Page 1

Хандыќтыѕ мерекесі – халыќтыѕ берекесі №193 (28671) 9 ҚАЗАН ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Жамбыл жерінде, Тараз тґрінде Ќазаќ хандыєыныѕ 550 жылдыєына арналєан іс-шаралар їлкен табыспен ґтті Еліміз өз Тəуелсіздігін алғалы бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, əлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің сапына ену жолында талай белестерді бағындырды. Тамыры тереңге бойлаған төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Сан қилы заманды бастан кешірген халқымыз өзінің елдігін жоғалтқан жоқ. Өзгенің алдында тізе бүкпей, намысты қолдан бермеген қазақ халқы шынайы ерліктің бай шежіресін жазып қалдырды. Міне, көне Тараз төрінде кеңінен тойланып жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінің мақсаты – сол төл тарихымызды тереңінен танып, арыстан жүрек хандары бар, жолбарыстай ерлері бар, терезесі өзге жұртпен тең болған Қазақ халқының мəдениеті мен салтын, батыр бабаларымыздың ерлік істерін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болғаны анық. Ел өміріне ерекше серпіліс берген бұл дүбірлі той іргетасын Жəнібек пен Керей қалаған қазақ хандарының ел басқарудағы ерен еңбегі мен тұлғасын ашып, Елбасымыз бен мемлекетіміздің бүгінгі саясатын, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін паш етті.

Ўлт тарихы ўлыќталєан кїн

Кеше Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев жўмыс сапарымен Жамбыл облысында болды Қорғанбек АМАНЖОЛ, Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».

Кїрделі жґндеуден ґткен əуежай Ел Тəуелсіздігінің алтын діңгегі ұлттық тарихымызда жатыр. Ал ұлттық тарихымыз – халқымыздың мəңгілік бойтұмары! Жалпы, Қазақ хандығының мерейтойына байланысты облыста жыл бойы көптеген ісшаралар атқарылды. Ғылыми конференциялар, акциялар, тарихи сабақтар сияқты 500-ден аса іс-шара өтіп, той қарсаңында 8 автордың кітаптары басып шығарылды. Еліміздің 14 облысқаласы көмекке келіп, көне қаланың той өтетін жерлерін аббаттандыру, жаңарту, көркейту жұмыстарын

жүргізуді міндеттеріне алып, шаһар тіптен құлпырып шыға келді. Міне, тарихымыздың алтын діңгегі – Тараз қаласы мерейтойға осындай берекелі бірлігімен, тиянақты тірлігімен, елден ерек əсем көркімен жетіп отыр. Ал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге сапарын «Əулие ата» халықаралық əуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалына барудан бастады. «Əулие ата» əуежайы кешені күрделі жөндеуден өтіп, жолаушыларға жаңа кейіпте қызмет етіп жатқанына аз ғана уақыт өтті. Əуежай кешені аэровокзалды, аэродромды, авиациялық-техникалық базаны қамтиды. Сондай-ақ, онда ұшуды радио құралдары көмегімен жəне жарықпен қамтамасыз етуге арналған құрылғылар, түрлі техникалар жəне басқа да жабдықтар бар.

Кїн тəртібінде – маѕызды мəселелер

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында он екі мəселе қаралды. Олар: кəсіпкерлік, ғылыми қызмет нəтижелерін коммерцияландыру, ауыл шаруашылығы кооперативтері, халықты əлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мəселелеріне арналған заң жобалары. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінің алғашқы мəселесі Кəсіпкерлік кодексінің жобасы жəне оған ілеспе түзетулерді екі оқылымда қараған сенаторлар оларды қабылдау керек деп шешті. Заңдық құжат еліміздің кəсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіруді, кəсіпкерлік қарымқатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюды көздейді. Бұл ретте, заң жобасын əзірлеу кезінде Ав стрия, Германия, Франция жəне Жапония коммерциялық,

сауда кодекстері, сондай-ақ, Украинаның шаруашылық кодексі жан-жақты сараланғаны белгілі болды. Сонымен бірге, заң жобасымен кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде мемлекеттік реттеу мен кəсіпкерлікті қолдауға қатысты туындайтын қоғамдық қарымқатынастарды реттеу көзделген. Кодекс жобасында кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекет өзара əрекет ете алатындай 19 қағидат айқындалыпты. (Соңы 6-бетте).

Жастарымыздыѕ тарихи санасын жаѕєыртты Осыдан кейін Елбасы Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументінің ашылу салтанатына қатысты. Ел тарихының өшпес табы қалған, ежелгі ордамыздың шаңырағы көтерілген көне Тараз жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ерекше монумент бой көтерді. «Қазақ хандығы» монументінің биіктігі 30 метрді құрайды. Аумағы 3,5 гектарды алып жатқан бұл кешеннің ең ерекше архитектуралық шешімі, əрине, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жəнібек хандардың тақта отырған сəтінің бейнеленуі болды. Бұл күні монумент маңына елуге жуық киіз үй тігіліп, сахна, алтыбақан, спорттық алаңдар, тайқазандар жəне басқа да нысандар орнатылып, өз

алдына əдемі этноауыл орын тепті. – Өткен тарихымызды зерттеп, мəлімет жинау үшін тəуелсіздік жылдарында əлемнің түкпір-түкпіріне экспедициялар ұйымдастырылды. Біздің тарихымыз бастауын сақ, ғұн, түркілерден алып, Керей мен Жəнібек хандардың Шу алабына көшіп, Қазақ хандығының туын көтеруімен жалғасады. Біз бұл мерекені тарихымыздың терең екендігін бүкіл əлемге таныту үшін, өскелең ұрпаққа жеткізу үшін өткізіп отырмыз. Мерекеге орай Тараз қаласының да келбеті жаңарды. Бұған Қазақстанның барлық облысы атсалысты, сол үшін оларға алғыс білдіреміз. Осының бəрі – ұрпақтың атабабалар аманатына адалдығының, Ұлы Дала тарихына тағзымының нышаны. 17 елден келген қонақтарға алғыс айтамын, – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымға ақ тілегін жолдады.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, əсіресе, Елбасы өңірдің даму үрдісін жоғары бағалап, мақтап жатса, осы елдің, осы жердің мерейі, ырысы емес пе? Елбасының: «Жамбыл облысы жақсы дамып келеді. Биыл 170 мың шаршы метр баспана салынды. Жыл басынан 7 мектеп, 3 балабақша, аурухана пайдалануға берілді. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында 33 нысан іске қосылды, екінші өнеркəсіптік бесжылдықта 27 нысанды іске қосып, 6мың жұмыс орнын ашу қарастырылған. Тараз қаласының іргесінен халықаралық көлік дəлізі өтіп жатыр. Бұл күре жолдың облыс орталығының тыныс-тіршілігіне тың серпін беретіні анық. Алдағы уақытта Жамбыл облысы талай биік белестерге қол жеткізетініне сенімім мол. Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңірім. Тарих туралы сөз бола қалса, көне Таразды

айтпай кету мүмкін емес. Өңірде талантты жастар өсіп келеді. Көп шаруалар істелді», деп ағынан жарылуы Жамбыл жұртының төбесін көкке жеткізгені анық. Елбасы, сондай-ақ, біз кез келген мерекені халыққа көбірек игілік жасау үшін пайдаланамыз. Əлемде тұрақсыздық, қақтығыстар мен соғыстар болып жатыр, ал біздің елде бəрі тату əрі өзара сыйластық негізінде өмір сүруде. Қазақстанды əлемнің өзге елдері біледі, құрметтейді. Еліміз қақтығыстарды шешу ісінде арағайындық жасап, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізіп келеді. Осының бəріне халқымыздың бірлігі арқасында қол жеткіздік, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының бұл сөздері елдің ынтымағы, бірлігі мен тірлігіне берілген оң баға екені сөзсіз. (Соңы 2-3-беттерде).

● Еңбегімен еленген

Кəсіптіѕ кґзін тапќан – ґмірдіѕ ґзін табады Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

«Елде болса, ерніңе тиеді» деп бос отырмай тіршілік қылған адамның ғана жұмысы берекелі болмақ. Ерінбей еңбек еткеннің ғана басына бақ пен байлық қатар қонатыны бесенеден белгілі. Бұл біз ойдан шығарған дүние емес. Нарықтың заңы сондай. Сондықтан бүгінде өз кəсіптерін ашып, ісін дөңгелетіп отырған адам көп. Үлкен қалаларда ғана емес, аудан-ауылдарда ондай азаматтар жеткілікті. Сондай кəсіпкерлердің бірі қармақшылық Темірбек Күзембаев. Ол отбасылық бизнеспен жиырма жылдан бері айналысып келеді. Əуелгі кезде нан өнімдерінің бірнеше түрінен күніне 100-300 дана көлемде жергілікті дүкендерге өткізіп отырған кəсіпкер өз өніміне

сұраныстың артуына байланысты кəсібін ұлғайту қажеттігін түсінді. Бұл ретте кəсіпкерге Қызылорда облысының кəсіпкерлер палатасы Қармақшы аудандық филиалының кəсіпкерлікті қолдау орталығы көмек бергенін айтқан дұрыс шығар. Алғашында жай ғана кеңес алуға келген Темірбек бүгінде орталықтың жан-жақты қолдауын алғанына ризашылығын білдіруде. Кəсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлері кəсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар жəне қаржы институттары арқылы Темірбек Күзембаевқа кəсібін кеңейту үшін несие алу жолдары мен олардың тиімді тетіктері туралы толық түсіндірме берді. Орталық тарапынан кəсіп керге тегін бизнес-жоспар əзірленіп берілуімен

қа тар, жобасы сүйемелденіп, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына ұсынылды. Нəтижесінде Темірбек «Қызылорда» өңірлік

инвестициялық орталығы арқылы берілген 8 миллион теңге несиеге заманауи құрал-жабдықтар алып, өндіріс көлемін ұлғайтты. Қазіргі таңда наубайханада

нанның: бөлке, күлше, батон, багет, қара нан сынды түрлері мен түрлі тоқаштар шығарылады. Байқоңыр қаласының, Төретам кенті мен Ақай ауылының тұрғындары наубайханадан күніне 1000-нан аса нан өнімдерін алуда. Ауданның 7 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырған кəсіпкер сонымен бірге, аудандағы əлеуметтік нысандарды да нан өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Жалпы, жыл басынан бері Қы зылорда облыстық кəсіпкерлер палатасы 5518 кəсіпкерге 11 188 кеңес берген. Мұнымен қоса, Кəсіпкерлікті қолдау орталықтарының сүйемелдеуімен жалпы құны 683,8 миллион теңге тұратын 117 жоба қаржыландырылып, жүзеге асырылған. Қызылорда облысы.


2

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

ХАНДЫЌТЫЅ МЕРЕКЕСІ

Жамбыл жерінде, Тараз тґрінде Ќазаќ хандыєыныѕ

Ўлт тарихы (Соңы. Басы 1-бетте).

Мəдени мўра – ел тарихын тїгендейді Бұдан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Көне» Тараз» тарихимəдени орталығында болып, осындағы археологиялық саябақта атқарылған жұмыстармен танысты. Əрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мəдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Қазақ елінің тарихы көнеден келе жатқан құнды мұраларға толы. Тарихқа көз жүгіртсек, ортағасырлық Тараз қаласы Қазақстан тарихындағы ең ірі саяси, мəдени, сауда, əкімшілік орталығы болған. Осынау əулиелі өлкеде ежелгі дəуірлерден, орта ғасырлардан, кейінгі тарихымыздан жеткен ұзын-саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мəдени мұралар бар. Сəулет өнерінің ортағасырлық інжу-маржаны Айша бибі, Қарахан, Дəуітбек кесенелері, киелі Тектұрмас, Ақыртас сарай кешені, Қали Жүністің «Шығыс моншасы» секілді баға жетпес жəдігерлер Тараз қаласына ерекше көрік беріп, жылдан-жылға туристердің қызығушылығын арттырып келеді. Қазақ халқының ғасырдан-ғасырға асырған осынау құнды ескерткіштері мен тарихи мұрағаттары қазақ ұлтының ғана емес, əлем мəдениетіне үлес қосушы жəдігерлер екені анық. Соның дəлеліндей, қазақ халқының іргелі тарихи ескерткіштері халықаралық деңгейде танылып келеді. Əулие ата өңіріндегі бұл кешендердің біразы ЮНЕСКОның Бүкілəлемдік мəдениет мұрасы тізіміне енгені олардың тек Қазақстан немесе Орталық Азия аймағы ғана үшін емес, бүкіл əлемдік қоғамдастық үшін маңызы зор мəдени-тарихи нысан екенін дəлелдеп тұр. Міне, осыдан кейін Тараз қаласында арнайы тарихи-мəдени орталық пен археологиялық саябақтың ашылу керектігі талассыз заңдылық еді.

Өткенімізге ізет, бүгінгі ұрпаққа зор мақтаныш болған бұл «Көне Тараз» тарихи-мəдени орталығы мен саябақ – дүбірлі тойдың басты сыйлығы болды. Көне шаһардың, шежірелі өлкенің тарихынан сыр шертетін бұл саябақтың құрамына ашық аспан асты мұражайы, «Достық үйі», шолу мұнарасы мен «Мыңбұлақ» сквері кіреді. Нысанның жалпы аумағы 9,4 гектарды құрайды. Жыл басында Үкімет қорынан 2,9 миллиард теңге бөлініп, бұл қаржылар «Қазақ хандығы» монументі, «Көне Тараз» тарихи-мəдени орталығы, Достық үйі секілді құрылыстарға жəне облыстық драма театрын күрделі жөндеуге жұмсалды. Көне қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар көптеген жəдігерлерді топырақ астынан аршып алды. Жақында ғана əйелдің əшекей бұйымдары салынған құмыра мен басқа да бағалы заттар тапты. «ҚазАрхеология» ғылыми орталығының қызметкерлері орта ғасырдағы қаладан күні бүгінге дейін қолданыста болған ою-өрнектер мен дəйекті деректер табылып жатқанын айтады. Бұл табылған жəдігерлерден көшпенділердің қолтаңбасын тайға таңба басқандай анықтауға болады. Көнеден жеткен бұл жəдігерлер шынында ел тарихын түгендеуде, толықтыруда, кейбір күмəнді тұстарды тереңірек зерттеуге, анығырақ білуге үлкен септігін тигізуде. Тағы бір айтары, бұл іс тек тарихымызды тереңдетіп қана қоймай, Таразда туризм түтінінің түзу ұшуына, кең қанат жаюына тікелей əсер етпек. Осыдан кейін Тараз туризмінің жаңа бір кезеңі, жаңа бір дəуірі басталғалы тұр деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан, мұны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық десек те болады. Енді көне Тараз қаласының орнын туристік орталыққа, туризмнің «Меккесіне» айналдыру міндеті тұр. Шынында Елбасы айтқандай, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодəлізі қала іргесінен өтеді. Демек, туристердің

ағылып келуіне қолайлы жағдай бар. Яғни, ендігі міндет – түрлі дəуірлердегі Ұлы Жібек жолының бір пұшпағы – Тараздың бет-бейнесін мəдени қабаттарды аршу арқылы жарқырата көрсетіп, оның бар болмысын халыққа қауыштыру. Өнімге сұраныс – ілгерілеуге бастар жол. Елбасы бұл күні «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-нің алюминий радиатор шығаратын зауытында болды. Мемлекет басшысы зауытты аралап көріп, алюминий радиатор шығару жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондайақ, Қазақстан Президентіне облыстың Индустрияландыру картасының іске асырылуы туралы да баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың еңбек ұжымымен əңгімелесіп, олар өндіретін өнімге сұраныс бар екенін айтты. Кəсіпорын негізінен алюминийден еуропалық сападағы алюминийлік жəне биметалдық, өзге де пішіндегі радиаторлар жасаумен айналысады. Елдің ішкі нарығымен қоса, көрші елдер де бұл өнімнің негізгі тұтынушысы болып саналады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 250 мың дана өнім шығаруға лайықталған.

Бірлігі бар елдіѕ босаєасы берік Қазақ халқының тереңнен тамыр тартатын бай тарихы бар. Мыңдаған жылдар бойы Қазақстан алуан түрлі өркениеттердің даму жолы тоғысқан мекен болды. Мұнда халықтардың ұлы көштерінің ізі жатыр. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы – халқымыздың тарихи түп-тамырын еске түсірудің игі өнегесі екені анық. Міне, осы орайда Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту мақсатымен Қытайдың Сиань қаласынан шыққан керуен бір жылдан астам уақыт жол жүріп, қыркүйек айының соңында Жамбыл облысының жеріне аяқ басқанды. Міне, қазақ-қытай достығын паш

● Лебіздер легі

Барымыз бен баєымызды баєалай білсек Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, қоғам қайраткері.

Ұлы Далада керегесін кең жайған бүкіл əлемге əйгілі сақ, ғұн, Түрік қағанаты секілді іргелі ұлыстардың да аталуы əртүрлі болғанымен, солардың бəрінің тегі бір, арғы заты Қазақ елі. Біз өзіміздің байтақ тарихымыз түгілі, бабаларымыздан қалған ұлан-ғайыр, рухани асыл мұраларымызға ие бола алмай жүрген халықпыз. Қарап отырсаңыз, қазақтың тарихы бірнеше жерден үзіліп қалған алтын арқанға, бірақ бір сөніп, бір жанған, тек өшіп қалмаған жанартауға ұқсайтын сияқты. Біз ұзына бойы тарихымызда небір қиын, қиямет қиындықтарды басымыздан кешкен, сан рет қирап, сан рет бой түзеген, салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын тақта отырған, алтын сарайларда тұрған елміз. Енді міне, Тараз төрінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған ұлы тойдың куəсі болдық. Бұл тарихи той елордамыз Астанадан бастау

алып көне шаһарда жалғасуда. Хандық тойын мерекелеудің мəні мен маңызы зор. Бұл тойдың негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерсе де, Еуразияның төсінде орнаған арғы дəуірдегі сақ, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің ұлы мұрагері екендігін таныту. Ұлттық идеяның өзегі – ұлт тарихында. Жəнібек пен Керей хандар құрып, одан кейінгі Қасым, Хақназар, Тəуекел, Есім, Жəңгір, Тəуке, Əбілқайыр, Абылай, Кенесары хандар басқарған Қазақ хандығының мұрагері – бүгінгі Қазақстан. Қазақ хандығының құрылуы, дамуы, Қазақ тарихының маңызды кезеңдерін қамту, сол арқылы ұлттық рухқа бас идіру – бүгінгінің міндеті. Ендігі жерде біз барымыз бен бағымызды ба ғалай білсек, жақсы мен жаманды саралай білсек, басымызға қонған осы бақтың қадіріне жете білсек деп ой лаймын.

Еліміздіѕ мерейін асырды Мұрат ƏУЕЗОВ, «Жібек жолындағы сұхбаттар» халықаралық жобасының жетекшісі, мəдениеттанушы, қоғам қайраткері.

Осыдан он жыл бұрын тура Тараз қаласында «Жібек жолындағы сұхбаттар» жобасының тұсауы кесіліп, Орталық Азияны мекендеген көршілес түбі бір туысқан халықтардың ортақ тағдыры, ынтымақтастығы орайындағы кең көлемді келелі əңгімелер бастау алып еді. Одан бері Ыстықкөлде, Ақсу Жабағылыда, Алматыда, Бурабайда дəстүрлі жалғасын тапқан алқақотан əңгімелер биыл оныншы рет тағы да қасиетті Тараз жерінде өтіп жатыр. Бұл кездесудің Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс тоқайласып, осынау елдік ұлы мерекенің аясында өтіп жатуы атап өтерлік аса маңызды жағдай. Шығыс пен Батысты жалғаған Жібек жолы ықылым ғасырлар бойы алдын ала қазақ халқының ұлт болып ұйысуына, сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, түркі, қыпшақ, қараханидтер кезеңдерінде Қазақ мемлекеттігі ізашарларының қалыптасуына баға жетпес игі ықпал жасады. Жібек жолы – халықтар достығының дəнекері

болды, салиқалы байланыстардың иініне айналды. Біздің мақсат – сол ұлы рухты, ынтымақтың рухын жаңғырту, сол замандардағы рухани туыстықты сұхбаттар арқылы бүгінгі күнімізге көшіру. Олай болса бұл жолғы сұхбат тақырыбының «Орталық Азия: өңірдегі халықтардың ынтымақтастығы» деп аталуы сірə да тегін емес. «Жібек жолы бойындағы сұхбаттар» біріктіруші, елдестіруші қасиетке ие. Қазақ хандығының негізі қаланған ежелгі Тараз жеріндегі кездесу, пікір алысудың халықаралық қанаты кеңге жайыла түсті. Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Ресеймен қатар биыл бұл форумға Жібек жолының бастауында тұрған Қытай елінің ғалымдары да қатысуда. Болашақтағы сұхбаттарымызға қатысуға Үндістан елшілігі де қызығушылық білдіруде. Осы күндерде əлем елдерінің белгілі ғалымдары Жібек жолындағы қазақ тарихы, қазақ қалалары, қазақ мəдениеті хақында қаншама тұшымды əңгімелер айтып, толымды тұжырымдар жасауда. Осылайша Қазақ елінің, Қазақстанның мерейін асырды. Елдігіміздің мерейлі тойында қуанышымызды бөлісті.


3

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

– ХАЛЫЌТЫЅ БЕРЕКЕСІ

550 жылдыєына арналєан іс-шаралар їлкен табыспен ґтті

ўлыќталєан кїн етіп, екі елдің ынтымақтастығын арттыруды мақсат еткен бұл керуен дəл той күні Тараз қаласының қақпасынан еніп, Тұңғыш Президент саябағы қасынан өтті. Құдды бір баяғы заманға тап болғандай күй кешіп, маң-маң басқан түйелер керуені көне заманды еске түсіргені анық. Осылайша, бағалы жүк артқан 136 түйе, 8 атарба жəне 100-ден астам қарауылы бар бұл керуен бабаларымыздың жүрген жолын жаңғыртып, сапарларын көне қалада түйіндеді.

Бұл керуеннің басты мақсаттарының бірі – Əулие ата жерінен Шай үйін ашу. Қытайдың Шэньси провинциясы əлемге əйгілі «Фуча» емдік шайының отаны болып саналады. Қытайдан шығып, қазақ жеріне аяқ басқан керуенге осынау емдік шай молынан артылыпты. Шынында, тіршілігі қым-қуыт Қытайдан біздің үйренеріміз, аларымыз көп. Сондықтан, қазақ пен қытай қалаларының бауырластығы іскерлікке жол ашып, берекеге бастайды деген сенім мол. Бұл күні қаланың бірнеше жерлерінде

тарихи тойдың мерекелік іс-шаралары кеңінен тойланып жатты. Тұңғыш Президент саябағындағы «Қазақ əлемі» тарихи-этнографиялық бағдарламасы бойынша Қазақстан билеушілері ордаларының тарихи композициясы тігіліп, балалардың этнографиялық алаңқайы ашылады. Театрландырылған қойылымдар жəне сəндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтті. Бұған қоса, кешенде əртүрлі танымды ойын-сауық іс-шаралары өткізіліп, əйелдердің ел өміріндегі бет-бейнесі

түрлі суреттер мен қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан түрлі туындылар арқылы бейнеленіп, қонақтардың назарына ұсынылды. Сондай-ақ, «Қазақ əлемі» тарихи-этнографиялық кешені, «Жəдігер» жылжымалы мұражай экспозициясы, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жəрмеңкесі, «Алтын сақа» – ұлттық ойындар сайысы, киіз бұйымдар қойылған балалар алаңқайы, қазақтардың ғұрыптық жырларын насихаттайтын «Фольклор жəне өмір» іс-шаралары халқымыздың

салт-дəстүрлерін жаңғыртып, бірегейлігі мен өзгешелігін дəлелдеді. Ал «Тарих доңғалағы» алаңқайында көшпелі цирк бағдарламасы, «Көк күйме» алаңқайында «Сақтардан қазақтарға дейін» – «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы, «Дулыға» алаңқайында «Ер қаруы – бес қару» – көшпенділердің қаружарақтарымен таныстыру жəне «Киіз күмбездер» – қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық бағдарламалары

ұлтымыздың өмірін, ерлігін зерделеді. «Ақ шатыр» сахна алаңында «Мəңгілік сарын» – Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы мен «Беркініп садақ асынған» – қазақтың батырлық жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт жəне қазақтың музыкалық аспаптары, түркітілдес халықтар музыкасы, дəстүрлі əншілік мектебінің əндері, қазақтың жыртермелері, басқа да бірқатар мерекелік іс-шаралар тойға қатысушы қауымның көңілін көтеріп, арманын асқақтатты. Қазақ хандығының торқалы тойы барысында Алматы қаласының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда, Қарағанды облыстарының өнерпаздары да аянып қалмады. Жамбыл облысының барлық аудандарының өнерпаздары да мерекелік тартуларын жасап, əн-күйден шашу шашты. Жамбыл – ежелден ұлттық бірлікті санада сақтаған, татулықтың ордасы болған өңір. Тараз төрінде өтіп жатқан бұл дүбірлі той ел тарихын түгендей түсіп, бүгінгі ұрпақтың бабалардан қалған мұраларды қастерлеу, қадірлеу жəне ұлағатты өсиеттері мен істерін жалғастыруға шақыратыны анық. Ендеше, халық игілігі үшін жасалып жатқан оң тірліктердің қарқыны еш толастамайды, жалғасын таба береді. «Бірлігі бар елдің босағасы берік», деп Елбасымыз айтқандай, бірлік пен ынтымақтың алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы, аспайтын асуы жоқ. Елдің экономикалық мəселелерінде күрмеуі мол қиындықтар əлі де жеткілікті, оның үстіне əлемдік дағдарыс, көрші елдердегі түрлі аумалытөкпелі жағдайлар күшейіп тұрғанда – мемлекетіміздің тарихқа ден қоюы рухы мықты халық, ұлт екенімізді сездіреді. Шынында, Тараз қаласының 2000 жылдық тойында қасиетті Əулие ата жеріне алыс-жақын шетелдерден қонақтар келіп, халықтың рухы көтеріліп қалғаны əлі есте. Ендеше, Қазақ хандығының 550 жылдығы халқымыздың өнегелі өмірі мен ерлігін зерделеп, барша қазақстандықтардың, барлық ұлттардың ортақ мерекесіне айналды деп айтуға толық негіз бар. Той тойға ұлассын, ағайын! Жамбыл облысы.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Лебіздер легі

Елдік пен ерліктіѕ тойы Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, сенатор.

Қазақтың тарихы тым тереңде жатыр. Кескілескен шайқаста, күреске толы ғасырларда біздің бабаларымыз алып аймақты аман сақтап, келесі ұрпаққа, халыққа үлкен мұра ретінде қалдырды. Барлық хандарымыз дерлік ұлттың, елдің болашағы үшін жан аяған жоқ. Бүгін, міне, еркіндік, азаттық, тəуелсіздік деп аталатын үлкен ұғымның арқасында өткенімізге үлкен баға беріп, тарихымызды төрге оздырып, Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойын тойлап отырмыз. Негізі бұл ұлы тойдың басы Ұлытаудағы Елбасының салиқалы сұхбатынан басталды деуге де болады. Ондай үлкен жиынның өтуі – ең алдымен, елдегі тыныштық пен қоғамдағы түсіністіктің, барша халықты бір мұратқа жұмылдырып отырған Тұңғыш Президентіміздің еңбегі. Ұлытау сұхбаты бүгінгі Қазақ елінің тағдырын, тіліміздің, дініміздің, жеріміздің тұтастығына қатысты тереңнен толғап, ұлтты ұйытар, өзін-өзі сақтауға жұмылдырар,

мемлекет ретінде бағыт-бағдарымызды анықтауға жетелер тарихи толғаныс болды. Біз қашанда елдігімізді сақтау жолында бірлікті, берекелі тірлікті ту еткен халықпыз. Қаншама ұлт пен ұлыс бүгінде бейбітшілік аспаны астында баянды ғұмыр кешіп отыр. Қазақ хандарының арманы еліміздің болашағын баянды ету болса, сол ұлы мұратты, асқаралы арманды тəуелсіз елдің Көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сəтімен іске асырып, еліміздің мерейін арттырып келеді. Енді, міне, Қазақстанның терең тарихқа толы мемлекет екенін күллі дүниежүзі, шартарап сезінетін күн де келіп жетті. Ол – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы. Бұл елдіктің, ерліктің мерейтойы екені айтпаса да түсінікті ғой. Елдіктің тойы тасы да, құмы да тарихтан сыр шертетін, көне шаһар Таразда тойланып отырғаны біз үшін үлкен қуаныш, мəртебе. Тарихи сəт. Тараз – шын мəнінде де тарихымыздың темірқазығы. Асыл мұраттарымыз орындала берсін, торқалы той құтты болсын! Тəуелсіздігіміз баянды болып, еліміздің абыройы аспандай берсін деген игі тілек білдіргім келеді.

Бірлігіміз арта тїсті Тұңғышбай əл-ТАРАЗИ, Қазақстанның халық əртісі.

Жалпы, биылғы жылы терең тарихымызға, берекелі бірлігімізге үлкен құрмет көрсетілді. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың терең саяси шешiмi арқасында бүкiл ел болып атап өтiп жатқан бұл мерейтой халықтың ұлттық-тарихи санасын тереңдетуге жəне қазақстандық патриотизмдi күшейтуге кең жол ашады деп ойлаймын. Осыны жастардың ұққаны дұрыс. Ал, мерейтой қарсаңында соғылған жаңа нысандар халық игілігіне қызмет етері сөзсіз. «Қазақ хандығы» монументінің ашылу рəсімінде Елбасы Н. Назарбаев елдің бірлігі, ынтымағы туралы өте жақсы айтып кетті. Шынында, қазіргі Қазақстан – тыныштық пен тұрақтылықтың мекені. Біз əлемнің көз алдында бірліктің бесігіне, татулықтың тірегіне

айналдық. Біз бүгінгідей күрделі уақытта Мемлекет басшысының саяси батылдығының арқасында тəуелсіз Қазақстанның əрбір даму кезеңі жетістіктердің, көпұлтты Отанымыздың бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудың жылдарына айналғанын айқын сезініп отырмыз. Сан ғасырлар бойы Қазақстан жерінде түрлі мемлекеттік құрылымдар болды. Яғни, басқа тарихи пішіндер мен басқа тарихи кезеңдерде де əртүрлі саяси, экономикалық, əлеуметтік құбылыстар болып жатты. Қазіргі таңда егемен еліміз өзінің сол тарихын сақтай біліп, жаңа дəуірдегі бүгінгі заманға сай, барлық халықаралық тетіктерді қалып тастырып, үлкен жаһан дық үдерістердің бел ортасында жүрген мемлекетке айналып отыр. Ендеше, бұл тағылымды той елдің сол бірлігін одан сайын арттырып, ортақ іске жұмылдыра түсті деп айтуға əбден болады.


4

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

ХАНДЫЌТЫЅ МЕРЕКЕСІ

Жамбыл жерінде, Тараз тґрінде Ќазаќ хандыєыныѕ ● Лебіздер легі

Біз бабалар аманатын саќтай білдік

Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, грек-рим күресінен Мəскеу Олимпиадасының чемпионы.

Бабаларымыз осыншама кең жерді бізге жанқиярлық батырлықпен мирас етіп қалдырды. Дауылпаз дəуірлердің тоғысында сан алуан тар жол тайғақ кешулерді бастан өткерсек те, елдігімізді сақтап қалғанымыз үлкен абырой. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының кең көлемде тойлануына бар мүмкіндікті жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Біз батыр бабалардың аманатын сақтай біліп, осынау сайын даланы болашақ ұрпаққа табыстауымыз қажет. Тағы бір айтарым, Қазақ елінің, ұлтының бай тарихын мектеп оқулықтарына молынан енгізу керек. Сол арқылы жас ұрпақ сақ пен ғұнның жалғасы болған жұртымыздың тарихын кеңінен тани түседі. Болашақ – жастардың қолында ғой. Талай трагедияны да, драманы да, қуанышты сəттерді де бастан өткерген бабаларымыздың соқпаққа толы жолын оқып өскен ұл əрқашан намысшыл болады. Одан бөлек жастарымыз спортқа бейім, үйір болса екен деймін. Ұлы Дала ұландарының, тұлғаларының сенімін ақтап, тəуелсіз мемлекеттің көк туын көкте желбіреткенге не жетсін!? Бұл да біздің ұлт ретіндегі ұлықтығымызды айшықтай түспейді ме? Ендеше, айналайын, жастар, елдің нағыз патриоттары, сергек ойлы азаматтары болыңдар. Менің ақ тілегім осы.

Мəѕгілік Ел мўраты тамаша сипатталды

Жүрсін ЕРМАН,

Айтыс ақындары мен жыршытермешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жыл басынан бері Қазақ хандығының 550 жылдығын республикамыздың барлық өңірлерінде айтыспен атап келе жатырмыз. Соның қорытындысы ретінде аламан айтысты Тараз қаласында өткізудеміз. Бұл айтыстың халықаралық мəртебесі бар. Қазақстанның түкпір-түкпірінен биылғы жылдың үздік шыққан айтыс ақындарымен қатар Қытай Халық Республикасы мен Моңғолиядағы қандастарымыздың арасынан екі ақын келіп қатысып жатыр. Сонау сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, кешегі Алтын орданың жалғасымыз десек, соны бүгінгі жастар білуі үшін, жастарымыздың санасына сіңіру мақсатында арқалы айтыспен, айшықты əн-жырмен ақындарымыз осындай еңбек сіңіріп, шабыт қанатында шалқыды. Олар тұңғиық тарихымызды, бабалардың елдігін, Қабанбайдай қайсар батырлардың ерлігін, əз Тəуке, Абылайдай хандарымыздың айбыны мен даналығын жырға қосты. Аламан айтыста жыр маржаны шашылды. Өрен жүйрік айтыскерлеріміз өлең нөсерін түйдектетіп, көсіле шапты. Өткен мен бүгін, жарқын болашақ өлеңнің келісті өрнегімен жарқырай көрінді. Сөйтіп, Елбасымыз айқындаған Мəңгілік Ел мұраты тамаша сипатталды. Біз Қазақстанның бүгінгі ұжымдық келбетін осы айтыс өнері арқылы бейнелеудеміз деп ойлаймын. Əрі бұл аламан Қазақ хандығы тойына торқалы тартуымыз болып отырғаны да көңілімізге тоқ.

Айтыс арќауы – ел шежіресі Тəуелсіз елімізде барша қазақстандықтарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалауда тарих пен мəдениеттің атқарған рөлі орасан зор болғанын бəріміз мойындаймыз. Осы құндылықтар арқасында біз əрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Елдің елдігін танытатын үлкен саланың бірі -- өнер мен мəдениет. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жыр алыбы Жамбыл елінде «Мəңгілік Ел» халықаралық ақындар айтысы бастау алды. Оған өз Отанымыздан жəне Қытай, Моңғолия елдерінен келген барлығы 26 сөз өнерлерінің шеберлері қатысуда. Олардың қатарында Айнұр Тұрсынбаева, Еркебұлан Қайназаров, Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев сынды айтулы айтыскер ақындармен қатар, жамбылдық Қанат Мырзахан, Дархан Əбдіманат секілді жас талаптар да сөз сайысына түсті. Зал толы көрерменді баурап алған от ауызды, орақ тілді арқалы ақындар Қазақ хандығының терең тарихы, хандар мен батыр-билердің қайталанбас ерліктерін жырларына арқау

«Ќилы жол» ќойылымы əн шашуєа ўласты Тараз төрінде мерекеленіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық тойы кешке орталық стадионда «Қилы жол» атты драмамен жалғасты. Белгілі қаламгер Жабал Ерғалиевтің осы аттас шығармасының желісімен қойылған бұл ауқымды спектакльді М. Əуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының əртістері сахналады. Керей мен Жəнібек тұсындағы оқиғаларға арқау болған қойылымға бас-аяғы 500-ден астам актер қатысты. XVI ғасыр. Алтын орданың ыдыраған тұсында,

жақ-жақ болып ұрысқан баянсыз қантөгіс, қатыгез шапқыншылық меңдеткен қазақ руларын Əбілқайыр ханның тепкісі бір бүйірден қыса түседі. Бұл кезде ұлт алдында өзара бас біріктіріп, Орда тігіп орныға аламыз ба деген ұлы сын тұрды. Осы шақта Болат сұлтанның ұлы Керей мен Барақ ханның ұлы Жəнібек сұлтандар «тəуекел» деп белін буған елді бастап, қоныс болар мекен іздеп Моғолстан ханы Есенбұғаға келеді. Сол тұста шығысында Қытай, солтүстігінде Ойраттар, оңтүстігінен Əбусейіт пен Жүніс

сұлтандар шабуылдап, Моғолстанға қауіп төңдіріп тұрған-ды. Есенбұға қазақ руларының бұрынғы атақонысын бөліп беріп, іргелес ел ретінде қондырып, өзіне қорғаныc табады. Бұл көріністер басы қосылып, берекесі ұйысқан қазақ ұлыстарының Керей сұлтанды ақ киізге отырғызып хан көтеріп, тарих сахнасына Қазақ хандығы келген сəтке ұласады. Қойылым дала жауынгерлерінің ұрыстары, жыраулардың мақамдары жəне ұлттық дəстүрлермен əрленген. Қойылымның қоюшы-режиссері

етіп, сахна төрінде өткен күн мен бүгіннің тарихи байланысы əдемі көрініс тапты. Сондай-ақ, Елбасының «Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз» идеясы да жан-жақты жырланды. Мəңгілік Ел болуда бабаларымыздың құнды мұраларын жас ұрпаққа жеткізу, осы мұралар арқылы жастарды қазақстандық патриотизмге, елге деген мақтаныш сезімге тəрбиелеу – айтыстың басты тақырыбы болды. Айтысты ақын, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерман жүргізсе, қазылар алқасына Қазақстанның халық əртісі Асанəлі Əшімов төрағалық етті. Жамбыл облысының əкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отырған бұл аламан айтыстың ақтық сайысына 12 ақын шықты. Бүгін Тараз төріндегі сөз барымтасы қайтадан жалғасын табады.

– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əубəкір Рахимов. Көшпенді қазақтың бай мəдениеті қамтылатын қойылымды жұтаң етіп көрсетпеу үшін арнайы костюмдер мен безендірулер əзірленіпті. Жоба жетекшілері: КСРО халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанəлі Əшімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Білəл. Сөз жоқ, бұл шежіре-тарих еліміздің ертеңін жас ұрпаққа аманат етеді. Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл шығарма қазақстандықтардың жүрегінде Қазақ еліне деген сүйіспеншілігін оятатыны анық. Қойылым соңы қазақстандық белгілі эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты. Концертке Е.Хасанғалиев, А.Қоразбаев, Р.Рымбаева, Б.Сəмединова, Т.Асар, «Формат» тобы, Ж.Дұғалова, А.Еңсепов жəне тағы басқа да өнер иелері қатысып, əннен шашу шашты. Жамбыл облысы.


www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

5

– ХАЛЫЌТЫЅ БЕРЕКЕСІ

550 жылдыєына арналєан іс-шаралар їлкен табыспен ґтті Бўл той Астанадан басталды Николай ЗАЙЦЕВ,

Шығыс Қазақстан облыстық сəулет-этнографиялық жəне табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры.

10 миллион теѕге жетісулыќтарєа бўйырды

Менің кеудемді тəуелсіз елімізге, мем ле кетіміздің байтақ тарихына деген мақтаныш сезімі кернейді. Ең басысы, ғасырлар бойы қандай қиын кезеңдерге тап болса да еліміз өзінің негізгі мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының тілі мен ділін, салт-дəстүрі мен əдетғұрпын, мəдениетін сақтап қала алды. Ұлттық құндылықтар – кез келген мемлекеттің өзегі. Əрбір қазақстандықтың жан-дүниесінде, ой-санасында, жүрегінде осындай отаншыл сезім бар деп ойлаймын. Астана қаласында өткен салтанатты шараға қатысушылардың баршасы осы бір қасиетті сезімді шынайы сезінгенін байқауға болады. Мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шараға Шығыс Қазақстан өңірінің делегациясы құрамында қатыстым. Біз елорда төрінде Шығыс Қазақстан облысының атынан ақшаңқан киіз үйлер тігіп, құнды тарихи жəдігерлердің түпнұсқасы мен еліміздегі бірденбір табиғи-ландшафтты саябақ

пен этноауыл бойынша көрме ұйымдастырдық. Көрмені тамашалаушылар еліміздің түкпіртүкпірінен келген тарихи жəдігерлер мен қолөнер бұйымдары арасынан асқақ Алтай жерінен жеткен жəдігерлерге ерекше қызығушылық танытты. Бұл да осынау мерейлі мерекеде біздің шоқтығымызды биіктетті. Өңіріміздің аудандарынан барған өнерпаздар концерттік алаңдар мен гала-концертте өз шеберліктерін паш етті. Əсіресе, Жарма ауданының өнерпаздары ерекше көзге түсті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиында Əзербайжан, Қырғызстан, Түркия жəне Түрікменстан елдері басшылары мен жоғары лауазымды өкілдерінің мəртебелі мейман болуы Қазақ елі мен оның бай тарихына, ұрпақ жадында жатталуы үшін өткізіп отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына деген үлкен құрметі мен ілтипаты деп қабылдадым.

Бабалар арманы, ўлт маќсаты орындалды Ғани ҚАРАСАЕВ, Деректану, тарихнама жəне Отан тарихы бөлімінің бастығы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Дүбірлі тойдың сəні аламан бəйгесіз кірген бе, сірə?!. «Нұр Отан» партиясы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жəне Жамбыл облысы əкімдігінің қолдауымен бəйге түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, елдіктің тойында «Ұлы Дала ойындары» өтті. Той қарсаңында Тараз қаласындағы «Атшабар» ипподромы күрделі жөндеуден өтіп, 2000 адамға шақталған поло ойын алаңы салынған болатын. Міне, осылайша кеше елімізде алғаш рет ат полосы ойыны таныстырылып, бұл бағытта арнайы клуб ашылды. Спорттың бұл түрі кезінде

Орталық Азияда, Иран, Əзербайжан, Түркия, Ирак елдерінде кеңінен таралған екен. Бұл күні «Атшабар» ипподромында бəйгенің үш түрі бойынша жарыс өтіп, оған 150-ден астам сəйгүлік қатысты. Жүлде қоры да қомақты болды. Демеушілердің қолдауының арқасында 31 шақырымдық қашықтыққа жарысатын аламан бəйгеде топ жарған жүйрікке 10 млн. теңге жүлде, екінші орынға – 5 млн., үшінші орынға – 2 млн., төртінші орынға 1 млн. теңге жүлде тігілді. Келесі кезекте 21 шақырым қашықтықты құрайтын топ бəйгеден озып келген жүйрікке 5 млн. теңге, екінші келгенге – 2 млн., одан кейінгі орындарға 1 млн., 500 мың теңге, жарыс жолы 3

шақырымдық ұшқыр жылқылар жарысында бірінші орынға – 3 млн., екінші орынға – 1 млн., үшінші орынға 300 мың теңге берілді. Жалпы алғанда, «Ұлы Дала ойындары» ұйымдастырған бəйгелердің жүлде қоры 32 миллион 300 мың теңгені құрады. Сонымен, ұшқыр бəйгеде Жамбыл облысының «Бəйтерек» атты сəйгүлігі бірінші болып мəре сызығын кесті. Одан кейін көмбеге Павлодар облысы мен Тараз қаласының аттары келді. Топ бəйгеде Алматы облысының «Астана» атты жүйрігінің бағы жанды. Одан кейінгі орындарды Шығыс Қазақстан облысы мен Тараз қаласының арғымақтары бөлісті. Ал аламан бəйгеде бас жүлде Алматы облысынан келген «Тасқын»

атты сəйгүлікке бұйырды. Жалпы, бəйгенің бұл түрінде Жетісудан келген жылқылар ешкімге жүлде бермеді. Екінші жəне үшінші орындардың да жүлдесін Алматы облысының «Айтұяқ» жəне «Жарықбас» атты сəйгүліктері іліп əкетті. Сондай-ақ, бұл күні «Ұлы Дала ойындары» атты қойылым көпшіліктің назарына ұсынылып, көкпардан, аударыспақтан, теңге ілуден Азия чемпионатында топ жарған спортшылар жəне елімізде енді ғана қарқынды дамып келе жатқан жамбы ату спортының шеберлері өнер көрсетіп, елдің ризашылығына бөленді. Жамбыл облысы.

Той тойєа ўлассын, аєайын! Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Патшалық Ресей паңдары Романовтар əулетінің билік құрғанына 300 жыл толғанын сонау 1913 жылы атап өтті. Оған біздің Итбайлар артынып-тартынып барып, шен тағып, шекпен киіп қайтты. Одан кейінгі кеңестік идеология игі жақсыларымызды Куликово, Бородино шайқастарына таңдай қақтырып қойды. «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» деген, коммунистер тіпті, патшалық Ресейге қазақ халқының «өз еркімен» бодан болғанының 250 жылдығын да тасырлатып тойлаттырып жіберді. Ал... қазақтың ұлтжанды оқымыстыларына Қазақ хандығының тарихы мен тағылымы, дəулеті мен сəулеті, мəні мен сəні туралы шежірелерді қопарып, той жасау туралы ой айтудың өзі қорқынышты еді. Керей мен Жəнібек құрған Қазақ хандығы туралы сөз қозғау былай тұрсын, халқымыздың халық болып жер бетінде қалу-қалмауы сынға түскен Аңырақай, Орбұлақ шайқастарының тағылымынан мүлде хабарсыз болды халық. Құнанбайдың ұрпағы Шəкəрім Құдайбердіұлы, инженер-тарихшы Мұхамеджан Тынышбаев, білімді, білікті ғалым Ермұхан Бекмаханов, жазушылар Мұхтар Əуезов, Ілияс Есенберлинді «шонжарлар шежіресымағын дəріптеді» деп сынап-мінеп, қудалап жатты. Дінмұхамед Қонаев болмағанда І.Есенберлиннің атақты тарихи трилогиясының жарыққа шығаршықпасы белгісіз еді. Ал Мұхаңның (Əуезов) «Хан Кенесі» сахнадан шеттетілді... «Орнында бар оңалар» деген. Ата-бабалар аманатына адалдық Ұлы Дала елінің тəуелсіздігі тұсында қолға алынды. Елбасы мен елдің қолдауы арқасында хандарымыз бен билеріміздің, баһадүр

батырларымыз бен азулы ақындарымыздың меретойлары бірінен кейін бірі өтті. Зиялы қауым ұлт тану ісінде ұлықтық көрсетіп, жұдырықтай жұмылды. Тарихымызды шетелдердің архивтерінен іздеп, зерттеп, қалың-қалың кітаптар шығара бастады. Сол ұлықтық енді, міне, Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойына ұласып отыр. Бұл тағылымды думан Қазақ елінің бағаналы орда – басты ордасына орналасқан Астана қаласында басталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырлы тарихымыз туралы ғибратты сөзінен желі тартты. Бұл тойдың тартуы да, тағылымы да бөлек: – өйткені, алыс-жақындағы «мен» деген мемлекеттерді мойындатып, БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен ана тілінде сөйлеген Ұлы Дала елі ұлының аспаннан түспегенін, оның тарихы тереңде жатқан қазақ хандарының азаттық жолындағы ісін жалғастырушы бейбітшілік өкілі екенін төрткүл дүниеге паш ететін той бұл; – өйткені, Керей мен Жəнібек хандар Шу мен Таластың арасындағы иен далаға ту тігіп, соңына ерген жұртын «Қазақ» деген хандыққа біріктіре білген бектігі мен тектілігін 550 жылдық тарих аясында тұңғыш рет танытатын той бұл! Қазақ қазақ болғалы қаншама хандар мен қаншама бірінші хатшыларды ұлықтады. Бірақ, саясаттың салқыны шығар, Қазақ хандығының құрылғанын ұрпақтарымыз айта жүрер айтулы мереке ретінде атап өтейік деген бірде бірі болмапты. Ол, міне енді, тəуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен лайықты түрде аталып өтіп отыр. Той тойға ұлассын, ағайын! ТАРАЗ.

Суреттерді түсіргендер Ақəділ РЫСМАХАН, Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасаған баяндамасында “Мəңгілік Ел” болуға бет алған бүгінгі халқының барша тарихына талдау жасалды. Ұлтымыздың бірнеше мың жылдық өткен мерзіміндегі қазіргі ұрпағы үлгі тұтар, сабақ алар кезеңдерін саралады. Кең-байтақ қазіргі қазақ даласында өмір сүріп, дамыған тікелей арғы бабаларымыз негіздеген, сол уақыттағы əлемдік дамуда шешуші орындары болған Ұлы мемлекеттік бірлестіктердің Отандық жəне əлемдік тарихтағы алған орнына баға берді. Елбасы баяндамасының негізгі мазмұны қазіргі қазақстан дықтардың, соның ішінде жас ұр пақтың осындай бабалар тарихын білу арқылы оның ерлікке толы беттеріне мақтанып, өкінішті кезеңдерінен сабақ алуға шақыруымен ерекшеленді. Соның ішінде əсіресе, жоғарыдағы аталған Ұлы мемлекеттердің заңды мұрагері, тура осыдан 550 жыл бұрын өмірге келген Қазақ хандығының құрылып, дамуының тарихи заңдылығы жан-жақты баяндалды. Жаңа мемлекеттің территориясын негіздеу, оның қуаттылығын арттырудағы, дербестігін қамтамасыз етудегі қазақ хандарының қызметтеріне талдау берілді. Осылармен қатар белгілі мерзімде қуатты жұртқа айналған хандықтың əлсіреу кезеңін сипаттап, оның себептерін ашып көрсетті. Еркіндігінен айырылып, басқаға тəуелділікке өткен қазақ халқының ауыр тарихын баршамыздың есімізге салды. Елбасы осы баяндамасында халқымыздың тарихындағы осындай жағдайдың орын алуының себептерін ашып көрсетті. Одан сабақ алудағы ұлтымыздың тарихын білудің маңызына тоқтады. Егемендікке қол жеткізген қазіргі Қазақстан мемлекетінің жетістіктерін саралады, дүниежүзілік қауымдастықтың белді мүшесі ретіндегі жаһандану заманындағы оның алдында тұрған міндеттерді айқындады. Қазақстанның

еге мен дік жыл дарындағы көптеген əлемдік тұрғыдағы игі бастамалардың негіздеушісі болып отырғандығы Ел ба сы ның баяндамасында барынша көрініс тапты. Тəуелсіз еліміздің болашағы оны мекендеп отырған жүзден астам ұлттардың өзара түсіністігі, теңдігі, сыйластығы мен ұғыныстылығында екендігін Президент баса айтып өтті. Осы бағыттағы еліміздегі атқарылып отырған келелі істердің ауқымы мен нəтижесіне тоқтады. Елбасы “Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұл дызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – Ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала елі! Бұл – біздің таңдауымыз!” деп көрсетіп, хал қы мыздың алдында тұрған міндеттерді атады. Президенттің осы салтанатты жиындағы тарихымыздың барша кезеңдеріне арналған əрбір сөзі əрқайсымыздың бойымыздан туған еліне деген сүйіспеншілік, оның болашағына деген үлкен жауапкершілік сезімін еселеп тудырды. Оның өткенінің батырлық кезеңдеріне ризашылығымызды арттырды, жіберген кемшіліктеріне сын көзімен қараудың, қорытынды жасай білудің қажеттігін ұғындырды. Мемлекетімізді Мəңгілік Ел етудегі міндеттерімізді тағы да бір еске салды. Қазіргі əр қазақстандыққа Отанының гүлденіп, өркендеуі үшін тікелей жауапкершілік жүктелетіндігін паш етті. Оның ұлтымыздың болашағына арнаған əр сөзі, əсіресе, бүгінгі жастарға арналғандығы айғақ. Олай болса қазіргі жəне болашақ ұрпақтың Отанымыздың өткен тарихын жақсы білуі, сабақтарын саралай алуы олардың Қазақ елінің болашақтағы беріктігін қамтамасыз етуге негіз болады деп есептейміз.


6

www.egemen.kz

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше. Осындай тарихи кезеңде елімізді əлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Тəуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алысжақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды. Тамырын тереңнен алған бұл ерекше атау егемен еліміздің дүниежүзіне бұдан да артық таныла түсуіне, мемлекеттік, ұлттық имиджіміздің көтерілуіне орасан ықпал етпек.

Ўлы Дала елініѕ тірегі – тіл

Тілектес ЕСПОЛОВ,

ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик.

Дүниежүзінде бейресми атауға ие бірқатар мемлекеттер бар. Мысалы, əлем халықтары Англияны – «Тұманды Альбион», Кубаны – «Бостандық аралы», Жапонияны – «Күншығыс елі», Қытайды – «Аспанасты елі», Голландияны – «Қызғалдақтар елі», Кореяны – «Таңғы шық елі» деп біледі. Елбасы өзі атап өткендей біздің елімізге осындай атаулы бренд жетіспейді. Осы идеяны көтерген Мемлекет басшысы: «Біз – Ұлы Даланың баласымыз. Ұлы Дала, көк аспан... Біздің бабалырымыз тəңір деп, жарық пен көк түсінігін ұмытпаған. Біздің Көк туымыздың астары да осында. Біз – Ұлы Даланың балаларымыз. Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек», деген келелі ойды ортаға тастады. Осы орайда, Мемлекет басшысы атабабаларымыздан аманат-мұра болып қалған, Алтай мен Атырауды, Арқа мен Жетісудың арасында кең көсіліп жатқан ұлан-ғайыр мемлекетіміздің «Ұлы Дала елі» атануына ерекше мазмұн, биік мағына беріп отыр. Көне тарихи жазбаларға көз жүгіртсек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс əдебиеттерінде, Қытай жазбаларында жəне Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күшқуатының, айрықша мəртебесі мен Тəуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап, айшықтауымыз қажет. «Ұлы Дала елі» атауы біздің ұлттық болмысымызды айқындап, идеологиялық бағыттағы ісшараларымыздың қазығы болуға тиіс деп есептеймін. Елбасының осы бір ерен ұсынысы, əсіресе, халқымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде бастау алуы – бабалар рухының қайта түлеп, жаңғыруы деп қабылдадық. Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміз үшін Қазақ хандығының тойын мағыналы да мəнді етіп өткізуі ең бірінші кезекте өскелең ұрпақ үшін жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс. Ұлт тарихы – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Елбасы бір сөзінде «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ», деген аталы сөзін айтқан болатын. Шындығында, тарих тереңінен Тəуелсіздік биігіне дейінгі аралықта қаншама дəуір алмасып, қаншама тарихи кезеңдер өз таңбасын қалдырды?! Осы орайда, өткен дəуірлердің өр рухын жалау етіп желбіреткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі – мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, ұлттық келбеті мен

абырой-беделінің, азат рухының нышаны болып табылады. Біздің ата-бабаларымыз егемен ел болуды сан ғасыр армандаған еді. Сол арманға бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Ұлан-ғайыр даламызда Тəуелсіз Қазақ мемлекетін құрып, ұлы көшімізді оң жолға бастап, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сан ғасырлар бойы бабаларымыз армандап өткен егемендігіміздің туын Ақ Ордасының төріне тігіп, халқының қамын ойлаған ел тұтқасына айналды. Тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыт аралығында Қазақстанды дамыған өркениетті 50 мемлекеттің қатарына қосып, халқын «Нұрлы Жолға» бастап келе жатқан Президентімізді əлем жұртшылығы Ұлы Даланың данасы, Түркі дүниесінің Көшбасшысы деп бағалайтыны сөзсіз. Жуырда ғана Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Саммитінде əлемдік мінбеден қазақ тілінде сөйледі! Ұлы Дала елі саналатын тəуелсіз Қазақстан Көшбасшысының дүниежүзінің алдында ана тіліміздің мерейін асқақтатуы – барша қазақстандықтардың мерейін асқақтатты. Ұлтымыздың абыройын көтерген бұл оқиға Қазақстан халқына айтарлықтай серпіліс берді. Саммитте Мемлекет басшысы адамзатты толғандырып жүрген ауқымды мəселелерді қозғап, Ұйымға мүше мемлекет басшыларын əлемдік экономика, экология, діни экстремизм сияқты күн тəртібінен түспей келе жатқан дүниежүзіне ортақ проблемаларды бірлесіп шешу керектігін алға тартты. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы төрінен қазақ тілінде терең мазмұнды баяндама жасауы егемен еліміздің əлемдік саяси аренада өзінің берік орны айқындалғандығының кезекті дəлелі бола алды. Елбасының бұл ұстанымы, өз елімізде мемлекеттік тілді тиісті дəрежеде қолданбай жүрген жекелеген басшылар мен көптеген ұйым, мекемелерге көрнекті үлгі болуға тиіс деп есептейміз. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың үлкен мінбеден айтқан ұтымды ұсыныстарының ішінде БҰҰ штабпəтерін Азияға көшіру идеясы көп талқыланатын тақырыптардың бірене айналдып отыр. Саясаткерлердің топшылауынша, штаб-пəтерге лайық қаланың бірі – Астана қаласы болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Елбасының бұл батыл ұсынысы Азия құрлығының мəртебесі мен елордамыз – Астананың беделін де арттыра түсті. Осындай елеулі оқиғалар арқылы əлем назары Ұлы Дала еліне бұрылатыны сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан халқы – бақытты қоғамда өмір сүріп отыр. Біз – бақытты елміз. Өйткені, біз – болашағымызға сенеміз. Біздің жастарымыздың озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктер берілген. Біз барлығымыз – бақытты мемлекеттің азаматтарымыз, ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің» перзентіміз. Терең мазмұнға ие осы құндылықтарды біз кейінгі ұрпақтың жүрегіне жеткізіп, ой-санасына сіңіруіміз қажет. Мемлекет ұстанған оңтайлы саясат барша қа зақстандықтардың, əсіресе, ауыл жастарының келешегіне үміт пен сенім ұялатты. Қазіргі уақытта ауыл жастары заманауи озық біліммен қаруланып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің беделді универси тет терінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған тамырынан нəр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен тəрбие бере алсақ, олар келешек те біздің ұлттық потенциалымыздың негізгі көрсеткіші болатыны даусыз. Сон дықтан, ауылда туып, ата-баба салтынан ажырамай, дəстүрімізді дəріптеп, құн дылықтарымызды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз. Ендеше, ата-бабаларымыздың санғасырлық арманын жүзеге асырған бүгінгі Тəуелсіз ұрпақ – Елбасы анықтап берген «Мəңгілік Ел» идеясы төңірегіне жұмылып, «Ұлы Дала елінің» жарқын болашағы үшін аянбауы тиіс деп есептеймін.

9 қазан 2015 жыл

Кїн тəртібінде – маѕызды мəселелер (Соңы. Басы 1-бетте). Бұдан басқа, заңдық құжатта рұқсат беру мен ескертулер, бағаны мемлекеттік реттеу, кəсіпкерлікке мемлекеттік бақылау мен қадағалау жəне өзге де шаралар қамтылып отыр. Кодекс жобасында түзетулердің үш блогы ұсынылса, соның бірінші – бағыты монополияға қарсы органның қызметін халықаралық стандарттарға сəйкес келтіру. Министр үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін жүргізудің кезең-кезеңімен күшін жою айқындалғандығымен де бөлісе кетті. Ал түзетулердің екінші блогы кəсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында бизнес-омбудсмен институтын нығайтуға арналыпты. Сонымен бірге, заң жобасымен Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қызметі жетілдіріліп, Мемлекет басшысының Қазақстан кəсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уəкілді лауазымға төрт жыл мерзімге тағайындау жəне лауазымынан босату жөніндегі құзыреті белгіленетіндігін де айта кету керек. Бұл ретте, түзетулердің үшінші блогы мониторинг жасау, нақты нəтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу, статистика жөніндегі уəкілетті органның қызметін жетілдіру сияқты тетіктермен толықтырылыпты. Сондай-ақ, кешегі отырыста Сенат «Ғылыми жəне (немесе) ғылымитехникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру туралы» заң жобасын қарады. Заңдық құжаттың мақсаты инновацияларды енгізудің деңгейін арттыру жəне жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Бұл үшін ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру көзделсе, оны мемлекеттік шаралар арқы лы ынталандыруды жүзеге асыру қарастырылған. Тарқатып айтқанда, бюджет қаражатынан коммерцияландыру жобаларының гранттық қаржыландырылуы көзделген. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, коммерцияландыру орталықтарының, ғылыми қызмет нəтижелерінің авторларын қолдау шаралары да назардан тыс қалмайтындығы белгілі болды. Тағы бір айта кетерлігі, өндіріске инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды

қаржыландыру тетіктері де қамтылады. Ғылыми гранттар мен бағдарламалардың құрылымын индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының қажеттіліктеріне қайта бағдарлау да қарастырылыпты. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповтің айтуынша, заң жобасының арқасында бизнеске отандық технологиялар мен зерттемелерді ынталандыру шаралары қамтылып отыр. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының инновациялық инфрақұрылымының аса маңызды буын ретіндегі рөлін күшейтуге баса назар аударылатын болады. Заң жобасы тиісті түзетулерімен қабылданғанын айта кету керек. Мəжіліс мақұлдаған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заң

екендігін көрсетіпті. Ал шаруа жəне фермерлер қожалықтары үлесінде – 31 пайызы болса, ауыл шаруашылығы кəсіпорындарына 23 пайызы тиесілі екен. А.Мамытбеков ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер кооперативке белсенді түрде бірікпей отырғандығына да назар аударта кетті. Оның басты себептері де аталды. «Бірінші – коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінде табысты бөлу мүмкіндігі жоқ. Екіншісі – шектен тыс нормативтік-құқықтық реттеу. Үшіншісі – су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері жəне ауыл шаруашылығы серіктестері үшін арнаулы салық режімі бар заңдағы жеңілдіктерді пайдалану мүмкін емес. Төртіншісі – кооператив-

жобасы да тиісті түзетулерімен қабылданды. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мəлім еткендей, 2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша республикамызда бар-жоғы үш мыңға жуық қана кооператив бар. Министр еліміздегі агроөнеркəсіп кешеніндегі проблемалардың бірі өндірістің ұсақ тауарлық сипатында болуынан деп түсіндіреді. Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлеміндегі шағын шаруашылық жүргізу нысандарының жоғары болуы осыны көрсетіп отыр. Статистика өткен жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 45,7 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда

тер қызметінің айқын еместігі, бір-біріне сенімсіздік, кооператив мүшелерінің алдау қаупі сияқты жағдайларды тудыруы мүмкін. Бесіншісі – ішкі рəсімдердің шектен тыс реттелуі. Алтыншы себеп, заңды тұлғалардың өндірістік кооперативтерге қазіргі жағдайда қатысуы мүмкін еместігі», – деді А.Мамытбеков. Оны шешудің жолдарын да министр санамалап өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы кооперативі мəртебесін коммерциялық разрядқа ауыстыру; ауыл шаруашылығы кооперативіндегі пайданы бөлу; кооперативтердің ревизиялық одақтарға мүшелікке өтуі; өз қатысушыларына тауарларды,

Жарќын болашаќтыѕ ќўрылысшыларымыз Жастар – келешектің қожасы, сондықтан, жастарға бүгін жасалған қызмет елдің болашағына деген үкілі үміті деу орынды. Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» деп айрықша атап өткенді. Осы ұстаным күні кеше елордада болып өткен «Мəңгілік Ел – болашағы біртұтас ел» тақырыбындағы республикалық патриоттар форумында да айқын көрінді. Ал «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы да осы бағыттағы жұмыстарға тың серпіліс берді. Бұл заңнамалық құжаттың мақсаты жастардың толыққанды рухани, мəдени дамуына, білім алып, мемлекет өміріне қатысуына мүмкіндік жасау болып табылады. Жастардың құқықтары мен заңды міндеттерін қорғау, оларды елдің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өміріне тарту, азаматтыққа тəрбиелеу, сондайақ, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту деп белгіленген заңда. Аталған заң жастар ұйымдары мен жастар бастамаларын қолдау, дамыту жəне жастармен мекенжайы бойынша жұмыс жүргізу мақсатында ресурстық орталықтардың, жастар саясатын жетілдіруге бағытталған консультативтік-кеңесші органдардың, білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарындағы жастардың өзін өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етеді. Заңның басты ерекшелігі – жастармен жұмыс жасайтын құзыретті органдардың қызметін нақтылап, жастардың білім, ғылым, денсаулық сақтау, еңбек, мəдениет, кəсіпкерлік, спорт, т.б. салаларда өзін өзі дамытуына ықпал етіп, мемлекеттік органдардың жастар ұйым дарымен ынтымақтаса жұмыс істеуін қамтамасыз етуінде. Статистикалық мəліметтерге сəйкес, облыс тұрғындарының 29 пайызын жастар құрайды. Оның шамамен 145 291-і қала, 88 454-і ауыл жастары. Жастар саясатын жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында барлық деңгейдегі əкімдіктер жанында жастар саясаты мен патриоттық тəрбие беру жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Кеңестер құрамында жастармен тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар басшылары, жас көшбасшылар, 29 жасқа дейінгі барлық деңгейдегі мəслихат депутаттары, ірі кəсіпорын жəне оқу орны басшылары, БАҚ өкілдері енгізілген. Елбасы тапсырмасымен кеңеске барлық деңгейдегі əкімдер төрағалық етеді.

Жастар саясатын жетілдіру, жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2014 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың барлық аудандарында жəне облыс орталығында жастармен жұмыс жөніндегі 13 ресурстық орталықтар құрылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда. Өңірдегі жастар саясатын қалыптастыру мақсатында аудан деңгейінде жастармен жұмыс жасайтын нұсқаушылар үшін штаттық бірліктер енгізілген болатын. Қазір 136 нұсқаушы қызмет етуде. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың жанында қызмет жасайтын ақпараттық-кеңес беру орталықтарына өткен жылы 3613 жас өтінішпен жолықты. Өтініштерді сараптау барысында басым бөлігі негізінен жұмыспен, тұрғын үймен қамту, жастардың демалысын тиімді ұйымдастыру, психологтың, заңгердің көмектері жəне жас отбасыларды қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалар сынды мəселелер екендігі байқалды. Бүгінде облыс бойынша 39 жастар ұйымы тіркелген. 22 ұйым облыс орталығында қызмет етсе, 17 ұйым облыс аудандарында құрылған. Ең белсенді жастар ұйымы ретінде «Атамекен» студенттік жасақтарының жастар қоғамдық бірлестігін (ЖҚБ), «Жас қыран» ЖҚБ-ны, «Ақтөбе дамуы» ЖҚБ-ны атап өтуге болады. Жастар саясатын қолдаудың бірденбір тетігі – мемлекеттік əлеуметтік тап сырыс аясында жастар арасында са ламатты өмір салтын насихаттау, жастарды патриоттық бағытта тəрбиелеу, еріктілік қозғалысын дамыту, ауыл жəне жұмысшы жастардың бастамаларын қолдау ыңғайындағы барлығы 35 əлеуметтік-маңызды жоба іске асы ры лып, оның 22-сі аудандарда жүзеге асты. Жыл сайын облыстағы жастар саясатының жүзеге асырылуына əлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, бары сында «Жастар жəне саясат», «Жастар жəне дін», «Жастар жəне патриотизм», нашақорлық, құқық бұзушылық жəне т.б. қазіргі таңдағы өзекті

мəселелер қамтылып, облыс жастарының көзқарасы анықталған болатын. Əлеуметтік зерттеулер нəтижесі көрсеткеніндей, облыс жастары өңірдегі саяси жағдай мен өздерінің өмірлік ұстанымдарын оң бағалайды. Басым бөлігі өздерінің заңды əлеуметтік, азаматтық жəне саяси құқықтары нық анықталған деп есептейді. Жастардың азаматтық белсенділігі үкіметтік емес жастар ұйымдарының қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда облыстағы жоғары оқу орындарында, техникалық жəне кəсіптік білім беру мекемелері мен ірі кəсіпорындарда 44 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді. Өңірдегі 7 жоғары оқу орнында 22 147 студент білім алуда. Жоғары оқу орындарында білім алушы студенттің 6 580-і мемлекеттік тапсырыс бойынша, ал 15 567-сі ақылы негізде оқиды. 2006 жылдан бастап облыста болашағынан үміт күттіретін талантты жастар өкілдеріне, жас ғалымдарға, студенттерге, мүгедек жəне аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында стипендия беру, гранттар бөлу жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы ЖОО жəне ТжКБМ-нің 297 студентіне облыс əкімінің стипендиясы табыс етілді. Жастардың бастамаларымен жəне қалалық мəслихат депутаттарының қолдауымен жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүреді. Жоғары оқу орындары жатақханалармен қамтылған. Білім ұйымдарының барлық жатақханаларында студенттер үшін жағдайлар жасалған. Басқарма тарапынан ЖОО бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы

жұмыстар мен қызметтерді өзіндік құны бойынша өткізу қағидатын енгізу; өзара қарым-қатынасты реттеуде диспозивті нормаларды қолдануды шектен тыс нақтылауды алып тастау; кооперативтердің жыл сайынғы ішкі аудитін жүргізу жəне бір қатысушы – бір дауыс қағидатының енгізілуі. Сондай-ақ, кеше «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев заң жобасының мақсаты – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру тетігін енгізу арқылы оларды тиімді əрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету екендігін ерекше атап кетті. «Қазіргі күні еліміздегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 97,4 млн. гектары немесе 98,8 пайызы ұзақ мерзімді жалдауда болса, тек 1,2 пайызы ғана жекеменшікте. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер нарықтық айналымға тартылмаған күйінде қалып отыр», деді Е.Досаев. Жерлерді жекеменшікке табыстаудың жаңа тетіктерін енгізу қарастырылса, ауыл шаруашылығы мақсатында жерді тиімді пайдалану үшін оны аукцион арқылы жекеменшікке сату көзделіп отырғандығы да ерекше аталды. Осылайша, мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларына жекеменшіктік құқықпен аукцион арқылы берілетін болады. Сонымен қатар, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты əлеуметтік қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдауды ұйғарды. Мұнда баса атап кетерлігі, ана мен баланы қолдау жөніндегі шаралар кешенін күшейту мақсатында «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I жəне II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға арналған арнаулы мемлекеттік жəрдемақы көп балалы аналарға арналған жəрдемақыға өзгертілетіндігі. Аталған өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілмек. Басқа заңдық құжаттар бойынша да тиісті шешімдер шығарылды.

бойынша мониторинг жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Пре зидентінің 2005 жылғы Жолдауы аясында «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Атамекен» студенттік жасақтарының жастар қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Сол жылдан бастап қоғамдық бірлестік жастардың жазғы маусымдағы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған Студенттік құрылыс жəне «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының жұмысын ұйымдастырып келеді. Алғашқы жылдары жазғы еңбек маусымында жоғары оқу орындарының студенттері жұмыс жасады, одан кейін қатысушылар саны колледж студенттерімен толықты. Ал 2013 жылдан бастап ауыл жəне жұмыссыз жастарға көңіл аударыла бастады. Жазғы маусымда оқу орындарының студенттері, ауыл, жұмыссыз жастар жəне жасөспірімдер үйінің тəрбиеленушілері қатарынан жұмыс жасаған 2 585 жастың 588-і жұмыссыз жастар. Еңбек маусымын ұйымдастыруда белсенділік танытқан үздік мекемелер марапатталып, үздік 100 жас Астана қаласына жолдамамен барып қайтты. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға Елбасы тапсырмасымен «Жас маман» мəртебесінің енгізілуінің өзі – Елбасымыздың жастарға деген сенімінің зор екендігін айта кеткен жөн. Ауыл мəртебесін көтеруге бағытталған «Дипломмен – ауылға!» республикалық жобасы аясында 2,5 мыңға жуық жас маман жұмысқа орналасты. Жастардың жұмыспен қамтылуы да бірден-бір өзекті мəселе болуда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында облыста 8 787 жас жəне жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың ықпал етуімен 189 ауыл жасы жұмысқа орналастырылды. Ақтөбе облысының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша, облыстағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,6 пайызды құрайды. Өткен жылы жастар арасында мəдени, қоғамдық, саяси, танымдық мақ саттағы ұйымдастырылған 800ден астам іс-шаралармен 110 000 жас қамтылды. Оның ішінде, «Көмек қолын соз» еріктілер акциясын, Ұлт тық Дельфий ойындарын, жас кəсіпкерлердің I республикалық бизнес-форумын, жас ғалымдар мен мамандардың «Жас ғалым» байқауын, оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің республикалық слетін, «Ұлттық құндылығымыз – басты тірегіміз» жəне «Жастар – жарқын болашақ жолында» атты облыстық жастар форумдарын атап өтуге болады. Дариға ИСМАҒАМБЕТОВА, Ақтөбе облысының жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы.


www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

«Əуезов «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған Сүйінбай мен Горький «ХХ ғасырдың Гомері» деп атаған Жамбыл бар қазақтың мақтанышы екенін айтудың өзі артық шығар». Н.НАЗАРБАЕВ («Өмір өткелдері» кітабынан. Астана: «Фолиант», 2015 ж.).

Ел болып Қазақ хандығының 550 жылдығын атау үстіндеміз. Хандық дəуірде өмір сүрген азулы ақындар қазақта аз болмаған. Олардың да бұрын ескерілмей келген қырын жазу ісінде де тың ізденістер молынан. Иə, бүгінгі еліміздің егемендігі мен жаңарған қоғамның рухани-мəдени өмірімізге қойып отырған биік талабы бұрындары кеңестік идеология ыңғайына қарай əдейі бұрмаланып келген бірқатар ұлттық құндылықтарымызды, мəдени мұраларымызды зерттеуді, талдауды жаңа заман өркениетіне сəйкес жаңаша таразылауды қажет етеді. Мұның Сүйінбай ақын шы ғармашылығына да қатысы бар. Өйткені, көптеген тарихиəдеби құндылықтарымыз секілді жыр сүлейі Сүйінбайдың өмір деректері мен шығармашылығы да осы бүгінге дейін сол баяғы теріс көзқарас, коммунистік идеология тұрғысынан сараланып келгені мəлім. Мəселен, Сүйінбай Аронұлы ның ақындығы мен өлеңжырларын білгенімен, халық оның өзінің отыз жылға тарта ел билігіне араласып, жер-су, мал-мүлік, халықтық əдет-ғұрып дауына төрелік айтқаны, тұрмыстық-азаматтық, əскери-қылмыстық, елшілік-мəмілегерлік, бітімгершілік істерге байланысты шығарған биліктері туралы əлі күнге дейін жетік біле бермейді. Шын мəнінде Сүйінбай – аузы дуалы, сөзі уəлі, қара қылды қақ жарған турашыл би болған кісі. Ол шығарған шешімдер мен ол айтқан билік өз заманында жұрттың көкейінен шығып, үлкен абыройбеделге ие болғаны да енді-енді белгілі болып жатыр. Бұған ақын өмірбаянына қатысты соңғы табылған мұрағат деректері, шығармаларындағы ордалы ой орамдары, билік шешімдері мен қалың жиындарда айтқан тоқтам-төреліктері дəлел бола алады. Айталық, соның бір үлгісін онымен қатар өскен үзеңгілес жолдасы Сарыбай би Айдосұлы өмірден өткенде інісі Саржанға көңіл айтуынан байқауға болады: «Аққу ұшса, көлге кетеді, Көпір бұзылса, селге кетеді. Мал-жан біткен бəрі де, Өсіп-өнген жерге кетеді. Қиындық басыңа түсті, Көтерер мойны күшті. Бұрын нар едің, енді – Ағаңның орнына піл болдың. Халқыңның күні саған түсті. Əділетті жан болып, Басқара бер, Басыңа салған істі». Ақынның бұл көңіл айтуы дидактикалық-танымдық мəні жоғары, халқымыздың ұлттық салтдəстүрі мен дүниетанымының, елдік рухының өнегелі үлгісі, сайын дала даналығы мен шешендік

өнердің ғибратты көрінісі, жарқын мысалы болып табылады. Мұның түп-тамырында халық мүддесі, жергілікті елдің жайын ойлау, елге деген жанашырлық сезім жатыр. Өйткені, Саржан Айдосұлы да ағалары секілді ШапыраштыЕкей болыстығында ауылнай, болыс, би болған Жетісу аймағына əйгілі тұлға еді. Қалың қазақ елі ол тұста екі үлкен империяның – Қоқан хандығы мен одан кейін Ресей отаршылдарының зорлықзомбылығын бастан ке шірген. Жергілікті атқамінерлер хандық билік өкілдері мен отаршыл патша ұлықтарының сойылын соғып, елдің қолындағы малын, шұрайлы жерін талан-тараж етті, халықты қан қақсатты.

ұлысының жауынгерлері тізе қосып ортақ жау – отаршылдарға қарсы азаттық үшін соғысқаны, кейде діндес, түбі бір түркі тілдес халықтардың ғазауат соғысы болғаны көптеген көне əдебимəдени мұраларда, жыр-дастандарда жан-жақты баяндалады. Сондықтан, оны көрер көз керек. Осы ретте 1860 жылдың күзінде Алматы түбіндегі Ұзынағаш соғысында, Қарақастек өзенінің бойында Қоқан хандығына қараған барша түркі жұртының өкілдерінен, жалдамалы парсы жауынгерлерінен құралған (ресми мəлімет бойынша 40 мыңнан астам) құрама əскерлердің подполковник Г.А.Колпаковский басқарған отаршылдармен қиян-

Ќараорман халќыныѕ сґзін сґйлеген... Əбілхан ҚАЗТЕЕВ. «Сүйінбайдый суреті».

Бақтияр СМАНОВ,

ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Бұл жайында ақын «Ту алып жауға шықсаң сен» атты толғауында: «Қоқанның қолы көп болды, Жетісуда жатқалы, Бар жақсыны талап жеп, Сүбеңе қолы батқалы. Бейсенбі күні бесінде, Ғизрат күні кешінде, Қордайдың биік төсінде Қоқанның ханы Құдияр, Зорлық қып алған көп малды Əндіжанға айдатты. Қол-аяғын кісендеп, Көнбеген ерді байлатты, Қауызын əлі жармаған, Сұлуларды зорлапты. Араша тұрар пенде жоқ, Еліңді сөйтіп қорлапты», – деп Қоқан хандығы дəуіріндегі өмір шындығын, қалың елге жасалған қиянатты, озбырлықты көркем суреттейді. Осы орайда мына мəселеге де назар аударған орынды. Кейбір зерттеушілер Қоқан билігінің шектен шыққан əділетсіздіктерін, неше түрлі айуандықтарын айтумен ғана шектеліп, Ресей империясының отарлау саясатын, жергілікті халыққа жасаған зорлық-зомбылығын, елімізді аяусыз қантөгіспен жаулап алған қанқұйлы əрекетін ауыз ға ала бермейді. «Көрмес – түйені көрмес» демекші, кейде ке рісінше отаршылдардың басқыншылығын бүркемелеп, оларды дəп бір біздің елді қоқандықтардан азат етушілер, тіпті одақтастар, жарылқаушылар ретінде дə ріптейді. Бұл да, құдайшылығын айтқанда, ақиқатқа сай келмейді. Шындығында Түркістан өлке сін мекендеген бүкіл түркі

кескі шайқасқанын еске түсірсек те жеткілікті. Бұл соғыс төл тарихымызда əйгілі «Ұзынағаш шайқасы» деген атпен таңбаланып қалды. Бұл жылдары Сүйінбай ауылнай қызметінде ел билігіне араласа бастаған, қырықтың қырқасынан асқан жігіт ағасы. Оның елдің қоғамдық-саяси, рухани-мə дени өміріндегі орын алған жағдайлардың бəрін өз көзімен көріп, сол заман оқиғаларының қайнаған ортасында жүрген, одан ой түйген кезі. Өз ғұмырының осы кезеңі ту ралы: «Азып-тозған ауылым, Атқарып өмір дауылын, Көтердіңдер қайыспай, Азаптың та лай ауырын! Азаттық құсы ұс татпай, Сипатпады сауырын. Күні дағы күн емес, Сөзі дағы сөз емес, Кедей менен жарлының! Бай-манаптар байпаңдап, Қамын ойлап қарынның, Қоқанға елін сатып жүр, Билерді құдай атып жүр, Старшын, песір, ауылнай, Пайдаға мүлдем батып жүр», – деп ақын Қоқан хандығы мен орыс ұлықтарының жергілікті ұлтқа жасаған зорлық-зомбылықтарын ашына жырлады. Мұрағат деректеріне сүйенсек, Сүйінбай ақын өз ауылында алты жыл ауылнай болып жұмыс істеген соң, 1871 жылдан бастап, табаны күректей 24 жыл үзіліссіз Ұзынағаш болыстығындағы №2 əкімшілік ауылының биі болып қызмет етіпті. Көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Нəзір Төреқұлов айтқандай ол тұста: «...бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, милицияның да, қаншама мекеме,

ұйым-басшыларының да қызметін атқарып келген...» Осы жылдары Сүйінбай тек Ұзынағаш өңірінде ғана емес, тіпті Жетісу өлкесіндегі, бірқатар қазақ-қырғыз жеріндегі құқықтықəлеуметтік, саяси-қоғамдық, тұрмыстық-шаруашылық мəселелерге етене араласып, елдің есесін қайтарды, халықтың несібесін арашалады. Мұнда қайраткер ақын өз бойындағы қарым-қабілет, ақыл-парасат, ислам заңдары мен шариғат үкімдерін, табиғи талант пен туа біткен дара дарынын, «от ауызды, орақ тілді» асқан ше шендік өнерін ел қызметіне ұтымды пайдаланды. Сондайақ, оның «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «əз Тəукенің Жеті Жарғысы» сынды дала қағидаттарын, əз Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Əйтеке бидің өнегелі дəстүрлерінен құралған ұлттық заңнамаларды жетік білуі де үлкен рөл атқарды. Сондықтан, өз мүмкіндігіне сенімді болған ақынның ел арасындағы беделі аса жоғары, абыройы асқақ, мерейі үстем еді. Мəселен, ол жайт мына өлең жолдарынан айқын байқалады: «Ашулансаң хан-сұлтан, Өлтірерсің Сүйінді. Сүйінбай ақын өлген соң, Көрерсің, төре, қиынды. Қаһарланса қалың ел, Шығармай ма миыңды?! Бет-аузыңды қан қылып, Бермей ме сөйтіп сыйыңды», – дейді Тезек төреге арнаған «Зар жылатып момынды» атты өлеңінде. Бұл үзіндіден қара орман халқының сөзін сөйлеген, қалың

елдің қамын ойлаған ақиық ақынның кескін-келбетін, өр тұлғасын танимыз. Жергілікті елдің ең ықпалды адамы саналған жыр жампозы шы ғармашылығының біраз бөлігі Аға сұлтан Тезек төреге байланысты туған. Ақын ел билеуші төренің бет-жүзіне, атақабыройына, мақсат-мүддесі мен биік мəртебесіне қарамай турасын айтқан. Ақынның айтқан сын-ескертпелерін, ұсыныс-тілектерін Тезек төре де түсіністікпен қабылдаған, оның сөзіне құлақ асқан, өзімен жақсы араласып, оны қадірлеген. Ол əділ айтылған сынға, тура сөзге тоқтаған. Төренің өрнекті өлеңге қара жаяу еместігін Сүйінбаймен айтысындағы: «Жақсы ақын үйге келсе, қыдыр-ырыс, Айтқаны Сүйінбайдың бəрі дұрыс. Көргенді не болса да бетке айтатын, Адамнан сирек туар мұндай туыс», – деген жыр жолдарынан аңғарамыз. Бұл айтыстан Тезек сұлтанның өлең сөзді кестесімен əдіптеп жауап қайтара алатындай ақынжанды ақыл иесі екеніне де куə боламыз. Жалпы, Тезек сұлтанның өмір тарихына зер салсақ, оның өз тұсында осал адам болмағаны байқалады. Ол – орыс императоры ІІАлександрдың Жетісу өлкесіндегі сенімді өкілі болған. Ресей империясына адал қызметі үшін Тезек төре талай рет патшадан сый-сияпат, шен-шекпен, атақмансап алған. Қоқан хандығымен соғыста басқыншыларға жергілікті

халықтан жасақ жинап беріп, ақшалай-малдай көмек көрсеткені, сондағы айрықша қызметі үшін Тезек төре 1863 жылы 3 мамырда полковник шеніне ие болған, 1864 жылы 29 қарашада алтын қылышпен, ал 1866 жылы екінші мəртебелі Станислав орденімен марапатталған. Ол жөнінде Тезек сұлтан өмірден озғанда «Түркістан уəлаятының газеті» (1 қыркүйек 1879 ж. №21 саны, 1-бет) қазанама жариялап, онда: «...Осы жыл саратан айында Қапал қаласына жақын жерде тұратұғын Тезек Нұралы баласы Абылайханов дүниеден өтіпті. Бұл Тезек сұлтан Ұлы жүзде болған Абылай хан руынан екен. 1847 жылда Тезек сұлтан орысқа қараған соң, аға сұлтан болып қызмет қылыпты. Аға сұлтан қызметі біткенше бұл орында тұрыпты. Тезек сұлтан орысқа қа раған соң-ақ жақсы қызмет көрсетіп, шын көңілмен таза қыз мет қылыпты жəне қызметіне жараса патшалықтан əр жылы наград тиген екен», – деп төренің патша өкіметіне жантəнімен беріле қызмет еткенін баяндайды. Күрескер ақын жастық шағынан бастап ғұмырының соңына дейін туған халқының жақсы өмір сүруі мен тұрмыс-тіршілігінің өркендеуіне, елдің береке-бірлігі мен өсіп-нығаюына жан аямай еңбек сіңірген қажымас қайраткер тұлға болғанын бағамдаймыз. Ол халықтың ынтымағы мен ішкі тұтастығына, еркіндігі мен бос тандығына қауіп төндіретін қиянатқа, қатыгездік пен жауыздыққа, зорлық-зомбылыққа, əділетсіздікке отты жырларымен де, қызмет бабындағы іс-əрекетімен де қарсы күрескен. Жыр сүлейі сол замандағы қоғамдық құрылыс тудырған таптық қайшылықтарды, əлдінің – əлсізге, байдың – кедейге, бардың жоқ-жітікке жасаған қиянаттарын, əлеуметтік теңсіздік орын алған заманның ішкі-сыртқы тартыстарын қатал сынға алып əшкерелейді. Бұл ретте қазақ қоғамын жегіқұрттай ішінен ірітіп отырған Қоқан хандығы мен одан кейінгі Ресей отаршылдарының ұлықтарына арқа сүйеген жергілікті билік өкілдерінің – төредатқалар мен би-болыстардың, қожа-молдалардың зымияндық əрекеттерін өткір сынға алады. «Заманында датқалар, Ұрты кеуіп мақтанар. Пайда тапса дау-шардан, Шоқтығына дақ салар. Елге жақпас қылығы, Бұл заманның ұлығы. Параменен мал жиып, Бойынан асқан былығы. Оязға қайтсем жағам деп, Үзілер болды жұлыны, – дейді ақын «Датқаларға» атты толғауында. Дарынды ақын халықтың жоғын жоқтаған исі қазаққа əйгілі ардагер азаматтардың, ба һадүр батырлардың аттарын атап, олардың жанқиярлық ерлік істерін, қайсарлығын, еліне деген жанашырлығын, ерекше қамқорлығын дəріптеп, үлгі-өнеге етеді. Сүйінбайдың ер Сыпатай асындағы айтысынан осы айтылған жайларды айқын аңғаруға болады. Майлықожамен айтысында Сыпатайға көңіл айтудан бастаған Сүйінбай: «Сексен беске жеткенде, дəу Сыпат ай бұл дүниеден өткенде», деп толғап алып, Сыпатай батырдың Ысырапыл, Ноғай, Пірім құл атты ұрпақтары Қоқан хандығына қарайтын барша елді асқа шақырып, 40 жігіт хабаршы жібергенін, оған қазақ жұртынан Тезек төре, Атамқұл,

7 Жайнақ, Тазабек, Естемес, Шаншар, Сеңкібай, Шойбек, Таңсық, Қожмамбет, Жаңабай, Сəм бет, Тілеуберді, Құдайберген майыр, Сыйқымбай, Əйтпен, қырғыздан – Садыр, қаработадан – Нəдір, сарыбағыштан – Ниязбек, Үмбетəлі, Шарғын, хан Жантай Қарабекұлы сияқты белгілі адамдар шақырылғанын жеткізеді. «Екі кісі жіберді, Шапырашты еліне. Екі кісі шаптырды, Ыстының жеке Шоқай бегіне. Екі кісі жіберді, Қаңлы, Шанышқылы еліне. Дұғай сəлем жіберді, Молда Қошық бегіне,– деп жыр төгеді. Мұндағы аты аталған екі кісі де Оңтүстік өлке, қала берді бүкіл исі қазаққа мəлім адамдар. Ел қамын ойлаған Сүйінбай ақын «Замананың əдісі» атты өлеңінде өткінші өмірдің өзіне бұйырған тағдыр-талайын, замананың құбылып тұратынын, Алланың жұмыр басты пендесі ал дындағысын болжай алмайтынын, оның əдісін меңгеру мүмкін еместігін ескертеді. «Көп жиылған тойларда, Естілді жұртқа дауысым. Аттағаннан ары асқан – Сүйем менен қарысым. Жат болмаған жатырқап, Жақын менен алысым. Үш дуанның жақсысы, Болып еді танысым. Толғаулы сөздің топтағы, Аңғарушы едім мəнісін. Тасыған көңілім басылды, Түгел білдім деп жүрсем, Замананың əдісін», – дейді ақын өлеңінде. Сүйінбай заманындағы қазақ қауымында билердің беделі хантөрелер мен басқа да билік өкілдерінен жоғары тұрған кездер де болған. Сондықтан, бүкіл ел «Би – ханның қазығы, бұқара жұрттың азығы» деп билерді арқа тұтқан, оларға сенім артқан. Халқымыздың «Елге бай құт емес, би құт» дейтін даналығы да содан қалған əңгіме. Сүйінбай – ауылнай, би ретінде қоғамдық-əлеуметтік, əкімшілікбасқару істеріне белсене араласып, ел қамын жеген қайраткерлігіне қоса, суырыпсалма ақындық өнерді қатар ұштастырған ерекше дарын иесі. Ол халықтың бел ортасында жүріп, өз заманының қым-қиғаш оқиғаларын шебер суреттейді. Оған оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Қарасай батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Зар жылатып момынды» секілді кең тынысты жыр-толғаулары мен «Датқаларға», «Болмайсың жайлап айтсам», «Не күн туды басыңа?», «Азаттық құсы ұстатпай», «Үмбетəліге», «Төрт биге», «Мақсұтқа», «Қасымға», «Болыстарға баға» сынды көптеген өлеңдері мысал бола алады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, өмірі өнегелі жыр дүлдүлі шығармашылығының алтын арқауы – ұлттық идея, елдік мұрат, халықтық мүдде, мемлекетшілдік ойлау, ұлттар арасындағы ынтымақты, берекебірлікті, достық-туысқандық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету. Ұлы ақын бұлай ой ла мауға амалы жоқ еді. Бұл мəжбүрліктен туындаған ой əрі оған өмірлік қажеттілік те болды. Қалай дегенде де, əйгілі ақын шығармашылығының айтар ойы, көтерген мəселелері Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың бүгінгі ұсынып отырған «Мəңгілік Ел» жалпықазақстандық ор тақ шаңырағымыздың ұлттық идеясымен, бұрынғы өткен бабаларымыздың асыл арманымен үн дес, мазмұндас, сабақтас келеді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫ Ўлттыќ инновациялар байќауы басталды Инвестициялар жəне даму министрлігі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік жəне Қазақстандағы British Councilдің ұйымдастыруымен Ұлттық инновациялар байқауы басталды. Байқауға мектеп оқушыларынан бастап ірі кəсіпорындарға дейін түрлі санаттағы өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады. Байқау бес аталым бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық

шеші мі», «Кəсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақыры бын дағы үздік журналистік материал». Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас

ғалымдар Ұлыбританияға бі лім бе ру бағытындағы сапарға бару мүмкіндігіне ие болады. «Үздік жас ғалым» аталымындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық ғалымдар байқауында ел атынан сынға түседі. Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-тың ресми сайтында www.natd.gov. kz онлайн қабылданады, оқушылар өз өтінімдерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жолдай алады.

АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ АЭА WWW.SEZ.KZ АЭА-НЫҢ САЛАЛЫҚ БАҒЫТЫ: ӨҢІРІ:

металл өңдеу, прибор жасау Ақтау қаласы

ШЫҒАРЫЛАТЫН ӨНІМ:

металл құрылғылар, болат, шыны талшықты, полиэтилен, предизоляцияланған құбырлар, ірі қиыршықты және ұсақ қиыршықты асфальт-бетон

ИНВЕСТИЦИЯЛАР: МЛРД. ТЕҢГЕ:

АУМАҚТЫ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ТОЛТЫРУ: №1 субаймақ

мемлекеттен

қатысушылардан

ИГЕРІЛГЕН ЖОБАЛАР САНЫ:

№3 субаймақ

№2 және 4 субаймақтар: ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде №2 және 4 субаймақтар: жобалау жұмыстары №2 және 4 іске қосылғаннан кейін басталады


8

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

 Тағзым

«Мені де еске алатын табылар жан...» Ғабит ТҰЯҚБАЕВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.

Сөз өнерінің тізгінін ұстаған ақын атаулының арманы – жауһар жырының өлмеуі, сөз ұғар, оның парқын білер ұрпағының болуы. Ұлы Абайдың да, Сыр сүлейлері Балқы Базар мен Тұрмағамбеттің де шығармашылық ғұмырындағы бар арман-тілегі осы. Халық поэзиясы атты əдебиет айдынында өзіндік өрнек танытып, із қалдырған ақын, əнші, композитор Нартай да: Мені де еске алатын табылар жан, Егер де табылмаса қалар маржан. Артымда өлең, əнім өлмей қалса, Мен де бір жан болармын бағы жанған,– деп, өзінің көңіл түкпіріндегі үмітін, күдігін, арманын, сенімін сөз ұғар пендеге аманат етеді. Ақынның күдігін үмітінің жеңгеніне, арманының орындалғанына, сенімінің ақталғанына куə болып отырмыз бүгін. Əн мен жырдың бесігіне айналған, қазаққа талантты өнерпаздар сыйлаған қасиетті топырақ – Сыр өңірі өз перзентінің 125 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Ұлттық тарихымызда, рухани өмірімізде орны бар тұлғалар атаусыз қалып жатқан жоқ. Мерейлі мерекелерінде ат шаптырып, той жасап, ас беріп дегендей, кейінгі ұрпақ өз борыштарын өтеуде. Осының бəрі ел тəуелсіздігінің, өз тарихымызға азат ой биігінен қарай алу бақытына ие болғандығымыздың арқасы. Дей тұрғанмен, артына тірі сөз қалдырған ақын тойының орны бөлек. Оның шығармашылық мұрасы туралы сөз ету, пікір білдіру абзал. Өнерін өміріне балаған сөз зергерлерінің рухы риза болар ізгі істің бірі де осы. Туғанына 125 жыл толып отырған Нартай Бекежанұлының шығармашылығы туралы хал-қадерімізше пікір білдіруді біз де мақсат тұттық. Қандай да бір ақын болмасын оны өзі өмір сүрген ақындық ортадан жəне сол ортаға тəн дəстүрден, сол өңірдегі əдеби үдерістен тыс қарастыра алмасымыз анық. Ақын шығармашылығы туралы пікір айтуда ақындық орта дəстүрінің де, əдеби процестің де алар орны ерекше. Өйткені, ақын шығармашылығы белгілі бір əдеби ортада туып, қалыптасып, шыңдалу жолынан өтеді. Ол қалай болғанда да осы əдеби мектептен үйренеді, үлгі алады, бара-бара сол дəстүрді жалғастырушы, дамытушы болады. Сыр өңіріндегі əдеби дамудың терең тамырына көз жіберсек, ол – қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар мен ұлыстардан ұрпақ арқылы жалғасып жеткен рухани мол мұраға, оның бастау кезеңі – ұлы бабамыз Қорқыт ғұмыр кешкен VІІІ-ІХ ғасырларға барып тірелері анық. Табиғаттың, генетиканың заңын зерттеуші ғалымдардың айтуына қарағанда, ұлттың рухани тынығатын кезі де, керісінше, рухани дамудың айрықша кезеңі де болады. Қазақ əдебиетінің осындай кезеңі болып ХІХ ғасыр есептеледі. Əдеби дамуымыздағы осы құбылыс Сыр бойында ерекше байқалды жəне Сыр сүлейлері деп аталатын бір шоғыр өзіндік дəстүрімен дараланды. Осы өңірге тəн əдеби мектеп қалыптастырды. Ешнияз сал, Балқы Базар, Əзілкеш Шымырұлы, Қарасақал Ерімбет, Бұдабай Қабылұлы, Дүр Оңғар, Құлан Алдабергенұлы, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Керейт Даңмұрын, Қаңлы Жүсіп пен Нұртуған, Шəді Сеңгірбайұлы, Тұрмағамбет, Ыспан Сүлейменұлы, Кете Аманжол, т.б. Сыр бойының ақындық мектебінің негізін қалаушылар еді. Нартай Бекежанұлы осы əдеби мектептің ірі өкілдерінің бірі, осы ақындық орта дəстүрінде қалыптасты, шыңдалды, жалғастырушы болды. Нартай дəстүрді жалғастырып қана қойған жоқ, жаңартты, жаңғыртты. Өзіндік өрнек қалдырды. Оның шығармашылығы – халық поэзиясының дара құбылыстарының бірі. Ақын-əнші, композитор Нартай Біржан сал мен Ақан серінің, Үкілі Ыбырай мен Əсеттің жолын жалғап əн-өлеңдерді өмірге əкелді. Əнші-ақындар шығармашылығының ерекше дамыған кезі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Қазақстанның əр аймағынан шыққан өнерпаздар ақындықəншілік мектептерін, орта дəстүрін қалыптастырды. Олардың ақындық дарынымен қоса тыңдаушысын арбап алатын сазы, құдіретті даусы болды. Арқадағы үлкен əншілік орта Біржан сал, Батыс Қазақстандағы əншілік мектеп Мұхит атымен, Сыр бойындағы гармонмен айтылатын бір мақам дəстүрі Нартай есімімен байланысты. Ел аузындағы естеліктердің бірінде Нартайдың бала кезінде ұйықтап жатып та өлең айтатындығы туралы дерек бар. Бұл əрине, асыра мақтау, артық айту емес, дарынды өнер иелеріне табиғаттың берген бір сыйы. Тумысынан дарынды бала Нартайдың қолына сырнай ұстап, ерекше өнер жолына түсуіне Арқаның өнерпазы Тайжан ақынның əсері мол болғандығын көреміз. Аралап Сыр бойында серуен еттім, Əн шырқап жырдан талай көш жөнелттім. Арқадан Сыр еліне ескерткіш деп, Əнімді мен Нартайға тастап кеттім,– деген

Тайжан ақынның сөзі Нартайдың болашағына деген сенімді, өлең өнерін аманат еткендігін көрсетеді. Бірақ, Нартай бұл өнерді де өз бетінше дамытады. Тек қайталаушы емес, өзіндік дəстүр жасап, мектеп қалыптастыра білді. Сыр бойында «Ешнияз сал сазы», «Жиенбай жырау мақамы», «Молдахмет сазы», «Тасбергеннің маңырамасы», «Көшеней мақамы» сияқты бірнеше орындаушылық дəстүр мектебі бар. Мұндай жыр түрлерінің тамыры тереңнен бастау алады. Əсіресе, көмекейден айтылатын мақам Сыр өңірін тұтастай қамтымай, Қармақшы өңіріне тəн музыкалық құбылыс ретінде сақталып қалған. Ғалым Р.Бердібаевтың Сыр сүлейлерінің орындаушылық өнеріне байланысты: «…Сонау шығыстағы алтайлықтар мен Орталық Азиядағы түрікменнің кейбір əуендік ерекшеліктері Сыр бойының терме ырғақтарына ұқсас шығуы осыны дəлелдейді», – деген пікірінің ғылыми негізінің жоғарылығын айта кетуіміз керек. Арқаның сал-серілік орындаушылық мектебі мен Сыр сүлейлерінің орындаушылық өнерінің арасынан өзіндік дара дəстүр қалыптастырған Нартайдың əндері сырнай сазына бейімделген. Ең бастысы, өзінің əн-өлеңдерінің табиғатына да осы қасиетті сіңіре отырып, биік шырқай ай тылатын, тыңдаушының жан-жүрегіне жететін, құлақ құрышын қандыратын өнер жасай алды. Оның «Нартайдың əні», «Алтын көкем», «Толқын», «Бауырласқа», «Ахау, жалған», «Агигай», «Бейбітшілік», «Соңғы терме» сияқты əн-өлеңдері қазақ музыка өнері мен халық поэзиясының алтын қорына енді. Сыр бойындағы ақындық мектептің басты ерекшеліктерінің бірі – суырыпсалмалық өнер мен жазба əдебиеттің тізгінін тең ұстауында. Бұл көп жағдайда Сыр сүлейлерінің термежыр орындауының, өздерінің ақындық өнерін сол бағытта дамытуының əсері болса, екінші жағынан синкретті жанр – айтыс өнерімен біте қайнасып жатыр. Нартай өз шығармашылығында осы екі қасиетті бірдей ұстап қалған өнерпаз. Ақынның: «Менің ақындығым сол көпшілікті сүйеді. Қолыма сырнайды алғанда, біреу өзіме тиіп сөйлесе, айтқан сөзім күшті болып шығады»,– деуінің сыры да осында болса керек.

Нартай Досмұхамед КІШІБЕКОВ, академик.

Нартай ақын Жамбыл сияқты жыраулардың соңғы өкілі еді. Бір өзінде табиғат берген бірнеше қымбат қасиет болды. Бірі – оның суырыпсалма ақындығы. Екіншісі – сазгерлігі. Үшіншісі – сырнаймен сүйемелдеп айтатын орындаушылық қасиеті. Нартай əндері ерекше, басқаларда жоқ, елді тартатын, тыңдаушысына дауысы жайлы, əрі ғанибетті ерекше əсер беретін еді. Жамбыл атамыз айтқандай: «Ақын Нартай, жез таңдай» адам-тын. Мен бұл өнер иесін бала кезімде көрген, тыңдаған болатынмын. Ол орта бойлы, сəл толықтау, кең жазық маңдайлы, екі көзі нұрлы, əдемі қара мұрты өңіне сəн беріп тұратын. Мен Нартайды Жамбыл сияқты сырт бейнесі арқылы да өз заманының қадірлісі дер едім. Өйткені, олар шығармашылық адамдары. Оның үстіне Нартай жай ақын емес, əнімен халыққа рух беретін, елді бірлікке, еңбекке жұмылдыра білетін қайраткер еді. Ол аймақтық қана емес, бүкіл Қазақстанға белгілі ақындардың бірі-тін. Президентіміз Н.Ə.Назарбаев айтады: «Қазақ тарихында біз ұялатын еш нəрсе

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы əдеби үдерісте кең көрінген жанрдың бірі – жазбаша айтысу дəстүрі. Ол Сыр сүлейлері шығармашылығында ерекше сипатқа ие болды. Шынында да Сыр сүлейлерінің жазбаша айтысқа қатыспағаны кемдекем, тіптен, жоқ десек те болады. Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп пен Керейт Даңмұрын, Қаңлы Жүсіп пен Қаражанның Төлегені, Шəкей сал мен алты ақынның (біреуі Қаңлы Жүсіп), Қаңлы Жүсіп пен Қарасақал Ерімбеттің, Он алты ақынның, Шораяқтың Омары мен Қарасақал Ерімбеттің, Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібінің, Шораяқтың Омары мен Нұрмақанның, Тұрмағамбет пен Шəді төренің, Тұрмағамбет пен Сəнбаланың, т.б. айтыстары осының дəлелі. Сондай-ақ, мұндай жазба айтыстарға қарсылас екі ақыннан басқа да ақындар қатысып, аралық сөз айтқан немесе бірін-бірі жақтап сөз сайысына араласып отырған. Оған Нартайдың ағасы Мансұр Бекежанов та араласқан. Алдыңғы буын ақындардан қалған осы шығармашылық ерекшелік Нартайды да қызықтырған болса керек. Ауызша айтыс өнерінде жарқылдай көрінген ақын мұраларының арасында хат-өлең, хат-айтыс үлгілері де сақталған. «Нартай мен Айманкүл», «Нартай мен Үрмəш», «Нартай мен Мұхамеджан» сияқты хат-өлеңдерге екінші жақтан жауап жазылуы осы дəстүрдің ұшқыны сияқты. Ал «Ұлбосынға хат» өлеңінде мұндай жауап жоқ, тек хат түрінде жазылған. Сыр сүлейлерінің жазбаша айтысында ерекше көзге түсетін айтыстың түрі – мысал айтыс. Оның үлгісі Кете Жүсіптің «Етігімен айтысы» жəне Жұманазар Үрімқұловтың «Жұманазар жəне домбыра» деп аталатын туындысы. Ал Нартай шығармашылығындағы «Нартай мен арақ», «Жалқау мен екпінді» туындылары осы үлгіде жазылған. Тағылымдық, ғибраттық ой айтылатын екі шығарма да ақынның азаматтық, ақындық парасатын көрсетеді. Арақ: Мақтансам, таусылмайды менің жырым, Бір-бірін көрмеген жан бұдан бұрын. Өңештен өтіп кетсем болды, əне, Ақтарып дым қалдырмай жатар сырын. Нартай: Мақтанба, қойған сені Құдай атып, Талайды кеттің орға домалатып. Айырып ерді əйелден, зар қақтырып, Жүрсің сен көздің жасын сорғалатып. Əдемі өрілген диалог əр оқырманға ой салады. Ақынның мақсаты да осы. «Жалқау мен екпіндінің» арасындағы айтыс та қоғамдағы өзекті мəселені көтереді: Екпінді: Ойпырмай, жаратылған жансың жалқау, Адамсың сүйретілген сен самарқау. Түскендей туысыңнан жарымжан боп, Тегінде, намыссызсың мойын орта-ау. Жалқау: Ой, өзің неғыл дейсің, нең бар менде? Мендейлер бола берсін десейші елде. Иығым жел ұстаған қозғалмайды, Былшылдап жалқау дейсің мені мүлде. Өзінің азаматтық ойын жеткізуде, қоғамдағы осындай келеңсіздікті ашуда ақын əдемі көркемдік ізденістерге барғаны байқалады. Əрине, жалқау мен еңбеккеш туралы айту үшін басқа өлең формасын пайдалануға да болады. Бірақ, ол қаншама ақындар барған тақырып. Көпшілігі дидактикалық сарындағы өлеңдер жазды. Ендеше, Нартайдың ізденісі жаттанды, таптаурын болған өлең пішінінен бойын аулақ сала отырып, жаңашылдыққа ұмтылған ақындық шеберлік деп айта аламыз. Əрине, бір мақала көлемінде ақынның барлық шығармасына байланысты ой айту мүмкін емес. Біздің мақсатымыз тек өз көзіміз таныған Нартай ақынның шеберлігін оқырманмен бөлісу ғана еді. Қызылорда облысы.

жоқ» деп. Бұл даналық сөз, шын пікір. Осыған қосарымыз – қазақ тарихында əлемге көрсетуге лайықты, жарамды жақсылықтар да мол. Соның бірі əдепті салт-сана, өлең-жыр, айтыс өнері. Нартай ақын соның өкілі. Ол айтыс ақыны да болған. Осы өнер ұмытылып бара жатқан 1939 жылы Нартайдың Нұрлыбек Баймұратовпен өлең сайысын бүкіл қазақ газеттері қуана жазып суреттерін бергені есімде. Мен мектеп оқушысы едім. Əлі күнге дейін көз алдымда. Бұл 1944 жылы өткен республикалық ақындар айтысын өткізуге Кеңес заманындағы бастау еді деуге болады. Қызу айтыс кезінде де ақындар бір-біріне əдепсіз сөз айтпайды. Өткір сайыста олар бірін-бірі қолдап, бай сөздердің майын тамыза білді. Нартай ақын Отан соғысы жылдарында топ құрып, ел аралап, сырнаймен концерт беріп, елдің рухын көтеріп, жеңіске сенімін арттырып, қайраткерлік көрсетті. Үлкен жиындарда оның топ жарып, бастау айтатын қасиеті де болды. Мəселен, Қазақстан жазушылары мен мəдениет, қызметкерлерінің Бірінші съезін арнаумен ашқанда, Жамбыл өтінішімен Нартай ақын да оған барған болатын. Мəскеуде 1936 жылы өткен онкүндікте оны дүрілдетіп өткізуге ол да үн қосты. Сондықтан да, Нартай өз халқын түрлі жағдайларда рухтандыра білген суырыпсалма өлең сөздерімен, керемет орындаушылық қабілетімен ел санасында əрдайым сақталады. АЛМАТЫ.

 Діндер жақсылыққа үндер Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамға өз бетінше біздің дəстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін əлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын əрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады», деп атап өткен болатын. Сол себепті мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этносаралық жəне конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды əрі қарай дамыту міндеті тұр.

Дін саясаты – мемлекеттік идеологияныѕ ќўрамдас бґлігі Талғат НЫҒМЕТОВ,

Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының басшысы.

Облыста азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын, əртүрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары атқырылуда. Қоғамды діни сауаттандырудағы, жалған діни ағымдарға арбалғандарға көмек берудегі теологтардың алар орны ерекше. Бүгінде облыста теолог мамандар саны сегізге жетті, өңірде діни ахуал бірқалыпты дамуда. Бұл, əрине, мемлекеттің дін саласындағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы жолдарды жүзеге асыра білуінің нəтижесі екендігі анық. Діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде мемлекеттік құзырлы органдар, діни бір лестіктер, қоғамдық ұйымдар жұмыла қызмет етуде. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы аумағында 9 конфессияны құрайтын 74 діни бірлестік қайта тіркеуден өтті. Осыдан екі жылдай бұрын қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктер түгел таратылып, олардың қызметіне тосқауыл қойылды. Осыған байланысты 2014 жылдан бері 19 адам əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал тіркелген діни ұйымдардың мемлекеттік билік өкілдерімен өзара қатынастарының дəйекті жолдары мен тетіктерінің қалыптасқандығын, конфессияаралық қатынастардың қалыпты жолға қойылғандығын атап өткен жөн. Нəтижесінде адамдар арасында діни қақтығыстар мен араздықтар көрініс берген жоқ. 2011 жылы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң күшіне енді. Онда алғаш рет ханафи бағытындағы исламның жəне православтық христиандықтың халықтың мəдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі та рихи рөлі жəне Қазақстан хал қының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндердің құрметтелетіндігі аталған... Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы Орыс православие епархиясымен бірлесе отырып қоғам үшін маңызды шараларды жүзеге асырып келеді. Өткен жылы аудан, ауыл имамдарының біліктілігі мен беделін арттыру мақсатында 7 күндік екі оқыту семинары өткізілді. Православие шіркеуінің өкілдері де дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауға жəне қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясат жүргізіп отыр. Олар мемлекеттік органдар өткізген барлық іс-шараға белсенді қатысуда. Архиепископ Антоний өңірдегі тыныштық пен тұрақтылықтың дамуына жергілікті атқарушы биліктің үлкен үлес қосып келе жатқанын айтып, Астана жəне Қазақстан митрополиті атынан облыс əкімі Н.Ноғаевқа «Алғыс» орденін табыстады. Н.Ноғаев өз кезегінде облысқа іссапармен келген Астана жəне Қазақстан митрополиті Александрды қабылдап, ұлтаралық татулықты сақтау жолындағы діндердің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Арнайы мекемелерде жазаға тартылған тұлғалармен теолог мамандардың кешенді жеке түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде террористік ісəрекеттері үшін жазаға тартылған адамдардың басым бөлігі дəстүрлі діни бағытқа қайтарылды.

Мысалы, Орал қаласындағы түзету мекемелерінде 2013 жылы дəстүрлі емес дін жолын ұстанған 25 азамат болса, 2014 жылы соның 8-і ханафи мазхабына оралды. Санасы уланған жастарымыз қатарымызға қосылу арқылы өзімен бірге адасқан жамағатқа оң ықпал етіп жатыр. Батыс Қазақстан облысы əкімінің шешімімен наурызда БҚО Дін істері басқармасы жанынан «Дін мəселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Мекеменің басты мақсаты – елдегі дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты халық арасында насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, олардан зардап шеккендерге көмек көрсету, дін саласына қатысты əлеуметтік-зерттеулер, ғылыми-талдау жұмыстарын ұйымдастыру. Орталыққа жергілікті бюджеттен 2014 жылға 78 млн. теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде 52 млн. теңге діни сауаттылықты арттыруға арналған діни-танымдық кітаптар мен аудио-бейне дискілер шығаруға қарастырылды. Нə ти жесінде 114 түрлі 130 849 дана баспа өнімдері, 8 түрлі 6 000 дана аудиодискілер облыс тұрғындарына таратылды. Орталықтың тапсырысымен еліміздегі дəстүрлі діни сенім жəне дін саласындағы мемлекет заңнамасын түсіндіруге бағытталған «Ислам дінінің тарихы», «Влияние деструктивных религиозных направлений», «История и идеология традиционных религий и нетрадиционных направлений», «Қайырсыз білім» атты фильмдер түсірілді. Бүгінде діннің мəселелері тек қана діннің мəселелері болудан қалғаны рас. Өйткені, оған саясат, саясат болғанда да үлкен саясат араласып кетті. Сол себепті қоғамда туындап жатқан діннің мəселелерін шешу үшін əр мұсылман діни сауатына қоса саяси сауаты болуы қажет. Бұл дінді саяси мүдделері үшін пайдалануға тырысатын кейбір саясаткерлердің лас ойындарының құрбаны болып кетуден сақтану үшін ауадай қажет. Осы мақсатта үстіміздегі жылы діни экстремизм мен терроризм мəселелерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық насихат топ мүшелеріне арналған оқыту семинар өтті. Семинарда теолог ғалым, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Сыздықов үш күн бойы дəріс оқыды. Діни сауатын ашқан 120 ақпараттық насихат тобының мүшесі тестілеуден өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды. Бүгінде құрамында мемлекеттік органдардың мамандары, дінтанушылар жəне теологтар енген 26 ақпараттық насихат тобы елді мекендерді аралап, халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде. Олар өткізген шараларға 65 мыңнан астам адам қатысты. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры жалған діни ағымның жетегінде кеткен жас жігіттің қилы тағдыры туралы «Жəннат» атты қойылымды дүниеге əкел ді. Облыс аудандарының

барлығында көрсетілген қойылым халыққа оң əсер етуде. Құрамына Дін істері комитетінің Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығының басшысы А.Əбдірəсілқызы бар республикалық ақпараттықнасихат тобы облысқа келіп, бүгінгі күннің басты мəселелерін қамтыған бірнеше шараға қатысты жəне жартылай бостандыққа шыққан тұлғалармен, жұмыс істеу мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, радикалды діни топтардың сипаттарын кең көлемде ашық түсіндірді. Тұрғындардың діни сауатын арттыру жəне радикалды идеяларға қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілдігінің ақпараттықағартушылық www.oral-islam ғаламтор ресурсы құрылып, бүгінгі таңда облыс аумағында өзінің тұрақты тұтынушыларын тапты. Осы ресми сайтта көптеген пайдалы материалдар орналастырылған жəне оның тұтынушыларының саны бүгінде 188 945 адамды құрайды. Сондайақ, Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының сайты www.din-zko.gov.kz ашылды. Қала, аудан орталықтарындағы мешіттерге бейнебақылау, мониторлар қойылып, арнайы бағдарламалар арқылы бірбірімен байланыс орнатылды. Теологтар «Скайп» бағдарламасы арқылы аудандардағы жамағаттарға онлайн дəрістер жүргізуде. Мешіт имамдарына жасалған мұндай жағдайлардың нəтижесінде олардың қызметінің сапасы да жақсарып, тəртіп орнатылды деп айтуға болады. Насихат жұмыстарының екінші бағыты – теріс дін жолында жүрген азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының дін мəселелерін зерттеу орталығы 2015 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында облыстағы діни ағымдардан жапа шеккен азаматтарға көмек беру жəне теріс діни ағым жолындағы азаматтармен оңалту бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. 270 адамды құраған дін ұстанушы жекелеген тұлғалармен бейресми кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде Сирия, Ирак елдеріндегі діни фанатизмнің жетегінде жүрген содырлардың іс-əрекеттері ешқандай да джихад емес екендігі туралы, сондықтан мазхаб ұстану керектігі жөнінде, адамдарды діни негізде бөліп қоғамның бірлігіне жік салуға болмайтындығы жайында мəселелер қозғалып жатыр. Ислам дінінің тек қана мейірімділікке шақыратыны, такфир идеологиясының дұрыс еместігі, намаз оқымайтын мұсылманды кəпір деуге болмайтыны туралы хадистерден қуатты дəлелдер келтіріліп, дəрістер оқылуда. Нəтижесінде санасы мықтап уланған бірқатар азамат дəстүрлі ханафи мазхабына қайтарылды. Облыста теріс ағым мүшелеріне ықпал ету мақсатында бірнеше жамағаттың басын біріктіретін «Аманат клубы» құрылды. Осы азаматтар жəне ханафи жолындағы жамағат өкіл имам алдында біріктіріліп, олардың ауызбіршілігі нығайтылуда. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың бойында радикалды идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитетті қалыптастырып, облыстағы діни ахуалды бақылауда ұстау жəне облыс əкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс тар жөніндегі кеңес жұмысы жəне терроризмге қарсы күрес комиссиясының жұмысы арқылы бақылау талаптарын күшейтіп, облыстағы діни мəселелердің оң шешімін табуына ықпал ету.


ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Зауыт табиєатты ќорєау жоспарын ўсынды «Егемен Қазақстан».

Алып зауыттың қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Инна Давыдованың айтуынша, өндіріс орны өңірдегі табиғатты қорғау шараларына белсенді түрде қатысады. Яғни, жыл сайын қаржылай қаражат бөлінеді. Мысалы, кəсіпорынның биылғы жылға арналған табиғатты қорғау бағдарламасы 21 шараны қамтитын 8 бөлімнен тұрады, оларды жүзеге асыруға «Қазхром» компаниясы тарапынан 3 млрд.теңге бөлініпті. Дəл осындай мақсатты қаржылар Ақсу ферроқорытпа зауытының экологиялық жобаларына сай алдағы жылы да жоспарлануда. Бұған өндірістегі №4 балқыту цехы ферроқорытпа пештерінің газдан тазалау кешендерінің қайта құрылуы дəлел. Бұл экология талаптары үшін үлкен жетістік. Бұдан басқа, 2013-2015 жылдар аралығында №41, 45, 46 пештеріндегі жаңа газта залағыштар құрылысы аяқталды. Нəтижесінде, зауыт атмосфераға шығарылатын жағымсыз қалдықтар көлемін жылына 360 тоннаға төмендетіп отыр. Келесі жылы №44 пештің

газтазалағышын қайта құру жобасы əзірленуде. Ал №6 балқыту цехының фракциялау торабы аспирациялау учаскесін жаңалау атмосфераға шығарылатын қалдықтарды жылына 20 тоннаға азайтады. Кəсіпорынның газ тазалау жабдығы жұмысының жалпы тиімділігіне зауыт ферроқорытпа пештерінің газ тазалағыштарындағы сүзгілерді жоспарлы ауыстыру да септігін тигізеді. Жағалау жəне су эко жү йе лерін қорғау шеңберінде зауыттықтардың жақсы көретін демалыс орындары – Баянауылдағы «Алау» демалыс үйін күтіп, тазалау, айналасындағы табиғатты қорғау шаралары да жалғасын табуда. Топырақтың ластануын жəне Сабындыкөл көлінің батпақтануын болдырмау үшін аумақтың 10 гектар жерін тазалап, 2000 м 2 аумағындағы қамысты жинау қарастырылуда. Алдағы жылы №1 күлді консервациялау көзделген. Флора мен фаунаны қорғау үшін кəсіпорын аумағында 2008 жылдан бастап 20 мыңнан астам көшет отырғызылды. Алда тағы да 150 жас ағаш егіледі. Өндірістің жəне тұтынудың негізгі қалдықтарын дұрыс қолдануға

ф еррохром қалдықтарын да қайта өңдеу мүмкіндік береді. Соған орай, 940 мың тонна жоғары көміртекті феррохром қалдықтары қайта өңделмекші. Ал 2000 тонна өндірістік шаң кəсіпорынның аг ломерациялық цех өндірісіне қайтарылады. Жəне «Смарт-Аш» жəне «Костер» арнайы қондырғыларында майланған қалдықтарды жоюды заманауи технология қамтамасыз етеді. Жылына 2000 тонна май үнемделеді. Зауыт қоршаған ортаға ерек ше талаппен қарауды насихаттайды. Кəсіпорынның ұйымдастыруымен экологиялық курстардың тыңдаушылары ретінде 97 жұмыс топтары жұмыс

Ќазынаєа тїсетін ќаржы еселенсін Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».

Əлемдегі бүгінгідей қалыптасқан жағдайда көрпеңді тұйықтап, «менің үйім ең шеткері» деп отыра беруге болмайды. Алысберіс ел экономикасының бір діңгегі. Дағдарыс жағдайында қазынаға түсетін қаржыны ыждағатпен есептемеске жəне болмайды. Өйткені, мемлекет бай болса, əлеуметтік мəселелердің жеңіл шешілетіндігі белгілі. Бұл əсіресе, қаржы саласын ба қылайтын салалық қызмет түрлеріне көбірек қатыстырақ. Жақында Шымкентте Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүшемемлекеттер салық қызметтер басшылары үйлестіру кеңесінің 22-отырысы өтті. Отырыс жұмысында Əзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Ресей, Молдова, ТМД Атқару комитеті жəне ТМД СҚБҮК базалық ұйымның атынан Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің өкілдері қатысты. Аталған іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Корея жəне Грузия Республикасы салық

қызметтерінің өкілдері шақырылған. Күн тəртібінде ТМД қаты сушы-мемлекеттердің қаржы-экономикалық саладағы өзара жұмысының көкейтесті мəселелері, СҚБҮК 2015-2016 жылдарға қойылған міндеттері, бұдан бұрын қабылданған шешімдерді орындау, сарапшылардың жұмыстарын қорытындылау жəне тағы басқа мəселелер қарастырылды. Жиынға облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов қатысып сөз сөйледі. Оңтүстіктің адам ресурсына бай аймақ, бюджеттің негізгі қаржысы шағын жəне орта

бизнестен құралатын салық саласы екендігін, миллиардтаған қаржы табыстан түскен тиындардан құралатындығын айтып, осы бағыттарды жүйелеу, салықтан жалтару, көлеңкелі бизнеске тосқауыл қою жайттарын əңгімеледі. Оңтүстік Қазақстанның табиғи шикізат қоры жайын таратып айтып, бірге жұмыс жасауға қызыққан тараптар болса, іскерлік байланыс орнатуға дайын екендіктерін жеткізді. Аталған отырыстың күн тəртібіне Қазақстан тарапынан өзекті мəселелердің бірі – салық төлеушілер мен тауар, көрсетілген қызмет жəне жұмыс үшін ақша

жасайды. Жұртшылықтың экологиялық мəдениетін арттыру мақсатында зауыт бұқаралық ақпарат құралдарымен үнқатысуға əрқашан ашық. – Жалпы, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны қорғау – кəсіпорынның өндірістік жұмысының да ажырамас бір бөлігі, – дейді зауыттың техникалық директоры Александр Суслов. – Өндірісті дамыту, өндірістік қуаттылықты арттырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау шараларына жəне өңірдің экологиясына жағымсыз əсерді төмендетуге баса назар аударамыз. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.

Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Степногор қаласында 2008 жылдың наурыз айында көкөніс дақылдарын өсіру үшін жылыжай кешені құрылды. Осы жылдың өзінде жоғары сапалы жəне экологиялық таза өнім алына бастады. «Қазақстанның жылыжай технологиясы» ЖШС басшылығы «Даму» қорының қолдауымен 2014 жылы бұл кешенді жаңғырту мен кеңейтуді қолға алды. «Даму аймақтар ІІІ» бағдарламасын пайдалана отырып, компания төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша 170 миллион теңге көлемінде несиелік қаражат алды. Аталған қаражаттың есебінен көкөніс дақылдарын өсіруге арналған заманауи жабдықтар сатып алынды. Жылыжайда əйнекпен тамшылатудың көлденең жəне тік перделеу жүйесі орнатылған. Сондай-ақ,

гидропонды текшелеу қондырғыларымен жабдықталған көшеттік бөлім жұмыс істейді. Бұл жылдың кез келген мезгілінде аз шығынмен сапалы дақылдар алу мүмкіндігін береді. Кешен жарты гектар аумақтағы қуатты қойманы іске қосты. Жұмысшылардың жалпы саны 100 адамды құрайды. – Заманалық жылыжайдың өндірістік қуаттылығы жылына 1832 тоннаны құрайды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бізге несиені айтарлықтай арзандату мүмкіндігі туды, сол себептен артылған қаражатты кешенді жаңғырту мен кеңейтуге бағыттай аламыз. Кешенде 100 жұмыс орны құрылған. Өнімдеріміз Степногор, Астана, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды қалаларының сату сөрелеріне жеткізіледі, сондай-ақ, Ресейге экспортталады, – дейді бізбен əңгімесінде «Қазақстанның жылыжай технологиясы» ЖШС директоры Михаил Мамелюк. Ақмола облысы.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

Облыс əкімі Бердібек Сапар баевтың төрағалығымен жəне Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Əбішовтің қатысуымен суармалы жерлерді қалпына келтіру мəселесі жөнінде кеңес өтті. Кеңес жұмысына бірқатар облыстық жерді пайдалану, су ресурстары бойынша уəкілетті органдар мен кəсіпорындардың, аудан əкімдерінің орынбасарлары мен аудандық жер қатынастары бөлімдерінің, қаржы институттарының басшылары қатысты. Жиынды ашқан облыс əкімі суармалы жерлердің жағдайына, оны тиімді пайдаланудың өзекті мəселелеріне тоқталды. Бүгінде Ақтөбе облысында 28,1 мың гектар суармалы жəне 103,9 мың гектар көлтабанды суармалы жер тіркелген. Жыл сайынғы болатын қуаңшылықтың əсерінен об лыс шаруашылықтарының жағдайлары қиындай түсуде. Өңір басшысы сондықтан өңірдегі суармалы жерлерді тиімді пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі туып отырғанын атап өтті.

Осы мəселе бойынша баяндама жасаған облыс əкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевтің айтуынша, облыстағы үш ірі Қарғалы, Ақтөбе, Сазды су қоймаларының мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр. Олардың жобалық суармалық мүмкіндігі 18 360 гектар болғанымен, нақты суармалы алқап көлемі 12281 гектарды құрайды. Облыс бойынша 28,1 мың гектар суармалы жердің бүгінгі күні нақты пайдаланылатыны 12,2 мың гектар шамасында ғана. Суармалы жердің толық пайда ланылмауының негізгі себептері, бұрынғы суармалы жерлердің техникалық жағдайларына байланысты істен шығуы, басқа мақ сатқа пайдалануы, сондай-ақ, шаруашылықтардың қиын қаражат жағдайлары, деп атап өтті облыс əкімінің орынбасары. Дегенмен, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау негізінде суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жиын барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Əбішов «2015-2019» жылдарға арналған Қазақстанда су ресурстарын басқару бағдарламасының»

жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. – Ақтөбе облысына келетін болсақ, өңірдегі үш ірі су қоймасы республикалық меншікте, сол меншіктегі екі су қоймасын біз толық күрделі жөндеуден өткіздік. Алдағы уақытта Ақтөбе су қой масын жөндеу жоспарда тұр. Екіншіден, қажеттілікке орай 2019 жылға дейін суармалы жерлердің барлығын іске қосып бере аламыз. Бұл облыс басшылығы тарапынан түскен ұсыныс. Біз оны толығымен қолдаймыз. Жақын арада Ақтөбе облысының мамандары, аудан əкімдерімен бірлесе отырып, қай жерді пайдалануға қосамыз, оған кететін қаржы көлемін ескеріп, Үкіметке ұсыныс ендіргелі отырмыз, – деді комитет төрағасы. Жиынды қорытындылаған Б.Сапарбаев тиісті мекеме басшылары мен аудандардың жəне Ақтөбе қаласының əкімдеріне барлық тұрақты жəне көлтабан суармалы жерлерге түгендеу жəне төлқұжаттау жұмыстарын жүргізуді, олардың жарамдылығын анықтауды жəне басқа бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Ақтөбе облысы.

Əр теѕге есепте Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

құралдары арқылы түсетін табысты бақы лау саласындағы салықтық əкімшілендіру тə жірибесі талқылауға ұсынылды. Атап айтқанда, нормативтік реттеу-бақылау іс-шараларының тəжірибесі, қассалық құрылғылардың жұмысын бақылау ды ұйымдастыру, жаңа телекоммуникациялық технологияларды қолдану талқыланды. Үш күнге созылған үйлестіру кеңесінің отырысы сəтті өтті деуге əбден болады. Бұл салада Қазақстанның қол жеткізген табыстары бар. Ал бақылаушы ретінде қатысқан Оңтүстік Корея мемлекетінің салық саласын жүйелеудегі жұмыстары кеңеске қатысушыларды қызықтырған. Халқымызда «келісіп пішкен тон келте болмайды» деген қанатты сөз бар. Жақсы тəжірибе мемлекетіміз дағдарыс толқынына ұрынбасын, халқы аман болып, экономикасы дəуірлесін деген сала қызметкерлеріне əбден керек. Үйлестіру кеңесіне қатысқандар қазынаға түсетін қаржыны көбейту, көлеңкелі жаққа кетпеуін қадағалау жайында ойларын бөлісіп, бір-біріне сəттілік тіледі. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Келешекке баєытталєан ќор Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Суармалы алќаптыѕ да сўрауы бар «Егемен Қазақстан».

Ол «Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының экологиялық бағдарламасын ашық түрде талқылайтын тыңдаулар барысында жариялады. Фарида БЫҚАЙ,

9

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

Біз бүгінде есеп беретін мемлекет қалыптастыру жəне бүкпесіз ашық қоғам құру жағдайында тұрмыз. Бұл жөнінде Елбасы белгілеп берген Ұлт жоспарында, соның ішінде əрқайсысының өзі соқырға таяқ ұстатқандай «100 нақты қадамда» анық айтылған. Мұндағы мақсат бюджет шығын дарына қатаң қаржылық бақылау орнату болып табылады. Бұл қағидат өзінің түп-тамырын тың, жаңа жүйе қалыптастырудан тартады. Ашық қоғам талаптарына сəйкес аудит пен мемлекеттік аппарат жұмысын бағалау жаңаша сапалық мəнге ие. Осылайша мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жүйелі жүргізілмек. Соның ішінде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың мəні мен маңызы ерекше. Осынау жаңаша əрі жауапты істегі басты салмақ есеп комитеті мен тексеру комиссияларына жүктелген. Айталық, республика аймақтарындағы тексеру комиссиясы бұрын облыстық мəслихаттардың жанында болып келсе, бұл тəртіп 2011 жылдан бастап мүлдем өзгеше, тың сипат алды. Яғни, дəл осы кезеңнен бастап Президент Жарлығына сəйкес, өңірлерде тексеру комиссиялары құрылды. Бүгінде өз қызметін тиімді де сапалы түрде жүргізіп отырған қаржы бақылау құрылымдарының бірі – Батыс Қазақстан облысы ойынша тексеру комиссиясы. Аталған комиссияның төрағасы Амангелді Нұғыманов атап көрсеткендей, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржының орынсыз əрі ретсіз жұмсалуының көріністері бойынша өңірде құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары алға шығыпты. Тиісінше олардың бұл тұрғыдағы үлестері тұтастай құрылымда 2014 жылы 58,3 пайызды құраса, биылғы есеп беріліп отырған кезең бйынша 27,4 пайызға тең. Тексеру комиссиясы биылғы кезеңде бюджет қаражаттарын мақсатты əрі тиімді пайдалану үшін тексеру мен талдау тұрғысында алты бақылау шараларын өткізген. Аталған тексеру аумағы 49 мемлекеттік мекеме нысандарын қамтыған. Тұтастай алғанда бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану жөніндегі шеңбер 19 миллиард 600 миллион теңгені құрайды. Сөйтіп, тексерулер нəтижелері бойынша

7 миллиард теңгенің түрлі заң бұзушылықтары анықталды. Өткен жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш небары 1 миллиард 900 миллион теңге көлемінде болғанын ескерсек, комиссия мүшелерінің биылғы тындырымды еңбектері бірден байқалар еді. Осы арада өз мақсаттарына жұмсалмаған қаражаттың 90 пайызы қазынаға кері қайтарылғанын да айта кеткен жөн. Өткізілген шаралардың басты нəтижелерінен нендей ой түюге болар еді? Мұнда, біріншіден, негізгі кемшіліктер еңбекақыны өз мөлшерінен асыра төлеу болып табылады. Екінші бір себеп – мемлекеттік мекемелер балансына активтердің қабылданбауы десе болады. Үшіншіден, тексеру нəтижелері бюджеттік қаражаттардың тиімсіз жұмсалғандығын көрсетеді. Қысқасы, заңдылықтардың бұзылмауына тікелей немесе жанама түрде ықпал жасайтын факторларды дəл əрі дөп басып анықтай білгеннің пайдасы мол болып отыр. Осы арқылы бюджеттік бағдарламаларды тікелей іске асыруға тиісті əкімгерлердің үстірттіктері мен шала ғайлықтарын айқындауға мүмкіндік туып тұр. Бір сөзбен айтқанда, бюджеттік бағдарлама дегеніміз еріккеннің ермегі емес. Қажет десеңіз бұл тұтас бір институт. Мұны ұқпаған, сезінбеген əкімгерлер жетекшілерінің бəйгесі алысқа бара алмайды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы бюджет қаражаттарын үнемді жұмсай білудің өзге де тетіктерін ойластыра біліпті. Соның көрінісі аталған комиссия мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы арасында қол қойылған келісім. Мұндағы басты мақсат – тексеру комиссиясы мен партиялық бақылау жəне қоғамдық кеңес комиссиялары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету дейді комиссия мүшесі Мейрамхан Қыдырбаев.

Сонымен бірге, 2015 жылдың 11 наурызында аталған комиссия мен Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті арасында біріккен бұйрыққа қол қойылуының да бергені мол десек, артық емес. Дəл осындай біріккен бұйрықпен аталмыш комиссия жəне облыстық прокуратура арасында да өзара іс-қимыл ережелері орныққаны өз алдына бөлек бір əңгіме. Осы арқылы тараптар бюджеттік бағыттағы заң бұзушылықтарға өзара бірлесе отырып бақылау жасай алады. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясынан өзге əріптестерінің үйренетін тағы бір үрдісі – мұнда өткен жылы электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізілген. Осындай тəсіл арқылы мемлекеттік органдар мен есеп комитеттері арасында жедел ақпарат алмасу жолдары орныққан. Сонымен бірге, аталған комиссия мемлекеттік органдардағы бірыңғай көлік ортасына қосылған. Осындай тəсілмен бірыңғай пошта қызметі жəне интернет-портал арқылы «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық қызметті кеңінен өрістетуге жол ашылған. Ал тексеру комиссиясының жанынан құрылып, жұмыс жасап жатқан сайт жолдарына үңілсеңіз бұдан сан алуан бақылау шараларының қорытындылары туралы баспасөз парақшаларымен жəне көптеген талдау материалдарымен, сонымен бірге елдегі тексеру комиссиялары қызметі жөніндегі жанжақты ақпараттармен таныса аласыз. Міне, бюджет шеңберіндегі əр теңгенің мұқият есепте болуын жіті қадағалап отырған батысқазақстандық тексеру комиссиясы ұжымының сан-салалы қызметінің кейбір көріністері осындай. ОРАЛ.

1


10

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

Бейнеу ауданының «Сам» кеңшарында ұзақ жыл шопан болып, мал баққан жəне жай шопан болып қана қоймай, мал басын аман сақтау мен төл басын өсіруде өзге əріптестеріне үлгі бола аларлық жетістіктерге қол жеткізе білген Бегейбай Жетпісов пен оның зайыбы Қанбике Сəрсенбаеваның есімдері көпке танымал. Бүгінде немере-шөбере сүйіп, мағыналы қарттық дəурендерін өткізу үстіндегі олардың ұл-қыздары да еңбек майданының белді əрі белсенді жауынгерлері.

ҮКІМЕТ

Еѕбекпен ґрілген ґмір Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Сонау 80-ші жылдары шопан ауылдарына су таситын көліктің жүргізушісі будалай ұстап кіретін газет-журналдар дала төсінде желмен ғана сырласып жүрген жандар үшін нағыз жаңалықтың жаршысы болатын. Тіпті, сол кездің балалары да газет оқуға құштар болды ма, қайдам, əйтеуір үйге келген мерзімді баспасөз құралдарын бір-бірімізден тығып, кей кезде жарыса оқып мəз-мейрам болатынбыз. Балаң көңіліміздің түкпірінде қалған сол кездердің жаңғырығына құлақ түрсек, бұл əулет газет бетіндегі мақтаулы малшылардың бірі болатын əрі өнерлі-өнегелі бірнеше ұл-қыз тəрбиелеп отырған отбасы ретінде дəріптелетін еді. Ол кезеңнің талабы – əр жүз саулықтан көбірек қозы алу, сапалы елтірі тапсыру, отарды аман сақтау жоспарлары болатын еді де, барлық шопандар осы межені ойдағыдай орындауға қажымайталмай кірісетін. Мал жайын, дала сырын бес саусағындай білетін Бекеңнің шаруашылықты ұйымдастырудағы ерен еңбегі сол жылдары «Еңбек Қызыл Ту» орденімен бағаланды. Кеңестік жүйе ыдырап, кеңшарлар бытыраған тұста Бекең шопанның құтты таяғын босағаға тастауға қимады. Етек-жеңін дереу жинақтап, «Сейтімбет» атты жеке шаруа қожалығын құрып үлгеріп, нарық талаптарына сай бір жағы күнкөріс қамы, екінші жағынан кəсіпкерліктің тізгінін қолына алды. Бүгінде Бегейбай аға мен Қанбике апа Сам құмына кіреберіс тұстағы қыстақта төрт түлік малды өрбітіп, немерелерінің маңдайынан иіскеген ата мен əжеге айналды. Бұл отбасында туылып, тəрбиеленген алты ұл мен алты қыздың бүгінде əрқайсысы бір үй. «Əке көрген оқ жонар» дегендей, əкенің құтты таяғын қолына ұстап, мал шаруашылығына бет бұрған Жəнібегі болды. Өз алдарына отау тігіп, балапандарының алды қарақанаттана бастағанда ойламаған жерден ажал құшқан Сағибек пен Қазыбек болмаса, қалғандары əке мен шешенің көңілін қуанышқа бөлеп, түтіндерін түтетуде. Перзенттері дəрігерлер, мұғалімдер, мұнайшы мен

экономист, электрик сынды алуан мамандықтың иелері атанды. Негізі отбасы ынтымағының жарасуында, ұрпақтың саламатты болып өсуінде көбіне-көп отбасының алтын қазығы саналатын əйелананың орны зор. Өмірге он екі бала əкелген «Батыр ана» Қанбике Сəрсенбайқызының отағасының шаруашылықтағы жетістіктерінде үлесі зор, үйінің төрін сəбилердің күлкісіне толтырған ана бау тоқып, сырағалақ айналдырып, ақ үзік, ақ түндікті алты қанат ақбоз үйді сыңғыратып қоятын. Бұдан 1520 жыл бұрын Қанбике ананың «Əсіресе, қыздарды оқытып, мамандық алып берген дұрыс. Күні ертең өзге босағаны аттайтын қыздың барған үйіне, күйеуінің табысына үнемі жəутеңдей бермей, өзін өзі асырай алатын дəрежеде болғаны дұрыс. Ер балаға күрек табылады, ал күрекке тезек көп», деп отырғанын естіген едім. Сол себепті болу керек, бұл үйдің қыздары түгелдей оқып, өз саласының білікті мамандары атанды. Үнемі оқу-білімді насихаттап, өнерді бағалап жүретін Қанбике ананың бұлай айтуының себебі де бар екен – өзі онжылдық мектепті алтын белгімен бітіріп, Қазақстанның өзге өңіріндегі бір жоғары дəрігерлік оқу орнының студенті атанып, елге қайтқан бойжеткенді күздегі оқуына үлгертпей ауыл жігіті ала қашқан екен. Осылайша, өзі жете алмаған арманға, оқуға қыздарының жетуін көксеген екен ғой ана көңілі деп ойлаймын. Ал «өзгенің табысына көз тігу» туралы айтуы бір отар қойды ұршықша иірген айтулы аға шопанның жұбайы біреуге жəутеңдей қоймасы белгілі, демек, нарықтық замандағы əралуан жағдайларды ескере отырып, қыз баланың да қандай қиындыққа төтеп беруін айтуы болар деп топшыладым. Өзінің он екі баласымен бірге қайны-қайынсіңлілерін қамқорлап, олардың да өз алдарына үй болып кетулеріне көмектесті. Ал аталар жолымен ағаштан бұйым жасау ісімен де айналысқан Бегейбайдың қолынан шыққан сандық, шайсандық, кебеже, белшіктер ауыл-аймақта кейбір үйлерден кездесіп қалады. Шаруашылық ісін ұйымдастырудағы еңбектері де

еленбей қалған жоқ. Бұдан 7-8 жыл бұрын шаруашылық басшысы ретінде үлкен ұлы Əлібек Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Ал Əлібекке шаруаның қырсырын үйретіп, қыста қыстақтағы, жазда жайлаудағы жұмыстардың басы-қасында Бекеңнің өзі жүргені анық. Аудан тұрғындарына табиғи мал өнімдерін ұсынып, кəсіпкерлікпен шұғылданатын отбасының тоғыз жолдың торабы деп таңдауы Бейнеуге түскен, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінен осы өңірге қоныс аударған оралман ағайындарға демеушілік мақсатында ет, сүт, құрт, балқаймақ, ірімшік апарып беретін кездері де бар екен. – Кішкентай кезімізден таң алагеуімнен қора басынан, құдық маңынан табылатын едік. Қаршадайымыздан тайға мініп, отарды өріске қаптатқан кездер көз алдымызда. Ол кездерде балалықпен ұйқымыз қанбай немесе əлдебір ауылдағы ойындарға алаңдап, қойға қинала кеткен кездеріміз болған шығар, бірақ мұның бəрі біздің еңбекті бағалап, уақытты босқа өткізбей пайдалы іске жұмсауымызға, ата-анамызға қолғабыс етуге ең бастысы, біздің еңбек ете алатын азамат болып қалыптасуымызға ықпал етті деп ойлаймын. Жоғары оқу орнын бітірген менің мамандығым – экономист, қай салада жүрсек те əкеміз бен анамыздан алған тəлім, көрген үлгі – біздің жолбасшымыз, – дейді ұлы Қыдырбек. Мұратқа жеткізетін, өмірді сəнді де салтанатты, мəнді де мағыналы ететін – еңбек. Буыны қатпаған кезде соғыс дауылына, ауыр еңбекке жонын тосып, содан күні бүгінге, яғни 70-тен асып, 80-ге қадам басқан шағында да еңбектен қол үзбеген отағасының өмірі еңбекпен өрілді дей аламыз жəне бүгінгі ұрпақ еңбек майданында қайнаған қажырлы ағалардың қайратын үлгі етсе жақсы болар еді. Себебі, заман, оған сай жүйе мен талап өзгергенмен, адал еңбектің мəні жоғалмайтыны, əрбір адамға бақдəулет, ырыс-несібенің еңбек арқылы келетін белгілі. Маңғыстау облысы.

Жаѕа їймен жарылќады Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Биылғы көктемде Қарағанды облысында орын алған су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі Шет ауданы-тұғын. Мұндағы су алған 106 үйді тексеруден өткізген тəуелсіз сарапшылар сегіз үйдің (17 пəтер) тұруға жарамсыз екенін растаған еді. Сараптама жұмысының нəтижесімен мұқият танысқан арнайы комиссия аудан орталығы АқсуАюлыдағы екі үй (4 пəтер), Ақадыр кентіндегі үш үй (10 пəтер), сондай-ақ, С. Сейфуллин, Ақсу жəне Көктіңкөлі ауылдарындағы үш үй қайтадан салынуы керек деген ұйғарымға келген болатын. Облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков Шет ауданына жұмыс сапарымен барып, Ақсу-Аюлы жəне Ақадыр кенттеріндегі жаңадан салынған үйлердің кілттерін иелеріне салтанатты түрде табыс етті. Баспаналы болып, қуанышы қойнына сыймаған тұрғынның бірі Зəмірбек Ыстыбай асыптасқан көңілін былайша білдірді: «Қазақстанда тұрып жатқа нымыздың өзі қандай бақыт десеңізші! Үй салып берген жандарға үлкен рақметімді айтқым келеді. Дер кезінде берген өтемақыларына да ризамыз,

2

ҮКІМЕТ

Павлодарлыќ ґнімдер – Астанада Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан».

Таяуда Астанада Павлодар облысы ауыл шаруашылығы тауарларының дəстүрлі жəрмеңкесі өтті. Биыл облыс жалпы құны 172 миллион теңге болатын 575 тонна өнім алып барды. Ал жуырда Сочиде өткен екі ел ынтымақтастығының XII аймақаралық форумында «Москворецкий торговый дом» компаниясы жəне павлодарлық «Абай» ЖШС арасында ай сайын Мəскеуге 2 мың тонна ет жеткізуге келісім жасалды. Сонымен қатар, «Агроөнеркəсіптік кешен саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» атты көрмеге «Рубиком» ЖШС, «Smak PV» ЖШС, «Кэмми» ЖШС жəне «Сағып» ШҚ сынды өңірдің ірі өңдеуші кəсіпорындары қатысты. Облыс əкімі Қанат Бозымбаев Омбы облысының губернаторы Виктор Назаровпен, сондай-ақ, Удмуртия Республикасының басшысы Александр Соловьевпен халықаралық жəне сыртқы сауда-экономикалық, ғылымитехникалық, экологиялық, мəдени жəне басқа да салаларда байланыс жасасу жөнінде келісімдерге қол қойды. Ал қыркүйек айында облыс əкімі Қанат Бозымбаев пен Астананың əкімі Əділбек Жақсыбеков сауда-экономикалық қатынастарды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған болатын. Келісім шеңберінде əкімдіктер іскерлік байланыстарды дамытып, кəсіпкерлікті қолдау мəселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырмақшы. Бұл келісімнің мақсаты – азық-түлік

қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екіншіден, Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құру. Енді облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері Астанадағы «Шапағат» коммуналдық базарында жəне мамандандырылған дүкендерде өздері өсірген өнімдерін саудалай алады. Облыс əкімдігі ауыл шаруашылығы тауар ларын өндірушілерінің өнімдерін нарық бағасынан төмен бағамен сатылатынын жеткізді. Ет өнімдері, құс еті, құс етінен жасалған жартылай фабрикаттар, қайта өңделген ет өнімдері – шұжықтар, деликатестер, жартылай фабрикаттар, ет-өсімдік

консервілері жəне жұмыртқа, ірімшік, сары май, қымыз, өсімдік майы, ұн, жарма, қант, бал жəне кондитерлік өнімдер, картоп, көкөніс өнімдері бар. Жəрмеңке тек сауда-саттық үшін ғана емес, өңірлердегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына да үлес қосады. Бəсекелестік қызады. Кəсіпкерлер, тауар өндірушілер бір-бірінен көреді, үйренеді. Биыл жəрмеңкеге өңірден 100-ден аса қайта өңдеу кəсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысты. Шаруашылықтар құны 172,0 миллион теңге тұратын 575 тонна өнім ұсынды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Ернұр Əйткеновтің айтуынша, Астанадағы жəрмеңкеге өңірдің 100-ден астам шаруашылығы қатысты. Жəрмеңкеге біздің өңірден 108 тонна ет пен 25 тонна сүт өнімдері, 104 мың дана жұмыртқа, 150 тонна картоп, 190 тонна көкөніс пен бақша дақылдары, 20 тонна ұн, 37 тонна жарма мен макарон өнімдері, 12 тонна нан-тоқаш жəне кондитер өнімдері, 18 тонна күнбағыс майы, 3 тонна бал жəне тағы да басқа өнімдер жеткізілді. Павлодар облысы. ______________

Суретті түсірген Валерий БУГАЕВ.

Їшінші жылєы рекорд Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан».

Көктемде басталған дала дүбірі күзде басылды. Қамба дəнге, елдің көңілі шаттыққа толды. Еңбек ақталды. Ақталғаны сол, Сыр диқандары биыл да күріштің əр гектарынан 50,5 центнер өнім жинап, ел қамбасына 423 мың тоннадан астам астық құйды. Бұл ел тəуелсіздігі кезеңіндегі рекордтық көрсеткіштің бірі. Соңғы үш жыл бойы мұндай көрсеткіш қатарынан қайталанып отыр. Осы ретте облыс əкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың ауылшаруашылық саласы мамандарын қол жеткізген табыстарымен құттықтады. – Халықта «несібесі мол елдің егіні бітік шығады» деген сөз бар. Кеше ғана Сыр диқандары ала жаздай күтіп-баптаған егіндерін жинады. Биыл да егіншілеріміз мол өнім алып, үшінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіш орнатты. Соңғы жылдары облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Сыр елінің басты дақылы күріш өндірісінің көлемі 11,6%-ға өсіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, жылқы жəне түйе басының саны ең берекелі 90-жылдардағы деңгейден асып түсті. Ал агроөнеркəсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге өсті, – деді Қырымбек Елеуұлы. Аймақ басшысы облыста ауыл

шаруашылығы саласын дамытуға қатысты атқарылып жатқан басқа да жұмыстарға тоқ талып өтті. Бүгінде тамшылатып суару əдісімен жүгері жəне қызанақ егіп, крахмал, томат сықпасын өндіру жобаларының алғашқы жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, облыс əкімі Сыр қауынының əлеуетін арттыру керектігін айтты. Аймақта егін шаруашылығымен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту барысында да табыстар көп. Бұл салаларды əрі қарай дамыту мақсатында Жаңақорған ауданында бірінші рет малшылар слеті жəне Арал ауданында бірінші балық слеті өтті. Айта кетейік, биыл облыста қуаты жылына 7 мың тонна тоқты етін өңдейтін ет комбинатын жəне ірі мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қолға алынды. Табиғаттың жауыны мен дауылына қарамай еңбек етіп, қоңыр күзде соның нəтижесін көріп отырған диқандар мен еңбек озаттары 24 номинация бойынша марапатталып, заттай сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, «Мал шаруашылығы бойынша озат аудан» – Арал, «Егін шаруашылығы бойынша озат аудан» – Сырдария, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша озат аудан» – Қазалы аудандары марапатталды. Ал егіні бітік шыққан Жалағаш ауданы науқан қорытындысы бойынша үздік деп танылды. Сондай-ақ, осы күні қызылордалық диқандар Елбасының ауыл

шаруашылығы саласына көрсетіп жатқан қолдауына алғыс білдіру мақсатында арнайы Үндеу жолдады. Онда: «Сіз ауыл шаруашылығын ел экономикасының басым-бағыттарының бірі ретінде белгілеп, агробизнесті дамытуда бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп келесіз. Соның арқасында еліміздің агроөнеркəсіп кешені қарқынды дамыды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында Сыр елінің басты кəсібі күріш өндірісінің көлемі мен төрт түлік малдың саны едəуір өсті. Соңғы екі жыл ішінде агроөнеркəсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есе артты. Сыр бойының диқандары кеше ғана күріш жинауды аяқтап, 84 мың гектар егістіктің əр гектарынан 50,5 центнерден өнім алды. Ел қамбасына 423 мың тонна күміс күріш құйылды. Бұл Тəуелсіздік тарихындағы рекордтық көрсеткішке соңғы үш жыл қатарынан қол жеткізілді. Ұлы даланың қасиетті пұшпағы Сыр елі халқының атынан диқандарға, малшыларға, балықшыларға көрсеткен қамқорлығыңыз үшін Өзіңізге зор ризашылық білдіреміз. Сыр өңірі еңбеккерлері мен барлық тұрғындары Сіздің жасампаз бастамаларыңызды іске асырып, Мəңгілік Елдің нұрлы жолында аянбай еңбек ететінімізге сендіреміз», делінген. Қызылорда облысы.

Əркімніѕ бір баќыты – баспана Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

керек-жарақтың бəрін алып үлгердік». Жаңадан тұрғызылған үйлерді салуға бюджеттен 97 миллион теңге қаржы бөлінді. Сондайақ, жылжымайтын мүлік иесі кім екенін растайтын құжаттары болмаса да екі отбасына аудан бюджеті мен қоғамдық қайырымдылық қордан бөлінген қаржыға пəтерлер сатып алынды. Бұған қоса, тасқыннан зардап шеккендер жарамсыз болып қалған мүліктеріне өтемақы да алды. Сонымен қатар, тасқын кезінде Шет ауданындағы 3,5 шақырым автожол мен алты суағар құбырды

су шайып кеткен болатын. Бүгінгі күнде инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жүргізілген жедел жұмыстар оң нəтиже беріп, зардаптың салдары толықтай жойылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 3 миллион теңге қаржы жұмсалды. Қарағанды облысы.

Осыдан оншақты жыл бұрын құла дүз болып көрінетін дала қазір Қостанай қаласына қосылып кеткен əсем шаһарға айналды. Мұнда алдымен Кеңес Одағынан қалған Дизель зауыты қайта түлеп, «Агромашхолдинг» зауыты болды. Қазір бұл өндіріс аймағы машина құрастыру ісімен бүкіл елімізге мəшһүр болып отыр. Оның айналасы тұрғын үй кешендерімен көріктеніп келеді. Назарбаев зияткерлік мектебі де

осы төңіректен орын тепті, тағы бір қазақ мектебі де жақын арада есігін айқара ашпақ. Міне, осындағы «Арман» тұрғын үй кешенінен пəтер алған жұрт күн сайын қоныс тойын тойлайды. Қостанай қаласындағы №9 мектепте он бір жыл бойы математика пəнінен сабақ беретін Гүлжауһар Нок он жылдан бері баспана кезегінде тұрған болатын. Екінші нарықтан немесе жаңадан салынып жатқан үйлерден ойып пəтер ала қоятындай Гүлжауһардың қалтасы қалың емес. Бір айлыққа қараған əйелдің ақшасы

ондай айналымға келмейді. – Он жыл бойы екі бөлмелі пəтерді 50-60 мың теңгеге жалдадым. Солай жүріп балаларды өсірдім, оқыттым. Оның үстіне «өлсең көрің кең болсын» дейтін қазақ емеспіз бе, қонақсыз болмаймыз, жалдаған үйдің өзі тарлық ететін. Қазір балалардың барлығы өсті, үйлі-баранды болды. Мен өзім жеке тұрғым келді, міне, бір бөлмелі үйге қолым жетті, дейді Гүлжауһар ағынан жарылып. Ал өмірді енді бастап жатқан əскери қызметкер Самат Байтасов жетім өсті. Оның пəтер

алып бере қоятын, қолтығынан сүйейтін əкесі жоқ. Облыс əкімінің қолынан пəтер кілтін алған Шынар Тасмағанбетованың тағдыры да сондай. Сондықтан, олар үшін баспананың орны тіпті бөлек еді. Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауынан бастау алған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы ырғақты жұмыс жүргізіп отыр. ҚОСТАНАЙ.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары: Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


Атақты жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» роман дилогиясындағы мына бір эпизод көптің көңілінде жүрген сұраққа ортақ жауап бергендей көрінеді. Ұзын-ырғасы мынадай. Оразмұхамед сұлтанның ауылы көшіп келе жатып түнемелге тоқтайды. Кешқұрым сол маңдағы батырдың ауылы ерулікке шақырған. Нөкерлерімен барады. Қоңторғай ауыл. Пəленше батыр деп қолпаштаған егделеу кісіде екі иығына екі кісі мінгендей сықпыт жоқ. Сөзі ширақ болғанымен, томашадай адам.

құйып тастаған, өзінен басқа ешкім көтере алмайтын көк найзаны ұршықша үйіріп, жай оғындай жалтылдатқан Жолдыаяқ оң келгенін оң шаншып, сол келгенін сол шаншып, қоршауды бұзып жол салады. Əлденеше жерден жараланғанына, өлгентірілгеніне қарамай, əкесінің сүйегін алып шығады. Қазақ сарбаздары Жолдыаяқтың жанкешті ерлігіне қайран қалады. Бірақ, есіл ер ауыр жарақаттың əсерінен ұзамай-ақ достары ортасында фəниден бақиға өтеді. Шəйіт. Тілеу ірі кісі екен. Қалдыбай да олқы

Сайрам соєысыныѕ сардарлары Тілеу, Жолдыаяќ батырларєа Шымкентте ескерткіш орнатылды Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оразмұхамед сұлтанның көңілі толмай отырғанын байқаған үй иесі өз кебін баяндайды. Құрыш білек жігіттер үлкен қолға қосылып, жоңғарлармен соғысуға кеткен. Тұтқиылдан жаудың шолғыншылары ауыл үстінен түседі. Қару ұстар азаматы көзге көрінбейтін, көпшілігі кемпір шал, жас бала, келін-кепшік. Жоңғар жау ғой десе де олар да азамат. Қорғансыз ауылды қынадай қырып тастауға арлары жібермейді. Қылыш көтере алар бірің жекпе-жекке шығып жеңсеңдер жандарың қалады дейді. Жоңғарлардың қорлағанына шыдай алмай əрі намыс өлтіріп осы кісі шыққан. Құдай абырой бергенде жау батырын атынан сайып түсіреді. Бір ауылды қанды қасаптан алып қалады. Алқалаған елі батыр атандырған. Бары осы. Бүгінде атқа отырып, жауға қылыш көтермек түгілі мылтық кезеген біреу болса əйелінің көйлегінің ішіне сүңгіп кетуден тайынбайтындар «Қазақта екінің бірі батыр. Олар өзі қайдан шыққан» деп келемеждегісі келеді. Қазақ – текті халық. Мыңға жалғыз шабатын жампозы батыр атағын ешкімнен сұрап алған жоқ. Еуропаның мақтаулы мемлекеттерінің əлденешеуі сыйып кететін қазақтың ұлан-ғайыр даласын сауғаға ешкім берген жоқ. Алла пешенесіне жазды. Қазақ батырларының арқасында қызыл қасапқа түсіп жүріп сақтап қалды. Бір пұшпағын да жау қолына ұстатқан жоқ. Қорғансыздықтан, күші шамалы соққанда берді, бірлігі жарасқанда тартып алды. Алмас қылыш жігіттері қалың қолмен қидаласып жүргенде ауыл-ауылдың абыройын əлгіндей томашадай қарттары, ержүрек қыздары сақтап қалды. Қазақта батыр көптің бір себебі осы. Ал біз əңгімелегелі отырған Тілеу Айтұлы мен ұлы Жолдыаяқтың жөні тіптен бөлек. Елдік пен ездік сынға түскен, қазақтың бұл ғаламда қалу-қалмауы сын безбеніне тартылған, кейінгі соғыстардың ең үлкен ауыртпалығын көтеріп алған, табаны күректей төрт жылға созылған Сайрам соғысы қазақ тарихының ең қатпарлы кезеңі еді. Сонау Ақтөбе өңірінен Сайрамға 17 мың сарбаз бастап келген Тілеу батыр жайлы айтпас бұрын тарихқа сəл шегініс жасауға тура келеді. Мұрағатта күн-түн отырып, көз майын тауысқан, əр сөйлеміне асқан жауапкершілікпен қарайтын Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының əліппесінде» Сайрам соғысының маңызы жан-жақты нақтыланған. «1645 жылы туған, Тибетте тəрбие алып, жиырма бес жасына дейін діни қызмет атқарған Ғалдан-Бошықты билікке жеткен алғашқы күндерінен бастап-ақ бүкіл ойратхалха жұртын ұйыстырған. Ұлы Моңғол мемлекетін қалпына келтіру жолында күрес ашады. Əуелі Жоңғардың өз ішін тыныштандырады. Жақын-жегжатқа бас игізіп, əкесінің інісі Шоқыр-Үбашыны биліктен тайдырады. Соңғы қырық жыл бойы Ойрат ұлысындағы бар бүліктің мұрындығы болған Өшірті-Шешен ханның ұлысын шабады, өзін өлтіріп, тұқымын қырыпжойып, ел-жұртын басып алады. Сөйтіп, бүкіл Жоңғарды дəрегейіне келтіреді. Қытаймен елші алмасады, Ресеймен арада тыныштық орнатып, алыс-беріс, сауда ісін ұйымдастырады. Əкесі Батұр қонтайшы қалыптастырған «Дала заңын» жаңғыртып, толықтырады. Ойрат əскерін от қарумен жарақтау ісін жүйелі түрде жолға қояды. Бүкіл Жоңғар жұртын уысына түсірген Ғалдан-Бошықты хан 1678-1679 жылдары Шығыс Түркістанды бағындырады... 1681 тауық жылы қазақ пен қалмақ арасындағы екі жүз жылдық соғыстың жаңа кезеңі басталады... Қалмақтардың 1681 жылғы əуелгі жорығының өзі-ақ Ойрат ұлысының айрықша қуатқа жеткенін, Қазақ Ордасының үлкен қатер алдында тұрғанын əйгілейді. Бұл жорықта Ғалдан-Бошықты ханның өзі бастаған қалмақтар жолындағының бəрін жапырып, бүкіл Жетісуды көктей өтіп, Шудан, Таластан асып, Арысқа жетеді, қазақтың қалың ортасындағы Сайрам қамалын қоршайды... Тас құрсауға түссе де қамалы берік Сайрам құламайды. ҒалданБошықты қысқа қарай кейін шегініп, жазды Іленің жағасынан тосады, күш жинап, шешуші ұрысқа əзірленеді. Келесі ит жылы тағы да тынымсыз, тепетең күрес үстінде өтеді, 1683 доңыз жылғы соғыстар да Сайрамның түбінде болады. Ақыры, 1684 жылы жазда Қалданның

11

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

інісі, Батұр қонтажының немересі Сыбан Раптан Сайрамды басып алады. Қаланы қиратып, халқын қырып-жойып, Қазақ Ордасының ұйықты жұртын ойрандап, мың сан тұтқын, қисапсыз олжамен Жоңғарға оралады. 1680 жылы Салқам Жəңгірдің ұлы əз Тəуке хан сайлағанда Тілеу батыр да ұлықтау рəсіміне қатысқан екен. Тəуке таққа отырғаннан бір жылдан кейін қалмақ ханы Ғалдан-Бошалақты қазақ жеріне басып кірген. Қазақтың ұлан-ғайыр даласы өзіне сор болған заман. Екі жақтағы екі ұлы империя Ресей мен Қытай билеушілерінің көңіліне алалық кірген. Тұрақты əскері жоқ мамыражай жатқан қазаққа бес қаруын төсекке бас қойғанда ғана бойынан сыпыратын жоңғардың қолтығына су бүркіп айдап салады. Екі жақтап зеңбірек беріп, мылтық беріп, ұрыс өнеріне үйретеді. Мұздай қаруланған жоңғар əскері жолындағыны қоғадай жапырып келе жатқан соң əз Тəуке батыстағы қандастарына жаушы аттандырады. Қазақтың ырыс-ынтымағының беріктігі сол, Тілеу батыр қасына інісі Қалдыбай мен баласы Жолдыаяқты ертіп, 17 мың сарбазбен Түркістанға келеді. Тəукенің алдынан өткен соң Сайрамдағы сұрапыл соғысқа аттанады. Қазақ ордасының алтын діңгегінің бірі болған Сайрамдағы төрт жылға созылған соғыс жеңіліске ұшырағанымен мейманасы тасып келген жоңғарды қалжыратып, қайтадан күш жинау үшін еліне қайтарады. Қазақ астанасы Түркістанды осы жолы басып алып, қалың елді қайқы қылыш астында ұстауына мүмкіндік бермейді. Сайрам соғысы қазақ əскерінің топтасуына, батырларының ұйысуына, хан əмірін екі етпей уақыттан ұтуына септеседі. Міне, Тілеу батыр он жеті мың сарбазымен елінің азаттығы үшін қырқысқан Сайрам соғысының маңызы. Тілеу батыр туралы зерттеу еңбектер жазған ғалым Жұманазар Асан бауырымыз ел аузынан жинаған дерегіне сүйенсек, он жеті мың əскердің тыңнан қосылуы қазақ əскерінің жауынгерлік рухын көтерген. Сайрам түбіндегі үш жылға созылған текетірес соғыста шебер қолбасы Тілеудің абыройы артып, атақ-даңқы жауына үрей тудырады. Дүрбіт-ойрат Қара Тілеуден көп зəбір шегіп, талай рет маңдайлары тасқа тіреледі. Атағы жер жарған талай батырлары басын осы жерде алдырады. Бірақ, қалмақтар көп еді, қарулары сай еді, ақыры бір тең емес жойқын ұрыста Тілеу атамыздың қасиетті қаны ат жалынан асып, қара жерге төгіледі. Суық хабар тиген соң ортада ұрыс салып жүрген Қалдыбай мен Жолдыаяқ қатар ұмтылады. Бұлар жолындағыны ығыстырып жетемін дегенше, қалмақтар сүйекке иеленіп, шеп құрады. Шежірешілердің айтуынша, əулие атамыз елден шыққан соң, інісі Қалдыбайды оңашалап: «Мен осы сапардан қайтпаспын, өз қолыңнан қоярсың» деген екен. Аға алдындағы борышына адал Қалдыбай басын бəйгеге тігіп, топқа түседі. Бірге ұмтылған Жолдыаяққа: «Ту сыртымнан ешкімді жіберме» дейді. Қарымы қатты Қалдыбай алмас қылышпен алдындағы жауды жапырып отырады да, Жолдыаяқ ту сыртынан дұшпан дарытпайды. Жан беріп, жан алысқан арпалыста ағайынды қос арыс жау қолындағы Тілеудің сүйегін алып шығады. Бөрте жорғаның үстіндегі Қалдыбай ағасының мəйітін алдына өңгеріп кейін салады. Қалдыбайдың қолы байланғанын көрген қалмақтар тез ес жиып, қайта қоршайды. Қалдыбай бос емес, əрі атта екі адам, ендігі ауыр салмақ Жолдыаяққа түседі. Сонда сабына қорғасын

болмаса керек, жиналғандар: «Сұңқардың сүйегін тұлпар көтереді деген осы екен-ай» деп, Бөрте жорғаға да таңданыпты. Бұл 1684 жылдың жазы еді, яғни Сыбан Раптан Сайрамды алатын жаз. Асыл текті Тілеу ұлтының болашағы жолында шəйіт болды. Жаумен жағаласып жатқан қалың қарындас кеңесе келе, өздерінің дана қолбасысын, оның жаужүрек ұлын Тəуекел баһадүр хан, Салқам Жəңгір жатқан қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі іргесіне жерлеуге шешім шығарады. Сонда сүйекті Қалдыбай қара нарына теңдеген екен, Жолдыаяқ жағы басып кете беріп, қапқа құм салып теңдестіріпті дейді Тілеудің қандай кесенеге жерленгенін ғана емес, қандай көлікпен қайтып апарылғанына дейін білетін қазақтың кітап орнына жүретін шежірешілері айтқан кеп осы. Бүгінгі күні ойға қалсақ, атамыз тегіннен тегін қан төкпеген екен. Тəңірінің назарынан тыс қалмапты: ұрпағын өсіріп, атын руға шығарыпты. Қазір Тілеу деген ру күллі Қазақстанға белгілі. Тілеу руынан батыр да шықты, ғалым да шықты, Тахауи Ахтановтай əйгілі жазушы мен белгілі саясаткерлер өрбіді. Бəрін тізбей, бүгінгі күннің белгілі саясаткері Марат Тəжинді атасақ та жеткілікті. Ғалым Жұманазар Асан ойын осылай түйіндейді. Оңтүстіктегі қалың қазақтың мылтық оғы мен зеңбірек зіркілінің астында қырылып кетпеуін ойлап, екі мың шақырым қашықтан 17 мың сарбаз əкелген Тілеу батырдың заманынан озып тұрған тұлға екендігі ақиқат. Түркістан қаласында 2000 жылы тамыз айында өткен ғылыми-танымдық конференцияда Ұлттық ғылым академиясынын президенті, академик Мұрат Жұрынов өзінің сөзінде: Қалмақтар Жетісудан бастап көзіне көрінгенді қырып-жоя отырып. Сайрам қаласына тірелді. Осы тұста қазақ даласының батысынан 17 мың қол бастап келген Тілеу бабамыз сіз-біз деп бөлінбей, елдің болашағы үшін соғыста шейіт болды. Егер осы бабаларымыз болмаса, олар елді қасық қанын аямай қорғамаса, қазақ халқынын болашағы не болар еді? Тілеу батыр осы уақытқа дейін неге дұрыс бағасын алмай келген? Қазақ хандығының алғашқы іргетасы қаланып жатқан кездегі ұлы шайқаста ерлік көрсетіп қаза болған қазақтың ең бірінші батыры кім дегенде мен осы Тілеу батырдың атын атау керек дер едім. Өйткені, қалмақтардың қолында Сайрам кетсе, Түркістан кетсе, қазақ елі не болар еді? Иранға, парсы еліне сіңіп кетер ме еді, кім білген?! Қазақтың жеке-дара хандық құрып халық болып отыруына, ерліктің, елдіктің туын көкке көтеріп жеңіске жетуіне, ұрпақтарының бүгінгі күнге аман жетуіне Тілеу бабамыздың қосқан жанкешті ерлігі орасан. Қазақ елін қорғау үшін өз өмірін құрбан еткен бабалардың ерлігін əділдікпен бағалай білейік» деген еді. Əрине, Тілеу Айтұлының қазақтың ең бірінші батыры атануы үшін атқа қонбағаны анық. Оны тыныш отырған жерінен жұлып алған ұлы күш-елінің өзгеге бодан болмауы, қаны бір қандастың амандығы, қазақтың салқар даласының жау уысында кетпеуі дер едік. Қазақ «қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» дейді. Тілеу батырдың ұлтының садағасы болғандығын осыдан ұққайсыз. Тілеу Айтұлы мен баласы Жолдыаяқтың əз сүйегі киелі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленгенін жоғарыда айттық. Сайрам соғысының сардары, қазақ тағдырына өлшеусіз еңбек сіңірген əкелібалалы батырлардың ерлігі халық есінде

мəңгі жасау үшін ел ағалары Шымкент шаһарында ескерткіш орнату үшін бастама көтерген болатын. Қазақтың қадірлі қарттарының бірі, жасы тоқсанға жетсе де елді ұйыстыруға еңбек етіп жүрген Құдайберген Оңғаров бастаған бір топ зиялы қауымның ұсынысын облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов қолдаған. Мүсінші Əбдікерім Ахметов сомдаған əкелі-балалы батырдың ескерткіші Шымкенттегі ең көрікті жерлердің бірі, Қажымұқан атындағы орталық стадионның аумағында орналасқан. Тайпалған қос салт аттылының бірі Тілеу батырдың қолында күнге жарқыраған шашақты найза, Жолдыаяқтың қолында опыра ұратын гүрзі. Сонау Батыстан байрағы желкілдеп 17 мың қолмен келіп, жоңғарға ойран салған қос батырға ғана емес, қазақ елінің амандығы, жерінің тұтастығы үшін шейіт болған 11 мың сарбазға да орнатылған ескерткіш еді бұл. Олар – тəуелсіздік үшін, өзгеге бодан болмас үшін жан аямай қидаласты, мұны жас ұрпақ біліп өсіп, тəрбие алуы, бабалар аманатына лайық болуы керек. Ескерткішті ашарда құттықтау сөз сөйлеген Оңтүстік Қазақстан облыстық мəсли хатының хатшысы Құдайберген Ержан мен облыс əкімінің орынбасары Сəкен Қаныбеков айтқан сөздің түйіні осы. Бұдан кейінгі сөз мемлекет жəне қоғам қайраткері көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековке берілді. 2010 жылы Кəмейдулла Төлеубайұлы ақсақал маған ақтөбелік он бес ардагердің хатын тапсырып тұрып: – Мырзеке, Тілеу батыр атаусыз қалып барады, ел ағасысыз ғой, осы мəселені көтерсеңіз деген тілекпен келіп тұрмын, – деген еді. Тілеу батыр баласы Жолдыаяқ екеуі сонша жерден – Ақтөбеден он жеті мың қолмен келіп, Сайрам соғысында ересен ерлік көрсетеді. Сол шайқаста он жеті мыңның он бір мыңы шейіт болып, Тілеу батырдың өзі де, баласы Жолдыаяқ та ерлікпен қаза табады. Тілеу батыр баласы екеуі Түркістанға жерленеді. Осы жайында «Егемен Қазақстан» газетіне «Есімі ұрпағына ұран болған» деген мақала жариялап, ол кісіге ескерткіш орнатуды ұсынған едім. Батырға ескерткіш қазанның бірі күні Ақтөбеде ашылды. Міне, бүгін баласы Жолдыаяқ екеуіне ескерткіш Шымкентте ашылып отыр. Батырдың ұрпақтарына, ылғи осындай елдіктің, игілікті істің басында жүретін, асылдарымыздың рухын асқақтатып, аруағына ас беріп жүрген Бекет Тұрғараев інімізге алғыс айтқым келеді. Ардақты ағайын! Теңдесі жоқ ерліктің символындай бұл ескерткіш елге керек, келешек ұрпаққа керек, қазақтың ынтымақ-бірлігі үшін керек. Ит арқасы қияннан, сонша жерден Тілеу батыр Сайрамға салақтап, салтанат іздеп келген жоқ, басын бəйгеге тігіп, қазақтың қасиетті жерін қорғау үшін келді. Бұл ескерткіш – қазақтың бөлінбейтіндігінің, халқымыздың қаһармандығы мен бірлігінің куəсі. Сансыз қырғында бөлінбеген қазақты енді ешкім бөле алмайды. Қазақ ешқашан бөлінбейді. Өйткені, қазақтың бірі – жиен, бірі – нағашы; бірі – іні, бірі – қарындас; бірі – күйеу, бірі – келін; бірі – құда-жегжат. Қазақ сұраса келе қарын бөле болып шығады. Бабалардан байтақ өнеге, терең өсиет, асыл аманат қалды. Сол өсиетке де, аманатқа да адал болуымыз керек. Республикалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қазақ ғылымында өзіндік орны бар, еліміздің сөзін ұстап жүрген жайсаңдарымыздың бірі Өмірзақ Озғанбай да есті жан ұғарлықтай, өнегесінен тағылым аларлықтай ой айтты. Оңтүстіктегі «Тілеу батыр» қоғамдық қорының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Иманəлі Байдаулетов халқымызда «ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» деген аталы сөз бар. Осындай батыр бабаларымыздың арқасында қазақтың ұланғайыр даласы аман қалды. Сонау Батыстан Сайрамға қалың қол келуі – қазақтың бірлігі, ынтымағының айғағы. Біз тарихтың ащы сабағынан тағылым алып біртұтас болсақ елді жақсылыққа бастап келе жатқан Елбасымыздың жанынан табылсақ, алаш баласының көсегесі көгере береді дей келе ел игілігі үшін атқарылып жатқан ортақ шаруаға үлкен қолдау көрсеткені үшін облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов пен Шымкент қаласының əкімі Ғабидулла Əбдірахимовқа ел атынан алғыс айтқан. Оңтүстіктегі салтанатты жиынға арнайы келген ақтөбелік ағайынға ақтілеу білдірді. Əкелі-балалы қос батырдың ескерткішін Мемлекет қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Зақаш Камалиденов жəне Сұлтан Сартаев ашты. – Ғафу Қайырбековтің «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп айтқаны бар. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Шекті Тілеу батыр» атындағы қоғамдық қорын құрып, осы ескерткішті орнаттық. «Тұғырын ұлылар өзі қояды, ескерткішін халқы қояды» деп бекер айтылмаған ғой. «Ұлыларды ұлықтау – ұрпақ парызы» десек, біз сол парызды өтеп отырмыз. Қазақ хандығының 550 жылдығы қатардағы мереке емес, тарихымызды таныпбілуге жасалған мол мүмкіндік, – дейді ескерткішті орнатуда ұйытқы болған қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев. Ескерткіш орнатуда жəне ас беруде ағайынды Қаныбековтердің үлкен үлес қосқандығы айтылды. Қиын-қыстау күн туғанда қазақтың бір үйдің баласы, бір қолдың саласындай болатынын əкелі-балалы батыр көрсетті. Қазақ біріксе ұпайын ешкімге жегізбейді, мемлекет кемелденеді. Кəрі тарих ұқтырған ақиқат осы. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ўлы Даланыѕ ќуаты

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Көгілдір отын – ел өміріне береке, табыс, шуақ əкеледі. Елдің əлеуметтік, экономикалық жағдайына үлкен серпін береді. Ұлы Даланың қуаты, сондай-ақ, мемлекеттік ауқымдағы бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады. «ҚазТрансГаз» АҚ Тараз қаласының газ таратушы желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды 2011 жылы бастаған болатын. Негізгі мақсат – тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарды жаңарту. Бұл жұмыстарды аяқтау 2019 жылға жоспарланған. Жалпы алғанда, Тараз қаласын газбен жабдықтау жұмысы жарты ғасыр бұрын жүзеге аса бастаған екен. Елу жылда əрине, темір де тозады. Осы жобаны қолға алған кезде таратушы газ желілері мен жабдықтардың 66 пайызының тозығы жеткені мəлім болды. Жедел шаралар қабылданбағанда апаттық жағдайлар көбейіп, газ жеткізуде үлкен қиындықтар туындайтыны анық еді. Жаңғырту бағдарламасының арқасында ескірген құбырлар мен жабдықтарды ауыстырумен қатар, Тараз қаласының бүкіл газ тарату жүйесі өзгерді. «ҚазТрансГаз» АҚ төмен қысымды жерүсті газ құбырларын орта қысымды жерасты газ құбырларымен алмастыруда. Жалпы алғанда, жобаны іске асыру барысында жеке секторға газ жеткізетін 940 шақырым газ құбыры ауыстырылатын болады. Жаңа төселген орта қысымды құбырлар ШТП (шкафтық таратушы пункттер) желісіне жалғанып, тұтынушылар толығымен газ алып отыр. Бұдан басқа, ескірген барлық болат құбырлар пролиэтилен құбырлармен алмастырылған, олардың пайдаланылу мерзімі 50 жылдан астам мерзімді құрайды. Екі сатылы газбен жабдықтау жүйесіне көшу жөніндегі инновациялық шешім газ қысымының жеткіліксіздігі проблемасын шешуге, жүйенің өткізу қабілетін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, газ құбырларына заңсыз қосылу фактілерін болдырмайды. Газ берудің осы заманауи жүйесі тұтынушылар үшін тұрақты жəне іркіліссіз газ алуға жол ашып отыр. – Шкафтық пункттер тұрғындар

үшін де, тексерушілер үшін де өте ыңғайлы, – дейді бұл жөнінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Болат Мұртазаев. – Жасыратыны жоқ, бұрын қаланың шет жағында немесе үлкен құбырдан алыс орналасқан үйлердің тұрғындары газ қысымының төмендігін айтып шағымданатын. Шкафтық пункттер орнатудың арқасында бұл проблемадан құтылып келеміз. Жəне бұл газ тексерушілердің де жұмысын жеңілдетті. Тексеру шілер бұрынғыдай əр үй дің қақпасын қағып, есігін ұрып жүрмейді. Көше бойы на орнатылған шағын шкафта электронды есептегіш бар. Соны кілтпен ашып, əр үйдің пайдаланған газының көлемін біле алады. Тағы бір айтары, егер қарызы көбейіп кетсе, автоматты түрде əр үйдің газ құбырын жауып қоя алады. Жалпы, осы инвестициялық жоба жүзеге аса бастағалы бері 633 шақырым жерасты газ құбырлары төселіп, барлығы 14 106 жеке шкафтық пункттер орнатылды. Биылғы жылдың өзінде Тараз қаласында 7 700 ШТП қойылды. Еліміздің екі ірі шаһары – Шымкент пен Таразда бүкіл ТМД кеңістігінде тұңғыш рет газ тарату желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп отыр. «ҚазТрансГаз» АҚ іске асырып отырған осы орасан зор жоба «Ұзақ мерзімді инвестициялық тариф» формуласының тиімділігін толығымен дəлелдейді. Жаңғыртуды жүргізуге байланысты барлық жұмыстар «ҚазТрансГаз» АҚ-тың меншікті жəне қарыз қаражаты есебінен жүргізіледі. Жалпы алғанда, Жамбыл облысы бойынша газ құбыр ларының жалпы ұзындығы 3 891 шақырымнан асады. Оның ішінде Тараз қаласында 1 368 шақырым. Өңірдегі 10 ауданның 8-і газдандырылды. Облыстағы газдандырылған пəтерлердің саны – 162 851, табиғи газ алатын газдандырылған өнеркəсіптік кəсіпорындар – 167, коммуналдықтұрмыстық кəсіпорындар саны 4077-ні құрайды. «ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ жəне газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ жəне оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын жəне өткізетін кəсіпорындар мен ұйымдар кіреді. ТАРАЗ.

 Бəрекелді!

Журналист ќўрметті азамат атанды

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласы бүгінде түрленген үстіне түрлене түсуде. Халық жағдайының жақсарып, санының артқанын, бір жазда қос шағын аудан салынып, пайдалануға берілгенін мақтана айтудың өзі бір ғанибет емес пе?!

Іргетасы 1865 жылы қаланып, 90 жылдан Талдықорған болып аталатын қаланың мерейтойы жалпыхалықтық мейрам ретінде аталып өтті. Бүгінде Ресейде, рес публикамыздың өзге облыстарында тұратын жəне əлемдік спорт додаларында топ жарып бас жүлделерді жеңіп алған спорт шылар мен өнер сахналарында жарқырап шыққан жұлдыздар, танымал тұлғалар бас қосқан Орталылық стадионда 2500 адамның алдындағы марапаттау рəсімінде «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі, танымал журналист Тілеуқабыл Мыңжасаровқа Талдықорған қаласының құрметті азаматы атағы беріліп, төсбелгіні қала əкімі Ермек Алпысов тапсырды. Сөйтіп, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған журналистке ілтипат танытуды құптарлық іс десек жарасар. ТАЛДЫҚОРҒАН.


12

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

 Білім. Бағдарлама. Білік Тəуелсіздіктің алғашқы жылынан еркін демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын жария ете отырып, азат Отанымыздың саяси тарихының жаңа да жарқын болашағына қадам жасадық. Осыған орай, Елбасымыз Н.Назарбаев: «Біз бостандық принциптеріне, əлеуметтікбағдарлық нарыққа, əлеуметтік ынтымақтастыққа сүйене отырып, толық шешіммен жақсы өмір сүруге икемді, демократиялық қоғам құруға дайынбыз», деп бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі демократиялық құндылықтарға тəн қоғамды қалыптастыру екендігін тағы бір баса айтқан болатын.

орындарына тарту мақсатында жоғары оқу орындарында жұмыс тобы құрылып, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл жəне Маңғыстау облыстарында кəсіптік бағдар жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні аталған жоба негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен, оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген, оларға кітапханалар, оқу залдары мен медициналық кабинеттер, спорт залдары қызмет етеді.

Бəсеке бəсіне дайын маман

дайындау – Жаѕа экономикалыќ саясаттыѕ басты баєыты Тахир БАЛЫҚБАЕВ, Білім жəне ғылым вице-министрі.

Іргелі білім негіздері – жоо-ларда

Осы жерде қоғамдағы əлеуметтік жаңаруларды жүзеге асыру міндеті елдегі интеллектуалды əлеуетті арттырмайынша жүзеге аспайтындығы анық. Себебі, демократия бір жылда немесе он жылдықта өзінен өзі құрыла салатын үрдіс емес. Ол – өте күрделі құрылым, сондықтан демократияның орнығуы үшін уақыт жəне белгілі ресурстар қажет. Осы сұраққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» жаңа бағдарламалық мақаласында халқымыздың өз мемлекетін өркениетті елдер қатарына көтеру жолындағы əлеуметтік бағыттарын толық қамтыған мəселелерді көтереді. Осы тапсырмалар толығымен жүзеге асқанда ғана халықтың денсаулығы жақсарып, білімі мен біліктілігі артатыны, тұрмыс деңгейі көтерілетіні, тіршілік етуі жақсаратыны, еңбекке белсенділігі артатыны, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына еркін еніп, бəсекеге қабілеттілігі қалыптасатыны ай қын далған. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы еліміз тағы бір жаңа белеске көтеріледі, қоғамның адам үшін қызмет ету мүмкіндігі арта түседі. Елбасының идеясы қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды – саясат, экономика, білім беру, ғылым, бизнес. Осылардың ішіндегі маңыздыларының бірі – білім беру. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты озық дамыған 30 елдің қатарына кіруді басты мақсат ете отырып, білім беру, ғылым жəне экономика салаларындағы батыл да белсенді реформаларды жүзеге асыруды қарастырады. Тұрақты динамикалық сипатта дамитын нарықтық экономиканы қалыптастыруда экономикалық дамумен қатар, білім беру бағытын да дамыту алға қойылған үлкен шаралардың біріне айналып, ол кешенді де жүйелі жəне терең тұрғыда ойластырылған стратегиялық бағдарламаға ұласты. Білім беру сапасын жетілдіру еңбек нарығын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуді мақсат етеді жəне білім беру мен технологиялар арқылы еңбек өнімділігін арттырады. Сондықтан, талантты жастарды білім гранттарымен қамтамасыз ету еліміздің мемлекеттік саяси басым бағыттарының біріне айналып отыр. Қазіргі ақпарат заманында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қолданылатын өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бəсекеге қабілеттілігі туралы мəселе күн тəртібіне қойылып отыр. Қоғамдық өндіріс салалары да, еліміздің өзі де білім беру жүйесі бəсекелестік қаты настарға төтеп бере алған жағдайда ғана бəсекеге қабілетті болмақ. Бүгінгі таңда кез келген елдің бəсекеге қабілеттілігі білім жүйесінің бəсекеге қабілеттілігіне келіп тіреледі. Сондықтан, барлық дамыған елдерде білім беруге баса назар аударылуда. Елбасы Н.Ə.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер алдында оқыған дəрісінде білімнің ел өмірінде алатын ерекше рөлін: «Ұлттар тек тауарлар жəне қызметтермен ғана бəсекелесіп қоймай, сонымен қатар, олар қоғамдық құндылықтар жүйелерімен жəне білім беру жүйесімен бəсекелесуі қажет», деп нақты белгілеген болатын. Сондықтан, бүгінгі күнгі озық технологиялар мен жаңашыл ойларды жетік игерген, өзін де, елін де таныта алатын азаматтарды тəрбиелейтін ыңғайлы оқу жүйесі болуы керек. Əлемдік білім беру жүйесінде көш керуен алда келе жатқан алдыңғы қатарлы елдердің тəжірибесін саралай отырып, оқу жүйесінде байыпты өзгерістер жасаған абзал. Оның ішіндегі негізгі салмақ жоғары оқу орындарына түспек. Себебі, еліміздің жоғары оқу орны жүйесі тек жоғары білім берудің ғана емес, бүкіл білім беру жүйесінің жаңаруына ұйытқы

болуы аса қажет. Есімі əлемге əйгілі испандық философ жəне мəдениеттанушы X.Ортега-и-Гассет «Миссия университета» ең бегінде университетті «интеллектуалды элитаны тəрбиелеу орталығы» дейді. Ғалым университеттің міндетін «дарындылар аристократиясын» тəрбиелеуден көреді. Яғни, интеллектуалды элитаны элиталық білім бере отырып тəрбиелеп өсіріп шығаратын орта жоғары оқу орындары. Элитарлық білім интеллектуалды элитаны қалыптастыратын бірден-бір негізгі көзі. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мəселесіне арнап «Мəңгілік Ел жастары – индустрияға!» əлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталды. 2015 жылы «Серпін» жобасы бойынша 5 мың орын 19 жоғары оқу орындарындағы 61 мамандық бойынша бөлініп, оның 1200 орны 36 техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарына (колледж) 47 мамандық бойынша берілді. Яғни, 2015-2016 оқу жылында мамандықтар аясы, жоғары оқу орнының тізбесі кеңейтілді жəне білім грантының көлемі ұлғайтылды. Атап айтсақ, педагогикалық мамандықтарға 1500 орын, техникалық – 3000, ауылшаруашылық – 300 жəне ветеринарлық – 200 орын қарастырылып (барлығы 5 000 грант), жоғары оқу орындарының тізбесі 19-ға жеткізілді (2014 жылы тек педагогикалық мамандықтар бойынша 1050 грант бөлініп, 7 жоғары оқу орындарына бөлінді). Атап айтқанда, 2015-2016 жылдары бағдарламаға 19 жоғары оқу орындары қатысты: олардың қатарында Павлодар облысы (2 ЖОО, 33 мамандық) – 475 орын; Шығыс-Қазақстан облысы (3 ЖОО, 63 мамандық) – 935 орын; Қостанай облысы (4 ЖОО, 43 мамандық) – 965 орын; Ақтөбе облысы (1 ЖОО, 12 мамандық) – 132 орын; Ақмола облысы (1 ЖОО, 26 мамандық) – 393 орын; Солтүстік-Қазақстан облысы (1 ЖОО, 17 мамандық) – 300 орын; Батыс-Қазақстан облысы (2 ЖОО, 37 мамандық) – 540 орын; Қарағанды облысы (4 ЖОО, 50 мамандық) – 960 орын; Атырау облысы (1 ЖОО, 12 мамандық) – 300 орын. 2015 жылдың 5 тамызында Республикалық білім беру грантын тағайындау конкурстық комиссиясының отырысы өтті. «Мəңгілік Ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы шеңберінде бөлінген квотаға 12 445 адам конкурсқа қатысты (2014 жылы 6 411 талапкер еді), оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан – 6 790, Қызылорда – 2 586, Жамбыл – 1 270, Маңғыстау – 653 жəне Алматы облысынан 1 146 адам қатысты (20142015 оқу жылында білім гранттарын тағайындау конкурсына оңтүстік өңірден 6 078 адам, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан – 3 381, Қызылорда – 1 659, Жамбыл – 489, Маңғыстау – 277 жəне Алматы облысынан 272 адам қатысты). Конкурс қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан 2 817, Қызылорда облысынан 1 079, Жамбыл облысынан 439, Алматы облысынан – 425 жəне Маңғыстау облысынан 240 үміткер грантқа ие болды (2014-2015 оқу жылында конкурстың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан – 537, Қызылорда облысынан – 329, Жамбыл облысынан – 80, Алматы облысынан – 57 жəне Маңғыстау об лысынан 47 үміткер грантқа ие болған еді). Осы жоба бойынша оңтүстік жəне батыс өңірлердің жастарын солтүстік жəне шығыс өңірлердегі жоғары оқу

Кəсіби білім беру жүйесін модернизациялаудағы маңызды мəселенің бірі – ел экономикасының индустриялықинновациялық даму бағытына сəйкес, шаруашылық салаларындағы кəсіби мəселелерді ерекше тəсілдер арқылы жаңа технологияларды қолдана алатын техникалық бағыттағы мамандарды даярлау болды. Жоғары оқу орнындағы іргелі білімнің негіздері жəне студенттердің өзекті ғылыми тақырыптармен, ғылы ми-зерттеу жұмыстарының əдіс терімен жəне принциптерімен тереңірек танысулары болашақ маман дардың сапалы білім алуларына кепілдік береді. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында 10 ЖОО негізінде бейіндік магистратура бойынша 1900 орынға мемлекеттік тапсырыс бойынша ма мандар даярлау басталды. Жалпы, бакалавриатқа – 32168 грант бөлінсе, магистратураға – 7241 жəне докторантураға 623 орын берілді. 2015 жылы ғылыми кадрларды бірлесе даярлауды екі ЖОО жалғастыруда: əл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым ордасы» жəне Қ.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ «Парасат» ғылыми-зерттеу институты. Аталмыш ЖОО-лар үшін төмендегідей мемлекеттік сұраныс қарастырылған: бірінші, магистратура бағдарламасы бойынша Қ.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ – 103 орын, PhD докторантура – 37 орын. Бөлінген бұл орындар толықтай игерілді. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Ғылым ордасы» ҒЗИ-де де көптеген мəселелер өз шешімін тапты. Сонымен қатар, бүгінде «Ғылым ордасы» төмендегі мəселелерді талқылау үстінде: бірінші, тəжірибелік білім беру жұмысына тартылған мекеменің қызметін реттеу үшін ғылым мен білім интеграциясы жобасына сəйкес нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; екінші, белгілі ғалымдар қатарындағы ПОҚ-ты (про фессор-оқытушылар құрамы) қамтамасыз ету мақсатында ғылым жəне білім беру интеграциясы жобасына қатысқан ҒЗИ ғалымдарына қажет ақшаны басқа да қосымша көздерден қаржы қарастыру; үшінші, «Ғылым ордасы» ҒЗИ Білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитетіне қарасты мекеме болғандықтан, оның оқу ғимаратын қазіргі заманғы талаптарға сəйкес толықтай жасақтау, яғни «Ғылым ордасы» РМК-ны мақсатты қаржыландыру мəселесін шешу. Алда айтқан «Серпін» жобасын жүзеге асыру арқылы елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайына серпін береді деп күтілуде. Бұл игілікті істі тарата айтсақ: • білім беру қызметінің бəсекеге қабілеттілігі, адам капиталының сапасы артып, еңбек нарығы білікті мамандармен жəне оларды тиімді пайдаланумен қамтамасыз етіледі; • білім беру саласындағы барлық қатысушыларды жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы бюджет қаражатын қолданудың нəтижелілігі мен тиімділігі артады; • жастарды əлеуметтік маңызы бар кəсіби қызметке тарту механизмі жетілдіріледі. Білімге назар аудару үрдісін – «адамдық капитал» концепциясы деп атайды. Яғни, «Адам капиталы – бұл адамның сапалық жəне сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен əлеуметтік қатынастардың негізінде қалыптасатын əлеуметтік мəні бар зор қабілеті, білімі, білігі, дағдысы», деген тұжырымға жетелейді. Осы аталмыш концепцияның мəнін жете түсінген Елбасы мемлекеттік бюджеттен жастарға қаржы бөле отырып, олардың ертең ел экономикасын көтерудегі рөліне айрықша мəн берген болатын. Соның бір дəлелі елдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан «Болашақ» бағдарламасын тəуелсіздікке екі жыл толар-толмас уақытта 1993 жылы қабылданғаны дер едік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев əлемнің белді жоғары оқу орындарына елдің келешегін жақсартатын білімді де білікті кадр даярлау мақсатында жүздеген жастарды жіберді. Міне, содан бергі уақыт ішінде мыңдаған дарынды жас əлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алуда.

«Адамдық капитал» концепциясының біздің елде жүзеге асуының бұл бірденбір көрінісі. Елбасы «Болашақ» стипендиясы иегерлерімен Астанадағы кездесуінде бұл бағдарлама бəсекеге қабілетті ұлттың қатарына қосылу үшін жасалған ең маңызды жобалардың бірі екеніне тоқталған еді. «Мұны ұғу үшін дамудың жаһандық бағыты қалай қарай кетіп барады, соны білуіміз керек. Заманауи прогрестің мəнін білуіміз керек. Қазіргі шындық мынадай: бүгінгі мемлекет өзінің интеллектуалды ресурстарымен бəсекеге түседі. Дамыған елдердің ұлттық байлығының 75 пайызы осы интеллектуалдық капиталды құрайды.

1 миллион теѕге Бўл – спортшыєа сыйланєан сертификат кґлемі Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жақында Бейжіңде жеңіл атлетика бойынша өткен əлем біріншілігінде ел намысын қорғап, қола жүлдені еншілеген болатын. Осыған орай облыс əкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандық спортшыға 1 миллион теңгенің сертификатын сыйлады. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Жарыс қорытындысы бойынша төртінші орыннан көрінген О.Рыпакова 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпия ойындарының жолдамасына ие болды. Спортшының бағындырған межесі – 14,44 метр. – Бұл – мен үшін жеңіс қана емес, алдымызда келе жатқан Олимпиадаға үлкен дайындық. Сондықтан, қазіргі кезде жаһандық басты додаға бар күш-жігеріммен əзірлену үстіндемін, – деді О.Рыпакова. Ол өзіне қолдау көрсеткен жерлестері мен өңір басшылығына ризашылығын жеткізді. О.Рыпакова келесі жылдың наурыз айында АҚШ-та өтетін əлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Айта кеткен абзал, Олимпиада чемпионы Бейжіңдегі ойындар аяқталған соң Алматы қаласындағы оңалту орталығында күш-қуатын қалпына келтірді.

Бəсекеніѕ бастысы – білімніѕ бəсекесі

Алдыңғы қатарлы елдердің экономикасы ғылым мен бизнестің аспектілеріне негізделген. Біз инновациялық төңкеріс үшін дайындықтамыз. Нақты мақсатымыз бар. Ол – халықтың əл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыс істейтін жоғары технологиялық мемлекетке айналу. Өйткені, мұнай-газды, басқа да ресурстарды біз мəңгілікке пайдалана алмаймыз. Біздің мақсатымыз мынадай басымдықтарға ие болады. Бұл ең алдымен, басқарудың тиімді тетігін білетін жастардың шоғырын қалыптастыру. Олар мемлекеттік басқару мен бизнес саласын жетік меңгерген мамандар болуы қажет. ХХІ ғасырда қалай жұмыс істеу керектігін білетін мамандар Отанның мақсатмүддесін алдыңғы орынға қоятын патриоттар болып қалыптасады. Оның үстіне олар менеджменттің де қырсырын білетін болуы керек. Жаңа идеяларға бастамашы болуы шарт. Өйткені, біз мемлекеттік басқаруға білімді, жан-жақты дайындығы бар, тəжірибелі адамдарды тартамыз...» – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті осы орайда, интеллектуалды ұлт – 2020 идеясы турасында əңгімеледі: «Идеяның басты мақсаты – жаңа қазақстандықтарды тəрбиелеу. Елді адам капиталы арқылы бəсекеге қабілетті ету. Бұл үшін біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол ашылуы керек. Бізде əр жеті-сегіз жыл сайын өз ісінің шеберлері көбейіп келе жатқаны дəлелденіп отыр. Сөйте тұра, осыны қанағат тұта бермей, жастар бойында қас пен көздің арасында жаңарып жатқан ақпарат тасқынынан өзіне қажеттісін іріктеп алатын жасампаздықты шыңдау қажет. Бұл үшін жаңаша оқыта алатын ұстаздар керек... Екіншіден, электрондық қызмет көрсетуді жаңа заманға сəйкестендіру керек... Үшіншіден, жастардың рухани тəрбиесіне айрықша көңіл бөлу...». «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жəне Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында базалық жоғары оқу орындарымен қатар, колледждердің де даму бағдарламасы əзірленді. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) төрт маңызды аспектіні көздейді: жаңа білім беру бағдарламаларын əзірлеу, мемлекеттік тапсырысты ҮИИДМБ жобаларының қажеттіліктеріне сəйкес орналастыру, зертханалық базаны жаңарту, колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру. Индустрияландыру жобалары үшін білікті мамандарды даяр лау дағы техникалық жəне кəсіптік білім жүйесі алдына қойылған міндеттер аясында Білім жəне ғылым министрлігі Инвестициялар жəне даму министрлігімен бірлесіп экономиканың басым салаларын жəне кəсіптік-техникалық білімі бар мамандарға деген қажеттілікті анықтады. «Кəсіпқор» холдингі» КАҚ бірлесіп аймақтарда еңбек ресурстарын қалыптастыратын экономиканың басым салалары негізінде 10 колледж анықталды. Осы колледждердің дамуының мақсатты бағдарлары ретінде, ең алдымен, материалдық-техникалық базаны нығайту, инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кəсіби құзыреттілігін арттыру, əлемдік стандарттарға сай оқу бағдарламаларын жаңарту арқылы білімнің мазмұнын жаңғырту болып табылады. Іріктелген 10 колледж арасынан 6 колледж Дүниежүзілік банк несиесі есебінен жүзеге асырылатын «ТжКБ жаңғырту» жобасы шеңберінде жалпы 425 млн.теңге сомаға заманауи құрал-жабдықтар сатып алынып пайдаланылады. Сонымен қатар, соңғы үш жылда осы колледждер жергілікті бюджет есебінен 323,2 млн.теңге сомасына жəне республикалық бюджет есебінен – 125 млн. теңге сомасына жабдықталынды. Қорыта айтқанда, елімізде ел келешегін ойлаған интеллектуалды элитаны қалыптастыру мəселесі Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған елеулі сая сатымен үндеседі. Жастардың оқуына жұмсалған шығын ертең интеллектуалды өнім есебінде елге қайта оралады. Бұл бір жағынан мемлекетке байланысты болса, екінші жағынан жастардың білімге деген құштарлығына байланысты. Сондықтан жастарды білімге тартқан абзал. Бұл өз алдында əлеуметтік жаңаруларды тиімді етуге əкелері сөзсіз.

ӨСКЕМЕН.

 Өнер

Мизам шуаќтаєы маусым Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының мерекелік ХХV маусымы М.Əуезовтің шығармасы желісінде режиссер Əлімбек Оразбеков сахналаған «Абай» спектаклімен ашылды. Қойылым алдында театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменов, театр директоры Болат Ұзақов, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Рымкеш Омарханова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əлімбек Оразбеков журналистердің қойған сұрақтарына жауап беріп, жаңа маусымда ұсынылатын тың туындылар туралы мəлімдеді.

Айта кету керек, биылғы маусымда театр ұжымы Мəскеуде өтетін театрлар фестиваліне режиссер Т.Теменов сахналаған «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклін алып баруды жоспарлауда. М.Əуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» əңгімесі желісінде жазылған драматург Қалихан Ысқақтың «Таңғы жаңғырығын» сахналаған Əлімбек Оразбековтің тағы бір премьерасы жақын күндерде осы жылдың айтулы оқиғасының бірі болмақ. Мұнымен қоса Атырау қаласында өтетін драматургжазушы Рахымжан Отарбаев атындағы театр фестиваліне автордың «Нашақор новелласы» атты шығармасы бойынша режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналаған «Көлеңкесіз жолаушы» психологиялық туындысы жолдама алып отыр. Бүгінде жастар мен дін мəселесі өте өткір қойылып отыр. Сондықтан, театр ұжымы бұл орайда да қол қусырып қарап отырған жоқ, мысалы, елді елең еткізер ендігі бір жаңалық, театр қоғамнан оқшау, томағатұйық қала алмайтын сала болғандықтан шетелдік əріптестерімен араласып-құраласып жатуы заңдылық. Бұл ретте, театр басшылары өз сөздерінде Қырғызстаннан, Грузиядан арнайы шебер-мамандар шақырылып, өзара шығармашылық байланыстар орнатыла бастағанын алға тартты. Осыдан 25 жыл бұрын шымылдығы «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклімен ашылған Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының жаңа маусымын «Абай» трагедиясымен бастауында үлкен мəн бар. Биыл Абайдың 170 жылдығы өңірлерде кеңінен аталып өтуде. Осынау тойға бұл спектакль үлкен тарту болып табылады. Екіншіден, М.Əуезов драматургиясы өткен ғасырдың еншісінде болғанымен, бүгінгі көрермен үшін де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Адамзатты алаңдатқан алауыздық пен жікшілдік, көрсеқызарлық пен қызғаныш, қастандық пен қатыгездік билеген дүлей заманмен күресіп өткен Абай ойы, Абай философиясы, əсіресе, бүгінгі көрерменге ауадай қажет. Ал енді бізге қандай Абай қажет? Оны бүгін қай тұрғыдан сөйлеткеніміз абзал? Неге шөліркейміз? Нені аңсаймыз? Режиссер Ə.Оразбеков өз спектаклінде осыған барынша жауап табуға тырысып баққан. Сол мұратқа жетуде басты салмақ түрлі буынның өкілі қамтылған актерлар труппасына артылып тұрғанын көреміз. Қазақстанның халық əртісі Тілектес Мейрамов аға Абайды, ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов негізгі Абай бейнесін сомдады. Айдарды – Олжас Жақыпбек, Ажарды – Сая Тоқманғалиева, Əбдірахманды – Жанат Оспанов, Мағышты – Ақмарал Танабаева, Керімнің рөлін Жасұлан Ерболат орындап, ақын өмір сүрген кезеңнің үніне құлақ түргізді. Оразбай, Жиренше,

Нарымбек бейнелері (рөлдерді орындаған Б.Ыбыраев, Ж.Төленбаев, Ж.Мұсаев) ескілік пен жаңашылдықтың, қараңғылық пен қайырымдылықтың қақтығысын шынайы бедерлеуімен ерекшеленді. Əрі олардың ойыны арқылы спектакль оқиғасы, яғни Абай мен оның қарсыластарының арасындағы шиеленіс нанымды беріліп, ақынның тұшымды жырларына қоса азаматтық, тұлғалық қыры ашыла түседі. Əртістердің көп ойды көзбен, ыммен, жүздерін құбылту арқылы беруі, кейіпкерлердің өкінішін, кегін, мұңын, түрлі сəттегі көңіл-күйін бет-пішіннің көмегімен жеткізуі тым əсіре бояуға ұрынбай, шынайы орындалғанын айта кеткен жөн. Өйткені, режиссер кейіпкердің аузына көп сөзді үйіп-төгіп сала бергісі келмеген. Сөз орнына кейде бет-əлпет, көз бен қабақ қатар ойнайды. Мұндай қисындар, əсіресе, Абайға қарама-қарсы топтағылардың мінез-бітіміне тəн қасиет болып келеді. Құрғақ мəтінді судыратып жатқа айту бар да, жəне сол сөзбен бірдей ойнай білу, лебіз бен іс-əрекеттің синхронды қабысуы деген талап тағы бар. Сондай шарттардың бұл спектакльде бұлжымай орындалғанына куə болдық. Қойылымдағы ерекше тың тəсілдің бірі – мұнда екі Абай ойнайды. Неге екеу? Бір Абай жетпей ме? Қос Абай сахнада қосарланып не істемек деген сұрақ тууы мүмкін. Кез келген шығармаға олай долбарлап пікір білдіре салу оңай, əрине, бірақ бұрынғы «Абайларды» қайталамау үшін режиссер осы шешімді дұрыс деп тапқан сияқты. Спектакльді тамашалай келе, екі Абайдың аражігі ажыратылып, мəні түсінікті бола түседі. Бірін-бірі толықтырған, заманға сырттай баға берген, қоғаммен бірге мұңайып, бірге ойға батқан ақынның қос бейнесі ара-тұра тұтасып кетеді... Абай – біздің іс-əрекетімізге, өмірімізге əрдайым сыншы тұлға десек, ол əрдайым жанымызда жүреді, бізбен бірге өмір сүреді. Бəрімізді ойға батырады, қиялға шомдырады, есейтеді, етек-жеңді жиғызады... Сонымен бірге, өлең оқылып, айлы түннің астында əн шырқалатын, көрерменді сергітетін тұстар бар. Езуге күлкі үйіретін əзіл-қалжың аз болғанмен, онысы қазақтың əдеп-ибасынан аттап кетпейді. Əдетте, трагедияны көру адамға ауыр тиеді деп жатамыз. Ол өте күрделі жанр дейміз. Бірақ, бұл «Абайдан» еңсеңіз езілмей, ертеңге үміт артып шығасыз. Абай аңсаған жарыққа ұмтылдырады. Сендіреді. Серпілтеді. Сезімді оятады. ––––––––––––––––––––

Қаршыға КҮЛЕН.

Суретте: «Абай» спектаклінен көрініс.


13

www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

 Ойласу

Белеѕ алєан бедеулік мемлекет тарапынан оныѕ алдын алуєа наќты шаралары ќарастырылуда Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Репродуктолог дəрігерлер Оңтүстік Қазақстан облысында белең алған бедеуліктің негізгі себептерін атады. Бұл тұжырымды «DL-ЭКО» қазақ-израйльдік көпсалалы клиника мамандары жасаған. Ал осынау мəліметтер Оңтүстік Қа зақстан облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалымен ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистерге жария етілді. Аталмыш клиника директоры Борис Гойхман: «Бұл дерттің өршуіне денсаулықты сақтауға мəн бермеушілік пен аурудың алдын алу шараларының болмауы негізгі себеп болып отыр», – дейді. Оған қоса жаппай профилактикалық зерттеулердің болмауы мəселе туындатып отыр. Оның айтуынша, əйелдерге əр жарты жыл сайын профилактикалық тексерістен өту қажет, ал ер адамдарға жоқ дегенде жылына бір рет. «Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған қашанда жақсы. Бұл бағыт бұрынғы Кеңес Одағында жақсы жолға қойылған еді. Қазір, байқап отырғанымдай, өте əлсіз. Ешбір науқас асқынбаса жыныстық жұқпа бар-жоғын анықтауға келмейді, алайда, оның өңірлерде кездесетініне 90 пайыз сенімдімін», – дейді дəрігер. Борис Гойхманның айтуынша, белсіздікке экологияның нашарлауы мен дұрыс тамақтанбау кесірін тигізіп жатыр. – Нəтижесінде экстракорпоральді ұрықтандыруға деген сұраныс жоғары деңгейде қалып отыр. Алайда, оған қымбат тұратын импорттық жабдық қажет. Осыларды ескере отырып, бедеулікті емдеуге мамандандырылған «DL-ЭКО» қазіргі заманғы репродуктивті технологияны қолдануға басымдық беріп отырмыз. Бала сүйгісі келетіндердің көп бөлігі үшін жалғыз жол болып отыр. Бұл аппаратқа «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының арқасында қол жеткіздік. «Даму» қорының ықпалымен алынған əрі пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несиенің

арқасында жапондық МРТ сатып алу мүмкіндігі туды. Лапароскоптық операция жасайтын бөлмені жабдықтандыруға жалпы сомасы 123,3 миллион теңге несие алынды. Ал бұрын жеке клиника үшін мұндай қымбат медициналық технология сатып алу мүмкін емес болатын, – дейді Борис Гойхман. – Біздің медорталығымызға қолдау көрсеткені үшін мемлекетке, «Даму» қорына жəне ОҚО əкімдігіне рахмет айтамын. Солардың арқасында нақты диагностика мен тиімді емді қамтамасыз ететін заманауи жабдыққа қол жеткіздік. Сонымен, бастапқыдағы экстракорпоральді ұрықтандырудың нəтижесі дүниежүзілік тəжірибеде орташа 30-35 пайызды құраған. Клиника үш жылдың ішінде 50 пайыз нəтижеге қол жеткізген. Осы аралықта шыны түтіктен 276 дені сау əрі толыққанды бала өмірге келген. Бұл үлкен жетістік, деп санайды клиника мамандары. Өйткені, мұнда балалы болудан мүлде күдер үзген адамдар келіп жатады. Борис Гойхманның айтуынша, клиникадағы диагностика қаладағы тəулік бойы жұмыс істейтін жалғыз əрі бағасы жағынан қол жетімді. Қазір шығын материалдарының екі есеге қымбаттағанына қарамастан, қызмет көрсету құны өзгермеген. ШЫМКЕНТ.

 Басты байлық

Ерлер денсаулыєы ойландырады Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай облыстық емханасының базасында ерлер денсаулығы жəне отбасы беріктігі орталығы ашылып, көктемнен бері жұмыс істеп келеді. Əдетте, облыста əйелдер, балалар денсаулығына жəне қант диабеті секілді қауіпті ауруларға қатысты орталықтар бар. Олардың атқарып отырған жұмыстары аз емес. Алайда, ерлер денсаулығына қатысты осы кезге дейін белгілі, нақты шара ұйымдастырылмаған екен. Науқастармен жəне шаңырағы шайқалып жататын отбасының, оның ішінде, жас отбасылардың мəселелерімен күнделікті бетбе-бет келіп отыратын дəрігерлер, əлеуметтік психолог мамандар мəселенің тым өзектіленіп бара жатқанына дабыл қақты. – Мəселе ушығып тұр десек те болады, – дейді облыстық аурухананың уролог дəрігері, Ерлер денсаулығы жəне отбасы беріктігі орталығының жетекшісі Сергей Белоусов. – Қазір отбасылар арасында бедеуліктің салдарынан перзент көре алмау жағдайлары тым жиілеп кеткен. Тексере келгенде оған себептің 50 пайызы ер адам денсаулығының нашарлығы болып табылады. Жақында осы орталыққа Б.Жар босынов атындағы республикалық урология ғылыми орталығы қызметкерлері «Ер адам денсаулығының мектебі» шарасы аясында арнайы келіп, пациенттерді тегін қабылдап, тексерді. Орталықтың мамандары айтқандай, 14 облыстан 24 000 пациент тексерілген, олардың 56,3 пайызында еркектік қуатының кемдігі, 30,4 пайызында ұрпақ өрбіту қабілетінің бұзылғандығы анықталған. Соңғы жылдары ер адамдар арасында қуық-жыныс, бүйрек ауруларының өсіп келе жатқаны жиі айтылса да, олардың бедеулігі, ер қуатының төмендігі тек урологиялық проблемалардан ғана емес екен. Тексерілген адамдардың 69 пайызының қант диабетімен, 72

пайызының жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратындығы белгілі болды. – Сондықтан, ер адамдардың денсаулығын кешенді түрде қарас тыру керек. Олар кардиолог, психиатр, эндокринолог дəрігерлердің де назарын аударуы тиіс. Біздің қоғамда ер адамдардың денсаулығы əйелдерден мықты болады, ерлер мықты жаратылыс деген қате түсінік бар. Ауру адам ағзасына, оның жынысына қа рамайды. Екіншіден, əйелдер гинекологиялық ауруларымен дəрігерге негізінен дер уақытында қаралады, солай қалыптасқан. Ал ер адамдар қуық-жыныс ауруларына шалдыққанда дəрігерге баруға ұялып, салғырттық танытып жүріп алады. Ауру тіпті, асқынып кеткенде дəрігердің емі ешқандай нəтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан, Ерлер денсаулығы мен отбасы беріктігі орталығы науқастарды тексеріп, көмек беруімен шектелмей, жалпы, ерлер арасында профилактикалық жұмыстар да жүргізетін болады, – дейді Сергей Алексеевич. Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы Қостанай облысына жасаған екі күн сапарында 150 адам келіп, уролог, кардиолог, эндокринолог дəрігерлердің кеңесін алды, УЗИ-ден, ЭКГ-ден өтті, қанын тексертті. Жергілікті уролог, андролог дəрігерлермен, психолог, сексопатолог секілді тағы басқа да мамандармен семинар өткізілді. Мамандар қазір жасөспірім ұлдар дың, жас жігіттердің, жал пы, ер кісілердің арасында профилактикалық жұмыстардың кең жүргізілуі тиіс екенін айтып отыр. Ерлер денсаулығы бір күнде нашарламайды, оны кешен ді қа рау керектігі уақыт талабына айналғандай. Қазір облыста жұмыс істей бастаған бұл орталық қаржыландырылу көлеміне қарай алдағы уақытта заманауи жабдықтар алумен қатар, жұмыс ауқымын да кеңейте түсетін болады. ҚОСТАНАЙ.

 Спорт

Аќтґбелік атлет Олимпиадаєа барады Ақтөбелік еркін күрес шебері Артас Сана Лас-Вегаста күрес түрлерінен өткен əлем чемпионатында алғашқы бестікке еніп, Риоде-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойындарға лицензия жеңіп алды. 57 кило салмақ дəрежесінде Артастың қола медаль иеленуге мүмкіндігі болып еді. Алайда, үшінші орын үшін кілемге шыққан ол моңғол балуаны Бекбаяр Ерденабаттан жеңіліп қалды. Ал ынталандыру кездесуінде болгар Вангеловты 7:0 есебімен жеңіп, Олимпиадаға жолдама алды. Бұл – еркін күрес бойынша əзірге қазақстандық спортшылар арасындағы тұңғыш əрі əзірге жалғыз жолдама. – Алдымен Артас Санаға сенім артқан Қазақстан күрес федерациясы басшылығына рахмет, – дейді облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Маханов. – Артас медаль ала алмай қалғаны болмаса, ең бастысы, Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. Айта кету керек, Ол сəуір айында Стамбулда өткен Еуропа, əлем, Олимпиада чемпионы, түріктің даңқты балуаны Яшар Догу атындағы ФИЛА-ның ірі халықаралық

турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Спортшымыз енді жолдамамен қуантып отыр. Ескендірбек Махановтың айтуынша, күздің алғашқы айы ақтөбелік спортшылар үшін табысты болды. Олай дейтініміз, дзюдодан Астанада өткен əлем чемпионатында Рустам Ибраев күміс медальды жеңіп алды. Рустамның жүлдесін бағалаған Қазақстан дзюдо федерациясы оған 10 миллион теңге тапсырды. Ал каратэшілер Ринат Сағындықов пен Андрей Ақтауов Жапонияның Йокогама қаласынан Азия чемпионы болып оралды. Андрей алғаш рет Азия чемпионы атанса, дзюдодан Қазақстан құрамасының капитаны Ринат Азияның алтынын үшінші рет қанжығасына байлады. Ал ел біріншілігінде бірнеше спорт түрі бойынша топ жарып, жүлдегер атанғандар аз емес.

Ќазаќ ќызы Ресейдіѕ чемпионы болды

Ресейдің Астрахань қаласында тұратын қазақ қызы, халықаралық дəрежедегі гроссмейстер Жанна Саршаева 64 шаршылы дойбыдан елдің екі дүркін чемпионы атанды. Ол орыс шахматы бойынша өткен чемпионаты, шеңберінде екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Жанна алдымен аса жылдам ойналатын ойында жеті рет жеңіске жетіп, екі матчты тең аяқтап, 9 мүмкіндіктен 8 ұпай жинап, топ басына дара шықты. Ол сондай-ақ жылдам ойналатын келесі ойында 9 мүмкіндіктен 7 ұпай алып, 28 қатысушының арасында бірінші орынға көтерілген. Бұл жолы ол 7 рет ұтып, 2 мəрте тең ойнап, 1 рет ұтылған. Жанна Сəбитқызы Саршаева 1993 жылғы 29 сəуірде Астрахань облысы Володар ауданының Володар селосында туған. Бұл уақытқа дейін Ресейдің қыздар арасындағы 9 дүркін, əйелдер арасындағы 4 мəрте чемпионы атанған. Сол сияқты əлемнің қыздар арасындағы 9 рет чемпионы. Əйелдер арасындағы 2013 жылғы əлем чемпионы, 2007, 2011 жылдардағы күміс жүлдегері, Еуропаның 2014 жылғы чемпионы. Əлемнің МАРШ версиясы бойынша 2007 жылғы қола жүлдегері, Жасөспірімдер арасындағы бірінші Бүкілəлемдік олимпиаданың жеңімпазы (2006), Екінші Бүкілəлемдік интеллектуалдар ойындарының қола жүлдегері (2012), Бірінші Əлем лигасының күміс жүлдегері (2011). Даңқты қандасымызды əкесі Сəбит Саршаев жаттықтырады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

– Олимпиадаға жолдама алудан үміткер спортшыларымыз аз емес, – дейді Ескендірбек Маханов. – Зілтемірші Фархад Харкиге, суға жүзу шебері Александр Тарабринге, əйелдер күресінен Айжан Исмағұловаға, грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Мейрамбек Айнағұловқа үміт артамыз. Сондай-ақ, боксшы қызымыз Гүлжайна Үббіниязова, дзюдошылар Рустам Ибраев пен Айгүл Байқұлова да Олимпиада жүлдесіне қол созып отыр. Айжан 64 кило салмақта рейтинг бойынша Қазақстанда бірінші тұр. Бірақ, оның салмағы олимпиадалық салмаққа жатпайды. Сондықтан, күрес федерациясы 60 килоға түсіріп жатса, төрт жылда бір рет айналып келетін үлкен додаға баруға мүкіндік туады. Қазіргі кезде алдағы жылы өтетін Олимпиадаға жолдама алу үшін жақсы əзірліктер жасалып, спортшыларға барынша қолдау көрсетіліп отыр. Мəселен, ұлттық құрама мүшелері 150 мың теңгеден, жастар құрамасының мүше лері 75 мың теңгеден, ал олардың

Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі 2015 жылғы 20 қарашада сағат 15.00-де Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясының отырысын Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 13А кіреберіс, А841-кабинет мекенжайы бойынша өткізетінін хабарлайды.

АҚТӨБЕ.

Бұрнағы күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде аралас жекпе-жектен KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES нұсқасы бойынша халықаралық турнир өтті. Оған əлемнің 15 елінен келген 24 саңлақ қатысты. Кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Бейбіт Назаров италиялық Массимо Капусселаны 40 секундтың ішінде жеңіп, əлем чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.

Жеѕіспен жалєасќан жол Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Əлемдік доданы Дүниежүзілік аралас жекпе-жек ұйымымен (KUNLUNFIGHT) бірлесіп, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін əлем чемпионы Ардақ Назаров негізін қалаған AlemFightersPromotion кəсіби спорт клубы ұйымдастырды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыста ұлттық құндылықтарымыз дəріптеліп, батырларымыздың ерліктері насихатталды. Жанкүйерлер Бейбіт пен Массимоның айқасына дейін 11 жұптың жекпе-жегін тамашалады. Олардың арасында төрт қазақстандық атлет бар. Ең алдымен, сайыс алаңына 68 килода

бəсекеге түсетін спортшылар шықты. Бұл сында жерлесіміз Нұржан Тұтқаев Оңтүстік Корея өкілі Син Гу Чойға ұпай саны бойынша есе жіберді. Сондай-ақ, 58,5 кг салмақта айқасқан Қазыбек Əшімов Қытайдан келген Жаң Мейхуаннан жеңілсе, 72 килода сынға түскен сайыпқыранымыз Руслан Хамзаев француз Мишель Дубойсқа есе жіберді. Осымен Қазыбек қытайлықтан екінші рет жеңіліп отыр. Бұл жекпежекте чемпиондық атақ сарапқа салынған болатын. Ал 61,5 кило салмақ дəрежесінде күш сынасатын отандасымыз Нұрберген Шəріпов əзербайжан Елнар Ибрагимовті жеңіп, спорт кешеніне жиналған жанкүйерлерді бір қуантып қойды.

Жарыстар жаѕєырыєы ФУТБОЛ. Өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері футболдан Қазақстан премьер-лигасының 28-туры ойындары ойналды. Чемпиондықтан басты үміткер Алматының «Қайраты» сырт алаңда Павлодардың «Ертісінен» 2:0 есебімен басым түсті. Ал «алтынға» таласта алматылықтардың негізгі қарсыласы «Астана» қонақта «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді. Қалған ойындардың нəтижелері төмендегідей: 1-6-орындар үшін. «Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» 2:1. 7-12 орындар үшін. «Тараз» – «Жетісу» (Талдықорған) 1:0, «Қайсар» (Қызылорда) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:1, «Шахтер» (Қарағанды) – «Тобыл» (Қостанай) 1:2. ХОККЕЙ. Бұрнағы күні Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының шеңберінде Минскіде жергілікті «Динамодан» 2:6 есебімен жеңілді. Евгений

жаттықтырушылары 35 мың теңгеден стипендия алады. Бұдан басқа олардың жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына бару шығындары да облыстық жəне республикалық бюджеттен төленуде. «Ақтөбе облысы» деген логотипі бар спорттық киімдермен толық қамтамасыз етілді. Олимпиадашыларды даярлау үшін жоғары спорт шеберлігі мектебі, жастар үшін олимпиадалық резервтер даярлау орталығы жұмысты күшейте түсті. Өйткені, олимпиадалық спорт түрлері бойынша боксшы Галиб Жафаров пен дзюдошы Асхат Шахаровтан кейін ақтөбелік спортшылар əлем чемпионатында медаль алмапты. Галиб əлем чемпионатында 2001 жылы күміс, 2003 жылы алтын алса, Асхат 2001 жылы қола жүлдегер атанды. Биыл 12 жылдан кейін Рустам Ибраев əлемнің күміс жүлдесін мойнына тақты.

Корешковтың шəкірттері осымен қатарынан төртінші рет қарсыластарына жол беріп отыр. Ойын кезінде «Барыс» сапынан Мартен Сен-Пьер мен Китон Эллерби көзге түсті. Ал динамолықтардан Джонатан Чичу, Пол Щехура жəне Артур Гаврус бір шайбадан соқса, Мэтт Элиссон хет-трик атанды. Бүгінде 18 матчтан 19 ұпай жиған астаналықтар Шығыс конференциясында 12-орында келеді. БОКС. Кеше Катар астанасы – Доха қаласында бокстан XVIII əлем чемпионаты басталды. Бұл сында еліміздің намысын сегіз боксшымыз қорғайды. Оның алтауы рейтингтік көрсеткіштеріне байланысты жарысты екінші айналымнан бастайды. Олар: Қайрат Ерəлиев (56 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жəнібек Əлімханұлы (75 кг), Əділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (91 17.04.2015 жылы азамат Жанкидиров Токтарбек Сейтайевичтің қайтыс болуына байланысты мұралық құқықтарды рəсімдеу жүруде. Заңда көрсетілген басқа да мұрагерлері болса Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Жібек жолы даңғылы, 61-үй, 38-пəтерде орналасқан нотариус Сабдан Күлəндаш Тұрсынқызына мұра рəсімдеу бойынша жолығуларыңызды сұраймын.

Бердібай КЕМАЛ, журналист.

Ең соңғы болып рингке 72 килоға дейінгі салмақтағы Бейбіт Назаров пен Массимо Капуссела көтерілді. Жанкүйерлердің төрт сағат бойы асыға күткен жекпежегі бар болғаны 40 секундқа жалғасты. Төрешінің белгісінен кейін бірден қарсыласына тұра ұмтылған Бейбіт италиялық жойқын соққының астына алды. Қазақтың күрзі жұ дырығына еш қарсылық көрсете алмаған Массимо қорғанудан басқа амал таппады. Нəтижесінде, төреші жек пе-жекті тоқтатып, біздің жігіттің техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін хабарлады. Айта кетейік, Бейбіт Назаров сəуір айында Алматыда өткен əлем чемпионатында осы нұсқа бойынша чемпион атанған еді. Ал маусым айында ол Қытай астанасы – Бейжің қаласында өткен əлемдік додада жергілікті атлет Бухао Тянды жеңіп, алтын белдігін бірінші рет қорғап қалды. Жарыс соңында чемпионымыз БАҚ өкілдеріне алдағы жоспары туралы айтып, жаңа нұсқаға ауысуы мүмкін екенін мəлімдеді. Егер бəрі ойдағыдай жүзеге асса, отандасымыз желтоқсан айында Токиода тағы бір чемпиондық атаққа таласатын болады.

кг) жəне Иван Дычко (+91 кг). Ал Олжас Сəттібаев (52 кг) пен Зəкір Сафиуллин (60 кг) шаршы алаңға алғашқы айналымда көтеріледі. Жеребе бойынша Олжас бұл сатыда украин Игорь Сопинскиймен жұдырықтасса, Зəкір ресейлік Адлан Абдурашидовпен сынға түседі. Əлем чемпионаты 15 қазанда аяқталады. Дохадағы додада Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. ВЕЛОСПОРТ. Жексенбіде Алматыда велоспорттан дəстүрлі «Алматы тур» біркүндік веложарысы өткізілді. Сайыс нəтижесінде «Астана» велокомандасының өкілі, отандасымыз Алексей Луценко қатарынан екінші рет жеңімпаз атанды. 186 шақырымды құрайтын жарыс жолын ол 4 сағат 13 минут 9 секундта жүріп өтті. Мəре сызығын екінші болып Алексейдің командалас əріптесі, италиялық Фабио Ару қиса, үздік үштікті ресейлік «Катюша» командасының спортшысы Павел Кочетков түйіндеді. Қос атлет те жеңімпаздан 49 секундқа қалып қойды.

«Қазақстан инновациялық жəне телекоммуникациялық жүйелер университеті» ғылыми-білім кешенінің ректораты, профессор-оқытушылар жəне ғылыми кеңес құрамы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің кеңесшісі Қуандық Ахметұлы Лекерге анасы Қадиша ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


14

www.egemen.kz www.egemen.kz

9 қазан 2015 жыл

Бабалар рухы жаѕєырды, Ўрпаєы арнап əн-жырды

Суреттерді түсіргендер Ақəділ РЫСМАХАН, Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жолдыбай БАЗАР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 7 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №666 ek

Profile for Egemen

09102015  

0910201509102015

09102015  

0910201509102015

Profile for daulet
Advertisement