8 сəуір 2015 жыл
ДЕ ЗЕР
Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қаһарман ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына биыл 100 жыл толады
Жосалыдан басталєан жол
Қазіргі Сырым ауданы, Жосалы ауылдық округінде кіндік қаны тамған Абдолладай албырт ақынның ат жалын тартып мінген күнінен бастап-ақ əдебиеттің жолына түспеуі мүмкін емес еді. Қоңыр мектебінде бастауыш білім алып, кейін Орынборда, ел астанасы болған Қызылордада оқуын жалғастырған жалынды жастың арманын аялап, қиялына қанат бітірген сол кезде, яғни 1932 жылы жаңадан ашылған Орал педагогикалық институты болатын. Осы институтқа оқытушылыққа келген, кейін академик атанған Қажым Жұмалиев естелігінде: «Арықша, талдырмаш келген, қабағы тез түйіліп, тез ашылатын, қимыл, жүріс-тұрысы тез, өзінің шапшаңдығымен абайыңды аударатын үлкен көз қара бала бірінші кездескенде маған пəлендей əсер еткен жоқ», дей келіп, Қазақстан Жазушылар одағының тапсырмасымен Оралда өзі ұйымдастырған əдеби бірлестік жұмысы нəтижесінде Абдолла Жұмағалиевтің облысқа танымал жас ақындардың біріне айналғанын жазады. Сол кездегі Қасым Аманжолов, Хамит Ерғалиев, Сағынғали Сейітов, Жəрдем Тілеков сынды əдебиет əлеміне жаңа енгендердің барлығының дерлік тырнақалды туындылары облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жарияланды. Сонымен қатар, 1934 жылы Оралда «Біздің еңбек» атты альманах шығарылған. Қажым Жұмалиевтің жобалауынша, Абдолланың баспа жүзін көрген алғашқы өлеңі Қызыл əскердің 16 жылдығына арналып, «16-дан асқанда» деген тақырыппен осы жинақта жарық көрген екен. Артынша Алматыдағы Қазақ педаго ги калық институтына оқуға ауысқан жас ақынның таланты одан сайын ашыла түсті. Əдеби ортамен етене араласқан Абдолланың жалынды жырлары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» сынды еліміздің орталық басылымдарында жарияланып, соғысқа дейін-ақ ақын ретінде елге танылып үлгерді. ҚазПИ-ді бітіргеннен кейін Қызылордада ұстаздық қызмет атқарып, Алматыда қазақ мемлекеттік баспасында редакторлық етті. Əбу Сəрсенбаев (1990 жылдың 6 желтоқсанында Абдолланың елдегі туысқандарына жазған хатында ол көзінің нашарлауына байланысты ақын туралы хикаятын аяқтай алмағанын баян еткен), Қалижан Бекқожиндей қатар жүрген қаламдас достарының айғақтауынша, Абдолланың мінезі албырт, өзі арманшыл, романтик болған көрінеді.Ол ағылшын ақыны Байронмен «ауы рып», шығармаларын аударған. Өмір бойы басы шырғалаңнан арылмай, талай жердің дəмін татып, ақыры Грекия төңкерісіне қатысып, сол елдің батыры атанып өлген Байрон соңына мəңгі өшпес туындылар қалдырғаны белгілі. Көп сұлуға көз сала жүріп, кəріс қызы Александраға (Шура) үйленген Абдолла да ел басына күн туғанда, «Ту ғып ұстап көтеріп жүрегімді, Сапар алыс, жол жүріп кетіп барам!» деп қан майданға аттанып кете барды. Ақыннан ұрпақ қалмағанға ұқсайды (ол соғысқа кетерінде Əбу Сəрсенбаевқа əйелінің аяғы ауыр екенін айтып кеткен, бірақ кəріс келіннің кейінгі тағдыры белгісіз), əкесі Жұмағали Күшкеев, анасы Əлима, қос інісі Ғайнолла мен Шайдолла жұрт қатарлы қоңыр тұрмыс кешті. Қазіргі таңда Шайдолла Екібастұз қаласында тұрады. А.Жұмағалиевтің жиені, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мира Бердіғалиеваның куəлік етуінше, ақынның əкесі Жұмағалидың ағасы Əлжанның ұлдары Қажыгерей мен Сапа да Абдолла сияқты Орынборда білім алып, жастайынан өз қатарының алды болып, қызметке араласқан. Қажыгерей Батыс Қазақстан аймағының Шалқар ауданында бірінші хатшы болған. Кейін Қостанай облысы Семиозерный ауданының басшылығына тағайындалған. Оның іскерлік қабілетін сол кездегі республика басшысы Мирзоян оң бағалап, қару сыйлаған. Осынысы отызыншы жылдардың зобалаңы кезінде жала болып жабысып, ақыры атылған. Қажыгерейдің інісі Сапа Ойыл ауданында екінші хатшы қызметін атқарған. Оны да қызметінен қуғындаған. Көп жыл қара жұмыста болып, соғыс кезінде оның ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, бригадирлікке жоғарылатқан. Сапа Алматыдағы партия мектебінде оқығанда, Абдолла өзі бір бөлмеде (кəріс əйелімен) тұрса да, жиі шақырып, құрмет көрсеткен. Александра ұлты басқа болғанымен, сондай мейірімді, иман жүзді, сүйікті келін атанған. Ол сатушы болғандықтан, азық-түліктің қат кезінде Абдолла ауылға сəлемдемелер жіберіп тұрды. Немере ағасының «халық жауы» атануы жас ақынға оңай тимей, ол да жиналысқа түсіп, «табаға шыжғырылған». Қайда жүрсе де, жазықсыз жазаланған ағаға деген қимастық сезім көңіл түкпірінде жатқаны да хақ. «Анам Ұлмекен Бақтыгереева нағашылары қуғын-сүргінге ұшыраған соң, Абдолла жайлы, оның бізге жақын екендігі туралы көпке дейін айтпай жүрді. Анам нағашыларының қолында тəрбиеленген. Оқу озаты болғанымен, оны да мектептен қудалаған. Дегенмен, Сапа нағашым көмектесіп, аман алып қалған. Марқұм анам Ақтөбе облысының Мəртөк ауданында қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, мектеп директоры болды. Анам Абдолланы ешқашан аузынан тастаған емес. Оның адамгершілігі мен ақындығы туралы
жыр етіп айтып отыратын», деп еске алған М.Бердіғалиева Абдолланың жарымен түскен, бұрын еш жерден кездесе қоймаған суретін бізге ұсынды.
Ќан майданнан ќайтпаєан ер
Абдоллаға тəн қасиет алған бетінен қайтпауы, өмірге де, тіпті өлімге де даяр қайсарлығы болса керек. Оған майдан газетінде тілші болып, жұмыс істеп жүре беруіне болатын еді. Алайда, ақын тағы бір замандасы, жазушы Дмитрий Снегинге сыр шерткенде айтып кеткеніндей, болашақта «терең мазмұнды шығарма жазу үшін» алдыңғы шепке асықты. Мəскеу түбіндегі Волокалам тас жолын атақты Панфилов дивизиясы қорғағаны мəлім. Міне, осындай қысылтаяң сəтте негізгі күштің шегінуіне мұрша беруі үшін Иван Дунай, Əбіл Құндыбековпен бірге жауды тосып, жолда қалған қазақ ақыны арыстанша айқасты. Тіпті,
дастаны» атты кітабы жарық көріп, туған жерінде мерейтойлары аталып келеді. Сырым ауданының əкімі Абат Шыныбековтің айтуынша, А.Жұмағалиевтің мерейтойына байланысты жаңа тың деректермен толықтыра отырып, жыр жинағын қайта басып шығару, облыстық конференция өткізу, туған жері Жосалы ауылындағы ақын атындағы мектепте музей ашу мəселелері, спорттық шаралар өткізу қолға алынбақ. Жалпы, Абдолланың туған жері округ орталығы Қоңырдан он сегіз шақырым жердегі Былқылдақ екен. Былқылдақ десең, Былқылдақ. Былқылдақ атты көлі бар, сулы-нулы, қырқалықұйқалы, құмдауыт жердің табиғаты керемет, сонда шыр етіп дүние есігін ашқан жанның əсершіл болмауы мүмкін еместей. Кезінде Абдолланың ата-бабалары, Қалқаман Таналар мекен еткен жер қазір «Талап» АҚ шаруа қожалығының меншігіне айналыпты. Дегенмен, округ орталығындағы негізгі көше мен мектепбалабақша кешені А.Жұмағалиев атында. Ақын
«Бомба бол да жарыл, жїрек!»
Абдолла аќынды ардаќтай алдыќ па?!
жанындағы жауынгердің «Енді жөнелейік» дегеніне көнбей, «Жазбаша бұйрық келмей, шегінуге хақым жоқ» деп, ауыл шетіндегі үйдің шатырына бекініп алып, қара құртша қаптаған басқыншыларға автоматынан оқ жаудырумен болды. Ақыры қас дұшпанға берілмей, сол үйде өртеніп кете барды. Қалың жауды құртқаны өз алдына, қаншама қаруластарының өмірін сақтап қалды десеңізші. Қазақ ақынының батырлығы жайында командирі, гвардия капитаны В.Григорьев 2-гвардиялық атқыштар корпусының «Советтік гвардия» газетінің 1942 жылғы 6 желтоқсан күнгі нөмірінде «Қаһарман қаламгер» деген мақаласында таңдана, тебірене жазды. Қандыкөйлек серіктері Павел Кузнецов, Иван Нарцисов ақын өліміне жаны қинала қалам тербеді. Өкініштісі, қаруластары мойындаған ерлік, аласапыран кезеңнің əсерінен бе, елеусіз қалды. Соғыстан кейін Қазақстан Жазушылар одағы мен республика жұртшылығы 1960 жəне 1965 жылдары А.Жұмағалиевті Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынғанымен, бұл да жүзеге асқан жоқ. Абдолла туралы сөз еткенде, Оралдан бастап жастық шағын бірге өткізіп, үнемі үзеңгілес жүрген Қасым Аманжолов туралы айтпау мүмкін емес. Ғабдол Слановқа 1942 жылы 22 мамырда майданнан жазған хатында: «Абдолладан хат-хабар бар ма? Корей келін күйлі ме?», деп сұрайтын Қасым досының ерлігін естіген бойда қатты толқыды. Сөйтіп, Қиыр Шығыста 1943 жылы «Ақын өлімі туралы аңызын» жазып, Абдолла атын асқақтатты, өлеңмен өлмес ескерткіш қойды. «Айқас!» деп соқтың əзірге Қалдырып жастық думанын. Жарылсаң жауға бомба боп, Жарадың, жүрек, туғаным!», деп Абдолла жырласа, Қасым оны: «Қасиет күші Ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың. Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі əлемнің ашу-кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да жарыл, жүрек!» деп жалғастырып əкетіп, батыр ақынның бейнесін сомдады. Жалпы, қос ақынның кейбір туындыларынан өзара үндестік сезіліп тұрады. Егер қанқұйлы соғыста тірі қалғанда Абдолла қазақ əдебиеті қабырғалы өкілдерінің біріне айналары анық еді. Əрине, өмірден арманда кеткен ақын есімі мəңгі өшпек емес. 1945 жылы-ақ замандасдостарының қолдауымен тұңғыш жыр жинағы, 1962 жылы бір томдығы, 1985 жылы Əбу Сəрсенбаевтың құрастыруымен «Өлмес өмір
əрі батыр есімін еншілеген мектеп ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, енді қаржы тезірек бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілсе мерейтой алдында дұрыс болар еді. Осы білім ордасында тарих пəнінен дəріс берген Жанболат Ақшолақовтың сөзіне қарағанда, 1924 жылы Қоңыр бастауыш мектебі ашылғанда, оның алғашқы шəкірттерінің бірі Абдолла болған. Демек, ақын мектебінің отау тіккеніне 90 жылдан асып барады. 1955 жылы Ұлы Жеңістің 10 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағының қозғау салуымен араға үш жыл салып барып, 1958 жылы Карл Маркс атындағы сегізжылдық мектепке А.Жұмағалиевтің есімі берілген. 1967 жылы аталмыш білім ордасы орта мектепке айналды. Бірақ 1979 жылдың қыркүйегінде күтпеген жерден облыстық партия комитетінің ұйғарымымен ақын есімімен атауға тыйым салынады, тек Жосалыдан шыққан тағы бір жазушы Мұқадес Есламғалиұлының орталық басылым беттерінде («Правдаға» дейін) өз ойын батыл білдіруі арқасында ғана ақын аты аман қалды. Өткен өтті, енді қайта түлейтін мектептің алдына ақын ескерткіші орнатылса, бүкіл ауылға айбар беріп, абыройын асыра түсер еді. Сонымен қатар мерейтой кезінде ас беріп, атжарыс өткізу сынды бір күндік емес, тəлімі мың күндік шараларға баса мəн берілсе дейміз. Ақынның əдеби мұрасын зерттеу тақырыптарына айналдырып, оның атында саябақ, көшелер ашсақ, Абдолла оқуларын ұйымдастырсақ, сол оңды емес пе!? Осы орайда сырымдықтарға қоса Орал педагогикалық институтының бүгінгі белбаласы – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті де үнсіз қалмай, зиялы қауым ұрпақ зердесін жаңғыртуға үлес қосса, құбақұп дер едік. Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік орындары ақын есімін мəңгі есте қалдыру мақсатында тізе қосса, алынбайтын асу болмас. Ең алдымен, ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде елеусіз қалып, бірде-бір орденге ие болмаған А.Жұмағалиев елі тəуелсіз атанған кезде «Халық қаһарманы» құрметті атағын алуға əбден лайық. Екіншіден, ақынның ғасырда бір келетін 100 жылдық тойын республикалық көлемде ұйымдастыру қажет. Бұған Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйытқы болса, тіпті жақсы. Білікті ғалым-зерттеушілердің қатысуымен экспедиция ұйымдастырып, ақынның қаза тапқан орнын (memorial.kz сайтында, неге екені белгісіз, Алматы қалалық əскери комиссариаты арқылы 1941 жылы əскерге алынған А.Жұмағалиевтің қайтқан жылы 1944 деп көрсетілген, демек, бірізділік жоқ) анықтап, өмір деректерін толықтырса, еш артықтық етпес еді. Үшіншіден, Астана мен Алматы, Орал қалаларында А.Жұмағалиевке көше беріліп, мүсіні орнатылса, нұр үстіне нұр демекпіз. Академик Қажым Жұмалиев заманында «...Абдолладай өз өлеңінің күшін сезінетін, оны соншама беріле оқитын бір де бір ақынды кездестіргенім жоқ. Бұл жағынан ол басқалардан анағұрлым оқшау тұратын еді. Ол шын мəнінде зор талантты, үлкен ақындыққа құлаш ұрып, көп үміт күткізіп еді. Бірақ ол бойындағы бар қабілет, дарынын сыртына шығара алмай, ерте кетті», деп аһ ұрса, қазақтың ұлы ақындарының бірі, келесі жылы оның да туғанына сексен жыл толатын Қадыр Мырза Əлінің: «Ақын Абдолла Жұмағалиев Отан үшін майданда от болып жанып кетті. Оның алауы əлі сөнген жоқ. Сөнбек те емес. Ол – мəңгілік алау», деген сөзі де көңілден өшпек емес. Ендеше, ақынды ел болып ардақтасақ, бұл бүгінгі ұрпақ борышы ғана емес, асыл текті ағаларымыздың арман-тілегінің орындалғаны. Ғайсағали СЕЙТАҚ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Батыс Қазақстан облысы. –––––––––––––––––– Суретте: Абдолла Жұмағалиев.
www.egemen.kz
7
СЕРТТЕ ТҰРҒАН СЕМСЕР СœЗ
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандық баспасөз немесе бір әріп үшін жапа шегіп, жазаға ұшырағандар Айткүл ЖАҚЫПОВА,
Ұлттық кітапхана қызметкері.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдандағы қазақ жауынгерлеріне арналып майдандық қазақ газеттері жарық көре бастағаны белгілі. Біз бұл жолы соғыс жылдарындағы жүздеген басылым ішінен «Отанды қорғауда» (1942-1945ж.ж.) газетін «ақтаруды» жөн көрдік. Өйткені, осыдан бірнеше жыл бұрын газеттің барлық санының көшірмесін жасап, оны түптеп осы газетте қызмет атқарған тілші Бисен Жұмағалиев ақсақалдың ұлы өз қолымен Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің қорына əкеліп тапсырған еді. Мұндай бағалы естеліктің барлық саны қазір қорда түгелдей сақтаулы. Бүгінде Бисен Жұмағалиев ақсақал 92 жасқа толып отыр. Ал 1942-1945 жылдар аралығында республикада жалпы саны 229 газет шығып тұрған. Оның төртеуі – республикалық (қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде), 28-і облыстық, 197-сі қалалық жəне аудандық газеттер болды. Сондай-ақ, соғыс жылдарында Ресейдің əр түрлі қалаларынан жергілікті газеттердің жанынан қазақ тілінде ұзын саны 20ға жуық «Отан үшін» (Солтүстік-Батыс майданы), «Жауға қарсы аттан» (1-Балтық жағалауы майданы), «Суворовшы» (2-Балтық жағалауы майданы), «Отанды қорғауда» (Ленинград майданы), «Совет жауынгері» (3-Украин майданы), «Қызыл əскер ақиқаты» (Батыс, кейін 3-Белорус майданы), «Отан намысы үшін» (1-Украин майданы), «Майдан правдасы» (Волхов майданы), «Жауды жоюға» (Брянск майданы), «Сталин туы» (Оңтүстік, кейін 4-Украин майданы), «Сталиндік жауынгер» (Приморье тобы, кейін Приморье соғыс округі), «Отан үшін ұрысқа» (Карелия майданы), «Дабыл» (Қиыр Шығыс майданы), т.б. басылымдар жарық көрді. Сұрықсыз соғыс күндерінде қазақ тілінде жарық көрген майдандық газеттердің рөлі орасан зор. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгер тілшілер, қаламгерлер сол кезеңдегі оқиғалар мен құбылыстарды, соғыс жаңалықтарын, қоғамдағы маңызды мəселелерді көрсете отырып, соғыс жылдарындағы публицистиканы қалыптастырды. Яғни, II дүниежүзілік соғыс халқымыздың өмір тіршілігіндегідей əдебиет пен журналистика саласының дамуына да жаңа серпіліс алып келді. Қаһарлы күндерде тілшілер майдан шебіндегі қантөгіс ұрыстарға қоян-қолтық араласты, əрі сол сұрапыл күндерді мəңгі өшпестей жазып қалдырды. Жазылған мақалалардың əрқайсысында майдан мен тыл арасындағы оқиғалар шебер көрініс тапты. Мұның өзі жауынгерлердің жігерін арттырып, үлкен күшжігер беріп, тілшілер мен жазушылардың қаламынан төгілген шығармалары отты жылдардың шежіресі таңбаланған парақтардың куəгеріне айналды. II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы баспасөз уайым кешкен, сарыла күткен халыққа қатты əсер етті. Баспасөз халықпен тығыз байланыста болып, олардың мұңына ортақтасты. Күш-жігерін ортақ жауды жеңуге жұмылдырды. Əлем тыныштығы үшін күресуге шақырды. Соғыс жылдарында жарық көрген газеттер арқылы халықтың сол кездегі көңіл-күйі мен заманның бет-бейнесін көруге болатын. Майдандағы жауынгерлерден тілшілер топтастырылды. Тілшілер орысша да, қазақша да жазды. Орыс тіліндегі мақалаларды қазақ тіліне аударып, газетке жариялап отырды. Олардың қаламынан туған шығармалары елім деген ерлерді ерлікке одан əрі құлшындырды. Сонымен, «Отанды қорғауда» басылымы жетісіне екі рет «На страже Родины» газеті жанынан қазақ тілінде шығып тұрған. Газет шығару ісіне Ленинградта оқып жүрген қазақ жастары – Түймебай Əшімбайұлы, Бисен Жұмағалиев, Ақмұқан Сыздықбеков тартылған екен. 1944 жылдың 24 мамырына дейін редактордың орынбасары А.Мадалиев болған. Одан кейін Түймебай Əшімбаев, К.Усманов, Асылхан Тұрғанов, М.И. Гордан басшылық етіпті. Газет 1945 жылдың 30 желтоқсанына дейін жарық көрген. Сол кезеңдегі басылымдардың бəріне ортақ, газеттің жоғарғы жағында «Неміс оккупанттарына өлім!» деген ұран бар. 1942 жылдың қарашасында алғашқы саны, негізінен, сержант К.Апельсиновтің жауынгерлердің ерліктері жайлы жазылған мақалалары қазақшаға аударылып жарық көрген. Ал «На страже Родины» газеті – 1920 жылдан шығып тұрған əскери газет. Өзінің қалыптасқан дəстүрі, тəжірибесі бар басылым. Соғыс кезінде өте көп тараған, Ленинградта тұратын таңдаулы ақын-жазушылардан, журналистерден іріктеліп алынған іскер ұжымы бар газет. Төрт беттік газеттің жарық көруіне белсене қатысуға редакция барлық қазақ жауынгерлерін, командирлерін, жаңа саяси қызметкерлерін шақырған. Ленинград майданында шайқасқан газет қызметкерлері айтулы мергендердің бірі бола жүріп, майданның алғы шебінен мақалалар жазды. Қаламының желі, сөздерінің уыты, ыстық лебізі бар Т.Əшімбаев, Б.Жұмағалиев, А.Сыздықбеков сияқты тілшілер аянбай қызмет атқарды. Ол кезде газет шығару үш жауынгерге
оңай шаруа емес-ті. Оның үстіне редакторы да сайланбаған. Кейінірек редактордың қазақ газеті жөніндегі орынбасары қызметіне Абдолла Мадалиев, газетке жауапты редактор болып М.И. Гордан келген. Газетке баратын материалдардың бəрін орыс тілінен Т.Əшімбаев аударған. Ал газет тілшілері Ақмұқан мен Асылханның майданның алғы шебіне барып жазып келген мақалалары жалаң болып шығатын. Енді қайтсін, олар екеуі де есепші. Жазылған мақалалардың үстінен Түймебай өңдеген. Тұратын үй жалдауға мүмкіндіктері жоқ тілшілердің жұмыс істейтін орны да, ұйықтайтын бөлмелері де сол газет редакциясы. Сол кезде газет шығарудағы ең қиын мəселе – қазақ əріптерін табу. Үлкен қаланың мүмкіншілігінің молдығынан əріптердің екі жиынтығы Ғылым академиясының типографиясынан табылады. Ал əріп терушілерді табу қиынға соғады. Тіл білетін ешкім жоқ. Əріп теруші орыс əйел. Қазақ əріптерін бірнеше рет жазып, содан соң ғана терілген. Бұл да біраз уақытты алады. Сонымен қатар, «Правда» газетінде жарық көрген мақалалар да беріліп тұрған. Майданның саяси басқармасының тапсыруымен 1943-1945 жылдарда «Қазақтар Ленин қаласы үшін ұрыстарда», «Ленинград батырлары» деген екі жинақ кітап жарық көрді. Сол кезде (1943 ж.) ленинградтық «Отанды қорғауда» газетіне «Социалистік Қазақстан» газеті байыпты баға берген. Жауынгерлердің өздері де мақала жазып тұрған. И.В. Сталин жолдастың Америкада шығатын «Ассошиэйтед Пресс»» агенттігі тілшісінің сұрақтарына берген жауабын жариялаған. Газеттің сол кездегі көтерілген тақырыптарына байланысты тұрақты айдарлары болған. Мысалы, «Қазақстан бүгінде» айдарында Қазақстанның əр облысы мен ауыл аймақтарының түкпір-түкпірінен жаңалықтар беріліп отырған. Ауылдардың, колхоздардың жетістіктері, мысалы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы колхоздарының Үкіметке күріш тапсыру жоспарын уақытынан бұрын орындағаны жазылған. «Соңғы сағатта» айдарында əскерлердің екпінді шабуылы, қызыл əскерлердің қанша шақырым алға жылжып, дұшпанның қорғаныс шебін бұзғаны туралы «Совинформбюро» жаңалығы ұдайы жазылып отырған. Ал «Жауынгерлерге кеңес» айдарында тастай борап атқылаған оқтан соғыста қорғану үшін əрбір төбе, шұңқыр, қалтарыс жерлердің маңызы зор екендігі ескертіледі жəне одан қорғануға кеңес беріледі. «Қол гранаты – күшті қару» тақырыбында граната туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді. «Қазақстан хабарлары» айдарында облыстардың, колхоздардың жастары «Қазақстан жастары» деген соғыс самолетінің эскадрильясын жасақтауға 650 мың сом жинағандығы жазылған. «Қазақстанда» айдарында Қазақстанның бірнеше қалалары майдандағы жауынгерлерге қаржылай көмек қолын бергені айтылады. Гвардия қызыл əскерлері, лейтенанттар, сержанттар да өз мақалаларын жариялап тұрған. Мақалаларға қосымша, «Кеңес Одағының батыры», «Ленинградты қорғағаны үшін», т.б. марапаттау медальдарының суреттері де басылған. «Біздің майданның батыры» айдарында взвод командирлерін, жауынгерлерді «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттау туралы материал жарық көрген. Басылым тарихынан төмендегідей кесірлі оқиғаларды да табуға болады. 1945 жылы 31 қазанда газеттің бірінші бетінде БК(б)П Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі А.Андреевті 50 жасқа толуымен құттықтау жарияланған. Осы жерде Андреевтің есімінен мынадай əріп қатесі кетеді «Аднрей Андреевич Андреев жолдасқа!». Сол кездерде майдан саяси басқармасында істейтін Капитан Фельд деген кісі редакцияға жиі келіп тұрған. Саяси қызметкер деп жүрген Фельд үш əріптің тергеушісі болып шығады. Қазақ тілшілерінің артына шам алып түскен Фельд ақыры дегеніне жетеді. Осыдан кейін əскери трибунал редакция тілшілері Түймебай Əшімбаев, Кəрім Усманов, Асылхан Тұрғановты «ұлтшыл» деп айыптап, түрмеге жабады. Көп ұзамай сот шешімімен қазақтың арыстай үш жігітін 7 жылға бас бостандығынан айырып, айдауға жібереді. Фельд мырза редакцияға «Қазақстанды, соғысып жүрген қазақтарды асыра мақтайсыңдар. Редакцияда қазақ ұлтшылдарының ұйымы құрылған, оны басқарушы үштік бар», деп жала жапқан жəне соны əшкерелеу үшін келген. Соғыс бітіп, елге барып бақытты өмір сүреміз бе деп жүргенде осындай қайғыға тап болады. К.Усманов пен А.Тұрғанов айдауда жүргенде қаза болған, ал Т.Əшімбаев аман қалған. Кейіннен Жоғарғы сот жабылған айыптың жалған екендігін анықтап, біржолата ақтады. Газет айдарларынан, жарияланған мақалалардан редакция тілшілерінің Отанын, туған жерін сағынып жүрген қазақстандық жауынгерлерді халық əндерімен, қазақ зиялыларының өмірбаяндарымен сусындатуға тырысқандары байқалады. Осыдан да болар, олардың «ұлтшыл» деп айыпталғандары... АЛМАТЫ.