21112014

Page 11

 Зерде

 Мəселенің мəнісі Редакцияға кейінгі кезде ұялы байланыс абоненттерінен келесідей өтініштер келіп түсуде: «Менің ұялы байланыс операторым нөмірімді міндетті түрде тіркеу керектігін талап етуде. Бұл уақытта, оператордың ескертуіне сəйкес, егер 1 желтоқсанға дейін нөмір тіркелінбесе, онда ол өшіріледі. Мен мүлдем түсінбеймін, неліктен менің нөмірім өшіріледі. Осы мəселенің басын ашуға көмектесуіңізді өтінемін!». Мұндай сансалалы сұрақтарға «Кселл» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі директоры Хикматулла НАСРИТДИНХОДЖАЕВ жауап қайтарды.

Əлбетте, тіркелу керек – Ұялы байланыс операторлары, соның ішінде «Кселл» абоненттердің тіркелуіне бір сəтте неліктен осындай табандылық таныта бастағаны жөнінде түсіндіріп беріңізші? – Абоненттердің тіркелуіне талап қою – бұл ұялы байланыс операторының орынсыз тілегі болып табылмайтынынан бастайық. Қазақстандағы барлық ұялы байланыс операторларын абоненттермен шарт жасауға міндеттейтін нақты заңнама талаптары бар. Мемлекеттің осы талаптары əрқашан болған. Бүгінгі таңда Инвестициялар жəне даму министрлігі сəйкестендірілмеген барлық абоненттерге 1 желтоқсанда байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатуды талап етуде. Сол себептен, желімізде сəйкестендірілмеген барлық абоненттеріміз 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін əлбетте міндетті тіркелуден өтулері тиіс. Одан бөлек, абоненттердің қаперіне салғым келетіні, өзіңіздің деректеріңіз өзгерген жағдайда, бұл туралы бізге хабарлауыңыз қажет. Мысалға, егер сіз жеке куəлігіңізді ауыстырсаңыз, тегіңізді өзгерткен болсаңыз, бізге хабарлаңыз. Бұл жағдайда, жаңа деректерді осы өзгерістердің орын алған күнінен бастап 5 күн ішінде біздің компанияға ұсынуыңыз қажет. – Ал егер мен нөмірімді тіркеп алуды үлгермесем не болады? – Тіркелмеген абоненттерге 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатуға мəжбүр боламыз. – Яғни, мысалға, егер мен – сіздің абонентіңіз болсам жəне менің нөмірім тіркелмесе, сіз 1 желтоқсанда мені жай ғана байланыстан өшіріп тастайсыздар ма? – Біз қызмет көрсетуді тоқтатуға мəжбүр боламыз. Бірақ, сіз өз нөміріңізді тіркеген сəтте, сіз қайтадан байланыста боласыз. Сіз 1 желтоқсанға дейін «Кселл»-дің қызмет көрсету кеңселеріне келіп, нөмірді тіркеуіңізге болады. Бірақ, мұны алдын ала жасауыңызды ұсынамын. Оның үстіне, 1 желтоқсанға дейін тіркелгені үшін біз өте жақсы бонустар – желі ішінде 60 минут береміз. – Бұл үшін мен не істеуім керек, сіздің кеңсеңізге келіп, кезекте тұруым керек пе? – Тіркелу үшін сіз «Кселл»-дің кез келген кеңсесіне келуіңізге болады. Кезекте тұрмау үшін, өзіңізге ыңғайлы келу уақытын біздің сайттан (http://www.kcell. kz/ru/article/825/387) сақтап (белгілеп) алуыңызды ұсынамын. Қазіргі кезде онлайн-сақтау (белгілеу) Астанада, Алматыда, Ақтауда, Атырауда, Ақтөбеде, Шымкентте, Павлодарда, Петропавлда, Семейде, Өскеменде, Таразда, Қызылорда мен Оралда қолжетімді. Мұны сіз тағы 288 дилер нүктелерінде де жасауыңызға болады. Бұл үшін біздің сайтымыздан (http://www.activ.kz/ru/ contacts) өзіңізге ең ыңғайлы мекенжайды таңдап алсаңыз болды. – Тіркелуге менің қанша уақытым кетеді?

– Тіркелу үрдісінің өзіне 7 минуттан 15 минутқа дейінгі уақыт кетеді, бұл кезде үлгі толтырылып, сіздің деректеріңіз – тегіңіз, атыңыз бен өзге деректердің дұрыс енгізілгені тексеріледі. Сол себептен, сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, келу уақытын біздің сайттан сақтап қоюыңызды ұсынамын. – Ал құжаттар жөнінде не айтасыз, бір бума анықтаманы жүгіріп жинауға тура келетін шығар? – Жеке тұлғалар үшін – өзімен бірге жеке тұлғаны растайтын құжаттың түпнұсқасы болса жетеді. – Тіркеу ақылы ма, əлде тегін бе? – Тіркелу толығымен тегін. Одан бөлек, осығанға дейін ешкімнің атына тіркелмеген өзінің нөмірін 30 қарашаға дейін тіркейтін əрбір абонентке бонус беріледі – компаниямыздың желі ішінде сөйлеуі үшін 60 минут. – Сонда осы бонустық 60 минут кімге беріледі, нөмірді өзінің атына қайта тіркеп алғанға ма, əлде тіркелмеген нөмірді тіркегенге ме? – Нөмірді қайта ресімдеген кезде бонустар берілмейді. Бонустар нөмірі бұрын бірде бір тұлғаға тіркелмеген абоненттерге беріледі. – Нөмірдің тіркелгенін-тіркелмегенін қалай білуге болады? – Тіркелгенін www.kcell.kz жəне www.activ.kz сайтындағы жеке кабинеттен тексеруге болады. Сонымен бірге, сіз Колорталығына қоңырау соғу арқылы мұны білуіңізге болады немесе əлеуметтік желілердегі біздің топтарымызға сұрақ қоя аласыз. – Тіркелуден онлайн арқылы өтуге болады ма? – Тіркелу үшін сіз өзіңіз келуіңіз керек, себебі, тіркеу шарт жасауды көздейді. – Ал егер абонент, мысалға, Қазақстанның басқа қаласында іссапарда болса, ол тіркеуден қалай өте алады? – Абонент біздің кез келген 20 Кселл-орталығымыздан немесе 288 дилер нүктесінен тіркеуден өтуіне болады. – Тіркелуге менің қанша уақытым кетеді? – Тіркелу үрдісінің өзіне 7 минуттан 15 минутқа дейінгі уақыт кетеді, бұл кезде үлгі толтырылып, сіздің деректеріңіз – тегіңіз, атыңыз бен өзге деректердің дұрыс енгізілгені тексеріледі. Сол

себептен, сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, келу уақытын біздің сайттан сақтап қоюыңызды ұсынамын. – Мұның бəрі түсінікті, бірақ, барлық адам дилерлер, сервистік орталықтары бар қалада тұрмайды ғой, айталық, кенттерде тұратын адамдар не істеулері керек? Тіркеуден өту үшін ол жерлерде компанияның нүктелері бар ма немесе тұрғындар басқа жерге жол жүрулері керек пе? – Тəртіп бойынша, өте шағын кенттерде «Кселл»-дің қызмет көрсету кеңсесі жоқ жəне абоненттерге нөмірлерін тіркеу үшін ең жақын кеңсені табуына тура келеді. Біздің сайтымыздан өзіңізге ең ыңғайлы əрі жақын қызмет көрсету кеңсесінің мекенжайын таңдап алуға болады (http:// www.activ.kz/ru/contacts). Одан бөлек, мекенжайды ұялы телефоннан 9090 жəне 3030 нөмірлеріне немесе қалалық телефоннан 8 (7272) 588-300 жəне 8 (7272) 588-000 нөмірлеріне қоңырау соғу арқылы да Колорталығынан білуге болады. Əлеуметтік желілердегі «Кселл» парақтарынан кеңес алуға, www. activ.kz жəне www.kcell.kz сайтынан онлайн-кеңесшіге сұрақ қоюға болады. – 1 желтоқсанда өз абоненттеріңізді өшірген кезде, олардың бəсекелестерге ауысып кетуінен қорықпайсыздар ма? – Сəйкестендірілмеген абоненттер үшін қызмет көрсетуді 1 желтоқсаннан бастап тоқтату талабы барлық операторлар үшін бірдей. Сондықтан, кез келген жағдайда, қандай нөмірге жүгінетін болсаңыз да, нөмірді тіркеуіңізге тура келеді. – Бұл Қазақстанның осындай ерекше ойлап шығаруы ма немесе өзге елдерде де осыған ұқсас талаптар қойылады ма? – Шын мəнінде, Еуропада, Америкада, Қытайда – əлемнің кез келген дамыған елінде симкартаны сатып алған кезде, сіз алдымен оны өз атыңызға дербес тіркеп алуыңыз қажет, себебі, сол кезде ғана сіз оны сатып ала аласыз. Себебі, бұл мемлекеттік қауіпсіздік мəселелеріне қатысты. – Міндетті тіркелу – бұл біздің заңнамамыздың талабы екені түсінікті. Ал, абонент ретінде жеке өз басыма бұл не береді? – Ең əуелі, бұл «Кселл»-дің əртүрлі сервистеріне, оған мысалы, сим-картаны жоғалтып алған кезде, оны қалпына келтіру, нөмірді бұғаттау немесе бұғаттан шығару тəрізді қызметтерге қолжеткізуді айтарлықтай қысқартады. Нөмірді талдап тексеру бойынша ақпарат та тек тіркелген абоненттерге ғана беріледі. Одан бөлек, қоңырауларды талдап тексеруді «Кселл» абоненті жеке кабинет арқылы дербес алуына болады. Жəне ең соңында, біздің компания өткізетін науқандарға қатысу. Яғни, сіз толық құқылы абонентке айналасыз. Əңгімелескен Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Абайдыѕ Тоєжанына ескерткіш орнатылды Тоғжан Абай өмірінде ерекше орын алатыны белгілі. Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында ақынның жас кезіндегі бозбалалық сезімі ерекше суреттелген. Тоғжан туралы Тайтөлеу Асқартегі былай дейді: – Абай атамыз жас кезінде Ділдаға үйленер алдында əкесі Құнанбайға: «Мен Ділдаға үйленбеймін, көздеп жүрген қызым бар» деп қарсылық көрсетеді. Сонда Құнанбай: «Бір шүйкебас үшін төрелермен қақтығыса алмаймын. Тоғжан Жəңгір төренің ту ұстар батырымен

11

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

атастырып қойған» деп Абайды зорға көндірген. Сол Тоғжан əуелде батыр, кейін би болған Ботантайға екінші əйелдікке барған екен. Тоғыз бала көтеріп, соның үшеуі Бейсекей, Мұқаш, Ақсұлу, бұларды мен өз көзіммен көріп қолдарынан дəм таттым. Ауыл адамдарының айтуынша, Тоғжан қартайып, кемпір болған кезінде де өте ерке мінезді болған деседі. Жақында Абай ауданы Тоқтамыс батыр ауылында Тоғжанның бейітіне ескерткіш белгі қойылды. Бұрын з и р ат ы қар ау сыз қал ып т ы. Ауыл əкімі Ақылтай Садырбай

бастаған қалың жұртшылық аудан басшысы Тұрсынғазы Мүсəпірбековпен ақылдаса келіп, Тоғжан анамыздың басын көтерді. Сауапты істі соңына жеткізе білген ауылдың кəсіпкері, аудандық мəслихат депутаты Дəулет Мұхтаров екен. Тоғжан зираты басында Құран қатым түсіріліп, ел ағалары тарихтан ой қозғап, қазіргі жастарға ізгі ниеттерін арнады. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

Кґне бўйымдарды бір кґргеннен таныєан Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым, Қазақстанда музей құру ісінің талантты ұйымдастырушысы Өзбекəлі Жəнібеков Отырар ауданының орталығы саналатын Шəуілдірдегі біз оқыған Жамбыл орта мектебінде дəріс алғандығын ұстаздарымыздан жиі еститінбіз. Сыныптас құрбымның əкесі ол кісінің жақын туысы болатын. Шындығы сол, құрбымның үйіне барғанда өнертанушы, қайраткер ағамыздың ұзын бойлы, қара толқынды бұйра шашымен, жымия түскен фотосуреттерін альбом беттерінен жиі көруші едім. Қандай мақтаныш десеңізші?! Бұл, əрине, балаң шақтағы есте қалған бір көрініс қана. Кейін білдік қой, сыныптас құрбымның əкесі Төрехан ағай (бұл күнде марқұм боп кеткен) Өзбекəлі ағамызбен бірге бір шаңырақта тай-құлындай тебісіп өскендігін.

2006 жылы Төрехан Қожановқа арнайы жолығып, Өзбекəлі ағамыздың балалық дəуренін, ол кісінің өзгелерге үлгі болатын адами қасиеттерімен қоса, есте қалған қызықты сəттерін қойын дəптеріме жазып алғаным бар-тын. – Өзбекəлі аға 1931 жылы 28 тамызда Отырар ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келді. Менің Өзбекəліден алты жастай кішілігім бар. Екеуміз қарашаңырақта бірге өстік. Ол кісінің анасы өмірден өткен соң біздің қолымызда жүрді. Мəдина есімді қарындасы да ертеректе дүние салды, – деген сөзге сараңдау ағамыз қойылған сұрақтың шеңберінен аспай, қысқа да нұсқа жауап беріп отырды. «Ол өте кішіпейіл, қарапайым жан еді. Адам біткенге жамандық жасамақ түгілі, оны ойлаудың өзі табиғатына мүлде жат болатын. Үлкен қызметтер атқарып, елге сыйлы азамат болса да, байлық пен мансап, дүние қуып кетпеді. Ең бастысы, абыройын жоғалтпады. Сондықтан да болар, дүйім халықтың Өзекеңді соңғы сапарға аса қимастықпен шығарып салғандығы. Қайраткерді 1998 жылдың 25 ақпанында киелі де қасиетті Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерледік. Əлі есімде, таңғы сағат онға таяу төрт вагонмен туғантуыстары, жақындары, жора-жолдастары мен сыйластарынан құралған азалы топ келді. Оларды аудан халқы болып күтіп алдық. Осы көріністің өзі Өзекеңнің қандай жан болғандығын аңғартса керек. Өлісінде мұндай құрмет көрмек түгілі, тірісінде жылы сөз естімей, өмірден өткендер қаншама?!». Бала кезіміз. Екеуміз «Овцевод» совхозынан қашықтау жерден отын таситынбыз. Өзім тынымсыз, ерке əрі ойынпаз болып өскендіктен бе, оған тыным бермейтінмін.

Əбден қытығына тиіп, түрткілеп жүремін. Оның үстіне жасымның аздап кішілігі бар. Мұндайда Өзбекəлі мені ұрып-соқпайтын. Қатты дауыс көтеріп, сөйлемейтін. Қайта, үстіндегі қара тонын теріс айналдыра киіп, мені қасқыр болып қорқытып ойнатушы еді... Ол кездері ауылға Алматыдан концерт келетін. Өзімізше сахна құрып, екі жаққа от қойып, жарықтандырамыз. Өзбекəлінің студент кезі. Ол каникулға шыға салысымен ауылға келетін. Өзекең бала күнінен əнді жақсы орындайтын. Оның өнерге деген қабілетін жақсы білетін Қален, Ағыбай есімді бригадирлер концерттің аяқталар тұсында Өзбекəлінің артына жасырынып келіп, сахна төріне қарай шығарып кеп жіберетін. Ортаға алып, қолқа салған көпшіліктің сұрауын Өзекең де жатырқап, жатсына қоймайтын. Мұндайда жастармен қосылып үлкендер жағы да: «Қаланың əншілерін қойшы, одан да өзіміздің балалардың өнерін тамашалайық» – деп, жамырасып, мəз болысатын. Ол өнердің нағыз жанашыры еді. Ол қазақ халқының ұлттық мəдениетінің дамуына елеулі үлес қосты. Наурыз мейрамының қайта жаңғыруына, Қазақстанның көптеген қалаларында музей ашуға белсене атсалысты, тер төкті. Əрдайым шарапаты мол игі істердің бастауы бола білді. Олай деп нық сеніммен айтуыма мына жайт куə. Оның Торғайда тұратын кезі. Бірде бір қойшының үйіне барған Өзағам далада жатқан итаяққа көзі түседі. Əлгі ыдысты жан-жағынан айналдырып, мұқият қарап тұрған ол шопанға итаяқты беруін өтінеді. Мұнысын естіген қойшы «Өзеке, бұ не дегеніңіз?» деп ыршып түседі. Одан да бір ат мінгізейін, сіз оған əбден лайықсыз», деп бəйек болады. Елге танымал атпал азаматтың

итаяқ сұрағаны таңданысын туғызса керек, Өзекеңнен себебін сұрайды ғой. Сөйтсе, ол итаяқ емес, көне заманның астауы болып шығады. Ыдыстың сырты қазақтың оюөрнегімен əсем өрнектеліп, көркем суреттермен таңбаланыпты. Кейін Торғайдан музей ашылғанда əлгі астау да қойылған екен. Осыған ұқсас оқиғаларды тізе берсең, тіптен көп. Тағы бірде бір орыс кемпірдің ескі, тозығы жеткен кереуетіне қызыққан ол, иесінің келісімін алысымен жаңасына ауыстырып беріпті. Оны да музейге апарыпты. Міне, Өзағамның ескі мұраны бір көргеннен танып қоятын қырағылығы болатын. «Бірде түстеніп кетуге үйге келсем, жұбайым үй шаруасын дөңгелетіп жатыр. «Əй, не болды сонша?» – деп едім, «Ағаң келгелі жатыр, соған айналаны реттестіріп жатқаным ғой» деді, бəйек болып. Сол-ақ екен, есік алдына су жаңа қара «Волга» келіп тоқтады да ішінен қара костюм-шалбар киген бір жігіт түсті. Ол қасыма жақындап келіп: «Өзбекəлі Жəнібековтің тоқтайтын үйі осы ма? Тексеріп шықсам..» дегенде бойымды ашу қыспасы бар ма? Басқасы басқа, мұндай сөзді біз сияқты жағасы жайлауда жүретін ауыл адамдары ауыр қабылдайды ғой. Сонда сен «Өзекеңнің кіндік қаны тамған жерді тексермекшімісің?» деп əлгі жігітті орнына қойғаным бар. Не керек, Өзбекəлінің орталық музейге келген хабарын естісімен əлгі қара «Волгаға» мініп алып жеттім. Амандық-саулықтан соң оған үйге қашан келетінін сұрадым. Ол ауылдағы ақсақалдарға амандасып, күн бата үйге келетінін айтты. Кеш қарая үйге біраз адамдар жиналып үлгерді. Туған-туыс, аудан басшылары, жора-жолдастары дегендей.. Көпшілік Өзбекəліге «Жоғары шық, төрлет!» деп жамырасып жатыр. Құрметтегені болар. Бірақ мен өзіммен бірге өскен Өзбекəлінің жоғары шығуына қарсылық білдірдім. Сол баяғы қиқар мінезім қалмаған ғой. «Неге ол өз үйінде төрге шығады, қане, шай құйып, тамақ тасысын» деп одан бетер қырсыға түстім. Менің мінезімді бес саусағындай білетін Өзекең айтқан «талаптарымды» соңына дейін орындап шықты. Қазақ ырымшыл халық емес пе, қазақтың біртуар ұлының қолынан шай ішкендерін үлкен бақытқа балаған қонақтар оған бата - тілектерін жаудырып жатты. Адам аяғы саябырсыған соң Өзекең маған «Сенің мына ақылың дұрыс болды, егер сен сөйтіп айтпағаныңда менің осыншама алғыс арқалап қайтуым мүмкін бе еді?» дегені бар-тын. Қысқасы, бұл жолы Өзбекəлі Жəнібеков туралы естелікке сусындап қайттым. Одан бері де арада бірнеше жылдар өтті. Бұл күнде қайталанбас кейіпкеріміз туралы ақтарыла сөйлеген Төрехан ағамыз да бақилық болды. Иə, бұл өмір! Келу бар да, кету бар. Ал қазақ деген халық барда, Өзбекəлі Жəнібеков ағамыз туралы аңызға толы əңгімелердің əсте бітпесі анық. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.