12122013

Page 7

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

 Замана зиялылар зердесінде

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Академик Єарифолла ЕСІМ:

Меніѕ жолым – Абай жолы Өткен жылы туған жері Аққулыда хакім Абайдың келісті ескерткішін тұрғызуға бірден-бір себепші болған, енді Күшікбай бекет-бұлағының басында кемеңгер Əуезовтің «Қорғансыздың күні» атты өлмес, өшпес туындысындағы ғазиз жанды Ғазизаға ескерткіш орнату жөнінде бастама көтеріп отырған академик Ғарифолла Есім жақында еліміздің шығыс өңіріне келіп кеткен. Соған орай белгілі жазушы-ғалыммен сұхбаттасқан едік. – Қадірлі Ғареке, сіздің данышпандар тақырыбына байланысты өнімді еңбек етіп келе жатқаныңызды зиялы қауым да, былайғы жұртшылық та жақсы біледі. Солай дей тұрғанмен, бүгінге дейін не тындырғаныңызды қысқаша айтып өтсеңіз... – Хакім Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында «Хакім Абай» деген кітабым жарыққа шыққан еді. Содан беріде сол еңбегім орыс, түрік, ағылшын тілдерінде де жарық көрді. Ал бас ақынымыздың басты шəкірті Шəкəрім қажының 150 жылдық тойы қарсаңында «Данышпан Шəкəрім» жəне «Мудрость Шакарима» деген атпен екі тілде жарық көрген туындыларым жоғарыдағы еңбегімнің заңды жалғасы деп білемін. Солардың қай-қайсысының болмасын орысша аудармасын өзім жасадым. Ондағы мақсатым асыл құндылықтарымызды ең алдымен орыс тілді қандастарымызға да жеткізу еді. Сол мақсатым дұрыс болды ма деймін. Соның айғағындай əлгі орыс тілді бауырларымның: «Сіздің ұлылар туралы еңбектеріңізді оқыған соң енді олардың түпнұсқасын оқуға ден қойып отырмыз» деген мағынадағы жүрекжарды сөздерін естіп қалып жүрмін. Сондықтан оларды сендер тіл білмейсіңдер деп сыртқа тебе бергеннен гөрі осылайша бауырымызға тарта білуіміз керек деп білемін. – Енді не тындыра алмадым, нендей шаруаны атқаруға үлгере алмай жатырмын дегенге келсек... – Абай, Шəкəрім, Мұхтар сынды алыптар бірін-бірі толықтырып тұрған данышпандар екендігіне кімнің дауы бар! Сондықтан оларды бірінен-бірін бөліп қарастыруға болмайды. Осы мақсатпен «Кемеңгер Əуезов» деген атпен трилогияның үшінші кітабын жазуды қолға алғаныма көп болды. Бірақ, шындығын айтайын, осы еңбегімнің нүктесі қойылмай созылып барады. Бұл еңбегімді де қазақ, орыс тілдерінде қатар шығарсам деймін. – Бұл еңбегімнің нүктесі қойылмай созылып барады дедіңіз. Соның себебін білуге бола ма? – Əуезов шын мəнісінде кемеңгер жазушы. «Еңлік-Кебек» трагедиясы мен «Қорғансыздың күні» хикаясын небəрі жиырма жасында жазды. Оның кемеңгерлігі сол, осы хикаясында қазақ қызын идея ретінде көтеріп, қорғансызға қорған болайық деген де, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп «қалың қазағына» сөзімен өнеге көрсетіп, жол нұсқаған да осы жас Мұхтар болатын. Ертеде Мұхаңның жақсы мағынада «жанторсығы» атанған шəкірті, біздің ұстазымыз Қайым Мұхамедханов «Ғазизаның басы көтерілмей қалып барады» деген сөзді əлсін-əлі қайталап айтып қалатын-ды. Ұстазымның Ғазиза Мұхаңның жиені болатын деген сөзі де есте қалып қойыпты. Жас кезімізде сол сөздің бəріне соншалықты мəн бере қоймаппыз-ау! Қазір Күшікбай бекетбұлағына иелік етіп отырған арқалы əнші Амангелді Жікеновтің əжесі де «Ғазизаны көзім көрді, бойшаң еді, əдемі еді, моласы ескерусіз қалып барады» дейді екен. Демек, Ғазиза тəні де, жаны да сұлу жаратылған ару жан болған ғой. Жанынан арын жоғары қоя білгендігі өз алдына. Міне, жас Мұхтар осындай пəк жанға қарасөзбен ескерткіш тұрғызып, баршамызды əйел затын ардақтауға үндеуі кемеңгерлік емей немене! Ал бұл мəңгілігіміздің мəңгілік тақырыбы емес пе! – Сонымен, осы сапарда не тындырылғанын оқырманға өз аузыңыздан айтып берсеңіз... – Семейге жиі келіп тұрамын. Осы жаққа көктемде келген бір сапарымызда

7

ғазиз жанды Ғазизаның мəңгілікке тыныстап жатқан жерін анықтап кеткен едік. Бұл шаруада бізге осы елдің тумасы Амангелді Жікенов көп көмек көрсетті. Ал осы жолы Шаған Жұмақсанов, Мақсат Жарылғасин сынды жергілікті азаматтардың көмегімен Ғазизаның басына жəне болашақта оған ескерткіш орнатылатын Күшікбай бекетбұлағының алдындағы алаңға мəрмəр тастан ескерткіш тақта қойдық. Мұның сыртында өмірдің қызығын көрмей жатып ерте солған Ғазизаға құран бағыштап қатым түсірдік. Осы бір елеулі оқиғаға байланысты өткен шағын жиында жас ақындар жарқырап көзге түсті. Бізге керегі де осы еді. Өйткені, біздің бастамамызды олардың бек түсінгені қуантады. Сонсоң қасиетті бұлақ басында Ғазиза туралы алғашқы əн де орындалды. Оның сөзін өзім жазсам, əуені жергілікті əнші-сазгер Тұрсынғазы Рахимовтікі. Осының бəрі қасиетті рамазан айында жүзеге асырылды. Сөйтіп, көптен көңілде жүрген мəселеде сең қозғалды. «Кемеңгер Əуезов» атты еңбегімнің кілті де табылған секілді. Осы орайда, облыс, Семей қаласы жəне Абай ауданының басшылығына қолдау білдіргені үшін шынайы көңілден ақ алғысымды айтамын. Алда əлгіндей шаралар өз жалғасын тауып, Семейде алдағы уақытта Ғазизаға арналған айтыскер ақындардың республикалық сайысы өте ме деп отырмыз. Тек Ғазизаға ескерткіш орнатумен шектеліп қалғанымыз жөн болмайды деп есептейміз. – Сіздің үш алыптың шығармашылығын насихаттаудағы еңбегіңіз туралы айтып жатырмыз ғой. Сонымен бірге, сіз сенатор ретінде де оларға қаншалықты қызмет еткеніңізді де, осы жолда қолдаумен бірге кедергіге де тап болғаныңызды да білеміз... – Қасиетті Жидебайдың басында қонақ үй салдыру жөнінде бастама көтеріп, депутаттық мандатымды пайдалана отырып, соған қаржы бөлдіруге себепші болғаным да, жаңа сіз айтқандай жөнсіз кедергілер салдарынан оның пайдалануға берілмей қалғаны да рас. Əйтеуір, дəтке қуат дейтін жайт сол, бұл игілікті шаруа ештен кеш жақсы дегендей өз шешімін таба бастаған секілді. Сондықтан, басқа əңгімені қозғап жатқым келмейді. Ал данышпандар елінде туризмді дамытамыз десек, онда баратын қонақтардың жатын орнымен бірге, жол мəселесін түзеуіміз керек. Семейден Жидебайға, Жидебайдан Аягөзге дейін төрт жолақты жол тартылса, бұл ауыспалы мағынасында да, тура мағынасында да Абай жолы болар еді. Өйткені, қазірде Қытай мен Батыс Еуропа арасында қасқа жол құрылысы салынып жатқанын білесіздер. Сонда, тіпті, арғысын айтпағанда бергідегі еліміздің екі рухани орталығы – Семей мен Түркістанның аралығында барыс-келіс түпкілікті өз шешімін тапқан болар еді. Сонсоң бастапқыда «Қорғансыздың күніндегі» Ғазиза мен Күшікбай сынды екі кейіпкерді бөле-жармай ескерткішті бірге тұрғызғымыз келгені де шындық. Өкінішке қарай, əлгіндей кедергілерден соң ол талабымыз да жүзеге аспай қалды. Бірақ тағы да ештен кеш жақсы деп отырмыз. Сондықтан өзара кінəласқаннан гөрі, өзара түсіністік жақсы деп білемін. Ал бұрнағы жылы Абай еліне шығар жолға Абай жолы деген белгі қойылған болса, соған да бастамашы болғанымды мақтан тұтамын. Өйткені, менің жолым – Абай жолы. Кешегі коммунизм жолы, Ленин жолы күйреп, еліміздің егемендігі беки түсіп келе жатқанда баршамыздың жолымыз да Абай жолы болуы тиіс.

– Cіз өзіңізді бірінші кезекте кім деп білесіз, яғни, философ-ғалымсыз ба, жоқ əлде саясаткерсіз бе? – Мамандығым бойынша филолог мұғаліммін. Бірақ, кандидаттық, докторлық диссертациямды философия тақырыбында қорғадым. Мақтанды демеңіз, қазақ топырағында жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыруға бір кісідей атсалысқанымды ешкім жоққа шығара қоймас. Əйтсе де мен өзімді бірінші кезекте жазушы-ойшылмын деп есептеймін. Философия дегеніңіз ой қамауы. Ал одан шығу үшін ойыңызға өріс беруіңіз керек. Данышпан Абай өз ойына өріс бере білгендіктен, өзі айтқандай, ғалымдықтан хакім дəрежесіне көтеріле білді. Сол хакім Абай болмасаң да ұқсап бақ дегендей, жасым қырықтан асқан шағымда жазушылыққа бет бұрдым. Бұған дейін жазған «Социализм: кінə жəне күнə» жəне «Ақ өлең – Аққулы мекен» деген романдарым өз ана тілімізбен бірге, орыс, түрік, араб тілдерінде жарық көрді. Ал оқырман қауым мені əлі жазушы ретінде танып біле алмай отырса, ол менің кінəм емес. Өйткені, қазіргі кітап таралымының өте аз екендігін баршаңыз білесіздер. Болашақта саяси тақырыпқа арналған «Опера» жəне қайғы-қасіретсіз ізгілікті қоғам құру жайын қозғайтын «Мұң» романдарын жарыққа шығаруды ойластырып жатырмын. Мұның сыртында биылғы күзде алғашқы драмалық шығармам Алматыдағы Əуезов атындағы академиялық драма театрында қойылғалы жатыр. – Сенатор ретінде не бітірдім деп есептейсіз? Парламент отырыстарында қай тілде сөйледіңіз? Балаларыңыз бен немерелеріңіз қай тілде сөйлейді? – Сенатор ретінде ғылым, білім заңдарын жетілдіріп қабылдауға тікелей қатысым болды. Басқа да заңдарды талқылып, қабылдау мəселелерінен сырт қалып көрген жоқпын. Депутаттық сауалдарды мемлекеттік тілде қойып қана қоймай, əріптестерімді де соған шақырып отырдым. Парламент отырысында Əуезовтің «Қилы заман» хикаясының кейіпкерлері Ұзақ пен Жəмеңке батырларға Алматыда көше аттарын беру туралы екі мəрте мəселе көтердім. Республикалық деңгейдегі осындай келелі мəселелерден сырт қалған кезім жоқ. Балаларым да, немерелерім де қазақша оқиды. Жазғы демалысымды шетелде емес, немерелеріммен елде, Аққулыда бірге өткіземін. – Оппозиялық басылымдарда əлсін əлі сынға ұшырап жатасыз. Оған қалай қарайсыз, ертеңгі ұрпақ алдында арым таза деп нық сеніммен айта аласыз ба? – Сынды дұрыс қабылдай білу керек. Əртүрлі пікір болуы заңдылық. Неге мен туралы бір ғана пікір болуы тиіс? Айтылған сөз жақсы. Ал айтылмаған сөзден иіс шығады. Сонсоң мен өзімді ойшыл жазушымын дедім. Ал алғаш айтылған ойды елдің бəрі бірдей қабылдай алады деп ойлайсыз ба? Мен түгілі жаңағы үш алып та тың ой айтқандығы үшін таяқ жеген. Ғылымда плюрализм, пікір қайшылығы деген ұғым бар. Халыққа сөз айтамын деген кісі соған дайын болуы керек. – Сіз Семейде оқыдыңыз, сондықтан да болар былайғы жұртшылық сізді осы елдің тумасы деп есептейді. Павлодар өңіріндегі ерке Ертіс жағасындағы Аққулы – туған жеріңіз. Ол жақта тұрмағанмен, ондағы беделіңізді де жақсы білеміз. Алматыға барып, қырқыңызда қамал алып, елге танылдыңыз. Астананың, бас қаланың сіз үшін орны жəне бөлек. Солай дей тұрғанмен, солардан сізге қайсысы ыстық? – Əркімге өзінің туған жері Мысыр шаһары дейді халқымыз. Өткен жылы сол туған жерім – Аққулыда хакім Абайға ескерткіш тұрғыздық. Сол үшін Павлодар облысының əкімі Ерлан Арын мырза мен Аққулы ауданының əкімі Айзада ханымға алғыстымын. Мұнда хакім ақынның туған күні жыл сайын аталып өтетін болады. Соның айғағындай хакім ақынның биылғы туған күні Аққулыда дүркіреп өтті. Оған Əділ Ахметов, Ермек Жұмабаев сынды сенатор əріптестерім арнайы келіп қатысып, сындарлы сөз қозғады. Бұл Абай оқуларына көршілес облыстармен бірге, Ресейдің Алтай өлкесінде тұрып жатқан қандастарымыз да көптеп қатысты. Ал енді Алматыға келетін болсақ, сіз жоғарыда дұрыс айттыңыз, жасым қырықтан асып сол жаққа барған соң жолым ашылып, сөзім халыққа жете бастады. Тағы да мақтанды демеңіз, өз басым кешегі алып империяның ақыры жақындап қалғанын сонау сексенінші жылдардың басынан сезген едім. Соны ептеп болса да халыққа да сездіру мүмкіндігі М.Горбачевтің қайта құру саясатынан кейін ғана туды. Жалпы кешегі кеңес жұртшылығының сол Горбачев пен Ельцинге өкпесі жоқ. Астана деп жатырсыз. Еліміздің бұл бас қаласы Елбасының төл туындысы. Осында тұрып еліміздің егемендігінің қалыптасуына қолдан келгенше үлес қосып жатқандығымды жəне мақтан тұтамын. Осылай дей отырып, мен үшін қасиетті Семейдің жөні бөлек екендігін бөле-жара айтсам, мені басқалар дұрыс түсінеді деп ойлаймын. Өйткені, осында оқып, осында ат жалын тартып мінгенім рас. Жоғарыда айтқандай, ауыспалы мағынасында да, тура мағынасында да тек Жидебайға ғана емес, халқымызды жарқын болашаққа бастайтын Абай жолы осы арадан басталады. Ол менің де, баршамыздың да қасиетті де қастерлі жолымыз! – Əңгімеңізге рахмет.

––––––––––––––

Əңгімелескен Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ, журналист.

Суретте: Қарауылға апаратын қасқа жол бойына орнатылған «Абай жолы» стеласы. Суретті түсірген автор.

«Кетпенніѕ ўшын бассаѕ, сабы ґзіѕе тиеді» – дегендей, енді бəрі ґзімізге байланысты болып тўр Көпшілік ұғымында, Маңғыстау – қазақы өңір. Алайда, осы өңірден ашына тіл қатуымыздың себебі де жоқ емес. Қазір облыс мемлекеттік тіл мəселесіне келгенде «сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңе болайынның» күйін кешіп отыр. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстаудың қазақы екені рас, тұрғындардың 90 пайызға жуығы қаракөз қандастарымыз. Бірақ, бұл мемлекеттік тіл қолданысы аясының кеңдік өлшемі бола алмайды жəне ана тілі ахуалының деңгейлік көрсеткішін білдірмейді. Себебі, өзімізге мəлім – орыс тілді бауырларды «аттандай» айқайлап, атпен қайырып үйірге қоса алмай жүрміз. Аттандаған сайын шірене қиыстап, перзенттерінің тілін шүлдірлете шығаруға құмарлар саны азаяр емес. Кешегі: «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте», деген Қадыр ақын тəмсілін, бүгінгі Елбасының: «Қазақ қазақпен

қазір барлық салада, кез келген жиналыс, басқосуларда тек амандасу емеурінінің қызметін атқарудан əрі аспайды. Мұндай əрекет өзге тілді ешбір жанның мемлекеттік тілді үйренуге деген қажеттілігін тудырмайды, себебі, олар үшін бəрі дайын, аударып əлекке түспейді. Керісінше, аударманың жүгі мемлекеттік тілде сөйлеп, сол тілде жұмыс жасайтындардың иығында. Өзі үшін, жұмысы үшін терлептепшіп көлдей дүниені аударып отырғаны. Тіпті, қажетті мəліметті қалаған тілде алу заңдылығы да тұншыққан. Өз құқыңды қорғап, ана тілінде дерек беруді сұрасаң – тырнақ астынан кір іздеп, ілік-дау көксеп тұрған қызылкөз бəледей көрінесің. Ана тілінің мерейін ой-

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.

қазақша сөйлессін», деген насихатын үрке тыңдап, үстірт қабылдайтындар бұл үшін өздері еш қымсынбайды. Маңғыстауда қазақ тілінің бағын ашып, бақшасын мəуелетіп отырғандар – ауыл тұрғындары. Ауылдарында ана тілінде ауыздыға сөз бермейтін шешендер ісі түсіп мемлекеттік мекемелерге келсе, «тілдері кесіліп» қалады. Қазақ тілінен гөрі басқа тілдің бəз баяғысынша басым тұруы – қалыпты жағдайға айналған. Шамаң жетсе басым тілде сөйлеп шаруаңды бітір, əйтпесе көкше көз болып күмілжіп, ит əлекке түс – екінің бірі. Кеңес Одағы дүрілдеп тұрған шақтың өзінде орыс тілін үйренуді аса бір қажеттілік санамаған, тек орысша сөйлеген адамға таңданыспен бе, қызығушылықпен бе, əйтеуір басқаша көзқараспен қарайтын ауылдың бір топ жоғары сынып оқушылары əлдебір шаруамен облыс орталығы – сол кездегі Шевченко қаласына келіпті. Қазақ тілді тұрғыны саусақпен санап аларлық қалада сап-сары тұлымшағы желбіреп, көгілдір көздері күлімдей өзара əңгіме дүкенін қыздырып тұрған бүлдіршін орыс қыздарының маңынан өте бере əлгі ауылдық бозбалалардың бірі «кіпкішкентай болып ап орыс тілін қалай үйренді екен мыналар» деген екен. Бізде сол сары шашты қыздардың өзгелердің көңіліне қарап күмілжімей, өз ана тілінде көсілте сөйлейтін «бақыты» əлі тарқаған жоқ, солардың тілінде сөйлей алмай қиналатын ауыл қазағының азабы əлі арылған жоқ, ана тілін қажетсінбей кезінде үстем де өктем тілдің мерейін көтерушілер сапына қосылған қандастар əлі қайырылған жоқ... Расын айту керек, қазақ тілі

лап, заңды құқын талап етіп тұр деп ешкімнің түсінгісі келмейді – «бізде аудармашы жоқ, аударып алыңыз» дейді ызалы жүзбен сызданып. Маңғыстауда кіршіксіз қолданылып келген байырғы ана тіліміз қазір орыс тілі былай тұрсын, көшіп келуші ағайындар əсерімен түркімен, қарақалпақ тілдері элементтерімен шұбарлануда. Аяқ киімнің сыңарын «тай», есікті «қапы», сəбізді «кешір» деп сөйлейтін болды біздің жұрт. Тіпті, шетелдік киноларға еліктеп дүниеге жаңа келген сəбиге қазақтың бір есімін бұйыртпай, «Назылы, Онур, Азалия», т.б. деп атауы – көкейге: «Қандастардың талғамы мен танымының таяздығы ма, əлде ұлттық намыстың жоқтығы ма, бұл не?» деген қорқыныш ұялатады. Маңғыстаудағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайлы ойланғанда өткен жылғы бір оқиға есіме түседі. Сол кездегі облыс əкімімен көзбекөз жүздесіп, сұхбат алмақ ойым жүзеге аспады. Облыстық ішкі саясат басқармасындағылар «сұрақты бізге беріңіз, жауабын біз дайындаймыз» деп «жол көрсетті». Қағаз жүзіндегі сұхбаттың сірескен есеп-қисапқа құрылып сызданып тұратынын білсем де келісуге тура келді. Сұрақтарды жөнелттім. Араға біраз уақыт салып жалындырып, сағындырып жеткен жауаптың қызығы – тілінде болды. Қазақша сұрақтарға жауап орыс тілінде жазылған «қызық сұхбат»

менде əлі сақтаулы. Əңгіменің тиянақталар тұсындағы соңғы сауалдан мысал келтіре кетейік. Орыс тілді əкімге: «Есіңізде болар, сіз облысқа қызметке келген сəтте журналистермен жүздесіп, олар тарапынан тілге қатысты қойылған сауалға «3-4 ай уақыт беріңіздер, қазақ тілін үйренемін» деген болатынсыз. Қазір қазақшаңыз қалай?» деген сұраққа əкім атын жамылған «сұхбатты дайындаушы»: «Как видите, разговариваем мы с Вами на государственном языке», деген жауап жазып əкелді! Қай мəселеде болмасын мұндай жауырды жаба тоқып, өтірік мəлімет берудің ақыры үлкен өкініштерге соқтыруы мүмкін, көп құндылықтардан айырылып қалуымыз оп-оңай. «Етігіме бізім сай» дегендей, Маңғыстау облысында Тілдерді дамыту басқармасының жұмысы мардымсыз. Бұл əйтеуір санаттан қалмай бір жерде жұмыс жасауы керек азаматтардың «мекені», келесі мансапты қызметті күткендердің уақытша «аялдамасы» іспетті. Тілдер басқармасына басшы болудың беделі жоқ па, əлде мұнда жасалатын жұмыс жоқ па? Білдей басқарма «И.о» болғасын бірнəрсе жасауға еркін кірісе алмайсың» деп «міндетін атқарушы» деген тіркеске тілі келмей отыратындардың ойыншығы, басқа қызмет іздегендердің уақытша «ілініп отырып», əрі секіріп кетуіне қажетті баспалдақ қана ма? Тілдің тағдырына жауапты басқарма көбіне томаға-тұйық, сырторай қалатыны неліктен? Осылайша басы бүтінделіп көрмеген басқарманың тілі де күрмеулі. Түрлі тіл үйрету курстарын, тіл үйренуге жəне өзге де мемлекеттік мерекелерге орай түрлі мəдени шаралар өткізумен айналысып жүрген басқарманың тірлігі тыныш, қауырт жұмыстан ада. Мемлекеттік тілде сөйлей алатын өзге ұлт өкілдерінің байқауында жүлде алғандармен тілдесе қалсаңыз, қазақ тілін ылғи ауласынан немесе өз ортасынан үйренгендер болып шығады. Сонда, қыруар қаржы бөлініп, курстар ұйымдастырып жүрген бұл басқарманың тындырғаны қайсы? Көше мəдениетінің, қоғам дық ортаның ұлттық рухты қалыптастыруда маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде Ақтау қаласында қалаішілік аялда малардың арнайы атауы жоқ, тіпті, сол маңайдағы ұлттық мерейімізді асыратын ірі ғимарат, белгілер автобус кондукторларының «есіне түсіп, тіліне оралмай-ақ» қойды. «Медовая», «Молочная», «Дружба», «Фонтан», «Вечный огонь», «Конечная» секілді боп жалғаса беретін аялдамалар арасында мешіт «мечет» боп айтылса, баяғы «Шевченковский универсальный магазин» «ШУМ» боп аялдама атын иеленіп қалған. Ал Шевченко Ақтау атанғалы қашан?! Автобустарда қызмет көрсететіндердің барлығы өз қандастарымыз, ұлттық рух жетіспеген жерде ұлттық құндылықтың құны болмай қалады екен. «Кетпеннің ұшын бассаң, сабы өзіңе тиеді» дегендей, бірбірімізбен ана тілімізде сөйлесіп, балдырғандарымызды қазақ тіліндегі балабақшаларға беріп, аялдама, дүкен, шаштараздарды қазақша атауға ешкім кедергі болып отырған жоқ, өзімізден де кінə бар екенін мойындауға тиіспіз! Басқа өңірлерді қайдам, мен білетін жерде маңғыстаулықтарды өзге тілде сөйлеуге мəжбүрлеп отырған да, сол секілді өз ана тілінде сөйлеуге шақырып отырған да ешкім жоқ. «Ырым-жырым етегің, жігіт сенің не теңің?» дегендей, осыдан соң өңірге кеп жұмыс жасап жатқан шетелдік компаниядағыларға «қазақ тілінде сөйлемедің, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізбедің» дей аламыз ба? Ана тілдің обалын арқалап жүрген жоқпыз ба, қазақ бауыр? Қазақша сөйлесейікші, «қой» деуші болар ма екен?!

P.S. Мақаланың нүктесі қойылып, редакцияға жол тартар сəтінде Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Ішкі істер саласынан полковник шенінде зейнетке шыққан Г.Төлеуғалиеваның тегеуріні енді сыналады. Өйткені, тіл – өткір, жанды мəселе, темірдей талап пен белсенді іскерлік осы жерге қажет. Маңғыстау облысы.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.