30042014

Page 13

30 сəуір

ҚАЗ

2014 жыл Ата дегенде ел бірлігі сөзі тіліме оралады. Ел бірлігі үшін ата мен немере арасындағы сабақтастық жібі үзілмеуі керек. Ата мен немере арасында əке бар. Ел бірлігін қамтамасыз ететін үш тұлға: ата, əке, немере. Үш буын, оған сай үш құндылықтар жүйесі. Сабақтастық жібі үзілмеуі керек, егер үзіле қалса, оның қай жерден үзілгенін тауып жалғау – парасаттылықты қажет етеді. Парасат иесі кім, əрине, ол – ата. *** Есім атам ел ішінде беделді болды. Неге десеңіз, ол кісі алаламады, басы артық сөз айтпады, оғаш мінезбен көзге түспеді. Атам туралы жақсы сөздерді бала кезімнен жиі естіп өстім. Олар санамдағы архетиптер. Бүгінде жұрт аузындағы атам туралы естелік сөздерді саралап отырсам, жарықтықтың расында өз ортасында тұлғалық, ақсақалдық дəрежеге жеткені анық екен. *** Ол кісі: «Адамның мінін бетіне баспа», – деп отыратын. Осындай мінез байлығы өзім ұстаз

академик.

санайтын академик Зейнолла Қабдоловқа да тəн еді. Заман желі қойнынан да, қоныштан да соққанда бір ағайындар Зекеңнің үстінен жоғарғы жаққа «домалақ арыздар» жіберіп, оның əбден мазасын алған екен. Кейін осы жағдай сөз болғанда марқұм Зекең: – Қайтесіңдер оны айта беріп, ондайларды аяу керек, – деп келте қайырып тастағаны есімде. Ауыл, ел іші болған соң, əңгіме-аян, жел сөздер болмай тұрмайды. Кейде сондайлардың бір «қапшығын» буып-түйіп жинап атамның алдына əкеп, «қап аузын» шешіп, ішінен неше түрлілерді шығарғысы келгенде: – Қарағым, сөз теріп қайтесің. Кімнің болсын жауап берер жері бар емес пе. Адамның адамға сот құрғаны дұрыс болмас, – деп тиып тастағаны есімде. Соншама «еңбегі» босқа кеткен ағайын ызадан алдындағы ыстық шайды ұрттап-ұрттап жіберіп: – Есеке, сіз тым кең қолтықсыз, ал мыналар болса... – деп əлдекімдерге ашуын білдіріп, ақыры ісі өнбеген соң, дастарқан соңына қарамай тұра жүгіретін. Сонда атам күлімсіреп: – Өмірге мұндайлар да керек, – деп əңгімені өзге арнаға ауыстыратын. Атам өмір сүрген заманды қиын, ауыр болды деу əншейін сөздер. Анығында, ол дəуірді қилы заман, – деп бөліп айтқан жөн болар. Ол кісі замандастарымен бірге бірінші жаһандық соғысқа қолдарына күрек, қайла алып қатысты. Минскінің түбінде қара жұмыста болды. Сонда жүріп Əлихан Бөкейхановпен жүздесіп, сұхбаттасты. Осы кездесуді атам ерекше леппен айтатын. Бала кезімізде бізге «төре деген жау» дегенді əбден санамызға шегелеп тастағандықтан, атамның əңгімесіне тіксініп қалатынмын. Жаны шуақ, мейірімді менің сүйікті атамның аузынан маған түрпідей тиетін «Əлихан төре» деген сөз шығатынына таңғалатынмын. Тарих пəні мұғалімінен осы туралы сұрауға талай оқталдым, сұрамадым, атама деген сүйіспеншілігіме күдік түсе ме деген іштей қаупім болса керек. *** Атамның адамдарды алаламайтынының талай куəсі болдым. Ол шежірешіл еді. Бірақ, оның шежіресі адамдарды бірбірінен алыстатпай, керісінше, туыстырып, түптің түбінде «қарға тамырлы қазақ» дегенге бастап əкелетін. Бұл шежіре мəдениеті. Сірə, менің «бар қазақ бір қазақ» деп жүргенім, осы отбасындағы қалыптасқан шежіре мəдениетінен өсіпөнсе керек. Дулаттың балалары: Ботбай, Шымыр, Жаныс деген бабаларды мен тұңғыш рет атамның аузынан естігем. Сонда ешқандай бөтенсіп айту жоқ, керісінше, өзіміздің ағайындар деп жайраңдап отыратын. Исі қазақ атамның туысы еді. Ол кісіден тағы бір қалған сөз: «Қарақтарым, неге қазақша сөйлемейсіңдер?» – дейтін. Мен таңғалатынмын, бəрі қазақша, бірақ ол: – Бұл қазақ тілі емес, – деп тіл тазалығын,

ЭССЕ

Ол келіндерді мадақтап, қолпаштап отырғанды ұнататын. Үйге тіптен бір келген адам болса да: – Қарағым, үйдегі келін тəуір бала екен, – дейтін. Ол: – Ақсақал, келініңізді көрген жоқсыз ғой, – десе: – Көріп қажеті жоқ, мен өзіңді көріп тұрмын ғой. Киген кимің таза, өңің əрлі, көңілің тоқ. Келіннің жақсылығын міне, осыдан-ақ аңғарудамын, – деуші еді биязы мінезіне түсіп. Келген қонақ дəн разы болатын. Былай қарағанда сəл нəрсе секілді, істің астарына үңілсек, ұйысқан отбасының көрінісі шынында да түзде жүрген ер адамның тұла бойынан аңғарылмай ма? Тағы бірде ол кісінің əйел жақсыны да, жаманды да көбінесе күйеуінен алады. Содан оны балаларына үлестіріп береді. Сонда кей балаға жақсылықтар, қайсыбіріне келеңсіздіктер «егіліп» кетпек. Содан кейін бір ата, бір анадан қалайша бұлай болды деп жатамыз дегені есімде қалыпты. Мен əр адамды да от демекпін. Отсыз жан жоқ. От азайса адам қартаяды, от сөнсе кісі тірліктен қалады. Тəрбие деген адам бойындағы отты өшіріп алмау немесе шамадан тыс өршітіп алмау. Екеуі де қауіпті. Оттың от қалпында жануын мен адамшылық өрісі деймін. От лапылдап кеткенде экстремистер, террористер, революционерлер, соғысқұмарлар өсіп шықпақ. Грек мифологиясындағы құдайлардың отты адамдарға бермегендігінің мəнісі де осы болса керек. Жаратқан бермеген отты ұрлап алған Прометей бейнесі революционерлердің символы болғаны да көп мəселені аңғартады. Қазақ дүниетанымында сабыр деген ұғым бар. Сабырлы болу ақылдылықтың, зиялылықтың белгісі. Парасатты адам сабырлы болады. Атамда мінез сабырлығы мол еді. *** Маған мінезі көркем адам кім десе, бірден: Ол менің атам, – дер едім. Өсе келе, менің үлкендерге деген құрметімнің өлшемі де осы кісінің көркем мінезі болды. Жасы келген жандардан көркем мінез көрмегенде ішім құлазып қалады. Неше жасқа келгендерде ақсақалдық жоқ. Бүгінде өзім де талай жасқа келдім, ішімнен атаммен салыстырамын, бірақ деймін, кейінгі кезде сол «бірақтың» жауабын тапқандай болдым. Біздің алдымыздағы үлкендердің дені өтірік айтты, бізді алдады, санамызды жалған іліммен улады, екіжүзді болды. Ал, Есім атамның аталары ондай іске бармаған сыңайлы, олардың табиғаты бөлек, сенімі, діні таза, ата-баба өсиеттеріне адал болды, олар жастарды жалғандыққа, өтірікке үйретіп, саналарын уламады. Біздің ұрпақ қазақ болғанымызды «кінə» етіп таққан заманда ғұмыр кешті. Бай – надан, би – алдаушы, қазақ болып ғұмыр кешу – артта қалушылық, қазақ мектебінде білім алу – сауатсыздық, алда – «жарқын болашақ коммунизм». Мұның бəрі біздің

табиғатымызды, бойымыздағы отымызды бұзды, рəсуа етті. Сол мибатпақтан ендіенді шығып келеміз. Өтірігі мол қоғамда сабыр деген өз мағынасын жойып алады екен. Мұндағы сабыр деген айтқанға көн, айдауға жүр деген құлдық сана шырмауы. Төзімділік дұрыс шығар, бірақ неге болсын төзу ол тұлғаның еркінен айырылғаны, адамның «менінің» жойылғаны. Кеңес заманы бізді осылай тəрбиелеп, бойымыздағы отымызды «мұзсенім» коммунизмге апарып өшірді. Хакім Абайдың қайғы шығар ілімнен дейтіні осы. Бұл деген шайтандық, ал шайтанда сабыр бар деп кім айтты? – Балам, сабыр түбі сары алтын, – дейтін менің Есім атам көркем мінезіне салып. *** Атам «иісі қазақ» деген сөзді жиі айтушы еді. Сонда ойлайтынмын, қазақтан өзге иіс шығып тұра ма деп. Рас, қазақтың өзіне тəн «иісі» барына көп кейін ғылыми ізденістер арқылы жетіп, оны ғылымда «менталитет», «діл» деп айтып, жазып жүр. Тегінде, ол кісі «иісі қазақтарды» ғана емес, күллі өзі көріп, біліп жүрген адам баласын тең санайтын. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары алапат соғыс басталды. Қанқұмарлардың əлемдік ойыны өршіді. Фашистермен соғыс майданына атамның төрт ұлы: əкем, інілері Жəлел, Қану, Əдият араласты. Үлкен ұлы ақынжанды, суретші Сəтжан «халық жауы» болып түрмеде қайтыс болды. Елде қатын-қалаш, бұғаналары бекімеген балашаға шуылдап қалды. Күнде майданнан «қара қағаз» келіп, жұрт азан-қазан, сонымен бірге қай майданнан бір кем емес колхоз тірлігі. Тұрмыс деген əйтеуір өлместің күні, аштық, жалаңаштық дегендер өрт болып тұрған кез. Оның үстіне бір артық ауыз сөз болса, сен «халық жауы» болып «итжеккенге» кете барғаның. Бір уыс бидай ұрлағанның күні 15 жылға сотталу. Хал осылай, бірақ өмір сүру, болашақтан күдер үзбеу керек. Барға тəубе еткеннен өзге амал жоқ. Осындай жағдайда Лебяжі ауданының кейбір елді мекендеріне Кавказдан чешендерді жəне Еділ бойынан немістерді тасып əкеле бастады. Ол кезде өмірде жоқпын, естігенімді айтамын. Күндердің бір күні Жалтыркөл жағалауында отырған шағын ауылға колхоз жұмысына салу үшін екі-үш чешен отбасын əкелген, олар жадап-жүдеген, аш. Атам олармен амандасуға барып, халдерін көріп, басқармаға: – Қарағым, мыналарды мен үйіме алып кетіп екі-үш күн тамақтандырайын, мұсылмандар екен, – десе, басқарма: – Есеке, бұл жаулар, немістерге сатылған. Мұндайларға аяушылық болмасын деген нұсқау бар, – деп қамшысымен жоғарғы жақты көрсетеді. Атам айтқанынан қайтпай: – Қарағым, өзің қамшымен көрсетіп тұрған жоғарғы жағың, бір Алла. Бəріміз Алла тағала алдында теңбіз, бұлар мұсылмандар, сөзімді тыңда, – дейді. Үш-төрт күн еркіндікте чешендер

тəп-тəуір боп, естерін жиып алса керек. Содан жұмысты жақсы істеп, басқарманың көңілінен шығыпты. Бұл менің естігенім, ал енді көргенімді айтайын. Жалтыркөл жағалауында отырмыз, мектеп жасына ілікпеген кезім. Үйге сау етіп бір топ чешендер түсе қалды, ішінде жиі қатынасып жүретін қазақшаға судай біреуі бар. Қалғандары қазақшаға түсінбейді, маған əсер еткені доғарадай сеңсең бөріктері. – Ақсақал, мына кісілер Кавказдан біздің тұрмысымызды көргелі арнайы келгендер, қадірлі адамдар. Олар сіздің ауыр жылдары бізді паналатқаныңызды естіп, рахмет айтуға жəне Кавказға қонақ болып қайтуға шақыра келіп отыр, – деді. Келгендері рас, рас дегендей бастарын изесті. Атам: – Меймандар қонақ болсын, сенің қонағың болса, менің де қонағым. Айт, кісі күту мұсылмандық, мен бар болғаны парызымды орындадым, – деді. Таныс чешен аударып жатыр, аналар өз тілдерінде шуласып кетті. Атам: – Құдай қаласа, барам Кавказға, бірақ кейінірек, – деді. Араға бір-екі жыл өтіп, тағы да Кавказға барып қайтуға шақырып чешендер келді. Қазақтың ана-мына жағдайы бітуші ме еді, жол түспеді. Еділ бойынан шұбырып немістер келді. Көргенім жоқ, естуім, ауыр халде жеткенге ұқсайды. Соғыстың нағыз қызған кезі. Ел ішін «қара қағаз» жайлап кеткен. Ненің не екенін айыруға қиын заман. Неміс десе соғыс, неміс десе фашист болып, ыза-ашу бетке шығып тұрған мезгіл. Атам келгендерді аралап жүріп, əбден діңкелері құрыған екі-үш балалы отбасын үйіне алған. Көршіқолаңдар: – Есім, мұның не, фашистерді асырап, – деп шу шығарғанда: – Бұлар фашистер емес, адам баласы ғой. Бұл бейбақтардың соғысқа қандай қатысы бар, – деп көнбепті. Сонда атамның кіші баласы Əдияттан «қара қағаз» келген кез екен. Ойлаймын, менің атам ақылды емес, кемеңгер болған адам. Əйтпегенде, чешендер сияқты немістер мұсылман да емес, тілі, діні бөлек, бірақ адам баласы деп, оларды атам туыс көріп қабылдаған. Бұл бейбіт, мамыражай заманда айтарға жеңіл сөз. Тағы да ойлаймын, «адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» деген хакім Абайға бар ғылыми ізденісімді арнағаным да осы ата тəрбиесі болар деген ойдамын. Батыс Еуропа гуманисі Альберт Швейцер адамзат баласының ауыр халіне Еуропа жұртшылығының кінəсі бар деп Габонда өмірбақи дəрігерлік қызмет атқарды. Сондықтан менің санамда Наполеон, Гитлер, Сталин, тағы басқаларға орын қалмаған. Атам əңгімешіл еді. Сөздері таусылмайтын, түрленіп, нəрленіп, құнарланып отыратын. Өзі келісті, келбетті жан еді. Көп адам көзіне көзін тігіп тура қарай алмайтын. Атжақты, дөңес қыр мұрынды, тыныс арнасы кең, бірақ жұқа болатын. Ерні қалың емес, жұқалау ма, қалай? Екі бетінің жоғарғы түсі қызғылт тартып тұратын, өзі аққұба еді, маңдайы қасқа, құлақтары əдемі, дембелше, ол кісінің отырғаны кейбіреудің

13

www.egemen.kz

əрі сөз мəнісін бұра сөйлегендерге көңілі толмайтын. Ол кісі сөздің ұлағаты, мəйегі болады деп отыратын. Бала болып көбіне мəн бермедім, тіптен ұғына алмадым. Бірақ «сөз ұлағаты» дегені есімде қалыпты. Біріншіден, бұл ғылыми лексикадағы, сірə, сөз семантикасына қатысты мəселе, екіншіден, сөздің образдылығына, үшіншіден, «дөң астынан» тұспалдап сөйлеу тəсіліне қатысты болса керек. Сөздің реті дегенді талай естідім. Бұл да ойланатын жай. Ол кісі дауласуды дұрыс деп есептемейтін. Сөз түсінбеген адаммен сөз жарыстырма, үндемей қоя қой дейтін. Өзі ондай адамдармен сұхбат жасауды аса жаратпайтын. Бірақ айтқан сөзім далаға, желге кетті деп өкінбейтін. Атам өткен іске өкінуді бос əуре деп, өзегіне өкініш толған туысқа: – Қарағым, өткен іс өтті, бəрі Алла əмірі, – деп басу айтып отыратын. Атам əйел затының «тіліне» жетік еді. Əлденеге қиналып келген келіндерінің қарияның кеңесінен кейін риза болып тарқасқандарын талай көрдім. Не айтты, толық біле бермеймін, əйтеуір отбасын сақтауды үлгілі іс дегеніне күдігім жоқ.

АТА

Ғарифолла ЕСІМ,

П

АЛЫ Қ Ы Қ А

түрегеп тұрғанындай əсер қалдырушы еді, өте қарулы болатын. Жамбасының астында қылшылдаған өткір балтасы, бəкісі, ұстарасы жəне ақшасы болатын. Кей-кейде екеуміз отырып санап қоятынбыз. 1916 жылы қара жұмысқа, майданға барғандағы əңгімесін айтатын. – Күні бойы окоп қазып, кешке қазақтар жиналып домбыра тартып, əн саламыз. Қалған уақытта мен əңгіме айтамын, құдайдың құдіреті, бір айтқан əңгімемді ешқашан қайталамадым, – дейтін. Атам дүниеден өткенде он алты жастамын, өкінішті. Бұл əлі де «ойын баласының» жасы, атамды қазына деп бағалайтын кез емес еді. Оның үстіне ол кісі өмірінің соңғы жылдары бізден жырақ Қазантайда тұрды, жиі қатынас болмады. Соңғы жылдары қолында болғанымда біршама əңгімелерді есімде сақтап қалар ма едім деймін. Ата мен немеренің жиі жолығып тұруы сабақтастық үшін аса қажетті шара, ынталы жасқа ата деген телегей-теңіз ақпарат арнасы емес пе? Сонда да жадымда сақталған бірер сөздерге тоқталғанды жөн көріп отырмын. Есім атам бес уақыт намазын қаза қылмаған, бірақ əдеттегідей діндар емес еді. Дін мəселесіне қатысты əңгіме бола қалғанда, өзінен екі жас кіші Əлім атама жөн сілтеп: – Мұндай шариғатты Əлімнен сұраңдар, оның оқуы терең, – деп отырғанын талай естідім. Кіші атамыз (бəріміз Əлім атаны солай атайтынбыз) шынында да нағыз ғұлама. Үйіне қашан барсам да қолында кітабы, сəлем алып, қысқаша жөн сұрасқаннан кейін қайтадан өз кəсібіне икемделген соң, ақырындап бөгет жасамайық деген сыңаймен шығып кететінбіз. Бірақ ауыз үйде Биғайша апамыз шай жасап күтіп отыратын, жарықтық. Кіші атам шайға кейде ғана келетін, көбінесе апаммен сұхбаттасып, шай ішіп үйден разы болып аттанатынбыз. Себебі, мен де, өзге туыстар да кіші атамның үйін қасиетті деп санайтынбыз, бұл бір. Екіншіден, бұл Сексенбай бабамыздың шаңырағы деп есептелетін. Өткен-кеткенде кіші атамның үйіне арнайы барып сəлем бермеу, мен үшін əдепсіздік. Əкем осылай деп менің санама əбден құйып тастаған. Өз тарапымнан кіші атамды ерекше жақсы көремін, ол араб, парсы тілдерін жетік меңгерген əрі кісі емдейтін қасиеті бар ерекше жан. Мен өз атам Есімнің інісі Əлімнің қатар өмір сүрген кездерін ғұмырымның сəулелі күндері, жылдары деп анық айта аламын. Себебі, олар заманының кемеңгерлері еді. Бұл жұрт пікірі, менің оған алып-қосарым жоқ. Ағайынды екеуі елдің ырысы да, құты да еді. Есім атамның айтты деген сөздеріне оралсақ, ол кісі: «Желмен келіп, желмен кетер жел сөзге ермеңдер», – деп отыратын. Рас. Жасым ұлғайған сайын осы сөздің мағынасы ашыла бастағанға ұқсайды. Желмен не келмейді, жел боп не кетпейді, сонда қалатыны не? Ертедегі жыраулардың су түбінде жатқан сөз деген меңзеулері де осы мағынада айтылған емес пе? Тілімізде əмбебап деген түсінікті қолданамыз. Заманнан заман өсіп-өнгенмен, су түбінде қалатын құндылықтар болады, атам əңгімені

солар төңірегінде өрбітетін. Ел ішінде адамдар мінез-құлқына, іс-қимылына қарай сан түрлі болатыны белгілі жай. Сондай мінезі алып-ұшып тұратын «көше сөздерін» жинап отырған жерінде оларды «жыр» ететін атамның бір замандасы: – Есеке, сіз Əлеке (кіші атамды айтады) бір ата, бір анадан туғансыздар, бірақ мінездеріңіз мүлдем басқа. Əлекеңе сəлем бере барсам, сəлемімді алып бірер сөзден кейін бұрылып, кітабына үңіліп, мені жан деп есепке алмайды, мұнысы қалай? Атам бірден жауап бермей, əлгі адам тағы не дер екен деп, оған көзін қадап бір сəт отырды, ананың дегбірі қаша бастады. Атамның көзі ашық жасыл, өткір еді. – Қарағым, Əлім молда, дін жолында, ол желмен кетер сөзге мойнын бұрмайды, реніш қылма, оның мінезі тұйық, – дейтін. Жел сөз деп отырғаным, «өсек сөздер», кей-кейде осындай сөздерді теретін əжеп тəуір билік басындағыларды кездестіргенде есіме атам түсіп: «Əттең, шіркін, оқуың болғанмен, тəрбиең шамалы болған-ау», – деймін ішімнен. Қазақ тəрбие деген сөзді «көрген» дегенмен білдірген. Парықсыздау жанды қазақ оның көргені жоқ екен деп жатады. Осы көргені жоқ дегенге тағы да Есім атама қатысты мысал. Атам сексен бестен асқан шағында бабалар зиратына жақын Қазантай деген ауылға қоныс аударды. Өрімдей сұрыпталған қарағайдан кең үй салдырып, сонда тұрып жатты. Шағын ауыл үшін атамның қоныстануы оқиға. Қазақы дəстүр бойынша тегіс сəлем беріп, құтты қоныс айтып жатыр, ерулік деген одан кейін болатын шаруа, əуелі сəлем. Ата дəстүрі үлкендер болғанда бұзылған емес. Ай өткен шамада бір үйден кейін тұратын көрші азамат сəлем бере келіп: – Ақсақал, шаруадан қол босамай кештетіп келіп отырмын, ғафу етіңіз, – депті аңғалдықпен. Сонда атам көрші азаматтың сөздерін мұқият тыңдап алып, былай депті: – Қарағым, саған қандай өкпе, жұмысбастысыңдар, бала-шаға қамы бар. Сəлем беріп ата салтымен келгеніңе дəн разымын, айналайын, мен ренжісем, анау Сүлейменге ғана ренжимін ғой, – депті. Сүлеймен сəлем беріп отырған азаматтың əкесі, атамның құрдасы екен. Жібі түзу болғанымен, кісілігінде міні барын ел айтады. Əкең солай болғанда сен одан асып қайда барасың деген меңзеуді əңгімеге куə болып отырғандар маған талай айтып беріп: «Есекең кемеңгер еді ғой», – деп тамсанатын. Атам тағы айтушы еді: – «Дастарқан басында дастарқанның сөзін сөйлеңдер», – деп. Онысы ас, дəм келгенде дастарқан көркіне енеді, олай болса, сөз де көркем болуы керек. Дастарқан басында ол кісі ғайбаттау, көше сөздерін айтуға тыйым салып отыратын. Сондағы дастарқанға қарасаңыз, бауырсақ, май, құрт, шашырап жатқан өлшеулі шақпақ қант, соңынан келер табақ ет, кейде қуырдақ қана. Осы көрікті дастарқан деп, тəубе деп бата жасап, тілек тілейтін. Ол кісі «дəм», «тағам», «ырыздық», «несібе», «шүкіршілік» деп отыратын. Барға қанағат ету атамның басты философиясы болатын, басқа амал бар ма, елде тегіс жоқшылық, жетіспеушілік, қисынсыз істер, көпірмеөтірік сөздер. Осындай жағдайда атам бастап дəм ішіп отырған дастарқан шынында айтып таусылмайтын керемет болатын. Жоғарыда атамды кемеңгер дедім. Бұл əншейін айтылған сөз емес. Есімде анық қалған оқиға. Никита Хрущевтің өрлеп, бет қаратпай тұрған кезі. Əдеттегідей, үлкен астан кейінгі əңгіме саясатқа ауысты. Сталинді жерден алып, жерге салып жатқан идеологиялық науқан. Сол кезді бүгін ойласам, коммунистер деген принципсіз, жалған сенімге уланған жандар екен. Кезінде олар Сталинге құдайдай сеніп, ол өлгенде солқылдап тұрып жылады. Енді, міне, Хрущевтің айтқанымен оның «моласын тепкілеп» жатыр. Əңгіме қыза келе, түйінді сөздің мезгілі жетті-ау дегенде, Есім атам бір сілкініп, тамағын кенеп: «Естеріңде болсын, бұл өкіметтің ғұмыры ұзаққа бармайды. Оны мен көрмеймін, сен (əкемді нұсқап) шет жағасын көресің, ал мынау (мені нұсқап) сол заманда ғұмыр кешеді», – деді. Балаға бұл ауыр түсінік, мен он жастар шамасындамын. Маған атамның сөзі оғаш көрінді, осы оғаштығымен менің жадымда сақталды. Егер түсінікті болғанда ұмыт болар еді. Отырғандардың бірі сəл үнсіздіктен кейін: – Есеке, неге олай дейсіз, – деді. Атам бəрің мұқият тыңдаңдар деген сыңаймен: – Олай дейтінім, бұлар бірін-бірі жамандап жатыр. Басшылары бірін-бірі ғайбаттаған өкіметтің ғұмыры қысқа. Ондай ғибрат өткен замандарда болған. Баласы əкесіне, інісі ағасына қарсы шыққан патшалардың елдері өзгелерге жем болып отырған. Бұл да соның кебі, – деді. Бүгін ойлаймын, неткен көрегендік. Кемеңгерліктің өзегі – көрегендікте. Атам айтқандай болды. Сталинге қарсы шыққан Хрущев көп тұрақтамады. Билікке Михаил Горбачев келді, ол кезде əкем бар, тəуелсіздікті көріп, ол кісі 1993 жылы дүниеден өтті. Мен болсам, Есім атам айтып кеткендей, мүлдем өзге заманда ғұмыр кешудемін. Таңғаламын. Саясаткерлер, кеңес заманында басшылық қызметте болғандар: – Біз СССР-дің ыдырауын білмей қалдық, – деседі. Ал, ауылдың оқымаған ақсақалы ХХ ғасырдың елуінші жылдарының соңында əлемді түпкілікті өзгертетін геосаяси оқиғаны сезіп-біліп, болжап айтып кеткен. Сонда оқыған кім, кемеңгер кім, сауаттылық деген не? Қадірлі оқырман, санаңызға салып ойлай беріңіз, жалпы иісі қазақ ауылының ақсақалдары тегіс көреген, кемеңгер болған. Мен солардың бірін ғана, атамнан естігендерімді баяндап отырмын! АСТАНА.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.