12
www.egemen.kz
Əдебиеттің əңгімесі
Өңір өмірі
Қазіргі қазақ балалар əдебиетінің көрнекті өкілі, «Ерке-шора», «Əуелеп ұшқан тырналар», «Аюқұлақ», «Аққоянның үйшігі», «Жалқаулыққа кім үйір?», «Алабұға аулаған күн», «Ағыл-тегіл», «Құс қанаты», «Дала əуені» атты прозалық жинақтардың авторы Толымбек Əбдірайымның қаламынан 117 əңгіме, 25 ертегі, 4 хикаят туындапты.
Еѕбек торысы Толымбек Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
Баланы əлпештеп-мəпелеп, əдептілікке, із гілікке, еңбексүйгіштікке тəрбиелеу, оның сана-сезімін, ой-қиялын, арман-тілегін жетілдіру – ата-ананың абзал борышы, қасиетті ісі. «Бақыт қайда барасың? – Балбыраған бесікте, Қайыры бар есікте, Балалы үйге барамын» дегенде бал буынға деген ынтызарлық пен қамқорлық, бал дəурен балалыққа деген құрмет пен көзқарас бар. Иə, нарық заманында ұлттық-рухани құндылықтарға негізделген ежелгі қағидаттар əлсіреп, қоғамды берекесіздіктер жайлап алғаны, ойран салғаны қынжылтады. Жазушы Толымбек Əбдірайым «Тұнжыр» дейтін хикаятында қорлық пен зорлықтың тұзағында шырмалған Рауанның қасіретті тағдыры көрсетілген. Тасбауыр етжеңді қарасұр келіншектің, яғни өгей шешенің Рауанға зіркілдеуі оқырманды шошындырады. Тыңдайық: – Доғар сөзді! Жаның барда жылдам киін! Ағаш жар, көмір кіргіз! Кірін жу ана бөпеңнің! Осы жұмыстарды атқарсаң, соңыра, біз ұйқыға жатқанда оқисың сабағыңды. Ұқтың ба? Көргенсіз бейпіл ауыз өгей шешенің сөз саптасы: «Қу жүгірмек», «көзіңе көк шыбын үймелетем», «қолының сумақайлығы бар» секілді тікенек сөздер, шайтанның дұғасындай өрескел жалған айыптаулар. Осылармен қоса-қабат Рауанды теуіп жіберу, жақтан ұру сияқты. Ақырында безбүйрек өгей шеше мен тасжүрек əкенің теперішіне шыдамай Рауан мешіт, базар, автомойка маңын төңіректеп, нəпақасын табады. Бейнет-мехнат шегеді, далада түнейді, мектептен шығады, алданады, арбалады. Бірде ол түсінде «аспанға көз тіксе, дөңгелек ай күлімсірегендей, тілдескендей көрінді». Сонда ол: «Ей, Ай! Естимісің мені? Сен жердегі тіршілік иелеріне, сонау көктен, дəл төбеден қарап тұрсың ғой! Айтшы, білсең? Ата-анам бола тұра, неге мені сыртқа тебеді? Тəтем неге жек көреді. Бар жазығым одан тумағандығым ба? Əлім келгенше, айтқанын істеп жүрмін ғой... Өмір неге күрделі?! Өмір неге көңілсіз?». Мінеки, Рауанның көкейкесті құпия сыры. Рауанның тағдырын сипаттай отырып, жазушы Толымбек Əбдірайым «Адам баласы із-түзсіз жоғалатын ине емес. Əр адамның өз орны бар. Адам атаулы бірбір тұлға. Жазылмаған кітап» дейтін түйін жасайды. Негізінде балалар жазушысы Т.Əбдірайым олардың жас ерекшеліктеріне, қабыл дауына, ұғым-түсініктеріне орай жатық, қарапайым тілмен суреттеп жеткізеді. Мəселен, «Бақыт деген не?» атты ертегісінде бір байдың баласы не ішем, не кием демейді. Үріп ішіп, шайқап төгіп сайранды, салтанатты дəурен өткізеді. Сөйтіп шалқып-тасып жүргенде ата-анасы дүниеден озып, өзі азып-тозып, малы таусылады, тұрмысы нашарлайды. Содан ол бақыт іздеп ит арқасы қиянға сапар шегеді. Жол үстінде алдымен сал болып жартастың үстінде жатқан жыланға жолығады. Ол айтады: жай-күйімнің емін сұрашы деп тапсырады. Мұнан соң құрғақшылықтың шырмауында, жоқшылықтың шылауында қалған ырғалған қалың елге кезігеді. Осы бір апаттан құтылудың жолын сұрашы деген ел тілегін өтініш етеді. Одан əрі бір шаһарға келіп, оның ханы былай дейді: Жарты ғасырдан бері ұрықары көбейіп, бей-берекетсіздік жайлады. Осының мəнісі не екенін тексерші дейді. Мұнан соң тағы бір шаһар алдынан шығады. Сондағы бір ұстаханаға бас сұқса, бір қария жөн сұрайды. – Е-е... бақыт іздеп шықсаң, келген ізіңмен кері еліңе қайт. Бағың тосып тұр – дейді де, ақылды қарт жолда кезіккендердің тілектеріне былайша кеңес беріпті: Бірінші. Ол жылан ең ақымақ адамның миын жесін. Сонда сырқатынан құлан-таза айығады. Екінші. Құрғақшылық жайлаған елдің іргесінде бастау – бұлақ бар. Көзінде ат басындай алтын жатыр. Соны қопарып алса, бұрқырап су шығады. Үшінші. Сен сөйлескен шаһар ханы тұрмыс құрмаған қыз. Сондықтан ерге шықсын. Бір бастың екі бас болғаны жақсы. Күйеуімен ақылдаса отырып ел басқарса, дұрыс болады. Жолаушы жас науша қарияға дəн разы болып, тұп-тура келген жолымен кері қайтады. Алдымен ханшаға келіп, қарияның кеңесін жеткізеді. Қыз патша онда екеуіміз бас қосып, елді бірге басқарайық дейді. Жігіт елде бақ күтіп тұр деп азар да безер болады. Енді құрғақшылық құртқан елге келіп,
12 қыркүйек 2015 жыл
қарияның сəлемін айтады. Расында да солай екен. Ел ат басындай алтынды жігітке ұсынады. Ол оны ауырсынып қалдырып кетеді. Бағыты ел. Жылан жатқан жартасқа соғады да, қарияның «дүниедегі ең ақымақ адамның миын жесе, тəуір болады» деген ақылын айтады. Бақыт іздеген, шартарапты шарлаған, əбден шаршаған жігіт қалың ұйқыға кетеді. Жылан терең ойға шомып, қыз-патша тақ берді, анау ел ат басындай алтын ұсынды, байлықтан да, бақтан да бас тартты. Шын ақымақтың өзі екен деп, дəу тасты құйрығымен жылжытып-сырғанатып, басын мылжа-мылжа етіп, миын жейді. Мінеки, алақанына қонайын деген бақ құсын жолатпаған ақылы тайыз ойсыздың тағдыры осылайша қиылған. Қандай əсерлі, көркем, мағынасы терең тəмсіл! «Сабыр түбі – сары алтын» дейтін ертегісінің де ғибрат-өнегесі де өзгеше. Алты жыл айтулы шаһарда білім алған жігіт еліне бара жатқан жолда жалғыз қызы, 5-6 қойшысы бар ақылы асқан, көпті көрген, көңіліне түйген Рақым қартқа жолығып, дидарласады. Ол: «Сөздің атасы не, анасы не?» деп сұрайды. Оқыған азамат лəм-мим демейді. Содан не керек, қария сенің бір жылдық оқуың кем екен деп, жүз саулық беріп бақтырады. Қара қозы менікі, ақ қозы сенікі дейді. Бір жылдан соң қария жігітке қос ат беріп, қозыкөш жерге шығарып сап тұрып: «Жадыңа тұт! Сөздің атасы – ақыл, анасы – сабырлылық!» – дейді. Сондай-ақ, «Тəкаппар піл» ертегісінің де оқиғасы қызықты əрі ғибратты. Таудай піл жеті балапаны бар Тоқылдақтың ұясын аяусыз басып-жаншып өтеді. Жан дауысы шыққан Тоқылдақ Сауысқан мен Қарғаға пілдің қорлық-зорлығын айтады. Олар Тоқылдақтың қайғысына ортақтасып, пілдің көзін шұқып тастайды. Құлағына сенген піл су ішу үшін, орға жығылмау үшін құрбақаға жалынады. Құрбақаның бақылдауымен су ішіп, ордан, жардан құтылып біраз уақыт ғұмыр кешеді. Сөйтіп жүргенде Тоқылдақ Құрбақаларға болған жайды жан-жақты тəптіштеп түсіндіреді. Ақырында құрбақалар пілді елсізге əсем сазды даусымен əкеліп, терең сайға құлатып сулатып, менмен, кеудемсоқ, ожар пілді өлтіреді. Ертегі бүлдіршіндерді қиянат жасамауға, өктемдік көрсетпеуге шақырады. Толымбектің өткен жылы жарық көрген «Ағыл-тегіл» атты деректі əңгімелері мен эсселер жинағы музыка зерттеушісі, көр кем сөз шебері, композитор Илья Жа қановтың шығармашылық еңбегіне, өнерпаздық тұлғасына, кісілік келбетіне, интеллектуалдық мəдениетіне арналған. Оның халықтың дəстүрлі рухани-мəдени құндылықтары турасындағы, телегей ой-толғаныстарындағы жаңа лық ты құбылыстарды, жаңаша танымды, тарихилық пен деректілікті, шығармашылық зертханасындағы қызықты жайттарды, əннің шығу төркініне қатысты түбірлі себептерді түбегейлі көрсеткен. Аталмыш кітапқа Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Əбіш Кекілбайұлының алғысөз жазуы да жайдан-жай болмаса керек. Əдепті, сырбаз Т.Əбдірайымның рухани-адамгершілік болмысы ұшқан ұясында қалыптасқан. Ол былайша сыр шертеді: «Əкем Ыбырайымұлы Сылдырбай екінші дүниежүзілік соғыстың 1 топтағы мүгедегі, сыңар аяқпен 43 жыл өмір сүрген жан. Арғы-бергі тарихты, əдебиетті, қазақтың салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын көп білетін. Есте жоқ замандағы ескі əңгімелерді майын тамыза шертетін. Батырлар жырын, қазақ ертегілерін бізге оқытып, тыңдаудан жалықпайтын. Анам Сарқыт Нұрқожақызы ақынжанды болды. Көңілденіп, шабыттанып, толқыған сəттерінде өлең жолдарын суырып салатын. Ауыз екі сөзді де əдемі айтатын. Мінезі көркем, жады берік, денсаулығы мықты жан еді. Аяқ-табағы мұнтаздай, істеген асы дəмді болатын». Ол жастайынан əн-күйге, өлең-жырға əуес болған. Домбыра мен гармонда ойнаған. Сергек мінезді ол он бес жасында «Мылтық» атты оймақтай əңгіме жазғаны бар. Он жылдықты бітірген Толымбек зауытта жұмысшы, токарь, ауылдық кеңесте хатшы жəне əскери өмірдің көрігінде шыңдалған, алуан-алуан қызметтер атқарған еңбек торысының көргені де, көңілге түйгені де есепсіз, дүниетанымына да, өміртіршілік көріністерін зерделеуге де, суреттеуге де терең əсер, телегей сыр дарытқан. Толымбек орыс тіліне де майталман. Бұған «Трудись как раб» дейтін сұхбат кітабы айғақ. Əдептілігімен өмірдің, өнердің шыңына өрмелеп бара жатқан жазушы Толымбекке жазар көбейсін демекпін. АСТАНА.
Əлеуметтік əлеуеті зор Зайсан Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысының Ұлт жоспарында белгіленген 100 нақты қадамын жүзеге асыру бойынша Шығыс өңірінде өндіріс пен өнер кəсіп жəне өзге де салалар бағытында жан-жақты жобалар жүзеге асырылуда. Облыстағы етек-жеңі жинақы, шағын аудан саналғанымен, Зайсанның аталған бағдарламадағы міндеттер межесінен табылу жолындағы əлеу меттік-экономикалық мүмкіндіктері мол. Жуырда облыс əкімі Даниал Ахметов ауданға жұмыс сапары аясында бірқатар əлеуметтік жəне өндірістік нысандарды аралаған болатын. Еліміздің Шығысында алғаш рет өндіріле бастаған мұнай мен газ – Зайсан жерінде. «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС бірлескен компаниясы 2006 жылдан бастап, барлау жұмыстарын жүргізіп, бұрғылау үшін 55,5 млрд. теңге инвестиция құйды. Барлау жұмыстарының нəтижесінде Сарыбұлақ кенінен 4,3 млрд. текше метр табиғи газ бен 48 млн. тонна ауыр мұнай қоры анықталды. Аудан əкімі Алмас Оңдақановтың айтуынша, қазіргі кезде ауданды газдандыру шаралары қызу жүргізілуде. Зайсан қаласы мен 9 елдімекенге көгілдір отын жеткізілді. Қытайға шикізат экспорттау үшін 92,5 шақырым құбыр тартылды. 391 адамды жұмыспен қамтыған жаңа мекемеде жергілікті 130 тұрғын еңбек етеді. Ауданға жұмыс сапары барысында облыс əкімі Даниал Ахметов мұнайшылар кентімен танысты. Мұнда жұмысшыларға арналған жатақханалардың сыйымдылығы – 200 орын. Əрқайсысында 56 адам вахталық жүйемен тұрады. Əр жұмыс шының бір күндік тамағына 1200 теңге жұм салады. Өңір басшысы компанияның жұмысшыларға жасап отырған жағдайы қалыпты екендігін, ендігі кезекте əлеуметтік жобаларды жүзеге асыру керектігін айтты. – Жергілікті халыққа əлеуметтік тұрғыда демеу көрсету мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жоба жоқ. Осы мəселеге мəн беруді тапсырамын, – деді Даниал Ахметов. Алдағы уақытта Зайсан қаласында трактор құрастыру жобасы қолға алынбақ. Инвесторлар арқылы жүзеге асырылатын жоба жөнінде əңгімелеген аудан əкімі Алмас Оңдақанов қытайлық компанияның бөлімшесін тіркеу жұмыстары аяқталғанын, жыл соңына дейін арнайы бөлінген орынға трактор бөлшектері жеткізілетінін
атап өтті. Қытайлық «ЕртісТЗ» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Чжаньминнің айтуынша, ауыл шаруашылығына арналған техникалар Қытайдың Жеменей қаласы арқылы Зайсан қаласына экспортталатын болады. Ауданда бірқатар балық өнімдерін қайта өңдеу жобалары бар. Соның бірі – Қарабұлақ ауылында орналасқан «Балық Продукт Восток» ЖШС. Аталған серіктестік 2005 жылдан бері Еуропаға балық сүбесін экспорттап келген болатын. Қазіргі кезде бұл өндіріс балық аулауға берілетін квота мөлшерін көбейтуді сұ рап отыр. Себебі, Алматы қаласындағы құрылтайшылары зауыт өндірісін кеңейту мақсатында инвестиция құймақ. Облыс əкімі «Аква корм» компаниясының жобаға құятын қаржы, ашылатын қосымша жұмыс орны мен өңір бюджетіне түсетін салық мөлшерін зерделеу керектігін жеткізді. Осы мəселені қарастыруды орынбасары Дүйсенғазы Мусин мен ауыл шаруашылығы басқармасына жүктеді. Квота жайы содан кейін шешілмек. Сондай-ақ «Шығыс» шаруа қожалығы жасанды су қоймасында балық өсіреді. 2013 жылы құрылған шаруашылықта жалпы айдыны 17,2 гектар аумақты алып жатқан 9 жасанды су бөгетіне 1 млн. тұқы дернəсілі жіберілген. Қожалық жетекшісі Н.Миловацкий жылына 100 тонна балық алатынын айтады. Шолақбұлақ, Казо өзендерін бөгеу арқылы пайда болған тоғандар қоршалып, күзетіледі екен. Алдағы уақытта бөгет көлемін 50 гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл кезеңде 300 тоннаға дейін балық аулауға мүмкіндік бар. Сонымен
бірге, аталған аумақта ақылы балық аулау орындарын құру, қонақжай салу, жеміс ағаштарын отырғызу көзделіп отыр. Зайсандағы əлеуеті зор өндіріс орындарының бірі – «СМУ-Шығыс» ЖШС. Компанияның темір-бетон зауытында заманауи құрылыс материалдары өндіріледі. Кəсіпорын италиялық технология негізінде электр мұнаралары, жол бойындағы суағарлар мен жабын плиталардың түр-түрін өндіреді. Қазіргі кезде темірбетон өнімдері мен кірпіш, жаяу жүргінші жолдарына арналған тастақталар сынды 150-ге жуық құрылыс материалдары Өскемен қаласы мен Аягөз, Үржар аудандарына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына пайдаланылуда. 600 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік облыстың бірнеше аудандарында өздерінің өн діріс ошақтарын ашып отыр. 100 нақты қадамның 60-қадамында сүт өндірісін дамыту жөнінде айтылған болатын. Осы орайда облыс əкімінің тапсырмасы бойынша өңірде сүт кластерін құру жобасы қолға алынғаны белгілі. Бұл ретте «Зайсан-сүт» ЖШС аудандағы сүт өнімдерін шығаратын бірден-бір өндіріс орны саналады. Шағын зауыт тəулігіне 2,5-3 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Майлылығы əртүрлі қапталған сүт, айран, май, ірімшік, балмұздақ шығаратын кəсіпорын 12 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алайда, зауыт директоры Айдар Барысов шикізаттың жеткіліксіздігін айтады. Сол себепті зауыт өз қуатында толық жұмыс істеп тұрған жоқ. Бүгінде мектептер мен балабақшалардың тапсырысын ғана орындап отырған зауытты
аралап көрген өңір басшысы аудан əкіміне жаңа тауарлысүт фермасын құруды тапсырды. Бұл ауданның сұранысын қанағаттандыру үшін қажет. Ал «Икеп» шаруа қожалығының ұн зауыты мен астық қамбасы бар. Шаруашылық иелері ұн шығаруға қажетті астықтың негізгі бөлігін өздері егеді. Қожалық жетекшісі Болат Нұрасылдың айтуынша, шаруашылық меншігінде 9,5 мың гектар егіс алқабы, 340 бас ірі қара, 100 бас жылқы бар. Соңғы бес жылда ұн тарту ісін қолға алған олардың зауытында күніне 120 тонна астықты өңдеуге болады. Сонымен қатар, қожалық базасында бидай мен сұлы ұнын шығарудан бөлек, астықты кептіру, сақтау қызметі көрсетіледі. Ауданды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін зауыт қоймасында айына бірінші сұрыпты 20 тонна ұн, жылына 300 тонна астық қоры сақталады. Қазіргі кезде көршілес Қытай елінен де «Икеп» ұнына тапсырыс түсуде. Химиялық қоспасыз, таза өнім болғандықтан іргелес Қытай елі жылына 3 мың тонна ұн сатып алуға ниет білдірген. Осы орайда облыс басшысы Даниал Ахметов Тарбағатай, Күршім аудандарына облыс орталығына қарағанда, Зайсаннан ұн тасымалдаудың əлдеқайда тиімді екенін жеткізіп, жергілікті тұрақтандыру қорлары арқылы осы қожалыққа тапсырыс беру туралы тапсырма берді. Қорға бөлінген ұнның сапасын ауыл шаруашылығы басқармасы қадағалайтын болады. Елбасы 35-қадамда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды жəне нарықтық айналымға енгізуді тапсырған болатын. Өңір басшысы бұл ретте суармалы жерлер сұраған
адамның барлығына беріле бермейтінін, нақты жұмыс істеп жүрген шаруаларға ғана бөлінетінін жеткізді. Зайсан ауданында суармалы жерді игеруде игі істер баршылық. Мəселен, «Жоңғар» шаруа қожалығының жетекшісі Болатбек Мизамхан соя өсіруге ден қойған диқандардың бірі. Облыс əкімі соя егістігімен танысу барысында «Жоңғар» шаруа қожалығына қосымша 200 гектар суармалы алқап беруге болатынын, өйткені, диқан суармалы жердің қадірін біліп, жоғары өнімді дақыл егіп отырғанын айтты. Болатбек майлы дақылдар өсірумен бірге картоп егуді, мал бағуды да қатар алып келеді. Ол былтыр 200 гектар алқаптың əр гектарынан 20 центнерден өнім алған болатын. Айтуынша, сояның биылғы түсімі 25-30 гектарға дейін жетуі мүмкін. Болатбек жобасына қол дау көрсетіп, жер бөлгені үшін аудан басшылығына ризашылығын жеткізіп, облыс əкіміне суару техникасына қолы жетпей отырғанын, кепілдікке қояр мүлкі жоқ екенін айтты. Бұл ретте өңір басшысы жоғары өнімді соя егуде арықпен суарудың тиімсіз екендігін, сондықтан жаңбырлатып суаратын «Valley» қондырғысын лизингке алу керектігін атап өтті. Лизингке қол жеткізуге ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан əкімдігі қолдау көрсетеді. Облыс басшысы сондай-ақ аудан орталығындағы орталық аурухана мен жедел медицина кешенімен, Сарытерек ауылында салынып жатқан дəрігерлік амбулатория, Дайыр ауылында бой көтерген мəдениет үйінің құрылысымен танысты. Екі жыл бұрын басталған Сарытеректегі амбулатория құрылысы аяқталып, медициналық қондырғылар орнату жұмыстары ғана қалған екен. Ал Дайыр ауылындағы мəдениет үйі жыл соңына дейін аяқталмақ. – Зайсан ауданының аграрлық жəне өнеркəсіптік əлеуеті үлкен. «ТарбағатайМұнай» ЖШС 10 жыл бойы атқарған жұмысын жетілдіріп, өндіріс көлемін көбейте түсуі қажет. Оған мүмкіндік жеткілікті. Сонымен бірге, суармалы жерлерді игеру бойынша көңілге қонымды жобалар атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Алайда, жер бөлу мəселесінде нақты жұмыс істеп тұрған жобаларға басымдық берілуі тиіс. Сондайақ, жаңа тауарлы-сүт фермасын құрмай, қаланың сүт өнімдеріне деген сұранысын толық қамтамасыз ету мəселесі күрделі күйінде қала бермек, – деді облыс əкімі Даниал Ахметов. Сондай-ақ, алдағы уақытта балық өңдеу саласында негізгі басымдық жергілікті кəсіпорындарға берілетіндігін атап көрсетті. Өңір басшысы сапар қорытындысында атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, аудан əкіміне нақты тапсырмалар жүктеді. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.
Мемлекеттік ќызметшілер сайысты Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында аймақтардағы мемлекеттік қызмет істері департаменттерінің арасында «Тіл мəртебесі – ел мəртебесі» атты республикалық байқау өтті. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Аталмыш додаға өңіріміздегі департамент командасынан басқа, Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының құрамалары қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, тəртіптік кеңес төрағасы Қуаныш Жапақов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сəттілік тіледі. Алғашқы кезең – «Сəлемдесуде» еліміздің жүрегі, өсіп-өркендеу, кемелденуіміздің жарқын бейнесіне айналған елордадан келген департа менттің «Бəйтерегі», «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бəрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген ұранды ұстанған теріскейлік «Қызылжар» да жүлделі орыннан үмітті екендіктерін ə дегеннен байқатты. Ал, ақмолалықтар
«Біздің міндет – халыққа қызмет!» дей келе, қызметтік жүктемелерден басқа, мемлекеттік қызметшінің басты міндеті мемлекеттік тілді білу екендігін жеткізді. Құрамадағы Ербаян Сүлейменов Ата Заңның қашанда үстемдік құруы қажеттігін, Мемлекеттік басқару академиясының түлегі Ақерке Бекахметова кəсіби, білімді, жанжақты мемлекеттік қызметшілер ғана халыққа тиісті деңгейде қызмет ете алатындығын айтты. Нұрбол Шəкенов, Əсем Əренова мен Анар Мағауова да берген анттарының маңыздылығына тоқталды. Елі текті, топырағы киелі Қостанайдың командасы да осал болған жоқ. Екінші кезеңде əр топ өз департаменттерінің жұмысы жайлы
бейнетаспалар көрсетті. Соның ішінде Астананың «Бəйтерегі» мен солтүстіктің «Қызылжарының» жасаған бейнебаяндарының тартымды сюжеттік желіден тұрғандығын атап өткен абзал. Салт-дəстүрден үзінді көрсету сайысында астаналық команда бала ны бесікке салу рəсімін сахналады. Құдайы қонаққа ат қойғызу, бата беру, бесікті аластау, бесікке бөлеу, бесік жырын айту сияқты жоралғының бəрі де шағын қойы лымның шырайын аша түсті. Күйеу күтіп, қыз ұзатқан теріскейліктер дəстүрлі қазақ қоғамындағы жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы сырластық, қимастықты көрерменге шынайы түрде жеткізе білді. Осы кезекте сыңсу, жар-жар айтылды, домбырамен «Шашбаулым» шырқалды. Бəрі
ойдағыдай болды дегенімізбен, аталған топ мүшелерінің қазақшасында өзге тілдің екпіні бары сезіліп тұрды. Халқымыздың ежелгі дəстүрі – шолпы тағуды көрсеткен ақмолалықтар көрермен ықыласына бөленді. «Тулат мына өмірде ғұмыр-дария толқынды, Бес күндік бұл жалғанда тағып жүрші шолпыңды!», деп күмістен жасалған шолпының тек əсемдік пен əдеміліктің ғана емес, ар мен абыройдың қорғаны екендігін əжесі мен жеңгелерінің балиғат жасына толған қызғалдақтай қызына аманаттауын, ата-əже, бала-келін, жеңгенемере арасындағы сыйластықтың ерекше үйлесімін бұл топ шебер əртістерден кем сахналаған жоқ. Департаменттің бөлім басшысы Ақерке Бекахметова домбырамен дəстүрлі əнді құйқылжыта шырқап, мемлекеттік қызметшілердің де біз ойлағандай тым қағазбасты емес, жан дүниесі бай, баба салтын бойына сіңірген жандар екендігіне көзімізді жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша астаналық департамент ынталандыру сыйлығын иеленсе, қостанайлықтар мен солтүстік қазақстандықтар екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Ал, бірінші орын бар сайыста тыңғылықты дайындығы, ұтқырлығымен көзге түскен ақмолалық командаға бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Қалай десек те, бұл байқау тілі төрде болған елдің туының қашанда өрде болатынын тағы бір рет дəлелдей түскендей. КӨКШЕТАУ.