Page 1

Адамның күні адаммен. Халықтың күні халықпен. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия құрлығындағы жаңаша экономикалық бірлесу жөніндегі өміршең идеясы жеріне жеткізілді. Беларусь, Ресей жəне Қазақстан басшылары елордамызда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Бірліктің жеңісі елдіктің жемісіне айналсын, ардақты ағайын!

№105 (28329) 30 МАМЫР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

ЫҚПАЛДАСТЫҚ – ЫНТЫМАҚ ЫРЫСЫ «Үштік» мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне көлік секілді негізгі салаларында келісілген саясат жүргізетін болады. Іс жүзінде біз 170 миллионнан астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми жəне технологиялық əлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, ірі əрі бірыңғай нарық құрамыз. Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті.

Шартқа қол қою – осымен бітті деген сөз емес, ол біздің дұрыс қадам жасағанымызды бүкіл əлемге дəлелдеуге тиіс болатын салиқалы үдерістің бастауы. Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті.

Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыстармен етене жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

ЕУРАЗИЯЛЫЌ ЭКОНОМИКАЛЫЌ ОДАЌ – УАЌЫТ ТАЛАБЫНА ЛАЙЫЌТЫ ЖАУАП

Кеше Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мемлекеттер басшылары деңгейіндегі отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің, Беларусь Р еспубл и к а сы н ы ң Пре зиденті Александр Лукашенконың қатысуымен шағын құрамдағы кездесуден басталды. Мемлекет басшылары Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ, еуразиялық интеграциялық үдерістерді кеңейту мəселелерін талқылады. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Ўлттыќ мїдделер ескерілген ќўжат

Кеңес отырысына төрағалық еткен əрі шаңырақ иесі ретінде алғашқы болып сөз алған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар баев бүгінгі кездесудің Қазақстан, Беларусь жəне Ресей мемлекеттерінің болашағы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Біз Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты əзірлеу жөніндегі орасан зор жұмыстарды аяқтадық, деді Елбасы. Шартқа қол қою арқылы еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың жаңа сапалы кезеңі басталады. Бұл құжатта барлық мемлекеттердің мүдделері ескерілген. Сауатты жəне салиқалы дайындалған. Бірқатар келіспеушіліктерге қатысты қол жеткізілген консенсус барлық тарапты қанағаттандырды. Қазақстан Президенті Шартта арқаулық аспектілердің барлығы көрініс тапқанына

одақ идеясын Қазақстан Президенті 1994 жылы Мəскеу мемлекеттік университетіндегі дəрісі барысында алғаш рет жария еткен болатын.

ЕАЭО – ґзге елдер їшін ашыќ ќўрылым

тоқталды. Құжатта халықаралық ұйымдарға тəн барлық арқаулық аспектілер көрініс тауып отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев осы жөнінде. Мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттары бекітілген. Ұйымның барлық деңгейіндегі шешімдер қабылдауда консенсус қағидатының болуы ерекше маңызды. Осы орайда, əрбір қатысушы тараптың дауысының шешуші мəні бар. Елбасы өз сөзінде Одаққа мүше мемлекеттердің тіл мəселесін де атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі барлық халықаралық келісімдер, Комиссияның міндетті сипаттағы күші бар шешімдердің барлығы орыс тілінде қабылданады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз осылай келістік. Дегенмен, сондай құжаттар бірден тараптардың əрқайсысының мемлекеттік тілдеріне де аударылатын болады. Сондықтан тілдік қағидаттар жөнінде ешқандай кемсітушіліктер орын алмайды.

Қазақстан басшысы, сондайақ, Жоғары Еуразиялық экономи калық кеңес отырысының күн тəртібіне қойылған мəселелермен де таныстырды. Елбасының атап өткеніндей, Кеңес отырысының күн тəртібіне жеті мəселе шығарылып отыр. Бұл мəсе лелердің барлығы вице-премьерлер мен сарапшылардың жан-жақты талқылауынан өткен, қол қоюға дайын тұр. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою рəсімі де бар. Қазақстан Президенті бұл шарт үш мемлекеттің азаматтарының əлауқатын арттыруға бағытталғанына назар аударды. Еуразиялық эконо микалық одақты құру біздің эконо микамызды жан-жақты жаңғыртуды жалғастыру, елдерімізді əлемдегі жетекші орындарға шығару үшін қуатты серпін беретініне сенімдімін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Құрылып жатқан Одаққа Арменияның қосылуы туралы тармақ бар. Өз кезегінде Қырғызстан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мақұлдаған Кеден одағына қосылу жөніндегі жобаны қолдады. Мемлекет басшысы, сонымен

қатар, Одақтың органдарындағы кадр саясаты тараптардың тең қамтылуы қағидатын ескере отырып жəне осы маңызды жұмысқа білікті мамандар тарту конкурстық негізде жүргізілетінін атап өтті. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко өз сөзін елдерімізге экономикалық интеграция жолы оңайға түспегенінен бастады. Əрбір қадам оңай болған жоқ, деді Беларусь басшысы. Бірақ, біздің басты мақсатымыз айқын, ол – халықтарымыз татулық пен достықта өмір сүріп, мемлекет терді дамыту мен нығайту өзара тиімді ынтымақтастықтың негізінде жүзеге асырылып жатқанына олардың сенімді болуын қамтамасыз ету. Біздің дұрыс жолды таңдағанымызды өмірдің өзі көрсетті. Бұрынғы кеңестік кеңістіктің қайтарымсыз кері интеграциясына жол бермес үшін біз ТМД-ны құрудан бастадық, содан кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты, Кеден одағын құрдық. Біртұтас экономикалық кеңістіктің нобайын жасадық. Бүгін біз мəреге жетіп отырмыз. Ол Еуразиялық экономикалық одаққа əкелді.

Осыған байланысты Александр Лукашенко қол қойылғалы отырған шарттың ережелерін оған қа тысушылардың барлығының ортақ пайдасына қарай жетілдіру мүмкіндіктері бар екенін атады. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құру жолы өте ауыр жəне ұзақ болды, қарсылық танытушылар да кездесті. Бүгін үш мемлекет Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюға саналы түрде қадам басып отыр. Ал Ресей Федерациясының Пре зиденті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттік егемен дікті толық сақтай отырып, елдерімізді интеграцияның мүлде жаңа деңгейіне алып шығатынын атап өтті. Сондай-ақ, Ресей басшысы Еуразиялық одақ идеясының бастауында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғандықтан, шартқа Қазақстанның елордасында қол қойылуының символдық мəні бар екеніне тоқталды. Бүгінде біз бірлесіп, экономикалық дамудың қуатты, тартымды орталығын, 170 миллионнан астам халықты біріктіретін ірі өңірлік рынокты

құрудамыз, деді Владимир Путин. «Үштік» елдерінде дамыған өнеркəсіп, индустриялық база, қуатты кадрлық, интеллектуалдық, мəдени əлеует бар. Географиялық жағдайымыз бізге тек өңірлік қана емес, жаһандық та маңызы бар көлік-логистикалық бағдарлар қалыптастыруға, Еуропа мен Азияның ауқымды сауда жолдарын өзімізге «бағындыруға» мүмкіндік береді. Осының барлығы – біздің бірлестігіміздің бəсекеге қабілеттілігінің, оның жедел өзгеріп жатқан əрі күрделі əлемдегі қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Ресей басшысы өзінің сөзі барысында шартқа қол қоюдың тарихи маңызы ерекше екендігіне де тоқталды. Біздің бүгінгі кездесу тарихи маңызға ие, деді ол осы жайында. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь мемлекеттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қояды. Бұл құжат мемлекеттердің егемендігін сақтай отырып, біздің елдерді интеграцияның жаңа деңгейіне шығарады. Əрі ол үйлесімді экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Еуразиялық

Шағын құрамдағы отырыс аяқталған соң мəжіліс кеңейтілген құрамда жалғасты. Бұл отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян мен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты. Мемлекет басшылары Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартты əзірлеу барысын, сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы жөніндегі Жол картасын қарады. Отырысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашып, жүргізіп отырды. Елбасы өзінің кіріспе сөзінде еуразиялық экономикалық интеграция келесі кезектегі биікке көтерілгенін атап өтті. Бүгін біз Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қоятын боламыз. Ол қол қоюшы мемлекеттер халықтарының əлауқатын, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шартты дайындаған сарапшылар тобының еңбегіне рахметімді айтамын. Сонымен бірге, біздің елдеріміздің үкіметтеріне жəне Еуразиялық комиссияға да осынау маңызды құжатты қысқа мерзімде дайындай алғандығы үшін алғыс айтамын, деді Қазақстан басшысы. Одан əрі Президент бүгінгі күні өзара іс-қимылымызды кем дегенде 15-20 жыл алға жетелейтін алыс көкжиекке көз тігуіміз керектігін атап көрсетті. ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында біздің Одағымыздың алдындағы миссиясы екі түрлі маңызды мəселені шешуде екенін түсінуіміз керек. (Соңы 2-3-беттерде).


2

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

ЕУРАЗИЯЛЫЌ ЭКОНОМИКАЛЫЌ ОДАЌ –

(Соңы. Басы 1-бетте).

Лебіздер легі Иосиф КОБЗОН,

КСРО халық əртісі:

– Бүгін мен өзімнің жасымның ұлғайған шағында Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрын арман еткен, ал бүгін жүзеге асып отырған тарихи оқиғаға – Еуразиялық одақты құру туралы шарттың қол қойылуына куə болып

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, қоғам қайраткері:

– Бұл өте маңызды шешім болды деп есептеймін. Өйткені, осынау интеграциялану ға сырында бөлініп өмір сүру, даму мүмкін емес. Оның үстіне, бұл одақтың құрылуының өзі осы идеяның отаны болып Елена КУЗЬМИНА, Ресей Ғылым

академиясы Экономика институтының сектор меңгерушісі:

– Біздің елдеріміздің қай-қайсысы болмасын шикізат шылауында қалғысы келмейді. Біз өзіміздің экономикамызды жаңғыртқымыз жə не бірге оты рып

отырмын. Нұрсұлтан Əбішұлы бұл істің жүзеге асуына бірте-бірте жетті. Бүгін мен шартқа қол қойылғаннан кейін Президенттердің жүзіне зер салдым. Олар қуанышты екен. Демек, шартқа қол қойылуы мемлекет басшыларының көңілінде қанағаттанғандық сезімін тудырғаны анық. отырған Қазақстан жерінде, оның жаңа елордасы Астана қаласында жүзеге асуы да əділеттіліктің бір көрінісі іспетті. Мен Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің азаматтарын осы айтулы оқиғамен құттықтаймын. Жаңа Одақ əлауқатымызды арттыратыны да сөзсіз. өнеркəсібімізді өркендеткіміз келеді. Бəріміз біріккен жағдайда мұның бізге едəуір жеңілге түсетіні анық. Мұның жақсы бір мысалын Қазақстаннан байқауға болады. Мəселен, қазірдің өзінде Қазақстанның солтүстік облыстарында бірлескен өндіріс орындары ашылып жатыр.

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, «Астана Опера» опера жəне балет мемлекеттік театрының директоры:

ұзақ мерзімге əрекет етеді жəне біз үшін жақсы нəтижелер береді деп есептеймін. Себебі, біріздендірілген, жүйеге келтірілген тəртіп бизнес үшін жаңа кəсіпорындар ашуға үлкен жеңілдіктер туғызады. Үш елдің халқын осынау тарихи оқиғаның жүзеге асуымен құттықтаймын.

Еңлік НҰРҒАЛИЕВА,

Екіншіден, бірлескен кəсіпорындардың саны бұрынғыға қарағанда əлдеқайда ұлғая түспек. Өйткені, одаққа мүше үш елде 170 миллион адам бар. Осынау үлкен нарық инвестицияларды тартуды, техникалар мен технологияларды əкелуді жеделдете түседі.

Біздің Ресеймен, Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістік аясында бірігуіміз – бұл халықтарымыз үшін зор жетістік. Мен бұл одақ

«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының президенті:

– Одақта үлкен мүм кіндік бар. Біріншіден, Қазақ стан ның эконо микалық əлеуеті ар татын болады. Осы арқылы біздің азаматтарымыздың əлауқаты да жақсарады.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті:

– Біздің алдымыздан байтақ базар ашылғалы отыр. Оның көлемі қазіргі біздегіден он есе артық. Айталық, еліміз халқының саны 17 млн. болса, ендігі рыноктың аумағы 170 млн. болмақшы. Мұның өзі біздің

кəсіпкерлерімізге, тауар өндірушілерге мол мүмкіндік береді. Ең бастысы, үш елдің басшылары да бірауыздан бұл одақтың тек экономикалық мақсатта құрылып жатқанын атап өтті. Экономикалық одақтың ел егемендігіне еш нұқсан келтірмейтінін анық білдірді.

Біріншіден, əлемнің аса маңыз ды экономикалық макро аймағына айналып, Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен Азияның «эко номикалық көпірі» болатын сапаға қол жеткізу арқылы бəсекелестікке қабілеттілігімізді арттыру. Екіншіден, əрбір мүше мемлекетті əлемнің барын ша дамыған елдері қатарына енгізуді қамтамасыз ету, дей келіп, Еуразиялық экономикалық одақ халықтарымызға ауыртпалық емес, игілік бола білуі керек екенін атап көр сетті. Одан əрі Президент: «Біз тек осындай жолды ұстана білсек қана еуразиялықтың тартымдылығын арттырамыз жəне оның айқын мақсаттарына деген күмəнді біржолата жоятын боламыз», деді. Қазақстан басшысы Еуразия лық экономикалық одақтың ұлтүстілік органдарының жұмыс істеу тəртібі туралы айтты. Біз Еуразиялық экономикалық комиссияның Мəскеуде орналасуына келістік. Сөйтіп, Мəскеу Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық орталығы болады. Басқа да ұсыныстар болған еді, бірақ мəселе осылай шешілді. Минскіде Еуразиялық сот орналасады. Біздің Одағымыздың құқықтық аспектілері де сонда шоғырланады. Ал Алматыда 2025 жылдан бастап Одақтың қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлтүстілік орган орналасатын болады. Осылай дей келіп, Президент одақтық қаржылық реттегіштің құрылуын күтпей-ақ Алматыны Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық орталығы ретінде қарастыруды бастай беру керек екенін атап өтті. Н.Назарбаев өз сөзінің қорытындысында ЕАЭО мүше елдер экономикасын жанжақты жаңғыртуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Одан əрі Елбасы күн тəртібін дегі мəселелер бойынша үш Мемлекет басшысы толық келісімге келгенін айта отырып, Армения мен Қырғызстан президенттерін кеңейтілген отырысқа шақыруға келіскендерін жеткізді. Енді осы екі мемлекеттің басшыларын тыңдайық, деп Нұрсұлтан Əбішұлы алғашқы сөзді Армения Президенті Серж Саргсянға берді. С.Саргсян өзін Еуразиялық экономикалық одаққа қол қою сияқты тарихи мəжіліске жəне Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске шақырғандары үшін жаңа Одақтың мүшелеріне риза шы лығын жеткізді. Мен Кеден одағы мемлекеттері басшыларын ЕАЭО құру сияқты маңызды қадамға аяқ басып отырғандығымен шын жүректен құттықтаймын, деді ол. Бұл шарт толып жатқан сарапшылар мен лауазымды тұлғалардың кедергілер мен келіспеушіліктерді реттеу жолында ұзақ тер төгу арқылы барлық жақтың да мүддесін ескерген мəмілелік шешімдерге қол жеткізген жанкешті еңбектерінің арқасында өмірге келген құжат екені сөзсіз. Əрине, оған қол жеткізу Мемлекет басшыларының

саяси ерік-жігерінің арқасында ғана мүмкін болып отырғанын да білеміз, деді ол. Одан əрі Серж Саргсян Арменияның ЕАЭО-ға ену мəселесі туралы айтты. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдерінің тиісті ведомстволары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара келісімді жұмыстарының арқасында Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі туралы шарттың жобасы белгіленген

емес, ең алдымен рухы жақын, тарихы ортақ халықтар. Біздің арамызда ешқандай тілдік кедергі де жоқ. Бізде ортақ тарих болса, алдағы уақытта болашағымыз да ортақ болады деп санаймын, деді А.Атамбаев. Сонымен қатар, ол прогресшіл интеграциялық қағидаттар қатысушы елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін де арттыратынын атап өтті. Осы мəселелердің шешілуі Қырғызстан халқының ұлттық

жəне оны қорғауға кепілдік береді. Кеден одағына өтуде біз əріптестеріміздің жəне өзіміздің экономикамызға тиімді қатынас, инвестициялық дұрыс ахуал орнатуды көздейміз, деген Қырғызстан Президенті. А.Атамбаев өзінің сөзін Қырғыз станның Кеден одағына өтуі ел экономикасының дамуы мен халықтың жағдайы жақсаруына тың серпін беретінін атап өтумен қатар, бүгінгі отырыста Қыр ғызстанның Кеден одағына өтуі туралы Жол картасына қол қойыларына үміттенетінін білдірумен аяқтады. Жаңа жылды біз бір интеграциялық құрылымда қарсы алармыз деген үміттемін, деді ол. Одан кейін отырыс төрағасы Н.Назарбаев күн тəртібіндегі мə се лелер бойынша баяндау үшін сөз кезегін Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенкоға берді. Ол өзінің сөзін Мемлекет басшыларының алдында жатқан кітапқа назар аударудан бастады. «Еуразиялық жобаға – 20 жыл» деп аталған бұл кітап Елбасы Н.Назарбаевтың 1994 жылдың басында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген сөзімен басталып, жиырма жыл бойғы интеграциялық үдерістерді, барлық құжаттарды, фотографияларды қамтып, ақыры Қазақстан басшысының үстіміздегі жылғы сəуір айында сол оқу орнында сөйлеген сөзімен аяқталады екен. Бұл кітап бүгінгі экономикалық одаққа алып келген тірі тарихты паш еткен, деді ол. Одан əрі В.Христенко күн тəртібіндегі мəселелерге ойысып, бірінші мəселедегі ЕАЭО құру туралы шарттың барлық жақпен келісіліп, қол қоюға толық дайын екендігі туралы айтты. Осы уақытқа дейін келісілмеген өнеркəсіптік субсидиялар алу кезіндегі технологиялық операциялар жəне автомобильдерді өнеркəсіптік құрастыру режімін келісу сияқты екі мəселе бойынша да экономикалық комиссия келісімге келіп, шешімді сіздердің қол қоюларыңызға

Феде рациясының Президенті Вла димир Путин баяндаманы толық қолдайтынын жеткізді. Мені Ар мения мен Қырғызстанның еуразиялық интеграцияға енуге деген ұмтылысы қуантып отыр. Əрине, бұл ең алдымен олардың ұлттық мүдделеріне сай екендігі сөзсіз. Біз олардың ұмтылысын қолдап, интеграциялық ұйымдарға қосылуына жағдай жасаймыз, деді ол. Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко да мұндай ұмтылысты қуана қолдайтынын жеткізді. Тек біздің шарттарымызды орындаса болды, біз оларды қуана қарсы алуға дайынбыз, деді ол. Күн тəртібіндегі басқа төрт мəселе Экономикалық комиссияның өтінішімен талқылаусыз шешілді. Тек Армения мəселесі бой ынша Нұр сұл тан Əбішұлы бұл елдің ЕАЭО-ға енуі барысында мемлекеттік аумағы БҰҰ-да тіркелген көлемде танылатынын атап өтті. Сіздер БСҰ-ға енгенде де осылай болған, сондықтан əзербайжан жағының қарсылығын тудырмас үшін осындай қадамға барамыз. Оның үстіне əзербайжан жағынан да осындай өтініш хат келген. Артынан, шілде айында Арменияның Одаққа енуі туралы шартқа қол қоятын болсақ, осындай мəселенің бар екендігі ұмытылмасын, деді Қазақстан Президенті өз сөзін Серж Саргсянға қаратып. Ал Қырғызстанның Кеден одағына қабылдану мəселесі ешқандай проблемасыз шешіліп, шешімге қол қойылатын болды. Сонымен бірге, Н.Назарбаев қол қойылатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың барлық мемлекеттердің парламенттері тарапынан бір мезгілде ратификациялануын ұсынды. Сонда біздің Одағымыз 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды жұмыс істейтін болады. Бұл біздің елдеріміз тарихының жаңа парағы болсын, деді Н.Назарбаев. Осымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өз жұмысын аяқтап, Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі шартқа салтанатты түрде қол қою үшін келесі залға өтті.

Астана – Еуразиялыќ одаќтыѕ бесігі

мерзімде дайын болды. Осыған орай Кеден одағы елдері басшыларына жəне Еуразиялық экономикалық комиссия мү ше леріне ризашылығымды білдіремін, деді ол. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға қызығушылық танытуымызға түрлі себептер бар, дей келіп, Серж Саргсян Арменияның 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-ға енуі туралы ұлттық бизнес те, халық та толық хабарланғанын жеткізді. Солардың қолдауына сүйеніп жəне сарапшылық деңгейде 2-3 мəселе ғана толық келісілмегенімен, ымырашыл шешім белгіленгенін айта отырып ол өз елінің ЕАЭО-ға кіру туралы шартқа үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін қол қоюға əзір екенін жеткізді. Одан кейін сөз алған Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаев жиырма жыл бұрын ұсынған идеясының іске асып жатқанын атап өтті. Мен Еуразиялық экономикалық одақты барлық мүшемемлекеттердің экономикалық дамуына пайдалы алаң бола алатын тиімді ұйым деп санаймын. Алдымен Кеден одағына ену жəне келесі кезеңде ЕАЭО қатарына өту Қырғызстан үшін экономикалық саясаттың маңызды бағыты жəне саналы шешімі болып отыр. Кеден одағына мүше елдер – біздің экономикалық əріптестеріміз ғана

мүдделеріне сай келеді. Оған Кеден одағының басқа мүшелері де мүдделі. Қырғызстанмен əріптестік қатынастар орнату Кеден одағы мүшелеріне геосаяси артықшылықтарды айтпағанның өзінде, аймақтық мəселелерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, дей келіп, ол түрлі экономикалық болжамдар мен сараптарға қарағанда Кеден одағына кіретін болса Қырғызстан үшін алғашқы кезеңдер оңай болмайтынын біліп отырғанын жеткізді. Ал қазір Қырғызстан экономикасы күрделі жағдайға қарамай, тұрақты даму жолына түсіп келе жатыр. Сондықтан біз өз проблемаларымызды шешуді ешқашан Кеден одағының басқа мүшелеріне жүктемейміз. Алайда, бізді өндірістің тоқырап, жұмыссыздықтың артуы ғана алаңдатады. Біздің осындай проблемаларымызға түсіністікпен қарап, қолдау білдіргенді ғана қалаймыз, деді А.Атамбаев. Келесі кезекте ол Қырғызстан экономикасын өтпелі кезеңде қолдағандары үшін Қазақстан мен Ресей тараптарына алғысын жеткізді. Ресей тарапымен бірігіп бүгінгі күні Қырғызстанның Кеден одағына өту мəселелерін шешуге қаржылық қолдау біл діретін қор құру туралы шешім қа былданғанын айтты. Қырғыз тарабы да ресейлік инвестицияға, қор жұмыстарына қолдау білдіреді

ұсынып отыр. Сонымен қатар, Одақтың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті тағы 20 шақты құжатты дайындауымыз керек. Біз оларды жылдың басында іске кірісуі үшін қысқа мерзімде дайын етеміз, ал қабылдау үшін қазан айында Минскіде жəне желтоқсан айында Мəскеуде кездесу жоспарлауларыңызды өтінемін, деді В.Христенко. Екінші мəселе Арменияның ЕАЭО-ға енуі туралы шарттың дайындығы туралы екен. Бұл мəселе бойынша айтқанда, Армения қабылдауға тиісті 126 құжаттың қысқа мерзім ішінде 119-ын қабылдап, қалғандары ымыраға келуге болатын құжаттар болғандықтан, аз уақытта дайын етілетінін жеткізіп, Одаққа ену туралы шартты шілде айында сіздердің қарауларыңызға ұсына аламыз, деді Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы. Ал Қырғызстанның Кеден одағына енуі туралы Жол картасы да дайын екендігі жеткізілді. Оны Қырғызстанның Үкіметі қолдап, Парламенті бекіткен екен. Одан əрі бұл елдің келесі интеграциялық құрылымдарға өтуі де қарастырылатыны жеткізілді. Одан əрі осы екі мəселе бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері өз пікірлерін ортаға салды. Бірінші сөйлеген Ресей

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысы күткендегідей нəтижелі болды. Қорытындысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Фе дерациясының Президенті Владимир Путин жəне Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа салтанатты жағдайда қол қойды. Құжатқа қол қою рəсіміне үш мемлекет парла мен ттерінің депутаттары, зиялы қауым жəне қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты рəсімнен соң Қазақстан, Ресей жəне Беларусь мемлекеттерінің Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мəлімдеме жасады. Қазақстан басшысы, алдымен Одаққа мүше үш елдің халқын, осы салтанатты шараға куə болып отырған жұртшылықты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен құттықтады. Бұл экономикалық одақ болып табылады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз өзіміздің экономикалық мүмкіндігімізді елдеріміз халықтарының əлауқатын жəне тұрмыс-жағдайын өркендету үшін бірлесіп отырмыз. Тарихи құжат – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бүгін Астана қаласында қол қойылды. Астана Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Келесі кезекте Елбасы Астана қазіргі заманның ең жас елордасы екенін атап көрсетті. Мұнда Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жəне өзге де халықаралық ұйымдардың саммиттері өтті. Біз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалудамыз. Қазақстан еуразиялық интеграция идеясының ілгерілеуіне тарихи үлес қосты. Нақ осында ғасыр басында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды, біздің интеграциялық үдерісіміздің барысы мен қарқынын айқындаған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан соң Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың


3

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

УАЌЫТ ТАЛАБЫНА ЛАЙЫЌТЫ ЖАУАП

бастамашысы болғанына тоқталды. Астана қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың бесігі болды деп мақтанышпен айта аламыз, деп жалғастырды сөзін Елбасы. Бұл біздің көршілес елдермен достық, өзара əріптестік қарымқатынастардың жалғасы болады деп есептеймін. Еуразиялық одақ идеясының жария етілгеніне жиырма жыл толды. Оны алғаш рет М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде айтқан болатынмын. Осы жылдар ішінде қыруар жұмыстар атқарылды. Бастама Ресей Президенті мен Беларусь Президенті тарапынан қолдау тапты. Бүгін соның нəтижесін көріп, шартқа қол қойып

отырмыз. Тек соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88%-ға өсіп, 24 млрд. долларлық мөлшерге жетті. Еуразиялық интеграция жөніндегі серіктес мемлекеттерге біздің экспортымыз 63%-ға ұлғайып, 6 млрд. доллар болды. Бұл абстрактілі сандар ғана емес. Олардың артында жүздеген нақты кəсіпорындар мен компаниялар, қазақстандық, беларусьтік жəне ресейлік серіктестермен арадағы өзара ісқимылдың жаңа желілері тұр. Бұл – мыңдаған жаңа жұмыс орындары, тұрақтылық жəне өзіне жаңа өткізу нарықтарын ашқан Қазақстан бизнесінің табыстылығының өсуі, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы интеграциялық ынтымақтастықтың берері мол екенін атап өтті. Президенттің атап өткеніндей, бүгінгі қол қойылған құжат оған қатысушы елдердің экономикасын өркендетеді, сол арқылы кəсіпкерлік дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға Армения мен Қырғызстан да жаңа қадам жасап жатыр, деді Елбасы. Ондағы

басты мақсатымыз, əрбір елдің мүмкіндіктерін интеграциялық байланыстар жасау арқылы арттыру болып табылады. Біздің ұлттық экономикамызды құлдыратпау үшін барлық мəселелерді ескеруіміз қажет. Еуропалық одақтың жағдайы бізге осыны көрсетіп отыр. Əлемдік экономиканың тұрақты дамуы осындай жаңа мүмкіндіктер ашудан көрінеді. Осын дай мүмкіндіктерді біз жаңа экономикалық одақтан көріп отырмыз. Нұрсұлтан Назарбаев интеграция, əлемдік тəжірибе көрсеткендей, экономиканың дамуына қажетті ұзақ мерзімді тұрақты жағдайды жəне азаматтардың бақуатты өмірі үшін жаңа мүмкіндіктерді

білдіретінін атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыстармен етене жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз. Еуразиялық интеграцияны дамыта отырып, біз заңды кезеңдер – еркін сауда аймағы, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік арқылы батыл ілгерілеп келеміз, деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа қол қою арқылы Жер шарының ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі, энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестіктің құрылуы заңдық тұрғыдан ресімделгенін айтты. Мемлекеттердің тəуелсіздігіне кепілдік беретін негізгі ресурстар бұл бірлестіктің өзінде жеткілікті. Осылайша бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге келді. Ол үлкен қиындықпен құрылды. Ашығын айтайын: біз Еуразиялық экономикалық одаққа көп қиындықпен жеттік. Алдымызда жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы қалыптасу мен дамудың күрделі

кезеңі тұр. Интеграция бізге өздігінен керемет өмірге кепілдік бермейді. Жаңа сын-қатерлер мен жаңа міндеттер болады. Біз оларды бірігіп шешуге жəне баршамыздың күш-жігерімізбен дағдарысты еңсеруге дайын болуға тиіспіз, деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігінде халықтардың тату көршілігінің түбегейлі жаңа үлгісі қалыптасып жатқанын, оған жоғары сенім, берік достық жəне мемлекеттеріміздің өзара қолдауы негіз болып отырғанын атап айтты. Еуразиялық экономикалық одақ, ең алдымен, біздің елдеріміздің миллиондаған азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер көзі. Қатысушы

елдерде шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға қолайлы алғышарттар жасалуда. Еңбек ресурстары нарығы бірігуде, бұл кəсіби деңгейді көтеру мен еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы саналады. Азаматтар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың əрбір мемлекетінде білім беру қызметі мен əлеуметтік инфрақұрылымдарына тең қолжетімділік жағдайлары жасалуда. Ішкі кедергілерді жою қазірдің өзінде мəдени-гуманитарлық байланыстарымызды күшейтуге, туризмнің өсуіне жақсы ықпал етті. Осы пайданың барлығын азаматтарымыз айқын ұғынып отыр. Бұл еуразиялық ықпалдастық үдерісіне кең ауқымды халықтық қолдау болуда, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті үш елдің жастарына да сөз арнады. Еуразиялық экономикалық одақ сіздер үшін құрылуда. Ол сіздерге қатысушы елдің кез келгенінде сапалы білім жəне кəсіби машықты игеруде артықшылық береді. Бүгінгі оқиға біздің елдеріміздің болашағы үшін, бірінші кезекте, жаңа ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер көзін ашады, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қатысушымемлекеттердің орталық ведомстволары мен үкіметтері жетекшілерінің, Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің, сарапшылардың еуразиялық экономикалық ықпалдастық үдерістерін жүзеге асырудағы ай рықша үлесін атап өтті. Ол ортақ жұмыстың нəтижесі тарихи құжатқа қол қою болғанын айтты. Еуразиялық экономикалық одақ – біздің елдеріміздің мəңгілік достығының, өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік жаңа тетігі. 29 мамыр біздің елдеріміздің естелік күнтізбелеріне Еуразиялық ықпалдастық күні ретінде енуге лайықты деп санаймын. Біздің елдеріміздің халқын, осы рəсімнің барлық қатысушылары мен қонақтарын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен тағы да құттықтаймын, деді Мемлекет басшысы. Өз сөзінде Ресей Федерациясының Президенті В.Путин қол қойылған шарт экономиканы дамытып, үш ел азаматтарының əл-ауқатын көтеру үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап айтты. Ресей, Беларусь жəне Қазақстан өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. «Үштік» мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне көлік секілді негізгі салаларында келісілген саясат жүргізетін болады. Іс жүзінде біз 170 миллионнан астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми жəне технологиялық əлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, ірі əрі бірыңғай нарық құрамыз, деді В.Путин. Ресей Президенті əлемдік экономикада толыққанды халықаралық құқықтық субъектілікке ие жəне Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидалары негізінде əрекет ететін жаңа экономикалық ұйым пайда болып отырғанын айтты. Ол сауда құрылымын жетілдіру, жоғары технологиялық тауарлар үлесінің артуы, елдеріміздің əлемдік экономикадағы бəсекеге қабілеттілігінің нығаюын қоса қамтитын ықпалдастық үдерістердің өзара тиімділігі қазірдің өзінде іс жүзінде дəлелденіп жатқанына назар аударды. Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко Армения мен Қырғызстанның еуразиялық ықпалдастық үдерісіне қосылуын атап өтті. Өз кезегінде Беларусь келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асыру жолында жүйелі əрі міндетті түрде ілгерілеуге дайын. Шартқа қол қою – осымен бітті деген сөз емес, ол біздің дұрыс қадам жасағанымызды бүкіл əлемге дəлелдеуге тиіс болатын салиқалы үдерістің бастауы. Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі іс-қимылдардың қатысушы-мемлекеттердің өзара саудасына айтарлықтай ықпал ететін мəселелерді шешумен байланысты болғаны жөн, деді А.Лукашенко. Соңында мемлекет басшылары үш елдің жұртшылық өкілдерімен бейресми əңгіме өткізді. *** Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта халықаралық

ұйымдарға тəн арқаулық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан. Бұған қоса, Шарт Қазақстан, Ресей жəне Беларусь азаматтарының əл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мəселелерін шешуге бағытталған жəне тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді қарастырады. Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің жиынтық өсімі 900 млрд. доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ теңдік, негізділік, жүйелілік, прагматизм жəне өзара тиімділік қағидаттары негізінде құрылады.

Ґзекті мəселелер талќыланєан кездесу

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер барысында индустрияландыру, сауда-экономикалық жəне мəденигуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мəселелері

талқыланды, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібінің өзекті тақырыптары қаралды. Мемлекет басшылары қол қойылған Еуразиялық экономи калық одақ туралы шарттың өзекті аспектілері мен елдердің осы бірлестік аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттары жөнінде мəселе қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың маңызды салаларын дамы туға игі ықпалын тигізіп отырған Қазақстан мен Ресей ара сындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап көрсетті. Өз кезегінде В.Путин екіжақты қарым-қатынастардың табысты дамып отырғанына тоқталып, жоғары технологиялы салалардағы өзара іс-қимылдың мейлінше белсендірек болу қажеттігін атап өтті. *** Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды: – Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласын дағы сауда-экономикалық ынты мақтастық туралы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама; – Қазақстан Республикасы

аумағында атом электр стансасын салудағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; – «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ пен «Росатом» МК баламалы энергетика мен сирек жəне сирек кездесетін жер металдары өндірісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен мəлімдемесі; – Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласын дағы Қазақстан-Ресей ынтымақ тастығының кешенді бағдарламасы; – Қорасан-1, Ақдала, Оңтүстік Іңкай (4 учаске) кен орындарында жер қойнауын пайдалану мəселелерін реттеу жөніндегі Жол картасы. *** Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рəсіміне арналған салтанатты концертте болды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер жəне бақылаушы елдер басшылары «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрындағы концертті тамашалады. Мемлекет басшыларына ұсынылған бағдарламаға бес елдің орындаушы өнерпаздары қатысты.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

ЕУРАЗИЯЛЫЌ ЭКОНОМИКАЛЫЌ ОДАЌ ТУРАЛЫ

ШАРТ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Ұзақмерзімдік болашақта Еуразиялық экономикалық одаққа балама болмайды»

ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫ АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІ

ӨНЕРКƏСІП

АҚПАРАТТЫҚ ӨЗАРА ƏРЕКЕТТЕСТІК ЖƏНЕ СТАТИСТИКА КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ДƏРІ-ДƏРМЕК ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР АЙНАЛЫСЫН РЕТТЕУ

КЕДЕНДІК РЕТТЕУ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК (МУНИЦИПАЛЬДЫҚ) САТЫП АЛУЛАР

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ КӨЛІК САНИТАРЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚСАНИТАРЛЫҚ ЖƏНЕ КАРАНТИНДІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР

ЭНЕРГЕТИКА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР ОРТАҚ ШЕКАРАЛАР ЖƏНЕ БƏСЕКЕЛЕСТІК ЕРЕЖЕСІ САЛЫҚТАР ЖƏНЕ САЛЫҚ САЛУ

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТ ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ, ҚАРЖЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ РЫНОКТАРЫН РЕТТЕУ


4

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

ЕУРАЗИЯЛЫЌ ЭКОНОМИКАЛЫЌ ОДАЌ – ЖАЅА МЇМКІНДІКТЕР ОДАЄЫ

Еуразиялыќ экономикалыќ комиссияныѕ сауда министрі Андрей СЛЕПНЕВПЕН сўхбат – Андрей Александрович, бүгін өмірге келіп отырған Еуразиялық одақты құру идеясының авторы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екендігі белгілі. Енді бұл одақ қалай жұмыс істейтін болады? – Иə, Еуразиялық одақ құру туралы жарқын идеяны осыдан жиырма жыл бұрын Нұрсұлтан Əбішұлы көтерген болатын. Айтпақшы, жуықта ғана идея алғаш айтылған Мəскеу мемлекеттік университетінде осы жағдайды тағы да еске түсіру шарасы болып өтті. Өздеріңіз білесіздер, Еуразиялық одақ құру мəселесі нақты өмірде Кеден одағын құрып, жүзеге асырудан бастау алды. Бұл құрылым өз тиімділігін берді. Сондықтан бүгінгі күні Еуразиялық одақты құру нақты ресімделіп отыр. Бұл одақ енді халықаралық субъект ретінде өз құрылымдары, өз институттарымен нақты əрекет етуге кіріседі. Əлемдік аренадағы орнын айқындайтын болады. Осы жағдайлардың өзі-ақ оның жұмыс істеуіне тұрақтылық сипатын береді. Оның үстіне одақты маңызды ресімдеу мəселесімен қатар біз енді ынтымақтастықтың болашағы зор жолына түскендігімізді түсінуіміз керек. Өйткені, бұдан былайғы уақыттарда тауарларды одақ аясында жылжытуда кедергілер белсенді түрде еңсерілетін болады. Біздің алдымызда капиталдардың біртұтас қызмет рыногын қалыптастыру міндеті тұр. Шынын айтқанда, бұл мəселеге біз енді кіріскелі отырмыз. Өйткені, қол қойылған шартта осындай рынокты құру жөніндегі міндеттер белгіленген. Бұл дегеніңіз, бұдан былайғы уақытта əрбір кəсіпорын өз қызметін енді одақ көлемінде ұсына алады деген сөз. Бұрынғыдай оған енді қосымша рұқсаттар мен лицензиялар қажет болмайтын болады. Осының бəрі кəсіпорын алдындағы жұмысты жеңілдетіп, оның қуатын арттыру, жұмыс көлемін көбейту үшін жаңа кеңістіктерді игеруіне жол ашады. Əрине, экономикалық салалардың барлығында бірдей мұндай жұмысты жолға қою мүмкін емес. Мəселен, банк секторында осы істі бірден жүзеге асыра алмаймыз. Өйткені бұл үшін реттеу шараларын жүргізу, заңдар қабылдау қажет болады. Дегенмен, уақыт тез өтеді ғой. Сондықтан қазіргі уақыттағы ең бастысы біздің осы бағыт бойынша алға жылжып келе жатқандығымыз. Қысқасын айтқанда, біртұтас рыноктың пайда болуы біздің

кəсіпорындарымыз бен азаматтарымызға жаңа мүмкіндіктер беретіндігі, кəсіпорындардың қызметін еселеуіне жол ашатындығы анық. – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ресей, Беларусь жəне Қазақстанның интеграциялану жолында жүйелі түрде алға басып келе жатқандығын, бұл жағдайдың өзі қазірдің өзінде нақты нəтижелер бере бастағандығын айтқан болатын. Сіз бұл ретте қандай нəтижелерді атап көрсеткен болар едіңіз? – Өткен жылдың қорытындысында біздің өзара саудамыздың көлемі 70 миллиард долларға жуықтады. Шынын айтқанда, Кеден одағы құрылғанға дейін мұндай көлемді цифрды болжаудың өзі мүмкін емес еді. Кеден одағы құрылғаннан бері сауда көлеміміз, əлемде орын алған дағдарыстарға қарамастан, əр жыл сайын 19 пайызға өсіп отырды. Əрине, мұндай көрсеткішке қол жеткізуде бизнестің алдынан кездесетін əкімшілік жəне түрлі техникалық кедергілерді еңсере білудің маңызы үлкен болғандығы түсінікті. Сол сияқты, ортақ сауданың дамуы əрбір елге өз пайдасын бергендігі анық. Əрі бұл үдерістің өзі біздің одан əрі жақындасуымызға жақсы негіз қалады. Енді Еуразиялық одақтың құрылуы мен жүйелі түрде тиімділік алу үдерісі бастау алатын болады. Себебі, ендігі кезекте құрылып отырған ортақ рынокта жүзеге асатын жобалардың тартымдылығы бұрынғыға қарағанда əлдеқайда арта түсетін болады. Мəселен, Қазақстанда тартымды бір жоба немесе идея пайда болды дейік. Енді бұл жобаны жүзеге асыруға бұрынғыдай тек Қазақстан бизнесмендері ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Беларусь іскерлері де ықылас танытатын болады. Міне, осы жағдайдан жобаның тартымдылық қасиеті елеулі түрде арта бастайды. Жалпы, Қазақстан жағдайына келетін болсақ, мұндай тартымдылық пен тиімділік қазірдің өзінде айқын көрініп отыр деп айта аламыз. Мəселен, соңғы кездері Қазақстанда бұл елде бұрын болмаған жаңа өндіріс түрлері ашылуда. Атап айтатын болсақ, теміржолдың жылжымалы құрамдарын, əртүрлі көтергіш құралдарды, жүк көліктерін, электронды техникаларды шығару қарқынды түрде қолға алынды. Қазақстан жағдайында мұндай күрделі сипаттағы техникалармен сауда жасау, оларды сыртқа шығару мүлдем болмаған еді. Тіпті болған жағдайдың өзінде көзге көрінбейтіндей

тіптен елеусіз сипатта еді. Енді осы үдеріс айқын байқалып қана қоймай, бұл істің ауқымы əр жыл сайын еселеп өсіп келеді. Əрине, мұның өзі бірінші кезекте интеграциялану үдерісінің жемісі екендігі анық. Енді ортақ рыноктың құрылуы осындай жаңа жобаларды жүзеге асыру мəселесіне неғұрлым белсенді сипат беретін болады. Менің ойымша, бұдан былайғы уақыттарда одақ аясындағы реттеу шараларының сапасы да арта беретін болады. Əкімшілік кедергілердің азаюының өзі осындай нəтижеге əкеліп тірейтін болады. Бұл жағдай ақыр аяғында біздің елдеріміздің халықаралық деңгейде бизнес жүргізу қабілеттілігін арттырады. Жаңа рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізуімізге мүмкіндік береді. – Əлемде интеграцияланудың көптеген формалары бар. Еуразиялық одақтың олардан қандай айырмашылықтары болуы мүмкін? – Əрине, өз жұмысымызда бізге халықаралық интеграциялық байланыстардың қырлары мен ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет болады. Жалпы, интеграциялану үдерісі қазіргі күні бүкіл əлем бойынша белсенді артып келеді. Осы орайда бір байқалып отырған жағдай шағын экономиканың ірі экономикаға интеграциялануы неғұрлым қолайлы болған сайын бизнестің осы үдеріске қарай ұмтыла түсетіндігі айқындалып отыр. Халықаралық деңгейде қазір мұның өзі стандартқа айналды. Бізге де енді Еуразиялық одақтың құрылуымен осындай өз стандартымызды қалыптастыруымыз жəне оның халықаралық

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖАҢА БИІКТЕРІНЕ!

ЕАЭО-ҒА ЕНУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІЛІКТЕР

Əлемдік дағдарыстарға тұрақтылықты арттыру

2030 жылға дейін ІЖӨ-ні 25%-ға өсіру

Тарифтік жəне тарифтік емес кедергілерсіз 170 млн.адам үшін біртұтас рынок

Бəсекелестіктің артуынан бағаны төмендету Бірлескен кəсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құру

Экономиканың шикізаттық емес секторының айтарлықтай дамуы

үлгіден кем болмауын ойластыруымыз қажет болатындығы анық. Біз Еуразиялық одақ аясындағы ынтымақтастықпен ғана шектеліп қалмай, басқа да экономикалармен жұмыс істейтіндігіміз анық. Мəселен, Ресей Тынық мұхиты өңіріндегі елдермен жұмыс істесіп келеді. Басқа да интеграциялық ұйымдар баршылық. Міне, осылардың үздік тəжірибелерін қолдана білудің маңызы зор. Бірақ біз қалай алып қарағанда да, басқа тəжірибелердің барлығын өз тауар өндірушілеріміздің мүддесіне бейімдей қолданатынымыз түсінікті. Міне, сол кезде барып Еуразиялық одақтың өз ерекшеліктері мен артықшылықтары пайда болатын болады. Ал қазіргі жағдайға келетін болсақ, одақ құрып отырған үштіктің ортасында қазірдің өзінде жақсы үнқатысу қалыптасқан. Сондай-ақ біздер екіжақты қатынастар арқылы да жұмыс істеудеміз. Осы жағдайлардың барлығы бізге енді технологиялық тұрғыдан кооперациялануымызға жаңа жол сілтеп отырғандай. Əрине, бұл кооперациялану тек шикізаттық бағытта ғана емес, күрделі технологиялар бағытында алға басатындығы анық. Жуықтағы Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда бұл жайында көп айтылды. Кең фюзеляжды ұшақ жасау, станок жасау, ауыр машина жасау саласының басқа да түрлерін дамыту жөнінде əңгіме болды. Осы ретте бізге Еуразиялық одақ аясында мұнай-газ, энергетика жəне инфрақұрылымдардың бірыңғай рыногын қалыптастырудың маңызы зор болатындығы түсінікті. Міне, нақ осы мəселелер жөнінде біздің елдеріміздің арасында көптеген пікірталастар болып, аталған мəселеде алға жылжу кезінде келісімге келдік. Демек, келісілген өнеркəсіптік саясатты жүзеге асыратындығымыз анық. Міне, осы мəселелер уақыт өте тереңдей келе біздің ортақ рыногымыздың жан-жақтылық қырларын да көрсететін болады. – Еуразиялық экономикалық одақты құру арқылы кəсіпкерлер мен бизнесмендер алдында жаңа мүмкіндіктер пайда болады деп отырмыз. Осы ретте кейбір салаларда өзіндік ерекшеліктердің де болатындығы анық. Осы мəселелерді келісімді, икемді етудің, оларды реттеудің қандай жолдары болмақ? – Əрине, экономикалық одақ құру дегеніміз ол одаққа бірігіп отырған барлық елдердің барлық

Инвестициялық ахуалды жақсарту Қызмет көрсету рыноктарын, адам ресурстарын дамытудың жаңа деңгейіне шығу

Сыртқы сауданың өсуі Жаңа капитал жəне ғылымды қажетсінетін салаларды ашу Неғұрлым жоғары талаптар есебінен өнім сапасын арттыру Еуразиялық интеграция институты дайындаған.

Əңгімелескен Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Лебіздер легі Розақұл ХАЛМҰРАДОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты:

– 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Астанада қол қойылуы еліміздің осы Одақтың белді де беделді мүшесі болатынын айғақтайды. Осыдан 20 жыл бұрын айтылған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл идеясы өзінің өміршеңдігін дəлелдеді. Оның болашаққа бағдарланғанын жəне дұрыстығын уақыттың өзі əлі-ақ алда көз жеткізеді деп сенемін. Ал енді бұл интеграция не береді? Бұл жалпы көлемі 2 трлн. долларды құрайтын, 170 миллион тұрғыны бар, көлемі 600 млрд. долларға тең өндірістік қуатқа Гүлжан ƏСПЕТОВА,

Қазақстанның халық əртісі:

– Қазір əлемде интеграциялық үдерістер жүріп жатыр. Олар эконо микалық қарымқатынастарға құрылғанымен, оның ар жағында əлеуметтік-мəдени, рухани байланыстар жатқандығын айта кетуіміз ке рек. Мұндай байланыстардың Ерлан СЫДЫҚОВ,

Өндіріс пен технологияны жаңарту жəне өндірістік қуатты ұлғайту

салаларын бірден-бір сүреге салу деген сөз емес. Ортақ тұрғыдан реттеуге болатын да, болмайтын да салалар бар. Мəселен, ауыл шаруашылығын алайық. Біз одақтық деңгейде ауыл шаруашылығы жөнінде келісімді саясат жүргізу туралы уағдаластықтар жасап отырмыз. Бірақ бұл мəселеде асығыстыққа барудың қажеті жоқ. Өйткені, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік субсидиялаудың рөлінің зор екендігі анық. Əр ел өз ауыл шаруашылығының ерекшеліктеріне орай осындай саясатты жүзеге асыратын болады. Бірақ бір ескеретін мəселе, ауыл шаруашылығы саласында бюджеттік қаржы қаншалықты тиімді пайдаланылып отыр деген сұрақтың пайда болатындығы түсінікті. Демек, бұл салада да бізге келісім алатындай мəселелер бар. Ол келісім əр ел үшін тиімділіктің сақталуына мүмкіндік беруі тиіс. Сондай-ақ, біз бірыңғай макроэкономикалық саясат жүргізу жөнінде де келістік. Шартқа қол қою арқылы осы мəселеде консенсусқа қол жеткіздік. Консенсус дегеніміз не? Консенсус дегеніміз, тараптар бір жағынан алғанда, ортақ шешімге ризашылығын білдірді, екінші жағынан алғанда, оған риза емес болса да болашақ тиімділіктерді ескере отырып, өзара келісімге келді деген ұғымды білдіреді. Бұл ретте ең бастысы қалыптасып отырған объективті жағдайды ескеру болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда бір ұйымға бірігу дегеніміз бірден пайда қарату дегенді білдірмейді. Бұл жерде бірігу дегеніміз сол пайдаға қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болу деген сөз. Міне, Еуразиялық экономикалық одақ құруға қарсы болып байбалам салып жүргендер мəселенің осындай қырларын ескере бермейді. Яғни, мəселенің түп тамырына бойламай-ақ көрініс берген жағдайға ғана қарап, байбалам сала береді. Қалай алып қарағанда да, үш елдің басшылығы да мұндай одақ құруға кеңінен ойланып, оның түпкілікті тиімділігіне көз жеткізе отырып қана барып отыр. Сондықтан «балапанды күзде санайды» дегендей, біз бұл одақтың тиімділігіне оның нəтижесін көргенде барып көз жеткізетін боламыз. Ал ондай нəтиженің болатындығы анық. – Əңгімеңізге рахмет.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

– Еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары мен əр қа тысушы ел дің пра гматикалық мүмкіндіктерін есепке алған Еуразиялық одақтың құрылуы үлкен тарихи оқиға. Бұл экономикалық ынтымақтастықты басты бағдар еткен ұйым туралы негізгі бастаманы көтерген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың сəуір айында осы идеяны 20 жыл бұрын жария еткен М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де оқыған дəрісінде жаңа Одақтың бүгіні мен келешегіне қатысты өз тұжырым-болжамдарын жария етті. «Еуразиялық интеграцияның экономикалық əлеуеті өте жоғары. Тек қатысушы үш ел экономикасының жиынтық көлемі 2,2 триллион долларды құрайды. Үш ел шығарған өнеркəсіп өнімінің жалпы көлемі 1,5 триллион АҚШ долларына жуықтады. Жиынтық ІЖӨ-нің өсімі түріндегі интеграциялық

ие, жалпы аумағы 20 млн. шаршы метрді құрайтын нарықтық кеңістіктің ашылуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнім өн діруде бəсекелестіктің артуына ықпал ететін болады. Ал бəсекелестіктің қалыптасуы тауарлар сапасының артуына, сөйтіп халықты арзан тауармен қамта масыз етуге мүмкіндік береді. Ресейлік жəне беларустық кəсіпорындармен бірлесіп, өндіріс орындарын ашу қолға алынып, Кеден одағы аясында бірлескен кəсіпорындар құрылу үстінде. Мысалы, Семейде «Беларусь» трак торын құрастыру жүзеге асырылған. «АгромашХолдинг» компаниясы ресейлік кəсіпорындармен бірлесіп, «Есіл» комбайндарын шыға ру ды жолға қоюда. Еуразиялық

экономикалық одақ құрылса, əріптестік одан сайын тереңдей дамып, бірлескен өндірістің ауқымы кеңейе түсетін болады. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында көп өзгерістер орын алып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 1 млн. тонна ға жуық ауылшаруашылық өнімдері өндірілді. Оның көп бөлігі Ресейге экспортталды. Мəскеу облысы аумағында логистикалық орталық құрылып, онда еліміздің бау-бақша өнімдері тасымалдануының артуына ықпал етуде. Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасына сəйкес жаңа кəсіпорындар құрылып жатыр. Осы орайда қажетті кадрларды Ресейде дайындап шығаруға болады. Міне, осының барлығы елдер экономикасының өркендеуіне жол салады.

халықтарды бір-бірімен жақындастырып, адами құндылықтардың дамуына игі ықпалы зор деп білемін. Осы тұрғыдан келгенде театр ұжымдарының тəжірибе алмасуларына үлкен мүмкіндіктер тудырып отыр. Сөйтіп, ұлттық театрымыздың халықаралық деңгейге шығуына ықпал ететін болады. Осылайша ғана біз өнеріміздің өрісін

əлемдік деңгейде көрсете аламыз. Бұл біздің өнер саласында əлі де мол табыстарға жетуімізге серпін береді деп сенемін. Өнері мен мəдениеті өрге жүзген елдің болашағы жарқын болатындығына еш шүбə келтірмеймін. Сондықтан да мен өзім сүйіп келген өнер саласында əлі де шығармашылық шабытпен жұмыс жасай бермекпін. Бүгінгі салтанатты шарадан ерекше серпін алып, қанаттанып отырмын.

тиімділіктің перспективасы 2030 жылға қарай шамамен 900 миллиард долларды құрай алады. Осылайша, еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық индустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз етеді. Еуразиялық экономикалық одақ халықтар мен бүкіл ұлттық экономикалар үшін ауыртпалық емес, игілік болуы тиіс», – деп атап өткен еді Мемлекет басшысы. Бұл Одақтың геостратегиялық жағынан да айрықша маңызы зор. Оған мүше үш ел Еуроодақ пен АзияТынық мұхиты өңірі аумағының ортасында орналасқан. Елбасы жаңа ұйымның Шығыс пен Батыстың, Еуропа пен Азияның арасындағы геоэкономикалық көпірге айналу мүмкіндігі мол екендігін де алға тартып отыр. Еуразиялық Одақ өзіне мүше елдер арасындағы əлеуметтік, мəденигуманитарлық ынтымақтастықты дамыта түсуге де септігін тигізетіні сөзсіз. Қазірдің өзінде Ресей, Беларусь, Қазақстан арасында жоғары, орта жəне

кəсіптік білім туралы дипломдарды өзара тану туралы келісім бекітілген. Үш елдің азаматтарына ЖОО-да оқуға теңдей құқық беріліп отыр. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Елбасы Жарлығымен құрылған күнінен бастап, Еуразиялық интеграция мəселе лерін зерттеуді басты бағ дар ретінде айқындаған болатын. Университетімізде «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасы тыңғылықты жұмыс істеуде. Жыл сайын əлемдегі жəне еліміздегі айтулы ғалымдардың қатысуымен Еуразиялық форумдар ұйымдастырылып отырады. Барлық студенттер еуразияшылдықтың тарихы, теориясы, тəжірибесі туралы дəрістер тыңдайды.Үздік оқытушы, жас ғалымдарға, студенттерге Л.Н.Гумилев атындағы арнайы стипендия беріліп келеді. Жыл сайын «Еуразия мəселелері», «Гумилев əлемі» айдарларымен белгілі ғалымдардың зерттеу еңбектері кітап ретінде жарыққа шығып жатыр. Университетте Л.Н.Гумилевтің мұражай кабинеті де жұмыс істеп тұр. Кешегі үш елдің қол қойған айтулы оқиғадан кейін ғалымдарымыз енді Еуразиялық одақтың мəселелерін жанжақты зерттеуге кіріседі.


www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

5

Бўл – тек экономикалыќ сипаттаєы одаќ Жоғары Еуразиялық эконо ми калық кеңестің отырысы аясында кеше еліміздің Орталық коммуникациялар қызметі көшпелі брифингтер ұйымдастырды. Яғни, бұрынғыдай өздері орналасқан Қазмедия орталығында емес, бірінен соң бірі жалғасқан сериялы баспасөз мəслихаттарын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болған Тəуелсіздік сарайында өткізді. Онда Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктері мен тиімділігі жайында сөз болды. Динара БІТІКОВА, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Алғашқы брифингте Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев, «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлес тігінің президенті Нұрлан Ерімбетов, Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева қатысты. Р.Ошақбаев өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одақ шартында басшылыққа алынған негізгі қағидаларға тоқталды. «Халықаралық құқық қағидаттарын, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымын құрметтеу, өзара тиімді ынтымақтастықты, теңдік пен тараптардың ұлттық мүдделерін есепке алуды қамтамасыз ету, нарықтық экономика, шынайы бəсекелестік қағидаларын сақтау – шарт жобасының негізгі қағидалары», деді басқарма төрағасы. Сондай-ақ, ол аталған ауқымды құжат 969 бетті құрайтынын атап өтті. Атап айтар болсақ, шарт жобасының институттық бөлігінде Одақтың субъектілік құқығына ие аймақтық ықпалдастық, халықаралық ұйым екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бұған дейін жұмыс істеп келе жатқан Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік органдарының негізінде 4 орган құрылады. Мəселен, біріншісі – мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары кеңес, екіншісі – Үкімет басшылары деңгейіндегі Үкіметаралық кеңес, кеңес пен

алқалар деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық комиссия жəне Еуразиялық экономикалық одақ соты. Р.Ошақбаевтың атап өтуінше, аталған органдарды қаржыландыру тараптардың үлестік жарналарынан жиналатын Одақтың бюджетінен жүргізілмек. Ал шарт жобасының функциялық жағына тоқталған Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары оған агроөнеркəсіптік кешен, өнеркəсіп, еңбек миграциясы, валюта саясаты, қаржы нарықтарын реттеу, бəсекеге қабілетті саясат, табиғи монополиялар, қызметтер мен инвестициялар саудасы, салық пен салық салу, сыртқы сауда саясаты, экономикалық саясат жəне энергетика салалары бойынша бағыттардың қамтылғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол интеграциялық мүмкіндіктердің айтарлықтай өзгертілгені Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы арқаулық түрде келісілген пакетке қарағанда шарт жобасының негізгі ерекшелігі болып саналатынын алға тартты. Р.Ошақбаев, сондай-ақ, Еуразиялық комиссияның басшылық қызметтері үш елдің азаматтарына тең бөлінетінін атап өтті. Айталық, қазіргі уақытта Еуразиялық комиссияда 20-дан астам департамент бар. Өкінішке қарай, Комиссияның тұрақты мекенжайы Мəскеу болғандықтан, департамент директоры лауазымында ресейлік азаматтар басым болып тұр. «Қазіргі уақытта бұл теңсіздікті жою үшін шарт мəтінінде департамент директоры жəне олардың орынбасарлары деңгейінде тең дəрежеде ұсынылатындығы жазылған.

Яғни, егер департамент директоры Қазақстан азаматы болса, онда оның орынбасарларының бірі Ресей, келесісі Беларусь азаматы болуы тиіс. Бұл қаржыландыруды кеңейтуді талап етеді», деді Р.Ошақбаев. Сондай-ақ, ол Еуразиялық одақ аясында биыл отандық кəсіпкерлер шекаралас қалаларда сауда өкілдерін ашуды көздеп отырғанын мəлім етті. «Еуразиялық экономикалық одаққа кірудегі негізгі тірек болатын дəйек – 170 миллиондық базар. Он сыз біз өндірістің бəсекеге қа бі леттілігін құра алмаймыз жəне инвестиция тарта алмаймыз. Отандық кəсіпкерлердің ең алдымен көздеп отырғаны шекаралас аймақтар. Ондағы халықтың саны 27 миллион адамды құрайды. Бұл біздің нарықтан 10 миллионға артық. Биыл біз миллионнан артық тұрғыны бар шекаралас қалалардың əрқайсысында сауда өкілдерін ашуды көздеп отырмыз. Бірінші кезеңде Омбы, Саратов,

Самара, Новосібір қалалары», деді Р.Ошақбаев. Ал өз кезегінде Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева Еуразиялық экономикалық одақ құрамына қосылуға бүгіннің өзінде көптеген мемлекеттер ниет танытып отырғанын жəне мұндай ұйымдар экономикалық даму талабынан туындап отырғанын атап өтті. «Қазірдің өзінде əлемде 200-ден астам түрлi деңгейдегi ықпалдастық ұйымдары бар. Бұл – сəн қуу емес, экономикалық қажеттiлiк. Өйткенi, үлкен нарықтар дамудың жоғары қарқынын көрсетiп отыр. Бүгiнде 40-қа жуық мемлекет Кеден одағы ар қылы еркiн сауда аймағына кiруге ниет бiлдiруде. Нақтырақ айтсақ, Түркия, Үндiстан, Жаңа Зеландия, Вьетнам жəне тағы басқалар. Еуразиялық одақ, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы сынды бiрқатар

блоктармен серiктестiк те жолға қойылды. Еуразиялық экономикалық одақпен сауда қатынасын орнатуға Оңтүстiк Американың ең iрі «Меркосур» интеграциялық ұйымы ниеттi», деді Ж.Құсманғалиева. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдерi құрып отырған Еуразиялық экономикалық одаққа бiрiншi болып Армения кiрмек. Одан кейiн Қырғызстан мен Тəжiкстан дайындығын байқатып отыр. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ ашық əрі болашағы бар жоба екендiгiн аңғартса керек. Осыған орай, институт директоры: «Бұл бізді қуантады. Өйткені, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасы – басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, сонымен бірге, қатысушы-мемлекеттермен ынтымақтастықты болжайтын ашық жоба», деді. Ж.Құсманғалиева, сонымен қатар, өзі басқарып отырған

Барша инвестор їшін тиімді алаѕ Орталық коммуникациялар қызметінің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында өткізген кезекті брифингіне шетелдік қонақтар, яғни Қазақстан-Австрия қауымдастығының мүшесі Анна Цайтлингер, ЕҚЫҰ парламенттік тобының бұрынғы төрағасы, нидерландтық Коскун Чоруз жəне египеттік кəсіпкер, «Лос Амигос» компаниясының басқарушы директоры Галяль Махер Галяль Эльгор қатысты. Қазақ сырт көз – сыншы дейді. Ендеше, шетелдіктердің шынайы пікірі біз үшін аса маңызды. Сол себептен болар, шетелдіктер сөйлегенде, əрбір сөзіне мəн беріп, ойынан астар іздеп отыратын əдетіміз. Орталық коммуникациялар қызметі де бұл жолы өзіміздің емес, өзге елдің сарапшыларына сөз тізгінін бергені осыдан болар. Əлбетте, брифингке қатысушылар Елбасы бастамасынан туындаған Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастамаға оң баға берді. Қазақстан басшысын Экономикалық одақ құру жөніндегі шартқа қол қойылатын тарихи сəтімен құттықтаған Парламенттің төменгі палатасының экс-депутаты, ЕҚЫҰ парламенттік тобының бұрынғы төрағасы Коскун Чоруз бұл шартқа қол қойылғаннан кейін Одақпен тығыз жұмыс істейтіндерін жеткізді. Бұл ретте ол Нидерландтың Еуропамен де, Азиямен де бірлесе жұмыс істей алатындығына қуанышты екенін атап өтті. «Бізді болашақта не күтіп тұрғандығын білмейміз. Алайда барлығын жағымды тұрғыдан қарастырудамыз. Мен біздің ел мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен əріптестікті тек ұтымдылық тұрғысынан көріп тұрмын, деді Коскун Чоруз. Сондай-ақ, ол сөз арасында Еуропа одағының алғашқы кезеңдерін еске салды. «Кезінде Еуропалық экономикалық одақ құрылғалы жатқанда адамдар оған күдікпен қараған болатын. Ал олар бүгінгі күні бұл

Одақтан көп пайда көріп отыр. Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің бірлескен Одағының да болашағы жарқын болатынына сенемін», деді ол. Сонымен қатар, «егер экономикалық тұрғыдан бағалайтын болсақ, Еуропа одағы миллиондаған адамға байлық əкелді. Еуропа одағынсыз көптеген банктер, Еуропа елдері тарап, құрдымға кеткен болар еді. Үлкен экономикалық мəселелер туындар еді», деген Коскун Чоруз мемлекеттер арасында интеграциялық байланыс орнап, Одақтың құрылуы экономикалық даму тұрғысынан пайдалы екенін алға тартты. Экономикалық одақ кедендік кедергілерді жойып, ел экономикасын көтеруге жол ашады. Бұдан бөлек, елімізде шетелдік инвестиция көзін тарту көрсеткіші артады. ҚазақстанАвстрия қауымдастығының мүшесі Анна Цайтлингер де осындай пікірде. Оның айтуынша, Қазақстан үшін 170 млн. халқы бар базардың ашылуы – үлкен мүмкіндік. «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан шағын жəне орта бизнес өкілдерінің саны артып, дамуына жол ашылады. Интеграциялық бірлестіктер, отандық кəсіпкерлер өнімінің сұранысқа ие болып, əлемдік нарықта орын алуына септігін тигізеді. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі кезде сыртқы рынокқа 700-ден астам тауар шығарылады. Енді бұл көрсеткіш арта түспек.

«Бүгін біз тарихи оқиғаның куəгерлері болудамыз. Оның келешегi туралы көп айтылуда, əлi де айтыла бермек. Бүгiн мен Қазақстан-Австрия қауымдастығының атынан келiп отырмын. Бiздiң мақсат Қазақстанның мүддесiн Еуропада қорғау, Қазақстанға еуропалық инвесторларды, мамандарды, технологтарды тарту болып табылады. Еуропалық инвесторлар Қазақстанды перспективалы нарық ретiнде көредi. Еуразиялық ықпалдастықтың арқасында Қазақстан шетелдiк инвесторлар үшiн бастапқы алаң болады. Қазақстанды шетелдік инвесторлар бизнеске қолайлы, болашағы зор ел ретінде санайды. Еуропалық инвесторлар Қазақстанға келе отырып, Қазақстанның да, Ресей мен Беларусьтiң де нарығын игерудi көздейдi», деді Анна Цайтлингер. Еуразиялық экономикалық одақтың əр тарапқа да тигізер пайдасы мол, деп жалғады сөзін австриялық мейман. Қазіргі кезде қазақ жерінде шетел мемлекеттерінің қатысуымен 30-ға жуық инновациялық жоба іске асырылуда. Ендігі ретте Қазақстан базарына деген қызығушылық одан ары арта түседі. Осыған байланысты инвесторлардың қатары да көбейеді». Сонымен қатар, ол Еуразиялық экономикалық одақ төңірегінде қол жеткізілген келісімдер қағаз жүзінде қалмауы керектігін атап өтті. Анна Цайтлингер мəлімдегендей, Еуропа инвесторлары Қазақстанның осы бағыттағы əлеуетін мойындайды. Еуразиялық экономикалық одақ құрамына еніп отырған Қазақстан енді Еуропалық одақ төңірегінде, ТМД елдері арасында басты интеграциялық алаңға айналатын болады. Ал кəсіпкер Галяль Эльгор интеграциялық саясат ең алдымен кəсіпкерлер үшін

Ўзаќ жолдыѕ бастауы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысына арналған панельді сессия дөңгелек үстел отырысымен жалғасты. Оған М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің Пост кең естік кеңістікте қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу орталығының директоры Сергей Ракеда мен «Халықаралық энергия саясаты» орталығының жетекшісі Юрий Солозобов қатысты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұл күндері əлемнің əйгілі БАҚтары Астанаға көзін қадап, қол қойылған тарихи құжаттың мəнмағынасын талдау үстінде. Соның айғағындай, Астанаға атбасын əдейі тіреп, осында болып жатқан айтулы оқиғадан репортаждар əзірлеуге жан-жақтан журналистер ағылды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысына арналған панельді сессия да журналистер назарынан тыс қалмады.

ЕАЭО туралы шартқа қол қойыл ғаннан кейінгі қазақстандық жəне шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткен панельді пікірталас барысында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің Посткеңестік кеңістікте қоғамдық-саяси үрдістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Сергей Ракеда өз пікірімен бөлісті. Ол шартқа қол қойылғаннан кейінгі алда тұрған міндет ЕАЭО имиджін қалыптастыру мен атқаратын міндетін түсіндіруде жатқандығын

айтып өтті. «Менің көзқарасым бойынша, бүгінгі шарт белгілі бір кезеңнің аяқталуы ғана емес, жаңа ұзақ жолдың басталуы да. Осыған орай, алғашқы қадам жасалды. Ендігі жерде бізді жаңа істермен қатар, ортақ шешетін мəселелер де күтеді», деді ол. Оның айтуынша, еуразиялық интеграцияның дамуын бағалау ішкі ілгерілеудің көрсеткішімен ғана өлшенбейді, сырттан берілген баға да осы жауапкершілікті арқалайды. «Бұл жерде айта кетер басты мəселе, бүгінгі еуразиялық интеграцияның қандай сипатта екендігін түсінбеушілік пен ақпараттың жетіспеушілігі орын алуда. Бұл, əсіресе, Батыс, Еуропа елдеріне, сондай-ақ, саясисараптамалық қауымдастықтарға тəн. Сондықтан бізге Еуразиялық экономикалық одақтың қандай

аса қажет екенін алға тартты. «Интеграция – бұл қазіргі қалыптасып жүрген жаңа ұран. Интеграция арқылы адамдар бірбіріне жақындай түседі. Жақындасқан адамдар жұмыла жүріп, дамудың кең даңғылына түсе алады. Бұл ретте бүгінгі интеграциялық келісімді мен өте маңызды деп есептеймін. Бұл алдымен Одаққа мүше елдер халықтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға жағдай жасайды. Мүмкін, жақсылықтың бəрі бірден бола қоймауы да ықтимал. Бірақ болашақта интеграция игілігін міндетті түрде көреді, жақсы мүмкіндіктеріне қол жеткізеді. Мен мұнайшымын, сол себепті бұл саладағы зор мүмкіндіктерді білемін. Бұл бағыттағы Қазақстанның қуатын, байлығын бағамдаймын. Қазақстан əлемнің минералды байлығының айтарлықтай бөлігіне ие. Ал оның бəрін игеру, өндірісті дамыту, өнімді нарыққа шығару үшін сауда-экономикалық ықпалдастықтың пайдасы зор. Ал бүгінгі шарт осы мүмкіндіктерді ашып, барлық инвесторларға тиімді алаң тудырғалы тұр. Енді біз сіздердегі 17 млн. емес, 170 млн. халқы бар нарықты айтатын боламыз. Бұл – бизнес үшін өте ауқымды нарық. Мұнайшы ретінде, Қазақстан маған қашанда жақын, қазақстандықтар біздің ағайынымыз», деді Галяль Эльгор. Сондай-ақ, ол Қазақстан өнімін негізгі сатып алушылардың қатарында Италия, Қытай, Нидерланд, Франция, Щвейцария жəне Австрия мемлекеттері бар екендігін, ал бұл дегеніміз, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының айтарлықтай жоғарылағанын көрсететінін атап өтті. Ол өз сөзін Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанның сыртқы саясатын жетілдіре түседі деп аяқтады.

сипатта екендігін түсіндіретін имидж қалыптастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет деп ойлаймын», деді С.Ракеда. Дөңгелек үстел басында өз ойын ортаға салған «Ха лықаралық энергия саясаты» орталығының жетекшісі Юрий Солозобов: «Шартқа қол қою – барлығымыздың үлкен жеңісіміз, бұл – нақты салыстыра тексерілген интеграциялық қадам екендігін айтқым келеді. Біз көптен күткен Одаққа біріктік. Естеріңізге сала кетейін, Еуропалық одақ бұған 40 жылдың ішінде жетті, ал біз бірнеше есе жылдам уақытта қол жеткіздік», деді. Сарапшы, сондайақ, құрылып отырған Одақтың Еуроодақ пен Қытай сынды алыптар арасындағы ірі құрылым болып отырғанына тоқтала келіп, алып құрлықта ендей жатқан ЕАЭОның Еуропа мен Шығыстың арасын жалғастырудағы транзиттік мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол жаңа

құ ры лымда оны қолдану үшін барлық жағдай жасалғанын атап көрсетті. «ЕАЭО-ның тағы бір артықшылығы – шикізатқа тəуелділіктен арылу, шикізаттық емес индустриялы жəне экономиканың жаңа секторларын құру», деді Ю.Солозобов. Ол сарапшылар тобының үш елдің басшыларымен Тəуелсіздік сарайы жиынының сыртында сөйлесе алғанын да айтып өтті. «Жиын сыртында біз үш елдің президенттерімен сөйлестік. Үшеуі де риза. Президенттер парыздарын орындап, мақтаныш сезімде шықты. Олардың саяси көрегенділігі, табандылығы мен салмақты ақылынсыз бүгінгі мереке болмас еді. Президенттер біздің Одақ тек экономикалық екендігін атап өтті. Экономикалық шекарамен шектелу қадамы өте дұрыс. Əйтпесе, біз өзіміздің экономикалық проблемаларымызға «тұншығар» едік», деп ой түйіндеді сарапшы.

институт жүргізген əлеуметтiк сауалдамаға қатысқан қатардағы қазақстандықтардың басым бөлігі ықпалдастықты Қазақстан үшiн аса маңызды стратегиялық бағдар деп есептегенін тілге тиек етті. «Бiздiң институт тұрақты түрде түрлi əлеуметтiк зерттеулер мен сарапшылардың сауалдамасын жүргiзедi. Əлеуметтiк сауалдаманың нəтижесi жұртшылықтың Еуразиялық экономикалық одақты кеңiнен қолдайтындығын аңғартып отыр. Атап айтар болсақ, бiздiң халық Еуразиялық экономикалық одаққа кiру ел дамуының негiзi екендiгiн айтады. Сауалдамаға қатысқан қатардағы қазақстандықтардың 95 пайызы ықпалдастық Қазақстан үшiн аса маңызды стратегиялық бағдар деп есептейдi. Халық пен сарапшылар Еуразиялық интеграцияның келешегiнен зор үмiт күтетiндiгін атаған жөн. Сауалдама қорытындысы бойынша, оған қатысқан қазақстандықтардың 77 пайызы жəне сарапшылардың 88 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдастықты одан əрi дамыту керек деп есептейдi», дедi Ж.Құсманғалиева. Оның айтуынша, сауалдамаға қатысқандардың көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып отырған Қазақстан экономикалық табысқа кенелетiндiгiн атаған. Ықпалдастықтың артықшылығы ретiнде отандық бизнес өкiлдерiнiң се рiк тес елдер нарығына қол жеткiзетiндiгiн атап көрсеткен. Иə, бүгінге дейінгі талқылау барысында Еуразиялық экономикалық одақтан саяси астар іздеп, бұл ұйым ел тəуелсіздігіне нұқсан келтіретін бірлестік деп шулағандар да болған. Бірақ Интеграциялық зерттеулер институты жүргізген əлеуметтік сауалдама нəтижесі ондай ойдағылардың бар болса да өте сирек екендігіне көз жеткізіп отыр. Бұл пікірді брифингке қатысқан «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов те құптады.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бəсекелестік артып, керісінше, еліміз дами түседі. «Бəскелестіктен қорықпауымыз керек. Керісінше, біз оған дайын болуымыз керек. Барлық одақтарда, интеграцияларда тек əділ саясат жүргізген мемлекет жеңіске жетеді. Мұны қазір көріп жүрміз. Бүгінде елде бұрынғыдай «блатпен» жүретіндер азайды. Кімнің деңгейі жоғары, білімі бар, сол жақсы жұмыспен қамтылады. Ғалымдар, білімді азаматтардың жақсы өмір сүре бастағанын өз көзімізбен көре бастадық», деді Н.Ерімбетов. «Қоғамымыздағы антиеуразиялық көңіл-күйдің ауқымы үлкен емес. Осы ретте айтарым, толық тəуелсіз ешбір мемлекет жоқ, бəрі бір-біріне тəуелді. Біз осы ортада өмір сүруіміз қажет, одан қорқудың қажеті жоқ. Тəуелсіздігімізді ешкімге бермейтін ұрпақ өсті бүгінде. Ешкім де билікті ешкімге бермейді», деп толықтырды сөзін Н.Ерімбетов. Бұл ретте Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев: «Демократиялық қоғамда өмір сүргеннен кейін, алуан түрлі пікірдің болуы заңды. Кейбір адамдар өз қаупін білдіреді. Мен осындай пікірлерге талдау жасап көрдім. Біріншіден, Кеңес Одағы қайта құрылады, Қазақстан тəуелсіздігінің бір бөлігін жоғалтады деген қауіп айтылып жүр. Егер шарттың мəтінін оқысаңыздар, бұл интеграция тек экономикалық сипатта екеніне көз жеткізесіздер. Мемлекет басшысы бұл туралы анық айтты. Бізге, кəсіпкерлерге бұл интеграция қажет, бізге нарыққа шығу керек. Біз бірнеше рет Ресей базарына шығу мəселелерін көтергенімізді білесіздер. Осы кедергілерді жою үшін Одаққа қосылуымыз маңызды», деп түйіндеді. ––––––––––––––––– Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Лебіздер легі Əнес САРАЙ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Қазіргі қоғамда адамдар аса қадірлеп, бағалайтын құн дылықтарда түсінісу ерекше рөл атқарады. Өйт ке ні, татулық пен бір ліктің арқасында ғана жер бетіндегі байлық сақталып, берекелі ғұмырдың жалғасып жатқан жайы бар. «Береке басы – татулық» екені рас. Үш мемлекет басшылары бас қосқан жиынның ең бір басты қасиеті татулыққа шақыру болып табылады. Ал мемлекеттер арасындағы тыныштық пен ажырамас достықтың тап

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,

КСРО халық əртісі, Социалистік Еңбек Ері:

– Бүгінгі оқиға өмірде əр кез қайта лана бермейтін сирек əрі тарихи сəт деп айтар едім. Осы оқиғаның құрметіне Астана-Аре нада Қа зақстан мен Ресей мемлекеттерінің өнер қайраткерлері қатысқан үлкен мерекелік концерт болды. Əуелден өнер көгінде қатар самғап жүрген таланттарымыз өзара терең түсіністікпен, шығармашыл

Василий ПАЛАЕВ, «Қазақстан-Ресей бірлескен «Астана полюс СТ» кəсіпорны» ЖШС директоры:

– Мен Қазақстан Республикасының азаматы жəне жас кəсіпкер ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың құ ры луына қолдау білдіремін. Себебі, бұдан ең алдымен біз қызмет көрсететін қарапайым тұтынушылар ұтысқа шығатын болады. Олар тауарлар мен қызметтерді таңдап пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізеді. Осының əсерінен пайда болған жоғары бəсекелестік деңгейі импортталатын тауарлар мен отандық тауарлардың на рықтық бағасының шектелуіне алып келеді. Импорттың артуы орын алған

қазіргі қоғам үшін аса қажет дүние болып тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Үш елдің жақындасуын біреудің құқығына екінші біреулердің қол сұғуы деп жаңсақ түсінбеу керек, керісінше, түрлі қиғаштықтар белең алып тұрған заманда келеңсіздікке қарсы жұмылып бірге əрекет ету, мемлекет тыныштығын қорғауда үн біріктіріп, тізе қоса білу үш мемлекет үшін де өте қолайлы əрі пайдалы тұжырым деп білемін. Бұрыннан бір-бірін өте жақсы білетін үш ел басшыларының пайымы бізді, қаламгерлерді осындай əсермен баурады.

жүрекпен жиылған ел алдында өз таланттары мен қабілеттерін паш етті. Құдайға тəубе, бұл да болса жарасымды əріптестіктің беташары іспетті. Ол елге жақсы көңіл-күй сыйлады. Елімізді ерен биік терге шы ғаруға күш-жігерін аянбай еңбек етіп келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз. Біз мемлекетіміздің тағдыры мен тізгінін ұстаған алып жүректі азаматымызға кəміл сенеміз!

жағ дайда мұның да өзіндік жағымды əсері болатындығы анық. Өйткені, импорттың артуы бірінші кезекте жаңа техникалар мен технологиялардың келуіне жол ашады. Осылайша жаңа кəсіпорындар пайда болып немесе бұрынғы кəсіпорындар жаңғырту үдерісінен өтіп барып, жағдай қайта қалпына келіп, импорт шектеле түсетін болады. Бұл үлкен рыноктың өмір сүру заңдылықтарының бірі болып табылады. Оның үстіне бірлескен кəсіпорындар құрылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Осының барлығы ақыр аяғында біздің халқымыздың тұрмыс жағдайының жақсаруына əкеледі.


6

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

«Ќазаќстан-2050» їшін оѕтайлы орта Қазақстан, Беларусь жəне Ресей президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғаннан кейін Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың, Ресей Федерациясы Үкіметі төраға сының бірінші орынбасары Игорь Шуваловтың, «Беларусь Республикасы Даму банкі» басқарма төрағасы, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің Беларусь мемлекеті тарапынан мүшесі Сергей Румастың жəне Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте сөз алған Виктор Христенко Еуразиялық экономикалық одақ қызметін дұрыс жəне тиімді жүзеге асыруда Еуроодақ секілді үлгі бар екенін, сондықтан, бұл үлгі қандай да бір қателіктердің болмауына көмектесетінін жеткізді. «Сондықтан, Еуразиялық экономикалық одақ ауқымдылығы жəне тереңдігі жағынан Еуропалық одақтан кейін екінші Одақ болып табылады. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты институттық құрылымдар мен салаларды саралайтын болсақ, бұл Одақ – өңірлік интеграцияның толыққанды халықаралық ұйымы. Оның аясындағы мəселелердің барлығы елдердің ортақ консенсусы негізінде жүзеге асатын болады. Ал егер, Одақтың өзегіне келер болсақ, оның негізінде «4 еркіндік» жатыр. Олар: еркін сауда айналымы, қызмет көрсетудің еркіндігі, еркін капитал қозғалысы, еркін жұмыс күші», деді бұл орайда ол. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы өз

сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға оңтайлы орта қалыптастырып, тиімді жағдай жасай алады деген ойын жеткізді. «Еуразиялық экономикалық одақ өзінің мəні мен маңызы бойынша уақытында, яғни дер кезінде құрылып отырған ауқымды ұйым. Осы орайда, бұл ұйым сыртқы əлемдегі барлық тəуекелге жəне елдер үкіметтері өздері үшін белгілеп, айқындаған барлық стратегияға жауап ретінде құрылды», деді өз сөзінде В. Христенко. Оның айтуынша, интеграциялық бастама Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұлттық стратегиясы мен Ресейдің ұлттық стратегиясын да толықтыра түседі. «Демек, бұл ықпалдастық алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда біз үшін оңтайлы жағдай жасайтын болады», деді бұл ретте Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы. Брифинг барысында Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы артықшылықтар жөнінде Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов мəлімдеді. Бұл тұрғыда

ол былай деді: «Біз өтпелі кезеңдер төңірегінде өзара келісімге келдік. Олардың кейбірінің мерзімі өте қысқа, мəселен, президенттер бізге дəрілер мен медициналық өнімдерге қатысты аз уақыт ішінде келісімге келуді тапсырды. Яғни, біз дəрілік өнімдерді шығарып қана қоймай, оған қатысты шараларды бір ізге салуға қатысты жұмыстар атқаратын боламыз. Бұл үдеріс 2 жыл мерзімінде жүзеге асырылады». Сондай-ақ, ол күрделі салалар бойынша бірігу, түйткілді дүниелерге қатысты мəселелерді шешу үдерісі 10 жылға дейін жалғасуы ықтимал екенін тілге тиек етті. «Бұл орайда, біз осы кезең ішінде мұнайдың, мұнай өнімдерінің жəне газдың ортақ нарығы бойынша нақты келісімге келеміз деп ойлаймын», деді ол бұл орайда. Брифинг аясында Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақ оған мүше елдердің барлық азаматтарына осы елдердің əрқайсысында еш кедергісіз жұмыс істеуге жол ашатынына тоқталды. Оның айтуынша, бұл орайда, кез келген жұмысшының əлеуметтік жағдайы өзіне жұмыс орнын ұсынған елдің азаматының

əлеуметтік жағдайымен бір деңгейде болады. Сондай-ақ, Одақ аясында 3 ел арасындағы бəсекелестік артып қана қоймай, Қазақстан, Беларусь жəне Ресей азаматтары осы елдерде өздерінің жеке бизнесін ашуға мүмкіндік алатынын жеткізді. «Яғни, егер саған салықты төлеу қай елде тиімді болса, қай елде лицензиялық шаралардан жеңіл өтетін болсаң, я болмаса қай жерге жұмыс күші көп тартылатын болса, сен сол елде өзіңнің өндірісіңді ашуға мүдделі боласың. Демек, бұл бəсекелестікті арттырады», деді И.Шувалов. И.Шувалов сондай-ақ, келешекте Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде валюталық одақ мəселесі қаралуы мүмкін деген ойын да айтып қалды. «Бүгін Беларусь Президенті біздің Еуразиялық экономикалық одақты құра бастағанымызды, ал келешекте бұл Одақ барлық мəселелерді қамтитын толыққанды ұйым болатынын айтты. Біз 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Одақтың тетігін іске қосамыз. Бұдан кейін біз қаржылық одақты, я болмаса валюталық одақты құру туралы мəселені

Ыќпалдастыќ – елдердіѕ əлеуетін арттыратын кїш Келесі кезекте брифингке Израильдің Абсорбция министрлігінің бас ғалымы Зеэв Ханин жəне осы елдің Инфрақұрылым министрлігінің үйлестірушісі, саяси технолог Юрий Бочаров қатысты. Кездесуде сөз алған Зеэв Ханин өзге елдермен эконо микалық, дипломатиялық, сая си ынтымақтастық орнату тұрғысындағы мəселе бойынша өз ойын былайша жеткізді. «Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің интеграциялық үдерісі, əсіресе, экономикалық интеграция үдерісі бəрімізге қызықты жəне пайдалы деп ойлаймын. Біріншіден, біз «жеңіл емес» өңірде орналасқандықтан, Израильдің ірі халықаралық ұйымдармен, «мықты экономикалармен» өзара интеграцияда аса бай тəжірибесі бар. Ол – АҚШ. Себебі, бұл ел біздің ірі серіктесіміз. Одан кейін – Еуроодақ. Израиль соңғы уақытта жаңа нарықтарға шыға бастады. Ең бастысы, жоғары технологиялық нарыққа қадам басып келеміз». Сондай-ақ,ол экономикалық ынтымақтастықтың сан түрлі сала лары бойынша, мəселен, индустрияландыру, медицина салала ры ның аспектілері аясында ықпал дасып келе жатқандарын айтты. «Қазақстан жəне басқа да ел дер біздің əріптесіміз саналады. Қазіргі таңда біз Латын Америкасының, Оңтүстік жəне Шығыс Азия елдерінің нарығына шыға бастадық. Бұған қоса, Африка бағыты бойынша да қадам жасап келеміз. Əрине, бұл ретте бəрімізді, сарапшылық қауымдастықты, ғылыми-сараптамалық қауымдастықты, Израиль үкіметіне қарасты салаларда жұмыс істейтін ғалымдар шоғырын бір сауал толғандырады. Ол сұрақ: «Еуразиялық одақ дегеніміз қандай одақ, бұл, өңірде біздің алатын орнымыз қандай?» дегенге саяды. Бұл ең алдымен, кезінде Ресей империясы болған, Кеңес Одағы болған, посткеңестік кеңістік болған «Шығыс Еуропаның жандануы». Ал Израиль оның саяси мəдениетінің белгілі бір бөлшегі, Израиль халқының үштен бір бөлігі өзінің тамырымен дəл осы өңір арқылы байланысып жатыр. Сондықтан, еуразиялық өңір біз үшін тек қана «тағы бір мемлекеттер тобы» емес, бұл біздің тарихымыз, біздің жадымыз, бұл өңір – көптеген израильдіктердің шыққан, олардың туған немесе осы жермен қандай да бір тамырластық байланысы бар өңір», – деді ол. Сондықтан, біздің мұндай интеграциялық үдеріс аясында өзара қарым-қатынасымыз қалай болуы тиіс деген жаңағы сипаттағы сауалымыздың өзегінде бірнеше мəселе жатыр деп есептеймін, деп жалғады сөзін З.Ханин. Біріншіден, Израильдің Еуроодақ

сынды ірі ұйымдармен, еуропалық интеграциялық институттармен олардың ассоциацияланған мүшесі ретінде əріптестік орнатуда өз тəжірибесі бар. Біз соңғы уақытта бұл өңірде болып жатқан үдерістер жөнінде көп естіп, көп оқып жүрміз. Ең алдымен, Кеден одағы құрылды, енді, міне, экономикалық одақ құру үдерісі басталды. Бұдан кейін жоғары деңгейдегі Еуразиялық одақ құру, осы елдер арасындағы саяси үйлестіру мəселелері тұр. Мұны, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқан болатын. Бұл орайда, əрине, Кеңес Одағының қайта құрылуы мүмкін деген қауіптену тұрғысындағы мəселе қоғамды толғандырғанын білеміз. Үш елдің мемлекет басшылары қандай шешімді қабылдағанына қарамастан, бұл Одақтың ықтимал серіктестері мен шынайы серіктестері үшін қазіргі таңда «қырғи-қабақ соғыс» алдындағыдай қандай да саяси текетірес аясында қандай бір жаққа жақтасып шығу секілді ешқандай қажеттілік жоқ. Саяси интеграция мен экономикалық интеграция ара сында қандай да бір таңдау жасауға болады. З.Ханин келесі кезекте Израиль үшін осы үш елдің əрқайсысымен, я болмаса олардың барлығымен бірге экономикалық серіктес болу қарапайым, қалыпты қабылданатын прагматикалық таңдау екенін атап көрсетті. «Яғни, бұл жерде мəселені қиындатудың немесе ғалам дық-саяси қабылдауларға сəйкес, жаңа бір мəселе туындату дың еш ретін көріп тұрған жоқ пын. Екіншіден, Израиль көлемі жағынан шағын мемлекет болғанымен, технологиялық тұрғыда «супердержава» болып саналады. Біз еуразиялық интеграцияға байланысты танысып, білуге мүмкіндік берілген қолда бар қан дай да бір құжаттарды шолып шыққанымызда, не болмаса қандай да бір пікірлерге, құжат жобаларына қатысты сараптама жүргізгенімізде Израильді қызықтыратын салалар бар екенін де байқадық. Ол салалар – индустриялық экономика дан постиндустриялық экономикаға өту үдерісі, жоғары технологиялар жүйесіне жаңа элементтер енгізу. Ал егер, үш мемлекет өзара бірігетін болса, ал оларға болашақта басқа да экономикалық серіктестер ретінде басқа да мемлекеттер келіп қосылатын болса, бұл өз кезегінде дəл осы постиндустриялық экономикаға қажетті əлеуетті

кеңейтіп қана қоймай, сондайақ, ғылымға негізделген, жоғары технологиялық өндіріс орындарының жандануына да сеп болады. Бұл мəселе Израильді айрықша қызықтырады», деді Зеэв Ханин. Үшінші кезекте ол Израильдің жаңа өңірлік ұйыммен байланысы аясында Қазақстан-Израиль қа рым-қатынасын пайдалануға

мүмкін болатындығын, се бебі, бұл тəжірибе оң ауанға құрылғандығын атап өтті. «Маған сан түрлі себептерге байланысты бұл мəселені жақынырақ бақылауға мүмкіндік туған болатын. Мəселен, соңғы жылдары біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 есеге дейін өсті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұл Израильдің тауар айналымы энергия тасымалдаушыларды сатып алуына ғана байланысты емес, себебі, бүгінде Израиль – қазақстандық энергия көздерін тұтынатын ірі мемлекеттердің бірі. Алайда, ара-қатынас тек бұл саламен ғана шектеліп қалған жоқ. Қазір медициналық технология, биотехнология, хайтек, электроника, жаңа ақпараттық технологиялар салаларында да əріптестіктің жандануына қызығушылық та, мүдделілік те бар. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның экономикалық интеграцияның алаңы болғаны назар аудартарлық жағдай. Демек, Израиль бұл бастаманы құптайды, сондықтан, біздің бəріміз үшін «мүмкіндіктер терезесінің» ашылуын мейлінше пайдалану маңызды деп санаймын», деді ол өзінің сөзінде. Брифингке келген спикерлерге журналистер, сарапшылар тарапынан əртүрлі сауалдар да қойылып жатты. Мəселен, сондай бір сауал: «Əлемде бəрібір де геосаясат пен экономика бір-бірімен байланыста болады. Яғни, алшақ жатпайды. Демек, алдағы уақытта, яғни Еуразиялық одақ аясында Қазақстан өзінің сыртқы саяси тəуелсіздігін, көпвекторлы саясатын, өзінің тəуелсіз ұстанымын

қалай сақтауы керек? Бұл ретте Израильдің көзқарасы қандай?», деген тұрғыда қойылды. Юрий Бочаров бұл сұраққа былайша жауап берді: «Біздің қоғамда да дəл осындай мəселе туындап жатады. Егер сіздерде Қазақстан мен Ресей болса, бізде Израиль мен АҚШ. Көптеген БАҚ-тарда бұл мəселелер ашық түрде жазы-

лып, «бұл ел өзге елдің шылауына айналды» немесе «бұл ел АҚШтың айтқанына көніп, олардың айтқанымен жүретін ел» деген сипатта сынайтын сан түрлі пікірлер де ауық-ауық айтылып қалып жатады. Алайда, еліміздің ішкі дамуын саралай жəне бақылай келе, еліміздегі көптеген үдерістердің Израильдің үкіметі мен премьерми н и стрін ің бастамасымен , қол ға алуымен жүргізіліп келе жатқанын аңғарамын. Демек, бəрі де ел халқының ішкі күш-жігеріне, мемлекет басшылығының күшжігері мен мүмкіндігіне байланысты болады. Қазақстан туралы да осыны айтуға болады деп есептеймін. Бір ғана мысал. Мəселен, мен бүгін сіздердің Тəуелсіздік сарайларыңыздың жоғары қабатына көтеріліп, Астана қаласының даму жоспарын көріп, бақылаған кезде ол жерде Қазақстан басшылығының əр кезде əлем бойынша, өңір бойынша үнемі алда болу тұрғысындағы бар арман-мақсаты, тілегі, мүмкіндігі көрініс тапқандай екен. Бұл, əрине, құптарлық жағдай. Менің ойымша, Қазақстан Президентінің күш-жігері осыны жүзеге асыруға, белгілі бір елдің шылауына айналмауына толықтай жетеді деп ойлаймын жəне соған үмітім бар». Келесі кезекте журналистер тарапынан: «Ресейге жұмыс миграциясының көп тартылатыны, тиісінше, бұл елге миграцияның көптеп ағылатыны белгілі. Бұл орайда, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жұмыс миграциясы ағынының, еңбек ресурстарын пайдалану жүйесінің өзгеруіне, яғни оның күшеюі мен азаюына

де зерттеуіміз керек секілді. Бірақ, бұл – алдағы уақытта қарастырылатын мəселе, себебі, ол бүгінгі күн тəртібінде тұрған жоқ», деді ол бұл ретте. Ал Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловтың сөзін жалғастыра келе, ешқандай валюталық одаққа қатысты мəселе туралы əңгіме алдағы уақытта да қозғалуы мүмкін еместігін атап өтті. Өзінің ресейлік əріптесінің бұл ойына қатысты пікірін Б. Сағынтаев былайша жеткізді. «Жаңа Игорь Иванович күн тəртібінде тұрмаса да, қаржылық, валюталық одақ туралы мəселе жөнінде айтып қалды. Алайда, бұл мəселеге қатысты дұрыс түсінік қалыптасуы үшін мен мынаны айтар едім. Бұған дейін мемлекет басшылары деңгейінде де, үкімет басшылары деңгейінде де бұл мəселені біз талқылап, қарастырған емеспіз. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаржы орталығы ретінде, алайда ол ұлтүстілік қаржылық реттеушілік тұрғысында қалыптасатынын айтты. Бірақ ол жерде ешқандай қаржылық, я болмаса валюталық одақ туралы əңгіме болған емес», деді ол бұл орайда. Сондай-ақ, Б. Сағынтаев жаңадан құрылған Еуразиялық экономикалық одақ тек экономикалық ықпалдастыққа негізделгенін жеткізе келе, бұл тиісінше елдер экономикаларының бəсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті. «Бүгін үш елдің мемлекет басшылары қол қойған шарттың мазмұнына тоқталатын болсақ, онда ЕАЭО аясындағы жұмыстар тек экономикалық мəселелерге негізделгені жəне негізделетіні анық көрсетілген. Яғни, жаңадан құрылған Еуразиялық экономикалық одақ үш мемлекеттің өзара экономикалық ықпалдастығын толықтай қамтамасыз

əсер ете ме?» деген сауал қойылды. Бұл сұраққа Зеэв Ханин: «Əлемдік тəжірибеге көз жүгіртер болсақ, əрине, азаматтар əлеуеті төмен елдерден гөрі, əлеуеті жоғары елдерге көптеп ағылатынын білеміз. Сондықтан, 3 елдің ірі индустриялық орталықтарына миграциялық ағын көптеп тартылуы мүмкін. Бұл, əсіресе, осыған əсер ететін тетік тиімді жəне дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, заңдық тұрғыда қамтамасыз етілген жағдайда кең етек алуы мүмкін. Екінші жағынан алғанда, егер, Израиль мен Еуропа əріптестігінің тəжрибесіне көз жүгіртер болсақ, бұл мəселеде кедергілер неғұрлым аз болса, бірінші кезеңде миграциялық ағын көбейіп, одан кейін ол жағдай тұрақталып, артынша кері ағын орын алуы мүмкін. Мəселен, Израильден 1970, 1980, 1990-жылдары, əсіресе, кəсіби кадрларға байланысты күрделі миграциялық үдеріс болған еді. Олар көбінесе, АҚШ-қа, Еуропаға, Ресейге ағылды. Алайда, 2008 жылдан кейін біз кері үдерістің орын алғанын, яғни мықты израиль мамандарының өз елімізге қайта оралу үдерісін көптеп байқап келеміз. Олардың артынан шетелдік мамандар да тартылуда. Сондықтан, миграцияға «біржақты қозғалыс» ретінде қарауға болмайды. Демек, Еуразиялық экономикалық одақ тудыратын мүмкіндіктер бұл мəселені де жүйелеуге де жол ашады деп есептеймін», деп жауап берді. Брифинг барысында спикерлерге алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер санының артуы, мəселен, Израильдің де осындай интеграциялық үдеріске тартылу мүмкіндігі тұрғысында да сауалдар қойылды. Бұл орайда, өз ойын білдірген Юрий Бочаров: «Егер, сіздерде барлығы жақсы болса, тиісінше, көп елдердің тартылу мүмкіндігі де жоғары болады. Иə, Израильді осындай нарықтың, осындай экономикалық мүмкіндіктердің қызықтырмай қоймайтыны сөзсіз. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуының астарында тек экономикалық кедергілерді шешу жолдары ғана жатқан жоқ, оның астарында елдердің өз ішіндегі саяси, заңдық-нормативтік, бюрократтық мəселелерді де шешу бар. Қазір əлемде асқынып тұрған мəселелердің бірі – ол бюрократия. Кез келген президент, кез келген премьер қазіргі кезде өз еліне тиімді шешімді қабылдағысы келеді. Ал бұл шешімді іс жүзінде жүзеге асыру өте қиын. Ал қазір сіздер дəл осындай сипаттағы мəселелерді шешіп жатырсыздар, осындай мəселелермен күресіп жатырсыздар. Ал сіздер осындай кедергілерді жойып, ішкі мəселелерді толықтай шешетін болсаңыздар, онда сөзсіз, Таяу Шығысқа ғана емес, əлемнің басқа елдеріне де қызығушылық тудыратын боласыздар. Ол кезде сіздерге барлығы тартылатын болады», деді.

етеді. Демек, бұл – Одақтың өзегінде ешқандай да саяси астар жоқ деген сөз. Сол себепті, Одақты құру кезінде саяси мəселелер қарастырылмады. Атап айтқанда, əр тəуелсіздік, қауіпсіздік секілді мəселелер тек əр елдің өзінің ұлттық деңгейінде ғана шешілетін болады», деді бұл орайда Б.Сағынтаев. «Беларусь Республикасы Даму банкі» басқарма төрағасы, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің Беларусь мемлекеті тарапынан мүшесі Сергей Румас Еуразиялық экономикалық одақты құруға қатысты шартты əзірлеу барысында Беларусь мемлекеті прагматикалық экономикалық мақсатты көздегенін жеткізді. «Беларусь посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістің белсенді жақтаушысы болған жəне бола береді де. Ең бастысы, біз Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден одағының толық пішінді базасы аясында құрылуына айрықша мəн бердік. Яғни, бұл жерде қандай да бір шектеулер мен кедергілер орын алмауы тиіс», деді ол. С.Румас келесі кезекте əртүрлі себептерге байланысты əріптестердің тауарлар айналымы жолында кездескен кедергілерді аз уақыт ішінде алып тастауға дайын болмай қалғанына, сондықтан тауар айналымы мəселесі бойынша 2050 жылға дейін өтпелі кезең болатынына тоқталды. Бұған қоса, ол кейбір «өте нəзік» мəселелер бойынша екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті. «Мəселен, 2025 жылдары мұнай жəне мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қалыптасқан кезде Беларусь мұнай өңдейтін зауыттарына қажетті мұнаймен толықтай қамтамасыз етілетін болады», деді ол өзінің сөзінде. Брифинг соңында оған қатысушылар еуразиялық ықпалдастыққа қатысты журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Лебіздер легі Аягүл МИРАЗОВА,

Қазақстанның Еңбек Ері, Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры:

– Еуразиялық эконо микалық одақ идея сының авторы Елбасымыз Нұрсұлтан Əбіш ұлы Назарбаев екені – əрбір қазақстандық үшін мерей. Өйткені, осыдан 20 жыл бұрын Президентіміз осы идеяны алғаш айтып, содан бері оны жетілдіріп, бұған қазіргі заманда бірден-бір дұрыс халықаралық қарым-қатынас түрі екеніне өзге елдердің де көзін жеткізді. Əлемдік өркениет дамуы осы идеяның өміршеңдігін көрсетті. Бұл халқымыздың да, Одаққа енген елдердің де жаңа бірлестікке сенімін күшейтіп, қолдауға ие болғанын көрдік.

Егор КАППЕЛЬ,

Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Еуразиялық эконо микалық одаққа қол қойылуы тарихи оқиға. Астанада өткен осы қол қою рəсіміне Армения мен Қырғызстан басшылары арнайы келіп отыр. Басқосу барысында Арменияның бірінші болып ЕАЭО шартына қосылуы ерекше аталды. Жалпы, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық танытып отырған елдер көп. Жақын болашақта оның қатары тағы да бірнеше елдермен толығып жатса, оған таңданудың қажеті жоқ. Өйткені, қазірдің өзінде тауарлар мен қызметтің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуы үшін Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ,

Қазақстанның халық əртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

– Осыдан жиырма жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ болады дегенде, біз аң-таң болдық. Бұл өзі іске асатын дүние ме, аспай ма деп. Мен өнер адамы ретінде бұған өрісім жетіңкіремеді сол кезде. Міне, араға жиырма жыл салып осы тарихи құжат ресімделіп, қол қойылып отыр. Бұл тарихи сəт. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясаткерлігінің нəтижесінде қол жеткізген биік. Үш ел ықпалдасып, мəдени-ғылыми, сондай-ақ экономикалық қарымқатынастарын күшейту, сөйтіп, мынадай заманда бейбітшілік пен тұрақтылықтың туын көтеру

Міне, сол идеяның жеңісі мен жемісіндей болған қол қою рəсіміне қатысып, үш мемлекет басшыларының дидарласуына куə болдық. Атам қазақтан қалған аталы сөз бар. Ол «Алыстан ар балағанша, жақыннан дорбала» дегенді білдіреді. Шынында, іргелес көршімен тату-тəтті болу қай жағынан болса да тиімді. Енді ортақ мақсатқа біріккен жұрттармен ой бөлісуге тəжірибе алмасуға мүмкіндік мол болады. Төрткүл дүниеге қарап отырсаң, алыс-беріс, барыскеліс жасамаған бір мемлекетті кездестірмейсің. Мына Еуразиялық экономикалық одақтың мəн-маңызы да соны тереңдете түседі. барлық жағдайлар жасалуда. Егер кейбір мəліметтерге жүгінсек, тауар айналымында өсім барлығын байқауға болады. Мысалы, Еуразиялық экономикалық комиссияның мəліметтері көрсеткендей, соңғы үш жылда еліміздің Ресейге жеткізетін тауарлары 10 пайызға артқан. Оның үстіне шекаралық кеден бекеттерінде жүк тасымалын ресімдеуге бұрын ұзақ уақыт жұмсалып келсе, қазір 20 минуттай ғана уақыт қажет екен. Осының өзі одақтың тиімді екенін жəне түйткілді мəселелерді бірлесе шешуге болатынын көрсетеді. Олай болса, барлық шешім өзара тиімділікке негізделген жерде ұтарымыз да көп. деген əркімнің басына бұйыра бермейтін бақ. Бауырлас қырғыз бен армян халқы да бұл одақтың аясына ту тігіп, бір мүдде төңірегіне топтасамыз деп отыр. Олар əрине экономикалық өсуі бар, табиғи ресурстарға бай мемлекеттермен бір кемеде болғысы келіп отырғаны анық. Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясы – Елбасының алысты болжай білетін көреген саясаткерлігі мен заман тынысын дөп басатын кемеңгерлігінің айғағы. Жиырма жыл бұрын көршілес мемлекеттер өз алдына арна боламыз, сонда қайда барамыз деп сəл дағдарып қалған тұста осындай ой қозғап, батыл шешімге, баршаға ортақ пайда əкелетін ғасыр жобасына тəуекел ету, оны күн ілгері болжай білудің өзі таң қаларлық жəне қуанарлық құбылыс.


ҮНДЕСУ

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Аргентинаның Сыртқы істер жəне ғибадат ету министрі Эктор Маркос Тимерманмен кездесті. Қ.Тоқаев сапардың екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа қуатты серпін беретініне сенім білдірді.

Парламентаралыќ байланыстар жайы талќыланды

Сенат Төрағасы мейманның сапары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа қол қойылатын тарихи күнге тұспа-тұс келгеніне назар аударды. Э.Тимерман бұл оқиғаның алға қарай жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Сенат Төрағасы Қазақстанның жоғары заң шығару органының құрылымы жəне қызметімен таныстырды. Ол Қазақстан Парламенті мен Аргентинаның Ұлттық конгресі арасындағы тікелей байланыс орнатуды ұсынды жəне аргентиналық сенаторларды Астанаға келуге шақырды. Жүздесушілер сондай-ақ, екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталарында депутаттардың

ынтымақтастық топтарын құру қажеттігін атап өтті. Қ.Тоқаев Аргентинаны Астанада болатын ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенділікпен қатысуға шақырды жəне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына Қазақстанның кандидатурасын Буэнос-Айрестің қолдауына үміт артатынын жеткізді. Аргентина СІМ-інің басшысы Қазақстан мұндай мəртебеге лайық екенін жəне дүниежүзілік ұйым жұмысына біздің еліміздің белсенді араласуы істі жақсы жағына өзгертуге, оның ішінде, шиеленістерді реттеуге көмектесетіні туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Ґзара іс-ќимыл дами тїспек Еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметов мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ас танаға келген ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті. Кездесу барысында əскери жəне саяси ынтымақтастықтың ағымдағы жəне перспективалық мəселелері, қазіргі заманғы қауіпқатерлерге қарсы əрекет ету, Ұйымның жауапкершілік аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пікір алмасылды.

7

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

Əскери-техникалық ынтымақтас тық тың «ҰҚШҰ қызметі маңызды аспектілерінің бірі» екенін атап өткен тараптар, ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс-өнеркəсіптік кешені саласындағы өзара тиімді байланыстарды əрі қарай дамытуды қолдап пікір білдірді. Ұжымдық жедел ден қою күштерін нығайту мəселелеріне тоқталған С.Ахметов ағымдағы жылдың тамыз айында ҰЖДҚКнің «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуы өткізілетіні туралы хабарлады. «Егемен-ақпарат».

Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ шартына Ґскемен, Барнаул жəне Могилев кəсіпкерлері телекґпір арќылы ќолдау білдірді Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ құру шартына қол қоюы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы, Ресей Федерациясының Алтай аймағы жəне Белоруссияның Могилев облысы арасында «Еуразиялық экономикалық одақ: кəсіпкерлік үшін артықшылық пен болашақ» атты телекөпір өтті. Оған аталған аймақтардың басшылары, ауыл шаруашылығы, индустрия жəне өндіріс саласындағы кəсіпкерлері, студенттік құрылыс жасақтарының өкілдері қатысты. Бүгінде Шығыс өңірінде Ресей жəне Белоруссия мемлекеттерімен бірлескен 250-ден астам кəсіпорын жұмыс істейді. Яғни одаққа мүше елдердің өңірлерімен тығыз əрі тиімді экономикалық байланыс жолға қойылған. Телекөпір барысында өңір басшысы Б.Сапарбаев аймақаралық қарым-қатынастар барлық сала бойынша нəтижелі болып отырғанын атап өтті. Өткен жылы Шығыс Қазақстанның Барнаул жəне Могилев өңірлерімен арадағы тауар айналымы 1 млрд. 800 млн. долларға жетті. – Интеграциялық үдерістерді дамыту ертеде басталған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық одақ құру жөніндегі идеяны осыдан 20 жыл бұрын, 1994 жылы Мəскеу мемлекеттік университетінде оқыған дəрісінде айтқан еді. Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық байланыстар 2000 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрудан басталды. Осы уақыттан бері ұлттық экономиканы жаңғырту жəне кəсіпкерлердің бəсекеге қабілеттілігін күшейту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінде Қазақстан, Ресей, Белорус сия мемлекеттері айтулы экономикалық одаққа қол қоюға дайын. Телекөпірге қатысушы өңірлер дің орталықтары Өскемен, Бар наул жəне Могилев бауырлас қалалар болып табылады. Еура зиялық экономикалық одақ

– ірі кəсіпорындар арасындағы байланысты нығайта түсуге септігін тигізеді. 170 миллионға жуық халқы бар үлкен нарыққа жол ашады. Жаңа технологиялар мен идеялар алуға мүмкіндік туады, халықтың əлауқатын арттырады. Экономикамен қатар ғылым, білім, денсаулық, туризм салалары да тың тынысқа ие болады, – деді өңір басшысы. Ресейдің Алтай аймағының губернаторы А.Карлин өзі жетекшілік ететін өңірдегі тауар айналымының үштен бірі Қазақстанға тиесілі, оның ішін де Шығыс Қазақстан жəне Павлодар облыстарының үлесінде екенін жеткізді. Сондай-ақ, кеше ғана Алтай аймағында инже нерлердің қатысуымен өткен вагон құрылысына арналған халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияда үш елдің ғалымдары жылжымалы теміржол құра мының сынақ орталығын құруға келіскенін жеткізді. Бұл – одаққа мүше елдердің көлік жəне тасымалдау саласындағы əріптестік байланыстарын жетілдіре түсуге көмектеседі.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖАҢА БИІКТЕРІНЕ!

БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН ЖƏНЕ РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Экономиканы нығайту арқылы даму тұрақтылығын арттыру Ұлттық экономикаларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашу Ұлттық мемлекеттілікті нығайту

Белоруссияның Могилев об лы сы басшылығы арада мың даған шақырым жатса да өңір лерді жақындастыратын эконо микалық байланыстар мен адами бауырластық туралы айта келіп, өз елдерінде кəсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай барлығын жеткізді. Могилев облысы атқару комитетінің төрағасы П.Рудниктің айтуынша, Кеден одағы шеңберінде тауар айналымы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мысалы, 2010 жылы 2 млрд. доллар болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 2,8 млрд. долларға ұлғайған. Біз елдеріміздің арасындағы байланыстың жаңа тарихи кезеңінде тұрмыз, деді П.Рудник. Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін үзіліп қалған кəсіпорындар арасындағы байланыстың жандануына мүдделі екенін, Еуразиялық одақтың экономикалық əріптестікке тежеу жасайтын түрлі кедергілерді жоюға көмектесетінін жеткізді. – Могилевтіктердің əлеуеті өте жоғары. Өлкемізде 200-ден астам ірі кəсіпорын, 1 мыңға жуық орта жəне шағын өндіріс

Экономикалық прагматизм Егемендікті сыйлау

Еуразиялық кеңістіктің ашықтығы

Юрий АРАВИН,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, музыкатанушы:

– Мұндай тарихи оқиғалар туралы, əрине, қоғамда түрлі пікірлердің қатар айтылып жатуы заңды құбылыс болып есептеледі. Біз таза өнермен айналысып жүрген адамдармыз. Өмір бойы, тіпті, бүкіл саналы ғұмырымды қазақтың рухани дүниелеріне арнадым десем, қате емес. Əкем Петр Васильевич кезінде Құрманғазы, Дəулеткерей сынды дарабоз дала күйшілеріне жүрегімен жүгініп қалай қызмет етсе, тағдыр маған да сол əке жолын əрі қарай сабақтауды Ольга ШИШИГИНА,

Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою, Елбасының сөзіне сүйеніп айтар болсақ, еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның жаңа, сапалық кезеңінің дамуына негіз қалап отыр. Негізінен бұл Одақ елдердің экономикалық қарым-қатынастарын

Қазақстанның халық əртісі, профессор:

– Тарихтың қойнауларында сан түрлі теперішті көріп, алмағайып замандарды бастан өткерген халқымыздың көңілінде көп алаң болса да, көршілермен тату болғаннан ел ешқашан ұтылмайды. Тəуелсіздікке қол жеткізіп, оны тұғырлы етуге ұмтылған тұс та Ел басымыз бұл əріптес тік те елдіктің барлық мүдде лерін қорғайтынына сену керек. Жаһандану Ольга РЫПАКОВА, Лондон Олимпиадасының чемпионы:

Дамудың эволюциялылығы

Еріктілік

Барлық шешімдерді қабылдаудағы тең құқықтылық Еуразиялық интеграция институты дайындаған.

Шығыс Қазақстан облысы.

Лебіздер легі

Есмұхан ОБАЕВ,

БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН ЖƏНЕ РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

орындары жұмыс істейді. 200-ден астам ауыл шаруашылығы ұйымы, 30-дан астам қайта өңдеу кəсіпорны бар. Сондықтан, бірлескен кəсіпорындар ашып, өзара тиімді əріптестік құруға болады, – деді Могилев өңірінің басшысы. Телекөпірге қатысушылар өңірлердің телеарналары дайындаған шағын сюжеттер арқылы экономикалық байланыстарға біршама қан ық бол ды. 1 999 жыл ы шығыс өңірінде 15 бірлескен кəсіпорын тіркелсе, бүгінде олар мыңдап саналады. Қазақстан-Ресей бірлескен кəсіпорындары ішінде «Бипек», «Азия Авто» компаниялары өңір экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосқан. «Кэмонт» АҚ, «Қазроспромарматура» ЖШС да белсенді түрде жақын нарыққа өнімін тасымалдап келеді. Ресейліктер Барнаулдағы Алтай педагогикалық академиясында ашылған қазақ мəдени орталығының қызметі туралы əңгімеледі. Шығыс Қазақстан мен Алтай аймағындағы ЖОО ректорлары өзара əріптестік туралы меморандумға қол қойыпты. Сібір қалаларында шығысқазақстандық студенттер білім алуда. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында педагогикалық лагерь ашылған. Барнаулды Шығыс Қазақстанмен жалғайтын жол жөндеуден өткізілген. «СемАЗ» ЖШС директоры Ə.Досқожанов 2009 жылдан бері Семей қаласында 5 мыңнан астам «Беларус» тракторы шығарылғанын жеткізді. Жыл сайын 1300-1500 дана трактор шығаратын зауыт Белоруссиядан 30 млн. доллардан астам қаржыға бөлшектер сатып алады. Оның ішінде Могилев облысымен ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды жинау саласында бірқатар байланыс орнатып үлгерген. Ал Алтай аймағы халықаралық жəне өңіраралық байланысты қамтамасыз ету бойынша басқарма басшысы А.Жилиннің айтуынша, Шығыс Қазақстан өңірімен тау-кен өндірісі саласындағы байланыстарды дамытуға мол мүмкіндік бар. Қазақстандық, ресейлік жəне беларустік кəсіпкерлер эконо микалық интеграция нəтижесінде шекарааралық кедергілердің жойылып, тауар тасымалдау жүйесі оңтайландырылғанын, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы кəсіпкерлікті кемелдендіруге қызмет ететінін жеткізді.

– Үш бірдей мемлекеттің қоғамдағы белгілі де беделді тұлғаларымен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу салтанатына куə болғаныма ерекше қуаныштымын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Астана Еуразиялық экономикалық одақтың бесігіне айналып отыр.

жаз ғаны Жаратқанның ерекше сыйы деп білемін. Мұны айтып отырғаным, қазақ пен орыстың арасындағы мəдени-достық байланыстардың тағылымын бер жақтан ғана іздемеу керек, оның тамыры – тым тереңде. Біз бір-бірімізбен жаңадан кездесіп, бір-бірімізді енді танып жатқан халық емеспіз. Орыс қазақ тың, қазақ орыстың жанын жақсы түсінеді. Ал Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясына келсек, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бұл мəселені алғаш Мəскеу университеті қабырғасында көтергені жадымызда. Араға бірнеше жылдар салып

жүзеге асқалы отырған идеяның міне, енді, бастаманың иесі – қасиетті қазақ топырағында ресми бекітілуі біз үшін, жалпы, Қазақстан халқы үшін өте маңызды да тарихи оқиға болып саналады. Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттері басшыларының келешекті, бейбітшілік пен тұтастықты ойластыра ортаға салған ойларын толығымен құптаймын. Еуразиялық кеңістік ықпалдастығының үш өлшемі – экономикалық, əскерисаяси жəне мəдени-гуманитарлық өлшемдері алдағы уақытта, ең алдымен, халқымыздың тыныштығы мен тұтастығына, рухани игілігіне қалтқысыз қызмет ете береріне толықтай сенемін.

дамытып қана қоймай, рухани-мəдени, спорт салаларында да өзіндік байланыстардың серпінді дамуына игі ықпалын тигізетін болады. Əсіресе өзіме жақын спорт саласын алар болсақ, Ресей мен Беларусь спортшыларының жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Жақында ғана Ресей хоккейшілерінің əлем

чемпиондығын жеңіп алуы соның жарқын көрінісі болса керек. Міне, осындай спорт саласында табысты саналатын елдермен өзара тиімді байланыстар орнатуымыз ұтымды. Оның үстіне тəжірибе алмасуға жəне бір- бірімізбен əрлі-берлі еркін қатынап тұруымызға мүмкіндік туып отыр. Сөз соңында ерекше айтарым, Одақ елдердің жаһандық бəсекеде бəсі биік тұруына өзіндік ықпалын тигізері дəлелдеуді қажет етпесе керек.

заманында айналамыздағы ағайындармен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бір-біріміздің əлеуетімізді пайдаланып, алға жылжудың мəселесі қай кезде де бар болды. Сондықтан іргеміздегі мемлекеттермен қырғиқабақ болып, шекарамызды бітегенше, стратегиялық көршілерімізбен тату болып, тауар алмасып, алыс-берісті көбейткеннен қарапайым халық ұтылмайды. Кəсіпкерлерге де жол ашылады. Өнер айдынында

көрермендеріміз бен гастрольдік сапарларымыз көбейеді. Өрісіміз кеңиді, өреміз көтеріледі. Елбасымыз бұл Одақта терезесі тең əріптестік болатынын, егемен елдер бір-бірінің ішкі саясатына қол сұқпайтынын қадап айтып келеді. Кезінде «ескі» Еуропадағы елдер де одақтасудан қорқып, мұның келешегіне күмəнмен қараған жоқ па еді?! Енді Еуразия кіндігіндегі мемлекеттер бір-бірінің мүддесін қорғап, бірігіп жатса – оны қолдау керек.

Елбасымыз жаңа құрылымның тек экономикалық интеграцияға негізделетінін қадап айтты. Ендеше, халқының əл-ауқатын көтеруді қалайтын елдердің барлығы да алып аумақты алып жатқан Одаққа енуді қалайды. Осындай айтулы тарихи сəтке куə бола отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қайраткерлігіне тəнті болдым. Ол – шын мəніндегі саяси көшбасшы! Келісімге қол қойған Ресей,

Белоруссия елдерін экономикалық байланыстардан бөлек салалар да біріктіреді. Мəселен, спорт. Мен Ресей, Белоруссия спортшыларымен тығыз байланыстамын. Аталған елдердің спортшыларымен тек қарсылас қана емес, қарапайым өмірдегі шынайы достармыз. Олимпиада чемпиондары Татьяна Лебедева, Анна Чичерова жəне басқа да əріптестерімізбен үнемі хабарласып тұрамыз. Елбасының бастамасымен құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың өте ұтымды идея екенін айтқым келеді.

АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

Осы аптада Үкімет отырысында бірнеше маңызды мəселе, атап айтар болсақ, жылу-энергетика кешенін дамыту, инвестиция тарту, көктемгі дала жұмыстарының барысы, техникалық реттеуді дамыту жоспары, сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары қаралды. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЭКСПОРТТАЙМЫЗ Отырыстан соң Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, баспасөз мəслихатын өткізген Үкімет мүшелері аталған мəселелер жөнінде баяндап берді. Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев Үкімет отырысында талқыланған еліміздің 2030 жылға дейінгі отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасына тоқталды. Ə.Исекешевтің айтуынша, құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігімен мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп

мiндетi ретiнде елiмiздi ядролық отынды толық циклда игеретiн мемлекет етуді мақсат етіп отырмыз», дедi Ə.Исекешев. Вице-премьер сөз арасында Ресейге бағытталатын қазақстандық көмiрдiң экспорттық көлемi азаятыны жөнінде де айтып өтті. «Бiз былтыр 112 млн. тонна көмiр шығардық. 2030 жылы 100-120 млн. тонна дəлiзiнде қалуды жоспарлаудамыз. Бұл 2030 жылға дейiн көмiр жылу электр стансаларының негiзгi ресурсы болып қалатынымен байланысты. Дегенмен, биыл Ресейге экспортталған көмiрдiң көлемi 30 млн. тонна көлемiнде болды жəне ол төмендей бастады», деді Ə.Исекешев. Оның сөзiне қарағанда, ұзақ мерзiмдi

30 мамыр 2014 жыл

саналады. Яғни, ол мұнай өндірісімен тығыз байланыста жəне соған орай мұнай өндіру де біз алатын газды қалай таратуымызға байланысты. Біріншіден, біз алынған газдың бір бөлігін сатсақ, қалғанын сұйық көмірсутегін өндіру үшін жер қойнауына кері айдаймыз», деді министр. Оның атап өтуінше, əлемде аса жоғары белсенділік газды қайта өңдеу салаларында анық байқалады. Осыған байланысты министрлік Елбасының тапсырмасына сəйкес газ саласын дамытудың арнайы тұжырымдамасын жасауда. Бұл ретте «осы құжат үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында Үкімет қарауына енгізілетін болады. Бұл тұжырымдама отандық газ өнеркəсібін дамытуға тың серпін береді», деді Ұ.Қарабалин.

ИКЕМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫЌ АХУАЛ Үкімет отырысында сондай-ақ, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі ұсынған Шетелдік жəне отандық тікелей инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралардың кешенді

Сонымен қатар, инвес тор лардың мүдделерін жəне құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде «инвестициялық омбудсмен» институты енгізілуде. Заңнамамен Салық кодексіне, инвестициялар, табиғи монополиялар жəне реттелетiн нарықтар, халықты жұмыспен қамту, халық тың көші-қоны ту ра лы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. «Жасалатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемле кеттік қол дау дың қосымша шара лары енгізіліп отыр, олардың ішінде 10 жылға КТС төлеуден босату, 10 жылға жер салығын төлеуден босату, 8 жылға жылжымайтын мүлікке салық төлеуден босату, нысан пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күр делі шығындарын 30%-ға дейін өтеу қарастырылған», деді М.Құсайынов. Бұдан өзге, инвесторлармен келісімшарт жасасқан сəттен бастап 10 жылдық мерзімге салық став ка лары ның (ҚҚС жəне акциздерден басқа), экологиялық төлемдер мен алым дардың «тұ рақ тылығын» енгізу көзделіп отыр. Сонымен бірге,

Маѕызды міндеттер межесі Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

əзiрленген. «Мұнда қуаттың балансы 2030 жылға дейiн көрсетiлген. Бiзде үш аймақ бар: оңтүстiк, солтүстiк жəне батыс. Ол баланс 2030 жылы бiзде электр энергиясынан тапшылық болмайтындай етiп жасалды. 2030 жылға қарай атом электр стансалары энергобалансқа кiретiндiктен, қосымша қуат пайда болады. Бiздiң электр энергиямыз экспортқа шығады», дедi ол. Ə.Исекешев сондай-ақ, бүгiнгi таңда жаһандық сын-қатерлерге байланысты энергетикадағы инвесторлардың ойын ережелерiн өзгерту қажеттiгi туындап отырғанына тоқталып, қазiргi уақытта электр энергетикасы саласында жекешелендiру жүрiп жатқанын, сондықтан саланың дамуына қажеттi құрылымдық өзгертулер аталмыш тұжырымдамада көрсетiлгенін, онда бiрнеше блоктар, мəселен, электр энергетикасы, уран өндiрiсi, көмiр өнеркəсiбi мұнай-газ секторы қамтылғанын айтты. Мұнымен қоса, тұжырымдамада электр энергетикасының нысандарына инвесторлар тарту қарастырылған. Осы орайда бұл саланы тартымды етудiң кешендi шаралары жасалған. «2030 жылға дейін Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында басты электр стансалары үшін «белгіленген кірістер» ұғымы енгізіледі, деді Ə.Исекешев. Электр энергетикасы саласындағы рет теу бағаның өсіміне жол бермеуі тиіс. Яғни, генерация секторы бойынша маржиналдық кірістерден кету мақсатында «белгіленген кірістер» ұғымы енгізілгелі отыр. Вице-премьердің айтуынша, тарифтік саясат пен жеке инвесторлар үшін саланың тартымдылығын сақтау арасында балансты табу өте маңызды болды. Бұл тарифтік саясатқа сəйкес болуы тиіс. Исекешевтің айтуынша, сондай-ақ, нарықтағы үдеріс ашық болуы үшін барлық ойыншылардың – өндірушілер мен тұтынушылардың қатысуымен нарық кеңесін құру жоспарланған. Қазақстан 2013 жылы 22,5 мың тонна уран өндiргенін атап өткен ол атом саласы жанармай-энергетика кешені саласының маңызды құрамдас бөлiгi болып табылатынына тоқталды. «Қазақстан қазiргi уақытта уран өндiрiсi бойынша əлемдiк көшбасшы болып табылатындығын бiлесiздер. Бiз 2013 жылы 22,5 мың тонна уран өндiрдiк. Бiз, өкiнiшке қарай, уранды тек өндiремiз. Ал 2030 жылға арналған жанармай-энергетика саласын дамытудың кешендi тұжырымдамасында саланың ең басты

кезеңде жаңа сатып алушыларды іздестіру қажет. Яғни, Еуропаға, Қытайға жəне өзге де нарықтарға шығатын экспорттық мүмкiндiктер қарастырылмақ.

ГАЗ ҐНДІРІСІ ЌАРЌЫН АЛМАЌ

Тұжырымдамаға орай Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин да қосымша баяндама жасап, жылу-энергетика кешенін дамыту шараларына орай өз саласында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстанда 2030 жылға қарай газ өндіруді 60 млрд. текше метрге жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі күні бұл көрсеткіш 40 млрд. текше метрді құрайды. Ал жер қабатына қайта енгізілетін газдың көлемі шамамен 25 текше метр көлемінде болжанып отыр. Министрдің атап өтуінше, тауарлық газ өндірісі 21 млрд. текше метр деңгейінде тұрақты сақталатын болады. Ал 2030 жылға қарай жер қабатына қайта айдалатын газ көлемін азайту есебінен тауарлық газды 35-40 млрд. текше метрге жеткізу көзделуде. «Біздің газ қорымыздың шамамен 80 пайызы ілеспе, мұнай газы болып

жоспарының жəне инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі заңның жобалары қаралып, мақұлданды. Бұл жөнінде брифингте Экономика жəне бюджеттік жоспарлау вице-министр Марат Құсайынов мəлімдеді. Кешенді жоспар инвестициялық заңнаманы жетілдіруге, шетелдік жұмыс күшін тартуды, визалық режімді жеңілдетуге жəне тағы басқа да бірқатар шараларға бағытталған. Заң жобасы инвесторлармен жасалатын келісімшарттардың тетіктерін қайта қарауды, инвестициялық артықшылықтарды кеңейтуді, сондай-ақ, инвестициялық ахуалды жақсартуды көздейді. Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша заң жобасы аясында экономиканың басымдықты секторларында құны 20 млн. доллардан кем болмайтын инвестициялық жобалар үшін ынталандырулар пакетін қарастыру жоспарланған. Бұдан өзге, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін экономиканың нақты секторына арналған тариф тердің бол жамдылығын қамтамасыз ету жолымен ұзақ мерзімге табиғи монополияның барлық субъектілеріне тарифтердің шектеулі деңгейін бекіту қарастырылады.

жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жобаны іске асырылудың барлық мерзімінде жəне нысанды пайдалануға бергеннен кейін бір жыл бойы квотасыз жəне рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады. Ең бастысы, инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі заң жоба кешенді жоспарды іске асыру үшін əзірленген жəне инвесторлармен жасалатын инвестициялық келісімшарттардың тетігі мен шарттарын қайта қарауды, инвестиция тартуды, сондай-ақ, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды көздейді.

ЕГІС ЖЎМЫСТАРЫ АЯЌТАЛУЄА ЖАЌЫН Қазіргі маусымда маңызы артып, қызу жұмыс жүріп жатқан саланың бірі – көктемгі егіс жайы. Үкімет отырысында бұл мəселе де кеңінен талқыланып, атқарылған жұмыстар жайы пысықталды. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Министрдің мəлі ме тін ше, «Ағымдағы жылы ауылшаруашылық дақылдарын

21,8 миллион гектар аумаққа егу жос пар ланған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 313 мың гектарға көп. Астық дақылдарын себу ауданы 15,9 миллион гектарды, оның ішінде бидай 12,8 миллион гектарды құрайды. 27 мамырдағы мəлімет бойынша, жүгері мен күрішті есепке алғанда, дəнді дақылдарды егу жұмыстары 9,4 млн.га немесе жоспарланған алқаптың 62%-на жүргізілді, 2 млн.-нан астам гектарды майлы дақылдар егістіктері алды. «Бүгiнгi жағдай бойынша, жаздық дəндi дақылдарды егу 9244,9 га немесе жоспарланғанның 61,9 пайыз алқабына жүргiзiлдi», дедi министр. Оның айтуынша, оңтүстiк аймақтарда жүгерi мен күрiштен басқа жазғы дəндi дақылдарды себу аяқталды, батыс пен шығыс өңiрлердегі облыстарда жоспарлан ғанның 79 пайызы шамасында жүргiзiлдi.

34 МЫЅ ГРАНТ БҐЛІНЕДІ

Ал қазіргі науқанның бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегіндегі қарбалас. Бұған дайындық барысын Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов баяндады. Министрдің айтуынша, ҰБТ-ға үстіміздегі жылы 133 226 түлектің 92 077-сі қатысады. Сынақты 63 603 түлек қазақ тілінде, 28 447 түлек орыс тілінде тапсырады. Сондай-ақ, ҰБТ форматы өзгермейді. Базада 14 пəн бойынша 170 мыңға жуық тест тапсырмасы бар. Оның ішінде биылғы жылы шамамен 50 мың тест тапсырмасы пайдаланылады, олардың 14 мыңы биыл əзірленген. Министрдің айтуынша, тест тапсырмалары базасын жаңарту пайызы пəннің талап етілуіне байланысты. 2009-2013 жылдары ҰБТ-ны талдау көрсеткендей, жиі таңдалатын пəндер физика, биология жəне география болып отыр. ҰБТ 2 маусымнан бастап 8 маусымға дейін 155 арнайы жабдықталған пункттерде өтеді. Барлық пункттерде штабтар мен мемлекеттік комиссиялар қалыптастырылған. 107 ҰБТ өткізу пункті аудан орталықтарындағы мектептерде, 48-і облыстық жəне Астана мен Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарында орналасады. «Барлығы 1585 аудитория қолданылады, БҒМнен 1700 ба қылаушы жіберіледі. Базадағы тест тапсырмаларының жалпы саны 176 мыңды құрайды. Оған қосымша 14 мың тест тапсырмалары əзірленді», деді А.Сəрінжіпов. Бiлiм жəне ғылым министрлiгi ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App жəне Viber арқылы тарап кетуінен қауіптеніп отырғандарын да жасырмады. Оның мəлiметтерiне қарағанда, қауiпсiздiк шараларын сақтау, ҰБТны объективтi жəне ашық өткiзу үшiн дəстүрлi түрде барлық жерде техникалық құралдарды: 1108 сымтетiк дыбысын тұншықтырғыш, 402 металл iздегiш жəне 1585 камера мен бейнекамера қолдану жоспарланып отыр. Дегенмен, ҰБТ өткiзу кезiнде жергiлiктi атқарушы билiк аумақтық бiлiм саласындағы бақылау департаментiнен өз аймақтарындағы ҰБТ нəтижесiнiң жоғары болуын қамтамасыз етудi талап ететiндiктен, мемлекеттiк комиссия мүшелерi ҰБТ өткiзу ережелерiн бұзып, бейнекамера мен сымтетiк дыбысын тұншықтырғышты өшiруге, металл iздегiштi дұрыс қолданбауға, түлектерге ұялы телефон, «шпаргалка» алып өтуге жол бередi. «Сол себептен ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App жəне Viber сияқты заманауи технологиялардың көмегiмен жарияланып кету қаупi артуда», деп атап өтті БҒМ басшысы. Білім жəне ғылым министрі биылғы жылдың гранттары жайында да ақпаратпен бөлісті. Ми нистр дің мəліметінше, ағымдағы жылы шамамен 34 мың грант бөлінеді. Оның шамамен 12 мыңы техникалық мамандықтарға бес мыңға жуығы педагогикалық мамандықтарға, ал 2600-дейі ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі. Министрдің атап өтуінше, мəселен, талапкер ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін – 70, аграрлық университеттерге – 60, ал қалған оқу орындарына 50-ден жоғары балл жинауы тиіс.

Бірге жəне тек алєа!

Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа ќол ќойылуына байланысты Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ ел азаматтарына ЇНДЕУІ

Құрметті отандастар! Азаматтар!

Бүгін біз əлемдік деңгейдегі оқиғаға – Еуразия лық экономикалық одақты құру туралы шартқа Беларусь, Қазақстан, Ресей мемлекеттері басшыларының қол қою рəсіміне куə болып отырмыз. Еуразиялық кеңістікте тең құқықты, көпғасырлық достық, ашықтық жəне өзара сенімділік қағидаттарына негізделген XXI ғасырдың жаңа интеграциялық бірлестігі құрылып отыр. Үш бауырлас мемлекет үдемелі модер низациялау, тұрақтылық пен ұлттық экономикалардың бəсекеге қабілеттілігін нығайту, адамдардың əл-ауқатын арттыру үшін өздерінің əлеуеттерін біріктіруде. Болашақтағы экономикалық қауіпсіздіктің сенімді негізі қалануда. Елбасы 20 жыл бұрын бастамашы болған

Еуразиялық интеграцияның ғаламдық идеясы өзінің елеулі пішіні мен нақты бейнесін тапты. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың еңбегі, ынтасы жəне саяси жігерінің нəтижесі, халықаралық беделінің мүлтіксіз мойындалуының дəлелі. Шартқа Отанымыздың елордасы – Астанада қол қойылуының да өзіндік мəні бар. Қазақстан Тəуелсіздік жылдары Елбасының жетекшілігімен мықты мемлекетке айналды. Біздің ішкі жалпы өніміміз жан басына шаққанда 14 мың АҚШ долларына жетті, ал алтын-валюталық резервтер 100 млрд. АҚШ доллары межесіне көтерілді. Еліміз аса ірі адами жəне өнеркəсіптік əлеуеті бар, 170 млн. тұрғыны бар нарықты біріктіретін, 20 млн. шаршы километрден астам территориясы немесе жер шарының 15% құрлығын құрайтын орасан зор табиғи ресурстары бар қуатты ұйымның мүшесі болды. Еуразиялық экономикалық одақты құру

экспорттық өндірісті, көліктік инфрақұрылымды одан əрі қарқынды дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерді ашады, əлем мұхитына шығу жолдары ашылады. Интеграциядан болатын макроэкономикалық əсер еліміздің дамуында қарқынды қадам жасауға, жаңа мүмкіндіктерді ашуға жəне инновациялық экономиканың өсуіне мүмкіндік береді. Бірақ, ең бастысы, халықтың əл-ауқатының өсуі үшін орасан зор мүмкіндіктер ашылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуразиялық экономикалық одақты құруды толығымен қолдайды. Еуразиялық экономикалық одақ əлемдік интеграциялар орталықтарының біріне айналатынына жəне жетекші интеграциялық одақтардың үштігіне кіретініне сенімдіміз. Қазірдің өзінде бірлестіктің қызметіне əлемнің көптеген мемлекеттері жоғары қызығушылық танытуда. Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында

Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы бойынша қойған міндеттерді орындау үшін Еуразиялық экономикалық одақ жұмылдырушы бастама болатынына сенімдіміз. Еуразиялық экономикалық одақ болашақ ұрпағымыздың игілігі үшін жасалатын, еліміздің үдемелі дамуының кепілі болып табылатын қоғамдық келісімді, ел бірлігін жəне Қазақстанның Тəуелсіздігін нығайтуға жаңа серпіліс беретінін атап өтеміз! Біз осы болжамдардың іске асатынын табанды түрде атап өтіп, Қазақстан халқын алға жетелейтін жаңа міндеттерді орындау үшін Елбасы, еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаевтың жанына топтасуға шақырамыз. Бірге жəне тек алға! Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласы, 2014 жылғы 29 мамыр

«Болашаќ їшін еске саќтау» жобасы таныстырылды Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған брифинг болып өтті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Брифингте алғашқы болып сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылымисараптамалық кеңесiнiң хатшысы Наталья Калашникова тəуелсіздіктен кейін Елбасының алғашқы қол қойған Жарлықтардың бірі – 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялауы мен репрессияға ұшырағандарды ақтау туралы болғанын айта келіп: «Елімізде тарихи жадты сақтау үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Иə, шынында 2010 жылы ҚХА, менің ойымша, өте бір маңызы бар жобаны қолға алды. Ол – «Болашақ үшiн еске сақтау» жобасы». Енді осы күнге орай Семей қаласында «Болашақ үшiн еске сақтау» халықаралық форумы өткізілмек», деген Н.Калашникова осы күнге дейін жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарған iсшараларды тiлге тиек еттi. Оның iшiнде Кеңестер Одағынан шыққан елдер ішінде алғаш рет елімізде тарихшылар форумы өткендiгiн, ал оған жер-жерден жиналған ғалымдардың сол дəуірдің қиындығын бағалау тұрғысынан өздерінің нақты ғылыми тұжырымдарымен бөліскенінің қаншалықты маңызды болғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, ол саяси қуғын-сүргiнге ұшырағандарға арналған бiрқатар деректi фильмдер түсiрілгенiн, Алаш қайраткерлерiн ұлықтау мақсатында бiрқатар зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп жатқандығын жеткiздi. ҚХА өкілі қазақ жерінде 19371957 жылдар ішінде өте көп репрессияға ұшыраушылардың жазасын өтегендеріне тоқталып, бұл жерде олардың қанша екені туралы цифрды əдейі айтпай тұрмын, өйткені, зерттеушілер ол жайында түрлі цифрларды келтіреді, қалай болғанда да, жазықсыз жапа шеккендердің саны өте көп дегенінің шырылдаған шындық екеніне қосылмауға болмайды. Адам тағдыры ойыншықтан бетер тəркіге түсіп, ерлер атылып, жарлары жастан тұншығып, түрме азабын тартқан сол жылдардың қасіреті айтылғанда, 1937 жылы атылып кеткен өзімнің екі атам мен олардың жылаудан көзінен айырылған жарлары – екі əжем есіме түсті. Бəлкім, осы тақырыпты зерттеуді қолына алып, оны 2010 жылға дейін-ақ атқарып жүрген заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбековтің де зарлы тарихты ақтаруына да өзіндік бір себептер бар шығар. Қалай болғанда да, шерлі шежіренің сырын ақтарғысы келетін шетелдік ғалымдардың өзі қазақ жеріне келсе, құр қайтпайтыны анық. Бұл жайында өз сөзінде Нұрлан Орынбасарұлы да айтты. Соңғы 10 жылдың ішінде 15-ке жуық монография мен көр кем шығармалар, көсемсөздік жарияланымдар оқырмандарға жол тартты. Олардың біразының алысжақын шетелдерде тұсаукесерлері өткізіліп, дүниежүзінің 28 үлкен кітапханасында сақталып отыр. Зерттеу барысында біз Ресей, Украина, Венгрия, Жапония, Молдавия, Румыния ғалымдарымен қоян-қолтық жұмыс жасадық. Олардың барлығы үлкен тарихи, саяси жəне мəдени мəні бар дүниелер деп есептеймін. Өйткені, бұл тек өткен күн үшін ғана емес, болашақ үшін де қажетті байланыстар мен тарихи жад деген ғалымнан соң сөз тізгіні қолына тиген қоғамдық ұйым өкілі, Тамара Лавриненко: «АЛЖИР-дегі» құжаттармен, тарихпен танысқанда қолдарымен қасықтан басқа ауыр зат көтермеген арулардың басынан кешкендерін жан тебіренбей, толқымай танысу мүмкін емес, деп сөзін бастаған ол өздерінің осы іспен айналысуға тілек білдіргенін айтты. 5 жыл бойына ҚХА-мен бірлесе көптеген жұмыстар атқарып, шаралар ұйымдастырдық. Меніңше, өткенді ұмыту адамгершілікке жатпайды, оны еске сақтап, құрбандарға деген құрметіңді жасағанда ғана ертеңгі күнде жасампаздыққа орын бар. Талдықорғанға барған сапарымызда Қиыр Шығыстан жер аударылған корейлерді «төккен» орынға тоқтадық. Осы жерде тамағымызға тас тығылып, ешкім сөйлей алмай қалды. Көздеріңізге елестетіңіздерші, қар түскен суық күз, айналада бір елдімекен, я бір үй жоқ. Арып-ашып, балаларын суықтан қалай қорғаймыз деп шарасыз күйге түскен жадау өңді адамдар. Ал осындай жандарға қазақ халқы қысылғанда қолұшын созды. Оның сөзін сабақтап кеткен Наталья Калашникова қоғамдық ұйымдардың бастамасымен «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш тақта қойылғанын, сонау Германияда тұратын, кезінде Қазақстанда айдауда болған əйелдің «Құрт – өмір сыйлаушы тас» атты дастан жазғанын айтты. Осы дастаннан қазақ халқының «халық жауы» деген қарғыс таңбасы тағылған адамдарға жасаған жақсылығын танисың. Жазаланушылар аштықтан əлсірегенде сырттан жергілікті тұрғындар ақ тас лақтыратын. Ол жəй тас емес, аштықтан құтқаратын құрт екен деп жазылған дастан негізінде спектакль де сахналанды. Осындай жан толқытар мейірім қазақ халқының ділінде жатыр, деген брифингке қатысушылар журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да тұщымды жауаптарын берді. Айта кетейiк, «Болашақ үшiн еске сақтау» жобасының мақсаты – жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық бiрлiктi нығайту, тарихи жадымызды сақтау жəне өскелең ұрпаққа тарихи тəжiрибенi беру үшiн азаматтық қоғам мен мемлекеттi бiрiктiру.


 Өңір өмірі

Жаѕа басшыныѕ алєашќы жўмыс кїні Өңір кəсіпкерлерінің конференциясына қатысудан басталып, көкейтесті мəселелерді ашық талқылауға, өзара іс-қимыл меморандумына қол қоюға ұласты. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстың жаңадан тағайындалған əкімі Ерік Сұлтанов алғашқы жұмыс күнін орта жəне шағын бизнес өкілдерімен кездесуге арнады. Жергілікті кəсіпкерлердің конференциясында сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Елбасының шағын жəне орта бизнесті Қазақстанды индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудың басты құралына айналдыру талабын қойғанын айта келіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды. Бүгінде өңірде жұмыс істейтін 25 мыңға жуық бизнес субъектілеріне жүз мыңнан астам солтүстікқазақстандық тартылған. Былтыр бұл саладағы өсім 3,5 пайызды құрап, 295 миллиард теңге болған. Ішкі жалпы өнім 747,5 миллиард теңгеге жетсе, төрттен бір бөлігі ауыл шаруашылығына тиесілі. Салық төлемдерінің 63 пайызын кəсіпкерлер құйған. Бұл көрсеткіштердің жеткі ліксіздігін алға тартқан Ерік Хамзаұлы өнім көлемін мо лайтудың, сапасын жақ сар тудың, тежеу салатын бюрократтық кедер гі лерді жоюдың жолда рын ашық айтуды ұсынды. Ішкісыртқы экономикалық резервтерді

9

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

қарас тыра отырып, облыстағы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткішін республикалық орташа деңгейге, яғни 15 мың долларға жеткізу міндетін қойды. Бұл орайда ірі кəсіпорындардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңызы зор. Олардың қызметін жаңғырту үшін «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы ҰҚ» арқылы бірқатар тапсырыстардың орындалғаны белгілі. Бұл жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасын табатын болады. Əлеуеті жоғары өндіріс орындары жанындағы шағын кəсіпкерлік нысандарының жаңа желісін құруға қарқын берген жөн. Тұтастай алғанда, шағын жəне орта бизнесті өркендету арқылы облыс тұрғындарының өмір сапасын, əлеуметтік жағдайын жақсартуға зор мүмкіндіктер тудырылатынын бір сəт те естен шығармауымыз керек. Сондықтан, бүгінгідей келелі жиында негізгі бағыттарды белгілеу артықтық етпейді. Конференцияда баяндама жасаған облыстық кəсіпкерлер палатасының төрайымы Нелли Кукушкина, жарыссөзге шыққан шешендер бизнес нысандарына тексеріс жүргізуге мораторийдің жариялануы кəсіпкерлер үшін оң ахуал орнықтырғанын қанағат

сезіммен атап өтті. Алайда, бəсекелестікке төтеп беретін орта қалыптастыру, рынок көздерін кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, құжаттарды рəсімдеу бағыттарында кездесетін кедергілер əлі аз емес. Аймақтық кəсіпкерлер палатасының мүшесі Александр Казанцев жарық көздерімен жабдықтаудағы қиындықтарды айтса, «Арқалық» шаруа қожалығының жетекшісі Нағашыбай Барлыбаев мемлекет тік экологиялық сараптама алудың жеңілдетілген жолдарын қарастырса деген өтініш

білдірді. «Солтүстік Қазақстан құрылысшылар ассоциациясы» бірлестігінің атқарушы ди ректоры Сергей Калинин кəсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген түлектердің жартысына жуығы өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейтінін, жас мамандардың тұрақтамауының бас ты себебі жалақының төмендігіне тірелетінін жеткізді. Жамбыл ауданынан келген жеке кəсіпкер Екпін Əбиев мінбеге арнайы көтеріліп, екі мəселені жиналғандар назарына ұсынды. Біріншісі – банктермен

кəртішке арқылы есеп айырысуда ұсталынатын пайыздық төлемнің тым көптігі болса, екіншісі – тендердегі қиғаштықтар. Мен ұн өнім дерін тендерді ұтып алған Новоишимка элеваторынан аламын. Арақатынастың тым шалғайлығына байланысты қатынау қиын, жұмсалатын шығын көп. Сол себепті 45 теңге тұратын бір бөлке нанның баға сын қым бат татуға мəжбүрмін. Іргемізде Мамлют ұн үгу мекемесі тұр. Қуат тылығы жоғары, өнім сапасы жақсы. Соған неге бекітіп бермеске? Алқалы басқосуда шағын жəне орта бизнесті дамытуға арналған жеңілдікті бағдарламаларға белсене атсалысу төңірегінде де салиқалы əңгіме өрбіді. Жиынды қорытындылаған облыс əкімі айтылған ұсыныстар мен өтініштердің аяқсыз қалмайтынына, тиісті орындарға жеткізілетініне сендірді. Кəсіпкерлерді Елбасы тапсырмаларын орындауға бір кісідей жұмыла еңбек етуге шақырды. Облыстық əкімдік пен Кəсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы арасында тиімді əріптестік пен ынтымақтастықты одан əрі нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылып, маусым айында Президенттің қатысуымен өтетін Ұлттық кəсіпкерлер палатасының І съезіне делегаттар сайланды. Солтүстік Қазақстан облысы.

Ґркениет ґлшемі

Талай түлектің арманына айналған еліміздегі шоқтығы биік білім ордасы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды. Университеттің мерейтойы аса маңызды əрі жинақтаушы əлеуеті жоғары оқиға. Қазіргі кезеңде, жоғары оқу орындарында ғылым үйретіп, білім берудің сапасын арттыру мен ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан кең көлемді өзгерістер мен реформалар тұрғысынан алып қарағанда, тəрбие жұмысы саласында да жаңаша көзқарас пен жаңаша ұстанымдар қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Сондықтан да отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы əлФараби атындағы ҚазҰУ-дің бұл саладағы тəжірибесі өзгеше. Иə, университет – іргелі білім ордасы, кешенді ғылым орталығы, заманының заңғар перзенттері қызмет еткен қасиетті қарашаңырақ. Білім мен ғылымның ғана емес, аса көрнекті мемлекет пен қоғам қайраткерлерін тəрбиелеп өсірген, азаматтық тұлға қалыптастыру мен шеберлік шыңдаудың да жоғары сатысы. Мəселен, аталмыш оқу орнының құрылу тарихына үңілсек, сонау кеңес заманының заңдылықтары үстемдік құрып тұрған шақта КСРО Халық комиссарлары кеңесі қазақ халқы үшін аса маңызды тарихи құжат қабылдады. Ол – Қазақстан тарихында «Қазақстан үшін кадрлар дайындау туралы» деген атаумен белгілі. Ол 1933 жылдың 20 қазанындағы қаулы еді. Сонымен, қазақ халқының бағына құрылып, бой көтерген алтын ұямыз 1934 жылдың 15 қаңтарынан бастап өз қызметін ресми түрде бастаған. Қазір əл-Фараби атындағы ұлттық университеті қазақтың жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие. Бүгінгі күні елдегі білім мен ғылымның ірі орталығына айналып отыр. Университет инновациялық дамудың көшбасшысына айналды. Отанымыздағы барлық білім беру жүйесінің тірегі, білікті ордасы. Мыңдаған түлектері Қазақстанда жəне оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етіп жүр. Білім ордасы Президенттің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын иеленді. Оқытушы-профессорлар құрамы 2500 мың адамнан асады екен. Олардың ішінде 400-ден астамы ғылым докторлары, профессорлар болса, ал 800-ден астамы ғылым кандидаттары мен доценттер. Университеттің 14 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған. 180 мамандық бойынша кадр дайындайды. Қарашаңырақ Орталық Азия мемлекеттері жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып Еуропалық білім кеңістігіне кірді. ҚазҰУ-де еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ, алыс жəне жақын шетелден келген 15 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білім. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің мазмұны өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында, білім саласында көптеген реформалар жүзеге асып, тың идеяларға дем беріп, жаңаша бетбұрыс жолына түсті. Ұлттық университет Америка, Еуропа жəне Азия университеттерімен бірігіп, қосдипломды білім беру бағдарламасын алғаш қолға алды. Бұл əлемдік білім беру кеңістігіндегі ҚазҰУ-дің жоғары бəсекеге қабілеттілігін айқындап берді. Мемлекет басшысының «Жасыл экономиканың стратегиялық трансферт идеясын» жəне

Еуропа, Азия, Америка елдерімен жаһандық əріптестікті ұсынуы əлемде үлкен қызығушылық танытып отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың «XXІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» атты еңбегінде жаһандық энергетикалык дамуды қалыптастыру əдістерін пайдалану арқылы XXІ ғасырдағы энергоэкологиялық орнықты даму стратегиясының негіздері ұсынылған. Қасиетті білім ордасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының қайнар көзі Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясынан жəне «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінен бастау алады. ҚазҰУ инновациялық экономика үшін бəсекеге қабілетті мамандар дайындай-

тын алдыңғы қатарлы əлемдік зерттеу университеттерінің қатарына енеді. Басты миссиясы – білім беру, ғылым мен инно вациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі интеллектуальды талаптарға жəне еліміздің даму стратегиясына сай кадрлық əлеуетті – жаңа формацияның мамандарын қалыптастыру. Университет халықаралық рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланым саны бойынша да өзге ЖОО-лардан көш ілгері. Мұнда еліміздің басқа оқу орындарында кездеспейтін бірегей ғылымиинновациялық инфрақұрылымы жұмыс істейді. Ең қуатты ғылыми-техникалық парк құрылған. Онда елімізде атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларының басым бөлігін жүзеге асырып отырған 30дан астам ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары жұмыс істейді. Орталық Азия аймағында алғаш рет əлемге танымал «Нewlett-Packard» компаниясы ҚазҰУ-де заманауи оқу-ғылыми орталығын ашты. Ал жапондық «Konіkcamіnoltа» компаниясы университетте алдыңғы технологиялар лабораториясын құрды. Елбасы бір сөзінде: «Біз білім, ғылым жəне инновация билігі жүретін постиндустриялық əлемге кетіп барамыз» дей келе, үшінші постиндустриялық төңкеріс дəуірі басталған тұста қазақстандықтардың алдында үлкен міндеттер тұрғанын шегелей айтқан болатын. Бұл да осы үлкен ұлағатты жолмен келе жатқан ірі оқу орнының көтерер жүгі, жүрер жолы деп білеміз.

Заманауи дəстүр мен инновацияларды біріктіре білген, өзіндік бай дəстүрлерімен танымал əл-Фараби университетінің қазақ стандық элитаның бас шеберханасы екендігі жалпыға мəлім. ҚазҰУда оқу қашан да үлкен мəртебе жəне мақта ныш болған. Мұнда мыңдаған талапкерлер мен олардың ата-аналарының үміттері ақталып, армандары орындалады. Түлектері үкіметте, мемлекеттік органдарда, ел экономикасының түрлі салаларында таңдаулы, беделді қызмет атқарады, бұл ЖОО мəртебесін қалыптастыруда басты фактордың бірі. Университет дипломы бірқатар мамандықтар бойынша беделді Лотарингия университеті, Страсбург менед-

жмент мектебі, Валенсия политехникалық, Ланьяжоулық т.б. шетелдік университеттер дипломымен тең дəрежеде. Білім ордасы əлемнің ең ірі 400 университетімен əріптестік орнатқан. Олармен жасалған келісімшартқа сəйкес 2011-2013 жылдары академиялық тəжірибе алмасу аясында 3 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр. Ұлттық мəртебесі бар оқу орны əлемдік заманауи зерттеу университеттері сынды Вильгельма фон Гумбольдтың мынадай маңызды ұстанымына сүйенеді: «Оқыта отырып зертте, зерттей отырып оқыт». Мұнда еліміздің басқа университеттерінде кездеспейтін бірегей ғылыми-инновациялық инфрақұрылым жұмыс істейді. Соңғы екі жылда ҚазҰУда ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелікқұрастырымдық зерттемеге бөлінетін қаражат 3,8 есе өсіп, 4,5 млрд. теңгені құрады. Бұл белсенді жүргізіліп отырған зерттеу жұмыстарын, бəсекеліліктің барлық талаптарына сай жаңа технологиялар, өнімдер мен материалдар жасалатындығын айқындайды. Университеттегі əріптестік қарымқатынасты реттеудің бір жолы ретін де мынадай маңызды құжаттар іске асырылуда: Оқытушылар мен қызметкерлердің корпоративті мəдениет кодексі, ҚазҰУ студентінің Ар-намыс кодексі, оқытушысы мен студенті ережелері. Сонымен қатар, түрлі қоғамдық бірлестіктер жұмыс атқарады: университеттің ақсақалдар алқасы, этика бойынша қоғамдық

комиссия, студент тік өзін-өзі басқару ұйымы, эдвайзерлер кеңесі, əдістемелік бюро, т.б. Қоғамдық басқаруға түлектер қауымдастығы, жұмыс берушілер кеңесі, «Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары» халықаралық клубы тартылған. ҚазҰУ қалашығы тек көрікті ғана емес, еліміздегі жалғыз əлемдік деңгейдегі шəкірттік кампус. Оның аумағында: музей экспонаттары, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ең ірі спорттық кешен мен стадион орналасқан. Студенттік қалашық толығымен Wi-Fi жүйесіне қосылған. Ыстықкөлде демалыс орны мен заманауи спорттықсауықтыру лагері бар елдегі жалғыз университет екенін ескерген жөн. Жоғары оқу орындарының сапалық көрсеткіштерін бағалайтың QS (Ұлыбритания) рейтингтік агенттігінің зерттеу нəтижесінің қорытындысы бойынша əл-Фараби атындағы ҚазҰУ əлемнің 800 үздік университеттері арасында 299-орынды бағындырып, əлемдік «Топ-300» үздік ЖОО-лардың қатарына енді. Айта кетерлігі, бұл тізімге ТМД елдерінен 3 жоғары оқу орны енген. Олар əл-Фараби атындағы ҚазҰУ жəне Ломоносов атындағы ММУ мен Санкт-Петербург университеті. ҚазҰУ бұл жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқаны белгілі. Халықаралық жетекші сарапшылардың пікірінше, ҚазҰУ қызметтің барлық бағыты бойынша сапалы көрсеткіштерді барынша арттырып отыр. Толығымен халықаралық стандарттарға жауап беретін білім бағдарламасына көшкен. Ғалымдар белсенді түрде ғылыми-зерттеулер жүргізеді. Халықаралық деңгейде инновациялық жобалар жүзеге асады, жаңа технологиялар жасалады. Жоғары импакт-факторы журналында ҚазҰУ ғалымдарының жарияланымдар саны жыл сайын артып келеді. Ел Президенті Н.Назарбаев: «ҚазҰУ бастаған тоғыз ұлттық университетке біз үлкен үміт артамыз. Олар отандық жоғары білім берудің омыртқасы болуы керек», деген еді. Бұл үлкен баға. Шынында да білім мен ғылым – келешектің кепілі екендігі рас. Ғылым, білімді өсірсе, білім алу секторы білімді тарата отырып, жұмыс күші мен халықтың саналық сапасын арттырады. Ғылымның қозғаушы күші – білім. Білім мен ғылым бірге болғанда ғана нəтижелі болмақ, яғни, жастарға білім бере отырып, оларды ғылымға бейімдеу қажет екендігі өмірлік мəні бар тұжырым. Бүгінгі таңда əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпаратттық жəне есептеуіш технологиялары институтымен тығыз қарым-қатынаста еңбек етуде. Студенттер біздің ғылыми ортада тəжірибе жинақтап, диплом алды тəжірибеден өтуде. Біздің көптеген ғылыми қызметкерлер университетте дəріс береді, өздерінің ғылыми жетістіктерімен бөліседі. Осындай байланыстар арқасында біздің ғалымдар талантты шəкірттерін тауып жатады. Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ, Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық жəне есептеуіш технологиялары институтының бас директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

АЛМАТЫ.

ДҮБІРГЕ

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Еуропарламентте кїмəншілдер ќатары кґбейді Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі заманды жаһандану заманы дейміз. Елдердің қауымдасуы күшейді. Содан да оған көзқарас та өзгерген. Еуропарламент сайлауынан да осындай өзгерістің табын аңғарасың. Өткен жексенбідегі сайлауда бұл айқын көрінді.

Əсіресе, соңғы кездегі экономикалық дағдарыс халық арасында əртүрлі пікір тудырып отыр. Біреулер оған төтеп берудің жолын қауымдасып күресуден іздесе, екіншілері əркімнің өз күнін өздері көргенін қалайды, біреу үшін шығынданып, оның ауыртпалығын көтерудің қажеті жоқ дегенді айтады. Сол соңғылары жетекші елдерде көбірек. Еуропарламент сайлауында əсіреұлтшылдардың, еурокүмəншілердің (еуроскептиктердің) біршама көбірек дауыс алуы да содан. Ішкіелдік сайлау мен Еуропарламент сайлауының арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Халықтың, сайлаушылардың ішкі жəне сыртқы мəселелерге көзқарастары əртүрлі. Жұрт ішкі мəселелерде елдегі бір партияның саясатын қолдаса, сыртқы мəселе де, нақтырақ айтқанда, Еуроодақтың қызметін бағалауда екінші партияны қолдауы əбден мүмкін. Еуропарламент сайлауынан соны аңғардық. Ұлыбританияда алма-кезек билік тізгінін ұстап келе жатқан екі партия бар: консервативтік жəне лейбористік. Ішкі саясатта халық негізінен осы екі партияның біреуіне құлақ асады. Еуропарламент сайлауында жұрт елдің Еуроодақ ұйымынан шығуын ұрандап жүрген Тəуелсіздік партиясына 29 пайыз дауысын берді. Халықтың үштен біріне таяуының Еуроодаққа құлқы жоқ. Еуропарламентте өз мүддесін қорғасын деп оған өкілдерін кө бірек ұсынды. Ал биліктегі

консерваторлық партияға сайлаушылардың төрттен бірі ғана дауыс берді. Франциядағы жағдай да осыған ұқсас. Əдетте ішкі сайлауда он пайыз төңірегінде дауыс жинайтын əсіреоңшыл «Ұлттық майдан» партиясы 25 пайызға ие болды. Оның көсемі Марин Ле Пеннің беделі шарықтау биікке көтерілді. Оған Халық қозғалысын қолдаушы оңшыл одақтың 20 пайызын қосса, бұлардың ықпалында сайлаушылардың жартысына жуығы бар деген сөз. Қазіргі биліктегі Франсуа Олландтың Социалистік партиясының 14 пайызбен шектелуін сарапшылар ойсыраған жеңіліске қосып отыр. Еуроодақтың саясатына да, экономикасына да тірек болып отырған Германияда канцлер Ангела Меркельдің блогы 36 пайызбен өз орнын сақтап қалғанымен, «Германия үшін балама» партиясы 6,5 пайыз жинап, Еуропарламентке өз өкілін жіберуге мүмкіндік алғаны – еурокүмəншілдердің барлық жерде бас көтергеніне айғақ. Еуропарламенттің құрамы 751 депутаттан тұрады. Жаңа құ рамда біраз өзгешелік бар. Əсіреоңшылдар мен еурокүмəншілдер қатары біраз артқаны анық. Бірақ олар еуроодақтық саясатқа шешуші ықпал ететіндей дəрежеде емес. Дегенмен де, мұны үрдіс деп қабылдауға болады. Қазір Еуропарламенттегі депутаттардың 16-17 пайыздайы ғана еуропалық интеграцияға қарсы. Бұрын өзекті мəселелерді шешкенде, əдетте оңшылцентристер мен солшылцентристер арасындағы тіл табысу қажет болса, енді центристер мен радикалды партиялардың тіл табысуы қажеттігі туатын түрі бар. Сонымен бірге, барған сайын радикалдардың қатары өсіп келе жатқаны да шындық.

Таиланд: ќарсыластарды су бґліп тўр Міне, бір аптадан асты – Таиланд əскерилердің қолында. «Заңдылық пен тəртіпті сақтау үшін» əскери төңкеріс жасаған олар өз тəртібін орнатты. Өмір сабасына түсті деу де қиын. Телеарналар əскерилер мен халықтың қақтығысын көрсетіп жатыр.

Бұл төңкерістің басталуы да қызық болды. Алдында əскерилер өз қадамдарын тəртіп орнықтыру үшін жасалған шара, əсте де төңкеріс емес деп жариялады. Бұл сөз армия қолбасшысы генерал Прают Чан-Очаның аузынан шыққан соң, бірқатар ақпарат құралдары өз хабарларын «Бұл төңкеріс емес» деген тақырыппен де берді. Ақпарат таратуға жауапты полковник Вин Тай Сувари əскерилердің əрекеті үкіметпен келісілгенін, олар өз қызметін атқара беретінін де мəлімдеген. Бірақ жағдай мүлде басқаша болып шықты. Генерал Прают Чан-Оча бар билікті өз қолына алғанын, өзін премьер-министр етіп тағайындағанын да мəлімдеді, барлық телеканалдар бақылауға алынып, цензура енгізілді, шерулер, митингілерге тыйым салу өз алдына, бес адамнан артық жиналуға да рұқсат етілмейтін болды. Коменданттық сағатты бұзғандарға қатаң шара қолданылатыны ескертілді. Осыдан кейін ғана əскерилер өз əрекеттерін ел королі Пумипон Адульядеттің қолдайтынын мəлімдеді. Бұл ел – конституциялық монархия, мемлекет басшысы – король. Сонымен бірге, ол – бас қолбасшы. Елдің конституциясы бойынша атқарушы билікті парламент тағайындайды. Содан да корольдің билігі ресми ғана көрінеді. Бірақ билікке таласқанда оны пайдалануға да болады. Бұл елдегі билік пен оппозиция арасындағы күрестің

барысын бұрын да жазғанбыз. Ол өзі жағымсыздау сипатта өрбіп келеді. Уəжге тоқтау, демократиялық сайлауда жеңгенді мойындау бұл елде болмайтындай. Бұрынғылары өз алдына, өткен жылдың аяғынан бері ел астанасы Бангкокта саяси шайқастан басқа өмір жоқтай көрінген. Сөз ұғудан қалған тобыр билік кетсін деген ұраннан басқаны білмейтіндей. Йинглак Чинаваттың заңды сайланған үкіметінің уəжін олар тыңдағысы келмейді. Бүкіл халық екіге жарылып, бір жақ екіншісін ғайбаттаудан басқаны ұмытқандай. Осындай жағдайда əскерилердің араға жүргені, қарсыластарды ұлттық ұғысуға жетелегені жөндей көрінген. Алғашқы апта бұл үмітті ақтай қойған жоқ. Əскерилердің ел үкіметімен келіссөздері де бұлыңғыр, жұмбақ. Олар белгілі дəрежеде оппозицияның сөзін сөйлеп, билікте болғандарды жазалауға бейімдігі аңғарылғандай. Бұл жерде елде билікті жақтайтындардың да аз еместігін есепке алған жөн. Қарсыластар демекші, олар əлі де ажыратыла қойған жоқ. Бір жақсылығы десе де болар – олар Бангкокты жарып өтетін Чао Прайя өзенінің екі жағында. Арасын су бөліп тұр. Сол су болмаса, олар ұстаса кететіндей. Əскерилер оларды ажыратуға шамалары келмесін аңғарғаннан да болар, екі жақты өз орындарынан кетпеуге шақырып отыр. Сірə, қарсыластарды күшпен ажырату мүмкін де емес шығар. Оларды қарсыласудан ажырататын, қайтадан біріктіретін күш – ұлттық табысу. Ол əскерилердің қолынан келе ме, жоқ па, бұл белгісіз. Көптеген елдер, БҰҰ-ның өзі бұл елдегі əскери төңкерісті айыптап отыр.


10

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

 Кино

«Малефисента» ќазаќ тілінде сґйледі

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Балалар болашағымыз десек, бүгінде елімізде оларға жасалып жатқан игі шаралар да жетерлік. Олардың қатарында ертеңгі ел иелері балғындарға арналған ана тілінде фильмдер ұсыну да бар. Астанадағы «Керуен» ойын-сауық кешенінде «Болашақ» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен голливудтық «Малефисента» фильмінің қазақша нұсқасының алдын ала көрсетілімін өткізді. Шараның ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек пен аталған туындының бас кейіпкері Малефисентаның дауысын қазақшалаған Гүлназ Əуесбаева келіп, жиылған жұртты құттықтап, фильмге сəттілік тіледі. Фильм дубляжын жасауға бас демеушілікті «СамұрықҚазына» ҰƏҚ» АҚ жасапты. «Болашақ» қауымдастығы төрт жылдан астам уақыттан бері осындай жобаларды бастады. Осы уақыттар ішінде сегіз жоба өмірге келді. Қауымдастықтың негізгі мақсаты озық технологиялар арқылы голливудтық фильмдерді қазақ тіліне аудару. Дəстүрімізді, мəдениетімізді, тілімізді жаңа халықаралық стандарттарға сəйкес халыққа, балаларға жеткізу. «Нұр Отан» партиясы биылғы жылдан бастап Елбасы саясатын жүзеге асыру барысында осы фильмдерді аймақтарда жастарымыз, балаларымыз бен ата-аналар, мұғалімдер көрсін деген ниетпен осындай игілікті істі атқарып отырмыз», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, Гүлназ Əуесбаева: «Мен үшін Анджелина Джоли кейіпкері Малефисентаны дыбыстау – зор жетістік. Дыбыстау актер үшін бұл жаңа толық құнды рөл тəріздес. Өзім «Болашақ» қауымдастығы жəне «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақстандықтардың белгілі голливудтық блогбастерді мемлекеттік тілде көру мүмкіндігіне ие болғанына шексіз ризамын. Фильм баршаңызға ұнайды деген үміттемін», – деді. Мультимедиялық технологияларды пайдалану – тілдерді үйренудің тиімді тəсілі. Өзге тілдерден дубляж жасау қазақ тілін танымал етудің ықпалды құралы болып саналады. «Болашақ» қауымдастығы біраздан бері отбасылық көрсетілімге арналған голливудтық туындыларды дубляж арқылы таныстыру жобасын іске асыруда. Қазақ тілі

ағылшын, француз, неміс, испан, португалия, орыс жəне өзге де тілдермен қатар, «Малефисента» фильмінің кейіпкерлері сөйлеген əлемдегі он тоғызыншы тілге айналды. Алда айтқанымыздай басты кейіпкерлерді дыбыстауға Гүлназ Əуесбаева, Гүлнар Құрманбекова (ханшайым Аврора), Азамат Қанапия (патша Стефан) сынды жалпы саны жиырмаға жуық актерлер қатысқан. Ұйқыдағы ару туралы ертегіні жаңаша түсіндіруде басты рөлді танымал голливудтық актриса, «Оскар» сыйлығының иегері Анджелина Джоли сомдаған. Сондай-ақ, Уилл Смит, Джонни Депп жəне Томми Ли Джонс секілді актерлер алғаш рет қазақ тілін де сөйледі. 3D графикасының негізінде толық қалпына келтірілген ойдан шығарылған ертегі əлемнің əсері «Аватар», «Алиса ғажайыптар əлемінде» кинокартиналарын жасауға қатысқан шығармашылық топ жұмысының нəтижесі. Фильм ағылшынның белгілі Pinewood Studio студиясын да түсірілген. Декорациялар, оның ішінде ескі қорған жаңадан жасалып, ішкі көрінісіне негізінен сирек кездесетін заттар пайдаланылған. «Малефисента» фильмі «Оскар» сыйлығын екі мəрте иеленген қоюшысуретші Роберт Стромбергтің режиссерлік дебютіне айналған. Əлемдік сахнаға жол тартқан аталмыш фильмге 200 миллион АҚШ доллары жұмсалыпты. Астанадағы алдын ала көрсетілім залдағы балалар назарын өзіне ерекше аударып, жалпы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл туындының тұсаукесері кеше, яғни, 29 мамырда еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілді.

Кеше «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы мен «LeMarCAInc» компаниялар тобы арасында Қарағанды көмір бассейнінен метан шығару жəне барлау жобаларын жүзеге асыру үшін бірлескен кəсіпорын құру туралы құрылтайшы келісімге қол қойылды.

Осының алдында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы көмір кен орындарынан метан шығару жəне оны кəдеге жаратуды ұйымдастыру туралы тапсырмасына орай, сондайақ, еліміздің солтүстік жəне орталық аймақтарын газдандыруға балама нұсқаларды зерделеу мақсатында Қарағанды көмір бассейніндегі көмір қыртысынан метан алудың мүмкіндігін іздестіруге болатын. Бұл көмірсутегі шикізатын шығару саласында инновациялық бағыттардың

«Егемен Қазақстан».

Алдағы дүйсенбі күні еліміз бойынша мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тест бойынша сынақ тапсырып, алған білімдерін дəйектейді. Бұл тəсілмен емтихан алғалы да 10 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде 1 миллион 335 мың мектеп бітіруші сынаққа қатысқан екен. Бірден айтайық, ҰБТ-ға қатысу ерікті. Онда 4 пəннен, нақтылай түссек, оқыту тілі (қазақ жəне орыс), Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілінде оқитындар үшін немесе орыс тілі, қазақ тілінде оқитындарға, математика жəне таңдау пəні белгіленген. Екісі күні басталатын емтихан 9 маусымда аяқталады. Үстіміздегі жылы еліміз мектептерін бітірген 133 мың 266 түлектің 92077-сі қатысады. Оның 63603-і қазақ тілінде,

бірі əрі еліміздегі отын-энергетика базасының балама құрамдасын қарастыруға болжамды қоры мүмкіндік беретін дəстүрлі емес қуат көзі болып есептеледі. Ал, «LeMarCAInc» компаниясының жөніне келер болсақ, АҚШ аумағында жаңа технологияның мүмкіндіктерінің арқасында жылына 36 млрд. м3 газ шығарылатыны белгілі. Сол елдің көмір қыртысын бұрғылаудағы алдыңғы қатарлы жұмыс тəжірибесін үйреніп əрі оны қолданысқа енгізу барысында жоғарыда аталған құжатқа қол қоймай тұрғанда бірқатар озық америкалық компаниялар тобымен келіссөздер жүргізілді. Атап

айтқанда, көмір қыртысынан метан өңдейтін «CoreLaboratories» ғылыми орталығымен, өңдеу жəне бұрғылау технологиясын жасаумен шұғылданатын «ScientifficDrillin» компаниясымен, кен орындарын кешенді игеретін «LeMarCAInc» инжирингтік компаниясымен одан əрі бірге жұмыс атқару үшін келіссөзге қол жеткізілді. «LeMarCAInc» жетекшілік ететін компаниялардың бұл тобы АҚШ-та жəне əлемде көмір жəне метан газын шығару бойынша толық кешенді жобаларды жүзеге асырумен шұғылданады. Оның ішінде кешенді газ дайындау жəне оны өңдеу, ең мықты бұрғылау схемаларын жасау, көмірді жер астында газдандыру барысында синтетикалық метан, отын жəне электр энергиясын алу сияқты жобалар бар. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы мен «LeMarCAInc» компания лар тобының арасында құрылтайшы келісіміне қол қою жоспарланғанда тараптар заңды тұлға құруға жəне Қарағанды көмір бассейнінен метан шығару жəне барлауды жүзеге асыратын инвестициялық жобалар бойынша бірге атқаратын істерінің ретін анықтауға міндеттелген болатын. Енді, міне, жоспарланған шаруаларды алдағы кезде де бірге атқарып, метан алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл туралы «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали былай дейді: «Осы құжаттың нəтижесінде еліміздің солтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етуге бастау берілді. Бұл шаруаның бəрі Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалуда». Атап өтейік, бірлескен құжатқа «ҚазТрансГаз»АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали мен «LeMarCAInc» президенті Леон Попик қол қойды. Сонымен игі іс осылайша жүзеге асырылуға жолдама алды.

28447 мектеп бітіруші орыс тілінде ҰБТ тапсырады. Жауапты науқанды өткізу жұмыс тарына əзірлік жан-жақты қарастырылған. Оны 1700 азамат қадағалайтын болады. ҰБТ 155 арнайы жабдықталған пункттерде өткізіледі. Оның 107-сі аудан орталықтарында болса, 48-і облыстық, Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарына орналасқан. Ұлттық жоғары оқу орындары на түсу үшін конкурсқа қатысудың шектік деңгейі –70 балды құраса, білім, ауыл шаруашылығы ғылымдары жəне ве теринария мамандықтарына ке мінде – 60 бал, жалпы медицина бағыты бо й ынша – 55 бал, ал басқа жоға ры оқу орындарына, оның ішінде ақылы бөлі міне өту балы – 50 бал болып белгіленген. Ағымдағы жылы «Алтын белгіге»

үміткерлер 4491-ді құрапты. Олар ҰБТға қатысып, өз білімдерін дəлелдесе, осы биік марапатқа ие болады. Газет оқырмандарының дені биыл бөлінген мемлекеттік тапсырыс қанша екен деген сұрақты жиі қоюда. Оған берер жауап, барлық гранттың саны – 34165, оның ішінде – 500 грант сырттай оқу бөліміне, жоғары оқу орындарының даярлық бөліміне – 2530 грант, ҚазақстанБритан техникалық университетіне – 200, Назарбаев Университетіне – 545 орын қарастырылған екен. Сонымен, «Он жыл мектеп партасында...» деп, он жыл емес 11 жыл мектеп партасында отырып, балалық бал дəуренімен қош айтысқан түлектер ендігі жерде білім сынағын жақсы тапсырып, бірі жоғары оқу орындарына жолдама алса, екіншілері еңбек майданына сап түзеп шығатын болады.

 Руханият Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен славян халықтарының мəдениеті мен əдебиетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Пушкин жəне Шевченко оқулары» өтті. Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномəдени орталықтар жетекшілері, студент жастар мен оқушылар қатысқан қалалық оқуға жиналғандар ұлы екі ақынның жырларын тыңдап, поэзия құдіретіне бас иіп қайтты.

Пушкин мен Шевченко оќулары «Егемен Қазақстан».

Кґмір ќыртысынан газ алудыѕ мїмкіндігі

«Егемен Қазақстан».

Сүлеймен МƏМЕТ,

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,

 Жағымды жаңалық

Марат АҚҚҰЛ,

«Он (бір) жыл мектеп партасында...»

Қазақстандық рухани бірлікті нығайту жəне отансүйгіштік сезімге тəрбиелеу, көпшіліктің славян халықтарының мəдениеті мен өнеріне, əдебиеті мен тіліне, сондай-ақ А.С.Пушкин мен Т.Г.Шевченко поэзиясына деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мəдениетін дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізілген іс-шара қос ақынның ескерткіштеріне гүл қою рəсімінен басталды. Өз кезінде ұлы Абай Пушкиннің өлеңдерін аударып, қазақша сөйлетсе, Жамбыл бабамыз екі елдің тағдырластығын жырлап, Тарас Шевченкоға: «Құлазыған далада, Тарастай мен де зарлағам. Даусым оның даусымен, Қосылып сонда сарнаған... О бір кезде, ақыным, Сен де іздедің бостандық, Мен де іздедім бостандық», – деп өлең арнаған еді. – Қаламызда «Пушкин мен Шевченко оқулары» жыл сайын өткізілетін дəстүрлі шара, – деді жиынның ашылу салтанатында Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жаңабай Қайсенов. – Бұл шараны өткізген сайын оның өзектілігі арта түсуде. Бүгінгі заманымызды қанша жақсы дегенімізбен, біз қашанда кесек тұлғалы поэзия алыптары – Абай, Пушкин, Шевченкоға айналып келіп соғып отырамыз. Өйткені, олар бізді жақсылыққа, татулыққа үйретеді,

рухани əлемге үндейді. Көптеген жылдар, ғасырлар өткеніне қарамастан, олардың шығармалары бүкіл адамзат үшін өзектілігін, маңыздылығын жоғалтпайды. Десек те, олардың атының əйгілігі, мəнділігі əрқайсысымыз олардың шығармашылығын бағалап түсінуімізге байланысты. Лайым, осындай ұлы адамдарға деген махаббатымызды, құрметімізді жоғалтып алмайық. Сондай-ақ, іс-шараға келген қонақтар қазақ халқы мен славян халықтарының арасында қалыптасқан мəдени жəне əдеби байланыс туралы да əңгімеледі. Əсіресе, екі халықтың екі ұлы ақынының поэзиясын құрметтеп келген қатысушыларды құттықтаған Украин мəдени орталығының өкілі Тамара Агапова сөзді əріден бастады. – Тарас Григорьевич те, Александр Сергеевич те бір-бірін көріп, кездеспеген ақындар. Бірақ екеуі де халықтар достығын жырлап өтті. Қай ақынның шығармашылығын алмаңыз, олар халыққа деген сүйіс пеншілігінен, махаббатынан бір айнымайды. Сон дықтан да, халық ақындарын жақсы көреді, оқиды. Мəселен, Шевченкоға бүкіл əлем бойынша 50 ескерткіш қойылған. Ал Александр Сергеевичтің, тіпті Эпиопияда ескерткіші бар. Көрдіңіздер ме, біздің ақындарымыз қалай бағаланады. Ендеше, бүгінгі ұрпақ оларға өз ықыласымызды осылай білдіріп отыруымыз керек. Байқаймын, кешке жас тар көп жиналыпты. Жастарға айтарым, сендерге тек интер нет қана емес, осындай ұлы ақындардың кітабы өмірлеріңізге жолсерік болсын! – деді Тамара Алексеевна.

Одан əрі А.Пушкин мен Т.Шевченко поэзиясын орыс, қазақ жəне өзге тілдерде мəнерлеп оқумен қатар, ақындардың шығармаларына жазылған əндер мен романстар орындалды. Іс-шараның шымылдығын №69 мектептің 2-ші сынып оқушысы Никита Гладких А.С.Пушкиннің «Признание» өлеңімен ашты. Сүп-сүйкімді Никитаның өлеңді түсініп, мəнерлеп кішкене жүрегінің сүзгісінен өткізіп жеткізуі жиналған қауымды бірден баурап алды. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранты Жанна Верещак Т.Шевченконың «Жница», «Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенмен боласың тең» (Абай) деген, Авиация колледжінің студенті Алуа Төлеуханова А.С.Пушкиннің «Татьянаның хатын», Əмина Ораз «Няне», №123 мектеп оқушысы Əмина Асқар А.С.Пушкиннің «Руслан и Людмила» поэмасынан, «Қазақстан» телеарнасының ең жас жүргізушісі Айдана Жұмахан «Балықшы мен балық» ертегісінен үзінді оқыды. №15 мектептің оқушысы Шұғыла Нұрмағамбетова «Я вас любил» романсын, белгілі əншілер Нағима Есқалиева мен Лаки Кесоглудың шəкірттері Наби Нарина «Червона рута», Мерей Сəбитов «Өзгеге көңілім тоярсың», «Украина» ансамблі Т.Шевченконың «Рэве тостовне Днипр широкий» əндерін орындап, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Ал Т.Г.Шевченконың Қосаралда 1848 жылы жазылған: «Сол бір байтақ даланы да, Биік қорған моланы да, Бұлбұл үнді сол түнді де, Діріл сезім, күлкіңді де, Мен ешқашан ұмытпаймын!» – деген «Опри чинна» өлеңін №177 мектептің орыс тілі пəнінің мұғалімі Мереке Шəріпов украин тілінде оқыды. Жиын соңында іс-шараны өткізуге атсалысып, белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

 Спорт

Азия додасы: əзірше їш алтын жїлде Велоспорттан Қарағандының тас жолында басталған Азия чемпионатының алғашқы күндері қазақстандық спортшылар үш алтын жүлдені жеңіп алды. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Бірінші болып алтын медальға Екатерина Юрайтис 15 км қашықтықта жекелеген жарыста ие болды. Ол жапон Юми Каихараны бір минуттан аса қашықтыққа қалдырып, мəреге бірінші жетті. Сөйтіп, Екатерина Астанада тректе өткен жарысты қосқанда үшінші рет Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Астанадағы сында ол екі алтын медальға ие болған еді. Ал чемпион қызымыздың өзі жарыстан соң жанкүйерлердің қолдауына риза болғанын айтып, енді келесі бəйгеге де жақсы дайындалуға тырысатындарын атап өтті. – Қарағандының салқын ауа райына қарамастан тас жолда ыстық болды. Жанкүйерлер өте жақсы қолдау көрсетті. Көп рахмет, осындай ыстық ықылас үнемі

көп көмек көрсетеді. Енді, қыздармен топтық жарысқа дайындаламыз. Жеңіске жетуге бар күшімізді салып, жүлделі орынға тырысамыз, – деді ол. Кеше біздің тағы бір спортшымыз Дмитрий Груздев ауа райының қолайсыздығына қарамастан 45 км шақырымға арналған сында мəре сызығын бірінші кесіп, еліміз құрамасына екінші алтын жүлдені сыйға тартты. Ол жекелеген жарыста қарсыластарының бəрін шаң қаптырып, ешкімге мəреге бірінші жетуге ешқандай мүмкіндік бермеді. Ол қырғызстандық спортшы Вакер Югенді 1.19.20 секундтқа озып шықты. Бұл Азия чемпионатында Дмитрийдің алғашқы алтын медалі. 2011-2012 жылдары ол күміс жүлдегер болған. Осы күні 30 км қашықтықта жекелеген жарыста алтын медальді Виктор ОКИШЕВ алды.

Қазір Қазақстан құрамасы Астанада өткен жарысты санағанда Азия додасында барлығы 12 медальға ие болып отыр. Соның ішінде отандастарымыз 7 алтын, 4 күміс жəне 1 қола жүлдені иеленуде. Біздің елден басқа Оңтүстік Корея, Жапония жəне Моңғолия құрамалары да жақсы өнер көрсетуде. Мəселен, сейсенбі күні Əлішер Жұмақан күміс жүлде алған жасөспірімдер арасында 30 км-ге арналған жарыста корейлік Ким Джихун алтын медальді, жапон Кусаба Кейго қола жүлдені иеленді. Əйелдер арасында 30 км қашықтыққа арналған сында тағы бір корей спортшысы На Аеум чемпион атанса, жапон қызы Ёнамине Ери күміс жүлдені, моңғол Тувшинжаргал Енгжаргал қола медальді еншіледі. Ал Екатерина Юрайтис жеңіп алған 15 км қашықтықта тағы бір жапониялық Каихара Юми мəреге екінші болып келсе, өзбекстандық Екатерина Кнебелева үшінші орынды қанағат тұтты. Қарағанды тас жолындағы жарыстар əрі қарай жалғасуда.


Дамудыѕ даѕєыл жолы Соңғы уақытта жер-дүниеде орын алып жатқан оқиғаларға зер сала қарасақ, əлемдік қауымдастықтың халықаралық қатынастардағы шиеленістің күшеюіне алаңдап отырғанын аңдаймыз. Десе де, жоғары деңгейде өтетін кездесулер мен онда қабылданатын маңызды шешімдер кез келген дағдарыстан шығудың жолы міндетті түрде табылатынын көрсетеді. 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешекте Азия-Тынық мұхиты аймағының маңызы артатынын айтқан болатын. Ол сол кездің өзінде Азия дағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары ұйымын құру туралы бастама көтерген еді. Ұлт көшбасшысының терең стратегиялық жəне көреген болжа мы аталған үдерістердің бүгінде нақты нəтижелермен беки түскенінен көрінеді. Бүгінгі таңда дамудың дұрыс əрі даңғыл жолы – интеграция. Инте гра циялық байланыстар жаһандық дең гейде ғана емес, өңірлік орталықтар аясында да шоғырлана алады. Қазақстан – интеграциялық үдерістердің бастамашысына айналған мемлекет.

Еліміздің бұл тараптағы жобаларына басқа елдер де қолдау білдіріп келеді. Бұл ретте Президентіміздің G-Global туралы ұсынысының айрықша маңыздылығын айтуға болады. Əр өңір еліміздің дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады. Ішкі тұрақтылыққа жету тəжірибесі бізге қордаланған мəселелер туралы айтуды ғана емес, оның түйіні мен шешімін көрсетуге де құқық береді.

«Caspian Group» (Каспийская Группа) АҚ, Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 211, 3-қабат, «Kaspi Bank» АҚ-мен ірі мəміле жасағандығы туралы хабарлайды.

Бүкіл əлем дағдарысқа шырмалып жатқан кезде, еліміз алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып, оған жетуге, биік үдеден табылуға қадам басып отыр. Оны əр кезде құптау керек. Бүгінде Қазақстан жаһандық мəселелердің түйінін тарқатуға, экономиканы жаңғырту арқылы өнеркəсіптің барлық саласын жандандыруға, инновациялық технологияны енгізуге күш салып жатыр. Осынау аз уақыт ішінде Қазақстан халықаралық қауымдастықта өзінің орнын айшықтаған мемлекетке айналды. Қазіргі кезде Қазақстанның ұста нымымен, пікірімен барлық жұрт санасады. Бұл біздің жинаған тəжі рибеміздің бағаланатынын жəне əрдайым маңызды екенін аңғартса керек. Елбасы таңдаған əрі қалыптастырған Даму стратегиясы халықты дұрыс бағытқа бастап бара жатқанын көрсетеді. Лидия СТОЛЯРОВА, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры.

ӨСКЕМЕН.

АО «Caspian Group» (Кас пий ская Группа), г. Алматы, пр. Суюнбая, 211, 3-этаж, сообщает о заключении крупной сделки с АО «Kaspi Bank».

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жезқазған филиалы 2014 жылғы 17 маусымда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншік нысандарын сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен республикалық меншіктегі нысандарды сатудың орындалуын сəйкестендіреді. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің мына нысандары қойылады: 1.Əкімшілік ғимарат жалпы ауданы 672,9 ш.м., жəне көлікжай қоймасы, жалпы ауданы 207,8 ш.м., 1979 жылы салынған. Жезқазған қаласы, Балочная көшесі, 16. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ. Алғашқы баға – 13884000 теңге, бастапқы баға – 69420000 теңге, ең төменгі баға – 2145297 теңге, кепілді жарна – 2082600 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесінің ш о т ы н а т ө л е н е ді : д е п о з и т т і к ш о т KZ060705012170172006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, БИН 120240019369, КБе 11, КНП 171. Сатушының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондайақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады. Кепілдік жарнаны қайтару үшін аукционға қатысушы сауда-саттықты ұйымдастырушыға банкте ағымдағы есепшоты бар екенін растайтын анықтама тапсыруы керек. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің вебпорталына алдын ала тіркелуі қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушы ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес Тізілімнің веб-порталына тіркеуі қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталда үш минут ішінде сатылатын нысан бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Аукционның жеңімпазы сатып алусату келісім шартына қол қойған кезде құжаттардың түпнұсқаларын көшірмелерімен бірге міндетті түрде көрсетеді немесе нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. 1) Жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) Заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана

қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер электронды аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы Қағидаға сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы саудасаттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойыншааукционнəтижелеріэлектрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама жеңімпазбен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 408-бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жылжымайтынмүліктіжекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жеке төлейді. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7102) 73-40-14 телефоны арқылы алуға болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Астана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 17 маусымда сағат 15.00-де мемлекеттік республикалық мүлік нысанын мүліктік жалға беру бойынша Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй мекенжайында тендер өткізу туралы хабарлайды Тендерге шығарылады: Астана қаласы, Тілендиев даңғылы, 1/1-үй мекенжайында орналасқан «Ақпараттық-өндірістік орталығы» РМК теңгеріміндегі жалпы көлемі 122,7 ш.м. асхана үй-жайы жəне қалдық құны 4733703 теңге асхана құрал-жабдықтары, нысанға кіру рұқсаты шектеулі. Бастапқы жалдау ақысы айына – 187 187 теңге. Мүліктік жалдау (жалға алу) ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы жəне күрделі жөндеуге аударымдар, нысанға қызмет көрсеткені үшін төлемдер қосылмайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитариялық жəне басқа да қызметтерге төлейді. Мүлікті жалға беру шартын жасау мерзімі одан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл. Тендер талаптары: 1. Бастапқы жалдау ақысынан төмен емес жалға төлеу ақысы бойынша ұсыныстар. 2. Жалға алу уақытына нысанның пайдалану бейінін сақтау. 3. Санитарлық-эпидемидемиялық талаптарды қатаң сақтау. Тендер жеңімпазын таңдау өлшемдері Нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады. Қатысушылар ұсынған жалдау төлемінің сомалары сəйкес келген (тең болған) жағдайда, тендер комиссиясының шешімі бойынша тендерге қатысуға өтінімі бұрын тіркелген тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып табылады. Тендер өткізу ережелері Тендер өтетін күні отырыста тендер комиссиясы тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттерді ашу алдында комиссия

11

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу жəне ұсыныстарды жариялау кезінде тендерге қатысушылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қатыса алады. Тендер қатысушысы ретінде тіркелу үшін мына құжаттарджы ұсыну қажет: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасау жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға өтiнiштi; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды; 3) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелерін немесе көрсетiлген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; жеке кəсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; 4) акционерлiк қоғамдар үшiн – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрменi; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн – серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмi нен үзiндi-көшiрменi (серiктестiкке қаты су шылардың тiзiлiмi жүргiзiлген жағдайда);

5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын; 6) кепiлдi жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 7) салық органының қатысушының салық берешегi жоқ екенi туралы, өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасын; 8) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынуы қажет. Өтінімді қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (жеке тұлға үшін, егер мұндай мөр бар болса) ұсынылған кезде жүргізіледі. Өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 16 маусымда сағат 15.00-де аяқталады. Кепілді жарналар Астана қала сы мемлекеттік мүлік жəне жеке ше лен діру департаментінің – БСК KZ88070501 2170181006, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340010824, ҚР ҚМ Қазы нашылық комитетінің банкі, ТБЖ-171, ММ коды 2170181 есептік шотына енгізіледі. Кепілді жарнаның мөлшері – 200 878 теңге. Тендердің өткізілуі, тендерге қатысу үшін өтінімдер мен тендерлік құжатта малардың топтамасын қабыл дау мына мекенжайда жүргізіледі: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй, №2 бөлме. Құжаттарды қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Тендердің өткізілуі жөнінде қосымша ақпаратты 8 (7172) 32-73-23, 32-89-20 телефондары арқылы немесе www. gosreestr.kz сайтынан алуға болады.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы лауазымдық қызметтің бос орнына орналасуға конкурс жариялайды: «Саран қалалық орталық ауруханасы» КМК директоры, мекенжайы: Саран қ., Саран көшесі, 28а, байланыс телефоны/факс: 8 (72137) 5-12-05. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: жоғары медициналық білім, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша сертификаттың болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент») мамандығы бойынша магистратураның/мамандандырудың және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы. ҚР Конституциясын, ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы», ҚР Азаматтық, Еңбек, Бюджеттік кодекстерін, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңдарын білу. 2050 жылдарға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын білу. Қаржы-шаруашылық қызметті, осы лауазымның функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндеттерді білу. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар. Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік кәсіпорын алдына қойылған міндеттерге басшылық жасау және бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының тікелей бағдарламаларын орындау, кардрлар және қаржы қорларын тиімді пайдалану, денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын реттейтін нормативті және директивті құжаттарды, алқа қаулыларын, денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтары мен өкімдерін басқару, жоспарлау және орындалуын бақылау. Мемлекеттік кәсіпорынды басқарумен байланысты басқа да функционалды міндеттерді орындау. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысына сәйкес жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2-үй, 4-бөлме, анықтама телефондары: (8-7212) 41 14 12, факс: (8-7212) 42 07 02, мекенжайы бойынша денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер әңгімелесуді бекітілген тәртіпте он күнтізбелік күн ішінде Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында өтеді. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 17 маусымда сағат 11.00-ден 17.00-дейін (Астана қ. уақыты бойынша) www.gosreestr.kz. Мемлекеттік мүлік Тізілімінің вебпорталында республикалық меншік нысандарын сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншік нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сəуірдегі № 374, 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктің мына нысандары шығарылады: 1. Уаз-31514 автомобилі, мем.нөмірі С143КР, 2003 жылы шығарылған, орналасқан жері – Көкшетау қ., Капцевич к-сі, 220. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті. Алғашқы баға – 114 088 теңге. Бастапқы баға – 570 440 теңге. Ең төменгі баға – 62 417 теңге. Кепілді жарна – 17 113,20 теңге. 2. Гараж, жалпы алаңы 39,2 ш.м., 1996 жылы салынған, орналасқан жері – Атбасар ауданы, Атбасар қ., Мұқышев к-сі, 46Б. Баланс ұстаушы – Ақмола облысының қазынашылық департаменті. Алғашқы баға – 321 155 теңге. Бастапқы баға – 1 605 775 теңге. Ең төменгі баға – 36 176 теңге. Кепілді жарна – 48 173,25 теңге. 3. Гараж, жалпы алаңы 36 ш.м., 1970 жылы салынған, орналасқан жері – Атбасар ауданы, Атбасар қ., Бигелдинов к-сі, 40. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» РМК. Алғашқы баға – 282 885 теңге. Бастапқы баға – 1 414 425 теңге. Ең төменгі баға – 31 865 теңге. Кепілді жарна – 42 432,75 теңге. 4. Гараж, жалпы алаңы 53 ш.м., 1960 жылы салынған, орналасқан жері – Атбасар ауданы, Атбасар қ., Бигелдинов к-сі, 40. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» РМК. Алғашқы баға – 549 222 теңге. Бастапқы баға – 2 746 110 теңге. Ең төменгі баға – 50 112 теңге. Кепілді жарна – 82 383,30 теңге. Сатып алушымен заңнамада белгіленген тəртіпте кейінгі ресімдеуге жататын жер телімінің құны жылжымайтын нысандардың құнына кірмейді. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын 2014 жылғы 16 маусымда сағат 11.00-де аяқталады. Кепілді жарналар Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департа ментінің шотына төленеді: банк – Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитеті, ИИК KZ590705012170179006, БИК KKMFKZ2A, БИН 120340014555, КБе - 11, КНП - 171, ММ коды 2170179, төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақтылы түсуі үшін өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail); ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімінің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімінің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысу ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыныз! Қатысушының өтінімді қатысу жəне тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы Қағидаға сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жеке шелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбiр сатылған жекешелендiру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелерi электрондық аукцион нəтижелерi туралы электрондық хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы жəне жеңiмпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейiн жиырма төрт сағат iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелерi туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерiн жəне жеңiмпаз сатушының жекешелендiру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде Көкшетау қ., М. Əуезов к-сі, 230, 13-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz. сайтынан жəне 8(7162) 256556, 254715 телефондары арқылы алуға болады.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (010000, Астана қ., Абай д-лы, 31) 2014 жылғы 23 мамырда өткізген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы хабарлама «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылғы жылдық қаржы есептілігін бекіту туралы» күн тəртібінің №1 мəселесі бойынша «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына жəне «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сəйкес Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімге №1-№4 қосымшаларға сəйкес Қоғамның 2013 жылғы жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған жəне жеке) бекітілсін. Осы мəселе бойынша шешім қабылдау үшін жиналысқа қатысушы акционерлердің жай дауыс басымдылығы талап етіледі. Дауыс беру нəтижелері бойынша ШЕШІМ БІРАУЫЗДАН ҚАБЫЛДАНДЫ. «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылдың екінші жарты жылдығының таза пайдасын бөлу тəртібі туралы» күн тəртібінің №2 мəселесі бойынша «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 23-бабы 1-тарамағына жəне 29-бабы 1-тармағы 16) тармақшасына сəйкес «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 2013 жылдың екінші жарты жылдығының 8 928 098 000 (сегіз миллиард тоғыз жүз жиырма сегіз миллион тоқсан сегіз мың) теңге көлеміндегі 100% шоғырландырылған таза пайдасы «Қазақтелеком» АҚ иелігінде қалдырылсын жəне дивиденд төленбесін. «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 2-тармағына сəйкес осы мəселе бойынша шешім қабылдау үшін жалпы дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі. Дауыс беру нəтижелері бойынша ШЕШІМ ЖАЛПЫ ДАУЫС БЕРЕТІН АКЦИЯЛАР САНЫНЫҢ КӨПШІЛІК ДАУЫС БАСЫМДЫЛЫҒЫМЕН ҚАБЫЛДАНДЫ. «2013 жылы «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының əрекеттеріне қатысты өтініштерін қарау туралы» күн тəртібінің №3 мəселесі бойынша 2013 жылы Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының əрекеттеріне қатысты өтініштердің болмауына байланысты ақпарат дауыс беру рəсімі өткізілмей назарға алынады. «Қазақтелеком» АҚ жылдық есебін бекіту туралы» күн тəртібінің №4 мəселесі бойынша «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сəйкес «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімге №5 қосымшаға сəйкес «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылғы жылдық есебі бекітілсін. «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 2-тармағына сəйкес осы мəселе бойынша шешім қабылдау үшін жалпы дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі. Дауыс беру нəтижелері бойынша ШЕШІМ ЖАЛПЫ ДАУЫС БЕРЕТІН АКЦИЯЛАР САНЫНЫҢ КӨПШІЛІК ДАУЫС БАСЫМДЫЛЫҒЫМЕН ҚАБЫЛДАНДЫ. «GALANZ bottlers» акционерлік қоғамы (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040705, Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, 27, БИН 060740001737, KZ02998CTB0000076336, «Цеснабанк» АҚ АФ, Алматы қ., БИК TSESKZKA) Т.С.Абдулинге дивидендтер төлеу туралы «GALANZ bottlers» АҚ акционерлеріне хабарлайды. Дивидендтер төлеу туралы мəлімет: 1) дивидендтер төленетін кезең – 2012 жəне 2013 ж.ж.; 2) дивидендтер төлеудің басталу күні – 2014 жылғы 10 маусымда; 3) дивидендтер төлеудің нысаны – ақшалай. Мұнай компаниясына тез арада қажет: Бас геолог жəне бас геологтың орынбасары, мыналар бойынша жұмыс тəжірибесінің болуы: – геологиялық-барлау жұмыстарын жоспарлау, жобалау; – геологиялық зерттеулерді жəне пайдалы қабаларды барлауды жүргізуді игеру мен əдістемелерін, əдістерін жəне құралдарын енгізу; – мұнай жəне газ кен орындарын

игеру жағдайына, мұнайлы, газды жəне сулы-мұнайлы байланыс контурларына бақылау жасау; – Жалақы мөлшері жоғары. Талап: жоғары арнаулы білім, ұқсас қызметтердегі жұмыс тəжірибесі кемінде 5 жыл. Жұмыс тəсілі – бескүндік. Түйіндеме жіберу факсы: 8 (7242) 23-76-21, e-mail: hr@kuatamlomunai.kz немесе мына мекенжайға əкелу керек: Қызылорда қ., Амангелді к-сі, 106.

Алматы қ. кəсіпкерлер палатасында аккредиттеуді өткізу туралы

Алматы қ. кəсіпкерлер палатасы (бұдан əрі – кəсіпкерлер палатасы) Ұлттық кəсіпкерлер палатасы төралқасының 08.10.2013 ж. №2 шешімімен бекітілген (бұдан əрі – ереже), Ұлттық палата жүйесіндегі ассоциацияларды (одақтарды) аккредиттеудің ережесіне жəне біліктілік талаптарына сəйкес, жеке кəсіпкерлердің жəне (немесе) ассоциация (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың (бұдан əрі – ассоциация (одақ) бірлестіктерін кəсіпкерлер палатасына аккредиттеуді өткізу туралы хабарлайды. Кəсіпкерлер палатасына аккредиттеу өңірлік салааралық, өңірлік салалық ассоциацияларға (одақтарға), сондай-ақ шағын, орта жəне (немесе) ірі кəсіпкерліктің өңірлік ассоциацияларына (одақтарына), республикалық маңызды қалаларға, аудандық ассоциацияларға (одақтарға) қатысты жүзеге асырылады. Құжаттар қабылдау мерзімі – ресми баспа БАҚ-та аталған хабарландыру жарияланған сəттен бастап бір ай. Аккредиттеуден өту үшін құжаттар пакеті қағаз тасымалдағышта жəне (немесе) электрондық нысанда жолдануы қажет. Ережеде қарастырылған құжаттар пакетін ассоциациялар (одақтар) Алматы қ. кəсіпкерлер палатасының дирекциясына мына мекенжай бойынша тапсырады. Пошталық мекенжай: ҚР, индекс 050000, Алматы қ., Алмалы ауданы, Абылай хан д-лы, 79, 3-қабат; e-mail: almaty@palata.kz; Алматы қ. кəсіпкерлер палатасында аккредиттеуді алу үшін Кəсіпкерлер палатасының дирекциясына тапсырылатын құжаттар тізбесі: 1) осы ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш, сенімхатсыз немесе сенімхат бойынша өкілдің (сенімхат көшірмесінің қосымшасымен) оның мүдделерін ұсынуға уəкілетті ассоциация (одақ) басшысы қол қойған; 2) біліктілік талаптарымен белгіленген ассоциацияның (одақтың) сəйкестігін растайтын, ассоциация (одақ) қызметі туралы есеп; 3) ассоциация (одақ) мүшелерінің тізімі; 4) Т.А.Ə. жəне атқаратын қызметі көрсетіліп, ассоциацияның (одақтың) штаттағы қызметкерлерінің тізбесі. Біліктілік талаптары мен аккредиттеуден өту рəсімі ережемен белгіленген. Сіздер ереженің толық мəтінімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://www.palata.kz/ru/dokumenty ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазақ онкология жəне радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК мына мамандықтар бойынша резидентураға қабылдау жөнінде конкурс жариялайды: «Онкология, оның ішінде балалар онкологиясы», «Сəулелік диагностика», «Сəулелік терапия». Құжаттарды қабылдау мерзімі 2014 ж. 20 маусымынан 20 шілдеге дейін мына мекенжай бойынша: 050022, Алматы қ., Абай д-лы, 91, дипломнан кейінгі білім секторының меңгерушісіне, тел. 292-75-73. Түсу емтихандары жəне конкурстық іріктеу 2014 ж. 1 тамыздан 20 тамызға дейін жүргізілетін болады.

«Живоносный Источник» қоғамдық қоры 2013 жылғы қызмет туралы есепті мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді. 3 947 259 теңге сомада қайырымдылық көмек түсті, 3 939 728 теңге жұмсалды, оның ішінде жалақы – 1 126 400 теңге, салықтар мен алымдар – 559 915 теңге, өзгелер – 2 253 413 теңге. Гос. акт на землю кадастровый номер 20:312:931:034:31/4 и договор дарения №р5903 от 25.09.2002 г. на имя Улдарбекова Сержан Босаткановича в связи с утерей считать недействительными.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.


12

www.egemen.kz

30 мамыр 2014 жыл

 Достық дəнекері

Суреттерді түсіргендер Ерлан ОМАРОВ, Орынбай БАЛМҰРАТ.

Ќазаќстан. Астана. 2014 жыл. 29 мамыр

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №321 ek

Profile for Egemen

30052014  

3005201430052014

30052014  

3005201430052014

Profile for daulet
Advertisement