Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №261 (28200) 26 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Елорда аясы шексіз емес

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ кейбір жарлыќтарына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы

Қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 қараша. № 697

--------------------------------------------

(Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 8-бетте жарияланып отыр).

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Кемшілікке кеѕшілік жоќ Їкімет басшысы Елбасы тапсырмаларын орындауєа байланысты кейбір органдар жўмысын ќатаѕ сынєа алды

Өткен сенбіде Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мəселесі жөнінде арнайы кеңес өткізді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институтында» болды. Елбасы қазіргі уақытта белсенді көші-қон үдерісі есебінен елорда тұрғындары 900 мың адамға жақындап қалғанын атап өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. – Бүгінгі күні елорданы ауқымды кеңейтіп, халқының санын 2-3 млн. тұрғынға жеткізу жобалары жоқ. Бұл үшін көп нəрсе – коммуникациялар, сумен жабдықтау жəне өзге де инфрақұрылымдар жеткіліксіз. Сондықтан бірнеше мəселені шешетін кез келді. Мысалы, қала сыртында жеке адамдар кезінде арзан бағамен сатып алған алаңдар əлі күнге дейін көп. Қазір олар ол жерлерді кейін құрылыс салу кезінде сатып жіберіп, мемлекет есебінен «жеңіл жолмен» ақша табу үшін ұстап отыр. Мен ол жерлерді қайтарып алып, мемлекеттік мақсаттарда пайдалану үшін тексеруді жалғастыруды прокуратураға арнайы тапсырамын. Біз олардың иелері кімдер екенін білетін боламыз

жəне дəрежесіне, лауазымына, кім екендігіне қарамастан, жер телімдері мемлекетке қайтарылатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қала тұрғындарының əлеуметтік жағдайын одан əрі жақсарту жəне елорданың инфрақұрылымдарын дамыту шараларын қабылдау қажеттігіне тоқталды. – Кəсіпорындар, сондай-ақ, ұлттық компаниялар мектепке дейінгі мекемелер мен басқа да əлеуметтік маңызы бар нысандарды өздері тұрғыза алады. Бұл мəселені біз арнайы қарайтын боламыз. Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында алғашқы жылдары асығыс салынған үйлердің қасбетін жақсартуды жалғастыру қажет.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 29 қарашада Астанада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықара лық сти пен диясының 20 жыл дығына арналған форумға қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Форум барысында Мемлекет басшысының сөз сөйлеуі, соның аясында халықаралық бағдарлама қызметінің қорытындыларын шығарып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында ұлттың бəсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың жаңа міндеттерін айқындау жоспарланған.

Комиссияныѕ кезекті отырысы

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Геральдикалық комиссияның қызметі мен атқарған жұмыстары туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ə.Байменов есеп берді. Комиссия мүшелері Геральдикалық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Жұмыс қорытындысында

ведомстволық наградалар жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге, ведомстволық наградалармен марапаттау тəжірибесін жинақтауға, мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруге, комиссияның хаттамалық шешімдерін орындау сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшке Рига қаласындағы «Maxima» сауда орталығы төбесінің құлап түсуі салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке

өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ, барша Латвия халқына қайғыларына ортақтастығын білдірген.

Сонымен қатар, жеңіл рельсті көлікті іске қосу арқылы көлік проблемаларын жəне жоғары жылдамдықтағы автобус бағдарлары үшін жолақтарға бөлу мəселесін дер кезінде шешкен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті адамдар елордаға келген бетте тұрғын үй, мектепке дейінгі мекемелерден орын жəне т.б. алуға бірден өтініш беріп жататынын, ондайда жағдайды қиындатпас үшін тұрғын үй беру кезегіне қою туралы мəселені қарастыру қажеттігін айтты. – Бұған дейін айтқанымдай, ондай мүмкіндіктер жоқ жəне біз елорда аясын шексіз кеңейте алмаймыз. Астана – еліміздің əкімшілік орталығы. Ол тұратындар үшін ықшам əрі жайлы, қолайлы болуға тиіс. Ол қалыпты даму үстінде. Біз салынатын құрылыстар перспективасын зерттеуді жалғастыруымыз жəне елордаға көшіп келгенде бірден пəтер немесе үй беріледі деп үміттендірмеуіміз керек. Барлық

осы проблемалық мəселенің толғағы жетті. Мен мұқият дайындалып, арнайы кеңес өткізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назар баев елорда маңында жəне қала ішінде «жасыл белдеу» аясын ұлғайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Президентіне елорда архитектурасы мен қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыс жөнінде баяндап, қала құрылысы туралы жобалық ұсыныстарды қарауға ұсынды, сондай-ақ, қабылданған жобалардың іске асырылу барысы жайында хабардар етті. Соңынан Мемлекет басшысы қаралған мəселелер жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Айтулы шаралар

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев дəстүрлі брифингте осы аптаның атаулы шараларымен таныстырды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Осы аптаның басты оқиғасы – 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні. Бұл атаулы күн 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жалпыұлт тық деңгейде атап өтіле бастады. Қазақстанның басты жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей

байланысты. Қазақстандағы Тұңғыш Президент күні – тарихи таңдау жасалған күн, халықтың бірлік жəне келісім күні. Жалпыұлттық Тұңғыш Президент күні аясында елімізде бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады, деген А.Əбибуллаев, сондай-ақ, жоспарланып отырған əлеуметтіксаяси оқиғалармен де таныстырып өтті. (Соңы 2-бетте).

Кеңесте Президенттің сынескертпелерін орындауға қатысты қаржы-экономикалық мəсе лелердің үлкен блогы қа растырылды. Орталық атқару органдарының, ұлттық компанияның жетекшілерінің есептері тыңдалды. Мəселен, Өңірлік даму министрлігі мен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің арасындағы өңірлік даму, мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру, мем ле кет тік жəне салалық бағдарламаларды қаржыландыру мен оңтайландыруға қатысты өкі леттіктерді шектеу мəселесі талқыланды.

Экономика жəне бюджеттік даму министрі Ерболат Досаевтың хабарлағанындай, мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды кешенді бағалау жұмыстары жүргізіліп, оларды əзірлеудің сапасына талдау жасалынған. Соның нəтижесінде оларды оңтайландыру жəне жүзеге асыру тетіктерін сапалы тұрғыдан жетіл діру жөнінде ұсыныстар əзірленді. Премьер-Министр Орта лық атқару органдарының жетекші лерінің назарын неғұрлым тиімді жұмыс істеп жатқан бағдарламаларды айқындау қажеттігіне аударды. (Соңы 6-бетте).

 Талдықорғаннан Алматыға əуе қатынасы іске қосылады. Бұл туралы айтқан Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов онымен «Жетісу» компаниясы айналысатынын жеткізді. Оның құрамында əзірге 4 ұшақ бар жəне ол облыс əкімдігінің балансында тұр.  Шығыстың туристік əлеуетін тиімді жарнамалау қажет. Өскеменде өткен арнайы кеңесте осы мəселені көтерген облыс əкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұны жасауға толық мүмкіндік бар екенін айта келіп, тиісті құрылымдарға осыған байланысты нақты тапсырмалар берді.  Оңтүстік Қазақстан облысының Бəйдібек ауданында 3 медициналық нысан ашылды. Соңғы үлгідегі меди циналық жабдықтармен жарақталған олар ауылдық округтер қарауындағы Ақтас, Жиенқұм жəне Ынтымақ атты шағын елді мекендерде пайда болды.  Атырау облысында «Қыс-2013» жаттығуы аясында комиссия отырысы өтті. Онда республикалық оқужаттығуға дайындық мəселесі талқыланып, алда атқарылатын жұмыстар сараланды.  Жамбыл облысында Хантау цемент зауытының проблемасы шешілді. Таяуда Елбасының сынына ұшыраған бұл нысан айналым қара жатының жоқтығы салдарынан тоқтап қалған еді. Қазір жоба бойынша жаңа инвестор табылды, ол өнім өндіруді 2014 жылдың бірінші жартысында бастағалы отыр.  Павлодарда 30 белсенді жасқа облыс əкімінің білім гранты тапсырылды. Өңір басшысы Ерлан Арын мұны Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бірлестігінің белсенділе рімен кездесу барысында жүзеге асырды.  Қызылордада ауыр атлет Алмас Өтешовке құрмет көрсетілді. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев «Сыр жастары – жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дəстүрлі форумында жақында əлем чемпионатының күміс жүлдегері болып қайтқан спортшыға арнайы сыйлық табыс етті. Еліміздегі облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары материалдары бойынша дайындалды.

Ќолдау наќтылыќќа негізделуі тиіс

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партиялық куратор сараптама тобының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша отырысы болып өтті. Оған сараптама тобының мүшелері, Астана мен Алматы қалалық жəне облыстық мəслихаттар депутаттары, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. бойынша партиялық кураторлар Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». анықталған-ды. Сарапшы топ мүшелері алдында сөз алған Еңбек Отырысқа Мəжіліс депутаты жəне халықты əлеуметтік қорғау Мейрам Бегентаев жетекшілік жа- министрлігінің өкілі қазіргі таңда саса, сарапшы топтың мүшелері жұмыссыз жүргендердің 30 пақұрамында палата депутатта- йызын жастар құрайтындығына, ры Алдан Смайыл, Шалатай олардың мамандығы не біліктілігі Мырзахметов, Анатолий Пепенин немесе еңбек дағдысы жоқтығына жəне Серік Оспанов болды. Бұл назар аудартпаққа тырысты. ретте Елбасы, партия Төрағасы Алайда, топ мүшелері мұндай Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр- уəжбен келісе қойған жоқ. Олар масымен 2012 жылы «Қазақстан. бұл ретте еңбек нарығындағы 2017 мақсаттары. Ұлттық іс- мамандыққа сұраныстар мен қимыл жоспары» Сайлауалды білім беру саласының арасында тұғырнамасын сапалы жүзеге байланыстың əлі күнге орнамай асыру мақсатында «Нұр Отан» отырғанына қынжылыстарын п а р т и я с ы н ы ң ф р а к ц и я с ы жасырмады. Жастарды қорғай мүшелерінің сапынан Мəжілісте сөйлеген Шалатай Мырзахметов сайлауалды тұғырнама бағыттары қазіргі жастардың білімі де, өмірге

бейімділігі де бұрынғы кезеңмен салыстырғанда əлдеқайда жоғары екендігіне тоқталды. Бір ғана мысал ретінде, мемлекеттік қызметке орналасуда бір жылдық еңбек өтілі болуын талап ететіндігін алға тартқан ол, алдымен жас маманды бір жылдық еңбек тəжірибесінен өткізу тетігін қарастыру қажеттігін ерекше атады. Жастардың басындағы қиыншылықтарды сөз еткен Мəжіліс депутаты, сараптама тобының мүшесі Алдан Смайыл оларды шешу үшін республикалық дербес жастар агенттігі құрылуы қажеттігін жеткізді. «Министрліктің жанында отырған комитет өз бетімен бірнəрсе шеше алады деп ойламаймын. Ол вице-министрге де, жауапты хатшыға да, министрге де бағынышты. Қалай болғанда да, солардың ықпалында кетеді», деді А.Смайыл. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

Парламенттегі заңнамалық жұмыс өте ыждаһаттылықты қажет етеді жəне бірізділікпен жүргізіледі. Заңдар жылдам өзгере бермейді. Сондықтан да бүгін қабылданып жатқан заңдар ұзақ мерзімді келешек үшін жұмыс істеуге бағытталған. Біз қазір заң шығарушылық қызметіміздің бағытын қаншалықты дəл айқындай білсек, ертеңгі күні азаматтарымыз сол заңдармен жұмыс жасайды. Ел тұрғындары: «Иə, бұл жақсы заң, ол ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр» дейтін болса, біздің еңбегіміздің шынайы бағаланғаны деп білемін.

қарым-қатынасы арта түсуі қажет. Мемлекет пен жеке əріптестік халық шаруашылығының барлық саласында тиімді қалыптаса бастауы тиіс. Əйтпесе, бізде əдетте əлеуметтік жағдайды жақсарту туралы сөз қозғала қалғанда, «Иə, оны мемлекет істеуі ке-

«Жасыл экономика» идеясы қазір өңірлерде де жалғасын табуда. Мəселен, жазғы демалыс кезінде мен Орал қаласындағы Ақсерік Əйтімов басшылық жасайтын Қазақстанның Инновациялық жəне телекоммуникациялық жүйелер университетінде

жерлерде де оң бастамалар жүзеге асуда. Өзге өңірлерде де сондай жаңа технологияның жетістіктері еніп жатқанына сенімдімін. Яғни, «жасыл экономиканың» көбею реакциясы өріс алуда. Президент бастамасы аймақтарға да таралып жатыр. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заң қабылданды жəне биыл соған орай бірқатар заңдарға толықтырулар енгізілді. Əркезде шешуді қажет ететін жаңа міндеттер алдан шығып тұрады. Сондықтан да осы саланы дамытуға бағытталған заңнамалық актілерді əлі де жақсарта түсуіміз қажет.

«Жасыл экономика» Президент идеясыныѕ заѕдыќ негізі ќалануда Виктор КИЯНСКИЙ,

Парламент Мəжілісінің депутаты.

Жаңа сессияны ашқан кезде Елбасы заң шығарушылық қызмет мемлекеттік саясаттың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда Парламент маңызды рөл атқарады. Шынымен де, бүгінгі таңда заң шығарушылық тəжірибе жақсарып келеді. Заңдардың сапасы арта түсті, жедел жұмыс істеу тəсілі жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев заң шығару қызметіндегі бес бағытты айқындап берді. Бірінші кезекте тұрақты экономикалық өсімді құқықтық қамтамасыз ету заң шығару үдерісінің басымдығы болып қала беретінін жеткізді. Жалпы, осы тұрақты экономикалық өсім – біздің Президенттің негізгі ұстанымы. Ол əрқашанда экономиканы бірінші кезекке қояды. «Əуелі – экономика, одан кейін – саясат» деген қанатты сөзі бар. Бұл жолы да сол ұстанымынан айныған жоқ. Елбасы сырттан келетін инвестицияның маңыздылығымен қатар біздің атқарған ісіміздің экономикалық тиімділігі мен нəтижелілігіне айрықша мəн бере қарауымыз керек екенін ескертті. Президент заң шығармашылық жұмыста «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға тиімді түзетулер енгізілуі керек екенін айтты. Берілген кен орындары жылдар бойы пайдаланылмай жатпауы тиіс, олар жақсы табыс əкелуі керек. Осы тұста бір мəселе ойыма келіп отыр. Біздер кезінде заңға өзгерістер енгізіп, жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтық табысының бір пайызы ғылымды дамытуға жəне инновациялық жобаларға бағытталуы тиіс деген норманы қосқан едік. Парламент Мəжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Экономикалық Кеңес шеңберінде біз өз алдымызға жоспар құрып, заңның аталған тармағы бүгінгі таңда қалай орындалып жатқанын тексергіміз келді. Яғни, енгізілген түзетуді жер қойнауын пайдаланушылар қалай орындауда? Мемлекет пен кəсіпкерлердің

рек» деп Үкіметке ысыра салады. Алайда, бүгінгі таңда халық шаруашылығының көптеген салалары мемлекеттік меншікте емес, олар жекенің қолында екенін ескергеніміз жөн. Сондықтан жекеменшік дегеніміз тек құқық қана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы жауапкершілік. Маған экологиялық тақырыптар жақын. Біз «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы Экономикалық Кеңестің инновациялық кластер бойынша отырысын өткіздік. Оған осы салада жетістіктерге қол жеткізген компания өкілдерін шақырдық. Соның ішінде теміржол жəне білім беру саласы бойынша «Назарбаев Университеті», сондай-ақ, Күн энергиясын алуда «жасыл кластер» құруды қолға алған «Атомпром» сияқты компания өкілдері жаңа заманның технологиясын пайдаланудағы өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі таңда Алматы қаласында негізі қаланған «Инновациялық технологиялар паркі» осы саланың дамуына мол қаржы салуда. Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасында жасыл технология кластерді дамытуда жəне энергия үнемдеу саласында да маңызды екенін атап өтіп отыр. «Болашақтың энергиясы» деп аталатын ЭКСПО-2017 ха лықаралық көрмесінде біз өз елімізде баламалы энергия көздерін пайдалану технологиясын қалай іске асырып жатқанымызды көрсетуіміз қажет. ЭКСПО-2017-де меймандарға Күн, жел қуатын пайдалану тəсілі көрсетіледі, Астана қаласында, көрмеге таяу жерде баламалы энергия көзінен қуат алатын бір орам (квартал) салынатыны жоспарлануда. Мұның бəрі ортақ мақсатты көздейтін, бір-бірін толықтыратын заңдардың пакеті, біз соны жүзеге асыруымыз керек. Осы бағытта оң қа дамдар жасалуда. Астанада Күн батареясын шығаратын зауыт іске қосылды. Соның бір бөлігі Өскемен қаласында іске қосылады. Баламалы энергияны пайдалануда қазірдің өзінде меймандарымызға көрсете алатын істеріміз бар. Кейбір өңірлерде жел ден қуат алатын стансалар салынуда.

(ҚазИТУ) болдым. Астана қаласында «Назарбаев Университеті» ашылған кезде ҚазИТУ компью терлік лабораторияны қалыптастыруға қолдау білдірді. Бұл оқу орны қазір «Назарбаев Университетінің» инновациялық идеясын өздерінде жүзеге асыруды қолға алуда. Жазда болғанымда, университет алдында желден энергия алатын генератор орналасқан. Күн батареясын да орнатып қойған екен. Баламалы энергия қуатын өздеріне пайдаланып отыр. Заманауи технологияны пайдаланып, энергетикалық орталық салыпты. ҚазИТУ өз ғимараттарын жылумен қамтамасыз етуге көгілдір отынды пайдалануда. Құбырларға энергия үнемдегіш құрылғылар жəне тиімді жылу, газ есептегіш орнатыпты. Мен олардың қазіргі технологияны қалай тез меңгеріп жатқандарына таңданысымды білдірдім. Соған қоса, олар соның бəрін оқу құралы ретінде пайдаланады. Яғни, олар студенттерді əлдебір макеттерге қарап оқытпайды, нақты нысанға орнатылған құрылғылар арқылы біліктіліктерін арттыруда. ҚазИТУ осыдан он жыл бұрын онлайн-конференцияны бірінші рет өмірге енгізген оқу орны. Өзімен əріптес Голландиядағы, Ресейдегі жəне басқа шетелдегі оқу орындарымен тікелей байланыс жасайды. Айталық, ғылыми-тəжірибелік конференциялар онлайн-режімінде өтеді. Мұндай тəсілді «Назарбаев Университетінен» басқа оқу орнынан көрген жоқпын. ҚазИТУ Ресейдің Самара ғарыш университетімен тығыз байланыс орнатқан. Ғылыми технологияның жетістіктеріне арналған көрмелерге қатысып жүр. 2012 жылы Мəскеуде өткен халықаралық көрмеде экологиялық жобалары үшін көптеген медалдарға ие болды. Инновациялық жетістіктерінің арқасында ҚазИТУ өзінің базасында ғылыми білім беру кластерін қалыптастырып отыр. Осы оқу орнының орта білім беретін лицейі мен колледжі бар. «Андас» оқу кешені бар. Инновациялық сыныптарды жабдықтайтын құралдар, тақталар шығаратын кəсіпорындары бар. Міне, жергілікті

Мен Мəжілістің Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің мүшесімін. Сессия барысында біздің комитетте жұмыс өте қарқынды болатыны қазірден-ақ байқалып отыр. Өйткені, «жасыл экономиканы» дамытудың заңдық негізін қалайтын заңнамалық актілердің бəрі осы комитет арқылы өтетіні анық. Алдағы күндері баламалы энергия көздерін пайдалану, энергия үнемдеу, жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заң жобаларын талқылау жəне сапалы түрде қабылдау міндеттері тұр. Заң жобасын қолға алғанда, жер қойнауын ұтымды пайдалану көзқарасы тұрғысынан қарауымыз керек. Сондай-ақ, «экономикалық қажетті жобалар қаншалықты экологиялық қауіпсіз?» деген сұрақты естен шығармағанымыз жөн. Біздің міндетіміз – қазіргі заман технологиясын пайдалана отырып, табиғатқа зиян келтіруі мүмкін салдарларды барынша азайту. Бұған дейінгі кезеңде біз экологиялық қауіпті немесе тиімсіз технологияны Қазақстанға əкелуге тыйым салатын көптеген заңдарды қабылдадық. Сондай заң бұзушылықтар орын алған жағдайда, төленетін айыппұл дың көлемі ұлғайтылды. Бүгінгі таңда экологиялық бақылау органдарының барлық құрылымдарын қайта құру қажет. Өйткені, көп жағдайда экологиялық бақылау органдары тиімді жұмыс істемей отыр деп ойлаймын. Сондықтан экологиялық заңнаманы қандайда бір меншікке иелік ететін субъектінің рөлін арттыру жағына қарай жетілдіру қажет. Өйткені, өз аумағында қандай жағдай орын алса да, соның бəрі иелік ететін субъектінің жауапкершілігінде болатындай норманы қарастыру керек. Тек қана табиғатты қорғау құрылымдарына арқа сүйеп отыра беруге болмайды, олардың өзі аз. Бүгінгі таңда браконьерлік үлкен бизнестің бір саласына айналды деуге болады. Айталық, балықтарды мемлекеттік меншік нысанындағы өзен-көлдерден аулап алып жатыр. Мемлекетке миллиондаған шығын келтірумен қатар, елдің беделіне де нұқсан келтіруде. Түгел мемлекет

меншігіндегі байлықты аз ғана топ – браконьерлер иеленуде жəне мемлекет пен халыққа тиесілі өте қомақты қаржыны қалталарына салып жатыр. Сондықтан осы са лаға қатысты көзқарасты түгелдей өзгерту керек. Бұл жерде де мемлекеттік жəне жеке əріптестік орнығуы қажет болып отыр. Табиғи байлықты қорғау ісімен айналысу үшін осы салаға бизнес құрылымдарын тартқан жөн. Олар өз иелігіндегі жерден табыс алумен қатар оны қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Мəселен, балық шаруашылығымен айналыса ма, ол оның өсімін қалыпқа келтіруге де жауап беруі керек. Осы салаларды да заңмен реттеу – біздің алдымызда тұрған міндет деп білемін. Қоршаған ортаны қорғауда заңмен қорғалатын аумаққа мониторинг жүргізу өзінің тиімділігін дəлелдеп береді. Көп жағдайда адам факторы емес, техникалық құралдар арқылы жүргізілетін мониторинг маңызды рөл атқарады. Бұл əлемдік тəжірибеде бар. Егер ол ерекше қорғалатын аумақ немесе қорық болса, онда визуальдық бақылау бар, бейнекамералар орнатылған. Ғарыштан бақылау жүйесі де бар. Соған қоса авиация көмегімен мониторинг жасалады. Табиғи ортамызды қорғауды қамтамасыз етуде мониторинг жүргізу маңызды сала болып табылады. Ұлан-ғайыр жеріміз бар, біздің жағдайымызда техникалық мониторинг жүйесін қалыптастыру – «Қызыл кітапқа» енген жанжануарларды, олардың өсімін браконьерлерден қорғаудың бірден-бір тəсілі. Жер аумағымыз үлкен болғанмен, əр жерге бейнекамераны орнатудың да ешқандай қиындығы жоқ. Біріншіден, бізде ғарыштық мониторинг бар, екіншіден, оптикалық бақылау мониторинг жүйесі бар. Бейнекамера орнату қиын мəселе емес. Мəселен, қазір біз қылмысты азайту үшін қаладағы көп пəтерлі үйлердің кіреберісіне бейнекамера орнатып жатырмыз. Шетелдердің жақсы тəжірибелері бар. Айталық, Германияда ондаған жылдар бойы бейнебақылау жүйесі қалыптасқан. Бізде де мемлекеттік мониторинг жүргізу шаралары қарастырылған, оған қажетті қаражат бөлініп келеді. Біздің елдегі мониторинг жүргізудің сапасы қандай, оның нəтижесі қалай болуда? Осы мониторинг бойынша қанша браконьер анықталды? Қазір жер серіктеріне, əртүрлі бейнекамералар орнатуға қанша қомақты қаражат жұмсап жатырмыз? Бұл жүйенің тиімділігі қандай? Мен жуырда осы сұрақтарға жауап іздеп, депутаттық сауал жолдауды жөн көріп отырмын. Мəселен, Жайық өзенінің біздің елдің аумағындағы ұзындығы аса үлкен емес. Өзеннің браконьерлер жиі баратын тұстарына, айталық, Атырау қаласының маңына бейнебақылау орнатудың ешқандай қиындығы жоқ. Осы істерді қолға алғанымыз жөн. Үшінші сессиядағы мақсатымыз – Елбасы айқындап берген міндеттерді негізге алып, тиімділікпен жұмыс істеп, қоғам дамуына аса қажетті заңдарды қабылдау.

Саясаттанушы єалымдар жиыны

Парламент Сенаты Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің төрағасы, саяси ғылымдар докторы, профессор Ақан Бижанов Алматыда Қазақстан саясаттанушыларының конгресіне қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенатор өз сөзінде 2050 жылы əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған жаңа саяси бағыттың басты мақсатын іске асыруға саясаттанушы ғалымдар тікелей қатысуы тиіс екенін атап өтті. А.Бижанов отандық ғылымды, оның ішінде білімнің саясаттану саласының орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы одан əрі жетілдіру қажеттігіне назар аударды. «Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі құқықтық базаны жетілдіру, мамандарды даярлауда сапаны қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру жалғасатын болады», деді сенатор. А.Бижанов, сондай-ақ, республиканың стратегиялық дамуында қазіргі замандағы

қатерлерге байланысты теориялық-əдістемелік негіздердің мəселелері көкейкесті бола түскенін атап өтті. «Осыған қатысты алғанда еліміздің саясаттанушылар қауымдастығының алдында қазақстандық қоғамдық қатынастар үлгісін одан əрі жетілдіру үшін ғылыми негізделген базамен қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы жұмыстар еліміздің саясаттану саласының танылған орталықтары – Білім жəне ғылым министрлігінің Философия жəне саясаттану институты, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ жəне осыған теңдес ғылыми деңгейдегі басқа мекемелер төңірегінде шоғырланғаны орынды деп санаймын», деді сенатор.

Айтулы шаралар

(Соңы. Басы 1-бетте). Ресми өкіл 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Сенат жəне Мəжіліс депутаттарының қабылданған заңдарды түсіндіру мақсатында өңірлерге сапарға шығатынын жəне оның барысында депутаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізетінін қаперге салды. Жəне ол 28-29 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат делегациясының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламенттік Ассамблеясы мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысу мақсатында СанктПетербургте болатынын айтты. Сондай-ақ, брифингте алдағы Үкімет отырысында талқыланатын мəселе де мəлім болды. Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстыратын көрінеді. Ал осы аптаның соңына қарай, яғни 29 қарашада Премьер-Министр Серік Ахметов Ташкенттегі ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысып, оның аясында бірқатар елдердің Үкімет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетіні белгілі болды. Апта ішінде еліміздің ішкі жəне сыртқы саясаты мен жалпы өмірінде болатын қадау-қадау оқиғаларды айтып өткен ресми өкіл Білім жəне ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Ғани Нығметовті журналистер алдына шақырды. Ол өз сөзінде аталған

бағдарлама жүзеге асырылып жүрген мезгілде, 20 жылдың ішінде 10 025 азаматқа стипендия тағайындалып, соның ішінде 6015 түлек бүгінде ел игілігі үшін қазақстандық экономиканың түрлі салаларында еңбек етіп жатқанын айтты. Бағдарлама арқасында толыққанды білім алған талапты да талантты жастардың өмірдің бір кірпіші болып қаланғанын тілге тиек еткен Ғ.Нығметов: «2500 түлек бүгінде əлемнің 33 елінің 200 жоғары оқу орнында білім алуда. Бір мыңға жуық адамның басын біріктіріп отырған «Болашақ» түлектері мен стипендиаттарының қауымдастығы жұмыс істейді. «Болашақ» бағдарламасы о баста мемлекеттік міндеттерді атқаруға бағытталған болатын. 90-шы жылдардың басында, ел Президенті осындай бағдарлама қабылдау туралы көреген жəне стратегиялық шешім қабылданған кезде, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, дипломатия сияқты мамандықтар бойынша, яғни тəуелсіздігін енді алған Қазақстанның қалыптасуына қажетті мамандықтар бойынша 700-ге тарта адам оқуға жіберілген болатын. Кейіннен Мемлекет басшысы еліміздің орта мерзімдік дамуын анықтаған 2030 жылға дейінгі Стратегияны қабылдады жəне сол стратегияны іске асыру барысында «Болашақ» бағдарламасы жаңартылып, еліміздің барлық тұрғындары қол жеткізе алатын нағыз халықтық жобаға айналды», деді. Брифинг барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасы түлектері мен стипендиаттарының мерейтойлық форумы өтетіні де мəлім болды.

Ќолдау наќтылыќќа негізделуі тиіс (Соңы. Басы 1-бетте).

Депутаттың пайымынша, мемлекеттік грант берілген жастарды жұмысқа ор наластыруға мемлекет жауапты болуы керек. «Мемлекет ақша беріп, 5 жыл оқытты. Содан кейін «жүгенін сыпырып» қоя беруі керек пе? Бізге мемлекеттік грантпен оқыған жастар міндетті түрде жұмысқа орналассын деген заң қажет. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң əзірленіп жатыр екен. Сол заңға осындай норма енгізу керек», деді топ мүшесі. Сонымен қатар, депутат мамандар даярлап жатқан жекеменшік оқу орындарының жауапкершілігін күшейту қажеттігін де баса айтты. Жалпы, отырыс барысында жастарды еңбекке орналастырудың қыр-сыры жан-жақты талқыланумен қатар, жастар саясаты саласын дағы 2014 жылға арналған

облыстық бюджетті құру жəне жастар ұйымдары жұмысының желілік кестесін қалыптастыру мəселелері қаралды. Сондай-ақ, онлайн режімінде жастар арасында отырған əлеуметтік-экономикалық мəселелерді уақытында айқындап, талдау жəне мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыруға нақты ұсыныстар жасайтын өңірлік жастар саясаты мəселелері басқармаларының жетекшілері байланысқа шығып, өз ойларын ортаға салып отырды. Халықаралық тəжірибелермен қоса, сарапшы топ отандық сарапшыларды да осы мəселеге жұмылдыру қажеттігіне, тіпті, қажет болса, жұмыссыз жастардың өзін себебін білмек үшін əңгімеге тартуға шақырды. Отырыс барысында бірқатар ұсынымдар қабылданып, енді олар тиісті жерлерге жолданатын болады.


26 қараша 2013 жыл

● Біз – қазақстандықтармыз!

3

www.egemen.kz

БҮГІННЕН – БОЛАШАҚҚА!

«Егемен Ќазаќстанды» келешекте шалєайдаєы Шотландия шопандары да оќи алады Мўѕы да, ќуанышы да ортаќ Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қарабалық кентіндегі мəде ниет сарайы көрермендерге лық толды. Елдің аузынан түспейтін «жұлдыздар» өнерін тамашалайтындай, концертке үлкен-кіші қалмай келіпті. Бұл аудан орталығындағы Көркем Айтбаева басқаратын №1 орта мектептің педагогикалық ұжымы, оқушылар жəне ата-аналар бірлесіп қоятын қайырымдылық концерті болатын. 700 билет сатылған, оның сыртында мəдениет сарайының кіре берісіне қойылған қайырымдылық жəшігіне жұртшылық қолда барын тастап жатыр. Ең бастысы, қайырымдылық шарасы десе, аудан орталығынан бастап, алыс, шалғайдағы ауылдар тұрғындарына дейін тиын-тебенін аямайды. Осының барлығы да аудан көлеміндегі тумай жатып, тағдыр тəлкегін көрген, аурудың азабын шеккен бүлдіршін балалар үшін еді. Бір концерттің өзінен қорға 150 мың теңге түсті. Осыдан төрт жыл бұрын аудандық «Айна» газетінің редакторы, облысқа белгілі журналист, Қазақстанның құрметті журналисі Мария Сапарова «Мейірімділік пен үміт» қайырымдылық қорын құрған болатын. Сан ұлттың өкілінен тұратын аудан тұрғындары қорды бірден қолдады. Газет бетінде үнқосулар көбейді. – Ауданда науқасы ауыр, мүгедек 68 бала бар. Олардың тағдыры тек ата-анасының ғана емес, бүкіл аудан тұрғындарының жүрегін ауыртатынына ылғи көзім жетіп келеді. Біз ауру бала туралы мақала жариялаған күннен бастап көмегін ұсынған хаттар көбейді, телефон шалып хабарласатындар қаншама! Осындай қайырымдылық істе адамдардың ешқандай ұлтқа, ұлысқа бөлінбейтініне мен іштей шүкіршілік етемін. Тонның ішкі бауындай адамдар бұрынғыдан да достасып, жұдырықтай бірігіп кеткендей болады, – дейді Мария Əбутəліпқызы. Төрт жылдың ішінде қор бірнеше баланың Астанаға, Ресейге барып, ем алып келуіне көмектесті. Он екі жасар Ақжан Нұриеваның жүрегі іштен ақау болып туған. Оған бір емес, бірнеше рет операция жасалуы керек. Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында оған алғашқы операция жасалғанда, қарабалықтықтар 120 мың теңге жинап берді. – Əр баланың ауыр халін естігенде кейде түнгі ұйқым бұзылады. Бəріміз де баланың, немеренің бетіне қарап отырмыз. Ақжанның жүрегіне операция жасауға Астанаға баратын кезде немеремді ертіп алып, қорға 1 мың теңге əкеліп тапсырдым. Əңгіме берген ақшаңның аз-көптігінде де емес шығар, бала тəуір болып келсін деген тілектестігімді білдіріп, ырымдап əкеліп бердім, – дейді Қарабалық кентінің тұрғыны Юлия Фоменко. Бір Юлия Ярославовна емес, аудандағы əр отбасы, əр адам ауру балалар емделуге аттанған сайын, азкөптігіне қарамай, қолға түскендерін өздері осылай əкеліп беріп жатады. Жүрек ақауынан зардап шегетін 8 жасар Настя Спенакиді кардиологиялық клиникаға жіберу үшін ол тұратын шағын Святослав ауылының тұрғындары, «Қарабалық» ғылыми-тəжірибе шаруашылығының жұмысшылары 80 мың теңге жинап берді. Алты жасар Женя Цыгановтың тағдырына жазған муковисцидоз ауруы, дəрігерлердің айтуынша, өте сирек кездеседі екен. Бала оның ауыр түрінен зардап шегеді. Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барып ем алуы үшін оған қордан 100 мың теңге көмек берілді. Ал 11 жасар Настя Андриянецтің ауруы жүрек ақауының бір түрі – тетра-фалло деп аталады, яғни жүрегі оң жағына орналасқан. Оның үстіне қыз баланы тек жалғыз əжесі ғана тəрбиелейді. Ауданның бір түкпіріндегі Станционный ауылында тұрады. Жақында ол да жүрегіне операция жасату үшін Астана қаласына жүргелі отыр. Настяға арнап ауылдастарының, сол жердегі шаруашылық ұжымының, қарапайым адам дардың тиындап жинаған қаржысы 150 мың теңге болды. – Сайболат Нүкеев деген кісі Настяға арнап 10 мың теңге əкеліп берді. «Мына баланың жағдайын естіген соң қарап отыра алмадым. Бір кемпірге ауру баланы бағу қалай қиын десеңші. Аман-есен тəуір болып келіп, əжесін қуантсын», деген тілегін де айтып кетті, – дейді қор төрайымы Мария Əбутəліпқызы. Қайырымдылық акцияларынан аудандағы Маиль Тороян, Аманжол Елубаев, Ольга Келлер, Павел Чалых, Владимир Пугачев секілді белгілі кəсіпкерлер, шаруашылық басшылары да қалыспайды. Жаңа жыл мен балалар күні мерекесінде «Мейірімділік пен үміт сəулесі» қайырымдылық қоры аудандағы мүгедек балаларға сыйлықтар таратады. Сондай кездерде аудан тұрғындары ақшасын ақшалай, тəттісін, киімкешегін үйіп тастайды. Аурудың шеңгеліндегі əр бала – қара балықтықтардың ортақ мұңы, олар операциядан аман қалып, тəуір болып келсе, ортақ қуанышы. Қазір Қарабалықтағы əр кісіден осы аудандағы ауру баланы сұрасаң, атын айтып беруге даяр. Өйткені, олардың барлығы да осы балалардың емделуі үшін өтетін қайырымдылық акциясын құр жібермей қатысқан болатын. Бірлік бар жерде – қайырымдылық бар. Достық мейірім мен адамгершілік бар жерде салтанат құрады. Бұл – қарабалықтықтар үшін дəлелдеуді, артық айтуды қажет етпейтін түсінік, күндегі қалыптасқан тіршілік. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы.

Қанат Əуесбай көзі қарақты көрерменге «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы жақсы таныс. Ол – филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті, Қазақстан Журналистер одағы, «Серпер» жастар сыйлығының иегері. Бірнеше жыл бойы телеарнада өзекті репортаждардың авторы жəне «Қазақстан. Менің елім», «Апта.kz», «Өзекжарды», «Алаң» сияқты бағдарламалардың тізгінұстары ретінде танылған талапты жас қазірде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияның Норвич қаласында тағылымдамадан өтіп жүр. Біз Қ.Əуесбайға сұрақтар жіберіп, «Болашақ» бағдарламасы, жаңа дəуір ақпараты жəне британ баспасөзі жөнінде ой бөліскен едік. – Қанат, жуырда «Серпер» жастар сыйлығының иегері атануыңмен құттықтап қоялық. Шетелде жүріп, елде марапатталғаның тосын сыйдай əсер еткен болар. – Рахмет, əлбетте шалғайда жүріп, елге деген сағынышты сезінгенде Қазақ елі жастар одағының бұл сыйлығы əлдебір шаттық пен шабыт сыйлағаны рас. Мен бұған философиялық тұрғыдан қарадым. Дербес мемлекетіңнің болуы бар бақыттың үлкені ғой. Сол өз мемлекетіңнің марапатына ие болу – тілмен айтып жеткізе алмайтын сөзімнің шалқыған шаттығы деп түсінемін. Орайы келгенде, Отанымның бас басылымы «Егемен Қазақстан» арқылы бұл сыйлығымды халықаралық «Болашақ» Президент стипендиясының 20 жылдығына арнайтынымды жеткізгім келеді. Конкурсанттарды қараған комиссия мүшелері менің телевизия журналисі бола жүріп, тəжірибемді студенттермен бөліскен университет оқытушысы екенімді де ескерген екен. Түйіндей айтсам, Британияда жүргенде бір күнде естіген екі жаңалық үшін қуанышым шексіз. Біріншісі – бұдан былай «Болашақ» бағдарламасы арқылы журналистер де тағылымдамадан өте алатыны туралы Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жеткізсе, екіншісін – осы сыйлық алғаным туралы фейсбуктағы достарым сүйінші сұрады. – Жүзден жүйріктер оқитын осы бағдарламаға қалай іліктің? – Бірнеше жылдан бері Еуразия ұлттық университетінде студенттерге тележурналистикадан дəріс оқып жүрген едім. Содан, «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқытушылар тағылымдамадан өте алатынын естіп, бағымды сынап едім, сыннан сүрінбей өттім. Өзім ƏлФараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін «халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітіргенмін. Университет қабырғасында жүріп, ағылшынша тіл сындырдық. Соның да пайдасы тиіп жатыр. Мұнда журналист емес, оқытушы ретінде келгендіктен, келешекте осы бағдарлама арқылы

журналистер де дайындалса деп армандайтынмын. – Журналистерді «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамаға жіберудің маңызын өзің қай тұрғыдан бағалайтыныңды білсек деп едік. – Меніңше, заманауи ғаламдық үрдістерге құлағы түрік жүру үшін, шетелдік іссапарларда тіл білгенің жөн. Өзіңді еркін сезінесің. Халықаралық байланыстарды нығайту жолында журналистерге міндетті түрде ағылшын тілін білу қажет. Еуропалық, оның ішінде батыстық журналистиканың ең соқталы деген жетістіктерін, тəжірибесін үйренуде əлбетте тіл сындырудың керектігі айтпаса да түсінікті. Қазақ журналистері ағылшынша еркін сөйлеп, кез келген ағылшын тілдес адаммен еркін сұхбат құра алатындай дəрежеге жетуі тиіс секілді. Бұл журналистің өз жұмысын халықаралық деңгейге шығаруына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Мəселен, бұрын телеарнада жұмыс істеп жүргенде ағылшын тілін білетіндіктен, іссапарға мені бірінші жіберетін. Өйткені, өзге əріптестеріммен салыстырғанда менің тіл білу артықшылығым озық тұратын. Журналистерді шетелдік тəжірибе алмасуға жіберу арқылы біз отандық ақпарат жүйесіндегі бүгінде кенже қалып отырған халықаралық журналистика сияқты саланы уақыт талабына сай дамыта аламыз. Сол себептен, өз басым жуырда еліміздің Мəдениет жəне ақпарат министрінің «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге 20 журналист жіберілетіні туралы жаңалығын зор қуанышпен қабылдадым. Одан бөлек, қазір қазақстандық ақпарат құралдары алыс-жақын мемлекеттерде меншікті тілші ұстау тəжірибесін жиі қолдана бастады. Бұл да құптарлық іс. Себебі, халықаралық тақырыпқа қалам тербеген қазақ журналистері көбіне осы тақырыпты қаузаған ресейлік дереккөздеріне қарап, соның негізінде мақала жазады. Алайда, ол дереккөздерінде ресейлік мүддені көздеген субъективтілік баршылық. Сол субъективтілікке ұрынбас үшін Қазақ елі журналистері шетелдік іссапарларда көбірек болып, əрбір халықаралық тақырыпқа Отанымыздың мүддесі тұрғысынан қалам тербегені абзал. – Ағылшындық басылымдар мен электрондық ақпарат құралдарында нендей ерекшелікті байқадың? – Британияда басылымдар мен теледидар, радио сияқты электрондық ақпарат құралдарына, меніңше,

əлеуметтік медиа сияқты өте күшті бəсекелестік қанат жайған. Ол бəсекелестіктің аудиториясы да өте үлкен. Өйткені, халық бұл əлеуметтік желілерде ой-пікірлерін ашық жаза алады. Тиісінше, газет пен телевизияның оқырманы мен көрермені басылымдар мен теледидарда «сүзгіден» өткен ақпаратты тұтынудан гөрі, растығы күмəнді болса да осындай «кілегейі» алынбаған субъективті ақпаратты қолайлы көреді. Əрине, бұл жағдайда дəстүрлі медиа ақпараттық кеңістікте өз орнын жоғалтып алды дей алмасақ та, өз ықпалын төмендеткені шындық. Əлбетте, дəстүрлі медиадағы ақпараттың салмақтылығын ешкім жоққа шығара алмас. Бірақ əлеуметтік медиа шыққалы, адам өзінің ойын білдіріп, өзін индивид ретінде сезінуге көбірек мүмкіндік алды. Виртуалды əлемде оның жеке блогы, профайлы, бейнежазбалары – бəрі-бəрі сақталады. Мұны ғалымдардың бір шоғыры азаматтық журналистикаға жатқызып жүр. Бірақ өз басым құр эмоцияға құрылған жазбаларды журналистиканың маңына да жуыта алмас едім. – Интернеттің қоғамға дендеп енуі ағылшындық ақпарат құралын қаншалықты эволюцияға ұшыратты деген сұрақ туындайды. – Əлеуметтік медиа, интернеттік басылымдар пайда болғалы дəстүрлі медианың ықпалы бəсеңсігенін айтып өттік. Осындай қатаң бəсекелестік жағдайында тек Британияда емес, күллі Батыс елдерінде мерзімді басылымдардың таралымы азайып, телевизия мен радионың көрермені мен тыңдарманы интернетке жаппай көше бастағанын аңғаруға болады. Қазақстанда құлақ естіп, көз үйренген дəстүрлі газетке жазылу үрдісінің Британияда жоқ екенін біліп, əуелгіде таңғалғаным бар. Интернетке көшу қалай жүзеге асып жатқанына келер болсақ, дəстүрлі жазылымның орнына басылымдар ғаламтор арқылы жазылудың жолын тиімді табудың ізденісінде жүр деп айтсақ та болады. Бұл жерде неғұрлым көп айға жазылсаң, соғұрлым ғаламтордағы жазылым бағасы арзандай түседі. Пошта тасымалына ақша шығындалмаған соң, мұндай виртуалды газеттердің виртуалды бағасы да салыстырмалы түрде арзан. Əрі қалаған газетіңіздің санын қалаған уақытта жаһандық желіден сатып ала аласыз. Одан бөлек, интернетгазет тек болған жайдың фотосуреттерін ғана емес, бейнежазбасын да ұсыну

мүмкіндігіне ие. Ал теледидар мен радиоға келер болсақ, мұнда да бұл электронды медиалардың интернеттене бастауы байқалады. Ол үшін мəселен, ең көп аудиторияны қамти алады деген BBC де смартфон, айпад сияқты құралдарда өз «қажеттерін», яғни көру тетіктерін орналастыра бастады. Яки, кез келген уақытта, қай жерде жүрсеңіз де қалаған хабарыңызды, қалаған жаңалығыңызды телефоныңыздан таба аласыз. Мұндай жағдайда халықтың кəдуілгі экраннан теледидар қарау белсенділігі де төмендей түсетіні сөзсіз. Оны жақсы, жаман деп біржақты үзілді-кесілді айту қиын. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдары ХХІ ғасырдың басында кезекті эволюциясын кешіріп жатқаны шындық. Мұндай жағдайда газет пен теледидар жоғалып кетеді деп те сəуегейлік жасау тиімсіз. Тек ықпалы төмендегенін жоққа шығара алмасақ керек. Меніңше, бəрі əдетке байланысты. Газет бояуының иісін бұрқырата оқып, теледидарды шалқая диванда жатып көру əдеттері азайған сайын ғаламтордағы виртуалды медианың ықпалы арта беретіндей. Оның үстіне интернеттенген медиа бір тараптан өздерінің оқырман, көрермен ауқымын да кеңейте алады. Өйткені, интернетке көшкен соң, «Нью-Йорк таймсты» немесе «Гардианды» Қазақстанның, мəселен, Сарысу ауданы, Жайылма ауылының тұрғындары бір кездері оқи алады. Бұл қазір қиял көрінгенмен, қиял шындыққа айналмай қоймайтын тұстары жəне бар емес пе? Немесе керісінше, «Егемен Қазақстанның» ағылшынша нұсқасын шалғайдағы Шотландия шопандары оқитын күн де алыс болмауы керек. Бұл – жаһандану əсері. Мұндай жаһандану əсерінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдің жағымды имиджін қалыптастыруға да септігі жетіп-артылады. Мəселен, жуырда «Вашингтон посттан» оқыдым. Қазақстан шетелдік туристерге барынша ашық мемлекеттер тізімінде екен. Сол туристер Қазақстанға келмей тұрып, мəліметті алдымен ақпарат құралдарынан іздейді. Осыған қарасақ қазақстандық БАҚ-тың ағылшынша

«2030 Стратегиясын орындай отырып біз елімізді одан əрі дамытудың неғұрлым күрделі міндеттерін шешуге қабілетті қалыптасқан мемлекетке айналдық. Алайда, келер ұрпақтың лайықты жəне сенімді болашағы үшін біз əлі де көп жұмыстар атқаруға тиіспіз». ("Қазақстан-2050" Cтратегиясынан) ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ ЖƏНЕ ИГІЛІГІ Орташа айлық еңбекақы 9,3 есе өсті Жəрдемақы төлемдерінің орташа көлемі 10 есе ұлғайды Тұрғындардың номиналды ақшалай табысы 16 есе өсті млрд. теңге

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІ ЖЫЛ САЙЫН ӨСУДЕ

Ќайда жїрсек те, атамекен, кґкейімізде тўрасыѕ! жастары еліміздің барлық өңірлерін қамтиды десек те болады. Университеттің сапа деңгейінің жоғарылығы студенттер алдына үлкен білім талаптарын қояды. Саутгемптон университетін атақты заңгерлер, басқарушылар, инженерлер бітірген. Ғаламдық торды ойлап тапқан (Worldwide web) ғалым Сэр Тим Бернерс Ли (Sir Tim Berners-Lee) осы университет түлегі. Сабақтың қиындығы бұл түсінікті, дегенмен, алдыңғы буын ағалардың табысты үлгісін жалғастыру, Елбасының артқан үлкен үмітін ақтау жауапкершілігі əрдайым біздерге шабыт беруші күш болып тұрады. Шетелде баршамыз төл мəдениетіміздің, тіліміздің, қазақтың қоңыр дауысты əндерінің қаншалықты сұлу екендігін жаңа қырынан ашып жатырмыз. Бір айта кететін жайт, Қазақ елі жастарының бойында өзгелерге бергісіз бір құрмет пен ізеттілік бар. Біз арабты, ағылшынды, орыс пен қытайды еш алаламай табыссақ, олар да бізді ілтипатпен, игі көзқараспен қарсы алады. Мұндай сыйластық барлығына бірдей берілген құрмет деп айту қиын. Мұны ұлы еліміздің ұлы жетістігі деп ашық айта аламыз. Əрі алдыңғы буын «Болашақ» бағдарламасымен оқыған жастардың адами жəне білім сапасының

Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».

ҚАЗАҚСТАН-2030 СТРАТЕГИЯСЫ ЖƏНЕ «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ

Туєан жер – асыл ўєым Туған жер – əр қазақтың жүрегін ерекше соқтыратын асыл ұғым. Отанымыз Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында елеулі жетістіктерге, биік асу белестерге жетіп отыр. Ұлтымыз өзінің қарға тамырлы тарихында түрлі ауыртпашылықтарды басынан өткеріп, бүгінде рухы өр халқымыз бабалары аңсаған кемел жарқын болашаққа, алтын ғасырға аяқ басуда. Осыдан тура 20 жыл бұрын еліміздің Тұңғыш Президентінің тікелей тапсырмасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы өмірге келген болатын. Бүгінде 10 мыңнан астам жас отандастарымыз шетелдердің ең озық оқу орындарында білім алып, ел үшін қызмет етуде. Ұлыбританияның Саутгемптон қаласында орналасқан шаһар атымен үндес университет қабырғасында бүгінде шамамен 30-ға жуық қазақ жастары білім алуда. Баршасы бір-бірін сүйемелдеп жүреді. Бір атаның баласындаймыз. Баба топырағынан қанша алыста жүргенмен, бір-бірімізге деген көмегіміз де, елге деген ыстық махаббатымыз да соншалықты берік. Хакім Абайдың: "Біріңді, қазақ, біріңді дос, көрмесең, істің бəрі бос", деген сөзін еш естен шығармаудамыз. Саутгемптонда оқып жатқан қазақ

нұсқасына деген сұраныс арта түскеніне бірден көз жеткізесің. – Ақпарат құралдары түрлерінің көбеюі журналистердің жазу мəнеріне қалай əсер етіп жатыр? Британ мысалында таратып айтсақ тағылымды болар еді. – Қазір оқитын адамға ақпарат көп. Ақпараттың шектен тыстығы батыс журналистерінің бойында барынша қысқа да нұсқа жазу машығын қалыптастырып отыр. Тіпті, сараптамалық ұзын сонар мақалалардың оқырманы да барған сайын азайып бара жатыр. Оны біз дəріс алған британдық ұстаздардың бəрі айтып жүр. Тіпті, журналистің өз ойын қосып, мақала жазуы жоққа тəн дерлік десе де болады. Өйткені, субъективті пікірге иек артып, бас шұлғитын оқырман азайған. Себебі, бүгінгінің оқырманы əбден ақпараттанған оқырман. Ол манипуляцияға көнбейді, өзіндік мені басым индивид. Сондықтан оған ақпарат арқылы идеологиямды жүргізем деу де қиындау. Əзірге қазақ журналистерінің Батыс журналистеріне қарағанда ерекшелігін мен осы тұстан көремін. Бізде əлі күнге ұтқыр сөз, ордалы ойдың қадірі бар. Мұны ұлттық үлгі ретінде бағалауымыз керек. Мүмкін осы артықшылығымызды жаһандануға «жем» етпей, тиімді тəсілмен əлемдік ақпаратқа кіріктірсек деген ойды ортаға сала кетсем деймін. Иə, қазақ журналисі де өз пікірін оқырманына ұсына алады. Ал келісу-келіспеу оқырманның өз еркінде. Бірақ мен солай екен деп, қазақ журналистерінің шектен тыс қызылсөздікке ұрынғанын да қаламаймын. Бұл – жеке пікірім. Кейде бір мақаланы оқып, немесе теледидардан бейнесюжетті көріп отырсаң, бұл «өнім» ақпарат беру үшін емес, журналистің тілінің байлығын көрсету үшін жазылғандай көрінеді. Меніңше, интернеттің дендеп енуі арқасында осындай қызылтілдікке тосқауыл қойылмақ. Қазір артық сөз оқып отыратын артық уақыт жоқ.

биіктігінің арқасы. Мұны біз күнделікті тəжірибемізден көрудеміз. Саутгемптон университетінде оқыған барлық қазақ жастары үздік бағамен тəмамдап, жерг ілікт і ұстаз дар қау ымын ың ризашылығына бөленіп келеді. Əрине, оңайлықпен келетін ештеңе жоқ. Дегенмен, намыс пен абырой қазақты əр уақытта алға жетелеген асыл қасиеттер. Ол баршамыздың бойымызда жетерлік. Тек соны бағалай алсақ мұратымызға жетеміз. Қазір қатарымызда жүргендер магистратура, телекоммуникация, халықаралық қаржы, қоғамдық саясат, білім беру жəне инженерия саласынан білім жетілдіруде. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Болашақ» бағдар ламасы стипендианттарының бірі ретінде біз де қатардан қалмай, лебізімізді білдіруді жөн көрдік. Əсіресе, алыста жүргенде елге, жерге деген сағыныш, аңсау ерекше болады екен. «Болашақ» бағдарламасы – бұл аты мен затына сай терең ойластырылған, жүйелі жұмыс жасай алатын, табысты жетістіктерге жет кі зетін, жаңа белестерді бағын ды руға мүмкіндік беретін ұйым деп білеміз. Нұрлан ҚҰЛМАНОВ, Меруерт ЖЕТІБАЕВА.

1997 жылдан бері республика бойынша

млрд. теңге

мектеп салынды аурухана жəне басқа денсаулық сақтау нысандары

Стратегия 2030 стипендиядағы өзгерістер

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясын беру тəртібі туралы Ереже бекітілді Үміткерлер категориясының көбеюі Қазақстандықтарға мүмкіндіктер беру Техникалық мамандықтар бойынша шетелдерде оқыту Оқытатын елдер географиясын бірте-бірте кеңейту «Болашақ» стипендиаттары

Энергетикалық ресурстар

ЕЛДІҢ ІЖӨ-ДЕГІ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ ҮЛЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ СЕРПІНДІ ӨСУІ БАЙҚАЛАДЫ


4

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

БІЗДІ БИІКТЕТЕТІН

ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯ-2050 СТРАТЕГИЯ-2030 НƏТИЖЕЛЕРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БІЛІМ АЛУЫ

«Біз қолжетімді жəне сапалы білім беруді дамыту бағытын жүйелі жүргізудеміз» Н.Ə.Назарбаев «БАЛАПАН» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАЗАҚСТАНҒА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ

ҚАМТУДЫ 65,4% ҰЛҒАЙТУ МҮМКІНДІГІН БЕРДІ

МЕКТЕПАЛДЫ МІНДЕТТІ ДАЯРЛЫҚ 94,7% ҚАМТЫЛДЫ

САЛЫНДЫ

АУРУХАНА

МЕКТЕП жылдан бастап

Астанада құрылды Халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін ҚАЗІРГІ ЗАМАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 12 жылда 182% ұлғайды «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

ж.

8 мың адам ƏЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕН БІЛІМ АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕКТЕПТЕР ЖЕЛІСІН ЖƏНЕ ƏЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ КƏСІПТІКТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДІ ДАМЫТУДА

Қазақстан бүгінде экономикалық жағынан жан-жақты жаңғырған, іргелі өркениетті елдердің қатарына еніп отыр. Елімізді алға бастап, барлық жетістіктеріміздің көшбасшысы болған тəуелсіз мемлекетіміздің Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең алдымен, халықтың тұрмысын, оның əлауқатын жақсартуға бағытталған əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Жолдауда, əсіресе, жастарға Үкімет тарапынан барынша қамқорлық пен қолдау көрсетуге маңыз берілген.

Ізденген адамєа жўмыс табылады Осындай баянды бағдарламалардың бірі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында заманға сай мамандық иелерiн дайындау, тұрақты жұмысқа орналастыру, кадрлардың бiлiктiлiктерiн жетiлдiру жолға қойылды. Мұның өзі жұмыссыз жастардың үмiтiн оятты. Əсiресе, тəжiрибесi жоқ жас мамандарға мұндай бағдарлама кең көкжиек ашқандай. Елбасының қолдауымен жастардың жұмысқа орналасуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. «Жастар практикасы» еліміздегі ЖОО мен орта білім ордаларын бітірген, бірақ əлі өз мамандығымен жұмыс таба алмай жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамтуды, оларға қолдау көрсетуді көздейді. Жастар саясатқа, билікке етене араласа бастады. Ел дамуына өзіндік үлес қосып, ел экономикасын, əлеуетін, тұрмыстық деңгейін қалыптастыруға ықпал етіп келеді. Қазақстанның мəдени өркендеуін де қолға алып, ілгері жылжуда. «Қазақстан-2050» Стратегиясында

Президент елді дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын нақты белгілеп берді. Онда барлық сала қамтылып, еңбек қоғамын құрудың алғышарттары қарастырылған. Соның ішінде жастар мəселесіне де тоқталып, олардың əлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бас тамашысы жəне қозғаушы күші бола алатындықтарын, жастарды техникалық жəне кəсіптік білім алуға тарта отырып, жаңарту мен жаңашылдыққа қарай бастау қажеттігін атап көрсеткен еді. Мен де «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығынан «Ақбұлақ» АҚ-қа жолдама алғанда жұмысқа орналаса алар ма екенмін деп ойланғаным рас. Басты мақсатым үш ай көлемінде өз білімім мен тəжірибемді ұштастырып, жұмысқа деген құштарлығымды көрсетіп, өз мамандығым бойынша қандай да болмасын тəжірибе жинақтау еді. Осы уақыттарда ұжым мені қолдап, бағыт-бағдар беріп, жұмысқа алды.

Сондықтан, мен үшін осы кəсіпорында жұмыс істеу құрметті əрі жауапты, сонымен қоса қызықты. Кəсіпорында əлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы жыл сайын белсенді түрде ұйымдастырылуда. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бағыт ұстап, мен сияқты жас мамандарға қол ұшын созып, жұмысқа алған компания басшысы Айбек Сағиевке зор алғысымды білдіремін. «Ақбұлақ» АҚ ұжымына сəттілік тілей отырып, кəсіпорынның биік

Игіліктіѕ бастауы – білімде Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнайтын əрбір Жолдауында отандық білім саласын назарынан қалыс қалдырмайды. Нəтижесінде соңғы жылдары аталған саланың тамырына қан жүгірді. Ал бұл бағытта атқарылған ауқымды істерді санамалар болсақ, он саусақ түгел бүгіледі екен. Осы ретте жақындап қалған Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, Мемлекет басшының əрбір тапсырмасын мұқият орындап отырғанымыздың дəлелі ретінде Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша білім саласы бағытында атқарылып жатқан істерді аз-кем айтып өтсем деймін. Ең алдымен айтарым, Жетісу аудандық білім бөлімі Елбасының жолдауларында тайға таңба басқандай көрсетілген міндеттерді сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындап отыр. Айталық, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясымен сабақтасып жатқан Доктрина аясында, біз, аудандағы қазақ тілінде оқытатын

оқу ордаларының санын көбейтуді алдымызға мақсат етіп қойдық. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар Жетісу ауданында бұрыннан бері жүргізіліп келеді. Осының нəтижесінде соңғы үш жылда қазақ тілінде білім алатын балалардың саны – 600 оқушыға өсті. Өткен жылы қаладағы Көкжиек ауданында ашылған №177 қазақ орта мектебінде алғашқыда 700 оқушы оқитын, айналасы бір жылдың ішінде олардың саны 1200-ге жетті. Бастысы, ата-аналардың, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген көзқарасы түзелгені қуантып отыр. Бүгінгі таңда Жетісу ауданында орта білім беретін 21 мектеп болса, олардың 5-еуі жаңа типтегі оқу ордалары. Оқушыларға тəлім-тəрбие беретін мұғалімдердің барлығы сын сүзгісінен өткен, тəжірибелі мамандар. Ұстаздарымыздың – 90 пайызы жоғары білімді. Өз басым ауданның білім жүйесі өз жұмысына ұсынықты

қарайтын, білікті кадрлармен қамтылған деп сеніммен айта аламын. Қазіргі күні ауданымыздағы 21 мектепте барлығы 1462 мұғалім білім береді. Биылғы оқу жылында Жетісу ауданындағы орта мектептерде білім алатын оқушылардың саны – 17 мыңнан асып жығылғанын айта кетейін. 2012-2013 оқу жылы да біздің ауданымыз үшін табысты болды. Біріншіден, осыған дейін өткізілген ҰБТ-да үнемі бесінші орыннан көрініп, одан жоғарыға көтеріле алмай қойған Жетісу ауданы өткен жылғы оқу жылында тестілеу нəтижесі бойынша Алматының барлық аудандарын артқа тастап, бірінші орынға көтерілді. Ал түлектеріміздің орташа көрсеткіші – 92,32 балды құрады. Бұл орташа көрсеткішіміз өткен жылмен салыстырғанда 9,93 балға жоғарылады деген сөз. Екінші, соңғы 5 жылда ауданымызда 3 жаңа мектеп ашылды. «Құлагер», «Көкжиек» аудандары жəне Жұмысшы поселкесінде бой көтерген

белестерге көтерілуіне өзімнің де үлес қосатынымды мақтаныш тұтамын. Осы тұста Елбасымыз «жастары мықты елдің жасары да, асары да мол», деп бізге үлкен сенім көрсеткенін əрдайым еске алып, сол сенімінің үдесінен көрінуге ұмтыламын. Мөлдір БАЙМЕНШИНА, «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының жас маманы. Ақтөбе облысы. осынау оқу ордаларының барлығы қазақ тілінде білім береді. Соңғы жылдардың бедеріндегі жағымды үрдіс аралас мектептердегі қазақ тілінде оқитын оқушылар саны артып келеді. Өз тарапымыздан біз аралас мектептердің санын азайтып, мүмкіндігінше орыс тілінде білім алғысы келген оқушыларды орыс мектептеріне жіберіп, таза қазақ мектептерін ашу жолдарын қарастырудамыз. Бастысы, атқарған істеріміз зая кетіп жатқан жоқ. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген болатын. Ал бұл бірінші кезекте ұстаздар қауымына ерекше жауапкершілік жүктейтінін біз жақсы түсінеміз. Гүлнар ҚОЖАБЕРГЕНОВА, Алматы қаласындағы Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы.

Əлеуметтік тўраќтылыќќа ќызмет ету

«Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламасында Елбасы еліміздің 2030 жылға дейінгі əлеуметтік дамуының жалпыұлттық тұжырымдамасын жасау, əлеуметтік заңнаманы жаңарту, əлеуметтікеңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру, қазақстандық өмір сапасын арттыру жəне əлеуметтік үдерістерді тиімді басқару жүйесін құру міндетттерін қойса, «Қазақстан-2050» Стратегиясында əлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын ұсынды. Ол бойынша əлеуметтік қауіпсіздік жəне Қазақстан азаматтарының бақуаттығы қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі ретінде көлденең тартылып, сонымен қатар, жеке жауапкершілікті арттыру тиістілігі де атап көрсетілді. Мемлекеттік саясат тиімділігінің негізгі көрсеткіші халықтың əлеуметтік игілігі, оның көтеріңкі көңіл күйі болып табылады. Оның жарқын мысалдарын облыс өмірінен көптеп келтіруге болады. Мысалы, 2012 жылы білім беру саласын дамытуға 35,6 миллиард теңге қаржы жұмсалды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 6 пайызға көп. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту қарқыны жəне қолда бар резервтер 2015 жылға қарай мектеп жасына дейінгі балаларды түгелдей мектепке дейінгі білім берумен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде жалпы білім беретін мектептердің барлығы компьютерлендірілген жəне интернет жүйесін пайдаланады. Орта жəне негізгі мектептердің жартысынан астамы лингофондық – мультимедиалық кабинеттермен жəне интерактивті тақталармен жарақтандырылған. Білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподағы, оған мүше ұйымдар қызметінде басым бағыттар еңбекке

ақы төлеу жүйесін жетілдіру, педагогтің мəртебесін көтеру, еңбекке жəне техникалық қауіпсіздікке лайықты жағдай жасау, қызметкерлерді сауықтыру, олардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мəселелері болып табылады. Əлеуметтік, экономикалық жəне еңбек қатынастарының тиімді реттелуін қамтамасыз ететін əлеуметтік əріптестік туралы салалық келісім жəне жұмыс берушілермен жасалатын ұжымдық шарт негізінде жұмыс істейміз. «Ұжымдық шарт жасаңыз!» жалпыреспубликалық акциясына қатысу шаралары барысында 627 ұжымдық шартқа қол қойылды. Педагог кадрлардың, оқушы жастардың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға байланысты міндеттемелерді жүзеге асыру жөніндегі салалық келісімдердің орындалуы – ұдайы назарымызда. Білім беру ұйымдарында еңбекақы, еңбек демалысы төлемдері, сауықтыру жəрдемақысы, педагогтердің нормативтік оқыту жүктемесі


БАҒДАРЛАМА «Біз ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едəуір ілгерілеуге қол жеткіздік. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру жұмысы реформаланды. Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есеге азайды, бала туу көрсеткіші 1,5 есеге өсті». Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында осылай деді.

төсектік онкология орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалу үстінде. 2014 жылға «Тіректі елді мекен» бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 3 дəрігерлік амбулатория жəне Арал ауданындағы Сексеуіл ауылдық емханасы мен ауылдық ауруханасының құрылысына, Қызылорда

Халыќтыѕ саулыєы – дамудыѕ кепілі Елбасы айтқан елеулі өзгерістер Қызылорда облысында да байқалады. Мысалы, биыл өткен жылмен салыстырғанда ана мен бала өлімі едəуір қысқарды. Еліміздің басты капиталы адам өмірін сақтау, денсаулығын түзетуге қатысты жасалған бағдарламалар мен бөлінген қаржы тиімді жұмсалып, өз нəтижесін беруде. Аймақтағы денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджет есебінен 928,6 миллион теңге бөлініп, оған 39 бірлік медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Оның ішінде: қалалық ауруханаға 240,0 миллион теңгеге компьютерлік томограф (КТ) жəне жедел жəрдем қызметіне 552,5 миллион теңгеге 13 реанимобиль, 13 мамандандырылған автокөліктер жəне өзге де тауарлар сатып алынған. Əлеуметтік инфрақұрылымдарды, ауруханаларды жаңартуда Қызылорда қаласындағы 200 төсектік перинатальды орталықтың құрылысын аяқтауға 386,8 миллион теңге бөлініп, 2013 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2013 жылы «350 дəрігерлік амбулатория, фельдшерлікакушерлік пункт пен емхана» бағдарламасы бойынша Жалағаш, Шиелі аудандарының орталықтарында ауысымына 250 адамды қабылдайтын емханалардың құрылысын аяқтап іске қосуға 1 808,9 миллион теңге жəне жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға 295,2 миллион теңге бөлініп, желтоқсан айында іске қосылмақ. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысына 652,6 миллион теңге, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысына 581,6 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Осы бағдарлама аясында жергілікті бюджеттен 6 дəрігерлік амбулаторияның, атап айтқанда, Сырдария ауданындағы Бесарық, Айдарлы, Қазалы ауданындағы Басықара, Жанқожа, Жалағаш ауданындағы Аққыр, Шиелі ауданындағы Жақаев ауылдарында емдеу орындарының құрылысын бастауға 526,8 миллион теңге бөлініп, жыл аяғында қолданысқа беру жоспарланып отыр. Қармақшы ауданындағы Төретам кентіндегі ауылдық емхананың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Сексеуіл ауылдық емханасының жəне Қазалы ауданының Қожабақы, Жалаңтөс, Мұратбаев, Түктібаев, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Махамбет, Коммунизм, Шиелі ауданындағы Бидайкөл, Сырдария ауданындағы Шіркейлі, Қармақшы ауданындағы III Интернационал елді мекендеріндегі 10

мəселелерін жүйелі шешу жолдары тынбай қарастырылады. Қоғамдық тапсырыстарды орындаған, медициналық байқаудан өткен, біліктілікті көтеру курстарына жіберілген қызметкерлердің орташа еңбекақысы сақталады. Сала кəсіподағының маңызды қызмет бағыттарының бірі еңбек қауіпсіздігін сақтау жəне қорғау екені даусыз. Бұл жұмысқа 627 қоғамдық еңбек қорғау инспекторы бақылау жасайды. Десе де, еңбек қорғау жəне техника қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталмау фактілері байқалмай қалмайды. Былтыр 236 тəртіп бұзушылық анықталып, 75 пайызы дереу түзетілді. 3 білім қызметкері түрлі дене жарақатын алды. Бақытсыз жағдайлардың негізгі себептері – еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы, еңбек қауіпсіздігінің қарапайым нормаларының сақталмауы, еңбек жəне өндірістік тəртіптердің бұзылуы, құқықтық сауаттылықтың төмендігі. Өкінішке орай, жекелеген заңдар еңбек даулары мен жанжалдарын шешуді тиімді реттей алмай отыр. Мəселен, біз əлі күнге дейін 1993 жылы қабылданған кəсіптік одақтар туралы Заңмен жұмыс істеп келеміз. Онда əлеуметтік əріптестік туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен оны тараптардың орындауы айтылмаған. Елбасының арнайы тапсырмасымен Үкімет кəсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізіп, жаңа жобасын ұсынды. Қабылданатын болса, кəсіподақтар қозғалысына кең жол ашары сөзсіз. Кəсіподақтардың облыстық кеңесі мен жергілікті филиалдары білім беру қызметкерлерін жəне олардың балаларын санаторлық-курорттық сауықтыру, спортқа тарту мəселелерін назардан тыс қалдырған емес. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, мектеп жанындағы, бейіндік, палаткалық лагерьлер, жөндеу-құрылыс бригадалары, сондай-ақ, көркейту, көгалдандыру бригадалары, орманшылық сияқты түрлері кеңінен пайдаланылады. 11760 оқушы демалысқа жəне қоғамдық пайдалы

5

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

дəрігерлік амбулаторияның жобалықсметалық құжаттамаларын дайындауға 134,1 миллион теңге бөлінді. Сондайақ, 2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 9 дəрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізуге 731,3 миллион теңге бөлініп, жыл соңында қолданысқа беру жоспарланып отыр. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 денсаулық сақтау ұйымына, «Қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне» 32,8 миллион теңге, «Облыстық тері-жіңішке аурулар диспансеріне» күрделі жөндеуден өткізуге 26,9 миллион теңге қаржы бөлінсе, «Қармақшы аудандық орталық ауруханасына» күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға жəне мемлекеттік сараптамадан өткізуге 8,2 миллион теңге қаражат қаралды. 2013-2014 жылдарға арналған қысқы жылу маусымына медициналық ұйымдарға ағымдағы жəне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 165,4 миллион теңге бөлінді. Қызылорда қаласындағы ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы бар 175

қаласындағы Тасбөгет кентінде ауысымында 250 адам қабылдайтын емхана құрылыстарын салуға жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 235,9 миллион теңге жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен апаттық жағдайда тұрған 9 дəрігерлік амбулаториясының құрылысына 741,0 миллион теңге қаражат қаралған. Бөлінген қаржының көлемінен-ақ аймақтағы денсаулық саласына қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын айқын аңғаруға болады деп ойлаймыз. Ендігі кезекте, 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылатын шараларға тоқталып өтсек. Денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы қабылданып, бағдарлама шеңберінде 2013 жылға 402,5 миллион теңге қаражат қаралды. Яғни, ана мен бала өлімін төмендету мақсатында 2013 жылға 148,8 миллион теңге, аудандық ауруханаларға тəулік бойы жұмыс жасайтын акушер-гинекологтарға – 27,1 миллион теңге, облыстық медицина орталығына санитарлық авиация жұмыстары үшін

жылжымалы бригадамен қамтамасыз етуге – 4,8 миллион теңге, дəрігерлердің біліктілігін арттыруға – 28,8 миллион теңге, бала өлімін төмендету мақсатында бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарын жетіспейтін мамандармен қамтамасыз етуге – 21,8 миллион теңге, сонымен қатар, мектеп жасына жəне мектеп жасындағы балаларға толыққанды стоматологиялық көмек көрсету мақсатында 52,1 млн. теңге қаражат қаралды. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету мақсатында есепте тұрған науқастарды тегін дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету үшін 15,1 миллион теңге қаражат бөлінді. Онкологиялық аурулардың алдын алу жəне өлім-жітім көлемін төмендету үшін химиопрепараттармен қамтамасыз ету үшін 6,2 миллион теңге, амбулаторлық хирургия, функционалдық диагностика кабинеттері үшін жəне де аудандық емханаларды эндоскопист мамандармен қамтамасыз ету үшін 9,7 миллион теңге қаражат қаралды. Биылғы жылдың жазғы демалыс уақытында балалар жазғы лагерьлерінде алғаш рет стоматологиялық көмекпен 6810 бала қамтамасыз етілді, оның ішінде 2876 бала сауықтырылды. Қыркүйек айынан бастап стоматологияға қосымша 52 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда аудандық жəне қалалық емханалармен қоса облыстағы стоматологиялық қондырғылармен жабдықталған 28 мектепте стоматологиялық көмектер көрсетілуде. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес, облыстың денсаулық сақтау саласын жандандыру мақсатында «Жол картасы» əзірленді. Иран ШАМЕТЕКОВ, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. ҚЫЗЫЛОРДА.

ҚАЛЫПТАСҚАН

ҚАЗАҚСТАН

СТРАТЕГИЯ-2050

СТРАТЕГИЯ-2030 НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

«Адамдардың тұрмыс-жағдайын түбегейлі өзгертіп, өмір сүру дәрежесін жақсартудың өмірлік зор маңызы болды» Н.Ә.Назарбаев Орташа айлық жалақы

9,3 есе өсті

Орташа зейнетақы төлемдері

10 есе өсті

Тұрғындардың бастапқы ақшалай табысы

16 есе өсті

ЖЫЛ САЙЫН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

2011 жыл

631 млрд. теңге 1999 жыл 46 млрд. теңге

Құрамына денсаулық сақтау саласының бес инновациялық нысандары кіретін МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕР құрылды: Балалардың сауықтыру орталығы Ана мен бала орталығы Нейрохирургиялық орталық Жедел медициналық жәрдем орталығы Кардиологиялық орталық

Қазақстанның барлық өңірлерінде САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ алу үшін БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР жасалуда Қазақстанның ең шалғай аудандарын медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында КӨЛІК МЕДИЦИНАСЫ БАРЫНША ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫТЫЛУДА

ҰЛТТЫҚ СКРИНИНГ ЖҮЙЕСІ ауру түрлерін асқынбай тұрып анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ТЕГІН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЕНГІЗІЛДІ

еңбекке тартылды. Денсаулық түзеу орындарында 200 білім беру қызметкері, «Солнечный» санаторийінде кəсіподақ мүшелерінің 81 баласы сауықтырудан өтті. Аталмыш шараларға 21 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сол сияқты, апатты жағдайлардан зардап шеккен білім беру қызметкерлерінің отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды. Астана қаласына туристік саяхат жасауға арнайы қаржы бөлінді. Кəсіподақ ұйымына 31500 білім беру қызметкері мүше. Жыл өткен сайын олардың қатары молайып келеді. Биыл 2 мыңнан астам адам мүшелікке қабылданды. “Ұжымдық шарт жасаңыз!” акциясын өткізу барысында 3 бастауыш кəсіподақ ұйымы құрылды. Қазір 630 бастауыш кəсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Əрине, кəсіподақ жұмысын білікті кадрларсыз жүргізу мүмкін емес. Осы мақсатта біз кадрлар оқуына зор маңыз беріп келеміз. Өткен жылы 1857 кəсіподақ белсендісі өз білімдерін жетілдірді. Кəсіподақ комитетінің жетекшілері республикалық білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіподағы федерациясының халықаралық білім беру ұйымымен бірлесіп өткізген семинарға қатысты. Бастауыш кəсіподақ ұйымдарында, жұмыс орындарында кəсіподақ өміріне тікелей қатысты мəселелер бойынша кездесулер, əңгімелесулер, дөңгелек үстелдер өткізу жұмыс тəжірибесіне енген. Қазақстан тəуелсіз даму жылдарында əлеуметтік саланы реформалаудан бірқатар параметрлері бойынша көрші елдерден озып, жаңғырту үдерістері белсенділікпен жалғасып келеді. Кəсіподақтардың да басты мақсаты – əлеуметтік тұрақтылыққа қызмет ету болып табылады. Назымбек ОРАЗЫМБЕТОВ, білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіподағы облыстық кеңесінің төрағасы. Солтүстік Қазақстан облысы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы тіршілік-түйсігімізге түбегейлі өзгерістер алып келген кең ауқымды құжат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында қалыптасқан мемлекеттің тағдыршешті ұстанымына «Жасыл даму», «Жасыл көпір», «Жасыл ел» ұғымдарын алып келді. Əлем дамуының бүгінгі қарқыны мен үрдісінде табиғи ресурстар тіршілік нəрі ғана емес, мемлекет қауіпсіздігінің қуатты тұтқасына айналуда. Сондықтан, мүмкін болар экономикалық қақтығыстар жағдайында бəсекелестік пəрменін арттыру құралы ретінде, экологиялық проблемаларды шешу стратегиялық басым бағыттар қатарында тұратыны мəлім. Бұл мəселелер Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттықнасихат тобының жетекшісі, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың 18 қарашада облысымызға жасаған сапарында нақтылай атап көрсетілді.

15 жыл ішінде тұрғындардың саны 14 млн. адамнан 17 млн. адамға дейін өсті Орташа өмір сүру ұзақтығы

Тіршіліктіѕ алтын тамыры

Ақмола өңірінде 4707 шаруашылық нысаны табиғат байлықтарын пайдаланушылар ретінде тіркелген. Біздің департаменттің міндеті мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру мақсатында экологиялық бақылау жəне экологиялық реттеуді қамтамасыз ету болып табылады. Талдау нəтижелері облыс аумағында қоршаған ортаның ластану деңгейіне сəйкес ауа бассейнінің жағдайы біршама өзгергенін көрсетті. Мұндағы негізгі əсер етуші көздер, əдеттегідей, тау-кен өнеркəсібі, сондай-ақ, жаңа кəсіпорындар саны мен қолданыстағы автокөлік паркінің ұлғаюы болып табылады. Мəселен, стационарлық ластаушы заттардың шығарынды көлемінің жалпы ауқымы 2012 жылы 37,817 тоннаны құраса, биылдың өзінде 45,3 мың тоннаға жетіп отыр. Инспекторлық тексеру шаралары барысында нормадан асып түскен шығындылар көлемі жылына 1,256 тоннаны көрсетуі елеулі алаңдаушылық тудырады.

Табиғат пен қоршаған ортадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі облыстық бағдарлама экологиялық бақылау жəне экологиялық реттеу шараларының тиімділігін арттыруды көздейді. Бұл бағытта департамент қызметкерлері мақсатты жұмыстар атқаруда деуге болады. Биылғы сегіз айда табиғатты пайдаланушылар саны 402 бірлік болса, мұнда 335 тəртіп бұзушылық фактісі анықталып отыр. Аталған нысандардың барлығына қатысты əкімшілік шаралар қолданылды. Осының нəтижесінде 14622,32 мың теңге айыппұл өндіріп алынса, қоршаған ортаға келтірілген экономикалық зиян көлемінің орнын толтыру жөнінде 11374 мың теңгенің 44 талабымыз қанағаттандырылды. Қазіргі күні шаруашылық нысанының қызметін тоқтату туралы екі арызымыз сот өндірісіне алынды. Экологиялық реттеу мəселесінде 2013 жылдың сегіз айында 149 жобалық құжаттама сараптамаға келіп түссе,

оның 84-і қанағаттандырылып, 34-іне сараптама алдында, 20-сына шара барысында бас тарту жөнінде шешім қабылданды. Есепті мерзімде қоршаған орта эмиссиясына қатысты 76 өтінімнің 29-ына рұқсат берілсе, 39-нан бас тартылды, қалған 14-і қарастырылу үстінде. Осы ретте, биылғы жылдың наурыз айында облыстың экологиялық проблемалар тізімінің жаңғыртылуына байланысты кері əсердегі біршама жағдайлардың бой көрсеткенін алға тартқымыз келеді. Мысалы, Ақмола облысында қолданыстағы 547 қалдық полигонының 24-і ғана ресімделген. Аталған бағыттарға жергілікті атқарушы органдар тарапынан белсенділіктің болмауынан табиғатты пайдаланушылар салық органдарының талаптары бойынша 10 есе көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Айталық, «Бурабай-Сервис» МКК 27 миллион теңге аударуы қажет. Атбасар, Есіл жəне Жарқайың аудандарында органикалық иесіз қалдықтар бар. Бұл жөнінде сот шешімдері болғанымен, жаңа

70 жасқа жетті

тізім ауқымында қосымша қаржыландыру мəселесі баяу жүргізілуде. Біздің бақылауымыздағы су қоймалары, ағынды сулар мен тазартқыш қондырғыларының жағдайы, қорықтар гидроимараттары, радиоактивті қалдықтар көмбесі, автожолдар құрылысы ерекше назарда ұсталуда. Бұған қатысты тиянақты іс-шаралар жүзеге асырылып, тиісті қайтарым бере бастады. Дегенмен, 2013 жылы парник газдарының шығарындыларына квота бөлу туралы Ұлттық жоспарына енген мекемелерге сертификаттар бөлу өзекті мəселе саналады. Аталған жоспарға облыстағы елді мекендерді жылумен қамтамасыз ететін кəсіпорындар енгізілген. Бірақ, оның қатарында ең көп көлемде парник газдарын шығаратын (жылына 500 млн. тоннадан астам) «Көкшетаужылу» МКК болмауы экологогтарды бейжай қалдыра алмайды. Бұған қоса, квоталық сертификаты болмаған мекемелерге айыппұлдық санкцияларды шегере тұру мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды. Осыған байланысты аталған мекемелерді қаржыландыру мəселесін жеделдету қажет деп білеміз. Қайрат ƏБДІРƏСІЛОВ, Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы. Ақмола облысы.


6

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

● Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Баєдарламалардыѕ аяќсыз ќалуы шенеуніктердіѕ сыбайлас жемќорлыќќа əбден ќўныєып кеткенінен. Мўны Мəжіліс депутаты Асхат БЕКЕНОВ кґлденеѕ тартты «Қазмедиа орталығының» кезекті қонағы Мəжіліс депутаты Асхат БЕКЕНОВ болып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сын-ескертпелеріне байланысты өзінің ойын білдірді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Елбасының нақты сын-ескертпелерінен кейін мемлекеттік органдар өз жұмысын қайта қарап, жітілікпен жүргізуге тырысуда деп ойлаймын, деп бастады ол өзінің сөзін. Сондықтан да мұндай сындардың пайдасы өте зор. Одан əрі депутат жергілікті билік органдарының бағдарламаларды іске асыра алмау себептеріне тоқталды. Мен нақты бағдарламаларға бөлінген қаражаттарды игермей, белгіленген жұмыстарды іске асыра алмай жату – орталықтағы жəне жергілікті деңгейдегі шенеуніктердің елдегі нақты жағдайды білмеуінен, мүмкін, тіпті, білгісі де келмегенінен, тек жеке бастарының ғана мүддесін көздеп, сыбайлас жемқорлыққа əбден құнығып кеткенінен деп санаймын. Басқаша түсіндіру қиын, деді депутат. Мəселен, ауылды жерлерді дамыту бағдарламасы бүгінгі күні 30 пайызға ғана іске асуда. Қабылданған бағдарламаны іске асырмақ түгілі, Өңірлік даму министрлігі терең сарап жүргізілмеген, екшелмеген жəне ешқандай нақты себептермен негізделмеген жаңа бағдарлама қабылдады. Мұндайға жол беруге болмайтынын Елбасы да өзінің сөзінде атап өтті. Енді халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын алайық. Осынау, халыққа аса қажетті бағдарлама 2002 жылы қабылданған еді. Оған мемлекеттік бюджеттен 195 млрд. теңге қарастырылды. Алайда, таза ауыз су бағдарламаға енгізілген ауылдардың жартысына да жеткізілмеді. Құқық қорғау жəне прокуратура органдары осынау көлемді қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын, жобалықсметалық құжаттарды орындамаудың толып жатқан фактілерін анықтады, деді А.Бекенов. Мердігерлерге атқарылмаған жұмыстар үшін ақша аударылған, сөйтіп, жергілікті шенеуніктер олармен бөлісу арқылы миллиардтаған соманы қолды қылған. Бірнеше мысал айта кетейін. Ақтөбе облысындағы облыс орталығына жақын орналасқан Хлебодаров кенті ауылдағы жалғыз құдықтан су ішеді. Құбыр тарту арқылы салынған ондаған құдықтың бірі де істемейді. Жалпы, осы облыста ауыз суға 300-дей елді мекен əлі күнге зəру болып отыр. Ал алты елді мекенге су тасылып жеткізіледі. Осы облысқа таза ауыз су тарту үшін ондаған миллиард бюджет қаражаты бөлінді. Қайда кетті сол ақша? Тексеруші органдар жұмыс істей алмайтын мердігердің мүддесі үшін тендерді жеңгізіп, оларға ақша алып берілгенін анықтаған. Сөйтіп, келісімнің шарттары орындалмайды, ал оған бақылау жасауға тиісті аудандық құрылыс немесе архитектура бөлімдері мұндайларға көзжұмбайлық жасап, қабылдау актісіне қол қоя салады. Осылайша, олардың өздері бюджет қаражатын қымқырушылардың қылмыстық əріптесі болып отыр, деді депутат. Одан кейін, 2011 жылы халыққа таза ауыз суды одан əрі жеткізуді мақсат еткен «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданғаны белгілі, деді А.Бекенов. Осы бағдарлама бойынша Ақтөбе облысына 5,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл бағдарламаны іске асыру орындалмай жатыр. Мəселен, Мұғалжар ауданындағы Ақкемер кентінде істелген жұмыстар жобалық құжаттарға сəйкес келмейді. Ал оны орындаған «Кілт» ЖШС-іне 209 млн. теңге берілген. Осындай келеңсіз жайлар басқа облыстарда да бар. Мысалы, жуырда Алматы облысындағы Қайназар ауылында балалардың жаппай іш өту фактісі тіркелді. Сөйтсе, ондағы халық ауыз суды əлі күнге көлдерден алып ішуге мəжбүр екен. Əрине, мұндайдың арты неге соқтыратыны белгілі. Есік қаласындағы ауруханаға іштері тоқтамау дертімен түскен 88 баланың бəрі де ауыз судан уланғандар болып шықты. Артынан мұндай балалардың саны 123-ке жетті. Ал соның алдында, екі жыл бұрын Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында балалардың жаппай сары ауруға шалдығу фактісі тіркелген еді. Мұның да себебі сол – ауыз судың ластығынан болған. Депутат келесі кезекте жалпы осы облыстағы 234 елді мекеннің таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғанын атап көрсетті. Судың ластығынан Қапшағайдың маңындағы Ақөзек ауылында үстіміздегі жылдың тамыз айында адам түгілі малдың да жаппай қырылу фактісі тіркелді. Таза ауыз суға қол жеткізе алмаған Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылының ашынған тұрғындары жиналыс ашып, Үкімет пен депутаттардан жергілікті биліктің бөлінген қаражатты дұрыс жұмсауын қадағалауды өтінді. Өйткені, осында 2006 жылы 302 млн. теңге тұратын арнаулы қондырғы қойылып, су бұрғыланған еді. Алайда, қымбат қондырғы ақыры іске аспады. Су құбырларын тарту да іске аспады. Ашынған тұрғындар осыған кім кінəлі екенін анықтауды талап етіп отыр. Ал өздері, амал жоқ, тасып əкелінген суды ғана қанағат тұтуда. Оның сапасын да ешкім тексермейді, деді халық қалаулысы. Одан əрі А.Бекенов «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының дұрыс орындалмай жатқанына тоқталды. Күні бүгінге дейін, деді ол, денсаулық сақтау саласының нысандарының пайдалануға беру мерзімі үнемі кейінге қалдырылып келеді. Ал осыған кінəлі бірде-бір адам жауапкершілік тартқан емес. Бұл бағдарлама 2011 жылы толығымен аяқталуға тиіс еді. Бірақ əлі күнге орындалған жоқ. Əңгімесінің соңында депутат салынған нысандардың сапасыздығына тоқталып, бірнеше фактіні көлденең тартты. Соның ішінде Көкшетаудағы, Шымкенттегі жаңадан салынған ауруханалардың құлап қалғанын ауызға алды. Бұл бағдарлама бойынша барлығы 1,5 млрд. теңге ұрланып, 34 қылмыстық іс қозғалды, деді ол. Одан əрі ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы, «Бизнестің жол картасы-2020», т.б. бағдарламалардағы келеңсіз жайттарға тоқталып, бірнеше мысалдар келтірді.

ЖОЄАРЫ БІЛІМДІ ЖЎМЫССЫЗДАР ЖЕТІП ЖАТЫР Бір ауданда 300 заѕгер, 1 токарь тўрады...

Камал БҰРХАНОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, саяси ғылымдар докторы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сын-ескертпелері жастар жəне ұлттық қауіпсіздік проблемалары туралы сөз қозғауға себеп болып отыр. Қазақстан – тəуелсіздігін алғанына енді ғана 22 жыл толғалы отырған өте жас мемлекет. Бүгінгі күні 17 млн. қазақстандықтың 5 млн.-нан астамы 30-ға жетпегендер. Бір сөзбен айтқанда, əрбір үшінші тұрғын жас азамат. Бүгінгі 30-ға толмаған жастардан 20 жылдан кейін ел басқаратын азаматтар шығады. Олардың білімдері мен тəжірибелері, адамгершілік құндылықтары Еуразияның қақ ортасында орналасқан елге жаңа түр беретіні сөзсіз. Сондықтан да жаңа ұрпақтың қалыптасуына жіті көзбен қарап, мемлекеттің жастар ісіндегі саясатын ең озық əдіспен ұйымдастыруымыз керек. Қазақстанның жақын перспек тивадағы стратегиялық мақсаты – елді əлеуметтікэкономикалық тұрғыдан жаңартып, осы заманғы демократиялы, əлеуметтік бағдардағы мемлекет құру. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру мен тəрбие саласына үлкен көңіл бөлген «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауының негізгі ұстанымы да осы. Өкінішке қарай, əлі күнге біздің қоғамымыз бұл салада діттеген межеден алыс жатыр. Осы бағыттағы бізді барынша алаңдататын олқылықтар бірнешеу. Біріншіден, жоғары білімі бар жұ мыссыз жүрген жастардың ахуалы. Алдымен, кеше ғана араб елдерінде болған қанды толқуларды еске алайықшы. Бұл оқиғалар Тунистегі «Мұхаммед Буазизи» университетін бітірген жас жігіттің жұмыс таба алмағанына қатты налығаннан өзін өзі қол салуынан басталды. Оның аяғы үкімет басына радикалды исламшылдардың келуімен жалғасты. Демек, Тунистегі жоғары білімді жастардың жұмысқа тұра алмағанына күйінуі шегіне жетіп, жарылуға тек бір шырт еткен шырпы ғана жетпей жүрген екен. Төңкерістің ең басты қозғаушы күші нақ осы жұмыссыз жүрген жоғары білімді жастар болғаны соны айғақтады. Енді Египетті алайық. Мұндағы 2,5 млн. жұмыссыздың да 43 пайызы жоғары білімділер болып шықты жəне олар «Ат-Тахрир» алаңындағы қантөгісте белсенділік көрсетті. Ал осы мемлекеттер ІЖӨ өсімі жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқан дамушы елдер еді. Енді біздің елдегі жағдайды алайық. Ресми деректерге қарағанда, 8,8 млн. еңбекке жарамды адамның 5 пайызы, яғни 474,8 мыңы жұмыссыз болып есептеледі. Соның 128,1 мыңы жоғары білімді жастар. Əрине, біздегі статистикалық деректердің нақтылығына сену қиын. Сондықтан өзіміз талдап көрелікші. Жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындарын 160 мың жас бітіреді екен. Соның 60 мыңы жұмысқа тұра алмайды. Егер осы санды соңғы 10 жылға көбейтсек (жастар деп 21 мен 31 жас арасындағыларды айтамыз ғой), жан шошырлық сандарды көреміз. Бұларды халық санының пайыздық үлесіне шақсақ, жоғарыда аталған араб елдерінен де анағұрлым жоғары екеніне көз жеткіземіз. Бұл сандар біздегі ресми деректерден əлдеқайда көп. Мүмкін, артықтау болар, таласым жоқ, бірақ əйтеуір ойланатын жайт екені рас. Осы орайда тағы бір мысал келтірейін. Біз жыл сайын 25 мың құқықтанушы дайындап шығарады екенбіз. Білім жəне ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда, соның тек 50 пайызы ғана жұмысқа тұра алады. Қалғандары жоғары білімді жұмыссыздар категориясын толықтырады. Егер осы санды да соңғы 10 жылға көбейтсек, бізде 125 мың заңгердің жұмыссыз жүргенін көреміз. Үстіміздегі жылғы жаз айында Қызылорда облысындағы сайлаушылармен кездесу барысында 80 мың тұрғыны бар бір аудандағы «қызық» оқиғаның куəгері болдым. «Заңгер-кеңесшінің» орны босап, сол вакансия туралы жергілікті, таралымы шағын газетке хабарландыру беріледі. Сонда... əлгі орынға ниет білдіріп, осы ауданның аумағында тұратын 300 заңгер өтініш түсіріпті. Ал осы 80 мың тұрғыны бар ауданда бір-ақ токарь бар екен, оның өзі 80-ге келіп қалыпты... Осындай үрдіс барлық ауданда бар. Орта есеппен алғанда, біз əрбір ауданға 140 заңгерден дайындайды екенбіз. Ал бізге сол керек пе деген сұрақ ешкімді ойландырмайды. Сол артық мамандыққа жəне жастардың көбі ақылы түрде оқиды. Не ата-аналар, не қоғам, не мемлекет бұл мəселеге көңіл аудармайды. Бұл жердегі ең басты проблема – қалтасына заңгердің күректей

дипломын салған оқу бітірген жастың тек өзінің мамандығы бойынша қызметке тұруды көздеп, басқа ешқандай кəсіпке барғысы келмеуінде болып тұр. Əсіресе, жұмысшы, құрылысшы немесе, т.б. жұмысқа олар ешқашан бармайды. Міне, сондықтан да жұмыссыздардың арасындағы жо ғары білімді жастар категориясына түрлі əлеуметтік катаклизмға ұрындыруы мүмкін жарылғыш зат ретінде қарап, қатты көңіл бөлуіміз керек. Екіншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында жан-жақты талданған мəселесіне тоқталуды жөн көріп отырмын. Біздің бүгінгі жастарымыз экономиканың нақты секторында еңбек етуге ұмтылмайды. Барлығы да банкир, прокурор, дипломат болғысы келеді. Сонда біз құрылысшыларды, токарьларды, слесарьларды, дəнекерлеушілерді, шаштараздарды, аспаздарды қайдан аламыз? Президенттің мақаласында алдауыш əлеуметтік бағдарға адаспау керектігі анық көрсетіліп, осы теріс ұстанымнан неғұрлым тезірек құтылсақ, елімізді соғұрлым жылдам жақсарта түсетініміз нақты айтылды. Қызылорда облысындағы жоғарыда айтылған мысалға қайта оралайықшы. Егер аудандағы жасы 80-ге таяп қалған жалғыз токарь көз жұмса не болады? Онда аудан тұрғындары токарьды 200 шақырым жердегі облыс орталығынан іздейтін бола ма? Бұл токарьға тірелетін ұсақ қызметтің бағасы барып-келуі бар, іздеуі бар 1,5-2 есеге қымбаттайды деген сөз емес пе? Тағы бір мысал келтірейін. Алматы облысының 4 мыңдай тұрғыны бар бір ауылында қазақстандық белгілі компанияның бірі тепловоздарға қызмет көрсететін депо ашады. Сөйтіп, ауыл тұрғындары үшін 200 жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмысқа алудың шарты да тамаша – мамандыққа компанияның өзі үйретеді, ал еңбекақысы істеген жұмысына қарай 160 мың теңгеден басталады. Демек, 200 мың теңгеге дейін еңбекақы алуға болады. Сөйтсе... жартысы жұмыссыз жүрсе де жергілікті тұрғындардың бірде-бірі мұндай жұмысқа тұрғысы келмепті. Сонда бұл не масқара! Жалқаулық па, əлде басқа ма? Содан компания вахталық əдіспен жұмысшыларды (өзбектер мен қырғыздар) алыстан тасуға мəжбүр болған. Міне, осындай жағдай, өкінішке қарай еліміздің барлық аймақтарына да тəн. Адамның

жұмыстан қашуы – өте қауіпті дерт. Осы дерт кезінде азуын айға білеген талай елді, соның ішінде ұлы Рим империясын да құлатқан. Римдіктер үшін бəрін де құлдар істеп, өздері тек ойын-сауықпен ғана өмір сүрген. Негізінен, соның салдарынан адамзат тарихындағы ең ұлы империяның бірі келмеске кетті. Президенттің стратегиялық əрі идеологиялық маңызы зор сол мақа ласы, біздіңше, ұзақ талданғанымен, жеріне жеткізіп іске асырылмады. Оны дөңгелек үстелдерде, конференцияларда талдаумен, пікір айтумен ғана шектеліп, ұмытуға айналдық. Ол барлық деңгейдегі əкімдердің, мектептер мен ЖОО-лар басшыларының, соның ішінде ата-аналардың есінен бір сəт те шығармайтын құбыланамасы болуы керек еді. Жас ұрпақты үлкендердің қоғамына дайындауға ата-ана да, қоғам да, мемлекет те бірдей жауапты. Барлық жан иесі өздерінің балаларын өмір сүруге баулып, екі түрлі функцияны орындайды. Мəселен, қасқыр да, торғай да баласын тамақтандырып жатып, оған болашақта қалай өмір сүруді үйретеді. Өкінішке қарай, біз балаларымызға тек тұтыну функциясын ғана жасаймыз. Яғни, тамақтандырып, киіндіруді ғана білеміз. Əрбір ата-ана баласына еңбексүйгіштікті, заңды тыңдауды, қарапайымдылықты, сонымен бірге, Отанын сүюді үйретуі керек. Сонымен бірге, баланың санасына жаман кəсіптің болмайтынын сіңіруі керек. Үшіншіден, жастар мен дін мəселелеріне тоқталсам деймін. Мешіттегі жұма намаздарына барып көргеніңіз бар ма? Онда мешіттің ішіне сыймай, сыртына дейін жайылған намазхандардың 90 пайызы жастар екенін көресіз. Ал енді имамдардың уағызына құлақ салсаңыз, тек шариғат пен Араб Шығысының дұрыс өмір сүру постулаттарын айтып жатқанын естисіз. Қазақ даласында ешқашан да шариғат заңдары үстемдік етпеген. Бұрынғы қазақтар алдымен Шыңғыс ханның «Яссы», одан Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», одан Тəуке ханның «Жеті жарғысымен» ғана өмір сүрген. Біздің ешқандай биіміз қандай қылмыс жасаған адам болса да шариғат заңдарындағыдай саусақтарын шабу, көзін ойып алу немесе таспен ұрып өлтіру туралы үкім шығармаған. Барлық жағдайда да құн төлетіп, материалдық тұрғыда ғана жаза берген. Біздің ұлы да дана бабаларымыз Ислам дінін қабылдағанда, мынадай негізгі қағидаттарды анық белгілеген: қазақтар Құранды шын,

Кемшілікке кеѕшілік жоќ (Соңы. Басы 1-бетте).

«Жұмыс істемейтін бағдарламаларға жабысып отыра бермеңіздер. Біз оларды қысқартып, босаған қаржыны дағдарыс пен күрес шаралары аясындағы экономиканың басым бағыттарына, атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканы дамытуға негізделген шараларға қарай бағыттауымыз керек», деп атап көрсетті Серік Ахметов. Сондай-ақ, жекешелендірудің екінші толқыны аясындағы кəсіпорындар мен нысандарды арттыру жөніндегі мəселені талқылау барысында да Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар

берді. Премьер-Министр, əсіресе, мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті органдардың əрекетсіздігіне қатысты өз наразылығын жасырмады. «Бізде жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару жөнінде қаншама комитеттер құрылған. Бірақ олардың немен айналысып отырғаны түсініксіз. Жергілікті жерде мемлекет мүлкінің мəселелеріне қатысты екі мем лекеттік орган жұмыс істеп отырса да атқарылған шаруаны көріп отырғанымыз жоқ. Мұнымен нақты шұғылдануымыз керек», деп тапсырды С.Ахметов. Сонымен қатар, кеңеске қатысушыларға Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу

барысы қатаң қадағалануының қажеттігін ескертті. «Тапсырмаларды жүзеге асыру министрлердің ерекше бақылауында болуы тиіс. Оларды нақты жəне сапалы етіп орындау өз нəти же лерін беретіндігі анық. Сондықтан Президент тапсырмаларының орындалу барысын қатаң қадағалауға алуды тапсырамын», деп атап көрсетті Үкімет басшысы. Сонымен қатар, Премьер-Министр Президенттің жуықтағы Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарының барысында берген тапсырмаларына да тоқталып өтті. «Мемлекет басшысы бұл облыстағы үдемелі индустриялық-инновациялық

Пайғамбарды хақ, Құдайды жалғыз деп мойындайды. Сонымен бірге, ата-бабасының, ақылды, данышпан адамдардың рухын (аруағын) құрметтейді. Оларға сыйынбайды, бірақ медет сұрайды. Медет деген жəрдем емес, түс я басқа жолмен дұрыс бағытты көрсетуін тілеу. Біздің жастарымыз өзіміздің дəстүрімізбен, өзіміздің дана бабаларымыз ғасырлар бойы қалыптастырған қазақы Исламның қағидаттарында тəрбиеленуі керек. Өкінішке қарай, біздің жастарымыз бірте-бірте радикалды топтардың қатарын көбейтіп келеді. Мəселен, осыдан біраз жыл бұрын біздің бір еңбекпен түзеу колониямызда 10 діни радикал-лаңкесшінің отырғанын көріп едік. Бір жылдан кейін барсақ, сол жерге 200-і отырыпты. Бір жылдағы өсім 20 есе! Демек, оларды отырғызу арқылы санын азайта алмаймыз, тек жастардың санасына шындықты егіп, көздерін ақиқатқа жеткізу арқылы ғана мұндай үрдісті азайтуға болады. Түрмелер ислам-экстремистерінің фабрикасына айналмас үшін оның ішінде де ақиқатты көрсететін идеологиялық жұмыстар жүргізілуі керек. Сайып келгенде, бұлар – елдің қауіпсіздігі, халықтың тыныштығы үшін қажет. Ислам əлеміндегі радикалды қозғалыстың қаупі аса зор. 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО əскерінің кетуіне байланысты бұл қозғалыстың жандана түсетіндігін көптеген сарапшылар əсіре үрей үшін емес, жергілікті жағдайды жақсы білгеннен соң айтады. Орталық Азиядағы Өзбекстанның исламдық қозғалысы (ӨИҚ) сияқты толып жатқан радикалды топтар қазір алақандарына түкіріп отыр. Оларға біздегі радикалдардың да қосылмайтынына кім кепіл?! Сондықтан да НАТО бітімгершілерінің кетуіне байланысты барлық өңір елдері соның ішінде Қытай, Ресей сияқты үлкен мемлекеттер де бар, қатты дайындыққа кіріскен. Біз де дайындалудамыз. Бірақ дайындық деңгейіміз күткендегіден көп төмен. Бұл істе тек күштік құрылымдарды нығайтумен жеңіске жетеміз деген қателік болады. Күнделікті, тынымсыз идеологиялық күрес қана діттеген мақсатқа жеткізе алады жəне ол барлық ауылды, елді мекенді қамтитындай болуы керек. Осы орайда мына мəселеге назар аудара кету орынды болмақ. Дін істері жөніндегі агенттіктің облыстық бөлімшелері əкімдіктердің қарамағына беріліп, агенттіктің қанатын қырқып тастағанымызды қалай түсінерімізді білмедік. Əкімдіктерде дін істерінен басқа да толып жатқан проблемалар бар емес пе? Күнделікті экономикалық проблемалар, кəсіпкерлік, мектеп, аурухана, жұмыссыздық, т.б. жетпегендей олардың мойнына енді діни экстремизмге қарсы күрес ісін іліп отырмыз. Бұл – білген адамның шешімі емес. Əкімдіктегілер білікті маманды, үлкен білімді қажет ететін бұл күрделі де нəзік істе тек көмекші ғана болса керек еді. Соңғы екі жылда Дін істері агенттігі діни бірлестіктердің санын 4,5 мыңнан 3 мыңға, 44 конфессияны 17-ге дейін түсіріп, ұлан-ғайыр жұмыс істеді. Қайта тіркеулер агенттіктің екі бірдей сарап орталығының жіті зерделеуінен өткен соң ғана жасалды. Енді осы істі жергілікті органдарға беріп қойғаннан не ұтарымыз түсініксіз. Құдайға шүкір, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс саясатының арқасында еліміз жақсы қарқынмен дамып келеді. Біздің елдің ІЖӨ-сі Орталық Азиядағы төрт республиканың қосындысынан да екі есе артық. Олардікі 81 млрд. АҚШ доллары болса, біздің жалғыз өзіміздікі 184 млрд. долларды құрайды. Бұл тіпті 50 млн. халқы бар Украинанікінен де (165 млрд.) жоғары. Бұл – өзіміздің емес, Бүкілəлемдік банктің былтырғы жылғы дерегі. Көріп отырғанымыздай, біздің мақтан тұтар дүниелеріміз көп. Бірақ, біздің ең басты байлығымыз адам екенін ұмытпайық. Кез келген халықтың, мемлекеттің жарқын болашағы оның жастарды қалай тəрбиелеп, санасына қандай құндылықтарды егуіне тікелей байланысты. Біздің бүгінгі жастарымыз қандай болса, 20-30 жылдан кейінгі еліміз де сондай болады. Бір сөзбен айтқанда, жастар біздің діңгегіміз. Бұдан мың жыл бұрын біздің ұлы жерлесіміз Əбу Насыр Əл-Фараби: «Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Өкінішке қарай, біз көбінесе осыны ұмытып кетеміз. Өзгені ұмытсақ та, ұлылықты ұмытпауымыз керек. Қорыта айтар болсақ, біз қазір жоғары білімді жұмыссыз жастардан, қарапайым жұмыс істеуді қаламайтындардан жəне Исламның араби жолын ғана дұрыс санап, қазақы дана жолынан адасушылардан қатты қауіптенуіміз керек. Идеологиялық күрестеріміз күндіз-түні осы жамандықтарға қарсы бағытталғаны жөн.

дамудың мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына қатысты бірқатар сындар айтты. Бұл өңірде аталған бағдарлама бойынша 38 кəсіпорын ашыл ғанымен, олардың 29-ы ғана жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін ха лықтың аузында болып келген ірі цемент зауыты ашыла салысымен жабылған. Осының мəн-жайын анықтаңыздар» деп тапсырды Үкімет басшысы тиісті өкілетті органдарға. Кеңес барысында автокөлік жолдары қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды тиісті технологиялық қажеттіліктермен жабдықтау мəселесі де қозғалды. «Тек үстіміздегі жылдың өзінде Жамбыл облысының жолдарында, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қы тай» жол телімінің бо йында 1 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, 300ден астам адам қаза тапқан. Жолдар

бөлу белгілерімен жабдықталмаған», деді Премьер-Министр. Осыған орай бірінші санатты жолдарды салған кезде тиісті құрал-жабдықтарды; жылдамдық өлшегіштерді, бақылау құралдарын орнатуды естен шығармау қажеттігін ескертті. «Төрт жолақты жолды салған кезде жол бөлу белгілерін орнатпай кету салақтығын қалай түсінуге болады. Астана – Бурабай жолына қараңыздаршы. Мұндағы жаңа жол салынғанға дейін жол бойында жылына 80 адам қайтыс болатын. Ал 2012 жылы 1 ғана адам қаза тауыпты. Міне, осындай жайдан қорытынды шығарып, өз жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарауларыңыз қажет», деген Үкімет басшысы осы проблемамен айналысып, орын алып отырған кемшіліктер мен өрескелдіктерді жою жөнінде нақты тапсырма берді.


26 қараша 2013 жыл

● Толғандырар тақырып «Ол да кюнетке кіріп кетіпті, бұл бір масқара болды. Сендер журналиссіңдер ғой. Осыны жазуға болмай ма, қазақтың қаншама қара баласын қақпанына түсіріп, жетегінде жүгірткен бұл неғылған керемет? Соған кірмекке жұрт кредит алып жүр, белшеден қарызға батып. Бұл не сонда, қаржылық пирамида ма, əлде басқа ма? Өзі тіпті, сайтан соққан секта да сияқты, себебі, оған кірген адамның мінезіне дейін өзгеріп, біртүрлі болып кетеді. Басу айтып, тоқтау салғандармен араздасып тынады. Ақшалы боламын деген қияли арман адастырып, шаңырағы шайқалып жатқандары қаншама? Не де болса, бұл аңқау қазаққа арамза болған бір пəле болды». Осылай деп налыған келіншек бұған бауырларының бəрі, тіпті əкесінің өзі «бас байлап» алғанын айтып, қынжылып отыр. Сөйтсек, осы компанияға деп əкесі 500 мың, інісі 300 мың, сіңлісі 300 мың несие алып, бір отбасы түгелдей қарызданыпты. Ол аздай, енді бұған да кір деп қиылып-қинап жүр екен. Кюнет туралы бұрын да естігенім бар еді. Осыдан біраз уақыт бұрын бір танысымыздың қалада жүрген баласы осы компанияға кіру үшін банктен өзі қарыз алып, одан қалды ауылдағы анасына алдырып, ол ақшамен інісін кіргізіп, ақыр аяғы əлі күнге дейін əлгі қарыздардан құтыла алмай жүр деген. Ал мыналардың жағдайы мынау?! Бұл сонда не өзі, оған неге кредит алып кіреді? Компания немен айналысады, не береді? Астарына үңіліп бақтық. Қиналған келіншектің айтуынша, бұл – қаржылық пирамида. Бастапқыда одан бағасы 150-300 мың теңге көлеміндегі тауар сатып алуың керек, сосын артыңнан екі адам шақырып,

ақшаға қарық қылып, байытып қоюы да мүмкін, себебі, соны көріп келушілер қатары көбейеді. Ең сорақысы, оның өкілдері сататын сағаттар мен алтындардың ешқайсысы Швейцарияда тіркелмегендігі, сағаттар механикалық емес, жай кварц екендігі ғаламторда ашық жазылған. 1000 доллар деп бағаланған заттардың негізгі бағасы 200-ден де төмен делінген. Алтын деп сатқандарының тек кулондары ғана қымбат металдан, қалғаны жай темірден жасалған екен-мыс. «Сонда бұл заттар елімізге қалай келіп жатыр, салық комитетіне тіркелген бе?», деген сұрақ туындайды. Еліміздің салық комитеті біздің бұл сауалымызға «Салық жəне басқа да міндетті төлемдер» кодексінің 557-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, «Quest International Kazakhstan XXI century» ЖШС Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде 2008 жылдың 1 тамызынан əрекет ететін салық төлеуші болып табылады, басшысы Ш.М. Қаирова» деп жауап берді. Сонда тауарларды жеткізуші салық төлейді екен, бірақ оның қандай бағамен, қандай сапамен келіп жатқаны жөнінде ақпарат белгісіз. Бұл неге тексерілмейді, оған кім жауапты, артында кім тұр дегендей сұрақтар көп, жауап жоқ. «Əйтеуір ақша таппасам да, сол ақшаның орнына осыншама қымбат бұйымды алдым ғой», деп өзін өзі жұбататындар оны тексеріп əлек емес. Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «Одан залал көрсеңіздер ішкі істер органдарына аталған компанияның жұмысшыларын ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы бойынша, яғни алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызбен шағымдануға құқылысыз», деген

Кюнетке кїйіп кетпеѕіз

Ќарызды ќайдан алып жїрсіз?.. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

осындай сомаға зат алуға көндіресің. Ол екеуі де тағы екеуден төрт адам тартады. Егер осылай кете берсе, компания саған ақы төлеп, аз уақыт ішінде байытып шығарадымыс. «Тегін ірімшік тек тышқан қақпанда ғана болатынын» білетіндер аз болса керек, себебі, қара жұмыссыз-ақ қалтасын қалыңдатып, қанжығасын майламақ болған қаншама қазақ осындайларға жем болып жүр. Сонымен, аталмыш компания жайында ақпарат ақтаруға кірістік. Өкінішке қарай, интернет желісіндегі сайттарда жағымды жазба аз, керісінше алданып, өкініп қалғандардың арыз-шағымы баршылық. Компанияның ресми сайтында жазылғандай, оның басты кеңсесі Гонконгте тіркелген. Сондай-ақ, онда компания қызметінің негізгі түрі халық тұтынатын тауарларды интернет арқылы тарату деп көрсетілген. Əрине, сайтына қарап, желілік маркетинг деп қабылдайсың. Алайда, интернет ақпарттарына сүйенсек мұның қаржылық пирамида екендігі көптеген шетелдерде дəлелденіп, жұмысына тыйым салынған. Қаншама қылмыстық іс қозғалған. Кейбір мəліметтер Индонезия, Иран, Əзербайжан сынды елдерде оның қызметіне мүлде тыйым салынғандығын айтады. Ресей де бұл компаниядан іргесін аулақ ұстауға тырысқан. Мəселен, 2011 жылы «Новая газета» редакциясы дабыл қағып, бас прокуратураға дейін арыз жазған, сөйтіп оның филиалдарын жабуға қол жинаған. Ал қазақстандық ақпарат көздерінің бірінде «аталмыш компания 2008 жылы АҚШ, Канада елдерінде де алаяқтық деп танылып, филиалдары жабылды» деп жазады. Онда 2940 адам алданып, 29 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы құрдымға кеткен» делінген. Түркияда да бұл компанияға тұсау салыныпты. Керек десеңіз, түріктің атақты «Заман» газетінің журналистері зерттеу мақсатында Гонконгке аттанған екен, бірақ ол жақта компания өкілдері айтқандай, Бас кеңсе болмай шыққан-мыс. Сондай-ақ, Өзбекстанда да 2009 жылдан бері кюнеттің үні өшіпті. Ал біздің елде қалай жұмыс істеп жатыр? Осыған орай тиісті органдардан мəлімет сұрастырдық. Еліміздің Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өзінің ресми сайтында «Q-net» компаниясының қызметі туралы былай дейді: «ҚР Əділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» дерекқорларына сəйкес жоғарыда аталған компания, соның ішінде «Diamont Agencies LLP No» компаниясы атынан өкілдік етуі Қазақстан Республикасында тіркелмеген. Бұл компания желілік маркетингке мамандандырылған, компанияның маркетинг-жоспарын ескере отырып,

жоғарыда аталған компания қаржылық пирамида принципі бойынша жұмыс істейді». Иə, компания сайтында көрсетілген Қазақстандағы тұрақты өкіл «Diamont Agencies LLP No» агенттігі болатын. Бірақ Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі оның тіркелмегенін айтады. Біз сайтында көрсетілген анықтама телефондар бойынша Алматыдағы əлгі аты аталған агенттікке телефон шалып көрдік. Тіркелмеген десе де, агенттік телефонға жауап берді. Біз олардан Астанадағы филиалдарының мекенжайын сұрап, сонымен айналысып жүргендердің телефондарын сұраған едік. Олар ондай ақпараттармен бөлісе алмайтынын, себебі бұл желілік маркетинг болған соң тұрақты мекенжайы болмайтынын айтып сылтауратты. Осының артында бір шикілік бар деумен, компанияның Астанадағы бөлімшелерін өзіміз іздестіріп көрдік. Алайда, журналистерден сезіктенді ме, əлде шынымен

деп ескертіп қойды. Бизнес-жоспармен танысқан соң компанияның негізгі тауарлары – эксклюзивті швейцар сағаты, əртүрлі қымбат металдан жасалған əшекей бұйым, денсаулықты жақсартатын биодискі, саяхат картасы, тағы басқа ұсақ-түйек заттар туралы айтылды. Бір ерекшелігі компанияға көшедегі көлденең көк аттыларды шақыра алмайсыз. Тек сенімді адамдарды тіркейсіз», дейді оған барғандардың бірі. Сондай-ақ, олардың түсіндіруінше, сіз алдымен 250 доллар пайда табасыз. Кейін – 500, одан əрі – 1000. Осылай деп зуылдатқанда шынымен ақша өзінен өзі келетіндей көрінеді. Адамның психологиясына қалай əсер етудің бар амалын алдын ала ойластырып қойған олар жастардың ең осал тұсы баспана мəселесі екендігін де біледі. Өз қатарларына кіргізу үшін «сен аз ғана уақыттың ішінде өзіңнің баспанаңа ие боласың. Аз ақша сала отырып, кейін апта сайын 20 000 АҚШ долларын табатын боласың, əзірше

Əрине, біз қызметі бұлыңғыр бір компанияны жатып алып жамандап, оның қаржылық пирамида екенін дəлелдеуді мақсат етіп отырғанымыз жоқ. Ең маңыздысы – елімізде осындай беймəлім, алаяқтықпен айналысатын ұйымдар көбейіп кеткені жайында дабыл қағу. Соның салдарынан қаншама адам қарызға белшесінен батып, онсыз да көңілдегідей түзеле қоймаған əлеуметтік жағдайды күрделендіре түсіп отыр. Мəселен, Бас прокуратураның мəліметтері бойынша Қазақстанда қаржы пирамидаларынан жапа шеккендер саны бүгінде 5 мыңға тарта азамат болса, оларға келтірілген шығын 1 млрд. теңгеге жуықтаған. жасырын жұмыс істей ме, басшыларымен кездесу мүмкін болмады. Себебі, бұған кез келген адам өз бетімен барып бас сұға алмайды, тек оған кірген туысқандарының не жақын досының шақыртуымен ғана барады екен. Бұл да психологиялық шабуыл, себебі, ондағылар «бұл нағыз ақша табудың зор мүмкіндігі, оны тек жақындарыңа ғана айтсаң болады», деп компанияға деген сенімін ұялатады екен. Оны бұрын-соңды осымен айналысқандардың бірінен білдік. «Мен барғанда ол жерде бірыңғай жастар жүрді. Бөлмеде үстел мен орындықтардан басқа дəнеңе жоқ. Алдымен мұнда келу себебімді сұрады. Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүруден қажыған өзге жастар сияқты мен де табысы жақсы бір қызмет табу үшін келгендігімді айттым. Одан əрі ұзын-сонар əңгіме басталды. Бірнеше ақ парақты шимайлай отырып, бизнес-жоспар сызып, жеріне жеткізе əңгімелеп берді. «Сұрақтарыңыз болса, соңынан қоярсыз. Менің сөзімді бөлмеңіз»,

100-200 мыңды бір жерден қарызға ала тұр. Неғұрлым қымбат тауар алсаң, ертең айлығың да соғұрлым көп болады, сонда қарызыңнан лезде құтыла қоясың» деген сыңайлы сөздерге жастар түгіл, ересектер де ұйып қалады. «Негізгі жұмысыңмен айналысып жүресің, ал кеңсеге күніне бірер сағатыңды бөлсең болды», дегені де жалған. Себебі, екі «қолың» теңеспейінше, уəде етілген жалақыңды ала алмайсың. Ал сен сол жалақы үшін ақшаңды жұмсап, затты алып қойдың. Енді оның есесін қайтаруың керек. Одан қалды «оқу оқып не керек, біреуге жұмыс істеп нем бар, біз дипломсыз, білімсіз-ақ байимыз» деген сөзге миы уланған жастар шығындалған қаражатын өндіріп алмақ ниетпен амалсыздан кешке дейін кеңседе отырып, үйге қарасын көрсетпейді. Одан қалды оқуын тастап, жұмыстан шығады. Бірақ соңында түк шықпай, қажып қаңғырып қалады, ал кредит мойынында қалады. Олардың бір айласы, мың адамның ішінен біреуін адамды

болатын. Сонда біздің елде бұл компанияның жұмысына əзірше нақты тыйым салынбаған. Тек зардап шеккен адам шағымданғанда ғана қылмыстық іс қозғалмақ. Ал интернетте мұңын айтып, өкініш білдіргендер көп болғанымен, тиісті органдарға арыз жазушылар аз. Бұлай деуіміздің себебі, біздің Астана қалалық ішкі істер департаментіне жолдаған сауалнамамызға ағымдағы жылы бұл компанияға қатысты 2 ғана шағым түскені жайлы, оның біреуі 145 мың, ал екіншісі 290 мың теңгесінен қағылғаны жазылған жауап келді. Бүгінде бұл шағымдарға орай тексеру жүргізіліп жатыр екен. Əрине, біз қызметі бұлыңғыр бір компанияны жатып алып жамандап, оның қаржылық пирамида екенін дəлелдеуді мақсат етіп отырғанымыз жоқ. Ең маңыздысы – елімізде осындай беймəлім, алаяқтықпен айналысатын ұйымдар көбейіп кеткені жайында дабыл қағу. Соның салдарынан қаншама адам қарызға белшесінен батып, онсыз да көңілдегідей түзеле қоймаған əлеуметтік жағдайды күрделендіре түсіп отыр. Мəселен, Бас прокуратураның мəліметтері бойынша Қазақстанда қаржы пирамидаларынан жапа шеккендер саны бүгінде 5 мыңға тарта азамат болса, оларға келтірілген шығын 1 млрд. теңгеге жуықтаған. Бүгінде елімізде қаржылық пирамидамен айналысатын 23 ұйым анықталған. 2010-2013 жылдар аралығында Қазақстанның құқық қорғау органдары бұндай пирамидалардың заңсыз қызметіне қатысты 61 іс қозғапты. Ал қазіргі таңда елімізде «Кейбір заңнамалық актілеріне қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дайындалып жатыр. Егер ол заң қабылданса, қаржы пирамидасымен жасырын айналысып жүрген əлі талай компанияның бет пердесі ашылады деген ойдамыз. Əрине, олардың аққарасын анықтау құқық қорғау органдарының жұмысы. Ал біздің айтпағымыз халық ондай жеңіл жолмен баю жолдарына құмарлық танытудан бойын аулақ ұстап, ақша табудың жолына сауатты қараса дейміз. Əйтпесе, соңғы кезде елімізде несие алып жүргендер саны күн санап артып отыр. Оған банктер қуанады. Ал ол несиелер қандай мақсатта, не үшін алынып жатыр, бұл жағы беймəлім. Ал жаңағы жоғарыда айтқандай, бір отбасының өзі бір жарым миллионға жуық қарыз алып, оны қаржылық пирамидаларға құйып жүрсе, ертеңгі күні еліміздің əлеуметтік əлсіздеуіне əкеліп соқпасына кім кепіл? Сондықтан, бұл жерде қарызды халық не үшін алып жүр, банк не үшін беріп жүр деген мəселелерге де жіті мəн беріп қарайтын кез келгендей. Ал жаһан елдеріне жақпаған жаңағындай компаниялардың жұмысына біздің мемлекеттің де мəн бере қарап, алаяқтық жасап жүргені расталса, қудалауы қажет-ақ шығар...

● Масқара!

Дəрігерлер уланєан ќызєа «есуас» деген диагноз ќойєан Астанада дəрігерлер уланып, ауруханаға түскен қызға «ақылынан адасқан» деген диагноз қойған. Соның салдарынан агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова қайтыс болып кеткен. Ауруханаға улану себебімен келген 20 жасар бойжеткен осылайша өзін бірінші қараған дəрігерлердің қателігінен психиатриялық диспансерге ауыстырылған. Осы жерде мүлдем басқа ем алған оның жағдайы күрт нашарлап, ақыры жантəсілім еткен. Шынтуайтында, 29 қыркүйек күні астан ұшынған Жанар екі

7

www.egemen.kz

күн нəр татпай жатады. Жағдайы тіпті нашарлап бара жатқан соң, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына барады. Бұл кезде бойынан əл кетіп, əбден қалжырап қалған қызға қалай болса солай қараған ақ халаттылар оны дұрыстап тексермеген. Соның салдарынан одан улану белгісін көре алмаған.

Ақырында эскулаптар онсыз да əрең сөйлеп отырған Жанардың бірде-бір сөзіне құлақ аспай, оның құрбысымен сөзге келіп қалғанын алға тартып, «ақылынан адасқан» деген үкім шығара салған. Мұндай да болады екен! Тап осындай салқын қабылдауды Ж.Нұрғазинова кейін психиатриялық диспансерден де көрді. Ондағы медиктер қыздың халін «қалыпты» деп бағалап, сол күйі қараусыз қалдырған. Осылай іші іріп кеткен науқас ақыры түсініксіз жағдайда көз жұмады. Соңынан сараптама оның астан

уланып, инфекцияның ағзаға жайылып кетуінен ми бөлігінің ісінгенін анықтады. Қазір Астана қалалық прокуратурасы аталмыш фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл дерек бойынша қызға дұрыс қарамаған дəрігерлердің үстінен тергеу жүргізіле басталды. «Сырқат уақтылы тексеріліп, диагностика жүргізілмеген. Сараптама шықпай тұрып, құқық қор ғау органдары қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Алайда, сараптама нəтижесі дəрігерлердің салғырттығын көр сет ті.

Сондықтан, Астана қалалық прокуратурасы аталмыш жайт қа қатысты қылмыстық іс қозғады», дейді Астана қаласы прокуратурасының басқарма басшысы Данияр Ертеков. Айта кетейік, агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова биылғы 2 қазан күні жұқпалы аурулар ауруханасына өз аяғымен барған. Ал бір күннен кейін оның мүрдесі психиатриялық диспансерден шыққан. Мұрат АЙТҚОЖА.

ШАРАЙНА

Əлем жаңалықтары

Иранныѕ жеѕісі ретінде баєалануда Швейцарияда Иранның ядролық бағдарламасына байланысты «алтылық» кездесуі аяқталды. Сөйтіп, Теһран өзіне Батыс сарапшыларын жіберетін жəне жаңа атом қуатын дамытпайтын болды. Сондай-ақ, Иранда жарты жыл бойы уран 5 пайыздан астамға байытылмайды. Есесіне Батыс Иранға қатысты қолданылып келе жатқан санкцияларды айтарлықтай жеңілдетеді. Атап айтқанда, Теһранға шектеулер қойылғанымен, көмірсутегін Еуропа Одағы елдері мен АҚШ-қа сатуға мүмкіндік беріліп отыр. Сонымен қатар, мұнай химиясы мен автомобиль өнеркəсібіне қатысты санкциялар əлсірейтін болады. Бұған қоса, жаңа шектеулер қарастырылмайды. Қабылданған шешімге қазірдің өзінде «тарихи» деген айдар тағылуда. Ирандықтар бұл келісімді өз елінің жеңісі ретінде бағалап отыр.

Украина оппозициясыныѕ наразылыєы Кеше ертеңгісін Киевтің Еуропа алаңындағы Министрлер кабинеті ғимаратының жанында милиция мен еуроинтеграцияны жақтаушылар арасындағы қақтығыс қайта жалғасты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері митингке жиналғандарға қарсы резеңке таяқшалар мен көзден жас ағызатын газ қолданды. «Интерфакс» агенттігінің айтуынша, Еуропамен интеграцияны жақтаушылар Украина Министрлер кабинетінің ғимаратына оны қоршауға алу үшін жиналған. Топта кем дегенде 500 адам болған. Ал ғимаратқа кіреберісті «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің 100-150 жасағы қорғап тұрған. «Еуромайданға» қатысушылардың үкімет үйін шабуылдауға əрекет етуіне байланысты Украина ішкі істер министрлігі қылмыстық іс өндірісін бастаған. Митингке ресми мəлімет бойынша 23 мың адам қатысса, еуроинтеграцияны жақтаушылар 100 мың адам жиналды деп отыр.

Ќарсы, біраќ келісуге мəжбїр АҚШ, Жапония жəне Оңтүстік Корея Қытайдың талас туғызып келе жатқан аумақта Əуе шабуылынан қорғанысты біріздендіру аймағын құрғанына наразылықтарын білдірді. Енді əуе компаниялары осы аумақ үстінен ұшып өткен кезде жергілікті билікті құлағдар етуі тиіс. АҚШ қорғаныс министрі Чак Хэйгел бұл жайт ахуалды тұрақсыздандыра түседі деп мəлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Құрама Штаттар өңірдегі əскери операциялардан бас тартпақ емес. Жапония премьер-министрі Сидзо Абэ де жаңа аймақтың пайда болуы болжауға болмайтын салдарларға соқтыруы ықтимал екенін көлденең тартты. Бірақ аталған мемлекеттер қалыптасқан əуе жолдары оңтайлы болғандықтан, өздерінің ұшу маршруттарын өзгертпейтінін, сондықтан Қытай басшылығын құлақтандырып отыратындықтарын жария етті.

Қысқа қайырып айтқанда:

● Вьетнамда қатты жауған нөсер туындатқан су тасқынынан қаза тапқандар саны 41 адамға жетті. 80 мың вьетнамдық өз үйлерін тастап шығуға мəжбүр болса, 74 адам түрлі жарақат алған. 5 адам жоғалғандар қатарында. 4,3 мың гектар егістік алқабы су астында қалған. ● Ауғанстанның Пактика провинциясында жол жиегіне жасырылған бомба жарылып, соның салдарынан бір отбасының 7 баласы опат болды. Балалар үй маңында ойнап жүріп, бомбаға кездейсоқ тиіп кеткен. Сол үйдің тағы 3 баласы түрлі дене жарақатын алған. ● Құқық қорғаушылар Зимбабве астанасы – Хараре қаласының мыңдаған тұрғыны тырысқақ ауруына шалдығуы ықтимал екенін ескертті. Харарені ауыз сумен қамтамасыз ету – бүгінде үлкен проблема. Сондықтан, осыдан 5 жыл бұрын аталған ауру 4 мыңнан астам адамның өмірін қиған еді. ● Мəскеуде 4-24 қараша аралығында өткен «Православиелі Русь. Романовтар» көрмесін 300 мыңнан астам адам тамашалаған. Көрмеге күн сайын орташа есеппен 13-17 мың аралығында адам келген. Экспозициялардың негізгі бөлігі Ресейдің ХVІІ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихынан сыр шертеді.

Ќаза тауып жатќан балалар кґп

Екі жарым жылдан бері азамат соғысы жүріп жатқан Сирияда жуыр маңда тыныштық орнайтыны байқалмайды. Соңғы мəліметтерге қарағанда, бүлікшілердің жоғары шенді жетекшілерінің бірі, «Лива əл-Таухид» ұйымының басшысы Абдул Қадыр ас-Салехтың көзі жойылған.

Ас-Салех Алеппо провинциясындағы бүлікшілер қолындағы аэродромға жасалған əуе шабуылы барысында алған жарақатынан көз жұмған секілді. «Лива əл-Таухид» Алепподағы басты бүлікшілер тобы болып табылады. Кейбір мəліметтерге қарағанда, оның сапында 8 мың мен 10 мыңның аралығында бүлікшілер бар көрінеді. Соғыс басталған уақыттан бері елде 113 мың адам қаза тапса, солардың 11 мыңы 17-ге толмаған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер екен.

Берлускониді кешіруге негіз жоќ Италия президенті Джорджо Наполитаноның айтуынша, елдің бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің ісіне араласуға ешқандай негіз жоқ. Президенттің сөзіне қарағанда, Берлускони нақты айыптаулар бойынша қамауға алынған, сондықтан мемлекеттік институттарға құрметпен қарауы тиіс. Мұның алдында Берлускони Наполитано оны «қоғамдық жұмыстар масқарасынан» құтқару үшін кешірім жасауы тиіс деп мəлімдеген еді. Бірақ президентке ресми өтініш əзірше жолданбапты. 27 қарашада Италия Сенатында алаяқтық жасады деген айып тағылғандықтан, Берлускониді осы палата құрамынан шығару туралы мəселе қаралатын болады. Бұрынғы премьердің өзі болса, оған қарсы іс қолдан құрастырылған дегенді көлденең тартады. Берлускони бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

АЌШ-тыѕ батысында – ќарлы боран АҚШ-тың батыс жағалауларында қарлы боран ойран салып тұр. Қалың қар өткен бейсенбіде Оңтүстік Калифорнияда басталса, бүгінде шығыс арқылы Техасқа жақындап келеді. Қар, сондай-ақ, Нью-Мексико, Солтүстік жəне Оңтүстік Каролина, Оклахома жəне Луизиананың солтүстігінде күтіліп отыр. Синоптиктердің болжауынша, қарлы боран 27 қарашаға қарай қазіргіден де күшейе түспек. Өткен аптаның соңынан бері қарлы боран туындатқан автомобиль апаттарынан кем дегенде 13 адам қаза тапқан. Бұған қоса, 11 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалған. Далластың халықаралық əуежайында 24 қарашада 300 ұшақ ұшпай қалған. Мұндай жағдай басқа əуежайларда да көрініс берген. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


8

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы №697 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік əкімшілік қызметшілеріне тəртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат.): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік əкімшілік қызметшілеріне тəртіптік жаза қолдану қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерін, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының əкімдерін қоспағанда, тəртiптiк жауаптылыққа əкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген «А» корпусының қызметшілеріне қатысты тəртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы қарайды.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мен Ар-намыс кодексiн қоспағанда, тəртiптiк жауаптылыққа əкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының əкімдеріне қатысты тəртiптiк iстердi облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы (бұдан əрі – Өңірлік кадр комиссиясы) қарайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Тəртiптiк жауаптылыққа əкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мен Ар-намыс кодексi нормаларын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының əкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, C-R2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-G-1 санаттарындағы қызметшілерге қатысты тəртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана жəне Алматы қалаларындағы, облыстардағы тəртіптік кеңестері (бұдан əрі – Тəртіптік кеңес) қарайды.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адамға, тікелей басшыға не басқа лауазымды адамдарға осы Қағидалардың 5, 5-1, 6, жəне 7-тармақтарында көрсетілген қызметшілердің тəртіптік теріс қылықтары туралы мəліметтер белгілі болған жағдайда құзыретіне сəйкес Ұлттық комиссияға, Уəкiлеттi органның комиссиясына, Өңірлік кадр комиссиясына немесе Тəртіптік кеңеске дереу жолдауына жатады.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адам Ұлттық комиссияның, Уəкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тəртіптік кеңестің ұсынымдары мен материалдарын қараған кезде қызметтік тексерулер жүргізілмейді. Осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адам Ұлттық комиссияның, Уəкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тəртіптік кеңестің ұсынымына сəйкес он жұмыс күні ішінде тəртіптік жаза қолдану жөнінде шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы Ұлттық комиссияға, Уəкiлеттi органның комиссиясына, Өңірлік кадр комиссиясына немесе Тəртіптік кеңеске үш жұмыс күні ішінде хабарланады.»; мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын: «29-1. Осы Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетiлген қызметшiлердiң тəртiптiк терiс қылық жасау фактілері бойынша қызметтiк тексерулер осы Қағидаларда белгiленген мерзімде жəне тəртiпте Өңірлік кадр комиссиясы төрағасының шешімімен тағайындалады. Өңірлік кадр комиссиясының төрағасы қызметтік тексеру жүргізуді құзыреттеріне сəйкес тиісті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға, қызметтік тексеруді жүргізетін адамдардың құрамына Өңірлік кадр комиссиясы жұмыс органының өкілін енгізе отырып, тапсыруы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын: «30-1. Осы Қағидалардың 5, 5-1 жəне 6-тармақтарында көрсетiлген қызметшiлер жазбаша түсiнiктемелерiнде терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, олардың тəртiптiк терiс қылық жасау фактілері бойынша қызметтiк тексерулер тағайындалмауы мүмкін. Бұл жағдайда қызметшілерге қатысты материалдар Ұлттық комиссия төрағасының, уəкiлеттi орган басшысының, Өңірлік кадр комиссиясы төрағасының шешімімен осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген лауазымды адамға қызметшілерге қатысты тəртіптік жаза қолдану үшін жолдануы мүмкін.»; 33 жəне 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «33. Ұлттық комиссия, Уəкiлеттi органның комиссиясы, Өңірлік кадр комиссиясы, Тəртіптік кеңес немесе Комиссия терiс қылық туралы материалдарды қарағанға дейiн персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уəкiлеттi лауазымды адамдар қызметшiден жазбаша түсiнiктеме талап етеді. 34. Өзіне қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметшiнiң жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуы қызметтiк тексеру материалдарын Ұлттық комиссияның, Уəкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының, Тəртіптік кеңестің, Комиссияның қарауына жiберуге жəне жаза қолдану туралы шешiм қабылдауға кедергi бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) қызметкерi не уəкiлеттi лауазымды адамдар жазбаша түсініктеме беруден бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.»; 58-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Ұлттық комиссияның, Уəкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тəртіптік кеңестің ұсынымы бойынша жаза қолданылған жағдайда, жазаны мерзiмiнен бұрын алу Ұлттық комиссияның, Уəкiлеттi орган комиссиясының, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Тəртіптік кеңестің келiсiмiмен жүргiзiледi.». 2. «Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы

ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы ережеде: 12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «12. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына тағайындау кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Президенті актілерінде өзге мерзім белгіленбесе, ол адаммен төрт жыл мерзімге, аталған мерзімге бір реттен артық емес ұзарту мүмкіндігімен еңбек шарты жасалады. Еңбек шарты осы Ережеге қосымшаға сəйкес үлгілік еңбек шартының негізінде жасалады.»; 13-тармақта: төртінші жəне бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Еңбек шартының мерзімі аяқталуынан кемінде төрт ай бұрын мерзімде лауазымға тағайындауға жəне лауазымнан босатуға құқығы бар адам (орган) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органға «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшісімен еңбек шартының мерзімін ұзарту, еңбек шартын бұзу туралы негізделген ұсыныс не «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшісін ротациялау туралы ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі – Ұлттық комиссия) «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшісінің мемлекеттік қызметті одан əрі өткеруі туралы не оның мемлекеттік қызметті тоқтатуы туралы ұсыным шығарады. Ұлттық комиссия көрсетілген өкілеттіктерді лауазымға тағайындауға жəне лауазымнан босатуға құқығы бар адамға (органға) беруге құқылы.»; жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларымен еңбек қатынастарын ұзарту, оларды атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын босату туралы мəселелерді шешуді Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 47, 48 жəне 49-тармақтармен толықтырылсын: «47. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметшісі лауазымдарына тағайындалғанын жəне (немесе) аталған лауазымдардан босатылғанын растайтын құжаттар көшірмелері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органға лауазымға тағайындалған жəне (немесе) лауазымнан босатылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етіледі. 48. «А» корпусының бос жəне уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап екі ай ішінде оған орналасу жүзеге асырылмаса, осы лауазымға тағайындау құқығы бар адам (орган) көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бос лауазымның болу себептері туралы Ұлттық комиссияға ақпарат енгізеді. 49. Мемлекеттік қызметші конкурстық іріктеу, ауысу тəртібімен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негіздер бойынша мемлекеттік лауазымнан босатыла отырып, бір мезгілде басқа мемлекеттік лауазымға орналасқан жағдайда, ол мемлекеттік қызметке қайтадан кірген деп саналмайды. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бұл жағдайларда мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметке кіру рəсімдері, оның ішінде арнайы тексеруден өту, табыстар жəне мүлік туралы декларацияны тапсыру қолданылмайды.». 3. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес жəне құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі №427 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №31, 377-құжат): мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын: «1-2. «А» корпусының жаңа мемлекеттік əкімшілік лауазымдарын енгізу немесе олардың санын ұлғайту туралы ұсыныстарды Мемлекет басшысымен не оның уəкілеттік беруімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келіссін.». 4. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ережеде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) «А» корпусының кадр резервінен «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуы;»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган «А» корпусының кадр резервінен резервшілерді шығару үшін жартыжылдық негізде мəліметтердің мониторингін, оның ішінде құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға сұрату жолдау арқылы жүргізеді. Мониторинг қорытындылары бойынша ақпарат есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізіледі.»; 8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) «А» корпусының кадр резервіне алынған;»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. «А» корпусының кадр резервiне алынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгiлік бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынуы мүмкін. «Б» корпусының кадр резервіне көрсетілген азаматтарды алу мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша олар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органға тиісті өтініш берген соң жүзеге асырылады. «А» корпусының кадр резервінде болу кезеңінде азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне тестілеусіз бір реттен артық алынбайды. Азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында жəне осы Ережеде көзделген өзге жағдайларда «Б» корпусының кадр резервіне алыну құқығы сақталады.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкiлеттi органды немесе оның аумақтық органын резервшілер тізімін алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.»; 43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Б» корпусының кадр резервінен мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасқан;». 5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана жəне

Алматы қалаларындағы тəртіптік кеңестері жəне Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 329-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана жəне Алматы қалаларындағы тəртіптік кеңестері туралы ережеде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тəртiптiк кеңес тəртіптік жауаптылыққа əкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзуға жол берген, облыстардың əкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың əкімдеріне, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардағы аудандар жəне қалалардағы аудандар əкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-G-1 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондайақ мемлекеттік функцияларды орындауға уəкiлетті өзге де адамдарға (Парламент жəне мəслихат депутаттарынан, судьялардан басқа) жəне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сəйкес оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тəртiптiк iстердi қарайды.». 6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия жəне облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №520 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 319-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілуі мүмкін. Ұлттық комиссияның отырысы немесе сырттай дауыс беру оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан немесе сырттай дауыс беруге қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық комиссияның мүшелері отырыстарға жəне сырттай дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады. Ұлттық комисссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі Ұлттық комиссия мүшелеріне материалдар жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық комиссия мүшелері өз пікірлерін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жазбаша түрде жолдайды. Көрсетілген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Ұлттық комиссия мүшесі шешім жобасын қабылдауға дауыс берді деп саналады. Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру немесе сырттай дауыс беру арқылы Ұлттық комиссия отырысына қатысушы немесе дауыс беруге қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзушылықтарды қоспағанда, тəртіптік жауаптылыққа əкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардағы аудандар мен қалалардағы аудандар əкімдеріне қатысты тəртіптік істерді қарау;». 7. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жəне «А» корпусының бос жəне уақытша бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы №524 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 321-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жəне «А» корпусының бос жəне уақытша бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. «А» корпусының бос жəне уақытша бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына (бұдан əрі – «А» корпусының лауазымы) конкурстық іріктеуді «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар арасынан осы лауазымға тағайындау құқығы бар адам (орган) жүзеге асырады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу мемлекеттік органдардың «А» корпусының лауазымдарына орналасу қажеттігі, «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескерілген Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, екі жылда бір реттен жиі өткізілмейді.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уəкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жеке куəлігінің көшірмесі; 2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куəландырған көшiрмелерi; 4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куəландырған не заңнамада белгіленген өзге де тəртіппен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі; 5) «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты жəне əкесінің аты, оның кəсіби жəне жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап

үш айдан аспайды; 6) өмірбаян; 7) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.»; 12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Азаматтарға ұсынымхат бергеннен кейін оларға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, бұрын ұсынымхат берген адамның ұсынымхаты Ұлттық комиссия шешімі негізінде қарауға қабылданбайды.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Осы Қағидалардың 11-тармағы 1)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса немесе құжаттар қойылған талаптарға сəйкес келмесе, кандидатты «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.»; 15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «15. Құжаттар «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қолма-қол, почтамен немесе электрондық почта арқылы қабылданады.»; 17 жəне 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «17. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-тармағының жəне 13-бабы 1-тармағының талаптарына сəйкестігін қарайды. 18. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қарау қорытындылары бойынша бес жұмыс күні ішінде кандидаттарды тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: «19-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тестілеуге жіберуден бас тарту туралы шешіміне кандидат мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органға кандидат тиісінше хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады. Осы Қағидаларда тиісінше хабарландыру деп адамның өзіне немесе онымен бірге тұратын кəмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолхатпен беру арқылы хат, тапсырыс хат немесе жеделхат табыстап, хабарландыру түсініледі. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган түскен шағымды түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарап, кандидатты тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.»; 24 жəне 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «24. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тізбе негізінде тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрату жолдайды, олар Ұлттық комиссия белгілеген мерзімдер ішінде мəліметтер ұсынады. 25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган, егер Ұлттық комиссия өзгеше белгілемесе, осы Қағидалардың 24-тармағына сəйкес мемлекеттік органдардан мəліметтерді алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына тестілеуден оң нəтижелер алған кандидаттардың тізімін жолдайды. Осы тізімге кандидаттардың құжаттары, олардың тестілеу нəтижелері жəне осы Қағидалардың 23-тармағына сəйкес айқындалатын өзге де мəліметтер қоса беріледі.»; мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын: «36-1. Ұлттық комиссия ұсынған азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынады. Ұлттық комиссия азаматтарды олардың келісімі болған жəне олар арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға құқылы.»; 37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «37. «А» корпусының бос жəне уақытша бос лауазымына конкурстық іріктеуді осы лауазымға тағайындауға құқығы бар адам (орган), не ол уəкілеттік берген адам өткізеді.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Мемлекеттік органнан жазбаша сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың (бұдан əрі – «А» корпусының резервшілері) тізімін жəне олардың білімі, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы, кадр резервіне алыну сəтіндегі атқаратын лауазымдары туралы мəліметтер, сондай-ақ олардың еңбек қызметі туралы құжаттың электрондық нұсқасын ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын: «39-1. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына «А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдар санаты, санатындағы тобы шегінде арнайы біліктілік талаптарына сəйкес болған жағдайда жəне олардың келісімімен жүзеге асырылады. «А» корпусының резервшілері «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымының төменгі санатына, «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының бір санатындағы төменгі тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жəне олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін. «А» корпусының резервшілері Ұлттық комиссияның келісімімен «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымының жоғары санатына, «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының бір санатындағы жоғары тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жəне олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. «А» корпусының лауазымына тағайындау қолданыстағы заңнаманың талаптары ескеріле отырып, осы лауазымға тағайындау құқығы бар адамның (органның) шешімімен жүзеге асырылады. «А» корпусының лауазымына тағайындауды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органға ұсынылады.».

 Айбын

Ќўрлыќ əскерлерініѕ əдістемелік жиыны Астананың маңындағы №36 десанттықшабуылдаушы бригадасының базасында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық əскерлерінің бас қолбасшысы, генераллейтенант Мұрат МАЙКЕЕВТІҢ қатысуымен ұйымдастыруəдістемелік жиыны болып өтті.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған жиында Құрлық əскерлерінің барлық əскери бөлім дері мен құрамаларының бірінші басшылары теория жəне физикалық дайындықтары бойынша сынақ тапсырды. Сондайақ, аймақтық қолбасшылықтар басқару органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен командалық-штабтық ойын жаттығулары өткізіліп, олардың дұрыс шешім қабылдай алатын қабілеттері жан-жақты тексерілді. Жедел қолбасшылық ұжымының əрбір қабылдаған шешімдері картаға түсіп жатса, сымсыз желі оларды орталықпен байланыстырып тұрды. Жалпы, əскери оқу-жаттығулары бойынша Əуеұтқыр күштері жақсы нəтиже көрсетті. М.Майкеевтің айтуынша, келесі жылдан бастап Бас штаб қолбасшысының бұйрығына орай барлық күш роталар мен взводтардың даярлығына жұмылдырылып, олардың дербес əрі ұйымдасқан əрекетін құра білуіне бағытталатын болады. Сондай-ақ, келесі жылы əуеұтқыр күштерінің оқу-жаттығуы нəтижесінде өзенді кешіп өту арқылы 400 шақырым жердегі соғыс аймағына дер кезінде жету уақыты еңсерілетін болады. Сонымен қатар, ұйымдастыруəдістемелік жиыны барысында Құрлық əскерлері қолбасшысының əскери дайындық бойынша орынбасары, генерал-лейтенант Əмір Халиковтің жетекшілігімен Ақтау теңіз жаяу əскері базасында нысананы мүлтіксіз ату жаттығулары өткізілді. Жылжымалы немесе тербелмелі нысаналарды дəлдеп ату оңайға түспеді. Əйтсе де бұл жаттығуларды орындауда шеберлігімен танылғандар да жеткілікті болды. Жалпы, мұнда полигонда өткізілуі тиіс ату жаттығулары да орындала береді. Нысана мен көздеушінің арасы 100 метр болғанымен, нысананы барынша кішірейту арқылы 300 немесе 500 метрлік арақашықтыққа ату жаттығулары орындалады. Мұндай ату орындары ашық аспан астында жəне жабық жағдайда да ұйымдастырылады. Мысалы, жабық тирде күндізгі уақытта да түнгі нысанды атуға мүмкіндік жасалған. Инфрақызыл сəуле ататын нысананы көз алдыңа анық келтіре қояды. Жəне де атылған оқтардың қаншалықты нысанаға дөп тиіп жатқанын монитордан бақылауға мүмкіндік жасалады. Қазір мұндай тирлер əскери бөлімдердің көбінде енгізіле бастаған. Құрлық əскерлері бас қолбасшысының тəрбие жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасеновтің сөзіне қарағанда, осындай ату орындарын жетілдіру арқылы уақыт пен оқ-дəрілерді үнемдеу 30-40 пайызға жеткен. Тирде сержант Сəрсенəлі Батырашевті сөзге тартқан кезімізде, ол даладағы оқ ату орнында 40 адам бұған екі сағат жіберсе, жабық тирде осыншама адамға 20 минуттың өзі жеткілікті екендігін алға тартты. Осылайша, құрлық əскерлеріндегі оқу-жаттығулар жылдан-жылға жетілдіріліп келе жатқанын ерекше айта кету керек.


Мемлекеттік ќызметті реформалау міндеттері аймаќтыќ семинарда талќыланды Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы, Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ., 12-ш/а, 74-ғимарат, 1-корпус, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 14 ақпан айында № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 11-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «Жаhан» компаниясы» ЖШС-мен тасбағанның қалыпты талдауын ұсыну бойынша қызметін жеткізу келісімшартына тұрғандығын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 2 597 600 (екі миллион бес жүз тоқсан жеті мың алты жүз) теңге. Жергілікті қамту міндеті (пайыз есебімен) – 100%. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Республика Казахстан, 130000, г. Актау, 12-мкр., зд. 74, корпус 1, настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ТОО «Компания «Жаhан» на услуги по предоставлению стандартного анализа керна, в соответствии с подпунктом 11, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком – 2 597 600 (два миллиона пятьсот девяносто семь тысяч шестьсот) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 100%. Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық меншіктегі нысандарды мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізеді Тендер мына мекенжайда болады: Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75. Тендер өткізу уақыты: 2013 жылғы 12 желтоқсанда сағат 11.00. Тендерге мына нысандар ұсынылады: 1. Тұрақжай, жалпы алаңы 6,12 ш.м. барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 67Б. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 5 296,86 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 2 648,43 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 2. Тұрақжай, жалпы алаңы 180,2 ш.м. барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алма ты облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ., 8 март к-сі, 68. Баланс ұстаушы – «Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 77 981,6 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 38 990,8 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – сауда-саттықта сатылғанға дейін. 3. Тұрақжай, жалпы алаңы 7,8 ш.м. барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қ., Тəуелсіздік к-сі, 115. Баланс ұстаушы – «Алматы облысы бойынша салық департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 3 375,45 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 1 687,73 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 4. Тұрақжай, жалпы алаңы 6,7 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек қ., Момышұлы к-сі, 12. Баланс ұстаушы – «Алматы облысы бойынша салық департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 2 899,43 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 1 449,71 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 5. Тұрақжай, жалпы алаңы 4,71 ш.м., барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Текелі қ., Тəуелсіздік к-сі, 9. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының əділет департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 3 057,4 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 1 528,7 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 6. Тұрақжай, жалпы алаңы 5,51 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Текелі қ., Тəуелсіздік к-сі, 9. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының əділет департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы

9

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

мөлшерлемесі айына – 3 576,68 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 1 788,30 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 7. Тұрақжай, жалпы алаңы 5,55 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ., 8 март к-сі, 63. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының əділет департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 2 401,8 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 1 200,9 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 8. Тұрақжай, жалпы алаңы 3,33 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ., 8 март к-сі, 63. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының əділет департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 1 441,10 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 720,53 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 9. Тұрақжай, жалпы алаңы 9,51 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, Измайлов к-сі, 10. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының əділет департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 4 115,45 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 2 057,70 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. 10. Тұрақжай, жалпы алаңы 3,5 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр к-сі, 20. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының əділет департаменті» ММ. - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 1 514,63 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 757,31 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне ком муналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсету шығындарын кіргізбейді, олар бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері - Банктік жəне есеп айырысукассалық қызметтер көрсету үшін нысандарды пайдалану; - Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды тапсыру қажет: Тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конверттерде сəйкесетін шарттың қорытындысы

қамтылуы тиіс. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзіндіні; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзіндіні (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) өтініш беру сəтінде салықтық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтаманы. Ішкі конвертте үміткердің жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет. Өті ніштер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттері нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса). Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің депозиттік шотына енгізіледі, ИИК KZ790705012170167006, БИК ККМFKZ2A, БСН 120340000064, КБе 11, мекеме коды 2170167, КНП 171. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер өткізу туралы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап тендер нысанымен танысу үшін барлық сұрақтар жəне тендерлік құжаттаманы алу бойынша Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментіне мына мекенжайға хабарласу керек: Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75, 213-бөлме. Анықтама алу телефондары: 2708-03, 27-10-04. Тендер қатысушыларын тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде, яғни 2013 жылғы 11 желтоқсанда сағат 11.00-де аяқталады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодарда «Мемле кеттік қызметті реформалау: ішкі түйін жəне аймақтық БАҚтағы көрінісі» деген тақырыпта журналистерге арналған семинар ұйымдастырды. Ол Еуропа Ода ғының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау жəне модернизациялау» жобасы қолдауымен жүзеге асты. Жиында

БАҚ пен басқа да қоғамдастық өкілдері мемлекеттік қызмет жаңа моделі мəселелерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың қоғаммен бірлесе əрекет ету жолдарын ортаға салды. Семинар жұмысына Павлодар, Шығыс Қазақстан жəне Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Павлодар облысының мемлекеттік қызметкерлері, мемлекет тік қызмет көрсету бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес

ұйымдармен өзара ықпалдасу жəне ынтымақтасу бойынша қоғамдық кеңес пен жергілікті тəртіптік кеңестің мүшелері қатысты. Басқосуда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төр ағасы Əлихан Байменов конкурстық процедуралардың ашықтығы механизмі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, «командалық көшуді» азайту секілді бірқатар өзекті мəселелер төңірегіндегі мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.

«Қазақстан Үкіметі мем лекеттік қызметін реформалау жəне модернизациялау» жоба сының жетекшісі Джордж Мирогиян нис мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи үдерістеріне, Қазақстанның мемлекеттік қызметті модернизациялаудағы озық еуропалық тəжірибені қолдану мəселелеріне тоқталды. Семинарда, сонымен бірге, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия принциптерін қолдану, мемлекеттік қызметтегі этикалық жəне жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту, «А» корпусын қалыптастыру мен мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мəселелері талқыланды.

Спорт – болашаќќа басым баєыттыѕ бірі Астанада Спорт жəне денешынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Қоғамның индустриялық-инновациялық даму жағдайындағы дене тəрбиесі мен жалпыға бірдей спорттық басымдықтары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Жиында негізгі баяндаманы агенттіктің денешынықтыру департаментінің директоры Қанат Қазбеков жасап, елімізде бұқаралық, жоғары жетістіктегі спорт жəне денешынықтыру саласын дамытуда істелініп жатқан жұмыстар туралы кеңінен əңгімелеп берді. Баяндамашы бүгінгі таңда «Мемлекеттің инновациялық қызметті қолдауы» туралы заңға сəйкес, елімізде спорт саласына инно вациялық технологиялар ды енгізу мəселесінің жақсы жолға қойылғанын, спорт мекемелеріне иннова ция лық гранттар беріліп, ин но вациялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, ол Елбасының тапсырмасына сəйкес, 2020 жылға дейін елімізде бұқаралық

спортпен айналысушылардың санын 30 пайызға жеткізу үшін барлық жұмыстардың жасалып жатқанын, осыған байланысты «Денешынықтыру жəне спорт» туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілетінін айтты. Бұдан кейін Ресей спорттық менеджмент федерациясының атқарушы директоры Светлана Изаак «Ғылыми-техникалық жоба: жастар, жасөспірімдер мен балалардың дене тəрбиесімен айналысуына, дене бітіміне мониторинг жасау» атты тақырыпта баяндама жасады. Ұлттық олимпиада комитетінің вицепрезиденті Анатөлі Құлназаров «Қазақстан Республикасындағы 2022 жылға дейінгі денешы нықтыру – спорт жүйесін жаңарту» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Ол өз сөзінде ел спортының қазіргі даму деңгейі мен кешегі КСРО кезіндегі спорттағы

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы (орналасқан жерi: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 6-ш/а., 1-ғимарат) хабарлайды: 2013 ж. 1-жартыжыл қорытындысы бойынша дивидендтер төленуге 63 624 464 000 теңге бөлінді. Қоғамның артықшылықты акцияларына ие акционерлерге дивидендтер төлемінің басталуы 2013 жылғы 25 қарашаға тағайындалды. 1 (бір) артықшылықты акцияға дивидендтің жалпы мөлшері 584 теңге құрайды (Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес төленуге тиісті салық төленген соң). Қоғамның жай акцияларына ие акционерлерге дивидендтер төлемі 2 транш арқылы жүзеге асырылады: №1 транш Қоғамның жай акцияларына ие акционерлерге дивидендтер төлемінің басталуы 2013 жылғы 26 қарашаға тағайындалды. 1(бір) жай акцияға дивидендтің жалпы мөлшері 584 теңге құрайды (Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес төленуге тиісті салық төленген соң). №2 транш Қоғамның жай акцияларына ие акционерлерге дивидендтер төлемінің басталуы 2014 жылғы 28 наурызға тағайындалды. 1 (бір) жай акцияға дивидендтің жалпы мөлшері 584 теңге құрайды (Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес төленуге тиісті салық төленген соң). Дивидендтер төлемі акционерлердің, соның ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының құрылымдық бөлімшелерінде ашылған шоттарына ақша қосып қою жолымен жүргізіледі.

Түзету

Т.Рысқұлов ауданы əкімдігі «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қарашадағы №260 (28199) санында жарияланған 2013 жылғы 26 желтоқсанда сағат 16.00-де ауылшаруашылық мақсатында пайдалану үшін жəне елді мекеннің жерінен уақытша өтеулі пайдалану құқығына жер телімдерін жалға беру жөнінде Т.Рысқұлов ауданы əкімдігінің кіші залында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруының жер телімдерінің тізбесіндегі 21-лотқа Жаңатұрмыс жер қорынан 1600 га. жайылым жер деген сөздің орнына «21-лотқа Жаңатұрмыс жер қорынан 1800 га. жайылым» жер деп түзетіліп оқылуын сұрайды.

«Кирилловка-Айыртау» ЖШС 2013 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-де жалпы жиналысты мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: СҚО, Айыртау ауд., Кирилловка а. Күн тəртібі: 1.Несиелік берешекті қайта қаржыландыру үшін займдар алу, займдар немесе айналымдағы қаражатты толықтыру үшін кредиттік желілер алу, сондай-ақ «Delta Bank» АҚ-тағы қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі. 2.«Кирилловка-Айыртау» ЖШС-ның мүлкін, атап айтқанда, жылжитын жəне жылжымайтын мүлкін өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге «Delta Bank» АҚ-ға кепілге немесе қамтамасыз етуді беру туралы басқа заңды тұлғалар алдындағы ұсынымды беруге міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде беру. 3.«Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға келісім беру. 4.«Delta Bank» АҚ алдындағы кез келген міндеттемелерін «Кирилловка-Айыртау» ЖШСның орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестіктің барлық банктік шоттарында тұрған ақшаны акцептті қолданбай алуға (есептен шығаруға) «Delta Bank» АҚ-ға құқық беру. 5.«Кирилловка-Айыртау» ЖШС-ның атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берілген қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі, кредиттік желілер немесе банктік займ алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

«Червонное-Агро» ЖШС 2013 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-де кезектен тыс жалпы жиналысты мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Солтүстік Қазақстан обл., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд., Червонное а. Күн тəртібі: 1.Несиелік берешекті қайта қаржыландыру үшін займдар алу, займдар немесе айналымдағы қаражатты толықтыру үшін кредиттік желілер алу, сондай-ақ «Delta Bank» АҚ-тағы қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі. 2.«Червонное-Агро» ЖШС-ның мүлкін, атап айтқанда, жылжитын жəне жылжымайтын мүлкін өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге «Delta Bank» АҚ-ға кепілге немесе қамтамасыз етуді беру туралы басқа заңды тұлғалар алдындағы ұсынымды беруге міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде беру. 3.«Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға келісім беру. 4.«Delta Bank» АҚ алдындағы кез келген міндеттемелерін «Червонное-Агро» ЖШСның орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестіктің барлық банктік шоттарында тұрған ақшаны акцептті қолданбай алуға (есептен шығаруға) «Delta Bank» АҚ-ға құқық беру. 5.«Червонное-Агро» ЖШС-ның атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берілген қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі, кредиттік желілер немесе банктік займ алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

«Ишим-Астык» ЖШС 11.12.2013 жылы сағат 10.00-де серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ишимка а. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1.Несиелік берешекті қайта қаржыландыру үшін займдар алу, займдар немесе айналымдағы қаражатты толықтыру үшін кредиттік желілер алу, сондай-ақ «Delta Bank» АҚ-тағы қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі. 2.«Ишим-Астык» ЖШС-ның мүлкін, атап айтқанда, жылжитын жəне жылжымайтын мүлкін өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге «Delta Bank» АҚ-ға кепілге немесе қамтамасыз етуді беру туралы басқа заңды тұлғалар алдындағы ұсынымды беруге міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде беру. 3.«Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға келісім беру. 4.«Delta Bank» АҚ алдындағы кез келген міндеттемелерін «Ишим-Астык» ЖШС-ның орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестіктің барлық банктік шоттарында тұрған ақшаны акцептті қолданбай алуға (есептен шығаруға) «Delta Bank» АҚ-ға құқық беру. 5.«Ишим-Астык» ЖШС-ның атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берілген қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі, кредиттік желілер немесе банктік займ алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

«Алиби-Павловка» ЖШС 11.12.2013 жылы сағат 10.00-де серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Павловка а., Южная к-сі, 22. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1.Несиелік берешекті қайта қаржыландыру үшін займдар алу, займдар немесе айналымдағы қаражатты толықтыру үшін кредиттік желілер алу, сондай-ақ «Delta Bank» АҚ-тағы қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі. 2.«Алиби-Павловка» ЖШС-ның мүлкін, атап айтқанда, жылжитын жəне жылжымайтын мүлкін өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге «Delta Bank» АҚ-ға кепілге немесе қамтамасыз етуді беру туралы басқа заңды тұлғалар алдындағы ұсынымды беруге міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде беру. 3.«Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға келісім беру. 4.«Delta Bank» АҚ алдындағы кез келген міндеттемелерін «Алиби-Павловка» ЖШС-ның орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестіктің барлық банктік шоттарында тұрған ақшаны акцептті қолданбай алуға (есептен шығаруға) «Delta Bank» АҚ-ға құқық беру. 5.«Алиби-Павловка» ЖШС-ның атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берілген қолданыстағы кредиттік желі шартының өзгеруі, кредиттік желілер немесе банктік займ алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

жетістіктерімізге талдау жасап, екі кезеңді салыстырып, өз бағасын берді. Онда ол қазіргі спорт жүйесінің бұрынғы кезден əлсіреп қалғанын, дегенмен, мемлекет тарапынан денешынықтыру мен спортты қолдауға қолда бар мүмкіндіктің бəрі жасалып жатқанын айтты. Сонымен бірге, ол алдағы он жылда спортты дамытуға берілетін басымдықтар туралы сөз қоз ғады. Осы жерде А.Құлназаров спортты ғылыммен ұштастыру, жаттықтырушылардың білімі мен біліктілігін арттыру, спорттық медицинаны дамыту, қазақтың «Айкуне» гимнастикасымен айналысу сияқты жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Конференцияда Бүкілресейлік əлеуметтендіру мен білім ҒЗИ-ның ғылыми хатшысы Ольга Румның «Эстетикалық гимнастика – жастар арасындағы болашақтағы бұқаралық спорт түрі» атты баяндамасында гимнастиканың бұл түрінің денсаулық пен дене сымбаттылығын сақтаудағы артықшылықтарын айтып берді. Жиынның қорытынды пленарлық отырысында қарар қабылданды.

Әкімбек ҚАСЕНОВ

Ағайын, дос-жарандар ортасында ерекше құрметке бөленген қадірлі де ардақты Əкімбек Қасе новтен айырылдық. Клараға сүйікті жар, балаларына үлгілі əке, немерелеріне тəтті ата бола біл ген жанды қимайды екенсің. Ғажап азамат, өнегелі шаңырақ иесінен айырылу қандай ауыр десеңізші. Жүрегің сыздайды. Бірақ Алла тағаланың ісіне шара жоқ. Міне, аса қимас азаматымыз Əкімбек Қасенов 73 жасқа қараған шағында бізді тастап кетті. Ол 1941 жылы 8 сəуірде Семей облысы, Абыралы ауданының Алғабас ауылында дүниеге келген. Кеңес заманында атомсуте гі бомбаларының сынағы Де ге лең тауының ішінде сыналып жатқан кезде Əкімбек сол маңнан 30 шақырым жерде 7 жылдай тұрды. Ол аумақ «Қоныстан», «Калинин», «Ұзынбұлақ», «Тайлан» колхоздары орналасқан жер еді. Əкімбек осы елді мекенде 1948 жылы орта мектептің 1 сыныбында оқыды. Сынақтың екпінді қарқынмен өткендігі соншалық, аталған жердегі халықты Семей облысының Абай, Жарма аудандарына көшірді. Сонымен, Əкімбек Абай ауданындағы орта мектепті ойдағыдай аяқтады. 1958-1961 жылдары Семейдегі ауыл шаруашылығы техникумын

бітіріп, веттехник мамандығына ие болды. 1961-1963 жылдары Абай ауданының Абай совхозында веттехник болып еңбек етті. Бойында күш-жігері жалындаған жас жігіт оқуға тағы құмартты. 1963 жылы Алматының халық шаруашылығы институтына түсті. Ол кезде 18 жасқа толған жастар əскер қатарына шақырылатын. Сол себепті Əкімбек Қасенов 1963-1966 жылдары əскери міндетін атқарды. 1966 жылы Халық шаруа шылығы институтында оқуын əрі қарай жалғады. Оны 1970 жылы аяқтағаннан кейін, 1974 жылға дейін Мемлекеттік жоспарлау комитетінде (Алматыда) қатардағы инженер, аға инженер қызметтерінде табысты еңбек етті. 1974-1994 жылдары Республикалық кəсіподақтар федерациясында қаржы бөлімінің нұсқаушысынан бөлім бастығына дейін көтерілді. Зейнетке шыққаннан кейін де осы мекеменің ардагерлер ұйымын басқарды. Дос-жарандарының арасында өте беделді болды. Сөзге де, əнге де шебер еді. Міне, осындай азаматымызды соңғы сапарға шығарып салып отырмыз. Марқұмның зайыбы – Клараға, ұл-қыздары – Гүлмира мен Бауыржанға, Құралай мен Мұратқа, Сəулеге, Жандосқа, балдыздары – Фаридаға, Маратқа, Гауһарға, немерелері – Мадиярға, Əминаға, Даниярға, Əдияға жəне басқа жақындарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтамыз. Əкімбек бəріміздің жадымызда əрдайым сақталады. Қош бол, қимас бауыр, дос, аға. Байсейітовтер отбасы – Мағрипа қажы, бала-шағалары, Əкімбектің достары, аға, інілері, құда-жекжаттары.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаевқа немересі ШЫҢҒЫСТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры мен ұжымы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаевқа немересі ШЫҢҒЫСТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ұжымы филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаевқа немересі ШЫҢҒЫСТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбайұлына немересі ШЫҢҒЫСТЫҢ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Шымкенттік достары Төлен Мақұлбеков, Сұлтан Ақаев, Əмір Мұсақұлов.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұжымы кафедра профессоры, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаевқа немересі Шыңғыс ЕРЛАНҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

26 қараша 2013 жыл

 Театр

 Тағзым Камилла шеберлігі қара тасқа жан бітіріп, тылсымдағы тамаша құпиясын ашып береді. Эйфманды білеміз, Роден туралы аз-кем мағлұмат беріп өттік. Ал енді осы идеяны нақты жүзеге асырушы жастар туралы əңгіме қозғауға толық құқымыз бар шығар. Спектакльдің үш тағаны – Роден, Камилла жəне мүсіншінің жары Роза. Осы үш рөлге таңдалған жас солистердің өмірбаянын оқып отырсаңыз, олар да шетінен тегін жандар емес жəне бəрі де қазақтың өрімдей өнерлі жастары. Мысалы, Роденді ойнаған Рүстем Сейітбеков 2007 жылы Ла Скала театрында (Милан) тағылымдамадан өткен, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, «Сильфидада» Джеймс ті, «Эсмеральдада» Фебті, «Жизельде» Альбертті, «Корсарда» Бирбантоны, тағысын тағы басқа

«Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында Борис Эйфман сахналаған «Роден» балетінің премьерасы өтті.

Алау ќўшаєындаєы мїсін Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Роден туралы сосын айтармыз. Əуелі Борис Эйфман кім? Санкт-Петербург мемлекеттік акаде миялық балет театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық əртісі, бір басында «Алтын Софит», «Алтын маска» сыйлығы, Ресей мемлекеттік сыйлығы, Францияның өнер жəне əдебиет ордені, Отан алдындағы ерен еңбегі үшін ордендері бар, қазір əлемдегі ең мықты хореографтарыңыздың өзі санасып жұмыс істейтін əйгілі Эйфманыңыз осы кісі. Ең ғажабы, 2012 жылы Қазақстан үшін шығармашылық кадрларды дайындауда сіңірген еңбегі үшін, Қазақстан-Ресей мəденигуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудағы қомақты үлесі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы беріліпті. Яғни қазаққа да алыс адам емес деген сөз. Дəлелі мінеки – модерн жанрында тұңғыш рет елордалық опера театрында тұсауы кесілген «Роден» балеті. Оған бас-аяғы екі ай уақыт жұмсаған маэстро Морис Равель, Камиль Сен-Санс, Жюль Массненің музыкасына жазған бұл балетін əуелі Ресейде 2011 жылы жүзеге асырған десек, спектакль тұңғыш рет Петербордың Александр театрында, араға біраз уақыт салып Мəскеудің Үлкен театрында салтанат құрып ты. Мəселе шығарманың қашан, қайда қойылғанында емес, əрине, бізге керегі – заманауи үлгідегі осы «Роденнің» астаналық жас театр труппасының репертуарына еніп отырғандығы. Жалпы Б.Эйфман – қазірдің өзінде шығармашылық үлесіне 40-тан астам балеттік

қойылымдарды қалдырып үлгерген адам. Ал Роден кім? Қойылым атына шығып отырған бұл кейіпкер – француздың өткен ғасырларда өмір сүрген белгілі мүсіншісі Огюст Роден. Спектакльге Огюст Роден мен Камилла Клодельдің Париждегі мұражай-үйіндегі барлық маңызды туындылар қолданылғанын айтады автордың өзі. Түйіп айта келгенде, бұл ке меңгер мүсіншілер өмірінің қайғысы мен шаттығын жырға ар қау еткен шығармашылық шолу, қос мүсіншінің бір-біріне деген шынайы сезімдері, махаббат симфониясы болып табылады. «Сахнадағы мүсін мен би, қозғалыс пен тастың мəңгілік одағы өз алдына бір сиқырлы саз дерсің. Бұл екеуі тамаша үйлесімде тіршілік кешіп, адам тəнінің сұлулығы мен пластикалық қимыл-əрекетіне қызмет етеді. Мүсін – тасқа біткен муза əрі таста ойналған бидің өзі іспетті бөлек құбылыс» деп бағалаған Мария Красникованың пікіріне қапысыз иланасыз. Себебі, тастар да билейді. Роден мен

да қаншама басты бейнелерді сомдаған. Камилла Клодель рөліндегі Гауһар Усинаның 20012005 жылдар аралығында Орыс Императорлық балетінің жəне Орыс ұлттық балетінің жетекші солисті болуының өзі талантына талайды табындырып үлгергенін көрсетіп тұрғандай. Одетта, Одилия («Аққу көлі»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Маша («Щелкунчик»), Жизель («Жизель»), Медор («Корсар») сынды тағы да бірсыпыра ол ойнаған басты партиялар Борис Эйфманның не үшін Камилла рөліне оны таңдағанын айқындай түседі. Ал Роза рөліндегі Əсел Шайкенова келешегінен мол үміт күттіретін талантты қыздарымыздың бірі. Оның «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Галина Уланова атындағы арнайы сыйлықпен марапатталуы тегін емес. Жас болғанмен, ол да біраз партияның ыстық-суығын бойынан өткізіп үлгерген, кез келген рөлді сеніп тапсыруға болатын талант иесі деп толық айта аламыз. Елорда төріндегі əсем «Астана Операның» көз тартар келбеті керемет. Мұнда түрлі қойылымдарға билет табылмай қалып жататын кездер болып қалатыны тағы тамаша. Мықтымықты режиссерлер мен мамандарды тартып, репертуардың əлемдік туындылармен толығып жатқаны құптарлық. Ғаламат театрлар жеткен биіктерге ұмтылған барлық əрекеттер дұрыс-ақ! Бірақ əлі арман көп. Қазақтың театрында қазақтың өзінің төл туындылары дүниеге қашан келеді деген арман. «Қазақтың Родендері қайда?» деген іштегі бір үнемі өзіміздікін іздеп, өзіміздікіне қанымыз тартып тұратын арман... ––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Қалижан БЕКХОЖИН:

«Поэзия тербетеді жїрегімді, ґлсем де ґлеѕімді айтып ґтем»

Қазақтың көрнекті ақыны Қалижан Бекхожиннің ғасырлық тойы туған өлкесі Баянауылдан бастау алған еді. Жыл бойына еліміздің түкпір-түкпірінде конференциялар өткізіліп, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап басып шығарылды. Туған жері Павлодар қаласында ескерткіш орнатылды. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Əдебиетте өзіндік қолтаңбасын қалдырған сан қырлы қаламгердің 100 жылдығы жұма күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында жалғасты. Қалаулы халық ұлына қатысты тағылымды игі істер атқарылып жатса, онда əдебиет пен мəдениетке біртабан жақын Павлодар облысы əкімінің де үлесі бар. Шараға ақынның

Алматыдағы рухани əлеміне тағзым ете келген өлке басшысы Ерлан Арын қатысып, сөз сөйледі. Шығармашылық өлкеде өтіп жатқан осынау іс шараға қала əкімі Ахметжан Есімов, зиялы қауым өкілдері, ақынның туыстары мен жақындары ортақтасып, тамаша естеліктермен Қалижан Бекхожиндей қаламгердің тұлғасын сомдады. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қалижан Бекхожиннің туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кештің басты естелігін ақын Ұлықбек Есдəулет өріп:

«Біз Бекхожиндей тарлан да тарпаң ақынның өзін көргенге дейін, алдымен өлең-жыр, дастандарын оқулықтан оқып-білген ұрпақпыз. «Ақсақ құланы» мен «Қорқытпен тілдесуін», «Орман қызы» мен «Мəриям Жагорқызын», «Сұңқар туралы аңызы» мен Ақан туралы «Соңғы сайранын», Əліби туралы «Дала комиссары» мен «Əппақ-намасын» бір деммен оқып шығып, ақынның қара сөздің қаймағын қалқыған, қазақ тілінің асыл қазынасын сапырған құдірет-қуаты мен шеберлігіне тəнті болсақ, шабытының қайнап жатқан ыстық тұмасынан жаратылған «Махамбет қабірі басындағы тебіренісі» мен «Терезені перделеме, Зайдаханы» бастаған лирикалық туындыларын тебіренбей оқу мүмкін емесіне көз жеткіздік», деді. Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин: – Қалижан Бекхожиннің өмірі ел өміріндегі өте күрделі кезеңдермен тұспа-тұс келді. 30шы жылдары əдебиет əлеміне аяқ басты. Ал, ол кезең тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезең еді. Одан кейін соғыс майданын көрді, одан аман келді. Халықтың қасіретін, халықтың ішкі діңгегінің мықтылығын, соны жырлайтын дастандардың барлығы қазір өзінің өміршеңдігін тағы да дəлелдеп отыр, – деді. Салтанатты шара кезінде талантты қаламгердің туындыларының көрмесі өтті. «Өлеңім – өмірім» атты көрме ақынның дəуірлі тағдырын асқақтатып, бүкіл шығармашылық ғұмырын кейінгі ұрпаққа паш етті. Ұлағатты өмір сүрген Қалижан Бекхожин мол шығармашылық мұра ғана емес, елжанды ұл-қыз тəрбиелеп кеткен көркемсөздің ұстасы ретінде ел жадында ұдайы жаңғырып отырмақ.

АЛМАТЫ.

Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.

 Спорт Қарашаның 23-і күні Санкт-Петербургте Бүкілəлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымдағы 2 раундын жергілікті Russian Boxing Team командасымен өткізген Astana Arlans 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Астана арландары» кезекті жеѕісіне жетті Кездесу 52 килоға дейінгі салмақтағы ресейлік Миша Алоян мен қазақстандық Олжас Сəттібаевтың ұрыстарымен ашылды. Шайқастың бірінші раунды турнир дебютанты болып отырған қазақ боксшысының басымдылығымен өтті. Осыған орай төрешілер де жеңісті 2:1 есебімен соның еншісіне жазды. Ал əлемнің екі дүркін чемпионы деген атағы бар ресейлік былғары қолғап шебері құр беделмен ештеңе ала алмасын білгесін, 2 раундтан бастап ышқына алға ұмтылды. Осы ұмар-жұмар айқастың өзегінен қазылар алқасы соңында соққылары жиірек дəл тиді деген пікірмен жеңісті Алоянға беріп жіберді. Келесі 60 килоға дейінгі салмақтағы команда капитаны Самат Бəшенов əдепкі ұрыста кеткен есені қайтарғандай болды. Ол Ресей чемпионатының өткен жылғы күміс жүлдегері, Универсиаданың биылғы жылғы жеңімпазы Адлан Абдурашидовті қапысыз ұтты. Шайқас барысында Самат өзіне едіреңдеп ұмтылған бəсекелесінің екпінін мығым соққылармен басып тастап отырды. Бұл оның раунд соңында 2:1 есебімен алға шығуына жол ашты. Ал екінші раундта боксшылардың клинчке түсіп қала беруі жиіледі. Ол ресейлікке басымдық алып берді. Бұдан соңғы екі кезеңде барынша жинақы көрінген Самат 3:0 деген көрсеткішпен айқын

жеңіске жетті. Соңғы, бесінші раундтың нəтижесі ештеңе шеше алмайтын болса да, қазақстандық онда да қарсыласына дес бермеуге тырысты. Сөйтіп, 2:1 есебімен оны да өзіне қарай аударып əкетті.

ұзындығын жақсы пайдалана білген ол қар сыласын қақпайлай жүріп, ар тық ұпайлар ала берді. Соның нəтижесінде үшінші раундтан кейінақ оның жеңетініне ешкімнің күмəні қалмады. Осымен бірге «арландар»

Кездесудегі бетбұрысты сəтті бұдан кейінгі 69 килоға дейінгі салмақтағы спортшылар жасады. Шыны керек, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен ресейлік Александр Иванов арасындағы шайқастың басында біз тəжірибесі көптеу алаң иесінің иығы озық шығар деп қауіптеніп едік. Бірақ іс жүзінде бəрі басқаша болып шықты. Бұл күні қазақстандықтар сапындағы екінші дебютант болып отырған Мейірім шайқастың басынан өзін сенімді ұстады. Қолы мен бойының

матчта бірінші рет алға шықты – 2:1. Ал 81 кило салмақтағы Данабек Сужанов өзінің мыңдаған жанкүйерлерінің сенімін ақтай алмады. Серияның қазақстандықтар сапындағы үшінші дебютанты Дмитрий Биволмен өткізген кездесуінің бірінші раундында-ақ қолғабын шешуге мəжбүр болды. Айта кету керек, жекпе-жекті екі жақ та өте қарқынды бастады. Раундтың соңына қарай ресейлік боксшы біздің жігітке бірнеше ауыр соққыны дəл беріп үлгерді.

Соның екеуі оның арқанға ілініп қалуына апарып соқтырды. Осыдан кейін боксшының ден саулығын тəуекелге салмас үшін рингтегі рефери ұрысты тоқтатты. Техникалық нокаут. Мұның соңы командалардың ара салмағы қайтадан теңесуіне жеткізді – 2:2. Сөйтіп, барлық түйін ең соңғы ұрысқа қалып қойды. Ал «соңғы түйенің жүгі ауыр» екенін жақсы сезінген астаналықтар сапындағы легионер оған тастүйін болып дайын шықты. Ол өзінен атағы да, шатағы да көп Сергей Кузьминге қарсы қойғаны жинақы қимыл болды. Соңында оның жеңгеніне төрешілер де шəк келтіре алмады. Жеңіс! Бұл сонымен бірге, «Астана Арлансты» командалық жеңіске қол жеткіздірді. Осымен, «Астана арландары» қатарынан екінші мəрте жеңіс тойын тойлады. Бұл күні Польшада Poland Hussars-пен кездескен Кубаның Cuba Domadores деген ұжымы 5:0 есебімен ұтты. Дəл осындай есепке Мексиканың Mexico Citi Guerreros клубымен өз алаңында күш сынасқан Əзербайжанның Baku Fires командасы да жетті. Ал АҚШ-тың USA Knockouts командасы Аргентинаның Argentina Condors жасағын 3:2 етіп тізе бүктірді. Енді 16 қараша күні ойналған 1 раунд кездесулерінің нəтижелерін ескерте кетейік. Олар былайша аяқталды: «Астана Арланс» (Қазақстан) – «Баку Файерс» (Əзербайжан) 4:1, «Аргентина Кондорс» (Аргентина) – «Италия Тандер» (Ита лия) 1:4, «Рашн Боксинг Тайм» (Ре сей) – «Поланд Хуссарс» (Польша) 5:0, «Мексико Сити Гуеррерос» (Мексика) – «Куба Домадорес» (Куба) 0:5, «Украин Отаманс» (Украина) – «ЮСА Кнокоутс» (АҚШ) 4:1, «Тайм Германия» (Германия) – «Алжериа Десерт Хоукс» (Алжир) 5:0. Руслан ИГІЛІК.

 Табиғат терезесі

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар:

л е м е н ы т л А

КХДР-да оңтүстіктегілердің телехабарларын көрген 80 адам атылды. Америка азаматы жел үрленген шарлармен мұхит асып өтпекші. Мəскеуде Сочидегі қысқы Олимпиялық ойындарға билеті сататын орталық ашылды. Қырғызстан тағы буырқана бастады. Қозғалысқа енді жүк көліктері тартылды. Украинада «майор Вихрьдің» прототипі 99 жасында қайтыс болды.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №192 ek

Profile for Egemen

26112013  

2611201326112013

26112013  

2611201326112013

Profile for daulet
Advertisement