Page 1

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь астанасы – Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты.

№83 (28307) 30 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Еуразиялыќ интеграция: ыќпалдастыќтыѕ елдер їшін берері кґп Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Минскіден.

Жиын барысында Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясында бүгінгі күнге дейін жүргізілген интеграциялық үдеріс тердің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ, ЖЕЭКтің бұрынғы отырыстарында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың негізгі мəселелері талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт жобасы қаралды. Еуразиялық теория үстірт көзқарас немесе жүйесіз ұғымдар легі емес. Керісінше, саяси жəне экономикалық кеңістікте жүзе ге асырылып жатқан күрделі интеграциялық жоба. ЖЭЕК-тің бұған дейінгі мемлекет басшылары деңгейіндегі əр отырысында да президенттер осыны өздерінің дəйекті сөздерімен дəлелдеп берген еді. Міне, сондай отырыстардың бірінде Қазақстан Президенті: «Мемлекеттер интеграцияға жеке-дара, оқшауланып қол жеткізе алмайтын дүниені иелену үшін барады, ал мұндай жағдайда ықпалдасу үдерісі эволюциялық жолмен, сатылап жүзеге асқаны абзал. Біз өз күштерімізді біріктіргенде ортақ мүддеге қол жеткізуді көз деп, бұл істі кезең-кезеңімен атқаруға тиіспіз. Бүгінге дейін біз осы жолмен жүріп, алдымен Кеден одағын құрдық, одан Бір тұтас экономикалық кеңістікті құруды аяқтауға жақындадық. Алдымызда

Еуразиялық экономикалық одақ құру кезеңі тұр», деген еді. Енді, міне, Қазақстан Президенті айтқан Еуразиялық экономикалық одақ құрудың шешуші кезеңдерінің де төбесі көрінгендей болып тұр. Қазақстан, Беларусь жəне Ресей президенттері белгілеген межеге сəйкес, Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы тиіс. Алдағы мамыр айының аяғында

Астанада, міне, осы Одақтың құрылуы жөніндегі құжаттардың соңғы нұсқасы ұсынылған кеңес отырысының қорытынды жиыны өтіп, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылмақ. Бұл арқылы интеграцияның келесі сатысын құрудың негіздері қаланып, 2015 жылы Кеден одағына мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одаққа еркін қадам баса алады. Соның

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

Ќазаќстан Президенті болашаќты болжайтын жəне интеграцияныѕ дамуын дəйекті тїрде жаќтайтын кґрнекті саясаткер келбетін таєы бір танытты Сенат Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаевтың пікірінше, Мемлекет басшысы Мəскеу мемлекеттік университетінде оқыған дəрісінде жаңа геосаяси жағдайдағы еуразиялық интеграцияны дамытудың нақты бағдарламасын баяндап берді. Кеден одағындағы əріптестерін «алысты болжауға» шақыра отырып, Еуразиялық экономикалық одақ қай бағытта дамуы керектігі жəне осы ауқымы зор жобаның табысты болуын қамтамасыз ету

үшін қандай шаралар қабылдау керектігі жөнінде көрегендікпен егжей-тегжейлі жəне нанымды əңгімелеп берді. «Қазіргі əлемде тəжірибелілігі, даналығы жəне əр ісінің нəтижелілігі тұрғысында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа тең келетін саясаткер жоқ екенін бұрын да айтқан болатынмын», деді Қ.Тоқаев. «ММУ-дегі дəріс осыдан 20 жыл бұрынғы посткеңестік қоғамға ұсынылған интеграциялық жобаның келешегі туралы оның

үздіксіз ойларының жаңа мəнге ие жалғасы деуге болады». Н.Ə.Назарбаевқа тəн көрегендікпен ЕАЭО құрудың бастамашысы болған Қазақстан Президенті бұл іске аса жауапкершілікпен қарауды ескертеді, өйткені, «кез келген қателік немесе жаңсақ басу интеграциялық үдерістерді жойып, іскер орта мен миллиондаған халықтың қолдауынан айыруға душар етеді». (Соңы 4-бетте).

нəтижесінде «үштік» елдері интеграциялық үдерістер аясында көтерілген барлық бастаманың ешқандай шектеулер мен кедергілерсіз жəне олқылықтарсыз жүзеге асқанын көздеп отыр. Сонымен, Минскінің Тəуелсіздік сарайында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы басталмас бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті

Алек сандр Лукашенконың екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты саудаэкономикалық ықпалдастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының маңыздылығын атап өтті. – Біз өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, білім жəне өзге

Ауќымды істер арнасы

Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында Елбасының тапсырмасына сəйкес жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру жəне ел экономикасына инвестициялар тарту, бизнеске қолдау көрсетудің бірінші кезекті шараларын іске қосу секілді маңызды мəселелер қаралды. Қаралған мəселелердің мəнісін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізу үшін Орталық коммуникациялар қызметіне бұл жолы Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев жəне «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ басқарма мүшесі – басқарушы директор Нұрлан Рахметов келді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Əуелгі сөз кезегін алған Ə.Исекешев ел экономикасына

инвестициялар тарту мəселесіне тоқта лып өтті. Оның айтуынша, елімізде қолға алынып, қазір белсенді сипатқа ие болып отырған индустрияландыру

 Айтайын дегенім...

«Ќарапайымдарєа ќашан...» Осы сґз жеті сенатор келгенде де кґлденеѕ тартылды Қарапайым халық мүддесіне етене жақын болу, шағын жəне орта бизнеске кең жол ашу, кедергі атаулыны жою жөнінде Елбасы қашаннанақ нақтылы міндеттер қойып, талапшылдықты күшейтіп келеді. «2050» Стратегиясындағы айрықша арналардың бірі де осы бағытта екені аян. Үстіміздегі жылдың ақпанында Президент «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл да шынайы қамқорлық, шын қолдау, мол мүмкіндік. Мархабат БАЙҒҰТ,

«Егемен Қазақстан».

Өткен аптаның соңына таман Оңтүстік Қазақстан облысына жеті сенатор келді. Олар – Парламент Сенаты «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Е.Жұмабаев, Қ.Айтаханов, С.Жалмағамбетова, А.Күзеков, О.Рахманбердиев, Ж.Төрегелдинов, М.Бақтиярұлы. Сенаторлар шағын жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдау мəселесінің мəнісін зерттеп, зерделемек мақсатта біраз жерлерде болды, бірталай жағдайлармен жіті танысты,

депутаттық топтың көшпелі отырысын өткізді. Басқосуға Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.Өскенбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Омаров, ОҚО басшылары, өзге де лауазым иелері, облыстық, қалалық мəслихаттардың депутаттары, кəсіпкерлер қатысты. Оңтүстік өңіріндегі кəсіпкерліктің, шағын жəне орта бизнестің ойдағыдай дамып келе жатқаны, өзгелерге өнеге боларлықтай жадыраңқы жетістіктердің аз еместігі атап көрсетілді. Бүкіл байтағыңызда 900 мыңға таман белсенді кəсіпкерлік субъектісі болса, осының 11 пайызға жуығы Оңтүстікте екен. Ел көлеміндегі кəсіпкерлікті нəсіп ететін 2,6 миллион адамның да 11 пайызға жуығы осында екені ерекшеленді. Қуанарлық та, құптарлық та көрсеткіштер баршылық. Десек те, осынау орта жəне шағын бизнеске байланысты талай-талай тағдыршешті тірліктер, қол жетіп жатқан қомақты нəтижелер сөз болғанда көп кісілердің: «Қарапайымдарға қашан жетер екен?», «Қарапайым шаруаларға осының бəрі бүтін күйде барып жатқан жоқ қой», «Талай нəрсе діттелген ділгір нүктелеріне тимей қалып қоя береді» деген пікірлерді ашық айтып, күрсінетіні рас. Жоғары деңгейдегі жиында Қуаныш Айтаханов бүй деді: «Оңтүстіктің бизнеске қолдау көрсетудегі бағалы бастамалары басқаларға үлгі боларлықтай. Алайда, ауылдардағы кəсіпкерлердің көпшілігі мемлекеттік қолдау

салалардағы екіжақты ынтымақтастықты барған сайын жоғары деңгейге көтере түсуді мақсат етіп отырмыз. Елдеріміз арасындағы сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастардың даму қарқыны жақсы екенін зор қанағаттанушылықпен атап өтуге болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан басшысы Александр Лукашенконы Беларусьте бүгін атап өтілетін бабаларды

түрлерінен бейхабар. Қаржы ұйымдары несиелерді тым жоғары пайызбен береді. Сол несиені алғысы келетін қарапайым азаматтардың кепілдікке қояр мүлкі жоқ...». ОҚО əкімі Асқар Мырзахметов: «Индустриялы аймақ бойынша тиісті ережелер мен заңдар бекітілмеген. Заң міндетті түрде керек. Сондай-ақ, кеңестік кезеңнен кейін тоқтап қалған зауыттарды сатып алып, жұмысын жалғастыруға арналған заңнама да қажет. Ақиқатын айтсақ, «Агробизнес-2020» бағдарламасы ірі фермерлік қожалықтарға бағытталған. Енді соған ауылдағы қарапайым шаруаларға да қолдау боларлықтай арнайы жеңілдіктер енгізілсе», деген ұсынысын білдірді. Көрдіңіздер ме, сенаторыңыз да, əкіміңіз де «қарапайым азамат, қарапайым шаруа» дейді. Бұрындары «Қарапайымдарға қашан...» деген күрсініс сол қарапайымдардың өздерінен жəне солардың маңайларынан ғана, ары кетсе, ауыл мен аудан əкімдері тарапынан естілуші еді. Енді қарапайымдарға бағытталған бірқанша жағдайлардың əзірше бұйырмай келе жатқаны «Өңір» депутаттық тобы, ірі лауазымды тұлғалар тоқайласқан беделді басқосуда мойындалғанына мың да бір рахмет. Дейсіз. Жақсылықтың белгісі, əрине. Ұзағынан сүйіндіргей. Сөз бен іс үйлесе түскей. Оңтүстік Қазақстан облысы.

● Оймақтай ой

бағдар ламасын толық мəнінде жүзеге асыру үшін аталған мəселенің маңызы өте үлкен. Дегенмен, соңғы уақыттары бүкіл əлем бойынша алғанда инвестициялық белсенділіктің төмендеп кеткендігі анық байқалып отыр. Оған əлемнің ірі өңірлерінде дағда рысты жағдайлардың орын алғандығы себеп болуда. БҰҰ дерек тері бойынша, тікелей шетелдік инвести ция тарту жөнінен Қазақстан 2012 жылы алғашқы 20 елдің қатарына кіргенімен бұл мəселедегі іркіліс біздің елімізде де сезілуде. Осыған байла нысты Мемлекет басшысы ел эконо микасына инвестиция

еске алу күні – Радуницамен құттықтады. Өз кезегінде Беларусь Президенті екі ел арасындағы саудаэкономикалық қатынастар қарқынды түрде нығайып келе жатқанын атап өтті, сондайақ, Қазақстан Президентінің М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетіндегі дəрісі кезінде айтылған Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қатысты идеясын талқылауға дайын екенін айтты. Қазақстан жəне Беларусь прези денттерінің екіжақты кездесуінен кейін Жоғары Еуразиялық эко но микалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы болды. Шағын құ рам дағы отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Нұр сұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жəне Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен өтті. Келіссөздер барысында Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы өзара ықпалдастық мəселелері талқыланды. Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын дайындау жұмысының қорытындысын шығарды. Бұдан бөлек, үш елдің басшылары еуразиялық экономикалық интеграцияға қатысушылардың құрамын кеңейту мəселелерін қарастырды. (Соңы 2-бетте).

тартуға ерекше мəн берді. Осыған қолайлы жағ дай лар туғызуды Үкіметке міндеттеді. Үкімет инвестиция тартудың кешенді жоспарының жобасын əзірлеп, осы отырыста қараған екен. Ə.Исекешевтің айтуынша, отандық экономикаға шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстар атал ған жоспарға сəйкес екі бағытта жалғасатын болады. «Соның біріншісі – ел ішіндегі инвестициялық ахуалды одан əрі жақсарту. Бұл бағыт бойынша бірқатар ынталандыру шаралары қолданылмақ. Екінші бағыт – ірі инвесторларды, соның ішінде трансұлттық компанияларды тарту. (Соңы 2-бетте).

Бүгінгі нөмірде: Ботаникалыќ баќ

Жақсы іс көп жасайды.

Бўл Ќазаќ елініѕ ґсімдік əлемі жинаќталєан бірден-бір єажайып жер

Жүсіп БАЛАСАҒҰН.

6-бет

УАЌЫТТАН ОЗЄАН ЌИЯЛГЕРЛЕР 11-бет

Шырылдаєанр Шəмші єўмы Алєашќы адым 15-бет

8-бет

Ќобызєа ќўштар Краузе 16-бет


2 Еуразиялыќ интеграция: ыќпалдастыќтыѕ елдер їшін берері кґп 30 сəуір

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 1-бетте). Жиында алғаш болып сөз тізгінін «үй иесі» ретінде Александр Лукашенко алды. Ол өз сөзінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің осыған дейінгі отырысында сарапшыларға, біздің елдеріміздің өкілдеріне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын əзірлеу туралы тапсырма берілгенін атап өте келе, былай деді: «Біз сарапшылар мен мемлекет өкілдеріне қандай да бір кедергілер кездесіп, мемлекет басшыларының қатысуы қажет болса, біз кез келген уақытта кездесіп, мəселелерді талқылаймыз деп уағдаласқан болатынбыз», деді. Осылай дей келе, ол Қазақстан жəне Беларусь президенттеріне еуразиялық интеграцияның даму үдерістері мəселелеріне қатысты ашық талқылаулар жасау үшін Минскідегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуға келгендері үшін ризашылығын білдірді. «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуға аз ғана уақыт қалды. Бұл жерде «Біз бұл күнге қандай нəтижемен келеміз?» деген заңды сауал туындайтыны анық. Мен мынаны айтар едім: қазіргі таңда тараптардың пікірлері бір жерден шықпайтын, яғни қарама-қайшы мəселелер шоғыры да қалыптасып үлгерді. Ал бұл мəселелер бізді алаңдатпай қоймайды. Сол себепті, біз бұл мəселелердің түйінін тарқату үшін жиналып отырмыз. Олардың басым көпшілігі осыған дейінгі отырыстарда шешілуі тиіс болатын. Ол үшін бізге, ең алдымен, тетіктері толық деңгейінде жұмыс істейтін Кеден одағы қажет. Яғни, Кеден одағына мүше елдер арасында тауар айналымы кезінде ешқандай тосқауылдар мен кедергілер орын алмауы тиіс. Себебі, тауар айналымы кезінде ұзақ уақытқа созылған кез келген кедергілер мен тосқауылдар жағымсыз əсер қалдырары белгілі», деді А.Лукашенко. Оның айтуынша, бүгінде кейбір мəселелер бойынша келіссөздер үдерісінде де көп сауал туындап отыр. «Егер, біз алдымызда кездескен осындай кедергілерді шешуге дайын болмасақ, онда мұны ашық түрде мойындайық. Бұған қоса, «бүгінде экономикалық жəне

бюджеттік тұрғыда қиындықтар туындауы мүмкін» деген де пікірлер бар. Алайда, егер мұндай мəселелер туындап жатса, егер біз дайын болмасақ, онда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы əңгімені де он жылдан кейін ғана айтуға тура келер. Сондықтан, біз Еуразиялық экономикалық кеңістікке, болашақта құрылатын Одаққа қатысты ортақ қызығушылыққа толы басқа да мəселелерді кеңінен талқылаймыз деп ойлаймын. Жалпы алғанда, біздің Одақ тиімділігінің қандай болмағынан оның басқа елдерге тартымдылығы да көрінеді. Яғни, бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақтың құндылығы артуы тиіс», деді А. Лукашенко. Сонымен қатар, ол Еуразиялық экономикалық одаққа жаңа мүшелерді қабылдау «пакеттік қағидат» бойынша жүзеге асырылатынын жеткізді. «Яғни, жаңа мүшелерге қандай да бір жаңа мəртебе белгіленбейді, сондай-ақ, жаңа талаптар қойылмайды. Бұл, менің ойымша, өте əділ шешім болады. Демек, Одаққа кіруге ниетті қандай да бір ел «Жол картасын» дайындап, осы жолдан өтсе ғана, ол елді біз Еуразиялық экономикалық одаққа қабылдауды қарастыратын боламыз. Бір сөзбен айтқанда, бізге еуразиялық интеграцияға тек «үдеріс» ретінде қарау, «ең маңыз дысы нəтиже емес, жай қатысу» деген қағидатты ұстану мүлдем қажет емес», деді Беларусь Президенті. Александр Лукашенко жиында, сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер халықтарының: «Біз қандай жолда тұрмыз?», «Біздің елдеріміз осы үдерістің аясында қандай нəтижеге қол жеткізді?» деген сауалдарына жауап беру қажеттігін атап өтті. «Мұндай сауалдарға біздің жауаптарымыз да дайын болуы керек. Белорус халқы ның бүгінгі қалыптасқан жағдайға байланысты өз ұстанымы мен өз пікірі бар. Демек, біз əріптес ретінде бұл туралы ашық пікірлесуге дайынбыз. Біз шағын құрам дағы отырыстың алдында мұны екі сағат бойы талқылап, экономикалық мəселелер бойынша пікір алмастық, түйткілді мəселені қарастырдық, сондай-ақ,

2014 жыл

елдеріміз арасындағы əріптестіктің болашағы мен халықаралық жағдайлар туралы əңгіме қозғадық. Демек, Минскідегі отырыстың нəтижесі онда қабылданатын шешім дерге байланысты болады», деді Беларусь Президенті. Бұдан кейінгі кезекте сөзді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алды. Қазақстан басшысы өз кезегінде Беларусь тарапына, Мемлекет басшысы Александр Лукашенкоға келелі жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны жəне қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. «Бүгін сіз бізді Беларусь үшін қасиетті Радуница күні ерекше қонақжайлықпен қарсы алып отырсыз. Мұның өзі де біздің интеграциялық үдерісімізге деген айрықша көзқарасты білдіреді. Отырыстың күн тəртібінде тұрған маңызды мəселе – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы. Біз бүгінде шарттың қол қойылуының алдында тұрмыз. Жалпы алғанда, көп жолдың жартысын артқа тастадық, ал сарапшылар жақсы жұмыс атқарды, соның нəтижесінде біздің Одағымызға өзге де серіктестеріміз қызуғушылық таныта бастады. Мен бұл орайда, егер, біздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғысы келетін елдер болса, олар əу бастан келіскеніміздей, біз жүріп өткен жолмен жүріп өтуі тиіс деген пікірмен келісемін. 2014 жылы еуразиялық интеграция идеясына 20 жыл болды. Бұл туралы мен кеше Мəскеу университетінде дəріс оқыдым. Бұл шараға Қазақстан мен Ресей тарапынан ғалымдар, саясаткерлер, саясаттанушылар қатысты. Бұл кездесуде алдағы 15-20 жылда Еуразиялық экономикалық одақтың тағдырын қалай көретінімізге байланысты пікір алмастық. Бұл стратегияда біз басымдыққа ие бағыттар жайын зерделеуіміз, саралауымыз қажет. Енді Еуразиялық экономикалық одақ туралы жобаның өзіне келейін. Бұл орайда, біз осы жобаның əзірленуінің басы-қа сын да жүрген сарапшылармен, əріптестерімізбен бір үстелде отырып, түрлі келіспеушіліктерді жан-жақты талқылауымыз керек. Қазіргі таңда бұл мəселеге біздің өз елдеріміздің халқы ғана емес, шетелдік қауымдастық та айрықша

назар аударып отыр. Сондықтан, біздің елдеріміздің мүдделерін көздейтін барлық құқықтық аспектілерді қарап, оларды орындауымыз қажет. Мен өткен аптада Виктор Христенкомен кездестім. Ол өз кезегінде Одақ туралы шарттың əзірлену барысы жөнінде баяндап берді. Мен осы орайда, көп жұмыстың атқарылғандығын атап өткім келеді. Əрине, кейбір өте нəзік мəселелер бойынша өтпелі кезеңдер қарастырылған. Бұл ретте біз мынаны ескергеніміз жөн. Бұл мəселелердің барлығын біз Кеден одағын құру кезінде, Еуразиялық экономикалық кеңістік қалыптастыру кезінде талқылаған болатынбыз. Əрине, комиссия құрамындағы біздің əріптессарапшылар өзара келісілмеген мəселелерді біздің саралауымызға қалдырыпты. Сондықтан, біз бүгін ол мəселелердің əр бөлімін талқылап, бұдан əрі не

Ауќымды істер арнасы (Соңы. Басы 1-бетте). Бұл мақсатта біз негізгі елдер мен салаларды айқындап алдық. Қажетті шаралардың бəрі белгіленді. Бұл жоспар жақында ғана Президент Əкімшілігіне жолданды. Ол қабылданғаннан кейін бірден жұмысқа кірісеміз. Бұл реттегі біздің басты мақсатымыз – Қазақстанды өңірдегі ең мықты хабқа айналдыру», деді Ə.Исекешев. Экономика жəне бюджеттік жос парлау министрі Ерболат Досаев өз сөзінде аталған мəселені одан əрі нақтылай түсті. Соның ішінде инвес торларды ынталандыру үшін шаралар топтамасы əзірленгендігін айтып өтті. Бұл шараларда біздің экономикамызға қаржы салған инвесторларға олардың шығынының бір бөлігін жабу үшін көмек көрсетілетіндігін атап көрсетті. Ол көмектер қуат

тасымалдаушыларға жəне өнімді жеткізу бойынша тасымалдауға кеткен шығындардың бір бөлігін қаржыландыру үшін көрсетілмек. Сонымен қоса, шетелдік жұ мыс күшін тартқысы келетін инвесторларға квотадан тыс жəне рұқсат алмай-ақ инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде жəне нысанды іске қосқан соң, бір жыл көлемінде шетелдік жұмыс күшін тарту құқықтары берілмек. Мұның сыртында инвесторлар 10 жыл мерзімге дейін қосымша құн салығын төлеуден босатылады, оларға нысанды іске қосқаннан кейін жұмсаған күрделі қаржы шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекет тарапынан инвестициялық субсидия берілетін болады. Сондай-ақ, Е. Досаев жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру шараларына да тоқталып

өтті. Оның айтуынша, Үкімет отырысында 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жос пары шеңберінде бəсекелестік ортаға тапсырылатын кəсіпорындар мен нысандардың тізбесі анықталған. Жекеменшікке тапсырылатын мұндай ұйымдардың ішінде коммерциялық сипаттағы ғылыми мекемелер, шипажайлар, бұқаралық ақпарат құралдары, күзет мекемелері бар. Осындай ұйымдарды жекешелендіру нəтижесінде республикалық меншіктегі нысандар саны 28 пайызға қысқаратын болады. «Тұтастай алғанда республика бойынша бəсекелестік ортаға 782 квазимемлекеттік сектор ұйымдары беріледі. Оларды жекеменшікке тапсыру рет-ретімен жүйелі түрде жүзеге асырылады. Мəселен, 2014 жылы 101 ұйым, 2015 жылы – 50, 2016 жылы 26 ұйым жеке секторға шығарылады.

Мұның сыртында 380 ұйымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Олардың кейбіреуінің жойылуы да мүмкін», деп атап көрсетті Е. Досаев. «Самұрық-Қазына» өкілі Нұрлан Рахметов осы қор бойынша жекешелендірілетін ұйымдар жайына тоқталып өтті. Оның айтуынша, аталған қордан 223 ұйым жеке секторға тапсырылып, мұндағы кəсіпорындар саны 37 пайызға дейін қысқаратын болады. Өңірлік даму министрі Б.Жəмішев бизнеске қолдау көрсетудің бірінші кезекті шараларын жүзеге асыру жоспары Үкімет отырысында мақұлданғандығын айтып өтті. Оның айтуынша, Мемлекет бас шысы Н.Назарбаевтың бұл мəселе жөніндегі Үкіметке берген басты тапсырмасы бизнеске қолдау көрсетуді Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы секілді

істейтінімізді шешкеніміз жөн. Мен асығыс шешім қабылдауға қарсымын, бірақ, алдын ала келісілген уақытқа үлгереміз, ол үшін түйткілді мəселелердің түйінін тарқатамыз деген сенімім бар. Біз бұрын да консенсусқа келіп жүрдік, алдағы уақытта да бір келісімге келеміз деп ойлаймын. Менің ойымша, бүгінде күн тəртібінде тұрған түйткілді дүниелердің өз шешімі бар. Қазір, менің ойымша, 3-4 мəселе ғана күн тəртібінде тұр. Олардың барлығын əр бөлім бойынша сарапшылармен бірлесе қарастырамыз деп ойлаймын», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ресей Президенті Владимир Путин соңғы жылдар ішінде ғана емес, соңғы айлар мен апталар ішінде үлкен ауқымдағы жұмыстардың атқарылғанын тілге тиек етті. «Бір сөзбен айтқанда, поскеңестік кеңістіктегі жетекші интеграциялық бірлестік бойынша

əлемдегі ең дамыған елдердің басын қосып отырған интеграциялық бірлестіктің қағидаттарына сəйкес жүзеге асыру болатын. Бұл қағидаттар 2010 жылы 15 маусымда қабылданған Болон хартиясында айқындалған. Соған сəйкес елімізде бизнеске қолдау көрсетудің бірінші кезекті шараларын жүзеге асыру жоспары 6 бағыт бойынша жасалыныпты. Ол бағыттар тұрақты іскерлік орта құру, шағын жəне орта бизнесті дамы тудың тиімді шараларын басқа салаларда қолға алынған саясатпен үйлестіру, білім беру мен адам факторын дамыту, жеке жəне мемлекеттік секторлардың əлеуметтік əріптестігін нығайту, қаржы ресурстарына тиімді қолжетімділікті қамтамасыз ету жəне жаңа технологиялардың дамуына қажетті орта қалыптастыру секілді маңызды міндеттердің басын қосады. Баспасөз мəслихатында журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, олардың барлығына тыңғылықты жауап қайтарылды.

үлкен жұмыстар атқарылды деп айтуға болады. Бұл орайда, біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзіміздің алғысымызды білдіруіміз қажет. Себебі, ол осындай бірлестіктің, осынау идеяның негізін қалаушы жəне авторы. Ал күні кеше ғана оның Мəскеу мемлекеттік университетінде өте маңызды баяндама жасауы, ал ол баяндамада бұл идеяны ал дағы уақытта одан əрі дамыту мəселесінің қаралуы аталған мəселеге Қазақстанның салмақты, байыпты түрде келіп отырғанын байқатады. Шындығына келгенде, біз құрған Кеден одағы бүгінде жұмыс істеп, өз нəтижесін беруде. Мұны біз елдеріміздің экономикаларынан көріп отырмыз. Бұл – факт. Бірақ, біз тағы бір қадам жасай аламыз. Бұл біздің өзара əріптестігімізді одан əрі тереңдетуге бағытталған қадам болуы тиіс. Сол арқылы өзара ынтымақтастығымызды жаңа, жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік алатын боламыз. Соңғы уақытта сарапшылар деңгейінде, үкіметтік деңгейде үлкен жұмыстар атқарылды. Жақында ғана үкімет басшылары кездесіп, күн тəртібінде тұрған мəселелерді сараптамадан өткізді, бұл ретте олардың да жұмыстарын атап өтуге болады. Осындай ұжымдық еңбектің нəтижесінде 600 парақтан тұратын үлкен, ауқымды, мазмұнды құжат дайындалды. Бірақ, мəселе тек құжат парағының көптігінде емес, мəселе бұл құжаттың біздің өзара ықпалдастығымызды одан əрі тереңдетуге, ол үшін тағы бір маңызды қадам жасауымызға мүмкіндік беретіндігі. Əрине, біз өзіміздің ынтымақтастығымызды жаңа сапалық деңгейге өзгерте аламыз. Бұл біздің елдеріміз экономикаларының бəсекелестігін, олардың тиімділігін арттыруға, сол арқылы ішкі жəне сыртқы инвестициялардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Иə, əлі де сарапшылық деңгейде толықтай əзірленбеген, келісімге келмеген жобалар бар. Бірақ та біз бұл жерге осы үшін жиналып отырмыз. Демек, келісімге келеміз деп ойлаймын», деді Ресей Президенті. ЖЕЭК-тің шағын құрамдағы отырысы одан əрі кеңейтілген құрамда жалғасты. Бұл отырыста

екі мəселе қаралды. Олардың бірі – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт жобасының əзірлену барысы туралы болса, екінші мəселе – Арменияның Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдерінің Кеден одағына жəне Біртұтас экономикалық кеңістікке кіруіне қатысты «Жол картасы» іс-шаралар жоспарының орындалу жəне жүзеге асырылу барысы жөнінде өрбіді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко баяндап берді. Ол өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт жобасын əзірлеу барысында бірқатар мəселелердің нақтыланғанын, сондай-ақ, жаңа мəселелердің күн тəртібіне шыққанын атап өтті. Мұның себебін ол үш ел президенттерінің өз елдері министр ліктеріне кейбір мəселелерді қай та саралау мен сараптаудан өткізу қажеттігі туралы тапсырма бергендігімен байланыстырды. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь басшылары шартты дайындауда ілгерілеушілік барын айтты, сондай-ақ, оны əзірлеуге іскер топтардың белсене қатысқанын атап өтті. Үш елдің басшылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мемлекеттер арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің нəтижесі екенін атап өтті. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының соңында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко журналистер алдына шығып, мемлекет басшылары деңгейіндегі отырыс аясында қол жеткізілген мəселелер жөнінде баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі тетіктері бойынша жұмыстар атқарылған, ал күн тəртібінде тұрған кейбір түйткілді дүниелердің түйінін тарқатуға тапсырма жүктелген. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі кезекті отырысы мамыр айының 29-ы күні Астанада өтеді деп белгіленіпті.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ґкілдердіѕ алєашќы басќосуы

Бейжің қаласында «6+5» форматында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері жəне ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің құзыретті өкілдері арасында Ұйымның тарихында алғашқы кездесу өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, ШЫҰ Хатшылығы мен Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетінің өкілдері өз сөздерінде Ұйым жанындағы бақылаушы мемлекеттермен ынтымақтастықты одан əрі нығайтуға ниет білдірді. Аталған ынтымақтастық ШЫҰ-ның əлеуетін арттыруға, осы ұйым жұмысының нəтижелілігін кеңейтуге мүмкіндік береді жəне оған кіретін мемлекеттердің мүдделеріне тиімді болады, деп атап өтті олар. Бақылаушы мемлекеттер өкілдері ШЫҰ іс-шараларына түрлі дəрежелерде қатынасуын белсенді етуге қызығушылық білдірді. Қазақстандық делегацияны Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің мəселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев басқарды. Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен бірлескен ынтымақтастық комитеттерін немесе нақты бағыттары жөніндегі байланыс топтарын құру туралы, сонымен қатар, бақылаушы мемлекеттерге ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми ашық құжаттарын жолдаудың мүмкіндігі бар екенін атап өтті. «Егемен-ақпарат».


30 сəуір 2014 жыл

Ауыл шаруашылыєы ќўрылымдарындаєы кездесулер Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Сенаттың Экономикалық даму жəне кəсіпкерлік комитетінің хатшысы Сəрсенбай Еңсегенов аймақтарға сапарлары аясында Атырау облысының Махамбет ауданында болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар Бейбарыс жəне Сарайшық ауылдарындағы шаруашылықпен айналысатын мекемелерде болып, еңбеккерлерге Мемлекет басшы сының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауының негізгі бағыттары туралы əңгімелеп берді. Сенаторлар, сондай-ақ, күніне 3 мың литр сүт өндірілетін сүт фермасының жұмысымен жəне ешкі сүті өндірілетін «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының технологиялық

үдерістерімен танысты. Келешекте мұндағы ешкі өсіретін шаруашылықта 40-қа жуық өнім өндіру жоспарланып отыр. Сенат Төрағасының орынбасары фермерлерді еліміздегі агроөнеркəсіп кешенін дамыту үшін заң жүзінде барлық жағдай жасалғаны туралы хабардар етті. 2013 жылдың соңында Парламент депутаттары аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың заңнамалық негіздерін жасауға жəне бірқатар жаңа тетіктермен қамтамасыз

етуге, сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кірердің алдында бəсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркəсіп кешені мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданған болатын. Одан басқа, фермерлерді қолдау үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруға тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы олардың ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуына белсенді түрде жəрдемдесу, ауылдағы өнім өндірушілерді тиімді кепілдендіру жəне сақтандыру жүйесін құру, сондай-ақ, өткізу нарықтарына еркін кіруін қамтамасыз ету мүмкіндіктері қарастырылып отыр.

Ќазаќстан мен Ўйым ќарым-ќатынасы ќаралды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы екіжақты ықпалдастықты одан əрі дамытуға бағытталған ауқымы кең мəселелер, оның ішінде өзекті халықаралық мəселелер жəне əртүрлі бірлескен жобалар аясындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Е.Ыдырысов Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығының өзекті мəселелерінің бірі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл болып табылады деп атап өтті. Осы тұрғыдан Ауғанстан аумағынан шығатын ықтимал қауіп-қатерлер Орталық Азия елдері үшін де, барлық халықаралық ұйымдар үшін де өте маңызды болып қала бермек. Ауғанстанмен өзара іс-қимыл мəселесі Ұйымның күн тəртібінен де түспек емес. «Үлкен тəжірибесі бар ЕҚЫҰ, БҰҰ жəне басқа халықаралық ұйымдармен бірлесіп, Орталық Азия елдеріндегі шекара қызметінің тиімділігін нығайтуға көмектесе алар еді, Ауғанстан мен көрші елдерде есірткіге қарсы күреске қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруға қатыса алар еді деп санаймыз», деп атап өтті ҚР СІМ-інің басшысы.

Сұхбаттастар жұмыстың маңызды бағыт тарының бірі ретінде ЕҚЫҰ Астана Саммитінің басымдықтарын бірлесіп ілгерілету екендігін растады жəне бұл бағыт алдағы жылдарда Қазақстанның Ұйымдағы қызметінің негізгі басымдығы болып қала беретіндігін алға тартты. Бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуда болашақтағы тұрақты жəне сенімді əріптес ретінде Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің құрамына, соның ішінде Астана декларациясындағы страте гиялық мақсат – Еуроатлантикалық жəне Еуразиялық қауіпсіздік ұйымын құруға қол жеткізу үшін өз кандидатурасын ұсынды. Тараптар, сондай-ақ, Украинадағы ішкі саяси ахуалдың даму мəселелерін талқылады. «Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт жолмен шығуын жəне оның БҰҰ мен басқа да беделді халықаралық ұйымдардың көмегімен келіссөздер үдерісі жолымен шешілуін қалаймыз», деп атап өтті қазақстандық СІМ басшысы. Л.Заньер атап өткендей, осы

жағдайда «Ұйымның Астана Саммитінде айтылған, біртұтас жəне бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құруды жалғастыру қажеттілігі сезіліп отыр». Келіссөздер барысында əлемдік экономиканың құлды раудан баяу шығуы жəне теріс эконо микалық факторлардың шыдамсыз дық пен қысым көрсетушіліктің артуы əсер етуі есебінен дінаралық жəне этносаралық төзімділік мəселелері де талқыланды. Тараптар ЕҚЫҰ өңіріндегі, оның ішінде ғаламтордағы қастандық жасау мен жеккөрушілік, ксенофобия мен исламо фо бия салдарынан туындаған қылмыстардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Келіссөздер күн тəртібінің басқа бір маңызды пункті ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы қызметі болды. Е.Ыдырысов Ұйымдағы істер жағдайының мəні, оның тиімділігін арттыру, қабылданған шешімдерді орындау жəне қауіпсіздіктің барлық үш өлшемінде əлеуетті нығайту бойынша жүйелі жəне жоспарлы жұмыстың қажеттілігі жөнінде айтты. Ал ЕҚЫҰ Бас хатшысының ойынша, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді даму стратегиясын ескере отырып жəне еліміздің тиісті қажеттіліктері жағдайында Ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің қызметін жаңғырту жəне заманға сай бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

● Туыстық туы

Ассамблея комиссиясыныѕ їшінші отырысы Парламент Мəжілісінде Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы Құқықтық мəселелер комиссиясының кезекті үшінші отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Мəжілістің Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев отырысқа қатысып, Түркітілдес мемлекеттермен ынтымақтастықты одан əрі дамыту, оны жаңа деңгейге көтеру Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдығы екенін айтты. «Түркия, Əзербайжан, Қырғызстан жəне басқа да түркі тілдес мемлекеттер Қазақстан үшін ең жақын бауырлас елдер болып табылады. Біздің тегіміз, дініміз, тіліміз бір, дəстүріміз ортақ. Сондықтан да, біздің арамыздағы қарымқатынастың тығыз болуы заңды», деді комитет төрағасы. Жиынды Мəжілістің Заңнама жəне сотқұқықтық реформа комитетінің мүшесі, ТүркПА комиссиясының құқықтық мəселелер бойынша төраға орынбасары Нұрлан Əбдіров жүргізді. Ол бүгінгі күн тəртібінде ТүркПА жұмысын жетілдіру мəселесі өзекті болып отырғанын атап өтті. Күн тəртібінің негізгі бөлігі – «ТүркПА-ға мүше елдердің ұлттық заңнаманы үйлестірудегі əрекеті» атты тақырып болды. «ТүркПА-ның Іс басындағы төрағасы – Түркия парламенті эксперттік жиындар өткізу дəстүрін бастады. Атап айтқанда, наурыз айында Анкарада эксперттеріміз коррупциямен күрес жəне мемлекеттік басқаруды жетілдіру саласында

заңнаманы жақсартуға қатысты семинар өткізді. Бұдан басқа, 9 сəуірде ТүркПА-ға мүше елдер парламенттеріндегі əлеуметтік жəне денсаулық мəселелерімен айналысатын комитеттер мүшелері бас қосып, өте пайдалы кездесу өткізді жəне де аталған кездесуді жыл сайын өткізіп тұру ұсынылуда. 18 наурызда эксперттеріміз кездесіп, ТүркПА аясында ұлттық заңнамаларды үйлестіру мəселесін талқылады. ТүркПА-ға мүше кейбір елдердің ТМД институттары аясындағы жұмыс тəжірибесі бар, ал Түркия болса, Еуроодақпен ынтымақтастық аясында заңдарды үйлестіруде мол тəжірибеге ие. Сондықтан да, ТүркПА аясында эксперттердің қатысуымен іс-шаралар өткізу біздің ұйымның эксперттік əлеуетін ұлғайта түспек. Басқосуда «ТүркПА-ға мүше елдердің заңнаманы үйлестірудегі əрекеті» атты тақырыпта Мəжіліс депутаты Нұрлан Əбдіровтің баяндамасы тыңдалып, ТүркПА-ның заңдыққұқықтық базасын жетілдіру туралы мəселе қаралды. Сондай-ақ, ТүркПА комиссиялары жұмысын қайта құру жөнінде Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының депутаты Гюзель Улькердің ұсынысы талқыланды. Қырғыз Республикасының ТүркПа хатшылығы туралы ережелерге қатысты Қырғыз Республикасы Жокорку Кенешінің депутаты Құрманбек Дыйқанбаевтың ұсынысын тыңдап, ол жөнінде делегациялардың пікірін білді. ТүркПА Хатшылығының Бас хатшысы Жандос Асанов комиссияның 4-ші отырысының мерзімі мен өтетін жерін жəне күн тəртібі жайында мəлімдеді.

Елбасы туралы ґмірбаяндыќ кітаптыѕ тўсаукесері

Венгрияның астанасы Будапешт қаласында Махмұт Қасымбековтің венгр тілінде жарық көрген «Нұрсұл тан Назарбаев. Өмірбаян» деп ат алатын кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Венгрияға осы жылдың маусым айының басында жасайтын ресми сапарына орайластырылды.

Бұл кітапты Н.Ə.Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-ғұмырнамалық зерттеудің алғашқы тəжірибесі деуге болады. Мұнда оның қарапайым ауылдағы жасөспірім кезінен бастап, Елбасына дейінгі өмір жолы баяндалады. Кітапта басты назар Н.Ə.Назарбаевтың саяси өмірбаянына аударылған, ол Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлар аралығындағы дамуы кезінде болып өткен драмалық жəне əдеттен тыс оқиғалар мен үдерістердің аясында берілген. Ауқымды мұрағат материалдарының негізінде əзірленген өмірбаян Қазақстанның ең бертінгі тарихы бойынша елеулі құжаттама көзі болып табылады. Кітапта фотосуретпен безендірілген бай материалдармен бірге, жеке құжаттардың түпнұсқаларының көшірмелері алғаш рет ұсынылады. Ал мұның өзі оқырманның суреттелетін оқиғалар ауанына толығырақ қанығуына септігін тигізеді. Бұл кітапқа оның авторы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбеков екені туралы дерек ерекше құндылық береді, ол көп

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дəстүрлі брифинг өтті. Басқосудың бұл жолғы қонағы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаев болды. БАҚ өкілдерімен кездесуінде ұлттық пошта операторының басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан іс-шаралар жайында баяндады. «Егемен Қазақстан».

«Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуына, отандастарымыздың əл-ауқатының жақсаруына өзінің сүбелі үлесін қосушы, 22 мыңнан астам адамның басын біріктірген, көптеген алып шаһарлар мен ауылды елді мекендерде пошта жəне қаржы қызметін көрсетуде сенімді оператор ретінде өзін танытып үлгерген

компанияда стратегиялық мемлекеттік құжат белсенді түрде талқыланып, насихатталуда. «Қазпошта» АҚ басшылығы компанияның стратегиялық маңызды тапсырмаларын айқындағанда, ең алдымен бұқара халықтың мұқтажын ескереді», деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаев. Сондай-ақ ол «Біз, шын мəнінде əрбір қазақстандықтың, соның ішінде, əсіресе, ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуды көздейміз. Біздің қысқа мерзімді

жылдар бойы Мемлекет басшысының тікелей қарамағында қызмет атқарып, президенттік институтты зерттеумен кəсіби тұрғыда айналысып келеді. Оның ғылыми жəне шығармашылық қорында президенттік институтқа, Н.Ə.Назарбаевтың саяси қызметіне арналған ғылыми монографиялар, оқу құралдары, көп томдық басылымдар, публицистикалық жинақтар, көптеген мақалалар бар. Қазақстан Президенті туралы ғұмырнамалық кітаптың 2012 жылы жарық көрген сəтінен бастап, тек Отанымызда ғана емес, шет елдерде де қызығушылық тудыруы кездейсоқ емес. Қысқа мерзім ішінде ол орыс, ағылшын жəне араб тілдеріне аударылып, жарық көрді. Кітаптың венгр тіліндегі нұсқасы Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшілігінің қолдауымен жарық көрді. Оның Венгрия Ғылым академиясының ғимаратында өткен тұсаукесеріне венгр тарапынан Венгрия Парламентінің Төрағасы Шандор Лежак, Венгрия Парламентінің Дуайені Янош Хорват, Өңірлік даму министрі Шандор Фазекаш, Қазақстанның Венгриядағы құрметті консулы Ласло Хорват пен басқа да ресми адамдар, ғылыми жəне шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Венгриядағы қазақ диаспорасының өкілдері, журналистер мен студенттер қатысты. Қазақстан тарапынан кітаптың авторы Махмұт Қасымбеков, Қазақстанның Вен гриядағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин,

Қазақстан Президенті Кеңсесі бастығының орын басары Бақытжан Темірболат, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Тұңғыш Президент кітапханасының директоры Мейір Ескендіров қатысты. Кездесу жылы əрі сенімді пікір алысу жағдайында өтті.Таныстырылымға қатысушылар Қазақстан басшысы туралы венгр тілінде жарық көрген кітап екі достас халықтардың жақындаса түсуі орайындағы тағы бір нақты қадам деген ортақ пікірге келді. *** Күннің екінші жартысында Қазақстан делегациясының қатысуымен Секешфехервар қаласындағы Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде «Қазақстан жолы жəне Н.Ə.Назарбаев» құрметті кафедрасының салтанатты ашылу рəсімі болып өтті. Бұл жобаны венгр тарапы Тұңғыш Президент кітапханасының жəне Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің қолдауымен əрі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетімен (Алматы қ.) бірлесе отырып жүзеге асырды. Рəсімде сөз алған Қазақстан Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков, Венгриядағы елші Нұрбах Рүстемов, Секешфехервар қаласының мэрі Андраш Чер-Полкович, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің ректоры Серік Пірəлиев жəне Я.Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры Петер Сабо Венгрияның жетекші университеттерінің бірінің қабырғасында осындай ғылыми-білім беру орталығының ашылуы студенттер мен оқытушыларға қазіргі Қазақстан, оның ерекшелігі мен даму келешегі, қазақ халқының тарихы мен мəдениеті, Президент Н.Ə.Назарбаевтың қызметі туралы көбірек білуіне, сондайақ, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қосымша мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Қазақстан тарапы университеттің кітапханасына сый ретінде Қазақстан туралы үлкен кітаптар кешенін тарту етті. Рəсімнің соңында Я.Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының жəне Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің арасында төрт жақты меморандумға қол қойылды. Сəулебек БІРЖАН.

Таѕдау талабы жоєары Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кешегі брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі аспектілері мен «А» корпусына іріктеудің аралық қорытындылары туралы жан-жақты айтып берді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Агенттік төрағасының мəліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 97 мың мемлекеттік қызметші болса, соның 54 мыңы аудан жəне ауылдық деңгейде жұмыс жасайды. Соңғыларының 33 мыңы аудан əкіміне бағынышты болса, ал қалғаны орталық органдардың аудандық бөлімшелерінде өз қызметтерін атқарып келеді. Сол аудан немесе ауылдық жерде жүрген мемлекеттік қызметшілердің 5 мыңы «кадр қызметін» қоса атқарса, ал 2013 жылдың наурызынан бастап жалпы саны 500 адамнан тұратын 191 персоналды басқарудың бірыңғай қызметі құрылып, оларға кəсіби деңгейде кадр саясатын жүргізу жүктеліп отыр. Бұдан басқа, жергілікті жерлерде конкурстық комиссия, аттестациялық комиссия жəне тəртіптік комиссия жұмыс істеп келсе, былтырдан бастап аудан, облыс əкімдеріне аудандық жəне облыстық деңгейде Бірыңғай конкурстық комиссия құру мүмкіндігі заң жүзінде берілген екен. Сонымен қатар, бірыңғай кадр

мəселесін шешу мүмкіндігі де назардан тыс қалмаған. Агенттік төрағасы енді персоналмен жұмыс істейтін 500 адамның шешім қабылдаудағы рөлі артады жəне сол бөлімдегі азаматтарды жүйелі оқытуға мүмкіндік туып отыр дегенді баса айтып кетті. Оның сөзінше, бұрын формальді өткізіліп келген аудандық жəне облыстық конкурстар орталықтандырылғаннан кейін олар жаңаша сипат алған. Бұған дейін көзге түспей жүрген, еленбей келген ауыл азаматтары, тіпті, аудан мен облыстық деңгейге де лайықты деп бағаланыпты. Ендеше, «əлеуметтік лифт» жұмысын жаңаша бастапты. Əрі қарай бұл мамандардың жұмы сын оңтайландыру үшін келесі жылы «е-қызмет» жүйесі іске қосылатын болады. Оның жұмыс істеуімен күнделікті шаруа лар электрондық форматқа ауыстырылып, қызметкерлердің қолы босайды. Бұл олардың шығармашылық ізденісіне негізделетін жұмысына көп мəн берілерін білдіреді. Персоналды бағалап іріктеуде шешуші рөл атқаратын тетік – тестілеу. Былтырдан бері кез келген азамат орталықтарда тестілеуден

«Ќазпошта» ќызметі халыќ їшін Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

3

www.egemen.kz

жоспарларымызда ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтер, каталог бойынша тауарларға тапсырыс беру, сақтандыру қызметі, брокерлік қызмет, несиелеу сынды өзге де аса қажетті қызмет түрлерін көрсету бар», деп атап өтті ол. Осы ретте, ауылдық пошта бөлімшелерінің дамуына компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» қорының көмегі айтарлықтай көп болған. 2013 жылы қор тарапынан ауылдық пошта бөлімшелерін техникалық тұрғыдан күшейту жобасының жүзеге асырылуына 1,6 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлініп, аталған қаражат 64 дана брондалған автокөліктер, 114 дана жылжымалы пошта бөлімшелерін, 723 сейфтер сатып алуға жұмсалыпты. Сонымен бірге,

«Халықтық IPO» бағдарламасын сəтті жүзеге асыру шеңберінде қор кадрларды оқытуға, техникалық жабдықтауға, бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық-маркетингтік өнімдерді жəне де 3231 компьютер сатып алуға 487 миллион теңге көлемінде қаржы бөлген. Сондай-ақ, қор тарапынан 2014 жылы кассалық тораптарын жаңғыртуға 917 миллион теңге бөлуі жоспарланған. Жолдауды жүзеге асырудың жалпыұлт тық іс-шаралар жоспарындағы т ең дест ір іл г ен ж ал ақын ы кө т ер у мəселесі өзекті тақырып болып табылса, өз кезегінде «Қазпошта» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасын, өндірістік жұмысшыларға жалақыларын 12 пайыз, əкімшілік қызметшілер жалақыларын 7 пайыз көтеру арқылы орындап шықты, ал 2014 жылдың 1

өтіп, сертификат ала алатын. Биыл тест тапсырушылар «e-gov» сайтына кіріп, электрондық билет алатын секілді өз уақыты мен отыратын жерін таңдай алады. 2012 жылы ай сайын тесттен 2300 адам өтетін болса, былтыр бұл көрсеткіш 4700 адамға жеткен екен. Тест қорытындысына тыстан əсер етуді шектеп, қауіпсіздік мəселесі күшейтіліпті. Он балл алатындардың саны 66 пайыздан 44 пайызға дейін төмендеген. Қоғамда тестілеуді «бармақ басты, көз қысты» емес, тек білімі арқылы алуға деген сенім күшейіп келе жатыр, деген Ə.Байменов мемлекеттік органдар үшін конкурс өткізу рəсімдері үш есеге жуық азайғандығын да ортаға сала кетті. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 25 мың адамның қолында тестілеуден өткені туралы сертификат бар көрінеді. 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерден білуді талап ететін заңдар санын кезең-кезеңімен қысқартып, аталған тесттерді «А» корпусына іріктеудің басты құралы ретінде айқындауға мүмкіндік беру көзделіпті. Іріктеудің осындай тəсілін «Б» корпусы үшін де қолдану көзделуде екен. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сəйкес командалық ауыс-түйістер күрт азайған. Конкурспен іріктеп тағайындаулардың үлесі 2012 жылы 3,5 есеге өскен. Бұл конкурстық тағайындаудың 28-ден 82 пайызға

сəуірінен бастап өндіріс саласының барлық жұмысшыларының жалақысына 10 пайыз көлемінде үстеме қаржы қосылады. Жалпы алғанда, «Қазпошта» АҚ соңғы 2 жылдағы жұмысшылар жалақысының жиынтық өсімі 32 пайызды құраған. Ал, өз кезегінде компания менеджменті бұдан əрі қарай да жұмысшылардың жалақы деңгейін орташа республикалық көрсеткішке жеткізу бағытында жұмыстар атқармақ. Жолдаудағы Президент тапсырмаларының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісінше көңіл бөлу мəселесі болып табылады. Осыған байланысты Асхат Бейсенбаев «аталған азаматтар санатына тең құқықтар қамтамасыз ете отырып, квоталарды көбейту біз үшін басты басымдықтардың бірі болып саналады. Осы ретте біз, корпоративтік əлеуметтік басты қағидаларға сүйене отырып, компанияда 110 мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «кедергісіз аймақты» жасадық деп атап өтті. Пошта

дейін артқандығын көрсетеді. Мемлекеттік органдар арасындағы ауысу тəртібімен тағайындаулардың үлесі 20 есеге қысқарыпты (60 пайыздан 3 пайызға дейін). Агенттік төрағасы, сонымен бірге, «А» корпусына іріктеудің аралық қорытындылары туралы да айта кетті. Оның айтуынша, «А» корпусының кадр резервінде 400 адам болса, олардың ішінде жауапты хатшылар мен аппарат басшылары лауазымдарына – 79 адам, ал қалалар мен аудандар əкімдері, комитет төрағалары лауазымдарына 296 адам үміткер ретінде тіркеуде тұр екен. Нақты іріктеу үшін құжаттар қабылдау үстіміздегі жылдың 13-28 наурызы аралығында жүргізілгендігін де айта кету керек. 873 кандидатты іріктеу шеңберінде барлығы 1029 өтініш берілсе, бұл – бір орынға конкурс 10,3 адамды құраған деген сөз. «Өткен жылмен салыстырғанда (бір орынға 2,4 адам) конкурс 4 есеге өсті, бұл азаматтар тарапынан «А» корпусының кадр резервіне іріктеу процесіне деген жоғары сенімділікті білдіреді», деді Əлихан Мұхамедияұлы. Оның мəлімдеуінше, тестке жіберілген 792 кандидаттың ішінен 381-і (51 пайызы) тестілеудің шекті мəнін еңсере алмаған. Сөзінің соңында агенттік төрағасы VII Астана экономикалық форумы аясында танымал халықаралық сарапшылардың қатысуымен үшінші рет «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару: жағдайы мен перспективалары» деген тақырыпта жаһандық конференцияның өтетінінен де хабардар ете кетті.

мекемесінің басшысы өз баяндауында көліктік инфрақұрылым саласын дамыту ісіне көп көңіл бөлетіндіктерін, оның себебі, ұлттық пошта операторы үшін логистикалық операциялар өндірістік үрдістің құрамдас бір бөлігі екендігін де назардан тыс қалдырмады. Заманауи пошта индустриясы қазіргі таңда түбегейлі өзгерістер үстінде десек, қағаз жөнелтілімдерінің əжептəуір қысқаруы мен электронды коммерция саласы дамуының нəтижесінде сəлемдемелік жөнелтілімдер көлемінің едəуір өсуін ескере отырып, ұлттық пошта операторларының дəстүрлі бизнесмодельдері қайта құрылуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дəлізі автокөлік бағыттарын кеңейтіп, теміржол көлігінен ақырындап алыстау сияқты қосымша мүмкіндіктерге жол ашқан. Бұл пошта жөнелтілімдерінің бақылау уақыттарын қысқартып, осы бағыттағы логистикалық шығындарды оңтайландыруға жағдай туғызады.


4

30 сəуір

www.egemen.kz

2014 жыл

ЕУРАЗИЯЛЫЌ ИНТЕГРАЦИЯ

Ќазаќстан Президенті болашаќты болжайтын жəне интеграцияныѕ дамуын дəйекті тїрде жаќтайтын кґрнекті саясаткер келбетін таєы бір танытты

(Соңы. Басы 1-бетте). Жаңа бірлестікті құрудың пайдалы екендігі туралы салмақты дəлелдердің бірі ретінде Президент Н.Назарбаев жаһандық құбылыс ретіндегі интеграция туралы ойларын ортаға салды. Бұл орайда Қ.Тоқаев жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыс жағдайында аймақтық ұйымдардың рөлін күшейту туралы біздің Елбасымыздың ойына қолдау білдірді. Бұдан 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Əбішұлы ММУ-дегі дəрісінде жаңа интеграциялық бірлестіктер ең алдымен экономикадағы елеулі мəселелерді шешуге ықпал етуі тиіс екенін атап өткен болатын. Одан бергідегі уақытта əлем түбегейлі өзгерді, жаһандық қауіпсіздіктің жаңа қатерлерімен бірге əлем жəне адамзат келешегі туралы ойсананы түбегейлі өзгертетін инновациялық технологиялар пайда болды. Одан басқа, Қазақстан лидерінің пікірінше, шындығында, экономикалық тартылыс орталығы Азияға ығысып келеді, бұл еуропалық жəне азиялық құрлықтар арасындағы байланыстырушы буын ретінде Қазақстанға артықшылықтар береді. Қ.Тоқаев біздің Елбасымыздың жаһандық инновация жəне трансұлттық бизнестің жаңа орталығы ретінде ЕАЭО-ның əуел бастан

қалыптасу керектігі жөніндегі мазмұнды ойларын маңызды деп санайды. Бұл тұрғыда дəрісте айтылған Еуразиялық инновациялық кеңесін, Бірыңғай еуразиялық телекоммуникация желісін, Минск–Мəскеу–Астана–Алматы бағыты бойынша теміржолын, сондай-ақ «Каспий–Қара теңіз» су арнасы құрылысын салу жөніндегі ұсыныстарының іс жүзінде ерекше мəні бар. Сенат Төрағасының пікірінше, энергетикалық ынтымақтастықсыз еуразиялық жобаның табыстылығы туралы айту мүмкін емес. Сондықтан да Н.Назарбаев осы өзекті мəселелерге назар аударды. Еуразия кеңістігінде шағын жəне орта бизнестің бағдарын нығайтудың ерекше маңызы бар, ол халықтың жаңа бірлестікке сенімін күшейтіп, қолдауына ие болады. Қазақстан Президентінің Еуразиялық аграрлық академияны құру жəне ауқымды мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға кірісу туралы ұсынысына ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттер оң қабақ танытатынына күмəн жоқ. Қ.Тоқаев Президент Н.Назарбаевтың Кеңес Одағын қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мəлімдемесіне халықаралық қоғамдастық ықылас танытқанына ерекше назар аударды. «Жаһандық ауқымдағы беделді саясаткердің КСРО-ға қайта оралудың мүмкін еместігі, ендігі жерде еуразиялық интеграцияға қарай бірге ілгерілеу қажеттігі туралы ойлары осы əңгімеге қозғау салушыларға жəне оның ішінде Қазақстанның тəуелсіздігіне қауіп төну мүмкіндігі туралы əңгімелерге нүкте қояды», дейді Сенат Төрағасы. «Қазақстан басшысы кеңестік қоғамға кері қайтудың мүмкін еместігін ғана айтқан жоқ, əрбір дүдəмал саясаткер келісуге мəжбүр болатын нақты дəлелдер келтірді». Қ.Тоқаевтың пікірінше, Президент Н.Назарбаевтың ММУ-дегі дəрісі ерекше саяси маңызды оқиға болып табылады, өйткені, онда əлемнің көптеген елдеріндегі еуразиялық интеграция төңірегінде жинақталып қалған сауалдарына жауаптар бар. Еуразиялық жобаның бастамашысы Президент Н.Назарбаев болғандықтан, Сенат Төрағасы бұл дəріс материалын БҰҰ, ЕҚЫҰ жəне басқа да халықаралық ұйымдарда тарату керек, деген пікірді ұстанады.

Идеяныѕ мəні тереѕде Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Президент Н.Назарбаевтың Мəскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық интеграция туралы оқыған дəрісін сарапшы ретінде Еуразиялық интеграция институтының директоры Ж.ҚҰСМАНҒАЛИЕВА мен осы институттың бөлім меңгерушісі В.ТЕЛЬНОВ талқылады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен сөз алған Жанаргүл Құсманғалиева Елбасының бұл сөзі 20 жыл бұрынғы осы ЖООның қабырғасында жасаған ұсынысымен үндес екенін атап өтті. Онда Нұрсұлтан Əбішұлы алғаш рет Еуразиялық экономикалық одақ туралы жобасын ұсынған еді. Енді осы жобаның іске асуына санаулы күндер қалғанда дəл сол оқу орнының қабырғасында осы идеяға қайта оралуының үлкен нышандық мəні бар, деді ол. Президенттің екі дəрісін сараптай отырып, бұл екі құжаттың арасында қағидаттық айырмашылық барына назар аударғым келеді. Егер алғашқы сөзінде жоба ғана ұсынылған болса, кешегі сөзінде Президент Еуразиялық экономикалық одақ дамуының алдағы 15-20 жылға арналған жол картасын сызып бергендей болды, деді Ж.Құсманғалиева. Онда стратегиялық дамудың бес басым бағыты көрсетілген. Біріншіден, мұнда барлық еуразиялық кеңістікке арналған инновациялық-технологиялық серпіннің базалық шарттарын құ ру қажеттігі айтылды. Елбасы Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылғы мерзімге шақталған инновациялық, технологиялық бірыңғай даму бағдарламасын жасауды ұсынды. Сонымен бірге, бірнеше бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлерін құру қажеттігі айтылды. Елбасының ойынша, еуразиялық интеграцияның қозғаушы күштері – бəсекеге қабілетті өнімдер шығаратын, жаңа жұмыс орындарын аша алатын, ұлттық бюджеттер түсімін артты-

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ХХІ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ БАСТЫ МИССИЯСЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ БІРДЕН ТРАНСҰЛТТЫҚ БИЗНЕС ҮШІН ЖАҺАНДЫҚ ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕ ТАРТЫМДЫ ҚАЛЫПТАСУЫ ТИІС

САРАПШЫЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ БОЙЫНША, ҮСТІМІЗДЕГІ ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГРАВИТАЦИЯНЫҢ» ƏЛЕМДІК ОРТАЛЫҒЫ ШЫҒЫСҚА, АЗИЯҒА, ОНЫҢ ІШІНДЕ БОЛАШАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ АУМАҒЫНА АУЫСАДЫ

ƏЛЕМДЕГІ ШЕШУШІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАКРОӨҢІРЛЕРДІҢ БІРІ БОЛУ

СОНЫМЕН БІР МЕЗГІЛДЕ ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕР БІР АРЕАЛДАН ЕКІНШІСІНЕ ТАУАРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР БЕРУДЕ ЖАЙ ҒАНА ДЕЛДАЛДАР БОЛА АЛМАЙДЫ

ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕР ƏЛЕМДЕГІ АСА ІРІ ӨНДІРУШІ МАССИВТЕР – ЕУРООДАҚ ЖƏНЕ АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ӨҢІРІ АРАСЫНДА ОРНАЛАСАТЫН БОЛАДЫ

ратын нақты жобалар болуы керек. Екінші басымдық ретінде Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігі барлық құрлықтағы алдыңғы қатарлы инфрақұрылымға айналуы қажеттігін атады. Бұл жерде ол бірлескен еуразиялық телекоммуникациялар жүйесін құру, Минск–Мəскеу–Астана–Алматы бағытында жылдам жүретін теміржол магистралін салу, Батыста Еуропаға, Шығыста Қытайға шығаратын барлық қолданыстағы авто жəне теміржолдарды жаңғырту сияқты алып жобаларды іске асыру идеясын ортаға тастады. Осы басымдық шеңберінде барлық ұлттық экономикаларды газбен біріздендірілген тариф бойынша қамтамасыз ету де ұсынылды. Үшінші басымдықта Елбасы еуразиялық интеграция шең беріндегі шағын жəне орта бизнесті дамытуды атады. Бұл басымдықта ақпараттық-сараптау жəне ғылыми-тəжірибелік инфрақұрылымдар құрудың маңыз дылығы атап өтілді. Осы жерде Елбасы еуразиялық аграрлы академия ұйымдастыру қажеттігін мəлімдей келіп, бұл интеграция аумағындағы ғылыми-тəжірибелік əлеуетті ұтымды пайдалануға мұрсат берер еді, деді. Төртінші басымдық құ қықтық жəне ұйымдастыру мəселелеріне арналды. Осы жерде мен Елбасының Еуразиялық экономикалық одақтың ұлтүстілік органдарын, Астана қаласында орналастыру туралы ұсынысына ерекше тоқталғым келіп отыр, деді Ж.Құсманғалиева. Меніңше, бұл өте дұрыс ұсыныс, өйткені Астана Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан ел, деді ол. Сөзінің соңында Ж.Құсманғалиева Елбасы

2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL бастамасын ілгерілетті Оған

160 ел интерактивті қатысуда

Үшінші жаһандық индустрияландыру революциясы əлемдік құрылыс парадигмаларының көпқырлылыққа қарай ауысуы драмалық актісі жағдайында жүреді Қазіргі жаһандық тұрақсыздық – бұл тек экономиканың ғана емес, сондай-ақ, халықаралық құқықтың, жаһандық саясаттың дағдарысы. Олардың алдында G-8 жəне G-20 дəрменсіздік танытуда

БҰЛ ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС, ЕУРОПА МЕН АЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨПІР РЕТІНДЕ ТАБИҒИ БƏСЕКЕЛЕСТІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

дəрісіндегі бесінші басымдыққа тоқталды. Ол мəдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мəселелеріне арналды. Мəдени бай ланыстар да экономикаға түсім əкеле алатын маңызды сегменттердің бірі. Мəселен, оған əрбір елдің инновациялық дамуына игі ықпалын тигізе алатын білім беру қызметін де жатқызуға болады, деді ол. Сонымен бірге, Президент өзінің сөзінде рухани-мəдени əртүрлілікті жоюға ұмтылушылыққа жол бермеу керектігін атағанын жеткізді. Сөз кезегін алған Еуразиялық интеграция институтының бөлім меңгерушісі Владимир Тельнов Елбасының кешегі дəрісіндегі екі сөз тіркесіне назар аударғысы келетінін айтты. Олар: мен əрқашанда «алдымен экономика, сосын саясат» деген белгілі формуланы жақтап келдім жəне бұдан əрі де жақтай беремін деген жəне екінші Қазақстан үшін еуразиялық интеграцияға қатысуда экономикалық мəселелер мен халқымыздың əл-ауқатының артуы басым ұстаным болады деген сөздері. Осыған байланысты мен Елбасының экономикалық идеясының мəніне тереңірек тоқталсам деп едім, деді ол. Қараңыздаршы, Н.Назарбаевтың сөздері жаңа экономикалық үдерістердің бастамасы болған жоқ па? «Процесс» дегеннің өзі латын тілінен аударғанда ілгерілеу дегенді білдіреді. Сөйтіп, Елбасының алғашқы ұсынысы – бір нысанның келесі сападағы нысанға айналуы деп қарасақ дұрыс болады. Тарихи процесс, яғни үдеріс – адамзаттың барлық қозғалысын қамтитын дүние. Біз қазір жаңа адамның туу үдерісінің куəгерлері болып отырмыз. Ол «еуразияшылдық» деп аталады, дей келіп, осы сөздің ғылыми-теориялық құндылығы жөнінде əңгімеледі. Соның ішінде ол Л.Н.Гумилевтің пассионарлық теориясын тірілтетінін атап өтті. Кездесу соңында спикерлер журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі жаһандық сын-қатерлер мына мəселелерде түбегейлі өзгерістер болған жағдайда еңсеріледі: халықаралық құқықта сыртқы саяси практикада мемлекетаралық қатынастар тəсілдерінде

эволюция əділеттілік теңдік ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ХАЛЫҚТАР МЕН БАРЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛАР ҮШІН САЛМАҚ ЕМЕС, ИГІЛІК БОЛУЫ ТИІС

ƏРБІР ҚАТЫСУШЫ ЕЛДІҢ ƏЛЕМДЕГІ АСА ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР САНАТЫНА ҚОСЫЛУЫ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚТЫҢ ƏЛАУҚАТЫНЫҢ, ӨНІМДІЛІКТІҢ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛАРДЫҢ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ӨСІМІ ДЕҢГЕЙІНЕ ЫҚПАЛЫН ӨЛШЕЙТІН НАҚТЫ ИНДИКТОРЛАР ЖҮЙЕСІ БОЛУЫ ТИІС

Еуразиялық интеграция институты дайындаған

консенсус жаһандық толеранттылық пен сенім

G-GLOBAL ХХІ ғасырда əлемнің іргелі қағидаттарын қарастырады

жаһандық транспаренттілік конструктивті көпқырлылық

G-GLOBAL қағидаттары туралы ұсыныстар бүгінде əлемдік қоғамдастыққа қай кездегіден де пайдалы. Олар əлем дамуына конструктивті сипат беруге қабілетті

Ынтымаќтастыќќа мїмкіндіктер мол Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Өңірлік ықпалдасудың Еуразиялық экономикалық одаққа одан əрі қарай трансформациялануы аталған одақ елдерінің бизнесі мен халқы үшін елдер арасындағы саудаэкономикалық ынтымақтастыққа белсенді қатысушы болуға көп мүмкіндіктер туғызады. Дамудың қазіргі заманғы экономикалық үлгісі жағдайында елдер арасында өзара тауар айналымының көлемін ұлғайту олардың экономикасы өсуінің басты факторларының бірі болып қалуда. Бұл жайында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. «Деректерге көз жүгіртсек, 2011 жылы отандық экспорт 7 пайы зға өссе, 2013 жылы ол екі еседен артық ұлғайды. Бұл ретте оң серпін қазақстандық аграрлық сектордың экспорты саласында байқалады. Соңғы жылдары Ресей Федерациясына ет пен қосымша өнімдерді жеткізу көлемі 5 есеге, ұнды жеткізу 16 есеге, ал теріні жеткізу көлемі 75 пайызға өсті. Жалпы, үш жылда қазақстандық агроөнеркəсіптік кешен өнімдерін Кеден одағы елдерінің нарықтарына экспорттау 1 миллиард долларға жетті», деді Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қ.Өскенбаев. Сондай-ақ, ол тəжірибе көрсеткендей, интеграциялану жағдайында Қазақстан мен Ресейдің арасындағы шекара маңындағы сауда көлемі жылдам өсуде екенін де назардан тыс қалдырмады. Кеден одағы құрылып, жұмыс істей бастаған сəттен бастап қазақстандық өңделген өнімді экспорттау көлемі тұрақты өсіп келеді. Бұл тұрғыда əлемдік экономиканың даму қарқыны бəсеңдеген жағдайда да тұрақты серпін байқалуда. 2012 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 14 пайызға ұлғайса, 2013 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімінің үлесі өсіп, 24,1 пайызды құраған. Өткен жылы еліміздің Ресей жəне Беларусьпен тауар айналымы 24 миллиард доллардан асқан. Кеден одағы қазақстандық тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейткен. Сонымен 2011 жылы біздің экспорт Ресейге 60 пайызға, Беларусь Республикасына 2,3 есеге өскен. Біріңғай кеден аумағы ішінде шетел валютасының алмасуына шектеулер алынып тасталған. Осының барлығы ең алдымен аталған елдер үшін нақты пайдасы бар, өйткені, тауар өнімінің нарыққа қарай жылжуында шығындар аз болған сайын тұтынушылар көптеп қамтылмақ. Кеден одағы елдерінің жалпы нарығының көлемі 2 триллион АҚШ долларын, 168 миллион адам ресурстарын жəне 600 миллиард доллар жалпы өндірістік əлеуетті құрайды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейдің арасында жалпы сомасы шамамен 32 миллиард доллар болатын 40 инвестициялық жоба пысықталуда. Мұның барлығы да Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай жоғарылағанын дəлелдейді. Сонымен қатар, қазақстандық жағымды бизнес-ахуал əлемінің басқа өңірлерінен инвестициялардың өсу факторы болуда. Кеден одағы құрылған сəттен бастап еліміздің өңдеу өнеркəсібіне шетел инвестицияларының көлемі екі есе артқан. Осы тұрғыда тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемі 34 пайызға өсіп, 28 миллиард долларға жеткенін айтқан жөн. Əлемдік бизнестің ең прагматикалық бөлігі бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық қауымдастық нарығының перспективалығын түсінген. Интеграция елдерінің нарықтарына тауарлар мен сервистік қызметтерді экспорттау мақсатында инвестицияларды Қазақстандағы бірлескен жобаларға белсенді түрде сала бастаған. Жалпы, интеграциялық жұмыс аясында елімізде бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда. Осылайша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 77 763 кəсіпкер барлық қолдау шараларымен қамтылса, осы шараларды іске асыру нəтижесінде 58 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Бұған қоса, 171 мыңнан астам жұмыс орындарына қолдау көрсетілген.


30 сəуір

www.egemen.kz

2014 жыл

– ЕЛДЕР ДАМУЫНЫЅ КІЛТІ Нўрсўлтан Назарбаев – Еуразиялыќ экономикалыќ одаќтыѕ негізін ќалаушы Сағындық САТЫБАЛДИН,

ҰҒА академигі, Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

1991 жылы Кеңес Одағы тарап, бұрынғы социалистік республикалар жеке мемлекет болып шықты. Бұрын орталықтан жоспарлы түрде экономиканы өркендету үшін қаражат бөлінетін, шикізаттармен қамтамасыз етілетін. Əлеуметтік қамсыздандыру да орталықтың тарапынан болған. Жаңа құрылған мемлекеттерде зауытфабрикалардың жұмысы тоқтап, жұмысшылар жалақы, студенттер стипендия алу мүмкіндігінен айырылды. Осының бəрі дағдарысқа алып кел ді. Осындай қиын-қыстау кезде Н.Ə.Назарбаев дағдарыстан шығу жолының бірі – ТМД ұйымын құру туралы ұсыныс жасады. Ол ұсыныс қабылданды. Ал 1994 жылғы 24 наурызда Н.Ə.Назарбаев Мəскеу универ ситетінің профессорлары мен ғалымдарының алдында тұңғыш рет Еуразиялық интеграциялық одақ құру туралы ғылыми негізделген баяндама жасады. Баяндама жиынға қатысушыларға үлкен əсер етті. Біздің Елбасы Еуразиялық одақтың негізгі қағидаттарын белгіледі, олар – еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік пен қатысушы елдердің прагматикалық мүмкіндіктерін ескеру. Сол жиынға мен де қатыстым. Сол үшін де өзімді бақытты санаймын. Н.Ə.Назарбаев ұсынысының дұрыстығын өмір көрсетті. Қазіргі уақытта Жоғары экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия, Біртұтас кеден кодексі құрылды. Беларуссия, Ресей жəне Қазақстан Кеден одағын құрды. Бұл одақтың бүгінгі нəтижелері мынадай: жоғарыда аталған үш мемлекеттің экономикасының жиынтық көлемі 2,2 триллион долларды құрайды. Болашақта ІЖӨ-нің өсімі 900 миллиард доллар болмақ деп көзделуде.

Келешектіѕ ќамын жасау деп білемін Алдаберген МƏЛІБЕКОВ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті оқу-əдістемелік департаментінің директоры, профессор.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перс пективалары тақырыбында оқыған дəрісін тыңдап отырып, Еуразиялық экономикалық одақ мəселесінің əбден пісіп-жетілген, əбден қолдауға тұрарлық идея екеніне тағы бір көз жеткіздім. Студенттердің де дəрісті аса ықыласпен тыңдап, бұл мəселеге көп қызығушылық танытқандары жүздерінен байқалып тұр. Шынында, қазіргідей өркениеттер тоғысы заманында біз басқалардан бөлектеніп, жабық жағдайда, ешкіммен араласпай өмір сүретін болсақ, кері кеткен болар едік. Елімізде тəуелсіздік туы желбірегелі бері қандай жетістікке қол жеткізіп, қандай биікке көтерілсек те, соның ішінде, Қазақстанн ың сырт қы саясатта ашықтығы, демокра тия шыл дығы, оның осы қасиеттерін əлемнің ал пауыт елдерінің мойындауы өте көп рөл атқарғаны анық. Мұның бəрі, əри не, Елбасымыз Н.Назарбаевтың са ли қалы саясатының арқасында мүмкін болды. Өткенде бұқаралық ақпарат құралдарынан соңғы екі жылда еліміздің экспортқа шығарған өнімдерінің көлемі 80 пайызға артқанын оқып қатты қуанып қалдым. Міне, бұл Еуразиялық экономикалық одақтың өте тиімді екенін дəлелдеп отырған бір ғана жағдай. Меніңше, бұл одақ экономикамызға үлкен серпін береді. Сондықтан, Еуразиялық одақтың мүмкін екендігін айта отырып, мен де Елбасымыздың мығым жақтасы болдым əрі болып қала беремін. Бұл дегеніміз, болашақты ойлау, келешектің қамын жасау, кейінгі ұрпақтың жағдайын ойлау. ТАРАЗ.

Бүгінгі таңда Н.Ə.Назарбаев Еуразиялық одақтың алдында көптеген келелі, күрделі, нақты көкейкесті мəселелер қойып, оның шешу жолдарын анықтады. Солардың ішіндегі басты мəселелердің бірі – Еуразиядағы ғылым мен білімді инновация негізінде интеграцияландыру. Бұл міндетті шешуде əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орны ерекше. Осы орайда ҚазҰУ жоғары халықаралық стандарттарға жəне əлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оқу-білім бағдарламаларына сай негізделген экспериментальды білім беру базасына айналды. Мұнда еліміздегі өзге университеттерде жоқ бірегей ғылымитехнологиялық инфрақұрылым жұмыс істейді. Мықты ғылыми технологиялық парк құрылды, онда Қазақстанда іске асатын көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасайтын студенттер орталықтары бар. Университетте студенттік бизнес-инкубатор қарқынды қызмет етіп келеді. ҚазҰУ студенттері алғаш рет Токио университетімен бірге бірінші қазақстандық наноспутникті жасап шығарды. Бұл жұмыс ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады. Ұлттық университет шетелдің 50-шақты университеттерімен тығыз интеграциялық байланыста. ҚазҰУ Орталық Азиядағы Халықаралық жоғары оқу орындары қауымдастығы құрамына енген жəне Қазақстандағы университеттер арасынан БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына кірген жалғыз университет екендігі халық аралық жоғары деңгейде мойындалғандығының көрсеткіші. Елбасының Мəскеу университетіндегі дəрісі бізді қуанышқа бөлеп, тағы да мерейімізді асырды. Нұрсұлтан Əбішұлының Еуразиялық экономикалық одағын құрудағы бастамаларын əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы қолдайды жəне оның нақты іске асуына атсалысады. АЛМАТЫ.

Таєылымы биік тарихи бастама Аманбай СЕЙІТҚАСЫМОВ,

Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде «Еуразиялық одақ идеясынан – еуразиялық интеграцияның жаңа перспективаларына» тақырыбында оқыған дəрісін біздің білім ордасының ұжымы айрықша ықыласпен, зор мақтаныш сезімімен тыңдады. Университетіміздің басты дəрісхана залдарында орнатылған теледидарлар арқылы оқытушылар мен студенттер лекцияға ерекше зейін қойып, кең ауқымды пікір алмасты. Елбасының 28 сəуірдегі дəрісінің тағылымды тарихы бар. Мемлекет басшысы осыдан 20 жыл бұрын ММУ-де оқыған дəрісі кезінде жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын алғаш рет ұсынған болатын. Бұл бастамасында Н.Ə.Назарбаев жаңа бірлестіктің мақсаты – мемлекеттеріміздің бəсекеге қабі леттілігін арттыру екенін жəне ол экономикалық бөлік шегінен шықпайтынын атап көрсетті. Сонымен қатар, екі елдің ғылыми-техникалық

ынтымақтастығының перспективалы бағыттары туралы айта келіп, Қазақстан айқындаған индустрияландырудың жаңа кезеңі басымдықтарына оның сай келуінің біз үшін маңызды екендігіне тоқталды. Бұл іргелі ғылымдардың алдыңғы қатарлы салалары – нанотехнологиялар, роботты техникалар, гендік инженерия жəне медицина болып отырғандығы белгілі. Сол сияқты ММУ дипломы бар мамандар Қазақстанның экономикасында, ғылымында жəне басқа да бағыттарда табысты жұмыс істеп жүргендігін тілге тиек етті. Елбасы осы жолғы дəрісінде көптеген

идеялардың табыстылығына назар аудара келіп: «Еуразиялық одақ тек еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары мен əр қатысушы елдің прагматикалық мүмкіндіктерін есепке алғанда ғана мүмкін деген ұстанымда болып келдім жəне соның берік жақтаушысы болып қала беремін. Бұл бастама қазір Еуразиялық интеграция деп аталып жүрген жаңа тарихи үдеріс үшін қадам басар нүктеге айналды», деген қорытынды жасады. Қазіргі күні Еуразиялық интеграцияны нəрлендіретін көптеген бірлескен алаңдар пайда болып, жемісті жұмыс істеуде. Бұл орайда Еуразиялық Даму банкі, Еуразия Іскерлік кеңесі, Еуразиялық Медиа-форум, Еуразия университеттерінің ассоциациясы жəне тағы басқалар мысалға келтірілді. Осыдан 18 жыл бұрын Астанада біз алғаш ашқан нысандардың бірі, Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылым көкжиегін кеңейте түсті. Мұнымен қоса, Президентіміз: «Сенім, тең құқықтылық жəне өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ол еуропалық жəне азиялық өлшемдерді қоса алған болар еді. Бұл ұстаным ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» деп аталған Астана декларациясында көрініс тапты.

Еуразиялық идеясы қазір, ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасында нақты геоэкономикалық жəне геосаяси сұлбаға ие болып келеді», дей отырып, мемлекетаралық өзара ынтымақтастық негізі ретінде Қазақстан, Беларусь жəне Ресей Біртұтас кеден кодексін қолданып, өздерінің макроэкономикалық саясаттарының үйлесуін атап өтті. Сонымен қатар, G-GLOBAL қағидаттары туралы Елбасының ұсыныстары əлемдік қоғамдастыққа қай кездегіден де пайдалы. Біз бүгінгі күні əлемнің дамуына конструктивті сипат беруге қабілетті екендігіне сенім білдіретіндігін байыптай келіп, бүгінгі еуразиялық интеграциялық үдерістің орасан зор оң рөлі мен нақты нəтижелерін көріп отырмыз. Жастарға сөзін арнаған Нұрсұлтан Əбішұлы: «Сендер, Тəуелсіз Қазақстанның келешегі үшін, тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар. Осы жауапкершілікті сезіне біліңдер», деді. Бұл – жастар жүрегін желпініске толтыратын жауапкершілік екендігі айқын. Сондықтан, Елбасының Мəскеу төріндегі дəрісі мазмұнды да мəнді, көкейкесті мəселелерді қозғауымен құнды деп білеміз. КӨКШЕТАУ.

Жаѕа нарыќты тїзеді Ғабит МҰХАМЕДИЕВ,

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің факультет деканы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мəскеу мемлекеттік университетінде оқыған дəрісі туралы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлағдар болдық. Жалпы, Ресейдің зиялы қауымы мен ғылым қайраткерлерін сөзге иландыру, ұйыту кез келген тұлғаның қолынан

келе бермейді. Бұл орайда, Елбасымыздың ділмарлығы мен бүгінгі жаһандық қоғам ділгір болып отырған халықаралық интеграция жөніндегі түйінді ойлары қабысып, озық ойлы ортаны бірден баурап əкеткенін байқау қиын емес. Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий де Елбасына осы сипатқа сыятын сырлы сөзін арнады. Мұның барлығы бекер емес. Еуразиялық интеграция үдерістеріне қатысуға Қазақстан тарапы ғана құмбыл болмай, сонымен бірге, Ресей

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ҚАДАМЫ ЖАҢА МАҚСАТ ХХІ ғасырдың ортасына қарай əлемдегі аса дамыған 30 елдің бірі болу

Бизнесті жүргізу жеңілдік рейтингі бойынша 50-ші орын ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІ Елдің жиынтық халықаралық резервтері қазірдің өзінде шамамен 100 млрд. доллар саналады

Қазақстанда модернизациялық міндеттер жүзеге асырылуда

«Қазақстан-2030» «Қазақстан-2030» Стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды

2013 жылы Қазақстан Бəсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде 50-ші ел болды

түрлері игерілді

Бүгінде əлемнің 111 елі қазақстандық кəсіпорындардың дайын өнімдерін сатып алады

аталған ықпалдастықтың еліміздің макроэкономикалық саясатында жемісті болатынын

ӨСКЕМЕН.

2015 жылы «Батыс

Еуропа – Батыс Қытай» көлік

дəлізінің құрылысы аяқталады

Мынадай инновациялық кластерлер даму үстінде:

Бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін 2700 шақырым жəне жол Ресей мен Беларусьте де салынып жатыр

мұнай-газ шикізатын тереңдетіп қайта өңдеу

мұнай химиясы туризм

Бұған дейін Қазақстанда ешқашан болмаған экономиканың жаңа салаларының негізі қаланды – автомобиль жəне авиа жасау, тепловоздар мен вагондар, Жер серігін, электроника жəне басқа да көптеген заттар шығару

ІЖӨ 2013 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның ІЖӨ-сі 6%-ға өсті

Оның шеңберінде 4 жылда 780 жаңа кəсіпорын салынды

250-ден астам жаңа өнім

мен Беларусьтің де ерекше ынта білдіріп отырғаны аян. Ал осынау экономикалық бірлестікке қадам басудың алғышарттары осыдан жиырма жыл бұрын басталып кетті. Яғни, біз бұл экономикалық Одаққа кездейсоқ келіп отырған жоқпыз. Барлық келісімдер мемлекет басшыларының кездесулерінде жан-жақты қаралып, пісіп-жетілген сəтінде, сондайақ, ел басындағы саясаткерлер ғана емес, мемлекет тұрғындары да қажетсінген кезеңде келдік. Ғылым адамы ретінде

айтқым келеді. Халықаралық ірі ұйымдардың əлеуетінің төмендеген тұсында Еуразиялық экономикалық одақ жаңа экономикалық кеңістікті қалыптастырады. Тауар айналымын арттырады. Жаңа нарықты түзеді. Бəсекелестікті нығайтады. Бұл тауар сапасының жақсаруына алып келеді. Біз бұрын өз қазанымызда қайнаған кəсіпкерлеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынын байқап отырмыз. Осының барлы ғы Елбасының бүгінгі əлем дік саяси-экономикалық жағдайларды сараптай отырып жасаған оң қадамы деуге болады.

Бəсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі

Бұл экономиканы үдемелі индустрияландыру

Еуразиялық интеграция институты дайындаған

5

ҚАЗАҚСТАН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ІШІНДЕ БІРІНШІ БОЛЫП

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға, Иран мен Парсы шығанағы елдеріне шығатын жаңа теміржол магистральдары салынды

Азық-түлік өндірісінің өңірлік орталықтарының бірі ретінде аграрлық сектор серпінді дамуда Бүкіл əлемдегі жетекші университеттерде шамамен 20 мың жас қазақстандық оқиды

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Астанада əлемдік деңгейдегі жаңа университет ашылды, бүкіл өңірлерде 20 зияткерлік мектеп салынды

Озық халықаралық ЖОО-лардың 10 мың тəлімгері қазірдің өзінде елде жұмыс істейді Қазақстандық медицинаның жүрек жəне басқа да органдарды ауыстыру бойынша оталары, діңгекті жасушалармен жəне басқа инновациялармен емдеу өмір шыңдығына айналды Қазақстандықтар өмір жасының ұзақтығы артуда


6

Алматының көруге таңсық көрікті ғажаптарының бірі – Ботаникалық бақ. Бұрыннан солай болған, қазір де солай. Алатаудың еңісі жазылған дəл етегінде. Қос қапталынан қатар туған ай мен күндей, оңында – Қазақ Ұлттық университеті, сол жағында – «Атакент». Жоғарысында ағындаған əл-Фараби даңғылы. Төменінде көлденеңдей көсілген Тимирязов көшесі. Бəрі Ботаникалық бақты қаумалай қоршап, алақанға салып аялағысы келетіндей. Иə, қазақтың осынау бас бау-шарбағының аяланбас жөні де жоқ. Себебі, еліміздің жəне дүние жүзінің өсімдік əлемінің аса бай қазына-қоры осында сақталып келеді. Ботаникалық бақ – көз жауын алар, аралап рахат табар тамашалы орын ғана емес, ол – ғылым ордасы, сан-салалы қызмет атқаратын мекеме. Осыған байланысты уақыт талабына сай мəселеміндеттері де жетіп артылады. Сол себептен де біз Ботаника жəне фитоинтродукция институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі Гүлнар СИТПАЕВА ханымға жолығып əңгімелесуді жөн көріп едік. – Құрметті Гүлнар Тоқбергенқызы, ең əуелі өз басқаруыңыздағы институт пен оған қарасты ботаникалық бақтар туралы мағлұмат берсеңіз? – Институт пен Алматының бас ботаникалық бағы бір-бірінен ажырағысыз, біртұтас ағза десе де болғандай. Екеуі де КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімшесінің ботаникалық секторы жанынан 1932 жылы ұйымдастырылған. 80 жылдық шежірелі жолдан өткен біздің институтымыз Қазақстандағы ботаникалық зерттеулер саласындағы бас мекеме болып табылады. Бұрнағы жылы осынау елеулі датаға арналған салиқалы халықаралық конференция өткіздік. Бұл жиында да өзіміздің басты міндетіміз: Қазақстанның ботаникалық əралуандығын зерттеу жəне оны сақтау мен ұтымды пайдалану мəселелері кеңінен қозғалып, келелі əңгімеге арқау болды. Ғылыми əлеуетімізге келер болсақ, институтта 3 академик, 15 ғылым докторы, 35 ғылым кандидаты, 8 зертхана жұмыс істейді. Жалпы қызметкерлер саны 180-ге жуық. Қай елде, қай жерде болсын ботаникалық бақтар əлемдік флораның тірі өсімдіктерінің бірегей банктері деп саналады. Осы тұрғыдан келгенде Алматыдағы бас ботаникалық бағымыз маңдайымызға біткен мақтанышымыз, құт-берекеміз дер едім. Ол, алқа тізбегіндегі асыл жақұттай, еліміздің ботаникалық бақтарының жүйесін бастап тұр. Қазақстан бойынша 5 мемлекеттің ботаникалық бағы бар. Олардың бəрі 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңына сəйкес республикалық мəндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне еніп, осындай айрықша мəртебе еншіледі. Тағы да аталмыш Заңға жүгінсек, Мемлекеттік ботаникалық бақ дегеніміз – табиғатты қорғау жəне ғылымды ұйымдастыру мəртебесін иеленген, ерекше қорғаудағы табиғи аумақ. Онда өсімдіктер əлемін, соның ішінде сирек жəне жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер түрлерін сақтау, қорғау, оларды өсіріп-өндіру жəне пайдалану орайындағы зерттеулер мен ғылыми əзірленімдер жүргізіледі. Айталық, біздің бас бағымыздың аумағы 103,6 гектар болса, оның Жезқазған мен Бақанаста филиалдары бар. Ал Шығыс Қазақстанның Риддер қаласындағы Алтай жəне Ақтаудағы Маңғыстау ботаникалық бақтары өз алдына дербес мəртебеге ие болып отыр. Соңғысы экспериментальдық бағытта, айрықша жағдайда жұмыс істейді. Бұлардың бəрі кезінде біздің бас бақтың бастамасымен құрылған болатын. – Енді осы ботаникалық бау-бақтардың мəнмаңызына, қызметіне кеңірек тоқталсаңыз? Бес қана бақ байтақ Қазақстанға аздық етпей ме? – Жоғарыда айтқанымызды тəптіштеп тереңдете түссек, біздің мемлекеттік ботаникалық бақтарымыз отандық жəне əлемдік табиғи-мəдени флора өсімдіктерінің жиынтық топтамасын, яғни коллекциясын жинақтап қалыптастырады, əмбе оның сақталуын қамтамасыз етеді. Кейде сырт көз байыбына бармай, жаңсақ ойлайтындай, біздің айналысып жүрген ісіміз, атқарып жатқан жұмысымыз əншейін еріккеннің ермегі емес. Мемлекеттік тұрғыдан да, жалпыадамзаттық өркениет өресінен қарағанда да керекті, қажетті, көкейкесті шаруа. Бұл ботаникалық бақтар өсімдіктердің интродукциясы мен селек циясын зерттейтін тəжірибелік ғылым алаңы іспеттес. Əрі оның іс жүзіндегі практикалық маңызына да баға жетпейді. Ең бастысы, бұларда Қазақстанның өсімдік əлемін сақтау мен тиімді пайдаланудың көкейкесті мəселелері зерттеліп,

30 сəуір

ІАКР С Ш Е А Б Л ТАҢЛІ КӨ

www.egemen.kz

2014 жыл

Оның биологиялық əралуандығын қорғау маңызды мемлекеттік міндет болып табылады

сақталуда. Біз болсақ, түп-тұқиянынан бергі нағыз жабайы, табиғатта сирек ұшырасатын бірегей өсімдіктер банкін жасақтаймыз. Жердің құты солар. Бұлар селекциялық жұмыстар үшін де пайдалы. Келешекте бұл материалдардан жаңа сұрыптар алынады. Нақты іске тоқтала кетсем, 2013 жылы қанат қаққан осынау бағдарлама ауқымында біз 5 ботаникалық бақ тарапынан күллі Қазақстан бойынша 30-дан астам экспедиция шығардық. Елдің оң түстігі мен оңтүстік-шығысында институттың өзінен ғана 16 экспедициялық зерттеу жүргізілді. Республиканың батысы мен шығысы, солтүстігі, Орталық Қазақстан, Алтай, Іле, Маңғыстау – түгел қамтылды. Бұл өте қиын да күрделі жұмыс. 10 күнге, екі аптаға, бір айға кетесіз. Үйдің бетін көрмейсіз. Осы жұмыстарды сəуір айында бастап, қара күздегі қазанда бір-ақ тоқтап, есебімізді жаздық. – Сонымен, бұл орайда алға қойылған міндет орындалды ма? – Осы жайға кішкене түсінік берсем артық болмас. Кеңес уақытында барлық тұқым Вавилов атындағы Бүкілресейлік институтта сақталатын. Ол бүкіл əлемнен, соның ішінде Қазақстаннан да жиналып алынған өте бай қор. Əлбетте, біз қазір дербес мемлекетпіз. Бүгінге дейін олардан тұқымды жаздырып алуға, үнемі сұрауға тура келіп жүрді. Сондықтан, алда осындай тəуелділікті болдырмас үшін өзімізде жаңағыдай тұқымдық қор жасау жөнінде стратегиялық міндет қойылған еді. Қандай да бір табиғи зілзала, жер сілкіністері, т.б. құдай бетін аулақ қылсын, бірақ біздің əрқашан өз тұқымдық банкіміз бар екендігі енді көңілге тоқ. Біз оны өз институтымызда – бас ұйымда сақтаймыз, сондай-ақ түгелдей қосалқы нұсқасы 5 ботаникалық бақта бар. Өзара алмасып тұрамыз. Бірімізде бір жағдай бола қалса, екіншімізде сақталады. Мұның бəрі Қазақстанның игілігі, байлығы. – Ботаникалық бақтар институт құзырында ма? – Иə. 2012 жылы Қазақстанның ботаникалық бақтары мен дендрологиялық саябақтарының

БОТАНИКАЛЫЌ БАЌ Бўл Ќазаќ елініѕ ґсімдік əлемі жинаќталєан бірден-бір єажайып жер

амал-əдістері іздестірілуде. Əлбетте, өсімдіктердің коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау һəм пайдалану орайындағы ғылыми-зерттеулер мемлекеттік тапсырыстар негізінде іске асырылады. Қазақстанның биологиялық əралуандық туралы конвенсияға қол қоюы бұл орайдағы жауапкершілігімізді арттыра түсті. Сонымен бірге біз биологиялық əралуандықты сақтауға қатысты басқа да құжаттарды орындауға міндеттіміз. Осы мақсатта өзіміз əзірлеген əдістемелер бойынша Қазақстандағы ботаникалық бақтар жүйесін кеңейтуге атсалысудамыз. Өткен жылы Астана қаласында ботаникалық бақ құрудың ғылыми негіздемесін жасадық. Елордада бұл үшін 100 гектар бөлініп қойылған. Оның бір ғанибет ерекшелігі сол, саябақтың аймағы болуы да алдын ала ескерілді. Түркістан қаласындағы ботаникалық бақ та кезінде біздің институттың, ғұлама ғалымдарымыздың бірі Иса Омарұлы Байтуллиннің бастамасымен өмірге келгенді. Барлық ассортиментін табиғи жағдайға үйлестіре бейімдеп біз əзірлегенбіз. Бұл бақ қазір Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің құзырлы қарауында. – Жоғарыда айтылған Конвенсияға қатысты міндеттер қалай орындалуда? – Бұл міндеттерді негізінен бес ботаникалық бақ орындап жатыр. Яғни біз Қазақстанның бүкіл флорасын сақтаудамыз. Жай сақтап қана қоймай, елдегі қазіргі ботаникалық əралуандықтың жай-күйіне мониторинг жүргізіп отырмыз. Біз өсімдіктер интро дук циясының экологиялық негіздерін əзірлейміз. Неге дейсіз ғой? Өйткені, қайсыбір қаланы, айталық, Алматыны көгалдандыру үшін бір нəрсе ұсынбас бұрын дүниежүзілік флорадан алып келген өсімдіктерді əуелі өз бағымызда тексереміз. Бұл өсімдіктер қала көшелерін жасыл желекке бөлеп жасанып шығу үшін де кезінде өсімдіктер ассортименті арнайы іріктелген болатын. Қазір Алматыны көркейтіп өсіп тұрған 90 түрлі, тіпті одан да көбірек ағаш өсімдіктері əуелгі тамырын осы ботаникалық бақтан тартқан. Олар біздің институттың ұсыныстары бойынша егілді. Орталық Қазақстан өңірінің қалаларын көгалдандыруға өз базамыздан алып, əуелі Жезқазған ботаникалық бағында сынақтан өткізіліп арнайы сұрыпталып сараланған өз ассортиментімізді ұсындық. Астананы көгалдандыру үшін ассортимент таңдау ісінің де барлық жауапкершілік-жұмыстарын біздің институт өз мойнына жүктеді. Бұл жұмысты 2002 жылы абыройлы аяқтаған едік. Батыс Қазақстан өңірі үшін де солай жасалды. Практикалық тұрғыдан өте маңызды, аса бағалы іс. Сөйтіп, институтымыз Қа зақ станның қалаларын жасыл желекке малындырып көгалдандыру ісіне белсенді қатысып келеді. Бұл ағаш ектің, іс бітті деген сөз емес. Біз нақты қандай да бір облыстың немесе өңірдің қалалық ортасына сай келетін, бейімделе алатын өсімдіктерді ұсынамыз. – Олай болса, Алматы қаласын көгалдандырудың жай-күйін қалай бағалар едіңіз? – Мегаполистегі экологиялық ахуал бұдан 10-15 жыл бұрынғыдан мүлдем басқа, ол жылдан-жылға өзгере түсіп келеді. Осы жəне басқа жəйттерді ескергенде Алматыға жаңа көгалдандыру схемасы қажет. Қала бүгінгі таңда жасыл желектің бас реконструкциясына кірісіп жатқан кезде бұл мəселе өте көкейкесті. Қазіргі Алматыға 150 жылдан асып барады. Бұл мұндағы өсімдіктердің көпшілігі үшін тым ұзақ мерзім. Оның үстіне қаладағы қоршаған ортаның жай-күйі баршамызға мəлім. Жаңа көгалдандыру схемасында қала аумақтарының экологиялық жағдайы сипатталған,

əрбір экологиялық ахуалға орайласқан өсімдіктер ассортименттері көрсетілген карталар жасалғаны дұрыс. Осындай үлгі көгалдандыру нысандарын жобалау жұмыстарын əрі оңайлатып, оңтайландырып, əрі тиімді ете түседі. Бұл қала аудандарының келешектегі дамуы үшін керек. Қаланы көгалдандыруға қажетті екпе материалдарға келешекті көздей отырып тапсырыс берілгені жөн. Алматыны жасыл желекпен жаңаша көмкеріп көркейтудің бас реконструкциясы осындай байыптылық тұрғысынан жүзеге асқаны абзал. – Экологиялық жағдай қалаларымызда ғана емес, байтақ даламызда, елдің көптеген аумақтарында да асқынып тұрған жоқ па. Мұның сіздің институтқа қатысты жақтары бар ма? – Əлбетте. Неге болмасын? Қазақстандағы экологиялық жүйесі нашарлаған аймақтар əрдайым біздің назарымыздан тыс қалмайды. Бұлар сонымен бірге жаһандық түйткілдер қатарына жатады. Айталық, Арал теңізі жағасының құрғауы. Сосын Семей полигоны. Одан соң мұнаймен ластанған аумақтар. Бұл жерлердегі өсімдік жамылғысының құрылымы бұзылған, топырақ қабаты зақымданған. Осыған байланысты біз Қызылорда облысының, Батыс Қазақстанның мұнай өндіру қарқынды жүріп, соның салдарынан ластанып жатқан аумақтарында жəне солардың төңірегінде фитомелиорациямен айналысып, осы орайдағы ауқымды жобаға қатысудамыз. Фитомелиорация дегеніміз – залалданған жерлерді өсімдіктердің көмегімен қалпына келтіру. Яғни ахуалға сəйкес өсімдіктер ассортиментін іріктеп, сол арқылы топырақтың бастапқы табиғи құнарын қайтарамыз. Бұл бағдарламаға белгілі микробиолог, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Амангелді Саданов жетекшілік етуде. Əуелі микробиологтар əзірлеген штамдардың көмегімен топырақ қабаты өңделеді. Содан кейін іске ботаниктер, яғни біздің институттың мамандары кіріседі. Сөйтіп, техногендік əсерден зардап шегіп шөлейттенген жерлерді экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру əдістемесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдердің барлығы картографиялық негізде жүзеге асырылуда. Бір қуанарлық жағдай, Арал теңізінің жағасын фитомелиорациялау айтарлықтай табысты жүргізілуде. – Ал енді ғаламдық ауа райының жылынуы да алдымыздан бірталай түйткілді сұрақтар тартып отырған жоқ па? – Əлемдегі ауа райының жылыну қарқыны төтенше жоғары. Өз елімізді ғана алар болсақ, мұндағы ауаның орташа жылдық температурасы əрбір 10 жыл сайын 0,31 градусқа көтерілуде. Соның салдарынан республика атыраптарында бұған дейін қалыптасқан барлық өсімдіктер əралуандығы мен олардың фитоценоздары мүлдем жаңа температуралық жағдайға кіруге мəжбүр. Биологиялық түрлер мен экожүйелер ауа райының мұншалықты шұғыл өзгерісіне бейімделе алмайды. Климат құрғақшылығы күшейе түсуде. Мұның бəрі ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігін алаңдатарлықтай төмендетеді. Бұған дəнді дақылдар түсімінің азая түсуі айғақ. Бұл түйткіл солтүстік жартышардың барлық елдеріне: Орталық Азия өңіріне, Ресей, Украина, Америка мен Еуропа мемлекеттері аумақтарына ортақ. Міне, біздің институт ғалымдары осынау ғаламдық проблеманы шешуге атсалысуда. Осы жағдайдағы өсімдіктер əлемінің ахуалы «Климат өзгерісі кезіндегі өсімдіктердің хронобиологиялық талдамасы» деген іргелі еңбекте нақты талданып, шынайы көрініс тапты.

Экожүйе мен өсімдіктерге климат өзгерісінің тигізетін əсері ғылыми ізденістеріміздегі басым бағытқа айналуда. Біз ҚХР-дың ботаник-эколог ғалымдарымен бірлесе отырып ауа райы жылынуының Орталық Азияның экологиялық жүйесіне ықпалын зерттеу орайындағы жобаны орындап жатырмыз. Айтайын дегенім, Ботаника жəне фитоинтродукция институты əзірлеген əдістемелік негіздер өсімдіктер жүйесінде болып жатқан өзгерістерді қадағалап назарда ұстауға, талдауға, сөйтіп, осының арқасында табиғатты тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде мұның өзі ұлан-ғайыр күшжігерді талап етеді. Елдің экологиялық жəне азық-түлік қауіпсіздігі орайындағы зерттеулердің басты бағыттары айқындалып, ұзақ мерзімді кешенді хронобиологиялық зерттеулердің бас бағдарламасы əзірленуі керек. Осы саладағы маман кадрлардың даярлануын қамтамасыз ету де ауадай қажет шарттардың бірі. Ал бұл келелі де көкейкесті міндетті шешуге біздің институтпен ынтымақтаса Өсімдіктер физиологиясы, Жануарлар физиологиясы, Зоология, Топырақтану, География, Микробиология, Математика институттары, əлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ, Казгипрозем, Казгидромет, Қазақ экология жəне климат ҒЗИ, т.б. институттар мен мекемелер қатысуы тиіс. Əрине, бұл жұмыстың бір орталықтан, мысалы, Ұлттық Ғылым академиясы тарапынан үйлестіріліп отырғаны, қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі құба-құп болар еді. – Айтып отырған жайларыңыздың мемлекеттік маңыздылығы мен көкейкестілігіне еш күмəн жоқ. Осы орайда нақты қандай жұмыстар атқарылуда? – Аталмыш мəселе Елбасының назарында десек те болады. «Қазақстан-2050» Стратегиясында ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері қатарында азық-түлік қауіпсіздігі мен табиғи ресурстардың сарқылу қауіпі аталғаны белгілі. Бұлар біздің жұмысымызға тікелей қатысты болғандықтан басты да басым бағыт-бағдарымызды айқындады. Өсімдіктер Қазақстан экономикасының табиғи жолмен жаңарып, еселеніп отыратын басты ресурсы болып табылады. Біздің осы реттегі ғылымизерттеулеріміздің құндылығы да сонда. Осыған орай институтта орындалған жəне орындалып жатқан жобалар, атап айтқанда, 11 гранттық жоба, 2 инновациялық, оған қоса біз əзірлеген тағы бір ауқымды бағдарлама – міне, осылардың бəрі табиғи ресурстардың сарқылуы проблемасын шешуге бағытталған. Мысалы, біздің институт Қызылорда облысында мия тамырын өңдейтін зауыт салу жобасына қатысуда. Ғалымдарымыздың мия өсіру, оның пайдалы қасиеттерін бағалы дəрі-дəрмектік шикізат ретінде кəдеге жарату жөніндегі əдістемелік ұсыныстары осынау инвестициялық бизнесжобаның негізіне алынды. «Бизнес-Групп» ЖШСмен бірлескен бағдарламаның бюджетке түсірер кірісі де аз болмас. Амандық болса, зауыт биыл іске қосылмақ. Ал азық-түлік қауіпсіздігі аясында 5 ботаникалық бақтың қатысуы көзделген бағдарлама əзірлеп, бастама көтердік. Бұл бағдарламаны үкімет қолдады. Ол Қазақстанның дақылдық өсімдіктерінің жабайы туыстарын, тектес түрлерін зерттеуді мақсат тұтқан. Ең бастысы, бағалы тектік ресурстардың тұқымдық банкі жасалмақшы. Бұл жұмысты біз бірінші рет қолға алып отырмыз. Жалпы, тұқымдық банк Қазақ егіншілік институтында бар. Бірақ онда негізінен бидай, күріш, тары сияқты алқаптық дақылдар

Кеңесі құрылған болатын. Бұл Кеңеске мен жетекшілік етемін. Бұған жоғарыда аталған бес ботаникалық бақ, дендросаябақ, орман питомнигі кіреді. Енді осы құрамға Шымкент дендрологиялық саябағы мен Түркістан ботаникалық бағын да қосу ойдағы шаруа. Ал біз өз тарапымыздан Ресей жəне Белоруссиямен қатар Ботаникалық бақтардың халықаралық кеңесіне мүшеміз. – Байқайсыз ба, əңгімеміз Алматының ботаникалық бағына айналып соға беретін сияқты. Бас бақтың жай-күйін, келешегін оқырман қауым да білуге құштар. – Тоқсаныншы жылдары ғылымды қаржыландыру біраз нашарлағаны ешкімге құпия емес. Осы оншақты жылда ботаникалық бақтың жүдеңкіреп кеткені де рас. Біздің 104 гектар аумақтағы інжу-маржандардың ерекшелігі сол, олар тірі коллекциялар, əрі Алматының оттегімен тыныс алып жатқан өкпесі ғой. Қораптарға салып қоя салатын емес, топырағын қопсытып, құнарландырып, уақтылы суарылуын, күтіпбапталуын қамтамасыз ету керек. Коллекциялық қорларды ба йытып, жаңа өсімдік түрлерін енгізіп тұру қажет. Қазір арнайы орынжайлардың жоқтығынан жоғары түтікшелі өсімдіктердің 255 мың үлгісін, саңырауқұлақ түрлерінің 150 мың үлгісін, қына тектестердің 600 түрін жинақтаған Гербарий қорының жəне қазба өсімдіктердің 500-ден астам жиынтығын біріктірген Палеоботаникалық қордың бірегей коллекцияларына көзден бұлбұл ұшып жойылып кету қаупі төніп тұр. Бұл коллекцияларды сақтап қалып, одан əрі дамыту үшін Бас ботаникалық бақ аумағында барлық стандарт-талаптарға сай, кемінде 3000 шаршы метр алаңдық жеке заманауи ғимарат салынуы тиіс. Əлбетте, біз ботаникалық бақтарды стратегиялық нысандар ретінде айқындап отырмыз. Биыл қаржыландыру лайықты дəрежеде болады деп үміттенеміз. Солай болған жағдайда аумақты біршама абаттандырып, бірқатар реконструкциялар жүргізіп алар едік. Бүгінгі таңда бас ботаникалық бақтағы өсімдіктер коллекциясын суаруда су тапшылығымен бетпе-бет келудеміз. Қалалық су құбырлары мекемесі мүлдем сусыз қалдырудан да тайынар емес. Дəтке қуат жалғыз артезиан құдығымыз бар. Бұл қиындықтан құтқаратын бір ғана жол – бас бау-бақты дербес артезиандық суару жүйесіне көшіру. Ол үшін кемінде бес артезиандық құдықты іске қосу қажет. Осы жəне басқа да түйткілдердің шешілуі, сайып келгенде, қаржыға тіреледі. Коллекциялық қорларымызды сақтау мен дамыту, ботаникалық бақтарымызды көргенде көз тоятындай етіп көркейту орайындағы бағдарламамызды Үкімет деңгейінде мақұлдату жолында əрекет етудеміз. Бұл бағдарламаның іске асуы кемінде 300 миллион теңгені қажет етеді. Осылайша, базалық, гранттық жəне бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды ұлғайта алсақ, қазақтың даласы мен қаласының жасыл желегі де жайқала түспек. Сонымен қатар, Қазақстанның өсімдік əлемі туралы арнайы заң қабылданса, сол ғажайып əлем түрлене түлеп, ботаникалық бақтарымыздың да бағы жанатынына біз кепілміз. Əңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.


30 сəуір

ҒААЛНА ДАРР МНААШ Л Р Ы А А Ғ АЫШҢ АЛ Р КАШӨЛАМРІ АЛДА

2014 жыл Сыр бойындағы əріптес ініміз Ержан Байтілестің бұдан сəл бұрын газетімізде жарияланған «Ақсақал іздеп жүрмін» атты ойлы мақаласын сүйсіне оқып шықтым. Мұнда автор пайғамбар жасынан баяғыда асып кеткен бірқатар аға буын өкілдерінің жергілікті басшыларды олардың көзінше асыра мақтаудан немесе орнынан кеткендерін түк бітірмеді деп даттаудан əрі аса алмай жүргендерін көркем тілмен кестелеп берді. Олардың елдік мінез-құлық пен парасаттылық көрсете алмайтыны, ісі мен сөзі қара басының қамынан арта бермейтіні де аталған ойтолғақта орынды көрсетілген. Жасыратын несі бар, осыған ұқсас көріністер өзге өңірлерде де кездесіп қалады. Өткен жолы жасы сексеннен асқан ел ішінде əжептəуір абыройы бар деп жүрген ақсақал үлкен дастарқан басында облыстағы қабілетсіз бір жас басшыны «көсем» деңгейіне дейін аспандата көтеріп мақтағанда өзі ұялмаған, кісі бетін шиедей қылады дегендей өте ыңғайсыз жағдайға түсіп қалғанымыз бар.

77

жасында музей жасақтаған меценат, ұлттық өнер жанашыры Кəрім Өтеғұлов туралы сыр Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Дегенмен, жасы ұлғайғандардың бəрі солай екен деп бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінен түңіле беруге де болмайды. Олардың арасында жеке бас мүддесінен гөрі ұрпақтар сабақтастығын, елдік пен ауызбіршілікті, мемлекетіміздің одан əрі нығаюы мен даму үрдісін бірінші кезекке қоя білетін, осындай мəрт те текті қасиеттері арқылы аймақ тұрғындары арасында абырой мен беделге ие бола білген ақсақалдарымыз да аз емес. 77 жасында музей жасақтаған, өзінің осыған дейінгі бар жиғандары мен тергендерін тек осындай ізгі адами мақсатқа бағыттай білген Ақжайықтың аса сыйлы ақсақалы Кəрім Өтеғұлов осы топтың басында тұра алады. Ол өзінің жеке қаражатына Казталов ауданына қарасты Ақпəтер ауылында тарихи-өлкетану мұражайының ашылуына бастамашы болды. Қазір облыстың оңтүстік өңірінде орналасқан еш теңдесі жоқ осы рухани орталық Батыс Қазақстан облыстық мəдениет мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы тарихи өлкетану музейінің филиалы мəртебесін иеленген. Штаттық кесте бойынша оған 7 адам қызметке алынған Ақпəтер ауылындағы музей ғимаратына қойылған жəдігерлер мен құжаттардың жалпы саны – 3200 дана. Жоғарыда айтылғандай музей үйді тұрғызып жасақтауға жəдігерлерді жинақтауға қажетті қаражат Кəрім Тəжмағамбетұлының жеке қаражатынан бөлінген. Мұның мөлшері 15 миллион теңгеге жуық. Мұнда Қараөзен бойын жайлаған қалың елдің кешегісі мен бүгінгісінен, археологиялық ерекшеліктерінен өткен ғасырлардағы этнографиялық салтдəстүрлерінен мол мағлұматтар алуға болады. Музейде өткен тарихымызға қатысты терең сыр шертетін экспонаттар, ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін кезеңінің салған лаңы мен зардаптары, Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарын көз алдыңа əкелетін жəдігерлер – шығармашылық ұшқыр ойдың жемісіндей əсер қалдырады. Ең бастысы ауыл музейіне қойылған құжаттар мен экспонаттар тар өрістіліктен ада. Өйткені, қандай жəдігер болмасын əлгінде айтып өткеніміздей халқымыз кешкен сан қилы ауыр кезеңдермен тұтас бір дəуірлермен ұштастырылып, байланыстырылып отырады. Ал 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастау алатын тəуелсіздік тарихы Ақпəтер тарихи өлкетану музейінің ең көрнекі жеріне орналастырылған. Иə, сонау 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткізілген бүкілхалықтық сайлауда тəуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып Н.Ə.Назарбаев сайланғаны мəлім. Осы қарсаңда Нұрсұлтан Əбішұлы рес публика өңірлерін түгелдей аралап халықпен кездескені де ұмытыла қойған жоқ. Егемен еліміздің іргетасын қалап, оның əрбір уығын шаншыған, сөйтіп оны мызғымастай берік үлкен шаңыраққа айналдыра білген, бұған дейінгі бар-жоғымызды түгендеп елдіктің іргесін кеңейткен Қазақстан

Президенті Н.Ə.Назарбаев өмірінен өрнектелген фотоальбом мұндағы басты құндылықтардың бірі іспеттес. Міне, біз 77-ге келсе де күш-қуаты қайтапаған, рухы жоғары жан, ел-жұрттың өткен тарихының жоқтаушысы, бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен биіктерімізді, алынған асу асқарларымызды əуезе, мақтан тұтып жүретін көкірегі ашық ойлы да отаншыл азамат Кəрім ағаның өзі ашқан музей үйі алдында əңгіме дүкен құрып тұрмыз. Журналистік дағды бойынша ол кісіге бірер сауал қойдық. Кəрім аға негізгі мамандығыңыз физика пəнінің мұғалімі бола тұра сіз кейін ел басқару ісіне араласып, кеңестік кезеңде ең артта қалған шаруашылықтарды облыстағы ең озық рентабельді, мəдени тұрмыстық мəселелері оң шешілген ірі құрылымдарға айналдыра білдіңіз. Тəуелсіздік жылдарында өзіңіз басқарған ауылдың азып-тозып кетпей, керісінше іргесі беки түсуіне де үлкен үлес қостыңыз. Содан кейін де көптеген əріптестеріңіз секілді, «қалаға қашып кетпей» өзіңіз басшылық жасаған Ақпəтер ауылында қала бердіңіз. Қазіргі күні де ел ішінде тұрып келесіз. Құдайға шүкір ақ адал еңбек жəне маңдай термен тапқан табысыңыз бір басыңызға, дəлірек айтқанда Бижамал жеңгеміз екеуіңізге артығымен жетеді деп ойлаймыз. Алайда, соны бірінші кезекте меценаттық мақсатқа, яғни музей ашуға жұмсауыңызға не себеп? Қызмет бабымен бүгінгі Ақпəтер ауылына сол кезде «Красный партизан» аталған кеңшарға сонау 80-жылдардың орта кезінде басшы болып келген екенмін. Музей ашайын деген ой маған сол кезде осыдан 30 жылға жуық уақыт бұрын келген еді. Игіліктің ерте-кеші жоқ дегендей арада көп жылдар өткен соң осы оймақсатымның ойдағыдай орындалғаны үшін өзімді үлкен іс бітіргендей орнықты сезінемін. Мұндай ойдың келуіне басты себепші – Ақпəтер ауылының аса бай тарихы мен өнегеге толы өткені болатын. Мені қызықтырған да өзінің тылсым тереңіне еліктіріп-шымшымдап тарта білген де осы қатпар-қатпар өлке тарихының парақтары мен шынайы шежірелері. Иə, түптей келгенде атамекен мен ауыл тарихы оның атауынан бастау алатыны аян. Осы тұрғыда айтарымыз ертеректе Ақпəтер ауылының атауы алғашқыда Біртартар, кейін ПортАртур аталыпты. Бұл екеуінің арасында қандай байланыс бар? Шығу тарихы қызықты болғандықтан мұның мəн-жайын оқырмандар назарына бере кеткеннің артықшылығы жоқ. Яғни XIX ғасырдың аяқ кезінде Жəнібек, Казталов жəне Жалпақтал өңірінде тұратын ағайындарымыз үйір-үйір малдарын жыл сайын Текеге (Орал қаласының ежелгі атауы) жəрмеңкеге айдайды екен. Сол кезде жол жайы мен жайылыс қасиетін бес саусағындай жетік білетін қариялар: Қараөзеннің суы тұнық, шөбі шүйгін сол тұсына барғанда аттың басын бір тартармыз дейді екен. Содан кейін бұл жер Біртартар аталып кетіпті. 30-жылдардың басында бұл жердің географиялық картасын жасау қажеттілігі

туындайды. Сол тұста Мəскеуден картограф мамандар келіп, ауыл адамдарынан оның атауын сұрамай ма?! Сонда жергілікті тұрғындар: Ауылымыз Біртартар деп аталады дейді. Ұлты орыс картограф мамандар бұған мүлдем түсінбейді де өздерінше икемдеп ПортАртур деп картаға түсірген екен. Содан бұл жер XX ғасыр басындағы орыс-жапон соғысының алапат шайқасы болған мұхит жағалауындағы бекініс – ПортАртур атауымен аталып кетіпті. Қазақ жерінде тоталитарлық кезеңде дəл осылай түпкі атауы бұрмаланған жерсу атаулары қаншама. Тек тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғана оның ежелгі тарихи атаулары қайтарылғаны белгілі. Əрине, қазір бұл жер Біртартар емес, Ақпəтер деп аталады. Мұның да мəнісі бар. Бұл тарихи жер Сламихин станицасы мен Саратов бағытындағы керуен жолы бойында қоныс тепкен. Алғашқыда мұнда жолаушылар аялдайтын ақ балшықпен ақталған екі-үш үй салыныпты. Ақпəтер аталуының бір сыры осында. Ел мен жердің өткен тарихы дегеннен шығады. Соның бір үзігін Ақпəтер музейіндегі жəдігерлер арқылы көз алдымызға елестете аламыз. Кеңес Одағының тарихына азамат соғысы деген атаумен кірген кезеңде Сламихин станицасы аумағындағы казактардың алғы шебі Порт-Артурға орналасады. Осыған байланысты аты аңызға айналған азамат соғысының батыры Василий Иванович Чапаевтың полкі оларға үш бағытта шабуыл жасап 1919 жылдың 9 наурызы күні оны ақ бандалардан тазартады. Алайда, шағын ауыл зеңбіректің атқылау салдарынан күл-талқаны шығып өртеніп кетеді. Мұндай жантүршігерлік зұлматтан тірі қалған тұрғындар бас сауғалап жан-жаққа қашып кетеді. Ақпəтер тарихи өлкетану музейіне қойылған 3200 деректің тағы бірі В.И.Ленинның басшылығымен 19191921 жылдар аралығында Александров Гай – Ембі теміржолы салынғанын айғақтайды. Ал Ақпəтер осы ендікте орналасқан. Сондықтан да бұл құрылысқа Михаил Фрунзе басқарған армия құрамында жергілікті қазақтар да қатыстырылған. Аталған теміржол құрылысы үлкен қиындықтар жəне азабы мен михнаты көп ауыр жұмыстар арқылы жүргізілген. Кейін Александров Гайдан жеткізілген алғашқы сынақ пойызы Порт-Артур ауылына қарасты Байтұрған елді мекені тұсындағы еменнен салынған көпірден өткеннен кейін кілт тоқтап, қайтадан кері кеткен. Бұл осы пойыздың əрі тұңғыш, əрі соңғы келуі болыпты. Ауыл музейінде бұған дейін көпшілік біле бермейтін тың деректер мен жəдігерлер жиі кездеседі. Айталық осы жердің тумасы Қожантай жəне Нағым атты ауқатты адамдар XIX ғасыр аяғында Сламихин станицасында иелік етуші алпауыттармен біріге отырып үлкен өзен арқылы бумен жүретін шағын кеме жасап жүргізген. Бұл су көлігі жаз айлары мен көктемгі-күзгі лайсаң кезеңдерде Порт-Артурға жəне орыс Таловкасына тоқтаған екен. Мұнда жүк сақтайтын қоймалар мен кемелердің тұрақты орны болған. Бұл кемелердің якоры мен шынжырлары қазіргі күнге дейін сақталған. Мұның бəрі Ақпəтер музейіне қойылған. Міне, осындай тəртіппен республикада баламасы жоқ ауыл мұражайындағы өте сирек кездесетін тарихи жайттар жөнінде жаза беруге де, айта беруге де болады. Бірақ бұлай істеудің өзі шарт бола қоймайтын шығар. Айтайын дегеніміз, музей экспонаттары кешегіміз бен өткен тарихымыздың, ежелгі салтдəстүрлеріміз бен мəдениетіміздің əр тұстарын жан-жақты қамти білгенімен ерекшеленеді. Мысалы, Ақпəтер атырабы – қазақтың асылтұқымды Еділбай қойының отаны екенін де бүгінде біреу білсе біреу біле бермейді. Қазір елімізде асылтұқымды Еділбай қойын көбірек өсіруге ерекше маңыз беріліп отырған кезеңде бұл деректі айтпай кету шындыққа қиянат. Кəрім Өтеғұловтың музей жасақтау жөніндегі бал жинаған арадай тынымсыз еңбектері мен меценаттық қадамдары тек мұнымен шектелмейді. Ол бұған қоса ашық аспан астындағы музейлік мəні бар ежелгі бұйымдарды толықтыра түсуге де басымдық беріп отыр. Бұл жерде əңгіме түйіні соғыстан кейінгі жылдарда халқымыз тұтынған əртүрлі тұрмыстық жəне өндірістік құрал-жабдықтар, темір ұстасы аспаптары, сол кездегі шөп жинайтын техника түрлері, диірмен тасы тағы сол секілді бүгінде көзге өте сирек ұшырасатын жəдігерлік құндылыққа айналған тұтыну заттары екеніне тіреле береді. Сондай-ақ, Кəрім Тəжмағамбетұлының бұдан бірнеше жыл бұрын Ақпəтер ауылында өнер мектебі құрылуына да қолдау көрсете білгені өзге бір тақырыптың еншісі. Қазір бұл мектептің алғашқы түлектері республикалық байқауларда топ жарып жүргені де – меценаттық жолдан таймай алға қойған мақсатын толық жүзеге асыру жолында шаршамай шалдықпай келе жатқан ұлт өнері мен мəдениетінің ел ішіндегі жанашыры үшін үлкен мерей. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпəтер ауылы. Суретте: Кəрім Өтеғұлов жəне Ақпəтер ауылындағы музейден көріністер.

www.egemen.kz

Чемпион болар ма еді?..

7

Бақыт Сəдеков жасы жетпіске таяп қалса да өте тың. Жүзінде бір əжім жоқ. Жүріс-тұрысы да жеңіл. Табиғатынан ұқыпты, кірпияз адам көрінді маған. Кездескен сайын өз кəсібі туралы, оның қыр-сыры жайлы кеңінен əңгімелейді. Өзі басынан кешіп, тағылым алып отырғаннан кейін бе, нақты мысалдар келтіріп, нанымды айтады. Бір кездері шаруашылық тарағанда «базары» кеткен Үштамның шырайын келтіріп отырған да өзі. Сенбі, жексенбі күндері бұл жерден қонақтар бір арылмайды. Аңшылық жасауға таптырмайтын жер. Сонау қаладан тамыр-таныстары арнайы аң аулау үшін келіп тұрса да ол шаруашылығының маңындағы аң-құстарды атқызбайды. Өзі бастап, қырғауылдардың қайда жайылатынын, түнде қайда жататынын, қай мезгілде су ішу үшін Топарға түсетінін де жақсы біледі. Осыдан төрт-бес жыл бұрын сол кездегі аудандық білім бөлімінің бастығы Ерғали Нұртаевпен бірге қырғауыл атуға мен де барған болатынмын. Қолыма қос ауыз мылтық беріп қойды. Бұрындары аңшылық жасап көрмеген едім, бірде болмаса бірде оғым жаңсақ ұшып, біреуін мертіктіріп алармын деп, олардан аулақтау жүруге тырыстым. Шай қайнатым уақыт өтпейақ мылтықтың гүрсілдеген дауысын алыстан естіп, тым алшақ кеткенімді аңғардым. Жобалай жүріп отырып, арттарынан əрең қуып жеттім. Сонда байқағанмын, Бақыт ағам қолына мылтық тиісімен, жота жотаны кезіп, аяқ-аяғына тимей, жас жігітерше жеңіл қимылдап, жиде жиденің арасына кіріп, көзге көрінбей кеткен-ді. Сол жолы барлығынан да қырғауылды көп атқан Бақыт ағамыз болған еді. Қайтарда: – «Қақпан салып кетіп едім», – деп, үлкен жотаның астына алып барды. Шынында да құрған қақпанына қасқыр түскен екен. Онша да үлкен емес. Өз аяғын өзі шайнап тастаған болу керек. Қақпанда аяғының сүйегі кемірілген, тек сіңірі ғана ілініп тұр. – Сəл кешіккенімізде құтылып кететін екен – деп, қос ауызын алып түсті. Атуға ыңғайланып, қасына дейін жақындады. Қасқыр Бəкеңе мойынын да бұрып қараған жоқ. Тіпті, көз қырын да салмады. Құдды елемеген тəрізді. – Керемет мəрт келеді түз тағысы. Тіпті, қыңсылауды білмейді. Ажалдың алдында да кішіреймейді ғой, шіркіндер!.. – деп, əлгі қасқырды құлақ шекесі нен дəлдеп атты. Сонан соң оны қақпаннан алып, автомашинаның артына тиеді. Осы оқиғалар ойыма түсіп: – Əлі де аңшылық жасап қоятын шығарсыз? –деп сұрадым. – Анда-санда! Өздерің сияқты сыйлы қонақтар келгенде. Тіпті, əлі жеңіл жүресіз ғой деп көтермелесе , жетпіске таянған жасыма қарамай адымымды алшақтау тастап, жылдам жүріске салатыным да бар, – деді езу тартып. Осы сəтте əңгіме Бейбіт Шүменов пен Хопкинстің арасында жекпе- жекке ауысты. Бақыт Сəдеков ол жекпе-жекті көрмепті. Бірақ, Генадий Головкиннің «өз атағын» бірнеше мəрте қорғағанына риза болғанын айтты.

– Нағыз дарындар ауылда ғой. Менің қазір де жақсы жүгіретінімді байқадыңдар. Елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың басында жүгіруден ірі, түрлі жарыстарға мен де қатынасқанмын. Үнемі бірінші орын алып жүретінмін. Ол кездері мерекелерде жүгіруден ауылда да жарыс ұйымдастырылатын. Бір рет осындай жарыс болады дегенді естіп, оған ерте дайындалдым. Күніне өзімше жаттығу жасап қоямын. Ойым тігілген бас жүлдені алу. Жарыс болатын күні арнайы киініп келдім. Аяғымда кеда, үстімде трико. Ол кездері кеда да табыла бермейді. Жарысқа Топар ауылындағы Сенбек те қатынасты. Ол мен сияқты арнайы киінбеген. Үстінде костюм шалбар. Аяғында бəтеңке. Жүз метр қашықтыққа жүгірдік. Мəреге менен анағұрлым алда келді. Ол мен сияқты жүгіруге алдын ала дайындалмаған да. Алғашқы секундтарда артта қалып қойғаны да рас. Соның бəрін əп-сəтте еңсеріп кетті. Егер, Сенбек жүгіруден секцияға қатынасып, шындап дайындалса, одан чемпион шығар ма еді?!. Ол сəл үнсіз қалды. Сонан соң əңгімесін одан əрі жалғады. – Ана Қалдыбай ше? – Келген ағаға ымдады. – Өздеріңмен көрші тұрған. Соның қолы керемет ауыр болатын. Өзі аса көп сөйлемейді. Мінезі де сабырлы. Бірақ ашуланса, кімді болсын бірақ ұрады. Сонан соң артына бұрылып қарамайды да. Өйткені, қолын бір сілтесе, кім де болса орнынан қайта тұра алмайтынын біледі. Егер сол Қалдыбай бокспен айналысса нағыз чемпион болар еді. Бəкеңнің əңгімесінен кейін мен де ойланып қалдым. Ауылда бұл кісі айтқандай қаншама керемет дарындар көзге ілінбей қалып жатыр. Олардың көбісінің спортпен айналысуға жағдайлары да келе бермейді. Олай ой түйіп отырған себебім, бала кезімде мен де Қосымбай атамның ауылына қыдырып барған едім. Ол кісі түйе бағатын. Əлі есімде, бір тайлақ

ескі құдыққа түсіп кетіп, шыға алмай қалыпты. Құдық əжептəуір терең. Соны Сауранбай деген баласы жалғыз өзі екі өркешінен ұстап, тік көтеріп алды. Сауранбайды кейін де талай рет көрдім. Былай қарасаң, түр тұлғасында басқа жандардан ерекшеленіп тұрған ешнəрсе байқалмайды. Тіпті, тұла бойында бір артық ет те жоқ. Атан жілікті, сом білекті дегенге ғана келеді. Жақын, жанына барғанда ғана ірі екенін байқайсың. Сол Сауранбайды ел: «Бір жағына қисайып жатқан «Жигули» автокөлігін жалғыз өзі тік көтеріп, орнына қойды», деп айтып жүрді. Бəлкім сол ағамыз күреспен айналысса біраз биіктерді бағындырар ма еді... Осы тектес аңызға балауға тұрарлық əңгімелер, оларға арқау болған адамдар туралы кез келген ауылда, сирек болса да, айтылады. Естиміз де тамсанамыз. Одан əрі нақты ешнəрсе жасап жатқан жоқ тəріздіміз. Ой, ниет, талап болғанымен, тіпті, жас дарындарды іздеуге нақты қадам жасағанымызбен, сирек те болса, кездесіп қалатын, біртуар дарындарға əлі де əр ауылда нақты жағдайлар жасалынып жатқан жоқ сияқты. «Əрбір бала – жалғызым», деген сияқты ауылдардағы əр жас жеткіншекке көзіміздің ағы мен қарасындай қарайтын болсақ, олар алда əлем жəне олимпиада жарыстарында Қазақстанның туын талай желбіретер еді... Алаштың ардақты ұлдарының бірегейі, аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай: «қазақтың түп тамыры ауылда!..». Қазаққа Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптарды берген ұлы дала кенен жүрісінен алдағы уақытта да жаңылмағай деп тілейік. Марат ҚАШҚЫНБАЕВ, журналист.

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы.

Əлгі америкалық мультфильмдерде көрсететін түйеқұс есіңізде шығар. Көпшілік айтатынындай, құмға басын тығып тұрып алатын ше? Өзі есерсоқтау көрінетін анимациялық фильмдердің осы бір кейіпкерін көрсе бала біткен ішек-сілесі қатқанша күледі. Түйедей болған құстың басын құмға сұғып жіберіп, тығылған кейіп танытқаны күлкі шақырмай тұрмайды енді. Міне, сондай түйеқұс Қызылорданың Қазалы ауданында бар екен. Ол қайдан келген, неғып жүрген құс? Біздің аймаққа қалай жерсінген?

Їйін ит емес, тїйеќўс кїзетеді Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қазалылық Бауыржан Серімбетов деген азамат осы тұқымдас түйеқұсты алу үшін бір жыл кезекте тұрыпты. Сөйтіп, 2011 жылы Алматыдан алған төрт балапанын елге əкеледі. Бірақ оның екеуі жолда өліп қалады. Суық тиген көрінеді. Біздің өңірде көп кездесетін түйетауықтың балапандары да бастапқыда дұрыстап қарамасаң, өз аяғына өзі шалынып, мойыны қайырылып қала береді. Суыққа төзімсіз. Сол сияқты, мына түйеқұстың балапаны да алғашқы кезде əлсіз

болған-ау шамасы. Ал екеуі аман-сау Қазалыға жетеді. Солайша, бір қораз бен бір мекиен балапанды асырай бастайды. Бірақ қораз балапан да ұзақ тұрақтамайды. Ол да өліп қалыпты. Бүгінде Бауыржан Серімбетовтың қорасында төрт балапаннан қалған жалғыз түйеқұс өмір сүріп жатыр. Өзі нəн. Бойы 3 метрден асады. Жарықтық, күніне 1 сантиметр өседі екен. Ал салмағы 70 кило көрінеді. Түйеқұс десе, дегендей-ақ. Негізінен жоңышқа мен дəнді дақылдарды қорек етеді. Дей тұрғанмен, дене тұрпаты дəу болғандықтан шығар, аса тамақ талғамайтынға ұқсайды. Баукең өзі асылтұқымды жанжануарларды асырап, жерсіндірумен

айналысады. Қорасында Ақмешіт атырабына белгілі арғымақтары да бар. Мұны мақтан үшін емес, өзіндік хоббиі санайды. Түйеқұсты да сондай қызығушылықтың арқасында асырап, жерсіндіріп отыр. Ал оларды күтіпбағу мен баптауды ғаламтор арқылы меңгерген. Түрлі жан-жануар асырайтын Серімбетов үйінде ит ұстамайды екен. «Үйге иттің қажеті жоқ. Түйеқұстың өзі аулаға бөтен адамдарды кіргізбейді»,– дейді күліп. Десек те, түйеқұсыңыз əйел адамдарға тиіспейтін болып шықты. Бірақ танымайтын ер адамдар келсе, тырқыратып қуып кеп береді екен. Қызылорда облысы.


8

www.egemen.kz

Белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбай 34 кітаптың авторы. Оның шы ғармашылық өмірінен Баукең – Бауыржан Момышұлы туралы «Ұмытылмас кездесулер», «Атақ пен шатақ», «Мен – халқымның Бауыржанымын» кітаптарының алатын орны ерекше. Төменде қаламгердің Баукең өмірінен сыр шертетін жаңа туындыларын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Тїсінісу

– Келесі сұрағымды қоюға рұқсат па? – дедім жылдам сөйлеп. – Рұқсат. – Дивизия командирi болған алғашқы күнгi көңiл-күйiңiздi бiлсем деп едiм. – Бұл тілегің орынды. Тыңда. Дивизия командирi болдым. Дивизияның штаб бастығы менен он жас үлкен Калугин деген өте бiлiмдi кiсi екен. Менi менсiнбедi. Менсiнбегеннiң сазайын тартарсың, деп iшiме түйiп қойдым. Өтiрiк күлiп жүр. Күллi бұйрықты, ақпарды сол жазады. Мен қол қоямын. – Е, бiр ақымақ келiптi ғой, былай жаза салайын, не түсiнер дейсiң? – деген ойда. Өзi бұйрық жазып үйренiп қалған, ұрысқа қатыспайды. Қарағым, бұйрық жазу

– Комдив, – дедi, – ойымыз бiр жерден шықты… Артиллерия жағынан күшiңiз аздау екен. Қарамағымдағы артиллерия дивизионын кешке дейiн сiзге жiберемiн. Оны ұқыпты пайдалана бiлiңiз. Əскери кеңестiң мүшесi де жiбiдi. Бұрын Чистяков қоштасқан кезде: «Қош болыңыз» – демей, «всего доброго» дейтiн. Орыс тiлiнде бұл қызық сөз. Қош бол десе, көңiлге жолығамыз ба, жолықпаймыз ба деген күдiк туады. Ал «всего доброго» деген «аманшылықпен кездесейiк» деген сөз ғой. Мұның мəнi өте терең. Бұл жолы да қолбасшы менiмен «всего доброго» деп қоштасты. Ертеңiне жеңiске жеттiк. Осы шайқас менiң жаңадан дивизия командирi болғандағы өзiме деген сенiмiмдi бiраз бекiте түстi. Кулагин де өз қатесiн түсiнiп, маған оң көзбен қарай бастады. Бұл, қарағым, қолбасылық жолдағы алғашқы адымым болатын.

30 сəуір

ДЕ ЗЕР

2014 жыл

Майор Шарыпов өкпелеу орнына генерал Чистяковты бағалауы, оған алғыс айтуы керек. Ол кiсi үлкен адамгершiлiк жасады емес пе? Екiншiден, майор Шарыпов күллi дивизияға мəлiм. «Е, мына байғұс тiрi келiптi ғой», деп бəрi тiксiне қарайды. Бiлсе, генерал Чистяков оны сол екi қолайсыздықтан да құтқарды. Шарыповтың генералға өкпесi мүлде орынсыз. Оны өзi түсiнер деп хатта жазғаным жоқ. Баукең сөзiн кiлт доғарып, маған ұзақ ойлана қарап: – Мұны саған не үшiн айтып отырмын? – дедi де, жауабымды күтпей өзі сөйлеп кеттi. – Адамды адам түсiну оңай емес. Жоғарыдағы оқиғадан майор Шарыповтың да, генерал Чистяковтың да, менiң де кiм екенiмiз көрiнiп тұрған жоқ па? – Көрiнiп тұр. – Көрiнгенде қандай?! Иван Васильевич Чистяковты мен қабiлеттi, адам танитын, əдiлеттi кiсi деп санаймын.

Екi оќиєа

Баукең темекi қалдығын үстел шетiндегi күлсалғышқа тастап, сөзiн жалғады. – Солдаттар өлiмге көзбе-көз қарап үйренген жандар ғой. Олар кiнəсiн мойнына ала бiледi. Əдiлеттi қаталдығыңа ешуақытта өкпелемейдi.

А ЛЄАШЌЫ АДЫМ Мамытбек ҚАЛДЫБАЙ, жазушы.

басқа да, соғыс басқа. Түсiндiң бе? Оның ойынша, мен не жазса да қол қоя беретiн көрiнемiн. Бiрiншi рет құжаттарды алып келдi. Бала жiгiт кезiмдегi ұстазым Дүйсекеңе (Дүйсенғалиға) ұқсап, қолыма қызыл қалам алып, əкелгендерiн бұлай емес, былай деп түзеттiм. Сөйтсе де iшiнен: «Бiр командир келедi, кетедi. Мынау да жақында солардың кебiн құшады» – деп ойлап жүр. Солдаттарға да жан керек. Бұл қалады деп оны сыйлайды. Бiр өзеннiң жағасына жете тоқтадық. Бiз ары өтемiз деймiз, немiстер жiберер емес. Жоғары жақ: «Өткiн! Өткiн!» – деп əмiр етiп жатыр. Екi оттың ортасында қалдық. Өзi титiмдей ғана өзен, тереңдiгi тiзеге жетедi. Бiз жақтағы жаға төмен де, немiстер жағындағы жаға биiк. Екеуiнiң арақашықтығы 200, 300 метрдей. Төменнiң аты төмен, жоғарының аты жоғары екен. Жоғарыдағылар төменде не бар екенiн көргiш келедi ғой. – Алға! Алға! – асыра сiлтеушiлiк, қарағым, соғыста да болды. Қып-қызыл қырғын. Командашы телефонмен менi сыбап жатыр. Мен де алға деп командирлерiмнiң апшысын қуырып жатырмын. Одан не өнедi? Сен соғыста болған жоқсың, түсiнбейсiң. Бұл нағыз трагедия! Бiраз қырылдық. Үш күн əуре болдық. Снарядтарымыз аз. – Зеңбiректiң бiреуi оқ атпасын! – деп бұйрық бердiм. Ата берсек, қор қалатын түрi жоқ. – Момышұлы зеңбiректерден атпауды бұйырды, – деген сөз командашыға жетедi. Əскери кеңес: – Сатқын! Басқа дивизиялар атып жатқанда, бұл неге бүйтедi? – деп шəт-шəлекейi шығады. Армия қолбасшысы генерал-полковник Чистяковқа хабарлайды. – Бұл не масқара?! Əскери кеңестiң мүшесi генерал-лейтенант Абрамов пен қолбасшы генерал-полковник Чистяков блиндажыма кiрiп келдi. Абрамов дауыс көтере сөйледi. Чистяков үндемей тұр. – Бiздiң армиямыздағы жалғыз сiздiң дивизия ғана жауға оқ атпай жатыр. Немiстерге берiлгiңiз келе ме? Кəне, сөйлеңiз! Мына қылығыңызға бiз түсiне алмай тұрмыз. Чистяковқа мың да бiр рақмет, үндемей төзе бiлдi. – Жолдас генерал-лейтенант, мен жұрт атып болған соң атамын. Менiң снарядтарым өте аз. Оны болмашы нəрселерге шығын еткiм келмейдi. Көршiлерiм қазiр атып жатқанымен, соңынан таяқ жейдi. Бəрiбiр олар жауды жарып өте алған жоқ. Жаудың маңдайын көздеп атқан кезiмiзде алға жылжитынымызға сенемiн. Сол себептi снарядтарымды, адамдарымды сақтап отырмын. Генерал-лейтенант бiр нəрсе деп келе жатыр едi, қолбасшы Чистяков: – Сабыр сақтауыңызды өтiнем, комдивтiкi дұрыс. Алда не боларын көре жатармыз, – дедi. Əскери кеңес мүшесiнiң үнi өштi. – Бiзге тамақ бересiң бе, жоқ па? Чистяков көңiлдене күлдi. Өзi орта бойлы, көк көз кiсi едi. Тамақ, жүз грамнан арақ бердiм. Дастарқан жиналған соң, қолбасшы: – Ал, полковник, шабуылға қашан шықпақсыз? – дедi. – Шабуылды таңертең бастауыңыз керек! – дедi Абрамов. «Бұған қалай қарайсың?» дегендей, Чистяков маған жанарын тiк қадады. Бiр-бiрiмiздi көзқарастан түсiндiк. Орнымнан тұрдым да: – Жолдас қолбасшы, мен шабуылға түстен кейiн шығамын, – дедiм. Абрамов дегбiрсiзденiп: – Не тантып тұрсың?! – деп айқайлады. – Бiз шабуылдап, əр сағаттан ұтылып жатырмыз. Ал сен түстен кейiн дейсiң! Генерал-полковник Чистяков сабырлы қалпын бұзбай: – Неге шабуылға түстен кейiн шықпақсыз? – деп маған сұрақ қойды. – Жолдас генерал-полковник, немiстер бiздiң барлық шабуылымызды тойтарды. Өзiңiз көрдiңiз, олар ертең орыстар бас көтере алмайды деп ойлайды. Тұмсықтарынан есеңгiрете соқтық деп жақсылап түстенедi. Ұйықтап дем алады. Дəл осы кезде шабуылға шығамын. – Тфу, енеңдi ұрайын, мен де осылай ойлап тұр едiм. Ойлаған ойыңды iске асыр! Генерал-лейтенант бiрдеме демек едi: – Бөгет болмайық, комдивтiң ойы дұрыс, – деп жадырай күлдi. – Көрермiз не шығарын? – Оған Чистяков ренжiп қалды. – Комдив өз басын қатерге тiгiп отыр. Бұдан былай бiз араласпайық. Не боларын көре жатармыз. Немiстер де ақымақ емес. Олар да ойланып жатқан шығар?.. Маған қарап:

Əділетті кісі

Баукең көзiлдiрiгiн киiп, бас жағындағы журнал үстелінің үстiнде жатқан қағаздарды ақтара қарап, бiр хатты қолына алды. – Бұл өзi өте қызық, түсiнiп тыңда, – деп машинкамен жазылған мына сөздердi дауыстап оқыды. «Қымбатты дивизия командирi! Денiңiздiң сау, творчестволық еңбегiңiздiң жемiстi болуын тiлеген осы жаңа жылдық құттықтауымды қабыл алыңыз. Мына газет қиындысын да қоса салып отырмын. Мұны ұмытылмас, қадiрлi дивизия командирiме менiң жұмысым туралы рапорт деп ұғарсыз. Өмiрiңiз, əдеби еңбегiңiз жөнiнде қысқаша хабарлауға уақыт тапсаңыз, өте қуанар едiм. Прибалтика бойындағы ұрыстар туралы кiтап жазып жүрсiз бе? Сiзге шын берiлген комбат А.Шарыпов». Баукең құттықтау хатты үстел үстiне қойып, «Майдандағы достық ұмытылмайды» деген атпен жарық көрген газет мақаласы қиындысын «мə, өзiң оқы» деп маған ұсынды. Онда Дивнегорск қаласында тұратын запастағы гвардия майоры Александр Олимпиевич Шарыповтың майдандас достарымен байланысы туралы əңгiмеленедi екен. Мақаланың бiр жерiнде: «Панфилов дивизиясының бұрынғы полк командирi, кейiннен 9-шы Қызыл Ту ордендi гвардиялық атқыштар дивизиясының командирi болған гвардия полковнигi Бауыржан Момышұлының «Москва үшiн шайқас» (офицер жазбалары) атты кiтабы Александр Олимпиевичке ерекше қымбат. Себебi, майор Шарыпов оның қарамағында қызмет етiп, соғысқан», депті. Кiтаптың бiрiншi бетiнде: «Жазған хатыңыз жəне жылы сөздерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн. Қызметiңiз үшiн рахмет. Аман-есендiгiңiзге қуаныштымын. Сiз бiздiң дивизияның ержүрек жауынгерi, батыл батальон командирi ретiнде есiмдесiз. Дивизия командирi Б. Момышұлы, Москва қаласы» – деген автор қолтаңбасы бар. Баукең газет қиындысын менен алып: – Жоғарыдағы сөздердiң астарына көңiл бөл, – дедi. – Ерекше қымбат дегеннiң астары терең. Шарыпов ол кезде түрмеде отырған едi. Жоғарыдағыдай қолтаңбам бар кiтапты алады. Кiтап қолдан қолға өтедi. «Ой, мынаның өзi қалай?» деп бастықтар ойланып қалады. Бұрынғы дивизия командирi «ержүрек жауынгерiм» деп отыр, өзiмен сөйлесiп көрейiкшi, деп шақырып сөйлеседi. Көп ұзамай оны күзет бастығы етедi. Бұл – үлкен жеңiлдiк. Менiң қолтаңбам, шындығына келгенде, кепiлдеме орнына қызмет атқарады. Жалақысы көбейiп, жағдайы жақсарған соң Шарыпов отбасын Дивнегорскiге көшiрiп алады. Өзiн бұрын да жақсы, тəртiптi ұстаған, ендi тiптен жақсы деп бастықтар қалған жылдарын кешiрiп, бостандыққа шығарады. Ол сол жерде бiржола қалады. Менiң қолтаңбам оған шын мəнiнде пропуск орнына жүредi. Кез келген адвокат дəл бұлай ара түсе алмас едi. Шарыповтың аузынан тастамай, қайта-қайта хат жазуының себебiн ендi түсiндiң бе? «Жек көрушiлiк пен жақсы көрушiлiктiң арасы қас пен кiрпiктiң арасындай ғана» дейдi халық. Қазақтың «көңiл бiр атым насыбайдан қалады» деген де сөзi бар. Соғыс кезiнде мен оны батальон командирiнен алып, майорлық дəрежесiнен айырып, айып батальонына жiберген едiм. Бұл өлiм жазасына кескенмен бiрдей. Осыған қарамастан, ол жек көрушiлiк сезiмiн ұмытып, маған хат жазды. Түрмеде отырған кiсi ғой, «Сен неғып отырсың?» демей, көп ойды, көп адамгершiлiк сезiмдi «сiз бiздiң дивизиямыздың ержүрек жауынгерi, батыл батальон командирi ретiнде есiмдесiз» деген сөзге сыйғызып, қолтаңба жазып, кiтабымды салып жiбердiм. …Айып батальонында ол жараланады. Тəртiп бойынша, кiнəсін қанмен жуды деп жараланғандарға кешiрiм жасалады. Ол бұрынғы орнына қайта баруы керек. Оны тек генерал Чистяков қана шешуi тиіс. Бiр хатында майор Шарыпов: «Генерал менi өте суық қарсы алды. Моншадан кейiн түктi халат киiп, шай iшiп отыр екен, ұрысты», – деп жазыпты. Оның хатын оқып, генералдың адъютанты Гончаровтың айтқаны есiме түстi. Шарыпов бiздiң дивизияға қайта сұранса, Чистяков: – Жоқ, рұқсат ете алмаймын! – дептi. Жалынып, өтiнген екен: – Сенi неге онда жiбермейтiнiмдi ақылың болса, түсiн. Егер тағы бiр рет сүрiнсең, Бауыржан сенi сөзге келмей аттырып тастайды, – дептi генерал. Менiңше, Чистяковтың шешiмi дұрыс. Мен «е, жақсы келiпсiң» демеймiн ғой. Соны Чистяков сезген. Ол кiсi менi бiледi. Сондықтан да бұрынғы қарым-қатынастары болмайды деп анаған жаны ашыған.

Бəрiн айт та бiрiн айт, екi оқиға есiме түсiп отыр. Тыңдағың келсе… – Тыңдаймын. – 6-шы армияның инженерлiк əскери бөлiмi бастығының орынбасары генерал-лейтенант едi. Өзiнiң штабы, адъютанты, шоферi бар. Орман шетiндемiз. Солдаттар Балтық теңiзiне таяу, енi жиырма екi шақырымдай келетiн көлденең кеңiстiкте қатар түзеп, автоматтарын кезене алға жылжып барады. Əлгi генерал-лейтенант жаудан түскен олжаны екi машинаға тиеп, қайтып келе жатады. Оны бiздiң адамдар көрiп, тоқтатады. – Машинаға жолатпаймын! – деп шофер қару кезенiп, бiздiң адамдарға қарсылық бiлдiредi. Осылай деген маған хабар жеттi. Келсем, аға лейтенант автоматын серт ұстап тұр. Төңiрегiнде оншақты адам. – Не болып қалды? – Осындай да осындай. – Кiмсiңдер? – Пəлен генерал-лейтенанттың адъютантымын, шоферiмiн. Сол кiсi жұмсап едi. – Мен 9-шы дивизияның командирiмiн. Жолдас аға лейтенант, қаруыңызды тастаңыз! Ақылы бар екен, бұйрыққа бағынды. Шофер: – Жоқ, мен қоймаға барып өткiземiн! – дедi байбалам сап. Мiне, тəртiптiң бұзылуының бiр көрiнiсi. Бiр сарбазым артынан кеп, қаруының дүмiмен перiп кеп жiбердi. Шофер құлаған кезде автоматы тырр-р ете қалды. Бiр жақсысы, оқтар менi жанай өттi. – Ұруды доғар! – Сарбазым кiлт тыйылды. Аға лейтенантқа қарап: – Жолдас аға лейтенант, сiздiң де қолыңызды байлауға тура келедi, – дедiм. Байлап, Балтық теңi зiнiң жағасындағы қыстаққа əкелдiк. Бiр үйдiң жертөлесіне түсiрiп, он тəулiкке қамадық. Белдiк, ұстара, тарақ дегендер берiлмейдi. Ешкiмге жолықтырмайды. Қорегi күнiне 250 грамм нан, бiр кружка су ғана. Он тəулiктiк қатаң жазаны жоғары жақ өзгерте алмайды. Заң солай. Екеуiн бөлек қамадық. Он тəулiк өткен соң: – Босатайық, – деп сыртқа шығардық. Екеуi де қу сүйек, сақал-мұрты өсiп кеткен. Киiмдерi де мəз емес. – Сендер жазаларыңды өтедiңдер, – дедiм. – Ендi өз бөлiмдерiңе барасыңдар. – Жолдас полковник, қырынуға рұқсат етiңiз? – дедi аға лейтенант. – Жоқ. Бөлiмдерiңе барған соң қырынасыңдар! Тамақтандырдық. Кiшкене автобусымыз болушы едi, соған отырғызып, белдiктерiн бердiк. Аға лейтенантқа: – Генерал-лейтенантқа өзiң барып мəлiмдейсiң, – дедiм. Кеттi. Ол барып мəлiмдейдi. Генераллейтенант таңғалып, ұяла қызарып: – Бұл Момышұлы жолдастың iсi ғой, – десе, сақал-мұрты өсiп, сүмiрейiп түрған шофер солдат: – Жоқ, жолдас генерал-лейтенант, бұл Момышұлының емес, сiздiң iсiңiз, – дептi. Оның əлгi сөзiнде «сен жұмсамасаң, Момышұлы бiздi қамамас едi» деген əдiлеттiк бар ғой. Ол менен қорлық көрдi, атыла жаздады, он күн аш болды. Ал айтқан сөзi анау. Бұл, түсiнсең, генерал-лейтенантты тiрiдей жерлеу ғой. Мұны маған автобусымның шоферi айтып келдi. – Əдiлеттi, ақылды солдат екен, – дедiм де қойдым. Екi-үш ай өттi ме, өтпедi ме, əскери кеңес

болып, соған бардым. Кеңес үш күнге созылды. Үзiлiс кезiнде машинама қарай келе жатсам: – Здравия желаем, товарищ полковник, – дедi бiр солдат. Бұрылып қарасам, мен қамаған шоферсолдат. – Халiң қалай? – Бəрi дұрыс, тек сiздiң бiздi қырынуға рұқсат етпегенiңiзге ренжiдiм. Соны аға лейтенантқа айтып едiм, ол: – Сол жазасына да рахмет, əйтпесе ол бiздi атар да едi дедi, – деп күледi. – Менен сəлем айтыңыз, ол жаман офицер емес екен. Баукең бiраз ойланып: – Солдаттың өзi келiп сəлем бергенi əдiлеттiлiгi, адалдығы ғой. Оны арамдыққа жұмсаған ана генерал-лейтенант, – дедi қатулана қабақ түйiп. – Солдаттар əдiлеттi қаталдығыңа кек сақтамайды. Мұндай мысал көп. Белi ауырмай байымақ болған генерал-лейтенантпен күресемін деп солдаттарды бұрынғыдан да жақсы көре түскенiм бар. Баукең ойға бата отырып: – Солдаттың сырын бiлсең, жеңiске жетудiң жолы бiршама айқындала түседi, – дедi тұнжырай. – Ол үшiн онымен тiл табыс. Сонда ол командирге өз көзқарасын айтады. «Iш қазандай қайнайды, күресерге дəрмен жоқ», деген мақал бар. Мұны сен кең түсiн. Солдат қауымы сыншыл келедi. «Қап, мына жерден командирiмiз мүлт кеттi-ау» деп ойлайды. Себебi, бiрi жараланып, бiрi өлiп, жеңiлiп жатыр. Қайнаудың iшiндегi кiсi ғой. «Мына жерде жау мықты екен, бiздi мұнда бекер салды», – деп өкiнедi. Жеңсе: «Командир жаудың осал жерiн бiлiп алған екен», деп командир қимылына оң баға бередi. Тiрi қалған солдат жеңiлгенiне: «Қап!» деп өкiнедi. «Iш қазандай қайнайды» деген сол. Командирiне батып ойын айта алмайды. Соғыс – жатқан жұмбақ. Бiздiң заманда сыр айтып, ашық соғысу жоқ. Командир байғұс кей кезде дұрыс, кей кезде бұрыс шешедi. Бiрде жағдайды дұрыс бағалайды, бiрде қателеседi. Бiрде жеңiс, бiрде жығылыс содан шығады. Бұл екеуiнiң де ең ауыртпалығы алдыңғы шептегi солдаттың мойнында, солдаттың иығында. Солдаттың бетпе-бет ұрыстағы ең басты командирi – азаматтығы мен патриотизмi. Бетпе-бет ұрыс жағдайында оның өз еркi өзiнде. Атамын десе, атады, жатамын десе, жатады. Оған атқын деушi де, алға жүгiр, керек кезiнде жата тұр деушi де – арнамыс, азаматтық парыз. Оның бəрiн бiз көре бiлмеймiз, жасыратыны жоқ, көргендi түсiне де бiлеймiз. Ол мүмкiн де емес. Бұл заманның бетпе-бет ұрысында кiмдi кiм байқайды? Ол оңай ма? Түсiнсек, солдат қауымының ниет, ар-намыс бiрлiгi – бас командир.

Тереѕ ой

– Асығып отырсың ба? – Жоқ. Онда тыңда. Литва мен Латвияда тұрмыз. Қайда барсаң да тоғай, орман. Тоғайлары қалың келедi. Iшiне енсең, шалшық, одан шығудың өзi азап. Қазекеңнiң құмға үйренгенiндей жергiлiктi тұрғындарға ол ойыншық. Бəрiнен бандиттердiң зəулiм ағаш басынан тырр-рр, тыр-рр еткiзiп ататыны қиын. Жүгiрiп барсаң, iзi жоқ. Шалшықта iз қала ма? Мен үш уездiң əскери бастығымын. Майдан қолбасшысы маршал Иван Христофорович Баграмян. Ұзын бойлы, қасқа кiсi. – Дивизияңда 12 мың жауынгер бар, ал бандиттер 30-40 адам ғана. Олардың көзiн неге жоймайсыңдар? – деп жоғары жақтағылар əкемiздi

танытады. Бiр күнi корпус қолбасшысын, дивизия командирлерiн Ригаға шақырды. Маршал Баграмян бəрiмiздiң басымызды қосып: – Осылай, мiндеттерiңдi орындамай жүрсiңдер, – деп сынға алды. Салдус деген қала бар едi. Айналасы ну тоғай. Ол менiң учаскем. Сонда бандиттердiң тобы пайда болыпты. Оны милиция органы сезiп, құртыңдар деп елу шақты адам жiбередi. Барса, күнi бұрын хабарланған бандиттер бəрiн өлтiредi. – Ой, бұл кiмнiң участогында болды? – 9-шы гвардиялық дивизияның участогында. – Командирi кiм? – Бауыржан Момышұлы. Маршал Баграмян қатты ашуланыпты. Мен елудiң өлгенiн естiген емеспiн. Жиналыста ол кісі: – Салдус пен Вильнюс арасында бандиттер елу адамды өлтiрiп, құтылып кетiптi, – деп айқайлап, елдiң көзiнше масқарамды шығарды. Орнымнан түрегеп тыңдап тұрмын. Үш республика басшылары да отыр. Маршал Баграмян үстелін перiп кеп жiберiп: – Бұған не дейсiз, полковник Момышұлы?! – дедi. Мен сұп-сұр болып тұрмын. Жиналғандар өңкей генералдар, өкiметтер. – Егер рұқсат етсеңiз, Əскери кеңеске баян етейiн. Маршал Баграмян: – Қысқа айтыңыз! – деп тастады. – Жолдас қолбасшы, мен де қысқа, бес минөт iшiнде баян етпекпiн. – Үш республиканың басшысы қарап қалды. Жап-жаспын ғой. – Жолдас қолбасшы, мен бар-жоғы дивизия командирiмiн. Маған Прибалтика республикаларының iшкi iстерiне араласуға құқық берiлген емес. Үш республиканың территориясында бандиттердiң қанша ұясы барын бiлу менiң мiндетiме кiрмейдi. Маршал Баграмян көзiмен атып жiбере жаздап, айқайлады. – Сiздiңше, кiмнiң мiндетiне кiредi?! – Жолдас қолбасшы, бұл Прибалтика республикалары үкiметiнiң, iшкi iстер министрлiгiнiң жəне ОГПУ-дiң мiндетiне енедi. Олардың өздерiнiң iшкi барлаушылары бар. Бандиттердiң жасырынған орнын олар менен бұрын бiлген. Бiрақ маған хабарлаған жоқ. Егер де осылай деп жəрдем сұраса, мен жəрдемiмдi аямас едiм. Əрi-берiден кейiн елудiң қырылғанын қазiр бiрiншi рет естiп тұрмын. Сол себептi, жолдас қолбасшы, сiздiң маған қойған айыбыңызды мойындай алмаймын. «9-шы гвардиялық дивизияның командирiне ескертiп едiк, осылай жəрдемдескен жоқ», деп кiм айта алар екен? Айттық десе, құжатпен дəлелдесiн. Кiм бар, кiм жоқ деп қару-жарағымды алып, беталды тоғайдың iшiн атқылап жүруiм керек пе? Қайталап айтқанда, мен сiздiң таққан айыбыңызды мойындамаймын. Маршал Баграмян қып-қызыл болып кеттi. Тағы айқай салды. – Сiз немене, жолдас полковник, үш республика Орталық партия комитетiн, үкiметiн айыптамақсыз ба?! Сiздiңше, кiнəлi солар, сiз емес қой?! Генералдар: «Бұлай сөйлеуге бола ма, құрыдың», – деп отыр. Маршал Баграмян тағы дауысын көтерiп келе жатқанда Эстония Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы аласа бойлы, қараторы кiсi екен, орнынан тұрып: – Иван Христофорович, – деп сөзiн бөлiп жiбердi. – Менiңше, полковниктiң айтып тұрғаны дұрыс. Маршал Баграмян ол кiсiге қызара қарады. Литва Республикасы Жоғарғы Советi Президиумының төрағасы ұзын бойлы, қасқаланып келе жатқан кiсi екен, ол да орнынан тұрып: – Жолдас қолбасшы, мен Эстония Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысымен келiсемiн, – дедi. Одан кейiн Латвия Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы орнынан тұрып: – Жолдас Баграмян, мен жаңа сөйлеген екi жолдаспен де келiсемiн. Полковник бiздiң iшкi iсiмiзге араласуға өкiлеттiк алған емес, – дедi. Маршал түтiгiп кеттi. Үшеуi де Əскери кеңес мүшесi. Баграмян сағатына қарап: – Жолдастар, үзiлiс жарияланады. Кеңес ертеңгi сағат таңғы онда қайта жұмысын бастайды. Ешкiм кетiп қалып жүрмесiн, – деп жиынды жапты. Орнымыздан тұрып, тысқа беттеп бара жатырмыз. Генерал-майор Иван Чистяков менi қуып жетiп, құлағыма сыбырлап: – Сен немене, – дедi. Тағы бiрдеме демек едi, Əскери кеңестiң мүшесi Абрамов анандай жерде бара жатыр екен, есітiп қалып, бұрылып кеп: – Иван Михайлович, Бауыржанға ешқандай кiнə таға алмаймыз, – дедi. Чистяков көзiн алартып, маған тағы бiрдеме деп келе жатыр едi: – Иван Михайлович, полковник Момышұлының айтқаны əдiлеттiк, – деп Абрамов оны өзiмен ертiп əкете бастады. Иван Михайлович ұзай бере, маған тағы ала көзiмен қарап: – Фу, енеңдi ұрайын! – дедi терiсiне сыймай. – Иван Михайлович, менiң енеммен о дүниеде ғана кездесе аласыз. Чистяков қып-қызыл боп, кiлт кiдiрдi. Абрамов төмен қарап мырс етiп күлiп жiбердi де: – Жолдас Бауыржан Момышұлы, барыңыз, ештеңеге абыржымаңыз. Ертеңге дейiн уақыт мол, жақсылап демалыңыз, – дедi. Бəрi ойлануы керек, ешкiм мазалап, шақырған жоқ. Адъютантым майор, жақсы кiсi едi. Екеумiз мейрамханаға ендiк. Ойым алай-дүлей. Жүз грамм коньяк алдырып, серпілейінші деп едiм: – Жолдас полковник, сiзге бүгiн де, ертең де татып алуға болмайды, – дедi. Маған жаны ашығандығы ғой. Iшпейтiн де кезiм. Күлкi де, ұйқы да жоқ. Кiшкене сергиiншi деп ойлап, төсекке жаттым. Көз шырымын таңсəрiде ғана алсам бола ма? Сағат онда əскери кеңес жұмысын бастады. Маршал Баграмян сөйледi. Кешегi шатақ туралы бiр сөз айтқан жоқ. Одан соң мiнбеге Литва Республикасы Жоғарғы Советi Президиумының төрағасы көтерiлдi: – Мен өз атымнан емес, үш республика атынан сөйлеп тұрмын. Кешелi-берi талай мəселе ортаға салынды. Мұны ақылдасу деп бiлемiз. Əркiм өз пiкiрiн айтты. Оның көбiн бiз дұрыс деп санадық. Сiздер де бiзге кiнə тақпаңыздар. Прибалтика республикалары – өзiндiк қиындығы бар республикалар. Бiр-бiрiмiздiң бетiмiздi тырнауды қояйық, мəселенi ынтымақтасып шешейiк. Бұл жөнiнде Баграмян жолдаспен алдын ала сөйлестiк, келiстiк, – деді ол. Соғыс кезi ғой. Прибалтика республикалары басшыларына осы уақытқа дейiн ризамын, менi маршал Иван Баграмянның ашуынан арашалап алды. Терең ойлы адамдар екен…


30 сəуір

Қ

РЫ Ы Ғ Ң

ЖА

2014 жыл

МЕЙРАМХАНА ЌОЖАЙЫНЫ

АРАБТАР НЕГЕ ҐЗ САНДАРЫН ЌОЛДАНБАЙДЫ? Бүгінгі күні барлық əлем сандық көрсеткіштерді араб цифрларымен жазады. Цифрды бүкіл əлем бізден алған деп олардың мақтануына да болатын жағдай. Алайда, өздері... өздері бүкіл əлем қолданатын өз цифрларын қолданбай, сандық көрсеткіштерді басқаша таңбалайды. Онысы несі екен деп осы мəселені араб елдеріне іссапарға барған сайын ойланушы едік. Енді соның сырын Интернет «білгіштен» іздеп көрсек, оның соншалықты құпиясы жоқ екен. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Осы бір оқиғаны айтқан жігіттің əңгімесі менің есімнен еш шыққан емес. Мына өмірде біздің жүріп өткен жолымыз – пəнидегі пиғылдарымыз бен ниетіміздің көшірмесі. «Жақсылық көрсем де – өзімнен, жамандық көрсем де – өзімнен» деген екен бұрынғылар. Ал төмендегі оқиғаны мен кейіпкерімнің сөзімен қаз-қалпында баяндап көрейін. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

...Мен осы жыртыңдаған қыз атаулыны көрсем жыным келетін. Ішінде не бар екені белгісіз, үнемі сөмкелерін асынып алып, дүниенің тұтқасын өздері ғана ұстап жүргендей көрінетін бикеш біткеннің жан дүниесі мен білмейтін басқа əлем еді. Келістілері түрін малданып, ғашық болған жігітті мұрнынан тесіп жетектегендей қылып дегендерін жасатып қоятыны қанымды қайнататын. Сондықтан да, мен шөпжелкелердің соңында салпаңдап жүретін бұзаулардың санатынан емес едім. Тек өзім армандаған жан кездескенше. Ал, мен армандаған қыз мүлде бөлек еді. Барынша сабырлы, сұлу да сүйкімділігі бек міндетті жəне оған қоса инабатты, тойған қозыдай томпиған тəрбиелі болуы керек. Алайда, менің бағым мен сорыма орай, осы бір қыз мүлде бөлек болды. Өзім жоспарлағандай жуас та емес, барып тұрған еркенің өзі. Кейде тым өткір де сияқты. Күлгені, барлық қимылы өзіне жарасады. Əу бастағы жоспарым бойынша, сен де көп шөпжелкенің бірісің дегендей қарамауға, тіпті көңіл аудармауға тырыстым. Ғашық болып қалмауды ойластыра бастадым. Бəрібір ойымнан шықпай қойды. Қандай құдірет екенін білмеймін, ырқыма бағынбай бара жатқан санам мен екі аяғым сол жүретін жерлерге жетектеп апаратын болды. Өзгелердей емес, мені өзіне қаратып алайын деп жүрген ол жоқ. Ол басқа, ол биікте тұр. Əзілдері əдемі, риясыз күлгені де керім. Расында да, қыздардың езу тартып жымиғаны, ерке болғандары да өздеріне жарасады екен ғой. Ол маған соны мойындата бастады. Баяғыда «Елік қыз» деген əдемі əңгіме оқыған едім. Сол хикаяның кейіпкері дерсің. Меніңше, қиялдағы періште қыздар көркем шығармаларда, ақынжазушының қиялында ғана өмір сүруі тиіс еді. Мына біздің екі аяғымызбен пенде болып басып жүрген қара жер бетінде күнəсі мен кемшілігі жеткілікті қарапайым əйел халқы ғана мекендейтін сияқты көрінетін. Тізеден сəл ғана жоғары, ақ бұршақ көйлегі, құлын мүшесі де өзіне жарасады. Ретін тауып, жанасқым-ақ келіп тұрады, бірақ күшім жетпейді. Біздің бір топ таныстарымыз отыратын басқосуда тек соның ғана дауысын естимін, қарамайақ, көзімнің қиығымен, жон арқаммен тек соның қимылын ғана көріп отырамын. Мен ол үшін көптің бірі ғанамын. Ал, ол болса өзінің бəріне ұнайтынын білетін болу керек, қай кезде де еркін. Ұнағанды да, ұнамағанды да айтып салып, қарап отыратынын қайтерсің. Шынында да, қыз атаулы мен ойлағандай құбылмалы, бəрі бірдей қу емес секілді. Айтпақшы, оның көзі тостағандай үлкен, шашы тілерсегіне түсетін ұзын болмаса да, аса сүйкімді жаратылған жан. Кірпіктері ұзын, əдемі қағады. Өзінікі ме екен деп қараймын, өзінің кірпіктері. Жүргені, тұрғаны, отырғаны мен көрген қыздардың ешқайсысын қайталамайтыны сөзсіз. Мен сияқты жалаңаяқ студенттің осы қызды бағып жүргеніне үш ай өтті. Қара басымды əрең алып жүріп, оны бірден қаратып алатындай артықшылығым да жоқ. Ұзын, арық жігітпін. Қалтам да өзім сияқты шыр біте қоймаған, тым жұқа. Кейін ол мен кездесуге шақырғанда келетін болды. Құдайдың құдіреті, екеуміз кездескен сəттерден бастап уақыт құйрығына ащы шыбық тигендей, зулай жөнеледі. Сағаттың тілі сұмдық бір жылдамдықпен соға бастайтынын қайтерсің. Біздің де əңгімеміз таусылмайды. Кейде мен оны қасында отырып та сағынамын. Жүрегім тағатымды тауысып бітетін санаулы сағаттарға емес, барлық кезде, күндіз де, түнде де бірге болғанды қалайды. Оны көрсем жоғалтып алған затым табылғандай жаным жай табады. Қысқасы, ол үшін қолымнан келгеннің бəрін жасауға дайын едім. Екеуміз үнемі саябақ аралаймыз. Қалталы жігіттердей менің оған құшаққұшақ гүл əперетін, ең мықты мейрамханаларға жетектеп апаратын күйім жоқ. Оған деген үлкен, шынайы сүйетін жүрегім ғана бар. ...Екеуміз бүгін тағы да көшеде қыдырып келеміз. Біздің қаланың көктемі биыл бұрынғыдан да əдемі сияқты. Мүмкін осы қала да, оның көшелері, көктемі, бəрі-бəрі бұрын да əдемі болған шығар. Əйтеуір, ол менің қасымда болғандықтан өмір маған осылай өзгеше қырымен, бар сұлулығымен бері қарай бұрылған секілді. Қараңғылық түсе салысымен-ақ көше шамдары, дəмханалар мен түрлі демалыс орындарының қызыл-жасылды жарнамалары көзді арбай бастайды. Шіркін-ай, басы артық тиын болса, мен де əне бір жігіттердей кердеңдеп, даңғазасы аздау ана бір мейрамханаға оны жетектеп кіріп баратын едім деп ойлаймын. Əй, бірақ, бəрібір бақытты едім. Өйткені, мен жақсы көретін қыз қасымда келеді. Өзі елік сияқты, ерке болса да кейде тұнжырап ойлана қалатыны бар. Шаштары жібек тəрізді,

біркелкі, біреуі де шашау шықпай, төгіліп тұрады. – Мына мейрамханаға кірейікші, – дегені, бір кезде көзін жалт еткізіп. – Кірейік, – дедім ішімнен қылп етіп. Қалтамда 500 теңге. Маңдайымнан тер бұрқ ете қалды. Жоқ деп айтуға жігіттік намысым жібермеді. Бұған дейін де осындай мейрамханалар тұсынан өте бергенде көрмеген-байқамағандай өте шығатынмын. Ішімнен «жоқтық қолыңды байлаған кедей Жомартым-ай» деп қоямын мысқылдап. Əй, дегенмен, мен жақсы көретін қыз аспандағы айды сұрап тұрған жоқ қой. Нар тəуекел! – Кірейік, – дедім қолынан жетелеп. Біз кірдік. Қосақтасып кіріп барғанда оған бəрі бұрылып қарады. Көкірегім марқайып, дəл осындай арудың тек менің ғана қасыма еріп жүргеніне мақтанып қалдым. Шуы алыстау, шеттегі үстелдердің біріне барып жайғастық. Даяшы да жалпаңдап жетіп келіп, екеуміздің қолымызға ас мəзірін ұстата салды. – Қалағаныңды ала бер, – дедім ақшам қалтамды керіп тұрған кісіше. – Аламын, – деді, өзінің еркіндігімен еркелігіне басып. Ол тапсырыс беріп жатқан тамаққа да, сусынға да менің қалтамдағы тиынның жетпейтінін ойлағанда бəтеңкемнің ішіндегі башпайларым сіресіп, тар аяқ киімді керіп бара жатқан еді. – Ал, сен ше, сенің қарның шұрылдаған жоқ па? – Менің тəбетім болмай тұр. Тек су ішемін, – дей салдым. Ол алдына келген тамақты əдемі жеп отыр. Қимылында бір тектілік бар. Оған, неге екені, бəрі жарасады. Мүмкін маған солай көрінетін болу керек. Көрші үстелде отырған біреудің қалта телефоны шыр ете қалды. – Егер Қыз Жібек пен Төлегенде ұялы телефон болғанда ғой.., – деді ол күліп. – Не істер еді? – Төлеген Шегеге звондап, көмекке шақыратын еді. Сөйтіп, тірі қалар ма еді?! Тек осы сəтте ақша туралы ойлап отырған мен күліп жібердім. – Онда Төлеген мен Жібектің махаббаты туралы ұлы шығарма тумайтын еді. – Балмұздақ жеуге бола ма? – Болады. Құдайым-ай, қазір менің қалтамда таксиге ғана төлейтін тиын бар екенін білсе мына қыз дəл осылай тайраңдар ма еді? Менің мазам кете бастады. «Етігімнің» тар екенін сезген сайын, маңдайым тепшіп, жоным жыбырлай жөнеледі. Мен оның айтып отырған əңгімесінің бірін естісем, бірін естімеуге айналдым. – Көңіл-күйің неге жоқ, бір жерің ауырып тұрған жоқ па? – Қазір сен үйіңе кетесің, қайтып сені көргенше уақыт өтпей қояды. – Сол үшін ғана ма? – Иə, сол үшін. Əй, иттің баласы-ай, ол үшін емес қой. Көңіл түскеннің көкесін, даяшы есеп айырысуға келгенде көрерсің! Бүйтіп масқара болғанша, əу баста, жүз жерден намысың ойнап бара жатса да, дəл бүгін мейрамханаға кірмеудің жолын неге қарастырмадың деймін, іштей өзімді түйгіштеп. Намыстың көкесі енді басталады. Қазір бəрі басталады. Ол менің қалтамда есептесетін ақша жоқ екенін білсе... Жоқ, қазір дүйім жұрттың көзінше, жо-жоқ, бəрінен бұрын мен жақсы көретін қыздың көзінше даяшы шу көтереді. Құрысын, атама... – Сен мен кездесуге шақырғанда неге көндің, мені жақсы көресің бе? – деп бір кезде далбасалап қойып қалдым. Осы уақытқа дейін қаншама əңгімелесіп жүрсек те, дəл осы мен бармаған тақырып болатын. – Сен мақтаншақ емессің, сен мен көрген жігіттердің біреуіне де ұқсамайсың. Жəне... жəне сіздің тарапыңыздан оғаш қылық көрмеппін, – деді ол əзілмен сізге көшіп. «Құдай көрсетпей-ақ қойса екен». Осы сөздерді мен ішімнен айттым. Бір амалын тапқан сияқты болдым. Тəңірім ақыры мен абыройын берсін. – Қазір келемін, – деп, даяшының соңынан ілесе жөнелдім. Артынан емпеңдеп келе жатқан мені көріп, ол: – Дəретхана мына жақта, – деді. – Маған дəретхана емес, осы мейрамхананың қожайыны керек. – Ол кісі ана есіктің ар жағында, – деді даяшы көп есіктің бірін нұсқап. Біссіміллəмді айтып, басымды сұқтым. Үстелде отырған төртбақ денелі, иман жүзді кісі басын жəйімен көтеріп, сұраулы жүзбен қарап тұр. – Төрлет інім! – Ассалаумағалейкум, аға! – Иə, не болды? – деді сəлемімді алып. – Аға, сіз де азаматсыз, жігітсіз ғой, – дедім де, сөзімді əрі қарай не деп сабақтарымды білмей, аңтарылып. – Жігітпіз. Не болды? Айта бер.

– Ағатай, бүгін менің еркектік намысым сынға түскелі тұр. Сіздің көмегіңіз керек. Бəрі өзіңіздің адамгершілігіңізге байланысты, – деп бастырмалата жөнеліп, тоқтап қалдым. – Менің адамгершілігімді қайтесің, айта бер. – Аға, сіз осы мейрамхананың қожайыны екенсіз. – Қожайын болсақ, болармыз, бізден де жоғары қожайындар бар. – Көкетай, онда менің бүгінгі тағдырым сіздің қолыңызда. Ана залда менің жақсы көретін қызым отыр. Біз бүгін сіздердің қонақтарыңыз едік. Қалтамда бары мынау ғана. Жақсы көретін қызымның алдында жерге қаратпаңызшы, – деп қалтамдағы 500 теңгені алдына тастай салдым. Мейрамхананың қожайыны салмақты жымиып, бетіме тесірейе қарап тұр. – Аға, «ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімейді», – деп мақалдатып жібердім. – Атан түйе асқызып жемеген шығарсыңдар. Жақсы. Отыра беріңдер, уайымдама. Бөрікті ауылданбыз ғой. Əй, жігітім-ай, деп көңілденіп, бір нəрселер есіне түскендей тағы да басын шайқап күліп қойды. – Қорықпай отыра бер, қызыңның алдында ұялмайсың. Ал мына байлығыңды, – деп, ескілеу 500 теңгемді алдыма ысырып, тырсиған əмиянын шығарып, 10 000 теңгені қолыма ұстата салды. – Мынаған қызыңа гүл əперіп, жақсылап шығарып сал. Қолың тисе ертең соға кет. Əңгіме бар, – деді менің ағатайым. – Алдамаймын аға, ертең келемін, – деп кабинеттен қуана шығып, сүйіктімнің қасына келдім. Қыз жоқ болып кеткенімді түсінбегені, өкпелегені белгісіз, бұртиып отыр. Мен уəжді неден бастарымды білмей отырғанда: – Қайда кетіп қалдың? – деп сөзді өзі бастады. – Анау жақтан ағамды көріп қалдым. – Ағаң бар екенін білмеппін. Туған ағаң ба? – Туған ағамдай, – дей салдым, иығымнан түскен ауыр жүктен кейін жарқылдап. – Тамақ жейік, – дедім қуанып. – Сенің тəбетің жоқ еді ғой, ал маған жалғыз ас батпай отыр, – деді менің елік қызым. ... Елдің соңын алып, біз де далаға шықтық. Ол əдемі, ол менің қасымда келе жатыр. Біреудің баласына табындырып қойған тағдыр да қызық. Қолында мен бірінші рет сатып əперген бір шоқ гүл. Мен ертесіне сабақ біткенше, астыма тұз құйылған кісіше, бір орында байыз тауып отыра алмай қойдым. Кешіккен сайын мейрамхана қожайынын алдап кетейін деп тұрған кісіше асықтым. Кешегі өзім басымды сұққан есікті итерсем, ол кісі жұмысына келе қоймаған екен. Көкемді күтіп біраз отырып қалдым. Көп ұзамай төртбақ денелі, иман жүзді ағам даяшы жігіттерге қол беріп амандасып кіріп келе жатты. Қос қолымды бір-ақ созып, қасына міне алдаған жоқпын дегендей, емпеңдеп жетіп бардым. Ол кісі маған соңымнан ер дегендей ишара жасады. – Қалай, қызың риза болды ма? – Риза болған, болмағанын білмеймін, бір абыройсыздықтан алып қалдыңыз ғой. Аға, қарызымды сөзсіз қайтарамын. Ал, айтатын əңгімеңізді айта беріңіз, – деймін інілік инабаттылықпен. Сонымен, мен сол ағатайымның арқасында сол мейрамханаға даяшы болып орналастым. Күндіз сабақтамын, кешке қарай тауып алған қосымша жұмысыма жүгіремін. Жаман тапқан жоқпын. Ал, өзім жақсы көретін қызымды жұмыс пен сабақтан босағанда басқа дəмханаларға андасанда шақырып тұратындай менің де қалтама шыр біте бастады. Бұл 90-шы жылдардың аяғы еді. Менің қағілездігім мен тиянақтылығым ағама ұнаған болу керек, көп ұзамай мен даяшылықтан қызметім көтеріле бастады. Ағатайым, өзі қолы босамағанда сол мейрамхананың бар жауапкершілігі мен анау-мынау жұмыстарын маған табыстап кететін болды. Содан бері де біраз жылдар өте шығыпты. Мейрамхана бизнесін əбден меңгеріп алған менің ағатайымның одан да бөлек бірнеше мейрамханалары пайда болды. Ал, мен кейінірек өз бизнесімді бастағанға дейін, солардың біріне қожайындық еттім. Қай кезде де менің азаматтық намысымды құтқарып қалған ағамды алдамауға, сенімінен шығуға тырыстым. Туған ағамнан артық сыйластық, ғұмыр болса сыйласа беретін шығармыз. Ал баяғы, жалаңаяқ студентті мейрамханаға апаруға мəжбүрлеген елік қыз бүгінде менің жарым. Дəл бұрынғыдай ерке емес, есейді, аздаған балалығынан арылып, менің балаларыма ана болды. Біз бақыттымыз, əйтпесе, сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер қаншама?!. Мен бір жағы осы тентектеу, еркелеу қызға қарыздармын да! Егер сол жолы ол өткірлігіне басып, мені сол мейрамханаға жетектеп кірмесе, мен бірге тумасақ та туғандай өмір жолына тəрбиелеген сол ағаммен, бүгінгі азды-көпті дөңгелетіп отырған шаруаммен жолықпас та едім. Ал менің азғантай өмірімде көзімнің жеткені – азаматты азамат ететін намыс пен махаббат жəне сенім. АЛМАТЫ.

9

www.egemen.kz

Цифрдың таңбасы ғана емес, атының өзі арабтан шыққан деген пікірлер бар. Арабша «сыфр» деген сөз бос орын деген мағынаны білдіреді. Демек, сандар «бос орындарды» толтыру үшін керек болғаны ғой. Алайда, негізгі халықаралық тілдердің арасында сандарды орыстың «цифр» дегеніне ұқсас атайтын француздар («шифре») мен испандар («сифра») ғана. Қалғандары сандарды мүлде басқаша атайды. Мысалы, ағылшындар «фигурас», немістер «захи» жəне т.б. Сондықтан, таңбасы болмаса сандардың атауы да арабтардан шықты деуге толық негіз жоқ. Араб цифрларында 0-мен қоса есептегенде 10 таңба ғана бар. Оны ғылым «араб цифрларының жүйесі» деп атайды. Осы 10 таңбамен жүз мың, миллион, миллиард жəне одан да көп сандарды оңай жазып шыға аламыз. Өте ыңғайлы. Ал көбінесе көркем шығармалардың бөлімдері мен ғасырларды белгілейтін Рим цифрларымен миллион санын көрсету үшін өте көп таңба жазуға тура келер еді. Ал миллиардты жазып шығуға көбіміздің біліміміз де жетпейді. Үлкен сандар түгілі екі-ақ таңбамен белгіленетін 48-дің өзін «ХХХХVIII» деп Римнің 8 таңбасымен жазуға тура келер еді. Ал араб цифрларымен жүзге дейінгі сандардың бəрін екі, жүзден мыңға дейінгі сандарды үш, мыңнан он мыңға дейінгілерді төрт-ақ таңбамен жазуға болады. Сөйтіп, жазуға оңай, жеңіл болғандығы үшін араб цифрлары Еуропада бұрын қолданылып келген Рим таңбаларын мүлде ығыстырып тастаған. Ғылымда араб цифрлары V ғасырда Үндістаннан шыққан деген түсінік қалыптасқан. Ендеше, оны неге үнді цифрлары демей, араб цифрлары дегенге айтылатын уəждің түбі араб ғалымы əл-Хорезмиге тіреледі. Алгебра («китаб əл-жебр») оқулығын жазып шыққан осы ғалым үнді цифрларын кеңінен қолданған. Ал авторы араб болған соң жəне ол барлық араб халифатына жəне оның Еуропада орналасқандарына да кеңінен тарағандықтан, араб цифрлары деген атау алып кеткен. VІІ ғасырда Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) құрған халифат мұсылман əлемін түгелге жуық қамтығанын білеміз. Артынан оны халифтар басқарды. Сондай халифаттың бірі қазіргі Испания мен Португалия елдерімен шектескен Батыс Еуропадағы Кордова да болды. Осы Кордова халифаты арқылы араб цифрлары Еуропаға Х ғасырда келген. Қазіргі Испанияның орнындағы бұрынғы Барселона графтығы Кордовамен жақын қарым-қатынаста болған. Сондайақ, сол жылдардағы прогресшілдігімен, ғылымға үлкен көңіл бөлген істерімен тарихта аты қалған Рим папасы ІІ Сильвестр (999-1003 жж.) да араб цифрларын қолданудың тиімділігіне көз жеткізіп, оны қол астындағылардың пайдалануын теріс көрмеген. ХІІ ғасырда əл-Хорезмидің алгебрасы Еуропа ғылымына əбден тереңдеп енген. Сонымен бірге, арабтардың астрономиядағы жетістіктері де Еуропаға кеңінен тараған. Бір сөзбен айтқанда, Еуропа ғылымының дамуына арабтар ашқан жаңалықтар игі ықпал еткен. Алгебрамен бірге енген араб цифрлары да еуропалықтарға етене болып кеткен. Ал еуропалықтар арқылы олар дүние жүзінің қолданысына айналды. Алайда, араб таңбаларын еуропалықтар өздерінің қолданысына ыңғайлап өзгерткен. Жəне бұл өзгеріс бірден емес, ұзақ жылдар бойына созылған. Бірақ Азиядағы араб елдері мен Мысыр еуропалықтардың өзгерісін қабылдамай, цифрларды өздерінің алғашқы қолданған кезде белгілеген таңбаларымен

жазады. Нақты айтқанда, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары тиісінше оларда былай жазылады:

Ал Солтүстік Африкадағы Мысырдан басқа араб елдері мен еуропалық арабтар сандарды əлемдік қолданыс бойынша жазады. Араб цифрларын қазіргі түрге қарай өзгертуді бастаған кім екен деген сауалға математика тарихын зерттеушілер əлі күнге нақты жауап бере алған жоқ. Ал түрлі болжамдар көп. Соның ішінде оның бұрыштық негізде жазудан пайда болған деген ақылға қонатын сияқты. Мысалы, бесте – бес бұрыш, алтыда – алты бұрыш, жетіде – жеті бұрыш, сегізде – сегіз бұрыш, тоғызда – тоғыз бұрыш, бірде – бір бұрыш, екіде – екі бұрыш, үште – үш бұрыш, төртте – төрт бұрыш:

Ал 0-де бұрыш жоқ, ол тек дөңгелек болған. Мағынасы бойынша бос кеңістік деген сөз. Уақыт өте келе бұрыштар үшкірленбей жазылып, қазіргі қолданыстағы формасына келген. Əрине, бұл араб цифрларының қазіргі түрге ену жолын көрсеткен болжамдардың бірі ғана. Бірақ қисынға салсаң, дұрыс шешім осы сияқты. Сонымен бірге, бұл хат жазғанда конверттегі индексті толтыратын сəтімізді де еске түсіреді. Сондағы бұрыштап жазған сандар қолданыстағы цифрларға ұқсайтын. Сондықтан оларды қазіргі қолданыстағы араб сандарының түп атасы деп атауға болатын секілді. 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрларын басқаша таңбалайтын Араб елдері халықтарынан басқа да халықтар бар. Мəселен, бенгал, тамил, тай жəне т.б. Шығыс халықтарында цифрлар басқаша таңбаланады. Бір қызығы, 0 көбінде дөңгелек болып келеді. Қорыта айтқанда, арабтардың өз цифрларын қолданбайды деуіміз қате пікір екен. Керісінше, арабтар өз цифрларын қолданады, бірақ еуропалықтар өзгерткен күйде емес, алғашқы формасында қолданады. Сонымен бірге, барлық араб таңбалары оңнан солға қарай жазылатындықтан, сандарды да олар оңнан солға қарай жазады. Мысалы, 75-ті олар ٥۷ түрінде жазады. Яғни, біздіңше оқығанда алдымен 5, сосын 7 жазылады.

НАСЫБАЙ

Арқабайдың баяғыда əскерде жүріп тапқан «пайдасының» бірі темекі деген нəрсені үйреніп келгені еді. Елге оралған соң езуінен шылымы түспейтін болды. Қораның шарбағын жөндесе де, көлігінің дөңгелегін ауыстырса да басын бір жағына қисайтып езуіндегі шылымын тілімен екі жағына кезек ауыстыра, аузын ошақ, мұрнын мұржа етіп көк түтінге көміліп отырғанын көресің. Өтпелі кезең дейтін анау жылдары жұрт бес-алты айлап айлық ала алмай, дүкен сөрелері қаңырап, халық дағдарған кездері темекі де басқа заттардай қатқа айналған еді. Шылымқорлар тұқыл теріп кеткен сол уақыт болатын. Арқабай болса өзгелердей көп дағдармай дереу насыбайға көшіп, бейімделіп алды. Шақша іздеп қиналған да жоқ. Бит дəрінің босаған құтысы дайын насыбай шақша екен. Күніне бір уақ соған толтырып алады да, төс қалтасына салып қояды. Екі-үш адамның басы қосылған жерде қалтасынан шақшасын алып, қырын қарай ерніне құя салатын. Арқабайдың насыбай ату мөлшерінде ерніне кемшін немесе көптеу салынғанын тілі ғана анықтайды. Бірде теледидардағы негрлерді көргенде: «Пах шіркін! Ерін деп осылардікін айт. Нағыз насыбай ататын-ақ ерін екен!» – деп оның өзіне бұйырмағанына əлдекімді кінəлағандай кейіп танытқаны бар. Арқабай құрдасы Əзімнің науқастанып қалғанын естіп, көңілін сұрап барғысы-ақ келеді. Бірақ өткен жолы Өсербайдың үйіндегі жиында оның мұны қатты ренжітіп, көңілін қалдырғаны есінен шығар емес. Сол жолы Өсербайдікіне бармақ болып жиналып жүргенде көлігі құрғыр лезде келіп қалып, асықтырып жүріп насыбай шақшасын үйіне қалдырып кетіпті. Бұл насыбай шіркіннің аңсары келгенде дүниенің бəрін ұмытып кететінің жаман.

Қасында отырған Əзімнің құлағына ақырын сыбырлай бір атарға шақшасын сұраған еді. Əншейінде менікін көрсей, өзім уқаладым деп шақшасын тықпалап тұратын құрдасын не түлен түрткенін кім білсін, көптің көзінше: «Шақшаңды қалтаңа салып жүрмейсің бе? Əркімнен сұрап атып не болды? Баюдың жолына түскенбісің?» – деп дүрсе қоя бермесі бар емес пе! Мініске атының майын сұрағанда бермей жатса тура мұндай ренжімес. Аузына қалай түсе қалғаны қайдам, орнынан атып тұрған Арқабай: «Атаңның көрі! Осыдан сен өлгенде есігіңнен де қарамаспын!» – деп бір атым насыбай үшін бір атан түйе көтере алмас ренішін ақтара салған болатын. Арада біршама уақыт өтті. Ақыры ашуын ақылға жеңдірген Арқабай Əзім құрдасының көңілін сұрап шығуға бекінді. -Əй, ит-ай! Сенің келетініңді біліп жатыр едім. Өткен жолғы қылығым үшін мені кешір. Ол кезде шақшамды мен де үйде ұмытып кетіппін. Насыбайы құрғырдың кəйпі ұрып, аңсарым ауып сенен сұраймын ғой деп отырғанда, керісінше, сенің сұрамасың бар емес пе? – дей берді. – Сенде де, менде де кінə жоқ. Бар кінə ұмыт қалдырған шақшада ғой. Мə, атып көр! Кеше қисайып отырып сексеуілдің күлінен өзім дайындадым», – деп насыбай шақшасын Арқабайдың алдына шиыра лақтырды. – Маржандай аппақ тістерден бөлек, көңілі қардай аппақ құрдастар арасындағы жарасымдылыққа дақ салған қу насыбайдан қашан құтылар екенбіз, – деді Арқабай көңілі босап. Мақсат ҚАРҒАБАЙ.

Оңтүстік Қазақстан облысы.


10

www.egemen.kz

ӨМ

 Есімі елге елеулі

ТЎЛЄА «Егемен Қазақстан».

ілгерілеушіліктің болмағанын, реформаның ақсап жатқанын біліп, оның басшысын ауыстырды. Жаңа төрағаға сенім артты, үміт етті. Қашанда өзі қадағалап отыратын сот саласына жаңа ой, жаңа леп қажет екенін сезді. Себебі, елімізде жаңа сот жүйесін жасақтау уақыт талабы еді. Осы кезге дейін сот саласы атқарушы билікке тəуелді болып келді. Материалдық-техникалық базасы нашар, ғимараттардың басым бөлігі тозған күйінде еді. Соттардың жалақысы да мардымсызды. Сол кезеңде «Егемен Қазақстанда» Алматы облыстық сотының төрағасы Марат Нұрбековпен сұхбатымыз жарияланды. Білікті заңгер, принципшіл азамат Марат Нұрбекұлы «Бұл жағдайды бүгін мен айтпағанмен, ертең бəрібір басқа біреу айтар еді» деп сот саласының сол кездегі жағдайын өткір сын тезіне алды. Соттың материалдық-техникалық базасының адам аярлықтай жағдайда екенін, ғимараттардың көптен жөндеу көрмей тозып кеткенін, тіпті түкке тұрғысыз майда-шүйде деп аталатын қаламсап пен қағазға жарымай отырғанын ашып айтқан, ашына айтқан Марат Нұрбекұлының осы сұхбаты қоғамның қотыр жарасының аузын тырнап жібергендей бол-

ды. Осындай ауыр жағдайдағы, əл-дəрмені жоқ ауру адамға мегзес халдегі жүйенің тізгінін Қайрат Мəми өз қолына алды. Енді қалай болады? Ол не істей алады? Өзіне артылған сенімді ақтай ала ма? Осыларға ұқсас сан сұрақтар оның дұшпандары тұрмақ, достарын да ойландырмай қоймады. «Біздің негізгі мақсатымыз, – деп еді кезекті бір баспасөз мəслихатында Қайрат Əбдіразақұлы, – сот жүйесін дербестендіру, атқарушы биліктің құзыретінен шығару. Біздің бұл ойымызды Елбасымыз қолдап отыр. Себебі, өркениетті деген елдердің бəрінде бірдей сот тəуелсіз һəм дербес». Қандай жаңалықтың болмасын іске асуы тез əрі жылдам бола қоймайтыны түсінікті. Түрлі талқылаулар, пікірлер алуандығы, дуалы ауыздардың дəлелді сөздері қажет. Ең бастысы, соларды ұйымдастыра білген ұтады. Мұндай жағдайда жаңалыққа қарсылардың да кездесетіні бар. Кедергі келтіруге тырысатындар да табылады. Бірақ ұтқыр ой, дəлелді пікір жеңбей қоймайды екен. Көп ұзамай сот жүйесіндегі ең үлкен жаңалық, алғашқы жетістік жүзеге асты – сот атқарушы билік құзыретінен босап, өз алдына дербес тəуелсіз сот атанды. Ең бастысы, əкімшілік, əміршілдік нұсқаулардан құтылды. Расында да, осы кезеңде орасан шаруа тындырылды. Судьяларды əзірлейтін Сот академиясы есігін ашты, Алқабилер институты құрылды, қамауға санкция беру прокуратурадан сотқа ауысты, артық сот инстанциялары қысқартылды, істерді бірінші инстанция ретінде қарау аудандық жəне оған теңестірілген соттардың айрықша құзыретіне жатқызылды, сот актілеріне шағымдану сатылары жөнге келтірілді. Əлемдік тəжірибеге сүйене отырып, қадағалау инстанцияларының өкілеттілігі едəуір қысқартылды. Прокуратураның азаматтық процеске ықпалы шектелді. Қылмыстық жəне азаматтық істер бойынша толыққанды апелляцияны енгізу қоғам өміріндегі

2014 жыл

ѕ і д р і м Ґ ќўны  Жыр жаһаны

2000 жылдың тамыз айында елді елеңдеткен елеулі оқиға болды. Осы кезге дейін республикамыздың Жоғарғы Сотының тізгінін ұстап келген Мақсұт Нəрікбаев отставкаға кетті. Бұл оқиға əртүрлі алыпқашты əңгіменің өзегіне айналды. Сол əңгімелердің негізі Нəрікбаевтің қызметімен қоштасуы ғана емес, одан қалған орынтақтың кімге бұйыратыны туралы болжамдар төңірегінде өрбіді. Дегенмен, ел арасындағы топшылаулар мен жорамалдар көбейген сайын, сол орынтақтың иесін анықтайтын сəт те кешіге берді. Сол кезде жұрт аузындағы болжамдарды екшей отырып, осы жолдардың авторы өзінің журналистік топшылауын жазған болатын. Сол жылдың тамыз айының аяғы сот саласы үшін қарбаласқа толы болды. Жоғары Сот кеңесі өтіп, оған Елбасының өзі төрағалық етті. Осы кеңесте Жоғарғы Сот тізгінін ұстайтын тұлғаның есімі белгілі болмақ. Көп ұзамай көптің көңілін күпті еткен сұрақтың жауабы анықталды. Президент Н.Назарбаевтың таңдауы Қайрат Мəмиге түсті. Сонымен, 2000 жылдың 1 қыркүйегі күні Қайрат Əбдіразақұлы Жоғарғы Соттың тізгінін өз қолына алды. Қашанда көрегендік танытып отыратын Елбасы еліміз тəуелсіздігіне тоғыз жылға шамалас уақыт болғанына қарамастан, сот жүйесінде ешқандай

Шарафаддин ƏМІР,

30 сəуір

І

ЕР Д М І Р ІР Ө

маңызды оқиғаға айналды. Апелляциялық инстанциялар дəстүрлі тексерушілік өкілеттіктерден аластатылды, аудандық соттардың жіберген қателіктері мен кемшіліктерін істі қайта қарауға жібермейақ белсенді түрде тікелей түзете бастады. Бұл іс қараудағы орынсыз созбалауға тосқауыл қойып, оны түбегейлі шешуді тездетті. Апелляциялық сотқа аудандық соттың дəлелдемелерді зерделеу мен бағалау кезіндегі барлық өкілеттігін беруге, сот актісінің сапасын апелляция инстанцияларымен қамтамасыз етуге жол ашты. Нəтижесінде, судьяларды конкурс арқылы ашық таңдау рəсімі енгізілді. Елімізде соттар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың шынайы институтына айналды. Белгілі заңгер Сансызбек Райымбаев осы кезеңдерде сот жүйесінде атқарылған қомақты шаруалар туралы былай дейді: «2000 жылғы кадрлар саласындағы жəне басқа да бірқатар өкілеттіктерді Əділет министрлігінен Жоғарғы Сот пен жаңадан құрылған Соттарды ұйымдық жəне материалдықтехникалық қамтамасыз ету комитетіне беру арқылы сот билігін атқарушы биліктен бөлу жөніндегі шешім судьялардың тəуелсіздігін қорғау қажеттілігінен туындады. Осы амал арқылы кейбір шенділердің сот төрелігін жүргізу процесіне процессуалдық емес əсер етуге деген талпыныстарына тосқауыл қойылды. Бұл

тұрғыдан алғанда Жоғарғы Сот пен оның төрағасы Қ.Мəмидің сот билігін нығайтуға қосқан үлесі елеулі болды». Қ.Мəмидің тағы бір мақсаты соттардың материалдық-техникалық базасын жақсарту еді. Себебі, сот əділдігін талап ету үшін ең алдымен олардың жұмыс істеуіне қолайлы мүмкіндіктің қажеттігін үнемі айтып отыратын. Сол айтқандарын орындауға бар күш-жігерін жұмсады. Облыстық, аудандық, қалалық соттар жайлы, жөндеуден өткен, жаңа заманға лайық ғимараттарға көшірілді немесе олар отырған ғимараттар жаңа заманға лайық жөндеуден өткізілді. Бұл айтуға оңай, ал шын мəнінде үлкен абырой, биік беделдің арқасында ғана жүзеге асатын шаруалар еді. Сондықтан бұл міндеттерді орындау үшін Қайрат Əбдіразақұлы абыройын да, беделін де салып кірісті. Қоғамның қай саласында болмасын сыбайлас жемқорлық сияқты жегі құрт кездеспей қоймайды. Мұндай дерттен сот жүйесі де ада емес еді. Бұл дертпен күресудің бір жолы – судьялардың сол кездегі мардымсыз жалақысын көбейтіп, жауапкершілігін арттыру деп түсінген төраға Елбасы қолдауымен бұл мəселені де шешті. Судьялардың жалақысы көтеріліп, көңілдері марқайып қалды. Қайрат Əбдіразақұлы соттардың тұрмыстықшаруашылық жағдайына үнемі көңіл бөле отырып, өзінің негізгі жұмысын да шығармашылықпен атқара білді. Оның жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот кеңесі туралы», «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы», «Аралық соттар туралы», «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдары жəне соттардың құқық қолдану тəжірибесіндегі өзекті мəселелер жөніндегі Жоғарғы Соттың нормативтік

қаулылары əзірленді. Сот санкциясы бойынша қамауға алу, сондай-ақ, арнаулы экономикалық жəне ювеналды соттар мен алқабилер сотын құруға байланысты заң актілерін əзірлеуге жəне тəжірибеге енгізуге тікелей қатысты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, сотты қалыптастыру стратегиясы оның жетекшілігімен əзірленді. Қазақстан Республикасының Судьялар одағын құру туралы бастама көтеріп, оны халықаралық судьялар ассоциациясына мүше етуде Қайрат Əбдіразақұлының еңбегі зор. Сот саласындағы елеулі табыстар оның халықаралық дəрежедегі беделін арттыра түсті. 2003 жылдың күзінде Ресей астанасы Мəскеуде Ресей жəне Қазақстан судьяларының бірлескен конференциясы болды. Бұл сапар Мəмидің мəртебесін көтеріп, абыройын асқақтатып жіберді. Халықаралық конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан жəне Ресейдегі сот-құқықтық жүйесі дамуының жағдайы мен келешегін талқылау болатын. Басқосу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Əділет министрлігінің, Ресей Жоғарғы Соты, Жоғарғы төрелік соты, сондай-ақ, халықаралық заңгерлер одағының ұйымдастыруымен өтті. Бұл конференцияға журналист ретінде осы жолдардың авторы да қатысып, бірнеше мəртебелі мырзалардың ой-пікірлерін таспаға түсіріп алған болатынбыз. «Осы конференциядан түйгенім, – дейді Ресей Федерациясы Конституциялық сотының судьясы Борис Эбзеев, – екі елдегі əділет саласының проблемалары жалпы алғанда ұқсас. Меніңше, сот реформасына қатысты мəселелерде Ресей алдыңғы қатарда келе жатқан сияқты, бірақ сот-құқықтық позициясы тұрғысынан келгенде бірқатар мəселелер бойынша Қазақстан бізден көп ілгері тұр». Бұл пікірді еліміздегі Елбасының басшылығымен жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаға берілген баға деп түсіндік. Осы конференцияға қатысқан сол кездегі Грузия Жоғарғы Сотының төрағасы Ладо Сантурия «Жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформа бойынша Қазақстан бүкіл ТМД елдерінің алдында тұр. Оған əлбетте, Президент Н.Назарбаевтың қамқорлығы септігін тигізіп отырғанынан хабарымыз бар. Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың төрағасы, Халықаралық заңгерлер одағы төрағасының орынбасары Қайрат Мəмидің үлкен үлес қосып отырғанына сенімім мол» деген болатын. Қайрат Мəми кешегі «туғаны жоқ тура билердің» бүгінгі сарқыты іспеттес. Ол бүгінгі заманға лайық білім мен білік иесі бола тұра, «билік айту – оңай, біліп айту – қиын» деген принципті ұстанатын азамат. Осыдан біраз жыл бұрын қазақтың екі бірдей қабырғалы қаламгерлері айтысып қалып, олардың текетірестері Жоғарғы Сотқа келіп тірелген. Сонда Қайрекең өз төрелігін айтып, екеуін бір тоқтамға келтірген. Елбасы Мəмиге тағы да сенім білдірді. 2009 жылдың сəуір айында оны өзінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындады. Сот саласындағы тоғыз жылдық еңбек, сол тоғыз жылда атқарылған қыруар шаруа, үлкен жетістік Елбасының көңілінен шыққан болар, бəлкім. Прокуратураны да биік белестерге көтереді деген сенімі де болған шығар. Сол лауазымда 2 жыл 12 күн қызмет еткен Қайрат Мəми бұл жерде де өзінің іскерлік қасиетімен көріне білді. Құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды, құқық қорғау органдарының өзара ісқимылын үйлестіруді жақсартуды қамтамасыз етті, тергеу құқығы арнайы прокурорларға қайтарылды. Қазақстан прокурорлары ассоциациясын құру туралы бастама көтерген де өзі еді. Бұл құрылым қазіргі кезде халықаралық прокурорлар ассоциациясының толық құқықты мүшесі болды. Прокуратура қызметкерлерінің жалақысын əскерилермен теңестіруге, сондай-ақ, зейнеткерлікке шыққан прокуратура қызметкерлерінің зейнетақысының көбеюіне ықпал жасады. Елбасы Қ.Мəмиге жəне сенім білдірді. Атына сын, затына мін түсірмей тоғыз жыл сот саласын басқарып, екі жыл Бас прокурор болған оны Президент Н.Назарбаев өз Жарлығымен 2011 жылы 15 сəуірде Сенатқа депутат қылып тағайындады да, сол күні Елбасының ұсынысымен Қайрат Əбдіразақұлы Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы болып сайланды. Сенат депутаттары қабылдаған қаулыға сəйкес, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясына делегация басшысы, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясына кеңес мүшесі, делегация басшысы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың парламентаралық ассамблеясына бюро мүшесі, делегация басшысы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының парламенттік ассамблеясына кеңес мүшесі, делегация басшысы, сондай-ақ, Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясына кеңес мүшесі болып сайланды. Өзіне сеніп тапсырылған Сенат спикерлігін абыроймен, беделмен атқарды. 2013 жылдың 16 қазанында Қайрат Мəми Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тізгінін қолына қайта алды. Осы салаға тікелей де, жанама да қатысы бар дейтін жұрт жаңа төрағаның кім болатыны жөнінде алыпқашты əңгіменің тиегін ағытты. Түрлі жорамалдардың арасында сол кездегі Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің аты жиірек аталатынын байқадық. «Себебі, – дейді осы пікірді қолдаушылар, – Мəми сот саласында өзін мойындатқан тұлға». Осылай айтқан жұрттың сөзі расқа шықты. Елбасы Қайрат Əбдіразақұлына Жоғарғы Соттың тізгінін қайта табыстады. Бұл – Президенттің Қайрат Мəмиге деген кезекті сенімі еді. 2004 жылғы жазған мақаламызда «Елімізде, құдайға шүкір, оқымысты көп, бірақ оның бəрі бірдей зиялы емес. Тағы бір шүкіршілік – елімізде зиялылар да аз емес. Бірақ олардың бəрі бірдей тұлға емес. Тұлға санаулы-ақ. Сол санаулының бірі – Қайрат Мəми. Оның тұлғалылығы – оның заң ғылымдарының докторы болғандығында емес. Оның тұлғалылығы – Халықаралық заңгерлер одағы төрағасының орынбасары болғандығында емес. Тіпті, оның тұлғалылығы бүкіл шен-шекпен, атақ абыройында да емес. Оның тұлғалылығы – еліне сіңірген еңбегі, соған лайық халқының алдындағы қадір-қасиетінде, елінің өз азаматына деген құрметінде. Ақырын жүріп, анық басып келе жатқан Қайрат Əбдіразақұлы сол халқының, сол елінің алдында əлі де қызмет ете береді деп сенеміз» деп жазған екенбіз. Сол лебізімізді бүгін он жыл өткен соң тағы бір мəрте қайталағанымыздың əбестігі жоқ шығар...

Ақын, аудармашы, журналист Алмат Исəділ ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің түлегі. Өлеңдері «ХХІ ғасыр поэзиясының антологиясы» ұжымдық жинағына енген. Сондай-ақ, ол «Жолдар, жолдар...», «Көкжиекке сіңген жол», «Мен – қазақтың баласы» кітаптарының авторы. Алмат ИСƏДІЛ.

ЌАЗАЌСТАН Бір Алла атты теңдессіз ғажап ұстаның, Бойына жиған имани тазалық нəрін. Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның, Болашағы үшін бастарын бəйгеге тігіп, Қорғады сені серт беріп сан арыстарым – Қазақстаным! Төндіріп тағдыр басыңа қара бұлттарын, Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын. Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын, Қариялардың ұрлаған даналық шамын, Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың – Қазақстаным! Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын, Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың. Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның, Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып, Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным! Босатып тордан зарыққан дала құстарын, Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың. Соның үшін де қолыма қалам ұстадым... Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп, Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын – Қазақстаным!

КҐКЖИЕККЕ СІЅГЕН ЖОЛ Тағдыр бізге жасамайды бекер сын, Алды-артыңды білген жөн. Мені қайда апарады екенсің, Көкжиекке сіңген жол? Көкжиектің ар жағында – арманым, Бер жағында – үмітім. Бір жақсылық, бір жамандық – жан-жағым, Тас төбемде – ұлы күн. Айналдырған жалғыз өмір – бес күндік, Оны-дағы аз көріп... «Өлеңіміз өлтірмейді!» –деп бізді, Жұбанамыз мəз болып. Тарамданған тамырындай даламның, Шақырады жол мені. Жүріп өткен ізіменен бабамның, Жүріп өтсем мен де бір. Жарым көңіл болады екен секемшіл, Дерегі жоқ күндерден. Мені қайда апарады екенсің, Көкжиекке сіңген жол. Барлық жолдар бастаса ғой бақытқа, Шашу шашып гүлден мол! Мені қайда апарасың, асықпа – Көкжиекке сіңген жол. Сапарымды бастадым ғой жаңадан, Жасқанамын мен неден?! Бəрібір де соңғы аялдамадан, Басқаларға жол берем.

ЕСЕНИННІЅ ЕЛІНДЕ Бөренелі сол үйлер, Сол баяғы, сол өлке: Басын жерге сəл иген, Қайың түбі – көлеңке. Жанарында мұң, нала, Білгісі кеп сырыңды, Пеш түбінде бір бала, Оқып отыр жырыңды. Ел-жұртыңа қош, қош деп, «Тым аулаққа» кеткенде. «Есенинде ес жоқ», деп, Тілдеп еді көп пенде. Шайқап жүрдің, шайырым, Шараптан да бас алмай. Қасіретке байыдың, Күйігіңді баса алмай. Гитараның күйімен, Көңіл мұзын еріттің. Айседора биіне, Есің кетіп, еліттің. Тағдыр неге мұңайтып, Жігеріңді уатты?

...Шаганеңе сыр айтып, Өзіңді-өзің жұбаттың. Қайран анаң қамығып, Қаншама рет езілді? Желбегейін жамылып, Тосты қанша жолыңды?.. Елге оралдың ақыры, Артта қалып елес-күн: Русьтің ұлы ақынын, Елемеді көп ешкім... Өртендің де, жандың да, Жырға арналды хас, күшің. Есігіңнің алдында, Мұңайып тұр тас мүсін. Елге аңыз болдың да, Жарқырады нұрлы айың. Есігіңнің алдында Жалғызсырап тұр қайың...

ТЇНДЕ... ...Дала суық. Əншейінде шулайтын қала – сұлық. Терезеден телмірем тысқа қарай, Бірдемені күбірлеп, данасынып... Мен сияқты көктемін күте ме екен – Бүрсеңдейді гүлзарда дара шыбық. Əнебір жан қашанғы тұрар екен, Əлдекімді күтумен таң атырып... Сұр көшенің шамдары сығырайып, Аспаннан ай төніп тұр жағы ашылып. Тереземді соғады қайта-қайта, Шұбар қанат көбелек аласұрып. Ұйқым қашып отырмын, ойға батып, Мойыныма мешел-мұң тағы асылып. Тарқатылмай тұрғаны-ай жақсы жырдың, Қаламымның ұшында оратылып...

БОЙЫМА ТƏТТІ СЕЗІМ ДƏНІН ЕККЕН Алып ұшып, шарқ ұрып көңіл жүрдек, Көп ішінде жүргенде өзіңді іздеп, Қапелімде қақ тіліп қара түнді, Көгімнен жұлдыз болып көріндің кеп: Шерменде жүрек шіркін жырға оранды, Кеудемде жаңаша бір өмір гүлдеп. Содан бері көңілге көктем орнап, Арманым қанат қақты көкке барлап. Қос жүрекке ортақ бір лүпіл берген, Тəңірім неткен шебер, неткен ардақ?! Шын махаббат өмірде болмайды деп, Жүріппін құр қайғырып, текке «зарлап». Ару едің жайдары жаны неткен, Бойыма тəтті сезім дəнін еккен?! Жанарыңнан тараған жылы сəуле, Жан, арымның сарайын жарық еткен. Күлімдеп қасымда сен жүрсең ылғи, Мен үшін төрт мезгілдің бəрі көктем!

БАЛАПАНДАРЫМ Сендерсің менің бақытым балапандарым, Балапандарым – шаттықтың таратар нəрін. Жүріңдер ылғи күлімдеп қасымда менің, Өмірдің бірге қарсы алып жаңа таңдарын. Ауырлап кеткен сəттерде төзімнің жүгі, Өздеріңменен сейілер көңілдің мұңы. Сендерсің менің сенерім, сүйенішім де, Сендермен ғана бағалы өмірдің құны. Тағдырдың жолы тым қиын, болыңдар абай, Қарсы жүзіңдер тайсалмай ағынға қарай. Тау жақтан ескен самал жел жүздеріңді өбіп, Аймалап жүрсін күнде ерте жағылған арай?! Балалық күннің уайымсыз, зерлі шағында, Уақыттың өзі жүрекке белгі салуда. Өсіңдер бойға дарытып даламның исін, Жақсылық тұнған əлемнің кең құшағында. Күн сайын маған өмірдің таратар нəрін, Аман жүріңдер кішкентай балапандарым. Ғажабын ғана көріңдер ғұмырдың мынау, Батаға ғана жайылсын алақандарың. Балапандарым... АЛМАТЫ.


30 сəуір 2014 жыл

Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. «Таңғы шықтың» палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық əңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-əфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – Төлеу Шаханов пен Төлеш Шахановтың «Тірі көз» аталатын ғылыми-фантастикалық əңгімелері төңірегінде. Баянымызды сабақтамастан бұрын қазақ əдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипатына аз-кем тоқталған жөн шығар. Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ санасындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау – көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде бабаларымыздың асыл мұрасы – қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиялғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тəрізді жауһар жəдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық жəне діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді. Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял. Ал адамзаттың бүгінгі таңдағы зор жетістіктері мен игілікті істерінің дені адам қиялының жемісі саналса керек. Қазіргі əдебиеттегі фантастика жанрына берілген тұжырымдама біраз жайдан хабар жеткізгендей. «Фантастика – əдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында əсірелеп бейнелейтін түрі». Демек, ғылымның дамуымен байланысты жұрт қиялынан туған көркем туындылар да дүниеге келе бастайды. Он сегіз мың ғаламның жұмбағы мен құпиясына жіті үңілген сайын адам қиялына да қанат біте түскені баршаға мəшһүр. Жалпы ғылыми-фантастикалық əдебиет ағылшын философы Ф.Бэконның «Жаңа Атлантида» кітабынан басталады. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда планетааралық сапар туралы, кейінірек келешек жайында ғылыми-фантастикалық шығармалар жазылғаны мəлім. Ал «миы – қиял қоймасы» атанған атақты француз жазушысы Жюль Верннің қиял-ғажайып романдары төрткүл дүниені шарлап кетті. Ұлы фантастың «Он бес жасар капитан», «Су астына 80 000 километр сапар», «Капитан Гранттың балалары» секілді кітаптарын қазақ оқырмандарының үлкен-кішісі бірдей жастанып оқығаны белгілі. Қазақ əдебиетіндегі таза фантастикалық тұңғыш көркем шығарма – көрнекті маркшейдер-ғалым, философқаламгер Ақжан Машановтың 1957 жылы жарық көрген «Жер астына саяхат» повесі. Бұл тосын да, ізашар туынды республикада ғылыми-фантастикалық жанрдың қарқынды қанат жаюына əсер етіп, қиялгерлердің үлкен шоғырын жасақтағаны аян. Қазақ қаламгерлерін де ғарыш əлеміне, жұлдыздар сырына, телегей-теңіз мұхиттар тұңғиығына, жеті қат жер қойнауына, табиғаттың құпия тылсымына ой көзімен барлауға ұмтылдырды. Шарқ ұрып ізденіп, талмай тер төкті. Фантазияларын ұштап, шеберліктерін шыңдады. Нəтижесі мерей марқайтып, əдеби қоржынның бүйірін бұлтитты. Қазақ фантастика жанрының көсегесін көгерткен олжа туындылардың кейбірін атай кетелік. Жазушылар Медеу Сəрсекеевтің «Ғажайып сəуле», «Көрінбестің көлеңкесі», Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын», «Лұқман Хакім», Шоқан Əлімбаевтың «Данышпандық альфасы», Төлеу Шахановтың «Көгілдір мұнаралар», Төлеш Сүлейменовтің «Жұлдыз адамы», Шəмшиден Əбдірамановтың «Əл-Фараби көпірі», Абдул-Хамит Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз», Советхан Ғаббасовтың «Кəусар», Раушанбек Бектібаевтың «Ионесферадағы алаң», Нарбинь Кенжеғұлованың «Қиын шешім», Жүніс Сахиевтің «Кеңістік көшпенділері» аталатын фантастикалық повестері мен романдары аса күрделі жанрдың қалыптасып, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқанын қадап көрсеткен жөн. ...Мінеки, алақандай əңгіменің əсерімен «ұшып» жүргеніме екі-үш күн. Ойым да, бойым да асқақтап, қиялым бөлекше шарықтағандай. Тіпті, санамның бір түкпірінде ұмытылып қалған балалық шақтың қызықтарын дабылдатып, сонау жылдардың бұлыңғыр суреттерін көз алдыма елестетерін қайтерсің. «Таңғы шық» жинағындағы Төлеу Шаханов пен Төлеш Шахановтың «Тірі көз» ғылымифантастикалық əңгімесіне үңілген сайын, елес-жаңғырық та оқтын-оқтын орала береді-ай... Қаршадайыңда естігенің мен көргенің ешқашан өшпейді. Бала жадында қашалған ғұмыр ізін қанжармен де кетіре алмайсың. Алаңсыз кездің көріністері қазір де айна-қатесіз қаз-қалпында жанарымның алдында тұрғандай. Көгілдір Балқаштың жағасындағы кішкентай балықшы ауылы. Қоңыртөбел тірлігі бар колхоздың бас көтерер үлкендері ұлан жазды іргедегі теңіз үстінде өткізеді. Қақаған аязда шыңылтыр мұз астынан, ал аптап ыстықта теңіз түбінен несібесін терген балықшының шаруасы да бір басына жетерлік. Суық күзге дейін көл бетінде көшіп жүреді. Яғни, жүрекжұтқандардың бүкіл тағдыры толқын жалында қалт-құлт тербелген қара қайық пен «тырқылдаған» қалақтай кеменің

үстінде. Бірде ересектермен бірге балық аулап жүрген құрдастарымыз Шағай, Кəтен, Зарықбектер жарыса өздері тамашалаған оқиғаны таңдайларын тақылдатып тұрып шерткен. Қиял-ғажайып хикаяға бергісіз əңгімелері бізді қатты қызықтырған. Əуелде сенбегеніміз рас. Бірақ, олардың айтқандарын үлкендер жағы да мақұлдап, қоштаған-ды. «Бір күні кешкі тамағымызды ішіп алғаннан соң, Ай жарығымен ау тараштап отыр ек. Күнбатыс беттен ноқаттай боп шалынған өткір жарық үрген шардай бірте-бірте ұлғайып, көтеріле берді. Артынша найза бойы биіктеп барып, кілт бізге қарай жылжыған, – деген Шағай бет-

ЕСІ

ҢГІМ Ə Ң І Т Т Е ƏДЕБИ

www.egemen.kz

əңгіменің қалай басталғанына жанар тоқтатайықшы: «Мен көзімді аштым. Маңайдың бəрі бұлдырап əзер көрінеді. Қайдамын? Не болды? Кенет жүрегім лүпілдеп жиі соға жөнелді. Маған баданадай үлкен көз тесіле қарап тұр. Оның өткір қарасы тұла бойымнан өтіп мидағы ой тізбектерін жатқа оқып тұрғандай. Одан құтылар емессің. Ол өзінің тұңғиығына баурап əкетіп барады, əкетіп барады. Мүмкін мұның бəрі түс шығар? Жоқ! Мен көзімді жұмдым. Əлгі көз қимылымның бəрін бұлжытпай орындады. Қорқып кеттім. Соңғы күндері болған оқиғалардың бəрі алдымнан құйындай жүйіткіп өте шықты. Мен

анықтайды. Бірақ əлсін-əлсін ойқастап, қыр көрсеткен көз турасында нақты тұжырымға тоқтай алмай қиналады. Таңданыстарын да жасырмайды. Күрмеуі қиын түйін тар қатылмаған қалпында қалады. Сұрақтар сананы сілкілейді: – Бұл неғылған Көз? Қандай құбылыс? – Ол не? Бөгдепланеталықтардың арнаулы аппараты ма? – Əлде Əлемге көрінген галюминация ма? – Көз – беймəлім ұшатын аспан кезбелерінің бірі шығар? Əбден мүмкін ғой! Нақты жауабы жоқ сауалдар селі бізді де түпсіз ой мұхитына батырған... Фантаст-жазушылардың қиялдары

тəмамдаған Раиса апай өнерге жақын боп шықты. Өлең шығарып, əңгіме жазады. Сөз киесін жан-тəнімен түсінетін нағыз ана тілінің жанашыры екен. Ежелгі Қараөткелдің бас көтерер қадірменді қарттарынан бастап, бүгінгі зиялы қауым өкілдерінің баршасын жыға біледі. – Бұған дейін сұрамадың ба? Бүйтіп əуре-сарсаңға түспес ең. Ағайынды Шахановтарды білемін ғой, – деді мəнжайға қанық болған Раиса апай. Жұмсақ биязы үніне күлкі араласқан. – Біз бір ауданнанбыз. О кезде қазіргі Ерейментау ауданы Еркіншілік деп аталатын. Төлеу екеуміз бір жылдың төліміз. Мен аудан орталығындағы қазақ мектебін бітірсем, ол

жоқпын. Мен енді сөйлей алмаймын. Тек ойлаған ойымды, көргенім мен білгенімді бұрыштағы сопақтау келген «Тіл» деп аталатын электрондық машина жазып жатыр. Қазір Əнес келуге тиіс. – Əлім, – деді кеше ол, – бұл экспериментті жасама. Ғылым Орталығы басқа тəсілдерді қарастыруда. Мүмкін 8-ші Эпсилон жұлдызындағы құбылысты шешетін екінші əдіс табылар. – Жоқ, мен белімді бекем будым. Есеп машинасының жасаған формуласы эксперименттің дұрыс екенін растады ғой, – дедім теріс бұрылып. – Растасын, бірақ ойламаған жерде ми клеткалары зақымға ұшыраса не істемексің? – Эх, Əнес, ғылым үшін жанымды да қиямын. Əңгімені қысқарталық. Ертең мен эксперимент жүргіземін. Лабораторияға кеп «Тілдің» жазып алғанын тексерерсің. – Жақсы. Біз үн-түнсіз осылай тарастық...» Жұмбақ тылсымның құпиясы опоңай шешілмейтіні белгілі. Тəжірибені əлі де ерінбей жалғастыру керек. Бүкіл ғұмырын ғылымға бағыштаған Əлімнің ой сергітіп, жақсылап тынығып алғысы келеді. Алайда, миын шырмауықша шырмап-торлап алған «сұрақтар» отырса да, жатса да маза бермеген. Себебі, осыдан бес жыл бұрын Жер стансалары Водолей шоғырындағы 8-ші Эпсилон жұлдызынан белгісіз хабар ала бастайды. Бұл деректер он екінші толқынмен беріліп тұрған. Ғылыми орталықтың ғалымдары ғарыштан жеткен хабарды қанша зерттесе де түйінін шеше алмайды. Орталық ғалымдары өздерінің ғылыми тəжірибелерін талмай, асықпай жүргізуді ұйғарады. Көмейге кептелген күпті сауал да мəлім. «Эпсилон тұрғындары кімдер болды екен?..» Сөйткенше оның басы шыркөбелек айналып, шыңырауға құлап кетеді. Қайдан жетіп келгені белгісіз, төңірегіне өткір сəуле шашқан «Тірі көз» төніп тұрғандай елестейді. Қиялгерлер осы мезеттегі оқиғаның жай-жапсарын былайша суреттейді. «Маған үлкен көз бадырая қарап тұр. Ол – мені өзінің түкпіріне тартып бара жатқандай. Айналамды қараңғылық басып кетті де, іле жап-жарық болды. Үлкен алаңның ортасында тұр екем. Алыста аспанға көбік шашып, көгілдір су айдыны тулап жатыр. Оның жағасындағы қызыл, жасыл, көгілдір сəулелерге бөленген ғажайып үйлер жерден боларболмас көтеріліп, қалықтап барады. Бұл көріністен кейін жасыл күмбезге ұқсас кең сарай пайда болды. Одан да ақ шашты, ұзын бойлы, кең иықты адамдар шықты да аспандағы сарғыш жұлдызды көрсетті. – Алиамма! – деді олар біртүрлі нəзік дауыспен. – Алиамма! Сарғыш жұлдыздың қасында бір топ жұлдыз пайда болды. Бұл Водолей шоғыры. Ақ шашты адамдардың көкшіл киім кигені алға бір қадам шықты да, Водолей шоғырын өшіріп тастады. Оның орнында енді Күн системасы. «Уала» – деді əлгі адам Жерді нұсқап. – Уала!..» Жанкешті ғалымдар кешікпей Алиамманың 8-ші Эпсилон жұлдызы екенін

қырағы да, ұшқыр. Таңданбасқа, сенбеске болмайтындай. Қиялгерлердің осыдан жарты ғасыр бұрын болжағандары бұл күнде ақиқатқа айналып отырғаны да баршаға аян. Галактика жұмбақтары мен құпиялары Жер тұрғындарына өз сырларын ашуда. Соның бірі – Көк кезбелерінің бүгінде адамдарға жиі көрінуі. Бұл айғақты уақыттан озған қиял жемісі дегеніміз жөн.

Қазақ темір жолына қарасты «Ерейментау» орыс орта мектебінің түлегі. Төлеу мектеп қабырғасында жүргенде-ақ екі тілде бірдей жазып жүрді. Облыстық, аудандық газеттерде жиі жарияланатын. Мектепті бітіргеннен кейін екі жылдай аудандық «Знамя», «Еңбек туы» газеттерінде еңбек етті. Өйткені, бүгінгідей емес, екі жылдық «стажың» болмаса, жоғары оқу орнына құжатыңды қабылдамайды. Аудан өміріне байланысты репортаждары, мақалалары, суреттемелері, сондайақ өлеңдері мен шағын əңгімелері өте жиі жарық көретін оны аудандық «Еңбек туы» газетінің редакторы болып істейтін менің туған ағам Айтмұхамбет Жанайдаров ұдайы мақтап отыратын. Төлеш ағасы да жазушылықты кəсіп етті. Менің білуімше кандидаттық диссертациясын қорғаған. Алматыда ғой. Елге өте сирек келетін. Ағайындылардың кейінгі тағдырларынан хабарым жоқ. Ерейментаудағы туыстардан жөн-жосығын сурастырып көрейін. Сіңілімнің Қарлығаш деген қызы Төлеу Шаханов оқыған мектепте мұғалім. Бір дерегін білер. Айтпақшы, енді есіме түсіп тұр. Төлештің фамилиясы үлкен əкесінің атында секілді. Жарайды. Ең алдымен ауылдағылардан анық-қанығын білейінші. Асықпаңыз... Хабарласам... «– Раиса апай шынымен тағы бір күдіктің шетін шығарды ма? Бұ қалай сонда? Төлештің тегі басқаша дейді ғой...» Күпті ойымнан арылып үлгерместен Раиса апай қайта телефондады. – Жанат-ау, сəтін салайын десе, Аллаға түк емес. Кəне, тездетіп жазып ал. Алматыдағы Төлеудің кемпірінің соткасын таптым. Мына қызықты қара, оның да есімі Қарлығаш көрінеді. Ұялы телефон нөмірі біздің Қарлығашта бар екен. Ендігісі өз қолыңда... Қуанышым шексіз. Бөгелмедім. Еменжарқын күйде неше уақыттан бері нақты хабарының ұштығын ұстай алмай жүрген Төлеу ағайдың өмірлік серігіне звондадым. Хал-жағдайын сұрадым. Өзімді таныстырдым. Бұйымтайымды сұрады. Шаруамды айттым. – Түсіндім бəрін де. Аяқ астынан не деймін. Төлеуді де іздейтіндер бар екен ғой, – деген Қарлығаш жеңешемнің байсал үні аса мұңайысты шыққан. Əр сөзін бөліпбөліп маңғаз жеткізеді. Көңіл-күйі де пəстеу. – Өткен он екінші жылдың желтоқсанында Төлеу ағаң жетпіске толды. Соғыстың отжалынында туғандардың біразы мерейтойларын дүрілдетіп өткізгенін білесің. Ал біздің Төкеңді елеген ешкім жоқ. «Қазақ əдебиеті» газетіне өз қолыммен апарып берген бір топ өлеңдері аузы-мұрны жоқ аңдатпасыз жарық көрді. Енжарлық па, немқұрайлық па? Əлде өзі жоқтың, көзі жоқтың кері ме? Əйтпесе, екі тілде бірдей жазған Төлеу Шаханов қазақ əдебиетінде өзіндік орны бар қаламгер. Поэзиясын айтпағанда, оның ғылыми-фантастикасы мен аудармаларының өзі бағалауға да, құрметтеуге де əбден лайықты. Медет етерлік қуанышты жай – ерейментаулық жерлестері Төлеу оқыған орта мектепке оның есімін бергізіпті. Бұған да шүкір! Бір өкініштісі, осынау салтанатқа арнайы шақырамыз деген ағайындар мені ұмытып кеткенге ұқсайды. Мейлі өздері білсін. Күтпеген жерден хабарласып, жөн сұраған сізге құлағдар еткенім ғой... Иə, қаламгер шаңырағының

УАЌЫТТАН ОЗЄАН ЌИЯЛГЕРЛЕР Жанат ЕЛШІБЕК,

халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

аузын құбылтып, тұтыға үрейлі кейіпте сөзін сабақтады. – Сенесің бе, Жанат? Əлгі алып шар əп-сəтте Қарақұмның желке тұсындағы Алғазы аралының нақ төбесіне келді де, бір орнынан қозғалмай біраз кідірді. Төңірегіне өткір сəулелерін шашқан шар сəлден кейін барып ілгері қозғалды. Дөңгеленіп жылжыған оның тұп-тура біздің үстімізге келе жатқанын аңғарған Кəтен қорыққаннан төменге, каютаға түсіп кетті. Ал мен не істерімді білмей, тіл-аузым байланған күйі, қаққан қазықтай мелшиіп отырып қалыппын. Жарты аспанды жапжарық сəулеге шомылдырып домалаған шар қиястау бұрылған бағытын өзгертпей Жыңғылдықайырды жағалап, ЛепсіМатайға қарай тартты. Ғажап! Не ұшаққа, не ракетаға ұқсамайды. Ізі де көрінбейді. Жарығы көзді қарып жіберердей. Ұзап бара жатқанда байқағаным, əлгі жарықсəулелер шеңбердің бүйіріндегі үңірейген тесіктерден шашырап жатқан тəрізді. Əйтеуір, бұрын-соңды көрмеген дыбысы жоқ жұмбақ-дүние. Сонда, бұл не нəрсе деп ойлайсың?..» Мен иығымды қиқаң еткіздім. «Кім біліпті?!» Көп ұзамай қара сирақ достарымыз тамсана шерткен таңғажайып алып шарды түнгі ауыл аспанынан жиі көретінбіз. Жарты əлемді жап-жарық сəулеге орап, сырғып кетіп бара жатқан оны білгіштердің дені «Балқаштың арғы бетіндегі Байқоңыр мен əскери «жабық» қаладан ұшырылған спутник» дейтін. О жағын біз қайдан білейік? «Жұлдыздары жамыраған ғарышқа апаратын жұмбақ жол дəл біздің ауылдың үстімен өтетін шығар» деп болжайтынымыз анық. Кейінірек, есейе келе Көк кезбелері хақында көп еститін болдық. «Ұшатын тарелка», «НЛО», «Беймəлім ұшатын шар», «Бөгде планетадан келген алыптар», «Жалғыз көзді жұмбақ ұшақтар...» Тіпті, кейбір «Ұшатын тарелкалар» жалғыз-жарым жүрген адамдарды ұрлап əкетіпті-міс» деген алып-қашпа қауесеттер де естіліп қалатын... Жер «қонақтары» туралы елеңдетер материалдарды əу баста өзге елдердің газет-журналдарынан жиі оқитынбыз. Келе-келе ұлан-байтақ Қазақстанның біресе ана түкпірінен, енді бірде мына түкпірінен «НЛО»-ны өз көзімен көргендердің əңгімелерін есту – əдетті жағдайға айналғаны мəлім. Тəуелсіздіктің елең-алаңында іссапармен Солтүстік Қазақстан облысында болғанымда аспан кезбелерін көрген бір топ куəгерлерге жолығып, шытырман оқыс оқиғаларды естіп, ғажайып əсерлерін өзіміздің «Егеменде» жариялағаным бар. ...Енді міне, ағайынды Шахановтардың «Тірі көзі» қайран қалдырып отыр. Осыдан елу жыл бұрын жазылған фантастика алуан түрлі ойға шомдырған. Жазушы жігіттердің қиялы еріксіз тəнті етедіай. Өйткені, ол кезде кеңестік цензура мұндай дүниелердің баспасөз беттеріне шығып кетуіне жол бермейтіні жасырын емес. Көп ретте фантазияның да қисынды болуын қатал қадағалайтын. Қиял-ғажайып шығармалардың ғылыми негізіне үңілген «қырағылар» орынды-орынсыз талап қоятыны жəне аян. Осынау биік үдеден табылу үшін қазақ фантастарының шүмектетіп тер төккені айқын байқалады. Ізденістері де назар аудартады. Кəне, ендеше ғылыми-фантастикалық

*** Əдеттегідей «Тірі көздің» авторлары жөнінде бірер ауыз сөз. Мектеп қабырғасында жүргенімде «Таңғы шық» əңгімелер жинағы арқылы жақсы таныс Төлеу Шаханов пен Төлеш Шахановтардың бірлесіп жазған дүниелерін студенттік жылдары да жиі оқитынмын. Кейінде байқағаным, Төлеу Шахановтың аты-жөнін əр-əр облыстың басылымдары беттерінен ұшыратып қалатынмын. Ал Төлеш Шахановтың жеке жазғандары еш жерден кездеспейтін-ді. – Сонда бұл қалай? Əрине, кезінде осынау сауалды өзөзіме қойып, жете мəн бермегенім шын. Қажетсіз болғандықтан. Несін жасырамыз, əлі де солай болуы мүмкін еді. Бірақ, бұған бізді ешкімнің де кінəламасы күмəнсіз. Сөйтсе де қазіргі басымызға түскен жағдай басқаша. Ағайынды қаламгерлердің өмірбаяндарына қатысты деректерді жанұшыра іздестіруге тура келді. Біледіау дегендердің көбінікі долбар боп шықты. «Төлеу мен Төлеш егіз көрінеді. Бірі орыс тілінде жазып, екіншісі қазақшаға аударады екен...», «Ағалы-інілі жігіттер фантастикаларына ғана қосарланған фамилияларын қойып келген. Өйткені, бірі шығарма сюжетін ауызша айтып берсе, екіншісі қағаз бетіне түсіреді-міс...», «Төлеуі қайтыс болған, Төлешінің қос жанары бірдей көрмей қалыпты. Тірі болуы керек. Жаман хабарын естімедім...» Алып-қашпа əңгіменің сұлбасы, міне осындай. Біріне сеніп, біріне күмəндандық. Себебі, сұрау салғандарымыздың дені ақмолалықтар болатын. Сонымен қатар, жергілікті журналистерге де телефон шалдық. Бəдуан Имашұлы, Амантай Есілбаев, Жылқыбай Жағыпарұлы нақты ештеңе айта алмады. Бəдуан құрдас қана «Ерейментаулық қаламгерлер Сайлау Байбосын мен Аманкелді Жұмабек білуі əбден мүмкін. Мен солармен хабарласып көрейін» деді. Байқайсыз ба? Жерлестерінің өздері жазушы бауырларынан көз жазып қалғанға ұқсайды. Тап басып дəнеңе айта алмаған... Əр-əр жерден жылтылдаған бұлыңғыр үміт сəулесі өшпеген. «Сұрай-сұрай Меккеге де барарсың» демекші, ағайынды Шахановтарды білетін адамды да таптым-ау. Кім дейсіз ғой? Өзіміздің Раиса апай, Жанайдарқызы Ибраева. «Егемен Қазақстан» Астанаға көшіп келген күні бастығымыздың қабылдау бөлмесіне қызметке алынған хатшы-референт. Отанымыздың бас газетін Сарыарқаның төріндегі елордаға көшіріп əкелген бас редакторымыз Ержұман Смайыл əлекедей жалаңдаған техсекретарьдің орнына «əдейі зейнеткер жасындағы адамға» конкурс жариялаған-ды. Сол жаңадан қабылданған зейнеткер-хатшымыз үлкен ұжыммен бір мүшелдей мерзім жемісті еңбек етіп, «екінші» рет демалысқа кеткен болатын. Ауылшаруашылық институтын

11 шырақшысы Қарлығаш Зейінқызымен əлденеше мəрте тілдестім. Талай түйткілдер мен деректердің егжей-тегжейіне көз жеткіздік. Соларды оқырмандар назарына түйіп-түйіп жеткізгім келеді. Жазушының жары Қарлығаш апай – атақты қаламгер, Алаштың ардақтысы Зейін Шашкиннің қызы. Мұны ескі көз, алдыңғы буын өкілдері ғана білмесе, кейінгі ұрпақтың мүлдем хабарсыздығына сенімдімін. Ал ойдан-қырдан шарқ ұрып іздеген Төлеудің ағасы Төлештің тегі Сүлейменов болып шықты. Ағайындылар отбасын құрып, үйлен гендеріне дейін фантастикалық шығармаларына қосарлап «Шаханов» деп қол қойған көрінеді. Сөйтіп, Төлеш ағаның əдеби мұралары үлкен əкесінің атымен таң баланыпты. «Ағалы-інілі төртеуміз Шаханов боп кетсек, əкеміздің əкесінің аты тарихта қалмас. Мен бүкіл құжатымды Сүлейменовке өзгертемін. Атамның рухы риза болсын» депті Төлеш аға. Мінеки, фамилия құпиясы мен сыры осылай анықталған. Қызықты қараңыз. Төлеш аға туралы жан-жақты білгім келіп, Қарлығаш апайдан ананы-мынаны сұрастырып отырғанымда көңілімдегі күпті сауалдың ұшы да көрінген. «О кісі де ұзақ жүрмеді. Төлеуден кейін, үш айдан соң қайтыс болды ғой. Фантастикалық бірнеше кітаптары жарық көрген. Олар «Жұлдыз адамы», «Күн сынығы», «Қиял əлеміне саяхат», «Алиана-нысан» деп аталады. Өзі ғылымифантастика тақырыбынан диссертация қорғаған, филология ғылымдарының кандидаты. Неге екенін білмедім, Жазушылар одағына мүше емес. Қайнағаның қыздары да филологтар. Соңғы кітабы – «Сегіз Сері». Осы кезде мен шыдамай: «Е-е, енді есіме түскен тəрізді. «Сегіз Серінің» авторы болса, Төлеш ағамен жалғыз мəрте кездескенім бар...» дедім. ...Кəне, құлақ түріңіз, қадірлі оқырман. Сіз де хабардар болыңыз. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басы. Ұмытпасам, Алматының шіліңгір шілдесі. «Ленжаста» бірге істеген белгілі қаламгер Ырым Кененбаев екеуміз республикалық зағиптар қоғамының журналы «Еңбек таңының» редакциясына бас сұқтық. Осында жаңадан қызметке тұрған жазушы досымыз Сейітқазы Досымовқа жолыға кеткіміз келген. Елпілдеп қарсы алған ол жазу үстелінен енді ғана көтеріліп, күн қағары бар жұп-жұқа шүберек телпегін шекесіне қисайта киіп жатқан дембелшелеу жігіт ағасын таныстырды. «Фантасжазушы ағамыз Төлеш Сүлейменов. Жақында «Сегіз Сері» дейтін ғажап романы шықты...» Рас, біз елеңдеп қалдық. Өйткені, Төкеңнің жаңа кітабы баспасөзде əжептəуір жаңғырық туғызып жатқан шақ еді. Жөн сұрасып, танысқан жазушы ағамыз кешірім өтінген. «Түскі үзіліске үйге бара жатыр ем. Сендермен танысқаныма қуаныштымын. Сəті түссе, тағы бірде жүздесіп, «Сегіз Серіні» жуармыз...» Ағеділ жанның мейірімді жүрегі шынайы лебізінен байқалып тұрды. Өкініштісі сол, одан кейін біздің Төлеш ағамен жолымыз бірде-бір рет түйіспепті... Төлеу Шаханов ҚазМҰУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірісімен «Социалистік Қазақстанда» (қазіргі «Егемен Қазақстан» газеті) қызмет істепті. Бірақ, бұл жөнінде кейінгілер мүлдем білмейді. Сұрастырған ересектердің өздері «Өте ертеректе болғаны ғой» дегеннен артық ештеңе айтпаған. Сондай-ақ ол «Ленинская смена», «Семиречие», «Қазақ əдебиеті» газеттерінде журналистік көріктің ыстықсуығынан өтсе, кейінірек «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болыпты. Өмірінің соңғы кезінде «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарыпты. Əдебиеттің əр жанрында қалам тербеген ол өнікті еңбек етті. Орыс тілінде «Жазушы» баспасынан «Бəйге», «Шуақты күн», «Сен білесің бе, бұларды?», «Қос шапқыншы» аталатын лирикалық өлеңдері мен поэмалар жинақтары дүниеге келген. Қазақ ғылыми-фантастикасының көкжиегін кеңейтуге өзіндік үлес қосқан Төкеңнің «Көгілдір мұнаралар», «Жоғалған планета» туындысы да кезінде жұрт назарын аударып, талғампаз оқырман ықыласына бөленген-ді. Қаламгердің тəржіма саласындағы еңбегі де елеулі. Ол қазақ ақындарының өнернамасын орыс оқырмандарына танытуда маңдай терін біршама бұршақтатқанын естіп-білдік. Талантты аудармашы Кенен Əзірбаев, Нұрхан Ахметбеков, Қадыр Мырзалиев, Дүйсенбек Қанатбаев т.б. ақындардың көптеген өлең-дастандарын орыс тілінде сөйлеткен. Ол аударған венгр жазушысы Крянгенің «Өжет əтеш» пен М.Светловтың «Мальчик-Кибальчиш» спектакльдері республикалық балалар қуыршақ театрының сахнасынан түскен жоқ. Əңгіме арасында жазушының жары Қарлығаш апай оның баспа жүзін көрген туындыларының басын қосып, қазақорыс тіліндегі толық бір томдығын əзірлеп жатқанын айтқан-ды. Қаржының тапшылығы қол байлауда. Əйткенмен де Жазушылар одағынан үміт күтетінін жеткізген. Несі бар, орындалмайтын қиялдағы арман емес қой. Біздің де келешектен күтеріміз көп. Дүниеден озғанына жиырма жыл болған қаламгердің осы мерзім ішінде бірде-бір кітабы қайталап басылмапты. Қазақ əдебиетінің үлкен жанашыры, белгілі қазақстандық орыс жазушысы əрі аудармашы Алексей Брагин «Қазақтан шыққан дарынды шебер аудармашы екеу болса, сөз жоқ, оның бірі – өзіміздің Төлеу Шаханов еді», ал фантастиканың жілігін шағып, майын ішкен АбдулХамит Мархабаев «Ол – қиял тұлпарының жалынан ұстаған қаламгер» деп биік бағалаған жазушы есімі əрдайым өз оқырмандарының жүрегінде.


12

30 сəуір

www.egemen.kz

2014 жыл

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В») «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 51-бабына сəйкес 2014 жылғы 25 сəуірдегі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру нəтижелері туралы хабарлайды. Күн тəртібі сұрақтары бойынша мынадай шешімдер қабылданды: 1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің 2014 жылғы 25 сəуірдегі жылдық жалпы жиналысының күн тəртібі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі анықтаған редакцияда бекітілсін («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 7 наурыздағы сырттай отырысының № 52 хаттамасы). «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 391 614, «қарсы болғандар» – 15 300, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акциялары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданды. 2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2013 жылғы жылдық қаржылық есептемесін тəуелсіз аудиторлардың есебін есепке ала отырып бекіту. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 406 914, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚтың дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2013 жылғы қаржылық-шаруашылық қызмет нəтижелері бойынша алынған таза табысты бөлудің мынадай тəртібін бекіту: – таза табыстың 1 856 785 570,56 (бір миллиард сегіз жүз елу алты миллион жеті жүз сексен бес мың бес жүз жетпіс теңге 56 тиын) теңгеден аспайтын мөлшердегі бір бөлігін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Акциялар шығару проспектісінде қарастырылған мөлшерде жəне «Қазақстан Халық Банкі» АҚ уəкілетті органы белгілеген тəртіппен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың артықшылықты акциялары бойынша (ҰСН KZ1P33870117) жəне «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың қарапайым акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша (ҰСН KZ1P33870216) дивиденд (оның ішінде Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тəртіппен төленуге тиіс салық сомасын) төлеуге жұмсау; – таза табыстың бір бөлігін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарапайым акциялары бойынша (ҰСН KZ1С33870011) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың бір қарапайым акциясына 1,70 теңге (бір теңге 70 тиын) деген есеппен дивиденд (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен төленуге тиіс салық сомасын) төлеуге жұмсау. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеудің мынадай тəртібін белгілеу: дивиденд алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күнді 2014 жылғы 1 мамыры 00.00 сағаттағы жағдай бойынша белгілеу; дивиденд төлеу басталатын күн – 2014 жылғы 02 маусым; дивиденд төлеу тəсілі – қолма-қол ақшасыз жəне (немесе) қолма-қол ақшамен; – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2014 жылғы 1 қаңтарына қалыптасқан 53 761 496 727,21 (елу үш миллиард жеті жүз алпыс бір миллион төрт жүз тоқсан алты мың жеті жүз жиырма жеті теңге 21 тиын) теңге мөлшеріндегі резервтік капитал бөлінбесін жəне өзгеріссіз қалсын; – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың артықшылықты, қарапайым акцияларға айырбасталымды артықшылықты акциялар жəне қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төленгеннен кейін қалған, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2013 жылғы таза табысының бір бөлігін бөлмеу жəне бөлінбеген таза табысқа жатқызу; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 388 914, «қарсы болғандар» – 18 000, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 4. 2014 жылғы 25 сəуірде өткізілген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарастыруына ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013-ші есептік жылдағы қызметі туралы есебі мəлімет ретінде қабылдансын жəне Директорлар кеңесінің жұмысы, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз функцияларын атқару нəтижесі жағымды деп танылсын. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны

– 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 406 914, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 5. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын 7 (жеті) адам деп бекіту. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 406 914, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 6. Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау жүргізілетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін сəтте аяқталатын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін 3 (үш) жыл деп белгілеу. Бұл ретте, егер Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін сəтке дейін аяқталатын болса, Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын қайта сайлау жүргізілетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілгенге дейін сақталады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 406 914, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 7. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері етіп Дунаев Арман Галиаскарович, Есенбаев Мажит Тулеубекович, Кристоф Рёль (Christof Ruehl), Павлов Александр Сергеевич, Ульф Вокурка (Ulf Wokurka), Фрэнк Кайларс (Franciscus Cornelis Wilhelmus (Frank), Шаяхметова Умут Болатхановна сайлансын. Бұл ретте Павлов Александр Сергеевич, Дунаев Арман Галиаскарович, Фрэнк Кайларс, Кристоф Рель жəне Ульф Вокурка Директорлар кеңесіне – тəуелсіз директорлар ретінде, ал Есенбаев Мажит Тулеубекович «Қазақстан Халық Банкі» АҚтың ірі акционері – «Холдинговая группа

«АЛМЭКС» АҚ-тың өкілі ретінде сайланды. Кумулятивтік дауыс берудің нəтижесі: Дунаев А.Г. – 8 996 548 374 кумулятивтік дауыс, Есенбаев М.Т. – 8 989 710 164, Кристоф Рёль (Christof Ruehl) – 8 996 547 904, Павлов А.С. – 8 996 336 004, Ульф Вокурка (Ulf Wokurka) – 8 996 547 704, Фрэнк Кайларс (Franciscus Cornelis Wilhelmus (Frank) – 8 996 547 704, Шаяхметова У.Б. – 8 995 092 394. 8. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың HSBC Bank plc-тен «HSBC Банк Қазақстан» акционерлік қоғамы еншілес банкінің (бұдан əрі – HSBC Қазақстан) орналастырылған акцияларының 100 %-ын (жүз пайызын) құрайтын HSBC Қазақстанның 70 500 (жетпіс мың бес жүз) қарапайым акцияларын сатып алуды мақұлдау. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 994 457 824, «қарсы болғандар» – 59 490, «қалыс қалғандар» – 889 600, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 9. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бағалы қағаздардың ұйымдаспаған нарығында акцияларды сатып алғанда акциялар құнын анықтау əдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар, 2014 жылғы 25 сəуірде өткізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қарастыруға берілген редакцияда бекіту. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны (оның ішінде дауыс беруші қарапайым акциялар, Банктің артықшылықты акциялары мен қарапайым акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары) – 9 540 425 002 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 180 233 133 дана. «Жақтаушылар» – 9 179 340 933, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 892 200, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36-бабының 2-тармағына сəйкес Банктің д а у ы с бе р у ш і қ а р а п а й ы м а к ц и я л а ры, артықшылықты акциялары жəне қарапайым акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары жалпы санының айқын көпшілік даусымен қабылданды. 10. 2014 жылғы 25 сəуірде өткізілген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қарастыруға берілген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат мəлімет ретінде қабылдансын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 994 517 314, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 889 600, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 11. 2014 жылғы 25 сəуірде өткізілген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қарастыруға берілген акционерлердің «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекеттеріне қатысты келіп түскен өтініш-шағымдар жəне оларды қарастыру нəтижелері туралы ақпарат мəлімет ретінде қабылдансын. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 406 714, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 200, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. 12. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ есептеу комиссиясының сандық құрамы 7 (жеті) адам болып бекітілсін. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың есептеу комиссиясының мүшелерін қайта сайлау жүргізілетін сəтте аяқталатын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ есептеу комиссиясының өкілеттік мерзімін 2 (екі) жыл деп белгіленсін. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ есептеу комиссиясының мүшелері болып мына тұлғалар сайлансын: И.А. Разумова (есептеу комиссиясының төрағасы), А.В.Бородовицына, В.С.Скрыль, Е.А.Хмыз, Г.М.Илюсинов, Г.С.Мадазимова, Н.М.Шакирова. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 9 340 340 350 дана. Жиналыста ұсынылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 8 995 406 914 дана. «Жақтаушылар» – 8 995 406 914, «қарсы болғандар» – 0, «қалыс қалғандар» – 0, дауыс беруге қатыспағандар – 0. Шешім осы жалпы жиналыста қатысып отырған Банктің дауыс беруші акциялары жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі.

Ақсу ауданының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Ажар Сəрсенбайқызы СЕҢКІБАЕВА апайымыз бұл күндері 75 жылдық мерекесін зор мереймен қарсы алып отыр. Міне сондықтан да оның өнегелі ісін өскелең ұрпаққа жеткізу біз үшін үлкен мақтаныш. Ажар Сəрсенбайқызы 1939 жылғы 28 сəуірде Ақсу ауданының Қарасу ауылында дүниеге келді. 1961 жылы қазіргі Қыздар мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін аяқтап, еңбек жолын Қарашілік сегіз жылдық мектебінде мұғалімдіктен бастады. Бұдан кейін Ақсу аудандық комсомол комитетінің хатшысы, ал 1962-66 жылдары Ақсу мектепинтернатында аға тəрбиеші болып істеді. Одан соң аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушы қызметін атқарды. Білімін жетілдіру мақсатында Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. 1972 жылдан бастап аудандық партия комитеті үгіт бөлімінің нұсқаушысы болып, партия комиссиясын басқарды. Ажар Сəрсенбайқызы аудандық кеңестің бірнеше мəрте депутаттығына сайланып, жұртшылықтың сенімін лайықты ақтады. Көптеген медальдармен жəне құрмет грамоталарымен марапатталып, «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атанды. Ол ағайын-туысқандары арасында да сый-құрметке бөленді. Абзал ананың Нұрландай ұлы, Роза сынды қызы бар. Перзенттерінен өрген Жанель, Жандос, Санжар, Сəния атты немерелері көзайымына айналып отыр. Ажар апайымызға ақ ниетімізді арнап, құтты болсын мерейлі мерекеңіз, көпшілік құрметіне бөлендіңіз, ел алдында елеулі еңбегіңізді мақтан етіп, үлгілі етіп келеміз біз, өсе берсін өркендеп өреніңіз, немере ұл мен қызды өсірдіңіз, отбасы ортасында ойнап-күліп, шаттыққа толы болсын өміріңіз дейміз. Ізгі тілекпен: сіңлілері – Бақатай, Əлия, Лəйлə, Лəззат, Ализа, Жанар, Анар.

«Акцепт-Терминал» акционерлік қоғамы «Қазинвестбанк» АҚ-та ірі мəміле, атап айтқанда займды қайта құрылымдауды жасағандығы жəне жылжымайтын мүлікті кепілге беру туралы хабарлайды. Акционерное общество «Акцепт-Терминал» сообщает о совершении крупной сделки, а именно реструктуризации займа в АО «Казинвестбанк» и предоставлении в залог недвижимого имущества.

Акперлинов Мади Муратовичке 15.06.2006 ж. берілген серия ТЖК/ИКТ-702030343 №0097166 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

«Цеснабанк» АҚ акционерлерінің назарына! «Цеснабанк» акционерлік қоғамы 2014 жылғы 21 сəуірде «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткенін хабарлайды Дауыс құқығын беретін жай акциялардың жалпы саны – 38 800 000 дана. Дауыс құқығын беретін акцияларға иелік етуші акционерлердің жалпы саны – 401, олардың ішінен жиналысқа қатыcқан акционерлер – 5 жəне 11 акционердің мүдделерін ұсынатын 4 өкілі қатысты. Дауыс құқығын беретін артықшылықты акциялардың жалпы саны – 2 500 000 дана. Дауыс құқығын беретін артықшылықты акцияларға иелік етуші акционерлердің жалпы саны – 12, олардың ішінен жиналысқа қатыcқан акционерлер – 0 жəне акционерлердің мүдделерін ұсынатын 0 өкілі қатысты. Жиналысқа қатысқан жəне ұсынылған акционерлер 31 930 257 дауыс құқығын беретін жай акцияларға ие, бұл Банктің дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды жəне дауыс құқығын беретін артықшылықты акцияның жиынтық 0 пайызын 0 дауыс құқығын беретін артықшылықты акцияны құрайды. Артықшылықты акцияны ескере отырып дауыс құқығын беретін акцияның жалпы саны – 41 300 000 дана, дауыс құқығын беретін акцияның 31 930 257 данасына ие акционерлер қатысты, бұл дауыс құқығын беретін жай жəне артықшылықты акцияның жиынтық 77,31 пайызын құрайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тəртібі: 1. «Цеснабанк» АҚ-тың 2013 жылғы аудиттелген шоғырландырылған жəне жеке жылдық қаржы есептемесін бекіту; 2. «Цеснабанк» АҚ аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау; 3. «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындауы үшін төленетін сыйақы мен шығыстар өтемақысы төлемдерінің мө л шері мен шарттарын анықтау; 4. 2013 жылғы «Цеснабанк» АҚ-тың таза табысын жəне «Цеснабанк» АҚ-тың бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бөлу тəртібін бекіту; 5. 2008 жылғы 29 сəуірдегі «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының

хаттамасымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ оларды сатып алған кезде «Цеснабанк» АҚ Акцияларының құнын анықтау əдістеріне өзгерістерді бекіту; 6. «Цеснабанк» АҚ Жарғысының жаңа редакциясын бекіту; 7. «Цеснабанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясын бекіту; 8. Келесі құжаттарға қол қоюға уəкілетті тұлғаларды анықтау жөнінде: – «Цеснабанк» АҚ Жарғысының жаңа редакциясына; – «Цеснабанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясына; – 2008 жылғы 29 сəуірдегі «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ оларды сатып алған кезде «Цеснабанк» АҚ Акцияларының құнын анықтау əдістеріндегі өзгерістерге. 9. «Цеснабанк» АҚ-тың қызметіне акционерлердің жəне оның лауазымды тұлғаларының жүгінуі жəне оларды қарастыру қорытындысы туралы мəселесін талқылау; 10. 2013 жылғы «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін бағалау; 11. Есеп комиссиясының сандық құрамын жəне өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау. Жиналыстың күн тəртібі бойынша дауыс берудің қорытындылары: Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша қабылданған шешім: «Цеснабанк» АҚ-тың 2013 жылғы аудиттелген шоғырландырылған жəне жеке жылдық қаржы есептемесі бекітілсін. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі екінші мəселе бойынша қабылданған шешім: 2014 жылы «Цеснабанк» АҚ аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды «КПМГ Аудит» ЖШС белгіленсін. Ашық дауыс беру қорытындысы:

Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі үшінші мəселе бойынша қабылданған шешім: «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын келесі тəртіпте белгілеу: 1. «Цеснабанк» АҚ қаржы қызметінің ай сайынғы көрсеткішін ескере отырып, «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2014 жылдың сəуірінен бастап 2015 жылдың сəуіріне дейінгі қызмет кезеңіне ай сайынғы сыйақы мен жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақының жалпы мөлшері 185 000 000 (жүз сексен бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде бекітілсін. 2. «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасына «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне ай сайынғы сыйақы жəне қаржы жылының нəтижесі бойынша «Цеснабанк» АҚ-тың дамуына қосқан жеке үлесіне байланысты жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы мөлшерін белгілеу бойынша «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің Консультациялық комитетімен келісу тапсырылсын. 3. «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің Консультациялық комитетіне «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасына ай сайынғы сыйақы жəне қаржы жылының нəтижесі бойынша «Цеснабанк» АҚ-тың дамуына қосқан жеке үлесіне байланысты жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы мөлшерін белгілеу тапсырылсын. 4. Банктің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 27 желтоқсанындағы №27/12/12 хаттамасымен бекітілген Еңбек ақы төлеу саясатының талаптарына сəйкес ақшалай сыйақы есептеу мен төлеу, сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ басқарушы қызметкерлерін материалдық ынталандырудың өзге де түрлері бойынша сыйақы төлеу жүргізілсін.

5. «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне ұсынылған құжаттарына сəйкес нақты ақша шығыны бойынша Директорлар кеңесі мүшесі міндеттерін орындауға байланысты қызметтік іссапар шығындары өтелсін. 6. «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасының өкімінің негізінде Директорлар кеңесі мүшесі міндеттерін орындауға байланысты өзге де шығындары (тұрғын жайды, автокөлікті жалға алу, ұялы байланыс қызметін жəне басқа да) өтелсін. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі төртінші мəселе бойынша қабылданған шешім: 2013 жылғы «Цеснабанк» АҚ жай акция бойынша дивидендтер төлеу жүргізілмесін. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі бесінші мəселе бойынша қабылданған шешім: 2008 жылғы 29 сəуірдегі «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ оларды сатып алған кезде «Цеснабанк» АҚ Акцияларының құнын анықтау əдістеріне өзгерістер бекітілсін. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі алтыншы мəселе

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В») «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлеріне арналған ақпараттық хабар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан əрі – Банк) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 24-бабының талаптарын орындау мақсатында 2013 жылғы қызметінің нəтижесіне сəйкес Банктің артықшылықты акциялары жəне Банктің қарапайым акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы хабарлайды: Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 050008,

Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В»; Банктік деректемелері: Қазақ стан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу департаменті; БСК – NBRKKZKX, корреспонденттік шоты – KZ87125KZT1001300313, БСН – 940140000385, КБе – 14; 2) дивиденд төленетін кезең – 2013 жыл; 3) Банктің бір артықшылықты акциясына жəне қарапайым акцияға айырбасталатын артықшылықты акциясына

есептелген дивиденд мөлшері –Банктің Жарғысына жəне Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде 2005 жылғы 29 наурызда № А3387 болып тіркелген Банктің Акциялар шығарылымы проспектісіне сəйкес – 9 теңге 28 тиын (тоғыз теңге 28 тиын); 4) дивиденд төлеу басталатын күн – 2014 жылғы 12 мамырдан бастап; 5) дивиденд төлеудің тəртібі мен нысаны: артықшылықты акциялар жəне

қарапайым акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылғы 1 мамыр күнгі 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады; дивиденд төлеу кезеңі – 2014 жылғы 12 мамырдан бастап 2014 жылғы 16 мамырға дейін қоса алғанда; дивиденд төлеу тəсілі – қолмақол ақшамен жəне (немесе) қолмақол ақшасыз нысанында.

Банктің артықшылықты акциялары жəне Банктің қарапайым акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу мəселелері жөнінде қосымша ақпарат алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Топ капиталын басқару департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласу қажет: 050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», байланыс телефондары: (8-727) 330 1091, 259 0599.

бойынша қабылданған шешім: «Цеснабанк» АҚ Жарғысының жа ңа редакциясы бекітілсін жəне 2007 жылғы 4 маусымдағы «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында бекітілген «Цеснабанк» АҚ Жарғысы өз күшін жойған деп танылсын. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі жетінші мəселе бойынша қабылданған шешім: «Цеснабанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясы бекітілсін жəне 2007 жылғы 4 маусымдағы «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында бекітілген «Цеснабанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жəне оның қосымшасы өз күшін жойған деп танылсын. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі сегізінші мəселе бойынша қабылданған шешім: «Цеснабанк» АҚ Жарғысының жаңа редакциясына, «Цеснабанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясына, 2008 жылғы 29 сəуірдегі «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ оларды сатып алған кезде «Цеснабанк» АҚ Акцияларының құнын анықтау əдістеріне өзгерістерге қол қою өкілеттігі «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы Жақсыбек Дəурен Əділбекұлына уəкілдік берілсін. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жал пы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық

82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 169, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – 88. Күн тəртібіндегі тоғызыншы мəселе бойынша қабылданған шешім: 2013 жылы «Цеснабанк» АҚ-тың қызметіне акционерлердің жəне оның лауазымды тұлғаларының жүгінуі жөніндегі ақпарат ескерілсін. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі оныншы мəселе бойынша қабылданған шешім: 2013 жылғы «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің қызметі ойдағыдай деп бағалансын. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі он бірінші мəселе бойынша қабылданған шешім: Есеп комиссиясының сандық құрамын анықтау – 3 (үш) адам; Өкілеттік мерзімін анықтау – 3 (үш) жыл; Есеп комиссиясының мүшелерін келесі құрамда сайлау: Есентемирова Б. Т., Байгабатов О.А., Ахметова А.С. Ашық дауыс беру қорытындысы: Дауыс құқығын беретін акциялардың жалпы саны – 31 930 257, бұл дауыс құқығын беретін акциялардың жиынтық 82,29 пайызын құрайды. Шешім қабылдау үшін кворум бар. «Жақтап» дауыс бергендер – 31 930 257, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. «Цеснабанк» АҚ Есеп комиссиясы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Əкімшіліктің қызметкері Махаббат Қалдыбекқызы Бөлееваға сіңлісі Перизат ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни вер ситетінің ұжымы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Тұрысбекұлы Айтовқа əкесі ТҰРЫСБЕК қарияның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Фолиант» баспасының ұжымы көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтовқа əкесі Тұрысбек АЙТҰЛЫНЫҢ дүниеден озуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Қазақтелеком» АҚ байланыс саласының еңбек сіңірген қызметкері Шаракүл Жұманазарқызы ЖҰМАНАЗАРОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туғантуыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтовқа əкесі ТҰРЫСБЕК қарияның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. КазГУ-дің журналистика факультетін 1974 жылы бітірген түлектер.


30 сəуір

ҚАЗ

2014 жыл Ата дегенде ел бірлігі сөзі тіліме оралады. Ел бірлігі үшін ата мен немере арасындағы сабақтастық жібі үзілмеуі керек. Ата мен немере арасында əке бар. Ел бірлігін қамтамасыз ететін үш тұлға: ата, əке, немере. Үш буын, оған сай үш құндылықтар жүйесі. Сабақтастық жібі үзілмеуі керек, егер үзіле қалса, оның қай жерден үзілгенін тауып жалғау – парасаттылықты қажет етеді. Парасат иесі кім, əрине, ол – ата. *** Есім атам ел ішінде беделді болды. Неге десеңіз, ол кісі алаламады, басы артық сөз айтпады, оғаш мінезбен көзге түспеді. Атам туралы жақсы сөздерді бала кезімнен жиі естіп өстім. Олар санамдағы архетиптер. Бүгінде жұрт аузындағы атам туралы естелік сөздерді саралап отырсам, жарықтықтың расында өз ортасында тұлғалық, ақсақалдық дəрежеге жеткені анық екен. *** Ол кісі: «Адамның мінін бетіне баспа», – деп отыратын. Осындай мінез байлығы өзім ұстаз

академик.

санайтын академик Зейнолла Қабдоловқа да тəн еді. Заман желі қойнынан да, қоныштан да соққанда бір ағайындар Зекеңнің үстінен жоғарғы жаққа «домалақ арыздар» жіберіп, оның əбден мазасын алған екен. Кейін осы жағдай сөз болғанда марқұм Зекең: – Қайтесіңдер оны айта беріп, ондайларды аяу керек, – деп келте қайырып тастағаны есімде. Ауыл, ел іші болған соң, əңгіме-аян, жел сөздер болмай тұрмайды. Кейде сондайлардың бір «қапшығын» буып-түйіп жинап атамның алдына əкеп, «қап аузын» шешіп, ішінен неше түрлілерді шығарғысы келгенде: – Қарағым, сөз теріп қайтесің. Кімнің болсын жауап берер жері бар емес пе. Адамның адамға сот құрғаны дұрыс болмас, – деп тиып тастағаны есімде. Соншама «еңбегі» босқа кеткен ағайын ызадан алдындағы ыстық шайды ұрттап-ұрттап жіберіп: – Есеке, сіз тым кең қолтықсыз, ал мыналар болса... – деп əлдекімдерге ашуын білдіріп, ақыры ісі өнбеген соң, дастарқан соңына қарамай тұра жүгіретін. Сонда атам күлімсіреп: – Өмірге мұндайлар да керек, – деп əңгімені өзге арнаға ауыстыратын. Атам өмір сүрген заманды қиын, ауыр болды деу əншейін сөздер. Анығында, ол дəуірді қилы заман, – деп бөліп айтқан жөн болар. Ол кісі замандастарымен бірге бірінші жаһандық соғысқа қолдарына күрек, қайла алып қатысты. Минскінің түбінде қара жұмыста болды. Сонда жүріп Əлихан Бөкейхановпен жүздесіп, сұхбаттасты. Осы кездесуді атам ерекше леппен айтатын. Бала кезімізде бізге «төре деген жау» дегенді əбден санамызға шегелеп тастағандықтан, атамның əңгімесіне тіксініп қалатынмын. Жаны шуақ, мейірімді менің сүйікті атамның аузынан маған түрпідей тиетін «Əлихан төре» деген сөз шығатынына таңғалатынмын. Тарих пəні мұғалімінен осы туралы сұрауға талай оқталдым, сұрамадым, атама деген сүйіспеншілігіме күдік түсе ме деген іштей қаупім болса керек. *** Атамның адамдарды алаламайтынының талай куəсі болдым. Ол шежірешіл еді. Бірақ, оның шежіресі адамдарды бірбірінен алыстатпай, керісінше, туыстырып, түптің түбінде «қарға тамырлы қазақ» дегенге бастап əкелетін. Бұл шежіре мəдениеті. Сірə, менің «бар қазақ бір қазақ» деп жүргенім, осы отбасындағы қалыптасқан шежіре мəдениетінен өсіпөнсе керек. Дулаттың балалары: Ботбай, Шымыр, Жаныс деген бабаларды мен тұңғыш рет атамның аузынан естігем. Сонда ешқандай бөтенсіп айту жоқ, керісінше, өзіміздің ағайындар деп жайраңдап отыратын. Исі қазақ атамның туысы еді. Ол кісіден тағы бір қалған сөз: «Қарақтарым, неге қазақша сөйлемейсіңдер?» – дейтін. Мен таңғалатынмын, бəрі қазақша, бірақ ол: – Бұл қазақ тілі емес, – деп тіл тазалығын,

ЭССЕ

Ол келіндерді мадақтап, қолпаштап отырғанды ұнататын. Үйге тіптен бір келген адам болса да: – Қарағым, үйдегі келін тəуір бала екен, – дейтін. Ол: – Ақсақал, келініңізді көрген жоқсыз ғой, – десе: – Көріп қажеті жоқ, мен өзіңді көріп тұрмын ғой. Киген кимің таза, өңің əрлі, көңілің тоқ. Келіннің жақсылығын міне, осыдан-ақ аңғарудамын, – деуші еді биязы мінезіне түсіп. Келген қонақ дəн разы болатын. Былай қарағанда сəл нəрсе секілді, істің астарына үңілсек, ұйысқан отбасының көрінісі шынында да түзде жүрген ер адамның тұла бойынан аңғарылмай ма? Тағы бірде ол кісінің əйел жақсыны да, жаманды да көбінесе күйеуінен алады. Содан оны балаларына үлестіріп береді. Сонда кей балаға жақсылықтар, қайсыбіріне келеңсіздіктер «егіліп» кетпек. Содан кейін бір ата, бір анадан қалайша бұлай болды деп жатамыз дегені есімде қалыпты. Мен əр адамды да от демекпін. Отсыз жан жоқ. От азайса адам қартаяды, от сөнсе кісі тірліктен қалады. Тəрбие деген адам бойындағы отты өшіріп алмау немесе шамадан тыс өршітіп алмау. Екеуі де қауіпті. Оттың от қалпында жануын мен адамшылық өрісі деймін. От лапылдап кеткенде экстремистер, террористер, революционерлер, соғысқұмарлар өсіп шықпақ. Грек мифологиясындағы құдайлардың отты адамдарға бермегендігінің мəнісі де осы болса керек. Жаратқан бермеген отты ұрлап алған Прометей бейнесі революционерлердің символы болғаны да көп мəселені аңғартады. Қазақ дүниетанымында сабыр деген ұғым бар. Сабырлы болу ақылдылықтың, зиялылықтың белгісі. Парасатты адам сабырлы болады. Атамда мінез сабырлығы мол еді. *** Маған мінезі көркем адам кім десе, бірден: Ол менің атам, – дер едім. Өсе келе, менің үлкендерге деген құрметімнің өлшемі де осы кісінің көркем мінезі болды. Жасы келген жандардан көркем мінез көрмегенде ішім құлазып қалады. Неше жасқа келгендерде ақсақалдық жоқ. Бүгінде өзім де талай жасқа келдім, ішімнен атаммен салыстырамын, бірақ деймін, кейінгі кезде сол «бірақтың» жауабын тапқандай болдым. Біздің алдымыздағы үлкендердің дені өтірік айтты, бізді алдады, санамызды жалған іліммен улады, екіжүзді болды. Ал, Есім атамның аталары ондай іске бармаған сыңайлы, олардың табиғаты бөлек, сенімі, діні таза, ата-баба өсиеттеріне адал болды, олар жастарды жалғандыққа, өтірікке үйретіп, саналарын уламады. Біздің ұрпақ қазақ болғанымызды «кінə» етіп таққан заманда ғұмыр кешті. Бай – надан, би – алдаушы, қазақ болып ғұмыр кешу – артта қалушылық, қазақ мектебінде білім алу – сауатсыздық, алда – «жарқын болашақ коммунизм». Мұның бəрі біздің

табиғатымызды, бойымыздағы отымызды бұзды, рəсуа етті. Сол мибатпақтан ендіенді шығып келеміз. Өтірігі мол қоғамда сабыр деген өз мағынасын жойып алады екен. Мұндағы сабыр деген айтқанға көн, айдауға жүр деген құлдық сана шырмауы. Төзімділік дұрыс шығар, бірақ неге болсын төзу ол тұлғаның еркінен айырылғаны, адамның «менінің» жойылғаны. Кеңес заманы бізді осылай тəрбиелеп, бойымыздағы отымызды «мұзсенім» коммунизмге апарып өшірді. Хакім Абайдың қайғы шығар ілімнен дейтіні осы. Бұл деген шайтандық, ал шайтанда сабыр бар деп кім айтты? – Балам, сабыр түбі сары алтын, – дейтін менің Есім атам көркем мінезіне салып. *** Атам «иісі қазақ» деген сөзді жиі айтушы еді. Сонда ойлайтынмын, қазақтан өзге иіс шығып тұра ма деп. Рас, қазақтың өзіне тəн «иісі» барына көп кейін ғылыми ізденістер арқылы жетіп, оны ғылымда «менталитет», «діл» деп айтып, жазып жүр. Тегінде, ол кісі «иісі қазақтарды» ғана емес, күллі өзі көріп, біліп жүрген адам баласын тең санайтын. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары алапат соғыс басталды. Қанқұмарлардың əлемдік ойыны өршіді. Фашистермен соғыс майданына атамның төрт ұлы: əкем, інілері Жəлел, Қану, Əдият араласты. Үлкен ұлы ақынжанды, суретші Сəтжан «халық жауы» болып түрмеде қайтыс болды. Елде қатын-қалаш, бұғаналары бекімеген балашаға шуылдап қалды. Күнде майданнан «қара қағаз» келіп, жұрт азан-қазан, сонымен бірге қай майданнан бір кем емес колхоз тірлігі. Тұрмыс деген əйтеуір өлместің күні, аштық, жалаңаштық дегендер өрт болып тұрған кез. Оның үстіне бір артық ауыз сөз болса, сен «халық жауы» болып «итжеккенге» кете барғаның. Бір уыс бидай ұрлағанның күні 15 жылға сотталу. Хал осылай, бірақ өмір сүру, болашақтан күдер үзбеу керек. Барға тəубе еткеннен өзге амал жоқ. Осындай жағдайда Лебяжі ауданының кейбір елді мекендеріне Кавказдан чешендерді жəне Еділ бойынан немістерді тасып əкеле бастады. Ол кезде өмірде жоқпын, естігенімді айтамын. Күндердің бір күні Жалтыркөл жағалауында отырған шағын ауылға колхоз жұмысына салу үшін екі-үш чешен отбасын əкелген, олар жадап-жүдеген, аш. Атам олармен амандасуға барып, халдерін көріп, басқармаға: – Қарағым, мыналарды мен үйіме алып кетіп екі-үш күн тамақтандырайын, мұсылмандар екен, – десе, басқарма: – Есеке, бұл жаулар, немістерге сатылған. Мұндайларға аяушылық болмасын деген нұсқау бар, – деп қамшысымен жоғарғы жақты көрсетеді. Атам айтқанынан қайтпай: – Қарағым, өзің қамшымен көрсетіп тұрған жоғарғы жағың, бір Алла. Бəріміз Алла тағала алдында теңбіз, бұлар мұсылмандар, сөзімді тыңда, – дейді. Үш-төрт күн еркіндікте чешендер

тəп-тəуір боп, естерін жиып алса керек. Содан жұмысты жақсы істеп, басқарманың көңілінен шығыпты. Бұл менің естігенім, ал енді көргенімді айтайын. Жалтыркөл жағалауында отырмыз, мектеп жасына ілікпеген кезім. Үйге сау етіп бір топ чешендер түсе қалды, ішінде жиі қатынасып жүретін қазақшаға судай біреуі бар. Қалғандары қазақшаға түсінбейді, маған əсер еткені доғарадай сеңсең бөріктері. – Ақсақал, мына кісілер Кавказдан біздің тұрмысымызды көргелі арнайы келгендер, қадірлі адамдар. Олар сіздің ауыр жылдары бізді паналатқаныңызды естіп, рахмет айтуға жəне Кавказға қонақ болып қайтуға шақыра келіп отыр, – деді. Келгендері рас, рас дегендей бастарын изесті. Атам: – Меймандар қонақ болсын, сенің қонағың болса, менің де қонағым. Айт, кісі күту мұсылмандық, мен бар болғаны парызымды орындадым, – деді. Таныс чешен аударып жатыр, аналар өз тілдерінде шуласып кетті. Атам: – Құдай қаласа, барам Кавказға, бірақ кейінірек, – деді. Араға бір-екі жыл өтіп, тағы да Кавказға барып қайтуға шақырып чешендер келді. Қазақтың ана-мына жағдайы бітуші ме еді, жол түспеді. Еділ бойынан шұбырып немістер келді. Көргенім жоқ, естуім, ауыр халде жеткенге ұқсайды. Соғыстың нағыз қызған кезі. Ел ішін «қара қағаз» жайлап кеткен. Ненің не екенін айыруға қиын заман. Неміс десе соғыс, неміс десе фашист болып, ыза-ашу бетке шығып тұрған мезгіл. Атам келгендерді аралап жүріп, əбден діңкелері құрыған екі-үш балалы отбасын үйіне алған. Көршіқолаңдар: – Есім, мұның не, фашистерді асырап, – деп шу шығарғанда: – Бұлар фашистер емес, адам баласы ғой. Бұл бейбақтардың соғысқа қандай қатысы бар, – деп көнбепті. Сонда атамның кіші баласы Əдияттан «қара қағаз» келген кез екен. Ойлаймын, менің атам ақылды емес, кемеңгер болған адам. Əйтпегенде, чешендер сияқты немістер мұсылман да емес, тілі, діні бөлек, бірақ адам баласы деп, оларды атам туыс көріп қабылдаған. Бұл бейбіт, мамыражай заманда айтарға жеңіл сөз. Тағы да ойлаймын, «адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» деген хакім Абайға бар ғылыми ізденісімді арнағаным да осы ата тəрбиесі болар деген ойдамын. Батыс Еуропа гуманисі Альберт Швейцер адамзат баласының ауыр халіне Еуропа жұртшылығының кінəсі бар деп Габонда өмірбақи дəрігерлік қызмет атқарды. Сондықтан менің санамда Наполеон, Гитлер, Сталин, тағы басқаларға орын қалмаған. Атам əңгімешіл еді. Сөздері таусылмайтын, түрленіп, нəрленіп, құнарланып отыратын. Өзі келісті, келбетті жан еді. Көп адам көзіне көзін тігіп тура қарай алмайтын. Атжақты, дөңес қыр мұрынды, тыныс арнасы кең, бірақ жұқа болатын. Ерні қалың емес, жұқалау ма, қалай? Екі бетінің жоғарғы түсі қызғылт тартып тұратын, өзі аққұба еді, маңдайы қасқа, құлақтары əдемі, дембелше, ол кісінің отырғаны кейбіреудің

13

www.egemen.kz

əрі сөз мəнісін бұра сөйлегендерге көңілі толмайтын. Ол кісі сөздің ұлағаты, мəйегі болады деп отыратын. Бала болып көбіне мəн бермедім, тіптен ұғына алмадым. Бірақ «сөз ұлағаты» дегені есімде қалыпты. Біріншіден, бұл ғылыми лексикадағы, сірə, сөз семантикасына қатысты мəселе, екіншіден, сөздің образдылығына, үшіншіден, «дөң астынан» тұспалдап сөйлеу тəсіліне қатысты болса керек. Сөздің реті дегенді талай естідім. Бұл да ойланатын жай. Ол кісі дауласуды дұрыс деп есептемейтін. Сөз түсінбеген адаммен сөз жарыстырма, үндемей қоя қой дейтін. Өзі ондай адамдармен сұхбат жасауды аса жаратпайтын. Бірақ айтқан сөзім далаға, желге кетті деп өкінбейтін. Атам өткен іске өкінуді бос əуре деп, өзегіне өкініш толған туысқа: – Қарағым, өткен іс өтті, бəрі Алла əмірі, – деп басу айтып отыратын. Атам əйел затының «тіліне» жетік еді. Əлденеге қиналып келген келіндерінің қарияның кеңесінен кейін риза болып тарқасқандарын талай көрдім. Не айтты, толық біле бермеймін, əйтеуір отбасын сақтауды үлгілі іс дегеніне күдігім жоқ.

АТА

Ғарифолла ЕСІМ,

П

АЛЫ Қ Ы Қ А

түрегеп тұрғанындай əсер қалдырушы еді, өте қарулы болатын. Жамбасының астында қылшылдаған өткір балтасы, бəкісі, ұстарасы жəне ақшасы болатын. Кей-кейде екеуміз отырып санап қоятынбыз. 1916 жылы қара жұмысқа, майданға барғандағы əңгімесін айтатын. – Күні бойы окоп қазып, кешке қазақтар жиналып домбыра тартып, əн саламыз. Қалған уақытта мен əңгіме айтамын, құдайдың құдіреті, бір айтқан əңгімемді ешқашан қайталамадым, – дейтін. Атам дүниеден өткенде он алты жастамын, өкінішті. Бұл əлі де «ойын баласының» жасы, атамды қазына деп бағалайтын кез емес еді. Оның үстіне ол кісі өмірінің соңғы жылдары бізден жырақ Қазантайда тұрды, жиі қатынас болмады. Соңғы жылдары қолында болғанымда біршама əңгімелерді есімде сақтап қалар ма едім деймін. Ата мен немеренің жиі жолығып тұруы сабақтастық үшін аса қажетті шара, ынталы жасқа ата деген телегей-теңіз ақпарат арнасы емес пе? Сонда да жадымда сақталған бірер сөздерге тоқталғанды жөн көріп отырмын. Есім атам бес уақыт намазын қаза қылмаған, бірақ əдеттегідей діндар емес еді. Дін мəселесіне қатысты əңгіме бола қалғанда, өзінен екі жас кіші Əлім атама жөн сілтеп: – Мұндай шариғатты Əлімнен сұраңдар, оның оқуы терең, – деп отырғанын талай естідім. Кіші атамыз (бəріміз Əлім атаны солай атайтынбыз) шынында да нағыз ғұлама. Үйіне қашан барсам да қолында кітабы, сəлем алып, қысқаша жөн сұрасқаннан кейін қайтадан өз кəсібіне икемделген соң, ақырындап бөгет жасамайық деген сыңаймен шығып кететінбіз. Бірақ ауыз үйде Биғайша апамыз шай жасап күтіп отыратын, жарықтық. Кіші атам шайға кейде ғана келетін, көбінесе апаммен сұхбаттасып, шай ішіп үйден разы болып аттанатынбыз. Себебі, мен де, өзге туыстар да кіші атамның үйін қасиетті деп санайтынбыз, бұл бір. Екіншіден, бұл Сексенбай бабамыздың шаңырағы деп есептелетін. Өткен-кеткенде кіші атамның үйіне арнайы барып сəлем бермеу, мен үшін əдепсіздік. Əкем осылай деп менің санама əбден құйып тастаған. Өз тарапымнан кіші атамды ерекше жақсы көремін, ол араб, парсы тілдерін жетік меңгерген əрі кісі емдейтін қасиеті бар ерекше жан. Мен өз атам Есімнің інісі Əлімнің қатар өмір сүрген кездерін ғұмырымның сəулелі күндері, жылдары деп анық айта аламын. Себебі, олар заманының кемеңгерлері еді. Бұл жұрт пікірі, менің оған алып-қосарым жоқ. Ағайынды екеуі елдің ырысы да, құты да еді. Есім атамның айтты деген сөздеріне оралсақ, ол кісі: «Желмен келіп, желмен кетер жел сөзге ермеңдер», – деп отыратын. Рас. Жасым ұлғайған сайын осы сөздің мағынасы ашыла бастағанға ұқсайды. Желмен не келмейді, жел боп не кетпейді, сонда қалатыны не? Ертедегі жыраулардың су түбінде жатқан сөз деген меңзеулері де осы мағынада айтылған емес пе? Тілімізде əмбебап деген түсінікті қолданамыз. Заманнан заман өсіп-өнгенмен, су түбінде қалатын құндылықтар болады, атам əңгімені

солар төңірегінде өрбітетін. Ел ішінде адамдар мінез-құлқына, іс-қимылына қарай сан түрлі болатыны белгілі жай. Сондай мінезі алып-ұшып тұратын «көше сөздерін» жинап отырған жерінде оларды «жыр» ететін атамның бір замандасы: – Есеке, сіз Əлеке (кіші атамды айтады) бір ата, бір анадан туғансыздар, бірақ мінездеріңіз мүлдем басқа. Əлекеңе сəлем бере барсам, сəлемімді алып бірер сөзден кейін бұрылып, кітабына үңіліп, мені жан деп есепке алмайды, мұнысы қалай? Атам бірден жауап бермей, əлгі адам тағы не дер екен деп, оған көзін қадап бір сəт отырды, ананың дегбірі қаша бастады. Атамның көзі ашық жасыл, өткір еді. – Қарағым, Əлім молда, дін жолында, ол желмен кетер сөзге мойнын бұрмайды, реніш қылма, оның мінезі тұйық, – дейтін. Жел сөз деп отырғаным, «өсек сөздер», кей-кейде осындай сөздерді теретін əжеп тəуір билік басындағыларды кездестіргенде есіме атам түсіп: «Əттең, шіркін, оқуың болғанмен, тəрбиең шамалы болған-ау», – деймін ішімнен. Қазақ тəрбие деген сөзді «көрген» дегенмен білдірген. Парықсыздау жанды қазақ оның көргені жоқ екен деп жатады. Осы көргені жоқ дегенге тағы да Есім атама қатысты мысал. Атам сексен бестен асқан шағында бабалар зиратына жақын Қазантай деген ауылға қоныс аударды. Өрімдей сұрыпталған қарағайдан кең үй салдырып, сонда тұрып жатты. Шағын ауыл үшін атамның қоныстануы оқиға. Қазақы дəстүр бойынша тегіс сəлем беріп, құтты қоныс айтып жатыр, ерулік деген одан кейін болатын шаруа, əуелі сəлем. Ата дəстүрі үлкендер болғанда бұзылған емес. Ай өткен шамада бір үйден кейін тұратын көрші азамат сəлем бере келіп: – Ақсақал, шаруадан қол босамай кештетіп келіп отырмын, ғафу етіңіз, – депті аңғалдықпен. Сонда атам көрші азаматтың сөздерін мұқият тыңдап алып, былай депті: – Қарағым, саған қандай өкпе, жұмысбастысыңдар, бала-шаға қамы бар. Сəлем беріп ата салтымен келгеніңе дəн разымын, айналайын, мен ренжісем, анау Сүлейменге ғана ренжимін ғой, – депті. Сүлеймен сəлем беріп отырған азаматтың əкесі, атамның құрдасы екен. Жібі түзу болғанымен, кісілігінде міні барын ел айтады. Əкең солай болғанда сен одан асып қайда барасың деген меңзеуді əңгімеге куə болып отырғандар маған талай айтып беріп: «Есекең кемеңгер еді ғой», – деп тамсанатын. Атам тағы айтушы еді: – «Дастарқан басында дастарқанның сөзін сөйлеңдер», – деп. Онысы ас, дəм келгенде дастарқан көркіне енеді, олай болса, сөз де көркем болуы керек. Дастарқан басында ол кісі ғайбаттау, көше сөздерін айтуға тыйым салып отыратын. Сондағы дастарқанға қарасаңыз, бауырсақ, май, құрт, шашырап жатқан өлшеулі шақпақ қант, соңынан келер табақ ет, кейде қуырдақ қана. Осы көрікті дастарқан деп, тəубе деп бата жасап, тілек тілейтін. Ол кісі «дəм», «тағам», «ырыздық», «несібе», «шүкіршілік» деп отыратын. Барға қанағат ету атамның басты философиясы болатын, басқа амал бар ма, елде тегіс жоқшылық, жетіспеушілік, қисынсыз істер, көпірмеөтірік сөздер. Осындай жағдайда атам бастап дəм ішіп отырған дастарқан шынында айтып таусылмайтын керемет болатын. Жоғарыда атамды кемеңгер дедім. Бұл əншейін айтылған сөз емес. Есімде анық қалған оқиға. Никита Хрущевтің өрлеп, бет қаратпай тұрған кезі. Əдеттегідей, үлкен астан кейінгі əңгіме саясатқа ауысты. Сталинді жерден алып, жерге салып жатқан идеологиялық науқан. Сол кезді бүгін ойласам, коммунистер деген принципсіз, жалған сенімге уланған жандар екен. Кезінде олар Сталинге құдайдай сеніп, ол өлгенде солқылдап тұрып жылады. Енді, міне, Хрущевтің айтқанымен оның «моласын тепкілеп» жатыр. Əңгіме қыза келе, түйінді сөздің мезгілі жетті-ау дегенде, Есім атам бір сілкініп, тамағын кенеп: «Естеріңде болсын, бұл өкіметтің ғұмыры ұзаққа бармайды. Оны мен көрмеймін, сен (əкемді нұсқап) шет жағасын көресің, ал мынау (мені нұсқап) сол заманда ғұмыр кешеді», – деді. Балаға бұл ауыр түсінік, мен он жастар шамасындамын. Маған атамның сөзі оғаш көрінді, осы оғаштығымен менің жадымда сақталды. Егер түсінікті болғанда ұмыт болар еді. Отырғандардың бірі сəл үнсіздіктен кейін: – Есеке, неге олай дейсіз, – деді. Атам бəрің мұқият тыңдаңдар деген сыңаймен: – Олай дейтінім, бұлар бірін-бірі жамандап жатыр. Басшылары бірін-бірі ғайбаттаған өкіметтің ғұмыры қысқа. Ондай ғибрат өткен замандарда болған. Баласы əкесіне, інісі ағасына қарсы шыққан патшалардың елдері өзгелерге жем болып отырған. Бұл да соның кебі, – деді. Бүгін ойлаймын, неткен көрегендік. Кемеңгерліктің өзегі – көрегендікте. Атам айтқандай болды. Сталинге қарсы шыққан Хрущев көп тұрақтамады. Билікке Михаил Горбачев келді, ол кезде əкем бар, тəуелсіздікті көріп, ол кісі 1993 жылы дүниеден өтті. Мен болсам, Есім атам айтып кеткендей, мүлдем өзге заманда ғұмыр кешудемін. Таңғаламын. Саясаткерлер, кеңес заманында басшылық қызметте болғандар: – Біз СССР-дің ыдырауын білмей қалдық, – деседі. Ал, ауылдың оқымаған ақсақалы ХХ ғасырдың елуінші жылдарының соңында əлемді түпкілікті өзгертетін геосаяси оқиғаны сезіп-біліп, болжап айтып кеткен. Сонда оқыған кім, кемеңгер кім, сауаттылық деген не? Қадірлі оқырман, санаңызға салып ойлай беріңіз, жалпы иісі қазақ ауылының ақсақалдары тегіс көреген, кемеңгер болған. Мен солардың бірін ғана, атамнан естігендерімді баяндап отырмын! АСТАНА.


14 Бес атадан тұратын біздің алпыс үйлі аядай Жылымды ауылынан ғана алты-жеті бүлдіршін аштан өлмес үшін сол жылдары амалсыз балалар үйіне беріліпті. Оның алдында бірер жыл бұрын Жуантөбе баурайындағы Жаулыбай ұрандас ағайындар бас құрап, Баубек өзенін бөгеп кəтлəбан деген айдын көл жасап, өзен бойындағы қа рағайлы алқаптын қыр жақ бетінен төрт-бес көше тартып, «Қарағай» атты ұжымшарға ұйысқан болатын. Жаңа елді мекеннің шет жағына менің жиырма сегізінші жылдың аяғында бай-кулак қатарында тəркіленген кіші атам Төкежанның «Ұста-қарағайдың» бауырындағы төрт бөлмелі үйін көшіріп əкеп бастауыш мектеп ашқан. Ал ауқаттылардың ортаға түскен малынан ұжымшар фермасын ұйымдастырып, «Айдарлы» мен «Əупілдек» алқабын жыртып, егін салып, сол күзде тəп-тəуір астық жинағаны бар. Сөйтіп, бірлескен еңбектің жемісіне ел енді шүйги бергенде жеке меншікте аша тұяқ қалмасын деген асыра сілтеу науқаны басталып, жарлының жалғыз

www.egemen.kz

тірі болса бір табылар деп балаларын əлгі жаңадан ашылған мекемелерге берді. Сол сəбилердің кейінгі тағдыры беймəлім, көбі хабар-ошарсыз кетті. Сол тұста балалар үйіне біздің ауылдан алынған жеті баланың біреуі – Сүлейменнің Дауылбегі ғана оралды. Оның өзі де Отан соғысының сұрапыл кезінде балалар үйі тарап, көшеде қалған жерінен табылды. Əуелі, оның түр-түсі біздің тұқымға ұқсайды екен деп, көшеде жүрген жерінен іш тартып немере апасы Бақира өз үйіне ертіп əкепті. Байғұс бала «Дима» боп жүргенмен қазақша аты-жөнін ұмытпаған екен. Балалар үйіне бірге алынған үш жас үлкен ағасы Мырзабек басқа топқа ауыстырарда «Сүлейменов Дауылбек екеніңді ұмытпа» деп қадайқадай тапсырыпты. Сүйінші сұрап, оны алып келген де əлгі əпкесі. Соғыс жылдары үлкен екі ұлын майданға аттандырып тұңғыш келіні Сəленнің қолына қарап қалған қарт əкесін күтісті ол. Сол жылдары біздің ауылға балалар үйінен шыққан түрі қазақ, тілі

ЗАМ

Қазақтың милиция дегенінен əзірейілдей қорқатын кезі ғой. Үйде отырса ұстап əкетер деп ойлаған ол бидайды қай араға жасырғанын айтып, Елікті тауында жаңадан ұйымдасқан жылқы зауытына тартты. Ондағы ойы қарт деп өзіне жұмыс бермегенмен ер жетіп қалған үлкен екі ұлы Қойшыбек пен Балтабекті жылқы бағуға алар деген дəме еді. Өзі осылай əуре-сарсаңға түсіп жүргенде ауылға аудан орталығынан арнайы адамдар келіп аштыққа ұшыраған сəбилерді балалар үйіне жинап, мұның екі кіші ұлы Мырзабек пен Дауылбекті алып кетіпті. Бір қызығы, Жеңіс жылының екінші қысында туған-туыстарын Мырзабектің өзі іздеп келді. «Сүлекең жасында сəл-пəл тентектігі болғанмен, қазаққа қылдай қиянаты жоқ, құдай деген жан ғой, сонысына қарай Алланың өзі жарылқап жатыр» деп шуласты ауыл. Шынында да, Балтабегі омырауын орденмедальға толтырып соғыстан аман оралып, ауылдық кеңестің төрағасы боп жүрген. Қойшыбегін күтіп еді, оның орнына Мырзабегі іздеп келді. «О, бра-

ЖАТБАУЫР Сарбас АҚТАЕВ, жазушы.

сиырына дейін сыпырып-сиырып ортаға түсірді. Ақсыз қалған жұрт шайлық сүт үшін ертеңгі, кешкі сауын кезінде топатайлары даңғырлап, қауғалары қаудырлап ферма маңын торитын болды. Шолақ белсенділер болса, ортақ игілікті ортақшылардың өзінен қызғанып, оларды шетінен қуып мал маңына жолатпай, сауылған сүтті кеспектерге құйғызып, қалаға жөнелтіп жатты. Сол жылы қыс та тым ерте түсіп, сақылдаған сары аяз апталап айықпай тал қораға қамалған ірі қара азық жетпей, күтім болмай, суыққа ұшып, сауын сиырлар ақпан-қаңтар тумай-ақ қырылып бітті. Қалың қасат қардан тебіндік шөп таба алмай, жығып берген қарағай, қайыңның қабығы мен бұтағына ғана қарап қалған жылқы жануар қаншаға шыдасын, ортаға түскен қамбар-ата тұяғының төрттен үші көктемге жете алмады. Сойып жейтін малы жоқ, пісіріп жейтін наны жоқ, қуырған бидайдың өзіне зəру жұрт аштыққа ұшырап, алды ісіп-кеуіп өле бастады. Əсіресе, жаңа туған сəбилердің санатқа қосылғаны ілуде біреу ғана болды. Бұлайша бір жерде ұйлығып отыра берсе, тайлы-тұяғы қалмай қырылып қалатынын білген жұрт «бүйткен ұжымдарың құрысын» деп, шолақ белсенділердің «қырамыз-жоямыз, соттатамыз» деген қоқан-лоқысына қарамай, қыстан аман шыққан бірер қарасын жетелеп, көктем туа бұрынғы құтты қоныстарына қарай жөңкілді. Өз қыстауларында екі-үш үй отырып күн көре алмайтынын білген ағайындар бірлеспей болмайтынына көзі жетіп, осы өңірдің кіндігі іспетті Басқарағай орманы мен Бұзауөлең көлінің арасындағы Есжан ауылына табан тіреп, елу-алпыс түндік дербес ауылшаруашылық артелін құрды. Оны осы өңірдегі үлкен көлдің атымен «Жылымды» атады. Алайда аранын ашқан алапат аштықтан құтылу оңай болған жоқ. Аштан өлмес үшін ересектер басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды, құсқа – тұзақ, қоянға қақпан құрды, саздау жерден жуа мен қымыздық терді. Қыстан құр сүлдесі шыққан қой-ешкі мен жалғыз жарым ірі қара сүт бермек түгіл төлін əрең асырады. Əсіресе, аштан бұратылған сəби балалардың жаудыраған көзі жанды мүжіп, жүректі езді. Соларға несібе іздеп ер азаматтардың біразы жүрген аяққа жөргем ілінер ме екен деп, мемлекет қамқорлығындағы жаңадан құрылып жатқан кеңшарларға жұмыс іздеп аттанды. Əйткенмен, түпкілікті халықтың өкілдерін жұмысқа қабылдау жаңадан құрылған шаруашылықтардың басшысына байланысты еді. Мəселен, Қорғалжын өңірінде ұйымдастырылған «Шалқар» кеңшарының орталықтан жіберілген директоры Н.Железняк деген біреу қазақтарды жұмысқа алу былай тұрсын, ашығып жəрдем сұрап келгендерге өлген малдардың еті мен қаймағы алынған сүттің көк суын бергендердің өзін қызметтен шығарып жіберген. Бір жылда ол шаруашылыққа маманы бар, қатардағы жұмысшысы бар екі жүзден астам адам қабылдаған екен. Солардың арасында бірде-бір қазақ болмаған. Бəрі де Орталық Ресейден жер ауып келген кілең кулактар мен солардың қызметшілері болып шыққан. Сондықтан əр аймақта бір-бірден ұйымдастырылған ондай кеңшарларға жұмыс іздеп, күнкөріс үшін кеткендердің көбі салы суға кетіп, кері қайтты. Əйтеуір аштықтан өлім қаліне жеткен сəбилердің обалына қарады ма, əлде халықтың жарымына жуығы қырылған соң биліктің есі кірді ме, əрəр жерден балалар үйін ашып, панасыз бүлдіршіндерді қабылдай бастады. Қиямет нəубетке қылар қайраны жоқ атааналар бауыр еті – балдырғандарының көз алдында қиналып өлгенін көрмейін,

орыс тағы бір-екі жеткіншек келді. Ие шығар ешкім болмаған соң əр үйде бірер қонып, шаруасын жайғасып жүріп, екіүш аптадан соң із-түзсіз кетіп қалды. Ал Дауылбек болса, оған ауыл адамдарының ешқайсысы да күмəн келтірген жоқ. «Мұрны қоңқиған, ерні дүрдиген, сүйегі ірі Иса тұқымының тап өзі» деді де қойды. Оның əкесі Исаның Сүлеймені де алпамсадай атан жілікті атпал азамат болатын. Жасында көрші селолардың казак-орыстарына қырғидай тиіп, қажет нəрсесін берсе қолынан, бермесе жолынан алып жүреді екен. Көк бедеуін ойнатып, елдің шетіне ол кіргенде-ақ мұжықтар «о, тамырлап» ұны мен картобын қапшықтап өңгертіп жіберетін көрінеді. Ауылы Жуантөбенің етегін жанай өтетін қасқа жолдың бойында болғандықтан өткен-кеткен жүргіншілер ат шалдырып, керек-жарағын солардан алып тұратын болған. Бірде зергерлік əшекей бұйымдармен сауда жасайтын бір көпес жолай соғып, тауарын жайып салса, бір алтын сақинаға көзі түскен Сүлекең қолына алып əрі-бері аудара қарап: «Өй, мынауың жез ғой, əне қарашы жеп-жеңіл» деп бас бармағымен жоғары қарай шертіп жібергендей ишарат жасап, шаңырақты нұсқапты. Саудагер татар сақинасы шаңырақтан асып, сыртқа түскен екен деп, далаға ата шығып, əрі іздеп, бері іздеп түк таба алмай: «Ай, Сулайман, Сулайман!» деп басын шайқай-шайқай аттаныпты. Шертіп жіберген боп, жеңінің ішіне түсірген сақинаны ол төрт қыз, төрт ұл тауып берген бəйбішесіне сыйлапты. Ашаршылық кезде ондай олжа қайдан түссін. Тіпті қап-қап ұн мен бидайын мажар арбаға тиеп, пар-пар атпен дуан жаққа ағылып жататын орыс мұжықтарының керуені де тыйылған. Аптасына бір-екеуі өтсе маңына жан жолатардай емес, мұздай қаруланған, бəрінің де мылтығы бар. Үйде қуырып жейтін бидай да қалмай, балалар ашыға бастаған соң Сүлекең нартəуекелге бел буып, жол торуға шықты. Екінші күні Сарыөзектің көпірінен астық артқан бір арбалы көрінді-ау əрең. «Қарүйгеннің» қылтасынан баяғы көк бедеудің сіңлісі көкбие мен төтеден қосылған Сүлеймен керуеннің қасынан ағызып өте беріп, бір қап ұнды өңгеріп, бұрыла бергенде сақ отырған мұжық жандəрмен жармасып, биенің жүгенін сыпырып алды, үріккен көк бие жалт беріп, жебеше зулап, алақашқан бойы Сулықамыстың жағасындағы шоқ қайыңға тіреліп бір-ақ тоқтады. «Милицияға хабарлап, сен қарақшыны абақтыда шірітерміз» деген мұжықтардың байбаламын құлағы шалған Сүлеймен аттан түсіп, нəн қапшық бидайды бір ағаштың түбіне жасырып, үстіне ертоқымды қойып, биесін қоя берді де, үйге ағаш-ағаштың арасымен жаяу келді.

Ы

РАН Ы П А З АНА

тан!» деп Дауылбек екеуінің құшақтаса кеткені күні бүгінгідей көз алдымда. Бар мəзір, жоқ жайын жайып сап, Сүлекең үйі əжептəуір той жасады. Бір айдың аржақ-бержағында келіншек əперіп, аяғын тұсады. Балтабектің аты жүріп тұрған тұсы, ауылдан қолайлы қызмет табылмаған соң, Көкшетау қаласының бір мекемесіне жұмысқа орналастырып, жалға пəтер тауып берді. Менің алтыншыда оқып жүрген кезім. Кейде Мырзабекті ара-тұра біздің мектептен ұшыратып жүрдім. Кездесе қалса, жылы шырай танытып, арқамнан қағып, келіншегіне: «қайның ғой, танимысың?» деп жататын. Əкесі мен ағасындай кесек бітімді емес, бойшаң болғанмен қағілез, қараторы, ашаң жүзді, сымбатты да сұлу жігіт еді. Алайда біздің жаққа көп тұрақтамады, айналасы жылға жетпей ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бағы жанбаған жеңгеміз де қайда, қай жаққа кеткенін білмей дал болды. Содан сол «ағамыз» күні бүгінге дейін хабарошарсыз. «Михаил Қуандықов» деген аты-жөнін өзгертіп, Сүлейменнің атына түспей жүргенінде бір гəп болды ма екен? Əлде, сонау сұрапыл нəубет тұсында көз жазған бауыр еті – балаларын мəңгі бақи аңсап, есінен екі елі шығармайтын қамкөңіл ата-аналарды алдап, қолда барын ішіп-жеп, тойған соң тайып тұратын дəніккен алаяқ па? Аңқау қазақ, оның үстіне көңілі алаң, үміті өшпейтін ата-ана байғұс неге болсын сенеді ғой. Осындай бір оқыс оқиға елуінші жылдардың басында біздің ауылда тағы да қайталанды. Дүйім жұрт атын атамай, «Жəке» деп əспеттейтін Сəкен қарттың баяғыда балалар үйіне берілген немересі аяқ астынан табылды. Оны ауылға баласы Қошан ауданда жауапты қызмет істейтін Нұртаза дейтін жамағайынымыз алып келді. Бала-шаға деген баршылық Жəкеңнің үлкен ұлы Мейрамның Рабиға, Рəзия, Ғазиза деген үйелмелі-сүйелмелі үш қызы бар еді. Аштық алқымнан алғанда шиеттей бүлдіршіндер ісіп-кеуіп көз алдымызда майып болмасын деп, ересектеу Рəбиғасын алып қалып, кіші екеуін балалар үйіне тапсырған емес пе. Бір жылдан соң жағдай оңалуға бет алғанда ата-анасы ізін суытпай іздеп, Рəзиясын алып қайтады. Қызын алып қайтуға барғанда балалар үйінің бастығы орыстан сондай бала бар ма, деп сұраса, ол қағаздарын қарап жіберіп, «Да, живет Сакенова у нас» десе керек. Орысшаны шала түсінген Мəдиян шешей: «Ондағылар біздің баланы Дөжебек атайды екен» деп келіпті. Содан Рəзия қашан тұрмысқа шыққанша «Дөжебек» атанып кетті. Ал əу баста əпкесінен айырып, басқа топқа бөліп жіберген Ғазиза ізім-ғайым табылмай жүрді. Қошанның келіншегі Балқия бір күні

қонып шығар үй таба алмай көшеде жүрген бір бойжеткенді үйіне ертіп əкеледі. Шай-суын ішіп отырып, жөн сұраса, мейман қыз кəмелетке жасы толған соң, балалар үйінен шығарылып, не жұмыс, не туыс таба алмай сарсаңға түсіп жүрген сормаңдай екен. Тəлкекке түскен тағдыры ашаршылық жылдарының тақсыретіне барып тірелетінін аңғарған аңқылдақ Нұртаза қария: – Балам, сөзіңе қарағанда, осы сен біздің ауылдың тумасы болып жүрме? Сəкен деген сыйлы ақсақалымыздың бір немере қызы аштық кезінде детдомға тапсырылып, содан еш хабарсыз кеткен еді. Мəдиян бейшараның қапияда көз жазып қалған қызын ойлағанда көкірегі қарс айырылады. Мүмкін, сен соның қызы шығарсың. Түр-түсің де сол үйдің балаларына ұқсап тұр. Барсаң, ертең-ақ ауылға алып барайын, – деді. Сол күні Жəкең үйінің қуанышшаттығында шек болсайшы. Өлгені тіріліп, өшкені жанғандай болған отбасы мəре-сəре, ағайын-туғандар мен көршіқолаң да мəз-мəйрам. «Мейрамның отыз екінші жылы кеткен қызы табылыпты» деген игі хабарды естіген ауыл тайлы-таяғы қалмай құтты болсын айтуға ауылдың шет жағындағы ағаш қойнауында тұрған Жəкеңнің үйіне қарай ағылды. – Құдай-ай, мың да бір тəубе! Майданнан оралмай қалған Мейрамым мен Кішкенемнің қайғысын үміт үзіп қойған қаршадай қызым табылып, сəл де болса ортайтты-ау! Ризамын Аллаға! – деп Сəкен қарт сақалы жаспен жуылып, алақанын аспанға жайды. – Рабиғам мен Рəзиямның өмірден ерте өткеніне өзегім өртеніп, қабырғам қайысушы еді. Мен бейбақтың көз жасын құдайым көрген екен. Ғазизамды қара шаңырағыма қайта оралтты ғой. Тəубе, тəубе! – деп Мəдиян шешей қызын бауырына қайта-қайта басты. Титтей бір қуанышты ұлан-асыр тойға айналдырып жіберетін қазақы салтпен біздің «Жылымдыда» тағы бір той-думан дүркірей жөнелді. Топ етіп аспаннан түсе қалған періштедей жұрттың бəрін шулатып, аяқ астынан табылған қызға күмəнмен күдіктене қарағандар да болды. Өзімнен үш-төрт жас үлкен бойжеткенге мен де сын көзімен қарадым. Былайынша, бəденді, қараторы, қима қас, жанарлы қара көзінде мұң табы бар, бір көрмеге сыр бермес салмақты қыз. Бой-бітімі, астыңғы ернінің сəл шығыңқылығы осы үйдің жандарына ұқсайды. Сонысының өзі-ақ күмəн-күдікті сейілткендей. Арада бірер апта өткен соң ол шешесін ертіп жүріп, ауыл-үйді аралап, ағайынтуыстармен танысты. Жүріс-тұрысы келісті, артық-ауыз сөзі жоқ, оншамұншаға күле де бермейтін ұстамды да орнықты қыз сияқты көрінді. Орталау білімі бар, орысшаға жетік байсалды бойжеткенге ауылда көз салған жігіттер де табылды. Бірақ олардың біріне де иліккен жоқ ол. Кейде қалаға барып қайтады. Інісі Сейілханға базарлық алып келетіні де бар. Осылай көктем, жаз өтіп, ауылға ол əбден бауыр басқандай еді. Сол жылы күзде институтқа түсіп, қыста каникулға келсем, «олжа əпкемнің» орны бар да, өзі жоқ. Қыс түсердің алдында киім-кешек аламын деп қалаға кеткен екен, сол бетімен шу қарақұйрық із-түзсіз кетіпті. Біреулер вокзалда билет алып тұрған жерінен көрген екен, бірақ қайда, қай жаққа кеткенін ешкім білмейді. – Сол сайтанның көзге күйік болып келгенінен келмегені жақсы еді. Өлгені тірілгендей өкпесі үзіліп іші-бауыры елжіреп, қуанышы қойнына сыймай жүрген Жəкең мен Мəдиян ол хабарошарсыз кеткелі қабырғасы сөгіліп, əбден мүжіліп бітті. Балалар үйі қайбір дұрыс тəрбие беруші еді. Олардан шыққан жастардың, жылпос болатыны тегін дейсің бе?! – деп күрсіне жауап қатты анам менің «Олжа қыздарың тайып тұрған ба?» деген сауалыма. Əрине, балалар үйінің бəрі бірдей емес қой. Соларда тəрбиеленіп-ақ ғылым шыңына құлаш ұрған, ел басқарып абырой-беделге бөленген даңқты да атақты адамдар аз ба! Бұрнағы жылы тоқсан жасы тойланған академик апамыз Патшайым Тəжібаеваның ата-анадан ерте айырылып балалар үйінде өскенін естігенімде қатты тебіренгенім бар. Қазағы қалың өңірде балалар мекемесінде балаларға зайырлы білім мен қазақы тəрбие қатар беріледі ғой. Ал орысы жыртылып айырылатын солтүстік өңірдегі балалар үйінде тəрбиешілердің бəрі дерлік сол ұлттан болғандықтан алдымен есімдері орысшаға орайластырылып, сосын сезімдері шабақтала бастайды. Артынан аты-жөні түгел орысшаланып, ұлтына дейін өзгертіп жазылады. Ашаршылық жылдары балалар үйіне тапсырылған сəбилерінің көбін қазақтардың таба алмай, үміт үзіп қойғанының бір себебі осында жатыр ма деп ойлаймын. Өйткені, атақты Александр Матросовтың орыс емес, балалар үйінде өскен башқұрт баласы екенін жұрт бертін ғана білді емес пе. Кейде теледидардан аты-жөні орыс, түртұлғасы қазақтан айнымайтын азаматтарды көргенде осылар сонау нəубет жылдары балалар мекемесіне тоғытылған ағаларымыз бен əпкелеріміздің ұрпағы емес пе екен деген алақұйын ой келеді басыма. Қасақана қолдан жасалған алапат аштық жұртты жаппай қырып қана қоймай, судай сапырып, мидай араластырып жібергенін жасырып қайтеміз. АЛМАТЫ.

30 сəуір 2014 жыл

Келісімдерге ќол ќойылды Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жəне Дүниежүзілік Банкінің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Шебнем Аккая «Ирригациялық жəне дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы» мен «Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімдерге қол қойды. Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі Қазақстан Республикасына ирригациялық жəне дренаждық жүйе ле рді жетілдіру жөніндегі жобаның қаржыландыруына 102,9 млн. АҚШ доллары, сондай-ақ, сот төрелігінің секторын нығайту жобасын қаржыландыруына 36 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз береді. «Аталған жобалардың жүзеге асырылуы елдің жиі қоныстанған Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс аймақ тарындағы трансшекаралық өзен бассейндеріндегі ауыл тұрғындарының əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық өмір сүру жағдайларын жақсартуға жəне институционалдық негіздерді нығайтуға, сондай-ақ, іске асырылып жатқан құқықтық реформаларды

қолдауға бағытталған Қазақстанның құқықтық жүйесін əрі қарай жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды», – деді Бақыт Сұлтанов. Қарыздар Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкімен жеңілдік кезеңді қоса алғанда ұзақ мерзімге беріледі. Пайыздық мөлшерлеме пайыздың əрбір есептелу кезеңіне LIBOR+құбылмалы спрэдке тең, ол бүгінгі күні 1 пайыздан кем мөлшерді құрайды. Бір жолғы комиссия – 0,25 %-ды құрайды. Тартылатын қарызға қызмет көрсету мен өтеуді Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көзделген қаражат есебінен Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық талаптарға сəйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады. Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері Дүниежүзілік Банк Қазақстанға жалпы сомасы 6,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қарыз берді. Дүниежүзілік Банк негізгі стратегиялық əріптестердің бірі жəне Қазақстан Республикасының ірі донорларының бірі болып отыр. Бұл жолғы келісімдерге қол қою тараптар арасындағы жоғары сенімділікті тағы да растайды жəне ынтымақтастықтың нығаюына жарқын дəлел болады. «Егемен-ақпарат».

«Алматы Қанты» акционерлік қоғамы акционерлерінің назарына «Алматы Қанты» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылған «Алматы Қанты» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды, жиналыс 2014 жылғы 30 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де «Алматы Қанты» АҚ атқарушы органынының орналасқан жерінде болады: Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Бостанов көшесі, 2, мынадай күн тəртібімен: 1) «Алматы Қанты» АҚ-тың 2013 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту. 2) «Алматы Қанты» АҚ-тың өткен қаржылық жылдағы таза табысын бөлу тəртібін анықтау. 3) «Алматы Қанты» АҚ-тың 2013 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу. 4) «Алматы Қанты» АҚ-тың бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту. 5) «Алматы Қанты» АҚ-тың жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекеттеріне акционерлердің өтініштері жəне оны қараудың қорытындысы. 6) «Алматы Қанты» АҚ-ты ерікті тарату. а. «Алматы Қанты» АҚ-тың жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою. b. тарату комиссиясын тағайындау; c. «Алматы Қанты» АҚ-ты тарату тəртібін жəне мерзімдерін белгілеу; d. «Алматы Қанты» АҚ-ты ерікті тарату туралы əділет органдарына жəне салық органдарына хабарлау. Акционерлерді тіркеу 2014 жылғы 30 мамырда сағат 11.50-де басталады. Жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2014 жылғы 31 мамырда сағат 15.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы «Алматы Қанты» АҚ акционерлердің тізімі 2014 жылғы 22 сəуірдегі жағдай бойынша жасалды. Акционерлер жылдық жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі материалдармен «Алматы Қанты» АҚ атқарушы органының жоғарыда көрсетілген жерінде таныса алады.

Вниманию акционеров акционерного общества «Алматы Канты» Акционерное общество «Алматы Канты» извещает о проведении годового общего собрания акционеров АО «Алматы Канты», созванного по инициативе Совета директоров, которое состоится 30 мая 2014 года в 12.00 часов по времени Астаны по местонахождению исполнительного органа АО «Алматы Канты»: Алматинская область, Илийский район, поселок Боралдай, улица Бостанова, 2, со следующей повесткой дня: 1) Утверждение годовой финансовой отчетности АО «Алматы Канты» за 2013 год. 2) Определение порядка распределения чистого дохода АО «Алматы Канты» за истекший финансовый год. 3) Выплата дивидендов по простым акциям АО «Алматы Канты» за 2013 год. 4) Утверждение размера дивиденда в расчете на одну простую акцию АО «Алматы Канты». 5) Обращения акционеров на действия АО «Алматы Канты» и его должностных лиц и итогах их рассмотрения. 6) Добровольная ликвидация АО «Алматы Канты»: а. аннулирование выпуска объявленных акций АО «Алматы Канты»; b. назначение ликвидационной комиссии; c. установление порядка и сроков ликвидации АО «Алматы Канты»; d. уведомление органов юстиции и налоговых органов о добровольной ликвидации АО «Алматы Канты». Регистрация акционеров начнется в 11.50 часов 30 мая 2014 года. В случае отсутствия кворума повторное собрание состоится 31 мая 2014 года в 15.00 часов по вышеуказанному адресу. Список акционеров АО «Алматы Канты», имеющих право на участие в годовом общем собрании акционеров, составлен по состоянию на 22 апреля 2014 года. С материалами повестки дня годового общего собрания акционеры могут ознакомиться по вышеуказанному месту нахождения исполнительного органа АО «Алматы Канты».

«Көксу-Шекер» акционерлік қоғамы акционерлерінің назарына «Көксу-Шекер» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылған «Көксу-Шекер» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды, жиналыс 2014 жылғы 30 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де «Көксу-Шекер» АҚ атқарушы органының орналасқан жерінде болады: Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Амангелді көшесі, 1, мынадай күн тəртібімен: 1) «Көксу-Шекер» АҚ-тың 2013 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту. 2) «Көксу-Шекер» АҚ-тың өткен қаржылық жылдағы таза табысын бөлу тəртібін анықтау. 3) «Көксу-Шекер» АҚ-тың 2013 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу. 4) «Көксу-Шекер» АҚ-тың бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту. 5) «Көксу-Шекер» АҚ-тың жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекеттеріне акционерлердің өтініштері жəне оны қараудың қорытындысы. 6) «Көксу-Шекер» АҚ-ты ерікті тарату. а. «Көксу-Шекер» АҚ-тың жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою. b. тарату комиссиясын тағайындау; c. «Көксу-Шекер» АҚ-ты тарату тəртібін жəне мерзімдерін белгілеу; d. «Көксу-Шекер» АҚ-ты ерікті тарату туралы əділет органдарына жəне салық органдарына хабарлау. Акционерлерді тіркеу 2014 жылғы 30 мамырда сағат 11.50-де басталады. Жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2014 жылғы 31 мамырда сағат 15.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы «Көксу-Шекер» АҚ акционерлердің тізімі 2014 жылғы 23 сəуірдегі жағдай бойынша жасалды. Акционерлер жылдық жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі материалдармен «КөксуШекер» АҚ атқарушы органының жоғарыда көрсетілген жерінде таныса алады.

Вниманию акционеров акционерного общества «Коксу-Шекер» Акционерное общество «Коксу-Шекер» извещает о проведении годового общего собрания акционеров АО «Коксу-Шекер», созванного по инициативе Совета директоров, которое состоится 30 мая 2014 года в 12.00 часов по времени Астаны по местонахождению исполнительного органа АО «Коксу-Шекер»: Алматинская область, Коксуский район, село Балпык би, улица Амангелды, 1, со следующей повесткой дня: 1) Утверждение годовой финансовой отчетности АО «Коксу-Шекер» за 2013 год. 2) Определение порядка распределения чистого дохода АО «Коксу-Шекер» за истекший финансовый год. 3) Выплата дивидендов по простым акциям АО «Коксу-Шекер» за 2013 год. 4) Утверждение размера дивиденда в расчете на одну простую акцию АО «Коксу-Шекер». 5) Обращения акционеров на действия АО «Коксу-Шекер» и его должностных лиц и итогах их рассмотрения. 6) Добровольная ликвидация АО «Коксу-Шекер»: а. аннулирование выпуска объявленных акций АО «Коксу-Шекер»; b. назначение ликвидационной комиссии; c. установление порядка и сроков ликвидации АО «Коксу-Шекер»; d. уведомление органов юстиции и налоговых органов о добровольной ликвидации АО «Коксу-Шекер». Регистрация акционеров начнется в 11.50 часов 30 мая 2014 года. В случае отсутствия кворума повторное собрание состоится 31 мая 2014 года в 15.00 часов по вышеуказанному адресу. Список акционеров АО «Коксу-Шекер», имеющих право на участие в годовом общем собрании акционеров, составлен по состоянию на 23 апреля 2014 года. С материалами повестки дня годового общего собрания акционеры могут ознакомиться по вышеуказанному месту нахождения исполнительного органа АО «Коксу-Шекер».


30 сəуір 2014 жыл ДЇНГЕН ЌЫЗЫ Əуелеген əсем əнді колонналы концерт залдарынан емес, можантопай тойханалардан естігеніне мəз болатын «зиялылар» да пайда болды. Өйткені, қазақтың кез келген қаласында кез келген күні той. Той иесі – қазақ. Ал қазақ ішіп-жеуді ғана емес, асықпай отырып əн тыңдағанды да ұнатады. Қонақтарын қайран қалдыру үшін тойханалардың тəуірін таңдап, əншілердің ең мықтыларына сəлем айтады. Ол əншілерінің «мекенжайлары» Астана, Алматы, Шымкент, Тараз ғана емес, тіпті, көрші Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерден де болып шығады. Таңдайы тақылдаған асаба, бір май, бір ет болсын дей ме, осындай алыстан келген атақты əншілердің арасына жергілікті өнерпаздарды да қосып жібереді. Қосып жібереді де: «Келесі тыңдайтын əндеріңіздің аты – «Дүнген қызы». Əні Шəмші Қалдаяқовтікі, сөзі Сабырхан Асановтікі. Орындайтын əнші Ғани Мəтебаев», деп жар салады. Жар салған кезде той төріне Шəкеңнің өзі шығып келе жатқандай жұрт та елең ете түседі. Ал кезек өзіне тиген əнші екпінді ырғаққа қосылып, əуезді үнімен əсем əнді бастап кетеді... «Түндей тұнық көздеріңнің қарасы, Қосылардай қастарыңның арасы. Жалт қарасам жалын атқан ақ жүзің, Алаулайды атқан таңмен таласып, сырғалым... Қиял қанша ертеді елес, Дүнген қызы арманым. Кез боп келсем ертелі-кеш, Сенен көзді алмадым. Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім, Түсінер деп бір қазақтың жүрегін, сырғалым...». Шəмші əнінің иірімі мен мейірімі бөлек қой, шіркін! Тойға жиналған тондылар əн ырғағына қосылып, еріксіз қол соға бастайды. Сол кезде менің ойыма ең əуелі Тараз, одан кейін Əулиеата, Кеңес өкіметі тұсында Мирзоян, Жамбыл, ал еліміз тəуелсіздігін

ЕН

-ӨЗ Р І М Ө

Жақаңнан жұғысты болды ма, етім үйрене келе Шəмші ағаны əліме қарамай мен де іздеп, біраз уақыт келмей кетсе мен де кəдімгідей елеңдей бастайтынды шы ғардым. Өзім жарытып ештеңе дей алмасам да, Жақаң екеуінің əжік-күжік əңгімелеріне құлақ түріп отыру мен үшін үлкен олжа. Байқағаным, Шəкең қазақ вальсінің «королі» болса да өте қарапайым екен. Қазір ойлаймын, сол кез, сірə, шырылдаған Шəмші ғұмыр өзінің «атағы» мен «шатағы» туралы аңыздарға біржола мойынсынып, енді тек тұрмыс тауқыметінің қам-қарекетімен жүрген шағы екен-ау деп. Жақаң болса, əңгіме арасында сазгер досын көтермелеп: «Біздің Шəкең Дунгановкадан (қазір Жалпақтөбе ауылы деп аталады) қатырып үй соғып жатыр», деп қоятын.

ЎЗАЌ ҐЛЕЅ

Менің «курстастарым» да өңкей «сен тұр, мен атайындардың» сортынан еді. Ақындар Қанипа Бұғыбаева, Несіпбек Дəутаев, Есенғали Раушанов, Нағашыбай Мұқатов, Əбжан Əбілтаев, режиссер Аяған Шəжімбаевпен қаламдас қана емес, «парталас» болу да кез келгенге бұйыра бермейтін бақ. Жə, сонымен, үйдегі сықаған кітаптардың арасынан сол мықтылардың бірі Есенғалидың Шəмші туралы өлеңі басылған бір кітабын жұмысыма əкеп қойдым. Ойым – өзіне арналған өлеңді Шəмші ағаға оқып беру. «Король» атанған көкем көп күттірген жоқ. Өңірінде «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты» деген төсбелгісі жарқырап, кабинеттің төріне оза берді. Қасында ақын Жақсылық Сəтібеков бар. Мен Есенғалидың кітабын суырмадан шығарып, үстелімнің үстіне қойдым. – Аға, мына кітапта сіз туралы бір өлең бар екен, оқып берейін бе?

н а є а д л ы р ы р ы Ш мші єўм ə Ш Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, жазушы.

жариялаған жаймашуақ тұста қайтадан ежелгі атымен Тараз атанған тағдырлы қалада əсем сазы ғана емес, кестелеп тіккен гүлдей боп ізі де қалған əннің авторы, халқына қапылып жүріп қызмет еткен Шəмші аға оралады...

ШƏМШІ МЕН ЖАЌСЫЛЫЌ

Сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басы, шамасы. Ақын Жақсылық Сəтібеков көкем екеуміз облыстық газеттің мəдениет жəне əдебиет бөлімінде қызмет істейміз. Бес күн жұмыс күнін былай қойғанда, сенбі мен жексенбі күндері де кабинетке кеп жазу жазып отыратын Жақаңның жұмыс стиліне қайран қап жүрген кезім. Кейде «бір жаққа кеттім» деп жоқ боп кетеді де, бір уақта «атақты ақын» деп біреуді ертіп кеп тұрады. Жақаңның бұл «еркелігіне» сол кездегі бас редакторымыз Арғынбай Бекбосынов та қабақ шытпайды. Бір жолы анау-мынау емес, кабинетке тура Шəмші Қалдаяқовтың өзін ертіп келді. Алматылықтар, дəлірек айтсам, «Қазақ əдебиеті» газетінің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртаза, оның бірінші орынбасары Оралхан Бөкей, газеттің тілшісі, дарынды жазушы Нұрғали Ораз (мақала-сұхбат авторы сол болатын) «Шəмші қайда жүр екен?» деген тақырыппен сазгерді жабыла «іздеп» жатқан кезде, Шəкең түк болмағандай Жамбылда жүр беймарал. Мен үшін бұл тосын сый десе де болғандай еді. Жақаңа да разымын. Разы болатыным, кейбір əсіресақ коммунистжурналистер жасқаншақ аттай өзінен-өзі осқырынып, өзінен-өзі үркіп Шəкеңнен қарадай қашқақтап жүрсе, Жақсылық ағаның атақты сазгерге жарыққа үймелеген көбелекше үйіріліп, қасынан шықпауы мен үшін ерекше үлгі-тін. Сонымен... Бір күні есіктен Шəмші аға кіріп келе жатты. Жол бастаушы, əлбет те, ақын Жақсылық Сəтібеков. Орынды ғым нан атып тұрып қолын алдым. «Ассалаумағалейкүмді» де ұмытқам жоқ. Шəкең төрге озды да, Жақаңның үстелінің қарсысындағы орындыққа жайғасты. О, ғажап, бұған дейін аңызға айналған «атағы» мен «шатағы» ғана жеткен ұлы сазгер дəл қасымда отыр. Ұрлана қарап қоям. Тура өзі. Тура өзі болғанда, газеттерге шыққан суретіндегі тірі бейнесі. Маңдайы мен көзінің қиығындағы əжімдері (əжімнің де адамға жарасып тұратындары болады), көзіндегі өзгеге ұқсамайтын ерекше мейірім мен шапағат, бəрі-бəрі, кітап пен газеттерден «шығып» біздің қызмет бөлмемізге кеп тұр. Айтпақшы, көзімнің қиығымен кəстөмінің өңіріне де қарадым. Ол да... өз орнында екен. «Ол да...» деп жұмбақтап отырғаным – «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты» деген салбырап тұратын төсбелгі. Сол төсбелгі Шəмші ағаның «паспортындай» маған тым ыстық көрінуші еді. Сурет арқылы əбден көзтаныс боп кеткен ол да жоғалмапты, өз орнында тұр.

көргендей сүйсініп ұзақ қарап тұрдық үйге. Үйдің жаңа қожайыны, абырой болғанда, Шəкең қалаған іргетасқа тиіспепті. Бірақ іргетастың үстіне қатырып тұрып үй салыпты. Сосын Шəкең салған гаражды да бұзбаған. Бұзбағаны да жақсы болған. Өйткені, Шəкең осы гаражда тұрып, осы гаражда шығармашылықпен айналысқан. Кім біледі, бəлкім, «Мойынқұмда ауылым», «Фосфорлы Жамбыл» жəне «Дүнген қызы» сияқты тағы басқа да əндері осы жертөле сынды гараж ішінде дүниеге келген шығар. Шəкең ауруына байланысты жаңадан сала бастаған үйін адыра қалдырып кеткен кезде, ұры түсіп, артында қалған қағаздары көпке дейін шашылып жатыпты осы жерде. Бүй деп Илья аға айтты маған. – Бір жолы кешкілік үйіне барсам, гараждың қасындағы «тапшанның» үстінде құрулы тұрған масахананың ішінде Шəкең жатыр. Қазанның қара суығы білініп қалған кез. Оның үстіне қазақтар ырымдап «кешкі беймезгіл уақытта ұйықтамайды» дейді ғой. Көңілім бірдеңеден секем ап, тіпті, шошып кеттім десем де болады, «Шəке, тұрыңыз, неғып жатырсыз бейуақта?» десем «жə, əшейін жатырмын» дейді. Сөйтсем ауырып қапты. Өңі сынық. Дереу інім Османды шақырып алдым. Бірақ кешке қарай Шəкеңнің ауруының беті күшейіп, інім мен Əуез деген досы екеуі ұлы сазгерді ауруханаға алып баруларына тура келді. Сөйтсек, мына сорақылықты қараңыз, дəрігерлер Шəкеңді ары-бері қараған бопты да: «орын жоқ, үйіне алып кетіңдер» депті. Мен дереу ініме Шəкеңнің досы Тұйғынбектің телефон нөмірін беріп, дəрігерлердің Шəкеңнің жанына араша түсуін айтуын өтініңдер деп ақыл-кеңес бердім. Міне, осыдан кейін Тұйғынбек Темірбеков дəрігерлермен сөйлесіп, Шəкеңді əуелі коридорға, одан кейін палатаға «көшірді», – деді композитордың дүнген досы Илья көзіне жас алып. – Ілеке, – деймін менің де көңілім босап, – Шəкеңнің туған інісіндей боп кетіпсіз. Анаңыз да Шəкеңді туған баласындай көріп, «өмір бақи тату боп жүріңдер, айналайындар» деп батасын беріпті. Шəкең ағаңыздың мінезі қандай еді? Қандай қасиеттері есіңізде қалды? – Е, несін сұрайсың. «Қолда барда

Менің көмейімнен күмілжіңкіреп барып шыққан сөз əсер етті ме, жай күндері де жылы жүзді Шəмші ағаның өңінде ерекше бір мейірім пайда болып қасыма келді. Кітапты ұстап, мұқабасын көріп, «əдемі екен» деп қойды өзіне ғана тəн қарлығыңқы даусымен. – Қане, оқышы, – деді сосын. Өлең ұзақ еді. Бірақ ойнақы, жылы, сөздері де көркем кестеленгендіктен ұзақтығы онша білінбейтін. Мен де ұлы сазгерді жалықтырмау үшін барымды салып, көркемдеп оқып бақтым.

ШƏКЕЅНІЅ ШАХМАТЫ

Суыртпақтап сыр тарта бесең, «инсульттен кейін память онша емес» деп, орысшақазақша араластырып сөйлеп қоятын Илья ағаның да біразға жететін əңгімесі бар. – Есімде қалғаны – Шəкең жастықты қолтығына қысып, көрпешенің үстіне жамбастап жатып ап, қызылдап демдеген шəйді шым-шым ыстық күйінде ішкенді өте жақсы көретін. Одан кейін... темекіні өте көп тартатын. Кейін «қойды» деп жазып жүр ғой. Ал мен көрген кезде... бір əңгіме үстінде бірнеше темекіні түтінін бұрқыратып шегіп тастайтын. Былайша айтқанда, аузынан сигарет түспейтін. О кездегі мода «Прима» деген сигарет болатын. Егер «Прима» жоқ болса, «Қазақстан» сигаретін шегетін. Кейде: «Шəке, осы темекімен де қоштассаңызшы», дейтінмін. – Ілеке, сөзіңізге қарасам Шəкең туған ағаңыздай боп кеткен сияқты... – Туған ағамнан да артық боп кетті. 1981 жылы əкем қаза болып, елге келдім дедім ғой. Сонда əкемді жерлеп, жетісін беріп апта бойы жүргенде Шəкең де бізбен бірге болды. Сонда анам өзімнен үлкен ағайым бар, одан кейін тағы екі інім бар, Шəкең бар бəрімізге жерге қаз-қатар төсек салып беретін. Үлкен ағайым мен Шəкеңнің жастары қарайлас. Бірақ анам бізге: «Шəмші бəріңнің ағаларың болады», дейтін. Шəкең үй саламын дегенде, Осман деген інімді қасына қосып берді. Сазгердің үйінің жанынан ол да үй салды. Осман екі үйдің құрылысын қатар жүргізді десе де болады. Бірақ, өкінішке қарай, Осман жастай қайтыс болып кетті. Осман мен Исмайыл деген екі інім Рəзия мен Əсия Шаняевалар деген апалы-сіңілі қыздарға қатар үйленіп, қатар той өткізгенде Шəкең той төрінде отырды. Ұлы композиторды ортаға алып түскен суретіміз де бар. – Ағаңыздай болып кеткен екен. «Көке, жалғыздық құдайға ғана жарасқан, өзіңіз əн арнаған дүнген қыздарының біріне үйленіп алмайсыз ба?» деп айтқан жоқсыздар ма? – Жоқ. – Илья күліп жіберді. – Біз ардақты ағамызға ондай сөзді айта алмайтынбыз. Бəріміз де ренжітіп алмайық деп, Шəкеңнің қас-қабағына қарайтынбыз. Бірақ бірде үлкен ағайым ретінде еркелей сөйлеп: «Шəке, Алматыдағы жеңгей мен бауырларымызды əкеп таныстырмайсыз ба?» деудің қисынын таптым. Шəкең «мақұл» деді. Мен мұны: «Шəкең балаларын əкелемін деп айтты», деп шешеме қуана жеткіздім. Анашым: «Жақсылап күтіп алайық онда», деп дайындалды. Бір күні жеңгеміз Жəмилə мен екі ұлын ертіп келді. Олар біздің үйде екі-үш күн қонақ болып қайтты. Шəкеңнің тағы бір қасиеті – шахматты жақсы ойнайтын. Бір жолы үйге дүкеннен шахмат тақтасын сатып алып келді де: «Илья, мен дүнген балаларының карта ойынына əуес боп бара жатқанын байқап жүрмін. Ол жақсы өнер емес, келіңдер, одан да мен сендерге шахмат үйретейін», деді. Шəкеңнің арқасында содан бастап ауыл жастары шахмат ойнауға əуес боп алды. Кейін ағамыз сол шахматын «көзіңдей көріп жүр» деп біздің үйге тастап кетті. Шəкең, шіркін, өте ақкөңіл азамат еді ғой, менің анамды туған анасындай жақсы көрді. Бір жолы анамның көк пальтосын Шымкент қаласына алып кетті де, соған елтірі жаға тіккізіп алып келді. Анам Шəкеңнің перзенттік ілтипатына қатты риза боп, сол пальтоны мұндаға дейін киіп жүрді.

САРА ДАУЗОВАНЫЅ ТІЛЕГІ ЄАНА ЕМЕС...

БАЌЫТ ЌЎШАЄЫНДА

«Ол кезде басқа ел деген, Бұл сөзім шын деп ұғыңыз... Бесігін қыдыр тербеген, Берекелі үйдің бірі – біз. Жүреді əжем «құрғырлап», Асыр да салып жатамыз. Білдірмей келіп, бір күнде-ақ, Бойжетті екі апамыз. Монтиған өңшең ботақан, Көреміз пана оларды. Сол жазда менің екі апам, Бір əнге əуес боп алды: «Кел, билейік, кетпе менің қасымнан, Қызғалдағым таң нұрымен ашылған. Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды, Алматыда жаңа жауып, жауа жауып басылған». Жауатын жиі жаңбыры, Алматы ол не? Қала ма? Билей ме онда барлығы? Бəрі де жұмбақ балаға. Кімдікі мынау бөлек əн, Самалы басқа, сазы өңге? – Үкіметтікі, – деді анам, – Ұқсайды, – деді əжем де: Екі қыз елең етпеді, Жақпайдыау, əсте, дау мына. – Шəмшінің əні, – деп мені, Басқан-ды бірі бауырына. Қашты да кетті ертесін, Əн болды ғажап, міне, бұл. – Мен жамылам, – деп, – көрпесін, Таласып жаттық кілең ұл. Айтты да аз күн сол əнді, Келер жыл көктем шығарда, Кіші қыз тағы жоғалды, Не болды, ей, тегі, бұларға? Жылады қимай шешеміз, Ал əкей сыртқа жөнеді. Тып-тыныш едік кеше біз, Кім өзі Шəмші дегені? Қапа боп «қатал» əншіге, Қыс өтті, көктем оралды. Өкпелеп жүріп Шəмшіге, Өзім де салдым сол əнді. Еске алсам бала шағымды, Күлемін іштей осы күн. Екі апам – екі үй кəдімгі, Тербеген қыдыр бесігін. «Ағалап» көп ұл қосыла, Шығады алдан күлімдеп. «Ел болмас жиен» осы ма? О, тəубе, – деймін, құдірет!» Саламыз əнге тағы біз, Ол əннің, досым, бар сыры. ...Отырып алып бəріміз, Мақтаймыз сосын Шəмшіні». Əңгіме сияқты оқиғалы өлеңге Шəмші аға да разы болды-ау деймін, тіпті, кей тұсына жымиып күліп те алды. Сосын: – Өзің жаздың ба? деді маған да ұнай бастаған қарлығыңқы даусымен. Сол дауыс əлі күнге дейін құлағымда тұр. – Жоқ, – дедім, – Есенғали деген ақын бар Алматыда. Соның өлеңі. Сіз туралы болған соң кітабын əдейі үйден əкеп, оқып беріп жатқаным ғой. – Пейіліңе рахмет, айналайын. Жақсы ақын екен, менен сəлем айтарсың. Жадап-жүдеп жүрген адамға жылы сөз де ем, жылы лебіз де шипа. Шəмші аға сол жолы Есенғалидың өлеңін тыңдап бір марқайып қалды. Бір қызығы, мен бұл жайлы Есенғалиға осы күнге дейін айтқан емеспін. Ағалап барып, айтайыншы-ақ

15

www.egemen.kz

дейсің. Бірақ Алатаудың баурайындағы бағасы қымбат маңғаз үйлер сияқты маңына жолай алмайсың. Бірақ, мен үшін ең бастысы, Шəмші аға өзі туралы жазылған жақсы өлеңді өзінің көзі тірісінде тыңдап кетті мына жалған дүниеден.

ШƏМШІНІЅ БАТАСЫ Жақсылық аға екеуміз ақылдаса келіп газеттің соңғы бетінің бір бұрышын «Жауқазын» деген атпен балаларға арнағанбыз. Оны өлең, тақпақ, əңгіме, ертегі, жаңылтпаш, сурет сияқты дүниелермен «толтыратын» мен. Бірде екі-үш күн жоқ боп кеткен Жақаң мен Шəкең екеуі олжалы оралған аңшылардай қуана кеп тұр. Жақаңның жақсы қасиеттерінің бірі, өзіне берілген еркіндікті уақыт өлтіруге емес, газет мүддесіне, оқырман пайдасына жұмсаушы еді. – Бұл жолы Шəкең екеуміз сенің «Жауқазыныңды» да ұмытқан жоқпыз, – деді Жақаң қулана жымиып. Ол кісінің бір ауылдан жас жазушы, ақын, суретші немесе композитор «тапса», өстіп қуанып келетін əдеті. Шəмші аға екеуі, жүргенге жөргем ілінеді дегендей, ел аралап жүріп бұл жолы Мақсат деген «композитор» баланы тауып кепті. «Композитор» дегенді тырнақшаға алып отырған мен, ал Шəкең мен Жақаң болса «бала Бетховенді» кездестіргендей шатшадыман еді. Тапқан таланттарын тамсана мақтап болған соң газет суретшісіне əннің нотасын түсіртіп, баспаханаға «клише» құйдыртты. О кездегі баспаханаларда «клише» деген болатын. Сөзін сүйкектетіп Жақаңның өзі жазып шықты. Тұсаукесер лебізін Шəмші аға түйіндеді. «Жауқазынға» жарқ ете қалған сол дүние мынау еді. «Жолың болсын, жас ұлан! Өмірде жастайынан əн-күй шығара бастаған адамдар аз емес. Оған бірнеше мысал, дəлелдер келтіруге де болады. Жолым түсіп Мақсаттың үйіне бара қалып едім, өзінің төртінші, бесінші кластарда оқып жүрген кезінде шығарған бірнеше əндерін домбырасына қосылып орындап бергені. Бұлар оның музыкалық қабілетінің зор екендігін аңғартты. Мақсат қазір Жамбылда, 6-класта

оқиды. Осы құйтақандай кезінің өзінде оннан астам əн шығарған жəне олар көңіл толарлықтай, жүрекке қонымды болғандықтан əндерінің біреуіне ақын Жақсылық Сəтібековке сөз жаздырып, Мақсатқа сəт сапар тілеп, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Шəмші Қалдаяқов, композитор».

ЎСТАЗЫМДЫ ЖАЌСЫ КҐРЕМ БƏРІНЕН... Сөзін жазған Жақсылық Сəтібеков, əнін шығарған Мақсат Жанқұлиев. Адамзатқа сəулесімен көкте күн, Сыйлайды екен өмірдің шын көктемін. Күн нұрындай аямайтын шуағын, Маған ыстық көрінеді мектебім. Қадір тұтар алтын ұя – мектебін, Мектебінің абыройға жеткенін. Ойлайтұғын, жақсы оқитын ылғи да, Мектебімде достарым да көп менің. Көңілі – аспан, əрі мөлдір, əрі кең, Ұстазымды жақсы көрем бəрінен. Сондықтан да қуантамын мен оны, Өзіне арнап жазған тұңғыш əніммен. Бұл – 1988 жыл болатын. Бірақ мезгіл жаз ба, қыс па, күз бе, көктем бе, есімде қалмапты. Сол Мақсат баланың бүгінде қайда, нендей кəсіптің соңында жүргенінен бейхабармын. Композитор болды ма, əлде басқа мамандық иесі атанды ма, ол да жұмбақ. Бірақ, ең бастысы, ол – бала кезінде анау-мынау емес, ең ұлы сазгерге əнін тыңдатып, ақ батасын алды. Бұл ешкімнің басына қона бермейтін бақ.

АРАЌТЫ... «ЖЕРЛЕУ» Қазақтар мен дүнгендер аралас тұратын Жалпақтөбеден өткен сайын ұзын жолдың Талас өзеніне қарай бұрылатын иініндегі тамға көзім түседі. Жақаңның «Біздің Шəкең Дунгановкадан қатырып үй соғып жатыр...» дейтін үйі осы. Бітіре алмай кеткесін, біреу сатып апты. Бірде алматылық кəсіпқой фототілші Асылхан Əбдірайымовты ертіп апардым. Суретке түсіріп алды. Міне, содан бері оншақты жыл тағы да зулап өте шығыпты. Жақында сол үйді Шəкеңнің досы, дүнген азаматы Илья Гашизов екеуміз сыртынан барып көрдік. Шəкеңнің өзін

алтынның қадірі жоқ», деген рас екен. Қадірін білмедік қой. Шəкең жарықтық: «Илья, сенің үйіңе мені іздеп əлі талай адам келеді», деуші еді. Осы күні қайран қалам, айтқаны айдай ақиқатқа айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Шəкең туралы білгісі кеп іздеп кеп жатқан адамдар көп. Бəрі: «Шəмші қандай еді?» деп сұрайды. «Тұтынған заттары бар ма?» дейді. Тіпті, көзіндей көріп жүреміз деп «Жигулиінің» ескі темір бөлшектеріне дейін алып кеткендер де болды. Илья аға қатты күрсінді. Шəмші екеуі танысқан кезді есіне алды жыламсырап. Ілекең ол кезде Талдықорған облысындағы Панфилов ауданындағы ішкі əскер қызметінде жұмыста екен, əкесі қаза боп елге кепті. Елге келсе үйінде Шəмші жүр дейді. Анасы көп бала тапқан алтын құрсақты кеңпейіл кісі, сол балаларының біріндей ғып Шəмшіні де бауырына басқан. – Шəкең қалап кеткен іргетас пен гаражды өзім-ақ сатып алсам ба деп ойлағам о баста. Бірақ ақшам болмады. Өйткені, бұл үй мен үшін өте ыстық. Оның үстіне Шəкең үйінің іргетасын қалауға, гаражын салуға Осман деген інім көп көмектесті. Əлі есімде, бірде Шəкең маған үйінің іргетасының күнбатыс жағын көрсетіп «мына жерде арақ бар» деді. Сөйтсем, өзіне көмектесіп жүрген Əуез деген жігітке екі бөтелке арақ алдырып, «мен арақпен қоштастым» деп өз қолымен жазып, əлгі арақтарды іргетастың астына өз қолымен терең ғып көміп тастапты. Əзілқой еді ғой жарықтық, «арақпен біржола қоштасып, жерлеп тастадым» деп, күлетін. Сосын іргетастың басқа бір шетін нұсқап, «мына жерде менің суретім салынып, аты-жөнім жазылған мəрмəр тақтайша көмулі жатыр» деді. Оны да Шəкеңнің жанкүйерлері жасатып берген сияқты. «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген. Бір замандарда жердің бетіне шығып, тауып алған адамдар болса «е, кезінде дүниеден осындай азамат өткен екен ғой десін» деп қояды тағы да қалжыңға бұрып. Міне, қазір солар мына үйдің іргетасының астында жатыр... Илья ағаның жүзіне қарасам, сазгер қолының таңбасы қалған үйді қимағандай көңілі қатты құлазып тұр екен.

Жалпақтөбе ауылының іргесіндегі Солнечный кентіндегі №34 мектепке Шəмшінің есімін беруді жалықпай сұрап жүрген бір жақсы адам бар. Ол – Сара Манкизқызы Даузова деген дүнген қызы. Солнечныйдағы ұлттар мен ұлыстардың бір топ өкілдері қол қойып, қолдаған өтініш пен қажетті құжаттардың бəрін ол Тараз қаласының əкімі Нұржан Календеровке тапсырыпты. «Шəмші аға кезінде біздің үйдің де қонағы боп, қолымнан шəй ішіп еді», деген Сара енді оң шешімді ғана күтіп отыр. Сонымен бірге, бір қауым елдің Шəмші Қалдаяқовтың «ақырғы аялдамасы» болған гараж қасындағы іргетас үстіне тұрғызылған үйді қазіргі қожайынының келісімімен сатып алып, ұлы композитордың музей-үйінің дүниеге келуіне бас болса деген игі тілегі де бар. Ол музей үй – Шəмші əндерінің елімізде дəстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан кезекті бір республикалық фестивальға тарту болса, тіпті, нұр үстіне нұр болар еді. Демек, соңғы сөз, дұрыс шешім өнерді де, өнер иелерін де құрметтей білетін білікті басшылардың құзырында. Музей мəселесі – мəдениет пен руханиятқа демеуші боп жүрген меценаттардың да қолынан келетін шаруа. Ал жақсы іс жедел қолдау тауып жатса, республика халқынан сүйінші сұрауға біз дайын. * * * Əңгімені тойханалардағы əннен бастап ек қой. Сол тойдың төріндегі ығай мен сығайлар Шəмші ағаның «Дүнген қызына» қол соғып отырған кезде менің ойыма Жалпақтөбедегі Шəмшіден қалған «үй» оралады. Көнетоздау гаражы есіме түседі. Шəкеңнің машинасына ғана емес, өзіне де баспана болған қасиетті құтхана да бұзылып кетпесе екен деп қамығамын. Өйткені, ол да тарих қой. Еуропалық зиялылар кезінде Моцарттың моласын да таппай қап, қапа болған жоқ па? Оған қарағанда қазақтың Шəмшісінің артында үй де, ұрпақ та қалды емес пе? Ес болатын еңсегей бойлы ерлері ше?!. Елі ше?!. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы. ––––––––––––––

Суреттерде: Ш.Қалдаяқов; ақын Ж.Сəтібеков пен сазгер Ш.Қалдаяқов; И.Гашизов деген қария осы кісі; Ұлы сазгер іргетасын қалаған жерге тұрғызылған үй.


16  Қазақстан қалалары

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Тарихшыларымыз Тараз атауының Талас сөзінен шыққанын баяғыда-ақ дəлелдеген. Шынында, іргесінде арқырап ағып жатқан Талас өзені мен тіршілігі қайнап жатқан көне қаланың арасында бір жақындық, байланыс болмауы мүмкін емес. Былайша айтқанда, Талас пен Тараз – егіз. Бірақ, неге екенін қайдам, өткен ғасырдың 50-60-жылдары осы шаһардың бас жоспарын жасаған сəулетші мамандар дария мен қария қаланың

С

2014 жыл

з а р а Т арасын алыстатып тастаған. Сонау Ленинградтан келген мамандарды өзеннен бұрын өндіріс мəселесі қатты қызықтырған болуы керек, əйтеуір, сол жылдары Таластың бойынан көптеген зауыт пен фабрикалар тұрғызылды. Сөйтіп, əпəдемі өзен қала өміріне ешқандай да сəн бере алмай, араларын алыпалып ғимараттар бөліп тастады. Осы мəселе облыс басшыларын қатты ойландырғаны анық. Өзіңіз қараңызшы, Талас пен Тараздың қатар жатуы бұл Алланың адам баласына берген сыйы ғой. Əлемге əйгілі ірі қалалар, Мəскеу,

 «Егеменге» елден келді

Банкноттар сенімсіздік туғызады Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Ақ телефон шылдыр ете қалды. Тұтқаны көтергенде арғы жағынан жасы егделеу тартқан ер адамның дауысы естілді. – Маған «Егемен Қазақстанның» облыстағы тілшісі керек еді, – деді ол кісі. – Іздеген адамыңыз тыңдап тұр, айта беріңіз, – дедім мен. Мен сізге Саралжын ауылынан телефон соғып тұрмын. Аты-жөнім – Бейсенғали Жабасов. Зейнеткермін. Мұндағы əр шаңырақ «Егеменді» жаздырып алдырады десем қателеспесім анық. Басылымда «Ұлттық банк хабарлайды» деген үлкен тақырыппен материалдар беріліп тұрады ғой. Осы айдар бойынша бəріміздің көңілімізді алаңдатып жүрген мəселеге қатысты түсініктемелер мен мəліметтер берулеріңізді сұраймын. – Ол қандай мəліметтер еді, Бейсенғали аға? –дедім мен телефон қоңырауының иесіне. – Мəселенің мəнісі мынада. Біз тым шалғайда жатқан жұртпыз. Айтайын дегенім, соңғы кезде қолданыстағы теңге банкноттарының кейбірінің айналымнан шығып қалғандығы немесе таяу арада шығатындығы жөнінде алып-қашпа əңгімелер ауыл тұрғындары арасында жиі естіліп жүр. Оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? Ақ-қарасын ажыратудан қалып барамыз. Мысалы, бүгінде ақша айналымында 1000, 2000, 5000 жəне 10 000 теңгелік банкноттардың бірнеше нұсқадағы түрлері қатар қолданылып жүр. Əсіресе, əртүрлі дизайндағы, əртүрлі пішін мен көлемдегі 1000 теңгелік банкноттар жөнінде алып-қашпа əңгімелер көп. Таяуда Күлтегін жазбасы бейнеленген оның жаңа дизайндағы түрі айналысқа енгізілді. Соған байланысты осы банкноттың бұрынғы түрлері енді қолданылмайды екен деген сыбыстарды да естіп қалып жүрміз. Бұған не сенерімізді, не сенбесімізді білмей дал болдық. Сөйтіп, мұндай банкноттарды жұмсаудан немесе кері қолға қайтарып алудан біртүрлі сезіктеніп тұратын күйге жеттік. Сондықтан да, əлгі өзім айтқанымдай «Егемен Қазақстан» бетінде тиісті түсініктеме берулеріңізді өтінеміз. Тағы да қайталағым келеді. Ел газеті «Егеменде» «Ұлттық банк хабарлайды, түсініктеме береді» деген айдар бар. Жауапты соған салса жетеді. Артық ештеңенің қажеті жоқ. Бізді толғандырып жүрген мəселе осы, деп аяқтады сөзін ауыл ақсақалы. Əлбетте аманатқа қиянат жасауға болмайды. Осы ойдың жетегімен жоғарыдағы жолдарды «Егеменге» жолдауды жөн көрдік. Мұндай көрініс тек Саралжын ауылында ғана емес, өзге өңірлерде де кездесіп қалуы əбден мүмкін емес пе? Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылы.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

30 сəуір

ДЫҚ Н А С ЫР

www.egemen.kz

Санкт-Петербург, тіпті өзіміздің Астанамыздың да ажарын қақ жарып ағып жатқан өзендер ашып, көркін асырып отыр емес пе? Міне, осы олқылықтың орнын 2010 жылы бекітілген Тараз қаласының бас жоспары толтыратын болды. Облыстық сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Ахметовтің айтуына қарағанда, келесі жылы Талас өзенінің бойынан, яғни Таразға Алматы қаласы жағынан кіретін қақпа маңынан жаңа ықшам ауданның құрылысы басталмақ. Дəл қазір жаңа үйлер

түсетін орынның жерлерін мемлекеттік қажеттілікке байланысты шаруашылықтардан сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Ол мақсатқа 100 миллион теңгедей қарастырылыпты. Əрине, жаңа аудан өзіндік келбетімен ерекшеленіп, ол үшін сəулет өнерінің соңғы жетістіктері пайдаланылатыны айдан анық. Басқарма басшысынан əзірге білгеніміз, бұл ауданда 9 қабатты 28 үй тұрғызу жоспарланып отыр екен. Ең ерекшелігі, өзеннің бойынан биік үйлерді қалқитып тұрғыза салмай, осы маңнан үлкен саябақ ашылып,

Талас пен Тараздың тіршілігі біте қайнасып жататын болады. Көктемнің көркі ерекше ғой. Осынау көкпеңбек дүниені адамдардың тазалығы мен мəдениеті тіптен шырайландыра түседі. Тал-дарағы мол, көшелері кең, тазалықты негізгі міндеті деп санайтын Тараздың қазіргі келбетін көріп тынысың ашылады. Əйтсе де, сəулетші мамандардың айтқанына сенсек, көне қаланың көркі мен бағының бұдан да ашыла түсетін сəті əлі алда. Жамбыл облысы.

Суреттерді түсірген Ағаділ РЫСМАХАН.

 Өнер «Музыка шексіз əлем» орталығының жетекшісі Оспан Сүлейменұлы «Егеменге» еріккеннен бас сұқпайды. Газетіміздің тұрақты авторы əрі өнер жанашыры редакцияға үнемі жағымды жаңалықты жеткізуге асығады. – М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында №1 Балалар музыка мек-

т.с.с. дəстүрлі музыкалық аспаптарда өнер көрсетіп жүрген өзге ұлттың өкілдері аз ба? Сондай тағы бір жанмен таныстырғалы келген болар деген ойымызды бөліп жіберіп, сөзін ары қарай жалғастырды. – Осы ансамбльдің құрамында Германия елінен арнайы келген Розе-

Ќобызєа ќўштар Краузе

Халќымыздыѕ дəстїрлі музыкалыќ аспабына неміс Роземаридіѕ ќўштарлыєын оятќан не ќўдірет? Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

тебінің 1 Мамыр – халықтар достығы мерекесіне орай «Аяулы Астанам» атты жылдық есеп беру концерті өтті. Мұнда ұлт-аспап тар оркестрі К.Күмісбековтің «Музыкалық эскиздер» жəне Гро на дастың «Испан биін» орындады. Мəдениет қайраткері Ш.Қор ған бекова жетекшілік ететін ұжымның өнеріне көрермен ризашылығы шексіз. Домбырашылар, жетігеншілер ансамбльдері, əсіресе, халқымыздың қасиетті көне аспабының бірі – қыл қобызда орындаушылар ерекше əсер қалдырды. Қорқыт атамыздың күйін орындаған 12 оқушыдан тұратын ансамбльге белгілі қобызшы Раушан Оразбаева жетекшілік етеді, – деп сөзін бір қайырып алған музыканттың бізге айтатын əңгімесінің қызық жеріне əлі жете қоймағанымызды іштей сезіп отырмыз. Содан кейін: «Мынаны компьютеріңізге көшіріп алыңызшы» – деп таспаны қолымызға ұстата салды. Мұндағы суреттермен танысып шыққанымызда, ішінен сыртқы бет-пішімі қазақ деуге келмейтін өзге бір ұлттың өкілін көзіміз шалды. Еуропалық кескін-келбеті орыс шығар деген байлам жасатты. Бүгінде домбыра, қобыз

70

мари Краузе ханым қыл қобызбен өнер көрсеткенде, бейтаныс қонақтың шеберлігіне бəріміз таңғалдық. Алғашқыда бұл кісіні кешегі кеңес тұсында Германияға бізден қоныс аударған жерлестеріміздің бірі шығар деп топшылағандықтан, онша мəн бере қоймаған жұрт соңынан керемет бір жағдайға тап болды, – деп бізді одан əрі білмекке жұтындырып қойды. «Сонау Германияға біріншіден, қобыздың үні қалай жетіп жүр? Екіншіден, өзі неміс бола тұра Краузе ханым Қорқыт бабамыздың күйіне соншама қалай ғашық болып қалған? Турасын айтқанда, қыл қобызда ойнау екінің біріне бұйыра бермейді. Бұл халқымыздың ең қасиетті де киелі аспабы саналады. Сондықтан мұны ол қалай үйренген, одан кейін басы бүтін сол аспапты таңдауының сыры неде?» деген сансыз сұрақ сананы сабалай жөнелді. Сұхбаттасымыз ойымызды ұғып қойғандай. «Ертеңіне мен бұл кісімен əде йі іздеп барып таныстым» деп естігеннен гөрі, көргенді айтуға нық бекінді. «Германиядағы Ерланген қаласы тұрғынының негізгі кəсібі дəрігер, терапевт-психолог екенін естігенімде одан бетер көп нəрсені біле түскім келді», – деді О.Сүлейменұлы. Оның

айтуынша, Роземари Краузе интернеттен өзінің жанына жайлы музыка аспабын іздеу арқылы біздің ұлттық аспаптың құдіретіне көз жеткізіпті. Алғашқыда Мысыр елінің музыкалық аспабы дауысына құлақ түріп, соны тауып алып үйренеді. Бірақ, біртебірте оған деген ынтасы азая бастайды. Əсер етпеген дыбыстан тез жалығады. Мұнан кейін жанына түріктің сырнайын серік етіп көреді. Біраз уақыт мұнымен сырлас, мұңдас болған жан бірде адамның ішкі түйсігінен асқан сезім жоқтығына көз жеткізеді. Тағы да бағын интернеттен сынап көруге бел буады. Жанына жапырақтай жылы тиетін жайлы, жұмсақ дыбыс іздеуге кіріседі. Кенет бұрын-соңды үнін еш жерден естімеген бір əуеннің сиқырына балқып, лезде байланып қалған ол мақсатына жеткенше мазасыз күй кешеді. Технологияның дамыған заманында интернет дегеніңіз асқақ арманыңызды жаныңызға əкеліп байлап қоятын мүмкіндік емес пе? Сол арман осы аспаппен бірге көкірегіне шуақ орнатқандай. Əуелі ғаламтор арқылы бұл үннің ерекшелігін анықтап алғысы келеді. Мұнан кейін қобызды іздей келе, ол аспап Қытай елінің Үрімші қаласында тұратын ұйғыр шеберінің жасаған аспабы

жылдыќќа арналєан Жеѕіс саєаты

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық ішкі саясат басқармасы 1941-1945 жылғы соғыстың аяқталуының 70 жылдығына арналған 100ге жуық əртүрлі бағдарлама, шара лар өткізуді жоспарлап отыр. Биыл

ауыл-қалаларда тұратын соғыс ардагерлерінің пəтерлері жөнделіп, əрбір қатысушы мен соғыс мүгедегінің жеке есеп нөміріне 69 АЕК (127 788 теңге) көлемінде бір реттік материалдық көмек берілмекші. Облыс орталығындағы «Ардагерлер сая бағы» мен соғысқа қатысқан ардагерлердің

екендігін біледі. Оған тапсырыс берген Р.Краузенің үш айдан соң сол ойы жүзеге асады. Аласұрған көңілі шалқар айдынға бөленген шебер керемет үнді аспаптың қолына түскендегі сəтін айтып тауыса алмайды. Сүйіп қалаған аспапта ойнауды мұрат тұтады. Үйренеді. Алайда, интернеттен алған əсер бөлек те, өзі тартқандағы күй одан мүлде басқа сияқты. Сөйтіп жүрген уақытта, Австрияның Грац қаласында қыл қобызшы Раушан Оразбаева жеке концертін береді деген хабарды құлағы шалып, арнайы іздеп барып жолығады. Танысады. Содан бастап, қыл қобызды тоқтамай тартып жүреді. Австрияда, Германияда ұстазымен кездескен сайын одан дəріс алуын ары қарай жалғастыра береді. Өткен жылы тіпті сол үшін Алматыға ұшып келіп, 2 апта тағы да оқып қайтқан екен. Міне, ізденіс неге жеткізеді? Биыл өз өтінішімен Астана қаласында өткен №1 Балалар музыка мектебінің есеп беру концертінде өнер көрсетіп, қыл қобыздың кереметіне бас игізген қонаққа мұнан кейін не дейсіз? Неміс қызына рахмет. Жұрттың санасын улаған ескіліктің сарқыншағы деген желеумен көзін жойып жібергісі келген кеңестік саясаттың сумаңдаған қылышынан

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

АСТАНА. ––––––––––––––

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

аты-жөні жазылған тақта қайтадан қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Махмет Қайырбаев, И.Кри венко, И.Корнеев, И.Ледовский, С.Маковский, И.Скля ров, И.Сиренкоға арналған кештер, «Майдан жолы» патриоттық шарасы мен «Жеңістің 70 жылдығына арналған хронологиялық сағат» орнату жоспарлануда. ПАВЛОДАР.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

талай мəрте мойны кесілмей қалған құндылыққа құрмет көрсете білгені үшін. Ұлттық музыкалық аспабынан, байырғы дəстүрінен қол үзіп, мойны батыстың баянсыз жылтырағына бұрыла бастаған кейбір жастарымызға сол елдердің өзі біздің рухани байлығымызға бас иіп, бағынып жатқанын дəлелдеп бергені үшін. Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, мəдениет қайраткері Раушан Оразбаевамен əңгімелескенімізде, сол сөздерді растап берді. «2012 жылы Австрияның Грац қаласында қызым Тоғжанмен қобыз күйлерінен концерт бергенім есімде. Концерттен соң қасымызға Роземари есімді əйел келіп: «Қобыз үйренгім келеді, қобыздың үні менің жүрегімді қозғап, ішкі рухымды оятты» деді. Мен, əрине, үйретейін деп ниет білдірдім, себебі, қобыздың үнінде расында да адамның жүрегін емдейтін құдіретті күш бар. Мен оған біраз сабақ бердім. Алматыға да келіп менен көп нəрсе үйреніп тұрды. Жыл сайын өзім Германия мен Австрия жұртшылығы алдында өнер көрсетемін. Ондағы жұрт мені тағатсыздана күтеді. Ал енді, міне, дəмтұз бұйырып Роземари елордаға атбасын тіреуде. Ол менің « Аққу» атты шығармашылық жеке концертімнің сəтті өтуіне шексіз үлес қосқан жан. Оның үстіне ұлты неміс бола тұра қыл қобызды айрықша құрмет тұтқан осы бір ғажап тағдырдың шəкірттеріммен бірге ансамбльде өнер көрсетуі мен үшін өте қуанышты жағдай. Роземари Қорқыттың күйлерін шалқар сезіммен ойнайды. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс» деген ұстаз Астанаға келгелі сегіз айдың жүзі болып қалғанын, осы мерзімде №1 Балалар музыка мектебіндегі қыл қобыз класы бойынша ансамбль құрып үлгергенін айтты. Қобыз ұстаған Краузе жүрегін майдай ерітіп əкеткен баба күйі неткен құдіретті еді!

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №299 ek

30042014  

3004201430042014

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you