30052014

Page 8

8

www.egemen.kz

Осы аптада Үкімет отырысында бірнеше маңызды мəселе, атап айтар болсақ, жылу-энергетика кешенін дамыту, инвестиция тарту, көктемгі дала жұмыстарының барысы, техникалық реттеуді дамыту жоспары, сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары қаралды. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЭКСПОРТТАЙМЫЗ Отырыстан соң Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, баспасөз мəслихатын өткізген Үкімет мүшелері аталған мəселелер жөнінде баяндап берді. Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев Үкімет отырысында талқыланған еліміздің 2030 жылға дейінгі отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасына тоқталды. Ə.Исекешевтің айтуынша, құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігімен мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп

мiндетi ретiнде елiмiздi ядролық отынды толық циклда игеретiн мемлекет етуді мақсат етіп отырмыз», дедi Ə.Исекешев. Вице-премьер сөз арасында Ресейге бағытталатын қазақстандық көмiрдiң экспорттық көлемi азаятыны жөнінде де айтып өтті. «Бiз былтыр 112 млн. тонна көмiр шығардық. 2030 жылы 100-120 млн. тонна дəлiзiнде қалуды жоспарлаудамыз. Бұл 2030 жылға дейiн көмiр жылу электр стансаларының негiзгi ресурсы болып қалатынымен байланысты. Дегенмен, биыл Ресейге экспортталған көмiрдiң көлемi 30 млн. тонна көлемiнде болды жəне ол төмендей бастады», деді Ə.Исекешев. Оның сөзiне қарағанда, ұзақ мерзiмдi

30 мамыр 2014 жыл

саналады. Яғни, ол мұнай өндірісімен тығыз байланыста жəне соған орай мұнай өндіру де біз алатын газды қалай таратуымызға байланысты. Біріншіден, біз алынған газдың бір бөлігін сатсақ, қалғанын сұйық көмірсутегін өндіру үшін жер қойнауына кері айдаймыз», деді министр. Оның атап өтуінше, əлемде аса жоғары белсенділік газды қайта өңдеу салаларында анық байқалады. Осыған байланысты министрлік Елбасының тапсырмасына сəйкес газ саласын дамытудың арнайы тұжырымдамасын жасауда. Бұл ретте «осы құжат үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында Үкімет қарауына енгізілетін болады. Бұл тұжырымдама отандық газ өнеркəсібін дамытуға тың серпін береді», деді Ұ.Қарабалин.

ИКЕМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫЌ АХУАЛ Үкімет отырысында сондай-ақ, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі ұсынған Шетелдік жəне отандық тікелей инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралардың кешенді

Сонымен қатар, инвес тор лардың мүдделерін жəне құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде «инвестициялық омбудсмен» институты енгізілуде. Заңнамамен Салық кодексіне, инвестициялар, табиғи монополиялар жəне реттелетiн нарықтар, халықты жұмыспен қамту, халық тың көші-қоны ту ра лы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. «Жасалатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемле кеттік қол дау дың қосымша шара лары енгізіліп отыр, олардың ішінде 10 жылға КТС төлеуден босату, 10 жылға жер салығын төлеуден босату, 8 жылға жылжымайтын мүлікке салық төлеуден босату, нысан пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күр делі шығындарын 30%-ға дейін өтеу қарастырылған», деді М.Құсайынов. Бұдан өзге, инвесторлармен келісімшарт жасасқан сəттен бастап 10 жылдық мерзімге салық став ка лары ның (ҚҚС жəне акциздерден басқа), экологиялық төлемдер мен алым дардың «тұ рақ тылығын» енгізу көзделіп отыр. Сонымен бірге,

Маѕызды міндеттер межесі Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

əзiрленген. «Мұнда қуаттың балансы 2030 жылға дейiн көрсетiлген. Бiзде үш аймақ бар: оңтүстiк, солтүстiк жəне батыс. Ол баланс 2030 жылы бiзде электр энергиясынан тапшылық болмайтындай етiп жасалды. 2030 жылға қарай атом электр стансалары энергобалансқа кiретiндiктен, қосымша қуат пайда болады. Бiздiң электр энергиямыз экспортқа шығады», дедi ол. Ə.Исекешев сондай-ақ, бүгiнгi таңда жаһандық сын-қатерлерге байланысты энергетикадағы инвесторлардың ойын ережелерiн өзгерту қажеттiгi туындап отырғанына тоқталып, қазiргi уақытта электр энергетикасы саласында жекешелендiру жүрiп жатқанын, сондықтан саланың дамуына қажеттi құрылымдық өзгертулер аталмыш тұжырымдамада көрсетiлгенін, онда бiрнеше блоктар, мəселен, электр энергетикасы, уран өндiрiсi, көмiр өнеркəсiбi мұнай-газ секторы қамтылғанын айтты. Мұнымен қоса, тұжырымдамада электр энергетикасының нысандарына инвесторлар тарту қарастырылған. Осы орайда бұл саланы тартымды етудiң кешендi шаралары жасалған. «2030 жылға дейін Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында басты электр стансалары үшін «белгіленген кірістер» ұғымы енгізіледі, деді Ə.Исекешев. Электр энергетикасы саласындағы рет теу бағаның өсіміне жол бермеуі тиіс. Яғни, генерация секторы бойынша маржиналдық кірістерден кету мақсатында «белгіленген кірістер» ұғымы енгізілгелі отыр. Вице-премьердің айтуынша, тарифтік саясат пен жеке инвесторлар үшін саланың тартымдылығын сақтау арасында балансты табу өте маңызды болды. Бұл тарифтік саясатқа сəйкес болуы тиіс. Исекешевтің айтуынша, сондай-ақ, нарықтағы үдеріс ашық болуы үшін барлық ойыншылардың – өндірушілер мен тұтынушылардың қатысуымен нарық кеңесін құру жоспарланған. Қазақстан 2013 жылы 22,5 мың тонна уран өндiргенін атап өткен ол атом саласы жанармай-энергетика кешені саласының маңызды құрамдас бөлiгi болып табылатынына тоқталды. «Қазақстан қазiргi уақытта уран өндiрiсi бойынша əлемдiк көшбасшы болып табылатындығын бiлесiздер. Бiз 2013 жылы 22,5 мың тонна уран өндiрдiк. Бiз, өкiнiшке қарай, уранды тек өндiремiз. Ал 2030 жылға арналған жанармай-энергетика саласын дамытудың кешендi тұжырымдамасында саланың ең басты

кезеңде жаңа сатып алушыларды іздестіру қажет. Яғни, Еуропаға, Қытайға жəне өзге де нарықтарға шығатын экспорттық мүмкiндiктер қарастырылмақ.

ГАЗ ҐНДІРІСІ ЌАРЌЫН АЛМАЌ

Тұжырымдамаға орай Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин да қосымша баяндама жасап, жылу-энергетика кешенін дамыту шараларына орай өз саласында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстанда 2030 жылға қарай газ өндіруді 60 млрд. текше метрге жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі күні бұл көрсеткіш 40 млрд. текше метрді құрайды. Ал жер қабатына қайта енгізілетін газдың көлемі шамамен 25 текше метр көлемінде болжанып отыр. Министрдің атап өтуінше, тауарлық газ өндірісі 21 млрд. текше метр деңгейінде тұрақты сақталатын болады. Ал 2030 жылға қарай жер қабатына қайта айдалатын газ көлемін азайту есебінен тауарлық газды 35-40 млрд. текше метрге жеткізу көзделуде. «Біздің газ қорымыздың шамамен 80 пайызы ілеспе, мұнай газы болып

жоспарының жəне инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі заңның жобалары қаралып, мақұлданды. Бұл жөнінде брифингте Экономика жəне бюджеттік жоспарлау вице-министр Марат Құсайынов мəлімдеді. Кешенді жоспар инвестициялық заңнаманы жетілдіруге, шетелдік жұмыс күшін тартуды, визалық режімді жеңілдетуге жəне тағы басқа да бірқатар шараларға бағытталған. Заң жобасы инвесторлармен жасалатын келісімшарттардың тетіктерін қайта қарауды, инвестициялық артықшылықтарды кеңейтуді, сондай-ақ, инвестициялық ахуалды жақсартуды көздейді. Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша заң жобасы аясында экономиканың басымдықты секторларында құны 20 млн. доллардан кем болмайтын инвестициялық жобалар үшін ынталандырулар пакетін қарастыру жоспарланған. Бұдан өзге, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін экономиканың нақты секторына арналған тариф тердің бол жамдылығын қамтамасыз ету жолымен ұзақ мерзімге табиғи монополияның барлық субъектілеріне тарифтердің шектеулі деңгейін бекіту қарастырылады.

жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жобаны іске асырылудың барлық мерзімінде жəне нысанды пайдалануға бергеннен кейін бір жыл бойы квотасыз жəне рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады. Ең бастысы, инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі заң жоба кешенді жоспарды іске асыру үшін əзірленген жəне инвесторлармен жасалатын инвестициялық келісімшарттардың тетігі мен шарттарын қайта қарауды, инвестиция тартуды, сондай-ақ, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды көздейді.

ЕГІС ЖЎМЫСТАРЫ АЯЌТАЛУЄА ЖАЌЫН Қазіргі маусымда маңызы артып, қызу жұмыс жүріп жатқан саланың бірі – көктемгі егіс жайы. Үкімет отырысында бұл мəселе де кеңінен талқыланып, атқарылған жұмыстар жайы пысықталды. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Министрдің мəлі ме тін ше, «Ағымдағы жылы ауылшаруашылық дақылдарын

21,8 миллион гектар аумаққа егу жос пар ланған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 313 мың гектарға көп. Астық дақылдарын себу ауданы 15,9 миллион гектарды, оның ішінде бидай 12,8 миллион гектарды құрайды. 27 мамырдағы мəлімет бойынша, жүгері мен күрішті есепке алғанда, дəнді дақылдарды егу жұмыстары 9,4 млн.га немесе жоспарланған алқаптың 62%-на жүргізілді, 2 млн.-нан астам гектарды майлы дақылдар егістіктері алды. «Бүгiнгi жағдай бойынша, жаздық дəндi дақылдарды егу 9244,9 га немесе жоспарланғанның 61,9 пайыз алқабына жүргiзiлдi», дедi министр. Оның айтуынша, оңтүстiк аймақтарда жүгерi мен күрiштен басқа жазғы дəндi дақылдарды себу аяқталды, батыс пен шығыс өңiрлердегі облыстарда жоспарлан ғанның 79 пайызы шамасында жүргiзiлдi.

34 МЫЅ ГРАНТ БҐЛІНЕДІ

Ал қазіргі науқанның бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегіндегі қарбалас. Бұған дайындық барысын Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов баяндады. Министрдің айтуынша, ҰБТ-ға үстіміздегі жылы 133 226 түлектің 92 077-сі қатысады. Сынақты 63 603 түлек қазақ тілінде, 28 447 түлек орыс тілінде тапсырады. Сондай-ақ, ҰБТ форматы өзгермейді. Базада 14 пəн бойынша 170 мыңға жуық тест тапсырмасы бар. Оның ішінде биылғы жылы шамамен 50 мың тест тапсырмасы пайдаланылады, олардың 14 мыңы биыл əзірленген. Министрдің айтуынша, тест тапсырмалары базасын жаңарту пайызы пəннің талап етілуіне байланысты. 2009-2013 жылдары ҰБТ-ны талдау көрсеткендей, жиі таңдалатын пəндер физика, биология жəне география болып отыр. ҰБТ 2 маусымнан бастап 8 маусымға дейін 155 арнайы жабдықталған пункттерде өтеді. Барлық пункттерде штабтар мен мемлекеттік комиссиялар қалыптастырылған. 107 ҰБТ өткізу пункті аудан орталықтарындағы мектептерде, 48-і облыстық жəне Астана мен Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарында орналасады. «Барлығы 1585 аудитория қолданылады, БҒМнен 1700 ба қылаушы жіберіледі. Базадағы тест тапсырмаларының жалпы саны 176 мыңды құрайды. Оған қосымша 14 мың тест тапсырмалары əзірленді», деді А.Сəрінжіпов. Бiлiм жəне ғылым министрлiгi ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App жəне Viber арқылы тарап кетуінен қауіптеніп отырғандарын да жасырмады. Оның мəлiметтерiне қарағанда, қауiпсiздiк шараларын сақтау, ҰБТны объективтi жəне ашық өткiзу үшiн дəстүрлi түрде барлық жерде техникалық құралдарды: 1108 сымтетiк дыбысын тұншықтырғыш, 402 металл iздегiш жəне 1585 камера мен бейнекамера қолдану жоспарланып отыр. Дегенмен, ҰБТ өткiзу кезiнде жергiлiктi атқарушы билiк аумақтық бiлiм саласындағы бақылау департаментiнен өз аймақтарындағы ҰБТ нəтижесiнiң жоғары болуын қамтамасыз етудi талап ететiндiктен, мемлекеттiк комиссия мүшелерi ҰБТ өткiзу ережелерiн бұзып, бейнекамера мен сымтетiк дыбысын тұншықтырғышты өшiруге, металл iздегiштi дұрыс қолданбауға, түлектерге ұялы телефон, «шпаргалка» алып өтуге жол бередi. «Сол себептен ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App жəне Viber сияқты заманауи технологиялардың көмегiмен жарияланып кету қаупi артуда», деп атап өтті БҒМ басшысы. Білім жəне ғылым министрі биылғы жылдың гранттары жайында да ақпаратпен бөлісті. Ми нистр дің мəліметінше, ағымдағы жылы шамамен 34 мың грант бөлінеді. Оның шамамен 12 мыңы техникалық мамандықтарға бес мыңға жуығы педагогикалық мамандықтарға, ал 2600-дейі ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі. Министрдің атап өтуінше, мəселен, талапкер ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін – 70, аграрлық университеттерге – 60, ал қалған оқу орындарына 50-ден жоғары балл жинауы тиіс.

Бірге жəне тек алєа!

Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа ќол ќойылуына байланысты Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ ел азаматтарына ЇНДЕУІ

Құрметті отандастар! Азаматтар!

Бүгін біз əлемдік деңгейдегі оқиғаға – Еуразия лық экономикалық одақты құру туралы шартқа Беларусь, Қазақстан, Ресей мемлекеттері басшыларының қол қою рəсіміне куə болып отырмыз. Еуразиялық кеңістікте тең құқықты, көпғасырлық достық, ашықтық жəне өзара сенімділік қағидаттарына негізделген XXI ғасырдың жаңа интеграциялық бірлестігі құрылып отыр. Үш бауырлас мемлекет үдемелі модер низациялау, тұрақтылық пен ұлттық экономикалардың бəсекеге қабілеттілігін нығайту, адамдардың əл-ауқатын арттыру үшін өздерінің əлеуеттерін біріктіруде. Болашақтағы экономикалық қауіпсіздіктің сенімді негізі қалануда. Елбасы 20 жыл бұрын бастамашы болған

Еуразиялық интеграцияның ғаламдық идеясы өзінің елеулі пішіні мен нақты бейнесін тапты. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың еңбегі, ынтасы жəне саяси жігерінің нəтижесі, халықаралық беделінің мүлтіксіз мойындалуының дəлелі. Шартқа Отанымыздың елордасы – Астанада қол қойылуының да өзіндік мəні бар. Қазақстан Тəуелсіздік жылдары Елбасының жетекшілігімен мықты мемлекетке айналды. Біздің ішкі жалпы өніміміз жан басына шаққанда 14 мың АҚШ долларына жетті, ал алтын-валюталық резервтер 100 млрд. АҚШ доллары межесіне көтерілді. Еліміз аса ірі адами жəне өнеркəсіптік əлеуеті бар, 170 млн. тұрғыны бар нарықты біріктіретін, 20 млн. шаршы километрден астам территориясы немесе жер шарының 15% құрлығын құрайтын орасан зор табиғи ресурстары бар қуатты ұйымның мүшесі болды. Еуразиялық экономикалық одақты құру

экспорттық өндірісті, көліктік инфрақұрылымды одан əрі қарқынды дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерді ашады, əлем мұхитына шығу жолдары ашылады. Интеграциядан болатын макроэкономикалық əсер еліміздің дамуында қарқынды қадам жасауға, жаңа мүмкіндіктерді ашуға жəне инновациялық экономиканың өсуіне мүмкіндік береді. Бірақ, ең бастысы, халықтың əл-ауқатының өсуі үшін орасан зор мүмкіндіктер ашылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуразиялық экономикалық одақты құруды толығымен қолдайды. Еуразиялық экономикалық одақ əлемдік интеграциялар орталықтарының біріне айналатынына жəне жетекші интеграциялық одақтардың үштігіне кіретініне сенімдіміз. Қазірдің өзінде бірлестіктің қызметіне əлемнің көптеген мемлекеттері жоғары қызығушылық танытуда. Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында

Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы бойынша қойған міндеттерді орындау үшін Еуразиялық экономикалық одақ жұмылдырушы бастама болатынына сенімдіміз. Еуразиялық экономикалық одақ болашақ ұрпағымыздың игілігі үшін жасалатын, еліміздің үдемелі дамуының кепілі болып табылатын қоғамдық келісімді, ел бірлігін жəне Қазақстанның Тəуелсіздігін нығайтуға жаңа серпіліс беретінін атап өтеміз! Біз осы болжамдардың іске асатынын табанды түрде атап өтіп, Қазақстан халқын алға жетелейтін жаңа міндеттерді орындау үшін Елбасы, еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаевтың жанына топтасуға шақырамыз. Бірге жəне тек алға! Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласы, 2014 жылғы 29 мамыр

«Болашаќ їшін еске саќтау» жобасы таныстырылды Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған брифинг болып өтті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Брифингте алғашқы болып сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылымисараптамалық кеңесiнiң хатшысы Наталья Калашникова тəуелсіздіктен кейін Елбасының алғашқы қол қойған Жарлықтардың бірі – 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялауы мен репрессияға ұшырағандарды ақтау туралы болғанын айта келіп: «Елімізде тарихи жадты сақтау үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Иə, шынында 2010 жылы ҚХА, менің ойымша, өте бір маңызы бар жобаны қолға алды. Ол – «Болашақ үшiн еске сақтау» жобасы». Енді осы күнге орай Семей қаласында «Болашақ үшiн еске сақтау» халықаралық форумы өткізілмек», деген Н.Калашникова осы күнге дейін жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарған iсшараларды тiлге тиек еттi. Оның iшiнде Кеңестер Одағынан шыққан елдер ішінде алғаш рет елімізде тарихшылар форумы өткендiгiн, ал оған жер-жерден жиналған ғалымдардың сол дəуірдің қиындығын бағалау тұрғысынан өздерінің нақты ғылыми тұжырымдарымен бөліскенінің қаншалықты маңызды болғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, ол саяси қуғын-сүргiнге ұшырағандарға арналған бiрқатар деректi фильмдер түсiрілгенiн, Алаш қайраткерлерiн ұлықтау мақсатында бiрқатар зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп жатқандығын жеткiздi. ҚХА өкілі қазақ жерінде 19371957 жылдар ішінде өте көп репрессияға ұшыраушылардың жазасын өтегендеріне тоқталып, бұл жерде олардың қанша екені туралы цифрды əдейі айтпай тұрмын, өйткені, зерттеушілер ол жайында түрлі цифрларды келтіреді, қалай болғанда да, жазықсыз жапа шеккендердің саны өте көп дегенінің шырылдаған шындық екеніне қосылмауға болмайды. Адам тағдыры ойыншықтан бетер тəркіге түсіп, ерлер атылып, жарлары жастан тұншығып, түрме азабын тартқан сол жылдардың қасіреті айтылғанда, 1937 жылы атылып кеткен өзімнің екі атам мен олардың жылаудан көзінен айырылған жарлары – екі əжем есіме түсті. Бəлкім, осы тақырыпты зерттеуді қолына алып, оны 2010 жылға дейін-ақ атқарып жүрген заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбековтің де зарлы тарихты ақтаруына да өзіндік бір себептер бар шығар. Қалай болғанда да, шерлі шежіренің сырын ақтарғысы келетін шетелдік ғалымдардың өзі қазақ жеріне келсе, құр қайтпайтыны анық. Бұл жайында өз сөзінде Нұрлан Орынбасарұлы да айтты. Соңғы 10 жылдың ішінде 15-ке жуық монография мен көр кем шығармалар, көсемсөздік жарияланымдар оқырмандарға жол тартты. Олардың біразының алысжақын шетелдерде тұсаукесерлері өткізіліп, дүниежүзінің 28 үлкен кітапханасында сақталып отыр. Зерттеу барысында біз Ресей, Украина, Венгрия, Жапония, Молдавия, Румыния ғалымдарымен қоян-қолтық жұмыс жасадық. Олардың барлығы үлкен тарихи, саяси жəне мəдени мəні бар дүниелер деп есептеймін. Өйткені, бұл тек өткен күн үшін ғана емес, болашақ үшін де қажетті байланыстар мен тарихи жад деген ғалымнан соң сөз тізгіні қолына тиген қоғамдық ұйым өкілі, Тамара Лавриненко: «АЛЖИР-дегі» құжаттармен, тарихпен танысқанда қолдарымен қасықтан басқа ауыр зат көтермеген арулардың басынан кешкендерін жан тебіренбей, толқымай танысу мүмкін емес, деп сөзін бастаған ол өздерінің осы іспен айналысуға тілек білдіргенін айтты. 5 жыл бойына ҚХА-мен бірлесе көптеген жұмыстар атқарып, шаралар ұйымдастырдық. Меніңше, өткенді ұмыту адамгершілікке жатпайды, оны еске сақтап, құрбандарға деген құрметіңді жасағанда ғана ертеңгі күнде жасампаздыққа орын бар. Талдықорғанға барған сапарымызда Қиыр Шығыстан жер аударылған корейлерді «төккен» орынға тоқтадық. Осы жерде тамағымызға тас тығылып, ешкім сөйлей алмай қалды. Көздеріңізге елестетіңіздерші, қар түскен суық күз, айналада бір елдімекен, я бір үй жоқ. Арып-ашып, балаларын суықтан қалай қорғаймыз деп шарасыз күйге түскен жадау өңді адамдар. Ал осындай жандарға қазақ халқы қысылғанда қолұшын созды. Оның сөзін сабақтап кеткен Наталья Калашникова қоғамдық ұйымдардың бастамасымен «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш тақта қойылғанын, сонау Германияда тұратын, кезінде Қазақстанда айдауда болған əйелдің «Құрт – өмір сыйлаушы тас» атты дастан жазғанын айтты. Осы дастаннан қазақ халқының «халық жауы» деген қарғыс таңбасы тағылған адамдарға жасаған жақсылығын танисың. Жазаланушылар аштықтан əлсірегенде сырттан жергілікті тұрғындар ақ тас лақтыратын. Ол жəй тас емес, аштықтан құтқаратын құрт екен деп жазылған дастан негізінде спектакль де сахналанды. Осындай жан толқытар мейірім қазақ халқының ділінде жатыр, деген брифингке қатысушылар журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да тұщымды жауаптарын берді. Айта кетейiк, «Болашақ үшiн еске сақтау» жобасының мақсаты – жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық бiрлiктi нығайту, тарихи жадымызды сақтау жəне өскелең ұрпаққа тарихи тəжiрибенi беру үшiн азаматтық қоғам мен мемлекеттi бiрiктiру.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.