28/02/2013

Page 2

2

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

Мəміле алаѕында ілгерілеу бар (Соңы. Басы 1-бетте). Бұл мəселедегі Нұрсұлтан Назар баев тың уəжі əлдеқайда сенім ді шығатынын азулы саясаткерлердің бəрі де мойындағанын біз айтпасақ та, келіссөздер барысын насихаттауға келген шетелдік журналистер тілге тиек етуде. Мəселен, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы наурызда «New York Times» газетіне «Иран Қазақстаннан не үйрене алады?» («What Iran Can Learn From Kazakhstan») атты мақаласы сан тілге аударылды. Каспий теңізі жағалауындағы барлық көр шілерімен дипломатиялық қарым-қатынас ұстанып келе жатқан Қазақстан Теһранды да осы соқпақпен жүруге шақырады. «Ал тылықтың» ыңғайына жығылатын əлемдік БАҚ өкілдері мұны еске салуды артық көрмейді. Осы ретте егер Иран түпкілікті түрде тек бейбіт мақсатта аза маттық ядролық бағдарлама жүр гізуге көніп, олар МАГАТЭ инспекциялары мен тексерулеріне құрылған режімге мойынсұнса, онда ол қазақстандық уранды сатып алатын маңызы бөлек сатып алушылардың қатарына қосылатындығын айтпай кетуге болмас. Өйткені, Қазақстан уран экспорттауда жетекші елдердің қатарында жəне бұл саладағы отынды жəне басқадай қызметтерді, əсіресе, Азия елдері мен Таяу Шы ғысқа саудаға шығаруға мүдделі. Дегенмен, МАГАТЭ Иранның яд ро лық бағдарламасына қырын қа рап отырған қазіргі кезде Теһран бізден уран сатып ала алмайды. Тіпті, Қазақстан 2011 жылы Иранның ядролық бағдарламасы (ИЯБ) айналасындағы шиеленісті шешіп, Иранның ядролық қызметтерге қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін ресми түрде əлемде бірінші рет МАГАТЭ бақылауымен өзінде «ядролық отын банкін» орналастыруға өтінім түсіргені белгілі. Мұндай банк бейбіт түрде атом энергиясы бағдарламасын жүргізіп отырған елдерге ядролық отын жəне басқа да қызметтер ұсына алған болар еді.

Мұның да өз тиімділігі бар. Уранды байыту арқылы алынатын отын оны қажет етіп отырған мемлекеттерге экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да пайдалы. Мəселен, қолданыста болған ядролық отынды қайта өңдеу, яғни байыту технологиясын ядролық қару жасау үшін де пайдалануға болады. Осы түйткілді тарқату үшін Елбасы Қазақстанда осы банкті орналастыруға мүдделі екенін ашық мəлім етті. Мұны біз Назарбаев пен Ахмадинежадтың 2009 жылғы бірлескен баспасөз мəслихаты кезіндегі мəлімдемелерінен келтіріп отырмыз. Ал қазіргідей онсыз да мазасыз əлемде төрткүл дүниені алаңдатып тұрған, адамзат баласын қанға қайта бөктіруі əбден кəдік көкейкесті мəселені шешу үшін Қазақстан мен оның басшысы қолынан келген əрекеттің бəрін жасап жатқаны халықаралық қоғамдастық тарапынан тиісті бағасын əлі де алады. Енді қазірдің өзінде-ақ «Алматы келіссөздері» деген атауға ие бола бастаған «алтылық» пен Иранның төртінші рет тоғысуы қаншалықты табысты өтті? Келіссөздердің алғашқы күнінде бас-аяғы 300-ге барып жығылатын Қазақстан мен шетелдік журналистер төзімі таусылғанша кез келген тараптың қандай да бір мəлімдеме жасауын күтудей күтті. Түн ортасына тақағанда ғана Еуроодақтың бас өкілінің баспасөз хатшысы Майкл Манн байланысқа шықты. Ол Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің бірінші күні «пайдалы» өтті деп қысқаша дəйектеме жасады. – Біздің ұсынысымыз сағат 13.30да пленарлық отырыста айтылды. Екі жарым сағат осы ұсыныс талқыланды. Одан кейін ирандықтар біздің ұсынысымызды қарауға шықты. Түстен кейінгі уақытта жəне кешке талқылаулар одан əрі жалғасты. Ертең тағы бір кездесу болады, онда біз өзіміздің ұсынысымызға анағұрлым толық жауап аламыз деп үміттенеміз. Келіссөздер пайдалы өтті деп есептейміз, – деп журналистерді тарқатқан Еуропалық Одақ өкілі тараптардың ұсыныстарын нақ ты ламаған-ды. Майкл Манн

əріптестеріміздің сұрақтарына жауап бере келіп, талқылау тек Иран ядролық бағдарламасы бойынша ғана жүргізілгенін жеткізді. Иран жағы біздің ұсыныстарымызға икемділікпен қарап, оң көзқарас танытады деп үміттенеміз, деген сөзінен танған жоқ. Сонымен, сəрсенбінің де таңы атып, келіссөздер жалғасатын кез келді. Оның алдында Кэтрин Эштон: «Біз əлемдік қоғамдастықтың Иран ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылығын азайтып, істі ілгерілетуді мақсат тұтып келіп отырмыз. Қазақстандағы келіссөздер сол кездесулердің жалғасы, – деді. – Біз мұнда Иранмен мазмұнды жұмыс істеу үшін əбден електен өткен ұсыныстарымызбен келдік. Мақсатымыз – ұсынықты да жемісті үнқатысу. Оған қоса, отырыстардың аяғына қарай істі ілгерілетуге ұмтылатын боламыз». Сол сияқты, əлемдік саяси аренада болсын, Иранның өз ішінде болсын жағдай өзгеріп отырғанын жеткізген Эштон ханым осының алдындағы Е3+3 пішініндегі

үш ке ліс сөзде талқыланған мəселелерді, МАГАТЭ-мен өткізілген талқылауларды қаперде ұстау керектігін атаған-ды. Əрине, мұның бəрі қайта қаралған ұсы ныс тарда əбден ескерілген. Еуро одақтың жоғарғы өкілі Иранмен келіссөздер жүргізіп отырған «алтылық» бірауызды екенін жəне ұстанымдары да бірегей екенін мəлімдеп өтті. ...Кеше түс ауғанда баспасөз брифингіне бірінші болып Иран тарапы келді. Иранның Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили ымыраға шақырған кез келген ұсыныс, оның ішінде сенімді нығайтуға тең болып табылатын транспаренттілікті қамтамасыз ету Иран Ислам Рес публикасының құқықтарын та нуға негізделуі тиіс, оның ішінде уран байыту да бар, деді. «Біз Мəскеуде ынтымақтастық жағына шығаратын нақты бір қадамдар жасауға дайын екенімізді мəлімдеген болатынбыз. Ондай қадамдардың бірі – осыдан 3 жыл бұрын Женевадағы келіссөздер барысында біз өзімізге реакторға

арналған отын сұрағанбыз. Өкінішке қарай, біз бұл отынды ала алмадық. Сондықтан оны өзімізде дайындауға тура келді. Яғни, реакторлар үшін бізге 20 пайызға дейін байытылған уран керек болды. Біздің оған құқымыз бар», деген Джалили ирандықтардың сеніміне ие болу үшін қысым көрсетуді тоқтату керек деген ойын атап айтты. Қысқасы, Иран тарапы əлемдік қоғамдастық конфронтациялық қарымқатынасты доғаруы керек деп біледі. – Алматы келіссөздері кезінде бұрынғыға қарағанда күнделікті өмірге жақын ұсыныстар жасалды, – деді Иранның Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили. – Қазақстанға осы келіссөзді Алматыда ұйымдастырғанына алғысымыз шексіз. Оны, əсіресе, жоғары мəртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқым келеді. Осыдан 9 ай бұрын Иран Мəскеудегі ке ліс сөзде өзінің нақты танымдарын ұсынған болатын. Онда ынтымақтастықтың 5 құрамы жəне 6 қағида мен нысаналар көрсетілген еді. Кешегі қарымта сөзде бұрынғыға қарағанда ойымыздан шығатын ұсыныстар болды. Оның айтуынша, бұл жолғы ымыралы əңгімелер текке өтпеген. Бұл кездесудің жарқын тұстары бар. Арадағы сенімділікті ұлғайту үшін 5+1 пішініндегі келіссөздерді жалғастырып, келесі 6 айда тағы да қадамдар жасалуы керек. Сондықтан 18-19 наурызда Ыстамбұлда сарапшылар кездесуі ша қы рылады. Содан кейін, яғни 5-6 сəуірде келіссөз Алматыда қайта жалғасады. – Бұл келіссөзде ілгері басу бəрімізге де ауадай қажет, – деді өз кезегінде Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон. – Саид Джалили мыр за келіссөз табысты өтті десе, оған мен де қосыламын. Жо ға ры мəртебелі сарапшылардың Ыс там бұлда наурыз айында өтетін кездесуінің нəтижесінен кейін енді қаншалықты ілгерілейтінімізді көреміз. Біздің ұсыныстарымыз біршама сенім орнатуға мүмкіндік беруде деп білеміз. АЛМАТЫ.

Алматы Иран келіссґздері їшін неліктен таѕдап алынды? The wall street Journal, 25.02.13

Ќазаќстан – кез келген кездесу їшін лайыќты ел

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер Қазақстанның аса ірі қаласы Алматыда сейсенбі күні басталды. Иран, Ыстамбұлды қоса алғанда, ұсынылған басқа келіссөздер орындарына вето қойып, бірнеше апта бойы кездесу уақыты мен орнын үйлестіру мəселесін шешті. Қазақстан осы мақсат үшін дəл келетін ел ретінде таңдалды. Бұл ел Теһранмен достық байланыстар қалыптастырған жəне Вашингтонмен де сенімді саяси жəне сауда қатынастарына ие. Бұл əркез тіл табысуға болатын, кез келген кездесу үшін жақсы қожайын. Оның үстіне Қазақстанның ядролық өткені бар. Бұл ел Кеңес Одағы ыдыраған кезде əлемдегі аса ірі ядролық арсеналдардың бірін иеленіп қалды. Бірақ АҚШ-тың бастамасы бойынша өзінің қаруын 1990-жылдардың ортасында Ресейге беріп, толықтай қарусызданды жəне ядролық қару бағдарламасынан бас тартты. Бүгінде Қазақстан Орталық Азияда жетекші рөл атқарады. Дүйсенбі күні америкалық бір саясаткер ел қазір өзінде ядролық бағдарлама бар кездегіден бай жəне қауіпсіз бола түсті деп атап өтті. Дей тұрғанмен, осы қар жамылған, бір жарым миллион тұрғыны бар үлкен қалада келіссөздер көпшіліктің назарын аударды десек, артық айтқандық болып шығар еді. Оқиғадан белгі беретін жалғыз орын келіссөздер өтетін Rixos отелі маңындағы қала орталығы болды. Дүйсенбі күні отель алдындағы жаяу жүргін шілер көп жүретін табанжолда Иранның ядролық бағдарламасы туралы хабардар 23 жастағы студенттен пікір сұрадық. «Қазақстан ядролық бағдарламадан бас тартқан алғашқы ел болды. Ядролық бағдарламаның жақсылығы шамалы. Ол бəріміз үшін, бүкіл əлем үшін қауіпті», деді ол. Түскі үзіліс кезінде қонақ үй сыртындағы саябақта қаладағы пошта қызметтері бірінің менеджері Рауан Алтын оқиғадан құлағдар екенін, Алматыда келіссөздер өткізілетінін білетінін айтты. «Біз бейбітшілік жəне мəміле іздеу жағындамыз, – дейді 26 жастағы жас жігіт. – Бұл шын мəнінде Қазақстанға көрсетілген үлкен сенім. Бұл кездесу АҚШ-та, Қытайда немесе Үндістанда емес, Қазақстанда өткелі отыр. Біз мұны мақтан етеміз».

Reuters, 26.02.2013

«Ешкім де Алматыдан толыќ шешілген мəселемен оралуды кїтпейтіні тїсінікті» Əлемдік державалар Қазақстанның Алматы қаласындағы ядролық бағдарлама бойынша Иранмен келіссөздерден серпінді келісім күтіп отырған жоқ, деп мəлімдеді сейсенбі күні Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі. «Ешкім де Алматыдан толық шешілген мəселемен оралуды күтпейтіні түсінікті», деп

мəлімдеді келіссөздер басталғаннан кейін өткен баспасөз мəслихатында Майкл Манн. Əлемдік державалар, егер Теһран Батыстағылар бомба жасауға бағытталуы ықтимал деп қауіптеніп отырған ядролық қызметін қысқартатын болса, Иран сəрсенбі күні өздерінің кейбір санкцияларды алып тастау туралы жаңа ұсынысына оң қабақ танытады деп үміттенеді. АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Қытай жəне Ресей бұл ұсыныстарын сегіз ай үзілістен кейін сейсенбі күні Алматыда басталған кездесу кезінде жасады жəне ислам мемлекеті оны қарастыру үстінде, деп мəлімдеді олардың өкілі. Батыс өкілдері келіссөздердің бірінші күнін «пайдалы», ал Иранның мемлекеттік телевизиясы пікірталас ауанын «өте салмақты» деп атады. Қазақстан қаласында өтетін екі күндік кездесудің қорытындыларын, егер дипломатиямен жəне санкциялармен уран байыту бағдарламасын тоқтатудың сəті түспесе, Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауы ықтимал екенін айқын ұқтырған Израиль мұқият қарайтын болады.

NBS News, 27.02.2013

Алматыға келді. Бірақ журналистердің көпшілігіне келіссөздерге қатысуға рұқсат берілмеді. Дипломаттар мен шенеуніктер Rixos отелінде аталған тақырыпты талқылап жатқанда, 100-ден астам журналист InterContinental қонақ үйінде отырды. Күні бойы жүрген келіссөздерден кейін ЕОның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон журналистерге былай деп хабарлады: «Бүгін біз пайдалы кездесу өткіздік, деді Майкл Манн. Иран жағы өткен кештің барлық оқи ға ларын талқы таразысына салып, біздің ұсыныстарымызды оң тұрғыдан қарайды ғой деп үміттенеміз».

Global Post, 27.02.2013

Иран ґкілі ЕО ґкілімен сəуірде кездеседі Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бас келіссөзшісі Саид Джалили сəрсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасы бойынша алты əлемдік державамен келесі келіссөздерді 5-6 сəуірде қазақтың Алматы қаласында ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштонмен жүргізетінін мəлімдеді. – 18 наурызда Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде кеңес шақыру туралы шешім қабылданды. Содан кейін 5-6 сəуірде Алматыда Иранмен 5+1 кездесуі өткізілетін болады, – деп мəлімдеді журналистерге Джалили.

Неге Алматы? Иранныѕ ядролыќ баєдарламасы бойынша келіссґздерге ќатысып жатќан журналистер осыєан Bloomberg, 27.02.2013 таѕ-тамаша Иран келіссґздерде Сейсенбі күні Иран мен алты əлемдік держава өкілдері сегіз айға созылған үзілістен кейін əлемдік державаларєа Таяу Шығыста жаңа соғыс отын тұтандыруы ќарсы ўсыныс ық тимал Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамайды шешуге ұмтылып, өз- дайындауда

дерінің алғашқы кездесулерін өткізді. Осы жолы ресми өкілдер мен журналистер келіссөздер үшін Қазақстанға, Алматы қаласына жиналды. Келіссөздер уақытында басқа отельде күтіп отырған журналистер өздеріне: «Неге Алматы?» деген сауалдар қойып, таңқалыстарын білдіріп жатты. Бір қарағанда Ыстамбұл нақты таңдау сияқты көрінеді, өйткені, осының алдындағы екі кездесу нақ сол қалада өтті (келіссөздер сондай-ақ Бағдат пен Мəскеуде де өткізілді). Бірақ Түркия Иранмен қатынасы нашарлаған елдер қатарына қосылды. Бертінге дейін екі ел арасында берік қатынастар орнаған-тын. Түркия Сирия көтерілісшілерін қолдағаннан кейін ол бұзылды. Жергілікті журналистер Қазақстан нышандық тұрғыдан дұрыс таңдау деп түсіндіреді. Өйткені, ол – ядролық қарудан бас тартқан алғашқы посткеңестік мемлекет. Бұған қоса, Қазақстан Батыс пен Иран арасындағы бейтарап ел болып табылады. Алты əлемдік держава – Германия, Қытай, Франция, Ресей, Құрама Штаттар мен Біріккен Корольдік Женеваны ұсынды, Иран Бағдатты қалады. Кейін олар келіссөздерді Стокгольмде өткізуді ұсынса, Иран Алматыны құп көрді. Сөйтіп, алты əлемдік держава батысты ұсынса, Иран шығысты жөн санады. Осылайша журналистер мен ресми адамдар

Əлемдік державалар мен Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасы бойынша екі күндік келіссөздерін аяқтады. Тараптар проблеманы одан əрі талқылауды келесі айдан бастап жалғастыруға уағдаласты. Иран өкілі Саид Джалили Алматыдағы екі күндік мəжілісті «бетбұрысты сəт» деп атап, Иранға «бұрынғыға қарағанда шындыққа жақын келетін жəне логикалық тұрғыдан жөндем» ұсыныс жасалғанын атап көрсетті. Техникалық келіссөздер 18 наурызда Ыстамбұлда, саяси пікірталастар 5 сəуірде Алматыда қайта жалғасады, деп мəлімдеді журналистерге С.Джалили. ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон келіссөздердің егжей-тегжейін ашпай, Иранға жасалған жаңа ұсыныстарды теңдестірілген деп атады. АҚШ бастаған əлемдік державалар, Иранның ядролық бағдарламаларына шектеуді қоса алғанда, саяси бағыт іздеу үстінде екендіктерін айтады. Израиль келіссөздер нəтиже бермесе, бағдарламалардың дамуын тоқтату үшін Иранның ядролық нысандарын бомбалауы ықтимал екенін ескертіп отыр. АҚШ та осы мақсатта күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Иран болса, өзінің бағдарламасы бейбіт мақсатқа бағытталғанын көлденең тартады. Қазақстандағы екі күндік кездесу өткен жылдың маусымынан кейінгі алғашқысы болды.

Соңғы келіссөздерге қатысып жатқан ресми өкілдердің сөздеріне қарағанда, АҚШ пен оның əріптестері, егер Иран 20 пайызға байытылған уран өндірісін тоқтататын болса, онда кейбір банктік, мұнай химиясы жəне алтынға қатысты санкцияларды жеңілдететіндіктерін мəлімдеді. Джалилидің айтуынша, Иран өзі қол қойған халықаралық шартқа сəйкес уранды байытуға құқылы. Ол сондай-ақ Ирандағы Фордо зауытын жабуға негіз жоқ екенін мəлімдеді. Орташа байытылған уран өндіретін аталған зауыт Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық байқаушысының бақылауында екені белгілі.

CNBC, 27.02.2013

Иран, Р5+1 Алматыєа сарапшылар деѕгейіндегі келіссґздерден кейін ќайта оралады Иран мен əлемдік державалар Ыстамбұлдағы сарапшылар деңгейіндегі келіссөздердің бірінші кезеңінен кейін Иранның ядролық бағдарламасын талқылау үшін Алматыда тағы бір кездесу өткізуге уағдаласты, деп хабарлады сəрсенбі күні Иранның Fars News агенттігі. Баяндамада екі кеңес өтетін күн нақты көрсетілген, бірақ сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер Алматыдағы кездесуден бірнеше күн бұрын өтетін болады. Екі тарап сейсенбі жəне сəрсенбі күндері Алматыда кездесіп, Иранның ядролық қызметіне қатысты проблеманы шешуге талпыныс танытқан еді.

Ағылшын радиосы, 27.02.2013

Иран, 5+1 тобы Алматыда келіссґздердіѕ 2-ші кїнін бастады

Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бес тұрақты мүшеден тұратын 5+1 тобы жəне Германия Қазақстанның Алматы қаласында келіссөздердің 2-ші күнін бастады. Иран тарапынан бас келіссөзші Иран Жоғары ұлттық кеңесінің хатшысы Саид Джалили болса, ЕО жағынан Сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкіл Кэтрин Эштон болып табылады. Олар сəрсенбі күні мəжіліс өткізді. Иран мен 5+1 тобы келіссөз үстеліне жаңа ұсыныстармен отырғандарын хабарлады. Сейсенбі күні өткен келіссөздердің бірінші күні барысында 5+1 тобы Ираннан 20 пайыз байытылған уран өндірісін қысқартуды, Фордодағы ядролық нысанын жабуды талап етті. Өз кезегінде Батыс өкілдері Иранға қарсы қолданылған алтын, мұнай химиясы жəне банктік санкцияларын азайтатынын айтты. Иран мен 5+1 тобы негізгі екпінді Иранның ядролық бағдарламасына түсіре отырып, келіссөздердің бірнеше кезеңін өткізді. Келіссөздердің соңғы раунды 2012 жылдың маусымында Мəскеуде ұйымдастырылған еді.

Маѕызды ќадам Қанат САУДАБАЕВ,

Қазақстан Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі комиссия төрағасы, «Назарбаев орталығының» директоры.

Алматыда үстіміздегі жылдың 5-6 сəуірінде тағы бір келіссөздер раундын өткізу, мəселелерді шешудің жолын Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде ары қарай талқылау туралы уағдаластықпен аяқталған Алматыдағы Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер тараптардың арасындағы өзара түсіністік пен сенімді бекітіп, мəселені тек қана бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігіне деген көзқарасты нығайтуда маңызды қадам болды. Қазақстан келіссөздердің тікелей қатысушысы болған жоқ. Дегенмен, еліміз олардың жемісті өткізілуіне барлық қолайлы жағдайды жасады, ал бір күн бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздер үдерістерінің тең төрағалары – Иран Ислам Республикасы Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили мен Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонды қабылдады. Осы бір күрделі келіссөздер үдерісіндегі тіпті азғантай осындай прогрестің өзі біздің бəрімізді қуантпай тұра алмайды. Осының өзінің қазақ жерінде, 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойған Алматыда мүмкін болғанының нышандық мəні бар.

Бейбітшілікке їндейтін кездесулерден кїтеріміз кґп Хиронао ОКУМА,

«KIODO News» ақпарат агенттігі Мəскеу бюросының журналисі (Жапония):

– Қазақ жерінде екі күнге созылған «Иран мəселесіне» қатысты Алматы келіссөздері Иран мен «алты ел» арасында жаңа байланыстардың ашылуына жол салды деп айтуға болады. Бұл сая си кездесу бұған дейінгі осы тақы рыптың сеңін бұзғандай. Тараптар өздерін қызықтыратын ұсыныстарды бір-біріне өткізе білді. Бұл мəселе жөнінде Ресей өзімен əріптес Батыс елдері секілді Иранның ядролық бағдарламаны бейбіт мақсатта қолдану талабын берік ұстанатындығы аян. Алматы келіссөздерінде көптеген пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Ирандық делегация құрамындағы осы саланың жауапты тұлғалары мен сарапшыларының бұл жолғы келіссөз жүргізу мəнері барлығымызды ортақ тіл табысуға түбі қол жеткіземіз деген сенімге жетеледі. Алматы қаласында өткен 3+3 тұрпатындағы Иранның ядролық бағдарламасы тақырыбын терең қозғаған келіссөздер жұмысына өзара үнқатысу алаңын ұсынғаны үшін Қазақстанға жəне оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ал ғысымызды білдіреміз. Қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тартқан ел ретінде Қазақстан бұл келіссөзге өзіндік зор үлесін қоса білгендігін баса айтқым келеді. Сəуір айында тағы да Алматы қаласында болатын келесі кездесуден, əрине, барша адамзатқа игі шешім қабылданса деп тілейміз. Менің пікірімше, əлемнің əр қаласында өткізіліп жүрген «Иран мəселесі» тек саяси үнқатысу құралы болып қалмай, нақты бір шешімін табатын жəне уранды бейбіт мақсатта қолдану ісінен барлық адамзатқа пайдасы тиетін нəтижеге жетелейтін тəжірибе болуы керек деп есептеймін. Айһан ЗЕНГИН,

Иран ядролық бағдарламасын зерттеуші:

– Алматыдағы бұл басқосу Мəскеу келіссөздеріне қарағанда өте маңызды болды. Əрине, бұл тақырып өзінің шегіне жетпеуі себепті тағы да нақты шешімге қол жеткізілмегені баршамызға аян. Бір сөзбен айтқанда, бұл жеңімпаздар ойыны емес, жеңілушілер ойыны деуге əбден болады. Екі тарап та ерен ілгерілеушілікке қол жеткізе алмады. Бұл үнқатысудың ұтқаны – тараптар бұдан кейін де бұл тақырыпты сыпайы қозғауға жол ашты, келесі жолы ресми жағдайда жылы кездесу мүмкіндігіне ие болды. Иранның ядролық бағдарламасы тақырыбын соңғы 10 жылдан бері тиянақты зерттеп жүрген адам ретінде Алматы қаласында алдағы өтетін кездесу бұдан да жемістірек болады деп сенім артар едім. Қонақжай Қазақ еліне келер кезде мен Қазақстанның ядролық қалдықтар банкін жүзеге асыруға мүдделі екендігін білдім. Егер бұл банк жұмыс істей бастаса, Иран Қазақстанмен осы мəселеде тығыз қатынас орнатар еді. Əрине, бұл Еуропалық Одақ үшін «Иран мəселесінен» өзге тағы бір «бас қатырарлық» жұмыс болады деп ойлаймын. Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі жан-жақты келіссөздерге тікелей мұрындық болу арқылы Қазақстан əлемдік саясатта өзіндік жаңа бейнеге ие болды деп айтар едім. Əлемдегі үлкен ядролық қарудан бас тартқан ел ретінде қазақстандық делегация құрамын да осындай келіссөз алаңынан болашақта көруге əлемдік сарапшылар қуана келісер еді дегім келеді. АЛМАТЫ.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.