Page 1

24 саєат №146 (28370) 30 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Телефон арќылы сґйлесті

● Басты байлық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Италия тарапының бастамасымен болған телефон арқылы əңгімелесуде екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайтудың негізгі аспектілері, сондай-ақ халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері талқыланды.

ЎЌШЎ бітімгершілік кїштерініѕ жаттыєуы Кеше Қырғыз Республикасының «Ала-Тоо» оқу орталығында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық – 2014» бірлескен оқу-жаттығулары басталды.

Бəсекеге ќабілетті орталыќ Тəуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді еліміздің көк байрағы көкте желбірегелі бері елімізде алға қадам бастырар көптеген өзгерістер болды. Халықтың тұрмысын, əл-ауқатын барынша жақсарту мақсатында шағын жəне орта кəсіпкерлікке даңғыл жол ашылды. Өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету салаларымен қатар, медицина саласында да жекеменшік медициналық орталықтар, шағын кабинеттерді ашуға қадам жасалынды. Тəуелсіздіктің алғашқы бес жылында дүниеге келген шағын емханалар, орталықтар бүгінде сырқатына дауа іздеген жандардың сұранысын қанағаттандыруда. Сондай орталықтың бірі – Боралдай кентіндегі «Даулет-Центр» медицина орталығы. Мұнда халыққа емханалық жəне стационарлық қызмет көрсетіледі. Ашылғанына 15 жыл болған орталық тұрғындарға заман талабына сай сапалы медициналық қызмет көрсетіп, олардың денсаулығын жақсартуда ең бастысы бəсекелестік ортаны қалыптастыруда жүйелі

түрде жұмыс жүргізіп келеді. – Өтеген батыр кентіндегі «Ару», «Ай-Мед» жеке медици налық орталықтарымен иық тірестіріп жұмыс жасап отырған Борал дайдағы «Даулет-Центр» орта лығы жергілікті халықтың көңілінен шығады, – дейді бізбен əңгімесінде Іле аудандық орталық ауруханасының бас дəрігері Бақытгүл Ескендірқызы Тұрсынмұратова. – Мұнда науқастарға сапалы қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктер туғызылған. Бəрімізге белгілі, елімізде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық саласында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. «Даулет-Центр» медицина орталығы бұл бастамаға белсене катысып, 2010 жылдан бастап халыққа сапалы стационарлық қызмет көрсетіп келеді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің 2-ші сатысы бойынша 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, халыққа жергілікті тұрған мекені бойынша мемлекеттік немесе ақылы емхананы өз еркімен таңдауға құқық берілді. Осы мүмкіндікті

пайдаланған тұрғындар өздері қалаған емдеу мекемесіне барып тіркелді. 15 жыл бойы халық алдындағы жинаған абырой атағының арқасында 2013 жылдың соңында «Даулет-Центр» медициналық орталығына небəрі бір айдың ішінде 12 мың адам тіркелді. Тіркелген адамның санына байланысты мемлекет бюджетінен қаржы бөлінді. Мұның өзі орталық қызметкерлерінің сапалы жұмысын дəлелдейді. Еңбек ететін дəрігерлердің біліктілігі жоғары, олар үнемі өз білімдерін жетілдіріп отырады. Зертханалық талдау жұмысы да заман талабына сай келеді. Орталық соңғы үлгіде шыққан жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған. Іші таза, сыртқы келбеті де көз тартарлық. 30 мыңнан астам халық тұратын Боралдай кенті жəне оған жақын орналасқан КазЦИК, Комсомол жəне Қарасай ауданының Рахат, Ақсеңгір, Көкөзек, Жармұханбет ауылдары тұрғындарының біраз бөлігін қамтып отырған бұл орталық мемлекеттік емханалардың жұмысын бір жағынан едəуір

жеңілдетсе, екінші жағынан қазіргі заман талабына сай бəсекелестікке қабілетті ортаны қалыптастырып отыр. Айтса айтқандай, төрт қабатты ғимаратта орналасқан медициналық орталық анадайдан менмұндалап айшықтанып тұр. Əртүрлі шыршалар, ағаштар отырғызылған тап-таза ауласы гүлге көмілген. Емханаға кіре берістегі дəлізге аурухананың паспорты жəне сырқаттарды дəрігерлердің қабылдау кестесі ілінген. Бұл медициналық орталықтағы тіркеу бөлімінің жан-жағы ашық. Ол ештеңемен қоршалмаған. Мұның өзі сырқат жандардың тіркеушімен емінеркін сөйлесуіне, қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Тіркеу бөлімінде науқастардың аты-жөні, мекен-жайы жөніндегі мəліметтер «электронды жүйеге» енгізілген. Тіркеу бөліміне келген адам жеке куəлігін көрсету арқылы маман дəрігердің қабылдауына компьютерлік жүйе бойынша кезекке тіркеледі.

Қазақтың ұлы даласы Сарыарқа төсінен ойып орын теуіп, республикамыздың орталығына айналған Астана қаласы Тəуелсіздігімізбен бірге жасап, гүлденген, сəнсал танаты жарасқан, мемлекет орталығы ретінде əлемге аты əйгілі қалалармен қатар атала бастаған, келешегі зор шаһар, ел мақтаны. Бұл қалада қазірдің өзінде халқымыздың өсіп-өркендеуіне қажетті қай саланың болмасын дамып, қанат жаюына кең мүмкіндік туғызылған. Осы үрдістің одан əрі де алып қадамдармен қарыштап алға баса беретініне біз сенімдіміз. Əрине, ынтымақ пен ауызбірліксіз, таудай талап пен ерен еңбексіз жақсылық атаулы өзінен өзі аспаннан қардай жаумайтынын да білсек керек. Сондықтан сүйікті Ота н ымыздың өркендей беруі, оның

жүрегі Астана қаласының абыройбеделінің асқақтай беруі адал ниетті əр адамның арманы дер едім. Жуықта дүркіреп өткен Астана күнінің тойына Көкшетаудан əдейі келіп тамашаладым. Сонда менің ойыма келген мына бір жайды ұсыныс ретінде айтқым келеді. Кеңестік билік құрдымға кеткенде, «апыр-ай, енді жолдардың жағдайы не болар екен» деп қамыққан кездеріміз де болған. Көп кешікпей жаңа теміржолдар салынып, асфальтталған көлік жолдары да қалпына келе бастады. Тіпті өмірі көрмеген «автобан» жолы ел мақтанына айналды. Тəубе дейік, қазір теміржол қатынастары да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді десек қателеспеспіз, жүрдек пойыздар іске қосылып, вагондардың неше түрі заманға сай жарақтанып жатқаны жасырын емес.

● Оймақтай ой Иман – жанның сапасы. Дулат БАБАТАЙҰЛЫ.

Бүгінгі нөмірде:

ИМАНДЫ ЌОЄАМ ИДЕЯСЫ

Гїлдер əлемі

Айдос ƏБУТƏЛІПҰЛЫ, еңбек ардагері, Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы.

Көкшетау қаласы.

«Егемен-ақпарат».

5-бет

6-бет

Аќан сері ґмірініѕ аќиќаты

Астана мерейін асќаќтата берейік

оқу-жаттығуы шеңберінде күзет жəне өмірлік маңызы бар нысандарды қорғау, гуманитарлық жүк тиелген лектерді алып жүру, ұжымдық бітімгершілік күштері персоналына медициналық жəрдем көрсету сияқты тəжірибелік іс-қимылдарды пысықтайды. «Мызғымас бауырластық – 2014» оқу-жаттығуына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен Аэроұтқыр əскерлерінің батальон басқармасы, десанттышабуылдау ротасы, инженерліксаперлік взвод жəне Əуе қорғанысы күштерінің үш Ми-17 тікұшағы қатысады. Оқу-жаттығудың шешуші кезеңі 1 тамызда өтеді.

(Соңы 3-бетте).

● Бір ауыз сөз

Айта берсек ардақтай берерлеріміз аз емес. Бір ғана айтар тілегім бар. Алматы ел астанасы болған кезде, сапар шегіп шаһарға таялып келгенде вагон ішінде радио саңқылдап қоя беретін «Біз Қазақ ССР-нің астанасы Алматыға келдік» – деп гимн ойналатын. Сол бір сəтте кəрінің де, жастың да жүрегіне ерекше əсер еніп, жүзіміз де жайнап кететін. Ал қазір тып-тыныш. Астанамызға жай бір қалаға келгендей əсерде түсеміз де кете барамыз. Əлде мен естімей жүр ме екенмін? Егер расында сол тəртіп əлі қолға алынбаса, жақсы нəрсені жаңғыртқанның несі айып? Барлық пойыздарға мұны енгізу міндетті емес те шығар, басты бағыттардағы 4-5 пойызда гимн шырқалып тұрса несі бар. Адамдардың жүрегін мақтаныш сезіміне бөлеп, абыройдаңқымыздың арта беру жолындағы əрбір игілікті істердің жарасып тұрары хақ.

Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстан мемлекеттері қарулы күштерінің жедел топтары қатысады. Бірлескен шара барысында Ұйымға мүше алты елдің бітімгершілері ҰҚШҰ ұжым дық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларды жүргізу мəселелерін жүзеге асырады. Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамы жүк тасымалын бақылау, жауынгерлік техника, оқ-дəрі жəне жарылғыш заттардың заңсыз кіріс-шығысының жо лын кесуді жүзеге асыруға қатысады. Ұйымға мүше елдердің əскери қызметшілері «Мызғымас бауырластық – 2014»

АЌМЕШІТ ƏУЛИЕНІЅ ТЫЛСЫМ ЇЅГІРІ 9-бет

14-бет АДАМДЫ ЌЫНАДАЙ ЌЫРЄАН

7-8-беттер

 Үндістанның Бихар штатында болған жол апатының кесірінен 12 адам қаза тауып, 22 тұрғын жараланды. Апатқа жүк мəшинесінің жүргізушісі кінəлі деп табылып отыр. Ол ауыр көлікті дұрыс басқара алмай, жол жиегінде келе жатқан жүргіншілерді соққан. Одан əрі жолаушылар автобусына барып киліккен. Статистика мəліметтеріне қарағанда қазір Үндістан жол-көлік апатынан қаза болғандар саны бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады екен. Грузияның бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге сырттай айып жариялады. Бұл туралы ресми қаулы оның Тбилисидегі адвокаты Отар Кахидзенің қолына табыс етілген. Бұрынғы президентке 2007 жылдың 7 қарашасында болған митингті тарату кезінде өзінің өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Дəл осындай кінə бұрынғы ішкі істер министрі В.Мерабишвилиге, бас прокурор З.Адеишвилиге де тағылған.  Француз Рес пуб ли касының Ресей көмірін сатып алатын ірі компанияларының бірі EDF Trading енді оны алмайтындығын жа риялады. Бұл осы елге жарияланған санкция шеңберінде іске асып отырған ша ралардың бірі ғана. Ресейден алты жылда 11,2 млн. тонна көмір сатып алу ту ралы келісімшарт жасаған бұл компания енді одан толығымен бас тартты. Соңғы күндері Мəскеуде ауа райы керемет ыстық болып тұр. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Осының кесірінен электр энергиясын беру шекте леді деген де болжамдар айтылуда. Мамандар қала тұрғындарына күндізгі мезгілде ашық далаға шықпау қажеттігін ескертуде.  «Мистер Бин» есі мімен танымал болған ағылшынның комик актері Роуэн Аткинсон ойлап тапқан персонаж Ұлыбританияның ең танымал адамы деген атаққа ие болды. Зерттеушілердің айтуына қарағанда ол Черчилль, Чаплин, Диана есімдерінен де озып, тізімнің алдына шығып отыр. Респонденттер қата рына АҚШ, Қытай, Үндіс тан, Бразилия, Германия сияқты елдерден 5 мың адам қатысқан. Ал тарихи адамдар арасынан тізімнің басына У.Шекспир шыққан.  Израильдің Газа секторын қайтадан бомбалауының кесірінен 30-ға жақын палестиналық қаза болды. Осының алдында ғана израильдіктер шабуыл операцияларынан бас тартамыз деген еді, алайда өздерінің уəделерін орындамай, 10 жауынгердің қаза тапқанын сылтау қылып, қайтадан бомбалауды бастады. Соңғы үш аптада ғана олардың оғынан 1,1 мыңдай анклав тұрғындары көз жұмған.  Қытай Халық Респуб ли ка сы бұрынғы басшыларының бірі, қауіпсіздік қызметінің жетекшісі, 72 жастағы Чжоу Юнканға қарсы іс қозғалды. Ол сы бай лас жемқорлық бойынша айыпталып отыр. Істі ҚКП Орталық комиссиясы жүргізетін болады. Сарапшылар бұрынғы басшының ұзамай тұтқындалуы мүмкін деген жорамал айтуда. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды.

і д м і к т ы Уақ айды? т 11-бет жақ

ЕСІМІ ЕНДІ АЙТЫЛА БАСТАДЫ 15-бет


2

30 шілде

www.egemen.kz

2014 жыл

БАЙЛЫЌ – ЖЕРДЕ,

ЕЛБАСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ ЖОЛДАУЫНДА ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерінің бірі ретінде азық-түлік қауіпсіздігіне тоқталған еді. Оның экономикалық стратегиясы тармағында азық-түлікке, əсіресе астық өнімдеріне жаһандық сұраныс артуына байланысты əлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу жəне ауылшаруашылық өндірісін арттыру үшін егіс көлемін ұлғайтумен қатар, жаңа технологияларды енгізу есебінен дақылдардың түсімділігін елеулі көтеру қажеттілігі көрсетілген. Кешенді шараларды іске асыру нəтижесінде 2050 жылға қарай ІЖӨ-де ауылшаруашылық өнімінің үлесін 5 есе арттыру көзделген Дүние жүзінің көптеген елдерінде астық өндіру ауылшаруашылық өндірісінің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды, негізгі саласы болып отыр. Бүгінгі таңда өндіріліп отырған өнім 650 млн. тонна болса, жер шары халқының үздіксіз өсуіне байланысты 2050 жылы оны 900 млн. тоннаға жеткізу қажет. Осыған байланысты жер аумағы үлкен елімізде бидай өндірісінің қазіргі жағдайы мен келешегіне тоқталғанды жөн көрдім. Егіс көлемі мен жалпы өндірілетін астық бойынша еліміз дүние жүзінде алғашқы ондықтан, экспорттық əлеуеті жөнінде бірінші бестіктен орын алады. Соңғы 10 жылда дəнді дақылдардың егіс көлемі 15,5-17,7 млн. гектар аралығында, негізгі экспорттық дақыл – бидай 1416 млн. гектар. 2008-2012 жылдары олардың егіс көлемі 2003-2007 жылдармен салыстырғанда 14% көбейсе, жиналған өнім орта есеппен 11,2 млн. тоннаны құрап, бар-жоғы 2,8%-ға артыпты. Астықтың 2/3-ден астам бөлігі өндірілетін солтүстік өңірде дəнді дақылдардың өсуіне ауа райы аса қолайлы болған 2011 жылы 30 млн. тоннаға жуық астық өндіріліп, орташа түсімділік ең жоғары көрсеткіш – 16,9 центнерге жеткен. 2013 жылы 19 млн. тонна астық жиналған. Астық экспортынан түсетін табыс та қомақты. 2003-2007 жылдар аралығында ұнмен қоса есептегенде экспортқа жөнелтілген өнімнің құны 5752 млн. АҚШ доллары болса, 2008-2012 жылдары 8201 млн.-ға жеткен немесе 2,2 есе артыпты. 2012 жылы 11014 мың тонна астық экспортталған. Қазақстанда дəнді дақылдардың орташа түсімділігі дүниежүзілік деңгейден əлдеқайда төмен болып отыр. Мəселен, 1991-1996-шы құлдырау жылдары əр гектардан жиналған өнім 8,1-8,2 центнерден аспаса, 2001-2007 жылдары – 10,9-11,2, 2008-2012 жылдары 11, 2 центнерді құрады. Енді азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көзі – дəнді дақылдар көршілерімізде қалай екеніне тоқталайық. Жер аумағы бізден əлдеқайда асып түсетін Ресейде бидайдың егіс көлемі 24-25 млн. га, өндірілетін өнім 40-45 млн. тонна, 1 гектарға шаққандағы орташа түсім 1,8 тоннаны құрайды. Кеңес Одағы кезінде тек мақта өсірумен айналысатын Өзбекстан егемендік алысымен азық-түлік қауіпсіздігін шешу мақсатында бидай егісінің көлемін 1,2 млн. гектарға жеткізді, оның 80% суармалы жерлерде. Дақылдың түсімділігін біртіндеп көтеріп, соңғы жылдары əр гектардан орта есеппен 4,5 тонна өнім жинауда. Халық саны 1 миллиардтан асып кеткен Қытайда дəнді дақылдар бар-жоғы 23,1 млн. гектар жерде егіледі екен, жиналатын өнім 100-110 млн. тоннаға жетеді. 1993-1995 жылдары аралығында олардың орташа түсімділігі 3,5 тонна болса, 2005-2007 жылдары 4,5 тоннаға көтерілген, 2012 жылы 4,7 тоннаны құрапты.

ЖОЛДАУ

Бўл ќўжатта агроґнеркəсіп мəселелері ерекше айтылєан. Енді оны жїзеге асыруымыз керек Ауыл шаруашылығын қарқындата дамытуға Үкімет тарапынан орасан зор қаражат бөлініп отырғанына қарамастан, елімізде дəнді дақылдардың түсімділігі көтерілмей, тұралап тұруының басты себебі неде деген заңды сұрақ туындайды. Осы сұраққа нақты жауап іздеп, АШМ мамандары дайындаған «Астық шаруашылығын тұрақтандырудың 20132020 жылдарға арналған шеберлік жоспары» деп аталатын құжатпен танысып шықтым. Онда астық өндіруді арттыруға кедергі келтіріп отырған 12 себеп тізбектеліпті. Негізгілері ретінде – бидайдың дарадақылы, жиналған өнімді сақтайтын қоймалар мен уақытша сақтайтын орындар жетіспеуі, егін шаруашылығын əртараптандыру мен нөлдік технологияның баяу игерілуі, техниканың жетіспеушілігі, минералды тыңайтқыштар мен арамшөптерге қарсы гербицидтер жеткілікті қолданылмауы жəне т.б. себептер көрсетілген. Құжат авторларының кейбір тұжырымдарымен келісе қою қиын. Мəселен, мемлекет тарапынан қолдаудың жеткіліксіздігі жайлы. Егін шаруашылығын қолдау үшін 2008 жылы 40 957 млн. қаржы бөлінсе, 2012 жылы оның мөлшері 3 еседей артып, 120 509 млн.-ды құрапты, 2020 жылы 131 814 млн.-ға жетпек. Техниканың жетіспеушілігі, арамшөптерге қарсы гербицидтердің жеткілікті қолданылмауы жайлы тұжырымдар да шындықтан алыс жатыр. Соңғы жылдары солтүстік өңірде егіс көлемі ірі серіктестіктер «ҚазАгро» жəне «ҚазАгроқаржының» көмегімен шетел фирмаларының кең алымды тұқым себетін, гербицид шашатын жəне астықты орып, жинайтын техникаларды лизинг арқылы алып, техникаларын жаңартуда. Көптеген шаруашылықтарда 70-80%-ға жуық егіс көлемінде дара жəне қосжарнақты арамшөптерге қарсы гербицид қолданылады. Оған да мемлекет қаржы бөліп, шаруашылықтарға субсидия беріп отыр. Өкінішке орай, бұл жоспарда өндірілетін өнімді тұрақтандырып қана қоймай арттырудың басты себептері назардан тыс қалған. Дəнді дақылдардың түсімділігінің төмен болуының ең басты себебі – ғылыми жаңалықтарды, əсіресе селекция жетістіктерін өндіріске кеңінен ендіруге мəн берілмеуі. «Жасыл төңкеріс» авторы, жақында фəни дүниеден өткен белгілі ғалым Норма Борлаугпен Үндістан мен Пəкістан, Түркия жəне т.б. елдер тəжірибелері арқылы түсімділігі жоғары, қоршаған ортаның қолайсыздықтары мен ауруларға берік, дəнді дақылдар сорттарын өндіріске кеңінен ендіру арқылы гектар шығымдылығы мен өндірілетін өнімді арттыруға болатынын көрсетіп берді. Пəкістанға келсек, соңғы 10 жылда астық дақылдарының егіс көлемі 28 % артса, өндірілетін өнім 4-5 есе жоғарылаған. Халық саны 70 млн.-нан асатын Түркияда дəнді дақылдардың егіс көлемі 8,2 млн. га, олардың орташа түсімділігі – 2 - 2,5 т/га, жыл сайын 18-20

млн. тонна астық өндіріледі. Тіптен, жаңа дамып келе жатқан Солтүстік Африка елдерінің өзінде астық дақылдарының түсімділігін көтеруде біраз ілгерілеу бар екен. Мəселен, Марокко ғалымдары селекцияның соңғы жетістіктерін, молекулярлық генетика жəне биотехнология тəсілдерін пайдалана отырып, табиғат қолайсыздығымен қатар, індетті ауруларға берік, түсімділігі 1,5- 2-ден 5-7 тоннаға дейін жететін бидай сорттарын шығаруда. Эфиопияда бидайдың егіс көлемі 1997 жылы 700 мың гектар болса, 2013 жылы 1,7 млн. га, орташа түсімділігі 1,4-тен 2,4 тоннаға дейін көтерілген. Оны өсірумен 5 млн. фермер айналысады екен. Бұл мəліметтер 28-30 мамырда Түркияның Ізмір қаласында өткен бидайдың сары тат ауруы жайлы ІІ халықаралық симпозиумда келтірілді. Белгілі ғалым-академик Р.А.Оразалиев өсімдік шаруашылығын дамытудың негізгі факторы селекция болғанын жəне келешекте де бола беретінін, соңғы 100 жылда осы тəсілді қолдану арқылы ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігінің 33-60% артуына қол жеткенін көрсетеді. Дəнді дақылдар,

əсіресе бидай селекциясы бойынша Ресей мен Қазақстан ғалымдарының қол жеткен табыстары аз емес. Халықаралық КАСИБ бағдарламасы аясында шығарылған жаздық бидай сорттарының 1 гектарға шаққандағы түсімділігі 4-5 тоннаға жетеді, сапасы да жоғары. Ол СИММИТ орталығының бастамасымен Қазақстан мен Батыс Сібір ғылым орталықтарының жаздық бидай селекциясы бойынша бірлестігі ретінде 2000 жылы құрылған еді. Кейінірек Алтай жəне Оңтүстік Орал өлкелерінің селекционерлері де осы бағдарламаға қосылды. Елімізде пайдалануға тіркелген жаздық бидай сорттары аз емес, бірақ жаңа сорттардың үлесі шамалы. Мəселен, Қостанай облысында – 25, ал Солтүстік Қазақстанда 23 сорт егіледі екен. Осыдан 20 жылдай бұрын өндіріске ендірілген Омская 18 жəне Омская 19 сорттарының егіс көлемі 1 млн. гектардан асады, Қарабалық 90 сортынікі 400 мың гектар. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2004 жылы өндірісте қолдануға ұсынылған Астана сортының егіс көлемі 500 мың гектарға жуық, 2008 жылы тіркелген Астана-2 – 125 мың гектар.

Соңғы сортпен қатар пайдалануға тіркелген Омская-35 пен Омская -36 сорттарының тек қана Қостанай облысындағы егіс көлемі 900 мың гектардан асады. Дамыған елдерде сорт 5-7 жыл пайдаланылғаннан кейін алмастырылып отырылады. Өкінішке орай, бізде пайдалануға тіркелген сорттың тұқым шаруашылығын ұйымдастырып, егіс көлемін арттыруға бірнеше жыл кетеді. Тұқым шаруашылығындағы сылбырлық, арнайы техникалардың тапшылығы жəне т.б. себептер жаңа сорттардың егіс көлемінің өндірісте тез арада ұлғаюына кедергі болып отыр. Бүгінгі таңда бидай селекциясы бойынша аса өзекті мəселе – түсімділік жəне сапамен қатар дақылдың биотикалық жəне абиотикалық кедергілерге берік немесе төзімді сорттарын шығару басты мəселе болып отыр. Соңғысына еліміздің солтүстік жəне батыс өңірлерінде жиі қайталанатын жаз айларында түсетін ылғалдың тапшылығы мен аптап ыстық (30-400С) салдарынан ауаның ылғалдылығы төмен болуы, аңызақ жел соғу, топырақтың сортаңдануы жатады. Биотикалық кедергілерге келсек, зиянкестерді былай қойғанда, бидайдың түрлі індетті аурулары, бірінші кезекте тат пен септориоз бар. Бұрынғы Кеңес Одағында олар биологиялық қару ретінде қаралып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен 4 ғылымизерттеу институты дəнді дақылдарды осы аурулардан, картопты фитофтороздан қорғау шараларын жетілдірумен айналысқан. Соңғы 15 жылда еліміздің солтүстік өңірінде бидайдың жапырақ немесе қоңыр таты септориозбен қосарлана 2-3 жылда бір рет айтарлықтай немесе эпифитотия дəрежесіне дейін дамып, дақылдың түсімділігін 15-20%ға, тіптен одан да көп төмендетуде. Септориоз бен сары теңбіл немесе пиренефороз ауруларының инфекциясы жиын-теріннен кейін қалатын өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, нөлдік жəне минималды технологияларды өндіріске кеңінен ендіру, олардың табиғатта сақталып, таралуына қолайлы. Бидайды аса қатерлі аурулардан қорғау үшін егіске фунгицид шашылады, 1 гектарға жұмсалатын шығын 10-12-ден 20-25 АҚШ долларын құрайды. Солтүстік өңірде 1,0-1,5 млн. гектар бидай егісі бюджет жəне тауар өндірушілердің өз қаржысына фунгицидпен бапталады. Сондықтан бидайдың тат жəне септориоз сияқты ауруларына берік сорттарын шығару экономикалық жəне экологиялық тұрғыдан тиімді шара болып саналады. Өкінішке орай, солтүстік өңірде егілетін жаздық бидай сорттарының жалпы саны 30-дан асқанмен ішінде жоғарыда аталған ауруларға беріктері жоқ. Елімізде аграрлық ғылым салаларын басқару мен қаржыландыру, оның нақты жетістіктерін өндіріске ендіру жұмыстарында елеулі кемшіліктер орын алып отыр. Мəселен, 2010 жылы аграрлық ғылым саласын қаржыландыруға 2 800 млн. теңге бөлінсе, 2013 жылы 3502 млн. теңгені құрапты. Егер дүниежүзілік валютаға шақсақ 19-23 млн. АҚШ доллары, немесе Түркиямен салыстырғанда 4-5 есе төмен. Егемендік алған 20 жыл ішінде елімізде ауыл шаруашылығы ғылымын басқаратын мекеме 4 рет құрылымдық өзгеріске ұшырады. Соңғысы – «ҚазАгроИнновация» деп аталатын, жарғылық қаржысының 100% мемлекеттік меншіктен тұратын акционерлік қоғам. Түркияға іссапар кезінде арнайы таратылған ақпарат көздерінен нақты білгенім бұл мемлекет cоңғы жылдары егін жəне мал шаруашылығына байланысты зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөліп, ол өз нəтижесін бере бастапты. 2002 жылы ғылыми мекемелердің зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаржы 9,1 млн. доллар болса, 2012 жылы ол 84, 47 млн. долларға жетіп, 12 есе артқан. Жер аумағы үлкен, топырағы алуан түрлі, ауа райы құбылмалы келетін елімізде астық, дəнді бұршақ жəне майлы дақылдардың өсіру технологияларын жетілдіру, селекция мен тұқым шаруашылығы мəселелерімен баржоғы 2 ірі ғылыми орталық 5 аймақтық ҒЗИ айналысады. Жекешелендіру жəне оңтайландыру нəтижесінде 5 облыстық тəжірибе стансалары ғана қалды. Олардың жұмыстарының тиімділігі ғылыми зертханалар заманауи құралжабдықтар, техникамен жарақаттануына жəне ғалымдардың біліктілігі мен тəжірибесіне тікелей байланысты. Өкінішке орай, топырақ өңдейтін, тұқым себетін жəне өнімді жинайтын, тазалап сұрыптайтын заманауи техникалармен жабдықталмаған. Көптеген ҒЗИ-лар өткен ғасырдың 70-80 жылдары алынған құрал-саймандарды қанағат тұтуда. 2000 жылдың орта шенінде А.Күрішбаев министр болып тұрғанда 1-2 жылдай зертханалық құрал-жабдықтар алынған еді, кейін бұл жұмыс тоқырап қалды. Кей жағдайларда заманауи құралдарды

жақсы білетін мамандар болмауынан мемлекеттік тендер арқылы қажеттілігі шамалы құрал-сайман алынып, пайдаланылмай босқа тұрады. Президент Жолдауында агроөнеркəсіп кешенін инновациялық бағытқа көшіру маңыздылығына тоқтала келе, жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бəсеке өсе беретінін фермерлер тек уақытша əрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өнімділікті үздіксіз арттыратын жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін баса көрсеткен. Осыған орай егін шаруашылығын əртараптандыру бүгінгі таңда өзекті мəселе болып отыр. Мал шаруашылығын, əсіресе, ірі қараны жем-шөппен толық қамтамасыз ету үшін арпа мен жүгері, көпжылдық жəне біржылдық шөптердің, майлы жəне дəнді бұршақ дақылдарының егіс көлемін арттыру қажет. АШМ ғылым жаңалықтарын өндіріске ендіруге мəн беріп отыр ма? Оны білу үшін агроөнеркəсіп кешенін дамытуға арналған «Агробизнес-2020» деп аталатын бағдарламамен таныстым. Ол Үкіметтің 2013 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бекітілген екен. 23-кестеде аграрлық ғылым жəне оның жетістіктерін өндіріске ендіру жайлы ақпарат беріліпті. Көрсетілген деректерге қарағанда 2013, 2014 жылдары өндіріске ендірілетін бірде-бір ғылыми жаңалық, ұсыныс болмапты. 2015 жылы – 15, 2016-2020 жылдары аралығында 20-28 ғылыми ұсыныстар мен жетістіктерді өндіріске ендіру қарастырылыпты. Шетел технологияларын тасымалдауға (трансферт) келсек, 2013 жылы – 2, 2014 жылы – 15, 2020 жылы 30 технология жоспарланыпты. Сонда АШМ-де отырған шенеуніктер еліміздің солтүстік өңірінде дəнді дақылдарды егудің нөлдік жəне минималды технологиялары бірнеше миллион гектар егіс алқаптарында қолданылатынын, оңтүстік жəне оңтүстік шығыс өңірлерде тамшылап суару əдісі кеңінен ендіріліп жатқанын білмегені ме? А.И.Бараев атындағы ҒӨО-ның жаңа сорттары, мəселен, Астана-2, Шортанды-95 жəне т.б., бұршақ жəне майлы дақылдарды өсіру технологиялары өндіріске ендіріліп жатыр емес пе? Жыл сайын дəнді, бұршақ, майлы жəне көкөніс дақылдарының қаншама жана сорттары пайдалануға тіркеліп жатыр, оларда өндіріске ендірілетін ғылым жаңалықтары. Осы орайда өткен жылдың аяғы, болмаса үстіміздегі жылдың басында Мəжіліс депутатының АШМ-де отырған біраз шенеуніктер биені айғырдан ажырата алмас деп күмəнданғаны еске түседі. Өкінішке орай, бүгінгі таңда ғылым жаңалықтарын өндіріске ендіру тетіктері, ғылыми-зерттеу мекемелер мен тауар өндірушілердің жауапкершіліктері нақты анықталмаған. Кеңес Одағы кезінде өндіріске ендіруге арналған ұсыныстар көпжылдық зерттеу нəтижесінде, жанжақты сынақтан өткеннен кейін АШМнің ғылыми-техникалық отырысында қаралып, соның шешімімен баспадан шығатын. Қазір ұсыныстар мен əдістемелерді қалай болса солай дайындап шығаруды, тіптен интернеттен көшіріп алуды əдетке айналдырдық. Бірінші бетінде «КазАгроИнновацияның» ғылыми-техникалық немесе институттың ғылыми кеңесінде бекітілген» деп тұрғанмен, олар жан-жақты, терең сараптамадан өтіп жатқан жоқ. Өкінішке орай, бүгінгі таңда ғылыми мекеме немесе жеке тұлғалар алған инновациялық патент саны ғылыми жұмыстың дүниежүзілік деңгейде жүріп жатқанын сипаттамайды. Мен істейтін институтта директордың тапсырысы бойынша кей ғалымдар жылына 5-10, кейде тіпті оданда көп патент алған кездері болды. Əділет министрлігінің Зияткерлік құқық комитеті инновациялық патенттерді бұрынғы Кеңес Одағынан белгілі тəсілдер мен заттарға оңды-солды берді. Тіптен кейбіреулер танаптық жəне зертханалық зерттеулер жүргізбей-ақ ойдан шығарылған, ешқандай қисынға келмейтін, сауатсыз шешімдерге инновациялық патент алып жатты. Жоғарыда баяндалған келеңсіздіктерге байланысты Елбасының 2014 жылы 17 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген ғылыми əзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру жайлы ұсыныстарын, сонымен қатар авторлық құқықтар мен патенттер мəселелерін реттейтін заңнаманы қайта қарау, берілген барлық патенттер мен авторлық құқықтарды олардың коммерциялануының ықтималдығы жөнінде 2014 жылдың соңына дейін талдаудан өткізу қажеттілігі жайлы Үкіметке жүктелген тапсырмалар өте орынды деп санаймын. Мұрат ҚОЙШЫБАЕВ, Қазақ өсімдік қорғау жəне карантині институтының бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. АЛМАТЫ.


30 шілде

www.egemen.kz

2014 жыл

БАЌЫТ – ЕЅБЕКТЕ

3

Экономикадаєы тўраќтылыќ кілті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айқындалған бірінші кезектегі мақсаттардың бірі ұлттық экономиканың жетекші күші – кəсіпкерлікке жанжақты қолдау көрсету болатын. Көптеген дамыған елдердің тəжірибелері көрсетіп отырғанындай, кəсіпкерліктің барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы екені дəлелдеуді қажет етпейді. Бұған Президент Н.Назарбаевтың «...Еңбек етуші халықтың 60 пайызы шағын жəне орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады...» деген сөзі дəлел. Елбасы саясатының сабақтастығы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында айқын көрініс тапты. Жолдауда шағын жəне орта бизнесті дамытуға көңіл бөлінді. Елбасы өз Жолдауында «Шағын жəне орта бизнесті дамыту ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын жəне орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның да дамуы орнықты бола түседі. Бізде шағын жəне орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті жəне 8,3 миллиард теңгені құрап отыр», деп атап өтті. Бұдан шығатын қорытынды, Үкімет шағын жəне орта бизнеске, яғни кəсіпкерлікке тегіннен-тегін иек артып отырған жоқ. Өйткені, кəсіпкерлік іс қана экономиканың өте икемді саласы, себебі, адамдардың өз кəсібін қабілетіне сай игеруі тез əрі жеңіл, өйткені, ол сүйікті ісімен шұғылданушы, сол үшін саналы түрде тəуекелге де барады. Тағы бір ерекшелігі, шағын жəне орта кəсіпкерлік – бұл отандық тауарлы өндірістің негізі, демек, ұлттық экономиканың негізі. Дамыған елдерде, мысалы, Жапонияда шағын кəсіпорындардың саны барлық кəсіпорындардың жалпы санының 95 пайызынан асады, елдегі өндірілетін ІЖӨ көлеміндегі жеке кəсіпкерліктің үлесі 50 пайызды құрайды екен. Өндірісті жерде тұрақты жұмыс орындары болады, тұрғындар ұлттық өнімдермен қамтамасыз етіледі, ұлттық мүдде

ескеріледі, игілік елде қалады, қоғам көркейеді. Кəсіпкерлік экономиканың бəсекелестігін, серпінділігін жəне көп тараптылығын қамтамасыз етеді. Оны отандық өндіріс негізінде дамыту нарықтың жаңа тауарлар мен қызметтерге тез толуын қамтамасыз етеді, жергілікті монополияның қарқын алуын тежейді. Сонымен бірге, ол жергілікті шикізат ресурстарын жəне өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалануға, ғылымитехникалық прогресті жеделдетуге оң əсер етеді. Сондай-ақ, халықтың бей-берекет миграциясын азайтады, тұрғындардың табыстары мен тұрмыс деңгейін көтеруге де оң ықпал етеді. Ғалымдар экономикалық дағдарыс пен тоқырау жағдайларында да шағын жəне орта бизнестің маңыздылығы мен рөлінің артатынын айтады. Олай болса, шағын бизнес арқылы экономиканы жаңғырту мүмкіндігі де мол. Президент Н.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз тəуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновацияларды ендіруге дайын қуатты кəсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кəсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес саласын дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттық əлеуетті ұлғайтатын басты көз де солар болуы тиіс», деп кəсіпкерлікті дамытуға айрықша назар аударды . Елбасы өзінің жолдауларында нарықтық қатынастар мен бəсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде кəсіпкерлікті дамыту мəселесін ұдайы көтеріп келеді. Осы міндеттерді орындауда кəсіпкерліктің маңыздылығы ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттырумен жəне экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылатындығымен анықталады. Себебі, ұлттық инновациялық жүйені құру мемлекеттің кəсіпкерлік ортаны дамыту жағдайларын қамтамасыз ету қабілетімен тікелей байланысты. Жалпы, кəсіпкерлік ортаны дамыту экономикалық əлуетті арттырудың бірден-бір жолы болса, ол инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асады. Мысалы, біздің облыстағы кəсіпкерліктің дамуына 50ден астам қоғамдық бірлестіктер, оның ішінде 35 қоғамдық бизнес-құрылымдар, 6 кəсіпкерлікті қолдау орталықтары,

екінші деңгейдегі банктердің 17 филиалы, 51 шағын қаржы ұйымдары, 12 бизнес-инкубатор жəне т.б. кіретін инфрақұрылымдар ықпал жасап отыр. Ал, инфрақұрылым дамыса экономикалық өсім еселенеді. Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытудың өзегі – өңірлік инфрақұрылымдық орталықтар құру, Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау əлуетін күшейту, сол арқылы жаһандық инфрақұрылымдық интеграцияға кірігу болып табылады. Осы орайда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаңа халықаралық көлік дəлізі аймақты Қазақстан ішінде де, шетелде де экономикалық дамудың жаңа сапалы белесіне шығаруға өз ықпалын тигізері сөзсіз. Бұл бір жағынан, əлемдік жаһандасу талаптарынан туындаса, екінші, жағынан Қазақстанның жағрафиялық орналасу ерекшеліктерінен мүмкін болып отыр. Əлем елдерінің алдында қазір экологиялық таза өнімдерге, əсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген жаһандық сұраныс артуда. Қазақстан аграрлы ел болғаннан кейін экологиялық таза өнімдерді шығару мүмкіндігіне артықшылығымен ие. Айталық, біздегідей ауыл шаруашылығына қолайлы əрі қажетті жер ресурстары кез келген елдің еншісіне бұйырмаған. Ең бастысы, азықтүлік нарығының көшбасшысы ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, өңдеп қана қоймай оны əлемдік брендке айналдыру – қазақстандықтар үшін алдағы кезек күттірмейтін мəселе. Олай болса, кəсіпкерлік іс осы саланы басты бағдар ретінде ұстаса, ұлттық өнімдерді өндіру ісін жоғары дəрежеге жеткізе отырып əлемдік азық-түлік нарығының ұзақ мерзімді əрі тұрақты сұранысына айналдыруды жүзеге асырса, экономиканы жаңғырту көзіне айналуы əбден мүмкін. Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «Болашақ – аграрлық секторда, əсіресе, шағын жəне орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кəсіпорындары желісін құруда. ...Қазақстан ет жəне сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуы тиіс» деуі де сондықтан. Қазіргі уақытта Қазақстан халқының сүйікті кəсібімен шұғылдануына көптеген жағдайлар жасалған. Үкімет тарапынан «Даму», «Ауыл шаруашылығын қолдау», «Кəсіпкерлікті қолдау» қорлары жəне «Сыбаға» секілді бағдарламалар арқылы кəсіпкерліктің қандай түрімен болсын

айналысуға мүмкіндігінше қолдау жасалып келеді. Шағын жəне орта бизнестің дамуына «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары едəуір ықпал етті. Сонымен қатар, бизнесті дамыту үшін «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорымен бірге «Даму-аймақтар ІІ» жəне «Бизнес-Кеңесші» бағдарламалары да жүзеге асырылуда. Дегенмен, кəсіпкерлікті дамытуға кедергілер де кездеседі. Солардың қатарына кəсіпкерлікпен шұғылданғысы келетін тұлғалардың заман талабына сай өз идеяларының тапшылығы жатады. Кəсіпкерлер тарапынан экономиканы жаңғыртар тың ойлар мен инновациялардың əлі де болса жетімсіздігі байқалады. Ал идеялар болған жағдайда, оны одан əрі сауатты жасалған бизнесжоспар арқылы жүзеге асырудың өзі бір мəселе. Инвестор табу қажет. Бұл қаржы көзіне келіп тіреледі. Ал, белгілі бір кəсіп ашқысы келетіндердің алғашқы жинақ капиталы жоқтың қасы. Олар үшін сырттан, яғни банктерден қаржы тарту мүмкіндігі өте қиын, табыла қалса, пайыздық өсімі тым қымбат. Банктер кəсібін енді ашуға талпыныс жасағандарға несие беруге жүрексінеді, себебі, тəуекелі жоғары. Несие берген күннің өзінде қарызының қайтарылуын қамтамасыз ету үшін кепіл мүліктерді талап етеді. Енді ғана кəсіпкерлікпен айналысқалы отырған адамда қандай құрал-жабдықтар болуы мүмкін. Негізінен тəжірибе көрсеткеніндей, кəсіп ашу үшін бастапқы қаржы немесе капитал қажет. Өркениетті

елдерде əрбір тұлға алған табысының 2030 пайызы мөлшерінде банктерге салым ретінде жинақ ақшаға айналдыра отырып, бастапқы капитал қалыптастыруды үрдіске айналдырса, біздің елде мұндай жағдайға əлі қалыптасу түгілі үйреніспеген деуге болады. Алайда, бұл мəселелер де бүгінгі таңда «Даму» қоры арқылы шешімін табуда деуге болады. Осы қордың ұйымдастыруымен аймақтарда ашылған жедел курстары талапкерлерді кəсіпкерліктің қыр-сырын игеруге тегін оқытуда. Келер жылдан бастап «Даму» қорының өкілдіктерін аудан орталықтарынан ашу мəселесі қарастырылуда. Бұл Үкімет тарапынан кəсіпкерлікті жаппай дамытуға толығымен бет бұрғандықтың айғағы. Егер, кəсіпкердің бизнес-идеясы мақұлданып, банктік қаржыландырудан өткен жағдайда қор тарапынан 7 пайыз шамасында субсидиялау қарастырылуы да үлкен қолдау екені сөзсіз. Қазір ауыл шаруашылығы өндірісімен немесе отандық өнім өндірісімен айналысатындарға ислам қаржы институттары да қолдау көрсетуге бағыт бұрды. Таяуда Ауыл шаруашылығын қолдау қорына Ислам Даму банкі тарапынан қаржылар бөлінді. Біздің түсінігімізше, бұл қор арқылы қаржыландыру механизмі кəсіпкермен əріптестік негізде құрылады, демек, қор кəсіпкердің болашақ табысына ортақтасу арқылы өз шығындарын 9 пайыз мөлшерінде өтейді. Əрине, кəсіпкер үшін бастапқыда бұл да қымбат екені даусыз. Дегенмен, қаржыландыру шарттары

көп жағдайда кəсіпкер үшін қолайлы, оның ыңғайына бейімделген. Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында кəсіпкерлік үшін жаңа бағыттарға жол ашылған, соның бастысы – жанжақты қолдау көрсетілетіндігі аса маңызды. Өйткені, кəсіпкерліктің шын мəнісінде экономиканың қозғаушы күші, экономиканың тұрақтылық кілті екендігі əлем тəжірибесінде дəлелденген. Жолдауда «Шағын жəне орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік негізі. Оны дамыту үшін жекеменшік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек», дегенді қадап айтты. Мемлекеттік, жергілікті билік органдары, кез келген қаржы билігі, жалпы қоғам тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілгенде ғана кəсіпкерлік экономиканың жетекші күшіне айналары хақ. Кəсіпкерлікке негізделген инновациялық индустрия мен инновациялық адам капиталының дамуы ғана келешекте ел мүддесін қамтамасыз ететін басты фактор болып қала бермек. Ғалым МҮСІРОВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты.

АҚТӨБЕ.

Бəсекеге ќабілетті орталыќ (Соңы. Басы 1-бетте).

көзсіз

Науқастардың амбулаториялық картасы да компьютерде тіркеулі. Тіркеу бөліміне келіп, өзінің қалаған дəрігеріне кезекке жазылған соң науқастар міндетті түрде дəрігерге дейінгі тексеруден өтеді. Бұл жерде жасына жəне жынысына байланысты алдын ала скрининг тексеруден өткізіледі. Одан соң ғана маманның қабылдауына барады. Тегін кепілдік медициналық көмек көрсететін бөлім жəне ақылы консультативті диагностикалық бөлімі нақты бөлініп көрсетілген. Мұнда терапевт, балалар дəрігері, отбасылық дəрігер, акушергинеколог, эндокринолог, кардиолог, оториноларинголог, невропатолог, онколог-маммолог, стоматолог дəрігерлер науқастарға ақылы жəне тегін қызмет көрсетеді. Бойындағы сырқаттан біржола айығып кеткісі келген адамдар көбіне білікті терапевт-кардиолог Қуат Тұрсынғалиевтың қабылдауына жазылады. Осы орталық ашылған күннен бас тап еңбек ететін Қуат Тұрсынғалиұлының білігі мен білімі терең, тəжірибесі бай. Алдына келген əрбір науқасты асықпай тексеріп, аурудың туындауына түрткі болған себеп-салдарды мұқият зерттейді. Оған тек жақын маңдағы елдімекендерден ғана емес, Алматы қаласынан да адамдар келіп емделеді. Сол сияқты алғашқы күннен еңбек ететін акушер-гинеколог Роза Əмірғалиева, стоматолог Берік Мұстафаев, гирудо-терапевт Эра Тұманбаева, УДЗ дəрігері Сұлухан Амирова, фельдшер-лаборант Алтынгүл Уəлиева, бас медбике Жанар Абишева, медбикелер Карима Омаржанова, Индира Бахтиярова, басқа да білікті мамандарға емделушілер дəн риза. Олар өз істеріне сақтықпен қарап, келген

адамдарды тек дəрі-дəрмекпен емес, жылы сөздерімен, аялы алақандарымен емдейді. Эндокринолог Лим Ольга, невропотолог Мария Скрыпник, балалар невропатологы Светлана Породнова сынды ақ халатты абзал жандардан кеңес алушылардың алғысында шек жоқ. Ерте диагностика, сырқаттың анықталуы, науқастардың дер кезінде емделуі көбіне мамандардың кəсібилігіне жəне тəжірибесіне байланысты екендігін орталық қызметкерлері жақсы біледі. Сонымен қатар, орталықта соңғы үлгідегі УЗДГ аппараты, қабыну үдерістерін, жүйке жүйесіндегі өзгерістерді зерттейтін ЭХО энцефалографилық ап парат, мойын жəне бас ми қантамырларын тексеретін доплерге негізделген УЗДГ аппараты, миға қан кетуді, мидағы қабынуды, ісіктер мен бездерді анықтайтын аппараттармен жұмыс істейді. Бұл заманауи аппараттар мен жұмыс істеу диагностиканың мүмкіншілігін арттырады. Үшінші қабатта орналасқан тəуліктік стационардың іші де мұнтаздай жар қы рап тұр. 30 төсекорынға арналған ауру ха наның 15 төсегі ақылы, ал 15-і тегін кепілдік медициналық көмекке лайық талып жасақталған. Жатын бөлмелер екі кісіге арналған. Ішінде жуынатын бөлмесі мен дəретхана науқастарға өте ыңғайлы. Біз келгенде Фая Елубаева атты науқас «Даулет-Центр» емдеу орталығының бас шылығы мен дəрігерлеріне ризалығын білдірді. Ашылғанына 15 жыл болған орталықтың жетістігі жайлы бас директор Əсел Абайханқызы Абдрахманованы сөзге тартқанбыз. – 1999 жылы жұмысты 4 дəрігер 8 медбикемен бастаған орталықта қазіргі таңда 24 дəрігер, 34 медбике еңбек етуде.

Қызметкерлеріміздің барлығы да өте жауапты адамдар. Көбі осы мекемеде ұзақ жыл еңбек етеді. Дəрігерлер үнемі тəжірибелерін шыңдап, біліктіліктерін жетілдіріп отырады. Заманауи озық технологияны пайдалануға мұнда айрықша көңіл бөлінеді. Орталықтың бас дəрігері Садат Сəткенбаева денсаулық сақтау саласында 35 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан тəжірибелі маман, жаңа бастаманы іске қосуда үлкен еңбек етуде. Емхана меңгерушісі Нұрлан Кəрібаев емдеу профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырса, менеджер Гүлжамал Көпбаева ішкі ұйымдастыру жұмыстарын қадағалап жүреді. Қызметкерлердің алаңсыз еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалынуда. Мəселен, қызметкерлер түскі ас үшін асхана іздеп əуреге түспейді. Түстену орталықтың ішінде қолайлы жəне сапалы ұйымдастырылған. Біздің 15 жыл бойғы халық денсаулығын сақтаудағы адал еңбегімізді бағалап, 2013 жылдың қазан-қараша айларында өз еріктері бойынша 10 мыңнан астам адам өтініш беріп, тіркеуге қой ылды. Мұның өзі тұрғындардың бізге өз денсаулықтарын сеніп тапсырғандарының көрсеткіші. Ең бастысы, науқастарға кəсіби əрі қолжетімді медициналық көмек үздіксіз көрсетіледі. Кезінде ғұлама Гиппократ «Барлық өнердің ішінде ең ізгісі – медицина», – деп атап өткен екен. Науқасынан айыққысы келіп, орталықтың қызметіне жүгінген адамдардың барлығы бұл жерден көтеріңкі көңіл күймен қайтады. Өйткені, оларға Гиппократ антына адалдық танытқан ақ желеңді абзал жандар көмек қолын созады. Роза АЙДАРБЕКОВА, журналист.


4

30 шілде

ІЛІК

www.egemen.kz

ТІРШ

2014 жыл  Үкімет назарына

 Ауыл ахуалы

«Құланның қойларынан хал сұрасаң: «Қожамыз – Сайрамбай», – деп маңырайды»... Қазір: «Пəленше қойшы екен», десе, көз алдымызға күнін көре алмай, қатқан нан жеп жүрген бейшара біреуді елестетеміз. Бірақ бүгінде осы мал бағудың арқасында біреулер тұрмысын түзеп, «Джип» мініп, қаладан пəтер алып жүргені жасырын емес. Біз əңгіме еткелі отырған құландық Сайрамбай Дөненбаев осы шопандықтың арқасында шаруасын дөңгелетіп, ол құрған шаруашылық осы елдің бағы, құтберекесіне айналып отыр. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

– Əлі есімде... 1970 жылы əкем мал бағуды кəсіп етіп, колхоздан өз алдына бір отар қой алды, – деп Сайрамбай Əліқұлұлы өткен күндерді еске алады. – Менің бес жасар кезім еді. Содан кешке мал өріс тен қайтып, қораға қамарда əкем қой санауды үйретті. Əлі мектеп табалдырығын аттамаған, құдай біледі, он саусағымды жөндеп санай алмайтын кішкентай баламын ғой. Əкем былдыр-былдыр етіп қой санаған қылығымды қызық көрді ме, əлде шынашақтайынан ширап өссін деді ме, əйтеуір, күн сайын қора есігінің бір жағында мен, ар жағында өзі, кірген-шыққан малды санатудан жалыққан жоқ. Əкем зейнетке шыққаннан кейін шопанның ақ таяғын маған қалдырды. Аға шопан болып атқа міндік, мал бағудың қыр-сырына қанықтық. Одан үш жылдай өзім туып-өскен Жарлысу ауылының басқарушысы болдым. Кеңестік идеологияның санамызды əбден улап тастағаны соншалық, жаңа заманның лебін, нарықтық экономиканың тəртібін алғашқы жылдары түсіне алмағанымыз рас. Сенгеніміз де, сиынғанымыз да колхоз болғандықтан, одан бөлініп, өз алдына тіршілік ету тіптен мүмкін еместей көрінді. Əйтсе де, əр нəрсенің өз толғағы болады дегендей, талай жылғы қажырлы еңбек, үлкен тəжірибе, тəйтəй басқан тəуелсіз еліміздің еркін дамуы, сан қырлы мүмкіндіктері бізді жаңа жолға бастады. Сөйтіп, ағайынды Дөненбаевтар 1996 жылы өз алдына шаруа қожалығын құрады. «Шəушен» шаруа қожалығы. Төрағасы – Сайрамбай. Үлкен «үйден» бөлініп енші алғанда барлығы 300-ге жетер-жетпес мал болатын. – Əкеміздің азан шақырып қойған есімі Əліқұл болғанымен, елдің бəрі «Шəушен» дейтін, – дейді Сайрамбай аға əңгімесін əрі қарай жалғастырып. – Ел 1931 жылғы ашаршылық кезінде бабаларымыз ұрпағын аман алып қалу үшін қырғыз асып, 4-5 жыл Таласты паналап, туған жерге кейін оралыпты. Сонда аштықтан бұратылған əлсіз əкеміздің шəушиген түрін көріп, ел «Шəушен» атап кеткен. Біз де шаңырағын жаңа көтерген шаруашылыққа əкеміздің осы есімін лайық көрдік. Е, ол өте-е қиын жылдар еді ғой. Бұл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына жəрдем берілмек түгілі, көп-көрім дүние ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, талан-таражға түсіп жатқан шақ болатын. Тіпті, қанатын енді жая бастаған шаруашылықты қайтадан жабамыз ба деген де ойлар талай мəрте келген. Бірақ, барлық қиын дыққа төзе білдік. Тек 2000 жылы жағдай біртіндеп түзеле бастады. Жаңа ғасыр жаңа мүмкіндіктер беріп, Қарағандыдан 1000 бас қазақы қой əкелдік. Малды асылдандырмай жо ғары нəтижеге қол жеткізе алмайтынымызды түсініп, Павлодар, Ақмола, Оралдан мал жеткіздік. Ет бағытындағы шаруашылықты дамыту үшін Ресейден ірі, етті жылқылар алып келдік. Иə, «Дүниедегі барлық кереметтерді адамның табанды, сүйікті еңбегі жаратқан» деген екен бір ғұлама. Сол айтпақшы, талай қиындықты бастан өткеріп, тіпті тарқап кетудің сəл-ақ алдында қалған «Шəушеннің» шаруасын ағайынды жігіттердің еңбекқор, талапшыл, қанағатшыл, өз істерін сүйе білген іскерлік қасиеттері өрге сүйрегені анық. Бүгінде бұл ша руашылықта 21 отар қой бар. Енді 2017 жылға дейін қой санын 40 мыңға жеткізуді мақсат тұтып отыр. Табын-табын жылқы жайылып жүр. 78 адам тұрақты жұмыс істейді.

Еңбеккерлердің орташа жалақылары жүз мың теңгеге жақындайды. – Біздің шаруашылықта қойшылардың жалақысы 150 мың мен 300 мың теңгенің аралығында, ал жылқы шылардың жалақысы 300 бен 500 мың ның аралығында, – дейді бұл жөнінде шаруашылық төрағасы. – Əйтсе де, соңғы жылдары жастардың мал шаруашылығына жолағысы келмейтіні ащы шындық. Бізге келген жастардың бəрі алдымен жалақының көлемін сұрайды. Сөйтіп, əлгіндей соманы естіген соң бірден келісіп, жұмысқа кіріседі. Бірақ, көп ұзамай қиқаңдай бастайды. Өйткені, білесіз бе, мал бағу деген сөз – бұл тек жай ғана қой соңында жүру немесе ит-құс тимесін деп төбе басында қарауылдап отыру ғана емес. Мал жаюдың да өзіндік тəсілдері бар. Малшы ағайынның əрбір таңы, əрбір күні бейнетке, еңбекке толы. Шопан еңбегі күні бойы мал соңында дала кезіп, кешкісін малды қораға қамап тастаумен шектелмейді. Қой түлігі жуас болғанымен көп күтімді талап

мінездес» деп жатады, қазақ пен қымыз бір туған, қымызға жағдай жасау – бұл қазаққа жағдай жасау деген сөз. Дүкен сөрелерінде құтыға құйылған қымыз жоқ емес, бар. Бірақ соны алып, ішіп жатқан адам некен-саяқ. Неге? Біздіңше қымыздың жарнамасы жоқ. Ұлттық сусынымыз ұлттық идеологиямыздың басты құралына айналатын уақыт жетті емес пе? Біздіңше, қымызға да жаңаша көзқарас керек. «Шəушен» шаруа қожалығы Тараз қаласының əкімімен келісіп, жыл он екі ай қымыз сататын сауда орнын ашуды жоспарлап отыр екен. Лайым, саудалары жүріп, ұлттық сусынымыздың қадірі арта берсін! – Осынау тірліктің бəрі Елбасымыз Н.Назарбаевтың оң саясаты арқасында жүзеге асып отыр, – дейді Сайрамбай аға ағынан жарылып. – 2005 жылдан бастап асыл тұқымды мал басына мемлекет тарапынан берілген субсидиялар тірлігімізді өрістетуге септігін тигізді. Əлі есімде... 2005 жылдың 1 ақпанында Астанада ауыл шаруашылығы бойынша үлкен жиын өтті. Жиынға Нұрсұлтан Əбішұлы да қатысты. Жамбыл облысының атынан менің сөйлейтінім алдын ала белгілі болған. Екі параққа жазып алған сөзімді облыстың сол кездегі əкімі Бөрібай Жексембин бір қарап шықты да: «Тек қағазда жазылғанмен байланып қалма, салаға қатысты ойың, пікірің болса, ашық айт» деп, соңына: «Енді өз сөзіңізді айтыңыз», деп қаламмен жазып бер-

етеді. Малшы таяғын қолына ұстаған жан жыл он екі ай азынаған аязда, нөсерлеткен жаңбыр астында, шіл денің ми қайнатар ыстығында, аңызағы денені күйдіре шарпитын аптапта жүріп, тағдырыңның жазғанына мойынсұнып, əбден көндігуі қажет. Осы қиындыққа біздің жастар шыдамайды. Шынын айту керек, жан-жақтан сатып алатын болсақ, мал басын бір жылда 40 мыңға жеткізуге шамамыз əбден келеді. Бізді тежеп отырған нəрсе – малшылардың жетіспеуі. Тек малшы емес, шаруашылыққа механизатор да, мал мамандары да жетіспейді. Шаруашылықта жүргендердің көбі бұрынғы колхозда жұмыс істегендер, жас шамасы ұлғайып қалғандар. Əйтпесе, біз баяғы колхоздағыдай нормативпен жұмыс істейміз, жалақы уақтылы, асхана тегін. Құм ішінде отырған қойшыларға 15 үйді моншасымен салып бергенбіз. Барлық жағдай жасалған, бірақ неге екенін қайдам, жастар жоламайды... Бəлкім, бұл іске мемлекет тарапынан қозғау салу керек шығар. Əрине, біреудің ақшасын санағаннан құдай сақтасын, бірақ бүгінде адам, ең алдымен, жұмыстың жалақысын сұрайтыны рас. Осы шаруашылықта жылқы бағатын Олжас есімді жігітпен тілдестік. «Жалақы еткен еңбегіңе қарай төленеді. Ең кемі 150 мың теңге жалақы аламыз» деп, біздің сұрағымызға жылқышы жауапты қысқа қайырды. «Жылқыны мінсең – ат, ішсең – сүт, жесең – ет» деп жатады. Шаруашылық жылқы малынан қандай пайда көріп отыр? Əлде тек үйір-үйір жылқы бағып, соны базарға ет қылып сатып пұлдағанын ғана мақтаныш тұта ма? Жоқ, Сайрамбай қымыз мəселесін де қолға алыпты. Дəл қазір 250 бас жылқы байлап отыр. Əрине, қымыз өндірісін көтерудің астарында ауылдың мəселесі, қазақтың мəселесі тұрғаны айдан анық. «Қазақ жылқы

ген. Мінбеде қағазымды оқып жатып, төр жаққа қарап қоямын. Елбасы менен көз алмастан ықыласпен тыңдап отыр. Əрине, қатты қобалжып тұрмын. Содан баяндаманы зуылдатып шығып, соңында облыс əкімі жазған: «Енді өз сөзіңізді айтыңыз», дегенді де оқып жіберіппін. Нұрсұлтан Əбішұлы осыны байқап қалып: «Сонда бағанадан бері кімнің сөзін оқып тұрсың?» деп күліп жібергені... Елдің бəрі ду ете қалды. Сасқанымнан: «Нұреке, біздің Əулие ата жеріне сапарлап келгеніңізде ауылға қонақ болыңыз», дей бердім. Алла аузыма салған екен, сол жылдың 27 сəуірінде Жамбыл облысына арнайы іссапармен келген Елбасы Н.Назарбаев шаруашылығымды аралап, шаңырағымда қонақ болды. Астана төрінде өткен сол үлкен жиында Елбасы мені екі-үш мəрте орнымнан тұрғызып, кейбір мəселелерді талқылады. Əсіресе, Нұрекеңнің: «Осы ұстап отырған бағытың дұрыс, бірақ, тапқан ақшаңды жамбасыңа баса бермей, елге қарас. Елдің батасын алсаң жаман болмайсың, өсесің, өнесің», деген сөзі көкейімнен кетпейді. Тура осылай деп айтты. Шынында, Елбасының айтқаны айдай келді. Елге көмектесудің арқасында біз жұрттың сеніміне ие болдық, көптің алғысын, батасын алдық, шаруамыз алға басты. Осы күнге дейін мемлекеттен субсидия болмаса, ешқандай несие алмаппыз. Тек өз күшімізді, өз қаражатымызды жұмсап, өз еңбегімізбен жетілдік. Алдымен Аллаға, сосын Елбасымызға мың алғыс. Нұрсұлтан аға бізге үлкен аманат тапсырды, біз оған адалдық таныту үшін барымызды салдық. Осыдан кейін жыл сайын елдің игілігіне əлеуметтік бір нысан салып беру – басты мақсатымыздың біріне айналып кетті. Елбасымен екі-үш мəрте үлкен жиындарда кездесіп, тілдесудің сəті түсті. Əр кездесуден үлкен күш-қуат, ең бастысы, тың идеялар аламын. Жүзінен иманы төгілген Нұрсұлтан

ағамен əр жүздесуім мені қатты қанаттандырды. «Шəушен» шаруашылығы Жарлысу ауылынан шопандарға деп осы күнге дейін 35 үй тұрғызыпты. Əрқайсысының көлемі 100 шаршы метрді құрайды. Одан бөлек заманауи технологиямен жабдықталған диірмен, бір мезгілде 500 адам намаз оқитын мешіт, 300 адамға арналған асхана, медресе салды. Ауыл имамының жалақысын шаруашылық төлейді. – 2005 жылы кəсіпкерлігімізді кеңейту мақсатында Астанаға жол тартып, елорда маңынан жер алып, үлкен қасапхана салдық. Жалпы, біздің ісіміздің алға басуына белгілі азамат Серік Үмбетов ағамыздың көп көмегі тиді. Осы азамат қайда жүрсе де қамқорлығын аямады. Қазір жылына 1000 бас жылқы, 5000 бас қой бордақылаймыз. Өсірген малымыздың қызығын алыпсатар көрмей, қазанға дейін өзіміз түсіріп отырмыз. Мұның, əрине, бағаның төмен болуына да септігі мол. Басқа-басқа, малшының жағдайын, тұрмысын өзім жақсы түсінемін. Малшының баласы болғандықтан интернатта оқыдық. Интернат балаларды шыңдайды, ертерек есейтеді. Шаруашылыққа қарасты малшылардың баласы біреуге кіріптар болмасын деген ниетпен ауылдан интернат үйін салдық. Бұл құрылысқа бас-аяғы 150 млн. теңге жұмсалды. 40 орындық ғимараттың барлық жағдайы жасалған. Жиһаз-жабдық, көрпе-төсек, табаққасығына дейін алып бердік. Интернат маңынан 24 метрлік көпір салып, сол маңдағы төбелердің бəрін тегістедік, – дейді Сайрамбай Дөненбаев. Иə, бұдан бөлек биылғы жылдың Жеңіс мерекесі күні Сайрамбай Əліқұлұлы Жарлысу ауылынан 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары жəне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш ашты. Ескерткіш маңы аббат тандырылып, субұрқақ орнатылып, бұл іске бас-аяғы 50 миллион теңге жұмсалды. Елді жаппай ашаршылық жайлаған сол бір зұлмат жылдары осы төңіректегі ауылдардан небəрі 70-тей отбасы ғана аман қалған екен. Ал Ұлы Отан соғысы басталғанда Жарлысудан 200-ге жуық азамат майданға аттанып, соның 80ге жуығы ғана қайта оралыпты. Бұл ескерткіш сол марқұмдарға деген құрмет, сүйектері əр қиырда қалған сол боздақтарды бүгінгі жастар еске алып, осы ескерткішке келген сайын рухтарына құран бағыштап жүрсін деген ниетпен жасалғаны сөзсіз. «Шəушен» тек мал шаруашылығын ғана емес, жер өңдеуді де кəсіп етеді. Жыл сайын 1500 гектардан аса алқапқа дəн себеді. Өндіріске ғылыми жаңалықтарды енгізуде мамандарды арнайы оқу орындарына жіберіп, біліктіліктерін шыңдап отырады. Голландиялық жəне австриялық суландыру қондырғылары арқылы 450-

500 гектар егістікті шашыратып суару əдісін енгізуді жоспарлап жүр. Жақында ғана Т.Рысқұлов ауданында өткен айтыста: «Құланның қойларынан хал сұрасаң: «Қожамыз – Сайрамбай» деп маңырайды», деген жолдардың айтылуы «Шəушеннің» қорасы қойға, шарасы майға толған ең іргелі шаруашылықтың біріне айналғанын, Сайрамбай бастаған жігіттердің игілікті тірліктерін бір Жамбыл облысының жұрты ғана емес, бүкіл ел білетінін айғақтап тұрса керек. Ағайынды Қали, Сайрамбай жəне Мейрамбай Дөненбаевтардың елге жасап отырған жақсылықтарын, қайырымды істерін бұл жақтың адамдары аңыз қып айтады. Шынында, «Ауылына қарап азаматын таны» деген, бұл азаматтардың кіндік қаны тамған ақ басты Алатаудың етегінде жатқан Жарлысу бұл күнде төрт құбыласы сай, ең ажарлы, көрікті ауылдың бірі десе де болғандай. Əрине, ағайынды жігіттерді бірбірінен бөліп қарай алмайсың, бəрі еңбекқор, бəрі шаруаға бейімді. Бірақ, қалай қарасаң да үшеуінің ішінде Сайрамбай аға өз алдына бір төбе, əйгілі ертегідегі Ерназардың Төстігі сияқты ерекшеленіп тұратынын жасырып қайтеміз. Ағамыздың кеудесінде «Құрмет» ордені жəне бірнеше медаль жарқырайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың əл-ауқатқа жəне жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады», деген болатын. Ендеше, тынымсыз еңбегінің арқасында даңққа бөленген Сайрамбай Дөненбаевтың бүгінгі тірлігі əрбір қазақ баласына үлгі-өнеге болатыны сөзсіз.

Жамбыл облысы.

Тағы да Тайсойған туралы деуіміздің мынадай мəнісі бар. Тайсойған – Қызылқоға ауданының үштен бір бөлігін алып жатқан полигон болғанмен, Ресей Федерациясына жалға берілген. Парламент Сенатының депутаты Сəрсенбай Еңсегенов бұдан үш жыл бұрын, яғни, басылымның 2011 жылғы 24 маусымдағы санында «Үкімет назарына» айдарымен «Тайсойған полигоны: зардап пен азап» дейтін мақала жазуымызға себеп болған біраз деректі алға тартқан еді. Сол деректерді қысқартып айтар болсақ, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған ауылының полигон аумағында орналасқанындығынан тұрғындардың жеке иелігіндегі тұрғын үйлеріне меншік құқын білдіретін мемлекеттік акт құжатын алуы машақатқа айналыпты. Сонымен бірге, жерін пайдалануға меншік құқын тану құжатын ала алмай жүрген шаруа қожалығының иелері де бар. Полигон аумағына Индер ауданының Сарымайшағыл елді мекені де енгендіктен, осындағы тұрғындар да үйлерінің меншік құқы жөніндегі құжаттарын ресімдеуде қиындыққа кезіккен.

ТАЙСОЙЄАН ТАЄДЫРЫ

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Осыған ұқсас тағы бір деректі алға тартсақ, Атырау облысының Махамбет ауданында Ресей Федерациясының №85 ИП əскери бөлімі орналасыпты. Бірақ, əскери бөлім орналасқан жердің басым көпшілігі Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылының аумағына да кіреді. Əскери бөлімге берілген жердің бір бөлігі «Əсел» ЖШС-не тиесілі жер құрамына жəне кіреді. Аталған серіктестік жер телімінің кей бөлігін заңды жəне жеке тұлғаларға сатыпты. Ал өз кезегінде тиісті жерлеріне меншік құқын куəландыратын құжаттарды ресімдеген заңды жəне жеке тұлғалар өз жерлерін талап етсе, ресейлік əскери бөлім басшылығы полигон аумағына жататын жерлерді басқа адамдардың пайдалануына рұқсат беруден бас тартқан. Бұл – бір. Екіншіден, Тайсойған полигоны аумағында «Ембімұнайгаз» АҚ-тың Уəз, Қондыбай кен орындары да орналасқан. Сол себептен, бұл кен орындарын толыққанды игеру мүмкін болмай отыр. «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Əйіп Сұпығалиевтың айтуынша, Тайсойған полигоны аумағында мол көмірсутекті шикізат қоры анықталған 20-дан астам мұнай құрылымы бар. Осы құрылымдардағы тұздың үстіңгі қабатында аса мол мұнай қоры бар. Ал тұз асты қабатындағы мұнай қорын зерттеуге аталған мұнай құрылымдарының полигон аумағында болуы кедергі жасап отыр. Бұған қоса «МатинПетролеум» АҚ бас директорының орынбасары Ғабидолла Жақсының мəлім етуінше, ұңғымалардың 40 пайызы полигон аумағына кіреді. Бұл кəсіпорын да мұнай өндіру көлемін ұлғайта алмай отыр. Ауылдар тұрғындарының тұрғын үйлерін заңдастыруға, мұнайшылардың полигон аумағындағы кен орындарынан «қара алтынды» молынан өндіруіне Тайсойған полигонын жалға алған ресейлік əскери бөлімнің рұқсаты керек. Бірақ, ресейлік əскерилер еларалық келісімнің талабына сəйкес рұқсат бермейді. Өйткені, сенатор Сəрсенбай Еңсегеновтің мəлім еткеніндей, 1995 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан-Ресей арасында РФ Қорғаныс министрлігінің №929 мемлекеттік ұшу сынақ алаңын пайдалану тəртібін бекіткен келісімге қол қойылған. Арада 5 жыл өткенде, яғни, 2000 жылғы 5 шілдеде келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданған. Ал 2006 жылғы 4 сəуірде ҚР мен РФ арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылады. Соған сəйкес, бұрын келісімнің 4-бабында полигонға берілген мүлік пен жер учаскелері субарендаға берілмейді деп жазылған болса, соңынан енгізілген толықтырудан кейін мүлік пен жер учаскелері тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің заңды жəне жеке тұлғаларына субарендаға берілмейтіні нақтыланыпты. Тайсойған жəне Сарымайшағыл ауылдарының тұрғындары мен мұнай өндіруші кəсіпорындардың, шаруа қожалығын құрғысы келетіндердің осындай қиындыққа кезіккені туралы мəселенің көтерілгеніне үш жыл өтті. Бұл мəселені қайта көтеруіміздің себебіне тоқталсақ, содан бері аталған мəселе толыққанды шешімін таппай келеді. Дегенмен, жақында Тайсойған ауылының тұрғындарымен жəне мұнайшылармен кездескен сенатор Сəрсенбай Еңсегеновтің айтуына қарағанда, Үкімет тарапынан Тайсойған полигонының пайдаланылмай жатқан жерін қайтарып алуға қадам жасалыпты. Ресейлік əскерилермен келіссөз жүргізіп, еларалық келісімге өзгерістер енгізуді əзірлеу Қорғаныс министрлігіне жүктеліпті. Алайда, тек Қызылқоға ауданы тұрғындарының

əлеуметтік ахуалын жақсартуға ғана емес, сонымен бірге, ел экономикасының өркендеуіне оң ықпалын тигізер маңызды мəселені шешу қадамы баяу жүргізілуде. Ал еларалық келісімге сəйкес жалға берілген полигон мұнайшылар мен шаруагерлердің де, тіпті қос ауыл тұрғындарының да адымын аштырар емес. Алайда, Атырау қаласында орналасқан ресейлік əскери бөлім басшылары қуаттағандай, Тайсойған полигонының аумағы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі тарапынан толық пайдаланылып отырған жоқ. Сол себептен, ресейлік əскерилер полигонды жалға алушы тарап ретінде келісімді қайта қарауға, полигонның шекарасын 50км х 25 км=1250 шаршы км. аумақты ғана құрайтын көлемге дейін қысқартуға қарсы емес. Тайсойған полигонының ресейліктерге жалға берілген аумағын қысқартуды еларалық келісіммен заңдастырудың тездетілгенін мұнайшылар да, ауыл тұрғындары да күтіп отыр. Өйткені, бұл мəселе тезірек оң шешімін тапса, алдымен Қызылқоға ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына серпін берер еді. Олай дейтініміз, аудан басшыларының мəліметінше, полигонның кері қайтарылған аумағында 50 шаруа қожалығы мен ауыл шаруашылығы құрылымдарын құрып, 30 мыңдай қой, 10 мыңға жуық мүйізді ірі қара жəне 10 мыңдай жылқы өсірудің мүмкіндігі бар. Осынша түлік түрлері өсірілсе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2000 тонна ет, 1000 тонна сүт өнімдерін өндіруге қадам жасалады. Ал екіншіден,

отандық мұнайшылар полигон аумағындағы Солтүстік-Батыс Барлыбай, Шығыс Бажыр секілді 20-дан астам мұнай құрылымдарына бұрғы бойлатып, «қара алтын» селін үздіксіз тасытар еді. Жергілікті бюджетке түсер салық көлемі де ұлғайып, бірнеше жүз адам тұрақты жұмыспен қамтылары жəне даусыз. Арада өткен үш жылдан соң тағы да Тайсойған полигонының Ресейге жалға берілген аумағын қысқартудың, пайдаланылмай жатқан жерді қайтарып алудың əлеуметтік-экономикалық маңызын елдік мүдде тұрғысынан Үкіметтің назарына жəне бір рет салғанды жөн санадық. Өйткені, тұрғын үйлеріне меншік құқын заңдастыра алмаған тұрғындар да, полигон аумағындағы мол мұнайды ел игілігіне жаратуды көздеген мұнайшылар да «Біздің Үкімет ҚазақстанРесей үкіметаралық комиссиясының жұмысын жеделдетсе...» деген үкілі үмітін үзгісі келмейді. Атырау облысы. –––––––––––––––––––– Суретте сенатор Сəрсенбай Еңсегенов пен Қорғаныс министрлігінің жауапты қызметкерлері мұнайшылармен полигон аумағында қалған кеніштер жөнінде пікір алмасты. Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.


30 шілде 2014 жыл

Ж

асы келгенде адам өзін емес, өзінен кейін қалатын ұрпағын ойлайтын əдеті. «Мыналардың күйі не болады, ертең мен кеткеннен кейін?» дегендей. Сол сауал, əсіресе, көз алдыңда құлдыраңдап немерелерің жүрсе жиі мазалайды. Еңкейіп немереңнің төбесінен иіскейсің. Жаннат жұпарын жұтасың. Бір жапырақ періште қанат балапаның талпына береді. Ұядан ұшуға асығады. Қоғамға, қатарға қосылуға асығады. Ол қанненқаперсіз. Алдында не күтіп тұрғанынан, қандай қоғам күтіп тұрғанынан бейхабар. Тезірек шапқылап қайнаған өмір базарына қойып кеткісі келеді. Қайран, періште тазалық! Балалық шақ туралы «бақытты» дегенді жиі айтамыз. Шыннан да солай. Өмірдің қалған бөлігі жөнінде олай айта алмайсың. Өйткені өмір атты додаға түсесің. Ол додадан жұрттың бəрі жеңіспен шыға бермейді. Тіптен, жеңіспен шыққанның өзінде жаға жыртылмай, жүрек сыздамай шығу екіталай. Сонау елуінші жылдарда қалған балалық шақ жиі еске түседі. Асық ойнап, доп қуып өскен оншақты бала едік. Солардың бес-алтауы өмірден тым ерте өтті. Тіршілік додасына шыдамады. Əсіресе, Əділханның тағдыры ауыр болды. Домбыраның құлағында ойнайтын тұнық қара көзді тап-таза бала еді. Өсе келе араққа жақын болды. Ақыры жасы келгенде бала-шағасынан ажырап, үйсіз-күйсіз, өмірден жалғызбасты өтті. Біздер, балалар, ол кезде алдымызда не күтіп тұрғанын білмедік. Балалық шақ бақыты мəңгі жалғаса беретіндей көрдік. Үлкеюге асықтық. Сөйтсек, үлкейген сайын заманың сені аяққа салып илеуді де үлкейтеді екен. Балшықша илейді екен. Енді бір айналып қарағаныңда, тіптен сен өз-өзіңді танымай қаласың. Біз де біраз жылдардан кейін бірбірімізді танымай қалдық. Түрімізде баяғы балдəурен шақтың өзі тұрмақ ізі де жоқ. Мінеки, бізді илеген қоғам құдіреті, періште баладан пері жасап береді. Осыны білгендіктен де, осыны көргендіктен де ертең «қызығын» немерелерің көретін қоғам туралы толғанасың. Бізден кейін немерелеріңе қалатын қоғам туралы, оның күнгейі мен көлеңкесі туралы ойға батасың. Рас, ертең немерелерімізге қалатын бұл қоғамды біз кешегі коммунистік жүйеден еншіледік. Ол жүйе 70 жылдық эксперименттен кейін өзінөзі ақтамай күйреп тынды. Құрдымға кетті. Сол-ақ екен, постсоветтік елдер түгел айдарынан жел есіп тұрған капитализмге бет бұрды. Сол жолға түсті. Біз де сөйттік. Рас, Құдай қолдап тəуелсіздік туын көтеріп түстік. Алайда, біз үлгі еткен капитал қоғамы қандай еді?! Оның плюс-минусы қайсы?! Ол тұста оны талқылап, таразылап, талдап жатуға мүмкіндік болмады. Өйткені, бір нəрсе анық еді. Капитал əлемінің ақшасы да, экономикасы да, қаруы да, өмір сүру деңгейі де өзге елдерден анағұрлым артық болды. Оған тең келер балама болмады. Сол елдерге еліктеу, солардың соңынан еру, шама келсе сол елдердің қатарына қосылу постсоветтік жас тəуелсіз елдер үшін арман болды. Болып та келеді. Өйткені, еркін нарық экономикасына тең келерлік экономиканы өз тарихында адамзат əлі ойлап таппапты. Анау Америка, мынау Еуропа, шығыстағы Жапония, бұлар айдарынан жел есіп көз алдымызда айдындап тұрған үлгілер болды. Өзге үлгі іздеудің қажеті шамалы еді. Соларға жеткенше, сол деңгейге жеткенше көзді жұмып капиталистік жолмен тарта бер! Құдайға шүкір, тартып та келеміз. Əлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына да қосылдық. Осы қарқынмен тарта берсек, иншалла, дамыған 30 ел қатарына да қосылуымыз мүмкін. Ылайым солай болғай! Бірақ... Бір «бірақ» бар. Сол біз үлгі еткен, біз беттеп келе жатқан қоғам, шынында, қандай қоғам? Оның бүгінгі сиқы қандай? Сол қоғам, яғни, біздің алдымызда келе жатқан капитал көші қайда барады? Бізді қайда бастап барады? Мазалайтын осы сұрақтар. Ең алдымен еске алар жəйт, бұл жүйе, бүгінгі капиталистік жүйе соңғы төрт ғасыр бойы əлемді жаулап, əлемді тонаған империализмнің мұрагері. Прогрестің күшімен қаруланып, əділет, гуманизм принциптерін жиып қойып, адам қанын судай шашып, əлсіз елдерді тонаумен, отарлаумен айна лысқан қауым. Сол кезде бұл озбыршыл, қиянатшыл қауымның жолында бөгет болып бір кедергі тұрыпты. Ол Құдай болыпты. Əлсіз халықтарға араша сұраған Құдай ғана болыпты. Сондықтан, бұл қиянатшыл қауым Құдайды қас жауы санапты. Қиянат, қантөгіс, ашкөздік атаулыны айыптап санасында саңқылдап тұрған Раббының үнін өшіру керек болыпты. Нəтижесінде Құдайтағаламен Батыста үш ғасырға созылған күрес жүріпті. Ақыры, ХІХ ғасыр аяғында империализм идеологтары: «Құдай өлді!» деп жариялапты. Құдай орнына таққа əкеліп капиталды отырғызыпты. Сөйтіп, Батыс енді ашықтан-ашық капитал – құдайға табынатын болыпты. Жүгенсіз, ұждансыз, моральсыз байлыққа жол ашылыпты. Құдайсыз қоғам тағы да көп ұзамай «адам – адамға қасқыр» деп ұрандатыпты. Ол дегені: «капитал – күштілер қоғамы, əлсізді əлділер

А

АН М А З

«анасынан ақша уыстап туған» қоғам екені мəлім. Бұл жерде бір ескерту бар: Біз имандылық пен байлықты бірбіріне қарсы қойып отырған жоқпыз. Біз имандылықты имансыз байлыққа қарсы қойып отырмыз. Халқымыз «Атымтай жомарт» атап кеткен əйгілі жомарт тарихта болған Хаким Тай есімді бір араб патшасы екен. Жомарттығы мен əділдігінің арқасында аты мəңгі өшпес аңызға айналған. Қарап отырсақ, Атымтайдың атын мəңгі өшпес аңызға айналдырған үш феноменнің бірлігі екен: билік, байлық жəне қайырымдылық! Осы үш феномен бір адамның басында тоғысқан шақта адам таңғаларлық аңыз туыпты. Қараңыз: билік пен байлыққа қайырымдылық қосылған. Сөйтіп, Хаким Тай «Атымтай жомартқа» айналған. Ендеше, осынау: «Қайырымдылық қайдан?», деген сауал туады. «Иманнан» деген жауап естиміз. «Иə, қайырымдылық – иманнан».

екі бүктеп бір шайнайды» деген сөз. Соның дəлелі ретінде осынау Құдайсыз қоғам небəрі 30 жыл ішінде Жер бетін қасапханаға айналдырған дүниежүзілік екі соғыс өртін тұтатыпты. Осыдан кейін неміс философы Эрих Фромм: «Егер, ХІХ ғасырда Құдай өлсе, онда ХХ ғасырда адам өлді», деп мəлімдеуге мəжбүр болған. Үнді ғұламасы Хазрет Инаят Хан: «Əлем жаман дəуірден сорақы дəуірге бет алды», деп дабыл қаққан. Ағылшын тарихшысы Арнольд Тоинби бұл ғасырды: «Интеллект пен «ноу-хоу» саласында орасан зор табысқа жеткен адамзат рухани салада сəтсіздіктен сəтсіздікке ұшырады», деп бағалаған. Бұларға орыс философы Николай Бердяев қосылып, «Самопознание» кітабында: «Мир вступил в античеловеческую эпоху, характеризующуюся процессом дегуманизации», деп үн қосты. Бұл пікірлер – ХХ ғасырдың алғашқы

шалыс қадамды қайталамай, бізге өз жолымызды іздеуге мүмкіндік беріп отыр. Бақуатты болашаққа Қазақстан ешкімнің қателігін қайталамай, өз жолымен баруына əбден болады. Ол қандай жол? Ол – бір жағынан: əлемдік тəжірибеге сүйенген, екінші жағынан: өзінің ұлттық тəжірибесіне сүйенген жол. Яғни, сан ғасырлық сынақтан өткен екі тарихи тəжірибеге сүйенген жол. Дамыған елдерден қазақ қоғамы капитал жинауды үйренсе, өзінің далалық дəстүрінен иман жинауды үйренеді. Екі түрлі өркениеттің екі ұлы қасиетін Қазақстан өзінің қос қанаты етеді. Ондай қос қанатқа ие болған Қазақстан қоғамының адами сапасы да Батыстан басым түседі. Батыстың қателігі – иманынан жиға нын жоғары қойды. Қазақстан болса жиғанынан иманын жоғары қояды. Болашақ қазақ қоғамының Батыс тан басты айырмашылығы

ИМАНДЫ ЌОЄАМ ИДЕЯСЫ Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер Академиясының профессоры.

жартысындағы атеистік Батысқа берілген бағалар. Ал, ХХ ғасырдың екінші жартысына берілген бағалар болса төмендегідей. Сол қоғамның айтулы ойшылдарының бірі Хосе Ортега-иГассет: «Бүгінгі Еуропада жаңа варварлық басталды». /«Тобырлар толқуы»/. Маикл Фоли: «Бүгінгі капитал əлемі кез келген адам миллионер бола алады деп сендіреді. Шынында олай емес, пирамиданың төбесіндегі титтей орынға санаулылар ғана сияды». /«Абсурд ғасыр»/. Элвин Тоффлер: «Қазір көз алдымызда басталған дағдарыс – жалғыз ғана капитализм дағдарысы емес, жалпы индустриалды қоғам дағдарысы». /«Адам шошырлық болашақ»/. Фрэнсис Фукуяма: «Қазіргі капитализм өзі отырған моральдық бұтақты өзі шауып коллапсқа бара жатқан жоқ па?!». /«Ұлы құлдырау»/. Патрик Бьюкенен: «Капитал Құдайы тақтан Библия Құдайын тайдырды. Секс, атақ, ақша, билік – мінеки, бүгін гі Америка табынатын жаңа құдайлар осылар». /«Батыстың ажалы»/ Сергей Вальцев: «1999 жылы Канн кинофестивалінде ерекше бір рекордсмен туралы деректі фильм көрсетілді. Ол қатарынан 251 еркекті бұтының арасынан өткізіп əлемдік рекорд жасаған жезөкше болып шықты. 2005 жылы Венеция фестивалі бас бəйгені екі гомосексуалист ковбой туралы «Бүкір тау» фильміне берді. Өркениетті Батыстың 30 елінде бүгінде еркекке еркек, əйелге əйел үйлене беретін заң қабылданды. Голландияда осындай 50 мың «отбасы» тіркелген. Жəне олардың саны жыл сайын 3 мыңға өсіп келеді. Тек 2003 жылдың өзінде АҚШ-тың 28 штатында балаларды жыныстық қатынасқа тартқаны үшін 176 священник қызметтен қуылды. Ал қалған 18 штатта ондай қылмыс жасаған священниктер əлі жұмысында отыр. Ресей капитализмге аяқ басқан жылдар ішінде елдегі нашақорлар саны 12 есеге өсті». /«Адамзат зауалы»/, – дейді. Батыс эксперттерінің бүгінгі Батыс туралы бұл деректерін біз не үшін келтіріп отырмыз? «Көз жұмып Батысқа ере берер болсақ, түбінде барар жеріміз осы», дегенді білдіру үшін. Бірақ бұл жерде біз күллі Батыс өркениетіне сыпыра топырақ шашудан аулақпыз. Аталмыш азғындықтармен күресіп жатқан да Батыс бар. Бірақ бұл өркениетте, өкінішке қарай, періштеден сайтан басым түсіп тұр. Даусыз, соңғы бес- алты ғасырда адамзат көшін алға бастап келе жатқан Батыс өркениеті. Батыс интеллекті алған бұл биіктерден ешкім де бас тартқысы жоқ. Бас тартсақ, тек, Батыста басталған ұждандық, имани құндылықтардан ауытқулардан, азғын даулардан бас тартамыз. Сол арқылы жаһанданудың жаппай жойқын індетіне қарсы тұрамыз. «Қарсы тұрамыз дейсіз бе? Ондай күш қайда, əлемді жайпап келе жатқан топан суға қарсы?» «Ондай күш бар!» дейміз. «Утопия!» дейсіз. «Утопия емес» – дейміз. Ондай күш бар. Ол күш тамыры тереңде, дəстүрлі

мəдениетімізде жатыр. Сол мəдениеттің тілі мен діні – қос діңгегі. Ұлттықтың қос қанаты. Ұлтты аздырып, оны тек тасмаңдай тұтынушы деңгейіне түсіру үшін жалмауыз жаһандану, алдымен, ұлттың осынау қос қанатына балта шабады. Сонда ұлт – ұлт болудан қалады. Ұлттық иммунитеттен айырылады. Өзінікі дегендерді мансұқтап, өзгенікі дегенге еліктей береді. Өзге тіл, өзге дін деп жүріп тасмаңдай тобырға айналады. Əлемде бұл процесс жүріп жатыр. Жəне барған сайын шапшаңдап барады. Ай сайын əлем бойынша екі тілдің өлуі содан. Бұл өзгелер үшін қоңырау. «Бұл күн ертең сенің басыңа да туады!» деген ескерту. Ұлттық рухтың қос қанатының бірі – дін дедік. Соңғы 2 мың жылдықта Жер бетіне шашылып кеткен еврейлерді ұлт ретінде аман алып қалған осы дін екені еске түседі. Тіл мен дін – ұлттың соңғы қамалы. Осылар аман болса қамал алынбайды. Осылар аман болса ел мəңгілік. Кешегі коммунистік режим біздің мəңгілік ел болуымызды қаламады. Тілімізге, дінімізге балта шапты. Бүгінде, шүкір, экономикамыз қарыштап дамып келеді. Алайда, кешегі имансыз қоғамнан əлсіреп шыққан рухымыз туралы олай айта алмаймыз. Иманы əлсіреген адам имансыз қылықтарға бейім. Қылмысқа бейім. Бүгінде Дала тарихында құлақ естіп, көз көрмеген қылмыс түрлері шығып жатыр. Ұлы Дала тарихында ол қылмыстардың заты тұрмақ, аты да болмағаны белгілі. Бұларды санамалап жатпауға да болар еді, бірақ, «ауруын жасырған өледі» делінген. Ең дұрысы – ашық қылмысқа қарсы ашық күресу. Бұл – ұлт саулығының кепілі. Қылмыстың қандай түрі болмасын – ол, ең алдымен, қоғам шалдыққан кесел. Жарқын болашаққа бара жатқан жас Елге жараспайтын кеселдер. Ол кеселдерден айығу шарт. Арылу шарт. Ол қандай кеселдер? Олар мыналар: коррупция, мафия, рэкет, ақша үшін адам өлтіру, суицид, бала сату, гомосексуализм, педофильдік, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, өз қызын өзі зорлау..., т.т. Құрметті оқырман! Егер, сіз төл мəдениетіміздің өткенінен хабардар болсаңыз бұл індеттердің Дала мəдениетіне мүлдем жат дерттер екенін бірден сезесіз. Сізге оны дəлел деп жатудың қажеті шамалы. Бұл қылмыстардың атынан да, затынан да жателдік екені көрініп тұр. Сол тəрізді мұндай Даламызға соңғылықта енген жателдік кеселдер қатарына жаппай ажырасу, тастанды бала, тастанды кəрі, тірі жетімдік деген індеттерді де қосуға болады. Бұлар дəстүрлі қазақ қоғамында кездеспеген, ұлы Далаға соңғы жүзжылдықта сырттан кірген індеттер. Бұл жерде біз Ұлы Дала бастан кешкен кешегі феодалдық қоғамды идеализациялаудан, əсірелеуден аулақпыз. Ол қоғамның да өзіне жетерлік кемшіліктері болды. Бірақ, əңгіме – сол кемшіліктеріне қарамастан ол қоғамның бізден иманы артық болғаны анық. Жарықтық большевизм «ескілікке балта шабамыз» деп, сол мыңдаған жыл қалыптасқан, мезгіл сынынан өткен ұлы құндылық – ұлттық иманға балта шауыпты. Барды балталап имансыздыққа жол ашыпты. Одан кейін біздің пешенемізге жазылған капитал қоғамы болса, ол о бастан

Тағы да: «Капитал ненің қоғамы?» деп сұраңыз: «Байлық пен биліктің қоғамы», деген жауапты естисіз. Ендеше, осы арада бір нəрсенің басы ашылып анық болып қалды. Капитал қоғамына жетпейтін нəрсенің иман екені анықталып қалды. Егер, капитал қоғамы көзді тарс жұмып ақша жинаумен ғана айналыспай, сонымен қатар, иман жинаумен де айналысқан болса, онда ол қоғам жоғарыда біз санамалап өткен көптеген қатерлі дерттерден дін аман болады екен. «Дəлеліңіз?» дейсіз. Дəлеліміз – мыңжылдық Дала тарихы. Өткенімізге бір айналып көз жіберіңізші! Дала халқы өз тарихында полициясыз, прокурорсыз, түрмесізақ аталмыш дерттерге шалдықпай ғұмыр кеше біліпті. Сол Ұлы Даланың бүгінгі мұрагері Қазақстан, мінеки, 23 жыл бойы капитал қоғамын құрумен келеді. Нəтижесінде Қазақстан қоғамы да капитал қоғамына тəн: коррупция, мафия, рэкет, ақша үшін адам өлтіру, суицид, педофильдік, гомосексуализм, бала сату, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік тəрізді капитал қоғамына тəн кеселдерге шалдықты. Оған: жаппай ажырасу, тастанды бала, тастанды қарт, тірі жетімдік тəрізді дерттерді де қосыңыз. Бəрі капитал қоғамының классикалық дерттері. Капитал қоғамы бұл дерттермен көз ашқалы күресіп келеді. Бірақ емдей алмай келеді. Заң, полиция, түрмелерін қанша көбейтсе де, күшейтсе де бұл кеселдердің емін таба алмай келеді. Соны көріп отырған сол қоғам ойшылдарының жанайқайын жоғарыда естідіңіз. Бұл – құдайсыз қоғам құрған Батыс жанайқайы. Ол жанайқайлар – байлығы тасып жатса да Батыстың бақытты қоғам құра алмағанын көрсетеді. Бұл сəуегейлердің бəрі: «Батыстың күні батуға таяу», деп сарнайды. Ендеше, «Батыстың күні батуға таяу» болса, онда оның соңынан ерудің қажеті қанша?! Бақуатты болашаққа бару үшін тек сол Батыс салған сүрлеумен ғана жүру міндет пе?! «Жоқ. Міндет емес»», дейсіз. «Қазақстанның өз жолы болуы керек!» дейсіз. Дұрыс айтасыз. Біз де солай ойлаймыз. Жаңа тарих Қазақстан қоғамына тамаша мүмкіндік беріп отыр. Ұждан, иман саласында Батыс басқан

5

www.egemen.kz

да осында болмақ. Сонда, капитал əлемі шалдыққан жəне бүгінде біз де шалдыға бастаған көптеген дерттердің емі табылады. Ол емнің аты – иман. Иманды шенеунік полициядан емес, Құдайдан қорқады. Оның бақылаушысы – санасында. Сондықтан да ол арамға қол созбайды. Иманды отбасы иманды ұл-қыз тəрбиелейді. Иманды ұл мен қыз иманды отау құрады. Иманды отауда маскүнемдіктің, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың өзі тұрмақ ізі де болмайды. Иманды ұл мен қыз зинақорлықтан, арамнан бойын аулақ ұстайды. Сондықтан, ондай қоғамда некесіз туған бала, жаппай ажырасу, тірі жетімдік өзінен-өзі құрдымға кетеді. Иманды отбасынан шыққан ұл мен қыз иманды бизнеспен айналысып, мемлекетке иманды қызмет етеді. Ұйымдасқан қылмыс, мафия, ұрлыққарлықтың жолы кесіледі. Иманды тəрбие алған ұл мен қыз адам тұрмақ құмырсқаны да өлімге қимайды. Демек, қылмыстың ауыр түрлері күрт қысқарады. Азаматтар жан-жақты əлеуметтік қорғалған əділетті, қауіпсіз, демократиялы қоғамның қызығын көреді. Ондай қоғамда белі бүгілген атаана өлер алдында өзінен кейінгі ұрпағын ойлап сары уайымға салынбайды. Ақыретке тыныш аттанады. Иманды қоғам идеясы осы. Бұл идея қалай, қайдан, қашан туды десеңіз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Меккеге жасаған екінші қажылық сапарынан кейін туды. «Тамаша!» дедік. «Мемлекет Басшысы бет бұрған екен, енді иманға барлық шенеуніктер де бет бұрады!» дедік. Көз алдымызға иманға бет бұрған шенеуніктер армия сы келіп тізіліп тұра қалды. Сол қиялымызға сеніп: «Ұйымдасқан қылмыстың ініне су құйылатын болды!» дедік. Алайда, біз тым ерте мəз болған екенбіз. Арада жыл өтті, мінеки, «Мекке қайдасың?» деп қажылыққа бара жатқан шенеунік көрінбейді. Бірақ біз иманды қоғам жайлы тəтті қиялдан бас тартар емеспіз. Жақсылықтан үміт үзер емеспіз. Ыңғайы келген жерде: «Жалғыз ұйымдасқан қылмыс емес, қоғамымыз жаппай иманға бет бұрар болса, жоғарыдағы дерттердің бəрінен дерлік айығады!» деумен келеміз. Біраз

жұрт бізге осқырына қарайды. Бірақ, біз болар емеспіз: «Ең алдымен қазақты жеңген арақтан құтыламыз!» дейміз. «Əй, қайдам?!» деп бас шайқайсыз. «Басқаны қайдам: дəл арақтан құтылу қазаққа қиын болар!!» дейсіз. «Ішуден алғашқы 30-дыққа енген екенбіз, енді қайта айналып шығу қиын болар?!» дейсіз. Бірақ біз келіспейміз. Өйткені, иманға бет бұрған адамның арақты аузына алмайтынын білеміз. Арақтың жауы – иман. Өз кезегінде: иманның да жауы – арақ. Барлық пəле – арақтан. Қазақтың қара шаңырағын шайқалтқан осы əзəзіл. Арақ – барлық қылмыстың анасы. Айтпақшы, осы жастарымызды жаппай аздырып жатқан бұл əзəзілге қарсы неге ақпараттық шабуыл жоқ?! Бұл неғылған үнсіздік?! Бұл неғылған бейқамдық? Жас ұрпағымызды жалмап жатқан бұл жалмауызға қарсы неге жалпыхалықтық жорық жоқ? Арақ ішкен азар, Темекі тартқан тозар, Бəрінен де ерінбей Еңбек еткен озар. Деген тəрізді... Бұл əзəзілге қарсы жалпыұлттық ақпараттық жорық неге жоқ!? Осы тұста сіз: «Араққа қатты шүйліктіңіз-ау!» дейсіз. Жəне: «Оның себебі не?» дейсіз. «Себебі, арақ адамды санадан айырады. Санадан айырылған адам хайуаннан өткен мақұлыққа айналады» дейміз. Сана Жаратушының Адамға үрлеп енгізген өз рухы еді. Арақ арқылы біз сол рухтың үнін өшіреміз. Өшіреміз де не істеп, не қойғанымызды білмейтін мақұлыққа айналамыз. Адам қоғамын мақұлықтар қоғамына айналдырмаудың жалғыз жолы – сананы сау күйінде ұстау. Қоғамның жан саулығын сақтау. Оның иманнан басқа жолы жоқ. Иман жолы – бағзыдан тартылған бабалар жолы. Одан шалыс басқан адам да, одан шалыс басқан қоғам да оңып жарытпайды. Белшесінен бақытсыздыққа батады. Ең қиыны ол бақытсыздықтан адамды сырты жылтырақ, іші қалтырауық капитал қоғамының ағыл-тегіл байлығы да құтқара алмайды. Бүгінгі Батыс тəжірибесі – соның дəлелі. Ал, адамзат арманы болса қашаннан бақытты қоғам құру. Жер бетіндегі адам əрекетінің түп мақсаты сол. Бақытты қоғам құру. Адам баласы ертеңгі ұрпағына қалар бақытты қоғамды арман етеді. Біз де арман еттік. Бізден де бұрын арман еткен. Қасиетті Құран Кəрім: «Намаз жамандық пен бұзақылықтан тыяды» /«Анкабут» сүресі/. Əбунасыр əлФараби: «Тəн сияқты жанның да өзіне тəн денсаулығы жəне науқасы болады. Жан сау болса ізгі қылықтар көрсетеді. Игілікті істер істейді. Тамаша əрекеттер жасайды. Жан науқас болса жаман қылықтар көрсетеді.Азғындық істер істейді.Сорақы əрекеттер жасайды» /«Қайырымды қала»/. Имам Ғазали: «Ұлым менің! Достарың, мүлкің, атағың, ағайын-туыс, бала-шағаң сенімен қабірге дейін ғана жолдас болады. Қабірге жеткенде олардың бəрі кейін қалады. Тек иманың ғана сенімен бірге қабірге кіреді. Сонда сені жалғыз қалдырмай жаныңда болатын иман байлығын жи!» Арнольд Тоинби: «Адамзаттың бірінші кезекте айналысатын мəселесі түптің-түбінде дін болады» /«Тарихты тану»/. Софы Аллаяр: «Кісінің жүрегінде иман болмаса, бір үй толған жан болса да, бірбіріне дұшпан болады». Хазрет Инаят Хан: «Бағзыда өткен пайғамбарлар мен ұлы ұстаздардан бүгінге жеткен уағыздарға құлақ түрсек, солардың бəрі бізді Құдайдан қол үзбеуге шақырыпты». /«Софылар ілімі»/, – дейді. Құрметті оқырман! Біз кейбір түстік ел деріндегідей сіздерді өзге əлем нен оқшаулануға, яғни, ғылым мен технология жетістіктеріне көңіл бөлмей, тек дінмен ғана айналысатын тұйық қоғам құруға шақырып отырған жоқпыз. Əңгіме мүлдем басқаша. Əңгіме – заманауи дамыған елдердің ғылыми-технологиялық табыстарын ала отырып, рухани салада өзіміздің дəстүрлі діни мəдениетімізді қалыпқа келтіру туралы. Дінімізді қалыпқа келтіргенде де оны Қазақстанның бүгінгі зайырлы, бекзаттық болмысына сай қалыпқа келтіру туралы. Осы тұста сіз тағы да: «Ау, əрбір ауылда мешіт бар! Дініміз қалыпқа келіп қалды емес пе?!» дейсіз. Біз тағы да уəж айтамыз: «Сабыр етіңіз! Жоғарыда келтірілген қылмыстар деңгейі, имани болмысымыздың əлі де мүшкіл халін көрсетеді. Сондықтан, əңгіме – қоғамды сауықтыру жолында қылмыстың мұндай түрлерін кезінде оп-оңай құрықтаған ата-бабалар тəсіліне жүгіну туралы болып отыр. Ол тəсілдің аты – иман. Ендеше, əрбір адам иманға бет бұрса, күллі қоғам иманға бет бұрады. Ондай қоғам қылмыстардан, кеселді қылықтардан тазарады. Мұның бəрі айтуға оңай. Ал, іс жүзінде аса үлкен мемлекеттік саясат. Негізгі жүк отбасы, идеология, əдебиет, мəдениет, оқуағарту, бұқаралық ақпарат құралдары, телевидение, кино салаларына түсетін ұзақ мерзімдік ұлттық саясат. Рухани жаңғыру саясаты. Елбасы белгілеп берген Мəңгілік Ел атты киелі межені баянды ету саясаты. АЛМАТЫ.


6

30 шілде

ІК БЕС

www.egemen.kz

ТАЛ

2014 жыл  Өмір жəне өлең Өмір КƏРІПҰЛЫ – ауыл жыршысы. Өмір бойы елде тұрып келеді. Мамандығы – ұстаздық, шығармашылықты өлеңнен бастаған. Проза жанрында еңбектеніп, екі роман, ондаған хикаят, əңгімелер жазды. Оншақты кітаптың авторы. Жетпістен асса да қаламында желіс бар. Газет оқырмандарына қарт қаламгердің бір топ өлеңін ұсынғанды жөн көрдік.

Гїлдер əлемі Оразақын АСҚАР, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

Гүл – өсімдіктің өлеңі, Өлең – сөздің гүлі. Гүл – табиғаттың өсімдік атты тамаша туындысының көз тартып, көңіл қуантып, жан жадыратар жайдары жастық шағы. Гүл – жаратылыстың əсем сəні шалқыған, иісі жұпар аңқыған, сымбатты сұлу қыз дəурені. Күзде жеміс беруден үміт ететін күллі жаратылыс атаулы көктемде гүлдей білуі де қажет. Жаз жайлаудың жазиралы жазығында жайқалған, сан алуан сансыз гүлдерді көргенде қасымдағы ұлыммен арамызда мынадай əңгіме өрбіді: – О, һо! Мына гүлдердің кереметін-ай! Көке, бұл гүлдер де бізге ұқсап бұл жерге қаладан келген бе? – Жоқ, балам, қайта қалаға осы таудан, даладан барған. – Қалаға гүлдерді адамдар егеді. Ал, мына көбінесе елсіз жататын иен далаға гүлдерді осынша көп етіп кім еккен?! – Бұл жерге гүлдерді бұлтсыз ашық айлы түнде, сызылтып əн салып, бұралып билеп жүріп, ақ желеңді періштелер егеді екен. – Біразын үзіп алуыма бола ма? – Өзгелерін таптамай, ептеп жүріп, əр түрінен бір-бірден ал. Ұлым қуана құлшынып, гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген түрлі-түсті көбелектермен бірге гүл теңізіне, ертегіге енгендей еркін жүзді де кетті. Ертеде көшпенді арғы ата-бабаларымыз сол тамылжыған табиғаттың тікелей өз құшағында, алуан гүлдің арасында өмір кешкен. Сонда гүлдердің əрқайсысына өз ерекшеліктеріне қарай ат қойып, айдар таға да білген. Сүйкімді, сұлу қыздарын гүлге ұқсатып, гүл аттарын қыздарына да есім ғып қойған. Есте жоқ ерте кезде халқымыз Сарайшық, Сауран, Сығанақ, Сайрам, Баласағұн, Яссы, Шығу, Алмалық, Отырар сияқты қалалар салып, отырықты дəурен сүргенде баяғы көшпенді кездегі жабайы гүлдерді баубақшаларына отырғызып, будандастырып, жаңа гүл түрлерін де шығарып, оларға да лайықты аттар қойған. Ендігі бір аумалы-төкпелі замандарда дамыған елдердің дайынына ие болғысы келетін басқыншылардың жан-жақтан үздіксіз жасаған, жүздеген жылдарға созылған шапқыншылығына еріксіз тап болады. Оларды бір тойтарып, бір шегініп жүріп, қалалары күйреп, сүлдерін сүйреп, шұбырындыға ұрынады. Сөйтіп, тау-тасты паналап, қайтадан көшпенділікке еріксіз иек сүйеуге мəжбүр болған. Ел болып, жұрт болып көшпенділіктің өзін көркейтіп, кең-байтақ жерде, сай-салада төрт түлігін түлетіп өсіріп, ынтымақ, берекебірліктің, шексіз еркіндіктің арқасында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт күн кешіп жатқан елді басқыншы жау тағы да тыныш қоймай бірінен-бірі бұрынырақ жаулап алуға тырысып, ақыры бодан етті. Тəуелді болып еркінен, мал-мүлкі тəркіленіп, күн көрісінен айырылған ел Кеңес өкіметі тұсында амалсыз колхоз, совхозға ұйымдасып отырықшыға айналды. Орыс тілін білмесе өмір сүре алмастай орта қалыптастырылды. Өз тілін ұмытуға бой ұрғандар гүлдің аттарын да орыс тілінде атауға көшті. Соның нəтижесінде роза гүлінің қазақша аты раушан, гвоздиканың қалампыр екенін мүлде ұмытты. Бұрынғы əдет бойынша қыздарына кейде Раушан, Қалампыр деп ат қойса да, оның қазақша гүл аттары екенінен хабарсыз болды. Сондай мүлде ұмытудың ертеректегі бірекі мысалын келтірейік. «Алпамыс батыр»

жырынан көпшілігіміздің дерегіміз бар. Алпамыстың сүйген жарының Гүлбаршын екенін де білеміз. Бұл жыр VІІ ғасырдағы Қорқытата шығармаларында кездеседі. Демек, бабаларымыз сол кездің өзінде-ақ қыздарына гүлдің атын қойған екен. Гүлбаршын атының түбірі гүл. Ендеше, баршын деген атау сол гүлдің аты ғой. Баршын деген гүлдің қай гүл екенін кім біледі? Иə, қазіргілердің көбі білмейтіні анық. Ал, бұдан 1300 жыл бұрын ата-бабаларымыз оның гладиолус гүлі екенін білген. Сол сияқты Шыңғысханның қазақ əйелінің аты Бөрте. Бұл атау заттың түсін білдіреді, яғни сын есім. Бұл аттың толық түрі Бөртегүл болуы əбден мүмкін. Бұл да бір қазір ұмытылған гүлдің аты шығар. Түсі көбінше бөрте болып келетін сирень гүлін осылай атасақ па деген ұсынысымыз бар. Тіпті, кейбір гүлдердің аттарын орыстар бұрын бізден алғандығы жай көздің өзіне-ақ көрініп тұр. Мəселен, канатниктің қанатгүл, бархатцы гүлінің барқытгүл екенін дəлелдеп жатудың қажеті болмас. Сол сияқты бір нəрсеге ұқсатып өздерінше ат қойған колокольчик гүлін қоңыраугүл, печерицаны үңгіргүл деп өз тілімізге аударып қолдансақ кім қой дейді?! Көктемде қар кетер-кетпесте шығатын гүлдерді біз қазір бір-екі атпен жауқазын немесе бəйшешек деп атап жүрміз. Бұлардың осы айтылғандардан басқа қарғалдақ, аязгүл, сəуіргүл, наурызгүл, қызғалдақ, сарғалдақ, мамыргүл, т.б. түрлері бар. Бұлардың осындай жеке аттарға ие болуы өз ерекшеліктеріне, өмірлерінің ұзын-қысқалығына байланысты. «Жауқазын (крокус) көктемде ерте шыққанымен, сонау күздің ортасы қазан айына дейін гүлдейді. Осы бір ғана гүлдің 21 түрі бар», – дейді гүл маманы ғалым Д.Г.Хессайон «Бəрі де гүл туралы» атты кітабында. (Мəскеу, 2004). Абайдың 1897 жылы жазған өлеңінің жоғарыдағы ғылыми анықтамаға дəлме-дəл келетіндігіне қалай таңғалмасқа. Қане, оқып көрейік: «Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын, Қайдан білсін өмірдің көбін-азын. Бəйтеректі күндейді жетемін деп, Жылы күнге мас болып көрсе жазын. Күз келген соң тамырын үсік шалып, Бетегеге жете алмай болар жазым». Көктемде қылтиып шығып, жаздан еркін өтіп, күзге жетіп, тамырын үсік шалған соң ғана амалсыз жазым болады екен. Демек қарды түртіп шығып, бірер апта ғана өмір сүретін ақшыл гүлді жауқазын деуімізге тіпті болмайды, Абайдан ұят. Бəйшешек дейміз бе? Олай дейін десек тағы да Абай «Жаз» атты өлеңінде: «Жазды күн шілде болғанда, Көкорай шалғын бəйшешек Ұзарып өсіп толғанда» – деген жолдар бар. Байыптап қарасақ, Абай гүлдің бір ғана түрін емес, көктемнен бастап өсіп «жаздың шілде айында толатын» күзге дейін болатын, барлық гүл атаулыны топтап бір-ақ айтып тұрған сияқты. Көктемде бірінші болып қар астынан шығып, санаулы күн ғана өмір сүретін гүлді орыстар подснежник дейді. Біз қарғалдақ десек үйлесіп-ақ тұр. Ойдан шығарған жоқпыз. Төркіні қызғалдақ, сарғалдақ деген гүлдердің атында жатыр. «Ғалдақ» сөзі гүл деген мағынаны беретін ескі атау. Бағзы заманда қазақ даласын аралаған Еуропа саяхатшылары ұрығын ала барған қызғалдақ гүлі Нидерланды корольдігінің ұлттық экономикасының шарықтап өсуіне игі əсерін тигізген. Осыдан кейін бұл қызғалдақ гүлінің қайдан шыққаны зерттеле бастағанда, алғашында парсылардан ХІ, түріктерден ХІІІ ғасырға жататын жазба деректер табылып, бұл гүлдің отаны сол елдер делініп, жаңсақ аталып келді. Қазақстан дербестікке ие болғаннан кейін ғана жеке елдермен еркін

қарым-қатынасы жиілеп, гүлдің əр түрі, сонымен бірге, қызғалдақ та атам заманнан бері қазақ даласында өсетіндігіне зерттеушілердің өз көздері жетті. Оның үстіне археологиялық қазбаларда Қазақстан жеріндегі Теңдік қорғанынан табылған алтын бұйымдардағы қызғалдақ бейнелері, тіпті, біздің эрамызға дейінгі ІІ-ІІІ ғасырға жататындығы анықталып, қызғалдақтың отаны Қазақстан екені даусыз шындыққа айналды. Сөйтіп, Ə.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік өнер музейі, Қазақстан Республикасындағы Нидерланды корольдігінің елшісі, Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының елшілігі бірлесіп ұйымдастырған «Адам жəне қызғалдақ» халықаралық фестивалі 2001 жылы Алматыда өтіп, қызғалдақтың отаны Қазақстан екені ресми түрде расталды. Бұл жайында Қазақстанға жасаған ресми сапарында Нидерланды Ханшайымы Беатрикс ханым біздің Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевпен сұхбатында былай деген еді: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ, Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін əкелді. Қазақстанның даласы мен тауларында жайқалып өсетін бұл гүл біздегі саудада ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі нидерландылықтарға барынша танылған экспорттық тауар ретінде бағаланады. Ол біздің ұлттық символымыз іспетті. Қызғалдақ – ең үлкен сыйлық. Сол үшін біз сіздің елге қарыздармыз. Қызғалдақ екі мемлекеттің арасындағы қатынастарды гүлдендіретін дəнекер ретінде жайнап өсе берсін!» («Қос елді қауыштырған қызғалдақ». «Егемен Қазақстан», 3 желтоқсан, 2002). Қызғалдақ туралы ІІ фестиваль 2008 жылы Алматыдағы Гөзəл Құлжабаева шығаратын гүл жайындағы бірден бір журнал «Гүлстанның» ұйымдастыруымен өтті. Биылғы ІІІ фестиваль «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» деп аталып өрісін кеңейте түсті. Қазақстанда ежелден қызғалдақтардың 35 түрі жабайы өседі. Кезінде Қазақстаннан гүлдің ұрығын тегін алған Нидерланды бастаған шетелдіктер бұл гүлді будандастыру арқылы 300 түрге жеткізді. Қазір өз гүлдерімізді өзіміз шетелден қымбат бағаға сатып алудамыз. Адам өмірінің қуаныш-сүйініштеріне, тіпті, күйініштеріне де гүлдің араласпайтын кездері жоқ. Сенің туылуың, шілдеханаң, əрбір туған күнің, тұсаукесерің, сүндет тойың, мектепке баруың, үйленуің, т.б. бəрі-бəрі гүлге бөленумен болады. Күнəсіз пенделердің бақида рухы рахатқа кенелер пейіш, жұмақ, жəннат деп аталатын құтты орындар тек алуан түсті хош иісті гүлмен тұнып тұратындығы діни кітаптардан аян. Ендеше, осы фəни дүниемізді де неге гүлмен безендіріп жұмаққа жуықтатпасқа. Аула, бау-бақшаларыңызға гүл егіңіздер! Бір-біріңізге гүл сыйлаңыздар! Гүлдей жайнап жарастықты өмір сүріңіздер! Ең бастысы, гүлдердің қазақша атын біліп, тілдеріңізді байытыңыздар! Мəселен: еңлік, шұғынық, қарғалдақ, қызғалдақ, қырмызы, шашыратқы, қалампыр, көкемарал, баршынгүл, бөртегүл, тұңғиық, ақшешек, қазтамақ, лəйлі, қоңыраугүл, сырғагүл, үлпет, сорғыш, шыртылдақ, көбелекгүл, ақшамгүл т. б. Осы жолдардың иесі 400-ге тарта гүлдердің қазақша атын анықтады. Гүл аттарының саны бұнымен ғана шектелмек емес. Гүлдердің əрқайсысына, ерекшелік қасиеттеріне қарай өлең арнап, гүл туралы аңыздарды жинап, əр гүлдің тарихына тоқталып, «Гүлдер əлемі» атты кітап дайындады. Баспалардың бірінен жарық көріп қалар. АЛМАТЫ.

Мезгіл əуендері САРЫМСАҚТЫ САЙ

ШӨМІШ

Топ-толық боп томпиып сайда өседі, Сайда өспесе сарымсақ қайда өседі. Шабындықты аңғардың табаны бүк, Кешқұрымғы қоңыр жел майда еседі. Тəбет ашар қышқылтым емге дəру, Сарымсақтан дəметіп келген ару. Елең етіп сай жаққа қарай қалды, Қыз бейбаққа оңай ма сөзге қалу. Желе жортып ентелеп келді жігіт, Шыдас бермес мұндайда тең құрбылық. Əлі жасаң сарымсақ, қыз да балаң, Күзге шейін сəл шыда мерзімді күт. Дегендей-ақ алда тұр тойлар əлі, Құйындайын үйіріп айналаны. Желік құмар желемік мейлі біліп, Ақ балтырын арудың аймалады. Жасаң əлі сарымсақ піспегені-ай, Обал-ақ қой, басарсың тіске қалай. Жігіт сəтте құрбысын аяп кетті, Жолығысар күн туар əлі талай. Сасқаны ма бойжеткен күле берді, Бір жасырын оянып тілегі енді. Тəңір сыйын қалайша тəрік қылсын, Бозбаланың бұлқынды жүрегі енді. Күле берді, құрғыр қыз күле берді, Жігіт бастап кетердей бір өнерді. ...Қатар жүрген кешегі қимастарға Бəсірелеп ұсындым бұл өлеңді.

Үй ішінде дау шығып болмашыдан, Асып түскен өзендей арнасынан. Сабасына түсе алмай ашулы ана, Қысастықпен бел шешпей таңды атырған. Көз ілмей неден сонша бүлінді екен? Сыртқа жайып іштегі сырын бекем. Момақансып жүретін келіні оның, Сумаң қол, сумақайлау жырынды екен. Келіннің көзжұмбайға басқаны анық, Жіберіпті шөмішті отқа жағып. Қайтесіз деп баласы басу айтты, Қалқашты ренжітпе босқа налып. – Дегенім бекер екен жайсаңым ба, Ырысын шөміш оның шайқады ма, Ескіге есі кеткен өш келеді, Одан да ұқтыр соны сайқалыңа. Деп ана шылбырдайын ширатылды, Сендерсіз де сақтаймын бір басымды, Бөлек кет осы бастан жөніңді тап, Үйден шық қолтықта да қимасыңды. Байғұс ана жұқарды көзі жасты, Келіннің білместігі жанға батты. Қашанда жаңа ескіні ығыстырған, Шөміштің темір ожау орнын басты.

ҚАМШЫ

Ауыл отыр Ақсудың сағасында, Мал осында, адам да бəрі осында. Кешке қарай отарды қайырмалау, Міндет еді қойшының баласына. Əр нені ойлап жас бала қиялдайтын, Əдеті оның ойланбай жүре алмайтын. Аңсақ көңіл тазыдай елеңдейтін, Тəтті қиял түлкідей бұлаңдайтын. Ұйқастырып өлеңмен бірдеңені, Əлсін-əлсін көкейге жыр келеді. Сөйтіп жүріп қамшысын түсіріп ап, Таппай қойды шарқ ұра іздеп еді. Аяулы еді қамшы да бір қаралық, Жазықты боп бала тұр құнға қалып. Бейғамдығын ынжықтың кешіре алмай, Əке сұспен ұлына тұрды аларып. Ара түсіп шешесі баласына, Қиқар шалды түсірді сабасына. – Ердің құны емес қой сол бір қамшы, Менің ұлым сондайлық санасыз ба? – Араласпа бəйбіше, бұл егеске, деді əке, – үміт күтер ұл емес пе. Əлден босаң бос белбеу бұл шірігің, Құр қол қалған жігітке мін емес пе? – Тыңда балам, – деді əке тебіреніп, Салмақ сала шымырлап сөзіне нық. – Айбары бұл қазақтың қамшы деген. Ұғып алғын тұрғанда кезі келіп, Қол қаруың болмаса атың да əлі. Ұзақ жолда құтыңды қашырады.

ЖЕҢГЕ

Жеңешем қоймай-қоймай жылайды кеп, Балаша көзін жаспен бұлайды кеп. Бір медет күтетіндей қайнысынан, Шатақтың түп себебін сұрайды деп. Қайнысы мəз-мейрам боп күліп отыр, Күнəсін жеңгесінің біліп отыр. Жайлауға мал дəрігер келіп кеткен, Содан да ұрыс-керіс шығып отыр. Дəрігер ақсақ-тоқсақ қой емдейді, Ол шіркін мал емдемей нені емдейді? Қолғабыс дəрігерге көрсетем деп, Жеңгеміз əрлі-берлі көлбеңдейді. Қой баққан ағай біздің қырағы еді, Қырағылық – серігі, сыңары еді. Дүрбімен ауыл жақты шолған кезде, Қос бейне ереуілдеп шыға келді. Дəрігер дейді жеңгем мал емдеді, Мал емдеген емес қой бала ермегі. Ағай сонда қырланып мырс етті бір, – Мал емес ол пəлекет сені емдеді. Жеңгемнің ақша жүзі күреңітті, (Арты қайыр жақсылық тілелікші). Алдына күйеуінің тастай берді, Қолынан ағытып ап білезікті. – Бұл білезік енемнен қалған еді, Ырымдап білегіме салған еді. Ақ жолдан жазатайым бұрыс кетсем, Киесі атсын білезіктің онда мені. Сенбісің деді сосын сенер қайным, Енді ағаңның зіліне көне алмаймын. Түнгі тоқпақ жетпей ме бір басыма, Күндізгі жаласына төзе алмаймын. Ағай күліп жіберді, мен де күлдім, Екі жаққа бірдей боп тең бөліндім. Қазан қайнап əп-сəтте тамақ пісіп, Ықыласына кенелдім жеңгеміздің

ƏКЕ ҚҰРДАСЫНЫҢ ƏЗІЛІ

Қамшы ұстамай жүретін жігерсізді, Қойнындағы қатын да басынады. Бойға қуат қамшымен сес келеді, Саңлақтанып санаға ес келеді. Шəуілдектің қарадай құты қашып, Көре алмастар қайбартып сескенеді. Қамшың барда жігіт жоқ сенен асқан, Жолбасар да қаймығып белең асқан. Қамшы ұстаған адамның құдайы жақ, Азғырынды шайтан да безе қашқан. Атқа мінген жігіттің нарқы қандай, Қолындағы шырғай сап қамшы қандай. Сұлу өрім қамшыға көзі түсіп, Қыз дидары болады-ау балқығандай. Осылай деп қара шал шалқыды бір, Еске түсіп жастық шақ жарқын ғұмыр. ...Дегені естен кетпес сол əкенің, Қадірін біл қамшының, салтыңды біл.

Жұмсады шешем ұстаға, Кездік соғып берсін деп. Ұнады маған бұл шара, Жетіп-ақ бардым елпілдеп. Көзінің еті қызарып, Қалыңдап алған қабағы. Сұстанып ұста қырланып, Алара маған қарады. – Шешеңе, – деді сол керек, Тап болған өтпес кездікке. Əкеңнен тартып алар ем, Айта бар өзі мендік пе? Дуылдап кетті бет-жүзім, Қызғаныш шарпып ішімді. Əкеме сəтте жеткіздім, Дегендей көрсет күшіңді. – Ұста ол, – деді адал жан, Қалжың сөзге шеп-шебер. Қалмайды түк те бағаңнан, Сұйылып сөзің кетсе егер. Ұзартар адам əзілмен, Жалғанды мына бес күндік. Кездіктен бұрын жігітке, Өткірлік керек, өткірлік. Кездіктей кейде мұқалып, Жігерім жасып торықсам. «Уһілеген» көріктің, Сарыны жетер алыстан. Қарағанды облысы, Ақадыр кенті.


30 шілде 2014 жыл Өнер сүйген кісіні жан рахатына бөлейтін, мейіріңді қандырып, көңіліңді сергітетін «Бір кезде Ақан едім аспандағы» деп аталатын ғажап кітап шықты жақында. Авторы – қазақтың көрнекті қаламгері əрі сүйікті композиторы Илья Жақанов.

ƏЛҚИССА Серегелдеңге салғандай азапты, лəззатты, шытырман оқиғаға толы осы бір дерек ті хикаятты оқып отырып Ақан серімен бірге тозақтың отына түскендей, бірге жұмақтың бағын кешкендей, бірге ғажайып ертегінің ішінде жүргендей боласың. Бастан-аяқ сиқыршыдай арбайды да отырады. Бүгінде елде кітап аз шығып жатқан жоқ, бірақ оның бəрі оқыла бермейді. Қазақ мəдениеті тарихының айрықша саласын құрайтын сал-серілер, олардың ешкімге ұқсамайтын өмір салты, өнері, салтанаты – біздің таңдай қағып тамсана беретін кенішіміз, ұлттық байлық қазынамыз. Өкініші – қазақ топырағындағы осы бір асыл өнердің табиғаты толық ашылмай келеді. Кейбір кісілердің тиіп-қашып жазғаны болмаса, сал-серілер өмірін академик Əлкей Марғұланға дейін арнайы зерттеген ғалым кездеспейді. «Күйді ерттеп, əнді мінген кемеңгерлер» дейтін еңбегінде Əлекең қазақтың сал-серілік өнерінің тарихына, табиғатына, ерекшелігіне кең талдау жасайды: «Сал мен сері – екеуі екі алуан, екі дəстүр өрнектері, өте ескі дəуірден сақталып, халықтың тіршілігіне көп жаңалық кіргізіп, əдебиетке, ой-санаға игі əсер еткен қазақ мəдениетінің бір жарқын белгілері. Сал-серілер қазақ тіршілігінде ерекше жаралған, дарындылық дарыған, ақындық, шешендік, күйшілік сүйегіне біткен; махаббатқа бас иген, бүкіл өмірін сұлу қыз іздеуге арнаған, мал-мүлкін аямай соның жолына құрбан еткен; ерекше киінген, жүйрік мініп, сұңқар ұшырған ерекше жандар, өмірі аңызға айналған адамдар. Сондықтан олар ел ішінде сыйлы болған» дей келе, Түрік қағанаты, Қыпшақ заманы, Қазақ хандығы дəуірінен бергі жердегі сал-серілерге тоқталады. Шынында да сал-серілер – тұла бойы тұнып тұрған махаббат; бір жанып, бір тұтанған, өле-өлгенше еш сөнбеген махаббаттың оты мен дертінен жаралған, ғашықтық үшін жаралған адамдар. Өзге жұртта көп кездесе бермейтін; мінген аты, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнері де, өмірі де ешкімге ұқсамайтын; махаббаттың отына өртенген, дертіне шалдыққан; ғашықтықтың азабы мен тозағын тартқандар; салдықтың салтанатын құрып, серіліктің сергелдеңіне түскен; қоғамынан, өмір сүрген ортасынан қорғаныш таппай, баяны, тұрлауы жоқ, бейопа ғұмыр кешкен; сұқтың көзіне, елдің қаңқу сөзіне ұшырай беретін; үнемі сұлу құшқан, қыз біткенді өзіне ынтық қылған ақын, əнші, композитор, аңшы əрі құсбегі; ортаның сəні, ұлы даланың өмір салтын қалыптастырған, Алла ерекше сұлу ғып жаратқан ғажайып құбылыс. Ел жақсылары оларды еркелеткен, үкілеп ат мінгізіп, төріне шығарған; төрелеп төбесіне тұтқан, аялап алақанына салған, аяғын жерге тигізбеген. Салдық та, серілік те қонған, сүйекке біткен. Сал мен серіні халық шатастырмаған, екеуінің екі түрлі құдірет екенін жақсы білген. Серіні – сері, салды сал деп атаған. Мəселен, Біржан сал, Дəурен сал немесе Ақан сері, Сегіз сері дейтіні содан. Біржанды – сері, Ақанды – сал деп айтпаған. Өнеріміздегі осы бір ғажайып құбылысты, ерекше өнерді қырық жылдан бері ерінбей-жалықпай, жан-жақты, терең зерттеп келе жатқан, сал-серілердің жарқын бейнесін атқан таңдай жарқыратып аша бастаған кісі – Илья Жақанов. Сал-серілер өнеріне, олардың өмір тіршілігіне, сəнсалтанатына, асыл мұрасына, тағдырына, ұлт тарихындағы құбылыс ретінде ерекше мəн беріп, арнайы терең зерттеген Ильядай зерттеуші болған жоқ. Ильяның көптен бері айызымызды қандырып, тамылжытып жазып келе жатқан эсселері, ертегідей етіп жүргізген талай теле-радио хабарлары көпшіліктің жадында. Автор шығармашылығының ең биік белесі де, айтулы табысы да «Фолиант» баспасынан таяуда ғана жарық көрген «Бір кезде Ақан едім аспандағы» деп аталатын хикаяты. Хикаятта Ақан сері Қорамса ұлындай ел еркесінің шырмауықтай шырмалған, төрт аяқтан күрмелген өмірінің ертегіге бергісіз шындығы; сүйініші-күйініші, ғажап пен азапқа, лəззат пен тозаққа толы таңғажайып тауқыметті тағдыры; қасіретті, шиеленісті ғұмыры əсерлі əрі нанымды баяндалады; бұланадай биік тұлғасы шебер сомдалады. Ұлт тарихындағы қазақ сал-серілерінің өмір тарихы құштарлықпен, ыждағаттылықпен талданады; бұрын белгісіз болып келген көптеген жаңалықтармен, деректі, дəлелді айғақтармен, парасатты пайымдармен зерделенеді. Құлагерді өлтірген Батыраш емес, Барақбай екендігіне мүлтіксіз дəйектер табады; Барақбайдай, Жүсіп төредей, Бегалыдай қызғаншақтардың іс-əрекеті əшкереленеді; осы күнге дейін жұрттың жадында жағымсыз образ болып қалыптасып қалған Жанбота болыстың, Жалмұқанның, Хазірет Науан ның қоғамдағы орны, өмірдегі жарқын бей несі қалпына келеді. Ақан серінің Құлагерден басқа да Қоңырат (Салқоңыр), Көкбесті, Қарабедеу, Біржан сал мінгізген Ақбоз секілді тұлпарлары болғанының шындығына; Ақан серінің ақын жүрегіне от қойып, дертіне айналған қос Бəтима, Үш тоты (Ұрқия, Үрімі, Жəмила), Ақшабақ, Жамал, Ақтоқты мен Балқадиша жайындағы ғажайып баянға қанығамыз. Түптеп кел генде мұның бəрі қазақ ара сында аңыз боп аты қалған Ақан серінің, оның «Əуеде ұшып жүрген бейнебір ғайып», «Баспа-бас қызға бермес» Құлагерінің, баянсыз махаббатының, бүкіл өмірінің осы күнге дейін беймəлім болып келген аса құнды дерегі, тарихы еді. Жүйелі зерттеу, ойлау, жазу мəдениеті жоғары автор бұл

деректерді қырық жылдан бері ерінбей, жалықпай ел ішінен, архивтерден, əсіресе, Ақан өмір сүрген Көкше, Сырымбет өңірлерінен, Қасым қарияның қоңыр дəптерінен, Мағжан Жұмабаевтың зерттеуінен, Батыраштың, Ақтоқтының, Балқадишаның ұрпақтарынан, өзге де көз көргендерден, анығын естіп білгендерден алады. Сөйтіп, сол дəуірдің шындығын, Ақан өмірінің ақиқатын алдыңызға жайып салады. Кітаптағы Батыраштың – қарақшы емес, Орта жүздегі текті, дəулетті, аса сыйлы кісі болғандығы; Ақтоқты мен Балқадишаның ажарлы отбасы; олардың ұрпақтары жайлы жазылған тың əңгімелер оқушысын тебірентпей қоймайды. Ақан əндерін жаладан, жамаудан тазартып, қалпына келтірген де, Біржан салдың «Айбозымын», Ақан серінің «Шырмауығын» қайта тірілткен де, өзге де асылдарымыздың сөнген шырағын қайта жаққан да – Илья Жақанов. Илья 1985 жылы Еңбек Ері, совхоз директоры Ұлтай Нұрсейітовтің үйінде Ақан серімен аталас, Қасым қарияның баласы Ербаһрам Жандосовпен кездеседі. Ербаһрам – Ақан серінің жақын туысы. Ербаһрамның əкесі Қасым қария (1896 жылы туған) Ақан сері жайында өмір бойы жазған дəптерін Ильяға бір көрсетсем деп армандап жүреді. Ақан сері өмірінің бар шындығы, елеулі кезеңдері, айтулы оқиғалары осы дəптерде қамтылған.

Н

ӨЗЕ Р І ӨМ

www.egemen.kz

Ақан серіге ұстаздығы осылай басталады. Ақан серінің əкесі Қорамса – құрығы ұзын, кімнің кім екенін тани білетін, ортасына сыйлы кісі болған. Саудасы жүріп тұрған күндердің бірінде əдеттегіше Атбасар жəрмеңкесіне барыпты. Тобыл жақтағы Қыпшақтың дəулеті шалқыған бір ырысты мырзасымен алыс-беріс жасап, сыйласып жүреді екен. Сол досы жəрмеңкеге келіп жылқы сатыпты. Жылқыларының ішіндегі басымен алысқан, билеп, ойнақшып, шиыршық атқан, ерке қарагер құнанға жұрттың бəрі қызығыпты. Таласып, бірінен бірі саудасын асырыпты. Солардың ішінде алпауыт Көкжал Барақбай да болыпты. Қарагердің бағасын түсірмек болып: «Ұршықша иірілген не бұл өзі? Қостанайдың сығандары сататын атының аузына арақ құйып, өстіп еліртіп, есіртіп қоюшы еді, оны Баттал да үйренген екен ғой», деп даурығыпты. Баттал күлімсіреп, Қорамсаның иығына қолын салып: – Қореке, дос-көңілдес жандармыз, екеуміздің арамызға сауда жүрмейді. Ақан деген бұлбұлың бар, соның бəсіресі болсын, қарагер құнан сенікі, – депті. Батталдың сөзін естіп тұрған Барақбайдың содан бастап ішіне қан қатады. Арада аттай алты жыл өтеді. Ақан сері он алтыға толады. Əлгі Барақбайдың өлшеусіз байлықпен мейманасы тасып, Ақмола уезіне сөзі өтіп, жиған малы жеркөкке сыймай, түкірігі жерге түспей тұрған кезі екен. Жиған-тергені аз болғандай, жер-жерден үйірлеп жылқы айдайтын жанкешті барымташы, сумаңдаған ұры-қары, қандыкөз қарақшы ұстайды

АҚАН СЕРІ ӨМІРІНІҢ АҚИҚАТЫ Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ.

Дəптерді сұраушылар көп болған, бірақ Қасым қария ешкімге бермеген: – Ақан сері əулетімізге ғана емес, халқымызға иіп бере салған Тəңірдің сыйы еді, ол жайында мына дəптерде жазылған дəйекті сөз, ауызша айтқан қыруар əңгімем – саған, сенің балаңа, балаңның баласына жете берсін. Ақан сері дүниеден қайтқанда мен он жеті жаста едім. Түр-түсі, іс-əрекеті, мінезі, елде жоқ кірпияз қасиеті, домбыра шертісі, əндеткен үні... бар тірлігі көз алдымда. Басынан кешкен бағы мен сырын, кімді сүйді, кімге налыды... əр əнінің тарихы... Қоңыр аты мен Құлагерінің баянын... бəрін Ақан серінің өз аузынан естідім. Өзіме беймəлім көп жайды аталарымыз бен əжелеріміз, əкелеріміз бен аналарымыз, елдің есті кісілері айтушы еді. Маған отбасыдағы азын-аулақ мал-мүлік, дүниежиһаздан гөрі əулетіміздің шежіресі дерлік осы дəптер қымбат. Менің саған қалдырар дүнием де, аманатым да – осы дəптер, – деп баласы Ербаһрамға тапсырған. Илья құнды деректердің негізін осы дəптерден алған. Ақан сері – Қарауыл ішінде Малтабар. Арғы атасы Құдайқұл жүйрік ат мініп, ит жүгіртіп, құс салған даланың еркесі екен. Бозбала кезінде серіліктің əуресімен ауылға сыймай, думандатып ел кезіп, əндетіп ел аралап кетеді екен. Сөйтіп жүріп бір жылы Қанжығалы елінде қызойнақта көкірегі əнге, арманға толы Кенжебикеш деген қызды ұнатып, алып қашады. Құдайқұл мен сол Кенжебикештен – Сапақ, Бекназар, Жаназар туады. Бекназардан – Жарқын, одан – Қорамса, Қорамсадан – Ақжігіт (Ақан сері); ал Жаназардан – Ибраһим, одан – Жандос, Жандостан – Қасым, Қасымнан – Ербаһрам туады. Қорамса інісі Жандоспен ғұмыр бойы іргесі бөлінбей, ата қоныстары – Қоскөлдің жағасында, Кеңащы, Көлденең, Қараталдың бойында бірге көшіп-қонып жүрген. Жаз жайлауы, қыс қыстауы да бір болған. Сондықтан да олар іргесі бөлінбеген Қорамса əулеті аталып кеткен.

ҚОҢЫР АТ ЖƏНЕ ҚҰЛАГЕР ТРАГЕДИЯСЫ Алты жасқа дейін Ақан серінің тілі шықпаған екен. Бір жылдары салдықтың салтымен Біржан сал Қорамсаның қонысы Қоскөлдің жағасына қызыл, сары, көк шатыр тіктіріп, аспандата шырқатып əнге салады. Ауыл балалары да сол маңға жиналады. Бала Ақан таң-тамаша қалып, аузын ашып, Біржанның əнін ұйып тыңдайды. «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ, жүрген жанмын. Байлығы, мансабының керегі жоқ. Өзім сал, өзім сері, кімге зармын» – деген сөзді Ақан ап-анық естиді. Дəл осы сəтте кішкентай ғана Ақанның балапан жүрегін қандай сезім билегені белгісіз, кенет «Алақай!... Алақай!» деп шатыр жаққа қарай тұра жүгіреді. Сол күні Ақанның тілі шығып, Қорамсаның үйін де ақ түйенің қарны жарылған қуаныш, дуылдасқан той болады. Алла тағала сездірді ме, кім білсін, Біржан сал өз əніне елден ерек елтіген, қоңыр қозыдай момақан, кіп-кішкентай Ақанды бауырына басып, мейірлене тебіренеді, үкілі домбырасын береді. Біржан салдың

екен. Сол ұрлық малды Омбы, Қорған, Түмен айдатып, орыс, қазақ байларының қасапханасына асырып отырады. Барақбай Қарауыл – Кемел ішінде Нұртаза болыс пен оның інісі Сүлейменді желеп-жебеп жүреді, ым-жымы, ымырасы бір болыпты. Нұртаза – мал-мүлік, дүние жиюға қыры жоқ, ешкімге тізесі батпайтын, кесімді сөз айта алмайтын, жалтақ, көңілшек, кеңқолтық, иі жұмсақ кісі болса керек. Оның мəртебесін көтеріп, билікке араластырып, ақыры Айыртауға болыс қып бағын ашқан – інісі Сүлеймен екен. Сүлеймен – бас пайдасын жақсы білетін, қолы жүргіш алыпсатар. Əу баста сауданы сүйек, ішек, тері-терсек, тоң май жинап өткізуден бастапты. Сырт көзге өнім сіз көрінетін істен қыруар пайда тауып, Көкшетаудағы май зауытының иесі болып шыға келеді. Омбыдан дүкен ашып, үй салады. Орыс байларымен бірігіп, былғары зауытын ашады. Қаладан елдің тұрмыс-тіршілігіне қажетті тігін машинасын, самауыр, майшам, кілем, жібек маталар, бұлғын ішік, кəмшат бөрік, мылтық, оқ-дəрі əкеп сатады. Алаған қолы – береген. Лауазымды ірілерді саға лап, олардың көмейін тығындап, өзіне қалқан ғып ұстайды. Соның бірі – Алтайдың азулы көкжалы əлгі Барақбай. Ол Көкшетау жағына келе қалса, Нұртаза мен Сүлейменнің үйіне түсетін болған. Бір күні Барақбай мен Сүлеймен Қоскөлді жағалап келе жатып Қорамсаның күлтеленген жылқыларына көзі түседі. Алдарынан бір Қоңыр ат жұлдыздай ағып өтеді. Бұл баяғы Қыпшақ байының сыйлаған қарагерінің тұқымы еді. Қорамса оны үйірге салады. Сол жануар текті мал екен, Қорамсаның сары биелерінен ылғи жүйрік туады. Бір күні Барақбай Сүлейменге: – Аққан жұлдыздай боп көрінген сол бір ат көз алдымнан кетпей, құрғыр түн ұйқымды төрт бөліп, құса қып қойды, дертіме айналды. Ердің құнын сұраса да сол атты маған алып бер, – деп қолқа салады. Қаншама қолқаласа да Қорамса: – Бұл Ақанымның бəсіресі, – деп бермейді. Содан бастап Барақбай Қорамсаға кектенеді. Бір жолы Қорамса Омбыға екі үйір жылқы апарып сатады. Солардың ішінде əлгі екі сары бие, соңынан ерген қоңыр тай бар екен. Қорамса Ертістің бергі беті Қаржас ауылының шетінде тұрып саудаласыпты. Қоңыр тайды бермей алып қалады. Сатып алған кісі жылқыны Ертістің үстінде салмен алып бара жатқанда, қоңыр тай – екі енесіне, екі енесі қоңыр тайға қарап, ұмтыла шұрқырасып, жағалау азан-қазан болады. Қоңыр тай бұлқынып, тулап, босанып кетіп, жібек арқанымен өзін-өзі өзенге тастап жібереді. Жылқы тиеген сал арғы жағалауға жете бергенде қоңыр тай да қалқып судан шығады. Қорамсаның айқайын ешкім естімейді. Қоңыр тай енелеріне қосылып кете барады. Осы бір ісіне күйіп-піскен Қорамса: – Ақанымның қоңыр тайы... Құлынымның бəсіресі... деп, жылқы алған кісінің қайда тұратынын сұрап біліп, Ертістің арғы бетінен қоңыр тайды тауып алады. Кейін Ақан сері «Қараторғай» əнінде: «Ертістің ар жағында бір терең сай, Сүйреткен жібек арқан телқоңыр тай» – деп егіліп, елжіреп есіне алады ғой. Сол қоңыр тай өсе келе əйгілі Қоңыр ат болып, Ақан серінің бозбала шағын

шалқытады, үстінде қалықтап, көкте жүзгендей болады. Қолында көк қаршыға шаңқылдап, соңында сұлу құмай тазылар сумаң қағады серілік жолына түседі. Қоңыр атты алшаңдатып жүріп, Ақан сері алғаш рет жар таңдайды. Жан жүрегін жайнатқан да, сергек көңілін көкке көтерген де, жас қиялына жел берген де, сəулелі ойын сағым ойнаған кең далада тербеген де, əндерін алысқа жеткізген де, үміт пен арманын жалғаған да, жал-құйрығы сүзілген, жібектей есілген – Қоңыр ат болды. Қоңыр атпен қызды ауылда көлеңдеген Ақан серінің сөйтіп жүріп, алғаш махаббат оты жанады. Сүйгеніне деген құштарлық лебін, сұлу сөздің жауһарын, тылсым əуенін арнайды. Қорамса Ақан серіге Ноғай Қарауыл ішіндегі Бадырақтың Бекбасының Бəтима есімді қызын атастырады. Бəтиманың үлбіреген уыз пішіні, тал бойына жарасқан ақыл-парасаты, əнді сүйген нəзік сезімі, бал қылығы Ақан серіні үйіріп алады; Ақан сері Ақсу мен Қоскөлдің арасын жол қылып, күн демей, түн демей жосылып, ай қалқыған мақпал түнде бозторғай сілкінген боз таңға дейін Бəтимамен сырласады. Бірте-бірте Біржан сал секілді Ақан сері де бұл өңірді əнмен тербейді. Қайыншылап жүріп Төрелер ауылында, Сұлушоқыда Қоңыр атты тоқ бəйгеге қосады. Қоңыр ат ешбір атты маңына да ілестірмейді. Содан бастап Жүсіп төренің ішінде сөнбейтін қызғаныш оты тұтанады. Сол кездерде қыс түсе сүзек індеті жұртты қынадай қырып өтеді екен. Желегі желкілдеп, алдағы мамыр айында ұзатылайын деп отырған Бəтима кенет осы дерттен дүние салады. Ақанның қиялында қолына қайта келіп қонбайтын, қапияда ұшып кеткен бақыт құсы, жəннат дүниесіндегі періштесі... енді ешқашан қолы жетпейтін, сұп-суық тұңғиық түкпірден жылт-жылт еткен сəуле болып қалады. Үміті үзілген ақынды шер күйігі езеді. Уақыт емші дегендей, екі жыл өткен соң Ақан сері Шомат қажының Бəтимасына көз салады. Қорамса Ұлыкөлді жайлап отырған Біржан салға: – Шырағым Біржан, Ақаныңның жүзіне шырай кірді. Бір келіп кетсең, Ақанның жүзіңді көріп, лебізіңді естіп, одан сайын көтеріліп қалар еді, – деп сəлем жолдайды. Біржан сал Керей еліне белгілі Данияр ұстаға Ақанға лайықтап жасатқан, ақ күміс жапқан қырғыз ерін ала келеді. Онысы Қоңыр атқа жараса кетеді. Бірнеше күн əн салып, осылай Ақанның құлазыған көңілін көтеріп, қайта сергітеді. Біржан сал ауылына қайтатын күні Ақан серіге тобылғы сабы алтынмен бунақталған сегіз өрім қамшысын береді. Ат төресі Ақсеркешінің кекілінде желкілдеген үкіні Қоңыр аттың кекіліне тағады. Қыран құс қондыратын қызыл аршадан жасаған балдағын да беріп кетеді. Қабағы ашылып, көңілі көтерілген Ақан сері: «Салқоңыр, тізгінің бос, жолың ашық, Баратын жерім шалғай, жерім қашық. Үстінен Айыртаудың қарайын бір, Көзіме көріне ме сүйген ғашық?» – деп атқа қайта қонады. «Басыңда кəмшат бөркің жарқырағын, Иығыңда алтын шолпың жалтырағын. Сыпатың жұмақтағы хор қызындай, Үніңнен айналайын қалтыраған» – деп жүріп, Шомат қажының Бəтимасына

үйленеді. Бəтима Ақан серінің қараңғы көңіліне сəуле шашып, мұңды жүзіне шырай береді. Қоңыр атпен көлеңдеген Ақан сері – айдарынан жел ескен бір бекзатқа айналады. Тұлпарын жиі-жиі таңасырып, қу құрсақ етіп ашықтырады. Ат моншасына бұлаулап, қамау терін алдырып, артық етінен арылтады. Қоңыр ат қара тұяғына дейін сүмектеп, ақ сабын боп терлеп, мойы ны аққудай иіліп, ақша бұлттай үлпіл деп, бауырын жазып, жұлдыздай жер мен көктің арасында аққан жұлдыздай зулайды. Əбден бабына келген Қоңыр атты Көкшетаудағы Балуан Шолақтың: «Кешегі сентябрьдің базарында, сындырдым Карон палуан қабырғасын» деп айтатын Сентябрь жəрмеңкесінде бəйгеге қосады. Қоңыр ат бəйгеден жеке келеді. Келесі жылы жазда Көкше жерінде Шұғыл Бəйгес деген əкесіне ас беріп, екі жүз аттың ішінен бəйгеде Қоңыр ат алдына қара салмайды. Бəйгесіне он жылқы, кілем жапқан ақбас атан, елу қой алады. Күн сайын даңқы аспандаған Ақанын ел ардақтап алақанына салады. Бірде Қыпшақтың алтын айдарлы батыры Сырымбеттің атымен аталатын, Көкшенің қиял қозғайтын жəннат жерінің бірі – Сырымбетке келеді. Бұл – талай ғашықтың өзегін жарған Сырымбет, Абылайдың ізі қалған, Шал ақын толғап жыр төккен; Біржан салдың əні қалықтаған, Шоқандай кемеңгер туған, Уəли хан əулеті салтанат құрған жұмақ жер. Бірнеше күн бойы осы өңірде ел-жұртты əнімен риза қылған Ақан серінің Салқоңыры Жүсіп төренің ауылында ойда жоқта кермеде шоңқиып, екі аяғымен жер тіреп, бөксесін көтере алмай, аузынан көбігі ағып, екі көзі адамның көзіндей жаудырап, адамша ыңыранып, иесін қия алмай жан тапсырады. Қоңыр аттың жұмбақ өлімі Ақанның жанына қатты батады. Жыландай ысқырған қамшысымен жерді осқылап сабай береді... Ақан серіні жер мен көктің арасында асқақтатып, махаббат пен сұлулық дүниесінде емін-еркін ессіз шалқытқан Қоңыр ат енді жоқ. Ақан серінің жанжүрегін тəтті қиялға толтырған Қоңыр ат – «Салқоңыр», «Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай» дейтін «Қараторғай» ендігі жерде əнінде аңсаумен өтетін өмірінің үміт сəулесі болады да қалады. Аспандағы аққудың қанатына əнін жалғап, беймаза дəуреннің ойға-қырға салған əуресімен шабыт құшағында асып-тасып жүрген Ақан сері жиырма үш жасында (1866 жыл) өстіп тағдыр тəлкегінің тағы бір кəріне ұшырайды. Көңілін құстай ұшырған Қоңыр аттың өлімі опындырады да кетеді. Көп ұзамай, Бəтимасы босанып, Ақан сері жиырма үш жасында перзентті болады. Нағашысы Шөкетай құтты болсын айта келіп Қорамса екеуі Қоскөлді жағалай жайылған жылқыларды аралайды. Жұрт мақтайтын қарагер айғырды көреді. Жал-құйрығы жер сүзген апайтөс, кеудесі толқын жарған Ыстамбұлдың кемесіндей, шоқтығы биік, екі көзі маздаған шоқтай, кісіге адамша қарайтын жылқыны көріп, бірден көзіне Қоңыр атты елестетеді. Оның осы қарагер айғырдың тұқымы екенін білуші еді. Сөйтіп тұрып, сары биенің қасында жас құрақты бырт-бырт үзген бір еркек қара тайға көзі қадалады. Үйге оралған соң, шəй үстінде Шөкетай: – Қореке, малыңның құты болған қара айғырың əлі бабында екен. Дүние

7 деген итті тауып жүрміз ғой, мен де бір кəдеңе жарармын, əлгі қара тайың көзіме жұлдыз боп көрінді, соны маған қи, – деп қолқа салады. Қалағаның осы болса деп, Қорамса қара тайды жетектетіп жібереді. Арада жылдар өтеді. Сол қара тай азулы, айбынды қара айғыр болады. Бір боз биеден туған құлындары шетінен жүйрік шығып, төңірегін таңғалдырып жатады. Қорамса бірде Шөкетайдың ағасы Елторының шаңырағына келіп түседі. Өткен-кеткен əңгіме айтылады. Ақанның Қоңыр аттан айырылып, күйзеліп жүргені сөз болады. Шөкетай: – Қореке, бұл жайға біз де қанықпыз. Барып қайтайын деп талай оқталдым, қу тірліктен шыға алмадым. Ана жылы сіздің қарагер айғырыңыздың үйірінен алып келген қара тай бүгінде əйдік айғыр. Содан бері Шөкетайдың жылқысы да бірте-бірте текті тұқымға айналды. Сол арқасы қоңыр, бауыры сап-сары ерке құлыныңыз биыл құнан шықты. Біз оны Құлагер дейміз. Құлагер осы өткен сəуірде үйірге таласып, мына Ащылы төңірегін азан-қазан, у да шу қып, өзімен жасты сəуріктің бəрін шыңғырта шайнап, тепкілеп, жылқыдан бездіре қуды. Онымен қоймай, көрші ауылдың азулы айғырларымен шайнасып, қызыл ала қан боп, қасқыр талағандай жарақаттана берді. Бүйте берсе бір күні майып болар деп, Шөкетай екеуіміз ақылдасып, піштіріп жібердік. Əп-сəтте жыны басылды. Жуас. Астынан бала жүгіріп өтсе де тырп етпейді. Қоян жақ. Бөкен қабақ. Кекілі келте. Жалы сұйық. Алқымы алқа-салқа. Салпы ерін. Тоғыз шелек су ішсе де бүйірі шықпайтын қу құрсақ. Артқы екі аяғының арасы далиып жатқан кең дала... Талтақтай басқанын көрген сыншы біткен, шіркін-ай, біздің қолға тисе ғой мұндай пырақ деп шерменде болып жүр, – деп ұзақ-сонар əңгіме айтады. Əңгіме Қорамсаның жан дүниесін босатады, ұйып тыңдайды: – Ақанымның Қоңыр аты өлмепті. Оны жоқтатпайтын Құлагер бар екен. Құлагер үшін келдім, Елеке. Саудагердің сөзінде пəтуа болушы ма еді, соның бірі өзіміз емес пе? Шөкетайың бірде бие, бірде түйе, кейде тайғанақтап кетеді. Тілін емізген Самарқанның сарттарындай сөзімен арбайтын Сүлейменнің арбауына шырмалып, бір күні Құлагерді сатып жібере ме деп қорқамын. Құлагерді біздің үйдің кермесіне байлайтын өзің бол. Тегін жатқан дүние жоқ. Ақанымнан ештеңені аямаймын, – деп қиылады. Шөкетай: – Қореке, Ақаның Біржан салдың алдында он үш жасында əн салды, он алты жасында үкілі домбырасын бұлғақтатып алқалы топтың алдына шықты. Ерте есейді. Бүгінде атағы жер жарады. Жиеніміздің жан жарасы жазылар. Жігіттің қайғысы сұлу жардың төсегінде, қыран құстың қияғында, тұлпардың тұяғында қалады деген, шерлі көкіректі осы үшеуі емдейді. Барақбай мен Сүлейменнен келгенді көріп алармыз, қалағаныңыз Құлагер болса, бір амалын табармыз, – деп, риза қылып қайтарады. Ақан сері де Біржан салдың ауылынан олжалы оралады. Көңілі көтерілсін деп ұстазы шəкіртіне ақбоз айғыр мінгізіп, Қорамсаға – түлкі ішік, Жаңылға – күміс қапсырмалы мақпал қамзол, Бəтимаға алтын сырға, алтын алқа, күміс шолпы беріп жібереді. Ақан серінің нөкерлеріне түгел ақбоз ат мінгізеді. Көңілі жадыраған Ақан сері нағашысы Шөкетайдың ауылына келеді. Ащылыдағы аз ғана түтіннің кəрі-жасы жиылып, Ақан серінің əнін тыңдайды. Ертеңінде сəскеде Ақан сері тысқа шығып ащы аязда, қора жақта, ойпаңдау жерде, көк мұзда серейіп жатқан кер дөненді көреді. Төрт аяғы төрт жақта. Қаннен-қаперсіз. Тамылжыған шілденің шаңдағында ұйықтап жатқандай, тырп етпейді. Артқы екі аяғының арасы ел көшкендей. Кеудесі шығыңқы. Болат тұяқ. Астыңғы ерні салбырап, танауынан үзік-үзік бу шығады. Құйрығы қып-қысқа, жалы сұйық. Жағында қырым ет жоқ. Шабы сарғайған бір сары жұрт... Арқасы қоп-қоңыр ұйысқан жүн. Екі көзінің айналасы тершіп, кекілі селтиіп, бозқырау шалған қамыс құлағы қимылдамайды. – Осындай да мал бола ма?, – деп Ақан сері аң-таң боп тұрғанда, ту сыртынан нағашысы Елторы келіп: – Бұл – жалғанның малы емес, қылқұйрықтының жұлдызы, жігіттің шырағы, дүйім жұрттың намысы. Туа бермейді мұндай жануар. Биыл дөнен. Сынға түсер дер шағы. Аз оттайды. Өстіп көп ұйықтайды. Тынысы кең. Астындағы көк мұзға қарашы, көктемнің шуағы түскендей, жып-жылы боп еріп жатыр. Қоңыр атың тірілді, Ақанжан. Кердөненнің былайғы аты – Құлагер! Ал, бұл енді сенің қанатың, – дейді. Көп ұзамай, Құлагер Ақан серінің қолына тиеді. Ə деп мінген сəттен-ақ жануар жер мен көктің арасында самғайтын қанаты бар құдірет болып көрінеді. Ақан сері Құлагерді өзге жылқыдан бөлек ұстайды. Арнайы құдық қаздырады, қайыңнан қора, жер астынан монша салдырады. Ол моншаны «Ақбалтыр» деп атайды. Түн болса жібек арқанмен көк майсаға арқандап, өзі күзетіп жатады. Сол жазда Ақан сері Құлагерді Көкшетауда Шағалалы өзенінің теріскей беті – Қызылжарға шығатын жолдың жағасында жыл да өтетін «Сентябрь жəрмеңкесінде» болатын аламан бəйгеге қосады. Құлагер «Сентябрь жəрмеңкесіндегі» бəйгеде екі жүз елу аттың ішінде ойнақтап жеке келеді. Іле-шала Омбыдағы Қар жа стың асында да үш жүз аттың алдында келеді. Саққұлақ бидің баласы Нұралы, Зілқараның баласы батыр Əлібек, Жанбота болыс пен Біржан сал, Ақан серіні ардақтап, Құлагерді жыр қылады. Ертеңіне осы топ көшкен елдей жарасып,

(Соңы 8-бетте).


8 (Соңы. Басы 7-бетте). Біржан салдың ауылына барады. Əлібектің жанына айдай сұлу қызы Ақшабақ ілесе келеді. Ақшабаққа Ақан сері есі кетіп, ғашық болады. «Қызы бар Əлібектің Ақшабақтай, Жүруші ем заманымда қызды жоқтай» – деп басталатын «Ақшабақ» əні «Мың бір түн» ертегісіндей аңыз боп ел ішіне тарайды да кетеді. Зілқараның Əлібегі – Əлібек батыр даңқы асқан, ел ішінде сыйлы болған, тура бидің сөзін сөйлеген əділ, көкірегі көк тіреген дөйлердің өзін тəубесіне түсіретін; Атығай, Қарауыл, Керей, Уақтың ту етіп ұстаған айбарына, құты мен намысына айналған кісі. Əкесі Байтоқаұлы Зілқара – «Қазақ ақсүйегі» атанған, патшадан подполковник шенін алған адам, əйгілі «Жиырма бес» дейтін əннің авторы. Оның Мұса дейтін ұлы – кезінде Шыңғыс төреден кейін аға сұлтан боп ел басқарған. Зілқараның əулетімен ешкім тек салыстырмаған. Көкшетау дуанындағы Ақсары болысын басқарып отырған Атығайдың тағы да бір арысы Жанбота Қарпықұлы осы Зілқара əулетімен жұлдызы жарасып, тонның ішкі бауындай араласады. Ақынжанды, сері көңілді Əлібекпен Біржан сал да дос болады. Біржан сал тобымен таңды таңға ұластырып əн салады. Əлібек – Ақан серіден көп үлкен, əкесіндей адам. Омбыдағы жүздесуден кейін Əлібек оған құдірет боп көрінеді. Əлібек болса Ақанды ардақтап, ылғи қорғап-қораштап жүреді. Ақанды Керей еліндегі Жыршы дегеннің асына алып баратын да – осы Əлібек. Сол аста Ақан бірнеше күн асқақтатып əн шырқайды. «Лəйлі-Мəжнүн», «ЖүсіпЗылиха», «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» таңды таңға ұрып жырлайды. Жан рахатына бөленген, айызы қанып, разы болған жұрт: «Жанақ өлмепті», «Шөженің арманы жоқ», «Біржан сал жалғыз емес екен» деп дуылдасып, Ақан серіні ардақтап, рухын көкке көтереді. Жыршының асында Құлагер бəйгеден келіп, екінші болып мəреден Əлібектің Бəйгеторысы өтеді. Ақмəліш Барақбайдың Жезкүреңі – бесінші, Біржан салдың Айбозы – алтыншы, жетінші болып Əлібектің Дөненторысы келеді. Қаскөй, қызғаншақ Барақбай осы жолы да шатақ шығарады, бірақ Əлібек оның үнін шығармай, мысын басып тастайды. Бас бəйге – жүз жылқы Құлагерге беріледі. Құлагердің даңқы аспанға шығады. Осы астан кейін де Əлібек Ақан серіні арнайы шақырып, ауылына апарады. Əлібектің ауылында таңғажайып ертегі дүниесіндей күндер өтеді. Елдің ауызында Ақан сері, Құлагер болады. Ақан сері қайтатын күні Əлібек: – Қылқұйрықтың тұйғыны деп сылапсыйпап, мəпелеп ұстаушы едім, осы бір сүйріктей қара бедеуді алдыңа тарттым, Ақанжан. Сұлу аттың үстінде көркейіп, сəулетті болып жүр, иығыңа жанат ішік жаптым, Ақанжан! Қиырдан шолатын қыраным еді, Қараторғайды қондырдым, қолыңда түлет, Ақанжан! Түзді сүйетін жүрегің бар, мына бір берен мылтықты да ілдім еріңнің қасына. Орта жүздің сайраған бұлбұлы, жайнаған гүлі де сенсің; ажары да, базары да сенсің; əні де, сəні де сенсің. Самғайтын тұлпарсың, ұшатын қырансың, аспанда қалықтай бер, шырағым! – деп, қошеметпен шығарып салады. Əлібектің Ақан серіге өкіл əке атанатыны осы кез екен. Қыпшақ елінде бір сұрапыл ас өтетін болып, бүкіл Торғай дуаны дүрлігіп, Үш жүзге сауын айтылады. Сол асқа Ақан серінің тобын тағы да Əлібек батыр бастап барады. Бас бəйгені Құлагер алады. Осы бір кездерде Ақан сері Құлагерінің үстінде қайғысыз-қамсыз бұлғақтаған күндерді басынан кешеді. Ел іші: «Ақан сері жар сүйіп, жар қызығын көрсе де, ол бұл заманның адамы емес, ол перінің қызына ғашық екен» деп те əңгіме таратады. Жан біткенді қилы-қилы толғанысқа салып, əйел затын құмарлық отына күйдіретін алуан сырлы əндерін де сансаққа жүгіртеді. Илья Жақанов өз кітабында салсерілердің тағдырына қатысты жаныңды тербейтін, аяныш сезіміңді қозғайтын көптеген мысалдар келтіреді. Мəселен, Үкілі Ыбырай ұсталып, атылып кеткенде ел оның əндерін Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолаққа теліп, кейбіреуін халық əні атап кеткен. Ол ол ма, Үкілі Ыбырайдың «Толқын» деген əнін кешегі саясат «Елім бар» деген атпен колхоздастыру науқанының насихат əніне айналдырып жібереді. Партияның қылышынан қан тамып тұрған заманның өзінде Илья Жақановтың Үкілі Ыбырай туралы «Аққулар қонған айдын көл» деген эссе жазғаны, оны алдымен «Жұлдыз» журналында, одан соң кітабында жариялағаны көпшіліктің жадында ғой деп ойлаймын. Ыбырайдың атын атай алмай жүрген кезде Ильяның сондай эссе жазып жариялауы, шын мəнінде көзсіз батырлық еді. Ендігі жерде Құлагер Ақан серінің жан рахатына, құштар сезіміне, қызулы шабытына, атын əлемге жайған, көңілін көкке көтерген құдіретіне айналады. «Тайбурыл да осы Құлагердей болған шығар» деп шаң жұқтырмайды. «Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда, Баптаған сені сылап, қалқатай да», – деп айтылатын жан-жүрегіңді баурайтын «Маңмаңгер» əнін осы кезде шығарады. Бұл əн кезінде «дариға-ай, ендігі өмірімде осындай бір əн шығаруға дəрменім жетер ме екен» деп, Біржан салдың өзін де толғандырып, тебірентеді. Құлагердің желігі Ақан серіге маза бермейді. Жалғанды жалпағынан басқандай,

www.egemen.kz

мерейі тасып, қолында Қараторғайы, соңында құмай тазысы Базарала, сылаң қағып, бірде Есіл, Құланөтпес, кейде Нұраны жағалап, қарағай-қайыңы сыңсыған Тобылға дейін барып, ел-елді думанға бөлеп жүреді. Бұл кезде Ақан сері мен Бəтима тағы бір перзент сүйеді. Оның атын ілгергі үмітпен Дəмелі деп қояды. Құлагердің желігімен аспандағы аққу үніне əнін жалғап, шалқып-тасып жүрген күндердің бірінде, Ақан сері Сарыарқаға аты шыққан айбынды əулет – Аққошқар Сайдалының асына қатысады. Бұл жолы да оны желеп-жебеп, үлкен салтанатпен Əлібек алып барады. Бəйгеге үш жүз ат қосылады. Құлагер – алдында, екінші боп Барақбайдың Кетеберкөгі келе жатады. Сол кезде Əлібек пен Ақан серінің жанында тұрған Барақбай: – Не ғып тұрсың сүмірейіп? Сүйрет! Тарт ана атты! – деп, қамшысымен өзінің даяшысы Бөрібайды тартып-тартып жібереді. – Ережеде ат сүйрету бар ма еді? – дейді Ақан сері. Ызадан, намыстан жарылғалы тұрған Барақбай Ақан серіні балағаттап, бірталай сөз айтып тастайды. – Ата сақалың ауызыңа түскен шағыңда ел алдында қадіріңді кетірмей, алжымай жүр, Барақбай! Əкем Қорамса сен сияқты ұры-қары жұмсап, мал тауып

ЕН З Ө Р

ӨМІ

30 шілде 2014 жыл

Сағынайға ас беретін болады. Нұрмағамбет Сағынайұлы – болыс болған, ел билеген қайраткер, қазақ меценаты. Омбыдағы көрмеге ол тіккен үй заманында Нижный Новгородта ұйымдастырылған Бүкілресейлік асыл бұйымдар мен ұлттық өнер ескерткіштерінің көрмесіне, кейін Парижде өткен көрмеге қатысып жүлде алған. Дала өлкесінде жылқы өсіруді дамытқаны үшін патшадан алтын медаль алған. Ауылда ағаштан мешіт тұрғызған. Қажылыққа төрт рет барып, сол жақтан қажылыққа келетіндер үшін арнайы үй сатып алған. Алаш қозғалысына қаржылай көмек беріп тұрған. Үш жүзге сауын айтып, əкесі Сағынайға Ерейменнің етегі Қусақ көлінің жағасында ас береді. Асқа бір мың жылқы, екі мың қой сойылады. Жарықтық Кенен Əзірбаев: «Қазақта бұрын-соңды Сағынайдың асындай ас болмаған» деп отыратын. Құлагер бəйгеге соңғы рет осы Сағынайдың асында қосылады. Үш жүз жетпіс ат күндік жерден айдалады. Көз ұшында сағымдай бұлдырап, ойқастап жеке-дара келе жатқан Құлагердің шекесіне шоқпар тиіп құлайды. Ереймен теңселіп, Ұлы дала, қара орман шайқалғандай болады. Ақан сері Құлагерінің басын құшақтап үш күн жылайды. «Қырмызы, қара құлпы құйрығың-ай, Суырылып топтан озған жүйрігім-ай.

АҚАН СЕРІ ӨМІРІНІҢ АҚИҚАТЫ

көрген жоқ. Тапқан малыңның, ұстаған мүлкіңнің бəрі арам. Бір кезде қоңыр атыма сұқты көзіңді қадап, ала алмап едің құса боп, енді ішіңді Құлагер өртеп жүр, қыр соңымнан қалмай-ақ қойдың, Барақбай! Қамшы сілтеген олай емес, былай! – деп Ақан сері Бөрібайды қақ бастан тартып жібереді. Жара басынан қан шып ете түседі. – Осы қан есіңде болсын, Ақан! Қан жылатам, – дейді. – Бөрібайдың сөзін ұмытпа, Ақан, – дейді Барақбай. Ақан серінің жігіттері ұмтыла бергенде: – Жə, дүрлікпеңдер, Барақбайдан келген пəлені көрдік, – деп, Əлібек басу айтады. Бұл дəйекті автор Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» атты зерттеуінен, Ақан өміріне қатысты аса құнды мұра – Қасым қарияның дəптерінен келтіреді. Аққошқар-Сайдалы асынан мол олжамен оралған Ақан серінің отбасында тағы бір перзент дүниеге келеді. Үміті мен Дəмелісінен кейін Бəтима ұл туады. Нəрестенің атын Ибраһим қояды. Оны кейін бəрі еркелетіп, «Ыбан» деп атап кетеді. Көп кешікпей Бəтима дүниеден өтеді. Ақан сері тағы да қайғы-мұңына батады. Бəтиманың қайғысы Ақан серіге: «Өлім маған үйреніп алды, мен өлімге үйреніп алдым» дегізеді. Өз сөзіне қасара түсіп: «Тəлкек қылған аяусыз тағдыр, енді мен сені тəлкек қыламын» – деп белін буады. Сөйтіп жүргенде тағы да бір үміт оты жылтылдайды. Ол – жан біткенді таңғалдырған, елжіретіп, есті алған болжаусыз сəуле – Ақтоқты. Сырымбетті жайлаған Жақсылық – Қарауылдан шыққан орта дəулетті момын Бақтыбай дегеннің қызы. Ақтоқты – көркіне ақылы сай, ақынжанды, нəзік сезімді, айтулы қыздардың ішіндегі шолпан жұлдызы, жігіттің дүрі – «шіркін, менің жарым болса» дейтін арман еді. Ақтоқтының басы бос емес. Ырысы көл-дария боп шалқыған Сүтемген байдың айдарынан жел ескен мырзасы Жалмұқанға атастырылған. Соған қарамастан Ақан серіні тағы да бір түлен түртіп, жүрегінің əміріне ырық береді. «Ақтоқты, шашың жібек, жүзің айдай, Адамзат сыпатыңа таңғалғандай. Дерт болып жүрегіме сен жабыстың, Тілекті жеткізейін қапы қалмай», – деп, Ақтоқтымен қызойнақ, шілдехана, басқа да жиындарда кездесіп жүреді. Əнге балқыған Ақтоқты Ақан серіге көңілін білдіреді де. Ақыры ұзатқалы жатқан Ақтоқтыны Ақан сері Қарабедеуге мінгізіп алып қашады. Іле-шала қуғыншылар шығады. Шауып келе жатып Қарабедеу томарға сүрініп, омақаса құлайды. Ұшып түскен Ақтоқты шырқырап: – Ақан, сен де есіңді жи, мен де есімді жидым. Бір баянсыз іс болды, ұмытайық. Ата салтын аттағым келмейді. Ата-анамның тілегі кесілмесін, мен Жалмұқандықпын, – деп безек қағады. Осы сəт қуғыншылар да жетіп, Ақтоқтыны атқа өңгеріп ала жөнеледі. Тағдыр тəлкегіне түсе беретін Ақан серінің тағы да сағы сынады. Бақтыбай ауылы тездетіп Ақтоқтыны ұзатуға кіріседі. Ақбоз үйдің ішінде көз-жасын төккен: – Болар іс болды, ел-жұртым, мен енді Жалмұқанның жарымын! Аужарымды ел еркесі Ақан сері айтсын, – деп отырып алады. Ақтоқтының тілегі қабыл болып, Аужарды Ақан сері айтады. Сөйтіп, Ақан сері үшін Ақтоқты бейопа арманның айтылмаған əні болады да қалады. Ақан Ақтоқтыға бес əн арнайды. 1876 жылы Паң Нұрмағамбет əкесі

Жеріне Ерейменнің айдап келген Тəңірдің неғылайын бұйрығын-ай» – деп жоқтайды. Бұл оқиға асқа келген есепсіз елдің сай-сүйегін сырқыратып, жүрегін қан жылатады. Ақан серінің «Құлагер» əні қазақ даласын тегіс шарлап кетеді. Ілияс Жансүгіров те, Ақан сері жайында жазған бірқатар зерттеушілер де Құлагердің трагедиясына кінəлі деп Батырашты атайды. Бұл пікірдің теріс екендігін, Құлагердің өліміне кінəлі Батыраш емес, Барақбай екендігін алғаш айтқан – ақын Мағжан Жұмабаев. Қасым қарияның дəптерінде де сол Барақбайдың есімі аталады. Өзінің ұзақ жылғы зерттеулерінің нəтижесінде Илья Жақанов Барақбайдың зұлымдығын айғақты, дəйекті деректермен мүлтіксіз дəлелдейді. Сөйтіп, Илья Ақан сері өмірінің осы уақытқа дейін күмəнді болып келген, қазақ зиялыларын күпті қылған мəселені шешіп береді.

МАХАББАТ АЗАБЫ

Жан жары Бəтиманың қазасы, Ақтоқтымен арадағы көрген түстей шымшытырық оқиғалар Ақан серіні күйзелтіп, есеңгіретіп жібереді. Ел барды жоқ қып, жоқты бар ғып гулейді. Тағдырдың тəлкегіне түсе беретін Ақан сері соның бəрімен іштей күресіп бағады. Ақан серінің астында бүгінде – Көкбесті ат. Сырымбетпен екі ортада салдыртып жүріп, ойда жоқта бесіктей тербеген, самалдай желпіген бір ғажайып əн шығарады: «Мен бүгін ұйықтап жатып көрдім бір түс, Көргенім – бақ иранда үш тоты құс...» Бұл əнін «Үш тоты» деп атайды. Дəл осы кезде Ақан серінің өз өмірі өзіне көрген түстей болып көрінеді. Əн лезде тарап, Біржан салдың өзін елжіретеді. Ақаннан сондай əн тудырған, серінің жанын сергітіп, есін алған, бүкіл жан дүниесін тербетіп, санасына саялаған «Үш тотысы» кімдер еді? Олар: Тінəлі қажының Ұрқиясы, Үрім Майқоққызы, Шыңғыс төре əулетінің бір гүлі, Жүсіп төренің Жамалы еді. Жігіт біткеннің жүрегін талдырып, діңкесін құртқан, тамсандырып-таңғалдырған, шетінен əнші, бармағынан бал тамған үш аруды Ақан сері «Үш тоты» деп атайды. Ұрқия Кемел-Боқан əулетінің тұтқалары, Арқаға аты мəлім Нұртаза мен Сүлейменмен бірге туған Əнəпияға атастырылған. Бірақ Ұрқияның оған барғысы жоқ, Ақан серіні сүйеді. Бұл оқиға онсыз да бұрыннан Ақанмен қырғи-қабақ болып жүрген Нұртаза мен Сүлейменнің жанына мұздай қатып, аяздай батады. Ақан сері Көкбестімен Ұрқияны алып қаша ды. Соңына түскен қуғыншылар ұстап алады. «Ақан! Ақан!» деп шырқыраған Ұрқияның дауысына шыдай алмаған Тулақ батыр: – Ақан серідей жігіттің піріне, Ұрқиядай тотыға қандай қанды көздің қолы барады? Тимеңдер! – деп елірген қуғыншыларды басады. Тулақ батырдан ешқайсысы аса алмайды. Сөйтіп, Тінəлі қажы Ұрқиясын өз қолымен ұзатады. Ақан серінің сөнген шырағы қайта жанады. Ел-жұрт «Үш тоты», «Ұрқияның аужары» əндерін тойда, аста, шілдехана, қызойнақта махаббаттың шəрбат жыры қылып айтады. Ақан сері тағы бір жұмақ дүниесінің есігін ашқандай, дүниені жалпағынан басып, жадырап, шалқып жүреді. Амал не, бұл қызық та қалғып бір кеткен тəтті ұйқыдай өте шығады. Үш-ақ ай отасқан Ұрқия шешек індетінен қайтыс болады. Ұрқияның жетісін беріп жатқан күні Ақан серінің інісі Айберген аттан жығылып мерт болады. Бұл қасірет аз

болғандай, бір түнде қанат-құйрығынан жұрдай болған Қараторғайы өліп тынады. Естіген ел жағасын ұстап жатқанда, құмай тазысы Базарала у жалап, ол да өледі. Осының бəрі Ақанды əбден қалжыратады. Серінің тек сүлдесі ғана қалады. «Басты ғой қайғы-қасірет мен пақырды, Дүниеден арманда боп сəулем өтіп» – дейтін азалы əні жүрегін тілімдейді. Ендігі жерде Ақан сері жұрттың масадай ызыңдаған өсегінен, елдің сөзінен, сұқтың көзінен қашып, Көкбестімен сенделіп, тауды жебелеп, суды сағалап, құла түзді паналайды; тұнжыраған тұңғиық қиял құшағынан лəззат іздейді. Бірінен – тірідей, бірінен өлідей ажыраған өткеннің елесі – қос Бəтима мен Ақтоқты, Ұрқиямен қиял жетегінде сырласқандай, мауқын басқандай болады, көрген қызығын елестетіп, шалықтап, олармен тілдесетінді шығарады. Келер жылы əкесі Қорамса мен анасы Жаңыл өтеді жалғаннан. Сарыарқаны əнге бөлеген, Көкшенің даңқын көкке көтерген, қазақтың сəні мен салтанатына айналған ұлы ұстазы Біржан сал да өтеді жарық дүниеден. Қайғының қара бұлты арылмай-ақ қояды. Осыдан соң Ақан елі ішіне сыймай құла түзді, ен даланы біржолата кезіп кетеді... Бір күні Ақан: «Қу тағдыр, менен алмаған тағы нең қалды? Көшке ілескен иттей қыр соңымнан қалмай-ақ қойдың ғой!» – деп орнынан ұшып түрегеліп, Көкбестіге мініп, тамылжыған жаз айының бірінде Көкшетауды бетке алып жүріп кетеді. Ат үстінде түпсіз-шексіз ойдан қажып, əбден шаршағанын сезген Ақан сері мүлгіген бір қалың қарағайдың шетінде отырған жалғыз үйге бұрылады. Төңіректі шолып, маңның Қызылағаш екенін, Сүтемген байдың жайлауы екенін, анау ақша бұлттай ағарған ауылдың – Ақтоқты мен Жалмұқанның ауылы екенін таниды. Бірақ көңілі алабұртып Сырымбет жаққа тарта береді. Ақыры сұлу Сырымбеттің етегінде күмістей жылтыраған тас бұлақтың басында, бұлбұлы сайраған бұйра талдың ішінде Жамалмен жүздеседі. Бірнеше күн кездесіп, бал жаласады. Жамалдың көркіне, мінсіз бойына ессіз балқыған Ақан сері: «Қыздарды мен қайтейін қылаң-сылаң, Қалайша ғашық отқа сабыр қылам. Жайнатқан өмірімді қалқа бала, Басы – «жұм», ортасы – «мим», аяғы – «лəм» – деп жұмбақтап, меңіреу даланы ұйқысынан оятып, қалықтаған əнге салады. Жұмбақтағаны – Жамал, 1882 жылы ту ған, Ақан серіден отыз тоғыз жас кіші екен. Жұрт: «Ақан Жамалдың əкесіндей адам емес пе, мұнысы неқылғаны» деп кінəлайды. Жүсіп төре жынданып кете жаздайды. Қызын тездетіп атасқан жеріне ұзатып жібереді. *** Ертеде Қызылағашта Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы қойылады дегенде қариялар: «Асылымызды қорламаңдар! Жалмұқан мен Ақтоқтының өміріне бүйтіп дақ салмаңдар! Өсіпөніп отырған жазықсыз əулеттің балашағаларының көңіліне қаяу түсірмеңдер. Бізге жалған сөздің керегі жоқ» деп əртістерді қайтарып жіберген екен. Расында Жалмұқан – уызына жарыған, өрісі де, өресі де кең, қайырымды, кісілікті, елге қадірлі кісі болған. Ақтоқтымен екеуі жұрт қызығатындай жарасымды өмір сүрген. Ақтоқтының келін боп түскен жері – Жақсылық елі – Қарауылдың іргелі атасы, əнші ел. Жақсылықтың бір тұтқасы,

айбарлысы – Сүтемген бай, бай болғанда дүние қоңыздығымен емес, берекелі, адам гер шілігімен, көшелі кісілігімен күллі Арқаға даңқы жеткен адам. Менмін дегендер онымен құдандалы болуды армандаған. Оның ақ ордасында ел ардақтаған шешендер мен билер, даналар мен көсемдер, əнші-ақындар кеңес құрған. Сүтем геннің дархандығы балаларына дарыған. Əкесінің бар дəулетін Жалмұқан ұстаған. Ол дүниені текке шашпаған. Қарағайдан қидырып мешіт, медресе салдырып, молда ұстап, балаларды ізгілікке тəрбиелеген, кем-кетікке қол ұшын берген. Жалмұқан мен Ақан серінің арасындағы сыйластықты білетіндер күні кешеге дейін аңыз қылып айтып жүрген. Жалмұқан Ақанды ауылына жиі шақырып тұрған. Жұлдызы жымыңдаған айлы түндерде төсекті көгалдың үстіне салдырып, Ақтоқты үшеуі қатар жатқан. Ақан сері Жалмұқанның осы ісіне сенер-сенбесін білмей, ыңғайсызданып, бұл ауылға келуін тоқтатқан. Қазақ еліне қайғы-қасірет, зобалаң əкелген қызыл қырғында Жалмұқан мен Ақтоқты мыңғырған малдан, шалқыған дəулеттен айырылып, арып-ашып, əбден титықтап, ауыл шетіндегі иесі өлген бір қыстауды паналайды. Тіске басып, талшық етер түк қалмайды. Өзектері талып, көздері қарауытып, қуаттан айырылады. Сол бір заманның кесірінен қазақтың шаңырағы шайқалып, астаң-кестеңі шығады. Бір кездегі берекелі, салтанатты, дəуір сол жақсылармен бірге кетеді. Өткен өмір бүгінгіге аңсаулы арман болып қалады. Содан бастап қазақтың басын бұлт торлап, айықпайтын дертке ұшырайды. Ақылға сыймайтын, неше түрлі келеңсіздіктер, сорақылықтар, бұрмалаулар етек алады. Ақан серінің «Балқадиша» əні де бұрмаланып: «Дегенде, Балқадиша, Балқадиша, Күйеуің сексен бесте, шал, Қадишай – деп айтыла бастайды. Соғыс жылдары Зерендінің Кеңөткелінде бір əнші «Балқадишаны» бұрмаланған сөзімен айтыпты. Сонда залда отырған Балқадиша: – Мына жазған не деп отыр? – деп биязы мінезімен мұңая басын шайқаған екен. Ашуланған бір ақсақал: – Аққудың көгілдіріндей үлбіреген Балқадиша өз сүйгеніне ұзатылған. Міне, осы концертте ортамызда отыр. Сен лағып не деп тұрсың өзің? – деп, əлгі əншіні сахнадан қуып шығыпты. Осы оқиғаны да, қазақ өнеріне көпекөрнеу жасалған қиянаттың өзге мысалдарын да біз Ильяның кітабынан оқимыз: – «Жиырмасыншы, отызыншы жылдары қазақтың көп əні жаңа социалистік қоғамның насихат құралына айналып, өзінің о бастағы сөзінен, мəнінен ажырады. Колхоздастыру, сауатсыздықты жою, əйел теңдігі науқаны басталғанда Үкілі Ыбырайдың «Толқын» əні – «Елім бар колхоз болып дүрілдеген» деп; «Ақбаян» əні – «Ой, Ленин, Қараңғыда көп елің» деген қайырмамен; «Балқадиша» əйел теңсіздігін шектеген əн болып шыға келді» – деп жазады автор. Ол кезде қазақ тексізге қыз бермеген ғой. Келінді бар жерден, текті жерден алған, қызды өскен, өнген елге берген. Бұрыннан аралас-құралас, бір-бірін жақсы білетін Масабай Ыбыраймен құда болады. Балқадишаның (шын аты – Төкен) болашақ күйеуі – елге сыйлы сол Масабайдың Сүлеймені. Ақан сері Балқадишаны жақсы біледі. Қырдың гүліндей көз алдында құлпырып өскен Балқадиша. Бүгінде ол – бұл өңірдегі айтулы сұлулардың ішінде жұлдызы биік

періште. Ақан сері Ыбырайдың үйінде талай болып, əн шырқаған, бұл елді талай əнге бөлеген, гауһардай жалт-жұлт еткен Балқадишаны талай көрген; қыздың айдай жүзіне, нəркес көзіне, күміс күлкісіне, мінсіз сымбатына ессіз құлаған. Балқадишаны екі жеңгесі Ақан сері отырған он екі қанат ақ ордаға алып кіреді. Балқадиша бүгінде толықсыған кербез ару. Жарқылдаған жанарында күллі дүние жайнап тұр. Ақанның оң жағында отырып Балқадиша тамылжытып əн салады. Ақан серіні Балқадишаның назды қылығы, тіл байлаған көркі балқытады. Жанында отыр, бірақ ол сондай алыс, ғарыштағы жұлдыздай арбайды. Ақан сері құмарлық отына күйіп, іштей уһлейді, «Кең дүниеге сыймай дуылдаған бозбала кезімде қайда едің?» деп өкінеді. Балқадишаның да қарақат көздері ойға тұнады. Таң қылаң бере Балқадишаның екі жеңгесі Ділда мен Ұмсын келіп, Ақан серіден рұқсат сұрайды. Лəйліге есі кеткен Мəжнүндей хал кешкен Ақан сері сан түрлі ойға шырмалып, риза көңілмен рұқсатын береді. Арада біраз күн өткенде Ақан сері сол маңдағы ауылдарды əнмен сусындатып, Жыланды жағына барғанда, Балқадишаның ұзатылғанын естиді. Естіп, іңкəр жүрегі талып, көзіне жас алып, тұла бойынан «Балқадиша» əні шығады: «Қызы едің Ыбекеңнің, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен, тал Қадиша. Сексен қыз серуенге шыққан кезде, Ішінде қара басың Хан, Қадиша. Дегенде, Балқадиша, Балқадиша, Бұралған белің нəзік, тал Қадиша. Бір емес, екі жеңгең келіп отыр, Рұқсат, бізден сізге, амал не, бар, Қадиша. Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша. Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боларсың қандай жанға жар, Қадиша. Басынан Жыландының құлағаным, Кекілін Кербестінің сылағаным. Кетті деп Балқадиша естігенде, Құшақтап құз-жартасты жылағаным» Үміт шырағындай көрінген Балқадиша Таң Шолпаны секілді алыстай береді... алыстай береді... ол енді болымсыз дəменің өксікті өкініші болып көз алдында үмітті үзген бұлдырға айналады. Ақан сері тағы да ессіз махаббаттың азабын тартады. Балқадиша Сүлейменмен біраз перзент сүйіп, жарастықта ғұмыр кешіпті. «Балқадиша» əнін ел жыр қылып айтқанда, екеуі ол əңгімелерді қызыға тыңдайды екен. Ақан сері туралы сұрағанда Балқадиша: «Ақан серідей адамның сұлтанын кім сүймейді» деп отырады екен, жарықтық. Өмірдің балын да татып, уын да ішкен, тағдырдың тəлкегіне де түскен; жар қызығын да көрген, ғашықтықтың отына өртеніп, азабын да тартқан, салтанат та құрған; қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан; өшпейтін өнеге, тозбайтын асыл мұра қалдырған, тағдыр бірде аялап, бірде алдаған, бірде арбап, бірде əлпештеген аяулы Ақанның сергелдеңге түскен серілік өмірінің Илья Жақанов жазған аянышты ақиқаты осындай. Расында да, Ақан серінің тұла бойы бір тұтанып, бір жанған, бірақ, өлеөлгенше сөнбей кеткен махаббат еді. Сал-серілер өміріндегі осы феноменнің табиғатын да, тылсымдарын да Илья тамаша ашқан. Сөйтіп, қазақ өнері тарихын зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан. Өзі де өнерден жаралған, өнерден туған Ильяның басқаша жазуы мүмкін емес еді. Біз Илья екеуміз бір жылдың төліміз, құрдаспыз. Бірге өстік, бірге жетілдік. Мектепті бір класта оқып, бірге бітірдік. Мен – мектеп қабырға газетінің редакторы, Илья – суретшісі еді. Суретті керемет салушы еді. Əнді Алматыға келген соң шығара бастады. Ильяны композитор, жазушы ретінде қазақ-қырғызға танытқан – асыл Алматы. Бəріміз де Алматыға қарыздармыз. Илья досыма, бауырыма жаңа шығармашылық табыстар тілеймін. АСТАНА.


30 шілде 2014 жыл

ҒАН А М Л АШЫАЛДАР АР

ТҮРКІСТАНҒА БАРҒАН БІР САПАР ƏЛІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ. ОДАН БЕРІ ДЕ АРАДА БЕС ЖЫЛ ӨТТІ... НЕГЕ ЕКЕНІН, ҚАҒАЗҒА ТҮСІРІП ҚОЯМЫН ДЕДІМ ДЕ ƏЙТЕУІР, СОЛ МЕЗЕТ САН ТАРАУ ЖҰМЫС ҚОЛБАЙЛАУ БОЛА БЕРДІ.

XXI ҒАСЫРДЫҢ

« РОБИНЗОН КРУЗОСЫ » немесе 32 жыл ну қамыста ғұмыр кешу Сонау мектепте оқып жүрген кезімізде 22 жыл елсіз аралда жападан-жалғыз өмір кешкен «Робинзон Крузо» жөніндегі Даниэль Дефоның кітабын оқып, ол туралы киноны көргенде осы кейіпкер сияқты таңғажайып оқиғаларға толы өмір сүруді балалық қиялмен армандаушы едік. Тап сол Робинзон өмірде болды ма, болмады ма – оған мəн беріп жатпайтынбыз. Ал сондай адам ауылымызда бар екенін естігенде таңданысымызда шек болмағаны рас. Бостандық ауылдық округінің əкімі, елге сыйлы азамат Манар бек Сүндетов: «Жоғарыда айтқан əңгіменің кейіпкеріндей біреудің Сарыөзен жағасында жападан-жалғыз мекен еткеніне 32 жыл болды», – дегеніне сенерсенбесімізді білмедік. Бірақ əдейі іздеп барғанда бұл расқа айналды. «Робинзон Крузоны» бірден тауып алудың өзі бір хикая деуге болады. Он күн бұрын алдын ала Манарбекпен хабарласып, жолықтырудың қалайда ретін келтір деген соң, ол да бел шеше кірісіп, абырой болғанда сəтін салдырды. Жол талғамайтын «Нива» автокөлігімен Сарыөзеннің қамыс өскен Сақырат түбегіне бет алғанымызда Манарбек: «Аяғыңа керзі етік киіп алмадың ба? Қазір оны түсінесің» – деді. Бұған есілдертім «Робинзонмен» кездесу болып келе жатқандықтан көп мəн бере қоймадым. Түйе бойынан асатын, айналасын қамыс басқан түбекке келіп, əрі қарай жаяу жалпыладық. Əупірімдеп жүріп қамыстың ішінде, өзеннің жағасында тұрған кішкентай лашыққа келіп жеттік. Орта бойлыдан сəл жоғары, өңінен еуропалықтың да, азиялықтың белгісін аңғаруға болатын адам бізді қарсы алды. Алдымен мені қызықтырғаны лашық ішіндегі тұрмыстық жағдай болды. Жалғыз кереует пен қазаношақ бар екен. Күнделікті тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқтарды да көзім шалды. Осындай таныстықтан кейін «Робинзонмен» əңгіме тиегі ағытылды. – Бухарев Алексей Михайловичпін, – деп бастады кейіпкер өз əңгімесін. – 1951 жылы дүниеге келіппін. Əкемнің ұлты қазақ болса, анам орыс нəсілінен. Ертерек кезде осы Қазталов ауданынан Саратов губерниясының, Безымянный стансасына қоныс аударған екен. Біз сол жақта ержеттік. Ата-анамыздан 2 ұл, 2 қыз болды. Айтпақшы, руым жаппас болады. Сол жақта мектепте сегіз сыныптық білім алдым. Армия қатарында болдым. Біз тұрған жер Саратов қаласының іргесінде еді. Шулы өмір жалықтырды ма, əлдебір ішкі түйсік əсер етті ме, білмеймін 1982 жылы осы жерге келдім. Сол кезде бұл түбекте кеңшардың құрылыс материалдары үшін қамыс дайындалатын. Мына өздерің көріп отырған лашықты салып алып, кеңшар тапсырмасын орындап жүрдім. Менімен ісі жоқ кеңшар басшылығы əзірлеп қойған қамысымды жыл он екі айда бір алып кетуге ғана келмесе, басқа уақытта ат ізін де салмайтын. Сөйтіп, жалғыздан-жалғыз өмір сүруге дағдыландым. Əрине, бірден көндігіп кеттім десем, өтірік айтқандық болар, басында қиын болды. Бірақ мына тылсым табиғат өзіне тартып алды. Сендер түсінбеулерің мүмкін, мына ну қамыстың да, өзен суының да, аңдарының да өзіндік «тілі» бар. Мен солармен сырласамын. Тіпті, үйшік қасындағы мына ұяға дала бүркіті (біздің жақта қарағұс деп атайды) жыл да ұя салады. Биыл 4 балапан шығарды. Олар қанаттанып, күндіз қорек іздеуге кетсе, түнде ұяларына қайтып келеді. Бүгін кешке олар аздап мазасызданады. Өйткені, сендердің келгендеріңді тез сезеді. «Бөтендерді неге шекарамыздан өткіздің деп маған ренжуі де мүмкін», – деді Алексей күліп. Осы 32 жыл жападан-жалғыз ғұмыр

кешкенде мен өзімді бір мектептен өткен сияқты сезінемін. Киімді өзім тігіп аламын. Тамақ та дайындаймын. Кейде аса қажетті жабдықтар керек болғанда ғана округ орталығына барамын. Сонда неге екенін білмеймін, кері қайтуға асығамын. Адамдар арасында басқа бір ортаға тап болғандай күй кешемін. Қамыс арасында өмір сүріп келе жатқан уақыт ішінде бір ауырып көрген жоқпын. Жалпы өзім шылым, арақ дегендерді аузыма алған емеспін. Əңгімеден əңгіме туады ғой, жапанда жалғыз өмір сүріп жатқан соң, ауруларына дауа іздеген біреулер əрең деп мені тауып алғандар болды. Əрине, мен емші емеспін, бірақ айналамыздағы шөп қоректі жануарлардың майынан жəне шөп тамырларынан дайындалатын дəрілерді қалай алу керек, оны қай кезде пайдалану қажеттігін 32 жылғы өмірім маған жақсы үйретті. Сол кеңесімді оларға айтамын. Содан болар аурухана барын, қандай дəрі-дəрмек бар екенін де білмеймін. Мұның барлығы да табиғаттың маған жасап отырған мейірімі болар. Себебі, мен айналамдағы аң-құсқа да, өсімдікке де артық қол тигізбеймін. Иə, мен адам баласымын. Ол ортадан мені ешкім қуып, лақтырып тастаған жоқ. Кейде табиғатпен «сырласып» мезі болған шақта, адами жүрекпен де ойланатын уақыттар болады. Жаңа əңгіме басында айтып өткенімдей ата-анадан қалған ағайынды төртеудің (ағам қайтыс болды) екі қарындасым менің тіршілігімнен бейхабар. Мүмкін олар мені бұл дүниеде жоқ деп те ойлайтын шығар... Бəрін тастап, балалық шағым өткен жерге барып келу де мазалайды. Барармын да. Бірақ мені 32 жыл өмірім өтіп жатқан ну қамысты Сақырат түбегі кері шақырып алары сөзсіз. Өйткені, осы жерден басқа жерге мен сыймайтын сияқтымын, – деп Алексей əңгімесін қайырды. «Робинзонмен» қоштасып, кері қайттық. «Аяғыңа керзі етік кимедің бе?» – деген Манарбектің сауалын енді түсіндім. Көшеге ғана лайықталған аяқ-киімім көлік тұрған жерге жеткенше дал-дұлы шықты... Көлік ішінде келе жатқанда Манарбек мына бір əңгіменің шетін шығарды. Өткенде құрылысқа қамыс қажет болған соң, Алексеймен келісіп, жұмыс істеп ақша тапсын деп, бір жігітті қасына қосып едім. Ол бес күн өтпей ауылға қашып келді, – дейді. Иə, ол қайдан шыдасын. Өйткені, ауылда өскен бозбала Робинзонның жабайы Жұмасы емес, сауық-сайранға үйреніп қалған бүгінгінің «Жұмасы» ғой. Алексей – «Робинзон» қыркүйек айында зейнет жасына толады екен. Ауыл əкімі: «Оның зейнетке шығатын барлық құжатын өзім реттеп беремін», – деп отыр. Осы əңгімелерді ой-қиялымнан өткізіп келе жатып, артыма бұрылдым. Көз алдыма сағымға оранып тұрған Сақырат түбегіндегі ну қамыстың ішіндегі XXI ғасырдың «Робинзон Крузосы» елестеді... Тылсым табиғат, ну қамыс ортасында мынау дүбірлі дүниеден бөлек ақыл-ой иесі жүргені, біздерді ойлануға үйретеді деген пікір де санамызда қылаң берді. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ, журналист. Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

Түркістанға сапар тосыннан басталатын болды. Сол кездегі холдинг басшысы Арманжанның ұсынысымен қалайда қасиетті шаһарға барып мінəжат етуіміз керек деп шешті. Апыл-ғұпыл тапсырма бөлісіп, ұзақ жолға жиналдық. Алдымен Таразға аялдап, содан Шымкентке соғып, сосын барып Отырарға өтіп, ертеңіне Түркістанға жетуді ойластырдық. Бірінен соң бірі тізбектелген жеті көлік, Таразға кірген бойда Қарахан бабаның басына құран бағыштадық. Жол бойы Айша бибі кесенесіне бардық. Одан Оңтүстік Қазақстан облысының жеріне жеткен бұл сапарымыз енді экспедицияға ұласқандай сипат алды. Тізбектелген жеті көліктің алды мен арты ұзарып, сəлем берушілер көбейді. Жібек жолы бойындағы таспадай жол төтелей көне шаһар – Сайрамға бұрылды. Біздің келе жатқанымызды енді бүкіл облыс халқы құлағдар болғандай сыңай танытты. Алдында ғана ешбір басшыға айтпай барамыз дегеніміз енді бос əңгіме сияқты көрінді. Кешке қарай облыс əкімі Асқар Мырзахметовпен жүздесу өтті. Түрлі тақырыптарды қозғаған əңгіме басталды. Оның ішінде облыс экономикасынан басталған сөз арғы-бергі тарихты қозғады. Əңгіме арасында ескерткіштер жайы көтерілді, дала төсіндегі мавзолейлер мен сағаналардың мəселелері сөз болды. Əкім мен бас редак торлардың жарасым тапқан əңгімелері қызықтылығымен, мазмұн тереңдігімен ой тастар еді. Ол өзін əңгімесімен ерекше қырынан танып білуге тырысты. Облысқа қарайтын жер аймағындағы əрбір өзіндік қасиеті бар деген мекендерді санамалап беріп отыр. Қазығұрттың етегіндегі Ата тас пен Ана тасқа алып барайын ба дейді бір ауық, ал біз ертеңіне Түркістанға соғып, кері Алматыға қайта оралуымыз керек болатын. Ғайып ерен қырық шілтеннің, оның ар жағында Қырыққыздың ғажайып тас мүсіндері барын айтып, түсіндіріп жатыр. «Нəйеті бір күн аялдап, сондай кереметтерді көруге болады ғой», деп өтінеді. Біз селт еткен жоқпыз, арамыздан Нұртөре сөйледі, е, ондай ғажайыптарды Сапарбай жазған деді. Бұларды немен таңғалдыруға болатынын ойлады ма, сəл үнсіз қалды, сəлден кейін мына Шаян жақта Ақмешіт əулиенің жерасты мешіті бар, теп-тегіс жер, тауға қарай келе жатасыз, таңданған күйі көз алдыңызда үңгірдің аузы ғайыптан пайда болады, ілгері қадам бассаңыз өзге дүние əлеміне еніп кеткендей ғажайыптың нағыз үстінен шығасыз деп тамсантады. Кешірім өтініп, жолдан қалмауымызды сұрадық, тағы бірде міндетті түрде арнайы келетінімізді айтып, игі ниетіне ризалық сезімімізді білдіріп аттандық. Сол сапарда естіген əңгімеміз ойымызға жиі орала беретін болды. Неге екенін, ғажапты көрмей жүргенімізге де таңданысымыз шексіз. Бір уақыт еске алып, міндетті түрде бару керек екенін еске салып қоятын болдық. Енді Шымкентке келгенде туған жердің аяулы бір мекенін көрмей кетуге болмас. ...Шымкенттен ертемен жолға шықтық. Сазгер Қалыбек досым ыңылдап əдемі əуеннің қайырымын айтып жүріп бір уақыт кідіре салады да біздің ауылда ғажайып бір жер бар, соған сізді өзім алып барамын дейтін. Соның реті енді орайласа кеткендей екен, содан құлқын сəріден Қалыбек досқа телефон шалдым. Жағдайды айтып едім, ақкөңіл бауыр ақтарылып салды, Қайнар жақпен шыққанда жол бойы мынандай ауылдар кездеседі деп жіпке тізгендей етіп санамалап берді. Бірліктен Шаянға жетпей, Қаратауды бетке алып бұрыласың да Кеңестөбе ауылының тұсынан шығысқа жүргенде жота басынан үңгірді кезіктіретінімді айтқан. Сол жолы əкімнің өзі қиылып өтінгенде басқаша болатынын еріксіз еске алып отырдық. Шыбықбелге қарай шыққан жолдан бағанаға қарасақ, «Ақмешіт əулие» деп бір жапырақ қаңылтырға қоңыр бояумен айқыш-ұйқыш жазып, қағып қойыпты. Сол жерден оңға бұрылдық. Қаратаудың тұмса беткейіндегі дала жолын шаңдатып Қостұраға қарай зымырадық. Жол бойы тоқтап тыныс алдық. Жолдың да мəнісін білуге мұрсат алғандай едік. Бой жазып тұрған сəтте Қаратаудың мұнарлы беткейлеріне көз салып тоқтағанбыз. Солтүстік жақтан аңқылдап самал еседі. Жанымызда қаладан шыққалы жолсерік болып келе жатқан Еркінбек əріптесіміз енді барар нүктеміздің де қашық емес екенін ескертеді. Жақындап қалдық қой, бесалты шақырымдай жерде аңғарға түсуіміз керек, – деп қояды, – жота басындағы жонмен жүре берсек,

9

www.egemen.kz

тегіс жолмен діттеген жерді оңай табуға болады екен. Жарықтық əулиелі жер болғаннан кейін бе мына жердің топырағы қарақошқыл болып көрінеді-ау, – деп таңырқай қарағанмын.

жотаның арасымен Қаратауға қарай бағыт алдық. Он мың тұлпар сыйған жеріңіз де осы маңай болуы кəдік, бұл аңғар қақпасы болуы да мүмкін деп болжамдадық. Енді Еркінбек көліктен түсіп, шығыс беткейдегі жота басына көтеріле беруімізді өтінген. Өзі жотаның арғы бетіндегі шырақшыны шақырып келуге кетті. Бір қарағанда елеусіз ғана қос белдің ортасындағы бұралаң аңғар. Өзгеше бөліп айтатындай айрықша ештеңесі жоқ. Биік жотаға қалай көтерілген деп таңырқай қарап тұрдық. Сəлден кейін жалғыз аяқ сұлбаның сорабымен шығыс беткейге көтерілгелі жатқанда дауыстап сəлем берген ақсақал алдымыздан шықты. Таныстық, білістіктен соң ақсақал жол бастап жота басына көтерілдік. Үңгір аузына көтерілушілерге арнап кіре-беріс жерде дөңгеленген алаңқайға арнайы қыштақталар төсетіп, арнайы орындықтар қойғаны болмаса басқа ештеңе білінбейді. Өзің келіп іздемесең, Ақмешіт əулие

қалғанда жүгіріп осында келіп ойнайтынын, осындағы ағаштармен сөйлесіп, құстарға сауал тастап əңгіме-дүкен құрып кететін. Қарны ашқанда жемістерін теріп жеп, ұйқысы келсе қалғып та алатын. Ауылдың балалары үшін керемет сырға толы тұнық бір əлем болатын. Үңгір ішіндегі бүлдіргенді теріп жейтінбіз, деп еске алады шырақшы қария, ауыл балалары ұрланып келіп жап-жасыл үңгірге тынығып, бүлдіргенге тойып қайтатын. Алғаш рет соғыстан кейінгі жылдары əкем жарықтық туған жердің төсіндегі киелі жерді көрсетуге есегіне міңгестіріп əкелуші еді, деп сабақтайды баспалдаққа аяғын ыңғайлап қойып жатып Асқар ақсақал. Бұл үңгір кең сияқты елестейтін. Жылдар əлетінде таулар да шөгіп бара жатқандай-ау... Қайбір жылы осы өңірдің кəсіпкер азаматы Эдик Бекболатов демеушілік көрсетіп, мына айналмалы түсіпшығуға ыңғайлы баспалдақты орнатып берді. Бұл да келушілерге

АЌМЕШІТ ƏУЛИЕНІЅ ТЫЛСЫМ ЇЅГІРІ Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан».

Бұл мекеннің тарихы да қатпарлы ғой, бір уақыттарда қиын-қиын кезеңдер болған екен, жаугершілік қиын-қыстау уақыттардың кезінде осы маңдағы ұлы Бөген мен бала Бөгеннің жарысып аққан тұсы ма, əйтеуір Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, он мыңнан астам сарбазымен жауға қарсы шығуға дайындалып жатқан кезінде жаңбыр жауып кетеді. Селдетіп жауған жаңбыр астында таңғы намазды қалай оқимыз деп қиналмай бірден үңгірге түсіп, бəрі қатарласа тұрып намазға жығылады. Мынау бір керемет жер екен деп таңданысады. Үңгірге бойы үйренгеннен кейін сарбаздардың бірі батырға бұл жер кереметтігімен ұзақ есте қалдыру үшін бұдан былай бұл үңгірді Есіркеп деп немесе Қойкелді деп ат қойып кетейік дейді. Бұл ұсынысқа қарсылық білдірген батыр, қасиетті керемет үңгірдің киесі оған лайық болмасақ бұл атауды кешіре алмаса, ең қиыны сол болар, деп сөзін түйіндеді. Жарықтық Қаратаудың қасиет дарыған етегі ғой. Батыр да ойға беріле тұрып сөз бастапты. Бұл үңгір олай болмаса оң мыңнан астам адам бізге жаңбырдан қорғаштамас еді ғой, таңғы намазымызды оқуға мүмкіндік берді, тастары да аппақ күйінде ғажап əсер сыйлады, бəріміз жиналып, он мыңымыз бір жерде сəждеге бас қоя алдық, киелігі де осы да, бұл жерді енді Ақмешіт деп атайтын болайық, бұл қасиетті жер екен, содан былай Ақмешіт үңгірі аталып кетіпті. Бір қызығы, сансыз сарбаздың аттары үңгірге кіре-беріс беткейде байлаулы тұрған деседі... Қасиетімен, əулиелігімен ардақ тұтқан айтулы мекен соншама тұл пардың үнін білдірмей жаудан жасыра алғаны неге тұрады. Асығыс бара жатқан жау əскеріне тұтқиылдан шыққан сарбаздар ардың-күрдің қапысыз шабуылда кескілескен ұрыстың төріне айналдырады. Кескілескен ұрыста қаншама адамның қаны сауылдап өзен болып ағады. Сол кезеңде аққан қанның əсерінен қара жер де жиырылып түсіп, алақаттанған күйі қызылқақ болып бөлектеніп жатады екен. Жұрт та оны сол күйі Қызылқақ деп атап кетіпті. БҰЛ ӨҢІРГЕ ОДАН КЕЙІН ДЕ БІРНЕШЕ СОҚТЫҚ. АРЫ ӨТКЕН, БЕРІ ӨТКЕНДЕ САҒЫМ ОЙНАҒАН ҚАРАТАУДЫҢ САРҒЫШ ТАРТҚАН БЕТКЕЙІНЕ РИЗАШЫЛЫҚПЕН БІР ҚАРАП, ЕРЕКШЕ СЕЗІММЕН МІНƏЖАТ ЕТЕМІЗ. Біз жотадан төмен құлдилап өзен табанына түстік. Солға бұрылған күйі қос

үңгірінің жон басында кірер аузы барын да аңғару қиын. Ғажайып үңгір сырт дүниеден тысқары жатуымен де ерекшеленіп тұрғанының өзі бір таңсық құбылыс секілденіп тұрады. Шіркін, табиғаттың тосындау құбылысымен бетпе-бет келіп тұрмыз. Қарсы алдымыздағы бізді тылсым үңгірмен арамызды бөліп тұрған темір баспалдақтар ғана деп ойладық. Жол, жол дегендегі сұлба сорап қана, осы жерге келіп тіреледі екен, əдемілеп табанына қыштақта төсеген күйінде екі адым алға, екі адым артқа адымдауға мұрсат берген мүмкіндікті пайдаланып тылсым əлемге сапарлайсыз. Аспан түстес бояумен əрленген баспалдақ сізді көзді ашып жұмғанша өзгеше дүниеге алып барады, кіреберіс сізге ойлануға берілген аз ғана мəуріт секілді сезіледі. Бұл жерге үштөрт адам отырып тыныс алатын, ойласатын кезеңді бастан кешетін уақыт сияқты елестейді. Мынау енді сізді ары қарай үңгірге түсіретін үңірейген үлкен тесік мынау ғажап əлемге темір баспалдақ арқылы қадам басасыз. Шырақшы Асқар Рүстембекұлы ақсақал Ақмешіт əулие үңгірінің ғажайыптығын бала кезден құмарлығы артып, ерекше сезімге бөленетінін жасыра алмайды, қайта осында келіп, мауқын басатынын, қолы қалт ете

жасалып жатқан жағдайдың бірі болып саналса керек. Тағы да Ақмешіт əулиенің басына ескерткіш белгі қойылып, мынау тау қойнауынан 30 адамға арналған қонақүй салып, түнеуге келушілерге жағдай жасап отырған жайды айтпасқа, елдің ризашылығын білдірмеске, жақсылықты айту да міндетіміз ғой. Мұның өзі таулы өңірге жасалып отырған көп көмектің бірі болса керек. Мына баспалдақтар бізді əп-сəтте тылсым үңгірдің табанына алып барады. Əйтпесе осы ғаламат үңгіріңіздің ұзындығы екі жүз елу төрт метр болса, ені алпыс бес метр, биіктігі жиырма бес метр келеді. Бір кездері Арыстанбабқа, Бекет ата кесенелеріне дейін баратын жерасты жолдары болған деп айтылады. ЖОТА БАСЫНДА ҮҢІРЕЙГЕН ҮҢГІР АУЗЫ БІР ҚАРАҒАН КІСІГЕ БІЛІНБЕС ТЕ. ОН МЫҢ АДАМ НЫҢ ТАҢҒЫ НАМАЗҒА БІР МЕЗГІЛДЕ СЫЙЫП КЕТУІ АҢЫЗ ЕМЕС, АҚИҚАТЫ ДА СОНДАЙ ҒОЙ. ҚҰС ҚОНАҚТАР ҚАРАҒАШ ӨСКЕН ҮҢГІРДІҢ ҒАЖАЙЫПТЫҒЫНА БАСҚА НЕ ҚОСУҒА БОЛАР?!. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бəйдібек ауданы.


10

Қ

азақ пен жылқыны тел емген телқоңырдай көреміз. Түрлі теңеу лер де айтамыз. Арғы-бергі тарихқа жүгінеміз. Қасқа жолдың иесі Қасым ханның: «Біздің асыл дүниеміз – бір ғана жылқымыз, лəззат алатын асымыз – ет, сүйетін сусынымыз – қымыз» деген сөзіне, кемелденген деп кең жүргенде омақаса құлап, келмеске кеткен Кеңес заманында қасқайып тұрып, ешкімнен ықпай: «Басқа жұрт маймылдан жаралса жаралған шығар, ал қазақтың тегі жылқы» деп төтесін айтқан Асқар Сүлейменов пен биік талант иесі Марат Қабанбай («Кентавр» романын еске салып отырмыз) сөздерінің түймедей түйінін енді малданып, «е, осылай екен ғой!» деп жамырай, жарыса, таласа айтып жүрміз. Қазақтың көбінің бойындағы бұлжымайтын бір қасиеті – нан жеп отырған уақыттан аспайтыны, төрден айтса сол төңіректен озбайтыны Кеңес дəуірінде бұлжымайтын қағидаға айналғаны ақиқат еді. Сол тұста, соның кесірінен көп дүниемізді ұрандатып жүріп тəрк еттік. Тілімізді шұбарлап, дінімізді лайлап, əдет-ғұрпымызды ескіліктің сарқыты деп сан-саққа жүгірттік. Енді соның біразын қалпына келтіре алмай – тəлтіректеп жүрген жайымыз бар. Сұрқай саясат тұсында Н.Хрущев құрық сілтеп жылқы шаруашылығын тұралатып кеткені тарихтан мəлім. Кейін қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы: «Дарвиннің «Біз маймылдан жаралдық!» деген теориясының күлталқанын шығаратын ұрпақ келеді əлі жер үстіне», деген көрегендігі расқа айналып, жылқы жануары «ортаға» қайта оралды. «Қолға алғаш кім үйретті,» деген сұрақ дау-дамайға айналғанда əлем ғалымдары, оның ішінде ағылшын оқымыстылары зерттей келіп қазақтың еншісіне түбегейлі берді. Бұған қазақ зиялылары да өлшеусіз үлес қосты. Сол байламға да көп уақыт бола қойған жоқ. Олардың айтуынша, жылқыны қазақтың арғы ата-бабалары Көкшетау өңіріндегі Ботай қо нысында қолға үйретіпті. Үйретіп қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытыпты. Оны сон да табылған ыдыстардағы қалдықтар бойынша дəлелдеді. Сөйтіп, жылқыға алғаш құрық салып, қолға үйреткен, құлағында ойнап, байтақ даламызды аласапыранда қорғаған біздің арғы бабаларымыздың кемелдігі керемет делінді. Алты мың жыл бұрын өмір сүрген сол зерделі жандар жадының күштілігін ағылшын ғалымдары тайға таңба басқандай дəлелдеп ғана қоймай, таң-тамаша болып отырғанын бүгінгі ұлт оқымыстылары сүйсіне жазуда. Бірақ сол ұлы үлгіні біз ұстап жүрміз бе, тұлпар тұғырға қонып, бал қымыздың «бағын» аша алдық па? «Əлде баяғы қалпынан айырып сулы-суанға, күнкөріс тірлігінің жетегіне жіберіп қойдық па?» деген сұрықсыз сұрақ кейде мазалайтыны рас. Бұл айтқандарымызға осы жерде мысалдар іздесек, табылары хақ. Қазір екінің бірі – қымыз туралы жазады, айтады. Үш жылдың алдында біз де қалам тарттық. Оған қымыз патентін «Бір неміс иеленіп кетіпті» деген əңгіме себеп болған еді. Оның үстіне бұл мəселені халық үміт артқан, көз алдында жүрген Мəжіліс депутаттары да жылқы шабысындай дүркіретіп көтерген болатын. Шындығына келгенде, Кеңес дəуіріндегі қымыз патентінің: куəлігі профессор Зұлхарнай Сейітовтің қолында екенінен хабарымыз бар еді. Ол кісі қымызға қоса, қазақ бальзамының да иесі екенін жұрт білетін шығар. Астанадан Алматыға арнайы барып қадірлі ақсақалдан «Қымыздың патенті кімде?» («ЕҚ», 11 қазан 2011 жыл,) деп əңгімеге тартып, депутаттардың да бұған үлкен мəн беріп отырғанын тілге тиек еткенімізде, ғалым ойланып барып: «Қымыздың əлемдегі бірінші патенті қазақта. № 330. Мұны бір деп қойыңыз, екінші – құрғақ қымыз ұнтағының, үшінші – шұбаттың, төртінші – қойытылған қымыздың, бесінші – бие саумалының, алтыншы – шұбат ұнтағының, жетінші – бие сүтін анықтайтын əдістің, сегізінші – қазақ бальзамының патенті біздің қолымызда тұр. Патент туралы əңгіме қозғап жүрген бауырларым тірі Сейітовті шақырып сұраса, тоқсанға қараған жасымды елемей, барып айтып берер едім. Мен қымызды зерттегелі 60 жылдан асып кетті. Талай емен есікті аштым, төрде отырған азаматтарға ағарған, селдір тартқан шашымның көбі

30 шілде

Ң

Ы ЖАЙД Н А Ғ Л ҒЫ ЖАЗЫАҢҒЫРЫ Ж

www.egemen.kz

2014 жыл

осы ұлттық сусынымыз қымыз жолында түскенін қиылып тұрып та, қиналып тұрып та айттым. «Жақсы» деген сөздерді естіп, үмітімді үкіледім. Ол бос сөзге айналып, сағым сынған тұстар да қолымды бір сілтеп, теріс айналған сəттерім де аз емес. Артынан ұлттық рухы атойлап тұрған бір азаматты көріп қалсам, не жылы сөзін естісем, қайтадан атқа қонып жүрмін», деген. Қазір де анда-санда хабарласып тұрамыз. Діттеген мақсатына жете қойған жоқ. Қымыз патентін халықаралық деңгейде тіркетуге қолдың қысқалығы байлау екенін өкінішпен айтады. Тоқсаннан асқан ақсақалдың бұл өкініші қанша уақытқа созыларын бұл күні ешкім тап басып айта алмайды. Өзі: «Заманға қарай жанды, жансыз нəрсенің бəрінің стандарты болуы тиіс деген қағида қалыптасқан. Соның қатарында əр жаңалық ұсынушы еңбегінің ақиқатын халықаралық патентпен бекітіп отыруы тиіс. Мен де қолымдағы патенттерімді сондай дəрежеде бекітіп алсам деген əлі үмітім бар. Шіркін, сол үміттің ақталғанын естісем, еңбегім жанып, арманым орындалар еді», деп сегіз патентіне алма-кезек

құтқарар ма? Шарапаттарын тигізер ме?», деген сансыз сұрақты бас қоса қалған кезде алдымызға тартатын. Сол сұраққа біз аздыкөпті еңбегімізбен жауап беріп жүрміз. Біздің осы тынымсыз тірлігімізді көрсе, бір жасап, «Арманым орындалыпты дер еді-ау!» Əкем қазақ халқы туралы, оның мейірім, шапағаты жайлы жиі еске алатын. Жаспыз ғой, қазақ деп отырғаны кім екен дейтінбіз. Сөйтсек, жылқы иесі, қымыз иесі қазақ деген дархан жұрт екен. Қазақ еліне барғанда да, осында қанаттас тұрып жатқан жайдары ұлт өкілдерімен аралас жүргенде де – олардың ниет кеңдігіне тəнтіміз.

ҚАЗАҚ

ҚЫМЫЗЫНЫҢ ПАТЕНТІ

ҚАЗАҚТА ЕКЕН

Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».

қарап қоятыны көз алдымыздан кетер емес. Биылғы жылдың маусым айының басында Еуропа мемлекеттерінде тұратын қандастарымыз өздерінің дəстүрлі кіші құрылтайын Германияның Берлин қаласында өткізген еді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйытқы болуымен сол шараға біз де барып, не бір əдемі көріністерге куə болдық. Алыста жүрген ағайын барын салып, ұлттық салт-сананы көрсетті. Қала сыртында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды. Жиналған жұртқа ата жолымен дастарқан жайды. «Қане, бауырлар, қазақ қымызын ішіп, бие сүтінің өнімін алыңдар!» деген сөз құлаққа жеткенде, «бұл өңіміз бе, түсіміз бе» дедік. Сөйтсек, бес-алты қадам жерде ашаң жүзді ер мен əйел шатыр астында, мұнтаздай тап-таза жерде қазақ қымызын сатып тұр. Екі-үш шелек су сиятын самаурын секілді ыдыстан құйып береді. Шағын бөтелкедегі сусын 3 эвро болса, бір рет пайдаланылатын стақандағысы 2,5 эвро. Бие сүтінен алынған алуан түрлі өнімді үстел үстіне тізіп қойыпты. Оның сапасын, дəмін татып көруге болады. Қай-қайсысынан да қымыздың жұпар иісі аңқиды. Германиядағы бұл игілікті істің иесі, қазақ қымызының патентін алып қойыпты деп жүрген Ганс Цоллманн болып шықты. Қасында тұрған əйел – зайыбы Удри Цоллманн екен. Екеуінің бойында да ізет, инабат, кісілік пен кішілік есіп тұр. Қарапайым, халықшыл, менмен емес. Сонда оқуын жалғастырып жүрген Гүлсім деген қарындасымыз арқылы тілдескенімізде Ганс Цоллманн: – Бұл жұмысты мен қайын атамнан, Удридің əкесінен үйрендім. Үйреніп қана қоймай, мұра ретінде қабылдап алдым. Атам өткен ғасырдағы сұрапыл соғыста тұтқынға түсіп, Сібірге айдалып кетіпті. Сонда жүргенде өкпе ауруына шалдыққан. Башқұрт, татар елдерінде, Солтүстік Қазақстан

облысында болыпты. Сонда кеселіне ем ретінде мейірімді жандардың қамқорлығымен қымыз ішіп, аман қалыпты. 1949 жылы елге оралғаннан соң да бірлі жарым жылқы ұстап, сүтін ішіпті. Он жылдан кейін бие санын беске жеткізген, – деп бір тыныс алғанда оның сөзін Удри жалғады:

– Біз бала кезімізден əке сөзіне ден қойып, бие сүтін ішіп өстік. «Менің жолымды балам жалғайды» деп бауырымды малдəрігерлік мамандығына оқытты. Ол біраз жыл осы салада еңбек етті. Келекеле: «Жауапкершілігі үлкен екен, мен аяғына дейін жеткізе алатын емеспін. Ұятқа қалғым келмейді»

деп бас тарты. Сол кезде мен Гансты кездестірдім, – деп еді Ганс жылы жымиып: – Кімді кім кездестірді?! – деп əзілдің отын үрледі. – Иə, сен, оған дау бар ма, байқамай қалдым. – Ганс үлкен азаматтық жасады. Қайын атасының жолын жалғап, үмітін ақтады деді осы арада Удри. – Əкемнің бүкіл жан дүниесі жылқымен бірге еді. «Жылқы өмірдің өзегі, өзегіңді талдырмайтын – құдіретті ана сүтіндей сүт береді,» деп отыратын. Қысы-жазы сол бие сүтін, қымызын үзбей ішетін. Бізді де соған баулыды. Ұлына мұра етіп қалдырамын деген арманы орындалмады. Бірақ күйеу баласы адалынан еңбек етіп жүр. Мен болса да бар күш-жігерімді жұмсап келемін. Өйткені, əке аманатынан артық не бар. Ганс те мал шаруашылығының маманы. Содан да шығар, қызығушылықпен кірісті. Қасиетті жұмысты атқарып жүргендіктен болар, қазір отбасылық өмірдегі тірлігіміз өте жақсы. Ұрпақ өсіріп, оларды да ата жолына бұра бастадық. Менде бір арман бар, ол: «Əкем осының бəрін бір көрсе ғой» деген. Əрине, орындалмайтын арман екенін білмей отырғам жоқ. Тағдыр тауқыметін аз тартпаған менің ардақты əкем: «Жылқы бағу, қымыз өндіру менімен бірге кетер ме екен? Əлде ұл-қызым ісімді өлтірмей жалғап, қымыз өндірісін өркендетіп, елге қызмет етер ме? Сырқатқа шалдыққан жандарды жан азабынан мені құтқарғандай

– Мен қайын атаммен көп бірге бола алмадым. Өткен ғасырдың жетпісінші жылы ол кісі өмірден озды. Дегенмен, азды-көпті сабақ алдым. Соңғы демі біткенше: «Жылқыдан қол үзбе, сүті де, қымызы да шипа. Ол болмаса, мен баяғыда-ақ жат жерде көз жұмып, сүйегім саудырап қалар еді. Қымыз қатарға қосты, Жылқы бағусыз қалмасын!» деп кетті, дейді Ганс. Ганс Цоллманнмен бұдан кейінгі əңгіме желісі сұрақ-жауап түрінде болды. – Қазір қанша жылқыңыз бар? – 200 сауын бие, тай-құлынымен 200 бойдақ, бəрі – 400 бас жылқы бар. – Қымыздан басқа қандай өнім өндіресіздер? – Соңғы жылдары саумалға сұраныс артып отыр. Қымызға болса да көп. Мен жылқыны біраз зерттеп, зерделедім. Көзім жеткені – текті мал екен. Содан да болар, оның сүтінің қасиетті болатыны. Сырқаттың қай түріне де, əсіресе, ішкі құрылысына таптырмайтын ем көзі. Біз өзімізге ғана аян қымыз өндірудің барлық технологиясын меңгердік, десе де болады. 400 жылқыны 10 адам қарайды. Арасында біздің 3 қызымыз да жүр. Жұмыстың көбін техникамен атқарамыз. Оның ішінде бие сауып, қымыз баптау да бар. Қымыз ұнтағына дəнді-дақылдар араластырып, түрлі тағамдар да жасаймыз. – Арасында косметикалық заттар да бар деп естідік... – Иə, бар. Оған да тапсырыс та аз болмай тұр. Бетке, қолға, бүкіл денеге жағатын қош иісті майлар, жуынғанда пайдаланатын сабындар жетіп-артылады.

– Балаларға арналған тағамдар да шығаратын боларсыздар? – Əрине, ана сүтімен жылқы сүті құрамдас екен. Оған көз жетті. Бұл өнімімізге тілек білді ретіндердің көптігі сонша, бəрін бірдей қам тамасыз ете алмай отырмыз. Біз үшін үлкен өкініш, осы болып тұр. Ұрпақ жайын ойлағанда, біздің барлық жетістігіміз осының ғана түйінінде тұрғандай көрінеді. Амал не, халықтың ниетіне қарай, толық дəрежеде жұмыс істеуге мүмкіндік бола бермейді. Оның себебін бұл арада таратып айтып, уақыт алғым келмейді. Ондай қажет тағам бие сүтінің ұнтағынан жасалады. Біз сауа салып, ұнтаққа айналдырамыз. Олай істемесең қуаты жойылады. Жасандылыққа ұрынып, тұтынушыларды алдау – арға сын деп білеміз. – Қазақ елімен байланыстарыңыз бар ма? – Қарағанды облысында болдым. Жалпы, қазақ жері байтақ десе, байтақ екен. Ондай жерде жүрген жылқы сүтінің дəмділігі өз алдына, қуаты да бөлек болатын көрінеді. Біз бие сүтін енді ғана танып білсек, қазақтар баяғыдан шөл қандырар сусын ретінде қолданыпты. Бие сүтінің құдіретін қазір біз ғана емес, Еуропаның өзге біраз мемлекеттері де түсініп, жылқы өсіре бастады. Кейде ойланып отыратыным бар, жылқыны біз секілді байлап, матамай қазақтар секілді кең далаға еркіне жіберсе, сүті сүт емес, бал болып кететін шығар. Қайын атам жылқы өсіріп, елге қызмет етуді бізге тапсырғанын алда айттым. Біз ата арманын бұлжытпай орындап келеміз. Ал менің арманым, ол кісінікінен бөлектеу. Қандай дейсіз ғой, жылқы мен қымыздың отаны Қазақ елімен барыс-келісте, алыс-берісте болып, үлкен жобаларды бірлесіп іске асыру. Əсіресе, экологиялық алапаттардан зардап шеккен жандарға, оның ішінде бейкүнə сəбилерге қажет тағамдарды өндіру ісін кең жолға қою. Оған Қазақ елінде мүмкіндік мол. Жер жетеді. Атабабаларының дəстүрін, үлгісін, өнегесін ұмытпай жалғап жүрген көнекөздер де көп көрінді. Табиғи заттардан жасалған бие сауатын, қымыз ашытатын ыдыстар да мені қатты қызықтырды. (Осы арада, тарих тереңінде: «Олар бие сүтін ағаш күбілерге пісіп, бетін қалқып алады, бетіндегі қалқымасы ең жақсы деп саналады. Оны аса қадірлейді, құпия сақтайды» деп бабаларымыз туралы айтқаны ойға орала берді). Иə, бізде уақыт талабына сай жетілдірілген түрлі-түрлі технологиялар бар, бірақ жер тар, жылқыны өсіре беруге мүмкіндік кемшін. – Сіздер қымызды патенттеп алды деген ақпарат естиміз. Бұған не дейсіз? – Менде патент жоқ, қайын атамнан үйренгенімді ақылойымда қорытылған өзімнің жаңа технологияларыммен, ізденістеріммен жалғап келемін. Қайталап айтамын, өзгенің емес, өз технологияммен ғана өнім шығарып отырмын. Патент туралы ойлап та жүрген жоқпын. Оны алған соң соған сай ақаусыз жұмыс істеуің керек. Жоқ, мен өз шамамды білемін, ешкімнің алдын кескім келмейді. Патент – əлемдік деңгейдегі құжат. Қымыздың патенті – қазақ ғалымында дегенді естігем. Жылқы иесі, қымыз иесі, патенттің де иесі болуы заңдылық емес пе! Егер патенті бар Қазақ елі қымызды дүниежүзілік деңгейге көтеріп, абыройы асып жатса, мен қуана қолдаймын. Оған шамашарқым келгенше үлесімді қосуға əзірмін. Анандай байтақ жері бар ел күні ертең жылқы өнімдерін ұлттық брендке айналдырады деген сенімдемін. Осылай деп сөзін аяқтаған Ганс Цоллманн қымыз бен саумалын ұсынды. Ризашылығымызды білдірдік, бірақ қазақ қымызындай тілді үйіре қоймады. Əйтсе де, атамда, бабамда жоқ іс қой демей, əке аманатына адалдық танытып жүрген Цоллманндардың ұмтылысын ерлік десе болғандай. Болашақта іздене жүріп бал қымыздың бабын келтірер. Арғы дəуірде тағы сол Геродот: «Көшпенді сақтардың сүйікті сусыны – бие сүті. Оны олар ерекше тəсілмен дайындаған жəне қымыз дайындау тəсілін құпия сақтаған» десе, бергі заманда: «Арудан асқан жан бар ма?! Жылқыдан асқан мал бар ма?! Биенің сүті сары бал – Қымыздан асқан дəм бар ма?!» – деп еді Ақтамберді жырау. Сонымен, бүгінгі қымыз туралы аталы сөз алда айтылар, бабалар үлгісі уақыт талабына сай жаңаша жаңғырып, ұлттық тағам, ұлт рухын көтеріп, брендіміз болар, сөйтіп биікте тұрар деген үміттеміз. АСТАНА – БЕРЛИН – АЛМАТЫ – АСТАНА.


30 шілде

АС Р А Қ КӨЗ

2014 жыл Халқымыздың өткендегі тарихы мен мəдениеті, ұлттық мəдениетіміздің рухани даму жолдарын əлем жұртшылығына пəрменді түрде насихаттап отыратын орталық – республикалық көлемдегі əдебиет музейінің қажеттілігі əлдеқашан-ақ уақыт талабына айналған болатын. Абайдың жүз жылдық тойына даярлануға орай Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советінде құрылған мерекелік комиссияның арнайы тапсыруы бойынша М.Əуезов жасаған «Соображения по поводу подготовки к 100-летнему юбилею Абая Кунанбаева» (ЛММА, папка №239) атты үш бөлімнен тұратын тезистерінде ой-пікір, ұсыныстары толық баяндалған.

ДАНАДАН ЌАЛЄАН ЎЛЫ АРМАН Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, профессор.

Ашығын айту қажет, М.Əуезов тарапынан қойылған талаптілектердің бəрі де түгелге жуық дерліктей жүзеге асырылған. Бірақ данадан қалған ұлы арман ғана, яғни Абайдың республикалық əдебимузейі кең көлемдегі А.С. Пушкин мен М. Горький əдеби-музейлерінің дəрежесіне көтеріп, астанамыз Алматыда ашу тілегі толық шешімін таппай қалған екен. 1945 жылы Абайдың, 1946 жылы Жамбылдың жүз жылдық торқалы тойы өтіп, оларға жергілікті жерде əдеби-мемориалдық музейлер ашылған соң да Мұхтар Əуезов өз тарапынан айтқан пікірін қайта көтере бастады. Өйткені, республикамызда тұңғыш рет ашылған мемориалдық екі музейдің де ауқымы тар, əрекеті қысаң болып, тіпті, республика жұртшылығының толық көруінен тыс қалып қойды. Себебі, Абай, Жамбыл музейіне келушілердің қазіргі құрамына көз жіберсек, олар-

ды көрушілердің негізгі құрамы жергілікті жердің тұрғындары екендігі байқалады. Мұхтар Əуезов осы жағдайды, əрі екі музейдің де əрекеті тар көлемде қалуын ескере отырып, мəселені 1948 жылы тиісті орындардың алдына тағы да қояды. 1948 жылдың 29 ақпанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының президиумына арнайы жолдаған хатында былай дейді: «...айтпақ мəселем – біздегі екі музей жайында. Олар – Абай мен Жамбыл музейлері. Музейдің екеуін де бір жағынан өкімет өзі ерекше сүйемелдеп, олардағы жұмыстарды мол түрде іске асырмаса болмайды... Менің ұсынысым: екі музейді де кішкене ғана үй-музей (бүгінгі қалыптарыда) болып қалуы дұрыс емес. Екеуі де үлкен, əдебиет музейіне айналсын! Мəдениетті жəне əдебиет ғылымын дамыту, өсіруде үлкен творчестволық іс істеп отыратын əрі музей, əрі зерттеуші орын болсын». Соңғы жылдары тағы да баспасөзде көтеріле бастаған республикалық əдеби музей ашу жайлы ой-пікірлердің де Р.Бердібаев, Ф.Оразаев, т.б. құяр арнасы М.Əуезов ойларымен ұштасып жатса, Еңбек Ері, академик, жазушы Ғабит Мүсіреповтің: «Бізде əлі күнге ардагерлеріміз Сəкен, Бейімбет, Ілиястарға əдебимемориалдық музейдің жоқтығы арқаға аяздай батады». («Лениншіл жас», 1977, 25 март) деп өкініш білдірген сөздері кімді болса да ойға қалдырғандай алаңдау сезімін тудырады. Əрине, бұлардың бас-басына музей аша беру мүмкін емес. Бірақ, олардың қолжазбалары, архивтік деректері, тұрмыстық мүліктері бір орталыққа түгелдей тапсырылып, зерттеу орталығы болатын Абай мен Жамбылдың республикалық əдеби музейін Алматыда ашудың қажеттілігі бұрынғыдан да айқындала, анықтала түседі. Мұхтар Əуезовтің сөзімен айтсақ: «Абай» музейі – бір Абай емес, барлық ХVIII – ХIХ ғасырдағы, ХХ ғасыр басындағы жəне тіпті, əзірше, совет əдебиеті тарихының бар дерек материялдарын өз ішіне жиятын «Қазақ жазба əдебиет тарихының» музейі болсын. Жəне бұл музей Семейде емес, өзіне арналып салынған үлкен үйімен, өзінің сапалы штатымен, Қазақстан астанасында болсын. Қазіргі Семейдегі үй-музей осы Абай атындағы əдебиеттік үлкен музейдің филиалы болсын» (ЛМА, п№239). Яғни Абай музейі – бүкіл жазба əдебиеттің даму, қалыптасу тарихын қамтуына байланысты өткендегі, қазіргі, келешектегі ақын-жазушылардың өмірі мен творчествосын біріктіретін

орталыққа айналар еді. Көрнекті ақын-жазушыларға əдеби музейден арнаулы бөлме-орын беріліп, олардың өмірі мен шығармасы, қолжазбалары, архивтік деректері мен жеке мүліктері де шашырамай бір жерге жиналып, жылдар өткен сайын қолдана беруге жағдай жасалар еді. Абай одақ пен дүние жүзіне М.Əуезовтің роман-эпопеясы арқылы танылды. Ал ақынның төл шығармалары өз түпнұсқасының дəрежесінде аударылмағандықтан əлі де болса нашар танылып келеді. Осы олқылықты ерте сезінген М.Əуезов Абай шығармаларының аса сапалы жолма-жол аудармасын алдымен орыс тілінде жа-

сау туралы өте қызықты пікір ұсынған. Өйткені Абай романының даңққа бөленіп, оқырман қауымды өзіне үйіріп алуына байланысты Мұқаңның оқушылары Абайдың төл шығармаларын да сұрай бастады. Мысалы, К.Н.Новокурецкая (Москва), А.И.Федоров (Ленинград), В.В.Воролевич (Азербайжан ССР-і), Д.Мурадов (Грузия ССР-і), В.Г.Дудометкин (Свердоловск) сияқты көптеген оқырмандар Мұқаңа хат жазып, ақынның еңбегімен танысу жайында ақылкеңестер сұрайды. Абайдың толық жинағын бүкіл совет халқының игілігіне айналдыру қажеттігіне тілектестігін білдіріп елеулі мəселе көтерген еді. Жасыратыны жоқ, қазір Абай мұрасын арнайы зерттеу, ақын шығармаларын жоғары оқу орындарында тереңдей оқыту жұмысы əлсіреп барады. М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтында Абайтану бөлімінің кеңеймеуі 1970 жылғы Қазақ ССР Жоғары жəне арнаулы орта білім министрлігінің жоғары оқу орындарында Абайтану жайлы арнайы курс, арнайы семинар өткізіп, оларға көмекші оқу құралдарын жасау жөніндегі бұйрығы аяқсыз қалуы өкінішті-ақ. Абай мұрасын зерттеушілердің азайып кеткендігін де айтуға тиістіміз. Өйткені, Абай мұрасының шешілуге тиісті күрделі проблемалары мен міндеттерін іске асыру үлкен даярлықты талап етіп отыр. Ол үшін Батыс пен Шығыстың əдебиеті мен тарихын, қоғамдық ойын жақсы білудің үстіне, əртүрлі жазу үлгісіндегі жазба деректерді де меңгере алатын қосалқы қиындықтар да кездесе бастады. Ал, бұл талаптар тек Пушкин, Горький, Науаи, Низами типіндегі үлкен республикалық Абай музейі мен абайтану бөлімі ашылып, шын мəнінде іске қосылғанда ғана дұрыс шешімін таппақ. Мұхтар Əуезов қазақ фольклорын зерттеуге де зор мəн беріп, оны ғылым жолына түскен кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін қол үзбей зерттеп келді, əрі жетекшілік басшылық жасады. Осымен қатар, халық ауыз əдебиетінің кеңестік дəуірдегі теңдесі жоқ алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармаларына айрықша көңіл бөліп, оны зерттеу жұмыстарын ерте қолға алды. Өйткені, түркітілдес халықтар арасында қазақ ауыз əдебиетінің қаймағы бұзылмаған өзіндік табиғи ерекшелігін сақтап қалған құнды рухани қазына деп бағалады. Осыған орай, қазақ фольклорының қалыптасу, даму заңдылығын, кеңестік дəуірдегі өркендей өсуінің сырын білуде Жамбыл еңбектерінің айрықша мəні бар құбылыс екендігіне фольклористғалымдардың назарын аударып

келді. Жəне осылардың бəрін ескере отырып ұлы ғұлама Алматыда Жамбылдың музей-үйін ашып, оны халқымыздың ауыз əдебиеті мен халық ақындарының творчествосын зерттейтін, əдеби мұрасын жинап, жүйелейтін орталыққа айналдыру қажеттілігін күн тəртібіне қойды. Сондай-ақ, оның бүкіл қазақ совет фольклорының бірегей музейі ретінде халық сөз өнерінің бар түрінен үлгі-өнегелері жанрлық орындау ерекшеліктерін техникалық құралдар арқылы кең көлемде жүйелі түрде танып, үздіксіз насихаттап отыратын мəдени орталыққа айналдыру қажеттілігін дəлелдеді. Бұларға қоса халық ауыз əдебиетінің бар үлгілерін, даму жолдарын келер ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп беру де музей-үйдің міндеті деп түсінді. Осы мəселелерді тереңнен ойлаған дана жазушы: «Жамбыл атындағы музей де əдеби музей болғанда жазба əдебиет емес, ақындар, фольклор (совет фольклоры) музейі болсын. Онда да бір Жамбыл емес, материал табылса, баяғы Жанақ, Сүйінбайлар жайындағы деректерден бастап, кешегі Нұрпейіс, Доскей, Исаларға дейін бəрінің де белгі, мұралары, өмірбаяндық, творчестволық фактілерінің бəрі жиылу керек. Онда бір жағынан жинаушы, бір жағынан зерттеуші ғылымдық орын болу керек. Бұдан былайғы уақыттарда қазақтың советтік фольклорын көркейтіп, дамыта беру жөнінде басшылық ой, ұйымдастырушылық жол көрсетіп отыратын қадірлі орын болу керек. Бұл музей де Абай музейімен қатар Алматының мəдениеттеніп өсу жолында, біздің астанамыздың да, жалпы советтік социалистік мəдениетіміздің де үлкен бір мақтанышы жəне көркі болып тұру керек. Осы екі музейдің де өздерінің ғана арнаулы, ықшам, көркем, шебер архитектурамен салынған үйлері болу керек. Сонда қазіргі Жамбыл музей-үйі – музей болып, үлкен музейдің филиалы болып қалсын» (папка №275,6-7бет.), – деп ой толғайтыны бар. Осы тұрғыдан қарағанда, Қазақ ССР Ғылым Академиясының Əдебиет жəне өнер институтында ашылған Жамбылтану бөлімі қазірдің өзінде-ақ көп жұмысқа бағыт беріп, ғылыми еңбектердің туындауына, ақын мұрасының жиналып, молығып, зерттелу ісінің орталығына айнала бастағанын көріп отырмыз. Ал, Абай мен Жамбылдың кең көлемдегі республикалық деңгейдегі əдеби музейі ұлы жазушы армандаған дəрежеде Астана қаласында ашылса, кімді болса да қуантатынына, сөйтіп басқаларға үлгі-өнеге боларлықтай деңгейде болатындығына ешқандай күмəн қалмас еді. Екіншіден, бұл мəселелердің дұрыс шешілуі – Абай мен Жамбыл музей-үйлеріндегі елеулі олқылықтарды жоюға да септігін тигізері сөзсіз. ХХ ғасырдың ұлы жазушысы М.Əуезов армандаған хакім Абай мен ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың əлем классиктер деңгейіндегі əдеби музейлері тəуелсіздіктің арқасында бүгінде күн тəртібіне қойылып, жоба бойынша Абайтану орталығы деген атпен 1,5 миллиард теңге бөлініп, жер телімі де беріліп жүзеге аса бастауға бет алуы – халқымыздың қуанышына айналмақ. Келешекте Абай орталығы бес қабатты ғимаратқа айналып, іске кіріскенде қаражат үшін Үкіметке қол жаймай, бизнестік əрекет арқылы өзінөзі қамтамасыз етіп отырмақ. Бəрі де дұрыс, бəрі де жақсы! Бірақ бір өкініштісі, орны толмас кемшін жай алдымызды орағытып тұр. Ол – ұлы Мұхтар армандаған Абай мен Жамбылдың əлем классиктері деңгейдегі қазақ жазба əдебиетімен қазақ ауыз əдебиетінің табиғи болмысы бұзылмай таза сақталған қалпын бейнелейтін Жамбылтану орталығының назардан тыс қалуы дер едім. Əлі де кеш емес, Абайтану орталығы жанынан Жамбылтану орталығы қатар бой көтеріп, егіз баладай үйлесім тауып Астана қаласына салтанатты сəн беріп жатса – жарастықты емес пе? Қорыта айтқанда, ғұлама жазушының белсене көтерген, қол жетер мақсат ретінде жол-жоба ұсынған көреген тілегі, ұлы арманы яғни Абай мен Жамбылдың əдеби музейін əлемдегі ұлы классиктер музейінің дəрежесінде ашу арманы – бүкіл жұртшылық көкейінде жүрген ойпікірдің көрінісі бүгінде орындалу үстінде деп ұғынамыз.

Уақыт кімді жақтайды? Өтен АХМЕТ, жазушы.

Адамдар негізінде уақыттың ығында болады. Əр ұлттың бірен-саран көреген ұлдары ғана алдағыны болжайды. Осыдан біраз жыл бұрын ғана «Қазақстан əлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына кіру» туралы идеяға мысқылдап, езу тартып, күмəн келтіргендер табылды ғой. Қазір ол белес те артта қалды. Ендігі меже – отыздық. Еліміздің саяси, экономикалық, ғылыми, əлеуметтік əлеуетіне негізделген стратегия тұжырымдарымен танысқан жанның ешбірі де немқұрайды қала алмасы анық. Оқыған сайын менің де ойымды ой қозғайды. Əсіресе, «əлемдік қауымдастық таныған ел» боламыз, «зиялы қоғам» орнатамыз деген жолдар жаныма қатты əсер етеді. Уақыт пен кеңістік өзгермейді, адам, яғни қоғам өзгереді. Онда да өзіңнің ұлттық ерекшелігіңді бедерлейтін əдет-ғұрып, салтдəстүріңді уақыт талабына қарай бейімдей алсаң. Өйткені, əдетғұрып, салт-дəстүр дегендеріміз, ұлттық ерекшелікті айқындау үшін сол ұлттың маңдайына мəңгі-бақи жазып қойған қатып қалған бұлжымас ережелер емес. Иə, бұлардың адамдар арасын жақындастыру, бірбірімен араластыру, халық етіп басын біріктіріп, ұлт етіп ұйыту мақсатынан туғандығына ешкім де дау айта қоймас. Оның үстіне мыңдаған жылдарға созылған көшпелі тұрмыс жағдайында қалыптасқан салт-дəстүрлердің өзгеруі мүмкін де емес еді ғой, өзгертудің қажеттілігі де жоқ болатын. Алайда, қазақ қауымы арасына капиталистік қарым-қатынас үрдістері ене бастағанда салтдəстүрлеріміздің мыңжылдықтар бойы мызғымай келген көбесі сөгілді де жүре берді емес пе. Бабалар байбалам салды: «Сиыр пұл болар, қатын би болар»; «Қарап тұрған жігітке қыз артылар». Неге біздің кейбір мақтаулы əдет-ғұрыптарымыз уақыт əкелген бөтен үрдістің (мейлі жақсы, мейлі жаман) тегеурініне шыдамай күйреп түсіп, табан астында жаншылып қалуда. Бұлай болуы, біріншіден, адамзат баласы қоғамының даму зыңдылығынан. Уақыттың жаңашыл тегеурінінен. Өйткені, қоғам дамуының əр кезең, əр сатысына қай уақытта да сай келе беретін қатып қалған, өзгермейтін салт-дəстүр деген болмайды. Материалдық игіліктер жасаудағы жетістіктер тұрмысты өзгертеді, өзгерген тұрмыс бұрынғы салтты түрлендіреді немесе мүлде жаңаларын тудырады. «Батыстың даңғазасы», «атыс-шабыс», «эротика», «қазақтар ғаламдасуға көне ме?» – деп жүргеніміз – құр жеңіл сөз. Батыстың жазығы – көптеген басқа халықтардан өз дамуында жүздеген жылдарға алға озып кеткені, оза бергісі келетіні. Жас кезімде мен де ойлайтынмын: өнер деген домбыра тарту, əн салу, өлең шығару, т.с.с екен деп. Жоқ, өнердің ең шыңы материалдық игіліктер жасай білу, оны үлгерту – бизнес екен. Бүгінде біз байыған Батыс пен Американы, Жапонияны өркениетті елдер дейміз. Құрал-жабдықтардың жаңасы, технологияның үздігі, ақша-қаражат соларда. Кенжелеп қалған елдер керектерінің бəрін солардан алады. Заңдарымызды

11

www.egemen.kz

да өркениетті елдер мойындаған заңдарға сəйкестендіреміз. Кешегі КСРО күйреп түсіп, үміт пен күдік алмасқан, ес шыққан қысылтаяң шақта қуатты, бай елдердің материалдық та, моральдық та көмектері болмаса, тəуелсіздік алғанымен əлі тəжірибесіз, қауқарсыз жас мемлекеттердің кейбірінің тағдыр-талайының қалай қалыптасарын бір Алладан басқа қазір ешкім де айта алмас еді. Мен бұл жерде Америка мен Батыс елдерінің мəдениеті түгел жақсы, бəрі асыл деп араша түскелі отырғам жоқ. Олар менің мұндай қызметіме зəру емес те шығар. Менің айтпағым – бас салып жамандай беру əлсіздіктің белгісі, сөредегі етке аузы жетпей секіре-секіре шаршаған мысық айтатын «мына еттің сасығы-айға» салу демекпін. Қазақта: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», дейтін сөз бар. Тамаша мəтел. Сырт жұрттармен қазіргідей тығыз араласа қоймаған замандарда тек өзара ғана жарысатынбыз. Дініміз аман, салтымыз бүтін тұра беретін. Енді өзіңмен өзің емес, халықтар, ұлттар, мемлекеттер өзара жарысқа түсті. Мұндай жарыста, əлбетте, ұлт болып ұйыған күштілер мен ақылдылар, һəм өнерлі мен білімділер ғана озады. Ойлап тұрсам біз кезінде не нəрсеге қарсы болмадық. Бойжеткен қыз, жас келіншек бетіне опа жағып, ернін бояп, қас-кірпігін сүрмелеп сəндене бастап еді. Қарсы болдық. Басына қалпақ, аяғына биік өкше туфли киіп, көйлегінің етегін қысқартып еді – маймылға теңедік. Еркектер шалбарларының балағын тарылтты – «стиляга» атанды. Тоқтата алдық па? Ұлт үшін тəуелсіз мемлекетінің болуы – баға жетпес байлық, теңдесі жоқ бақыт. Тілдің де, ділдің де, діннің де қорғаушысы мен қамқоршысы мемлекет екен. Күн өткен сайын көзіміз жете түсіп отыр. Қазақтың ұлттық көне дəстүрі дегенде, солардың дені Қасым хан, Есім хан, Əз Тəуке, т.б. тəуелсіз хандарымыз бекіткен жөн-жоралғылар ғой. Ендеше бірнеше ғасырға созылған елдік, ерлік дəстүрлерімізді үнемі еске салып, күні-түні құлаққа құйып отырған жыршы-жырауларымыз, ақындарымыз, ауылдың шежіреші қарттары, тəуелсіздік жолында бастарын бəйгеге тіккен Алаш арыстары ғаламат игілікті істер атқарды деуге болады. Бұл сарын кешегі тоталитарлық Кеңес

заманында да бір үзілген жоқтын. Большевиктердің бопсасына көнбеген, қазақтың зиялы азаматтары болмашы мүмкіндіктердің өзін барынша кең пайдаланып, халықтық жөн-жоралғы, салтдəстүрлерді қызғыштай қорғады, жойылып кетпей сақталып қалуы үшін күресті. Оларға деген ұрпақ алғысы шексіз. Енді жағдай өзгерді. Мемлекеттігіміз бекіді. Бір асудан бір асу, алдымызға кезекті биік мақсат қойылды. Енді өзіңді сақтап қалу түйсігі емес, ақылпарасат, қажетті-қажетсіз, пайдалы-пайдасыз деген ұғымдар алға шығатын уақыт келді. Кейбіреулер сияқты «ойбай, құрыдық, аздық, тоздық, осыдан мың жыл бұрын қазақ анадай болған еді, соған қайта қайырылу керек» деп күңірене беру – замана дөңгелегін кері айналдыруға тырысумен бірдей. Болашаққа қарсы болу, уақытты мойындамау деген сөз. Батыс пен Американың бүгінгі келбеті бұрыннан сондай ма еді? Əрине, жоқ. Олар ертең тағы өзгереді, өзгере береді. Біздің ұлттық дəстүрлеріміздің кейбір жанашырларынша ойласақ, орыс «горшок» прическасын өзгертпей шашын жалбыратып, қисық жаға жидесін киіп, балалайкасын дыңғырлатып, частушкасын айтып, немістер ерін сырнайларын сызылтып, баяғы қалыптарынша жүре берулері керек сияқты. Жапондар ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін алақандай аралдарының өзінде он санға бөлініп, тайпалық деңгейде өмір кешкен. Ақылды халық екен, капиталистік Батыспен алғашқы қақтығыстарда жеңілуі мұң, басқа елдермен араласудың, озықтардан үйренудің қажеттілігін бірден түсіне қойды. Жəне көшірмеші де халық емес екен, үйренгенін жапондық ыждағаттықпен одан əрі байытуға кірісті, ақырында тіпті кешегі ұстаздарынан басып оза бастады. Ғылым мен техниканың жетекші салаларында тыңнан жол салып, алға түсіп кетті. Олардың ұраны – күнде құбылып тұратын дүние өзгерістеріне қарсы тұру емес, бейімделу. Бейімделу арқылы өркениеттің алдыңғы сапында жүру. Əрине, жақсы-жаман түсінігі əр халықта əрқалай бола береді. Алайда, ұлтына, нəсіліне, дініне қарамастан, қашан да барлық халықтарға бірдей ортақ өркениет (салт-дəстүр десе де болады) жетістіктері болады. Əңгіме сол бағытта жіті қимылдауда болып отыр. Егер өзіміздегі жоқтың бəріне жатырқап, қорқып, үрке қарап жүре берсек, тап бүгінгі күні қолымызда алдағы жарқын болашағымыздың айшықты келбеті бедерленген Стратегиядай ұлттық идеямыз болар ма еді. Əрине, болмас еді. Салт-дəстүрге байланысты менің тағы бір байқағаным, бізге осы тұрғыдан уағыз айтып, мораль оқушылар көп те, үлгі көрсетушілер қатары онша мəз емес. Əсілі, дінді, салтты бүлдіретіндер бадырайған өз мінін көрмей тұрып, жұртқа құрғақ ақыл айтатындар. Менің қайсыбір маскүнем танысымның бюджеттің ақшасымен Меккеге барып, үстіне

ақ киіп, басына ақ сəлде орап, қажы атанып шыға келгені бар. Жəне қажыға қалай барып келген əңгімесін арақ ішіп отырып айтқанын қайтерсің. Қайсыбір танысым ауық-ауық жасырын қызойнаққа барып келіп, сондағы көрген, көрсеткен «өнерлерін» жыр ғып шертіп, көңілін бір демдеп алар еді де, «қыздарымыз жеңілтек боп кетті, аздық, тоздық», деп аһлап-үһлеп мақала жазып, телеарнадан толғанып сөз сөйлер еді. Сондайына қарамай тіпті, кейбіреулері халқына рухани əке, ұлттық салт-дəстүрлердің қорғаушысы боп көрінгісі де келеді-ау. «Үй артында кісі бар», – деп ойламайды да, шіркіндер. Бейімделу өзіңде барды уақыт талабы мен талғамына сəйкестендіре пайдаланып, дамыта білу деген сөз. Баяғыда солай болыпты дегенге уақыт тоқтап, кері жүрмейді. Ер кісінің байқаусызда қыз бала денесіне саусағының ұшы тиіп кетсе, шу шығаратын заман ба бұл. Бойжеткен қыз түзге шықса да жеңгесі қоса еріп жүретін заман ба? Ендеше, «бүгінгі қыздарымыз Алпамыс батыр заманындағы қыздардай емес» деп байбалам салудың да, түңілудің де еш қисыны жоқ. Не жақсы, не жаманның жарыстырмалы, салыстырмалы жағдайда ғана анықталатыны мəлім. Өзіңде жоқты басқадан көре сала, «ойбай, мынау құбыжық» деп аттандап шыға келу КСРО кезінде коммунистердің басқа əлемнен оқшауланып, темір перде құрған кезінен қалған жаман əдет. Негізінде жарыстыратыны жоқ болғандықтан да солай етті. Əлді əлсізді қайтсе де жеңеді. Солай болды да ғой. Ал біз жеңілмесіміз үшін, өз кезіндегі жапондар, Азия жолбарыстары атанған Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, т.б. секілді ғаламдасу үрдісіне белсене араласуға тиіспіз. Жапондар сияқты біз де: «Өркениетті елміз, қазақпыз», деп айта алатындай болуымыз керек. Бірақ «жеті атамды білемін» деп, мың адам мың түрлі айтатын «ру шежіресіне жүйрікпін» деп босқа мақтанып, оны бір ұлттық салт-дəстүріміздің ерекше белгісіне балап даурығып, биік мұратқа жете алмаймыз. Рулық шежіре жүрген жерде адам санасының өрісі шектеулі рулық психология, дүниетаным, кертартпа үлгі-дəстүр билейді. Американың қиялға, ғылыми жорамалдарға, құбыжықтар əлеміне, атыс-шабысқа құрылған фильмдерін күстана етушілер арасында кешегі келмеске кеткен жалған қоғамда көбік сөзбен ғылыми атақ алған қоғамтанушылар жиі кездеседі. Ойланайықшы. Өзіміздің «Алпамыс батыр» жырында мынадай жолдар бар ғой: Жаны жоқ кəллə не білсін, Ұшқан кəллə жөнелді. Қалың топты аралап... Бес-алтыдан өлтірді. Оншақтысын жаралап... Майданнан аққан қызыл қан Өзенге сыймай ағылды... Егер осыны кино етіп түсірсе ше? Қандай көрініс шығар еді. Батырларымыз жаудың 40 мың қолына қарсы жалғыз шауып, бірін қалдырмай қырып салатын эпизодтар ше? Баяғы бала кезімізде ертек айтысу деген болатын. Үлкендер бізге, кейде балалар өзді-өзімізге айтатынбыз. Небір сұмдық қорқынышты оқиғалар айтылатын. Кей-кейде бойыңдағы ыстық қаның мұздап, жүрегің тоқтап қалғандай əсерде болатынсың. Ғылым мұндай дүниелердің жас бала психологиясының дұрыс қалыптасуына аса пайдалы болатынын баяғыда-ақ дəлелдеген. Американың атыс-шабыс фильмдері деп жүргендеріміз – осы заманғы ертегі ғой. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын жырларын киноға түсіре алатындай күнге жетсек, сериясының саны жағынан да, атыс-шабыс жағынан да бүгінгі «боевик» атанған ертегілеріңді он орап алары сөзсіз ғой. Сонда таңдар еді жастар қайсысын көрерін. Жарыстырмалы, салыстырмалы дегеніміз əне, сол болады. Басқаға өзіңді таныту дегенің де сол болады. Ғаламдасқан əлемнің ішінде өз ұлттық ерекшелігіңмен тұлғаланып, лайықты орын алу дегенің де сол болмақ. Салт-дəстүрдің қайсыбір түрлері өмірдің өзі секілді өзгермелі құбылыс. Жағдайға қарай бейімделіп, өзгере білу – əрқашан өзіңді сақтап, ешқашан жойылып кетпеуіңнің баянды кепілі. Өзгерген сапалы, толық адам, сондай адамдардан ұйыған қоғам ғана алдына «2050 стратегиясы» сияқты ұлы мақсат қоя алады жəне орындайды. Өмір дəлелдеген ақиқат – осы. АСТАНА.


12

30 шілде

www.egemen.kz

2014 жыл

Ќарлыєаш ниетті ќайырымдылыќ Алып шаһар Алматының иегінің астындағы Қарасай ауданына шет елдерден келген оралман ағайындар көп орналасқан. Алыстағы Ауғанстан, Иран, Түркиядан бастап, таяудағы Түркіменстан, Тəжікстан, Өзбекстан, Ресейден келген қандастарымыздың біразы осы ауданға қоныс тепкен. Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Өткен аптаның соңында Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының Алматы қалалық филиалы Қаскелең қаласына келіп, қайырымдылық шарасын өткізді. Осы филиалдың директоры Гүлнар Көпбосынованың айтуынша, оралман ағайындардың ішіндегі əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық қол ұшын беру осы қоғамның

негізгі бағыттарының бірі болып табылады екен. Биылдың өзінде бес мың адамға 12 миллион теңгенің көлемінде киімкешек жəне азық-түлік тауарлары үлестіріліпті. Қасиетті Рамазан айының ішінде өткізілген шараға алпыс отбасыға 300 мың теңге көлеміндегі азық-түлік тауарларын үлестіруге қаржылай жəрдем берген Бірік кен Араб Əмірлігі Қызыл Ай бірлестігі екен. Осы бірлестіктің үйлестірушісі Асима Фадль Мохомед мырза «Біріккен

Араб Əмірлігі Қызыл Ай өкілдігі 2002 жылдан бері Қазақстанда «Жетім балаларға несие» бағдарламасын жүргізіп келеді. Бүгінгі күні осы өкілеттіктің қамқорлығында асыраушыларынан айырылған 3200 балаға əр тоқсан сайын 147 доллардан жəрдемақы төлеп келеміз» дейді. Осы қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға мұрындық болған Өзбекстаннан келген оралмандарды қолдау орта лығының директоры Дина Бөле шова мен оралман-əйелдер жетек шісі Зағипа Мəуленова ханымдар алдағы уақытта мұндай шараларды мүмкіндігінше жиі өткізіп тұратындықтарын тілге тиек етті. Алматы облысы, Қарасай ауданы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекетік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 20 тамызда сағат 10.00-де республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөнінде тендер өткізеді. Тендер мына мекенжайда болады: Шымкент қ., Иляев к-ci, 24. Теңдерге қойылады: Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, 35, жалдау алаңы – 166,0 ш.м., жалпы пайдаланымдағы алаңы – 41,5 ш.м., барлық жалға алу алаңы – 207,5 ш.м. ОҚО бойынша қазынашылық департаментінің балансында тұр. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 96072,5 теңге. Кепілді жарна – 48036 теңге. Тендер өткізу шарты: 1.Нысан үшін жалдау ақысы бойынша ұсыныс бастапқыдан төмен емес, төлемақы ай сайын. Жалдау мерзімі – баланс ұстаушымен келісім бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл. 2.Банктік операцияларды жүзеге асыру үшін есеп айырысу-кассалық орталықтарды орналастыру. 3.Жалдау нысанын тиісті техникалық пайдалану жағдайында сақтауды камтамасыз ету. 4.Баланс ұстаушымен шарт бойынша коммуналдық қызметтер, пайдалану шығындары үшін төлемдерді, сондай-ақ өзінің қаражат есебінен ағымдағы жөндеуді жүргізуге төлемдерді қамтамасыз ету. 5.Жалдаушы қазынашылық қызметінде ақпараттық қауіпсіздікті бұзуға жол бермеу мақсатында персонал мен келушілердің ісқимылдарын бақылауға міндетті. Нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендерге қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі: Тендерге қатысуға өтінім, онда үміткердің тендерге қатысуға келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауы қамтылады. Тендер шарты бойынша ұсыныс жапсырылған конвертте беріледі.

- Занды тұлғалар үшін – мемлекеттік тipкey (кайта тipкey) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының), олар салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері көрсетіледі; - Жеке кəсіпкер үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжайы анықтамасы) салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; - Жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсетумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; - Акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірмесі; - Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен үзінді-көшірмені (cepiктecтiк қатысушысы тізілімді жүргізу жағдайында); - Шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтайшы құжаттар; - Кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; - Салық органының қатысушының салықтың берешегі жоқ екендігі туралы өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасын; - Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынуы қажет. Өтініш қосарланған конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда аталған құжаттар камтылады. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі

конверт өтінім беру сəтінде жабық болуы жəне үміткердің оны мөрлеуі тиіс. Өтініштер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тапсыру кезінде жүргізіледі, ол тігілген түрде беттері нөмірленіп жəне соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куəландырылады (заңды тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасау мepзімі: тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады жəне тізілімде тіркелуге жатады, тендер нысанымен жəне тендерлік құжаттаманы тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжай бойынша алуға болады: ОКО, Шымкент қ., Иляев к-ci, 24, 204-бөлме. Анықтама алу телефоны: 21-01-59, факс: 21-29-22. Тендер қатысушысы заңды тұлға болмайды, ол ҚР Заңына сəйкес немесе құрылтайшы құжаттарға сəйкес қызметтің кейбір түрлері мен айналысуға құқығы жок, оны тапсыру тендер шарты болып табылады. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ930705012170178006. BIG KKMFKZ2A, ММ коды 2170178, БИН 120240016394 КБЕ-11, КНП-171, Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті.Өтініш мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Анықтама үшін телефон: 210159, факс 21-29-22, 54-00-68. Өтініштер қабылдау, тіркеу жəне тендер өткізу шартымен жəне тендерлік құжаттармен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады (2014 жылғы 19 тамызда сағат 10.00-де).

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2014 жылғы 26 тамызда республикалық мүлікті 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1 жыл мерзімге мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер өткізеді Тендер мына мекенжайда болады: Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114. Тендерді өткізу уақыты сағат 11.00-де. Тендерге ұсынылады: 1. Жалпы алаңы 196,3 ш.м., пайдалысы 79,1 ш.м. өндірістік үй-жайды, инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Риддер қаласы, Дрейман көшесі, 4А. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 475,04 теңге. Кепілді жарна – 49100 теңге. Тендер шарты – телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін пайдалану. 2. Жалпы ауданы 367,3 ш.м., пайдалысы 347,1 ш.м. үй-жайды инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Риддер қаласы, Дрейман көшесі, 4А. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 593, 80 теңге. Кепілді жарна – 114800 теңге. 3. Жалпы алаңы 532,2 ш.м., пайдалысы 420,7 ш.м. үй-жайды инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Риддер қаласы, 4-шағын аудан, 38. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 475,04 теңге. Кепілді жарна – 133200 теңге. Тендер шарты – телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін пайдалану. 4. Жалпы алаңы 223,1 ш.м., пайдалысы 178,5 ш.м. үй-жай асханасын құрал-жабдықтарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, 30-шы гвардияшылар дивизиясы көшесі, 34. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге. Кепілді жарна – 74400 теңге. Тендер шарты: - нысанды қызметкерлер мен студенттерді тамақтандыру үшін пайдалану; - нарық қызметін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тəжірибесі 3 жылдан кем емес; - тамақтың түр-түрінің болуы. 5. Жалпы алаңы 104,6 ш.м., пайдалысы 83,7 ш.м. үй-жай асханасын құралжабдықтарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 148. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге. Кепілді жарна – 34900 теңге. Тендер шарты: - нысанды қызметкерлер мен студенттерді тамақтандыру үшін пайдалану; - нарық қызметін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тəжірибесі 3 жылдан кем емес; - тамақтың түр-түрінің болуы. 6. Жалпы алаңы 112,5 ш.м., пайдалысы 90 ш.м. үй-жай асханасын құралжабдықтарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 7. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге. Кепілді жарна – 37500 теңге. Тендер шарты: - нысанды қызметкерлер мен студенттерді

тамақтандыру үшін пайдалану; - нарық қызметін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тəжірибесі 3 жылдан кем емес; - тамақтың түр-түрінің болуы. 7. Жалпы алаңы 110,3 ш.м., пайдалысы 88,2 ш.м. үй-жай асханасын құралжабдықтарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Революционная көшесі, 2. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге. Кепілді жарна – 36700 теңге. Тендер шарты: - нысанды қызметкерлер мен студенттерді тамақтандыру үшін пайдалану; - нарық қызметін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тəжірибесі 3 жылдан кем емес; - тамақтын түр-түрінің болуы. 8. Жалпы алаңы 100,4 ш.м., пайдалысы 80,3 ш.м. үй-жай асханасын құралжабдықтарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 72. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге. Кепілді жарна – 33500 теңге. Тендер шарты: - нысанды қызметкерлер мен студенттерді тамақтандыру үшін пайдалану; - нарық қызметін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тəжірибесі 3 жылдан кем емес; - тамақтың түр-түрінің болуы. 9. Жалпы алаңы 105,8 ш.м., пайдалысы 84,6 ш.м. үй-жай асханасын инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге. Кепілді жарна – 35300 теңге. Тендер шарты: - нысанды қызметкерлер мен студенттерді тамақтандыру үшін пайдалану; - көпшілік тамақтандыру саласындағы жұмыс өтілі 1 жылдан астам; - тамақтың түр-түрінің болуы; - аспазшымен еңбек шартының екі еңбек шарты, мамандандырылған білімі жəне мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс тəжірибесінің болуы. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы күрделі жөндеуге аударымды, тұрақжайға қызмет көрсету төлемдерін кіргізбейді. Бұл төлемдерді баланс ұстаушымен шарт бойынша немесе қызметтер көрсететін ведомстволық күзет, пайдалану, коммуналдық, санитарлық жəне басқа қызметтер тікелей жалдаушы төлейді. Тендер өткізу ережесі Тендер өткізу барысында комиссия тендерлік құжаттамада қамтылған нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне барлық талаптарға сəйкес келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Егер тіркелген өтінім саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп хабарланады.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет: 1) тендерге қатысушы үміткердің тендер шарттарын орындау жөніндегі міндеттемелері көрсетілген өтінім жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемелері мен тиісті шартты жасауы; 2) тендер шарты бойынша жапсырылған конвертке салынған ұсыныс; 3) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəлік немесе анықтама көшірмелері, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариалды куəландырылған немесе салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынумен салық төлеушінің куəлігі; жеке кəсіпкерлер үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмелері, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжат, салық төлеушінің куəлігі жəне көрсетілген құжаттардың нотариат куəландырған көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен бірге үй кітапшасы (мекенжай анықтамасы); жеке тұлға үшін – жеке тұлғаның жеке бас куəлігі, көрсетілген құжаттардың нотариат куəландырған көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен бірге үй кітапшасы (мекенжай анықтамасы); 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен көшірмені; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізі лімінен көшірме-үзінді (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариат растаған құрылтай құжаттары; 6) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 7) өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама; 8) банктен екінші деңгейдегі ағымдағы шот бойынша анықтама. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру ко митеті «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекеше лендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ110705012170169006, БИК KКМFKZ2A, БСН 120240019160, КБЕ 11,КНП 171, «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ-да. Өтінімдер мына мекенжайда қабылданады: Өскемен қ., Крылов к-ci, 114. Анықтама aлy телефоны: 57 00 19, қабылдау бөлмесі 25 69 94. Өтінімдер қабылдау жəне тендер өткізу шартымен жəне тендер құжаттамасымен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады (2014 жылғы 25 тамызда сағат 11.00-де).

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (атқарушы органның орналасқан жері: Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ленин көшесі, 12) серіктестік басқармасының шешіміне сəйкес, 2014 жылғы 15 тамызда сағат 11.00-де Астана қ., Тұран даңғылы, 37, 13-қабат мекенжайында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды. Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 15 тамызда көрсетілген мекенжайда сағат 9.30-дан бастап 10.45-ке дейін жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқылы қатысушылардың тізімі 2014 жылғы 4 тамыздағы 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады. Күн тəртібіне мынадай мəселе енгізілді: – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның заңды тұлғаларға қатысуы туралы. Бірінші жиналыста жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс өткізу күні – 2014 жылғы 18 тамызда. Қатысушылардың жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселе бойынша материалдармен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның атқарушы органы орналасқан жерде танысуға болады. Товарищество с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» (местонахождение исполнительного органа: Карагандинская обл., г. Караганда, улица Ленина, 12) уведомляет своих участников, что в соответствии с решением правления товарищества, 15 августа 2014 года в 11.00 часов по адресу: г. Астана, проспект Туран, 37, 13-этаж, состоится внеочередное общее собрание участников ТОО «Корпорация Казахмыс». Регистрация участников осуществляется 15 августа 2014 года по указанному адресу с 09 часов 30 минут до 10 часов 45 минут. Список участников, имеющих право на участие в собрании, составляется по состоянию на 00 часов 00 минут 04 августа 2014 года. В повестку дня включены вопросы: - Об участии ТОО «Корпорация Казахмыс» в юридических лицах. Дата проведения повторного собрания в случае отсутствия кворума на первом собрании – 18 августа 2014 года. С материалами по вопросам повестки дня общего собрания участников можно ознакомиться по месту нахождения исполнительного органа ТОО «Корпорация Казахмыс».

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 21 тамызда республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) бір жыл мерзімге беру жөнінде тендер өкізеді. Тендер мына мекенжайда болады: ОҚО, Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Тендер өткізу уақыты сағат 10.00-де. Тендерге ұсынылады: Алаңы 98,2 шаршы метр, жалпы пайдаланымдағы алаңы – 24,55 ш.м., барлық жалға алу алаңы – 122,75 шаршы метр болатын асхананың тұрақжайы, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ИЧ 167/11 мекемесі» РММ-ның балансында тұр, орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Сəуле шағын ауданы, нөмірсіз. Тендер шарты: - нысанды мекемесі қызметкерлеріне тамақтандыруды ұйымдастыру үшін пайдалану; - қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеуі кемінде 3 жыл; - санитарлық-гигиеналық норманы сақтау; - нысанға рұқсат ресімдеу. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 28417 теңге. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзінің құрамына коммуналдық қызметтерді жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындарды енгізбейді. Тендер өткізу ережесі Тендер өткізу кезінде комиссия жалдау ақысының ең жоғары сомасын жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Тендер қатысушысы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет: 1.Тендерге қатысуға үміткердің келісімі қамтылған тендерге қатысуға өтініші жəне оның тендер шартын орындауы бойынша міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы; 2.Жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсыныс; 3.Заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрстуімен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері. Жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу куəлігінің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелері, салық төлеушінің куəлігі жəне салыстыру үшін түпнұсқаны

міндетті көрсетумен бірге үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 4.Акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірмені. 5.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 6.Шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай көшірмелері; 7.Кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 8.Өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама; 9. Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынуы қажет. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Егер тіркелген өтініштердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жариялайды. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна 56833 теңге құрайды жəне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлі гі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына енгізіледі: СТН 582200048073, ИИК KZ930705012178006, ММ коды 2170178, БИН 120240016394. Оңтүсік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті, Шымкент қаласы, БИК KKMFKZ2A, КБЕ-11, КНП-171.Өтініш мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Анықтама үшін телефон: 21-01-59, факс 21-29-22. Өтініштер қабылдау жəне тендер өткізу шартымен жəне тендерлік құжаттармен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады (2014 жылғы 20 тамызда таңғы сағат 10.00-де).

«Нұрбанк» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы кепілге қойылған мүлікке сауда-саттық жариялайды Мүліктің сипаттамасы: жалпы алаңы 169,2 ш.м., 3 бөлмелі пəтер, тұрғын алаңы 118,7 ш.м. орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Бостандық ауданы, Əл-Фараби д-лы, №95 үй, 93-пəтер. Сауда-саттық өткізу күні жəне орны: 2014 жылғы 12 тамызда сағат 16.00-де мына мекенжайда: Алматы қ., Абылай хан д-лы, 51/53. Сауда-саттыққа қатысу шарты: 2014 жылғы 11 тамызда сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде өтініш беріп, Сенім білдірілген тұлғаға кепілді жарнаны енгізу керек. Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 11 тамызда сағат 18.00-де тоқтатылады. Кепілді жарна сомасы: 6 326 900 (алты миллион үш жүз жиырма алты мың тоғыз жүз) теңге. Сауда-саттық өткізу əдісі: ағылшын. Сауда-саттық жөніндегі Сенім білдірілген тұлға: Баймұханбетов Жанболат Жұмадуллаұлы, телефон: 8 (727) 259 97 10, ішкі тел. 5661; мекенжай: Алматы қ., пошта индексі 050004, Абылай хан д-лы, 51/53, Мақатаев к-сі қиылысы, «Нұрбанк» АҚ-тың бас офисі, кепілді жарна сомасын енгізуге арналған банк деректемелері: «НҰРБАНК» АҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 51/53, СТН 151000015914, БИК NBRKKZKX, шот № 2860191KZ5084900KZ000592850. Сауда-саттық жеңімпазы сенім білдірілген тұлғаның талабы бойынша саудасаттықтан сатып алынатын мүліктің құнын төлеуге қабілеттілігі дəлелдемесін тапсыруы міндетті жəне сенім білдірілген тұлғаның шотына сауда-саттық аяқталған сəттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қажетті соманы енгізуі тиіс. Мүлікті сату ҚҚС-ын есепке алусыз жүргізіледі.

Доверенное лицо АО «Нурбанк» объявляет торги на заложенное имущество Описание имущества: 3-х комнатная квартира общей площадью 169,2 кв.м., жилой площадью 118,7 кв.м., расположенная по адресу: г. Алматы, Бостандыкский район, пр. Аль-Фараби, дом № 95, кв. 93. Дата и место проведения торгов: 16 часов 00 минут, 12 августа 2014 года, по адресу: г. Алматы, пр. Абылай хана, 51/53. Условия участия в торгах: В срок до 18 часов 00 минут, 11 августа 2014 года подать заявление и внести Доверенному лицу гарантийный взнос. Регистрация участников прекращается в 18 часов 00 минут, 11 августа 2014 года. Сумма гарантийного взноса: 6 326 900 (шесть миллионов триста двадцать шесть тысяч девятьсот) тенге. Метод проведения торгов: английский. Доверенное лицо по торгам: Баймуханбетов Джанболат Жумадуллаевич, телефон: 8 (727) 259 97 10, вн. тел. 5661; адрес: г. Алматы, почтовый индекс 050004, пр. Абылай хана, 51/53, угол ул. Макатаева, головной офис АО «Нурбанк», реквизиты банка для внесения суммы гарантийного взноса: АО «НУРБАНК», Республика Казахстан, город Алматы, Алмалинский район, проспект Абылай хана, 51/53, РНН 151000015914, БИК NBRKKZKX, счет № 2860191KZ5084900KZ000592850. Победитель торгов по требованию доверенного лица обязан предоставить доказательства его способности оплатить стоимость приобретаемого с торгов имущества, и внести необходимую сумму в течение 5 (пять) рабочих дней с момента окончания торгов на счет доверенного лица. Реализация имущества проводится без учета НДС.

Хабарлама

2014 жылдың 21 тамызында сағат 12.00-де Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі, 1 мекенжайындағы «АтМӨЗ» ЖШС-нің орталық əкімшілік ғимаратында (мəжіліс залында) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылады. Қатысушыларды тіркеу 2014 жылдың 21 тамызында сағат 10.45-тен бастап 11.45-ке дейін «АтМӨЗ» ЖШС-нің мəжіліс залында жүргізіледі. «АтМӨЗ» ЖШС-нің орналасқан жері: индексі 060001, Атырау қаласы, З. Қабдолов көшесі, 1. Күн тəртібінің мəселелері жөніндегі материалдар танысу үшін «АтМӨЗ» ЖШС-нің активтерді басқару бөлімінде ұсынылады. Анықтама телефондары: 8 (7122) 259-699/265. Кворум болмаған жағдайда, қайталама жиналыстың өткізілуі, дəл сол күн тəртібімен, 2014 жылдың 27 тамызында сағат 12.00-ге жоғарыда көрсетілген мекенжайы бойынша белгіленеді. Күн тəртібі. 1.Заңды тұлғаларды құру туралы (құруда қатысу туралы) жəне/немесе серіктестікпен басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) сатып алу туралы 2.Серіктестіктің ревизиялық комиссиясы өкілеттігін сайлау жəне мерзімінен бұрын тоқтату 3.«АтМӨЗ» ЖШС ревизиялық комиссиясы жөніндегі Ережені бекіту туралы «АтМӨЗ» ЖШС басқармасы

«Қазвторчермет» АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын 2014 ж. 31 тамызда сағат 10.00-де мына мекенжайда шақыру туралы хабарлайды: Алматы қ., Əл-Фараби д-лы, 19/1, «Нұрлы Тау» БО, 3Б, 4-қабат. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты сағат 9.00. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 25.07. 2014 жылғы жағдай бойынша жасалды. Жиналым болмауы жағдайында жиналыс 2014 жылғы 1 қыркүйекте сағат 10-да сол мекенжайда өткізіледі. Акционерлер жиналыстың күн тəртібіндегі мəселе бойынша материалдармен қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізу күніне дейін 10 күн ішінде таныса алады. Күн тəртібі 1.Қоғамның аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйымды анықтау.

Хабарландыру Мустафина Шнар Тюлюбаевнаның атына берілген ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Объявление

АО «КазМунайГаз-Сервис NS» сообщает, что открытый тендер по реализации санаторнокурортного комплекса «Алтын Булак» и гольф клуба «Сарыагаш» Сарыагашского филиала АО «КазМунайГаз-Сервис NS», назначенного на 24 июля 2014 года, признан несостоявшимся (решение тендерной комиссии №1 от 24.07.2014 года), ввиду отсутствия участников.

Тайбек Байжанұлы БЕЛЕСОВ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 21 тамызда республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) бір жыл мерзімге беру жөнінде тендер өкізеді. Тендер мына мекенжайда болады: ОҚО, Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Тендер өткізу уақыты сағат 11.00-де. Тендерге ұсынылады: Алаңы 173,0 шаршы метр, жалпы пайдаланымдағы алаңы – 43,25 ш.м., барлық жалға алу алаңы – 216,25 шаршы метр болатын асхананың тұрақжайы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің балансында тұр, орналасқан мекенжайы: Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36, орналасқан мекенжайы: Шымкент қаласы, Сəуле шағын ауданы, нөмірсіз. Тендер шарты: - нысанды мекеме қызметкерлеріне тамақтандыруды ұйымдастыру үшін пайдалану; - қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеуі кемінде 3 жыл; - санитарлық-гигиеналық норманы сақтау; - нысанға рұқсат ресімдеу. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 40050 теңге. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзінің құрамына коммуналдық қызметтерді жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындарды енгізбейді. Тендер өткізу ережесі Тендер өткізу кезінде комиссия жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Тендер қатысушысы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет: 1.Тендерге қатысуға үміткердің келісімі қамтылған тендерге қатысуға өтініші жəне оның тендер шартын орындауы бойынша міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы; 2.Жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсыныс; 3.Заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетуімен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері; Жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу куəлігінің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелері, салық төлеушінің

куəлігі жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті көрсетумен бірге үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 4.Акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірмені; 5.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 6.Шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай көшірмелері; 7.Кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 8.Өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама; 9. Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынуы қажет. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Егер тіркелеген өтініштердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жариялайды. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна 80099 теңге құрайды жəне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына енгізіледі: СТН 582200048073, ИИК KZ930705012178006, ММ коды 2170178, БИН 120240016394, Оңтүсік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті, Шымкент қаласы., БИК KKMFKZ2A, КБЕ-11, КНП-171. Өтініш мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Анықтама үшін телефон: 21-01-59, факс 21-29-22. Өтініштер қабылдау жəне тендер өткізу шартымен жəне тендерлік құжаттармен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады (2014 жылғы 20 тамызда таңғы сағат 11.00де).

Үстіміздегі жылғы 27 шілдеде ауыр науқастан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері, «Айбын» орденінің иегері, отставкадағы полковник Тайбек Байжанұлы Белесов дүниеден озды. Оның қазасы жақындарына, достары мен əріптестеріне ауыр тиді. Т.Белесов бар өмірін

мем лекетіміздің қауіпсіздігін қ ам т ам ас ы з ет у г е ар н а ды . Қызмет барысында ол Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерінен ҰҚК Орта лық аппаратының бөлімше бас тығы лауазымына дейін көтерілді. Ол əрдайым өзінің жоғары кəсіби əрі адами, жауапкершілік пен табандылық сынды қасиеттерімен ерекшеленетін. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшы жəне жеке құрамы, ардагерлері Тайбек Байжанұлының туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Нағыз жауынгер досымыздың жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Əкімшіліктің қызметкері Ақылбек Жəмелұлы Ихдановқа інісі Руслан ЖƏМЕЛҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Құлжабай Əбдіқалықұлы ҚАСЫМОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика жəне математикалық моделдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ұжымы ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Құлжабай Əбдіқалықұлы ҚАСЫМОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваға ағасы Майдан ҚОЖАБЕКҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы өндірістік жəне азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасының меңгерушісі Ерлан Енжілұлы Сəбитовке анасы Ботай ƏБІЛДƏҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


30 шілде

АУЫ ІЛІК Ғ Л О Т ТІРШ Н А ТОҚС

2014 жыл

«Қазақта қыз бен қойдың жүрмейтін жері жоқ» деген мәтел бар. Рас дүние. Алайда, шетелде жүрген қызымыз төрден көрініп жатса, алыстан иемденіп, қазақ ұлтынан деп жатамыз. Солардың бірі – Оңтүстік Корея еліндегі Инчхон қаласында тұратын қандасымыз Галина Алимова. Жуырда алыста жүрсе де қазақылығын жоймаған, жан-дүниесі қазақ деп соғып тұратын сол апамызбен тілдесудің сәті түсті.

Кореяда жүрген қандас

Галина Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы Мерген ауылының тумасы болып шықты. Ата-анасын жиі аузына алып отырады. Оқу іздеп, Оңтүстік Кореяға жол тартқан Галина сол елде дәм айдап, тұрақтап қалыпты. Қазақылығы әр сұрағыма қайтарған жауабынан көрініп тұрған Галина бүгінде Корея еліндегі «JMT KOREA» атты компанияның екінші басшысы. Ана тілінен өзге ағылшын, корей, орыс тілдерін жетік меңгерген ол аудармашы, бағдарламашы болып жұмыс атқарады. Бір өзі бірнеше жұмысты қатар атқарып жүрген жанның маңдай тері еленбеуі мүмкін бе?! Дүние жүзіне медициналық құралжабдықтар, парфюмерия, косметика, құрылыс материалдарын көтерме сауда бойынша экспорттайтын білдей бір мекеменің жұмысын жымдас­ тырып отырады. – Галина, Оңтүстік Кореяда тұрақтап қалған қазақстандықтар қанша? – Елде болып жатқан жаңалықтарды оқып отырамын. Үнемі назарымда ұстаймын. Жуырда ғана Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында визасыз режімге қол қойылды. Таяуда Оңтүстік Корея президенті еліме сапарлап барғанын да жақсы білемін. Жалпы, бұл елде тұрақтап қалған қазақстандықтар көп емес. Олармен жиі кездеспегенмен, мейрамдарда аралас-құралас болып, бірбірімізді іздеп тұрамыз. Оқу іздеп келген қазақстандық студенттермен жиі кездесіп тұрамын. Визасыз келуге болатынын естіп, қатты қуанып қалдым. Қандастарым көптеп келетін болды деп риза болып жатырмын. Енді екі ел арасындағы бизнес бұрынғыдан да ұлғайып, жолға қойылатын болды деп ойлаймын. – Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қатынастар жөнінде не білесіз? Өзіңіз тұратын Корея елі қандай? – Корей еліне мен 1999 жылы оқу іздеп келіп едім. Бұл ел жерасты қазба байлыққа бай ел болмаса да, технологиядағы жетістіктері мен өндірісті басқарудың жаңа түрлері арқылы талай жетістіктерге жеткен. Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық қатынастар дамуда деп ойлаймын. Өйткені, біз де сол қайнаған ортада жүрміз. Сезілетіндей үлкен әсері, қоянқолтық араласып жатыр деуге келмесе де, бірте-бірте жолға қойылып келе жатыр. Ол анық. Сол себепті, алдағы уақытта Корея президентінің Қазақстанға сапары аясында біршама ілгерілеушілік болады деген ойдамын. Оның үстіне Қазақстан мен Корея арасында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда екен. Елдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дулат Бақышевтің берген ақпаратынан Балқаш жылу электр стансасы, Атырау облысындағы газ-химиялық кешен, Жамбыл облысындағы жер қойнауын игеру сияқты жобалар бар екендігін білемін. Сонымен қатар, дәл қазіргі кезде 700-ден астам қазақстандық-кореялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде екен. Жалпы, көріп-оқып жүргенімдей, Қазақстанда «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында отандық экспортты сыртқы нарықтарға шығару мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асуда. Ал бұл елге Қазақстаннан «Lotte Group» арқылы «Рахат» кәмпиті экспортталады. Шетелдік инвесторлар мен отандық кәсіпкерлерге жағдай жасаған Қазақстан секілді, Оңтүстік Кореяда да кәсіпкерліктің, оның ішінде, шетелдік бизнестің дамуына барлық жағдай жасап қойған. Мұнда еліміздегі стратегия секілді «Ғаламдық көш басындағы Корея» идеясын ілгерілетуге бағытталған үкіметтік бағдарламалар бар. Жалпы, Кореяда Қазақстанмен байланысты сипаттайтын түрлі деңгейдегі іс-шаралар тұрақты негізде өтіп тұрады. Сонымен қатар, әртүрлі мекемелер мен ұйымдар өкілдерінен құралған делегациялардың өзара сапарлары жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұл жұмыстар екі ел арасындағы байланыс жібі күннен күнге бекіп келе жатқандығын білдіреді. Мен бұл үрдіске тек қуанамын. Алғаш танысқаннан-ақ менің телефонымды сұрап, сөйлесуге асыққан Галина Сәлімқызы елден хабарласқан әр жанға қатты қуанады. Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің «информатика және бағдарлама жасау» мамандығына өз білімімен түсіп, меңгерген. Кейін Кореяда «Hаnkuk University of Foreign Studies» атты әлемде атағы шыққан университетте білім алады. 1954 жылы құрылған бұл университет ақылы негізде білім береді. Мұнда оқуға түсу қаншалықты қиын болса, сабақ та соншалықты ауыр. Соған қарамастан осы университетті «Болашақ» бағдарламасымен корей тілін меңгерген Галина шыдамдылықпен, ақылдылықпен, өмірдің ащы-тұщысына шыдай білген. Ал мұндай жан әрқашан өз елінің атын биікке шығаратыны даусыз. Университетте атақты оқытушылар мен Нобель сыйлы­­­­ ғының лауреаттары дәріс оқиды екен. «Жуырда ғана осы елдегі халықаралық Airrang телеарнасы қазақ өкілдерін жинап, қазақ дәстүрі, ұлттық тағамдар, ән-би, ұлттық киімдерімізді деректі фильмге түсіріп алып кетті. Енді дүние жүзі қазақтарды біліп-көретін болады. Оны телеарнадан көрсетіп те үлгерді, деген Галинаның сүйінші хабарынан елде отырған бізге шынайы қуаныш лебі есті. Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қоршаған ортаның адамға тигiзетiн әсерi орасан зор екендiгi белгiлi. Әсiресе, өсiмдiк әлемiне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сiзге солай «жауап» бередi. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсiмдiктi ем ретiнде қолдануда. Өсiмдiк әлемiнiң адамға берерi көп десе де болады. Мысалы, гүлдi құмырасымен бiрге сыйға тартса, сiз ол адамға сол гүл үшiн аз болса да ақы төлеуiңiз керек екен. Себебi, құмырадағы гүл «менi бағалады» деп риза болып, одан әрi жайқалып өсе түседi дейді. Ал, өсiмдiктерге дұрыс қарамаса, уақытында суарып тұрмаса «ренжiп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөлiп шығаратын көрiнедi. Мысалы, қызанақ көшетiн бөлмеде өсiрiп, су құюды ұмытып кетсеңiз, түнiмен ұйықтай алмайсыз. Ал, кактустар да адамның көңiл күйiне әсерiн тигiзедi екен. Кактусқа «түу, түрi құрысын, қандай сүйкiмсiз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдiк қоспалар бар улы зат бөлiп шығарады екен. Бұл зат адамды iшiмдiкке итермелейтiн көрiнедi. Содан адам iшiмдiкке әуестенiп кететiн кездерi болғанын ғалымдар анықтаған. Ал, кейбiр өсiмдiктер өз қожайы­ нын басқа бiр адамнан қызғанатын көрiнедi. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова адам мен өсiмдiктердiң қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргiзген. Ағылшын физиологі С.Мейсонның бөлмесiнде көп жылдар бойы фикус өсiп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейiн оның әйелi күннен-күнге әлсiреп, сырқаттанып қалады. Ал, жүктi болған кезде қатты жерiк болып, тiптi, дәрiгерлердiң қандай ем қолданғанына қарамай, түсiк тастайды. Ғалымның ойына бөлмесiнде өсiп тұрған фикус түседi. Әйелiнiң ауруға шалдыққанына сол кiнәлi ме деп оны үйдiң қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелi құлан-таза айығып, қайтадан аяғы ауыр болады, денi сау, әдемi сәбидi дүниеге әкеледi. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелiнен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған. Ол зат Мейсонның өзiне ешқандай әсер етпеген көрiнедi. Әрине, өсiмдiктердiң барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегiркүл) өз қо­ж айынын жақсы көретiнi соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) басқалардан бұрын бiрiншi суармаса, кәдiмгiдей «ренжитiн» болған. Өзiнiң наразылығын ол көпке дейiн гүл ашпай тұру арқылы бiлдiретін болған. Ертеде адамдар зығыр еккен кезде, жалаңаштанып егедi екен. Әйтпесе, мол өнiм болмайды деп есептеген. «Көрдiң бе, сен – зығыр өнiм бермесең, мен жалаңаш

13

www.egemen.kz

қаламын» деп айту керек деседі. Адамдар киiмдi зығыр кендірінен жасап, кигенi белгiлi ғой. Ертеде «қыдырып» кеткен күйеуiн үйге қайтару үшiн әйелдер жатын бөлмеге алқызыл түстi гүлдi қойып қоятын болған. Сол бөлмеде үш күн қонған

көтерiлiп, барлық жаман ойдан арыласыз», – дейді ғалым-биолог Фари­ да Ахметова. Ал, мына бiр оқиға осыдан 7 жыл бұрын Қостанай облысында болған. Бiр үйдiң ауласында жапырағы жайқалып, әдемi үлкен ағаш өсiп

ауа райы күрт өзгерiп, аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш желдiң күшiмен тура екi әйелдiң үстiне келiп құлайды. Бiреуi қашып үлгередi, екiншiсi ағаштың астында қалып, қайтыс болады.

ер адам ендiгәрi басқаға қарамай, тек өз әйелiне деген сезiмi арта түседi екен. Ең жағымды гүлдердiң бiрi қазтамақ деп есептелiнедi. Қазта­ мақ тұрған бөлмеде ұрыс-керiс те бол­майды, ал бола қалған жағдайда, өсiм­д iк адамның жүйке жүйесiне әсер ететiн зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кететін қасиеті бар. Сондықтан шығар, бұл гүлдi бұрындары әр үй өсiретін болған. «Гүлдi өз қолыңыздан егiп, кү­ тiп-баптаған жөн. Оларды сәбидi баққандай күтсеңiз, өскен соң сiздiң денсаулығыңызға, отбасыңызға оң әсер етедi. Гүлдердiң қасында бiр сағаттай отырсаңыз көңiл күйiңiз

тұратын. Үй иесi отыздағы әйел бұл ағашты шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршиды. Ағаш солып қалған соң, кесiп тастамақшы болады. Әне-мiне деп жүрiп қолы тимейдi. Бiр күнi әйел өз болашағын бiлмекшi болып көрiпкелге барады. Көрiпкел оған: «Отыз жасыңда өлесiң», дейдi. Әйелдiң өзi де, туыстары да: «Денi сап-сау, аяқ қолы балғадай адам қалай өледi?» деп көрiпкелдiң сөзiне аса мән бермейдi. Тамыз айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршiлерiн, жоражолдастарын шақырмақшы болып, той қамына кiрiсiп кетедi. Құрбысы екеуi есiктiң алдына шығып, мерейтой туралы әңгiмелесiп тұрған сәтте,

Тура отызға толған күнi, көрiпкел айтқандай, ағашты кескен әйел өмір ден озып т ы. Кө рiп келдiң айтқаны тура келдi. Бұл оқиғада ең таңғаларлығы – ағаштың әйелден өшiн алғаны. Мүмкiн, кездейсоқ болған шығар. Кiм бiледi? Бiрақ, «ағаштың да жаны бар, олар да сезедi» дейдi ғой бағбандар. Тараздық құдашам Мағрипа гүл өсіргенді жақсы көреді. Тіпті, біз көрмеген, естімеген гүлдерді өсіріп, мақтанып қоятыны бар. Бір күні оның өсімдіктермен сөйлесіп тұрғанының куәсі болдым. «Апыр-ай, гүлдер сенің айтқаныңды түсініп тұр ма?» – дедім әзілдеп. «Әрине, олар да «сезеді», «ойлайды», «естиді»,

Сезiмтал өсiмдiктер

«көреді», адамды жақсы энергетикамен қуаттандырады», деді. «Мысалы, мына гүл ақша шақырады, уақытында суармасаң, жапырақтары бүрсиіп, ренжігендей болады. Осы гүлді өсіргелі бері отбасы берекесі кірді. Қосымша, бұтағын кесіп, біреуге берсең, берекең қаша бастайды. Оған талай көзім жетті. Ер адамдарды жақсы көреді. Күйеуім суарса, құлпырып шыға келеді», – деді. Апокрификалық «Енох құпиясы» кітабында өсімдіктердің жаны бар делінген. Сонымен қатар, олар бір-бірімен «сөйлесе» алады деп тұжырымдалған. Мүмкін, солай да болар. Өсімдіктерде жүйке жүйесі болмаса да, көзге шалынбайтын биоинформациялық нүктелер бар екен. Оған мына мысал дәлел бола алады. Үйір-үйір болып дала кезіп жүрген ақбөкендер жайқалып өсіп тұрған шөптің болғанына қарамастан, аяқ асты бірінен соң бірі қырыла ­бастайды. Өсімдіктер «бізге қауіп төніп тұр» деген ақпаратты бір-біріне беріп үлгерген көрінеді. Сөйтіп, олардың барлығы танин деген улы затты бөліп шығарады. Ондай шөпті жеген ақбөкендер уланып өліп қалған. Яғни, өсімдіктер өзара «хабарласып, сөйлесетін» болғаны ғой. Сонымен қатар, өсімдіктердің өсуіне әдемі музыкалық әуен де жақсы әсерін тигізетін көрінеді. Қожайыны алысқа кетіп бара жатып бөлме гүлдерін туысына тастап кетеді. Қанша жерден су құйып, күтіп-баптағанмен бұлар бұрынғыдай жайқалып өспейді. Туысы гүлдердің қожайынымен телефон арқылы хабарласып, мән-жайды баяндап береді. Сөйтсе, гүлдер тұрған бөлмеге музыка қойып тұруды ұмытып кеткен екен. Енді ол магнитофон қоя бас­ тайды. Көп ұзамай гүлдер жайқалып шыға келген. 2000 жылдардың басында жүргізілген зерттеулер өсімдіктердің энергиялық ақпараттық субстанциялары, яғни олардың «жаны» тамырында екендігін анықтады. Мысалы, өсіп тұрған ағашта екі энергетикалық ағын бар: біріншісі жоғары жағында, ғарыштан қуат алса, екіншісі тамырында, Жер-анадан нәр алады. Жалпы, өсімдік әлемінің адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор екенін біле тұра, соңғы кездерде жайқалып тұрған ағаштар аяусыз кесіліп, табыс көзіне айналып, олардың орнына кафе, автотұрақ, жанармай құятын орындар салына бастады. Табиғат адамзат тарапынан болған осындай қатыгездікті кешірмеуі мүмкін. Кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз? Жасыл орманның орны тас орман болып кетпей ме? Мақсат РСАЛИН, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

АЛМАТЫ.

«Жанымның қыл пернесін басып көрсем...» Алдымен аудандық газетте қарапайым тілші қызметінен бастаған, одан кейінгі кезеңде көп жылдар бойы газет-журналдарда жауапты хатшылықтың тізгінін ұстаған, соңғы жылдарда редактор қызметін атқарған Ерғазы Әсембеков ағамыз туралы ойлағанда көз алдыма төмендегі жайттар келеді. Алдымен, ол кісі адами қасиеттерді бірінші орынға қойды. Мұны ардақты азаматты соңғы сапарға шығарып салуға жиналған Алматы облысына қарасты бірқатар аудандық және облыстық «Жетісу»мен Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газеттерінде, сондай-ақ кезінде жарық көрген «Азия» халықаралық басылымында бірге қызмет атқарған әріптестері мен шәкірттерінің аузынан жиі естідік. Бұған елордадағы «Астана ақшамы» газеті мен «Астана» және «Алтын тамыр» республикалық журналдарында қызметтес болған азаматтарды да қосыңыз. Ал, саналы ғұмырының соңғы бес жылын сарп еткен «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газеті мен «Айбын» журналының ұжымы үшін де Ерғазы ағаның бейнесі қарапайым қалпымен есте қалары анық. Журналист-жазушы Талғат Батырхан айтқандай: «Газет жазу мен сызудан тұрса», Ерғазы аға осы екеуін де жетік меңгерген майталман маман еді. Саналы ғұмырының басым бөлігін секретариаттағы макет жұмысына арнаған еңбек торысының қаламы да қарымды болатын. Әсіресе, өмірдің өзінен алынған ой-түйіндері азаматтың даралығын айқындап тұратын. Қызы Гүлжан әкесінің қолынан өмірінің соңғы күндеріне дейін қаламы түспегенін айтады. Қолжазбасы өзінің жұмыс үстелі үстінде қатталып жинаулы тұр екен. Оны ұл-қыздары алдағы уақытта өздері қалаған басылымға жариялай жатар. Әзірге, Ерғазы ӘСЕМБЕКОВ ағамыздың бізге көзі тірісінде беріп кеткен ойтолғауын оқырман қауымға ұсынып отырмыз. Ерлібай ҚАДЫРБАЙ, журналист.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. Мұқағали МАҚАТАЕВ. Ақын деген атағының алдына ұлы деген сөз қосып айтылатын ақтаңгеріміздің өзі осылай деген болса, мына біздің тағдырға налуымызға не жорық? Тұлыпқа мөңіреген сиырдаймыз-ау, сірә! Пенде шіркін бәрін де арман етеді ғой. Бірақ, тайға таңба басқандай етіп пешенеңе жазып қойғаннан аспайды екенсің. «Өмір деген – күрес». Қаба сақал қария Карл Маркс айтқан бұл сөзді. Ол да бір замандарда ұлы атанған бейбақ. Енді оны қазір басқаға телиді. Ал, Мұқағали болса: «Сен мені білесің бе, білесің бе? Жаралмаған жан екем күресуге», дейді Фариза ақынға мұңын шағып. Жаны нәзік, иі жұмсақ адамдар расында да күресуге жоқ екен ғой. Рухы биік болса да дәрмені әлсіз, сөзі көсем болса да пәрмені аз. * * * «Ақылды болсаң неге кедейсің?» дейді екен америкалықтар. Иә, ақылдысың. Жұмысыңды мінсіз, адал атқарасың. Жұрттың бәріне жақсылық жасағың-ақ келеді. Мейірбансың. «Үйбай-ау, оған қарағанда менің күнім

әлдеқайда жақсы ғой» деп өзіңде жоқ болса да басқаға көмек көрсеткің келіп тұрады. Бірақ, сені өзгелер ақымақ көреді! Бұған себеп – сенің кедейлігің. Ал, сен неге кедейсің? Адал болғаның үшін, қылмысқа бармағаның үшін, бірді бірге ұрып бизнесті безілдетпегенің үшін, мейірбан болып, өзің жей салатын нанды басқамен бөліскенің үшін, еткен еңбегіңнің ақысын тиынына дейін санап алмай, тықақтай берсем ұят қой, азамат емес пе, ақымды жемес дегенің үшін. Осы сияқты үшін, үшін, үшіндер үшін! Абай айтпап па еді: «Арамза болмай атақ жоқ. Алдамшы болмай бақ қайда?» деп. Жағымсыз мораль жанын жеген ұлы хакім осылай күйзелсе, біз не дейік, бізге не жорық?! * * * Әнеу бір жылдары үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Астана» журналын шығардық. Жұмыс барысында бір байқағаным, «дүниелерін» осы басылымда жариялағысы келетіндердің көпшілігі – шенеуніктер, үлкенді-кішілі бастықтар «орыс тілінде жарияласаңыздар екен» деп тұрады. «Қазақша берсеңіздер оқылмай қалады ғой», деп қынжылатындарын қайтерсің. Енді біреулер: «Ұлт проблемаларын білмейтін

орыстанған қазақтарға орысша айтпасақ, қалай түсіндіреміз?» деп жатады. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан асты. Қазір бір ой сыбыр береді: сол уақыттан бері ана тілін үйренгісі келмеген қазаққа орысша айттың не, басқаша айттың не, бәрібір міз бақпайды. Жиырма жыл аз уақыт емес-ау! «Мен бар мүмкіндікті жасап жатырмын. Айналайындарау, жиырма жылда бұл тілді аю да үйреніп алар еді» деген сыңайлы сөз айтты Елбасымыз. Бұған не алып, нені қосарсың. Президенттен асырып не айта аларсың? * * * Ертеректе ауылдың төрт түлігі өскен дәулетті адамы дүние салыпты. Жаназаға жиналғандар: «Бұл кісі жалғанды жалпағынан басып-ақ еді. Міне, енді дүниеден түк алмай, бәрін қалдырып кетіп барады», – деседі. «Аз дүниемен кетіп бара жатқан жоқ, – депті сонда ысты Бөлтірік шешен. – Бұл кісі мына дүниеге тыржалаңаш келген болатын. Енді кебін киіп бара жатыр...» * * * «Мені алатын Құдай жоқ!» – деді мейманасы тасып, кекірігі азып жүрген бір дөкей. О, тоба! Сол сәтте ойыма Шерхан Мұртазаның мына бір сөздері оралған: «Астыңғы ернің жер тіреп, үстіңгі ернің көк тіреп, шылымыңды күннің көзінен тұтатып алсаң да насаттанба. Дәл сол сәттен кейінгі тағдырың бір Алланың қолында». Ал, Құран Кәрімде: «Таңертең көзіңді ашқанмен, сол күні өмір сүре алатыныңа көзің жете ме?» деп жазылған. Шіркін-ай, десеңізші, бес күндік дүниеде, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырыңда жаға жыртыспай-ақ тату-тәтті өмірмен ғамал кітабын жабу бұл қазақтың түйсігіне қашан орнығар екен? «Ақылдылықтың басы – Құдайдан қорқу», дейді бұрынғының даналары. Осы бір сөз әркімнің жадында жатталса ғой. * * * «Азамат боп дүниеге келгесін, Адамды адам қас пен досқа бөлмесін! Тірісінде жер бетіне сыймаған, Бір кез көрге сыйып кетер өлгесін!» – деген Қадыр Мырза-Әлі де өтті дүниеден. Кім қалады дейсіз бұл фәниде. Пенде шіркіннің пешенесіне бақилық дүние жазылған. Адамзат баласы ғамал кітабын жапқан соң оның сауап кітабы парақталады. Қайран Нұрғиса ағамыз­ ды: Қара жер қойнына алды. Домбыра мұңай­ып үнсіз, Күйсандық аңырап қалды», – деп жазды ақын Жарасбай Нұрқан дәулескер күйші, керемет композитор Тілендиев қайтыс болғанда. Тірісінде қара халықтың қошеметіне бөленген Шәмші Қалдаяқов ше! Биліктен шапағат көрмеген сазгер бүгінде ұрпағының ұлы тұлғасына айналды. Бұл жалғанда

балаққа жармасып кімге болса да опа бермейтін жасандылықтың әлемді әлдилейтін әділеттіліктің алдында дәрменсіз екендігінің бір ғана мысалы осы. * * * «Бақ біреуге тауып қонады, біреуге ауып қонады, тауып қонғаны есейтеді, ауып қонғаны есіртеді», дейді халық даналығы. «Бақ әр адамға үш рет қонады екен. Бірақ, соның біреуін де басып қала алмағандар сорлайды», дейтін әкем. Қып-қызыл идеологияның мұзбалақ бала қыраны болып жүрген кезіміз. «Үлкендер айта береді ғой», деп езу тартып қана қоятынбыз. Енді бағамдасам, бақ шіркіннің үш рет емес, сан мәрте қонғанына қол қоямын. Ал, қаншасын ұстап қала алдық? Беймәлім. Дегенмен, қанағат пен шүкіршілік – жанға демеу. * * * Айналамызда толып жатқан достарымыз бар. Бәрін де дос санағың келеді. Күдік пен күмән күнделікті өміріңді күңгірттендіріп жібереді. Ал, пенде шіркін аспанының ашық болғанына, шуақты өмірдің шапағатын көруге аусарлы. «Жаратылысынан үндемейтін адамның ашуы қатты бола бермегенімен, әзілі тәтті келеді», депті бір ойшыл. Ал, біздің қазақ: «Үндемегеннен үйдей пәле шығады», дейді. Қайсысына сенерсің. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде», дейді. Кімнің ішін ақтарып, жайратып саларсың. Ашып көру мүмкіндігі жоқ. Осының өзі өмірдің бір қызығы ма дерсің. Құдай шыжығынан сақтасын! * * * «Зиялы қауым» деген бір термин қалыптасқалы қаша-а-н! Оқыған, тәрбие көргеннің бәрі зиялы ма? Мұстафа Шоқайдың пікіріне сүйенсек, бұлай деп қорытынды шығару қате екен. «Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады. Зиялылардың міндеті ұлы да қасиетті болуы себепті өте ауыр», – дейді Мұстафа Шоқай. Осы пікірден соң бүгінгі тірлігімізге көз салсақ, ақылымыз айран болады. Бүгінгі ақын-жазушылар да, Парламент депутаттары да, ғылыми атағы барлар да бәрі өздерін «зиялы» санайды. Ал, солардың қайсысы Мұстафа атамыз айтқан талаптарға сай екен? Ауызды қу шөппен сүртуден Құдай сақтасын. Бармыз! Ойшылдарсыз, қайраткерлерсіз, қазақты әлемге танытқан ғұлама ғалымдарсыз емеспіз. Соларды мақтан етеміз. Солай болуы керек қой. Әйтпесе, келіп, жылы орынға жайғасып алғандардың көбі-ақ «біз зиялымыз» деп шіренеді. Абай айтқандай, «шіркінде ой болсайшы сезед деген...».


14

30 шілде

Т ҰЛМА

www.egemen.kz

З

2014 жыл

АДАМДЫ ЌЫНАДАЙ ЌЫРЄАН АЛҒАШҚЫ ЖАҺАНДЫҚ СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ Биыл адамзат тарихындағы ең қанқұйлы қырғындардың бірі – І дүниежүзілік соғыстың басталғанына 100 жыл толып отыр. Əрине, жақсылықпен атап өтерлік оқиға болмаса да, алдағы тамыз айында оған қатысы бар елдер арнайы іс-шаралар жоспарлап отыр. Жалпы, бұл соғыстың да тарихын білген дұрыс. Өйткені, арада бір ғасыр өтсе де оның адамзатқа келтірген зардаптары ұмытыла қойған жоқ. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Басталу себептері 1914 жылдың 28 шілдесінде басталып, 1918 жылдың 11 қарашасында аяқталған бұл қырғынға қатысушы жақтардың қаншадан əскер шығарғаны əлі күнге толық анықталған жоқ. Əсіресе, Ресей патшалығынан қанша əскер қатысқанының нақты есебі жоқ, əйтеуір қырыла берген жерге патша жаңа адамдар тобын төге берген. Ал қаза тапқан əскер саны біршама белгілі. Нақты айтқанда, «Антанта» одағынан (Англия, Франция, Ресей жəне т.б.) 6 млн.дай адам қырылып, 8 млн.-дайы жараланған жəне 4 млн.-дайы ізтүзсіз жоғалған. «Төрттік одақтан» (Германия, Австра-Венгрия, Осман империясы, Болгария) 4 млн. адам қырылып, 8,5 млн.-дайы жараланып, 3,5 млн.-дайы із-түзсіз жоғалған. Жараланғандар мен жоғалғандарды есептемегенде барлығы 10 млн.-дай əскер қаза тапқан. Сонымен қатар, 12 млн. бейбіт тұрғын көз жұмыпты. Соғыс жалғыз Еуропа аумағын ғана емес, Азияны, Африканы, Таяу Шығысты, Қытай мен Тынық мұхиты анклавын да шарпыған. Оның себептерін КСРО оқулықтары үлкен державалардың экономикалық, аумақтық үстемдікке қол жеткізуге тырысуынан болды деп түсіндіріп келді. Сондықтан бұл империалистік, əділетсіз соғыс деген қорытынды жасалатын. Осы соғыстың қорытындысында «Антанта» жеңіске жетті, Ресейде Ақпан жəне Қазан, Германияда Қараша төңкерістері болып, өкімет өзгерді. Осман жəне Австра-Венгрия империялары ыдырап, олардың орнына жаңа мемлекеттер пайда болды. КСРО тарихшыларының тұжырымына қарағанда, капитализм дастарқанына кеш келген Германия (Бисмарк ХІХ ғасырдың екінші жартысында біріктіргенше немістердің өзі бірнеше мемлекет болған) ішкі өнімін шығаратын рынок табу үшін колонияларды бөліп алған үлкен империялармен үнемі қырғи-қабақ болып жүретін. Соғыстың алдыңғы жылдарында экономикасы да, əскери қуаты да артқан ол көрші империялардан отарланған елдерді тартып алу үшін соғысуға себеп іздей бастаған. Бұл іске өзінің одақтасы, тілі бір, ділі бір, діні бір Австра-Венгрия империясын да ұрындыруға тырысқан. Ал соңғы империяның үстемдігіне сербиялықтар үнемі қарсылық білдіріп жүріп, ақыры Сараево қаласында оның тақ мұрагері Франц Фердинандты өлтіруге барады. Осының себебінен дүниежүзілік соғыс басталды дегенді КСРО тарихы оқулықтарынан жақсы білеміз.

Шын мəнінде барлық пəле Осман империясының, біразы Австра-Венгрия империясының құрамында отырған оңтүстік славяндардың орыстарға арқа сүйеп, бірігуді көздеген ұлтшылдары ның солшыл əрекеттерінен шыққан. Кісі өлтіруші серб студенті Гаврило Принцип Боснияны Австра-Венгрия империясының құрамынан босатып, «Ұлы Сербия» мемлекетіне қосуды армандап жүретін терроршылар тобының мүшесі екен. Əрине, тақ мұрагері өлтірілген соң Австра-Венгрия Сербияға ультиматум жариялады. Оның талаптары қатарында кісі өлтірушіні ғана емес, тапсырыс берушілерді, ұлтшылдық ұйым басшыларын, Австра-Венгрияға қарсы үгіт тарататындарды, т.б. ұстап беру талап етілген. Террорлық топтың кейбір басшылары əскердің үлкен офицерлері болғандықтан, Сербия жағы оның талаптарын толық орындаудан бас тартады. Осы үшін Австра-Венгрия Сербияға соғыс жариялайды. Ұзақ жылдар Осман империясының қол астында болған Сербияға 1878 жылғы Берлин келісімі бойынша тəуелсіздік берілген. Оның алғашқы королі Милан Австра-Венгриямен жақсы қарымқатынаста болды. Алайда, 1903 жылы бір топ ұлтшыл офицерлер бірігіп, сарай төңкерісін жасайды да таққа І Петр деген жаңа корольді отырғызады. Ал ол Австра-Венгриямен қырғиқабақ болып, Ресей патша лығымен жақындасу саясатын жүргізеді. Оның саясатының негізіне панславян ұлтшылдығы алынған еді. Корольдік Босния, Герцеговина жəне басқа да славяндар қоныстанған елдердің əлі де Австра-Венгрия мен Осман империяларының қол астында қалғанына наразы болады. Ақыры, 1912 жəне 1913 жылдардағы славян елдері орыс патшалығының қолдауымен Осман империясына қарсы Балқан соғысын бастайды. Оның қорытындысы бойынша Македония мен Косово түріктердің билігінен босатылады. Бұл Сербияның АвстраВенгрия үстемдігін тоқтатуды мақсат еткен ұлтшыл топтарының соғысқұмарлық рухын көтере түседі. 1914 жылға дейін де серб ұлтшылдары австра-венгрлік шенеуніктерге қарсы көптеген т ер р о р л ық акт іл ер жасағ ан . Эрцгерцог Франс Фердинандты өлтірген Гаврило Принцип өз өміріне солардың бірі Жераричтің ісін үлгі еткен екен. Ал тапсырыс беруші сербтің əскери барлауының бастығы «Апис» деген жасырын есіммен белгілі болған полковник Дмитриевич еді. Ф.Фердинандтың өлімі серб студентінің жеке ісі емес, түбегейлі ойластырылған арандатушы акт

жəне ол өзінің түпкі мақсатына жетіп, дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болды. Ал Апис сотта Ресей елшілігінің əскери атташесі Артамоновпен байланысы болғанын жəне ол Сербияны Австра-Венгрияның шабуылынан Ресейдің қорғайтынын айтқанын, сонымен бірге, террорлық акцияны Ресей жағы қаржыландырғанын жеткізеді. Алайда, Артамоновтың өзі бұл уақытта Италияда демалыста болғанын айтып, оның мəлімдемесінен үзілді-кесілді бас тартқанымен, оның орынбасары А.Верховскиймен террор шылардың жиі кездесіп жүретін дігі рас болып шығады. Оның үстіне, Ресей патшалығы терроршылардың жоспарын алдын ала біліп отырғандығы да дəлелденген. «Существуют доказательства, что на 14 июня Россия была по крайней мере в курсе планов террористов», деп жазылған «Википедия» энциклопедиясында. Осыған қарағанда, орыстардың да І дүниежүзілік соғыстың басталуына қатысы бар деген тұжырым жасауға болады. Соғыс барысында «Антанта» одағына АҚШ, Жапония, Сербия, Италия, Черногория, Бельгия, Румыния, Грекия, Қытай жəне т.б. қолдау білдірген. Ұрыс қимылдары Соғыс театры негізінен Франция мен Ресей бағыттарында өтті. Бұл екеуіне де Германия басып кірді. Ал Балқан, Қап тауы, Таяу Шығыс бағыттарындағы майданды АвстраВенгрия мен Осман империясы жүргізді. Барлық жақ та майданды бірнеше айдың ішінде аяқтаймыз деп ойлаған еді, алайда ол 4 жылдан артық уақытқа созылды. «Батыс майдан» деп аталған Германия – Франция бағытында немістер Бельгия арқылы француз əскерлерінің сыртынан шығып, оны қоршап алып, құртуды ойластырған. Бірақ өзінің аумағына неміс əскерлерін кіргізуден үзілді-кесілді бас тартқан бейтарап Бельгия герман əскерлеріне қарулы қарсылық көрсетіп, соғысқа кіреді. Бельгияның жақсы бекінген қалаларын Германия тек екі аптадай уақытта ғана бағындырып, 1914 жылдың 16 тамызында Брюссельді алады. Осыдан əрі немістер өздеріне қарсы тұрған француз-ағылшын əскерлеріне қарсы соғысқа кіріседі. Монсе, Шарлеруа, Арден операцияларында немістер таза жеңіске жетіп, 250 мыңдай француз əскерін қырып салады. Сөйтіп, Париждің батыс жағымен француз жеріне бойлап енеді. Ал жағалаудағы соғыстарды жүргізген ағылшын əскерлері де немістердің шабуылдарын тойтара алмай, шегінуге мəжбүр болады. Көмекке келген орыстың экспедициялық корпусы да немістерге қарсы қауқарлы қарсылық жасай алмайды. Француз астанасының құлауына қауіп төнген 2 қыркүйекте өкімет Бордо қаласына көшеді. Алайда, Париж бағытын қорғаушылар Марна өзенінің жағасында немістерге жойқын қарсылық көрсетіп, олардың шабуылын тоқтатумен қатар, 50-60 шақырымға дейін кейін шегінуге мəжбүр етеді.

Осы Марна соғысынан кейін «Антанта» əскерлері алғаш рет ес жиып, немістердің үздіксіз шабуылын тоқтатады. 1914 жылдың 15 қарашасынан бастап екі жақ та шабуылды тоқтатып, шептік күреске ауысады. Немістердің Парижді «ет қызуымен», яғни бірден алмақ болған жоспары орындалмаған соң, оның бір одақтасы – Италия соғысқа қосылудан тоқтайтынын жариялайды. Бұл Германия одағына моральдық тұрғыдан ауыр соққы болады. Ал Шығыста (Германия үшін) «Антанта» мүшесі болғандықтан, Ресей империясының екі армиясы шекарадан өтіп, Пруссия жеріне басып кірген еді. Кенигсберг бағытында алғашқы кезеңдегі соғыстар сəтсіз болғанымен, есін тез жинаған неміс əскерлері орыстарды тас-талқан қылып жеңіп, екі корпусын тұтқынға алып, əскерді қайтадан өз шебіне оралуға мəжбүр етеді. Ашуланған патша майдан қолбасшысы Жилинскийді жəне барлық этностық неміс генералдарын орындарынан алады. Ал орыс пен австра-венгерлік əскерлер соғысы көп уақыт итжығыспен жүріп, ақыры саны көп патша əскерінің Галицияны (Украина жері) алуымен тоқырайды. Варшава бағытында орыс-неміс əскерлері текетірес соғыс жүргізіп, 1914 жылдың аяғында майдан шебі Лодзь (Польша) қаласының түбінде тұрақтанады. Сөйтіп, немістер осы жылы Польшаның бірқатар жерін орыстардан тартып алады. Балқан театрындағы соғысты австра-венгриялықтар мен сербиялықтар жүргізіп, ауыспалы табыстарға жетіп отырады. Желтоқсан айының басында австра-венгриялықтар Белградты басып алғанымен, айдың аяғында одан айырылып қалады. Осы жылдың тамыз айында Жапония да Германияға соғыс жариялап, оның Тынық мұхитындағы аралдық отарлары мен базаларын басып алуға кіріседі. Германиямен одақтасқан Осман империясы да соғысқа кіреді. Қап тауындағы операциялар барысында ол өзінің ежелгі дұшпаны орыс империясымен соғысып, ауыспалы табыстарға жетіп отырады. 1915 жылдың ортасына дейін француз аумағындағы «Батыс майданда» біршама тыныштық болады. Ағылшындар мен француздардың 2-3 шабуылы діттеген межеге жете алмай тоқтатылады. Францияның солтүстік өңірін түгел босатуды көздеген «Антантаның» күздегі шабуылы немістердің жеңісімен аяқталады. Осы соғыста «Антанта» 200 мыңдай, немістер 140 мың əскерінен айырылады. Бұл жылы Германия ағылшынфранцуз соғыс театрынан гөрі Шығыстағы, орыстармен болып жатқан майданға көбірек назар аударып, патша əскерлерін тығырыққа тіремекке ұмтылады. Алайда, шабуыл біршама сəтті болып, 10-шы корпусты тұтқынға түсіргенімен, немістер бұл майдандағы жеңісті аяғына дейін жеткізе алмай, шабуылын тоқыратып алады. Ал Карпат тауларында австра-венгриялық əскерлер мен сербиялықтардың көмегін алған орыстар ауыспалы табыстарға жетіп жатады.

Осы жылы немістер Галиция бағытындағы майданда тамаша табысқа жетеді. Бұл бағытта 5 мамырда майдан шебін бұзып өткен немістер орыстарды 22 маусымға дейін қуады. Бұл қуғынды орыс тарихы «ұлы шегініс» деп атады. Осы қуғынның нəтижесінде немістер поляк жерін орыстардан тегіс тазартады. Тек немістердің Минск бағытындағы шабуылы ғана сəтсіздікке ұшырап, майдан шебі тамыз айының аяғында ғана тұрақтанады. Жыл қорытындысы бойынша Германия біршама тактикалық жеңістерге жетеді, алайда қарсыластарының бірін тұтасымен басып алып, соғыстан шығаруды көздеген мақсаты орындалмайды. Жалғыз-ақ Балқан бағытында ол одақтастарымен бірге тамаша жеңіске жетіп, Сербияны түгелімен басып алып, қарсыласуын тоқтатады. 1916 жылғы науқанда Германия негізгі күштерін «Батыстағы майданға» бұрып, Францияны толығымен басып алуға жұмсайды. Алайда, оның бұл мақсаты орындалмай, жыл қорытындысы бойынша қарсыластарын 750 мың адамдық шығынға ұшыратқанымен, өздері де 450 мың адамдық шығын шегіп, 18 желтоқсанда шабуыл шағын ғана жеңістермен аяқталады. Осы, 1916 жыл алыста жатқан қазақ даласына да нəубет əкеледі. Патша өзінің «Июнь жарлығымен» қазақ сияқты бұрын əскерге алынбай келген мұсылман халықтардың 19 бен 31 жас аралығындағы жастарын майданның қара жұмыстарына алатынын жариялағаны мəлім. Соғыстың экономикалық зардаптарын шегіп, ет, астық, көлік сияқты қажеттіліктерін өтеп, күннен-күнге күйзеліп отырған халықтарды бұл жарлық қатты ширықтырғаны белгілі. Əсіресе, патшаның өздеріне сеніп қару бермей, тек құл есепті қара жұмыстарға салғысы келетіні де қатты ашындырады. Сондықтан бүкіл Түркістан өлкесі, соның ішінде қазақ даласы бұл жарлыққа қарсы өре түрегелді. Жетісуда Бекболат Əшекеев, Ұзақ Саурықов, Тоқаш Бокин, Торғайда Əбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Əліби Жангелдин жəне т.б. бастаған ұйымдасқан көтерілістер болғанын тарихтан білеміз. Патшаның аярлығын түсінуге болады, егер ол түркістандық боздақтардың қолына қару берсе, өздерімен тілі, діні бір түріктердің жағына шығып кетуі əбден мүмкін еді. Сондықтан патша түркі халықтарына қашан тақтан түсіп, көзі құрығанша сенім білдірмей келді. Қазақ арасында патшаның жарлығына қарсы шықпауға үгіттеген де білімді азаматтар болды. Олар патша əскерінің халықты қырып тастауынан қорықты. Сонымен қатар, Ə.Бөкейханов бастаған, кейін Алаш қайраткерлері болған білікті азаматтар əскерге алынған жастардың арасына барып, олардың əлеуметтік жағынан қорғалуына ықпал етті. 1917 жыл соғыс тарихында бетбұрысқа жол ашқан жыл болды. Ресейде «Ақпан төңкерісі» болып, патша тақтан тайдырылды. Ал осы жылдың Қазан айында болған төңкерістің арқасында өкімет басына келген большевиктер партиясы 15

желтоқсанда Германиямен уақытша келісімге қол қойды. Осы жылдың сəуір айында АҚШ «Антанта» қатарында соғысқа енетінін мəлімдеді. Бұл үш жылдық соғыста əскери ғана емес, экономикалық тұрғыдан əлсіреген «төрттік одаққа» моральдық тұрғыдан үлкен соққы болды. 1917 жылдың 19 шілдесінде Рейхстаг қарсыластарына соғысты аннексиясыз тоқтату туралы бейбіт келісім ұсынғанымен, қата рына АҚШ-ты қосып алып, күшейіп алған «Антанта» оны қабылда майды. Бірақ Германия 1918 жылдың наурыз айында Ресейде өкімет басына келген большевиктер басшылығымен бұл елдің жеңілгенін мойындап, соғыстан шығатындығы туралы «Брест бітіміне» қол қояды. Ресейліктердің «Антанта» қатарында жеңіске жетуге жақындап тұрып, мұндай əділетсіз келісімге қол қою себебі – большевиктердің неміс капиталының күшімен өкімет басына келгендігін көрсетеді. Осыған байланысты Ресей Федерациясының Президенті В.Путин 2012 жылдың 27 маусымында Федерация Кеңесінде былай деді: «...то результат предательства тогдашнего правительства. Большевики совершили акт национального предательства». Алайда, бұл басқа мақаланың тақырыбы болғандықтан, біз ол əңгімені осымен тұжырып, І дүниежүзілік соғыстың тарихын жалғастырайық. Соғыстың соңғы нүктесі Осы 1917 жылдың ортасында соғысты аяқтау туралы дипломатиялық қадамдарды Рим папасы ХV Бенедикт те жасап көреді, алайда «Антанта» оның əрекеттерін де қабылдамайды. «Брест бітімін» жасап, Ресейді соғыстан шығарып тастаған соң Германия барлық күшін «Батыс майданға» төгіп, америкалықтар көмекке жеткенше француз бен ағылшын күштерін жайратып тастамақ болады. Жойқын шабуылдардың арқасында оның əскерлері 40-70 шақырымға дейін алға басқанымен майдан шебін бұза алмайды. Оның үстіне «Брест бітімінің» арқасында қолына тиген Ресейдің ұлан-байтақ жеріндегі бас көтерулерді басу үшін əскердің біраз бөлігін қалдырған Германия қосымша күштерге де зəру болады. Осындай қысылтаяң жағдайда, яғни мамыр айында, «Антанта» əскеріне, АҚШ-тың тың күштері келіп қосылады. Шілде-тамыз айларында «Антанта» əскерлері жойқын шабуылға шығып, Германия күштерін шегіндіре бастайды. 1918 жылдың қараша айында Франция аумағы толық дерлік, Бельгия толығымен жаудан босатылады. Осы кездерде италиялық соғыс театрында австра-венгриялықтар да тас-талқан жеңілістерге ұшырайды. Балқан таудың бауырындағы соғыстарда «Антанта» Сербия, Албания, Черногория аумақтарын азат етеді. Осындай жойқын жеңілістердің салдарынан Болгария – 29 қыркүйекте, Түркия – 30 қазанда, Австра-Венгрия – 3 қарашада, Германия – 11 қарашада тізе бүгеді. Жеңімпаздар Париж конференциясында бейбітшілік келісімін жасап, оған Германия Версальда 1919 жылдың 28 маусымында, Австрия Сен-Жерменде, Болгария Нейчкте, Венгрия Трианонда, Түркия Севрде қол қояды. Соғыс салдарының нəтижесінде Германия аумақтық тұтастығынан айырылады жəне репарация төлейтін болады. Ал жеңімпаздар жаңа аумақтарға қол жеткізеді. Соның ішінде Англия Танзанияны, Оңтүстік-Батыс Африканы, Иракты, Трансиордания мен Палестинаны өз билігіне алса, Бельгия Бурунди мен Лугандаға иелік ететін болады. Франция немістің «империялық жерлер» деп аталатын ЭльзасЛотарингияны тұтасымен жəне Сирия, Ливанды, Камерун мен Тогоның үлкен бөлігіне үстемдік жүргізетін болады. «Антантаның» қатарында соғысқан басқа мемлекеттер де жаңа аумақтар алады. Соның ішінде Румыния Трансильвания, Оңтүстік Добруджи, Буковина жəне Бес са рабияны өзіне қосады. Оң түс тік славяндар Баната, Бачкиді қосып ала отырып, Словения, Хорва тия, Черногориямен бірге, Серб корольдігімен біріккен еді, артынан бұл мемлекет Югославия деп аталады. Осы соғыста танктер, химиялық қару, противогаз, зенитті жəне танкке қарсы қарулар, огнеметтер алғаш рет қолданылады. Бұрынғы соғыстарда сирек болатын ұшақтар, пулеметтер, минометтер, сүңгуір қайықтар, торпедалық катерлер пайдаланылады. Осыдан əрі авиация, танк, химия, əскери əуе қорғанысы, теңіз авиациялары сияқты жеке əскер түрлері енгізіледі. Инженерлік əскер түрі пайда болып, кавалерияның ықпалы азайтылады. Экономикада əскери салаға басымдық беру бар лық елдерде қолға алынады. Мұның ақыры ІІ Дүниежүзілік соғысқа жол ашқанын да айта кеткен жөн. Міне, І Дүниежүзілік соғыстың қорытындылары осындай.

Бўл адамныѕ есімі Мария Шоќай кітабынан алынды 17 шілде күні «Егемен Қазақстан» бетінде Сламқұл Əбдірахмановтың «Хасан» дегені Хасен емес пе екен?» атты шағын мақала шыққан еді. Бұл осы басылымда жарық көрген менің материалымдағы бір атауға қатысты болатын. Мəлімет белгілі саяси қайраткер Мұстафа Шоқайдың жары Мария Шоқайдың «Я пишу Вам из Ножана» (воспоминания, письма, документы) деген кітабынан алынған. Ол жинақты құрастырып дайындаған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Садықова. Кітап «Қайнар» баспасынан 2001 жылы шыққан. Мария Шоқайдың аталмыш кітабының 120-121-беттерінде, автор Францияда тұрғанда үйіне Хасан есімді адамның келгенін, Лион қаласындағы зауытқа жұмысқа тұрғанын айтады. Соғыс кезінде ол жараланған, тұтқынға түскен екен. Мария апамыздың жазуы бойынша Хасан өте талантты, ақылды жəне тəрбие көрген адам болған. Ол кісіден «тамаша генерал не танкист шығар еді», дейді Мария. 1946 жылдың 9 наурызында Хасан таныс ағылшын азаматының көмегімен Германияға өтеді. Арнайы рұқсат қағазы жоқ оған теміржол билеті де сатылмаған, сондықтан ол Страсбург қаласына жаяу кеткен сияқты. Содан кейін Хасаннан хабар келмеген. Сондықтан, Хасан қаза тапқан болар деп топшылайды Мария Шоқай. Жəне ол кітапта оның өміріне қатты қайғырып, алаңдайды. Хасанның шын аты Асан, Хасен, Қасен не осыған ұқсас есім болуы мүмкін. М.Шоқайдың кітабында былай делінген: «Тут прибыл Хасан. Ему надо было купить обувь, рубашку, пальто. Зима была снежной и суровой. Прокормить троих мне было нелегко. Обратилась к знакомому швейцару с просьбой устроить куда-нибудь на работу Хасана. Возможностей устроить Хасана на работу в Париже у него не было. И он нашел ему работу в Лионе, где на одном из заводов директором был сын швейцара. Хасан быстро освоился, стал выполнять самую сложную работу. Но рабочие завода стали интересоваться его прошлым, правом на трудоустройство. Узнали, что он антикоммунист. Пришлось Хасану через 3 месяца покинуть Лион и вернуться в Ножан. Во Франции правительство возглавляли левые. Было много советских солдат. Получить прописку или же право трудоустройства было крайне сложно. Хасан в Лионе познокомился и подружился с одним рабочим, выходцем из Легистана, у которого в свою очередь был знакомый англичанин. С помощью этого англичанина было решено переправить Хасана в Германию. 9 марта 1946 года Хасан рано утром покинул нас. Не знаю, сумел ли он купить билет, потому что без специальной разрешительной бумаги на вокзале билеты не продавали. Возможно, что он пошел пешком до Страсбурга. Он тоже, как мулла, обещал написать но вестей от него не было. Боюсь, что его убили. Жалко его. Хасан был хорошим человеком, умным, способным, у него была тяга к военному делу. Из него мог бы получиться прекрасный генерал или танкист. Он был ранен на войне и пленен. Вновь пошел на фронт. Он говорил: «Война – мое основное занятие, я живу ею». Он тоже был без религии, и за него я тоже очень переживала». Өзім көрген құжаттар арасында мен мұндай азаматты көре алмадым. Бірақ Хасанды (Асан, Хасен, Қасенді) Түркияда тұрып жатқан Əлім Ғалымжан Алмат білуі мүмкін. Ол кісінің Қызылордада, Алматыда, Ақтөбеде туыстары бар. Осы азамат туралы түркиялық қазақ, профессор Əбдуақап Қара білуі мүмкін. Себебі, ол тұтқынға түскен қазақ əскерлері туралы арнайы зерттеулер жүргізген. Бүркітбай АЯҒАН, профессор.

АСТАНА.


30 шілде

Е

ЗЕРД

2014 жыл

Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылдық өткен жолы дәуірлерге татитын құбылыстарға толы. Соның бірі – өткенімізді түгендеп, солардың ұлағаттылығымен бүгінгі жас, алдағы келер ұрпақты қазіргі өркениет биігінің аясында тәрбиелей отырып, халқымыздың рухын көтеру болмақ. Осыған сәйкес Ақтөбе облысында сан алуан шаралардың жүргізіліп жатқанын қуанышпен айтуға болады. Тама Есет, Шекті Есет, Сәңкібай, Барақ, Асау, Мырзағұл, Қайдауыл, Көтібар батырлардың, Қобыланды, Әлия, Шығанақ, Мөңке би, Дербісәлі күндерінің республика, облыс дәрежесінде өткізілуі, халқымыздың тапталып қалған санасы мен сезімін, тарихи танымы мен өзінің өткеніне мақтанышын арттырып, олардың одан әрі тереңдеуіне теңдесі жоқ әсерін тигізді. Ал, сөз арқауы болғалы отырған Дербісәлі Беркімбаев кім? Оның тарихи заманы, ортасы қандай, халқына қандай мұралар қалдырды?

есімі енді айтыла бастады

Осыдан бірер жыл бұрын республикалық «Алтын Орда», Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газеттерінде Дербісәлі Беркімбаев туралы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің профессоры З.Байдосовтың көлемді мақалалары жарияланған болатын. Автор Мәскеу, Санкт-Петербург, Орынбор, Ташкент, Алматы мұрағаттарында сақталған құжаттарға, Дербісәлі заманында жарық көрген А.И.Добросмысловтың, А.В.Васильевтің «Торғай облысы туралы тарихи очерк», «Оренбургские ведомости», «Санкт-Петербургские ведомости», т.б. шығармаларға сүйене отырып, құнды еңбек жазған еді. Сондай-ақ, ақтөбелік ғалымның «Алды кең, арты майса Дербісәлі» атты кітабы жарық көрді. Бұл туынды Дербісәлі жайлы жазылған алғашқы деректі шығармалардың бірінен саналады. 1861-1903 жылдары батыс өңірінде өмір сүрген Әбубәкір Кердері ақын Дербісәлі Беркімбаевқа шығарған арнауында: «Қолыма қалам алдым сөзге лаулап, Сұрадым әрбір жерде хабар аулап. Белгілі Кіші жүзде бір адамсың, Бақ-дәулет жеті атаңнан өскен қаулап. Салмағы саған қатар келе алмайды, Қай қазақ мақтанса да өзін баулап. Руың Жетіруда жағалбайлы, Ары үшін жауға шапқан Малатау­ лап» – деп тебірене жырлады. Сол жағалбайлының мырзасынан тарайтын Малатау XVII ғасырда айбынды батыр болған деген дерек бар. Сол кезеңде оның аты ұранға айналып­ты. Малатау – Тілеуберді – Әлмембет – Баба – Арыстанбай, Қара – Дербісәлінің аруақты ата-бабалары болып саналады. Тарихи тұлғаның туған әкесі Бошыбай да елінің елеулісіне, халқының қалаулысына айналған жан. Жастайынан топ жарып, сөз бастаған Дербісәлінің әкесі Бошыбай, жағалбайлы руының старшинасы болады. 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы» шыққан Ресей патшасының жарлығына орай құрылған Кіші жүздегі үш дуанының орта дуанында 15-ші дистанция бастығы болып тағайындалады. 1857 жылы Бошыбай дүние салғаннан кейін Орынбор генерал-губернаторы 20 жасқа жаңадан толған Дербісәліні әкесінің орнына дистанция бастығы етіп сайлайды. Дистанция дегеніміз – қазіргі аудан көлеміне сай келеді. Ал, 1869 жылдың басында жаңадан құрылған Ырғыз уезіне уездік бастықтың екінші жәрдемшісі етіп бекітеді. Айтулы уезге

қазіргі Шалқар, Әйтеке би, Ырғыз аудандары, Хромтау ауданының шығыс беткейі қараған. 1872 жылы Орынбор генерал-губернаторы А.Крыжановский Дербісәлінің аса қабілеттілігін ескере отырып, оны Ақтөбе уезі бастығының екінші орынбасары етіп қызметке ауыстырады. Айтулы уезде 21 жылдан астам қызмет атқарған Дербісәлі 1893 жылдың 25ші қыркүйегінде Торғай облысының әскери губернаторы жанындағы ерекше істер жөніндегі шенеунігі болды. Белгілі тұлға 1902 жылға дейін абыройлы қызмет атқарып, 1200 сом көлеміндегі зейнетақымен демалысқа шықты. Бұл зейнетақы сол кезде 300 қой құнына тең болатын. Дәуір, заман дегеніміз – адам­ заттың ұлы көші сапарындағы белгілі бір мерзімдік ұғым болар. Міне, сол дәуіраралық мерзімнің сипаты, дәуірдің дүниеге келген жеке-дара тұлғалар арқылы айқындалатындығы үлкен дәлелдеуді қажет ете қоймаса керек. Біз Қазақ елі, ұлтымыздың басынан кешкен тарихы жайлы әңгімелегенімізде «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», заманы дейміз. Кейбір тарихи тұлғаларды «ол заманының дүлдүлі», «заманының заңғары», «заманының асқан қайраткері» деген атаулармен оның өз заманындағы болмысын айқындаймыз. Халық арасында «Дербісәлі жарты патша» деген сөз бекерден-бекер қалмаған. Осы орайда Неплюев кадет корпусын бітірген Баяділ Кийкиннің: «Ресей патшасы біз үшін тым қашық, ол бізге жарты патша да, Дербісәлі біздің түгел патшамыз» – деген сөздерін еріксіз еске түсіресің. Халық Дербісәліні ардақтады, қара болса да хандай көріп қастерледі, оған айрықша сенді, айтқанын екі етпеді, соңынан ере білді. Ол патшалық Ресейдің отарлық саясатының салмағын нар кеудесімен көтере білді, қиындықтарға қарамастан халқының игілігі үшін қызмет атқара білді. Орынбор генерал-губернаторы А.Крыжановский Дербісәлі Беркімбаев туралы: «Степенный Дербисали Беркимбаев, умный человек. Он любит свой народ и часто заступается за него и добивается своего..» деген екен, ал, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Балюзек: «Я при решений многих вопросов, касающихся киргиз-кайсакам, прежде всего советуюсь с высокочтимыми нами Дербисали Беркимбаевым. Он пользуется у своего народа высочайшим уважением...» деп ерекше сипат

берген. Жапон халқының «Дана адам тау­да да, тұңғиық тереңде де өз амалымен сыйлы орнын таба алады» деген философиялық сөзі бар. Жақсы адам әр уақытта да жақсы, жақсы болып қалады. Дербісәлінің дарқандығы мен жоғарғы адамгершілігі, өз халқына адалдығы мен еліне, жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі қазіргі және болашақтағы ұрпақтарға үлгі-өнеге. Оның аңызға айналған жасампаз істері мен дана сөздері халық жадында тасқа түскен таңбадай, мұхит түбіндегі маржандай сақталып қалды, сақтала да бермекші. Өйткені, ол өзінен кейінгі бір ғасырға жуық рухтық өмірінде де өзінің асылдығын сақтаған ерен тарихи тұлға. Қазіргі және болашақтағы ұрпақ Дербісәлі Беркімбаевты осылайша бағалауы қажет. XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап, Ресейде дами бастаған капитализмнің лебімен қазіргі Ақтөбе аймағында да экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болды, капиталистік қатынастардың алғашқы түрлері заман ағымына ене бастады. Дербісәлі Беркімбаев осы аталған істерге де атсалысты, басшылық етті. Ол жаңадан бой көтере бастаған Ақтөбе, Ырғыз бекіністерінің қалыптасуы мен нығаюына, жол, пошталық байланыстар, жер шаруашылығының өсіп-өркендеуі, өнеркәсіптің негізделуіне үлкен үлес қосумен бірге қазақ жастарын оқыту, халыққа білім беру, қазақ халқының мәдениетін өркендету сияқты игілікті істерге айрықша көңіл бөлді. Дербісәлі өресі биік, жаңалықтың жаршысы бола білген, оның үстіне Кіші жүз көлеміндегі патшалық Ресейдің жүргізген әкімшілік өзгерістеріне әрқашан да ұлттық мүддемен қарай білген. Ақтөбе, Ырғыз, Қарақамыс, Ойыл жәрмеңкелерін ашуда, олардың баянды болуына Беркімбаевтың қосқан рөлі аса зор. Қазіргі Ақтөбе аймағындағы уездерде ауылдық мектептер ашып, қазақ балаларын оқуғабілімге тартуда тарихи тұлға көп еңбек сіңірді. Ол атақты ұстаз Ыбырай Алтынсаринмен қоян-қолтық араласып, Ақтөбе орыс-қазақ училищесін, Ақтөбе уезінде 7 ауылдық мектеп ашуға мұрындық бола білді. Айтулы оқу орындарына қаржылай үлкен демеушілік жасады. Біз бұл мақаланы Санкт-Петербург, Мәскеу, Ташкент, Орынбор, Ор, Алматы қалаларындағы Мемлекеттік

мұрағаттардың құжаттарына сүйене отырып, жазып отырмыз. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының №250, 1-ші тіркеуінде тіркелген мына бір құнды құжат өзіне ерекше назар аудартады. Айтулы құжатта: «Ақтөбе уезіндегі ашылған ауылдық мектептердің бірі Дербісәлі Беркімбаевтың туыпөскен Аралтөбе болысындағы 1-ші ауылдағы Меңдібай мектебі болды. Бұл ауылдық мектептің арнайы ғимараты болмағандықтан, Дербісәлі Беркімбаев 1889 жылы салдырған 7 бөлмелі үйін босатып береді. Айтулы жай Дербісәлінің мәрттігі еді. Үй Ордан – 25, Ақтөбеден 140 шақырым жерде болатын», деп жазылады. Сонымен қатар, Дербісәлі Беркімбаев Ақтөбе, Ырғыз уездерінде қазақ халқына зор індет болған шешек ауруына қарсы дәрі егу жұмыстарын қолға алған зиялы жандардың бірі. 1873 жылдың қаңтар-шілде айларында Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз уездерінде шешек ауруы кеңінен тарап, қысқа мерзімнің ішінде 5200 адам осы қатерлі індеттен дүние салды. Бұл үлкен қасірет Дербісәліні қатты толғандырып, қатерлі ауруды жоюдың амалдарын іздестіріп, жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Қолдағы бар деректерге сүйенсек, елім деп, халқым деп еңіреп өткен Дербісәлі Беркімбаев Ресейді билеп-төстеп тұрған Николай патшамен царевич кезінде танысып, жақсы қарым-қатынаста болған. Ақ патшаның көмегімен Торғай облысына қажетті дәрі-дәрмек және дәрігерфельдшерлер жіберіледі. Осы игі істердің нәтижесінде үш-төрт айдың ішінде 12 мың адамға шешекке қарсы дәрі егу ісі ұйымдастырылады. Бұл айтуға оңай болғанмен, аса күрделі қиын шаруа еді. Осы игі істердің басықасында Дербісәлі жүрді. Сондықтан да, жергілікті халық оны хан көтеріп, қастерлей білді. Еліне, халқына жасалған игі істері осы күнге дейін аңыз ретінде айтылып келеді. Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, болашағын әріден ойлаған тарихи тұлға ислам дініне айрықша назар аударып, еліне қызмет еткен жылдары қырыққа жуық мешіт салдырады. Бүгінде Ресейге қарайтын Ор қаласына өз қаржысына іргелі мешіт салдырады. Бұл имандық үйі осы күнге дейін жұмыс істеп тұр. Дербісәлі Беркімбаев Ресей империясының ең жоғарғы 5

15

www.egemen.kz

орденімен, 7 рет алтын-күміс, қола медальдарымен, 25 рет қымбат бағалы сыйлықтармен марапатталған. Ол «Үрімбұтақтық дворянин» деген атақ алған қазақтардың бірі. Өз өмір жолында Вельяминов-Зернов, Пржевальский сынды атақты ғалымдармен сапарлас болған. 5 рет қазақ депутациясының құрамында Санкт-Петербургке барып, Ресей империясының патшалары Александр ІІ-нің, Николай ІІ-нің жеке қабылдауында болған тұлғалардың бірі. Орынбордағы Бүкілресейлік Императорлық Географиялық қоғам­н ың, Орынбор Архивтік алқасының, Торғай облыстық Статистикалық Комитетінің, Орынбор Агро­номиялық алқасының мүшесі,

1897 жылғы Нижний-Новгородта өткен дүниежүзілік өндіріс көрмесінде қырғыз-қайсақ бөлімін тікелей ұйымдастырушылардың бірінен саналады. Дербісәлі Беркімбаев лауазымды қызмет бабын қарақан басының қамы үшін пайдаланбаған зиялы жандардың бірі. Ол осы аймақ халқы мен Орынбор әкімшілігі және патша үкіметінің арасында ұтымды билік әрекетін жүргізуі арқылы қазақтардың әлеуметтікэкономикалық, саяси-құқықтық мүдделерін қолынан келгенінше, мүмкіндігінің жеткен жеріне дейін қорғай білді. Халық мұңын патшалық билік алдында жасқанбастан айта білді. Орынбор әкімшілігі Дербісәлі сынды ақыл-парасаты, қажырқайраты мол тұлғамен есептеспесе, қалың жұрттың толқынысына тап боларын патша әкімшілігі ешқашан да естен шығармаған. Сол заманда қазақтың Беркімбаевтай абзал ер азаматтары патшалық үстемдікке тосқауыл болғандығын көптеген мұрағаттық құжаттармен дәлелдейді. Ақын Кердері Әбубәкірдің: Дерекем бақыт тұтты жұртын жиып, Жолынан зұлымдарды қойды тыйып. Достары арқасында мұрат тауып, Тұрады дұшпандарды сырттай үйіп. Түсіп тұр көлеңкесі Кіші жүзге, Зор бақыт бергеннен соң тәңірім деп... – деп жырлауы үлкен шындықты аңғартса керек. Дербісәлі бұл фәниден озғалы бері екі қоғамдық-экономикалық формация өзгерді. Біз Қазақстанның егемендік шуағымен еліміздің ең озық 30 елдің қатарына ену үшін күресудеміз. Қазақта: «Ата-баба өзінің ұрпағымен ұлы», деген қанатты сөз бар. Дербісәлі де өз заманының заңғары. Осындай тұлғалы азаматтың ізбасар ұрпақтары да көп. XX ғасырдың 50-жылдарында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болған Құр­ манғали Оспанов, қазақ халқының ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқов, Қазақстан Республикасының алғашқы Әділет министрі Нағашыбай Шәйкенов, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Муафих Мұстафин, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанғали Ордабаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Сабыр, халықаралық және Ресей жол қатынастары академиясының академигі, профессор Ізбасар Қарабасов, генерал Кеңшілік Жұмабаев, полковник Бақыт Ғизатов, Қуаныш Орманов, Қуаныш Өмірзақов, Хабиба Сарқұлова, Елеусіз Әбубәкіров, Үсен Жаманшалов, Аманбай Рсалин, Аманғос Телеуов, Арынғазы Беркімбаев, Ізбақ Өмірзақов сияқты азаматтар ел сыйлайтын, халық құрметтейтін белгілі тұлғалар. Тәуелсіздігімізді алғалы бері бұрын ұмыт бола бастаған тарихтың шынайы беттері ашылып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатыр. «Жақсының аты қалады» демекші, Қазақстанның батыс өңірінде өмір сүрген тұлғалы азамат, сол бір қиын кездің өзінде елдің бірлігін, ынтымағын, тұтас­ тығын, мәдениеті мен өркениетін әріден ойлаған Дербісәлі Беркім­ баевтың есімі ерекше аталады. Ол орынды да. Дербісәлі бабамыз өз заманының нағыз заңғарларының бірі. Сондықтан да, бұл есімді халық ешқашан да ұмытпайды. Баянғали ҚҰЛТАЕВ, өлкетанушы, Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК, жазушы, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының директоры.

Ақтөбе облысы. –––––––––– Суреттерде: Тор­ғ ай облысы әскери губер­н а­т орының ерекше істер жөніндегі чиновнигі Дербісәлі Беркімбаев (бірінші қатарда ортада тұр). Санкт-Петербург, 1889 жыл.

Өмірдің бір сынағынан өттім

Менің атым – Айнұр Тұрғынбекқызы. Бір ұл, бір қызым бар. Күйеуім заңгер болып жұмыс істейді. Дәулетті болмасақ та көштен қалмай тіршілік жасап жаттық. Алайда, өмір сынақтан тұрады емес пе? Ойламаған жерден мен де, менің отбасым да үлкен қиындыққа тап болдық. Көктем шығып, жерге жылу енді ғана еніп жатқан кез еді. Түнімен жөтел мазамды қашырып, оған тершеңдік қосылып, азып кеттім. Тамаққа да тәбетім тартпай тұрады. Дәрігер тексеруіне баруға асықпадым, көктемгі әлсіздік болар деп ойладым. Бала кезден бастап жиі жөтеліп, артынша емдеп үйреніп қалғанмын ғой. Бұл жолы көк жөтел дес беретін емес. Содан күйеуім мені дәрігерге әкеліп, рентгеннен өткенде өкпе туберкулезін жұқтырғанымды білдім. Біреу төбемнен мұздай су құйып жібергендей, алғашқыда сене алмадым. Ешқашан ешкім аты жаман ауруға шалдығамын деп ойламайды ғой. Өзге түгіл өзіңді де мұндай ауруға қимайсың. Сол күннен бастап бәрінен – балаларым мен күйеуімнен, туыстарымнан оқшаулана бастадым. Оларға қарап сөйлесем, жұқтырып аламын ба деп үрейленіп, санамды түрлі жаман ойлар шырмап алды. Бірақ, бақытыма қарай отбасым менен теріс айналып кетпеді. Керісінше демеу болды. Әрине, олардың да іштей қорқынышы болған шығар. Оны білдірмеді маған. Дәрігер берген жолдама бойынша туберкулезге қарсы диспансерде үздіксіз ем алдым. Ол кезде үнемі: «Мен толық сауығып кете алам ба?» деген ой мазалайтын. Үмітімнен гөрі күдігім басым еді. Дәрігерлердің айтқанына сенбейтінмін. «Мені алдаусырату үшін денсаулығым туралы шындықты толық айтпай отыр» деген ұры ойдың болғаны да рас. Тіпті, бастапқыда отбасыммен кездесуден де үзілді-кесілді бас тартып, ешкіммен араласпай, томаға-тұйық жанға айналдым. Кейде дәрілерді ішпей, төсектің астына қарай лақтырып жіберетінмін. «Дәрі бір жеріңді емдеп жазса, келесі бір ағзаңды зақымдайды». Бұл сөзді бала кезімнен апамның аузынан естуші едім. Бір күні оны медбике Әсем Түгелбаева байқап қалды. Ұрсып, айғайлап жатпады, әрбір дәрі-дәрмек түрінің науқастарға не үшін берілетінін асықпай түсіндіріп берді. Ұялып, кешірім сұрадым әрі мұны қайталамауға уәде бердім. Туберкулезге қарсы дәрі-дәрмек жалғыз біздің елде ғана тегін таратылады екен. Содан болса керек, тегін дүниенің қадірін бірден ұға қоймағаным. Дәрігер ауру адамның ең басты жан­ашыры ғой. Сондай жандардың бірі туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Асқар Көмекбаев менің үнемі көңіл күйімнің жоқтығын байқады ма, сөзге тартатын. Өмірден түңілмеуге, келер күннен жақсылық күтуге шақырды. Ақын-жазушыларымыздың оптимистік сарынға толы өлеңдерінен де үзінді оқып беретін ерінбей. Кейде бізге күлкілі әңгімелер айтып, көңіл күйімізді көтеру үшін алдын ала дайындалып келетіндей көрінетін. Асқар Көмекбаев менің алып жатқан емге де немқұрайды қарайтынымды сезіп, осы ауруды жеңген талай жанның өмірінен мысал келтіріп берді. Күн сайын өмірге құштар дәрігерді көріп менің де аурумен күресуге, тезірек жазылуға құштарлығым арта түсті. «Адамға сынықтан басқаның бәрі жұғады», деген сөздің жаны бар сияқты. Менің де поэзия оқуға, ұнағандарын жаттауға ықыласым ауды. Ауру тәніңді дәрі-дәрмекпен емдейсің. Ал жаныңды жұбату үшін саған рухани көмектің ауа­ дай қажет екенін сол кезде бір кісідей түсіндім. Емдеу курсы мен ойлағандай тез арада біте қоймады. Біртіндеп бұл өмірге де мойынсындым. Дәрігерлер мен медбикелердің жүздерінен өзіме деген қамқорлықты байқап, жаман ойламауға тырыстым. Өзім сынды басқа да науқас жандармен араласатын болдым. Дәріні уақытылы ішіп, тәртіпті қатаң сақтағанның арқасында үш-төрт айдан соң үйіме, отбасыма оралдым. Әдетте ауру адам өмірден түңілгіш, әлсіз келеді. Миыңды небір ойлар масадай талайды. Мен осындай сын сағатында туберкулез диспансерінің бас дәрігері Асқар Көмекбаевтың қолдауы арқылы дертпен күресуге, оны жеңуге күш жинадым. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді ғой. Сол себепті де көрген жақсылығымды айтуды жөн санадым. Әйтпесе, олар дәл менің мақтауыма зәру емес. Және бұл хатты жазуымның тағы бір себебі бар. Мен сияқ­ты өмір сынына ұшыраған жандарға: «Болашаққа сеніңіздер, дәрігердің айтқа­ нын бұлжытпай орындаңыздар», деген кеңес айтқым келді. Себебі, науқас адамның алай-дүлей болып жататын жан дүниесін мен жақсы білемін.

АЛМАТЫ.

Жазып алған Гүлназ СЕМБИЕВА.


16

30 шілде

АР Ш О Р ХАБА

www.egemen.kz

2014 жыл  Бəрекелді!

Ай

бы н

С

айтты їйсіндірген əбина

Їріп ауызєа салєандай ќазаќ ќызы интернеттіѕ арќасында əлемдегі танымал спортшылардыѕ ќатарына ќосылды

Айрыќша ўшулар аспаны Қазақстан Əскери-əуе күштеріндегі армиялық авиацияның ұшқыштары Ми-17 жəне Ми-24 тікұшақтарымен жауынгерлік атыстарды қолдана отырып, түнгі оқу-жаттығу ұшуларын жүргізді. Ми-17 жəне Ми-24 тікұшақтарының экипаждары ұшу тапсырмаларының кезекті кезеңі аясында белгіленген орынға шығу, ауада барлау жүргізу жəне шартты қарсыластың позициясын анықтау сынды жауынгерлік даярлықтарды қиын жағдайларда орындады.

Алматы облысында орналасқан Іле өзені ауданына қарасты «Қа зақстан» полигонындағы жауынгерлік атыс барысында ұшқыштар ФАБ-100, ФАБ-120 авиациялық құралдарымен бомбалады. Сондай-ақ, калибрі 12,7 миллиметрлік қару-жарақпен

 Оқырман жолдаған өлең

 Мəселенің

Редакцияға хат келді. Онда: «Сəлеметсіздер ме, «Егемен Қазақ стан» газе ті нің ұжы мы. Мен сіз дерге Шығыс өңіріндегі Аягөз ауданының Баршатас ауылынан хат жолдап отырмын. Ақындық қабілетім бар еді. Осы жолы бір əдемі бағытта «Анаға арнау» деген өлең жазып едім. Соны газеттеріңіздің бір пұшпағынан орын беріп, жарыққа шығарсаңыздар шексіз алғыс айтар едім. Үмітпен хат жолдаушы оқырмандарыңыз Серікжан», депті. Біз автордың тілегін орындауды жөн көрдік.

Аналар

Ана десем үш əрiптi қайталап, Бала көңiл ерекше бiр жай табад, Ана деген жанға өлең арнадым, Шабыт дейтiн бес əрiптi шайқап ап. Ана деген саған өмiр сыйлаған, Ана деген əрқашанда сыйлы адам, Жұмақ жақтан жайлы орын алады, Бұл өмiрде аналарды сыйлаған. Ана деген мың үміт пен мың арман, Биiк барлық намысыңды жығардан, Ана деген ең алғашқы үш əрiп, Балғын кезде бал тiлiңдi шығарған. Қарыздармыз аналарға бəрiмiз, Үлкенiң де, жасың кiшi, кəрiмiз. Үй боп мейлі отау құрып кетсек те, Аналарға бала екенбiз əлi бiз... Серікжан ИМАНҒАЛИЕВ.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылы.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

жəне С-8 басқарылмайтын авиациялық зымырандармен шартты қарсыласқа оқ атты. Шартты қарсыластың нысанасы 2,5 шақырым қашықтықта орналасты. 100-ге жуық бүркемеленген нысаналар жəне жауынгерлік бронды техника макеттері жойылды. Оқу-жаттығу ұшуларына 100ге тарта əскери қызметші, оның ішінде армиялық авиацияның 5 экипажы қатысты. Ұшқыштар

барлығы 200 жауынгерлік оқужаттығу ұшуларын орындады. Атулар түн жағдайында жүргізілгендіктен, экипаждардың тапсырмалары қиындатылды. Жүргізілген оқу-жаттығулар барысында жас ұшқыштар баға жетпес тəжірибеге қол жеткізді деуге болады. Аға лейтенанттар Сергей Бикетов пен Ақжан Айтбаев алғаш рет жою құралдарын қолдана отырып, түнгі ұшуларға шығып отыр. – Əртүрлі оқу-жаттығу

ұшуларын орындау арқылы ұшқыштарымыздың кəсіби деңгейін арттыру кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді. Ұшулар даярлығы бағдарламасы экипаждардың ұшу шеберлігін шыңдауға бағытталған, деп атап өтті ƏҚК Əскери-əуе күштерінің қолбасшысы полковник Дəурен Қосанов. Ұшуларға 55652, 19132 жəне 54835 авиациялық бөлімдерінің жеке құрамы қатыстырылды. Түнгі ұшулар жауынгерлік жағдайларда болатын толық экипаждар құрамында жүргізілді.

Еліктің лағындай қазақ қызы Сəбина соңғы аптада интернетте ең көп талқыланған, əсем жүзі əлеуметтік желілерде ең көп тараған спортшы болды. Осылайша волейболшы қыз айналасы апта ішінде əлемге танымал спортшылардың қатарына қосылып шыға келді. Сүйкімді қыздың тартымдылығына табынған шартараптағылар оның неше алуан суретін салып, ықыластарын аяған жоқ.

«Егемен-ақпарат».

мəнісі

16 мыѕ 746 г е 1 миллиард т ктар жер телімі мен еѕге ќаражат ќайтарылды Нұрбол ƏЛД

«Егемен ҚазаІБАЕВ, қстан».

Алматы облы Ғабит Мираз сының прокуроры ов мен ағымдағы тың төрағалығыында Жетісу жылдың алты айж жұмыстарды ерінде атқарылған қо облыстық пр рытуға арналған окуратураны ң алқа мəжілісі болы п өт Облыста сыба ті. йлас жемқо қа қарсы күре с саласында 56 рлықзымды тұлға ж лауақылмыстық іс ауапқа тартылып, 8 1 млрд. теңг қозғалды. Үкіметке ед өн ді рі лі п , м емен астам қаражат млн. теңге 16 ле ке тк е құ н ы 16 м телімі қайтар ың 746 гектар жер ылды. Соттарғ ден астам тала а п арыздар енгі 100зілді.

 Апыр-ай!

Велосипед

Құқық қорғ керлеріне ең ба ау саласы қызметқы лм ы ст ы қ сты мəселе ретінде іс кө ш у ту ра лы ж үр гі зу үл гі сі н е Е лб ас ы бе кі тк ен

м ем ле ке тт ік ж ос п ар ды н ор далуы қадап ынайтылды. Алматы облы сы.

і к т р і с е і г е дґѕгелегінд

МАЛБЕК, Бақберген А қстан». «Егемен Қаза

ген жургті көріп жүр Талай брифин ба сқ ос уғ а ай ры қш а нг і на ли ст ер бү гі рі н ді . О н ы ң өз ін ді к кө й да ан лыстық ас ы ққ еді. Ақмола обстығы, р ба де бі бе се ртаментінің ба ішкі істер депа л майоры Жайлаубек полиция генера кеше құрықталған ні Халықұлы кү ан м ен ол об лы с м ар аб ш лғ ан н ар ко ы п өт п ек бо ау м ағ ы м ен ал ес ір тк і ж ай ы н да ір і кө ле м де гі еп беру ниетінде ел кеңінен əңгім ен таза героиннің екен. Тəркіленг ло 36 2 гр ам д ы са лм ағ ы 9 ки өң ір де бұ ры н құ ра й ды . Б ұл төтенше оқиға ан соңды болмағ н. ге ел рк ті е ретінд таяуда, жедел Генерал бізге ы барысында, алар іздестіру шар ст ан а» кү ре ж о-А ды ан ағ «Қ ар ы кенндағы Аршал лының бойы аң ай ды «Ф ол ь кс ва ті не ж ақ ы н м ең іл кө лі гі н ің то қге н -г ол ьф » ж ба рл ад ы . Л ад а ат ты ха та ты л ға н ы н стіру итінің көмегімен де із кті ет ріне мұқият қызм рысында бір-бі көлікті тінту ба 9 ве ло си п ед до ң ға ла ғы р сұ ж ап сы ры лғ ан ларды ашып қарағанда ақ еди-м О от н. С . ге ы ен лд іл тəрк тақ табы ұн р ба і л заттың ис бұ к ді сы рытынды түсті, өзін қо ң ы ан ам пт циналық сара

н» ек ен ді гі н ер де гі «г ер ои героиннің əр əс ы тт қа а ас сы ретте анықталған. О ара базардағы» құны «қ ң ы. грамыны екендігі айтылд 1000 теңгеден ба ры сы н да ж ек е Т ек се рі с 87 ізушісі, 19 ө к л і к ж ү р г ркошабарман жылы туған наың Ыстықкөл Қырғызстанн ы Қ ы зы л су о б л ы сы н д ағ рғ ы н ы б оау ы лы н ы ң тұ О л Р ес ей . л ы п ш ы қт ы ның Қорған сы ия ац ер Фед ағ ы т ал ы п б қ ал ас ы н а ен. Аталған бара жатыр ек л а н ы с т ы й а оқиғаға б бабының Қ Р Қ К 2 5 9 сірткі зат(е ен ім м лі 3-бө сымалдау) тарын заңсыз та қозғалып, қылмыстық іс оқшаулау а кінəлі уақытш . ды ал м орнына қа ыл басыОсы орайда ж мағында ау с нан бері облы іру шараласт 45 жедел ізде 4 есірткі қыл10 п, лі зі іры өткі ғанын айта кетк мысы анықтал й-ақ, есірткіні да міз келеді. Сон үшін 211 əкімы ан ағ қт анып, заңсыз са ып, есірткі қолд шілік іс қозғал адам ұсталған. 60 көлік жүргізген сы.

Ақмола облы

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан спортшысының Тайпейде қыздар арасында волейболдан өткен Азия чемпионатынан бастау алған жұлдызды күндері əлемдегі ең танымал, ең таралымды «Daily Mail» сияқты басылымдарға дейін жетті. Сəбинаның сүйкімділігіне ең бірінші болып сұқ танған да Қытайдағы қалың спортсүйер қауым болатын. Аспанасты елі ешқандай рейтингісіз-ақ қазақ қызына əлемдегі ең сұлу волейболшы деп баға берді. Осылайша, Сəбинаның танымалдылығы сəт сайын, минут сайын өсіп, ғаламторда тоқтаусыз тарай берді. Көптеген адамдар С.Алтынбекованың түрі жапон мультфильм деріндегі анимэ-бейнеден айнымайтындығын байқап, сұлулықтың символына балады. Дүниенің əр шалғайында ғаламторда отырған, тіпті спорттан бейтарап адамдардың өзі Сəбинаға сұқтанған қытай жанкүйерлерінің арқасында Тайпейде волейболдан Азия чемпионаты өтіп жатқанынан хабардар болып жатты десек, жаңылыспаймыз. Жарыстың мүддесіне салсақ, спортшының келешегінен үміт күтетін жаттықтырушылары Сəбинаға деген ерекше қошемет команданың өзге мүшелеріне кері əсерін тигізе ме деген қобалжуларын жасырмаған болатын. Ал санаулы күндерде

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Орал – (711-2) 28-80-35;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Тараз – (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

АЛМАТЫ.

 Масқара!

Судья сотталды 2013 жылғы қарашада Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нəтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кенжаевтың азаматтық іс бойынша оң шешім шығару үшін кəсіпкерден 750 мың теңге көлемінде пара алғанын айғақтаған болатын. Содан бұл масқара дерек бойынша Қаржы полициясы агенттігінің жедел-іздестіру материалдарының негізінде қылмыстық іс қозғалған еді. Енді міне, 2014 жылғы 24 шілдеде Астана қаласы Алматы аудандық соты А.Кенжаевты пара алған деп тауып, оны 6 жылға бас бостандығынан айырып, түрмеге тоғытты, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметі.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

интернет-кеңістікте көпшіліктің өлшеусіз қошеметіне бөленген кейіпкеріміз туралы түрік баспасөзі де «Əлемнің жартысы бұл қызға ғашық» деп (Dünyanın yarısı bu kıza aşık http://bit.ly/1noslNw. Hurriyet. com.tr) жазды. Ал Сəбина кім? 17 жастағы сұңғақ бойлы спортшы қызға модельдік бизнестің көзі талай рет түскен. Алайда, 14 жасынан бері спортпен айналысып келе жатқан оның өзі де, ата-анасы да дəурені қысқа ол саланы қош көрмеген. Сəбинаның анасы Нүрипа Əміреқызының айтуынша, бір қарағанда нəзік болып көрінетін спортшы айтқанынан қайтпайтын өжет, дегеніне жетпей тоқтамайтын қажырлы көрінеді. Биыл ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнының студенті атанған С.Алтынбекова спорт жолын жалғастыра жүріп, салмақты мамандық иесі болуды жөн көріпті. Мектепте сабақты, спортты, биді бірдей ұштастырған үздік оқушы бастапқыда «Қазхром» клубында капитан болып, кейін Астана, Қарағанды, Алматы командаларында ойнаған. «Алматиночка» командасына 16 жасында келген спортшы дарынды балаларға арналған интернатта оқып, ата-анасының қалауымен заңгер мамандығын таңдаса да, бүгінде спорт даңғылына шындап түскенін айтуға болады.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Берік САДЫР, Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №362 ek

Profile for Egemen

30072014  

3007201430072014

30072014  

3007201430072014

Profile for daulet
Advertisement