қашан туды десеңіз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Меккеге жасаған екінші қажылық сапарынан кейін туды. «Тамаша!» дедік. «Мемлекет Басшысы бет бұрған екен, енді иманға барлық шенеуніктер де бет бұрады!» дедік. Көз алдымызға иманға бет бұрған шенеуніктер армия сы келіп тізіліп тұра қалды. Сол қиялымызға сеніп: «Ұйымдасқан қылмыстың ініне су құйылатын болды!» дедік. Алайда, біз тым ерте мəз болған екенбіз. Арада жыл өтті, мінеки, «Мекке қайдасың?» деп қажылыққа бара жатқан шенеунік көрінбейді. Бірақ біз иманды қоғам жайлы тəтті қиялдан бас тартар емеспіз. Жақсылықтан үміт үзер емеспіз. Ыңғайы келген жерде: «Жалғыз ұйымдасқан қылмыс емес, қоғамымыз жаппай иманға бет бұрар болса, жоғарыдағы дерттердің бəрінен дерлік айығады!» деумен келеміз. Біраз

жұрт бізге осқырына қарайды. Бірақ, біз болар емеспіз: «Ең алдымен қазақты жеңген арақтан құтыламыз!» дейміз. «Əй, қайдам?!» деп бас шайқайсыз. «Басқаны қайдам: дəл арақтан құтылу қазаққа қиын болар!!» дейсіз. «Ішуден алғашқы 30-дыққа енген екенбіз, енді қайта айналып шығу қиын болар?!» дейсіз. Бірақ біз келіспейміз. Өйткені, иманға бет бұрған адамның арақты аузына алмайтынын білеміз. Арақтың жауы – иман. Өз кезегінде: иманның да жауы – арақ. Барлық пəле – арақтан. Қазақтың қара шаңырағын шайқалтқан осы əзəзіл. Арақ – барлық қылмыстың анасы. Айтпақшы, осы жастарымызды жаппай аздырып жатқан бұл əзəзілге қарсы неге ақпараттық шабуыл жоқ?! Бұл неғылған үнсіздік?! Бұл неғылған бейқамдық? Жас ұрпағымызды жалмап жатқан бұл жалмауызға қарсы неге жалпыхалықтық жорық жоқ? Арақ ішкен азар, Темекі тартқан тозар, Бəрінен де ерінбей Еңбек еткен озар. Деген тəрізді... Бұл əзəзілге қарсы жалпыұлттық ақпараттық жорық неге жоқ!? Осы тұста сіз: «Араққа қатты шүйліктіңіз-ау!» дейсіз. Жəне: «Оның себебі не?» дейсіз. «Себебі, арақ адамды санадан айырады. Санадан айырылған адам хайуаннан өткен мақұлыққа айналады» дейміз. Сана Жаратушының Адамға үрлеп енгізген өз рухы еді. Арақ арқылы біз сол рухтың үнін өшіреміз. Өшіреміз де не істеп, не қойғанымызды білмейтін мақұлыққа айналамыз. Адам қоғамын мақұлықтар қоғамына айналдырмаудың жалғыз жолы – сананы сау күйінде ұстау. Қоғамның жан саулығын сақтау. Оның иманнан басқа жолы жоқ. Иман жолы – бағзыдан тартылған бабалар жолы. Одан шалыс басқан адам да, одан шалыс басқан қоғам да оңып жарытпайды. Белшесінен бақытсыздыққа батады. Ең қиыны ол бақытсыздықтан адамды сырты жылтырақ, іші қалтырауық капитал қоғамының ағыл-тегіл байлығы да құтқара алмайды. Бүгінгі Батыс тəжірибесі – соның дəлелі. Ал, адамзат арманы болса қашаннан бақытты қоғам құру. Жер бетіндегі адам əрекетінің түп мақсаты сол. Бақытты қоғам құру. Адам баласы ертеңгі ұрпағына қалар бақытты қоғамды арман етеді. Біз де арман еттік. Бізден де бұрын арман еткен. Қасиетті Құран Кəрім: «Намаз жамандық пен бұзақылықтан тыяды» /«Анкабут» сүресі/. Əбунасыр əлФараби: «Тəн сияқты жанның да өзіне тəн денсаулығы жəне науқасы болады. Жан сау болса ізгі қылықтар көрсетеді. Игілікті істер істейді. Тамаша əрекеттер жасайды. Жан науқас болса жаман қылықтар көрсетеді.Азғындық істер істейді.Сорақы əрекеттер жасайды» /«Қайырымды қала»/. Имам Ғазали: «Ұлым менің! Достарың, мүлкің, атағың, ағайын-туыс, бала-шағаң сенімен қабірге дейін ғана жолдас болады. Қабірге жеткенде олардың бəрі кейін қалады. Тек иманың ғана сенімен бірге қабірге кіреді. Сонда сені жалғыз қалдырмай жаныңда болатын иман байлығын жи!» Арнольд Тоинби: «Адамзаттың бірінші кезекте айналысатын мəселесі түптің-түбінде дін болады» /«Тарихты тану»/. Софы Аллаяр: «Кісінің жүрегінде иман болмаса, бір үй толған жан болса да, бірбіріне дұшпан болады». Хазрет Инаят Хан: «Бағзыда өткен пайғамбарлар мен ұлы ұстаздардан бүгінге жеткен уағыздарға құлақ түрсек, солардың бəрі бізді Құдайдан қол үзбеуге шақырыпты». /«Софылар ілімі»/, – дейді. Құрметті оқырман! Біз кейбір түстік ел деріндегідей сіздерді өзге əлем нен оқшаулануға, яғни, ғылым мен технология жетістіктеріне көңіл бөлмей, тек дінмен ғана айналысатын тұйық қоғам құруға шақырып отырған жоқпыз. Əңгіме мүлдем басқаша. Əңгіме – заманауи дамыған елдердің ғылыми-технологиялық табыстарын ала отырып, рухани салада өзіміздің дəстүрлі діни мəдениетімізді қалыпқа келтіру туралы. Дінімізді қалыпқа келтіргенде де оны Қазақстанның бүгінгі зайырлы, бекзаттық болмысына сай қалыпқа келтіру туралы. Осы тұста сіз тағы да: «Ау, əрбір ауылда мешіт бар! Дініміз қалыпқа келіп қалды емес пе?!» дейсіз. Біз тағы да уəж айтамыз: «Сабыр етіңіз! Жоғарыда келтірілген қылмыстар деңгейі, имани болмысымыздың əлі де мүшкіл халін көрсетеді. Сондықтан, əңгіме – қоғамды сауықтыру жолында қылмыстың мұндай түрлерін кезінде оп-оңай құрықтаған ата-бабалар тəсіліне жүгіну туралы болып отыр. Ол тəсілдің аты – иман. Ендеше, əрбір адам иманға бет бұрса, күллі қоғам иманға бет бұрады. Ондай қоғам қылмыстардан, кеселді қылықтардан тазарады. Мұның бəрі айтуға оңай. Ал, іс жүзінде аса үлкен мемлекеттік саясат. Негізгі жүк отбасы, идеология, əдебиет, мəдениет, оқуағарту, бұқаралық ақпарат құралдары, телевидение, кино салаларына түсетін ұзақ мерзімдік ұлттық саясат. Рухани жаңғыру саясаты. Елбасы белгілеп берген Мəңгілік Ел атты киелі межені баянды ету саясаты. АЛМАТЫ.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.