25112014

Page 2

2

www.egemen.kz

25 қараша 2014 жыл

Ќазаќстан мен Чехия бірлескен кəсіпорындар ашуєа мїдделі (Соңы. Басы 1-бетте). Бизнес-форумда Елбасы Чехия тарапының кəсіпкерлері Кеден одағының үлкен əлеуетін ескере отырып, Қазақстан мен Чехияға бірлескен кəсіпорындар ашу мүмкіндігін қарастыруға болатынын айтты. «Бүгін біз индустрияландырудың екінші бесжылдығын анықтау кезінде жалпы құны 30 млрд. долларды құрайтын жобалар жиынтығын белгіледік. Бірінші бесжылдықта бұрын Қазақстанда болмаған 700 кəсіпорын салдық. 70 мың жұмыс орнын құрдық. Екінші бесжылдық тапсырмасы – 250 мың жұмыс орнын құрып, елімізде бұрын болмаған жаңа кəсіпорындар ашу. Сондықтан бүгін чех компанияларын біздің бағдарламаға белсене қатысуға шақыру үшін үлкен мүмкіндік туып отыр. Сіздердің елдеріңізде машина жасау саласы жақсы дамып жатқаны белгілі. Осындай даму бізге де қажет. Осы орайда Кеден одағының үлкен əлеуетін ескере отырып, бірлескен кəсіпорындар ашу мүмкіндігін қарастыруға болады. Қазақстанда қызмет ететін чех компаниялары енді Кеден одағы шеңберінде Ресей мен Беларусь нарығына еркін шыға алатын болады, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұлармен қатар, Елбасы бизнес-форумда чех компанияларына еліміз экономикасының қандай салаларына инвестиция жасауға болатынын да атап көрсетті. «Біздің мемлекеттеріміз бен кəсіпкерлеріміз бірге жұмыс жасайтын қандай салалар бар деген мəселеге келер болсақ, 2015 жылдан бастап біз индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын бастаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан минералды ресурстарға бай. Біз мұнай мен газ қоры бойынша əлемдегі он мемлекеттің ішіне кіреміз. Уранды өндіру жəне сату көрсеткіші бойынша əлемде алғашқы орындардамыз. Мыс жылына 400 млн. тоннаға дейін шығарылса, мырыш, күміс, алтын сияқты бағалы металдарды да өте үлкен көлемде өндіреміз. Бізде фосфорлық тыңайтқыштардың 6 млрд. тонналық қоры бар. Осылардың барлығы біздің жер қойнауымыздағы байлықтар. Бізге оларды əлі де игеру қажет, деді Н.Назарбаев. Сөйтіп, Елбасы кəсіпкерлер назарын Қазақстан ның жаңа экономикалық саясатына аударды. «Дегенмен, біз осындай байлыққа ие болып отырсақ та, жаңа экономика құрғымыз келеді. Сондықтан менің Жарлығым бойынша біз

шикізаттан тапқан барлық табысымызды Ұлттық қорға жинап отырдық. Қазір онда 100 млрд. АҚШ долларынан астам қаражат бар. Осы қаражат негізінде біз жаңа индустрия құрып, Қазақстанның болашақтағы инфрақұрылымын жасағымыз келеді. Міне, осы жұмыс барысында барлық екпін өңдеу өнеркəсібіне, металлургияға, химияға, мұнай химиясына, машина жасауға, құрылыс индустриясына жəне азық-түлік өнеркəсібіне жасалады, деді Мемлекет басшысы. Елбасы чехиялық кəсiпкерлерді Қазақстанда тұрғын үй зауыттарын салуға да шақырды. «Бiз Қазақстанда тұрғын үй құрылысын жəне барлық коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын қолға алып жатырмыз. Бұл үлкен жұмыс, оған қыруар қаражат бөлудемiз. Қазақстанға арзан, ыңғайлы, жылы, бiздiң ауа райына бейiмделген тұрғын үй шығаратын зауыттар қажет. Осы салаға сiздердi шақырамыз», деген Президент чехиялық кəсiпкерлер инвестиция құя отырып, Қазақстан нарығына ғана емес, бiрнеше елдерге тауар сатуға мүмкiндiк алатынын тілге тиек етті. «Өз тауарларын сатқысы келетiн чехиялық бизнесмендердi мен түсiнемiн. Сондықтан өндiрiстi Қазақстанда орнатуды ұсынамын. Сiздерге Орталық Азия, Ресей, Батыс Қытай нарықтары ашылады. Мəселен, автокөлiк құрылысын жасауға болады. Джон Дир сынды америкалық жəне немiс ауылшаруашылық техникаларын шығарушы компаниялар, ВАЗ, КамАЗ сынды ресейлiк автокөлiк

ұйымдастырушылары солай iстеп жатыр. Қорғаныс саласындағы өндiрушiлерге де мүмкiндiктер бар. Тауарларды шығарып, пайда көруге, нарыққа кiруге жағдай жасалған. Нағыз iстер жасалуы керек, бiз оны қолдаймыз», деп атап өттi Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы чех кəсіпкерлерін Қазақстанның болашақтағы инфрақұрылымдық жобаларымен де таныстырды. «Қазақстан инфрақұрылымды инвестициялауды жалғастыра отырып, инвесторларға барлық жағдайды жасауда. Елімізде ерекше режімде жұмыс істейтін 10 арнайы экономикалық аймақ құрылды. Естіген боларсыздар, мен 11 қарашада Қазақстан халқына жаңа экономикалық саясат туралы Жолдауымды жарияладым, ол «Нұрлы Жол» деп аталды. Менің пікірімше, əлемдегі жəне біздің еуразиялық субқұрлығымыздағы, Украинадағы мəселелерге байланысты Еуропада күтілген экономикалық дамуға қол жеткізілмеді. Халықаралық валюта қоры экономиканың құлдырағанын анықтады. Ресейдегі жағдай да оңай емес. Сондай-ақ, АҚШ экономикасы да бұрынғыдай болмай тұр. Біз барлығының жағдайы жақсы болғанын қалаймыз. Дегенмен, дағдарыс əлі біткен жоқ, керісінше, жаңа проблемалар да бас қылтитып келе жатыр деп ойлаймын. Сондықтан мен жаңа экономикалық бағдарлама жарияладым. Келесі 3 жылда Қазақстанда Астанадан шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке апаратын негізгі магистральдық жолдарды, сондай-ақ сол жолдардың

Даєдарыстарєа лайыќты жауап Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жүздесушілер парла ментаралық үнқатысу маңызды бөлігі болып табылатын Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мəселелерін талқылады. «Сіздің сапарыңызды біздің мемлекеттеріміздің заң шығару органдары арасындағы өзара ісқимылды нығайту тұрғысында өте маңызды деп санаймын. Өткен жылдың қарашасынан бері сізбен төртінші рет кездесіп отырмыз. Бұл өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын көрсетеді», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы «Нұрлы Жол» Жолдауы туралы С.Нарышкинді хабардар ете келіп, Мемлекет басшысының Жолдауы əлемдік экономикадағы дағдарыстар жағдайында оған лайықты жауап екенін атап өтті. «Стратегиялық мəнге ие бағдарламалық құжат жетекші қаржы институттарының назарын аударып отыр, олар қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына инвестиция əкелу арқылы

осы стратегиялық бағдарламаны іске асыруға қатысуға ниетін білдіруде», деді Төраға. С.Нарышкин Қазақстан халқы мен Парламенті Жолдауда алға қойылған міндеттерді табысты іске асыра алатынына сенім білдірді. «Біз Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Жолдауын мұқият зерделедік. Бұл маңызды құжатта ауқымды жəне өршіл міндеттер қойылғанын көріп отырмыз», деді Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы. Еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамыту мəселелерін талқылай келіп, жүздесушілер Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылғы 1 қаңтардан қызмет ете бастайтынын ерекше маңыз бере атап өтті. «ЕАЭОны басқа елдерге тартымды ету – стратегиялық міндет», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Мемлекеттік Дума Төрағасының пікірінше, «ЕАЭО-ның іске қосылуы – қазіргі замандағы əлемдік өмірдегі басты

оқиғалардың бірі. Біздің үш еліміз: Қазақстан, Беларусь жəне Ресей еуразиялық ықпалдастықтың локомотиві болып табылады». Жүздесушілер көптарапты түрдегі ықпалдастық туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастыққа Қазақстан ерекше маңыз беретінін атап өтті. Қ.Тоқаев, сондай-ақ, ҰҚШҰ халықаралық аренада күш-қуат пен қажетті беделге ие болып келе жатқанын айтты. «Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ның Ұжымдық əрекет ету күштерін құрудың бастамашысы болды. Қазіргі кезде Орталық Азиядағы жағдай едəуір күрделі, сондықтан ҰҚШҰ-ның беделі мен қызметінің тиімділігін күшейтудің маңызы зор. Біздің Президент бұл бағыттағы жұмыстарға бірінші кезекте назар аударады», деді Қ.Тоқаев. Халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылай келіп, жүздесушілер Украинадағы шиеленістің жалғаса түсуіне алаңдаушылық білдірді. Қ.Тоқаев жағдайды реттеуге бағытталған Президент Н.Назарбаевтың бітімгершілік күш-жігерін атап көрсетті.

Мегажобаныѕ ќозєаушы кїші – їш ел Кеше Мəжіліс Спикері Қ. Жақыпов Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы С. Нарышкинмен кездесті. Ол біздің елімізге Мəжілістің шақыртуымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Президент. Парламент. Интеграция» халықаралық конференциясына қатысуға келді, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Тараптар біздің елдеріміз байланысының өзекті мəселелерін талқылай келіп, қос мемлекет арасындағы жылдан-жылға беки түскен достық, тату көршілік қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Осы ретте Қабиболла Жақыпов

Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған ХХІ ғасырдағы одақтастық пен тату көршілік туралы шартты сөз етті. Өз кезегінде Сергей Нарышкин қазақстандық əріптесіне аталған халықаралық конференцияға

қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіре келіп: – Біз Қазақстан Президентінің Еуразиялық интеграция идеясын алғаш рет 1994 жылы ММУ-де сөйлеген сөзінде жариялағанын ешқашан ұмытпаймыз жəне өте жоғары бағалаймыз. Идея қанат жайды, нəтижесінде келер жылдың қаңтар айынан бастап біз өмір сүретін толыққанды Еуразиялық экономикалық одаққа айналды. Бұл мегажобаның қозғаушы күші біздің үш ел – Қазақстан, Ресей, Беларусь, – деді.

бойындағы құрылымдарды салуға арналған көлемді инвестициялық жобалар жүргізіледі. Біздің жеріміз өте кең. Ол кезінде Кеңес Одағының шикізат көзі болған. Сондықтан барлық жолдар тек солтүстікке қарай салынған. Ел ішінде жолдар жүйесі болмаған. Сол себепті біз тəуелсіздік жылдарында қиындықтарға қарамастан, 2500 шақырым теміржол, 30 мың шақырым шамасында автокөлік жолдарын салдық. Бірақ бұл аздық етеді. Біз болашақта қазіргі елорда мен бұрынғы елорда арасында 1000 шақырымдық хай-вэй салғымыз келеді. Сондай-ақ батысқа қарай – Каспий теңізіне дейін, шығысқа қарай – Қытай шекарасына дейін, солтүстікке қарай – Ресей шекарасына дейін де осындай жолдар салуды жоспарлаудамыз. Осылардың ішінен қайсысы іске асып жатыр? 8 мың шақырымдық «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік жолы Тынық мұхитынан Амстердамға дейін барып, жүк тасымалы мерзімін теңіз жолы арқылы тасылатын 45 күннің орнына 2 аптаға дейін қысқартады. Осы жолдың 2700 шақырымы Қазақстан арқылы өтеді. Біз оның құрылысын келесі жылы бітіреміз, деген Президент басқа да ірі жобалар туралы əңгімеледі. Қазақстанның болашақта Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір болатынын баса айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның да, Чехияның да құрлықтың ортасындағы мемлекеттер екенін, сондықтан халықаралық маңыздағы жолдарға шығу үшін инфрақұрылымды жан-жақты дамыту қажет екенін ескертті. Өз кезегінде М.Земан Чехия Астанадағы ЭКСПО-2017 қалашығына əуежай мен қала орталығын қосатын темiржол салуға ниеттi екенін айтып қалды. «Құрылыс компанияларының бiрi сiздерге əуежай мен қала орталығына қатынайтын жəне тек бiр аялдамаға тоқтайтын темiржол қатынасын салып беруге құлықты. 2017 жылы мен Астанадағы ЭКСПО көрмесiне келгенде əуежайдан осы метро арқылы жүретiн де шығармын. Неге олай болмасқа!», дедi Чехия президентi. Оның айтуына қарағанда, бизнесфорум аясында келiсiмшарттарға қол қойып, инвестиция салуға ниеттi компаниялардың тiзiмi жасалған. Оның iшiнде құрылыс саласында көп жылдық тəжiрибе жинақтаған iрi құрылыс компаниялары да бар екенін айтты. Жалпы, форум аясында құны 500 млн. долларға келiсiмшарттар жасалды. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќазаќ елі əлемдік экономиканыѕ маѕызды ойыншысына айналады (Соңы. Басы 1-бетте). Жалпы, Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынастар жақсы жағдайда дамып келе жатқандығын айта кетуіміз керек. Егер оның қысқаша тарихына тоқтала кететін болсақ, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап орныққан болатын. Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Венгрия мен Чехиядағы елшілігі ашылса, Чехияның Қазақстандағы елшілігі 1994 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмысқа кірісті. 2004 жылдың 8-10 қыркүйегі аралығында Чехияның сол кездегі президенті В.Клаустың Қазақстанға ресми сапары болып өтті. Онда екі ел басшылары келіссөздер жүргізіп, соның нəтижесінде Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы декларацияға, Экономикалық, өнеркəсіптік жəне ғылымитехникалық ынтымақтастық туралы келісімге жəне Стандарттау, метрология жəне сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған еді. Сапар барысында В.Клаус əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы атағына ие болған-тын. 2012 жылдың 23-24 қазанын да Чехия Президентінің ша қыруымен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге бірінші ресми сапары ұйымдастырылды. Онда Чехия басшылығымен кездесулер өткізіліп, Қазақстан-Чехия бизнесмендерінің форумы болып өтті. Денсаулық сақтау жəне медицина ғылымы, əскери саладағы ынтымақтастықтар туралы келісімге, сондай-ақ, Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы мен Чехияның Плзень өңірі арасындағы келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы саудаэкономикалық қатынастар да ой да ғыдай дамып келеді. Қазақ стан Чехияға негізінен мұнай-газ саласының, химия өнеркəсібінің өнімдерін, сондай-ақ, түрлі металдар экспорттайды. Ал Чехиядан бізге əртүрлі құрал-жабдықтар, тазарту қондырғыларының құралдары мен босалқы бөлшектері, электртехникалық аспаптар, дəрі-дəрмек өнімдері, жиһаздар, халық тұтынуындағы басқа да тауарлар келеді.

2009 жылы Чехия үкіметі Қазақстанды осы елдің неғұрлым болашағы зор 12 сауда əріптесінің тізіміне тіркеді. Екі ел арасында Саудаэкономикалық, өнеркəсіптік жəне ғылыми-техникалық ынты мақ тастық бойынша үкімет аралық комиссия жұмыс істейді. Құрылғаннан бері оның жеті отырысы болып өтті. Осы ретте Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тың 2012 жылы қазанда Чехияға жасаған сапары екі ел арасындағы сауда-экономика лық қатынастың дамуына ерекше серпін бергендігін атап көрсеткен абзал. Осы кезден бастап сауда айналымы еселей өсуде. Өйткені, сапар барысында 8 коммерциялық келісімдерге қол қойылған болатын. Мемлекет басшыларының осы жолы Ақордада өткен кездесуі де қол жеткен табыстарды одан əрі дамыту бағытында өрбіді. Кездесу аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Милош Земан журналистермен баспасөз мəслихатын өткізді. Елбасы өзінің сөзін шақыруды қабыл алып, елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасының Президентіне алғыс айтудан бастады. – Чехия – Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктестерінің бірі. Осы жолғы кездесуде біз екіжақты халықаралық ынтымақтастық аясындағы мəселелерді талқыладық. Біздің саяси, экономикалық, мəдени ынтымақтастығымыз жылданжылға өсіп келеді. Соның ішінде менің 2012 жылғы Чехияға жасаған ресми сапарымнан бері екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі екі есе өсті. Өйткені, біз сапар аясында іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға баса назар аудардық. Қазір Қазақстан нарығында Чехия іскер топтарының қатары өсіп келеді. Денсаулық сақтау, дəрі-дəрмек өндірісі, машина жасау, құрылыс салаларында қазір бізде 70-тен астам чех компаниялары жұмыс істейді. Біз Чехия іскерлерін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырамыз. Қазірдің өзінде біздің сауда айналымымыздың көлемі 1 миллиард доллардан асты. Биылғы жылдың өзінде жақсы өсім байқалып отыр. Еуропалық одақтың белсенді мүшелерінің бірі болып саналатын чех

Кеше Байқоңыр қаласында Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссия сының «Байқоңыр» кешені бойынша 2-ші мəжілісі болып өтті. Оған Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей тарапынан осы ел Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин қатысты.

Їкіметаралыќ комиссияныѕ мəжілісі Мəжілісте «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі Жол картасының орындалу барысы мен Байқоңыр қаласын инфрақұрылымдық дамытудың қырлары қаралды. Сонымен бірге, тараптар қосарланған салық салуды болдырмау бойынша шаралар қабылдауға, «Протон-М» зымыранұшырғышын аттандыруды қысқартуға, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарын Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары бойынша оқыту мен оларға медициналық қызмет көрсетуге қатысты мəселелерді талқылады. Бұған қоса, «Байқоңыр» космодромында «Бəйтерек» ғарыштық-зымырандық кешенін құрудың жобасы бойынша

ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Мəжіліс қорытындысы бойынша «Байқоңыр» космодромынан зымыран ұшырылған кезде авария пайда болған жағдайда өзара іс-қимылға қатысты бірқатар халықаралық келісімшарттарға қол қою туралы уағдаластыққа, Байқоңыр қаласының жер учаскелерін пайдалану тəртібі мен қаланың мəртебесі туралы келісімге қол жеткізілді. Б.Сағынтаев пен Д.Рогозин, сондай-ақ, екі елдің ғарыш саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығын одан əрі кеңейту мен тереңдетуге қызығушылықтарын білдірді, деп хабарлады Қазақстан ПремьерМинистрінің баспасөз қызметі.

Сенім грамотасын тапсырды Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы елшісі жəне Черногорияда елшілік қызметті қоса атқарушы Аслан Мусин Черногория Президенті Филип Вуяновичке Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Тапсыру рəсімінен кейін жаңа тағайындалған дипломат Черногория Президенті Ф. Вуяновичпен екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты əрекеттесудің кең ауқымды мəселелерін талқылады. Елші А. Мусин ағымдағы жылы 11 қарашада Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың жолдаған «Нұрлы Жол» атты мемлекеттік Жаңа Экономикалық Саясатының басымдықтары туралы сұхбаттасын хабардар етті. Ф.Вуянович Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы тілектерін жолдап, қазақстандық елшіге табыстар тіледі. Сонымен қатар, А.Мусин Чер ногория сыртқы саясат ведомствосы

бас шылығымен кездесіп, екіжақты келісімдер базасын дамыту тақырыбын, сондай-ақ, Черногория Премьерминистрінің орынбасары, Сыртқы істер жəне еуропалық интеграция министрі Игор Лукшичтің келесі жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мəселесін талқылады. Сонымен қатар, Черногория Туризм жəне даму министрлігі мен Шаруашы лық палатасының басшыларымен кездесу өтіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. «Егемен-ақпарат».

мемлекетінің біздің елімізге тигізетін пайдасы мол болады деп санаймын. Олар бізге Еуропаға шығатын көлік қатынасы мəселесінде маңызды рөл атқара алады. Сондай-ақ, қазір біздің 2 мыңға тарта жастарымыз осы елде білім алуда. Біздің елдің адамдары бұл елге туристік жолдармен де жиі барып жүр. Қазақстандағы «Азия Авто» АҚ зауытында Чехияның «Шкода» жеңіл автокөлігі шығарылады. Осы уақытқа дейін 15 мың автокөлік шығарылса, келесі жылы 8 мың автокөлік шығару жоспарлануда. Чехия Президенті Милош Земанмен осы жолғы келіссөздеріміз де жемісті болды. Бүгін Қазақстан мен Чехия іскерлерінің бірлескен форумы өтеді. 13 келісімге қол қоюға ниеттеніп отырмыз, – деген Елбасы кездесу барысында халықаралық күн тəртібіндегі тұрған өткір мəселелердің де сөз болғандығын, соның ішінде Украина тақырыбы да қозғалғандығын, өйткені, бұл жағдайлардың бəрі біздің елдерімізге де əсер ететіндігін айтып өтті. Чех Республикасының Президенті Милош Земан жылы шырайлы қабылдау үшін Елбасына алғысын жеткізді. Ол өз сөзінде Чехияның Қазақстанды сенімді əріптес ретінде танитындығын айта келе, мұның себебін түсіндіре де кетті. «Біз бұрын Германия, Жапония, Оңтүстік Кореяны экономикада ғажайыптар туындатқан елдер қатарында атасақ, енді осы қатарға Қазақстан қосылып отыр. Мен мұнда осыдан 12 жылдай уақыт бұрын Чехия үкіметін басқарып тұрған кезімде келген едім. Ал осы жолы келгенде адам айтса сенгісіз өзгерістерді байқадым. Соның жарқын бір мысалы Астана қаласының дамуы болып отыр. Маған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жоспарын таныстырды. Мен бұл елдің ондай үлкен мақсатқа қол жеткізетіндігіне сенімдімін. Менің ойымша, Қазақ елі (маған Президент мырза осылай деп өз елін атағанындай) əлемдік экономикадағы маңызды ойыншылардың біріне айналатын болады», деді. Чех Президенті осы жолы өзімен бірге 80 чех іскерін ерте келгендігін айтып, бұл жолғы сапарының жемісті болатындығына сенімділігін танытты.

Меморандумєа ќол ќойылды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Швейцария Конфедерациясының Федералды президенті – Сыртқы істер бойынша Федералды кеңесшісі жəне Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының Іс басындағы төрағасы Дидье Буркхальтермен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі күйі мен келешегі, көпжақты институттар аясында өзара ықпалдастық пен халықаралық күн тəртібіндегі мəселелерді талқыға салды. ҚР СІМ басшысы Швейцария Президентін Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарламасы – «Нұрлы Жолдың» басты бағыттарымен жəне мақсаттарымен таныстырып, оның əлеуметтік саланы қолдауға ерекше мəн беретінін жəне бөлінген қаражаттың əлемдік дағдарыс кезеңінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Е. Ыдырысов Қазақстан Швейцарияны сенімді жəне маңызды əріптесі ретінде қарастыратынын жəне ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастық құруға мүдделі екенін алға тартты. Екі ел арасында саяси салада жоғары деңгейде сенім орнатылғаны туралы ерекше атап өтілді. «Қазақстан-Швейцария» парламентаралық топтың тиімді жұмыс атқарып отырғандығы да тілге тиек етілді. Парламент палаталары басшылары деңгейінде тұрақты сапармен алмасу тəжірибесі де орныққан. Сұхбат барысында тараптар, сонымен бірге, серпінді дамып келе жатқан сауда-экономикалық қатынастарға жоғары баға берді. Швейцария Қазақстан экономикасына инвестиция құйған мемлекеттер арасында көшбасшылар қатарында жəне ол 20 инвестор-мемлекет тізіміне енген. Швейцария Конфедерациясының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы туралы сөз қозғаған Е. Ыдырысов 2014 жыл оңай жыл болмағандығын баса айтты. Əрине, бұл Украинадағы жағдайды тұрақтандыруда үлкен күш-жігерді қажетсініп қана қоймай, сондай-ақ, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін жақсарту мен ЕҚЫҰ əлеуетін арттыру сынды мəселелерді шешуде анық байқалды. Келіссөз нəтижесінде екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасында түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.