22052015

Page 9

www.egemen.kz

22 мамыр 2015 жыл

9

 Жазылған жайдың жаңғырығы Ел ертеңін ойлайтын төл газетіміз «Егемен Қазақстанда» жарияланған əйгілі ғалым Төрегелді Шарманов ағамыздың «Құндылықтардың құлдырауы», оған үн қосқан əріптес ағам Қуаныш Сұлтановтың «Ұят туралы айту ұят болып барады» мақаласын қатар қойып оқып, терең ойға баттым. Аға газеттің көтерген тақырыбы қашанда салмақты, сыны өткір ғой. Соның бірі ғаламдық жаһандану процесінде қазақы ортаның арасында кездесетін, көпшілікті толғандыратын мəселені қажет уақытында көтеріп, қоғамымыздың құлдырап бара жатқан тұстарын дəл тапқаны. Шындығында елімізде «заманына қарай адамы» деп айтпақшы Қаныш Сəтбаевтың қолтаңбасы қалған Ұлттық ғылым академиясының да қадірінің кете бастағаны сол, бүгінде атақ жарысынан ғылым докторы мен кандидаттарының есебінен жаңылатын халге жеттік. Сол ғылым саласындағы атақтары оларға не үшін керек болды екен деген үлкен сұрақ туындайды. Күндіз-түні кітапханаға барып, көз майын тауысқан жас ғалымның қорғаған еңбегі қазақстандық ғылымға өз үлесін қоспаса, өз жемісін бермесе, сатып алған жалған атақ кім үшін қажет? Өзін-өзі жарнамалау бизнесіне

көпшілік жи налған жерлерде немесе жұмыс күндері түс мезгілінде қайтыс болған азаматтың атынан берілетін ас, жаназаны өт кізу дің жал пыға ортақ тəрті бін жасап бекітіп берулерін сұраймыз. Сөз арасында 42 жыл əскери салада жүріп, бірден «Нұр Отан» партиясының тізімімен Мəжіліс депутаты болып сайланған менің артта қалған өз өмірімдегі жайттарға тоқталсам деймін. Халық қалаулысы болсам да Қазақстан Рес публикасы Президентінің жанын дағы Мемлекеттік басқару академиясында тыңдаушыларға еліміздің қауіпсіздігі мен халық аралық

Адамды орта тəрбиелейді Абай ТАСБОЛАТОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

айналған мына заманда қалтаңда қомақты қаржың болса, алдыңа қойған асыл армандарыңа ойланбай қол жеткізетін күйге жет тік. Теңгенің құлы болуға айналдық. Бұл өмірдің ащы шындығы, бүгінгі күннің басты мəселесі десек те болады. Есепсіз ғалымдар көбейіп, олардан білім алған шəкірттердің де ғылымға түрлі қи тұрқылық əдістермен келуі кеңінен етек алды. Кейде ойлайсың, елімізде неге білім сапасы төмен деп. Қазақша айтқан қарапайым сөзіңді пленарлық жиналысқа келген аты дардай министрліктің тұтқасын ұстаған азаматтардың түсініп дұрыс жауап бере алмауы мені қатты ойландырады. Ғылыми атағы дардай, бірақ білетіні беретін пəнінен ары ұзап бармайтын ғалымдардың жоғары оқу орындарында студенттерді шала оқытып, сессия кезінде пара алады дегенді естіп, құлағымыз үйренгелі қашан. Одан білім алған студенттің ертеңі не болмақ? Жалпы қоғам болып ойланатын дүние бұл. Иə, дана Абай атамыздың артында қалған ұрпаққа аманаттап кеткен ар, ұят, қанағат, рақым деген асыл қасиеттерді бойына жастайынан сіңіріп өс кен қандастарымыздың бүгін қайда бара жатқаны мені қатты толғандырады. Қала баласының қоғамға жат істерге барып туған əкешешесін қарттар үйіне өткізуі, зейнетақысын алатын кезде қымбат шетелдік көліктермен барып оған ортақтасуы, одан қалды ауыл арасына танымал, тірі кезінде ешкімнен дараланбаған қарапайым адамның дүниеден озған тұсында артында қалған байшыкеш баласы өзге бейіттерден ерекшелеп, қызыл кірпіштен күмбез салып, оны бəсекеге айналдыруы, сөйтіп атшаптырым жерге темірмен қоршау құруы, оған қой дейтін азаматтың болмауы ел басқарып отырған азаматтарға үлкен сын. Ал қайтыс болған адамның асына сол кісіге немесе отбасына одан қалды, ру мен жүздің асылдарын дəріптейтін арзанқол кітаптар шығару да кең етек алып барады. Осындайда осы Астана қаласында өткен жаназа еріксіз есіме түседі. Үлкен қызмет атқаратын таныс адамның əкесі қайтыс болып, марқұмды соңғы ақтық сапарға шығарып салуға жиналған халықтың санында есеп жоқ. Далада 40 градустық сарышұнақ аяз. Осындай кезде өліктің төрт жағынан төрт молда отырып алып, білген Құран сүрелерін өздерінше 40 минутқа созып оқып, бастыққа жағынудың бар амалын қарастырды. Көбірек оқысам үй иесіне қайтсем де жағамын деген пиғылдары даладағы аязда тоңған халықты елеуге мұрша бермеді. Жаназада тұрған ел əбіржи бастап, ішінара күңкілге басты. Сонда деймін-ау: «Халық – Алланың бір атауы» деген сөзді еске алмаған молдасымақтарды тиятын мешіт адамдары қайда? Міне, дарақылық дегеніміз. Осы жайдан кейін елімізде дін саласын басқарып жүрген азаматтардан

туралы» заңына кереғар жағдайда қолдан ұйымдастырылды. 2010 жылы Аягөз аудандық мəслихаты сессиясының ауыл атын Ж.Қожағапановқа беру туралы ұсынысын облыстық ономастикалық комиссия: «Бір адамға көрсетілген құрмет жеткілікті» деген дəйекпен құптамаған еді. Алайда кейін ол комиссияның шешімі өзгеріп кетті. Еріксіз кімнің тізе қимылына шыдамады деген сауал бой көтерді. Бұл – көптеген мəселелердің əкімшілік бағыныштылық пен тəуелділік жағдайында қаралатынын көрсетеді... Жалпы, Қазақстан Республикасы аумағында əкімшілікаумақтық бірліктерге, елді мекендерге, мемлекет меншігіндегі объектілерге ат беру, қайта атау, атаулардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту, жеке адамның есімін беру жөнінде ономастика жұмысының критерийлері анықталғаны белгілі. Аталған объектілердің атын өзгерту мемлекет деңгейіндегі органдардың құзыретіне тиесілі. Нысандарға берілетін атауларды заң талабымен реттеуде осы құжат негізгі тетік болуы керек еді. Алайда,

істердегі жеткен жетіс тіктері, əскери офицердің ар-ожданын қалыптастыратын этика нормаларынан дəрістер оқып, ой бөлісуді ұдайы дағдыға алдым. Аппақ қардай таза ақ қолғап киген əскери офицердің этика нормалары дегеннен есіме бір қызық жайттар оралады. Жақында елімізге танымал тұлға туралы «Время» газетінде бір мақала шықты. Журналистің тақырыпты барынша ашқаны сонша үлкен шенде жүрген азаматтың қызмет орнынан босап, шетелдегі елшіліктердің біріне қызмет ауыстыру жөніндегі басшылық ұсынысын сөзбұйдаға салып, əйелінің тропикалық климатқа бейімделе алмайтынын алға тартып қызмет таңдауы, ана жұмыс емес, мына жұмысты бер деп табандап тұрып тəкаппарлық көрсетуі отандастарымды таңғалдырды. Оған интернеттегі көп

тұратын құлқынның құлы дерлік халге жетті. Бітірушілерден сыйланған теледидар, тігін машинасы, орындықтары мектептің жалпыға ортақ мүлкінің қатарына кіріске кіргізбеуінен, тегін келген дүниенің еш қадірі болмай оқушы мен ұстазғ а қызмет көрсетпей жатып, бір жыл өтпей мектеп директоры мен сынып жетекшісінің үйлеріне əкетіп жатқанына да куə болудамыз. Міне, ұлтымыздың болашағына білім нəрін беретін ақылшы ұстаздың шынайы бет бейнесі. Бүгінде жұмыс күніне қарамай, уақытпен санаспай той жасай беретін халге жеттік. Даңғыраған музыка, арзан сөзге малданып өзін көрсетемін деп тыраштанған тамада тойды түн ортасына дейін созып, жұртты мезі ететін болды. Мұндай жерге қалталы азамат келсе, оны барынша мақтап, төрт шумақ өлеңін арнап қалтасын

жүреді. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі арқылы еліміздің озық ойлы мағыналы той өткізудің де регламентін жасаудың кезі келгенін баса айтқым келеді. Əрбір облыстарда өткен жақсы тойлардың сценарийіне бəйге жариялап, озық ойлы, шешен тілді тамадалардың еңбегін телеарналардан кеңінен насихаттап, той иелерін қаржылай ынталандырса деген ой бар. Барша халықтың назары жақсы өткен тоймен оған мемлекет тарапынан берілген сыйақыны алуға талпыныс білдірген болар еді. Іссапармен Аспанасты елінде болған сапарымда бір ғана Үрімжі қаласында 162 телеарна халыққа қызмет көрсетіп, оның ішінде 5-і 24 сағат қазақ тілінде ақпарат бергеніне куə болдым. Сонда кешкі арналардан отбасылық құндылықтарды арттыруға бағытталған бағдарламада 105 жасқа келген қазақ əжесіне келіндік парызын көрсеткен қазақ отбасына қаржылай 7 мың доллар сыйақы беріп, қазақ деген ұлтта үлкенге құрмет көрсету дəстүрі қалыптасқан, соны барша қытай елі өмірлік дəстүрімізге айналдыруымыз шарт деп мемлекеттік деңгейде саясат жасап өзге ұлтқа өнеге етті. Қазіргі дамыған қазақ елінде қарт енесіне

Сурет www.live-and-leаrn.ru сайтынан алынды.

азаматтар белсенділік танытып өз пікірлерін білдіріп, қоғамда біршама ой қозғалды. Енді қазақтың той өткізуіне қатысты ойлармен бөліссем деймін. Кеңес кезінде мерейтойлық жас 60 жастан басталатын. Бүгін ол жасарып 30-40-50-ден бастап тойланып жүр. Бұған қоса мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30, 40 жылдықтарды атап өту де кеңінен сəнге айналды. Бір жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған мақала ойыма келіп отыр. Мектеп бітіру кешіне 2000 теңге бере алмай суицидке бой алдырып асылып өлген жеткіншектің өліміне осы дарақылығымыздың себебі болды деп ойлаймын. Дегенмен де жыл сайын министрлік тарапынан оқушылардан ақша жиналмасын деген тапсырма болса да өткен жылдары осы өзіміздің Астана қаласындағы №64 мектеплицейінде мектеп бітіру кешіне жинаған оқушылардың 3 млн. теңгесін бір алаяқтың ұрлап, Бурабайға казиноға салғанына куə болдық. Сол мектеп директорына да ешқандай шара қолданылған жоқ, бүгінгі күндері өз жұмыстарын жалғастыруда. Кейбір мектеп басшылары мектеп бітіргендеріне 20,30,40 жыл толған түлектерден бір нəрсе дəметіп, мектепке зат сыйласа екен деп

қағып алу кең үрдіске айналды. Сол тойға келген кейбір қарапайым қонақ азаматтар тойға əкелгенін, азын-аулақ сыйлығын той иесіне беріп, қалтасын қағып отырғанда, қайта-қайта жұрт көзінше беташарға шақырып қолайсыз жағдай жасайтынына да көзіміз үйренді. Оның үстіне атақты əншілерді, бишілерді ортаға шығарып ақша лақтыру дəстүрге айналды. Бір танысым жалғыз баласының үйлену тойында тікұшақпен доллар шашқанын жыр ғып айтып, оған ауылдың жас-кəрісі қатты қырылысқанына мəз болғаны бар. Немесе интернетте жүрген Қызылорда облысында өткен тойдағы парықсыз тамаданың ойлап тапқан ойынын алайық. Ол барша халықтың көзінше үстелде отырған еркекке тырдай жалаңаш шешініп бейəдеп қимылдар көрсеткен қазақ қызының қылымсығанын ұйымдастырған. Болмаса қалыңдықтың гүліне таласып ел көзінше жаға жыртысқан қаракөз қарындастарымыздың қылығын ешқандай тəрбиеге жатқыза алмайсың. Бүгінде тойдың көптігі жақсы дейсің, бірақ берекесіз болғанына қарның ашады. Сенбі, жексенбі күндері сол тойларда 15000-20000 адам алтын уақыттарын өткізіп той тойлап

құрмет көрсетпейтін келіндер жоқ емес, көптеп кездеседі. Соларды көрсететін қоғамда көзі ашық, көңілі ояу жандар аз. Адам дүниетанымын қалыптастырып, ата-бабадан бізге жеткен өсиетіне берік болып, дəстүрді білген, қолданған адам ата-бабаларымыз сияқты мағыналы өмір сүре алады. Адам тумысы нан ақиқатты сүйіп, өмірден мəнмағына іздеген сайын оның жүрегіне кие қона береді. Шындықты өміріне серік еткен адам кие мен құдірет дарыған зиялы кісіге айналады. Салт-дəстүрді терең меңгерген тұлғаның тағы бір артықшылығы бар. Оның бойында кез келген мəдени экспансияға қарсы тұратын рухани иммунитет қалыптасады. Еге мен елімізде əртүрлі өркениет өкілдері бас қосқан жерлерде кімнің мəдени құндылығы күшті болса, соның ықпалы мықты болатынын Елбасымыздың қатысуымен өткен халықаралық іс-шараларда баршамыз куə болып жүрміз. Мақаламды қорытындылай келе, Төрегелді аға, Қуаныш аға айтқан құндылықтардың құлдырауына қарсы тұру керектігін, ал өскелең ұрпақты өмір сүріп отырған ортамыз тəрбиелейтінін еске салғым келеді.

Еңбек Ері атанған Нұрмолда Алдабергеновтің ұрпақтары ауыл атына таласып надандық көрсетпеді. Кеңес өкіметі кезінде Семей облысы, Шұбартау ауданында ұлы ғалым Ш.Уəлихановтың аты берілген ауылға ежелгі «Қосағаш» атауы қайтарылды. Сонда Тарлаулыны өзгертуге ұмтылып жүрген жанның əкесі Шоқан мен Нұрмолдадан асып туған ба?» деген жанды сауалымен тосылдырғаны есімнен кетпейді. Мен бұл жөнінде құзырлы мекемелерге бір топ еңбек ардагер лерінің атынан хат та жаздым. Хатымда Аягөз ауданында «Ономастика туралы» заң талабы өрескел бұзылып, атаққұмарлықтың, дарақылықтың, кенеусіз мақтанның аты озып, есесіне елімізге елеулі еңбегімен көрінген тұлғалар назардан тыс қалып жатқанын атап өттім. Мысалы, Тарлаулы ауылында 3 министр, 10-ға жуық ғылым докторы дүниеге келген. Медицина саласы бойынша дүние жүзіне мəшһүр екі ғылымизерттеу институтының іргетасын қалаған осы Тарлаулы ауылының перзенттері. Ал ауылда олардың есімі берілген бірде-бір көше жоқ.

Тартысќа тїскен Тарлаулы

немесе «Ауылдыѕ аты – атама, кґшеніѕ аты – кґкеме»... Амангелді КЕРІМТАЕВ, еңбек ардагері.

Бас басылым бетінде 13 наурызда жарияланған академик Төрегелді Шармановтың «Құндылықтар құлдырауы» атты мақаласы түсінген жанға ел ішінде қордаланған талай мəселенің бетін ашып берді. Соңғы уақытта «Егемен Қазақстан» газетінде аталған жазба жөнінде тұшымды ой-пікірлер легінің де бірнеше мəрте басылғанын байқап жүрміз. Газетте жарияланған мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің уəлі ой-пікірлерінің ортақ арнасы – кейбір қолында қаржысы немесе қызметі бар отандастарымыздың шектен шыққан мақтангершілік, даурықпалық, даңғазалыққа салынатынын, «аттыға еріп жаяудың таңы айырылыпты» дегендей, жағымсыз үрдістің қалың бұқараға да дендей еніп, уытын таратып жатқанына саяды. Редакция бұл тақырыпты алдағы кезде де қозғай беретінін айта келіп: «Елім дейтін азаматтардың баршасын халықтық қалпымызға, ұлттық бітім-болмысымызға, өркениетке ұмтылған өскелең үрдістерімізге үйлеспейтін, жанымызға жат мінез-құлықтан арылудың жолдары жайында бірлесе ақылдасуға шақырамыз», деген екен. Осы орайда қазақстандық ғылымға өлшеусіз үлес қосқан Төрегелді Шарманов сынды абыз ақсақалымыз жазғандай, озық дəуірде сана мешеулігіне əкеліп отырған кей іс-қимылдарға жанымыз ауыратыны, ішіміз күйетіні жасырын емес. Өзі ғана адаспай, қоғамды да шатастыратынын, шырғалаңға салатынын түсінбейтін мансапқорлық пен атаққұмарлықтың «шыңына» шығып алған жандарды сабасына түсіріп, көп қаржының буынан да қастерлі, салмақты құндылықтар бар екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан, осындай оспадарлықты тыю жөнінде Елбасымыз тапсырма жүктеді. Ел газеті «Егеменнің» егеулі найзасы өткір ғой. Мемлекет басшысы маңыз беріп отырған мəселе аясында қарастырылуы тиіс келеңсіз оқиғаның бірі Аягөз өңірінде орын алған болатын. «Құндылықтар құлдырауы» атты мақаланы оқығанда ойыма оралған осы жайтты баяндасам, бəлкім басқалардың қателікті қайталамауына сеп болар. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында ұлтымыздың махаббат дастанына айналған қос ғашық Қозы мен Баянның кесенесі бар екенін барша жұрт біледі. Осы мемлекеттік деңгейде қорғалатын ғашықтар кесенесінің жанында əйгілі «Қозы КөрпешБаян сұлу» эпосында аталатын тарихи ауыл Таңсыққа тиіп тұрған Тарлаулыға Жұман Қожағапанов есімді ауылдасымыздың атын беру жөніндегі ұсыныс аягөздіктерді əбден мезі еткен-ді. Былтыр 22 мамырда Тарлаулы ауылдық округін Қозы Көрпеш-Баян сұлу ауылдық округі, ал Тарлаулы ауылын Қожағапанов ауылы деп атауға ұсыныс білдірген ауыл тұрғындарының шағын «лəббай тобы» жиналыс өткізді. Ол басқосу еліміздің «Ономастика

«Ономастика туралы» заң белгілеген басты критерий – жеке тұлғаның сапалық қасиеті əдейі назардан тыс қалдырылды. Критерийлер бойынша бір əкімшілікаумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, оның құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мəрте беру ескерілген. Тіпті, аса көрнекті мемлекет, қоғам, мəде ниет, ғылым қайраткерлерінің Қазақстан Республикасының алдында сіңірген еңбегі ауылдық округке, ауылға, кентке жеке адамның атын беруге негіз бола алмайтыны тайға таңба басқандай анық тұжырымдалған. Бұған қоса олардың еңбегі халықаралық қауымдастық алдында қай салада ерекше көзге түсіп, танылған болса, сол сала арқылы бағаланады. Сонда жаңағы ауылға аты ұсынылған адам көрнекті мемлекет, қоғам, ғылым, мəдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы ғана емес, халықаралық қауымдастық алдында да лайықты бағасын алған ақтаңгер тұлға ма? Жоқ! Сондықтан, академик Төрегелді Шармановтың мақаласына өзек болғандай, бұл да əлдекімдердің қолдан ұйымдастырған өтініші, астамшыл бұйымтайы, жалған ат шығарушылығы болып шығады. Сондай-ақ, Тарлаулы ауылдық округінде Қозы Көрпеш-Баян сұлу атты тағы бір ауылдың бар екені, «Бір əкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге бір атауды бір мəрте беру керек» деген заң талабы ескерілмеді. Тарлаулы ауылы мемлекет меншігіндегі нысан жəне оның атауы мемлекет деңгейінде шешіледі. Жиналыста ауылға жəне ауылдық округке жаңадан атаулар беру туралы екі мəселе талқыланып, біріктіріле дауысқа қойылуы – халықты алдап, шатастырудың амалы. Заң талабын қанағаттандырмайтын тұлғаны əлдеқандай қисынсыз себеппен таңдаған шешім сүттей ұйыған ауыл мен аудан тұрғындарының арасына жік салу емес пе?! Осылайша, Аягөзде заң талабына қарсы қайшылыққа толы шешіммен қоса рухани жетесіздікке де жол берілді. Бұған алып келген жəйт – даңғойлық, астамшылық. Өйткені... Ауылда Тоқтархан Қожағапа новтың əкесі Жұман Қожағапановтың атында мəдениет үйі бар. Көше бар. Анасы Көшжанның атында мешіт бар. Тоқтарханның өзі ауданның құрметті азаматы атанған. Бұл құрметтер олқы болғандай Тарлаулыға əкесінің атын əперу жөніндегі бұйымтайы, оның жергілікті билік тарапынан құпталуы көңілді сарсылтар көп ойға жетелейді. Жантану ғылымында: «Адамдық қасиетке көлеңке түсіретін надандық білімсіздіктен, қараңғылықтан нəр алады. Надандық білімсіздікпен ғана анықталмайды. Олардың ішінде жоғары білімді, тіпті, арнайы ғылыми дəрежелі адам да бар. Надандық – адамдық қасиеттің кемел формасы кісіліктің антиподы» деген анықтама бар. Шынында, надандық күні өткен құбылыс емес, қазіргі заманның қауіпті дерті болып тұр. Бір досым: «Талдықорған қаласының жанындағы Мұқыр ауылында екі мəрте Социалистік

Мемлекет басшысы былтыр ономастика қызметін одан əрі жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Заң ономастика саласы үшін нақты бағыт-бағдар бере отырып, оны қолдану механизмін реттеуі тиіс болатын. Елбасы жер-су атаулары мен нысандарға ат беру жағдайына тарихи таным тұрғысында көңіл бөліну қажеттілігіне жəне жалпақ елге белгісіз адам аттары жиі беріліп кеткендігіне алаңдаушылық білдіріп еді. Жаңа құжат жер-су атауларын өзгертудегі былықтарға тосқауыл болуы тиіс-тін. Аягөз ауданында орын алған ерсі жағдайға қарап, Президенттің ономастика саласындағы келеңсіздіктерге алаңдауы əбден орынды екенін байқадық. Тарлаулы – Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мүрделері жатқан, түркі əлеміне танымал киелі мекен. Қос мұңлықтың есімдерімен аталған жерге Жұман деген беймағлұм атау тіпті де сай келмейді. Ол бар болғаны кеңшардағы МТС-та басшы, ферма меңгерушісі болған адам. Егер ондай адамдардың бəріне жер-су атауларын берер болсақ, ұлттық рухымыз, тарихи таным-түсінігіміз қайда қалмақ? Өмірден қатардағы қарапайым ғана адам болып өткен əкелеріне қалтасы қалың балалары атау бере берер болса, түйсігі терең ел болғанымыз қайсы?.. Қыпшақ ақыны, Алтын Орда дəуірі əдебиетінің өкілі Саиф Сараи: «Өтірік – жарақат сияқты, жазылса да орны қалады», деп жалғаншылдықтың адам мінезінің мерез қасиеті, зиянды құбылыс екенін айтқан. Психологтардың айтуынша, өтірік реципиенттерді шатастыру мақсатымен нақты бір жағдайда жекелей немесе əлеуметтік артықшылыққа ие болу ниетінен туындайды. Бұл санаттағылар мақсатына жету үшін өзін-өзі мадақтап, шындықты саналы түрде бұрмалайды. Сөйтіп, өтірікшілік сол тұлғаның сапалық көрсеткішіне айналады. Əлеуметтік-психологиялық тұрғыда өтірік – өтірікшінің əдісі болса, психопатологияда ол адамдарды алдап шатастыру процесінен қанағаттанарлық сезімге бөленіп, көңілі толатын мифоманпсихопаттың мақсаты болып көрініс береді. Осы бір мерез əдеттен сақтандыруды азаматтық парызым деп білемін. Əрине, қазақ қоғамында əкенің əлеуметтік орнына ерек ше басымдылық беріледі. Əкені сыйлау, құрметтеу – отбасы этикасының императивті əлеуметтік нормалары. Кез келген жан өз əкесін жақсы көреді. Бірақ, бұл – еліміздің заңнамасынан аттап кетуді білдірмесе керек. Сондықтан, əке атын құрметтеудің жөн-жосығын безбендей алмай, керісінше аруақтың мазасын кетіріп жүруді олардың жоғарыдағыдай жағдайларға ұмтылған ұрпақтары түсінуі тиіс. Ғасырдан ғасырға озған тарихи атауды барымталау бейбастақтық, оған ел мен жұрт барда жол берілмейді. Құндылықтарды құлдыратпау – қолымызда! Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
22052015 by Egemen - Issuu