16102014

Page 12

12

www.egemen.kz

16 қазан 2014 жыл

 Айбын

Теѕіз даєдысы мен жауынгерлік рух Каспийде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен əскери-теңіз оқужаттығулары аяқталды. Шараға Қазақстан Əскери-теңіз күштерінің «Қазақстан», «Орал» жəне Ресей Əскери-теңіз флотының «Дагестан», «Град Свияжск» атты зымырандықартиллериялық кемелерінен тұратын тактикалық топ қатысты.

Кемелердің экипаждары Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы аумақтық жəне экономикалық сулардағы стратегиялық нысандарды қорғау жөніндегі міндеттерді пысықтады. Екі ел əскери-теңіз күштерінің арасындағы

өзара іс-қимылды ұйымдастыру жауынгерлік іс-қимылдарға барынша жақын жағдайда өтті. Қазақстан Қарулы Күштері Əскеритеңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов

 Дерек

Абайдыѕ соѕєы ґлеѕі

1978 жылғы 30 қыркүйекте Алматыдан Семейге келіп, Жидебайдағы хакім Абайдың əдеби-мемориалдық музейіне бармақшы болдым. Ертеңінде ойлаған жерімізге жетіп, шырақшы шалға жолықтық. Амандасып, жөн сұрасып ата, бабамыз өз заманында мүмкіндігі бола тұра сонау ғажап көрікті Шыңғыстауда тұрмай, мына сайын дала желінің өтіндегі жерді неліктен мекендеді екен, дедім. Бұл сұраққа шырақшы былай деп жауап берді: «Балам, көресің бе, біз тұрған жердің терістік пен шығыс жақтары созылып жатқан кең жазық. Мұнда ұзын сабақты шөп пен сары көде өседі, қыста бұл жерде нығыздалған қалың қар болмайды. Оның себебі, жауған қар қатты желдің үрлеуінен қаудырап қалады, кейін жауған көбік қарды да жел сырғытып əкетіп отырады. Осындай жұқалаң келген ала қанат қарда қолда ұстап отыратын ешкі, қой, сиыр, жылқы қыс бойы үйдің жанында тебін теуіп жайылып жүреді. Сондықтан жазда қолда

ұстайтын осындай малдарға қысқа керекті шөп дайындалмайды. Ал Шыңғыстаудың қары қалың болады. Бұл жердің тағы бір қасиеті: көк те ерте шығады». Осы əңгімеден соң мен ол кісіге: «Баяғыда аға сұлтан Мұса Шорманов та Баянауыл тауынан 90 шақырым қашықтықтағы Ақкелін деп аталатын қыраттың бауырындағы жер бедері мен шөптері де дəл осындай жерде алты бөлмелі ағаш үйде тұрыпты», дегенімде ол: «Япырай, балам-ай, сен Баянауылдан екенсің ғой», – деп маған ілтипатпен қарады. Айтпақшы, өткен ғасырдың 60-жылдары əкемнің нағашысы, суырыпсалма қарт ақын Жүнісбек Жолдиновтен Мұса Шорманов көрікті Сабындыкөлдің жанында тұрмай, неге даладағы Ақкелін қыраты маңындағы жазықты мекен қылды деп сұрағанымда оның айтқаны да Жидебайдағы ақсақалдың сөзімен сабақтас шығып еді. Жидебайдағы біз əңгімелескен ақсақалдың аты-жөні Ниязбек Алдажаров

еді. Ол сол кезде ақын қыстауындағы музейдің шырақшысы, этнограф, шежіреші, ақынның аталас туысы, бірінші топтағы соғыс мүгедегі болатын. Ниязбек ақсақал сол жолы Шəкəрім Құдайбердіұлының біраз əнін нақышына келтіріп орындап берген еді. Содан кейін қариямен бірге музейді түгел аралап көріп, кейбір жəдігерлер бойынша түсінік алғанмын. Əртүрлі тақырыпта əңгімелескенмін. Сонда Ниязбек ақсақал маған Абайдың бақилық болар алдында шығарған мынадай өлең жолдары бар деп айтқан еді: «Күнəйім көп Илаһи, Кешіре гөр мұнымды. Барар басқа жерім жоқ, Ұсындым хаққа мойнымды. Ата-анам едің қара жер, Аша гөр енді қойныңды». Бұл өлең жолдары əзірге ешбір баспасөз бетінде жарияланбаған деуге болады. Мұны аузы уəлі, сөзі дуалы Ниязбек секілді инабатты адамның аузынан шыққанын айтқым келеді. Серік ЖАҚСЫБАЕВ, Екібастұз қаласының құрметті азаматы.

Павлодар облысы.

Wi-Fi-єа ќосылєан аялдама Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Əлем мойындаєан саѕлаќ

Бейжіѕ Олимпиадасыныѕ ќола жїлдегері Арман Шылманов WTF атќару комитетініѕ мїшелігіне сайланды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Елімізде Мұстафа Өзтүрік негізін қа ла ған таэквондо спорты да қанат жайып келеді. Осы айтқанымыздың бір дəлелі – таэквондошы Арман Шылмановтың Бейжің Олимпиадасында қола жүлдеге ие болуы. Содан бері қазақ таэквондошыларының қайсарлығына əлем көз тіге бастады. Шығыс жекпежегі нің қатарынан саналатын осы спорт тан Олимпиаданың жалғыз медалін иеленген Арман Шылмановқа Бүкілəлемдік таэквондо федерациясы да сенім арта бастады. Жақында ол осынау беделді федерация атқару

комитетінің мүшелігіне сайланды. Қазақстан таэквондо федерациясының мəліметінше, жақында Бүкілəлемдік таэк вон до федерациясының (WTF) кезектен тыс басқосуы Бутанда өткен. Сол басқосуда федерация президенті, доктор Чунг Вон Чо осы спорт түрінен Олимпиада жүлдегері атанған жалғыз қандасымыз Арман Шылмановқа WTF атқару комитетінің мүшесі сертификатын табыстаған. Енді Арман Шылманов 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасы өткенге дейін Бүкілəлемдік таэквондо федерациясының мүшесі болады. Атырау облысы.

Дау тудырєан əн

Əрине, əн жұрт жабылып тыңдағанда хит болады. Əйтпесе, дəл осы күндері тойлардың топырағын шығарып жатқан «Мария Магдалена» телевизия мен радиоларда ротацияланбаған. Алайда, бір айда оның Ақтөбеде хит болып шыға келгені, айналасы аз күннің ішінде ел ішіндегі тойдан тойға тарап, танымал болып, оны айтып жүрген Асхат Тарғыновтың Алматыдан бір-ақ шыққаны ай туғандай шындық. Жəне бұл əн аз сыналып жүрген жоқ. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қысқасы, өнертанушылар қаншама жерден кейістік білдірсе де, қазір тойларда ең көп қойылатын əндердің тізімін жасап жіберсек, оның басына бірден келесі бір хит пайда болғанша «Мария Магдалена» шыға келмек. Осы бір көне италия əні қалайша əншінің аузына түсті екен деп, телефон нөмірін тергенімізде: «Мария Магдалена, охохо-о, Талайдың арманы едің охо-хо-о, Жүректің болған емі, охо-хо-о», деп шырқай жөнелді. «Мария Магдаленаға» дейін Ақтөбе өңірінде ғана танымал болып келген шалқарлық Асхат Тарғынов өнердің өгей баласы емес, Ақтөбе педагогикалық институтында музыкалық білім алған. Есін білгелі бері əн айтып келе жатқан əнші көптеген байқаулардың жүлдегері жəне 2011 жылы Ақтөбе қаласында жеке концертін берген. – Мен бұл əн хит болады деп ойлаған емеспін. Тек тойлар үшін «Мария Магдаленаны» қазақшалап көрсе қайтеді, деген ой келді де, осы əнді бұрын біз дің бала күнімізде айтып жүретін ағалары мызға хабарласып, ақтөбелік сазгер ақын Сайлаубек Елмановқа сөзін қазақша жазып беріңіз деп өтініш жасадым. Расында да, Мария Магдалена жазушылардың, суретшілердің, қала берді əнші лер дің де қызығушылығын тудырып келе жатқан тағдыры кереғар пікірлерге толы жұмбақ əйел ғой. Ал ресейлік əнші «Филипп Киркоров айтып жүрген сипаты бөлек, мінезі басқа «Мария Магдалена» қандай əйел? Біз «Мария Магдалена ма, əлде Мария Магдалина» ма деген сауалымызды осы əнді өз бетінше зерттеп жүрген фольклортанушы Берік Жүсіповке қойғанымда ол Магдалена Дони мен Магдалина Мария – екі басқа адамдар екенін, бұл көне иврит тілінен келген есім екендігін айтады. Бұл есім жөнінде: «Магдалина (евр.) — тамырын евангелиядан алатын, сирек кездесетін, көбінесе католиктік елдерде қолданылатын есім. Көбінесе «Мария Магдалина» деп бірге қосақтала жазылады» дейді. Дегенмен, қазір хит болып жүрген əндердің түбін қазсаң, мəселенің келесі ұшығы көрінеді. – Не болып, кімге айналып бара жатырмыз осы? Қызы, бозбаласы, ері-əйелі, қызметкері, қатардағысы, ақылдысы,

шала сауаттысы, шал-шауқаны мен кемпір-сəмпірі қосылып ауылда да, қалада да бəрі тегіс жын қаққандай осы əулекі əуенге селкілдейтін болыпты. «Чип-чип-чип» деп тауыққа бидай шашқандай шиқылдайды, қара терге түсіп, жер тепсініп қиқулайды келіп. Осы əуенмен Құдай дескен құдасын күтеді, баласының тұсауын кеседі, туған күн тойлайды. Колумбияда ұзындығы 1550 шақырым, 260 мың шаршы метрді алып жатқан, Кариб теңізіне құятын Магдалена деген өзен бар екен. «Күнəдан пəк» деп дəріптелетін, христиан дінінің негізін салушы Құдайдың расулы (адам бейнесіндегі Құдай) Ғайсаны (Исиус Христос) дүниеге əкелген палестиналық Марияға да жақындығы байқалмады. Сөйтіп, отырып мына бір суретін тауып алдым. Картина анықтамасында: «Рафаэль. «Магдалена Дони». 1506 жылдардың шамасы. Флоренция. Патти галереясы» депті. Интернеттегі Мария Магдалана суретіне қатты ұқсас, алайда, бұл жерде егде əйел сияқты. Əй, бауырлар, Құдайдан үмітіміз бар шығар. Əлде қазақ өнері өн бойынан кəкайдың небір көкесін өткізіп жатса да қыңқ етпейтін қоғамдық кəріз жүйесіне біржолата айналып болды ма? Олай болса ондай өнердің кімге керегі бар? Осы біздің əулекі əншілер кімді, қандай музыканы насихаттап жүр? Мынау дегенің христиан əлемінің қаны сорғалап тұрған жарнамасы ғой! Өзі Иса мəсіхтің шарапатын көрген бойжеткен болса, жүгенсіз кеттік қой. Кімнің не білгені бар? – деп ой тастайды фольклортанушы. – Басында «Мария Магдалена» еді, көп ұзамай əн жолдары «Мария – арман еді» болып өзгеріп шыға келді? Шіркеу тарихына қатысты деректерде міндетті түрде Мария Магдалинаның аты аталатыны, Інжілде Исиус Христостың анасынан кейін Мария Магдаленаның аты жиі кездесетінін біздің əріптестеріміз айтуда. Сіз бұған не дейсіз? – дейтін сауалымызға əнші былай дейді: – Менде ешқандай христиан дінін на си хаттау туралы пиғыл болған жоқ. Бұл менің əнші ретінде жасаған сынағым болатын. Басында Мария Магдалина деген кім екенін білмегенім рас. Жұрт түрлі сауалдар қоя бастағаннан кейін оның тарихын өз бетімше іздестіріп, осыдан кейін əн жолдарын «Мария – арман еді» деп өзгерттім. Мен бұл əнді қаңтардан бастап қана айта бастағанмын. Ақтөбеде

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

«Егемен-ақпарат».

 Хит хикаясы

 Бəрекелді!

Облыс орталығындағы «Диагностикалық орталық» жəне «Орталық дүкендер кешені» орналасқан автобус аялдамаларында сымсыз интернет нүктесі (Wi-Fi) пайда болды. Яғни осы аялдамаларда автобус күтіп тұрған қала тұрғындары, жастар интернетті тегін пайдалана алады. Тегін интернетке смартфон, планшетті компьютер, ноутбук арқылы кіріп, онлайн хат жазысуға, поштаңызды тексеріп, əлеуметтік желілерге кіруге, жаңалық оқуға, тіпті, бейнебайланысқа шығуға да мүмкіндік бар. Себебі, мұнда 4G технологиясы орнатылған. Сымсыз ғаламторға қосылуға мүмкіндік беретін аралық 2025 қадамды құрайды. Wi-Fi нүктеге қосылу үшін пароль сұрайды, ол аялдамада жазылған. Біз де аялдамадағы мүмкіндікті қызықтап, поштамызды тексеріп, редакцияға мақаламызды жіберіп көрдік. Аялдамалар бейнекамералармен жабдықталып, жарықтандырылған. Өмірі болып көрмеген өркениеттің мұндай жаңалығын облыс орталығындағы «Регион-14» деп аталатын компания жасап отыр. Осындай мүмкіндік жасағандары үшін компания аялдамада жарнамаларын тегін көрсете алады. Аялдаманың тазалығына да компания жауап береді. Қалалық əкімдіктің мəліметінше, тіпті, алдағы уақытта сымсыз нүктесі бар интернетті аялдамалардың саны көбеюуі де мүмкін.

оқу-жаттығуға қатысушылардың барлығы жақсы теңіз дағдысын, қойылған міндеттерді орындауда сауатты жəне білікті іс-қимыл көрсеткенін атап өтті. Оқу-жаттығудың қорытындысы

бойынша қазақстандық жəне ресейлік экипаждардың үздік мүшелері аталды. Қазақстан Əскери-теңіз күштеріндегі тұңғыш əйел экипаж мүшесі байланысшы Жанар Ибраева да сыннан сүрінбей өтті. Келесі оқу-жаттығу Ресей Федерациясының аумағында өтеді деп жоспарланған.

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

бір айдың ішінде көпшілікке танымал болды. Бірақ, ақпан-наурыз айларында клип осы өзгертілген мəтінмен түсірілсе де, басында «Мария Магдалена» хит болып тараған нұсқасымен той жүргізіп жатқан музыканттар өте көп. – Жалпы, ғалымдар Исаның (Ғайсаның) тарихта болғандығына күмəнмен қарайды. Жəне күнəдан пəк делінетін Мария əкесіз əрі некесіз туады. Сол үшін де оның өмірінде қарама-қайшылықтар көп. Мəселе онда емес, Асхат Тарғынов сияқты əншінің орындауындағы мына əнде. Осының бəрі қазіргі біздің эстрада əншілерінің басым көпшілігінің талғамсыздығын көрсетеді. «Шөп те өлең, шөңге де өлең». Екіншіден, бұл сияқты əндер қазақ руханиятындағы бос кеңістікті толтыруға арналған. Қазір қазақшаланып айтып жүрген армян, грузин, қытай, қырғыз əндері көп. Ал əншілер халықтың санасын немен толтырып жатқандарынан өздері де бейхабар. Бұл жерде саясат іздеп əуре болудың қажеті жоқ. Өйткені, қазір жібі түзу əн жоқ. Сол үшін кез келген əнге қайта сөз жазып алып орындай береді. Мысалы, «Мария Магдалена, Талайдың арманы едің, Ғашық болып қалған едім...», деп айналшық жеген адамның əрекеті сияқты бірдеңелерден басқа ештеңе де жоқ. Мəселе, əнге айналған кейіпкер Магдалинада. Біздің қазақтардың «өліп-өшіп жақсы көретін», жақсы көретіндіктері соншама алда-жалда той-томалаққа бара қалса осы қыздың аты айтылатын əнге ышқыр баулары түсіп қалғанша терлеп-тепшіп, жер тепкілеп билемей қайтпайтын, Асхат Тарғыновтың шырылдап əнге қосатын Мария Магдалинасы – осы! Алайда, бұл жерде əншіні жазғырудың да қажеті шамалы. Мария Магдали наның киесі жебеді ме, əлде бұл əн біздің талғамымыздың көрсеткіші ме, не десек де Асхат Тарғынов қазір Алматыдағы эстрада өкілдерінің ортасына түсті. Өзінің өнердегі арманына бір табан жақындап, шығармашылық өрісін дамыту үшін ізденіс үстінде. АЛМАТЫ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №418 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.