13062014

Page 6

6 Серебрянск қаласында бейоргани калық өндіріс зауыты бар. Тыныс алу жолдарын қорғауға арналған өндірістік фильтр мен тұрмыстық түрлі пластмасса өнімдерін шығарады. Осы салаға бағытталған еліміздегі бірден-бір зауыт. Солай болса-дағы қазіргі халі мүшкіл. Банкротқа дейінгі айналымында 1 миллиард теңге болса, бүгінгі қоржыны 20 миллион теңгеден əрең асады. Шаң мен химиялық қалдықтарға қарсы респираторлар мен түрлі

www.egemen.kz

13 маусым 2014 жыл

екеуі бұзылып, үшеуі коммуналдық меншікке берілмек. Өңірлік даму министрі мұндай санаттағы үйлерді пайдалануға берген кезде мəселе туындамау үшін алдын ала заңнамалық тұрғыдан жіті саралау жұмыстары жүргізілуі керектігін айтты. Болат Жəмішев бұдан кейін Зырян қаласындағы аудандық қазандық жұмысымен танысты. «Орталық жылу» ММ директоры Николай Рыльскийдің айтуынша, жылу беру мекемесінің энергияға

технологиялық талаптарға сəйкес тұрғызылуда. Былтыр 291 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, биыл 301 мың шаршы метр баспана беру жоспарланып отыр. Қаланың

Серебрянск зауытына сїйеніш ќажет

«Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

жұмсайтын шығыны тым көп. Электр қуатының қымбаттауымен бірге қарыз да өсе түскен. Өткен жылы 70 миллион теңгеден астам берешек болған мекеме басшысы тығырықтан шығудың жолын жеткізді. Осыдан үш жыл бұрын жобаланған турбогенератор орнатылса, 6 МВт-ға дейін арзан энергия өндіруге болады. Ал кəсіпорынның қажеттілігі – 3 МВт. Соңғы екі жылда жобаны жүзеге асыруға 1,4 миллиард теңге бөлінген. Жобаны аяқтауға тағы 1 миллиардқа жуық қаржы қажет. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сонымен бірге, Зырян қаласын да моноқалаларды дамыту бағдарламасы негізінде жылу желілері жөндеуден өткізілуде. Қалада бүгінге дейін 9 шақырым жылу трассасы салынып, Каюпов көшесінде тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы екі қабатты үйлердің шатырын ауыстыру жұмыстары басталған екен. Аудан əкімі Ермек Сəлімов қазіргі кезде үйлерінің қасбетін жаңғыртуға ниет білдірушілердің көптігін айтты. Олардан барлығы 21 өтініш түскен. Алайда, əзірге он үйге ғана қаржы бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар қарыздың 30 пайызын қайтарып, жоспарды уақытынан бұрын орындап келеді. Өңірлік даму министрі жұмыс сапары аясында Өскемендегі тұрғын үй құрылысы барысымен танысты. Облыс орталығындағы 19 шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үйлер заманауи

Облыс орталығындағы «Павлодар Технопарк» жəне «Дафа» ЖШС-лері отандық өнім, қазақстандық үлес деген шақыруларға үн қосып, коммуналдық шаруашылық саласына жəне ауылшаруашылық жұмыстарына керекті техникалар жасап шығаруда. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Мысалы, «Павлодар Технопарк» ЖШС болса, ауыл шаруашылығына қажетті, науқандық жұмыстарға арналған түрлі техникалар жасайды. Жəне де ескі техникаларға жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ал, біз арнайы көруге келген қала шетіндегі «Дафа» серіктестігі ауыл шаруашылығы мен коммуналдық салаларға қажетті құрал-саймандар шығарады. Бірнеше цехтардан тұратын кəсіпорында МТЗ маркалы тракторларға арнап құрастырылатын тіркемелі тырнауыштар, шөп маялағыштар, трактор шөміштерінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында пайдаланылатын көше тазалағыш құралдардың түртүрі жасалады. Бəрі де арнайы киімде, қорғаныш қалпақтарын киген. Бір шетте дəнекерлеушілер, енді бір цехта станоктар дамылсыз жұмыс істеуде. Цех ішінен біз жаңа ғана жасалып шыққан қар күрейтін құрылғыны көрдік. Жергілікті жерден шыққан дайын құрал біздің көз алдымызда жасыл түске боялып жарқырап шыға келді. Трактордың алдына осы құрылғыны орнатып алып, қыста қар басқан ауылдың көшелерін тазалап шыға аласыз. Кəсіпорын директоры Қайырбек Селикановтың айтуынша,

келеді десек те... Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

Думан АНАШ,

фильтрлер, тұрмыстық өнімдер өндіретін кəсіпорын бір кездері стратегиялық маңызы жоғары жабық зауыт болып дүрілдегені бар. Бүгінде алып ғимараттың біраз бөлігі бос тұр. Десе де облыс əкімдігінің қолдауымен кəсіпорындағы екі цехта 100-ден астам адам жұмыспен қамтылып, қызметін тоқтатпай келеді. №1 цех жетекшісі Александр Самойлевтің айтуынша, цехта жыл сайын 20 миллион дана респиратор өндіруге мүмкіндік бар. «Қазақмыс», «Қазцинк», «ҮМЗ», «Арселор Миттал», «Қазақстан алюминий зауыты» сияқты ірі кəсіпорындардан тұрақты түрде тапсырыс алып келген зауыттың толық қуатында жұмыс істеуі үшін Үкімет тарапынан тегеурінді көмек қажет. Бас инженер Валерий Наумев зауыт ұжымының банкроттық түйткілдер мəселесінің тезірек шешімін тауып, кəсіпорынға іскер басшылықтың келуін қалап отырғанын айтады. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев осы зауыттың хал-ахуалымен танысты. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев министр назарын зауыттың коммерциялық компаниялармен бірге мемлекеттік тапсырысқа да жұмыс істеуі қажеттігіне аударды. Бүгінде нысанның «Қазақстан Инжиринг» компаниясының қарауына өту үдерісі жүруде. – Негізгі мəселе бюрократиялық кедергілер болып отыр. Сондайақ, Көкшетауда тура осындай зауыт салу ұсынылуда. Егер дайын кəсіпорын болып, оны қаржыландыру мəселесі ғана шешімін күтіп тұрса, жаңа зауыт салудың қажеті қанша? – деді өңір басшысы. Б.Жəмішев Үкімет қабырғасында банкроттық жөніндегі қаулыны жылжытуға қол ұшын созатынын, серебрянскілік зауыттың ағымдағы мəселесі шешілетінін жеткізді. Өңірдегі моноқалалардың мəселесімен танысуға келген министрге Серебрянск əкімі Сергей Гор диенко жылу жүйесімен қамтамасыз етуге биыл 520 миллион теңге бөлінгенін, осы арқылы қаланың 60 пайызында жылу желісі жүргізілетінін жеткізді. Ал бос қалған үйлер саны – бесеу. Оның

ҮКІМЕТ Жолдар жаєдайы жаќсарып

ҮКІМЕТ

оңтүстік-батысындағы жаңа ауданда қосымша көлік магистралі салынып, қаламен жалғайтын болады. Бұл Сəтбаев даңғылындағы көлік қысымын азайтуға септігін тигізеді. Бүгінде шағын ауданда инженерлік желілер тартылып, 11 тұрғын үй тұрғызылған, тағы 27 нысан салынуда. Оның ішінде 15 үй биыл берілмек. Аталған аумақта орналасқан мектеп пен қан орталығы да ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Өңір басшысы тұрғын үй құрылысын кеңейтуге барлық бағдарламалардың мүмкіндігі пайдаланылғанын жеткізді. Нəти жесінде, Күленов шағын ауданында көпқабатты 23 үй, моноқалаларды дамыту бойынша Зырян, Риддер, Курчатов, Серебрянск қалаларында жəне «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша барлық аудан орталықтарында тұрғын үй құрылысы қызу жүргізіліп, алды пайдалануға берілген. Құрылыс Семей қаласында да қарқын алуда. Бұдан кейін өткен облыстың əлеуметтік-экономикалық даму мəселелері жөніндегі жиында министр Семей қаласын жылу жəне сумен қамтамасыз етуді жаңғырту, моноқалалардағы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бағдарламалары қолға алынатынын атап өтті. Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы. Суретті түсірген Сергей СУРОВ.

Өңірлерді байланыстыратын күрежолың да, ауыл-ауылға қатынайтын қара жолдың да жайлы болғаны қандай жақсы. Жол өмірдің күретамыры іспетті. Бұдан бірнеше жыл бұрын жалпы автокөлік жолының қинайтыны жасырын емес-ті. Əйтеке би мен Ырғыз аудандарына жеңіл машинаман 8-10 сағат жүріп барған кез де есте. Кейін Ақтөбеден Қостанай шекарасына жететін жол салынып, жол бойындағы халық бір жарылқап қалды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің 628 шақырымы өтетін облыста осы жоба бірден қарқын алып кетуі басқа өңірлерге қарағанда бірінші болып аяқтауға мүмкіндік берді. Сөйтіп күрежолдың ұзындығы арта түсті. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзитті көлік дəлізі Ақтөбе теліміне барлығы 47,1 млрд. теңге инвестиция салыныпты. 2011 жылдың қазан айында Ақтөбе облысында ұзындығы 215 шақырым болатын «Қарабұтақ – Қызылорда облысының шекарасы» автожолының телімі аяқталса, былтыр ұзындығы 102 шақырым «Ақтөбе – Мəртөк – Ресей Федерациясы шекарасы» автомобиль жолы пайдалануға берілді. Сонымен бірге, қаланың солтүстік айналма жолы құрылысы да іске қосылды. Бұл өңірдегі автокөлік қозғалысына, жолаушыларға біраз қолайлы болғаны да рас. Дегенмен əлі де жолдың жайы мəз емес екені белгілі. Өңірдегі жолдың бүгінгі жай-күйін білмек үшін республикалық маңыздағы жолдар құзырына қарайтын «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетовті сөзге тартқан едік. – Біздің филиалға республикалық маңыздағы 1892 шақырым жол қарайды. Оның ең күрделісі «Самара – Шымкент» қатты жамылғылы жолы. Оның жартысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізіне кіреді. 446 шақырым «Ақтөбе – Қостанай»

шекарасына дейінгі жол 2003 жылы басталып, 2006 жылы пайдалануға берілді. Былтыр «Ақтөбе – Мəртөк» жолы іске қосылғанын білесіздер. «Биыл Самара – Шымкент» жолының 33 шақырымы қалып тұр. Оны да үстіміздегі жылдың соңына дейін іске қосамыз деп отырмыз. Қазір осы жол телімінде қатты жамылғы төсеу жұмыстарын мердігер кəсіпорын қарқынды жүргізуде. Сонда Қобда жақтан қалаға кіретін жолға түгелдей асфальт төселіп бітеді, – дейді ол. Ақтөбеліктерді ғана емес, алыс-жақыннан келетін жолаушыларды қинап тұрған əзірге 319 шақырым «Ақтөбе – Астарахань» бағытындағы тас жол екен. Бұл жол 1967-1970 жылдары қолға іліккен материалдардан, мұнайдан алынатын кирдан, тастан салынғандықтан сапасы сын көтермейді. Содан бері жөндеу де көрмеген. Бұл жолда жүрудің өзі қауіп, ойық-ойық, үлкен салмақты автокөліктердің əсерінен жол ортасына жинақталып қалған үйінділер машинаның астын қағады. – Бізге қарайтын осынша жолдың 60 пайызын жақсы, қанағаттанарлық дəрежеде болса, 40 пайызы нашар. Біздің министрлік те, «Қазавтожол» ҰК» АҚ-та, облыс əкімдігі де қарап жатқан жоқ. Бұл бағытта ізденістер жасауда. Құдай қаласа, биыл «Ақтөбе – Астрахань» бағытындағы жолдың техникалықэкономикалық негіздемесін жасауға күш салып жатырмыз. Келесі жылы бұл жобаға да кірісіп қалармыз, – дейді Бағлан Əуелбекұлы. Оның айтуынша, республикалық маңыздағы жолдарды күтіп-ұстауға енді-енді қаржы молырақ бөліне бастапты. Бұрын жоспарлы жұмыстың бірін істеп, бірін істей алмай, қайсыбірін шала-шарпы атқарып келсе, енді еркінірек қимылдауға мүмкіндік туа бастаған. Қазір қаржыландыру 2,5 есеге дейін көтерілген. Сондықтан болар, жол пайдалану учаскелерінің ғимараттарын жөндеуге, оларға газ, су, кіргізуге кірісіпті. Бұдан басқа облыста жергілікті маңыздағы 4700 шақырым жолдың 44 пайызы ғана жақсы,

қанағаттанарлыққа жатады. Жылына 55 шақырымға жуығы ғана күрделі жөнделеді. Соңғы жылдары жергілікті жолдарды ұстауға, күрделі жөндеуге де қаржы көбірек бөліне бастаған. Былтыр осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге қаралса, биыл 211 миллион теңге бөлініпті. Мамандардың мəлімдеуінше, бұрынғы жылдарға қарағанда бұл жақсы көрсеткіш көрінеді. Жергілікті бағыныстағы «Покровка – Темір – Кеңқияқ – Ембі» жолының тозығы жеткен. Бұл жолмен автокөліктердің жүруінің өзі азап. Тұрғындар тарапынан орынды реніштер де айтылып келеді. Дегенмен, биыл осы жолдың 78 шақырымы күрделі жөнделе бастағаны дəтке қуат, əйтеуір. – Жаңа жоғарыда айтылғанындай, соңғы үш жылда қаржыландыруда ілгері басушылық бар. Бұл азапты жолдан құтылатын кез де қашық емес. Биыл осы жолдың 60 шақырымын жөндеудің техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы бөлінді. Жалпы, биыл 2014-2020 жылдары көліктік инфрақұрылымды дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, осы бағдарлама аясында бізге республикалық жəне жергілікті бюджеттен 7 миллиард теңге қаралды. Біз қазір Ақтөбе қаласының агломерациясына кіретін елді мекендердің тізімін алып жатырмыз, содан кейін оларға баратын жолдарды күрделі жөндеудің жобалық-сметалық негіздемесін жасауға кірісеміз, – дейді Облыстық жолаушы жəне автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы Асқар Есжанов. Облыстағы ең маңызды мəселе жол екені сөзсіз. Қаншама қаржы салынып, жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылғанымен əлі шешілмеген проблемалар бар екені жоғарыда айтылды. Əлі де жолдың айналасында айтылар əңгіме аз болмаса керек. Сондықтан жол мəселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ақтөбе облысы.

Кəсіпкерлікке кеѕ мїмкіндік Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Түрлі сала бойынша кəсібін нəсібіне айналдырған бизнесмендер жұмысын жан-жақты талқылау мақсатында Талдықорғанда Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзах метов пен Алматы облысы əкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің қатысуымен жиын болып өтті. Онда Елбасы талабына сəйкес, тек шикізат өндірумен шектеліп қалмай өндіріс орындарын өркен дету, ауылшаруашылық құрылымдарын дамыту, жалпы

кəсіпкерлерге қолдау көрсету секілді бүгінгі күннің өзекті мəселері ашық айтылды. Ұтымды ой, құнды пікір ортаға салынып, сарапталды. «Жалпы, Жетісу жерінде де кəсіпкерлікке кең жол ашылған. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысына 7,9 млрд. теңге бөлінген еді. Осы қаражатты игеру барысында 8 мың жұмыс орны сақталып, қосымша 1300 адам жұмысқа алынды. 3 жобаны жүзеге асыру барысында бюджеттен бөлінген 93,8 млн. теңге толығымен игеріліп, 3 мың кəсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіліп 8 млрд. теңге бөлінгені

тағы бар», деді Алматы облыстық кəсіпкерлер палатасының директоры Лəззат Шыңғысбаева. Негізі аграрлы облыс болғандықтан Жетісу жерінде ауыл шаруашылығы саласы өте жақсы дамыған. Уақыт талабына сай көкөністерді тоқтаусыз өсіруге арналған жылыжайлар жеткілікті. Осындай артықшылықтары болғандықтан кəсіпкерлер өндірген өнімдерінің 80 пайызын экспортқа шығару мүмкіндігіне ие болып отыр. Əрине бұл ретте кəсіпкерлер палатасының заңнама шеңберінде атқарып отырған жұмысын ерекше атап өту керек. Келелі жиында Ұлттық кəсіпкерлер палатасы тарапынан жер-жерде қордаланып

қалған проблемаларды шешудің екі тəсілі ортаға салынды. Біріншіден, 20 жылдан бері өзіндік жемісін беріп келе жатқан түрік тəжірибесі бойынша арнайы қор құру, екіншіден, несиелік серіктестіктің белсенділігін арттырып дамыту керек. Сонымен қатар Абылай Мырзахметов аймақ бизнесмендеріне мемлекеттік билікпен қарым-қатынасты нығайтып, облыстық əкімдікпен бірлесе жиындар өткізіп отыру жөнінде кеңес берді. Қорыта айтқанда, бұл басқосуға қатысқандар өзіндік ой түйіп қайтты. Алматы облысы.

Ќўралдар ґзімізде жасалады бұл құралдарды, техника түрлерін жасау үшін бөлшек темірлерін Қарағандыдан, Ресейден əкелгенімен қазақстандық үлес салмағы басым. – «Дафа» жасайтын ауыл шаруашылығына арналған техникалық құралдар өзіндік сызба жұмыстарымен, үлкен жобалармен жасалады. Арнайы рұхсатымыз да бар. Біздің жұмысшыларымыз тек сапалы өнім деген ұранмен еңбек етеді. Кəсіпорынның тəртібі, талабы сондай. Еңбекақылары жақсы, уақтылы алады. Өзіңіз де көрдіңіз ғой жігіттерді, бəрі де өз ісінің шеберлері, – дейді Қайырбек Құсанұлы. Ал, біздің бір байқағанымыз, кəсіпорын ұжымының басшыларына деген ерекше сыйластықтары, ілтипаттары болды. Қарапайым, сабырлы, жұмсақ мінезді Қайырбек Құсанұлы үнемі жұмысшылармен цех ішінде, бірге араласып, ақылдасып жүретін көрінеді. Зейнет жасына жетсе де, өзі құрған, өзі ойлап тапқан құрал-жабдықтарын, орысқазақ араласқан тату-тəтті еңбек ұжымын тастап кеткісі жоқ. Серіктестікте 37 адам еңбек етуде. Жылына 150 миллион теңгенің өнімдерін шығарады. Соңғы жылдары еліміздегі жəне

жергілікті жердегі ауылшаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Дафаның» құрал-саймандарын лизинг жүйесі арқылы сатып алуда. Əрине, ауыл шаруашылығына қажетті мұндай құрал-жабдықтарға сұраныстың болатынын айтпай-ақ түсінікті. Алдағы жылы «Дафа» Ресей нарығына шығуды жоспарлап отыр. – Қазір кəсіпкерге қолдау көрсетуді ойластырудамыз. Кəсіпорынның өндірістік талаптарына сай келетін нысан қажет, –дейді облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əшімбетов. Екінші бір ұсыныс, «Дафа» жекемен шіктің қолындағы өндірістік алаңды сатып алу үшін «Павлодар» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясымен мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде бірлескен кəсіпорын құру арқылы ғимаратты сатып ала алады. Кейін кəсіпкер ƏКК-ден үлесін біртіндеп сатып алу арқылы кəсіпорынды өз меншігіне қайтарады. Бұл күндері Беларусьтің тракторлары арнайы күрегіш бульдозерлер, шөп маялағыштар, крандар, жүк көтергіштер, сабан, шөп көтеретін құрылғылар шығарылады. Əрине, ауылдықтар, шаруа қожалықтарының

бəрінің мұндай əмбебап тракторды сатып алуға мүмкіндіктері жете қоймайды. Сондықтан, өнертапқыш кəсіпкер Селиканов «Беларусь» тракторына орнататын ауылшаруашылық құрылғыларын ойлап тапқан. Сөйтіп, Селикановтың ойлап тапқан «Дафасы» «Самұрық-Қазына» АҚ-та еліміздегі жалғыз құрастырмалы отандық тауар шығарушы ретінде тіркеуде тұр. Қазір «Дафамен» «ҚазАгроҚаржы»АҚ,

«АгроТехЦентр-Гарант», «Ақжол-Агро Бизнес», «СемАЗ», «АгроМашХолдинг», «Диқан» сияқты көптеген серіктестіктер жұмыс жасауда. Биыл жүзге жуық құрастырмалы құрылғылар жасалады. Кəсіпорынның алдағы жоспарында өндірісті кеңейтіп, Кеден одағы аясында ресейлік «Спецоборудование-2» ЖШС кəсіпорнымен бірлесіп ауыл шаруашылығына арналған техникалар шығаруды жалғастыру болып отыр.

– Біздің «Дафа» елімізде өтетін көптеген көрмелерге қатысады. Көрмеге апарған құрал-жабдық, құрылғыларымыз түгелдей сатылып кетеді. Отандық өнімнің көзге жарқырап көрініп тұрған сапасы, қажеттілігі, жетістігі, жеңісі деген осы. Арқалап қайтадан алып келген күніміз болған емес, – дейді «Көшбасшы өндірісші» атағы бар Қайырбек Селиканов. ПАВЛОДАР.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары:

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ішкі істер министрлігі Қорғаныс министрлігі Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Көлік және коммуникация министрлігі

www.government.kz www.mvd.kz www.mod.gov.kz www.eco.gov.kz www.edu.gov.kz www.mfa.gov.kz www.mz.gov.kz www.mtc.gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігі Әділет министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

www.enbek.gov.kz www.minfin.kz www.adilet.gov.kz www.emer.gov.kz www.mki.gov.kz www.mgov.kz www.minplan.kz

Мұнай және газ министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Статистика агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

www.mgm.gov.kz

www.mint.gov.kz www.stat.gov.kz

www.sport.gov.kz


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.