29052015

Page 2

2

www.egemen.kz

29 мамыр 2015 жыл

Ўлт жоспары – болашаќќа апарар жол (Соңы. Басы 1-бетте). Бұл ретте тараптар қажетті ақпараттармен алмасу, сұрау салу тəртібі, мемлекеттік шекара ауданында алуан түрлі қауіптердің туындауын болдырмау жəне келісімде көзделген өзге де шараларды қолдануды көздейді. Он екі баптан тұратын Келісім ынтымақтастық нысандары мен қағидаттарын айқындайды. Сондай-ақ, палата «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын да қабылдады. Қазіргі заманғы қауіптер мен сын-қатерлерді əлемнің кейбір өңірлеріндегі əлеуметтік-саяси жағдайларды ескере отырып жəне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты осы келісімнің күшіне енуі Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтерінің өзара тиімді

ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасына қосымша жағдайлар жасайды. Келісімде шекара өкілдері мен олардың орынбасарларын тағайындау тəртібі айқындалады. Бұдан басқа, шекара өкілдері өз қызмет учаскелері шегінде келесі функцияларды орындай алатындығы көзделген: шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алу жөніндегі қажетті шараларды, қару-жарақтың, оқдəрілердің, есірткі заттардың контрабандасына қарсы күрес жөніндегі шараларды қолдану. Сонымен қатар, шекара маңындағы аудандарда шаруашылық жұмыстар мен өзге де қызметті жүргізуде тиісті бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік шекара маңындағы өрттердің, су тасқындарының таралу қаупі туралы хабардар ету мен мемлекеттік шекара режімін ұстап тұруға байланысты мəселелер қамтылған. Сондай-ақ, депутаттар «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы»

заң жобасын қабылдады. Заң жобасының мақсаты еліміз қабылдаған халықаралық міндет темелерге сəйкес Қазақстан Респуб ликасы ұлттық контин гентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысу үдерісін реттеуге бағытталған құқықтық негізін құру болып табылады. Заң жобасымен Қазақстан Республикасы Президен тінің, Үкіметі мен Қорғаныс министрлігінің жəне өзге де мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) құзыреттері белгіленген. Бұл ретте, ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияларға қатысуы туралы шешім қабылдау тəртібі жəне ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияларға қатысуды аяқтауының негіздері регламенттелген. Заң жобасы бойынша баяндап берген Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров депутаттардың сұрағына орай жауабында əлемдегі тартыс аймағына

Ўрпаќ тəрбиесі – басым баєыттардыѕ бірі

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мəжіліс депутаттары, палатаның Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің мүшелері Гүлмира Исімбаева мен Əсима Бимендинаның қатысуымен брифинг өтті. Онда мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту жөнiнде сөз болды. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Алдымен сөз алған Гүлмира Исімбаева балаларды мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамтудың өзекті тұстарын айта келіп: – Бұл мəселені Мемлекет басшысы өз назарында ұстап отыр. Президенттің 2020 жылға дейін балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмасы бар. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы бойынша, 2017 жылға дейін балаларды балабақшамен 80 пайыз қамту көзделген. 2014 жылы балалардың 76,3 пайызын, 2015 жылы 77,7 пайызын балабақшаға орналастыру межеленген еді. Ал Білім жəне ғылым министрлігінің мəліметіне қарасақ, 3-6 жас аралығындағы балалардың 78,6 пайызы мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілген. Бұл партияның тұғыр намасындағы мақсатты индикатордың орындалғанын білдіреді, – деді. Сондай-ақ, Г.Исімбаева осы салада білікті мамандар қатары артып келе жатқанын атап өтті. – Бірінші санаттағы мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің үлесі 2014 жылы 27 пайызды, 2015 жылы 29,2 пайызды құрау керек болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш орындалып отыр. Ал 2016 жылға дейін бұл 31,2 пайызды құрау керек, – деді ол. Депутаттың айтуынша, елімізде 2012 жылдан бері 2000-ға жуық мектепке дейінгі білім беру мекемесі бой көтерген. Алдағы үш жылдың ішінде 27 балабақша салу көзделуде. Сондай-ақ, халық санының өсуіне байланысты мектепке дейінгі мекемелерді бірнеше қабатты етіп тұрғызу əрі оларды шамамен 500 орынға лайықтау қарастырылуда. Жиында белгілі болғандай, қабылданып жатқан ауқымды шараларға қарамастан, балабақшаға деген сұраныс

жобасы екінші оқылымда қаралып, қабылданды. Мұн да негізінен бітімгершілік операцияны өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасы ұлттық кон тин гентінің жұмыс істеуі үшін қа жетті жай қаружарақ пен əскери техникаға экспорт тық бақылауды жүзеге асыру көзделген. Бітімгершілік операцияға қатысқан жағдайда əскери қызметшілерді тамақтанумен қамтамасыз ету жəне бітім гер шілік операциялардан қайтып оралғаннан кейін əскери қызметшілерді санаторийкурорттық емделуге жіберуді қарастыратын нормалар да заң жобасында көрініс тауыпты. Күн тəртібіндегі соңғы мəселе – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау жəне су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу жəне субсидиялау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Кїн тəртібінде Ауєанстан мəселесі Исламабад қаласында Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісіне қатысушы-мемлекеттердің Жоғары лауазымды тұлғаларының жиналысы өтті. Бұл іс-шарада Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Тимур Оразаев өкілдік етті.

Іс-шараға қатысушылар Ыстамбұл үдерісінің одан əрі дамуының, Ауғанстандағы жəне аймақтағы қауіпсіздік саласындағы жағдайдың өзекті мəселелерін, сондай-ақ, аймақтың басымдықтары мен экономикалық сабақтастығы жайын қарастырды. Атап айтқанда, аймақтағы қауіпсіздік мəселелеріне кері ықпал етіп отырған Ауғанстан аумағындағы экстремизм мен лаңкестік проблемаларына орай күзге салым

өтетін Министрлік конференциясының күн тəртібі мəселелерін белгілеуге ерекше көңіл бөлінді. Қазақстандық дипломат, сондай-ақ, жиналысқа қатысушылардың назарын ИГИЛ қатарына əскерлерді жасақтауға жұмсалып жатқан қаржы көзі қандай екені мен оның қозғалысын анықтаудың маңыздылығына аударды. Қазақстандық делегация Пəкістанның Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасының төрағасы Ашгар Наваз жəне Пəкістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Амжад Хуссайн Биалмен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында табиғи апаттардың салдарларын жою саласындағы өзара іс-қимылдар мен екіжақты қарымқатынастарды нығайтудың жай-жапсарлары талқыланды. «Егемен-ақпарат».

Еуразиялыќ интеграция əлеуеті артады Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Онда ҚСЗИ директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова кіріспе сөз сөйлеп, басқосу барысында Беларусь Республикасының біздің елдегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов пен Ресейдің Төтенше жəне өкілетті елшісі Михаил Бочарников өзіндік пайымдарын жеткізді. Сондай-ақ, отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше елдердің өзара əрекеттесуінің өзекті мəселелері, ағымдағы жағдайы, тиімді интеграциялық үдерістерді тежеуші мəселелер, бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы мүмкін бағыттар мен салалар, əрі қарай ынтымақтасу мен ұйымды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Сөз барысында Лейла Мұзапарова осындай отырыстың үстіміздегі жылы екінші рет өткізілгенін, бүгінгі кездесу Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қою күніне бір жыл толуына орай ұйымдастырылып отырғандығын хабарлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық интеграция басталған 2015 жыл тарихта қалады, əлемдік нарықтардың тұрақсыздығы, санкциялау саясаты, əлемнің жетекші державаларының арасындағы сенімнің əлсіреуі əскери-саяси жағдайдың қалыптасу үдерісіне əсерін тигізеді. Біз бұл сынқатерлерді ескердік. Сондықтан

ЕАЭО-ға мүше елдер 21-ғасырдың сын-қатерлеріне жауап беру үшін экономикалық əлеуетін біріктірді деген болатын, дей келе Л.Мұзапарова қазіргі жағдайда Еуразиялық құрлықта белсенді интеграциялық үдерістер жүзеге асып жатқандығын айтты. Бұл тұрғыда Еуразиялық интеграция жобасына жаңа қатысушылар қосылып, ЕАЭО жобасымен қатар «Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты Қытай жобасы жүзеге асырылуда екендігі айтылды. Ал бұл жобалардың дамуына күш біріктіру барлық мемлекеттер үшін өзара тиімді пайда мен анағұрлым кең мүмкіндіктер əкеледі. Сонымен қатар, ол ЕАЭО болашақта жаңа əлемдік экономика архитектурасының маңызды құрылымдық элементі болуы мүмкін екендігін тілге тиек ете отырып, биылғы жылдың экономика мен саяси қарым-қатынастар саласындағы жаһандық өзгерістерге толы тарихи кезеңнің бастау алатын жылы ретінде қарастырылатындығына тоқталды. Келесі кезекте сөз алған Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов қазіргі таңда ЕАЭО Вьетнам елімен еркін экономикалық сауда келісіміне қол қою туралы шешім қабылдағандығын айта отырып, аталған келісім Қазақстанда жасалатындығын жеткізді.

«Ќазаќстан – мїмкіндіктер елі» Миландаєы кґрмеде еліміздіѕ павильоны осылай аталды азаймауда. Қазіргі таңда 540 мың бала балабақша кезегінде тұр. Мектепке дейінгі мекемелер тапшылығы, əсіресе, Астана жəне Алматы қалалары, Оңтүстік Қа зақстан, Жамбыл, Алматы мен Маң ғыстау облыстарында анық байқалады. Мəжіліс депутаты Əсима Бимендина «Нұрлы Жол» бағдарламасының, бес институттық реформаның əлеумет тік мəселелерді шешу бағы тындағы рөліне назар аударды. Бұған қоса, ол ТМД елдерінде республикамызда жүзеге асырылып жатқан «Балапанға» тең келер бағдарлама жоқ екенін, атқарылған жобалардың нəтижесінде мектепке дейін білім беру мекемелерінің саны 4 022-ге жеткенін айта келіп: – Елімізде бала туу деңгейі артып отыр. Мəселен, Астанада тəулігіне 70-80 нəресте дүние есігін ашады. Қуанарлық жайт. Бірақ, бұл балабақшалардағы орын тапшылығын туындатпай қоймайды. Сол себепті, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдар құрылысына Ұлттық қордан 20 млрд. теңге бөлінді, – деді.

Кеѕестіѕ алєашќы їкіметтік емес форумы Бейжіңде Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бірінші үкіметтік емес форумы өтті. Іс-шараға АӨСШКге мүше, байқаушы жəне аймақтан тыс мемлекеттердің бас орталықтары, үкіметтік емес ұйымдардың 400-ден астам өкілдері, сондай-ақ, дипломаттары мен жоғары өкілетті саясаткерлері қатысты. Форумның құрметті қонақтарының арасында Ауғанстанның бұрынғы президенті Х.Карзай, Израиль жəне Пəкістанның бұ рынғы премьерлері Э.Барак мен П.Ашраф, бұрынғы сыртқы істер министрлері: Камбоджаның – Н.Сиривуд, Иранның – Ə.Валаяти, Қырғызстанның – М.Иманəлиев жəне Түркияның – Я.Якис болды. Форумға Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев, сондай-ақ, «Интеграция халықаралық қоры» ЖШС президенті С.Терещенко, қазақ-неміс универ ситетінің жанындағы халықаралық жəне аймақтық ынтымақтастық институтының директоры Б.Сұлтанов, Қазақстан Қорғаныс ми нистр лігінің жанындағы «Əске ри-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ президенті Қ.Кəрбозов, «Экономикалық зерттеу институты» АҚ кəсіпкерлікті дамыту орталығы директорының орынбасары С.Кəменова, «Қазақстанның интернет қауымдастығы» ЗТБ прези денті Ш.Сабиров, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Əлемдік экономика жəне саясат институты сыртқы саясат бөлімінің үйлестірушісі А. Нұрша қатысты. Форумның ашылу рəсімінде Қытай Халық Республикасының

өз бітімгершілерін жіберетін 120 елдің арасында Қазақстан 106-шы орында тұрғандығын айтты. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта 16 миссия орындалуда болса, оған 107 мыңнан астам бітімгерші қатысуда екен. «Олардың арасында əскери қызметшілер мен азаматтық адамдар да бар. БҰҰ статистикасына қарасақ, бірінші орында – Бангладеш, екінші орында – Пəкістан, үшінші орында – Үндістан. Біздің елге тоқталатын болсақ, 2013 жылы 20 бақы лаушыға Парламентпен келісім беріліп, қазір олардың арасында алтауы екі мемлекетте Батыс Сахара мен Кот-д’Ивуарда жүр. Сол себепті 122 мемлекеттің ішін де 106-шы орындамыз», – деді Т.Мұхтаров. Жəне де сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мəселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Еуразиялық интеграция: жаңа белестерді ашу жолында» атты сарапшылар талқылауы өтті.

Төрағасы Си Цзиньпиннің жолдауы оқылды. Си Цзиньпин «аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты кеңейту үдерісі аймақтағы дамудың негізгі кезеңі. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық аймақтағы елдердің жеңісінің кепілі болып табылады. 23 жыл ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты жəне өзара түсіністікті тереңдету консенсусына маңызды үлесін қосты», деп атап өтті. Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Юй Чжэншэн «Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы екенін назарға салып, Кеңес Азияда ең ірі географиялық қамтуы мен қатысушылар саны бар жəне жоғары тұлғалы аймақтық қауіпсіздік форумы» екенін атап өтті. Үкіметтік емес форумды өткізу бастамасын 2014 жылғы мамырда Шанхайда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің 4-ші саммиті барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған болатын. «Егемен-ақпарат».

Италияда «Милан ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Мамырдың бірі күні басталған шара қазан айының соңына дейін жалғасады. Ал осындай көрме енді екі жылдан кейін біздің елде өтетіні баршамызға белгілі. Сол себепті де дəл осы Миландағы көрмедегі Қазақстан павильонының ерекше болуы, əлем жұртының назарын аударатындай айрықша тартымдылығы аса маңызды. Өйткені, бұл 2017 жылы Астанада өтетін көрменің қалай өтерінен хабардар ететін, Қазақ елінің көрмеге дайындығының бүгінгі келбетін танытатын бірден-бір шара. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Миландағы көрменің тақырыбы «Ғаламшарды қоректендіру. Өмір үшін энергия» деп аталады. Ал ондағы Қазақстан павильонына жұртшылықтың қызығушылығы зор. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте «Милан ЭКСПО-2015» көрмесіндегі Қазақстан Ұлттық секциясының бас комиссары Əнуарбек Мусин мəлімдеді. «Қазіргі уақытта біздің павильонға күн сайын орта есеппен 4,5-5 мың адам келіп тамашалауда», деді Əнуарбек Мусин. Оның атап өтуінше, үш мың шаршы метрден астам аумақты алып жатқан Қазақстан павильоны «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» деп аталады. Павильонның сыртқы қабаты

еліміздің негізгі ауылшаруашылық дақылы саналатын бидай масақтары түрінде кескінделген. Ал ішкі мазмұндық бөлігі ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, аквамəдениет, экология, егін шаруашылығы жəне жалпы Қазақстанға қатысты таңғажайып деректерге арналған алты аумақтан тұрады. «Пре-шоу деп аталатын бастапқы аймақта құмға салынған сурет арқылы Қазақ хандығының қалыптасуынан бастап тəуелсiздiкке дейiнгi мемлекет тарихы бейнеленедi. Содан соң Астана мен Алматы қалалары туралы бейнероликтер көрсетiледi. Қонақтар фотосуреттер арқылы ауыл шаруашылығы, бiздiң дəстүрлi салалардағы жетiстiктерiмiзбен

танысқан соң, экспозициялық аумаққа келедi. Экспозициялық аумақ 6 тақырыптан тұрады. Сондай-ақ, мұнда «Батырлар бары» орналасқан. Мұнда қонақтарға батырлар сусыны – қымыз ұсынамыз. Дəл осы жерде олардың суретке түсуі үшiн арнайы монитор орнатылған», дедi ол. Павильонның екiншi жартысы екi жылдан соң Астанада өтетiн ЭКСПО-2017 көрмесiне арналған. Мұндағы қара бөлмеде елорданың неон бейнелерiн тамашалауға болады. Павильонның басты шоуы – сфералық кинотеатр. Шоудың əлдеқайда жақсы көрсетiлуi үшiн алғаш рет бiрнеше технологияны бiрiктiрген. Бұл – сфералық

кинотеатрдағы 3D фильмi бар жылжымалы платформа. Бұл фильмде бiздiң елiмiз жайлы сан-қырлы деректер көрсетiледi. Мұның барлығы компьютерлік графикамен əзiрленген. Əнуарбек Мусиннің айтуынша, Милан ЭКСПО-2015 көрмесiнде Қазақстан павильонының болуы елдiң туристiк қорының артуына ықпал етедi. Қазақстан Миландағы көрмеге қатысу дайындықтарын дер уақытында қолға алып, соңғы үш жыл бойы тыңғылықты жұмыстар жүргізгенін атап өткен ол біздің павильонның жалпы бюджеті 17 млн. еуродан сəл астам қаржыны құрағанын жеткізді. Оның атап өтуінше, Қазақстан павильоны ең аз қаржы жұмсалған, сапасы өте жоғары павильондар байқауына қатыса алады. Қазақстан павильонын Германияның «Facts and Fiction» компаниясы құрастырып шығарған. Италиялық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстан павильоны көрме қонақтары ең көп баратын бес павильонның біріне айналып отырған көрінеді. «Павильон жұмсалған қаражаты бойынша өзiн-өзi ақтай ма дегенге келсек, билеттердiң сатылуынан көрмеге ресми қатысушыларға ешқандай пайда түспейдi. Сондықтан, елдiң беделiн арттыру, адамдар Қазақстан туралы бiлуiмен, олардың елге деген қызығушылығының жоғарылауымен, туристiк қордың артуымен өзiн-өзi ақтайды деп сенiмдi айта аламын», дедi Ə.Мусин. Айта кетерлігі, 27 маусымда «Милан ЭКСПО-2015» көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні атап өтілетін болады.

Міндет – отандыќ мазмўнды ўлєайту (Соңы. Басы 1-бетте). – Соған қарамастан кəсіпкерлер тарапынан қазақстандық мазмұнды дамытуға компаниялардың барлығы бірдей қатыспайтыны туралы шағымдар да түсіп жатады. Кейбір тендер жеңімпазының тауарларды қайдан алатыны күмəн тудырады. Мұндай мəселелерді болдырмауүшін біз жергілікті қамтуды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз, – деді облыс əкімінің орынбасары. Бірінші жолы жер қойнауын пайдаланушылардың облыстағы кəсіпорындардың өнімдерін сатып алуына қол жеткізу болып табылады. Талдау көрсеткеніндей, өңірдегі ет-сүт өнімдерін, көкөніс өндірушілер, арнайы жұмыс киімдерін тігушілер, құрылыс материалдарын, металл құрастырмаларын өндірушілер жер қойнауын пайдаланушылармен ойдағыдай жұмыс істеуде. Бұл арада қажетсіз делдалды жою жəне жеткізілетін өнімдер түрлерін көбейту міндеті тұр. Үстіміздегі жылғы ақпан

айында бес ұлттық компаниямен жəне екі жүйе құрушы кəсіпорынмен жалпы сомасы 44,6 миллиард теңге болатын бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі таңда 30,6 мил лиард теңгеге 605 келісімшарт жасалды. Оның ішінде мұнай қондырғылары, металл құрастырмалары, темір-бетон бұйымдары, арнаулы жұмыс киімі бар. Қалған келісімшарттарға тендер өткізілгеннен кейін таяудағы айларда қол қойылады деп күтілуде. Екіншіден, облыста шығарылмайтын жер қойнауын пайдаланушыларға қажетті тауарларды өндіру басталды. Бұл тауарлар өндірістегі мамандардың жоғары біліктілігін қажет етеді. Сəйкесінше, бұл мамандар жоғары еңбекақы алады. Мысалы, «Восход Ориел» ЖШС бұған дейін шахталық бекіткіштерді Австралиядан сатып алып келді, қазір «Каспий Плюс» компаниясымен келісімшарт жасасып, енді солардан алатын болады. Өңірдің ұлттық компания лармен ынтымақтастықта жұмыс істеуінің үлгісі

ретінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ты мысалға келтіруге болады. Үстіміздегі жылы облыста металл прокатын жəне теміржол рельсін шығаратын ірі зауыт салынды. «Қазақстан темір жолы» АҚ зауыт құрылысы басталған бойда рельстерді сатып алу туралы келісімшартқа отырды. Облыс əкім дігі зауыттың сыртқы инфрақұрылымын қамтамасыз етті. Үстіміздегі жылдың жазында зауыт Қазақстан теміржолына рельстерді жеткізе бастайды. Ақтөбе қаласында темір жол темір-бетон шпалдарын шығару көзделуде. Рельс дəнекерлеу зауытын ашу да ойластырылуда. Форум аясында ұйымдастырылған көрмеде облыстың 36 кəсіпорны мұнайгаз жаб дық тары, құрылыс материалдары, су жəне газ құбырлары, арнаулы жұмыс киімдері, жарылғыш заттар, жанар-жағармай, су тазарту жүйесі, мұнай жəне басқа да бақылау жүйесі секілді өнімдер ұсынды. Форум аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС жəне «Игданит» ЖШС арасында əк

жеткізу бойынша, «Восход Ориел» ЖШС жəне «Каспий плюс» ЖШС арасында шахтаға тіреу өнімдерін жеткізу үшін 5 жылға арналған ұзақ мерзімді келісімдерге қол қойылды. Сон дайақ, «Қазхром» ТҰК» АҚ жəне «АРБЗ» ЖШС окалин жеткі зуге, «Қазхром» ТҰК» АҚ жəне «Актобеснабторг» ЖШС-мен жүк көтеретін арқан жəне тор жеткізуге, «Восход Ориел» ЖШС жəне «Каспий плюс» ЖШС бұрғылау ұштықтарын жеткізуге, «Юбилейное» ЖШС жəне «Актобеснабторг» ЖШС арасында шойын торларды жеткізуге жəне «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ пен «Аманат» СКРП» ЖШС арасында химиялық реагенттерді жеткізу мақсатында хаттама жасалды. Барлық келісімнің жалпы құны 3,5 млрд. теңгені құрайды. Аймақтағы ірі компаниялардың қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша сатып алу іс-шаралары тоқсан сайын жүргізілетін болады Ақтөбе облысы.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.