09082014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№154 (28378) 9 ТАМЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Қарсаңда

Абай кїні

тїрлі ўлттардыѕ жастары хакімніѕ ґлеѕдері мен ќарасґздерін нəшіне келтіріп тўрып оќыды Өскеменнің орталық алаңындағы Абай Құнанбаев ескерткіші жанында «Абай күні» салтанатты іс-шарасы өтті. Келер жылы хакімнің туғанына 170 жыл толады. Осынау ұлы тойдың дайындық шаралары ақынның туған өлкесінде қазірдің өзінде басталып кетті. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

– Біз биыл «Абай күнін» дəстүрлі түрде екінші мəрте өткізіп отырмыз. Аталған ісшара аясында барлық мəдени мекемелерде арнаулы кештер ұйымдастырылды. Келесі жылы дала данасының 170 жылдық мерекесін кеңінен атап өтетін боламыз, – деді облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Бұл шара облыс əкімдігінің қолдауымен қазақ тілі мен əдебиетін, ұлт мəдениетін насихат тау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мерекелік концерт барысында танымал əнші лер Абай əндерін орындап, өзге ұлт өкілдері ара сында

ұйымдастырылатын Абай оқулары байқауының жеңім паздары жылдағы дəстүрмен қала тұрғындары алдында ақын өлеңдері мен қарасөздерін нəшіне келтіріп оқыды. ӨСКЕМЕН.

● Дəуір даусы

Жаћандаєы ядролыќ ќауіпсіздік Бўл – еѕ басты маќсат

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

«Ядролық сынақтар жəне олардың зардаптарының мониторингі» тақырыбында Курчатов қаласында VШ халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Аталмыш конференция Қазақстанның «Ядролық қарусыз əлем» атты жаһандық бастамасының жалғасы болып табылады. Қазақстан бұл күндері ядролық жарылыстардың алдын алу жəне оның зардаптарын зерттеуге белсенді қадамдар жасауда. Жиынға Инвестиция жəне даму министрлігі, Ұлттық ядролық орталық, НОРСАР Норвегия орталығы, Францияның атом энергетикасы бойынша комиссариаты жəне өзге де беделді мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар, əлемнің түрлі елдерінің 50-ден астам беделді саясаткерлері, ғалымдары мен мамандары қатысуда. Франция елінің атом энергетика комиссариатындағы геофизика бөлімінің жетекшісі, ғалым Жилберт Жоселани ғылыми форумда айтылатын жаңалықтар өз елі үшін аса маңызды екендігіне тоқталып өтсе, Колумбия университетінің профессоры Ричардс Пол Грэнстон Қазақстанның 20

жылдан бері бейбіт өмірді насихаттап келе жатқанын айтты. «Геофизикалық зерттеулер институтының» Бас директоры Надежда Беляшованың айтуынша, конференция тақырыбы Қазақстан үшін аса маңызды. Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда көптеген жарылыстар болды. Ядролық сынақтардың зардаптарын экологиялық, əлеуметтік, геодинамикалық қозғалыс тұрғысынан зерттеу қажет. Оның үстіне міне, биыл «Семей-Невада» қозғалысына 25 жыл. Қазақстан əрқашан əлемде тыныштық болуын қалайды жəне қамтамасыз етуге ұмтылады деді. Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин Семей ядролық полигонында 1949-1989 жылдары аралығында 450ден астам ядролық сынақтар өткізілгенін айта келіп, сол сынақтардың зардабы əлі күнге жойылмағанын айтты. Ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдардың денсаулығын жақсарту, полигон маңындағы жерлерді залалсыздандырып, халық шаруашылығына пайдалану мəселесі біртіндеп шешілуде. Сондықтан Курчатов қаласында ядролық қаруды

● Еркін елдің ертеңі

қолдануға қарсы, жер сілкіністерін зерттеу ғылымына арналған халықаралық конференция жыл сайын өтіп тұрады, – деп ол шараның маңыздылығына тоқталды. Сынақтар өткізілген жерлердің маңындағы жер қыртыстарындағы өзгерістер мен құбылыстарды зерттеу жəне экологиялық, əлеуметтік, сонымен қатар геодинамикалық зардаптарды болжау өте маңызды. Жиынның негізгі бағыты осы мəселелерді қамтымақ. Бұл жолы конференцияға Швейцарияның «GeoSIg Ltd» компаниясының жетекшілері, Беларусь, Қырғыз елдерінің ғалымдары да қатысып отырды. Беларусь Ұлттық академиясының геофизикалық мониторинг орталығының жетекшісі Аркадиий Аронов жер қозғалысының инфрадыбыстық қозғалысын зерттеуді АҚШ, Франция, Ресей елдерімен бірге қолға алуды жоспарлап отырған Қазақстан еліне, ғылымына қызығушылық танытатындығын атап айтты. Ал Ресей ғалымдары екі ел арасындағы іскерлік байланыстың орнағанына біраз жыл болғанын оның негізіне ядролық жəне радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері қамтылғандығынан хабардар етті. Осы конференция барысында Ресей, Беларусь, Швейцария ғалымдары АЭС салу мəселесін кеңінен талқылайтын болады. Курчатов қаласы.

Ќазаќстан Республикасын индустриялыќинновациялыќ дамытудыѕ 2015 – 2019 жылдарєа арналєан мемлекеттік баєдарламасын бекіту туралы жəне «Мемлекеттік баєдарламалар тізбесін бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ 2010 жылєы 19 наурыздаєы №957 Жарлыєына толыќтыру енгізу туралы Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралары жоспарын əзірлесін жəне бекітсін; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығында белгіленген мерзімде жəне тəртіппен Бағдарламаны мониторингтеу мен бағалау нəтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне ұсынсын. 3. Орталық жəне жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №25-26, 185-құжат; 2011 ж., №3-4, 39-құжат; 2012 ж., №9, 171-құжат; №47, 626-құжат; 2013 ж., №11, 200-құжат; №55, 768-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын: «11. Қазақстан Республикасын Қазақстан 2014 2015 2014 индустриялықРеспубликасы жылғы 1 – 2019 жылғы инновациялық дамытудың Индустрия маусымға жылдар 1 шіл2015 – 2019 жылдарға жəне жаңа тех- дейін деге арналған мемлекеттік нологиялар дейін». бағдарламасы министрлігі

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 1 тамыз. №874 Жарлықтың түсіндірмесін 4-беттен оқисыздар.

Сенат депутаттыєына 79 їміткер тіркелді

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну жалғасуда. Кеше осы мəселеге байланысты Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) арнайы баспасөз мəслихаты өткізіліп, ОСК Төрағасының орынбасары Владимир Фоос 8 тамызға қараған күнге қатысты ақпаратпен таныстырды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Ортсайлауком деректеріне қарағанда, Сенат депутаттығына 79 кан дидат ұсынылған. Олардың ішінде Ақмола, Ақтөбе жəне Қарағанды облыстарында 6 кандидаттан тіркелсе, қалған өңірлерде 5 немесе 4 адам бақтарын сынауға кіріскен. В.Фоостың айтуынша, 14 адамды мəслихаттар додаға қосса, ал 65-і өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланыпты. Ұсынылғандардың 4-уі нəзік жандылар. Қазір еуропалық елдерде əйел азаматтардың билікке көптеп араластырылып жатқанын қаперге алып, əйел кандидаттардың неге

Жылына 1000 лифт жасалады

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мəселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысын қорытындылап, грант иелерін анықтады. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иелерінің тізімі газетіміздің 7-33 беттерінде жарияланып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

аздығына назар аудартқанымызда ОСК Төрағасының орынбасары оны жергілікті менталитетпен байланыстырып, елімізде ер-əйел деп адамдарды бөлмейтіндігін алға тартты. Тағы бір айта кетерлігі, тіркелген 79 кандидаттың төртеуі Қазақстан Республикасы Сенатының соңғы сайланым депутаттары (Атырау облысынан С.Еңсегенов, Шығыс Қазақстан облысынан С.Плотников, Батыс Қазақстан облысынан Е.Мұқаев жəне Маңғыстау облысынан М.Бортниктің қайта түсіп отырғандары белгілі болды). (Соңы 5-бетте).

● Индустрия игілігі

Кеше Ақмола облысындағы Қосшы ауылында «Auxe» сауда маркасымен шығарылатын жеделсаты (лифт) зауыты пайдалануға берілді. Өңірдегі бірегей кəсіпорынның ашылу салтанатына Ақмола облысы мен Астана қаласы əкімдіктерінің, министрліктердің өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ топ-менеджерлері, жетекші құрылыс компанияларының басшылары қатысты.

Сəт сапар, студент!

Ыќшам їкімет жўмысынан нəтиже кїтеміз 2-бет Логистика – экономиканы ќозєаушы кїш 3-бет Жекешелендіруде сауда-саттыќ электронды болады 4-бет Озыќ оќу ордасы 6-бет

– Бүгінгі жаңа зауыт Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Астананың агломерациялық үрдісін дамыту туралы тапсырмаларының баяндылығын көрсетеді, – деді Целиноград ауданы əкімінің орынбасары Алма Айтқожинова. Аталған бағдарлама аясында жаңа қонысқа жуырда көшкен аудан орталығы Ақмол кенті мен елордаға іргелес 28 елді мекен танымастай көркейіп, экономикалық жағынан қуаттанып келеді. Бүгін алғашқы өнімін бере бастаған ҚазақстанҚытай «Sky Express Elevator KZ» бірлескен кəсіпорны еліміздің халықаралық интеграциядағы сəтті қадамдары мен инвестициялық тартымдылығын дəлелдейді.

Оны осындай игі тұсаукесерлердің көбейіп отырғанынан да байқауға болады. Бұл орайда, Астанаға серіктес аудан тұрғындары Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер үдесінен көрінуге күш салатынына сендіргім келеді. Құрылысына екі кезеңде 4 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмылдырылған зауыттың меншік иелері «Лашын фактори» ЖШС мен Қытайдың «Aux Express Elevator Suzhou Co, ltd» компаниясының өкілдері салтанат лентасын қиды. Жиналған жұртшылық аумағы 1300 шаршы метрді алатын кəсіпорынның технологиялық желілері мен офистік-тұрмыстық корпусын аралап көрді. Зауыт басшыларының айтуынша, қазіргі күні мұнда 50 адам жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін кəсіпорынды

қуаттандыру жұмыстары жалға сып, «СТ-КЗ» сертификатына қол жеткізу көзделуде. Ал, келесі жылы мұндағы өндірістік аумақ тағы да 1000 шаршы метрге ұлғаймақ. Зауыттың жоспарлы қуаты жылына 1000 лифт шығаруға лайықталғанын білдік. Мамандардың бағалауынша, бұл əлемдегі салалық озық кəсіпорындармен терезесі тең көрсеткіш. Жаңа зауыт тұрғын үйлер мен кеңселерге арналған (400 кг/4 адамдықтан – 1250 кг/16 кісі) кəдуілгі лифтілермен бірге жүк жəне автомобиль (5000 кг. салмақтағы), аурухана (1600 кг.), панорамалық, коттедждік жəне тапсырыс бойынша лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар дайындай алады. Бұл кəсіпорын өнімдеріне сұранысты арттырады деген үміт бар. Тапсырыс берушілерге лифтілер орташа нарықтағы 4-6 айдың орнына, 1-2 айда жеткізіледі. Сонымен қатар, зауыт мамандары лифтілерді орнату жəне оның бүкіл пайдалану мерзімінде кепілдендірілген сервистік қызмет көрсететіні тұтынушылар көңілінен шығатыны анық. Ақмола облысы, Целиноград ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
09082014 by Egemen - Issuu