16122015

Page 6

6

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

● Тəуелсіздік табыстары

Жолымыз – нўрлы, таѕымыз – арайлы, сапарымыз сəтті болєай! 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні қарсаңында еліміздің түкпіртүкпірінде неше түрлі тақырыптық шаралар өту үстінде. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы Тəуелсіз Қазақстанның абыройы мен беделін асқақтата түскен нақты шаралар. Осы арқылы біз Мемлекет басшысының өлшеусіз еңбегіне Қазақстан тұрғындары атынан үлкен құрмет көрсетеміз. Президентіміздің дана басшылығымен елімізді бейбітшілік пен келісім қорғаны қоршап тұр. Елбасының «Бір тарих, бір мемлекет, бір тағдыр» деген сөзі біздің негізгі басымдығымызды айқындап берді. Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

сенатор, саяси ғылымдар докторы, профессор.

Осының алдында ғана бүкіл еліміз Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Тұңғыш деген ұғымның астарында ерекше бір сипат бар. Тұңғыш деген сөзде тұма бастау ұғымы жатыр. Мемлекет басшысының қызмет етіп келе жатқан жылдарының əрбір айлары мен апталары, күндері мен сағаттары «Тұңғыш» деген сөзбен тікелей байланысатынын байқаймыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен қайраткерлік күрескерлігінің арқасында Қазақ елінің Тəуелсіздігін əлем тұңғыш рет тегіс мойындады. Тұңғыш төл теңгеміз шыққанда «өз қолымыз өз аузымызға жететін болды» деп бөркімізді аспанға атып қуандық. Тұңғыш Елтаңбамыз, тұңғыш Туымыз, тұңғыш Əнұранымыздың дүниеге келуі – Тұңғыш Президентіміздің есімімен тікелей байланысты. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен тұңғыш өз Қарулы Күштеріміз құрылды. Елбасының ұшқыр қиялынан туған еліміздің жаңа ордасы – Астана қаласы бой көтерді. Тұңғыш рет қазақ өз елордасын өз қолымен тұрғызды. Елбасының бала қиялынан туған ертегідегі алып шынар бұл күнде ғажайып Бəйтерекке айналды. 16 желтоқсан Қазақ мемлекетінің тарихындағы жалпыұлттық мемлекеттік мереке – Тəуелсіздік күні. Бұл – Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайтын мейрам. Біздің мемлекетіміз тұңғыш рет дербес мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, ЮНЕСКО, ИЫҰ, АӨСШК жəне басқа да беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰға төрағалық етіп, 1-2 желтоқсанда оның 11 жыл бойы өтпеген саммитін ұйымдастырды. Осы күндер алдымен Елбасымыздың, одан кейін соңынан ерген халқының абсолютті тарихи жеңісі болды. Айта берсек, толып жатыр. Қазақстан соқтықпалы соқпақты талай жолдан, талай асу мен белестен дін аман өтіп келеді. Соның бəрі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы. Өзім Қызылорда облысында еңбек еткен жылдары, бүгінде Сенат төрінде отырып, Мемлекет басшысының қазақ халқының əлемдегі барша мемлекетпен бəскелес дамуы үшін, еліміздің ертеңгі нұрлы болашағы үшін қандай қажырқайрат жұмсап, күресіп, арпалысып, атар таңды «Елімді қайтсем өркениет көшіне жеткіземін?» деген ізгі арман-мақсатпен атырып, батар күнді «Қайткенде қиындықтан құтқарамын?» деген мүддеміндетпен батырып жүргеніне куəмін. Экономика – өмірдің өзегі.

Мəр тебелі жиындарда Ел басы елде жүзеге асырылып жат қан индустриялық-инновациялық жəне «Нұрлы Жол» бағдарламалары өнеркəсіпті жəне инфрақұрылымды дамытуға зор ықпал ететінін атап айтып жүр. Қазіргі жағдайды ескере отырып, индустрияландырудың екінші бесжылдығын жандандыру қажеттігіне назар аударды. «Инвестициялық белсенділік пен сұраныс төмендеуде, ал бəсеке тек күшейіп келеді. Сондықтан, индустриялық-инновациялық бағ дарламаны жандандыру барысында өнімділік пен тиімділікті арттыруға, өнімділігі аз салаларды қолдаудан бас тартып, алдымен экспортқа бағытталған перспективасы барын ғана таңдауға ден қойған жөн», деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы өткен жылдары елімізде көптеген индустриялық жобалар іске қосылғанын айтты. Алайда, солардың көпшілігі қазіргі жағдайда бəсекеге қабілетсіз болып, мемлекеттік қолдаудың есебінен ғана тұр. Осының бəрі сан қуалаудың салдары. «Кейбір өңір басшылары «кім көп құрылыс салады?» деген жарыстың көрігін қыздырмалаумен əуре. Енді бұл кəсіпорындар жұмыс орындарын қысқартатынын мəлімдеп, Үкіметтен көмек сұрап жүгіріп жүр. Мұның бəрі өзектілендірілген индустриялық-инновациялық бағдарламада ескерілуі тиіс. 2016 жылдың 1 сəуірінен бастап біз бағдарламаның жаңа бағыттары бойынша жұмыс істеуге тиіспіз», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əлемде Қазақстанда бизнес жүргізуге деген зор қызығушылық бар. Қазақстан Президенті соңғы уақыттары біздің елмен ынтымақтасқысы келетін əлемнің жүзден астам ірі компаниялары басшыларымен кездескенін айтты. «Менің жыл басынан бері мемлекет басшыларымен өткен кездесулерімнің барысында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Жапония сияқты экономикалық жағынан қуатты елдердің инвесторларымен жалпы құны шамамен 46 млрд. доллар болатын 130 келісімге қол қойылды. Осы уағдаластықтарды жүзеге асыру бізге əлемдік нарықта сұраныс бар тауарлар өндіруге, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», дейді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялық заңнаманы жетілдіру, инвестициялық субсидиялар мен салық артықшылықтарын енгізу, шетелдік жұмыс күшін əкелу үдерісін жеңілдету, визасыз кіру қарастырылған елдер тізімін ұлғайту сияқты шаралар қағаз жүзінде қалып қоймауы тиістігін де қадағалап отыр. «Біздің ведомстволарымыздың арасында инвестиция тарту мəселесінде үйлесім жоқ. Бүгінде инвестор үшін «бір терезе» болмай тұр. Мен министрлер мен əкімдер инвестор тартуға тікелей жауапты екенін бірнеше рет айтқан болатынмын. Бұл жұмыс нақты нəтижеге – инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Бізге, сірə, салалық министрлер мен əкімдердің қанша инвестиция тартқаны жəне қанша жұмыс орнын

ашқаны жөнінде рейтинг енгізу керек шығар», деген Қазақстан Президентінің сөзінде жан бар. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясаты арқасында ел тарихында бұрын-соңды болмаған мектептер, ауруханалар, спорт ғимараттары, балабақшалар мен саябақтар бой көтерді. Игілігін ел көріп жатқан осы жағымды жаңалықтар мен жақсылықтар Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбектерінің нақты жемісі. Халықтың көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштықты баяғыдан орныққан іс сияқты қабылдайды, алайда мемлекеттің қауіпсіздігі мен ел ішіндегі ынтымақты тұрақты ұстап тұру үшін қанша күш пен жігер, жүрек пен жүйкеге түскен қаншама салмақ бар екенін бағамдай аламыз ба? «Тарихыңды зертте, ақтаңдақтарыңды ақтар, өткеніңді оят, келешегіңді болжа» дейтін орасан мүмкіндікті бізге кім берді? Қолайлы жағдайды кім жасады? Бəрі де Елбасы есімімен тікелей байланысты. Осы ретте өзі куə болған тарихи бір сəтті ортаға сала кеткім келеді. Астанада – Тəуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өткенін бəріңіз де білесіз. Сол тарихи жиында Елбасы: «Біз – Ұлы Даланың мұрагерлеріміз», деп тебіреніп тұрып сөйледі. «Мəңгі елдігіңді сақтау», «Ел ұстап төрелік ету», «Барлық сөзімді айтар, мəңгі тасқа бастым», «Көкте Түркі Тəңірісі, Түріктің қасиетті жері, суы», «Түрік халқы жойылмасын, Ел болсын» дейтін Күлтегін жазуындағы кемеңгерлік толғамдарды Елбасы əсерлі жеткізді. Батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету жəне тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін елдігіміздің іргетасын одан сайын бекітіп, ұлт, тіл, дəстүр, діл, дін тұтастығын көздің ағы мен қарасындай сақтап, бойтұмардай ұстап, Қазақ елінің айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың керемет, кесек қимыл-əрекеттерін, отаншылдық рухын шалқар шабытпен, ғұламалық, білімпаздық зердемен, мейірлене толғап, байырғы бабаларымыз бөрілі байрақ ұстап, Байкалдан Балқанға дейінгі алқапты еркін жайлағанын, Қазақ хандығы «Еуразияның Ұлы Даласында орнаған арғы дəуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік хандығы, Дешті-Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері екенін» ерекше екпін беріп айтты. Елбасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі елдігіміздің тамыры тереңде жатқанын танытатын тарихи айғаққа жүгіне отырып, Қазақ хандығының туын көтерген ел перзенттері – Керей мен Жəнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Тəуекел хан, Еңсегей бойлы ер Есім, Салқам

Жəңгір, əз Тəуке, Абылай хан турасында тебіреніп, қазақтың алғашқы 14 ханының 7-уі жорық жолында, майдан даласында қаза тапқанын еске салды. Елбасының осы сөзін өзім үлкен тебіреніспен тыңдадым. Нұрсұлтан Əбішұлының сөзі жиналған жұртшылықтың жүрегін теңіздей толқытып жіберді десем, артық айтқандық емес. Президент Назарбаев – мемлекеттілігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де əлемге мойындатқан тарихи тұлға. Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген қазақтың», іргедегі алып империяға үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаевтай асыл азаматтың ұстауы – Ұлы Жаратушының қазақ халқына берген сыйы. Ата-бабамыз армандаған асыл мұратқа, асқақ арманға Қазақ елі осы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында жеткенін қалың жұрт жақсы біледі. Осы жылдарда біз ғана емес, тұтас дүниежүзі Президентіміздің алтын қылыштай жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, Мемлекет басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныды. Қазақта «Тəуекел – ердің жолдасы» деген ғажап сөз бар. Елбасының алмағайып заманда Тəуелсіз мемлекет орнатуы, тез арада Астананы көшіруі тəуекел құбылыс болатын. Осының бəрін Мəңгілік Ел орнату үшін жасады. «Астанасына қарап елін таниды. Астанасының қайда орналасып, қалай өркендеп жатқанынан əр елдің өзінің өткені мен ертеңіне деген көзқарасын аңғарып, өзгелерге деген пейілін сезінеді. Сондықтан да Астана келбеті – ұлт келбеті, мемлекет дидары, халық мерейі. Күллі əлем атын енді жаттай бастаған жаңа Астана біздің жас мемлекетімізге деген назарды екі есе арттыра түсуде. Оның біз жетпек биіктердей өрелі, біз орнатпақ қоғамдай тартымды болып, көркейіп, өсуі жолында бүгіндері небір қарышты қадамдар жасалуда. Біздің жаңа астананы, жаңа астананың бізді ұятқа қалдырмайтынына нық сенеміз», деген Елбасы Н.Ə.Назарбаев қазақ ұлтының алдында қандай үлкен жауапкершілік тұрғанын қадапқадап айтумен келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақ елінің Тəуелсіздігін баянды етудің, Ұлы Далада Мəңгілік Ел орнатудың амалдарын нысаналы түрде жүзеге асырып келеді. Астана – Отанымыздың орталығына, жаңарған Қазақ елінің қасиетті бойтұмарына, азаттығымыздың алтын бесігіне айналды. «Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен Астана – Қазақ елінің өз қалауымен жасаған дербес таңдауы. Біз оны байтақ даланың шын иесі кім екендігін алыстың да, жақынның да есіне салу үшін жасадық. Бұл арқылы біз қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі ұлттық дəстүрді, тілді, өнерді, əдетті, əдепті шайылудан, жойылудан сақтап қалу үшін жасадық. Біз оны болашақ ұрпақ үшін, еркін еліміз үшін жасадық», – дейді Елбасымыз. Мемлекет басшысының елордамызды ауыстырған бетте, ə дегенде тұрғызған ескерткішіне назар салып, ойланып көрдік пе? Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ең алдымен қазақтың ең соңғы ханы – Азаттық үшін ат үстінде арпалысып өткен, қасықтай қанын қазағы үшін қиған асыл ер – Кенесарыға арнап тұрғызды. Осының өзі Тұңғыш Президентіміздің атабабаларымыздың асқақ арманына деген адалдықты аңғартады емес пе?!

Қазіргі таңда əлемдік саясатты игеруде, экономиканы еңсеруде, өз халқының тарихын, тілін, мəдениетін білуде біздің Президентімізге тең келетін адам бар ма?!. Мемлекет орнату, оны қалыптастыру, баянды ету, əлемге таныту дейтін күрделі үдеріске қатысуды Алла тағала кез келген кісінің пешенесіне жаза бермеген. Тəуелсіздіктің уығын тіктеу, Қазақ елінің мемлекеттілігін қалыптастыру деген құдіретті істің басы-қасында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұруының өзі тегіннентегін емес. Бұл миллиондардың ішінде маңдайы жарқыраған, болмыс-бітімі, жаратылысы мен қабілеті құдайдың өзі қиыстырып келтіретін тарихи тұлғаның ғана еншісіне бұйырса керек. Қазақ елін əлемге танытып, əлемдік қоғамдастыққа мойындатып қана қойған жоқ, мемлекеттіліктің, ел басқарудың өзіндік жаңа қазақстандық мектебін қалыптастырды. Өзі де əлем қауымдастығы тегіс мойындаған кемеңгер тұлғаға айналды. Шынтуайтына келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанжүрегін ұғатын, халқын замана өткелдерінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы, еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы. Елбасының арман-мұраты да айқын, ол – та ту лық, ынтымақ, бірлік, тыныштық. Біз аздаған жыл дарда талай жолдан, талай дағдарыстардан өттік. Қиындық та аз болған жоқ. Соның бəрін де ел бірлігінің арқасында жеңдік. Абыройлы асулардан аман өттік. Əлемдегі озық елдердің қатарына қосылдық. Осының бəрінің бастауында тұрған Тұңғыш Президентті қазақ халқы өз жүрегінің төріне шығарып, ұлт мақтанышы етіп отыр. Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Прези дентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтан ғанымыз – тəуелсіз еліміз үшін мақтанғанымыз. Н.Назарбаев – ұлттың символына айналған тұлға. «Қазақстандықтар бірлігі – Қазақстанның бұл жы май алға басуының баға жетпес кепілі», деп атап көрсеткен Елбасымыз ортақ үйімізде мəңгілік тыныштық пен бейбітшіліктің салтанат құруы жолында қажырлы еңбек етіп, маңдай терін төкті. Нұрсұлтан Əбішұлы еліміздің тəуелсіздігі жылдары ішінде барлық салада халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарының, ой-санасының, дəстүрі мен салтының, өнері мен мə дениетінің, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты. Тəуелсіз елдің астанасының халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретінде танылуы да Отанымыздың əлемдік қоғамдастықта зор беделге ие екенін əйгілегендей. Елімізде жүргізілген баянды реформалар мен игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған белестеріміздің басынан Елбасының бейнесін айқын көреміз. Елбасының үлкен арманы бар: ол – Ұлы Далада Мəңгілік Ел орнату идеясы. Нағыз ұлттық идея! Елбасы бұл идеяны халқының байырғыдан бері жалғасып келе жатқан байтақ тарихынан алып отыр. Асан қайғы бабамыз желмаяға мініп шарқ ұрып іздеген Жерұйық – бақытты өмір, баянды тіршілік. Қытайлар өздерін Аспанасты еліміз дейді, яғни аспан асты, жер үсті еліміз деп отыр, жапондар өздерін Күншығыс еліміз дейді, біз – Ұлы Дала еліміз. Тəуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сəтті болғай!

Тəуелсіздік – халќымыздыѕ баєына берілген Алланыѕ ныєметі Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті бауырлар, қадірлі отандастар! Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен өтіп, қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халқымыздың қасиетті мерекесі – Тəуелсіздік күнімен құттықтаймын! Тəуелсіздік – қастерлі сөз. Халық нақылында «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді», деген қанатты сөз бар. Аллаға сансыз шүкір, тəуелсіздігімізбен бірге дініміз өркендеп, бірлігіміз нығайды. Еліміздің əр өңірінде бой көтерген еңселі мешіттер мен медреселер жұртымыздың игілігіне қызмет етіп, иманды қоғам қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен асқақ рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген тəуелсіздік – дархан мінезді халқымыздың бағына берілген Алланың сыйы. Бір күнді тыныштықпен өткізу, үлкен үмітпен, ізгі оймен болашаққа қадам басу – мұсылманның нығметі. Осынау нығметтің қадіріне жетіп, тəуелсіздігімізді баянды ету – баршаға ортақ іс, абыройлы міндет. «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес», дейді халық даналығында. Бірде сахаба пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын): «Уа, Расулалла, ең абзал амал не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру...», – деп жауап берген. Ал асыл дініміздің ізгі ғұламалары: «Отанды сүю – иманнан», – деп парасатты пікір айтқан. Алла тағала тəуелсіздіктің қадірін білген, ізгілік пен имандылықты ту еткен жастарымыздың қатарын көбейтіп, баршамызға ел игілігі үшін еңбек етуді нəсіп еткей! Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке, мықты денсаулық тілеймін! Тəуелсіздік мерекесі құтты болсын, ағайын! Жаратушы Иеміз қарияларымызға күш-қайрат, ұл-қыздарымызға ар-иман нəсіп етіп, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырғай! Дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Əмин!

● Құттықтаймыз!

Əріптесіміз – «Ќўрмет» орденініѕ иегері Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Кеше Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев еліміз Тəуелсіздігінің 24 жылдығына байланысты Елбасы Жарлығымен мемлекеттік марапатқа ие болған сала қызметкерлерінің бір тобына наградаларды салтанатты жағдайда табыс етті. Солардың қатарында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, əріптесіміз Сұңғат Əліпбай да болды. Оның төсіне «Құрмет» ордені тағылды.

Сұңғат Əліпбай алғашқы журналистік қызметін Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы «Достық» газетінде бастаған. Содан кейін бірқатар жылдар бойы облыстық «Дидар» газетінде Зайсан, Марқакөл жəне Күршім аудандары бойынша меншікті тілші, газет редакциясында тілші, аға тілші, экономика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылдың қаңтар айынан бастап «Егемен Қазақстанда» еңбек етіп келеді. Қаламы жүйрік əріптесіміз республикалық журналистер байқауларының жеңімпазы. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының иегері. Оған Зайсан ауданының жəне Өскемен қаласының құрметті азаматы атақтары берілген. Тəуелсіздіктің 24 жылдығы мерекесі күні редакцияға «Егемен Қазақстанның» өңірлердегі өкілдерінің де марапаттарға ие болғаны туралы хабар келіп жетті. Атап айтқанда, газеттің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Нұрбол Əлдібаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы медаліне ие болса, Павлодар облысындағы меншікті тілшіміз Фарида Бықай Инвестициялар жəне даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Əріптестерімізді құрмет биігінен көрінуімен құттықтаймыз! Егеменқазақстандықтар.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.