Page 1

ТƏУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №241 (28719) 16 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ЎЛТ ҐРЛЕУІНІЅ ДАЅЌТЫ ДƏУІРІ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы жиналғандар мен барша Қазақстан халқын ұлттық мереке – Тəуелсіздік күнімен құттықтады. Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі – Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық, деді сөзінің басында Елбасымыз. Əрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дəуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні əлем көгінде Қазақстан Республикасы атты жаңа жұлдыз

жарқырап тұрды. Тұтас дəуірлердің куəсі болған халқымыз сан ғасырлар бұралаң əрі қиын жолмен жүріп өтті. «Адам баласы сияқты мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағадан аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу. Екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де қайталанбас қастерлі мезеттер». Бұл – Əбу Насыр əл-Фарабидің орамды айтып кеткен сөзі, өнегелі өсиеті. Биыл, міне, осынау рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз, деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 24 жасқа толған Қазақстан ұлы мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылатынын атап өтті. Тарих – біздің халқымыздың сақ пен түркінің, Қазақ хандығының дəуірінде, Ұлы Отан соғысы кезінде көрініс тапқан ұлы күресінің куəсі. Бұл – біздің өткеніміз, бұл – біздің тағдырымыз. Бабаларымыз ұмтылған аңсарлы мақсат – Тəуелсіздікке біздің ұрпақ қол жеткізді. Сондықтан да бұл күн тұтас ұрпақтардың орындалған арманын білдіретін қуанышты əрі маңызды мереке болып саналады. Өйткені, тəуелсіздік пен теңдік, егемендік пен мемлекеттілік – кез келген халық үшін аса құнды ұғымдар. Аман-саулық адамның нағыз бақыты болса, Тəуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты. Бұл – туған елін егемендік пен еркіндікке

қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып келген əйгілі Махатма Гандиден қалған сөз. Расында да, Тəуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дəмі балдай, мəртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады, деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы еліміз небəрі 24 жылда жаңару үдерісін өткеріп, бүкіл əлемде сый-құрметке ие болғанына назар аударды. «Елу жылда – ел жаңа» деген халық даналығын баршаңыз білесіздер. Десек те, біз елу емес, небəрі 24 жылда қарыштап жаңаланған, төрткіл дүние бағалаған ел болдық. Ширек ғасырға жуық кезеңде біз кейбір мемлекеттер ештеңесіз шығатын, ал енді бірі ғасырларды сарп ететін тарихи жолдан өттік. Бұл бабалардың ерлігімен рухтанып, болашақ ұрпаққа жол ашқан барша қазақстандықтардың еңбегі арқасында мүмкін болды. Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған осы отырған сіздердің де қосқан үлесіңіз қомақты деп білемін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

Жаѕа жаћандыќ əмбебап келісім Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының Парижде өткен 21-сессиясының қорытындылары бойынша жасаған мəлімдемесі туралы хабарлады.

Еѕбегі еленгенніѕ еѕсесі биік Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі жəне белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мəдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілер, спортшылар, соғыс жəне еңбек ардагерлері бар. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік наградалардың бірқатарын Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды. Елбасы алдымен баршаны Тəуелсіздік мерекесімен

құттықтап, марапатталушы азаматтар үшін бұл рəсімнің маңыздылығын атап өтті. «Бұл Қазақ елінің атының жаһанға жайылып, игілігіміздің бастауы болған мəртебелі мереке. Баршамыз үшін қуанышты күн. Сіздер осындай айтулы

күннің қарсаңында жоғары марапат мəртебесіне ие болайын деп отырсыздар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тəуелсіздік деген еш уа қытта ештеңеге айырбастамайтын ең жоғары мəртебелі құн дылығымыз екенін айтып, азаттықтың арқасында ел ретінде еңсе тіктеп, мемлекеттік тұғырымызды бекіткенімізді атап өтті. «Оған бүгінгі марапат иелерінің əрқайсысының үлесі зор. Сіздер өнегелі істеріңізбен көпке үлгі болып, ел құрметіне бөленіп келесіздер. Өз саласында ерекше жетістікке жеткен азаматтарды ең жоғары наградаларға лайық деп санаймыз», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан бойынша жүздеген, мыңдаған адам жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. «Соның ішінде сіздердің еңбектеріңіз өте үлкен, зор. Сіздерге марапат тапсыру арқылы мен бүкіл қазақстандықтарға тапсырдым деп санаймын», – деді Президент. Сондай-ақ, Елбасы еліміздің айрықша жетістіктеріне қысқаша тоқталды. «Тарихи өлшем тұрғысынан қысқа уақытта біз үлкен жолдан өттік, мемлекеттілікті нығайтып, экономиканы дамыттық, қазақстандықтардың жаңа буы нын

тəрбиеледік. Біз индустриялықинновациялық бағ дарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Биыл үшінші ғарышкеріміз ғарышта болып келді. Қазақстан ДСҰ-ның мүшесіне айналды. Əлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан біз көп іс тындырдық. Бұл табыста бүкіл қазақстандықтардың жұмсаған күш-жігері бар. Наградалар мен атақтар – отандастарымыздың қажырлы еңбегі мен қызметін халықтың жоғары деңгейде бағалауының белгісі», – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 3-бетте).

Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын құптайды. БҰҰ-ға мүше 196 мемлекеттің делегаттары ауқымды жұмыс атқарды жəне қазіргі заманғы қауіптер мен сынқатерлер алдындағы бірлігін тағы да көрсетті. Біз БҰҰ-ның осы көпжылдық күрделі келіссөздер үдерісіне қосқан үлесі мен күшжігерін жоғары бағалаймыз. Жаһандық климаттың өзгеруі мəселелерін шешу орнықты дамуды қамтамасыз етудің, кедейшілікті еңсерудің жəне əлемнің барлық елдерінің əлеуметтікэконо микалық игілікке қол жеткізуінің негізгі шарттары болып саналады. Климат саласында жаңа əмбебап келісімнің қабылдануы қатысушы мемлекеттердің температураның көтерілуін индустриялық кезеңге дейінгі уақытпен салыстыр ғанда цельси бойынша 2 градусқа дейін шектеу арқылы қоршаған ортаның тозуына жол бермеуге деген əзірлігін айғақтайды.

Қазақстан ұлттық жəне өңірлік ауқымдағы экологиялық проблемалармен белсене күресіп жатқан ел ретінде осы тарихи оқиғаға айрықша мəн береді. Біз əлемдік қоғамдастықтың барлық мүшесімен бұл салада өзара тығыз іс-қимылды дамытуды, сондай-ақ, Париждегі Климаттық саммитте мақұлданған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді жақтаймыз. Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға жəне Парниктік қалдықтарды азайту жөніндегі жаңа келісімді имплементациялау ісіне өз үлесін қосуға əзір. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Климат жөніндегі конференция мақсаттарымен тікелей үндесетін мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу біздің елдің маңызды үлесі болып саналады. Жаңа мыңжылдықта барша адамзат тағдырындағы аса ірі саммиттің бірін дайындауға жəне табысты өткізуге қосқан үлесі үшін Француз Рес публикасы Үкіметіне ризашылық білдіремін.

● Жасампаздық жемістері

Адамзаттыѕ даму деѕгейі жоєары елдер тобындамыз

Ќазаќстан БЎЎ-ныѕ адамзат дамуыныѕ индексі рейтингінде 14 сатыєа кґтерілді 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Адамзат дамуы туралы кезекті баяндамасын (Human Development Report) жариялады. Онда Адамзат дамуы индексі (Human Development INDEX) бойынша есеп берілген. Эфиопия астанасы Аддис-Абебада көпшілікке жарияланған жаңа баяндамаға сəйкес, Қазақстан рейтингі 14 сатыға жоғарылап, 56-шы орынға көтерілді. Адамзат дамуының индексі елдер арасындағы өмір сүру, сауаттылық, білімділік жəне өмір сүру ұзақтығы деңгейін адамзат əлеуетінің негізгі өлшемдері ретінде салыстыру мақсатында жыл сайынғы негізде саналады. Адамзат дамуының индексін

санау кезінде 3 түрлі көрсеткіш ескеріледі: 1. Күтілетін өмір сүру шамасы – ұзақ өмір сүру болып бағаланады. 2. Ел халқының сауаттылық деңгейі (оқуға жұмсалған жылдардың орташа саны) жəне оқу ұзақтығының болжалды мерзімі. 3. АҚШ долларымен есептегенде сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдігі бойынша адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс

арқылы бағаланған өмір сүру деңгейі. Баяндамаға сəйкес, Қазақстан адамзаттың даму деңгейі жоғары елдер тобына кіреді жəне 2015 жылы осы көрсеткіш бойынша 56-шы орынды иеленді (2014 жылмен салыстырғанда, 14 тармаққа жоғарылады). Адамзат дамуының индексі 0.788-ді құрады (2014 жылы – 0.757); өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші – 69.4 жас (2014 жылы – 66.5 жас); оқуға жұмсалған жылдардың орташа саны – 11.4 жыл (2014 жылы – 10.4 жыл); ал білім алу ұзақтығының көрсеткіші өзгеріссіз қалып, 15 жылды құрады. Адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 20,876 долларға жетті (2014 жылы – 19,441 доллар).


2

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

ЎЛТ ҐРЛЕУІНІЅ ДАЅЌТЫ ДƏУІРІ (Соңы. Басы 1-бетте).

Қазақстан Президенті Отанды сүю айрықша бақыт екенін айтты. Келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. Сол үшін де əр қазақтың жан-жүрегім деп марқаятын да, өз сарайым деп айта алатын да дарабоз, ақордалы Астанасы бар, тəуелсіз Қазақстаны бар. Міне, тəуелсіздіктің, бостандықтың қасиеті осы. Отан деген ұлы ұғым – осы. Отанды сүю – ерекше бақыт. Ал оның аптабына күйіп, аязына тоңу – əркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние. Оның жолында оза шапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы.Шексіз арман жолында Отан үшін орасан қиындықтардан өтуге болады. Біз өз егемендігімізді бабалардың өнегесі мен халқымыздың парасаттылығының арқасында алдық. Тəуелсіздік – күшті рухпен жəне мықты мінезбен ғана ұстап тұруға болатын тарих толқыны, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздік бүкіл халық үшін зор жауапкершілік екеніне назар аударды. Біз осы тағдырды қабыл алып, бірлік пен еңбек арқылы тарихи жолымызбен шығынсыз жүріп келеміз. Біздің ел егемендігін нығайтып, Мəңгілік Ел болуға бағдар ұстады. Сондықтан Тəуелсіздік күні – барша Қазақстан халқы мен əлемнің барлық түкпіріндегі достарымыз үшін ұлы мереке, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бүгінде қазақстандықтар үшін біздің дəуірді Тəуелсіздікті жариялағанға дейін жəне одан кейін деп бөлу қалыпты жайтқа айналып келе жатқанын айтты. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлде жаңа тарихын бастады. Біздер, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақстандық дəуірінің негізін қалаушыға əрі тұңғыш ізашарына айналдық. Бұл – біздің ізгі уақытымыздың жəне барлық ұлы жетістіктеріміздің сипатын дəл беретін атау. Біз Тəуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті еліміздің жолы бірлікпен жəне келісіммен астасып жатқанын айтты. Жыл басында өткен президенттік сайлау біздің табысты түрде болашағы біртұтас ұлтқа айналып келе жатқанымызды көрсетті. Бірлік пен келісімді сақтап, нығайту оңай жұмыс емес. Ол даналық пен көргенділікті, көрегендік пен еліміздің барша азаматтарының өзара сыйластығын қажет

етеді. Ғылым Жер бетіндегі əрбір этнос кемінде бір ерекше қасиетке ие екенін айтады. Біздің өміріміз Қазақстандағы 100 этностың 100 айрықша жəне қайталанбас қасиеті бар екенін көрсетіп отыр. Соның бəрі жиналып келіп біздің Біртұтас ұлтымыздың бірегей басымдығын құрайды. Қазақстанның əрбір этносы – біздің байлығымыз. Көпэтностылық – біздің ортақ ұлы қазынамыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы, міне, 20 жыл бойы осы байлықтың бас ты қорғаушысы міндетін табысты атқарып келеді. Тəуелсіз Қазақстан – біздің үлкен отбасымыз жəне ортақ шаңырағымыз, деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасыр адамзат үшін əлемдік экономика мен саясаттың, ақпараттық жəне əлеуметтік кеңістіктің жаңа өлшемдеріне жол ашқанына назар аударды. Бүкіл əлем архитектурасында орасан өзгерістер жүріп жатыр. Əлемдік дамудың көптеген түйткілдері табылды. Бүгінде 1,2 миллиард адам планетаның қақтығыстар мен тұрақсыздық жайлаған ареалында тіршілік етіп жатыр. Күн сайын 42 мың адам үйін тастап, қауіпсіз жер іздестіруде. 13 мыңнан астам террорлық акт 33 мың адамның өмірін қиды. Біз өзіміздің тұрақты əрі қарышты дамыған елімізді мүлде басқа жағдайда

– бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында өркендетіп жатқанымызды есте ұстауға жəне бағалауға тиіспіз, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы екінші жыл қатарынан жаһандық экономикалық дағдарыстың дендеп келе жатқанын айтты. Осы қиындықтарға қарамастан, тəуелсіздіктің 24-ші жылы жадымызда көптеген жан толқытарлық, Қазақстан үшін айрықша мəні бар оқиғаларымен есте қалады. Біз экономикамыздың оң өсімін сақтадық. Индустриялық дамудың екінші бесжылдығы жəне «Нұрлы Жол» бағдарламасы басталды. 2015 жылы 800 миллиард теңгенің 120 жобасы

іске қосылды, 10 тұрақты жұмыс орны ашылды, мыңдаған шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, оларға жастар мен аз қамтылған отбасылар қоныстанды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті ел өмірінде болған өзге де айшықты оқиғаларға тоқталды. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастады. Биыл Қазақстан əлемдік жетекші экспорттаушылардың елулігі қатарына қосылып, 43-орынды иеленді. Бізде ширақ, сауатты, жаңашыл жастар буыны өсіп келеді. Əлемнің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына қосылған

«Назарбаев Университетте» даярланған алғашқы 500 маман биыл бітіріп шықты. Қазақстан МАГАТЭ-мен бірлесіп, Ядролық отын банкін құрды, ол біздің елге орналастырылады. Үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов Жер төңірегіндегі орбитаға сапар шекті. Біз Ұлт жоспарын орындауға кірістік. Оны Тəуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында жүзеге асыра бастағанымыздың да символдық мəні бар, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қазір қоғамда Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаудың қызу талқыланып жатқанына назар аударды. Мен мемлекет пен қоғам алдына қойылған міндеттер кең қолдау тапқанын байқап отырмын. Жаңа Жолдауда кемелденген елдің міндеттері белгіленді. XXI ғасырдағы болашақ – кез келген тұсынан жол салуға болатын ашық алаңқай емес. Бізді алда бұрынғымыз бен қазіргімізден де күрделі бағыттар күтіп тұр. Тарих ешқашан тек жеңістер жылнамасынан тұрмайды. Егер əрдайым бəрі жақсы болған болса, тарихтың өзі де болмаған болар еді. Дағдарыстар жеңу ілімін үйретеді. Сондықтан қазір тұрақтылықтың құны арта түсуде. Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам – біз əрқашан ұстанып келе жатқан бағдар осы, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Тəуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып секіріс жасағанын айтты. Біздің Қазақстан – Ұлы Дала елі, Жаңғырған Ұлы Дала елі. Бұл – біздің асқақ аңсарымыз əрі ерекше мақтанышымыз. Қазақстандықтардың болашақ ұрпағы біздің жетістіктерімізді лайықты бағалап, мақтан тұтарына еш күмəн жоқ. Олар біздің тəжірибемізден даналықтың, сындарлы іс-əрекеттің жəне кез келген қиындықтың алдында иілмес беріктіктің үлгісін көретін болады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Қазақстан Президенті баршаны тағы да елдің Тəуелсіздік күнімен құттықтады. Осы күнгі салтанатты шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуымен өткен өнер шеберлерінің мерекелік концертіне ұласты. Концертте «Астана» опера жəне балет театрының ұжымы, сондай-ақ, елімізге танымал өнерпаздар сахнаның сəнін келтіріп, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

–––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Лебіздер легі Есет ЖҰМАҒАЛИЕВ, «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ операторы, ІІІ дəрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері:

– Еліміздің Тəуелсіздігі – басты құндылығымыз. Міне, өз алдымызға мемлекет құрып, тəуелсіздіктің туын көтергенімізге 24 жыл болды. Осы аралықта Отанымыздың жеткен жетістіктерін ойлағанда кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Кеңес Одағы ыдырап, егемендік еншімізге тиген кезеңдердегі қиындықтардың барлығы артта қалып, дамудың жаңа белесіне шықтық. Осынау ұлы жолдағы Елбасының еңбегін ерекше атап өткім келеді. Бүгін мен өте қуаныштымын. Өйткені, Елбасының қолынан ІІІ дəрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алдым. Бұл биыл бірінші рет тағайындалған орден екен. Оны алғашқылардың қатарында алғанымның өзі менің көңілімді толқытып тұр. Осылайша еңбегімді бағалаған халыққа, Президентімізге, өзімнің басшыларыма алғысым шексіз. Қазақстанның алдында үлкен міндеттер тұр. Оны ел болып, жұрт болып бірлесе орындауға күш біріктірсек, əлі талай асуларға шығатынымызға сенемін. Мереке құтты болсын, ағайын! Ирина АРОНОВА, Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Қазіргі орын алып отырған дағдарыстық жағдайға қарамастан еліміз қадамдап болса да бірқатар табыстарға қол жеткізе білді. Сондықтан да мақтана аларлық жайттар жеткілікті дей аламын. Елбасының саралы да салмақты саясаты үміттенуге ғана емес, барлығы да жақсы болады деген сенімге жетелейді. Үкімет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары əрбір адам өмірдегі өз орны мен тұрақты табыс табуына, білім алып, денсаулығын түзеуіне мүмкіндігі бар. Əлеуметтік қолдау мен тұрақтылықтың барлығы баршамызға сенім ұялатады. Сондықтан да барша қазақстандықтарды еліміздің ең басты мерекесімен құттықтағым келеді. Жылдың соңында жұмысты қорытындылаған кезде алда əлі де көптеген қызықтардың барлығына көз жеткізесің. Мен əрбір отбасында ырыс болып, бейбітсүйгіш мемлекетімізде береке болғанын қалаймын. Сəуле ДОСЖАНОВА, Парламент Мəжілісі баспасөз орталығының қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Татулық пен ынтымақты ту еткен еліміздің арқасында бақытты ғұмыр кешіп жатқанымызды ойлағанда, тұла бойыңды қуаныш кернейді. Міне, осындайда: «Асқақтатып азаттықтың тұғырын, Аспандатып Көк байрақтың ғұмырын, Қазақ елі жатыр қайта тірілтіп, Қасиетті Мəңгілік Ел ұғымын», – деген өлең жолдары тілге оралады.

Бүгін маған Ақордада Мемлекеттік хатшының қолымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Биыл менің «Өгей жүрек» деген сегізінші кітабым шықты. Өзім 15 жасымнан бастап қалам ұстап келемін. Сол қаламымның жемісін көріп, бүгін өте қуанып тұрмын. Жалпы, бүгін мемлекетімізді ілгерілету бағытында қызмет атқарып жүрген азаматтар осы сынды сыйқұрметке бөленіп, орден-медальдарын кеудесіне тақты. Міне, бұл Қазақстанда береке-бірліктің орнығуының, елі үшін атқарылған қандай да болсын еңбектің ескерусіз қалмай, еленетінінің тағы бір айғағы болса керек. Сондықтан, Қазақстанның кез келген азаматы еліміздің өркендеуі жолында аянбай тер төгіп, еңбек етуі керек деп ойлаймын. Жеңісбек МƏУЛЕНҚҰЛОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Парасат» орденінің иегері:

– Мен бүгін өте қуаныштымын. Өйткені, өз еліңнің Тəуелсіздігі күні атап өтіліп жатқанда қалай жаның жадырамасын?! Тəуелсіздік – халқымыз үшін өте қымбат құндылық. Оның қадірін əрбір қазақ жете түсінеді деп ойлаймын. Өйткені, бабалар армандаған егемендіктің жемісін біз көріп отырмыз. Тəуелсіздік бізге еркіндік берді, теңдік берді. Бұл еркіндік өз елімізді өзіміз басқарып, Отанымызды дамытып, алға қарай батыл қадам жасауымызға мүмкіндік берді. Сыртқы байланыс, экономика, мəдениет, білім-ғылым саласының қарыштап дамуы Қазақстанның тəуелсіздік алуымен тікелей байланысты. Ел тізгіні өзгенің қолында болса, мұндай игіліктерді көре алмас едік. Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында кеудеме жарқыраған «Парасат» ордені тағылды. Бұл маған ғана емес, оңтүстікқазақстандық ардагерлерге деген Елбасының, халықтың құрметі деп білемін. Үлкенін сыйлаған, кішісіне ізетін көрсеткен біздің қоғамымыз бақытты. Бұл бақытты бағалай білуіміз керек. Əсіресе, мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан қамқорлық ерекше. Бұл – Тəуелсіздіктің арқасы. Монтасер АБУ ЗЕЙД, Палестина мемлекетінің елшісі:

– Өз елімнің атынан Қазақстан халқын жəне оны басқарып отырған Президентті Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның тəуелсіздігін алдымен таныған елдердің қатарында Палестина да болғандығын, біздің бұрынғы көшбасшымыз Ясир Арафат Алматыға барып Жоғары Мəртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтағанын ерекше ықыласпен жеткізбекпін. Өздеріңізге мəлім, Палестина қазіргі таңда еркіндігі мен тəуелсіздігін алу жолында талмай күрес жүргізіп келеді. Тəуелсіздіктің тəтті дəмінің қаншалықты қымбаттығын біз жақсы түйсінгенбіз. Негізінен екі ел арасындағы тарихи байланыс орнағандығын тілге тиек ете кетсем деймін. Жақында ғана Мемлекет басшыларыңызға сенім грамотасын

тапсырдым. Олай болса мен барлық сала бойынша өзара байланыстарды жандандыру жəне халықтар арасындағы достықты нығайту жолында барымды салатыныма сендіргім келеді. Жəне де отандастарымның атынан қазақстандықтарды Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын:

– Тəуелсіздік – біздің ең биік туымыз, ең биік мұрат-мақсатымыз. Бұл – ата-бабалардың арман-мақсаты. Атабабаның сан ғасыр күткен арманы осы еді. Тəуелсіздік мерекесінен артық, тəуелсіздік тойынан артық той жоқ. Ол бəрінен биік болуы керек. Сондықтан, бұл – биік тойды қастерлеу үшін, міне, бүгін халықтың басы қосылып, ақ тілектер тоғысқан кез. Келер жылы ширек ғасырға толатын мерекеміз келе жатыр. Бізге Алла тағала осындай бақыт сыйлады. Мұндай бақытты тəуелсіздік заманында сезініп отырмыз. Ал тəуелсіздіктен бұрын, мысалы, мен ақын ретінде елім, жерім туралы бір ауыз сөз айта алмадым. Тəуелсіздіктің арқасында қазір еркін сөйлеймін, еркін жүремін, еркін тұрамын. Бүкіл өзімнің жандүниемді халқыма еркін жеткізе аламын. Ал Кеңес өкіметі тұсында біз «а» деп аузымызды ашуға шамамыз келмеді. Алаш деп айта алмадық, ата-бабаларымыздың батырлығын айта алмадық, ғажайып ғұламаларымызды айта алмадық. Сондықтан, осы күнге жеткізген ең əуелі Алла тағалаға тəубе деуіміз керек. Алла қазақ деген халықтың арманының есігін ашып жатыр. Əлемнің көп елінен бақытты халық болып тұрмыз. Бақытымыз баянды, осы жолдан мəңгілік айырмасын деп тілеймін. Мəрзия ТҰРЛЫХАНОВА, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері:

– Тəуелсіздік алған жылдардан бері елімізде атқарылып жатқан түрлі жұмыстарды өз көзіммен көрдім. Тəуелсіздігімізге 24 жыл, яғни ширек ғасырға жуықтапты. Уақыт деген тез өте шығатынына, міне, осыдан кейін тағы бір көз жеткізіп отырмыз. Осы уақыттың ішінде еліміз қиындығы мен қызығы мол өткелдерден өтіп, шыдамдылықтың, ауызбіршіліктің арқасында жетістікке жетіп, үлкен белестерді, биік шыңдарды бағындырды. Елбасының əрбір реформасын, соған сəйкес, қолға алынған бағдарламалары мен жобаларын халқымыз қолдай білгендіктен, еліміз көркейіп, келешегіміздің қандай болатынына да сеніммен қарай бастадық. Əсіресе, жастарға үлкен үмітпен қарайтын болдық. Енді осы тəуелсіздігіміз баянды болып, осы қуанышымыз жалғасын таба берсе екен деп тілеймін. Себебі, тəуелсіздік – бабаларымыздың көптен аңсаған, олардың ұрпағының көптен күткен құндылығы. Сол себепті, бұл күн – біздің төл мерекеміз. Осы мерекеміз ұзағынан болсын. Ел іргесі аман, мемлекетіміз тыныш болсын. Мен 54 жыл бойы ұстаздық етіп келе жатырмын. Бізді білім-ғылым саласында маңызды бастамалар қолға алынуы қуантады.

Шахимардан ƏБІЛОВ, опера əншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Мен барша қазақстандықты Тəуелсіздік мерекесімен, осынау айтулы күнмен құттықтаймын. Ел азаматтарына бақыт, тыныштық, бейбітшілік, мемлекет іргесінің аман болуын тілеймін. Елбасымыз əрдайым бізді жарқын болашаққа бастап, ел тұғыры одан əрі биіктей берсін. Тəуелсіздік – бізге Алла бұйыртқан бақыт. Егемен ел, тəуелсіз мемлекет болу дегеніміз – ешкімге жалтақтамай, тынысымыздың кеңеюі, өзге де егемен елдермен тереземіздің тең болуы, болашаққа да сенімнің болуы. Келесі жылы тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Бүгінде дүниежүзі қазақ деген елдің барын біледі, таниды. Бұл да бір бақыт, үлкен бақыт. Мұның барлығы, əрине, тəуелсіздіктің арқасы. Қазақстан – өте бай ел. Соның ішінде өнерге бай. Соның нəтижесінде бүгінде əлем сахналарында Медет Шотабаев, Жұпар Ғабдуллина, Талғат Мұсабаев сынды əлемдік деңгейдегі мықты əншілеріміз өнер көрсетіп жүр. Мəселен, менің Медет Шотаев деген талантты шəкіртім бар. Ол – əлемдік кеңістікте шоқтығы биік тұрған жұлдыз. Қазақстандағы опера өнерінің шоқжұлдызы десем, артық айтқандық болмас. Бүгін оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілсе, ал мен III дəрежелі «Барыс» орденімен марапатталдым. Мұндай жетістіктерге, марапаттарға біз, əрине, тəуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Айдын СƏБИТОВ, «Қазақстан жастарының конгресі» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры:

– Қазақстан Республикасының халқын осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Елбасымыз айтып кеткендей, ата-бабамыздың аңсап кеткен қасиетті күні. Оның үстіне келесі жылы Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам басайын деп тұрмыз. Жалпы, «Тəуелсіздігіміз мəңгі болсын!» дегенді баса айтпақпын. Жастар үшін тəуелсіздік ұғымы өте маңызды. Өйткені, олардың басым көпшілігі тəуелсіз елімізде дүниеге келген. Олай болса олардың бойында еркіндік қасиеті қалыптасқан жəне демократия тынысымен өсіп, жетіліп келеді. Сондықтан да бұл өскелең ұрпақ тəуелсіздікті барынша қадірлеп, оның нығая беруіне барынша атсалысатынына сенімім кəміл. Өйткені, Елбасы қолдауымен елімізде жастардың дамуына, білім алуына барлық жағдайлар жасалуда. Жазып алғандар Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, Жолдыбай БАЗАР, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». -----------------------------------------------------Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


Еѕбегі еленгенніѕ еѕсесі биік (Соңы. Басы 1-бетте). Бұдан əрі Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтардың жетістіктерін атап өтті. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы ұзақ жылдар бойы өндіруші салада жұмыс істеген, өз кəсібінің үздік маманы ретінде зор құрметке ие болған Павлодар облысының Екібастұз қаласынан Р.Əміреновке берілді. Ол – «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Восточный» разрезінің механигі. Дəл осындай жоғары атаққа Тараз қаласынан «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Искандиров те лайық деп танылды, оның бүкіл еңбек жолы фосфор өнеркəсібімен байланысты. Ол бұл салаға 30 жылдан астам өмірін арнаған. Осы атақ аграрлық салада 40 жылдан аса жұмыс істеген жəне ұжымына жақсы қамқорлық жасаған, Қостанай облысының Қамысты ауданынан «Алтынсарино» ЖШС директоры Б.Князевке берілді. «Отан» орденімен танымал əнші əрі композитор Е.Хасанғалиев пен жазушы Əкім Тарази атап өтілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданынан «Камышинское-2» ЖШС директоры В.Акуловқа берілді. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Қызылорда облысының əкімі Қ.Көшербаев лайық деп танылды. ІІ дəрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповтың, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК ректоры Е.Сыздықовтың еңбегі атап өтілді. ІІІ дəрежелі «Барыс» орденімен Петропавл қаласындағы «Орталық Азия электрэнергетика корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебанов, Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар федерациясы» кəсіподақтар республикалық бірлестігінің төрағасы Ə.Құсайынов марапатталды. «Парасат» орденіне Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, «Назарбаев Университет»

ДББҰ президенті Ш.Катсу, Жамбыл облысының əкімі К.Көкірекбаев, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков лайық деп танылды. ІІ дəрежелі «Достық» орденімен Тараз қаласындағы «Корё» Жамбыл облысының корейлер ассоциациясы» ҚБ президенті, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайту ісіне зор үлес қосқан Л.Канның еңбегі атап өтілді. «Құрмет» орденімен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласындағы «Түркістан медицина колледжі» МКҚК директоры Ғ.Бимұрзаев, Ақмола облысының Шортанды ауданындағы «Жакен-1» ЖШС директоры А.Бренер, Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова марапатталды. Биыл бірінші рет «Еңбек Даңқы» ордені тапсырылып отыр. Оның үш дəрежесін иеленген лауреаттарға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріледі. Бұл марапатқа алғаш ие болғандар қатарында Атырау қаласынан «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ

операторы Е.Жұмағалиев, Қарағанды облысының Теміртау қаласынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ темір кесушісі М.Ибраев жəне Қостанай облысының Таран ауданындағы «Адлет-Т» ЖШС механизаторы Н.Капранчиков, Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы «Дайындық» ЖШС комбайншысы А.Сағындықов, Алматы облысының Талғар ауданындағы «Алматы» асыл тұқымды зауыты» АӨК аға шопаны К.Сейтенбекова бар. Негізінен, биыл «Еңбек Даңқы» орденіне өнеркəсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы жəне басқа материалдық өндіріс салаларының 52 жұмысшысы мен еңбеккері лайық деп танылған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы С.Ақшолақовқа берілді. Оның еңбегі ғылымға, сондай-ақ, еліміздегі нейрохирургия технологияларын ілгерілетуге қосылған үлес болып саналады. Сонымен қатар, бұл атаққа Алматы қаласындағы «Ғ.Мүсірепов атындағы

қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК əртісі А.Иманбаева да ие болды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде І дəрежелі «Даңқ» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары В.Жұмақановтың, ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен Б.Ашқаровтың, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжановтың қызметі атап өтілді. ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің жолпатрульдік полициясының аға инспекторы Е.Абдрахимов, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығы Р.Нұркин, Қорғаныс министрлігі 03534 əскери бөлімінің командирі С.Поплавский марапатталды. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде мемлекеттік наградалармен мəдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, өндіріс пен бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілер, спортшылар, соғыс жəне еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер марапатталып жатқанын айтты. «Бүкіл ел бойынша марапатталушыларға менің атымнан ордендер мен медальдар тапсырылуда. Сіздердің əрқайсыңыздың Отанымыздың игілігі жолындағы жұмыста үлестеріңіз бен тəжірибелеріңіз бар. Əрқайсыңызды Қазақстанның мақтанышы деп айтуға əбден болады. Осының бəріне еңбекпен жеттіңіздер. Біз еңбек адамына құрмет көрсетуге тиіспіз, сондықтан «Еңбек Даңқы» орденін алған адамдардың қызметін айрықша атап өткім келеді. Бұл – экономикалық қуатты еселеп жатқан еңбекшілер үшін үлгі болсын, соның негізінде барлық өзге салалар дамып жатыр», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық марапатталушыларды Тəуелсіздік мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық жəне табыс тіледі. –––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќызметтері биік баєаланєандарєа – ордендер мен медальдар Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова еңбегі еленген азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Награда тапсыру салтанатын ашқан Мемлекеттік хатшы ұлттық мереке – Тəуелсіздік күні қарсаңында жоғары марапаттарды табыс етудің символдық мəні зор екенін атап өтті. Бұл күндері бүкіл еліміз айрықша үздік деп танылған, қоғамды дамыту жəне

3

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

Қазақ стан Республикасының тəуелсіздігін нығайту жолында халықтың құрметіне бөленген барша қазақстандықтарды марапаттайды. Республикамыз қол жеткізген табыстар Елбасының стратегиялық көрегендігі мен саяси ерік-жігерінің жарқын көрінісі, сондай-ақ, ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің нəтижесі болып табылады, деді ол.

Марапатталғандар арасында мəдениет, білім жəне ғылым, денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, экономика жəне бизнес өкілдері болды. – Бəріңіз 2015 жыл Президент Жарлығымен Ассамблея жылы деп жарияланғанын білесіздер. Сонымен бірге, жыл бойы біз Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын жəне Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Осы айтулы даталарды тойлағанымыз елдің əлеуметтікэкономикалық, саяси-қоғамдық

Ерлік ескерілген кїн

Астанада Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов биылғы жылдың күзінде əскери міндетін орындау кезінде қаза тапқан əскери қызметшілердің ата-аналарына мемлекеттік наградалар табыстады.

«Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының арнайы Жарлығымен Отаны мен халқы алдында өз борышын орындай отырып, батылдық танытып, опат болған сарбаздар марапатталады. Бұл

– есімдері мəңгі жадымызда қалатын айбынды əскери қызметшілерімізді құрметтеу белгісі. Мақсатымыз медальдарды табыстау ғана емес, сонымен бірге, қайғыларыңызға ортақ болу болып табылады. Əрине, анасы мен

жəне рухани-мəдени дамуының айғағы болды. Бүгін осы залда осынау мерекелік шараларға белсене атсалысқан адамдар отыр. Олар Қазақстан Тəуелсіздігінің нығаюына айтарлықтай үлес қосқандар, деді Г.Əбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы барлығы 19 адамға ІІІ дəрежелі «Барыс», «Парасат», ІІ дəрежелі «Достық» жəне т.б. ордендерді табыс етті. Сонымен қатар, 15 адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Олардың арасында Л.Н.Гумилев атындағы

əкесіне қаза болған ұлдарын ешбір марапат қайтара алмайды. Біз оны жақсы түсінеміз. Алайда, өзгелерге үлгіөнеге болып табылатын сарбаздың батыл дығының маңыздылығын, Отан қорғау шысының абыройын, əскери қызметшінің бейнесін ешкім жоққа шығармайды. Бұл медальдар жұбаныш болып табылмайды, бірақ, мақтауға тұрарлық ұл тəрбиелеп өсірген ата-аналар үшін нағыз халықтың сый-құрметі іспетті», – деді Қорғаныс министрі Иманғали Тас ма ғамбетов.

Еуразия уни вер ситетінің профессоры, белсенді авторымыз С.Негимов те болды. Ал ІІІ дəрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алғандардың ішінде Павлодар алюминий зауытының жұмысшысы Сергей Агапов бар. Марапаттау рəсімінің соңында Г.Əбдіқалықова қатысушыларды алдағы Тəуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға бейбітшілік пен бақ-береке жəне Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Қаза болғаннан кейін ұлан қатардағы жауынгері Асылжан Махамбетов, ұлан қатардағы жауынгері Замир Əділов, ұлан қатардағы жауынгері Бауыржан Жолдыбай жəне ұлан қатардағы жауынгері Бағытжан Қалыбай «Ерлігі үшін» медальдарын иеленді. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға Ақтауда 18 қыркүйекте «Орталық-2015» оқу-жаттығуының 2-кезеңін өткізу кезінде орын алды. Оқу-жаттығу барысында 4 əскери қызметші суға батып кетті. Бүгінгі күні тергеу əлі жалғасуда.

Достыќќа ќосќан їлестеріне лайыќты ќўрмет

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сəйкес Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне, этномəдени бірлестіктердің, шығармашыл жəне ғылыми зиялы қауымның өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Іс-шараға Парламент Мəжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномəдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномəдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Шаймардан Нұрымов, Астана қаласы корей этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак, Алматы қаласындағы «Беларусь мəде ни орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Леонид Питаленко, «Авиценна» тəжік этномəдени бірлестігінің төрағасы Бекпулат Ташпулатов «Құрмет» орденімен марапатталды. Астана қаласы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының актері Денис Анников «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Сондай-ақ, бір топ азамат «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қазақ хандығына – 550 жыл» естелік белгісімен наградталды. Кездесу соңында Е.Тоғжанов қатысушылардың барлығын Тəуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік пен келісім, Отан игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете беруге тілектестігін білдірді, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

Сенаторларєа – мемлекеттік наградалар

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында ұлттық мереке – Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болды. Палата Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев өз сөзінде «Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан тəуелсіздіктің əр жылында мол табыстарға қол жеткізіп келеді», деп атап өтті. Төраға өтіп бара жатқан жылдағы еліміз үшін маңызды оқиғаларға – Президент сайлауында Н.Назарбаевтың бүкілхалықтық жаппай қолдауға ие болғанына, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өткізілгеніне назар аударды. Қ.Тоқаев депутаттардың нəтижелі еңбегін айта келіп, Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін алпысқа жуық заң қабылданғанын атап өтті. Төраға сенаторларды Президенттің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жаңа Жолдауын түсіндіруге белсене атсалысуға шақырды. Əріптестерін мерекемен құттықтаған Қ.Тоқаев «Тəуелсіздікті мəңгілік ету – əрбір қазақстандықтың Отан алдындағы қасиетті парызы», деді. Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығымен бір топ сенаторлар мемлекеттік жəне қоғамдық істегі қызметі, еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне мəде ни дамуына, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Сенатор Сəрсенбай Еңсегенов «Парасат» орденімен, Сергей Ершов, Георгий Ким «Құрмет» орденімен, сенатор Михаил Бортник ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталды. Сенаторлар Бірғаным Əйтімова, Владимир Бобров, Сергей Громов, Ерболат Мұқаевқа ТМД ПАА-ның «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді. Сенаторлар Жабал Ерғалиев, Ольга Перепечина ТМД-ның Құрмет грамотасымен, сенатор Ақан Би жанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды. Одан басқа, жоғары палата Бюросының қаулысымен Үкіметтің Парламенттегі өкілі Сайлаухан Райымбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасына ие болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Мəжілістегі марапат

Мəжілісте палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Тəуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Оған дейін егемен еліміздің төл мерекесіне арналған салтанат Елбасының қатысуымен ақордада өтіп, онда Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповқа «ІІ дəрежелі Барыс» ордені табыс етілген болатын. Ал Мəжілісте өткен жиында халық қалаулылары мен аппарат қызметкерлеріне ыстық лебізін арнаған Қ. Жақыпов аталған мерекенің маңыздылығын атап өтіп, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды. Ел дамуы жолындағы əрбір маңызды бастамаларды заңдық тұрғыдан қолдап, Қазақстанымыздың құқықтық саласын қамтамасыз ете білген Парламенттің, соның ішінде, Мəжілістің де елеулі еңбегін назардан тыс қалдырмады. Мəжіліс Төрағасы өз сөзінде қазір біздің елдігіміз бен болашағымыз сынға түсетін өте жауапты кезең басталғанын, əлемді шарпыған дағдарыс пен алпауыт елдердің текетіресі біздің елге де өз салқынын тигізіп жатқанын айтып, Елбасымыздың 5 институттық реформасына, оны жүзеге асырудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына тоқталды. Елбасының биылғы Жолдауында жаһандық қиын ахуалда өсудің, өркендеудің негізгі жолдарын тағы бір мəрте пысықтағанын айта келіп:

– Президентіміздің болашақты болжай білетін көреген саясатының арқасында біз бұл дағдарыстан да аман өтіп, əлемде ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатымызға жететінімізге ешқандай күмəн жоқ. Тек қана осы жауапты сəтте бірлікберекемізді сақтап, аянбай еңбек етуге тиіспіз, – деді Мəжіліс Төрағасы. Одан əрі палата Спикері Тəуелсіздік мерекесіне орай Мəжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Елбасы Жарлығы бойынша мемлекеттік жəне қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасын дағы достық пен ынтымақ тастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мəжіліс депутаттары Азат Перуашев «ІІ дəрежелі Барыс», Рахмет Мұқашев «ІІІ дəрежелі Барыс», Тұрарбек Асанов, Нұрлан Əбдіров, Мəулен Əшімбаев, Тұрсынбек Өмірзақов «Парасат» ордендерімен, Мейрам Бегентаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Тəңірберген Бердіоңғар Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал аппарат қызметкерлері Төрегелді Тұяқбайға «Ерен еңбегі үшін» медалі, Ерғали Келсейітов жəне Наталья Липовкаға Құрмет грамотасы берілді. Мəжіліс Төрағасы марапат иелерін құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Адал жўмыс атќарєанныѕ аты озады Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігі күнінің құрметіне орай Елбасының Жарлығымен марапатталған бір топ алматылықтарға наградалар табыс етті. Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Марапат иелерін құттықтаған қала басшысы Қазақ елінің ең қасиетті мерекесі – Тəуелсіздіктің қадір-қасиетін шын ұғынып бағалай білу керектігін атап өтті. «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай – тарихи өлшем тұрғысынан қысқа уақытта біз үлкен жолдан өттік, мемлекеттілікті нығайтып, экономиканы дамыттық, қазақстандықтардың жаңа буынын тəрбиеледік. Біз индустриялықинновациялық бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Биыл үшінші ғарышкеріміз ғарышта болып келді. Қазақстан ДСҰ мүшесіне айналды. Əлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан, біз көп іс тындырдық, – деген Бауыржан Байбек берілетін бүгінгі наградалар мен атақтар қажырлы еңбек пен қызметтің жоғары деңгейде бағалануының белгісі деді. Елбасының Жарлығына сəйкес «Құрмет» орденімен еңбек ардагері

Нұрила Бөлекбаева, «Алатау» емдеусауықтыру кешені АҚ президенті Қанат Жұмабаев, Никольск шіркеуінің клиригі Андрей Бурдин жəне басқа барлығы 13 адам марапатталды. ІІІ дəрежелі «Еңбек Даңқы» ордені –2, «Ерен еңбегі үшін» медалі – 23, «Шапағат» медалі –5 адамға, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы 13 адамға берілді. Сол күні Қазақстан Жазушылар одағында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай бір топ ақын-жазушыға Елбасы Жарлығымен берілген наградаларды тапсырды. Олардың қатарында ақын Кəдірбек Құныпияұлы мен жазушы Ерғали Сағат «Құрмет» орденін, қаламгерлер Мағира Қожахметова мен Ахметжан Əшіри «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Марапаттау салтанаты кешкілік Республика сарайындағы үлкен мерекелік концертке ұласты. АЛМАТЫ.


4

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

● Жолдау жүгі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауындағы мəселелердің философиялық негіздері туралы айтып беруді философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла ЕСІМНЕН өтінген едік. – Құрметті Ғареке, Ел басының жаңа Жолдауынан философ ретінде қандай ерекшелікті байқадыңыз? Бұл құжат сізге қандай əсер қалдырды? – Егер Елбасының Жолдауын мұқият оқыған болсаңыздар, ол кісі өзінің сөзін былай деп бастады: «Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасуы – дүниені тұйыққа қарай бастауда», дей келіп: «Сəт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек», деді. Міне, осы сөздерге қарап қазіргі дəуірдің өзін «амал заманы» деу орынды. «Амал» дегеннің өзі – өте терең мағыналы, дүниетанымдық, философиялық сөз. Оны қазіргі болып жатқан дағдарыс деп те тануға болады. Қазақ табиғаттың кенеттен соққан бір дүлей апаты болса, оны «бір амал ғой» деп айтатын. Сол сияқты заманның да амалдары болады. Қазір біз сондай амалды бастан кешіп отырмыз. Мұның ешқандай объективті себептері жоқ, төтеннен соққан бір амал сияқты. Енді осы амалға қарсы тұратын не деген сұраққа Елбасы Жолдаудың үшінші тармағында жауап беріп, оны «біздің дағдарысқа қарсы қолданатын басты стратагемамыз» деп атады. Стратегия деген сөз белгілі, ол ұзақ мерзімдік бағдар. Ал «стратагема» деген не деген сұраққа келетін болсақ, ол да қазақтың амал деген сөзінің баламасы. Қазақ «заманына қарай амалы» – дейді, демек, бұл ұзақмерзімдік стратегия емес, қазіргі заманның сұранысына сай болатын əрекеттер деген мағынаны береді. «Стратагема» дегеннің өзі грек тілінен аударғанда «əскери айла» деген екен, яғни айлалы жоспар, саяси, экономикалық мақсатқа жетудің айрықша жоспары. Қазақша қысқа сөзбен айтатын болсақ, амалдап күн көру деген мағынаны береді. Міне, сондықтан да мен Елбасының осы Жолдауын заманға қарай амал тапқан құжат деп атар едім. Қазір амалдың заманы, ақылды айланың заманы. Бірақ «заманың түлкі болса – тазы боп шал» дейтін белсенділікке үндейтін амалдың емес, ақылды айламен ақырын əрекет етуді талап ететін заман. Жолдау заманның осы нақтылығын дəл басқан, міне, менің көзіме ең алдымен танылған осы жəйт болды. – Алпауыттардың текетіресінде біржақтылыққа ұрынбай, көпвекторлы бағдарды ұстану да қиын екені белгілі. Осыны Елбасы қалай ұстап отыр? – Əлбетте, өте ауыр екені мəлім. Мұндайда тура болмаса да түрлі пішіндегі жанама қысымдар болмай қоймайды. Соның ішінде алысжақын шетелдік БАҚ беттерінде тапсырысты дүниелер, түрлі шағыстырулар жарияланып жатады. Алайда Елбасы ондайларға қарамай, Жолдауда өзінің көпвекторлы саясатынан айнымайтынын жариялады. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтағы жақын əріптесіміз Ресеймен екі ортадағы текетіреске қарамай Украинамен де экономикалық қарым-қатынасты тереңдете түсуді көздеп отыр. Былтыр Украинаға өзі ресми сапармен барса, биыл Украина президенті П.Порошенконы өзінің шақыруымен бізге ресми сапармен келтірді. Мен осы биыл Украинада болдым, сонда халықаралық «Борисполь» əуежайынан Қазақстанға күніне екі рейс ұшатынын көрдім, ал Ресейге бірде-бір рейс жоқ. Қанша масқара жағдай десек те өмір шындығы осындай... Алысқа бармай-ақ осыдан үш жыл ғана бұрын осындай жағдай болады деп ең нашар болжам айтатын сəуегей де айта алмас еді... Ал Түркия мен Ресей арасындағы текетірес басталғанда осы екі елдің өзара қарым-қатынасының жақсаруына кезінде Елбасы өзінің көп еңбек сіңіргенін айта келіп, олардың бейбіт келі сімге келуін жақтайтынын жариялады. Текетіресте біржақты болу екінің бірінің қолынан келеді, бірақ ондай жағдайда қарсы жаққа үнің жетпейді, тіпті, ортадағылар да сені естімеуі мүмкін. Ал біздің Президентіміз қандай қиын жағдай болса да ортадағы орнын сақтап келеді, осының өзі үлкен өнер, сондықтан да мен Елбасының саясатына разымын. – «Дағдарыссыз даму жоқ» дегенді жуырда бір философ ағамыз айтып қалды, осы сөз шындықпен қаншалықты үйлеседі? – Дағдарыс дамудың емес, өзгерістің алғышарты. Дүниеде бəрі де өзгеріп отырады, біз де сол өзгерістен қалмауымыз керек. Абайдың өзі «бір Құдайдан басқаның бəрі өзгермек» деп айтты емес пе? Жалпы, қалыпты дағдарыстың объективті экономикалық себептері

АМАЛ ЗАМАНЫ бола ды. Мысалы, 2008 жылы бас талған əлемдік дағдарыстың экономикалық себептері бар еді. Еске сала кететін болсақ, несиелік рынок «қызып кетіп», соның салдарынан ипотекалық тоқырау басталды. Оған қаржылық реттеу шараларының əлсіреуі, үлкен тəуекелдерге соқтырған корпоративтік басқарудың құлдырауы, құнды қағаздардың шектен тыс көп шығарылуы, банк жүйесінің реттелмеуі сияқты себептер қосылды. Осының бəрі дағдарыстың объективті экономикалық негізін қалады. Бұлар біздің еркімізден тыс, сырт күштердің əсерімен жасалды. Оны жалғыз еңсеруге біздің елдің шамасы келмейді. Ал қазіргі дағдарыс тек субъективті факторлардың əсерінен болып отыр. Саяси текетірестің салдарынан туындаған «санкциялар соғысы» экономикалық мəселелерді шешпейді, керісінше, оны барынша күрделендіріп жібереді. Солтүстік көршіміздің Еуропалық Одақпен, Америкамен текетіреске барып, осындай «соғысқа» түсіп отырғаны, əрине, біздің экономикамызға да теріс ықпалын барынша тигізуде. Бұл да бізге сыртқы күштердің таңып отырған дағдарысы. Сонымен қатар, дағдарысқа əкелетін ішкі факторлар да бар. Оны да ұмытпауымыз керек. Біз көбіне оларға көзжұмбайлықпен қараймыз. Атап айтқанда, біз осы уақытқа дейін социалистік тəсілдер мен дағдылардан экономикада да, тұрмыста да, санада да арыла алмай отырмыз. Мысалы, басқару жүйесінде бітпейтін жиналыстардан аяқ алып жүргісіз. Баяғыда Мөңке бидің: «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ, Күн сайын бас қосқан жиын болады», дегені қазір бізге дəл келіп тұр. Жиналыста шешім қабылдаған боламыз, алайда нақты міндет, тапсырма жоқ. Үкімет жиналысында бір министрді талқылағанда қалғандары есінеп, қозғалақтап, тіпті қалғып кетіп отырады. Ал бұл уақытта оларды кіріптар болған қаншама адамдар қолын қойдыру үшін, рұқсатын алу үшін тосып отырады. Соның ішінде өндіріске тиімді уақытын жоғалтып отырған өнім өндірушілер де бар. Елбасы да жиналыстарды барынша азайту керек деген еді, бірақ социалистік санадан арыла алмай келе жатқан біздің шенеуніктер одан құтылар емес. Сондай-ақ, халықаралық конференция дегенге қатты құмар болып кеттік. Барлық министрліктер, үкіметтік ұйымдар, оқу орындары бəленбай миллиондаған қаржыны текке шашып, болмашы бір мəселені талқылау үшін Қырғызстан мен Ресейден бір-бір өкіл алдырамыз да: «О, біз халықаралық конференция өткіздік» деп мəз боламыз. Оның өздері алдын ала конференциясызақ дайындап қойған шешімін күмпілдетіп жариялап жатамыз. Бұл да біздің социализмнен қалған əсіре атаққұмарлығымыздың бір белгісі. Тағы бір мəселені айтайын. Біздің халыққа жариялайтын немесе жоғарыға есеп беретін статистикалық ақпараттарымыздың көбінің көбігі бар. Жоғары жаққа ұнайтын ақпараттар беру социализм кезінде қалыптасқан кеміс практика еді. Біз əлі күнге содан шыға алмай келе жатырмыз. Мысалы, бір шаруа астық өндіруде гектарынан 10 центнерден алса, оны 15 деп жазып жібереді, тіпті ана шаруаны солай жаз деп зорлап та жатады. Сонда біз кімді алдап отырмыз? Алдау деген өтірік ақпар беретін социализмнің,

яғни өтірік қоғамның əдісі еді ғой. Өтірік өрге баспай ертең-ақ ашылып қалады емес пе? Осыдан арылуымыз керек қой. Сайып келгенде өтірік деректер экономиканы дұрыс бағамдауға, қалыптасқан жағдайды шынайы саралауға жол бермейді. Сондықтан құжаттағы жағдай бір басқа, нақты дүние екінші басқа болып жатады. Мысалы, 5 млн. тонна астық бар деген элеваторлардан 3 млн. тонна астық шығады, 100 шақырым тас жолы бар деген жердің бар-жоғы 70 шақырымында ғана жол болады жəне т.б. Өтірік ақпараттар өндірісте ғана емес, білім беру саласында да, ғылымда да, денсаулық сақтауда да, саудада, т.б. салаларда толып жатыр. Міне, дағдарысқа қол болатын осындай ішкі келеңсіз факторлардан міндетті түрде арылуымыз керек. Мен Елбасының көрегендік саясаты елді тығырықтан алып шығарына сенемін. Оның ең басты жолының бірі – біздің дəл биыл ДСҰ-ға толыққанды мүше болып енуіміз. «Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі біздің экспорттаушыларымыз үшін де, экономикамыздың нақты секторларына келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады» деп Елбасының өзі Жолдауында атап айтты. ДСҰ-ның құндылықтары ЕАЭО құндылықтарынан жоғары, оның қалыптасқан заңнамалары бар. Енді осылар біздің экономикамызда да жұмыс істей бастайды. Сондықтан бұл біз үшін жақсылық деп есептеуіміз керек. Əрине, біздің кəсіпкерлердің шығарып жатқан өнімдерінің бəсекелестікке қабілеті төмен болғандықтан оларға рыноктың тарылатыны сөзсіз. Бірақ бұл уақытша бөгеліс болады. Біз үнемі сапасыз тауар өндіруші елдің қатарында болмауымыз керек қой, Елбасы: «Нарықтық экономика – күштілердің бəсекесі», деді емес пе. Сондықтан тауар өндірушілер өздерінің жұмыс сапасын арттырып, жетпегенін жетілдіріп, бəсекеге қабілеттілікті арттыруы керек. Біз сапалы тауарлар өндіріп жатқан елдерді көріп жүрміз. Олардың бізден артық жері жоқ, бəрі де өзіміздей адамдар. Мəселен, мен жуырда Индонезия мен Малайзия елдерінде болып қайттым. Олар көктен түскен жоқ, ой-өрісі, таным көкжиегі өзімізге жақын мұсылман халықтар. Алайда, дамушы елдер арасында Индонезия 10-шы, Малайзия 6-шы орында тұр. Біздің олардан ештеңеміз кем емес, сондықтан жоғарыға ұмтылуымыз керек. – Өзіңіз жақсы білетін білім беру саласындағы дағдарыс қандай? – Бұл мəселені айтсам мен тым тереңге кетемін, алайда біршама жеңілдетіп айтып бе рейін. Білім беру саласында біз қазір социалистік кеміс əдеттерден де тереңдетілген

төрешілдік ке дергілерге тап болып отырмыз. Мысалы, мен – профессормын. Менің жұмысымды бағалау өлшемі студенттерге берген білімімнің сапасы болуы керек. Солардың алған біліміне қарап менің еңбегімнің бағасы қойылуға тиісті. Ал бізде олай емес, менің жұмыс сапамды бағалайтын критерий – мен толтыруға тиісті толып жатқан қағаздар. Оларды дұрыс толтырып, уақытында өткізсем, жақсы профессормын, уақытында өткізе алмасам, нашар ұстазбын. Демек, мен сабаққа дайындалып, студенттерге бүгінгі күні білуге тиісті жаңа ақпараттарды іздеудің орнына барлық уақытымды керексіз ақпарлар беруге жұмсаймын. Бұл барлық оқу орындарына тəн. Денсаулық сақтау саласында да сондай екенін естимін. Мектептегі ұстаздардың да көрген күні сол екенін білемін. Тіпті, мектептің сапалы мұғалімі дегенді бүгін ешкім күн тəртібіне қойып отырған жоқ. Мұғалімдерді дайындайтын педагогикалық институттар да аз. Мысалы, 800 мың халқы бар Астанада ондай институт жоқ. Академия, университеттердің негізгі мақсаты мұғалім дайындау емес. Оның үстіне, бір маман ұстаз айына бірнеше папкадан толтырады. Осындай уақыт өлтірулермен негізгі жұмысыңда жоғары деңгейдегі сапа бола ма? Біз осы салалардағы сапаның өлшемдерін анықтай алмай отырмыз. Бұл – «қандай маман сапалы» деген сауалға жауап бере алмауға соқтырады. Міне, осындай мəселелер де бізді дағдарысқа өз аяғымызбен келуге ықпал етіп отыр. Бізге қазір басқару жүйесінде де, экономикада да, əлеуметтік салада да құрылымдық өзгерістер қажет. Бірақ соны қалай жасауды ешкім білмейді. Елбасы өзінің Жолдауында өнім өндірушіні басқарудан арылып, оның еркін қарекет етуіне мүмкіндік тудыру керек деді. Осы сөз басқа салаларға да қатысты деп ойлаймын. Білім беруді де мамандардың мойнына жүктеп, олардың ісіне араласпай, тек нəтижесін ғана сараласын. Сөйтіп, ұстаздардың барлық жұмыстарын түрлі есеп берулерге таңып қоятын қағазбастылықтан арылту керек. Ол – социализмнің кеміс практикасы. – Елбасы өзінің Жолдауында халықтың экономикалық мінезқұлқы деген сөздер айтты. Соны қалай түсінуге болады? – Бұл – өте терең мəселе. Экономикалық мінез-құлық деген – экономикалық өзгеру дегенге келеді. Мен жуырда Белоруссияда болып қайттым. Жекеменшік деген түсінік онда əлі күнге бұлыңғыр екеніне көзім жетті. Ресейде де солай. Ал бізде, құдайға шүкір деп айтайық, меншік деген ұғым қалыптасты. Жекеменшік деген үлкен жауапкершілікке əкелетін мəселе. Бізде жекеменшіктің институттары негізінен құрылды. Экономикалық мінезіміз өзгеруде. Біздің халық қазір біреуге арқа сүйейтін социалистік «өкімет өлтірмейді» деген ұғымнан түпкілікті түрде арыла бастады. Қазір халық өзінің тұлғалық қасиетін танып, өзіме өзім жағдай жасауым керек деген түсінікке келіп отыр. Тіпті, «мен өзіме өзім жағдай жасау арқылы елімді өркендетемін» деген түсінік те қалыптасып келеді. Бұл – өте жақсы бағыт, дұрыс нысана. Біз осы ынтаны қолдап, орта жəне шағын бизнес ке жол аша беруіміз керек.

– Ал жекеменшіктің олигарх деген сатысы да бар ғой, ол туралы не айтар едіңіз? – Мұндай сатының да болғаны табиғи, заңды. Алайда бізде ондайлардың мемлекетшілдігі төмен. Сондықтан олардың байлығы дəулетке айналмай жатыр. Мысалы, бізде Əбілəзов деген олигархтың болғанын білеміз. Миллиардтаған қаражаттарды жұмсап жүріп сол туған еліне бір жақсылық қылды ма? Жоқ. Тіпті, қарттар үйі, балабақша сияқты əлеуметтік нысандар емес, халыққа да, өзіне де пайда əкелетін өндіріс орындарын да ашпады ғой. Жалғыз ол емес, жеңіл жолмен миллиардтарды қалтасына басып алған олигархтар көп. Егер сондайлар электронды өнімдер шығаратын зауыт-фабрикалар ашса, қазақ жастары оларды малай мен қытай жастарынан кем шығармас еді. Робот техникаларды да меңгеріп алар еді. Немесе сапалы мата шығаратын, оны өнімге айналдыратын өндірісті де ұйымдастыруға болады ғой. Сонда олардың байлығы елдің игілігіне айналып, мемлекеттің дəулетін арттырар еді. Əрине, байлық игілікке айналу үшін ізгілікке жұмыс істеу керек. Ал біздің олигархтар ізгілікті ойына да алмайды. Егер осындай жұмыстар істесе халық дəулетті адамдарды жомарт деп атар еді. Жомарт адамға халық əрқашан да жақтас болады. Жомарттық деген өте үлкен қасиет. Біздің олигархтар ондайды мүлде білмейді. Жақсылық қылса тек өндіріске қажетті құралдарды шығарып немесе бірден көп ақша əкелетін қымбат көліктерді құрастырады, ал халық тұтынатын тауарларды шығаруды мүлде ойламайды. Көп ақшаларын шетелге шығарып, оффшорлық аймақтарға аударып, тек жалға беріп, ақшаны күреп табуға болатын қонақүйлер, демалыс орындарын салуды ғана біледі. Анда-санда, Президент қатты талап еткенде ғана, елге бір мектеп, балабақша, аурухана салып, көзді алдайды. Негізгі байлығы Қазақстан экономикасына капитал болып құйылып жатқан жоқ. Сондықтан Президент Жолдауда оларды Қазақстан экономикасына араласуға арнайы шақырды. Біздің түрік туысқандарымыз туралы айта кететін болсақ, олардың олигархтары ізгілікті іс жасауға əрқашан дайын тұрады. Түріктердің ізгі мұраттарын танытып, осы заманғы жетік білім беріп жатқан қазақ-түрік, украин-түрік, америкатүрік жəне т.б. дүниежүзіне тарап кеткен озық мектептер де сол олигархтардың күшімен құрылған. Егер бір игілікті бастама көтермек болып, ғалымдар, жазушылар түрік олигархтарынан көмек сұраса, олар міндетті түрде көмектеседі. Сондықтан олар байлығын ізгілікті істерге жұмсап, халқының игілігіне айналдырып отыр. Ал біздің олигархтар мүлде олай емес, егер сіз халыққа пайдалы бір кітап, өнер туындысын шығаруыма көмектесіңізші деп барсаңыз немесе хат жазсаңыз есігінен де қаратпайды. Олардың ұғымында сіз ізгілікті істі тудырушы емес, сұраншақ, алымшақ біреусіз. Бұл да біздің құлдықтан, сананың социалистік құрсауынан арыла алмай жатқанымыздың бір көрінісі. Ал түріктер ешқашан құлдық қоғамда болған емес, бастары үнемі азат болды. Олар адам байлықпен емес, өнермен, біліммен құрметті екенін біледі. Мысалы, мен

бірде Ыстамбұлға 25-30 адамдық ғылым, қоғам қайраткерлерінің делегациясын бастап бардым. Бізді екі қабатты рестораны бар дəулетті адамның өзі қол қусырып қарсы алды. Үстелдерге жайғасып, дəм алып отырғанымызда да əлгі кісі аяғының ұшымен жүріп қызмет етті. Отырсаңызшы десек, жылы жымиып, сіздерге түрегеліп қызмет еткенімнің өзі мен үшін үлкен мəртебе деп сыпайылық көрсетті. Ал бізде сондай бай адамға дəл сондай қонақтарды күтіп бер деп өтінсеңіз, төбе шашы тік тұрады. Тіпті қарсы алған күннің өзінде өзі келмей, көмекшісін жібереді. Бірде, сол Түркиядан келген қонақтарды олигархтарымыздың бірінен қарсы алуын өтіндік. Бұл дастарқанның иесі кім? – деді қонақтарымыздың үлкені. Біз оның келе алмағанын айтып, көмекшісі міне отыр деп едік, қонақтарымыздың қабағы салқын тартып, көп отырмай тұрып кетті. Олардың бұл қылығынан: біз аш емеспіз, бір тоятын тамақ алуға бəріміздің де қауқарымыз жетеді, бірақ бізді сыйлап шақырған екенсіз, дастарқанда өзіңіз де болуыңыз керек еді дегенді ұқтық. Қазақта да «ас иесімен тəтті» деген сөз бар ғой. Соны да біз ескере бермейміз. Ал өзінің қадірі мен қасиетінен арылмаған түрік ағайындарымыз дəстүрді қатты сақтайды. Барлық адами қасиеттерді тек ақшамен өлшейміз. Мұндай тексіздіктің түптамыры – социализмнің тұсында уызынан жарымай, ашпа-жалап болғанымыздың көрінісі. Біздің олигархтар адамнан адам ақшамен асады деп ойлайды. Бұл бекер, адамнан адам тек біліммен, көркем мінезбен асады деген ұлы Абай. Қазір қалтаға ақша түсіп, басымыз азат болғанда олигархтарымыз сол құлдық санадан арыла алмай, адамды, адами қасиеттерді қадірлеуді біле алмай жатыр. Экономикалық мінезбен бірге, осы да өзгеріп жəне жомарттық сезім де оянуы керек. Елбасы оларды келесі жекешелендіру тендерлеріне белсене қатысып, капиталдарын халық игілігіне айналдыруға шақырып отыр. Байлық ізгілікке жұмыс істеп, ел дəулетіне айналса – міне, осы біздің экономикалық мінезіміздің нағыз оңға өзгеруі сол болады. Ал қарапайым халықта ысырапшылдыққа жол бермейтін үнемшілдік сезім оянуы керек. Ысырапшылдық дегеннің өзі мұсылманшылдық қағидаға мүлде жат дүние. – Бұл дағдарыс қашан аяқталады деп ойлайсыз? – Бүгінгі жағдайға қарағанда, ол биыл бітпейді, ендігі жылы бұдан да ауыр болатын сыңайлы. Алайда, біздің халқымыздың қандай дағдарыс болса да қарсы қоя алатын рухани қоры бар. Ол біздің қазақтық, мұсылмандық дүниетанымымызда. Қазақ не нəрсеге де тəубе, шүкір дейді. Барлық қиыншылыққа да сабыр сақтап, күйгелектікке жол бермейді. «Сабыр түбі – сары алтын», «сабырсыздық – шайтанның ісі» деген даналықтарымыз да бар. Бұдан да қиын заманды көргенбіз дейді қазақ. Сабыр деген біздің елдің зор капиталы деп ұғу керек. Алайда, онымен ойнауға да болмайды, өйткені оның да шегі бар. Қазақтың қанағатшыл мінезі – біздің үлкен құндылығымыз. Тағы да тарқата айтсақ, қазақтың «қолдағы бардан айырылып қалмайық» деген бір даналығы бар. Өйткені, қолдағы барға разы болмасаң одан да айырылып қалуың мүмкін. Қазіргі дағдарыс кезінде біз қолдағыға разы болмай, анау-мынау мінез көрсете бастасақ, барымыздан айырылып қаламыз. Тəубешіл, шүкіршіл, қанағатшыл, үнемшіл болсақ, иншалла, несібеміз тағы да мол келеді. Біздің бойымызда көп мүлкіміз бар. «Ақылды жанның мүлкі – əлем» дейді Шəкəрім. Өткенді ойлап, оны көксеуді тоқтату керек. Өткен кетті, оған киіміңді іле алмайсың, оның ілгегі жоқ. Жақсылықты тек келешектен іздеу – халқымыздың дəстүрі. Біз – өткеннен ілгек іздемей, алдағыдан үміт еткенді қалайтын халықпыз. Бір қадам алға бассақ соған қуанып, соған той жасап жатамыз (Той дегеннің өзі нарықтық көрініс). Баламыз мектепке барса «тілашар» беріп, мектеп бітірсе тағы той жасап, диплом алса – тағы да қуаныш дастарқанын жайып жатамыз. Мұның бəрі балам бір қадам алға басты, жақсылыққа өзгерді, жаңа дүниенің есігін ашты деп қуанудың белгісі. Жұрт айтатындай «диплом жуу» емес. Біз ішкі дүниеміз біліп тұрса да сырттай қуаныштың төркінін танымағандықтан тойдың атын осылай өзгертіп алғанбыз. Осындай мағыналы ойлар Жолдаудың философиясына айналған. Бұл амал заманына айтылған мəселе. Қазақ осыны ұғып, экономикалық мінезін дүниетанымдық запасына сəйкес өзгертсе, біздің ырысымыз мол болмақ. – Əңгімеңізге рақмет. Əңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Ўйымныѕ жаѕа мїмкіндіктері талќыланды

Қазақстан ПремьерМинистрі Кəрім Мəсімов Қытайға ресми сапары шеңберінде Чжэнчжоу қаласында болып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

Шағын жəне кеңейтілген құрамда өткен отырыстарда делегациялар басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы саудаэкономикалық, инвест ициялық, көлік, ком муникациялық жəне мəденигуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы, перспективалары мен одан əрі тереңдету шараларын қарады. Кеңейтілген құрамдағы отырыста сөз сөйлеген К.Мəсі мов созылып бара жатқан əлемдік-экономикалық дағ дарыс жағ дайында ШЫҰға мүше барлық мемлекеттердің орнықты əлеуметтік-экономикалық өсімін қам тамасыз ету үшін көп жақты практикалық ынтымақтастықты үдемелі интенсивтендіру қажеттігінің айқын екенін атап көрсетті. Өнеркəсіп өндірісіндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру, шетел инвестицияларының тұрақты ағыны жəне өзара сауданы дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету маңызды болып табылады, деді К.Мəсімов. Ынтымақтастықтың басымдыққа ие келесі мəселесі ШЫҰ кеңістігінде де, сол сияқты, бүтіндей əлем бойынша да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, деп есептейді К.Мəсімов. Соған байланысты ол ШЫҰ шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауды ұсынды. Үкімет басшысының пайымдауынша, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, инновациялар, туризм, спорт, сондай-ақ, көлік транзиті жəне мəденигумманитарлық салалардағы өзара байланыстарды дамыту əріптестіктің келесі бір маңызды бағыты болып табылады. К.Мəсімов 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі өтетінін еске салып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің алдыңғы қатарлы компанияларын оған қатысуға шақырды. К.Мəсімов сөзінің қорытындысында «Шанхай үдерісін» алға бастыру шең бе ріндегі өзара қарымқатынастардың одан əрі жемісті жəне сындарлы дами беретініне сенім білдірді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша Бірлескен коммюникеге жəне ШЫҰ-ның түрлі қаржы-экономикалық құжаттарын бекіту туралы бірқатар шешімдерге қол қойылды. Осы күні Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Ханчжоуда Alibaba Group басқармасының төрағасы Джек Мамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар төлемақы жүйесін, бұлтты есептеулерді дамыту перспективаларын, сондай-ақ, интернет-сауданың бизнестің экспорттық мүмкіндіктеріне тигізетін ықпалын талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Джек Ма қа зақстандық тараптың Қазақстан Премьер-Министрі Кəрім Мəсімовтің кеңесшісі болу жөніндегі ұсынысын қабыл алды. Джек Ма – Қытайдағы ең ірі онлайн-ритейлердің бірі болып табылатын Alibaba Group-тың негізін қалаушы жəне директорлар кеңесінің төрағасы. Үстіміздегі жылдың қазанында Джек Ма Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның бизнес-кеңесшілерінің қатарына енді.


16 желтоқсан 2015 жыл

www.egemen.kz

 Елбасы сөзі – елдіктің көзі

емес пе? Бүгін үш жолмен зейнетақы төленеді: жұмыс беруші, мемлекет, салық төлеуші. Біз басқа елдердің тəжірибелерін де алдық. Зейнетақы қорлары қауіпсіз жерде сақталып қана қоймай, ол еселеніп отыруы керек», – деді Президент. Мемлекет басшысы екінші деңгейлі банктерге бұл қаражат сеніп тапсырылғанын, алайда, банктердің өзі дағдарысқа тап болғанда, Қор қаражатына да қауіп төнгенін ескертіп өтті. Екіншіден, банкирлер де халықтық қаражатты өз акционерлеріне несиеге бере бастағанын айтып, бұған ең алдымен мемлекет жауапты екенін жеткізді. «Біз Ұлттық банкке осы зейнетақы қаражатын бергенде осы қауіптерді еске алдық, – деді

«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа Заңға қол қойдым. Біз əлемдік тəжірибені басшылыққа ала отырып, біраз мəселелерді, тіпті, сыйлық беру мəселесін нақтыладық. Егер біреуден сыйлық алғың келсе, онда сол сыйлықты сатып ал, тегін келсе, мемлекетке қайтар. Яғни, заң нормасы үстемдік құру керек. Екіншіден, электронды үкіметті дамыту мəселесі. Шенеунік пен кəсіпкер арасында тікелей байланыс болмайды. Қателеспесем, кəсіпкерлер қазір керек анықтамаларының 70 пайыздан астамын электрон ды түре ала алады. Демек, шенеунікпен тікелей байланысқа шықпайды. Осы істі, құжат айналымының барлығын, рұқсат беру үдерістерінің барлығын электрон-

Нұрсұлтан Назарбаев. – Менің ойымша, халыққа алаңдаушылықтың қажеті жоқ: мемлекеттің міндеті – зейнетақы қаражатын сақтау. Екіншіден, мен зейнетақы қорларындағы қаражатты барлық кəсіпорындарға бірдей жарата беруге болмайтынын айттым. Үкімет тек бюджеттің тапшылығы негізінде оны жұмсай алады. Өйткені, мемлекет сол қаражатқа өзі жауап береді». «Жемқорлық – індет, жою – міндет». Көзі қарақты оқырман қауым біздің газетімізде тап осындай айдардың бар екенін жақсы білетін шығар. Біраз жылдардан бері басылым беттерінен көрініп келе жатқан оның аясында жемқорлық деректерінің əшкере болған жайттары əредік талдап жазылып тұрады. Президенттің қоғамға осы жегі құрттай дендеп бара жатқан жемқорлықтың жайына келгенде, ашына айтқан аталы сөздерімен қоса, онымен күреске тұрғындарды түгел дей шақыруы бізге аталған руб рика ның астарындағы ойды жаң ғыр тып тұрғандай болып көрінді. Шынында да, Елбасы атап өткендей, осынау іріген іркіттей іркілдеп кеткен індетті жойып, сылып алудың бітіспес күресіне тұрғындардың алуан түрлі əлеуметтік топтары белсене араласпай, одан байырқалы нəтиже шығару қиын. «Бүкіл халық болып онымен күреспейінше, біз табысты нəтижелерге жете алмаймыз. Бұл – қоғамда тиісті мəдениетті қалыптастыру мəселесі», – деді Мемлекет басшысы. Елбасының пікірінше, жемқорлық ылаңына параны алған адам ғана емес, сонымен қатар берген адам да қатысқан болып шығады. Себебі, беруші бұл жайында алдын ала тиісті жерге хабарламай, параны беру арқылы жемқорлықтың орын алуына қолдан жасап береді. Президент осы ретте шенеунік пен бизнестің, шенеунік пен халықтың арасындағы байланыстарды мейлінше азайту үшін «Электронды үкіметті» одан əрі дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. Бұдан əрі Елбасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа Заңға сəйкес енді елімізде шенеунік кəсіпкердің берген сыйлығының өзін сатып алуға тиісті болып шығатынын атап өтті. Егер кəсіпкердің оны сатып бергісі келмесе, сыйлық сол бойда мемлекетке тапсырылуы керек. «Жемқорлық бүкіл елде кездеседі, жемқорлықты 100 пайыз жең ген ел жоқ. Бірақ жем қорлықпен күресте жақсы көрсеткішке қол жеткізген елдер бар, көр сеткіші нашар елдер бар», – деді Елбасы. Бұдан əрі жаңа заң ның басымдықтарына тоқталды. «Бір апта бұрын мен

ды пішімге ауыстыру керек», – деп осы ойларын тиянақтады Президент. «Іс тетігін кадр шешеді». Бізде ертеден келе жатқан осындай қанатты сөз бар. Оның астарында шындық жатыр. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Үкіметті толық құрамында өзгер ту турасында əңгіме болып отыр мағанын атап өтті. «Біз дің Үкі метіміздің құрамы өте жас, олар не гізінен 70-ші жылдар да туған 40 жастағылардан құралады. Олардың бəрі негізінен министр лер. Осы үдеріс жалғаса береді», – деді Елбасы. Сонымен бірге, бізде мемлекеттік басқару кадрлары мақсатты түрде арнайы дайындалғанын айтты. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, бізде сабақтастық бағытына да айрықша назар аударылып отырғанын сөз етті. Президент шешім қабылдауда көп жағдайда ішкі сезімге жиі сенім артатынын да жасырмады. «Ə дегенде, əрине, тəжірибеге жүгінесің. Тағайындайтын адамдарды білесің, істеп жүргенін, кімнің қалай екенін. Бəрін таразыға салып, қайсысы деген кез, шынымды айтсам, мен үшін ең қиын мəселе осы. Біріншіден, өзім тағайындаған азаматтардың сол жұмысты істей алмай, жұмыстан босатқан кезде қиналамын. Себебі, оның өзін ғана емес, балаларын, ағайын-туғандарын ойлаймын. Мынаның аяғы шалыс кетіп, барлығы қиналады-ау деп, мынаны қазір жұмыстан алып тастасам, өзі де, барлығы да қиналады-ау деп ойлаймын. Одан кейін нақ тауып, дөп тауып, ертең жұмыс істеп кететіні қайсысы екен деп, оған да қатты қиналатыным рас. Ал енді тиісті адамды тауып, орнына қою – ол да аз шешім емес», – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында журналистердің кезекті сұрағына жауап бере келіп, Астананың қазіргі түр-тұлғасына қараған сайын көңілі көтеріліп, ерекше бір сезімді бастан кешетінін айтып қалды. «Астанаға көз салған əр сəтімде де ерекше сезімге бой алдырамын, тіпті, өз көзіме өзім сенбеймін десем де болады, – деді Елбасы осы орайда. – Міне, осы қазір біз отырған жерде 2004 жылы қамыс қаулай өсіп тұрған еді. Есілдің бұрылар тұсы, Ақорда тұрған жер батпақ, адам бойынан асатын қамыс өскен жəне иен дала, ештеңе жоқ еді. Шағын ғана ұшақтар қонатын кішкентай аэропорты бар болатын. Ал қазір қараңыздаршы, түнде келе жатсаң, барлығы да самаладай жарқырап тұр. Тікұшақпен төңіректі шолып шықсам, қаланың төңірегі жайқалған орманға айналған». Астананың келбеті қараған сайын біздің де көңілімізді көтере түседі. Сарыарқаның төсіндегі осынау ақшаңқан қала, шынтуайтына келгенде, Қазақстанның алдына үлкен мақсаттар қойып, оны абыроймен орындай алатын еңселі ел екенін айғақтап беретін нағыз жанды куə сияқты болып көрінеді де тұрады.

Ынтымаќ болса, іс ілгерілейді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық телеарналар айдынында сұхбат беруі өзіндік үлгілі үрдіске айналды. Біз мұның тұсаукесерін осы жылғы 1 шілдеде көргенбіз. Сол кезде «Хабар» жəне КТК телеарналарында белгілі журналист Ерлан Бекхожиннің Мемлекет басшысынан сұхбат алуы бəріміздің көңілімізде өте бір жағымды əсер қалдырған болатын. Аталған сұхбаттың тағы бір ерекшелігі, ол Елбасының əр кезеңдегі ойлары мен толғаныстары, пікір алмасушылықтары мен сұхбаттары жайында сыр шертетін «Назарбаев ең басты жайлар туралы» деп аталатын жаңа деректі фильмнің толық нұсқасын көрсетіп отыру арқылы жүргізіліп, тыңдарманды өзінің жандылығымен, мазмұндылығымен, үдемелі сипатымен əдемі баурап алып еді. Енді, міне, арада жарты жыл толмай, дəл сол дəстүр өзінің жарасымды жалғасын тапты. Өткен жексенбі, 13 желтоқсан күні Президент тағы да телеэкран алдында тілшілермен бетпе-бет жүздесіп, көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген өзекті мəселелер мен сұрақтарға қатысты ой-тұжырымдары мен түйін-шешімдерін кеңінен тарқатып берді. Бұл жолы толайым сөздердің топсасы іспеттес тізгінді «Қазақстан» жəне «24KZ» телеарналарының журналистері Бейсен Құранбек пен Ерлан Игісінов ұстады. Мұндағы бар мəселе сындарлы сауалдардың қойылып, оларға толыққанды жауаптардың қайтарылғанында ғана емес. Мəселе осында əңгіме арқауына айналған барша тақырыптар төңірегіндегі толғамдар мен байламдардың барынша шынайы да ашық айтылғанында еді. Елбасы қай мəселеге келгенде де, ойларын бүкпелемей жеткізді. Оны телеэкран алдында отырған көрермен де, желінің жалына жармасқан блогер де, басылымдар беттеріне үңілген оқырман да анық аңғарды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Президенттің сұхбаты біздің бəрімізді ең алдымен елдікке шақырады. Оның мазмұны қазақтың «Ынтымақ болмай, іс оңбас» деген мақалының ұлағатына сай келеді. Қазір мұндай береке мен бірлік бізге ауадай қажет. Бұл тұста Қазақстан елдің ертеңі, халықтың игілігі жолындағы бағытынан таймақ емес. Елбасы мұны жылдың соңына дейін реформалар бойынша нақты шаралардың қолға алынатынымен түсіндірді. Сонымен бірге, өткен айдың соңында еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргенін айта келіп, алдағы жылдан жаңа сауда-саттық саясаты қолға алынатынын мəлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның дер кезінде индустрияландыру жолына түсуі экономика құрылымын шұғыл өзгертіп, кеңге құлаш ұрып бара жатқан дағдарысқа қарсы дайындық жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті. «Шикізат саласындағы басым ды лықтан шығып кету мен қай та өңдеуді дамытып, дайын өнімдерді сатуды бастау біздің келе жатқан дағдарысқа берген жауабымыз болып табылады», – деді Мемлекет басшысы. Ол үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде өмірге келген барлық кəсіпорынның қазіргі таңда 95 пайызының жұмыс жасап, белгілі бір пайда əкеліп отырғанына тоқталды. Елбасы сөз кезегінде 20102014 жылдарғы бірінші бесжылдықта біздің елімізде 770 кəсіпорынның іске қосылғанын мысал ға келтірді. Ал 2015 жылы тағы 120 өндіріс орны қатарға қосылды. Президенттің айтуынша, оларға 6 жылда 5,3 трлн. теңге ($17 млрд.) қаржының инвестициясы тартылған болса, бұлардың

74 пайызын жеке кəсіпорындар əкелген көрінеді. Ол сонымен бірге, қайта өңдеу кəсіпорындарының экономика өсімін қамтамасыз ете отырып, еңбек өнімділігін арттыруға бірден-бір себепкерлік ететініне назар аударды. Мемлекет басшысы атап өткендей, енді алдағы бес жылда, яғни 2015-2019 жылдар аралығында елімізде тағы 505 өндіріс орны ашылып, іске қосылғалы тұр. Бұларда, əлбетте, «жүздеген мың адам жұмыс жасайтын болады». «Біз дер кезінде индустрияландырумен айналыса бастадық, мұны жəне дұрыс жасадық, енді алдағы уақытта да жалғастыра береміз», – дегенді де Н. Назарбаев осы тұста жеткізді. Президент Қазақстан жастарының жұмысшы мамандығын меңгеруге деген ұмтылысы маңызды болатынына мəн беріп өтті. Дəл осы үшін тегін кəсіптік-техникалық білім беруге бағытталған жоба жасалмақшы. «Бүкіл əлем тағдыры жұмысшы адамның қолында. Егер ол өз ісінің шебері болатын болса, онда оның бағасы көптеген есе артады, еңбекақысы жоғарылайды, өз отбасын қамта масыз етудің тұрақты қаржы көзі пай да болады жəне жоғары білім алу ды қоса есептегенде, алдына қойған мақсаттарына қол жеткізеді», – деді Мемлекет басшысы. Сөз орайында бір тоқтала кететін жайт, тап осы аптада ғана Қа зақстан Үкіметі алда ғы үш жылдық мерзімге арналған дағдарысқа қарсы жоспар қабылдаған еді. Аталмыш құжатта дағдарысқа тойтарыс беру мақсатында қолға алынғалы тұрған басқа да көптеген пəрменді шаралармен бірге, экономиканы долларсыздандырып, жергілікті валюта – теңгенің қаржылық құралдарын тартымды ете түсу де қарастырылған. Осы сөздің арғы жағында елдегі валютаның сыртқа

тасымалдануына тыйым салынбайтыны да сөз етілді. Елбасы, сонымен бірге, дағдарыс жағдайында оның залалын төмендету үшін əртүрлі шаралардың қолданыла беретінін де сөз етті. «Дағдарысты жағдайларда түрлі шаралар қабылданады. Мəселен, 90-шы жылдардың соңында Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдері барлық экспортшыларды валютаны мемлекетте ұстау ға мəжбүрлеп, сыртқа валюта шығаруға тыйым салды. Бұл төтенше жəне нарыққа жат шара болатын. Бірден айта йын, біз бұлай жасамаймыз. Бұл нарықтық экономикаға жəне Қазақстанның бүкіл қаржы саясатына қайшы келген болар еді. Долларсыздандыру ұлттық банктің ішкі рынокта нарықтық құралдарды пайдаланатынын меңзейді», – деді Президент. Бұдан кейінгі əңгіме зейнетақы қорларына қарай ойысты. Президент онда бірден Қазақстан тағы да жеке компаниялардың басқаруына берілгелі тұрған зейнетақы қорларындағы қаржылардың кəсіпорындарға кредит беру үшін жаратылмайтынын үзілді-кесілді айтты. «Мен зейнетақы қорларын барлық кəсіпорындар үшін несие ретінде пайдаланбауды тапсырдым. Тек Үкімет қана оны бюджеттің тапшылығын толтыру үшін пайдалана алады, себебі, мемлекет қордың сақталуына 100 пайыз жауап беретін болады», – деді Мемлекет басшысы. Сөз арнайы қойылған сұрақтан туындады. Ол зейнетақы шоттарындағы жинақ қаражаттар жө нінде анықтама алуға арналды. Елбасы соның ішінде бірыңғай зейнетақы қорына жеке басқарушылар келеді деген мəселеге байланысты жауап берді. «Біріншіден, жұртшылыққа кім зейнетақы төлеп жатыр? Мемлекет

5

Егемендік – еліміздіѕ еѕсесі

Қазақ елінің өз алдына жеке мемлекет болып, Тəуелсіздігін алғалы бері 24 жылдың жүзі болды. 1991 жылы Жоғарғы Кеңес «Тəуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдағалы бері еліміз талай белестен өтті. Елбасының көрегендігі мен дер ке зін де жүзеге асқан саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзі таныған елге айналды. Тəуелсіздік алған аз уақыт аралығын да Қазақ станды жоғары дəрежеге көтеріп келеді. Əрине, мемлекеттің бірден қа нат жайып, дамып кетуі мүмкін емес. Бұл жолда қиындықтардың болғаны да белгілі. Дегенмен, бүгінде оның бəрі артта қалды. Еліміз бүгінде Көк байрағымыз желбіреген, дамушы елдердің қатарына айналды. Елбасының бастауымен жеткен жетістіктеріміз жетерлік. Солардың бірі – көші-қон мəселесі. Оның ішінде тарихи Отанына келгісі келетіндер мен тағдыр тауқыметінен шетел асып барып, елге оралған «оралман» атанып жүргендер. Шындығында, 2020 жылға дейін халық санын 20 миллиондық межеге жеткізуді көз дейтін Қазақстан үшін этностық қазақ тарды елге əкелу мəселесі Президенттің аса маңызды стратегиялық бастамаларының бірі болып табылады. Өткен айдың соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға, сондайақ, халықтың көші-қоны жəне жұмыспен қамтылуы саласындағы саясатты одан əрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны жəне жұмыспен қамтылуы мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республи к асын ың заң ын а қ ол қойған болатын. Дəл осы Заңға қол қо йылуы шетелде тұрып жатқан қандастарымыз үшін ақжолтай хабар болғаны сөзсіз. Сəл шегініс жасар болсақ, еліміз егемендік алған сəттенақ, яғни, сонау 1991 жылдың өзінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев шеттегі қазақтарды тарихи отандарына оралуға шақырған болатын. Елбасының алғашқы үндеуі жария етілген кезден елімізге атбасын бұрған ағайынымыз аз болған жоқ. Дегенмен, олардың елге келуі, қоныстануы, жұмысқа орналасуы, азаматтық алуы сынды мəселелер заңды түр де шешілмеген еді. Бұл олқылықтың орнын 2010 жылдан бастап жүзеге асырылған «Нұрлы көш» бағдарламасы толтырып, арадағы үзіліп қалған

тінді жалғап, тыйылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытқан-ды. Нəтижесінде 1991 жылдан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта 259 159 отбасы немесе 952 882 этнос тық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мəр тебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5 пайызын құрайды. Жоғарыда Ел басы қол қойған заң ның халықтың кө ші-қоны жəне жұ мыспен қамтылуы саласындағы сая сат ты одан əрі же тіл діруге бағытталғанын айтқан едік. Демек, еліміз дегі жұмыс орындарына өзге мемлекеттерден жұмыс күшін тартқаннан гөрі қандастарымызды елге шақырып, соларды еңбек пен қамтығанымыз абзал. Оған өзге елде өгейдің күйін кешіп жүрген ағайындарымыздың əлеуеті толық жетерлігі сөзсіз. Мəселен, тəуелсіздіктің 24 жылы ішінде елге оралған қандастарымыздың 55,6 пайызы еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері 39,9 пайызды, ал зейнеткерлер 4,5 пайызды ғана құраған екен.Жалпы, кейінгі кезде тоқырап қалған көштің қайта жандануына бұл заң зор мүмкіндік береді. Өйткені, аталған ресми құжатқа сəйкес, олардың қоныстану өңіріне қарамастан оралман мəртебесін алу, шетелдік азаматтарға қарағанда тө лем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі. Жұмыспен қамту бойын ша шаралар аясында этникалық қазақтар үшін көлік шығындарын өтейтін, қыз меттік баспана немесе жатақханадан бөлме беруді құрайтын əлеуметтік топтамалар ұсынылады. Сондайақ, шеттен келген ағайынға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімі тұрақты тұру ықтиярхатын алғаннан кейін бір жыл ішінде шешіледі. Президенттің жыл сайынғы Жолдауы, нақты белгілеп, жүктейтін тапсырмалары, ел дамуына серпін берер істер. Қазақ елінің бүгінгі тəуелсіз тынысы бейбітшілігі мен берекесінде. Елжан ƏЖІБЕКОВ, Қызылорда қалалық прокурорының орынбасары, кіші заң кеңесшісі.


6

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

● Тəуелсіздік табыстары

Жолымыз – нўрлы, таѕымыз – арайлы, сапарымыз сəтті болєай! 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні қарсаңында еліміздің түкпіртүкпірінде неше түрлі тақырыптық шаралар өту үстінде. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы Тəуелсіз Қазақстанның абыройы мен беделін асқақтата түскен нақты шаралар. Осы арқылы біз Мемлекет басшысының өлшеусіз еңбегіне Қазақстан тұрғындары атынан үлкен құрмет көрсетеміз. Президентіміздің дана басшылығымен елімізді бейбітшілік пен келісім қорғаны қоршап тұр. Елбасының «Бір тарих, бір мемлекет, бір тағдыр» деген сөзі біздің негізгі басымдығымызды айқындап берді. Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

сенатор, саяси ғылымдар докторы, профессор.

Осының алдында ғана бүкіл еліміз Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Тұңғыш деген ұғымның астарында ерекше бір сипат бар. Тұңғыш деген сөзде тұма бастау ұғымы жатыр. Мемлекет басшысының қызмет етіп келе жатқан жылдарының əрбір айлары мен апталары, күндері мен сағаттары «Тұңғыш» деген сөзбен тікелей байланысатынын байқаймыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен қайраткерлік күрескерлігінің арқасында Қазақ елінің Тəуелсіздігін əлем тұңғыш рет тегіс мойындады. Тұңғыш төл теңгеміз шыққанда «өз қолымыз өз аузымызға жететін болды» деп бөркімізді аспанға атып қуандық. Тұңғыш Елтаңбамыз, тұңғыш Туымыз, тұңғыш Əнұранымыздың дүниеге келуі – Тұңғыш Президентіміздің есімімен тікелей байланысты. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен тұңғыш өз Қарулы Күштеріміз құрылды. Елбасының ұшқыр қиялынан туған еліміздің жаңа ордасы – Астана қаласы бой көтерді. Тұңғыш рет қазақ өз елордасын өз қолымен тұрғызды. Елбасының бала қиялынан туған ертегідегі алып шынар бұл күнде ғажайып Бəйтерекке айналды. 16 желтоқсан Қазақ мемлекетінің тарихындағы жалпыұлттық мемлекеттік мереке – Тəуелсіздік күні. Бұл – Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайтын мейрам. Біздің мемлекетіміз тұңғыш рет дербес мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, ЮНЕСКО, ИЫҰ, АӨСШК жəне басқа да беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰға төрағалық етіп, 1-2 желтоқсанда оның 11 жыл бойы өтпеген саммитін ұйымдастырды. Осы күндер алдымен Елбасымыздың, одан кейін соңынан ерген халқының абсолютті тарихи жеңісі болды. Айта берсек, толып жатыр. Қазақстан соқтықпалы соқпақты талай жолдан, талай асу мен белестен дін аман өтіп келеді. Соның бəрі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы. Өзім Қызылорда облысында еңбек еткен жылдары, бүгінде Сенат төрінде отырып, Мемлекет басшысының қазақ халқының əлемдегі барша мемлекетпен бəскелес дамуы үшін, еліміздің ертеңгі нұрлы болашағы үшін қандай қажырқайрат жұмсап, күресіп, арпалысып, атар таңды «Елімді қайтсем өркениет көшіне жеткіземін?» деген ізгі арман-мақсатпен атырып, батар күнді «Қайткенде қиындықтан құтқарамын?» деген мүддеміндетпен батырып жүргеніне куəмін. Экономика – өмірдің өзегі.

Мəр тебелі жиындарда Ел басы елде жүзеге асырылып жат қан индустриялық-инновациялық жəне «Нұрлы Жол» бағдарламалары өнеркəсіпті жəне инфрақұрылымды дамытуға зор ықпал ететінін атап айтып жүр. Қазіргі жағдайды ескере отырып, индустрияландырудың екінші бесжылдығын жандандыру қажеттігіне назар аударды. «Инвестициялық белсенділік пен сұраныс төмендеуде, ал бəсеке тек күшейіп келеді. Сондықтан, индустриялық-инновациялық бағ дарламаны жандандыру барысында өнімділік пен тиімділікті арттыруға, өнімділігі аз салаларды қолдаудан бас тартып, алдымен экспортқа бағытталған перспективасы барын ғана таңдауға ден қойған жөн», деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы өткен жылдары елімізде көптеген индустриялық жобалар іске қосылғанын айтты. Алайда, солардың көпшілігі қазіргі жағдайда бəсекеге қабілетсіз болып, мемлекеттік қолдаудың есебінен ғана тұр. Осының бəрі сан қуалаудың салдары. «Кейбір өңір басшылары «кім көп құрылыс салады?» деген жарыстың көрігін қыздырмалаумен əуре. Енді бұл кəсіпорындар жұмыс орындарын қысқартатынын мəлімдеп, Үкіметтен көмек сұрап жүгіріп жүр. Мұның бəрі өзектілендірілген индустриялық-инновациялық бағдарламада ескерілуі тиіс. 2016 жылдың 1 сəуірінен бастап біз бағдарламаның жаңа бағыттары бойынша жұмыс істеуге тиіспіз», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əлемде Қазақстанда бизнес жүргізуге деген зор қызығушылық бар. Қазақстан Президенті соңғы уақыттары біздің елмен ынтымақтасқысы келетін əлемнің жүзден астам ірі компаниялары басшыларымен кездескенін айтты. «Менің жыл басынан бері мемлекет басшыларымен өткен кездесулерімнің барысында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Жапония сияқты экономикалық жағынан қуатты елдердің инвесторларымен жалпы құны шамамен 46 млрд. доллар болатын 130 келісімге қол қойылды. Осы уағдаластықтарды жүзеге асыру бізге əлемдік нарықта сұраныс бар тауарлар өндіруге, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», дейді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялық заңнаманы жетілдіру, инвестициялық субсидиялар мен салық артықшылықтарын енгізу, шетелдік жұмыс күшін əкелу үдерісін жеңілдету, визасыз кіру қарастырылған елдер тізімін ұлғайту сияқты шаралар қағаз жүзінде қалып қоймауы тиістігін де қадағалап отыр. «Біздің ведомстволарымыздың арасында инвестиция тарту мəселесінде үйлесім жоқ. Бүгінде инвестор үшін «бір терезе» болмай тұр. Мен министрлер мен əкімдер инвестор тартуға тікелей жауапты екенін бірнеше рет айтқан болатынмын. Бұл жұмыс нақты нəтижеге – инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Бізге, сірə, салалық министрлер мен əкімдердің қанша инвестиция тартқаны жəне қанша жұмыс орнын

ашқаны жөнінде рейтинг енгізу керек шығар», деген Қазақстан Президентінің сөзінде жан бар. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясаты арқасында ел тарихында бұрын-соңды болмаған мектептер, ауруханалар, спорт ғимараттары, балабақшалар мен саябақтар бой көтерді. Игілігін ел көріп жатқан осы жағымды жаңалықтар мен жақсылықтар Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбектерінің нақты жемісі. Халықтың көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштықты баяғыдан орныққан іс сияқты қабылдайды, алайда мемлекеттің қауіпсіздігі мен ел ішіндегі ынтымақты тұрақты ұстап тұру үшін қанша күш пен жігер, жүрек пен жүйкеге түскен қаншама салмақ бар екенін бағамдай аламыз ба? «Тарихыңды зертте, ақтаңдақтарыңды ақтар, өткеніңді оят, келешегіңді болжа» дейтін орасан мүмкіндікті бізге кім берді? Қолайлы жағдайды кім жасады? Бəрі де Елбасы есімімен тікелей байланысты. Осы ретте өзі куə болған тарихи бір сəтті ортаға сала кеткім келеді. Астанада – Тəуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өткенін бəріңіз де білесіз. Сол тарихи жиында Елбасы: «Біз – Ұлы Даланың мұрагерлеріміз», деп тебіреніп тұрып сөйледі. «Мəңгі елдігіңді сақтау», «Ел ұстап төрелік ету», «Барлық сөзімді айтар, мəңгі тасқа бастым», «Көкте Түркі Тəңірісі, Түріктің қасиетті жері, суы», «Түрік халқы жойылмасын, Ел болсын» дейтін Күлтегін жазуындағы кемеңгерлік толғамдарды Елбасы əсерлі жеткізді. Батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету жəне тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін елдігіміздің іргетасын одан сайын бекітіп, ұлт, тіл, дəстүр, діл, дін тұтастығын көздің ағы мен қарасындай сақтап, бойтұмардай ұстап, Қазақ елінің айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың керемет, кесек қимыл-əрекеттерін, отаншылдық рухын шалқар шабытпен, ғұламалық, білімпаздық зердемен, мейірлене толғап, байырғы бабаларымыз бөрілі байрақ ұстап, Байкалдан Балқанға дейінгі алқапты еркін жайлағанын, Қазақ хандығы «Еуразияның Ұлы Даласында орнаған арғы дəуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік хандығы, Дешті-Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері екенін» ерекше екпін беріп айтты. Елбасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі елдігіміздің тамыры тереңде жатқанын танытатын тарихи айғаққа жүгіне отырып, Қазақ хандығының туын көтерген ел перзенттері – Керей мен Жəнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Тəуекел хан, Еңсегей бойлы ер Есім, Салқам

Жəңгір, əз Тəуке, Абылай хан турасында тебіреніп, қазақтың алғашқы 14 ханының 7-уі жорық жолында, майдан даласында қаза тапқанын еске салды. Елбасының осы сөзін өзім үлкен тебіреніспен тыңдадым. Нұрсұлтан Əбішұлының сөзі жиналған жұртшылықтың жүрегін теңіздей толқытып жіберді десем, артық айтқандық емес. Президент Назарбаев – мемлекеттілігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де əлемге мойындатқан тарихи тұлға. Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген қазақтың», іргедегі алып империяға үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаевтай асыл азаматтың ұстауы – Ұлы Жаратушының қазақ халқына берген сыйы. Ата-бабамыз армандаған асыл мұратқа, асқақ арманға Қазақ елі осы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында жеткенін қалың жұрт жақсы біледі. Осы жылдарда біз ғана емес, тұтас дүниежүзі Президентіміздің алтын қылыштай жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, Мемлекет басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныды. Қазақта «Тəуекел – ердің жолдасы» деген ғажап сөз бар. Елбасының алмағайып заманда Тəуелсіз мемлекет орнатуы, тез арада Астананы көшіруі тəуекел құбылыс болатын. Осының бəрін Мəңгілік Ел орнату үшін жасады. «Астанасына қарап елін таниды. Астанасының қайда орналасып, қалай өркендеп жатқанынан əр елдің өзінің өткені мен ертеңіне деген көзқарасын аңғарып, өзгелерге деген пейілін сезінеді. Сондықтан да Астана келбеті – ұлт келбеті, мемлекет дидары, халық мерейі. Күллі əлем атын енді жаттай бастаған жаңа Астана біздің жас мемлекетімізге деген назарды екі есе арттыра түсуде. Оның біз жетпек биіктердей өрелі, біз орнатпақ қоғамдай тартымды болып, көркейіп, өсуі жолында бүгіндері небір қарышты қадамдар жасалуда. Біздің жаңа астананы, жаңа астананың бізді ұятқа қалдырмайтынына нық сенеміз», деген Елбасы Н.Ə.Назарбаев қазақ ұлтының алдында қандай үлкен жауапкершілік тұрғанын қадапқадап айтумен келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақ елінің Тəуелсіздігін баянды етудің, Ұлы Далада Мəңгілік Ел орнатудың амалдарын нысаналы түрде жүзеге асырып келеді. Астана – Отанымыздың орталығына, жаңарған Қазақ елінің қасиетті бойтұмарына, азаттығымыздың алтын бесігіне айналды. «Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен Астана – Қазақ елінің өз қалауымен жасаған дербес таңдауы. Біз оны байтақ даланың шын иесі кім екендігін алыстың да, жақынның да есіне салу үшін жасадық. Бұл арқылы біз қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі ұлттық дəстүрді, тілді, өнерді, əдетті, əдепті шайылудан, жойылудан сақтап қалу үшін жасадық. Біз оны болашақ ұрпақ үшін, еркін еліміз үшін жасадық», – дейді Елбасымыз. Мемлекет басшысының елордамызды ауыстырған бетте, ə дегенде тұрғызған ескерткішіне назар салып, ойланып көрдік пе? Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ең алдымен қазақтың ең соңғы ханы – Азаттық үшін ат үстінде арпалысып өткен, қасықтай қанын қазағы үшін қиған асыл ер – Кенесарыға арнап тұрғызды. Осының өзі Тұңғыш Президентіміздің атабабаларымыздың асқақ арманына деген адалдықты аңғартады емес пе?!

Қазіргі таңда əлемдік саясатты игеруде, экономиканы еңсеруде, өз халқының тарихын, тілін, мəдениетін білуде біздің Президентімізге тең келетін адам бар ма?!. Мемлекет орнату, оны қалыптастыру, баянды ету, əлемге таныту дейтін күрделі үдеріске қатысуды Алла тағала кез келген кісінің пешенесіне жаза бермеген. Тəуелсіздіктің уығын тіктеу, Қазақ елінің мемлекеттілігін қалыптастыру деген құдіретті істің басы-қасында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұруының өзі тегіннентегін емес. Бұл миллиондардың ішінде маңдайы жарқыраған, болмыс-бітімі, жаратылысы мен қабілеті құдайдың өзі қиыстырып келтіретін тарихи тұлғаның ғана еншісіне бұйырса керек. Қазақ елін əлемге танытып, əлемдік қоғамдастыққа мойындатып қана қойған жоқ, мемлекеттіліктің, ел басқарудың өзіндік жаңа қазақстандық мектебін қалыптастырды. Өзі де əлем қауымдастығы тегіс мойындаған кемеңгер тұлғаға айналды. Шынтуайтына келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанжүрегін ұғатын, халқын замана өткелдерінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы, еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы. Елбасының арман-мұраты да айқын, ол – та ту лық, ынтымақ, бірлік, тыныштық. Біз аздаған жыл дарда талай жолдан, талай дағдарыстардан өттік. Қиындық та аз болған жоқ. Соның бəрін де ел бірлігінің арқасында жеңдік. Абыройлы асулардан аман өттік. Əлемдегі озық елдердің қатарына қосылдық. Осының бəрінің бастауында тұрған Тұңғыш Президентті қазақ халқы өз жүрегінің төріне шығарып, ұлт мақтанышы етіп отыр. Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Прези дентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтан ғанымыз – тəуелсіз еліміз үшін мақтанғанымыз. Н.Назарбаев – ұлттың символына айналған тұлға. «Қазақстандықтар бірлігі – Қазақстанның бұл жы май алға басуының баға жетпес кепілі», деп атап көрсеткен Елбасымыз ортақ үйімізде мəңгілік тыныштық пен бейбітшіліктің салтанат құруы жолында қажырлы еңбек етіп, маңдай терін төкті. Нұрсұлтан Əбішұлы еліміздің тəуелсіздігі жылдары ішінде барлық салада халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарының, ой-санасының, дəстүрі мен салтының, өнері мен мə дениетінің, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты. Тəуелсіз елдің астанасының халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретінде танылуы да Отанымыздың əлемдік қоғамдастықта зор беделге ие екенін əйгілегендей. Елімізде жүргізілген баянды реформалар мен игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған белестеріміздің басынан Елбасының бейнесін айқын көреміз. Елбасының үлкен арманы бар: ол – Ұлы Далада Мəңгілік Ел орнату идеясы. Нағыз ұлттық идея! Елбасы бұл идеяны халқының байырғыдан бері жалғасып келе жатқан байтақ тарихынан алып отыр. Асан қайғы бабамыз желмаяға мініп шарқ ұрып іздеген Жерұйық – бақытты өмір, баянды тіршілік. Қытайлар өздерін Аспанасты еліміз дейді, яғни аспан асты, жер үсті еліміз деп отыр, жапондар өздерін Күншығыс еліміз дейді, біз – Ұлы Дала еліміз. Тəуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сəтті болғай!

Тəуелсіздік – халќымыздыѕ баєына берілген Алланыѕ ныєметі Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті бауырлар, қадірлі отандастар! Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен өтіп, қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халқымыздың қасиетті мерекесі – Тəуелсіздік күнімен құттықтаймын! Тəуелсіздік – қастерлі сөз. Халық нақылында «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді», деген қанатты сөз бар. Аллаға сансыз шүкір, тəуелсіздігімізбен бірге дініміз өркендеп, бірлігіміз нығайды. Еліміздің əр өңірінде бой көтерген еңселі мешіттер мен медреселер жұртымыздың игілігіне қызмет етіп, иманды қоғам қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен асқақ рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген тəуелсіздік – дархан мінезді халқымыздың бағына берілген Алланың сыйы. Бір күнді тыныштықпен өткізу, үлкен үмітпен, ізгі оймен болашаққа қадам басу – мұсылманның нығметі. Осынау нығметтің қадіріне жетіп, тəуелсіздігімізді баянды ету – баршаға ортақ іс, абыройлы міндет. «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес», дейді халық даналығында. Бірде сахаба пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын): «Уа, Расулалла, ең абзал амал не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру...», – деп жауап берген. Ал асыл дініміздің ізгі ғұламалары: «Отанды сүю – иманнан», – деп парасатты пікір айтқан. Алла тағала тəуелсіздіктің қадірін білген, ізгілік пен имандылықты ту еткен жастарымыздың қатарын көбейтіп, баршамызға ел игілігі үшін еңбек етуді нəсіп еткей! Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке, мықты денсаулық тілеймін! Тəуелсіздік мерекесі құтты болсын, ағайын! Жаратушы Иеміз қарияларымызға күш-қайрат, ұл-қыздарымызға ар-иман нəсіп етіп, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырғай! Дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Əмин!

● Құттықтаймыз!

Əріптесіміз – «Ќўрмет» орденініѕ иегері Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Кеше Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев еліміз Тəуелсіздігінің 24 жылдығына байланысты Елбасы Жарлығымен мемлекеттік марапатқа ие болған сала қызметкерлерінің бір тобына наградаларды салтанатты жағдайда табыс етті. Солардың қатарында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, əріптесіміз Сұңғат Əліпбай да болды. Оның төсіне «Құрмет» ордені тағылды.

Сұңғат Əліпбай алғашқы журналистік қызметін Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы «Достық» газетінде бастаған. Содан кейін бірқатар жылдар бойы облыстық «Дидар» газетінде Зайсан, Марқакөл жəне Күршім аудандары бойынша меншікті тілші, газет редакциясында тілші, аға тілші, экономика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылдың қаңтар айынан бастап «Егемен Қазақстанда» еңбек етіп келеді. Қаламы жүйрік əріптесіміз республикалық журналистер байқауларының жеңімпазы. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының иегері. Оған Зайсан ауданының жəне Өскемен қаласының құрметті азаматы атақтары берілген. Тəуелсіздіктің 24 жылдығы мерекесі күні редакцияға «Егемен Қазақстанның» өңірлердегі өкілдерінің де марапаттарға ие болғаны туралы хабар келіп жетті. Атап айтқанда, газеттің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Нұрбол Əлдібаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы медаліне ие болса, Павлодар облысындағы меншікті тілшіміз Фарида Бықай Инвестициялар жəне даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Əріптестерімізді құрмет биігінен көрінуімен құттықтаймыз! Егеменқазақстандықтар.


www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

7

Тəуелсіздік талаптары

Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ «Ќазаќстан жаѕа жаћандыќ наќты ахуалда: ґсім, реформалар, даму» атты Жолдауынан туындаєан ой

Ќоєамныѕ ќозєаушы кїші ґзгеріс, ўмтылыс, кїрес Жаңа Жолдаудан Елбасының саясаттағы, экономикадағы, əлеуметтік дамудағы ұстанымын көреміз. Ол халықтың өз ортасынан шыққан адам болғандықтан, барлық істің басына еңбекті қояды. Бұл басымдық осы Жол дауда нақты көрініс тауып отыр. Алдын ала əрекет жасауға не гізделген осы құжат Мəңгілік Елдің гүлденуіне бағытталған. Адамзат дамуының бастауында еңбек тұрғаны белгілі. Осы орайда, Елбасының тапсырмасына сəйкес 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кəсіптік-техникалық білім» бағдарламасы іске асырылатын болады. Бұл нақты салалар бойынша кəсіби біліктілігі бар жаңа мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Ал өз ісінің білгір маманын табу қай кезде де проблема болып келгені анық. Бүгінде осы мəселе ашық айтылып отыр жəне оны іске асырудың тетіктері белгіленді. Жұмыспен қамту бағдарламасы ешқашан тоқтап қалмайды, оны іске асыру үнемі жалғаса береді. Біз тəуелсіз мемлекетіміздің сын-қатерлерден аман өтіп, тұрақты дамуын сақтап қалуы үшін өз таңдауымызды жасадық. Біздің қағидатымыз – еңбек адамына бағдар жасау. Елбасы Жолдауының негізгі арқауы – жұмыс орнын ашу. Яғни, еліміздің азаматтары еңбек етіп, жалақы тауып, өз тұрмысын жақсартып, лайықты өмір кешетіндей жағдай жасалуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, біз қазір өз күшіміз бен қаражатымызды есепке ала отырып, қолда бар ресурстарымызды бей-берекет шаша бермей, үнемдеп пайдалану да Жолдаудың негізгі элементі болып табылады. Шынымен де біз өте бай елміз. Жерімізде орасан зор табиғи ресурсымыз бар. Мұнайдың, газдың көлемі жеткілікті. Алайда, біз осы ресурстарымызды ұтымды пайдаланбай келе жатқанымыз жасырын емес. Өндіріп жатқан барлық

қазба байлықтарымызды түбегейлі өңдеп, жерден шыққан өнімнің бəрін пайдаға асыруымыз қажет. Елбасы негізінен үш мəселеге баса назарымызды аударып отыр, олар – үнемдей білу, өз кү шімізге сенуге бағдарлану жəне өз өнімдерімізді тұтыну. Президент өз көлігімізбен жүріп, өз киімімізді кию керек екенін, өзіміздің азық-түлігімізді тұтыну қажет екенін үнемі айтып келеді. Бұл да патриоттық сезімнің бір көрінісі десек, артық болмас. Бүгінгі таңда не шығара алатынымызды, қолымыздан не келетінін көрсете отырып, сол арқылы жас ұрпақты тəрбиелеуімізге болады. Осы Жолдауда Мемлекет басшысы «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылған мəселелерге тоқталды. Парламент екі-үш айдың ішінде тиісті заңдарға толықтырулар енгізді, бірнеше жаңа заңдар қабылдады. Елбасы заң шығарушы органның дер кезінде жəне нəтижелі жұмыс істегенін атап өтті. Жаңа заңдарды қабылдауда депутаттар, аппарат қызметкерлері, мүдделі министрлік өкілдері аянбай еңбек етті. Осындай ұжымдық еңбектің нəтижесінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асы руға қажетті заңдар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді. Ал енді бірқатары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енеді. Өйткені, Парламенттің бірқатар депутаттары мамыр айынан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі комиссия жанынан құрылған жұмыс топтарының мүшесі болды. Өзім де сондай бір жұмыс тобының мүшесі болып, 91-ден 100-қадамға дейінгі мəселелердің талқылануына қатыстым. Жұмыс тобына Дариға Назарбаева басшылық жасады. Ал жұмыс тобы бірнеше кіші топтарға бөлінді. Бір кіші топқа Мəжіліс

депутаттары Нұрлан Əбдіров пен Майра Айсина жетекшілік жасады, оның құрамында Шавхат Өтемісов, Анатолий Пепенин жəне өзім мүше болдым. Заң жобаларын əзірлеуге атсалыстық. Əуелі қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екендігі айқындалып алынды, содан кейін оны жүзеге асыру үшін қайсы заңдарға қандай түзетулер енгізу қажет екені нақтыланды. Олар заң жобасы түрінде дайындалып, күзде Парламентке келген соң, одан əрі жетілдірілді жəне тиісті өзгерістер енгізілді. «100 нақты қадамды» іс ке асырған кезде біз үлкен жетістіктерге, нақты нəтижелерге қол жеткізгенімізді аңғаратын боламыз. Біз қазір өте жедел қарқынмен өзгеріп жатқан əлемде өмір сүріп жатырмыз. Президент мұны бірнеше мəрте атап өтті. Жалпы, өзгерістер енгізу – өмір ырғағына икемделудің негізгі элементі. Елбасы қазір ұзақ уақыт бойы шайқалып-найқалып жүретін кез емес, сын-қатерлерден сақ тандыра алатын іс-əрекеттер қажет екенін, үнемі заманынан озып тұратын жоспарлар жасау қажет екендігін айтып отыр. Бұрын заң жобаларына қатысты «Осы заңдарға неге жиі өзгерістер енгізе береді?» деп кейбір азаматтар реніштерін білдіретін еді. Кейде өзіміз де солай айтушы едік. Ал енді бүгінгідей алмағайып заманда заңдардың жұмыс істемей тұрған, не кедергі келтіріп жүрген нормаларын дер кезінде анықтап, түзетулерді шұғыл енгізудің, уақыт ағымынан қалып қоймаудың маңыздылығы өте зор! Өйткені, əлем бір орнында тұрған, жоқ. Ал, бейқам отыра берсек, мүлдем артта қала береміз. Сондықтан өзгерістің жылдамдығы айрықша, қазір тіпті «өзгерістер менеджменті» деген термин еніп отыр. Яғни, орын алған өзгеріске орай өте жылдам іс-қимыл жасау қажет екенін көрсетеді. Егер сіз бір орынды иеленуге кешіксеңіз, онда оған басқа біреу орналасып

үлгереді, ал сіз заман ағымына үлгере алмай қала бересіз. Осы орайда, «Əлемде ең тұрақты шама болса, ол – өзгерістер» деген формула маған ұнайды. Президент те мұны бірнеше рет айтқан еді. Қоғамның қозғаушы күші өзгеріс, ұмтылыс, күрес деп білеміз. Ал өзгерістерге үлгеріп отыру үшін сізде таңдау бар. Өзгеріске түсуіңе болады, не сол қалпыңызда қалуыңызға да болады. Орта жолда қалсаңыз, ол шешіміңіз сіздің емес, өзгерістердің пайдасына шығады! Қалай өзгеру керек, қайда бағыт алу қажет? Ол үшін басымдық болуы тиіс. Біздің Президент өзгерістер, таңдау, басымдықтар жəне өзгерістер принциптерін терең зерделей келіп, осы Жолдауда қандай ісəрекеттер жасау қажет екенін айқын көрсетіп берді. Жаңа Жолдауда Елбасы айқындап берген «өсім, реформалар, даму» қағи даттары алдағы кезеңді жоспарлау тетігінің негізі болып табылады. Межелі нəтижеге бағдар ұстауымыз керек. Қазіргі қоғамдағы «жоспарлау, іске асыру, тексеру жəне түзету» қағидаттары – дамудың негізгі элементтері. Кезекті Жолдауын жария ете отырып, ел Президенті стратегиялық жоспарлай білетін ерекше қабілетке ие екенін тағы да дəлелдеп берді. Бұл құжат – қаржы дағдарысы кезінде тиімді əдіс-тəсілдерді қолдана білудің тактикасы. Бұл Жолдау

– «Қазақстан-2050» Стратегиясында жəне «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап өтілген мақсаттарға жету жо лы ның тактикасы. Осы орайда, алдағы мақсатқа қалай қол жеткізуге болатынын анықтап алу үшін Қазақстанның барлық азаматтарына нақты мүмкіндіктер беріліп отыр. Оның жолы – заманауи өндіріс орны, үнемдеу жəне инновациялық жобаларға бағдарлану мен жаңа көзқарас. Айталық, ЭКСПО-2017 көрмесі «Жасыл көпір» қағидаты негізінде Қазақстанға инновациялық жобаларды тартудың бір жолы болып табылады. Соның көмегімен біз жаңа энергетикалық саясатты, жаңа болашақ энергиясы идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз. Бұл жерде энергияның баламалы көздерін дамытуды ғана емес, сонымен бір мезгілде əрбір азаматтың суды, электр энергиясын, басқа да табиғи байлықтарымызды үнемдей білуге деген ниеті туралы да айтуымыз керек. Мұндай көзқарас əрбір жұмыс орнында жəне əрбір отбасында қалыптасуы тиіс. Міне, халқымыз Қазақстанның Тəуелсіздік күнін атап өтуде. Бұл – маңызды күн ғана емес, тəуел сіз мемлекетіміздің даму жолының бастауы. Еліміз тұғырлы тəуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам басқалы тұр. Президент жария еткен Жолдау келесі ширек ғасырлық өмірімізді өркендетуге бағытталған. Егер адам жасымен салыстыратын болсақ, бұл жас жігіттің жетілген кезі. Шынына келгенде, біз өте жылдам есею кезеңін бастан өткердік. Біз қазір жас мемлекет ретінде емес, қалыптасқан мемлекет болып əлемге танылып отырмыз. Бұл – маңызды əрі сапалы өзгеріс. Қалыптасқан мемлекетпен əлемнің барлық державалары қарым-қатынас жасайды. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымында танымал елдің бірі. Біз – əлемдік қоғамдастық мойындаған жаһандық маңызды бастамаларды көтерген елміз. Кейбір үлкен немесе кішкентай елдер бар, қанша жыл өмір сүріп келе жатса

Тарихи рґлі теѕдессіз тўлєа Бибі ЫСҚАҚОВА,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жетекші маманы.

Тəуелсіздік күні – тарихи маңызы зор мереке. Ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатқан біздерге, замандастарымызға, барша қазақстандықтарға осы ғасырдың ұлы өзгерістерін көру бақыты бұйырыпты. Əрине, мұның бəрі айтарға жеңіл, бірақ осынау ғасырға татитын жиырма төрт жыл бойы тəуелсіз еліміздің басшысына сүйеу болған, қажырлы да қайсар халқымыздың, халқы үшін «от пен суға түсіп, жанын шүберекке түйген» дара басшысының жеңісінің айғағы деп айтуға болады. Біздің Президент қоғамдық келісім мен бірлік ұстанымын жас, тəуелсіз мемлекеттің саясатындағы басым құндылық ретінде санамызға сіңірді. Ол мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатын айқындады. Ал осының нəтижесінде Тəуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз жəне діліміз қайта оралып, мем лекетіміздің ұлттық рəміздері қабылданды. «Ұлы істерді атқару үшін аса данышпан болудың қажеті жоқ, адамдардан да артық болудың керегі шамалы, тек олармен бірге болу керек», деген еді француз философы Шарль Луи Монтескье. Осы ой Нұрсұлтан Назарбаевтың феноменін

сипаттауға дəл келеді. Қазақстан Көшбасшысының бас тамасымен тарихи Алматы Декларациясы қабылданып, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. Алып державаның құлауы құрлықтың алтыдан бір бөлігін шарпуы ықтимал аса ауқымды азамат соғысын алып келмегеніне Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмсаған күші мен қосқан жеке үлесін тарихтың əлі лайықты бағалайтынына сенімдімін. Данышпан Абайдың «ел жамаған билер» дейтіні бар ғой. Осы ғаламат теңеу біздің Елбасына жарасады. Қазақ тұлғасы шаңырағы ортасына түскен империяның шашылып қалған сынықтары секілді бытырап бара жатқан республикаларды тəуелсіздігін сақтай отырып, тізе қоса өмір сүруге бейімдей білді. Тұңғыш рет қазақ халқының көп азап шеккен сан ғасырлық тарихында өзінің тəуелсіз мемлекетін құру мүмкіндігі пайда болды. Күйреген империяның қирандысынан жаңа мемлекетті құру – аса қиын іс. Ал Қазақстанға келгенде, бұл тіптен күрделі шаруа екені белгілі еді. Алдымен Нұрсұлтан Əбішұлы айтулы идеяны жүзеге асыру үшін Еуразиялық бірлік идеясы төңірегіндегі белді саясаткерлер мен белгілі ғалымдардың, сарабдал саясаткерлердің ғана емес, сонымен қатар, тəуелсіз мемлекеттердің қарапайым азаматтарының да санасына сіңірді. Өткен ғасырдың

екін ші жартысын да көрн екті ғалым Лев Гумилевтің бастамасымен бірқатар ғалымдардың еуразияшылдық ұғымын ғылыми кеңістікке алып шыққандығы белгілі. Осынау асқақ ұғымды Нұрсұлтан Назарбаев саяси аренаға көтерді. Нұрсұлтан Əбішұлы қазақстандықтардың алдында екі бірдей тарихи рөлді мойнына алды. Тəуелсіз мемлекеттің іргетасын қалады жəне оның жолын жаңғыртты. Ал тарихта мұндай жауапкершілікті толықтай көтере білу, халық сенімін барынша ақтау – екінің бірінің қолынан келмесе керек. Елбасы Қазақстан қоғамын «Қазақстан халқы» деген жалпы адамзаттық идея аясына біріктіре келе, мемлекеттің маңызды міндеттерін алға қойды. Қазақ жұрты еліміздің өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, саяси жəне əлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес

дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолына шығуына Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі жəне сыртқы саясаттағы көрегендігінің басты рөл атқарғандығын жақсы біледі. Ел егемендігін иеленген осы жиырма төрт жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалау шы Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген сандаған экономикалық, саяси жəне əлеуметтік реформалар елімізді жаңа ғасырдағы бəсекеге қабілетті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға жеткізді. Нұрсұлтан Əбішұлы осы аз ғана уақыттың ішінде өзін халықаралық қоғамдастықтың құрметін туғызған жаһандық бастамалардың иесі, кемеңгер саясаткер ретінде əлемге мойындатты, елімізді өзгелер ішкі-сыртқы саясатымен санасатындай биік абыройға көтерді. Президенттің бастамасымен ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етудің бірегей ғажап институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, сəтті жұмыс жасап жатыр. Осылайша, Нұрсұлтан Əбішұлы Тəуелсіз Қазақстанның бүгінгі жəне болашақтағы тұрақтылығы мен дамуының сенімді іргетасын қалады. Қазақстандықтардың берік қолдауына арқа сүйеп, халқының жасампаздық күш-қуатына кəміл сенген Президент жан-жақтылығы мен қарқыны жөнінен теңдессіз

экономикалық жəне саяси реформаларды табысты жүргізуді қамтамасыз ете білді. Оның үстіне, басқа мемлекеттер ағымдағы мəселелерді шешіп жатқанда, еліміз өзінің мақсатын ұзақ мерзімді стратегия бойынша дамыта бастады. Қазақстанның жаңа Конс титуциясының қабылдануы тə уелсіздігіміздің аса биік саяси белесі болды. Онда билік құрудың жаңа қағидалары бекітілді, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау қолға алынды. Қазірдің өзінде біздің басты жетістіктеріміз – бүкіл халық болып қабылдаған осы Конституцияның жемісі деп айта аламыз. Ата Заңымыз – біздің Негізгі Заңымыз. Ол – мемлекетіміздің басқа заңдарының түп қазығы. Қазақстан Республикасы Консти туциясының қа былдануы мем лекеттіліктің заң ды түрде рəсімделгенін айғақтап, елдегі тың өзгерістерге жол ашты. Бүгінде еліміз өз мемлекеттілігін біржолата бекітіп, дамудың қазақстандық моделін қалыптастырды. Осы кезеңде ғасырға бергісіз жолдан өтті, ауқымы жағынан орасан табыстарға қол жеткізді. Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент халық үшін күнделікті тіршілікке қажетті нəрселермен қатар, ел дің рухани жаңғыруына да айрықша көңіл бөлді. Белгілі экономикалық қиындықтарға қарамастан, халқымыздың дəстүрі мен мəдениетінің қайта өрлеуі

да, БҰҰ-да қолдауға ие болған не қабылданған олардың бастамалары жоқ. Айталық, Қазақстан ядролық ж а р ыл ыс та р ғ а тый ым с а л ды, Семей сынақ аймағын жапты. 1991 жылғы 29 тамыз күні ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп белгіледі. Биыл Президент осы бастамасын жалғастырып, ядролық сынақтарды жүргізуге мүлдем тыйым салу жөнінде айта келіп, барлық елдерді осы ұсынысты қолдауға шақырды. Ядролық қарудан біржола бас тарту керек екенін мəлімдеді. Біздің БҰҰ-да жария еткен ядролық қарусыз əлем бас тамамыз жəне Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі бағдарламамыз халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ, мұны бейбіт өмірді қалайтын əлемдегі барлық адам қолдап отыр. Осы бастамалардың бəрі де «Қазақстан» атауымен бірге айтылады. Бұл – əлемдік мойындаудың көрсеткіші. Сонымен қатар, біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жəне оның Саммитін өткізген Орталық Азиядағы алғашқы елміз. Ас тана төрінде қабылданған шешім дер, Астана Декларациясы халықаралық қарымқатынастағы маңызды қадам болды. Біз көптеген позиция бойынша тек Орталық Азия ғана емес, ТМД кеңістігі бойынша да көшбасшы болып келеміз. Мемлекетті құру жəне реформа жасау, этностардың қарымқатынасын нығайту бағытындағы біздің бағдарламаларымыз бен ұсыныстарымыз басқа елдерге үлгі болып отыр. Біз бірінші болып Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық. 2007 жылдан бастап ҚХА конституциялық органға

айналды. Мəжіліске 9 депутат сайлану мүмкіндігіне ие болды. Ұлттық-мəдени орталықтар белсенді дамып келеді. Екі-үш жыл бұрын Президент үш тілді меңгеру туралы біріктіруші идея ұсынған болатын. Яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілі біздің əлемдегі, таяу кеңістіктегі жəне еліміздегі тиімді дамуымыздағы үштұғырлы тіл болуы керек. Бұл да терең идея, қазір біз үш тілді меңгерудің тиімділігін өмірге енгізу үстіндеміз. Қазақта «қанатты» деген сөз бар, біздің қанатты, мықтылығымыз – бірлікте. Жаңа құрылымды құру арқылы ғана, біріктіру арқылы ғана, əр уақытта да күшейе түсуге болады! Бұл – Президенттің ұстанымы. Елбасының басты қасиетінің бірі – мемлекетті құрушы жəне алда не болатынын алдын ала болжай білетін көреген басшы. Болған оқиғаларды түсіндіріп беретін адамдар болады. Алда болатын жағдайды дəл болжап, дұрыс жол көрсете білетін сирек адамдар бар. Біздің елдің басшысында тек өз мемлекетінің ғана емес, жаһандық дамуда қандай өзгерістер орын алуы мүмкін екенін аңғара білетін қасиеті бар. Біз «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасын мерзімінен бұрын жүзеге асыра алдық. Енді бүгінгі таңда «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Қорыта айтар болсақ, Президент біздің қалыптасқан мем лекетіміз шын мəнінде мəңгі алға баса беретін Мəңгілік Ел болуы үшін қалай өмір сүруіміз керек екеніне нақты бағдар көрсетіп берді.

мен дамуына қуатты серпін берген «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Ұрпағымызға аса құнды қазына – Ұлы Даланың рухани жəне материалдық ескерткіштері қайта оралды. Елбасы ақылы мен қайратын, жүрегін, ірі саяси талантын ел басқару ісіндегі мол тəжірибесімен ұштастыра отырып, елінің бірлігі, халқының тыныштығы, мемлекеттің тəуелсіздігі мен егемендігі үшін еңбек етіп келеді. Ол қашанда еліміздің абыройын асқақтату, береке-бірлігін, ынтымағын қамтамасыз ету бағытында қызмет етуде. Бүгінде біз ел Көшбасшысының ойға алғандарының өмірде толық, тіпті, оза шауып, орындалып жатқанын күн сайын көзімізбен көріп, куə болып жатырмыз. Оң жағалаудағы ескі бөлігін қайта жаңғыртудан басталған қала Есіл өзенінің екінші бетіне өтіп, бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде сол жағалаудағы, шындығында да, тақыр жерден болашаққа ұмтылған арман сияқты жарқын Астана бой көтерді. Елорда жəне Елбасы. Бүгінде осы екі ұғымды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Өйткені, ел орданы Елбасы салғызды, ал елорда Елбасы мен Қазақстан халқының абыройын асқақтатты. Президенттің таланты мен пайымының, көрегендігінің арқасында біздің астанамыз, архитектурада жиі айтылатындай, тынып қалған емес, қайнаған тұрмысы бар əсем музыканың, өмір мен шығармашылықтың қаласы. Бүгінде Еуразияның дəл кіндігінде маңғаздана қанат жайған ару Астана тəуелсіз Қазақстанның жасампаз қуатының ғажайып символы болып қана қоймай, нық сеніммен əлемнің неғұрлым беделді

астаналарының біріне айналып келеді. Нұрсұлтан Əбішұлы Тəуелсіздіктің сын сағаттарында нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады. Ең бастысы, мұның бəріне жанжалсыз, жасампаздық арқылы жетті. Мұндай жетістік бірлікті елі, білікті төрі, ең бас тысы, дана басшысы бар қоғамның ғана қолынан келеді. Қазақстан үшін өз тəуелсіздігін алар тұстағы халықаралық арена дағы алғашқы елеулі оқиға Президент Н.Назарбаевтың бас тамасымен Семей ядролық полигонын жабу жəне ядролық қару-жарақтан бас тарту болды. Бұл жаппай қарулануға жанталасып жатқан заманда ешбір мем лекет басшысының ойына келмеген теңдесі жоқ айрықша шешім еді. Мұндай нартəуекелге бір басының бақытын елінің бақытымен байланыстырған тұлға ғана бара алатыны сөзсіз. Содан бері Қазақстан адамзат тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш əрі жалғыз ел болып қалып отыр. Тəуелсіздік туы астында Қазақстанның жиырма төрт жыл ішіндегі даму жолы Елбасы сая сатының дұрыс екендігін дəлелдеді. Қазақстан халқының өз тəуелсіздігін сақтауға, нығайтуға бекемдігін танытты. «Тəуелсіздік, – деді Елбасы, – біздің алдымыздан жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан ешқайда бұлтармай, алға баса береміз». Елбасының мақсат-тілегі – бірлік, тыныштық, бейбітшілік, елдің, жердің тұтастығы. Оның тереңнен ойластырып барып, жүйелі құрған жоспарлы, сали қалы саясатының арқасында бүгінде Тəуелсіздігіміздің тұғыры нығайып келеді.

Виктор КИЯНСКИЙ, Парламент Мəжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.


8

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

Тəуелсіз елдіѕ тарихи мўрасы Ғасырға бергісіз жылдардың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет тү гел мойындады, тəуел-

 Тəуелсіздік тарихынан «Мемлекет басқару – өнер атаулының төресі» деген екен Демокрит. Біз бала күнімізден мектеп қабырғасында небір халқына қамқор, қасиетті, ақылды хандар мен небір халқын тонап, аздырып-тоздырған ақымақ хандар жайлы ертегілер оқып, аз да болса көңілімізге түйіп өстік. Бертін келе тарихқа үңіліп, ел тағдырының сол елді билеген хан, патша, президенттердің қолында болғанын, бəзбір елдің ұлы ел атануына, кейбір елдің құрып кетуіне себепкер осы бір шексіз билік иесі тұлғалар болғанын санамызға сіңірдік. Ал еліміз тəуелсіздік алғаннан бері халқымыз хан көтерген Елбасымыздың қасында жүрмесем де əрбір ісіне ерекше елеңдеп, тілеуін тілеп, сүрінбесе, жаза баспаса екен, бəрі де бола берсе екен деп шын ниетіммен тілеп отыратын адамдардың бірімін. Сөйтемін де, Елбасының жекелеген ісіне, идеясына, салиқалы саясатына байланысты көңіл толқынысымды кағазға түртіп жүремін. Осындай жазбаларымның бір парасын парасатты оқырман қауымға ұсынып отырмын.

ЌАЗАЌТЫЅ АЛТЫН ДƏУІРІ ЕРЕН ЕРЛІК ИЕСІ Қазақстан десе, мейлі шетелдіктердің, мейлі өз еліміздің əрбір азаматының ойына Нұрсұлтан Назарбаев оралары сөзсіз. Əрине, сол елдің өміріне, тағ дырына қатысты жақсылық та, жамандық та «отқа жақын іс күйер» дегендей, елді басқарып отырған адамның атымен байланыстырылуы заңды дүние. Дегенмен, біздің еліміздегі небір айтулы табыс, жетістік (ғылым-білім, экономика, əлеуметтік мəселе, тарих, руханият дегендей) Президенттің тікелей бастама көтеруімен іске асып жатқандықтан Елбасымен байланыстыру тіпті де заңдылық екені айтпаса да түсінікті. Басқаша айтқанда, Тəуелсіз Қазақстан деген ұлы ұғым Нұрсұлтан Назарбаев деген асқақ тұлғамен біте қайнасқан ажырамас біртұтас дүние. Тарихшылардың көбі 550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығының өткен дəуірдегі айдарынан жел ескен алтын ғасыры Тəуекел ханның (1582-1598 ж.) тұсы деп бағалайды. Ол рас, Тəуекел ханның тұсында қазақ хандығының басты бақталасы Бұхар ханы Абдолла жеңіліс тапты. Мəуреннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпесе де Ахси, Əндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Соның нəтижесінде Ташкент жəне оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды. Шайбани əулетінің үстемдігі біржола жойылды. Қазақ хан дығының аумағы анағұрлым кеңіді. Тəуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарымқатынасты жандандырды. Сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар тапты.Тіпті, қазақтың ата жауы жоңғардың бір бөлігі Тəуекел ханға тəуелді болды. Халықтың тұрмысы жақсарды. Қысқасы, Қазақ хандығы кереметтей қуатты хандық болды. Сол алтын дəуірді елімізге Нұрсұлтан Назарбаев қайта қайтарды десек артық айтқандық емес. Ең бастысы, 300 жылға жалғасқан отарлық бұғаудан біржола құтылдық, тəуелсіздікке қол жеткіздік. Тəуекел хан орыс елімен арадағы қатынасты жандандырса, Нұрсұлтан Назарбаев бұл елді саяси, экономикалық басты одақтасына айналдырды. Бүгін біз əлемдегі ең қуатты елдермен одақтастық. Халықтың тұрмысы Тəуекел хан тұсындағыдан он есе емес, жүз есе артты. Əлем халқы көз тіккен ғажайып Астананы салдық. Демек, Қазақ елінің бүгінгі дəуірін нағыз алтын дəуір деп сеніммен айта аламыз. Əр мемлекетте кереметтей іс тындырған, елін ғажайып бақытқа, байлыққа бөлеген ханның, патшаның, президенттің тұсы елінің алтын дəуірі деп есептеледі. Орыстар Бірінші Петрді, моңғолдар Шыңғыс ханды, қытайлар Кан Сиді, түріктер Ататүрікті, ағылшындар Виктория пат шайымды, италияндықтар Марк Аврелийді өз елінің алтын дəуірінің авторы санайды. Ал біздің елге Тəуелсіздік арқылы келген алтын дəуірдің авторы, сөз жоқ, Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл – Елбасымыздың ерен ерліктерінің тағы бір парасы. *** Қай елде болмасын, қай дəуірде болмасын ел билеген хандардың, патшалардың, президенттердің барлығы бірдей төрт аяғын тең басқан жорға, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар парасат иесі болмағаны анық. Заманында біреудің бағы шапқан, біреудің бабы шапқан. Көп жағдайда хандық, патшалық мұрагерлік дəстүрмен жалғасқан елде небір ақылсыз, кеще жандардың да таққа отырғанын білеміз. Ал əділдігі үшін, халқын байлық пен бақытқа кенелткендігі үшін, аты тарихқа алтын əріппен жазылған гректердің

патшасы Солон, Рим императоры Марк Аврелий, 600 жылдық ғұмырлы ұлы империя құрып, ұрпақтарына бақыт пен байлық, өшпес даңқ сыйлап кеткен түріктердің Осман патшасы сияқты кемеңгерлердің есімі күні бүгін күллі əлемге танымал. Оларды даңққа бөлеген – халқын сүйген кемеңгерлік қасиеттері. Демек, халқын 300 жылдық отаршылдық, бодандықтан құтқарып, небəрі ширек ғасырға жетпейтін уақыт ішінде екі ғасырлық даму биігіне көтерген, «Мəңгілік Ел» болудың жолын сілтеп, қағидаттарын қалыптастырған біздің Елбасымыздың да жоғарыда аталған ұлылардың қатарынан орын алатынына мен кəміл сенемін.

ЎЛЫ ДАЛА ЎЛАЄАТЫ Біз «Ұлы Дала елі» екенімізді қандай қасиеттерімізбен дəлелдейміз? Біз – сан ғасыр əлемнің көптеген халқын соғыста жеңіске жеткізген жүрдек көлігі жылқы деген жануарды Ботай жазығында қолға үйретіп, үзеңгіге алғаш аяқ тіреген ақылды халықпыз. Біз – алтынмен апталып, күміспен күптелген сақ бабаларымыздың қасиетті қорымын сақтаған халықпыз. Біз – күллі түркі текті халықтың от жаққан қара мекені қасиетті төрі. Алтайдан кіндігімізді үзбей, күні бүгін түтінімізді түзу ұшырып отырған халықпыз. Біз жоңғар шапқыншыларының Азиядағы күллі түркі текті халықтарды жаулап алуына жол бермей қырғызға, қарақалпаққа, өзбек пен түрікмендерге қалқан болған халықпыз. Біз кеңестік тоталитаризмнің құрығына ілініп, сенімсіздер мен сезіктілер ретінде жер аударылған жүздеген ұлттың өкілдерін беттерінен қақпай, маңдайынан сипаған, қонақжайлығымызды, дархандығымызды танытып, аузымыздағы асымызды жырып беріп, адам санатына қосқан халықпыз. Ең соңғысы – біз əуелі Алланың рахымымен, онан соң Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген, дана басшылығымен Тəуелсіздігіміздің 20 жылында 100 жылдық істер тындырған елміз. *** Ел билеушіде болатын кемел қасиеттерді санап тауыспайсыз. Олар – білімділік, ақылдылық, мейірбандық, батылдық, жан тазалығы тағысын тағы. Біздің Елбасының бойынан осы қасиеттердің бəрі де табылады. Ал мені таңғалдыратын бір қасиеті – көп патшаның бойынан табыла бермейтін өзіне-өзінің сенімділік қасиеті. Айталық, ел астанасын көшіру туралы бастамасына атқа мінерлердің көбісі-ақ қарсы болғанын білеміз. Ядролық қарудан бас тартуын ауыздағы асты тілімен түртіп шығару немесе бақытын басқа тебу ретінде бағалаған шетелдік саясатшылар да болды. Тəуелсіздіктің буыны қатпай жатып, əлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатын ертегіге балап күлгендер де жоқ емес. Ақыры не болды? Бəрі де нақты шындыққа айналды. Ел беделін асқақтатты. Шамасы, Нұрекеңнің өзінеөзінің сенімділігін батылдықтың жоғарғы сипаттағы көрегендікпен ұштасқан көрінісі деп атасақ артық болмас. *** Ел ішінде 130 ұлтты «бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай» ынтымақбірлікте ұстап, əлем халықтарына үлгі көрсетіп отырмыз. Елбасымыздың осы ақылдылығы арқасында XXI ғасыр «Ұлы Дала елі» – Қазақстанның ғасыры болуға əбден лайық. Ішіміздегі ұлт, халықтарды да бір біріне тату етіп, егіз қозыдай еткен əлемдегі жалғыз ел, ол – Қазақстан. Жалпақ жаһандағы ірі мемлекеттерді өзі бұл күндері тайфун дауылындай жолындағының бəрін жайпағалы келе жатқан əлемдік кезекті дағдарысты еңсерудің емін таппай арпалысып əлекке

түсіп жатқанда біздің еліміз небəрі жыл жарымнан кейін өтетін (дағдарыстың бел ортасы) əлемдік ұлы жиын, ханбазар – ЭКСПО-2017 көрмесіне қызу дайындық үстіндеміз. Біздің қарымдылығымызды əлем елдері осыдан-ақ байқай берсін. Əрі бұл сыннан да сүрінбей өту арқылы еліміздің даму қарқынын кемінде он жылға іл гер лететініміз анық. Елбасымыздың келешекті алты қырдың астынан болжайтынына əлем тағы бір рет көздерін жеткізері де шүбəсіз. ЌАНДАСТАРДЫЅ ЌАМЌОРЫ Біздің еліміз экономика мен табиғат берген байлықтың, оны игерудің ондаған саласында алдыңғы үштіктің қатарындамыз. Мүмкін статистикалық есептің, ғылыми талдаудың жоқтығы болмаса, өзгеден өктемдік көріп сансыраған сан ұлттың өкілдерін бауырына басып, «су сұраса нан берген» жомарттығымен əлемде бірінші орын шығар. Сол сияқты тағдыр талайымен басқа елде өмір сүріп жатқан қандастарын қаперінен шығармай қамқорлық таныту жағынан да əлем елдеріне үлгі үш елдің біріміз. Бірақ Германия мен Израиль алыстағы ағайындарына байлығы тасып, дамыған елдер қатарына қосылған кезде қол ұшын берсе, Елбасымыздың ұлтына деген ұлы жүрегінің мейірімі арқасында біз тəуелсіздікке енді ғана жетіп, етек-жеңімізді жия алмай жатып-ақ бауырымызға бастық. Бұдан өткен дарқандық, даналық болмас. Сол бір қиын-қыстау шақтағы «Алыстағы ағайынға ақ тілек» атты арнауында Елбасымыз: «Қымбатты отандас тар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған сіз дерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтар алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. «Туған жердің түтіні ыстық» дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы атақонысына тарту мақсатында адам құқығы туралы ел аралық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа респуб ликалардан жəне шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші ба йыр ғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тəртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан атамекенге келемін деуші ағайындарға, жол ашық. Ата-баба аруағы алдарыңыздан жарылқасын»! деген еді. Қандай ыстық лебіз, қандай бауырмалдық сезім. Осы хатты оқып Моңғолиядағы қандастарымыздың талайы көзіне жас алғанын, талайы ағайынтуыс, құда-жегжат, үрім-бұтағымен атамекенге қарай қопарыла кешкенін көзбен көрдік. Қай елге сапарлай барса да алдымен сол елдегі қандастарының жайын сұрап, солардың проблемасын шешуді, зиялы қауымымен, ақсақалдарымен жүздесіп, дидарласуды ұмытқан емес. Елбасының қамқорлығына разы қош болған ағайындар отанымнан, қа рашаңырағымнан алсам емес, берсем, бір кірпіші болып қалансам, Қазақ елінің мəңгілік жасауына үлес қоссам, септігімді

тигізсем деген ниетпен келуде. Елбасының саясаты арқасында əлемнің əр түкпіріне шашылып кеткен қазақтар біртұтас ұлттық мүддеге, бір шаңырақ астына топтастық. Жалпы, шеттегі қандастарымызға деген қамқорлығы Нұрағаңның ұлттық рухымызды өсірудегі жүздеген бастамаларының ішіндегі ең ұлағаттысы деп ойлаймын. Сол ақыл мен ерліктің бас иесін біздер əрі мақтаныш, арқа тұтамыз, Елбасына өзімізді мəңгілік қарыздар санаймыз. ЌАЗАЌ ХАНДЫЄЫ – ТАРИХЫМЫЗДЫЅ БІР ПАРАСЫ ЄАНА Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық ерекше қасиеттерінің бірі – мейлі саясатта, мейлі тарихта ерекше көрегендігі деп ойлаймын. Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы қазақ халқының, мемлекеттік тарихының бір парасы ғана. Мұны көрегендікпен бажайлаған Елбасы халқымызға, тарихшыларымызға ой салып, «Бұл қазақтың тарихының басы да, соңы да емес» деген еді. Біздің əлем тарихшылары мойындаған арғы тегіміз сақтар мен ғұндардан бері есептесек те 3-4 мың жылдың арғы, бергі жағына жетіп жығылады. Сондықтан тарихшы ғалымдарымыз алдында Елбасының көрегендігін ғылыми негізде дəлелдеп, халқымыздың тегіне байланысты сақ дəуірінен арғы кезеңдерге үңілетін кез жетті. Қалайда біздің ата тегіміз сақтар мен ғұндар көктен түскен жоқ қой. Мəселен, адам баласы алғаш пайда болған заманнан бері Орталық Азияда, Тұран даласында мекендеген халықтардың болғанын археологиялық қазбалар дəлелдеп отыр. Өйтсе, біздің халқымыздың сол дəуірдегі адамдардың да бүгінге дейін жалғасқан ұрпағы болуымыз мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Мүлдем əріге бармағанның өзінде жер жүзін басқан соңғы топан су кезінде Нұқ пайғамбар аман сақтап қалған Адамата, Хауана ұрпақтары туралы аңыздың түбі ақиқатқа саяды. Əрине, арғы тарихымыз мүлдем зерттелмеген деуден аулақпыз. Тіпті, кей тарихшыларымыз гипербориялықтардың өзі біздің ататегіміз екенін айтып жүр. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің ата-бабаларымыздың осы Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына тоқтаған топансу заманнан бері наурыз мерекесін тойлап келгенін жазып кеткен. Ал арғы тарихымызды Нұқ пайғамбар дəуірімен сабақтастыра зерттеп жүрген шығысқазақстандық Халел Нүркеұлы Нұқ пайғамбардың ұрпағы Япастың Ғад, Тола атты ұрпақтары Алтайға келіп ұрпақ өсірген дегенді Алтай халықтары арасындағы жер су аттарына байланысты аңыз жəне кейбір ғалымдардың пайымына сүйене отырып дəлелдеуге тырысады. Міне, Елбасымыз тарихымызды жаңғыртудың жаңа жолын ашты. Біздің арғы тарих екі емес, төрт мың жылдан кем емес екенін айқындата бастады. Тіпті, бұрын қазақ деген ел болғанына күмəнданушылардың аузын енді ғана толығынан жапты. Жаратушымызға мыңда бір шүкір... ЕЛБАСЫ – ТЕМІРЌАЗЫЄЫМЫЗ Қазір əлем қырғын соғыс, бей берекетсіздік салдарынан экономикалық дағдарысқа ұшырап отыр. Мұның негізгі себебі алпауыт мемлекеттердің ұсақ елдерді қақпаға салып, тышқан алған мысықтай ойыншыққа айналдыруы екенін түсіну қиын емес. Əрине, ол саясат алпауыттардың өздеріне пайдалы. Əлемді долларға мүрит ету соның ең бергісі. Алпауыт елдер кіші елдердің құдайы болса, мұнайының бағасы түсіп, көмейлеріне тегін құйылмақ. Оны да жымысқы жолмен жүзеге асырмақ. 1990 жылдарғы əлемдік дағдарыс да солардың қолымен жасалған дағдарыс еді. Дағдарысты алпауыт елдер өздері ұйымдастырып, одан шығу жолдарын өздері «нұсқады». Экономикасы құлдыраған кедей елдерге Дүниежүзілік банктен көлемді дəрежеде доллар құйды. «Жомарттық» танытты. Тіпті, өсімсіз берді. Бұл «үлестен» тығырыққа тірелген елдің бəрі де құр қалмады. Енді, міне, доллардың құнын аспандату арқылы əлгі елдерді өзіне тəуелді етті. Бұл жолғы қитұрқылықты біздің Елбасымыз ерте пайымдады. Қор құрып, сақтық шараларын ертеден жасады. Экономикамызды сауықтырудың жолы шикізатқа тəуелсіз отандық өнім

өндіруді қолға алды. Дағдарыстан шығу жолдарын БҰҰ мінберінен өзгелерге де нұсқады. Ол қандай жол? Бастысы – жаһанға үстемдік еткен əлгі жасыл қағазға тəуелділіктен арылу. Ол үшін Еуропа, Азия елдері экономикалық күшқуатын біріктіріп, өз ақшамызды да доллардан кем түспейтіндей құнға жеткізу керек деп пайымдады. Бəрін айт та, бірін айт, біз дағдарысты бұдан бұрын да 1990 жылдары бастан кешіргенбіз. Бірақ, ол дағдарыстың жөні бөлек, заңды дағдарыс. Қоғамдық жүйенің бір пішіннен екіншісіне көшуі арасындағы өтпелі кезең дағдарысы. Елбасының экономикалық ұтымды саясаты арқасында одан да аман өткенбіз. Тіпті, кеңестік жүйенің шалғайынан шыққан ТМД-нің басқа елдерінен етекжеңімізді əлдеқайда бұрын бүтіндедік. Елбасымыздың ақылынан ауытқымасақ, бұл жолғы дағдарыстан да бір-екі жылдың ішінде құлан таза айығатынымыз кəміл. Жуықта ғана Елбасы Қызылорда қаласында сөйлеген сөзінде қанша жоқшылық, тапшылық болса да халқымның əлеуметтік жағдайының төмендеуіне ешқашан жол бермеймін дегенді кесіп айтты. Тек жоғарыда айтқа нымыздай, Елбасының ақылына сай əр азамат жаңа қарқынмен еңбектеніп, өнім мөлшерін, сапасын арттыруымыз қажет. Дайын асқа тік қасық болып, қол қусырып отырмау – өмір талабы. Құдай бізге мұнай мен уранды, алтын мен күмісті, мыс пен мырышты аямай берген. Қолда барды əжетке жарата алмасақ – өзімізге сын. Сапалы өнім өндіріп, экономикамызды өрге бастырмасақ, долларға тəуелділіктен құтыла алмаймыз. Айтайын дегенім, Елбасымыз – біздің бағытымызды түзер темірқазығымыз. Темірқазықтан көз жазбасақ, адаспаймыз. КҐППЕН КҐТЕРГЕН ЖЇКТІЅ ЖЕЅІЛДІГІН ЕЛБАСЫ ЕРТЕ ТЇСІНГЕН Бір кездері Солтүстік Кореяның президенті Ким Ир Сен адам баласына қажеттінің бəрін өзіміз өндіреміз, ешкімге қол жаймаймыз деген бағыт ұстанғанын білеміз. Рас, Солтүстік Корея да осал ел емес. Əйтпегенде азуын айға білеген АҚШ-қа доқ көрсете алмас еді. Бірақ, «бөлінгенді бөрі жейді», «жалғыздың үні шықпас» деген халықтық қағидаға құлақ аспау жақсылыққа бастамағанын білеміз. Мына əлемдік жаһандану заманында бұл қағидаттардың құндылығы тіптен артты. Корея социалистік жүйе ыдырағаннан бері состиып қалды. Ең бастысы, халқының əлеуметтік жағдайы нашарлап кетті. Біздің Президентіміздің айрық ша қасиеттерінің бірі – тарих тағылымдарын, халық даналықтарын қаперінде ұстау. Біз тəуелсіздік алған 24 жылда экономикалық тұрғыда асқар биіктерге көтерілдік. Біз экономика қоржынын тек мемлекет бюджетімен толтырсақ, тарихи қысқа мерзімде мұн дай жетістікке жете алмас едік. Мұндай қарышты қадамымыз, сəулетті Астанамыз, даңғыл жолдарымыз, тіпті алты қат аспанға қол созған ғарыштық бағдарламаларымыз дүниеге келмес еді. Мəселен, Астана қаласын салуда бюджеттен аса мол қаржы жұмсамай, көбін Түркия, Араб Əмірліктері, Катар сияқты елдердің инвестициялық қаржысымен, бай падишахтардың көмегімен тұрғызғанын түсінуіміз қажет. Сол патшалардың қанша бай болса да шашылып жатқан ақшасы жоқ. Көңілін тапқандарға ғана көмек қолын созады. Нұрекең солардың ақылын тапты, арқадан қақты, беделін салды. Алғырлық деп осыны айтыңыз. Енді, міне, өткен жылы Бейжіңге, Дубайға, Түркияға, кеше ғана Катарға, Ұлыбритания мен Францияға сапарлап, көл-көсір қаржы кіргізді. Елбасының жарғақ құлағы жастыққа тимей қасықтап жинағанын шөміштеп төгуге жол бермейік. Жалпы, Нұрекең – кіммен кездессін өзіне тартып, тіл табысып, үйіріп əкететін Алла берген айрықша қасиетті, қазақша айтқанда «бетінің алмасы бар», айрықша адам. Тілге келгісі келмегендердің өзін мысы басып тұрады. Əлемнің егей басшыларының талайы «енді Нұрекең не айтар екен» деп, біздің Елбасының қас-қабағына қарап отыратынын көріп жүрміз. Алла Елбасымызды тіл-көзден сақтасын! Өзі аман, халқы есен болсын. Үзбен ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері, жазушы.

сіздігін таныды. – Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жал пыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды, – дейді Қазақ инновациялық гуманитарлықзаң университеті əлеуметтікгуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Махмұт Түйебаев – Елбасымыз сол жолы жұрттың 98,78% дауысын жинады, басшылыққа келген күннен бастап халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған тəуелсіздігіне қол жеткіздік. Тəуелсіз Қазақ елінің қалыптасу кезеңі басталды. Тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз жəне діліміз қайта оралды. Елбасымыз өзінің «Нұрлы Жол – бола шаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында атап өткендей, 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау жəне бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болып тарих белесінде қалды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы жəне Ұлы Абайдың 170 жылдығы сияқты мерейлі мезеттер Семейде өз деңгейінде аталып өтті. Бұлардың барлығы жай ғана шара емес ұлттық-мəдени құндылықтарды ұлықтау, дəріптеу болып табылады. Расында да, өткен тарихымызды сараласақ, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анық тап берді. Ал 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Бағдар ламада еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың əл-ауқаты сияқты өзекті мəселелер жан-жақты қамтылған. Онда: «...Қазақстан индустриялық-инновациялық елге айналуы керек» деп жазылған. Бұл тапсырма бойынша Қазақстан басқа елдер үшін тек шикізат шығаратын ел болып қана қалмай, дүниежүзінде теңдессіз мол жер байлығымызды өзіміз өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуымыз қажеттігін ескерткен. – Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен меңгерген кəсіптерін əлеуметтік материалды құндылықтарға жатқызуға болады, – дейді Махмұт Мамырбекұлы, – осыдан келіп шығатын қорытынды қазір белең алған экономикалық дағ дарыс рухани дағдарысқа əкеліп соға ма? Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру, қазақ елі екендігімізді мақтан ету бұл ұлттық байлығымызды иге ру жəне ұлттық санамызды дамыту деп білсек, онда біз рухани дағдарысты болдырмаудың алдын аламыз. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тəрбиелеу керек. Қазақстанның сыртқы саясатын да да Президенттің еңбегі ерен. Мəселен, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Біртұтас эконо ми калық кеңістік, Кеден одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы барлығы да Елбасы еңбегінің жемісі. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі, Дəстүрлі əлем діндерінің съездерін өткізу – осы сөздеріміздің бір дəлелі. Елбасының қазақ халқы мен елімізде тұратын түрлі этностардың ұлттық рухани жəне материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тəрбиелеуге неге қолданбасқа? Əрине, міндетті түрде қолдану керек. Қоғамдағы рухани, материалдық, мəдени құнды лықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Осыны сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту қажет. Ұлттық құндылық бұл біздің баға жетпес мирасымыз əрі рухани байлығымыз екендігін ұмытпайық дейді профессор Махмұт Түйебаев. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.


www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

 Тəуелсіздік тұғыры

ШЕКАРАСЫ ШЕГЕНДЕЛГЕН ЕЛ ШЫМЫР Енді санаулы күндерден кейін еліміз шынайы Тəуелсіздігінің ширек ғасырлық шежіресіне аяқ басады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күні кешегі Жолдауында «Бұл – тəуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сəт», деп атап көрсетті. Ал тəуелсіз мемлекеттің басты нышандарының бірі – оның шекарасы. Тəуелсіздігіміздің осы ширек ғасырлық шежіресінде егемен еліміздің шекарасы да айқын тұғырланып, берік нығайып келеді. Осыған орай төл мерекеміздің қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, полковник Дархан ДІЛМАНОВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Тəуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бел гілеп, оны көршілес мемлекеттердің басшыларымен халықаралық келісімдер ар қылы бекітіп алуға барлық күш-жігерін салды. Осыған байланысты бүгінгі таңда шекарамыз бойынша делимитация, демаркация үдерістерді қандай деңгейде жүргізілуде? – Иə, дұрыс айтасыз, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шекара мəселесіне əрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл ретте Елбасының «Ел тыныштығы – мемлекеттік шекараның тынышты ғына тікелей тəуелді», деген сөзі қазақстандық шекарашыларға зор жауапкершілік жүктеп, шекара қызметінің тəуелсіз мемлекет да муын дағы өмірлік маңызын тереңдете түседі. Енді делимитация жəне демаркация мəселесіне келетін болсақ, Қазақстан Рес пуб ли ка сының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзақтығы 13 380 шақырымды құрайды. Ресей Федерациясымен арадағы шекарамыз делимитация қоры тындысы бойынша – 7548 ша қырым. Қазіргі күнге дейін барлығы 3000 шекара бағанасы орнатылды. Сонау 2009 жылы басталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Қа зіргі уақытта, демаркациялық жұмыстар таулы, ну орманды өңірге жақындап қалды.

Мұндай рельеф де маркациялық үдеріске өз кедергісін тигізгелі тұр. Осыған байланысты жұмыс қарқыны кішкене баяулап, қосымша материалдық, қаржылық шығындарды қажет ететіндігі сөзсіз. Дегенмен, бұл мəселелер шешімін тауып, белгіленген міндеттер нақты орындалады деген ойдамыз. Қырғыз Республикасымен арадағы шекараның жайына тоқ талсақ, демар кацияланған шекара сызығының ұзы н дығы 1257 шақырымды құрайды. Шекара сызығының ұзына бойына 533 шекара бағанасы орнатылды. Далалық демар кациялық жұмыстар 2008 жылдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде жүргізілді. Ал Түрікменстанмен ара дағы демаркацияланған шекара сызығы 459 шақырымды құрайды. Бұл бағыт бойынша барлығы 178 шекара бағаны орнатылды. Тағдыр табыстырған тағы бір көршіміз – Өзбекстан Республикасымен арадағы шекарамыз делимитация қорытындылары бойынша 2351 шақырым. Қазіргі уақытта шекараның өн бойына 776 шекара бағанасы қойылды. Қытай Халық Республи касымен арадағы шекарамыздың жөні бөлек. Ол негізінен бұрыннанақ қалыптасқан шекара деуге болады. Де маркациялық жұ мыстардың қо рытындысы бойынша оның ұзындығы 1783 шақырымды құрайды. Демар кация туралы хаттамаға 2002 жылы қол қойылды. Осыған сəйкес 346 шекара бағанасы орнатылды. Қысқаша айтқанда, делимитация жəне демаркация үдерістері бойынша бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыс ауқымы осындай. Жоғарыда аталған жұмыстар бойынша əлі де бірлескен комиссиялар жұмыс істеп, қажетті бекіту құжаттарын дайындайтын болады. – Дархан Айтқалиұлы, тəуелсіз Қаз ақ стан Республи касының Мемлекеттік шекарасындағы делими тация, демаркация үдерісінің ойдағыдай атқарылып жатқандығы көңілге берік сенім ұялатады. Шапқан тұлпардың тұяғы күйетін, ұшқан құстың қанаты талатын, ата-бабамыздан мұраға қал ған ұлы да ладағы ұланғайыр шекарамызды күзету мəселесі қалай шешілуде? Əрине, ол оңай шаруа емес екендігін жақсы түсінеміз. Осы мəселені өз аузыңыздан естісек... – Бұл ретте ерекше атап өтетін мəселе, 2013 жылы «Қа зақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң қабылданды. Осы заңға сəйкес оннан астам заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді дайындадық. Мем лекет басшысының тікелей бастамасымен

Шекара қызметін дамытудың жəне Қа зақстан Рес публикасының Мемлекеттік шекарасын жайғастырудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Осы құжаттардың бар лығы да шекарамыз ды күзету мəселесін нығайтуға, оның сапасын арттыруға бағытталып отыр. Елбасының тікелей қол дауы арқасында жыл сайын Ше кара қызметіне қомақты қаржы бөлініп, заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталуда. Бүгінгі заман талабына сай қажетті инфрақұрылымдар бой көтеруде. Биылғы жылдың өзінде арнаулы техникалық құралдармен жабдықталған жаңа үлгідегі екі жүзден астам автокөлік алынды. Олардың ішінде жол таңдамайтын көліктер, ауа райының қолайсыздығына бейімделген арнаулы көліктер шекара шыларымыздың таптырмас серігіне айналды. Жағалау күзеті үшін мыңнан астам шам шырақ, прожекторлы стансалар сатып алынды. Қазіргі кезде шекара күзетін əскери ұшақтар жəне тікұшақтарсыз көзге елестету мүмкін емес. Каспий теңізін жəне ондағы биоресурстарды қорғап, браконьерліктің жолын кесу үшін «Айбар» жобасындағы шекара кемелері іске қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республи касы ның шекарасы жоғары əскери-техникалық талаптарға сай жабдықталған ірі қорғаныс құрылымы болып табылады. Шекара күзетінде жаңа техника мен озық технология толық көрініс тапқан. Шекара қызметінің қару-жарағын, техникасын үстіміздегі жылы Жеңістің 70 жылдығына арналған Астанадағы əскери шеру барысында көптеген адам тамашалады. Сонымен қатар, шекара күзетінде қызметтік жануарлар да кеңінен пайдаланылады. Оның ішінде аттар мен иттердің жөні бөлек. Аттар тау мен тастың арасындағы шекара сызығын бақылауда таптырмайтын көлік екендігі ертеден-ақ белгілі. Ал шекара бұзушыны іздестіруде, есірткі заттарын анықтауда шекарашы сарбаздар қызметтік иісшіл иттердің көмегіне жүгінеді. Инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Шекара қызметінің инженерлік бөлімшелері биылғы жылдың өзінде сегіз жүз шақырымға жуық қоршаулы жəне бөгетті шарбақтар орнатты, ор қазды. Сондай-ақ, шекара жолдары, бақылау мұнаралары, ұшып-қону алаңқайлары, шекара катерлері үшін айлақтар, қалқымалы көпірлер салынды. Жалпы, шекара күзеті деген ұғым кешенді шаралармен ерекшеленеді, асқан жауапкершілік пен шынайы патриоттықты қажет етеді. – Қазақстан Кеден одағының белді мүшелерінің бірі болып табылады. Кеден одағы жағдайында мем лекеттік шекараны күзету қалай жүргізілуде? Қандай

қиындықтар мен кедергілер кездесуде? – Иə, тəуелсіз Қазақстанның Ке ден одағы көлемінде белді де беделді орны бар екендігі сөзсіз. Биылғы жылы Кеден одағына Қырғыз Республикасы мүше болып енді. Соған байланысты, 2015 жылдың 12 тамызынан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінде кедендік ре сімдеу доғарылды. Бірнеше бақылау-өткізу бекеттері тұрақты жұмыс істеп тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау ұлттық заңдылық тұрғысында атқарылып келеді. Сондықтан, бақылау процедуралары шекаралық бақылау аясында сақталатын болады. Шекаралық бақылау дегеніміз заң талаптарын сақтайтын азаматтар үшін ешқандай да əкімшілік кедергі болып табылмайды. Қайта керісінше, олардың тыныштығын қорғайтын, елдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған қадам екендігі сөзсіз. Оның ішінде, заңсыз көшіқон, есірткі трафигі, қару-жарақ контрабандасы жəне радикалды идеологияны тартушылардың жолын кесіп, сыртқы қатерлерге тосқауыл қояды. Əрине, шекара бойындағы бақылауөткізу бекеттерінде сапалы қызмет көрсету үшін қолдан келген ісшаралардың барлығы қолданылуда. Сондықтан, айтарлықтай қиындықтар мен кедергілер жоқ. – Қазіргідей алмағайып заманда шекараның мығым болғаны жақсы. Дегенмен, шекараның ар ғы жағы мен бергі жағында ағайын-туыс адамдар тұрады. Халқымыз «Бармасаң, келмесең жат боларсың» деп тегін айтпаса керек. Олардың араласып тұруына шекара ешқандай кедергі келтірмеуі керек деп ойлаймыз... – Пікіріңіз өте орынды. Өмір тəжірибесі көрсетіп отырғандай, Қазақстан шекарасы достықтың шекарасы болып табылады. Шекара қызметінің барлық іс-қимылы шекара туралы заңнамаларда толығымен айқындалған. Қазіргідей интеграциялық үдерістер жүріп жатқан кезде шекара дегеніміз ниеті дұрыс адамдар үшін ешқандай кедергі болмауы керек. Оның сыртында, сауда-экономикалық қарымқатынастар, мəдени байланыстар үшін барлық жағдай жасалынған. Сол үшін мемлекеттік шекараның өн бойындағы 98 бақылау-өткізу бекеттері азаматтарды шекарадан бақылап өткізу, бақылап енгізу үшін қалтқысыз қызмет атқарып тұр. Шекаралық бақылау 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген. Осы заңның 23-бабына сəйкес өткізу пункттерінде шекаралық бақылау көлік құралдары, жүктер жəне тауарларға қатысты жүргізіледі. Оның ішінде, мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылы ғын анықтау, мемлекетке кіру жəне шығу бойынша шектеуі бар тұлғаларды анықтау шекара арқылы көлік құралдарының, жүктер мен тауарларды тасымалдаудың заңдылығын сақтау секілді тағы да басқа мəселелерге басты көңіл аударылады. – Аталған бақылау-өткізу бекеттеріндегі жолаушы-жүк тасымалының айналымы қандай? – Соңғы 5 жылдың ішінде жолаушылардың өтуі, жүктердің өткізілуі екі есеге дейін артты. Мысалы, еліміздің оңтүстігінде орналасқан «Қордай» бақылау-өткізу бекеті арқылы орта есеппен алғанда, жылына 6 миллионнан астам адам, 500 мыңнан астам көлік құралдары өткізіледі. Еліміздің солтүстігінде орналасқан «Қайрақ» бақылауөткізу бекеті арқылы жылына 2 миллионға жуық адам, 600 мыңнан астам көлік құралдары өткізіледі. Батыстағы «Сырым» бақылау-өткізу бекеті арқылы жылына бір жарым миллионға дейін адам, 500 мыңға дейін көлік құралдары өткізіледі. Міне, Кеден одағы жағдайындағы шекаралық бақылау-өткізу бекеттері, ондағы шекарашыларымыз өздерінің осындай қомақты жұмыстарымен мақтана алады. – Күн-түн қатып қасиетті шекарамызды күзетіп, ел-жұрттың тыныштығын қамтамасыз етіп жүр ген қазақстандық ше карашылардың əскери-жауынгерлік қызметі туралы да айтып өтсеңіз? – Шекара шебінде демалыс деген болмайды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тəулік бойы мемлекеттік шекара шекарашылардың

қырағы назарында болады. Биылғы жылы шекара шебінде құқық бұзған 21409 адам ұсталды. Олардың ішінде, мемлекеттік шекараны немесе шекара режімін бұзушылар, бақылауөткізу бекеттерінің режімін, теңіздер мен өзендердегі аумақтық суға шығу ережелерін бұзушылар көптеп кездеседі. Осы мерзімде тоғыз жүзге жуық контрабандалық іс-қимылдың жолы кесілді. Оның ішінде жарияланбаған 1 миллионнан астам АҚШ доллары, 3 миллионнан астам Ресей рублі, 19 миллионнан астам теңге анықталды. 102 тоннадан астам металл, 67 тоннадан астам халық тұтынатын тауарлар, 80 килодан астам зергерлік заттар ұсталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының бір бөлігі Каспий теңізі арқылы өтетіндігі белгілі. Теңіздегі шекараны күзетумен қатар қазақстандық шекарашылар Каспий бассейніндегі биоресурстарды талан-тараждан сақтап қалуға да өздерінің үлестерін қосып келеді. Жыл сайын қазақстандық теңіз шекарашылары Каспий теңізінде өткізілетін бірлескен халықаралық арнайы іс-шараларға қатысып, онда шекара бұзушыларды, браконьерлерді құрықтап, олардан тонналаған бекіре жəне бекіре тұқымдас балықтарды, мыңдаған шақырымға жететін балық аулайтын ау, басқа да құралдарды тəркілеуде. – Сөз реті келіп тұрғанда шекаралық қауіпсіздік мəселесі туралы, оның ішінде басқа мемлекет тердегі əріптестеріңізбен байланыс туралы айта кетсеңіз... – Бұл мəселе шекара ведомствосында үлкен көңіл бөлінеді. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін барлық мемлекеттердің шекара ведомстволарымен байланысымыз жақсы жолға қойылған. Бұл бойынша тұрақты жұмыстар атқарылып келеді. Жақында ғана Астана қаласында ТМД-ға мүше-мемлекеттердің шекара əскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 74-мəжілісі болып өтті. Оған ТМД-ның 9 мемлекетінен шекара əскерлерінің басшылары қатысты. Онда өзара тығыз қарым-қатынасты арттыру, шекаралық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру, лаңкестік қауіптің алдын алуға қатысты бірлескен шаралар қабылдау, заңсыз көші-қон, есірткі, қару-жарақ тасымалының халықаралық арнасына шекарада тосқауыл қою мəселелері кеңінен талқыланды. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар талқыланып, келесі жылы атқарылар жұмыстар талданды. Мəжілістің күн тəртібіне барлығы 12 мəселе қойылып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. – Дархан Айтқалиұлы, мемлекеттік шекарамыздың көздің қарашығындай сақталуы шекарашылардың ерлікпен өрілген күнделікті қызметінің арқасы. Осы орайда, бүкіл өмірін осы қызметке арнаған, батыр шекарашыларымыз туралы да айтып өтсеңіз? – Отан қорғауды əкеден балаға мирас етіп келе жатқан ұрпақтар шекара қызметінде көптеп кездеседі. Осылайша, ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз ешуақытта үзілген емес. Шекарашыларымыз қайда жүрсе де Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді. Жақында ғана Жаркент қаласында Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде ерен ерлік үлгісін көрсетіп, құрбан болған бір топ шекарашыларға арналған ескерткіш ашылды. Ауған жерінде ерлік үлгісін көрсетіп қаза тапқан Раджан Батырханов атындағы шекара заставасы да (Қазақстан – Қытай шекарасы) жас шекарашы-сарбаздарды батырлық пен патриоттыққа үндейтін тəрбие орталығына айналды. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімімен рухтанған шекарашыларымыз бейбіт күнде де ерлік істерімен көзге түсіп келеді. Жақында, ғана еліміздің оңтүстігіндегі «Жетісайавто» бақылау-өткізу бекетінің келісімшарт сержанты Бахадүр Жураев педофилді ұстап, жасөспірім қызды құтқарып қалды. Арамызда кеудесіне мемлекеттік орден-медаль таққан шекарашыларымыз көптеп саналады. Жас сарбаздарға тəрбие беру ісі жүйелі жолға қойылған. Оның ішінде «Застава тарландары» атты ардагерлер ұйымы жастар тəрбиесінде өлшеусіз өнеге көрсетіп келеді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

9

 Бəрекелді!

Сўраншы батыр ауылы «ЌазТрансГаз» салєан спорт єимаратын сыйєа алды Бұл апта Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Сұраншы ауылының тұрғындары үшін айшықты басталды. Көгілдір отын саласының көшбасшысы – «ҚазТрансГаз» АҚ мереке қарсаңында бірегей жобаның құрылысын мəреге жеткізіп, осы ауылға заманауи спорт кешенін сыйға тартты.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Компанияны сауапқа бөлеп, жергілікті халықтың алғысын əперген спорт кешені əйгілі Сұраншы батырдың да құрметіне арнап салынып, тарихи батырдың атын иемденгенін айта кеткен жөн. Қалай десек те, соңғы айлар аталмыш компания үшін табысты болып тұр. Таяуда ғана ел тарихындағы ірі газ тасымалдау жобасын іске қосып, «Қазақстан – Қытай» магистралды газ құбырының «С» желісін пайдалануға берген «ҚазТрансГаз» АҚ бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстарын да біртіндеп абыроймен іске асыруда. Қысқасы, су жаңа спорт ғимаратының құрылысы толықтай газ саласындағы ұлттық оператордың қаржысына салынды. Компания сыйға тартқан замана талабына сай ғимарат Алматы облысының өзге елді мекендерінде кездеспейтін бірегей спорт кешені деп айтуға болады. Күрестің барлық түрлеріне арналған ғимаратта спортшылар толыққанды жаттығу өткізіп қана қоймай, мұнда республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Өңір жұртшылығы үшін маңызды оқиға санатындағы осынау салтанатта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ақылбай Сапаров: – Еліміздің басты мерекесі қарсаңында Сұраншы батыр атындағы спорт сарайын ашып отырмыз. Бұл – осы ауыл тұрғындарына, əсіресе жастарға жасалған үлкен сый. Осылайша, «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазТрансГаз» компаниялары Елбасының спортты дамыту жөніндегі саясатына осындай нақты іспен қолдау көрсетуде. Спорт кешені Алатаудың бөктеріндегі табиғаты тамаша жерде орналасқан. Оны салу барысында спортшылардың жаттығуларына барынша жағдай тудыру мақсатында ең озық технологиялар, экологиялық таза материалдар қолданылды. Былтыр Алматы облысының əкімдігімен өзара əріптестік туралы меморандум бекіткен едік. Онда көрсетілген міндеттерімізді орындап, бүгін осы тамаша спорт кешенін ашқалы тұрмыз. Жетісудан шыққан қазақтың əйгілі батыры Сұраншы есімімен аталған осы Спорт сарайының түлектері де болашақта əлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында сайысқа түсіп, Қазақстанның Көк туын биіктерде желбіретеді деген үміттеміз! – деді. Өз кезегінде Алматыдан арнайы барған БАҚ өкілдері бой көтерген спорт кешенін көріп, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Қысқасы, алаңсыз спорттағы үлкен армандарға қарай қол созуға болады. Заманауи спорттық жəне жаттығу құралдарымен жабдықталған ғимараттың жалпы аумағы 1000 шаршы метрге тең. Ғимаратта соңғы жетістіктерге сай келетін желдеткіш жүйесі, дербес шағын жылыту қазандығы орнатылған. Бұған қоса, кешен ауласында жасанды көгалды кіші-футболға арналған алаң бар. Бұл – спортпен жаппай шұғылдануды қолдау мен баршаның спортпен айналысуын арттыруға бағытталған мемлекетіміздің стратегиялық саясатын қолдауға компанияның қосқан үлесі. Осындай спорт кешенінің ашылуы – болашақ ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстанып, еліміздің мықты тірегіне айналар нағыз патриоттары болып өсуіне қазық болатын бүгінгі жастарымызды дұрыс тəрбиелеу үшін ең қажетті шаралардың бірі. «ҚазТрансГаз» АҚ отандық спорттың дамуына үлкен мəн беретінін атап өту керек. Қазіргі уақытта Астанада «Жекпе-жектер сарайы» спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «ҚазТрансГаз» АҚ осы əлеуметтік жобасы да компанияның өз қаржысына салынуда. Алматы облысы, Жамбыл ауданы.


10

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

 Тəуелсіздік тынысы

Мерекелік эстафета Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан»,

Мұхтар МЫРЗАЛИН, журналист.

Əкеге тартќан ўл Бір отбасыныѕ екінші ґкілі Мемлекеттік сыйлыќќа ие болды

Шалқар өңіріне «Елімнің бақытын тербеткен – тəуелсіздік» атты облыстық эстафета табан тіреді. Эстафетаны табыстау рəсіміне орай аудандық мəдениет үйінде өткен салтанатты жиынға келген қонақтар алдымен арнайы ұйымдастырылған көрмеге аялдады. Қаз-қатар тігілген шатырлар сөресінде əр ұлттың тағамдары, көнекөз жəдігерлер самсап тұрды. Қонақтар тағамдардан ауыз тиіп, əр ұлт тағамдарының өзіндік тарихымен, жасалу ерекшелігімен танысты. Көршілес Ырғыз ауданынан келген эстафетаны қабылдау салтанатын қысқаша сөз сөйлеп ашқан аудан əкімінің орынбасары Дариға Қарашолақова тəуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткен жетістіктеріне тоқталып, тарих қойнауына еніп бара жатқан 2015 жылы елімізде атқарылған мерейлі шаралардың өскелең ұрпақ үшін тағылымдылығын, ауданда атқарылып жатқан істерді, келешекке жоспарланған игі бастамаларды атап өтті. Ауданнан ауданға аманатталған эстафетаны алып келген Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейірхан

Аттиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышбай Кенжебаев, Ырғыздағы №1 қазақ орта мектебінің мұғалімі Ғалым Əбдірахманов сахна мінбесіне шығып, Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған бұл шараның маңызына тоқталды. Бұған дейін бірнеше ауданнан қолтаңба алған эстафеталық символдық альбом жобасының мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге жəне ұлтаралық келісімге тəрбиелеу, өңірдің түрлі саладағы əлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен көрсеткіштерін насихаттау, облыстың үздік азаматтарын ұлықтау, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты аясында алдағы мерекелік жылда инновациялық идеялар мен жаңашыл жобаларды қолдап, жүзеге асыру. Тəулесіздікті дəріптеп, татулық пен бірлікті мақсат еткен бұл салтанатты шарада ауданның көркемөнерпаздары да аянып қалмады. Əсем əндерді шалқытып, сəмбі талдай иіліп билеген жас өрендердің өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Салтанатты шара əр ұлттың биінен құралған флэш-мобқа ұласты.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Ол əріптестерімен бірге əлемге əйгілі «Шеврон» корпорациясының қызығушылығын тудырып, елімізге шетел инвестициясының құйылуына даңғыл жол салған «Теңіз» кенішін ашуға да белсене араласты. Осы кенішті алғаш ашушылардың қатарында 1995 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған 8 мұнайшының бірі ретінде есімі құрметпен аталады. Саналы ғұмырын еліміздің мұнай-газ өнеркəсібінің өркендеуіне арнаған ардагер мұнайшының шежірелі жолын ұлы Құрманғазы да сəтті жалғастырды. Мұнайшылық кəсібін Атырауда бастап, биыл «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» акционерлік қоғамының бас директорлығына тағайындалған Құрманғазы Орынғазыұлы мұнай-газ өнеркəсібі сала сындағы айтулы маман ғана емес, осы саладағы ғылыми жұмыс тарды тиянақтаған ғалымды ғы мен де танымал болды.

Оның ғылым саласындағы сүбелі еңбегінің бірі – еліміздің белгілі ғалым-мұнайшыларымен бірге көмірсутегі картасын жасауға ықпал еткен «Қазақстан Республикасы көмірсутегі əлеуетін ғылыми негіздеу» деп аталады. Елбасының биылғы 3 желтоқ сандағы Жарлығымен Құрманғазы Есқазиев бір топ əріптестерімен бірге ғылым мен техника саласындағы əл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сөйтіп, бір отбасының екі адамы, яғни əкесі Орынғазы мен ұлы Құрманғазы бір саланы өркендетуге қосқан үлестерімен Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері атанып, ел тарихына еніп отыр. Əкесі бұл сыйлыққа 1995 жылы ие болса, арада 20 жылдан соң дəл сондай марапатқа ұлы қол жеткізді. АТЫРАУ. –––––––––––––– Суреттерде: Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атанған əкесі мен баласы.

Тїркияда топ жарды Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақ ұрпағының талантты екенін Түркия жұртында тағы бір қы зымыз дəлелдеп шықты. Отанымызда қазір қызу жүріп жатқан «Қазақстан дауысы» аталатын жас əншілер байқауындай өнер жарысы Түркия мемлекетінде де біраз жылдан бері жалғасып келе жатқаны белгілі. Ол да «Түркия дауысы» деп аталады. Биылғы жылғы байқауға Ыстам бұл қаласындағы OKAN университеті халықаралық қатынастар факультетінің соңғы кур сында оқып жүрген Алма Болат қызы Қожан бақ сынап көрген екен. Алма өз атамекенінде де осындай өнер бəйгесінде жүлде алып жүреді екен. Мəселен, 6-шы сынып оқушысы кезінде жасөспірімдер арасындағы əн бай қауында лауреат атанғанын айта кетсек дейміз. Бұл оның өнерге деген ұмтылысын, бойында бар талантын танытары анық. Барлық түркі елдерінен қатысқан байқауда Алма Болатқызы сол елге танымал əнші Хадисе Ачыкгездің «Ben Boyleyim» («Мен осындаймын») деген əнін айтқанда, қазылар алқасы талантты қыздың ашық дауысына, əдемі иірімдеріне ілтипат танытып, бір ауыздан келесі турға жолдама беріпті. Ол ендігі жерде «Хадисенын» тобында жарысты жалғастырады. Тыңдармандар

«Достыќ їйі» ашылды

Қызылордада Тəуелсіздік күні қарсаңында «Достық үйі» ашылды. Бұл шараның Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылып отырғанын да айтқан абзал. Аталған ғимаратта бұрын Ыбырай Алтынсарин атындағы кинотеатр орналасқан болатын. Қаланың қақ ортасындағы нысан күрделі жөндеуден өтіп, енді «Достық үйіне» айналып отыр. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Еліміздегі татулықтың темірқазығы іспеттес, Елбасы ның тікелей бастамасымен құрыл ған Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдық мерейтойы ел көлемінде кеңінен аталып өтті. Айтулы дата аясында Сыр өңірінде 2500-ден астам шара ұйымдастырылды. Соның бірі – «Достық үйінің» ашылуы. Ғимаратта 230 орынға арналған концерт залы, мəжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ, өңірдегі 11 этномəдени бірлестік жəне Ассамблеяның ардагерлер мен аналар кеңесі осында қоныстанды. Бұл бірлестіктер өз халқының мəдениеті мен дəстүрін жаңғыртып, елдің саяси өміріне де белсенді араласатын болады. – Ниет пен тілектің үндесуінің арқасында тəуелсіздігіміз тұғырланып келеді. Егемендік алғалы ешкімнен кем, дұшпанға жем болған жоқпыз. Сыр елі – сан ұлтқа сая болған мекен. «Достық үйі» татулық пен бірліктің, достық пен жасампаздықтың ордасына айналсын,– деді

салтанатты шарада сөйлеген облыс əкімі Қырымбек Көшербаев. Шараға арнайы келген қонақтар Қызылорданың көрікті қалаға айналғанын айтып, ха лық тың жүзінен мейірімділік сезілетіндігін жеткізді. – Əуежайдан түскеннен қазақтың біртуар азаматтары қарсы алып жатқандай сезімде болдым. Өйткені, əрбір

билбордта қазақтың ұлыларының суреттері ілініпті. Бұл мені үлкен əсерге бөледі. Осы «Достық үйіне» кі ріп келе жатқанда да адамдардың жүзінен қуаныш пен мейірімділікті, бірбіріне деген бауырмалдықты байқадым. Қуа ныштарыңыз құтты болсын,– деді Қазақстан халқы Ассам блея сы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов. Салтанатты жиын барысында өңірдің дамуына өзіндік үлес қосып жүргендер «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалімен, облыс əкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

ҚЫЗЫЛОРДА.

– дейді Салтанат

1999 жылдың 21 қыркүйегінде облыстағы Ертіс ауданында елге оралған Салтанат Шəмей мен Жамелхан Қауқайқызының отбасында үшем дүниеге келді: екі қыз, бір ұл. Нəрестелерге Гүлнəр, Шынар, Нұрсұлтан деген аттар берілді.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.

 Жағымды жаңалық

Атырау облысындағы белгілі мұнайшылар əулетінің бірі – Есқазиевтер. Мұнайшылар əулетінің бастауындағы Орынғазы Есқазиев геолог мамандығын меңгеріп, Атырау облысындағы Қошқар, Комсомол, «Прорва» мұнай-газ басқармаларында, «Ембімұнайгаз» бірлестігінде шыңдалған аға буынның өкілі саналады.

Желбіреп тўрєан Кґк Туды алєаш Ґскеменде кґрдім

мен қазылар алқасы Алманың өнеріне сүйсініп, таза қазақ тілінде де бір əн салуын өтініпті. Ол даламыздай дарқан əуенді көкке əуелеткенде қаумалаған жұрт қол соғып, құрмет көрсетіпті. «Бұл табысымды Отанымның Тəуелсіздігіне тартуым!» деген Алманың бұл жеңісі қазір əлеуметтік желілерден орын алып, еліміздің теледидарлары жарыса сүйінші сұрап жатыр. Біз де Түркияда топ жарған қызымыздың ақтық сайыста алдан көрінетініне сенім білдіріп, сəттілік тілейміз!

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Үшемнің əке-шешесі Салтанат пен Жамелхан 1965 жылы Моңғолия жерінде туған. Еліміз тəуелсіздігін алғанда атамекенге көшуді, ұрпақтарының қазақ жерінде өскенін қалап, жолға жиналады. Бауырына басқан баласын байлығы көретін арғы жақта жүрген қазақ ұл-қыздарын, ұрпағын атамекенге жеткізгенше асықты. Əке-шеше, ағайын-туғандарымен бірге ұлы Нұрғали мен қызы Гүлжанды жетелеп Көкшетау жеріне жетеді. Сол жерде атамекенде тууға асыққан егіз ұлдар Еламан, Біржан дүниеге келеді. Баянөлгейде ауылы аралас тұрып қалған оралман отбасылары елге оралған соң да бір жерде болуды ойлайды. Сөйтіп, Көкшеден Ертіс ауданының Қызылжар ауылына көшіп келеді. Салтанат пен Жамелхан отбасылық ансамбль де құрды. Екеуі де əнші, домбырашы, жиын-тойлардың сəніне айналды. Жамелхан тағы бала көтерді. Атамекенге келіп туған жоғарыда жазған үшемдер осылай өмірге келді. Əкесі Қауқай ақсақалдың анасы марқұм төрт егіз (екі баладан) тапқан екен, үрім-бұтағында бар көп ұрпақ өсіру енді қыз баласына дарыпты. Қазір Нұрсұлтан, Шынар, Гүлнəр тəуелсіздік тұстастары болып ержетті. Аудан орталығындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары. Салтанат пен Жамелхан да аман-сау, Нұрғали мен Гүлжан, Біржан, Еламандар да ержетіпті. Көп бала тауып, өсіріп, жеткізген, қазақ санын көбейткен бұл отбасы əр қазақ отбасына үлгі-өнеге.

– Əлі есімізде. Бұл тебіренген сəт ешқашан ұмытылмас. Туған елге қарай бет түзеген көш бас талды. Арнайы ұшаққа отырдық. Өскемендегі əуежайға келіп қонғанда дөңгелек терезеден асыға айналаға қарасақ, о, ғажап, еліміздің Көк Туы қалықтап, желбіреп тұр екен!.. Көзге жас келді. Айнала жылаған жұрт. Қуаныштың көз жасы. Онсыз да жүрегіміз дүрсілдеп келе жатқанда биіктегі Көк Тудың асқақтай желбіреп тұрғанын көру біздің көңілімізді одан əрмен босатып жіберді. Ұшақтан түсіп келе жатып кеудемізге қолымызды қойып, Көк Туға бас иіп, түскен соң алақанымызбен жерді басып отырып қалдық. Бұл сəтті сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көк Тудың желбіреп тұрғанын көргенде өзінен өзі көзіңнен жас ағып, толқып, еріксіз жылай бердік, жылай бердік, – дейді Салтанат үлкен толқыныспен. – Еліміз, жеріміз, Елбасымыз аман болсын. Ауылымыз тыныш, бала-шаға ержетіп келеді. Ата-бабамыз ұрпақ өсір, ел іші балаға толсын деп аманаттады ғой. Оралман отбасылары əлі де шет жақтан көшіп келе берсін, орта толсын дегім келеді. Ұлымыз Нұрсұлтан деп ырымдап қойғанымыздай, Алғаш көрген Көк Тудың аманатындай ғой. Өзінің атына сондай құрметпен қарап, мақтаныш етеді. Жүрегінде, жанында бір бұлқыныс, елім, жерім деген патриоттық ұшқын көремін, – дейді анасы Жамелхан. Павлодар облысы, Ертіс ауданы.

Тəуелсіз елдіѕ ўланымын! Сонау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кеңбайтақ ғажайып өлке бұл – Қазақстан. Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді десеңші? Олар қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймады. Бірақ, ержүрек ата-бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың, халқымыздың бірлігінің арқасында ел өзінің кең-байтақ жер, құт мекенінде еркін көсіліп, жайланып жатыр. Қасиетті жеріміздің иесі – олардың ұлы ұрпақтары қол жеткізіп отырған бостандық туын желбіретіп, көкке көтерер ме едік? «Туған елдей – ел болмас, туған жердей жер болмас», – дейді халқымыз. Өз басым Қазақстанда туғаныма өте қуаныштымын. Мен қатерге қарсы бардым сен үшін, Көкірегімнен қан төгілді сен үшін. Саған жетер қасиет бар ма жаһанда, Сен ұлысың, Адам сенің жемісің,

– дейді өз өлеңінде ақын Əбу Сəрсенбаев атамыз. «Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің» – деп, халық бекерге айтпаған. «Отан – оттан да ыстық», дегендей адам баласының жүрегінде ең бірінші ақ сүт берген туған анасына деген сезім орналасса, ал екінші Отан-анаға деген сезім орын алады. Сонау өткен заманымызда ата-бабаларымыз тəуелсіздік үшін жан берісіп, жан алысқан. Енді тəуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткіздік. Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны жəне Республика Гимнін Тəуелсіздігіміздің айғағы деп білеміз. Əрбір азаматтың міндеті – Отанды, Əнұранды, Туымызды, Елтаңбамызды қастерлеуге, қорғауға, əрдайым мақтан ету. Қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжолов: Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам Бұл далада өскен жанда жоқ арман,

– деп, Отанға деген жүрек тебіренісін жырға қосып жеткізген. Əнұранымызды шырқап, Туымызды биікке көтердік. Отаны үшін, халқы үшін қабырғасы қайысып, елі үшін еңіреген ер-азаматтар қай заманда да болған. Отан... Бұл сөз – əрбір дала перзентінің көкірегін кернеген мақтанышпен айтатын сөзі. Ақын ағамыз Мұқағали Мақатаевтың: Сен үшін, Отан, сертім сол – Неден де болса тайынбай Киелі менің өрісім – Барлығы да сен үшін, – деген өлең жырларын өзіме ұран ғып ұстап, елімнің даңқын асыруға күшқуатымды арнаймын! Отанымыз гүлденіп, жеріміз көріктене берсін. Осындай қарқынды дамып, көк аспанында қыран құсы самғаған, бейбіт өмір сүріп жатқан тəуелсіз Қазақстанның болашақ ұланымын! Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика жəне саясаттану факультетінің 1-курс студенті.

АСТАНА.


16 желтоқсан 2015 жыл

Ўлан-єайыр жері бар, ўлы мўратты елі бар, бабалар жазєан ўлы тарихы мен ўрпаєы кґз тіккен ўлы болашаєы бар меніѕ халќым – ўлы халыќ!

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ.

 Мемлекет мерейі

Мəѕгілік Елдіѕ мəртебесі Қасиетті Құран-Кəрімде Алла тағалаға шын пейілмен сыйынып, ақ жүрекпен сұрасаңыз, қандай тілегіңіз болса да қабыл етіледі делінген. Осы орайда, менің ойыма бұдан ондаған жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың Сауд Арабиясының Королі Фатхтың шақыруымен сол елге алғашқы ресми сапары оралады. Сол жолғы жылы жүзді, іскерлік кездесу кезінде Елбасымыздың киелі Қағбаға кезектен тыс кіру құрметіне ие болғандығы жəне өзіне тағдыры сеніп тапсырылған тəуелсіз Қазақстанның баянды болашағы туралы перзенттік арман-мүддесі де əлі есімізде. Өйткені, қатарынан бірнеше ай бойы күрделі жөндеу жүргізу үшін зиярат етушілерді кері қайтарған Бəйтулланың (Алла үйі) қақпасының тек қана Қазақстан басшысына арнайы ашылуы, ала жаздай жаумаған нұр – нөсердің күтпеген жерден ақтарыла селдетуі назар салып қараған жанға аңыз-əфсанадай əсер қалдыруы əбден мүмкін. Бірақ та, бір нəрсе шыққан күндей шындық, туған айдай айқын. Себебі, ұмытылмас ұлағатты оқиға жайында аяғы жеткен ақпарат құралдары əр алуан тілдерде жарыса жазып, жарқырата жариялап жатты. Мəселен, орыс тілді, оң бағыттағы беделді бір мерзімді басылымнан оқыған «Над Назарбаевым – Бог» атты көлемді мақаланың ағынан жарыла айтқан объективті пікірлері күні бүгінге дейін көкейімде сайрап тұр. Бəлкім, солай болуы «Темірді қызған кезінде соқ» дегендей, ізгі ниетті бұл дəйекнаманың дəл Елбасының кезекті бір президенттік сайлауының қарсаңында оқырман қауымға жол тартуы, сөйтіп, өзінің діттеген жеріне жетуі, нақты нəтижесін берді десем, ешқандай əсірелегендігім емес. Иə, тəуелсіз Қазақстанның тағдыры қыл үстінде тұрған,

11

www.egemen.kz

аса бір сындарлы шағында нартəуекелге бел буған да ер жүректі, ерен ақылды, еңсегей білікті Нұр-ағамыз еді ғой! Екіталай күндерде екі тізгін, бір шылбырды қаймықпай қолына алған Нұрсұлтан Əбішұлын бұл күнде барша əлемнің дегдарлары айрықша бағалайды. Төрткүл дүниенің күллі зиялы қауым өкілдері оның көрегендіксындарлы саясатымен санасса, қатардағы қалың жұрт қызыға да зор құрметпен қарайды. «Шіркінай, Нұрсұлтан Назарбаевтай дара туған Президенті бар қазақ халқы қандай бақытты!» – деп тамсана таңдай қақса, өзімен тұстас, кейбір алдыңғы буын серкелері керек кезінде лайықты мадақтарын ұзақ уақыт бойы ішінде бүгіп келгендігіне өкіне, үнсіз кешірім сұрағандай, сыпайы кейіп танытады. Ойлап отырсақ, Қазақстан

Көшбасшысына қалтқысыз көрсе тіл ген құрметтерін тарихи-ресми құ жат тамаларға қол қою, дүниежүзілік форумдар мен конференцияларда, сандаған салиқалы, жоғары мəртебелі кездесулерде ризашылық сезімдерге толы ізгі лебіздерін де іркіліссіз жеткізеді. Сонымен қатар, Египет Араб Республикасы, Əзербайжан, Қырғызстан, Татарстан, Италия тəрізді бірталай елдерде Нұрсұлтан Əбіш ұлының көркемөнердегі келбеті атақты мүсін шілердің өміршең шы ғармаларының арқауына айнал ды. Ал Елбасымыздың биік беделінің арқасында əлемнің бірнеше алып қалаларында ұлы Абай бабамыздың еңселі ескерткіштері бой көтергендігін бүгінгі ұрпақтары ерекше мақтан етеміз! Қазіргі таңда күні кешегі үр кердей ғана үш мемлекеттің білек біріктіруімен өмірге келген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Кеден одағы өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып шықты. Соның нəтижесінде 2014 жылдың желтоқсан айында ратификацияланған «Еуразиялық экономикалық одақ туралы» арнайы Заң 2015 жылдың 1 қаңтарынан толыққанды күшіне еніп, бағдарлы жұмысын бастап кетті.Тіпті, оның қатарына Армения қосылып үлгерсе, қырғыз ағайындарымыз сапалы əзірлік үстінде. Расында, ешқандай боямасы жоқ, өмір шындығына айналған сирек кездесетін тарихи құбылыс ретіндегі саяси-экономикалық

құрылымға шалғайдағы Араб, Африка, одан бергідегі Түркия, Үндістан, тағы басқаларының да үлкен қызығушылықпен қарап отырғандығы қандай ғанибет десеңізші! Көк тудың желбірегені – Жүректің елжірегені, – деп ақын-сазгерлеріміздің тебірене əнге қосып, айдай əлемге жар салатынындай-ақ бар! Олай орайласатыны, Елбасымыздың ұйытқы болуымен қол жеткізген ұлан-асыр табыстарымызды шағын бір мақаланың шарасына сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан да шарапатты ойлардың, шарапатты сөздердің, шарапатты ісəрекеттердің нəрлі нəтижелерінің «Алтын сандығы» – Тұңғыш Президентіміздің əр жылдарда жарық көрген көп томдық таңдаулы шығармаларының жинақтарынан там-тұмдап тəмсілдер келтірумен мақаламызды түйіндеуге тура келіп тұр. Егер де, зейін қоя зерделеуге тырысып, Мемлекет басшысының бір ғана өткен жылқы жылындағы таңғажайып жұмыс кестесінің жақұт-жауһарларындай бүкіл ілге рішіл адамзаттың игілігіне айналған асыл еңбектеріне ілкі бір сəт үңіліп көрген жанның əрқайсысы əлгінде тілімізге тиек етілген «тылсым сырлар мен құпия күш-қуаттардың» «түп-тұқиянын» анық аңғаратыны аян. Себебі, қылышынан қан тамған Қызыл империя – Кеңес өкіметі келмеске кеткен кезден бастап-ақ кең-байтақ қазақ даласы мен қала сы адам айтса нанғысыз, арылмастай ауыртпалықтар мен аласапыранның ызғарлы құрсауында қалғандай еді. Алайда, бəрі де көрген түстей, қырдан аса қашқан қызыл түлкідей артта қалды. Сол үшін де Ұлы Отан соғысының қанды қырғынын бастан өткерген батыр-майдангерлеріміздің «Ондай сұмдықтарды жастарымыздың басына бер ме сін!» деп ағынан жарыла тілей тін індей, біз де Жаратқан Иемізден «Қоғамдық формациялар ауысқан алмағайып заманның зобалаңын енді қайтып көрсете көрмеңіз! «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры ұзақ болғай!» дейміз. Бұған дейін де көсегелі еліміздің өнегелі өткені мен өрелі өткелдерін сарабдал талғам сүз гісімен сұрыптап, тұмарлы түйіндермен тиянақтаған Елбасымыздың көптеген сөздері қанатты нақылдарымыздың қатарынан лайықты орнын алды. Ол өзінің туған халқына деген

шексіз сүйіспеншілігі мен мерейлі мақ танышын Ұлытау төріндегі сұхбаты мен Тəуелсіздіктің кезекті мерекесі кезінде де сабақтастыра, жасын отындай лаулата, «алыстан сермеп, жүрек тен тербеп», ана тіліміздің теңеу табылмас қадір-қасиетінің аясында алдаспандай жарқылдата айшықтады. Мысалы, Ұлытау тарихы туралы толғану, əлі күнге дейін тамылжи мүлгіп тұрған көне күмбездер мен жəдігерлер, мирасқорларының күшімен танымастай түлеу үстіндегі табиғатпен сырласу арқылы шынайы құрметпен қараудың өзі Тəуелсіздікті баянды етудің басты бір кепілі деп білген Президенттің тұрлаулы тұжырымдарының ешкімді де бейжай қалдырмасы хақ. Жаңғырған, жайнаған, жайқалған, жарқыраған қазақтың Жиделібайсын жерінде танымастай құлпырған Жібек жолы – нұрлы келешегіміздің сенімді сайрағы. Ал, Жаңа Экономикалық Саясаттың «Нұрлы Жолына» сəйкес кешелі-бүгінді қауырт қарқындаған Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл магистральдары ұлы бабаларымыздың үкілі үміттерін ақтаудың тың тынысы, кең арнасы. Өйткені, бұл құдіретті күн сəулесіндей, жүрек тамырларындай, ару Астанамыздан шартарапқа алтын шұғыласын шашқан Батыс Еуропа – Батыс Қытай күре жолының заңды жалғасы! «Жақсы сөзде салмақ бар, салмақты сөзді ел жаттар», деп жыр дүлдүлі Жамбыл атамыз бе кер айтпаса керек. Айталық, Елбасының Ұлытау төріндегі толғаныстарының жақұт толқынындай, «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі – Мəңгілік Елдің ұлы тарихы» атты баяндамасында: «Ел Тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана құнды», дей келе, одан əрі өрнекті ойларын «Тəуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мəңгілік Ел» екендігімен байланыс тыра тұжырымдады. Оған жеткізетін Тəуелсіздіктің ұлы рухын халық даналығымен, қарапайым еңбекпен қуаттандыра білу қажеттігіне ерекше екпін түсіріп, миллиондар жүрегіне тура жол тапты. Əлімжан ДƏУІТҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.

 Тəуелсіздік тартуы

Алып зауыт іске ќосылды Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Тəуелсіздігі қарсаңында Ерейментау ауданында алып кірпіш зауыты іске қосылды. Салтанатты шараға Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, «Халық қаһарманы», Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Əубəкіров, кəсіпорын құрылтайшысы, «Он олжа» ЖШС бас директоры Марат Нəбиев қатысып, жұртшылықты құттықтады. Облыс əкімі Сергей Кулагин өз сөзінде жаңа зауыт өңірдегі ең ірі екінші кəсіпорын екендігін атап өтіп, мұнда жекеменшік инвестиция жұмылдырылғанына ризашылық білдірді. «Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС жылына 50 миллион дана, тəулігіне 137 мың кірпіш шығару қуатында. Жалпы құны 2,1 миллиард теңгелік кəсіпорын жаңа жұмыс орындарының ашылуымен бірге, өңірдегі құрылыс индустриясын дамытуға елеулі серпін береді. Заманауи зауыт небəрі бір жылдың ішінде салынып біткен. Біз осыдан екі ай бұрын құрылыс алаңында болғанымызда Екібастұз қаласынан келген «Əлем-Базис НС» мердігер компаниясы қауырт жұмыс

үстінде болды. Ауысым басшысы Анатолий Мищенко жұмыстың сапасына, шетелдік жабдықтардың ілкімділігіне көңілі толатындығын айтқан. Өнімнің өзіндік құны да арзан түсетіні тілге тиек етілген. Өйткені, шикізат осындағы «Сарыадыр» кенішінен алынады. Құрастыру жұмыстары толық аяқталған зауыттың 900 градустық екі пеші, автоматтандырылған 17 конвей ерлік жүйе тəжірибелік сынақтан ойдағыдай өткен. Асхана, монша жұмыс істеп тұрса, əкімшілік-тұрмыстық ғимарат пен жатақхананың іргетасы көтеріле бастаған. Осындағы 220 адамның басым көпшілігі кəсіпорын есебінен оқытылыпты. Салтанат соңында «Ерейментау кірпіш зауыты» серіктестігінің атқарушы директоры Олег Шикаренконы сөзге тартқанымызда, ол биылғы жылдың соңына дейін құны 185 миллион теңгенің 3,7 миллион дана кірпішін шығару жоспарланғанын айтты. Ал, 2016 жылы – 24 миллион, 2017 жылы 35 миллион данаға жеткізу жоспарланып отырғанын білдік. Өнім негізінен Қазақстан жəне Ресей нарығына шығарылатын болады. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы.

100 Атырауда ќуаты осынша МВт

турбогенераторы іске ќосылды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысының энергетикалық тəуелсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Кəсіпорын басшысы Мұхамбетқали Қалиевтің мəлім етуінше, бұған 30 млрд. теңгеден астам қаржы салыныпты. Осыған дейін, яғни 2009-2010 жылдары жылу-электр орталығының төртінші кезегінің І-ші легі іске қосылған еді. Бұдан кейінгі жылдары да аталған кəсіпорында инвестициялық жобалар жалғасын тауып, ескірген қондырғыларды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Нақтылай айтқанда, 2009 жылдан бері электр қуаты 215 МВт-тан 414 МВтқа дейін өсті. Жылу қуаты 526 Гкал/ сағаттан 695 Гкал/сағатқа жетті. Негізгі қондырғылардың тозу көрсеткіші 68-ден 47 пайызға дейін төмендеді. Инвестициялық жобалардың іске асырылу нəтижесінде 2010-2015 жылдары 2 млрд. 357 млн.

квт/сағ. электр энергиясы өндірілді. Енді міне, ел Тəуелсіздігі мерекесі қарсаңында Атырау жылу-электр орталығында қуаты 100 МВт болатын турбогенераторы іске қосылды. Осының нəтижесінде электр қуатын өндіру 414 МВт-қа жетіп, өңірді электр энергиясымен тұрақты жəне үздіксіз қамтуға қол жеткізіліп отыр. Облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, бұл сонымен бірге, өңір экономикасының барлық саласын ырғақты дамытуға тың серпін береді. Əсіресе, сатылы жаңғырту жобалары іске асырылып жатқан Атырау мұнай өңдеу зауыты секілді ірі кəсіпорындардың да электр энергиясына сұранысы толықтай қамтылады. «Біздің кəсіпорында жаңа турбогенератордың іске қосылуымен 135 жұмыс орны ашылды», деді «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ президенті Мұхамбетқали Қалиев. АТЫРАУ.

 Еркін елдің ертеңі Осы бір бозбала жігітті соңғы кездері жастардың қатысуымен ұйымдастырылатын түрлі қоғамдық шаралардан көріп қалатынмын. Алайда, тəуелсіздіктің бел құрдасы екенін білмеуші едім.

Арманы биік жас Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Облыстық жастар саяса ты жөніндегі басқарма» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дариға Исмағамбетоваға: «Сіздер жастармен жұмыс істей сіз дер ғой, маған тəуелсіздік құрдасын тауып бересіз бе», дегенмін. Ол: «Алысқа барып не керек, біздің жастар ресурстары орталығында жұмыс істейтін Данияр Ізбасаров деген белсенді жігітіміз тəуелсіздіктің түйдей құрдасы», демесі бар ма. Дереу оның телефонын алып, кездесуге келістік. Аласа бойлы ашаң жүзді жас жігітпен азкем амандық-саулықтан соң əңгімеміз жарасып жүре берді. Мектеп қабырғасынан қоғамдық жұмыстарға қатысып, студенттік кезде де белсенді жас болған ол ашық жігіт екен, сауалдарыма іркілмей жауап беріп отырды. Адамдармен жұмыс істеуге төселіп қалғаны да аңғарылады, жатырқамай жатық сөйлейді. – Мен еліміз егемендік алып, өз тəуелсіздігін жариялаған жылы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылында дүниеге келіппін. Кейін төрт жасқа толғанда ата-анам Ақтөбеге қоныс аударды. Əкем Ербол Ақтөбе хром қосындылары зауытында жүк көлігінің жүгізушісі, анам Лəйла №2 қалалық емханада медбике болып еңбек етеді. Артымнан ерген інім Дархан №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қарапайым отбасында өстім, əжем Қоңырдың қолында болдым. Ол кісі кішкентайымнан ертегілер айтып, өлең-жырды жаттатып, салт-дəстүрімізден хабардар етіп отыратын. Бəрін көңіліне түйе берсін дейтін болар. Бес жасымда санауды, жүргізіп оқи білдім, ертегілерді жаттадым, бата қайыруды үйрендім. Қазақ фольклорына ден қоюыма осы əжем Қоңырдың əсері болды. Ал оны мектеп қабырғасында одан əрі жетілдіріп, қазақ филологиясына баруыма мектептегі ұстазым Дина Мұхамедиярова ықпал етті. Мен 8-11 сыныптарда қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінен өткен қалалық жəне облыстық олимпиадаларда жеңімпаз атандым, – дейді Д.Ізбасаров. Талапты жас қаладағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепті үздік тəмамдағаннан кейін Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны қазақ филологиясы мамандығы бойынша бітірді. Мектепте қалыптасқан қоғамшылдық қасиет жоғары оқу орнында да жалғасын тауып, орта көріп, шыңдала түсті. 2012 жылы облыстың үздік студенті атанды. Еліміздің жоғары оқу орындары арасында қазақ тілі мен əдебиетінен өткен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды. Институтта оқып жүргенде «Қазақстан студенттері альянсы» республикалық студенттер қозғалысы Ақтөбе филиалының бірінші вице-көшбасшысы болды. Сол шақта студент жастардың құқығын қорғау мəселелері бойынша өткізілген қоғамдық ісшаралардың ұйытқысына айналды. «Стоп: қылмыс», «Таза сессия», «Қалай тұрып жатырсың, студент?» жəне «Қалай тамақтанасың, студент?» сынды шараларды ұйымдастырудың басы-қасында жүріп, студентжастардың қылмысқа ұрынбауына

ықпал етті, студенттердің жатақ ханалары мен асханаларын тексеріп, студенттердің мүддесін қорғап, оларға қалыпты тұрмыстық жағдай туғызылуына мұрындық болды. «Самұрық-Қазынаның», облыстық жастар мəселелері жөніндегі жəне облыстық ішкі саясат басқармаларының жастар саясатына қатысты жобаларын жүзеге асыруға атсалысты. «Жас күш» қоғамдық бірлестігін құрып, оған басшылық етті. Жастар мəселесін шешудің жолдарын іздестіріп, жастарды толғантқан сауалдарға кеңес беріп, олардың адами қалыптасуына ықпал еткені де сол студенттік жылдар еншісінде. Қазір облыстық жастар ресурстары орталығының жастар бастамашылығын жүзеге асыру жəне ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі. Ол Башқұртстан мемлекеттік педагогикалық институтын башқұрт филологиясы педагогикалық білім магистрі мамандығы бойынша тəмамдады. Бұл жоғары оқу орнында оқығанда да қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрді. Осындағы ЮНЕСКО кафедрасының жастар жобаларының үйлестірушісі болды. – Біз тəуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз. Сон дықтан ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тəуелсіздіктің құрдасы болу мақтаныш, сонымен бірге, жауаптылық жүктейді. Егемендіктің елең-алаңындағы қиындықтарға мойымай, осындай əлемге танымал мемлекетке айналған Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген табыстары үшін Елбасына, аға ұрпақ өкілдеріне қарыздармыз. Оның өтеуі, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы ұдайы айтып келе жатқандай, Қазақстанның қарышты дамуына жастар – біздің ұрпақ анағұрлым үлес қосуы керек деп ойлаймын. Қазір елімізде жастардың білікті маман болып шығуына барлық жағдай жасалған. Олай болса, əлемдік өркениеттің көш басынан көріну үшін біз – жастар білімге, ғылымға, инновациялық технологияға бейім болуымыз қажет, жалпы алғанда, адами жақсы істерге құштар болуымыз керек, – дейді ол. Д.Ізбасаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым дас тырылған акцияда сөйлеген сөзін тыңдап, белсенді жастың азаматтық ұстанымына риза болғанбыз. Тəуелсіздік күніне арналған жастардың автошеруін ұйымдастырушылардың қатарында көріп, белсенді жастың іскерлік қабілетіне тəнті болдық. Қашан көрсең де ізгілікті істердің қақ ортасында жүретін Данияр Ізбасаровты əріптестері кезекті шараның басталатынын айтып асықтырып жатты. Міне, Елбасы сенім артқан ертеңі нұрлы елдің жастары осындай болуы керек деген ой түйдік біз іштей. Ақтөбе облысы.


12

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

 Біз – қазақстандықтармыз!

ЌАЗАЌСТАН. ЭТНОСТАР. МУЗЫКАЛЫЌ МЎРАЛАР (Ќазаќстан халќыныѕ кґпўлтты мəдениеті: дəстїр жəне ќазіргі заман)

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында белгілі фольклортанушы ғалым Берік Жүсіповтің «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты музыкалыэнциклопедиялық, ғылыми-танымдық еңбегі жарық көрді. Бұл музыкалық антологияға Қазақстанда тұратын жүзден астам этностардың əндері мен аспаптық мұраларының таңдаулы үлгілері енген. Халық музыкасы мəйегіндегі елдік рух бірлік туын бекем ұстаған көпұлтты Қазақстан халқы мен оның алуан түрлі руханият нұсқаларын бір арнаға тоғыстырып, ортақ тінге айналдыра алған ұлтаралық сипатымен ерекшеленетін басылым отандық ғылымның ұлттық өнертану саласында алғаш рет қолға алынып отыр. Басылым екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім халық шығармашылығы жанрларымен таныстыра отырып, əрбір этнос сазының төлтума болмысын, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Екінші бөлімдегі 28 CD таспаға музыкалық фольклордың таңдаулы үлгілері топтастырылған. Қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жазылып, құрастырылған музыкалық антология көпшілік оқырман мен тыңдарманға арналған. Төменде біз осы еңбекті түсіндіріп айту үшін автордың өзіне сөз беріп отырмыз.

Берік ЖҮСІПОВ,

фольклортанушы.

Əлемдік музыка мəдениеті... Осы бір сөз тіркесінің санамызда сан түрлі аласапыран туғызып, кереғар ойларға бастайтыны несі?! Аталмыш ұғымның қамтитын мəні мен мағынасы неткен бай, əрі сан алуан десеңізші. Мұндайда: «Ол – бауырлас халықтардың қолы жеткен тамаша жетістіктері ғой», дер еді интернационалистер. Мүмкін: «Мəдениеттің ортақтастығы дегеніміз – осы», – деп қысқа қайыра салар ма еді əмбебапшылар. Əлбетте, жаһанданудың жақтастары болса: «Алашұбар топтың сана бірлігі», деген ой түйері анық. Кім қалай десе де, жоғарыдағы айтылған жайттар тұтас ұғым, композитордың ансамбльге немесе оркестр құрамына əлдеқалай басы құралып келе салған құрама топтағы əр сазгерге өз еркінше ойнауға рұқсат беріп қоятын кездейсоқтық емес. Сондай-ақ, ол құлаққа жағымсыз үн (какофония) де емес. Тіпті, оның ауылы симфониядан да алыс жатыр. Сірə, мұның нақты теңеуі басты əуенге, яғни негізгі ұстынға бір уақытта жəне біртіндеп ере жөнелгенде пайда болатын көпдауысты құрылым – полифония болар. Есіңізде ме, əлгіндей жағдайда қосалқы дауыстар негізгі əуенге салып тұрғанымен, оны өзге сазбен, басқа қырынан жеткізуші еді ғой. Мұны ауқымды мағынасында алғанда нұсқалы өзге үн – гетерофония деуге де болар еді. Халықтық саз өнерінде бастапқы күйінде болса да көпдауысты құрылымның нышан-белгілері ұшыраспайтын сəт тіпті сирек. Солай болғандықтан да көпдауысты құрылым əнде де, аспаптық музыкада да бірдей дəрежеде кездесе береді. Ол үшін мейлі шығыс саз аспаптарын немесе еуропалық музыканы мысалға алуға да болады. Бұлардың екеуінен де бір-екіүш дыбысты үндер ұштасып келіп жататын төркіндес аспаптарды жиі көруге болады. Іргелес көрші отырған, тіпті жырақтағы халықтармен де музыкалық аспаптары ортақ, оларда ойнау тəсілдері ұқсас əлемнің қандайда бір қиырындағы халықтың саз өнеріне нұсқалы гетерофония, бурдон, параллелизмдер таңсық емес. Өйткені, музыка əлеміндегі мұндай ортақ құбылыстар жүздеген жылдар бойы, тарихи ағыстардың ағындарымен қатар өтіп қалыптасқан. Дейтұрғанмен, əр халық музыка мəдениетінің өзіне ғана тəн сипаттарын да сомдап, қашап отырған. Қанжардың екі жүзіндей бұл жағдайды «ортақ музыкалық этнос» деген терминмен үкілеуге де болады. Тап осы жерде бас тан жақ айырғандай етіп,

əлгі этносты жіктеп-жіліктеп жатудың қажеті де жоқ шығар. Оның үстіне, музыка үнемі құбылып тұратын сазсағым болғандықтан, оны қолмен ұстап, көзбен көре де алмайсың. Сондықтан да, бұл шегі жоқ мəселені үшбу назарына өзіміз сөз етпекші музыкалық антология ұсынылып отырған көзіқарақты оқырманның өз үлесіне қалдырайық. Қазақстанда тұратын диас по ралардың музыкалық өнерінің бай əрі əр алуан жиынтығын тарихи-мəдени жəне əлеуметтік кең аяда алып зерттеу ісін бұл этностық анклавтардың құрылу тарихының негізгі кезеңдерін, тарихи қалыптасқан жағдайды, диаспоралардың тарихи отандарымен, сондай-ақ, оларды қабылдаған елдің тарихымен байланысын, елдегі миграциялық белсенділіктің жаңа үрдістерін білмей тұрып жүргізу əсте мүмкін емес. Осы күні Қазақстандағы көшіқон үдерісі күрделі тарихи жағдайда өткендігін жұрт жақсы біледі. Бұл үдерістің өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен республикаға түрлі халықтардың қоныс аударуы бірнеше сатыда өткенін жəне ол сипаты жағынан көшудің екі тұрпатын – еңбек миграциясын жəне күштеп көшіруді қамтығанын айтуымыз керек. Əлбетте, бұл жағдай диаспоралардың рухани дүниесінде əрқалай із қалдырғанын үнемі есте ұстағанымыз да жөн. Екіншіден, бүгінгі тұрып жатқан топырағына бір халық бірнеше толқын болып келген жағдайлар да орын алған еді. Тарихи тұрғыда Қазақстанның шығыс аймағына ХVІІІ ғасырдың ортасында алдымен орыс, казак жəне украин шаруалары келіп қоныстанған болатын. Бірінші толқынды православие шіркеуі қудалаған христиандықтың ескі нанымын ұстанушылар, екінші толқынды 1906-1910 жылдардағы Столыпин реформасының дүмпуімен қоныс аударған шаруалар тобы құрайды. ХІХ ғасырда Қытайдан екі толқынмен дүнгендер мен ұйғырлар көшіп келген. Осы кезеңде төбе көрсеткен қырғыздардың алғашқы легі қазақ ішіне сіңіп үлгереді. ХХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының халықтары арасынан бірінші болып күштеп көшірілген қиыршығыстық корейлер қоныстандырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары (19421944 жылдар) Еділ бойындағы немістер, Кавказ жəне Кавказ сырты халықтары көшірілді. Мигранттардың бір бөлігі 1938-1950 жылдар аралығында орын алған саяси қуғын-сүргіндердің үлесіне тиеді. Бұдан соңғы ірі қоныс аудару тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезеңінде жүргізілді. Нəтижесінде қазақ даласының солтүстік жəне орталық аймағында славян жəне солтүстік халықтарының ірі этностық топтары пайда болды. Мұнымен қатар, 19601970 жылдары өз алдына еңбек миграциясы үдерісі жүріп жатты. Мысалы, Маңғыстау облысына 60 жылдары қырғыз еңбек мигранттары, Алматыға – сібірліктер көшіп келді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мүлдем жаңа үрдістер пайда болды. Шығыс славян этностары мен неміс диаспорасының тарихи отандарына оралуы республика ішіндегі

миграцияны күшейтіп, еуропалық тұрғын халықтың орнын Кавказдан келген ноғай мен құмық, Өзбекстаннан қоныс аударған қарақалпақтар сияқты түркітілдес халықтар өкілдерінің басуына əкелді. Онымен бір мезгілде эмигранттардың қайтып оралу үрдісі де байқалды. Демограф-ғалымдар Ə.Ғали мен Д.Ғалидың мəліметтерінше, 2001 жылдың өзінде 50 мыңның үстінде орыс, 5 мың неміс, 2 мың корей, 8 мың украин жəне тағы басқа ұлт өкілдері республикаға қайтып оралған. Қазіргі кезде Қазақстанда ұлтаралық қатынас тұрақтанды жəне ол эмиграциялық көңіл-күйдің негізгі себебі болып отырған жоқ. Керісінше, Қазақстанның бастамасымен, ТМД аясында сыртқы саясатта бірқатар маңызды шаралардың іске асуы жəне қолайлы экономикалық жағдайдың жасалуы елге алыс шетелден – Еуропадан, АҚШ-тан, Скандинавия жəне Таяу Шығыс елдерінен қоныс аударып келушілердің санын арттырып отыр. Көші-қон халықтардың тарихи тағдырында əрқалай із қалдырды. Бұл оңай-оспақ іс емес – табарыңмен қоса, жоғалтарың да бар күрделі мəселе. Қазақстанға жаңадан қоныстанған халықтардың қай-қайсысы да бұдан шет қала алған жоқ. Жан саны жағынан республикадағы ең көп этнос – орыстар рухани мəдениет тұрғысынан қарағанда, ескі нанымды ұстанушылардың арқасында өздерінің төлтума мəдениетінің

үлгілерін сақтап қалды деуге болады. Бүгінде ондаған музыкалық ұжым Шығыс Қазақстан облысында староверлік бағзы тұрмыс, дəстүр-салттарды көзінің қарашығындай қорғап, сақтап, насихаттап келеді. Кенді Алтайдың өзінде 80нен аса осындай өнер тобы бар. Дегенмен, профессор С.Күзембай жазғандай, тарихи ахуалдарда көзделген мақсаттар Қазақстанды қоныстанушы орыс халқының өкілдеріне ылғи да оң тұрғыдан əсер ете қойған жоқ. Бұл жағдай, мəселен, олардың бірқатар нағыз ұлттық дəстүр, салт-ғұрыптарынан айырылып қалуынан да көрінеді. Оған қай халықтың да төлтума бітімін өңтүсінен айырып, тұлдыр етіп көрсеткен кеңестік идеология жағымсыз əсер етпей қала алмады. Қазір де этномəдени орталықтардың, бірлестіктер мен қауымдардың қызметінде төлтума мəдениет пен өнерді сақтау жəне бар нəрсені өркендету мəселесінің алға шығып отырғаны жайдан-жай болмаса керек. Осындай ұйымдардың жанынан ұлттық өнердің туын көтеруші өнер ұжымдары жасақталған. Тұтас алғанда, этномəдениеттің, жекелей алғанда саз өнері дəстүрлерінің нұсқалы төл сипатын сақтауға бағытталған ісқимылдар жиыны Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық жұмыс бағдарламасын көген жіптей көктей өтіп жатқаны да осыдан. Екінші жағынан алғанда, еліміздегі этностардың музыка саласындағы қарекетінде басқа да қызықты өзгерістер жүріп жатқанын байқауға болады. Осы орайда өнертанушы Г.Мұсағұлованың мына бір пікірі ден қоюға тұрарлық: «Қай халықтың болсын мəдениеті оның фольклорлық мұрасымен бағаланады. Оның міндетті бір белгісі – басқа халықтардың халық шығармашылығымен жақындық, яки туыстық дəрежесі. Дүнгендердің бүгінде белгілі ауызша өнер жанрлары қытай, корей, жапон жəне Қиыр Шығыстың өзге де халықтарындағы сюжет, бейне, сарын үлгілерімен тікелей ұқсастық, өзара байланыс қалпын танытады. Мұның себебі, айтылған аймақта тұратын халықтардың тарихи, экономикалық,

əлеуметтік жəне мəдени өмірі өзара ортақ». Өнертанушы одан əрі ойын былай өрбітеді: «ТМД дүнгендерінің фольклоры көрші қырғыз, орыс, өзбек, татар жəне басқа да халықтардың едəуір ықпалына ұшырап, жаңа идея, тақырыппен жəне көркем бейнелеудің соны бейнелерімен, құрал-тəсілдерімен байып, бірқатар өзгеріске түскен». Сонымен бірге, бүгінде қай халықтың болсын, композиторларының төл ұлттық материалдарымен қатар, көрші этностардың да озық үлгілерін алып, өңдеп, өзіндік, композиторлық тəсілдермен жетілдіре пайдалануы əдеттегі жағдайға айналды. Екіншіден, этностық диаспоралардың музыка өнерінде мүлдем жаңа тақырыптар, бағыттар пайда болуда. Мəселен, ахыска түріктері Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін төл музыка өнерін сақтау əрекеттерімен қатар, бір кездегі күштеп көшірудің қасіретін көрсететін жаңа түр, жаңа тақырыптар тапты. Ахыска түріктері арасында сондай-ақ, музыкадағы соны қолтаңбалы үрдіс – шансон жанры кең жайылса, корейлерде джаз аса танымал. Музыка өзінің бар болмыстабиғатымен адамның жаны, ұлттың тілі сияқты бір орында тұрмайтынын, бүкіл тірі ағза секілді ұдайы өзгеріп, жаңарып, дамып, байып отыратынын көрсетумен келеді. Осы өреде Президент Н.Ə.Назарбаевтың корейлердің Қазақстанда

тұрып жатқанына 60 жыл толуына орай өткізілген салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Қазақстанда өткізген жылдарында олардың тарих тозаңына айналып кетпеуі былай тұрсын, қайта өзіндік болмыс, ұлттық салт-дəстүрлерін сақтап, тіпті байыта түскендерін атап айтуы ой саларлық. Елбасының жетекшілігіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-қимыл бағдарламасында: «Ұлттық мəдениеттердің бірлігі жаңа мəдени құбылыстың жасалу негізі болып табылады», деген тұжырымның көрініс табуы да жайдан-жай емес. Шынында да, Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоян-қолтық өмір сүріп келе жатқан əртүрлі халықтың өкілдері осынау уақыт аясында айрықша, тіпті, «қазақстандық» діл деуге болатын ерекше рухани ахуалға ие бола бастады. Ол, ең алдымен, Қазақстан халқының, оқшаулану мен ұлтшыл шетін нəрселердің қайсысынан болсын бойын аулақ салатын ізгі жандүниесінен байқалады. Сондай-ақ, өзара мəдени байланыстың ұзақ жылдардағы тəжірибесі ұқсас мəдени бағдар, бағыт, құндылық дүниесін қалыптастрғаны да ақиқат. Бүгінде олардың қай-қайсысы да өздерін Қазақстанға қоныс аудару үдерісінің қай кезеңінде болсын, тарихи жағдайдың биігінен табыла білген қазақ ұлты ұйытқы-өзегін құрап отырған Қазақстан халқының – жаңа мəдени қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде сезінеді. «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты еңбек – еліміздегі этномузыка бойынша музыкалық антология құрастырудың тырнақалды тəжірибесі. Онда республикада алғаш рет көпұлтты мемлекетімізде тұрып жатқан этностардың халықтық музыкасының типологиялық үлгілері топтастырылған. Бұл үлгілер, əрқайсысының əуенырғақтық реңінің айырмашылықтары бола тұра, музыкалық тіннің өрбіпөрістеу табиғатының бірөңкей болып келуіне орай орындалатын ортақ сипаттарға ие. Халықтық саз өнеріне кəсіби шығармашылықтың тигізетін ықпалына келетін болсақ, бұл жерде Еуропаға жат музыка мəдениетінің бəрі бірдей фольклордан шықпағанын есте тұтудың

артықтығы болмайды. Əлем таныған Бах пен Бетховеннің музыкасы немістің халық музыкасынан басқаша екендігі сияқты, Үндістанда, Пəкістанда, Жапония мен Иранда, Орталық Азияда ежелден бітімі бөлек кəсіби саз өнері болған. Өзінің көздеген түпмақсаты жағынан «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» антологиясы – кəсіби мамандарға да, музыка өнерін қадірлейтін көпшілік қауымға да, жалпы бұқара жұрттың сұранысын қанағаттандыруға арналған əмбебап басылым. Мұндағы алға қойылған басты міндет – Қазақстан жұртын елімізде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың этномузыкалық мəдениетімен таныстыру. Басылым екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге Қазақстан халықтарының этностық тарихынан, тілінен, діні мен нəсілдік ерекшелігінен мағлұмат беретін үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) қысқа жиынтық мақалалар енгізілген. Одан əрі автор мақалаларда этностардың музыкалық мəдениетіне шолу жасай отырып, негізінен халықтық музыка шығармашылығын барынша дəл, əрі нақты сипаттауға тырысты. Этностардың жан санына қатысты деректер 2009 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағының қорытындыларына сəйкес берілді. Барлық мақалалар, этностық музыка үлгілерінің мазмұны, орындаушылар туралы мəліметтер мен пайдаланылған ғылыми əдебиеттер əліпби тəртібінде ұсынылған. Ұлттық өнертану ғылымы мен жалпы көпшіліктің мүддесі үшін əдебиеттер түпнұсқамен қатар аударылып берілді. Əр мақала соңында, музыка мəдениеті сөз болып отырған этностың музыкалық өнеріне орай əдебиеттер тізімі бөлек орналастырылды. Кəсіби музыкаға қатысты мəселелер этномузыканы түсіндіру қажеттілігіне қарай ғана қозғалды. Оқырманға ыңғайлы болу үшін мəдениеті, тілі, дəстүрлі тұрмыс-тіршілігі жəне аумақтық орналасуы өзара жақын халықтардың (метаэтникалық қауымдастықтардың) музыкасы туралы мəліметтер ортақ мақалаларға біріктірілді (Мысалы, «Үндістан мен Пəкістан халықтары», «Солтүстік, Сібір жəне Қиыр Шығыс ұлыстары», «Дағыстан халықтары» сияқты мақалалар). Субэтникалық жəне этнографиялық топтар оларға туыс неғұрлым ірі халықтар мен ұлыстар жайындағы мақалалардың ішінде көрсетілді. Елдегі этностардың музыкалық мəдениетін түгел, толыққанды қамту алдағы уақыттың үлесінде деп ойлаймыз. Екінші бөлім этностардың халықтық-кəсіби шығармашылығының көрнекті үлгілерінен тұрады. Оқырманға ыңғайлы болуы үшін музыкалық материалдар енгізілген СD-үнтаспалар нөмірленіп, əліпби тəртібімен түзілді. Əннің не болмаса аспаптық музыка үлгісінің атауы орыс, ағылшын немесе əр халықтың өз тілінде келетін тұстарда түпнұсқаны сақтай отырып, қазақ жəне ағылшын тіліне еркін аудару тəсілі қолданылды. Антологияны əзірлеу барысында автор-құрастырушы тақырып бойынша жарық көрген іргелі зерттеулер мен өнертану саласындағы еңбектерді барынша мол қамтуға тырысты. «Музыкальное искусство народа Казахстана» монографиясы жəне əр кезде жарық көрген «Народы мира», «Народы России», «Народы Казахстана» кітаптары негізгі көмек құралы қызметін атқарды. Кітап жөніндегі барша ескертпе, ұсыныс, пікірлер антологияның келесі басылымдарын əзірлеу кезінде міндетті түрде ескерілетін болады. Бұл еңбек – болашақтағы тұтас мегажобаның бастамасы. Бастамалы істің заңды жалғасы ретінде жиынтық жұмыс атқарылып, сол аяда «Қазақстандағы этностардың музыкалық сөздігі» жəне «Қазақстандағы этностардың музыкалық энциклопедиясы» сияқты сүбелі басылымдар жасауды қолға алу шаралары да кезек күттірмейтін, күн тəртібінен түсіруге болмайтын өзекті мəселе деп білеміз. Шаңырақтарыңызды саз тербесін! АЛМАТЫ.

Болашаєымыз жарќын

Айбек САЙДАХМЕТ,

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеттің магистр оқытушысы.

Тəуелсіздік. Осынау жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін Қазақстанды менің Отаным дейтін əрбір азаматтың сезінуі парыз. Бұл сөз – біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бөлігі. Қазақ жері, Қазақ елі – біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы, асыл мұрасы. Ата-бабамыз бүгінгі ұрпаққа, яғни мына біздерге осынау əлем бойынша тоғызыншы орында тұрған Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасындағы ұлан-ғайыр жерді қасықтай қаны қалғанша найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, мұра етіп қалдырды. Көк аспанда қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, қара жерде көкжал қасқыр биік белестен сайын далаға желе жортып, саржелгенде өзін дала падишасындай сезінеді, ал дəл сол секілді мына біз, бойында көкбөрінің рухы бар көктүріктің ұрпағы – қазақ ұлты да əрқашан өзін еркін, азат сезінеді жəне егемен, тəуелсіз болуға жаралған ұлт. Рас, есімізді жиып, етегімізді жауып, өзімізді əлемге ұлт ретінде танытып, Тəуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде біз көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Əлем бізбен санасатын болды. Бүгінгі таңда еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлтты халқының айрандай ұйыған бірлігі мен ынтымақтастығы əлем елдерінің қызығушылығын тудыруда. Бұл – елін кемеңгерлікпен кемел келешекке бастап бара жатқан көреген басшының көсем саясатының жемісі. Қазақстан – қазақ халқының тарихи мекені, ежелгі қонысы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Елбасымыздың: «Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз», деген сөзі айқын дəлел бола алады. Егер, ұлттық тарихымызды ұлықтайтын болсақ, халқымыз басынан не өткермеді десеңізші. Сонау тарих парақтарының бетінде талай ақтаңдақтар таңбаланып қалды. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Емен ағашының тамыры тереңде болмаса, ол дауылға шыдай алмайды», дейді Елбасымыз тағы бір сөзінде. Біздің тарихымыз, міне, дəл сол емен ағашының тамыры секілді тым тереңде, əрі сан-салалы. Ал бүгінгі таңда біз сан ғасырды артқа тастаған қатпарлы тарихымызбен немесе ұлан-ғайыр құс қанаты талатын жерімізбен, не болмаса өлшеусіз табиғат байлығымызбен ғана емес, сан түрлі ұлттардан құралған халқымыздың ауызбірлігімен де мақтануымызға болады. Бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан бұл өзге мемлекеттердің ішіндегі өзіндік ерекшелігіміз екенін де ұмытпағанымыз абзал. Парасатты Президентіміз: «Осылай, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз. Қазақтың бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі», деп бізге зор сеніммен бағыт сілтеді. Ендеше, бүгінгі біздің буынның басты бағыты осынау бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу болуы тиіс. Сон да ғана Елбасымыздың: «Өзін өзі қамтамасыз ете алатын, азаматтары сауатты да білікті, инновациялық жəне интеллектуалдық əлеуеті зор, ішкі бірлігі мен берекесі мығым елге айналсақ», деген арманы орындалып, «Нұрлы Жолдағы» сапарымыз сəтті, болашағымыз жарқын болары сөзсіз!


13

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

Жастарєа жалындаєан жарасады Зайсанда Тұңғыш Президент күні жəне Тəуелсіздік мерекесі құрметіне аудандық ішкі саясат бөлімінің жəне аудан əкімдігі «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Біздің №1» атты жастар форумы өтті. Белсенді жастар, оқу озаттары, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардың жүлдегерлері, өнер мен спорт жарыстарында топ жарғандар қатысқан форумды аудандық мəслихаттың хатшысы Дəулет Ыдырышев ашып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында

ƏЛЕМ ТАНЫЄАН ЌАЗАЌСТАН

Тұңғыш болу, тұңғыш атану – екінің бірінің қолы жетпейтін үлкен бақ пен бақыт! Бағалай білгенге, бұдан үлкен мансап та, дəреже де жоқ. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, қиялдап өткен айдай əлемге кеңінен танымал Ұлы Даланың биігі мен еңісін, ойы мен жазығын бір қолда ұстап тұратын мемлекет құру, оның керек-жарағын əзірлеп, дайындап қою ғасырлар бойы тəтті қиял ғана болған.

Өзінің өмір жолында мың өліп, мың тірілген қазақ халқының басына Тəуелсіздік орнап, сол Тəуелсіз елдің Тұңғыш Президенті болу бақыты Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа бұйырды! Тереңірек ойлағанға, бұдан артық бақ, бақыт, байлық бар ма?! Əй, қайдан болсын! Өмірдің тұщысы мен ащысын көп татқан, ана құрсағынан жарық дүниеге келгеннен бастап өмір бойы көргені азап пен бейнет болған қазекемнің жалған дүнияда көрмеген қиындығы, тартпаған қасіреті жоқ шығар. Сөйткен қазақ халқы үшін Тəуел сіздік таңы атып, жүректерді кер неген құшақ толы қуанышты күн де жетті. Ойда жоқ жерде Һақ жарылқап, ақ түйенің қарны жарылып, баршамыз болып, Алла тағаланың арқасында мол бақытқа кенелдік! Ұлы Далада күндегі дағдысынша, бұрын сəл жел тұрса, ебелегі мен қаңбағы қосарлана жарысса, енді сол далада қуанышты жаңалықтар легі қарша борады! Жазира дала, сайын Дала жаңалықтар легін тойлап жатты! Осылайша, Ұлы Дала елі той тойлай бастады. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тұң ғыш Президенті болып сайланғанына 24 жыл толды! Осыншама жылдарда Нұрсұлтан Назарбаев қыруар істер тындырды. Бұрын Кеңес Одағы кезінде Мəскеуге тікелей бағынышты, Орталық қандай тапсырма берсе, соны бұлжытпай орындауға үйренген Қазақ елін ілгері қарай алып жүру оп-оңай шаруа емес еді. Нұрсұлтан Əбішұлының алғашқы тындырған жұмысы – 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасын Тəуелсіз мемлекет деп жариялады.

Бұл аса зор тарихи оқиға еді. Өйткені, Тəуелсіз Республикаға қажетті экономика да, материалдық-техникалық база да, мемлекетті басқаратын тəжірибе де жоқ еді. Осының бəрін рет-ретімен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жасады. Біздің жиырма төрт жыл ішінде қол жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыздың бəрінің де Бас архитекторы да, Сəулетшісі де, Авторы да, Жүзеге асырушы да Нұрсұлтан Назарбаев болды! Тарих иығына артқан жауапты да ауыр міндеттерді Нұрсұлтан Назарбаев нағыз хас батырдай көтере білді! Жарғақ құлағы жастыққа тимей, күні-түні елдің қамын, мемлекеттің болашағын ойлаған ол ширек ғасырға жетпейтін уақытта Қазақстанды əлемге таныта білді. Дүниежүзінің халқы Жер бетінде қазақ деген ұлттың бар екенін білді, ғарыштық жылдамдықпен алға басқан, болашағы зор Қазақстанды мойындады! Қазір он жеті миллион халқы бар, күннен-күнге қарышты қарқынмен дамып, əлемнің талай мемлекетінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасын, оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты дүниежүзінде білмейтіндер кемде-кем. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты қалай мақ тасақ та, оның есімін қаншама мақтан тұтсақ та жараса береді. Біздің елімізде бар жақсылық, ізгі бастама атаулының бəрі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты. Сондықтан да, мен Қазақстан Респуб ликасының жиырма төрт жыл ішінде қол жеткізген жетістік тері мен табыстарының бəрі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан

Назарбаевтың арқасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың туған халқы үшін сіңірген еңбегінің жемісі дер едім! Бажайлай қарасақ, Тұңғыш Президентіміздің елінің, халқының болашағы үшін атқарған істері мен жарқын болашақты жақындату үшін жасаған жұмыстары өлшеусіз. Оны бір-екі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін де емес! Тұңғыш Президентіміздің Сарыарқа жерінде, қыстың сарышұнақ аязы мен жаздың ыстық аптабы асыр салған сайын далада Қазақстан Республикасының астанасын салуының өзі – адам айтса нанғысыз ерен ерлік! Халқымыз содан да Нұрсұлтан Назарбаевты Астана қаласының Авторы, Бас архитекторы деп мақтанышпен айтады. Қазір дүниежүзінде Астананы жақсы біледі, оны көрген де, көрмеген де арманда. ЭКСПО-2017 көрмесіне қызу дайындық үстіндегі елорданың бір күнгі жетістігінің өзі талай шаһарларға үлгі-өнеге. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Мəңгілік Ел» идеясы – Нұрсұлтан Назарбаевтың озық ойының жемісі! Еліміздегі игі бастамалардың бəрі Нұрсұлтан Назарбаевтан бастау алады. Назарбаев индус триялықинновациялық даму бағдарламасын əзірледі. Ауылды дамытуға, кедейшілікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын өрістетуге бағытталған ірі-ірі əлеуметтік бағдарламаларды іске асыра бастады. Дүниежүзінде «Қазақстандық үлгі» деген сөз кеңінен тарады. Назарбаевтың арқасында Семей ядролық полигоны жабылды, ядролық держава мəртебесінен бас тартқан Қазақстан дүниежүзі мемлекеттеріне үлгі болып отыр.

Елбасы ўлаєаты Біз 16-17 желтоқсанда дəстүрлі түрде еліміздің Тəуелсіздік күнін мерекелейміз. Бұл мереке еліміз халқының достығы, бірлігін жəне экономика мен халықтың əл-ауқатын жақсартуда жеткен жетістіктерімізді көрсететін күн. Бұл Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың білімділігі, ақылдылығы, өз халқы мен еліне деген адал махаббаты, қамқорлығы, данышпан ішкі жəне сыртқы саясаты арқасында Қазақстан халқы бақытқа бөленген күн. Бəрімізге белгілі, тəуелсіздікті алған алғашқы жылдары халқымыз ауыр қиыншылықтарды бас тан кешірді. Халықтың жейтін тамағы, киетін киімі, жағатын отыны жоқ болды. Айлық жалақы мен зейнеткерлердің зейнетақысы уақытында берілмеді. Жұмыссыздар саны көбейді. Бұл қиыншылықтар халықты абдыратып тастады. Олардың сана-сезімін тұрмыс ауыртпалығы билей бастады. Халықты бұл қиыншылықтан құтқарып, көп жылдардан бері арман еткен Тəуелсіздігімізді сақтап қа лу жолдары Елбасымыз

Н.Ə.Назарбаевты көп ойландырды. Бұл қиыншылықтың ұзаққа бармайтынын, оны еңсере алатынымызды халыққа түсіндірді. Ақыры, бұл қиыншылықтан құтылудың бір-ақ жолы, ол – көпұлтты Қазақстан халқының басын біріктіріп достық, бірлік жəне өзара татулықта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек ету екендігін өзінің халыққа арнаған сөздері мен жолдауларында түсіндіріп берді. 1995 жылы Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлық шықты. Оны Елбасы өзі басқарды. ҚХА-ның ұстанған дұрыс бағытының арқасында Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы мызғымастай күшке ие болды. Еліміздің экономикасы, халықтың əлеуметтік жағдайы жоғары деңгейге көтерілді. Бүгін біздің еліміз бір ел, бір халық, бір мақсатта жоғары дамыған елдер қатарына қосылу алдында тұрмыз. Келешекте тез арада оған жететінімізге кəміл сенеміз. Мен осы мақаламда Тəу ел сіздік мерекесіне арнап көп

жылдан бері күнделік дəптеріме жазып жүрген Елбасымыздың үндеу, жолдауларындағы, мереке күндеріндегі құттықтаулардағы, əртүрлі кездесулердегі халқымызды достық пен бірлікке шақырған ұлағатты сөздерінің бір тобын келтіріп отырмын. Олар төмендегідей: «Ел бірлігі – қиыншылықтан шығып, оны жеңудің механизмі»; «Ассамблеяның негізгі мақсаты – ел бірлігін, татулығын сақтау»; «Ең үлкен шаңырақ ол – Отан, одан кейінгісі отбасы». «ҚХА достық пен бірліктің алтын кілтіне айналды». «Татулық – береке кілті». «Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің құндылығы ананың сүтімен, аталардың қанымен сақтап қалған тарихымызды білу». «Ұлтаралық татулық пен қоғамның тыныштығын сақтау біздің борышымыз». «Бірлігі бар ел озады, бірліксіз ел тозады». «Экономикамыз өсті, əлеуметтік жағдай жетілді, дамыған ел қатарына

атап көрсетілген тапсырмаларды орындауда зайсандықтардың іскерлік пен ілкімділік танытып отырғанын, биыл астықтан мол өнім алынғанын, мал басы өскенін, балаларға барлық жағдайдың жасалып жатқанын, тəуелсіздік мерекесі қарсаңында Дайыр ауылында сəулеті келіскен

Нұрсұлтан Назарбаев Бірік кен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам блеясы ның 47-сессиясында сөйлеген сөзінде Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес құруды ұсынған болатын, қазір бұл кеңес халықаралық беделді құрылымға айналып үлгерді. Назарбаев мəдениеттердің, дін дердің, өркениеттердің жүйелі үнқатысуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006, 2009, 2012 жəне 2015 жылдары Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағы, Шан хай ын тымақтастық ұйымы, Е у ра зиялық экономикалық одақ сияқты халықаралық ұйымдарды дүниеге əкелудің бастамашысы болды. Тұң ғыш Президентіміздің арқасында біз Қытай мен Ресей, тағы басқа мемлекеттермен ынты мақтаса, сауда-саттықты өрістете жұмыс істеудеміз. Мұның бəрі халқымыздың əл-ауқатын жақсартуды көздейді. Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев араласпайтын іс жоқ, ол бəріне де үлгереді. Нұрсұлтан Назарбаев бес халықтық реформаны жүзеге асыруды айқындап берген «100 нақ ты қадам» Ұлт жоспары 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қабылданған заңдар аясында жұмыс істей бастайды. Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен елі мізде Кəсіпкерлер кодексі қабылданды, Еңбек кодексі толықтырылып, қайта қабылданды. Айта берсек, мұндай игі істер өте көп. Соның бəрінде елінің өркендеуі мен халқының əлеуметтік жағдайын жақсартуды өзінің басты міндеті санаған Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз, теңдесі жоқ ерен еңбегі жатыр. Біз бүгінгі Тəуелсіздік күні мерекесінде Ұлы Дала елінің Тұңғыш Пре зиденті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа он жеті миллион халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру жолында бізді алға қарай абыроймен бастай бер! Алла тағала ұзақ өмір, кетпес бақыт берсін! – деген шын жүректен шыққан тілегімізді білдіреміз! Əлмəмбет ƏЛІШЕВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы.

қосылдық, дінімізді еркін пайдалануда жастарды имандылыққа жетеледік, бірлігіміз бен тыныштығымыз күшейді». «Бірлік пен тірлік біздің ұстанымымыз». «Бастық болу маңызды емес, елмен тіл табысып жұмыс істеу маңызды». «Бір жұдырықтай жұмылып Қазақстан халқы еңбек етсе, еліміз өрлей береді». «Халқымыз аман, егемендігіміз мəңгілік болуын тілеймін». «Ассамблея бүгінгі бірлік пен достықтың, киелі көп ұлтты халықтың ынтымағы». «Əкім бол, елге жақын бол». «Нұрлы Жол» жобасы экономикамыздың өсуіне жол ашады, аймақтарды байланыстырады». «Біз ең кішкене бұзақылықтарға келіспеуіміз жəне жол бермеуіміз керек. Ол қоғамның, елдің тыныштығы мен өмірдің шырқын бұзады». «Береке басы бірлікте, бірлігі бар халықтың байрағы биік». «Бір адамның отымен мың адам жылынады». Маймунам ИМЯРОВА, зейнеткер, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі.

Алматы облысы, Панфилов ауданы.

150 орындық Мəдениет үйінің, Сарытерек ауылында дəрігерлік амбулаторияның берілгенін, жақында Қаратал ауылында спорт модулінің, ал Зайсанда жүзу бассейнінің іске қосылатынын айтып, оларды құттықтап, жүзден жүйрік озаттарды марапаттады. Жастар форумында Зайсан технологиялық колледжінің арнайы пəн маманы Д.Қайрақбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Тобықты, М.Дəуленов атындағы мектеп-интернатының 11-сынып

оқушысы А.Жұмабек баяндама жасаса, Шілікті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Е.Бақытбекова Елбасына арнаған жыр жолдарын оқып берді. Бұдан кейін форумға қатысушылар аудан жастарын оқуда алда, қоғамдық жұмыстарда белсенді болып, ел игілігіне үлес қосуға шақырған үндеу қабылдады. Оңдасын ЕЛУБАЙ.

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.

 Тəуелсіздік түлектері

Маќсатым – еліме ќызмет ету Тəуелсіздіктің төл құрдасы болғаным бойымда қуаныш сезімін ұялатады. Ата-анам да егемендіктің елең-алаңында дүние есігін ашқан тұңғыштарының қуанышы ел тəуелсіздігімен тұспа-тұс келгенін жақсылыққа жорығандары сөзсіз. Сондықтан болар, мені еліміздің ертеңіне қызмет ететіндей азамат болуға қанаттандырып отырады.

Анам Бақытжан облыстық медициналық қызметке ақы төлеу департаменінің бас маманы болып қызмет етеді, əкем Серік «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ-та жұмыс істейді. Отбасымыздағы тə лімтəрбие менің білімге деген құштарлығымды оятты, адами қасиеттерден үйренуге ұмтылдырды. Мен бастауыш мектепті Алға ауданында бітірдім. Бесінші сыныптан бастап М.Құсайнынов атындағы облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында оқып, осы білім ордасын «Алтын белгімен» тəмамдадым. Інім Медет те осы мектеп-интернаттың 11-сыныбында үздік оқиды. Еліміздегі университеттердің біріне түсіп тұрған жерімнен конкурстан өтіп, Қытай мұнай университетіне оқуға жолдама алған он баланың бірі болып түсіп, оны биыл бітірдім. Сырт жерде жүргенде еліңнің қадірі арта түседі, сағынасың. Оқып жүргенде жылына бір рет келеміз, сонда туған жерге жеткенше асығатынбыз. Ата-анаңның, өскен ортаңның орны бір бөлек. Салт-дəстүріңді, ұлттық тағамдарды аңсайсың дегендей. Қытайда оқып жүргенде Қазақстанның Қытайдағы елшілігі жанынан құрылған «Жас қыран» студенттер ұйымының өкілі ретінде өзім оқитын жоғары оқу орнында Тəуелсіздік күнін, Наурыз мейрамын, мемлекетіміздің басқа да атаулы мерекелерін өзгелерге таныстыру, елдігімізді көрсету мақсатында əсерлі өткізуге мұрындық болып жүрдім. Қазір Қытайдың мұнай қондырғыларын жасау компаниясының Қазақстандағы өкілімін. Енді елімнің өркениетті жəне экономикасы мығым əлемнің 30 елінің қатарына енуіне үлес қоссам деген ниеттемін. Тəуелсіздік құрдасымын деу аз, бізге – жастарға əлемге танылған егеменді еліміз сияқты үнемі биіктен көрінуге ұмтылыс керек. Бүгін Тəуелсіздіктің 24 белесіне көтеріліп отырған Қазақстанның əлем алдындағы биік беделі мен абыройы Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев есімімен тығыз байланысты екені сөзсіз. Президенттің əр алуан дін өкілдерінің басын Астанада əлденеше рет қосуы, Қазақстанды ядролық қарусыз елге айналдыруы, соңғы жылдарда түрлі одақтар құруға бастамашы болуы, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының 2010 жылғы Астана Саммиті, алда өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі сияқты істер іргесі берік, ынтымағы мықты, саяси тұрақтылығы жоғары, экономикалық жағдайы жақсы елдердің ғана қолынан келетін шаруалар екенін түсінеміз. Міне, біздің Қазақстанымызды Елбасы осындай əлем таныған мемлекет қатарына жеткізді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің əлемдік қаржы дағдарысын халықтың тұрмысын төмендетпей еңсеруінің айқын жолдарын да анықтап беруінің өзі көсемдік көрегендік емес пе? Сондықтан, біздер – тəуелсіздік құрдастары ел ертеңі үшін, Қазақстан тəуелсіздігінің тұғыры берік болуы жолында қайтарымды еңбек етуге талаптануымыз керек. Біздің де үлкен істерге бастамашы болып, тəуелсіз Қазақстанның қарыштап алға басуына үлес қосатын кезіміз келді. Ел үшін еңбек етуден, халқыңның қажетіне жараудан артық бақыт жоқ. Бойымызға Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді сіңіре отырып, тəуелсіздіктің мəртебесін көтеретін тың істерге атсалысу біздің əрқайсымыздың өміріміздің мəні болуы тиіс. Егемендіктің жасампаз көріністері қоғамдық өміріміздің қай саласында да өзіндік айшығымен айқын аңғарылуда. Біз осы міндеттер үдесінен көрінуге ұмтылуымыз қажет. Мерген ЖЕТКЕРБАЙ, «JEREH GROUP» компаниясының Қазақстандағы өкілі.

Ақтөбе облысы.

Рухымыз асќаќтай берсін Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап келді. Ақтабан шұбырындыдан бастап, ел басына қаншама қатер төнді, қаншама сұрапыл оқиғалар өтті. Еліміз ұлтазаттық көтерілістің талайын бастан кешірді. Отан деген сөз – баршамыз үшін қастерлі де қасиетті сөз. Оның түпкі мəнінде туған халқымыздың тарихи кезеңдері, ел, мемлекет болу белестері жатыр. Осы жолда күрескен ата-бабаларымыздың ерліктері мен қаһармандық жолдары бізге қашанда үлгі. Өркениетке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаған арманы – Тəуелсіздікке қол жеткізді. Халқымыздың даласы қандай кең болса, жүрегі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай. Ал жүрегінің байлығы – сəбидің тазалығы, оның ешкімге жамандығының жоқтығы, бейбітсүйгіштігі. «Отан – оттан да ыстық» деген. Осы Отан үшін талай боздақ өздерін құрбан етті. Еркіндік үшін, артында қалған ұрпақтың ертеңі үшін намысты ұлдар мен қыздар жалаңаш кеудесін отқа тосты. Міне, сол рух бізді тəуелсіздікке алып келді. Тəуелсіздік ұлттың санасын оятты, баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Елбасының Жолдаулары мен тың идеяларының арқасында біз əрдайым же ңіске жет тік, елімізді нығайттық, ұлы жетістік те рі мізді еселедік. Жаңа қазақстандық

Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. «Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі», деп əлФараби бабамыз айтқандай, еліміз мықты, халқымыздың рухы асқақ болуы үшін қазірден бастап өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің патриоттық сезімін оятып, туған жерін, өз ұлтын сүйетін тұлға қалыптастыру біздің орталықтың басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Бүгінде «Балдəурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметкерлері Елбасының «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдайтынын өздерінің еңбектерімен, үздік педагогикалық тəжірибелерімен жəне республикалық, халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен дəлелдей түсуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қазіргі əлемдік дағдарыс кезеңінде əрбір қазақстандық «Мен Қазақстанымның дамып, өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосамын» деп талпынса, əлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына енетінімізге еш күмəн жоқ. Жангелді ƏМІРҒАЛИЕВ, «Балдəурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы тəрбие кешені директорының орынбасары.


14

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

 Тəуелсіздік толғауы

Байраєымныѕ басында тўр азаттыќ! АТА ЌАЗАЌ АРМАНЫ Əбубəкір ҚАЙРАН.

Кейде мені тербетеді бір ойлар. «Тəуелсіздік» дегенде нұр шырай бар. Бодан болмай, Бостан болып тұрғанда, Тас төбеңде тəлкек қылып кім ойнар? Өр еңсемді төмендетем неге мен – Шаңыраққа ие де мен, еге – мен! «Қазақ елі тəуелді ғой, бəрібір!» – Дейді біреу... Ащы мысқыл не деген! Көкіп-шатып жүрсе дағы көр-жерлер, Басымыз да, тасымыз да өрге өрлер. Мына бізді – Қазақ жұртын даттаған Семіздерге сенбеңдер де ермеңдер. Қырсық сөйлеп, қыңырайып жұртыма, У толтырып жүргендер бар ұртына. Ішке тарттым, Ішкен асын көпсінбей, Теуіп, тіпті, көрген жоқпын сыртыма. Ойлай алам, бойлай алам ішпенен, Іштегім көп, Істерім көп бітпеген. Демеспін мен – «Таңғы асымды үйде ішіп, Еуропа елдерінде түстенем». Ұшсам дағы, жүзсем дағы кемемен, Кеми түспес, Кеңи түсер керегем. Бұл бағымды көпсінбесін бір Алла, Күнім күліп тұра берсін төбеден! Заман зарға ұласпайды алдағы. Адам үшін Отан – Ана – ардағы. Шөгіп, Сөніп қалмайды деп білемін Қасиетті Қазақ ата арманы!

ТЎЄЫР Бауыржан ЖАҚЫП.

Сендей ел жоқ мынау Жердің бетінде, Қазақстан, сенсің менің аспаным, Бұлағыңдай бүлк-бүлк еміп төсіңді, Еркебұлан сапарымды бастадым. Көркем ұлан болып аштым кеудемді, Самалыңнан қуат алды жас тəнім. Мейірім етіп жидым ылғи бойыма, Сенен алған шуағымды шашпадым. Табанды етіп тауың мені шыңдады, Табаныма тиіп тарғыл тастарың. Нұрға оранып жаттым сенің қойныңда, Қалғығанда шалғыныңды жастадым. Теңіз де бар толқындары жар соққан, Өзен де бар мұхиттарға қарсы аққан. Əрлі-берлі жүйткіп жатқан жолдар бар Жолаушысын ертелі-кеш шаршатқан. Тауларың бар ауылдарды қаусырған, Шыңдарың бар ақ бұлттарға шаншылған. Сенің мидай жазығыңды сағынып, Шалғай кетсем бар шыдамым таусылған. Қорғаның бар, тал көмкерген сайыңды, Орманың бар қарағайлы, қайыңды. Оғыздардан Ай нұрымен жеткен сөз Аңыз бенен ақиқат боп жайылды. Сағым құшқан далаң да бар көсілген, Шежірелер, құпиялар шешілген. Арғы бабам құлпытас боп сөйлейді, Арғымақтар қарғып аққан төсіңнен.

БОСТАН-ЌЎСЫМ, ТОСЌАН ЌЎСЫМ СЕН ЕДІЅ! Бақыт БЕДЕЛХАНҰЛЫ.

Қарда жатып шайқалып, Қаңтарға жетпей қақ жарған. Қар қарпып шөлін қайтарып, Қанатынан мұз төгіліп қарманған Ей, менің қыран тектес құс-төрем, Ұйықтасам болды, сен жайлы аян-түс көрем; ...Қиядан құлап ұшқан қыранша, Күнімді аунатып, самғайсың. Ұядан жылап ұшқан ұларша Кей-кейде менен аумайсың. Ей, менің қыран тектес құс-патшам, Айбозым болдың, адасып жүріп түс қашсам.

Замандардан зарығып жеткен нау-құсым, Қанатың қақпай қалықта! Тұғырың болған Алатаудай қарлы шың, Сені сыйлаған біздердей ұлық халыққа. Ей, менің қыран тектес бек-құсым, Сен – ұшпақтан бұрын, тектісің! Бəрі де аман, тұмарланған томағаң, Қан-шеңгелдің ізі қалған биялай. Балақ бауың – ол да аман, Көкке бір рет көтерсе – деп, қиялай... Е, менің қыран тектес құс-патшам, Саған тағдырымды баяғыда-ақ ұстатсам; Тұғыры биік, рухы асқақ, Арқаға аспан-тірек бол – дегем. Алты Алашыма нұр шашпақ Көзіңнен сенің көктің қуатын көрген ем... Ау, менің қыран тектес қанаттым, Сен соны, бүкіл əлемге таратқын!

ТІЛЕК Əлия ДƏУЛЕТБАЕВА.

Есімнен қалған ескі жол қайда, Есіңде бар ма елесі. Қасымдар салған қасқа жолды ойла, Бабаңның шыққан белесі. Киесі сөздің тұралатқанда, Қылыштың жүзі тайқыған. Бұл билік бізге мұра боп қалған, Көкенай менен Майқыдан. Жердің де дауы, жесірдің дауы, Билердің басын қатырған. Дал қылған жұртты шешімнің бəрі, Даланың сотын шақырған. Суайттан қанша жеріді халық, Садаға қылып мал-жанын. Көкелер біздің көңілі налып, Көкке айтқан арзу арманын. Сығалап келіп, сыналап еніп, Ұятын ұлттың ұрлаған. Тəңірден шындық сұраған едік. Кім қалды билік құрмаған. Сен сөйтіп жеткен Азаттық едің, Айнала көрме арманға. Ғасырлар күткен ғажап тілегім, Тəтті үміт тосқан таңдарда. Тексізге талай таланған едім, Жалын боп қайта маздадым. Пейілі дархан даламда менің, Əділет құрды Өз Заңым.

Желтоқсанның мидан өткен сызы – сұм. Қазақ – құлжа! Жағалаған құз ұшын... Айырмасы ОТАН менен ОТАР-дың Байқамасақ, бір-ақ əріп – біз үшін! Байрағымның басында тұр, Азаттық! Бəйге атымның қасында тұр, Азаттық! Ойлы ақынның жүрегінің түбінде, Қайратымның тасында тұр – Азаттық!

ЖАЛЄЫЗЫМ Төлеген МЕЛЛАТ.

Жартасында жаңғырыққан зар ғұмыр, Жусанына сіңген қаным алқызыл. Арилерден əлдилеген, Фəнидегі жалғызым! Ықылымнан сыр хаттаған, Рухымды құндақтаған, Мың жылатып, мың жұбатып, Кірпігімді құрғатпаған, Жалғызым! Қыналы бел, көк балбалым, Зəу шыңдарым, шатқалдарым, Сендерсіңдер опалы ұлдың, Отан атты Жоқ пен Бары. Лайласа кім киең ұрар, Ардың аппақ бұлағысың. Қара қазақ баласына, Жасыл шардың жұмағысың. Уа, Жалғызым, жалғызымсың! Жалғыз тілек, жалғыз үнсің. Жалғыз мағына, жалғыз əспет, Жалғыз арқау, жалғыз күнсің. Айналғанда даңқың нұрға, Асқарыңа талпынуда, өренің, Пайғамбардай беделің. Көлеңкелі қастарыңның Сыбағасы төр емес – көр өлім! Уа, құндағым, құт бесігім! Жаббарынан жарылқанған жалғызым, Тəу еттім мен Тəңірге, Топырағыңнан татқанымда нанды үзім, Маңдайыма жаққанымда таң нұрын, Бақыт болып бақтарыңда қалды ізім! Жалғызым!

ЌАЗАЌСТАН Алтыншапақ ХАУТАЙ.

Бас сұғып қайтем мұрағатыңа, Бəрі де көздің алдында. Бабамның берген ұлағатына, Лайық бола алдым ба?!

Бала едік біздер. Желі жоқ мұндай, Кез еді жұрт тек қалам ұстаған. Қыдыр келгендей қуанушы едік Келсе егер бір жан Қазақстаннан.

Жігітке санап жауға да салған, Он бестегі ұлын бұл қазақ. Жылдарға солай жалғасады арман, Жақсылық күтіп бір ғажап.

Кеудеме алғаш тұнған сол бір күй, Кездерден жетті əн боп өлеңім. Тығылып тұрып тыңдаушы ек ылғи, Қазақстанның əңгімелерін.

Шүкіршіл ел бар ғұрпына берік, Құқына аңғал бірақ та. Тұрандай текті жұртыма менің, Құрандай құнды тұрақта!

АЗАТТЫЌ ЖЫРЫ Мирас АСАН.

Күлтегіннің тасындағы Азаттық, Құлтемірдің басындағы Азаттық! Тебінгіме тер боп қатқан Азаттық, Кегім – міне, шер боп қатқан Азаттық! Қайрақ тасқа селебенің серт – демі! Есік-төрдей бозды теріс ерттедім... Хан Кенекем найза үстінде... Азалы Тəттімбетке «Бестөрені» шерт» деді!.. Сол Кенеге үлгермеген əскердей, Алаң толы жас түркілер – өш керней! Қайрат болып сөйлеп тұрды рупордан, Əлиханның аруағы дес бермей!

Сипалап əрбір парағын қатаң, Саусақтарымен тарамыстанған. Жадырап оқып жататын атам Журналды келген Қазақстаннан. Тұрса да бізде тыныштық болып, Атамекенім. Асқақ атың өр. Көрінуші еді тым ыстық болып, Қазақ сөзінен басталатын ел. Көрші атай. Мүлгіп тұратын өңі, Қарт еді ол. Отан, саған құштар жан. Топ жанды бірде жылатып еді, Топырақ əкеп Қазақстаннан. «Жырақпыз неге?» (Бір сыр бар ма екен?) Сұрадым бала көңілмен алаң. Жара ма еді ескі? Күрсінді əкем. Жас алды көзге көңілшек анам. Сан жүзді көріп өткен шерменде, Сол күннен бастап санам ұшталған. Осыдан, қара, өскенде мен де, Оқимын деуші ем Қазақстаннан.

Көк бөріге Хақ Тəңірдей жолдас жоқ, Мағжан айтқан қыран жастар – алмас көк! Желтоқсанда Одақтың кеп алдына Айғайлады «Мағжан!» деп һəм «Олжас!» деп!

Жанымызды арай өпкен бір арман Гүл теріп бірге өстік бөктерде. Көмейге өксік кептелді сол жан Қазақстанға көшіп кеткенде.

Алаң түгіл, шыға алмайтын көшеге, Ел тағдырын тағы да Елтай шеше ме!.. Құлжа қуған не айтады Ол атаға, Қалжа жеген не айтады Ол шешеге?!

Өмірге кімдер еңкейемін дер. Өзіңді ғана қалап ұшқан жан. Шығады алдымнан өңкей өрімдер, Оралсам кейде Қазақстаннан.

Тəуелсіздік кїніне 24 игі іс Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Түркі дүниесінің орталығы Түркістан қаласы Тəуелсіздік күніне жақсы тарту жасады. Киелі қалада 24 игі іс атқарылды. Былай қарасаң, басқа күндерде де осы нысандарды салтанатпен ашуға болар еді, бірақ «мың өліп мың тірілген» қазақ үшін тəуелсіздіктің орны бөлек. Бұл – қолынан келетін бар жақсылығыңды халқыңа көрсететін үлкен құрмет, азаттық үшін бес қаруын асынып, ат үстінен түспеген ата-баба рухына тағзым. Тəуелсіздік күні қарсаңында ең алдымен бүлдіршіндер қуанышты болды. Бизнестің жауапкершілігі аясында салынған 120 орындық «Жан-Нұр» балабақшасының биыл наурыз айында іргетасы қаланған болатын. Жеке кəсіпкер, «Ныш Ер» серіктестігінің басшысы Е.Төрежанов 280 млн. теңгеге за ман талабына сай балабақша ғима ратын пайдалануға берді. Жиында сөз сөйлеген қала əкімі Əліп бек Өсербаев сынды жаны жомарт жан дардың мемле кеттік бағдарламаларды орындауға көмек тесуінің арқа сында балғындарды мектепке дейінгі мекемемен қамту оңтайлы шешіліп келе жатқандығын айтты. Балабақша табалдырығын аттап, бір-бірімен қозы-лақтай ойнап асыр салған бүлдіршіндерден кейінгі кезек еліміздің болашағы жастардың қуанышына жалғасты. Сөз зергері Ғабит Мүсірепов атындағы көше бойында «Жастар орталығы» ашылды. Бұған дейін жастардың бас қосып, жастық жігерін танытатын, келелі кеңестер өткізетін орны жоқ екендігін ескерген қала əкімі екі жүз елу мыңнан астам халқы бар қаланың отыз пайызын жастар құрайтындығын, соның ішінде

он бес мыңдай студент барын айтып, осындай орталықтың керек екендігін күн тəртібіне қойған. «Стройсервис XXI» ЖШС осы нысанды үш ай ішінде салып бітті. Тəуелсіздік күні қарсаңында өздері армандаған жаңа орталыққа қолдары жеткен жастар ел ағаларына рахмет айтты. – Тəуелсіздік халқымызға оңай келмегендігін, ал оны ұстап тұру одан да қиын екендігін Елбасымыз талай рет айтқан. Қазір дүниежүзі дағдарысқа байланысты аласапыран күй кешіп жатыр. Бірақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жолдағы кедергілерді оңай еркін еңсеріп келеміз. Тəуелсіздік қарсаңында еліміздің ертеңгі кемел болашағы бүлдіршіндер мен жастарға керек ғи мараттарды пайдалануға беруіміз мемлекетіміздің «Мəңгілік Ел» идеясының орындалуына қосқан үлесіміз деп білеміз. Облыс əкімі Бейбіт Бəкірұлы Атамқұлов та жұмысымызды жүйелеуге, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың пайдасына жұмыс жасауымызды талап етіп келеді, – дейді қала əкімі. Бұдан соң мереке Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жалғасын тапты. Бұл күні тағы да қуанышты жағдайлар көп болды. Үлкен қаланың шешілмей жатқан, кезегін күткен бау-шуы көп. Соның

бірі қаладағы 104 көп қабатты үйлерден жырағырақ орналасқан екі үй жылу, ауыз су проблемасын тартудай-ақ тартып келе жатқан болатын. Қала əкімі алдымен ауыз су мəселесін шешкен. Содан соң тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі

жөндеуден өткізді. Енді, міне, төменнен жоғарыға көмір, ағаш тасып, от жағып күйелеш-күйелеш болып жүретін тұрғындардың үйін жылу қазандығына қосты. Осылайша 122 тұрғын жылу мəселесінде ешқандай алаңдамайтын болды. Сонымен қатар, магистралды жылу құбыры бойында орналасқан екі мектеп пен бір балабақша орталық жылу қазандығына қосылмақ. Түркістанның халқы еңбекқор. Бірді екі ете алады. Азық-түлік, көкөніспен өзін-өзі қамтып қана қоймай, көрші облыстарға тасымалдайды. Өндіріс орындары жыл сайын көбейіп келеді. Соның бірі Түркістанның іргесіндегі Қарашық ауылында орналасқан «Тұран» шаруа қожалығы. Бұрын мақта егіп, одан мата тоқып, мақта майынан

бөлек сусабын шығарып жүрген шаруа қожалығы енді сүт өнімдерін өңдейтін шағын цехын іске қосты. Жаңа он адамға жұмыс орнын ашқан шаруа қожалығының төрағасы Х.Азимов сүт цехын іске қосуға 195 млн. теңге кеткендігін айтады. Бар тапқанын ортаға салған шаруашылық басшысының көңілі күпті емес. Түркістанда 260 мыңдай халық тұрады. Іргелес көрші Кентауға да сүт өнімдерін шығаруға болады. «Енді жылына 1800 тонна сүт өнімдерін дайындап, 270 млн. теңге табыс табамыз», деп отыр. Əу баста қала əкімі «Қалада сырттан тасымалдайтын сүт өнімдері көп. Қымбат. Сүт цехын салуды қолға алсаңызшы», дегенде көңілі алаң болғандығын айтады. Бəрін есепшотқа салып көрген. Табысқа шығуға əбден болады екен. Енді «Тұран» қожалығы сүт, айран, қаймақ, сүзбе өнімдерін ұсынып отыр. Болашақта 20 түрлі өнім шығар мақ ниетте. Цехқа керек сүт Түркістан шаруаларында жеткілікті. Осылайша, тағы бір отандық кəсіпорынның тұсауы кесілді. Қала əкімі Əліпбек Өсербаев Түркістан үшін өзекті мəселеге айналып келген магистралды газ құбыры мен электр жүйесі, ауыз суға байланысты мəселелердің оңтайлы шешіліп жатқандығын рет-ретімен таратқан. Түркістан өңірін кесіп өткен

«Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан автоматтандырылған газ таратушы стансасы жəне Ескі Иқан ауылына дейін газ жеткізгіш құбырының құрылысы бітті. «Отау строй» ЖШС жүргізген құрылыс жұмыс тарына жалпы құны 1233,9 млн. теңге қаралған. Алдағы уақытта бұл газ құбырынан осы аймақтағы 20 мыңнан астам үш ауылдық округ тұрғындары табиғи

газ тұтынуы тиіс. Енді қаржылық мүмкіндікке қарай ауылдарға ішкі газ тарату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен бірге, түркістандықтар үшін ауыз судың жөні бөлек. Кентау қаласынан су алып отырған қасиетті өңір ауыз су дың əр тамшысын ысырапсыз пайдалану мақсатында Қаратау дың бөктерінен келетін су құрыл ғыларын сақадай сай етіп алды. Атап айтсақ, Кентаудан Түркістан қаласына дейін келген құбырдың су өткізгіш бөлігінен су тарат қыш құрылғысының құрылысын толықтай аяқтады. Ендігі жерде 160 мың тұрғыны бар шаһарға келетін ауыз су көзінен ақау шықпайды. Кезең-кезеңімен жүргізілген құрылыс жұмыстары 2013 жылдан бастау алып, оған жалпы құны 1110,9 млн. теңге қаралған. Нəтижесінде биыл құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Бұдан бөлек қаладағы 30 мың халқы бар «Бекзат» шағын ауданындағы электр қуатының сапасын арттыратын жəне осындағы индустриялы аймаққа қажетті 5 мВт электр қуатын тарататын 110/35/10 кВ «Коммунальная» қосалқы стансасының құрылысы өз межесіне жетті. Жалпы құны 1393,2 млн. теңгені құрайтын жобаның құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталған. Осылайша тұрғындардың игілігін еселеп, индус триялы аймақтағы кəсіпорындардың көкжиегін кеңейтетін нысан іске қосылды. Енді аталған станса заман талабына сай сапалы қызмет көрсететін болады. Ал 2014 жылдың күзінде Түркістанда «ғасыр жобасы» деп аталған сарқынды су тазалағыш стансасы жəне сарқынды су жүйелері іске қосылып, ақпарат құралдары республика көлемінде сүйіншілеп, жаңалық таратқанды. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде 70,2 млн. теңгеге биыл тағы да қала ішілік сарқынды су жүйесі жүргізіліп, 13 білім мекемесі, орталық кітапхана мен халыққа қызмет көрсету орталығы осы орталықтандырылған сарқынды су жүйесіне қосылған болатын. Осылайша, түбі бір түрік қауымы тəу ететін Түркістанда осындай жұмыстар қолға алынып жатыр. Желтоқсанның 18-ші жұлдызына дейін қалада 24 игі іс шара толық орындалады. Бүгінде киелі қалаға қай бағыттан кірсеңіз де мұнтаздай қалпын көресіз. Түнгі шамдар төңіректі күндізгідей жарық етіп тұрады. Түбінде түбі бір түрік халқы екендігімізді сөзбен емес, нақты іспен ұқтыратын бұл жоба жөніндегі əңгіме сəл кейінірек. Түркістан осылайша түлеп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.


www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

Баќ ынтымаќќа барады – дейді этномəдени бірлестіктер ґкілдері Жолдау – стратегиялық құжат. Дүние өзгеріп, мықты деген мемлекеттердің өзі қайраңдап қалған кемедей күй кешіп жатқан шақта Елбасының дағдарысқа қарсы мемлекеттік тапсырмалары мезгілімен орындалуы керек. Жолдауды талқылауға қатысқан жұртшылық осылай деп түсінеді. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Облыс əкімдігінің мəжіліс залында Қазақстан халқы

Ассамблеясы Төрағасының орын басары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев тың халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жол дауын түсіндіру жəне насихаттау бойынша жиын өтті. Кездесу барысында Ералы Тоғжанов «Елбасының əр Жолдауы – біздің болашағымыздың стратегиялық жоспары, өміріміздің нақты бағыты, келешегіміздің кепілі. Сондықтан, этномəдени бірлестіктерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедраларын, қоғамдық келісім кеңестерін,

барлық азаматтарды Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын», – деді. Қиын кезеңдерде Қазақстанға зорлықпен көшірілген, қазақ ұлтынан пана тапқан жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері Оңтүстікте де көптеп мекендейді. Олар «Қазақстан – ортақ Отанымыз» деп түсінеді əрі мемлекетіміздің өркендеуіне бір кісідей еңбек сіңіріп келеді. Жиында сөз алған облыс əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік

Этномəдени бірлестіктер бəсекелесті Кеншілер астанасында «Қарағанды облысының кəсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық ұйымының мұрындық болуымен өткен «Замандас-2015» Қаланың дамуына үлес қосқандары үшін» қалалық байқауы мəреге жетті. Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Аталған конкурс Қарағанды қаласында осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. 2010 жылдан бері бұл байқау Қарағанды қалалық əкімдігі мен мəслихатының қолдауымен «Біз – қарағандылықтармыз!» фестивалі аясында өтіп келген еді. Биыл байқау Қазақстан халқы

Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орайластырылды. Жобаның бекітілген тұжырымдамасына сəйкес, бұл жолғы сынға Қарағанды облысының этномəдени бірлестіктері түсті. Қаланың рухани, мə дени дамуына ерекше үлес қосып жүр ген этномəдени бірлестіктердің еңбегіне құрамында Қарағанды қалалық мəс лихатының хатшысы Қ.Оспанов, қала əкімінің орынбасары И.Любарская,

«Қарағанды қалалық мəдениет бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Нұртаева, «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Н.Вшив цева бар қазылар алқасы баға берді. Байқаудың шарты бойынша, үміткерлерге ғаламтор арқылы дауыс беру жүйесі жұмыс істеді. Бұған 2060 қарағандылық қатысып, дауыс берудің нəтижесінде конкурсқа қатысқан 22 этномəдени бірлестіктің арасында «Казачья вольница» казак қоғамдық бірлестігі, «Дакия» румын этномəдени бірлестігі, «Полония» поляк қоғамы, «Вайнах» чешен-ингуш этномəдени

мекемесінің басшысы Е.Байқо нақов, облыстық славян этн омəдени бірлестігінің мүшесі А.Шолгина, Сайрам ауданы өзбек этномəдени бірлестігінің төрағасы П.Исламов осы тұрғыда ой өрбітті. «Отанымыздың тасы өрге домалап, бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуына өзіміз жəрдемдеспесек, сырттан біреу келіп шаруамызды оңдап бермейді. Ол үшін бəріміз жұмылған жұдырықтай тас-түйін болып, Елбасының маңына топтасып, Жолдаудағы тапсырмаларды орындауымыз керек». Жиындағы айтылған ойлардың тоқетері осы. Оңтүстік Қазақстан облысы.

бірлестігі, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі қоғамы үздік бестіктің ішіне кірді. Байқау қорытындысында дауысты мейлінше көп жинап, жеңімпаз жəне жүлдегер болған этномəдени бірлестіктерге құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Жалпы, Қарағанды өңірінде ұлттар мен ұлыстардың тату-тəтті қарым-қатынасына өте қатты мəн беріледі. Этномəдени қоғамдық бір лестіктер этникалық топтардың қызығушылығын тудырып қана қоймай, сондай-ақ, өңірдегі ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамдық күштің бірі болып қалыптасқан. ҚАРАҒАНДЫ.

 Жолдау жолдары

 Мерей

Єалым биігі

Басым баєыттар баєдары Елбасы жақында ғана жұртшылыққа жол тартқан «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «ҚазАгро» холдингі арқылы фермерлер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту міндетіне ерекше тоқталған болатын. Сондай-ақ, холдингтің бірқатар компанияларын бəсекелес ортаға беруі жəне инвестициялар тарту бойынша жұмысты жандандыру қажеттілігін атап өтті. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Ресей Федерациясында Ресей Білім академиясының (РБА) Педагогика теориясы жəне білім беру философиясы бөлімі жанында Салыстырмалы педагогика ғылыми кеңесі жұмыс істейді. Оның құрамында Ресей ғылыми мекемелері мен университеттерінің, ТМД жəне алыс шетелдердің ғалымдары бар. Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің методологиялық деңгейін, беделі мен практикалық маңыздылығын көтеру мақсатында Ресей жеріндегі салыстырмалыпедагогикалық зерттеулерді жүйелеу, педагог-компаративистердің өзара бірлесе жұмыс жасау жолдарын іздестіру, геосаяси шынайылықты ескере отырып білім беру кеңестігін құру тенденцияларын зерттеу, халықаралық мекемелермен өзара қарымқатынасты тереңдету болып табылады. Кеңестің іс-əрекетін кеңейту мақсатында 2015 жылғы қараша айында ТМД жəне Балтық елдерімен жұмыс жасау үшін Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары болып РБА-ның шетелдік мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов сайланды. Əртүрлі елдердің педагог-компаративистерінің ынтымақтастығы өзара мəдени жəне ғылыми байланысты байытады. Сонымен бірге, басқа да гуманитарлық салаларда халықаралық қарым-қатынас жасаудың белгілі бір үлгісі болып табылады. А.Құсайынов – Қазақстанда салыстырмалы-педагогика ғылымының негізін салған ғалым. Ол Бүкілдүниежүзілік салыс тырмалы білім беру қоғамдары кеңесі Атқарушы комитетінің мүшесі, Ресейдің алты ғылыми журналының алқа мүшесі. Оны Ресей Үкіметі Педагогика ғылымы саласындағы ерен еңбегі үшін К.Д.Ушинский атындағы медальмен марапаттаған. «Егемен-ақпарат».

Бұл ретте аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында холдинг тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мəлелов кеңінен тоқталып өтті. Оның айтуына қарағанда, аталған холдинг қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, инвестиция тарту жəне компанияларды бəсекелес ортаға беру бағыттарына басымдық беріп отыр. Айтар болсақ, холдингтің бүгінгі таңда жиынтық несие қоржыны шамамен 800 млрд. теңгені құрайтыны, еліміздегі барлық банк жүйесінің ауылшаруашылық секторын қаржыландыру көлемінен артықтығын аңғартады. Сонымен қатар, түрлі салалық бағыттар мен агробизнестің қажеттілігіне бейімделген 40-тан астам несие өнімдері іске асырылып жатыр. Несиелеу көлеміндегі ШОБ үлесі 87%-ды құрайды. Осы ретте қаржыландырумен республиканың барлық аумақтары қамтылды, деді холдинг басшысы. Жəне де сату

арналарын ұлғайту мақсатында холдинг ауылдық жерлердегі несиелеудің қаржылық қызмет нарығын дамыту бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыруды кезең-кезеңмен қысқарту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда біз қаржы инс титуттарының тəуекелін азайтатын жəне агросектордың тартымдылығын арттыратын агроөнеркəсіп кешеніндегі сақтандыру жүйесін дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарудамыз. Мемлекет басшысының ауыл

ша руашылығында коопе ративтердің рөлін күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде холдинг аймақтық астық кооперативтерін құру тұжырымдамасын əзірледі. Сондай-ақ, инвестиция тарту бағыты бойынша бірінші кезекте біртұтас қаржы тобын құру есебінен агросекторды қаржыландыру үшін ресурстар тарту жұмысы маңызға ие. Онда тартымдылық мүмкіндіктерін кеңейтуге капиталдандыру өсімі есебінен қол жеткізіледі. Бюджет қаражатының тапшылығы жағдайында бұл агробизнесті қаржыландыру көлемін төмендетпеуге септігін тигізбек. Осы уақытта хол дингтің инвестициялық қоржынына 529 жоба кірсе, оның 418-і қазірдің өзінде пайдалануға беріліп отыр. Ал қалған 56 жоба үстіміздегі жылы іске қосылды. Бұдан басқа, елімізде ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру

мақсатында «ҚазАгро» Венгрияның Эксимбанкімен бірігіп, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында ҚазақстанВенгрия тікелей инвестициялар қорын құрды. Оның бастапқы мөлшері 40 млн. АҚШ долларын құраса, алдағы уақытта оны 100 миллионға арттыру жоспарда бар екендігі белгілі болды. Аталған қор жеке аграрлық компаниялардың өз қызметтерін дамытуға жəне кеңейту үшін капиталға инвестициялар тартуына мол мүмкіндік бермек. Ал компанияларды бəсекелес ортаға беру бағытында оларды бірінші кезекте анық тап алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте жеке секторға беруге алдынала жоспарланған холдингтің төрт еншілес компаниясының тізі мінде «ҚазАгроҚаржы», «Азық-түлік корпорациясы», «ҚазАгроӨнім» жəне «Қазагромаркетинг» бар, деді холдинг басшысы.

Ќытайдан келген əнші «Ќазаќ дауысы» байќауыныѕ жеѕімпазы болды Кеше Алматыда биылғы жазда басталған «Қазақ дауысы» халықаралық əн байқауы аяқталды. Ол Қытайдан келген қазақ қызы Жанат Əділханқызы мен астаналық Cəкен Əлімхановтың бас жүлдегер атанғандарын айғақтады. Жарты жылға созылған əн додасына барлығы 220 үміткер қатысты. Олар конкурстың бірінші кезеңінде ғаламтор желісіндегі дауыс беру жүйесі арқылы өзара сайысқа түсті. Қа зылар алқасы бұдан кейін көп дауыс жинаған үздіктер арасынан жеңімпаздарды анықтады. Осылайша бас жүл деге тігілген 1 миллион теңгені Жа нат пен Сəкен теңдей бөлісіп алды.

1. Факультет деканы – 1. Қойылатын біліктілік талаптары: жоғары кəсіби білім, ғылым докторы, PhD докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дəрежесі, қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағы, педагогикалық қызметкерлер немесе жетекшілік құрам лауазымында 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішінде. Қосымша ақпараттар алу үшін мына мекенжайға хабарласу қажет: Алматы қ., Абай даңғылы, 8а, тел. +77272598009, 2596445, e-mail: hr.office@uib.kz, lawyer@uib.kz. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды on-line режімінде: kkk.uib.kz. сайты арқылы жіберуге болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 08.12.2015 жылғы ұйғарымымен «КОЙЛАН» ШҚ банкрот деп тану туралы азаматтық ісі қозғалғаны туралы хабарлайды. Қарыз алушылар болса арызға қарсылықты Атырау облысы, Атырау қ., Сəтбаев к-сі, 3 мекенжайына жолдауы сұралады. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 643-кабинет, телефон: 8 (7172) 74-25-24, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны, 071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, №20А, телефон: 8 (7222) 35-95-49, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми зерттеулері саласында қызметін жүзеге асыратын, байқау кеңесі мүшесінің бос лауазым орнына конкурс жариялайды Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімінің болуы, сонымен қатар, келесі талаптардың бірі: білім беру саласындағы еңбек өтілі кемінде он жыл; білім саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары) кемінде бес жыл; білім беру салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды. Байқау кеңесінің мүшесі ретінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; 2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған; 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған; 4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кəсіпорын басшысымен жақын туыстық жəне туыстық қатынастағы тұлға сайланбайды. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) үміткердің жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 5) білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнына қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығын растайтын құжаттар. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты (біліктілікті арттыру, ғылыми атағы мен дəрежесі туралы құжаттардың ғылыми жарияланымдарының, бұрынғы жұмыс орнының басшысы ұсынымының көшірмелері) қосымша ақпаратты ұсына алады. Үміткер конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығының 3-қосымшасының 10 жəне 11-тармақтарында белгіленген тəртіпте ұсынуы тиіс. Конкурсқа қатысушыларға қосымша мəліметтерді Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жəне халықаралық ынтымақтастық департаменті жоспарлау, даму жəне инновация басқармасының мына телефоны арқылы білуге болады: 8 (7172) 74-25-24 (643-кабинет). ХАБАРЛАМА Алматы қаласы, Абай даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ, «Казахстанская правда» жəне «Егемен Қазақстан» газеттерінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №233 санында жарияланған көлік құралдары мен арнайы техниканы сату бойынша аукционның күші жойылғаны туралы хабарлайды. ХАБАРЛАМА Алматы қаласы, Абай даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан «ҚазТрансГазАлматы» АҚ (бұдан əрі – қоғам) көлік құралдары мен арнайы техниканы сату бойынша тендер өткізілетіндігі туралы хабарлайды 1) Тендер арқылы сатуға ұсынылған активтер туралы мəліметтер: № 1 лот. Көлік құралдары мен арнайы техника – 70 бірлік, оның ішінде: - Жеңіл автокөлік – 12 бірлік; - Автобус – 1 бірлік; - Жол талғамайтын көлік – 10 бірлік; Арнайы техника: - Жүк автокөлігі – 23 бірлік; - Фургон – 14 бірлік; - Самосвал – 2 бірлік; - Су тасушы машина – 1 бірлік; - Экскаватор – 1 бірлік; - Трал – 1 бірлік; - Жүк артқыш машина – 2 бірлік; - Автокран – 1 бі рлік; - Тіркеме – 2 бірлік. 2) Көлік құралдары мен арнайы техниканы сатудың бастапқы құны: Тендерлік құжаттамада көрсетілген бағалау құнымен сəйкес. 3) Тендер өткізілетін күн, уақыт жəне орын: 2015 жылғы 25 желтоқсанда сағат 10.00, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 42, 2-қабат. 4) Сатып алынатын актив бойынша төлеу тəртібі: Тендер арқылы сатуға ұсынылған активтің құны сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде 100 % көлемінде төленеді. 5) Қоғамның банк шотының реквизиттері жəне кепілдік жарнасын төлеу мерзімі мен көлемі: Сатылатын актив сомасынан 10% көлемінде (кепілдік жарна төлеу мерзімі мен көлемі жəне қоғамның банк шотының реквизиттері тендерлік құжаттамада). 6) Тендерге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі жəне уақыты, мекенжайы: Тендерге қатысу үшін өтінімдер тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін Алматы қаласы, Абай даңғылы, 42 мекенжайы бойынша 2-қабатта 2015 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18.30-ға дейін (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін) қабылданады. Өткізу тəртібі, техникалық сипаттама жəне қатысушыларға қойылатын басқа да талаптар тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тендерге қатысуға тендерлік құжаттамада көрсетілген талаптарға сай келетін барлық қатысушылар жіберіледі. Тендерлік құжаттама пакетін 2015 жылғы 24 желтоқсанды қоса алғанда мерекелік жəне демалыс күндерін есептемегенде, күн сайын сағат 10.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) алуға болады. Қосымша ақпаратты 8 (727) 265 00 68 телефоны бойынша алуға болады.

Жолаушыларды жəне жүкті тұрақты республикаішілік автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

 Өнер

Халықаралық Бизнес Университеті (UIB) лауазымның бос орнына конкурс жариялайды:

15

Назар аударыңыз! «Astana Capital Advisors» АҚ «Егемен Қазақстан» газетінің 03.12.2015 жылғы №232 (28710) санында жарияланған хабарландыруындағы «мерзімі 5 жылға» сөзінің орнына «мерзімі 63 айға» деп түзетіліп оқылуын сұрайды. Мүдделі тұлғалар барлық қажетті ақпаратты мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, 050062, Алматы қаласы, Қабдолов к-сі, 1/8-үй немесе мына телефон арқылы: (727) 2275099.

Бұдан кейінгі бірінші орынды Елдос Жақсылықовқа берілді. Ұйымдастырушылар келешекте байқауды жыл сайын өтіп тұратын дəстүрлі сайысқа айналдыруды көздеп отыр. Бұдан кейін аталмыш жоба үздік əншілерді жекежеке сала бойынша анықтайтын болады. Естеріңізге сала кетейік, Жанат Əділханқызы Ұлттық арнаның «Қазақстан дауысы» жобасы байқауында да өз бағын сынап, іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, қазір финалға жолдама алған үздік төрт əншінің бірі атанды. 21 жастағы жас əнші өз елінде əртүрлі байқауларда жүлделі орындардан көрінген екен. Ол Үрімжідегі «Шыңжаң» телеарнасы ұйымдастырған «Күміс көмей» байқауында үздік10 əншінің бірі атанса, Қытай Орталық телеарнасы өткізген «Шарықтасын əніміз» конкурсында топ жарып, «Əн патшасы» атағын алған.

Петропавл қаласы əкімінің аппараты Қазақстан Конституциясы к-сі, 23 мекенжайындағы № 401 кабинетте 2016 жылғы 20 қаңтарда болатын жолаушыларды жəне жүкті тұрақты республикаішілік автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды. 2. Конкурсқа мынадай бағыт пакеттері (бағыттар) қойылады: № 1 - бағыт № 20М «20-ші шағын аудан - Энергоорталық». 3. Конкурсқа жекеменшік құқығында немесе басқа да заңды негіздермен автокөлік құралдары бар меншік нысанына тəуелсіз кез келген жеке жəне заңды тұлғалар қатысады. 4. Конкурсқа қатысуға қызығушылық танытқандар қала əкімінің аппаратына (облыстың, ауданның) «Қазақстан Конституциясы к-сі, 23, № 11 кабинет мекенжайына конкурстық құжаттар жинағын алу үшін жазбаша өтінім береді. 5. Конкурстық құжаттарды алу жəне конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2016 жылғы 5 қаңтарда сағат 18.30. 6. 2015 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10.00-де конкурстық комиссия конкурсты өткізу мəселелері бойынша алдын ала конференция өткізеді. 7. Анықтама алу үшін 46-88-71 телефонына хабарласыңыз.

Объявление о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа Аппарат акима города Петропавловска объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа, который состоится 20 января 2016 года по адресу: ул. Конституции Казахстана, 23, каб. №401. 2. На конкурс выставляются следующие пакеты маршрутов (маршруты): Лот № 1- маршрут № 20М «20 мкр.– Энергоцентр». 3. В конкурсе принимают участие любые физические и юридические лица, независимо от формы собственности, владеющие автотранспортными средствами на праве собственности или иных законных основаниях. 4. Желающие принять участие в конкурсе представляют в аппарат акима города (области, района) письменную заявку на получение комплекта конкурсных документов по адресу: ул. Конституции Казахстана, 23, каб № 11. 5. Окончательный срок приема заявок на получение конкурсных документов и приема заявок на участие в конкурсе: 5 января 2016 года, в 18.30 час. 6. 23 декабря 2015 года в 10.00 час. конкурсная комиссия проводит предконкурсную конференцию по вопросам проведения конкурса. 7. За справками обращаться по телефону: 46-88-71.

Мұрат АЙТҚОЖА. «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жеттысу АКХ мекенжайы бойынша 12.12.2008 ж. берілген жылжымайтын тіркелетін нысандарға техникалық паспорттың жəне жылжымайтын мүлікке 2007 ж. 31 наурызда берілген №07/747 шарттың жоғалғандығы туралы хабарлайды. ТОО «RG Brands Kazakhstan», сообщает об утере технического паспорта на регистрируемые объекты недвижимости от 12.12.2008 г. и договора №07/747 от 31 марта 2007 г. на недвижимое имущество по адресу: Алматинская область, Карасайский район, АКХ Жеттысу.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.


16

www.egemen.kz www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

Тəуелсіздік толєауы

Суреттер «Егемен Қазақстан» газетінің архивінен алынды.

«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 19 желтоқсан, сенбі күні шығады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Рауан ҚАЙДАР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №714 ek

Profile for Egemen

16122015  

16122015

16122015  

16122015

Profile for daulet
Advertisement