09102015

Page 3

3

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

– ХАЛЫЌТЫЅ БЕРЕКЕСІ

550 жылдыєына арналєан іс-шаралар їлкен табыспен ґтті

ўлыќталєан кїн етіп, екі елдің ынтымақтастығын арттыруды мақсат еткен бұл керуен дəл той күні Тараз қаласының қақпасынан еніп, Тұңғыш Президент саябағы қасынан өтті. Құдды бір баяғы заманға тап болғандай күй кешіп, маң-маң басқан түйелер керуені көне заманды еске түсіргені анық. Осылайша, бағалы жүк артқан 136 түйе, 8 атарба жəне 100-ден астам қарауылы бар бұл керуен бабаларымыздың жүрген жолын жаңғыртып, сапарларын көне қалада түйіндеді.

Бұл керуеннің басты мақсаттарының бірі – Əулие ата жерінен Шай үйін ашу. Қытайдың Шэньси провинциясы əлемге əйгілі «Фуча» емдік шайының отаны болып саналады. Қытайдан шығып, қазақ жеріне аяқ басқан керуенге осынау емдік шай молынан артылыпты. Шынында, тіршілігі қым-қуыт Қытайдан біздің үйренеріміз, аларымыз көп. Сондықтан, қазақ пен қытай қалаларының бауырластығы іскерлікке жол ашып, берекеге бастайды деген сенім мол. Бұл күні қаланың бірнеше жерлерінде

тарихи тойдың мерекелік іс-шаралары кеңінен тойланып жатты. Тұңғыш Президент саябағындағы «Қазақ əлемі» тарихи-этнографиялық бағдарламасы бойынша Қазақстан билеушілері ордаларының тарихи композициясы тігіліп, балалардың этнографиялық алаңқайы ашылады. Театрландырылған қойылымдар жəне сəндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтті. Бұған қоса, кешенде əртүрлі танымды ойын-сауық іс-шаралары өткізіліп, əйелдердің ел өміріндегі бет-бейнесі

түрлі суреттер мен қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан түрлі туындылар арқылы бейнеленіп, қонақтардың назарына ұсынылды. Сондай-ақ, «Қазақ əлемі» тарихи-этнографиялық кешені, «Жəдігер» жылжымалы мұражай экспозициясы, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жəрмеңкесі, «Алтын сақа» – ұлттық ойындар сайысы, киіз бұйымдар қойылған балалар алаңқайы, қазақтардың ғұрыптық жырларын насихаттайтын «Фольклор жəне өмір» іс-шаралары халқымыздың

салт-дəстүрлерін жаңғыртып, бірегейлігі мен өзгешелігін дəлелдеді. Ал «Тарих доңғалағы» алаңқайында көшпелі цирк бағдарламасы, «Көк күйме» алаңқайында «Сақтардан қазақтарға дейін» – «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы, «Дулыға» алаңқайында «Ер қаруы – бес қару» – көшпенділердің қаружарақтарымен таныстыру жəне «Киіз күмбездер» – қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық бағдарламалары

ұлтымыздың өмірін, ерлігін зерделеді. «Ақ шатыр» сахна алаңында «Мəңгілік сарын» – Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы мен «Беркініп садақ асынған» – қазақтың батырлық жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт жəне қазақтың музыкалық аспаптары, түркітілдес халықтар музыкасы, дəстүрлі əншілік мектебінің əндері, қазақтың жыртермелері, басқа да бірқатар мерекелік іс-шаралар тойға қатысушы қауымның көңілін көтеріп, арманын асқақтатты. Қазақ хандығының торқалы тойы барысында Алматы қаласының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда, Қарағанды облыстарының өнерпаздары да аянып қалмады. Жамбыл облысының барлық аудандарының өнерпаздары да мерекелік тартуларын жасап, əн-күйден шашу шашты. Жамбыл – ежелден ұлттық бірлікті санада сақтаған, татулықтың ордасы болған өңір. Тараз төрінде өтіп жатқан бұл дүбірлі той ел тарихын түгендей түсіп, бүгінгі ұрпақтың бабалардан қалған мұраларды қастерлеу, қадірлеу жəне ұлағатты өсиеттері мен істерін жалғастыруға шақыратыны анық. Ендеше, халық игілігі үшін жасалып жатқан оң тірліктердің қарқыны еш толастамайды, жалғасын таба береді. «Бірлігі бар елдің босағасы берік», деп Елбасымыз айтқандай, бірлік пен ынтымақтың алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы, аспайтын асуы жоқ. Елдің экономикалық мəселелерінде күрмеуі мол қиындықтар əлі де жеткілікті, оның үстіне əлемдік дағдарыс, көрші елдердегі түрлі аумалытөкпелі жағдайлар күшейіп тұрғанда – мемлекетіміздің тарихқа ден қоюы рухы мықты халық, ұлт екенімізді сездіреді. Шынында, Тараз қаласының 2000 жылдық тойында қасиетті Əулие ата жеріне алыс-жақын шетелдерден қонақтар келіп, халықтың рухы көтеріліп қалғаны əлі есте. Ендеше, Қазақ хандығының 550 жылдығы халқымыздың өнегелі өмірі мен ерлігін зерделеп, барша қазақстандықтардың, барлық ұлттардың ортақ мерекесіне айналды деп айтуға толық негіз бар. Той тойға ұлассын, ағайын! Жамбыл облысы.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Лебіздер легі

Елдік пен ерліктіѕ тойы Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, сенатор.

Қазақтың тарихы тым тереңде жатыр. Кескілескен шайқаста, күреске толы ғасырларда біздің бабаларымыз алып аймақты аман сақтап, келесі ұрпаққа, халыққа үлкен мұра ретінде қалдырды. Барлық хандарымыз дерлік ұлттың, елдің болашағы үшін жан аяған жоқ. Бүгін, міне, еркіндік, азаттық, тəуелсіздік деп аталатын үлкен ұғымның арқасында өткенімізге үлкен баға беріп, тарихымызды төрге оздырып, Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойын тойлап отырмыз. Негізі бұл ұлы тойдың басы Ұлытаудағы Елбасының салиқалы сұхбатынан басталды деуге де болады. Ондай үлкен жиынның өтуі – ең алдымен, елдегі тыныштық пен қоғамдағы түсіністіктің, барша халықты бір мұратқа жұмылдырып отырған Тұңғыш Президентіміздің еңбегі. Ұлытау сұхбаты бүгінгі Қазақ елінің тағдырын, тіліміздің, дініміздің, жеріміздің тұтастығына қатысты тереңнен толғап, ұлтты ұйытар, өзін-өзі сақтауға жұмылдырар,

мемлекет ретінде бағыт-бағдарымызды анықтауға жетелер тарихи толғаныс болды. Біз қашанда елдігімізді сақтау жолында бірлікті, берекелі тірлікті ту еткен халықпыз. Қаншама ұлт пен ұлыс бүгінде бейбітшілік аспаны астында баянды ғұмыр кешіп отыр. Қазақ хандарының арманы еліміздің болашағын баянды ету болса, сол ұлы мұратты, асқаралы арманды тəуелсіз елдің Көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сəтімен іске асырып, еліміздің мерейін арттырып келеді. Енді, міне, Қазақстанның терең тарихқа толы мемлекет екенін күллі дүниежүзі, шартарап сезінетін күн де келіп жетті. Ол – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы. Бұл елдіктің, ерліктің мерейтойы екені айтпаса да түсінікті ғой. Елдіктің тойы тасы да, құмы да тарихтан сыр шертетін, көне шаһар Таразда тойланып отырғаны біз үшін үлкен қуаныш, мəртебе. Тарихи сəт. Тараз – шын мəнінде де тарихымыздың темірқазығы. Асыл мұраттарымыз орындала берсін, торқалы той құтты болсын! Тəуелсіздігіміз баянды болып, еліміздің абыройы аспандай берсін деген игі тілек білдіргім келеді.

Бірлігіміз арта тїсті Тұңғышбай əл-ТАРАЗИ, Қазақстанның халық əртісі.

Жалпы, биылғы жылы терең тарихымызға, берекелі бірлігімізге үлкен құрмет көрсетілді. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың терең саяси шешiмi арқасында бүкiл ел болып атап өтiп жатқан бұл мерейтой халықтың ұлттық-тарихи санасын тереңдетуге жəне қазақстандық патриотизмдi күшейтуге кең жол ашады деп ойлаймын. Осыны жастардың ұққаны дұрыс. Ал, мерейтой қарсаңында соғылған жаңа нысандар халық игілігіне қызмет етері сөзсіз. «Қазақ хандығы» монументінің ашылу рəсімінде Елбасы Н. Назарбаев елдің бірлігі, ынтымағы туралы өте жақсы айтып кетті. Шынында, қазіргі Қазақстан – тыныштық пен тұрақтылықтың мекені. Біз əлемнің көз алдында бірліктің бесігіне, татулықтың тірегіне

айналдық. Біз бүгінгідей күрделі уақытта Мемлекет басшысының саяси батылдығының арқасында тəуелсіз Қазақстанның əрбір даму кезеңі жетістіктердің, көпұлтты Отанымыздың бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудың жылдарына айналғанын айқын сезініп отырмыз. Сан ғасырлар бойы Қазақстан жерінде түрлі мемлекеттік құрылымдар болды. Яғни, басқа тарихи пішіндер мен басқа тарихи кезеңдерде де əртүрлі саяси, экономикалық, əлеуметтік құбылыстар болып жатты. Қазіргі таңда егемен еліміз өзінің сол тарихын сақтай біліп, жаңа дəуірдегі бүгінгі заманға сай, барлық халықаралық тетіктерді қалып тастырып, үлкен жаһан дық үдерістердің бел ортасында жүрген мемлекетке айналып отыр. Ендеше, бұл тағылымды той елдің сол бірлігін одан сайын арттырып, ортақ іске жұмылдыра түсті деп айтуға əбден болады.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.