13122014

Page 4

4

www.egemen.kz

13 желтоқсан 2014 жыл

Ўлттыќ комиссия Жолдау жїгін кґтерісуге дайын (Соңы. Басы 1-бетте). «Еліміз бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құраса, əйелдер арасындағы жұмыссыздық 5,5 пайызға жетіп отыр. Бұл үлкен айырмашылық емес. Бірақ бізде үнемі ер адамдар мен əйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі арасында өзгешелік болады. Сондай-ақ, олардың жалақы деңгейі де əртүрлі», деп атап өткен Мемлекеттік хатшы əйелдердің еңбек өнімділігін арттырудың маңыздылығына да тоқталды. Еңбек шығындарының тиімділігі технологияларды жəне инновацияларды қолдану деңгейіне тікелей байланысты екенін айтқан ол инновацияларды пайдалануда қыз-келіншектерді жан-жақты қолдау керектігін баяндады. Ұлттық комиссия 2015-2020 жылдарға арналған отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық жəне рухани-адамгершілік

құндылықтарды нығайту жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды іске асырудың үйлестірушісі екенін де еске сала кетейік. Бұл бағыттағы жұмыс үш негізгі мəселе бойынша құрылмақ: отбасылық құндылықтарды нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру жəне жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Бұл орайда Мемлекеттік хатшы Жалпыұлттық жоспардың мəн-маңызын былайша тарқатып берді: «Жоспарда отбасы құндылықтарын дəріптеп, насихаттаумен қатар, оның қоғам арасында беделін көтерудің жай-жапсары жан-жақты тиянақталған. Сонымен қатар, əлеуметтік мəселелердің де оң шешіліп, адамгершілік тұрғыда рухани құндылықтардың ұлықталуына жіті көңіл бөлінген. Біз əрине, мұндай ауқымды шаралардың барлығын Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» Жолдауында атап көрсетілген бағыт-бағдарларды

жетекшілікке ала отырып, жүзеге асыратын боламыз». Комиссияның отырысы барысында оның жаңа мүшелері де таныстырылды. Олар – «Деловой мир» журналының бас редакторы Шолпан Сыздықова, Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қайраткері, əнші Қарақат Əбілдина, Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Мəдина Əбілқасымова, Сенат депутаты Михаил Бортник, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы Айгүл Мүкей. Осы жиында Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отба сылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері өз пікірлерін білдірді. Мəселен «Бауыржан» қайырымдылық қоры ның директоры Жұлдыз Омарбекова былай деді: Қорымыздың негізгі мақсаты – қоғамдағы қайырымды лық істерді дамытуға үлес

қосу. Осы мақсатта «Алтын жүрек» сыйлығын беруді дəстүрге айналдырдық. Биыл ол марапат 11 аталым бойынша сегізінші рет берілді. Соның ішінде өздеріңіз білесіздер, «Bі Group» директорлар кеңесінің төрағасы «Аналар үйі» жəне басқа да жобалары үшін сыйлықты иеленген болатын. Айтайын дегенім, біздің қайырымдылық қоры ең бірінші кезекте аналар мен балалар мəселесіне қатты көңіл бөледі. Қандай қиын жағдайда да аналар далада қалмау керек дегенді ұстанамыз. Сол үшін биыл «Үміт үйі» деген жобаны бастадық. Бұл үйлер келер жылдардан бастап еліміздің əрбір қаласында ашылатын болады. Бұл үйлерге қолында мүгедек балалары бар, жұмыс істей алмай отырған аналар сол балаларын тапсырады. Яғни, «Үміт үйі» балабақшаның қызметін көрсетеді. Ал «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Лəззат Ибрагимова болса мына мəселелерді айтты. «Статистикада бүгінгі күні кəсіпкерлікті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаның 42 пайыз қатысушысы əйелдер делінеді. Сол қыз-келіншектердің көпшілігі «Даму» қорының

Наќты шешімдер алынбаќ Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысында болды. Орал əуежайына қонғаннан кейін Үкімет басшысының орынбасары Бөрлі ауданындағы Березовка ауылына бағыт ұстап мұнда тұрғындармен, педагогикалық ұжым мүшелерімен жəне ата-аналармен кездесті. Кездесу барысында аталған ауылда балалардың улануына қатысты орын алған оқиға өзара талқылаулар мен пікір алмасулардың басты өзегіне айналды. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Бұл мəселеге қатысты Бердібек Мəшбекұлы республикалық комиссия құрылғанын мəлімдеді. Оның құрамында сарапшы мамандар мен экологтар, дəрігерлер мен кəсіподақ өкілдері бар. Оған есімі республикаға танымал азамат Ұзақбай Қарабалин жетекшілік жасайды. Премьер-Министрдің орынбасарының мəлімдеуінше, комиссия мүшелері 2015 жылдың 20 қаңтарына дейін орын алған оқиғаның себептері мен салдарларын жан-жақты əрі егжейтегжейлі анықтап, нақты шешімге келетін болады. Сонымен бірге, улану оқиғасына қатысты оған кінəлі заң дық тұлғалар тиісті

жауапкершілікке тартылмақ. Бұл іспен прокуратура органдары айналысатын болады. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев жұмыс сапары шеңберінде Бөрлі ауданындағы еңбек ұжымдарының жəне шетелдік «ҚПО б.в.» ком па ниясының жұмысшы-техник қызметкерлерімен кездесті. Мұнда еңбекті ұйымдастыруға қатысты мəселелер мен еңбек дауларын ұтымды шешудің түйінді жəйттері талқыланды. Бұл басқосуды қорытындылай келе Вице-премьер жұмыс берушілердің жауапкершілігін одан əрі көтеру жөнінде мəселе қойып, еңбекке ақы төлеу жөніндегі кей бір түсін бестіктердің сотқа дейінгі институттары мен тетіктерін

Ізгілендіру – жїйелі əрі дəйекті саясат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамтамасыз ету – 2017» атты түрме реформасының Екінші форумына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Г.Əбдіқалықова форумға қаты сушыларға арнаған сөзінде Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған кезеңнен бері қылмыстық-құқықтық қатынастарды, оның ішінде қылмыстық жазалауды орындау саласында ізгілендіру саясатын жүйелі əрі дəйекті жүргізіп келе жатқанына тоқталды. Бұл бағытта еліміздің пенитенциарлық жүйесін ізгілендіру жəне бейтараптандыру үдерісін одан əрі дамытуға бағытталған жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық жəне Қылмыстық-атқарушылық кодекстердің қабылдануы елеулі қадамға айналды. Мемлекеттік хатшы қатысушыларды алда келе жатқан Ұлттық мерекеміз – Тəуелсіздік күнімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Г.Əбдіқалықова Қа зақ стан Президентінің стратегиялық бағыты адамның толыққанды дамуы үшін барлық жағдайлар жасауға, оның құ қықтары мен бостандықтарын іске асыруға, материалдық əл-ауқатын мейлінше арттыруға бағытталғанын атап өтті. Форум барысында қатысушылар түрмеде жұмыспен қамтылғандар санын 2018 жылға қарай 75%-ға дейін арттыруды мақсат етіп отырған, Халықаралық түрме реформасы əзірлеген «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамтамасыз ету – 2017» жобасын талқылады. Жобада ұсынылған заңнаманы жетілдіру жəне еңбек қызметін ұйымдастыру тəжірибесін, түзеу мекемелерінің өндірістік базасы мен оқу жүйесін дамытуды, бизнес құрылымдарын тарту шараларын қарады. Форум аясында сотталғандарды түзеу жəне əлеуметтік бейімдеу, олардың еңбекке деген дағдыларын қалыптастыру мен ұштау мəселелері жөнінде пікір алмасылды.

орнықтыру қажеттілігін атап көр сетті. Бұған қоса ол қаз ақстандық үлес мөлшерін ұлғайту жөніндегі жұмыстардың қазіргі кездегі көкейкестілігі мен маңыздылығына тоқталды. Келесі кезекте Бердібек Сапар баев Орал қаласындағы бірқатар білім беру мен мектепке дейінгі тəрбие мекемелерінің

қызметімен танысты. Əрі жиһаз жасаумен айналысатын «Ғибадат» ЖШС жұмысына ризашылығын жеткізді. Премьер-министрдің орынбасары бұдан кейін Батыс Қазақстан облысының акти віне қатысты. Ақжайық өңірінде Елбасы тапсырмасы мен мем лекеттік бағдарламалар уақы тында əрі

кепілдігімен несиелер алып отыр. Олар «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын белсенді түрде насихаттау үстінде. Осы əйелдер құрған түрлі деңгейдегі компанияларда жаңадан жұмыс орындары ашылып жатқанын да айтып өтуіміз керек. Біз негізінен өңдеу өнеркəсібіне, соның ішінде тамақ өнеркəсібіне аса маңыз беріп отырмыз. Өйткені кəсіпкер əйелдердің көпшілігі, яғни, 70 пайызға жуығы білім беру саласында жұмыс істесе, медицинада жеке клиникалар ашып отырғандардың да үштен екісі нəзік жандылар. Сондай-ақ, құрылыс компанияларында да басшы əйелдер көп. Сол үшін ендігі кезекте тамақ өнеркəсібінде əйелдердің көбеюіне назар аударамыз. Жеке кафелер мен ресторандар желісін ашқысы келетін, нан цехтары мен түрлі кондитерлік цехтарын ашқысы келетін əйелдерге көбірек қолдау көрсетіледі». Ұлттық комиссияның əр бір отырыстарында осындай мəселелерге жіті көңіл бөлініп жүр. Бұл жолы да қоғамдағы өзекті мəселелердің шешімін табуға бағытталған ұсыныстар көп айтылды.

жүйелі түрде іске асып келеді. Бұл жөнінде жұмыс тобы мүшелері көрген-білгендері мен ұққантүйгендерін ортаға салды. Атап айтқанда, бағдарламалардың іске асу барысы жөнінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Білім беру жəне ғылым министрі Асылан Сəрінжіпов айтып берді. Активте сөйлеген сөзінің қорытындысында Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан облысындағы экономикалық дамудың деңгейін оң бағалады. Əрі өңірде жұмыссыздықпен күрес көрсеткіші республикалық орташа мөлшерден едəуір төмен екені жөніндегі деректі алға тартты. Сонымен бірге, аймақта шағын жəне орташа бизнестің даму үдерісі де көңілге қонады. Аз қамтылған отбасылар саны жылдан-жылға кеміп келеді. Осы жағымды жəйттердің бəрі мемлекеттік бағдарламаларды орындау кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың сергек көзқарасының нəтижесі деп түйін жасады, активте Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев. Батыс Қазақстан облысы. ––––––––––––––

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Наградаларыѕыз ќўтты болсын, отандастар! (Соңы. Басы 1-бетте). ІІ дəрежелі «Барыс» орденімен – Маңғыстау облысының əкімі А.С.Айдарбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы А.А.Бисембаев, «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия жəне трансплантология орталығы» ЖШС директоры С.Жошыбаев, М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі Е.Н.Обаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Қ.С.Сұлтанов жəне т.б., ІІІ дəрежелі «Барыс» орденімен – Қазақ агроөнеркəсіп кешені экономикасы жəне ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Ғ.Ə.Қалиев, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Экономика институтының бас ғылыми қызметкері А.Қошанов, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Р.Сыздық марапатталды. «Парасат» орденіне кинорежиссер С.Ж.Əзімов, жазушылар Ə.Асқаров пен М.Байғұт, Жамбыл облысы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС директоры Х.Б.Базаралиев, Алматы облысының əкімі А.Ғ.Баталов, композитор К.Дүйсекеев, суретші-гобеленші Б.Е.Зəуірбекова, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры И.Б.Лебедев, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Т.А.Мамашев, «Алтын-Диірмен» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ə.Б.Маралов жəне басқалар ие болды. М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі А.Əшімов жəне А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Ə.Т.Қайдар І дəрежелі «Достық» орденінің иегерлері атанды. ІІ дəрежелі «Достық» орденімен марапатталғандар қатарында жазушылар Г.К.Бельгер мен Д.Исабеков, «Днепро» украин мəдени орталығының төрағасы Ф.Л.Клименко, «Невада – Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысы Қарағанды филиалының төрағасы М.Х.Хамиев бар. Бір топ белгілі ғалымдар мен мəдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі «Құрмет» орденімен атап өтілді, олардың арасында «Гүлдер» мемлекеттік эстрадалық-би ансамблінің əншісі Ф.Абаханова, Павлодар облысы «Табыс» шаруа қожалығының басшысы М.Қ.Алғамбаров, Қостанай облысы «Милх» ЖШС бас директоры С.И.Блок, «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ Ақтөбе протездік шеберханасының шебері В.И.Верховодов, Астана қаласы «№ 2 қалалық аурухана» МКК бас дəрігері М.Ə.Жантұрғанов, «Қазақ əдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары Е.Жаппасұлы, «Қазақ спорт жəне туризм академиясы» АҚ президенті Қ.Қ.Закирьянов, Өскемен қаласы «Востокмашзавод» АҚ құйма өндірісінің бастығы С.В.Зудов, ақындар Н.Исабаев пен С.Қали, «Фолиант» баспасы» ЖШС директоры Н.С.Исабеков, Қарағанды қаласы «Көз микрохирургиясы орталығы» ЖШС директоры В.У.Ким, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ жүк тиеу-түсіру кешенінің шебері Ш.И.Мусаев, Ақтөбе облысының əкімі А.Б.Мұхамбетов, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қ.Наурызбаев, Ақмола облысы «Астана Агропродукт» ЖШС директоры С.Ж.Рахымбаев, Алматы қаласы «Масло-Дел» АҚ бас директоры П.Г.Селиванов, эстрада əншісі Г.Тергеубекова, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті М.Б.Тілеубаев бар. Əскери жəне қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін əскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І жəне ІІ дəрежелі «Даңқ» ордендерімен, ІІ жəне ІІІ дəрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» жəне «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мəдениет жəне əлеуметтік саланың 48 көрнекті өкіліне берілді, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 306 адам ие болды. Наградталғандардың тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.

Тəуелсіздік тарихы туралы кґптомдыќ Кеше «Нұр Отан» партиясының жəне «ERG Көмек» қайырымдылық қорының көмегімен еліміз Тəуелсіздігінің 23 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы.Тəуелсіздік шежіресі» жобасымен жарық көрген дерекнамалық 50 томдық кітаптың тұсаукесері болды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылы бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесуінде тілдің мəртебесін, ұлттың рухын көтеретін мəселелерге ерекше назар аударып: «Біздің алдымыздағы үлкен міндеттің бірі – тəуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу», деген болатын. Осы Елбасының ойынан бастау алған бұл еңбектер сол жылдан бері жарық көріп келеді. «Қазақстан Республикасы.Тəуелсіздік шежіресі» кітаптары – тəуелсіз еліміздің жаңа тарихымен бірге, Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы, саясат пен экономикадағы, жаһандық ахуалды талдаудағы алатын орнын, халық алдындағы тари хи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, қажырлы қайраткерлігін ашып көрсететін көптомдық шығарма. Жобаның авторы – мемлекет жəне қоғам қайраткері Мыр затай Жолдасбеков, ғылыми кеңесшісі – саяси ғылымдар докторы Махмұт Қасымбеков, жалпы редакциясын басқарған – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов. Тұсаукесерде Мырзатай Жолдасбеков: «Қазақ халқы бағзы замандардан бері ешқайдан көшіп келген жоқ, ығысып көшіп кеткен де жоқ. Көшсе, амалсыздан бірлі-жарым ел көшті. Ар жағын қайдам, бірақ сақ заманынан бері өркен жайып, өсіп-жетіліп келе жатқан байырғы халықпыз. Біздің халықтың байырғы мəдениеті, тарихы, дəстүрі мен атасалты бар. Əбден қалыптасқан елдігі

бар қазақпыз. Əулиебұлақтың басында, қасиетті Ұлытаудың етегінде жайғасып отырып, қазаққа арнайы арнаған сұхбатында Елбасы тебіреніп отырып осының барлығын айтқан болатын. Елбасы айтқандай, біздің Отанымыздың тарихын жастар білулері керек. Біз жастардың санасына тарихты сіңірмесек, онда патриот ұрпақ тəрбиелей алмаймыз», – деді. Сондай-ақ, ол 2008 жылы Президенттік мəдениет орталығының директоры болып тұрған кезінде екі жылдай жұмыс істеп, сол орталыққа Елбасын шақырғанын айтты. Мақсаты – жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, атқарылған істерді көрсету болғанын жеткізді. «Нұрекең сол жолы уақытын бөліп, арнайы келіп, атқарылған шаруаларға жақсы көзқарасын білдірген еді. Сол орайда мен көкейде жүрген қазақ халқының тарихы жазылмағандығы туралы ойымды жеткіздім. Расында, біздің тарих жазылмады, жазылғанмен оны өзгелер бұрмалап жазды. Тоталитарлық режім тұсында табанға тапталды, хандарымыз бен бектеріміз əбден əжуаланды, кейін, яғни Кеңес өкіметі кезінде біздің тарих саясатқа айналды. Сол тарих қайта жазыла ма, жазылмай қала ма, оны келешек көрсетеді. Бірақ, Нұрекеңе, Сіз өз қолыңызбен құрған, өзіңіз шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен, əлемге мойындатқан тəуелсіз қазақтың шежіресін жасауымыз керек, деген болатынмын. Нұрекең қолдап, ісіме сəттілік тілеп еді. Алғашқы 14 томдығы шыққан кезде ол кісінің қолына табыстадым. Сол тұста бұл кітапты Елбасы Мəулен Əшімбаевқа тапсырып, халыққа таныстыруын жүктеген болатын. Міне, Құдайға тəубе! Бүгін 50 томдығын таныстырып

отырмыз», – деді М.Жолдасбеков. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек

өз сөзінде алда келе жатқан ұлы мереке – тəуелсіздігіміздің қарсаңында таныс тырылып отырған бұл кітап

біздің халық үшін құнды дүние болып табылатынын атап көрсете келіп: «Елбасы саясатының арқасында керемет өмір сүріп жатқан жастар тарихты білуі тиіс. Қазіргі жастардың заманға сай көп тілді меңгеріп, жаһандану ғасырында көп саладан хабары болып жатқандары көңіл қуантады. Дегенмен, қарап отырсақ, өз ұлтының тарихын білмейтін жастар көп екен. Қазір олар интернеттегі қысқа ақпараттарды оқуға дағдыланып алған. Бұл дұрыс емес, кітаптың орны бөлек. Елбасымыз айтқандай, болашақта Интернет оқыған жастарды кітап оқығандар билейді. Сол себептен, біздің тамыры терең тарихымыз, елдігіміз жайлы ақпар беретін, маңызды құжаттардан құралған бұл кітаптың жарыққа шығуы баршамызға үлкен қуаныш», – деді. «Елбасы бір сөзінде: «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ, қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау – менің президенттік те, перзенттік парызым», деген болатын, – деп бастады сөзін Ерлан Сыдықов. – Əрине, Елбасының қызметі ел алдында орайымен бағаланып жатса нұр үстіне нұр. Аталған кітаптың шығуына атсалысқан, ерен еңбек еткен Мырзатай Жолдасбеков ағамыз «Қазақстан Республикасы.Тəуелсіздік шежіресі» атты көптомдық еңбекті жыл сайын десте-десте етіп шығарып отыр», – дей келіп, аталған Тəуелсіздік жылнамасын егеменді жылдардың ғана тарихы емес, Қазақ елінің сан ғасырлық тарихын тəуелсіздік құндылығымен байыптаудың жолы деп білуіміз керек екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, ол бұл жинақты əлемге танылу мен əлемді танудың жаңашыл соқпағын меңзейтін жинақ деп бағалайтынын жеткізді. «Бұл көптомдық, сонымен қатар, адамның заман мен уақытқа қарап өзөзін тануы мен адами бəсекеге өзін өзі тəрбиелеуге ықпал ететін жинақ. Бұл еңбек елі сыйлап, таңдаған көшбасшы мен жалпы Елбасыға сенген елдің есебі деп білуіміз керек». АСТАНА.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.