26112013

Page 6

6

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

● Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Баєдарламалардыѕ аяќсыз ќалуы шенеуніктердіѕ сыбайлас жемќорлыќќа əбден ќўныєып кеткенінен. Мўны Мəжіліс депутаты Асхат БЕКЕНОВ кґлденеѕ тартты «Қазмедиа орталығының» кезекті қонағы Мəжіліс депутаты Асхат БЕКЕНОВ болып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сын-ескертпелеріне байланысты өзінің ойын білдірді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Елбасының нақты сын-ескертпелерінен кейін мемлекеттік органдар өз жұмысын қайта қарап, жітілікпен жүргізуге тырысуда деп ойлаймын, деп бастады ол өзінің сөзін. Сондықтан да мұндай сындардың пайдасы өте зор. Одан əрі депутат жергілікті билік органдарының бағдарламаларды іске асыра алмау себептеріне тоқталды. Мен нақты бағдарламаларға бөлінген қаражаттарды игермей, белгіленген жұмыстарды іске асыра алмай жату – орталықтағы жəне жергілікті деңгейдегі шенеуніктердің елдегі нақты жағдайды білмеуінен, мүмкін, тіпті, білгісі де келмегенінен, тек жеке бастарының ғана мүддесін көздеп, сыбайлас жемқорлыққа əбден құнығып кеткенінен деп санаймын. Басқаша түсіндіру қиын, деді депутат. Мəселен, ауылды жерлерді дамыту бағдарламасы бүгінгі күні 30 пайызға ғана іске асуда. Қабылданған бағдарламаны іске асырмақ түгілі, Өңірлік даму министрлігі терең сарап жүргізілмеген, екшелмеген жəне ешқандай нақты себептермен негізделмеген жаңа бағдарлама қабылдады. Мұндайға жол беруге болмайтынын Елбасы да өзінің сөзінде атап өтті. Енді халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын алайық. Осынау, халыққа аса қажетті бағдарлама 2002 жылы қабылданған еді. Оған мемлекеттік бюджеттен 195 млрд. теңге қарастырылды. Алайда, таза ауыз су бағдарламаға енгізілген ауылдардың жартысына да жеткізілмеді. Құқық қорғау жəне прокуратура органдары осынау көлемді қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын, жобалықсметалық құжаттарды орындамаудың толып жатқан фактілерін анықтады, деді А.Бекенов. Мердігерлерге атқарылмаған жұмыстар үшін ақша аударылған, сөйтіп, жергілікті шенеуніктер олармен бөлісу арқылы миллиардтаған соманы қолды қылған. Бірнеше мысал айта кетейін. Ақтөбе облысындағы облыс орталығына жақын орналасқан Хлебодаров кенті ауылдағы жалғыз құдықтан су ішеді. Құбыр тарту арқылы салынған ондаған құдықтың бірі де істемейді. Жалпы, осы облыста ауыз суға 300-дей елді мекен əлі күнге зəру болып отыр. Ал алты елді мекенге су тасылып жеткізіледі. Осы облысқа таза ауыз су тарту үшін ондаған миллиард бюджет қаражаты бөлінді. Қайда кетті сол ақша? Тексеруші органдар жұмыс істей алмайтын мердігердің мүддесі үшін тендерді жеңгізіп, оларға ақша алып берілгенін анықтаған. Сөйтіп, келісімнің шарттары орындалмайды, ал оған бақылау жасауға тиісті аудандық құрылыс немесе архитектура бөлімдері мұндайларға көзжұмбайлық жасап, қабылдау актісіне қол қоя салады. Осылайша, олардың өздері бюджет қаражатын қымқырушылардың қылмыстық əріптесі болып отыр, деді депутат. Одан кейін, 2011 жылы халыққа таза ауыз суды одан əрі жеткізуді мақсат еткен «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданғаны белгілі, деді А.Бекенов. Осы бағдарлама бойынша Ақтөбе облысына 5,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл бағдарламаны іске асыру орындалмай жатыр. Мəселен, Мұғалжар ауданындағы Ақкемер кентінде істелген жұмыстар жобалық құжаттарға сəйкес келмейді. Ал оны орындаған «Кілт» ЖШС-іне 209 млн. теңге берілген. Осындай келеңсіз жайлар басқа облыстарда да бар. Мысалы, жуырда Алматы облысындағы Қайназар ауылында балалардың жаппай іш өту фактісі тіркелді. Сөйтсе, ондағы халық ауыз суды əлі күнге көлдерден алып ішуге мəжбүр екен. Əрине, мұндайдың арты неге соқтыратыны белгілі. Есік қаласындағы ауруханаға іштері тоқтамау дертімен түскен 88 баланың бəрі де ауыз судан уланғандар болып шықты. Артынан мұндай балалардың саны 123-ке жетті. Ал соның алдында, екі жыл бұрын Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында балалардың жаппай сары ауруға шалдығу фактісі тіркелген еді. Мұның да себебі сол – ауыз судың ластығынан болған. Депутат келесі кезекте жалпы осы облыстағы 234 елді мекеннің таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғанын атап көрсетті. Судың ластығынан Қапшағайдың маңындағы Ақөзек ауылында үстіміздегі жылдың тамыз айында адам түгілі малдың да жаппай қырылу фактісі тіркелді. Таза ауыз суға қол жеткізе алмаған Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылының ашынған тұрғындары жиналыс ашып, Үкімет пен депутаттардан жергілікті биліктің бөлінген қаражатты дұрыс жұмсауын қадағалауды өтінді. Өйткені, осында 2006 жылы 302 млн. теңге тұратын арнаулы қондырғы қойылып, су бұрғыланған еді. Алайда, қымбат қондырғы ақыры іске аспады. Су құбырларын тарту да іске аспады. Ашынған тұрғындар осыған кім кінəлі екенін анықтауды талап етіп отыр. Ал өздері, амал жоқ, тасып əкелінген суды ғана қанағат тұтуда. Оның сапасын да ешкім тексермейді, деді халық қалаулысы. Одан əрі А.Бекенов «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының дұрыс орындалмай жатқанына тоқталды. Күні бүгінге дейін, деді ол, денсаулық сақтау саласының нысандарының пайдалануға беру мерзімі үнемі кейінге қалдырылып келеді. Ал осыған кінəлі бірде-бір адам жауапкершілік тартқан емес. Бұл бағдарлама 2011 жылы толығымен аяқталуға тиіс еді. Бірақ əлі күнге орындалған жоқ. Əңгімесінің соңында депутат салынған нысандардың сапасыздығына тоқталып, бірнеше фактіні көлденең тартты. Соның ішінде Көкшетаудағы, Шымкенттегі жаңадан салынған ауруханалардың құлап қалғанын ауызға алды. Бұл бағдарлама бойынша барлығы 1,5 млрд. теңге ұрланып, 34 қылмыстық іс қозғалды, деді ол. Одан əрі ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы, «Бизнестің жол картасы-2020», т.б. бағдарламалардағы келеңсіз жайттарға тоқталып, бірнеше мысалдар келтірді.

ЖОЄАРЫ БІЛІМДІ ЖЎМЫССЫЗДАР ЖЕТІП ЖАТЫР Бір ауданда 300 заѕгер, 1 токарь тўрады...

Камал БҰРХАНОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, саяси ғылымдар докторы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сын-ескертпелері жастар жəне ұлттық қауіпсіздік проблемалары туралы сөз қозғауға себеп болып отыр. Қазақстан – тəуелсіздігін алғанына енді ғана 22 жыл толғалы отырған өте жас мемлекет. Бүгінгі күні 17 млн. қазақстандықтың 5 млн.-нан астамы 30-ға жетпегендер. Бір сөзбен айтқанда, əрбір үшінші тұрғын жас азамат. Бүгінгі 30-ға толмаған жастардан 20 жылдан кейін ел басқаратын азаматтар шығады. Олардың білімдері мен тəжірибелері, адамгершілік құндылықтары Еуразияның қақ ортасында орналасқан елге жаңа түр беретіні сөзсіз. Сондықтан да жаңа ұрпақтың қалыптасуына жіті көзбен қарап, мемлекеттің жастар ісіндегі саясатын ең озық əдіспен ұйымдастыруымыз керек. Қазақстанның жақын перспек тивадағы стратегиялық мақсаты – елді əлеуметтікэкономикалық тұрғыдан жаңартып, осы заманғы демократиялы, əлеуметтік бағдардағы мемлекет құру. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру мен тəрбие саласына үлкен көңіл бөлген «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауының негізгі ұстанымы да осы. Өкінішке қарай, əлі күнге біздің қоғамымыз бұл салада діттеген межеден алыс жатыр. Осы бағыттағы бізді барынша алаңдататын олқылықтар бірнешеу. Біріншіден, жоғары білімі бар жұ мыссыз жүрген жастардың ахуалы. Алдымен, кеше ғана араб елдерінде болған қанды толқуларды еске алайықшы. Бұл оқиғалар Тунистегі «Мұхаммед Буазизи» университетін бітірген жас жігіттің жұмыс таба алмағанына қатты налығаннан өзін өзі қол салуынан басталды. Оның аяғы үкімет басына радикалды исламшылдардың келуімен жалғасты. Демек, Тунистегі жоғары білімді жастардың жұмысқа тұра алмағанына күйінуі шегіне жетіп, жарылуға тек бір шырт еткен шырпы ғана жетпей жүрген екен. Төңкерістің ең басты қозғаушы күші нақ осы жұмыссыз жүрген жоғары білімді жастар болғаны соны айғақтады. Енді Египетті алайық. Мұндағы 2,5 млн. жұмыссыздың да 43 пайызы жоғары білімділер болып шықты жəне олар «Ат-Тахрир» алаңындағы қантөгісте белсенділік көрсетті. Ал осы мемлекеттер ІЖӨ өсімі жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқан дамушы елдер еді. Енді біздің елдегі жағдайды алайық. Ресми деректерге қарағанда, 8,8 млн. еңбекке жарамды адамның 5 пайызы, яғни 474,8 мыңы жұмыссыз болып есептеледі. Соның 128,1 мыңы жоғары білімді жастар. Əрине, біздегі статистикалық деректердің нақтылығына сену қиын. Сондықтан өзіміз талдап көрелікші. Жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындарын 160 мың жас бітіреді екен. Соның 60 мыңы жұмысқа тұра алмайды. Егер осы санды соңғы 10 жылға көбейтсек (жастар деп 21 мен 31 жас арасындағыларды айтамыз ғой), жан шошырлық сандарды көреміз. Бұларды халық санының пайыздық үлесіне шақсақ, жоғарыда аталған араб елдерінен де анағұрлым жоғары екеніне көз жеткіземіз. Бұл сандар біздегі ресми деректерден əлдеқайда көп. Мүмкін, артықтау болар, таласым жоқ, бірақ əйтеуір ойланатын жайт екені рас. Осы орайда тағы бір мысал келтірейін. Біз жыл сайын 25 мың құқықтанушы дайындап шығарады екенбіз. Білім жəне ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда, соның тек 50 пайызы ғана жұмысқа тұра алады. Қалғандары жоғары білімді жұмыссыздар категориясын толықтырады. Егер осы санды да соңғы 10 жылға көбейтсек, бізде 125 мың заңгердің жұмыссыз жүргенін көреміз. Үстіміздегі жылғы жаз айында Қызылорда облысындағы сайлаушылармен кездесу барысында 80 мың тұрғыны бар бір аудандағы «қызық» оқиғаның куəгері болдым. «Заңгер-кеңесшінің» орны босап, сол вакансия туралы жергілікті, таралымы шағын газетке хабарландыру беріледі. Сонда... əлгі орынға ниет білдіріп, осы ауданның аумағында тұратын 300 заңгер өтініш түсіріпті. Ал осы 80 мың тұрғыны бар ауданда бір-ақ токарь бар екен, оның өзі 80-ге келіп қалыпты... Осындай үрдіс барлық ауданда бар. Орта есеппен алғанда, біз əрбір ауданға 140 заңгерден дайындайды екенбіз. Ал бізге сол керек пе деген сұрақ ешкімді ойландырмайды. Сол артық мамандыққа жəне жастардың көбі ақылы түрде оқиды. Не ата-аналар, не қоғам, не мемлекет бұл мəселеге көңіл аудармайды. Бұл жердегі ең басты проблема – қалтасына заңгердің күректей

дипломын салған оқу бітірген жастың тек өзінің мамандығы бойынша қызметке тұруды көздеп, басқа ешқандай кəсіпке барғысы келмеуінде болып тұр. Əсіресе, жұмысшы, құрылысшы немесе, т.б. жұмысқа олар ешқашан бармайды. Міне, сондықтан да жұмыссыздардың арасындағы жо ғары білімді жастар категориясына түрлі əлеуметтік катаклизмға ұрындыруы мүмкін жарылғыш зат ретінде қарап, қатты көңіл бөлуіміз керек. Екіншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында жан-жақты талданған мəселесіне тоқталуды жөн көріп отырмын. Біздің бүгінгі жастарымыз экономиканың нақты секторында еңбек етуге ұмтылмайды. Барлығы да банкир, прокурор, дипломат болғысы келеді. Сонда біз құрылысшыларды, токарьларды, слесарьларды, дəнекерлеушілерді, шаштараздарды, аспаздарды қайдан аламыз? Президенттің мақаласында алдауыш əлеуметтік бағдарға адаспау керектігі анық көрсетіліп, осы теріс ұстанымнан неғұрлым тезірек құтылсақ, елімізді соғұрлым жылдам жақсарта түсетініміз нақты айтылды. Қызылорда облысындағы жоғарыда айтылған мысалға қайта оралайықшы. Егер аудандағы жасы 80-ге таяп қалған жалғыз токарь көз жұмса не болады? Онда аудан тұрғындары токарьды 200 шақырым жердегі облыс орталығынан іздейтін бола ма? Бұл токарьға тірелетін ұсақ қызметтің бағасы барып-келуі бар, іздеуі бар 1,5-2 есеге қымбаттайды деген сөз емес пе? Тағы бір мысал келтірейін. Алматы облысының 4 мыңдай тұрғыны бар бір ауылында қазақстандық белгілі компанияның бірі тепловоздарға қызмет көрсететін депо ашады. Сөйтіп, ауыл тұрғындары үшін 200 жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмысқа алудың шарты да тамаша – мамандыққа компанияның өзі үйретеді, ал еңбекақысы істеген жұмысына қарай 160 мың теңгеден басталады. Демек, 200 мың теңгеге дейін еңбекақы алуға болады. Сөйтсе... жартысы жұмыссыз жүрсе де жергілікті тұрғындардың бірде-бірі мұндай жұмысқа тұрғысы келмепті. Сонда бұл не масқара! Жалқаулық па, əлде басқа ма? Содан компания вахталық əдіспен жұмысшыларды (өзбектер мен қырғыздар) алыстан тасуға мəжбүр болған. Міне, осындай жағдай, өкінішке қарай еліміздің барлық аймақтарына да тəн. Адамның

жұмыстан қашуы – өте қауіпті дерт. Осы дерт кезінде азуын айға білеген талай елді, соның ішінде ұлы Рим империясын да құлатқан. Римдіктер үшін бəрін де құлдар істеп, өздері тек ойын-сауықпен ғана өмір сүрген. Негізінен, соның салдарынан адамзат тарихындағы ең ұлы империяның бірі келмеске кетті. Президенттің стратегиялық əрі идеологиялық маңызы зор сол мақа ласы, біздіңше, ұзақ талданғанымен, жеріне жеткізіп іске асырылмады. Оны дөңгелек үстелдерде, конференцияларда талдаумен, пікір айтумен ғана шектеліп, ұмытуға айналдық. Ол барлық деңгейдегі əкімдердің, мектептер мен ЖОО-лар басшыларының, соның ішінде ата-аналардың есінен бір сəт те шығармайтын құбыланамасы болуы керек еді. Жас ұрпақты үлкендердің қоғамына дайындауға ата-ана да, қоғам да, мемлекет те бірдей жауапты. Барлық жан иесі өздерінің балаларын өмір сүруге баулып, екі түрлі функцияны орындайды. Мəселен, қасқыр да, торғай да баласын тамақтандырып жатып, оған болашақта қалай өмір сүруді үйретеді. Өкінішке қарай, біз балаларымызға тек тұтыну функциясын ғана жасаймыз. Яғни, тамақтандырып, киіндіруді ғана білеміз. Əрбір ата-ана баласына еңбексүйгіштікті, заңды тыңдауды, қарапайымдылықты, сонымен бірге, Отанын сүюді үйретуі керек. Сонымен бірге, баланың санасына жаман кəсіптің болмайтынын сіңіруі керек. Үшіншіден, жастар мен дін мəселелеріне тоқталсам деймін. Мешіттегі жұма намаздарына барып көргеніңіз бар ма? Онда мешіттің ішіне сыймай, сыртына дейін жайылған намазхандардың 90 пайызы жастар екенін көресіз. Ал енді имамдардың уағызына құлақ салсаңыз, тек шариғат пен Араб Шығысының дұрыс өмір сүру постулаттарын айтып жатқанын естисіз. Қазақ даласында ешқашан да шариғат заңдары үстемдік етпеген. Бұрынғы қазақтар алдымен Шыңғыс ханның «Яссы», одан Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», одан Тəуке ханның «Жеті жарғысымен» ғана өмір сүрген. Біздің ешқандай биіміз қандай қылмыс жасаған адам болса да шариғат заңдарындағыдай саусақтарын шабу, көзін ойып алу немесе таспен ұрып өлтіру туралы үкім шығармаған. Барлық жағдайда да құн төлетіп, материалдық тұрғыда ғана жаза берген. Біздің ұлы да дана бабаларымыз Ислам дінін қабылдағанда, мынадай негізгі қағидаттарды анық белгілеген: қазақтар Құранды шын,

Кемшілікке кеѕшілік жоќ (Соңы. Басы 1-бетте).

«Жұмыс істемейтін бағдарламаларға жабысып отыра бермеңіздер. Біз оларды қысқартып, босаған қаржыны дағдарыс пен күрес шаралары аясындағы экономиканың басым бағыттарына, атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканы дамытуға негізделген шараларға қарай бағыттауымыз керек», деп атап көрсетті Серік Ахметов. Сондай-ақ, жекешелендірудің екінші толқыны аясындағы кəсіпорындар мен нысандарды арттыру жөніндегі мəселені талқылау барысында да Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар

берді. Премьер-Министр, əсіресе, мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті органдардың əрекетсіздігіне қатысты өз наразылығын жасырмады. «Бізде жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару жөнінде қаншама комитеттер құрылған. Бірақ олардың немен айналысып отырғаны түсініксіз. Жергілікті жерде мемлекет мүлкінің мəселелеріне қатысты екі мем лекеттік орган жұмыс істеп отырса да атқарылған шаруаны көріп отырғанымыз жоқ. Мұнымен нақты шұғылдануымыз керек», деп тапсырды С.Ахметов. Сонымен қатар, кеңеске қатысушыларға Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу

барысы қатаң қадағалануының қажеттігін ескертті. «Тапсырмаларды жүзеге асыру министрлердің ерекше бақылауында болуы тиіс. Оларды нақты жəне сапалы етіп орындау өз нəти же лерін беретіндігі анық. Сондықтан Президент тапсырмаларының орындалу барысын қатаң қадағалауға алуды тапсырамын», деп атап көрсетті Үкімет басшысы. Сонымен қатар, Премьер-Министр Президенттің жуықтағы Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарының барысында берген тапсырмаларына да тоқталып өтті. «Мемлекет басшысы бұл облыстағы үдемелі индустриялық-инновациялық

Пайғамбарды хақ, Құдайды жалғыз деп мойындайды. Сонымен бірге, ата-бабасының, ақылды, данышпан адамдардың рухын (аруағын) құрметтейді. Оларға сыйынбайды, бірақ медет сұрайды. Медет деген жəрдем емес, түс я басқа жолмен дұрыс бағытты көрсетуін тілеу. Біздің жастарымыз өзіміздің дəстүрімізбен, өзіміздің дана бабаларымыз ғасырлар бойы қалыптастырған қазақы Исламның қағидаттарында тəрбиеленуі керек. Өкінішке қарай, біздің жастарымыз бірте-бірте радикалды топтардың қатарын көбейтіп келеді. Мəселен, осыдан біраз жыл бұрын біздің бір еңбекпен түзеу колониямызда 10 діни радикал-лаңкесшінің отырғанын көріп едік. Бір жылдан кейін барсақ, сол жерге 200-і отырыпты. Бір жылдағы өсім 20 есе! Демек, оларды отырғызу арқылы санын азайта алмаймыз, тек жастардың санасына шындықты егіп, көздерін ақиқатқа жеткізу арқылы ғана мұндай үрдісті азайтуға болады. Түрмелер ислам-экстремистерінің фабрикасына айналмас үшін оның ішінде де ақиқатты көрсететін идеологиялық жұмыстар жүргізілуі керек. Сайып келгенде, бұлар – елдің қауіпсіздігі, халықтың тыныштығы үшін қажет. Ислам əлеміндегі радикалды қозғалыстың қаупі аса зор. 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО əскерінің кетуіне байланысты бұл қозғалыстың жандана түсетіндігін көптеген сарапшылар əсіре үрей үшін емес, жергілікті жағдайды жақсы білгеннен соң айтады. Орталық Азиядағы Өзбекстанның исламдық қозғалысы (ӨИҚ) сияқты толып жатқан радикалды топтар қазір алақандарына түкіріп отыр. Оларға біздегі радикалдардың да қосылмайтынына кім кепіл?! Сондықтан да НАТО бітімгершілерінің кетуіне байланысты барлық өңір елдері соның ішінде Қытай, Ресей сияқты үлкен мемлекеттер де бар, қатты дайындыққа кіріскен. Біз де дайындалудамыз. Бірақ дайындық деңгейіміз күткендегіден көп төмен. Бұл істе тек күштік құрылымдарды нығайтумен жеңіске жетеміз деген қателік болады. Күнделікті, тынымсыз идеологиялық күрес қана діттеген мақсатқа жеткізе алады жəне ол барлық ауылды, елді мекенді қамтитындай болуы керек. Осы орайда мына мəселеге назар аудара кету орынды болмақ. Дін істері жөніндегі агенттіктің облыстық бөлімшелері əкімдіктердің қарамағына беріліп, агенттіктің қанатын қырқып тастағанымызды қалай түсінерімізді білмедік. Əкімдіктерде дін істерінен басқа да толып жатқан проблемалар бар емес пе? Күнделікті экономикалық проблемалар, кəсіпкерлік, мектеп, аурухана, жұмыссыздық, т.б. жетпегендей олардың мойнына енді діни экстремизмге қарсы күрес ісін іліп отырмыз. Бұл – білген адамның шешімі емес. Əкімдіктегілер білікті маманды, үлкен білімді қажет ететін бұл күрделі де нəзік істе тек көмекші ғана болса керек еді. Соңғы екі жылда Дін істері агенттігі діни бірлестіктердің санын 4,5 мыңнан 3 мыңға, 44 конфессияны 17-ге дейін түсіріп, ұлан-ғайыр жұмыс істеді. Қайта тіркеулер агенттіктің екі бірдей сарап орталығының жіті зерделеуінен өткен соң ғана жасалды. Енді осы істі жергілікті органдарға беріп қойғаннан не ұтарымыз түсініксіз. Құдайға шүкір, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс саясатының арқасында еліміз жақсы қарқынмен дамып келеді. Біздің елдің ІЖӨ-сі Орталық Азиядағы төрт республиканың қосындысынан да екі есе артық. Олардікі 81 млрд. АҚШ доллары болса, біздің жалғыз өзіміздікі 184 млрд. долларды құрайды. Бұл тіпті 50 млн. халқы бар Украинанікінен де (165 млрд.) жоғары. Бұл – өзіміздің емес, Бүкілəлемдік банктің былтырғы жылғы дерегі. Көріп отырғанымыздай, біздің мақтан тұтар дүниелеріміз көп. Бірақ, біздің ең басты байлығымыз адам екенін ұмытпайық. Кез келген халықтың, мемлекеттің жарқын болашағы оның жастарды қалай тəрбиелеп, санасына қандай құндылықтарды егуіне тікелей байланысты. Біздің бүгінгі жастарымыз қандай болса, 20-30 жылдан кейінгі еліміз де сондай болады. Бір сөзбен айтқанда, жастар біздің діңгегіміз. Бұдан мың жыл бұрын біздің ұлы жерлесіміз Əбу Насыр Əл-Фараби: «Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Өкінішке қарай, біз көбінесе осыны ұмытып кетеміз. Өзгені ұмытсақ та, ұлылықты ұмытпауымыз керек. Қорыта айтар болсақ, біз қазір жоғары білімді жұмыссыз жастардан, қарапайым жұмыс істеуді қаламайтындардан жəне Исламның араби жолын ғана дұрыс санап, қазақы дана жолынан адасушылардан қатты қауіптенуіміз керек. Идеологиялық күрестеріміз күндіз-түні осы жамандықтарға қарсы бағытталғаны жөн.

дамудың мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына қатысты бірқатар сындар айтты. Бұл өңірде аталған бағдарлама бойынша 38 кəсіпорын ашыл ғанымен, олардың 29-ы ғана жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін ха лықтың аузында болып келген ірі цемент зауыты ашыла салысымен жабылған. Осының мəн-жайын анықтаңыздар» деп тапсырды Үкімет басшысы тиісті өкілетті органдарға. Кеңес барысында автокөлік жолдары қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды тиісті технологиялық қажеттіліктермен жабдықтау мəселесі де қозғалды. «Тек үстіміздегі жылдың өзінде Жамбыл облысының жолдарында, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қы тай» жол телімінің бо йында 1 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, 300ден астам адам қаза тапқан. Жолдар

бөлу белгілерімен жабдықталмаған», деді Премьер-Министр. Осыған орай бірінші санатты жолдарды салған кезде тиісті құрал-жабдықтарды; жылдамдық өлшегіштерді, бақылау құралдарын орнатуды естен шығармау қажеттігін ескертті. «Төрт жолақты жолды салған кезде жол бөлу белгілерін орнатпай кету салақтығын қалай түсінуге болады. Астана – Бурабай жолына қараңыздаршы. Мұндағы жаңа жол салынғанға дейін жол бойында жылына 80 адам қайтыс болатын. Ал 2012 жылы 1 ғана адам қаза тауыпты. Міне, осындай жайдан қорытынды шығарып, өз жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарауларыңыз қажет», деген Үкімет басшысы осы проблемамен айналысып, орын алып отырған кемшіліктер мен өрескелдіктерді жою жөнінде нақты тапсырма берді.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.