19022015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№33 (28511) 19 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ИННОВАЦИЯЛЫЌ МАТЕРИАЛДАР ЗАУЫТЫ Жобалыќ ќўны – 1,5 миллиард теѕге, жылдыќ ќуаты – 14 мыѕ тонна

Кґкейкесті мəселелер ќозєалєан кездесу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынты мақтастықтың ахуалы мен ке лешегі, халықаралық күн

тəр ті біндегі мəселелер, соның ішінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай да талқыланды. Тараптар Еуразиялық

эко но микалық одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген мəселелерін қозғады. Сондай-ақ, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаңа сын-қатерлерді талқылады. Н.Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының арасындағы жоспарлы консультацияларға қатысу үшін келді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Президент поштасынан

Өмір ЕСҚАЛИ,

Ерекше мəнге ие идея Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу жөніндегі бастамасына байланысты хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының атына ел азаматтары мен түрлі ұйымдардан бастамаға қолдау білдірген, Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарымызды тұрақты жалғастыру үшін сайлау өткізудің қажеттілігін атап көрсеткен хаттар толассыз келіп түсуде. Елдің еңбек ұжымдарынан көптеп келіп жатқан хаттарда Мемлекет басшысына қолдау білдірілген. Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің жұмысшылары сайлау өткізу əлемдік дамудың жаңа сатысында халықты одан сайын ұйыстыра түсетініне жəне барлық қазақстандықтарды

«Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін біріктіруге ықпал ететініне сенім білдірген. «Бірлестіктің 20 мың адамдық ұжымы Отанымызды ілгерілетуге жəне орнықты дамытуға бағытталған бастамаларды əрдайым қолдап келеді жəне қолдай беретін болады. Біз бүгінгідей күрделі уақытта Сіздің саяси ба тылдығыңыздың арқасында тəуелсіз Қазақстанның əрбір даму кезеңі жетістіктердің, көпұлтты Отанымыздың бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудың жылдарына айналғанын айқын сезініп отырмыз. Қазақстан Сізбен бірге

Уаќытпен їндескен їндеу Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын қолдау бойынша Елбасына Қазақстан Парламенті Мəжілісінің үндеуін жолдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

ҚХА Кеңесінің президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы үндеуін қарауды күн тəртібіне енгізуді Мəжіліс депутаты Жұматай Əлиев ұсынды. Депутаттың бұл ұсынысы əріптестері тарапынан бірауыздан қолдау тауып, күн тəртібінің бірінші мəселесі болып қаралды. Үндеу жария етілгеннен кейін депутаттар Сергей Дьяченко, Нұртай Сабильянов, Владислав Косарев, Гүлнар Сейітмағанбетова, Виктор Киянский, Азат Перуашев, Əлихан Тойбаев, Ирина Аронова, Тұрарбек Асанов, Серік Сейдуманов жəне Бақытбек Смағұл жарыссөзге сұранып, өз қолдауларын нақты мысалдармен дəйектеді. Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко былай деді: «Бұл – көпэтносты қоғамның сыртқы жағымсыз факторларға деген жауабы. Əлемде жаһандық дағдарыс белең алып келеді жəне геосаяси жағдай ушыға

түсуде. Болжамға қарағанда, мұның барлығы шиеленісіп кетуі де мүмкін. Сондықтан да қазақстандықтарға сындарлы, прагматикалық жəне стратегиялық алдын алу жағын ойластырған жөн. Қазіргі кезде Қазақстан халқының бірлігі мен ұжымдасуын нығайту маңызды». Ал депутат Нұртай Сабильянов ҚХА үндеуін қолдап қана қоймай, осы бастаманы қолдау туралы депутаттар өтінішін де жеткізу керектігіне назар аудартты. Жарыссөз соңынан Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов та əріптестерін қолдай отырып, былай деді: «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле демекші, бүгінгі аумалы-төкпелі заманда баршамыз тізе қосып, тілек ұштастырып, мүдде тоғыстырып, Қазақстанды Мəңгілік Елге айналдыру үшін аса маңызды осы саяси іс-шараны бірге атқарысайық! Бұл сайлауды халық сұрап отыр. Халықтан асқан дана жоқ дейміз». (Соңы 4-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Тыєырыќ тґркіні – ретсіздік

7-бет

Басты нысана – Рио-де-Жанейро

10-бет

«Егемен Қазақстан».

мін детті түрде табысқа жетіп, əлемдегі экономикасы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіретін болады», – делінген хатта. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері мен ардагерлерінің ашық хатында əлемдегі күрделі қаржы-экономикалық ахуал жағдайында біздің елімізде дамудың дағдарысқа қарсы айқын жоспары – «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты бар екені атап көрсетілген. «Президент сайлауын өткізу «Нұрлы Жол» аталған Қазақстан халқына Жолдауды, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын табысты жүзеге асырудың, түпкі нəтижеде Қазақстандағы əрбір отбасының əл-ауқатын арттырудың кепілі болады деп санаймыз», – делінген Қазақстан теміржолшыларының хатында. (Соңы 2-бетте).

 Оймақтай ой Бірлік бар жерде – тірлік бар. ТӨЛЕ БИ.

Үдемелі индустриялық-инно вациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің қарауына индус триялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ма рат Ысқақов бірнеше тың жобалар ұсынып, жұмсалатын инвестициялық қаражат, қуаттылық, жұмыспен қамту көздерімен таныстырды. Сөз арасында Индустрияландыру картасына енгізілетін 70 жобаға 100 миллиард теңге мөлшерінде қаржы бағыттау көзделсе, 29 жобаның мақұлданғанын айта кеткен жөн. Сонымен, үйлестіру кеңесінің талқысына түскен озық жобаларға кезек берейік. «Парыз-2014» байқауының бас жүлдегері Сермұхамед Оралұлы көп жылдан бері ағаш өңдеу ісімен айналысып, тұтынушыларға өнімнің 40-тан астам түрлерін ұсынып келеді. Ағаш өңдеу цехына осы заманғы құрал-жабдықтар орнатқаннан бері еліміздің өзге өңірлерінен де сұраныстың көбейе түскені байқалады. Бəсекелестікке төтеп беретін сапалы тауарлар өндірудің қыр-сырын əбден меңгеріп алғаннан кейін көптен бергі көкейіне түйіп жүрген тағы бір ойын жүзеге асыруды ниет еткен. Ол шикізатты тереңдете əрі қалдықсыз өңдеу өндіріс орнын құру идеясы болатын. Оның бұл ұсынысын кеңес мүшелері

Ќауіпсіздік пен ынтымаќтастыќќа есік əрќашан ашыќ Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламасы офисінің жетекшісі Н.Заруднамен кездесті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін, оған еліміздің 2010 жылы аталған ұйымға төрағалық етуі дəлел болатынын атап өтті. Алдымыздағы жылдарда Қазақстанның ЕҚЫҰмен ара дағы ынтымақтастық бағыт тарының бірі «Қауіпсіздік қоғам дастығы жолында» деп аталатын Астана декларациясында бел гіленген Еуроатлантикалық жəне еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, тараптар əлеуметтік-гуманитарлық даму дың, сот үстемдігін жəне адам құ қығын қамтамасыз етудің, этносаралық қарым-қатынасты үндестірудің, гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің бірқатар мəселелері бойынша өзара іс-қимылдың жайкүйі мен келешегін талқылады. (Соңы 4-бетте).

үлкен қызығушылықпен тыңдап, бірауыздан қолдау білдірді. Біріншіден, облыста экологиялық таза өнім шығаратын мұндай кəсіпорын жоқ. Екіншіден, керексіз саналып келген ағаш жаңқалары мен бұтақтары енді кəдеге жаратылады. Үшіншіден, ағаш қалдықтарынан тасуға да, өткізуге де ыңғайлы отындық брикет жасау «жасыл экономика» бағдарламасы талаптарымен ыңғайлас. Жоба құны 92 миллион теңгені құрайды. Жылына 120 мың текше метр өнім өндіруге қуатты, деді өз сөзінде іскер кəсіпкер. «Ахмуддинов» жеке кəсіпкерлігінің германиялық «Jensen» фирмасынан биоотын брикеттерін шығаратын қондырғылар сатып алуға қаржылық қолдау жасау жөніндегі өтініші қанағаттандырылды.

Жоспарлы консультациялар ґтті

Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары Нұрлан Ермекбаев пен Николай Пат рушевтің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасында жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Консультацияға, сондай-ақ, екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты. Тараптар Орталық Азиядағы жəне Ауғанстандағы ахуалды қамти отырып, қауіпсіздік саласындағы екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін, 2015 жылғы 1 қаңтардан ЕАЭО қызметінің басталуына байланысты өзара іс-қимылдарды талқылады. Сондай-ақ, діни экстремизмге жəне терроризмге қарсы іс-қимыл, əскеритехникалық ынтымақтастық пен көші-қон үдерістерін реттеу салаларындағы түрлі мəселелер жөнінде пікір алмасылды. Консультациялар қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында хаттама əзірленді.

Облыста жергілікті маңыздағы жолдар қалпына келтіруді қажет етеді. Мəселен, 7530 шақырым автомобиль жолдарының жартысына жуығы сын көтермейді. Сол себепті болар, ұсынылған жобалардың ішіндегі ең əлеуеттісі саналатын «ИнДорТех» ЖШС іске қосуды жобалап отырған инновациялық материалдар зауытының құрылысы Индустрияландыру картасына бірден енгізілді. Жоба жетекшісі Анатолий Технерядновтың айтуынша, нысан пайдалануға берілсе, жөндеу жұмыстарының құнын арзандатуға, пайдалану мерзімін 20 жылға дейін жеткізуге мүмкіндік туады. (Соңы 8-бетте). –––––––––––––––– Суреттерді түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

● Былтыр шаруалардың тұқым сатып алуына 832,7 млн. теңге бөлінді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы хабарлағандай, 2015 жылдың 17 ақпанындағы жағдай бойынша құрылымға Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының аграрийлерінен жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеден астам 136 өтінім келіп түскен. ● Елімізде бөлшек сауда көлемі 4,7 пайызға жоғарылады. Статистика комитеті баспасөз қызметінің дерегінше, азық-түлік емес тауарлардың өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 6,4 пайызға өскен. Ал 2015 жылдың 1 ақпанында бөлшек саудамен айналысатын кəсіпорындардың тауар қорларының көлемі 296,2 млрд. теңгені құраған. ● Өткен жылы техникалық жəне кəсіби білім беру ұйымдары түлектерінің 70 пайызы еңбекпен қамтылды. «Кəсіпқор» холдингінің басқарма төрайымы Елдана Сəдуақасова жыл сайын кəсіпорындар өздеріне істəжірибеге түлектер тарту үшін колледждермен келісімшарт жасайтынын мəлімдеді. Айта кетейік, еліміздегі 820 колледждің 280-інде дуальды білім беру жүйесі енгізілген, 280 мыңнан астам жұмыс орны колледж студенттері үшін практикалық сабақтар аясында ұсынылады. ● Алматы облысындағы Тоқжайлау политехникалық колледжіне тиісті қолдау көрсетілді. Алакөл ауданына қарасты Тоқжайлау ауылындағы аталмыш білім ошағында 50 орындық жатақхана мен 48 орындық шеберханалар кешені пайдалануға берілді. Мұнда барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жобаның жалпы құны – 530 млн. теңге. ● Қарағанды облысындағы «Жеңіс» ЖШС жылына 130 тонна қой етін өндіре алады. Жаңаарқа ауданына қарасты серіктестікте 17 мың асылтұқымды қой бар. Өткен жылы кəсіпорын 3 жаңа база салды, сондай-ақ, 1000 қой мен 150 жылқыға арналған бордақылау алаңы іске қосылды. Ауыл шаруашылығы ғылым дарының докторы, профессор Төлеухан Сəдіқұловтың сөзіне қарағанда, елімізде қойдың жеті түрі бар екен. Соның бесеуі Қарағандыда өсіріледі. ● Шымкентте аяқкиімдер шығарыла бастады. Қаладағы аяқкиім фабрикасының директоры Санжар Тілегенов мəлім еткендей, кəсіпорын шеберлері үйде киетін сүйретпенің 40 мың жұбын тігіп үлгеріпті. Олар екі маусым бойынша аяқкиім шығаруды жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңін жүзеге асырған кəсіпкер дайын өнімін еліміздің өзге де қалаларына сатуда. Кəсіпкер мемлекеттен алған несиесін қайтарып үлгерген. ● Қызылорда облысында жыл ішінде 13 мыңнан астам адам кəсіпкерлікке бет бұрды. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев өткен жылы «Бизнестің жол картасы» шеңберінде кəсіпкерлерді қолдауға 1 млрд. 400 млн. теңге бөлінгенін жеткізді. Қазіргі таңда облыс кəсіпкерлікті дамыту үрдісі бойынша аймақтар арасында 1-орында. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, банктер кəсіпорындарға 2013 жылмен салыстырғанда, 20 пайызға артық несие берген. ● Солтүстік Қазақстанда «Ростан» фирмасының май зауыты жыл басынан бері 14 млн. теңгенің өнімін шығарды. Аққайың ауданындағы кəсіпорын аймақтағы ең озат кəсіпорындарының бірі. Ол еліміздегі тауар өндірушілер нарығында 17 жыл бойы жұмыс істеп келеді. «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларының жүлдесін 4 жыл бойы қатарынан иеленген. Онда 50 адам еңбек етеді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасы деректері бойынша дайындалды.

● Əкім есеп берді. Ел не деді?

Алдаєы межелерге айрыќша басымдыќ «Əкім бол, халқыңа жақын бол» деген өмірлік ұлағатқа сəйкес Елбасының тікелей тапсырмасымен соңғы жылдары елімізде əкімдердің халық алдында жыл сайын есеп беру жүздесуін өткізу дəстүрге айналған. Қоғамдық өмірімізге берік енген осынау дəстүрге байланысты кеше Конгресс-Холл сарайында Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбеков елорда тұрғындарымен жүздесті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Биылғы ақпан айындағы алғашқы қатты аязға қарамастан, таңмен таласа тұрып, КонгрессХолл сарайына келген зал толы жұрт алдында Əділбек Жақсыбеков еліміздің бас қаласында атқарылған өткен жылғы игі істерді қорытындылап, алда тұрған келелі міндеттерге тоқталды. Қала əкімі өзінің баяндамасында басымдықпен атап көрсеткеніндей, Астананың серпінді дамуы, басқаға ұқсамайтын айшықты сəулетінің қалыптасуы, астаналықтардың тұрмыс-деңгейі мен өмір сүру сапасының артуы Елбасының шынайы жанашырлық қамқорлығы мен жан-жақты қолдауының

арқасында мүмкін болып отыр. Одан əрі елорда əкімі 2014 жылы атқарылған өзекті жұмыстарды саралап өтті. Елордада тек соңғы екі жылдың ішінде ғана жалпы инвестиция көлемі 20 миллиард теңгеден асатын 10 жаңа заманауи өндіріс орны іске қосылған. Олардың қатарында бүгінгі заманның əлемдік озық технологиялары негізінде жұмыс істейтін «Тау-Кен Алтын» аффинажды зауытын, электрондыоптикалық құрылғылар шығаратын, энергия үнемдегіш шыны пакеттер өндіретін зауыттарды, электровоз құрастыру, күн батареяларын шығаратын өндірістік кешендерді ерекше атап өткен жөн.

(Соңы 5-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
19022015 by Egemen - Issuu