Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№273 (28212) 12 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Инновацияєа ерекше назар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ə.Исекешев министрліктің қазіргі қызметі мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кəсіпкерлердің Ұлттық палатасымен бірлесіп əзірленген ин дус трия лық-инновациялық даму бағдарламасының келе сі бесжылдық жоспарының тұ жырымдамасы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңында бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аяқталып, алға қойылған барлық міндеттер орындалатынын айтты. Мемлекет басшысы екінші бесжылдық жоспар аясында инновацияға жəне мүлде жаңа тəсілдерге ерекше көңіл аударылатынын атап өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі тұжырымдаманы əзірлеу барысында барлық өңірлер мен салалар бойынша кешенді зерттеулер жүргізілгені туралы хабарлады. Талдау қорытындысы бойынша əлеуметтік-экономикалық саясаттағы өзгерістерді қосқанда, бағдарламаны табысты іске асыру үшін қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Сондайақ, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдығы бар секторлар тобы белгіленген.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Бїкіл тїркі əлемініѕ маќтанышы 2-бет Табысы зор, ырысы мол Оѕтїстік! 4-5-беттер Меніѕ жолым – Абай жолы 7-бет Ќалдыєайты ќатпарлары 10-бет

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «А» корпусыныѕ мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына ќойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №519 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 318-құжат). 3. Осы Жарлық қолданысқа енгізілгенге дейін «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған адамдарды аталған резервтен «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына тағайындаған кезде оларға «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған кезде қолданылған арнайы біліктілік талаптары қолданылады деп белгіленсін. 4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 10 желтоқсан. № 708 ------------------------------------------(«А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын 9-беттен оқисыздар).

 Мемлекет мерейі

Сїлеймен ДЕМИРЕЛ:

«Онымен теѕесетін ешкім жоќ» Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан».

 Президент поштасынан

Батылдыќ кґрініс тапќан ќўжат

Мїмкіндік їшін айрыќша ризашылыќ

Қазақстан Президентінің атына жолдаған хатында Л.Лемпер Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауы – «Қазақстан-2050» Стратегиясымен зор қызығушылықпен танысып шыққанын айтады. Оның пікірінше, құжат Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар жаңа сынқатерлер мен елеулі жетістіктер үйлесім тапқан көптеген қызықты жайттарды қамтиды. «Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағынан да, одан тысқары орналасқан басқа көп мемлекеттерден де жаңарған оптимистік рухымен ерекшеленеді. Сіздің сөзіңіз – батылдық көрініс тапқан құжаттама», деп жазады хат иесі. Л.Лемпер республиканың мойындалған халықаралық жетістігінің екі қайнар көзі – Қазақстан

Өз хатында авторлар «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Финляндияда ғылымипедагогикалық тағылымдамадан өтуге жасалған мүмкіндік үшін Мемлекет басшысына айрықша жылы лебізбен алғыстарын жет кізген. Мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер əлемнің үздік педагогикалық инновациялық тəжірибелерін танып-білу оны еліміздің орта білім саласына енгізуге жəне бейімдеуге мүмкіндік беретінін атап өткен. «Біздің оқуымыз Финляндия Президентінің Астанаға 2013 жылғы сəуір айындағы ресми сапары барысында Сіз қол жеткізген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Біздің ғылыми-педа гогикалық тағылымдамамыз

Қазақстан Президентінің атына Отто Бенеке атындағы қордың президенті Лотар-Теодор Лемперден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президентінің басшылығымен шебер жүзеге асырылған саяси басшылық пен азаматтардың үлкен елдің игілігі жолында пайдаланылып отырған жан-жақты қабілеттілігі деп санайды. «Стратегия Батыс Еуропаның тоқырауда қалып отырған көп елінен Қазақстанды жақсы жағынан ерекшелейді. Сіздің Жолдауыңыз Қазақстанды экономикалық, ғылыми жəне əлеуметтік прогресс биігіне көтеруге деген ұмтылыспен етене байланысты», делінген хатта. Хат соңында автор Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа білім беру саясаты өзін үлкен əсерге бөлегенін атап өткен. Осыған орай Л.Лемпер перспективалық идеяларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірген.

Елбасының атына Қазақстанның зияткерлік жəне жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен тағылымдамадан өтушілерінен хат келді.

Тарихи əділеттіліктіѕ аса маѕызды актісі

Мемлекет басшысының атына Қазақстан немістері қоғамдастығы Ақсақалдар кеңесі өкілдерінен хат келді.

Мемлекет басшысының атына жазған өз хатында В.Мутаниол, А.Граф, Г.Грот, В.Видлер Германияда тұратын 800 мың қазақстандық немістер атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық немістердің тарихи отанымен қайта қауышу үдерістеріне ерекше көңіл бөлгені үшін зор алғыс білдірген. «Бұл күллі əлемге халықтар арасындағы сенімнің жаңа саясаты туралы мəлім еткен батыл адамның жəне көреген лидердің қадамы болды. Бұл – тарихи əділеттілікті қалпына

келтірудің Сіздің қолыңызбен жасалған шын мəніндегі аса маңызды актісі, оны неміс халқы ешқашан ұмытпайды», деп жазады хат иелері. Ақсақалдар кеңесінің өкілдері осындай қолдаудың арқасында бүгінде Германиядағы жүз мыңдаған қазақстандық немістер Қазақстанның Еуропадағы достық елшілері рөлін атқарып отырғандығын атап өткен. Хат иелері шекара сыртында тұрып жатса да, өздері үшін туған өлкесіндей болып кеткен елдегі табыстар мен жетістіктерге зер сала

қадағалап отыратындықтарын жеткізген. «Экономика дамып, халықтың өсіпөркендеуі мен ел беделінің нығаюы жолында жаңа зор мақсаттар қойылып отырғанына қуаныштымыз. Бұл ретте республика бейбітшілік пен қауіпсіздік саясатын жүргізуде бұрынғысынша жетекші рөл атқара береді. Қазақстан мəдениетаралық келісім мен тағаттылықты қамтамасыз етуде, мультимəдениет əлемінің сын-қатерлерін еңсеруде елеулі табыстарға қол жеткізді», делінген хатта. Хат соңында Ақсақалдар кеңесінің өкілдері Қазақстан халқына игілік пен бақбереке, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық жəне сарқылмас күш-қуат тілеген.

Марокко ґкілімен маѕызды əѕгіме Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Нассер Буританы қабылдады. Ол осы елдің Кеңесшілер Палатасының Төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилланың жеке жолдауын жеткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Марокко Корольдігімен жан-жақты қатынастарды дамытуға ерекше маңыз береді.

Біз Марокконы Солтүстік Африка аймағындағы беделді мемлекет ретінде білеміз», деп атап өтті

«Болашақ» халықаралық бағдарла масының 20 жылдық мерейтойына орайлас келгені біз үшін екі есе мəртебе. Міне, 22 жыл еліміз Сіздің басшылығыңызбен алға нық қадам басып келеді. Қазақстаннан жырақта жүріп те біз өз Отанымыз үшін мақтанышты сезінеміз», делінген хатта. Хат иелері Қазақстанның жетістіктерін, əсіресе, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған білім саласындағы инновациялық жобаларды финляндиялық əріптестерінің жоғары бағалайтынын жеткізген. Хат соңында мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, ал елімізге бақ-береке тілеген.

Қ.Тоқаев. Төрағаның пікірінше, екі елдің тікелей парламентаралық байланыстар орнатуы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге жəне халықаралық аренадағы күшжігерді үйлестіруге ықпал ететін болады. Қ.Тоқаев Марокконы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды

жəне 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның ынтасын қолдайтынына сенім білдірді. Жүздесушілер, сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жəне Марокко Королі Мұхаммад VI-ның бастамалары тұрғысында дінаралық үнқатысуды дамыту жəне Ислам Ынтымақтастық Ұйымының аясында жəне өзара іс-қимыл мəселелерін талқылады.

Баға дегеннің өзі салыстырмалы нəрсе екені белгілі. Көп нəрсе бағаны кім бергеніне байланысты. Əлем саясатындағы аузы дуалы адамдардың бірі – Сүлеймен Демирел. Қазір жасы 90-ға аяқ басқан (1924 жылы туған), Түркияның премьерминистрі қызметіне 5 рет келген, 1993-2000 жылдарда ел президенті болған саясат көкжалы көпті көрген, кімнің кім екенін жақсы біледі. Сол Сүлеймен Демирел Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы тап осылай деді. «Онымен теңесетін ешкім жоқ» деген сөзін кеше, 11 желтоқсанда «Назарбаев орталығының» киноконцерттік залында тұсаукесері өткізілген «Түркі əлемінің тегеурінді тұлғасы» фильмінде айтты. С.Демирел Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі түркі дүниесіндегі алар орны кезіндегі Ататүрік қызметіндей болып отырғанына баса назар аударды. «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» акционерлік қоғамы жасап шығарған бұл фильм (идея авторлары – Махмұт Қасымбеков пен Дəурен Абаев) Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының түркі əлеміндегі ықпалы мен орнын көрсетуге арналған. Тұсаукесер рəсіміне Түркияның, Қырғызстан мен Əзербайжанның Қазақстандағы елшіліктерінің өкілдері, Қазақстан Парламентінің депутаттары, Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық жəне үйлестіру агенттігінің (ТІКА) қызметкерлері, қоғам қайраткерлері қатысты. Тұсаукесер рəсімін кіріспе сөзбен Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков ашты. «Біз – тегіміз бір, түбіміз Көк Түрікке тірелетін бауырлас жұртпыз. Əлем тарихында айрықша із қалдырып, адамзат руханиятына баға жетпес асыл мұраларын қосқан ұлы өркениеттің мұрагерлеріміз. Бұл күнде өз алдына бірнеше мемлекет болсақ та, түркілік бірлігімізді нығайтуға ұмтылған тұлғаларымыз баршылық», дей келіп, Махмұт Базарқұлұлы бұл фильм түркі дүниесінде айрықша орны бар Қазақ елінің тегеурінді басшысы туралы туынды екенін қадап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Түркі əлемінің ынтымақтастығына

ерекше мəн беріп, барыс-келісті жеңілдетуге, сауда-экономикалық жəне рухани-əлеуметтік байланыстарды нығайтуға күш салды. Елбасымыздың түркі ынтымақтастығын тереңдетудегі еңбегін түркітілдес елдердің бүгінгі жəне бұрынғы мемлекет басшылары, қоғам қайраткерлері жоғары бағалап отыр. Фильм осыны көрсетеді. Махмұт Қасымбеков деректі лентаны түсіруге Түрік ынтымақтастық жəне үйлестіру агенттігі үлкен қолдау көрсеткенін атап көрсетіп, агенттіктің төраға орынбасары Мехмет Сүрея Ер мырзаға разылығын білдірді, қонаққа Елбасының қолтаңбасы жазылған «Қазақстан жолы» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын кəдесый тарту етті. Мехмет Сүрея Ер өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі əлемінің тұтастығы жолында шын мəнінде аса ірі де игі іс атқарып отырғанын, Елбасының жетекшілігімен Қазақ елінің тəуелсіздік тарихында тамаша табыстарға жеткеніне бауырлас, ағайындас халықтар қуанышты екенін айтты. Мемлекет

жəне қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков деректі фильмді жасаушыларға ел мерейін асыратын туынды үшін алғысын білдірді. Газетіміздің бүгінгі нөмірінде «Түркі əлемінің тегеурінді тұлғасы» деректі фильмі туралы арнаулы мақала жарияланып отырғандықтан, бұл шағын хабарда лентада Татарстанның бұрынғы президенті Ментемир Шаймиев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия президенті Абдолла Гүл, Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел, елдің премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған, Əзербайжан президенті Ильхам Алиев, Түркі кеңесінің бас хатшысы Халил Акынджы сияқты тұлғалар Елбасымыздың ерен тұлғасы жайында өте жоғары пікірлер білдіргенін айтумен шектелмекпіз. Фильм бүгін кешке «Қазақстан» жəне «Хабар» арналары арқылы көрсетіледі. Туынды жақын күндерде Түркия, Əзербайжан жəне Қырғызстан елдерінің телеарналары арқылы көрермендер назарына ұсынылады.


2

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

Аќпарат алмасу – интеграцияны тереѕдету тетігі

 Туыстық туы

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Кеден одағының ақпараттық жүйесін құру, электрондық құжаттар алмасу жəне банкроттық мəселелеріне арналған заң жобалары қаралды. Сондай-ақ, бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімі белгіленді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бїкіл тїркі əлемініѕ маќтанышы Президент телерадиокешені түсіріп, кеше тұсаукесері өткізілген «Түркі əлемінің тегеурінді тұлғасы» атты деректі фильмді тамашалаған əркімнің де жүрек түкпірінде ой желкені керіліп, небір тебіреністі сəттерді бастан кешері анық. Өйткені, бұл еңбек Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сан-салалы қызметінің бір қыры – Алтай мен Ақтеңіздің арасын алып жатқан ұлан-байтақ жерді мекен еткен түбі бір түркі жұртын түгендеп, ағайын арасындағы ауызбірлікті нығайтуға бағытталған күшжігері, осы орайдағы тың ойлары мен құнды бастамалары, тындырған толымды істері жайлы сыр шертеді.

Көз алдыңызда ұшқан құстың қанаты талатын Ұлы дала көсіліп жатыр. Аш халықты тоқ қылсам, аз халықты көп қылсам, Мəңгілік ел орнатсам деген арманның жетегінде күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған бабалар, елінің жерінің тұтастығы жолында қанын да, жанын да аямаған білекті батырлар, ұлтының болашағын ойлаған ғұламалар... Толқымалы тарих... аумалы-төкпелі заман... Экранда – ел тағдыры... Сан ғасырлық тарихында мың өліп, мың тірілген қазақ елін ғасырлар тоғысында тағы бір сын күтіп тұр еді. Бəрі өткен ғасырдың 90-жылдарының басында өзгерді. Алланың сыйы шығар, Қазақ елі де бодандықтан құтылып, бостандықпен қауышты. Десек те, дəл сол кезде алда не күтіп тұр ғаны белгісіз еді. Қалыпты жүйе астан-кестен болып, ел адамдардың əлеуметтік күйзелісі мен бейжайлығы, психологиялық шиеленісі тəрізді дерттердің сынағына түсті. «Талмау күйдің» өліара жағдайында кез келген кешігу мен теріс шешім қабылдаудың зардабы «өліммен аяқталатыны» сөзсіз еді. Міне, осындай алмағайып уақытта ел тізгінін қолына алған Н.Назарбаев тар кезеңнен шығар жол іздеді, өңірлерді аралады, халықпен кездесті, оларға қалыптасып отырған жағдайды түсіндірді, қиындықтарды жеңу жолдарын ұсынды. Мазасыз күндер, ұйқысыз түндер басталды. Ой үстінде отырған Елбасы бейнесі арқылы өзіміз куə болған осы сияқты талай оқиғалардың жадымызда жаңғырғаны анық. Елбасы осындай күрделі кезеңде ең алдымен елге бабалар ұрпағына мирас еткен ынтымақ, бірлік керек екенін, тарих ұсынған тар жол, тайғақ кешулерден қалың көшті тыныштықты, ұлтаралық келісімді сақтай отырып аман алып шығуға болатынын түсінді. Түсінді де ел бірлігін сақтауды өз саясатына алтын арқау етті, ту етіп көтерді. Онымен де шектелген жоқ, күрделі геосаяси жəне геоэкономикалық халықаралық жағдайда кез келген елдің жалғыз, жеке-дара дами алмайтынын шегелеп айтып, тарихи-мəдени жəне географиялық-экономикалық тұрғыдан мүдделес елдермен, оның ішінде түркі мемлекеттерімен ынтымақтасып, аймақтық деңгейде бірлесу, экономикалық жəне мəдени интеграцияны дамыту мəселелеріне ерекше назар аударды. Түркі мемлекеттерінің бірлесуі таңдау емес, керісінше, қажеттілік екенін, өзара тиімді экономикалық жобаларды іске асыру күрделі жаһандық жағдайда елдің түркілік болмысын, мəдениетін, тілін сақтап қалуға, ортақ мəдени-ақпараттық кеңістік құру жəне сауда-шаруашылық байланыстарын нығайтуға жол ашатынын түсіндірді. Фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты істің адамы екені айшықты көрсетілген. Қазақ елі басшысының 1991 жылы өзінің алғашқы шетелдік сапарын

Түркияға жасауының өзі-ақ көрерменді көп ойға жетелейді. Сөйтіп, Н.Назарбаев кеңестік түркі республикалары ішінде Түркияға келген алғашқы президент ретінде тарихқа енді. Осы қадамнан бастау алған бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық жиырма жылдан астам уақыт ішінде үлкен жолдан өтті. Біз сөз етіп отырған туындыға осы жолда тындырылған ұланғайыр істер арқау болған. Жиырма жылдан астам уақыттың ішінде түркі елдері интегра ция сында қандай басты жетістіктерге қол жеткізілді? Фильмнен осы сауалға нақты жауаптар табасыз. 1992 жылдан кейін түркі тілдес елдер басшылары жүйелі түрде жоғары деңгейде кездесіп тұратын болды. 2008 жылғы Ыстамбұл саммитінде Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) құрылды. Астана қаласында Түркі академиясы ашылды. Одан бөлек, Ақсақалдар кеңесі, Кəсіпкерлер кеңесі, түркі елдері арасындағы достық қарым-қатынасты өркендетуді, ортақ мəдениет пен тілді, тарих пен өнерді, салт-дəстүр мен əдеп-ғұрыпты сабақтастыра зерттеуді, рухани игіліктерді келешек ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап жеткізуді, түркі дүниесінде ортақ тіл мен əліпби қолдану мүмкіндіктерін қарастыруды мақсат тұтқан түбі бір түркітілдес халықтардың басын біріктіретін бірден-бір халықаралық ұйым (ТҮРКСОЙ) өмірге келді, Баку қаласында ортақ мəдени мұраны қорғау жөніндегі қор, Түркі музейі мен кітапханасы, Түркі ғылымизерттеу қорының құрылуы нақты қолға алынды, Түркі дүниесін зерттеу орталығы ашылды, Түркі кеңесі құрылды, Түркі елдерінің ортақ байрағы белгіленді. Оның негізіне Қазақ елі туының түсі алынды. Өйткені, біз бəріміз – Көк түріктерінің ұрпақтарымыз. 2011 жылы Түркі кеңесі БҰҰ жанында бақылаушы мəртебесіне ие болды, сол жылғы Қырғызстандағы президенттік сайлауға өз байқаушы ларын жіберді. 2011 жылы Қазақстан Түркі кеңесі ұйымына төрағалық етті. 2012 жылы Астана түркі əлемінің мəдени астанасы болып жарияланды. Елбасымыздың ақыл-ойымен, кемел кеңесімен асқақтаған Астана ел ұлылығының айғағы ретінде өз төңірегіне Қазақстанның бүкіл саяси, экономикалық, мəдени, ғылыми, əлеуметтік жетістіктерін, ғұмырын тоғыстырып тұр, елдің нағыз тірегі болып, Президенттің көксеген арманын дəлелдеуде. Фильмде (жоба жетекшісі – Ерлан Бекхожин, режиссері – Жанар Жұмабаева) Астананың елдің экономикалық-əлеуметтік дамуында қандай орасан зор орын алатындығы айшықты бедерленген, бұл шешімнің геосаяси тұрғыдағы баға жеткісіз маңыздылығы келісті көрсетілген. Қазіргі Астанамыз тастан

қаланған, таспен өрілген өлең іспетті, қиялдан туған ғажайыптар əлемі сияқты. Астана өзінің ту тіккен күнінен бастап үнемі даму, өркендеу үстінде. Астана – ұлттық мүдде тұрғысынан да, геосаяси міндеттер тұрғысынан да, таза адами қарым-қатынастар тұрғысынан да өзін өзі толық ақтайтын өміршең идея. Ол идеяның авторы, оны жүзеге асырушы басты тұлға – Президент Нұрсұлтан Назарбаев! Фильм Еуразияның дəл жүрегінде пайда болған қазақтың жаңа елордасы жайлы сыр шерте отырып, оның болашақ бейнесін де көз алдымызға елестетеді. Сайып келгенде, мұның өзі халықты ерлікке бастау. Қазақстандықтардың өз Отанына деген мақтанышы мен Елбасына деген шексіз ризашылық сезімдерінің фильмнің өн бойына алтын арқау болып өрілгені қандай ғанибет. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттың шын жүйрігі екенін, қай мəселе де болмасын, басқалардан оқ бойы алда келе жатқанын бүгін бүкіл əлем жұртшылығы мойындап отыр. Ол тарихи қысқа мерзімде өз елін дамудың биік шыңына бастап, ел тарихын тұлғалар жасайтынын, тұлға – елдің тұғыры, тұлға – елдің тұтқасы екенін дəлелдеп шықты. Сол сияқты, Елбасымыз ділі бір, тілі бір бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық үрдісінде жасаған нақтылы ұсыныстарымен, батыл бастамаларымен, табанды позициясымен айрықша көзге түсіп отыр. Татарстанның бұрынғы президенті Ментемир Шаймиев, Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев, Түрік республикасының бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел, қазіргі үкімет басшысы Реджеп Тайып Ердоған, Əзербайжанның президенті Ильхам Əлиев, Түркі елдері ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Халил Акынджы, т.б. белгілі тұлғалар осы жайларды тілге тиек етіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тетіктерін тауып, іскерлік байланыстарды нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесіне зор баға береді. «Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін Қазақстан Президенті ғана емес, ол сонымен қатар, бүкіл түркі дүниесінің президенті» – Түркияның Президенті Абдолла Гүл осылай дей келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыға бірдей танылған көшбасшы, түркітілдес елдердің ақсақалы, біздің елдеріміз арасындағы ықпалдастық үдерістердің бастауы жəне нығая түсуі үшін көп еңбек сіңірген толағай тұлға деген ойды діттейді. Тоныкөк, Күлте гіндерді айтпағанның өзінде, ке шегі Алаш арыстары да тегі бір, тілі бір, тарихы ортақ түркі халықтарының тұтастығын аңсап өткені белгілі. Осы асыл арманды түркі халықтарының түп отаны, атажұрты саналатын тəуелсіз Қазақстан Мемлекетінің басшысы жүзеге асырғаны қандай қуаныш! Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан деген сөздің баламасы іспетті. Елбасы туралы жаңа деректі фильмді көріп отырғанда Қазақ деген қайсар да қажырлы жұрттың дара туған дана ұлының бүкіл түркі əлемінің мақтанышына айналғанына да көз жеткіздік. Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, «Егемен Қазақстан».

Депутаттар «Кеден одағының сыртқы жəне өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі жəне дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, мақұлдады. Осы келісім Кеден одағының кеден аумағындағы сыртқы жəне өзара сауданы тиімді реттеуге, сондай-ақ, экономикалық интеграция үдерістерін қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім 2010 жылғы 19 қарашада Еуразиялық экономикалық қоғамның Мемлекетаралық кеңесінің шешімімен мақұлданған. Мұндай жүйе кедендік, салықтық, көліктік, фитосанитарлық, ветеринарлық жəне санитарлық бақылауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Қазақстанның Ұлттық шлюзі ақпараттық жүйесі Кеден одағының сырттай жəне өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің сегменті ретінде толығымен əзірленгені де атап айтылды. Жəне Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссиясының сегменттерімен интеграциялануға дайын екендігі көлденең тартылды. Заң жобасын қабылдау 2014 жылдың 1 қаңтарынан бас тап электронды мемлекетаралық ақпарат алмасу арқылы Кеден одағының аумағында өзара

сауда мүмкіндігін жоғарылатуды жəне мемлекеттік бақылауды нығайтуды қамтамасыз етеді. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Сəкен Жылқайдаровтың Ұлттық шлюзді құруға қанша қаражат жұмсалды деген сұрағына орай жауабында министр жүйені қалыптастыру үшін 3,4 миллиард теңге көзделгендігін, қазіргі кезде соның 2 миллиарды игерілгендігін айтты. Ал қалған қаржы келесі жылы игерілмек. Ақпараттардың қолжетімдігі ту ралы Ерсұлтан Бектұрғанов сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, ақпараттарды тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар, заңды жəне жеке тұлғалардың тегін алуларына болады екен. Виктор Киянский Кеден одағы комиссиясымен келісімге қол қойылғандығын, қазір оның жоқтығын, енді Еуразиялық экономикалық комиссия болғалы келісімдер қаншалықты заңды саналады деген сауалын көлденең тартты. А.Жұмағалиевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеден одағы комиссиясы ның заңды жалғасы болып табылатындықтан, қол қойылған келісімдер де заңды күшінде қала бермек. Айгүл Соловьеваның сұрағына орай жауабында ақпараттық қауіпсіздік мəселесі толықтай тексерістен өткеннен кейін ғана жүйе іске қосылатынын министр жан-жақты жеткізді. Депутаттар келесі кезекте

«Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы жəне өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Егер əрбір тарап мемлекетінің заңнамасына сəйкес құжатты жазбаша ресімдеу талап етілсе, онда Кеден одағының комиссиясы айқындайтын құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген электрон дық құжат осы талапқа сəй кес келеді деп есептеледі. Элек трондық құжат комиссия нақтылаған талаптар мен ережеге сай ресімделсе, оны мөрмен растау талап етілмейді. Комиссияның ресімделген электрондық құжаты заңды күші жағынан электрондық құжатты жасаушының қойған қолымен жəне мөрмен расталған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжатпен тең деп танылады. Сонымен қатар, палата «Оңалту жəне банкроттық туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында банкроттықтың қазіргі жүйесін əлемдік стандарттар деңгейінде жетілдіру қамтамасыз етіледі жəне кепілді кредиторлар мүдделерінің басымдығы белгіленген. Бұл өз кезегінде Дүниежүзілік банктің «Кредит алу» жəне «Төлем қабілеттілігін шешу» индикаторлары бойынша «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын арттыруға мүмкіндік береді. Əсіресе, бизнеске түсетін əкімшілік жүктемені төмендетіп, елдегі бизнес-ахуалды жақсартады жəне мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттырады деп күтілуде. Заң жобасын қарау барысында депутаттар кредитордың

Ќазаќстан бастамалары ќашанда маѕызды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Гвинея Республикасының Конакри қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесінің (ИЫҰ СІМК) мерейтойлық 40-сессиясы жұмысына қатысты. Атап өтетін жайт, Қазақстан 1995 жылдың желтоқсан айында осы қалада өткен СІМК 23-сессиясының барысында ИЫҰ-ға мүшелікке қабылданған болатын. СІМК сессиясында сөйлеген сөзінде Е.Ыдырысов Қазақстанның ислам мемлекеттеріне қатысты мəн беретін мəселелердің маңызын атап көрсете келіп, Қазақстанның 2011-2012 жылдардағы Ұйымға төрағалығы Батыс елдері мен мұсылман əлемі арасындағы үнқатысуға жаңа серпін бергенін жəне исламофобиямен, сондай-ақ, антиисламдық стереотиптермен күреске өзінің үлесін қосқанын айтып өтті. ИЫҰ СІМК барысындағы талқыланған шешуші тақырыптар Палестина-Израиль жанжалын реттеу бойынша халықаралық күш-жігерлер, Сириядағы жағдай, Иранның ядролық бағдарламасы, Ауғанстанға ықпал ету, Малидегі ахуалды қалыпқа түсіру, т.б. көкейкесті мəселелер болды. Аталған тақырыптар Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының сөзінде де көрініс тапты: «Біріншіден, біз ИЫҰ-ның Сириядағы қантөгісті тоқтатуға шамасы келмей отырғанын қинала отырып мойындауға тиіспіз. Өйткені, өкінішке қарай, Сирияның Ұйымға мүшелігі

тоқтатылған болатын... Екіншіден, Ауғанстандағы жағдай ИЫҰ күн тəртібіндегі аса маңызды пункттердің бірі болып қалуы тиіс... Үшіншіден, умма жəне бүкіл əлем үшін Иранның ядролық бағдарламасы басым мəселе болып қалып отыр. Қазақстан біздің ирандық бауырларды қоса алғанда, кез келген елдің өзінің бейбіт атом өнеркəсібін экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін дамытуға құқы бар екенін əркез мойындап келеді. Осыған байланысты біз Женевада Иран мен халықаралық келіссөзге қатысушы «алтылық» арасындағы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды құптаймыз», деп мəлімдеді Е.Ыдырысов. Қазақстандық дипломат, сонымен қатар, ИЫҰ-ға қатысушы елдерді Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқына ие болу жолындағы күресте қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын жеткізе келіп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне тапсырысына да осындай деңгейде қолдау

Ќырєызстан парламентініѕ мерейтойына ќатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төраға сы ның орынбасары Асқар Бейсенбаев Қырғызстан Жогорку Кенешінің 75 жыл дығын мерекелеу шараларына қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан делегациясынан Асқар Бейсенбаев пен Парламент Мəжілісі Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Тұрарбек Аса нов құттықтау сөз сөйледі. Олар Қазақстан Республикасы Парла менті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жəне Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құттықтауларын оқып берді. Қырғыз парламентінің мерейтойына байланысты Жогорку Кенеш депутаттарын құттықтаған қазақстандық парламентшілер екі елдің халықаралық парла мент аралық ұйымдар аясындағы жəне екіжақты өзара парламентаралық іс-қимылының маңызын атап өтті.

көрсетілетініне сенімін білдірді. Шара шеңберінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының азықтүлік қауіпсіздігі жөніндегі Жарғысына қол қою салтанаты өтті. Штаб-пəтері Астанада орналасатын ұйымның аталған жарғылық құжатына Қазақстан жағынан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Мүслім Өмірияев қол қойды. Халықаралық жарғылық құжаттарды келісуде қалыптасқан ұзақ мерзімді пікірталастарға қарамастан, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көптеген сыртқы істер министрлері СІМК сессиясы барысында жаңа ұйымның құжатына қол қойып, Қазақстан бастамасына бірауыздан қолдау көрсетті. Бұл ұйымды құру жөнінде Қазақстан басшысы 2011 жылы Астанада өткен ИЫҰ СІМКнің 38-сессиясы барысында бастама көтергені белгілі. Аталған бастама Қазақстанның халықаралық азық-түлік хабына дəйектілікпен трансформациялануын көздейді. Қазақстан басшысының бұл бастамасына Гвинея Республикасының президенті Альфа Конде де оң бағасын берді. СІМК делегаттарына құттықтау сөз арнаған Гвинея президенті азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үдерісін институттандыру жөніндегі қазақстандық ұсыныстың көкейкестілігін атап өте келіп, Қазақстанның жəне

борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне мүмкіндік беретін мерзімді ұлғайту; банкроттықтың алдында борышкермен жасалған мəмілелерді жарамсыз деп тану үшін негіздерді кеңейту жəне нақтылау; əкімшіні өз өкілеттіктерін орындаудан шеттету, сондай-ақ, оны тіркеу есебінен алу үшін негіздердің тізбесін толықтыру; əкімшіге қосымша сыйақы төлемдерінің шарттарын нақтылау бөлігінде бірқатар нормаларды қайта сүзгіден өткізген. Заң жобасын қарау барысында депутаттар банкроттық кезіндегі заңсыз əрекеттер, əдейі жəне жалған банкроттық үшін санкциялар бөлігінде, сондай-ақ, əкімшілердің міндеттерін синхрондау мен оларды орындамағаны үшін əкімшілік жауапкершілік бөлігінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірқатар нормаларын да қайта қарап шыққан. Сөйтіп, банкроттық кезіндегі əдейі жəне жалған банкроттықты жасауда кінəлі деп танылған адамдардың белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды; банкроттық кезіндегі заңсыз əрекеттері үшін сотталған адамдардың тіркелуіне (қайта тіркелуіне) заңды тұлғаның тыйым салуын; банкроттың мүлкі мен істерін басқару бойынша барлық өкілеттіктерді атқарушы органдардан əкімшіге ауыстыруды; банк құпиясын қамтитын, банкроттар туралы мəліметтерді оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға беру тетігін; борышкер банкрот деп танылған күннен бастап борышкердің салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің тəсілдерін қолданбауды көздейтін түзетулер енгізіліп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзінің жаппай қырып жоятын қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерістерге қосып отырған үлесін жоғары бағалады. Конакри қаласында болған кезінде Е.Ыдырысов Гвинея Пре зиденті Альфа Кондемен, осы елдің сыртқы істер министрі Люсьен Фальмен жүздесіп, Марокко, Мали, Иран, Бруней, Камерун, Нигер, Мавритания, Сомали, Ливия, Буркина-Фасо, Гамбия, Сенегал, Алжир, СьерраЛеоне, Комор аралдары жəне тағы басқа елдерді қоса алғанда, ИЫҰ-ға мүше елдер деле гацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының ИЫҰ-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерімен келіссөздерінде төмендегідей маңызды мəселелер: саудаэкономикалық байланыс тар, Қазақстан бизнесінің жаңа рыноктарға шығуының мүмкіндіктері, халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық, сондайақ, Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау сияқты мəселелер қарастырылды. ИЫҰ СІМК-нің екі күндік сессиясы аяқталған соң Е.Ыдырысов Эфиопияға аттанып кетті. Онда ол осы ел басшылығымен жəне штабпəтері Эфиопия астанасы – АддисАбеба қаласында орналасқан Африка Одағы басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізетін болады. Сəулебек БІРЖАН.

Тіркелу Ќўжаттамасын тапсыру рəсімі ґтті

Кеше Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Париждегі штаб-пəтерінде осы ұйымға мү шемемлекеттер қарауына Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Тіркелу Құжаттамасын ресми түрде тапсыру рəсімі болып өтті. Тіркелу Құжаттамасын ХКБ-ның Бас құжаттарды дер кезінде дайындаудың хатшысы Висенте Лосерталеске Қазақстан маңыздылығын атап көрсетті. Ұйымның Республикасы Премьер-Министрі Серік мүше-мемлекеттері ЭКСПО-2017-ні өткізу Ахметовтің арнайы жолдама хатымен бірге жөніндегі Астананың ұсыныс-пікірлерін Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан қолдайтындығына сенім білдірді. Бас хатДəненов тапсырды, деп хабарлайды СІМ- шы алдағы уақытта да бұл мəселе бойінің баспасөз қызметі. Бүкілəлемдік əмбебап ынша жан-жақты ынтымақтастық байлакөрмелер тəртібі бойынша 2014 жылғы мау- ныс жасалатындығын атап көрсетті. Өз сымда өтетін ХКБ-ның кезекті Бас ассам- кезегінде Елші Нұрлан Дəненов біздің блеясында бұл Құжаттамалар бекітілгеннен еліміздің осы халықаралық маңызды шакейін ЭКСПО-2017-ні өткізу мəселесі раны жоғары дəрежеде өткізу үшін қолдан ресми түрде мойындалады. Осыдан кейін келгеннің бəрін жасайтындығына Бас хатҚазақстан Халықаралық көрмеге қатысу шыны сендірді. Бұл шара біздің елімізде іс мүмкіндігі бар мемлекеттермен арнайы жүзіне асырылып жатқан «Қазақстан-2050» келіссөздер жүргізеді жəне оларды ресми Стратегиясының мақсаттарымен толық түрде шақырады. Тіркелуден өткеннен үндеседі. Сонымен бірге, Н.Дəненов ел кейін Қазақстан экспо-сити құрылысын Үкіметі атынан ХКБ басшысына көрсеткен бастайды. көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді. Құжаттама тапсыру рəсімінде ХКБ Бас хатшысы В.Лосерталес бұл негізгі «Егемен-ақпарат».


12 желтоқсан 2013 жыл

3

www.egemen.kz

ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖЕМІСТІ ЖОЛЫ Жаѕа баєыт жаѕа міндеттер жїктейді

Еліміз егемендігін алып, мемлекет болып қалыптасу жолында көптеген қиындықтарды басынан кешірді. Əрбір игілікті бастаманың берекелі жалғасы болатынындай, айналдырған азғантай жылдар көлемінде жас республиканың əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жаңғыруындағы жетістіктерін бүкіл əлем мойындады. Əрине, осы тар жол, тайғақ кешудегі барлық қол жеткізген стратегиялық бастамалардың басында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұрды. Маңайында əрдайым миллиондаған халық болды. Содан бері, міне, жиырма екі жылдың көші көрінді. Тəуелсіздік алған алғашқы күннен бері Елбасы мемлекетіміз бен халқымызды өмірдің барлық салаларында нақты нəтижелерге қол жеткізуге, əл-ауқатымызды жақсартуға бағдарламалар жасап, өркениет көшіне бастап келеді. Елімізде жекеменшікке, еркін бəсекелестік жəне ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманға сай үлгісі жасалып, кəсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі қалыптасты. Осы тұрғыдан ел дамуының стратегиялық жоспарын сауатты, дұрыс құру аса маңызды. «Қазақстан-2030» Стратегиясы шынайы серпіліс беріп еліміз нарықтық экономикаға көшу жолындағы қиын да ауыспалы кезеңді сəтті еңсерді. 2012 жылдың желтоқсанында Елбасы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуын қорытындылап, еліміз үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесінде айтылғандай, Қазақстан халқының дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алу ұмтылысына сəйкес келетін, 2050 жылға қарай əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену ді көздейтін жоғары мақсат жауапкершілігін сезіну тілегінен туындайды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа прагматикалық бағытты белгілеп, егемен мемлекетіміздің ХХI ғасырда тұрақты дамуының негізгі жолдарын айқындайды. Оның сəтті іске асырылуынан Қазақстанның келешектегі орны мен рөлі анықталмақ. «2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Ол бүгінде əлемдік қоғамдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім», деп атап көрсетті Елбасы. Құжаттың басты жетістіктерінің бірі – XXI ғасырда пайда болған, барлық мемлекеттер мен өңірлерді қамтитын жаңа ғаламдық сынақтарға жан-жақты талдау жүргізу болып табылады. Жолдауда Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі ба ғыттарының арасында дəйекті жəне болжамды сыртқы саясат – ұлт тық мүдделерді ілгерілету мен ай мақ тық жəне жаҺандық

қауіпсіздікті нығайту да аталды. Баршаға мəлім, Қазақстан өңірлік сыртқы саясат мəселелеріне ерекше көңіл бөледі. Орталық Азиядағы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдар да еліміздің басты назарында. Себебі, соңғы жылдары қолданылып жатқан қатаң шараларға қарамастан өңірде радикалдық қозғалыстар белсенділігінің елеулі артуы, діни экстремизмнің тарауы байқалуда. Қазір аймақтағы қауіпсіздікке қатер төндіруші факторларға тұрақты кең тарау алып отырған ауған қақтығысын да жатқызуға болады. Халықаралық коалицияның 2014 жылға дейін Ауғанстаннан əскерлерін шығаруына байланысты бұл қатердің одан сайын артып кету мүмкіндігі туындап отыр. Өңірдегі заңсыз есірткі айналымының ауыр жағдайы да өрши түсу үрдісіне ие. Діни экстремизм мен терроризмнің қатарында заңсыз əрекеттің осы түрі өңір қауіпсіздігіне əсерін тигізетін теріс құбылыстың бірі ретінде қарастырылады. Заңсыз есірткі айналымы мен ақша жылыстату, контрабанда жəне трансұлттық ұйымдасқан қылмыс басқа да қылмыстық əрекеттердің арасындағы өзара байланыстың болуы елді алаңдатып отырғаны жасырын емес. Терроризм, экстремизм жəне трансұлттық қылмыстан төнетін қатер өңірдегі елдерден келісілген тиімді шаралар қабылдауды талап етеді. Орталық Азияның ұзақ мерзімді бірқалыпты дамуы Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтануынсыз қарастырыла алмайтынын естен шығармау қажет. Коалиция күштері кеткен соң қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне экономикалық оңалту мəселелері Орталық Азияда орналасқан елдер тарапынан баса назар аударуды қажет етеді. Егер Ауғанстанға көмек толыққанды көрсетілетін болса, осы мемлекеттегі ішкі саяси жəне əлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтанады.

Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы Ауғанстан экономикасына салған жəрдемінің көлемі білім беру бағдарламасына берілген 50 млн. доллар жəне басқа да көмекті қосқанда 250 млн. долларды құрады. Біз Ауғанстанның Орталық Азиядағы халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне интеграциялануын қолдаймыз. Ауғанстан ның Орталық жəне Оңтүс тік Азия елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарын одан əрі дамытуға бағытталған «Жаңа жібек жолы» бастамасын қолдауымызды осымен түсіндіруге болады. 2007 жылдан бастап біздің еліміз Ауғанстанға көмек көрсетудің арнайы жоспарын іске асырып келеді. Соның ішінде бейбіт кəсіптер бойынша 1000 жас маман дайындау бағдарламасы жүргізіліп отыр. Жыл сайын Қазақстан Ауғанстанға тегін техникалық жəне гуманитарлық көмек көрсетеді. Қазақстан қаражатына Талукан – Кундуз – Ширхан – Бандар автожолы қайта жөнделіп, мектеп пен аурухана салынды. Біздің мемлекетіміз Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық қоғамдастықтың гуманитарлық күш-жігеріне белсенді атсалысып келеді. Сондықтан да Қазақстанның осы мəселеге қатысты ұстанымдарын халықаралық кездесулерде сарапшылар жоғары бағалайды. Мемлекетімізге осындай белсенді сыртқы саясат жүргізуге дамып келе жатқан экономика ғана емес, тұрақты құқықтық жүйенің болуы мүмкіндік беріп отыр. 1990 жылдардың ортасынан бастап қалыптасқан, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Содан бері елімізде БҰҰ, ТМД мен ҰҚШҰ шеңберінде қабылданған бірқатар халықаралық нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ екіжақты келісімдер мен келісімшарттарды ратификациялау жəне

Бізге де жаѕару ќажет Абзал ƏЛІҚҰЛОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы.

Елбасының бастамасымен «Қазақстан-2030» Страте гиясы қабылданып, онда елдің дамуына бағытталған жеті негізгі басымдық көрсетілді. Солардың негізінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар əзірленді. Міне, осы бағдарламалар арқылы елімізде қыруар тірліктер атқарылды. Бір ғана мысал. 2008 жылы бүкіл əлем қаржы дағдарысына тап болды. Тіпті, алпауыт ел – АҚШ-тың өзінде миллиондаған адам жұмыссыз қалды. Осы кезде біздің үкімет «Жол картасы» бағдарламасын қабылдап, жұмыссыздықтың алдын алды. Яғни, елде жаппай жұмыстан босату фактілері тіркелген жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы оңтүстікқазақстандықтар тарапынан, əсіресе, жастар жағынан үлкен қолдауға ие болған еді. Олай деуіме негіз бар. Елбасы қашанда жастардың мəселесіне көңіл бөліп келеді. Жастарды жұмыспен қамтуда қабылданып жатқан бағдарламалар негізінде

мемлекеттік жастар саясаты толықтай қалыптасудың негізгі кезеңдерінен өтіп келеді. Сонымен қатар, жастар саясатының негізгі басымдықтары 2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда жəне 1999 жылы 28 тамызда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен бекітілген Мемлекеттік жастар тұжы рымдамасында көрініс тапқан. Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясында əр онжылдық сайын негізгі жеті басымдықтың орындалуы бойынша бөлек жос парлардың қабылданатынын жеткізіп, XXI ғасырдың 10 ең толғақты мəселесіне тоқталған болатын. Иə, Елбасы атап көрсеткен бұл мəселелер шын мəнінде маңызды. «Қазақстан орта ғасырдан алтын ғасырға қадам басуы қажет», деген Елбасының сөздері əрбір қазақстандықтың алдына қойылған міндет деп білемін. Біз жаңаруымыз қажет. Əсіресе, жастарда жаңа көзқарастар қалыптасуы тиіс. Жаңа бастамаларды, жаңа идеяларды тудыратын, іске асыратын – жастар. ШЫМКЕНТ.

ұлттық заңнамаға енгізу бойынша мемлекетішілік рəсімдер жүргізілді. Құқықтық негіз Шанхай ынтымақ тастық ұйымы шеңберінде де серпінді құрылуда. Мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттері мен өкілеттігін кеңейте, нақтылай түсетін «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Рес публикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға жəне ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңдар мен басқа да бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қызметті ұйымдастыру жəне үйлестіру тетіктерін құқықтық регламенттеу мен жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң сияқты бұл заңда да əр мемлекеттік органның өкілеттіктері мен құзыретінің аражігін нақты ажырату қарастырылды жəне ерекше айта кету керек, бұл құжат қабыл данғаннан кейін террорлық əрекеттердің алдын алу жəне профилактикасы мəселелері бойынша мемлекет пен қоғам күштерін кең ауқымды қолдану бастау алды. Осы заңға сəйкес Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Рес публикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ереже жəне əкімдер бас қаратын Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілді. «Қазақстан-2050» Стра тегиясында қойылған тапсырмаларды іске асыру үшін осы жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің № 648 Жарлығымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Ұлттық заңнама əрдайым жетілдіріліп отыратыны белгілі. Желтоқсандағы Жолдауында Елбасы: «Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз», деп атап өткен. Осы тапсырманы орындау шегінде аталған қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдардың заңнамалық базасын жетілдіруге бағытталған заң жобалары Парламентке келіп түседі деп күтілуде. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде табыстарға қол жеткізу үшін мемлекет пен қоғам өзара тығыз қарым-қатынаста болып, өзара күш-жігерін жұмылдыруы қажет.

ҚАЛЫПТАСҚАН

ҚАЗАҚСТАН

СТРАТЕГИЯ-2050

СТРАТЕГИЯ-2030 НƏТИЖЕЛЕРІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР «Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ жəне тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық. Біз бүгін шикізат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдаланудамыз». Н.Ə.Назарбаев. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ БАРЛЫҚ ЭКОНОМИКА ҮШІН ЛОКОМОТИВ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖƏНЕ БАСҚА САЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА МҮМКІНДІК ЖАСАЙДЫ.

Еліміздің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу динамикасы байқалады.

1997

2006

2011

Қазақстан өткізу рыногын əртараптандырды жəне ондағы өзінің орнын берік нығайтты, сөйтіп, өнім өткізудің бір бағытына ғана тəуелділікті төмендетті

Жанат ЖАРАСОВ, Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Кеше Парламент Сенаты Əлеуметтік-мəдени даму комитеті мүшелерінің мемлекеттік орган басшыларымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде «Елімізді əлеуметтік жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы» тақырыбын талқылаған кездесуі болды.

Елімізді əлеуметтік жаңғыртуға мүмкіндік беретін бағдарламалардың орындалу барысы туралы алғашқы баяндаманы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүй сенова жасады. «Жұмыспен

Ел мўраты – Стратегия міндеттерін орындау Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Кездесуді Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов ашып, жүргізіп отырды. Өзінің кіріспе сөзінде комитет төрағасы «Қа зақстан-2050» Стратегиясы əлеуметтік мəселелерге үлкен көңіл бөлетінін айта келіп, осы бағытта қабылданған бағдарла малардың орындалу барысы тура лы комитет мүшелері толық хабардар болғысы келетінін жеткізумен бірге, мемлекеттің жаңа əлеуметтік саясатының ерекшелігі мен өзектілігін атап өтті. Əлеуметтік қорғау тетіктерін күшейту, аймақтардағы əлеуметтік теңсіздіктерді жою, еңбек жəне жұмыспен қамту саясатын жаңғырту, денсаулық сақтау мен бі лім беру жүйесін

дамыту мəселелері мем ле кет тің стратегиялық бағыттарын мақсат еткен шешімдердің қатарында, деді ол. Сонымен бірге, əлеуметтік бағдарламалардың орындалуына заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет болса, парламентарийлер бұл іске əрқашан да дайын екендігі айтылды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы еңбекақы, зейнетақы мен жəрдемақының, кепілді дəрігерлік жəне білім беру қызметтерінің көлемін, мектепке дейінгі тəрбиемен қамтамасыз ету, сондай-ақ, осы стандарттарды бұзғаны үшін лауазымды адамдар мен жұмыс берушілердің жауаптылығын орнықтырумен бірге, өмір сапасының ең төменгі негізгі көрсеткіштері көрініс табатын əлеуметтік стандарттар мен əлеуметтік құқықтар туралы заң жобасын əзірлеу туралы тапсырма бергенін атап өтті.

қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейінгі мəліметке сəйкес шамамен 256 мың адам мемлекеттік көмек алған. Бағдарламаға қатысушылардың жартысынан астамы 29 жасқа дейінгі жастар. Осы шара бойынша барлығы 234 мың адам жұмысқа орналасқан. Соның ішінде 109 мыңы қайта даярлау, дайындау жəне біліктілігін арттыру курстарынан өткен. 16 мыңнан астамы шағын несиелермен қамтылып, қосымша 12 мың жаңа жұмыс орындары ашылған. Сондай-ақ, бағдарламаны орындау барысында 11 мыңнан артық адамның жұмысы бар жерлерге көшіріліп, олардың арасынан жұмыс істеуге қабілеттілерінің 80 пайызға жуығы еңбекке тартылғаны белгілі болды. Ал ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша 1485 жоба іске

асырылып, соның арқасында 26 мың адам жұмыспен қамтылыпты. Сонымен бірге, баяндамашы бағдарламаны іске асыруға қолбайлау болып отырған жайттарға де тоқталып өтті. Соның ішінде бағдарламаның қалың көпшілікке тарамай, көптеген елді мекендердің оның іске асырылу тетіктерінен хабарсыз екендігі айтылды. Қосымша баяндама жасаған Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев кездесуге қатысушыларды əзірленіп жатқан ең төменгі əлеуметтік стандарттар туралы заң жобасы жəне оның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы хабардар етті. Кездесуге, сондай-ақ, Спорт жəне денешынықтыру жөніндегі агенттіктің төрағасы Тастанбек Есентаев, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерік Байжүнісов, Білім жəне ғылым министрінің орынбасары Тақыр Балықбаев, Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Кұрманғалиева, Кəсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықов қатысып, депутаттардың сауалдарына жауап берді. Кездесуді қорытындылай келіп, А.Бижанов бұл талқылаудың еліміздің əлеуметтік жаңғыртудың құқықтық базасын жетілдірудегі жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.


4

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

ТАБЫСЫ ЗОР, ЫРЫСЫ

Деректер мен дəйектер ● Жыл соңына дейін өнеркəсіп өнімінің көлемін 530 млрд. теңгеге, ал нақты көлем индексін – 103,5 %-ға жеткізу болжамдалуда. ● 2013 жылдың 10 айында жұмыс жасайтын өнеркəсіптік кəсіпорындарда 734 тұрақты жұмыс орындары ашылды. ● 2013 жылдың 10 айында облыс экономикасын дамытуға 292 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. ● Өнеркəсіпке бағытталған жеке инвестициялардың көлемі – 64 млрд. теңге. ● «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылдың 10 айында несие сомасы 24,4 млрд. теңге (жобалардың жалпы құны 65,4 млрд. теңге) құрайтын 176 жоба мақұлданды. ● Бүгінгі таңда белсенді шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің саны 113311 бірлік құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3%-ға өскен. ● Шағын жəне орта кəсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 270359 адам. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,7%. ● Биыл мəдениет саласында 29 нысан пайдалануға берілді, 39 нысан күрделі жөндеуден өткізілді. ● Облыс спортшылары 2013 жылы əлем, Азия, республика чемпионаттарында 324 алтын, 299 күміс жəне 331 қола медальға ие болды. ● ҚР Ұлттық құрама командасына енген спортшылар саны 32 пайызға өсіп, 833 спортшыны құрады. ● «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2013 жылы 47 ауызсу нысанының құрылысы жүргізілуде. Нəтижесінде, 16 елді мекен, 18,8 мың халық ауызсу құбырымен қамтамасыз етiлiп, су құбырлары бар ауыл саны 665-ке жетедi. Яғни, 2,3 млн. тұрғын ауызсумен қамтылады. ● Жалпы, 4 жылда 233 елді мекен, 854 мың тұрғын ауызсумен қамтылды. 190 елді мекенде 251 су тазартқыш станса орнатылды.

Бір жылда 69 нысан салынуда Жиырма жылдан астам уақыттан бері осы медицина саласында еңбек етіп келе жатқандықтан ел тəуелсіздігінің алғашқы жылдарында көптеген қиындықтарды бастан өткергенімізді жасыра алмаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың əлеуметін көтеруге бағытталған салиқалы саясатының арқасында, бүгінде, егеменді еліміз үшін əрбір жылдың толысу, кемелдену жылына айналғаны – өмір шындығы. Тəуелсіз Қазақстан халқы берекелі тіршілік кешуде. Еліміздің дəулеті мен сəулеті артып, экономикалық дағдарыстарға қарамастан қарқынды өсіп-өркендеуде. Осының арқасында облысымыздың денсаулық сақтау саласында бұрынсоңды болмаған жұмыстар жүріп жатыр. Мысалға, денсаулық сақтау саласы бойынша биыл 69 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 54-і облыстық бюджеттен салынуда. Бүгінгі күнге 50 нысан іске қосылды. Желтоқсан айында қосымша 15 нысан қосылады.

38 нысан күрделі жөндеуден өтті. Медициналық ұйымдар 100 пайыз санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді. 2004 жылдан бері созылып келе жатқан 10 нысанның құрылысы толығымен шешілді. Медициналық ұйымдарының МТБ жарақталу көрсеткiшi 25,3 пайыздан 57,4 пайызға көтеріліп, республикалық орташа көрсеткішке жетті. Нəтижесінде, жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2009 жылдан 9,7-ден 7,3-ке төмендеді. Ал, аналар өлім-жітімінің көрсеткіші 31,9-дан 12,2-ге, ал нəресте өлімі 25,5-тен 12,9ға төмендеді. Сондай-ақ, облысымызда аймақтар арасында алғаш рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалды. Міне, денсаулық сақтау саласы осылайша дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтардан сүрінбей өтіп, қызу тірлігімен ел көңілін марқайтып отыр. Нұраш ТОҚБЕРГЕНОВ, Шымкент қалалық №9 емханасы бас дəрігерінің орынбасары.

Ґзгерген ґѕір Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі.

Қазақы қалпының қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан Оңтүстіктің орны əрқашан ерекше. Əлемнің екінші ұстазы атанған Əл-Фараби, əулие Арыстан баб, даналық ілімінің атасы Қожа Ахмет Ясауи сияқты дара перзенттерінен тамыр тартқан аймақтың тарихы өте терең жəне тағылымды. Бұл өлкенің əр тасы мен əр түп жусаны шежіреден сыр шертеді. Осынау қасиетті өлке бүгінде табысы зор, ырысы мол аймаққа айналып, қарқынды дамып келеді. Оның дəлелі ретінде, облыс жетістіктері мен ҚР Президент Əкімшілігінің рейтингтік ресми бағасын айтуға болады. Осы рейтинг қорытындысымен облыс 3 жыл қатарынан жоғары қарқынды дамытуды көрсетіп отыр. Жалпы өңірлік өнім өткен жылдың қорытындысында 1,8 трлн. теңгені құрап, биылғы жылы 2 трлн. теңгеден асқалы отыр. Немесе 4 жылда 2 есеге өсіп, республикадағы үлесі бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Бұл, əрине, үлкен жетістік. ҮИИД бағдарламасы осынау қарқынды тірліктерге үлкен серпін беріп, адымын ширатуда. Индустрияландыру картасына 150 жоба енгізілген. Бұл республикадағы жобалардың 40 пайызы деген сөз. Жобалармен барлық аудан, қала қамтылған жəне 65 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Бүгінде 80 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 20 жоба іске қосылатын болады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 473 жоба мақұлданып, 6737 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде ағымдағы жылдың үлесі 197 жоба. Өнеркəсiп кəсiпорындарында 448 млрд. теңгенің өнiмi өндiрiлiп, 2012

жылдың сəйкес кезеңiмен салыстырғанда 47 млрд. теңгеге өстi. Жалпы, 4 жылда өнеркəсіп өнімінің көлемі 2 есеге өсті, нəтижесінде, өңірлік өнімдегі үлесі 15,4 пайыздан 24 пайызға жетті. 2010 жылы бұрынғы «Фосфор» зауыты аумағындағы 337 гектар жерге индустриялық аймақ құрылды. Жекешеленіп, игерілмей жатқан 123,5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жол картасын пайдаланып, істен шыққан инфрақұрылым қалпына келтірілді. 59 жоба іріктеліп, бүгінде 21 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 10 жоба іске қосылады. Индустриялық аймақтың тиімділігін ескере отырып, барлық аудан, қалаларда аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Аймақтарда 19 жоба іске асырылуда. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымы толық

аяқталды. Сөйтіп, 18 жоба мақұлданды, оның 5-еуі іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы екеуі іске қосылатын болады. Оның біреуі – кілем тоқу фабрикасы. Кəсіпкерлерге республикалық бағдарламалардан бөлек облыс деңгейінде де тиісті қолдаулар көрсету үшін елімізде алғашқы болып 2009 жылы əкімдікке қарасты қаржы институты ретінде «Максимум» АИО құрылды. Оған облыстық бюджеттен жылына 3 млрд. теңгеден, жалпы, 10 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда бұл қаржы мен одан қайтарылған несиені қоса отырып 18,7 млрд. теңгені құрайтын 8502 жоба мақұлданып, 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бір айта кететінім, жобаның 90 пайызы ауылдық жерлерде іске асып жатыр. Озық технологияларды өндіріске енгізу үшін 2012 жылы əкімдікке қарасты «Шымкент инновация» ЖШС құрылды. Ол жерде шетел тілдерін білетін мамандарды жұмысқа алдық. Олар бірнеше бағытта жұмыс атқаруда. 200-ден астам инновациялық жобалардың дерек қоры жинақталды, оның 20-дан астамы жүзеге асырылу үстінде. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 10 айда 275,7 млрд. теңгені құрап, 76 млрд. теңгеге артты. Республикадағы үлесі – 13,4 пайызды құрап, өткен жылдың қорытындысында республикадағы үлесі бойынша 2-орынды иеленді. Облыстың егіншілік саласы суармалы жерге байланысты екені белгілі. Сондықтан ол жерлерді барынша тиімді пайдалану мақсатында 2009 жылдан 5700 шақырым каналдар жөнделіп, 145 мың гектар суармалы жер айналымға қосылды. Бұл соңғы жылдары республикада қайтарылған суармалы жердің 74 пайызын құрайды. Яғни, бүгінде кеңес дəуірінде қалыптасқан суармалы

егістіктің көлемі толық игерілуде. Бұдан бөлек, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша арнайы іс-шара қабылданып, 292 мың гектар қосымша қосу жоспарланды. Жылыжайлар 2009 жылдан бері орта есеппен 150-170 гектардан салынып, жиыны 720 гектарға жетіп, 5,7 есеге артты. Облысымыздың республикадағы үлесі 87 пайыз болды. Осы жылыжайлардың есебінен 150 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді. Ал, тамшылатып суару əдiсi 2,1 мың гектардан 26,1 мың гектарға жетіп, 12,2 есеге артты. Облысымыздың бұл жөніндегі республикадағы үлесі – 72 пайыз. Мемлекеттiк бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердiң көлемi 165,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сəйкес кезеңінен 14 пайызға (20,3 млрд. тг.) артты. Облыста 48 газбен жабдықтау нысандарының құрылысы жүргiзiлуде. Жыл соңына дейін 28 елді мекен табиғи газбен қамтылып, көгілдір отын жағып отырған ауылдар саны 254-ке жетеді. Яғни, соңғы 4 жылда 123 елді мекен газбен қамтылды. Сонымен қатар, Бейнеу– Бозой–Самсоновка жоғарғы қысымды магистральды газ құбырына қосылатын 8 ауданның 284 елді мекенін (767 мың тұрғын) табиғи газбен жабдықтау үшін 6 автоматтандырылған газ тарату стансаларының ЖСҚ дайындалуда. 2014 жылы құрылысы басталатын болады. Мемлекет басшысы «Өңірлердің дамуы – Қазақстанның дамуы» деп айтқан болатын. Еліміздің қол жеткізген əрбір жетістігі Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың алысты болжай алатын көреген саясаткер екендігін танытты. Кеңес дəуірінен тəуелсіздікке қадам басқан бірнеше мемлекеттердің ішінен Қазақстанның бүгінде оқтай озып отырғаны осының бір дəлелі. Меніңше, еліміздің саясиэкономикалық жетістіктерінен бөлек, біз назар аудара бермейтін бір мəселе бар. Ол – қоғамның өзгергені. Жаңа ұрпақтың ержеткені. Сананың өзгергені. Бұл – тəуелсіздік жылдарының ең үлкен жемісі.

Балабаќшадаєы бїлдіршіндер – болашаєымыз Балабақша деген таңертең кішкентайыңызды апарып тастап, кешке алып қайтатын, күні бойы балаңызға бас-көз болып отыратын мейірімді мекеме ғана емес. Балабақшаның біз біле бермейтін қасиеттері өте көп. Бүлдіршіндерге тəрбие бергеннен бөлек жас бала көпшілікпен араласады, тіл табысады, өз бетінше əрекет етеді, ой өрісі дамиды. Қазір қым-қуыт тіршілік. Алдына ас қойып, үлкендеуін бас қылып, əйтеуір, жыламаса болды деп, балаларын үйге қамап кететін ата-аналар да жетерлік.

Төрт қабырғаның ортасында қалған бала не тəрбие алады? Сондықтан жас өскін жақсы тəрбие алу үшін далада да, қалада да балабақшаның маңызы өте зор. Жақында Төлеби ауданында жаңадан 4 балабақша ашылды. Жалпы, бұл ауданда «Балапан» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2012 жылы ауданда балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 53,44 пайызды құрады. Биылғы қараша айына дейін 3 мемлекеттік, 6 жекеменшік балабақша іске

қосылды. Оған 745 бала тартылды. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 33 балабақшада 3130 бала, 37 шағын орталықта 2050 бала, барлығы 5180 бала қамтылып, көрсеткіш 59 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін демеушілер есебінен тағы да бірқатар жекеменшік балабақша іске қосылып, тағы 5710 бүлдіршінді қамтымақ. Жыл соңына дейін балабақшамен қамтылған бала көрсеткішін 65 пайызға жеткізу жоспарлануда. Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында, Нысанбек,

Əлішер Науаи, Алғабас елді мекендерінде ашылған осынау 4 жаңа балабақшада 315 бала тəрбиеленбек. Сонымен қатар, 82 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы алғанда, облыс бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында жылдың басынан бері 50 мектепке дейiнгi ұйым ашылып (30 балабақша, 20 шағын орталық, 6131 бала қамтылды), жалпы саны 1178-ге (122502 бала) жеткені Төлебиде өткен жиында үлкен қуанышпен айтылды. Осыдан бес жыл бұрын балабақша саны 181 болса,

енді, міне, 997 (588-і шағын орталықтар, оның ішінде 47-сі жекеменшік), 409 балабақша (301-і жекеменшік), мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылып, балаларды қамту деңгейі 14 пайыздан 61,5 пайызға жетті. «Бала – болашағымыз» деген. Осынау игі тірліктің бəрі «Балапан» бағдарламасының аймақта нəтижелі іске асып жатқанының жарқын дəлелі екені анық. Əтірхан ШЫҢҒЫСБАЕВ, Төлеби аудандық мəслихатының хатшысы.

.

. .


12 желтоқсан 2013 жыл

5

www.egemen.kz

МОЛ ОҢТҮСТІК! Ертеректе үлкендер «Біздің кезіміздің заманы да, адамы да басқашалау еді...» деп өткен-кеткенді еске алып, өз заманының адамдарына, солардың болмысына, жасаған қарекетіне тамсанып отырушы еді. Бұл əрине, қариялардың жастық шағын, сол бір дəуренін аңсау, зымырап өтіп жатқан уақытты мойындау, сағынышын əңгіме арқылы сыртқа шығару екені сөзсіз.

Жас жїрген жер – мереке Меніңше, əр заманның, əр уақыттың өз адамы, өз тіршілігі, өз қызығы мен дəурені бар. Əйтсе де, біз дің тəуелсіз Отанымызда елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет ететін жігерлі де жалынды жастардың шоғыры көбейіп, жаңа келбетті жас толқынның өсіп келе жатқанын көргенде көкірегіңде мақтаныш сезімі оянады. Осы жастарға қарап ел болашағының баянды, зор екеніне көзің анық жетеді. Жастар – үлкен күш. Жастар дегеніміз – жалын от. Жас жүрген жер – мереке. Оңтүстік жастарының көптігімен ерекшеленеді. Қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де іскер жастарының көптігімен ерекшеленеді. Облыс тұрғындарының 30 пайызға жуығын жастар құрайды. Солардың ішінде барынша бастамашыл, қажырлы да белсенді жас кəсіпкерлер көп. Оңтүстік Қазақстан облысының Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Қазақстан экономикасының көркеюі мен табысты болуының нық тірегі ретінде жастар кəсіпкерлігін дамытуға бар күшін салуда. Өңірімізде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында «Жастар практикасына» 2013 жылы 5300 жас маманды тарту көзделіп, оған республикалық бюджеттен 946,7 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінген. Облысымызда 156 жас кəсіпкер өздерінің кəсібін жүргізу мақсатында 366 515,0 теңге көлемінде несие алған. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 2013 жылы 716 жас маман ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 166-ына тұрғын үй алу үшін несие беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда жастар барлық салада қызмет атқаруда. Жұмыс істей жүріп те білім алу ісі жақсы жолға қойылып отыр. Яғни, Оңтүстіктің жастары белсенді. Жастарға осындай жағдай жасалып, үлкен үміт артылғаны біз үшін зор жауапкершілік жəне мақтаныш. Анна ШОЛГИНА, «Арыс толқындары» телеарнасының қызметкері.

Таѕ шапаєымен шырайланєан Шымќала Сөз жоқ, соңғы жылдары Шымкент қаласы қатты өзгерді. Көптеген жаңа мəдени ошақтар бой көтерді. Мұның бəрі Елбасының халық мəдениетіне деген ізгі жанашырлығынан бастау алғаны анық. Сая бақ тар жаңарды, бұрын болмаған тақырыптық əсем жаңа саябақтар салынды, жаңа мұражайлар қосылып жатыр. Ал театрға келсек, Шымкентте əзіл-сықақ, сондай-ақ, опера жəне балет театрларының ашылғанының өзі неге тұрады? Елімізде оқу-білімге, денсаулыққа, еңбекке, мəдениетке, халық игілігіне, əлеуметтік жағдай дың жақсаруына деген мемлекет қамқорлығы ерекше. Осындай қамқорлықтың арқасында елден мықты ғалымдар мен мамандар, спортшылар мен өнер иелері шығып жатыр. Осы жолда Қазақстан əлі талай белестерге шығады. Соңғы кездері қай өңірде болмасын ірі сауда орындарын қаланың шеткі аймақтарына орналастыруда. Бұл бірінші кезекте тауарды сатушы мен алушыға да ыңғайлы жəне қала ішіндегі тұрғындарға да кедергі келтірмейді. Бұл жағынан келгенде Шымкент ірі сауда орындарының бəрін əлдеқашан-ақ қала сыртына шығарып, тіптен шырайлана түсті. Үкімет қолдауымен бекітілген Бас жоспар аясында жақын жылдары қала халқының санын миллионға жеткізу көзделінді. Шым шаһардың жер көлемі 117 мың гектар аумаққа ұлғайды. Қала халқының тұрмыс-тіршілігі ыңғайлы, жайлы қалыпта болуы үшін, жан-жақты мүмкіндіктер басты назарға алынған.

Мемлекетіміздің басты байлығы – оның азаматтары. Бұл тұрғыдан алғанда көштің алдыңғы сапында келе жатқан Шымкенттің байлығы жыл сайын табиғи жолмен 2,4 пайызға өсумен келеді. Ресми санаққа сенсек, қалада қазір 678,5 мың халық тұрады. Мектеп оқушыларының өзі 125 мыңға жетіп, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда бала саны 5 мыңға бірден артты. Бұл бүгінгі жалпы саны 272-ні құрайтын білім мекемелерінің қатарын жыл сайын арттырып отыру керек дегенді білдіреді. Ал, 2015 жылға қарай миллион тұрғыны бар шаһарға айналу жоспары бар. Əрине, халықтың санының өсуі бар да, оларды жұмыспен, баспанамен қамту мəселесі бар. Мұны ескерусіз қалдыруға мүлдем болмайды. Жыл басынан бері Шым-қалада 6458 жұмыс орындары ашылыпты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына айтылып отырған мерзім ішінде 8459 адам қатыстырылып, 2136 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, басты бас ауру – баспана мəселесіне келсек, үстіміздегі жылы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында жергілікті қазынадан қаралған 4,7 миллиард теңгеге 4350 пəтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 1112 пəтерлі 20 тұрғын үйді тапсыру биылғы жылдың еншісіне жоспарланса, бүгінге дейін оның 11-і өз иелерін тапты. Жақында ғана Шымкент қаласының əкімі Дархан Сатыбалды ақпарат құралдарында шаһар тұрғындары ауыз сумен 82, кəріз жүйелерімен 30, көгілдір отынмен 74

пайызға қамтылғанын айтты. Үстіміздегі жылы 10 су, 12 газ құбырларының, 7 электр желілерінің, 1 шағын стансасының құрылысы жүргізілуде. Бұл мақсатта 6,8 миллиард теңге қаралды. Жобалар толығымен іске асқан жағдайда сумен қамту деңгейі 86, газбен қамту 80,5 пайызға дейін өсуі көзделіп отыр. Екінші ауқымды жоба – құрылысы жүріп жатқан солтүстік су құбыры мен қолданыстағы су құбырларын бір жүйеге біріктіру. Міне, сонда ғана ауыз суға зəру халықтың мəселесі шешіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздегі үшінші қала мəртебесін иемденген Шымкент қаласында əкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы қызу жүріп жатыр. Жақында бұл маңнан «Отырар» кітапханасы, емхана жəне халқымыздың салт-дəстүрінен мол тағылым беретін «Наурыз» алаңы ашылды. Бұл алаң 1 гектардан астам аумақты қамтиды. Бадам, Қошқар ата өзендерінің бойы абаттандырылып жатыр. Өзендер бойынан демалыс аймағын құру, гүлзарлар ұйымдастыру жұмыстары қарастырылған. Бəйдібек би ескерткіші де қарқынды құрылысқа бой алдырды. Бəйдібек би ескерткішінен ипподромға дейінгі аумақта этно-тарихи саябағының, сондай-ақ, облыстық музей жəне əдетғұрып орталығының эскиздік жобасы жасақталынды. Ғаппар МАЙМАҚОВ, «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Біздіѕ диќандардыѕ алар асуы əлі алда Көп еңбек еткенге бақыт та басын иеді. Адал еңбек еткеннің қашанда көңілі шат. Көктемі ерте шығып, көкөнісін ерте егетіндіктен Оңтүстік диқандары бақшасын елден бұрын қаптап, қоймаға қаттап, қазан-қараша айында-ақ қарық болатыны бар. Дастарқаны дəмге, даласы еңбек пен əнге толы берекелі Оңтүстік халқының көңілдері шат, еңселері көтеріңкі. Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 2,2 млн. тонна өнім жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 250,0 мың тоннаға, ал 1991 жылмен салыстырғанда 6 есеге артып отыр. Кеңес дəуірі кезінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көлемі 26 мың гектар болса, бүгінгі күні 30,0 мың гектарды құрап, 163,0 мың тонна өнім жиналды. 2012-2013 жылдар аралығында өнімділігі жоғары 250 гектар аласа бойлы, 2100 гектар жартылай аласа бойлы, бір жылда өнім беретін интенсивті алма баулары отырғызылып, мол өнім алынуда. Айта кететін жағдай интенсивті алма бауларынан алынатын табыс мақтамен салыстырғанда 30 есеге, бүгінгі күнге табысы ең көп болып отырған бақшадан 10 есеге артық алынады. «Өзімнің қарным тойса болды» деген іштарлық Оңтүстікке жат нəрсе. Қорасы қойға, шарасы майға толып тұрған дарқан көңіл Оңтүстік ағайынмен де бөлісе біледі. Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алған мол өнімдерін Астана, Алматы қаласына, республиканың солтүстік өңірлеріне жəне Ресей, Еуропа, ТМД елдеріне жөнелтіп, халықтың ризашылықтарына

бөленуде. Ағымдағы жылдың қаңтарқазан айларына жалпы көлемі 240,3 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артты. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысына Мəскеуден арнайы делегация келді. Олардың басты мақсаты – отандық тауарларды Мəскеу нарығына шығару болып табылады. Елбасы Оңтүстікке келген сапарында «Қазір Кедендік одақтың арқасында Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауарларын

Ресейге сау далап жатыр. Бұл үлкен мүмкіндік» деп облыстың бұл қадамына оң бағасын берген-ді. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Мəскеу қаласында «І - Оңтүстік Қазақстан облысы тауарлары жəрмеңкесі» өтіп, өңірдің 30дан астам ірі тауар өндірушілері өз өнімдерін баршаға паш етті. Ресейдің бас мегаполисінің тұрғындары Оңтүстіктің азық-түліктері мен өнімдеріне үлкен ықыласы мен ризашылығын білдірді. Мəскеу облысы мен қаласы, ОҚО үш жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында мұндай жəрмеңкелерді жыл

сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Аталған жоба қазақстандық тауар өндірушілердің өнімін Мəскеу нарығына делдалсыз шығаруға ықпал етеді. Тағы бір айтары біз бұрынғыдай еккен егісімізді өнім берген кезде базарға апарып сатудан бұрын, оны өңдеу жолын да қарастыруымыз керек. Себебі, ала жаздай төккен тердің ақысын нарықтағы арзан бағаға телігенше, бірігіп аталған өнімді өңдеу арқылы мол пайдаға кенелуді ойлауымыз керек. Бүгінгі күннің талабы сол. Осыған орай, облыста 32 ет, 31 сүт, 36 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кəсіпорындары жұмыс жасауда. Оның ішінде биылғы жылы 4 ет, 3 сүт, 3 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін кəсіпорындары жаңадан іске қосылды. Нəтижесінде ет өнімдерін қайта өңдеу үлесі 19,4, сүт өңдеу 23, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу 14 пайызға жетіп, 10 айда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 109,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артты. 2014-2016 жылдар аралығында 14 ет өңдеу, 14 жеміс-көкөніс өңдеу, 13 сүт өңдеу кəсіпорындары ашылатын болады. «Адамды көркейтетін – еңбек» деген, Алла тағаланың үйіп-төгіп берген ырзықнесібесін, берекесін шашпай-төкпей жинап алып, табысын еселеп отырған Оңтүстік диқандарының алар асуы əлі алда екені сөзсіз. Қанатбек ОСПАНБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Мектепке деген сўраныс жоєары Бəсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналу аса қажет. Қазіргі заманғы ғылымитехникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысында орасан тірліктер атқарылуда. Білім саласында ағымдағы жылы 86 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 56-сы облыстық бюджеттен. Бүгінде 38 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 9 нысан беріледі. 115 нысан күрделі жөндеуден өткізілді. Облыста балалар саны көп екендігі белгілі, бүгінде 1021 мектепте 543 мың бала оқиды. Сондықтан да мектепке сұраныс жоғары. Əрі кезінде саманнан салынған мектептердің апатты жағдайларын, үш ауысымды мектептердің мəселелерін шешу үшін кешенді жұмыстар атқарылды. Соңғы жылдары 251 білім нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде

облыстық бюджеттен – 149-ы салынды. Осыдан кейін саманнан салынған мек тептердің саны 324-тен 209-ға дейін азайтылды. Нəтижесінде, 62 апатты, 29 үш ауысымды мектептердің мəселесі, 9 «сақалды» нысанның құрылысы толығымен шешілді. 100 мың парта, 6250 тақта, 16447 компьютер алынды. МТБ жарақталуы орташа республикалық көрсеткішке жеткізілді. 337 оқушы «Алтын белгiмен» бiтiріп (238 оқушы), 2012 жылмен салыстырғанда 99 оқушыға артты. Саманнан салынған мектептердің жыл өткен сайын апатты жағдайға келетіні белгілі. Осыған орай, бірінші кезектегі 48 жағдайы төмен жəне 3 ауысымды мектептерді шешуді облыс басшылығы Үкіметпен келісіп отыр. Нышан БАЙҒҰТ, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары.

Айқарма беттің материалдарын дайындаған «Егемен Қазақстанның» Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оралхан ДƏУІТ. Суреттерді түсірген Қайсар ШЕРІМ.


6

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

Жаѕа зауыт іргетасы ќаланды Кеше «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағында (ЕЭА) əскери жəне азаматтық мақсаттағы арнайы техникалар шығаратын жаңа зауыттың алғашқы қадасын қағу рəсімі болып өтті. Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Қорғаныс министрі Əділбек Жақсыбеков болашақ зауыттың іргетасына арнайы капсул салды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталмыш жоба шеңберінде 2015 жылға қарай «Астана – жаңа қала» ЕЭА-ға кіретін Индустриялық парк аумағында жылына 120-дан 360-қа дейін брондалған дөңгелекті машина шығаратын технологиялық кешен салу жоспарланып отыр. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС жəне «Парамаунт групп» компаниясы (ОАР) ағымдағы жылғы қараша айында Қазақстанда əскери доңғалақты машиналар шығару өндірісін салу жəне оларға техникалық қызмет көрсету туралы меморандумға қол қойған болатын.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі Ə.Жақсыбековтің Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Д.Рогозинмен кездесуі өтті.

Ресей Үкіметінде Дмитрий Рогозин қорғаныс-өнеркəсіп кешеніне, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуына, атом жəне ғарыш салаларын үйлестіруге, экспортты бақылауға, ҰҚШҰ шеңберінде əскери-техникалық саясатты іске асыруға жауап береді. Ресей Үкіметі жанындағы əскериөнеркəсіп комиссиясына басшылық жасайды. Кездесу барысында əскериэкономика жəне əскери-техника салалары бойынша екіжақты ынтымақтастық мəселелері талқыланды. Қазақстанның Ресеймен осы салалар бойынша ынтымақтастығы өзара тиімді əрі сындарлы негізде дамуда екендігі аталып өтті. Кездесу кезінде Қазақстанда

Бұл жоба Орталық Азияда алғаш рет қолға алынып отыр. Сондай-ақ, ол қорғаныс жəне машина жасау индустрия сын сапалы ілгерілеушілікті қамтамасыз ететін табысы жоғары бірлескен кəсіпорын құруға мүмкіндік береді. Заманауи роботтандырылған құрылғылар мұндай жұмыстардың толық циклін, бронды темір тақтайларды кесу мен дəнекерлеуді, машиналарды сырлау мен жинауды, сапалы шығу бақылауларын жүргізуді іске асырады. Зауытта тек əскери техникалар өндірісі ғана емес, сонымен қатар, қалалық автобустар шығару да қарастырылған. Жаңа зауыт іске қосылған кезде онда шығарылатын машиналардың 50 пайыз қосалқы бөлшектері мен агрегаттары Қазақстанда жəне Кеден Одағы елдері аумағында өндірілуі тиіс. Сонымен бірге, жаңа зауытта 150-ден астам жұмыс орнын ашу, 50-ден астам инженерлер мен техникалық жəне технологиялық саладағы мамандарды Қазақстан мен шетелдерде оқыту қарастырылған. Зауытта конструкторлық бөлім мен қызмет көрсету орталығының болуы тапсырыс берушінің талаптарына сəйкес машиналарға одан əрі жаңғыртулар жүргізу мен техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Зауыттан шығарылатын барлық техникалар Қазақстанның

Ќазаќстан – беделді энергетикалыќ ўйым тґраєасы

Өткен аптада Кипрдің астанасы Никосия қаласында Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның 24-ші сессиясы болып өтті. Осы сессияда Қазақстан 2014 жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның төрағасы болып сайланды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның Никосияда өткен 24-ші сессиясында осы ұйым төрағалығының жаңа жүйесі бекітілді. Бұл жүйе бойынша енді Конференцияға мүше мемлекеттер Хартияның жұмысына бұрынғыдан да белсенді түрде қатысады. 2014 жылдан бастап əрбір мүше мемлекет жыл сайын кезектесіп Конференцияға төрағалық ететін болады. Сөйтіп, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның алғашқы төрағасы міндетін атқарады. Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференция – халықаралық энергетикалық секторда құқықтық негіздер белгілейтін Энергетикалық Хартия халықаралық ұйымының жоғарғы басқару органы болып табылады. Бұл ұйымға бүгінде Еуразияның 52 мемлекеті мүше болып отыр. Қазақстан Энергетикалық Хартия Келісімшартына 1995 жылы қосылған болатын. 2011 жылдан бері еліміздің Мұнай жəне газ министрлігінің кепілдемесі бойынша Энергетикалық Хартияға Қазақстан тарапынан «Kazenergy» ассоциациясы келіссөз үдерістеріне қатысатын өкіл міндетін атқарып келеді. Конференцияның 24-ші сессиясынан кейін «Kazenergy» ассоциациясы төрағасының орынбасары, бұдан былай, сонымен бірге, Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференция төрағасының да орынбасары болып табылатын Жанболат Сəрсенов осы бір халықаралық беделді ұйымға тұңғыш рет Қазақстанның төрағалық етуі аса зор бедел екендігін атап көрсетті. – Біздің еліміз Еуразия құрлығының нақ орталығында орналасқан. Ол осы өңірдегі энергетикалық қауіпсіздік пен энергетикалық тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады.

Қазақстан осы салада өзінің сенімді де тəжірибелі халықаралық серіктес екендігін айқын дəлелдеді. Осы халықаралық беделді ұйымға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан бүкілəлемдік энергетика саласында Хартияның шешуші де белсенді ұйым болуы үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, – деді сессияда сөйлеген сөзінде Жанболат Сəрсенов. Төраға орынбасарының айтуы бойынша, Қазақстан бұл ұйымға төрағалық жасаған кезеңде энергетикалық салаға жəне энергетикалық шикізат тасымалдау жүйесіне инвестиция тарту мəселесіне басымдық беретін болады. Сонымен бірге, алдағы уақытта 1991 жылы қабылданған Энергетикалық Хартияның ережелеріне өзгерістер енгізу мəселесі де жауапты жұмыстардың бірі болмақ. Сессиядан кейін Жанболат Сəрсенов Энергетикалық Хартияның бас хатшысы Урбан Руснакпен екіжақты кездесу өткізді. Онда келесі жылы Астана қаласында өтетін Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның кезекті сессиясында қаралатын мəселелер белгіленді. Өз кезегінде бас хатшы Қазақстанды келесі жылы Конференция төрағасы болуымен құттықтады. Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның 2014 жылғы сессиясы Астанада өтсе, 2015 жылғы сессия Грузияда, 2016 жылғы сессия Жапонияда өтеді. Қазақстан осы халықаралық беделді ұйымға төрағалық ету кезеңінде энергетикалық шикізат тасымалының жаңа тиімді де, қауіпсіз бағытын қалыптастыруға басымдық беретін болады. Бұл ретте энергетикалық шикізат транзитінің жаңа бағыты – «Жаңа Жібек жолы» транзиттік бағытына баса маңыз берілмек. Сөйтіп, Қазақстан ХХІ ғасырда жоғары қарқынмен дамитын жаңа энергетикалық рынокта Қытай мен Еуропа арасын жалғастыратын алтын көпірге айналмақ.

Кəсіпкерлікке кґмек Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Кеше елордада «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын жүзеге асырудың қорытындысы бойынша басқосу өтті. Оған Өңірлік даму министрлігі Кəсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева, АҚШтың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей, ГФР-дың Қазақстандағы елшілігінің экономика бойынша атташесі Рубен Шварц, GIZ бағдарламасының Орталық Азиядағы жетекшісі Анжела Леке (Германия), USAID-тың экономикалық даму бөлімі директорының орынбасары Дэвид Вестерлинг жəне «Даму» Кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы

директоры-басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков қатысты. «Іскерлік байланыстар» жобасы – бұл еліміздегі жеке кəсіпкерлікті кешенді қолдайтын «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бөлігі болса, оның операторы əрі қаржылық агенті «Даму» қоры екен. Аталған жоба бойынша шағын жəне орта бизнестің жоғары жəне орта буын басшылары еліміз аумағында бизнесті жүргізудің заманауи тəсілдеріне оқытылады. Тренингтерді бітіргеннен кейін қатысушыларға курстарды сəтті аяқтағандығы жөнінде сертификат беріліп, содан кейін олар жобаның екінші кезеңіне, яғни Германия немесе АҚШ елдеріндегі салалық кəсіпорындарда мемлекет

Ынтымаќтастыќ жалєасады

есебінен біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады. «Біліктілігін арттыруға барған көптеген қатысушылар шетелдік əріптестерімен байланыс орнатып əрі мол тəжірибе жинақтап қайтты. Олардың бұл сапарлары өз кəсіпорындарын əрі қарай дамытуға немесе қайта жасақтауға, сол арқылы жұмысын жандандыруға мүмкіндік тудырады», дейді Өңірлік даму министрлігі Кəсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева. Жоба жүзеге аса бастаған 2011 жылдан бері оның бірінші кезеңі бойынша қатысушылар саны республиканың барлық өңірлерінен 1667 адамды құраса, олардың 43 пайызы – кəсіпкер əйелдер. Жалпы алғанда, 2011-2012 жылдар аралығында 213 адам шет елдерде біліктілігін арттырған. Олардың 106-сы Германияда, ал 107-і АҚШ елінде болыпты.

өңірлеріне жəне жақын шетелдерге таратуға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сəйкес болады. Қазақстанда өндіруге ұсынылып отырған брондалған дөңгелекті машиналар барлық көрсеткіштері бойынша өз санатында үздіктердің бірі болып табылады. Ағымдағы жылғы мамыр-маусымда аталмыш техника түрлері Қазақстан Қорғаныс күштерінің əскери бөлімшелерінің түрлі полигондарында жан-жақты сынақтан өткізілді. Қазір Индустриялық парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 181 млрд. теңге болатын 49 жоба тіркелген. Оның ішінде

Жалпы, сөздік деген еңбекті əзірлеу аса күрделі, екінің бірінің батылы бара бермейтін қиын жұмыс. Бұл қазағымыз айтқан нағыз «инемен құдық қазғандай» тірлік. Өзі сөздік құрастырып көрмеген адамға ол қажетті сөздерді жинап, құрастырып бере салу сияқты, оп-оңай болып көрінуі мүмкін. Бірақ мүлде олай емес. Бұл – ғылым, бұл аса мол тəжірибе мен білімді əрі үлкен төзімді қажет ететін іс. Мұны біз Нью-Йорк пен Лондонда «Ағылшын жəне түркі тілдерінің сөздігін» (ағылшын жəне түрік, түркімен, əзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр) шығарған өз тəжірибемізден білеміз. Құрастырушы-автор сөздіктің əр термин, əр əрпі үшін жауапты болуы керек. Сонымен бірге, оның өзіндік құрылымдық ерекшеліктері, қатаң сақтауды талап ететін тіл стилі, салалық сөздік болған жағ дай да, кəсіби ерекшеліктері мұқият ескерілуі тиіс. Еліміздегі жəне əлемдік сөздіктер құрастырудың озық үлгілеріне зерделей үңілмей болмайды. Ал үш тілдегі сөздіктің жұмысы тіптен күрделі екені айтпаса да түсінікті. Бұл ой таяуда «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Қазақшаағылшынша-орысша» жəне «Орысшақазақша-ағылшынша» дипломатиялық екі томдық сөздікті көріп, оқығаннан кейін келіп отыр. Аталмыш еңбекті əзір леу жұмысына Сыртқы істер ми нистрінің орынбасары Қайрат Сарыбай басшылық жасаған. Ал сөздікті құрастырып, əрі жұмыс тобына жетекшілік еткен Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, Президент сыйлығының лауреаты, белгілі журналист, аудармашы Болат Жəмкенов. Еңбекке жауапты осы азаматтардың əңгіме еткелі отырған сөздікке екі жарым жылға жуық уақыт жұмсап, сынескертпелерді мұқият електен өткізуі бұл жұмысқа қаншалықты үлкен жауапкершілікпен қарағандығының айғағы. Мұны сөздікті парақтай отырып байқамау мүмкін емес. Дипломатия саласында біраз жыл қызмет істеп, алда рынан қаншама халықаралық құжаттар өткендіктен осы саланың қыр-сырын жетік білетін білікті маман қолтаңбасын, ізденіс ізін анық аңдайсыз. Алдымен айтарымыз, бүгінгі қазақ терминологиясындағы елеулі проблема – бірізділіктің сақталмауы. Яғни, кейбір терминдердің қазақша аудармасы əр сөздікте əртүрлі алынуы жəне қолданылуы. Бұл тілімізді шұбарлап қана қоймай, сонымен қатар іс қағаздарын жүргізуге де үлкен қолбайлау туғызып жүргенін білеміз. Ал мына «Қазақшаағылшынша-орысша», «Орысшақазақша-ағылшынша» екі томдық дипломатиялық сөздіктерді əзірлеу барысында осы өзекті мəселе – сыртқы саясат саласындағы қазақ тіліндегі терминдерді жəне шет мемлекеттер атауларын жазуды бір ізге түсіру, олардың ортақ нормасын қалыптастыру мақсатында үлкен жұмыс атқарылған. Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың тікелей басшылығымен шетелдердегі Қазақстан елшіліктері мен консулдық мекемелері арқылы жан-жақты

жалпы инвестиция көлемі 44 млрд. теңгені құрайтын 11 өндіріс 2009-2012 жылдары іске қосылды. Бұл кəсіпорындар қызмет істей бастаған жылдар ішінде 197 млрд. теңгенің өнімдері шығарылды жəне қызметі көрсетілді. Кəсіпорындар жұмыс істей бастаған кезеңде 18 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы 8 млрд. теңге көлеміндегі салықтар мен салық төлемдері түсті. 1718 жаңа жұмыс орны ашылды. ---------------------------------Суретте: болашақ зауыттың құрылыс алаңына капсул салу. Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

«Егемен-ақпарат».

Ќоштасу рəсіміне ќатысты

Үстіміздегі жылғы 10 желтоқсанда Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында осы елдің бұрынғы басшысы, əлемге танымал тұлға Нельсон Манделаның қазасына орай мемлекеттік қоштасу рəсімі өтті. Йоханнесбургтегі «FNB» футбол алаңында ұйымдастырылған аталған шараға əлемнің жүзден астам мемлекетінің басшылары келді.

Қоштасу рəсіміне еліміз атынан Қазақстан Республикасының ресми өкілі, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы А.Мусинов қатысты. Рəсім аясында А.Мусинов ОАР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ебраһим Ебраһиммен кездесіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Н.Манделаның қайтыс болуына орай ОАР басшысы Д.Зумаға жолдаған көңіл айту хатының көшірмесін табыс етті. Е.Ебраһим Қазақстан басшылығына деген алғысын білдіріп, ОАР халқының қайғысымен бөліскенін жоғары бағалайтынын мəлімдеді. ОАР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары екі ел арасындағы қарым-қатынастар болашақта қарқынды дами түсетініне сенім білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

АСУ Тəуелсіз еліміздіѕ дипломатиясында їш тілдегі сґздік жарыќќа шыќты

зерттеулер жүргізіліп, тəжірибелі дипломаттарды, ғалымдарды кеңінен қатыстыра отырып, салиқалы талқылау-сараптамалардан соң əр мекемеде əртүрлі жазылып, елеулі проблема тудырып жүрген бірқатар шет мемлекеттердің, олардың басты қалаларының қазақ тіліндегі атаулары қайта қаралып, сөздіктерге арнайы қосымшалар етіп енгізілуі құптарлық іс. Соның бірер тұсына тоқтала кетейік. Венгрия Республикасының жаңа Конституциясына сəйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет атауы «Мадьярорсаг» болып жазылады. Сол себепті, түркі тілдеріне тəн тарихи-лингвистикалық факторларды ескере отырып, қазақ тілінде «Мажарстан» этнополитонимін пайдалану ұсынылды. Бұдан басқа, қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін, сондай-ақ əр мемлекеттің тиісті ресми тілдерде айтылуын немесе елдің өз ішінде айтылуын ескере келіп, мамандар қазақ тілінде Австрияны Аустрия, Австралияны Аустралия, Европаны Еуропа түрінде жазуды жəне бұдан былай Катарды Қатар, Ливияны Либия, Əзірбайжанды Əзербайжан, Стамбулды Ыстанбұл (түрікшесі – Istanbul) үлгісінде қолдануды нормаға сай деп шешкенін атап өтпекпіз. Сондай-ақ, қазақ тілі фонетикасының заңын ескере отырып, кейбір мемлекеттер атауындағы «к» əрпінен кейін «і» əрпін қосып жазу ұсынылады. Мұның мысалы ретінде «Пəкістан» сөзін айтуға болады. Əрине, халықаралық құжаттар əзірлеу үшін керекті, шет мемлекеттердің өкілдерімен, дипломаттармен, халықаралық ұйымдардың мамандарымен əртүрлі келіссөздер мен сұхбаттар жүргізу кезінде қажет болатын сөздер мен сөз тіркестеріне ерекше назар аударылуы орынды. Еңбекті əзірлеу барысында сөздіктер құрастырудың кейбір ұтымды əлемдік

жұмыс істеп тұрған бірлескен кəсіпорындарды дамыту, сондайақ, болашақта бірлескен жаңа жобаларды жасау жөніндегі нақты жоспар келісілді. Сонымен бірге, Қазақстан мен Ресей ƏШҚ Бірыңғай аймақтық жүйесін құру жөніндегі келісімді іс жүзіне асыру, құрылатын жүйені техникалық қамтамасыз ету мəселелері талқыланды. Тараптар əскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізу айтарлықтай өсіп отырғандығын атап өтті. Жалпы келіссөздер екі елдің қорғаныс өнеркəсібінің оң дамуын жəне тең дəрежедегі ынтымақтастық негізінде өзара ісқимыл жасайтынын қуаттап берді.

озық үлгілері мен тəжірибесі тиімді пайдаланылған. Айта кетейік, сыртқы саясат саласындағы терминдердің қазақ тілінде дəл баламасын қамтамасыз етуде бұра тартып жататынымыз, көбіне сол сөздердің этимологиялық төркініне жеткілікті назар аударылмағандықтан туындайтынын тəжірибе көрсетіп отыр. Сөздікті құрастырушы осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде бірнеше тілді меңгерген маман-дипломаттардың шоғырланған артықшылығын пайдаланып, бұрын көп ешкім білмейтін, бірақ дипломатиялық қызметте қолданылатын халықаралық терминдерді дұрыс пайдалану үшін оларға ара-тұра этнолингвистикалық жəне кəсіби ерекшеліктері тұрғысынан қысқа-қысқа түсініктемелер беріп отыруы да сөздіктің құндылығын арттыра түсері анық. Бұл Еуропа елдерінде шығарылған сөздіктерде бұрыннан бар тəсіл. – Кейбір терминдердің əр сөздікте əртүрлі алынуы, тіпті, Парламенттің Мəжілісінде түзетілген халықаралық құжат Сенатта бір бөлек, Үкіметте тағы басқаша түзетіліп, дипломаттарымызды əуре-сарсаңға салуы қынжылтады, дейді, – сөздікті құрастырушы Болат Жəмкенов. – Өз саласын дипломаттардан артық кім біледі. Сондықтан біздің сыртқы қатынастар қызметіндегі сөздіктеріміз ортақ норма қалыптастыратын көмекші құрал болар деп сенеміз. Менің біраз жылдан бері мемлекеттік тіл саласында еңбек ете жүріп түйгенім, мемлекеттік тілде іс жүргізуді жолға қою үшін, ең алдымен, сөздіктер шығаруды бір ізге түсіру қажет дер едім. Мұны республика Үкіметі жанындағы Мемлекеттік Терминология комиссиясы ескерер деп ойлаймын. Айта кетейік, өзіндік кəсіби ерекшеліктеріне, қатаң сақтауды

талап ететін тіл стиліне тəн бірқатар дипломатиялық терминдер мен сөз тіркестері мамандардың мұқият сараптамасынан кейін сөздіктер құрамына алғаш рет енгізіліп отыр. Мысалы: рабочая группа – жұмыс тобы, передовая группа – алдыңғы топ, аккредитация – аккредиттеу, ратификация – ратификациялау, сондай-ақ дипломатический паспорт – дипломатиялық паспорт (дипломаттық емес), дипломатический ранг – дипломатиялық дəреже, визит вежливости – ізеттілік жүздесу, демаркация – демаркация, делимитация границы – шекараны делимитациялау, страна пребывания посольства – елшіліктің болу/орналасқан елі, посланник – уəкіл елші жəне басқалар. Жалпы, сөздік əзірлеу аса күрделі, ұжымдық еңбекті, еліміздің жетекші дипломаттары мен филологтарының лингвистикалық сараптамасын, ақылкеңестерін, жұртшылықтың күшжігерін талап ететін іс екені даусыз. Бұл ретте, Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың сөздік материалдарын алдын ала Алматы мен Астанада «дөңгелек үстел» отырыстарында талқылап, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің оқытушығалымдарының, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының терминолог-ғалымдарының, Əділет министрлігі жанындағы Заң институты лингвистикалық орталығының мамандарының сараптамаларынан өткізуге ұйытқы болуы да сөздіктердің сапасы мен құндылығын арттыра түскені анық. Тұжырымдай келе айтарымыз, сыртқы саясат саласында қазақ тіліндегі басылымдар мен ғылымиəдістемелік құралдардың əлі де тапшы екенін ескерсек, екі кітаптан тұратын үш тілдегі бұл алғашқы көлемді еңбек сол олқылықтардың орнын толтырып, дипломаттар мен халықаралық қатынастар саласы мамандарының күнделікті қызметіне қажетті құнды көмекші құралына айналады деп ойлаймыз. Жұмағали ƏБУОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. АСТАНА.


www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

 Замана зиялылар зердесінде

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Академик Єарифолла ЕСІМ:

Меніѕ жолым – Абай жолы Өткен жылы туған жері Аққулыда хакім Абайдың келісті ескерткішін тұрғызуға бірден-бір себепші болған, енді Күшікбай бекет-бұлағының басында кемеңгер Əуезовтің «Қорғансыздың күні» атты өлмес, өшпес туындысындағы ғазиз жанды Ғазизаға ескерткіш орнату жөнінде бастама көтеріп отырған академик Ғарифолла Есім жақында еліміздің шығыс өңіріне келіп кеткен. Соған орай белгілі жазушы-ғалыммен сұхбаттасқан едік. – Қадірлі Ғареке, сіздің данышпандар тақырыбына байланысты өнімді еңбек етіп келе жатқаныңызды зиялы қауым да, былайғы жұртшылық та жақсы біледі. Солай дей тұрғанмен, бүгінге дейін не тындырғаныңызды қысқаша айтып өтсеңіз... – Хакім Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында «Хакім Абай» деген кітабым жарыққа шыққан еді. Содан беріде сол еңбегім орыс, түрік, ағылшын тілдерінде де жарық көрді. Ал бас ақынымыздың басты шəкірті Шəкəрім қажының 150 жылдық тойы қарсаңында «Данышпан Шəкəрім» жəне «Мудрость Шакарима» деген атпен екі тілде жарық көрген туындыларым жоғарыдағы еңбегімнің заңды жалғасы деп білемін. Солардың қай-қайсысының болмасын орысша аудармасын өзім жасадым. Ондағы мақсатым асыл құндылықтарымызды ең алдымен орыс тілді қандастарымызға да жеткізу еді. Сол мақсатым дұрыс болды ма деймін. Соның айғағындай əлгі орыс тілді бауырларымның: «Сіздің ұлылар туралы еңбектеріңізді оқыған соң енді олардың түпнұсқасын оқуға ден қойып отырмыз» деген мағынадағы жүрекжарды сөздерін естіп қалып жүрмін. Сондықтан оларды сендер тіл білмейсіңдер деп сыртқа тебе бергеннен гөрі осылайша бауырымызға тарта білуіміз керек деп білемін. – Енді не тындыра алмадым, нендей шаруаны атқаруға үлгере алмай жатырмын дегенге келсек... – Абай, Шəкəрім, Мұхтар сынды алыптар бірін-бірі толықтырып тұрған данышпандар екендігіне кімнің дауы бар! Сондықтан оларды бірінен-бірін бөліп қарастыруға болмайды. Осы мақсатпен «Кемеңгер Əуезов» деген атпен трилогияның үшінші кітабын жазуды қолға алғаныма көп болды. Бірақ, шындығын айтайын, осы еңбегімнің нүктесі қойылмай созылып барады. Бұл еңбегімді де қазақ, орыс тілдерінде қатар шығарсам деймін. – Бұл еңбегімнің нүктесі қойылмай созылып барады дедіңіз. Соның себебін білуге бола ма? – Əуезов шын мəнісінде кемеңгер жазушы. «Еңлік-Кебек» трагедиясы мен «Қорғансыздың күні» хикаясын небəрі жиырма жасында жазды. Оның кемеңгерлігі сол, осы хикаясында қазақ қызын идея ретінде көтеріп, қорғансызға қорған болайық деген де, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп «қалың қазағына» сөзімен өнеге көрсетіп, жол нұсқаған да осы жас Мұхтар болатын. Ертеде Мұхаңның жақсы мағынада «жанторсығы» атанған шəкірті, біздің ұстазымыз Қайым Мұхамедханов «Ғазизаның басы көтерілмей қалып барады» деген сөзді əлсін-əлі қайталап айтып қалатын-ды. Ұстазымның Ғазиза Мұхаңның жиені болатын деген сөзі де есте қалып қойыпты. Жас кезімізде сол сөздің бəріне соншалықты мəн бере қоймаппыз-ау! Қазір Күшікбай бекетбұлағына иелік етіп отырған арқалы əнші Амангелді Жікеновтің əжесі де «Ғазизаны көзім көрді, бойшаң еді, əдемі еді, моласы ескерусіз қалып барады» дейді екен. Демек, Ғазиза тəні де, жаны да сұлу жаратылған ару жан болған ғой. Жанынан арын жоғары қоя білгендігі өз алдына. Міне, жас Мұхтар осындай пəк жанға қарасөзбен ескерткіш тұрғызып, баршамызды əйел затын ардақтауға үндеуі кемеңгерлік емей немене! Ал бұл мəңгілігіміздің мəңгілік тақырыбы емес пе! – Сонымен, осы сапарда не тындырылғанын оқырманға өз аузыңыздан айтып берсеңіз... – Семейге жиі келіп тұрамын. Осы жаққа көктемде келген бір сапарымызда

7

ғазиз жанды Ғазизаның мəңгілікке тыныстап жатқан жерін анықтап кеткен едік. Бұл шаруада бізге осы елдің тумасы Амангелді Жікенов көп көмек көрсетті. Ал осы жолы Шаған Жұмақсанов, Мақсат Жарылғасин сынды жергілікті азаматтардың көмегімен Ғазизаның басына жəне болашақта оған ескерткіш орнатылатын Күшікбай бекетбұлағының алдындағы алаңға мəрмəр тастан ескерткіш тақта қойдық. Мұның сыртында өмірдің қызығын көрмей жатып ерте солған Ғазизаға құран бағыштап қатым түсірдік. Осы бір елеулі оқиғаға байланысты өткен шағын жиында жас ақындар жарқырап көзге түсті. Бізге керегі де осы еді. Өйткені, біздің бастамамызды олардың бек түсінгені қуантады. Сонсоң қасиетті бұлақ басында Ғазиза туралы алғашқы əн де орындалды. Оның сөзін өзім жазсам, əуені жергілікті əнші-сазгер Тұрсынғазы Рахимовтікі. Осының бəрі қасиетті рамазан айында жүзеге асырылды. Сөйтіп, көптен көңілде жүрген мəселеде сең қозғалды. «Кемеңгер Əуезов» атты еңбегімнің кілті де табылған секілді. Осы орайда, облыс, Семей қаласы жəне Абай ауданының басшылығына қолдау білдіргені үшін шынайы көңілден ақ алғысымды айтамын. Алда əлгіндей шаралар өз жалғасын тауып, Семейде алдағы уақытта Ғазизаға арналған айтыскер ақындардың республикалық сайысы өте ме деп отырмыз. Тек Ғазизаға ескерткіш орнатумен шектеліп қалғанымыз жөн болмайды деп есептейміз. – Сіздің үш алыптың шығармашылығын насихаттаудағы еңбегіңіз туралы айтып жатырмыз ғой. Сонымен бірге, сіз сенатор ретінде де оларға қаншалықты қызмет еткеніңізді де, осы жолда қолдаумен бірге кедергіге де тап болғаныңызды да білеміз... – Қасиетті Жидебайдың басында қонақ үй салдыру жөнінде бастама көтеріп, депутаттық мандатымды пайдалана отырып, соған қаржы бөлдіруге себепші болғаным да, жаңа сіз айтқандай жөнсіз кедергілер салдарынан оның пайдалануға берілмей қалғаны да рас. Əйтеуір, дəтке қуат дейтін жайт сол, бұл игілікті шаруа ештен кеш жақсы дегендей өз шешімін таба бастаған секілді. Сондықтан, басқа əңгімені қозғап жатқым келмейді. Ал данышпандар елінде туризмді дамытамыз десек, онда баратын қонақтардың жатын орнымен бірге, жол мəселесін түзеуіміз керек. Семейден Жидебайға, Жидебайдан Аягөзге дейін төрт жолақты жол тартылса, бұл ауыспалы мағынасында да, тура мағынасында да Абай жолы болар еді. Өйткені, қазірде Қытай мен Батыс Еуропа арасында қасқа жол құрылысы салынып жатқанын білесіздер. Сонда, тіпті, арғысын айтпағанда бергідегі еліміздің екі рухани орталығы – Семей мен Түркістанның аралығында барыс-келіс түпкілікті өз шешімін тапқан болар еді. Сонсоң бастапқыда «Қорғансыздың күніндегі» Ғазиза мен Күшікбай сынды екі кейіпкерді бөле-жармай ескерткішті бірге тұрғызғымыз келгені де шындық. Өкінішке қарай, əлгіндей кедергілерден соң ол талабымыз да жүзеге аспай қалды. Бірақ тағы да ештен кеш жақсы деп отырмыз. Сондықтан өзара кінəласқаннан гөрі, өзара түсіністік жақсы деп білемін. Ал бұрнағы жылы Абай еліне шығар жолға Абай жолы деген белгі қойылған болса, соған да бастамашы болғанымды мақтан тұтамын. Өйткені, менің жолым – Абай жолы. Кешегі коммунизм жолы, Ленин жолы күйреп, еліміздің егемендігі беки түсіп келе жатқанда баршамыздың жолымыз да Абай жолы болуы тиіс.

– Cіз өзіңізді бірінші кезекте кім деп білесіз, яғни, философ-ғалымсыз ба, жоқ əлде саясаткерсіз бе? – Мамандығым бойынша филолог мұғаліммін. Бірақ, кандидаттық, докторлық диссертациямды философия тақырыбында қорғадым. Мақтанды демеңіз, қазақ топырағында жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыруға бір кісідей атсалысқанымды ешкім жоққа шығара қоймас. Əйтсе де мен өзімді бірінші кезекте жазушы-ойшылмын деп есептеймін. Философия дегеніңіз ой қамауы. Ал одан шығу үшін ойыңызға өріс беруіңіз керек. Данышпан Абай өз ойына өріс бере білгендіктен, өзі айтқандай, ғалымдықтан хакім дəрежесіне көтеріле білді. Сол хакім Абай болмасаң да ұқсап бақ дегендей, жасым қырықтан асқан шағымда жазушылыққа бет бұрдым. Бұған дейін жазған «Социализм: кінə жəне күнə» жəне «Ақ өлең – Аққулы мекен» деген романдарым өз ана тілімізбен бірге, орыс, түрік, араб тілдерінде жарық көрді. Ал оқырман қауым мені əлі жазушы ретінде танып біле алмай отырса, ол менің кінəм емес. Өйткені, қазіргі кітап таралымының өте аз екендігін баршаңыз білесіздер. Болашақта саяси тақырыпқа арналған «Опера» жəне қайғы-қасіретсіз ізгілікті қоғам құру жайын қозғайтын «Мұң» романдарын жарыққа шығаруды ойластырып жатырмын. Мұның сыртында биылғы күзде алғашқы драмалық шығармам Алматыдағы Əуезов атындағы академиялық драма театрында қойылғалы жатыр. – Сенатор ретінде не бітірдім деп есептейсіз? Парламент отырыстарында қай тілде сөйледіңіз? Балаларыңыз бен немерелеріңіз қай тілде сөйлейді? – Сенатор ретінде ғылым, білім заңдарын жетілдіріп қабылдауға тікелей қатысым болды. Басқа да заңдарды талқылып, қабылдау мəселелерінен сырт қалып көрген жоқпын. Депутаттық сауалдарды мемлекеттік тілде қойып қана қоймай, əріптестерімді де соған шақырып отырдым. Парламент отырысында Əуезовтің «Қилы заман» хикаясының кейіпкерлері Ұзақ пен Жəмеңке батырларға Алматыда көше аттарын беру туралы екі мəрте мəселе көтердім. Республикалық деңгейдегі осындай келелі мəселелерден сырт қалған кезім жоқ. Балаларым да, немерелерім де қазақша оқиды. Жазғы демалысымды шетелде емес, немерелеріммен елде, Аққулыда бірге өткіземін. – Оппозиялық басылымдарда əлсін əлі сынға ұшырап жатасыз. Оған қалай қарайсыз, ертеңгі ұрпақ алдында арым таза деп нық сеніммен айта аласыз ба? – Сынды дұрыс қабылдай білу керек. Əртүрлі пікір болуы заңдылық. Неге мен туралы бір ғана пікір болуы тиіс? Айтылған сөз жақсы. Ал айтылмаған сөзден иіс шығады. Сонсоң мен өзімді ойшыл жазушымын дедім. Ал алғаш айтылған ойды елдің бəрі бірдей қабылдай алады деп ойлайсыз ба? Мен түгілі жаңағы үш алып та тың ой айтқандығы үшін таяқ жеген. Ғылымда плюрализм, пікір қайшылығы деген ұғым бар. Халыққа сөз айтамын деген кісі соған дайын болуы керек. – Сіз Семейде оқыдыңыз, сондықтан да болар былайғы жұртшылық сізді осы елдің тумасы деп есептейді. Павлодар өңіріндегі ерке Ертіс жағасындағы Аққулы – туған жеріңіз. Ол жақта тұрмағанмен, ондағы беделіңізді де жақсы білеміз. Алматыға барып, қырқыңызда қамал алып, елге танылдыңыз. Астананың, бас қаланың сіз үшін орны жəне бөлек. Солай дей тұрғанмен, солардан сізге қайсысы ыстық? – Əркімге өзінің туған жері Мысыр шаһары дейді халқымыз. Өткен жылы сол туған жерім – Аққулыда хакім Абайға ескерткіш тұрғыздық. Сол үшін Павлодар облысының əкімі Ерлан Арын мырза мен Аққулы ауданының əкімі Айзада ханымға алғыстымын. Мұнда хакім ақынның туған күні жыл сайын аталып өтетін болады. Соның айғағындай хакім ақынның биылғы туған күні Аққулыда дүркіреп өтті. Оған Əділ Ахметов, Ермек Жұмабаев сынды сенатор əріптестерім арнайы келіп қатысып, сындарлы сөз қозғады. Бұл Абай оқуларына көршілес облыстармен бірге, Ресейдің Алтай өлкесінде тұрып жатқан қандастарымыз да көптеп қатысты. Ал енді Алматыға келетін болсақ, сіз жоғарыда дұрыс айттыңыз, жасым қырықтан асып сол жаққа барған соң жолым ашылып, сөзім халыққа жете бастады. Тағы да мақтанды демеңіз, өз басым кешегі алып империяның ақыры жақындап қалғанын сонау сексенінші жылдардың басынан сезген едім. Соны ептеп болса да халыққа да сездіру мүмкіндігі М.Горбачевтің қайта құру саясатынан кейін ғана туды. Жалпы кешегі кеңес жұртшылығының сол Горбачев пен Ельцинге өкпесі жоқ. Астана деп жатырсыз. Еліміздің бұл бас қаласы Елбасының төл туындысы. Осында тұрып еліміздің егемендігінің қалыптасуына қолдан келгенше үлес қосып жатқандығымды жəне мақтан тұтамын. Осылай дей отырып, мен үшін қасиетті Семейдің жөні бөлек екендігін бөле-жара айтсам, мені басқалар дұрыс түсінеді деп ойлаймын. Өйткені, осында оқып, осында ат жалын тартып мінгенім рас. Жоғарыда айтқандай, ауыспалы мағынасында да, тура мағынасында да тек Жидебайға ғана емес, халқымызды жарқын болашаққа бастайтын Абай жолы осы арадан басталады. Ол менің де, баршамыздың да қасиетті де қастерлі жолымыз! – Əңгімеңізге рахмет.

––––––––––––––

Əңгімелескен Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ, журналист.

Суретте: Қарауылға апаратын қасқа жол бойына орнатылған «Абай жолы» стеласы. Суретті түсірген автор.

«Кетпенніѕ ўшын бассаѕ, сабы ґзіѕе тиеді» – дегендей, енді бəрі ґзімізге байланысты болып тўр Көпшілік ұғымында, Маңғыстау – қазақы өңір. Алайда, осы өңірден ашына тіл қатуымыздың себебі де жоқ емес. Қазір облыс мемлекеттік тіл мəселесіне келгенде «сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңе болайынның» күйін кешіп отыр. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстаудың қазақы екені рас, тұрғындардың 90 пайызға жуығы қаракөз қандастарымыз. Бірақ, бұл мемлекеттік тіл қолданысы аясының кеңдік өлшемі бола алмайды жəне ана тілі ахуалының деңгейлік көрсеткішін білдірмейді. Себебі, өзімізге мəлім – орыс тілді бауырларды «аттандай» айқайлап, атпен қайырып үйірге қоса алмай жүрміз. Аттандаған сайын шірене қиыстап, перзенттерінің тілін шүлдірлете шығаруға құмарлар саны азаяр емес. Кешегі: «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте», деген Қадыр ақын тəмсілін, бүгінгі Елбасының: «Қазақ қазақпен

қазір барлық салада, кез келген жиналыс, басқосуларда тек амандасу емеурінінің қызметін атқарудан əрі аспайды. Мұндай əрекет өзге тілді ешбір жанның мемлекеттік тілді үйренуге деген қажеттілігін тудырмайды, себебі, олар үшін бəрі дайын, аударып əлекке түспейді. Керісінше, аударманың жүгі мемлекеттік тілде сөйлеп, сол тілде жұмыс жасайтындардың иығында. Өзі үшін, жұмысы үшін терлептепшіп көлдей дүниені аударып отырғаны. Тіпті, қажетті мəліметті қалаған тілде алу заңдылығы да тұншыққан. Өз құқыңды қорғап, ана тілінде дерек беруді сұрасаң – тырнақ астынан кір іздеп, ілік-дау көксеп тұрған қызылкөз бəледей көрінесің. Ана тілінің мерейін ой-

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.

қазақша сөйлессін», деген насихатын үрке тыңдап, үстірт қабылдайтындар бұл үшін өздері еш қымсынбайды. Маңғыстауда қазақ тілінің бағын ашып, бақшасын мəуелетіп отырғандар – ауыл тұрғындары. Ауылдарында ана тілінде ауыздыға сөз бермейтін шешендер ісі түсіп мемлекеттік мекемелерге келсе, «тілдері кесіліп» қалады. Қазақ тілінен гөрі басқа тілдің бəз баяғысынша басым тұруы – қалыпты жағдайға айналған. Шамаң жетсе басым тілде сөйлеп шаруаңды бітір, əйтпесе көкше көз болып күмілжіп, ит əлекке түс – екінің бірі. Кеңес Одағы дүрілдеп тұрған шақтың өзінде орыс тілін үйренуді аса бір қажеттілік санамаған, тек орысша сөйлеген адамға таңданыспен бе, қызығушылықпен бе, əйтеуір басқаша көзқараспен қарайтын ауылдың бір топ жоғары сынып оқушылары əлдебір шаруамен облыс орталығы – сол кездегі Шевченко қаласына келіпті. Қазақ тілді тұрғыны саусақпен санап аларлық қалада сап-сары тұлымшағы желбіреп, көгілдір көздері күлімдей өзара əңгіме дүкенін қыздырып тұрған бүлдіршін орыс қыздарының маңынан өте бере əлгі ауылдық бозбалалардың бірі «кіпкішкентай болып ап орыс тілін қалай үйренді екен мыналар» деген екен. Бізде сол сары шашты қыздардың өзгелердің көңіліне қарап күмілжімей, өз ана тілінде көсілте сөйлейтін «бақыты» əлі тарқаған жоқ, солардың тілінде сөйлей алмай қиналатын ауыл қазағының азабы əлі арылған жоқ, ана тілін қажетсінбей кезінде үстем де өктем тілдің мерейін көтерушілер сапына қосылған қандастар əлі қайырылған жоқ... Расын айту керек, қазақ тілі

лап, заңды құқын талап етіп тұр деп ешкімнің түсінгісі келмейді – «бізде аудармашы жоқ, аударып алыңыз» дейді ызалы жүзбен сызданып. Маңғыстауда кіршіксіз қолданылып келген байырғы ана тіліміз қазір орыс тілі былай тұрсын, көшіп келуші ағайындар əсерімен түркімен, қарақалпақ тілдері элементтерімен шұбарлануда. Аяқ киімнің сыңарын «тай», есікті «қапы», сəбізді «кешір» деп сөйлейтін болды біздің жұрт. Тіпті, шетелдік киноларға еліктеп дүниеге жаңа келген сəбиге қазақтың бір есімін бұйыртпай, «Назылы, Онур, Азалия», т.б. деп атауы – көкейге: «Қандастардың талғамы мен танымының таяздығы ма, əлде ұлттық намыстың жоқтығы ма, бұл не?» деген қорқыныш ұялатады. Маңғыстаудағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайлы ойланғанда өткен жылғы бір оқиға есіме түседі. Сол кездегі облыс əкімімен көзбекөз жүздесіп, сұхбат алмақ ойым жүзеге аспады. Облыстық ішкі саясат басқармасындағылар «сұрақты бізге беріңіз, жауабын біз дайындаймыз» деп «жол көрсетті». Қағаз жүзіндегі сұхбаттың сірескен есеп-қисапқа құрылып сызданып тұратынын білсем де келісуге тура келді. Сұрақтарды жөнелттім. Араға біраз уақыт салып жалындырып, сағындырып жеткен жауаптың қызығы – тілінде болды. Қазақша сұрақтарға жауап орыс тілінде жазылған «қызық сұхбат»

менде əлі сақтаулы. Əңгіменің тиянақталар тұсындағы соңғы сауалдан мысал келтіре кетейік. Орыс тілді əкімге: «Есіңізде болар, сіз облысқа қызметке келген сəтте журналистермен жүздесіп, олар тарапынан тілге қатысты қойылған сауалға «3-4 ай уақыт беріңіздер, қазақ тілін үйренемін» деген болатынсыз. Қазір қазақшаңыз қалай?» деген сұраққа əкім атын жамылған «сұхбатты дайындаушы»: «Как видите, разговариваем мы с Вами на государственном языке», деген жауап жазып əкелді! Қай мəселеде болмасын мұндай жауырды жаба тоқып, өтірік мəлімет берудің ақыры үлкен өкініштерге соқтыруы мүмкін, көп құндылықтардан айырылып қалуымыз оп-оңай. «Етігіме бізім сай» дегендей, Маңғыстау облысында Тілдерді дамыту басқармасының жұмысы мардымсыз. Бұл əйтеуір санаттан қалмай бір жерде жұмыс жасауы керек азаматтардың «мекені», келесі мансапты қызметті күткендердің уақытша «аялдамасы» іспетті. Тілдер басқармасына басшы болудың беделі жоқ па, əлде мұнда жасалатын жұмыс жоқ па? Білдей басқарма «И.о» болғасын бірнəрсе жасауға еркін кірісе алмайсың» деп «міндетін атқарушы» деген тіркеске тілі келмей отыратындардың ойыншығы, басқа қызмет іздегендердің уақытша «ілініп отырып», əрі секіріп кетуіне қажетті баспалдақ қана ма? Тілдің тағдырына жауапты басқарма көбіне томаға-тұйық, сырторай қалатыны неліктен? Осылайша басы бүтінделіп көрмеген басқарманың тілі де күрмеулі. Түрлі тіл үйрету курстарын, тіл үйренуге жəне өзге де мемлекеттік мерекелерге орай түрлі мəдени шаралар өткізумен айналысып жүрген басқарманың тірлігі тыныш, қауырт жұмыстан ада. Мемлекеттік тілде сөйлей алатын өзге ұлт өкілдерінің байқауында жүлде алғандармен тілдесе қалсаңыз, қазақ тілін ылғи ауласынан немесе өз ортасынан үйренгендер болып шығады. Сонда, қыруар қаржы бөлініп, курстар ұйымдастырып жүрген бұл басқарманың тындырғаны қайсы? Көше мəдениетінің, қоғам дық ортаның ұлттық рухты қалыптастыруда маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде Ақтау қаласында қалаішілік аялда малардың арнайы атауы жоқ, тіпті, сол маңайдағы ұлттық мерейімізді асыратын ірі ғимарат, белгілер автобус кондукторларының «есіне түсіп, тіліне оралмай-ақ» қойды. «Медовая», «Молочная», «Дружба», «Фонтан», «Вечный огонь», «Конечная» секілді боп жалғаса беретін аялдамалар арасында мешіт «мечет» боп айтылса, баяғы «Шевченковский универсальный магазин» «ШУМ» боп аялдама атын иеленіп қалған. Ал Шевченко Ақтау атанғалы қашан?! Автобустарда қызмет көрсететіндердің барлығы өз қандастарымыз, ұлттық рух жетіспеген жерде ұлттық құндылықтың құны болмай қалады екен. «Кетпеннің ұшын бассаң, сабы өзіңе тиеді» дегендей, бірбірімізбен ана тілімізде сөйлесіп, балдырғандарымызды қазақ тіліндегі балабақшаларға беріп, аялдама, дүкен, шаштараздарды қазақша атауға ешкім кедергі болып отырған жоқ, өзімізден де кінə бар екенін мойындауға тиіспіз! Басқа өңірлерді қайдам, мен білетін жерде маңғыстаулықтарды өзге тілде сөйлеуге мəжбүрлеп отырған да, сол секілді өз ана тілінде сөйлеуге шақырып отырған да ешкім жоқ. «Ырым-жырым етегің, жігіт сенің не теңің?» дегендей, осыдан соң өңірге кеп жұмыс жасап жатқан шетелдік компаниядағыларға «қазақ тілінде сөйлемедің, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізбедің» дей аламыз ба? Ана тілдің обалын арқалап жүрген жоқпыз ба, қазақ бауыр? Қазақша сөйлесейікші, «қой» деуші болар ма екен?!

P.S. Мақаланың нүктесі қойылып, редакцияға жол тартар сəтінде Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Ішкі істер саласынан полковник шенінде зейнетке шыққан Г.Төлеуғалиеваның тегеуріні енді сыналады. Өйткені, тіл – өткір, жанды мəселе, темірдей талап пен белсенді іскерлік осы жерге қажет. Маңғыстау облысы.


8

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

 Əлем жəне Қазақстан

«Тїркі тілдес, тїгел бол!» – деп ўран тастаєан Тўрар Рысќўлов туралы екі кітап Тїркияда жарыќ кґрді Соңғы уақыттарда Түркияда зерттеушілердің Тұрар Рысқұловқа көбірек көңіл аудара бастағаны байқалады. Мұның екі себебі болуы мүмкін. Біріншіден, Тұрар Рысқұлов – татар əріптесі Мирсаид Сұлтанғалиев сияқты бүкіл түркі халықтарының республикасын құру үшін күрескен қайраткер. Екіншіден, ол Түркиядағы ұлт-азаттық күресінің жетекшісі Мұстафа Кемал Ататүрікті аса жоғары бағалаған. Таяуда Түркияда жарық көрген Рысқұлов туралы кітаптың авторы Халит Қақынш кейіпкері туралы былай дейді: «Түркия Орталық Азия республикаларымен тек дін тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, мəдени тұрғыдан да етене жақын. Рысқұлов ешқашан классикалық мағынада пантүркист болған жоқ. Соған қарамастан, əріптесі Сұлтанғалиев сияқты кеңестік биліктің алғашқы жылдарында, əсіресе, Сталин уақытында «ұлтшыл» жəне «пантүркист» ретінде айыпталды». Əбдіуақап ҚАРА,

тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры.

Ыстамбұлда биыл тамыз айында жарық көрген Қақынштың кітабы «Қызыл жебе» Рысқұлов. «Ұлттық коммунизмнің» Сұлтанғалиевтен кейінгі екінші ұлы жетекшісінің шынайы өмірі» деп аталады. 416 беттен тұратын кітап В.Устинов, О.Қоңыратбаев, Т.Нұртазин, Ш.Мұртаза сынды рысқұловтанушылардың еңбектеріне негізделгенмен, басқа да көптеген зерттеушілердің еңбектері мен архив деректері пайдаланылған. Автор қазақша еңбектерді түрік тіліне аударып бергені үшін ТАСАМ (Түркия – Азия Стратегиялық зерттеулер орталығы) үйлестірушісі, Орталық Азия маманы, қазақ қызы Алмагүл Исинаға ризашылық білдіріпті. Қақынш кітабының кіріспесінде осы еңбекті жазу себебіне тоқтала келіп, түркі дүниесінде Мирсаид Сұлтанғалиев атының жақсы мəлім екенін, бірақ онымен бір деңгейдегі Рысқұловтың Түркиядағы социалистік көзқарастағы зиялыларға беймəлім болып келе жатқандығын айтады. Түркі дүниесіндегі ұлттық коммунизм ағымының Молланұр Вахидов, Мирсаид Сұлтанғалиев, Нариман Нариманов сынды жетекшілерімен бір қатарда тұрған қазақ қайраткерінің өмірін, саяси іс-қимылдарын, сондайақ, трагедиясын кейде тарихи деректермен, кейде роман тілімен баяндамақ ниетін білдіреді. Түркияда Рысқұлов есімі Мирсаид Сұлтанғалиев, Нариман Нариманов жəне Мұстафа Сұпхимен бірге аталады. Бұлар сенімді коммунист бола тұра, түркі дүниесімен ынтымақтастық туған халықтарының тағдырына оң əсер етеді, жақсылық əкеледі деген ойдың жетегінде болды. Коммунизмді шығыс халықтарын империализм бұғауынан құтқарудың бірден-бір тиімді жолы ретінде таңдаған М.Сұлтанғалиевтің пікірінше, түркі елдерінде өндіріс дамымағандықтан, жұмысшы табы қалыптаспаған. Сол себепті түркі елдерінде езілген жұмысшы табы жоқ, бірақ езілген түркі халықтары бар. Демірхан Фахри Ердемнің «Езілген халықтардың теоретигі жəне стратегі Сұлтанғалиев» деп аталатын мақаласында атап көрсетілгеніндей, Сұлтанғалиев марксизмнің Еуропа қоғамындағы буржуазия мен пролетариат арасындағы күресінің орнына түркі халықтары мен шығыс халықтарының қоғамдарындағы отаршылдар мен отарланушылар арасындағы күресін жүргізуді ұсынған. Осы орайда езілген жəне отар болған түркі халықтары тек ынтымақтастық жағдайында ғана империализмнің қыспағынан құтыла алады. Осы мақсатта түркі елдерінің одағы құрылғаннан кейін, оның ықпалымен Ислам елдерінің одағы, Ислам елдерінің одағының ықпалымен Шығыс елдері одағы құрылады. Ең ақырында Шығыс елдері батыстық капитализмді жеңеді, сөйтіп, əлемде социалистік қоғам салтанат құратын болады. Тарқатып айтсақ, М.Сұлтан ғалиевтің пікірінше, алдымен Еділ мен Жайықта, Түркістанда, Кавказда, тіпті, Түркияда социалистік мемлекеттер құрылуға тиіс. Одан кейін осы мемлекеттердің бірігуі арқылы Тұран Федералдық Социалистік Республикасы құрылмақ. Осы идеяға сəйкес Еділ – Жайықта М.Сұлтанғалиевтің өзі, Кавказда Н.Нариманов, Түркияда М.Сұпхи, Түркістанда Т.Рысқұлов социалистік түркі республикаларын құруға ұмтылды. Тұрар Рысқұловтың Түркістан Түрік Коммунистік партиясы мен Түрік Социалистік

Республикасын құру туралы идеялары мен саяси іс-қимылдары осыны аңғартады. Бірақ Ленин мен Сталин Тұрар Рысқұловтың ұлтының көсегесін көгерту жолындағы саяси іс-шараларын іске асыруына мүмкіншілік бермеді. Түркістан халықтары ішінен

шыққан социалистік қайраткерлердің көшін бастаған Т.Рысқұлов кеңестік жүйенің туған жерінде қанат жаюына жасаған қызметтеріне қарамастан, сұлтанғалиевшілдікпен идеялық, идеологиялық байланыс жасағандығы үшін саяси тұрғыдан айыпталды. Осындай айыптаулардан кейін коммунистік идеологияға адал қызмет етіп келе жатқан Т.Рысқұлов жəне басқа ұлт қайраткерлері қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңестік билік социалистік идеяға берілген түркі зиялылары арасында қалыптаса бастаған Түрік одағын немесе Ислам одағын құру жөніндегі ойлардың тамырына балта шапты да, олардан «заманауи» ұлттар шығару жоспарын жүзеге асырды. Осыдан кейін Түркістан АКСР-і, Бұхар жəне Хорезм Кеңестік Республикалары арасындағы шекаралар жойылды. Олардың орнына ұлттық негіздерде төрт республика құрылды. Бұлар Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан жəне Түркіменстан. Батыстық кейбір зерттеушілердің айтуларына қарағанда, Орталық Азияны ұлттық республикаларға бөлшектеу – кеңестік режімнің ең үлкен табыстарының бірі. Ал белгілі кеңестанушы А.Беннингсеннің айтуынша, осы республикалар ішінде Орталық Азияда түрік нəсілінде емес, парсы тілді республика

ретінде Тəжік КСР-ін құру Мəскеудің Рысқұловтың бұл аймақты толықтай Түрік республикасына айналдыру идеясына берген үлкен соққысы еді. Қақынш Т.Рысқұловтың тек түркі дүниесі тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, Кеңестер Одағы туралы зерттеулер мен социалистік тарих тұрғысынан да маңызды тұлға екенін айтады. Оның пікірінше, Т.Рысқұлов И.Сталинмен бірге аяқталған «ұдайы төңкерістің» антиколониалист жетекшілерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Осы теорияны 1904-1906 жылдары ортаға салған Троцкийден оның айырмашылығы бар. Өйткені, төңкеріс ұлттық аренада басталады, халықаралық аренада жалғасады, əлемдік аренада аяқталады деп сенген Троцкий төңкерісті өндірісі дамыған, қалың пролетариат табы бар, озық батыстық елдерде жалғасатынын алға тартқан еді. Рысқұлов пен Сұлтанғалиев болса, бұрынғы отар елдердегі төңкерісшіл ұмтылыстарға көбірек мəн берді. Рысқұлов бұрынғы отаршыл аймақ Түркістандағы төңкерістің тұрақты сипатқа ие болып, алдымен көршілеріне, одан кейін барлық бұрынғы отар елдерге таралуын қалады. Сондықтан, Халит Қақынштың пікірінше, Рысқұловты Түркістанда пантүрікшілдікті жақтады деп айыптау орынсыз еді. Ол əрқашан сенімді коммунист болды. Ол Мұсылман коммунистік ұйымдарын құру кезінде де, Түрік Кеңес Республикасын құру идеясын ортаға салғанда да шовинистік емес, идеологиялық негіздерді басшылыққа алды. Біз сөз етіп отырған еңбегінде Қақынш тек Рысқұловтың өмірі мен пікірлері туралы ғана емес, сонымен қатар, сол кездің басқа маңызды оқиғалары мен идеялық қозғалыстары туралы да сөз қозғайды. Осы орайда кітап авторы Мирсаид Сұлтанғалиев, Түркістандағы ұлттар мəселесі, Алашорда, Мұстафа Шоқай туралы түрік оқырмандарына мол мағлұматтар ұсынады. Кітаптың екінші бөлімінде Рысқұловтың сөйлеген сөздері, хаттары мен мақалалары түрік тіліне аударылып берілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан үзінділер де орын алған. Кітаптың осы қосымшалар бөлімі Түркияда Рысқұловты жақынырақ танып білгісі келетін оқырмандар үшін құнды материал болып табылатыны даусыз. Халит Қақынштың бұл еңбегі – Түркияда Рысқұлов туралы жарық көрген екінші кітап. Бұған дейін, 2005 жылы Хұсейін Атыгүзелдің «Ұлттық коммунизмнің жетекшісі Рысқұлов» атты кітабы жарық көрген болатын. Атыгүзелдің бұл еңбегінде Рысқұ ловтың Түркиядағы ұлт-азаттық күресінің жетекшісі Мұстафа Кемал Ататүрікті жоғары бағалайтыны айшықты берілген. Рысқұлов Ататүрік жетекшілік еткен түрік халқының ұлт-азаттық күресін жіті қадағалап отырған. Түркия үшін шпиондық жасағаны жөнінде өзіне тағылған айыптауларға Рысқұлов былай деп жауап берген: «Біздің айтайын дегеніміз – ендігі жерде, империалистік Түркия жоқ. Шығыстың орасан зор халқын соңынан ертетін жаңа Түркия бар. Біздің қолымызда Кавказда, Азияда, Түркістанда бұқараны кеңес құрылысына тартуда орасан зор маңызы болған кемалдық қозғалыстың тəжірибесі бар. Бұған көз жұмып қарауға болмайды əрі пантүрікшілдікті ескі көзқарас тұрғысынан қарастырудың қажеті жоқ». Оқырман Атыгүзелдің аталған еңбегінен Тұрар Рысқұловтың Ататүріктің жеке тұлғасына қатысты: «Мұстафа Кемал бүкіл отар елдердің, бүкіл шығыс халықтарының алдында ұлы жəне жасампаз төңкерісшіл жетекші. Оны аса құрметтеймін. Бір өкініштісі – мен ондай ұлы тұлғамен байланыста бола алмадым жəне кездесе алмадым. Бұл менің тұрғымнан үлкен олқылық болып табылады», деген сөздерін де келтіреді. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда Түркияда Тұрар Рысқұловтың социа листік пікірлеріне жəне түркі халықтарының ынтымақтастығы туралы жүргізген саяси қимылдарына қызығушылық бар. Түрік зиялылары мен зерттеушілері тек қазақ халқы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы түркі халықтарының қамын ойлап, солар үшін жанын құрбан еткен Тұрар Рысқұлов пен Мұстафа Шоқайды ұлы мемлекет қайраткері деп біледі.

 Есімі елдің есінде Тəуелсіздік алған уақыттан бастап, күні бүгінге дейін төл тарихымызды қайта жаңғырту жолында көптеген жұмыстар атқарылғаны баршамызға аян. Дей тұрғанмен, əлі де болса зерттеуді талап ететін тақырыптар, зерделеуге зəру дүниелер, ұлт үмітін сөндірмей өткен тарихи тұлғаларымыздың өмір жолы туралы мəселелер жетерлік. Ұлан-байтақ жерімізде туып-өсіп, ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың қай-қайсысының да еңбегін ескерусіз қалдырмай, қайта жаңғыртсақ, нұр үстіне нұр болары анық. Жас ұрпақты отаншылдық рухта тəрбиелеу – ел алдындағы абыройлы міндет. Ендеше, ата-бабаларымыздың үлгі-өнегесі мен мол мұрасын келер ұрпаққа жеткізу – елім-жерім деп жүрегі соғатын əрбір қазақстандық азаматтың борышы. Тарихшы ғалымдар ел тарихының жан-жақты жүйеленуін жеке тұлғалардың зерттелуімен тығыз байланыстырады. Осы мəселені зерделеу жолында тарихшы ғалымдардың алар орны ерекше. Өйткені, ата-бабаларымыздың өнегелі өмір жолы мен ғылыми мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жоғалмай жетіп отыруы ұлтымызға тəн қасиет. Кеңестік кезеңде бұл тақырыпта сөз қозғауды армандамайтын да едік. Тəуелсіздікпен келген мүмкіндіктер арқасында зерттелген қазақ қоғамы қайраткерлері туралы дүниелер жазылуы – мақсатымыздың орындалғаны. Адамзат мəдениетінің дамуында халық игілігіне қызмет етуде, қазақ

Еліне еѕбегі сіѕген Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Нұрлыбек ЕЛКЕЙ, тарих магистрі.

зиялыларының да ұрпақ мүддесіне қосқан өз үлесі бар. Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген нақыл бар. Осы сөзімізді қазақ тарихы мен мəдениетінің дамуы жолында өзіндік із қалдырған, Қостанай өлкесінен шыққан, есімі əлі де болса белгісіз тарих ғылымдарының докторы, профессор Əмір Қанапинге арнап айтсақ қателеспейміз. Қайта одан біз тарихымыздың, мəдениетіміздің, ұлыларды ұлықтай алатын асыл қасиетіміздің бір өскендігінің белгісін көреміз. Əмір Қанапияұлы 1913 жылы 31 желтоқсанда Қостанай облысы, Қостанай ауданының «Бірлік» ауылында (қазіргі Алтынсарин ауданындағы Сатай ауылында) Қанапия Барлыбаев деген шаруаның отбасында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, жетімдік тауқыметін тартқан Əмір Қанапияұлы сегіз жасынан бастап Қостанайдағы балалар коммунасында тəрбиеленеді. Қостанай балалар коммунасы қазіргі қала орталығында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болып табылады. «Əліппенің» атасы болған Ыбырай бабамыздың өзі іргетасын қалаған бұл мектеп, талай-талай таланттар мен алуан-алуан алғырларды, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» мыңдаған ұрпақты үлкен өмір сүрлеуіне түсірген аталы да баталы шаңырақ. Осындай білімді, зиялы азаматтарды тəрбиелеп шығарған ортада білім алған азаматтың бойында адамгершілік, адами парасаттылық қасиеттері қалыптаса отырып, оның ғылым əлеміндегі көзқарасы да дамыды. Білімге құштар жас жігіт 1930-1932 жылдар аралығында қаладағы мұғалімдер курсын ойдағыдай бітіреді. Бұл жерде өмірлік ұстанымы мен бағытын анықтаған ол одан кейін ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп, білімін жетілдіру мақсатымен Қостанай қазақ оқу-ағарту институтына оқуға түседі. Бұл жерде екі жыл оқып, математика жəне əлеуметтік-экономикалық пəндері бойынша мұғалімдік диплом алып шығады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, Əмір Қанапин өзінің өмірлік мамандығы ретінде болашақ ұрпақты білім нəрімен сусындатып, олардың сауатын ашатын, өзіндік көзқарасын

қалыптастырып, үлкен азамат етіп шығаратын қасиетті мектепте білім беретін ұстаздықты таңдайды. Ұстаз бола жүріп, 1927 жылы комсомол қатарына қабылданады. Ол өзінің еңбек жолын 1932 жылы Таулы-Алтай автономиялық облысының Ойрот колхоз институтында қоғамдық пəндер оқытушысы болып бастайды. Өзінің алғыр да, талаптылығымен көзге түскен болашақ тарихшы өз білімін Мəскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде 19351938 жылдар аралығында, одан əрі білімін 1948 жылы КОКП ОК-тің жанындағы Жоғары партия мектебінде жалғастырады. Оны ойдағыдай бітірген соң, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы Қазақ республикасының Тұрақты өкілдігіне қызметке орналасады. Республика оқу-ағарту халық комиссариатында басқарма бастығы, оқу-ағарту комиссарының орынбасары болып істейді. Университет қабырғасында оқып жүргенде биология факультетінде білім алып жүрген болашақ жары – Елена ҚанапинаМедведевамен танысады. 1941 жылдың қаңтарында Ə.Қанапин “Социалистік Қазақстан” (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің жауапты редакторы болып бекітіледі. Бұл жерде ол бір жылдай істеп, 1942-1945 жылдар аралығында Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшылығы лауазымын атқарады. Осы уақыттарда ол ағартушылық қызметте ғана емес, сонымен бірге, қоғамдық өмірде де белсенділік танытты. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары республика комсомолының басшысы болды, қазақ жастарымен бірлесе отырып жұмыс жасады. Ол кезең баршамызға белгілі соғыс салған ауыр зардаптар мен сызды жаралардың орны əлі жазыла қоймаған, əр үйде əкесін жоғалтқан бала, баласынан айырылған ананың зарлы үні басылмаған ауыр да қиын тұстар еді. Сондықтан да жастарды қайрап, олардың рухының төмен түспеуі үшін, қайта жалындап жануы үшін, аянбай еңбек еткен, олардың əлеуметтік жағдайларын қалпына келтіріп, бейбіт өмірдің білімді, тəрбиелі ұл-қыздарын тəрбиелеп шығару жолында ұстаздық етті, комсомол жетекшісі болды, жастармен тығыз байланыста, қоянқолтық жұмыс жасады. Ол кезеңде жалпы халықтың, соның ішінде жастардың əлеуметтік жағдайы керемет болған жоқ. Жастардың біразы соғыстан оралмаса, кейбіреулері орта білімді азаматтар еді. Олармен тіл табысып, əр қайсысының қабілетіне қарай қоғамдық іске жұмылдыру кез келген

адамның қолынан келе бермейтін іс екені даусыз. 1945-1951 жылдар аралығында Қазақстан ЛКЖО (Лениндік Комсомол Жастар Одағы) орталық комитетін басқарып, құрмет пен беделге ие болады. Осы уақыттар аралығында халқына елеулі еңбек сіңіріп, ерен істер жасады. Осылайша, ұстаздық мамандық алып, ғылымның əр саласында, қоғамдық қызметтерде еңбек еткен Əмір Қанапиннің қоғамдық дүниетанымы өте кең əрі жан-жақты дамыды. Ол қалам тартқан тақырып қазақ тарихы мен қазақ халқының мəдениеті мен өнері жайында сөз қозғайды. Ғылыми қызметпен бірге республиканың саяси өміріне де белсене араласып отырған Əмір Қанапин 19511954 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1954 жылдың ақпан айынан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарады. 1955-1961 жылдары Қазақ КСР Мəдениет министрі болып тағайындалады. Министрлік қызметте жүрген Əмір Қанапин 1958 жылы кеңестік делегация мүшесі ретінде Бельгияның Брюссель қаласында өткен əлемдік көрмеге қатысады. 1953 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесі беріледі. 1966 жылы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі үшін «Культурное строительство в Казахстане» атты тақырыпта диссертациясын қорғайды. Байқап отырғанымыздай, тарихи зерттеу мəселесі қазақ халқының өнер мен мəдениет тарихына арналады. Осы тақырыпта жазған еңбектері көптеп саналады. Еңбегі ескерусіз қалмаған азаматқа 1968 жылы КОКП тарихы кафедрасының профессоры ғылыми атағы беріледі. Өмірінің соңғы кезеңін оқытушылық қызметке арнаған Əмір Қанапияұлы 1962 жылдан бастап Алматы шетел тіл дері институтында, кейін КОКП тари хы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Үлкен лауазымды қызметтерден кейін ұстаздыққа ауысқан Əмір Қанапияұлы жас мамандар даярлауға, ғылыми кадрларды жетілдіруге лайықты үлес қосты. Оның ғылыми жетекшілігімен 22 аспирант дайындалып, өздерінің ғылыми диссертацияларын сəтті қорғап шықты. Əмір Қанапияұлы барынша мейірбан, мейірімді, айналасындағыларға ойлы жанарынан шуақ төгіп, ешкімге дауыс көтермейтін, жайдарлы, жұмсақ мінезді адам еді. Қоғамдық өмірде үлкен еңбектер атқарған ол халықтық университеттер жұмысы бойынша республикада алғаш рет ғылыми-əдістемелік кеңес құруға бастамашы болды. 1969 жылдан ол республикалық халықтық университеттер кеңесі төрағасының орынбасары, сонымен бірге бір уақытта осы университеттердің орталық кеңесінің мүшесі болып қызмет етті. Осы елеулі қоғамдық-саяси жəне ғылыми-педагогикалық қызметі үшін Əмір Қанапияұлы Қанапин Кеңес Одағының бес орденімен марапатталды, соның ішінде Ленин ордені де бар. Ə.Қанапин Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюро мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, екі мəрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің, төрт мəрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ғұмырының соңғы жылдарын ұстаздық жолға арнаған тарихшы, ғалым 1988 жылдың 21 қаңтарында 74 жасқа қараған шағында Алматы қаласында дүниеден өтті. Ғалымның өзі өмірден өтсе де, өлмейтін артында мол мұрасы қалды. Ол кісінің 200-ге тарта еңбегі, соның ішінде 6 монография сы, 16 брошюрасы, 21 ұжымдық еңбектері мен бүкілодақтық жəне республикалық басылымдарда жарияланған 50-ге жуық мақалалары бар. Көзі тірісінде жазып кеткен «Қазақстан мəдениеті жаңа кезеңде» (1968), Л.И. Варшавскиймен бірлесе жазған «Искусство Казахстана» (1958), А.Яндаровпен бірлесе жарыққа шығарған «Расцвет культуры казахского народа» (1977), «Развитие личности и культура» (1986) жəне т.б. ғылыми еңбектерінің келешек ұрпақ үшін берері мол. ҚОСТАНАЙ.

Діні мыќты ќоєамныѕ їні ныќ-ты Алматыдағы «Достық үйінде» Дін істері агенттігі, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі жəне «Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры бірлесіп, «Дін жəне азаматтық қоғам» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өткізді. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Конференцияның мақсаты дін жəне азаматтық қоғам арақатынасындағы ең өзекті де тəжірибелік маңызы бар мəселелерді ортаға салу, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында қоғам азаматтарын діни ағартуға кеңінен тарту болып табылады. Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин конференцияны «Азаматтық қоғам институттарының дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуының ұтымды бағыттары» деген кіріспе баяндамамен

ашып, пленарлық отырысты жүргізіп отырды. Қала əкімінің орынбасары Зəуреш Аманжолова қатысушыларға ізгі тілегін арнап, осындай шараның мəдени астанамыз Алматыда өткізіліп отырғанына ризашылық танытты. Алқалы жиынның ресми бөлімінде мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар аясындағы зайырлылық мəселесіне, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар ерекшелігі мен діншілдік жəне діни сауатсыздық мəселелеріне, Ислам ілімі тұрғысындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам идеялары секілді бірқатар өзекті тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Одан əрі конференция жұмысы секциялық отырыстармен жалғасып, «Дін азаматтық қоғам назарында: сараптамалық көзқарас», «Дін саласында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастырудағы үкіметтік емес ұйымдардың əлеуетін қолдану», «Үкіметтік емес ұйымдардың деструктивті ағымдар мен ұйымдардан зардап шеккен тұлғаларды оңалтудағы рөлі» деген тақырыптарда пікір алмасу мен ғылыми тұжырымдарды талдау қорытындысы түзілді. Ғылыми-тəжірибелік конференция барысында жиналған барлық материалдар мен сауатты пікірлер арнайы жинақ болып тасқа басылып, еліміздің кітапханаларына түсетіндігі жиын соңында келісілді. АЛМАТЫ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №708 Жарлығымен бекітілген

«А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары 1. Жалпы ережелер 1. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан əрі – Арнайы біліктілік талаптары) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сəйкес əзірленді жəне «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады. 2. Арнайы біліктілік талаптары: 1) білімі бойынша талаптарды; 2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды; 3) кəсіби біл і мі, Қ аз а қст а н Республикасының заңнамасын, стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №523 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазым дары ның тізіліміне сəйкес «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдары бірінші жəне екінші санатқа бөлінеді. 4. «А» корпусының бірінші санаттағы мемлекеттік əкімшілік лауазымдары екі топқа бөлінеді: 1) бірінші санаттың бірінші тобына жататын лауазымдар: орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Респуб ликасы Орталық сайлау комиссиясы, Респ у бл и к а л ы қ бю д ж ет т ің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; облыстар, астана жəне республикалық маңызы бар қала əкiмдерiнің аппарат басшылары; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы; 2) лауазымдардың функциялық бағыттарына жəне мемлекеттік басқарудың деңгейіне сəйкес бірінші санаттың екінші тобы кіші топтарға бөлінеді. Бірінші кіші топқа сараптамалықталдамалық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады. Бірінші кіші топ: Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің сектор меңгерушілері; Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттары, Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері лауазымдарын қамтиды. Екінші кіші топқа орталық мемлекеттік органдардағы жəне олардың аумақтық органдарындағы ұйымдастырушылық-өкімдік, əкiмшiлiк-шаруашылық жəне бақылаушылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады. Екінші кіші топ: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары; орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары; Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы жəне оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, астанадағы жəне республикалық маңызы бар қаладағы тəртiптiк кеңестерiнiң төрағалары лауазымдарын қамтиды. Үшінші кіші топқа жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы ұйымдастырушылық-өкімдік жəне əкiмшiлiк-шаруашылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады. Үшін ші кіші топ облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың əкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың əкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының жəне қалалардағы аудандардың əкімдері лауазымдарын қамтиды. 5. «А» корпусының екінші санаттағы мемлекеттік əкімшілік лауазымдары топтарға бөлінбейді. 2. Білімі бойынша талаптар 6. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алыну жəне «А» корпусының бірінші санаттағы мемлекеттік əкімшілік

9

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі. 7. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алыну жəне «А» корпусының екінші санаттағы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары білімінің болуы талап етіледі. 3. Жұмыс өтілі бойынша талаптар 8. Жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызмет өтілін жəне (немесе) мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды. 9. Бірінші санаттың бірінші тобының лауазымдарына орналасу үшін: 1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік саяси лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не А-1, D-2, D-O1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың комитет төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі; 2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 9-тармағы 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі; 3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі. 10. Бірінші санаттың екінші тобының лауазымдарына орналасу үшін: 1) бірінші кіші топ үшін: кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік саяси лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не А-1, В-1, С-2, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың комитет төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелері басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі; не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 10-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі; не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде жұмыскерлерiнiң жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік емес коммерциялық емес, ғылыми-зерттеу ұйымдарының* басшыларының лауазымдарында, не жоғарғы оқу орындарының факультет басшыларынан немесе ғылыми дəрежесі болған жағдайда жоғарғы оқу орындарының кафедра меңгерушілерінен төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі. не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа саны елу адамнан кем емес республикалық ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі. 2) екінші кіші топ үшін: кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не A-2, В-3, С-3, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың комитет төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының облыстардағы,

астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі; не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 10-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында аталған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі; не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кəсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі. 3) үшінші кіші топ үшін: кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не A-3, В-3, С-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқарма басшыларынан, бірінші басшыларының көмекшілерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқарма басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдарда) төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың аудандардағы, астана, республикалық маңызы бар қала аудандарындағы жəне облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі; не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 10-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында аталған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі; не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің департамент басшыларынан жəне оның филиалдары басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік кəсіпорындар мен мекемелердің (мемлекеттік органдардан басқа) немесе ірі немесе орта кəсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі. 11. «А» корпусының екінші санаттағы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасу үшін мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық салаларында кемінде жеті жыл жұмыс өтілі талап етіледі. 4. Кəсіби білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар 12. «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алыну жəне «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кəсіби білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады. 13. Кəсіби білімінің болуын, стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды білуін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия кандидаттармен əңгімелесу өткізу кезінде айқындайды. 14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тестілеу өткізу кезінде айқындалады. Ескертпе. *«А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алыну үшін жұмыскерлерінің жылдық орташа штат саны туралы мəліметтерді кандидаттар тиісті уəкілетті мемлекеттік органдардан құжаттар ұсыну арқылы растайды. **«А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне алыну үшін ірі немесе орта кəсіпкерлік субъектілері туралы мəліметтерді кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттар ұсыну арқылы растайды.

Тўраќтылыќ пен тўтастыќтыѕ тўтќасы Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев партияның ХV съезінде сөйлеген сөзінде: «Біз алыс болашаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледік... Оны мүлтіксіз жүзеге асырып, Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш – «Нұр Отанға» жүктеліп отыр», деп атап көрсетті. Халық алдындағы жауапкершіліктің еселенер тұсында ықпалды ұйымның барлық буындарының үйлесімді жұмыс істеуі талап етіледі. Осы орайда, аудан əкімі, партияның Қорғалжын аудандық филиалының төрағасы Қайыр РЫСКЕЛДИНОВТІ əңгімеге тартып, съезд алға қойған міндеттер, ұйым қызметінің негізгі бағыттары жөнінде əңгімелеп беруін өтінген едік. – Қайыр Өмірсадықұлы, съезге аудан делегациясын бастап бардыңыз, ауқымды міндеттерді талқылауға қатыстыңыз. Доктринаның қабылдануы ел өміріндегі партиялық ықпалдың артқандығын, сонымен бір мезгілде, жаңа заманның ғасырлық жобаларын жүзеге асыруға халық пен мемлекеттің дайын екендігін білдіргендей. Ендеше, партияның көшбасшылық қуатының күшейе түсуінің мəнісі неде деп білесіз? – Сұрағыңызға Елбасы, партия Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың мына сөздерімен барынша айқын жауап беруге болады: «Нұр Отан» нақты нəтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. Күнімізді шуақты ете түсу үшін елімізді қуатты ету – барлығымыздың ортақ парызымыз. Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс». Мұндай партия үнемі алға жылжып, авангардтық рөлін күшейте түсетіні белгілі. Осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан2050» Стратегиясын жариялап, елімізді барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу туралы міндет қойды. Сондықтан, жаңа асуларды бағындыруға береке мен бірлік, тəуелсіздікке жаңаша көзқарас, ашық тық пен ынта керек. Аз ғана уақыт ішінде тағдыршешті реформалар басталды. Қоғамдық бақылау, халық алдындағы есеп беру, мемлекеттік органдардың ашықтығы, өзін өзі басқару жүйесі айтарлықтай жетілдірілді. Халықтық партия ретінде біз де бұл жұмыстарға белсенді түрде қатысып, қызметімізді жаңғыртуымыз қажет. Сол себепті, партия басшысының тапсырмасына сəйкес, «Нұр Отан» партиясының жаңа Доктринасы қабылданып отыр. Маңызды құжатты партиямыздың конституциясы деп бағалар едім. Өйткені, ол дамудың жаңа белестерін ашып, партияның идеялық-танымдық жəне құндылық бағыт-бағдарын алға тартады. Сондай-ақ, əлі күнге дейін Қазақстанның бірде-бір партиясы елді дамытудың стратегиялық бағытына сəйкес ауқым ды Саяси доктринасын ұсына алмауы «Нұр Отанның» абыройлы тұғырын көрсетеді. – Партияның ХХІ ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру ауқымындағы айқын бастамалары қорғалжындықтарды да іргелі істерге жігерлендіре түсетіні анық. Міндет ауқымды. Оны жүзеге асыру алдымен партия ұйымының ықпалдылығы мен қуаттылығын сынға салады. Ендеше, өздеріңіздегі қарым-қабілетті қалай бағалар едіңіз? – Ұйымның жауынгерлігі мақсаттың айқындылығынан қуат алады. Біздің кез келген тапсырманы орындауға дайын екенімізді еліміздегі ұлан-ғайыр өзгерістерден де байқауға болады. «Нұр Отан» жетекші саяси күш ретінде, ең алдымен, əрбір аймақта, елді мекенде, кентте жəне ауылда қоғаммен жұмыс істейтін жергілікті бөлімшелердің тармақталған желісіне арқа

сүйейді. Алдымызда барлық партиялық құрылымдардың жұмысын сапалық жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр. Бүгін біз барлық жоспарларымыз бен іс-қимыл шараларын ХV съезд шешімдерімен жəне елді 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарының басты қағидаларымен сəйкестендіруіміз қажет. Ауданда партиямыздың 1140 мүшесін біріктіретін 14 бастауыш ұйым жұмыс істейді. Өңірлік ұйым бірлік пен келісімнің бесігіне, тұтастық пен тұрақтылықтың ұясына айналды десем, артық айтқандығым емес. Бізде уақыттан оза қимылдау үрдісі қалыптасқан. Съезден оралған бойда филиалдың барлық б а с т а у ы ш ұ й ы м д а р ы н д а а р н а й ы ке с те құрылып, форум шешімдерін халыққа жеткізу мақсатында жиындар өткізілді. Өзім қатысқан ардагерлермен, жастармен, мектеп оқушыларымен, бизнес өкілдерімен кездесулерде «Нұр Отан» партиясының бастамаларын қызу қолдаушылық байқалды. Əсіресе, үкіметтік емес ұйымдардағы, «Жас Отан» жастар қанатындағы, «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымдарындағы патриоттық қозғалыстың жандана түскені еңселі ел болуымыздың кепілі деп білемін. – Халықтың қолдауы мен сенімі нақты істерден көрініс береді. Осы орайда партиялық қызметке сұраныстың мазмұны да өзгере түсуі талап етіледі. Доктринаның озық тұстары осында емес пе? – Ойыңыз орынды. Анау бір жылдары тұрғындардың ұсақ-түйек өтініштері көбейіп кеткені рас. Қоғамның дамуында ол да болмай қоймайтын құбылыс. Бастысы, санадағы серпіліске жол аша білуде. Партия бұл міндетті орындай алды деп санаймын. Істің оңтайлы тетігі мəселені дұрыс қоя білуде. Аудандық филиал 2012-2013 жылдары 6 конференция, 4 саяси кеңес мəжілісін, 10 саяси бюро отырысын шақырды. Партия мүшелерінің талқылауына «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам іс-шарасын жүзеге асыру туралы», «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары», «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы», «Бастауыш партия ұйымының, атқарушы органның жəне қоғамдық құрылымдар мəртебесін жоғарылату туралы», «Елбасы Н.Назарбаевтың «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезінде алға қойған тапсырмаларды орындаудағы Қорғалжын аудандық филиалының міндеттері туралы», тағы басқа өзекті мəселелер ұсынылды. Қабылданған қаулы-қарарлардың орындалуы айрықша назарда ұсталуы жұртшылық көңілінен шығуда. Партия белсенділері ауылдық жерлерді аралап, тұрғындар жиынын өткізіп тұрады. Аудандық филиалдың қоғамдық қабыл дауына 2012 жылы 90 адам, биыл 70 кісі өздерін толғандыратын мəселелерімен келді. Азаматтардың өтініш-пікірі, мұңмұқта жы ескерусіз қалмайды жəне оларды шешуді өз бақылауымда ұстап отырамын. Сондай-ақ, партияның орталық аппараты жауапты қызметкерлерінің көшпелі қабылдаулары, республикалық МАИ-дың

«Жолда қабылдаулары» жалғасын табуда. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс əкімі Қосман Айтмұхаметов сəуір айында ауданымызда қабылдау өткізді. Əртүрлі ұсыныспікірлері, мұң-мұқтажымен жиырма шақты азамат қабылдауда болды. Бүгінгі күні бұл азаматтардың біріне түсінік берілсе, біріне көмек көрсетіліп, мəселелер шешімін тапты. Мəселен, тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы жас ана Анар Оралбекова мен ІІ топ мүгедегі Дүйсенбай Балмағанбетовтің өтініші қанағаттандырылды. Аманкелді ауыл округіндегі «Ақ құлын» ЖШС-нің басшысы жоғарыдағы аттары аталған кісілерге аудан орталығынан екі үй сатып алып берді. Партия мүшелері бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі бастамасын қолдап отыр. Таяуда жергілікті «Нұр Отан» аппараты жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Осы игі іске өз үлесін қосқан Кеңбидайық ауылының шаруашылық басшысы Серікбай Рахымбековке ризалығымды білдіргім келеді. Біртабан ауылындағы шаруашылық басшысы Ербол Мырзабеков екі-үш үй ғана қалған елді мекенге жаңа екпін əкеліп, туристік бизнесті дөңгелентіп отыр. Ауылға жаңа үйлер салынды. Ал облысымызға танымал өнерпаз Марат Əлімжанов ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында ұлттық «Далалық қонақ үй» жобасын жүзеге асырып жатқаны сүйінішті. – Елбасы халық тағдырына қатысты «Нұр Отан» атқарар маңызды бес мəселені күн тəртібіне шығарды. Сіздің ауданның партия ұйымы бұл тапсырмаларды орындауда қандай қарым-қайрат танытпақ? – Аса күрделі мəселелердің алға тартылуының өзі партияның шынайы халықтық мəртебесін айғақтайды. Біз осы деңгейден көрінуге барлық мүмкіндіктерімізді жұмылдырамыз. Атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Биыл диқандарымыз 80 909 гектарға егін сеуіп, табиғат қиындықтарына қарамастан орақты табысты аяқтады. Гектар түсімділігі 12 центнердің маңайында болды. Бұл – соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіш. Дəстүрлі мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Ауданымызда 2012 жылдың қыркүйек айында «Таңдау» инновациялық дамыту орталығы ашылды. Қазіргі уақытта білікті кадрлар даярлауға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Жұмыспен қамту-2020» атты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын жəне орта бизнесті қолдау орталықтары жұмыс істейді. Аудандағы «Бизнес кеңесшісі» курсында 28 жұмыссыз адам кəсіби қайта даярлаудан өтіп, жұмысқа орналастырылса, 98 кісі қоғамдық жұмысқа тартылды. Бағдарламаның өзге бағыттары бойынша да нəтижелі істер атқарылды. Тіпті, тəжірибе алмасу мақсатында биыл Украинада Қорғалжын ауданының күндері өткізілгенін атап өткім келеді. Жастар Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындайтын негізгі күш болғандықтан, оларға үлкен үміт артылып отыр. Біздің «Жас Отан» жастар қанатында 301 мүше бар. Олар «Жастар – Отанға», «Дипломмен – ауылға!» бағдарламаларының ұйытқысы болуда. Өткен екі жылда ауданымыздағы жас мамандарға 5 млн. 248 мың теңге көтерме жəрдемақы, баспана алуға 23 млн. 329 мың теңге несие қаржысы бөлінді. Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен 3029 мың теңге көтерме жəне 14 млн. 996 мың теңге тұрғын үй несиесі игілікке жаратылды. Сонымен қатар, аудан орталығында алдағы жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен 14 пəтерлік үй салынатыны ауыл өмірін жаңғыртуға септік жасайды деп білеміз. – Таратып айтқан əңгімеңіз үшін рахмет.

Ақмола облысы.

Əңгімелескен Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

 Мемлекеттік тіл – мерейім

«Ќазаќстанныѕ болашаєы – ќазаќ тілінде» Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты телевизиялық жобасының қорытынды марапаттау рəсімі болып өтті. Бұл жоба Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша түсіріліп, «ҚазМедиа Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктес тігі жəне «Еуразия бірінші» арнасының көрсеткен ақпараттық қолдауы бойынша жүзеге асқан. Еліміздің ең өзекті мəселесі – қазақ тілінің шын мəнінде мемлекеттік тіл мəртебесіне жете алмауы. Келелі мəселені шешуде ерекше ерен еңбек сіңірген осы тележоба болса керек. Елбасымыздың талай рет тұғырда тұрып «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деген сөзін ұран етіп, «Еуразия бірінші» арнасы бойынша бағдарлама тіл үйренуші көрермен қауымға жол тартты. Жобаға қатысқан 10 азамат бар-жоғы 30 телесабақта қазақ тілін меңгеріп шықты. Аталмыш бағдарламада тіл үйренушілер үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы

арнайы əзірлеген «Тілдарын» əдістемесі бойынша оқытылды. Ж о ба ғ а қ а т ыс қ а н 1 0 а з а м а т бағдарлама барысында 300 сөз жəне 50 сөз иірімін үйренді. Мүлде қазақ тілін білмеген олар бүгінде еркін сөйлеседі. Оларға ұстаздық етіп, телесабақтарды жүргізген Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Тілдарын» кешенді əдістемесінің авторы Сара Жұманова. Салтанатты кеште «Қазақ станның болашағы – қазақ тілінде!» жобасына қатысқан 10 азаматқа тіл үйрену курсынан өткендіктері туралы сертификаттар табысталды. Жобаға қатысушы Александра Романова мен Қанат Сатыбаевқа сертификаттарды табыстай отырып «Журналистика жəне саясаттану» факультетінің деканы Қайрат Сақ: «Атақты Алашорда көсемі Ахмет Байтұрсыновтың:

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген сөзі бар. Елбасы өзінің Жолдауында 2020-шы жылы халықтың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлейді деп қадап айтты. Бұл бізге жүктелген үлкен жауапкершілік. Осындай өзекті мəселенің өткір шешімін тауып, жобаға қолдау көрсеткен «Еуразия бірінші» арнасына ризашылығымызды білдіреміз. Ал бүгінгі марапаттау салтанаты біздің факультетте өтіп жатқаны бізге де үлкен мəртебе», – деп ізгі ниетін білдірді. Ал, келесі қатысушылар Алена Баянбекова мен Хасан Шариповты журналист, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Кенжеболат Жолдыбай марапаттады. Ол: «Адам жаңа бір тілді меңгеріп, білген сайын таным көкжиегін де кеңейте түседі. Сондықтан, тілді үйренгендеріңіз ең алдымен, өздеріңіз үшін үлкен жетістік», – деп ұлағатты ұстаз С.Жұмановаға ризашылығын білдірді. Мəдениет жəне ақпарат министрлігі жанындағы Тіл ко митетінің басқарма басшысы Серік Жақсылықұлы Карина Кумарова

мен Ольга Быковскаяға сертификаттарды тапсырды. Барлық қатысушылар қазақ тілінде ойларын еркін жеткізіп, алғыстарын білдіріп жатты. Сөз кезегін алған Сара Жұманова: «Бұл бағдарлама арқылы қатысушылар тілді 3 аптада меңгеріп шықты. Бағдарлама əн айтумен басталып, қатысушыларды тілдік кедергіден өткізді, екіншіден, эмоционалдық-психологиялық жағдайдың қолайлылығынан олардың сабақта ойларын емінеркін біл діруіне жəне қарымқатынас жасауларына мүмкіндік туғызылды. Жаңа инновациялық əдістеме бойынша қазақ тілі грамматикасы функционалдық тұрғыдан ұсынылды. Яғни, тілді меңгеру үшін жиілік негізінде 300 лексикалық минимум жəне 15 грамматикалық құрылым ғана білу шарт екен. Осы ұстаным бойынша жұмыс істеп, оның тиімді екенін біз дəлелдеп шықтық», – деп қатысушыларға алғысын білдірді. Бағдарламаға қатысқан 10 азамат ұлтына, жас ерекшеліктеріне, қызметіне қарамастан қазақ тілін меңгеріп шықты. Қатысушылардың бірі Хасан Шарипов: «Тілді үйрену ешқашан да кеш емес екен!» деп ой түйді. Нұрзада КҮМІСБЕК, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.


10

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

● Əдебиеттің əңгімесі

Ќалдыєайты ќатпарлары И.С.Тургеневтің ешқандай өзге туындыларға айырбастамайтын «Қарасөзбен жазылған өлең» атты шығармасы бар. Алғаш оқыған бозбала кезден баурап, əлі де сол бір ыстық табы осы күнге дейін жанымды жұбатып жүрген шағын жанрға деген құштарлық қазір де бойымды баурап келеді. Қазақ прозасының балаң тұсында «мұңлы, қоңыр» дауысты бозбала Мұхтардың, кейін кермиық Ғабит дегдардың, содан кейін оркиік Оралханның туындыларында нысаналы сипат алғанымен де, Пришвиннің, Бондаревтің, Курановтың, Халил Жабран Халилдің, Борхестің «қара сөзбен жырлаған» туындыларындағы ұлы поэзиялық құдірет, терең тебіреніс, мөлдір де таза мұң, ойлы да ұғымды астар, шымыр да шынайы сезім

араласқан, бір өзі бір повестің желісі мен мағынасын беретін «алақандай əңгімелердің» əсері – сөздің таты кермек татыған кексе қаламгер үшін əлі де таңсық, əлі де сиқырлы, əлі де тылсым қуат көзі. Ол дəмді алғаш татырған сонау алпысыншы жылдардың аяғында «Лениншіл жастың» əдебиет бетіндегі айында бір басылатын И.С.Тургеневтің «Қара сөзбен жазылған өлеңдері» жəне сонымен жарыса жарияланатын көлемі жарты парақтан аспайтын Құрманғазы Мұстафиннің «Шағын əңгімелері» еді. Ол тұста бір-бірімізбен сырластығымыз жоқ болса да, сонау алпысыншы жылдардың аяғынан бастап Құрағаңмен жан дүниемізді сырттай жарастырған бір нəзік қыл талшық – осынау құдіретті де сиқырлы «қара сөзбен жазылған өлеңдер» еді. Қазір көз жүгірткенімде байқағаным, жиырма бес жастағы Құрманғазы Қараманұлы Мұстафиннің сол «Алақандай əңгімелері», шындығында да, көркем сөзіміздегі көркемдігі ерекше түйінді туындылар екен. Оған осыдан отыз екі жыл бұрын шыққан «Ақ қайраң» жинағын қайыра оқығанда анық көзім жетті. Міне, табанына шөгір кірген бала жол шетінде шалқасынан түсіп жатыр. Көк аспанда ақша бұлттар қалықтайды. «Əйтеуір, əлдеқайдан келіп, əлдеқайда кетіп жататын жұмбақ жолаушылар». Бала «аспанға қарап жатып» бұлттан «əжесінің суретін тауып алады. Ал, мынау – атасы. Атасының ар жағындағы бұлт – анасы. Анасы кейде өзінен өзі үнсіз жылап алады. Неге? Енді бала бұлттардан əкесінің суретін іздейді. Ешбір бейне ұнамайды жəне ешқайсысы əкесіне ұқсамайды. Өйткені, əкесінің зираты да жоқ, себебі, соғыста хабарсыз кеткен. Сондықтан оның бейнесін бұлт та сала алмайды. Қандай жантүршігерлік қасірет. Əкеге деген қандай сартап сағыныш. Бұл балалығын соғыс ұрлаған ұрпақтың қасіреті. Құрағаңның сол сағынышы алпыстан асқан соң ғана, белгісіз жауынгерлер қабірінен əкесінің мүрдесі табылып, баласы Қанағат екеуі атамекенінен бір уыс топырақ алып барып, зиратына шашқан соң ғана басылды. Сағыныш пен үзілмеген үміттің табын енді өксік басты. Жетпіске келсе де əкесі есіне түскенде əлі де Құрекеңнің көзінен мөлдіреп жас шыға келеді. Ал мен шетте жатқан анамның қабіріне қырықтан асқан соң ғана топырақ салып едім. Өмірдің өзінен ойып алынған тотияйындай осынау ащы запыранның орнын келесі бетте жарқын шуақ

алмастырады. Əне, «көбелек қуған бүлдіршін қыздар «ақ көйлектері көк шалғында ақ сəуледей ағараңдап ұзап барады. Ата-аналары бойлапбойлап, күн сала қарайды. Қайсысы көбелек, қайсысы қызы екенін ажырата алмайды...». Қандай жан жадыратар бақытты көрініс, риза көңіл десеңші! Əлгі əкесіз жетім бала мен мына уайымсыз көбелек қуған балбөбек қыздардың арасында шырқырап жылап жатқан шындық қана бар. Əрине, ол балауса балғындар жоғалмайды. Себебі, қалай барсаң да, қай қиянда жүрсең де ауылға – «бетеге, жусан арасымен ирелең қағып, сүттіген, тобылғы арасымен бұралаңдап Қалдығайтыға бастап алып келетін жалғыз аяқ жол» бар. Ол жолдың «өмірі де сол маң даладағы құлаған қыстаулар

жанында, қаңыраған мекенжайлар мен тозған тамдар төңірегінде өтіп жатыр». Сол «жалғыз аяқ жолмен адамдар бір-бірлеп кетіп жатады. Жалғыз аяқ жол бел асып, бөгде өңірлерге, жұрт білмейтін мекендерге бағыт алып барады. Əне, ол байтақ даланың кең құшағына еніп көрінбей де кетті. Бірақ жоғалып кеткен жоқ. Өйткені, жолдар орағытып отырып отанын қайта табады...». Жол шетіндегі əкесіз жетім ұлды да, күміс күлкілі қыздарды да сол жол табыстырады. Сол «жалғыз аяқ жол» жыл сайын шатыры мен қармағын мəшинесінің қорабына салып алып: «Қоғалы көлдер, қом сулар, Шырайын көріп, шаттандым. Құм суырған көлдердің, Бедерін көріп бажайлап, Əрмен қарай аттандым...» деп ыңылдай əндеткен Құрекеңді бір жылы – Алакөл, Аягөз, Шыңғыстау, Баянауыл, Есіл, Торғай, Ырғыз арқылы – Қалдығайтыға, келесі жылы – Əулиеата, Қорқытата, Шалқар арқылы тағы да Қалдығайтыға, содан кейін жəне де – Үстірт, Атырау, Орал арқылы Қалдығайтыдағы Құрманғазының қарасуына бастап əкеледі. Ол шатырын тігіп алып, оңаша Қалдығайтының қарасуына жападан жалғыз барып қармақ салады. Менің ойымша, Құрекең Қалдығайтының балығын емес, жоғалтып алған, соғыс тартып алып кеткен балалық бақытын іздеп қармақ салып отырғандай сезіледі. Жазушы барлық шығармасындағы басты оқиға Қалдығайтыдан өріс алып, Қалдығайтыға қайтып келумен аяқталады. Теңізге де, көлге де құймайтын, тек Қаратөбені айналып қана тыным табатын Қалдығайты – Құрманғазы үшін Ақ Жайықтан да, Сырдариядан да, Ертістен де ұлы өмір дариясы. Сол бір шолақ та ұлы дарияның бір иірімі Құрманғазының қарасуы деп аталады. Ауылдастары солай деп атап, картаға түсіртіпті. Бұл жазушының тағдырына, Қалдығайтыға деген ұлы махаббатына, соғыстан қайтпаған боздақтарға, сол боздақтарды сағынып ғұмыр кешкен жесірлер мен əкесіз жетімдердің көз жасына, жалғыз аяқ жолға көрсетілген құрмет. Осындайда өзіңнің туған жеріңе бастап апаратын жалғыз аяқ жолдар еске түседі. Сол сүрлеу сақталды ма екен, жоқ, өшіп кетті ме, кім білсін. Сол соқпақты салғанның бірі біздің табанымыз емес пе еді. Ізіміз сақталды ма екен? Қайдам. Құрманғазы Қараманұлы Мұстафиннің бір парақтан тұратын «Сүйіспеншілік сəкісінің» сюжетінде тұтас бір хикаяттың

желісі жатыр. Тақырыбы – адалдық. Адалдық болғанда – мінезді адалдық. Сəрсен шалдың ауласында сəкі бар. Түнде терезесін ашып қойып ұйықтайтын əдеті. Бір түні екі ғашық əлгі сəкіге паналайды. Таң атқанша ғашық жігіттің тілінен бал тамады. Сəрсекеңнің жастық кешуі есіне түсіп, бойы ғашықтармен бірге балқиды. Оларды келесі түнде асыға, сүйіне күтеді. Арада ай өтеді. Көз жаздырған əлгі жігіт тағы да сəкіге жайғасып, сол баяғы жаттанды сөздерін қайталай жөнеледі. Бірақ қыздың дауысы басқа. Ыза болған қарт: «Əй, Саясат, тап сол əкеңнің!.. Не оттап отырсың!», – деп ақырып жібереді. «Ғашықтар» табанда ғайып болады. Көпке дейін көзі ілінбейді. «Ертеңгісін қарт əлі сыры да оңып үлгермеген сəкі

тақтайларын тігінен қақырата сөгіп бөлшектеді де, отын қораға апарып балта-малтасымен қоса лақтырып жіберді». Осы мінезі арқылы Сəрсен қарт өзінің адалдығын ғана емес, махаббатын да қорғап отыр. Осы тазалық қаламгер емес, азамат Құрманғазының өз бойында бар қасиет. Өзі жоғалтқан құжатын іздеп жүріп, біреудің түсіріп алған дүниесін соңынан қуып жүріп апарып беретін «ізшілдігі» соның айғағы. «Музейдегі мұң» атты алақандай əңгімесінде сондай ар тазалығының нысанасы бар. Кейуана мұражайдың еденін жуып жатыр. Мұражай қызметкері балшық жабысқан табанымен жуылған еденді айғыздап өте шықты. Кейуана үнсіз сүртіп алды. Енді əлгі қызметкер темекісін будақтата өте беріп тұқылын еденге лақтыра салды. Кейуана үнсіз күрсінеді. Сонда кім мəдениетті? Мəдени құндылықты сақтайтын қызметкердің мəдениеті əлгі ме? Маған əлгі мəдениет қайраткерінің арын кейуана тазалап жүргендей əсер қалдырды. Тобылғылы сайдан өтіп бара жатып Ерқара аттан түсіп, таңдап жүріп қамшыға сап қиып алды. «Сосын лəм деместен, кідірместен, атын жетектеп сайдан шыға берді. Қарт жүзіне жаутаңдай қараған жүз жасаған қарғалар оның тобылғылы сайға соңғы рет келгенін, соңғы рет қамшы сап алғанын айтпай-ақ аңғарғандай, көңілсіз қарқылдасып, қош-қош айтысып жатыр...». Иə, біз білетін Тобылғысай қазір жоқ. Трактормен жыртылып кеткен. Еркеқара Тобылғысай иесіз қалды деп өкінеді. Ал біз сол Тобылғысайды іздеп таба алмай өкінеміз. Жастары қарайлас екі қарттың ойы біреу, уайымының себебі екеу. Міне, боямасыз өмір, боямасыз өмір шындығы, өлмейтін көркемдік шындық деген осы. Соншама терең тебіреніске құрылған, оқиғасы шымыр, сөзі орынды, ішкі ырғағы үндес, жалған дауыссыз, артық демі білінбейтін бір жұтым ауа сияқты «қара сөзбен жазылған жырдың» азабы – бір түйірлеп санап отырып құмнан ғимарат тұрғызғанмен бірдей. Бір ғана артық қолданылған сөз сүйел сияқты көрініп тұрады. Мен Құрманғазы Қараманұлы Мұстафиннің «Ақ қайраң» əңгімелер

 Бəрекелді!

Əуе жолы жаѕєырды Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Жетісулықтардың Тəуелсіздік күні қарсаңындағы бір қуанышы Талдықорған – Алматы арасындағы əуе жолының қайта ашылуы болды. Кеше JTU 6060 рейсімен алғашқы жолаушылар Жетісудың кіндік қаласынан оңтүстік астанаға аттанды.

– Осыдан 12 жыл бұрын ашылып, тоғыз ай екі қаланың ортасында əуе қатынасын орнатқан ұшаққа сұраныстың болмауына байланысты тоқтатылған еді. Енді Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсахановтың арнаулы шешімімен жаңғыртылды. Талдықорған – Алматы қалаларының ортасында 40-45 минут ұшатын «ЯК – 40» ұшағында 34 жолаушы орны бар. Жол ақысы 7500 теңге тұрады. Аптасына

жинағын қайыра оқығанда автордың қалам қарымының қуаттылығына, ерте есейгеніне, демін ішіне тарта отырып емеурін танытқан талғамына тəнті болдым. Шын шығармашылық шеберлікке отыз жасқа жетпей жеткен екен. Шағын əңгімелер бір-бірінің мазмұнын толықтыра келе ағысы тереңде жатқан тұғырлы туындының деңгейіне көтерілген екен. Өзімнің қолымнан келмеген аңсарды жазушы Құрманғазы орындапты. Шығармашылық психологияға тəн сыңарластық деген де осы емес пе. Осынау «алақандай əңгімелердегі» көркемдік шындық пен сезім шынайылығы, поэзиялық тегеурін, ырғақ пен ұғымы терең емеурін қазақ прозасындағы шоғыры оқшау туынды болып ұзақ кезеңдер өмір сүретініне мен кəміл сенемін. Оның осы тосын ізденісін «Айта жүрер əңгіме» атты туындысындағы қызықты хикаялар мен құбылыстар одан əрі толықтыра түседі. Бұл біз білмеген, қазақ прозасында көненің көкжиегінен көрініп қап, жалт беріп кеткен тақырып. Ал жетпісінші жылдары алаш жауынгері туралы, əрине, қашқын, қарақшы ретінде суреттелсе де, үшінші болып қалам тартқан қаламгердің «Салт атты жолаушы» шығармасының Мəскеудің «Детская литература» баспасынан жариялануының өзі де бұл туындының көркемдік құнын танытса керек. Осы мақаланы жазсам деп жүрген таяу күндері түн қоюлана үйге Жантас Сафуллин деген жас жігіт мырзақонақ болды. Өт кен ғасырдың басында шығып, үш саны ғана сақталған 1911-1913 жылдары шығып тұрған «Қазақстан» газетінің тігін дісін Алматы мен Мəскеудің мұрағаттарынан тауып, жеке жинақ етіп шығарып, алаштың жоғын жоқтаған азамат сонау Оралдан соның бір данасын маған табыс етуге ала келіпті. Ұстаздарым Қайыржан Бекхожиннің, Зейнолла Тұрарбековтің, тарихшылар Мұстафа Ысмағұлов пен Исатай Кенжалиевтің тірнектеп дерек жиғандарынан мағлұмдар болғандықтан да, Елеусіз Бұйрин сияқты тағы бір алаш ұранды қаламгердің еңбегі жанып, белгісіздіктен арылғанына қатты қуандым. Риза болғаным сонша, немерелерім Күнікей, Сұлтансейіт, Байжігітке: «Міне, нағашыларың үшеуіңнің де қырық шұбар тайларыңа қырық серкештеріңді қосып əкеп берді», – дедім. Жөн сұрасқан Жантас Құрекеңмен құда екендігімді білген соң: «Мен де Егіндікөлдікімін. Қал ды ғайты өзенінің бір иірімі «Құрманғазы» деп аталады. Əкем Нəбиолла Құрағаңды жақсы біледі, дəмдес, сапарлас болған», – дегені. Үй-ішіміз жадырап сала бердік. Аңсаған мен Сұңқар да жымыңдасып қалды. «Иə, интернетте сондай жер аты бар», – деді мақтанышпен келінім. Кештетіп келген мырзақонақ кеткен соң Аңсаған: «Ет аспадық па, көжемен қайтатын болды ғой деп ұялып отыр едім. Қалдығайтыдан екенін білгенде «ух» деп еркінсіп қалдым», – дегені. Демек, Қалдығайтыны жəне оның адамдарын Құрағаң ғана емес, Аңсаған да өзімсініп сағынатын болғаны ғой. Бұл картаға бірде түсіп, бірде түспейтін Қал дығайтының құдіреті неткен керемет десеңші! Ішімде: «Ендеше, нағыз жамбас əлгі нағыз қалдығайтайлық құда балаға лайық еді-ау. Баяғыда ұзатылған əпекесінің соңынан құда бала іздеп келіп, ауылдың мырза-қонағына айналушы еді ғой. Сый да, сияпат та, ойын-сауық та сол құда баланың құрметіне арналушы еді ғой», – деген ой лүп ете қалды. Еш өкініші жоқ. Алдымнан орағытып шыға берген, құт болып жолыққан Қалдығайтының өзіңіз жазатындай: «Бел асып, бөгде өңірлерге, біз білмейтін мекендерге бағыт алып бара» жатқан, «байтақ даланың кең құшағына еніп, көрінбей де кеткен «жалғызаяқ жолы» «жоғалып кетпес». «Өйткені, жолдар орағытып отырып отанын қайта табады...». Сонда, есесі кеткен сыбағалар толық өтелер! Бізді жолықтыратын жалғызаяқ жолдар алда, Құраға», – деген үмітті тілекпен тыныс белгісін қойғым келеді. Тұрсын ЖҰРТБАЙ, жазушы. АСТАНА.

төрт рет дүйсенбі, сəрсенбі, сенбі, жексенбі күндері Талдықорғаннан Алматығы JTU 6060 рейсімен ұшып, ал Алматыдан Талдықорғанға JTU 6061 рейсімен қайта келіп қонады, деді «Жетісу авиакомпаниясы» АҚ вице-президенті Петр Журавлев. Қалааралық əуе қатынасының ұшу-қону уақыты белгіленген уақытта əуежай қызметкерлерімен хабарласқанымызда олар алғашқы рейстің сəтті болғанын, мұның Тəуелсіздік күніне арналған тарту екенін айтты. Алматы облысы.

● Талап жəне тəртіп Еліміз үшін маңызды мереке – Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының кеден органдары да өзінің 22 жылдығын атап өтеді. Кеденшілердің кəсіби мерекесімен қатар атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын жыл аяғы да келіп қалды. Осыған орай Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің басшысы, кеден қызметінің полковнигі Бақыт СƏТМАҒАНБЕТПЕН сұхбаттасқан едік.

Кеден ќалєымайды

– Бақыт Сегізбайұлы, соңғы жылдары елімізде заң мен тəртіптің сақталуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметіне ерекше назар аударылуда. Департамент құқық қорғау блогының аяқталып бара жатқан жыл ішіндегі қызметін сіз қалай бағалар едіңіз? – Құқық қорғау жүйесі тəуел сіз Қазақстанның дамуын да маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау жүйесі əлеуметтік-экономикалық реформалардың жоғары тиімділікпен жүзеге асырылуына, зор табыстарға қол жеткізілуіне құқықтық тұрғыдан септігін тигізеді. Құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғырту үшін тұжырымдамалық міндеттерді іске асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапты. Қазіргі таңда құқық қорғау жүйесінің қызметіне мөлдірлік, айқындық тəн. Құқық қорғау органдарына іріктеу қатая түсті. Құқық қорғау жүйесінің реформасы шеңберінде департаментте кезектен тыс аттестаттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қазір департаментте контрабандамен күрес жөніндегі жəне ішкі қауіпсіздік басқармасы атты екі басқармадан тұратын құқық қорғау блогы жұмыс істейді. 2013 жылы барлығы 11 қылмыстық іс қозғалды, олардың ішінен экономикалық контрабанда жəне кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару фактілері бойынша мемлекетке келтірілген 40 миллион 600 мың теңге көлеміндегі зиян өтелді. Əкімшілік тəжірибе желісі бойынша 141 əкімшілік-құқық бұзушылық анықталып, оларға 5 миллион теңгеден аса айыппұл салынды жəне мемлекетке 8 миллион 700 мың теңге көлеміндегі нұқсан өтелді. – Сыбайлас жемқорлықпен күресу қай уақытта да өзекті тақырыптардың бірі болып келеді. Сіздің департамент осы проблемамен қалай күресуде? – 2012 жылы қазыналық блок қызметкерлерінің аттестаттаудан шығарылуы жүргізілді, департамент қызметкерлерінің 16 пайызы ғана погонымен қалды. 2013 жылдың ақпан айында Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаменті қазыналық блогының қызметкерлері Қазақ стан Республи касының кеден органдары арасында бірін ші болып əкімшілік мемле кеттік лауазымдарға көшірілді. Департамент сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында құқықтық база ны жетілдіруге, азаматтық қо ғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттауға бағытталған ұйымдастырушылық жəне тəжірибелік шаралар кешенін қабылдады. Департаменттің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жұмысының ақпараттық

жа ғын қамтамасыз ету үшін 7 дөңгелек үстел, 4 «тікелей желі» өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 53 мақала жарияланды, қыркүйек айында департамент «Нұр Отан» партиясының жəне «Атамекен» кəсіпкерлердің ұлттық палатасының Қостанай облыстық филиалдарымен бірлесіп, «Ашық есік күнін» өткізді. – Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «ұлттық экономиканың жетекші күші – кəсіпкерлікті жан-жақты қолдау» екені айқындалды. Алшақ ресімдеу орындары, оларды құрудағы мақсат пен оның нəтижесі туралы не айтасыз? – Елімізде астықтан рекордтық өнім жиналған 2011 жылдың қарашасында оны өткізуден əлемдік нарықты бағындырудың бəсекелік күресі де қызып тұрды. Осы жағдайда Қазақстанның Кеден одағына кіруін назарға ала отырып, 12 кеден бекеті жойылған болатын. Біздің департамент экспортталатын астықты тікелей артатын «Тобыл элеваторы», «Жаркөл элеваторы», «Сарыкөл элеваторы» акционерлік қоғамдары сияқты басқа да астық сақтау қоймалары мен астық қабылдау пункттері шоғырлана орналасқан елді мекендерден астықтың экспортын кедендік декларациялау бойынша алшақтатылған орындардың ашылуына бастамашылық етті. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап алшақтан ресімдеу ұстанымы бойынша астық экспортының кедендік операциялары Сарыкөл, Денисов жəне Октябрь елді мекендерінде тəулік бойы тəртібінде жүзеге асырылады. Департаменттің бастамасы бойынша консультативтік кең естегі талқылау нəтижесінде қысқартылған кеден бекеттерінің базасында қолданыстағыларға қосымша Əулиекөл, Федоров ауылдарында жəне Лисаков қаласында жаңадан кедендік операцияларды жүргізу орындары ашылды. Қазір департаменттің қызмет аймағында кедендік операцияларды жүргізудің 6 орны жұмыс істейді. – Уəкілетті экономикалық операторлар институтының та нымалдығы артып келеді. Аталмыш мəртебе алған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қандай

арты қ шылықтарға ие жəне Қостанай облысында мұндай жеңілдіктерді кімдер пайдаланады? – Иə, 2010 жылдан бастап уəкілетті экономикалық операторлар институты Кеден одағының кеңістігінде танылып келеді. Бұл құрылымды енгізудің мақсаты кедендік қызмет пен бизнес қоғамдастығының өзара іс-қимыл жүйесін толыққанды дамыту, кедендік операцияларды оңайлату жəне жеделдету, сыртқы экономикалық қызметке адал ниетті қатысушылар үшін жағдай жасау, тəуекелді басқару жүйесін жетілдіру, əкімшілік кедергілерді жою болып табылады. Кеден одағындағы уəкілетті экономикалық операторлар, бұл – кеден органдарының сені мінен шыққан, оларға арнайы оңайлатылған ресімдерді пайдалануға мүмкіндік берілетін заңды тұлғалардың белгілі санаты. Арнайы кедендік ресімдерді оңайлатуларды пайдалану кедендік операция лар кезінде қаржылық жəне уақыт шығындарын азайтуға жəне логистикалық тізбекті оң тайландыруға мүмкіндік береді. Барлық талаптардың орындалуы жəне барлық шарттардың сақталуы, сондай-ақ тиісті тізілімге енгізілуі жағдайында заңды тұлға уəкілетті экономикалық оператор мəртебесіне ие болады жəне Кеден одағының Кеден кодексі жəне «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Рес публикасының Кодексінде қаралған арнайы оңайлатуларды пайдалана алады. Бұл ретте уəкілетті экономикалық оператор мəртебесі оны берген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ғана мойындалады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың пікірі бойынша мұндай мəртебенің болуы шаруашылық субъектісінің сыртқы экономикалық қызметін айтарлықтай жеңілдетеді, ал кəсіпорын Кодекстің 65-бабына сəйкес сыртқы экономикалық қызметке өзге қатысушыларға қарағанда бірқатар елеулі артық шылықтарға ие болады. Мысалы, Қостанай облысында үш кəсіпорын, яғни «Баян сұлу» акционерлік қоғамы, «RG Brands Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Космис» филиалы, «Стофарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осындай мəртебеге ие. – Кəсіби мерекеде əріптестеріңізге қандай тілек айтар едіңіз? – Кедендік бақылау департаментінің барлық жеке құрамын кəсіби мерекемен құттықтаймын. Қызмет жолында табыс, жақындарына амандық, қуаныш, өмір жолында сəттілік, кемел келешек тілеймін. Əрдайым егемендігіміз еңселі, тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Əңгімелескен Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.


www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

11

● Отбасы – Отанның ошағы

Статистика: цифрлар мен фактілер Əйел теѕдігініѕ ґркениетті жолы – гендерлік саясаттыѕ статистикалыќ деректері

«Гендерлік теңдіктің маңызы зор, сонымен бірге ол экономикаға қисынды тəсілді білдіреді. Əйелдер мен қыздар үшін мүмкіндіктер жəне қолайлы тұрмыс жағдайын тудыратын елдер өндірісті дамыту, балалардың жағдайын жақсарту, институттар өкілдіктерін жоғарылатуға қол жеткізеді жəне жалпы қоғамның даму келешегіне пайдалы ықпал етеді», – делінген 2012 жылғы əлемдік даму туралы Дүниежүзілік банктің «Гендерлік теңдік жəне даму» атты баяндамасында. Айдын АШУЕВ,

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары.

Гендерлік теңдік саласында жалпыəлемдік үрдісті қарастыратын болсаңыз, қоғамда ерлер мен əйелдер арасында теңдікке жəне теңгерімділігіне қол жеткізу барлық елдер үшін басым міндеттердің бірі болып табылатындығын байқайсыз. Жұмыспен қамту, өндірістік ресурстарға жəне мүліктік құқықтарға қолжетімділік сияқты əртүрлі тіршілік саласына əйелдердің қатысуын жəне мүмкіндіктерін кеңейтуге Қазақстанда да біршама күш-жігер жұмсалуда. Статистикалық деректер арқылы еліміздегі гендерлік теңдіктің 2012 жылғы жағдайы бойынша бірқатар маңызды көрсеткіштеріне тоқталайық. Республикада əйелдердің жалпы саны (8,7 млн. адам) ерлердің санынан (8,2 млн.адам) шамалы асады жəне 1000 ер адамға 1073 əйелден келеді. Дегенмен, соңғы жылдары жыл сайын туылатын ер балалардың саны қыз балалардың санынан артып түсіп отырғандығы көңіл аудартады (100 қыз балаға 105 ер баладан келеді). Халықтың жынысжас құрылымын қараған кезде (графикті қарау), тепе-теңсіздік 20-24 жастан асқаннан кейін басталатыны байқалады. Бұл жерде ерлердің саны едəуір төмендей түсетіндігін көреміз. Міне, осындай факторлар нəтижесінде қазіргі уақытта əйелдер арасында орташа жас 33-ті, ал ерлер арасында 30 жасты құрап отыр. Республика халқының жыныс жəне жас бойынша құрылымы 01.01.2013ж., мың адам

Ал мұның негізгі себебіне тоқталсақ, бірқатар факторлар салдарынан (тəуекелшіл мінез-құлқы, жарақаттануды көп алуы, жол-көлік апаттары, қауіпті еңбек жағдайы жəне т.б.) ерлер өлімі (1000 адамға шаққанда 9,68) əйелдер арасындағы өлімжітім (7,38) көрсеткішінен едəуір көп. Дегенмен, соңғы уақыттары əйелдердің сырқаттанушылығының, соның ішінде, қатерлі ісік ауруымен (100 000 адамға шаққанда 203,8) жəне йод тапшылығы ауруымен (72,4) сырқаттанушылар санының өсуі ерекше алаңдаушылық туғызуда. Оның үстіне, АИТВ-инфекциясын жұқтырғандардың арасында жүкті əйелдердің үлесі (17%) өсу үстінде. Білім алу саласында ұлдар мен қыздардың білім алуға мүмкіндігі тең қамтамасыз етілген, алайда жоғары жəне жоғары оқу орындардан кейінгі білім беру сатыларында қыздар саны жоғары жəне студенттердің (магистранттар мен докторанттардың) жалпы санынан жартысынан көбін құрайды. Ал еңбек нарығына əйелдердің қатысу деңгейі яғни, экономикалық белсенділік деңгейінің (66,8%) ерлерге (77,2%) қарағанда көп айырмашылығы жоқ. Алайда, егер осы мəселені егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ, кейбір салаларда дəстүрлі гендерленуді байқауға болады. Мəселен, жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлес салмағын өнеркəсіпте (67,7%), құрылыста (75,8%), көлікте (79,1%) ерлер, ал білім беру (72,1%), денсаулық сақтау (75,8%) қызметінде əйелдер (71,6%) құрайды. Осы жұмысты таңдаудағы сегрегация жалақы көлеміндегі айырмашылықты туындатады. Мəселен, əлеуметтік салалардағы жалақы өнеркəсіп жəне құрылысқа қарағанда əлдеқайда аз. Міне, сондықтан да қазіргі уақытта əйелдер мен ерлердің орташа жалақысының арақатынасы 70%-ды, құрайды. Сонымен қатар, жалақы мөлшерінің көлеміне мамандық таңдау ғана емес, сондай-ақ атқаратын

лауазымның деңгейі де əсер ететінін атап өту қажет. Ақылы жəне ақысыз жұмысты өлшеуге мүмкіндік беретін маңызды дереккөздердің бірі халықтың уақыт бюджетін пайдалануы болып табылады. 2012 жылы халықтың уақыт бюджетін пайдалануы пайызбен

Мəселенің гендерлік қыры тұрғысынан бұл кестеден байқайтынымыз, жағдай келесідей түрде көрсетілген: ерлермен салыстырғанда əйелдер көбірек уақытын ұйқыға (0,7%-ға) жəне уақыттың аз мөлшерін жұмысқа (4,8%-ға) жұмсайды. Бірақ, соған қарамастан əйелдерде бос уақыттың мөлшері аз (4,6%-ға). Өйткені, уақыттың көп бөлігін олар үй шаруашылығын жүргізуге жұмсайды (9,4%-ға). Енді əйелдердің саяси жəне қоғамдық өмірге қаншалықты белсенді қатысатынын қарастырайық. Мəселен, əйелдердің мемлекеттік билік жүйесіне қатысуына келсек, 2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының жартысынан көбін (56,2%-ын) əйелдер құрайды. Бірақ маңызды санаттарда, мысалы саяси лауазымдарда əйелдер үлесі əлі де төмен. 2012 жылы осы көрсеткіш 10,0%-ды құрады. Қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстанда өмірдің барлық саласына əйелдер мен ерлердің тепе-тең қатысуын қамтамасыз етуде жəне барлығы үшін тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер тудыратын мемлекеттік кепілдіктерді іске асыруда тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Əрине, əлі де шешілмеген мəселелер мен проблемалар бар, оларды шешу үшін тиісті заңдар қабылданып, стратегиялар мен гендерлік кемсітуді жою бойынша іс-шаралар жоспарлары əзірленуде. Алайда, олардың іске асырылуына мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар, азаматтық қоғамдастық та белсенді қатысса жөн болар еді.

Қазақстан Республи касының мəдениет қайраткері, «Астана-Бəйтерек-2007» республикалық композиторлар байқауының дипломанты Мүбəрəк Шəкір «Қазақстан – алға» атты тақырыпта республиканың Тəуелсіздік күніне арналған шығармашылық кешін өткізеді. Кешке Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлықэтнографиялық оркестрі қатысады. Алматы қаласы, Төле би к-сі, Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен концерт залы, сағ. 17.00-де.

«Рахат» АҚ акционерлерінің назарына! Осы арқылы «LOTTE Confectionery» компаниясы хабарлайды

2013 ж. 27 қарашада «LOTTE Confectionery» компаниясы мемлекеттік органдармен барлық қажетті келісімдерге қол жеткізіп, «Рахат» АҚ-тың айналымдағы акцияларының 76,25 %-ын иеленді. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес «LOTTE Confectionery» компаниясы «Рахат» АҚ-тың айналымда қалған 23,75% жай акцияларын сатып алу туралы хабарлайды жəне миноритар акционерлерге осы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күн ішінде «Рахат» АҚ-тың оларға тиесілі акцияларын Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сəйкес ағымдағы мерзімге белгіленген 6690 теңге көлеміндегі бағамен сатуды ұсынады. Миноритар акционерлер «Рахат» АҚ акцияларын сатып алу туралы мына ұсынысты пайдалана алады: Компания: «LOTTEConfectionery» мына мекенжай бойынша: КОРЕЯ, СЕУЛ, ЕНГДЫНГПО-ГУ, ЯНГПЕНГДОНГ 5 (О)-ГА, ЛОТТЕ ЯНГПЕНГ БИЛДИНГ 21 882-2-2670-6269/77016466695/82-10-9154-40559 орналасқан жəне «Рахат» АҚ акцияларының 76,25 %-ын иеленуші. иелігіндегі акциялардың жалпы саны: 855 133 дана (23,75 %) өткізілетін күні: 2013 жылғы 23 желтоқсаннан 2014 жылғы 13 қаңтарға дейін тапсырыстарды қабылдаудың басталу уақыты: 2013 жылғы 23 желтоқсан, Алматы уақыты бойынша 11.30 тапсырыстарды қабылдаудың аяқталу уақыты: 2014 жылғы 13 қаңтар, Алматы уақыты бойынша 13.00 тоқтату мерзімі жəне уақыты: 2014 жылғы 16 қаңтар, Алматы уақыты бойынша 15.00 қарсы мазмұндағы тапсырыстарды беру тəсілі: жабық түрде сатуға арналған лимиттелген тапсырыстарды кесімді баға бойынша (бір жай акцияның болжалды кесімді бағасы 6690 қанағаттандыру əдісі: теңгені құрайды). құны: бағалы қағаздың құны үтірден кейін екінші белгіге дейінгі дəлдікте тапсырыстағы қаржы құралдарының саны: жай акциялар саны тапсырыс көлемі: тапсырыстағы жай акциялар санының жəне тапсырыс бағасының есебі нарықтық тапсырыстарды қанағаттандырудың пайыздық көрсеткіші: 0% алынған бағалы қағаздарға төлем жасау күні: 2014 жылғы 16 қаңтар (Т+3) есеп жүргізу: есептерді «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» өзінің ережелер жинағына сəйкес жүзеге асырады төлем шарттары: қанағаттандырылған тапсырыс көлеміне байланысты төлем жасау «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың қор нарығы санатына тиісті мүшелері арқылы акцияларды сатуға бұйрық беру жолымен акцияларды алуға бағытталған сауда тəсілі бойынша АҚ акцияларын сатуға арналған тапсырыстарды қабылдауды сауда жүйесінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ жүзеге асырады. «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүшелерінің тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: http://www.kase.kz/ru/membership. Барлық сұрақтар бойынша жəне қосымша ақпарат алу үшін ««RESMI» инвестициялық қаржы үйі» АҚ-тың мына өкілдеріне хабарласуды өтінеміз: Аманат Искаков, тел. + (727) 266 70 77 (ext.308), факс 8 (727) 266 70 77 (ext. 277), e-mail: amanat.iskakov@resmi.kz Максим Занкин, тел. + (727) 266 70 77 (ext.279), факс 8 (727) 266 70 77 (ext. 277), e-mail: maxim.zankin@resmi.kz

Үндістан Елшілігі (Үнді мəдени орталығы) Астана Үндістан Республикасының Үкіметі мəдени байланыстар жөніндегі Үнді кеңесінің бас мəдени бағдарламасы шеңберінде (ICCR) қазақстандық студенттерге 20142015 академиялық жылдарға арналған Үндістан университеттерінде/білім беретін мекемелерінде оқып білім алуға стипендиялар ұсынады. Бакалавр, өнер-ғылым магистрі дəрежелеріне, докторантуралық/постдокторантуралық зерттеулер, бизнес əкімшілігі, есеп жəне сауда, көркем өнердің орындаушылық түрлері жəне гуманитарлық ғылымдарына оқып білім алуға стипендиялар бөлінеді. Толығырақ ақпаратты www.iccrindia.net сайтынан алуға болады. Үміткерлер Үндістанда жоғары білім алу үшін ағылшын тілін жеткілікті білуі қажет. Анықтама қағазы (анкета) www.iccrindia.net сайтында берілген. Толтырылған анықтама қағаздары қосымшаларымен бірге 2014 жылғы 31 қаңтарға дейін Үнді мəдени орталығы директорының атына келесі мекенжай бойынша жеткізілуі тиіс: Астана қаласы, дипломатиялық қалашық, С-15-А, тел.: 241 472, 243 292.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА ЖЕТУ ЖОЛЫ Қазіргі заманның тірлігіне қарасаңыз, қашанда қарбалысқа толы. Уақтында тамақтанбай, кейде асты тым көп ішіп қою, сондай-ақ фастфуд тәрізді тағамдарды тұтыну ішекке салмақ түсіретіні сөзсіз. Мұның бәрі ішектің дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп соғады. Соның нәтижесінде іш қату пайда болады. Өйткені, ағзадағы көптеген түйткілдер дәреттің жүйесіздігінен туындайды. Егер де ішек жүйелі түрде босамаса, қи массасы тұрып қалудан ағзада улы затқа айналып, қанға уыттар мен түрлі зиянды заттар түсе бастайды. Іш қату жүйесіз және дұрыс тамақтанбайтын адамдар да жиі кездеседі. Себебі, олар тамақты отырып ішпейді және кез келген жағдайды ойлауға бейім келеді. Өкінішке қарай, мұндай кемшіліктер екінің бірінде кездесетіні рас. Сонымен бірге, іш қатуды жауапсыз әрі дұрыс емдемеу де ағзаға үлкен зиян келтіреді. Міне, сондықтан да дәрі-дәрмекті тиімді таңдау маңызды. Препарат жеңіл босаңдататын әрекетке ие болуы керек, бұл жағдайда ол табиғи негізде құралуы тиіс. Сонда ғана оның қауіпсіздігі арта түседі. ФРУТОЛАКС препараты осындай болып табылады. Бұл дәрі-дәрмек – ішектің дұрыс жұмыс істеуін қалыпқа келтіретін және бүкіл ағзаның жағдайын жақсартатын табиғи құрамдастардың бірегей жиынтығы. Қант қызылшасының тағамдық талшығы асқазанның жұмысын жақсартады,

Əуесқой композитор Мүбəрəк Шəкір 2013 ж. 14 желтоқсанда өтетін шығармашылық кешіне шақырады.

ФРУТОЛАКС ПРЕПАРАТЫ ІШЕКТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРЕДІ, АҒЗАДАН ҚОРЫТЫЛҒАН ЗАТТАРДЫ ДЕР МЕЗГІЛІНДЕ ШЫҒАРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ Дәріханалардан сұраңыз!

қара өрік жұмсартатын қасиетке ие, ал інжір ішектің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Қара өрік жалпы нығайту күшіне ие, сенна ішектің бұлшық етін жұмсартады, лактулоза оның ырғағын қалыпқа түсіреді, ал фенхель бүкіл ас қорыту жүйесі үшін пайдалы. ФРУТОЛАКС-ты қабылдасаңыз көңіл күйіңіз көтеріліп, жағдайыңыз жақсарады. ФРУТОЛАКС препараты іш қату тәрізді жағымсыз құбылыспен тиімді күреседі, соның арқасында өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Фрутолакс: іш қатуды емдеуге арналған!

Шұғыл желідегі тегін телефон: 8 (800) 080-59-59 (жұмыс уақыты: 08:00-23:00) Алматы қаласындағы анықтама телефоны: (727) 297-59-59 / www.riapanda.ru

ЖАРНАМА. БАД. Дәрі-дәрмек болып табылмайды. Пайдаланар алдында мамандармен кеңесіңіз. СГР №RU77.99.11.003. Е.003836.12.10 14.12.2010 ж.

АО «Коксу-Шекер» (далее – общество) (место нахождения исполнительного органа: РК, Алматинская область, Коксуский район, п. Балпык би, ул. Амангелды, д.1) извещает своих акционеров о созыве по инициативе Совета директоров внеочередного общего собрания акционеров, которое состоится 13 января 2014 года в 10.00 по местному времени по адресу: РК, Алматинская область, Коксуский район, п. Балпык би, ул. Амангелды, д.1 со следующей повесткой дня: 1) Об утверждении изменений в устав общества. Время начала регистрации акционеров – 09.30 часов по местному времени 13 января 2014 года. Список акционеров АО «Коксу-Шекер», имеющих право на участие во внеочередном общем собрании акционеров, составлен по состоянию на 11 декабря 2013 года. В случае отсутствия кворума повторное собрание состоится 14 января 2014 года в 10.00 часов по вышеуказанному адресу. С материалами по вопросу повестки дня общего собрания акционеры могут ознакомиться по месту нахождения исполнительного органа АО «КоксуШекер»: РК, Алматинская область, Коксуский район, п. Балпык би, ул. Амангелды, д.1.

«ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ Консервативтік инвестициялық қоржын бойынша инвестициялық декларацияға № 1 өзгерту «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2013 жылғы 27 қарашадағы мəжілістің № 31 хаттамасы) Бекітілді «ҰларҮмiт» ЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №19 хаттама шешімімен бекітілген Консервативтік инвестициялық қоржын бойынша инвестициялық декларацияға (бұдан əрі – Инвестициялық декларация) келесі өзгерту енгізілсін: Инвестициялық декларацияның 25-тармағының 5) тармақшасындағы «20%-дан көп емес» деген сөздер мен сандар «22%-дан көп емес» деген сөздер мен жəне сандармен ауыстырылсын.

«ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ Қалыпты инвестициялық қоржын бойынша инвестициялық декларацияға № 1 өзгертулер «ҰларҮмі»» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2013 жылғы 27 қарашадағы мəжілістің № 32 хаттамасы) Бекітілді «ҰларҮмiт» ЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 19 хаттама шешімімен бекітілген Қалыпты инвестициялық қоржын бойынша инвестициялық декларацияға (бұдан əрі – Инвестициялық декларация) келесі өзгертулер енгізілсін: 1.Инвестициялық декларацияның 29-тармағының 2) тармақшасындағы «40%» деген сандар мен нышандар «30%» деген сандармен жəне нышандармен ауыстырылсын. 2.Инвестициялық декларацияның 30-тармағының 17) жəне 18) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын: «17) негізгі активі болып осы тармақта көрсетілген акциялар табылатын депозитарлық қолхаттар – осы депозитарлық қолхаттар үшін базалық актив болып табылатын акцияларға қойылатын лимиттер шегінде; 18) базалық активі болып уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен жəне Инвестициялық декларацияның осы тармағымен зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржылық құралдар табылатын фьючерстер, опциондар, айырбастар, форвардтар; шетелдік валюта - 10%дан көп емес».

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Астана-Бетон-НТ» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

«Көксу-Шекер» АҚ (бұдан əрі – қоғам) атқарушы органның орналасқан жері: ҚР, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, Амангелді к-сі, 1-үй) Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы өз акционерлеріне хабарлайды, жиналыс 2014 жылғы 13 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де мына мекенжайда болады: ҚР, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, Амангелді к-сі, 1-үй, мынадай күн тəртібімен: 1) Қоғамның жарғысына өзгерістер енгізу туралы. Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2014 жылғы 13 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 9.30-да. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы «Көксу-Шекер» АҚ акционерлерінің тізімі 2013 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалды. Жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2014 жылғы 14 қаңтарда сағат 10.00-же жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі. Акционерлер жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі мəселе бойынша материалдармен «Көксу-Шекер» АҚ атқарушы органы орналасқан мына жерде таныса алады: ҚР, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, Амангелді к-сі, 1-үй.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «Астана-БетонНТ» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

«Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамының ұжымы Ғылым жəне ақпараттық жұмыстар орталығының директоры Айнагүл Серікқызы Серғазинаға АНАСЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

н ї к н а є л а н і с е б е т р ə м а д р о Ел

 Астана айшықтары

 Өнер Түп тегі британдық болып табылатын Италия əншісі, сазгер əрі саяхатшы Сон Паскальдың Қазақстанда жүргеніне екі жылға жуықтап қалыпты. Алайда, қазір елімізде бұл жігітті білмейтін жастар аз.

Ќазаќша əндетіп жїріп, аты шыќты Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайында бұрынғы Ақмола қаласының еліміздің бас қаласы – астана мəртебесіне ие болуына 16 жыл толуына байланысты салтанатты концерт өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылдың 20 қазандағы Жарлығымен бұрынғы Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы мəртебесін иеленгені белгілі. Концерттік бағдарламаға Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Концерттің беташарында көрермендерге Астананың елорда мəртебесін алу күнін мерекелеуге арналған деректі фильм көрсетілді. Кеште «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрының əртістері казақ жəне

италия арияларынан құралған опералық попуррилер шырқады. Бейбітшілік жəне келісім сарайы сахнасында «МузАРТ» тобы мен «Сарын» дуэті жəне əнші Еркен Кенебаев өнер көрсетті. Ал жас таланттар, «Аялаған Астана»

атты вокальдық байқаудың жүлдегерлері Роза Сəметова мен Еркеш Хасен ««Viva per lei» əнімен жұртшылықтың жүрегіне жол тапты. Концерттік бағдарламаның соңында əртістер «Астананы бірге саламыз» əнін шырқата салды. Бұл əнді осы залға жиналып отырған «Астана таңдауы» байқауына қатысқан əлеуметтік сала қызметкерлері де қосыла шыр қады. Олар жоғары біліктілігімен, еселі

еңбегімен елорданың гүлденуіне үлес қосып жүр. Биыл конкурс «Педагог», «Учаскелік инспектор», «Дəрігер», «Жолшы», «Құрылысшы», «Энергетик» аталымдары бойынша өткізілген болатын. Байқаудың ерекшелігі сол, жеңім паздарды тұрғындардың өздері Астана əкімдігінің www. astana.kz. сайты арқылы онлайндауыс беру арқылы таңдады. «Егемен-ақпарат».

 Жазылым – 2014

Ізгі ниетті басылым «Егемен Қазақстан» ма ған несімен ұнайды? Ең алдымен, бұл басылым – елдіктің жаршысы. Ізгі ниетті басылым. Онда тек қана салиқалы, салмақты дүниелер жариялануымен де құнды. Əсіресе, «Етжеңді» сандарын асыға күтемін. Ондағы мəнді де мазмұнды мақалаларды бөлек жинап қоямын. Ал он жылдан бері жыл сайын жеке-жеке жинақ болып жарияланып келе жатқан кітап нұсқасы – аталмыш айдардың тұрақты оқырмандары үшін нағыз сыйлық. Менің өзімде осынау газет-кітаптардың түгел томы сақтаулы. Ойымша, «Əлемге əйгілі» атты авторлық айдардың мақалаларын да осылай жинақтап, жариялау керек. Белгілі тұлғалар, атақты қалалар мен мемлекеттер туралы

мақалалар кім-кімді де қызықтырары сөзсіз. Менің өзім осы айдармен берілген дүниелерді оқыған соң «Германия күнделігі», «Польша сапарынан жазбалар» атты сапарнамалық мақалалар жаздым. Ол облыстық «Маңғыстау» газетінде жарияланды. «Егеменді» тұрақты оқып бастағалы түрлі тақырыпта өзім жазған шығармаларымды ұсынғым келеді. Бірақ жүрексінемін. Əзірге бұл басылымның белсенді оқырманы болғаным да жарайды. Кейінгі жылдары бұл газеттің əр санында Маңғыстаудың жаңалықтары ғана жарияланып қоймай, өзекті мəселелері де жиі жазылатын болды. Біздер, жергілікті тұрғындар, аймағымыздағы ахуал туралы бас газетте мəселе

көтерілсе, оның міндетті түрде оң нəтижесі болғанын қалаймыз. Өйткені, оны Елбасы, Үкімет мүшелері, шенді-шекпенділер түгел оқиды. «Халықтың көзі, құлағы, һəм тіліне» айналған газетті оқырман асыға күтеді. Заман талабына сай жаңарып, жаңғырып отырса деген тілегі де бар. Елдіктің сөзін айтып, ха лықты ұйыстыра түсетін бас газетке жазылу – əрбір елге жанашыр, жақсылыққа жаны құштар ағайынның парызы деп білемін жəне соған шақырамын. Бақтыбай ЖАЙЛАУ, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университеті жастар ісі комитетінің төрағасы.

Елу жылдан бергі жансерігім Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті – əр нөмірін асыға күтіп оқитын ең сүйікті басылымым. Оны алғаш рет қолға ұстап, сол тұста төрт бет болып шығатын газеттің əр парағын құмарта қарап өткеніме биыл жарты ғасыр болып қалыпты. Олай дейтінім, 1963 жылғы 22 сəуірде бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту аудандық «Қызыл ту» газетіне əдеби қызметкер болып жұмысқа қабылданғаным əлі есімде. Газет редакторы көпті көрген мосқал кісі еді. Алдында жатқан бірнеше газетті ақтара қарап отырды да, оның көлемі үлкен біреуін алып шығып: «Журналист боламын десең осы газетті көп оқы, содан үйрен», – деді. Қолына ұстағаны республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті екен. Содан былай мен қатардағы оқырман ретінде бұл газетті жақсы көріп кеттім. Тəуелсіздік жылдарында ол «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Соған байланысты оның

ажары тіпті ашылып, егемен елдің нағыз егемен газетіне – елдіктің еңселі мінберіне айналды. Газеттің əр нөмірі полиграфиялық безендірілуі жағынан да, материалдарының сан саланы тереңдей əрі жан-жақты қамтып, мəселе көтеруі тұрғысынан да оқырманды өзіне тартып тұратынын ерекше атап өтуіміз керек. Менің жеке өзімді газеттің бірде-бір жарияланымы бейжай қалдырған емес. Ал əр айдың аяғына қарай арнайы шығарылатын сəрсенбілік «Етжеңді» нөмірдің жөні мүлде бөлек. Ол нөмірді қызыға қолға алып, бір күнде қарап тауыса алмай, апта бойы оқып шығамыз. Газеттің əр нөмірінен, əр жарияланымынан оқырман қауым өз керегін осылай тауып, өзіне рухани азық алады деп ойлаймын. Есмұхамбет АЙТМАҒАМБЕТОВ, баспасөз ардагері.

АЛМАТЫ.

Жат елде жүріп жалыққан соң өз еліне қайтатын шығар деген қонағымыз, біздің елімізге бауыр басып қана қоймай, бақытын да Қазақстаннан тапқан сияқты. Жаңа шығармаларында қазақ тілін қолданып, қазақ халқының əндерін шырқайтын жігіт өзінде ешқандай бөтен ойы жоқ, ұлттық мəселелерге бас қатырмайтындығын, көздегені де, іздегені де тек қана таза музыка екенін айтып-ақ келеді. Өткен жылы Сон Паскаль өзіміздің танымал актерлердің бірі Əнуар Нұрпейісовпен бірігіп салған «Englishman in Shimkent», «Чайка Айгуль» юморлық клиптері арқылы танымал болып шыға келген-ді. Бастапқыдағы əлемдік чарттарда бұл клиптер ең көп қаралған əндердің қатарында болған. Сонның «Абайдың «Көзімнің қарасын» да аздап өз мақамына салып шырқаған романтикалық клипі көңілден шықты. Қысқасы, ғаламтор арқылы музыка тыңдағанды жақсы көретін жастар арасында бұл əндер рейтингісін жоғалтқан жоқ. Қазір оның «Жаным сол» синглі чарттарда көш бастап тұр. Қазақ тілінде əн айтып, қ азақтың атын алты қырдан асы рып жүрген италиялық əнші Сон Паскаль енді өзінің тыңдармандарын кезекті жаңалығымен қуантып қана қоймай, бұл жолы тіпті таңғалдырмақ ниетте. Ол «Махаб бат» атты жаңа əніне еліміздің бас қаласы – Астанада реалити-шоу жанрында жаңа бейнеклип түсірген. «Жігітке жеті өнер де аз», демекші Сон Паскаль өзі əнші, өзі сазгер, тіпті оператор жəне режиссер болып бағын сынап көрді. Бейнеклипті түсіру үшін əнші қолына камера алып, жаңа туындысы – «Махаббат» əнін айта жүріп, бір күнде Астана қаласын аралап шықты. Басты көшелерден бастау алып, Есілдің бойын жағалаған автор қалалық №4 мектеп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, əуежай, «Хан шатыр», «Керуен» ойын-сауық орталықтары, тіпті спорттық жаттығу орындарына дейін барып, халықтың көңілін көтерді, астаналықтарды армансыз билетті. Осының бəрі бейнеклипте қаз-қалпында қамтылған. «Махаббат» əнінің сөзін жас ақындар жазса, сазын əншінің өзі шығарған. Ғашықтық сезім, сүйіспеншілік – бейнеклиптің негізгі тақырыбы. Ал бас ты ерекшелігі – мұнда еш жасандылық жоқ. Бұл жерде өнер десе ішкен асын жерге қоятын халықтың шынайы ықы ласы

ғана бар. Осындай қарапайымдылығымен, талантымен итальяндық əнші халыққа тағы да жақындай түсті. «Айдаладан келіп», біздің ана тілімізді қолдауға ынташынтасымен кірісіп кеткен Сон Паскаль дейтін кім өзі дейтін болсақ, ол өз елінде жап-жақсы танымал əншілердің бірі. Əйгілі «aTunes-2011» музыкалық жобасының финалисі. Сонымен, өткен жылы ғалам торды кезіп кеткен «You

should speak қазақша» клипін түсіруге өзіміздің жергілікті музыканттар септесіп, қазақ продюсері Жомарт Сүлейменов көмектескен-ді. Сон Паскальдың Қазақстанға тап болуы да қызық. Концерттердің бірінде оны Дина есімді қазақ қызы қазақ жеріне қонаққа шақырған екен. Əнші жігітті əуесқойлық жеңіп, бұрын көрмеген елге қыдырып келуге бел байлайды. Алайда, аз ғана күнге қыдырыстап келген елде ол ұзақ уақытқа қалып қоямын деп тіпті де ойла маған. Шетелдік əнші бір көргеннен ұнатқан елінде өзінің композиторлық қабілетін мүлде жаңа қырынан сынап көруге болатындығын түйсінсе керек. Шоу-бизнестің таптаурын жолынан тайқып шыға келген италиялық өзін мұнда ұдайы турист ретінде сезінбеу үшін бірден тіл үйренуге ден қояды. Қазақ тілін насихаттауға деген идея да осыдан бастау алғаны белгілі. Айналасына жұғымды, ақжарқын, романтиканы жақсы көретін жігітті біздің музыканттар да бөтен көрмей, қатарына қосып алған. Қазір осындағы достарымен Алматыдағы музыкалық кештерден қалмайтын əншінің əлімсақтан келе жатқан қонақжайлыққа қоятын міні жоқ. Жаңа өміріне дəн риза. АЛМАТЫ.

АҚТАУ.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: Украинадағы текетірестің тағы бір күні. Оппозиция талабы. Ресейде Ленинград құрсауын бұзудың 70 жылдығы атап өтілуде. «Ла Скала» жаңа дирижерлі болды. Ресейде 12 жасар оқушы өрт сөндіруші робот ойлап тапты. Оңтүстікте екпеден бас тартқандар саны артып келеді. Алматыда екі жылдан кейін жаңа жаймабазар қатарға қосылады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80. БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921


12

www.egemen.kz

12 желтоқсан 2013 жыл

н ї к н а є л а н і с е б е т р ə м а д р о Ел

 Астана айшықтары

 Өнер Түп тегі британдық болып табылатын Италия əншісі, сазгер əрі саяхатшы Сон Паскальдың Қазақстанда жүргеніне екі жылға жуықтап қалыпты. Алайда, қазір елімізде бұл жігітті білмейтін жастар аз.

Ќазаќша əндетіп жїріп, аты шыќты Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайында бұрынғы Ақмола қаласының еліміздің бас қаласы – астана мəртебесіне ие болуына 16 жыл толуына байланысты салтанатты концерт өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылдың 20 қазандағы Жарлығымен бұрынғы Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы мəртебесін иеленгені белгілі. Концерттік бағдарламаға Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Концерттің беташарында көрермендерге Астананың елорда мəртебесін алу күнін мерекелеуге арналған деректі фильм көрсетілді. Кеште «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрының əртістері казақ жəне

италия арияларынан құралған опералық попуррилер шырқады. Бейбітшілік жəне келісім сарайы сахнасында «МузАРТ» тобы мен «Сарын» дуэті жəне əнші Еркен Кенебаев өнер көрсетті. Ал жас таланттар, «Аялаған Астана»

атты вокальдық байқаудың жүлдегерлері Роза Сəметова мен Еркеш Хасен ««Viva per lei» əнімен жұртшылықтың жүрегіне жол тапты. Концерттік бағдарламаның соңында əртістер «Астананы бірге саламыз» əнін шырқата салды. Бұл əнді осы залға жиналып отырған «Астана таңдауы» байқауына қатысқан əлеуметтік сала қызметкерлері де қосыла шыр қады. Олар жоғары біліктілігімен, еселі

еңбегімен елорданың гүлденуіне үлес қосып жүр. Биыл конкурс «Педагог», «Учаскелік инспектор», «Дəрігер», «Жолшы», «Құрылысшы», «Энергетик» аталымдары бойынша өткізілген болатын. Байқаудың ерекшелігі сол, жеңім паздарды тұрғындардың өздері Астана əкімдігінің www. astana.kz. сайты арқылы онлайндауыс беру арқылы таңдады. «Егемен-ақпарат».

 Жазылым – 2014

Ізгі ниетті басылым «Егемен Қазақстан» ма ған несімен ұнайды? Ең алдымен, бұл басылым – елдіктің жаршысы. Ізгі ниетті басылым. Онда тек қана салиқалы, салмақты дүниелер жариялануымен де құнды. Əсіресе, «Етжеңді» сандарын асыға күтемін. Ондағы мəнді де мазмұнды мақалаларды бөлек жинап қоямын. Ал он жылдан бері жыл сайын жеке-жеке жинақ болып жарияланып келе жатқан кітап нұсқасы – аталмыш айдардың тұрақты оқырмандары үшін нағыз сыйлық. Менің өзімде осынау газет-кітаптардың түгел томы сақтаулы. Ойымша, «Əлемге əйгілі» атты авторлық айдардың мақалаларын да осылай жинақтап, жариялау керек. Белгілі тұлғалар, атақты қалалар мен мемлекеттер туралы

мақалалар кім-кімді де қызықтырары сөзсіз. Менің өзім осы айдармен берілген дүниелерді оқыған соң «Германия күнделігі», «Польша сапарынан жазбалар» атты сапарнамалық мақалалар жаздым. Ол облыстық «Маңғыстау» газетінде жарияланды. «Егеменді» тұрақты оқып бастағалы түрлі тақырыпта өзім жазған шығармаларымды ұсынғым келеді. Бірақ жүрексінемін. Əзірге бұл басылымның белсенді оқырманы болғаным да жарайды. Кейінгі жылдары бұл газеттің əр санында Маңғыстаудың жаңалықтары ғана жарияланып қоймай, өзекті мəселелері де жиі жазылатын болды. Біздер, жергілікті тұрғындар, аймағымыздағы ахуал туралы бас газетте мəселе

көтерілсе, оның міндетті түрде оң нəтижесі болғанын қалаймыз. Өйткені, оны Елбасы, Үкімет мүшелері, шенді-шекпенділер түгел оқиды. «Халықтың көзі, құлағы, һəм тіліне» айналған газетті оқырман асыға күтеді. Заман талабына сай жаңарып, жаңғырып отырса деген тілегі де бар. Елдіктің сөзін айтып, ха лықты ұйыстыра түсетін бас газетке жазылу – əрбір елге жанашыр, жақсылыққа жаны құштар ағайынның парызы деп білемін жəне соған шақырамын. Бақтыбай ЖАЙЛАУ, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университеті жастар ісі комитетінің төрағасы.

АҚТАУ.

Елу жылдан бергі жансерігім

Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті – əр нөмірін асыға күтіп оқитын ең сүйікті басылымым. Оны алғаш рет қолға ұстап, сол тұста төрт бет болып шығатын газеттің əр парағын құмарта қарап өткеніме биыл жарты ғасыр болып қалыпты. Олай дейтінім, 1963 жылғы 22 сəуірде бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту аудандық «Қызыл ту» газетіне əдеби қызметкер болып жұмысқа қабылданғаным əлі есімде. Газет редакторы көпті көрген мосқал кісі еді. Алдында жатқан бірнеше газетті ақтара қарап отырды да, оның көлемі үлкен біреуін алып шығып: «Журналист боламын десең осы газетті көп оқы, содан үйрен», – деді. Қолына ұстағаны республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті екен. Содан былай мен қатардағы оқырман ретінде бұл газетті жақсы көріп кеттім. Тəуелсіздік жылдарында ол «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Соған байланысты оның

ажары тіпті ашылып, егемен елдің нағыз егемен газетіне – елдіктің еңселі мінберіне айналды. Газеттің əр нөмірі полиграфиялық безендірілуі жағынан да, материалдарының сан саланы тереңдей əрі жан-жақты қамтып, мəселе көтеруі тұрғысынан да оқырманды өзіне тартып тұратынын ерекше атап өтуіміз керек. Менің жеке өзімді газеттің бірде-бір жарияланымы бейжай қалдырған емес. Ал əр айдың аяғына қарай арнайы шығарылатын сəрсенбілік «Етжеңді» нөмірдің жөні мүлде бөлек. Ол нөмірді қызыға қолға алып, бір күнде қарап тауыса алмай, апта бойы оқып шығамыз. Газеттің əр нөмірінен, əр жарияланымынан оқырман қауым өз керегін осылай тауып, өзіне рухани азық алады деп ойлаймын. Есмұхамбет АЙТМАҒАМБЕТОВ, баспасөз ардагері.

АЛМАТЫ.

Жат елде жүріп жалыққан соң өз еліне қайтатын шығар деген қонағымыз, біздің елімізге бауыр басып қана қоймай, бақытын да Қазақстаннан тапқан сияқты. Жаңа шығармаларында қазақ тілін қолданып, қазақ халқының əндерін шырқайтын жігіт өзінде ешқандай бөтен ойы жоқ, ұлттық мəселелерге бас қатырмайтындығын, көздегені де, іздегені де тек қана таза музыка екенін айтып-ақ келеді. Өткен жылы Сон Паскаль өзіміздің танымал актерлердің бірі Əнуар Нұрпейісовпен бірігіп салған «Englishman in Shimkent», «Чайка Айгуль» юморлық клиптері арқылы танымал болып шыға келген-ді. Бастапқыдағы əлемдік чарттарда бұл клиптер ең көп қаралған əндердің қатарында болған. Сонның «Абайдың «Көзімнің қарасын» да аздап өз мақамына салып шырқаған романтикалық клипі көңілден шықты. Қысқасы, ғаламтор арқылы музыка тыңдағанды жақсы көретін жастар арасында бұл əндер рейтингісін жоғалтқан жоқ. Қазір оның «Жаным сол» синглі чарттарда көш бастап тұр. Қазақ тілінде əн айтып, қ азақтың атын алты қырдан асы рып жүрген италиялық əнші Сон Паскаль енді өзінің тыңдармандарын кезекті жаңалығымен қуантып қана қоймай, бұл жолы тіпті таңғалдырмақ ниетте. Ол «Махаб бат» атты жаңа əніне еліміздің бас қаласы – Астанада реалити-шоу жанрында жаңа бейнеклип түсірген. «Жігітке жеті өнер де аз», демекші Сон Паскаль өзі əнші, өзі сазгер, тіпті оператор жəне режиссер болып бағын сынап көрді. Бейнеклипті түсіру үшін əнші қолына камера алып, жаңа туындысы – «Махаббат» əнін айта жүріп, бір күнде Астана қаласын аралап шықты. Басты көшелерден бастау алып, Есілдің бойын жағалаған автор қалалық №4 мектеп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, əуежай, «Хан шатыр», «Керуен» ойын-сауық орталықтары, тіпті спорттық жаттығу орындарына дейін барып, халықтың көңілін көтерді, астаналықтарды армансыз билетті. Осының бəрі бейнеклипте қаз-қалпында қамтылған. «Махаббат» əнінің сөзін жас ақындар жазса, сазын əншінің өзі шығарған. Ғашықтық сезім, сүйіспеншілік – бейнеклиптің негізгі тақырыбы. Ал бас ты ерекшелігі – мұнда еш жасандылық жоқ. Бұл жерде өнер десе ішкен асын жерге қоятын халықтың шынайы ықы ласы

ғана бар. Осындай қарапайымдылығымен, талантымен итальяндық əнші халыққа тағы да жақындай түсті. «Айдаладан келіп», біздің ана тілімізді қолдауға ынташынтасымен кірісіп кеткен Сон Паскаль дейтін кім өзі дейтін болсақ, ол өз елінде жап-жақсы танымал əншілердің бірі. Əйгілі «aTunes-2011» музыкалық жобасының финалисі. Сонымен, өткен жылы ғалам торды кезіп кеткен «You

should speak қазақша» клипін түсіруге өзіміздің жергілікті музыканттар септесіп, қазақ продюсері Жомарт Сүлейменов көмектескен-ді. Сон Паскальдың Қазақстанға тап болуы да қызық. Концерттердің бірінде оны Дина есімді қазақ қызы қазақ жеріне қонаққа шақырған екен. Əнші жігітті əуесқойлық жеңіп, бұрын көрмеген елге қыдырып келуге бел байлайды. Алайда, аз ғана күнге қыдырыстап келген елде ол ұзақ уақытқа қалып қоямын деп тіпті де ойла маған. Шетелдік əнші бір көргеннен ұнатқан елінде өзінің композиторлық қабілетін мүлде жаңа қырынан сынап көруге болатындығын түйсінсе керек. Шоу-бизнестің таптаурын жолынан тайқып шыға келген италиялық өзін мұнда ұдайы турист ретінде сезінбеу үшін бірден тіл үйренуге ден қояды. Қазақ тілін насихаттауға деген идея да осыдан бастау алғаны белгілі. Айналасына жұғымды, ақжарқын, романтиканы жақсы көретін жігітті біздің музыканттар да бөтен көрмей, қатарына қосып алған. Қазір осындағы достарымен Алматыдағы музыкалық кештерден қалмайтын əншінің əлімсақтан келе жатқан қонақжайлыққа қоятын міні жоқ. Жаңа өміріне дəн риза. АЛМАТЫ.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: Украинадағы текетірестің тағы бір күні. Оппозиция талабы. Ресейде Ленинград құрсауын бұзудың 70 жылдығы атап өтілуде. «Ла Скала» жаңа дирижерлі болды. Ресейде 12 жасар оқушы өрт сөндіруші робот ойлап тапты. Оңтүстікте екпеден бас тартқандар саны артып келеді. Алматыда екі жылдан кейін жаңа жаймабазар қатарға қосылады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №204 ek

Profile for Egemen

12122013  

1212201312122013

12122013  

1212201312122013

Profile for daulet
Advertisement