Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№228 (28451) 21 ҚАРАША ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Тоќыма кластеріндегі жаѕа биік 6-бет Сары ќымыз сапырып... 9-бет Сананы сілкінткен «Жан шырылы» 10-бет Ќос «Ќазаќстан Барысы» финалєа ґте алмады 14-бет

Ынтымаќтастыќ ырысќа бастайды Екінші бесжылдыќ инновацияєа орайластырылады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру мəселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті. Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі мəселелерін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Нұрсұлтан Назарбаев пен ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы болып отырған Дидье Буркхальтер Ұйым қызметінің маңызды тұстары туралы да сөз қозғады. Елбасы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі екендігін атап өтті. – Сіздің ел Қазақстанға 2005 жылдан бері 12 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Мұнда қырықтан астам швейцариялық компания мен бірлескен кəсіпорындар жұмыс істейді. Қазақстан Халықаралық валюта қорының швейцариялық кіші

тобына қатысады. Біздің елдеріміз сыртқы саясатпен қатар, ішкі саяси мəселелер бойынша да тығыз ынтымақтасып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Швейцария Президенті өз кезегінде жылы шырайлы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екенін айтты. Сондай-ақ, Д.Буркхальтер екі елдің өзара қарым-қатынастары жоғары деңгейде екеніне назар аудара отырып, бірқатар перспективалы бағыттардың да бар екенін жеткізді. Егер екі ел арасындағы қарым-қа тынастарға кеңірек тоқталатын болсақ, оның тарихы 1992 жылдың 1 маусымынан бастау алады. Өйткені, дəл осы күні Қазақстан

мен Швейцария арасында дипломатиялық қатынас орныққан болатын. 1996 жылы Берн қаласында Қазақстан елшілігі ашылды. 1994 жылы Алматыда Швейцария консулдығы жұмыс істей бастаса, 1998 жылдан бастап ол Бас консулдыққа айналды. 2008 жылы Астанада Швейцария елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас басымдықтарының айқындалуына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы Швейцария Конфедерациясының Федералдық президенті П.Деламюрамен кездесуі негіз қалады. 2003 жылдың қаңтар айында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл елге бірінші ресми сапары болып өтті. Сапар барысында Швейцарияның сол кездегі Федералдық президенті П.Кушпенмен келіссөзі жүргізіліп, Халықаралық жолаушы жəне жүк тасымалы туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. (Соңы 2-бетте).

Дамуєа ресми кґмек – ел əлеуетініѕ айєаєы Кеше Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болып өтті. Оны сөз сөйлеп ашқан палата Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев еліміздің тұрақты дамуын көздейтін жаңа «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жариялау алдында Елбасы жаһандық сын-қатерлер мен геосаяси жағдайға терең талдау жасағандығына ерекше тоқталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Əлемдік деңгейдегі көреген саясаткер Нұрсұлтан Əбішұлы

Назарбаев: «Таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Əлемнің архитектурасы өзгереді. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай

жұмылған халықтар ғана өтетін болады», деп ғаламды шарпыған қаржылық дағдарысты еңсерудің басты амалын атап көрсетті, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Палата Төрағасы бұл ретте, ең бас тысы, əлемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайында халықаралық қоғамдастықтың терең қызығушылығын тудырып отырған «Нұрлы Жол» Қазақстанның жаһандық дағдарыс кезеңіндегі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге

бағытталған басты бағдарламалық құжат екенін ерекше атады. Жолдауға сəйкес Ұлттық қор қаражатының бір бөлігі жаһандық дағдарыс жағдайында ел эконо микасындағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға, инфрақұрылымдарды дамытуға жəне белсенділікті қолдауға, түптеп келгенде, халықтың əл-ауқатын жақсартуға жұмсалады. (Соңы 2-бетте).

Жиынға, сондай-ақ, ПремьерМинистр К.Мəсімов, Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев, Инвестиция жəне даму министрі Ə.Исекешев, «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы А.Құлсейітов жəне бірқатар халықаралық сарапшылар қатысты. Қазақстан Президенті əлемдік нарық жүйесіндегі қиындықтарға назар аударды, соған байланысты отандық экономиканы дамыту амалдарын да қайта қараған жөн екендігін айтты. – Біз Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңін аяқтадық. Оның барысында пайдалы тəжірибе жинақталды, кəсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл ретте белгілі бір табыстарға жеттік деп санаймын. Қазір бағдарлама қай та қаралды, келесі жылдан баста латын екінші бесжылдық инновацияға орайластырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Батыс елдері арасындағы текетіреске байланысты дағдарысты ахуал жағдайында Қазақстан сақтық шараларын қабылдауға шешім қабылдағанын атап өтті.

Осыдан 95 жыл бұрын «Ұшқыннан» бастау алған басылым бүгінде еліміздегі жалынды да іргелі ақпарат құралына айналды. Тəуелсіздіктің ақ таңымен келген ой еркіндігі «Егеменнің» өрісін кеңейтті. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ұстанған сарабдал саяси бағытын, экономикалық реформаларын басшылыққа алған басылым сын сағатында елдің еңсесін көтеріп, барша қазақстандықтарды жаңа дəуірдің даңғыл жолына бастады. Қай кезеңде де халықтың үні бола білген басылым бірінші кезекте ел ішіндегі береке-бірліктің, ынтымақтың ұйытқысы болды. Газет редакциясында қызмет атқаратын журналистер ұжымы ақпарат айдынында өзіндік қолтаңбаларын қалыптастырып, маңызды тақырыптарға тереңнен бойлап сараптамалық мақалаларды көптеп жазуда. Осының өзі басылымның саф алтындай салмағын, басқа басылымдарға өнеге-үлгі болатын ерекшелігін айқындайды. Отандық білім беру саласын

жаңғырту – адами капиталды дамытудың бір үлкен бағыты. Міне, осы мəселені бас газет ұдайы назарда ұстап, отандық білімнің сапасын əлемдік деңгейге көтеру жөнінде салмақты ойлар, келелі пікірлер білдіріп келеді. Семей шаһарындағы бұрынғы зоотехникалық-малдəрігерлік, қар жы-экономикалық, технологиялық жəне педагогикалық инсти туттардың арқауында құрылған қазіргі Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік

университеті – бүгінде республикамыздың шығыс өңіріндегі мəдени, оқу-əдістемелік жəне ірі ғылыми орталық болып саналады. Осындай жоғары ғылыми əлеуеті бар оқу орнының ғалымдары еліміздегі тамақ өнеркəсібі мен ауылшаруашылығын дамыту жолында еселі еңбек етуде. Университет ұжымы «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясымен тығыз шығармашылық байланыста. Оқу орны өміріндегі маңызды оқиғалар 200 мыңнан астам таралымы бар беделді басылымның бетінде ұдайы жарияланып тұрады. Сонымен қатар, басылымның басшысы Сауытбек Абдрахманов университетіміздің құрметті профессоры. Ғасырға жуық шежіресі бар басылым ұжымын келе жатқан мерейтойларымен құттықтай отырып, алар асуларыңыз бен биік белестеріңіз көп болсын демекпіз!

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады. Қазақстан Президенті 24 қарашада елімізге ресми сапармен келетін Чехия Президенті Милош Земанмен кездеседі деп жоспарланып отыр. Сапар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара ықпалдастықты нығайтуға қосымша

Шəріпбек ƏМІРБЕКОВ, Семей қаласындағы Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры, саяси ғылымдар докторы.

Кеше «Назарбаев Университетте» Қазақстан Рес публикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың «Қазақстан Республикасының орнықты дамуындағы адами капиталдың рөлі» атты тақырыпта дəрісі өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Университеттегі дəріс

Дəріске жоғары оқу орнының студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен шақырылған қонақтар қатысты. Еліміздің жетекші жо ғары оқу орнында оқыған дəрістің бастапқы сөзінде Мемлекеттік хатшы Қазақстан Респуб ликасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауының əлеуметтік бағдарлылығын айтып, онда еліміздің тұтастай инфрақұрылымын дамытуға басты орын беріліп отырғанын айрықша атап көрсетті. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың жұмыспен қамтылуына, сондай-ақ, əлеуметтік инфрақұрылымға тең қолжетім ділікті қамтамасыз етуге септесетін болады. Қолға алынған шаралар экономика салаларының дамуына жаңа серпін беріп, Қазақстанның ең

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

● Заманмен үндес заңғар басылым

«Егемен Ќазаќстан» – халыќтыѕ їні

– Менің жаңа Жолдауымда экономика өсімін қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға қомақты мемлекеттік қаражат салу жайы қарастырылған. Бұл, сондайақ, елдің қаржылық жүйесін нығайтуға мүмкіндік беріп, шағын жəне орта бизнестің əрі қарай дамуына септігін тигізеді. Осы бағыттардың барлығы бойынша ісқимыл бағдарламаларын белгілеп, қаржы ресурстарын бөлдік. Бұл қадамдарымызды бізбен өзара ісқимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізген əлемдік қаржы институттары қолдап отыр. Салыстырмалы түрде халқының саны аз Қазақстан үшін экономикаға бір мезгілде 20 миллиардтан астам доллар салу айтарлықтай нəтиже беруі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сыртқы экономикалық жағдайлардың да өзгергендігіне, отандық бизнеске соның аясында жұмыс істеуге тура келетініне тоқталды. – Қазақстан Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздерді аяқтады. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің соңғы сатысында тұрмыз. Келесі жылдан бастап Қазақстан, Ресей жəне Беларусьтің

экономикалық одағы жұмысын бастайды. Біздің мақсатымыз тек қана прагматикалық болып саналады, өйткені, Ресей – 7,5 мың шақырым ортақ шекарамыз бар ең басты серіктесіміз. Қазақстан құрлықтың ортасында орналасқандықтан, теңізге шығатын жолы жоқ. Сол себепті де кедендік кедергілерді жоятын, жүктерімізді сыртқы нарықтарға бөгетсіз шығаратын Кеден одағы біз үшін маңызды мəнге ие, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Халықаралық сарапшылар жаһандық экономикадағы соңғы үрдістер, дамыған жəне дамушы елдер саясатындағы жаңа трендтер жөніндегі пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ, Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңінің қорытындылары мен келесі кезеңінің перспективаларын байыптады. Олар Қазақстанның халықаралық экономикадағы сын-қатерлерге сай дұрыс жолдар таба алатынына сенім білдірді, өйткені, біздің елде қажетті тəжірибе жəне адам ресурсы бар. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан индустрияландыруды ескерсек, республикамыздың Қытай мен Ресей секілді алып нарықтар ортасында орналасуы келешектегі даму үшін зор мүмкіндіктер ашады.

дамыған отыз елдің қатарына кіруін жеделдетеді. Сондай-ақ, Г.Əбдіқалықова ең дамыған отыздыққа кірудің негізгі шарты елімізде адами капиталды дамыту екенін атап өтті. Дəріс барысында Мемлекеттік хатшымен адами капиталды дамытудағы ағымдағы негізгі жаһандық қыр көрсетулер қарастырылды. Мемлекеттік хатшының пікірін ше, жаңа технологияларды дамыту əрі қыр көрсетулер, əрі мемлекетті дамытудың мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Инновациялар мен білімді қолдану экономиканың өнімділігіне жағдай туғызады. Бұл ретте, Г.Əбдіқалықова «экономика салаларының бəсекеге қабілеттілігі, бірінші кезекте, сапаға, өнімділікке жəне адами ресурстардың икемділігіне қатысты» екенін атап өтті. (Соңы 6-бетте).

серпін береді деп күтілуде. Сонымен қатар, машина жасау, энергетика жəне туризм салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. Бұған қоса, 25 қарашада Қазақ станға Өзбекстан Республи ка сының Президенті Ислам Каримов ресми сапармен келеді, сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді. Екі елдің көшбасшылары Қазақстан Президентінің 2013 жылы маусымдағы Өзбекстанға барған сапарында қол жеткізілген

уағдаластықтардың жүзеге асу барысын талқылайтын болады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын қарастырады.

Дəл уаќытында жасалєан ўтќыр ќадам Кеше «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мəселелері талқыланды. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Ақ жол» демократиялық партиясының жəне Қазақстанның Коммунистік халық партиясының басшылары, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да құрылымдардың жетекшілері қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Б.Байбек өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауда ұлттық экономикаға қолдау білдіру үшін «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты қағидаларына сəйкес, нақты шараларды қабылдауды міндеттеп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Сая саты əлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында елдің

үдемелі да муының нақты жоспары болмақ. Яғни, Жолдауда қарастырылған көліктік, əлеуметтік, индустриялық ин фрақұры лымдардың кең ауқымды құрылысы қазақстандықтардың əл-ауқатын арттырып, алдағы он жылдықтағы экономикалық өсімге серпін береді. Елбасының Жолдауы ел мүддесі мен ұлт мұраты үшін дəл уақытында жасалған ұтқыр қадам. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

Ынтымаќтастыќ ырысќа бастайды (Соңы. Басы 1-бетте).

2009 жылы қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаев Швейцарияның Давос қаласында өткен Бүкілəлемдік экономикалық форумға қатысты. Осы сапар барысында екі мемлекет басшысының жоғары деңгейдегі кездесуі өткізілді. 2014 жылдың 23 қаңтарында жылмажыл өтіп тұратын Давостағы Бүкілəлемдік экономикалық форумның сессиясы барысында Елбасы Швейцарияның Федералдық президенті – Сыртқы істер министрі Д.Буркхальтермен кездесті. Осы кездесуде тараптар Қазақстан – Швейцария қарымқатынастарының жағдайы мен перспективасын талқылады. Күн тəртібінде тұрған халықаралық өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасты. Швейцария мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастар да ойдағыдай дамып келеді деп айтуға болады. 2013 жылы екі ел арасындағы сауда айналымының 4,45 миллиард долларды құрауы – соның бір айғағы. Қазақстанның Швейцарияға шығаратын экспорттық тауарларының басым бөлігін шикі мұнай мен мұнай өнімдері құрайды. Сондай-ақ, біз бұл елге күміс, мұнай газы мен өңделмеген жəне жартылай өңделген алтын, əшекей бұйымдарын саудалаймыз. Ал Швейцариядан түрлі дəрі-дəрмектер, ұннан жасалған дайын тағам өнімдерін, жарма, өнеркəсіпте, сондай-ақ, тағам өнімдері мен сусындар жасауға арналған құралжабдықтар, медициналық құралдар аламыз. Қазіргі күні Қазақстанда Швейцарияның бірқатар компанияларының өкілдіктері жұмыс істейді. Соның ішінде, осы елдің «Zurich Airport» компаниясы Қазақстанның он бір əуежайында қауіпсіздік деңгейі мен жұмыс сапасын арттыру үшін бірегей стандарттарды енгізу ісіне белсене қатысуда. Ал «Glencore» компаниясы Қазақстанның түсті металл алыбы – «Қазмырыш» компаниясымен əріптестік деңгейінде жұмыс істеуде. Қазақстанда жұмыс істеп жатқандардың арасында Щвейцарияның «Mettler Toledo», «Airport Management Group» секілді ірі компаниялары да бар.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың өркендеуіне Қазақстан – Швейцария үкіметаралық комиссиясының қосып отырған үлесі де зор. Бұл комиссияның 8-ші отырысы 2013 жылы Швейцарияда болып өтсе, 9-шы отырыс 2015 жылы Қазақстанда өтеді деп жоспарланған. Достық, іскерлік қарым-қатынастардың орнығуы нəтижесінде Қазақстан Президентінің Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне ресми шақыруы Швейцария тарапына үстіміздегі жылдың тамыз айында тапсырылды. Екі ел президентінің Астанадағы кездесуі жылы шырайлы жағдайда өтті. Кездесу аяқталғаннан кейін Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Швейцария Конфедерациясының Президенті – ЕҚЫҰның Іс басындағы төрағасы Дидье Буркхальтер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына шығып, Швейцария Президенті Дидье Буркхальтердің ресми сапары қорытындысына арналған бірлескен брифинг өткізді. Елбасы өз сөзінде тəуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстан мен Швейцарияның арасында саяси жəне экономикалық тығыз қарым-қатынас орнағанына тоқталды. – Біз Швейцарияның мемлекеттілікті нығайту мен түрлі салаларда саясат жүргізу тəжірибесін үнемі пайдаланамыз. Бұл ел Қазақстанның Еуропадағы төртінші сауда серіктесі саналады. Біздің тауар айналымымыз 4,5 млрд. долларды құрайды. Біздер бірқатар халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасаймыз, ХВҚ-ның швейцариялық кіші тобына қатысамыз, бұл екі елдің жақындасуына оң ықпалын тигізуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті швейцариялық компаниялар машина жасау, фармацевтика, химия өнеркəсібі жобаларына, елімізде жүргізіліп жатқан индустрияландыру аясындағы инфрақұрылымдар құрылысына қатыса алатынын айтты. – Бүгіннің өзінде республикада 40тан астам қазақстандық-швейцариялық бірлескен кəсіпорындар жұмыс істейді. Бұл сапар біздің өзара қарым-қатынастарымызды жандандыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін, – деді Қазақстан басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, Д.Буркхальтердің ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы екеніне назар аударды. – Украина қақтығысы мен өзге де оқиғаларды ескерсек, Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы күрделі кезеңге тап келді. Қазақстан бұл Ұйымға 2010 жылы төрағалық етті жəне сол кезде арнайы Астана декларациясы қабылданды. Біздің еліміздің тиісті тəжірибесі бар жəне ол кəдеге асады деп үміттенеміз, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Украинада тезірек бейбітшілік пен береке орнауы үшін осы елдегі дағдарыстың жедел шешілуін қалайтын екі елдің халықаралық саясаттағы оқиғаларға қатысты ұстанымдары ұқсас екендігіне тоқталды. Өз кезегінде Д.Буркхальтер Қазақстанға өзінің Орталық Азияға сапары аясында бірінші рет келіп отырғанын айтты. – Орталық Азия, əсіресе, Қазақстан біз үшін Еуропа мен Азияның арасындағы дəнекер ретінде маңызды мəнге ие. Біз Қазақстанға сыртқы істер министрліктерінің арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ұмтылысы үшін ризамыз. Сонымен бір мезгілде, біз ынтымақтастықтың жаңа, перспективалы салаларын іздеуге зор көңіл бөліп отырмыз, – деді Швейцария Президенті. Д.Буркхальтер ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде Украинаға қатысты күш-жігерді арттырудың жəне Минскіде қабылданған шешімдерді нақтылаудың маңыздылығын атап өтті. – Бізге қалыптасқан ахуалдан үнқатысу мен конституциялық реформалар арқылы шығу үшін екіжақты ғана емес, Ресей, Украина, Еуропалық одақ жəне басқа да тараптардың қатысуымен көпжақты ынтымақтастық аясындағы шараларды жандандыру керек, – деді Швейцария Президенті. Д.Буркхальтер келіссөздер барысында ЕҚЫҰ-ның медиация жəне араағайындық, қақтығыстарды болдырмау салаларындағы жұмыс мəселелері де сөз болғанын айтты. Жылы шырайлы қабылдауы үшін Елбасына алғысын жеткізді.

Дəл уаќытында жасалєан ўтќыр ќадам (Соңы. Басы 1-бетте). Мемлекет басшысы атап өткендей, жаһандық саяси тұрақсыздық, даму қарқынының төмендеуі əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан табылуды мақсат еткен еліміз үшін айрықша талаптар қоюда. Қазақстан Президенті жаһандық тығырықтан елді аман алып шығып, Отанымыздың алдағы уақытта қарқынды əрі серпінді дамуын қамтамасыз ететін нақты стратегиялық бағдарды ұсынды. Б.Байбек келесі кезекте 90-жылдардағы Азия дағдарысына, 2007 жылғы əлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа Мемлекет басшысының жүргізген сарабдал саясатының арқасында еліміз лайықты түрде төтеп бергенін атап көрсетті. Сол тұста, яғни əлемде даму қарқыны тежеліп, жаппай жұмыссыздық пен əлеуметтік толқулар етек алған шақта Қазақстанда «Жол картасы» бағдарламасының арқасында азаматтарымыз мыңдаған жұмыс орнына ие болды. Жер-жерде елімізге қажетті əлеуметтік нысандар жөндеуден өтті. Еліміз дағдарысты еңсеріп қана қоймай, дамуға бет алып, бұрынсоңды болмаған индустриялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Қазіргідей жаһандық сынақтар жағдайында Елбасы экономиканың мүлдем жаңа сапалы құрылымын ұсынатын «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жариялады. Жаңа Экономикалық саясат – бұл бүгінгі сынақтардан сүрінбей өтудің ғана жобасы емес, ол алдағы ондаған жылды қамтитын еліміздің сапалы дамуының кешенді жоспары. Болашақтың инфрақұрылымына жасалған инвестиция, деді Б. Байбек. Сондай-ақ, ол халықаралық тəжірибе көрсеткендей, қазіргідей күрделі кезеңдерде инфрақұрылымға қомақты қаржы салу дамуға серпін беретін ең тиімді құрал екеніне тоқталды. Мысалы, Америка, Германия секілді дамыған елдердің бүгінгі жетістіктерінің іргесі дəл осы инфрақұрылымды дамыту тəсілімен қаланған болатын. Осы орайда, Елбасы жариялаған Жаңа Экономикалық Саясаты алысты жа қындатып, елдің ішкі əлеуетін күшейтіп, даму қарқынын барынша жеделдетеді. Ең бастысы, Елбасы Үкімет назарын азаматтар алдындағы əлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындау қажеттігіне аударды. Ал жаңа

жобаларға келсек, мамандардың есебінше, тек жол құрылысы ғана 200 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін болады. Ал осы бағытқа жұмсалатын қаржыдан түскен қомақты ақша салық ретінде бюджетке аударылса, ол жер-жердегі күрделі мəселелердің шешілуіне, халықтың игілігіне жаратылатын болады, деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. Сондай-ақ, ол ауқымды инфрақұрылым салу сауда-саттықты, халық аралық транзитті арттыратынын, құрылыс материалдары өндірісінің дамуын, машина жасау саласының өркендеуін, ауылдық жерлерді нарықтық айналымға қосуды қамтамасыз етіп, өңіраралық əлеуметтік-экономикалық сəйкессіздікті төмендететінін жəне басқа да келелі мəселелерге қол жеткізуімізге ықпал жасайтынын айтып өтті. Осынау ауқымды жобаға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қадағалауды Президент арнайы құрылатын мемлекеттік комиссияға, «Нұр Отан» партиясына тапсырды. Сон дықтан, партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасында көрсетілгендей, партиялық қоғамдық бақылауды күшейту арқылы халық игілігіне арналған мемлекет қаражатының шашаусыз жұмсалуын асыру – негізгі міндет. Мысалы, алдағы жылдар ішінде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын 15 заң жобасын қабылдау көзделіп, жұмыс нəтижесі дамыған 30 елдің көрсеткіштеріне негізделген халықаралық 5 критерий бойынша сараланатын болады, деді Б. Байбек. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев Үкіметтің Президент тапсырмаларын орындау мақсатында қолға алып жатқан шаралары жөнінде əңгімеледі. 11 қарашада «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы елдің инфрақұрылымдық дамуы бойынша ауқымды жұмыстың негізгі кезеңін бастайтын «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жария етті. Жаңа Экономикалық Саясаты контр циклды сипатқа ие. Сондай-ақ, экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Алға қойған ауқымды міндеттерді ескере отырып, Үкіметтің отырысында

Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралардың кешенді жоспары жедел түрде қаралды жəне мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді, деді Б.Сағынтаев. Оның айтуынша, Жолдауды жүзеге асыру бағытында жалпыұлттық жоспар əзірленген. Ол Үкіметтің алдағы жұмысының 7 басым бағыты бойынша 25 іс-шараны қамтитын болады. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, 2015-2019 жылдар аралығын көздейтін инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама қолға алынды. Ол биылғы жылдың соңында қабылданады. Инфрақұрылымды дамыту макроөңірлерді дамыту ісшараларымен қатар жүретін болады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дəлізі құрылысының жұмысы өз жалғасын табады. Біз келер жылдың соңында бұл жобаны толықтай аяқтауымыз керек. Бұған қоса, республикалық деңгейдегі жолдарды салу жəне қалпына келтіру бағыттары бойынша ауқымды қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Астана – Алматы», «Астана – Өскемен», «Астана – Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Алматы – Өскемен», «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Павлодар» секілді бағыттарды қамтитын ірі көлік жолдарына қатысты 5 жоба іске асырылады, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары. Ол өзінің сөзінде елдегі көлік құрылысын нəтижелі жүзеге асыру 200 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, Б.Сағынтаев индустриялық инфрақұрылымды дамыту үшін арнайы экономикалық аймақтар инфрақұрылымын дамыту жолға қойылатынын, бұл бағытта нақты жобалар іске асырылатынын, сондай-ақ, туристік индустрияны, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымдарын жандандыру, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту бағыттарында ауқымды іс-шаралар қолға алынатынын атап көрсетті. Отырыс соңында Демократиялық күштердің жалпыұлттық коа лициясының мүшелері Елбасының Қазақ стан халқына Жолдауына қолдау ретінде Үндеу қабылдады.

Дамуєа ресми кґмек – ел əлеуетініѕ айєаєы (Соңы. Басы 1-бетте). Жолдаудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу биліктің атқарушы жəне заң шығарушы тармақтарының негізгі міндеті, дей келіп, Қ.Тоқаев осы орайда Елбасының бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін жəне аса қатал қаржылық тəртіп орнату керектігін атап көрсеткендігіне назар аудартты. Бұл барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде Парламентке де тікелей қатысты. «Алдағы біздің жұмысымыз негізінен Елбасы тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан сапалы қамтамасыз етумен байланысты болатыны анық. Сондықтан жауапкершілікті терең түсініп, осы бағытта сіздерді бірлесіп белсенді жұмыс істеуге шақырамын», деп қорытты сөзін Сенат Төрағасы. Бұдан кейін күн тəртібіндегі мəселелер қаралды. Депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, оны қолдау керек деп шешті. Шарт сотталған адамдарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын бұдан əрі өз отанында өтеу үшін ауыстырумен байланысты екі мемлекет арасындағы мəселелерді реттейді. Екі мемлекет те беруге келіскен жағдайда сотталған адамды беру мүмкін болады. Сондайақ, тараптардың қайсысы болса да адамды беру өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тəртібіне нұқсан келтіреді немесе заңнамасына қайшы келеді деп шешсе, сотталған адамды беруден бас тартуы мүмкін. Осыған ұқсас халықаралық шарттар Əзербайжанмен, Түрікменстанмен, Украинамен, Қытаймен, Түркиямен, Испаниямен жəне Венгриямен жасалған. Сонымен қатар, жалпы отырыста «Қазақстан Респуб ли касының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдық құжат та депутаттар қолдауына ие болды. Келісімге сəйкес, Қытай тарапы Қазақстан елшісінің резиденциясын салу үшін Бейжің қаласында 3-ші дипломатиялық ауданда алаңы 0,2316 га жəне Елшілік ғимаратын салу үшін 4-ші дипломатиялық ауданда алаңы 1 га жер учаскелерін 49 жыл мерзімге өтеулі жер ретінде пайдалануға (жалға алу) беруіне айырбас ретінде Қытайдың елшілігі ғимараттарын салу үшін Астана қаласы Тəуелсіздік даңғылы бойынан жалпы алаңы 3 га жер учаскесін 49 жыл мерзімге өтеулі жер ретінде пайдалануға береді. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, сонымен қатар, депутаттар алдында «Дамуға ресми көмек туралы» жəне оған ілеспе заң жобаларын баяндап берді. Министрдің айтуынша, заң жобаларын əзірлеу 17 мемлекеттік органның ведомствоаралық жұмыс тобының қатысуымен жүргізілген. Қазіргі таңда дамуға қолдау жүйесі ТМД бойынша тек Ресей мен Əзербайжанда ғана бар болғанымен, бұл саланы реттеуге қажетті заңнамалық тетіктері жоқ. Заң жобасын əзірлеуде БҰҰ Даму бағдарламасы жүйесінің, сондайақ, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін елдердің тəжірибелері пайдаланылғаны да айтылды. Бұдан басқа, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Германия, Жапония, АҚШ сияқты ірі донор жəне өзге де елдермен тығыз жұмыс істелгені белгілі болды. Тəуелсіздік алғалы Қазақстан 100 миллион доллар болатын əр түрлі көмектер көрсетіпті. Алайда, бұл салада жүйеліліктің болмауы жоспарлауда тиімділікті, сондайақ, саяси жəне экономикалық дивиденттер əкелмейді. Еліміздің екіжақты ынтымақтастығында көрсетілген көмектер БҰҰ ДБ

жəне ЭЫДҰ тарапынан ескеріле бермейді. Дамуға ресми көмек – дамыған ел атрибуттарының көрсеткіші. Елбасы 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің құрамына кіру міндетін қойып отыр. Е.Ыдырысов, осы орайда, Қазақстанның ЭЫДҰ-мен жақындасуы тегін еместігін жəне алда осы ұйымға кіруіміз мүмкіндігін де жоққа шығармады. Қазақстанның дамуға ресми көмегі Орталық Азия, Ауғанстан жəне Кавказ өңірлеріне жасалатын болады. Жүйелі түрде қолдау көрсетуге өңірде Қазақстаннан өзге ел болмай тұр. Бұл өз кезегінде Қазақстанның лидерлігін нығайта түсетін болады. Орталық Азияда Қазақстанның да мүддесі бар жəне ол мүмкіндікті жіберіп алғысы келмейді. Қазіргі таңда Қазақстан БҰҰ тарапынан табысы орташадан жоғары елдер қатарына жатқызылса, болашақта ол жоғары деген категорияға көтерілуі де мүмкін. Сондықтан да 2020 жылға қарай əр адамға шаққандағы табыс 25 мың долларға жетуі тиіс. Жəне де дамуға ресми көмек Қазақстанның халықаралық аренадағы беделіне айтарлықтай үлес қосатын болады. Бұл өз кезегінде еліміздің 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануына оң ықпал ететіні анық, деді Е.Ыдырысов. Сондай-ақ, министр дамуға ресми көмектің бірқатар жетістіктерін алға тартты. Заң жобалары бірқатар түзетулерімен Мəжіліске қайтарылды. Сондай-ақ, Сенат кеше «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Жалпы отырыс соңынан палата Сенат депутаттарын Халықаралық парламенттік ұйымдарға жəне Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніңдегі топтарына жіберу туралы мəселені шешіп алды.

«Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ Құрметті отандастар! Əлем бүгінде күрделі сынақтардың алдында тұр. Жаһандық экономикалық дағдарыс, геосаяси шиеленістер, санкциялық текетірестер, сондай-ақ, энергия ресурстарына əлемдік бағаның төмендеуі əлемдік үдерістердің белсенді қатысушысы – біздің елімізге əсер етпеуі мүмкін емес. Елбасы атап өткендей, «...таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Əлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұдан тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады...». Осындай жағдайда Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жариялады. Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп қоймай, еліміздің əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне қажетті жағдай, ұзақ мерзімді даму жолы анықталып отыр. Бүгінде көптеген əлемдік алаңдарда саясаткерлер, экономистер, сарапшылар дағдарысты еңсеру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың өсімін сақтап қалу жөніндегі тұспалдар мен болжамды шараларды қарастырып жатқанда, еліміз Елбасының стратегиялық көрегендігінің арқасында алғашқылардың бірі болып айқын, əбден пысықталған іс-қимыл жоспарын қабылдады. Алғашқы кезекте экономиканың елдің дамуына жəне азаматтарымыздың əл-ауқатының артуына неғұрлым оң əсерін тигізетін салаларына қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке барлық əлеуметтік міндетте мелермен сөзсіз қамтамасыз ету міндетін жүктеді. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Сая саты – бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық жəне əлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, шағын жəне орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады. Жолдар құрылысы өңірлерді бай ланыстырып, ауыл мен қаланы

жақындатуға, еліміздің транзиттік əлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын жəне орта бизнеске, сондай-ақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында саудасаттық жанданады. Тұрғын үй-коммуналдық жəне əлеуметтік инфрақұрылым құрылы сының, сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің арқасында миллиондаған қазақстандық баспанаға қол жеткізуге жəне өмір сапасын арттыруға мүмкіндік алады. «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру жəне қазақстандықтардың əл-ауқатын арттыру. Əлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, оның ішінде АҚШ пен Германияның тəжірибесі инфрақұрылымды кең көлем де инвестициялау болашақ өркендеу үшін мызғымас негіз қалыптастыратынын көрсетеді. Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының жүзеге асырылуын Ұлттық қорға жиналған қаржының арқасында қамтамасыз етпек. Кейбір саясаткерлер мен эко номистердің Ұлттық қордағы жинақты тұрғындарға таратып беру жөніндегі популистік үндеулеріне қарамастан, Елбасы бағдарының арқасында, болашақ ұрпаққа арналған Қорға қомақты қаражат жиналды. Бұл қазақстандықтардың келешекке сеніммен қарап, Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен көрегендігінің нəтижелерін толықтай бағалауына мүмкіндік береді. Ел Президенті нақты іс-қимыл жоспарын бекітіп жəне қажетті қаржылық негізбен қамтамасыз ете отырып, мемлекет үшін сын-қатерлерді мүмкіндіктерге

айналдыра келе, экономикамыздың бұдан əрі өрлей беруі үшін барлық шараны қабылдады. Барлық жетекші үкіметтік емес ұйымдардың, партиялардың, Үкіметтің, Парламенттің, яғни баршамыздың ортақ міндетіміз – Жаңа Экономикалық Саясаттың мақсаттарына қол жеткізуге қажеттінің барлығын жасау. Осыған байланысты, Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы барлық азаматтық институттарды, саяси партияларды, сарапшылық қауымдастығын, сондай-ақ, барша аза маттарды «Нұрлы Жол» бағдарлама сының жүзеге асырылуы мен мемлекет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға атсалысуға шақырады. Мемлекет басшысы атап өткендей, «...жаһандық сынақтан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз... Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз». Сондықтан, Коалиция, барша қазақ стандықтарды, барлық қоғамдық бірлестіктерді Елбасының мемлекеттік бағдарының төңірегіне топтасуға жəне Жаңа Экономикалық Саясаттың іске асуын бірлесе қамтамасыз етуге шақырады. «Нұрлы жол», бұл – ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы. Бұл тек дағдарысты еңсеру бағдарламасы ғана емес. Бұл – біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз ете отырып, бұрынғыдан да күшейе түсуіміздің, топтасуымыздың жəне Мəңгілік Ел идеясын іске асыруымыздың тарихи мүмкіндігі.

«Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, «Бірлік» партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» əлеуметтік-демократиялық партиясы, Кəсіпкерлердің ұлттық палатасы, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақстан Кəсіподақтары федерациясы, «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Болашақ» қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның кəсіпкерлер форумы, Мүгедектердің «ДОС» тəуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің ұйымдарының ассоциациясы, Қазақстан іскер əйелдері ассоциациясы, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономика мен G-GLOBAL дамыту үшін коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы, Кəсіпкер-əйелдер одағы, «Республикалық əйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан украиндарының радасы» қоғамдық бірлестігі


3

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

ИННОВАЦИЯЛАР ИГІЛІГІ

Їдемелі индустриялыќ-инновациялыќ даму мемлекеттік баєдарламасы іс-ќимыл їстінде

Атырауда жел энергиясы ґндірілмек Атырауда жел екпіні ұдайы болмағанмен, электр энергиясын өндіретіндей деңгейде соғып тұрады. Ал бұл кем дегенде 52 мегаватт электр энергиясын өндіруге жол ашады. Бірақ электр энергиясын өндіретін қондырғыны қайдан табу қажет? Мұнайлы өңірде арзан электр энергиясына қол жеткізуді ойлағандарды қуантатын жаңа іс жүзеге асырылмақ. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Облыс əкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың мəлім етуінше, желден электр энергиясын өндіретін қондырғы шығаратын ҚазақстанГермания бірлескен кəсіпорны құрылады. «ГринФортис» аталатын бірлескен кəсіпорынды құру жөніндегі келіссөздер аяқталып келді. Қазір Атырауда Германиямен бірлескен 15 кəсіпорын экономиканың əр саласын дамытуға үлес қосуда. Атыраудың басшылығымен жəне

іскер топ өкілдерімен кездескен Германияның Алматыдағы бас консулы Ренате Шимкорайттың пікірінше, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық тек мұнай-газ өнеркəсібін ғана емес, өзге де салаларды қамтиды. Соның ішінде электр энергиясының баламалы түрлерін өндіру тəжірибесі Қазақстан экономикасы үшін де маңызды болмақ. Осыған байланысты Атырауда «жасыл» экономиканы дамыту жобасы аясында желден электр энергиясын өндіретін қондырғы шығаратын бірлескен кəсіпорынды құру жобасы

екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан əрі жандандыра түседі. Атырау облысы əкімдігі тарапынан жер телімі мен техникалық талаптар құжаттары берілген. Енді жыл аяғына дейін барлық ұйымдастыру мəселелері толықтай шешімін табады. Сөйтіп, алдағы жылы желден 52 мегаватт электр энергиясын өндіретін қондырғы шығару жобасы іске асырыла бастайды. Атырау облысы. –––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.


4

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

БАЌУАТТЫ БОЛАШАЌЌА –

Қазақстан – халықаралық аренада Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сындарлы саясатымен, жүргізген ұтымды экономикалық реформаларымен танылған өзіндік орны бар демократиялық мемлекет. Біз құрып отырған демократиялық, толерантты, ашық қоғам барлық елдермен туыстық, əріптестік қатынас ұстанып өмір сүруді дəстүрге айналдырып келеді. жалғастыра отырып, ішкі инфрақұрылымды дамытуды жолға қоймақпыз. Олар, нақтырақ айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық жəне əлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын жəне орта бизнесті дамытуға бағытталмақ. Жолдауда Елбасымыз Жаңа Экономикалық Саясаттың басты жоспары саналатын негізгі жеті инфрақұрылымдық бағытты айқындап берді. Мұны жүзеге асыру Үкіметтің алға қойған басты міндеті болмақ. Біріншіден, жаңа инфрақұрылымдық дамудың басты бағыты – көліктік-логистикалық инфрақұ-

Елбасымыз ұсынған жаңа экономикалық саясаттың үшінші бағыты – энергетикалық инфрақұрылымды дамыту. Мұны қазірден бастап қолға алу энергетикалық қауіпсіздік шараларын оңтай ландыруға бағытталмақ. Энер гия тапшылығымен күрес стра тегиялық сипатқа ие болуы қажет. Себебі, бұл – ХХІ ғасырдағы əлемге ортақ мəселелердің бірі. Энергетика тапшылығы болашақтың да мəселесі. Біздің еліміздің де осы салада атқарып жатқан істері жетерлік. Дегенмен, оларды жалғастырып, əрі қарай дамыту қаперден тыс қалмауы тиіс. Сондықтан Жолдауда бұған арнайы көңіл бөлініп отыр. Төртінші бағыт – тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы мен су жəне жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Бұған қаржыландыру көздерінен жыл сайын ең аз дегенде 200 миллиард теңге бөлуді қолға алу аталмыш саладағы көптеген мəселелердің шешіліп ел игілігіне, халықтың тұрмыстық оңтайлануына жол ашпақ. Су жəне жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғыртуда жаңа технологияларды пайдалану олардың қызметін неғұрлым сапалы етпек жəне қызметтік мерзімін арттырмақ. Жаңа Экономикалық Cаясаттың бұл бағыты аталған саладағы тарифтердің

Инфраќўрылымдыќ дамудыѕ жаѕа жоспары Ерболат МҰҚАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты.

Осыған орай əлемде, халықаралық қоғамдастықта болып жатқан өзгерістерге, шиеленісті оқиғаларға еліміздің бейжай қарай алмасы анық. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы осындай талаптарды қамтыған, сыни кезеңнен сүрінбей өтуді бағдар еткен инфрақұрылымдық дамудың жаңа жоспары болып отыр деуіміз керек. Ертеңіңді бүгіннен ойла деген дана халқымыз. Əлемдік қоғамдастықта қалыптасып отырған бірқатар шиеленіскен мəселелер мен сынқатерлер еліміздің экономикалық өсіп-өркендеуіне өзінің біршама кері əсерлерін тигізері анық. Биылғы Жолдау осы бір сындарлы кезеңнің қиындықтарына тастүйін дайын болып, экономикалық өркендеуімізді əрі қарай алға жылжытудың үш жылғы жоспарын айқындап берді. Жолдаудың əдеттегіден ертерек жария етілуінің де басты себебі уақтылы, алдын ала нақты іс шараларға, прагматикалық нəтижелерге қол жеткізуді тезірек жүзеге асыру болып отыр. Яғни, жаңа инфрақұрылымдық даму жоспарын келе жатқан жаңа жыл басынан бастап қолға алу қажет етіледі. Жолдауда ұсынылған инфрақұры лымдық даму жоспары елі міздің жаңа экономикалық саясатын анықтамақ. Біз Жолдауда айтылғандай, экономикамыздағы құрылымдық реформаларды

рылымдарды дамыту. Бұған сəйкес еліміздегі жолдар ел экономикасының күретамырына айналмақ. Жолдар алыс-беріс пен қарым қатынастарды дамытып, сауданың, бизнестің, елді мекендердің орналасу инфрақұрылымына жаңаша серпіліс əкелмек. Астанамен ірі өңірлерді байланыстыратын магистральді автожолдар, теміржолдарды инфрақұрылымдық дамыту халықтың əл-ауқатының артып, ел экономикасына жаңаша серпіліс əкелмек. Тек жол құрылысының өзімен-ақ жаңа жұмыс орындарын ашып, ел табысының өсуіне жағдай тудырмақ. Жолдауда айтылғандай, салынатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартпақ. Екінші бағыт – индустриялық инфрақұрылымды дамыту. Бұл көліктік-коммуникациялық, энергетикалық жəне тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге сұраныс тудырмақ. Ал қызмет көрсетуді жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кəсіптің жаңа түрлерінің пайда болуына жол ашпақ. Негізінен, бұл нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін оңтайлы іс деу керек. Қызмет көрсетуді дамыту жеке кəсіп пен шағын бизнестің өркендеуіне мол мүмкіндіктер тудыратыны сөзсіз. Жəне мұның көп шығын талап етпейтінін, сұраныстың көбейіп, ұсыныстың да соған сай артуына жағдай жасайтын оңтайлы жағы бар екендігін ескеруіміз қажет.

ұлғаюына жол бермеуді де нысанға алған. Бұл ең алдымен халықтың кірісіне салмақ салмауды, елдің жағдайының төмендемеуін көздейді. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту Жолдауда көрсетілген Жаңа Экономикалық Саясаттың бесінші бағыты саналады. Еліміздегі тұрғындар ағынының ұлғаюы қалалардың инфрақұрылымына жəне еліміздегі тұрғын үй қорына қысым тудырып отырған жайы бар. Осы мəселені шешуде Елбасымыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қайта қарастыруды ұсынды. Бұл баспанасыз жүрген адамдардың мəселесін шешуге, баспана алуға қолжетімділікті арттыруға зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Алтыншы бағыт – əлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Еліміздегі үш ауысыммен оқытатын мектептер, балалар бақшасының жетіспеушілігі, мектепке дейінгі мекемелердегі орындар тапшылығы шын мəнінде түйткілді мəселелер болып табылады. Дамыған елдердің жоғары технология мен инновацияға ғылым, білім саласына ерекше көңіл бөлу арқылы қол жеткізгенін еске алар болсақ, мұның да еліміздің өркендеп дамуына қосар үлесі зор деген пікірдемін. Жаңа Экономикалық Саясатта басты назарға ілінетін жетінші бағыт –шағын жəне орта бизнесті дамыту. Елбасымыз бұл мəселені ешқашан шет қалдырған емес. Еліміздің даму жолындағы басымдық беріліп келе жатқан бағытқа

осы жолғы Жолдауда да баса назар аударылып отыр. Біз – экономикалық өрлеудің барлық кезеңінде Н.Ə.Назарбаевтың «алдымен – экономика, содан соң саясат» деген қағидасын басты бағдарға алып келе жатқан мемлекетпіз. Шағын жəне орта бизнестің дамуы, Жолдауда айтылғандай, экономикалық өсімнің драйверіне айналуы керек. Биылғы Жолдауды осындай басым бағыттарды нысан еткен еліміздің алдағы үш жылдағы əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі құжаты деу керек. Бүгінгі сындарлы кезеңге сəйкес келген Жаңа Экономикалық Саясаттың басым бағыттары экономикамызға кері əсерін тигізуі мүмкін барлық сыртқы əлемдік факторларға төтеп беруге зор мүмкіндік тудырады деп сенеміз. Жаңа Экономикалық Саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыруда Елбасы Жолдауында Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, жыл сайын Ұлттық қордан 3 миллиард, яғни үш жылда 9 миллиард доллар бөлуді тапсырды. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табысын төмендетпеуге жəне жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталмақ. Енді алда тек осыны жүзеге асыру міндеті тұр. Осы жолда, əсіресе, Үкіметтің алдына зор міндеттер қойылып отыр. Жаңа Экономикалық Саясатты жүзеге асыруда жұрт болып жұмылу, оған үлес қосу – баршамызға ортақ міндет.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Жасыл» экономиканы дамыту: өзекті мəселелері, құқықтық қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылымитəжірибелік конференция өтті. Оны облыстық прокуратура ұйымдастырды.

«Жасыл» экономика – ґмір талабы Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Конференция «жасыл» экономикаға ауысудың тиімді модельдерін іздеу жəне адам мен табиғаттың үйлесімді дамуының құқықтық негіздерін талдауға арналды. Жиынды облыс əкімі, саяси ғылымдардың докторы Қырымбек Көшербаев қысқаша сөз сөйлеп ашты. Бұдан кейін облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов сөз алып, жұмысқа сəттілік тіледі. Халықаралық конференцияның пленарлық мəжілісін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов жүргізді. Пленарлық мəжілісте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінің экологиялық жəне кəсіпкерлік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Анар Мұқашева «Қазақстан Рес публикасының «жасыл» экономикаға көшуі

тұжырымдамасын жүзеге асыру іс-шараларын құқықтық тұрғыдан қам тамасыз ету», Түркияның Анталия қаласындағы Акдениз уни верситеті құқықтану факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Мухаррем Кылыч «Жасыл» экономиканың өзекті мəселелері мен ережелері», И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай жəне газ университетінің қылмыстық құқық жəне криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Иван Дворянсков «Мемлекеттің қылмыстық құқықтағы мүдделері: жүйелі сипаттама», Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясы ғылыми жəне ғылыми оқытушылық кадрлар факультетінің меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Айбек Əділов «Экология саласындағы қылмыстарды тексеру кезіндегі оқиға орнын қарау өндірісінің ерекшеліктері», Қызылорда облыстық прокуратурасы əлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы Манарбек Ерназаров «Жасыл»

экономикаға көшу мен табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың өзекті мəселелері», Ре сейдің Кубань мемлекеттік университеті қылмыстық құқық жəне криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Владимир Коняхин «Халықаралық, Ресей жəне Қазақстан қылмыстық құқықтары бойынша қылмыс жүйесіндегі экоцид», Санкт-Петербург зоо логия институтының зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Николай Аладин «Қ азақ стандағы Арал теңізін құт қару жөніндегі жаңа міндеттерді жүзеге асырудағы «жасыл экономиканың» мəні мен міндеттері», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ерлан Алтаев «Мемлекеттің экологиялық қызметі жəне «жасыл» экономика тақырыптарында баян дамалар жасап, «жасыл» экономика өмірдің сапасын жақсартатынын, арттыратынын жəне экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Жасалған баяндамалар жəне конференцияны ұйымдастыру барысында айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде конференцияға қатысушылар өз ұсынымдарын қабылдады. Конфе ренция одан əрі секциялық жұмыстармен жалғасты. Секциялар жұмысы барысында 100-ден астам баяндама тыңдалды. ҚЫЗЫЛОРДА.

Тəуелсіздігіміздіѕ даму даѕєылы Ержан ҚҰТТЫБАЕВ,

облыстық мəслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық саяси кеңесінің мүшесі.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «алдымен – экономика, содан кейін саясат» деген қағидатқа негізделеді. Бұл өте орынды жəне дер кезінде жасалған тарихи құжат болып табылады. Өйткені, əлемдік экономикалық дағдарыстың екінші кезеңінің табалдырығында тұрған кезде жария етілген құжат. Осы дағдарыстан басқа елдердің қалай шығарын өз басым білмеймін, ал қазақстандықтардың көңілі осы тарихи Жолдаудан кейін жай тапты деп ойлаймын. Президентіміз «Таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Əлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрде лі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады», деп атап көрсетті. Елбасымыздың көрегендігі – Ұлттық қор құруы. Бұл басқа елдерде

жоқ үрдіс. Шикізат өндіру мен одан түскен табыстар осы қорға салынды. Осы қордан 10 миллиард доллар 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа жұмсалды. Қалған ақша жұмсалмай сақталып, көбейді. Міне, соның пайдасын Қазақстан халқы енді көргелі отыр. Ақпан айынан бастап Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған.

Бірінші траншы аяқталып, екінші транштағы 500 миллиард теңгені Президент мына мақсаттарға бағыттауды тапсырды. Атап айтқанда, шағын жəне орта бизнесті, кəсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге, банк секторын сауықтыруға 2015 жылы 250 миллиард теңге, жаңа инвестициялар тартуға 81 миллиард теңге бөлінбек. Сол сияқты ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруға 40 миллиард теңге бөлуді, Астананың көліктік инфрақұрылымын дамытуға 29 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұдан əрі Елбасымыз Қазақстандағы бүгінгі əлеуметтік-экономикалық жағдайды жіліктеп тұрып талдап берді. Жолдаудың қорытындысында Елбасымыз жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, Тəуел сіздігіміздің даму даңғылын Нұр лы Жолға айналдырғанымызға тоқталды. Қорыта айтқанда, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» болды. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.


5

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

БАЙЫПТЫ БАЄДАРЛАМА

«Нўрлы Жолмен» нўрлы болашаќќа Акабай ХУДАЙКУЛОВ, ОҚО тəжік этномəдени бірлестігінің төрағасы.

Жол – мемлекеттіѕ бет-бейнесі Бақытжан ЖƏНІБЕКОВ,

Жамбыл облыстық құрылыс, автомобиль жолдары жəне жолаушылар көлігі басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында еліміздегі жол саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Бұл бағытта облысымызда елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. 2013-2014 жылдар аралығында облысымыздың жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге жəне күтіп ұстауға барлық бюджет көздерінен 12,991 мил лиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,7 мил лиард, жергілікті бюджеттерден 10,291 миллиард теңге бөлініп, жөндеу жұмысымен 793,1 шақырым жол қамтылды. Оның 38,8 шақырымы – күрделі, 754,3 шақырымы орта жөндеу. Үстіміздегі жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп-ұстауға бюджеттен 6,8 миллиард теңге қарастырылды. Оның ішінде 2,5 миллиард теңге облыстық маңыздағы автожолдарға, 2,5 миллиард теңге аудандық маңыздағы автожолдар мен көшелерге, ал, 1,8 миллиард теңге Тараз қаласының көшелеріне жұмсалды. Осы қаржы есебінен үстіміздегі жылы 18,8 шақырым жолға күрделі, 357,4 шақырым автожолдар мен көшелерге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Басқармаға қарасты облыстық маңызы бар

автожолдарды жөндеу мен күтіпұстауға қарастырылған қаражат есебінен биыл 126 миллион теңгеге 8,8 шақырым жолды – күрделі, 1,8 миллиард теңгеге 112 шақырым автожол мен 4 жасанды ғимаратты орта жөндеу жəне 518 миллион теңгеге автожолдарды ағымды жөндеу мен күтіп ұстау көзделді. Қазірге дейін мемлекеттік сатып алу конкурстарында жұмыстарды ұтып алған мердігерлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстары бойынша 91800 шұңқырды тегістеп, 391 дана жаңа жол белгілері, 618 дана белгі беру бағаналары, 860 қума метр жол бойы жəне көпірлердегі қоршауларды орнату, 120 шаршы метр жол жамылғысына осьтік таңба салу жұмысы орындалды. Сонымен қатар, 17 нысан бойынша автожолдарды күрделі жəне орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Еліміз тəуелсіздік алған кезде облысымызда тұңғыш рет ұзындығы 28,8 шақырым «Қаракемер-Қарасай» автомобиль жолы салынған болатын. Қарасайлықтардың өтініші бойынша 2012 жылы оны күрделі жөндеу қолға алынды. Осы жауапты жұмыс облыстағы ірі əрі əлеуетті компанияның бірі – «Инвест компания МК» ЖШС-ға жүктелді. Компания еңбек өнімділігін арттыру жəне артық шығындарды қысқарту үшін аталған жол бойына асфальт зауытын орнатты. Ол қазір олардың ғана емес, бүкіл ауданның игілігіне айналуда. Сəтбай Қожамқұлов

басқаратын компания биыл «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автожолының бойында да жаңа асфальт зауытын іске қосты. Бүгінде кəсіпорын «ҚаракемерҚарасай батыр» автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтап келеді. Бұған қоса биыл Байзақ ауданында «Мырзатай-Сарыкемер» автомобиль жолының 0-8,95 шақырымы жөнделіп, «БурылҚұмжота» автомобиль жолының 1+240 шақырымындағы су өткізу құбыры, «Бурыл-Құмжота» автомобиль жолының 1+250 шақырымында су өткізу құбыры, «Тараз-Сарыкемер-ТүймекентАқшолақ» автомобиль жолындағы 50+700 шақырымында су өткізу құбыры орнатылды. Мойынқұм ауданында «БірлікМойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының 54-76 шақырымы орта жөндеуден өткізілді. «БірлікМойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының 76-95 шақырымы, осы бағыттағы жолдың 95-115 шақырымы орта жөндеуден өткізілуде. Белгіленген жұмыс келесі жылы аяқталады. Шу ауданында «Оразалы батырКөкқайнар» автомобиль жолының 0-11 шақырымын жөндеу қолға алынды. Оның құрылысы келесі жылы бітеді. «Кемер-БірлікҮстем» автомобиль жолының 0-1,7 шақырымы орта жөндеумен қамтылды. «Төле би-Шоқпар» автомобиль жолының 15-30 шақырымындағы орта жөндеу келесі жылы ел игілігіне беріледі. Жамбыл ауданында «ТаразАса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолының 23-28 шақырымына орта жөндеу жүргізілді. Қордай ауданындағы

«Отар-Сұлутөр-Көктөбе» автомобиль жолының 42-59,2 шақырымы жөнделді. Т.Рысқұлов ауданында «Луговая ст.-ҚорағаттыТəтті» автомобиль жолының 0-21 шақырымындағы жөндеу жұмысы 2015 жылы бітеді. Құрылысы 2013 жылдан жүргізіліп келе жатқан «Луговая ст.-ҚорағаттыТəтті» автомобиль жолының 21-43 шақырымы ел игілігіне берілді. Сарысу ауданында биыл жөнделген «Тараз-Аса-АқкөлСаудакент» автомобиль жолының 176-186 шақырымы жолаушыларды қуанышқа бөледі. Жуалы ауданында «Б.МомышұлыКөлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автомобиль жолының 61+700 шақырымында су өткізу құбыры орнатылды. Аталған жұмыстарға 9 мердігер ұйым тартылды. Облыста кейінгі кезде жол құрылысымен шұғылданатын компаниялар көбейіп келеді. Қазір бізде материалдық-техникалық базасы нығайған осындай 30ға жуық кəсіпорын бар. Олар кейінгі кезде өздерінде асфальтбетон зауытын орнатып, қуатты техника сатып алуда. Мұның өзі еңбек өнімділігін арттырумен қатар, жұмыс сапасын жақсарта түсуге игі ықпалын тигізуде. Қазір барлық нысандарға техникалық қадағалаушы бекітілген. Олар тұрақты нысан басынан табылып, орын алған кемшіліктерді шұғыл түзетуге күш салуда. Кейінгі кезде ауыр жүк көліктерінің саны мен олардың жүру жылдамдығы артқан сайын жол жабындысының мерзімінен бұрын тозуы байқалуда. Сондықтан жол жөндеу жұмыс тарында қолданылатын

ма те риалдардың сапасы қатаң сын ға алынуда. Басқарма бастама сымен үстіміздегі жылы жол жабындысының қорғаныс қабаты құрылғысына баламалы əдіс ретінде сынамалық негізде облыстық маңызы бар «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автожолының 5 шақырымына жол жабындысының жаңа «Реджува Сил» технологиясы қолданылды. Ол қорғаныс қабаты эмульсиялық-минералды қоспа ретінде жол жабындысының ұзақ уақыт сақталу қасиетін арттырады. Бұған қоса жолды табиғат факторларының теріс əсерінен сақтайды. Қабаттың қалыңдығы – 2-3 миллиметр. Жабындының бұл түрін өте қысқа мерзімде (5-6 сағат) төсеуге болады. «Реджува Сил» АҚШ, Жапония жəне Германия елдерінде кеңінен қолданылып, елеулі тиімділікке қол жеткізуде. Жұмыс сапасын арттыру мақсатында 2011 жылдан бастап əрбір нысан басында техникалық қадағалаушылармен қатар, тəуелсіз авторлық бақылаушылар да тартылған. 2006 жылдан бастап ашылған «Жамбылжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесі жол құрылысына қолданылатын барлық құрылыс материалдарының сапасын растайтын сараптама жүргізеді. Құрылыс ережелері мен нормаларына сəйкес келмейтін материалдарды қолдануға тыйым салынады. Жамбыл облысы. Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Жўмыла жўмыс істеу ќажет Алмас ЖАНАБАЕВ,

Шарбақты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Жолдаудағы алға қойылған мақсаттар жаһандық қатерлерге, дағдарыстарға берілген нақты жауап. Олар экономикамызды жандандырып, елімізде 200 мың жаңа жұмыс орындарын ашады. Мысал келтіретін болсақ, 2008 жылғы дағдарыстан шығу мақсатында қабылданған «Жол картасы» бағдарламасы біздің Шарбақты ауданымызда ондаған мектеп, мəдениет үйі, ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізді. Оны біздің жалпы саны 200-ден аса ауданның азаматтары жүзеге асырды. Қаншама отбасы соның арқасында əл-ауқатын жақсартты. Бұл – бір жағы, екінші жағы – қыста жұмыс істемейтін мəдениет үйлерінің жылу қазандықтары жөнделіп, қазір барлық 22 ауылдық клубта іс-шаралар қыста да өтіп жатыр. Енді осындай

жұ мыс тар бүкіл Қазақстанның автожолдарында өткізіліп жатқаны жетістік емес пе. Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі, сондықтан бас қаламыздан жан-жаққа тартылатын авто, авиа, теміржолдар маған шын мəнінде күн шапағын елестетеді. «Мəңгілік

Ел» жалпыұлттық идеясының өзегі бұл. Келесі жылы Қазақ хан дығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылды ғы, Ұлы Жеңістің 70 жылды ғы атап өтіледі. Осының бар лығы атқарылып жатқан жұмыстармен бірге қазақстандық партиотизмді өркендетуде, жастарды отансүйгіштікке баулуда баға жетпес рөл атқарады. Ал ісшараларды жүзеге асыруда біз – жастар бір адамдай жұмылып əрекет етуіміз қажет, əрекет етеміз де. Барлық мақсаттарды бірігіп отырып шешетініміз белгілі, себебі бұған дейінгі болған қиындықтардың бəрін жеңе білдік қой! «Нұрлы Жол», біз бір адамдай жұмыла əрекет етсек қана Отанымызға көмек беріледі, сондықтан мақсатты еңсеруге бүкіл қазақстандық азаматтарды шақырамын. Павлодар облысы.

Біз Қазақстандай байтақ елде, ұлттар мен ұлыстар бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақта өмір сүріп жатқан мемлекеттің тұрғыны болғанымызды мақтаныш етеміз. Осындай мамыражай заманды орнатуға күш салған, əлем мойындаған тұлға Елбасымызды мақтаныш етеміз. Елдің бірлігі қашқан мемлекетте тұрақтылық болмайды. Алыстан мысал іздеудің қажеті жоқ, кешегі одақтас республикалардың ішінен шығып жатқан бүлік мен қазақстандықпын дейтін əрбір азаматты ойландыруы керек. Көпұлттылық – біздің берекеміз. Ынтымақ бар жерде бақ болады. Елбасының Жолдауынан тағы да осындай ғибрат алдық. Сенікі, менікі дейтіндей емес, бауырмал қазақ халқының арқасында біз бақытты өмір сүріп отырмыз. Тəжіктер туралы айтар болсақ, Мақтаарал ауданында 25 мың түтін, Сарыағаш ауданында 10 мыңға тарта отбасы бармыз. Мəдени бірлестіктің төрағасы болғандықтан, жиі бас қосып тұрамыз. Ортақ əңгімеде ынтымақ, бірлік туралы көп айтылады. Біздің ағайынның негізгі тіршілігі Жер-анамен байланысты. Егін егеміз. Жылыжайдан өнім ала мыз, мал өсіреміз. Халық та «қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген сөз бар. Мемлекет басшысы шағын жəне орта

бизнеске айрықша назар аударып, жыл сайын миллиардтаған қаржы бөледі. Өнімімізге субсидия аламыз, шаруашылықты жүргізуге жеңілдетілген несие береді. Елбасы кешегі Жолдауында шаруаларға қолдауға тағы да қыруар қаржы бөлінетіндігін айтты. Кəсібі жоқтың – нəсібі жоқ. Аш адамнан əр нəрсені күтуге болады. Бұл – əлемнің əр мемлекетіндегі дағдарыстың ащы сабақтары. Нұрсұлтан Əбішұлы Қазақстан халқын əлемдік дағдарыстың ал ғашқы толқындарынан аманесен өткізді. Ұлттық қорымыз да ертеңгі күн үшін алаңдатпайды. Оны Жолдаудан анық ұғындық. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Қазақстанды бүгінгіден де биік белестерге бастай беретініне сенеміз. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы.

Елдіѕ бірлігі – барша табысымыздыѕ ќайнар кґзі Бақытжан САТЕРШИНОВ,

Философия, саясаттану жəне дінтану институты дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы.

Қазақ халқы əуел бастан-ақ отбасының береке-бірлігін, ағайынтуыстың татулығын, əлеуметтің ауызбіршілігін жəне ел іргесінің беріктігін ең бір маңызды мəселе ретінде алға тартып келген. Отағасы, елағасы мен ауыл ақсақалдары жəне ошақ басындағы аналар мен əжелер оны үнемі тілге тиек етіп, келер ұрпақтың құлағына сіңіріп, өсиет қылып айтып отырған. Мұны алысқа бармай-ақ дана халқымыздың мақал-мəтелдерінен аңғаруға болады: «Ырыс алды – ынтымақ», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп» жəне т.б. Ғасырлар бойы осы адамгершілік қатынастар мен рухани құндылықтарға негізделген мəдени жəне діни салт-дəстүрлер əлеуметтік байланыстарды реттеп, осы құндылықтардың төңірегіне ұлтты ұйыстырып келді. Қазақстан Республикасының Прези денті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы негізінен экономикалық мəселе лерге арналғанымен, онда «біздің барлық та быстарымыздың кілті елдің бірлігінде» екендігі қадап айтылды. Келесі 2015 жыл – «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» деп жарияланғаны белгілі. Біреудің тілі мен дінін мансұқтау, кемсіту қазақы дəстүр тұрғысынан алғанда да, бүгінгі заман гуманизмі деңгейінен алғанда да надандықтың белгісі екендігі мəлім. Демек, Елбасының жоғарыда айтқанындай, халық даналығының қорғасындай түйіні – мақал-мəтел қорының басым бөлігін құрайтын ынтымақ пен бірлікті ортайтпай, алауыздық

пен араздыққа жол бермеуді алға тартты. Бүгінгідей алмағайып заманда, жаhандану деп аталатын құбылыстың астарында үстемдік етуші күштердің астыртын жобаларының жатқан заманында «Алшыораздың алты ұлы, атқан оғын таба алмай, жер сабалаған күннің» тумағанын тілеу керек. Өз дəстүрі мен тілінен, өз мəдениеті мен тарихынан жеритін, басқа елдің тəжірибесін қайталап, өзге құндылықтарға еліктейтін шалақазақылық пен рухани сұғанақтықтан арылып, қазақтардың өздері бірегейлік, жауапкершілік танытып, елімізді мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне үлгі, қамқор бола білуі керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы Жолдауда жарияланған ұлттық идея – «Мəңгілік Ел» идеясының аясында тəуелсіздіктің даңғыл жолын Нұрлы жолға айналдыруда уақыт пен дəстүрдің сабақтас тығына ерекше ден қойды. Яғни, көк түркілер заманынан бергі тарихтың тағылымын осы шақта лайықты пайдаланып, ата-бабадан қалған рухани мұраны болашақ ұрпаққа аманат етіп табыстаудың қажеттілігін атап өтті. Мұны əрбір қазақстандық жүрегімен сезініп, ақылымен пайымдап, Жолдауға үндестігімен үлес қоса білуі керек. АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

Университеттегі дəріс (Соңы. Басы 1-бетте). Мемлекеттік хатшы əлемнің түрлі елдеріндегі адам дамуының индексі мен жан басы на шаққандағы кірістің арасындағы оң арасалмақты атап өтті, елдердің дамуындағы инновацияның ықпалын талқылады, əлемнің дамыған жəне дамушы экономикаларының арасындағы алшақтықты қандай факторлар ұлғайтуы мүмкін екені жөнінде əңгімелеп берді. Г.Əбдіқалықова адами капиталды дамытуға жағдай туғызатын салаларды атап көрсетті – олар білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту жəне халықты əлеуметтік қорғау жүйесі. Мемлекеттік хатшы өз дəрісінің аясында ұлттық эконо ми каның өнімділігін арттыру үшін отандық

кадрлардың бəсекеге қабілеттілігін көтеру мəселелеріне жан-жақты тоқталды. Дəріс қорытындысында Мемлекеттік хатшы мемлекет соның шеңберінде жұмыс жүргізіп жатқан адами капиталдың сапасын жəне еңбек ресурстарының өнімділігін арттырудың басымдықтарын атап айтты. Дəрістің қорытындысы бойынша студенттер мен оқытушылар Мемлекеттік хатшыға өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, егжей-тегжейлі жауаптар алды. Анықтама үшін: Адам əлеуетін дамыту индексіне сəйкес (БҰҰ ДБ) Қазақстан 2007 жылы 73 орыннан (177 елдің арасынан) 2013 жылы 70 орынға (187 елдің ішінен) орналасып, адам əлеуетін дамытудың жоғары деңгейлі елдерінің тобына енген болатын.

21 қараша 2014 жыл

Компьютерлік технологиялар ґндірілмек Кеше елордадағы Бейжің Палас қонақ үйінде «Inspur – ақпараттық технологиялардың озық өнімін өндіруші» атты халықаралық конференция өтті. Онда Қытайдың ІТ-технологиялар саласындағы ең үздік компаниясы елімізде бірлескен кəсіпорын салуға мүдделі екені белгілі болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Шараға «Inspur» корпорация сының бас техникалық директоры Ли Джи Мин, «Inspur» корпорациясының Орталық Азия бойынша директоры Джань Бинь, Қазақстанның софтверлік компаниялар қауымдастығының президенті Азаматхан Əміртаев пен тағы басқа бірқатар отандық мамандар қатысты. Конфе ренция Қазақстандағы ІТ жүйелік шешімдер саласындағы

жобалардың инновациялық да муының перспективаларын талқылауға арналды. Нақтырақ айтсақ, серверлік құрылғылардың, плат формалардың, датаорталықтардың, суперкомпьютерлердің орталықтарын жеткізу мен күрделі интеграциялық жобалардың орындалу барысы сөз болды. Мұнымен бірге, Қытайдың Inspur компаниясы Қазақстанмен бірлесе отырып, серверлер мен түрлі компьютерлік технологиялар өндіретін кəсіпорын ашуды жоспарлап отыр екен. Бұл

● Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Тоќыма кластеріндегі жаѕа биік «Бəйтерек» компаниялар тобыныѕ ќолдауымен «Ютекс» пен «Меланж» фабрикалары ќатарєа ќосылды

Тек шикізатқа қараған, содан түскен табысқа малданған мемлекеттің бүгінгісі бұлдыр, келешегі күңгірт. Ғылым мен өндіріске сүйенген өркениетті елдердің аты бəйгеде озып тұр. Мəселен, Жапония мемлекеті əлемдік нарықта орны бар бренд тауарларымен өзге мемлекеттерге үлгі. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстанның да асқақ армандары бар. Мемлекеттік қолдау арқылы отандық өндірісті нығайту жолында қажырлы еңбек етуде. Таяудағы жылдардың жаһандық сынақтарға айналатынын Елбасы айтқан. «Əлемнің барлық архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады», деп ескертті халыққа Жолдауында. Яғни, төрт құбыласы түгел мықты мемлекет болу үшін шикізаттан бөлек үлкен өндіріс орындары, алып кəсіпорындарды жұмысқа қосу керек. Шымкентте «Textiles.kz» компаниялар тобына кіретін «Ютекс» жəне «Меланж» АҚ тоқыма фабрикалары алғашқы жылдары табысты жұмыс жасап тұрды да, қаржылық қиындықтардан тоқтап қалған-ды. Шикізат алуға жəне өндірістік шығындардың орнын жабуға айналымдық қаржысы болмады. Əлемдік қаржылықэкономикалық дағдарыс пен əлемдік нарықтағы мақта шикізаттарына бағаның шұғыл көтерілуі қос кəсіпорынды дефолтқа ұрындырған. Құлаған орныңнан тұрма дейтіндей емес, «Ютекс» пен «Меланж» отандық тоқыма кластерінің қарлығаштары іспетті еді. Қолтықтан демесе жеңіл өнеркəсіптегі олқылықтардың орнын жабары сөзсіз. Елбасы Оңтүстік Қазақстанда тоқыма кластерін қалпына келтіру мəселесін күн тəртібіне қойған. Осындай қиын жағдайда «Бəйтерек» холдингі Қазақстан Даму банкі жəне Инвестициялық қормен бірлесе отырып жағдайды сауықтырудың жолын тапты. Кəсіпорынның іске қосу шарасына «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Айталиев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Сисенбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Ұлттық кəсіпкер лер палатасы ОҚО филиалының төрағасы Жеңісбек Дулатов жəне «Textiles.kz» компания лар тобының президенті Шолпан Жарасова қатысты. Тоқыма фабрикасының ашылу салтанатында ОҚО əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев екі жылдан астам уақыт жұмысын тоқтатқан «Меланж» бен «Ютекс» жайындағы мəселелердің себептерін тарқатып берді. 2010 жылы мақта нарығындағы алыпсатарлар қолдан шикізат бағасын қалыпты 1,5 мың доллардан тоннасын 5 мың долларға дейін көтеріп жіберген. Дайын тұрған фабрикаларды қолдан жабуға жол беру облыс экономикасынан бөлек республика үшін де орны толмас шаруа. Сондықтан облыс əкімдігінен бастау алған экономикалық жаңғыртудың жолдары

мемлекеттік тұрғыда тара зыланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру-2020» бағдарламасына кірген. Оның тиімді жақтары, біріншіден, кəсіпорындар төрт жылға дейін салықтан босатылады, екіншіден, банкке төлейтін қарыздары кейінге шегеріледі. Осы мəселені Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 22 мамырда №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жəне ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаруалар туралы» Жарлығы бойынша құрылған «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі тиімді шешіп берген. Қазір тоқыма фабрикасында 17 мың тонна мақта шикізаты бар. Ол келер жылға толығымен жетеді. Арнайы экономикалық аймақта кəсіпорынның жартылай салынып тоқтап қалған фабрика құрылысын аяқтауға да Қазақстан Даму банкі АҚ қаржы беріп отыр. Тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауапты «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Айталиев пен «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Сисенбаев жүйелеп берді. 2014 жылғы мамыр айында Экономиканы жаңғырту бойынша мемлекеттік комиссия шешімімен «Textiles.kz» компаниялар тобының міндеттемелері бойынша құқықты «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамынан

«Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамына беру мақұлданды. Барлық өндіріс кезеңдерін бақылау жəне шикізатпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін «Capital logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің («Қазақ станның инвестициялық қоры» АҚ-тың 100% еншілес құрылымы) мойнына алу жөнінде Қазақстанның инвестициялық қорымен тоқыма кəсіпорындарын сауықтыру жоспары жасақталған

болатын. Өз кезегінде, Қазақстан Даму банкі «Capital logistics» серіктестігіне жалпы құны 64,5 млн. АҚШ долларын құрайтын несие желісін берген. Оның ішінде, 5 млн. АҚШ доллары – «Ютекс kz» АҚ кешені өндірістік құрылысының аяқталуына нақтыланса, қалған 59,5 млн. АҚШ доллары – «Меланж», «Ютекс» жəне «Ютекс kz» акционерлік қоғамдарына мақта талшықтарын сатып алуы үшін берілді. Сөйтіп, «Меланж» жə не «Ютекс» акционерлік қоғамдары фабрикаларының іске қосылуынан өндіріс қуаттылығы жылына 17,8 мың тоннаны, ал дайын тоқыма өнімі жылына 8,4 млн. метр құрайтын болады. Құрылыстың аяқталуы мен «Ютекс kz» фабрикасының іске қосылуы нəтижесінде 2016 жылы жіп өндірісінің қуаттылығы жылына 8,4 мың тоннаны құраса,

дайын тоқыма өнімі жылына 10,6 млн. метрге жетеді. Бүгінгі таңда фабрикаларда 400-ден астам адам жұмыс істейді жəне жоғарыда аталған үш тоқыма кəсіпорындарының толыққанды өндірістік қуаттылыққа шыққаннан кейін 2000-нан астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады. Өндірілетін өнімнің 30 пайызы – төсек-орын тыстары, түкті сүлгілер өнімдері мен арнайы киім дерді Қазақстанның ішкі

нарығында тұтынады. Өндірілетін өнімнің қалған 70 пайызы Қытай жəне Еуропа елдеріне экспортталады. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» АҚ төсек-орын тыстары мен арнайы киімдер сияқты дайын өнімдерді сатып алуға ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды. Іске қосылған фабрикалар облысқа жəне республикада қандай түйіндерді шеше алады? Біріншіден, дайын жұмыс орны 2 мың адамға көбейді. Арнайы экономикалық аймақтағы фабрика қосылған жағдайда тағы 500 адамға жұмыс бар. Екіншіден, облысқа салық түсімі көбейеді. 2-3 жылда 3 млрд. теңгеге дейін салық төлеу күтіліп отыр. Инвестициялық ахуал үшін де жақсы көрсеткіш. Облыс əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев кəсіп орын үшін Кеден одағы аясын дағы жеңілдіктерді айтты. Мəселен, Өзбекстанда жұмыс күші арзан болғанымен тоқыма фабрикаларының өнімін бұлдау үшін баж салығы жəне қосымша құн салығын төлеулеріне тура келеді. Ал, біздің фабрикалар салықтан босатылғандықтан бəсекеге қабілетті. Алдын ала төлем арқылы келісімшартқа тұрып жатқан инвесторлар бар. Тоқыма кластері бойынша арнайы экономикалық ай мақта 19 жоба дайын. Оның 7-уі іске қосылған, биыл тағы 2-уі жұмы сын бастайды. Бүгінде 6-ның құрылысы жүріп жатыр. Мұн да Түркия, Корея, Ресей жəне Өзбекстан кəсіпкерлерімен бірлескен кəсіпорындар Кеден одағы аясында экспортқа шықпақ. Сонымен, «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жұмы сы тоқтап қалған екі тоқыма фабрикасының тамырына қан жүгіртті. Басқаларын сауықтыру шараларына да күш салып жатыр. Мемлекеттің мықтылығы – өнеркəсіптік қуатында. Елбасының тікелей тапсырмасымен Оңтүс тіктегі тоқыма кластері жаңа дəуірін бастады. «Textiles. kz» компаниялар тобының президенті Шолпан Жарасова «біз енді кəсіпорын жұмысын тоқтатпауға уəде береміз» деді. Бұл барлық жұ мыс шылардың пікірі деп ұғындық. ШЫМКЕНТ.

туралы Қазақстан Софтерлік компаниялар қауымдастығының президенті Азаматхан Əміртаев айтып берді. «Бүгінгі күнде Қазақстанның ІТ нарығы 1,5 млрд. долларды құрайды. Осы нарыққа дүниежүзілік компаниялар кіріп, сауда-саттық жасап жатыр. Біз əлемдегі көптеген компаниялармен Қазақстанда ақпараттық технологиялар өнімін шығару туралы көптеген келіссөздер жүргіздік. Осынау игі бастамаға қытайлық Inspur компаниясы ғана келісім беріп, əріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделілік танытты», деген ол, аталған компанияның Венесуэлада да осындай тəжірибесі бар екенін айтты. Олар сол елде компания ашып, бүгінде барлық Оңтүстік Америка нарығын ІТ технологиялармен

қамтамасыз етіп жатқан көрінеді. Inspur компаниясы енді біздің ел арқылы да дəл сондай ауқымды жобаны жүзеге асырып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығын меңгермек ниетте екен. «Біз де осы кəсіпорын арқылы өз нарығымызды толық қамтып, болашақта Ресей нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Жобаның бастапқы инвестициясы 1 млн. доллар болады. Оған қазақстандық мамандар тартылып, алғашында ІТ-өнімдерді құрастырудан бастап, кейіннен өз күшімізбен өндіруге дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз», деді А.Əміртаев. Оның сөзіне қарағанда, Inspur компаниясы Қытай нарығында серверлер сату көлемі бойынша бірінші орында, ал əлем бойынша 5-ші орынды ұстап тұрған ірі компания.

Аталған компанияның Тяньхэ-2 деп аталатын суперкомпьютері əлем бойынша ең күшті суперкомпьютерлердің үздік 500-дігі арасында бірінші орында тұр екен. Тағы бір анық болғаны, Inspur компаниясы таяу болашақта Астана мен Алматы қалаларында əкімшілік жəне сауда кеңселерін ашуды жоспарлап отыр. Мұнымен бірге, 15 миллион доллар инвестициямен Қазақстан нарығында құрылғылар өндіретін кəсіпорын ашу бойынша серіктес табуды мақсат етіп қойған. Осы арқылы қазақстандық инженерлер үшін жұмыс орындарын ашып, алдағы 5 жылда Қазақстанның ІТ нарығына дендеп енуді көздеп отыр. Сондай-ақ, компания мамандары саладағы ірі мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру ісіне атсалысудан да үмітті.

Маќсат орындалуымен ќўнды

Облыс орталығында өткен облыстық актив жиынында Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді қалай орындау керектігі жайлы айтылды. Бұл басқосуда алдағы уақыттарда облысты өркендетудің 7 басымдығы қаралды. Ауыл, аудан, қалалардан жиналғандар Елбасының халыққа арнаған жаңа Жолдауын талқылады. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

– Елбасының əр Жолдауы – ел экономикасын одан əрі дамыту мен халық игілігін асыруға бағытталған стратегиялық құжат, – деді облыс əкімі Қанат Бозымбаев өз сөзінде. – Елімізді алдағы жылдардағы дамытудың жоспары, осы мақсатқа жетудің нақты жолдары, басымдыққа ие бағыттар, Үкімет, барлық деңгейдегі əкімдер мен атқарушы билік органдары алдына қойылған зор міндеттер белгіленді. Қ.Бозымбаев Жолдауда айтылған, облыс іске асыруы керек жұмыстың 7 басымдыққа ие бағыттарын санамалап берді. Біріншіден, көлік-логистикалық инфрақұрылым дамытылуы тиіс. Бұл бағытта өңірде «Астана – Павлодар – Өскемен» автобан құрылысы басталды. Осы жоба аясында Ертіс өзені арқылы Павлодар мен Ақсу қалалары

арасын жалғайтын көпір құрылысы жүргізілуде. Тағы бір маңызды жоба – «Омбы – Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолды қайта салу. Мұнда облысқа тиесілі осы жолдың жалпы ұзындығы – 385 шақырым. Ресейдің үш өңірі мен еліміздің екі облысы аралығын қосатын халықаралық транзиттік дəліздердің бірі саналады. Оны қайта салу үшін қыруар қаржы керек. Облыстағы өңірлік маңызы бар автомобиль жолдары əлі жөнделумен келеді. Баржоғы 1200 шақырым жол ғана қанағаттанарлық жағдайда. Қалған жолдарды жөндеуге биыл 5 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатқа 231 шақырым жол жөнделмекші. Жол демекші, Қ.Бозымбаевтың келесі айтқан мəселесі – Ертіс өзені арқылы жүретін кеме жолдары қатынасын реттеу жайы болды. Біз бұл жайында жаз айында газетімізде

жазғанбыз. Қазір су түбіндегі жылына 2 млн. текше метр топырақты аршып, тазалап, өзенді тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. – Бүгінгі таңда «екінші бесжылдық» аясында инвестиция көлемі 1 трлн. теңге болатын 19 жоба қалыптасты. 2014-2016 жылдары «Павлодар» арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымы құрылысына 28 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде ағымдағы жылы – 3,5 млрд. теңге. Оның үстіне, бюджеттің осы 3,5 млрд. теңгесіне жеке инвестицияның 40 млрд. теңгесі келеді. Қажетті инфрақұрылым (кедендік терминал, сумен қамтамасыз ету нысандары, электр қуаты, теміржол, аумақтың қоршауы жəне т.б.) үшін құрылыс жұмыстары басталып кетті, – деді Қанат Бозымбаев. Сондай-ақ, ол Жолдауда белгіленген басқа бағыттар бойынша да ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап көрсетті. Жиынды қорытындылай келе, облыс əкімі Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын əзірлеуге тапсырма берді. Павлодар облысы.

Жаѕа міндеттер жїктеген Жолдау Қызылорда облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылаған облыс активі болды. Жиынға облыс əкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық жасады. Оған барлық деңгейдегі əкімдер мен мəслихат депутаттары, ардагерлер мен азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының жетекшілері толығымен қатысты. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Актив жиналысында баяндама жасаған аймақ басшысы Елбасы кезекті Жолдауын дер кезінде жариялағанын атап өтті. Өйткені, əлем үлкен өзгерістердің алдында тұр. Сондықтан, Қазақстан бұл жағдайға алдын ала дайын болуы керек. Онан соң Қырымбек Елеуұлы облыста атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып, Жолдаудан туындайтын міндеттерді зерделеп алудың маңыздылығын атап өтті. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындаудың жолдарын белгілеген аймақ басшысы қала, аудан əкімдеріне басқарма басшыларымен тізе қосып жұмыс жасау керектігін, ел қазынасынан бөлінетін қаражаттан тиісті үлес алып үлгеру қажеттігін ескертті. Ендігі жерде олардың халыққа,

қоғамға еткен қызметінің өлшемі осы талаппен белгіленбек. Өйткені, облыста жүзеге асып жатқан жалпы құны 360 миллиард теңгені құрайтын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен «Бейнеу – Бозой» магистральді газ құбырының құрылыстары биылғы жыл соңында аяқталады. Нақты кезеңде оның орнын басатын бірнеше жоба əзірленіп, Үкіметке ұсынылған. – Жалпы, атқарылған шаруа аз емес, тиісінше, шешілмеген мəселе де жеткілікті. Барлық істі еңсеруге облыс бюджетінің қауқары жете бермейді. Сондықтан бізге сыртқы көздердің қаржысына жүгінуімізге тура келеді, – деді əкім. Қазірдің өзінде Қызылорда облысы инвестиция тарту бойынша қыруар тірлік атқарып келеді. Мəселен, Еуропа Қайта құру жəне даму банкі мен «Байқоңыр» ƏКК» ҰК» АҚ арасында меморандумға

қол қойылып, нəтижесінде аталған беделді банк «Қызылорда автобус паркін жасақтау» жобасына нақты қолдау білдірді. Жуырда Астанада Қызылорда қаласында салынатын тұрмыстық қатты қалдықтарды кəдеге жарату жобасын қаржыландыру мəселесі шешімін тапты. Аталған банктің Қазақстан бойынша директорымен үшжақты алдын ала келісімге қол жетті. Дегенмен, мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Облыс əкімі алдағы уақытта Азия даму банкі жəне Ислам банкі секілді ірі қаржы ұйымдарын тарту қажеттігін айтты. Жиын барысында көлік инфрақұрлымы, ішкі жəне сыртқы туризм, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй мəселелері туралы да айтылды. Актив жиналысында облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Сейілбек Шаухаманов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисенов, Жалағаш ауданындағы №33 орта мектептің директоры Эльза Шарипова, т.б. өз ойларын ортаға салды. ҚЫЗЫЛОРДА.

Агроґнеркəсіп кешенін дамытуєа зор ыќпал етеді Отандық ауылшаруашылық ғылымы мен білімінің көшбасшысы саналатын Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылауға байланысты жиын өтті. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Жиынға жоғары оқу орнының басшылығы, ғылыми кеңес мүшелері, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың жетекші мамандары, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты. Университеттің кеңейтілген ғылыми кеңесі отырысының күн тəртібіне еніп, басты назарға алынған Жолдаудың негізгі қағидаларын насихаттау жəне түсіндіруге арналған жиынды университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов жүргізіп отырды. Жуырда ғана университет ректоры Елбасының ресми қабылдауында

болып, жоғары оқу орнының қазіргі қызметі туралы баяндап, аграрлық білім мен ғылымның жағдайына қатысты ұсыныстар мен ойларын айтқан болатын. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша оқу орнының ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жөніндегі стратегиялық бағытына оң баға беріп, агроөнеркəсіп кешеніндегі білім мен ғылымның интеграциялануына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берген-ді. Жолдау жүктеген міндеттер бұған дейін университеттің əр факультетінде, кафедраларында, студенттік үйлерінде талқыланған. Жаңа міндеттер жүктеген кезекті Жолдауды талқылауға арналған

үлкен басқосуда саяси құжаттың мəні мен маңызы сөз болып, қатысушылар Елбасының биылғы Жолдауы туралы ойларын кеңінен ортаға салды. Жиында баяндама жасаған ҚазҰАУ жанындағы О.Сүлейменов атындағы əлеуметтікгуманитарлық білім беру жəне тəрбие институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Сайын Борбасов Жолдауға терең талдау жасады. Сонымен қатар, Агробиология жəне экология ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Рахымжан Елешов, Су ресурстары жəне мелиорация кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Алексей Рау сөз алып, Жолдаудың агроөнеркəсіп кешенін дамытуға тигізетін зор ықпалға ие екендігін атап өтті. АЛМАТЫ.


ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

«Алдымызда бір мемлекеттік міндет тұр: Қазақстан геологиясын, оның бай жер қойнауын тиімді зерттеп, оны Ел игілігі үшін жарату».

Қаныш СƏТБАЕВ.

Жер ќойнауын игеру ќажырлы еѕбекті ќажет етеді Жер қойнауындағы қазынаны барынша ел экономикасының игілігіне жарату қашанда маңызды мəселе. Ал еліміздің геология саласы бұрынғы кеңес кезіндегі жүйелі зерттеулерден кейін біраз бəсеңсіп, қазіргі заманауи талаптардың үдесінен шыға алмай қалғаны жасырын емес. Осыны ескерген Елбасы бұл салаға айрықша назар аударып, геологияға барынша жаңа технологияларды тартуды тапсырды. Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясында да еліміздің геологиялық барлау саласы əлемдік нарыққа енуі тиіс деген міндет қойды. Осы ретте, жер байлығын зерттеуде жаңа тəсілдерді пайдалануға күш салынуда. Мəселен, жақында «Қазгеология» акционерлік қоғамы канадалық «GeoTech» компаниясымен бірлесіп ҚазГеоТех» кəсіпорнын құрды. Ал бұл компания қазірдің өзінде кешенді аэрогеофизикалық түсіруді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи мамандандырылған ұшақты іске қосты. Міне, осындай жақсы жаңалықтың жетегімен Инвестициялар жəне даму министрлігіне қарасты «Қазгеолгия» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқармасына хабарласқан едік. Геология саласында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар жайында аталған акционерлік қоғамның төрағасы Ғалым НҰРЖАНОВ əңгімелейді.

– Ғалым Жұмабайұлы, «ҚазГеоТех» компаниясының ұшақтары жайында кеңірек айтып өтсеңіз? Жалпы, кешенді аэрогеофизикалық түсіру жұмыстарының ерекшелігі неде? – Компанияға жүктелген басты міндет – еліміздің шикізат қорын ұлғайту. Бұл компания канадалықтармен білесіп құрылып отыр. Ал онда қолданылатын ұшақ 2011 жылы аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу үшін арнайы жасалған. Ұшып-қонуға, ақпарат жинауға өте қолайлы. Ұшақ арқылы гамма спектрометрикалық, гравиметрикалық, магниттік түсіру жұмыстарымен қатар, геофизикалық зерттеулер жүргізіледі. «ҚазГеоТех» аталған ұшақтан бөлек, əуе түсірілімін орындайтын ZTEM жəне VTEM бірегей тікұшақ электрмагнитті жүйелерін де қолданатын болады. Аталған заманауи технологиялар геологиялық барлау жұмыстарының сапасын жақсартып, шығынды азайтады. Барлау жұмыстары Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай жəне Қарағанды облыстарында жүргізіледі деп жоспарлануда. Шығыс Қазақстанда жұмыстар басталды. Аэрогеофизикалық зерттеу жүргізуге тапсырыс берушілердің қатарында қазақстандық жəне шетелдік компаниялар да бар. Олардың ішінде бірқатар əлемдік əлеуетті, алпауыт компанияларды да атап өтуге болады. Мəселен, Рио Тинто австралия-британдық концерні, Илука австралиялық компаниясы жəне «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, тағы басқалар. Осылайша, «ҚазГеоТех» 2016 жылға дейін өзіне толықтай тапсырыс алып отыр. – Мұндай ірі компанияларды ауызға алғаныңызға қарағанда, геология саласында инвестициялар үлесі артып келе жатқан сияқты ғой? – Оныңыз рас. Салаға инвестор тарту – біздің басым бағыттағы жұмыстарымыздың бірі. «Қазгеология» АҚ өткен жылдан бері төрт ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастық туралы шарттар жасасты. Атап айтсақ, жаңағы Рио Тинто австралия-британдық концерні, КОRЕС кореялық ұлттық компаниясы, Илука титан-цирконий кен орындарын əзірлеумен айналысатын австралиялық компания жəне «Улмус» неміс инвестицияларының қоры. Ал нақты инвестиция көлемі 32 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазір біз Рио Тинто жəне Илука компанияларымен барлық қажетті рұқсат құжаттарын алуды аяқтауға жақындадық жəне далалық жұмыстарға кірісуді жоспарлап отырмыз. Осы жерде айрықша айтып өтетін бір мəселе, Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстардың нəтижесінде елімізде инвестициялық ахуал жақсарды. Ал мұның нəтижесінде біз сияқты инвесторлар көмегін қажет ететін салаларға кең тыныс ашылды деп ойлаймын. Өзіңіз білесіз, геологиялық барлау деген көп уақытты талап ететін, кезең-кезеңімен біртіндеп жүзеге асатын жұмыстар. Тіпті, тақыр жердің астынан байлық іздегенмен бірдей. Егер ол жерде оған дейін ешқандай геологиялық жұмыстар жасалмаған болса, қандай да бір нəтижеге қол жеткізгенге дейінгі кезеңдік жұмыстардың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Бір өкініштісі, кейде ол жұмыстар нəтижесіз болып, қаржыны

ақтамауы да мүмкін. Тіпті, геологиялық зерттеулердің мыңнан екісі нəтижелі болса, ол – олжа. Геологиялық жұмыстардың көбі тəуекелді қажет етеді. Ал үнемі тəуекелге бару Үкімет үшін тиімсіз. Сол себепті де бұл салада барынша инвесторлар тарту аса маңызды. Инвесторлар жүргізген зерттеулер дəл қазір нəтиже бермесе де ондағы зерттеулер тарихы, жазылған мəліметтер болашаққа жұмыс істеуі əбден мүмкін. Мəселен, кейбір қазба байлықтар əлі пісіп жетілмеген, дəл қазіргі кезеңде ешқандай экономикалық маңызға ие бола алмайтын болуы мүмкін. Ал ол біраз жылдардан кейін келешек ұрпақтың еншісіне қалатын, солар зерттеп, игеретін қазына болып қала береді. Меніңше, бүгінгі барлау жұмыстарының нəтижесін болашақ буын көреді. Бұл геологиялық зерттеулер заңдылығы десе де болатындай. Минералды-шикізат ресурстарының көлемі мен əртүрлілігі жағынан еліміз əлем бойынша алдағы орындардың бірінде екені белгілі. Қазақстанның минералды-шикізат кешені дүниежүзілік минералды-шикізат балансында елеулі орын алады, ел экономикасының негізі болып табылады. Дегенмен, біз тау-кен саласында өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарында, соғыстан кейінгі жылдары барланған ресурстар қорын пайдаланып келеміз. Сондықтан да бізге жаңа барлау жұмыстарын ашып, байлыққа толы жер қойнауымызды барынша зерттеудің кезеңі жетіп отыр. Қазіргі күні геологиялық зерттеулерді тереңдету алға қойған басты міндеттердің бірі. Себебі, жаңа атап өткенімдей, бұрын біздің елде біраз жерлерде зерттеулер жүргізілген, бірақ терең емес. 200-300 метрлік тереңдіктердегі ғана геологиялық ақпараттар бар. Ал жоғарыда аталған аэрогеофизикалық түсіру жұмыстарын жүзеге асыратын заманауи техникалардың түсірілім мүмкіндігі 800 метрден 2 жарым шақырымға дейін жетеді. – Сіз басқарып отырған компанияның тағы қандай басым бағыттарын атай аласыз? – Негізінен «Қазгеология» акционерлік қоғамының мақсаты – еліміздің минералдышикізат базасын, кадрлық, өндірістік, техникалық, ғылыми əлеуетін дамыту бойынша мемлекеттің стратегиялық міндеттерін іске асыру. Геологиялық зерттеудің бастапқы

кезеңінде жүзеге асырылатын геологиялық барлау жұмыстары біздің компанияның негізгі қызметі болып табылады. Қызметтің бұл түрі табыс көзі болмағанымен, мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызы бар аса жауапты қызмет. Нақтырақ айтсам, біздің компанияның қызметі республиканың минералды-шикізаттық базасын ұдайы өсіруге, геологиялық барлау жұмыстары саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысуға, пайдалы қазбалардың басым түрлерін барлау бойынша бастамаларды қолдау жəне іске асыру, озық технологиялар мен инновацияларды енгізу, нарықтың басқа қатысушыларымен синергияны іздеу жəне одан əрі даму перспективаларын үздіксіз іздеу, мониторинг пен есеп берушіліктің жүйесі болып табылады. Өз қызметінде компания дербес əрі мамандандырылған мердігерлік ұйымдарды тарту жолымен де жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасына барынша атсалысу. Бұл бағдарлама аясында «Қазгеология» Балқаш, Сəтбаев, Жезқазған, Зырян, Риддер моноқалаларының жанындағы нысандарда геологиялық барлау жұмыстарын орындайды. Оған қоса мемлекеттік тапсырыстар бойынша да біраз жобалар қолға алынды. – Журналистерге берген бір сұхбатыңызда бүгінде елімізде геологиялық кластер құру жұмыстары басталғаны жөнінде мəлімдеген едіңіз, бұл жұмыс қазір қалай жүзеге асуда? – Иə, «Қазгеология» АҚ пен Назарбаев Университеті Қазақстанның Геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы меморандумға қол қойып, жұмысын бастады. Мемлекеттік геологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру, қолданбалы геология ғылымының деңгейін көтеру, кадрларды даярлау жəне қайта даярлау, Қазақстан Республикасының минералдышикізат кешені салалық бағдарламасын жүзеге асыру үшін геологиялық инфрақұрылымды даярлау, халықаралық стандарттарға сəйкес сертификатталған зертханаларда Қазақстанда зертханалық-аналитикалық жұмыстарды өткізу, сондай-ақ, материалдарды өңдеуге уақыт пен шығындарды қысқарту геологиялық кластердің мақсаттары болып табылады. Бүгінгі күні «Назарбаев Университеті» ДБҰ «Colorado School of Mines»-пен бірге Қазақстан Республикасының Геологиялық зерттеулер орталығы жəне жалпы сала үшін болашақ мамандарды даярлау үшін Тау ісінің мектебін құру бойынша жұмысты жүзеге асыруда. Жалпы айтқанда, бұл бар жағынан əлемдік талапқа сай, заманауи талаптардан шығатын геологиялық орталық болады деп күтілуде. Жоба ойдағыдай жүзеге асып кетсе, геологиялық барлау саласында əлі талай зор жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Біздің қазір шетелдік инвесторлардан басты қалауымыз – алдымен олардың жаңа технологиясын елімізге енгізу, сосын екінші бір мəселе – кадрларымызды оқыту, тəжірибе алмасу. Мəселен, жаңа техниканы, технологияны əкелген соң, оны өз мамандарымыздың іске асыруы аса маңызды. Сол себепті біз кадр мəселесіне айрықша мəн берудеміз. Шетелдік инвесторлармен келісілген шарттардың көбінде біздің мамандарды оқытуға басымдық берілген. Мамандар даярлау ісінде жас геологтар олимпиадасын ерекше атап өтуге болады. Бұл мамандыққа деген қызығушылықты бала жастан бастау маңызды. Биылғы олимпиада тамыз айында Алматы облысында өтті. Жас геологтардың ІІІ қазақстандық ашық далалық олимпиадасына Қазақстан өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тəжікстаннан барлығы үш жүзге жуық бала қатысты. Жас геологтардың бірінші олимпиадасы 2010 жылы Шығыс Қазақстанда, екіншісі Қостанайда өткен болатын. Оған қатысушылар – біздің жер қойнауымыздың байлығын игеретін, геология саласының болашақ ғалымдары. – Əңгімеңізге рахмет.

Екі ауылєа газ барды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Самара – Шымкент» күрежолының бойында орналасқан Қобда ауылының бір кемдігі көгілдір отын болатын. Қазір осы жолдың аудан аумағынан өтетін телімі күрделі жөнделіп, пайдалануға берілді. Енді қобдалықтар бір сағат-бір жарым сағат шамасында облыс орталығына зыр ете қалады. Су құбыры істеп тұр. Басқа да игіліктерге қол жеткізуде. Сондықтан болар ауылда шағын жəне орта кəсіпкерлік нысандары көптеп салынып, іске қосылған. Тұрғын үй салу қарқынды жүргізі луде. Ауылдықтардың айтуынша, бұл іске əсіресе, жастар жағы құлшына кірісіп отырған көрінеді. Жол мəселесі шешілген соң қобдалықтар ауылға газдың да жеткізілетініне шүбасыз сенгені көрініп тұр. Қобда ауылы жасарып, жаңғырып, көріктене түскен. Орталық көшелерге қатты жамылғы

7

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

төселіп, жарықтандырылған. Жақында мұнда газ келді. Қобдалықтардың қуанышында шек жоқ. Енді олар көгілдір отынның игілігін көретін болды. Қобда ауылындағы газ құбыры желісінің салтанатты ашылуына қатысқан облыс əкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Н.Назар баевтың өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларына сəйкес облыста ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына тоқтала келіп, ұзындығы 107,5 шақырым болатын қуаттылығы жылына 160,93 миллион текше метр газ жеткізетін осы газ құбырын іске қосу арқылы Ақтөбе қаласының Жаңақоныс, Жіңішке, Құршасай, Алға ауданының Мар жан бұлақ ауылдарын газдандыру мəселесі шешілгенін атап өтті. Бұл газ құбыры 2008 жылы республикалық бюджет есебінен басталғанын, оған 4012,31 миллион теңге қаржы бөлінгенін жеткізді. Енді бір айдың шамасында Қобда ауданының Əлия,

Талдысай, Бестау елді мекендері көгілдір отынның игілігін көретінін айтты. Аталған жобаны жүзеге асыру аудан бойынша 29 əлеуметтік нысанға газ кіргізуге, 9 мыңнан астам тұрғынның көгілдір отынды тұтынуына қол жеткізеді екен. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары – Астана мен Алматы, одан кейін Шымкент пен Ақтөбе қалалары болатынын айтқан-ды. Қазір агломерация құрамына 70 елді мекен еніп отыр. Соның ішінде осы ауданның орталығы Қобда ауылы, Əлия, Бестау, Талдысай елді мекендері де бар. Мұның өзі жаңа жетістіктерге алғышарт жасап, экономикалық даму мүмкіндігімізді арттырары сөзсіз. Бүгін пайдалануға беріліп отырған газ тарату стансасының құны бюджетке 510 миллион теңгеге түсті. Облыстың он екі ауданның тоғызының орталығына

Əңгімелескен Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».

газ барды. Қалған екі-үш жылда үш ауданның орталығына да газ барады.Үстіміздегі жылдың соңына дейін тағы да жеті елді мекен газдандырылады. Қазір өңірдегі 380 елді мекеннің халық көп шоғырланған ең ірі 93-і немесе 24,5 пайызы газбен қамтамасыз етілді. Мұның өзі облыс тұрғындарының 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланып отырғанына дəлел болады. Қобда ауылына газдың келуі шағын жəне орта бизнестің дамуына серпін береді, сондай-ақ, мұның өз кезегінде ауылдықтардың тұрмысын жақсартуға берік негіз қалайтыны сөзсіз, – деді облыс əкімі. Сол күні Ақтөбе қаласына қарасты Маржанбұлақ ауылында да газ құбыры пайдалануға берілді. Маржанбұлақ ауылын газдандыруға облыстық бюджеттен 218,1 миллион теңге бөлінді. Ауылға газ тарту жұмысын «Тəуекел» ЖШС жүргізді. Енді осы ауылдағы 480 үй жəне əлеуметтік нысандар газды пайдаланатын болады. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы.

Жайлауда жатып жарыќтан тарыќпайсыз немесе жел мен кїннен ќуат алатын вагон-їй Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Қазіргі уақытта қала мен ауылдан шалғайда орналасқан шаруашылықпен шұғылданып жүрсеңіз де өркениеттен қол үзбеуге болады. Жаңа инновациялық технологиялар адам баласына қажетті барлық жағдайды жасауда. Мəселен, ертеректе мал баққан аталарымыз киіз үй тігіп, таза экоортада тіршілік етсе, бүгінгі фермерлердің өміріне еніп жатқан соңғы жаңалықтар тұрмысымыздың өзгеше сипат алғанын танытады. Соның бірі – жылжымалы вагон-үй. Əрине, мұндай баспаналар Кеңес Одағы кезінен бері қолданылып келеді. Дегенмен, қазіргі вагон-үйдің кеңестік вагондардан айырмашылығы жер мен көктей. Бəсекеге қабілеттілік артқан қоғамда өнім сапасы да арта түсетіні белгілі. Бір кездері жайлауда отыратын малшыларға берілетін вагондардың өзін-өзі жылу жəне жарықпен қамтуға мүмкіндігі жоқ болатын. Болған күннің өзінде электр бағаналарын орнатып, энергиямен қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан қомақты қаржы жұмсалатын. Ал нарықтық қоғамда жеке мүлікке деген көзқарас түбірімен өзгергені мəлім. Жуырда «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС жел мен күннен қуат алатын вагон-үй жасап шығарды. Иə, кəдімгі электр қуатын өзі өндіретін жылжымалы баспана. Вагонда күн сайын дерлік 300 ваттық электр қуатын пайдалануға толық мүмкіндік жасалған. Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында құрастырылатын вагон-үйге сұраныс күннен-күнге артып келеді. Жармада жасалатын жылжымалы баспана заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Айталық, едені линолеуммен, қабырғалары ламинатпен қапталған үйдің іші кірсе-шыққысыз. Екі бөлмеден тұратын вагонның алдыңғы бөлмесінде қол жуғыш, тоңазытқыш, тамақ пісіруге арналған орын, газ баллоны бар. Өрттің алдын алуға арналған өртсөндіргіш те осында. Екінші бөлме демалуға арналған. Шағын үй тез жылиды əрі жылуды ұзақ уақыт ұстап тұра алады. Жылу ұстайтын материалдар қолданылғандықтан, 40 градустық аяздарда вагонды тезекпен-ақ жылытуға болады. «Жарма Құрылыс Газ» мекемесінің басшысы Виктор Исабаевтың айтуынша, бүгінге дейін 69 вагон сатылыпты. 1 900 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін бағаланатын вагондарға мал жəне омарта шаруашылықтары, құрылысшылар, тау-кен өндірісі саласының мамандары қызығушылық танытып отыр. Шығыс өңірі үшін өте тиімді болған жобаның дамуына Бесқарағай, Шемонаиха, Катонқарағай, Тарбағатай, Зайсан аудандарының шаруашылықтары белсенді атсалысқанын да айта кеткен лəзім. Қазіргі кезде компания 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Цех шебері Владимир Дəулетұлы вагондарды бастан-аяқ өздері құрастыратынын жеткізді. Қабырғаларына қажет темірлерді қиюластырып, қаңқасын дайындап алған соң от пен суға төзімді арнайы тас мақтамен қымталады екен. Ал сырты профильді темірлермен қапталады. Вагонға қажетті пластик терезелер де шаруашылық

базасында жасалады. Компания күн батареялары мен тоңазытқыштарды, өзге құрал-жабдықтарды ғана өзгеден сатып алады. Толық құрастырылып болған соң дайын өнім сынақтан өткізіледі. Тексеру барысында пештің қаншалықты қызуға төтеп бере алатындығы, күн жəне жел энергиясының қуаттылығы, есік-терезелердің төзімділігі сыналады. Ең негізгісі, 12 вольттік аккумуляторға күн батареясынан үздіксіз ток келіп тұрады. Егер күн көзі бұлттанып, электр қуаты алынбай қалса, жел генераторы автоматты түрде өздігінен іске қосылады. Электр қуатында қиындық туындамайтындықтан «Отау-ТВ» спутниктік құрылғысын орнатып алуға да болады. Жайлауда жатқан шопанның отбасына ендігі жетпей тұрғаны ғаламтор желісіне қосылу ғана. Коммуникациялық желілердің қамту жиілігіне тіреліп тұрған мəселенің мəні де бір күні шешіле жатар... 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» атты əлемдік ЭКСПО көрмесі өтетіні мəлім. Осы шараға əзірлік үстіндегі еліміздің ізденістері жетерлік. Бұл орайда «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС өнімі «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесіне қатысушылардың да назарын аударған болатын. Аталған шараға арнайы келген Нобель сыйлығының лауреаты Курт Вютрих те күн мен желден қуат алатын жобаны оң бағалағаны есімізде. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы. Суретті түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.

Ауыл маѕындаєы айтаќырлар шґпке тўнатын болады Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Көктем Оңтүстікке ерте келеді. Ұйқысы сезгек, қимылы шапшаң шаруақор диқан күн көзі жылт етісімен қыс бойы қайрап, жүзін ұстараның жүзіндей қылпылдатып қойған ақ кетпенін көтеріп қырға асығады. Арқада қалың қасат қар тоң жерге жылу бермей жатқанда Оңтүстіктің шаруақор диқаны маңдайынан аққан шып-шып терін сүртіп қойып пленка астында қырыққабат, не басқа өнімдерді өсіріп жатады. Жылдан-жылға құнары азайған жерді күтіп-баптау үшін агротехника, ғылымның осы саладағы жақсы ізденістері, нанотех нологиялар керек. Шымкенттегі жаңа əкімшілік іскерлік орталығындағы «Көрме» ғимаратында халықаралық ауылшаруашылық жəрмеңкесі өткенде қатысушылардың қарасы көп болғандығын осындай себептерден де іздеу керек. Көрмеге Испания, Түркия, Нидерланд, Ұлибритания, Австралия жəне Ресей сияқты елдердің ауыл шаруашылығымен айналысатын компаниялары өкілдері қатысты. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жəрмеңкеге шетелдік агроөнеркəсіп техникаларынан бөлек, Қазақстанда жасалған ауыр техникалар да қойылды. Ауыл шаруашылығындағы жақсы жаңалықтар шаруаларды қызық тырғаны соншалық көрші Қызылорда, Жамбыл облыстарын қосқанда мыңнан астам диқандар келді. Үш күнге созылған жəрмеңкеде шаруалар өздеріне пайдалы техниканы алу үшін компания менеджерлерімен келісімшартқа отырды. Тікелей компаниядан алғандықтан арада делдал жоқ, арзанға түседі. Жəрмеңкенің өтуіне тікелей мұрындық болған

облыс əкімдігі мен халықаралық «TNT Productions, Inc» көрме орталығы. – Оңтүстікқазақстандық шаруалар агроөнеркəсіп саласындағы жаңалықтарды шаруашылығына енгізуге бейім екендігін көрсетті, – дейді ОҚО əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев. – Мəселен, осыдан бес жылдай бұрын интенсивті бақшаларды саусақпен санауға ғана болатын. Ал қазір əрбір аудан, қалаларда көбейіп келеді. Біреуі 5 гектарға ексе, енді бірі 10, ал алдағыны болжай білетін тəуекелшілдері, қаржы мүмкіндігі жететіндері 100 гектарға дейін интенсивті бау-бақша өнімдерін өсіріп жатыр. Осыдан оншақты жыл бұрын тамшылатып суаруды болмайтын іс көрсе, тиімділігіне сенбесе, қазір ол жаңалық болудан қалды. Оңтүстікте су қоры аз. Ал тамшылатып суару өнім ділікті арттырумен қатар, үлкен көлемде мемлекеттік жəрдем алуға да мүмкіндік береді. Жылыжайлар алғашқыда əртүрлі əдіспен қарапайым, жабайылау тұрғызылатын. Өнімі де көңілдегідей болмады. Қазір заманауи технологиялармен жабдықталған жылыжайларға сұраныс жоғары.

Бұл жерде Оңтүстік Қазақстан əкімдігінің позициясы айқын. Біз сізге көрсетеміз, таңдауды өзіңіз жасаңыз. Байқағанымыздай, осы əдіс өзін жақсы жағынан ақтап жатыр. Қалай болғанда да, диқандар мен шаруалар кетпен мен шопанның ақ таяғына қараған күндердің өтіп бара жатқанын түсінуде. Жаңа технологиясыз іс өрге баспайды. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов осыны əрбір агроөнеркəсіп жиындарында қадап айтып отырады. Нəтиже бар. Жақсы тұқым өсірумен аты шыққан голландықтар жоғары сортты тұқымдарын бұлдаумен қатар, оны қалай күтіп баптау орталығын Оңтүстікте ашпақ ниетте. Сонымен қатар, ауыл маңындағы жерлер мал тұяғымен тапталып қу тақырға айналып барады. Жайылым жоққа тəн. Мұндайда не істемек керек? Бұл да шешімін табатын шаруа. Жақын жылдарда ауыл маңына түрлі шабындық шөптер егіледі деп жоспарлануда. Сонда экологиялық ахуал да жақсарады, мал да тоқ. Бүгінгі агроөнеркəсіп саласындағы осындай жаңалықтар ауыл шаруашылығының жаңа тынысын ашады. Оңтүстік Қазақстан облысы.

1


8

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Орылєан ґнімді ўтымды Байлыєымызды баєалап жїрміз бе? ўќсатќан жґн Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыста егін ору науқаны кешікті, жауған қар мен жаңбырдан соң жиналып алынған өнімді енді кептіру қажет. Еліміздің бірқатар өңірлерінде осындай жайлар кездесті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметтеріне сенсек, жағдай қалыпты көрінеді. Биыл облыс диқандарына көктемгі егіс жəне күзгі жиын-терін жұмыстарына 2 млрд. 368 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіліпті. Техника, жұмыс күші, дизель отынынан тапшылық жоқ дейді. Дəнді дақыл егілген 651,1 гектардың 97 пайызынан өнім жиналып, бастырылыпты. Орташа өнімділік – гектарынан 6 центнер. Былтыр бұл көрсеткіш 14 центнер болып еді. Железинка ауданында гектарынан 8,9 центнер болса, Павлодар, Қашыр аудандарында əр гектардан орташа есеппен 2-3,5 центнер шамасында астық жиналды. Дымқыл дəнді дақылды кептіру үшін облыс шаруаларына жеңілдетілген бағамен 2 мың тонна көлемінде қосымша дизель отыны бөлінді. Өңірдегі 44 астықкептіргіш əрқайсысы сағатына 1738 тонна астық кептіре алады екен. Қазіргі уақытта облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ алдындағы қарызын өтеу есебіне бидай тапсыра бастады. Өңір шаруаларының жалпы сомасы 500 миллион теңге берешегі бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданатын астық тоннасының бағасын белгіледі. Үшінші класты бидайдың əр тоннасы 42 мың теңгеге бағаланбақ. Бидай мен арпаны, тары мен сұлыны жинауды аяқтаған диқандар енді майлы дақылдар егісін оруға кірісті. Дəннің бұл түрін жинау үшін күннің суытқаны қажет көрінеді. Биыл майлы дақыл 142 мың гектар алқапқа егілген. Оның 11 мың гектарынан дəн жиналды. Шығымдылық – гектарынан 5 центнер шамасында. Жиынтерінге 718 комбайн жұмылдырылды, жанар-жағармай да жеткілікті. Мəселен, астықты өңір Ертіс ауданындағы «Абай атындағы» ЖШС директоры Николай Миллердің айтуынша, 48 мың гектар егін жиналған. Үш кептіргіш жабдығы бар, кептіріп алыпты. Екіншісі, «Оразбаев»

шаруа қожалығының басшысы Сайлау Оразбаев былтыр гектарынан 18 центнерден өнім алса, биыл 3-4 центнерден аспапты. Содан, Азық-түлік корпорациясынан көктемгі егіс жұмыстарына қарыз алыпты. Үкімет көмектесті, қайтарымы болуы қажет. Келесі жылдан үміт күтіп отырмыз, дейді. Ал, Павлодар ауданындағы «Зерноград» серіктестігі Рождественка деген ауылда орналасқан. Кəсіпорын директоры Михайл Шевчуктің айтуынша, ауылдағы қарақұмық зауыты – Кеңес өкіметі кезінде салынған өндіріс орындарының бірі. Серіктестік қарақұмық, қарабидай өсіреді жəне осы дақылдарды өңдеумен айналысады. Бүгінде бұрынғыдай емес, қарақұмық жармасына деген сұраныс жақсы екені белгілі. Қазір зауытқа облыстың өзге аудандарындағы қарақұмық өсірушілері де өнімдерін осы кəсіпорынға өткізеді. Бұл күндері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметінше, Успенка ауданындағы «Усик», «Штрек» шаруа қожалықтары да, Шарбақты, Қашыр аудандарындағы жекелеген бірқатар шаруашылықтар қарақұмық өсіруде. Қарақұмықты өсіріп, күтіп-баптау оңай шаруа емес көрінеді. Ресейлік қарақұмық өсірушілердің өнімдері қуырылып пісірілсе, ал «Зерноград» серіктестігі қарақұмық жармасын бу арқылы өңдейді. Яғни, қарақұмықтың дəрумендерге мол құрамы сақталып қалады. Кейде

тұтынушылар бу арқылы өңделген қарақұмықтан гөрі, қуырылған жарманың сарғылт түсіне қызығып, шетелдік өнімдерді таңдап жатады. Жəне де «Зерноград» серіктестігі қарақұмық жармасын түрлі атаулар бойынша əр көлемдегі қаптарда, қораптарда шығарады. Жалпы, қарақұмықтың 500 тонна өнімін еліміздің өңірлеріне, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанға жөнелтеді, қаптар теміржол арқылы тасымалданады. Қарақұмық жармасының бір келісі 90 теңге болса, қарабидай ұнының келісі 55 теңге тұрады. Кəсіпорын диірмені тəулігіне 16 тонна бидай тартады. Бидайды да еліміздің оңтүстігі мен Қырғызстан тұтынушылары алады. Өйткені, қарабидай наны денсаулыққа пайдалы, ақ нанға қарағанда қымбат. Кəсіпорында ауылдың 100-дей тұрғыны еңбек етуде. Алдағы уақытта өнім түрлерін көбейтсек деген ойлары бар. Қарақұмық жармасы – əрі таңертеңгі дəмді дайын тағам. Ыстық суға бұқтырсаңыз болғаны. Құрамы таза, дəмдеуіштер деген жоқ, дейді кəсіпорын мамандары. Сондықтан, қарақұмық жармасын келешекте пияз, саңырауқұлақ, ет секілді қоспалармен шығаруды жоспарлауда. Бұл үшін өндірісті жаңа технологиялармен жабдықтап, отандық өнім ретінде нарықтан өз орындарын алмақшы. Павлодар облысы.

Даму жолындаєы тізе ќосу Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Ресейдің Челябі облысы мен Қостанай қашаннан қатар жатқан көршілер. Қай уақытта да, қай жағынан да олардың аралас-құраластығында мін болған емес. Дегенмен, енді санаулы күндерден кейін іске кірісетін Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін арттыру мақсатында көрші облыстарға көп мəселеде бірлесіп қимыл жасаудың керектігін уақыт меңзеп отыр. Сондықтан биыл қыркүйек айының басында Қостанай облысының əкімі Нұралы Сəдуақасов бастаған делегация көрші Челябі облысында болып, экономикалық, əлеуметтік, білім жəне мəдени салаларда ынтымақтаса жұмыс істеу жөніндегі келісімге қол жеткізіп қайтқан еді. Енді Қостанайға көрші Ресейдің Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский бастаған үлкен делегация келді. Оның құрамында Оңтүстік Уралдағы экономика флагманы болып саналатын Магнитогор металлургия комбинаты, Челябі трактор зауыты секілді аса ірі өндіріс орындары жетекшілерінен бастап, атақты университеттердің ректорлары, ғылым, бизнес, ауылшаруашылық кешендері өкілдері, денсаулық сақтау саласының, ірі медициналық мекемелер басшылары, атақты дəрігерлерге дейін бар. Алдымен көрші облыстар басшылары өз өңірлерінің экономикалық əлеуеттері туралы айтып өтті. Көрші жатқан екі облыс Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірлесе жұмыс істесе бірін-бірі толықтырады. Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский айтып өткендей, Оңтүстік Уралда қашаннан машина жасау, металлургия жəне ауылшаруашылық кластері қалыптасқан. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімін ұқсату жақсы дамыған. Челябі облысы макарон өндіруден Ресейде көш бастайды. Ол үшін жылына 300 мың тоннадай бидайдың қатты сорты керек. Ал челябіліктер оның жартысын ғана өндіреді. Негізі Челябі облысында 1,5 миллион гектар жерге бидай егіледі, аспанның нұры мол жауған жылдары 2 миллион тонна астық өндіреді. Ал 3,5 миллионға жуық халқы бар Челябі облысы жылына 2,5 миллион тонна астық керек етеді. Қостанай облысында Ресейге астық, ұн артуға мүмкіндік мол. Облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов өңірде азық-түлік тауарларының экспорты артқанын айтты. Жыл басынан бері сүт, сүт өнімдерін сыртқа арту 3,8 есе, кондитер өнімдерін шығару 2 есеге жуық артқан. Облыс биыл Ресейге 395 тонна сапалы сиыр етін

жіберген. Алдағы уақытта Ресейге облыстан артылатын сүт, ет, өсімдік майының көлемі арта түсетін болады. Мұнан кейін Оңтүстік Урал саудаөнеркəсіп палатасының президенті Федор Дегтяров пен Қостанай облысы кəсіпкерлерінің өңірлік палатасының директоры Мұрат Əбенов ортақ келісім жөніндегі меморандумға қол қойды. Осы кездесу шеңберінде «Экономикалық ынтымақтастықтың аспектілері», «Муниципалитеттер деңгейіндегі шекаралық ынтымақтастық», «Білім беру ісі», «Денсаулық сақтау» тақырыптарында төрт дөңгелек үстел мəжілісі өтті. Мəселелерді талқылағанда екі жақ делегацияларының мүшелері қыркүйек айының аяғында Қазақстан жəне Ресей мемлекеттері басшыларының қатысуымен Атырау қаласында өткен кезекті шекаралық ынтымақтастық форумында айтылған жайларды қаперге алды. Екі елдің, көрші екі облыстың сауда-саттық қарымқатынасы бүгінге дейін үзілген жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ талаптары екі елдің сауда-саттығымен ғана шектелмейді, олардың қатар дамуына жағдай жасайды. «Оған дайын болу үшін көрші облыстар не істеуі керек?» деген мəселелер көтерілді дөңгелек үстел мəжілістерінде. Челябі облысы өнеркəсіпшілері мен кəсіпкерлері одағы салық жəне салық саясаты комитетінің төрағасы Алексей Овакимян арнайы экономикалық аймақ құруды ұсынды. Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының келісімінде логистика бойынша шекаралық ерекше экономикалық аймақтар құру қаралған болатын. Челябі мен Қостанай облыстарының ортақ қиындығы – біз теңіз порттарынан алыста жатырмыз, арзан тасымалдың бұл түрі бізге бұйырмаған. Оның есесіне біз Азия мен Еуропаның ортасында жатырмыз. Сондықтан логистикалық əлеуетті дамыту үшін көрші екі облыстың ынтымақтаса жұмыс істеуінің болашағы зор. Егер ерекше экономикалық аймақ құрылса инфрақұрылымды дамыту үшін салықтық, қаржылық жеңілдіктер де

болуы тиіс. Сол үшін Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы алқасы на шекаралық логистикалық арнайы экономикалық аймақ құруды қарау жөнінде ұсыныспен шықсақ, деді Алексей Оваки мян. Челябіліктер болашақта Екатеринбург-Алматы халықаралық тас жолы нағыз тасымал жолы боларына сенімді. «Уралэнергосбыт» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Марк Лейвиковтың электр энергиясын беруді қайта жандандыру жөніндегі ұсынысы да қостанайлықтарға ұнайды. Ол Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы жасаған тұжырымнан шығара отырып, екі жақтағы шаруашылық субъектілері арасында еркін келісім жасау мүмкіндігі қарастырылса деген тілек айтты. Оған инфрақұрылым да, тəжірибе де бар. Қостанайлықтар қонақтарға өздеріндегі инвестициялық мүмкіндікті де жайып салды. Қостанайдың өнеркəсібіне инвестиция салуға челябіліктер де мүдделі. Ауыл шаруашылығына екі жақтың да үлкен мүмкіндіктер күтетін қызығушылығы бар. Егін шаруашылығында селекциялық жұмыстарды жақсарту, ғылымды дамыту бірлескенді, тəжірибе алмасқанды, үйренгенді қалайды. Челябіліктер Қостанай қаласындағы «АгромашХолдинг», «СарыарқаАвто Пром», «Евразкаспиансталь», «Қостанай МБИ», «Баян сұлу» секілді ірі өнеркəсіп кəсіпорындарын аралады, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында болды. Олардың əрқайсысы көрші облыстардың іскер делегациясы мен кəсіпкерлеріне интеграциялық мүмкіндіктерді меңзеді. Алайда, оның бірден жүзеге асуы оңай шаруа емес. Өйткені, екі елдің түрлі заңдары, қалыптасқан ережелері бар. Көрші екі елдің қатар жатқан облыстары арасында келісілген меморандум даму жолында тізе біріктіру үшін көптеген түйкілдердің, кедергілердің шешімін табуына жол ашатын болады. ҚОСТАНАЙ.

Облыс аумағының 5,5 пайызын ормантоғай құрайды. Яғни 550 мың гектар алқапта сан алуан ағаш түрлері жайқала өсіп тұр деген сөз. Алайда, табиғаттың осы бір баға жетпес байлығын көздің қарашығындай сақтау жолында атқарылып жатқан шараларға қарамастан жасыл желекке оранған алқапқа деген қоғамдық жанашырлықтың əлі де төмендігі ойландырмай қоймайды. Соңғы 15 жылда өңірде 10 мың гектар жердің ормантоғайын тып-типыл еткен 900-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. Одан келген шығын шаш-етектен. Бұған негізінен жекелеген адамдардың бейқамдығы мен қасақана іс-əрекеттері себеп екені жасырын емес. Жылына 350 мың текше метр ағаш отынға дайындалады екен. Араларында жас ағаштарды орынсыз отау фактілері жоқ дегенге кім сенеді? Былтыр қоршаған ортаны қорғау заңнамасына қайшы келетін 300-дей хаттаманың толтырылуы біраз жайтты аңғартса керек. «Тілсіз жауды» құрықтайтын құрал-жабдықтар бар 12 мемлекеттік орман шаруашылығы, 19 орман өрт сөндіру стансасы жұмыс істегенімен, орасан аумақты қамтып, қадағалауға мүмкіндігі жете бермейді. Оның үстіне материалдық-техникалық базаның ескілігін, орманшылар

еңбекақысының төмендігін ескерсек, проблеманың қордалана түсері анық. Біз бір аймаққа қатысты шетін мəселелерді мысалға келтіргенімізбен, елімізге тəн үрдіс екені айтпаса да түсінікті. Қызылжар өңірінде тұңғыш рет өткізілген орманшылар форумының жұмысына Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, облыс əкімі Ерік Сұлтанов, Қазақ орман шаруашылығы жəне орман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының директоры Болат Мұқанов, «Жасыл орман» ауыл шаруашылығы жəне орманды қайта қалпына келтіру ұйымы ассоциациясының төрағасы Думан Қыдырбаев, Қазақстанның барлық түкпірінен жиналған табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу саласының басшылары мен өкілдері қатысып, ормандарды қалпына келтіру, өсімділігін арттыру, көшеттер отырғызу тəжірибелерімен бөлісті. Толғақты проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын ортаға салды. Форум алдында оған қатысушылар «Ахмуддинов» жеке кəсіпкерлігінде болып, қалдықсыз өнім өндіретін озық технологиялар барысымен танысты. Қызылжар ауданында орналасқан кəсіпорын жетекшісі Сермұхамет Оралұлы шағын зауыт ашу, осында шығарылатын 50ден астам ағаш бұйымдарын сыртқы нарыққа жөнелту мақсаты тұрғанын əңгімеледі. Жаңадан сатып алынған

қондырғы сағатына 13-35 текше метр ағаш өңдеуге қауқарлы. Орман ұлттық байлығымыз. Демек, оған деген көзқарас, қамқорлық ерекше болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е. Нысанбаев өз ойын осылай тұжырымдай келіп, елімізде орманды аймақтарды сақтау жəне қалпына келтірудің бірегей стратегиялық жоспары түзілгенін, ол бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ағашты заңсыз кесу, түрлі аурулардың шығу себептерінен жаңа көшеттермен толықтыру жайының көңіл көншітпейтінін көлденең тартты. С. Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық техникалық университеттің профессоры Дания Сəрсекова бұл салаға жастардың бара бермейтінін, өйткені əлеуметтік жағынан нашар қорғалғанын, «Дипломмен – ауылға!» секілді бағдарлама қажеттігін көтерді. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген өкілдер орманды алқаптың сапасын нығайту, экологиялық ахуалды жақсарту, елді мекендерді көгалдандыру төңірегінде ой бөлісті. Өзге сөйлеушілер де зиянды жəндіктердің көбеюіне жол бермеу, өрттен сақтау, ағаштардың бейберекет оталуына тосқауыл қою, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын əңгіме тақырыбына айналдырды. Солтүстік Қазақстан облысы.

Мамандар шеберлік сынасты Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Қазхром» ТҰК» АҚ-тың үздік жұмысшысы» кəсіби шеберлік конкурсын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өткізу жыл сайынғы дəстүрге айналды. Ақтөбеге Еуразиялық топқа (ERG) кіретін филиалдар – Ақтөбе жəне Ақсу ферроқорытпа зауыттары, Дөң КБК, «Казмарганец» кен басқармасы жəне Ресейдің Серов зауытында өткен кəсіби шебер жұмысшыларды іріктеу конкурстарының жеңімпаздары жиналып, араларынан үздіктерді анықтады. Кəсіби шеберлік конкурсы кезеңкезеңмен электр-газ дəнекерлеушісі, тиегіш машинисі, ТББ бақылаушысы, «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі жəне токарь мамандықтары бойынша өткізілді. Компанияның бас мамандары арнайы осы конкурсқа əрбір мамандық бойынша іс-тəжірибелік тапсырмалар мен 30-ға жуық теориялық сұрақтар дайындады. Тəжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Мысалы, «КамАЗ автокөлігін жүргізушісі» номинациясында қатысушылардан бұлтарыстардан ешбір гильзаны қағып өтпей, «лабиринт» арқылы жүру талап етілді. Сайысқа қатысушылардың кəсіби шеберліктерін «Қазхром» басқару аппаратының жəне Ақтөбе ферроқорытпа зауытының салалық мамандарынан жасақталған комиссия бағалады. Тапсырмаларды орындау кезінде еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше мəн берілді. «Қазхром» ТҰК» АҚ үздік жұмысшысы» кəсіби шеберлік конкурсының қорытындысында

«Электр-газдəнекерлеуші» номинациясы бойынша бірінші орынды Ақтөбе ферроқорытпа зауытының дəнекерлеушісі Денис Козлов иеленді. «Токарь» аталымы бойынша осы кəсіпорынның жұмысшысы Серік Ниязғұлов жеңімпаз атанды. ««КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі» аталымы бойынша бірінші орын Дөң кен байы-

қол жеткізді. Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Ақтөбе ферроқорытпа зауыты иеленді, екінші орынды Ақсу жəне Серов ферроқорытпа зауыттары өзара бөлісті. – Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі. Біз жас жұмыс шыларға да, тəжірибелі маман-

ту комбинатының жүргізушісі Алексей Свиридовтың қанжығасына байланды. «DRESSTA тиегішінің машинисі» номинациясында да Ақтөбе ферроқорытпа зауытының маманы Дмитрий Сташков өзгелерден озық болды. «Техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы» аталымы бойынша бірінші орынға осы зауыттың маманы Лаура Жаймағамбетова

дар – жастардың тəлімгерлеріне де өзін-өзі танытуға мүмкіндік береміз. Осындай кəсіби мамандық сайыстары жұмысшылардың кəсіби шеберлігін шыңдауға жəне жетілдіруге ықпал етеді, – деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тиль. Ақтөбе облысы.

Жїгері ґсірушілер жауапкершілігі Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Елімізде дəндік жүгері өсіріп, өңдеуден бірінші орынды алатын Алматы облысында биыл да дала аруына ерекше көңіл бөлінуде. Соны жете түсінген Жетісу жеріндегі 2500 ауылшаруашылық құрылымдары барлығы 69390 гектар жерге дəндік жүгері тұқымын сепкен еді. Нəтижесі жақсы. Орташа өнім бүгінгі күнге гектарына 58,6 центнерден айналуда. Дала аруы деп те аталатын бұл дақыл жайқала өскен алқаптарда, қырмандарда диқандардың еңбек қарқыны күнненкүнге қызуының бірінші себебі ауа райының қолайлылығын дер кезінде пайдаланып, көктемнен бері еткен еңбектің жемісін көру. Елбасы ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы облысына келген сапарында облыс əкіміне Жетісудың төл өнімі дəндік жүгері дақылын өсіру көлемін кеңейтіп, өнім

түсімділігін арттыруды тапсырған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасын дер кезінде орындауды ойластырған өңір басшысы тəулігіне 300 тонна өнім өңдеу қуаттылығы бар «Жаркент сірне зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Азия Агро Фуд» АҚ жұмысын тоқтаусыз жүргізіп əрі ауқымдылығын бұрынғыдан да артыра түсу туралы жағымды жаңалықты ел ішінде тұрып өзі айтты. Бұл сөзді қуана құптаумен шектелмей іс жүзінде қолдаған диқандар өндіріс орындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп, Елбасының алға қойған міндеттерін мінсіз атқаруға талпынуда. Рас, жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан алқаптарда өнім түсімділігінің жоғары болатыны сол өнімді жинап, облыстағы арнайы лицензиясы бар үш жүгері қабылдайтын орындарға өлшеп, өткізіп қолма-қол есеп айырысуға бек сенімділік бар. Негізінен дəндік жүгері Еңбекшіқазақ, Іле, Ұйғыр, Панфилов

аудандарында өсіріледі. Сондықтан дала аруын талапқа сай өңдейтін өндіріс орындары аталған аудандар аумағында орналасқан. Бейнеті көп болса да жоғары өнім беретін, мал азығына да, қайта өңдеуге де таптырмайтын төл дақы лымызды өсіруге шаруалардың құлшыныспен кірісуінің тағы бір себебі сапалы өнімді «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ кепілдікпен сатып алуға құлшынып отыр. Өсіп жетілгенше көп шығын шығартумен бірге жиын-терін кезінде техникамен қатар қол күшін де қажет ететін дақылдың өзіндік берері де мол. Статистикалық мəліметке жүгінсек, облыста жүгері тұқымын өндіретін 1– бірегей, 9 – элиталық, 2 жоғары өнімді тұқым шаруашылықтары жұмыс істеуде. Олар жылына 2 мың 800 тонна элиталық, 160 тонна жоғары буындағы жүгері тұқымын өндіріп, сатуда. Алматы облысы.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары:

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


 Өнеге

Танымалдылыќтыѕ таєылымды тўстары Ғалым ТЫНЫБАЕВ,

Қазақстанға еңбегі сіңген мəдениет қайраткері.

Алматы қалалық Жедел жəрдем көрсету ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі, білікті дəрігер Асқарбек Жақыповтың еңбек жолын қойшылықтан бастағанын біреу біліп, біреу білмейді. Ташкент облысы, Калинин ауылындағы Ақынбаба мектебін 1980 жылы бітірген Асқарбек шопан таяғын ұстап жастар бригадасына келеді. Ол кезде еңбек өтілі жоқ жасты бірден жоғары оқу орнына қабылдай бермейтін. Қара бала жақсы еңбек етіп, ақтылы қой өсірудің үздігі атанады. Үш жылдан соң жігіт құт таяғын кейінгі жастарға өткізіп, ауылға оралады. Ауылда төрт түлік өсіруді кəсіп еткен əкесі – Мошқалға көмектеседі. Қанаты кеңейген Мошқал енді баласына мал союды, оны он екі жілікке бөліп, бұтарлауды үйретеді. Зерек бала əке айтқандарын бірден істеп, жаттығады. Бұған риза болған əкесі: – Дұрыс балам, мал сойып, оны жіліктеп бұза білу де үлкен өнер, – деп баласын жігерлендіре түседі. Ауылда біраз аялдаған қара бала əке ұлықсатымен Алматыға оқуға келеді. Ол құжаттарын дəрігерлер университетіне тапсырады. Құжатын көрген қабылдау комиссиясындағы əйелдер: – Сен шопан болған екенсің. Сондықтан ауыл шаруашылығы не мал дəрігерлік оқуына барғаның жөн болар, – деп құжатын қолына ұстатады. Бұл іске іштей қапаланған жігіт далаға шығып тыныстайды. Тумысынан зерек əрі батыл Асқарбек қақпа алдында сəл ойланып тұрады да, тəуекелге барып университет ректоры – К.Маскеевичтің кабинетіне кіреді. Өз ойын қысқа жеткізген жігіт: – Мен Ташкент облысының шалғайдағы бір ауылынан келдім. Ауылымызда əлі күнге дейін дəрігер жоқ. Адамдар о дүниеге өз ажалынан бұрын аттанып жатыр. Сондықтан осында міндетті түрде білім алып, сол ауылдарға дəрігер болып баруым керек, – дейді ректордың жүзіне үлкен үмітпен қарап. Жастың жанын түсінген ректор орнынан көтеріліп, жігітке таяп келді де: – Ойың өте дұрыс, бауырым! Ауыл жастарының дəрігер болуы халық үшін пайдалы, – деп Асқарбектің Емдеу факультетінде оқып, білім алуына ұлықсат етеді. Арманына қолы жеткен жас оқуға белсене кірісті. Ол жақсы оқыды. Уақыт оза келе факультеттегі қоғамдық жұмыстарға да араласты. Оқуға алғыр жігітке факультет деканы М.Сократов

студенттердің құрылыс бригадасын басқаруды жүктеді. Өрімдей жастар жазғы демалыста Асқарбектің басқаруымен Ташкент шаһарында, Қызылорда облысында болып, колхоздың үйлерін салу, қораларды жөндеу істерін өндіре атқарды. Жастар өздері тапқан қаржысымен Германия, Болгария, Польша жəне Қытай сияқты елдерде болып, олардың озық медицинасымен танысты. Адам емдеудегі айрықша істерін үйренді. Жыл озған сайын білуге құмартқан жастарды Қ.Əбілбеков, Р.Жанаева сияқты ұстаздары құрметтеп, жақсы оқи берулеріне көмектесті. Əсіресе, химия, физика, анатомия сабақтарын жүргізетін С.Орашев, Д.Досқалиева талапты студент Асқарбектің болашағынан үлкен үміт күтті. Оқуды ойдағыдай аяқтаған талапты жастың болашағынан мол үміт күткен Денсаулық сақтау министрлігі оны Шымкент теміржол емханасына жібереді. Емхананың бас дəрігері – Абдулла Меңдешевтің көмегімен ол көп жұмыстар істейді. Науқастармен тонның ішкі бауындай араласып, олардың денсаулығын жақсартуға тырысады. Еңбек демалысында Ташкент, Тамды, Калинин, Арал сияқты елді мекендерге барып, тұрғындарға дəрігерлік көмек көрсетуді де əдетке айналдырады. Оның осы бір шапағатты ісіне халық дəн риза болып, өздерінің кейбір сырқат түрінен құтылғандарын мақтан ететін. Бұл – Асқарбектің студент кезіндегі үлкен армандарының бірі еді. Бірде дəрігер кабинетіне Дүйсен Қанаубаев деген қарт жұмысшы келді. Ол өзінің шап жарасынан жаны ауыратынын сөз етті. Қарт жайын жақсы түсінген дəрігер, оның жарасын əбден тексеріп көрді. Шап жарасы ұлғайып ішегі сыртқа шығып кеткенін айтты. Дəрігер сөзін құп көрген қарт, жараны алып тастауды өтінді. Қарт өтініші бойынша Асқарбек, оны операцияға алады. Өз ісіне шеберленген хирург, ішектің сыртын мекендеген жараны, өз орнына түсіріп, жақсылап тігеді. Операция жақсы аяқталғанын сезген Дүйсен: – Қарағым қара балам, қолың жеңіл екен. Бұл сенің іскер хирург бола бастағаныңның бір белгісі. Ел алдында абыройың арта түссін, деп рахметін жаудырып жатты. Теміржол емханасында үш жылдай істеген Асқарбек Жақыпов мұндай операциялардың талайын жасап, сырқаттарға көмегін көрсеткен азамат. Оның осындай іскерлігі мен өз ісіне ұқыптылығын жұмысшылар комитеті жоғары бағалап, Шымкент қорғасын-мырыш

зауытының «Құрметті азаматы» деген атақ береді. Асқарбекті іздеп, оның бөлмесіне келушілер көбейеді. Соның бірі – Ерлан еді. Соңғы жылдары Ерланның асқазаннан зардап шеккен жайы бар болатын. Жігіт асқазанын тексерген дəрігер, асқазаны тозып, өз міндетін өтеуден қалғанын айтады. Енді не істеу керек? Көп ойланған хирург шіріген асқазанды алып, өңешті ішекке жалғауды жөн көреді. Ол науқаспен келісіп, солай істеуге кіріседі. Сəті түскенде, дəрігер ойы жақсы іске асып, Ерлан жүре келе дұрыс тамақтанатын болады. *** «Ел құлағы – елу» деп, Асқарбектің мұндай іскерлігін естіген жұрт алыстан ағыла бастаған. Соның бірі – мəскеулік 67 жастағы Зинаида Васильевна Барванова болатын. Ол көп жылдар өт ауыруынан өгейшілік көрген адам еді. Сол науқасына бір көмегі тиер деген үмітпен Шымкентке хирургті іздеп келеді. Ана сырқатымен танысып, өтін тексере келген дəрігер өттің тасқа толғанын анықтайды. Ол лазердің көмегімен өттен 172 тас алады. Бұл алпысты алқымдаған Зинаида Васильевнаға оңай тимейді. Өті қабынып, жанына батады. Бірақ жүре келе тас орны толығып, науқас жайы жақсара береді. Бүгінде 73 жасқа келген Зинаида Васильевна ауырмаған адамдай ауласында раушан гүлін өсірумен шұғылданады екен. *** Иə, ортамызда əрбір науқастың шыбын жаны үшін жанталасып, еңбек ететін дəрігерлер баршылық. Солардың көш басында Асқарбек те жүр десек, асыра айтқандық болмас! Хирургтің осындай күрделі еңбегі шынайы бағаланып, Асқарбек Мошқалұлы бүгінде «Қазақстанның үздік дəрігері» жəне «Хирургияның жоғары дəрежелі шебері» деген құрметті атаққа ие болған жан. Өз ісіне тиянақты дəрігер Алматы қалалық Жедел жəрдем көрсету ауруханасының хирургия бөлімін басқарады. Оның шебер хирург екеніне қызыққан жұрт көбеймесе азайған емес. Абыройы асқақтаған білгір дəрігерлердің бірі осы болса керек! Отбасында үш перзент əлпештеген Асқарбек олардың жүйелі білім алып, жақсы маман болуын ерекше қадағалайды. Соның арқасында үлкен ұлы – Қажыбек дəрігер болып əке жолын жалғастырса, ортаншысы – Мəдина Шығыстану университетінде, ал кенжесі – Нарқыз Н.Назарбаев мектебінде оқиды. Үшеуі де ұстаздар ықыласына бөленген оқу озаттары. АЛМАТЫ.

 Жағымды жаңалық

Жаѕа їй бой кґтерді

Облыс орталығындағы Усолка шағын ауданында тағы бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Г.Ткачев көшесіндегі №24 жаңа тұрғын үй 108 пəтерден тұрады. Облыс əкімі Қанат Бозымбаев үйдің тұңғыш Президент күні қарсаңында тапсырылуымен құттықтап, пəтер кілттерін табыстады. Бұл тұрғын үй «Қолжетімді

9

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

баспана-2020» бағдарламасы бойынша бой көтерді. Биыл 165 мың шаршы метрді пайдалануға беру жоспарланған болса, келесі жылы 160-170 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмекші. Жалпы, облыс орталығының Ертіс өзені жағасындағы Усолка жəне Дачный аталатын аудан дар 80-жылдары салына

бастағанымен, негізінен, еліміз егемендігін алған уақыттан кейін белсенді түрде дамып, еңсесін тіктеді. Қаланың құрметті азаматы атанған Григорий Ткачевтардың есімдері сол кезде көшелерге берілді. Айнала көз қызығардай жарқыраған қаз-қатар тізілген көптеген зəулім биік үйлерден құралған. Инфрақұрылымы өте жақсы дамыған. Асфальтталған айналма жолы бар. Соңғы жылдары бұл ауданда «Назарбаев зияткерлік мектебі», Өңірлік кардиохирургиялық орталық, қазақ тілінде білім беретін жаңа мектеп, күніне 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана, балалар ойын алаңдары жасалған. Сауда үйлері, магазиндер, кафе-ресторандар ашылды. Осы жерде «Президент саябағы» келешекте жасыл баққа айналатыны сөзсіз. Елбасы облысқа жұмыс сапарымен келген кезде жаңадан салынып, көркейіп келе жатқан Усолка ауданында болды. Күні кешегі Жолдауында Елбасы тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайтуды тапсырды. Қазақстандықтар, əсіресе, жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болу жолдарын айтты. Олай болса, жаңадан қырқынды түрде бой көтеріп келе жатқан Усолка ауданы да өткен Жолдаулардың жемісі, жеңісі деуге болады. Олай болса, еліміздің күш-қуатының арқасында салынған, тұрғындардың қуанышына айналған жаңа ауданды Астана ауданы деп, ауданның көшелеріне де елдік, егемендік, достық, татулықты дəріптейтін атаулармен атағанымыз жөн. ПАВЛОДАР.

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Сары ќымыз сапырып...

Ўлттыќ бренд болар сусын – ќымыз ґндірісін жолєа ќоюєа не кедергі? Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай қаласында Мұхтар Əбдібековті танымайтын кісі кемде-кем болар. Басқа еңбегін қайдам, Мұхтар ағайды жұртшылыққа қымызы танытты. Ол кісінің үйіндегі Мəдина апайдың қымызы олар Науырзым ауданындағы Қайғы ауылында тұратын кезде-ақ мақтаулы болатын. Жайлауға жолы түскен адам Мəдинаның қымызын ішпесе бір нəрседен құр қалғандай артына жалтақтаумен кетер еді. 90-шы жылдары ауылдан береке кеткенде Мұхтар бір үйір жылқысын айдай көшті. Келді де Қостанай қаласынан оншақты шақырымдай ғана болатын Жданов елді мекеніне қоныс тепті. Бұрын биені өздері үшін ғана сауып, қонақ келіп қалса сусынға ұсынатын қымыз енді күнкөрісіне айналды. Биелерді Мəдина апай сауып, күбіге құя береді. Мұхтар ағай таңнан тұрып, қос күбіні қос қолдап піседі. Пісуі қанған, қоры жақсы қымыз бал татиды. Мұхтардың қымызына үйренгендер оны ішпеген күні тамсанып, алаңдайтын болды. Желідегі биенің саны да біртіндеп көбейе берді. Балалары, қыздары мен келіндері бие саууға шықты. – Мұхтардың қымызын мен жыл бойы алып ішемін. Мəдина қымызды жақсы баптайды, – дейді Қостанай қаласының тұрғыны Сұңқар Оспанов ақсақал. Дəл осылай айтатындардың қатары жетіп артылады. Тойға, басқа да жиынға қымызға тапсырыс беріп қоятындар тағы бар. Сонау 90-шы жылдардан бері қарай қымыз Əбдібековтер əулетінің кəсібіне де, нəсібіне де айналған. Осы кəсіпті қалыпқа салып, жолға қойып берген Мұхтар ағайдың да жасы келді, жетпістің бесеуіне шығыпты. Баяғыдай күбі піспейді, денсаулығын күтіп, немерелерінің қасында отырады. Əкенің кəсібін балалары жалғастырды. Биыл үлкен ұлы Құрманғазы 28 бие, кіші ұлы Бейімбет 20 бие, қызы Ұлбикенің отбасы 15 бие сауды. Тұтас бір əулет нəпақасын қымызбен айырып отыр. Құрманғазы «Əбдібеков К.М» шаруа қожалығын құрған. Қазір бие сауатын екі сауыншыға, жылқы бағатын бір бақташыға жұмыс берді. – Қымыздың науқанында таңертең ерте тұрамын да, бір жарым сағат екі күбі қымыз пісемін. Бұл екі жүз литрдей қымыз, жартысын ыдыстарға құйып, сатуға жібереміз, жартысы қорға қалады. Қымыздың арқасында тұрмысымыз да жаман емес, бірақ маңдай терің де төгіледі. Сондай кірпияз кəсіп. Қорды мөлшерден көп қалдырсаң қымыз ащы болып кетеді, аз қалдырсаң ашымай қалады. Күбіні күнделікті жуып, ыстап тұрмасаң қымыздан айырыласың, қордың дəмі бұзылады. Анамыз қайыңмен ыстаған қымыз тұщы болады деп үйреткен еді. Науырзымның Қайғысында тұрған кезімізде қымыз сауатындар күбіні тобылғымен ыстайтын. Анамның айтуынша, тобылғымен ыстаған қымыздың дəмі қайыңмен ыстаған қымызға қарағанда ащылау болады екен. Бірақ күбіні тобылғымен ыстаудың пайдасы мол, құрамында иод көп болады деп естідім. Біз күбіні қайыңмен ыстап үйренген соң, басқа тəжірибе жасап көрмедік, – дейді Құрманғазы. Қымыз мамыр, маусым айларында жақсы өтеді, тіпті сұраныс жасағандарға жеткізе алмай қалатын сəттер де болып қалады. Шілде айынан кейін қымыздың өтуі саябырлай бастайды. Ол кезде Құрманғазы да биелерді күніне бұрынғыдай бес-алты рет саумай, сауынның арасын сирексітеді. Күзде биелердің өзі де қожырай бастайды. – Қыстай саууға 5-6 бие алып қаламын. Қорды үзбеу үшін де осылай істеймін, – дейді кəсіпкер. Бұрын Құрманғазыда қайың күбі болатын. Сауын бие көбейген сайын жалғыз күбі аздық етті. Өткен жылы Құрманғазы қолөнер шебері, белгілі ақын Серікбай Оспановқа көк теректен (осина) сыйымдылығы 90 литрлік күбі жасатып алды. – Қайғыда тұрғанымызда қымыз баптайтын кісілердің күбісі қайың мен талдан жасалатын. Біздің əке-шешеміз де осы екі ағаштан шабылған күбіні мақтайтын. Сəкеңнің көк

теректен жасаған күбісінің сапасында, сымбатында мін жоқ. Бірақ қайың мен талдан жасалған күбіге піскен қымыздың дəмі ерекше екенін жасыра алмаймын, – дейді кəсібінің қыр-сырына қанық Құрманғазы. Əбдібековтер мүмкіндігі болса да, сауын биенің қатарын отыздан асырған жоқ. Қаланың маңайы болғандықтан, жайылым тар, жылқыны жаю да оңай емес. Тұрмысын тербетуге осы да жеткілікті тəрізді. Анасы Мəдинаның үйреткенінен бір де ауытқыған емес. Бұл сусынды басқаша жасауға болады деген ойды ойлап та көрмепті. Ал «Каменск-Уральск» жауап кершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Өскелең Мұратов қымыз өндіруді өндірістік жолға қойған облыстағы бірден-бір кəсіпкер. Ізденгіш жігіттің қымыз үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Өскелең көрші Ресейдің Рязань облысында бірнеше рет болып, мамандардан кеңес алды. Биыл оның шаруашылығы 40 бие сауды, күніне 150 литр қымыз өндірді. Шаруашылықта қымыз пісетін жаңа цех ашылды. Жаңа цех дегенмен, онда заманауи құрал-жабдықтан ештеңе жоқ. Сол баяғы ескі емен күбімен лаждап отыр. Мен қымызды өндірістік жолға қойған жердің барлығына бардым. Германияда да болдым. Еш жерде қымыз өндіретін заманауи құрал-жабдық жоқ. Мысалы, сүтті өңдейтін, қатық, айран жасайтын құрылғылар бар, оны сүт зауыттарында болғандар көріп жүрміз. Қымыздың технологиясы да ерекше ғой. Қымыздан басқа ешқандай сусынды піспейді, дейді Өскелең. Қазір шаруашылық цехында сыйымдылығы 200 литрлік емен күбі тұр. Кəсіпкердің айтуынша, бұл Кеңес Одағы кезінен қалған ыдыс, оны өздері күбі орнына пайдаланады. Күбіні жаңалауға мүмкіндік жоқ. Біріншіден, емен де, еменнен күбі жасайтын шебер де жоқ. Екіншіден, сыйымдылығы 200 литрлік күбіні таппайды, шеберлер 100 литрлік ғана етіп жасайды. Шипалы сусынды өндірістік жолға қойған шаруашылыққа 100 литрлік күбілер аздық етеді, тиімсіз. Германияда қымыз өндіретіндер күбінің орнына тот баспайтын металл ыдысты пайдаланады. Ресейдегі қымызбен айналысатын кейбір шаруашылықтар да осы тəжірибені қолдайды. Қымыз өндіру ісіне бизнес тұрғысынан келіп, осы істі көп зерттеген Өскелең күбіні ыстауға да сын көзбен қарайды. – Күбіні ыстағанда түтіннен адам ағзасында қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал жасайтын канцерогенді заттар түзіледі. Күбіні пайдалану дұрыс па, əлде тот баспайтын металл ыдысқа көшкен дұрыс па? Ыстау керек па, жоқ па? Қымызды өндірістік жолға қойған соң, ол белгілі

бір стандартта өндірілуі тиіс. Қазір əркім өз білгенімен жүр. Ал біз дің елімізде қымызға байланысты лаборатория жоқ. Мен қымыз жөнінен керегімді Рязань қаласына барып, сондағы лабораторияда 25 жыл бойы табан аудармай қызмет етіп, қымызды зерттеп келе жатқан ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Елена Гладковадан сұрап аламын, – дейді кəсіпкер. Қымыз қазақтың төл тағамы, сусыны екенінде дау жоқ. Бірақ осы шипалы сусынның пайдасы Ресейде өткен ғасырлардан бас тап зерттелген. Оған орыс саяхатшыларының, оқымыстыларының башқұрт жеріне жиі келуі, назар аударуы себеп болса керек. Белгілі орыс саяхатшысы, академик П.С.Паллас 1770 жылы өзінің мемуарлық шығармаларында башқұрт даласына Мəскеу, Дон жағынан адамдардың қымыз ішу үшін келетіндігін, бұл сусынның денсаулыққа күшті əсері барлығын жазады. Мысалы, орыс ғалымдарын былай қойғанда, орыс тілінің түсіндірме сөздігін жазатын əйгілі Владимир Дальдің қымыздың емдік қасиетін зерттегені, Л.Толстойдың, А.Чеховтың қымызбен емделгені сияқты жайларды жиі келтіруге болады. Ал 1858 жылы Самарада дəрігер Нестор Постников бірінші рет қымызбен емдеу санаторийін ашты. Орыс оқымыстыларының жазбаларында «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында Қазақстанның малды, егінді аудандарында əр қазақ отбасы орта есеппен жылына 148 шелек қымыз ішеді, яғни бұл шамамен 1200 литр болады» деген деректер кездеседі. Кеңес Одағы кезінде жылқы шаруашылығының орталығы Рязань облысы болды да, Қазақстанға тек ет бағытындағы жылқы тұқымын дұрыстау тапсырылды. Төл сусынымызды өндіру тұрмыстық деңгейден асқан емес, қымыздың «технологы» аналарымыз болып қала берді. Өскелеңнің айтуынша, өндірістік деңгейде ағаш күбімен үдеден шығу, санитарлық тазалық үшін оны баптау, өңдеу мүмкін емес. Біз шипалы сусынды өндірістік деңгейде өндіруді жолға қою үшін алдымен күбіні пайдалану мен оны ыстау жөніндегі мəселені шешіп алуымыз қажет. Сонымен қатар, қымыздың үш түрлі бактериядан тұратын, үш ампулаға салынған ашытқысын, яғни қорды Өскелең Мəскеуден алдырады. «Каменск-Уральск» ша руашы лығы өндірген қымыздың өтуіне де Өскелеңнің көңілі толмайды. Адамдар осы сусынның пайдасын əлі де терең түсінбей отырған сыңайлы. Сыра сататын дүкеннің іші кезектен босамайды. Сыра ішетіндер литрі 500 теңге қымызды қымбатсынады. Жанға шипа, дертке дауа сусынның жарнамасы жетпей тұр. Жалпы жұрттың назарында жүретін

өнер жұлдыздары, мемлекет қайраткерлері, əкімдер қымыз ішсе нағыз жарнама сол болар еді, дейді Өскелең. Сонымен бірге, қымызды балабақша, мектеп, асханаларының мəзі рі не енгізгенде ғана екі жеп би ге шығамыз. Балалардың денсаулығы артады, саламатты өмір салтына қымыз дендеп енеді. Сонда қымызға сұраным артады, кəсіпкерлердің қолы жүреді. «Жылқыдан басқа кəсіппен күн көре алмайтын тəріздімін» дейтін Өскелең Мұра тов түліктің осы түрінен алынатын өнімнің қай түрін де ұқсата алмай отырғанымызға қынжылады. Қазақтың жері мыңдап жылқы айдауға жетеді. Халқымыз жылқымен бірге жасап келеді. Бірақ одан алынатын өнімді өндірудің қай түрі де тұр мыстық дəрежеден аспай келеді. Кəсіпкердің пікірінше, жылқыдан алынатын өнім ауыл шаруашылығы экономикасына үлес қосатындай дəрежеге тек жылқы сүтін ұқсату арқылы ғана, яғни одан ұнтақ алуды жолға қойғанда ғана жетеміз. Жапондар мен қытайлар жылқы сүтінің пайдасын жақсы біледі. Осы өнімге олардың сұранысы да үлкен. Өскелеңнің жылқы сүтінен ұнтақ өндіру жөніндегі жобасын «Тобол» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы қарап жатыр. Оған қажетті жабдықтың өзі 450 миллион доллар тұрады. Қазақ қайда жүрсе де қанына сіңген кəсіптен ажырамапты. Ресейдің Челябі облысына қарасты Агапов ауданында тұратын кəсіпкер Айдархан Қарсақбаев біраз жылдан бері қымыз өндірумен айналысады. Біз ол туралы «Егеменнің» оқырмандарын хабардар еткенбіз. Осы мақаланы дайындау үстінде Айдархан Ба қыт жанұлымен тағы да хабарласып, қымыздың жайын сұрадық. – Бұрнағы жылдары Мəскеуге айына 15 тонна қымыз артатын едік, оны биыл уақытша тоқтаттық. Жаз-күз маусымында айына 7-8 мың тоннадай қымыз өндірдік. Ол көрші Екатеринбург қаласы мен Челябінің айналасынан артылған жоқ, – дейді кəсіпкер. – Мəскеуде сұраным азайып кетті ме, байланыс неге тоқтап тұр? – Қымызға сұраным үзілген емес, үзілмейді де. Əңгіме бізге сұраным жасайтын əріптестердің уақытылы есеп айырыспауында болып отыр. Мəскеуліктердің бізге қарызы көбейіп кеткен болатын. Міне, тамыз айында мəскеуліктер қарызын түгел қайтарды. Енді келесі жылдан бастап, келісімшартты қайта қалпына келтіреміз, – дейді Айдархан Қарсақбаев. Оның айтуын ша, цехта қымызды жөкеден жасалған күбіге піседі. Электр күшімен пісетін піспекті Айдар хан өз сызбасымен жасаған. Сусынды шөл мектерге құю автомат тандырылған арнайы желіде жүзеге асады. – Біз қымызды өндірудің халықтық тəсілінен алыстап кеткен жоқпыз. Бірақ қор арнайы лабораторияда жасалады, өндіріс болған соң белгілі стандарттың сақталуы тиіс, – дейді кəсіпкер. Айдарханның Мəскеуге тонналап артатын қымызы қырық бес күнге дейін айнымай, қасиетін сақтайды. Ол оған Мəскеудегі Плеханов атындағы сүт өнімдері институтының көмегімен қол жеткізгенін де жасырған жоқ. Біздің байқағанымыз, ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан, əрі сусын, əрі дəру қымыздың көлемі көбейген сайын оның бабы да қиындай түседі. Құрманғазы Əбдібековтің «қымызға бап керек, бабы жоқ қымызды кім алады?» деуінде гəп бар. Қазақтың бренд сусыны тұрмыстық дəрежеде қалса кімге жетеді, кімге танытамыз? – Сондықтан оны өндіруді өндірістік деңгейге жеткізу үшін тек заманауи ғылымға сүйенген жөн. Қымыздың бабын келтіруге ғылыми лабораториялар ашылып, атсалысуы тиіс, ауыл шаруашылығына маман дайындайтын жоғары оқу орындарында кафедралар жұмыс істеуі қажет, – дейді кəсіпкер Өскелең Мұратов. Жүйелі сөзге тоқтаған жөн шығар. Əйтпесе, қазақтың қымызының өндірістік болашағы болмайды. ҚОСТАНАЙ.


10

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

Жол жїйесі жаѕєырмаќ Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының бағыттарының бірі, «Қазақстанның көліктіклогистикалық инфрақұрылымын дамыту» тақырыбында брифинг өтті. Оған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логистика бойынша вице-президенті Қанат Алпысбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ұлан Əліпов жəне «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаев қатысып, аталмыш компаниялардың Жолдауға байланысты атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың логистика бойынша вицепрезиденті Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында еліміздің көліктік-логистикалық кешені нің əлеуетін, ең алдымен логистикалық инфрақұрылымды дамытуды ерекше назарға алға нын жеткізді. Осы орайда компанияның негізгі атқаратын жұмы сы көліктік-логистикалық инфра құры лымның негізін қалыптастыруға бағытталады. Ең алдымен, құрғақ порт құрылысы, сондайақ логис тикалық аймақ инфрақұрылымының негізі қалыптастырылады. Бұдан өзге жүзеге асуы тиіс жоба – ішкі көліктік- ло гистикалық жүйе немесе орта лықтарды қалыптастыру. Осы орайда, қанатқақты жобаларымыз дың бірі – Астана жəне Шымкент қалаларында терминалдар салу болып отыр. Оларды жоспарланған қуатына толық шыққан кезде, яғни жылдың алғашқы тоқсанында қолданысқа беруді қарастырудамыз. Жалпы,

еліміз бойынша көліктік-логистикалық орталықтарға құйылатын инвестиция көлемі 110 млрд. теңгені құрайды, деді Қ.Алпысбаев. Біз үшін маңызы ерекше жобалардың бірі – Ақтау теңіз портының солтүстік бағытқа қарай қанат жаюы. Жоба жүзеге асырылуда. Алғашқы кезеңі желтоқсан айында қолданысқа беріледі. Нақтырақ айтсақ, Ақтау теңіз портының солтүстік бағытта кеңейтілуі үш терминалдың салынуын білдіреді. Терминалдардың бірі біздің экспорттық өнім – бидайды өңдеуге арналып салынады. Сондай-ақ, негізгі жүктер мен контейнерлерді өңдейтін қосымша 2 терминал салынбақ. Мұндай көлемді жұмыс Ақтау портының жалпы жүктерді өңдеу көлемін 2,5 млн. тоннадан 19 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 38 млрд. теңгені құрайды, деді ол. Президент ерекше айтып өткен тағы бір маңызды жоба – Қазақстанның Каспий теңізіндегі қатысуын ұлғайту, атап айтқанда, Құрық кентінде порттық аймақты дамытуды қолға алу. Тауарларды

жеткізу жылдамдығы – логистика жүйесінде ерекше орын алады. Сол себепті, Ақтаудан өзге, негізгі жүктерді өңдеуді қамтамасыз ететін паромдық өткел салу шешімі қабылданды. Мұнда салынатын жалпы инвестиция көлемі 16 млрд. теңге. Дəл қазір Қазақстанда паромдық өткелді қамтамасыз ететін жалғыз айлақ бар, ол – Ақтау. Оның өзі мұнай жүктерін өңдеуге көбірек бағытталған. Сол себепті, Құрықта паромдық өткел салу міндеттелді. Қазір компания 2015 жылы өткел құрылысын жүзеге асыруды бастап кету мақсатында инвестициялық жоспарларды жасақтауда, деді ол. Жаңа айлақ экспортқа бағытталған жəне жүк тасымалдайтын паромдық өткел болады. Құрық портының қуатын арттыру мақсатында қазан айынан бастап Боржақты – Ерсай жаңа теміржол желісі салынуда. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ұлан Əліповтің айтуынша, елорданы еліміздің басқа аймақтармен шұғыла қағидаты бойынша сапалы жолдармен байланыстыру идеясы рынокты қалыптастыруға əсер етіп, аймақтық тепе-теңсіздікті төмендететін, шағын аймақтарды дамытатын жаңа экономикалық саясат болып отыр. 2020 жылға дейін көліктік инфрақұрылымды дамыту жəне интеграциялау мемлекеттік бағдарламасы шеңбе рінде Қазақстан бойынша ұзындығы 7,5 мың км.-ден астам жол салынып, жаңғыртылмақ. Оның 4 мың шақырымы 4 жəне 6 жолақты І техникалық

санат қа ауыстырылады. Осы үлкен жоба аясында жаңа 200 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға дейін аймақты Алматы, Өскемен, Атырау өңірлерін Астанамен байланыстыру жоспарлануда. Осылайша, «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Орта лық – Батыс» бағыттары бойынша жолдар қайта жаңғыртылады. «Орталық – Оңтүстік» бағытында қазіргі уақытта Астана – Теміртау жəне Алматы – Қапшағай жолдарында жұмыстар жүруде. Сонымен қатар, Теміртау мен Қарағанды, Ақсу – Аюлы мен Ақшатау, Буырлыбайтал – Күрті арасындағы жалпы ұзындығы 379 км. болатын 9 учаскенің жобалаусметалық құжаттамасы əзірленуде, дей келе қалған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Ал «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаев еліміздегі ж ол қ ұ р ыл ыс ын ың с а п а с ын жетілдіруге бағытталған жұмыс нəтижелері туралы əңгімеледі. «Институттың құрылғанына 55 жыл. Осы уақыт аралығында институт жол құрылысында жаңа материалдар мен технологияларды енгізу жұмыстарымен белсене айналысып келе жатыр. Соңғы 5 жыл ішінде жол саласы ғалымдары жол құрылысына пайдаланылатын əлемдік озық технологияларды елге əкеліп, өзіміздің зертханамызда сынақтан өткізуде. Сөйтіп, оларды еліміздің климаттық жағдайымызға бейімдедік. Жаңа 40 сынақтықтəжі рибелік жол бөліктерін салып, учаскелерде инновациялық материалдар мен технологияларын пайдалану үстінде. Біз бұл жұмыстарды одан əрі жалғастыра беретін боламыз, деді ол.

Ґнертапќыштарєа ашылєан ґріс ЭКСПО-2017 Республикалық штабы онлайн режімінде «Энергетика чемпионы» атты байқау өткізетіндігін мəлімдеді. Ондағы мақсат – еліміздің барлық ғылыми жəне жаңалық ашудағы мүмкіншілігін біріктіру, мемлекеттегі ең үздік «жасыл жобаларды» тауып, олардың жүзеге асуына демеу болу.

Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды. Дəстүрлі баспасөз мəслихаты Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын ақпараттық-түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Байқау жаңартылған жəне

балама энергия көздері, дəстүрлі энергетикадағы таза технологиялар, энергоүнемділік жəне ресурс үнемдеу, жасыл химия жəне жаңа композициялық экологиялық материалдар, қалдықты қайта пайдалану жəне органикалық ауыл шаруашылығы деген бес аталым бойынша өтеді. – Біз əлем назарын өзіне аударатын ЭКСПО-2017 көрмесінде өз отандастарымыздың арасынан шыққан өнертапқыштардың

инновациялық жарқын жобаларын қосу мақсатында осындай байқау жарияладық. Бірнеше рет ұйымдастырылған кезеңдік байқаулардан жеңімпаз деп танылған үздік туындылар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық сарапшылар қауымының назарына ұсынылады. Солардың шешімімен отандық озық əрі жаңашыл технологиялық жобалар 2017 жылғы көрме алаңының «Халықаралық практиктер» павильонына қойылатын болады. Еліміздегі өнертапқыштарды табу мен олардың ойлап тапқан туындыларының патенттелуіне жəне жүзеге асырылуына көмектесетін боламыз, – деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚтың басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова. Сон дай-ақ,

Дос пейілді Достыќ їйлері Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистерге Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйлерінің жұмыстары таныстырылды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Брифингке қатысқан Парламент Мəжілісінің депутаты Надежда Нестерова бүгінде республикамызда өз жұмыстарын атқарып жүрген Достық үйлерінің рухани жəне мəдени өзара баю үшін барлық жағдайлар жасалған этносаралық келісім алаңына айналғанын атап өтті. Этносаралық қатынастарда ауызбірлік пен елдік тұтастықты сақтауда, этносаралық келісім идеяларын қалыптастыру мен таратуда осы үдерістердің орталығына айналған Достық үйінің алғашқы қарлығашы Шығыс Қазақстан облысында 1992 жылы

жұмысын бастаған. Ал қазіргі уақытта 10 облыс орталығында жəне Алматы қаласында Достық үйлері ынтымақтың бесігіне айналса, Астанада оны Бейбітшілік жəне келісім сарайы өз биігінде атқарып келеді. Брифингке қатысқан Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарындағы Достық үйле рінің директорлары журналистерге жасалған жұмыстарын жария етті. Мəселен, Александра Мурзина жыл сайын Павлодар облысындағы Достық үйінде 400-ден астам ісшара өткізілетінін жəне ол үшін барлық жағдайлар жасалғанын алға тартты. Мəселен, онда түрлі қызметтік орынжайлармен қатар,

дыбыс жазу студиясы, хореография залдары, мультимедиялық бөлмелер, тілдерді оқыту орталығы қажетті жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етілген көрінеді. Достық үйлерінің арқасында əр адамның өз халқының тілі мен тарихын, дəстүрі мен салтын сақтауға мүмкіндік алғанын айтқан брифингке қатысушылар Үкімет бекіткен Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасының екі кезеңде атқарылатынын қаперге салып өтті. Өз кезегінде сөз алған Қостанай облысындағы Достық үйінің директоры Антон Труханов мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудегі жұмыстармен бөлісті. Қостанайда қазақ тілін үйрететін 9 жексенбілік мектеп жұмыс істейтін көрінеді. Ал этносаралық келісімді сақтауға бағытталған ауқымды жобалардың

Ќан ќызметі халыќаралыќ талаптарєа сай Кеше елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы донорлық қызметтің даму жетістіктері мен перспективалары: халықаралық сарапшылардың бағалауы» деген тақырыпта брифинг өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Жиын барысында сөз алған Ауруларды бақылау жəне профилактикалау жөніндегі АҚШ орталығы (CDC), Орталық Азия бағдарламасының жəне АИТВ/ ЖИТС профилактикалау жөніндегі ғаламшар бағдар ламасының атқарушы директоры Жанелл Райт пен Шығыс Еуропа жəне ТМД елдері трансфузиологтары халықаралық қауымдастығының басшысы, профессор Евгений Жибурт еліміздегі донорлық қызметтің халықаралық талаптарға сай келетіндігін мəлімдеді. – Қазақстанның қазіргі заманғы донорлық қызметі

халықара лық талаптарға сай келеді. Мұндай қызметтің бағалану барысы республиканың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен CDC саласының дамуына, халық денсаулығының индексіне жəне қан қызметі мамандарының біліктілігіне мəн беру арқылы анықталады. Сондай-ақ, əлемнің 10-нан астам мемлекетінің қан қызметі сарапшылары берген бағасының негізінде нақтыланады, – деді ол. Ал Евгений Жибурт еліміздің донорлық қанды екі кезеңдік зерттеуден өткізетінін баяндады. ИФТ + ПТР, сондай-ақ, адами фактордың əсерін толық болдырмайтын «жабық» үлгідегі толық автоматтандырылған жабдықты

пайдаланып скрининг жасау əлемдік тəжірибеге сəйкес келеді екен. Мамандардың айтуын ша, елімізде қан қызметін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар салаға оң əсерін тигізіп жатыр. Брифингте Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығының директоры Жандос Бүркітбаев аталмыш мекеменің ТМД кеңістігінде ірі қан орталық тарының бестігіне енгенін мəлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде донорлықты ұйым дастырудың ұлттық салалық бағдарламасының жобасы əзірленген. – Біз үшінші жыл қатарынан ДДҰ-мен бірге ауқымды жұмыстарды атқарудамыз. Осы бағытта үлкен əлеуметтік сауалнама жүргізіліп, талдау жасалды. Бүгінде Донорлықты ұйымдастыру бойынша ұлттық салалық бағдарламаның жобасы əзірленді. Жыл соңына дейін

ол байқауға қатысуды жеңілдету үшін оның виртуалды түрде өткізілетіндігін айтты. Қондырғылар, сызбалар жəне үлгілерді көрсетіп, сарапшылармен үнқатысуды интернет желісі арқылы тегін бейнеқоңыраулар арқылы жүргізуге болады. Байқаудың жүлде қоры əлі қалыптаспаған, ең негізгі ынталандыру ЭКСПО-2017, мини-ЭКСПО-ға қатысу, қоғамды ақпараттандыру жəне брендтеу, мемлекеттік жəне халықаралық жобаларды ілгерілету, инвесторларға ұсыну, əлеуетті демеушілермен байланыс ұйымдастыру болып табылады. Айта кетерлігі, байқауға тек ғалымдар ғана емес, тіпті, мектеп оқушылары да қатыса алады. Байқауға қатысуға тапсырыс алдымыздағы жылдың 25 ақпанына дейін жүргізіледі.

бастамашысы саналатын Шығыс Қазақстан облысындағы Достық үйінің директоры этноауыл жəне үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оған қоса, облыстық Сəулетэтнография жəне табиғи ланд шафтық музей-қорығымен ынтымақтаса көпке үлгі етерлік тей бірқатар жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Алматы облысының Достық үйінде этномəдени бірлестіктер жастарын біріктіретін «Бірлік» жастар қауымдастығы белсенді жұмыс істейді екен. Достық үйлері өздері қолға алған жұмыстарын жемісті атқара отырып, қоғамдық келісімді нығайтудың тиімді алаңына айналды деген брифингке қатысушылар журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. Брифингте 2015 жылдың соңына дейін Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында Достық үйлері салынатыны мəлім болды. оны Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің қарауына ұсынамыз. Осы орайда, министрлік оны қабылдау үшін Үкіметтің қарауына ұсынады деп үміттенемін, – деді Ж.Бүркітбаев. Орталық директоры республиканы қан компонентімен қамтамасыз ету үшін 1000 адамға шаққанда 40-50 донация (қан тапсыру үдерісі) қажеттігін, бүгінде бұл қажеттілік тек Астанада ғана толық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Нақтылап айсақ, елордада 1000 адамға шаққанда 58 донациядан келеді. Ж.Бүркітбаевтың айтуынша, Астанадағы қан орталығында жылына шамамен 50 мың донация жүргізіледі. Бұл бірінші кезекте жоғары мамандандырылған медициналық көмектің елордада жүзеге асырылуына, яғни еліміздің денсаулық сақтау саласындағы барлық алдыңғы қатарлы клиникалар Астанада шоғырлануына байланысты. Брифинг барысында еліміздегі қан тапсырушылардың 90 пайызы қанды ақысыз тапсыратыны белгілі болды. Ал, қалған он пайызы «кадрлық донорлар».

● Дінің тұрсын дін аман

Сананы сілкінткен «Жан шырылы» Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» атты жаңа драмасы сахналанды. Байқал БАЙƏДІЛОВ, журналист,

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Сүттей ұйыған тыныштық. Əуеде имандылықтың ізгі иірімдері самал жел болып есіп тұрғандай. Иманға ұйыған шəкірттерінің алдында имам уағыз айтуда. Бар қимылы үнсіз инабатқа ишара үстейтіндей. Жүзінен мейірім төгілген, көмейінен адамгершілік жайлы нəзік те жұмсақ сыр өрілген имам шəкірттерінің маңдайынан сипайды. Осы бір қимыл-əрекет бір-біріне деген шынайы сыйластықты тілсіз-ақ ұқтырып тұр. Ұстаздың шəкіртіне деген мейір-махаббаты, көңіл түкпіріндегі шəкіртінен гөрі баласына жақын ыстық сезімі алақанның табымен санасына сіңіріліп тұрғандай. Одан əрі кəдімгі қазақы шаңырақ. Қабырғадағы қошқар мүйіз ою сахнадағы өрбіген оқиғаның мазмұнына мағына үстеп, қазақы отбасы екендігін меңзеп тұрғандай. Мамыра-жай тіршілік кешіп отырған отбасында сəл ғана əбігерлену бар. Отбасы жолаушыны тосуда. Жолаушы көлденең көк атты емес, сонау Алматыдан келе жатқан қызы мен күйеу баласы. Отағасы Кəрім үйдің қақ төрінде төңірегіне шуақ шашып, бəйбішесімен əзілдесіп, қауқылдасып отыр. Сəл төменіректе немерелері асық ойнап жатыр. Асықтың өзі көрерменге көп нəрсе ұқтыратын штрих. Шаңырақтағы шырайлы сəттің шытынауы, ашық аспанда күркіреп найзағай ойнауы күткен жолаушылар табалдырықтан аттаған сəттен басталады. Манағы əзірде отағасының жұбайы Рəзия қызы мен күйеу баласының біресе Түркия, біресе əлгі Думай дей ме, Дубай дей ме, əлде Сауд Арабиясы дей ме, сол жерлерге жиі қатынап, сауда жасап жүргендігін əлдебір қауіппен айтқан тəрізді болған. Бірақ, отағасына бір жылдан бері хабарсыз жүргенін бетіне басушы болма деп шегелеп те қойған. Қыз бен күйеу бала салт басты, сабау қамшылы емес, қастарына ерген адамдар бар көрінеді. Өзгеден ұят болмасын дегені де. Міне, есіктен үстін қара киіммен тұмшалаған, тек екі көзі ғана жылтырап көрінетін Гүлнұр еніп келе жатыр, қасында балағы тобығын жаппайтын шолақ шалбар киген қаба сақалды екі жас жігіт. Əлгілердің сұрқын көрген Кəрім ақсақал шоқ тигендей шошып кетеді. Ақсақалға қоса жұбайы Рəзия да тіксіне көз тігеді. Ал, қыздары Гүлнұрдың киімге де, өзгеше ұстанымға да еті үйреніп кеткен тəрізді. Əке-шешесінің шошынғанына таңырқайды. Ал, сақалдының бірі өзгеше жосықты өзінше түсіндіріп жатыр. «Бұл біздің мұсылман əйелдері мен қыздарының киімі, өйткені, біз мұсылманбыз ғой» деп қояды. Мұсылмандықтың бар шарты тұмшалап киген қара киімде тұрғандай. Сақалдының біреуінің аты Жұман екен. Ерекше екпіндісі де сол. Сөзі де түйеден түскендей. Имансыз жүрген қазақты имандылыққа шақырып жүрміз деп қояды өзінше. Осы бір жерде көшедегі қыздар мен келіншектердің кейпін де кескіндеп береді. Бұл жері шындық енді. Қай жерде де кінəраттың

табылатындығы шындық енді. Сөйтіп тұрып күйеу баласын таныстырады. Əуел бастағы азан шақырып қойған аты Асқар болғанымен, жаңа жосық, өзгеше танымда аты-жөнін де өзгерткен екен. Ендігі жерде Асқар Əбу Анас ибн Қожа. Шамасы мұндағы мұсылманның көріп-білмеген, танып-түйсінбеген жаңа əлеміндегі өзгеше тəртіп. Кейіпкерлердің арасындағы өрбіген əңгіменің аужайы дін тақырыбы төңірегінде. Ықылым заманнан бері «құдай бір, пайғамбар хақ» деп таныған ізгі діннен ірге ажыратпаған, ажырату туралы сынық сүйем ой кірмеген мұндағы жұрт аналардың үгітнасихат аралас тантық танымына таң қалады. Қияпат қарсылық көрсетеді. Өзгеше жосықты өңешін кере уағыздаған біздіңше Жұман, оларша Жұман АбдулАзиз əл Қазақидың жаны ашып, жəдігөйсіп тұрғаны бекер екен. Тіпті, мұндағы жалпақ жұртты айыптап, етімізден өтіп, сүйегімізге жетпеген, адасудың басы, жарға жығар соқыр соқпақтың қасы – өзгеше дінді насихаттауы көкейін тескен ақшаның құлы болуынан. Кейін ұқтық. Драманың жымдастырыла өрілген оқиғаларының өрбуінен. Жұман рөлін ойнаған Ерқанат Сəбитов туралы бір ауыз сөз айта кетейік. Сахна шеберлері арасында айрықша көзге түскен де осы Ерқанат. Түр-тұлғасы, қимылəрекеті, сөз саптауы, қожайынның алдында мың құбылуы, жəдігөйлене, жағымпаздануы, ал əлі жететін адамның алдында білімдарсып, данышпансып сөйлеуі ғажап болды. Образға орау деген осы болар, сірə. Жалғыз біз ғана емес, көрермен де осы пікірде еді. Кəрім ақсақал арнайы дін оқуын бітірген имам болмаса да, мұсылман дінінің жөн-жосығын терең білетін адам. Шала сауатты Жұманнан оқ бойы озық. Жұманның айтқан, жүгі ауған түйедей біресе олай, біресе бұлай таяныш-тірегі жоқ пікіріне қадым заманнан дəйекті дерек келтіріп, үлкен ғұламалардың айтқан уағыздарын сабақтап, тойтарыс береді. Осы бір жері көрерменнің көңіліндегі сан қилы сұраққа толық, тұшымды жауап бергендей əсер етеді екен. – Мысалы, – дейді Кəрім ақсақал, – тіпті, Ханбали, Ханафи мəзһабы бойынша жəне Шафиғи мен Мəлики мəзһабтарынан кейінгі үлкен ғұламалардың да пікірінше барлық жасалатын жақсылықтардың, бағышталып оқылатын Құранның сауабы өлілерге тиеді деген жоқ па еді? Осыны білген соң да ата-баба аруағына арнап Құран оқитынымыз бар!.. Рас, шындық ол!.. Шығарманың өне бойында арбасу мен адасу, үміт пен өкініш, күдік пен сенім тайталасып жатыр. Атам қазақ «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» демей ме. Əуел баста əлде жастық, əлде білімнің таяздығы арбағанның артынан еріп кете беру Гүлнұрды да, Асқарды да жарға жықты. Өздері ғана емес, он екіде бір гүлі ашылмаған Жанарды да жалмап кетті. Сүттей ұйыған Кəрім аға мен Рəзия шешейдің де шаңырағы шайқалды. Қаншама қайғы-қасірет. Көріп отырған қаншама көрерменнің жанары жасқа шыланды. Ақыр соңында жарынан айырылған ана, тобынан айырылған қараша

қаздай ұясына қона алмай, тұрақ мекені жындыхана болып қалған Гүлнұр қызымен жолықты. Санаға салмақ салатын, жүрекке күш түсіретін зілбатпан ауыр көрініс еді. Адасудың соңы дəл осындай тығырыққа əкеліп тірейтіндігін меңзейді, зілмауыр драма. Сахнадағы шым-шытырық оқиғаларды түгел мазмұндап шы ғу шарт емес. Ең бастысы, қойылымнан көрермен тамаша тағылым алды, айрықша əсерге бөленді. Жаңағы бейбақтарға жаны ашыған қаншама жұрт ауыр ойдың салмағымен жаншылып, ет жүректері езілді, елжіреді. «Неге сонша адасты екен деп, анасының көкірегінен неге итерді екен» деп қапаланды көрермен. Шығарманың шырқау шегі ананың ақ ниеттей желбіреген, ақ сүтіндей мөлдіреген ақ орамалы болды. Тұла бойын тұмшалаған қара киім, қара ниет ысырылып, ақ орамалдың тартылуы жамандықты жақсылықтың жеңгеніндей ишара. Адасса да, оңбай опық жесе де, есі кіресілі-шығасылы қалпында ана құшағын аңсаған Гүлнұрдың тағдырына жаны ашымаған жан жоқ шығар. Сөз арасында сахнаның безендірілуін де бір ауыз сөзбен түйіндей кету қажет шығар. Мылтықтың қарауылы қиырдан төнген қауіп. «Жау жар астында» демей ме. Ал, айнала шырмалған жіп, сан тарау тағдыр, сан алуан соқпақ. Қайсысын басарың жетеңе байланысты. Берідегі тор көз дүниенің арғы жағы мен бергі жағы. Қос қақпаның шенді шекарасы. Жол таппай адасқан пенденің Ар қақпасының ар жағына тап болуы – оңайдың-оңайы. Сол үшін де сақтық керек. Қойылым аяқталған соң сахна төріне көтерілген драматург Жабал Ерғалиев тосын тақырып жайында ағынан жарылып айтып берді. Шығарманы сахналаған режиссер Мұратбек Оспановқа, сомдаған актерлерге алғысын білдірді. Ұлтының ұлылығын, халқының тұтастығын көксейтін таланттың тасты жарар өткірлікпен өрген драмасы талғампаз көрерменнің көңілінен шықты. Жай ғана шыққан жоқ. Жүрегін шымырлатып, жүйкесін ширықтырып шықты. – Əсеріміз керемет болды, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин. – Бұрын осы жай тек мешіттің ішінде ғана, діни адамдардың арасында ғана айтылып келсе, енді бүгінгі күні қасиетті сахна төрінде өнер тілімен өрілді. Жалпы халыққа ұғынықты, əсерлі, киелі де қасиетті тілмен. Жетесіздің жетесіне жететін дəрежеде. Сол үшін қуандым. Осы шығарманы облыс орталығында ғана емес, мүмкіндігінше аудан орталықтарында, ірі елді мекендерде көрсетсе тамаша болар еді. Сөз соңында Кəрім бейнесін сомдаған Қайрат Мырзаболатов, Рəзия бейнесіндегі Жанар Құсайынова, Гүлнұр кейпіндегі Маржан Бөкешова, Асқар рөліндегі Ержан Əубəкіров, Абдрахман ибн Халид образындағы Жарас Қалдаров, шейх Рамазанды бейнелеген Төлеубек Көңбай тəрізді актерлердің шынайы шеберлігіне көрермендердің тəнті болғандығын тағы бір қадап айтқан жөн. КӨКШЕТАУ. ––––––––––––––––

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.


 Зерде

 Мəселенің мəнісі Редакцияға кейінгі кезде ұялы байланыс абоненттерінен келесідей өтініштер келіп түсуде: «Менің ұялы байланыс операторым нөмірімді міндетті түрде тіркеу керектігін талап етуде. Бұл уақытта, оператордың ескертуіне сəйкес, егер 1 желтоқсанға дейін нөмір тіркелінбесе, онда ол өшіріледі. Мен мүлдем түсінбеймін, неліктен менің нөмірім өшіріледі. Осы мəселенің басын ашуға көмектесуіңізді өтінемін!». Мұндай сансалалы сұрақтарға «Кселл» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі директоры Хикматулла НАСРИТДИНХОДЖАЕВ жауап қайтарды.

Əлбетте, тіркелу керек – Ұялы байланыс операторлары, соның ішінде «Кселл» абоненттердің тіркелуіне бір сəтте неліктен осындай табандылық таныта бастағаны жөнінде түсіндіріп беріңізші? – Абоненттердің тіркелуіне талап қою – бұл ұялы байланыс операторының орынсыз тілегі болып табылмайтынынан бастайық. Қазақстандағы барлық ұялы байланыс операторларын абоненттермен шарт жасауға міндеттейтін нақты заңнама талаптары бар. Мемлекеттің осы талаптары əрқашан болған. Бүгінгі таңда Инвестициялар жəне даму министрлігі сəйкестендірілмеген барлық абоненттерге 1 желтоқсанда байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатуды талап етуде. Сол себептен, желімізде сəйкестендірілмеген барлық абоненттеріміз 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін əлбетте міндетті тіркелуден өтулері тиіс. Одан бөлек, абоненттердің қаперіне салғым келетіні, өзіңіздің деректеріңіз өзгерген жағдайда, бұл туралы бізге хабарлауыңыз қажет. Мысалға, егер сіз жеке куəлігіңізді ауыстырсаңыз, тегіңізді өзгерткен болсаңыз, бізге хабарлаңыз. Бұл жағдайда, жаңа деректерді осы өзгерістердің орын алған күнінен бастап 5 күн ішінде біздің компанияға ұсынуыңыз қажет. – Ал егер мен нөмірімді тіркеп алуды үлгермесем не болады? – Тіркелмеген абоненттерге 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатуға мəжбүр боламыз. – Яғни, мысалға, егер мен – сіздің абонентіңіз болсам жəне менің нөмірім тіркелмесе, сіз 1 желтоқсанда мені жай ғана байланыстан өшіріп тастайсыздар ма? – Біз қызмет көрсетуді тоқтатуға мəжбүр боламыз. Бірақ, сіз өз нөміріңізді тіркеген сəтте, сіз қайтадан байланыста боласыз. Сіз 1 желтоқсанға дейін «Кселл»-дің қызмет көрсету кеңселеріне келіп, нөмірді тіркеуіңізге болады. Бірақ, мұны алдын ала жасауыңызды ұсынамын. Оның үстіне, 1 желтоқсанға дейін тіркелгені үшін біз өте жақсы бонустар – желі ішінде 60 минут береміз. – Бұл үшін мен не істеуім керек, сіздің кеңсеңізге келіп, кезекте тұруым керек пе? – Тіркелу үшін сіз «Кселл»-дің кез келген кеңсесіне келуіңізге болады. Кезекте тұрмау үшін, өзіңізге ыңғайлы келу уақытын біздің сайттан (http://www.kcell. kz/ru/article/825/387) сақтап (белгілеп) алуыңызды ұсынамын. Қазіргі кезде онлайн-сақтау (белгілеу) Астанада, Алматыда, Ақтауда, Атырауда, Ақтөбеде, Шымкентте, Павлодарда, Петропавлда, Семейде, Өскеменде, Таразда, Қызылорда мен Оралда қолжетімді. Мұны сіз тағы 288 дилер нүктелерінде де жасауыңызға болады. Бұл үшін біздің сайтымыздан (http://www.activ.kz/ru/ contacts) өзіңізге ең ыңғайлы мекенжайды таңдап алсаңыз болды. – Тіркелуге менің қанша уақытым кетеді?

– Тіркелу үрдісінің өзіне 7 минуттан 15 минутқа дейінгі уақыт кетеді, бұл кезде үлгі толтырылып, сіздің деректеріңіз – тегіңіз, атыңыз бен өзге деректердің дұрыс енгізілгені тексеріледі. Сол себептен, сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, келу уақытын біздің сайттан сақтап қоюыңызды ұсынамын. – Ал құжаттар жөнінде не айтасыз, бір бума анықтаманы жүгіріп жинауға тура келетін шығар? – Жеке тұлғалар үшін – өзімен бірге жеке тұлғаны растайтын құжаттың түпнұсқасы болса жетеді. – Тіркеу ақылы ма, əлде тегін бе? – Тіркелу толығымен тегін. Одан бөлек, осығанға дейін ешкімнің атына тіркелмеген өзінің нөмірін 30 қарашаға дейін тіркейтін əрбір абонентке бонус беріледі – компаниямыздың желі ішінде сөйлеуі үшін 60 минут. – Сонда осы бонустық 60 минут кімге беріледі, нөмірді өзінің атына қайта тіркеп алғанға ма, əлде тіркелмеген нөмірді тіркегенге ме? – Нөмірді қайта ресімдеген кезде бонустар берілмейді. Бонустар нөмірі бұрын бірде бір тұлғаға тіркелмеген абоненттерге беріледі. – Нөмірдің тіркелгенін-тіркелмегенін қалай білуге болады? – Тіркелгенін www.kcell.kz жəне www.activ.kz сайтындағы жеке кабинеттен тексеруге болады. Сонымен бірге, сіз Колорталығына қоңырау соғу арқылы мұны білуіңізге болады немесе əлеуметтік желілердегі біздің топтарымызға сұрақ қоя аласыз. – Тіркелуден онлайн арқылы өтуге болады ма? – Тіркелу үшін сіз өзіңіз келуіңіз керек, себебі, тіркеу шарт жасауды көздейді. – Ал егер абонент, мысалға, Қазақстанның басқа қаласында іссапарда болса, ол тіркеуден қалай өте алады? – Абонент біздің кез келген 20 Кселл-орталығымыздан немесе 288 дилер нүктесінен тіркеуден өтуіне болады. – Тіркелуге менің қанша уақытым кетеді? – Тіркелу үрдісінің өзіне 7 минуттан 15 минутқа дейінгі уақыт кетеді, бұл кезде үлгі толтырылып, сіздің деректеріңіз – тегіңіз, атыңыз бен өзге деректердің дұрыс енгізілгені тексеріледі. Сол

себептен, сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, келу уақытын біздің сайттан сақтап қоюыңызды ұсынамын. – Мұның бəрі түсінікті, бірақ, барлық адам дилерлер, сервистік орталықтары бар қалада тұрмайды ғой, айталық, кенттерде тұратын адамдар не істеулері керек? Тіркеуден өту үшін ол жерлерде компанияның нүктелері бар ма немесе тұрғындар басқа жерге жол жүрулері керек пе? – Тəртіп бойынша, өте шағын кенттерде «Кселл»-дің қызмет көрсету кеңсесі жоқ жəне абоненттерге нөмірлерін тіркеу үшін ең жақын кеңсені табуына тура келеді. Біздің сайтымыздан өзіңізге ең ыңғайлы əрі жақын қызмет көрсету кеңсесінің мекенжайын таңдап алуға болады (http:// www.activ.kz/ru/contacts). Одан бөлек, мекенжайды ұялы телефоннан 9090 жəне 3030 нөмірлеріне немесе қалалық телефоннан 8 (7272) 588-300 жəне 8 (7272) 588-000 нөмірлеріне қоңырау соғу арқылы да Колорталығынан білуге болады. Əлеуметтік желілердегі «Кселл» парақтарынан кеңес алуға, www. activ.kz жəне www.kcell.kz сайтынан онлайн-кеңесшіге сұрақ қоюға болады. – 1 желтоқсанда өз абоненттеріңізді өшірген кезде, олардың бəсекелестерге ауысып кетуінен қорықпайсыздар ма? – Сəйкестендірілмеген абоненттер үшін қызмет көрсетуді 1 желтоқсаннан бастап тоқтату талабы барлық операторлар үшін бірдей. Сондықтан, кез келген жағдайда, қандай нөмірге жүгінетін болсаңыз да, нөмірді тіркеуіңізге тура келеді. – Бұл Қазақстанның осындай ерекше ойлап шығаруы ма немесе өзге елдерде де осыған ұқсас талаптар қойылады ма? – Шын мəнінде, Еуропада, Америкада, Қытайда – əлемнің кез келген дамыған елінде симкартаны сатып алған кезде, сіз алдымен оны өз атыңызға дербес тіркеп алуыңыз қажет, себебі, сол кезде ғана сіз оны сатып ала аласыз. Себебі, бұл мемлекеттік қауіпсіздік мəселелеріне қатысты. – Міндетті тіркелу – бұл біздің заңнамамыздың талабы екені түсінікті. Ал, абонент ретінде жеке өз басыма бұл не береді? – Ең əуелі, бұл «Кселл»-дің əртүрлі сервистеріне, оған мысалы, сим-картаны жоғалтып алған кезде, оны қалпына келтіру, нөмірді бұғаттау немесе бұғаттан шығару тəрізді қызметтерге қолжеткізуді айтарлықтай қысқартады. Нөмірді талдап тексеру бойынша ақпарат та тек тіркелген абоненттерге ғана беріледі. Одан бөлек, қоңырауларды талдап тексеруді «Кселл» абоненті жеке кабинет арқылы дербес алуына болады. Жəне ең соңында, біздің компания өткізетін науқандарға қатысу. Яғни, сіз толық құқылы абонентке айналасыз. Əңгімелескен Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Абайдыѕ Тоєжанына ескерткіш орнатылды Тоғжан Абай өмірінде ерекше орын алатыны белгілі. Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында ақынның жас кезіндегі бозбалалық сезімі ерекше суреттелген. Тоғжан туралы Тайтөлеу Асқартегі былай дейді: – Абай атамыз жас кезінде Ділдаға үйленер алдында əкесі Құнанбайға: «Мен Ділдаға үйленбеймін, көздеп жүрген қызым бар» деп қарсылық көрсетеді. Сонда Құнанбай: «Бір шүйкебас үшін төрелермен қақтығыса алмаймын. Тоғжан Жəңгір төренің ту ұстар батырымен

11

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

атастырып қойған» деп Абайды зорға көндірген. Сол Тоғжан əуелде батыр, кейін би болған Ботантайға екінші əйелдікке барған екен. Тоғыз бала көтеріп, соның үшеуі Бейсекей, Мұқаш, Ақсұлу, бұларды мен өз көзіммен көріп қолдарынан дəм таттым. Ауыл адамдарының айтуынша, Тоғжан қартайып, кемпір болған кезінде де өте ерке мінезді болған деседі. Жақында Абай ауданы Тоқтамыс батыр ауылында Тоғжанның бейітіне ескерткіш белгі қойылды. Бұрын з и р ат ы қар ау сыз қал ып т ы. Ауыл əкімі Ақылтай Садырбай

бастаған қалың жұртшылық аудан басшысы Тұрсынғазы Мүсəпірбековпен ақылдаса келіп, Тоғжан анамыздың басын көтерді. Сауапты істі соңына жеткізе білген ауылдың кəсіпкері, аудандық мəслихат депутаты Дəулет Мұхтаров екен. Тоғжан зираты басында Құран қатым түсіріліп, ел ағалары тарихтан ой қозғап, қазіргі жастарға ізгі ниеттерін арнады. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

Кґне бўйымдарды бір кґргеннен таныєан Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым, Қазақстанда музей құру ісінің талантты ұйымдастырушысы Өзбекəлі Жəнібеков Отырар ауданының орталығы саналатын Шəуілдірдегі біз оқыған Жамбыл орта мектебінде дəріс алғандығын ұстаздарымыздан жиі еститінбіз. Сыныптас құрбымның əкесі ол кісінің жақын туысы болатын. Шындығы сол, құрбымның үйіне барғанда өнертанушы, қайраткер ағамыздың ұзын бойлы, қара толқынды бұйра шашымен, жымия түскен фотосуреттерін альбом беттерінен жиі көруші едім. Қандай мақтаныш десеңізші?! Бұл, əрине, балаң шақтағы есте қалған бір көрініс қана. Кейін білдік қой, сыныптас құрбымның əкесі Төрехан ағай (бұл күнде марқұм боп кеткен) Өзбекəлі ағамызбен бірге бір шаңырақта тай-құлындай тебісіп өскендігін.

2006 жылы Төрехан Қожановқа арнайы жолығып, Өзбекəлі ағамыздың балалық дəуренін, ол кісінің өзгелерге үлгі болатын адами қасиеттерімен қоса, есте қалған қызықты сəттерін қойын дəптеріме жазып алғаным бар-тын. – Өзбекəлі аға 1931 жылы 28 тамызда Отырар ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келді. Менің Өзбекəліден алты жастай кішілігім бар. Екеуміз қарашаңырақта бірге өстік. Ол кісінің анасы өмірден өткен соң біздің қолымызда жүрді. Мəдина есімді қарындасы да ертеректе дүние салды, – деген сөзге сараңдау ағамыз қойылған сұрақтың шеңберінен аспай, қысқа да нұсқа жауап беріп отырды. «Ол өте кішіпейіл, қарапайым жан еді. Адам біткенге жамандық жасамақ түгілі, оны ойлаудың өзі табиғатына мүлде жат болатын. Үлкен қызметтер атқарып, елге сыйлы азамат болса да, байлық пен мансап, дүние қуып кетпеді. Ең бастысы, абыройын жоғалтпады. Сондықтан да болар, дүйім халықтың Өзекеңді соңғы сапарға аса қимастықпен шығарып салғандығы. Қайраткерді 1998 жылдың 25 ақпанында киелі де қасиетті Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерледік. Əлі есімде, таңғы сағат онға таяу төрт вагонмен туғантуыстары, жақындары, жора-жолдастары мен сыйластарынан құралған азалы топ келді. Оларды аудан халқы болып күтіп алдық. Осы көріністің өзі Өзекеңнің қандай жан болғандығын аңғартса керек. Өлісінде мұндай құрмет көрмек түгілі, тірісінде жылы сөз естімей, өмірден өткендер қаншама?!». Бала кезіміз. Екеуміз «Овцевод» совхозынан қашықтау жерден отын таситынбыз. Өзім тынымсыз, ерке əрі ойынпаз болып өскендіктен бе, оған тыным бермейтінмін.

Əбден қытығына тиіп, түрткілеп жүремін. Оның үстіне жасымның аздап кішілігі бар. Мұндайда Өзбекəлі мені ұрып-соқпайтын. Қатты дауыс көтеріп, сөйлемейтін. Қайта, үстіндегі қара тонын теріс айналдыра киіп, мені қасқыр болып қорқытып ойнатушы еді... Ол кездері ауылға Алматыдан концерт келетін. Өзімізше сахна құрып, екі жаққа от қойып, жарықтандырамыз. Өзбекəлінің студент кезі. Ол каникулға шыға салысымен ауылға келетін. Өзекең бала күнінен əнді жақсы орындайтын. Оның өнерге деген қабілетін жақсы білетін Қален, Ағыбай есімді бригадирлер концерттің аяқталар тұсында Өзбекəлінің артына жасырынып келіп, сахна төріне қарай шығарып кеп жіберетін. Ортаға алып, қолқа салған көпшіліктің сұрауын Өзекең де жатырқап, жатсына қоймайтын. Мұндайда жастармен қосылып үлкендер жағы да: «Қаланың əншілерін қойшы, одан да өзіміздің балалардың өнерін тамашалайық» – деп, жамырасып, мəз болысатын. Ол өнердің нағыз жанашыры еді. Ол қазақ халқының ұлттық мəдениетінің дамуына елеулі үлес қосты. Наурыз мейрамының қайта жаңғыруына, Қазақстанның көптеген қалаларында музей ашуға белсене атсалысты, тер төкті. Əрдайым шарапаты мол игі істердің бастауы бола білді. Олай деп нық сеніммен айтуыма мына жайт куə. Оның Торғайда тұратын кезі. Бірде бір қойшының үйіне барған Өзағам далада жатқан итаяққа көзі түседі. Əлгі ыдысты жан-жағынан айналдырып, мұқият қарап тұрған ол шопанға итаяқты беруін өтінеді. Мұнысын естіген қойшы «Өзеке, бұ не дегеніңіз?» деп ыршып түседі. Одан да бір ат мінгізейін, сіз оған əбден лайықсыз», деп бəйек болады. Елге танымал атпал азаматтың

итаяқ сұрағаны таңданысын туғызса керек, Өзекеңнен себебін сұрайды ғой. Сөйтсе, ол итаяқ емес, көне заманның астауы болып шығады. Ыдыстың сырты қазақтың оюөрнегімен əсем өрнектеліп, көркем суреттермен таңбаланыпты. Кейін Торғайдан музей ашылғанда əлгі астау да қойылған екен. Осыған ұқсас оқиғаларды тізе берсең, тіптен көп. Тағы бірде бір орыс кемпірдің ескі, тозығы жеткен кереуетіне қызыққан ол, иесінің келісімін алысымен жаңасына ауыстырып беріпті. Оны да музейге апарыпты. Міне, Өзағамның ескі мұраны бір көргеннен танып қоятын қырағылығы болатын. «Бірде түстеніп кетуге үйге келсем, жұбайым үй шаруасын дөңгелетіп жатыр. «Əй, не болды сонша?» – деп едім, «Ағаң келгелі жатыр, соған айналаны реттестіріп жатқаным ғой» деді, бəйек болып. Сол-ақ екен, есік алдына су жаңа қара «Волга» келіп тоқтады да ішінен қара костюм-шалбар киген бір жігіт түсті. Ол қасыма жақындап келіп: «Өзбекəлі Жəнібековтің тоқтайтын үйі осы ма? Тексеріп шықсам..» дегенде бойымды ашу қыспасы бар ма? Басқасы басқа, мұндай сөзді біз сияқты жағасы жайлауда жүретін ауыл адамдары ауыр қабылдайды ғой. Сонда сен «Өзекеңнің кіндік қаны тамған жерді тексермекшімісің?» деп əлгі жігітті орнына қойғаным бар. Не керек, Өзбекəлінің орталық музейге келген хабарын естісімен əлгі қара «Волгаға» мініп алып жеттім. Амандық-саулықтан соң оған үйге қашан келетінін сұрадым. Ол ауылдағы ақсақалдарға амандасып, күн бата үйге келетінін айтты. Кеш қарая үйге біраз адамдар жиналып үлгерді. Туған-туыс, аудан басшылары, жора-жолдастары дегендей.. Көпшілік Өзбекəліге «Жоғары шық, төрлет!» деп жамырасып жатыр. Құрметтегені болар. Бірақ мен өзіммен бірге өскен Өзбекəлінің жоғары шығуына қарсылық білдірдім. Сол баяғы қиқар мінезім қалмаған ғой. «Неге ол өз үйінде төрге шығады, қане, шай құйып, тамақ тасысын» деп одан бетер қырсыға түстім. Менің мінезімді бес саусағындай білетін Өзекең айтқан «талаптарымды» соңына дейін орындап шықты. Қазақ ырымшыл халық емес пе, қазақтың біртуар ұлының қолынан шай ішкендерін үлкен бақытқа балаған қонақтар оған бата - тілектерін жаудырып жатты. Адам аяғы саябырсыған соң Өзекең маған «Сенің мына ақылың дұрыс болды, егер сен сөйтіп айтпағаныңда менің осыншама алғыс арқалап қайтуым мүмкін бе еді?» дегені бар-тын. Қысқасы, бұл жолы Өзбекəлі Жəнібеков туралы естелікке сусындап қайттым. Одан бері де арада бірнеше жылдар өтті. Бұл күнде қайталанбас кейіпкеріміз туралы ақтарыла сөйлеген Төрехан ағамыз да бақилық болды. Иə, бұл өмір! Келу бар да, кету бар. Ал қазақ деген халық барда, Өзбекəлі Жəнібеков ағамыз туралы аңызға толы əңгімелердің əсте бітпесі анық. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.


12

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – Сатушы немесе Сауда-саттықты ұйымдастырушы) осымен «Алматы вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамының (бұдан əрі – Компания) акциялар пакетінің 100%-ын (бұдан əрі – Акциялар) сату жөніндегі ашық екі кезеңді конкурс тəсілімен сауда-саттықтың өткізілуі туралы хабарлайды Акцияларды сату «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жəне дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтері мен объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың басталу күні: 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 10 сағат 00 минут (Астана уақыты). Сауда-саттықтың өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6-үй. Акциялардың бастапқы құны: 6 600 410 000 (алты миллиард алты жүз миллион төрт жүз он мың) теңге. Ашық екі кезеңді конкурстың айрықша шарттары: - Сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 1 күнтізбелік жыл ішінде Компания қызметінің бейінін сақтау; - жұмыс орындарын сақтау, сондай-ақ 1 күнтізбелік жыл ішінде Компанияның еңбек ұжымы қол қойған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету; - Компанияның қолданыстағы міндеттемелерін өтеуді қамтамасыз ету: сатып алушы Акцияларды меншігіне алған сəтке дейін Компанияға қаржылық көмек беру жолымен қолданыстағы кредитті өтеуге ақшалай қаражат беруге, қолданыстағы кредитті өзінің кепілдігіне алумен жəне/немесе Сатушымен келісілген басқа құрал-саймандарды қолданумен қайта қаржыландыруға міндетті; - Компанияның «СП «КазЭлектроПривод» ЖШС-пен 2013 жылғы 5 тамыздағы №229/ЮО жалға беру шарты жағдайларында 10 жылдан кем емес мерзімге тұрғын үй емес жайды жалға алу туралы шарт жасасуын қамтамасыз ету; - Сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 1 күнтізбелік жыл ішінде Акцияларды немесе олардың қандай да бір бөлігін иеліктен алмауға жəне кепілзатқа қоймауға; - 5 жылдың ішінде алты айда бір рет Сатушыға айрықша шарттардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ бизнестің дамуы туралы мəліметтерді беру. Алдын ала ұсыныстың мазмұны. Алдын ала ұсыныста Компанияның ұсынылатын бизнес-жоспарының осы хабарламамен оларға қатысты ең төменгі көрсеткіштері көрсетілген критерийлер бөлігіндегі негізгі талаптар болуы тиіс. Компания қызметінің 5 жылдық кезеңге арналған бизнес-жоспары алдын ала ұсынысқа қосымша болып табылуы тиіс. Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлері мен қойылатын ең төменгі талаптар. Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийі болып Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға үміткер тұлға ұсынатын бизнес-жоспар табылады. Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұруы тиіс: 1. Жылдарға бөлумен жақын 5 жылдық кезеңге арналған инвестициялар көлемі; 2. Қаржылық көрсеткіштер: сату көлемі (ақшалай көрністік), жалпы табыс, таза табыс; 3. Жұмыс орындарын құру жоспары 5 жылдық кезең ішінде жұмыс орындары; 4. Бюджетке болжамды аударымдар 5 жылдық кезең ішінде жұмыс орындары; 5. Əлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу. Сауда-саттыққа қатысу үшін Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған өтінішті жəне 330 020 500 (үш жүз отыз миллион жиырма мың бес жүз) теңге көлемінде Акцияларды сатып алу-сату шарты (бұдан əрі – «Шарт») бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді (бұдан əрі – «Қамтамасыз ету») тапсыру қажет. Қамтамасыз ету: Сатушының шотына енгізілген кепілді жарна: БИН 020 540 003 431, БИК HSBKKZKX, ИИК KZ 376 010 111 000 018 002, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ АСТАНА ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ. Кепілді жарна көлеміне банк қызметтерін төлеу кірмейді; қайтарымсыз жəне сөзсіз банк кепілдігі: - ҚР резидент банктерінен, шетелдік валютадаға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, ол Standard&Poor’s бойынша «В»-дан төмен емес немесе по Fitch «В-»-тан төмен емес немесе Moody’sInvestorsService бойынша «В3»-тен төмен емес немесе бас ұйымның (оған ҚР резидент банкі акцияларының 50%-дан артығы тиесілі) рейтингі Standard&Poor’s бойынша «BВB» немесе по Fitch бойынша «ВВВ» немесе по Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2». Бұл норма акциялар пакетінің 50%-дан артығы «СамұрықҚазына» АҚ-қа тиесілі банктерге қолданылмайды; - ҚР резиденті емес банктерден, шетелдік валютадаға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, ол Standard&Poor’s бойынша «ВВВ»-дан төмен емес, Fitch бойынша «ВВВ», Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2» болуы мүмкін. Бір рейтингтен артық болған кезде есепке олардың ең азы қабылданады. Банк кепілдігі тиісті банктің Сатушының атына жазған хатымен расталуы тиіс. Сауда-саттыққа Қатысушы ретінде тіркеу үшін: 1) Қағидаға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш. Өтініш саудасаттыққа қатысуға үміткер тұлғаның Шарт жобасына жəне Конкурстық өтінімге сəйкес Сатушымен Шарт жасасу міндеттемесін тікелей қарастыруы тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініште Акцияларды сатып алу жөніндегі алдын ала ұсыныстар болуы тиіс; 2) жеке тұлғалар үшін: - нотариалды куəландырылған төлқұжаттың немесе жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; - ағымдағы шотының барын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы; - байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail); 3) заңды тұлғалар үшін: - барлық өзгерістерімен жəне толықтыруларымен жарғының нотариалды куəландырылған көшірмесі; - заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің немесе анықтаманың нотариалды куəландырылған көшірмесі; - растаушы құжаттар көшірмелерінің нотариалды куəландырылған немесе расталған (қолдануға болса) көшірмелерін қоса тіркеумен сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалардың барлық түпкі бенефициарлары туралы мəліметтер; - банктік шотының барын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы; - байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail); 4) сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішке қол қоюшының жеке басы мен өкілеттігін куəландыратын құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 5) акционерлік қоғамдар үшін – Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен ерте емес күндегі жағдай бойынша сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаға қатысты акционерлер тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы; 6) шетелдік заңды тұлғалар үшін - Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күнге дейін 2 айдан бұрын емес берілуі тиіс құрылтай жəне тіркеу құжаттарының нотариалды куəландырылған немесе расталған көшірмелері; 7) Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттар; 8) сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның персоналдың біліктілігін қоса алғандағы қаржылық, техникалық, басқарушылық жəне ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы деректер бар құжаттар; 9) сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның қолданылатын заңнамамен жəне оның құрылтай құжаттарымен қарастырылған, мұндай тұлғаның Қамтамасыз етуді енгізуі үшін қажетті корпоративтік шешімдері, соның ішінде ірі мəмілені немесе оны жасауға мүдделілік бар (егер қолдануға болса) мəмілелерді мақұлдау жəне/немесе жасау туралы шешімді тапсыруы тиіс; 10) шетелдік мемлекеттік органдар немесе ұйымдар берген құжаттарды тапсырған жағдайда мұндай құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе тарабы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттармен жəне келісімдермен өзге қарастырылмаса, белгіленген тəртіппен заңдастырылуы немесе расталуы тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті тіркегеннен кейін Қатысушы Актив бойынша құпия ақпараты бар ақпараттық бөлмеге (Data room) қол жеткізуге құқылы болады. Өтінімдерді қабылдау сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6-үй, «А» блогы, 1611-бөлме мекенжайы бойынша жүргізіледі жəне 2014 жылғы 24 желтоқсанда 10.00 сағатта аяқталады. Егер Ашық екі сатылы конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған сəтте 1-ден кем өтініш берілсе, ол өтпеді деп танылады. Өткізілетін Ашық екі сатылы конкурс туралы ақпарат Сатушының: www.railways.kz. веб-сайтына орналастырылған. Өткізілетін сауда-саттыққа байланысты өтініш берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың өтініштері үшін электронды поштаның мекенжайы мен телефон нөмірі: Активтерді басқару департаментінің директоры

Рахымбеков Асқар Нұриденұлы

8-7172-60-35-01, Rakhimbekov_A@railways.kz

Компания туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген «Алматы вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі 031240002398, мемлекеттік тіркеу туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 320-1910-07-АҚ куəлігі. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050028, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сортировочная көшесі, 14-үй. Қызмет түрлері: теміржол жылжымалы құрамын жасау жəне жөндеу, теміржол жылжымалы құрамы үшін қосалқы бөлшектер, негізгі жабдық тораптарының өндіру жəне қалпына келтіру, стандартты емес жабдық жасау, теміржол көлігінің жəне басқа салалар ұйымдарының теміржол жылжымалы құрамын, оның тораптары мен агрегаттарын жөндеуге қажеттілігін қанағаттандыру, сыртқы экономикалық қызмет жəне басқа елдердің ұйымдарымен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жəне көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық немесе ажырағыссыз байланысты қызметтің басқа түрлері. Компанияның меншік иесі жəне сауда-саттықты ұйымдастырушы. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6-үй. Өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары. Рентабельділік көрсеткіштері Көрсеткіш Өнімнің рентабельділігі, % Сату (айналым) рентабельділігі, % Меншікті капиталдың рентабельділігі, % Барлық капиталдың рентабельділігі, %

Есептеу формуласы Жалпы табыс /Өзіндік құны Жалпы табыс / Сатудан кіріс Жалпы табыс / Меншікті капитал Жалпы табыс / Теңгерім жиынтығы

2011 жыл -3,31

2012 жыл -0,20

2013 жыл 9,54

-8,40

-14,43

-1,41

-16,88

-28,59

-3,88

-9,43

-14,25

-1,82

«Бірлескен кіріс туралы» есептерден 2011-2013 жылдардағы жəне 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштер динамикасы /мың теңге/ Көрсеткіштер атауы Өнімді сатудан жəне көрсетілген қызметтерден кіріс Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны Жалпы табыс Жалпы жəне əкімшілік шығыстар

2011

2012

2013

2014 жылдың 1-жартыжылдығы

5 902 022

4 522 747

6 085 195

3 369 600

(6 104 084) (202 062) (342 493)

(4 531 933) (9 186) (647 833)

(5 555 472) 529 723 (507 831)

(3 039 534) 330 066 (307 093)

Өзге кірістер Бағамдық айырмашылықтан шығын Қаржылық кірістер Негізгі құралдардың құнсыздануы бойынша шығыстар Қаржыландыруға арналған шығыстар Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) КПН бойынша шығыстар/үнем Кезеңдегі жиынтық кіріс (шығын) Өзге жиынтық пайда (шығын), барлығы соның ішінде Зейнеткерлік бағдарлама міндеттемелерінің белгіленген төлемдермен қайта бағалануы Кезең үшін жалпы жиынтық кіріс (шығын)

30 059

(4 961) (519 457) 23 851 (495 606)

(495 606)

192 667 (1 857) 25

30 149 (946) 123

38 688 (221) 910

(36 500) (4080) (506 764) (137 918) (644 682)

(48 235) 2 983 (77 863) (74 880)

(24 133) 38 217 13 501 (51 718)

(8004)

(11 071)

(8004) (652 686)

(11 071) (85 951)

ДҮБІРГЕ

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Мыќтылар ќиындыќтыѕ басында жїреді Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».

Австралияның Брисбен қаласында өткен «Жиырмалық» тобының бас қосуы, сірə, көп адамның есінде қалар. Онда əлемдік экономиканың мəселелерін қараумен қатар, Украинадағы жағдай да біраз əңгімеге арқау болды. Қалай дегенде де, басты назар экономика мəселесіне ауғаны анық.

51 718

Компанияның өндірістік базасымен танысу. Осы хабарламаны алған жəне танысқан жəне сауда-саттыққа қатысу ниеті бар тұлғалар сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау аяқталған күнге дейін кез келген жұмыс күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Компаниямен жəне оның өндірістік қуаттарымен танысуға құқылы. Көрсетілген күннен кейін мұндай құқыққа тек сауда-саттыққа қатысуға белгіленген тəртіппен өтініш берген тұлғалар ғана ие болады. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қараған жəне мұндай тұлғаларды ашық екі кезеңді конкурс тəсілімен өткізілетін сауда-саттықтың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешімдер қабылданғ,аннан кейін Компанияны қарау мен танысу құқығына тек сауда-саттыққа қатысу мəртебесі бар тұлғалар ғана ие болады. Компаниямен танысу ниеті бар тұлға Компания атына тиісті өтініш береді. Компания өтінішті алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге рұқсат хат береді, соңғысы оны көрсету бойынша оның өндірістік қуаттарын барып көруге құқылы. Өтініш берушілерді Компаниямен таныстыру Компанияның қызметкері болып табылатын жəне оның бірінші басшысы немесе ол уəкілеттік берген тұлға тағайындаған ілесіп жүруші тұлғаның қатысуымен жүргізіледі. Компанияны барып көруші тұлғалар өздеріне құпиялық жөнінде міндеттеме қабылдауға міндетті (тиісті шартқа қол қою жолымен) жəне алынған мəліметтерді, құжаттарды жəне/немесе ақпаратты Сауда-саттыққа қатысудан басқа қандай да бір мақсаттарға пайдалануға құқылы емес. Компанияның бірінші басшысының шешімі бойынша Компанияның өндірістік қуаттарының немесе жайларының бір бөлігі өндірістік қауіпсіздік немесе коммерциялық құпия тұрғысы бойынша барып көру үшін жабық болуы мүмкін. Мұндай міндеттемелерді бұзатын тұлғалар құпиялылық бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне құпиялылық туралы шарттың талаптарына сəйкес жауапкершілік көтереді. Акциялар бойынша құжаттама пакетін алу тəсілі. Акциялар бойынша құжаттама пакеті, соның ішінде Акцияларды сату-сатып алу шартының жобасын сатушының Makarin_A@railways.kz электрондық мекенжайына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6, 1611-бөлме мекенжайы бойынша тиісті сұрауды жіберу арқылы алуға болады. Сауда-саттыққа қатысуға арналған шектеулер. Сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалар келесі талаптарға сай келуі тиіс: 1. Акцияларды сату-сатып алу шартын жасасу үшін жеке тұлға іс-əрекетке қабілетті жəне заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеті болуы тиіс. Осы талапқа сəйкестікті растау ретінде өтініш иесі заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе тиісінше куəландырылған көшірмесін, сондай-ақ жарғының тиісінше куəландырылған көшірмесін ұсынуы тиіс; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тізбеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1318 қаулысы) сəйкес салығы жеңілдетілген мемлекеттердің резиденті болмауы тиіс. Осы талапқа сəйкестікті растау ретінде өтініш иесі Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжатты немесе өзге мемлекет резиденттігінің сертификатын ұсынуы тиіс; 3. Таратылу немесе банкроттық кезеңінде болмауы тиіс. Осы талапқа сəйкестікті растау ретінде өтініш иесі-заңды тұлға таратылу немесе банкроттық кезеңінде емес екендігін растайтын сенім хатын ұсынуы тиіс; 4. Қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тəртіпте тоқтатылған тұлға болмауы тиіс. Осы талапқа сəйкестікті растау ретінде өтініш иесі-заңды тұлға оның қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тəртіпте тоқтатылмағандығы туралы сенім хатты ұсынуы тиіс. Екі кезеңді ашық конкурсты өткізу тəртібі: Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар пакеттерді ашу екі кезеңді ашық конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күні жүргізіледі. Екі кезеңді ашық конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссия ұсынылған материалдарды қарайды жəне өтініш иелеріне байқалған сəйкессіздіктер туралы телефондық байланыс, электрондық почта немесе байланыстың өзге құралдары арқылы хабарлайды. Екі кезеңді ашық конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде өтінім берген қатысушы байқалған сəйкессіздіктерді жояды. Бұл ретте, алдын ала ұсыныстың мазмұнын жəне/немесе талаптарын өзгертетін мəліметтердің жəне құжаттардың берілуіне жол берілмейді. Комиссия 10 жұмыс күні ішінде байқалған сəйкессіздіктерді жою үшін екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған (кемшіліктері жойылған) өтінімдерді жəне оған қоса берілген алдын ала ұсыныстарды қарайды. Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нəтижелері бойынша Комиссия аталған өтінімдерді ұсынған тұлғаларға екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру жəне екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы мəртебесін беру туралы шешім қабылдайды. Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңіне өзі немесе өзінің уəкілетті тұлғалары арқылы қатысуына құқы бар. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдерін Комиссия қараған соң, 15 жұмыс күнінен кешіктірмей, Комиссия Сауда-саттықты ұйымдастырушымен əзірленген Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаның мазмұнын бекітеді, оған аталған бағалау критерийлеріне сəйкес Конкурстың ұсыныстарға қойылатын ең кіші талаптар көрсетіле отырып, Конкурстың ұсыныстардың мазмұны жəне бағалау критерийлері кіреді. аталған ең кіші талаптар Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушылардан келіп түсен Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде (алдын ала ұсыныстарды қоса алғанда) бекітілген көрсеткіштерден төмен болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстарды беру үшін мерзімі, орны, уақыты жəне ұсыну тəсілі көрсетілген Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарлама Комиссиямен бекітілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушымен Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушыларға алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыстық почталық жөнелтіммен, сондай-ақ электрондық почта немесе факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі Конкурстық ұсыныс Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушыларға мөр басылған конвертте жіберіледі. Конкурстық ұсыныс тігілген, беттері немесе парақтары нөмірленген, соңғы беті немесе парағы Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының қолымен жəне мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) расталған болуы тиіс. Конкурстық ұсынысқа қосымшалар (тігілген, беттері немесе парақтары нөмірленген, соңғы беті немесе парағы Қатысушының қолымен жəне мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) расталған болуы тиіс) жеке қоса беріледі. Конкурстық ұсынысы бар мөрленген конверттің бет жағында Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы мыналарды көрсетуі керек: Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының толық атауы жəне почталық мекенжайы; Актив бойынша Құжаттама пакетінде жəне Сауда-саттық хабарламада көрсетілген осы тəріздес мəліметтерге сай болуы тиіс Сауда-саттықты ұйымдастырушының жəне Компанияның толық атауы жəне почталық мекенжайы; Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушы үшін Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушының Конкурстық ұсынысы ұсынылатын Активтің атауы; Сауда-саттық туралы хабарламаға сəйкес Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды аяқтау уақытын жəне күнін көрсете отырып, «ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» жазбасы; белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған Конкурстық ұсынысы бар конверт, ашылмайды жəне қатысушыға қайтарылады. Тиісінше ресімделген Конкурстық ұсыныс Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушымен Конкурстық ұсыныстарды беру үшін Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жіберіледі немесе ұсынылады. Екі кезеңді ашық конкурстың əрбір қатысушысы бір ғана Конкурстық ұсынысты беруге құқы бар. Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғанға дейін Екі кезеңді ашық конкурстың қатысушысы бұрын жіберілген Конкурстық ұсынысты кері қайтарып алуға немесе оған өзгерістер жəне/немесе толықтырулар енгізуге құқы бар. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды жəне оларды Конкурстық ұсыныстарды тиісті тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін 30 минуттан аспайтын мерзімде Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада белгіленген мерзімде Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашуды жүргізеді, оған Екі кезеңді ашық конкурсқа қатысушылардың немесе олардың уəкілетті өкілдерінің қатысуға құқы бар. Əрбір Конкурстық ұсыныс ашылғанан кейін Сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілдері Конкурстық ұсынысы бар конверттегі материалдар мен құжаттардың тізбесін жариялайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушымен Конкурстық ұсыныстар ашылған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оның көшірмесі Конкурстық ұсыныс берген қатысушыларға олардың сұрауы бойынша 1 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін Сауда-саттықты ұйымдастырушымен 2-ден кем Конкурстық ұсыныс алынған болса, онда Екі кезеңді ашық конкурс өтпеді деп саналады, бұл жайында Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу туралы тиісті хаттамада белгі жасалады. Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы жасалғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Саудасаттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды жəне Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Комиссия хатшысына береді. Комиссия хатшысы Конкурстық ұсыныстарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Комиссия оларды қарауды жүргізеді жəне тиісті қорытындылар жасайды. Бұл мерзім Комиссия шешімімен бір рет ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге. Комиссия Конкурстық ұсыныста көрсетілген немесе сауда саттыққа қатысу туралы өтінімдерді қарау кезінде алынған Қатысушының қаржылық, ұйымдық жəне басқарушылық жəне өзге мүмкіндіктері тəрізді Қатысушылар туралы мəліметтерді ескере отырып, Конкурстық ұсыныстарды қарау нəтижелері бойынша Екі кезеңді ашық конкурстың жеңімпазын анықтайды. Бұл ретте Конкурстық ұсыныс Екі кезеңді ашық конкурстың екінші кезеңі туралы тиісті хабарламада бекітілген критерийлерге сай келуі тиіс. Конкурстық ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сəйкес ең төменгі талаптарға жауап бермейтін Конкурстық ұсыныстар Комиссиямен кейін қайтарылады, бұл жайында Екі кезеңді ашық конкурстың нəтижелері туралы хаттамада тиісті белгі жасалады. Егер нəтижесінде 2-ден кем кері қайтарылмаған Конкурстық ұсыныстар қалса, Екі кезеңді ашық конкурс өтпеді деп саналады. Комиссияның шешімі Екі кезеңді ашық конкурстың нəтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия отырысына қатысқан Комиссия мүшелерімен жəне ашық конкурс қорытындыларын шығарған күнгі отырысқа төрағалық етушімен қол қойылады. Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға жəне Екі кезеңді ашық конкурстың нəтижелері туралы хаттамаға қосуға құқы бар, бұл жайында ең соңғы бетінде белгі жасалады. Екі кезеңді ашық конкурстың нəтижелері туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі қатысушыға тиісті сұрау берілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Екі кезеңді ашық конкурстың жеңімпазымен шартқа Екі кезеңді ашық конкурстың нəтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қойылады. Екі кезеңді ашық конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 603-520 телефоны бойынша алуға болады.

Əлемдегі жетекші жиырма елді біріктіретін бұл топ осыдан 15 жыл бұрын құрылған еді. Бұл өзі əлемдік экономика мен қаржылық саясаттың өзекті мəселелерін талқылайтын дамыған жəне дамушы елдер арасындағы пікір алмасу алаңына да айналғандай еді. Алдында жыл сайынғы басқосуға сол елдердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшылары қатысатын. Ал 2008 жылғы дағдарыстан кейін мемлекет басшыларының кездесуі дəстүрге айналды. Бұл топтың екінші атауы бар – «Əлемдік экономиканың дағдарысына қарсы штаб» деп те аталады. Əдетте бас ты мақсат – сол дағдарысқа қарсы күш біріктіру, қандай мəселелерге басты назар аудару, кейбір аймақтарға, жеке елдерге экономикалық демеу көрсету, басқа да макроэкономикалық проблемалар талқыланады. Содан да сол «мықты жиырмалықтың» басқосуына барлық елдер үмітпен қарайды. Биылғы басқосуда да біраз өзекті мəселелердің басы қайырылды. Атап айтқанда, 800дей экономикалық бастаманы жүзеге асыру мақұлданды. Бұл əлемдік экономиканың өсуіне айтарлықтай ықпал етеді.

«Жиырмалықтың» ішкі жалпы өнімін 2018 жылға қарай 2 пайызға өсіру міндеті алға қойылды. Бұл дегеніңіз əлемдік экономиканы 2 триллион долларға өсіріп, 100 миллион адамға жұмыс тауып беру деген сөз. Əрине, бір цифрды белг і л е у ме н і с б і т п е й д і. О н ы ң нақты жолын іздестіру керек. «Жиырмалық» басшылары сондай жол деп əйелдерді еңбек нарқына көбірек араластыруды атап отыр. Бүгінге дейін ер адамдар мен əйелдердің еңбекке қатысуы арасында үлкен алшақтық бар. Енді соны 25 пайызға дейін қысқартқан күнде, 100 миллиондай əйел жұмыс күшін толықтырады екен. Жемқорлыққа қарсы күрес те жаңа сипат алмақ. Бизнес ашық болуға тиіс. Бұл пара беру, салықтан жалтару жолдарын жабады. Салықтық ақпаратпен алмасу міндетті болмақ. Климаттың өзгеруімен күресуге байланысты да келісім жасалды. Бұған арналған қорға 10 миллиард доллар салу келісілді. Оның 3 миллиардын – АҚШ, 1,5 миллиардын Жапония қоспақ. Бұл саммит жұмысына, əлемдік ақпарат құралдары ай рықша назар аударғандай, Украинадағы жағдайдың ықпал еткені де анық. Соған байланысты біраз елдер басшылары Ресейдің атына қатқыл сындар айтты. Атап айтар жайт – бұл сындар экономикалық мəселелерді талқылаған кезде емес, олардың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесулері кезінде айтылды. Бірақ мұны Брисбендегі саммитке салқыны тиді деуге келмес. Басқосудың басты тақырыбы – экономикалық даму жайында ғана сөз болды.

Дїниеде терроршылар кґбейіп барады Сидней университетінің Экономика жəне бейбітшілік институтының халықаралық сарапшылары əзірлеген зерттеу-баяндамасына қарағанда, өткен жылы террорлық əрекеттерден 18 мыңдай адам қаза тауыпты. Бұл одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 61 пайыз көп екен.

Ал биылғы жылы одан да көп болатыны жəне анық. Өйткені, жыл басынан бері талай жантүршігерлік террорлық əрекеттерді естіп-біліп, жазықсыз адамдардың жапа шеккеніне жанымыз күйзелген. Мысал көп. Сол террорлық əрекеттерден көз ашпайтын Ирак, Ауғанстан, Пəкістан, Нигерия жəне Сирияны айтпағанда, ол салыстырмалы түрде тыныштау деген елдерде де айқын көрініс беріп отыр. Сол қанішерлердің билікке немесе басқа бір жүйеге деген өкпесі, кегі бар шығар, ал оларға еш қатысы жоқ бейбіт өмір кешкен халықтың не жазығы бар?! Бұлар мұндай уəжді сұраққа жауап іздемейді. Көздері хайуандық, жыртқыштық сезіммен қанталаған сол қорқаулар адам сипатынан ада. Олар ешкімді аямайды – баланы да, ананы да, қартты да. Біз сол террор, торроршы дегенді қазақшаға «лаңкес», «лаңкестік» деп біршама жұмсартып аударып жүрміз. Бұлар ел арасына бүлік, лаң салып жүрген бұзақылар, даукестер емес, адамдық қасиеттен мүлде айырылған қорқаулар. Содан да жұрттың бəріне түсінікті «террор» деген халықаралық атауды өз қалпында алғанымыз жөн-ау. Сол терроризмнің түрі көп. Қазір діни терроризм басым сипат алып отыр. Өткен жылы Иракта 6 мыңнан астам адам террорлық əрекеттердің құрбаны болды.

Негізінен мұсылмандар сүннит жəне шиит болып бөлініп, бірбірінің үйлерін, мешіттерін жарып, қырқысып жатыр. Қырылып жатқандар – мұсылмандар. Кейбір діндестеріміз былай дегенімізді артық та көрер, шын мəнінде бұл – тағылық əрекет. Соңғы кезде Нигерияда пайда болған «Боко Харам» деген радикалды исламистік сектаның қыздардың оқуына қарсы шығып, оларды ұрлап əкетіп, зорлық көрсетуі ислам əлемінің бетіне жағылған күйе. Қазір террорлық əрекетпен көзге түсіп отырған да ислам əлемі. «Ислам мемлекеті», «Əл-Каида», «Боко-Харам» жəне «Талибан» десе, жұрттың жүрегі зырқ етеді. Осы бір кесапаттан құтылайық деп сол ислам əлемі мəміле жасаса, оның нəтижесі де болар еді-ау деген ой үнемі көңілді қажайды да жүреді. Оған осы елдердің күші де, қаржысы да жетер еді ғой дейсің. Ең өкініштісі – кейбір жетекші елдер сол діни бөлінудің жетегінде. Біреулері сүннизмге, біреулері шиизмге, тағы басқа измдерге іш тартып, ымыраласу жолына баруға ықылас көрсетпейді. Əрине, терроризм тек дінмен шектелмейді. Саяси, ұлтшылдық, сепаратистік, этностық сипаттағы террорлық əрекеттер жетіп артылады. Мəмілемен шешілетін көп мəселе қарулы қақтығысқа соқтырады. Өздерінің күшін көрсету үшін бір топтар жазықсыз жандардың қанын төгеді. Бір елдің атынан екінші бір елге қарсы жасалған террорлық əрекеттің салдары тіпті жаман. Терроризм қазіргі заманымыздың сипаты да шығар. Бірақ ол бір елде етек алса, екінші елде жоқ немесе саябыр. Бұл осынау кесапатқа сол елдердегі көзқарастың көрінісі. Бəрі де оған қандай тосқауыл қойылғанына байланысты.


13

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

 Айтайын дегенім...

Ўтар тўс – ўлтты тану

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 27.10.2014 жылы өткізілген тендер қорытындысы туралы хабарлайды. №1 лот бойынша – ПС-70 аспалы изоляторы – 702 дана, Рудный қ. «Қазақ арматуралық-изолятор зауыты» ЖШС бір дана үшін 1700,00 теңге баға бойынша 1 193 400,00 теңге сомаға жеңімпаз болып танылды. №2 лот бойынша – ШС-10Е істікті изоляторы – 2368 дана, Рудный қ. «Қазақ арматуралық-изолятор зауыты» ЖШС бір дана үшін 1250,00 теңге баға бойынша 2 960 000,00 теңге сомаға жеңімпаз болып танылды. №3 лот бойынша – АС-95 болат алюминийлі сым – 66 900 м, Павлодар қ. «Казэнергокабель» АҚ бір метр үшін 207,50 теңге баға бойынша 13 881 750,00 теңге сомаға жеңімпаз болып танылды. №4 лот бойынша – АС120 болат алюминийлі сым – 24 540 м, Павлодар қ. «Казэнергокабель» АҚ бір метр үшін 274,60 теңге баға бойынша 6 738 684,00 теңге сомаға жеңімпаз болып танылды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 10.12.2014 жылы сағат 11.00-де «АМТ» АҚ ІБ КПТУ, «Энергоуголь» ӨБ үшін 2015 жылға ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алуға ашық тендер өткізу туралы хабарлайды. Лот №1. «Энергоуголь» ӨБ жөнінде ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алу. Нысандардың орналасқан жері – Қарағанды қ., Шахтинск қ., Абай қ., Саран қ., Абай ауданы. Бекеттердегі күзетшілер саны – 27 адам. Адам/сағат құны – 201,60 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін. Лот №2. Автопатрульдеу. Күзетшілер саны – 2. Орналасқан жері – 2Д тораптан Б торабына қарай су құбыры желісі. Адам/сағат құны – 336 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін. Лот №3. Сорғы стансаларындағы ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алу. Нысандардың орналасқан жері – Бұқар жырау ауданы, Жоғарғы Соқыр, Шахтинск қ., Шахан қ., Саран қ., Абай ауданы. Күзетшілер саны – 20. Адам/сағат құны – 308 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін. Лот №4. «Углесервис» кəсіпорны, ППТС, УПТС əкімшілік ғимараты мен қоймалары, КПП ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алу. Нысандардың орналасқан жері – Қарағанды қ. Күзетшілер саны – 9. Адам/ сағат құны – 201,60 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін. Лот №5. КПТУ үшін ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алу: бекеттердің орналасқан жері – Қарағанды қ., күзетшілер саны – 21. Орналасқан жері – Абай ауданы (Қызыл кенті), күзетшілер саны – 13. Адам/сағат құны – 201,60 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін. Лот №6. Автопатрульдеу. Бекеттің орналасқан жері – Қарағанды қ., – №1 мобильді топ, күзетшілер саны – 2 адам. Бекеттің орналасқан жері – Қарағанды қ., – №2 мобильді топ, күзетшілер саны – 2 адам. №3 мобильді топ – Придолинская ст. – ДМЗ, Придолинская ст. – Западная ст. – Шахтинск ст. теміржол жолдарындағы учаске – күзетшілер саны – 2 адам. Адам/сағат құны – 416,64 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін. Тендерлік құжаттама мына мекенжайда беріледі: Теміртау қ., Республика д-лы, 1, зауыт басқармасы, 4-қабат. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа мына мекенжай бойынша тапсырады: Теміртау қ., Республика д-лы, 1, зауыт басқармасы, 10.12.2014 ж. сағат 9.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 10.12.2014 ж. сағат 11.00-де ашылады. Анықтама мен қосымша ақпарат алу телефондары: 8 72139/6-52-25/, 87774872105.

Мекенжай: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті E-mail: sariagash-san@mail.ru Веб-сайт: www.sariagash.kz

ЕМДЕУ МЕН САУЫҚТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ: 1. Асқазанның созылмалы қабынулары, жоғары, төменгі, қалыпты қышқылдылықтағы созылмалы гастриттер. 2. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы жəне ойық жараға операция жасалынғаннан кейінгі жағдайда. 3. Бауыр мен өт қабының жəне өт өзегінің созылмалы қабынулары (гепатит, холецистит, холангит), өт жолдары тарылып, жылжуының қиындауы (дискинезия), өт қабында, өзегінде пайда болған құм-тасқа қарсы емдік шаралар жəне оған операция жасалғаннан кейінгі жағдайда. 4. Созылмалы панкреатит. 5. Ішектің созылмалы қабынулары (колит, энтероколит т, б). 6. Бүйректің созылмалы қабынулары. 7. Еркектер мен əйелдердің жыныс мүшелерінің созылмалы қабынулары (простатит, визикулит, аднексит, колпит т, б). 8. Бүйрек пен зəр жолдарына құм не тас байлануы – несептас (уролитиаз жəне тұзды диатездер). 9. Буын, омыртқа аурулары, остеохондроз, əртүрлі себептегі артриттер (шорбуын), құяң, (радикулит),тұзсал. 10. Тері аурулары (желікті дерматит, нейродермит т.б.) жəне сусамырдың (қантты диабеттің) жеңіл түрлері «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешенінің ерекшеліктері емнің негізі болып табылатын «Сарыағаш» шипалы минералды суы өндірілетін ұңғымалар кешенге тиесілі жəне тікелей ұңғымалардан емге беріледі. Деніңіз сау, жас əрі сұлу болып қалғыңыз келсе – Сарыағашқа келіңіз! «Сарыағаш» шипалы суы жастық пен əсемдіктің бал шырыны!

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 10 желтоқсанда (Астана уақытымен) сағат 11.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандары қойылады: 1. Уаз-3962 автокөлігі, тіркеу нөмірі 475АА04, 2000 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК. Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Алғашқы бағасы – 66 000 теңге. Бастапқы бағасы – 660 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 18 640 теңге. Кепілді жарна – 9 900 теңге. 2. Ваз-21214 автокөлігі, тіркеу нөмірі 027РК04, 2008 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді кенті, Құрманғазы көшесі, 40. Алғашқы бағасы – 35 000 теңге. Бастапқы бағасы – 350 000 теңге. Кепілді жарна – 5 250 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна «Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына төленеді: KZ160705012170166006, БСК KKMFKZ2A, БСН 120340000827, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ банкіне, КБе-11, КНП-171 (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарналардың уақтылы түсу мақсатында өтінімдер тапсыру алдында кепілді жарнаны үш күн бұрын төлеуге кеңес береміз. Кепілді жарнаны кері қайтару үшін аукционды ұйымдастырушыға электрондық аукционға қатысушы банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын беруі қажет. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің вебпорталында енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағиданың қосымшасына сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталында

телефон: 8 (72537) 5-13-51, 5-13-11 факс: 8 (72537) 5-13-33

қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері бойынша Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды мекенжайда өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып танылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Ақтөбе қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 33, 403-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Қағидаға сəйкес, сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нəтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілді жарнасын жоғалтады жəне сатушыға кепілді жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтыратындығын қоса хабарлаймыз. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7132) 54-44-54 телефоны арқылы алуға болады.

«Мен – қазақпын белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Бұратана емеспін, Отаным бар, Соның менде күші бар, нарлығы бар. Талай заман жаныштап жабырқатқан, Тəубаға кеп тартқандай тəңір қарғаң. Мен күш алып, аспанда тұрмын бүгін, Таңырқаман, бірақ мен таңырқатам», – деп осы бір жыр шумақтарында Жұбан Молдағалиев халқымыздың қадір-қасиетін бағалап, еліміздің кешегісі мен бүгінгісін саралап, болашақта атқарылуы тиіс міндеттерді атап көрсеткендей. Иə, ұлтымыз не көрмеді? Сонау жоңғар заманының қитұрқы, қатыгез əрекеттерін бастан кешіп, бертін келе үстем күштің езгісіне түсіп, аштық пен қорлықты, зорлық-зомбылықты, қан майдандағы жанкешті тірлікті басынан өткерді. Сол бір азапты кезеңде талай боздақтарымыздан, ел жыртығын жамаған қайраткерлерімізден айырылып та қалдық. Ұлтым деп еңіреген, елім деп еміреніп өткен қайталанбас тұлғаларымыз қазір ел тарихынан орын алды. Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бабаларымыз бастаған ұлт мүддесі үшін болған күресі өткен ғасырда Желтоқсан көтерілісіне жалғасты. Сол кездегі Қайрат Рысқұлбеков, Лəззат Асанова сынды жалындаған

жастардың, арғы-бергі замандардағы өжет ұл-қыздардың арқасында еркіндікке, теңдікке қол жеткіздік. Бұғаудан босап, шылбырымыздың түйіні шешіліп, талай ғасыр бабалар армандап келген тəуелсіздікті алдық. Ал осы бір Тəуелсіздік атты қастерлі ұғымды біз қаншалықты бағалаудамыз? Ұлтымыздың дəрежесі қазір қандай деңгейде? Енді осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Бүгінгі таңда көшеде болсын, арнайы мекемелерде болсын қазақ ұлтының ер, əйел азаматтары, ұл-қыздары бірбірімен орыс тілінде сөйлесіп отырғанын байқауға болады. Екі қазақ қатар отырып, орысша тілдесуге бет бұрғанын қалай түсінсе болады? Сонда олардың өз тілін қорсынып, жатсынғаны ма? Туған тілін соншалықты төмен дəрежеге қойғаны ма? Мен бұлардың тірлігін мың ойланып, жүз толғансам да санама сіңдіріп, нақты бір мəнісін ұғына алмадым. Бəлкім, тіліміздің грамматикалық қиындығынан қашқақтап, сөздерін ауырсынудан туған əрекет шығар? Жоқ, əрбір тілдің өзіне тəн ауырлығы мен жеңіл тұстары табылады. Əлде халқымыздың саны аз болғандықтан, тілінің де өрісі тарылады деген ішкі жат пікірден бе екен? Жоқ, бұл да емес. Халқының саны

бізден де аз Бельгия мемлекеті (10 млн. 379 мың) өз тілінен өзге тілге бір табан баспайды. Сонда неден? Менің ойымша, ондайлар халқымыздың ұлы мəдениетінен, салтдəстүрінен, əдет-ғұрпынан хабары аз, оны білуге талпыныс жасамайтын кертартпа əрекетінен бе деймін. Иə, оларды осылай атаған жөн шығар. Өзінің ұлты жөнінде танымы аз, қандай дінді ұстанатындығын, қандай тілде сөйлесу қажет екендігін санасына сіңіре алмаған қандастарыма басқа не айтуға болады? Қадыр ақынның (Мырза Əлі) «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» деген аталы сөзі бар емес пе? Егер басқа тілге қызығушылығың болып тұрса, əрине, үйрен. Көп тіл білу – ол да бір өнер. Алайда, «өзгенің тілін білдім» деп өз тіліңді ұмытып, жатсынып кету ағаттық. Бұл – туған тіліңді тума тілдің жетегінде қалдыру. Нақтысын айтсақ, онымен таразы басын теңестірмеу, əлеуетін арттырып, керегесін кеңейту ана сүтіндей ақ тіліңді қорлау. Иə, азат елдің тілі бесіктен белін түзеу қажет. Оны түзейтін өзге емес, біз, менің замандастарым болуы керек. Оның ұтар тұсы – ұлтты тану. Назым ҚАЙРАТ, студент.

 Ғажап!

Семейлік азамат шґлмектермен монша салды Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Семей қаласының Əленхан Закиев деген тұрғыны бос шыны шөлмектерді жинап, олардан монша тұрғызып алды. Ол өз ойын іске асырудан бұрын газет-журналдарды ақтарып жүріп, шыныдан салынған нысанның тиімді жобасын кездестіріп

қалады да, іле іске кіріседі. Оған құрылыс материалын табу да қиындық туғызбаған. Өйткені, көшеде шашылып жатқан бос шөлмектердің көп екені белгілі. Əленхан 5 мыңдай шыны құты қаланған моншаны салуға 3 айдай уақытын бөлген. Өз ісіне көңілі толған семейлік азамат: «Астыңғы едені де шөлмек. Күн көзінің жылуы іштегі ауаны жылытады. Көп отын да

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жамбыл мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаменті 2014 жылғы 9 желтоқсанда сағат 10.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің вебпорталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бектілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүргізіледі. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. Ғимарат (литер А), жалпы алаңы 147,10 ш.м., дизель майы сақталатын ғимарат, жалпы алаңы 43,7 ш.м., ЖЖ-10 кВ-ҚТО КТК жауапты тірегі; КТК 10/0,463 КВА-трансфаматорлы кіші станция; К-47 ұяшығы; əжетхана күрелген орнымен; қақпасы бар тікенді сымнан жасалған қоршау; мекенжайы: Жамбыл обл., Қаратөбе ауылды округі, Қызылшарық а. Теңгерім ұстаушы: «Қазаэронавигация» РМК. Бастапқы баға – 17 360 000 теңге. Алғашқы баға – 3 472 000 теңге. Ең төменгі баға – 2 345 079 теңге. Кепілді жарна – 520 800 теңге. 2. Volkswagen Passat автомашинасы, мем.нөмірі Н477КР, 1997 ж.ш., мекенжайы: Қордай ауд., Қордай а., Жібек жолы к-сі, 171. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ. Бастапқы баға – 840 000 теңге. Алғашқы баға – 168 000 теңге. Ең төменгі баға – 126 079 теңге. Кепілді жарна – 25 200 теңге. 3. Ваз-21213 автомашинасы, мем.нөмірі Н098ВС, 1996 ж.ш., мекенжайы: Меркі ауданы, Меркі а., Əбдіров к-сі, 24. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК. Бастапқы баға – 1 045 000 теңге. Алғашқы баға – 209 000 теңге. Ең төменгі баға – 92 618 теңге. Кепілді жарна – 31 350 теңге. 4. Газ-3102-311 автомашинасы, мем.нөмірі Н078AV, 2003 ж.ш., мекенжайы: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78. Теңгерім ұстаушы: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің «Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы баға – 930 000 теңге. Алғашқы баға – 186 000 теңге. Ең төменгі баға – 172 331 теңге. Кепілді жарна – 27 900 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар «Жамбыл мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаментi» мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ740705012170170006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340007071, ММ коды 2170170, КБе 11, КНП 171. (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Төлемнің белгіленуі: аукционға қатысу үшін кепілді жарна. Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқын береді. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақтылы түсу мақсатында өтінімдер қабылдау аяқталуға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Назар аударыңыз! Веб-портал өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ саудасаттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінім қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын

сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Тараз қаласы, Əл-Фараби көшесі (5-шағын аудан), 11 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Назар аударыңыз! Сатып алушы жылжымалы мүлікті жекешелендіру кезінде жер учаскесіне құқық пайда болады. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес сатып алушы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бөлек төлейді. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталына: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің вебпорталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түспеуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8(7262) 34-34-90 (факс) телефоны арқылы алуға болады.

кетпейді, өзі ысып шыға келеді», – дейді. Осылайша ол өзіне қажетті жуынатын жай салумен қатар, қаланың тазалығына да үлес қосты. Қазіргі таңда күн сəулесіне шағылысқан монша қалалықтар мен алысжақын ауылдардан келген қонақтардың қызықтап қарайтын орнына айналып отыр. Тіпті, Əленханнан оның үлгісін сұрап келетіндер де көбейіпті.

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17-үй мекенжайы бойынша орналасқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (қоғам) осымен өзінің акционерлерін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17-үй (қоғамның атқарушы органының мекенжайы) 1201 конференц-зал мекенжайы бойынша 2015 жылдың 13 қаңтарында 10 сағат 30 минутта: қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі Берлібаев Данияр Əмірбайұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; Кристофер Саймон Хопкинсонды тұтастай алғанда қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзіміне қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі етеп сайлау туралы күн тəртібімен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіндігі туралы хабардар етеді. Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 9 сағат 30 минут. Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 10 сағат 15 минут. Кворум болмаған жағдайда акционердің қайталама жылдық жалпы жиналысы осы күн тəртібімен осы мекенжай бойынша 2015 жылдың 14 қаңтарында 10 сағат 30 минутта болады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 2014 жылдың 15 желтоқсаны. Акционерлер күн тəртібінің мəселелері бойынша материалдармен 2014 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17, 13-қабат, 1313-бөлме мекенжайы бойынша қоғамның ғимаратында жұмыс күндері сағат 9 сағат 00 минуттан 18 сағат 30 минутқа дейін, сондай-ақ www.kmgep.kz сайтында таныса алады. ТҮЗЕТУ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылдың 5 желтоқсанында сағат 10.00-де электрондық аукцион өткізу туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №226 (28449) санында жарияланған ақпараттық хабарламасында көрсетілген, төмендегі реттік сандары бойынша нысандардың кепілді жарналарына жəне шығарылған жылына мынадай түзету енгізіп, былайша оқылуын сұрайды: 1. «Daimler Benz-201» автокөлігі, м/н Х 671 ВS,1988 ж/ш. Кепілді жарнасы – 22668 теңге; 3. «Toyota Hi Ace» автокөлігі, м/н Х 028 DC,1996 ж/ш. Кепілді жарнасы – 54231 теңге; 4. «Mercedes Benz-280E» автокөлігі, м/н Х 104 ZZ,1995 ж/ш.; 7. «ГАЗ-3110-101» автокөлігі, м/н Х 084 СК,2002 ж/ш. Кепілді жарнасы – 14812 теңге; 8. «УАЗ-31512» автокөлігі, м/н Х 439 ВА,1992 ж/ш. Кепілді жарнасы – 11808 теңге; 13. «ГАЗ-3110» автокөлігі, м/н Х 914 AD, 1999 ж/ш Кепілді жарнасы – 9408 теңге; 15. «ВАЗ-2106» автокөлігі, м/н Х 017 FP, 2001 ж/ш. Кепілді жарнасы – 16279 теңге.

Тасымов Сейфулла Нуроллаевичтің 2014 жылғы 25 мамырда қайтыс болуынан кейін мұрагерлік істің ашылуына байланысты барлық мұрагерлерге мына нотариусқа хабарласуын сұраймын: Бейсенбаева Арайлым Саматқызы, Астана қ., Тұран д-лы, 18-үй, 99А-кеңсе, +7 7172 799-088. Уважаемые клиенты АО «Халык-Life»! Сообщаем, что в связи с расширением штата, филиал АО «Халык-Life» в городе Алматы переехал в новый офис по следующему адресу: 080000, РК, г. Тараз, ул. Александра Пушкина, д.10. Всегда рады видеть вас!

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Республикалық спорт колледжінің директоры, белгілі қоғам қайраткері Амалбек Қозыбақұлы Тшановқа ағасы Жамалбек ҚОЗЫБАҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен медицина қауымы денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкері, №7 қалалық емхананың бас дəрігері Болат Баймахановқа əкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бименді БАЙМАХАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Республикалық спорт колледжі» РМҚК ұжымы колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амалбек Қозыбақұлы Тшановқа ағасы Жамалбек ҚОЗЫБАҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


14

www.egemen.kz

21 қараша 2014 жыл

 Мемлекет мерейі

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Ауыр атлетші ќызєа ќўрмет кґрсетілді

Сарбаздар да Жолдауды ќолдауда  Бəрекелді!

Əлемдік бокс сериясы (WSB) бойынша өнер көрсететін «Астана Арланс» клубына Серік Сəпиев директор болып тағайындалды.

Кəсіпкер кґпбалалы отбасына пəтер сыйлады Ақтөбе қаласында тұратын жеке кəсіпкер Мейіржан Өндіргенов нағыз мейірімділік танытып, 8 баласы бар отбасына пəтер сыйлады. Бұдан бір ай шамасы бұрын Ақтөбедегі ең жас ардақты ана Айсəуле Сатыбалдиева КТК телеарнасына баспана зардабын тартып жүргенін айтып, мұңын шаққан екен. Олар шиеттей бала-шаға мал шаруашылығындағы төбесі тесік, терезесі сынық тар бөлмеде жұмысшылармен бірге тұрып келген. Сол бір бөлмеде балалары ас ішіп, сабақтарына дайындалатын. Ұйықтайтын, жуынатын да жер бір болған. Міне, сол сюжетті көрген жергілікті кəсіпкер бірден өзінше шешімге келіп, аталған отбасына қаладан екі бөлмелі пəтерді сыйға тартты. Тұрмыстың қиындығына қарамастан, тоғызыншы сəбиіне аяғы ауыр ана отбасымен жаңа баспанаға көшіп келді. «Өзіміздің үлкен үйіміз болса. Шамалы ақшамыз болып, осы үйден кетіп, үлкен үйге барсақ деп ойлаймын», – деген еді Айсəуле Саты балдиеваның ұлы Əліби Ордабай. Бүгінде сол бала тілегі

орындалды.Сегіз баланың үлкені Əлібидің қазір қуанышында шек жоқ. Жүктерін түсіріп əлек. Ал отыз жасында алтын алқа иегері атанған Айсəуле тоғызыншы сəбиінің біреудің есігінде емес, өз шаңырақтарында дүниеге келетіндігіне шүкіршілік етеді. Бұл отбасын жарылқаған кəсіпкер Мейіржан Өндіргенов

өзінің де көпбалалы отбасынан шыққанын айтады. «Осы отбасының жағдайын КТК арқылы көрдім, басқа қайдан көремін. Мен балалар үшін жасадым мұны. Мынандай заманда сегіз бала телевизоры жоқ, суы жоқ, оты жоқ үйде тұрып жат қаны біздің азаматтығымызға келмейді. Қолымыздан асқаннан-тасқаннан беріп жатқан жоқпыз», – дейді Мейіржан Өндіргенов. Сəкен ҚҰЛЫМБАЙ.

 Мəссаған!

12 жылдан бері ґлілер тізімінде тўрєанын естіген əйел талып ќалды Қарағанды қаласының Майқұдық шағын ауданында тұратын үй шаруашылығындағы əйел Валентина Сакман өзінің 12 жылдан бері өлілер санатында екенін таяуда күтпеген жерден біліп, есінен танып қала жаздады. В.Сакман бұл сұмдық деректі халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өзіне қажетті құжаттарды алмақ болғанында бір-ақ біледі. Дəлірегі, Валентина Ивановна қарашаның басында ағасын жерлегеннен кейін оның өлімі туралы анықтама алу үшін аталмыш орталыққа барады. Сол жерде бұрынырақта қайтыс болған анасына қатысты да бір анықтама алмақ болады. Бірақ орталықтағылар оны барған бойында басқаша бір көзқараспен қабылдайды. «Көзімді салып қарап тұрмын, қызмет көрсетіп отырған қыз маған біртүрлі болып қарады, – дейді Валентина Ивановна. – Сосын лып етіп көтеріліп, біреуді шақырып

келді. Сəлден соң тағы біреулер келді. Бəрі жабылып біресе компьютерге қарайды, біресе маған қарайды, содан кейін бір ауыздан: «Бұл шынында сізсіз бе?», деп сұрады. Не болып жатқанын ұқпаған мен, суретім ұқсамай тұр ма деген оймен бас киімімді алып: «Немене, ұқсамаймын ба?» – деп сұрадым. Басыма əлдебір алаяқтар менің құжаттарымды пайдаланып, көп мөлшерде несие алған шығар, деген ой келіп, қатты шошып кеттім. Бірақ терезенің арғы жағындағылар біраздан кейін мен мүлдем күтпеген сөздерді айтты. «Сіз бізде өлгендер қатарында тіркеуде тұрсыз», деді бетіме тіктей қарап. Сол-ақ екен, мен өзіме не болғанын білмей, бірден есімнен тана құладым». Сол жерде халыққа қызмет көрсету орталығындағылар Валентина Сакманға он күн күте тұруды, сосын бəрін орнына келтіретіндерін айтып сендіреді. Ал оның енді бір айдан кейін

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

зейнеткерлікке шығуы тиіс екен. Осыған орай əйел тезірек құжаттарын жинастыруы керек. Бірақ қазір ол қайда барса да, алдынан тосқауыл шыға келетін көрінеді. Соңғы рет ол зейнетақы салымдары үшін есепшот ашқысы келген екен, оған «біз өлген адамдарға қызмет көрсетпейміз», деген жауап алыпты. «Біз, əрине, одан кешірім сұрадық, – дейді көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы Əлия Омарова. – Егер біз бұл жағдай қазіргі күні болса, мəселені тез шешер едік. Ал 10 жыл бұрын үлкен қателік жіберілген. Бұрынғы куəлікті екі жылдан кейін қателесіп, қайтыс болуына байланысты деп жойып жіберген. Ол кезде құжат ауыс тыру көп болды. Сондай абыр-сабыр кезде қателік кетіп тұр. Енді қазір біз əріптестерімізді асықтырып жатырмыз».

Сəпиев «Астана Арланс» клубына директор болды Шешімді «Астана Арланс» клубының кеңесі қабылдады. Лондон Олимпиадасының жəне əлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сəпиев жаңа қызметіне осы жылы Ұлыбританиядағы оқуын бітірген соң кірісетін болады. Осыған дейін Vesti.kz спорт басылымына берген сұхбатында Сəпиев өзіне артылған үміт ті ақтап шығуға уəде берген еді. «Маған мұндай маңызды əрі қызық жұмыстың тапсырылғаны үшін қуаныштымын. Қазақстан спортына пайдам тиеді деген үміттемін жəне бокстың дамуына өз үлесімді қоса аламын деп ойлаймын. Сенімді ақтауға тырысамын», – деді Сəпиев өзінің тағайындалуына орай. Бұған дейін команданы Болат Манкенов басқарды, ол мұның алдында отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар, клубтың бас жаттықтырушысы болып белгілі маман Марат Жəкиев бекітілді. Ол украиналық маман Сергей Корчинскийдің орнын басты. Айта кетейік, М.Жəкиев – КСРО спорт шебері, Кеңес Одағы чемпионатында қола жүлде алды. Бокстағы мансабын аяқтаған соң жаттықтырушылыққа ауысты. «Астана Арланс» клубына дейін ол Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Əділбек Ниязымбетовтің жеке бапкері болды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов Алматы қаласында ауыр атлетикадан өткен əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Жазира Жаппарқұлды қабылдап, оған сыйсияпат жасады. Қабылдауда аймақ басшысы Жазира мен оның жат тықтырушысы Вячеслав Нюді ортақ жеңістерімен құттықтады. Спортшылармен болған кездесуде облыс əкімі мемлекеттік қолдаудың арқасында талай дарынды спортшыларымыз түрлі деңгейдегі спорттық додаларда топ жарып, ел намысын қорғап жүргендігін атап өтті. Ауыр атлетикадан əлемдік жарыста Оңтүстік аруының тұңғыш рет биік нəтиже көрсетіп отырғандығы барша қазақстандықтардың отансүйгіштік рухын асқақтатты деп бағалады. Талантты спортшы

мен оның жаттықтырушы лары Олимпиялық ойындарда да биіктен көрінеді деген сенім білдірді. Соңынан Асқар Мырзахметов

Ќос «Ќазаќстан Барысы» финалєа ґте алмады Шымкентте дзюдодан өткен Қазақстан чемпионаты мəресіне жетті. Онда қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров – «Əлем Барысында» дзюдодан Олимпиаданың қола жүлдегері кубалық алыпқа ғана ақтық сында есе жіберген шығыстың шынары аса ауыр салмақта финалға өте алмады. Ол Руслан Əбдіразақовтан жеңіліп қалды. Айбек жартылай финалда шығысқазақстандық Е.Қажыбаевпен белдескен. Негізгі уақытта екеуі бір-бірін ала алмады. Тіресіп жүргеннен кейін төреші екеуіне шидоны (ескерту) шүлен таратқандай үлестірген. Нұғымаровқа үш шидо бұйырды. Төртіншісін алған Қажыбаев «Қазақстан Барысын» чемпионаттың қола жүлдегері болуына жол ашты. Айбек Айтбек мықты шықты. Қыздар арасында 78 келі салмақта Қазақстан чемпионы атағы оңтүстікқазақстандық А.Амангелдиеваның несібесіне жазылған екен. Қарсыласына қарағанда аласалау болғанымен, жылдамдығы реактивті ұшақтай қыз орайы келгенде қарсыласын кеудесінен басып 20 секунд орнынан тырп еткізбеді. Таза жеңіс. Қыздар арасындағы аса ауыр салмақтағы тартыс оңтүстікқазақстандық Зарина Абдурасу лова мен шығысқазақ стандық Гүлжан Исанованың арасында өтті. Олимпиаданың да дуын көрген Гүлжан – құраманың бас балуаны. Нəрестелі болып, бес-алты айлық шақалағымен келген ол финалға еркін жетті. Сыралғы қарсыластар негізгі уақытта бір-бірін ала алмады. Екеуінде де үш-үштен шидо. Қосымша уақытта тағы əрекетсіз. Уақыт сынаптай сырғуда. Бір кезек Зарина Гүлжанды татамиден итеріп шығарып жіберді. Шидо. Жеңімпаз – Г.Исанова. Ал аса ауыр салмақтағы қызылордалық Руслан Əбдіразақов шығысқазақстандық Дəурен Нұралиновқа соқыр ұпай ұстатқан жоқ. Əуелі қырқа шалып, вазарий алған. «Шығасыға иесі басшы» дегендей, таза жеңілуге Дəуреннің

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы, дзюдо құрамасының бас бапкері Ермек Иманбеков айтқандай, жаттықтырушылар кеңесінің мақұлдауымен əлем чемпионы Максим Раков бастаған бес мықты балуан қатыспады демесеңіз, чемпионат тартысты өтті. Аса ауыр салмақтағы балуан, алғашқы «Қазақстан Барысы» Қызылордалық Ұлан Рыс құл алғашқы айналымда-ақ жарыстан шығып қалған. Оңтүстік қазақстандық Сабыржан Əбілдаұлы да ширек финалға жете алмады. Аса ауыр салмақтағы қола медальді сарапқа салған төрт ба луан ның ішінде астаналық А.Абдулов жақсы əсер қалдырған. Ширек финалда болашақ Қазақстан чемпионы Руслан Əбдіразақовтан ғана ұтылған астаналық балуан жартылай финалға еркін өтті. Енді жоғары салмақтағы ақтық айқастарға келсек, нағыз жан алысып жан берісетіндей жанталас болған. 90 келі салмақта жастар арасында өткен əлем чемпионатының күміс жүлдегері, талай түйе балуанның апынын басып жүрген оңтүстікқазақ стандық Самат Есен алымдылау көрінген. Бірақ, жамбылдық

өзі көмектесті. Русланды аударамын деп жатып астына өзі түсіп қалды. Сонымен, Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары кімдер десек, қыздар арасында: 48 келі А.Подрядова (ОҚО), 52 келі Г.Турмаханова (ОҚО), 57 келі Н.Құбашева (Атырау облысы), 63 келі З.Файзолланова (Алматы қаласы), 70 келі О.Өмірəлиева (Қарағанды облысы), 78 келі А.Амангелдиева (ОҚО), аса ауыр салмақта Г.Исанова. Ерлер арасында 60 келі салмақта алғашқы алтынды Р.Ыбыраев Ақтөбе облысының еншісіне жазды. 66 келі салмақта М.Қалтаев (ОҚО), 73 келі салмақта Е.Төренов (Жамбыл облысы), 81 келі салмақта Д.Жақыпов (Жамбыл облысы). 90 келі салмақта А.Айтбек (Жамбыл облысы), 100 келі салмақта В.Демьяненко (Алматы қаласы), аса ауыр салмақта Р.Əбдіразақов (Қызылорда облысы) жеңіс тұғырына көтерілді. Шымкенттегі чемпионат жоғары деңгейде өтті. Дзюдоның отаны Жапониядан мəртебелі меймандар келген. Себеп бар. Жарыс басталған күні Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы, дзюдодан елімізде алғашқы 7 дан иегері, Азиядағы дзюдо одағының спорттық директоры, Бүкілəлемдік дзюдо федерациясының мүшесі, Сидней Олимпиадасында татамиде төреші болған Серік Оңғарбаев 60 жасқа толған. Шетелдерден келген қонақтардан бөлек, даңқты балуан Дəулет Тұрлыханов балуандарға ақжолтай тілек айтты. Келер жылы Қазақстанда дзюдодан əлем чемпионаты өтеді. Оған дайындық бүгіннен басталады. ШЫМКЕНТ.

Ќадірлі оќырман! www.egemen.kz

«Егемен Қазақстан» газетіне 2015 жылға жазылу жүріп жатыр! Жазылу мерзімі

Индекс

жеке жазылушылар 65392 үшін

15392

кəсіпорындар мен ұйымдар үшін

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

 Спорт

Жазылу бағасы Аймақта қала

аудан/ауыл

3 ай

1 434,45

1 459,08

6 ай

2 868,90

2 918,16

12 ай

5 737,80

5 836,32

3 ай 6 ай 12 ай

2 385,45 4 770,90 9 541,80

2 410,08 4 820,16 9 640,32

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

ауыр атлетке 3,5 млн. теңгенің, оның жаттықтырушысына 1 млн. теңгенің сертификатта рын табыс етті.

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Анықтама телефондар: (717 2) 37-65-27, 37-19-87

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айдар ӨРІСБАЕВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 7 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №444 ek

Profile for Egemen

21112014  

2111201421112014

21112014  

2111201421112014

Profile for daulet
Advertisement