28/02/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Жамбылдың белгісіз айтыстары

5-бет

«Нағыз қазақ – домбыра!»

№77 (28016) 28 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

6-бет

Қаһарман қолбасшы, жылнамашы жырау 8-бет

Жасампаздық жемістері

Бала – елдіѕ болашаєы Облыс орталыєында жеткіншектерге арналєан жаѕа аурухана ашылды

Тілшіге тығыз тапсырма

Тасќын таяу. Тосќауыл ќойыла ма? Биыл еліміздің көптеген аймақтарында қар қалың түсті. Енді, міне, қыстың қаһары да кетіп, аяғы көрініп қалды. Əне-міне дегенше көктемнің жылылығы жетіп, қалың қардың көбесі сөгіледі. Оның арты бірқатар жерлерде қар көшкініне, тасқын суға да ұласатыны сөзсіз. Сонда тау, тасты, сай-саланы қуалай аққан қызыл судың қуатына қарсы тұрып, төтеп берер су бөгеттері мен тоғандары құрылыстарының қауқары қандай болмақ? Жаман айтпай жақсы жоқ деген, кенеттен орасан су тасқыны болып жатса, гидрожелі тоғандардың қауіпсіздігі сенімді ме? Міне, көңілді алаңдатқан осындай мəселелерге байланысты облыстардағы тілшілерімізге тығыз тапсырма беріліп, артынша аймақтардағы су тоғандары мен су қоймаларының қазіргі жай-күйі туралы нақты мəлімет алдық. Бүгін біз солардың бірқатарын жариялап отырмыз. (Аталмыш мəселеге орай тілшілеріміз дайындаған материалдар топтамасын 6-беттен оқи аласыздар).

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұл көпбейінді балалар ауруханасы 200 орындық. Жалпы көлемі 26492,9 шаршы метр, оның сметалық құны 4 674 миллион теңге болады. Аурухана 4 қабатты емдеу корпусы мен 2 қабатты физиобөлімнен жəне сумен емдеп, оңалтуға арналған 2 бассейннен тұрады. Сондай-ақ компьютерлік томография,

ИФА-анықтау, сандық Р-аппараты, ішкі ағзалар құрылысын тексеретін ультрадыбысты зерттеу құрылғысы, жан сақтауға арналған жабдықтар, эндоскопиялық препараттар, барлығы 156 заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. 30 төсектік хирургия, 15 орындық урология, 30 науқасқа арналған нефрология мен нейрохирургия, 20 адамға арналған травмотология, лор, оңалту бөлімі секілді барлығы 9 бөлімшеден тұратын аурухананың 16

маманы биылғы жылы жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін ғылыми орталықтарда біліктіліктерін арттырып келді. Ауруханада хирургиялық ақауы бар балаларды алғашқы жəне қайтадан қабылдауға арналған «Балалар амбулаториялық хирургиясы орталығы», 25 төсектік балалар нейрохирургиясы жəне 15 орындық оңалту мен қалпына келтіру бөлімшелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, алдағы уақытта жылына 55 мың келушіге диагностикалық

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

Қаулы етемін: 1. Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 ақпан. № 508

Еѕбек мигранттары заѕдастырылады Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында депутаттар еңбек көші-қоны, мұнай өнімдерін тасымалдау жəне шаруашылық дауларды қарау мəселелеріне құрылған заңдық құжаттарды талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен палата Төрағасы де пу таттарға жаңа депутат – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан келген Серік Сейдумановты таныстырды. Ол 2006 жылдан бері Алматы қаласы əкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейінгі атқарған қызметтеріне көз жіберсек, С.Сейдуманов Туризм жəне спорт министрінің жастар ісі жөніндегі орынбасары, Парламент аппаратының

ақпараттық-талдау орталығының директоры, Президент Əкімшілігінің Əлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген. Бұдан кейін «Қазақстан Респуб ликасының кейбір заң намалық актілеріне еңбек көшіқоны мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыға салған депутаттар оны мақұлдады. Заң жобасы еңбекші көшіпқо нушыларды заңдастыруға, сон дай-ақ жеке тұлғалардың

шетелдік жұмыс күшін тартуына рұқсаттар беру тəртібін оңайлату бөлігінде көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында шетелдік тердің елде болуы мен көші-қонды бақылау тиімділігін арттыру; сыбайлас жемқорлық жəне көші-қон заңдарын бұзушылықтарды азайту; бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту сияқты өзекті мəселелер қамтылып отыр. Депутат Еркін Шпановтың мəліметіне қарағанда, қырғызстандық еңбек мигранттарының өз елде рі не аударып отырған табысы Қырғызстан ІЖӨ-сінің 29 пайызын құрайды. Бұл банктік операцияларды тіркеудің нəтижесінде ғана мəлім болып отырған ақша көлемі, ал қолмақол жеткізілетін ақша есепке алынбаған. Тəжікстанға еңбек мигранттары тарапынан сырттан құйылатын қаржы көлемі 3 миллиард долларға жетіпті. (Соңы 4-бетте).

Мемлекеттік ќызметші тўтынушы кґѕілінен шыќса... Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Кеше Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы ережелеріне сəйкес озық басқару шешімдерін қабылдау жəне əкімшілік реформаларды іске асыру мəселелеріне арналған халықаралық семинар өтті. Семинарды ашып, сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахымов: «Əкімшілік реформалардың басты

мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қолжетімділігін арттыру жəне азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін одан əрі нығайту болып табылады», дей келе семинарға арнайы шақырылып, дəріс оқитын Ұлыбритания Біріккен Корольдігі Премьер-министрі Кеңсесінің бұрынғы басшысы Джонатан Пауэллді көпшілікке таныстырып, шетелдік мейманға шақыруды қабыл алғаны үшін алғысын жеткізді. Жиынға Президент Əкімшілі гі мен Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, облыс əкімдіктері аппараттарының басшылары, академияның оқытушы құрамы мен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты. (Халықаралық семинар туралы материал газеттің келесі нөмірінде жарияланатын болады).

кеңес беру мен амбулаториялық хирургия орталығы ашылмақ. Балалар ауруханасында лапароскопиялық диагностика жасау, бейне эн дос ко пиялық ота əдісі, іш перде қуысы ауруларына хирургиялық араласулар, 1 жасқа дейінгі балалардың жүйке жүйелерін обструктивті түбекше арқылы кең ауқымды рентген-диагностикалау қызметі де жасалатын болады. Жамбыл облысы.

Ґркениеттер альянсыныѕ Венадаєы форумы Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының 27-28 ақпанда Венада өтіп жатқан 5-ші форумына қатысуда, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Жаһандық форум Өркениеттер альянсының аясындағы ірі шара болып табылады. Бұл форумның басты тақырыбы «Алуандық пен үнқатысудағы жауапты басқаруды қолдау» деп аталады. Форум жұмысына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті Вук Йеремич, Австрия Президенті Хайнц Фишер, Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып

Ердоған, Катар Əмірі Шейх Хамад бин Халифа Əл-Тани, Өркениеттер альянсының қазіргі жəне жаңадан тағайындалған жоғары өкілдері Жорже Сампайо мен Насир Абдулазиз Əл-Насер, сондай-ақ дүние жүзінің беделді өкілдері қатысты. Форумның негізгі шараларынан басқа Қазақстан делегациясының басшысы екіжақты кездесулер өткізеді. Қ.Мəми сондай-ақ Сауд

Арабиясының Королі Абдалла бен Абдель Азиз атындағы Вена халықаралық дінаралық жəне мəдениетаралық үнқатысу орталығында болып, осы ұйымның Бас хатшысы Фейсал бен Абдулрахман бен Муаммармен кездесті. Сенат Төрағасы əңгіме барысында Орталықтың ашылуымен құттықтап, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметі туралы баяндады. Кездесуде Съезд Хатшылығы мен Король Абдалла атындағы Орталық арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Өркениеттер альянсының секциялық шараларына қазақстандық делегацияның мүшелері – сенатор

Жаһандық деңгейдегі бəтуалы іске бел шеше араласқан Қазақстан елдігімізге сын болған кезекті істі абыроймен атқарды деп айтуға енді толық қақылымыз. Кеше Алматыда Иран ядролық бағдарламасына байланысты Е3/EU+3 пішініндегі халықаралық келіссөздер аяқталды. Қалай десек те, келіссөздердегі нақты ұсыныстар сөзбұйдаға салынған жоқ, ілгерілеу бар. Оның айғағы, екі тарап та сəуір айында Қазақстанда қайта кездесуге уағдаласып тарқасты.

Мəміле алаѕында ілгерілеу бар Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Əлемдік деңгейдегі мəміле алаңына айналу Қазақ елі үшін, əрине, үлкен сынақ. Төрткүл дүниенің əр шалғайындағы сұңғыла саясаткерлер, халықаралық сарапшылар сегіз айға созылған үнсіздіктен кейін Иран тарапы ымыраласатын жер үшін ең ыңғайлысы деп Қазақстанды таңдауының астарында да үлкен мəн жатыр. Əйтпесе, бұл келіссөздер қаңтардың аяғында Ыстамбұлда өтуі керек еді. Сириядағы оқиғалардан кейін Түркия мен Иран арасына сызат түскенін байқаған халықаралық қоғамдастық атынан Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның келісетін жер үшін Қазақстанды ұсынуы барлық тараптың көңілінен шықты. Оның үстіне өз аймағында тыныштықтың бұзылмауына мүдделі болып отырған бізге де бұл түйткілдің бейбіт жолмен табысты шешілгені ауадай қажет екенін кім жоққа шығара алады? Халықаралық қоғамдастықта айтарлықтай бедел жинап үлгерген Қазақстанмен қарымқатынасын жақсарта түсу пайда əкелмесе, зиянын тигізбейтінін Иран да, əлбетте, түсінеді. Бұл екі ел

өз қарым-қатынасында прагматизмге сүйенетінін де сырт көз біліп отыр. Сондықтан тұрысатын жер Қазақстан болғанда ядролық бағдарламасын табандылықпен қорғап отырған Теһран өзін қай жағынан да қолайлы сезінуі тиіс еді. Солай болды да. Араағайындықта жүрген «алтылық» сияқты біздің ел де бұл Иран мəселесіне нүкте қойылып, аталған елдің халықаралық қоғамдастықпен бітімге келгенін қалайтыны айдан анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың желтоқсанында Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы мəселені тек қана дипломатиялық əдістермен шешуге шақырған болатын. Иранмен алыс-берісі үзілмеген Қазақстан да тек бейбіт мақсаттағы уран байыту жағында екенін түпкілікті мəлімдеген жəне бұл ұстанымынан тайқымақ емес. Айтқандай, 2006 жылы Қазақстан Президентінің Иран Президенті Махмұд Ахмадинежадқа жазған хатын осынау келіссөздер сөзсіз еске түсіреді. Кеңес Одағынан мұраға қалған ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның ұстанымы басқа елге қарағанда құлаққа қонымды екенін кім жоққа шығара алмақ. (Соңы 2-бетте).

Əділ Ахметов пен Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шəріп қатысуда. «Өркениеттер альянсын» құру туралы бастаманы 2004 жылы Испания мен Түркия көтеріп, БҰҰ Бас хатшысы тарапынан қолдау тапқан болатын. Бастама мақсаты Батыс пен мұсылман əлемінің арасындағы араздықтың өрши түсуінің алдын алу үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру, діни наным-сенімдер мен өркениеттер арасындағы қайшылықтарды еңсеру, ол үшін үкіметтердің жаһандық тұрғыда тиісті шара қабылдауына қолдау білдіру болып табылады.

Ресми мəлімдеме жасады Алматыда 26-27 ақпан күндері өткен Иранның ядролық бағдарламасы бойынша «Е3/ EU + 3» пішініндегі келіссөздер Иран мен халықаралық келіссөздерге қатысушылар тобы арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосты, делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми мəлімдемесінде, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу тараптардың алда тұрған мəселелерді шешу жолдарын үстіміздегі жылдың 18 наурызында Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде одан əрі талқылау туралы жəне келіссөздердің жоғары деңгейдегі келесі кезеңін 5-6 сəуірде Алматыда өткізу туралы уағдаластықпен аяқталды. Қазақстан келіссөздерге тікелей қатысушы болмаса да, олардың жемісті өткізілуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылыс танытты. Қазақстан тараптардың келіссөздерді жалғастыру туралы шешімдерін қолдай отырып, проблемаларды тек бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атап көрсетеді жəне Қазақстан тарапының делегациялардың келесі кездесуін мəлімделген мерзімде Алматы қаласында қабылдауға дайын екенін қуаттайды, делінген ресми мəлімдемеде.


2

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

Мəміле алаѕында ілгерілеу бар (Соңы. Басы 1-бетте). Бұл мəселедегі Нұрсұлтан Назар баев тың уəжі əлдеқайда сенім ді шығатынын азулы саясаткерлердің бəрі де мойындағанын біз айтпасақ та, келіссөздер барысын насихаттауға келген шетелдік журналистер тілге тиек етуде. Мəселен, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы наурызда «New York Times» газетіне «Иран Қазақстаннан не үйрене алады?» («What Iran Can Learn From Kazakhstan») атты мақаласы сан тілге аударылды. Каспий теңізі жағалауындағы барлық көр шілерімен дипломатиялық қарым-қатынас ұстанып келе жатқан Қазақстан Теһранды да осы соқпақпен жүруге шақырады. «Ал тылықтың» ыңғайына жығылатын əлемдік БАҚ өкілдері мұны еске салуды артық көрмейді. Осы ретте егер Иран түпкілікті түрде тек бейбіт мақсатта аза маттық ядролық бағдарлама жүр гізуге көніп, олар МАГАТЭ инспекциялары мен тексерулеріне құрылған режімге мойынсұнса, онда ол қазақстандық уранды сатып алатын маңызы бөлек сатып алушылардың қатарына қосылатындығын айтпай кетуге болмас. Өйткені, Қазақстан уран экспорттауда жетекші елдердің қатарында жəне бұл саладағы отынды жəне басқадай қызметтерді, əсіресе, Азия елдері мен Таяу Шы ғысқа саудаға шығаруға мүдделі. Дегенмен, МАГАТЭ Иранның яд ро лық бағдарламасына қырын қа рап отырған қазіргі кезде Теһран бізден уран сатып ала алмайды. Тіпті, Қазақстан 2011 жылы Иранның ядролық бағдарламасы (ИЯБ) айналасындағы шиеленісті шешіп, Иранның ядролық қызметтерге қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін ресми түрде əлемде бірінші рет МАГАТЭ бақылауымен өзінде «ядролық отын банкін» орналастыруға өтінім түсіргені белгілі. Мұндай банк бейбіт түрде атом энергиясы бағдарламасын жүргізіп отырған елдерге ядролық отын жəне басқа да қызметтер ұсына алған болар еді.

Мұның да өз тиімділігі бар. Уранды байыту арқылы алынатын отын оны қажет етіп отырған мемлекеттерге экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да пайдалы. Мəселен, қолданыста болған ядролық отынды қайта өңдеу, яғни байыту технологиясын ядролық қару жасау үшін де пайдалануға болады. Осы түйткілді тарқату үшін Елбасы Қазақстанда осы банкті орналастыруға мүдделі екенін ашық мəлім етті. Мұны біз Назарбаев пен Ахмадинежадтың 2009 жылғы бірлескен баспасөз мəслихаты кезіндегі мəлімдемелерінен келтіріп отырмыз. Ал қазіргідей онсыз да мазасыз əлемде төрткүл дүниені алаңдатып тұрған, адамзат баласын қанға қайта бөктіруі əбден кəдік көкейкесті мəселені шешу үшін Қазақстан мен оның басшысы қолынан келген əрекеттің бəрін жасап жатқаны халықаралық қоғамдастық тарапынан тиісті бағасын əлі де алады. Енді қазірдің өзінде-ақ «Алматы келіссөздері» деген атауға ие бола бастаған «алтылық» пен Иранның төртінші рет тоғысуы қаншалықты табысты өтті? Келіссөздердің алғашқы күнінде бас-аяғы 300-ге барып жығылатын Қазақстан мен шетелдік журналистер төзімі таусылғанша кез келген тараптың қандай да бір мəлімдеме жасауын күтудей күтті. Түн ортасына тақағанда ғана Еуроодақтың бас өкілінің баспасөз хатшысы Майкл Манн байланысқа шықты. Ол Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің бірінші күні «пайдалы» өтті деп қысқаша дəйектеме жасады. – Біздің ұсынысымыз сағат 13.30да пленарлық отырыста айтылды. Екі жарым сағат осы ұсыныс талқыланды. Одан кейін ирандықтар біздің ұсынысымызды қарауға шықты. Түстен кейінгі уақытта жəне кешке талқылаулар одан əрі жалғасты. Ертең тағы бір кездесу болады, онда біз өзіміздің ұсынысымызға анағұрлым толық жауап аламыз деп үміттенеміз. Келіссөздер пайдалы өтті деп есептейміз, – деп журналистерді тарқатқан Еуропалық Одақ өкілі тараптардың ұсыныстарын нақ ты ламаған-ды. Майкл Манн

əріптестеріміздің сұрақтарына жауап бере келіп, талқылау тек Иран ядролық бағдарламасы бойынша ғана жүргізілгенін жеткізді. Иран жағы біздің ұсыныстарымызға икемділікпен қарап, оң көзқарас танытады деп үміттенеміз, деген сөзінен танған жоқ. Сонымен, сəрсенбінің де таңы атып, келіссөздер жалғасатын кез келді. Оның алдында Кэтрин Эштон: «Біз əлемдік қоғамдастықтың Иран ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылығын азайтып, істі ілгерілетуді мақсат тұтып келіп отырмыз. Қазақстандағы келіссөздер сол кездесулердің жалғасы, – деді. – Біз мұнда Иранмен мазмұнды жұмыс істеу үшін əбден електен өткен ұсыныстарымызбен келдік. Мақсатымыз – ұсынықты да жемісті үнқатысу. Оған қоса, отырыстардың аяғына қарай істі ілгерілетуге ұмтылатын боламыз». Сол сияқты, əлемдік саяси аренада болсын, Иранның өз ішінде болсын жағдай өзгеріп отырғанын жеткізген Эштон ханым осының алдындағы Е3+3 пішініндегі

үш ке ліс сөзде талқыланған мəселелерді, МАГАТЭ-мен өткізілген талқылауларды қаперде ұстау керектігін атаған-ды. Əрине, мұның бəрі қайта қаралған ұсы ныс тарда əбден ескерілген. Еуро одақтың жоғарғы өкілі Иранмен келіссөздер жүргізіп отырған «алтылық» бірауызды екенін жəне ұстанымдары да бірегей екенін мəлімдеп өтті. ...Кеше түс ауғанда баспасөз брифингіне бірінші болып Иран тарапы келді. Иранның Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили ымыраға шақырған кез келген ұсыныс, оның ішінде сенімді нығайтуға тең болып табылатын транспаренттілікті қамтамасыз ету Иран Ислам Рес публикасының құқықтарын та нуға негізделуі тиіс, оның ішінде уран байыту да бар, деді. «Біз Мəскеуде ынтымақтастық жағына шығаратын нақты бір қадамдар жасауға дайын екенімізді мəлімдеген болатынбыз. Ондай қадамдардың бірі – осыдан 3 жыл бұрын Женевадағы келіссөздер барысында біз өзімізге реакторға

арналған отын сұрағанбыз. Өкінішке қарай, біз бұл отынды ала алмадық. Сондықтан оны өзімізде дайындауға тура келді. Яғни, реакторлар үшін бізге 20 пайызға дейін байытылған уран керек болды. Біздің оған құқымыз бар», деген Джалили ирандықтардың сеніміне ие болу үшін қысым көрсетуді тоқтату керек деген ойын атап айтты. Қысқасы, Иран тарапы əлемдік қоғамдастық конфронтациялық қарымқатынасты доғаруы керек деп біледі. – Алматы келіссөздері кезінде бұрынғыға қарағанда күнделікті өмірге жақын ұсыныстар жасалды, – деді Иранның Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили. – Қазақстанға осы келіссөзді Алматыда ұйымдастырғанына алғысымыз шексіз. Оны, əсіресе, жоғары мəртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқым келеді. Осыдан 9 ай бұрын Иран Мəскеудегі ке ліс сөзде өзінің нақты танымдарын ұсынған болатын. Онда ынтымақтастықтың 5 құрамы жəне 6 қағида мен нысаналар көрсетілген еді. Кешегі қарымта сөзде бұрынғыға қарағанда ойымыздан шығатын ұсыныстар болды. Оның айтуынша, бұл жолғы ымыралы əңгімелер текке өтпеген. Бұл кездесудің жарқын тұстары бар. Арадағы сенімділікті ұлғайту үшін 5+1 пішініндегі келіссөздерді жалғастырып, келесі 6 айда тағы да қадамдар жасалуы керек. Сондықтан 18-19 наурызда Ыстамбұлда сарапшылар кездесуі ша қы рылады. Содан кейін, яғни 5-6 сəуірде келіссөз Алматыда қайта жалғасады. – Бұл келіссөзде ілгері басу бəрімізге де ауадай қажет, – деді өз кезегінде Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон. – Саид Джалили мыр за келіссөз табысты өтті десе, оған мен де қосыламын. Жо ға ры мəртебелі сарапшылардың Ыс там бұлда наурыз айында өтетін кездесуінің нəтижесінен кейін енді қаншалықты ілгерілейтінімізді көреміз. Біздің ұсыныстарымыз біршама сенім орнатуға мүмкіндік беруде деп білеміз. АЛМАТЫ.

Алматы Иран келіссґздері їшін неліктен таѕдап алынды? The wall street Journal, 25.02.13

Ќазаќстан – кез келген кездесу їшін лайыќты ел

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер Қазақстанның аса ірі қаласы Алматыда сейсенбі күні басталды. Иран, Ыстамбұлды қоса алғанда, ұсынылған басқа келіссөздер орындарына вето қойып, бірнеше апта бойы кездесу уақыты мен орнын үйлестіру мəселесін шешті. Қазақстан осы мақсат үшін дəл келетін ел ретінде таңдалды. Бұл ел Теһранмен достық байланыстар қалыптастырған жəне Вашингтонмен де сенімді саяси жəне сауда қатынастарына ие. Бұл əркез тіл табысуға болатын, кез келген кездесу үшін жақсы қожайын. Оның үстіне Қазақстанның ядролық өткені бар. Бұл ел Кеңес Одағы ыдыраған кезде əлемдегі аса ірі ядролық арсеналдардың бірін иеленіп қалды. Бірақ АҚШ-тың бастамасы бойынша өзінің қаруын 1990-жылдардың ортасында Ресейге беріп, толықтай қарусызданды жəне ядролық қару бағдарламасынан бас тартты. Бүгінде Қазақстан Орталық Азияда жетекші рөл атқарады. Дүйсенбі күні америкалық бір саясаткер ел қазір өзінде ядролық бағдарлама бар кездегіден бай жəне қауіпсіз бола түсті деп атап өтті. Дей тұрғанмен, осы қар жамылған, бір жарым миллион тұрғыны бар үлкен қалада келіссөздер көпшіліктің назарын аударды десек, артық айтқандық болып шығар еді. Оқиғадан белгі беретін жалғыз орын келіссөздер өтетін Rixos отелі маңындағы қала орталығы болды. Дүйсенбі күні отель алдындағы жаяу жүргін шілер көп жүретін табанжолда Иранның ядролық бағдарламасы туралы хабардар 23 жастағы студенттен пікір сұрадық. «Қазақстан ядролық бағдарламадан бас тартқан алғашқы ел болды. Ядролық бағдарламаның жақсылығы шамалы. Ол бəріміз үшін, бүкіл əлем үшін қауіпті», деді ол. Түскі үзіліс кезінде қонақ үй сыртындағы саябақта қаладағы пошта қызметтері бірінің менеджері Рауан Алтын оқиғадан құлағдар екенін, Алматыда келіссөздер өткізілетінін білетінін айтты. «Біз бейбітшілік жəне мəміле іздеу жағындамыз, – дейді 26 жастағы жас жігіт. – Бұл шын мəнінде Қазақстанға көрсетілген үлкен сенім. Бұл кездесу АҚШ-та, Қытайда немесе Үндістанда емес, Қазақстанда өткелі отыр. Біз мұны мақтан етеміз».

Reuters, 26.02.2013

«Ешкім де Алматыдан толыќ шешілген мəселемен оралуды кїтпейтіні тїсінікті» Əлемдік державалар Қазақстанның Алматы қаласындағы ядролық бағдарлама бойынша Иранмен келіссөздерден серпінді келісім күтіп отырған жоқ, деп мəлімдеді сейсенбі күні Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі. «Ешкім де Алматыдан толық шешілген мəселемен оралуды күтпейтіні түсінікті», деп

мəлімдеді келіссөздер басталғаннан кейін өткен баспасөз мəслихатында Майкл Манн. Əлемдік державалар, егер Теһран Батыстағылар бомба жасауға бағытталуы ықтимал деп қауіптеніп отырған ядролық қызметін қысқартатын болса, Иран сəрсенбі күні өздерінің кейбір санкцияларды алып тастау туралы жаңа ұсынысына оң қабақ танытады деп үміттенеді. АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Қытай жəне Ресей бұл ұсыныстарын сегіз ай үзілістен кейін сейсенбі күні Алматыда басталған кездесу кезінде жасады жəне ислам мемлекеті оны қарастыру үстінде, деп мəлімдеді олардың өкілі. Батыс өкілдері келіссөздердің бірінші күнін «пайдалы», ал Иранның мемлекеттік телевизиясы пікірталас ауанын «өте салмақты» деп атады. Қазақстан қаласында өтетін екі күндік кездесудің қорытындыларын, егер дипломатиямен жəне санкциялармен уран байыту бағдарламасын тоқтатудың сəті түспесе, Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауы ықтимал екенін айқын ұқтырған Израиль мұқият қарайтын болады.

NBS News, 27.02.2013

Алматыға келді. Бірақ журналистердің көпшілігіне келіссөздерге қатысуға рұқсат берілмеді. Дипломаттар мен шенеуніктер Rixos отелінде аталған тақырыпты талқылап жатқанда, 100-ден астам журналист InterContinental қонақ үйінде отырды. Күні бойы жүрген келіссөздерден кейін ЕОның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон журналистерге былай деп хабарлады: «Бүгін біз пайдалы кездесу өткіздік, деді Майкл Манн. Иран жағы өткен кештің барлық оқи ға ларын талқы таразысына салып, біздің ұсыныстарымызды оң тұрғыдан қарайды ғой деп үміттенеміз».

Global Post, 27.02.2013

Иран ґкілі ЕО ґкілімен сəуірде кездеседі Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бас келіссөзшісі Саид Джалили сəрсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасы бойынша алты əлемдік державамен келесі келіссөздерді 5-6 сəуірде қазақтың Алматы қаласында ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштонмен жүргізетінін мəлімдеді. – 18 наурызда Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде кеңес шақыру туралы шешім қабылданды. Содан кейін 5-6 сəуірде Алматыда Иранмен 5+1 кездесуі өткізілетін болады, – деп мəлімдеді журналистерге Джалили.

Неге Алматы? Иранныѕ ядролыќ баєдарламасы бойынша келіссґздерге ќатысып жатќан журналистер осыєан Bloomberg, 27.02.2013 таѕ-тамаша Иран келіссґздерде Сейсенбі күні Иран мен алты əлемдік держава өкілдері сегіз айға созылған үзілістен кейін əлемдік державаларєа Таяу Шығыста жаңа соғыс отын тұтандыруы ќарсы ўсыныс ық тимал Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамайды шешуге ұмтылып, өз- дайындауда

дерінің алғашқы кездесулерін өткізді. Осы жолы ресми өкілдер мен журналистер келіссөздер үшін Қазақстанға, Алматы қаласына жиналды. Келіссөздер уақытында басқа отельде күтіп отырған журналистер өздеріне: «Неге Алматы?» деген сауалдар қойып, таңқалыстарын білдіріп жатты. Бір қарағанда Ыстамбұл нақты таңдау сияқты көрінеді, өйткені, осының алдындағы екі кездесу нақ сол қалада өтті (келіссөздер сондай-ақ Бағдат пен Мəскеуде де өткізілді). Бірақ Түркия Иранмен қатынасы нашарлаған елдер қатарына қосылды. Бертінге дейін екі ел арасында берік қатынастар орнаған-тын. Түркия Сирия көтерілісшілерін қолдағаннан кейін ол бұзылды. Жергілікті журналистер Қазақстан нышандық тұрғыдан дұрыс таңдау деп түсіндіреді. Өйткені, ол – ядролық қарудан бас тартқан алғашқы посткеңестік мемлекет. Бұған қоса, Қазақстан Батыс пен Иран арасындағы бейтарап ел болып табылады. Алты əлемдік держава – Германия, Қытай, Франция, Ресей, Құрама Штаттар мен Біріккен Корольдік Женеваны ұсынды, Иран Бағдатты қалады. Кейін олар келіссөздерді Стокгольмде өткізуді ұсынса, Иран Алматыны құп көрді. Сөйтіп, алты əлемдік держава батысты ұсынса, Иран шығысты жөн санады. Осылайша журналистер мен ресми адамдар

Əлемдік державалар мен Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасы бойынша екі күндік келіссөздерін аяқтады. Тараптар проблеманы одан əрі талқылауды келесі айдан бастап жалғастыруға уағдаласты. Иран өкілі Саид Джалили Алматыдағы екі күндік мəжілісті «бетбұрысты сəт» деп атап, Иранға «бұрынғыға қарағанда шындыққа жақын келетін жəне логикалық тұрғыдан жөндем» ұсыныс жасалғанын атап көрсетті. Техникалық келіссөздер 18 наурызда Ыстамбұлда, саяси пікірталастар 5 сəуірде Алматыда қайта жалғасады, деп мəлімдеді журналистерге С.Джалили. ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон келіссөздердің егжей-тегжейін ашпай, Иранға жасалған жаңа ұсыныстарды теңдестірілген деп атады. АҚШ бастаған əлемдік державалар, Иранның ядролық бағдарламаларына шектеуді қоса алғанда, саяси бағыт іздеу үстінде екендіктерін айтады. Израиль келіссөздер нəтиже бермесе, бағдарламалардың дамуын тоқтату үшін Иранның ядролық нысандарын бомбалауы ықтимал екенін ескертіп отыр. АҚШ та осы мақсатта күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Иран болса, өзінің бағдарламасы бейбіт мақсатқа бағытталғанын көлденең тартады. Қазақстандағы екі күндік кездесу өткен жылдың маусымынан кейінгі алғашқысы болды.

Соңғы келіссөздерге қатысып жатқан ресми өкілдердің сөздеріне қарағанда, АҚШ пен оның əріптестері, егер Иран 20 пайызға байытылған уран өндірісін тоқтататын болса, онда кейбір банктік, мұнай химиясы жəне алтынға қатысты санкцияларды жеңілдететіндіктерін мəлімдеді. Джалилидің айтуынша, Иран өзі қол қойған халықаралық шартқа сəйкес уранды байытуға құқылы. Ол сондай-ақ Ирандағы Фордо зауытын жабуға негіз жоқ екенін мəлімдеді. Орташа байытылған уран өндіретін аталған зауыт Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық байқаушысының бақылауында екені белгілі.

CNBC, 27.02.2013

Иран, Р5+1 Алматыєа сарапшылар деѕгейіндегі келіссґздерден кейін ќайта оралады Иран мен əлемдік державалар Ыстамбұлдағы сарапшылар деңгейіндегі келіссөздердің бірінші кезеңінен кейін Иранның ядролық бағдарламасын талқылау үшін Алматыда тағы бір кездесу өткізуге уағдаласты, деп хабарлады сəрсенбі күні Иранның Fars News агенттігі. Баяндамада екі кеңес өтетін күн нақты көрсетілген, бірақ сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер Алматыдағы кездесуден бірнеше күн бұрын өтетін болады. Екі тарап сейсенбі жəне сəрсенбі күндері Алматыда кездесіп, Иранның ядролық қызметіне қатысты проблеманы шешуге талпыныс танытқан еді.

Ағылшын радиосы, 27.02.2013

Иран, 5+1 тобы Алматыда келіссґздердіѕ 2-ші кїнін бастады

Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бес тұрақты мүшеден тұратын 5+1 тобы жəне Германия Қазақстанның Алматы қаласында келіссөздердің 2-ші күнін бастады. Иран тарапынан бас келіссөзші Иран Жоғары ұлттық кеңесінің хатшысы Саид Джалили болса, ЕО жағынан Сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкіл Кэтрин Эштон болып табылады. Олар сəрсенбі күні мəжіліс өткізді. Иран мен 5+1 тобы келіссөз үстеліне жаңа ұсыныстармен отырғандарын хабарлады. Сейсенбі күні өткен келіссөздердің бірінші күні барысында 5+1 тобы Ираннан 20 пайыз байытылған уран өндірісін қысқартуды, Фордодағы ядролық нысанын жабуды талап етті. Өз кезегінде Батыс өкілдері Иранға қарсы қолданылған алтын, мұнай химиясы жəне банктік санкцияларын азайтатынын айтты. Иран мен 5+1 тобы негізгі екпінді Иранның ядролық бағдарламасына түсіре отырып, келіссөздердің бірнеше кезеңін өткізді. Келіссөздердің соңғы раунды 2012 жылдың маусымында Мəскеуде ұйымдастырылған еді.

Маѕызды ќадам Қанат САУДАБАЕВ,

Қазақстан Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі комиссия төрағасы, «Назарбаев орталығының» директоры.

Алматыда үстіміздегі жылдың 5-6 сəуірінде тағы бір келіссөздер раундын өткізу, мəселелерді шешудің жолын Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде ары қарай талқылау туралы уағдаластықпен аяқталған Алматыдағы Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер тараптардың арасындағы өзара түсіністік пен сенімді бекітіп, мəселені тек қана бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігіне деген көзқарасты нығайтуда маңызды қадам болды. Қазақстан келіссөздердің тікелей қатысушысы болған жоқ. Дегенмен, еліміз олардың жемісті өткізілуіне барлық қолайлы жағдайды жасады, ал бір күн бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздер үдерістерінің тең төрағалары – Иран Ислам Республикасы Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили мен Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонды қабылдады. Осы бір күрделі келіссөздер үдерісіндегі тіпті азғантай осындай прогрестің өзі біздің бəрімізді қуантпай тұра алмайды. Осының өзінің қазақ жерінде, 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойған Алматыда мүмкін болғанының нышандық мəні бар.

Бейбітшілікке їндейтін кездесулерден кїтеріміз кґп Хиронао ОКУМА,

«KIODO News» ақпарат агенттігі Мəскеу бюросының журналисі (Жапония):

– Қазақ жерінде екі күнге созылған «Иран мəселесіне» қатысты Алматы келіссөздері Иран мен «алты ел» арасында жаңа байланыстардың ашылуына жол салды деп айтуға болады. Бұл сая си кездесу бұған дейінгі осы тақы рыптың сеңін бұзғандай. Тараптар өздерін қызықтыратын ұсыныстарды бір-біріне өткізе білді. Бұл мəселе жөнінде Ресей өзімен əріптес Батыс елдері секілді Иранның ядролық бағдарламаны бейбіт мақсатта қолдану талабын берік ұстанатындығы аян. Алматы келіссөздерінде көптеген пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Ирандық делегация құрамындағы осы саланың жауапты тұлғалары мен сарапшыларының бұл жолғы келіссөз жүргізу мəнері барлығымызды ортақ тіл табысуға түбі қол жеткіземіз деген сенімге жетеледі. Алматы қаласында өткен 3+3 тұрпатындағы Иранның ядролық бағдарламасы тақырыбын терең қозғаған келіссөздер жұмысына өзара үнқатысу алаңын ұсынғаны үшін Қазақстанға жəне оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ал ғысымызды білдіреміз. Қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тартқан ел ретінде Қазақстан бұл келіссөзге өзіндік зор үлесін қоса білгендігін баса айтқым келеді. Сəуір айында тағы да Алматы қаласында болатын келесі кездесуден, əрине, барша адамзатқа игі шешім қабылданса деп тілейміз. Менің пікірімше, əлемнің əр қаласында өткізіліп жүрген «Иран мəселесі» тек саяси үнқатысу құралы болып қалмай, нақты бір шешімін табатын жəне уранды бейбіт мақсатта қолдану ісінен барлық адамзатқа пайдасы тиетін нəтижеге жетелейтін тəжірибе болуы керек деп есептеймін. Айһан ЗЕНГИН,

Иран ядролық бағдарламасын зерттеуші:

– Алматыдағы бұл басқосу Мəскеу келіссөздеріне қарағанда өте маңызды болды. Əрине, бұл тақырып өзінің шегіне жетпеуі себепті тағы да нақты шешімге қол жеткізілмегені баршамызға аян. Бір сөзбен айтқанда, бұл жеңімпаздар ойыны емес, жеңілушілер ойыны деуге əбден болады. Екі тарап та ерен ілгерілеушілікке қол жеткізе алмады. Бұл үнқатысудың ұтқаны – тараптар бұдан кейін де бұл тақырыпты сыпайы қозғауға жол ашты, келесі жолы ресми жағдайда жылы кездесу мүмкіндігіне ие болды. Иранның ядролық бағдарламасы тақырыбын соңғы 10 жылдан бері тиянақты зерттеп жүрген адам ретінде Алматы қаласында алдағы өтетін кездесу бұдан да жемістірек болады деп сенім артар едім. Қонақжай Қазақ еліне келер кезде мен Қазақстанның ядролық қалдықтар банкін жүзеге асыруға мүдделі екендігін білдім. Егер бұл банк жұмыс істей бастаса, Иран Қазақстанмен осы мəселеде тығыз қатынас орнатар еді. Əрине, бұл Еуропалық Одақ үшін «Иран мəселесінен» өзге тағы бір «бас қатырарлық» жұмыс болады деп ойлаймын. Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі жан-жақты келіссөздерге тікелей мұрындық болу арқылы Қазақстан əлемдік саясатта өзіндік жаңа бейнеге ие болды деп айтар едім. Əлемдегі үлкен ядролық қарудан бас тартқан ел ретінде қазақстандық делегация құрамын да осындай келіссөз алаңынан болашақта көруге əлемдік сарапшылар қуана келісер еді дегім келеді. АЛМАТЫ.


3

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

Əкім есеп берді. Ел не деді?

Алда ауќымды жўмыстар кїтіп тўр Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Облыс əкімі қызметіне жаңадан тағайындалған Самат Ескендіровтің тұрғындар алдындағы алғашқы есебіненақ өңірдің ахуалы мен проблемаларын терең білетіні байқалып тұрды. Жергілікті əлеуметтік-экономикалық мəселелерден жан-жақты хабардар болғандықтан, баяндама нақтылық сипатымен, алдағы міндеттерді жан-жақты саралауымен ерекшеленіп, тыңдаушылар көңілінен шыға білді. Самат Сапарбекұлы өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ-

стан-2050» Стратегиясы–қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын басым бағыттардан бастап, ауқымды мақсаттар солтүстікқазақстандықтардың іс-қимылына қуатты серпін туғызғанын атап өтті. Аймақ басшысы жиналғандар назарын облыс бюджетін қалыптастыруда ішкі мүмкіндіктердің толығымен пайдаланылмай отырғанына аударды. Республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерін қоса есептегенде облыс бюджеті 105,4 миллиард теңгені құрап, 57 пайыздайы əлеуметтік салаларға бағытталған. Қаражаттың айтарлықтай бөлігі республикалық қазынадан бөлініп келеді. Президенттің макроэкономикалық саясатты толық қайта құру туралы талабына орай алда жаңа экономикалық қағидаттарды жүзеге асыру арқылы ұзақ мерзімді қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету, тек өз мүмкіндіктеріміздің шеңберінде жұмсау, бірінші кезекте, келешегі зор бағыттарды дамыту, экономикалық өсімнің жаңа көздерін анықтау міндеттері тұр. Сонда ғана инвестиция қайтарыммен жұмыс істеп, бəсекеге қабылеттілік арта түсетін болады, деді ол. Ауылшаруашылық өнімдеріне деген жаһандық сұраныстың күрт өскенін ескере отырып саланы жаңғырту айрықша маңызға ие екенін еске салған баяндамашы мəселе жаңа агротехнологияларды енгізу есебінен егін шығымдылығын арттыру, көлемін ұлғайту, жемазық базасын жасауда қолдағы зор əлеуетті пайдалану, экологиялық таза өнімдер өндіру мақсатымен бəсекеге қабылетті ұлттық брендтер құру, фермерлікті, шағын жəне орта бизнесті одан əрі өркендету, мал шаруашылығы дəстүрлерін жаңғырту мəселелеріне ерекше екпін түсірді. Ішкі мүмкіндіктер жеткілікті бола тұра толық іске қосылмайтыны сын тезіне алынды. Елді мекендерде мал дəрігерлеріне сұранысты шешу, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша жас мамандар даярлау бағытында мемлекеттік ынталандыру шараларын пəрменді қолдану, азық-түлік рыногында бағаны тұрақтандырудың ұтымды жолдарын қарастыру қажет. Бүгінде индустриялық-ин но вациялық даму стратегиясынсыз өңір экономикасын көзге елестету қиын. Осынау заманауи жобалардың өміршеңдігі өнеркəсіп кешенінде айқын байқалып отыр. Əкім республиканың Индустрияландыру картасына құны 43 миллиард теңгеге жуық 31 жоба енгенін, нысандар іске қосылғалы 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылғанын тілге тиек ете келіп, экономикалық өнімділігі жоғары озық жобалар қатарына су қысымды полиэтилен құбырларын, мұнай кəсіпшілігі қондырғылары өндірісін, ТМД елдері арасындағы бірегей сүт зауытын атады. Биыл 4 жоба жүзеге асырылатын болады. Бүгінде мемлекет шағын жəне орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Əсіресе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кəсіпкерлікті дамытудың тың көкжиектерін ашып берді. Өңірдің осы сала ұйымдары 25 миллиард теңге несие алды. Біртұтас экономикалық кеңістік құрылғалы Ресейдің шекаралас аймақтарымен саудасаттық жүйесі кеңіді. С. Ескендіров облыс тұрғындарын ерекше толғандыратын тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол-көлік инфрақұрылымы, ауыз су, жұ мыспен қамту жайларына да жеке-жеке тоқталып өтті. «Қолжетімді

баспана-2020» бағдарламасы шең берінде салынып жатқан үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысына 1миллиард 168 миллион теңге қарас тырылған. Жас отбасыларға арнап жалгерлік баспаналар мен жатақханалар құрылысы басталды. ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша көп пəтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 812,5 миллион теңге бөлінді. Десек те, əбден тозығы жеткен инженерлік тораптарды жаңалау – күн тəртібіндегі өткір мəселелердің бірі. Бұл проблемаларды шешу республикалық қазынадан қомақты қаржыны талап етеді. Сол сияқты, автомобильдер санының артуына байланысты жол-көлік инфрақұрылымы да күрделеніп барады. Былтыр 13 сумен жабдықтау нысаны іске қосылды. 7,5 мың тұрғыны бар 10 ауылға су жеткізілді. 20 мыңнан астам адам тұратын 6 елді мекенде сумен қамту жақсартылды. Биыл бұл мақсаттарға 2,6 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Атқарылған шараларға қарамастан таза су тарту, сапасын жақсарту, су нысандарын орынды пайдалану саласында қордаланған проблемалар əлі аз емес. Баяндамашы барлық əкімдер мен тиісті басқармалар басшыларына «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын ұдайы назарда ұстауды тапсырды. Ауқымды əлеуметтік жаңғыртуға 3 миллиард теңге бөлініп, тұрғындарды кəсіби даярлықтан өткізу, мамандықтар бойынша қайта оқыту, əлеуметтік жұмыс орындарына жəне жастар тəжірибесі бойынша қосымша жұмысқа орналастыру, өз ісін ұйымдастыруға жеңілдетілген несие алу, болашағы жоқ ауылдардан жаңа салынған үйлерге қоныс аудару, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін берді. 30 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Кəсіпкерлікті дамытуға, ұтқыр жəне еңбек ресурстарын арттыруға жағдай жасау мақсатында 600 миллион теңгенің 268 несиесі берілді. Ауылдық жерлерде 29 инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру үшін 451 миллион теңге жұмсалып, 481 қосымша жұмыс орындары ашылды. Баяндамашы білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша алда тұрған міндеттерді талдап, балабақшалар мен шағын орталықтар ашуда мемлекеттік жеке серіктестіктің əлеуетін пайдалану, осы заманғы əдістерді енгізу, дуальды оқытуды меңгеру, шалғай аудандар тұрғындарына жедел медициналық көмекті жақсарту, қолжетімділігі мен сапасын арттыру, диагностикалауды күшейту, озық құрал-жабдықтар орнату

ауданы: – Бұрынғы аудан орталығы Возвышенкадан Молодогвардейск селосына дейінгі жолға күрделі жөндеу жүргізбей болмайды. – 2011-2015 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаға енгізілген, құжаттар дайындалған. Оған 2 миллиард теңгедей қомақты қаражат қажет. Биыл кірісе алмаймыз. – Николай Камалединов, Мамлют ауданы: – Воскресеновка орта мектебі осыдан 33 жыл бұрын салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. – Сметалық құжаттары жасалғанымен, қаражат көзін ойластыру ескерілмеген. Былтыр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген 500 миллион теңге əлеуметтік нысандарға жұмсалса, биылғы қаражат мөлшері – бір миллиард теңгеге жуық. Тығырықтан шығу жолдарын табатын боламыз. – Наталья Бакиева, Тайынша ауданы: – Тайынша стансасында кешенді мəдени орталықтың құрылысы басталып, аяқсыз қалды. – Оның құрылысына 2011 жылы 77 миллион теңге жұмсалған. 2012 жылы қаржы қарастырылмаған. Қажеттісі – 480 миллион. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына енгізуге тырысамыз. Александр Борисов, Тимирязев ауданы: – Биыл «Ақбидай» спорттық спартакиадасы бізде өтетіндіктен, стадионға күрделі жөндеу қажеттігі туындап отыр. – 25 миллион теңге берілді. 70 миллион теңге сұрапсыздар. Үнемдеу жағын тағы бір пысықтап көріңіздер. Мара Сансызбаева, Уəлиханов ауданы: – Бидайық орта мектебінің екінші корпусын жөндеу жұмыстарына 25 миллион теңге жұмсалды. Қосымша 42 миллион теңге қажет. – Барайын, көрейін, жағдаймен танысайын. Содан кейін бір шешімге келерміз. Залда орнатылған микрофондар арқылы жолданған сұрақтар аясында көпшілікті толғандырып жүрген жайттар ортаға салынды. Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишим қазақ мектебінің директоры ескі мектепте 440 бала үш ауысымда оқитынын, бөлмелердің тарлығын, асхана, спорт залдың жоқтығын қынжыла айтып, жаңа ғимарат салуға көмектесуді өтінді. Самат Сапарбекұлы мəселемен жақсы таныс екенін, келер жылғы республикалық бюджетке енгізуге күш

жайларын сөз етті. Есеп аяқталғаннан кейін аймақ басшысы арнайы қойылған жəшіктерге түскен сауалдарға жауап қайтарды. Меңдігүл Олжабаева, Айыртау ауданы: – Саумалкөл ауылында су тарату жүйесінің құрылысы жалғасын таба ма? – Сөз жоқ, жалғасады. Биыл 8 шақырым су құбырын тартуға жарты миллиард теңге қарастырылған. Серғазы Жұмабаев, Ақжар ауданы: – Аудан орталығы Талшық кентінде əлі күнге дейін қоғамдық монша жоқ. Мəселенің оң шешілуіне жəрдем көрсетуіңізді сұраймыз. – Былтыр сметалық құжаттары дайындалып, сараптама жасалыпты. Қаражат та бөлініпті. Құрылысты биылдан кешіктірмей бастауды аудан əкіміне жүктеймін. Бұл шараға мемлекет-жеке меншік əріптестігін тартқан жөн болар еді. Юрий Гаврик, Аққайың ауданы: – Черкасск ауылына дейінгі жолмен жүру тұрғындар үшін үлкен азапқа айналған. – Қиялы-Черкасск-Новороссийск бағыттары бойынша ағымдық жөндеу жұмыстарына 15 миллион теңге бөлінді. Тағы да қосымша қаржы қарастырылады. Анатолий Синицын, Жамбыл ауданы: – Благовещенка-Қайранкөл бағытындағы жолмен қатынау өте қиын. – Əзірленген сметалық құжаттарға орай былтыр 10 шақырым жол жөнделгенімен, өте сапасыз атқарылған. Басқа шараларды ойластырып жатырмыз. – Гүлнəр Телтаева, М. Жұмабаев

салатындарын, шығынның бір бөлігін жергілікті қа зынадан өтеуге дайын екендіктерін жеткізді. Əбден тозығы жеткен Тайынша стансасындағы мемлекеттік тілдегі білім ордасы да жеке бақылауға алынды. Юлия Шебер Тимирязев ауданы Докучаево ауылында бос тұрған ФАПты балабақшаға айналдыру қажеттігін көлденең тартты. Айыртау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Армия Əбілқайыров мазмұнды баяндама үшін алғысын айта келіп, өз ойын Айыртаудың көрікті жерлерін туристік аймаққа айналдыру, инфрақұрылымын дамытуға республикалық қазынадан қаражат бөлу төңірегінде өрбітті. Жиында төрт жəне одан да көп баласы бар аналарды қаржылық қолдауға арналған «Ұрпақ қоры» өңірлік бағдарламасы, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға бейімдеу орталығын ашу, бау-бақшамен айналысушыларды электр қуатымен, сумен қамтамасыз ету, зағип балалар үшін мамандандырылған мектеп салу мəселелері көтерілді. Бірқатар ұсыныстар қолма-қол шешімін тапты. Қалғандары бақылауға алынды. Сөзін қорытындылай келіп, облыс əкімі С.Ескендіров жылы-шырай лы кез десу үшін жиналғандарға ал ғыс білдірді. Өңірдің əлеуметтік-экономикалық салаларында көптеген шаруалар тындырылғанымен, алда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап көрсетті. Солтүстік Қазақстан облысы. –––––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев Мəуліт мерекесі қарсаңында, қасиетті жұма күні киелі Маңғыстау өңірінің өткен жылғы дамуы туралы есеп берді. Біткен іс қандай, бітпеген іс бар ма, алдағы атқарылар шаруалар қаншалықты, оған барар жол мен жоба қайсы – осының бəрі əкім есебінде көрініс тапты. Қызметке келген бір ай мерзім ішінде облыстың аудан, қалаларында болып, аймақ белсенділерімен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, өнеркəсіп кəсіпорындары жұмысымен танысқан əкімге өткен жылғы атқарылған жұмысты екшеп, келешектің міндетін бағамдау қиын болған жоқ.

өзге де 9 ауылдық дəрігерлік амбулатория лардың құрылысы аяқталады деп күтілуде. Елбасы Н.Назарбаев жұмыссыздықты еңсеру үшін шағын кəсіпкерлікті дамыту, жаңа мамандықтарды игеру қажеттігін алға тартып отырғандығын еске салған А.Айдарбаев кəсіпкерлікті дамыта отырып, біз өндірісті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік аламыз. Ол үшін нақты құралдар да бар. Дегенмен, тұрғындар өз бетімен əрекет етуі керек. Біз барлық адамды мұнай саласындағы жұмыспен қамтамасыз ете алмаймыз. Мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Мамандығы болмаса немесе сəйкес

Баяндыда мектеп қашан пайдалануға беріледі?» деді. – Үш ауысымда оқытатын мектептерді тезірек қолға алуымыз керек. Сондықтан қаражат та осы бағытқа жұмсалуы тиіс. Мұнайлы ауданында 2013 жылы 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп кү тілуде. Атап айтсақ, Маңғыстау-4, Маңғыстау-5 тұрғын массивтеріндегі жə не Басқұдық селолық округіндегі 960 орындық мектептер жəне Баянды селосындағы 960 орындық мектеп. Осы мектептер іске қосылған кезде үш ауысымда оқитын 6 мектептің 5-еуінің мəселесі шешілетін болады. Айтбатырова Күнзила, Ақтау қа-

Біткен істен бітер іс əрдайым басым болуы тиіс Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Əрбір ел мен өңірдің даму деңгейін бағалайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім десек, бұл тұрғыда Маңғыстау облысы 1,9 триллион теңгемен республика бойынша үшінші орынға ие. Бұған дейін қара алтынымен озып, қалтасын қалыңдау ұстайтын Маңғыстауда соңғы жылдары мұнай мен газ өндіру көлемі төмендеді. 2012 жылы өңірдегі мұнай-газ өндіретін 23 кəсіпорынның 9-ы ғана жоспарын орындай алған. Мұның салдары өнеркəсіптік өндіріс көлеміне тиетіні белгілі. Мектеп пен балабақшаға, денсаулық сақтау мекемелеріне, жұмыспен қамтуға қажеттілік күрт өсті. Былтыр 3 мың орындық 29 балабақша ашылып, облыстағы балабақшалар саны 177-ге жеткенімен, сəбилер кезегі азайған жоқ. Осынша балабақшада тəрбиеленушілер саны 25 мың болса, кезектегі сəбилер 31 мың. Облыста 6 мектеп үш ауысыммен оқытады. Мектептердің компьютерлендірілуі тұрғысында да таршылық бар. Барды бар деп, жоқты жоқ деп айту көп нəрсенің басын ашып, бағытты айқындайды. Əкімнің «көңілінен шықпайтын» тұс – облыстағы өңдеу өнеркəсібінің даму ырғағы. Қазір 84,3 пайызды құрап тұрған бұл деңгейді көтеру үшін өндірісті дамытудың нақты жəне тиімді шешімдері алынуы тиіс. Облыстың денсаулық сақтау саласы жаңа 4 нысанмен толығып, 12 ғимараты жөндеуден өтті жəне нəрестелер мен аналар өлімі, əлеуметтік мəні бар аурулар көрсеткіштері төмендеді. 21 нысанын күрделі жөндеуден өткізген білім беру саласында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 76 пайызға жетті. Облыста негізгі капиталға инвестициялар көлемі 100,6 пайыз, тұрғын үйді іске қосу 112,4 пайыз қамтамасыз етіліп, орташа айлық жалақы өсімі байқалды. Жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызға азайып, мемлекеттік қазынаға түсім ұлғайды. Жергілікті бюджет өсімі 25 млрд. теңгеге өсіп, нəтижесінде облыс бюджеті 125 млрд. теңгені құраған. Индустриялық жəне инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 25 540 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыс іздеп өтініш білдірген 5000-нан астам адам жұмысқа орналастырылған. Жаңаөзен қаласын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары, моноқалалар мен өңірлерді дамыту бағдарламасының бірінші кезеңінде 17 млрд. теңге жұмсалды. Облыс əкімі облыс тұрғындарымен кездесу барысында анықталған ең өзекті мəселелер деп тұрғын үйдің жетіспеуі, жұмыссыздық, ауылды жəне жаңадан салынған үйлерді сумен, бірқалыпты жолмен, жарықпен, газбен қамту жайттарын атады. Бəрін бірдей аз уақыт ішінде түбегейлі орындау мүмкін емес. Бірақ, əкім бекітілген бюджеттік ресурстар аясында бірқатар мəселелердің биыл шешілетіндігін айтты. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында əлеуметтік жаңғыртуға назар аудару қажеттігін айтты. Біз осы бағытта қандай жұмыстар атқара аламыз, деген облыс əкімі алдағы жасалатын жұмыстарға тоқталды. Облыстың білім беру саласының бюд жеті 2013 жылы 40 млрд. теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 35,2 млрд. теңгеге артты. Əкімнің айтуынша, Елбасы тапсырмасын орындау үшін биыл əлеуметтік салаға бөлінген барлық қаражат, бұрын басталған нысандар құрылысын аяқтауға бағытталып, үш ауысымды мектептер санын азайту үшін мектептер салуға, апатты мектептерді күрделі жөндеуге жұмсалмақ. Биыл 16 балабақша пайдалануға беріліп, 6 мың орындық 10 мектеп құрылысы аяқталмақ. Осылайша үш ауысымдағы 5 мектептің мəселесі ауыздықталатын болады. Денсаулық сақтау саласында да жаңғырту жұмыстары жалғасын табатын болады. Биылғы жылы облыстық аурухана базасында кардиологиялық орталық ашылып, Жаңаөзен қалалық перзентханасының, Ақтаудағы №2 емхана мен Мұнайлы аудандық емханасының,

келмесе, қайта даярлаудан өтіп кəсіби білікті мамандық алу қажет. Біз биыл кəсіпорындарда жұмыс орнын қысқарту, жалақыны уақытында төлемеу фактілерін болдырмау бағытында жұмыстанамыз, деді. Қазіргі таңда облыстағы 57 елді мекеннің 15-інде ғана ауыз су мəселесі шешімін тапқан. Биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша бөлінген 1,5 млрд. теңге суға қатысты 10 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, 22 мың адамды ауыз сумен қамтуға қол жеткізеді. Өзге аудан-қалаларды айтпағанда, облыс орталығы Ақтау қаласының өзінде 4 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Облыс басшылығы назарынан бұл мəселе де тыс қалмақ емес. Облыс əкімінің есебінен биыл 15 көп пəтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, 395 адам үшін жаңа пəтерлер есігін ашатындығын, сондайақ, облыс орталығында бұзылған апатты жағдайдағы үйлердің орнына көп пəтерлі тұрғын үй салынатындығын білдік. Географиялық орналасуындағы ерекшелік Маңғыстауда көлік инфрақұрылымын дамыту мəселесін алға тар тады. Аймақта былтыр басталған «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісінің құрылысы, «Ақтау-Атырау» автомагистралы мен «Бейнеу-Шетпе» жол учаскесін жөндеу жұмыстары жалғаспақ. Жуырда құлаққа тағы бір жағымды жаңалық тиді – Елбасы Н.Назарбаев Үкіметке «Астана-Ақтау» автомобиль жолын салуға тапсырма берді. Бұл жолдар тұрғындардың ұтымды қарымқатынасын айтпағанда, Ақтау теңіз портының логистикалық мүмкіндігін арттырады. Бүгінде жүк тасымалдау көрсеткіші жылына 11 млн. тоннаға жеткен теңіз портында қазір солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы есеп берудің басты жаңалығы, тіпті ерекшелігі – есептің мемлекеттік тілде берілгендігі. Ал өзге тілді тыңдармандар үшін үлкен экраннан айтылған

əрбір дерек пен дəйектің нақты аудармасы беріліп тұрды. Зал толы халық арасынан өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, ұсыныстар айтқандар да аз болған жоқ. Əкім сұрақтарын жазбаша қалдырғандарға жергілікті БАҚ беттерінде немесе əкім блогы арқылы міндетті түрде жауап берілетіндігін айтты. Алғашқы болып сұрақ қойған Мұнайлы ауданы, Баянды ауылының тұрғыны Нұрболат Зəуреш болды. Ол өзі ғана емес, бүкіл баяндылықтар үшін көптен бері маңызды мəселе болып келе жатқан мектеп жайын қозғап, «Осы уақытқа дейін 3 ауысыммен оқытатын

ласының тұрғыны: – Менің сізге екі сұрағым бар. Біріншісі, қала шетіндегі Приморский ауылына қашан газ беріледі? Екінші, үлескерлер мəселесі жуық арада шешіле ме? – Жер телімдерін беруде біз бұдан былай белгілі рет, тəртіпке жүгінуіміз керек. Инфрақұрылымы жасалмаған бос жер телімдеріне үй салып, орнығып алған соң тұрғындар газ, су, жарық сұрай бастайды. Осыдан мəселе туындайды. Енді біз алдымен бос жатқан жерлерге газ, су, жол, жарық апарып, дайындап алған соң, ол жерлер берілетін болады. Приморскийге газ апару жұмыстары биыл басталады. Сондай-ақ, Ақтауда үлескерлер мəселесі күн тəртібінен түспей келеді. Ақтауда үлескерлер үшін «Заветная мечта-1», «Заветная мечта-2» тұрғын үйлері салынуда. Алғашқысының мəселесі биыл шешіледі деп күтілуде. Негізі оларға бюджетте ақша қаралмаған, сондықтан құзырлы орындарға шығамыз. Ол жерлерден мəселе шешілмеген жағдайда, жергілікті бюджеттен ретін келтіруге жұмыстанамыз. Азанов Шайхы, Бейнеу ауданының тұрғыны: – Бейнеу селосындағы Атамекен кенті тұрғындары үшін дəрігерлік амбулатория қажет. Осы мəселе шешімін таба ма екен? – Бейнеу ауданы – атажұртқа оралған бауырлар қосын тігер мекен. Сол себеп ті ауданда халық саны жылданжылға артып келе жатыр. Бұл ауданда əлеуметтік нысандардың өте-мөте қажет болатындығын білдіреді. Биыл облыс бойынша 9 дəрігерлік амбулатория салынады, олар үшін республикалық бюд жеттен 1,2 млрд. теңге қаражат қаралған. Олардың арасында сіз айтып тұрған Атамекен ауылындағы амбулатория да бар. Құдай бұйыртса, биыл атамекендіктер амбулаториялы болады. Ғұмаров Амангелді, Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы: – Маңғыстау облысында ардагерлер саны өзге облыстармен салыстырғанда өте аз, жыл басында Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 100, тыл еңбеккерлерінің саны 1000-нан астам болатын. «Жарылқасаң кəріңді, жарылқармын бəріңді» деген бар, алайда бізде аз ардагерге жасалып жатқан жағдай да аз. Мысалы, ардагерлер емдеу-сауықтыру орындарында, санаторийлерде демалғысы келеді. Сұраныс бар, жолдама жоқ. Басқаны айтпағанда, теңіз жағасындағы «Шағала» санаторийіне жолдама берілсе, тəуір болар еді. Екіншіден, ардагерлер үшін арнайы дəріхана жоқ. Оны өз алдына салып бермей-ақ, бар дəріханалар ішінен бөлімдер ашылса дейміз. – Мұнайшы ардагерлерге көмектесетін «Мұнайшы» қоры бар. ҰОС ардагерлері де мұндай қамқорлықтан тыс қалмауы

керек. Сондықтан, бюджеттен көмектесе алмасақ, ірі компанияларды қарттарға көмекке шақырамын. Бұл мəселе де менің назарымда болады. Қатысушылар Ақтауда оқушылар сарайын салу, онкологиялық диспансер құрылысын аяқтау, спорт алаңдарын жөндеу секілді халыққа қажетті мəселелерді көтерді. Халықтың қалауы жеке бастың қамы емес, жалпақ жұрттың жайы болғандығы қуантты. Маңғыстау облысы. ––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.


4

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

ШАРАЙНА

 Руханият

Əлем жаѕалыќтары

«Рухани дамуда негізгі рөлге əрқашан интеллигенция ие» – Елбасы Жолдауындағы бұл сөздер зиялы қауымға жүктелер жауапкершілікті тамаша танытады. Қазіргі кезде шығармашылық қауым өкілдері, ақын-жазушы лар, ғалымдар Астана қаласына лек-легімен келіп шоғырлануда. Қазақ мəдениетінің айтулы тұлғаларының ұлағатты сөздерін, көкейге түйген даналықтары мен жадында алтындай сақталған естеліктерін жас ұрпақтың санасына қалайда жеткізу, жақсыдан шарапат де ген ұғымның артықтығын танытуды мақсат тұтқан бір игілікті жобаның тұсаукесері жуықта елор-

Философ ағамыз Жабайхан Мүбəрəкұлы қазаққа тəн мінез кеңдігімен ерекшеленген үлкен ғалым кісі. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегенді аталарымыз айтып кетті. Ал академик Əбділдин дəрістері ешкімді бейжай қалдырмады. Платон «Философия – болмысты білуге деген құштарлық, шындық шынайылығын пайым дауға қабілеттілік, дұрыс пікір сүйемеліндегі ой-толғам» деген екен. Жабайхан ағамыздың дəрісі түгелімен

да төсіндегі еңселі ғимаратта қиылды. Бұл іске мұрындық болған Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, Ұлт тық академиялық кітапхана мен «Мəдениет» телеарнасы. Айына бір рет өткізілетін бұл дəрістердің тақырыбы əртүрлі болғанымен, əдебиет, тарих, дін, өнер, рухани мұралар туралы халыққа керекті көкейкесті мəселелер көтеріледі деп күтілуде. Дəрістер бейнетаспаға түсіріліп, қалың жұртшылыққа тарату көзделген. Ұлттық академиялық кітапханадағы іс-шара аясында өткен алғашқы дəрісті қазақтың аса көрнекті философ ғалымы, академик Жабайхан Əбділдин оқыды. Жиналған аудитория негізі нен қазақтың белгілі ақын-жа зушылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлері болды. Кіріспе сөзінде осы кітапхананың бас директоры Əлібек Асқар Астана зиялысы бас қосатын рухани орданың жоқтығын айтып өтті. Ал қалам ұстаған ағайын бірбірін сағынып, өзара кездесулерден бір жасап қалатыны рас. Ойды ой, сөзді сөз қозғайды, шығармашылық адамдарының шабыты туады. Мұндай берекелі кездесулердің əсері ұшан-теңіз болмақ.

қазыналы осынау ойдың тұңғиығына тартты. Философия бар ғылымның басы деп əңгімені тереңнен қозғаған ғалым оның эволюциясын айтып өтті. «Ақыл, адамгершілік, сезім. Адам баласына осы үш қасиет тəн болуы тиіс». Осындай таныммен Жабайхан аға ақыл мен білімнің артықшылығын адамзат мыңжылдықтарда танып білгенін, жетер биігіне ақыл мен білімнің арқасында жеткенін, соның ерекше жолдарын дүние жүзіне əйгілі ұлы философтардың мысалдарында баяндап берді. Аристотель, Сократ, Платон, Кант, Эйнштейн, Гегель, Маркс – адамзат ақыл-ойының падишалары. Əрбір ұлы философ, Жабайхан Əбділдиннің айтуында, ақылдың бір-бір түйінін шешіп отырыпты. Ақыл – адамға тəн нəрсе. Ал ғұламалылық заттың, құбылыстың ішкі сырын, құпиясын ашу екен. Ұлы философтарды ұлықтап сөз сөйлеген ғалым ақылдың тек əлемді билеген патшалар мен ғылым қайраткерлеріне ғана тəн еместігін, қарапайым халықтың ішінде, ешқашан университеттерде оқымаған қарапайым қазақ əйелінде де болатынын Жиренше шешен мен туған

Кїзет ќызметінен бас тартты Грузия президенті Михаил Саакашвили мемлекеттік күзет қызметінен толықтай бас тартуға шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Манана Манджгаладзе мəлімдеді. Ол сондай-ақ қабылданған шешім президенттің жұмыс кестесі мен тұрғындармен кездесуіне ешқандай кері əсер етпейтінін атап көрсетті. М.Манджгаладзе бұған қоса үкімет егер президент конституцияға өзгеріс енгізуге келісетін болса, онда оның жеке күзетін күшейту туралы ұсыныс жасағанын жария етті. Ал президент конституцияға өзгеріс енгізу оның жеке мəселесімен байланысты болуы тиіс емес деп есептейді екен. Конституцияға ұсынылып отырған өзгеріс президентті үкіметті парламенттің келісімінсіз отставкаға жіберу құқынан айыруды көздейді.

Даналыќ дəрісі

Еѕбек мигранттары заѕдастырылады (Соңы. Басы 1-бетте). Депутаттың сұрағына орай жауабында Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев шамамен 50 мың теңге табыс табатын еңбек мигранттары бұдан былай 3200 теңге салық төлейтіндігін мəлімдеді. Жалпы, заң жобасы қабылданғаннан кейін 100 еңбек мигранты 3 ай көлемінде заңды түрде тіркеліп жұмыс істейді деп күтілуде. Заң жобасы бойынша өзінің қорытынды сөзінде спикер былай деді: «Бұл заң жобасымен екінші оқылымға дейін жұмысты тыңғылықты жалғастыру қажет. Еліміздегі еңбек көші-қоны сұраныстармен, ұсыныстармен ғана реттеліп қоймайды, бəрінен бұрын нақты заңнамалық негізі болады». Депутаттар «1993 жылғы 24 желтоқсандағы «Əр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тəртібі

туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын да мақұлдады. Хаттамада құжатты уағдаласушы тараптардың соттарына берілетін талап-арыздар бойынша мемлекеттік баж төлеу тəртібін нақтылайтын нормалармен толықтыру көзделеді. Мысалы, мүліктік сипаттағы даулар бойынша сот шешімдерін (қаулыларын) қайта қарау туралы арыздан өтініш берушінің дау айтылған сомасы негізге алына отырып, мемлекеттік баж сомасының 50 пайызы, бірақ 250 рубльден кем емес мөлшерінде, ал мүліктік емес сипаттағы даулар бойынша мүліктік емес сипаттағы талапарыз берілген жағдайда төлеуге жататын мемлекеттік баж сомасының 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алу белгіленеді. Сот-төрелік органдарына мемлекеттік баж төлеу кезінде бірыңғай ақшалай балама ретінде Ресей Федерациясының рублі қабылданады. Мемлекеттік бажды өзге валютамен төлеу сот орналасқан мемлекеттің

Ўсынымдар ескеріледі

Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жəне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен кезекті отырысы болып өтті. Бірлескен отырыста республика Əділет министрлігінің 2012 жылғы Үкіметтің заң жобалау жұмысы туралы есебі тындалды, сондай-ақ заң жобалау қызметінің өзекті мəселелері қарастырылды. Бұл ретте отырыста республика Конституциясының 78-бабын іске асырудың құқықтық тетіктеріне қатысты мəселе қарастырылды. Аталған мəселе бойынша Əділет министрлігінің ақпараты тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасын жəне құқық қолдану қызметін əрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

əжесінің, көрші əйелдің мысалында дəлелдеп айтты. Бір үйден екі академик шығуына игілігін тигізген ескі қазақтың салтындағы жырқұмарлық қасиет екен. Қазақ халқы эпосымен əлемде теңдесі жоқ халықтың бірі, ал дүние жүзінде эпосы жоқ халықтар қаншама. Атасы мен апасына эпосты күн сайын оқып беріп отырған бала оны сөзсіз жаттап алады, көкірегінде жатталған нəрсе санаға сіңеді, санаға сіңген құндылық халықтық қасиетке айналады. Жабайхан аға бала күнінде эпостық жыр оқығанда, Қобыланды батыр жауға бүйідей тигенде ерекше масайрап қалатынын айтып берді. Дəріскер одан əрі халықтың тіл мəдениеті мен ұлттық қа сиеті жас аналардың, əйелдердің қолында екенін, баласын айналып-толғанған анасы «айналайынды» ана тілінде айта ма, жоқ, басқа тілде айта ма, ұрпақтың төл мəдениетті таңдауына, өз халқының ұлы болып өсуіне бұл тікелей əсері барын сөз етті. Өйткені, ол қай тілде айтылса, сол тілдің мəйегін бойына сіңіреді. Ал, өзінің түптамырынан ажыраған жас өскіннің ділі берік болмайды. Жаттың нəрсесі жанға

заңнамасында белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «Қазақстан Рес публикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қолдау тапты. Келісімшарттарына сəйкес тараптар мұнай жəне мұнай өнімдерімен өзара саудада əкетілетін баж алымдарын, сондай-ақ барабар күші бар өзге де баждар мен алымдарды қолданбайды. Бұдан басқа, палата салалық комитетке «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Рес пуб ликасының жəне Ресей Федерациясының қарулы күштері мүдделерінде əскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын əзірлеу жəне іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды əзірлеу мезгілін нақтылауды тапсырды. Сонымен қатар, «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасымен жəне оның ілеспе түзетулерімен жұмысты жалғастыру жөнінде де шешім қабылданды.

Ґтініш ќолдау тапты

«Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі төралқасының отырысында бірқатар ұйымдастырушылық мəселелер қаралды.

Жекелей алғанда, 2009 жылдан бері ұйымды басқарып келген бірлестіктің Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменовтің Парламент Мəжілісіндегі белсенді заң шығармашылығы қызметіне байланысты атқарып отырған қызметінен босату туралы өтініші қолдау тапты. Төралқа мүшелері бірауыздан дауыс беру арқылы Орталық кеңес төрағасының міндетін атқарушы ретінде Өмірзақ Озғанбаевты сайлады жəне оның кандидатурасын Орталық кеңес пленумының қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады, пленумда оны Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы лауазымына бекіту туралы мəселе қаралады. Өмірзақ Озғанбаевтың басшылық лауазымдардағы тəжірибесі мол, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған. «Егемен-ақпарат».

Майра ЕРМЕКБАЕВА, Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкері.

Басќарушы комитет отырысына ќатысты Үстіміздегі жылғы 26 ақпанда Парижде Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының Еуразиялық бəсекеге қабілеттілік бағдарламасы Басқарушы комитеті мүшелерінің жыл сайынғы дəстүрлі кездесуі өтті.

Қазақстан биыл Басқарушы комитет отырысына Еуразиялық бəсекелестікке қабілеттілік бағдарла масының орталықазиялық бас та масының тең төрағасы дəрежесінде тұңғыш рет қатысып отыр. ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бəсекелестікке қабілеттілік бағдарламасы 2008 жылы іске қосылып, Шығыс Еуропа жəне Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған бастама жəне орталықазиялық бастама сияқты екі үлкен аймақтық бастамаларды қамтиды. Бұл бастама бойынша Қазақстан Франция жəне Еуропалық Одақпен бірге тең төраға болып отыр. Шы ғыс Еуропа мен Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған бастамаға Польша мен Швеция төрағалық етуде. Қазақстан ЭЫДҰ-ның мүшесі болып табылмаса да, ЭЫДҰ бағдарламаларының басқарушы органы құрамына енген бірінші ел. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев басқарды. Басқарушы комитеттің оты ры сы барысында ЭЫДҰ Бас хатшы сы ның орынбасары жəне осы Бағдарламаның төрағасы Ричард Баучер Е.Орынбаевты орталықазиялық бастаманың 2015 жылға дейінгі тең төрағасы ретінде ресми түрде таныстырды. Басқарушы комитет мүшелерінің жыл сайынғы кездесуінде өт кен жылғы жобалардың нəти желері шығарылып, 2013 жыл дың маусымында өткізілетін Еура зиялық бəсекелестікке қабі леттілік бағдарламасы бойынша бірін ші бірлескен министрлік кон ференциясын қоса алғанда 2013 жылға арналған жос пар лар мен басымдықтар талқы ланды. Соны мен қатар, биыл Еу разиялық бəсеке лестікке қабі леттілік бағдар ла масының жүзеге асырыла бастағанына 5 жыл толатындығы атап өтілді. Осыған орай, барлық оты рысқа қатысушылар тарапынан ЭЫДҰ-ның 2013 жылы қарашада Еуразиялық бəсекелестікке қабілеттілік бағдарламалары форумын өткізу туралы ұсынысы қолдау тапты. Басқарушы комитеттің оты ры сы нан соң бұл мəселелер Е.Орынбаевтың ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Ричард Баучермен, Польшаның ЭЫДҰ жанындағы елшісі Павел Войцеховскимен жəне Еуроодақтың ЭЫДҰ жанындағы елшісі Марий-Франческо Спатолизаномен болған екіжақты кездесулері барысында тал қы ланды, деп хабарлады Пре мьерМинистрдің баспасөз қызметі.

 Қылмыс пен жаза

Əбілəзовтіѕ таєы бір əрекеті əшкереленді Қылмыскер Əбілəзовке тықыр таянғанын бұдан бұрын да жазғанбыз. Енді, міне, Tengrinews. KZ сайтының жазуына қарағанда, Мəскеудің билік өкілдері кəсіпкер Мұхтар Əбілəзовтен «Матрешка Молл» жер асты көңіл көтеретін кешені салынбақ болып жоспарланған Павелец вокзалындағы құрылыс алаңын қайтарып алуға қаулы шығарған көрінеді. Кешенді салушы инвестициялық шартты бұзу туралы шешімді мэр орынбасары Марат Хуснуллин басшылық еткен Қала құрылысы – жер комиссиясының жұмыс тобы қабылдаған.

азық болмайды. Ана тілінің қасиеті сонда, ол-дағы ана сүті сияқты, ұлттық иммунитетті қалыптастырады. «Мен өмірімде небір тамаша адамдармен кездескен кісімін, – деді Жабайхан аға, – Солардың ішінде жадымнан өшпейтін керемет тұлғалар болды. Ол академик Қаныш Сəтбаев, Мұхтар Əуезов, Əлкей Марғұлан жəне қазақ халқының адал ұлы, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев. Міне, осындай асылдардың өзі көрген ғалым дəрісінің екінші бөлімінде оларды сүйіспеншілікпен сөз етті. Келесі дəрістердің тақырыбы сан алуан болмақ. Дəріс оқитын дəріскерлер – елге танымал тұлғалар. Олар – Əбіш Кекілбайұлы, Əнес Сарай, Қайрат Лама Шəріп, Болат Көмеков, Дихан Қамзабекұлы, т.б. жазушылар, ғалымдар мен дінтанушылар. Астанадағы Ұлттық акаде мия лық кітапхана бұл іс-шараның кеңінен таралуына, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, игілігіне жарауына ерекше мүдделі.

Ал кезінде Əбілəзовтің бақылауымен қабылданған «Евразия» инвестициялықөндірістік тобымен «Павелецкая» ААҚ шартының мерзімі 2010 жылдың қыркүйегінде аяқталған еді. Бұл уақытқа дейін аталған 2,2 гектар телімде «топырақтағы тереңдігі 40 метрлік жар» қазылған болатын. 3,5 гектар құрылыс алаңын сатып алуға жəне оны игеруге инвестор 80 миллион доллар бөлген екен. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, қазақстандық қашқын олигарх бұл жобадан құтылуды

бұрын да ойлаған екен, бірақ оған мүмкіндік болмапты. 2009 жылы ол 6 миллиард долларды ұрлады деген айыпқа ұшырап, елден безе қашқан еді. Содан бері ол Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүр. Осыған дейін қала мэрі Сергей Собяниннің басшылығымен Қала құрылысы – жер комиссиясының жұмыс тобы бірдебір рет Əбілəзовтің «сақалды құрылысын» қарап көрмепті. Енді Мəскеудің үкіметі сауда кешені салынбай қалған жерге үш жылда паркинг тұрғызбақшы. Билік аталған құрылыс алаңын заң жүзінде көп кешікпей қолға алмақ. Демек, Əбілəзовтің қитұрқы əрекеттері одан əрі де əшкере бола бермек деген сөз.

Ресей мен Нигерия теѕ елдер ме? Дамушы елдердегі, əсіресе, Ресей, Нигерия жəне Румыниядағы мемлекеттік саясаттың дəйексіздігі осы елдердің рыноктарында Coca-Cola сатуға кері əсерін тигізуі ықтимал. Бұл жөнінде компанияның басшылығына сілтеме жасай отырып, кешегі нөмірінде «Ведомости» басылымы жазған. Сусын өндірушілердің атап өтуінше, Ресей мен Нигерияға тəн құқықтық нақсыздық үлкен тəуекелге баруды талап етеді. Өйткені, аталған мемлекеттерде жемқорлықтың деңгейі аса жоғары. Компания құжатты басқа елдерді сақтандыру үшін де түзген секілді. Жалпы, аталған мəселе Шығыс Еуропа елдері үшін қалыпты жағдай саналса, компанияның бас ауруына айналып отыр деуге болады.

9 мамырды аза кїні деп жарияламаќ Латыш ұлтшылдары 9 мамырды аза тұту күні ретінде тану туралы заң жобасын дайындаған. Олар «9 мамыр жыл сайын біздің əлі де қатердің алдында тұрғанымызды, орыстандыру қаупі бар екені туралы есімізге салып тұрады. Латвияда күні бүгінге дейін көптеген жауларымыз өмір сүріп жатыр», дейді. Заң жобасын дайындаған депутат Райвис Дзинтарстың сөзіне қарағанда, құжат ел парламентіне жақын арада ұсынылатын болады. Заң жобасында сондай-ақ республикада ресми еске алу датасы ретінде 16 наурыз күні аталып өтетін SS легионерлерінің күнін қалпына келтіру де ұсынылады. Ал аталған елді нацистер 1941 жылы басып алған болатын. Соғыс уақытында латыштың əскери бөлімдері Қызыл Армия қатарында іс-қимыл танытқаны да рас.

Қысқа қайырып айтқанда:

 АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Конвей қаласы университетінің жатақханасында белгісіз біреу оқ атып, оқ тиген 19 жасар студент Энтони Дарнелл Лидделл қаза тапқан.  Грузия астанасы – Тбилиси қаласындағы аса ірі жиһаз сауда орталығындағы өрт салдарынан жалпы сомасы 1 миллион доллар тұратын жиһаз күлге айналған. Мүлік сақтандырылмаған екен.  Мексиканың Сьюдад-Акунья қаласында мини-юбка киюге жəне ерлердің əйел киімін киіп көшеге шығуына тыйым салынды. Аталған қала Мексика мен АҚШ-тың шекарасында орналасқан.

Заѕсыз мигранттар саны – 3 млн. Федералды миграциялық қызметтің (ФМҚ) басшысы Константин Ромодановский Ресейде 3,3 миллион заңсыз шетелдіктер бар екені есептеліп шығарылғанын мəлімдеді. Олардың арасында ең көбі өзбектер екен – 900 мың адам. Украиналықтар 500 мың адамды құраса, Тəжікстаннан келгендер саны шамамен 400 мыңдай екен. ФМҚ басшысының сөзіне қарағанда, мигранттардың Ресейде заңды болуына мүмкіндік беретін 3 айлық мерзім əлдеқашан өтіп кеткен, сондықтан олардың бəрі бүгінде заңсыз түрде жұмыс істеуде. Жалпы алғанда, Ресейде қазір 10,2 миллион шетелдік болса, олардың 2,3 миллионы өзбектер, 1,3 миллионы украиндар, 1 миллионы тəжіктер көрінеді.

Алтын кенішіндегі жемќорлыќ Қырғызстанның бас прокуратурасы елдегі аса ірі алтын кен орны – «Құмтөр» төңірегіндегі жемқорлыққа байланысты қылмыстық іс қозғады. Жемқорлыққа кен орнында алтын өндірумен айналысатын компаниялармен 1992-2009 жылдар аралығында келісім жасасқан жергілікті шенеуніктердің қатысы бар делініп отыр. Қылмыстық іс жемқорлық, қызмет бабын асыра пайдалану жəне Қырғыз Республикасының мүддесіне сай келмейтін келісімдер жасасу деген баптар бойынша қозғалған. «Рейтер» агенттігінің ақпаратына қарағанда, «Құмтөр» Қырғызстан ішкі жалпы өнімінің 12 пайызын жəне экспортының жартысынан астамын қамтамасыз ететін көрінеді. Қырғызстанда кен орнын мемлекет меншігіне алу жөнінде ұсыныстар оқтын-оқтын айтылып келе жатқанымен, ол ел басшылығы тарапынан əлі күнге қолдау таппай отырса керек.

Кит аулаудыѕ маќсатын атады Жапония үкіметі киттерді ғылыми мақсатта емес, тамақ ретінде аулауға рұқсат берілгенін ресми түрде алғаш рет мойындады. Бұл жөнінде елдің балық шаруашылығы министрі Йосимаса Хаяси мəлімдеді. Й.Хаяси жапонның кит аулау практикасына наразы шетмемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ұстанымын сын тезіне алды. Оның айтуынша, кит аулау кəсіпшілігіне шабуыл жапон мəдениетіне шабуыл болып табылады. Кит кəсіпшілігі жөніндегі халықаралық комиссия киттерді аулауға тыйым салғанымен, Жапония оны аулауды жалғастырып келеді. Бұған дейін киттер ғылыми мақсатта ауланады деп бүркемеленсе, енді олардың еттері көп жағдайда мейрамханалардан табылатыны белгілі болып отыр. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


 Зерде

 Көбеймесек көсегеміз көгермес

Балаңмен, Балық аға, жастас едім, Найманбай айтысқа түссе, қашпас едім.

Əлем əдебиетінде əлі күнге дейін көп айтылса да тиянақты, терең зерттелмеген мəселелердің бірі – суырып салма ақындар шығармашылығы. Бір қарағанда, қазақ пен қырғыз əдебиетінде айрықша орын алған, халықтың рухани өмірінде өшпес із қалдырған осы өнер иелері жайында аз айтылмаған сияқты. Алайда іс жүзінде шындық басқаша... Неге бұлай деген сауалға жауап іздегенде, объективті екі шындық айқындалады. Біріншісі – көшпелі елдер мəдениеті Батыс дүниетанымы, идеологиясы тұрғысынан үстірт тексерілсе, кеңес идеологиясы бұл тарапта жүйелі де объективті зерттеу мүмкіндігін шектегені есімізде. Соның салдарынан төл əдебиетімізді басқа түгіл өзіміз əлі тереңдеп тани алған жоқпыз. Мəселен, Асанқайғы, Қазтуғаннан бастап, бертінгі Жамбыл, Исаға дейінгі ауызша əдебиет халық тарихында, рухани өмірінде, ұлттық психологияда, ұлттық-көркемдік

Жырыңды естіп, көңілді ойға келдім, Атан түйе тайраңдап, мас болған ба? Өзінің ақ сақалын сыйламастан, Тайлақ түйеге жанасып, дос болған ба?

Жамбылдыѕ белгісіз айтыстары Бекен ЫБЫРАЙЫМ,

Абай атындағы ҚазҰПУ Жамбылтану жəне халық ақындары ғылымизерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі.

ойды қалыптастыру мен нығайтуда, мемлекеттілігімізді, ұлтымызды сақтауда қандай қызмет атқарды, қадір-қасиеті қандай деген сауалдарға қанағаттандырарлықтай жауап табу қиын. Өйткені, зерттеулер негізінен ауызша əдебиетті тудырушы тұлғалардың өмірбаяндары мен шығармаларының мазмұнына, жекелеген көркемдік сипаттарын пайымдауға бағытталды. Сөйтіп, сол сипаттардың түзілуі мен нығаюына, тарихи мəн-маңызына қандай факторлар əсер етті, халықтың рухани əлеуетіне қаншалықты ықпал жасады деген сауалдар қаға берісте қала берді. Бұл мəселелерге айрықша назар аударылып, шын мəніндегі ғылыми-зерттеу нысанына айналмайынша, тарихымызды да, бүгінгі болмысымызды да, əлемдік аренадағы өз мүмкіндігімізді де болжау мен мөлшерлеу қиын. Ауызша əдебиет шығармасын жаралған, жарыққа шыққан сəтінде ешкім де жазып алмауы, əлем əдебиетінің қандай жазба туындысынан да олқы түспей, иығы асып тұратын шырқау кезеңдеріндегі бастапқы қайратты қалпында бүгінге бұлжымай жетпеуі олардың сапасына əсер етпей қойған жоқ. Ақындар тек айтушы ғана емес, жырлап таратушы, кейінгілерге жеткізуші қызметін де атқарған. Дегенмен, жылдар өткен сайын куəгерлер азайған соң, кейінгі буын өкілдерінің шығарманы нақ алдыңғы буын сияқты сол қызуымен, əу бастағы бояуымен жеткізуге ықыласы кеми беретіні – өмірдің шындығы. Көлемді туындылар түгілі жекелеген сөздердің өзі бұрмаланып, кейінгі ұрпаққа мүлдем түсініксіз болатынын да көріп жүрміз. Мəселен, Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөзді елдің бəрі біледі. Неге олай аталған деген сұраққа көңіл көншірліктей жауап табыла қоймайды. Дұрысы – профессор Есмағамбет Ысмайыловтың мақаласында айтылғандай, «Аюгөз» болуы керек. Ресей адамы үшін «Аюгуз» деп атаудан гөрі «Аягуз» деп айту əлдеқайда жеңілірек. Бір сөз, бір атаудың өзі жылдар өте келе адам танығысыз өзгерсе, ауызша əдебиет шығармасы туралы шындықты білу одан да қиынға түссе керек. Мəселен, Əсет пен Ырысжанның, Түбек пен Құлмамбеттің, т.б. бірнеше нұсқасы бар. Ұқсайтын да, ұқсамайтын да тұстары аз емес. Жеткізуші ақын немесе жыршының қарым-қабілетіне қарай көркемдігі де əрқилы. Айтушы түпнұсқа дүниеге келген сəттен неғұрлым алыстаған сайын шығарманың əу бастағы қалпын тану соғұрлым қиындай беретініне ауызша əдебиеттің алыбы, дарқан дарын Жамбылдың қазақ үшін бүгінге дейін белгісіз болып келген екі айтысын оқығанда, көз жеткізу қиын емес. Өткен жылы ғылыми іссапармен Бішкек қаласына барудың сəті түскен. Қырғыз ағайындар қазақ-қырғыз əдеби байланыстарын үнемі назардан тыс қал дырмай қадағалап жүргеніне дəн риза болдық. Əсіресе, айтыс ақындары айтарлықтай зерттелген екен. Ғылыми еңбектердің арасынан, ақындардың кітаптарынан қырғыз-қазақ ақындары ай тыстарының жекелеген мысалдарын ұшырастырдық. Біздің қолымызға түскені – Жамбылдың Балықпен, Молда Бағышпен айтысы. Екеуін де толыққанды, ақындар армансыз көсілген көлемді айтыс деп айту қиын. Оның үстіне арада көп уақыт өткендіктен болуы керек, бүгінге жеткен нұсқа Жамбылдың да, Балықтың да дəл сол сəттегі сөзі деуге келмейді.

5

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

Шағын айтыстан қазақшаға Тезек төре секілді Бəйтіктің де айтыстың жөнжүйесін, сөз қадірін, ақынның алымын білумен бірге өз қырғызы – əйгілі ақын, манасшы болса да, бүйрегі бұрмай, əділетін айтуы сүйіндіреді. Сол сияқты, Балықтың да сөзге тоқтап, жеңілгенін мойындауы айтыстың жазылмаған ережесін жете біліп бағынатынын, сол кезеңде аспанға шырқаған айтулы өнердің қадіріне жетіп құрметтегенінің де, белгілі бір деңгейде рухани мəрттігінің де куəсі. Оқырмандарға ұсынылып отырған Молда Бағышпен айтысы да бұған дейін Жамбылдың жинақтарына енбеген. ЖАМБЫЛ МЕН МОЛДА БАҒЫШТЫҢ АЙТЫСЫ Жамбыл: Келіпсің қазақтардың даласына, Жат емес, бауырластар арасына. Қай жердің қырғызысың жүдеп-тозған, Жансың ба абақтыдан қашып-пысқан? Киімің жыртылыпты, өзің арық, Неліктен, бауырым-ай, болдың кəріп? Азапқа сені кімдер салған екен, Əзіргі көрген дүниең жалған екен. Қазақ пен қырғыз өзі бір туған ғой, Қалсайшы, өткерелік бір үлкен той. Ерткен келіншегің қазақ екен, Ақсүйек екен, адаспай қарма бекем. Төскейде малы жатса араласып, Төсекте басы бірге бауырласып. Атыңды естіп қалдым тұрған елден, «Жыр айтқан бір өзгеше сабаз екен». Басыңнан не іс өтті, айтып бергін, Арнайы даңқыңды естіп қайтып келдім. Қазақтың кең даласын аралағын, Сүйінбайдай əуендетіп сабалағын. Үлкенмін бірталай жас өзіңнен мен, Қазақ пен қырғыз үшін жырлап келгем. Молда Бағыш: Қазақтың келіп қалдым қаласына, Кеңпейіл бейне қырғыз арасына. Өмірден көп жамандық көріп келдім, Тигім жоқ өткен күннің жарасына.

Алайда, «жоққа жүйрік жетпейді», барға қанағат, деп, оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік. Алдымен, Балық туралы айта кетейік. Жамбылдың, Сүйінбайдың, Шөженің, Құлмамбеттің, т.б. қазақ ақындарының қырғыз елін аралағаны жайында аз айтылған жоқ. Əсіресе, Жамбылдың революцияға дейін де, одан кейін де қырғыз арасына талай барғаны, кейде бір-екі жыл бойы тұрғаны жайында да мəліметтер бар. Балық, Найманбай, Мұраталы, т.б. қырғыз ақындарымен дос болған, қырғыз жырларын, «Манасты» айтқаны да тарихтан белгілі. Бірде қырғыздың атақты ақыны, əйгілі манасшы Балықпен қағысып қалғаны қырғыз ғалымы, Қырғызстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Батма Кебекованың зерттеуінде айтылады. Балық (1799-1887) – қырғыздың атақты манасшысы. Кезінде қырғыз эпосы «Манасқа» байланысты талас-тартыстар туған кезде Мұхтар Əуезов қырғыз фольклоры мен ауызша əдебиетін жете зерттеген. Бүгінде біз «авторлық ауыз əдебиеті» деп жүрген саланы кезінде Мұхаң «ауызша əдебиет» дегені назар аударарлық. М.Əуезов қырғыздың манасшыларын тыңдаған, салыстыра зерттеген болатын. Осындай жүйелі, зерделі зерттеулер барысында қазақ пен қырғыз фольклорындағы, ауызша əдебиетіндегі үндестіктерді, сабақтастықты, өзара ықпалдарды анық байқаған еді. Осы орайда Жамбылдың Балықпен айтысын да атап кетеді. Ə.Тəжібаев, Е.Ысмайылов сияқты əдебиетіміздің айтулы қайраткерлері де екі ақынның айтысқанын еске алады. Алайда, өз кезінде жазылып алынбағандықтан, жоғалған қазыналарымыздың қатарында қалып, «əттегене-ай» дегізетін. Б.Кебекованың зерттеуінше, айтыстың ұзын-ырғасын қырғыз ақыны Ысмайыл Борончиев 1936 жылы Ала-Аршаны аралап жүріп, Күнту руының бір қариясынан естіген. Айтыс Е.Ысмайылов шамалағандай, 1870 жылдары өткен болуы керек. Ы.Борончиевтің айтуынша, «Айтыш Байтиктин баласы Байсалдын үйүндө өтүп, анда Байтик али тири болот (Ал 1886 ж. өлөт. – Б.К.), балким, манаптын өзү айтышууга шыкак (шыкак – қазақша түрткі, дем беру, қайрат беру, қозғау салу – Б.Ы.) бергенби, ким билсин. Бирок узак ырдашпаптыр. Балык баштап ырдап, Жамбыл орундуу жооп кайтарып, өнерлөшүн ұяткарып, айтышты узатпай токтотот. Мында бир эсиңе сала кетүүчү нерсе айтушуунун да өзүнүн жол-жобосу, эрежеси болот. Сөз кадырын билген акын токмок жесе де, токтобогон боз балдардай болбой, сөзүнөн карматып койгонун сезгенде, каршысына жооп бербестен,

айтышты узартпай токтотуп коет. Ага болбой чанжырай берсе, сөз кадырын да, өз кадырын да кетирет. Бул айтышта бек тутула турган эреже» (Б.Кебекова. «Кыргыз елинин каада-салт ырлары». Бишкек, 2001, 143-бет). Айтысты Балық екпіндетіп бастап жібергенімен, жас болса да айтыстың «айқасына» түсіп үлгерген, «шайқасында» шыңдалып қалған Жамбыл Балықтың осал тұсын бірден аңғарып, əзіл-шыны аралас уəжін түйдектетіп, төгіп жібергенде, «Байтык колу көтөрүп: «Токтот ырыңды, Балыгым, сөздү улантууга болбой калды» дегенде, ал: «Баатыр, өзүм да байкап турмун. Жамбыл сөзге катуу жыгып кетти. Алла таала өмүр берсе, ырчылықтан баар табарсың, Жамбылым. Найманбай экөөң бириңди бириң кадырлап, тизгиндешип ырдап өткүлə», – деп батасын берет. Найманбай (1847-1913) – Балықтың ұлы, қырғыздың əйгілі манасшыларының бірі. Əке сөзін кейін болса да естіген Найманбай қанша ақындармен айтысса да, Жамбылмен бəсекелеспеген екен. Арада 130-140 жылдай өткен соң ғана туған еліне оралған Жамбыл мен Балықтың айтысының қазақша нұсқасын оқырмандарға ұсынуды жөн көрдік. Балық: Жамбылым, жастығыңа мас болмағын, Басыңды қаси беріп таз болмағын. Алдыма ешбір ақын шыққан емес, Мойныма шалма салып, жыққан емес. Əліңді біл мастанба, жыршы балам, Бекерден шоң ақынға қас болмағын. Тəңір қолдап, өзіме сөзді берген, Қыдыр дарып, жырла деп құшақ керген. Азуым – құрыш, арқа-белден тістеп салам, Ашуыма тие берсең, пішіп салам. Балыққа тиісем деп, сорлы жігіт, Бағаң кетіп, көп ішінде пəс болмағын. Жамбыл: Балық аға, айтқан сөзің тантық болды, Жерге сіңбес қара батпақ шалшық болды. Жастығым көкірегімді ерітеді, Жырларым тау желіндей сергітеді. Балық аға, болмас кептің басын шалдың, Көпшілік баға берер, қалқып қалдың. Апыр-ай ақылыңнан алжастың ба, Неліктен піштіргенге назар салдың? Егер де мал шіркінді көксеп жүрсең, «Алып кел», – деп нашардай білек түрсең. Қордайдың белін асып келе қалғын, Қазақтың таналарын жиып берем. Шоң ақынның ақысын жемек пе едің, Көп ішінен қозы-лақ қайыр берем.

Абақтыдан келемін жаяу-жалпы, Тоқтағұл өткен екен осы жолды. Түрменің не екенін ескермеппін, Жүріппін масайраумен оңды-солды. Киімім түгел жыртық, өзім арық, Жаяулап, азап шегіп болдым кəріп. Жазықсыз жазаланып жаттым жылап, Жаным да жабырқады əбден сыздап. Қазақтан жəрдем алдым иба қылған, Қазақ пен қырғыз үшін жырлап тұрам. Қалар ем туған елім күтпегенде, Қалың ел қалқан болар зор келгенде. Көп жылдар кісендеулі жаттым шыдап, Орыстан қорлық көрдім əбден қурап. Жамбыл: Орыстың қорлығын көп біз де көрдік, Еліміз қырылысып, сан шабысып. Бір-бірін сатады да, шабады да, Қинасып, мазақтасып, арпалысып. Барлығы өтер-кетер қайырылмай, Бағышым, күшің жина, қайрат қылғын. Барарсың Алатауыңа аңсап күткен, Өз елің қазағыңа құрмет қылғын. Түрменің қиындығы шығар естен, Сабыр қыл, өз-өзіңді ұста бекем. Талайлар жылап-күліп өткен екен, Мен сені өз бауырымдай жақын көрем. Жүр бірге, ауылыма алып кетем... Молда Бағыш: Рахмет пейіліңе, қазақ бауырым, Көп болды мұндай сыйды көрген жоқпын. Қазақ пен қырғыз екеуі бір туған ғой, Ел-жерің менен есен-аман болғын. Бұл шығарма айтыстан гөрі амандасуға, қара сөзден гөрі өлеңмен «сөйлеу» ақындық дағдыға айналып, оң ықылас, ақ пейілін білдіруге ынталы шақта ағытылатын өлеңмен сұхбаттасуға көбірек ұқсайды. Қазақ атын жер-жаһанға кезінде дауылпаздай саңқылдап таратқан өлең алыбы, өнер алыбы Жамбыл шығармашылығының бір ескерткіші дейміз бе, өнері мен өмірі өзімізбен туыстас қырғыз елінен алып келген тəбəрік əлде базарлық дейміз бе, қалай болғанда да қастерлі қазына ғой деп, қаймағын бұзбай, қалың оқырманға ұсындық. Бір ескерерлігі – екі шығарма да əу бастағы қалпынан, қаншалықты екенін айта алмаймын, əйтеуір көп алыстаған. Жамбылдың төгіліп тұратын, ырғақтан жаңылмай үдей соғатын екпінді шабысының жұрнағы ғана қалған деп айтуға да болады. Алайда, əр сөзі алтыннан ардақты əдебиет алыптарының əрбір жаңа туындысы Батыста сенсация ретінде бағаланатынын білгендіктен, Жəкеңді өз елі де қуана қарсы алар деген сеніммен қолға қалам алған едік. АЛМАТЫ.

«Ўрпаќ ќоры» демографиялыќ əлеуетті ќолдайды

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ана мен баланы қолдауға айрықша көңіл бөлінген. Тұтас бір елдің даму сипаты мен бейнесін ұзақ жылдарға айқындайтын аса маңызды бағдарламалық құжатта мемлекеттің саясидемографиялық жəне гендерлік саясаты аталып қана қоймай, оған басым мəн берілгенін көрсететін осындай оқиға жаңа тарихта болмаған шығар. Фархад ҚУАНҒАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары, облыс əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы.

Бұл – ХХI ғасырдағы еліміздің көшбасшылық міндетін шешудің прагматикалық жəне көрегендік тəсілі. Өйткені, халықаралық тəжірибе көрсеткендей, елдің қазіргі өмірінде қолда бар жоғары демографиялық өсім мен дамыған адами əлеует кез келген əлеуметтік шиеленіс пен катаклизмге ойдағыдай қарсы тұра алады. Олар барлық салаларда ғажайып орнықтылық пен серпінді өсімге жетелейді. Елбасының бастамалары арқасында көп балалы болуды мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар іске асырылуда. Бала күтімі бойынша демалыстағы аналарға жүктілігі бойынша жəрдемақы төлеу, əсіресе, бала тууға байланысты біржолғы төлемақының үдемелі межелігі (балаға 30 ең аз есептік көрсеткіштен 50 АЕКке дейін немесе төртінші жəне одан кейінгі балаға 93 мың теңге) жəне төртінші балаға 8,5 АЕКке дейінгі мөлшерде бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем озық жоба болды. Біздің Солтүстік Қазақстан облысы үшін осы мəселе айрықша өзекті. Өйткені, соңғы 20 жыл ішінде облысымыз бала туудың республикалық рейтингінде көштің соңында келеді. Көп ретте бұл халықтың табиғи өсімінің кемуімен жəне тұрғындардың, əсіресе, жастардың өңірден тыс жерлерге көптеп кетуімен байланысты болды. 2000 жылдан бастап облыс халқы 716 мың адамнан 576 мың адамға дейін, яғни 20 пайызға қысқарды. Осы түйінді шешу үшін 2010 жылдан бері облысымызда 20102014 жылдарға арналған «Ұрпақ қоры» өңірлік бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама бойынша төртінші жəне одан да көп бала туған отбасылардағы əр балаға 160 АЕК мөлшерінде дербес депозит шотын (2013 жылғы 1 қаңтардан – 300 мың теңге шамасында) төлеу қарастырылған. Сондай-ақ, ол бала асырап алған кезде де қолданылады. Кəмелеттік жасқа толғанға дейін жыл сайынғы 10 пайыздық мөлшерлемеде капиталдандыру арқылы бұл сома 10 мың доллардан асуы мүмкін. Ал, «Білім беру жинақтары туралы» Заңның қабылдануына байланысты қолда бар пайыздық мөлшерлемені тағы 7 пайызға ұлғайту мүмкіндігі пайда болады. Осылайша, көпбалалы шаңырақтағы əрбір жеткіншек дербес өмірге қадам басқанда бұл отбасы үшін елеулі жəрдем болмақ. Əсіресе, отбасын құру, жоғары білім алу жəне жеке тұрғын үйге салатын алғашқы жарна үшін едəуір салым қажет болғанда жақсы көмек болары анық. Осындай шараларды қабылдау нəтижесінде өңірде бала туу 10 пайызға артты, ал, облыс республикалық рейтингте 2011 жылы Қостанай облысынан, ал 2012 жылы Алматы қаласынан озып, екі сатыға жоғары көтерілді. Өңір үшін «Ұрпақ қорының» макроэкономикалық қайта рымының маңызы да кем емес – банктердегі салымдардың өсуі шағын жəне орта бизнес инвестициясының өсуіне, банктердің өздерін қаржылай қолдауға жəрдемдеседі. Облыста іске асырылып жатқан «Ұрпақ қоры» бағдарламасы бірегей емес екенін атап өткім келеді. 1970-жылдардың аяғынан бастап АҚШ-та көп балалы болуды салықтық ынталандырудың ұқсас бағдарламасы қолданылып келеді. Оның авторы, 1992 жылы бала туудың экономикалық теориясы үшін Нобель сыйлығын алған америкалық экономист Гэри Беккердің айтуынша, бала туу көрсеткіші бала өсіруге жұмсалатын барлық шығынды жабатындай экономикалық

пайдасы бар жерде жоғары болады. Нобель лауреатының көзқа расын іске асырудың арқасын да соңғы 30 жыл ішінде АҚШ дамыған елдер арасында бала туудың ең жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Көп балалық америкалықтардың ұлттық сипатының айрықша ерекшелігі емес, экономикалық ынталандырудың жемісі болып табылады. Салық жеңілдіктері бірінші кезекте бай америкалықтар мен орта топ арасында бала тууды көтермелейді, олардың көлемі бала тəрбиесіне жұмсалатын барлық шығынды жабады. АҚШ-та бала асырап алуға сұраныстың жоғарылығы сонша, балалар үйінің тəрбиеле нушілері жоққа жуық, ал америкалықтар көптеген елдерде халықаралық деңгейде бала асырап алу бойынша көшбасшы болып табылады. Ал Еуропадағы бала тууы ең жоғары ел – Францияда «Үлкен отбасы» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді, ол да көп балалы отбасыларға арналған. Бала тууды ынталандыру жөніндегі жалпы мемлекеттік саясат аясында бұл бағдарлама көп балалы отбасыларға субсидиялар мен жеңілдіктер ұсынады. Көп балалы отбасыларға салықтық жеңілдік беріледі. Əрбір келесі бала салық салынатын базаны кемітеді, оларда 4 баласы бар отбасы салықты мүлдем төлемейді. Жеңілдіктер бай-қуаттылығына қарамастан, барлық азаматтарға, тіпті, миллионерлерге де жасалады. «Ұрпақ қоры» бағдарламасы аясында Петропавлда 2012 жылы Экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКҰ) орталығы ашылды. Бұл ана болу бақытын сезіну мүмкіндігін, соның ішінде ересек əйелдер үшін де, айрықша кеңейтті. Осындай орталықтарда өмірге енгізілетін ғылымның заманауи жетістіктері бұрын біз үшін шешімі жоқтай болып көрінетін проблемалардың түйінін тарқатуға мүмкіндік берді. Бұл шетін салада көптеген мəселелер əлі шешімін күтуде. Орталықтың жұмыс істеген алғашқы айында-ақ ЭКҰ-ға сұраным облыса бар бюджеттік мүмкіндіктен асып түсетіндігі байқалды. Осы міндетті шешудің халықаралық тəжірибесіне жүгінетін болсақ, мысалы, Израильді алсақ, онда əйелдің бала туу құқығы заңнамамен бекітілген, көптеген жағдайда ЭКҰ-мен бірінші бала туғанға дейін бала тууға қабілетті жастағы əйелдер үшін мемлекет есебінен еш шектеусіз қамтамасыз етіледі. Біздің облыста осы тəсілді қолдану арқылы бала туудағы ЭКҰ-ның үлесі 5-6 пайызды құрауы мүмкін. Бала туу міндетін табыс ты шешу – Əйелдер ісі жəне отба сылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық жəне облыстық комиссиялар қызметінің стратегиялық маңызды бағыттарының бірі екені сөзсіз. Ұлттық комиссияның бастамасымен жəне Қазақстан Үкіметінің қолдауымен «Ұрпақ қоры» бағдарламасын пайдалану жөніндегі ұсыныс бірінші кезекте бала туу көрсет кіші төмен өңірлерге жолданды жəне ол ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы тетіктерімен қатар мұқият бақылауға алынатын болады. Бүгін болашаққа қаржылық жоспар құруда əрбір отбасыға көмек көрсету – маңызды мемлекеттік қызмет екенін айқын түсінушілік бар. Өйткені, сенімді қаржылық жоспар – жеткіншектердің болашақта білім алуына, еңбек жолымен өсуіне, баспанасының болуына сенімділігі деген сөз. Жаһандық қаржылық дағдарыс жағдайында демографиялық əлеуетті инвестициялау – ешқандай девальвацияға ұшырамайтын ең сенімді əрі табысты актив екені түсінікті. Адам ресурсы бойынша көшбасшылық – еліміздің жаһандық бəсекелестікке төтеп беруінің жəне табысқа жетуінің кепілі.


6

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

 Тілшіге тығыз тапсырма

ТАСЌЫН ТАЯУ. ТОСЌАУЫЛ ЌОЙЫЛА МА? Ќамданєан ќапы ќалмайды Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

«Елбасының тікелей бақылауында тұрған мəселе – көктемгі су тасқынының алдын алу, төтенше жағдай бола қалғанда оның зардаптарын жоюға байланысты оқужаттығу шарасын өткіздік. Барлық сала бойынша дайындықтың жақсы жүргізілгенін көрдік. Алайда, төтенше жағдай нақты өмірде болмағанын тілейміз», деді Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов Талдықорған өңірі бойынша Қаратал өзені жағалауында өткен оқу-жаттығуда. Жалпы, Алматы облысында аумағы 8647 текше шақырым болатын 145 сел тасқынының қауіпті телімі анықталған. Онда 40527 адам қоныстанған 5962 тұрғын үйден тұратын 122 елді мекен бар. Темір жол, автокөлік жолы, өндіріс орындары, мəдениет нысандары өз алдына. Жетісу жерінде биыл жауған қар қалыптағыдан 1,5-2 есеге артық түскенін, наурыз айында ауа райы күрт өзгеріп, 20-25 градусқа дейін жылынуы мүмкін деген «Қазгидромет» мəліметін де қаперден шығармаған дұрыс. «Қамданған қапы қалмайды» деген даналықты берік ұстанған жетісулықтар 903,07 шақырым суармалы каналдарды, 1658,62 шақырым арық-тоғандарды жəне басқа су жүретін жылғаларды тазартып, елді мекендерден 71938 тонна қар шығарды. Жалпы алғанда, қар көшкіні, су тасқыны жүруі мүмкін деген қауіпті аймақтар алдын ала тексерулерден өтіп, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен

2,2 млрд. теңге қарастырылыпты. Сондайақ, былтырғы жылы республикалық бюджет есебінен Тентек, жоғарғы Ақсу, төменгі Ақсу, Тышқан гидрожелілерін жəне Қаратал, Көксу плотиналары мен Алмалы, Ащыбұлақ, Ақешкі су қоймалары жөнделіп, қажеттілікті өтеуге дайындалып қойған. Бартоғай су қоймасына 814 млн. теңге қарастырылып, бөлінген. Ағымдағы жылы су тасқыны секілді төтенше жағдайлар бола қалғанда, оның алдын алу, жою шараларына облыстық бюджеттен 955,2 млн. теңге бөлініп, төтенше жағдайларды жедел жою үшін облыс əкімінің резервінде 272,4 млн. теңге тағы қарастырылған. Дабылды жағдайлар Іле, Топар, Тентек, Шелек, Байынқол, Шарын, Көксу, Быжы, Бүйен, Қаратал, Тышқан, Есік, Өсек, Лепсі, Басқан, Сарқан, Түрген, Үлкен жəне Кіші Алматы өзендерінде болуы мүмкін. Райымбек ауданындағы Байынқол, Шелек өзендерінде су деңгейі көтерілсе, Алғабас, Жамбыл, Нарынқол елді мекендерін су тасқыны басу қаупі бар. Еңбекшіқазақ ауданында Есік өзені көтерілсе, Белек саяжайлар аумағына қатер төнеді. Сондықтан қазір таулы өңірлерде қар көшкіні, су тасқыны жүруі бек мүмкін деген телімдерде жергілікті билік пен арнайы қызметтер тарапынан тынымсыз жұмыс жүргізілуде. Соның бірі ретінде енді 70 су қоймасы мен 5 гидрожеліге күрделі жəне ағым дағы жөндеу жұмыстарын жүргізу белгіленді. Алматы облысы.

Ќалыѕ ќар – ќауіп кґзі Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Дəл биылғыдай боранды-шашынды, үскірік аяз қысқан кезде сай-сүйекті сырқыратып жіберетін қатал қысты облыс тұрғындары ширек ғасырдан бері көрген жоқпыз дейді. Шынында да, Кенді Алтайға биыл қар қалың түсті. Таулы аймақтарда қардың қалыңдығы екі метрден асса, Риддер, Шемонаиха, Зырян аудандарында ол бір жарым метрден асады, ал биік таудан төмен қарай сырғитын қар көшкінінің қаупі сейілмей тұр. Соңғы бір-екі айда таудағы жиналып қалған қар төмен қарай өздігінен бірнеше рет көшсе, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің араласуымен қосымша тағы қар көшкіндері жасалды. Десек те, алдағы қауіпті жағдай сейіле қойған жоқ. Соңғы аптада облыста, аудандар мен қалаларда күн аралатып бірнеше рет қар жауды. Өскеменде 11 ақпанда тəулік бойы қар жауып, барлық бағыттағы жолдар жабылып, артынша төтенше жағдай жарияланды. Өскемен қалалық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жандос Байырхановтың айтуынша,

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Инженерлік шешімдер ќабылданды Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Апат айтып келмейді. Бұдан екі жыл бұрынғы жойқын су тасқыны кезінде қапыда қалғандай болған батысқазақстандықтар өткен жылы оған алдын ала жан-жақты əзірленген болатын. Алайда күткендегідей тасқын болмады. Қар қалың секілді көрінгенімен тез еріп кетті. Ал биыл ше? Тасқын су қаупі күтіле ме? – Негізі судың зиянынан пайдасы көп. Тасқынды зардапсыз өткізе білсе, ауыл шаруашылығына ауадай қажетті тегін ылғал көздері мен қорларын жасақтап алуға əбден болады. Бұл үшін ұйымдастыру мəселелерін ұтымды түрде жолға қоя білсе, материалдық жəне техникалық ресурстар дəлме-дəл есептермен жұмсалса жетіп жатыр. Жайық өзені жылдан-жылға тартылып барады. Оған жоғарыдан мол су келген жағдайда тиімді инженерлік шешімдер алынса, тасқын судан қауіп келе қоймайды, – деді Ақжайықтың ардақты ақсақалы Бисен Жұмағалиев. Ал бұл мəселе туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Кəрім Жақыпов бірқатар деректерді алға тартты. Бұдан түйгеніміз, өңірде тасқын сумен күреске қарсы облыстық, қалалық жəне аудандық комиссиялар құрылып, бірінші кезектегі іс-қимыл шараларын жүргізуге қажетті қаражат бөлінген. Орал өңірінің Ресеймен көршілес

орналасуы шекаралас аймақтардағы тасқын судың жай-күйіне қатысты мəселелерді бірлесіп шешу қа жет тілігін көрсетеді. Мұның басты жолының бірі өзара ақпарат алмасу болып табылады. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі күні Қазақстандағы Батыс Қазақстан мен Ресей Фе дерациясындағы Орынбор жəне Саратов облыстары арасында осындай байланыстар жолға қойылған. Көрші елдегі Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мəліметке қарағанда, о жақта биыл қар мен ылғалдың түсуі қажетті нормадан жоғары. Егер Ресейдегі электр су қоймасы суға толса артығын ұстап тұра алмайды. Дəл осы кезде Бисен Жұмағалиев ақсақал айтқандай, əлгі артық су тиімді түрде пайдаға асырылса, нағыз ырыстың көзі деген осы. Бір құптарлығы, облыста тактикалық тұрғыда осындай инженерлік-гидротехникалық шешімдер қолға алынған. Өңірдегі тасқын су қаупі бар аумақтар мен бөліктер осы бастан арнайы техникалары жəне адам ресурстары жеткілікті ірі кəсіпорындар мен ұйымдарға бекітіліп берілуде. Мұз кептелісін реттейтін жарғыштар бригадалары да іске кірісуге əзір. Қажет жағдайда МИ-8 тікұшақтары да іске тартылмақ. Əрине, су тасқынына əзірлік жұмыстары мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Бұл шараға облыс тұрғындары да белсенді түрде қатысатын болса, сөз жоқ, оның зиянынан пайдасы көбірек болмақ. Батыс Қазақстан облысы.

Су ќоймалары тексерілуде Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында Тараз қаласынан халықаралық оқу орталығы ашылды. Онда су мамандарын дайындау, қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру жəне гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін бақылау бойынша дəріс беріледі. Бұл оқу орталығы Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан жəне Тəжікстан мемлекеттері мүдделілік танытып отырған «Орталық Азия су тоғандарының қауіпсіздігі: аймақтық əріптестіктің əлеуетін қалыптастыру» атты жобаны жүзеге асыру

нəтижесінде дүниеге келді. Жаңа оқу орнының директоры Марат Нарбаевтың айтуынша, бүгінде елімізде 643 гидротехникалық құрылыстар бар. Соның 268-і, оның ішінде 28 ірі тоған жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, Тараз қаласының оңтүстігіндегі халықаралық Киров су қоймасы да үлкен су тоғандары құрылыстарының біріне жатады. Халық осындай тоғандардың қауіпсіздігі үшін сенімді болуы қажет. Жақында облыс əкімі Қ. Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірдегі 117 су қоймасына тексеру жүргізіліп, олардың 33іне ағымдағы жөндеу қажет екені анықталды. Жамбыл облысы.

Сонау түркі дəуірінен тамыр тартатын ұшан-теңіз руханиятымыздың бір саласы – музыка өнері. Ұлы даланы ен жайлаған бабаларымыздың бұл салада қалдырған асыл мұрасы – халқымыздың баға жетпес ұлттық қазынасы. Сол алтын кеніштің ішіндегі ешбір халықта кездеспейтін феномендік құбылысқа балауға болатын күй жанры ерекше назар аудартады. Ықылым замандардан бері осы бір ғажайып өнер ұрпақтан-ұрпаққа дəстүр жалғастығы арқылы қазіргі дəуірімізге жетті.

«Наєыз ќазаќ – домбыра!»

қаладағы мекемелер тасқынның алдын алу шараларын жасауда. Өскеменде Үлбі өзені жағасында орналасқан Сөгір мен одан төменгі жерлерді су басу қаупі бар. Қазір кезекшілік орнатылған, қажетті техника, құралдар жеткілікті. Дегенмен, биылғы қардың қалың түсуіне байланысты қауіп сейілетін емес, сондықтан барлық аудандар мен қала əкімдері тасқын болады-ау деген аймақтарды қатаң бақылауға алған, күндіз-түні кезекшілік орнатылған. Мəселен, Өскемен қаласының əкімі Серік Тəукебаев жақында ТЖ департаменті қызметкерлерімен бірге су басу қаупі жоғары Сөгір кентіндегі жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті, апат орын ала қалған жағдайда қандай шаралар жасау керектігін пысықтады. «Көмек болады, бірақ сіздер бейқам отырмаңыздар, тасқынға əзір болсақ, бұл қиындықтан бірлесіп шығамыз», деді қала əкімі. Ал Зайсан ауданының əкімі Серік Зайнулдин Үйдене су қоймасында болып, қар күрт еріген кезде жиналатын судың қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізді. Облыста 80нен астам жасанды су қоймалары мен иесіз көлдер бар, олар да бақылауда тұр. Шығыс Қазақстан облысы.

Ќауіп те бар, баќылау да зор

Сурет www.voxpopuli.kz сайтынан алынды.

 Көкейкесті

Көктем келді дегенше, көк судан қауіптенеміз. Дарияның жағасында отырғасын жағдай солай. Санаспаса, болмайды. Нөпір су бір жерді жырып кетсе, мойнын қайыру қиын. Сондықтан оның алдын алып, үнемі назарда ұстап, қадағалап отырмаса болмайды. Сырдарияның соңғы күндердегі жағдайына байланысты деректерді ақтарып отырмыз. Өзенінің төменгі ағысына секундына 700 текше метр су көлемі жіберіліп жатыр екен. Былтыр бұл секундына 900 текше метрді құраған. Ал қоймадағы жинақталған су көлемі былтыр 4683 текше шақырым болса, биыл 3889 текше шақырым. Яғни, биыл 794 текше шақырымға аз деген сөз. Көксарай су реттегішінде осы күндері 1927,62 текше шақырым су жиналып тұр. Егер былтырғы дерекке көз жүгіртер болсақ, онда 2233,15 текше шақырым деген санға кезігеміз. Яғни, былтырғыдан 305,53 текше шақырымға аз. Бүгіндері қоймаға 500 текше шақырым су көлемі алынып тұр. Өткен жылы бұл сан 200 текше шақырымды құраған. Яғни, былтырғыдан 300 текше шақырымға су көп мөлшерде алынып жатыр. Былтыр мен биылдың салыстырмасы осындай. Енді Ақмешіт атырабы ықтимал тасқынның алдын алу үшін не істеп жатыр? Осы айдың 4 жəне 13 күндері облыс бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Сол бойынша тиісті қызметтердің іс-қимылдары нақтыланды. Сонымен қатар, дарияға келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстарын нақтылау мақсатында облыс əкімі қауіпті учаскелерге

жауапты мекемелердің техникаларымен танысты. Жалпы, Қызылорда облысы бойынша Сырдарияның арнасы 68 учаскеге бөлініп, оған 115 жауапты мекеме бекітілген. Аталған жауапты мекемелерде 238 арнайы техника, жүк тасымалдауға арналған 337 техника бар. Су тасқыны қаупі төнген жағдайда осы мекемелерден барлығы 2548 адам жұмыла жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Бүгіндері дарияның мұзы ыдырады. Шиелі ауданының аумағында сең жүріп жатыр. Соңғы деректер бойынша мұз Шиелі ауданының Тартоғай ауылдық округінің тұсына жеткен. Мұздың жылжуы бірқалыпты, елді мекендерді су басу қаупі төнген жоқ. – Алайда, мұздың қалыңдығы оңтүстік аудандарда 10-15 сантиметрді құрап отыр. Кей жерлерінде 25-30 сантиметрге жеткен. Ал солтүстік аудандарда 35-40 сантиметр, кей жерлерінде 50-60 сантиметр аралығында болып отыр. Сондықтан мұз кептелектерін болдырмау мақсатында «Югвзрывпром» мемлекеттік мекемесі 13 ақпаннан бастап облыс аумағында жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде 2 бригада 10 тонна жарғыш заттарымен Шиелі ауданында кезекшілік жасайды. Егер қажет болып жатса, дер кезінде мұзды жарып, судың ағысын қалпына келтіреді. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу шараларына дайындық облыс əкімінің тікелей бақылауында тұр,– дейді облыстық жұмылдыру дайындығы, аза маттық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды жəне жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Бəйімбетов. ҚЫЗЫЛОРДА.

Жерге сіѕіп жатыр Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жыл басында облыс аумағында ауа райы күрт жылынып, еріген қардың жəне жауыншашынның əсерінен болған су тасқыны салдарынан бірнеше ауданда төтенше жағдайлар орын алып, əбігерге салғаны биліктегілер үшін көп сабақ болғаны рас. Облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды жəне жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Кенжехан Төлебаевтың айтуына қарағанда, дəл қазір Оңтүстікте ешқандай тасқын қаупі жоқ көрінеді. «Жерде тоң жоқ. Сондықтан қардың еріген суы жерге сіңіп кетіп жатыр. «Жер жаңбырменен көгерер» деген, қайта біз осындай тоң жоқта жаңбыр көп жауса екен деп тілеп отырмыз. Одан ылғал көп болып, егін бітік шығады. Тіпті жыл сайын мінез танытатын Сырдария өзенінің бойы да биыл тыныш. Шардара су қоймасы қажетті су қорын əлі жинап ала алмай жатыр. Бұл су қоймасының сыйымдылығы 5,4 миллиард текше метр болса, бүгінгі күні 4 миллиардқа жуық су жиналды. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ», деді Кенжехан Атақұлұлы.

Жалпы, облыс аумағындағы төтенше жағдайдың алдын алуда аудан, қала əкімдерінің қауіпті деп табылған ұсыныстары арнайы қаралып, қажетті қаржы бөлініп, бас-аяғы 12 нысанды қалпына келтіру бойынша жалпы 487,0 млн. теңгеге нақты жұмыстар атқарылыпты. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу бойынша аудан, қала əкімдіктері 641,0 млн. теңгені игерді. 2008 жылы Сырдария өзенінің жағасындағы елді мекендерді су басудан сақтап қалу мақсатында бұрын салынған қорғаныс дамбаларын нығайту жəне жаңаларын салу туралы шешім қабылданып, облыс жəне республика резервтерінен барлығы 728,0 млн. теңге қаражат бөлініп, 145,0 шақырым қорғаныс дамбасы (бөгет) салынған. Оның ішінде нығайтылғаны 63,65 шақырым, қосымша жаңа салынғаны 81,35 шақырым болды. Төтенше жағдайлардың алдын алуда, халықты хабардар ету мақсатында автоматтандырылған хабарлау жүйесі бар. «Үлкен су» жоспары жұмыс істейді. Бұл жүйе Сырдария өзенінің бойындағы 4 аудан аумағындағы 26 елді мекенді қамтиды. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ноталық жазу-сызуы жоқ замандарда дүниеге келген бұл жəдігерлер кейінгі буынға тек есте сақтау, бейнелеп айтқанда «табиғи компьютер», яғни жады арқылы жетуі шын мəнінде таңданыс тудыратын жағдай. Міне, осылай сан ғасырлық күйшілік өнеріміз дами келе түрлі аймақтарда төкпе, шертпе дəстүріндегі домбырашылық мектептерді қалыптастырды. Бірақ, бұл шартты түрдегі атау ғана. Ал, егер тереңірек үңіліп қарағанда, сол төкпеңіздің өзі Боғда, Құрманғазы, Абыл, Мəмен, Дəулеткерей, Дина, Қазанғап, Маңғыстау сарындарында, шертпеңіз Тəттімбет, Тоқа, Əшімтай, Сүгір шығармашылықтарында бір-бірінен құ рылымдық, палитралық боя-

мемлекеттік ұлттық домбырашылар ансамблі құрылса. Бұл орайда жан-жағымыздағы жұрттардың төл жəдігерлерін ұлықтаудағы жасап жатқан тірліктерін айта кетсек артықтық етпес. Айталық, Ресейде балалайкашылар мен баяншылардың, Өзбекстанда рубабшылардың, Беларусьте цимбалшылардың, Түркіменстанда дутаршылардың ансамбльдері жұмыс істейді. Бұлар айналып келгенде, ұлттың мəртебесін көтеру үшін істелініп жатқан шаруалар екендігіне дау жоқ. Осы жерде «бізде онсыз да Құрманғазы атындағы, «Отырар сазы» сияқты атақты оркестрлер барлық облыстарда халық аспаптары оркестрлері, ансамбльдері бар емес пе?» деген сауал туын-

уы, əуездік үндестігі, орындалу мəнері жағынан алуан түрлі ағымдар болып тармақталып кете барады. Демек, бұл дегеніңіз күй жанрының аса бай, адамзат өркениетіндегі тұтастай жатқан синкреттік сипаттағы дара құбылыс екендігінен хабар береді. Əңгімемізді əріден бастағандағы айтпағымыз, осы күй лерімізді бүгінгі дəуірімізге жеткі зуші музыкалық аспабымыз – домбыраны халқымызға жете таныту жəне жаһандық ауқымда насихаттаудың тетіктері туралы ой бөлісу, нақтырақ айтқанда тиісті орындарға ұсыныс беру еді. Əрине, ежелгі əуен-саздарымыз домбырадан басқа да қобыз, сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шертер, шаңқобыз сияқты аспаптар арқылы жетіп отырғаны белгілі. Бірақ, осылардың ішіндегі тыңдаушыға ең етене жақыны, ел ішіне кеңінен таралып əрбір қазақтың сырласына айналған киелі жəдігеріміз – домбыра. Ұлтымыздың жүріп өткен жолындағы бүкіл тыныс-тіршілігі, қайғы-қасіреті, мұң-шері, аңсарарманы мен қуанышы осы қара домбыраның шанағында қатталған. Алла тағаланың берген сыйының құдіреттілігі сонда болар, тілмен айта алмаған жағдаяттарды күймен жеткізетін үрдістің болғанын тарих қатпарларынан кездестіресіз. Міне, бабаларымыздың үніндей болып бағзы замандардан үздігіп жеткен осы күйлеріміздің бүгінгі жай-күйі, жөнді-жөнсіз эстрадаға салынып өзінің мөлдір қалпынан айырыла бастауы алаңдатпай қоймайды. Мұнымен қоса, сым ішектер тағылған электронды домбыралардың ащы шаң қылы қоңыр үнді дыбысқа құ лағы үйренген, қоңырқай тіршілікті, қоңырқай ғана мінезді, қатқылдықты қаламайтын қазағымыздың санасына қабыспай тітіркендіретіні де рас. Ендеше, осындай алмағайып кезеңде киелі домбыраның табиғи болмысын жан-жақтан анталаған афро-америкалық, «тобырлық» мəдениеттің экспансиясынан сақтап қалу бүгінгі күннің ділгер мəселесінің бірі болса керек. Өйткені, бұл алпыс екі тамырды идіретін қазақтың тұма бұ лақтай музыкалық тілін ғана емес, сондай-ақ, ділін қиратушы үрдіс. Сондықтан да домбыраны, домбыра арқылы күйлерімізді төлтума түрінде сақтау – елдігімізге сын. Осыған байланысты нақты мынандай ұсыныс айтқан болар едік. Жеке музыкалық аспап ретінде домбыраны əлемге таныту жəне күйлерімізді музыкалық терминологияда жанр ретінде орнықтырып, жаһандық руханияттағы салмағын айшықтау мақсатында Қазақтың

дауы мүмкін. Иə, мұндай ұжымдар дың бар екені рас жəне олардың мəдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқанына ешкімнің таласы жоқ. Бұл ұжымдарда домбыра басқа да аспаптармен үйлесімді үндесе отырып, бір бірлікте нақты бір шығарманы орындауда пайдаланады. Əрине, мұндай құрамдағы домбыра талай тыңдарманның жүрегінен орын алды. Дей тұрғанмен, біртекті (однородный) домбырадан (тенор) тұратын көпдауысты мемлекеттік мəртебеге ие ансамбль құрылса нұр үстіне нұр емес пе? Себебі, домбыра – күй аспабы. Егер де күйлеріміз өңделіп, кең тыныспен бірнеше партияларда орындалар болса, ұлттық реңкке боялып, тұтастай бір көркем полотноға айналар еді. Мұндай өнер ұжымының құрылуы домбыраның əлемдік қауымдастықта ұлттық бренд болып танылуына жол ашары анық. Жалпы алғанда, қазіргі таңда домбыра музыкалық аспап ретінде аккустикалық, техникалық мүмкіндігі жағынан кемелденіп, репертуарлық ауқымы да кеңи түсті. Сондай-ақ, кейінгі толқын жастардың домбыраны меңгеру деңгейі ғаламат биікке көтеріліп кетті. Міне, осындай өлшемдер мен жоғарыда дəйек етілген жайлар біз ұсынып отырғандай өнер ордасын құруға толықтай негіз бола алады. Ал енді болашақта өнер ұжымын ұйымдастыру керек деп табылған жағдайда ең үздік домбырашыларды іріктеу үшін конкурс жариялау болашақ ұжым жетекшісіне халық музыкасын өте терең білетін, шығармашылық қиялы жүйрік, күйлерді өңдеп түсіруде асқан шебер, тəжірибесі мол, əрі кəсіби домбырашыны конкурстық негізде іріктеу музыканттардың толыққанды шығармашылықпен жұмыс істеуі үшін олардың əлеуметтік мəселелерін шешу сияқты мəселелер қаперге алынса дейміз. Ата-бабамыздан келе жатқан рухани-мəдени желіге сызат түсіп, музыкалық тіліміз шұбарлана бастаған мынандай жаһандану заманында осындай тақылеттес өнер ордасының шаңырақ көтеруі ұлттың рухын көтерудегі нақты бір қадам болар еді. Өйткені, Қадыр ақын айтқандай, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!». Өтеген ҒҰБАЙДУЛЛИН, ардагер-ұстаз, профессор, домбырашы-дирижер. Қалмахан ОМАР, ұстаз-домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ШЫМКЕНТ.


 Теледидар терезесі – Нұржан Жалауқызы, өткен аптада мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мəселелері талқыланған жиында Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин медиа нарықта ескі əдіспен жұмыс істеуге жол берілмеуі керек деп мəлімдеді. Жиын барысында көтерілген өзекті мəселелерге қатысты сіздің көзқарасыңызды білсек деп едік. – Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуде ең бастысы, мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап берген Елбасы Жолдауындағы əрбір басымдықты барынша талдап түсіндіріп, билік пен халық арасындағы рухани көпірге айнала білуіміз аса маңызды.

телевизиялық өнімдерге деген көпшілік сұранысының артуының дəлелі. Өте бір қуантатын жайт, қазақ тілінің мəртебесі жылдан жылға өсіп келеді. Мемлекеттік тілде сөйлейтін басқа да ұлыс өкілдерінің қатары толыға бастады. Байқасаңыз, олардың арасында балаларын қазақ балабақшалары мен мектептеріне беретін үрдіс пайда болды. Бұл ретте таза қазақ тілінде хабар тарататын ұлттық телеарнаның тіл үйренуге барынша мүмкіндік туғызуы заңды құбылыс. Екіншіден, төл арнаның ақпараттықсараптамалық, əлеуметтік, танымдық хабарларымен, қызықты мегажобаларымен, тартымды телехикаяларымен жұртшылық

деген сұраныстың өскендігінде. Осы айтылған алғышарттарды өзіміз тапсырыс беретін телехикаяларды өндірушілерден талап етеміз. Сонда ғана көрерменнің көзайымына айналатын туынды дүниеге келеді. Өткен жыл біздің ұлттық арна үшін шығармашылық ізденіске толы болды десем, артық айтқандық емес. Нəтижесі жаман болған жоқ. Көрермен сүйіспеншілігіне ие телехикаялардан – ел қорғанысын нығайтуға бағышталған «Көк тарландары» мен құқық қорғау саласы қызметкерлерінің қиын да қызықты тіршілігін баяндайтын «Парыз» телехикаясын атап өткен жөн. Ал ел тəуелсіздігінің 20 жылдығына орай қарапайым қазақ

Аќпараттыќ кеѕістікті жаѕєырту – ґзекті мəселе «Қазақстан» телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан МҰХАМЕДЖАНОВА мемлекеттік БАҚ-ты басқару менеджментіндегі өзекті мəселелер туралы ой бөліседі Жəне осы бағыттағы жұмыста қоғамның əр саласындағы секілді ақпараттықинновацияны меңгеруге тиістіміз. Ендеше, ұлы Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деген өміршең өлеңінде айтылғандай, көрермен талғамына орай телерадио өнімдерінің əрі мазмұнды, əрі сапалы, əрі технологиялық тұрғыдан жоғары деңгейде болуы – уақыт талабы. Ел еңсесінің əлемдік өркениеттегі орны, өзара бірлік жарасымдығы ақпараттық саясатқа үлкен жауапкершілік жүктері мəлім. Медиа нарықта бұрынғы сүрлеумен жұмыс істеудің уақыты əлдеқашан өткен. Соған байланысты бəсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында мемлекеттік медианы нарықтың бір бөлігі ретінде қабылдап, экономикалық тиімділік түсінігін басшылыққа алу қажет деген пікірлер алға тартылды. Кездесуде мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің өз өнімдерінің рейтингісін жоғарылатуға аса зор маңыз берілді. Əр жобаның танымалдығы мен тартымдылығын арттыру үшін ұдайы кəсіби шеберлікті шыңдап отыру қажеттігі Мемлекеттік хатшы назарынан тыс қалған жоқ. Ал мұндай меже сандық технологияны меңгеруге мамандарды даярлау арқылы жүзеге асатыны белгілі. Мұнан əрі қарай журналистердің салалық білімін жетілдіруге айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Мəселен, денсаулық, болмаса қорғаныс сияқты басқа да түрлі салаларға қалам тербейтін журналистерден жоғары кəсіби біліктілік талап етіледі. Бұл арада ТВ мен радио хабарларының сапалы, сапасыз екендігін тек көрермен мен тыңдарман ғана анықтай алады. Ол үшін медиа нарықта зерттеуді сапалы деңгейге көтерудің маңызы зор. – Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «Телеарналар рейтингісінде келесі бірнеше жылдың ішінде жетекші ұлттық телеарналар көш бастауы тиіс» деп айтты. Ал жақында БАҚ арқылы «ТНС Гэллап Медиа Азия» (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мəліметтері бойынша «Қазақстан» ұлттық телеарнасының 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында 23,3% орташа тəуліктік үлес көрсеткішімен алдыңғы орынға табан тірегені мəлім болды. Құтты болсын! Отандық телеарнаның алға басуының сыры неде деп ойлайсыз? – Рахмет. Ең алдымен, бұл қазақ көрерменінің жеңісі деп айтар едім. Себебі, көрермен ұлттық арнаның өздері үшін қызмет ететін шығармашылық ұжымының жұмысын қалт жібермей қадағалап, əділ бағалағандары қуантады. Кез келген мемлекеттегі телекөрсетілімдерді анықтау айрықша рөл атқарады. Бұл тек өндірілген өнімнің сапасын ғана емес, сондай-ақ, мақсатты аудиторияның, яки көрермендердің сол телеарнаға деген қызығушылығы мен көзқарасын айқын көрсетеді. 2012 жылдың сəуір айынан бері 100 мыңнан төмен (100 мың–) тұрғындары бар елді мекендерге де (шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары) зерттеу жүргізіліп, ақпаратты нақтылауға тиісті қадам жасалды. Айта кету керек, 100 мыңнан төмен тұрғыны бар елді мекендерде 8 миллион 300 мыңнан астам адам тұрады десек, əлеуметтік зерттеуге сол тұрғындардың атынан қатысатын өкілдердің телевизиялық көру таңдауы көп телеарналардың арасынан осы біздің ұлттық телеарнаға түскендігі əрі жетістік, əрі үлкен жауапкершілік. Міне, сол елді мекендерде 6+ жəне 6+қаз. деп бөлінетін зерттеу тобы бойынша жыл басынан бері бірінші сатыға көтерілдік. Осылайша, ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық деңгейдегі көрерменді қамтыған отандық өзге телеарналардың алдына шығып отыр. – Бұл меже «Қазақстан» арнасына деген қазақ тілді ортаның ғана емес, өзге ұлыс өкілдерінің де қызығушылығының артып отырғанын көрсетпей ме? – Иə, солай. Мұны тіл мүддесіндегі жүргізіліп келе жатқан Елбасының сындарлы саясатының шынайы жетістігі деп айтқан абзал. Зерттеу нəтижесі – еліміздегі қазақ тіліне деген, сондай-ақ төл

7

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

көңілінен шығуы шығармашылық ұжым үшін үлкен абырой болып саналады. Бүгінгі таңда хабарларымыздың заманауи құрылғылармен жабдықталған Астанадағы «Қазмедиаорталығынан» таратылуының өзі көп идеялардың жүзеге асуына жол ашып отыр. «Қазақстан» ұлттық арнасының өндірістік базасы бірыңғай жоғары сапалы (HD) форматқа көшті. Бұл дегеніңіз телекөрсетілімдердің техникалық сапасы жақсара түсті дегенді білдіреді. Тек эфирлік жиіліктерде ғана емес, еліміздегі тұңғыш рет іске қосылған «Отау ТВ» сандық спутниктік жүйесі мен кабельдік арналар арқылы да хабарлар таратылады. – Электронды ақпарат құралдарында 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын арнаның осынау жеңісін көрермен жалпы ана тілдің жетістігіне балап жатыр. Бұл туралы не айтар едіңіз? – Таза қазақ тілінде хабар тарататын телеарнаның беделбаға бойынша бірінші орынға көтерілуі «Мемлекеттік тіл – барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор болуы тиіс», деген Елбасы сөзінің шындыққа айнала бастауының нақты көрінісі болып табылады. Осыдан екі жыл бұрын Елбасы өзінің Жолдауында: «Алдымызда мынадай міндет тұр: 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80%, ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95%-ға жетуі тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітіруші түлектер 100% мемлекеттік тілді білетін болады. Біз бұл үшін бəрін жасап жатырмыз», – деп атап өткен еді. Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша «Қазақстан» ұлттық арнасы 2011 жылдың қыркүйегінен 100% қазақ тілінде хабар тарата бастады. Алғашқыда, ел тұрғындарының 95% қазақ тілінде сөйлеп кетуіне күмəн келтіргендер, ұлттық арнаның беделбағасы жоғарылап, үлкен сұранысқа ие болатынына сенімсіздікпен қарағандар аз болған жоқ. Алайда, бүгінде жоғарыда көрсетілген нақты мысалдар бұл ойдың мүлде жаңсақ екендігіне көз жеткізіп отыр. – Отандық телехикаялардың дамып келе жатқаны шындық. Осы орайда ұлттық телеарнаның тапсырысымен жарық көрген телехикаяларға көпшілік сұранысының арта түскені анық. Бұл бағытта қолға алынып жатқан тағы қандай жобалар бар? – Табыс сыры – өнімнің сапасында, драматургиясында, режиссерлік шешімінде, актерлердің шынайылығында, еліміздегі отандық телевизиялық өнімге

отбасының тарихынан сыр тарқататын «Туған елдің түтіні» телехикаясы, немесе «Үй болу қиын» атты ситком (комедиялық түсірілім) жанрындағы өнімдер – отандық телевизия тарихында өзіндік орны бар тұщымды дүниелер саналады. Отбасылық құндылықтарды дəріптеуге негізделген жоба – драмалық желідегі «Əке серті» телехикаясы жұртшылықтан жоғары баға алып үлгерді. Экрандық қойылым халыққа таратыла бастаған күннен бастап 100 мыңнан төмен (100 мың–) тұрғындары бар елді мекендерде 6+ қаз. тобында орташа телекөрсетілім беделбағасы 30 пайызды құрады. Бұл отандық телехикая үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі. Əрине, дəл бүгінгі таңда қазақтың киноөндірісін, оның ішінде телехикаялар түсіру саласын Америка, Латын Америка, Еуропа, Корея, Түркия, Ресей сияқты əлемдік киноалпауыттарындағы жағдаймен салыстыруға келмейді. Олардың деңгейіне жету үшін əлі де уақыт пен тəжірибе жинақтау қажет, мықты мамандар керек. Отандық телеөнімдерді өндіруші студиялар нарығы да енді-енді қалыптасу үстінде. Режиссерлер мен сценарийстер мектебі жаңадан бой көтеріп келеді. – Болашақта отандық телехикаялар шетелдік өнімдерді толықтай ығыстырып шығарады демексіз ғой. – Ұлттық арнаның бағдарламалар жүйесін тек отандық өніммен толтыру стратегиялық жоспарымыздың бір тармағы дер едім. Бұл – түсінген адамға өте амбициялық жоғары меже. Бұған жету үшін бірнеше факторларды есепке алу керек. Əрі отандық телевизиялық өнімнің көлемін ұлғайту мақсатында нақты қадамдар жасалып жатқанынан да көрерменнің хабары бар. – Бұрын радио тек сөйлейтін еді, жақында оны эфирден көру мүмкіндігіне ие болдық. Бұл да заманауи технологияның дамуының, оны

ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мəліметтері бойынша, «Қазақстан» Ұлттық арнасы 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни, жалпы саны 8,3 млн. адамды құрайтын шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында орташа тəуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шықты. 2012 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы 6+ (6 жастан жоғары қазақ жəне орыс тілді көрермендер) жəне 6+ қаз (6 жастан жоғары тек қазақ тілді көреремендер) бағамы бойынша 2 жəне 1 орындарда тұрақтаған болатын. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап (10 ақпанға дейін) Ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да отандық өзге телеарналардың алдына шығып, жетекші позицияны нық ұстап тұр. Телеарналардың 2013 ж. 1қаңтардан 10 ақпанға дейінгі орташа көрсеткіші

Бұрын Қазақстан Республикасы сараптамалық зерттеулерді 100 мыңнан жоғары тұрғындары бар қалаларда ғана жүргізіп келді, ал 2012 жылдың 1 сəуірінен бастап 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендерді де зерттей бастады. «Қазақстан» ұлттық арнасының үлес салмағы мен рейтінгінің өсуіне төл өнімдері сапасының артуы мен қазақ тілді бағдарламалардың бəсекеге қабілеттілігі əсер етті.

жергілікті мамандардың ойдағыдай меңгеруінің елеулі жемісі екені сөзсіз. «Шалқар» радиосы 15 ақпаннан бейнеонлайн режімінде көрсетілуде. Радионы мұндай жобада ұсынудың қандай артықшылығы бар? – 47 жылдық тарихы бар «Шалқар» – республика көлемінде ғана емес, шетелге де хабар тарататын бірден-бір танымал радио. Оның кеңістігі мен мүмкіндігін кеңейте түсу мақсатында радионың бейне-онлайн режімінде хабар таратуына жағдай туғызып отырмыз. 2013 жылдың 15 ақпанында эфирге «Депутат сағаты» шықты, дəл осы күн радио жылнамасында ерекше күн ретінде есте қалады. Өйткені, «Шалқар» радиосының тыңдармандары сол сəттен бастап өзінің сүйікті жүргізушілері мен радио қонақтарының дауысымен қатар бейнесін қатар тамашалай алатын мүмкіндікке ие болды. Бұрын радионың тіршілік-тынысы халыққа беймəлім болып келсе, «Шалқарға» орнатылған веб камералар радионың мүмкіндігін телеарналармен теңестірді. Əлемдегі конвергентті редакция құру деген мəселеде нақты қадам жасалды деуге толық негіз бар. – «Мəдениет» телеарнасының осыдан екі жыл бұрын ғана тұсауы кесілген болатын. Салалық телеарналардың ішінде алғашқы болып құрылған арна өзіндік бет-бейнесін қалыптастыра алды ма? – 2011 жылдың 26 қыркүйегінде Президент қолдауымен дүниеге келген «Мəдениет» телеарнасы аз ғана уақытта көрерменнің сүйіктісіне айналып үлгерді. Негізгі мақсат – көнеден келе жатқан мəдени мұраларымызды, ХХ ғасырда қалыптасқан жаңа тарихи-мəдени салаларды насихаттау десек, телеарна əп дегеннен тəулігіне 16 сағат 80 пайыз қазақ тілінде, 20 пайыз орыс тілінде эфирге шыға бастады. Өткен жылдан бері 18 түпнұсқа бағдарламалар эфирге жолдама алды. Бұлар телеарна тұжырымдамасына сай мəдениеттің барлық саласын қамтуға күш салды. Оның ішінде қазақтың төлтума өнері – дəстүрлі музыка, ақындық, жыраулық өнер қамтылса, түркітілдес халықтардың музыкалық мұралары да ұмыт қалған жоқ. Ұлттық мəдениет пен төл əдебиет проблемалары телеарнаның негізгі бет-бейнесіне айналды. Əлемдік мəдениетпен қатар өз реңкін жоғалтпаған ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жобаларды «Мəдениет» өзгелерден оқшау үлгіде баяндайды. Соның бір айғағы – əдебиет əлеміндегі үрдістер мен үдерістерді көрсетіп отыратын «Кітапхана» атты телебағдарламаның көрерменге беріп жатқан рухани нəрі көл-көсір. – Кішкентайлардың шаттығын еселеп, сəбилердің сүйікті арнасына айналып үлгерген «Балапан» бүлдіршіндер отауы отандық анимация өнерінің дамуына қаншалықты үлес қосып отыр? – «Балапан» телеарнасының ашылғанына биыл үшінші жыл. Осы уақыт аралығында аз дүние жасалған жоқ. Салыстырып қарасақ, арнамыз тұсауын кескен 2010 жыл мен 2011 жыл аралығында 14 жоба дүниеге келсе, 2012 жылы 17 сағаттық хабар тарату жүйесіне көшіп, көрермен назарына жаңа 26 жоба ұсынылды. Иə, «Балапан» бүгінгі күні отандық анимацияның дамуына елеулі үлес қосып отырған бірден-бір арна болып есептеледі. Ол ұлттық анимация мектебінің заңды жалғастырушысы ретінде заманауи анимация нарығының қалыптасуына, жекеленген студиялардың құрылуына ұйытқы болуда. «Балапан» арнасы ашылған жылы «Ғажайыпстанға саяхат» атты 100 сериялы мультсериал эфирге шықты. Былтыр мультхикаяның 100 сериялы жалғасын түсірдік. Шытырман оқиғалы «Балдырған» мультхикаясы да Ою атты этнокейіпкерімен көрермен есінде қалды. Өткен жылы «Ертегілер елінде» деген атпен əлем халықтарының үздік ертегілерін мультипликациялық сериал негізінде балаларға сыйладық. Бұған қоса, анимациялық фильмдер сценарийіне байқау жарияланып, соның негізінде тамаша мультхикая түсіргеніміз тағы бар. Бұл байқау ұлттық анимацияны дамыту мақсатындағы бірталай жобаның жүзеге асуына мұрындық болды. Бұдан өзге, «Ертегілер еліне саяхат» деген атпен халық ауыз əдебиетінің жауһары – ертегі жанрын насихаттайтын тың туынды көрерменге жол тартты. Мақсатымыз жас ұрпақты ертегілер əлеміне саяхат жасату арқылы ұмыт болып бара жатқан ертегі кейіпкерлерімен қайта қауыштыру. – Қазақстандағы сайттардың беделбағасын анықтайтын «zero.kz»-тің мəліметтері бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ-тың сайты 4000 сайттың ішінде 12ші орынға тұрақтаған көрінеді. Осыған байланысты өз пікіріңізді айтып өтсеңіз. – Расында да, 4000 сайттың ішінде 12ші орынға тұрақтау өте жақсы көрсеткішке жатады. Бұл сайттың сапасын ғана емес, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Мəдениет», «Балапан» мен «Астана», «Шалқар», «Қазақ» радиоларының бағдарламаларын тұтынуға деген сұраныстың еселей түскенін нақтылайды. Үстіміздегі жылдың жағымды жаңалықтармен басталуы мұндағы шығармашылық ұжымның жұмысына тың серпін берері сөзсіз. Алайда, жеңіске жету бар да жəне сол туды жықпай ұстап тұру деген мұнан да маңызды мұрат тағы бар емес пе? Сондықтан да көрермен мен тыңдаушының, сайт оқырмандарының талғамына сай тартымды дүниелермен танылуды мақсат еткен арнаның əр сəті осындай парыз бен пайымға құрылып жатса, бұл ойдың іс жүзіне асар күні алыс емес. – Əңгімеңізге көп рахмет. Əңгімелескен Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

 Басты байлық

Алдын алсаѕ, ауырмайсыѕ Нұрлан ƏБДІҚАЛИҰЛЫ,

медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Қан айналымы жүйесінің аурулары дүние жүзінде адам өліміне себепші болатын жағдайлардың ішінде бірінші орында тұрғандығы белгілі. Қазақстанның денсаулық сақтау саласы соңғы кезде қан айналымы жүйесі ауруының алдын алуда айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Бұл аурудың қазіргі таңда көкейкесті болуына байланысты, оны түбегейлі жақсарту мəселесі мемлекеттің ұдайы бақылауында тұр. Осы орайда Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша арнайы бағдарлама əзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама аясында Ас тана да заманауи жабдықтар мен жабдықталған 180 төсектік Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы, Ақтөбеде жəне Павлодарда 50 төсектік аймақтық кардиохирургиялық орталықтар салынды. Барлық өңір орталықтарындағы облыстық жəне қалалық ауруханалар жанынан интервенциялық кардиология жəне кардиохирургия бөлімшелері ашыл ды. Еліміздегі Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында жəне Ұлттық ғылыми медициналық орталығында қазіргі уақытта жасанды солжақ қарыншаны имплантациялау бойынша аса күрделі операциялар жасалды. Сондай-ақ, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында Қазақстанда тұңғыш рет донор жүрегін ауыстырып салу операциясы жүзеге асырылды. Қолқажүрек қан тамырын шунттау, жүрек қақпақшасына жамау жəне протез салу, балонды дилятация мен жүрек қан тамырын стенттеу сияқты операциялар республика аймақ тарының көпшілігінде жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мəліметтері бойынша 2012 жылы 20 мыңнан астам кардиохирургиялық опера ция жасалды. Астана, Алматы қалаларында жəне облыс ор талықтарында тəу лік бойы жұмыс істейтін жіті коронарлық синдромы кезіндегі ерте эн довас кулярлық араласуды жү зе ге асыратын интервенциялық кардиология бөлімшелерінің қызметі ретке келтірілді. Бұл стенттеп интервенциялық емдеу ден кейін көрсетілген патологияда ау рулардың өлім көрсеткішін консервативті емдеумен салыстыр ған да 7-9 есеге азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, республиканың барлық аймақтарында ЭКГ-да ST сегментінің жоғарылауымен болатын жіті коронарлық синдромымен ауыратындарға жедел медициналық көмек деңгейінде немесе ауруханада болған ерте кезеңдерінде тромболитикалық терапияны қолданатындығын айта кету керек. Аталған іс-шаралар болатын жағдайларды мейлінше жақсартуға мүмкіндік берді. Егер 2006 жылы қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім жағдайы 100 мың адамға шаққанда 627-ні құраса, ал 2012 жылдың 11 айында осы көрсеткіш осыншама адамға шаққанда 253,3-ке дейін төмендегендігін көрсетті. Пациенттің дəрігер мен медициналық ұйымды таңдау еркі, бəсекеге қабілетті орта, көрсетілетін қызметтердің айқын болуы (нақты шығындар бойынша төлем жасау), соңғы нəтижеге бейімделу сияқты Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қағидаттары жүзеге асырылып жатыр. Осылайша, медициналық ұйымды еркін таңдау құқы ғын пайдалана отырып,

Кардиология жəне ішкі аурулар ғы лыми-зерттеу институтында 2012 жылы барлығы 3360 сырқат емделіп шықты, соның ішінде 1685 сырқат республика аймақтарынан келгендер. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қан айналымы жүйесінің ауруын ерте анықтау бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта бастапқы меди циналық-санитарлық кө мек деңгейінде еліміздің ересек тұрғындарына қауіп факторын ерте анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтер, ал жүрек-қан тамыры аурулары анықталған жағдайда, халықаралық стандарттарға сəйкес оларды дер кезінде жəне дұрыс емдеу мен науқастарды диспансерлік есепке алу жүргізіліп жатыр. Осылайша, 2012 жылы республикада қан айналымы жүйесін анықтауға арналған скринингтік байқаудан ересек тұрғындардың мақсатты топтарының 2,5 миллионынан астамы өтті, мұнда 200 мыңнан астам адамда қан айналымы жүйесінің аурулары анықталды жəне олардың 86% диспансерлік есепке алынды. Бұл жұмыс əлі де жалғасу үстінде. Əрине, жоғарыда көрсетілген іс-шаралар қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлімді төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда, осымен бірге жүрек-қан айналымы ауруларымен сырқаттану көрсеткіштері ұлттық скрининг аясында олардың белсенді түрде анықталуынан кейін өсіп келеді. Сондықтан оны төмендету үшін негізгі əрекет қан айналымы жүйесінің ауруларының алдын алуға жасалуы керек. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын да ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басымдығы «профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою» деп атап көрсеткен болатын. Осы бағытта республиканың денсаулық сақтау ұйымдары жəне алғашқы кезекте Ұлттық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен оның аймақтардағы филиалдары ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Артериалдық гипертензиясы, жүректің ишемиялық ауруы, диабет мектептері ашылуда. Бастапқы медициналықсанитарлық көмектің əлеуметтік-бағытталған модельдері құрылуда. Бұған қоса əлеуметтік-психологиялық көмек қызметтері де ашылу үстінде. Соның нəтижесінде 500 психолог пен 2 мыңнан астам əлеуметтік қызметкер жұмысқа кірісіп, аурудың алдын алу бойынша негізгі түсіндірмелік жұмыстарын бастап кетті. Аурудың алдын алу іс-шаралары, əрине, бəрімізге белгілі. Олар – дененің артық салмағын, қан қысымы жоғарылауын, холестерин деңгейін жəне қандағы қантты қадағалау, ұтымды əрі теңдестірілген тамақтану, шылым шегуге тыйым салу, ішімдікті шамадан тыс қолданудан бас тартып, спортпен айналысуды дағдыға айналдыру. Осылайша, медицина қызметкерлері мен көпшілік бірлесіп əрекет етсе ғана ұлтымыздың дені сау болып, еліміз одан əрі өркендей түспек. АЛМАТЫ.

Ұлы Абайдың жиені, Семей қаласы жəне Абай ауданының құрметті азаматы Балтабек ЕРСƏЛІМОВТІ 75 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймын! Өзіңізге мықты денсаулық, отбасына бақыт, сіз басқарып отырған республикалық Абай қорының жұмысына жаңа табыстар тілеймін. Ізгі ниетпен абайтанушы ғалым Асан Омаров. Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.


8

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

 Тарих толқынында

 Өнеге

Тарихтың талай толқынды кезеңдері мен қасірет-қырғынды тұстары өтсе де ғасырлар қойнауынан бізге Қожаберген Толыбайұлының есімі келіп жетті. Бұл тегінде: «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді, Шебердің заты өлмейді», деген тəлімді тəмсілдің дəлелі болса керек. Демек, халық ешқашан да өзінің жақсылары мен жайсаңдарын, батырлары мен бағландарын, жыраулары мен ақындарын ұмытпайды. Олардың жасаған істеріне, көрсеткен ерліктеріне, сіңірген еңбектеріне, қалдырған мұраларына қарай сый-құрмет көрсетіп, бағалап, қастерлеп отырады. Бұл ретте: «Қожаберген кім? Оның қазаққа сіңірген қандай еңбегі бар? Біз оны несіне құрметтеп, қадір тұтамыз?» деген тəрізді сауалдардың туары хақ. Өмір мен қоғамдық тіршілікте əр ұрпақтың атқарар міндеті, көтерер жүгі болады. Өйткені, ол өткен мен келешектің арасындағы өткел-көпір. Сондықтан кешегіні тереңнен зерделей зерттеп, бүгінгі тəжірибені жинақтап қосып, болашаққа аманат етіп жеткізу оның дəнекерлік парызы мен қарызы. Қай салада болмасын, экономикада да, саясатта да, тарихта да, мəдениетте де осындай алуан-алуан міндеттер мен шаруалардың бар екенін ойлағанда жауапкершіліктің зіл батпан салмағын түсініп, түйсінгендей боламыз. Даму мен өрлеу, дəстүр-салт, əдет-

Ядролық сынақ полигонынан қырық жыл зардап шектік десек те, мен үшін туған елім мен жерімнен артық ештеңе жоқ, дейді Қайнар өңірінің тумасы Өміржан Жақып ақсақал. Өміржан аға осы жолы Астанада өткен «Ядролық сынаққа тыйым салудан – ядролық қарусыз əлемге» атты халықаралық конференцияға қатысып келген еді. Конференциядан алған əсері де шексіз. Əсіресе, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемде атом қаруын тоқтатайық деп Ресей, АҚШ сынды алпауыт елдерге үн тастауы нағыз азаматтығының, ұлтжандылығының белгісі дейді.

Полигон ауылдарын жаѕєыртќан аќсаќал

Ќаћарман ќолбасшы, жылнамашы жырау Бекет ТҰРҒАРАЕВ,

«Жеті Жарғы жəне Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор.

ғұрып əркез бір-бірімен саралас та сабақтас. Бірінен-бірі үлгі-өнеге алып жалғасып кете береді. «Атаңа не көрсетсең, алдыңнан сол шығады». Біз ата-бабамызды қалай құрметтеп, қастерлесек кейінгі ұрпақ соны қайталап, жалғастыратын болады. Кемеңгер қайраткер, ержүрек батыр, ділмəр шешен, ақиық ақын-жырау Қожаберген Толыбайұлы хақында біраздан бері айтылып əрі жазылып келеді. Бірталай мұралары кітап болып жарыққа шықты. 2000 жылдың аяғында Петропавл қаласында оның өмірі мен қызметіне арналған арнайы ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Басқа да игілікті істер мен өнегелі шаралар атқарылып, жалғасын табуда. Бірақ мұның бəрі Қожаберген бабамыздың тарих пен руханиятымыздағы орны мен рөлін белгілеп, тұлғасы мен бейнесін толық танып болдық дегенді білдірмейді. Осы орайда, Мемлекет басшысы Нұр сұлтан Назарбаевтың: «Өз тарихыңның түп-тамырын танып-білу, атабабаларыңның ауқымды іс-əрекетін мақтаныш ету, өктем дəуірдің əртүрлі кесапат-кемшіліктерінен арылу, қазіргі заманға лайық сананы қалыптастыру, ұлттық бірігуге қуатты серпін береді», деп айтқаны еске түседі. Мұндай тұжырым мен ұстаным Отанымыздың келешекке бағдарланған мақсаты мен мұраты жолындағы жаңа іс-əрекеттерге жетелейді. Еліміздің таяуда қабылданған «Қа зақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында терең ойды, елдік бірлік пен тірлікті меңзейтін мынадай жолдар бар: «Қазақ шежіресінің түпкі мəнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі.Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын əйгілейді. Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым. Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын əрбір қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс. Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күшжігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ». Сондай-ақ мұнда: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек», деген тұжырым да бар. Демек, біз береке-бірлігі жарасқан ел, іргесі берік мемлекет боламыз, ұлттық тарихи санамызды қалыптастырамыз десек, Қожаберген сынды тұлғаларға рулық, тайпалық тұрғыдан емес, кең көлемде, биік деңгейден қарап, қазақтың батыры, қазақтың қайраткері жəне қазақтың ақын-жырауы деп тануға тиіспіз. Ол соған лайық та. Тарихи деректер Қожаберген батырдың тек бір рудың немесе ауыл-аймақтың мүддесімен шектеліп қалмай, қалмаққа қарсы соғыста күллі қазақтың ар-намысы, бостандығы мен тəуелсіздігі үшін күрескенін, ал 1688-1710 жылдардағы шайқастарда бірлескен қазақ, ноғай жəне қарақалпақ жасақтарына қолбасшылық еткенін айғақтайды. Оның елінің, жерінің қамын жеген отаншылдығы, жауынгерлік-сардарлық рухы мен серті өзі жырлаған мына бір жыр жолдарынан да анық байқалады: Қолбасшы батыр болмасам, Көбелі сауыт кимейін. Ту ұстайтын болмасам, Арабы ақ боз мінбейін. Талапты жігіт болмасам,

деген соң, кейінгі уақытта қайырымдылық қорларын ауыл тағдырына бұратын болдым, – дейді Өміржан Жақып. – Мəселен, «Ержан Тəтішов» қоғамдық қоры деген бар, сол арқылы мен полигон маңындағы тағы бір ауылға құдық қазып бердім. «Бота» қоғамдық қорымен екі жыл жұмыс жасап, Таңат ауылынан 20 орындық балабақша ашып бердім. Былтыр шілдеде Абыралы ауылынан балабақша ашып беріп едім, енді мұны естіген халық Ақбұлақ ауылына да балабақша керек деп шу ете түсті, барлығы да Семей сынақ алаңынан небəрі 30-40 шақырымда

Ұрандап жауға тимейін. Қару-жарақ соқпасам, Зергер болып жүрмейін. Майданда жауды жеңбесем, Қызық дəурен сүрмейін. Дулығамның төбесі, Буылмаса маржанмен, Басыма оны кимейін, – деп тебіренеді. Тым алысқа бармай-ақ, Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанын зер салып, зейін қойып оқып шыққан адам оның дүниетанымы мен көзқарасын, білім-білігін, ақындығы мен жыраулық талантын анық таниды. Қазақ жұртының өткен ғасырдағы тыныс-тіршілігімен, бастан кешкен оқиғалары жəне жауынгерлік жорықтарынан хабардар болып, біршама қанығады. Мəселенің мəн-жайы түсінікті болуы үшін осы арада аздап тарихқа тоқтала кеткен жөн тəрізді. Біздің батырлық жырдастандарымызда қазақ пен қалмақ үш ғасыр бойы шайқасқаны айтылады. Ал, шын мəнісінде қалмақ пен жоңғардың түбі бір. «Жоңғар» атауы моңғол тіліндегі «Зүүн гар» сөзінен қазақшалағанда: «Сол қанат» деген мағына береді. Бұл елдің, мемлекеттің атауы емес, əскери стратегиялық маңызға ие қорғаныс шебінің атауы. Дəлірек айтқанда, батыс жақты, яғни сол қанатты қорғап тұрған əскери шеп дегенді білдіреді. Жалпы, Жоңғария хандығының Қазақ мемлекетіне қарсы басқыншылық саясат ұстанып, шабуыл жасауы ХVІ ғасырдың 30-жылдарынан бастау алады. Ақназар хан тұсында қазақ əскері ойраттарға қарсы бірнеше рет тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге жетті. Тəуекел хан тұсында да қазақ жасақтары əлденеше қайта жоңғар əскеріне күйрете соққы берді. Ал «қалмақ» деп жүргеніміз ойраттың іргелі бір тайпасы торғауыттардың атауы. Осы торғауыттар 1628 жылы қазақ даласы арқылы батысқа қарай үдере көшіп, Тобыл мен Жайықтың жоғарғы сағасын басып өтіп, Еділ бойына барып табан тіреді. Олар содан бастап «халимаг», қазақша айтқанда «үдере көшушілер», яғни Еділ қалмақтары деген атқа ие болды. Қалмақ хандығын Ресей патшалығы өзінің оңтүстік шекарасын қорғайтын қолшоқпар ретінде өте тиімді пайдалана білді. Мəселен, тарихи деректерде 1697 жылы орыс патшасы I Петр қалмақ ханы Аюкеге Ресейдің шығыстағы шептерін қорғауды ресми түрде міндеттегені, Еділ қалмақтары Ресей империясының көптеген басқыншылық жорықтарына белсене қатысқаны жайында айтылады. Орыстар қалмақтарды ауық-ауық қазақтарға қарсы айдап салып, екі халықты бір-бірімен қырқыстырып отырды. Сондықтан да, қазақ сахарасының жер үшін, жайылым үшін, өзінің атамекен даласында алаңсыз өмір сүруі үшін Еділ қалмақтарына қарсы екі ғасырдан астам уақыт бойы күрес жүргізіп, соғысып отыруына тура келді. Атақты қаз дауысты Қазыбек қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында “Дат, тақсыр!” деп суырыла алға шығып: “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дəм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім

берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – деп қайтпас қайсарлық танытып, теңдік сұрайтыны осы қазаққалмақ қатынастарына байланысты. Мұны біз «от ауызды, орақ тілді» шешендіктің үлгісі ретінде жиі ауызға аламыз. Ал, шындығында өз заманындағы дарынды дипломатияның да көрінісі. Осылай есептеп қарағанның өзінде қазақтың əуелі жоңғармен, артынан қалмақпен (1530-1771) екі жүз жылдан астам уақыт шайқасқанын аңғарамыз. Бұл соғыстың қайғы-қасіреті мен зардап-залалын халқымыздың бірнеше ұрпағы тартып, бастан кешті. Майдан даласында қаншама қан төгіліп, қанша батырлар мен ерлер опат болды. Жесір қалғандар мен жетім қалғандардың да есебі болмады. Бір мезет амалсыз шегініп, елден-жерден ауып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға ұшырадық». Бұл қазақ тарихындағы ең қасіретті жыл саналады. Ендеше, елін, жерін қорғаған азаттық жолындағы қалмаққа қарсы соғыста тек Қожаберген ғана емес, оның əкесі Толыбай сыншы да, арғы аталары Дəулен батыр, Таузар, Қара Ораз, Жаңбыршы батыр да қатысқан деген деректер төске тиіп, көңілге қонады. Оның үстіне халқымыз: «Батырдан – батыр туар шайқасқанда, Алыптан алып туар алысқанда», – деп термелететініндей, тектіден текті, батырдан батыр ғана туады. Бұған қоса, Қожабергеннің нағашы жұртының ерте заманда Самарқанды билеген атақты ордабасы Жалаңтөс баһадүрге барып тірелетіні ой-болжамымызды дəлелдей түскендей. Сондықтан да ол тегіне тартып, ақындықтан азаматтықты жоғары қойып, қажет кезінде елінің, жерінің қорғаны бола білді. «Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолынан кейін» қазақ даласының Ата заңындай болған əйгілі «Жеті Жарғыны» қабылдаттырған, халық құрметтеп əз Тəуке атаған Тəуке ханның тарихымызда үлкен прогрессивті рөл атқарғаны мəлім. Ол билік жүргізген кезде: «əділеттілік пен парасаттылық салтанат құрып, рулар арасындағы қырқысу лар тыйы лып, қой үстіне бозторғай жұ мыртқалаған заман болды» деседі. Халықтың мақсат-мүддесін, елдің ішкі жəне сыртқы жағдайын жақсы білген осындай көреген хан бойында сенім артатындай ерекше қабілет-дарыны, жұрт сыйлайтындай абырой-беделі болмаса Қожабергенді өзінің оң қолы болатындай ордабасылыққа сайлатпас жəне жақсылар мен жайсаңдарды жинатып, «Жеті Жарғыны» жазуды тапсырмас еді. Айтқандай-ақ, Қожаберген əз Тəукенің сенімі мен үмітін ақтап, «Жеті Жарғыны» ақ былғарыға жаздырып, ханның өзіне тапсырады. Мұның бір данасы бүгінде Түркияда Ыстамбұлдың Сүлейман атындағы Канони кітапханасында сақтаулы екені айтылып жүр. Мұның өзі бір жағынан кейбіреулер айтып жүргендей жабайы тіршілік емес, көшпенді өмір сүрген біздің ата-бабаларымыздың өзіндік мəдениеті мен өркениеті болғанының айғағы. Бəлкім, бұл кейінгі кезде табылып, зерттеле бастаған сонау ХVІ ғасырдың жəдігерлігі армянқыпшақ заңнамасы – «Төре бітігінен» бастау алып, сонымен сабақтасып жатқан болуы мүмкін. Бұдан туатын қорытынды Қожаберген Толыбайұлы жауға шапқан батыр, қол бастаған сардар ғана емес, ел басқару істеріне де белсене араласқан өз заманының мемлекет қайраткері. Осындай ісі мен қадір-қасиеттеріне қарай қазақ тарихындағы айтулы тұлғалары болған: Абылай ханнан бастап, Бұқар жырау, Қаракерей Қабанбайлар оны ұстаз тұтып, ақыл-кеңесі мен пікіріне құлақ асып отырды. Тарихи деректердің айғақтауынша, Қожаберген 1710 жылдың жазында өзiнiң орта жасқа таяп қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздiксiз қатысып, қалжырап-шаршағанын алға тартып, Тəуке

Суретті салған Николай АШТЕМА.

ханнан өзiн ордабасы қызметiнен босатуды сұрайды. Əз Тəуке əуелi келiсiм бермесе де, өз орнына қоятын кiсi барын айтқан соң, хандықтың астанасы – Түркiстан шаһарына Үш жүздiң шораларын, бектерiн, билерiн, батырларын арнайы хабар айтып, кiсiлер жiберiп шақыртып алып, ордабасы сайлау үшiн құрылтай өткiзедi. Онда уəзiрлер, шоралар, билер, бектер, батырлар Қожабергеннің ордабасылықтан кетуiн қош көрмейді. Ақыры, олар əз Тəукеге əзер дегенде келiсiм бередi. Сонда Қожабер ген баһадүр ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына Бөгенбай батыр Ақшаұлын қазақ, ноғай, қарақалпақ жұрттарының бiрiккен əскерiн басқаратын Бас қолбасшы етiп сайлатады. Осы сияқты, Қожабергеннің батырлығы мен ерлігі Бұқар жыраудың «Ұстазым» атты толғауында кеңінен баяндалған. Бабаның өмір жолына қанық болғысы келетін өскелең ұрпаққа оның Үргенші, Бұқара, Самарқан медреселерінде дəріс алып, араб-парсы тілдерін меңгергенін, сонда оқып жүргенде шығыстың жетi жұлдызы атанған Жəми, Низами, Науаи, Физули, Фирдоуси, Сағди, Рудаки шығармаларынан нəр алғанын, сондай-ақ Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири жəне өзiнен аз бұрын өткен Əбiлғазы баһадүр хан сияқты бiлiмпаздардың жазып қалдырған шежiрелерiмен таныс болғанын біле жүргеннің зияны жоқ. Өйткені, Бұқара мен Самарқаннан, көне араб-парсы мұрағаттарынан біздің ежелгі тарихымызға қатысты кейбір деректер табылып жатыр. Солардың арасынан Қожаберген бабамызға байланысты мəліметтердің ұшығы шығып қалуы да ғажап емес. Онда үмітіміздің ақталып, айымыздың оңынан туғаны. Қазір əдеби айналымға еніп, мамандар зерттеп жүрген оның ақындық-жыраулық талантынан туған ел ішінен, əркімдердің аузынан тірнектеп жинап жазып алынған: “Бағылан баба”, “Фархад баһадұр”, “Ғадыл Танаш”, “Едiге баба”, “Балға-Балта батырлар”, “Ер Аббас”, “Ер Көшебе”, “Ата тек”, “Баба тiл”, “Алтай батыр”, “Елiм-ай” жəне басқа көптеген дастан, “Қойлыбай əулие”, “Бiлерсiң”, “Күлдiрмамай”, “Жетi жарғы”, “Үш би”, “Қайран, жастық”, “Едiге биге”, “Жастық”, “Ақсауыт” жəне басқа бiрталай өлеңдер, “Бүркiт қонған”, “Көк Есiл”, “Айша”, “Қызылжар”, “Қайран, Арқа”, “Елiм-ай”, “Қалмақ қырылған”, “Ел айырылған”, т.б. күйлері жүз жасаған баба мұрасының жұрнағы не бір парасы болуы да ықтимал. Зерттеуші, ғылым докторы, марқұм Шаймұрат Смағұловтың жазуынша, «Қожаберген батырлығына, сардарлығына, жыраулығына қоса суырыпсалма ақынəнші, күйші, емші-сынықшы, ділмəр шешен, он саусағынан өнер тамған қолөнершішебер, түйе балуан, аңшы, құсбегі, атбегі, көріпкел құмалақшы, аттың құлағында ойнаған шабандоз, ауа райын болжаушы сəуегей де болған» көрінеді. Мұны да зерделеп, зерттеп жатсақ артықтық етпейді. Ғылымымызды дамытпаса кемітпейді. Олай болса, Қожаберген бабамыздың көпшілік біле бермейтін өзге қырларын танып-білу алдағы күндердің еншісіндегі мəселе болмақ. Алла тағала кейде сүйген құлына қабілет-дарынды үйіп-төгіп бере салады. Сірə, «сегіз қырлы, бір сырлы» деген атауанықтама, осындай тұлғаларға қатысты айтылса керек. Қазірше қолда бар деректер мен мүмкіндіктердің негізінде «Жеті Жарғы жəне Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен шығармаларын кітап етіп шығарып елге тарату, оның атын мектеп пен көшелерге беру, көрнекті жерлерге ескерткішін орнату сияқты игілікті шаралар атқарылуда. Биыл Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына – 350, оның атақты «Елімай» жыр-дастанының жарық көргеніне 290 жыл толмақ. Осыған орай қабылданған Үкімет қаулысына сəйкес ұлы бабамыздың мерейтойы ғылым мен мəдениеттің ордасы Алматыда бастау алғалы отыр. Ертең мұнда елімізге жақсы танымал ірі ғалымдардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтеді. Осындай шаралар елордамыз Астанада жалғаспақ. Осы жəне басқа мерейтойлық шараларды өз деңгейінде өткізу – баршамыздың борышымыз.

Сонау 1990-шы жылдардың бас кезінде, ауыл халқы оңтайландыру, жекешелендіру саясатына ілігіп, қалаға үдере көшкен тұста сынақ алаңында орналасқан Қайнар өңірінің де іргесі сөгіліп, кетеуі кете бастайды. Бұны көрген Өміржан аға терең ойға қалады. «Бұл қалай, малым жанымның садағасы» деп отыратын қаймана қазақ үшін қаланың тірлігі қол болуы мүмкін бе?! Ал ауылда қалыңдар дейін десе, үдере көшкен ағайын жұмыстың жоқтығын, күнкөрістің төмендігін айтып бас шайқауда. Не істеу керек? Осы сауалдар маза бермеген Өміржан аға бір күні газетжурналдардан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен БҰҰның Даму бағдарламасы полигоннан зардап шегіп отырған жұртқа қайтарымсыз, тегін гранттар бөледі екен дегенді көзі шалып қалады. Бірден жолға шықты. Дегенмен рас па, өтірік пе дегендей, көңілі де күпті еді. Туған жер полигон зардабынан əрі жұмыссыздық сияқты əлеуметтік проблемалардан күн санап тозып барады. Халықтың ішейін десе ауыз суы жоқ. Осы ның бəрін көзімен көрген Өміржан ақсақал қалайда халқыма көмектесем деп іштей тас түйін бекінген еді. Сəті түсіп, жобаларына аудан, облыс əкімдігі бірден қолдау береді. Ө.Жақып нартəуекел деп, ең алдымен «Бірлестік» қоғамдық қорын құрады. Қор негізінде алғаш рет ауылдағы ауыз су проблемасына байланысты грантқа өтініш жазады. Суы жоқ, білім ошағы жоқ, дəрігерлік нысаны жоқ, мəдениет ошақтарынан жұрдай болып, құрдымға кетіп бара жатқан ауылдарды бір жағдайдан шығару ақсақалдың арманы еді. Су мəселесі дер кезінде көтерілген проблема болды. Қолында ақшасы бар адамдар суды цистернамен, көлікпен жеткізіп, онсыз да жұмыссыз ауыл халқына шелектеп сата бастаған кез болатын. Сөйтіп, Өміржан аға жеңіп алған гранттың нəтижесінде Таңат ауылында екі артезиан құдығын 45 метр жерден қазғызып берді. Халық дəн риза. «Ел құлағы – елу» деген, Таңат ауылының суға осылай кенелгенін көрген Семей полигонындағы өзге елді-мекен тұрғындары Өміржан ақсақалға бұйымтай етіп, мектеп керек, су керек, ауылда мəдениет ошағы жоқ деп жағдайларын айтып келе бастайды. БҰҰ-ның Даму бағдарламасына ауыл мəде ниетін көтеру үшін тағы бір грантқа ұсыныс жазып, бұл жолы да жеңіске жеткен ақсақал ауылындағы құлап қалған 100 орындық клубты толықтай жөндеуден өткізіп береді. Сөйтіп, ауыл халқының ризашылығына ие болған Өміржан аға ынталанып, ауылының еңсесін көтере түсуге жанын сала кіріседі. Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптар үшін ғимарат керек деп арнайы өтініш айтқан соң, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бойынша Ө.Жақып енді Канада елшілігіне атбасын бұрады. Алма тыдағы Канаданың елшілігі ақсақалды жылы қабылдап, ауылын гүлдендіру мəселесіне орай жасаған жобасымен танысады. Сосын 6065 АҚШ долларына грант берілуін мақұлдайды. Бұл қаражатты қуанышы қойнына сыймай алып келген ақсақал, ауылдағы жұмыссыз жеті адамға жұмыс тауып беріп, ұстаздардың өтінішіне орай арман еткен бастауыш мектептің іргетасын қалайды. Тіпті, сəті түсіп, медпункт те салып береді. Осылайша, Өміржан аға күні бүгінге дейін 17 гранттың иегері атанып, олардың барлығын да полигонның маңындағы Абыралы ауылдық округінің ауылдарының өркендеп, өсуіне арнайды. Дегенмен, уақыт өте келе, шетелдіктер беретін гранттарына талаптарын күшейтіп жібереді. – Оның үстіне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев экономикамыз өркендеп келе жатыр, шетелдің гран тына қарап отырудың реті жоқ, өзіміз де грант бөле аламыз

орналасқан жерлер ғой. Бұйыртса, бұл өтінішті де орындамақшымын. Жақында ғана Елбасы тапсырмасымен полигон жерлерін ауыл шаруашылығына қайтару, оның ішінде жайылымдық жерді қалай жақсарту керек, осыларға атсалысқандығы үшін бұл полигон аймағы болғандықтан да ғылыми жағынан нақты деректер пайдаланып, ауылдарды көтергені үшін Ө.Жақыпқа Тұңғыш Президент қорынан марапат қағазы табысталыпты. Тек Семей өңірінде 100ге тарта үкіметтік емес ұйымдар бар болса, соның ішінде ауылды жаңғыртамын деген мақсат ұстанған Ө.Жақыптың «Бірлестік» қоры ғана, қалғандары тек қаланың экономикасы, əлеуметі дегендей, Семейдің өз басының тіршілігіне мойын бұрғандар. Ағаның айтуынша, ауылдың тірлігін көтеретін жалғыз мен ғана болмайын деп, қаланың ішкі саясаты арқылы жиын ашып, тағы бір-екі қор құрады. – Өкінішке қарай, қорлар құрылып, ауылдардың да проблемалары көп болғанмен, əу баста істейміз деп мойындарына міндет алған жандар бір-екі айдан кейін «жұмысы ауыр екен, ауыл-аймаққа сапар шегіп аралау керек, жол нашар, шығын көп» деген сылтаулармен бас тартты, – дейді ақсақал. – 2010 жылы Норвегия, Голландия елдеріне сапар шегіп, Амстердам, Гаага қалаларындағы Семей полигонына байланысты жиындарға қатыстым. Сонда байқағаным, Елбасымыз Қазақстанды күллі əлемге ядролық қарусыз ел ре тін де танытқан. «О, бұл кісі Қазақстаннан, Қайнардан», деп Шыңғыстаудың Орда бөктерінен келген жай ғана қарапайым бір шал – мені керемет құрметтегендіктеріне дəн риза болдым. Айтпақшы, Өміржан аға қазақ журналистикасына зор үлес қосқан, қазірде «Қазақ энци кло педиясының» бас редакторы Бауыржан Жақыптың əкесі. Бұл жөнінде Өміржан аға былай дейді: – Жұбайым Рысжан екеуміз тоғыз бала өсірдік. Тұңғышым Бауыржан мектепті алтын медальге бітірген соң, қалған балаларым да соған еліктеп алтын-күміске бітіріп, барлығы оқып, бүгінде бірбір үй болды. Ұл-қыздарымның мені жерге қаратпай, азамат атанулары да менің өмірімдегі нағыз бақыт. Бауыржаным бір төбе болса, қалған балаларым бір төбе деймін мен үнемі. Бəрін айт та, бірін айт демекші, өкінішке қарай, Өміржан ағаға бірде-бір рет еліміздің құрметті орден-медальдері бұйырмаған. Алдағы уақытта бұл кемшіліктің орны толады деген сенімдеміз. Еңбегінің бағаланғанын көрсе, ақсақал ауылын көтеруге одан əрі ынталанып, құлшына түсері сөзсіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Өміржан ақсақалға халқының ризашылығы шексіз екендігі рас. Ақсақал бүгінгі күннің батыры, олай болса, қарияның еңбегін лайықты бағалау інілерінің мойнындағы парыз іс деп білеміз. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.


 Толғандырар тақырып

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:

Баянауылға бара жатқан жолдың бойы көмір тасыған машиналар. Көмір Майкөбе кен орны – «Майкөбен-Вест» жəне «Гамма» серіктестіктеріне қарасты Талдыкөл, Сарыкөл кеніштерінен қазылып алынуда. Қоршаған ортаның тазалығы жөнінде ауыз ашпас бұрын, көліктік бақылау комитеті тыйым салып, бақылау жасамаса, күні-түні тонналап көмір таситын ауыр салмақты машиналардың жолды қопарып тастайтындай түрлері бар. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бұрын қазақтар Шөптікөлдің көмірін қазып алып пай даланған көрінеді. Қазақтар бұрын Майкүбі деп атаған қоңыр көмір алабы Сарыкөл, Шөптікөл, Талдыкөл, Тасқұдық жəне Тамды деп аталды. «Майкөбен-Вест» кəсіпорны нарық келген кезде «Екібастұзкөмір» бірлестігінің құрамында болып, одан кейін америкалық компанияға, біраз жыл «Қазақмыс» корпорациясына қарады. Тоқсаныншы жылдары Майкөбенің көмірін Венгрия, Румыния сияқты елдер пайдаланған көрінеді. Бұл күндері кеніштер жеке меншіктің қолында. Біз Шөптікөл, Сұлужон, ЦЭС деп аталатын шағын ауылдардың қасынан жүріп кеніш аумағына өттік. Жылдар бойы жөндеу көрмеген қара жолдың көмір таситын ауыр жүк машиналарының екпініне төтеп беруі де екіталай. Кеніште қызу жұмыс, қарбалас уақыт. Кəсіпорын ашылғалы бірнеше басшы ауысып та үлгерді. Қазіргі басшылық Мəжіліс депутаты болған, кезінде «Екібастұз көмір» мемлекеттік өндірістік бірлестігінің бас директоры, «Богатырь Аксесс Көмір» серіктестігінің өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған атақты кенші Аманқос Өтегеновке жүктеліпті. – Майкөбе кенішінің қоңыр көмірі Екібастұздың қойнауынан қазылатын тас көмірден ерекше отын түрі, оны лигнит деп атайды. Бұл көмір тез жанады, күлі аз. Бірақ, тас көмірге қарағанда қызуы төмен. Негізінен, тұрғын үйлерде пешке жағылатын көмір, – деп Аманқос ағамыз жалпы сипаттамасын айтып өтті. – Жалпы, кеніш 6,4 шақырымға созылып жатыр. Кен орнының тереңдігі 80 метрге жуық. Əрине, бұл тереңдік 270 метрге дейін тереңдеген «Богатырь» кенішімен салыстыруға келмейді. Кеніштің түбінде жатқан көмірді қазып, тасымалдау – басты міндетіміз. Біз кеніштің өткен жылдардағы көмір өндірісін өсіру жұмыстарына көз салдық. 2010 жылы 3 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылыпты. Сол жылы алғаш рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 5 миллион 300 мың тонна көмір қазып, тұтынушыларға жеткізіліпті. Биылғы жылы да былтырғы көрсеткіштерден түспейтіндей көмір өндірілмекші. Кəсіпорында жұмысшылар санын қысқарту мəселесі жоқ па, деген сұрағымызға өндірістің аты – өндіріс, жағдайымыз тұтынушы мен сұранысқа байланысты, қысқартулар жайында бірден кесіп айту да қиын, бірақ, бəрі де мүмкін, деді кəсіпорын басшысы. Тұтынушылар қатарында Екібастұз ГРЭС-1 стансасы, Өскемен, Ресейдің Южноуральск, Челябі

Жоғалуына байланысты «High Vill Алматы» (Хай Вил АЛМАТЫ) ЖШС-ның мына құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылсын: 2007 жылғы 18 сəуірде «Алматы қаласының əділет департаменті» ММ-да тіркелген жарғы; 2007 жылғы 8 сəуірде «Алматы қаласының əділет департаменті» ММ берген Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлік № 85067-1910-ЖШС; 2007 жылғы 27 сəуірде «Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті» ММ берген Салық төлеушісінің куəлігі серия 60 № 0043360; 2007 жылдың 25 сəуірінде «Алматы қаласының статистика басқармасы» ММ берген Статистикалық карточка.

қалаларының стансалары, басқа да өндіріс орындары бар. Сонымен қатар, 45 килолық көмір салынған қаптар Украинаға да жіберіліпті. Егер көмір тасымалы темір жол арқылы үздіксіз жүзеге асқанда оның өзі кеніштің жұмысын одан əрі ширата түсер еді. Алайда, біздің елімізде жүк вагондары тапшылығы бар екені бəрімізге белгілі. Жұмысқа қолбайлау болатын мəселенің бірі де осы. Екібастұздағы вагон құрастыру зауыты толық іске қосылғанда, мүмкін бұл олқылықтың орнын толтырып та қалар. Сондықтан, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында 11 «БелАЗ» көлігі сатып алыныпты. Бір «БелАЗ»-дың құны – 380 миллион теңге тұрады екен. Бұл күндері бұл жерде мыңнан аса адам жұмыс жасайды. Немістің роторлы экскаваторымен қазылған көмір «БелАЗ» маркалы жүк көліктеріне тиелуде. Алып көліктің біреуіне 130 тонна көмір тиеледі. Қоңыр көмірдің бір тоннасы 2413 теңге тұрады. Майкөбенің көмірін тек біздің облыстың аудан, ауылқалаларына ғана емес, өзге өңірлерге,

жылы ауылдың жанындағы 14-ші скважинаның су қорын зерттеуге 12 миллион теңге бөлу, басқа да жобалаусметалық құжаттаманы əзірлеу жұмыстарын қаржыландыруды қолға аламыз деген уəдесіне үміт артып отыр. Депутаттар жер асты суларын зерттеу мерзімін жəне жобалаусметалық құжаттарды даярлау мен келісу рəсімін, Шөптікөлде су тапшы екендігін жəне судың жоқтығы тұрғындар денсаулығына зиян екендігін ескерте отырып, облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əшім-

КҐМІР КЕНІШТЕРІ: ауылдыѕ баєы ма, соры ма?.. Ресейге де жеткізудеміз. Алдағы уақытта жұмысшы-қызметкерлер үшін кеніш басқармасы кеңсенің жанынан жатақханасы, басқа да құрылымдық жүйелері бар кешен құрылысын қолға алмақ ойымыз бар. Ал, екібастұздық стансалар негізінен Екібастұздың тас көміріне лайықталып салынды.Үйдегі пештің қызуы мен алып стансалар пештерінің арасы жер мен көктей ғой, дейді Аманқос Өтегенов. Елбасы жиі айтатын мəселенің бірі – бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі. Алдыңғы жылы «Майкөбен-Вест» кəсіпорны Баянауылда, Майқайыңда жасөспірімдерге арнап жасанды көгалы бар əрқайсысы 500 миллион теңге тұратын шағын футбол алаңдарын жасап, мешіттерге тегін көмір түсіріп, Сұлужон, Шөптікөл ауылдарындағы балаларға оқу құралдарын алып беріпті. Көктемгі тасқында жолды су шайып кеткенде, қайтадан қалпына келтіру жұмыстарына компания техникаларын жұмылдырып көмекке келіпті. Жауапкершілік дегеннен шығады, бастысы «Гамма» серіктестігі болсын, «Майкөбен-Вест» серік тестіктері болсын, кеніштер осы Сұлужон, Шөптікөл, ЦЭС, Бірлік ауылдарының маңында орналасқан. Əрине, кəсіпорындардың ел экономикасына қосып жатқан үлестері де бар, адамдарды жұмыспен, өңірлерді

В связи с утерей считать недействительными учредительные документы ТОО «High Vill Алматы» (Хай Вил АЛМАТЫ): устав, зарегистрирован в ГУ «Департамент юстиции города Алматы» 18 апреля 2007 года, Свидетельство о регистрации юридического лица за № 85067-1910ТОО выдано ГУ «Департамент юстиции города Алматы» 18 апреля 2007 года; Свидетельство налогоплательщика серия 60 № 0043360 выдано ГУ «Налоговый комитет по Медеускому району города Алматы» 27 апреля 2007 года; Статистическая карточка выдана ГУ «Управление статистики города Алматы» 25 апреля 2007 года.

көмірмен қамтамасыз етіп отыр. Бұны ешкім жоққа шығармайды. Ал, ауылдықтарды, ең бастысы, өздері өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазалығы, экология мəселесі алаңдатады. Шағын үш ауылда 700дей адам тұрады. Үш ауылдың 326 адамы осы кеніште еңбек етуде. Сөйте тұра іргесінде көмір кеніштері бола тұра, айналасында бір бұрау жасыл ағаш көрінбейтін қаз-қатар тұрған үш ауылдың жүдеу көрінісі көңіл құлазытады. Ауылдардың жаңа заман көшіне ілескендері дұрысақ болар еді. Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі осы тұрғыда көрініс тауып, ауылдарға қолдау жасалса деп ойлайсың. Павлодар – Баянауыл тас жолынан ауылдарға келетін жол не облыстық, не аудандық маңызы бар жолдар қатарына жатпайтын көрінеді. Кеніш «бұл жолды əкімдіктер жөндесін, ал, əкімдіктер көмір тасымалдайтын кəсіпорын жөндеп берсін» деп бір-біріне сілтеп отырған секілді. Нəтижесінде, қарапайым ауыл халқы екі ортада қалды. Ауылдықтарға басқа жерлерге көшіңдер деген ұсыныстар айтылыпты. Бұл кеніштің маңайындағы үш ауылдың болашағы жоқ ауылдар қатарына алынып, аттары жоғалады деген сөз. Мəселе, ауыл дың экологиялық жағдайы, қоршаған ортаның ластануында болып тұр. Ауылдар бір емес, Майкөбе,

Ерлер күш-қуатының уақыт өте келе азайып, күрделілікке ұрындыруы көңілді күйзелтпей қоймайды. Әрине, қандай да бір қиыншылықтың шығар жолы, мүмкіндіктері де аз болмайтындығы белгілі. Сондай күйзеліске тап болғандар үшін Сеалекспен кездесудің маңызы зор десе де болады. Атап айтарлығы, бұл белсіздікке қарсы пайдаланылатын құрал емес. Бұл ерлер күш-қуатын жақсартатын құрамында табиғи жиынтықтар мол препарат. қуатты табиғи афродизиак болып табылады. Ал, олардың барлығы бірлесіп ықпал еткенде оның әсері ұлғаяды.

Талдыкөл, Сарыкөл аталатын үш кеніштің ортасында орналасқан. Көмірі қазылып алынған шұңқырлар ашық күйі қалыпты. Иесіз қалған Шөптікөл кенішінде пайда болатын эндогендік өрттерден, көмір тасымалдайтын үлкен жүкті көліктердің қозғалысынан ауада күл мен түтіннің шоғырлануы жайлы мəліметтер бар. Бұл жайында облыстық мəслихаттың экология жəне қоршаған ортаны қорғау мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы да жиі мəселе қозғап, Шөптікөл ауыл тұрғындарымен кездесулерінде əлденеше рет айтылды. Құлақ асар ешкім жоқ. Ауыл ақсақалы Карлдың айтуынша, иесіз қалған кеніштің үйінділері кірпіш шығаруға таптырмас шикізат көрінеді. Қазіргі кеніштердің өзінен жаз айында шаң бұрқырап, қалың түтіннен ештеңе көрінбейді екен. Үшінші мəселе, ауылдар сусыз отыр. Тасымалмен жеткізіледі. Кеніш басқармасының əсем ғимаратында да су жоқ екен. «Серпіліс» атты коммуналдық кəсіпорынның МТЗ-82 тракторы халыққа су жеткізіп беруге үлгере алмайды. Бақша өсіру дегенді қойдық. Мал басы азайды. КБМ тəулігіне 700 литр су береді, ауыл үшін бұл су жеткіліксіз. Экологиялық жағдай туралы, су құбыры тартылса деген өтінішті айта-айта қажыдық, дейді Карл ақсақал. Ауылдықтар кеніш басшылығының биылғы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Семей филиалы 2013 жылғы 26 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламасының 3-ші реттегі бойынша «Ауданы 330,0 ш.м №15 жылытылмайтын қойма үй-жайы» жəне «жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына 76923,2 теңге. Кепілді жарна 40485,93 теңге» деген сөздер «Ауданы 330,0 ш.м №15 жылытылатын қойма үй-жайы» жəне «жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына 87912,30 теңге. Кепілді жарна 46269,63 теңге» сөздермен алмастырылып оқылуын сұрайды.

СЕАЛЕКС – КҮЙЗЕЛІСТЕН АРЫЛТАДЫ

Сеалекстің құрамына эвриком, женьшень, лакрица және пальма экстрактілері енген. Бір құптарлығы, олардың әрқайсысы

9

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.

Аудиторлар палатасының Біліктілік комиссиясының шешiмiмен «аудитор» біліктілігі берілді: Адильханова Айсулу Муратовна, Алгазиева Эльмира Алпысбаевна, Алимова Жанара Булатовна, Ахбутина Айгуль Мырзабаевна, Ахметова Айгуль Аркебаевна, Банных Ирина Николаевна, Батырбекова Айнагуль Мурзабулатовна, Дементьев Сергей Анатольевич, Жанабекова Асель Идрисовна, Кенжина Раушан Кабиденовна, Козырев Артем Сергеевич, Курлов Максим Анатольевич, Мулдашева Карина Евгеньевна, Попов Николай Константинович, Сагнаева-Дошаева Мадина Мухтаровна, Сулейменова Жанат Идрисовна, Тайтулеев Дулат Муратович, Урдабаева Асель Ахметжановна, Шаккалиева Гульмира Абаевна, Шилова Евгения Валерьевна, Эшонкулов Бахтиёр Назаралиевич, Нуркенова Айгерим Аскаргазиевна, Жилысбаев Жангир Аскатович, Абдешева Айнур Алихановна, Бергарипова Анастасия Александровна, Елемесов Султан Мырзагалиевич, Жапсарбаева Аэлита Айдарбековна, Коновалова Елена Валерьевна, Рахманов Канат Мейримканович, Сыздыкова Риза Нурхановна, Медетбаев Кайрат Серикович. Сонымен бірге аудиторлықтың кандидаттарына 2013 жылдың 28 маусымынан 1 шiлде аралығында біліктілік емтихандары өткізілетіні жөнінде хабарлаймыз. Анықтама тел.: (727) 397-12-36, kval_kom@audit.kz.

Сеалекс қолданысынан кейін күйзелістен арылуға мүмкіндік туады. «Сеалекс» – жаңа сапа.

Дәріханалардан сұраңыздар!

«Қазақ технология жəне бизнес университеті» АҚ (Астана қаласы, Республика даңғылы, 54/2) кредиторларға жарғылық қордың азайғаны туралы хабарлайды (21/01/13 ж. акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде). Талаптар екі айдың ішінде қоғамның тұрған орнында қабылданады, телефондар: 310165, 311154.

Утерянный оригинал «договора благотворительной помощи» на жилой дом расположенный по адресу: Алматинская область, Карасайский район, Каменский с.о., с.Шугыла, д., б/н, кадастр: 03-047-298-515, считать недействительным.

Мастеева Салтанаттың атына 08.06.2010 ж. берілген № 7683857 ҰБТ сертификатының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Бұл орайда айта кететін бір жәйт Сеалекстің құрамында жасанды, химиялық қосынды жоқ және ол ағзаға қауіпсіз.

Шұғыл желідегі тегін телефон: 8 (800) 080-59-59 (жұмыс уақыты: 08:00 – 23:00). Алматы қаласындағы анықтама телефоны: +7 (727) 297-59-59 / www.riapanda.ru

бетовке өтініш хат жолдапты. – Жалпы, №14 скважина кеніштің қарауында, сондықтан аудандық əкімдік кенішпен бірлесіп, ауылға тартылатын су құбырының жобалау құжаттарын жасаулары қажет, – деді Нұрлан Əшімбетов арнайы барып сөйлескенімізде. Президент өткен жылы Шетел инвесторлары кеңесінде кəсіпкерлер алып-сатумен емес, кен орындарын дамытумен жəне қаржыландырумен айналысуы тиістігін айтқан болатын. Жаңа индустриялық бағдарлама аясында Мемлекет басшысы Үкімет алдына жаңа міндеттер қойғаны белгілі, соның ішінде жер қойнауын пайдалану саласы да бар. Сондай-ақ, еліміздің минералды-шикізат базасының қайта толтырылуына, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруға, табиғи байлықтарды орынды пайдалануға, салаға қажетті мамандарды даярлау мəселелеріне назар аударылуы қажет екені айтылды. Бұл сөздер Баянауыл ауылдары маңайындағы көмір өндіруші кəсіпорындарды ойландыруы тиіс. Ауаға шығарылатын зиянды қоспаларға шектеу жасалып, экологиялық талап қойылса, ауылды тұншықтырып отырған жағдай басқаша болар еді.

Жарнама. БАД. Дәрі-дәрмек болып табылмайды. Пайдаланар алдында мамандармен кеңесіңіз. СГР № KZ 7500042.02.01 03920 23.02.2012 ж.

Кəсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 78. Негізгі қызметі: техникалық жəне кəсіптік білім беру. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорнының директоры. Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 60 344 теңгеден 71492 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда). Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорнын дара басшылық негізінде директор басқарады, ол жоғары денсаулық сақтау органымен тағайындалады; Директор міндетіне ұйымдастыру жүйесіне жетік, кем дегенде 5 жыл жұмыс тəжірибесі бар дəрігер тағайындалады. Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасы заңдарына сəйкес білім беру қызметін ұйымдастыру жəне жүргізу. Білім беру ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық жəне қаржыэкономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы жəне тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нəтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын жəне оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін білім беру тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен əдістерін жаңадан енгізуді жəне қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарына сəйкес медициналық, фармацевтік кадрларды дайындау жəне қайта дайындау, білім беру қызметтерінің түрлері мен нысандарын жетілдіру жəне дамыту, жалпы тəрбие жұмысын ұйымдастыру жəне жүргізу. Білікті кадрлардың өз кəсіптік білімдері мен тəжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Əлеуметтік əріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты əзірлеуді, жасасуды жəне орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын жəне белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық жəне қаржылық тəртіпті бекіту, əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мəселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке жəне заңды тұлғалармен шарт жасасады, мəміле жасайды. Өз құзырына қатысты мəселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда жəне сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тəртібінің, құралдарды, жабдықтарды жəне тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау жəне өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді. Кəсіпорын басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленеді жəне осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: - Жоғары медициналық білім. Мамандығы бойынша кəсіпорынның бейініне сəйкес саласының басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; - Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (Жалпы жəне ерекше бөлiмдер), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңын, «Мемлекеттiк мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңын, «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңын, Қазақстан Республикасының осы кəсiпорынның қызметi саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтiк құқықтық актілерін бiлетiндiгi тексерiледi. Сондай-ақ, мемлекеттiк басқару органы бекiткен тиiстi кəсiпорын басшысының бiлiктiлiк талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кəсiби бiлiмi анықталады. Мемлекеттік кəсiпорындардың басшыларын тағайындау жəне аттестаттау ережесiне сəйкес өткізіледі. Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына мына құжаттарды тапсырады: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жөне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны жəне одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; 6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме жəне т.с.) беруіне болады. Осы қағидалардың талаптарына сəйкес барлық құжаттар дайын болғанда комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберліген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін, Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді жəне күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылармен əңгімелесу өткізеді. Конкурс Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 60-үй мекен-жайы бойынша өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 60-үй мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс, анықтама үшін телефон: 8-(7242)40-04-51 (3005). Аталмыш лауазымға орналасқан азамат үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй жəне жеңілдіктер ұсынылмайды.

 Еске алу

Досты саєыну

Қатты дауыл тұрғанда қу медиен далада қаңғалақтап бара жатқан қаңбақты көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Тү бірін жел қопарып, екпіндей соққан желден пана болар бұта таппай, жел қайда айдаса солай қарай домаламай ма?! Есейген шақта адал достан айырылған кез келген адам дəл сол қаңбақтай қаңғалақтап қалатын сияқты. Исағали өмірден өткенде мен де сондай күйді бастан кештім. Аяулы да ардақты досымыз Исаштың-Исағалидың дүниеден озғанына да бір жыл толды. «Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырса» дегендей, əрине, Исаш-Исағали біз үшін өлмейді. Артында Асқары мен Əлиясы, олардан тараған ұрпағы, Светадай жары қалды. Ал достарының жүрегінде Исаштың орны бөлек, есімі өшпестей сақтаулы... Исағали еліміздің қауіпсіздік саласында ұзақ жылдар табысты қызмет етті, құрметті демалысқа да абыроймен шықты. Алдағы өмірге құрған жоспары, жүзеге асырамын деген ойлары, идеялары көп еді. Олардың іске асатынына біз де сенетінбіз. Себебі, ол он ойланып барып, шешім қабылдайтын, бəрін де ақыл таразысына салып шешетін жігіт еді. Азамат болса – сондай-ақ болсын...

Жастық шақтан бірге жүрген достардың қатары өмір болған соң сирей бастады. Сондай да, отбасына қайғы орнаған достарына дер кезінде көмегін көрсетіп, артында қалған балаларының аяқтанып кетуіне де көп атсалысатын Исағали еді. Дос болса – сондайақ болсын... Тағдыр сонысының бəрін біз айта жүрсін деген шығар... Істеген əр ісімен, жүріс-тұрысымен, сөйлеген сөзімен қатарластарына, ізінен ерген бауырларына үлгі бола білді. Исағали мен Светаның өз бауырынан өрбіген бір қыз, бір ұлы ғана болса да, екеуінің тəрбиесін көрген қыз-жігіттерді санасақ жиырма шақтыға жетеді екен. Бұл Исағали мен Светаның бауырмалдығының белгісі болса, керек. Сол өздері тəрбиелеп ер жеткізген қыз-жігіттер бұл күндері еліміздің белгілі азаматтары болып отыр. Бауыр болса – сондай-ақ болсын.. Бұл күндері немерелері Исағали атасын көктегі жарқыраған жұлдыздардан іздейді, жары жасына булығып ұйқысыз түндерден іздейді, топ адамның ішінде шынымен де Исашымыз жоқ па деп, достары, біз де сағына іздеп жүрміз. Еске алушы Рыскүл Шораханқызы.

Алғыс айтамыз Анамыз Гүлнəр Міржақыпқызы Дулатованың қайтыс болуына байланысты қайғымызға ортақтасып көңіл айтқан дос-жаранға, мекеме ұжымдарына жəне жалпы жұртшылыққа алғысымызды білдіреміз.

Сатыбалдиевтер əулеті.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ұжымы «Шалқар» радиосының бас редакторы, белгілі сатирик, қаламгер Көпен Əмірбекке анасы Жұлқын ДОСЫМАЙЫЛҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1973 жылы бітірген түлектері курстасымыз, белгілі сатирик, ақын Көпен Əмірбекке анасы Жұлқын ДОСЫМАЙЫЛҚЫЗЫНЫҢ өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жəннатта болып, нұры пейіште шалқысын.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы басылымның бұрынғы қызметкері, белгілі сатирик, ақын Көпен Əмірбекке анасы Жұлқын ДОСЫМАЙЫЛҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика жəне саясаттану факультеті мен «Еуразия-ақпарат» орталығының ұжымы белгілі сатирик, журналист Базарбек Түкібайға анасы Жұлқын ДОСЫМАЙЫЛҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

28 ақпан 2013 жыл

 Қазақстан қалалары

Жезќазєан

Суреттерді түсірген Айгүл НҰРМАҒАНБЕТОВА.

Єалымдар «Болашаќта» бас ќосты Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қарағандыдағы «Болашақ» университеті білім ұясы тұрғы сын да ғана емес, ғылыми ізде ністер орталығы ретінде де жақсы та нымал. Осы оқу орнының ұйымдастыруымен өткен «Замануи əлемдегі ғылым мен білім» та қы рыбындағы халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция бұл бағыттағы кезекті бір тағылымды, шарапатты шара болды. Оған еліміз бен алыс-жақындағы мемлекеттердің ғалымдары қатысып, қазіргі ғылымбілім саласының өзекті түйіндерін айқындау, оқу орындарында мамандар даярлау сапасын жақсарту, инновациялық білімнің динамикалық дамуына мүмкіндік туғызу мəселелерін талқылады.

Ататүрік университетінің про фес соры Явуз Ердоган, РҒА Орал бөлімшесіндегі экономика институтының бөлім меңгерушісі Андрей Шеломенцев, Құлжадағы Іле педагогикалық институтының оқытушысы Нұржан Дəулеткелдіұлы, М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі Илшат Насипов, т.б. жасаған баяндамаларда жаһандану заманында ғылым мен білімнің даму тенденциялары жəне болашағы талданды. Конференция жұмысы секциялар бойынша жалғасты. Шəкірттерге шолу дəрістері оқылды. Университет алдағы уақытта мұндай ғылыми жиындарды жиірек өткізуді көздеп отыр. ҚАРАҒАНДЫ.

 Спорт

 Отан деп оралғандар Өмірде алтынға да айырбасталмайтын құндылықтар болады. Ал адамның көпшілікке жасаған жақсылығын ешнəрсемен өлшеуге келмейді. Сол үшін тынымсыз ізденіп, ғылыммен айналысып жүрген Бегылан Стамболұлын біреу білсе, біреу білмес. Сонау Үрімжіде туған қандасымыз бір күнде табысы мол қызметін тастап, Астанаға жол тартқан еді. Ол не үшін атажұртына бет бұрды? Бүгінгі айтылар сөз осы төңіректе өрбімек. Бегылан айтқандай, 70-ші жылдың аяғында жүрек-қан тамырларына ота жасау – кеңірдектен кіндік тұсқа таяу аралыққа дейін теріні тілу арқылы іске асырылған. Дененің бір мүшесінен

анықтайтын екі қазақ азаматы болыпты. Бірі – жүректің қалыпты соғуын тексерсе, екіншісі зақымдалған тамырға кергіш (стенд) орналастырған. Осы соңғы айтылғанды Бегылан

тамыр алып, оны əлгі жарамсыз тамырдың орнына жалғайды. Мұндай тəсіл сол жердің қайта зақымданбауына еш кепілдік бере алмайды. Бегылан осы тұжырымды Қытайда қорғаған өзінің ғылыми жұмысында дəлелдеп шығыпты. Жақсы жүрек маманы атану үшін кардиолог болу қажет дейді ол. Осы еңбек өтілінен өткен маман ғана жүрек соғысын тап басып айта алады. Университет қабырғасында оқып жүрген жастардың мұны ескергені жөн. Ең кем дегенде бес жыл кардиолог болуы тиіс. Медицинаны дамытуға бағыт алған елдер осыған баса мəн береді. Сөйтіп, операция үстеліне үлкен дайындықпен келеді. Мəселен, Бегылан Стамболұлы Үрімжі қаласындағы «Достық» емханасында бес жыл кардиолог болған. Сосын, «Бейжің Фу Уай жүрек-қан тамыр орталығында» оқып əрі интервенциялық кардиолог қызметін атқарады. Негізі, интервенциялық кардиология дегеніміз – кеудені тілмей, тамыр жалғастырмай ота жасау қызметі. – Расын айтайын, жүрек талмасымен ауыратындардың дені – дене шынықтыру ісін ақсатып алғандар. Жайлы жұмсақ кресло көңіл жұбатқанымен, қан таралу жолын ретке келтіре алмайды. Ал темекі шегу салдарынан артерияның ішкі перделері зақымдалып, қан тамыры тарылады. Осының əсерінен адам жүрек талмасына душар болады. Күйзеліске берілу, семіздік те адам ағзасының бұзылуына əкеліп соғады. Жалпы, Елбасымыз өз Жолдауларында денсаулық сақтау мəселесіне баса мəн беріп келеді. Бұл дегеніміз, адам денсаулығының алғы кезекте тұрғанын, бізге зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын айғақтайды. Десек-тағы, жоғарыда меңзеп өткенімдей, бəріміз саламатты өмір салтын ұстануымыз қажет, – деді Бегылан бізбен əңгімесінде. Қытайдың Үрімжі қаласында жүрек ақауын

заманауи құрал-жабдықтармен сəтті атқарып келеді. Медицина ғылымының докторы, профессор атанған бұл азаматтың қан тамырының екі жағына кергішті орнату туралы ғылыми жұмысы кезінде оң бағаланған. Жалпы, жүрек-қан тамырының зақымдалып, бітелуі А,В,С деген топқа бөлінеді. Соның ішінде В-1-орташа, В-2-ауыр, С тобы өте қауіпті түр ретінде саналады. Ал ұйыған қан қазіргі кезде катетер арқылы анықталады. Бұл катетер адамның денесіне кішігірім із қалдырып енеді де, тамырды бойлап ұйыған қанға тіреледі. Содан кейін зақымдалған тамырды арнайы құралмен тазалап, кергіш орнатады. Осы үдеріс жүзеге асырылған кезде адам ояу жатады. Енді Үрімжіден Астанаға қалай атбасын бұрды деген сауалға жауап берейік. Сол жердегі жүрекқан тамыр орталығында қызмет істеп жүрген кезінде əлемнің бірқатар елінен келген белді азаматтар Бегылан емінің шипасын сезінеді. Сондай бір сырқатынан айыққан қазақстандық белгілі академик кейіпкерімізге: «Біздің қаражатымыз болғасын саған жеттік. Ал табысы күнделікті ішіп-жеміне əрең жетіп отырған, жанына дауа іздеген жандардың мына Үрімжіңе келуі мұң ғой. Осы қандастарың үшін еліңе барып қызмет істегенің жөн. Мазалаған сан сұрақтар ақыры Бегыланды елорда төріне жетеледі. Астанаға келісімен ұлттық ғылыми медициналық орталығының директоры Абай Байгенжинге жолығып, ой бөлісті. Абай Қабатайұлы алыстан ат арытып келіп тұрған азаматқа қолдау білдіріп, 2009 жылы алғаш рет орталықтан интервенциялық кардиология бөлімшесін ашып, Бегыланды меңгеруші етіп тағайындады. Жəне бар жағдайын жасап, бөлімшені заманауи жабдықтармен қамтыды. Бегыланның мəлімдеуінше, өткен жылдың өзінде мұнда 1200 адам тексеруден өткен. Соның

Їрімжіден басталєан їміт жолы

Жарыстар кїнделігі ВЕЛОСПОРТ. «Astana Pro Team» командасының шабандозы Андреа Гуардини сəрсенбі күні Лангкави турының жетінші кезеңінде мəреге бірінші болып келді. Сөйтіп, ол биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті. Бұл сында Гуардинидің алдыңғы шепте болуына «Astana Pro Team» шабандоздары Руслан Тілеубаев пен Асан Базаев аянбай еңбек етті. Əсіресе, соңғы 10 шақырымда теңізден соққан желден қорғауда олардың атқарған жұмысын айтып жеткізу қиын. – Базаев мені соңғы 5 шақырымнан 2 шақырымға дейін алға сүйресе, 500 метрлік көрсеткішке дейін бұл жұмысты Руслан Тілеубаев атқарды. Жел оң жақтан соғып тұрды, сондықтан мен «Orica Greenedge» велошабандозын ықтауды жөн санадым. Ал мəреге 200 метр қалғанда мен шабуылымды сол жақтан бастадым. Өз уақытында, өз орнымды таңдай білудің арқасында бүгін жеңіске жеттік, – деді Гуардини. ХОККЕЙ. Құрлықтық хоккей лигасының ширек финалында Челябінің «Трактор» клубымен күш сынасып жатқан Астананың «Барысы» тағы да өз айдынында жеңілді. Бұл жолы 2:0 есебімен жеңіп тұрып, ұтылып қалды. Есеп – 2:3. Сөйтіп, төрт жеңіске дейін созылатын ширек финалдық кездесудегі жалпы есеп 2:2 болып теңесті. ТЕННИС. Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан Халықаралық теннис қауымдастығының Malaysian Open турнирінде отандасымыз Зарина Диас чех теннисшісі Кристина

Плишкованы 6:7 (5:7), 6:1, 7:5 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. Ол енді келесі айналымда австралиялық Эшли Барти мен оңтүстікамерикалық Шанель Симмондстың арасында өтетін ойынның жеңімпазымен кездеседі. Естеріңізге сала кетсек, Зарина турнирдің алғашқы кездесуінде украиналық теннисші Людмила Киченок (6:3, 6:2) пен жапон қызы Эрика Семаны екі сетте 6:3, 6:3 есебімен ұтып, WTA турнирінің басты жарысына жолдама алған болатын. Қазір 19 жасар теннисшіміз WTA 242 орында тұр. ВОЛЕЙБОЛ. Қызылжарда волейболдан жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші туры аяқталды. Онда қарсыластарының бəрін айқын басымдықпен ұтқан Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт» командасы 58 ұпаймен бірінші орынға ие болса, одан бір ұпай кем жинаған Алматының «Ұшқын-ҚазҰАУ» волейболшылары екінші орынды иеленді. Ал, Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» мен «Павлодар-2» командалары тиісінше үшінші жəне төртінші орындарды еншіледі. БИАТЛОН. Бүгін Норвегияның Холменколлен қаласында басталатын биатлоннан Əлем кубогының жетінші кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды. Оған Анна Кистанова, Галина Окольздаева, Антон Пантов пен Александр Трифонов қатысатын болды. «Егемен-ақпарат».

«ЕГЕМЕНДІ»

Биылғы жылдың басынан бері газет сайты кириллицамен қатар, латын əліпбиімен жəне төте жазумен де жарық көруде.

бүкіл əлем қазақтары оқи алады

www.egemen.kz/lat - латын www.egemen.kz/tote - төте жазу www.egemen.kz/pdf - PDF Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

500-інің жүрек тамырына кергіш орнатылды. Оқырмандар ескере кететін жайт, «тас» күйінде тамырда ұйыған қандарды еріту үшін белгілі бір мерзім керек. Сондықтан, оны орнықтыру ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өткен жылы ол арнайы шақырумен Сингапур еліне барып келді. Онда жүрек-қан тамырына байланысты дəрігер-ғалымдардың конференциясы өткізілді. Бегылан тамырды теспеудің алдын алу жөнінде əріптестерімен пікір алысты. Сонда байқағаны, оның оқығаны мен іс жүзінде тоқығаны Батыстың озығынан кенже емес. Бүгінде ол бүйрек, мойын тамырларындағы ұйыған қандарды ретке келтіре алады. Көпшілікті мазалап жүрген туа пайда болған жүрек ақаулары мен жүрек қақпақшаларының зақымдалуын да интервенциялық əдіспен (кеуде қуысын тілмей) емдейді. Интервенциялық кардиология бөлімшесінде 20 төсек орын бар. Қазір күніне ең кем дегенде 10 ота жасалады десек, əрине, бұл жатар орын тым аздық етеді. Ауруын асқындырып, ақырғы сəтте келгендерін де кездестіресіз. Қызылорда облысының Əйтеке би кентінен келген 64 жастағы Рахманберген Жұмағанбет 2006 жылы жүрек талмасына шалдығып, əуелі жергілікті жерде, сосын А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ем алады. Ол кезде Қазақстанның бірде-бір жерінде интервенциялық кардиология бөлімшесі болмап еді. «Араға алты жыл салып, жүрек қайта сыздады. Бұл жолы дем алуым қатты нашарлады. Үйреншікті ішетін дəріден қайран болмағасын, Астанадағы осы бөлімшеге келдім. Тексеріс нəтижесі, бір тамырдың үзіліп, екіншісінің бітеліп қалғанын дəлелдеп берді. Бегыланның ота жасап жатқан сəтін монитордан көріп, онымен жүзбе-жүз тілдестім. Қан ұйыған тамырды тазалады да, стенд орнатты. «Ағасы, сəтті шықты» дегенінде төбем көкке жетті», – дейді ол. Бүгінде оның жағдайы қалыпты. Тыныс алуы ретке келген. 3 айдан кейін тексеруден өтуге келеді. Егер, бəрі ойдағыдай болса, бұл жерге қайта айналып соқпайды. Астана қаласының тұрғындары Дамир Тұқымұлы мен Жанат Балабекұлын да жүрек талмасы мазалайды. «Бұл дерттің орын алуына түрлі əсер етуші факторды санамалап келтіруге болады. Алайда, оның тұқым қуалайтыны жасырын емес. Соның салдарынан інім 40 жасында, қарындасым 55 жасында, ал анам 63 жасында өмірден өтті», – деді Дамир ағамыз. Ол да бар үмітін Бегылан алақанына сеніп тапсырады. Биыл тексерілуге келген екен. Стенд орнатылған жер таза жəне қан айналымы жақсы деген қорытынды алды. Əлем бойынша жүрек дертіне шалдыққандардың саны жетерлік. Дегенмен, бізде биыл бір күнде он отаның жасалуы – ойлантарлық жағдай. Бегылан созылмалы жүрек тамырының бітелуін 93,4 пайызға жақсарта аламын дейді. Неге 100 пайыз емес дейміз біз. Келтірген дəлеліне жүгінсек, техникасы дамыған Жапонияның өзі аталған дертті 95 пайызға сауықтыра алады. Германия болса, 64 пайызды місе тұтып отырған көрінеді. Интервенциялық бөлімше Жапонияның межесіне жетуді жоспарлап отыр. Ол үшін жетіспейтін 3-4 құралды тездетіп алуы шарт. Отаныма қызмет етемін деп атамекеніне атбасын бұрған азамат шəкірт тəрбиелеу ісін де ұмыт қалдырмапты. Қостанайдан келген жас маман Болат Қанапия 8 ай бойы Бегыланның қасында жүріп, еліне жаңа істің қыр-сырын меңгеріп қайтты. Мұрат Əлиханов, Марал Исадин де ізденіс үстінде. Күні ертең талайға қуаныш сыйлайтын – осылар. Бегылан үшін халқының пейілінен асқан мəртебе жоқ. Бұл тілекті əкесі жəне анасы Шайза Мейірбекқызы жастайынан құлағына құйғанды. Ана сүтімен дарыған асыл қасиеттің текке кетпегені туған елге келген қадамынан айқын аңғарылады. Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №08 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.