29112013

Page 3

www.egemen.kz

29 қараша 2013 жыл

Бюджетке бейќамдыќ жасаєандар жазаланады

● Тағылым Газетімізде биылғы 30 қазанда жарияланған сұхбатында халқымыздың айтулы актері Асанəлі Əшімов «Алматы ақшамы» газетінде досы Сəбит Оразбаевтың жазғандары жүйелі түрде басылып жүргенін айта келіп: «Жақсы кітап болады. Сəбит Оразбаев – ұлттық өнеріміздің бəріміз мақтаныш етер тұлғаларының бірі», деген болатын. Таяуда сол кітап жарыққа шықты. «ӨМІРДІҢ ӨЗІ – ТЕАТР» аталған кітапта атақты сахна шеберінің өмір, өнер жолындағы өнеге көрген ұстаздары мен тұстастары жайлы тағылымды естелік-миниатюралары топтастырылған. Солардың бір тобы Елбасымызбен кездесулер туралы. Тұңғыш Президент күні қарсаңында актер жазбаларын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Бюджет қаражатын дұрыс игермегендер жауапқа тартылады. Кеше Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов бұл жөнінде тағы да ескертті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Ґнер ќамќоры «Халқым еңбегімді бағалап жатса, одан артық ештеңенің керегі жоқ» Республика Сарайында біраз өнер қайраткерлерінің Елбасымен кездесуі болды. Оған Бибігүл Төлегенова бастаған өнер тарландары катысты. Əсем де кең ғимараттың ішінде Нұрекең көзі жайнап келе жатыр екен. Сондай көңіл-күйі жақсы, бəрімізбен ерекше ықылас көрсете амандасты. Кейбір əртістердің мұң-мұқтажы болады, соны тыңдайын деген шығар. Бірауық бізбен оңаша қалып, уақытының аздығына қарамастан, біраз əңгімелесті. – Нұреке, осы Сарайдың ішінде сізді Президент сайлағанбыз. Осы Сарайдың ішінде сіз Көк туды ерніңізбен сүйгенсіз. Сізді асығыс дейді, кішкене отырайық та, – дедім мен. – Өте дұрыс айтасың. Кім мені асығып жатыр деген? Асықпаңыздар, ойларыңызды айтыңыздар, – деді Елбасы. Сол жерде жанындағы жампоздар маған бір өтініш жасады. – Сəбит аға, Нұрекеңді қаһармандыққа ұсынып отырмыз. Парламент те, бүкіл халық та қолдап жатыр. Соны сіз де бір ауыз айтсаңыз, – деді. Мемлекет басшысының арғы жағында Бибігүл Төлегенова, бергі жағында мен отырғанмын. Нұрекеңе қаратып: «Елбасы өз халқына алтын діңгек, Қадірін, қасиетін халқы білмек. Қарғаның қарқылдайтын əдеті ғой, Қыранның аспандағы даңқын күндеп», – дегендей, жасалып жатқан тіршілікті көзбен көріп отырмыз, қаншама игі істер болып жатыр. Елдің абыройы көтеріліп, дүниежүзілік деңгейге жетіп отыр. Осының бəрінің басы-қасында өзіңіз жүрсіз. Халқыңыз болып құрметті атаққа ұсынып едік, қарсылық білдіріп, бізді ұялтып тастадыңыз. Енді осы жолы қарсылық

білдірмеңіз. Мен бұл өтінішті ақсақал ретінде, елдің атынан айтып отырмын, – дедім. – Шынымен айтасың ба? – деді. – Шынымен айтып отырмын, – дедім. – Мұның маған қажеті жоқ. Маған қажеті – халқым еткен еңбегімді бағалап жатса, одан артық ештеңе керек емес. «Халық Қаһарманы», «Еңбек Ері» деген атақ еңбек адамдарына берілуі керек, – деді.

Кəріліктің де дəрісі бар екен... Өтіп бара жатқан жылдың басында Президент өнер адамдарымен арнайы кездесу өткізіп, екі сағат əңгімелесті. Мемлекет басында отырған, əрбір минуты санаулы адамға осынша уақытты бір салаға арнау – өте сирек ұшырасатын жағдай. Бұл да Елбасының ұлттық өнерімізге, ата дəстүрімізге деген қамқорлығы болса керек. Келіп жағдайымды сұрады. – Қалай, Сəке, жақсысың ба? – деді. – Шүкір Құдайға. «Көбелектің кəрісі жоқ, кəріліктің дəрісі жоқ» деген ғой бұрынғылар. Жоқ, кəріліктің де дəрісі бар екен. Кəріліктің дəрісі – сіздің өнер қайраткерлерімен дидарласқаныңыз. Бұдан артық бізге дəрінің керегі жоқ, – дедім. Кездесу əсерлі өтті. Жігерленіп шықтық.

Асанəлінің əзілі Бұл жолғы кездесуде жастар көп болды. Ақыны бар, əнші-күйші жəне бишісі бар, бəрі келді. Олардың ішінде Абай атындағы опера жəне балет театрында қызмет ететін бір топ өрімдей жас ұл-қыздар бар. Үлкен кісінің өнерге деген көзқарасы (біздің бақытымызға қарай) қай кезде де жақсы ғой. Үнемі қамқорлық танытып жүр. Елбасымыз өз сөзінде Астанада салынған Опера театры туралы айтты.

– Мен Францияның, Италияның, Австралияның, Американың театрларын көрдім. Барлығын көріп-көріп келіп, қазақ өнерінің қара шаңырағы болсын, əн-күйді аңсаған халық келіп мауқын басатын, демалатын киелі өнер ордасына айналсын деген оймен ешқайсысына ұқсамайтын етіп салдырдым. Жақсылықтың нышаны ғой деп жаңа Жолдауымды да сол ғимаратта өткіздім, – деді. ... Кездесу бітті. Елбасымыз орнынан тұрып шетінен амандаса бастады. Асанəлімен, Жексенбек ағамызбен, сосын менімен қол алысты. Асанəліге қарап: – Ай, Асеке, аяғың қалай? – деді. – Жаман емес, – деді. – Сəбит сенің аяғың туралы анекдот айтып жүр ғой, – деді Нұрекең езу тартып. – Ой, мұның көзінше ешнəрсе айтуға болмайды. Баяғыда Елубай Өмірзақов пен Серке Қожамқұлов ағаларымыз жұмысқа келгесін бірі аяғының, бірі белінің ауыратынын айтып, мұңын шағып жатқанда шек-сілеміз қатып күлуші едік. Тура сол басқа келді. Аяғым жүріп келе жатқанда басайын деген жерге дөп түспейді, қас қылғандай, жанамалап барып түседі, – деді Асекең. – Ал енді қазір қалайсың? – Қазір жаман емес, бірақ, жетісіп тұрғаны шамалы. Межелеген жерге жетпей, кері кетіп жүр. Бірақ, жас бикештерді көрсем, табаным ойлаған жерге тарс ете қалады, – деп қарқылдап күлді. Біз де күлдік. Елбасы маған қарап: – Қалың қалай? – деді. – Жаман емес, бірақ, Сіздікіндей емес, – дедім былтырғы сөзімді қайталап. – Түу, сен де қоймайды екенсің, – деді. Сосын сəл кідіріп: – Тағы бір сөзің бар еді ғой, – деді. – Ол біреуі – «Көбелектің кəрісі жоқ, кəріліктің дəрісі жоқ» дегенім ғой. Бірақ,

Бўл – бірлікке бастайтын кїн (Соңы. Басы 1-бетте). Қазақстанның бүгінгі жетістіктерге жету негізін біз халықпен, Конституцияда белгіленген адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны əрі кепілі болып саналатын Тұңғыш Президенттің есімімен байланыстырамыз», дей келе, мемлекеттің даму траекториясына, елді алға жылжытқан мақсаттар шоғырына көз жүгіртіп өтті.

3

Бұл күні конференцияға қатысушылар күн тəртібіне қойылған тақырып бойынша сөз сөйледі. Мəселен, Парламент Сенатының депутаты Владимир Редкокашин «Тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» тақырыбында əңгіме қозғады. Оның айтуынша, ел егемендігін алған жылдардан бері мемлекеттің барлық салаларын реформалау жұмыстары жүргізілген. Ал жаңа экономикалық

қатынастарды қалыптастыру, басқару, бюджет, кеден жүйелерін жандандыру, руханимəдени, ғылым-білім салалары бойынша жүргізілген саясатты өзгерту жаңа бастамаларды қажет еткен. Ол: «Мұндай бастамалар тез шешімді талап етті. Елбасы тиісті Жарлықтарға қол қойып, қоғам мен мемлекеттің жаңаруына ықпал ететін бастамалардың жүзеге асуына жол ашты. Мəселен, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданбай тұрып, өте қысқа мерзім ішінде Мемлекет басшысы 140-тан астам Жарлыққа қол қойды. Бұлардың барлығы экономиканың дамуына, банк секторының, нарықтық заңдылықтардың қалыптасуына, шетел инвестициясының тартылуына, табиғи ресурстардың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік берді», деді өз сөзінде. Бұдан кейінгі кезекте сөз алған жазушы, Парламент Мəжілісінің депутаты Алдан Смайыл Тұңғыш Президент күні айтулы мереке саналатынын айта келе, оның көпэтносты Қазақстанның қалыптасуына арналғанын атап өтті. «Бұл – біздің көптеген ғасырлардан бері қарайғы қолымыз жеткен тəуелсіздіктің мерекесі. Бұл біздің бүгініміз бен ертеңіміздің мерекесі. 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау өткенін білесіздер. Президент шын мəнісінде халықтың Президенті болып, өзінің тағына отырды. 10 желтоқсанда Президент халыққа ант берді. Онда: «Мен Қазақстан Республикасының

Сізбен кездесу біздер үшін – дəрі» деп айтқанмын, – дедім. – Е, мұның өте дұрыс, – деді.

...Əнге қосылып, шырқап кетті Астананың 10 жылдығында Президент тің мəдени орталығында талантты ақын Несіпбек Айтұлының «Бəйтерек» деп аталатын поэмасы бойынша дайындалған қойылым көрсетілді. Астананың белгілі əртістері қатысты. Мен де қатысып, Жыраудың бейнесін жасадым. Спектакльді көруге Президенттің өзі келді. Қойылымның соңы сценарий бойынша, Елбасының сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың əнімен аяқталды. Міне, ғажап, Елбасы əнге қосылып шырқап кетті. Көрермендердің де, сахнада тұрған əртістердің де делебесі қозып, əнді хорға айналдырып жіберді. Қойылым соңында Нұрсұлтан Əбішұлы алғысын айтып, ризалық көңілін білдірді. Сонан соң сахна жаққа қарап: «Дана бабаларымыздың толғауын айтқан Сəбең, Сəбит Оразбаев – театрда елу жылдан астам қызметте келе жатқан ақсақалымыз. Біз Сəбеңмен отыз жылдай араласып, сырласқан жандармыз. Жастық шағымызда тауға да шықтық, күннің батысынан таңның атысына дейін əн шырқадық. Өткен өмірде жақсы сəттерде, қиындық кезеңдерде де бірге болдық. Құдайға шүкір, Сəбең сақал-шашы қауғадай болып, ақсақалдық дəрежеге жетті», – деді. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Елбасының қысқа болса да айтқан естелігінен əрі қуат алып, əрі қысылып қалдым. Төбем көкке жеткендей сезіндім. Шынында да, Елбасымен бір заманда өмір кешу мен үшін зор мақтаныш еді... Сəбит ОРАЗБАЕВ. Президенті ретінде қазақ халқының қолы үш ғасырдан кейін жетіп отырған тəуелсіздігін одан əрі нығайтамын», деген еді. Бүгінде Қазақстанды бүкіл халықаралық қоғамдастық мойындады... Жалпы, Тұңғыш Президент күні мерекесі қазақстандықтарды одан əрі топтастыру үшін керек», деді А. Смайыл жиын аясында сөйлеген сөзінде. Ал «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры, саясаттанушы Саясат Нұрбек партия Доктринасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын ілгерілетудегі орнына, Президенттің «Болашақ» бағдарламасының мəн-маңызына тоқталып өтті. «Мен бұл жиынға Елбасының арқасында шетелде білім алып келген жас азамат ретінде қатысып отырмын. Биыл «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл. Сол 20 жыл ішінде осы бағдарлама аясында бірнеше мыңдаған азамат шетелдердің беделді деген оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Бүгінде «Болашақ» деген ұғым кеңінен таралуда. Мұнда Мемлекет басшысының рөлі орасан», деді С.Нұрбек өз сөзінде. Конференция аясында «Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы Елбасының рөлі», «Қазақстандағы нарықтық экономика негіздерінің құрылуы жəне «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» тұжырымдамасы», «Жаңа елорда – Президент Н.Назарбаевтың əмбебап жобасы», «Тұңғыш Президент адам мен Қазақстан азаматының құқығы мен бостандығының кепілі» деген тақырыптарда баяндамалар оқылды. ------------------------------------------Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Отырыста 2013-2015 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті іске асыру туралы қаулы қабылданды. Осы ған орай Үкімет басшысы республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілеріне, облыстардың, Алматы жəне Астана қалаларының əкімдеріне бюджет қаражаттарын уақытылы игеру бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды. Республикалық бюджет бағдарламаларының əкімшілеріне заңнамамен бекітілген тəртіпте қалыптастырылған түзетілген стратегиялық жоспарларды Үкімет ке енгізуді қамтамасыз ету қажет. Үкімет басшысы мемлекеттік органдар басшыларына, министрлерге, облыс əкімдеріне 2013 жылдың бюджетін қалтқысыз орындау қажеттігін ескертті. Оған қоса ол жылдың соңында оның қорытындысы бойынша нақты шешімдер, оның ішінде жауапқа тарту мəселесi де қаралатынын баса айтты. Отырыста қаулы жобасы бойынша Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндады. Бюджет қаражатын жұмсаудың артықшылықтарын анықтайтын бұл құжат бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге жəне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Яғни, 2013 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістерді орындау үшін қабылданған. Министрдің мəліметінше, 2013 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 5 242,5 млрд. теңге

көлемінде немесе ағымдағы бюджетпен салыстырғанда 14,4 млрд. теңгеге өсумен айқындалды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері бекітілген 1 380 млрд. теңге деңгейінде сақталады. Республикалық бюджет шығыстары ағымдағы бюджетпен салыстырғанда 65,6 млрд. теңгеге төмендей отырып, 6 033,4 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр. Е.Досаев сондай-ақ, құжат «Бюджет кодексінің талаптарына сəйкес қалыптастырылғанын, ол жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттердің сомалары, 2013-2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі жəне 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесі бойынша нақтылау кезінде жүргізілген өзгерістерді қам титынын атап өтті. Бұдан өзге, онда «жобада бюджет қара жатын игеруді жақсарту мақсатында бағдарламалар мен кіші бағдарламалар ішінде бұрын жүргізілген қайта бөлулер ескерілді.

«E-Islam» – Ислам ќўндылыќтарын жеткізу ќўралы

Мемлекет басшысы көтерген бастамаларды жүзеге асыру барысы бойынша кеше Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Əзілхановтың брифингі болып өтті. Сондай-ақ, «E-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталы жəне дін мəселелері бойынша кеңес беру мен шағымдарды қабылдауға арналған «Қауырт желі-114» жобасы таныстырылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкімі Алтай Əбибуллаев діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мəселесі Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда жəне бүкіл əлемде өзекті мəселе екендігін айтып өтті. Сондықтан да салт-дəстүрімізге əбден сіңіп, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан дəстүрлі Ислам дінінің құндылықтарын халыққа дұрыс түсіндіріп, жеткізу мақсатында «E-Islam» интернетпорталы ашылып отыр, деді ол. Аталған интернет-портал туралы Дін істері агенттігінің Төрағасы М.Əзілханов жан-жақты əң гімелеп берді. Оның айтуынша, «E-Islam» ғаламтор-порталын Дін істері агенттігі Рухани бірлік қорымен бірігіп жасаған. Негізінен ғаламтор-порталының қызметі еліміздегі дəстүрлі Исламның рухани құндылықтарын, мемлекеттік құрылымның зайырлы қағидаларын насихаттауға, сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алуға бағытталыпты. Тұсауы ағымдағы жылдың 13 қарашасында кесілген «Е-Islam» интернет-ресурсының 7 негізгі айдары бар екен. Атап айтқанда, «Ислам», «Қазақстандағы Ислам», «Ислам жəне зайырлы мемлекет», «Ислам жəне қоғам», «Ислам – ізгілік діні», «Дінаралық үнқатысу» жəне «Мультимедия» болып бөлінеді. Сонымен қатар, 12 қосымша тақырыптық айдарлар да бар көрінеді. Күнделікті жаңартылып отыратын жаңалықтарда ағартушылық ақпараттар, Ислам білімі, ғылымы, мəдениеті туралы анықтамалар беріліп отырмақ. Сондай-ақ, Қасиетті Құран кітабының толық мазмұнымен танысуға, намаз оқу, ораза тұту, зекет төлеудің ережелері мен ерекшеліктері туралы да мол мағлұмат алуға болады. Бұдан басқа, оқырмандар пікірталас алаңында өздерін қызықтырған проб лемалар бойынша ойларын ортаға сала да алады. Дінтанушығалымдардың жеке блогтары орналасқан «Сарапшылар бағаны» əрбір порталға кірушінің сауалдарына жан-жақты жауаптар беретінін де айта кету керек. Порталда кітап қоры жинақталса, қазірдің өзінде мыңдаған кітаптар қотарылып алынғаны белгілі болып отыр. «Е-Islam»

порталының басқа діни сайттардан ерекшелігі – «Діни радикализм қауіптері» мен «Зайырлылық пен діндарлық» атты айдарлардың ұйымдастырылуында», деді Дін істері агенттігінің төрағасы. Тағы бір мəлім болғаны, сайттың алғашқы кезеңінде күнделікті қолданушылар саны 3 мыңға жуық болса, қазіргі кезде күн сайын олардың саны мыңнан кем түспейді екен. Аталған ғаламтор-порталының бас редакторы Жасұлан Əбдіраманов дəстүрлі Ислам дінінің негізгі қағидалары мен қазақ жұртының салт-дəстүрлері арасындағы өзара байланыстар туралы айта келіп, жас ұрпақ санасына дəстүрлі Ислам құн дылықтарын сіңіру арқылы теріс пиғылды діни идеология кеселдерінен сақтау жұмыстарын атқаратын боламыз дегенді ерекше атады. Порталда қазақ жəне орыс тілдерінде теріс пиғылды, жат ағымдардан əрі күмəнді ғаламтор көздерінен сақтандыруға ықпалы тиетін 2 мыңнан аса материалдар қоры жинақталыпты. «Қауырт желі-114» ақпараттықконсультациялық орталығының жұмысы туралы осы орталықтың жетекшісі Юлия Денисенко жанжақты мəліметтер бере кетті. «Қауырт желі-114» орталығы азаматтардан жəне ұйымдардан дін саласына қатысты сауалдар қабылдау жəне оларға кеңес беру үшін, сондай-ақ, теріс діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін құрылып отыр», деді ол өз сөзінде. Ю.Денисенконың айтуынша, «Қауырт желі» Қазақстанның барлық аумағына тəулік бойы қызмет көрсетеді жəне ол тек еліміздегі ғана емес, бүкіл Достастық кеңістігіндегі осындай алғашқы орталық болып табылады. Орталық кешеге дейін қанатқақты режімде жұмыс істеп келгеніне қарамастан, оған түсіп жатқан қоңыраулар мен өтініштер мұндай жобаларға қажеттіліктің бар екенін көрсетуде екен. Жəне де «Қауырт желі» теріс діни ағымдардан зардап шеккендерге жəрдем көрсететін орталықтармен, еліміздің өңірлеріндегі басқа да дағдарыс жəне оңалту орталықтарымен байланыс орнатуда, сондықтан да түрлі мəселе бойынша еліміздің кез келген өңіріндегі мамандармен жедел байланысқа шығудың мүмкіндігі зор көрінеді.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.