Бїгінгі нґмірде:
№126 (28350) 28 МАУСЫМ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Жаѕа мешітте болды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан жаңа мешітте болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Астанада «Əлем» балетініѕ премьерасы ґтті
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік жəне келісім сарайында өткен бір актілі «Əлем» балетінің премьерасын тамашалады. Бұл – «Astana Ballet» ұжымы репертуарындағы заманауи хореография стилінде қойылған алғашқы бірегей қойылым. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Халықтық жəне заманауи хореографияның классикалық дəстүрлері мен ең соңғы үрдістерін шебер үйлестіре білген «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы Қазақстан Президентінің жеке ұсынысы бойынша, 2012 жылдың күзінде құрылған болатын. «Astana Ballet»-тің атқарушы директоры Валерий Күзембаев бұл ұжым осы уақыттан бері өзінің ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас «бейнесін» қалыптастыру үшін талмай ізденіс үстінде жүргенін айтады. «Бір жылдан астам мерзімде тынымсыз еңбек, Қазақстан мен шетелдегі көрермен алдындағы сəтті өнер көрсетулер ұжымның біртұтас, бір актілі балетті сахна лауға дайын екендігін анық көрсетті. Алайда, біздің
идеяларымызды жүзеге асыратын жəне өзіндік қолтаңбасын енгізе алатын хореографты іздеу ұзаққа созылды. Кейін көркемдік жетекшінің таңдауы мəскеулік қоюшы-хореограф Никита Дмитриевскийге түсті. Ол, біздің пайымдауымызша, қазіргі заманға сай өте тартымды жəне білікті балетмейстердің бірі. Ал қазіргі таңда, біздің ұжым үшін даму, жаңа пішіндерді ойлап табу, өзгеше бағыттарды байқап көру, заманауи би өнерін көрсете отырып, көрерменмен нəзік байланыс орнату, өнерімізге қазақ халқының тек өзіне тəн ұлттық бояуын енгізу маңызды. Біздің негізгі көздеген мақсатымыз, міне, осы. Мұны бір актілі «Əлем» балетінің өне бойынан барынша аңғартуға тырыстық. Бағалау – көрерменнің еншісіндегі дүние», дейді ол бұл турасында.
Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ бўќаралыќ аќпарат ќўралдары саласындаєы сыйлыќтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алєысын жариялау туралы – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі аясында елдің сыртқы жəне ішкі саясатын ақпараттық тұрғыдан жариялап, көрсеткені үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын: «Айғақ» телерадиокомпаниясының шығармашылық ұжымына – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі, əлеуметтікэкономикалық жəне саяси реформаларды кеңінен жариялап-көрсеткені үшін; «Қазконтент» акционерлік қоғамының шығар машылық ұжымына – ұлттық контентті қалыптастырып, ілгерілеткені, Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытқаны үшін; «Коре ильбо» газетінің шығармашылық ұжымына – Қазақстан халқының ұлтаралық келісімін, ұлттық бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін; «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымына – мемлекетаралық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін. 2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 26 маусым. №300
Журналистерге жоєары жауапкершілік жїктеледі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Əділбек Жақсыбеков елдің үздік журналистеріне Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттарын тапсырып, Алғысын жариялады. Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Бекзат ґнер
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының елдің экономикалық, əлеуметтік, саяси жаңғыруын ақпараттық қамтамасыз етудегі зор рөлін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін: Срайыл Смайылға – «Жас қазақ» газетінің бас редакторына – отандық журналистиканы жəне ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; Лев Юрьевич Тараковқа – «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторына – тəуелсіз Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамытуға бағытталған белсенді қызметі үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын: Ярослав Юрьевич Красиенкоға – «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер бюросының жетекшісіне – елдегі экономикалық, əлеуметтік жəне саяси реформалар барысын белсенді түрде жариялап-көрсеткені үшін; Жайнагүл Ұзақбайқызы Төлемісоваға – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісіне
Елбасы Қазақстанның барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. – Бұл айда жұрттар, Құран Кəрімде өсиет етілгендей, ораза ұстайды. Құран қағидаттарына сəйкес, осы айда адам баласы Аллаға жақындай түседі жəне олар мейірім, бақыт, берекебірлік, толеранттылық, өзге жандарға қайырымдылық жасау, күнəларынан арылу жəне медет тілеу жөнінде ойлануға тиіс. Еліміздің барша мұсылмандарына ұлық Ораза айының сынағынан сүрінбей өтуді тілеймін, – деді Қазақстан Президенті. «Пригородный» тұрғын алабында, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мешітті көру барысында Нұр сұл тан Назарбаев оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті. – Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. Мешіттің жалпы алаңы – 1087,6 шаршы метр, жерінің аумағы – 8 гектар, мұнарасының биіктігі – 28,9 метр. Ғимараты 1500 адамға лайықталған.
Елдікті еѕселенткен ер 3-бет Їндесім мен їйлесім 7-бет Мўраєат ісі Мўзды мўхитќа кеме салєанмен бірдей 8-бет Жаќсы адам – жўрттыѕ ырысы 9-бет
Сонымен, «Əлем» деген атпен қойылған балеттің өзегі «жанның тууы», «оның түрлі сынақтан өтуі», «зұлымдық пен ізгіліктің шайқасы», «қараңғы мен жарықтың тартысы», осылардың нəтижесінде «махаббат пен сұлулық əлемінің орнауы» сынды ойлар мен идеяларды көрсетуге саяды. Бұл орайда, көрермен аталған қойылымды сахналау бағытында ауқымды жұмыстардың атқарылғанын бірден түйсінетіндей. Бұған бишілердің айрықша шеберлігі, ізденіс жолындағы еңбектері – дəлел. Себебі, хореография саласындағы соны əлемдік үрдістер мен қазақ би өнерінің, мəдениетінің, дəстүрлі сазының ұтымды синтезделуі, сөзсіз, «Astana Ballet» ұжымы деңгейінің жоғары екендігін байқатады. Этно-композитор Булат Гафаровтың, либретто авторы Бақыт Қайырбековтің, Ресейдің мультимедия жəне компьютерлік графика саласының жетекші мамандарының бірі Леонид Басиннің ізденістері мен еңбектері де əбден, бағалауға тұрарлық. Жалпы алғанда, бірегей қойы лым ның көп көңілінен шыққаны анық аңғарылып тұрды. Қойылым соңында өнер ұжымына Елбасының атынан ықылас гүлі табыс етілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі Астана, Парламент Үйі, 2014 жылғы 23 маусым №48
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы елі міздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кəсіби мерекесі – Байланыс жəне ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, отандық журналистиканың басымдығы бар міндеттері ел басшылығы қойған мақсаттарға жету үшін қазақстандықтарды ұйыстыру, бірыңғай қазақстандық жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру, патриотизмді нығайту болып табылатынын атап өтті. – «Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев біздің дамуымыздың бұлжымас шарты қоғамдық келісімді сақтау жəне нығайту екенін айтты. Бұл орайдағы айрықша жауапкершілік бұқаралық ақпарат құралдарына жүктеледі, – деді Мемлекеттік хатшы. Ə.Жақсыбеков отандық бұқаралық ақпарат құралдарының
жұмысы заманауи талаптарға сай болуы керектігіне де тоқталды. – Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өзінің қалыптасу кезеңінен табысты өтті. Бірақ қазіргі заманғы жағдайлар олардың алдына соңғы əлемдік трендтерді ескере отырып сапалы жаңару міндетін қойып отыр. Ақпараттық технологиялар, интернет жəне əлеуметтік желілер ақпарат жеткізудің тəсілін жəне БАҚ-тың қоғамдағы рөлін өзгертуде. Қазақстанның медиа-кеңістігіне соңғы үдерістерді аңғарып қана қоймай, соларға сəйкес икемделе білудің маңызы зор, – деп атап көрсетті Мемлекеттік хатшы. Ə.Жақсыбеков, сондай-ақ, қазіргі медиа-кеңістікте жүріп жатқан өзгерістерге қарамастан, отан дық бұқаралық ақпарат құралдарының шынайылық пен нақтылық секілді түпкі қағидаттары сақталуы тиістігін де айтып өтті. Қазақстан Республикасы
Ќоєамдыќ келісім – ел тўраќтылыєыныѕ алєышарты Кеше Байланыс жəне ақпарат қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастар мəселесі жөніндегі жетекші журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті. Отырыста ҚХА қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі мəселелер жəне 2015 Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын БАҚ-тарда насихаттау бойынша міндеттер, этносаралық келісімді нығайту жөніндегі іске асырылып жатқан жобалар, ҚХА-ны өңірлік деңгейде насихаттау бойынша жүргізілген жұмыстар жайы талқыланды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Б.Майлыбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы XXI сессиясының қоғам үшін маңызына тоқталды. «Бұл сессияның соңында тарихи шешімдер қабылданғанын білесіздер. Ал олар өз кезегінде осы институттың жұмысын жандандырып, одан əрі жетілдіре түсетіні анық. Қазір Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев берген тапсырмалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Егер де біз əлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылғымыз келсе, онда елімізде этносаралық тұрақтылық пен конфессияаралық келісім болуы керек. Бұл бағытта, яғни Ассамблея қызметінің дамуына, қоғамда келісім орнауына үлес қосуда журналистердің еңбегі айрықша», – деді ол. Қазақстан халқы
Ас самблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов өз сөзінде ел бірлігін, патриотизмді, ұлтаралық татулықты дамытуда БАҚ өкілдерінің рөлі ерекше екенін атап көрсетті. «Біз Байланыс жəне ақ парат қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының кезекті отырысында бас қосып отырмыз. Сөз құдіретіне бас иген халықтың ұрпағы үшін бұл күн шынында да маңызы ерекше мереке. Қалам ұстап, ой терген барша ақпарат саласының қызметкерлерін бүгінгі кəсіби мерекесімен құттықтаймыз. Киелі ұғымға айналған басты құндылығымыз – қоғамдық келісімді елге таратуда, санаға сіңіру мен сақтауда, Қазақстан халқы Ассамблеясының осы бағыттағы қызметін қоғамға түсіндіру мен насихаттауда сіздердің еңбектеріңіз зор», деді Е. Тоғжанов. (Соңы 4-бетте).
Президентінің сыйлығы «Жас қазақ» газетінің бас редакторы С.Смайылға, «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараковқа берілді, гранттары «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер бюросының жетекшісі Я.Красиенкоға, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі Ж.Төлемі соваға тапсырылды. Қазақстан Республикасы Пре зидентінің Алғысы «Айғақ» телерадиокомпаниясының, «Каз контент» акционерлік қоғамының, «Коре ильбо» газетінің, «Мир» Мемлекетаралық компаниясының Қазақстан Республи касындағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымдарына жарияланды. Салтанатты рəсім соңында Мемлекеттік хатшы БАҚ өкілдерінің жұмыстарына шығарма шылық табыс тіледі жəне журналистік шеберлікті ұдайы жетілдіре отырып, елде болып жатқан маңызды оқиғалардың ортасында болуға шақырды. Биыл ақшалай марапаттың жалпы қоры – 7 миллион 408 мың теңге. Сыйлық лауреаттары 2 миллион теңге, грант иегерлері 1 миллион 700 мың теңгеден астам қаражат иеленді.
Байланыс жəне ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында елордада Astana Music Hall мейрамханасында жыл сайынғы дəстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды. Аталған шара «Нұр Отан» партиясы мен Байланыс жəне ақпа рат агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
«Нўр Сўѕќардыѕ» сўѕќарлары аныќталды Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».
Шараның ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек БАҚ өкілдерін кəсіби мерекелерімен құттықтап, биылғы жылғы «Нұр Сұңқар» сыйлығына деген ықыластың зор болғанын жеткізді. «Бүгінгі таңда бірде-бір тарихи шешім мен бірде-бір реформаның БАҚ-та насихатталып, талқылауынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында «жауапты азаматтық қоғам» мемлекеттің демократиялық дамуының факторы ретінде белгіленген. Біз азаматтық бастамалардың дамуы, қоғамдық бірлестіктердің кең мағынадағы үнқатысуы, қоғамдық бақылауды нығайту үшін жағдай жасауымыз қажет», деді Б.Байбек. (Соңы 4-бетте).