Page 1

24 саєат №63 (28541) 8 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ґндіріс пен ґнер їйлесім тапќан ґѕір Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Елбасы алдымен «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінде болып, мыс зауытымен танысты. Өңір дегі ірі жүйе құраушы кəсіпорындардың бірі саналатын «Казцинк» ұжымы Президентті зор қошеметпен қарсы алды. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Мыс қорыту цехының балқытушысы Нұрлан Ыдырышев Президентке металлургтердің еңбек құралы – сынама іріктеушіні сыйға тартты. Зауытта Мемлекет бас шысымен өткен кездесуге Өскемен шаһарындағы жеті мың металлург пен тікелей телекөпір байланысы арқылы Теміртау металлургиялық комбинаты жəне Павлодар алюминий зауытының еңбек ұжымдары қатысты. Елбасы өз сөзінде Өскеменнің ірі металлургиялық зауыттары, тау-кен байыту комбинаттары еліміздің мақтанышы, отандық индустрияның негізгі тірегі екенін, Ұлы Отан соғысында жауға қарсы бораған он оқтың тоғызы Қазақстанда, оның ішінде Шығыс өңірінде дайындалғанын жеткізіп, аталған зауытта жұмыс істеу үлкен мақтаныш екенін атап өтті. – Бүгінде комбинатта 20 мың адам еңбек етеді. Технология жетілдірілуде. Инвесторлар қаржы салып жатыр. Жаңа мыс зауытында болдым. Зауыт экологияны бұзбай, өнім шығарып жатыр. Біз армандағандай, барлық газ сүзгіден өтіп, күкірт

иісі білінбейтін болды. Мен инвесторларға қаланы ластамау жөнінде талап қойдым. Кəсіпорын жыл сайын халықаралық деңгейде 450 млрд. теңгенің өнімін өндіреді. Тек мыс зауытының өзі жылына 70 мың тонна катодты мыс шығарады. Технология тұрақты түрде жаңғыртылып, ұжымның тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалды, – деді Президент. Елбасы «Казцинктің» əлеуметтік жауапкершілік шеңберінде өңірдің дамуына 3 млрд. теңге құйып отырғанын, компания қаржысына облыста медициналық орталық, балабақша, теннис орталығы, жа бық бассейн, жекпе-жек сарайы жəне тағы басқа ондаған əлеуметтік нысандар салынғанын оң бағалады. – Мұның барлығын біз əлемде дағдарыс болып жатқан кезеңде атқардық. Дүние жүзінің көп

елдерінде зауыттар жабылып, адамдар жұмыссыз қалуда. Біз индустриялық бағдарлама бойынша жаңа зауыттар салып, жұмыс орындарын құрудамыз. Сол себепті елімізде жұмыссыздар саны төмен, 5 пайызға жуық. Дағдарысқа қарсы жұмыс істейтін бағдарламамыз бар. Əр келген сайын аймақтың тың табыстарына куə боламын. Бес жылда өңірдегі өндіріс қуаты 1,5 есеге өсті. Былтыр 1 триллион теңгеден аса өнім өндірілді. Оның 83 пайызы өңдеу өнеркəсібіне тиесілі. Біздегі инновациялық өнімдердің бестен бірі осы өңірде өндіріледі. Қазақстан индустриясының дамуы – мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Бір жылдың ішінде облыста 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл – өсіп келе жатқан жастар мен тұрғындар жұмысқа тұрып, өз

отбасын қамтамасыз етуде деген сөз. 360 шақырым жол, 300 мың шаршы метр тұрғын үй, 21 мектеп, 14 денсаулық сақтау мекемесі іске қосылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында көп шаруалар атқарылады. 700 шақырымнан астам жоғары кернеулі электр желісі сіздердің қалаларыңыз арқылы өтеді. Биыл 370 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тағы 5 мектеп салынады. Осының барлығы мемлекеттің сіздерге деген үлкен қамқорлығының арқасы, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы əлеуметтік салаға бөлі нетін қаржылардың қысқармайтынын айта келе, автокөліктеміржол инфрақұрылымы жүзеге асырылатынын жеткізді. (Соңы 2-бетте).

● Жол жəне жаңару

ШУ МЕН АЛМАТЫ арасы жаќындай тїседі Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Тарихқа көз жіберсек, 1930 жылғы 28 сəуірде Түркістан – Сібір магистралды теміржолының оңтүстігі мен солтүстік жақтары Айнабұлақ стансасында түйіскен екен. Осынау 1644 шақырымдық теміржол торабының құрылысы 3 жыл 9 айға созылыпты. Сол кезден бері Шу – Алматы учаскесі бойынша жол қозғалысы 1 ғана теміржол желі сімен атқарылып келеді. Бү гінде ел экономикасы дамып,

теміржол тасымалына сұраныс едəуір өсті. Ал, теміржолдың осы учас кесінің өткізу қабілеті тек 20 пар жүк тасымалдау пойызына же тіп отыр. Бұдан басқа 24 пар жолаушылар пойызы қызмет көрсетуде. Осыған байланысты өткен апта соңында Шу – Алматы теміржол учаскесінің екінші желісінің құрылысын жүргізу жəне электрлендіру жұмыстары басталды. Бұл күні Шу ауданындағы Кемер стансасында алғашқы рельстер төселіп, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың

президенті А. Мамин, Жамбыл облысының əкімі К.Көкірекбаев жəне Инвестициялар жəне даму министрінің бірінші орынбасары Ж.Қасымбеков құрылыстың тұсауын кесті. Жаңа теміржолдың өткізу қабілеті қазіргі 25 миллион тоннадан 80 миллион тоннаға дейін артады. Сонымен қатар, жүк пойыздарының жету уақыты да екі есеге қысқарады. Яғни, 306 шақырымға созылған теміржол желісінде пойыз қозғалысы тасқындай түседі деген сөз. (Соңы 14-бетте).

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015

● Оймақтай ой Көңіл – бір кеннің дариясы, сөз – содан шыққан жауһар. Мəшһүр ЖҮСІП.

Ќазаќстан бастамалары ќолдауєа лайыќ Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мəселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Тағайындалуына орай дипломатты құттықтаған Сенат Төрағасы М.Енчаның БҰҰ Превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы лауазымындағы жемісті қызметін атап өтті. «Орталық Азия жөніндегі бай тəжірибеңіз бен біліміңіз сіздің бұдан былайғы жауапты жұмысыңызда пайдалы болатыны күмəнсіз», – деді Қ.Тоқаев. Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ерекше рөлін атап өткен М.Енча БҰҰ Бас хатшысы ядролық қарусыздану жəне оны таратпау үдерістеріндегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың үлесін жоғары бағалайтынын атап көрсетті. БҰҰ қызметкерінің пікірінше, Азия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы Қазақстан Президентінің бастамасы маңызды болып табылады. М.Енча Азиядағы сенім жəне ынтымақтастық шараларын нығайтудың іс жүзіндегі тетіктері əзірленген АӨСШК-нің

Шанхайдағы 4 саммитінің нəтижелерін оң бағалады. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ.Тоқаев жүздесушіні биылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезге əзірлік туралы хабардар етті жəне осы келелі форумға Мемлекет басшысының шақыруымен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мəртебелі мейман ретінде қатысуының ерекше маңыздылығын атап өтті. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру туралы Қазақстан басшысының бастамасын жоғары бағалаған М.Енча Қазақстан Президентінің V Съезге шақыруына орай БҰҰ Бас хатшысының ризашылығын жеткізді. «Діни экстремизмге байланысты өзекті мəселелер шиеленісе түскен қазіргі заманда бұл форум ерекше маңызды. Сондықтан, съездің маңызы зор, оны шақыру туралы бастама уақыт талабына сай жəне қажет», – деді М.Енча. Оның айтуынша, БҰҰ басшысы V Съезге қатысуды жоспарлап отыр.

Су тасќынына дайындыќ жайы пысыќталды Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өңірлердегі су тасқыны жəне қабылданып жатқан шаралар жөнінде селекторлық кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Бүгінгі күні Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, сол сияқты Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында су тасқыны ахуалы сақталып отыр. Су тасқыны кезеңінің теріс зардаптарының алдын алу үшін республиканың барлық өңірлерінде алдын алу жəне құтқаруұйымдастырушылық-техникалық шаралары жүргізілуде. Облыстарда тасқынға 10,37 мың тонна жанар-жағармай, 188 мың тонна инертті материалдар, 1 миллион 84 мың қапшық, 89,4 тонна жарылғыш заттар дайындалды.

Су тасқыны жағдайы шиеленіскен немесе елді мекендерді су басу қаупі төнген жағдайларға өңір лерде əрекет ету бойынша апат тық-құтқару бөлімшелері күштерінің топтары мен құралдары жасақталды. Олар 23 972 адамнан, 7 361 техника бірлігінен, 982 бірлік жү зу құралдары мен 16 тікұшақтан тұрады. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, күн сайын мониторинг жүргізуді жəне осы мəселені тұрақты бақылауда ұстауды, сол сияқты, қалыптасқан ахуалға шұғыл əрекет етуді тапсырды.

 Финляндияның НАТОға кіруі Мəскеу мен Хельсинки қарым-қатынасын нашарлататын болады. Бұл туралы Финляндия сыртқы істер министрі Эркки Туомиойя Туусула муниципалитетіндегі гимназия оқушылары алдында сөз сөйлеген кезінде мəлімдеді.  Ирактың орталық бөлігіндегі Тикрит қаласында 1,7 мың ирактық солдат көмілген жер табылды. Олар 12 жерге көміліпті. Əскерилердің пікірінше, оларды «Ислам мемлекетінің» содырлары тұтқынға алып, кейін өлтірген болуы керек. Мүрделердің кімдікі екенін ДНК-ның көмегімен анықтауға мүмкіндік бар секілді.  Кенияның əскери-əуе күштері Сомали аумағында орналасқан «Аш-Шабаб» радикалды исламшылар тобының екі базасына əуеден соққы берді. Бұл Кенияның шығысындағы Гариссе университетіне шабуыл кезінде өлтірілген 148 студенттің кегін қайтару жолындағы алғашқы қадам делініп отыр.  Иран мен Ирактың шекарасында 35 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Сомар-Мандали шекара өткелі жұмыс істей бастады. Ашылу рəсіміне Иранның Ирактағы елшісі Хассан Данефар мен Иранның шекаралас Керманшах жəне Ирактың Дияла провинцияларының генерал-губернаторлары қатысты. Түрік билігі Анкараның өтініші бойынша компания өлтірілген прокурор Селим Кираздың суретін интернеттен алып тастағаннан кейін Twitter-ге қайтадан жол ашты. С.Кираз кепілдікке алынып, Ыстамбұлда өлтірілген болатын.  Америкалық сарапшылар адамның Марсқа жететін мерзімін атады. Олардың пікірінше, астронавтар қызыл планетаның орбитасына 2033 жылы шыға алады. Ал 2039 жылы ғарышкерлер алғаш рет Марстың үстіне қонатын болады. Осы орайда, АҚШ-та көп мəрте қолданылатын Orion ғарыш кораблінің сынақ ұшырылымы жүзеге асырылғанын айта кетейік. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев жол қозғалысы ережесіне бірқатар өзгерістер қарастырылатын қаулыға қол қойды. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаулы бойынша жаңа жол белгілері мен техникалық құралдар енгізілетіні белгілі болып отыр.  АҚШ-тың Арканзас штатында жер бетіндегі ең қарт тұрғын – Гертруда Уивер көз жұмды. Ол Камден қаласындағы денсаулық жəне оңалту орталығында 116 жасында қайтыс болды. Уивер жер бетіндегі ең қарт тұрғын атағын 117 жастағы жапондық Мисао Окава есімді кейуана қайтыс болған 1 сəуірден бері бір аптадай иеленген еді.  АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Принсесс Энн қалашығында Родни Тод да мен оның 6-дан 16 жасқа дейінгі жеті баласы иіс тиіп қаза тапты. Бұл жайт полицияға көз жұмған еркектің бастығы ол бірнеше күн жұмысқа шықпағаннан кейін хабарласқан соң белгілі болған. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Бүгінгі нөмірде:

«БІЗГЕ ОТАНДЫҚ ҚЫТАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫ ОРТАЛЫҒЫН АШУ КЕРЕК. МҰНЫ УАҚЫТ ӨЗІ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР»

ВИЧ-ке шалдыќпауды əрбір адам ескеруі ќажет

8-бет

5-6-беттер

ÑÓÐÅÒÊÅ ÒYÑÊ²Ì ÊÅËÌÅÉIJ

10-бет

АЄАЛАР АЙТЌАН ƏЗIЛ СҐЗ

14-бет

М Ұ Н А Р А

9-бет


2

8 сəуір

www.egemen.kz

2015 жыл

Ґндіріс пен ґнер їйлесім тапќан ґѕір (Соңы. Басы 1-бетте). – «Астана – Өскемен», «Алматы – Өскемен» трассасы қарым-қатынасты жеңілдетеді, эко номиканы жандандырады, 2 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 700 шақырымдық «Екібастұз – Семей – Өскемен» жоғары кернеулі желісі, «Тұрғысын» ГЭС-і, Өскемен турбогенераторлы ЖЭО-сы салынуда. Жаңа энергетика қуаты экономика мен зауыт өнімінің өсімі үшін қажет, – деді Президент. Кездесу барысында зауыт ұжымы Елбасының «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен бес институттық реформасына ерекше қолдау көрсетіп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы саясаттың табысты жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Компанияның бас директоры Юрий Гусев Елбасының металлургтер ортасында жиі болатынын, көпұлтты ұжымның бірлігі мен еңбекке деген құлшынысы жоғары, ертеңгі күнге сенімі нық екенін ерекше атап өтті. Зауыттың кəсіподақ ұйымының төрағасы Сергей Солдатов Шығыс өңірінің Отанымыздың өндірістік жүрегі екенін, металлургтердің өндірістегі жеңістері Мемлекет басшысының күллі елді табысқа жетелеуінің арқасында мүмкін болып отырғанын, бір мүддеге біріккен бір халықтың өткені мен бүгіні, келешегі ортақ екенін тебірене айтты. – Мен ауылда туып-өсіп, осы жерде білім алып, 2010 жылдан бері зауытта металлург болып жұмыс істеймін. Екі ұлым өсіп келеді. Балаларыма біздің Президент металлург болған деп мақтанамын, металлург болу үшін жақсы білім алып, ерінбей еңбек ету керек деп айтып отырамын,

– деді зауыттың балқыту цехының шебері Аян Мұсылбаев. Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің өнеркəсібін дамыту мемлекеттің басымдығы бар міндеттерінің бірі екеніне назар аударды. – Шығыс Қазақстан елдің жарқыраған маржаны саналады жəне бұл тек табиғаты тұрғысынан ғана емес. Жиынтық өнім көлемі 1,5 триллион теңгені құрайды, соның 60 пайызы өңдеуші өнеркəсіптің үлесіне тиесілі. Қазақстандағы инновациялық өнімдердің 20 пайызы нақ осы сіздердің облыста шығарылатыны да кездейсоқтық емес. Өңірге салынған инвестициялар көлемі 345 миллиард теңгеге жетеді. Шағын жəне орта бизнесті қолдауға 2 миллиард теңге, өндірістік инфрақұрылым құруға тағы 3 миллиард теңге бөлінеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға мемлекет 11 миллиард теңге бөлді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы тұрақтылықты, этносаралық жəне

Алматыда салынатын үлкен айналма автомобиль жолының құрылысы басталуға жақын. Бұлай деуіміздің басты себебі, кеше Астанада Инвестициялар жəне даму министрлігінде аталған жобаны жүзеге асырудың конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылды. Яғни, жобаны жүзеге асыруға атсалысатын концессионерді анықтаудың алғышарты жасалды. Шараға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған конкурс комиссиясының мүшелері, министрлер, шетелдік компания өкілдері қатысты.

Їлкен айналма жол – маѕызы зор жоба Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Еске салсақ, еліміздің Инвестициялар жəне даму министрлігі биылғы жылдың қаңтарында «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын» салу жəне пайдалану жобасының концессионерін таңдау жөнінде ашық конкурс жариялаған болатын. Міне, сол конкурстың өтінімдері бар конверттер кеше жариялы түрде, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашылды. «Бұл жоба еліміздің көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мен ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Өткен жылы Үкіметтің шешімі бойынша Алматы айналма жолы аса маңызды концессиялық жобалардың қатарына енген. Бұл қолданыстағы концессия саласындағы заңнамада кеңінен қолданылатын механизмдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алматы айналма жолын салу жəне пайдалану автожол саласындағы алғашқы концессиялық жоба. Оның ойдағыдай іске асырылуы кейінгі инфрақұрылымдық жобаларды мемлекет-жекеменшік серіктестігі схемасы бойынша іске асыруға арналған үлгі ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді», деді шараның ашылуында аталған жобаның маңыздылығына тоқталған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев. Жоба ұзындығы 66 км. Алматы қаласын айналып өтетін ақылы жүрдек автомобиль жолын салуды көздейді. Жол 1А санатындағы 4-6 жолақты болады. Болжамды қарқындылығы тəулігіне 38 628 автокөлікті құрайды деп көзделуде. Жобаның құрамында

8 жол айрығы, 21 көпір, эстакадалар, жол өтпелері жəне өзге де 18 құрылыс бөліктері болмақ. Алматыда салынатын үлкен айналма жолдың құрылысына үлкен үмiт артылып отыр. Жобаның басты мақсаты – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ташкент – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы – Қорғас» жəне Алматы –Қарағанды – Астана – Петропавл» халықаралық дəліздері түйіскен Алматы қаласын айналып өтетін жоғары технологиялы жолды салу, сондай-ақ, транзиттік ағынды қала сыртына шығару, сонымен қатар, көлік ағынын жеңілдету жəне Алматы қаласының кіреберісіндегі негізгі жолдардағы көлік кептелісін болдырмау. Айтпақшы, Алматының үлкен айналма жолының құрылысы 2012 жылы басталып, 2014 жылы аяқталуы тиiс еді. Бірақ бұған дейін жолдың құрылысын жүзеге асыруға ниетті концессионер табылмады. Яғни, тендерге тапсырыс түспей, сəл кейінге шегеруге тура келген болатын. Мəселен, инвесторлардың бiрi дағдарыстың салдарынан қатыса алмаса, бiрi жобаны тиiмдi деп таппаған көрiнедi. Себебi, бастапқыда тек айналма жолдың бойында орналасқан жерлердi сатып алу үшiн 74 миллиард теңге қажет болыпты. 2009 жылы жаңадан есептеулер жүргiзiлiп, нəтижесiнде жолдың бойындағы жерлердiң құны 4 есеге төмендетiлген. Негізінде, жоба өте күрделі, қыруар қаржыны талап ететін маңызды шаруа. Сол себепті де, оған шетелдік инвестор тарту оңай болмағаны анық. Дегенмен, бұл қиындықтың да артта қалғаны кеше мəлімделді. Конкурсқа келіп түскен өтінімдер тізімі аз емес, оған қоса олардың көбі беделді шетелдік алпауыт компаниялар екені белгілі болды. Ал нақты жеңімпаз конкурстың ережесіне сəйкес келесі кезеңде анықталады.

дін аралық келісімді сақтаудың маңыздылығын да атап өтті. – Сіздердің облыстарыңыз – ұлы адамдар шоғырын тудырған қасиетті жер. Бұл – Қазақстанның 100 этносының отаны. Өңірдің кіші Ассамблеясына 44 этномəдени бірлестік, 4 Достық үйі кіреді, ал олардың тəжірибесіне баға жетпейді жəне ол, БҰҰ-ны қоса алғанда, бүкіл əлемде зерттелуде. Біз мұны сақтап, дамытуға тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы облыстық драма театрының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа театрдың киелі сахнасында Қазақстан халқының ортақ мəдени мұрасы мен сабақтастығының айнасы іспетті қазақ жəне орыс труппасы қатар жұмыс істейтін болады. – Өскеменде осы театрдың салынуына өте мүдделі болдым. ХІХ ғасырда салынған ескі театр ғимаратының тарлығына байланысты онда қазақ жəне орыс труппасының өнерін өрістетуіне мүмкіндік аз болды. Сондықтан

осы театрды салдық. Міне, мəдениеттің жаңа ордасы 600 орындық көрермен залымен, 150 орындық шағын залымен жəне 3 дайындық залымен бірге пайдалануға берілді. Мұнда қазақ жəне орыс труппалары еркін еңбек етеді. Осы сахнада өскемендіктер жергілікті театр ұжымының өнері мен ойынын тамашалап, өңірдің мəдениет қызметкерлерінің шығармашылық шыңына куə болады, тарихымыздан тамыр тартып, заманауи қойылымдар, драма, комедия жанрында түрлі тақырыптар қамтылады деп ойлаймын. Мəдениетті дамыту үшін алдымен экономиканы дамыту керек. Кеңес Одағы құлаған кезде адамдар жұмыссыз қалды, еңбекақы мен зейнетақы төленбеді. Театр туралы ойлануға мұрша болмады. Қай кезде тыныш өмір, жақсы кіріс болады, сол кезде адамдар театрға барғысы келеді. Қазір елімізде үш опера жəне балет театры жұмыс істейді. Астанада жаңадан бірегей опера театры салынды. Мен Рим,

Париж, Сидней қалаларындағы опера театрларын көрдім. Біздің театрымыз барлығынан да əдемі дер едім. Гранд-опера өкілдері де акустика, техника жағынан үздік деген баға берді. Барлық облыстарда қазақ жəне орыс труппаларын қоса есептегенде 50 театр жұмыс істейді. Бұл – мемлекеттің ғажап қамқорлығы. Өйткені, рухани-мəдени өміріміз де экономикамыз іспетті дамуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы Қазақстанның мəдениет пен өнер саласында қол жеткізген жетістіктері елдің жүйелі экономикалық дамуының арқасында мүмкін болғанына назар аударды. – Тəуелсіздіктің 23 жылында біз ауқымды табысқа қол жеткіздік. Экономика 17 есеге өсті. Адамдардың өмірі өзгерді. Жас буынды тəрбиеледік. Осы бағытта əрі қарай жұмыс істейміз. Көпэтносты Қазақстанда тұрақтылықтың, достықтың, өзара түсіністіктің арқасында барлығы бар. Біз оны сақтауымыз, дамытуымыз керек. Құрылғанына 20 жыл болған Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында баршамыз діни, этностық, тілдік жəне тарихи құндылықтарымызды қамтамасыз етеміз. Бұл – елімізді өркендетудің негізі. Қазақстан – достық пен бауырмалдықтың, тағаттылық пен келісімнің жері, – деді Елбасы. Сөзінің соңында Елбасы барша қауымға денсаулық, татулық пен табыс тіледі. Өнер ордасының ашылу салтанатына орай мерекелік концерт өтті. Кеште Əміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрі мен хореографиялық ансамблі, ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжі, «Ладушки» ансамблі, облыстық драма театрының қазақ жəне орыс труппасының өнерпаздары өнер көрсетті. Сондай-ақ, шығысқазақстандықтар Мемлекет басшысымен бірге əлемдегі ең үздік 10 сопраноға енген қазақстандық əнші Мария Мудряктың өнерін тамашалады. ӨСКЕМЕН.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Германиялыќ əріптесімен əѕгімелесті Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Германия Бундестагы Төрағасының орынбасары Йоханнес Зингхаммермен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Жүздесу барысында тараптар халықаралық күн тəртібінде тұрған мəселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық, мəденигуманитарлық салада ҚазақстанГермания ынтымақтастығының көкжиегін кеңейту, екіжақты парламентаралық өзара байланысты ұлғайту мен тəжірибе алмасу мəселелерін талқылады. Кездесу барысында Бундестаг

Төрағасының орынбасары Қазақстан Орталық Азиядағы «тұрақтылық шамшырағы» деп атап өтіп, Қазақстан мен Германия арасындағы халықаралық күн тəртібінде тұрған мəселелердің бірқатары бойынша ортақ көзқарас ұстанылып отырғанына тоқталды. Кездесуге Мəжіліс депутаттары М.Əшімбаев, Г.Ықсанова, В.Рогалев қатысты.

Ґзара ыќпалдастыќтыѕ кґкжиегі кеѕ

Кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ГФР Бундестагының Вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елдердің екіжақты ынтымақтастығының жəне ЕО шеңберіндегі ықпалдастығының басым мəселелері талқыланып, халықаралық күн тəртібінің ең өзекті мəселелері, атап айтқанда, Украинадағы жағдайды реттеу, Иранның ядролық бағдарламасы, Ауғанстанның тұрақты дамуы мəселелері туралы пікір алмасылды. Е.Ыдырысов сұхбаттасын ГФРдың 2016 жылы ЕҚЫҰ төра ғалығына сайлануымен құттықтап, Ұйым алдына қойылған мəселелерді шешуге Қазақстанның барынша қолдау көрсетуге дайындығын растады. Сұхбат барысында Қазақстан мен Германия қатынастары өзара тиімді ынтымақтастық жəне сындарлы үнқатысу сипатында өз дамуын жалғастыруда екені атап өтілді. Германия Қазақстанның ЕО-дағы жетекші саяси жəне сауда серіктестерінің тобына кіреді. Биыл Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынты мақтас тық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының, Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік

кеңесінің жəне Қазақстан Республикасында тұратын этностық немістер мəселелері жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырыстары жоспарланған. Сұхбаттастар Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы туралы сөз қозғай келе, биыл қол қойылуы жоспарланған Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің əлеуетін жүзеге асыру, ғылым мен технология салаларындағы ықпалдастық пен визалық тəртіпті жеңілдету мəселелерін талқылады. Еуроодақ Қазақстанның басты сауда жəне инвестициялық серіктесі екені атап өтілді. Соңғы 10 жылда Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 13 есе, ал Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есе өсті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЕО-мен сыртқы сауда көрсеткіші 53 млрд. доллардан асты, бұл Қазақстан сыртқы сауда айналымының 53,2%-ын құрайды. «Егемен-ақпарат».

G-Global халыќаралыќ ќауымдастыќтыѕ ќолдауына ие Кеше Орталық коммуникациялар қызметiнде G-Global халықаралық хатшылығының жетекшiсi, «Еуразия экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы үйлестiру кеңесi төрағаларының бiрi, Сенат депутаты Серiк Нөгербеков баспасөз мəслихатын өткізді. Ол G-Global жобасын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде əңгімеледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Аталған алаңның ашылғанына үш жылдан астам уақыт өткенін айтқан халық қалаулысы, алаңда талқыланып жатқан мəселелер мен көтеріліп жатқан ұсыныстарға 170 мемлекеттің назар аударғанын жеткізді. «Жиырма үш жылда Қазақстан бiршама

халықаралық бастамаларды көтерiп, оның шамамен 10-ға жуығы əлемдiк қоғамдастық тарапынан қолдауға ие болды. Бұл жобалар барлығына мəлiм, атом жобасынан бастап, соңғы дағдарысқа қарсы бүкiлəлемдiк конференция секiлдi елiмiздiң бастамалары көпшiлiкке белгiлi. Ал «G-Global» коммуникативтiк алаңының мақсат-мiндетi интернет-ресурсты пайдалана отырып, осы жобаларды iлгерiлету болып табылады. Сондықтан, елiмiздiң барлық халықаралық бастамаларын интернет-ресурс арқылы iлгерiлетумен айналысамыз. Егер нақтырақ тоқталсақ, 21-22 мамырда Астанада сегiзiншi экономикалық форум өтедi. Қазiрде бұл форумның мазмұндық бөлiмiн талқылап жатырмыз. Бүгiнде 150-ден астам конференция өтiп, 8 мыңнан астам баяндама орналастырылды», дедi ол. Спикер алдағы мамыр айында iске қосылатын G-Global онлайн-форумында

ЭКСПО-2017 аясындағы iс-шаралар талқыланатынын айтты. «ЭКСПО көрмесi аясында 500-ден астам мазмұнды тақырыптық iс-шаралар өткiзу жоспарланған. Мамыр айында «G-Global онлайн-форумы» жобасын iске қосып, осы жерде онлайн форматында алдағы iс-шаралардың тақырыбын талқылайтын боламыз. Яғни, екi жыл бойы осы платформада баяндамалар, сарапшылардың шолуын, комментарийлер жинап, онлайн бейнеконференциялар, жарыссөздер өткiземiз. Бiздiң жастар, ғалымдар, инноваторлар осы платформаны белсендi түрде пайдаланады деген үмiттемiз», дедi С.Нөгербеков. Брифинг барысында əлемде тұрақты даму мəселесін талқылау үшін Қазақстан G-Global коммуникативті алаңында дүние жүзінің үш мыңнан астам оқу орнын біріктіруге ниетті екені де сөз болды. G-Global тұғырнамасында арнайы айдар бар екеніне жəне оны əр кезеңде Нобель

сыйлығының лауреаттары мен халықаралық ірі ұйымдардың жетекшілері жүргізгендігін айтқан сенатор алдағы екі айда бұл айдардағы тұлға ретінде əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов болатындығын білдірді. «Ғ.Мұтанов мырза алға тартатын тақырып аса ауқымды болады. Ол тақырыпты талқылауға əлемнің үш мыңға жуық университетін жұмылдыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, əлемдегі жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері бұл тақырып бойынша пікір алмасады. Себебі, тұрақты даму G-Global мақсаттарымен толық сəйкес келеді», деді С.Нөгербеков. Бұлармен бірге, алдағы мамыр айының аяғында G-Global коммуникативті тұғырнамасында онлайн-режімде халықаралық ірі конференция өткізіліп, онда аталған жұмыстың қорытындылары шығарылады екен.

1993-1999 жылдар аралығында Ішкі əскердің жедел мақсаттағы əскери бөлімдерінен екі мыңнан аса офицер мен сарбаз ТМД сыртқы шекараларын қорғау бойынша тəжік-ауған учаскесінде бітімгершілік міндеттерін атқарғандығын атап өтті. Ол, сонымен қатар, Елбасының 1996 жылғы 20 қарашадағы Жарлығымен ерлік танытқаны үшін 5 адамның ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен, 12 адамның «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталғанын жеткізді. Қазіргі таңда ержүрек ерлердің есімдері еліміздің көптеген қалаларының көшелері мен мектептеріне берілуде. Қазақстандық жауынгерлердің тəжік жеріндегі ерлігін паш ететін ескерткіш 2007 жылы Душанбе қаласында үлкен монумент ретінде орнатылған. Ал елордадағы

ескерткіш Астана қаласы əкімінің шешімімен жəне 2014 жылдың 7 сəуірінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының бастамасымен қойылған болатын. Міне, сол қойылған ескерткіш өскелең ұрпақтың тəрбиесіне үлес қосып, халықтың ержүрек ұлдарына деген мəңгілік тағзымындай болып тұр. Гүл шоқтары қойылысымен бір минуттық еске алу рəсімі өтіп, одан кейін аспанға бірнеше дүркін оқ атылды. Іс-шара Ұлттық ұланның елордалық гарнизоны жеке құрамының салтанатты шеруімен аяқталды. –––––––––––––––

Ер есімі – ел есінде Елордадағы Еске алу аллеясында 1995 жылғы 7 сəуірде тəжік-ауған шекарасында қарулы топпен болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан Ішкі əскерлердің (қазіргі Ұлттық ұлан) ержүрек ерлерінің рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рəсімі болып, ерлікке тағзым жасалды. Бұл шара Еске алу мен Ерлік күніне орай өткізілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

17 боздаққа арналған қолына автомат ұстаған жауынгер ескерткіші алдына жиналған қауымның қарасы мол көрінді. Гүл шоқтарын қою рəсіміне Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, ҚР ІІМ басшылығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлері, Ұлттық ұлан жəне оқшау соғыстар ардагерлері қатысты. Сондай-ақ, бұл шараға Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері, бірқатар шет мемлекеттердің əскери атташелері, қаладағы №25 мектептің кадет сыныбы мен №35 мектептің оқушылары жəне басқалар келді. Жиналған қауым алдында сөз алған Н.Ермекбаев ерлік көрсеткен жетінші рота жауынгерлерінің атына жылы сөздер айтты. «Əскери қызметтің тауқыметі қаншалықты қиын болғанымен, жауынгерлеріміз Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, əскери анттарына берік болды. Ерлеріміз өмірден өтсе де, олардың есімдері бүгінгі жəне болашақ ұрпақтың жадында мəңгі жасайтыны сөзсіз», деді Нұрлан Байұзақұлы. Шынында да, осыдан 20 жыл бұрын,

тап осы күні тəжік-ауған шекарасын күзетуге кеткен қазақстандық жауынгерлер өздерінің бітімгершілік миссиясын атқару кезінде табандылықпен ерлік көрсеткен-ді. Атап айтқанда, Тəжікстанның Пшихавр тау шатқалында жаудың басым күшімен болған төрт сағаттық ұрыста 17 сарбаз опат болып, 33 жауынгер жараланған-ды. Абыройларына дақ түсіртпей, жауынгерлік міндеттерін адал атқарған боздақтар: старшина Қалмақан Бақбаев, сержант Радик Қаймолдиев, кіші сержант Əлихан Өгізбаев, қатардағы жауынгерлер Ержан Байбағысов, Ербол Бекебаев, Бауыржан Далабаев, Жақсылық Жансүгіров, Имомаддин Жұматов, Қанат Едырышев, Ербол Исабаев, Ержан Əбдиев, Еркебұлан Мақажанов, Михаил Мартыненко, Анатолий Мешков, Дастан Нұрметов, Еркін Байғабылов жəне Тахир Райымжановтың есімдері əрдайым жадымызда сақталмақ. Бұдан басқа, сол қанқұйлы қақтығыста жарақат алып, аман қалғанымен, өкінішке қарай, араға бірнеше жыл салып білікті офицерлер Валерий Лысенко мен майор Марат Ахметов те өмірден озды. Бұл ретте, келесі сөзді алған Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сəйкес

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».


8 сəуір

3

www.egemen.kz

2015 жыл

САЙЛАУ-2015

Ќолдауєа ќолдаумен жауап береді

Насихат жўмыстары кґѕілдегідей ґтуде

Табиєат – адамныѕ еѕ басты байлыєы

Кеше Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ə.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Тараз қаласында болды. Бұл жерде олар Жамбыл облысының белсенділерімен, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты жұмысшыларымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері жəне шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кеше Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан (ҚКХП) ұсынылған Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықовтың Қостанай облысындағы сайлауалды штабы атқарылған шаралар туралы айтып берді.

Президенттікке кандидат Əбілғазы Құсайынов Қызылорда қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол жиынға қатысушыларды экология саласына негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб (РҚШ) жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Парламент Мəжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми жəне шығармашыл зиялылар, белгілі қоғам қайраткерлері мен спортшылар бар. «Баласағұн» концерт залында РҚШ мүшелерінің Жамбыл облысының белсенділерімен кездесуі өтті. Елбасына өз қолдауларын білдіруге мыңнан астам жамбылдық жиналды. Олар: белгілі қоғам қайраткерлері, өңірдің құрметті азаматтары, мəслихаттардың депутаттары, этномəдени бірлестіктердің, жастардың жəне үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, өндіріс секторының, шағын жəне орта бизнестің өкілдері. Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының бірегейлігі туралы өңірдегі ҚХА құрудың негізін қалауға атсалысқан түрік этномəдени бірлестігінің төрағасы Дүниядар Абдуллаев сөйлеген сөзі барысында əңгімелеп берді. «ҚХА – біздің Президентіміз құрған, əлемдегі теңдесі жоқ, ұлтаралық келісімнің бірегей инс титуты, Жамбыл облысы ҚХА мүшелерінің атынан біздің бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді, яғни Елбасын қолдайтынымызды мəлімдеймін!», – деп атап өтті Дүниядар Абдуллаев. Жаңа Жамбыл фосфор зауытының алаңында РҚШ мүшелерінің өндіріс секторының өкілдерімен кездесуі болды. Минералды тыңайтқыштар зауытының шебері Болатхан Көптілеуов: «Тəуелсіздік жылдарында біздің еліміз алға қарыштап қадам басты, жаңа кəсіпорындар ашылуда, жыл сайын Еңбек Адамының мəртебесі мен маңызы арта түсуде! Біздің жалақымыз өсіп, еңбек ету жағдайымыз жақсаруда. Жəне осының бəрі Президентіміздің арқасында. Сондықтан кəсібіміз бен қыз метімізге қарамастан, одан əрі қарай дами беруіміз үшін, бүгінгі таңда біздің бəріміз де Елбасының

маңына топтасуымыз қажет, Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздегі жұмысшы адамның негізгі тірегі», – деді. Жаңа Жамбыл фосфор зауытының директоры Леонид Франгулиди өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында өте қиын жағдайда болғанын, сол кезде Н.Ə.Назарбаев зауытқа миллиардтаған инвестициялар тартуға көмектескенін, соның арқасында «зауыттың екінші өміріне» дем бергенін жұрттың есіне салды. «Жамбыл электрлік жүйесі» ЖШС алаңында РҚШ мүшелері ТКШ қызметкерлерімен де кездесті. Олар Нұрсұлтан Назарбаевқа оның «Нұрлы Жол» бағдарламасы үшін міндетті түрде алғыс білдіруді өтінді, бұл бағдарлама аймақтың инфрақұрылымын сапалы түрде жаңартуға жəне мыңдаған жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтты. «Аға ұрпақтың өкілі ретінде соғыс жəне еңбек ардагерлерін қолдауға бағытталған əлеуметтік саясаты, сондайақ, біздің балаларымыздың жұмыс істеп жəне оқып, ал немерелеріміздің бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатыны үшін Президентімізге шын жүректен алғыс айтқым келеді», – деді кəсіпорын қызметкері Ирина Цитель. Түстен кейін РҚШ мүшелері шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында белгілі жазушы, Жамбыл облысының құрметті азаматы Арғынбай Бекбосын тəуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Мемлекет басшысының рөлін ерекше атап өтті. «Біздің халқымыз өзінің тамырын тануға, тарихын тереңірек білуге мүмкіндік алды, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, өзінің одан əрі қарайғы дамуын табуға тиіс Елбасының «Мəңгілік Ел» идеясы осының айқын дəлелі», – деді Арғынбай Бекбосын. Жамбыл облысының мыңдаған тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездесулерге қатысты. Адамдар өздерінің тек Елбасы үшін ғана дауыс беретіндерін бірауыздан мəлімдеді. Жамбыл облысы.

Заѕнама талаптары ќатаѕ ќадаєаланады Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА, саясаттанушы.

Бүгінде Қазақстандағы президенттік сайлау науқанының алғашқы онкүндігінде бірнеше жағымды үрдістерді көруге болады: біріншіден, үгіт-насихат жұмыстары еш ескертусіз, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарына қатысты шағымдарсыз өтіп жатыр. Бұл қоғамдағы құқықтық мəдениет, сондай-ақ, электоратты мəдениеттің ерекше көрінісі болып табылады; екіншіден, сайлаудың алғашқы аптасынан бастап, сайлауға қатысуға шақыруға бағытталған əртүрлі флэшмобтар, бейнероликтер, онлайнэстафеталар, постерлер бəйгесінің белсенді сипатқа ие болуы байқалады. Əсіресе, бұл бастамалардың барлығы жастар тарапынан жүргізіліп жатқаны ерекше көзге түседі; үшіншіден, тек алғашқы он күн ішінде Орталық сайлау комиссиясының

президенттік сайлаудың барысын байқайтын 402 байқау шы ны тіркеуі əртүрлі халықара лық, аймақтық, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан үлкен қызығушылықтың бар екендігін білдіреді; төртіншіден, сайлау науқанын ұйымдастыруда əрі өткізуде əртүрлі пішім де ақпаратты қам тамасыз етуге аса ерекше мəн беріліп жатыр. 2015 жылғы прези денттік сайлау науқанында азаматтық бел сенділіктің маңызды алаңына айналған əлеуметтік желілер мен микроблогинг жүйелері, яғни интернет пен əлеуметтік желілердің рөлі жоғарылағаны байқалады. Жалпы, жоғарыда аталған жағымды үрдістер сайлау науқанының қазіргі уақытта бірлескен сипатта өтуіне, сайлау заңнамасы нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айқын көрсетеді. АСТАНА.

Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

«Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов насихат пойызы аясында біздің аймақта болып, сайлаушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Соның ішінде «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы жəне «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымдарының өкілдерімен кездесті», – деп хабарлады партияның облыстық комитетінің жетекшісі А.Əлімбаев. «Марксизм – коммунистер үшін қор шаған əлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған жəне жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді жəне Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет», – деп кандидаттың баяндамасына сүйене отырып ой бөлісті А.Əлімбаев. «Руханилықтың мəнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда. Адамның психикасы мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар», – деп атап өтті өз сөзінде А.Əлімбаев. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген əдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мəдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды. Толықтай алғанда, өздерінің кандидаттарының кездесулері сəтті өтті, деп санайды президенттікке кандидаттың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі А.Əлімбаев. Кандидаттың сенім білдірілген адамы Е.Майканов, жалпы алғанда, президенттікке кандидаттың сайлауалды насихат жұмыстары кезінде

ешқандай келеңсіздік болмады. Біздер Орталық комитеттен келіп түскен барлық үгіт-насихат материалдарын белгіленген орындарға орналастырдық. Сонымен қатар, партия іс-шараларын бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруда келеңсіздіктер болмады, деп атап көрсетті. Өз жұмыстары туралы президенттікке кандидаттың Солтүстік Қазақстан облыстық сайлауалды штабының жетекшісі С.Мартемьянов айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, кандидат Т.Сыздықов Петропавл қаласындағы «МұнайМаш» ЖШС жəне Мамлют ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Сайлаушылармен кездесу барысында президенттікке кандидат марксизм-ленинизм қағидаттарының ескірмеген жəне өзекті бағыттарымен таныстырды. С.Мартемьянов аймақтық сайлауалды штабтың насихат жұмыстары кандидаттың сайлаушыларымен кездесуін ұйымдастырумен ғана шектелмейтіндігі туралы айтып берді. Штаб жұмысшылары аудан тұрғындарымен, БАҚ журналистерімен кездесулер ұйымдастырады. Штаб жетекшісі əлеуметтік желілердегі жұмыстарға да тоқталып өтті: «Əлеуметтік желілерді кеңінен қолданудамыз. Дайындаған барлық материалдарымызды ресми сайтқа жəне əлеуметтік желілерге орналастырудамыз», – деді ол. Тұрғын Сыздықовтың сенім білдірілген адамы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарына тоқталды. «Батыстық киноиндустрия өнімдері жеке бастың қамын қанағаттандыруды өмірдің мəні деп қарастырады. Батыстық өркениет елдері ақыл-ес пен генетикалық аурулар бойынша жəне ғаламдық семіздік рейтингінде көш бастап келеді. Осылайша, олар өздерінің тегін жоғалтуда. Бұған дұрыс өмір сүру салтын ұстанбай, фастфуд тағамдарын жəне басқа да түрлі генді-модификациялық өнімдерді тұтынулары себеп», – деді өзінің сөзінде С.Мартемьянов.

Халыќ арасында пікір ќайшылыєы жоќ Данияр ƏШІМБАЕВ,

саясаттанушы, «Қазақстан биографиялық энциклопедиясының» бас редакторы.

Бүгінгі сайлау науқаны туралы əңгіме қозғағанда, ең алдымен, əлемде қалыптасқан аса күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, Қазақстандағы сайлауалды үдерістерінің өте бейбіт əрі тыныш жағдайда өтіп жатқандығын атап көрсеткім келеді. Осылайша бұл науқанның өзі біздің елімізді тұрақтылық пен бейбітшіліктің аралы ретінде тағы бір рет паш етуде десек, артық болмас. Екінші жағынан, биылғы президенттік сайлау осының алдындағыны еске түсіретін сияқты. Себебі, нақ бес жыл бұрынғыдай, биылғы 2015 жылғы сайлауалды науқанының ең бастапқы күндерінде ешкімге белгісіз көптеген өзөзін ұсынушылар өтініштерін беріп, көзге түсті. Қорытындысында Орталық сайлау комиссиясы ел Президентінің орнына үш үміткерді тіркегені баршамызға белгілі. Сөйтіп, осы сайлауға қатысып отырған үш адамның ішінен тек іс басындағы Мемлекет

басшысы ғана орасан зор танымалдыққа ие деп айта аламыз. Ал қалған үміткерлердің танымалдығы, халық арасында белгілілігі туралы айту қиындау. Рас, Тұрғын Сыздықов біздің бұл пайымымызбен келіспеуі мүмкін. Бірақ ол көптеген қазақстандықтарға өзі өкілі болып отырған өз партиясының арқасында ғана белгілі десек, бұл уəжімізге ешкім күмəн келтіре қоймас. Яғни, халық сенімінің аса жоғары рейтингін еншілеген қазіргі іс басындағы Президентті жеңу жоғары мемлекеттік лауазым жолындағы қалған екі үміткерге айтарлықтай қиынға түсетіндігі айтпаса да түсінікті. Көптеген сарапшылар 2015 жылғы сайлау науқанының қорытындысына осы бастан кəміл сенімді. Тіпті, мұны олар Қазақстанда жүргізіліп отырған мемлекеттік бағытқа деген сенім жəне елдегі қазіргі саяси жүйенің заңдылығын одан əрі қамтамасыз ету деп те атайды. Əсіресе, осы мəселелер бойынша Қазақстан халқының арасында айта қаларлықтай пікір қайшылығы жоқ екендігі мəлім. АЛМАТЫ.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Ə.Құсайынов жиынға қатысушыларға жаһандық экологиялық қызметтің негізгі векторлары туралы баяндап, табиғатты қорғау мəселесінде ғылымның маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұл – экологиялық қауіпсіздік, климат пен су ресурстарын, «жасыл» технологияны зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, бірталай міндеттер кешенін қамтитын маңызды мақсат. Кандидаттың айтуынша, əлемде күні бүгінге дейін экологиялық проблемаларға тиісті назар аударылмай келеді. Халықаралық қоғамдастық пен мамандандырылған ұйымдардың атқарып жатқан экологиялық жұмыстары конференция, талқылаулар, шешімі жоқ даулармен ғана шектеліп қалып отыр. Ал əлемде табиғат қойнауын тиімсіз пайдалану, гендік қор мен биологиялық əртүрліліктің азаюы топырақтың құнарсызданып, судың ластануына, жалпы, қоршаған ортаның құлдырауына алып келуде. Сондай-ақ, кандидат əлемдік өнеркəсіптің қарқынымен артып отырған техногендік апаттардың алдын алу мəселесіне де арнайы тоқталып өтті. Адам іс-əрекетінің табиғатқа келтірген ең үлкен залалы – жаһандық жылыну. Бұл парниктік əсер тудырып отыр. «Əлемнің ғалымдары дабыл қағуда. ХХІ ғасырда, ең аз дегенде, температураның орташа жылыну деңгейі 3 градусқа жетуі мүмкін. Мұның өзі – табиғатқа аса үлкен қауіп төндіретін өзгеріс. Бірақ, егер қауіпті газдардың атмосфераға таралуы тоқтатылмаса, бүгінгі өзгеріс бұдан да қорқынышты құбылысқа ұласуы мүмкін. Аталған болжамға сенсек, жаһандық жылыну деңгейі 6,5 градусқа жетеді! Бұл – алыс болашақта емес, ертеңгі күндеріақ орын алуы мүмкін үлкен қауіп. Дəл осы мəселеге қоғам назарын аудартқым келеді», – деді Ə.Құсайынов. Бағдарламасымен таныстырған кандидат қазіргі заманда адамдар жаңартылмайтын табиғи ресурстарды шексіз тұтына отырып, қалпына келтіруге болатын қорлардың қайта толысуына кедергі жасауда деген пікірін жеткізді.

Адамзат табиғат дамуын жағымсыз бағытқа бұрып барады. Бұл биологиялық жəне əлеуметтік феномен ретінде оның физикалық жəне рухани дамуына нұсқан келтіруі ықтимал. Қоршаған ортаның ластануы күн өткен сайын күрделі мəселеге айнала түсіп отыр. Бүгіннің өзінде Жер шарын мекендеген 7 млрд. адамға қажетті құнарлы жердің тапшылығы 6 гектардан асады. Бұл көрсеткіш жаһандық жылынуға байланысты бұдан бетер нашарлай бермек. «Біз экологияның дүниежүзі бойынша əр адамның дамуы үшін қажетті толыққанды ғылым ретінде қарастырылуын қалаймыз. Ол – тек табиғат туралы емес, ең алдымен, біздің өміріміз жайлы ғылым», – деді президенттікке кандидат. Осы кездесуге қатысқан президенттікке кандидат Ə.Құсайыновтың аймақтық штабының жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов экологиялық мəселенің өзектілігіне тоқталды. «Кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасы экология мəселесіне негізделген. Бұл – əлемдегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Əлемдегі биобалансты, яғни биологиялық тепетеңдікті табиғат тазалығы мен өнеркəсіп қауіпсіздігін сақтау мəселесі бұған дейін де өзекті болған. Бірақ, соңғы уақытта оның ауқымы жаһандық деңгейге жетті. Біз қоғам назарын халықаралық экологиялық мəселелерге аудартып, ол тек сөз жүзінде ғана емес, барлық мемлекеттердің келісілген ұстанымымен нақты қолдау көрсетуді қажет ететін шешімін күттірмейтін түйткіл екенін көрсеткіміз келеді», – деді Ж.Тұсмағанбетов. Кездесуді қорытындылай келе, Əбілғазы Құсайынов экологиялық күн тəртібінің маңызына тоқталып, жиынға қатысушыларды жаһандық экологиялық мəселелерге шынайы көңіл бөлуге шақырды. «Əр өткізген кездесуімде қайталайтыным, табиғат – адамның ең басты байлығы. Оны аялап, өз қолымызбен оған зиянын тигізуі мүмкін өзгерістерден, ластанудан, жағымсыз технологиялық ықпалдардан қорғауымыз керек», – деді Ə.Құсайынов. ҚЫЗЫЛОРДА.

Бўл сайлау мерекелік кґѕіл-кїй сыйлайды Мəдина НҰРҒАЛИЕВА,

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты Алматы қаласы өкілдігінің жетекшісі.

Көптеген мамандар елімізде соңғы жылдары жоспарлы сайлаудан гөрі кезектен тыс сайлаудың жиі болатындығын айтуда. Міне, осы ретте кандидаттар штабтарының жұмыс істеу мүмкіндігі мен үгіт-насихат жүргізу ісіне уақыт тапшылығы үлкен əсер етеді. Сондықтан да, сайлауға түсушілер мен оның сенім білдірілген адамдары мейлінше жинақы əрі жедел жұмыс істеуге мəжбүр. Бір сөзбен айтқанда, алдағы болатын сайлауда дауыс берушілердің сайлауға толыққанды қатысуына үлкен мəн беріліп отыр. Бұл жағ дай əрбір кандидаттың сайлауал ды жұмыстарынан анық байқалады. Мен бұл көріністі құқық тық мемлекеттің дамуы мен азаматтардың құқықтық түсінігі

жəне құқықтық сауаттылығына жасалған игі қадам деп есептеймін. Осы орайда жастардың белсенділігін де əлеуметтік желілерден көріп отырмыз. Əсіресе, студенттер мен жұмыс істейтін жас буын өкілдері алдағы сайлау туралы пікірлерін ашық білдіріп, жекелеген кандидаттарға өз тілектерін білдірісуде. Яғни, елдегі саяси науқанға қызу атсалысу байқалады. Қазір үгіт-насихат үдерісі қыза түскені анық, осы орайда бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттарды бөле-жармай, əрбір саяси қадамды жақсы насихаттауда. Қорыта айтқанда, бүгінгі бетбұрыстың нəтижесінде сайлау күні қазақстандықтар дауыс беруге, өзінің азаматтық міндетін атқаруға асығатынын, бұл саяси шешім қабылдау сəті елімізде мереке ретінде өткізілетіндігін аңғаруға болады. АЛМАТЫ.


4

8 сəуір

www.egemen.kz

2015 жыл

САЙЛАУ-2015

Халыќаралыќ міндеттемелер орындалуымен ќўнды Қазақстан көп жыл бойы сайлау заңнамасын белсенді жетілдірумен келеді. Алдағы президенттік сайлау қарсаңында бұл мəселенің маңызы арта түсетіні анық. Аталған саладағы отандық заңнаманың эволюциясы газет тілшісіне Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сəрсембаев пен Орталық сайлау комиссиясы аппараты бөлімінің меңгерушісі Арбол Арғынов əңгімелейді. – Қазақстан сайлау саласындағы міндеттемелерді қамтитын қандай халықаралық-құқықтық актілердің қатысушысы болып табылады? Бұл актілерде аталған міндеттемелердің орындалуын бақылаудың қандай тетіктері қамтылған? М.Сəрсембаев – Қазақстан Республикасы сайлау саласындағы міндеттемелерді қамтыған мынадай халықаралық құжаттардың қатысушысы болып табылады: еліміз 2005 жылғы 28 қарашада қосылған 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық жəне саяси құ қықтар туралы халықаралық пакт, 1990 жылғы 29 маусымдағы ЕҚЫО-ның (ЕҚЫҰ) Адами өлшем жөніндегі конференциясының Копенгаген кеңесі құжаты (бұл Құжат бойынша еліміз 1992 жылғы 30 қаңтарда ЕҚЫК-ге (ЕҚЫҰ) кірген күннен бастап міндеттемелер қабылдады), 2007 жылғы 7 маусымдағы Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы Конвенция (2007 жылы 7 маусымда Қазақстан оның қатысушысы болды). Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 25-бабынан мемлекеттердің адам мен азаматтың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері туындайды. Копенгаген құжатының 45 параграфының ішінен сайлау мəселелеріне 5 параграф арналған (5-8 жəне 35). Демократиялық сайлау стандарттары туралы ТМД Конвенциясының 26-бабы тек сайлау мəселелеріне арналған. Оның мəтінінде жасырын дауыс беру кезіндегі жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығының қағидаттары, сондай-ақ еркін, шынайы, балама, мерзімді сайлау қағидаттары келтірілген. Электораттық сипаттағы халықаралық міндеттемелердің орындалуын бақылау тетіктері күн тəртібінде сайлау мəселелері жиі көтерілетін ЕҚЫҰ басшылық орган дарының, халықаралық міндет темелер алған елдердің сайлау бағытын сақтамағанын жария есептерде көрсете отырып, анық тау негізгі міндеті болып отырған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның мемле кеттердегі сайлауды байқаушылар миссиясының отырыстары болып табылады. ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ миссияларының (Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюро) жəне ТМД-ның 30-дан астам ұзақ мерзімді байқаушысы қазір Қазақстанның барлық өңірлерінде сайлау алдындағы үгіт процестерін байқауда, жүздеген қысқа мерзімді

халықаралық байқаушы 2015 жылғы 26 сəуірде Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні сайлау учаскелерінде байқауды жүргізетінін атап кеткен жөн. – Сіз сайлау саласындағы қандай негізгі халықаралық міндеттемелерді атай аласыз? М.Сəрсембаев: – Жоғарыда са намаланған халықаралық құжаттардың ішінен Қазақстанның сайлау саласындағы мынадай халықаралық міндеттемелері туындайды. Өз аумағында республика азаматтарының жалпыға бірдей, тең жəне кемсітпеу негізінде сайлау құқықтарын іске асыруын қамтамасыз ету міндеті Қазақстанға халықаралық міндеттеме болып табылады. Қазақстан «санаға сыйымды кезеңділікпен еркін сайлау» өткізуді өз міндетіне алды. Респуб лика сайлау үдері сіне қатысуға барлық ниет білдірушілердің бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігі үшін қандай да бір «заңды немесе əкімшілік тосқауылдарды» белгілемеуге міндеттенді. Республиканың халықаралық міндеттемелерінің қатарына «дауыстардың қажетті санын алған кандидаттардың» «тиісті түрде лауазымына кірісіп, өз өкілеттіктерінің мерзімі өткенге дейін лауазымда қалуы үшін» жағдайлар жасау жатады (Копенгаген құжатының 7-параграфы). Қазақстан Копенгаген құжатының 8-параграфы мен Демократиялық сайлау стандарттары туралы Конвенцияның 7 жəне 15-баптарының негізінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын өзінде қабылдауды жəне, өз кезегінде, өзінің байқаушыларын 56 ЕҚЫҰ мен ТМД-ға мүше мемлекеттерде сол немесе өзге уақытқа белгіленген сайлауды байқауды жүзеге асыру үшін жіберу міндеттемесін алды. Бұл жерде біз қазіргі уақытта елімізде өткізілетін жалпыұлттық президенттік сайлау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін келтірдік. – Демократиялық сайлау саласында қандай да бір халықаралық стандарттар бар ма? Халықаралық қағидаттар мен халықаралық стандарттардың ара сын дағы айырмашылық неде? М.Сəрсембаев: – Планета ауқымында, соның ішінде ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттары айқындалмаған. Бұл қағидадан ерекше Демократиялық сайлау стандарттары туралы ТМД конвенциясын атауға болады. Халықаралық стандарт жалпы жəне сайлау саласында, атап айтқанда,

мемлекеттердің халықаралық орган деп танып, бекітетін, сайлаудың тиісті аспектісінде жалпыға бірдей қағидаттар, ережелер, сипаттамалар негізінде нақты нəтижені реттеуге қол жеткізуге бағытталған консенсус (шарттасатын мемлекеттердің барлығының ортақ келісімі) негізінде əзірленетін жеке халықаралық-нормативтік құжат түрінде қолданылуы тиіс. Демократиялық сайлаудың халықаралық қағидаты – бұл сайлау қызметінің басым бағытын реттейтін, басқа нормалардың ішіндегі неғұрлым маңызды құқықтық норма. Халықаралық стандарт, көріп отырғанымыздай, мақсатқа қол жеткізудегі құралды білдірсе, халықаралық қағидат – бұл сайлау қыз метіндегі неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастардың реттеушісі. Соңғы жылдары ЕҚЫҰ-да «Копенгаген плюс» деген халықаралық құжатта демократиялық сайлаудың стандарттарын жасауға біраз тырысты, алайда барлығы талқылау деңгейінде қалды. Сондықтан сол немесе өзге халықаралық ұйым өз есептерінде байқау жүргізіп отырған елде сайлау демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарына жауап бермеді деп жазса, онда ол өз пайымдауында дұрыс емес. Өйткені, жоқ нəрсеге сəйкес келу немесе келмеуге болмайды. Халықаралық ұйым өз есебінде байқау жүргізіліп отырған мемлекет сайлау саласында сол немесе өзге халықаралық міндеттемелерді орындады немесе орындамады деген жағдайда, бұл пайымдау жеткілікті деңгейде шындыққа жанасады. – Сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелер Қазақстан заңнамасында қалай қамтамасыз етіледі? А.Арғынов: – Президенттік сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелер елдің Конституциясында (1, 3, 4, 5, 8, 20, 21, 23, 32, 33, 39, 41-баптарында) көрсетілген. Қазақстан Республикасының заң шығарушысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық

заңды қабылдады, оның 2-6, 8, 10-68-баптарында жоғарыда аталған халықаралық міндеттемелерді іске асыру бойынша нормалар бекітілген. Осы заңда еркін сайлауды жүйелі мерзімділікте өткізудің, жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығының, сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығының, БАҚ-қа кедергісіз қол жеткізудің, сайлау органдары тəуелсіздігінің, жасырын дауыс берудің, дауыстарды нақты санаудың, сайлау қорытындыларын шығару мен оның нəтижелерін жариялаудың жəне халықаралық міндеттемелерге сай басқа ережелердің кепілдіктері бекітілген. Ол «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақ стан Республикасының Заңын қабылдады, оның 2-бабы Конституция кепілдік берген барлық саладағы, соның ішінде сайлау саласындағы сөз бостандығын растайды. Сайлау науқаны барысында, соның ішінде президент сайлауында аталған жəне қазақстандық заңдардың нормалары мүлтіксіз сақталады. Олардың сақталу кепілдеріне сайлау мекемелері, құқық қорғау жəне сот органдары жатады. – Байқаушылар қандай əдістермен Қазақстанның сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауын бағалайды? А.Арғынов: ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД-да сайлауды ұзақ жəне қысқа мерзімді байқаудың өз əдістері бар. Олардың мəні – сайлау үдерісінің барлық кезеңдерін байқауды тиісті қамтамасыз етуде. Сайлауды байқауды жүзеге асырмас бұрын ДИАҚБ елге қажеттіліктерді бағалау жөніндегі миссияны жібереді. Осындай миссия Қазақстанда 2015 жылғы наурыздың басында да болып, 36 ұзақ мерзімді жəне 400 қысқа мерзімді байқаушыдан тұратын сайлауды байқау жөніндегі миссияны ашуды ұсынды. ДИАҚБ сайлау үдерісін үш дең г е й д е б а й қ а й д ы . Ұ л т т ы қ деңгейде сарапшылардың негізгі тобы, өңірлік – ұзақ мерзімді байқаушылар, сайлау учаскелері деңгейінде қысқа мерзімді

Бюллетеньдер саны кґбейтіледі Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрған құловтың төрағалығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының кешегі отырысында «2015 жылғы 26 сəуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов атап өткендей, 5 сəуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын əзірлеу жəне өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар дың күнтізбелік жоспарына сəйкес əкімдіктер тиісті учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылардың жаңартылған тізімдерін берген. Əкімдіктердің, сайлау комиссиялары мен мүдделі мемлекеттік органдардың сайлаушылар тізімдерін нақтылау бойынша бірлесіп жүргізген жұмысының нəтижесінде белсенді сайлау құқығына ие азаматтардың жалпы саны 2015 жылғы 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда 213 мың адамға артты. Осы жылғы 18 наурыздағы деректердің негізінде сайлау өткізу үшін Ортсайлауком 26 наурызда белгілеген қажетті бюллетеньдер

саны 157 мың адамға көбейген. «Осыған байланысты 2015 жылғы 7 сəуірдегі Орталық сайлау комиссиясының отырысында «2015 жылғы 26 сəуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюл летеньдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 26 наурыздағы №19/43 қаулысына өзгеріс енгізу жəне дайындалатын сайлау бюллетеньдерінің жалпы санын көбейту туралы шешім қабылданды», – деді Б.Мелдешов. Аталған шешімге сəйкес жалпы алғанда (тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызын қоса) 9 610 138 бюллетень, яғни Ортсайлауком бұрын белгілеген саннан 159 081-ге артық дайындалатын болады. Орталық сайлау комиссиясының отырысында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша

7 сəуірде екі халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен тағы 65 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулы қабылданды. Олардың 52-сі ТМД байқаушылар миссиясынан, 7-еуі Түркітілдес мемлекеттердің Парламент тік Ассамблеясынан, сонымен қатар, Ру мыния мен Швейцария Конфеде ра циясынан екі байқаушыдан жəне Шве ция Корольдігі мен Өзбек стан Республикасынан бір-бір байқаушыдан. «Осылайша, 2015 жылғы 7 сəуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш миссия сынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД жəне ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі мен Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы) мен 31 шет мем лекеттен 402 байқаушыны аккредиттеді», – деді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова. Бұдан бөлек еліміздің Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеген. Осыны қоса алғанда, кешегі күнгі жағдай бойынша шетелдік байқаушылар саны 500 адамға жетіп отыр. Ал шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 20 сəуірге дейін жалғасады.

байқау шылар жұмыс істейді. Барлық осы буындардың байқауларын жинақтай отырып, миссия өз тұжырымдары мен қорытындыларын жасайды, 1990 жылғы ЕҚЫҰ-ның Копенгаген құжатының тиісті ережелері аясында ұсы нымдар əзірлейді. ДИАҚБның Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясы 26 наурызда ресми түрде жұмысқа кірісті. 400 қысқа мерзімді байқаушы сайлау күнінің жəне дауыс беру қорытындыларын шығарудың рəсімдерін байқау үшін Қазақстанда сəуірдің 22-сінен 29-ына дейін болады. ДИАҚБ миссиясы сəуірдің ортасында бір аралық есебін, 27 сəуірде алдын ала тұжырымдары мен қорытындылары туралы мəлімдемесін, сондай-ақ сайлаудан кейін екі айдан соң ұсынымдарымен бірге қорытынды есебін жариялайды. ТМД миссиясы сайлауды байқау кезінде Демократиялық сайлау стандарттары туралы конвенцияның ережелерін қалай орындап жатқанын бақылайды. Өз байқауларына сүйене отырып, қорытындылар шығарады жəне ұсынымдар береді. 1995 жылдан бері Қазақстан 8 393 халықаралық байқаушыны қабылдады, 2006 жылдан бері ДИАҚБ миссиясының құрамында ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерге 241 байқаушы жіберді. 2015 жылғы 7 сəуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком сайлау туралы қазақстан дық заңның 20-2-бабының негі зінде 402 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Шетелдік БАҚ-тың 98 өкілін Қазақстан Республикасының СІМ-і аккредиттеді, олар да байқаушылық қызметті жүзеге асыруға хақылы. Қазақстанның Ортсайлаукомы сайлаудың өткізілуін бағалаған ДИАҚБ-ның тұжырымдарына оларға өз түсіндірмелерін жария ете отырып жəне оларды ДИАҚБның назарына жеткізе оты рып ден қояды. Бірқатар себептер бойынша ұсынымдардың барлығы дерлік орындалмауы мүмкін. Мысалы, олар ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелерден туындамаса, сайлауды өткізу тəжірибесін нашарлатса, еліміздің Конституциясына қайшы келсе. Қазақстан Республикасының сайлау мəселелері бойынша халықаралық міндеттемелерін тиісті түрде орындап отырғаны Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) деле гациясының 2011 жылғы 3 сəуірде Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс берудің нақтылы ұйымдастырылғаны мен өткізілгенін атап өткен тұжырымынан көрінеді. ЕКПА өткенде Қазақстандағы сайлауды байқады жəне осы елде соңғы екі сайлау арасында қол жеткізген үдерісті ризашылықпен атап көрсетті. Делегацияның «осы дауыс берудің нəтижелері шынымен де Қазақстан электоратының еркін білдіреді» деген пікірі бір жерден шықты. Біз барлық халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын мұқият зерделейміз. Пайдалы жəне уақтылы ұсынымдарды жүзеге асырамыз. Əңгімелескен Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының өкілдері – ұзақ мерзімді байқаушылар Линда Бикмен (АҚШ) жəне Тим Бакменмен (Финляндия) кездесті. Жүздесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Президентін алдағы сайлауға дайындық барысын талқылады.

Байќаушылармен кездесті Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Байқаушыларды негізінен маңызды науқанды ұйымдастыру мен өткізудегі жергілікті атқару органдарының рөлі қызықтырды. Ал өңір басшысы кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сəйкес жəне Орталық сайлау комиссиясы бекіткен Іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аясында жүргізілетіндігін айтты. Сондай-ақ, Сергей Кулагин сайлау заңнамасына сəйкес, жергілікті атқару органдары сайлаушылардың нақты тізімін уақтылы жасақтауға, сайлауды материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтауға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, аумақтық жəне учаскелік сайлау комиссияларының кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мəселелерін шешуге жауапты екендіктерін айтты. Бүгінгі күні өз жұмыстарына кіріскен 808 сайлау учаскесі белсенді қызметімен танылуда. Сайлаушылардың тізімдерін жасақтау үстіміздегі жылдың 5 сəуіріне дейін аяқталған. Бұл құжаттар облыс аудандарының, Көкшетау жəне Степногор қалалары əкімдерінің актілері бойынша əр сайлау учаскесі бойынша құрылған комиссияларға ұсынылатын болады. Ақмола облысы.

Оѕтїстікке оѕ сапар

Жаңақорған жұртымен қоштасқан « М е н і ң Қ а з а қ с т а ны м» пойы зы 6 сəуір күні таңертең ежелгі шаһар – Түркістанның вокзалына келіп тоқтады.

Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

ТҮРКІСТАН. Қазақта киесіз жер жоқ. Бəрі киелі, соның ішінде Түркістанның орны бөлек. «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп Мағжан ақын жырлаған киелі шаһар бұл. Вокзал басы ығы-жығы ел. Көтеріңкі көңіл-күй. Ақжарқын жүздер. Ағылған ақ тілектер. Түркістан жұр ты «Менің Қазақ станым» пойызындағыларға «Қош келдіңіздер!» десе, «Менің Қазақстаным» пойызындағылар түркістандықтарға «Қош көрдік» дейді. Вокзал басындағы салтанатты жиында сөз сөйлеген Түркістан қаласының əкімі Ə.Шəріпбекұлы былай деді: «Биылғы Қазақстан х ал қы Ассамбл еясы жыл ын а бай ла нысты шыққан мерекелік пойыздың қаламызға келуін түркістандықтар зор ықыласпен қабылдады. Өйткені, ел бірлігі – барша қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Елбасымыз айтқандай, «Біз – тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз». Түркістан – ұлтымыздың мəдениетін сақтай отырып, өзге ұлттың мəдениетін де байыта түскен киелі өңір. Сондықтан ел арасында «Түркістан түркі жұртының рухани орталығы» деген ұлағатты ұғым қалыптасқан...». Қала əкімінен кейін сөз алған «Менің Қазақстаным» пойызының директоры Ғазиз Телебаев түркістандықтардың шат-шадыман көңілдеріне ризашылығын білдіріп, пойыздың мақсаты туралы қысқаша айтып берді. Топырағы киелі Түркістан – өсіп-өнген шаһар. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында қала халқының саны 150 мыңнан астам болса, бұл көрсеткіш бүгінгі күні 250 мың адамнан асып отыр. Қалада 46 ұлттың өкілі тату-тəтті өмір сүруде. «Менің Қазақстаным» пойызымен келген түрлі саланың мамандары шаһар халқына өз қызметтерін көрсетті. Солардың бірі Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің басқарма басшысы Марат Тоқсанбаев былай деді: «Біз ең алдымен Түркістан қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен таныстық, халықпен кездесу ұйымдастырылды. Біздің қабылдауымызда əртүрлі сұрақтармен 19 азамат болды. Оларды толғандырған мəселелер көбінесе «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында несие алу, зейнетақы жəне оралмандардың азаматтық алу, жерді рəсімдеу сияқты сұрақтары көп болды. Бұл мəселелер бойынша республика заңнамаларына сəйкес түсініктемелер берілді. Сондайақ, жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды». Əдеттегідей кешқұрым «Менің Қазақстаным» пойызының құра мында келе жатқан өнер

қайрат кер лері қаланың орталық алаңында əннен шашу шашты. САРЫАҒАШ. «Менің Қазақстаным» пойызы шипалы Сарыағаш қаласына діттеген уақытында келді. Ақиқатын айтайық, «Менің Қазақстаным» пойызы болған бұған дейінгі қалалар мен кенттерде болмаған көрініс – вокзал басында ине шаншар орын жоқ. Иін тірескен халық. Бүкіл аудан жұрты көшіп келгендей. Бұл жерде де көтеріңкі көңіл-күй, бұл жерде де жадыраңқы жүздер, бұл жерде де ақтарылған ақ тілектер. – Елбасының Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды, – деп бастады сөзін Сарыағаш ауданының əкімі Бұхарбай Парманов. – Ол бірлік, келісім жəне достық жылы болмақ. «Мəңгілік Ел» ұрпақтары арманының орындалар жылы. «Бір ел – бір халық – бір тағдыр» мемлекеттік саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асыру жылы болмақ. Ел бірлігі – еліміздің аса қасиет ті құндылығы. Еліміздегі этносаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Менің Қазақстаным» пойызының Сарыағаш қаласында болуы біз үшін үлкен мəртебе. Қарымта сөз сөйлеген «Менің Қазақстаным» пойызының директоры Ғазиз Телебаев пен Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиев сарыағаштықтардың ыстық ықыласына ризашылықтарын білдірді. Сарыағашқа келген «Менің Қазақстаным» пойызының мүшелері өз міндеттеріне кірісіп кетті. Кеше Түркістанда пойыз құрамына қосылған Парламент Мəжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов өзінің қоғамдық қабылдауын əдеттегіден ерте бастап жіберді. «Себебі, – дейді Розақұл Сатыбалдыұлы, – қа былдауға жазылған адамдар көп». Халық қалаулысының қабылдауында 12 адам болды. – Сарыағаш ауданы тұрғындарының көтеріп отырған мəселелері өздерінің жеке бастарының қамы емес, – дейді Р.Халмұрадов əрі қарай, – олар өздері тұратын жердегі əлеуметтік мəселелерді көтеріп отыр. Əсіресе, бұл жердегі проблема су, оның ішінде ауыз су туралы көбірек айтылды. Жол мəселесі, кейбір ауылдарда емхана, мəдениет үйі, мектеп ғимараты қажет екен. Елді мекендерді газдандыру мəселесі де айтылып қалды. Мен олардың айтқандарын түгел жазып алдым. Соның ішінде жергілікті билікке қатыстыларын аудан əкімдігіне тапсырдым. Жоғары билік арқылы шешілуге тиіс мəселе болса, мен оларды тиісті орындарға жеткізетін боламын... Кешқұрым өнер жұлдыздары Сарыағаш жұртын əн мен жырға кенелтті. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Тайќазан Ќостанайєа бет алды

Ақтөбе өңіріне жеткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» республикалық эстафетасының символына айналған Тайқазанды қарсы алу рəсімі облыс орталығындағы Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл жерде жиналғандарға Тайқазанның мəні мен маңызы туралы əңгімеленді. Қалалықтар мен қонақтар татулық пен бірліктің, береке мен молшылықтың символы – қасиетті Тайқазанды тамашалауға мүмкіндік алды. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Содан кейін Тайқазанды өз өңірлеріне алып кетуге келген Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділда Мақанов бастаған делегация мүшелері, облыстағы этномəдени бірестіктер өкілдері жəне шараға қатысушылар Қобда ауданындағы Əлия ауылына бет түзеді. Мұнда да олар Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, қазақ халқының батыр қызына деген ыстық сезімдерін білдірді. Ауылдағы Мəдениет үйінде өткен шараға ауыл тұрғындары, облыс орталығындағы 19 этномəдени бірлестік өкілдері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған шараны Қобда ауданының əкімі Асқар Жүсібалиев қысқаша сөз сөйлеп ашты. Ол Тайқазанды қарсы алу рəсімінің жеті бірдей Кеңес Одағының Батыры, бір «Даңқ» орденінің толық иегері шыққан, Шығыстың қос шынарының бірі, Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың кіндік қаны тамған киелі Қобда жерінде

өткізілуі айрықша мəртебе екенін атап өтті. Ауданда отыздан астам ұлт өкілдерінің тату-тəтті, достық қарым-қатынаста тұрып жатқанын тілге тиек ете келіп, еліміздегі оң өзгерістерді осы ауылдың мысалында жеткізді. Шара барысында ауылдағы бір топ соғыс жəне тыл ардагеріне сый-сияпат жасалды, жиналғандарға аудандық Мəдениет үйінің жəне облыстағы этномəдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. – Тайқазан қазақстандықтардың бірлігін нығайтатын, татулығының тұғырын бекітетін шаралармен бедерлене түсуде десек, орынды болмақ. Біз халқымыздың құты болған қасиетті Тайқазанды осылай өңірлерді аралату кейінгі ұрпаққа үлгі болатын өнегелі іс болды, – деген Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облыстық хатшылығының меңгерушісі Бағытұр Дəндібаев Тайқазанды Қазақ стан халқы Ассамблеясы Ақтөбе облыстық хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршиннің қолынан қабылдап алды. Қасиетті Тайқазан астықты өңірге жол тартты.

Ақтөбе облысы.


8 сəуір 2015 жыл

ТІ С Е К КЕЙ

КӨ

Қазіргі жастар туралы сөз бола қалса «Баяғыда біздің бала кезімізде...» деген әңгімені бастап жіберетініміз бар. Бұл бір жағы өткенді еске түсіру, сол күндерді сағыну, аңсау, бүгінгі балалардың тірлігіне көңіл толмаудан туындайтыны анық. Әйтсе де, әр заманның өз бояуы, өз жолы бар.

Еліміздің азаттық айдынына шығып, тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастықпен қоян-қолтық араласа бастағанына да ширек ғасырдың жүзі болып қалды. Әсіресе, маңайымыздағы іргелес көрші елдермен қарым-қатынасымыз жыл санап емес, күн санап нығайып келеді. «Көрші ел» дегенде, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан – мен өз заманында ғасырлап бір шаңырақтың астында өмір сүріп келгендіктен, бұл мемлекеттермен барыс-келістің оңы мен солы, қыры мен сыры бәрімізге белгілі. Тек КСРО ыдырағаннан кейін ғана арамызда тікелей, ресми дипломатиялық қатынас орнаған Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастың қатпарлы тұстарының қалың екендігіне бірте-бірте көз жетіп келеді. Іргеміздегі осынау алып елмен барыс-келістің бағыт-бағдары, қыр-сыры, тағы басқа мәселелер төңірегінде ой бөлісу үшін белгілі қытайтанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫН әңгімеге тартқан едік.

Балаға сақа сыйлап, асық атуды үйретейік Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ:

«БІЗГЕ ОТАНДЫҚ ҚЫТАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫ ОРТАЛЫҒЫН АШУ КЕРЕК. МҰНЫ УАҚЫТ ӨЗІ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР»

– Қытайтану ғылымы біздің елде енді-енді қолға алынып жатқанмен, дамыған, өркениетті елдерде ол ұзақ тарихқа ие, өзіндік қалыптасқан ғылым екенін білеміз. Əңгімеміздің əлқиссасын осы саланың əлемдік тəжірибесінен, оның қысқаша тарихынан бастасақ... – Əлемдік қытайтану ғылымы ең алғашқы бастауын саяхатшылардың, көпестер мен елшілік өкілдерінің елтану бағытында жəне тұрмыстық тақырыпта жазған күнделіктерінен ала отырып, қалыптасу, даму барысынан өткен ғылым. Атап айтқанда, күллі Еуропа венециялық жиһанкез Марко Полоның жолсапар жазбалары арқылы Қытаймен алғаш рет танысу мүмкіндігіне ие болды. Ұлы саяхатшы Аспанасты елінде 17 жылдан астам уақыт өмір сүріп, қытай халқының тарихы мен мəдениетін жанжақты зерттеді. Соның нəтижесінде Марко Поло өзінің саяхат жазбаларында бұл ел туралы мол мəлімет бере алды. Одан кейін Батыс əлеміне Цин патшалығы туралы жаңа мəлімет берген орыстың əйгілі қытайтанушы ғалымы, миссионер-дипломат Федор Байковтың еңбектері. Ол алғаш өзі Қытайға барып, орыс елшілігін ашып, 1657-1665 жылдары Пекинде тұрған. Ғалым өз еңбектерінде жергілікті жұрттың Еуропаға бұған дейін беймəлім болып келген қыры мен сырын жан-жақты қамтыған мол мəліметтер берді. Оның қытай туралы еңбектері сол кездің өзіндеақ неміс, ағылшын, голланд, француз тілдеріне аударылып, əлемдік елтану ғылымының баға жетпес байлығына айналды. Сондай-ақ, Ф.Байковтың жазбалары Ресейдің өзінде де өткен ғасырдың соңына дейін ондаған мəрте қайта басылып шықты. Əлемдік қытайтанудың келесі саты сы христиан діні мүриттерінің миссионерлік қызметіне, олардың үгітнасихат жəне танымдық салада атқарған жұмыстарына байланысты болды. Əсіресе, XVI-XVII ғасырларда Қытайда католик монахтары өте белсенді, ауқымды жұмыстар жүргізді. Олардың ішінде ерекше көрінгені италиялық Маттео Риччи еді. Ол 1582-1610 жылдары айдаһарлар жұртында тұрып, қытай тілін жетік меңгерудің сыртында, өзіміз сөз етіп отырған елдің тарихи жазбалары мен классикалық шығармаларын түгелге дерлік сүзіп шықты əрі біразын италиян тіліне аударды. Əрине, Риччидің негізгі мақсаты Қытайға католик дінін тарату еді. Солай болғандықтан ол уақытының денін аталмыш салаға арнады. Осымен қарайлас мезгілде Ресейдегі «Қолданбалы жəне академиялық бас орталық» Пекиннен өзінің бөлімшесін ашып, ғасырдан астам уақыт бойына православие шіркеуі үшін руханимиссионерлік қызмет атқарды. Одан кейін қытайтану ғылымына Паллад Кафаров, Иакинф Бичурин келді. Бұлардан соң орыс синологиясы толқынтолқын, лек-лек жаңа буындармен толығып, іргелі ғылымға айналды. XIX ға сырдың орта тұсынан бастап Қытайды тануға деген қызығушылық

бұрын ғыдай тек қана академиялық топтармен ғана шектелетін шеңберді бұзып, қанатын кеңге жая бастады. Атап айтқанда, қытайтанудың жеке-жеке ғылыми бағыттарына деген жаппай қызығушылық XIX ғасырдың екінші жартысында Голландия, Германия, Франция, Англия, АҚШ жəне Ресей секілді ірі державалардың геосаяси, сонымен қатар, сауда-экономикалық қызығушылықтарының артуына орай өсе түсті. Сөз болып отырған кезеңде қытайтанушы ғалымдардың дені қытай халқының ұлттық менталитетіне, саяси-əлеуметтік жүйесіне, ежелгі философиялық ескерткіштері мен көне поэзия мұраларына көбірек ден қойды. Бұл ретте солардың қатарында ерен еңбек еткен Дж. Леггом, В.Грубе, О.Франке, Я.Я. де Гроот, Э.Шаванн, П.Пельо секілді əйгілі синологтардың есімдерін атап айтуға болады. Ал уақыт көші жылжып, XX ғасырға келгенде əлемдік қытайтанушылардың қатары тағы да көптеген жаңа есімдермен толыққаны айтпаса да түсінікті. Сөйтіп, дамыған өркениетті елдердің бəрінде дерлік қытайтану ғылымы арнайы елтану ғылымы ретінде даму арнасына түсіп үлгерді. Бұл арада қазіргі көзіқарақты оқырманға əлемдегі синологтардың өмірін баяндап, шығармаларын санамалап, сөзді көбейтудің еш реті жоқ сияқты. Тек бір айтатын нəрсе – бүгінгі күні Батыс елдері мен Жапония, Ресей синологтарының зерттеулеріне қытай ғалымдарының өзі аузын ашып, көзін жұмып, қайран қалып жататындығы. Содан кейінгі есте ұстар жайт синология ғылымы қатты өркен жайған елдермен ресми Пекиннің өзі байқап-байқап сөйлесетіндігі. Міне, осыларды ерекше есте ұстаған жөн. – Енді «аттың басын» елдің ішіне қарай бұрсақ. Жалпы, біздің Қазақстан үшін қытайтану ғылымы қаншалықты маңызды? – Кеңес Одағы тұсында қытайтану мамандығына кімді оқыту туралы мəселені тікелей Мəскеу өзі шешіп отырғандықтан, Қазақстаннан ол бойынша саусақпен санарлық қана кадрлар дайындалды. Дегенмен, бір шындық бар, біздің елдің азаматтары Қытай туралы жалпы ұғым мен жүйелі ғылыми һəм танымдық білімді ХХ ғасырда сол КСРО-ның кезінде алғанын мойындауымыз керек. Алайда, бұл ел туралы жалпылама білу мен оны арнайы зерттеудің айырмашылығы жер мен көктей ғой. Ол заманда ресми Пекинмен барыс-келістің бəрін Мəскеу өзі реттеп отырғандықтан, біз қытайтану ғылымының мəн-маңызы мен мақсат-міндетіне бас қатырған жоқпыз. Ал «Қазақ елі үшін қытайтану ғылымының маңызы мен өзектілігі не?» деген мəселеге келетін болсақ, оның ауқымын əр ел синологтары өзінше сипаттайды. Ол əрине, орынды да. Себебі, бұл мəселеге ден қойған мемлекеттер оны өзінің саяси-əлеуметтік əлеуеті мен мүмкіндігі жəне содан туындайтын өз мүддесі тұрғысынан қарастырады. Соның ішінде Қазақстанға келер болсақ,

5

www.egemen.kz

қытайтану ғылымының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері мына жақтардан айқын аңғарылады ғой деп ойлаймыз. Ең əуелі Қытай жұрты шын мəніндегі адамзаттың ежелгі мəдениет ошағының бірі. Бұл ел сол бай да байырғы құндылықтарды бүгінге жеткізіп, жалпыадамзат баласының игілігіне айналуына өлшеусіз үлес қосуымен ерекшеленеді. Сосын Аспанасты елі – біздің ежелден бергі іргелес жатқан көршіміз. Алайда, бағзы замандардағы аумалы-төкпелі кезеңдердің аласапыран дауылдары ата-бабаларымызды жиі-жиі тарихынан адастырып, рухани құндылықтарынан көз жаздырып кетіп отырғанын тарихтан жақсы білеміз. Бүгінде сол өшкен тарихты қайта түлетуде, мəдени мұраларды жаңғыртуда көбіне-көп археологиялық қазбалар мен көрші елдердің жазбаларына жүгінуге мəжбүрміз. Бұл ретте де ең байырғы, біршама жүйелі, мол да құнды деректер қытай мұрағаттарында жатқаны құпия емес. Сосын, қазіргі таңда ҚХР ғылымы мен техникасы, мəдениеті мен экономикасы жəне қорғаныс істері жағынан дамуы бойынша əлемдегі жетекші державалардың қатарынан орын алып отырған ел. Осындай аузымен құс тістеп, аршынды əрі қарқынды дамып отырған мемлекеттің озық тəжірибесіне бүгінде əлемнің көптеген елдері қызығушылық танытып отыр. Демек, іргедегі бұл ірі көршімізден біздің де аларымыз бен үйренеріміз аз болмауға тиіс. Бəрінен де маңыздысы, Қытай – əлемдік қауымдастықта өз орны бар, Азия құрлығындағы алып держава. Ал бұл елмен қалай-қалай қарым-қатынас жасау мəселесінде іргесінде тұрған біздің Қазақстан ғана емес, мұхиттың арғы бетінде жатқан АҚШ-тан бастап Ресей, Жапония, Германия, Англия, Франция, Канада, Австралия, Үндістан сияқты ірі де іргелі мемлекеттердің өзі күніне мың ойланып, жүз толғанады. АҚШ Гуманитарлық ғылым академиясының бұрынғы президенті, шығыстанушы ғалым Г.Р.Бойд: «Қытайды тану – бүгінгі адамзат қоғамы тап болып отырған ең өзекті рухани жəне əлеуметтік мəселе. Сондай-ақ, бұл мəселе күн өткен сайын күрделене түспек», деген тұжырымын бостан-босқа айтпағаны белгілі. Ендеше, əлемнің осындай үлкен елдерін алаңдатып отырған Аспанасты жұртының іргесінде өмір сүріп жатқан жас мемлекетіміздің ертеңі үшін, тəуелсіздігіміздің тағдыры үшін, екі ел арасындағы достық, көршілік қарымқатынастарды сақтап қалу əрі оны одан əрі нығайта түсу үшін Қытайды жанжақты зерттеудің маңызы ерекше. Қысқасы, осындай ел болашағы мен мемлекет тағдырына саятын ірі мəселеде біздің ең əуелгі, ең басты сүйенеріміз ғылым, ғылыми түсінік болуға тиіс. Өйткені, біз шығысымыздағы алып көршіміз – Қытай елімен арада болатын барлық мəселеде, қарым-қатынас, барыс-келістің барлық деңгейінде тек бұл жұртпен елдік мəселелерді талқылаймыз, сөйлесеміз, пікір алысамыз. Екі ел арасындағы белгілі бір мəселені шешуде де өзіміздің жəне Қытай елінің

мүдде-мүмкіндіктерін ескереміз, есептеп отырамыз. Олай болса көршімізді түсінудің, білудің жөні осы екен деп Қытай туралы өзге бір елдің танымы мен пайымын, көзқарасы мен пікірін, өзге жұрттың Аспанасты халқы жөніндегі «аңызы мен əфсанасын» қалай болса солай малдану жарамайды. Өйткені, Қазақ елінің төл мүддесінен туып отырған көкейкестілік бізден əрі кешенді, əрі таза қазақстандық үлгідегі қытайтану ғылымын жасақтауды, дамытуды талап етеді. – Қытай Халық Республикасымен біздің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға ширек ғасырдай уақыт болып қалды. Осы жылдар ішіндегі екі елдің өзара байланысын синолог маман ретінде қалай бағалайсыз? – Бір елдің екінші бір елмен қай бағытта, нендей сипатта, қандай деңгейде қарым-қатынас орнатуы көп жағдайда мемлекет басындағы тұлғаның таным-түсінігі мен мінез-құлқына, іскерлігіне байланысты болады. Еліміз тəуелсіздік жариялаған күннен бастап Президентіміз Н.Ə.Назарбаев əлем елдерінің бəрімен, əсіресе, дүниежүзілік геосаясатта шешуші рөл атқаратын алпауыт елдермен, соның ішінде төңірегіміздегі көршілерімізбен бейбіт қатар өмір сүру ұстанымы негізінде достық əрі сенімді əріптестік саясатын ұстанып келеді. Сондай елдің бірі шығысымыздағы алып мемлекет – Қытай Халық Республикасы. Қазір екі ел арасындағы сауда көлемі 20 млрд. АҚШ долларынан баяғыда асып кетті. Енді, бұл көрсеткішті 2020 жылға қарай 40 млрд. көрсеткішіне жеткізу көзделіп отыр. Мұның сыртында «Ақтөбе Мұнайгаз», «Маңғыстау Мұнайгаз», «Қаражамбас Мұнай», «Павлодар Мұнай өңдеу зауыты», «Шымкент Мұнай өңдеу зауыты», «Buzachi Operating» секілді мұнай бұрғылау, мұнай өңдеу компанияларының орта есеппен 50 пайыздық акциясын қытайлық компаниялар игеріп отыр. Сондай-ақ, елімізде 100-ден астам қытай ресторандары мен дəмханалары, 270-тей біріккен кəсіпорын, 2 қытай банкі, «Ялянь» орталығы, Астанадағы «Пекин Палас» қонақүй кешені, «Sinoil» құрылымының жүздеген жанармай құю бекеттері жұмыс істеп жатыр. Міне, еліміздегі осы аталған жəне аталмаған Қытай инвестициясымен қатысты кəсіпорындардың бəрінде он мыңдаған отандастарымыз жұмыс істеп, нəпақасын тауып отыр. Сөз болып отырған компаниялар мен кəсіпорындардан, ондағы қызметкерлер мен жұмысшылардан ай сайын алынатын миллиардтаған теңге табыс салығы мемлекеттік бюджет арқылы ел игілігіне жұмсалуда. Сөз ретіне қарай айта кетейік, тура осындай ауқымда болмағанымен, Қазақ елінің ұлттық компаниялары мен жеке кəсіпкерлері де мүмкіндігінше Аспанасты еліне барып, ондағы қалалар мен кенттерде кəсіптерін жасап, нəсіптерін тауып жатыр.

(Соңы 6-бетте).

Аға буын өкілдері балалық шағын еске алғанда асық ойнау міндетті түрде айтылады. Бір кездері «Асық ойнаған азар...», деп бала біткенді асық атып, уақыттарын босқа өткізбеуге, еңбек етуге шақырғанымыз рас. Қазір, қайта ұлтымызбен бірге жасасып, біте қайнасып кеткен бұл ойынды ермек қылған балалардан айналатын болдық қой. Азаннан-кешке дейін компьютерге телміріп, денсаулықты құртқаннан бұл ойын баланы шынықтырады емес пе? Асық ату, лəңгі тебу тұнып тұрған спорт. Мамандардың айтуына қарағанда, баланың көру қабілетін жақсартады. Ой өрісін дамытуға да сеп. Епті, шымыр, мерген, шапшаң, есепке жүйрік болуға үйретеді. Баланың барлық дене бітімі қозғалысқа түседі. Уысындағы асығын əуелетіп тастағанда алшысынан түссе қолы жүріп, тірлігі оңға басады деп ырымдаған халық емеспіз бе? Міне, Жамбыл облыстық əкімдігінің қолдауымен облыстық денешынықтыру жəне спорт басқармасының тұрғындар арасында ұмытылып кеткен аула ойындарын қайта жандандыруды қолға алуы – ұлттық ойынымызды қайта жаңғырту екені анық.

Сөйтіп, көктемнің көзі жылт етіп, наурыз айы есігімізден енгелі бері көне қалада асық, қалашық жəне лəңгі ойындарының бірінші кезеңі басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отырған бұл ойындар 3 кезеңге бөлініп, алдымен аула, көше командалары бойынша, одан аудан, қалаларда жалғасын тауып, ақтық бəсеке сəуір айының соңында облыс көлемінде жеңімпаздарды анықтаумен аяқталады. Аталған жарыстардың өткізу ережесі бекітілген. – Өткен жылы Ауыл жасөспірімдері ойындары Тараз қаласында ұйымдастырылып, 14 о блыстан талапкер қатысқан болатын, – дейді «Асық ату» феде рациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанов. – Ол бəсекеде жамбылдық жастар бірінші орын алды. Соңғы жылдары ұмытыла бастаған бұл ойындардың ережесін жасау оңайға түскен жоқ. Мысалыға, асық ойынының бірнеше түрі бар жəне əр өңірде əр қалай ойнайды. Міне, осылардың бəрін бір ізге түсірдік. Шынын айту керек, асық ойындары соңғы кездері Қырғызстанда қатты дамып келеді. Бұл ойынды олар спорт тізіміне енгізген. Содан асық атудан спорт шеберлері де бар. Біздің елде де жыл сайын арнайы турнирлер ұйымдастырылуда. Биылғы жылдың жоспарына сай 9 жарыс енгіздік. Бұл аса көп

шығынды талап етпейтін ойын түрі. Астана күніне орай өтетін халықаралық жарысқа өзбек, түрік, тəжік, қырғыз елдерінің асық ойнаушыларын шақырсақ деген ойымыз бар. Бүгінде еліміздің 78 мектебінде асық ойындары үйірмесі жұмыс істейді. Оның 63-і ауыл мектептері. Бас-аяғы 2 мыңнан астам жас осы ойындар түрімен шұғылданады. Дəл қазір облыстардан федерация ашу мəселесімен айналысып жатырмыз. Талап бойынша 8 федерация ашылғаннан кейін асық ойындары кəдімгі спорт түрі болып тіркеледі. «Бестас», «Шекемтас», «Бес табан», «Алшы шыр» ойындарын да жаңғырту қолға алынуда. Асық жинау мəселесіне келетін болсақ, қайбір жылы бір кəсіпкерлер пластмассадан асық құйып, соны ойынға енгізуге күш салды. Бірақ мамандар ол дүниелерді қабылдамай, кəдімгі табиғи асықтармен ойнауды дұрыс деп шешті. Жақында Тарбағатайда Болат Тағабай деген кісінің 45 мың асық жинағанын теледидардан көрсетті. ЭКСПО көрмесіне дейін 100 мыңға жеткіземін деп отыр екен. Міне, осындай жанашыр жандардың арқасында асықтан жоқшылық көріп отырғанымыз жоқ. Сондайақ, асық ойнаушылардың біркелкі киім киюін де ойластырудамыз. ...Тараздың төрінде өткен

алғашқы сында қала шетіндегі Бесағаш ауылынан келген жас өрен Бексұлтан Ақылбеков асық атудан бірінші орынды жеңіп алды. Ал Сəлімжан Ғалымжанұлы мен Алан Серік одан кейінгі жүлделі орындарды бөлісті. Қала балаларының қолы үйреніп, əжептəуір қалыптасып қалғаны байқалып тұрды. – Асық ойнау жоғалып бара жатыр деп түңіле беруге бол майды, – дейді бізбен əңгі месінде Жамбыл облыстық денешынықтыру жəне спорт басқармасының бөлім мең герушісі Назарбек Ізімбетов. – Қайта бұл ойындар жаңаша серпін алуда. Əсіресе, қала балаларының арасында кең насихат жүруде. Жəне бұл мəселеде жас ұрпақты кінəлай беруге де болмас. Асық ойындарының жоғалып бара жатқанына үлкендердің өздері кінəлі. Өйткені, немересі үшін асық жинап жүретін қариялар азайды. Бəрі өзімізге байланысты. Расында бұл ойынды жас балаға ең алдымен өзіміз жарнамалауымыз қажет емес пе? «Баяғының баласы ондай еді, мұндай еді...» бос əңгімені суша ағыза бергенше əр қазақ іске көшсе, қане! Ендеше, Ұлыстың Ұлы күнінде балаларыңызға, немерелеріңізге сақа сыйлап, асық атуды үйретіңіз, ағайын! Жамбыл облысы.


6

www.egemen.kz

ТІ С Е К Й

КӨКЕ

8 сəуір 2015 жыл

 Өнер

Аспанасты елінің Азия мен Африка елдеріне салған инвестициясы мен компаниялары Батысты аталған аймақтардан ығысып шығуға мəжбүр етті. Сондай-ақ, ҚХР-дың жеңіл өнеркəсіп өнімдерінің əлем базарын жаулап алуы Еуропадағы осы саланы мықтап тұралатып тастады. Оны аз десеңіз, Батыс елдерінің көптеген алып өндіріс ошақтары, ірі-ірі зауыт-фабрикалары Аспанасты еліндегі шикізат көзі мен еңбек күшінің арзандағанына əрі ондағы базардың ауқымына қызығып, Қытайдан өз кəсіпорындарының бөлімшелерін ашып алды. Бұл өз кезегінде Батыс мемлекеттеріндегі негізгі кəсіпорындардың жұмысының ақсауына алып келді. Біз айтқан осы мəселелерді мынадай сандық мəліметтерден анық байқауға болады. 2012 жылғы ұлттық ішкі жалпы өнім бойынша АҚШ бірінші орында (13 триллион 840 млрд. АҚШ доллары) тұрса, екінші орында ҚХР (6 триллион 990 млрд. АҚШ доллары) тұр. Атақты Жапонияңыздың өзі үшінші орынға (4 триллион 290 млрд. АҚШ доллары) ысырылып қалған. Ал сол жылғы Қытайдың шетелге салған инвестициясы 700 млрд. АҚШ долларын құраған болса, шетелдердің Қытайға салған инвестициясы 1 триллион 300 млрд. АҚШ долларын құрады. Тағы да осы 2012 жылы Қытайдың бір жылдық экспорт-импорт көлемі 1 триллион 700 млрд. АҚШ долларына жетіп, бүкіл дүниежүзіндегі сауданың 10 пайызын құрады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, кез келген елдегі экономиканың ұзақ жылдар бойы қауырт дамуы – сол елдің жанжақты өсіп-өркендеп, гүлденген, қуатты державаға айналуына жол ашады. Қытай туралы да осыны айтуға болады. Оған бұл елдегі үдемелі демографиялық тасқын əлеуетін қосыңыз. Бүкіл дүниежүзіндегі халықтарды

Жуырда Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Гүлназым және Айнұр Өмірзақтың «Дәстүр жалғастығы» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Қос арудың кестелі көрмесі Байырғы өнеріміздің бірі – бізкесте өнері дөңгелек немесе төртбұрышты етіліп ағашқа керілген материалдың бетіне түсі рілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы дүниеге келеді. Матаға əуелі өрнекті түсіріп болған соң, кесте қонады екен. Демек, қыздар ең алдымен суретші, сонан соң бізкестенің шебері атанған. Кез келген өнер оны бағалайтын орта бар жерде өмір сүреді, түсініп, пікір білдірген қоғамда өседі. – Айнұр мен Гүлназымның бойында ата-анасының қанымен сіңген асыл өнер жатыр. Айнұр отбасылы, көпбалалы ана болғаннан ба, картинасында қазақ шаңырағын көбірек баяндайды. Ал Гүлназымның өнерінде жастық жалын байқалады, – дейді Астана қолөнер орталығының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дала арулары» қоғамдық қорының президенті Роза Сейдуəліқызы. Жеті жүзге тарта картинасы бар Айнұр мен Гүлназым Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқып, суретшікескіндемеші мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде білгенін студенттерге үйретуге тырысып жүр. Екеуі де жоғары оқу орнында өнерден дəріс береді. Тұрмыс қажеттілігін осылай өтесе, кейде сəті түсіп картиналарына қолқа салып, сатып алатындар кездеседі. Арнайы жарнама арқылы емес, осындай көрмелерден көріп, ұнатып, үйіне алып кететін жандар баршылық. Бір айдан астам уақыт бойы көз майын тауысып жасаған тұскиіздегі бір картина елу мың мен алпыс мың теңгенің о жақ бұ жағында бағаланады. 2 метрге жуық кілемшелер де осы бізкестемен өрнектеледі. Көрмеге

нəрсеге ауыстырмақ емес, тірі жан баласына бермейді, бала оның бары мен нары. Осы сезімін білдіргісі келген ананың жүзі жарқын көрінетіндей. – Өнер адамы үшін əрбір туынды төл перзентің болып саналады, сатқым келмейді, қимаймын, бірақ өмір сүру керек, амалсыз кетіп жатады, – деген Айнұр, төрт баланың анасы. Асқан шыдамдылықты керек ететін бізкестемен жұмыс жасай отырып, бір орында тыныш отырмайтын балалардың көңілін табу бір қараған адамға мүмкін еместей көрінеді. Біздің таңданысымызға Айнұр: «Қазақ əйелі кез келген қиындықтан жол тауып шыға білген» деп жауап берді. Көрмеде Гүлназым мен Айнұрдың жұмыстары бірге қойылған. Əрбір картинаға «Айлы кеш», «Қара шаңырақ», «Тамғалы», «Наз», «Бата» сынды атау берген. Екеуі апалы-сіңлілі болса, əрі бірдей бізкесте əдісін қолданып жүрген соң, өнер ортақ, демек, қолтаңба да ұқсас деп ойладық. Алайда, мұқият зер салған кісі қайсысы кімнің картинасы екенін ажыратып көргісі келсе, бір қабырғадағы бірнеше картина өзінен-өзі қақ жарылып, екі түрлі əлемнің жанын жайып салардай. Бірі Айнұрдың, енді бірі Гүлназымның қиял қанатын самғата жөнелердей. Қарыстай ғана қармақ пен біз арқылы қазақтың жанын, тұрмысын, тарихын, дəстүрі мен мəдениетін қос ару өзінше көреді, өзінше ой түйеді. Айнұрдың туындысындағы мазмұнды атауына қарамай-ақ дəл табасыз, өйткені, нақтылық бар. Ал Гүлназым абстракцияға үйір, күн мен ай, су, Тамғалы тастары, ою-өрнек бірбірімен өзгеше үйлесім тапқан. Қос арудың көңілі салған, қолдары

қойылған еңбектерде адам бейнесі көбірек байқалады, бірақ бетəлпеттің кескіні болғанымен, көзі, қасы, мұрны мен ерні жоқ. Мұны авторлар асыл дініміздегі адам бейнесін салуға болмайды деген қағидамен түсіндірді. Алайда, «Ана құшағында» деп аталатын бір картина бұл принципке бағынбайды. Баласын бауырына басып, құшағына қатты қысқан ана перзентін ешбір

түйген асыл өнерді біз көзбен көріп, көңілге сыр түйіп қайтуға ғана жарадық. Германия, Франция, Түркия, Ресей өнер галереяларында сақтаулы қос қыздың туындылары жақында Люксембургке жол тартпақ. Əлемді шарлаған қазақ өнері неткен қасиетті, құдіретті еді... Құндыз ЕРАЛЫ.

АСТАНА.

«БІЗГЕ ОТАНДЫҚ ҚЫТАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫ ОРТАЛЫҒЫН АШУ КЕРЕК. МҰНЫ УАҚЫТ ӨЗІ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР» (Соңы. Басы 5-бетте).

Сондай-ақ, соңғы жылдары екі ел арасындағы ғылым мен білім, мəдениет жəне өнер саласындағы əріптестік те қарқын алып келеді. Қазір біздің еліміздің 4-5 қаласында Конфуций институттарының жұмыс істеп тұрғанына он жылдың жүзі болды. Олар Қазақстандағы қытай тілін үйренгісі, қытай тарихы мен мəдениетін білгісі келетін азаматтарға тіл үйретеді, əдебимəдени шаралар ұйымдастырады. Қазіргі қолда бар мəлімет бойынша 10 мыңға жуық қазақстандық жастар ҚХР-дың ірі қалаларындағы беделді жоғары оқу орындарында əртүрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Тəуелсіздіктен кейінгі алғашқы он жылда қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас тек қана Сыртқы істер министрліктері ауқымында болып келген болса, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы белсенді жұмыс істей бастаған соңғы оншақты жылда екі ел арасындағы қарым-қатынас мəдениет, спорт, ғылым-білім, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қорғаныс істері салалары бойынша да тереңдей бастады. Міне, осындай күн санап өсіп келе жатқан өзара байланыс еліміздің еңбек нарығында қытай тілін жақсы меңгерген мамандарға деген сұранысты күшейтіп отыр. Бұл қажеттілік өз кезегінде Қазақстанның біраз жетекші жоғары оқу орындарында қытай тілі мамандығы орталықтарын ашуға мұрындық болды. Соның бірі əрі бірегейі деп айтуыма да болады, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті жанындағы қытай филологиясы кафедрасы. Қысқасы, тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында өзара түсіністік, өзара сенім мен құрмет, өзара тиімділік негізінде басталған Қазақстан – Қытай қарымқатынасы ширек ғасырға таяу уақыттың ішінде дамып-жетіліп, бүгінгі күні екі ел сыйлас көрші, тату дос, сенімді əріптес мемлекеттерге айналды. Соның арқасында арғы беттегі ағайындарымыз тарихи Отаны – Қазақстанға көшіп те келіп жатыр, қыдырып қайтып та жүр. Екі ел қарым-қатынасының осындай ақаусыз, достық рəуіште нығаюында, бір замандағы құс ұшып өте алмайтын «қызыл сызықтың» енді көрші халықтардың игілігіне айналуында Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың атқарған рөлі мен сындарлы саясатын ерекше атап айтуға тиіспіз. Сондай-ақ, бұл істе қытайтанушы ғалымдар, білікті дипломаттар, мемлекет қайраткерлері Қ.Тоқаев пен Қ.Сұлтановтың да өзіндік үлестері бар. – Жоғарыда, сөз орайында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өмірге келіп, ілкімді істерімен ілгерілеген қытай филологиясы кафедрасы бар екенін айтып қалдыңыз. Ол немен шұғылданады? Оның жұмыс барысы мен жалпы жағдайы қандай? Осы туралы да айта кетсеңіз дұрыс болар еді. – Сұхбат арасындағы əңгімеде сөз еткеніміздей, еліміздің еңбек нарығында қытай тілі мамандарына деген сұраныстың күрт өсіп келе жатқанын

ескеріп Білім жəне ғылым министрлігі «Шетел филологиясы: қытай тілі» деген мамандық саласын ашқанына біраз жыл болды. Еуразия ұлттық университетінде осындай кафедра 2010 жылы өмірге келді. 2011 жылдан қабылдау басталды. Қазір университеттегі «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Екі шет тілі», «Туризм», «Аударма ісі», тағы басқа мамандықтарда оқитын 200-ден астам студент қытай тілін «екінші шет тілі» ретінде оқиды. Ал таза «Қытай филологиясы» мамандығында 100ге жуық қыз-жігіт оқып жатыр. Студенттеріміз жыл сайын ҚХР-дың жетекші жоғары оқу орындарында «студент алмасып оқыту» бағдарламасы негізінде біліктіліктерін арттыруға барады. Сондай-ақ, Қазақстандағы ЕҰУ мен Қытайдың Шанхай университеті «екі диплом» бағдарламасы бойынша келісімшарт жасасқан. Ол бойынша біздің «Қытай филологиясы» мамандығында оқитын студенттер 1-ші жəне 2-ші курсты ЕҰУ-де, 3-ші жəне 4-ші курсты Шанхай университетінде оқып, жалпы төрт жылда ЕҰУ мен Шанхай университетерінен жеке-жеке екі диплом алып шығады. Бұл жоба бойынша жіберген студенттеріміздің алғашқы тобы қазір Шанхай университетінде оқып жатыр. Бұйырса, күзде екінші тобымызды жібереміз деп отырмыз. Кафедрада 20 шақты маман-ұстаздар қызмет етеді. Дені жастар. Олардың бəрі де тілді өте жақсы меңгерген, ҚХРдан магистратура, докторантура оқып келгендер. Сондай-ақ, кафедраға ҚХРдың Қазақстандағы елшілігі, ЕҰУ-дағы Конфуций институты барынша қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Жыл сайын көрші елдегі əріптес университеттерден қытай тілі мен əдебиетінің білімді де білікті мамандарын шақырып əкеліп, студенттерімізге дəріс оқытып тұрамыз. Қысқасы «жанам деген жүрекке от беремін...» дегендей, «қытай тілін оқимын, үйренемін» деп шын талаптанған жастың арманының орындалуына толық мүмкіндік бар. – Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың көп векторлы саясатының арқасында Батыс-Шығыс, Солтүстік-Оңтүстік елдері демей, бəрімен де достыққа ұмтылып келеміз. Бəрімен де қарымқатынасымыз жаман емес. Əлемдегі ірі елдердің біразы Қазақстанның тəуелсіздігі мен тұтастығына қауіп төндірмеу туралы кепілдіктерін берді. Солардың ішінде Қытай Халық Республикасымен де жоғарыда өзіңіз айтқандай сауда-экономика, ғылымбілім, мəдениет-өнер салалары бойынша қоян-қолтық араласып кеттік. Дегенмен, əлемдік əлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың аузынан бір түспейтін, баяғыдан келе жатқан «Қытай қаупі» деген ұғым бар. Синолог ғалым ретінде осы туралы көзқарасыңыз қалай? – Əлемде, əсіресе, Батыс елдерінде «Қытай қаупі» деген ұғымның ғасырлаған тарихы бар. Бірақ уақыт көшінің əр кезеңінде бұл ұғым əртүрлі сипат алып отырды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ол негізінен Аспанасты жұртының демографиялық

əлеуетіне байланысты көбірек айтылатын. Сол заманның өзінде жарты миллиардқа жетіп қалған қытай халқының өсу қарқынынан Батыс елдері шынымен де қатты үрейленетін. XX ғасырдың 50-жылдарынан кейін, дəлірек айтқанда, ҚХР құрылған соң, Батыс мемлекеттері Қытайдың социалистік лагерьдегі елдерге қосылғандығынан, коммунистік жүйені қабылдағанынан, КСРО-мен саяси одақтас болғандығынан, ядролық қаруға ұмтылысынан қатты қауіптенді. Ал уақыт көші жылжып XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басына келгенде сол Батыс, яғни Еуропа Қытайдың экономикасының қарқынды дамуынан, оның гүлденіп-көркейіп, əлемдегі ең қуатты əскери державаға айналуынан қорқа бастады. – Сонда Батыс елдерінің осынша беймаза күй кешуінің қаншалықты негізі бар деп ойлауға болады? Жоқ, əлде бұл жалпақ əлемге жайылып кеткен жалпылама қара PR ма? – АҚШ бастаған Батыс елдерінің үрейі мен қорқынышы негізсіз емес. Əрине, қара PR да бар. Атап айтқанда, əсіресе, «Қытайдың демографиялық экспансиясы» жөніндегі үрейді қисынсыз дей алмаймыз. Сөздің осы тұсында əлдекімдер жалаулатып жүргендей, ресми Пекиннің қай бір елді эмиграциялық тəсілмен жаулап алу туралы арнайы жоспар-жобасы, пиғылы жоқ па деген сөзге байланысты бір мəселе бар. Өз еліндегі адамның ерепейсіз көптігінен қажыған ҚХР азаматтарының белгілі бөлігі жері кең, адамы аз, табиғаты тамаша өзге мемлекеттерге барып, еркін тыныстап, кеңірек жүріп-тұрғысы келетіні түсінікті жағдай. Сондай мақсатпен қамданып жүргендер Америка, Еуропа, Азия, Африка құрлығы демей, орайы келсе əр жаққа тартады да кетеді. Сосын барған елінде ебін, жолын тауып, қоныстанып қалуға тырысады. Алайда, ондай «қыдырмашыларға» жерінен жайлы қоныс беру-бермеу əркімнің өз еркі емес пе?! Мəселен, заңы мен жарғысы жетілген, ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекет тағдырын басты орынға қоя білген Жапония, Корея, Үндістан, Непал, Моңғолия, Вьетнам секілді елдер қытайлықтарды заңсыз кіргізбей-ақ, кіргендерін заңсыз бір күн тұрғызбайақ, ресми Пекинмен кəдімгідей сыйласып, іргесінде-ақ өмір сүріп келе жатыр. Керісінше Сингапур секілді Оңтүстік Азия елдері соңғы ширек ғасырдың ішінде бірінен соң бірі қытайланып барады. Ал енді АҚШ бастаған Батыс мемлекеттерінің Қытай жөніндегі XX ғасырдың 50-жылдарындағы үрейі КСРО ыдырап, Қытай компартиясының ұраны нарықтық экономикаға ауысқаннан кейін, күн тəртібінен өз-өзінен түсіп қалды деуге болады. Олардың Аспанасты елі жөніндегі дəл қазіргі секемі: Қытай экономикасының қарқынды дамуы, елдің тез гүлденіп-көркейіп, əлемдегі ең қуатты əскери алып державаға айнала бастауы. Əрине, Қытайдың бүгінгі ұшқан құстай дамуы дүниежүзіне соңғы екі-үш ғасыр бойына өктемдік жүргізіп келе жатқан Батыс əлемін қуанта қоймасы белгілі. Ең əуелі экономикалық тұрғыдан алғанда,

қаншама жылдар бойы білікпен де, білекпен де ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келген Батыс əлемі ғаламшардың «тұтқасын» Қытайға оп-оңай бере салмасы ақиқат. Əлем саясаткерлерінің қазіргі айтып, жазып жүрген «Қытай қаупі» ұранының астарында міне, осындай қатпар-қатпар мəселелер жатыр. – Сіздің мына сөзіңізден кейін Батыс елдеріндегі қытайтану ғылымының мақсаты мен міндеті өзөзінен түсінікті болып қалды. Ал енді Қазақстандағы осы саланың алдында дəл қазір қандай-қандай маңызды мəселелер тұр? – Қазақстандық қытайтану ғылымының алдында тұрған міндет өте үлкен. Оны абыроймен орындап, мақсаткерлікпен жұмыс істеу үшін елдегі қытайтану ғылымына мемлекет жеткілікті мəн беруі, жағдай жасауы керек. Əсіресе, қытайтанушы ғалыммамандар шоғырланған қалалардан, айталық Астана жəне Алматыдағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жанынан арнайы қытайтану институттары мен ғылыми орталықтарын ашып, мемлекет арнайы қаржыландырып отырса құба-құп болар еді. Сол ғылыми орталықтар арқылы біз Қытайдың тарихы мен мəдениетіне, салт-дəстүріне, тілі мен əдебиетіне, діні мен діліне қатысты зерттеулерді тереңдетумен бірге, ең бастысы бұл елдің ішкі-сыртқы саясатының даму беталысын таразылап, тамыршыдай тап басып отыруымыз керек. Мəселен, ресми Пекиннің АҚШ, Ресей, Жапония, Үндістан секілді алпауыттармен қарымқатынасы қалай, қайда беттеп барады? Қытай түптің түбінде Жапониямен тіл табыса ала ма, жоқ па? Қытайдың Орта Азия елдерімен, Ислам əлемімен, жалпы Түркі дүниесімен арадағы қарым-қатынасында нендей нақты мақсат-мүдде бар? Аспанасты елінің қазіргі билігінің ішкі ахуалы қандай? Қытай компартиясының болашақ тағдыры ше? ҚХР үкіметінің аз ұлттарға байланысты ұстанған саясаты қалай өрістеп, қай бағытқа кетіп барады? Бұл елдегі ішкі жағдайлар көрші отырған біздің еліміздің саяси-əлеуметтік, экономикалық жағдайына қалай əсер етуі мүмкін? Қытайдағы 1,5 миллионнан астам этностық қазақтардың ұлттық құндылықтары мен əлеуметтік халахуалы қазір не күйде, болашақта не болмақ? Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мəселесіне байланысты ресми Пекин қандай позиция ұстанып отыр? Міне, осы жəне бұдан басқа да толып жатқан мəселелер бір адам немесе екі адам айналысатын шаруа емес. 1750 шақырымдық ортақ шекарасы бар ірі, іргелі мемлекетпен дұрыс байланыста болу үшін көршімізді дұрыс зерттей білуіміз керек. Ол білмегенімізді біліктілікке қарай бейімдейді. Болашақты болжауға бағыт береді. Ал бұл жас тəуелсіз мемлекетіміз үшін қажет маңызды да қажетті іс. Уақыт талап етіп отырған осындай көкейкесті міндетті шешуге ұмтылмай болмайды.

АСТАНА.

Əңгімелескен Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан».


8 сəуір 2015 жыл

ДЕ ЗЕР

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қаһарман ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына биыл 100 жыл толады

Жосалыдан басталєан жол

Қазіргі Сырым ауданы, Жосалы ауылдық округінде кіндік қаны тамған Абдолладай албырт ақынның ат жалын тартып мінген күнінен бастап-ақ əдебиеттің жолына түспеуі мүмкін емес еді. Қоңыр мектебінде бастауыш білім алып, кейін Орынборда, ел астанасы болған Қызылордада оқуын жалғастырған жалынды жастың арманын аялап, қиялына қанат бітірген сол кезде, яғни 1932 жылы жаңадан ашылған Орал педагогикалық институты болатын. Осы институтқа оқытушылыққа келген, кейін академик атанған Қажым Жұмалиев естелігінде: «Арықша, талдырмаш келген, қабағы тез түйіліп, тез ашылатын, қимыл, жүріс-тұрысы тез, өзінің шапшаңдығымен абайыңды аударатын үлкен көз қара бала бірінші кездескенде маған пəлендей əсер еткен жоқ», дей келіп, Қазақстан Жазушылар одағының тапсырмасымен Оралда өзі ұйымдастырған əдеби бірлестік жұмысы нəтижесінде Абдолла Жұмағалиевтің облысқа танымал жас ақындардың біріне айналғанын жазады. Сол кездегі Қасым Аманжолов, Хамит Ерғалиев, Сағынғали Сейітов, Жəрдем Тілеков сынды əдебиет əлеміне жаңа енгендердің барлығының дерлік тырнақалды туындылары облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жарияланды. Сонымен қатар, 1934 жылы Оралда «Біздің еңбек» атты альманах шығарылған. Қажым Жұмалиевтің жобалауынша, Абдолланың баспа жүзін көрген алғашқы өлеңі Қызыл əскердің 16 жылдығына арналып, «16-дан асқанда» деген тақырыппен осы жинақта жарық көрген екен. Артынша Алматыдағы Қазақ педаго ги калық институтына оқуға ауысқан жас ақынның таланты одан сайын ашыла түсті. Əдеби ортамен етене араласқан Абдолланың жалынды жырлары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» сынды еліміздің орталық басылымдарында жарияланып, соғысқа дейін-ақ ақын ретінде елге танылып үлгерді. ҚазПИ-ді бітіргеннен кейін Қызылордада ұстаздық қызмет атқарып, Алматыда қазақ мемлекеттік баспасында редакторлық етті. Əбу Сəрсенбаев (1990 жылдың 6 желтоқсанында Абдолланың елдегі туысқандарына жазған хатында ол көзінің нашарлауына байланысты ақын туралы хикаятын аяқтай алмағанын баян еткен), Қалижан Бекқожиндей қатар жүрген қаламдас достарының айғақтауынша, Абдолланың мінезі албырт, өзі арманшыл, романтик болған көрінеді.Ол ағылшын ақыны Байронмен «ауы рып», шығармаларын аударған. Өмір бойы басы шырғалаңнан арылмай, талай жердің дəмін татып, ақыры Грекия төңкерісіне қатысып, сол елдің батыры атанып өлген Байрон соңына мəңгі өшпес туындылар қалдырғаны белгілі. Көп сұлуға көз сала жүріп, кəріс қызы Александраға (Шура) үйленген Абдолла да ел басына күн туғанда, «Ту ғып ұстап көтеріп жүрегімді, Сапар алыс, жол жүріп кетіп барам!» деп қан майданға аттанып кете барды. Ақыннан ұрпақ қалмағанға ұқсайды (ол соғысқа кетерінде Əбу Сəрсенбаевқа əйелінің аяғы ауыр екенін айтып кеткен, бірақ кəріс келіннің кейінгі тағдыры белгісіз), əкесі Жұмағали Күшкеев, анасы Əлима, қос інісі Ғайнолла мен Шайдолла жұрт қатарлы қоңыр тұрмыс кешті. Қазіргі таңда Шайдолла Екібастұз қаласында тұрады. А.Жұмағалиевтің жиені, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мира Бердіғалиеваның куəлік етуінше, ақынның əкесі Жұмағалидың ағасы Əлжанның ұлдары Қажыгерей мен Сапа да Абдолла сияқты Орынборда білім алып, жастайынан өз қатарының алды болып, қызметке араласқан. Қажыгерей Батыс Қазақстан аймағының Шалқар ауданында бірінші хатшы болған. Кейін Қостанай облысы Семиозерный ауданының басшылығына тағайындалған. Оның іскерлік қабілетін сол кездегі республика басшысы Мирзоян оң бағалап, қару сыйлаған. Осынысы отызыншы жылдардың зобалаңы кезінде жала болып жабысып, ақыры атылған. Қажыгерейдің інісі Сапа Ойыл ауданында екінші хатшы қызметін атқарған. Оны да қызметінен қуғындаған. Көп жыл қара жұмыста болып, соғыс кезінде оның ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, бригадирлікке жоғарылатқан. Сапа Алматыдағы партия мектебінде оқығанда, Абдолла өзі бір бөлмеде (кəріс əйелімен) тұрса да, жиі шақырып, құрмет көрсеткен. Александра ұлты басқа болғанымен, сондай мейірімді, иман жүзді, сүйікті келін атанған. Ол сатушы болғандықтан, азық-түліктің қат кезінде Абдолла ауылға сəлемдемелер жіберіп тұрды. Немере ағасының «халық жауы» атануы жас ақынға оңай тимей, ол да жиналысқа түсіп, «табаға шыжғырылған». Қайда жүрсе де, жазықсыз жазаланған ағаға деген қимастық сезім көңіл түкпірінде жатқаны да хақ. «Анам Ұлмекен Бақтыгереева нағашылары қуғын-сүргінге ұшыраған соң, Абдолла жайлы, оның бізге жақын екендігі туралы көпке дейін айтпай жүрді. Анам нағашыларының қолында тəрбиеленген. Оқу озаты болғанымен, оны да мектептен қудалаған. Дегенмен, Сапа нағашым көмектесіп, аман алып қалған. Марқұм анам Ақтөбе облысының Мəртөк ауданында қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, мектеп директоры болды. Анам Абдолланы ешқашан аузынан тастаған емес. Оның адамгершілігі мен ақындығы туралы

жыр етіп айтып отыратын», деп еске алған М.Бердіғалиева Абдолланың жарымен түскен, бұрын еш жерден кездесе қоймаған суретін бізге ұсынды.

Ќан майданнан ќайтпаєан ер

Абдоллаға тəн қасиет алған бетінен қайтпауы, өмірге де, тіпті өлімге де даяр қайсарлығы болса керек. Оған майдан газетінде тілші болып, жұмыс істеп жүре беруіне болатын еді. Алайда, ақын тағы бір замандасы, жазушы Дмитрий Снегинге сыр шерткенде айтып кеткеніндей, болашақта «терең мазмұнды шығарма жазу үшін» алдыңғы шепке асықты. Мəскеу түбіндегі Волокалам тас жолын атақты Панфилов дивизиясы қорғағаны мəлім. Міне, осындай қысылтаяң сəтте негізгі күштің шегінуіне мұрша беруі үшін Иван Дунай, Əбіл Құндыбековпен бірге жауды тосып, жолда қалған қазақ ақыны арыстанша айқасты. Тіпті,

дастаны» атты кітабы жарық көріп, туған жерінде мерейтойлары аталып келеді. Сырым ауданының əкімі Абат Шыныбековтің айтуынша, А.Жұмағалиевтің мерейтойына байланысты жаңа тың деректермен толықтыра отырып, жыр жинағын қайта басып шығару, облыстық конференция өткізу, туған жері Жосалы ауылындағы ақын атындағы мектепте музей ашу мəселелері, спорттық шаралар өткізу қолға алынбақ. Жалпы, Абдолланың туған жері округ орталығы Қоңырдан он сегіз шақырым жердегі Былқылдақ екен. Былқылдақ десең, Былқылдақ. Былқылдақ атты көлі бар, сулы-нулы, қырқалықұйқалы, құмдауыт жердің табиғаты керемет, сонда шыр етіп дүние есігін ашқан жанның əсершіл болмауы мүмкін еместей. Кезінде Абдолланың ата-бабалары, Қалқаман Таналар мекен еткен жер қазір «Талап» АҚ шаруа қожалығының меншігіне айналыпты. Дегенмен, округ орталығындағы негізгі көше мен мектепбалабақша кешені А.Жұмағалиев атында. Ақын

«Бомба бол да жарыл, жїрек!»

Абдолла аќынды ардаќтай алдыќ па?!

жанындағы жауынгердің «Енді жөнелейік» дегеніне көнбей, «Жазбаша бұйрық келмей, шегінуге хақым жоқ» деп, ауыл шетіндегі үйдің шатырына бекініп алып, қара құртша қаптаған басқыншыларға автоматынан оқ жаудырумен болды. Ақыры қас дұшпанға берілмей, сол үйде өртеніп кете барды. Қалың жауды құртқаны өз алдына, қаншама қаруластарының өмірін сақтап қалды десеңізші. Қазақ ақынының батырлығы жайында командирі, гвардия капитаны В.Григорьев 2-гвардиялық атқыштар корпусының «Советтік гвардия» газетінің 1942 жылғы 6 желтоқсан күнгі нөмірінде «Қаһарман қаламгер» деген мақаласында таңдана, тебірене жазды. Қандыкөйлек серіктері Павел Кузнецов, Иван Нарцисов ақын өліміне жаны қинала қалам тербеді. Өкініштісі, қаруластары мойындаған ерлік, аласапыран кезеңнің əсерінен бе, елеусіз қалды. Соғыстан кейін Қазақстан Жазушылар одағы мен республика жұртшылығы 1960 жəне 1965 жылдары А.Жұмағалиевті Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынғанымен, бұл да жүзеге асқан жоқ. Абдолла туралы сөз еткенде, Оралдан бастап жастық шағын бірге өткізіп, үнемі үзеңгілес жүрген Қасым Аманжолов туралы айтпау мүмкін емес. Ғабдол Слановқа 1942 жылы 22 мамырда майданнан жазған хатында: «Абдолладан хат-хабар бар ма? Корей келін күйлі ме?», деп сұрайтын Қасым досының ерлігін естіген бойда қатты толқыды. Сөйтіп, Қиыр Шығыста 1943 жылы «Ақын өлімі туралы аңызын» жазып, Абдолла атын асқақтатты, өлеңмен өлмес ескерткіш қойды. «Айқас!» деп соқтың əзірге Қалдырып жастық думанын. Жарылсаң жауға бомба боп, Жарадың, жүрек, туғаным!», деп Абдолла жырласа, Қасым оны: «Қасиет күші Ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың. Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі əлемнің ашу-кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да жарыл, жүрек!» деп жалғастырып əкетіп, батыр ақынның бейнесін сомдады. Жалпы, қос ақынның кейбір туындыларынан өзара үндестік сезіліп тұрады. Егер қанқұйлы соғыста тірі қалғанда Абдолла қазақ əдебиеті қабырғалы өкілдерінің біріне айналары анық еді. Əрине, өмірден арманда кеткен ақын есімі мəңгі өшпек емес. 1945 жылы-ақ замандасдостарының қолдауымен тұңғыш жыр жинағы, 1962 жылы бір томдығы, 1985 жылы Əбу Сəрсенбаевтың құрастыруымен «Өлмес өмір

əрі батыр есімін еншілеген мектеп ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, енді қаржы тезірек бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілсе мерейтой алдында дұрыс болар еді. Осы білім ордасында тарих пəнінен дəріс берген Жанболат Ақшолақовтың сөзіне қарағанда, 1924 жылы Қоңыр бастауыш мектебі ашылғанда, оның алғашқы шəкірттерінің бірі Абдолла болған. Демек, ақын мектебінің отау тіккеніне 90 жылдан асып барады. 1955 жылы Ұлы Жеңістің 10 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағының қозғау салуымен араға үш жыл салып барып, 1958 жылы Карл Маркс атындағы сегізжылдық мектепке А.Жұмағалиевтің есімі берілген. 1967 жылы аталмыш білім ордасы орта мектепке айналды. Бірақ 1979 жылдың қыркүйегінде күтпеген жерден облыстық партия комитетінің ұйғарымымен ақын есімімен атауға тыйым салынады, тек Жосалыдан шыққан тағы бір жазушы Мұқадес Есламғалиұлының орталық басылым беттерінде («Правдаға» дейін) өз ойын батыл білдіруі арқасында ғана ақын аты аман қалды. Өткен өтті, енді қайта түлейтін мектептің алдына ақын ескерткіші орнатылса, бүкіл ауылға айбар беріп, абыройын асыра түсер еді. Сонымен қатар мерейтой кезінде ас беріп, атжарыс өткізу сынды бір күндік емес, тəлімі мың күндік шараларға баса мəн берілсе дейміз. Ақынның əдеби мұрасын зерттеу тақырыптарына айналдырып, оның атында саябақ, көшелер ашсақ, Абдолла оқуларын ұйымдастырсақ, сол оңды емес пе!? Осы орайда сырымдықтарға қоса Орал педагогикалық институтының бүгінгі белбаласы – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті де үнсіз қалмай, зиялы қауым ұрпақ зердесін жаңғыртуға үлес қосса, құбақұп дер едік. Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік орындары ақын есімін мəңгі есте қалдыру мақсатында тізе қосса, алынбайтын асу болмас. Ең алдымен, ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде елеусіз қалып, бірде-бір орденге ие болмаған А.Жұмағалиев елі тəуелсіз атанған кезде «Халық қаһарманы» құрметті атағын алуға əбден лайық. Екіншіден, ақынның ғасырда бір келетін 100 жылдық тойын республикалық көлемде ұйымдастыру қажет. Бұған Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйытқы болса, тіпті жақсы. Білікті ғалым-зерттеушілердің қатысуымен экспедиция ұйымдастырып, ақынның қаза тапқан орнын (memorial.kz сайтында, неге екені белгісіз, Алматы қалалық əскери комиссариаты арқылы 1941 жылы əскерге алынған А.Жұмағалиевтің қайтқан жылы 1944 деп көрсетілген, демек, бірізділік жоқ) анықтап, өмір деректерін толықтырса, еш артықтық етпес еді. Үшіншіден, Астана мен Алматы, Орал қалаларында А.Жұмағалиевке көше беріліп, мүсіні орнатылса, нұр үстіне нұр демекпіз. Академик Қажым Жұмалиев заманында «...Абдолладай өз өлеңінің күшін сезінетін, оны соншама беріле оқитын бір де бір ақынды кездестіргенім жоқ. Бұл жағынан ол басқалардан анағұрлым оқшау тұратын еді. Ол шын мəнінде зор талантты, үлкен ақындыққа құлаш ұрып, көп үміт күткізіп еді. Бірақ ол бойындағы бар қабілет, дарынын сыртына шығара алмай, ерте кетті», деп аһ ұрса, қазақтың ұлы ақындарының бірі, келесі жылы оның да туғанына сексен жыл толатын Қадыр Мырза Əлінің: «Ақын Абдолла Жұмағалиев Отан үшін майданда от болып жанып кетті. Оның алауы əлі сөнген жоқ. Сөнбек те емес. Ол – мəңгілік алау», деген сөзі де көңілден өшпек емес. Ендеше, ақынды ел болып ардақтасақ, бұл бүгінгі ұрпақ борышы ғана емес, асыл текті ағаларымыздың арман-тілегінің орындалғаны. Ғайсағали СЕЙТАҚ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Батыс Қазақстан облысы. –––––––––––––––––– Суретте: Абдолла Жұмағалиев.

www.egemen.kz

7

СЕРТТЕ ТҰРҒАН СЕМСЕР СœЗ

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандық баспасөз немесе бір әріп үшін жапа шегіп, жазаға ұшырағандар Айткүл ЖАҚЫПОВА,

Ұлттық кітапхана қызметкері.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдандағы қазақ жауынгерлеріне арналып майдандық қазақ газеттері жарық көре бастағаны белгілі. Біз бұл жолы соғыс жылдарындағы жүздеген басылым ішінен «Отанды қорғауда» (1942-1945ж.ж.) газетін «ақтаруды» жөн көрдік. Өйткені, осыдан бірнеше жыл бұрын газеттің барлық санының көшірмесін жасап, оны түптеп осы газетте қызмет атқарған тілші Бисен Жұмағалиев ақсақалдың ұлы өз қолымен Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің қорына əкеліп тапсырған еді. Мұндай бағалы естеліктің барлық саны қазір қорда түгелдей сақтаулы. Бүгінде Бисен Жұмағалиев ақсақал 92 жасқа толып отыр. Ал 1942-1945 жылдар аралығында республикада жалпы саны 229 газет шығып тұрған. Оның төртеуі – республикалық (қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде), 28-і облыстық, 197-сі қалалық жəне аудандық газеттер болды. Сондай-ақ, соғыс жылдарында Ресейдің əр түрлі қалаларынан жергілікті газеттердің жанынан қазақ тілінде ұзын саны 20ға жуық «Отан үшін» (Солтүстік-Батыс майданы), «Жауға қарсы аттан» (1-Балтық жағалауы майданы), «Суворовшы» (2-Балтық жағалауы майданы), «Отанды қорғауда» (Ленинград майданы), «Совет жауынгері» (3-Украин майданы), «Қызыл əскер ақиқаты» (Батыс, кейін 3-Белорус майданы), «Отан намысы үшін» (1-Украин майданы), «Майдан правдасы» (Волхов майданы), «Жауды жоюға» (Брянск майданы), «Сталин туы» (Оңтүстік, кейін 4-Украин майданы), «Сталиндік жауынгер» (Приморье тобы, кейін Приморье соғыс округі), «Отан үшін ұрысқа» (Карелия майданы), «Дабыл» (Қиыр Шығыс майданы), т.б. басылымдар жарық көрді. Сұрықсыз соғыс күндерінде қазақ тілінде жарық көрген майдандық газеттердің рөлі орасан зор. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгер тілшілер, қаламгерлер сол кезеңдегі оқиғалар мен құбылыстарды, соғыс жаңалықтарын, қоғамдағы маңызды мəселелерді көрсете отырып, соғыс жылдарындағы публицистиканы қалыптастырды. Яғни, II дүниежүзілік соғыс халқымыздың өмір тіршілігіндегідей əдебиет пен журналистика саласының дамуына да жаңа серпіліс алып келді. Қаһарлы күндерде тілшілер майдан шебіндегі қантөгіс ұрыстарға қоян-қолтық араласты, əрі сол сұрапыл күндерді мəңгі өшпестей жазып қалдырды. Жазылған мақалалардың əрқайсысында майдан мен тыл арасындағы оқиғалар шебер көрініс тапты. Мұның өзі жауынгерлердің жігерін арттырып, үлкен күшжігер беріп, тілшілер мен жазушылардың қаламынан төгілген шығармалары отты жылдардың шежіресі таңбаланған парақтардың куəгеріне айналды. II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы баспасөз уайым кешкен, сарыла күткен халыққа қатты əсер етті. Баспасөз халықпен тығыз байланыста болып, олардың мұңына ортақтасты. Күш-жігерін ортақ жауды жеңуге жұмылдырды. Əлем тыныштығы үшін күресуге шақырды. Соғыс жылдарында жарық көрген газеттер арқылы халықтың сол кездегі көңіл-күйі мен заманның бет-бейнесін көруге болатын. Майдандағы жауынгерлерден тілшілер топтастырылды. Тілшілер орысша да, қазақша да жазды. Орыс тіліндегі мақалаларды қазақ тіліне аударып, газетке жариялап отырды. Олардың қаламынан туған шығармалары елім деген ерлерді ерлікке одан əрі құлшындырды. Сонымен, «Отанды қорғауда» басылымы жетісіне екі рет «На страже Родины» газеті жанынан қазақ тілінде шығып тұрған. Газет шығару ісіне Ленинградта оқып жүрген қазақ жастары – Түймебай Əшімбайұлы, Бисен Жұмағалиев, Ақмұқан Сыздықбеков тартылған екен. 1944 жылдың 24 мамырына дейін редактордың орынбасары А.Мадалиев болған. Одан кейін Түймебай Əшімбаев, К.Усманов, Асылхан Тұрғанов, М.И. Гордан басшылық етіпті. Газет 1945 жылдың 30 желтоқсанына дейін жарық көрген. Сол кезеңдегі басылымдардың бəріне ортақ, газеттің жоғарғы жағында «Неміс оккупанттарына өлім!» деген ұран бар. 1942 жылдың қарашасында алғашқы саны, негізінен, сержант К.Апельсиновтің жауынгерлердің ерліктері жайлы жазылған мақалалары қазақшаға аударылып жарық көрген. Ал «На страже Родины» газеті – 1920 жылдан шығып тұрған əскери газет. Өзінің қалыптасқан дəстүрі, тəжірибесі бар басылым. Соғыс кезінде өте көп тараған, Ленинградта тұратын таңдаулы ақын-жазушылардан, журналистерден іріктеліп алынған іскер ұжымы бар газет. Төрт беттік газеттің жарық көруіне белсене қатысуға редакция барлық қазақ жауынгерлерін, командирлерін, жаңа саяси қызметкерлерін шақырған. Ленинград майданында шайқасқан газет қызметкерлері айтулы мергендердің бірі бола жүріп, майданның алғы шебінен мақалалар жазды. Қаламының желі, сөздерінің уыты, ыстық лебізі бар Т.Əшімбаев, Б.Жұмағалиев, А.Сыздықбеков сияқты тілшілер аянбай қызмет атқарды. Ол кезде газет шығару үш жауынгерге

оңай шаруа емес-ті. Оның үстіне редакторы да сайланбаған. Кейінірек редактордың қазақ газеті жөніндегі орынбасары қызметіне Абдолла Мадалиев, газетке жауапты редактор болып М.И. Гордан келген. Газетке баратын материалдардың бəрін орыс тілінен Т.Əшімбаев аударған. Ал газет тілшілері Ақмұқан мен Асылханның майданның алғы шебіне барып жазып келген мақалалары жалаң болып шығатын. Енді қайтсін, олар екеуі де есепші. Жазылған мақалалардың үстінен Түймебай өңдеген. Тұратын үй жалдауға мүмкіндіктері жоқ тілшілердің жұмыс істейтін орны да, ұйықтайтын бөлмелері де сол газет редакциясы. Сол кезде газет шығарудағы ең қиын мəселе – қазақ əріптерін табу. Үлкен қаланың мүмкіншілігінің молдығынан əріптердің екі жиынтығы Ғылым академиясының типографиясынан табылады. Ал əріп терушілерді табу қиынға соғады. Тіл білетін ешкім жоқ. Əріп теруші орыс əйел. Қазақ əріптерін бірнеше рет жазып, содан соң ғана терілген. Бұл да біраз уақытты алады. Сонымен қатар, «Правда» газетінде жарық көрген мақалалар да беріліп тұрған. Майданның саяси басқармасының тапсыруымен 1943-1945 жылдарда «Қазақтар Ленин қаласы үшін ұрыстарда», «Ленинград батырлары» деген екі жинақ кітап жарық көрді. Сол кезде (1943 ж.) ленинградтық «Отанды қорғауда» газетіне «Социалистік Қазақстан» газеті байыпты баға берген. Жауынгерлердің өздері де мақала жазып тұрған. И.В. Сталин жолдастың Америкада шығатын «Ассошиэйтед Пресс»» агенттігі тілшісінің сұрақтарына берген жауабын жариялаған. Газеттің сол кездегі көтерілген тақырыптарына байланысты тұрақты айдарлары болған. Мысалы, «Қазақстан бүгінде» айдарында Қазақстанның əр облысы мен ауыл аймақтарының түкпір-түкпірінен жаңалықтар беріліп отырған. Ауылдардың, колхоздардың жетістіктері, мысалы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы колхоздарының Үкіметке күріш тапсыру жоспарын уақытынан бұрын орындағаны жазылған. «Соңғы сағатта» айдарында əскерлердің екпінді шабуылы, қызыл əскерлердің қанша шақырым алға жылжып, дұшпанның қорғаныс шебін бұзғаны туралы «Совинформбюро» жаңалығы ұдайы жазылып отырған. Ал «Жауынгерлерге кеңес» айдарында тастай борап атқылаған оқтан соғыста қорғану үшін əрбір төбе, шұңқыр, қалтарыс жерлердің маңызы зор екендігі ескертіледі жəне одан қорғануға кеңес беріледі. «Қол гранаты – күшті қару» тақырыбында граната туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді. «Қазақстан хабарлары» айдарында облыстардың, колхоздардың жастары «Қазақстан жастары» деген соғыс самолетінің эскадрильясын жасақтауға 650 мың сом жинағандығы жазылған. «Қазақстанда» айдарында Қазақстанның бірнеше қалалары майдандағы жауынгерлерге қаржылай көмек қолын бергені айтылады. Гвардия қызыл əскерлері, лейтенанттар, сержанттар да өз мақалаларын жариялап тұрған. Мақалаларға қосымша, «Кеңес Одағының батыры», «Ленинградты қорғағаны үшін», т.б. марапаттау медальдарының суреттері де басылған. «Біздің майданның батыры» айдарында взвод командирлерін, жауынгерлерді «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттау туралы материал жарық көрген. Басылым тарихынан төмендегідей кесірлі оқиғаларды да табуға болады. 1945 жылы 31 қазанда газеттің бірінші бетінде БК(б)П Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі А.Андреевті 50 жасқа толуымен құттықтау жарияланған. Осы жерде Андреевтің есімінен мынадай əріп қатесі кетеді «Аднрей Андреевич Андреев жолдасқа!». Сол кездерде майдан саяси басқармасында істейтін Капитан Фельд деген кісі редакцияға жиі келіп тұрған. Саяси қызметкер деп жүрген Фельд үш əріптің тергеушісі болып шығады. Қазақ тілшілерінің артына шам алып түскен Фельд ақыры дегеніне жетеді. Осыдан кейін əскери трибунал редакция тілшілері Түймебай Əшімбаев, Кəрім Усманов, Асылхан Тұрғановты «ұлтшыл» деп айыптап, түрмеге жабады. Көп ұзамай сот шешімімен қазақтың арыстай үш жігітін 7 жылға бас бостандығынан айырып, айдауға жібереді. Фельд мырза редакцияға «Қазақстанды, соғысып жүрген қазақтарды асыра мақтайсыңдар. Редакцияда қазақ ұлтшылдарының ұйымы құрылған, оны басқарушы үштік бар», деп жала жапқан жəне соны əшкерелеу үшін келген. Соғыс бітіп, елге барып бақытты өмір сүреміз бе деп жүргенде осындай қайғыға тап болады. К.Усманов пен А.Тұрғанов айдауда жүргенде қаза болған, ал Т.Əшімбаев аман қалған. Кейіннен Жоғарғы сот жабылған айыптың жалған екендігін анықтап, біржолата ақтады. Газет айдарларынан, жарияланған мақалалардан редакция тілшілерінің Отанын, туған жерін сағынып жүрген қазақстандық жауынгерлерді халық əндерімен, қазақ зиялыларының өмірбаяндарымен сусындатуға тырысқандары байқалады. Осыдан да болар, олардың «ұлтшыл» деп айыпталғандары... АЛМАТЫ.


8

8 сəуір

ЫРЫП Қ А Т Р А Р ДЫ

www.egemen.kz

ТОЛҒАН

Ойласу

2015 жыл Басты байлық

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоршаған ортаны қорғау, тылсым табиғатты аялап ұстау жəне экологиялық бүлінушілік орын алған аймақтарды қалпына келтіру мəселесін үнемі басты назарда ұстап келеді. Сондықтан, осы тұрғыда қабылданған мемлекеттік бағдарламалар негізінде Үкіметке ауқымды міндеттер жүктеп отыр. Атап өтуіміз керек, қазіргі таңда бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың жақсы нəтижесі ел өмірінде көрініс таба бастағаны байқалады. Бұған қатысты дəлелдəйектеріміз жеткілікті. Десек те, аталмыш салада шешімін күткен, қордаланған жағдаяттар да аз емес. Əсіресе, мұнайдан ластанған аймақтардағы экологиялық ахуалдарды реттеу ісі мемлекеттің алдында тұрған маңызды шаруалардың бірі екені талас тудырмайды.

Жалпы, ғылыми-техникалық шараларға көбірек көңіл бөлмей, жаңа технологияларды қолданысқа молынан енгізбей іс оңға баспайтыны белгілі. Мұны жақсы түсінетін Үкімет соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғауды көздейтін ғылыми жобаларды ұсынушы ұжымдарға барынша қолдау білдіруде. Бұлардың арасында ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, биология ғылымдарының докторы Аманкелді Саданов басқаратын Алматыдағы микробиология жəне вирусология институты да бар. Бүгін біз аталмыш институттың қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде мұнайдан ластанған жерлерді тазарту бағытындағы талпыныстарына аз-кем тоқталмақпыз. Өйткені, отандық ғалымдардың атқарып отырған жұмыстары назарымыздан тыс қалмауы тиіс.

МЎНАЙДАН КЕЛЕР ЗАЛАЛ Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».

Бүгінде баламалы энергия көздеріне айрықша көңіл аударылып отырса да, көмірсутек отынына деген сұраныс арта түспесе, азаяр емес. Нақтылай айтқанда, барлық қуат тұтыну көлемінің басым бөлігі мұнай өнімдеріне тиесілі. Соңғы деректерге қарағанда, жаһанда жыл сайын «қара алтынға» деген тапсырыс 5,5 пайызға өсіп отыратын көрінеді. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында бүгінгі əлем бір жылда жер қойнауынан 4,5 млрд. тоннаға жуық мұнайды «тартып» алуда. Адамзат мұнайдың игілігін қаншалықты көріп келе жатқанымен, бір жағынан оның зардабын да шегіп отырғанын жасыра алмаймыз. Ол көбіне экологиялық мəселеге қатысты. Кейбір деректерге көз жүгіртсек, өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану кезінде мұнай жəне оның өнімдерінің 45 млн. тоннаға жуығы төгіліп, шашылып, жоғалады екен. Бұл, əрине, ойландыратын жайт! Өйткені, төгілген осынау өнімнің қоршаған ортаға тигізер зияны аз болмасы анық. Енді өзімізге оралар болсақ, республикамыз бойынша барланған 172 мұнай кен орны бар көрінеді. Кейінгі мəліметтерде айтылып жүргендей, оның 80-нен астамы бүгінде жұмыс істеп тұр. Осынау кен орындарында мұнай өндіру көлемі көбейген сайын табиғаттың, атап айтқанда, топырақ пен судың ластану қаупі еселей түсетіні сөзсіз. Микробиология жəне вирусология институтының мамандары Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректеріне сүйене отырып, елімізде мұнай жəне мұнай өнімдерімен ластанған аумақ 1,5 млн. гектардан асып кеткенін айтады. Бұл арада мұнай сіңген топырақ қабатының қалыңдығы жер жағдайына байланысты ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін жететінін де ескеруіміз керек. Ғалымдардың айтуынша, табиғи ортаның

3 негізгі құрамдас бөлігі – топырақ, су, ауаның ішінде ластанған жердің қалпына келуі өте қиын болады. Өйткені, топырақ улы заттарды сіңіріп жəне бойына жинайтын қасиетке ие. Ғылымда дəлелденгендей, мұнай төгілген жерлерде бірден өсімдіктің 50-80 жойылып, топырақ түзуге қатысатын микроағзалар қырылады. Сондай-ақ, аэрация нашарлап, азот, фосфор қосылыстарының көлемі күрт төмендеп, топырақ сорға айналып, шөлейттену басталады. Себебі, топырақтың биологиялық айналымына улы, канцерогенді заттар енеді. Содан келіп, мұнай құрамындағы хош иісті көмірсутектер топырақтан өсімдікке өтеді жəне оның ауада буланатын бір бөлігі жерге жауынмен қайта түсіп, екінші мəрте жерді жəне су айдынын ластайды. Ал мұның барлығы, айналып келгенде, адамның ағзасына зиянын тигізеді. Бұдан бөлек, ластанған аймақтар ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз болып қалады. Осы орайда зерттеушімамандар мұнайдың топыраққа түскен бетте

өсімдіктердің генетикасына жағымсыз əсер ететінін, соның салдарынан мұндай жердегі биомассаның көптеген жылдардан соң да қалпына келмейтінін айтады. Жоғарыда сөз болып отырған мəселелер еліміздің топырақ жамылғысы жұтаң,

жұқа келетін батыс өңірінде экологиялық, экономикалық жəне əлеуметтік салдарларды туындатпай қоймайды. Тіпті, қазірдің өзінде Атырау жəне Маңғыстау облыстарында шөбі шүйгін жайылым жерлер біршама қысқарып кетті деген сөз бар. Былтыр Маңғыстау өңірінде мал азығының тапшылығы жөнінде əжептəуір мəселе көтеріліп, сала басшыларының сын тезінде қалғаны есімізде. Əрине, аймақта осындай жағдайлардың орын алуына, мұнай өндірісінің де елеулі əсер етіп отырғаны белгілі. Бұл айтылып өткен жағдаяттар мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жəне бұзылған экожүйені қалпына келтіру күн тəртібіндегі өзекті шаруа екенін білдіреді. Негізінде, əлемде топырақ пен суды

мұнайдан тазартудың механикалық, физикахимиялық жəне биологиялық əдістері қолданылады. Дегенмен, қазіргі таңда ғалымдар ең тиімді əрі болашағы зор тəсіл ретінде биотехнологиялық əдіс немесе биоремедиацияны қарастырып отыр. Аталған технология көмірсутекті тотықтандыратын микроағзаларды қолдануға сүйенеді. Түсіндіре сөйлесек, мұнайдың құрамдас бөліктерін азық ретінде «жейтін» бактериялар аталмыш шикізат пен оның өнімдерін су мен газға дейін ыдыратып жібере алады. Ал мұндай микроағзалар химиялық реагенттер секілді топырақ қабаты үшін бөгде зат емес. Соңғы жылдарда ғылыми-экономикалық зерттеулер топырақты биологиялық əдіспен қалпына келтірудің тиімділігін дəлелдеп беруде. Мəселен, 1 тонна мұнаймен ластанған қалдықты өртеуге 200 мыңнан 400 мың, оларды көмуге 150-250 мың АҚШ доллары шамасында қаржы қажет болса, ал биологиялық əдіспен тазартудың шығыны 30-150 мың долларды ғана құрайтын көрінеді.

Қазір мұнайдан бүлінген экожүйені тазартатын биопрепараттар əзірлеумен айналысатын дүниежүзінің іргелі ғылымизерттеу орталықтары бірнеше бағытта жұмыс істеуде. АҚШ пен Жапония гендік түрі жағынан өзгеріске ұшыраған микроағзалардан препарат дайындауға ден қойған. Еуроодақ елдері, Ресей жəне Украина ғалымдары мұнаймен ластанған жерлерден алынған аборигенді микрофлоралардан іріктелген биодеструкторлардың белсенді штамдарын əзірлейді. Соңғы 10 жылда басқаны былай қойғанда, көрші Ресейдің өзінде мұнайды тотықтыратын оншақты препарат шығарылған. Осы орайда біздің отандық ғалымдарымыз да жемісті, нəтижелі жұмыстар жүргізіп келе жатқанын ерекше атап өтуіміз керек. Микробиология жəне вирусология институтының бас директоры Аманкелді Садановтың айтуынша, елімізде күні бүгінге дейін тəжірибе ретінде қолданылған шетелдік биопрепараттар ойдағыдай нəтиже бермеген. Себебі, олар Қазақстанның мұнай өндіруші аймақтарының климаттық жəне экологиялық жағдайына мүлдем ұқсамайтын өңірлерге арнап жасалған. Ал бұл бағытта Микробиология жəне вирусология институтының ғалымдары үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр. Институт мамандары 15 жыл бойы мұнаймен ластанған ортаның жағдайына, топырақ құрылымына жəне жергілікті климаттың құбылыстарына бейімделген ең белсенді бактериялардың штаммдарын жинаған. Содан кейін, мекеменің жанынан ашылған зауытты ең жаңа жоғары технологиялы құралдармен жабдықтаудың арқасында мұнайды тотықтандыратын «Бакойл-КZ» биопрепаратының топтамасын шығарудың сəті түскен. «Бұл отандық препарат Қазақстанның батыс аймағындағы 150 гектар мұнайдан бүлінген жерде сынақтан өтті. Нəтижесінде биопрепарат 1,5-2 айдың ішінде қатты ластанған топырақтағы мұнайдың 98 пайызын зиян сыз қосылыстарға ыдыратып жіберді. Салыстыру үшін қарасақ, Ресейдің осындай биопрепаратының үздігі мұндай нəтижені тек 6-8 ай өткен соң ғана көрсете алады», дейді Аманкелді Саданов. Бұдан біз отандық ғалымдарымыз осы сала бойынша шетелдіктерден озық тұрғанын аңғарамыз. Ғалымның сөзіне қарағанда, биопрепаратты қолданудан 2 ай өткен соң, 50 жылдан астам уақыт мұнаймен ластанған топырақ тазарып қана қоймай, өсімдік өсуге қолайлы орта түзіле бастаған. Енді бұл жерлерге тұңғыш рет изен, жусан секілді жайылымдық шөптер егілмек. Аталған препараттың экономикалық тиімділігі де көңіл қуантады. Оның құны шетелдік баламаларынан əлдеқайда арзан. Мəселен, импорттық препараттардың əр килосы орташа есеппен 30 000-50 000 теңге тұрса, ал «Бакойл-KZ»-тің килосы 7 50010 000 теңге көлемінде. Қазір бұл өнімнің артықшылықтары мойындалған. Бұған былтыр аталмыш институттың Атырау жəне Маңғыстау облыстарында 287 мың текше метр, яғни, 70 гектардан астам жерді тазалау мақсатында 7 кəсіпорынмен келісімшартқа қол қойғаны дəлел бола алады. Енді осы арада əлгі биопрепаратты өндіру ісіне аз-кем тоқталайық. Ғалымның айтуынша, еліміздегі мұнаймен ластанған барлық жерді тазарту үшін биопрепараттардың қажетті көлемін шығаруға микробиология жəне вирусология институтының ғылыми жəне өндірістік əлеуеті жетеді. «Институт өте маңызды мəселе – экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосып қана қоймайды. Мұндай биопрепараттар шығару ел экономикасының серпінді саласына айнала алады. Біздің 200 мың гектар жерді тазартуға қажет препаратты бірер жылдың ішінде-ақ өндіріп беруге мүмкіндігіміз бар. Өйткені, 1 гектар жерге бар болғаны 27 кило ғана «Бакойл-KZ» жұмсалады. Ал институт зауыты қазір күніне 2-2,5 тонна препарат өндіретін қуатқа ие», – дейді маман. Айта кетейік, жаңа биопрепараттар ойлап тапқаны үшін 2011 жылы Аманкелді Саданов басқаратын ғалымдар ұжымы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Осынау мəртебелі атақты Президенттің өзі арнайы тапсырған-ды. Жалпы, отандық ғылымның əлеуеті артып келеді. Бұл – Мемлекет басшысының салаға айрықша көңіл бөліп отырғанының жарқын көрінісі. Ал өз кезегінде ғалымдарымыздың да аянып қалмасы анық. Десек те, өзгенің жасаған ортаңқол дүниесіне құлдық ұра бермей, өзімізде жасалған өнімдерді қолдауды тоқтатпауымыз керек. Өйткені, мемлекеттік маңызы бар жобалардың «қол-аяғын» жерге тигізбей көтермелеу уақыт талабы.

ВИЧ-ке шалдыќпауды əрбір адам ескеруі ќажет

Астанада 1997 жылы ВИЧ жұқпасын жұқтырған екі адам тіркеуге алынған болса, одан бері ресми түрде 855 жағдай тіркеліпті. Ал, елордадағы «СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес» орталығында 504 адам тіркеуде тұрады. Орталық бұл адамдарға қандай көмек көрсетуде, ВИЧ жұқпасымен қанша жыл өмір сүруге болады, осы аурумен ауыратын ата-анадан қаншалықты сау бала дүниеге келеді деген сынды сауалдарымызды мекеменің бас дәрігерінің орынбасары Салтанат МУСИНАҒА қойған болатынбыз. – Салтанат Берікқызы, ұмытпасам, осыдан бес жыл бұрын сіз қызмет ететін мекемеде 280 адам АИТВ (ВИЧ) жəне ЖИТС (СПИД) аурулары бойынша тіркеуде тұрған болатын. Содан бері науқастар саны қаншалықты өсті? Сондай-ақ, тіркеуде тұрған науқастардың барлығына ем тағайындалады ма? – Өкінішке қарай, науқастардың саны жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі кезде 504 адам тіркеуде тұр. Олардың 49 пайызы жұмыс істемейтін адамдар, яғни, ВИЧ науқасы анықталғанда ешқайда жұмыс істемегендер. 10 пайызы түрмеде отырғандар болса, 39 пайызы түрлі жұмыс атқаратын кісілер. Науқастардың барлығы бірдей ем қабылдамайды. Бірақ əрқашан дəрігердің бақылауында болып, денсаулық жағдайларына қарай жылына бір-екі рет зертханалық тексерістен өтіп тұрады. Егер иммундық жүйесінің көрсеткіштері төмендесе дəрігерлер ем тағайындайды. Бірақ, кейбір науқастардың ағзасы емге тұрақты болады. Емнің өзі сол тұрақтылықты сақтауға бағытталғандықтан, аурудың барлығына бірдей тағайындала бермейді. – Бір науқасты емдеу үшін жылына қанша қаржы жұмсалады? Бағанағы 504-тің арасында СПИД-ке шалдыққандар бар ма? – Орталықтың мақсаты – ВИЧ-ке шалдыққан науқастарды СПИД сатысына жеткізбеу. Қазір көпшіліктің көзі ашық, көбі ВИЧ-тің 3-4-ші сатылары СПИД екенін біледі. Ал бұл дерттен жазылған адам ешқашан болған емес. 1997 жылдан бастап СПИД ауруымен 30 адам тіркелген болса, əртүрлі жылдары олардың 25-і қайтыс болған. Бүгінгі күні бізде екі науқас тіркеуде. 3 шетелдік азамат өз отандарына қайтып кеткен. Қаржы жағына келсек, əрбір науқасты емдеуге мемлекеттен жылына 500-900 мың теңге көлемінде жұмсалады. Қазіргі күні 94 адам антиретровирустық арнайы терапия қабылдауда. Əрқайсысы емді əртүрлі көлемде алады. Мысалы, біреуіне бір дəрі жеткілікті болса, екіншісіне екі-үш дəрі қажет дегендей. Бұл дəрілер қымбат тұрады. Сондайақ, тіркеуде тұратындардың əрқайсысы алып жүрген емінің тиімділігін жəне иммундық жүйенің жағдайын бағалау үшін жылына кем дегенде екі рет зертханалық тексерістен өтіп тұрады. Біздегі анализдер қымбат анализдердің қатарына жатады. Əрбірі 20 мың теңге көлемінде. Мұны да мемлекет өз мойнына алып отыр. Ал, науқастардың қалтасынан шығын шықпайды. – Жоғарыда қанша адам ресми тіркеуде тұрғанын айттыңыз. Тіркелмегендер де қаншама. Жалпы, біздегі заңнамаларға сəйкес, ВИЧ немесе СПИД-пен ауыратын адамдар осындай орталықтарға тіркелуге міндетті ме? – Бұл аурулар əлеуметтік маңызы бар жəне басқа ортадағы кісілерге қауіп төндіретін аурулардың қатарына жатады. Сондықтан «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сəйкес тіркелуге міндетті. Егер ем тағайындалса, одан бас тартуға ешқандай құқықтары жоқ. Бізде əрбір жаңа жағдай тіркелгенде дəрігерлер жұмыс жасайды. Анамнезін анықтайды, кімнен жұқтырғанын анықтайды. Қазақстан заңнамасына сəйкес міндеттерін түсіндіріп береді. Əрине, бұрын тіркелмей жүре беретін науқастар болатын. Кейінгі кезде олардың саны азайды. Білуімше, Астана қаласында ондайлардың саны жиырмашақты ғана. Бізге ең қиындық келтіретін топ – есірткі қабылдайтындар. Оларды бақылау қиын. Өз денсаулықтарына көңіл бөлмейді. Ауру болса да есірткі қолдануды қоймайды. Заң бойынша олар жыныстық серіктесіне өз аурулары жайлы айту керек. Бірақ олар айтпайды. Бақылаусыз жүріп, басқаларға жұқтырады. – Ондай жағдайда орталық қандай шара қолданады яғни, біреудің біреуге жұқтырғанын нақты білген кезде? – ВИЧ-ті жұқтырушыларға қылмыстық та, əкімшілік те жауапкершілік бар. Біз өз тарапымыздан қалалық Ішкі істер департаментіне мəлімет жібереміз. Сол бойынша іс қозғалып жатады. Бүгінге дейін əкімшілік жауапкершілікке тартылғандар бар. Бірақ ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Оған біздің менталитетіміз де сай келе бермейді. Неге десеңіз, зардап шегушілердің көбі өзінің жағдайының басқаға жария болғанынан қауіптенеді. «Өлімнен ұят күшті» дейтін қазақ «осындай ауруға душар болдым» деп айта бермейді. – Ауруға шалдыққандардың жасын, əлеуметтік жағдайларын, жұмысқа тұруға қатысты проблемаларын айта отырсаңыз. – Бірінші жұмыстан бастайық. Негізі осындай аурумен ауыратындар жұмыс істемесін деген заң жоқ. Осы күнге дейін ауруға шалдыққандар арасында жұмысқа қатысты проблеманы естімеппін. Мұның бір себебі, олардың ауруларын өздері, ең жақын туыстары мен біздің орталық қана білетін болғандықтан шығар деп ойлаймын. Өздері жұмыс істейтін басшылық біліп қойса шығарып жіберуі де мүмкін. Өйткені, біздің қоғам «тең қарауға» əлі дайын емес. Науқастардың əлеуметтік жағдайы орташа не ортадан төмен деңгейдегі адамдар. Ал, олардың 85 пайызы 20-39 жас арасындағы өмірге бейім адамдар. Сирек жағдайларда үлкен жастағы

кісілерден де табылып жатады. Бірақ бұл өте аз. – Халықаралық ұйымдар туралы не айтасыз? Олардан көмек болып тұра ма? – ЖИТС-пен күрес жаһандық қоры бізге дəрілік препараттар мен шприцтер, мүшеқаптар бойынша 2009 жылға дейін көмектесіп келді. 2013 жылға дейін осал топтармен жұмыс істейтін волонтерлердің қызметіне ақша төледі. Ал, былтырдан бастап қордың көмегі тоқтады. Керекті заттардың бəрі мемлекеттен бөлінетін қаржыға алынады. Əйтсе де басқа региондарда жаһандық қордың көмегі сақталып тұрғанын айтуымыз керек. – Орталық тіркеуге алудан, ем тағайындаудан, тексеруден өткізуден басқа қандай қызмет атқарады? – Арнайы бекітілген орталықтың кешенді жоспарына сəйкес біраз алдын алу шаралары жүргізіледі. Негізгі шаралардың бірі – осал топтар арасындағы жұмыс. Аптасына екі рет түнгі рейд, екі рет күндізгі рейд жүргіземіз. Əрине орталықтың міндетіне жезөкшелерді қуу немесе оларды ұстап беру жатпайды. Біз ақпараттық жұмыс жүргіземіз. Экспресс-тексерулерден өткіземіз. ВИЧ-тен сақтану жолдарын үйретеміз, арнайы білім кітапшаларын таратамыз. Олар өмір бойы жезөкше болып жүрмейтіні анық қой. Өкініштісі, жеңіл жүрістілердің əрбір екіншісінен сифилис, гонорея аурулары анықталған. Бұл ВИЧ-ке шалдығуды екі-үш есе жылдамдатуы мүмкін. Орталықта оларға арналған «Достастық кабинеті» жұмыс істейді. Сондай-ақ, есірткі тұтынушылар үшін «Сенім пункттері» жұмыс істейді. Төртеу. Екеуі жылжымалы, екеуі стационар. Олардың бастапқы қызметі таза шприцтер, мүшеқаптар ұсыну. Кітапшалар тарату. ВИЧ-ке тесттен өткізеді. Психоəлеуметтік кеңес жүргізу кабинетінде тесттен өткізудің мақсатын тұрғындарға түсіндіреді. Сайтымызға келіп түскен сұрақтарға сол кабинеттің мамандары жауап береді. Жалпы, бүгінгі күні бізде 25 дəрігер мен 31 медбике жұмыс істейді. – Елімізде ВИЧ-ке тексерілу қандай топтар үшін міндетті болып саналады? – Бізде тексерілу ерікті түрде өткізіледі. Бірақ өткізілуі міндетті кейбір санаттар бар. Олар – түрмеге түскендер, тұтқындалғандар, қан жəне орган донорлары, сондай-ақ, жүкті əйелдер. Шетелдерге түрлі мақсатпен баратындар да тексерілуден өтеді. Бірақ кейбір мемлекеттерге бару үшін тексерілуден өту міндетті емес. – Жүкті əйелдерден ВИЧ анықталса, оның балаға жұғу қаупі қаншалықты? – Жүкті əйелден балаға ауру жұғу қаупі аса зор емес. Ауру анықталған жағдайда, жүктіліктің 14ші аптасынан бастап əйел ем қабылдауы тиіс. Бала туылған соң бірден ана сүтінен алыстатылуы керек. 4 апта арнайы ем қабылдап, бір жарым жасқа дейін анализ тапсырып тұрады. Осы жылдардың ішінде науқас əйелдерден 80 бала туылды. Олардың төртеуінде ғана ВИЧ анықталды. Қалғандары аман-есен, сап-сау туылды. Егер ешқандай шара қолданбаса, АИТВ анадан балаға берілуі қауіпі, жасанды емізілудегі балаларда 15-30%-ды құрайды, омыраумен емізу қауіптің 2045% жоғарлатады. Сондықтан, дəріні уақтылы ішіп, дəрігердің кеңесіне құлақ қойған жөн деп есептеймін. Ал, əйелдің иммунитеті өте төмен болған жағдайда жүктілікті үзуге немесе басқа уақытқа жоспарлауға кеңес беріледі. – Орталықтың алдына қойып отырған мақсаты қандай? – Мақсатымыз – шама келгенше жыныстық жолмен жұғуды өсірмеу. Сол үшін теледидардан да, радиодан да роликтер беріп жатамыз. Лекциялар, семинарлар жүргізіліп тұрады. Сауалнамалар ұйымдастырылып, кітапшалар тарқатылады. Бірақ, бір таңғалатыным – көп адамдар бұл мəселені өздеріне қатыссыз деп есептейді. Əсіресе, сауалнама барысында жастар ВИЧ туралы білгенімен, одан сақтану шараларын жасамайтындарын ашық айтқан. Сөйтіп, кездейсоқ қатынастар арқылы өз өмірлерін қауіпке тігетінін сезінгісі келмейді. Олар үшін танысу, кездесу, көңіл көтеретін жерлерге бару бірінші орында да, ата-ананың үміті, оқу, жұмыс істеу екінші орында сияқты боп көрінеді маған. Əдебиеттерде ВИЧ-пен адам отыз жыл өмір сүреді делінеді. Бірақ ол шетелде. Біздегі жағдай он бес жылдың айналасы деп айтамыз. Сондықтан мейлінше кездейсоқ қатынастан абай болу керектігі туралы айтудан шаршамаймыз. Науқастардың өзгелерге жұқтырмауы бір мəселе болса, сау адамдардың да ВИЧ-ке шалдықпауды ескере жүруі екінші мəселе. Сосын тағы бір мақсат – донорлар арқылы жұғуды болдырмау, науқас жүкті əйелден баласына жұғуды болдырмау. Бұл əрине бақылауға болатын жағдай. Жалпы, əлемдегі ғалымдар 2030 жылға қарай ВИЧ-ті болдырмау туралы мəлімдеме жасауда. Əзірге біз жағдайды тұрақты ұстауға барынша талпынамыз. Өйткені, қазіргі препараттардың өзі жағдайды тұрақты ұстауға ғана шамасы жетеді.

АСТАНА.

Əңгімелескен Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».


М Ұ Н А Р А

8 сəуір

2015 жыл

1. КӨҢІЛДІҢ КӨКТӨБЕСІ Иə, көңілдің аяқ астынан кеңдік аңсайтыны бар. Корей астанасы Сеулде түнделете солай болды. Жезтаңдай деп бағалануы қиын жартылай жалаңаш екі қыз дауысымен де, биімен де көптің көңілін көтеріп жатқан шулы ортадан қашып шықтық. Толассыз автокөлік ағылған жолдың үстінен жаяу жүргіншілер үшін салынған көпірмен өтіп, айтулы мейманхана алдындағы төбеге көтерілдік. Соқпақпен өрлеп келеміз. Қарсы алдымызда – мың құбылған мұнара. Өзіне сегіз тұстан бағытталған жарықтардың түрі ақырындап ауысқан сайын бұрынғыдан сəндене түседі. Ең ұшында өзегінен бірнеше есе үлкен дөңгелек тостағаны бар. Онысы жан-жақтан сəулелер құйылғанда даладағы бəйшешектен аумайды. Ертесінде Сеул телемұнарасына арнайы соқтық. Таңғы алагеуімде. Мұнараны қайдам, ол тұрғызылған төбе Алматының Көктөбесінен аусашы. Тек жаяу соқпақ өте шебер жасалған. Етектен біраз көтерілген соң алдымызда сырты салтанатты бір қабатты ғимарат тұрды. Мейрамхана ма дегенбіз, сөйтсек дəретхана екен. Кешіріңіздер, дəрет қыстамаса да «жақсыны көрмек үшін» деп, ішіне бас сұқтық. Шынында мейрамханадан кем емес. Əрі қарай сапалы салынған жаяу соқпаққа қайта түстік. Бір тұста көлшік бар. Əлбетте, қыстың соңы болғандықтан бетіне мұз қатып жатыр. Жағалаудағы тақтайшада мұнда мекен ететін бақаның шөмішбас кезінен есейгенге дейінгі төрт белесінің суреті түгел тұр. Маңызды ақпараттарды корей жəне ағылшын тілдерінде беру мұнымен аяқталмайды. Бір тұсқа осы маңда өсетін ағаштардың суреттері мен олар туралы мəлімет беретін тақтайша ілінген. Біздің қарағайға ұқсас қылқан жапырақтысымен қатар бейтаныс жалпақ жапырақты ағаштар баршылық. Мұны аз десеңіз, келесі айналыста осы жерді мекендейтін құстардың суреттері мен сипаттамалары тұр. Сауысқанды таныдық. Өзі де «иə, бұл менмін» дегендей шықылықтап ағаштанағашқа қонып жүр. Бұл аз болса ақыраяғында, осы төбені мекендейтін аңдар туралы мəліметтер тағы алдан шығады. Екі тілде. Оның ішінде ақ тиін де парк қызметкерлерінің жазғанын растағандай ағаштан-ағашқа секектеп жүрді. Оны біраз қызықтап, ақыры мұнара тұрған алаңға жеткенбіз. Ағылшын тіліндегі «N» харпі – осы мұнараның төл таңбасы. Өйткені, мұнараның аты – Намсан тауэр. Тұрған жерінің аты – Нам, ал жалғанып тұрған «сам» сөзі – корей тілінен аударғанда «төбе» дегенді білдіреді. Сонда біздің «Көктөбе» дегеніміз сияқты екі түбірден тұратын сөз болып шығады. Тек, Алматыдағы Көктөбеден артықшылығы тазалығында. Қайран біздің мақтанышымызды сырт жағынан айналсаңыз адамның төбе шашы тік тұратын қоқысқа тап боласыз. Сансыз пластик, полиэтилен пакет, сыра мен сусынның қаңылтыр құтылары, түрлі тəттілердің орамалары мен темекі қораптары, тұрмыстық химия мен құрылыс материалдарының қалдықтары жүздеген метрге созылып үйіліп жатқанын көргенде, Оралхан Бөкеевтің «Жылымығындағы» Жанар сияқты соқыр болған жақсы ма дер едіңіз. Ал корейдің Көктөбесінде табиғат таза. Темекінің тұқылы мен шақпақтың бір тал шиін шаммен іздеп таппайсыз. Оның орнына ең биікке қарай спорттық жаттығу құралдары қойылған алаңқай бар. Кеше түнделетіп шыққанымызда ешкім көзге шалынбаған, енді ертеңгісін мұнда кемпір-шалдан бала-шағаға дейін еңкейе отырып, шалқалай жатып денелерін шынықтырып жатқанын көрдік. Мұнара түбінде махаббаттың мəңгілігін əйгілейтін құлыптар салынған пирамида тектес тұғырлар баршылық. Құлпына сан жетпейді. Мұндай махаббат белгілерін Парижден де, Будапешттен де көргенбіз. Париждегі көпірдің жақтауы сондай құлыптардың көптігінен салмаққа шыдай алмай, құлап түскенін естігенбіз. Қай бір жылы Астанадағы Хан Шатырдың алдындағы шағын паркке осындай құлып бекітетін арнайы айқыш-ұйқыш темір қақпалар қойылған. Аз-кем құлыптар пайда болғанына сырттай қуанып жүрдік. Осы құлып салғыштар жаз бойы тұрды да, қар түсе ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Соған қарағанда біздің жастардың махаббатының мəңгілік еместігіне, жас отбасылардың жиі ажырасып жатуына басқа емес, құлып салынған тақталарды сақтай алмаған билік кінəлі сияқты. Сеулдегі махаббат белгілері қар мен мұзға, жел мен ыстыққа шыдас беріп тұр. Оны тіпті, санақ агенттігінің бұл елде ажырасудың аздығын көрсететін мəліметі растайды. Сезімге беріліп болсақ, мұнараның

ішіне кірейік. Көпті таңыр қататыны – пүліш аюлардың молдығы. Олар жай сəнді ойыншық емес, корей халқының ежелгі тарихынан бүгінгі күнге дейінгі барлық тұрмысы мен киім киісін əйгілейтін мəнді ойыншықтар болып шықты. Төменнен қарағанда бəйше шектің күлтесі сияқты көрінетін бас жағындағы дөңгелек шарасы бақандай бес қабатты екен. Оның бірі – айналмалы мейрамхана. Асықпай отырсаңыз 48 минутта бүкіл қаланы шолып шығасыз. Ал айналмайтын қабатында дүниенің барлық тараптарына қараған бірнеше табло бар. Онда басқа мемлекеттердің байтақтарына дейін қанша шақырым екені көрсетілген. Москвамен бірге Астананың аталып тұрғаны көңілді марқайтады. Осындай марқайған көңілмен корейдің Көктөбесінен кері орал дық. Жолымыз ылдилағанмен ойымыз шарықтап, арғы тарихтағы мен өзіміз биігіне көтерілген бергі əлемдегі мұнаралар еске түскен. 2. ТАРИХТЫҢ ТҰҒЫРЫ Бұл жақты «Басқала» депті баяғының тұрғындары. Мынау Маңғыстау мен Үстірт үстіндегілер əлі күнге «бесқала» сөзін сақтаған. Ойдағы бес қаланың бірі – Бұқара. Талай əмір билеген. Олардың кейбірі Сыр бойына үрей əкелген замандар да өтті. Керісінше көшпелі жұрт Бұқараны басып алып, армансыз билік құрған дəуірлер де келмеске кетті. Соның бəріне куəгер болып осы қаланың төрінде асқақ мұнара тұр. Ғылыми деректерге жүгінсек, мұнара – алдымен қарауыл қарау үшін салынған құрылыс. Шу мен Сарысудан Қаратау қойнауларына дейінгі кең далада Ақкесене, Көккесене, Ақсүмбе атты ескі мұнаралар елесі бар. Ақкесене мен Көккесенеге археологтар талай рет барған. Амал не, бірінші табылған кезінен қазіргі күйі əлдеқайда нашарлаған. Керісінше болуы керек еді. Қазақта ежелден «төбесіз жер болмайды, төресіз ел болмайды» деген мақал бар. Төре тегінің өкілі рулы елді басқаруға, ал төбе алыс-жақынды шолуға керек. Тегіс далада келе жатқан жауды тек осындай қарауыл мұнараға шығу арқылы байқай алады. Сосын бір мұнарадағы қарауыл екіншісіне белгі береді. Демек, сайын даладағы мұнаралар бір-біріне көрініп тұруы керек. Солай жау хабарын жеткізеді. Түркістандағы Ясауи атын дағы

Р

ЖЕ Р Ы ҰМ

Ж

қазақ-түрік университеті Ар хеология ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сағынбай Мұрғабаев Қаратаудың теріскейіндегі Созақ ауданында сақталып қалған Ақсүмбе қарауыл мұнарасын зерттеген. «Мұнда күндіз түтін салу, ал түнде отты алаулата жағу арқылы айналаны сақтандырып отырған» дейді. Осы тақырыпты байыптап жүрген жəне бір белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуов мұнаралар бағдар алу үшін де қажет болғанын айтады жəне оған мысал ретінде көне аңызды келтіреді: «Мына Таразды Қарахан деген хан билеп тұрады. Сонда бір күні алыстан Үндістаннан ба, Парсыдан ба келген керуенбасы ханның қабылдауында болады. Сый-сияпатын беріп, кетерінде «дат» дейді. Сосын хан «датың болса айт» дейді. Сонда анау: «Хан тақсыр, мынау Мойынқұмнан өту үш күндік жол, бірақ үш айлық азабы бар. Керуен адасып кетеді, адамдар шейіт болып жатады. Сіз соған бір белгі салсаңыз» депті. Сосын керуенбасы шығып кеткеннен кейін хан өзінің уəзірлеріне мұнара салғызған дейді». Осы əпсанадан белгілі болған дай, көшпелі елге мұнара жолды бағдарлау мен жауды байқау үшін керек десек, отырықшы халықтарда үшінші қажеттілік бар. Ол – мұнараның ішіне отырып алып, келе жатқан жауды ату. Таудың тар соқпақтарында бұл ең қолайлы бекініс түрі болмақ. Кавказ республикалары мен Түркияда тас мұнараның талай түрін көргенбіз. Үстінде оқ ататын қуыстары, астында ат байлап қоятын қалқасы бар. Бұрылыстан шыға келген адамның алдынан кенет биік бекініс пайда болады. Келуші есін жиғанша аңдап тұрған мұнарадағы бірінші қимылдамақ. Кавказдағы мұндай мұнаралар тастан салынғандықтан жүздеген жылдарға шыдас беріп тұр. Біздегі саманнан соғылған Ақкесене, Көккесенелерге қарағандағы артықшылығы сонда. Осымен алыстан сорайып тұратын ғимараттардың ежелгі қызметтері бітті ме? Жоқ, төртіншісін айтпай кетіппіз. Əр халық мемлекет құрып, бір тізгінге бағынғанда сол үшін орталық салу керек. Қазіргі тілмен – астана, бұрынғысынша айтқанда – байтақ керек. Орталық Азияда бірі ыдырап, бірі құрылып, ондаған мемлекеттің өмір сүргені белгілі. Солардың астаналары бірбірімен бақ таластырған, сəулет асырғысы келген. Осы тұста келе жатқан жолаушыға алыстан бой көрсететін мұнараларға ерекше мəн берілген. Ол бас қаланың ортасында неғұрлым биік болып салынса, мемлекеттің күш-қуаты, бай-дəулеті соғұрлым мығым деп есептелген. Ондай мысалды ежелгі астана болған Бұқара қаласынан көруге болады. Бұқарадағы атақты Калян мұнарасын тұрғызуға ХІІ ғасырда Арслан хан əмір етіпті. Соның алдында бұрынғы мұнара құлап, қасындағы мешіттің үстін басып қалған. Ислам діні Орталық Азияға енді дендей бастаған тұс, мұнараның мешітке құлауы жақсылықтың нышаны емес еді. Осы тарихты естігенде ойымызға ақын Мұхтар Шахановтың мына шумағы оралсын: Тағдырыңа өкпе айтып құлама, Құламасын біздер сенген мұнара. Ең бір ауыр қоштасардың сəтінде Жыламаймын, айнам, сен де жылама. Бұл шумақ үзіп алынған дастан да Орталық Азияның бір оқиғасын сипаттайтын. Поэманы түсіндіру мен таныстыру – біздің міндетке жатпайды, əдебиетке үш қайнасақ сорпамыз қосылмайтын журналист қанамыз, тек құлаған мұнара туралы айтып жатқанда ойымызға оралғаны ғой. Сонымен құлаған мұнараның орнына жаңасын салуға Бако атты шебер алғызылған. Ол мұнара салынатын жерді жеті кез етіп терең қаздырады. Қазіргі мамандардың көзімен қарасақ өте орынды шешім. Қытайда, Кореяда, Біріккен Араб Əмірліктерінде жүргенде талай байқағанбыз, ғимарат неғұрлым биік болса, соның іргетасы да соғұрлым тереңге түсуі тиіс. Мысалды алыстан іздемей Астананы қарасаңыз, 88 қабатқа талпынған «АбуДаби плазаның» іргетасты өте тереңнен құйылып шықты. Жеті кез, яғни он метрлік апанды қазғызған Бако маңайдан түйенің сүтін жинатады. Лайды сол сүтке илетіп, шұқырды толтырады. Содан кейін бас құрылысшы

үшті-күйлі жоқ болып кетеді. Екі жыл ел шеберді таппайды. Екі жылдан соң өзі пайда болып, шұқырдағы бір кездегі лайын тексереді. Ол жер тас болып қатып, балтаның жүзіне үгітілмейтіндей шеген болып шығыпты. Міне, осыдан кейін əлгі шебер күйдірілген кірпіштен мұнараны қалап шыққан. Жер үстіндегі биіктігі – қырық жеті метр. Төмендегі шеңберінің диаметрі тоғыз метрі болса, жоғарыдағы шеңбері – алты метр, демек сүйірленіп біткен. Мұнара түбіне оның салынған уақыты мен салғызған əміршісі жазылған. Осы Калян мұнарасына кезінде Қадыр Мырза-Əлі өлең арнаған. Тұтасымен келтірудің реті келмес, бірақ түйдектүйдек теңеулері тілге орала береді. «Уақытқа мат қоятын ферзің бе?» дейді. Əлемдік ойлы спорт ойындарының ең күрделісі саналатын шахматтың осы өңірден шыққанын, əрі мұнараның он ғасыр мыңқ етпей тұрғанын ескерсек, орнымен табылған ғажап теңеу емес пе? Немесе мынасы... жоқ, бұл теңеуді толық шумағымен келтіру керек екен. Қалып заман дауына, Қор болғанда мың арман. Бас игізбек жауыңа Бармағың ба шығарған! Орталық Азия – қай заманда болмасын жортуылдар ортасында қалған аймақ. Бір жаулаушыдан құтылғанша келесісі шаң беріп қалады. Соның бəріне сес көрсетіп мұнара тұрады. Бұл орайда тек Боканың қыштан ғажап ескерткіш қалаған шеберлігіне ғана емес, Қадырдың жай сөздерден таңдай қағарлық өлең туғызған талантына да тəнтіміз. Сонымен мұнара тұрғызудың тарихтағы төрт қажеттігін түгендедік. Ендігісі – осы заманның мұнараларының не үшін қажеттігін сөз ету. Тоқтай тұрыңыз, ежелгі заманда мұнараның тағы бір түрі болған. Оны бізден гөрі жазушы Мұхтар Мағауин жақсы сипаттаған. Бұл – ...адам басынан тұрғызылған мұнара. Жаулаушылар өзіне қарасты, тіпті одан тысқары елдерді қорқынышта ұстау үшін арнайы тұрғызатын болған. Кəллəдан, яғни бас сүйектен үйілген мұндай мұнара кезінде Шу бойында болғанын жазады қаламгер. Біз өз тарапымыздан Америка құрылығына барғанда жаулаушылардың бизондардың бас сүйегінен мұнара тұрғызғанын мұражайдағы суреттен көргенімізді қосар едік. Онда бизонды қыру арқылы үндістерді жер бетінен жойып тастау көзделген. Далада жел соққанда адамның тұла бойын азан-қазан етіп азалы дыбыс шығаратын, оны есту қаншалықты үрейлі болса, дөңгелете үйілген бас сүйектерді көзбен көру одан қорқынышты шығар. Рас, ондай мұнара үйгізген дəуірлер мен əмірлер алыста қалды. Бірақ, адамзат жылнамасы үшін өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қазаққа қарсы геноцид, жетпісінші жылдардағы Пол Пот пен жендеттерінің Кам боджа халқына қырғыны бірақ соншалықты алыс та емес. Қош, бас сүйектен тұратын мұңды мұнаралар туралы жазғанда қызылордалық ақын қыз Назгүл Бердіқожаның мына шумағы ойымызға оралды: Аспаннан қиып ақ көйлек кидім бұрала, Айтпаймын саған, ақыннан ақыл сұрама! Айбаты бар да, азанын ешкім естімес, Өмірім менің – мұңнан тұрғызған мұнара! Сөзді түйіндесек, бас сүйек терден үйілген мұнара – халықты қорқыту мен үркітуге қажет, демек оның бесінші түрі болды. Тарихты қопарып болсақ, осы заманғы мұнараларға қатысты қызықтар мен қиындықтарды термелеу керек. 3. БАЙЛАНЫСТЫҢ БƏЙТЕРЕГІ Киевте күн жауынды еді. Жа сыл төбелер арасын, Днепрдің екі жағасын қуалай салынған Украинаның астанасына бірнеше рет келгенбіз. Бұл қалада каштан гүлдегенде тіпті, тамаша. Көктемнің бір белгісі – каштанның гүлдегені болса, екінші белгісі – жауынның көптігі. Жауын болған соң найзағай қоса жүреді. Осы ежелгі қалада қалай күн күркіреді, солай Сырец аталатын төбеге салынған телемұнараға жай түседі. Бір ғажабы, одан телемұнара зардап шекпейді. Биіктігі 385 метрлік алып құрылғының бас инженері Николай Приходко өздері үшін жайдың отының түсуі үйреншікті құбылыс екенін айтады. «Жасын мұнара бойындағы жай тартқышты қуалап барып жерге сіңіп кетеді. Сондықтан мұнара ешқашан істен шыққан емес» дейді бұл маман. Киевте жай ойнап жатқанда бұлтқа басын шаншыған телемұнараға қарап тұрып украин ақындары емес, өзіміздің Мұқағали тілге оралған: Көктем де келер, от ойнар əлі аспанда, Көгерер əлі кəрі емен, қайың, жас тал да. Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле, Аспанда алапат зарядтар жағаласқанда. Жоқ, осы заманғы технологияға дүлейдің шоғы қорқынышты емес. Жай оты түскеннен құлап қалған телемұнара жоқ көрінеді. Кезінде Кеңес Одағының мақтанышы болған Останкино мұнарасына орта есеппен жылына 80 рет жай түсетін. Одан келген қатер жоқ. Рас, ХХІ ғасыр басында бұл мұнарада жойқын өрт шықты. Бірақ, оған көктегі зарядтың қатысы болмаған, адамдардың жауапсыздығы себепкер апат екен. Біз бірден телемұнараға түскен жай отын сипаттап кетіппіз, жалпы негізгі əңгіме мұнараның қажеттігі жайында емес пе еді. Иə, мұнай өндірісінен кейін мұнара салу кезегі байланыс саласына келді. Əсіресе, ол телерадио хабарларын таратуда ең қажет қондырғыға айналды. Радио мен телевизия күнделікті өмірге енгелі көп болған жоқ. Өздері қазақ үшін Айман-Шолпан сияқты егіз ұғым. Алдымен радионы жазу сырымыз: ол дүниеге бірінші келген. Алғашқы радио қабылдағышты 1895 жылы орыс

www.egemen.kz

өнертапқышы Александр Попов ойлап тапқанмен, оған екі жылдан соң итальян Гульельмо Маркони патент алған, яғни жаңалықтың иесі атанған. Ал бейнені жеткізуді отыз жылдан кейін ағылшын Джон Бейрд жүзеге асырған. Біртіндеп радио жəне бейне белгілерін алысқа жеткізу ойластырылды. Ол үшін тарату мен қабылдау антенналары жасалды. Ақыры адамзат бұл мəселені телемұнара тұрғызу жолымен шешуге кіріскен. Кеңес Одағындағы телерадио хабарларын тарататын алғашқы мұнара əдеттегідей Москвада салынғаны түсінікті. Қожасы бастамай тұрып, қолжаулықтарының табаққа қол сұқпасы хақ. Алғашқы мұнараны инженер Шухов жасайды. Оның жобасында мұнара бірден 350 метрге жетуі керек еді, бірақ материалдың тапшылығынан 150 метрмен шектелген. Іші сақиналы, сырты айқыш-ұйқыш темірден тұратын мұнара 1922 жылы іске қосылған, əрі Мəскеудегі ең биік қондырғы саналған. Айтпақшы, құрылыс кезінде апат болып, Шуховты сол үшін ату жазасына кеседі. Ол жазаны құрылыс біткенше кейінге қалдыра тұрыпты. Шуховтың тағдыры кейін не болғанын қайдам, ол тұрғызған мұнараның тағдыры əлі шешілген жоқ. Оның басына алғаш рет бұлт 1941 жылы үйірілген. Фашистер Москваның іргесіне таяп қалғанда мұнара миналанған. Астана басқыншыдан аман қалған соң, Шуховтың сəулет туындысы да сақ талған. Бірақ, кейінгі жылдары жұмыссыз, сондықтан Ресей үкіметінің қамқорлығынсыз қалған бұл телерадио хабар таратқышты бұзып тастау туралы сөз қозғалуда. «Бұл мұнара тозғандықтан жақын уақытта өз-өзінен құлауы мүмкін, ондай жағдайда 150 метрлік маңайда адам шығыны болады» деп ескертеді Ресей байланыс министрінің орынбасары Александр Волин. Ал оған Мəдениет министрлігі қарсы. «Бұл – мəдени мұраға жататын нысан, сондықтан бұзылмауы керек» дейді ондағылар. Əрі тарт-бері тарт жағдай қашан шешімін тапқанша өзімізге көзтаныс, бір кезде Кеңес телевизиясының маңдайдағы маржаны болған мұнара, шынында, құлап түспесін. Адамзат тарихында мұндай темір құрастырмалы мұнаралар бір емес, бірнеше рет құлапты. Болат кесінділерінен құрастырылған ең биік мұнара Польшадағы Константинов қаласында тұрғызылған. Бірақ 1991 жылы қатты дауыл кезінде құлап түскен. Сол тұста экономикада «шошытып емдеуді» бастан кешіп жатқан поляктар үшін бұл «жығылған үстіне – жұдырықтың» кері еді. Арада он жылдан кейін АҚШ-тың Небраска штатында келесі темірден құрастырылмалы телемұнара бір жағына жамбастап жата қалған. Осының бəрінің мысалынан кейін Шаболовкада тұрған Шухов мұнарасының тағдыры не болар екен дейсіз. Қазір ол елеусіз де иесіз қалды, бар міндетті 1967 жылдан бері 540 метрлік Останкино өз мойнына алған. «Қалдыру керек пе, жоқ қирату керек пе» деген дауға кезінде Эйфель мұнарасы да қалған. Иə, біз сан түрлі мұнараларды сөз етіп отырып қалай оған соқпай өтеміз? «Əлемнің мəдени астанасы» атанған қалаға сапарымызда көркін тамашаладық, сырына қанықтық. 1889 жылы Парижде Бүкіл жаһандық көрме өтетін болады. Ол француз революциясының 100 жылдығына арналмақ. Қала басшылығы осыған орай уақытша көрме қонақтары астынан өтетін арка салуды ұйғарады. Үш жыл бұрын жарияланған байқауда 107 үміткер арасынан инженер Эйфельдің жобасы таңдалған. Екі жыл екі ай жəне бес күнде 300 жұмысшы құны 7,8 миллион франк болған мұнараны тұрғызған. 1889 жылы 31 наурызда көрме ашылардан бірер ай бұрын Эйфель қала басшыларын 1710 баспалдақты мұнараға көтерілуге шақырған. Бұл мұнараны салуға Париждің зиялы қауымы əу баста қарсы болыпты. «Айқыш-ұйқыш темір қондырғы қаланың қайталанбас көркін бұзады» депті. Сондықтан бастапқы шарт бойынша мұнараға көрмеден кейін тек 20 жылдық ғұмыр берілген екен. Сол 20 жыл бітуге жақындағанда Эйфельдің туындысының басына бұлт үйірілген. Бұл дүниеге радио байланысы келген кезең. Радио бүкіл Парижді қамтуы үшін биік антенна қажет. Дайын мұнара тұрғанда ар тық əуреге түспей, оның басына сым орнатылады. Сөйтіп, Париждің айтулы ғимараты жаңа міндетке кіріседі. Иə, телевизия мен радиолардың белгісін тарататын мұнара неғұрлым биік өрілсе, хабар соғұрлым алысқа жетеді. Сондықтан құрылыс технологиясы дамыған сайын инженерлер болашақ мұнара жобасын биіктете түседі. Біртіндеп мұндай асқақ ғимараттар əр қаланың маңдайына басқан белгісіне айналатын болды. Бір-бірімен бəсеке құралына айналды. Бəсекенің нағыз үлгісі Алматы мен Ташкент арасында өтті. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында одақтас екі республика бірдей мұнара салуға кіріседі. Бастапқыда Ташкенттің зəулімі Алматыдағыдан сəл биік етіп жобалаған. Мұны білген Қазақстан басшылығы құпия түрде Теміртаудағы металлургия зауытына тапсырыс беріп, сол арқылы мұнараның биіктігін бəсекелестен бес метр дей арттырған. Бұл құпия ны əлдекімдер астыртын түрде Ташкенттегі басшылық құлағына сыбырлапты деседі. Ондағылар да құпия түрде өз зəулімдерінің ұшындағы антеннаны он метрге өсіруді ұйғарған. Бір ғажабы, қазақ басшылығының астыртын шешімі өз ағамыз өзбектерге мəлім болады да, олардың құпиясы қазақтар үшін сол құпия күйінде қалады. Туыстас екі халықтың мінез-құлқындағы бір айырмашылық осында шығар дейміз. Сөйтіп, екі мұнара ресми түрде қатарға қосылғанда Алматыдағының биіктігі – 371.5 метр, Ташкенттегінің биіктігі – 375 метр болып шығады. Біз биіктіктен ғана ұтылмадық. Екеуін салыстырып қарағанда Ташкенттегінің шығыстың шырайына сəйкес сəнді салынғаны көзге ұрып тұрады.

9 Тіпті, үш жағынан тіреген мосының өзі оған дала халқының сипатын беріп тұр. Бұл алдымен жердің тітіреуінен сақтау тəсілі болғанмен, архитектуралық жағынан сəтті шыққан. Ұтылыс мұнда ғана емес. Ташкенттегіні мейман, Алматы дағыны журналист ретінде көріп шыққан соң біздегі мұнарада мейрамхана жоқтығы кемшілік болып табылатынын мойындадық. Ташкент телемұнарасында бір емес екі мейрамхана бар. Бірі еуропалық, екіншісі таза өзбек мəзірін ұсынады. Тоқсаныншы жылдар басында Көктөбедегі мұнарада «Максим» ресторанын ашамыз деп сонау Франциядан делегация келгенін хабарлаған тілшінің бірі біз едік. Бірақ əдеттегідей «су аяғы – құрдымға» дегеннің кері келді. Ең соңғы ұтылыс: Көктебедегі мұнараға көлденең көк аттыны жолатпайды, бұл таза техникалық ғимарат санатында, ал Ташкенттегі зəулімде келушілер үшін мейрамхана тұрмақ мұражай жұмыс істейді. Өйткені, ол «Əлемдегі ұлы мұнаралар» атты дүниежүзілік қауымдастыққа мүше екен. Сондықтан, төменгі кіреберіс қабатында жер бетіндегі барлық ірі мұнаралардан хабардар ететін мұражай жұмыс істейді. Өкніштісі, «көлденең көк аттыны жолатпаймыз» деген ұстанымдағы Алматының мұнарасы өз ниетімен Ұлы мұнаралар қауымдастығына мүше бола алмас. Осымен бұрынғы Кеңес Одағындағы, кейінгі бары мен жоғынан келіп-кетер ештеңе болмайтын ТМД аталатын құрылым аумағындағы ерекше мұнараларды сипаттап бітсек керек. Енді өзге елдердегі өзіміз көрген телемұнараларды сипаттайық. 4. ЗАМАННЫҢ ЗАҢҒАРЛАРЫ Инженер Шуховтың құрылысы бастапқыда радио хабарларын таратуға арналса, Жер үстінде бірінші рет арнайы телемұнара Берлинде тұрғызылған. Оның биіктігі 150 метр, салмағы 600 тонна екен. Қазіргі өлшеммен баланың деңгейі сияқты. Кейін екінші рет салынған Берлин телемұнарасына көтерілгенбіз. Тіпті, ондағы телекафеден дəм татып, қайта қосылған Германия астанасының көркіне көз салғанбыз. Жарты сағатта айналмалы кафеден Берлиннің төрт пұшпағын түгел көре аласыз. Биіктігі 368 метр болатын асқақ мұнараның біз отырған тостағаны жер бетінен 204 метр жоғарыда еді. Бұл алып тостағанның көлденеңі – 32 метр. Төрт жылғы қарқынды құрылыстан соң бұл мұнара 1969 жылы 3 қазанда пайдалануға берілгенде жергілікті тұрғындар мына құбылысты байқаған. Күн сəулесі жоғарыдағы тостағанға түскенде, онда көзге крест елесі шағылысады. Сол үшін сəулетшіні мемлекеттік қауіпсіздік мекемесі тергеуге алған деседі. Өйткені, ол кезде мұнара Берлиннің социалистік бөлігіне ГДР басшыларының ұйғарымымен жəне кеңес басшыларының қолд ау ымен салынған болатын. Осы алып тебенді тұрғызу туралы шешімді қабылдаған социалистік Германия көсемі Вальтер Ульбрихт қайтыс болған соң телемұнараны кекесінмен «Ульбрихтың мемориалды шіркеуі» деп те атаған. Осы Берлиндегі телемұнарадан дəм татқан соң журналистік жолымыз бірнеше мұнараның төбесіне шығарды. Соның бірі – Какнес. Бұл Швеция астанасының көркі болған телехабарлар тарату орталығы. Əрине, Останкино немесе Ташкент мұнарасындай зəулім емес. Бар болғаны 155 метр. Оған 15 метрлік антенна жалғанған. Телемұнара үстіндегі жайлы кафеде Жанболат Аупбаев, Əділ Ибраев сияқты айтулы журналист ағаларымыздың қасында отырып Стокгольмнің ерекше сəулетін қызықтап едік. Батып бара жатқан күннің шапағы құйылған қала шатырлары, соңғы сəулені шағылыстыра жарқыраған шығанақтардың суы мен аяқ астынан қызғылт тартқан қалың ағашы əлі күнге көз алдымызда. Бір қы зығы қалаға мол төгілген күн сəулесі мұнара үстіндегі кафенің əйнектерінен өте алмайды. Осылай ойластырып жасалған арнайы терезелер іштен сырт жақты армансыз тамашалауға жағдай жасайды. Какнестің өзгешелігі – төрт қырлы етіп салынғанында. Бұған дейін Жер шарында біз көрген мұнаралардың ешбірінде қыр болмаған, түгелдей киіз үй сияқты дөңгеленіп салынған еді. Сəулет өнерінде өз дəстүрін сақтауда шведтерге жетер ешкім болмапты, олар телехабар тарату мұнарасының өзіне ұлттық көзқараспен қарапты. Тағы бір ерекшелігі – мұнараның айналасында шведтердің ескі ауылы сақталған. Ортасындағы мұнара сол ауылдың көне үйлерімен біте қайнасып кеткен. Жаңаны салу үшін ескінің бəрін түріп тастайтын алматылық сəулетшілер мен құрылысшылар осыдан неге үйренбейді деп ойлағанбыз сол жолы. Қытайға барған сапарымыздың бірінде тележурналист деп құрметтеп Шеньян қаласының телемұнарасына шығарған. Бұл – елдің солтүстігіндегі Ляонин провинциясының орталығы. «Мұнара провинцияның 50 көрнекі орындарының қатарында» деген жазу соқырға таяқ ұстатқандай. Жоғарыға жедел лифт көтереді. 305 метрлік мұнараның үштен екісінен асқанда мейрамхана бар. Осы жерде бізді Ляонин провинциясының телерадио басқармасының бастығы қарсы алып, қонақасы берген. 40-тан астам телеарнаны басқарады. Тоқтай тұрыңыздаршы, ең алғашқы біз естіген мұнара қазақтың ертегісінде емес пе! Кəдімгі «Қырық өтірікте». Естеріңізге түсті ме? Сонда жоғалған жылқысын іздеу үшін Тазша бала жерге құрығын шанышатын, оған қамшысын, қамшыға кездігінің қынын жалғайтын. Ең үстіне тебен инесін қадайтын. Егер осы заманғы зəулімдердің қай-қайсының пошымына қарасаңыз, соның қырық-елу есе үлкейтілген түрі ғой. Қайнар ОЛЖАЙ.

АЛМАТЫ – ТАШКЕНТ – БЕРЛИН – СТОКГОЛЬМ – ШЕНЬЯН – АЛМАТЫ.


10

8 сəуір

АЙ Р А С Н

www.egemen.kz

ЖА

2015 жыл

Қанат Жүнісов – əнші, актер, ақын, драматург. Бір адамның бойындағы төрт түрлі өнер. Оған дəлел оның Астана қаласында өткен «Жас қала, жас қаламгер» атты шығармашылық апталығы. Ақиқатын айтқанда, бұл – өнердің бірнеше түрін қамтыған алғашқы шығармашылық апталық. Шараның алғашқы күні дəстүрлі əн жəне поэзия кешінен басталды. Ел алдына үкілі домбырамен шыққан əнші Қанаттың орындауындағы Ақан серінің «Алтыбасар», Балуан Шолақтың «Ғалиясы» секілді аса күрделі əндер бірінен-бірі асып түсіп жатты. Əндердің арасында автордың өлеңдері оқылды. Əрі сол күні сахнада «Сөйле, сырлы сахна» атты тұңғыш кітабы мен «Əн қанаты» атты əндер жинағының тұсаукесері жасалды. Одан кейінгі бес күнде қазақстандық театрлар бес түрлі спектакльді көрсетті. Əдебиеттегі ең күрделі деп есептелетін драматургия жанрына қалам тербеген Қанаттың бұл салада да біраз белестерді бағындырғаны байқалады. Соңғы күні Конгресс-холл сарайында Қ.Жүнісов сөзін жазған танымал эстрадалық əндерден концерт өтті. Концерт арасында апталық иесі сомдаған рөлдерден үзінділер көрсетіліп, Қанатты актерлік қырынан да танығандай болдық. Сонымен, жеті түрлі кеш ұсынған шығармашылық апталық өткен жылы қыркүйек айының 22-сінде басталып, қыркүйектің 28-інде мəресіне жетті. Содан бері біраз уақыт өтсе де баспасөз бен əлеуметтік желілерде апталық жайлы əңгімелер толастаған емес. Жалпы, жақсы пікірдің көп айтылғанына қарап, төккен тердің еш кетпегенін көреміз. Елорда төрінде ерекше кеш өткізіп, елжұртты елең еткізген өнер иесі жайлы біз де сөз қозғап, сұхбат жасағанды жөн көрдік.

Əнші-актер Қанат ЖҮНІСОВ:

«Бізге ўлттыќ ґнерімізді дəріптейтін бір театр керек» – Қанат Құрмашұлы, кəсіби мамандығыңыз – əнші, актер. Дегенмен, біраздан бері қалам ұстап жүрсіз. Бірнеше салада еңбек жасау ауыр емес пе? – Əрине, ауыр. Менің ең бірінші алған мамандығым дəстүрлі əнші. Қазақстанның халық əртісі Қайрат Байбосыновтың дəрісін тыңдап, ұлы əншіден əндер үйрендім. Одан кейін ұстазым, белгілі актер Ергенбай Əбеуовтің кеңесімен Т.Жүргенов атындағы Театр жəне кино институтында музыкалық актер мамандығын оқыдым. Ол жерде Қазақстанның халық əртісі Кəукен Кенжетаевтан, кураторымыз «Құрмет» орденінің иегері Есім Сегізбаевтан, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Амангелді Сембин ағаларымыздан тəлім алдым. Оқуды бітірген соң Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына жолдамамен келдім. Бірақ, сол жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни верситетінің шақыруымен осы оқу орнына ауыстым. Ол жерде 10 жылдай дəс түрлі əннен, актерлік шеберліктен сабақ беріп, халық шығармашылығынан дəріс оқыдым. 2009 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының жетек шісі сыншы, драматург Еркін Жуасбек жұмысқа шақырды. Содан бері театр дың əдебиет бөлімінде қызмет етіп келемін. – Айтқандарыңызға қарағанда, шығармашылық апталық өткізуге дайындық ерте басталған сияқты. Апталық жасау идеясы қалай келді? – Оныңыз рас. Тек əнші ретінде, болмаса əн мəтіндерін жазған автор ретінде бұдан бірнеше жыл бұрын кеш өткізуге болар еді. Бірақ мен пьесаларымның сахналануын күттім, солардың ең жақсысын көрсетуді жөн көрдім. Апталықтың негізгі жүгін көтерген драмалық шығармалар. 4 театр 5 түрлі пьесамды ойнады. Ал концертте орындаған əндерді бұдан 25 жыл бұрын үйренген болатынмын. Жалпы, мен есеп берген соң бар дүниені толық көрсеткім келді. Жеті күнде əнші, биші, актері бар 180-дей адам қатысты. Бір апта бойы кеш өткізу үшін үлкен қолдау қажет екені де белгілі. Бұл тұрғыда Астана қаласы əкімінің бұрынғы орынбасары Аида Балаева ханымға айтар алғысым шексіз. Мəдениет басқармасының бастығы Б.Мажағұлов, өнер бөлімінің жетекшісі Б.Нұрпейісова апталықты ұйымдастырып, тиянақты өткізіп берді. – Сол кеште белгілі актерлар оқыған өлеңдеріңіз қай кезде жазылған? Алғашқы кітабыңыз жайлы айта отырсаңыз. – Оқылған өлеңдер мен монологтардың барлығы кітапқа енген дүниелер. Əрқайсысы əртүрлі уақытта жазылған. Алғашқы кітабыма тек сахнаға шыққан пьесаларды, көркемсөз шеберлері оқып жүрген өлеңдерді, таңдаулы сценарийлерді, əн мəтіндерін жинақтадым. Сахнаға, баспасөз беттеріне шықпаған шығармалар келешектің еншісінде. – Қазақ эстрадасындағы бір не ше топтың, белгілі əншілердің репер туарларындағы танымал əндер мəтіндерінің авторысыз. Ең алғаш қай əнге сөз жаздыңыз? – 2003 жылы Астанада «Бəйтерек» тобы құрылды. Ондағы азаматтар – менің достарым. Олар маған алғашқы əндеріне сөз жазып беруімді өтінді. Шындығын айтқанда, мен əнге мəтін жазам деген ойымда да болған жоқ. Оған деген ынта да, махаббат та болған емес. Алайда, достарымның өтінішімен «Ханшайым», «Сен», «Балғұмыр» деген алғашқы əндеріне сөз жаздым. – Жалпы, қанша əнге сөз жаздыңыз?

– 200-дей əнге. Сол 200-дің 40 шақтысы спектакльдерге жазылған. Ең қиыны – спектакльдерге жазу. Өйткені, спектакльмен байланыс болуы керек, «шеңберден» шығуға болмайды. Ал енді жеке əншілерге жазған кезде, өз қиялыңа ерік бересің. Бір айта кетерлігі, бір кезде сазгерлер ақынның өлеңін оқып шабыт алса, қазір ақындар сазгердің сөзі жоқ əнін тыңдап шабыт алатын болды. – Қай сазгерлермен шығармашылық байланыстасыз? – Қ.Баекенов, М.Салықов, Х.Шаңғалиев, М.Қабылов секілді жас сазгерлермен шығармашылық байланыс орнатамын. – Сіз дəстүрлі əншісіз. Əдетте, өзіңіз секілді халық əндерін орындайтын əншілер эстра да жайлы естігілері де келмейтін секілді... – Біріншіден, эстраданы да, дəстүрлі өнерді де ешкім тұншықтыра алмайды. Екеуі де халыққа керек. Қазір жаһандану заманы. Сырттан келетін ақпаратты, мəдениетті тоқтату мүмкін емес. Олардан қорғану үшін алдымен иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Яғни, хит болған шетел əндерінен кем соқпайтын қазақ əндері де жазылуы тиіс. Одан кейін мəселе эстрадада емес, мəселе дəріптеуде. Бір өкініштісі, дəстүрлі əндердің дəріптелуі өте төмен деңгейде. Мəселен, үкіметтік концерттерде қазір домбырамен əн айтылмайтын болды. Кілең опера, балет, скрипка. Анда-санда бағдарламаға қоса қалса, 4-5 əншіні қатар шығарып, 5-6 əннің бір-бір шумағын ғана айтқызады. Біз қазақ əндерінің қадіріне жете алмай жүрміз. Қазақтың аса күрделі, кең диапазонды, екі октавалы шығармаларын өз басым басқа ұлттардың музыкалық мұрасынан естіген емеспін. Өзге елдердің өнер зерттеушілері осыған қайран қалады. Эстраданы дəріптегендей дəріптейікші, дəстүрлі өнер ертең-ақ алдыңғы қатарға шығады. Бұл тікелей Мəдениет жəне спорт министрлігінің жұмысы. – Кезінде телеарналарда дəстүрлі əндерді, əншілерді дəріптейтін жоба болған еді. Қазір «Телқоңыр» деген бір ғана бағдарлама бар. Бірақ, бұл төл өнерімізді насихаттау үшін жеткіліксіз ғой... – Бізде театрларда, филармонияларда, ел арасында қаншама керемет талант бар. Олардың бəрін сахнаға шығарсақ, дəс түр лі өнерді жан-жақты дəріптер едік. Қа зақ станда 50-ден аса театр бар. Бұлардың бар лығында Шекспир, Чехов, т.с.с классиктердің шығармаларынан бастап, өзге ұлттардың туындылары басымырақ қойылады. Дұрыс. Халық əлемдік классикадан, əлемдік мəдениеттен сусындауы керек. Дегенмен, бізге тек қазақтың ұлттық өнерін дəріптейтін театр керек. Театр синтездік өнер болғандықтан, əнді де, биді де, жырды да, салт-дəстүрді де, бəрін бірдей сол театрда көрсете аламыз. – Өте үлкен тəуекел секілді. Жас театр тұрмақ, ондаған жылдық тарихы бар театрлардың өзінде репертуардың 70-80 пайызы аудармалар. Ұлттық драматургияның үлесі неге аз? Əлде драматург жоқ па? – Драматургияның тапшылығы тек бізде ғана емес, театры бар елдердің барлығына қатысты. Біріншіден, бұл – біздегі кенже жанр. Оның үстіне кеңестік идеологиямен жазылған көптеген шығарма қазіргі көзқарасқа сай болмай қалды. Қайта жазу мүмкін емес, авторлары өмірден өтіп кетті. Содан кейін құлашын кеңінен сермеп, том-том романдар жазып жүрген жазушылар драмаға қызықпайды да. Ал қазіргі санаулы драматургтердің шығармалары Қазақстандағы 50-дің үстіндегі театрдың барлығын қанағаттандыра алмайды. Кейбір пьесалар сапалы жазылса да салмағына шыдайтын режиссерді таппай тұр. Драма жазып жүрген қаламгерлерді екі топқа бөлуге болады. Біріншісі ақын-жазушылар, екіншісі режиссерлер. Бірінші топтағылар сахна заңдылықтарын білмегендіктен, жазғандары көрерменге емес, оқырманға лайық болып жатады. Екіншіден, жазушылардың басым көпшілігі театрға əкім, не министр келсе ғана

келеді. Сондықтан, театрға қандай шығарма керек екенін білмейді. Ал режиссерлер жазған пьесалар сахна заңдылықтары жағынан ақсамайды, есесіне тіл жағы өте жұтаң. Драматург жоқ деген пікір жиі айтылатыны рас. Анығын айтсақ жоқ емес, бар. Тек санаулы дер едім. Əкім Тарази көкеміз өзін бұл салада сонау 60-шы жылдарда-ақ мойындатқан. Д.Исабеков, С.Балғабаев, Т.Нұрмағамбетов, Иран-Ғайып, Р.Мұқанова секілді қаламгерлердің шығармалары қанша жылдан бері сахнадан түскен жоқ. Мен білетін, пьесалары (əртүрлі деңгейде) сахналанған 20 шақты адам бар. Тек өкініштісі, қазақ шығармалары бірен-саран болмаса, асқан сұраныспен өзге елдерде қойылып жатқан жоқ. – Кейбір пьесалар режиссерін таппай тұр деп қалдыңыз. Режиссерлердің жұмыстарына көзқарасыңыз қалай? – Маған Д.Исабековтің «Енді қайттік?», Т.Əбдіковтің «Ардагер», Р.Мұқанованың «Мысықтар патшалығы» сынды туындылары ұнайды. Астарлы дүниелер. Маған салса, барлық театрға қойғызар едім. Жаңылмасам, «Ардагер» ғана «Ұлы мен ұры» деген атпен қойылды-ау деймін. Одан кейін режиссерлік те аса бір дамып кеткен сала емес. Əрине, талғампаз режиссерлер жоқ демеймін, бірақ, олқы тұстары жетерлік. Ізденімпаз режиссер аз. Театр сыншысы Əшекең жарықтық «Сырласу» бағдарламасында «...ре жиссерлер кітап оқымайды...» деп қатты-қатты айтып еді. Шындығында, кейбір қойылымға қарап, режиссердің білім деңгейі көрінеді. Сосын Əшірбек аға: «Режиссерде он жазушының білімі болу керек...» дейтін еді. Ал Əкім Тарази: «Театр мен киноның негізі – əдебиет», дейді. Əдебиеттен ажырап қалған қойылымдарды экраннан да, сахнадан да көріп жүрміз. Ал аудармалардың ішінде адамзатқа ортақ жауһарлар бар. Ал кейде түкке тұрғысыз аудармалар қойылады. Бұл жер де тағы сол режиссердің өресіне байланысты. Ұлттық мүддеге зияны тиетін аудар ма ларды сахнаға шығарудың мүлде қажеті жоқ. Аудармалардың да «естісі бар, есері бар». – Театр сыншылары спектакльдерді жиі көріп тұра ма? – Бізде өнерге салиқалы сын айтатын Əшекең бар еді. Ол кісі өмірден өткен соң, маған, сыншы көп, сын жоқ заман келетін сияқты көрінеді. Əшекең сыншыға қажет барлық мектептен өткен адам еді. Сондықтан да көз мергендігі де, сөз мергендігі де мүлт кетпейтін. Ал бірлі-жарлы тəжірибелі сыншылар анда-санда болмаса, сынмен үздіксіз айналыспайды. Кейбір мүйізі қарағайдай режиссермін, театртанушымын, сыншымын деп кеуде қаққандардың спектакль талдағандарын көріп қарным ашты. – Сонда сыншылардың өзіне сын айту керек пе? – Мүмкін. Профессор Бағыбек Құндақбаев ағамыз: «Пьесаны оқымай, спектакльге сын айтуға болмайды», дейді екен. Өте дұрыс тұжырым. Кейде автордың жазғанын режиссер өз жанынан қосамын деп бүлдірсе, кейде режиссер болмашы шығарманы құлпыртып жібереді. Сыншы соның бəрін түбегейлі зерттесе, сынды авторға да, режиссерге де орнымен айтар еді. – Кейінгі уақытта сіздің драматургия жанрына бет бұрғаныңыз байқалады. Қандай тақырыптарға ден қойып жүрсіз? – Театрда репертуарлық саясат деген ұғым бар. Көркемдік жетекші репертуардағы əлемдік жəне ұлттық классиканың, заманауи шығармалардың үлесін жүйелеп отырады. Айталық У.Шекспир, А.Чехов, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, т.с.с алыптардың шығармаларынсыз театр шығармашылық биікке көтеріле алмайды. Сонымен бірге, заманауи туындылардың үлесіне қатты мəн беріледі. Негізінен, əркім өз жасына, талғамына сай спектакльді таңдайды. Мен жазған пьесаларда жастарға арнап жазылған махаббат тақырыбы бар. Қазір 60-70-жылдардағы көрермен жоқ. Бір DVD дискіден бірнеше фильм тамашалап,

компьютерлік эффектілерге үйреніп қалған жастарды шарттылыққа тəуелді театрды тамашалату үшін «əдептен озбайтын» жеңілдеу көріністерге баруға мəжбүр боламыз. Бұл əрине, фестивальға апаратындай салмақты дүние емес. Көрерменнің жетегіне еру ұғымына да жатпайды. Қаллеки театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Б.Ұзақовтың сахналауымен «Махаббат мелодрамасы» деген пьесам қойылды. Алғаш «Махаббат...» деген атына қызығып келіп, кейіннен театр өнеріне қызығушылығы артқан мектеп оқушылары қаншама. Сол балалар қазір «Абай», «Абылайханның арманы» сынды спектакльдерді үзбей көреді. Ал талантты режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ə.Оразбеков сахналаған «Сəкен сұңқар», «Əншінің пірі – Əміре» секілді қойылымдарға зиялы қауымды қысылмай шақыра аламын. Бір қайнауы жетпей театрларға əлі ұсынбаған пьесаларым да бар. Бəрін уақыт көрсетер. – Баспасөз беттерінде қазір қырық жасқа дейін драматург жоқ деген пікір айтылады. Сіз неге тізімде жоқсыз? – Драматург деп ат беретін халық пен уақыт. Мен бұл жанрға ден қойғалы 5-6 жыл болды. Егер жазғандарым ондаған жылдар сахнадан түспей жатса, талапқа сай болғаным. Керісінше, өміршеңдік танытпаса, əуесқойлар тізіміндемін. Қаламымды ешкім тартып алмас, шамам жеткенше жазамын. Қазір əлемде жүздеген театрда пьесалары сахналанып жатқан заманауи қаламгерлер бар. Соларға қызығамын. Жалпы, менің арманым – драматург болу. – Режиссерлер жайлы қаттырақ айтып жатырсыз. Өз пьесаларыңызды сахналаған режиссерлерге көңіліңіз тола ма? – Əрине, толады. Алғаш 2008 жылы «Ғашықтар хикаясы» деген комедиямды қойған дарынды режиссер Р.Есдəулетов. Рүстем марқұм мен жазған кішігірім комедиядан үлкен қойылым жасап шыққан. Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы колледждің студенттері А.Оспанованың жетекшілігімен «Алғашқы махаббат» атты комедиямды сахналап, Ресейде өткен халықаралық, студенттер арасындағы театр фестивалінде «ең үздік шығарма» деген номинацияны жеңіп алды. Д.Серғазин, Е.Кемал секілді 7-8 жас режиссер пьесаларымды қойды. Драматургия дегеніңіз, бұл – дəн. Оған су құятын, өсіретін, баптайтын – режиссер. Жемісін беретін актер. Үшеуінің бірінсіз бірінің күні жоқ. – Өнер жолындағы əзірге соңғы жаңалығыңыз болар, өткен жылдың соңында Анкара қаласында С.Сейфуллин рөлін ойнап келіпсіз. Сол жайлы айта отырсаңыз. – С.Сейфуллиннің рөлін алғаш 1998 жылы театрландырылған көріністе ойнадым. Содан бері С.Сейфуллиннің 110, 115, 120 жылдығында, деректі фильмдерде, телебағдарламаларда ойнап, «Сəкен сұңқар» атты бейнебаян түсірдім. Ақын ның 120 жылдығына арнап «Сəкен сұңқар» драмасын жаздым. Премьераны сəкентанушылар, академик Т.Кəкішев пен ғылым докторы К.Ахметова арнайы келіп көріп: «Бұл драманы Қазақстанның барлық театры сахналауы керек», деп жақсы пікір, жылы лебіздерін білдірді. Ал Анкарада халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен шарада Сəкеннің өмірі мен шығармашылығы, қайраткерлігі жайлы түркітілдес мемлекеттерге хабар таратылды, айтулы ғалымдар баяндама жасады. Тек өткен жылы Сəкен Сейфуллинмен бір жылда дүниеге келген Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұловтың тойлары ондай деңгейде аталмады. Егер, ұлттық өнер театры ашылса, қазақтың əр тұлғасы атаусыз қалмасы аян. Əсіресе, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде шетелдіктердің ең бірінші бас сұғар мəдени орны ұлттық өнер театры болмақ. Егер ниет болса, ұлттық өнер театры бой көтереді деген үмітім зор. Əңгімелескен Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.

● Тіршілік түйткілдері

ÑÓÐÅÒÊÅ ÒYÑÊ²Ì ÊÅËÌÅÉIJ

Көгілдір көктемнің көрікті кезі. Айнала масатыдай құлпырып тұр. Белес-белесті алқызыл гүл көмкерген. Саналуан гүлдер арасында ақ қанат көбелектер ұшып-қонып жүр. Арқадан ескен желкем жел бар. Алдымыздан əралуан бейне ағараңдады. Жақындағанда байқадық, түрлі жануарлардың макеті қойылыпты. Кинг-конг та, Дию да, Микки Маус та, аю да осында. Олардың жанына тұра қалып бір топ жолаушы суретке түсіп жатыр. Көз ұшына дейін көркемдікке кенелген кең далада ескерткіш суретке түсу де бір ғанибет. Фотографтар да ылдым-жылдым. Сізді бейне маңына бастап барып «олай тұр, былай тұр» деп өз ыңғайына бейімдеп алған соң фотоаппараттарын сыртылдатады келіп. Сұмдық сұлулыққа жан дүниеңіз де суарылып қалады сөйтіп. Ал, қолыңызға тез тиген фотоны алып жəне қуанасыз. Қаншасы керек? Қандайы керек? Лезде-ақ шығарып береді даладағы фотографтар. – Шіркіндер, бизнестің жақсы-ақ түрін тауыпты, – дейді автокөлік жүргізушісі. – Несі бар, қолдан келсе жұмыс жасағанға не жетсін?! – дейді жолсеріктерімнің бірі. – Дала деген дарқан ғой. Қарашы, көркінің өзі адамдарға керемет қаржы тауып беріп тұр, – деймін мен. – Осы даладан қозықұйрық тергендер де байып жатыр, – деп сөзімді қоштады Батырбек досым. Қалай болғанда да маған дала фотографтарының бұл бизнесі ұнады. Əрі-бері ағылған соншама жолаушыларға қуаныш сыйлап отыр. Еткен еңбектеріне орай азды-көпті қаржы да табуда. Есебін тауып күн көруді үйренген де жақсы. Бірақ, кейде осы əуесқой фотографтардан зəрезап болатын да кездерің болады екен. Бұл, əсіресе, бүгінде тойханаларда кездесіп қалып жүр. Той дегенде тартынбайтын халықпыз. Тамаққа деп тыққыштап жүрген соңғы теңгені болса да қалтаға басып тойға барамыз. Кейде осылай қымсынып-қымтанып отырғаныңда қалтадағы соңғы тиыныңды санап алатын жылпос суретшілер көбейді. – Қане, бері қараңыздар. Бір-бірлеріңізге жақындап отырыңыздар, – деп фотоаппаратының жарқыратқышын жалт-жұлт еткізіп жаныңызға жетіп келгенде, тырп ете алмай қаласыз. Қолайсыздау болса да қатардан қалмайын деп өтірік жымиғансисыз. Артынша фотобейнеңізді ұстап жылмаң қағып қасыңызға келеді. – Қанша? – 300 теңге. – Біреуі ме? – Иə, біреуі. – Ойпырым-ай, 300 теңгеге кішірегінен 6 фото, үлкенінен 3 фото алуға болады ғой. – Ой, ағай, бұл тойхана ғой. – Тойхана болса, қымбаттата беру керек пе? «Мына ағай тым сараң шығар. Кедей болса тойханаға келіп несі бар?» дегендей фотограф сізге жақтырмай қабақ шытып қарайды. Сіздің соңғы теңгеңізді санап келіп отырғаныңыз оның ойына да кіріп-шықпайды. Сол ойына кіріп-шықпағанынан ғой, қалаңыз-қаламаңыз қасыңызға келіп «олай отыр, бұлай отыр» деп суретке басып кетеді. Сосынғысы белгілі. Саудаласу. Керісу. Кейде осы фотографтарыңыз суретіңізді рамаға салып əкелетінін қайтерсіз. Сіз өтініш жасамасаңыз да. – Қанша тұрады, шырағым? – 2000 теңге. Үйге қайтуға деп такси үшін тығып отырған 1000 теңгені оған бересің бе, таксиске бересің бе? Тойға келген адамның сасқалақтайтын жері осы. «Керегі жоқ» дейсің, алғың келіп отырса да. «Онда рамасыз 300 теңгеге алыңыз» дейді желімдей жабысқан жарылқаушың. Қасыңда отырғандардан ұяласың. Сосын қолыңның қалтаңа қалай барып қалғанын сезбей қаласың, 700 теңгеге таксист көнсе жақсы болар еді. Кейде жомартсынып жаныңдағы жолдасыңа да бір фото сатып аласың. Сөйтіп, қалтада қалған 400 теңгеге такси ұстауға тура келеді. 600 теңгеге келіссе, қалғанын үйден бересің ғой. Осы тойханадағы «тегін» фотоға тойып-ақ біттім. Кейде той иелері мүлдем танымайтын, танығың да келмейтін əлдебіреулердің қасына отырғызады. Кейде тіпті тойда емес топалаңда, онда да Қособада күтіп алар текетіресің, іштей ұнатпайтын жылпостың немесе алаяқтың қасына əкеліп қоныстандырады. Мұндайда атыспаққа оқ таба алмай аңдысып отырасың. Осы кезде күлімдеп қасыңа фотограф келеді. Ол айшайға қарамайды, «қане, жиналыңқырап отырыңыздар» деп аппаратын шартылдатады келіп. Сытылып шығып кете алмайсың. Былай шыға-ақ ондай фотоның пəрше-пəршесін шығарып жыртып тастайын десең, онда өзіңнің де бейнең бар. Сондайақ, тағы бір-екі танысыңның немесе тойға ерте барған жанторсығыңның суреті болады. Сосын оны қалай жыртасың? Тойда «сен ұстап отыр» деп фотоны келіншектерімізге беретін əдетіміз бар. Олар сөмкесіне салып əкеліп, үйдің бір бұрышына қояды. Бұл «ана жолы пəленшенің тойында түскенбіз» деп көршілерге, болмаса «подругасына» көрсетіп мақтануына керек. Сонымен, біз суретке түсудің қуаныш пен өкініш сыйлайтын екі жағын да сөз еттік. Сіз қалай дер едіңіз, осы суретке түсу пайдалы ма, зиян ба? – Əрине, пайдалы, – дейсіз ғой. – Келісеміз. Бірақ, тойхана иелері, той иелері қызметтегі фотографтарға «келушілердің ықыласына қарай суретке түсір» дегенді қашан айтады? «Фотография» деген жазуды көрсем бүгінде жүйкем сыр беретін болыпты. Құдайақы, шыным сол, суретке түскім келмейді. Осындайда əлдекімдердің бір топ адаммен суретке түскелі жатқанында жылмаң етіп орталарына тұра қалатыны, əлдеқандай жиналыстан соң белгілі кісілерді танымаса да қолтықтап тұрып рəсімге түсетіні, осы бейнелерді өзі шығарған кітаптарға тықпыштайтыны еріксіз еске түседі. Сосын суретке деген қалтқы сезім жүрекке салмақ түсіреді... Сабырбек ОЛЖАБАЙ. ШЫМКЕНТ.


8 сəуір 2015 жыл

АС Р А Қ КӨЗ

Біздің бұл жолғы әңгімеміз ғасырлар бойы тектік қорымыздың кемелденуіне оң ықпал етіп, ұлттық элитаның дәуірлеуіне теңдессіз үлес қосқан, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін өмір сүрген полигамиялық (көп әйел алушылық) неке хақында. Бұл – біздің бабалар жүріп өткен тарихи жол. Тектілік тақырыбы сөз болған жерде мұны айналып өту – мүмкін емес. Бүгінгі заман биігінен көп әйел алушылықты тек ескінің сарқыншағы деп ұғыну сыңаржақ көзқарас болар еді және оны қазіргі таным тұрғысынан зерделеу, көтерілген мәселенің барлық қырын ашуға мүмкіндік бермесі анық.

Көне дәстүр: күнгейі мен көлеңкесі Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты.

Ислам үйленетін əйелдер санын төртеумен шектеген жəне олардың бəріне бірдей адал болу шарты қойылған. Көп əйелге үйлену мəселесін ислам тек орынды себептерге байланысты, белгілі бір жағдайларды түзеу мақсатында ғана жол берген. Ол соғыс кезінде ер адамдар майданда опат болған жағдайда, яғни əйелдердің көбі қамқоршысыз қалғанда, кейде əйелдің денсаулығына байланысты (созылмалы ауру, бедеулік) кедергілерде жеңіл жүріске тосқауыл қою мақсатында ер адамға тоқал алуға рұқсат етіледі, əрі тоқалы бəйбішесімен тең құқылы болып табылады (Махмуд Хамди Зақзұқ. Исламды қаралауға қарсы жауап // Ақиқат, 2005. -№4.-35-36-б., Шоқым Г.Т. Қазақ тіл білімінің гендерлік тұғыры. А., 2007.-62-б.). Десе де, дəстүрлі қазақ қоғамында бəйбішенің өзге əйелдерден шоқтығы биік болғанын атап өткеніміз жөн жəне шариғат рұқсат еткен полигамиялық некенің белгіленген өзіндік қатаң тəртібі болған. Ешбір себепсіз бірнеше əйел алу қатардағы жай еркектер үшін оңайға тимеген. Бұл туралы Колгейт университетінің профессоры (АҚШ) М.Б.Олкотт қазақтардың көбі жалғыз əйел алды, екі жəне одан көп əйел алғандар сирек кездеседі, өйткені, қазақ дəстүріне сəйкес əр əйелдің өз отауы болуға тиіс, сондықтан көп əйел алу бай адамдардың ғана үлесіне тиді деп жазады (Марта Олкотт. Қазақтар. Стэнфорд, 1987. 3-27б. //Есмағамбетов К. Қазақтар шетел əдебиетінде. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994.69-б.). Батыс Сібірге саяхат жасаған неміс саяхатшысы А.Брэм мен О.Финиш «Ислам дінін ұстанатын мұсылмандар болғасын, қырғыздардың бірнеше əйел алуларына жол беріледі. Бірақ түріктер мен мормондардың тəжірибесінен көріп жүргеніміздей, тек бай адамдар ғана мұндайға бара алады, себебі, қалыңдық үшін берілетін қалың малдың құны өте үлкен. Қырғыздардың (қазақтардың) көпшілігінің бір-бір əйелі бар, ауқаттыларының өздері екі-ақ əйел алғанмен қанағаттанады» деген түсінік береді (Путешествие в Западную Сибирь доктора О. Финиша и Брэма. М., 1882.). Сонымен, көшпелі қазақ қоғамында полигамиялық некеге негіз болған басты себептердің бірі, бəйбіше мүлдем бала көтермесе не ұл тумаса, не аурушаң болса, не күйеуі өліп жесір қалса, т.б. себепті жағдайларда еркек сондай қадамға барған. Мысалы, қазақтың біртуар перзенті Мұстафаның əкесі Шоқай (Шоқмұхаммед) екі əйел алған жан. Алғашқы əйелінен бала болмаған. Кейінгісінен бес бала – екі қыз, үш ұл көрген. Шоқмұхаммед ортаншы ұлы Мұстафаны елу бес жас шамасында сүйген. Мұстафа ағасы Сыздықтан он бес жас кіші. Əлем таныған текті тұлғаның атасы Торғай Сыр өңірінде өте беделді адам болған. Бұл өңірді Қоқан хандығы билеген кезде Торғай датқа дəрежесіне көтерілген. Мұндай мысалдар қазақ тарихында жеткілікті. Демек, қазақ үшін көп əйел алудың негізгі сыры тектің тамырын үзіп алмай кейінге жалғау аңсарымен тікелей байланысты болса, екіншіден, қазақ жесірін қаңғытпаған ел. Əмеңгерлік салтымен ұрпақ жалғастығын сақтап отырған. Осыған дейін əмеңгерлік ғұрпының сəулелі жақтары да бар екеніне мүлде мəн берілген жоқ. Күйеуі өліп, жесір қалған жас əйелге марқұмның жақын туыстарының біреуі əмеңгерлік жолымен үйленуге құқылы саналатын. «Келін ерден кетсе де, елден кетпейді» деген сөз – осы əмеңгерліктің куəлігі. Дұрыстап тереңнен үңілген адамға əмеңгерлік ғұрпының ең бірінші көздейтіні ұрпақ қамы, жетімді жат босағаға телміртпеу. Қазақтың əмеңгерлік салты қара жамылған шаңырақтың өмір талқысының құрбаны болып кетпеуін көздеуден туындағанын дəлелдейді. Əмеңгерлік салты жасы келген, үйлі-баранды, балалы-шағалы əйел жесір қалғанда қолданылмайды, тек жас, əлі де

бала туа алатын əйелдерге жүреді (Қалиев С.,Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дəстүрлері. А., 1994. 131-б.). Осы тұста ерекше назар аударарлық нəрсе əмеңгерлік (левират) ғұрпы ұлтымыздың қаймақтары саналатын талай тарланбоздардың тағдырына да тікелей қатысты. Деректерге жүгінсек, Құнанбай өзінен кейінгі інісі Құтпамбет (Құлмұханбет) қаза болған соң, оның атастырған қалыңдығы Ұлжанмен отасқан. Тарқатып айтсақ, інісі жастай бақилық болып, Ұлжан «қыздай жесір» қалыпты. Құнанбай Күңкеден кейінгі екінші əйелі қылып, текті жердің қызы Ұлжанды тоқалдыққа келіндей алған. Осы некеден Абай дүниеге келген. Кейін Абайдың өзі де інісі Оспанның əйеліне əмеңгерлікпен үйленген. Көтеріліп отырған мəселені аша түсетін, бұрын көп назар аударылмаған тағы бір тарихи дерек: Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі Қаныш Сəтбаев – Имантайдың екінші əйелінен туған. Имантай қырық жеті жасқа келгенде екінші рет үйленіп, қазақ тарихындағы текті əулеттердің қатарынан орын алатын атақты Шорман ауылында жесір отырған жас əйел Əлиманы алыпты. Дүниеге Қаныш келгенде Имантай өз болысының биі болған екен. Ол сөзге шешен, қазақтың мақалмəтелдеріне жетік, əн салып, домбыра тартатын жан болыпты. Академик Ə.Х.Марғұлан Е.А.Бөкетовке жазған хатында: «Қаныштың сыпайылығы, көп білуі əкесінен ауысқан қасиет. Оның əкесі Имантай осы күнгі университетте оқытып жүрген профессорлардың көбін үйрете алар еді. Ол кісі өзінің байтақ білімімен Г.Н.Потанинге де көп көмек көрсеткен» деп айтқан екен. Қаныштанушы Медеу Сəрсекенің деректеріне жүгінсек, Қанекеңнің де екі əйелі болған. Демек, бірнеше əйел алу салты сол кездегі қыз-келіншектердің мүддесін қорғаудан туындаған. Ұлттық мүдде əйел адамдар бойындағы қызғаныш сезімінен жоғары тұрған. Тоқал алу құбылысын тек нəпсіқұмарлықпен байланыстыру сияқты сыңаржақ көзқарас, мəселенің ішкі мəнін терең түсінуге мүмкіндік бермесі хақ. Мұның астарында құлаққа əбден сіңген «қазақ байыса қатын алады» деген түсініктен шығатын мал-дəулетті шашу емес, көшпелі өмір қажеттілігінен туындаған текті сақтау, ұрпақ қамы, ұлт мүддесі, ел болашағы сияқты ұлы мұраттар жатқаны аңғарылады. Түсінген жанға ұлт ұтылмаған жердегі нəрсенің бəрі ұлықтауға лайық. Ой орамында мына нəрсе де ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, тұқымның асыл болуының көзге көп байқала бермейтін тағы бір қыры ері мен əйелінің жас алшақтығы. Тектілік феноменінің тағы бір құпиясы: сақайып, егде жасқа жетіп, ақыл-парасаты толысқан, бойынан күшқайраты қайтпаған бабындағы еркек пен толықсыған жас тоқалдан көп жағдайда кемеңгер ұрпақ туатыны дəлелденген. Мұны дəйектейтін деректер аз емес. Бұған басқа халықтардың тарихында да мысалдар жеткілікті. Қытай халқының ұлы ойшылы Конфуций дүниеге келгенде əкесі 70-тің үстінде, шешесі 17 жаста болған көрінеді. Ата қазақта «қарт бойында қалаш бар» деген мəні терең сөз бар. Мамандардың пікірінше, өзінен гөрі жасырақ əйелмен төсек жаңғырту егде тартқан еркек бойына күш-қуат беріп, оны жасартады екен. Жаһанға танымал жарқын тұлғалардың ата-аналарының арасындағы жас айырмашылығына кезінде кеңес ғалымдарының өзі ерекше назар аударған болатын. Мəселен, Гендель (əкесі 63, шешесі 34) Бородин (59,24) Гончаров И.А. (58,27) Бальзак (53,21) Лондон (53,29) Франклин (51,39) Салтыков-Щедрин (50,25) Герцен (45,17) Чайковский (45,27)

Шоу (45,28) І Петр (43, 19) Короленко (43,20) Шопенгауэр (39,19) Гете (39,17) Эйнштейн (32,21) Гоголь (32, 18) Лобачевский (31,19) Лермонтов (27,17) т.б. (Алексахин И., Ткаченко А. «Индекс отца» // Литературная газета. 29 ноября 1972г.) болып жалғаса береді. Өкінішке қарай, қазақтан шыққан белгілі тұлғалардың əке-шешесінің жас айырмасына байланысты нақ осындай мəліметтер отандық тарих ғылымында сирек кездеседі. Қазақтың жəне бір жазылмаған заңы – əйел күйеуден сегіз жас, еркек əйелден жиырма бес жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмеген. Əрине, əмеңгерлік жолда мұндай некелік ережелер мен шектеулерге қарамайтын жайлар да болған. Сонымен, соңғы жылдары зерттеушілер көшпелі қазақ өмірінің қажеттілігінен туындаған полигамиялық отбасылық-некелік қатынастың қоғамға əкелген пайдалы, тиімді жақтарын саралауда. Публицист Т.Əсемқұлов: «Соғыс негізінен еркектерді жояды, яғни халықтың жыныстық құрамы өзгереді. Көшпенді қоғамда бұл ауытқу полигамия, яғни көп некелік заңы арқылы қалпына келеді. Ұлы əмеңгерлік заңының арқасында қазақ халқы жойылмай аман қалды десек, артық айтқандық болмас» (Əсемқұлов Т. Аштық жəне соғыс. Қазақ альманағы. №2 (06), 2010. 227-б.), – деп жазды. Тек көп əйел алушылықтың негізінде ғана қазақ халқы сандық мөлшерін өсіріп жаугершілік, жұт, оба, шешек, мерез, құрт, т.б. жұқпалы кеселдер мен əртүрлі індеттер арқылы ойсырайтын демографиялық шығындардың орнын жауып отырды. Кеңес өкіметі орнағанға дейін негі зінен ұлт өсімі «балағынан бала саулатқан» тоқалдар есебінен жүзеге асты. Өйткені, ұшы-қиырына жету үшін құстың қанаты талатын даласы бар қазақ үшін ұлт өсімі қай кезде де өзекті. Сөзімізге тұздық ретінде тағы бір мысал: Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен байбақты Сырымның атасы Шолан батырдан Есенбай, Түркеш, Байторы, Дат есімді төрт бала туған. Ел ішінде осы төртеуінің өсіп-өнген əулетін жинақтап «Төрт Шолан» деп те атайды. Осы төрт Шоланның Есенбайының Зеріп деген тоқалынан 9 ұл, Даттың Дүрдана деген тоқалынан 9 ұл, Түркештің Кенжеқыз деген тоқалынан 8 ұл туған. «Төрт Шоланды байытқан үш тоқал» деген сөз осыған орай айтылған. Дерек ретінде Даттың балаларын атай кетуге болады. Даттың бəйбішесінен – Адамбай, Атанай, Жомарт туған. Ал, тоқалы Дүрданадан – Сырым (Сырлыбай), Дүйімбай, Жандыбай, Қалдыбай, Базарбай, Қорлыбай, Шегебай, Нұрлыбай, Барлыбай туған (Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. 633-б.). Қысқасы, көшпелі қазақ қоғамында ұлтымыздың демографиялық ахуалын бірнеше əйел алуға мүмкіндігі бар осындай текті тұқымдар шешті. Зерттеушілердің пікірінше, қай заманда да демографиялық жағдайды дімкəс ұрпақ пен кедей халықтың үлесінен көтеру, соған сəйкес ұлттың сапасыз ұрпақпен толығуы елді тұйыққа апарып тіреуі мүмкін. Мəселен, Мұхаммед пайғамбар өзінің даналыққа толы бір хадисінде «Өзің аштан өлейін деп отырып, көп балалы болу – күнə» деп қатаң ескерткен. Қалай десек те, дəстүрлі қазақ қоғамындағы текті тұқымдардың тамыр жаюында көп əйел алушылықтың (полигамия) рөлі өте зор жəне бұл құбылыс жеті атасынан құт үзілмеген бай, қуатты, дүмді əулеттердің тарихымен тікелей байланысты. Қазақтың ұлы хандарының көбі тоқалдан туғандығын кезінде классик жазушы М.Мағауин жеріне жеткізе жазған

11

www.egemen.kz

еді. Полигамиялық некеден ұлттың ұтпаса, ұтылмағандығын саралаған жазушының пайымын теріс түсінгендер оны сын садағына ілді. Ғалым Ш.Уəлихановтың жазуы бойынша ұлы бабасы Абылай ханның 12 əйелі болған. Осы арулардан əйгілі хан «Жазушымен жүздесу» 30 ұл, 40 қыз көрген. Бұл мəліметті 1781 жылы Уəли сұлтанның ІІ Екатерина патшайымға жазған хатындағы «Абылай ханның артында 30 ұл қалдық» деген сөзі бекіте түседі. А.И.Левшиннің деректері бойынша «Кіші жүз ханы Нұралының 16-17 əйелі, оның сыртында 15 көңілдесі (кəнизагы) болған. Некелі, некесіз əйелдері оған 32 ұл, 33 əлде 34 қыз туып берген» екен (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы, «Санат», 1996. 334-б.). Ақын Абайдың ата-бабалары да жеті атасынан бақ-дəулет үзілмей ел билеген əділетті, бақуатты болған жандар. Рухани тұрғыдан мықты, ата-тегі жағынан текті бесіктен Абай шыққан. Абайдың атасы Тобықты руының атақты биі Өскенбай Ырғызбайұлының бес əйелі болған екен. «Абай» энциклопедиясында: «Зереден кейінгі төрт тоқалынан Өскенбай тоғыз ұл көрген» деп жазылған. Ал өз əкесі аға сұлтан Құнанбайдың Күңке, Ұлжан, Айғыз, Нұрғаным атты төрт əйелі болған. Ақын Абайдың өзінің де бірнеше əйелі болғаны белгілі. Бай, саудагер Қорамса ұлдарының ішіндегі Арқа əн өнерінің арғымағы, алаш баласы ардақ тұтқан Ақан серінің бірінші əйелі Бəтима, аз ғана уақыт отасқан жары Ұрқия сұлу, ғашық болған арулары Ақтоты мен Жамал есімдері исі қазаққа белгілі. Деректерге жүгінсек, Біржан Қожағұлұлы, т.б. салсерілер хақында да осылай айтуға болады. Мысалдарды тəспідей тізе бергеннен мəселенің мəні өзгермейді жəне келтірілген тарихи деректерге қарсы шығу – тарихи шындыққа қанжар сұғумен бірдей. Полигамиялық некеде болғаны үшін жоғарыда есімдері аталған майталман ұлдарын қазақтың сөккен кезі бар ма?! Демек, ұлт ұтылмаған жердегі нəрсенің бəрі одан төмен тұрады. Дəстүрлі қазақ қоғамындағы көп əйел алушылықтың тағы бір сырын, нақ осы мəселені арнайы зерттеген Т.Қ.Бесбаев былай деп түсіндірсе: «...Əйел бала сының, еркек кіндікті азаматқа қарағанда, биологиялық заңдылыққа сай өзінің жұбайлық міндетіне ерте салқындап, шау тартатындығын жасырмаған жөн. Сондықтан да ер азамат төсек жаңғыртуға мəжбүр болады. Таңдай қағып, тамсанатындай жаңалық емес, егде тартса да қауқарлы, жыныс жүйесі

көп əйел алушылыққа, əмеңгерлікке тыйым салу туралы Декреті шықты. Сөйтіп, дəстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық институттың негізгі тетіктерін жоюды «біртіндеп жəне абайлап» жүргізген кеңестік билік – отарлаудың ең төте жолын болашақ некелік қатынастарды бұзудан бастады. Жинақтап айтсақ, ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап өмірімізге енген моногамиялық неке уақыт өте көп əйел алушылық туралы түсініктерді көмескілендірумен шектелмей, осы жылдар ішінде еркек-əйелдің ешкіммен бөлісе алмайтын «жеке меншігіне» айналып шыға келді. Сайып келгенде, шаңырақтағы басты тұлға ер-азаматтың беделі бірте-бірте шайқала бастады. Француз ағартушысы Жан-Жак Руссо бұл жайтты былайша қорытқан: «Билікке ұмтылған əйел күйеуінің əміршісіне айналады, ал құлға айналған отағасынан асқан күлкілі де мүсəпір ешкім жоқ». Отбасы билігінен айырылып қалған отағасының мүшкіл халін бірнеше əйелі мен солардан тараған ұрпағының тағдырын құдіретті уысынан шығармаған ата-бабалармен əсте салыстыруға келмейді жəне аталған моногамиялық неке екі-үш нəрестемен шектелетін қалалық отбасылық өмірде талай нарқасқа еркектің бағын байлағаны ешкімге жасырын емес. Кейбір сарапшылардың пікірінше, шариғатқа қайшы қағидалардың қоғамға енуі аса зор құрбандықтарға əкелуде. Бұған табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы нəтижесінде кəрі қыздар санының артып, қазақ қыздарының өмірлік серіктерін таба алмай қалып жатқандығы, жезөкшеліктің қалыпты жағдайға айналуы, тастанды балалар санының толассыз өсуіне байланысты жетімдер үйінің көбеюі, қаракөздердің басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып, аралас некенің қоғамға сыналай енуі, ұлт өсімінің тежелуі, т.б. сияқты қазіргі қоғамда өткір тұрған мəселелерді жатқызуға болады. Тарихшы К.Нұрпейісовше айтсақ, кез келген құбылысты бірыңғай мақтау не даттау ғылыми еңбекке жатпайды, нақтыласақ, қай нəрседе де медальдың күнгейі мен көлеңкесі болады. Кеңес дəуірінде қалың мал, көп əйел алушылық, əмеңгерлік институты біржақты түсіндіріліп, отарлаушылар ұлттық құндылықтардың жағымсыз жағын баса насихаттауға ерекше мəн берген еді. Біздіңше, көтеретін жүгі өте ауыр əрі айқыш-ұйқыш пікірталасын туғызатын, күн өткен сайын шендестіре саралауды қажетсініп келе жатқан күрделі мəселенің

тегеурінді ер азаматтың кіндігінен Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай есімді нəрестелер дүниеге келген», орыстың атақты ақыны Николай Гумилев: «Мен білетін бір ғана шындық, ол: нағыз еркек – полигамды (көп əйелді), ал нағыз əйел – моногамды болуға тиіс» – деп жазған. Ал, батыстық ғалым Густав Ли Вонның: «Мұсылмандардың көп əйелмен некелесуі – заңды түрде бір əйелмен некелесіп, жасырын түрде көп əйелмен көңілдес болып жүре беретін еуропалықтардан əлдеқайда артық» (Жолдыбайұлы Қ. Ислам діні көп əйел алуға неліктен рұқсат еткен? 11 қараша, 2011 ж. http://www.muftiyat.kz) деу себебіне де көз жіберген дұрыс. Алайда, ХХ ғасыр қазақ қоғамындағы отбасылық-некелік қатынастарға түбегейлі өзгерістер əкелді. Патша тақтан құлағаннан кейінгі кезеңде билікке ұмтылған саяси күштер аталған мəселеде əрқайсысы өзінше таңдау жасады. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бүкілқазақтық съезде алаш арыстары əйелдерге қатысты «екі əйел алуға бірінші əйелдің келісімімен рұқсат етіледі» деген қаулы қабылдаса, 20-жж. Кеңес өкіметінің қалың мал алуды жою,

екі жағын таразыға тең тартқанда басып тұратын жағы салмақтырақ. Бірақ, қашып құтылуы қиын тарихи шындық сол – қазақ тарихына есімдері алтын əріптермен қашалған алаштың небір айбоз ұлдары мен текті оғландары полигамиялық некенің жемісі. Бұл тұжырым əлдеқашан тарихи деректермен дəлелденген шындық. Бір ғажабы, əуелден қазақтың қанында, ділінде бар ескі салт қазіргі қоғамда оқтын-оқтын көтеріліп, су асты ағыстарындай білінбей, ақырын жылжуда. Олай дейтініміз бүгінгі таңда саяси, бизнес, шығармашылық элитаның халыққа белгілі һəм беделді өкілдерінің арасында қанда бар көне дəстүр қайта бас көтеріп жүргені ешкімге де жасырын емес. Айтайын дегеніміз бұл емес. Біздің басты мақсат – дəстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан полигамиялық некелік қатынастардың көмескі жатқан тұстарына сəуле жүгіртіп, ата дəстүріне ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, бабалар тарихын асқақтату. Оқырман мына нəрсені дұрыс түсінгені жөн. Біз қазіргі заманда да дəл осылай болуы тиіс деген ойдан мүлдем аулақпыз. Батыс Қазақстан облысы.

Летаргиялық ұйқы Летаргиялық ұйқы сонау ерте заманнан бері белгілі. Ғалымдар əлі күнге дейін оның қандай ауру екендігін толық зерттеп болған жоқ. Алғаш рет летаргиялық ұйқы 1672 жылы сипатталған. Ежелгi грек аңызы бойынша Окиминидес атты ақын туыстарымен ренжiсiп қалып, үңгiрдi пана қылады. Ол сол үңгiрде ұзақ уақытқа летаргиялық ұйқыға кетедi. Туыстары өлдi деп ойлайды, бiрақ оның жүрегi соғып жатқан. Летаргиялық ұйқыны ғалымдар алдамшы немесе жалған өлiм деп атайды. Бұл аурулар мидың əртүрлi қабынуларынан, қатерлi iсiктен, ми тамырларының жұмысының бұзылуынан болады дейді. Кейбiр кездерде психиканың бұзылуынан да болуы мүмкiн. Осындай ұйқыға кеткен адам өлген адамға да, ұйықтап жатқан адамға да ұқсайтыны белгiлi. Осы арада: «Көп уақыт осы ұйқыда болған адамдар əлсiреп, жүдеп, өлiп кетпей ме?» деген сұрақ туындайды. Тамақ, сусын iшкiсi келген кезде олар жарымжартылай оянып, тамақтанып алады екен. Бұл адамдарда қартаю механизмi өте баяу түрде болады. Ұйықтап жатқанда олардың бетəлпетiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Есесiне оянған соң бəрiбiр өзiнiң биологиялық жасына сəйкес өзгередi, яғни 2-3 жыл iшiнде тез қартайып шыға келедi. Летаргиялық ұйқыға кету жағдайлары жиi кездеседi. 1907 жылы бiр француз дəрiгерi өзiнiң 20 жылдық тəжiрибесiнде осындай ұйқыға кеткен 90 адамды бақылаған. Жерлеуге асықпай, мүмкiн летаргиялық ұйқыға кеткен шығар деп күткеннен, олардың жартысы аман қалған көрiнедi. 1812 жылғы соғыс кезiнде бiр француз генералы ауыр жарақат алады. Оны өлдiге санап, табытқа салып, салтанатпен Парижге аттандырады. Ресейден Францияға жету үшiн бiрнеше күн кетедi. Шiркеуге марқұммен қоштасуға туыстары мен жолдастары келедi. Генералдың адъютанты генералдың маңдайынан сүйiп қоштасқан кезде, оның ақырын демалып жатқанын сезiп қалады. Дереу генералды ауруханаға жеткiзедi. Шынымен де, дəрiгерлер оның тiрi екенiн анықтап, емдейдi. Сол генерал ұзақ өмiр сүрген көрiнедi. Ал, мына оқиға 1969 жылы біздің еліміздің бір ауылында болыпты.Төрт жасар Нəзира деген қыз аяқасты қайтыс болады.Оның мəйітін жерлемей біраз уақыт сағана-молаға қояды. Нəзираның əкесі түс көреді. Оның түсіне қызы тірі сияқты болып аян береді.Əкесі оны дереу ауруханаға апарады. Ол жақта қыздың денесін шұғыл түрде Ташкент қаласындағы ғылымизерттеу институтына жеткізеді. Бүлдіршін Нəзира осы институтта 16 жыл ұйқыда болады. Оянған соң оның бойында ерекше қасиет пайда болып, адамның ойын оқи алатын болған. Қазiргi заманда адамның о дүниелiк болып кеткенiн анықтайтын көптеген əдiстер бар. Мысалы, Англияның заңы бойын ша мəйiтханалардағы тоңазытқыштардың iшiнде кiш кене қоңыраулар iлiнедi екен. Онда жатқан адам суықтан есiн жиып, өзiнiң тiрi екендiгiн бiлдiру мақсатында қозғалғанда қоңырау соғылады. Ал, Словакияда мəйiттi жерлегенде оның қасына ұялы телефон қояды. Германияда бiр жылдары терезесi бар табыттар шығарыла бастаған болатын. Медицинада осы бағытта əртүрлi əдiстер қолданады. Рентген сəулелерi арқылы адамның тiрi немесе өлi екендiгiн анықтайды. Өлген адамның iш құрылысы анық көрiнсе, тiрi адамдардiкi айқын көрiнбейдi екен. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Англияда адамның жүрегiнiң өте əлсiз деген электр толқынын сезетiн аппарат ойлап табылды. Осы аппаратты сынақтан өткiзу үшiн мəйiтханаға алып келедi. Ондағы өлді деген адамдар арасынан жүрегi əлсiз соғып жатқан тiрi қыз табылады! Гиннес рекордтары кiтабында ең ұзақ летаргиялық ұйқыға кеткен адам тiркелген. Ол – Днепропетровск облысының Могилев селосының тұрғыны Надежда Лебе дина. Күйеуiмен ренжiсiп қалған келіншек 1954 жылы ұйқыға кетiп, 1974 жылы ояныпты. Жиырма жыл бойы дəрiгерлердiң бақылауында болады. Оянғаннан кейін дəрiгерлiк тексерiстен өткен соң, оның денсаулығына ешқандай нұқсан келмегендiгi анықталады. Қазіргі біздің техника дамыған заманымызда адамды өлді санап тірідей көму жағдайлары болмауы да мүмкін. Дегенмен де байқау керек екен. Мақсат РСАЛИН, журналист.

АЛМАТЫ.


12

www.egemen.kz

8 сəуір

Ы ЙНАС А Қ Ы Д

АДАМ

2015 жыл

ƏДЕП, ОБАЛ, САУАП Осыларды біліп өскен жас ешқашан жаман əрекетке бармайды

ҚАМШЫҢНЫҢ САБЫ СЫНҒАНЫ, САҒЫҢНЫҢ СЫНҒАНЫ ЕМЕС ПЕ?! Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол!..

Абай.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенат депутаты.

Қазақтың бір мақалы бар. «Қатын өлді, қамшының сабы сынды», – дейді сол мақал. Осы бір ауыз сөзді біреудің өмірлік серігі əрі жан жары, балаларының ең қымбатты адамы, от анасы, бір шаңырақтың шырағы мен қазаношағының құты мен ырысы, бір үйдің əйелі қайтыс болып, қайғыдан қабырғасы қайысып отырған ер-азаматты жұбату үшін əлдебіреудің «Жарайды, қатын өлді, қамшының сабы сынды деген бар», – деп жеңіл-желпі көңіл айтып, соның өзін жай бір əзілге айналдыра салғандығын естіп, өн бойымның мұздап сала бергені де болды. Содан бері ұзақ ойланумен жүрдім. Апырау, сөз құдіретін таныған жəне де «алпыс еркек толтыра алмаған бір үйді, бір əйел толтырады» деп бір үйдегі əйелдің қасиеті мен қадірін дөп басып таныған жəне де даналығы мол, кемеңгерлігі кемел, терең ойлы, «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» дейтін, шаршы топтың алдында сөз ұстаған қазақ деген ақылды да парасатты халық əйел өліміне «қатын өлді, қамшының сабы сынды» деп бұлайша жеңілжелпі қарамауы керек еді ғой! Менің бабаларым оғаш сөйлемеуші еді ғой?! Бұл қалай айтыла салған сөз болды екен?! Жаныма маза бермей жүрген осы бір ойлармен «қатын өлді, қамшының сабы сынды» деген сол мақалдың түп төркінін танып, білмекке деген құштарлығым оянды жəне де «бабаларым оғаш сөйлемеуші еді ғой» деген іштегі бір өз пікіріме дəлел де таппақшы болдым. Жаратылысынан зерек те сезімтал халқымыз өзінің қолына ұстаған жəне де күнбе-күнгі тұрмысы мен өмірінде қолданып, тұтынған əр затының қасиеті мен киесін де əбден жақсы білген. Олай болса халқымыз өз қолына ұстаған қамшының да бір қасиеті мен бір киесін тануы да керек еді ғой. Жəне де сол қамшыға қазақ тек қана мал бағатын, ат айдайтын қол құралы деп қарамағаны жəне де қамшыны «ер қаруы – бес қарудың» бірі деп ұстағаны да белгілі жай. Бұл басы ашық та, анық жай. Қазақ үшін қамшы қайсарлық пен ерен күштің белгісі, ерлік пен ептіліктің нышаны болып саналғаны да бар. Жаугершілік замандардың талайғы небір жан алыс, жан беріс шайқастары кезінде ат үстіндегі ер жігіттің қолындағы қамшысы оның қорғаны да болған, жауын сескендіріп, құтын қашырып, жер жастандырып отырған қол қаруы да болған. Былайша айтқанда, түзде жүрген дала қазағының сенімді серігі де болған осы қамшы еді ғой! Міне, осы бір жайларды зерделей отырып, қамшының əлдебір қасиеті мен киесі болмаса қазақ сол қамшыны қолда ұстау мен тіпті іліп қоюдың да сандаған амалдарын өмірлік қағида ретінде қалыптастырғандығын аңдауға болар ма еді. Осы күндері жай бір кəдесыйға ғана жарап қалған қамшының сабын ата-бабаларымыз өз замандарында күмістеп, алтындап, жезден ою-əшекей салып, асыл тастармен көмкеріп, барынша сəн-салтанатымен ұстағандығы да белгілі жай. Бұл халқымыздың қамшының иесі мен киесі, бір құдіреті мен қасиеті бар екендігін ұғындыра білген даналығы болса керек-ті. Ежелден ырымшыл да текті халқымыз қамшыда əлдебір қасиет барын білген болғандықтан да сүндетке отырғызылған балаға төрт тұтам тобылғы сапты «сүндет қамшыны» сыйға тартуды өзінің ата дəстүрі етіп қалыптастырып кетті. Қамшыға серт байлау да сол қамшының киесін танығандық еді. Мысалы, есті шабандоз бəйгеге əуелі «шаба алмасам маған серт, шаба алмаса астымдағы атыма серт, шаптыра алмаса қолымдағы қамшыма серт!» деп «бəйге қамшыға» серт байлап, серттесіп барып қана шабатын болған. Өздері соғып алған даланың көкжал қасқырын көкпар қылып тартқан сол көкжал жігіттердің өздері де «атыма – айбат, тақымыма – қуат, қамшыма – жігер бер» деп «көкпар қамшыға» сыйынған дейді. Ел шетіне тиген жауға қарсы шапқан жаужүрек

ер жігіттердің де қолдарындағы ауырлығы қорғасындай, мықтылығы емендей «Дойыр қамшыны» сес көріп, «білек күшіме қуат қос, жауым əрдайым құлап жатсын, халқым жеңіске жете берсін!» деп қолындағы сол қамшысына ел тілек қосатын үрдіс болған екен. Осы орайда жəне де бір айтар жай халқымызда қамшыгерлік деген өнер де болғандығын білсек етті. Тұла бойында əлде бір қабілеті мен ептілігі, жігері бар сондай қамшыгерлер қарсы келген жауларын қамшымен-ақ аттан түсіріп кете берген, құтырынған бураны да қамшымен ұрып жыққан деседі. Өріміне қарай қамшының төрт, алты, сегiз, он екi, он алты таспалысы болғандығын да білгеніміз абзал. Ертедегі əр қазақ ат қамшы, ұзын қамшы, шолақ қамшы, бiлеу қамшы, бала қамшы, шашақты қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, дүре қамшы, күдерi қамшы, жортуыл қамшы, сарала қамшы, барбас қамшы, орама қамшы, мүйiз сапты қамшы, «сайтан» қамшы, «киелi» қамшы, «қасиеттi» қамшы, жыланбауыр қамшы, өзектi қамшы, тобылғы сапты қамшы, шыбыртқы қамшы сияқты қамшы атауларының көптеген түрлерін де білген жəне соларды ұстап, пайдаланған да болатын. Баланы жастайынан қамшыгерлікке баулудың өзі ерлікке баулудың бір амалы болғандығын да айтқан лəзім. Бала демекші, біздің қазақ сол балаға қамшының қадірі мен қасиетін, киесі мен құдіретін жастайынан санасына сіңіре білген-ді. Бесіктегі сəби бала шошымасын деген оймен оның бас жағына немесе жастығының астына қамшы қойып отыру əлі де бар. Бұл орайда бабаларымыз қамшыны баланың жастығының астына бүктеп қоймаған, «балаға қамшы тиеді» деп қамшының өрімін жастықтың астынан жерге салбыратып қояды екен. «Ырымға жаман», – деп аталарымыз қамшыны ешқашан сүйретпеген жəне де қамшымен жер сабамаған да, сабатпаған да еді. Жəне де қамшының ұшын жинап ұстаған, қамшыны кестірмегендігін де білгеніміз абзал. Халқымыздан шыққан не бір тəуіптер қамшының емдік қасиетін де тəуір білген жəне əлі де болса қамшымен емдеп жүрген емшілер ел ішінен жоғалып кете қойған жоқ, бар. Міне, халқымыз өзінің асыл бұйымы, киелі дүниесі санап, қастерлеп ұстаған қамшының қасиеттерін өз білгенімізше айта отырып, кейде үйдегі бар қамшы атаулыны қолға ұстап ойланған кездерім де аз болмады. Бірде сондай бір сəтте «егер де қолыма ұстап отырған мына қамшының сабы сынып қалса не болар еді?!», – деген бір ойдың келе қалғаны да болды. Ойланып қалдым. Расында да, өз қолыңа қаруың мен қорғаның, сесің мен серігің есебінде ұстап жүрген қамшыңыздың сабы сынып қалса не қылар едіңіз?! Əрине, қамшының сынған сабын айырбастау да керек болар. Алайда, қолыңыздағы енді ғана сабы сынған мына қамшымен сол сəтте не астыңдағы атыңды да айдай алмай, не жауға да, не аңға да сілтей алмай, не оларға сес көрсете алмай жігеріңнің құм болып, қор болғаның емес пе бұл? Қайратыңның қайтқаны да, күшіңнің азайғаны да, шарасыз күйге түскенің де осы ара! Осы тұрғыдан келгенде «қатын өлді, қамшының сабы сынды» деген қазақ айтқан осы бір ауыз сөз аталы үлкен сөз екен! Мəні мен төркініне тереңдей қарасақ, бұл сөз таныған жəне де көкейіңді тесіп, айта білген дана қазақтың бір үйдегі бір əйелдің қазасын «еразаматтың қатыны өліп, қамшысының сабы сынып» басы қаңғырып отырған шарасыз күйін дөп танып, асқан бір кемеңгерлікпен айтқандығы деп ұғынғанымыз жөн болар. Бір үйдегі бір əйелдің өлімі ауыр қаза, жан күйзелтер қайғы. «Қатыны өліп, қамшысының сабы сынғандық» ер-азаматтың сағының сынғаны, күлкісі мен қызығының азайғаны, дəулетінің шашылып, ырысының ортайғаны, жаны күйзеліп мұқалғаны, жағасы кірлеп, жүдегені, басындағы бағы мен шаңырағының бір қасиетінің қайтқаны мен бір киесінің кемігендігі болса керек. Осы бір жан күйзелтер ауыр қайғы мен қасіретті халқымыз қолындағы қамшысының сабымен ұғындыра білген ғой! Не деген даналық десеңізші?! АСТАНА.

Кабинетке Шыңғыс Байсынов кіріп, амандасты. Аудан əкімінің орынбасары шақыртыпты. Тапсырма алып кетіп бара жатқанын, амандаса кету үшін кіргенін айтты. «Ешқандай жаңалық жоқ па?» – деп сұрады. Аудандық мəслихат депутаттары осылай аудан əкімдігіне келген сайын аудандық мəслихатқа да соғып, қандай жаңалықтар болып жақандығын біліп тұруды дағдыға айналдырған. Ол кабинеттен шығып кеткенде əңгімені жетекші маман Арай Рыскелді бастады: – Шыңғыс ағаның əдептілігіне сүйсінемін. Қандай биязы. Ол кісінің, тіпті, бір нəрсеге ренжігенін де байқаған емеспін. – Тəрбиелі адам деп осындай Шыңғыс сияқты адамдарды айтады. Ол «Жиделі» совхозының директоры кезінде де елге өте жағымды əсер қалдырды. Кішіпейіл, əдептілігімен барлығымызға үлгі болатын. Кейін шаруашылықты таратқанда аудан бойынша ең көп мал алып қалғандар да Жиделі ауылының тұрғындары болды. Қазір олар əжептəуір көтеріліп қалды. Жекешелендіріп алған малдары да өсті. Шыңғысқа айтар алғыстары шексіз... – Əдеп деген адамның бойындағы ең бір асыл қасиеттердің бірі. Əдепті адам ешқашан артық əрекетке бармайды. Мемлекеттік қызметкерлерге ең бірінші қажеттілігі – əдептілік, – деп Серікбай ойын түйіндеді. Серікбай бұрын аудандық мəслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып, қызмет істеген. Қолы қалт ете қалса, келіп, əңгімелесіп тұрады. Жақанбай бағанадан бері əңгімеге араласпай компьютеріне үңіліп отырған. Бірден жұлып алғандай: – Əдептілік, Серікбай аға айтқандай, мемлекеттік қызметте де керек. Мəселен, облыстық экономика департаменті облыстық мəслихат сессиясы өте салысымен аудандық экономика жəне бюджеттік жоспарлау бөліміне Балқаш ауданына бөлінген қаражаттың нұсқасын жібереді де, астына бəлен күнге дейін бекіту керек деп жазады. Əлгі қағазды Нұрланбек (аудандық экономика жəне жоспарлау бөлімінің басшысы) бізге алып келеді де: «Міне, бекітілуге тиісті күні аудан əкімдігіне жіберілген нұсқада көрсетілген, тезірек бекітіп беріңіздер», деп біздің мазамызды алады. Бұл əрекетті аудандық мəслихаттың, оның депутаттарының құқын еле мей тұрғандығы десем, аса қателеспейтін секілдімін, – деді. Ойланып қалдым. Не айтқысы келгенін жете түсінгім келіп: – Неге олай ойлайсың? – деп сұрадым. – Сіз менен де жақсы білесіз. Барлық деңгейдегі бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі арқылы реттеледі. Онда аудандық мəслихат, олардың бюджетті қарау мерзімі, қанша уақытта бекітуі керек екендігі, аудандық мəслихат депутаттарының жергілікті бюджетті қарап, талдауына берілетін уақыты жазылған. Сондықтан да облыстық экономика департаментінің: «Бюджетті бəлен күнге дейін бекітіңдер», деп нұсқау беріп, жазғаны мемлекеттік қызмет этикасын сақтамағаны деп есептеймін. Жақанбай Қожабаев аудандық мəслихаттың заңгер маманы. Ойлап қарасаң оның сөзінің астарында да үлкен мəн бар сияқты. Аудандық мəслихаттың əрбір қызметкері жұмысқа тұрар алдында, содан кейін де тиісті заңдар жиынтығынан бірнеше рет тесттер тапсырып, қызметтерін бір кісідей атқарып келеді. Əрқайсысы өз міндеттерін біледі. Елбасы тапсырмаларын да жүректеріне құйып алған. Аудандық мəслихат депутаттары соңғы үш-төрт жылда ауданға екі əкімнің тағайындалуына келісім берді. Сессия өткізер алдында қабылданатын шешімнің жобасын облыстық мəслихат сұратты. Облыстық əкімдік бірнеше мəрте сұратып, алдыртты... Былай қарасаң, бəрі дұрыс сияқты. Бірақ жоғары тұрған органның қабылданатын шешімнің жобасын екі рет сұратқаннан кейін үшінші рет сұратқаны, дауыс беруге қатысым болмаса да, маған да жоғары тұрған органның бұл əрекеттері аудандық мəслихат

депутаттарына ықпал еткісі келіп жатқандай əсер етті. Бірақ ежелден жоғары жақ не айтса соған құлдық ұрып қалғандықтан, жоғары тұрған органдар айтқандарының барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындадық. Тіпті, олар аудандық мəслихатқа шешімнің жобасын да өздері жазып жіберіпті. «Бұл енді артықтау ғой», деп айтуға аппарат қызметкерлерінің – ешқайсымыздың батылымыз жетпеді. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметшілерінің «Арнамыс» кодексі байыптап үңілсең, тұнып тұрған тəрбие. Əрбір пункті

– Обал, сауаптың бұл жерде қандай қатысы бар? Біз əдеп туралы сөз қозғап отыр емеспіз бе? – дедім оның көлденеңінен сөзге араласқанын аса ұнатпай. – Əдеп пен обал, сауапты мүлде бөліп қарауға болмайды. Бұлар – адамның бойындағы ең асыл қасиеттер. Тəлімді тəрбиенің жемістері. Əдепті адам – тəрбиелі адам. Тəрбиелі адам обал мен сауаптың не екенін жақсы біледі. Ешкімге қиянат жасамайды, – деді ол. Б. Сəдеков əңгімесін біздің ауылда Жаңыл деген жесір кемпір

па?.. – Осылай деген Бақыт сəл үнсіз отырды да əңгімесін одан əрі жалғады: – Сауап дегенді білген де өте дұрыс. Біреу малын жоғалтып іздеп жүрсе, көрсең «ана жерде жүр екен, көрдім» деп айта салсаң, кім де болса, өте қуанып қалар еді. Қазір кез келген адамда ұялы телефон бар. Осылай адамдар бір-біріне жақсылық жасап жүрсе қандай ғанибет?!. Мен Өмірзақтың бір табын жылқысын Шығанаққа кетіп бара жатып, қырдан көріп қалдым. Сол сəтте телефон шалған едім, Өмірзақ балаша қуанды.

əдептілік пен этикадан тұрады. Əрбір мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік қызметкерлердің «Ар-намыс» кодексін бұлжытпай орындайтын болса, алдарына келген адамдарға кішіпейілділікпен, жүгіріп жүріп қызмет еткен болар еді. Қарапайым халық үшін одан артық не керек?! Осы мəселелерге назар аударып отырған себебім, елі міз де бүгінде қоғамымызды демократияландыруға барынша мəн беріліп, осы бағытта жұмыс істеліп келеді. Əрбір органның атқаратын тиісті міндеттері де заңмен белгіленіп, ара жігі ажыратылып қойылған. Қабылданған заңдарды үтір, нүктесін бұрмаламай, бұлжытпай жүзеге асыру туралы да шаралар белгіленген. «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында «Билікті орталықсыздандыру» деген арнайы тарау бар. Ондағы айтылған ойлар өте ғажап. Тіпті, ондағы жазылған бағдарламаларды іс жүзіне асыруға өткен жылы еліміз бойынша батыл қадам да жасал ды. Жергілікті жерлерде қоғамдастықтар құрылды. Ауылдық округ əкімдерін сайлауға аудан əкімдері осы қоғамдастық төрағалары пікірлерімен санасып барып, кандидаттарын ұсынды. Бұл демократияны дамытудың ең бір жарқын көрінісі болды. Егер қоғамдастықтар жұмысы жанданып, елді мекендерді дамытуға одан əрі белсене араласатын болса Мəңгі Ел болуымызға да оның тигізер пайдасы сөзсіз мол болар еді. Көптің аты – көп. Бүкіл ел бо лып, белсенділік танытса, алынбайтын қамал жоқ. Қоғамдастықтар жұмыстарын жандандыру қарапайым тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін пайдаланылса, ол – таптырмайтын құрал. Ауылының, жерінің иесі, қожасы екенін сезіну – əрбір адам үшін шексіз бақыт! Ол – елім, жерім деген ердің жүрегіндегі патриоттық сезімді рухтандыратын нағыз құдіретті күш... Осы кезде сөзге Бақыт Сəдеков араласты. Ол – аудандағы беделді кəсіпкерлердің бірі. Бала-шағаларының малдарының барлығын қосқанда 600-ден астам қой-ешкісі, 200-ге жуық ірі қарасы, 100-ге тарта жылқысы бар Балатопардағы дəулетті адам. – Адамдар обал, сауап дегенді де жүректеріне түйіп ұстауы керек. Қазір мал көп ұрлануда. Егер олар обалдың не екенін білген болса, ешкімнің ала жібін аттамас еді.

тұрды, деп жалғастырды. Атасы Қалаубай деген адуынды, бүкіл ауылға беделді қария еді. Ол қайтыс болғанда он жеті жылқысы бар-тын. Кеңес өкіметінің кезінде ол өте көп мал болып саналатын. Ерік деген өзінің бір кездері көршісі болған аты өзгертіліп жазылды – М.Қ.) жігіт əлгі он жеті жылқыны бір түнде Шудың адамдарына сатып, автомашиналарына тиеп жіберіпті. Ерік Жаңыл апаймен бұрындары көрші тұрған. Бала кезінде оны Жаңыл апай қолынан тастамай көтеріп жүреді екен. Осылай обал дегеннің не екенін білмеген Ерік өзін арқалап өсірген жесір Жаңыл апасын бір-ақ күнде қан жылатты. Қазақ: «Мал ашуы – жан ашуы», деп бекер айтпаса керек. Лезде шашы да ағарып кетіпті. Көзінен жас емес, қан аққандай болған. Етегі жасқа толған. Ерік обал дегеннің не екенін білген болса, ешқашан ондай іске бармас еді. Ол бір Жаңыл апасын ғана емес, талай жетім-жесірлерге қиянат жасады. Ерік мал ұрлағаны үшін құқық қорғау қызметкерлерінің қолына сан рет түсті. Мал ұрлағаны дəлелденетін де. Сонда да оның ісі сотқа жетпейтін. Кейін, мұнда ғана аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен аудандық прокурор ауысқан соң бір-ақ істі болып, сотталды. Өзі де жақсы болған жоқ. Түрмеден келгенде көзі көрмей қалыпты. Менің Кертай (аты өзгертіліп алынды – М.Қ.) ағамның да балаларының қолдарының «сумақайлығы» бар еді. Көзің тайып кетсе, «қиып» түсіреді. Олар да «обал» дегенді білмей өсті. Бір мал екеу болу үшін кемінде үш жыл керек. Үш жылға дейін оны өсіруге қаншама еңбек сіңіресің! Ал оны обал, сауаптың не екенін білмейтіндер бір сəтте сойып, сатып жібереді. Бақыт осылайша ашына сөйледі. Түсінген адамға төрт түлік мал өсіріп, сонымен бала-шағасын асырап отырған адамның жан айқайы. Ауданда 700-ден астам мал өсірумен айналысатын шаруа қожа лықтары бар. Бəкең солар үшін айтып отырғандай көрінді маған сол сəтте. – Жоғарыда айтқан Ерік он жеті жылқыны тиеп жатқанда, сол жерде Жаңыл апайдың нағашы інісі де болыпты. Ол жас болғаннан кейін бе, əлгі ұрыларға: «Бұларың не? Бұл менің əкпемнің жылқылары ғой...» деп айта алмапты. Оған енді не деуге болады? Жасықтық

«Тапсам, ішіндегі бір тайы сенікі», деп жатыр. Маған сол сəтте оның қуанышқа бөленгенінен артық ешнəрсе керек емес еді. Сауап дегеніміз – осындай игілікті істер. Б.Сəдеков өз ойын бізге əсерлі жеткізді. Бəріміз ойланып қалдық. Күнделікті басымызда бар жəйттер. Менің есіме Көршім Асқар Шабанбаев түсті. Өткен жылы ғана болған оқиға. Сүтті сауын сиыры бар еді. Күніне таңертең өріске ала сиырыммен қосып, бірге айдайтынмын. Сол күні де сиырын өріске мен айдадым. Алысқа ұзатқаным жоқ. Шеңгелдің арғы жағындағы таспа жолдан асырдым да, үйге қайттым. Сауылып отырған сиыр сол күні келмей қалды. Олар шарқ ұрып іздеді. Ертесіне Асқар бала-шағасымен көрші ауылға кеткен. Сиыры келіп, үйінің артында құлаған ағаштың жапырақтарын жеп тұрды. Сауылмағаннан кейін бе, желіні бауырына сыймайды. «Е, бұқаға түсіп, келмей қалған екен ғой», деп ойладым. Иелері келгеннен кейін қораларына кіргізіп алар дедім де, өз шаруаммен кете бардым. Сол күні кешке қарай сиыры жəне жоқ болып кетті. Үйінің жанында тұрған сауын сиырды кім ұрлай қояды деп олар аса мəн берген жоқ. Содан ұшты-күйлі жоғалды. Асқардың екі баласы жоғары оқу орнында оқитын. Сүтті сиырының өздерінен артылғанын сатып, күнделікті нандарын да ажыратып отыр еді. Сауылып отырған сиырды ұрлағандар (жоғалып кеткеннен кейін солай айтып отырмын) обал, сауапқа қараған да жоқ. Біз қайда кетіп бара жатырмыз осы!!! Мал ұрлығы көбейіп бара жатқаннан кейін айтқаным да!.. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, малдың да иесімен қоса, киесі де болатын тəрізді. Тегін адамға мал бітпейді. Бұл да кез келген адам ұға бермейтін жаратылыстың бір құпиясы. Мал ұрлаған адамның ешқашан байығанын көрген де, естіген де емеспін. Үлкен кісілер де солай айтады. Ондай істің ақыры ешқашан жақсылыққа апарған емес... Шынында да обал, сауапты жүрегіне түйіп өскен адам ешқашан артық əрекетке бармайтыны да расау. Осы екі ауыз сөзді жүрегімізге түйіп өтейікші, ағайын. Марат ҚАШҚЫНБАЕВ.

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы.


8 сəуір

АУЫ ТОЛҒ ТІРШІЛІК АН ТОҚС

2015 жыл

www.egemen.kz

Шаруалар бірігуді ə л і де білмей жатыр

Əрине, сымбатты болу кімнің де болса арманы ғой. Əсіресе, бұл тұрғыда қаракөз қыздарымыздың сұлулыққа ерекше құмартып тұратыны рас. Өйткені, дене бітіміңе шашың, бет-əлпетің, жүріс-тұрысың, киген киімің де сай болуы тиіс. Əйтпесе, сенің заман ағысындағы толқынға ілесе алмасың анық.

Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақста н».

2013 жылы облыс əк ма сы ме н «2 01 3- імінің тапсыр20 20 жы лд ар ға Қа зір гі та ңд а об лы арналған Жамбыл облысының ауыл ст ың ау ыл шаруашылығы саласы шаруашылығ шаруашылықтардың ның өркендеуіне ірілендіру» ба ы қ ұ р ы л ы м д а р ы н ғд əсерін тигізуде. Ж ұсақтығы кері облыстық мə арламасы əзірленіп, слихатпен бекітілге амбыл облысында 100 гектарға де н. Енді осы бағдар йі ба р ша ру аш ыл ық нгі жер телімі жоспар-тапсыр ламаның 2014 жылғы та рд ың үл ес і 70 масының орындалу пайызды құрайды. ына келер болс Ал дыңғы қатарлы ғылы олардың ал- барлығы 769 ақ, облыс бойынша 13 пайызды құ ұсақ шаруашылық райды. Бұл бағытт та же тіс тік те рд і, ат ап ми техникалық ірілендіріліп, 165 агроқұрылымдар р Шу, Сарысу, Байзақ, Жуалы ауда а тиімді екенін жақсы түсіне бермей ай тқ ан да , та мді. шылатып жəне жаңб н- «Ортақ өгізден ға дарындағы жұмы біріктірілгенімен оң мен басқа да ылғал ырлатып суару 61 пайызды ған , белгіленген жоспар тыру қажет», де стың қарқынын арт- деп біріксе тиес аша бұзауым артық», а ілі йд ре технологиясын енгіз сурсын сақтау бойынша 1 252 құрап отыр. Ал жоспар ауыл шаруашыл і Жамбыл облыстық қаламын ба деп жерінен айырылып ұсақ шаруашылықта қо уд ығ і ы ай ба тп сқ ағ ар ан ма да сы , ны агрономиялық тала р- басшысы Абда ң көп. «Көктемнің рқақтайтындары да птарды толықтай ды ірілендіру керек болатын. Бірқат лы Нұралиев. бір күні жылға азық» орындауға, ауыспа ар , деген. Оңтүстікте Расында ауыл шаруаш лы егіс жүйесін, ау да нд ар ұс ақ ша ру аш ыл ық та рд күннің көзі жылт ыл ығ ы са ла өсімдікті қорғау ісы ет сы ірі ке ле ал лі нд ға басуы үшін ғылы іру бағытындағ шараларын ендіммен тығыз жа мб бері қырда дүбір естілуде. Биыл руге де мүмкіншілі өз деңгейінде жүрг ы жұмыстарды байланыста болуы ыл ктері жоқ. ке ізб ре еу к. де Еккен егін қол, бір ды қ ди қа нд ар бі р же ңн ен . Мысалы, көп не Əрине, өңірде шару М ер кі ме жеңнен бас шығары ау се да аз өн ны ім ашылықтарды өт ке н жы лы 13 берсе де, соның сы п, бірігі біріктіру, ірілендіру жұмысы назардан ш ар уа ш ыл ық ты ір іл ен ді ру ке ре 9 рын зерттеп, соңғы технологиялард - тірлік жасаса дейміз. Өйткені, өтке п тыс қалған емес. М ы н к жылы пайдалан ендіріп отырмаса болса, мұнда ба ай бұл шаруашылықта да болған соң шаруашылық қа р болғаны 10 ұсақ ды. Тағы да мы , бұл сала дамымай- көлемі 43,0 мы ылмаған егістік жер рд ң гектарға кемітілсе қт машақаты де шаш- ың шаруасы да, облыс бойынш на ірілендірілген. Бұл Ал ұсақ, əлеует ы мамандар қажет. де, бұл мəселе етектен. Не несие то а ең төменгі көрсеткіш і лықтай ше аз ша ру ашылықтар 2014 ала алмайды, не мемл . мұндай жағдай Осы мəселеге Меркі жылғы есеп бойы шілмеуде. ға ек ет қо л та ау же ра да нша ауданпы тк ны ізу на əк н ді ой імдіг берілетін жеңілдік терді пайдалана дұрыстап көңіл бөліп, тиісті ша і ла нб ай ды да , ті пт ен мү мк ін ді - дарда 45,3 мың гектар егістік же ра алмайды. гі р - де жоқ. Əйтсе лар қолданулары қа де, əлі де ел ішінде игерілмей қалып отыр. Сондықта жет. Сол сияқты, н «Осы жағдайды түзет ұс ша М ақ ойынқұм ауданынд руашылықтарды ірі қожалықтарды бірікт у мақсатында іру – басты белгіленген тапсырма а бағдарламада ла ны ст ы үг іт- на си лендіруге бай- мəселе екені сөзсіз. ха т жұ мы ст ар ы ның орындалуы ке мшін сияқты. Шар уалар бірігудің Жамбыл облысы.

Бақанмен қасқыр соғып,отарды аман алып қалған ана

Менің əлі мектеп табалдырығын аттамаған кезім. Жапандағы жалғыз үй – шопан қыстағында бала атаулыдан өзіме тете інім екеуміз ғана. Ұзақты күнгі шаруамыз – ересектерге ілесіп қораға барып бота ұстау, қой қайыру, астауға жем салу, арық-тұрақ қойларды ауыл маңына қайырмалау. Одан жалыққан сəтте қораның үстіндегі қар жамыла үйілген шөптің арасын үңгіп үйшік жасап ойын көрігін қыздырамыз. Сам даласының басқан сайын сықыр-сықыр ететін қалың қары біздің күні бойғы ермегіміз – шанамен сырғанау, аққала жасау, тіпті, күшігімізді ертіп ап, ауыл маңынан қоян аулауға шығатынымызды қайтерсің?! Ал көктем келісімен сай-саламен аққан сумен жарыса жүгіріп, ойынымыз жаңаша мəн мен мəнерге ие болар еді. Сондай себезгілеген күн сəулесі қарды астынан еріткенімен, аяздың бетін толық қайтара алмай, қыстың кəрі сынбаған, əлі шалажансар көктем күндерінің бірінде даладағы ойынды үйге келіп жалғастырып, майы сыртына шыққан кенеп қалтадағы асықтарды аудара салып, қойша иіріп, отар етіп ортаға ала бергеніміз сол еді... Ауыл үсті дүрлігіп, иттер үйге тығыла үріп, дабыр-дұбыр дауыс, шаң-шұң айқай көбейіп кетті. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Үйге ентіге кірген анам арқасындағы бір бума отынды ауызғы үйге тастай сала қайта шықты. Бізге «далада қасқыр бар, шықпаңдар» деді де, ішінен киіз тұтқан сыртқы есікті сарт жауып, асығыс аттанды. Кəрі кемпірі жəне төсек тартып жатқан науқас қызы бар көршіміз Бекше көкемнің үйі болатын. Кеңшар орталығындағы интернаттан көктемгі демалысқа келген қос үйдің қыздары үрпиіп терезеден қараумен əлек. Сөйтсек, оқиға былай өрбіпті... Тапа тал түсте иттердің шулағанынан секем алған анам отынын арқалап қорадан үйге бет алғанда иттердің арасында аузынан сілекейі шұбырып, екі көзі қанталай қызарып тұрған сұп-сұр қасқырды көреді. Қорадағы қойға ма, əлде үйдегі бірі кіріп-бірі шығып шұбырып жүрген оншақты балаға ма – алдымен, қайсысына барарын білмей дағдарған анам отынды үйге кіргізіп, біздерге ескерту жасағасын кідірмей қораға жол тартады. Осы сəтте кеңшардың таспен өрілген, ұзыннан-ұзақ созылған жабық қорасына ашық терезеден қарғып кірген қасқыр қорадағы қолға қарап тұрған жаман-жəутік қой-қозыларды, ешкі-лақтарды жəне іші өскен саулықтарды бөрліктіре жөнеледі. Бірін алқымдап, бірін құйрықтан тартып лақтырып, тісі тиген жерден жұлып қанға бөктіреді. Қораға жүгіріп барғанмен қолында қаруы жоқ анам мен көрші əжей жəне отарларды атпен аралауға шыққан мал дəрігері Шақпақ ақсақал терезеден сес көрсете айқайлай береді. Далбақтай жүгірген адамдардан сескенді ме, əлде қойларды жарақаттағанына масайрады ма, қораның қарсы бетіндегі терезеден қарғып шыққан қасқыр тіке

ің Тарбағатай ауданы елімізд қан жат лас ара алып ел Қытаймен шек ынғы бөлігі. Оңтайластыру кезінде бұр аауд уат Ақс ан ауд екі н бірі ктір ілге ес шіл көр ны да, Тарбағатай ауданы да анҚытаймен қойындасып жатқан ауд у арас Хаб – асу төте ең дар еді. Қытайға і еріс төңк н Қаза ы Баяғ . інде жер ың Ақсуатт ық қалд ң ақты н кезінде жеңіліске ұшыраға лауысолдаттары Қытайға Ақсуат жай дейін нге бүгі і күн т жұр Оны мен асқан. ің мізд Елі «Ақтың жолы» деп атайды. н ағы айм лық ара шығыс бөлігінің шек да ң арды Ақж да, ың уатт нығайтуда Ақс берік рөлі ерекше. Бұл өңірлердің іргесі ққа халы рған болу үшін мекен етіп оты Бұл к. кере ау жас н бəрі қажетті жағдайдың , əрісі берісі егемен Қазақстанымыздың сүруі өмір ТМД мемлекеттерінің алаңсыз . бірі дың ттар шар үшін аса қажетті алғы да сын село уат Ақс ғы алы Аудан орт рің қазір 6600 тұрғын бар. «Түстік өмі ыз атам деп а» болса, кештік мал жин қ жуы ға мың і жет осы қазақ айтқандай, м аста нан мың он р, сиы 5 733 тұрғында інед і. қой -еш кі, 760 жы лқы бар көр үшін мы ылы жай Осы қыруар малдың

өрістегі отарға қарай жүйткиді. Бұл кезде ауылдағы айқайды естіп: «Үй өртеніп кетпеді ме екен?» деп төбе басына атымен шауып шыққан əкем, өзі жайып жүрген отарға қарай заулаған қасқырды байқайды да, соңынан қуа жөнеледі. Кеңшардан күзет үшін алған мылтығы мен оқ-дəрісі үйде қалған əкемнің қасқырды отарға маңайлатпай, атпен қуғаннан басқа амалы қалмаған еді. Қойды аман алып қалуды ойлаған анам қолына алты қанат киіз үйдің шаңырағын көтеретін

бақанын алып, жан-дəрмен отарға қарай жаяулай жүгіріп, əкеме көмекке ұмтылады. Үстінде шопанның қалың мақта күртесі, көйлегінің етегі қарды сызып, мол байпағы еріген қардың суына малмандай боп ауырлай түссе де малтыға жүгіріп отарға жетеді. Аттың үстінде не істерін білмей тұрған əкем жанына барған анама: «Мылтықты əкелмедің бе?» деп кейістік танытса керек. Баялыштың түбінде құйрығын бұтына қыса күжірейіп, бөксе тұсын аласарта алға атылуға дайын тұрған қасқырды байқаған анам ойланбастан қасқырға ұмтылады. Қас-қағым сəт. Өмір мен өлім. Қасқыр бұрын атылса, анамды жарып-жайратып тастары сөзсіз. Əкемнің ақырғанына қарамаған анам бақанмен қасқырдың басынан құлаштай ұрады да, шапшаң қимылдап есеңгірегенмен құлап үлгермеген қасқырды екінші қайтара ұрып сұлатып салады. Бұдан соң бастан бірнеше рет ұрғанда қасқар жантəсілім етеді. Қызықтың көкесі алда екен. Арада қырық күн өткенде ауылдағы қасқырдың тісі тиген қой-ешкі, ит атаулы, тіпті, түйелерге дейін құтыра бастайды. Қорадағы арық-тұрақ қой-ешкі, қозы-лақтың бəрі «еркек» боп бірін-бірі қуалап, бажылдаған дауыстары қораны басына көтереді. Ауыл тағы үрейленді. Балашаға далаға шығудан қалды. Екі үйдің шаруашылық үшін ұстап отырған бес иті бірінен соң бірі құтырып, сілекейлері шұбырып, ауыл үстінде теңселіп жүр. Көзін сүзіп қарағанда, атылуға дайын тұрғанын аңғарасың. Көрші ауылдардан көмекке келген шопандар құтырған қойларды, түйелерді атып, өлексесін өртеп, терең шұңқыр қазып, көміп əлек. Малды ауылдарды аралап жүріп үстінен түскен кеңшардың мал дəрігері иттерді «қырып салды». Інім екеуміз қоян аулауға алып шығатын сүйкімді күшігімізді бергіміз келмей қанша жыласақ та, ол да атылды. Қасқырдың басын кесіп əкеткен олар оны сол кездегі Шевченко қаласына сараптамаға жіберіп, кейіннен қасқырдың құтырғандығын, миынан ауыр соққы алып өлгендігін хабарлады. Анамның осы қимылы қоғамға адалдық, жауапкершілік, отарды аман сақтап қалу үшін өз өмірін қауіпке тіккен батылдық еді. Осы ерлігі үшін кеңшардан бір қатырма қағаз да алған жоқ жəне оны өзі ерлік деп есептеген де емес. Қой түгілі адам, балашаға құтыруы мүмкін сол бір енжар шақтың селт етпеген кеңшар басшылығы үшін анамның əрекеті «түкке тұрғысыз» болғаны-ау! Жайлауда, қыстақта жүріп, тіпті, арасында қарашаның қара суығында көшіп бара жатып, жүк тиеген трактор тіркемесінің үстінде босанып, он бір баланы өмірге əкелген, қолын тілім-тілім етіп жүріп күніне жүздеген қозы сойып, елтірісін баптап тиісті жерге өткізген анамның əрбір күні ерлікке пара-пар еді. Ал қасқыр соққан сəті – соның бірі ғана. Бүгінде 80-ге таяған анам 50-ге тарта немере-жиен, 30-ға жуық шөберелердің асыл əжесі. «Жұмыс жасаған жақсы ғой, бір күніміз бос өтпейтін» деп еңбекпен өрілген өмірін еске алып отырады. Маңғыстау облысы.

ЖЕР ДАУЫ

ме? бірлігімізді бұзып жүрмей

сонмыңдаған гектар жайылымдық, тағы енөзін і екен ет қаж шама шабындық жер ің етін өкім ес кең егі Кеш і. өзі түсінікт төрт да сын ала айн тың уат Ақс нде кезі халық үлкен совхоз бар болатын. Сонда да қтың халы да оз совх ебі, Себ мал ұстады. елімді қан жат ныш «Ты еді. шігі мен қ орта екші, құйыршық келіп үркітті-ай» дем біт бей іп кел ы қан нау жекешелендіру ікте Бил ы. ырд қаш н кесі бере ң елді жатқан молытуыс-қиысы барлар шұрайлы жерді ыр» қай ды лың «ма ққа нан қамтып, халы тып н, ыме Сон . ады баст та алар н деп көзі ас алм шөп нан тыныш жатқан қой аузы нші момын елде атам қазақтың ең бірі і. берд іп өрш дауы жер – дауы Қазір малыңызды Ақсуаттың шетінен жер қар ға ады м ұза тып шы ғар саң ыз Құр з. асы бол тап ына ғыс қар ің иелерін

қар ғап қан а қой май , жылқыға – құрық, сиырға – сырық жұмсайтын болды. Заң бойынша ірі ауімге ылдан он шақырым жерге дейін ешк қ Біра еді. бар да қағи н деге сатылмасын оған ақшаға құныққан жер сатушылар е, пес Əйт ды. ама пыс қыр ып та қар м ыры шақ үш екіғаны бол Ақсуаттан бар ар Том , ебаз Түй н, тіге Сүт ан тұрғ де жер і, жер деген жерлер сатылар ма еді?! Тіпт арамшек өз ша, сон ны асқа алғандардың мен тор трак ді жер деп н ймі гіле ды бел а ынш бой Заң . айғыздап жыртып тастады ғана ға жал ға жыл 49 , жер сатылмайды ң «49 беріледі емес пе?! Əлде аналарды нгі бүгі деп » жылға дейін кім бар, кім жоқ ма? ғаны қара ен дікп билікке сенімсіз

13

туАқсуат халқының жерсіз қалғаны а анд тұрғ п ары басқ ралы кезінде облысты . едім ып айт п ығы жол Б.Сапарбаевқа норы ның ысы басш мет Үкі Қазір ол кісі ер ме басары, сол кісінің құлағына жет тіне газе деп бұл мақаланы еліміздің бас əдейі жазып отырмын. Мейрам ОРАЛОВ, журналист. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат селосы.

СЫМБАТТЫЛЫҚ «СЫРЫ» немесе анорексия құрбандары кімдер?

Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Ал табиғатынан нəзік жаратылған əйелдер қауымы бұл мəселеге келгенде жанкештілік танытып, бір-бірімен бəсекелес болатыны да бесенеден белгілі. Маңдайға жазылған əйелдік түйсік басқалай өмір сүруге жол бере қоймайды. Сондықтан əрқайсысы əртүрлі «құрбандықтарға» баратын нəзік жандылардың ерлігі кейде қошеметке лайық болмай да жатады. Себебі, артық қыламын деп тыртық қылып жатқандар да аз емес. Əлемдік көрсеткішпен алар болсақ, күйеуінің тастап кетуінен қорқып, сан рет пышаққа түсіп, пластикалық ота жасатуға бірнеше рет барған əйелдер туралы естігеніміз көп. Тіпті, күйеуінің жақсы көретін жануары мысыққа ұқсағысы келіп, көзін мысықтікіндей етіп ота жасатқан қазіргі таңда танымал Джоселин Вайлд туралы көпшілік жақсы біледі. Ота сəтсіз болды ма, əлде мысыққа ұқсаған əйелін көруге ерінің жүрегі дауаламады ма, сол мезеттеақ күйеуі ажырасу қағаздарын ресімдеген. Айта берсек, сан жетпейтін құрбандықтар əлемде көп. Соның бірі табиғат берген мүсін мен əдемілікті сақтап қалудың өзі енді мұңға айналып, ол бүгінде анорексия ауруына ұласты. Жоғарыда айтып кеткен мысалдың бір ұшы осыған келіп тірелетін бұл дерт қазір əлемді жайлауда. Адамзат қоғамда белең алып тұрған дененің шамадан тыс салмақ жинауымен, яғни семіздікпен күресіп жатқанда, осыған қарама-қарсы дерт түрі «анорексия» пайда болды. Ағзаның тағамдық орталығы қызметінің бұзылуы салдарынан тамақтануға физиологиялық қажеттілік бола тұра тəбеттің болмауынан, одан келе дене салмағы күрт жəне тез арада төмендеп отыратын бұл ауру соңы өлімге алып келетін қатерлердің қатарына жатқызылады екен. Шетелде осыдан көптеген жылдар бұрын, подиумда сəн көрсететін сəнгерлердің ауыратын ауруы болған бұл дерт, енді, əртісті де, əлсізді де, байды да, кедейді де таңдамайтын болды. Бұл мəселенің соншалықты өзектілікке айналғаны сондай, ресейлік «Пусть говорят» бағдарламасында бірнеше түсірілімдер жасалды. Жан-жақтан осы кеселге тап болған жандарды алдырып, оларды эфирде психологтармен жəне арнайы мамандармен жүздестіріп, осы дерттің емін табу жолдарын қарастырған болатын. Тіпті, аптасына бірнеше кило салмақ тастап отыратын бұл аурумен ауыратын адамдардың терісі сүйегіне ілініп, бертін келе оны жыртуға дейін баратын болған. Əрине, осындай жағдайда алдымен өз елің жайлы ойланасың. Себебі, кез келген өзекті проблема сенің еліңе келмегені жақсы, ал келген жағдайда, ол да ортақ мұң болып есептелмек. Оның артында талай тағдырлар жатқандығын ескерсек, емінің кепілдігі аз болып отырған бұл дертпен ауыратындар біздің елде де бар екен. Жəне өкініштісі, мұндай аурудың арнайы маман дəрігерлері жоқ көрінеді. Өткен жылы өскемендік Əсел Ұланова есімді 9 жасар қыз кенеттен 16 килоға дейін салмақ тастап, жағдайы ауырлап жатқандығы туралы ақпараттар бірнеше арналардан берілді. Біздің елде осындай аурумен ауыратын қыздың бар екендігі құлақтарына жеткен «Пусть говорят» журналистері алып-ұшып келіп, Əселді анасымен бағдарламаларына қатысуға алып та кеткен. Сол жерде өз мұңын жеткізген ананың айтуынша, анорексияны емдеуге медицина қауқарсыз болып отырған көрінеді. Демек, бұл ауруға біздің елде ғана емес, шетелде де оңды ем жасалынбайды. Себебі, анорексия физиологиялық ауру болғанымен, ол бірінші кезекте сананың сырқаты болып есептелінеді екен. Бұл орайда жақсы ем болу үшін адамға рухани көмек пен саналы кеңестер қажет. Сонымен, анорексиямен ауыруға не себеп, бұл аурумен кімдер жиі ауырады? Бірінші болып жасөспірім қыздар мен əйелдер қауымы осы дертке душар болуда. Оған себептер көп, қыздар бой түзеп келе жатқанда психологиясы өзгеретіні даусыз, сол кезеңде олар сырт көз қалай сын айтатынына аса мəн береді. Сонымен қатар, бұл мəселе барысында əйелдердің ерлер үшін жасаған құрбандықтары басым болып түсті. Себебі, осы аурумен ауырғандардың сөздері

көп жағдайда ер азаматтары мүсіндеріне сын айта бастаған соң осындай əдісті қолға алғандарын алға тартады. Ал əдіс деп отырғанымыз, адамға табиғаттан берілген «шартты рефлекс» жұмысын саналы түрде адамның өз қолымен бұзуы, яғни тамаққа деген тəбетті қолдан жою болып табылады. Мұның соңында, əрине, арықтау тұр. Сонымен, көптеген қыздар арықтау үшін бірінші кезекте өздерін адам бойына күнделікті қажетті тағамнан, яғни дəрумендерден шектеп отырады. Ал тым ашығып, шыдай алмаған жағдайда, тамақты қалағанынша жеп, артынша аузына қолын салып, оны құсып тастайды. Бірнеше рет қайталанған «қолдан құсу» əдісіне асқазан мен ағза оңай үйренеді. Ал ол адамның кейінгі кездегі тағдыры тым күрделене түспек, əрбір жұтым асын құсып отыруға мəжбүр болады. Үздіксіз құсу салдарынан біріншіден, тым əлсіз, əлжуаз бола бастаса, кейінгі кезекте оның күнделікті тұрмысында да үлкен кедергілер туындайды. Психологиялық тұрғыда өзіне-өзі сенімсіз бола бастайды, денсаулығы күрт нашарлап, ағзаға қажетті дəрумендер жетіспеуі салдарынан сол адам бірнеше күнге 3-4 килодан салмақ тастап отыратын жағдайға душар болады. Расында, бұл дерттің қаншалықты қауіпті жəне қандай деңгейде адам өміріне əсері бар екендігі жөнінде ақпарат бере кетер болсақ, ол ауру адамның психологиялық тұрғыдағы өзіне-өзі көңілі толмаушылықтан, ұзақ күйзелістен, жүйке жүйесінің шаршауынан туындайтын сырқаттың бір түрі. Ол соңғы 30 жылдың ішінде үлкен танымдыққа ие болды. Мамандар анорексияның белгілі ошағы жоқ екендігін алға тартады, тек адамның психологиялық сана-сезімінің арқасында ғана жүзеге асатын дерт болғандықтан, көп жағдайда оны жақындардың жəне қоғамның түрлі сынынан пайда болатын ауру деп түсіндіреді. Оның белгілері мынадай: ылғи да өзін-өзі толық деп сезіну, тамақты тұрып жеу, ұйқының бұзылуы, қоғамнан оқшаулану, семіріп кетуден қатты қорқу жəне тамақтан мүлде бас тарту. Айта кетерлік жайт, оны емдеуші маман – психиатр екендігін білу өте маңызды. Себебі, тым қатты арықтаған адамның психологиясы қалай болатындығын айтып өттік, сол үшін де анорексиямен ауырған адамды арнайы психотерапевт маманына алып бару қажет. Бұл тұрғыда психолог немесе психотерапевт деген атты естісе, менің балам жынды емес немесе мен жынды емеспін деп атой салу артықтық етеді. Мəселен біз, Астана қаласы əкімдігінің «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорнының мамандарымен хабарластық. Бізге осының аясында сұрақтарымызға жауап берген 1-ші дəрежелі дəрігер психиатр Айжан Сүлейменова аталған дерттің біздің елде əлі «жас» екендігін алға тарта отырып, осыған байланысты анорексиямен ауыратындардың нақты сандық көрсеткіші жоқ екендігін айтты. Дегенмен, маманның айтуы бойынша, бұл дертпен ауыратындар біздің елде жоқ емес. Сондай-ақ, анорексияны емдеудің де нақтылай жолдары жоқ, дегенмен, ауруды асқындырып алмай тұрғанда психологиялық көмек көрсете отырып ем жасауға болатындығына тоқталды. Осындай жағдайларда психиатр мамандарымен кеңесу қажет екендігін алға тартқан маманның пікірі бойынша анорексия əртүрлі жағдайда орын алады. Адамды депрессияға соқтыратын болғандықтан ол əлеуметтік жəне қоғамдық мəселенің біріне айналғандығын айтады. Науқасқа психотерапевтік көмектер мен дəрідəрмектер тағайындап, ең маңыздысы, тамақ жеуге ынталандыру қажет. Уақыт өткен сайын калориясы жоғары тамақтарды бере отырып, анорексия науқасын біртіндеп қалыпқа келтіруге болады. Ең бастысы, аурудың бастапқы себебін анықтап алу маңызды. Болашақта дұрыс ем болу үшін де оның арықтауға жəне өмірге деген көзқарасын өзгерту керек екендігі айтылады. Сондықтан да, жағдайды ауырлатпай, жақындарды əбігерге түсірмей жəне де ең бастысы, өз өмірімізді өзіміз уламай тұрғанда саны бар сапасы жоқ диеталардан бойды аулақ салған жөн. Əр нəрсенің өз мөлшері, өз орны болатыны секілді арықтаудың да, дұрыс өмір сүрудің де жөні бөлек екенін естен шығармайық.


14

ЫП Л А Қ ҚЫ

www.egemen.kz

ҚАЗА

8 сəуір 2015 жыл  Жемқорлық – індет, жою – міндет

АЄАЛАР АЙТЌАН ƏЗIЛ СҐЗ

Қазір газетіміздің бетінде құндылықтарды қадірлеу туралы жан-жақты әңгіме қозғалып жатыр. Құлдыратпауға тиісті құндылықтарымыздың бірі де бірегейі – қазақы қалпымыз, халықтық қасиеттеріміз. Сол қасиеттеріміздің арасында біздің асыл сөзді алабөтен ардақтайтынымыз айрықша орын алады. Тауып айтылған сөзге тамсанып, қауып айтылған сөзге тіксініп жататынымыз сондықтан. Жөнімен айтылған жүйелі сөз әзілмен әдіптелсе тіпті тамаша. «Әзілің жарасса атаңмен ойна» дейтін қазақ, «Қалжыңды түсінбегеннің қасында жүрме» дейтін қазақ әзілде кек жоқ, күлкіде шек жоқ деп білген. Содан да орынды да ойлы сөз, әдемі әзіл ел арасында ауыздан-ауызға тарап жатады. Белгілі ақын Шөмішбай САРИЕВ көптеген жылдардан бері елдің атақты азаматтарының, замандастарының ұтқыр сөздерін, күлкі шақырарлық қызықты, тағылымды сәттерін өлең тілімен өрнектеп келеді. Біз бүгін солардың бір тобын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Мўхтар Əуезов жəне тґр Мұхаң бірде тойға кеш келіп, Кешіккенін өзі іштей ескеріп. Үй иесінен кешірім сұрап, Бос орынға жайғаса салған көрінеді. Жоғары орыннан кімді қозғалтамыз деп, Той иелері ойласа қалған көрінеді. Мұхаң мұны байқап қалып: – Оған қам жемеңдер, – деп тоқтатыпты. Сонда да үй иесінің көңіліне, Мұхаңның төмен отырғаны көп батыпты. Жоғарыдағылар өздері біліп, қозғала қоймапты, «Төрге шығыңыз, Мұха», – деген сөз бола қоймапты. Сонда асаба: – Мұхаң төмен отырып қалды-ау, – депті, Көпшілік те үнсіз қапты. Мұхаң да үндемепті. Тағы бірде асаба: – Мұхаңнан ұят болды-ау, – депті. Көпшілік тағы үнсіз қапты. Мұхаң да тағы үндемепті. Ізет етем деп ағаға, Біраздасын асаба: – Ортамызда Мұхаңның орны бөлек, – депті. Мұхаңның төрге шығуы қалайда керек, – депті. Төрдегілер тағы да үндемепті. Сонда Мұхаң тілге кепті: – Асаба, шырағым, ниет-көңіліңіз оңды, – депті, Бірақ, мен отырған жерді – Төр санасаңыз болды, – депті.

Егіз халыќ жəне Ќадыр əзілі «Біреу үшін біреуі өтеп парызды, Біреуі үшін, бірі берген қарызды. Қырғыз-қазақ көп халықтың ішінде Бір-бірінің көшірмесі тəрізді». Бір қимастық сезімдер бар осында, Айналып туысқандық жарасымға. Оқиды Қадыр өлең Москвада, Қырғыздық бауырлардың арасында: «Қазақ пенен қырғыздарды бөлмеген ғой бір кезде, Қазақбайлар өздерінде, қырғызбайлар жүр бізде... Мен бөтендік байқамадым қырғыз, қазақ түрінен, Біз ұмытқан қазақ сөзін табам қырғыз тілінен... Біздің достық қайтқан емес алай-дүлей дауылдан, Жоқ боп кеткен қызың болса, ізде біздің ауылдан!» Деп əзілдеп Қадыр ақын қағытты, «Ауыс-күйіс» əзілімен, туыстығын танытты. Қырғыз бауыр қарап қалмас мұндайда, «Манасына» жететұғын тіл қайда? Ет тартқандай сыйлап ақын Қадырға, Асатты көп əзілді орап түрлі ойға! Алатоо мен Алатаудай мəуелі, Қанаттасқан екі бірдей тау елі. Қалжың аттың ауыздығын босатып, Қырғыздардың бірі тұрып əуелі:

Солар неге екенін білмеймін. Бізді жақсы көрсе қазақ дейді, Ұнатпай қалса «киргиз» дейд – деді. Осылай Москвада, Екі ел ұлдарының Əзілі жарасқан еді. Бауырлар арқа қағып, əзілмен тарасқан еді...

Əнші Ришад Абдуллинніѕ айтќаны Келе жатып, əңгіме жаңа маздап, Сөз төркіні бұрылып далаға аздап... Жүгіріп достары өтті, көше кесіп, Астында машинаның қала жаздап. Біреулер бар ертерек есені алмақ, Сол үшін тістеледі неше бармақ. Достары алақ-жұлақ тұра шауып, Ришад тұрып қапты көшені аңдап! Əншіні əндей сұлу шырайлы етті, Табиғат о басынан райлы етті. – Реке, неге сақсыз? – десе достар, Ренжімей күле сөйлеп былай депті: – Сақсыз деп кінə артып сөз қылғанша, Десеңші тірлік дəмін сездің қанша? Бір минут кідіре тұрған дұрыс, Өмірде мəңгілікке көз жұмғанша!

Бауыржан Момышўлы мен Нўрєиса Тілендиев жəне бейтаныс адам Бір күні Баукең, Бастайын деп бір қызықты, Нұрағаңа ішкізіпті. Мін десе мінгізіпті, Түс десе түскізіпті. Сөйтіп мас қылып, Есігінің аузын тас қылып жауып, Есебін тауып, «Қазақстан» пойызына салып жіберіпті. Оянса Нұрағаң, Көбірек алып жіберіпті. Қараса басқа бір шатыр, Үйде емес, Купеде жатыр. Əрі-бері аунап көреді, Басы зеңіп, Пойыз заулап келеді. Купедегілер тым-тырыс ұйқыда, Өзінің таң қалып сиқына, Нұрағаң үстел үстін қараса, Толған шарап, тамаша! Ұрланып барып, Енді стақанға құя бергенде, Біреуі ырғалып қалып, Жүрегі тас-төбесінен шыққаны, Əйтеуір, ұйқыда екен, ұққаны.

– Ұлы Мұхаң, шоң қазағым кеткелі, – деді, Осы прозаларыңа, қырғыздар да өкпелі, – деді. Қадыр ақын үндемей тыңдады, Қырғыз бауырлар мұнымен де тынбады.

Енді іше бергенде, Біреу жоғарыдан түсе беріп: – Əй, көргенсіз, біреудің арағында нең бар? – депті, Оны сенен басқа да ішетін ел бар депті.

– «Қараш-қарашты» қарашы, – деді, Киномыздың жер мен көктей арасы, – деді. Ұлы Мұхаң дүниелерін қырғыздарға сеніп, Қалдырған-ау шамасы, – деді.

Сонда Нұрағаң сасқанынан, Біреу бір нəрсені тастап жібергендей, аспанынан, – Кешір, аға! Мен Нұрғиса деген інің боламын, – депті, – Мынадан бір ұрттасам, тынымды аламын, –депті.

Қадыр ақын сабырмен тыңдады, Қырғыз бауырлар мұнымен де тынбады. Осылай бірқақпай қалжыңды қоздата берді, Қадыр ақын жанына сөз бата берді. Қырғыз бауырлар, Əдебиет пен өнерді сөз қылып бақты, Не керек əзілмен, Қазақты қалдырып, қырғызды оздырып бақты. Сосын Қадыр ақын амалсыз əзілмен, Жанға жайлы жып-жылы наз үнмен, былай деді: – Қалай мен туысымды алалайын, Орыс дейтін көрші ел бар, ара ағайын, Соған жүгінейік, – деді. Əзіліміз жарасқан елміз ғой, Ақиқатқа үңілейік, – деді. – Жүгінсек, жүгінейік, Үңілсек үңілейік, – деді бауырлар. Қырғыз деген халыққа табынатын, Ыстықкөлін жыл сайын сағынатын. Жеңіліп қалмау үшін амалсыздан, Əзілдеп былай депті Қадыр ақын: – Орыс деген əділ халық қой... Екі араны түсінбей жүрміз дейд – деді. –

Сонда ол тұрып: – Мен сенен бір көйлекті бұрын тоздырған, Ағамын, – депті, Қазір сенің жыныңды қағамын, – депті. Түріңнің түр емес екенін көрмеймін бе,? Сұрап ішсең бермеймін бе?! Арам қолыңды создың да кешірім сұрайсың, Іш, оңбаған! Бірақ сөз тыңда: – Мына сиқыңмен екіншілей, Шығушы болма, жолға! – депті. Екіншілей ұлы адамның атын жамылып, «Нұрғисамын – деп айтушы болма!» – депті.

Академик Ахмет Жўбанов пен аќын Хамит Ерєалиев Кеңдігі-ай, қайран дүние кеңістің де, Бас қосып жүру бірі – жеңістің де. Бірі – ақын, бірі – ұлы композитор, Заулап келе жатыпты жер үстінде. «Волгасын» айдап тартқан академик, Қасында албырт жүрек, ақын Хамит. Жайраңдап жақсы ағаға жақын күліп, Бас қосқан тірлік дəмін татып жүріп.

Жанында жақсы ағаның дəурен кешіп, Сонымен жарық түсер сəулең де өсіп. Сəулемен сəл тыныстап ақын Хамит, Ағаға сауал қойды əудемдесіп. – Аха, осы бұл қазақта мықты ақын кім? Əуелі, алдыменен осыны айтшы, Содан соң қазіргісін қосып айтшы! Ахаң да жауабынан тосылмады, Інінің сауалынан шошынбады: – Өзің ғана Хамитжан, жалғыз өзің, Мен білетін ақыннан осындағы. Інісі бұлқан-талқан ашуланып, Ағасы іні ашуын басуға алып, Байсалды жүрегімен былай депті: – Отырсың кабинама қатар еніп, Сенен мықты бар деуге батар едік. Қай ақынның шопыры – композитор, Қай ақынның шопыры – академик?!

Ўлы Мўхаѕ жəне жас ўрпаќ Бір жиналыста даналығы асып, Бір жас жігіт жаңалық ашып, Əуезовті алғаш: – Ұлы! – деген екен, Абайдан соңғы Классигіміз, көзі тірі! – деген екен. Əдеби қауым аңтарылып, Сенбейтін де жан табылып, Сөзді басқаға бұрыпты. Алатау ойға батып, Ішінен астана күліпті. Шырқыраған шындықты, Ең алғаш жас бала біліпті... Ертеңіне біреу Мұхаңа келіп: – Менің жүрегім байқады, – депті, Сол балаға сенесіз бе, Мұха, Ол өтірік айтады, – депті. Сонда Мұхаң тұрып: – Əй, тегі, – депті, Сол өтірікті, шырағым, Сен айта салсаң қайтеді? – депті.

Зейнолла Ќабдоловтыѕ Хамит Ерєалиевке айтќаны Хамаң толқып тост айтып тұр дейді, Тірлікті түгендеп қоса айтып тұр дейді. Елдің елдігі жайлы сөз айтып тұр дейді, Басқа емес, Хамаң, өзі айтып тұр дейді. Ақын сөздің маржандарын төкті дейді, Атыраудан Алтай асып жетті дейді. Соғатыны белгісіз қайда алып келіп, Қырандай алты алашты айналып келіп. Үй иесіне тілегін тіреп айтты дейді, Хамаң, Хамаңдық қарымымен күреп айтты дейді. Осылай Хамаң тілімен омыраулатыпты, Сол кезде төрдегі сағат қоңыраулатыпты. Сонда Хамаң: Менің тілегім бір жақсылыққа бастап тұр, – депті. Сағат та, міне, көрдіңіздер ме, қоңырауымен, Менің сөзімді қостап тұр, – депті. Ақын: Айтқанымды қабыл қылсын Құдай, – деген екен. Сонда, Зейнолла Қабдолов ағасына былай деген екен: Хамаң – Хамаң ғой, құрық салдырмай айтады, – депті, – Бірақ, Хама, сағаттап сөйлегесін, сағат қоңыраулатпай қайтеді!? – депті.

Əбіќай баласы Ахметхан мен бəйбішесі Əңгімеқұмар Ахметхан ақын, Əңгіме десе ішкен асын жерге қояды екен, Қонақ десе бар малын сояды екен, Бір жасап, рахаттанып, сөздердің дəмді асына тояды екен. Бірде есікті қатты ұрып, періп, Кемпірі аптығып келіп: – Шал-ау, үш қойымыздың бірі өлгелі жатыр, Басына бұлт төнгелі жатыр, – десе: – Сөзді бөлу күнə, – депті Ахаң, – Кемпір, ақырын күтіп шыда, – депті Ахаң. Сосын: – Е, мал іші болған соң, Өлім-жітім болмай тұра ма? – депті Ахаң. Жайлауға кетіп жемпірі, Келесі күні кемпірі: – Неғып отырсың, бəтір? – депті, – Екінші қойың өлгелі жатыр! – депті. Сонда Ахаң: – Өтер өмірге – əңгіме емес пе керегі? – депті, Бір жайдың табылып тұр дерегі, – депті. «Бар болған соң өледі де, Жоқ болса несін өледі», – депті. Індеттен үшінші қойды сайтан ұрып, Іле-шала кемпірі қайта кіріп: – Шал саған не болған?! Үшіншісі де қатуға айналды, Өмірем қатып, келмеске кетіп, батуға айналды, – депті. Сонда қайран Ахаң қазақы мінезімен, Досын қимай, сырлас болған бір өзімен: – Қой да болса, Құдайына сиынған шығар, – депті. Адамға емес, Аллаға бұйырған шығар, – депті. – Біздің малға келген індет, Енді осымен тыйылған шығар! – депті.

ПАРАЌОРЛЫЌ

ўстаз деген ўлы ўєымєа кір келтіреді Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл департаментінің ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізілді. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары, білім саласы қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған семинардың мойнына артылған жүк көп. Білім беру саласындағы заң бұзушылықтар түрлі жиындарда жиі көтерілетін, ел аузынан, ұзынқұлақтан түспейтін мəселе. Тіпті, облыс əкімінің есеп беруінде де білімге қатысты қоғамдық қордың төрағасы мұғалімдік қызметке алу сыйақысының əлденеше өскендігін айтып, мектеп директорларын қолайсыз жағдайда қалдырған. «Ұсталмаған ұры емес» дейді халық даналығы. Əйтсе де көпшіліктің жанайқайы негізсіз емес. Мəселен, өткен жылдың өзінде білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты 62 қылмыстық іс қозғалып, мемлекетке 20 млн. 152 мың теңге көлемінде залал келген. Заң бұзу шылыққа жол бергендердің қатарында балабақша меңгерушісінен бастап мектеп директорлары, орынбасарлары мен есепшілері, сондай-ақ білім бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері бар. Олар тарапынан жасалған қыл мыстар да сан түрлі. Басым көпшілігі қызметтік жалғандық қылмысын жасаса, енді бірі парақорлыққа жол берген. Бұдан бөлек «Бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету», «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» қылмыстары да тіркеліп отыр. «Алаяқтық» пен «Кəсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» деректерімен де қылмыстық істер қозғалған. Ал ағымдағы жылы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жем қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментіне жеке жəне заңды тұлғалардан 374 арыз-шағым келіп түскен. Барлығы да осы білім саласына қатысты. Департамент қызметкерлері осынау арыз-шағымдарды тексере келе, 10 мектеп басшысы мен 2 білім бөлімі басшысының расында да жемқорлық қылмысына жол бергенін анықтады. Мұндай жағдайлар Сарыағаш ауданы мен Түркістан, Шымкент қалаларында орын алған. Бүгінгі таңда облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарында əртүрлі себептерді негізге алып ақша жинау, білім беру

ұйымдарына жұмысқа қабылдау, қызмет атқару мерзімін ұзарту, жұмыс сағаттарын бөлу кезінде қаржы талап ету ережеге айналып барады. Оған дəлел, білім саласында соңғы 5 жылда орын алған қылмыстарды саралау кезінде 76 мектеп директоры мен олардың 6 орынбасары жұмысқа қабылдау, қызмет атқару мерзімін ұзарту, жұмыс сағаттарын бөлу кезінде қаржы талап ету сипатындағы қылмыстарды жасаған. Еліміздегі білім саласын дамыту, мектепке дейінгі тəрбие беру мəсе лесіне мемлекет тарапынан бірқатар бағдарламалар əзірленіп, миллиардтаған қаражаттар қарастырылып келеді. Алайда, бұл бағдарламаларды іске асыру барысында да көптеген сыбайлас жемқорлық си паттағы заңсыздықтарға жол берілуде. Бюджет қаржысы талантаражға салынып, ысырапсыз жұмсау деректері де кездесіп отыр. Осындай жайттарды ескере келе өңірдің мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жүйе лі жұмыс жүргізуді қолға алды. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында қала, аудан орталықтарында арнайы семинарлар ұйымдастырып жа тыр. Мемлекеттік қызметкерлер мен білім саласы мамандарына заңнамалық дəрістерін өтуде. Жержерде жекелеген азаматтармен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру шараларын өткізуде. Бұл əрекеттердің барлығы мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның алдын алудағы іс-əрекетін біріктіруге бағытталмақ. Əрине, жоғарыда келтірілген мəліметтерден білім саласын жемқорлық жайлап алды деген ұғым тумаса керек. Мұндай оқиғалар еліміздің бар аймағында кездесіп жатады. Оңтүстікте мектептердің саны мыңнан асады, халық көп, жұмысқа орналасуда қиындық туып, жұрттың тамыр-таныс іздеп жататыны рас. Парақорлықтың балалайтын ұясы осы. Шынтуайтына келгенде, мұндай фактілер ұстаз деген ұлы ұғымның бойына жараспақ емес. Оңтүстік Қазақстан облысы.

ШУ МЕН АЛМАТЫ арасы жаќындай тїседі (Соңы. Басы 1-бетте).

«Жобаны жүзеге асыру барысында басты 110 шақырымдық жол салынады. Басты жолдың бойында 92 дана инженерлік құрылғылар болса, 22 теміржол көпірі, екі жол өткелі салынады. Соңғы жылдары Астана – Алматы теміржол желісінің жоғарғы қабаты біршама жаңғыртылды. Ол арқылы «Тұлпар» жүрдек жолаушылар пойызының қозғалыс жылдамдығы арта түсті», дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин. Шынында соңғы кезде жолаушылар пойыздарының, əсіресе, жүрдек пойыздардың көбейгенін ескерсек, теміржолға түскен жүктеменің қаншалықты күрделі екенін түсінуге болады. Осы тұрғыда жаңадан екінші теміржолдың іске қосылуымен жүк тасымалдау көлемі 3 есеге ұлғайып, жол жүру уақыты 2 есеге азаятыны елді ерекше қуантады. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтеруге жəне жол қауіпсіздігін нығайтуға мол мүмкіндіктер ашады. Мұндай жол құрылыстары тек аймақаралық қатынастарды ғана емес, облыс экономикасының басқа да салаларын дамытуға үлкен серпін беретіні анық. «Шу – Алматы учаскесіндегі екінші теміржол желісі құрылысының басталуы – облыстың əлеуметтікэкономикалық өмі ріндегі айтулы оқиға. Өйткені, теміржол – ел

экономикасының күретамыры, мемлекетіміздің қуатты жүйесі. Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Жол – шын мəнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тас жолмен, əуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек» деп айта келе, елдің тұрмыс-жағдайын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық дамудың 6 бағытын ұсынған еді. Бұл ретте осынау теміржолдың құрылысы – осы бағыттың аясындағы негізгі жобалардың бірі. Осының барлығы Елбасының парасатты саясатының арқасында атқарылып жатқан ізгі істер», дейді Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. Бүгінде теміржол – халықтың бақуатты тірлігінің бірден-бір көзі. Жамбыл облысы аумағынан өтетін теміржол бойында 80 мыңға жуық адам тіршілік етіп жатса, оның 12 мыңы теміржол саласында тұрақты жұмыспен қамтылған. Енді міне, жаңа теміржол құрылысы саласында 1500-ге жуық жұмыс орны ашылғалы отыр. Лайым, бұл құрылыс өңірдің дамуына мықты серпін беріп, елдің экономикалық белсенділігін арттыра берсін. Жамбыл облысы.

––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.


8 сəуір

www.egemen.kz

2015 жыл

15

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасыныѕ кейбір заѕнамалыќ актілеріне денсаулыќ саќтау мəселелері бойынша ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар, № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат): 151-баптағы «беру (донациялау)» деген сөздер «донациялау» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; №12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84; 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат): 1) Кодекстің бүкіл мəтіні бойынша «салауаттылығы», «салауаттылық», «салауатты», «салауаттылығының», «салауаттылығын», «салауаттылыққа», «салауаттылығына», «салауаттығы», «Салауатты» деген сөздер тиісінше «саламаттылығы», «саламаттылық», «саламатты», «саламаттылығының», «саламаттылығын», «саламаттылыққа», «саламаттылығына», «саламаттылығы», «Саламатты» деген сөздермен, «принциптер», «принциптері», «принциптеріне», «принциптерін», «принцип», «принциптердің», «принципі», «принциптерімен» деген сөздер тиісінше «қағидаттар», «қағидаттары», «қағидаттарына», «қағидаттарын», «қағидат», «қағидаттардың», «қағидаты», «қағидаттарымен» деген сөздермен, «тіркеу деректемесіне», «тіркеу деректеріне», «тіркеу деректерінің», «тіркеу деректемесінің», «Тіркеу деректеріне», «тіркеу деректері», «тіркеу деректерінде» деген сөздер тиісінше «тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасының», «Тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасы», «тіркеу дерекнамасында» деген сөздермен, «тексеріп-қараулардың», «тексеріп- қарау», «тексеріпқараудың», «тексеріп-қаралуға», «тексеріп-қараудан», «тексеріп-қарауы», «тексеріп-қарауды» «тексеріпқарауға» деген сөздер тиісінше «қарап-тексерудің», «қарап-тексеру», «қарап-тексерудің» «қарап-тексерілуге», «қарап-тексеруден», «қарап-тексеруі», «қарап-тексеруді», «қарап-тексеруге» деген сөздермен, «көрсетімдер», «айғақтары», «айғақтарсыз», «айғақтар», «айғақтардың» деген сөздер тиісінше «көрсетілімдер», «көрсетілімдері», «көрсетілімдерсіз», «көрсетілімдер», «көрсетілімдердің» деген сөздермен, «өмірді сақтау айғақтары» деген сөздер «тіршілік көрсеткіштері» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 7-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті»; 15-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кəсіптік құзыреттілігін аттестаттау»; 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жəне дəрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат»; мынадай мазмұндағы 22-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «22-1-бап. Дəрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат»; 24-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру нысандары»; мынадай мазмұндағы 66-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «66-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы»; 72, 74, 76, 77, 80-2, 81 жəне 84-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «72-бап. Биологиялық активті заттарды, фармакологиялық, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер»; «74-бап. Фармакологиялық, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеулер»; «76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу 77-бап. Бірыңғай дистрибьютор»; «80-2-бап. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды жəне клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін жеке пайдалану үшін жəне өзге де коммерциялық емес мақсаттарда əкелу»; «81-бап. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды жəне клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін əкету тəртібі»; «84-бап. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға тыйым салу, оны тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу»; мынадай мазмұндағы 84-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «84-1-бап. Жалған дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника»; 85, 86, 101, 107, 108, 109, 110 жəне 111-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «85-бап. Дəрілік заттарды фармакологиялық қадағалау жəне дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама əсерлерінің мониторингі 86-бап. Дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы ақпарат»; «101-бап. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тіндерінің донорлығы»; «107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мəжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тəртiбi 108-бап. Туберкулезбен ауыратын, мəжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары

109-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда емдеу жəне ұстау 110-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарды мəжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау жəне емдеу 111-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға əлеуметтік көмек»; мынадай мазмұндағы 135-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету»; 146 жəне 148-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «146-бап. Адам денсаулығына зиянды əсер ететін өнімдерді мемлекеттік тіркеу»; «148-бап. Санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шаралар»; мынадай мазмұндағы 148-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «148-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылау»; 159-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «159-бап. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы жəне оны шектеу»; 27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «27-тарау. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау»; 169, 170 жəне 176-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «169-бап. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау жəне оларды алу шарттары 170-бап. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тəртібі»; «176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау»; мынадай мазмұндағы 176-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «176-1 бап. Біліктілік санаттарын беру жəне кері қайтарып алу»; 3) 1-баптың 1-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) авторландырылған генерик – бірегей препаратқа ұқсас, сол бір өндірушінің өзі шығаратын, бірақ саудалық атауымен жəне бағасымен ерекшеленетін дəрілік препарат;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан əрi – мекендеу ортасы) – адамның тыныс-тiршiлiгi жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендiк жəне əлеуметтiк факторлардың, ортаның (табиғи жəне жасанды) жиынтығы;»; 4) тармақшадағы «(профилактикалық)» деген сөз «жəне санитариялық-профилактикалық» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3) жəне 15-4) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) биологиялық жолмен алынған дəрілік препараттар – биологиялық заттарды (гормондар, цитокиндер, қанның ұю факторлары, инсулиндер, моноклондық антиденелер, ферменттер, колония ынталандырушы факторлар, тіндер жасушаларының базасында жасалған препараттар жəне биотехнологиялық əдістердің көмегімен алынған басқалары) қамтитын препараттар; 15-2) биосимиляр – сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі бойынша алғаш өндірілген жəне бірегей дəрілік препарат патентінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеуге ұсынылған (бірегей) дəрілік препаратқа ұқсайтын биотехнологиялық дəрілік препарат; 15-3) биотехнологиялық дəрілік препарат – рекомбинанттық дезоксирибонуклеин қышқылы технологиясын, биологиялық активті ақуыздарды өндіруді кодтайтын гендердің бақыланатын экспрессиясы əдісін, гибридтің жəне моноклондық антиденелер əдісін қолдана отырып, биотехнологиялық процестер арқылы өндірілген биологиялық дəрілік препарат, сондай-ақ гендік-инженерлік түрлендірілген гендік-терапиялық жəне соматотерапиялық дəрілік заттар; 15-4) біліктілік санатын беру туралы куəлік – тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;»; 16) жəне 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «16) бірегей дəрілік зат – жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі жəне клиникалық зерттеулердің нəтижелерімен расталған жəне толық дерекнама негізінде тіркелген дəрілік зат; 16-1) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау жəне тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын жəне шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканың сатып алынуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 16-2) жəне 16-3) тармақшалармен толықтырылсын: «16-2) гемопоэздік дің жасушалары – организмнің ішкі ортасы тінінің бір бөлігі, адамның өмір сүру процесінде сүйек кемігінде, перифериялық қанда (стимуляциядан кейін) жəне кіндік қанында болатын, полипотенттілігі бар сүйек кемігінің жасушалары; 16-3) гомеопатиялық препараттар – шағын мөлшерде табиғаттан алынатын заттарды қамтитын жəне арнайы технологиямен дайындалған дəрілік заттар;»; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) дəрілік зат – фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін немесе оның ағзалары мен тіндеріне өтетін, аурулардың профилактикасына, диагностикасына жəне оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар: дəрілік субстанция, дəрілік шикізат, дəрілік заттардың балк-өнімдері, дəрілік препараттар;»; мынадай мазмұндағы 18-1) жəне 18-2) тармақшалармен толықтырылсын: «18-1) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – дəрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сəйкес өндірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тауардың ішкі айналыс үшін шығарылуы туралы сертификаты бар дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруге Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен не дəрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сəйкес дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын азаматтық-құқықтық шарт; 18-2) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау жəне тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт – тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сəйкес Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;»; 19) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 20-1), 21-1) 21-2) жəне 21-3) тармақшалармен толықтырылсын: «20-1) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы келісімшарттық өндіру – дəрілік заттарға арналған тиісті өндірістік

практика (GMP) талаптарының жəне медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға арналған халықаралық стандарт талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін өндірушінің өндірістік қуаттарында дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тапсырыспен өндірілуі;»; «21-1) дəрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар (бұдан əрі – тиісті фармацевтикалық практикалар) – дəрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы стандарттар: тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дəріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) жəне басқа да тиісті фармацевтикалық практикалар; 21-2) дəрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат – уəкілетті органның фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; 21-3) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжат – дəрілік заттың сапасына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен сапасының бірдей параметрлерін қамтамасыз ететін оны анықтау əдістемелеріне қойылатын талаптар кешенін белгілейтін құжат;»; 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер – денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган бекіткен үлгілік ережелерге сəйкес жұмыс істейтін дəріхана, алғашқы медициналық-санитариялық жəне (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дəріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дəріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дəріхана пункті, дəріхана қоймасы, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;»; мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2), 25-1) жəне 25-2) тармақшалармен толықтырылсын: «24-1) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама əсерлерінің мониторингі – дəрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама əсерлері туралы хабарламаларды анықтауға, жинауға, бағалауға жəне талдауға бағытталған іс-шаралар кешені; 24-2) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі – адамның өміріне, денсаулығына жəне қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығына байланысты жол беруге болмайтын тəуекелдің болмауы;»; «25-1) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі – профилактикалық, диагностикалық əсерге, емдеу жəне (немесе) оңалту əсеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін сипаттамалардың жиынтығы; 25-2) дəрілік заттарды фармакологиялық қадағалау – тіркелген дəрілік заттардың қауіпсіздігі туралы ақпаратты байқау, талдау жəне бағалау жүйесі;»; 26) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын: «29-1) дəрілік заттың немесе медициналық мақсаттағы бұйымның балк-өнімі – соңғы қаптамамен орауды қоспағанда, технологиялық процестің барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дайын дəрілік препарат немесе медициналық мақсаттағы дайын бұйым;»; мынадай мазмұндағы 32-1) жəне 32-2) тармақшалармен толықтырылсын: «32-1) дəрілік субстанция – шығарылу табиғатына қарамастан, белгілі бір фармакологиялық активтілігі бар, дəрілік препараттарды өндіруге жəне дайындауға арналған зат немесе заттар қоспасы; 32-2) дəрілік субстанциялардың жəне олардың қоспаларының стандартты үлгілері – сыналатын дəрілік заттардың сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылатын салыстыру заттары;»; 33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «33) дəрiлiк формуляр – уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін жеткілікті мөлшерде болуға міндетті, денсаулық сақтау ұйымдарының бейіні ескеріле отырып қалыптастырған дəрілік заттар тізбесі;»; мынадай мазмұндағы 33-1), 34-1), 34-2), 37-1), 37-2), 373) жəне 37-4) тармақшалармен толықтырылсын: «33-1) дəрілік шикізат – дəрілік заттарды өндіру жəне дайындау үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, минералдан, жануардан алынатын заттар немесе химия өнеркəсібі өнімдері;»; «34-1) дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты жəндіктер мен бунақ аяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық жəне қырып-жою іс-шаралар кешені; 34-2) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық жəне паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;»; «37-1) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санаты (бұдан əрі – біліктілік санаты) – маманның тиісті медициналық жəне фармацевтикалық мамандық шеңберіндегі жұмысты орындау үшін қажетті кəсіптік білімінің, шеберлігі мен дағдыларының көлемімен сипатталатын біліктілік деңгейі; 37-2) денсаулық сақтау саласындағы кəсіптік стандарт – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігі деңгейіне, еңбегінің мазмұнына, сапасына жəне жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 37-3) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау –медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сəйкес келуін айқындауға жəне оларға тиісті маманның сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған міндетті рəсім; 37-4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінің сипаттамасын, нысандарын, мазмұны мен нəтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;»; 38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «38) денсаулық сақтау саласындағы сараптама – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес денсаулық сақтау қызметінің əртүрлі салаларындағы құралдардың, əдістердің, технологиялардың, білім беру бағдарламаларының, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық жəне практикалық іс-шаралар жиынтығы;»; 41) тармақшадағы «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы,» деген сөздер алып тасталсын; 43-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «43-1) дератизация – кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық жəне қырып-жою іс-шараларының кешені;»; мынадай мазмұндағы 43-2) тармақшамен толықтырылсын:

«43-2) детоксикация – адам организмiнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;»; 45), 47) жəне 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «45) диагностикалық реагенттер – медициналық мақсаттағы бұйымдарға жататын, организмнен тыс зерттеуге арналған жəне диагноз қою немесе пациенттің физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында организмнің параметрлері туралы мəліметтер алуға қызмет ететін реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;»; «47) донор – донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шəует, аналық жасушалар, ұрпақты болу ағзаларының тіндері, жыныс жасушалары, эмбриондар) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мəйіті, жануар;»; «50) жалған дəрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым жəне медициналық техника – құрамы немесе жинақталуы жəне (немесе) өндіруші туралы анық емес ақпаратпен жəне қолдан жасалған заттаңбамен құқыққа қайшы жəне əдейі жабдықталған, сондай-ақ жасырын шығарылған дəрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым жəне медициналық техника;»; 51) тармақшадағы «, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 57-1) жəне 57-2) тармақшалармен толықтырылсын: «52-1) иммундық-биологиялық препараттар – басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердің иммунологиялық əдістерінің көмегімен инфекциялық жəне иммундық (аллергиялық ауруларды қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге арналған препараттар, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған заттар, қан (алу тəсіліне қарамастан) препараттары, сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік жəне профилактикалық əсерін тигізетін препараттар; 52-2) иммуннологиялық типтеуді жүргізу жүйесі (бұдан əрі – HLA жүйесі) – адам лейкоциттерінде орналасқан жəне тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін айқындайтын антигендер жүйесі;»; «57-1) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек; 57-2) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы – адам мен жануарлардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде алынған жəне зертханалық зерттеулерге арналған биологиялық сұйықтықтарының, тіндерінің, секреттері мен тіршілік əрекеті өнімдерінің үлгілері, биопсиялық материал, гистологиялық кесінділер, жағындылар, қырындылар, шайындылар;»; 58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу – биологиялық активті заттардың, фармакологиялық жəне дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерделеу мақсатында оларды эксперименттік фармакологиялық, токсикологиялық жəне басқа да ғылыми зерттеулер кешені;»; мынадай мазмұндағы 59-1) жəне 61-1) тармақшалармен толықтырылсын: «59-1) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;»; «61-1) Қазақстандық ұлттық дəрілік формуляр – шекті бағалары көрсетіле отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қалыптастырылған жəне денсаулық сақтау ұйымдарында дəрілік формулярларды əзірлеу мен бекіту үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дəлелденген дəрілік заттардың тізбесі;»; 62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «62) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы – дəрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жинағы;»; мынадай мазмұндағы 62-1) жəне 64-1) тармақшалармен толықтырылсын: «62-1) қайта өндірілген дəрілік зат (генерик) – түрлі өндірушілер шығаратын, активті субстанцияларының құрамы, дəрілік нысаны, сапа, қауіпсіздік, тиімділік көрсеткіштері бойынша бірегей дəрілік затпен бірдей дəрілік препарат;»; «64-1) мамандардың кəсіптік даярлығын бағалау жəне біліктілікке сəйкестігін растау – маманның біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кəсіптік стандарт талаптарына сəйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білімі мен дағдыларын бағалау рəсімі;»; 65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «65) маман сертификаты – жеке тұлғаға клиникалық мамандыққа сəйкес келу жəне оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;»; мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын: «68-1) медициналық білім беру – медицина қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған медициналық мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу барысында алынған, медицина қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы;»; 69) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 78-1) жəне 80-1) тармақшалармен толықтырылсын: «78-1) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты – халықаралық стандарттардың талаптарына сəйкес өндірілген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ішкі айналыс үшін тауардың шығарылғаны туралы сертификаты бар медициналық техниканы беруге Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;»; «80-1) мемлекеттік тіркеу туралы куəлік – өнімнің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сəйкестігі бөлігінде оның қауіпсіздігін растайтын құжат;»; 84-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «84-1) ошақтық дезинфекция – инфекциялық жəне паразиттік аурулардың профилактикасы жəне (немесе) оларды жою мақсаттарында олардың ошақтарында жүргізілетін дезинфекция;»; мынадай мазмұндағы 84-2), 84-3), 90-1) жəне 90-2) тармақшалармен толықтырылсын: «84-2) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін жəне (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кəсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені; 84-3) өнiм қауiпсiздiгiнiң мониторингi – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердiң талаптарына сəйкес келмейтiн өнiмдi анықтауға, əкелiнуiнiң, өндiрiлуiнiң, қолданылуының жəне өткiзiлуiнiң алдын

алуға жəне жолын кесуге бағытталған iс-шаралар жүйесi;»; «90-1) психологиялық көмек – мыналарға: адамның психологиялық проблемалардың алдын алуына, оларды шешуіне, өмірдегі қиын жəне дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруіне психикалық жəне соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуын оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге жəне оның сапасын арттыруға, оның ішінде адамның жеке мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін жəрдемдесуге; адамдарды психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу жəне оларды шешу тəсілдері туралы хабардар етуге; жеке басты дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне жəне өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені; 90-2) психологиялық проблема – адамның өзіне, өзінің қызметіне, адамдармен арадағы қарым-қатынастарға, отбасындағы жағдайға жəне (немесе) жеке өміріндегі басқа да проблемаларға қанағаттанбаушылығынан туындаған ішкі күйзеліс жағдайы;»; 91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «91) реципиент – донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер жəне (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе əйелдің донорлық материалы (шəует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізілетін не донордан алынған тінді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттау жүргізілетін пациент;»; мынадай мазмұндағы 93-1) тармақшамен толықтырылсын: «93-1) санитариялық-профилактикалық іс-шаралар – халық арасында инфекциялық, паразиттік, кəсіптік жəне басқа да аурулардың профилактикасы, сондай-ақ Қазақтан Республикасының аумағына халық арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулардың əкелінуінің (енгізілуінің) алдын алу мақсатында қолданылатын шаралар;»; 95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «95) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар – халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау жəне жою мақсаттарында қолданылатын шаралар;»; мынадай мазмұндағы 99-1) жəне 99-2) тармақшалармен толықтырылсын: «99-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет – дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, өткізуді жəне есепке алуды қоса алғанда, олармен халықты қамтамасыз етуге байланысты қызметі; 99-2) телемедицина – пациент немесе пациентті тікелей зерттеп-қарауды немесе емдеуді жүргізетін дəрігер ұлттық стандарттарға қайшы келмейтін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан басқа дəрігердің консультациясын алатын, қашықтықтан медициналық консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, қаржылық жəне технологиялық іс-шаралар кешені;»; 101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «101) темекі бұйымдары – шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдалануға дайындалған шикізат материалы ретінде толық немесе ішінара темекі жапырағынан жасалған өнімдер;»; мынадай мазмұндағы 101-1) жəне 104-1) тармақшалармен толықтырылсын: «101-1) темекі бұйымдарын тұтыну – адам организмінің никотинге тəуелділігін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі бұйымдарын тұтынбайтын адамдардың денсаулығына кері əсер ететін жəне қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;»; «104-1) темекіге демеушілік ету – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлемдерді жəне жарналарды қоспағанда, темекі бұйымдарын сатуды немесе темекі тұтынуды тікелей немесе жанама ынталандырудың нəтижесін немесе ықтимал нəтижесін мақсат тұтып кез келген оқиғаға, іс-шараға немесе жеке адамға салынатын салымның кез келген түрі;»; 105) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 105-1) тармақшамен толықтырылсын: «105-1) тиісті фармацевтикалық практикаларға сəйкес тікке фармацевтикалық инспекция (бұдан əрі – фармацевтикалық инспекция) – дəрілік заттар айналысы саласындағы объектінің жəне денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сəйкестігін анықтау мақсатында оларды бағалау;»; 107-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «107-1) тін – құрылымы, функциялары жəне шығу тегі бірдей жасушалардың жəне жасушааралық заттың жиынтығы;»; мынадай мазмұндағы 107-2), 107-3), 107-4) жəне 109-1) тармақшалармен толықтырылсын: «107-2) тін (тіннің бөлігі) жəне (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі – HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры; 107-3) тін (тіннің бөлігі) жəне (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің тіркелімі – HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж адамдардың дерекқоры; 107-4) уақытша бейімдеу – адамды масаң күйінен шығару жəне оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;»; «109-1) ұрпақты болудың қосалқы əдістері мен технологиялары – қолдану кезінде ұрықтанудың жəне эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе барлық кезеңі ана организмінен тыс жүзеге асырылатын (оның ішінде донорлық жəне (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тіндері мен эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана болуды пайдалана отырып) бедеулікті емдеу əдістері (жасанды инсеминациялау, жасанды ұрықтандыру жəне эмбриондарды импланттау);»; 110) тармақшадағы «клиникалық сынақ объектісі» деген сөздер «клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулер объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 111-1), 112-1) жəне 112-2) тармақшалармен толықтырылсын: «111-1) фармацевтикалық білім – фармацевтика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жүйесі;»; «112-1) фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) – отандық дəрілік заттарды шетелде тіркеу жəне олардың экспорты үшін уəкілетті орган беретін құжат; 112-2) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жəне айналасындағы адамдарға инфекциялық жəне паразиттік аурулар жұқтырудың анағұрлым ықтимал қаупін төндіретін адамдар;»; 113) тармақшадағы «уəкілетті орган» деген сөз дер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары

(Жалғасы 16-бетте).


16

8 сəуір

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 15-бетте). мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, эпидемиологиялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тамақ өнімін жəне адам денсаулығына зиянды əсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, гигиеналық оқытуды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тəуекелдер дəрежесін бағалауды қамтитын қызметі;»; 4) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші: 1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау жəне денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын өтеу; 2) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу; 3) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау жəне тасымалдау жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау; 4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу жəне олардың профилактикасы үшін медициналық техниканы сатып алу; 5) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу жəне олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.»; 5) 4-бапта: 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) отандық медицина мен фармацевтика ғылымын мемлекеттік қолдау, профилактика, диагностика, емдеу жəне медициналық оңалту, жаңа дəрілік заттар мен технологиялардың инновациялық əзірлемелері саласындағы ғылым мен техниканың озық жетістіктерін жəне технологияларды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы əлемдік тəжірибені енгізу;»; 17) тармақшадағы «жатқызу принциптері негізінде жүргізіледі.» деген сөздер «жатқызу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) қауіпсіз, тиімді жəне сапалы дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолжетімділігін қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүргізіледі.»; 6) 5-баптың 2-тармағында: мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жəне медициналық көрсетілетін қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.»; 7) 6-бапта: мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын: «12-2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау жəне тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекітеді;»; 27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «27) бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;»; 8) 7-баптың 1-тармағында: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) денсаулық сақтау саласындағы стандарттар мен регламенттерді əзірлеу жəне бекіту;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау жəне тіркепбелгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;»; 8) жəне 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;»; «11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;»; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтар беру қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;»; 15), 20) жəне 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «15) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға жəне олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;»; «20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дəрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жəне медициналық көрсетілетін қызметтердiң бағаларын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;»; «22) əкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау жəне олардың шығындарын өтеу;»; мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын: «22-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалу барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыру;»; 25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «25) осы Кодекстің 15-бабының 3-тармағында көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кəсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу;»; мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2) жəне 27-1) тармақшалармен толықтырылсын: «25-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кəсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу тəртібін айқындау; 25-2) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу;»; «27-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кəсіптік даярлығын бағалауды жəне біліктілік сəйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу;»; 28) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын: «28-1) медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін əзірлеу жəне бекіту;»; 29-5) тармақша «диагностикалық» деген сөзден кейін «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын; 29-7) тармақша алып тасталсын; 32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «32) Қазақстан Республикасында тіркелген жəне тіркелмеген дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы əкелуді (əкетуді) келісу;»; 33), 34) жəне 36) тармақшалар алып тасталсын; 42) тармақшадағы «гигиеналық оқытуды ұйымдастыру,» деген сөздер алып тасталып, «қалыптастыру» деген сөз «қалыптастыруды ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 44) жəне 45) тармақшалар алып тасталсын; 47) жəне 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»; «49) медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»; 51) жəне 55) тармақшалар алып тасталсын; 56) тармақшадағы «егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру» деген сөздер «егуді ұйымдастыру жəне жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын; 57) 57-1), 58) жəне 60) тармақшалар алып тасталсын;

68) жəне 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «68) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізімін айқындау;»; «70) Қазақстандық ұлттық дəрілік формулярды əзірлеу жəне бекіту тəртібін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дəрілік формулярларын əзірлеу жəне келісу тəртібін айқындау;»; мынадай мазмұндағы 70-1) жəне 71-1) тармақшалармен толықтырылсын: «70-1) уəкілетті органның формулярлық комиссиясының құрамын жəне ол туралы ережені бекіту;»; «71-1) биологиялық активті заттардың, фармакологиялық жəне дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың клиникаға дейінгі (клиникалық емес), клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін ұйымдар тізбесін бекіту;»; 77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «77) Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тəртібін айқындау;»; 103) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122) жəне 123) тармақшалармен толықтырылсын: «104) пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шартты əзірлеу жəне бекіту; 105) медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына жəне клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру əдістемесін əзірлеу жəне бекіту; 106) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беру; 107) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара ісқимыл жасау тəртібін айқындау; 108) орфандық препараттар тізбесін бекіту; 109) алғашқы көмек көрсетуге арналған дəрі қобдишасының құрамын бекіту; 110) орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту; 111) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту; 112) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын əзірлеу жəне бекіту; 113) Қазақстан Республикасында медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын əзірлеу жəне бекіту; 114) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте жəне оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кəсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту; 115) тиісті фармацевтикалық практикаларды əзірлеу жəне бекіту; 116) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын əзірлеу жəне бекіту; 117) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын əзірлеу жəне бекіту; 118) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тəртібін айқындау; 119) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қараптексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тəртібін айқындау; 120) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен əдістемелік ұсынымдарды əзірлеу жəне бекіту; 121) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) əдістемесін əзірлеу жəне бекіту; 122) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу жəне олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тəртібін айқындау; 123) дəрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені əзірлеу жəне бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»; 9) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган: 1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жəне есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын əзірлеу жəне өз құзыреті шегінде бекіту; 3) регламенттерді əзірлеу жəне бекіту; 4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мониторингті жүзеге асыру; 5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру; 6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету; 7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру жəне олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке жəне заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес қол жеткізуін ұйымдастыру; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ғылымның дамуын қамтамасыз ету жəне ғылыми қызметті үйлестіру; 9) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нəтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу; 10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тəртібін айқындау; 11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу; 12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру; 13) шаруашылық жəне (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар халыққа шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу; 14) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған əлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тəртібін айқындау; 15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру; 16) жеке жəне заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мəселелері жөніндегі өтініштерін қарау; 17) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастыру; 18) тағамнан улану, инфекциялық жəне басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру; 19) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жəне қадағалау объектісінің халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жəне гигиеналық нормативтерге сəйкестігі (сəйкес еместігі) туралы санитариялықэпидемиологиялық қорытындылар беру; 20) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; 21) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жəне əкімшілік жазалар қолдану;

2015 жыл 22) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; 23) халықты профилактикалық егудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; 24) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу; 25) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп айқындау; 26) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру; 27) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту; 28) тəуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай əдіснаманы, тəуекелге бағалау жүргізу тəртібін айқындау; 29) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау; 30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу тəртібін айқындау; 32) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жата тын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама жобаларын келісу; 33) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін əзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кəдеге жарату мен жою процестерінің (сатыларының) сəйкестігін, əзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кəдеге жарату жəне жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сəйкестігін келісу; 34) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын əзірлеу жəне бекіту; 35) тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру жəне олардың тізілімін жүргізу тəртібін айқындау; 36) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртiппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. 2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»; 10) 8-баптың 9) тармақшасындағы «уəкілетті органға» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 9-баптың 2-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;»; мынадай мазмұндағы 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7), 3-8), 4-1), 5-1) жəне 6-1) тармақшалармен толықтырылсын: «3-2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты жəне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етеді; 3-3) денешынықтырумен жəне спортпен айналысу, сауықтыру жəне демалу үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді; 3-4) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі ісшаралар кешенін ұйымдастырады; 3-5) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, тұрмыстық жəне жол-көліктік жарақаттанудың профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды; 3-6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді; 3-7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды; 3-8) халықтың денсаулық сақтау мəселелері жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;»; «4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;»; «5-1) уəкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады;»; «6-1) жас мамандарды əлеуметтік қолдау жəне бекіту шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;»; 7) жəне 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу жəне дамыту, оларды қаржылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дəріханалардың мемлекеттік желісін дамыту жəне дəріханалық қоймалар құру бойынша шаралар қолданады;»; «12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жəне оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi;»; 18) тармақшадағы «туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын; 18-6) тармақша «денсаулық» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің 15-бабының 4-тармағында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 18-7) жəне 18-8) тармақшалармен толықтырылсын: «18-7) тіндердің (тін бөлігінің) жəне (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді; 18-8) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртiппен денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асырады;»; 12) 10-бапта: 4), 6), 7) жəне 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;»; «6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық жəне фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды жəне олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады; 7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дəрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды: амбулаториялық деңгейде – уəкілетті орган бекітетін тізбеге сəйкес; стационарлық деңгейде – дəрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен сатып алуды жəне сақтауды жүзеге асырады;»; «14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жəне оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады жəне үйлестiредi;»; 13) 12-баптың 7-тармағы алып тасталсын; 14) 14-баптың 1 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сəйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау

саласындағы мамандардың кəсіптік даярлығына бағалауды жүргізу жəне біліктілігінің сəйкестігін растау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады. Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тəуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.»; «3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уəкiлеттi орган бекiтетін аккредиттеу стандарттарына сəйкестiгiн сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргiзiледi жəне ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi. Медициналық ұйымдарды фармакологиялық жəне дəрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уəкілетті орган бекітетін клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарға сəйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі. Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уəкілетті орган бекітетін клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарға сəйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау жəне бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүргізіледі.»; 15) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кəсіптік құзыреттілігіне аттестаттау 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының жəне олардың орынбасарларының, уəкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының, филиалдары басшыларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кəсіптік құзыреттілігінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рəсімі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кəсіптік құзыреттілігіне аттестаттау (бұдан əрі – аттестаттау) болып табылады. 2. Аттестаттауды объективті жəне құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады. 3. Уəкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын жəне олардың орынбасарларын, уəкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ филиалдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді. 4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өздеріне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді. 5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді. 6. Аттестатталатын адамдар əрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.»; 16) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) жəне 6) тармақшалармен толықтырылсын: «5) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары; 6) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру стандарттары.»; 17) 18-бапта: 3-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) медициналық, фармацевтикалық конференцияларда, конгрестерде, симпозиумдарда жəне басқа да ғылыми кеңестерде дəрілік заттарды жарнамалауды қоспағанда, қоғамдық көлікте, дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың тағайындалуына, пайдаланылуына жəне босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға жəне орналастыруға;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) өнеркəсіптік өнімдерге, рецептуралық бланкілерге жарнамалық ақпаратты орналастыруға;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) дəрілік заттар жəне медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы анық ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерді хабардар ету мақсатында ұсыну жағдайларын қоспағанда, дəрілік заттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уəкілетті медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға;»; 8) тармақшадағы «жарнамалауға тыйым салынады.» деген сөздер «жарнамалауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13), 14) жəне 15) тармақшалармен толықтырылсын: «9) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ/ ЖИТС-ті, туберкулезді, қант диабетін көрсетуге; 10) жарнамада өзінің танымалдығына байланысты дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануды жəне (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға; 11) көрсетілетін қызметті, дəрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаны бірегей, барынша тиімді жəне қауіпсіз ретінде жарнамаға беруге; 12) дəрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі оның табиғи жолмен алынуына байланысты деп сендіруге; 13) ұсынылатын көрсетілетін қызметтің, жарнамаланатын дəрілік препаратпен, тағамға биологиялық активті қоспамен емдеудің тиімділігі кепілдендірілген болып табылады, затты қолдану жанама əсерлердің дамуымен ұштаспайды деген болжам туғызуға; 14) жарнамаланатын көрсетілетін қызметтерге, дəрілік препаратқа, медициналық мақсаттағы бұйымға жəне медициналық техникаға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге; 15) адамның тіндеріне (тіннің бөлігіне) жəне (немесе) ағзаларына (ағзаларының бөлігіне) қатысты заңсыз мəмілелер жасасу туралы ұсыныстарды жарнамалауға тыйым салынады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Дəрілік заттардың жарнамасы толық (дəрілік затты пайдалану үшін тиісті шектеулерді қоса алғанда) жəне анық мəліметтерді қамтуға тиіс, олардың болмауы дəрілік заттарды орынсыз пайдалану немесе тұтынушы үшін қисынсыз қатерге əкеп соғуы мүмкін.»; 18) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жəне дəрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат»; 19) 19-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк бақылау» деген сөздер «мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 22-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар дəрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.»; 6-тармақтың 1) жəне 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес

дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін алып қоюға;»; «7) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан дəрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектiлерге баруға;»; 21) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын: «22-1-бап. Дəрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат 1. Дəрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асырады. 2. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектінің өзіне тиесілі объектіге фармацевтикалық инспекция жүргізу туралы уəкілетті органға келіп түскен өтініші фармацевтикалық инспекцияны бастау үшін негіз болып табылады. 3. Объектінің тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сəйкестігі туралы сертификаттың қолданылу кезеңінде фармацевтикалық инспекциялар үш жылда бір реттен сиретпей жүзеге асырылады. 4. Фармацевтикалық инспекцияға тиісті дəріханалық практика (GPP) талаптарына сəйкестігі бойынша дəріханалар, тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сəйкестігі бойынша дəріханалық қоймалар, тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сəйкестігі бойынша дəрілік заттарды өндіру жөніндегі ұйымдар, тиісті зертханалық практика (GLP) талаптарына сəйкестігі бойынша клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтарды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, тиісті клиникалық практика (GCP) талаптарына сəйкестігі бойынша клиникалық зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жатады. 5. Тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сəйкестігі бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 22) 23-баптың 1-тармағында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) жеке жəне заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат;»; 23) 24-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «ұйымдарын», «ұйымдары» деген сөздер тиісінше «субъектілерін», «субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 25-бапта: 1-тармақта: 4) тармақшадағы «басқа да медициналық» деген сөздер «басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға жəне оларды қайта даярлауға;»; 2-тармақтағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының» деген сөздер «Денсаулық сақтау субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 28-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Медицина қызметкерлеріне осы Кодекстің 37-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) жəне 8) тармақшаларында көзделген медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсат беріледі.»; 26) 29-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жəне оларды қайта даярлау саласындағы мемлекетаралық өзара iс-қимыл;»; 27) 32-баптың 2-тармағында: 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;»; 15) тармақшадағы «холдингтер жұмыс істейді.» деген сөздер «холдингтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) жəне 17) тармақшалармен толықтырылсын: «16) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кəсіби даярлығын бағалауды жəне біліктілігінің сəйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдар; 17) туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының жəне дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялықпедагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс істейді.»; 28) 33-бапта: 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «лицензияға сəйкес» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.»; 29) 34-бапта: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) уəкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасымен, ал шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетілетін стационарлық медициналық көмек;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ объектінің: 1) дəрілік заттарды сатып алу жəне дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP); 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дəрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жəне дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау жəне тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP); 3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дəріханалық практика (GPP) талаптарына сəйкестігі туралы сертификат алған дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы субъектілер ие болады.»; 30) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Диагностиканың, емдеудің жəне медициналық оңалтудың мамандандырылған əдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек білікті медициналық көмек болып табылады.»; 31) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Диагностиканың, емдеудің жəне медициналық оңалтудың мамандандырылған əдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.»; 32) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тiзбесiн уəкілетті орган айқындайтын əлеуметтiк мəнi бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетiн медициналық жəне əлеуметтік-психологиялық көмек медициналық-əлеуметтiк көмек болып табылады.»; 33) 45-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялықэпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық iс-шараларды;»; 2-тармақ «акушерлер» деген сөзден кейін «, денсаулық сақтау саласындағы əлеуметтік қызметкерлер» деген сөздермен толықтырылсын; 34) 48-баптың 1-тармағындағы «бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін» деген сөздер алып тасталсын; 35) 49 жəне 50-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «49-бап. Жедел медициналық көмек 1. Денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау жəне (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл

(Жалғасы 17-бетте).


8 сəуір 2015 жыл (Жалғасы. Басы 15-16-беттерде). медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жайкүй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны жедел медициналық көмек болып табылады. 2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тəртіппен жедел медициналық көмек қызметі құрылады. 50-бап. Санитариялық авиация Пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың жəне (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну əуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты, сондай-ақ кейіннен транспаланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.»; 36) 57-баптың 2-тармағы 7) тармақшадағы «сараптама жүзеге асырылады.» деген сөздер «сараптама;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) аурудың қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен байланысына сараптама жүзеге асырылады.»; 37) 58-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ішкі сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымда пациентке қолдау көрсету жəне ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне қарай бекітеді. Пациентке қолдау көрсету жəне ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне ағымдағы талдауды, медициналық көмек көрсету тəртібі мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтауды, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттердің өтініштерін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді. Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нəтижелері бойынша медициналық ұйымның басшысына көрсетілетін медициналық кызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомствосы өзінің ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптама қызметін құрады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы бекітеді.»; 38) 62-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық жəне паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық жəне биологиялық құндылығына арналған зерттеулер, шуылға, дірілге, электрмагниттік өрістер мен физикалық факторларға өлшеу жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемін (санын) халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»; 39) 63-бап мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен дəрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама кезінде дəрілік субстанциялардың, дəрілік шикізаттың, дəрілік заттар балк-өнімдерінің, бірегей дəрілік заттардың, дəрілік препараттардың (қайта өндірілген (генериктер), биологиялық жолмен алынған, биотехнологиялық, иммундықбиологиялық, гомеопатиялық, биосимилярлар, авторы белгіленген генериктер), медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар балк-өнімдерінің қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына талаптар қойылады. 4. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына сараптаманың теріс қорытындысына: 1) сараптама жүргізу процесінде өтініш берушіге ескертулер берілгеннен кейін уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен белгіленген мерзімдерде тіркеу дерекнамасының толық жинақталымының ұсынылмауы; 2) өтініш берушінің анық емес мəліметтер ұсынуы; 3) бұрын тіркелген аналогтарымен салыстырғанда қауіпсіздігі мен тиімділігінің неғұрлым төмен болуы; 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы немесе Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп танылған фармакопеялар регламенттеген немесе бұрын тіркелген аналогтарымен салыстырғанда сапасы мен қауіпсіздігінің неғұрлым төмен көрсеткіштері; 5) дəрілік заттың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған заттар мен материалдардың болуы; 6) сараптама сатыларының бірінде теріс нəтижелер алу; 7) өндірістің нақты жағдайлары мен сапаны қамтамасыз ету жүйесінің өндірісті жəне сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау нəтижелері бойынша мəлімделген қауіпсіздікті, тиімділік пен сапаны қамтамасыз ететін талаптарға сəйкес келмеуі; 8) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес, өндіріс жағдайларын жəне сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау мақсатында кəсіпорында (өндірістік алаңда) болуды ұйымдастырудан өтініш берушінің бас тартуы негіз болып табылады.»; 40) мынадай мазмұндағы 66-1-баппен толықтырылсын: «66-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы 1. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы дəрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының талаптарымен белгіленеді. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы мемлекет кепілдік беретін дəрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың ең төмен деңгейін белгілейді. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының жалпы баптарында: 1) дəрілік субстанциялардың, дəрілік шикізаттың жəне дəрілік препараттардың сапасына; 2) реагенттерге, стандартты үлгілерге, олардың сапасын бақылау үшін қолданылатын сынақтардың əдістері мен əдістемелеріне; 3) қаптама материалдарына жəне контейнерлерге қойылатын жалпы талаптар айқындалады. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының жекеше баптарында дəрілік субстанциялардың, дəрілік шикізаттың жəне дəрілік препараттардың сапасына қойылатын нақты талаптар айқындалады. 5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының талаптары дəрілік заттарды өндіруді, дайындауды, өткізуді, сақтауды, бақылауды жəне қолдануды жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. 6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясы əлемнің жетекші фармакопеяларымен үйлеседі жəне олардың стандарттарының өзгеруіне байланысты кезеңкезеңмен жаңартылады.»; 41) 67-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруді дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен алынған лицензия негізінде жүзеге асырады. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер дəрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу кезінде, жабдықтар мен технологиялық процестерді ретке келтіру жəне іске қосу кезінде сараптама, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізуге, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы келісімшарттық өндіруге арналған дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілетін дəрілік субстанцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Өндірілген жəне əкелінетін дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар: 1) құрамында тізбесін уəкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттар болмауға тиіс; 2) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжатқа сəйкес бақылауға жатқызылуға тиіс.»; 42) 69-баптың 3, 5 жəне 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме жəне бөлшек саудада өткізу уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады. Дəрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер – тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарын, дəрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратындары тиісті дəріханалық практика (GРP) талаптарын сақтауға міндетті. Лицензия алған не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тəртіппен қызметін бастағаны туралы хабардар еткен дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге уəкілетті орган бекітетін тізбеге сəйкес дəрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға жəне медициналық техникаға жатпайтын тауарларды көтерме жəне бөлшек саудада өткізуге рұқсат етіледі.»; «5. Дəрігердің рецепті бойынша босатуға арналған дəрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады. Дəрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын, рецептілерді жазу, есепке алу жəне сақтау қағидаларын уəкілетті орган бекітеді. 6. Аудан орталығынан шалғайдағы, дəріханалар жоқ елді мекендерде дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жеке жəне заңды тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялықдиагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дəріхана пункттері жəне жылжымалы дəріхана пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Дəріхана пункттері болмаған кезде, дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру үшін уəкілетті орган айқындаған тəртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жіберіледі.»; 43) 71-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасында өндірілген, сондай-ақ оның аумағына əкелінетін дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, мыналарды қоса алғанда: 1) сауда атауы бар, дəрілік нысаны, мөлшерленуі, орамы көрсетілген дəрілік препараттар; 2) бірегей дəрілік зат; 3) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың балк-өнімдері; 4) бұрын Қазақстан Республикасында тіркелген дəрілік заттардың дəрілік нысаны, мөлшерленуі, орамы көрсетілген жаңа құрамалары; 5) бұрын Қазақстан Республикасында тіркелген, бірақ басқа өндіруші ұйымдар өзге дəрілік нысандарда жаңа мөлшерленуімен, орамымен жəне қаптамасымен, көмекші заттардың басқа құрамымен жəне атаумен өндірген дəрілік заттар; 6) тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілмеген дəрілік субстанциялар; 7) тіркеу куəлігінің бір ұстаушысының түрлі елдерде түрлі өндірістік алаңдарда өндірілетін дəрілік заттары; 8) медициналық мақсаттарда қолданудың ықтимал тəуекел дəрежесіне қарай сыныпталуы ескерілген медициналық мақсаттағы бұйымдар, оның ішінде диагностикалық реагенттер, көру қабілетін түзету үшін көзге салынатын линзалар, оларды күтіп ұстау бойынша құралдар, медициналық техника; 9) бұрын Қазақстан Республикасында тіркелген, бірақ басқа өндіруші ұйымдар өндірген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника; 10) бұрын Қазақстан Республикасында тіркелген, бірақ басқа түрлендірімдерде, жаңа ораммен, жинақтаушы бөліктердің басқа құрамымен немесе басқа атаумен өндірілген медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника; 11) əртүрлі елдерде орналасқан (орналастырылған) өндірістік алаңдарда бір өндіруші дайындаған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника; 12) осы шығыс материалымен ғана жұмыс істеуге қабілетті медициналық мақсаттағы бұйыммен жəне медициналық техникамен пайдалану үшін өндіруші ұйым арнайы ұсынғаннан басқа, медициналық мақсаттағы бұйымдар болып табылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға шығыс материалдары; 13) медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған көлік құралының құрамына кіретін медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника; 14) медициналық мақсаттағы бұйымдардың жиынтығы (жинақтары); 15) зертханалық диагностикалық аспаптар; 16) аурулардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге, организмнің физиологиялық жайкүйін бағалауға, оңалтуға, медициналық ем-шаралар, медициналық сипаттағы зерттеулер жүргізуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника; 17) адам тіндерінің, ағзаларының бөліктерін ауыстыруға жəне түрлендіруге, бұзылған немесе жойылған физиологиялық функцияларды қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника; 18) ұрықтандыруды бақылауға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мемлекеттік тіркелуге жəне қайта тіркелуге жатады.»; 6 жəне 7-тармақтар алып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Өндіруші елде жəне (немесе) өндіріс лицензиясын ұстаушы елде жəне (немесе) тіркеу куəлігін иеленуші елде тіркелмеген (негіздеме болған кезде), əлеуметтік мəні бар жəне орфандық аурулардың профилактикасы мен оларды емдеуге арналғандарды қоспағанда, өндіруші елде жəне (немесе) өндіріс лицензиясын ұстаушы елде жəне (немесе) тіркеу куəлігін иеленуші елде тіркелген дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуге жатады.»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Елдің ішкі нарығы үшін өндірілетін дəрілік зат құрамының, оның технологиялық процесінің, сапасын бақылау əдістері мен əдістемелерінің бірдейлігін өндіруші растаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бір тіркеу куəлігін бере отырып, əртүрлі сауда атауларымен экспортқа арналған отандық өндірушілердің дəрілік заттарын мемлекеттік тіркеуге жол беріледі. Шетелде отандық дəрілік заттарды тіркеу үшін уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес уəкілетті орган фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) береді.»; 9, 11, 12, 13 жəне 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Уəкілетті органның шешімі бойынша дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сараптама жүргізудің жеделдетілген рəсімі бойынша тіркелуі мүмкін. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы

17

www.egemen.kz

бұйымдар мен медициналық техниканың жеделдетілген сараптама тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; «11. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тіркеудің, қайта тіркеудің, олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізудің міндетті шарты дəрілік затқа, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникаға сараптама жүргізу болып табылады. Өндіріс жағдайларын жəне сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау уəкілетті орган айқындаған тəртіппен дəрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушінің қаражаты есебінен өндіруші ұйымға бару арқылы жүзеге асырылады. Дəрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу жəне қайта тіркеу кезінде оларға сараптама жүргізумен байланысты шығыстарды өтініш берушілер көтереді. Сараптама ұйымына тізбесін уəкілетті орган айқындайтын құжаттарды қамтитын тіркеу дерекнамасы, сондай-ақ дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлгілері, үш реттік талдауға жеткілікті мөлшердегі дəрілік субстанциялардың жəне олардың қоспаларының стандартты үлгілері, ерекшелікті реагенттер мен шығыс материалдары (айрықша жағдайларда жəне қайтарылу шартымен) ұсынылады. 12. Мыналар: 1) дəріханаларда дайындалған дəрілік препараттар; 2) тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дəрілік субстанциялар; 3) фармакопеялық дəрілік өсімдік шикізаты; 4) жеке тапсырыстар бойынша медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендерінде дайындалған медициналық мақсаттағы бұйымдар; 5) оптика дүкендерінде дайындалған медициналық оптика бұйымдары; 6) дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың одан əрі өткізу құқығынсыз көрмелер өткізу үшін көрмелік үлгілері; 7) клиникаға дейінгі (клиникалық емес), клиникалық зерттеулер жəне (немесе) сынақтар жүргізу үшін келіп түсетін дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілері; 8) ғылыми-зерттеу зертханалық диагностикалық аспаптар; 9) аурулар диагностикасы үшін пайдаланылмайтын зертханалық аспаптар; 10) медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың құрамына кіретін жəне дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жинақтауыштар мемлекеттік тіркелуге жатпайды. 13. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу жəне қайта тіркеу, олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу туралы өтінішті əзірлеуші немесе өндіруші (дайындаушы) немесе олар сенім білдірген тұлға береді. Дəрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу жəне олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде өтініш беруші ұсынған, келісілуге немесе бекітілуге жататын құжаттарды есепке алу жəне жүйелеу уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тіркеуді жəне қайта тіркеуді, олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган өтініш жəне сараптама ұйымының жүргізілген сараптама нəтижелері бойынша берген дəрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы оң қорытындысы негізінде жүзеге асырады.»; «15. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының сараптама нəтижелері бойынша теріс қорытындысы болған жəне уəкілетті орган айқындаған тəртіппен белгіленген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, өтініш берушіге дəрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуден жəне қайта тіркеуден жəне олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуден бас тартылады.»; 44) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын: «72-бап. Биологиялық активті заттарды, фармакологиялық, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер 1. Биологиялық активті заттарды, фармакологиялық, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің мақсаты фармакологиялық активтіліктің жəне (немесе) қауіпсіздіктің бағалары мен дəлелдемелерін ғылыми əдістермен алу болып табылады. 2. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу тəртібін, клиникаға дейінгі базаларға қойылатын талаптарды уəкілетті орган айқындайды.»; 45) 73-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 46) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын: «74-бап. Фармакологиялық, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеулер 1. Фармакологиялық, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеулер зерттелетін фармакологиялық немесе дəрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның жəне медициналық техниканың клиникалық, фармакологиялық жəне (немесе) фармакологиялық-динамикалық əсерлерін анықтау немесе растау жəне (немесе) жанама реакцияларын анықтау үшін жəне (немесе) олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін белгілеу үшін сіңірілуін, таралуын, биотрансформациялануын жəне шығарылуын зерделеу мақсатында субъект ретінде адамды қатыстыра отырып жүргізіледі. 2. Клиникалық зерттеулер интервенциялық жəне интервенциялық емес болып бөлінеді. Зерттеу субъектісі ретінде адам қатысатын зерттеу интервенциялық зерттеу болып табылады, онда дəрігер уəкілетті орган айқындайтын клиникалық зерттеулер жүргізу тəртібіне сəйкес келетін интервенциялық клиникалық зерттеу хаттамасының негізінде зерттеу субъектілеріне арнайы араласуды тағайындайды. Интервенциялық зерттеу кезінде зерттеу субъектілері кездейсоқ немесе кездейсоқ емес түрде, пациенттерді одан əрі байқап, биомедициналық нəтижелер мен денсаулыққа берер нəтижелер бағалана отырып тағайындалуы мүмкін диагностикалық, емдеу немесе басқа да араласу түріне ұшырауы мүмкін. Дəрілік препарат мемлекеттік тіркелгеннен кейін жүргізілетін жəне уəкілетті орган бекіткен медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес медициналық практика шеңберінде тағайындалатын зерттеу интервенциялық емес зерттеу болып табылады. Уəкілетті орган айқындайтын, клиникалық зерттеулер жүргізу тəртібіне сəйкес келетін интервенциялық емес клиникалық зерттеу хаттамасы дəрілік препараттың зерттеу субъектісіне тағайындалғанын жəне оның зерттеуге қосылғанын алдын ала белгілемейді, ал дəрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректерді жинаудың эпидемиологиялық əдістерін сипаттайды. Зерттеу субъектілері қосымша диагностикалық немесе мониторингтік рəсімдерге ұшырамайды. 3. Клиникалық зерттеулер жүргізу тəртібін, клиникалық базаларға қойылатын талаптарды уəкілетті орган айқындайды.»; 47) 75-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дəрілік заттар тұтынушылық (бастапқы жəне қайталама) қаптамасына қазақ жəне орыс тілдерінде жақсы оқылатын қаріппен басылған таңбасымен жəне медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен айналысқа түсуге тиіс. 2. Медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника тікелей медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникаға жəне (немесе) тұтынушылық қаптамаға басылған таңбасымен жəне медициналық мақсаттағы бұйымға арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен жəне медициналық техникаға арналған пайдалану құжатымен айналысқа түсуге тиіс. Дəрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы таңбалау қағидаларын уəкілетті орган бекітеді. Дəрілік заттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты жасау жəне ресімдеу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 48) 76-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы жəне тиімді жұмсау мақсаттарында дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уəкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.»; 49) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын: «77-бап. Бірыңғай дистрибьютор 1. Бірыңғай дистрибьюторды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бірыңғай дистрибьютор қызметінің негізгі нысанасы: 1) өнім берушілерді таңдау; 2) дəрілік заттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру шарттарын жасасу; 3) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру жəне (немесе) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау жəне тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттар жасасу; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тауардың ішкі айналыс үшін шығу тегі туралы сертификаты жəне халықаралық стандарттардың талаптарына сəйкес медициналық техниканың өндірілгенін растайтын құжаты бар заңды тұлғамен Дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тізімі бойынша медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу; 5) Дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тізімі бойынша дəрілік заттармен жəне медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету; 6) дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау жəне тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру болып табылады. 2. Дəрілік заттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу қағидаттары: 1) сатып алуды жүргізу рəсіміне қатысу үшін əлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру; 2) əлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бəсекелестік; 3) сатып алу процесінің жариялылығы жəне ашықтығы; 4) отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады. 3. Бірыңғай дистрибьютор өз міндеттерін орындамағаны жəне (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады.»; 50) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дəрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уəкілетті орган бекiткен дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау жəне тасымалдау қағидаларына сəйкес олардың қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақталады жəне тасымалданады. Дəрілік заттарды тасымалдауды жəне сақтауды жүзеге асыратын дəрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дистрибьюторлық практиканың (GDP) немесе тиісті дəріханалық практиканың (GРP) талаптарын сақтауға міндетті.»; 51) 80-2-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «80-2-бап. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды жəне клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін жеке пайдалану үшін жəне өзге де коммерциялық емес мақсаттарда əкелу»; мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Биологиялық активті заттар, фармакологиялық заттар, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілері уəкілетті органның рұқсатынсыз əкелінеді. 4. Қазақстан Республикасының аумағына биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін əкелуді: 1) дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдар; 2) дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші шетелдік ұйымдар, олардың уəкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенім білдірілген жеке жəне заңды тұлғалары; 3) денсаулық сақтау, білім жəне ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар жүзеге асырады.»; 52) 81-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «81-бап. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды жəне клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін əкету тəртібі»; 2-тармақта: бірінші абзац өзгеріссіз қалдырылып, үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының аумағынан кететін көлік құралының жолаушыларды емдеуге арналған алғашқы көмек дəрі қобдишасының құрамында;»; мынадай мазмұндағы 3) жəне 4) тармақшалармен толықтырылсын: «3) көрмелер өткізу үшін уəкілетті органның рұқсаты бойынша əкелінген көрмелік үлгілер; 4) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) немесе клиникалық зерттеулер жүргізу үшін əкелінген медициналық техника Қазақстан Республикасының аумағынан уəкілетті органның келісімінсіз əкетілуі мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 4 жəне 5-тармақтармен толықтырылсын: «4. Биологиялық активті заттар, фармакологиялық заттар жəне клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалдары, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілері Қазақстан Республикасының аумағынан уəкілетті органның рұқсатынсыз əкетілуі мүмкін. 5. Қазақстан Республикасының аумағынан биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) жəне клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дəрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін əкетуді: 1) дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдар; 2) дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші шетелдік ұйымдар, олардың уəкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенім білдірілген жеке жəне заңды тұлғалары; 3) денсаулық сақтау, білім жəне ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар жүзеге асырады.»; 53) 84-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «84-бап. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға тыйым салу, оны тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу»; 1-тармақта: бірінші абзац өзгеріссіз қалдырылсын; 1), 2) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасы заңнамасының дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы жөніндегі талаптарына сəйкес келмеген; 2) дəрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген дəрілік заттардың адамның денсаулығына қауіпті жанама əсерлері анықталған немесе нұсқаулықта көрсетілген елеулі жанама əсерлер немесе төмен терапиялық тиімділік (терапиялық əсердің болмауы) жағдайларының анықталу жиілігінің артуы немесе

пайда мен қауіптің келеңсіз арақатынасы бар елеулі жанама əсерлердің анықталуына байланысты оны тоқтата тұру жəне (немесе) басқа елдердің нарығынан кері қайтарып алу туралы ақпарат болған кезде;»; «6) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың қауіпсіздік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін, өндіріс технологиясы мен сапаны бақылаудың ғылыми-техникалық деңгейінің жеткіліксіздігі туралы деректер алынған;»; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) тіркеу куəлігі иесінің тіркеу куəлігін тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу туралы негіздемесі алынған жағдайларда, дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға, өткізуге немесе өндіруге тыйым салуы немесе оны тоқтата тұруы, сондай-ақ айналыстан алып қою немесе қолданылуын шектеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дəрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларын уəкілетті орган бекітеді.»; 54) мынадай мазмұндағы 84-1-баппен толықтырылсын: «84-1-бап. Жалған дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника 1. Қазақстан Республикасының аумағында жалған дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге, əкелуге, сақтауға, қолдануға жəне өткізуге тыйым салынады. 2. Жалған дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жойылуға жатады. 3. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы адамдар мен субъектілер жалған дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіргені, сақтағаны, таратқаны, өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады. 4. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жалғандығына (сипаттамалары жəне (немесе) шығу көзі туралы анық емес мəліметтер ұсыну) сонымен қатар жалған өнімді өндіру үшін дайындалған жəне соған арналған аксессуарлар, бөліктер жəне материалдар, сондай-ақ өнімге немесе оның өндірісіне жəне (немесе) таралуына қатысты құжаттар жатады. 5. Дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жалғандығын болдырмауды жəне оған қарсы күресті уəкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен, өндіруші ұйымдармен, денсаулық сақтау субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен бірге жүзеге асырады. 6. Уəкілетті орган жалған дəрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.»; 55) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын: «85-бап. Дəрілік заттарды фармакологиялық қадағалау жəне дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама əсерлерінің мониторингі 1. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында дəрілік заттарды фармакологиялық қадағалауды жүргізеді. 2. Дəрілік заттарды фармакологиялық қадағалауды жəне дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама əсерлерінің мониторингін жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды. 3. Денсаулық сақтау субъектілері уəкілетті органды дəрілік заттың басқа дəрілік заттармен өзара əрекеттесу ерекшеліктерінің байқалу фактілері жəне жанама əсерлері, оның ішінде дəрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта жəне медициналық техниканы пайдалану жөніндегі нұсқамада көрсетілмеген жанама əсерлері туралы хабардар етуге міндетті.»; 56) 86-баптың тақырыбындағы «Жаңа дəрілік» деген сөздер «Дəрілік» деген сөзбен ауыстырылып, мəтініндегі «жаңа» деген сөз алып тасталсын; 57) 88-бапта: 1-тармақ 11) тармақшадағы «өтініш беруге құқығы бар.» деген сөздер «өтінішхат беруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) өлгеннен кейін өздерінен тіндерін (тінінің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) транспланттау мақсатында алу мүмкіндігі туралы ерікті түрде еркін білдіруіне құқығы бар.»; 4-тармақ «шектеулі» деген сөзден кейін «азаматтарға» деген сөзбен толықтырылып, «азаматтарға» деген сөз «адамдарға» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жəне көлемде, барынша дəлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық жəне емдік медициналық қызметтер көрсетіледі.»; 58) 90-баптың 4-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялықпрофилактикалық iс-шаралар жүргiзуге;»; 2) тармақшадағы «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды» деген сөздер «санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жəне қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқудан өткендігін куəландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық, паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды жəне инфекциялық, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;»; 15) тармақшадағы «жүргізуге міндетті.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) өздері өткізетін дəрілік заттар туралы толық жəне анық ақпарат ұсынуға міндетті.»; 59) 91-бапта: 1-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) дəрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дəрігерді таңдауға, ауыстыруға;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) медициналық ұйымда аудио- жəне (немесе) бейнебақылау жəне жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.»; 60) 92-баптың 1-тармағы 7) тармақшадағы «орындауға міндетті.» деген сөздер «орындауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) медициналық ұйыммен жасалған шартқа сəйкес амбулаториялық деңгейде медициналық жəне дəрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.»; 61) 95-бапта: 4-тармақтың 2) тармақшасы «, оның ішінде қан мен оның компоненттерінің донорлығы кезінде» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қан мен оның компоненттерінің донорлығына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi олардың рұқсатынсыз жинауға жəне өңдеуге жол берiлмейдi. Қан мен оның компоненттерінің донорлығына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi пайдалану кезiнде жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың

(Соңы 18-бетте).


18

8 сəуір

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 15-17-беттерде). рұқсатынсыз басқа дерекқорлармен байланыстыратын желiлерге қосуға жол берiлмейдi.»; 62) 96-баптың 1-тармағының 5) жəне 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «5) жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзаларының тінінің донорлығына;»; «11) жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тінін, эмбриондарды сақтауға құқығы бар.»; 63) 98-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 64) 99-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Некеде тұратын жəне некеде тұрмайтын əйел мен ер адамның медициналық араласуға екіжақты хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде ұрпақты болудың қосалқы əдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар. Жалғыз басты əйелдің де медициналық араласуға хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде ұрпақты болудың қосалқы əдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар.»; 65) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Суррогат ана болу сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша балаға (балаларға) жүкті болуды жəне, мерзiмiнен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балалар) тууды бiлдiредi.»; 66) 101-бап мынадай редакцияда жазылсын: «101-бап. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығы 1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тəні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлары болуға құқығы бар. 2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының, ұрпақты болу ағзалары тінінің кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ. 3. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығын жүргізу тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды.»; 67) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын: «107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мəжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тəртiбi 1. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мəжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы жəне симптоматикалық емдеуді қамтиды. 2. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мəжбүрлеп емдеуге олардың медициналық құжаттамада тіркелген, дəрігер тағайындаған емделуден бас тартуы, сондай-ақ туберкулезге қарсы ұйымдардан жəне алғашқы медициналықсанитариялық көмек ұйымдарынан өз бетінше кетуі жəне ондағы емдеу режимін бұзуы негіз болып табылады. 3. Туберкулезбен ауыратын жəне емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мəжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынуы бойынша қабылдайды. 4. Мəжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды сот медициналық құжаттама келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде жəне денсаулық сақтау ұйымы өкілінің қатысуымен қарайды. 5. Туберкулезбен ауыратын азаматты мəжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.»; 68) 108-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «Туберкулездің жұқпалы түрімен», «туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер тиісінше «Туберкулезбен», «туберкулезбен» деген сөздермен ауыстырылсын; 69) 109-бапта: тақырыптағы жəне мəтіндегі «туберкулездің жұқпалы түрімен», «Туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер тиісінше «туберкулезбен», «Туберкулезбен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулезбен ауыратын науқастарды мəжбүрлеп емдеу жəне оларды шығару уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; 70) 110 жəне 111-баптардың тақырыптарындағы жəне мəтіндеріндегі «Туберкулездің жұқпалы түрімен», «туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер тиісінше «Туберкулезбен», «туберкулезбен» деген сөздермен ауыстырылсын; 71) 112-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) тегін негізде құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-əлеуметтік, заңдық жəне медициналық консультациялар беруге;»; 72) 113-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «АИТВ жұқтырған, тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты медициналық манипуляция жасайтын медицина қызметкерлері тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстырылуға жатады.»; 73) 114-баптың 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «5) психологиялық, заңдық жəне медициналық консультациялар жүргізу үшін сенім пункттерін, достық бөлмелерін құру; 6) халыққа тері қабаттары мен сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.»; 74) 115-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне оралмандардың уəкілетті орган айқындаған тəртіппен тегін негізде АИТВ инфекциясы мəселелері бойынша ерікті түрде анонимдік жəне (немесе) құпия медициналық зерттеліпқаралуға жəне консультация алуға құқығы бар.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) прокуратура, тергеу органдарының жəне соттың сұрау салуы негізінде адамдар;»; 75) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын: «135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекіткен тізбеге сəйкес жүзеге асырылады.»; 76) 140-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «жақын» деген сөздің алдынан «уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен» деген сөздермен толықтырылсын; 77) 144-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттік органдар халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мəселелерге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді əзірлеу жəне бекіту кезінде оларды халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісуге міндетті.»; 78) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын: «146-бап. Адам денсаулығына зиянды əсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу 1. Адам денсаулығына зиянды əсер ететін өнім тізбеге сəйкес жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындаған тəртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады. 2. Өнімді мемлекеттік тіркеу: 1) халық пен мекендеу ортасына ықпалын сараптамалық бағалау; 2) заттар, өнімнің жекелеген компоненттері құрамының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жəне гигиеналық нормативтерге сəйкестігі нысанасына санитариялықэпидемиологиялық сараптама; 3) арнаулы шараларды, оның ішінде заттарды жəне өнімдердің жекелеген түрлерін кəдеге жарату мен жою шарттарын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды əсерін болдырмау жөніндегі арнаулы шараларды əзірлеу негізінде жүргізіледі. 3. Мемлекеттік тіркелуге жататын өнімге санитариялықэпидемиологиялық сараптама жəне ғылыми негіздеме жүргізумен байланысты шығыстарды өтініш берушілер көтереді. 4. Мемлекеттік тіркеу туралы куəліктердің бірыңғай тізілімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылуға жатады. 5. Адам денсаулығына зиянды əсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу жəне мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тəртібін халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»; 79) 147-баптың 2-тармағындағы «уəкілетті орган» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 80) 148-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «148-бап. Санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шаралар»; 1 жəне 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Инфекциялық жəне паразиттік аурулардың пайда болуының жəне таралуының, халықтың улануының алдын алу мақсаттарында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялықпрофилактикалық, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық жəне паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жəне ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстарда, жерасты жұмыстарында істейтін адамдарды медициналық қараптексеруді, профилактикалық егуді, гигиеналық оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. 2. Санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялықпрофилактикалық iс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің əзірленетін құжаттарына енгiзiлуге жатады.»; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Гигиеналық оқыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен тəртіппен жəне гигиеналық оқыту бағдарламалары бойынша халықтың декреттелген тобының инфекциялық жəне паразиттік ауруларының профилактикасы мақсатында жүргізіледі.»; 81) мынадай мазмұндағы 148-1-баппен толықтырылсын: «148-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылау 1. Радиациялық бақылауды мемлекеттік санитариялықэпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады, ол халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды қамтиды. 2. Радиациялық бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүргізілетін тексеру нысанында жүзеге асырылады.»; 82) 149-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді; 83) 150-бапта: 1-тармақтағы «осы Кодекске сəйкес уəкілетті орган» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының» деген сөздер «өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының» деген сөздермен ауыстырылсын; 84) 151-бапта: 1-тармақтағы «уəкілетті орган белгілейді» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «уəкілетті орган белгілеген» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын; 85) 152-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Адамның инфекциялық жəне паразиттік аурулары ошақтарындағы жəне инфекциялық жəне паразиттік аурулардың табиғи ошақтарындағы ошақтық дезинфекцияны, дезинсекцияны, дератизацияны санитариялықэпидемиологиялық қызмет ұйымдары жəне медициналық ұйымдар инфекциялық жəне паразиттік аурулардың профилактикасы жəне (немесе) оларды жою мақсаттарында жүргізеді.»; 86) 155-бапта: 3-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзiмдiк жəне ауысымалды болып бөлiнедi.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Ауысымалды міндетті медициналық қарап-тексерулер жеке тұлғада аурудың барын немесе жоғын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігін, шығатын ауысымындағы жұмысқа кəсіптік жарамдылығын айқындау мақсаттарында жүргізіледі.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Жұмыс берушілер міндетті медициналық қараптексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.»; 87) 156-бапта: 1-тармақтағы «міндетті» деген сөз «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Профилактикалық екпені енгізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап-тексеруді жүргізеді. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық екпе, ықтимал жанама əсерлері, олардан бас тарту салдарлары, вакцинадан кейінгі ықтимал асқынулар туралы толық жəне объективті ақпарат береді. Жазбаша нысанда берілген келісімнің не бас тартудың болуы профилактикалық екпе жүргізудің шарты болып табылады.». 4-тармақ алып тасталсын; 88) 159-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «159-бап. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы жəне оны шектеу»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы жəне оны шектеу халықтың денсаулығын қорғауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқығы бар адамдар үшін жас мөлшерін шектеуді енгізуге, темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынуға халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың таралуының профилактикасы жөніндегі келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған.»; 2-тармақтың 9) жəне 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «9) темекі бұйымының қорабына темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту енгізілмесе;»; «11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымы зиянының аз екені туралы жалған əсер қалдыратын жəне жемістердің, жидектердің, кондитерлік өнімдердің дəмі бар деген ұғымды білдіретін өзге де, оның ішінде шет тілдердегі сөз тіркестері болса;»; 3-тармақтағы «шегудің» деген сөз «бұйымдарын тұтынудың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Темекі бұйымдарын тұтынуға:»; 6 жəне 7-тармақтардағы «шегу» деген сөз «бұйымдарын тұтыну» деген сөздермен ауыстырылсын; 10 жəне 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «10. Құрамындағы никотин жəне шайырлы заттар халықтың санитариялық-эпедемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын, жол берілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленбеген темекі бұйымдарын əкелуге, өндіруге, сатуға жəне таратуға тыйым салынады.»; «12. Темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынған орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынғаны туралы белгілер орналастырылуға тиіс.»; 13-тармақтағы «шегудің» деген сөз «бұйымдарын тұтынудың» деген сөздермен ауыстырылсын;

2015 жыл мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын: «15. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік етуге жəне алкогольдік ішімдіктерді имитациялайтын өнімді жарнамалауға тыйым салынады. Темекіні əкелуді, өндіруді, сатуды жəне таратуды жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қайырымдылық көмек көрсетуіне жол беріледі.»; 89) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ас тұзын, жемдік тұзды жəне міндетті түрде байытылуға жататын басқа да тамақ өнімдерін йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасына сəйкес жүргізіледі.»; 90) 162-баптың 1 жəне 3-тармақтарындағы «тапсыру (донациялау)» деген сөздер «донациялау» деген сөзбен ауыстырылсын; 91) 164-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі донорларды медициналық куəландыру, донорлық қанды зертханалық скринингтеу, қан мен оның компоненттерін дайындау бойынша, карантиндеу, лейкофильтрациялау, вирусинактивациялау, радиациялық сəулелендіру əдістерін жəне Қазақстан Республикасында рұқсат етілген басқа да əдістерді қолдана отырып, қан компоненттерін алу бойынша белгіленген талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.»; 92) 165-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Он сегіз жасқа толған, тиісті медициналық зерттепқараудан өткен жəне қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттарда қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген жеке тұлға донор болуға құқылы.»; 2-тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларындағы «тапсыруды (донациялауды)» деген сөздер «донациялауды» деген сөзбен ауыстырылсын; 93) 166-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донор уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен міндетті түрде тегін медициналық зерттеп-қараудан өтеді.»; 94) 167-бапта: 1-тармақта: «тапсыру (донациялау)» деген сөздер «донациялау» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Донорлық функцияны жүзеге асыратын донор орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күнін өтеусіз алады.»; 2-тармақтағы «тапсыру (донациялау)» деген сөздер «донациялау» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақта: «Адамды» деген сөз «Донор болып табылатын қызметкерді» деген сөздермен ауыстырылсын; «тапсыру (донациялау)» деген сөздер «донациялау» деген сөзбен ауыстырылсын; 4 жəне 5-тармақтардағы «тапсыру (донациялау)» деген сөздер «донациялау» деген сөзбен ауыстырылсын; 6-тармақтың екінші бөлігіндегі «тапсырудың (донациялаудың)» деген сөздер «донациялаудың» деген сөзбен ауыстырылсын; 7-тармақтағы «тапсырғаннан (донациялағаннан)» деген сөздер «донациялағаннан» деген сөзбен ауыстырылсын; 95) 168-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) донор болып табылатын қызметкерді зерттеп-қарау жəне қан мен оның компоненттерін донациялау күні жұмыстан кедергісіз босатуға;»; 96) 27-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «27-тарау. Тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау 169-бап. Тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жəне оларды алу шарттары 1. Адам, адамның мəйiтi немесе жануар тiндердi (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) транспланттау бойынша донорлар болуы мүмкiн. 2. Адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) мəжбүрлеп алуға жəне оларды ауыстырып салуға тыйым салынады. 3. Адамның тiндерiн (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiгiн) сатып алуға-сатуға тыйым салынады. 4. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін (басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне ықпал ететін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті) адам транспланттау бойынша тірі донор болуы мүмкін. 5. Тiрi донор жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтуге жəне өзiнен тiндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзаларының бөлiгiн) алуға болатындығы туралы консилиумның қорытындысын алуға тиiс. 6. Кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын адамнан тiндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу осы бапта көрсетiлгендермен қатар, бiр мезгiлде мына шарттарды сақтағанда ғана: 1) осы Кодекстің 91-бабына сəйкес денсаулығының жайкүйі туралы қажетті ақпаратты алған оның заңды өкілдерінің нотариат куəландырған жазбаша келісімі болған; 2) тиісті келісімді беруге қабілетті басқа үйлесетін донор болмаған; 3) реципиент донордың аға-інісі немесе əпке-сіңілісі (қарындасы) болып табылған; 4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналған; 5) ықтимал донор алып қоюға қарсылық білдірмеген жағдайда ғана мүмкін болады. 7. Кəмелетке толмағандардың немесе əрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сəтте кері қайтарып алынуы мүмкін. 8. Адамнан тiндердi (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу, гемопоэздік дің жасушаларын қоспағанда, оның нотариат куəландырған жазбаша келiсiмiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. 9. Транспланттау үшін жұп ағзаның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына əкеп соқтырмайтын ағзаның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін. 10. Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адам тірі кезінде не оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері ол өлгеннен кейін оның тіндерін жəне (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) реципиентке транспланттау үшін алуға келіспейтінін мəлімдегені туралы хабарланған болса, мəйіттен тіндерді жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға жол берілмейді. Егер консилиум тіркеген өлім фактісінің даусыз дəлелдемелері болса, мəйіттен транспланттау үшін тіндер жəне (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) алынуы мүмкін. Өлім туралы қорытынды биологиялық өлімнің немесе бас миының біржола семуінің (мидың өлімінің) расталуы негізінде уəкілетті орган айқындаған тəртіппен беріледі. 11. Кейіннен транспланттау үшін тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуды қамтамасыз ететін адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады. 12. Тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды қамтамасыз ету үшін тіннің (тіннің бөлігінің) жəне (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) жəне (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдері қалыптастырылады. Тіннің (тіннің бөлігінің) жəне (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) жəне (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру жəне жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды. 170-бап. Тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау тəртібі 1. Тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау қажеттілігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының консилиумы береді. 2. Денсаулығының жай-күйі бойынша дұрыс шешім қабылдауға қабілетсіз реципиентке тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін)

транспланттау оның жұбайының (зайыбының) не жақын туыстарының бірінің немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі. Транспланттау жүргізуді кешеуілдету реципиент өміріне қауіп төндіретін, ал осы тармақта көрсетілген адамдар болмаған немесе олардың тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған айрықша жағдайларда транспланттауды жүргізу туралы шешімді дəрігерлер консилиумы, ал оны жинау мүмкін болмаған жағдайда транспланттауды жүзеге асыратын дəрігер медициналық құжаттамаға жазбаларды ресімдеп жəне ол туралы кейіннен бір тəулік ішінде денсаулық сақтау ұйымының лауазымды адамдарын хабардар ете отырып қабылдайды. 3. Реципиент не кəмелетке толмаған реципиенттің немесе сот əрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілі алдағы транспланттауға байланысты реципиенттің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс. 4. Инфекция жұқтырған тіндерді (тіндердің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға тыйым салынады. 5. Тірі донордан тінді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау жəне тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесіне енгізілген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті мамандық бойынша лицензия алған денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады. Тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау жəне тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қалыптастырылады. 6. Транспланттау мақсатында мəйіттерден тіндерді жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу жəне консервациялау денсаулық сақтау ұйымдарында уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүргізіледі. 7. Тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алудың, дайындаудың, сақтаудың, консервациялаудың, тасымалдаудың, донордан реципиентке транспланттауды жүргізудің тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды. 8. Осы баптың күші ұрпақты болу тіндерін (жыныстық жасушаларды) қамтитын, адамның өсіп-өну процесіне қатысы бар тіндерге (тіннің бөліктеріне) жəне (немесе) ағзаларға (ағзалардың бөліктеріне), сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды. 171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары 1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көзделген құқықтардан басқа: 1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді (тіндердің бөліктерін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге; 2) тіндерді (тіндердің бөліктерін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дəрі-дəрмек емін алуға құқылы. 2. Реципиент: 1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығы үшін ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге; 2) тіндерді (тіннің бөлігін) жəне (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дəрі-дəрмек емін алуға құқылы. 3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина жəне өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент туралы мəліметтерді жария етуге тыйым салынады.»; 97) 173-бапта: 1-тармақ 3) тармақшадағы «кезінде жүзеге асырылады.» деген сөздер «кезінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) шет елде тұратын донордың жəне Қазақстан Республикасында тұратын реципиенттің тін үйлесімділігін растау үшін НLА-жүйесі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау шеңберінде реципиентің иммундық стимуляциясын жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.»; 2-тармақ 6) тармақшадағы «жіберілген кезде жүзеге асырылады.» деген сөздер «жіберілген кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) Қазақстан Республикасында тұратын донордың жəне шет елде тұратын реципиенттің тін үйлесімділігін растау үшін НLА-жүйесі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау шеңберінде реципиентің иммундық стимуляциясын жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.»; 98) 175-баптың 2, 3, 4 жəне 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сəйкес техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі жəне қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық жəне фармацевтикалық білім беру ұйымдарында жəне білім беру ұйымдарының медициналық жəне фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Ғылыми орталықтар мен клиникалардың шарттарын жасасу арқылы білімді, ғылым мен практиканы интеграциялауға негізделген интеграцияланған академиялық жүйені қалыптастыру медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады. 3. Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен медициналық жəне фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кəсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені жəне оларға қойылатын талаптарды уəкілетті орган бекітеді. 4. Резидентураның тыңдаушыларын қоспағанда, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі жəне қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша маман сертификаты да олардың медициналық ұйымдарда лауазымдар атқаруы үшін негіз болып табылады.»; «6. Қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын медициналық білім жəне ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады. Медицина жəне фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру жəне оларды қайта даярлау қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады. Медицина жəне фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру жəне оларды қайта даярлау тəртібін, сондай-ақ қосымша медициналық жəне фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын уəкілетті орган айқындайды.»; 99) 176-бап мынадай редакцияда жазылсын: «176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау орта (техникалық жəне кəсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау жəне оларға маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу мақсатында жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен уəкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау саласындағы кəсіптік даярлықты бағалауды жəне мамандар біліктілігіне сəйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін кəсіптік даярлықты бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сəйкестікті растау негізінде жүргізіледі. 2. Тиісті сертификаты бар маманның басшылығымен клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберілетін резидентура тыңдаушыларын қоспағанда, тиісті

маман сертификаты болмаса, жеке тұлғаның клиникалық практикамен айналысуына тыйым салынады. Денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификатынан айыру Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес жүзеге асырылады. 3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу тəртібі мен мерзімдерін, сондайақ кəсіптік даярлықты бағалау жəне денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сəйкестікті растау тəртібін уəкілетті орган айқындайды. 4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификатталуға жіберу тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды. 5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған шетелдік мамандардың шет елде алған медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе біліктiлiк санатының берілгені туралы куəландыратын құжат маман сертификатына теңестіріледі.»; 100) м ы н а д а й м а з м ұ н д а ғ ы 1 7 6 - 1 - б а п п е н толықтырылсын: «176-1-бап. Біліктілік санаттарын беру жəне кері қайтарып алу 1. Біліктілік санатын беру тиісті біліктілік санатын беру арқылы нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куəлік бере отырып, медициналық жəне фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік деңгейін айқындау үшін жүргізілетін ерікті рəсім болып табылады. Біліктілік санатын беруді уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен уəкілетті орган аккредиттеген, кəсіптік даярлықты бағалауды жəне денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сəйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар кəсіптік даярлықты бағалау жəне денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сəйкестікті растау негізінде жүргізеді. 2. Денсаулық сақтау саласындағы маман уəкілетті орган берген біліктілік санатын беру туралы куəлігі болған кезде маман сертификатын алуға құқылы. 3. Біліктілік санаттарының тізбесін уəкілетті орган бекітеді. 4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куəлікті беру жəне кері қайтарып алу тəртібін, мерзімдерін уəкілетті орган айқындайды. 5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куəлікті беру жəне кері қайтарып алу тəртібін, мерзімдерін халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»; 101) 182-бапта: 5-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «АИТВ/ЖИТС-пен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық жəне ғылыми-зерттеу жұмысымен тікелей айналысатын медицина қызметкерлерінің, қызметшілердің жəне техникалық қызметкерлердің алты сағаттық қысқартылған жұмыс күніне, ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн қосымша ақы төленетін демалысқа, кəсіптік зияндылық үшін еңбегіне лауазымдық айлықақының алпыс пайызы мөлшерінде қосымша ақы төленуіне құқығы бар.»; 6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) өзінің кəсіптік деңгейін үздіксіз, оның ішінде əрбір бес жыл сайын біліктілігін арттырудан өту арқылы дамытуға жəне арттыруға;»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Медицина қызметкерлерінің кəсіптік даярлығы міндетті бағалауға жəне денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігіне сəйкестігі расталуға жатады.»; 102) 184-баптың 3-тармағы 6) тармақшасындағы «пайдалануға тиіс.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) өзінің денсаулығын сақтауға ынтымақты жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруге тиіс.». 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат): 1) мазмұнында 173-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мəжбүрлеп ем қолдану тəртiбi»; 2) 173-баптың тақырыбы мен мəтініндегі «туберкулездің жұқпалы түрiмен», «Туберкулездің жұқпалы түрiмен» деген сөздер тиісінше «туберкулезбен», «Туберкулезбен» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат): 1) мазмұнында: 199 жəне 441-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi жəне темекi бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату жəне тарату жөнiндегi талаптарын бұзу»; «441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу»; 2) 199-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi жəне темекi бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату жəне тарату жөнiндегi талаптарын бұзу»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету, сондай-ақ темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату, тарату – жеке тұлғаларға – үш, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – сегiз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 3) 441-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының заңнамасында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну – жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнайы белгiленбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы – лауазымды адамдарға – он, заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.». 2-бап. Осы Заң: 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа еңгізілетін 1-баптың 2-тармағы 41) тармақшасының төртінші абзацын, 42) тармақшасының үшінші абзацын жəне 50) тармақшасының үшінші абзацын; 2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма төрт ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 88) тармақшасының он сегізінші абзацын; 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 99) жəне 100) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 6 сəуір № 299-V ҚРЗ


8 сəуір 2015 жыл

Ќанатќаќты жобалар талќыланды Көкшетау қаласында «Сабақта критерийлік бағалауды қолдану» тақырыбы бойынша бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған республикалық семинар болып өтті. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның бастамасымен ұйымдастырылған басқосуда білім

берудің жаңартылған мазмұнын байқаудан өткізу бойынша қанатқақты жобаға дайындық жəне бастауыш сынып мұғалімдерін сабақта критерийлік бағалауды қолдануға машықтандырудың

өзекті мəселелері талқыланды. Семинар жұмысына республика аймақтарындағы жəне Астана, Алматы қалаларындағы 30 қанатқақты мектептерден 112 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Мұндағы оқыту үдерісі мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі 2 бөлімді қамтыды. Шара барысында модераторлар О.Можаева мен Б.Бал ғынбаева «Оқушылардың

оқу жетістіктерін бағалау үшін критерийлік бағалауды қолдану» таныстырылымын ұйымдастырды. Сондай-ақ, сауаттану, математика, музыка, бейнелеу өнері, орыс тілі мен ағылшын тілін оқыту бойынша Е.Бердюгина, Е.Шабанова сияқты тəжірибелі педагогтар сабақтарда критерийлік бағалау жүйесін қолдану тақырыптарында шеберлік-сыныптарын өткізді.

Семинардың екінші бөлімінде пəндер бойынша формативтік бағалау жəне тапсырмаларды əзірлеуде оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлік бағалаудың əдістемелік ұсыныстары жан-жақты талқыланды. Ғылыми-əдістемелік жұмыстар электронды нұс қада жүргізілгенін атап өткіміз келеді. Ақмола облысы.

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – Сатушы немесе Сауда-саттықты ұйымдастырушы) осымен «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының (бұдан əрі – Компания) акциялар пакетінің 49%-ын (бұдан əрі – Акциялар) сату жөніндегі ашық екі кезеңді конкурс тəсілімен сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды Акцияларды сату «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жəне дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтері мен объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың басталу күні: 2015 жылы 12 мамырда 10 сағат 00 минут (Астана уақыты). Сауда-саттықтың өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6-үй. Акциялардың бастапқы құны: 47 998 382 000 (қырық жеті миллиард тоғыз жүз тоқсан сегіз миллион үш жүз сексен екі мың) теңге. Ашық екі кезеңді конкурстың айрықша шарттары: 1. Сатушы мен Сатып алушының арасында тиісті шартқа қол қою жолымен Компанияның міндеттемелері бойынша сатушы берген кепілдіктер бойынша сатып алынатын Акцияларға пара-пар ынтымақты жауапкершілік қабылдау. Компанияның кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалмауы оқиғасы пайда болған жəне кредиторлар Сатушының қолданыстағы кепілдіктері аясында Сатушының осы міндеттемелерінің орындалуына арналған құқықты пайдаланғаны жағдайында Сатып алушы Сатушыға ақшалай қаражатты сатып алатын Акцияларға пара-пар өтеуге міндеттеме алады. Бұл ереже аталған шартқа қол қойылған сəттен бастап Сатып алушының кідіртпесіз міндеттемесі болып табылады жəне Компания кредиторлардың алдындағы міндеттемелерін толық өтегенге дейін қолданыста болады, ол орындалмаған жағдайда Сатып алушы Акцияларды Сатушыға өтеусіз тапсыруға міндеттеме алады. Сондай-ақ бұл ереже Сатып алушы кейіннен Акцияларды үшінші тұлғаларға сатқан жағдайда үшінші тұлғаларға қатысты да міндетті болып табылады. 2. Акцияларды Сатып алушы мен Акционерлік келісімді Сатушы арасында: - Компанияны бірлесіп басқару қағидаттарын; - Сатып алушының: 1) Акциялармен мəмілелерді Сатушымен жазбаша келісу бойынша ғана жасасу; 2) Компания мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау туралы міндеттемелерін қарастыратын келісім жасау. 3. Акцияларды сатып алу-сату туралы шарт тек Еуропалық қайта құру жəне даму банкінің саудасаттық Жеңімпазына Акцияларды сатуға келісімін алғаннан кейін ғана жасалатын болады. Алдын ала ұсыныстың мазмұны Алдын ала ұсыныста Компанияның ұсынылатын бизнес-жоспарының осы хабарламамен оларға қатысты ең төменгі көрсеткіштері көрсетілген критерийлер бөлігіндегі негізгі талаптар болуы тиіс. Компания қызметінің 5 жылдық кезеңге арналған бизнес-жоспары алдын ала ұсынысқа қосымша болып табылуы тиіс. Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлері мен қойылатын ең төменгі талаптар Алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийі болып Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға үміткер тұлға ұсынатын бизнес-жоспар табылады. Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұруы тиіс: 1.Жылдарға бөлумен жақын 5 жылдық кезеңге арналған инвестициялар көлемі; 2.Қаржылық көрсеткіштер: сату көлемі (ақшалай көріністік), жалпы табыс, таза табыс; 3.Жұмыс орындарын құру жоспары 5 жылдық кезең ішінде жұмыс орындары; 4.Бюджетке болжамды аударымдар 5 жылдық кезең ішінде жұмыс орындары; 5.Əлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу. Сауда-саттыққа қатысу үшін Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған өтінімді жəне 2 399 919 100 (екі миллиард үш жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз он тоғыз мың бір жүз) теңге көлемінде Акцияларды сатып алу-сату шарты (бұдан əрі – «Шарт») бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді (бұдан əрі – «Қамтамасыз ету») тапсыру қажет. Қамтамасыз ету: Сатушының шотына енгізілген кепілді жарна: БИН 020 540 003 431, БИК HSBKKZKX, ИИК KZ 376 010 111 000 018 002, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы. Кепілді жарна көлеміне банк қызметтерін төлеу кірмейді; қайтарымсыз жəне сөзсіз банк кепілдігі: - ҚР резидент банктерінен, шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, ол Standard&Poor’s бойынша «В»-дан төмен емес немесе Fitch «В-»-тан төмен емес немесе Moody’sInvestorsService бойынша «В3»-тен төмен емес немесе бас ұйымның (оған ҚР резидент банкі акцияларының 50%дан артығы тиесілі) рейтингі Standard&Poor’s бойынша «BВB» немесе Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2». Бұл норма акциялар пакетінің 50%-дан артығы «СамұрықҚазына» АҚ-қа тиесілі банктерге қолданылмайды; - ҚР резиденті емес банктерден, шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, ол Standard&Poor’s бойынша «ВВВ»-дан төмен емес, Fitch бойынша «ВВВ», Moody’sInvestorsService бойынша «Ваа2» болуы мүмкін. Бір рейтингтен артық болған кезде есепке олардың ең азы қабылданады. Банк кепілдігі тиісті банктің Сатушының атына жазған хатымен расталуы тиіс. Сауда-саттыққа Қатысушы ретінде тіркеу үшін: 1) Қағидаға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінім. Өтінім сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның Шарт жобасына жəне Конкурстық өтінімге сəйкес Сатушымен Шарт жасасу міндеттемесін тікелей қарастыруы тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімде Акцияларды сатып алу жөніндегі алдын ала ұсыныстар болуы тиіс; 2) жеке тұлғалар үшін: - нотариалды куəландырылған төлқұжаттың немесе жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; - ағымдағы шотының барын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы; - байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail); 3) заңды тұлғалар үшін: - барлық өзгерістерімен жəне толықтыруларымен жарғының нотариалды куəландырылған көшірмесі; - заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің немесе анықтаманың нотариалды куəландырылған көшірмесі; - растаушы құжаттар көшірмелерінің нотариалды куəландырылған немесе расталған (қолдануға болса) көшірмелерін қоса тіркеумен сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалардың барлық түпкі бенефициарлары туралы мəліметтер; - банктік шотының барын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы; - байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail); 4) сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімге қол қоюшының жеке басы мен өкілеттігін куəландыратын құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 5) акционерлік қоғамдар үшін – Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен ерте емес күндегі жағдай бойынша сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаға қатысты акционерлер тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы; 6) шетелдік заңды тұлғалар үшін – Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күнге дейін 2 айдан бұрын емес берілуі тиіс құрылтай жəне тіркеу құжаттарының нотариалды куəландырылған немесе расталған көшірмелері; 7) Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттар; 8) сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның персоналдың біліктілігін қоса алғандағы қаржылық, техникалық, басқарушылық жəне ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы деректер бар құжаттар; 9) сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғаның қолданылатын заңнамамен жəне оның құрылтай құжаттарымен қарастырылған, мұндай тұлғаның Қамтамасыз етуді енгізуі үшін қажетті корпоративтік шешімдері, соның ішінде ірі мəмілені немесе оны жасауға мүдделілік бар (егер қолдануға болса) мəмілелерді мақұлдау жəне/немесе жасау туралы шешімді тапсыруы тиіс; 10) шетелдік мемлекеттік органдар немесе ұйымдар берген құжаттарды тапсырған жағдайда мұндай құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе тарабы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттармен жəне келісімдермен өзге қарастырылмаса, белгіленген тəртіппен заңдастырылуы немесе расталуы тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді тіркегеннен кейін Қатысушы Актив бойынша құпия ақпараты бар ақпараттық бөлмеге (Data room) қол жеткізуге құқылы болады. Өтінімдерді қабылдау сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6-үй, «А» блогы, 1611-кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі жəне 2015 жылғы 12 мамырда 10.00 сағатта аяқталады. Егер Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталған сəтте 1-ден кем өтінім берілсе, ол өтпеді деп танылады. Өткізілетін Ашық екі кезеңді конкурс туралы ақпарат Сатушының: www.railways.kz. вебсайтына орналастырылған. Өткізілетін сауда-саттыққа байланысты өтінім берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың өтінімдері үшін электронды поштаның мекенжайы мен телефон нөмірі: Активтерді басқару департаментінің директоры

Рахымбеков Асқар Нұриденұлы

19

www.egemen.kz

8-7172-60-35-01, Rakhimbekov_A@railways.kz

Компания туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі 031040000572, мемлекеттік тіркеу туралы 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 14750-1901АҚ куəлігі. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 10-үй. Қызмет түрлері: 1) жүктерді, соның ішінде габаритсіз, арнайы, əскери жəне қауіпті жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау;

2) вагондарды беру жəне алу бойынша қызметтер көрсету; 3) көліктік-экспедициялық қызметтер көрсету; 4) Қазақстан Республикасының аумағындағы жəне одан тысқары жерлердегі Қоғамға тиесілі вагондарды есепке алу жəне вагондар операторының қызметін көрсету; 5) сыртқы экономикалық қызмет; 6) жүк вагондарын мүліктік жалға (жалға) беру; 7) металл сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу, өткізу; 8) жүк жəне коммерциялық жұмыстар; 9) теміржол көлігі саласында ақпараттық қызмет көрсету; 10) жүк вагондарын жəне олардың тораптары мен бөлшектерін жөндеу; 11) резерв материалдары мен арнайы құралым мүліктерін құралымдау, сақтау жөніндегі жұмылдыру тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету; 12) автоматтандырылған жүйелерді, міндеттерді, автоматтандырылған жұмыс орындары мен деректерді беру құралдарын сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтер. Компанияның меншік иесі жəне Сауда-саттықты ұйымдастырушы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6-үй. Өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары Рентабельділік көрсеткіштері Көрсеткіш Есептеу формуласы 2012 жыл 2013 жыл Өнімнің рентабельділігі, % Жалпы табыс /Өзіндік құны Сату (айналым) Жалпы табыс / Сатудан рентабельділігі, % кіріс Меншікті капиталдың Жалпы табыс / Меншікті рентабельділігі, % капитал Барлық капиталдың Жалпы табыс / Теңгерім рентабельділігі, % жиынтығы

0,88

0,47

2014 ж. 1 жарты жылдығы 0,2

0,17

0,02

(0,76)

0,12

0,16

(0,45)

0,023

0,003

(0,067)

«Бірлескен кіріс туралы» есептерден 2011-2013 жылдардағы жəне 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштер динамикасы /мың теңге/ Көрсеткіштер атауы 2011 2012 2013 2014 жылдың 1-жартыжылдығы Өнімді сатудан жəне көрсетілген 82 329 916 107 578 306 61 993 787 52 429 092 қызметтерден кіріс Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік 43 656 871 73 109 136 33 726 037 43 735 972 құны Жалпы табыс 38 673 045 34 469 170 28 267 750 8 693 120 Жалпы жəне əкімшілік шығыстар 7 622 978 10 354 860 4 636 593 4 672 290 Өзге кірістер 5 295 626 3 901 795 2 877 069 7 178 233 Бағамдық айырмашылықтан шығын 5 969 573 7 127 406 46 976 347 48 387 953 Қаржылық кірістер 10 833 336 11 250 657 5 072 768 6 087 546 Негізгі құралдардың құнсыздануы бойынша 15 243 612 20 174 084 10 904 759 10 728 736 шығыстар Қаржыландыруға арналған шығыстар 23 149 331 28 620 362 15 624 765 15 648 084 Кəсіпорын пайдасының/шығысының -150 511 -1 031 460 үлесі, қатысу үлесі тəсілі бойынша (салық салғанға дейін) 17 807 804 3 357 926 -31 220 545 -45 857 917 Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) Азшылық үлесі (бақыламайтын акцио3 871 615 1 287 929 -6 041 528 -6 040 640 нерлер үлесі) (салық салғанға дейін) КПН бойынша шығыстар/үнем -459 619 -17 165 -4 909 -143 738 Кезең үшін жалпы жиынтық кіріс (шығын) 14 395 808 2 087 162 -25 174 108 -39 673 539 Компанияның өндірістік базасымен танысу Осы хабарламаны алған жəне танысқан жəне сауда-саттыққа қатысу ниеті бар тұлғалар сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін кез келген жұмыс күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Компаниямен жəне оның өндірістік қуаттарымен танысуға құқылы. Көрсетілген күннен кейін мұндай құқыққа тек сауда-саттыққа қатысуға белгіленген тəртіппен өтінім берген тұлғалар ғана ие болады. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдерді қараған жəне мұндай тұлғаларды ашық екі кезеңді конкурс тəсілімен өткізілетін сауда-саттықтың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешімдер қабылданғаннан кейін Компанияны қарау мен танысу құқығына тек саудасаттыққа қатысу мəртебесі бар тұлғалар ғана ие болады. Компаниямен танысу ниеті бар тұлға Компания атына тиісті өтінім береді. Компания өтінімді алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге рұқсат хат береді, соңғысы оны көрсету бойынша оның өндірістік қуаттарын барып көруге құқылы. Өтінім берушілерді Компаниямен таныстыру Компанияның қызметкері болып табылатын жəне оның бірінші басшысы немесе ол уəкілеттік берген тұлға тағайындаған ілесіп жүруші тұлғаның қатысуымен жүргізіледі. Компанияны барып көруші тұлғалар өздеріне құпиялық жөнінде міндеттеме қабылдауға міндетті (тиісті шартқа қол қою жолымен) жəне алынған мəліметтерді, құжаттарды жəне/немесе ақпаратты Сауда-саттыққа қатысудан басқа қандай да бір мақсаттарға пайдалануға құқылы емес. Компанияның бірінші басшысының шешімі бойынша Компанияның өндірістік қуаттарының немесе жайларының бір бөлігі өндірістік қауіпсіздік немесе коммерциялық құпия тұрғысы бойынша барып көру үшін жабық болуы мүмкін. Мұндай міндеттемелерді бұзатын тұлғалар құпиялылық бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне құпиялылық туралы шарттың талаптарына сəйкес жауапкершілік көтереді. Акциялар бойынша құжаттама пакетін алу тəсілі Акциялар бойынша құжаттама пакеті, соның ішінде Акцияларды сату-сатып алу шартының жобасын сатушының Makarin_A@railways.kz электронды мекенжайына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6, 1611-кабинеті мекенжайы бойынша тиісті сұрауды жіберу арқылы алуға болады. Сауда-саттыққа қатысуға арналған шектеулер Сауда-саттыққа қатысуға үміткер тұлғалар келесі талаптарға сай келуі тиіс: жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы; заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құрылған жəне қатынаста, олардың акциялары (қатысу үлестері) тура жəне/немесе жанама Қазақстан Республикасының жеке жəне/немесе заңды тұлғаларына жататын. салықтық борыштың болмауы; таратылу немесе банкроттық кезеңінде болмауы тиіс. Осы талапқа сəйкестікті растау ретінде өтініш иесізаңды тұлға таратылу немесе банкроттық кезеңінде емес екендігін растайтын сенім хатын ұсынуы тиіс; қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тəртіпте тоқтатылған тұлға болмауы тиіс. Осы талапқа сəйкестікті растау ретінде өтініш иесі-заңды тұлға оның қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамамен белгіленген тəртіпте тоқтатылмағандығы туралы сенім хатты ұсынуы тиіс. Ашық екі кезеңді конкурсты өткізу тəртібі Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар пакеттерді ашу ашық екі кезеңді конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күні жүргізіледі. Ашық екі кезеңді конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссия ұсынылған материалдарды қарайды жəне өтінім иелеріне байқалған сəйкессіздіктер туралы телефондық байланыс, электронды почта немесе байланыстың өзге құралдары арқылы хабарлайды. Ашық екі кезеңді конкурсқа өтінімдерді беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде өтінім берген қатысушы байқалған сəйкессіздіктерді жояды. Бұл ретте, алдын ала ұсыныстың мазмұнын жəне/немесе талаптарын өзгертетін мəліметтердің жəне құжаттардың берілуіне жол берілмейді. Комиссия 10 жұмыс күні ішінде байқалған сəйкессіздіктерді жою үшін ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған (кемшіліктері жойылған) өтінімдерді жəне оған қоса берілген алдын ала ұсыныстарды қарайды. Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нəтижелері бойынша Комиссия аталған өтінімдерді ұсынған тұлғаларға ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру жəне ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушы мəртебесін беру туралы шешім қабылдайды. Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысушының ашық екі кезеңді конкурстың екінші кезеңіне өзі немесе өзінің уəкілетті тұлғалары арқылы қатысуына құқы бар. Ашық екі кезеңді конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 603-520 телефоны бойынша алуға болады.

«Абай-Пушкин» аќынныѕ 170 жылдыєына арналды

Алматыдағы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында хакім Абайдың алда келе жатқан 170 жылдығына арналған əсерлі əн кеші өтті. Мұндағы студенттер қауымының назарына есімі елге кеңінен танымал əнші, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай «АбайПушкин» атты арнайы əн бағдарламасын ұсынды. Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ, журналист.

Əлімсақтан көршілес, тағдыры тамырлас екі халықтың маңдайына біткен қос данышпаны сөздеріне жазылған əндер мен романстардан тұратын бұл мазмұнды бағдарламаның тұсауы Абайдың ЮНЕСКО шеңберінде тойланып өткен 150 жылдық мерекесі қарсаңында кесілген еді. Сол игілікті іс ақынның 160 жылдығында да өзінің жалғасын тапқан-ды. Кенжеғали сол тұста осы əн бағдарламасымен өз елімізбен бірге, Ресейдің көршілес облыстарында, басқа да оннан астам қалаларында, соның ішінде Мəскеу мен бір кезде өзі оқыған Санкт-Петербургте болып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген болатын. Ол жетекшілік ететін елордадағы «Кəусардың» бірер жылдың ішінде Астанадағы рухани орталықтардың біріне айналып үлгергенін көзі қарақты өнер жанашырлары білсе керек. Енді, міне, ұлылар мұрасын

тынбай насихаттап келе жатқан Кенжеғалидың бұл жолғы талабына аталған іргелі жоғары оқу орнының басшысы Ерлан Сыдықов қолдау білдіріп отырған көрінеді. – Біздің бұл талабымызға бірінші болып ҚазҰУ-дің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов үн қатты. Өзіңіз көрдіңіз, əн кешіне шетелдерден келіп осында оқып жатқан студенттер де көптеп қатысты. Кеш арқылы он студенттің бірінің, яки жүз студенттің онының Абай, Пушкин əлеміне бойлап баруына түрткі болсақ, мақсатымыздың орындалғаны, – дейді профессор əнші. Ол солай дей келіп, енді осы бағдарламамен Ақтау, Атырау жағына жол жүргелі отырғанын айтқан. Сəт сапар дейміз де! Мұндай мағыналы өнер сапары бұрынғысынша Ресей елінде де жалғасын тауып жатса, кəнеки! Өйткені, Абай, Пушкин мұрасын насихаттау бір күнмен шектелмесе керек. АЛМАТЫ.

Назар аударыңыз, түзету! Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 2015 жылғы 3 сəуірдегі № 60 санында жарияланған ақпараттық хабарламасында көрсетілген реттік сандары 19, 20, 21, 22, 23, 24 объектілер бойынша аукцион 2015 жылдың 28 сəуірінде (Астана уақытымен) сағат 11.00-де www.gosreestr.kz. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізілетіндігін хабарлайды.

Шетелдік веб-сайттарда орналасќан ќўжаттарды заѕсыз тїрде ќабылдаєан тўлєалардыѕ назарына! 2015 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы АҚШ, НьюЙорк қ. Оңтүстік аймағының Аймақтық сотына Сізге қарсы талапарыз ұсынды. Іс Қазақстан Республикасы Does 1-100 Inclusive, No. 15 Civ/ 1900 (ER) (S.D.N.Y. 2015)-ға қарсы ретінде ресімделді. Талапарыздың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Толықтыра келе, Сізге қатысты Уақытша шараларды қамтамасыз ету жəне сотпен тыйым салу туралы өтінішхат (бұдан əрі – «Өтінішхат») ұсынылды. Өтінішхаттың жəне қоса берілген құжаттардың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Өтінішхат Негіздемелер ұсыну туралы бұйрық бойынша берілген, сондықтан іс жеделдетілген тəртіпте қаралатын болады. Біржақты уақытша сотпен тыйым салу Сізге, сіздің үлестес тұлғаларыңызға, жұмысшыларға, агенттер мен өкілдерге жəне сіз Қазақстан Республикасының компьютерлік желісінен материалдарды жəне Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының Gmail есеп жазбаларын сізбен бірлесе пайдалануға, жариялауға, таратуға, басып шығаруға, көрсетуге, айырбастауға, бөлуге, қабылдауға, көшіруге, шолуға, қолжетімділікке, қандай да бір түрмен басқалар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге немесе қолжетімділікті ұсынуға қатысқан барлық тұлғаларға шығарылды. Негіздемелер ұсыну туралы бұйрықтың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Сот тараптарды Уақытша сотпен тыйым салуға сəйкес 2015 жылғы 20 наурызда 14.00 сағатта Нью-Йорк қ. Оңтүстік аймақтық сотының ғимараты, АҚШ, 40 Фолей Сквер, Нью-Йорк қ., НЙ, 10007 мекенжайы бойынша келуге міндеттеді. Егер Сіздің атыңыздан заңгер өкілдік етсе, бізге бұл туралы хабарландыруды сұраймыз жəне біз сіздің адвокатыңызға Сот тағайындаған күнге жəне уақытқа қатысты хабарлаймыз. Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP 101 Парк Авеню Нью-Йорк қ., НЙ 101-78 – 0061 Жак Семмелманның назарына jsemmelman@curtis.com Қазақстан Республикасының адвокаттары

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы жекелеген мұнай-сервис жобаларын басқару жөніндегі департамент директоры Орынғали Өмірзақұлы Телегусовке əкесі Өмірзақ Алмұратұлы ТЕЛЕГУСОВТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымы Орталықтың президенті Ғани Сақтағанұлы Ныгыметовке анасы Ақайша Жалмұхамбетқызы НЫГЫМЕТОВАНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Медикер» компаниялар тобының ұжымы «Медикер» ЖШС бас директоры Гүлжан Степанқызы Садырбаеваға əпкесі Гауһар Степанқызы МУСИНАНЫҢ дүниеден өтуіне байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Марқұмның жаны жəннатта болып, нұры пейіште шалқысын. «Медикер» компаниялар тобының ұжымы «Медикер Промышленная Медицина» ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі директорының орынбасары Арслан Серікқазыұлы Мұсаға анасы Гауһар Степанқызы МУСИНАНЫҢ дүниеден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


20

8 сəуір

АР Ш О Р ХАБА

www.egemen.kz

2015 жыл

ы т а н а т л а с й ї иіз

 Мирас

Алматының «Арбатындағы» бұл таң өзгеше əспет алды. Жібек жолы алаңына киіз үйлер тігіліп, тас асфальтқа кілемдер, қырғыз қолөнершілерінің оюлы сырмақтары төселіп, шаңырақты биіктеткен бақандар бой көтерді. Еліміз бойынша алғаш рет өткізіліп отырған «Киіз үй» мерекесі сəн салтанатпен басталды. Кимешек киген əжелердің керемет киімдері келушілердің таңданысын тудырғандай.

 Тағзым

Шымкенттегі Абай саябағында 1995 жылы 7 сəуірде тəжік-ауған шекарасын қорғауда ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Ішкі əскерінің 17 жауынгеріне ескерткіш орнатылды. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 15 сəуірдегі «Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының тəжік-ауған учаскесіндегі сыртқы шекарасын қорғауды күшейту туралы» қаулысына сəйкес Ішкі əскердің, бүгінгі Ұлттық ұланның əскери қызметшілері 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың тамызына дейін тəжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты. Осы жылдары екі мыңнан астам сарбаздар мен сардарлар жауынгерлік тапсырманы орындады. 1995 жылдың 7 сəуірі – əскер тарихына өшпес із қалдырған

Себебі, мереке салтанатын тамашалап, «Он екі апа ансамблінің» сахнаға қарай көтерілуін əсермен өз араларында талқылап жатты. Ал күйден поппури болған сəтте күйшілердің домбыра

өлшеусіз ерліктің күні болып саналады. Дəл осы күні тұтқиылдан тап берген жаумен Ішкі əскердің жеке ротасының жауынгерлері шайқасып жатты. Қазақстандық жауынгерлерден мұндай қайсарлық пен батылдықты күтпеген моджахедтер кері шегінді. Алайда, тарпа бас салған жаумен болған қанды ұрыста Ішкі əскердің 17 жауынгері қаза болды. Олар қыршын кетсе де, ақтық демі қалғанша арпалысып, ел намысын қолдан бермеді. Елімізде, Ұлттық ұланның барлық құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелерінде жыл сайын 7 сəуір – тəжік-ауған шекарасында 1995 жылы ерлікпен қаза болған Ішкі əскердің 17 жауынгерін Еске алу күні – Ерлік күні болып саналады. Ескерткішті ашу салтанатында ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары,

? а п т а р ў нші болу м

Ə

мы ма? а ќ ѕ ы д у є ба туды. Бұрын кішкене балаларƏлде жан дан «өскенде кім боласың?»

деп сұрасаң, «инженер болам», «мұғалім болам», «косманавт болам» деуші еді, енді «əнші болам» дейтін болыпты. Кішкене баласын машинасына салып алып, қала, ауыл аралап, бір кеште бірнеше тойда əн айтқызып немесе би билетіп, табыс тауып жүрген əкелерді де көріп жүрміз. Кейде осының өзі халықтың азғындауына апармас па екен деп қорқасың. Əрине, өнерлі болған, өнерге ұмтылған дұрыс шығар. Бірақ жаппай сахнаға шығып кеткеніміз қалай болар екен! Ал біз бəріміз сахнада əн салып, би билеп жүрміз. Тер төкпей, мол табыс табудың жолында жүрміз. Елімізде инженерлер, жер байлығын игеретін мамандар жетіспейді. Қыз-жігіттеріміздің көпшілігі заңгер, экономист, қалғандары əнші, биші. Сонда болашағымыз не болады өзі?! Бүркіт ЖАҒЫПАРҰЛЫ, журналист.

АСТАНА.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ

Мəрмəр тастан өрілген Монументтің іргетасында – бесбұрышты

полковник Мұхамедқали Сатов сөз сөйледі.

жетіспей тұр, ыдыстар да жоқ болған соң жайлылық білінбейтін секілді көрінеді. Тек қана кіріп-шығып, тамашалауға арналғаны көрініп тұр. Ұлттық аспаптар көрінбейді. Көрпеше жинап қоятын сандық та қойылмаған. Дегенмен, киіз үй өте əдемі. Егер де мүмкіндік туа қалған жағдайда, таудың етегінде, жап-жасыл шөптің үстіне тігілген киіз үй болса, ішінде түнеп көруге келеді, – деген

жұлдыз бедерленген. Оның үстінде қара жəне ақ түсті мəрмəр тастар орналасқан. Қара түсті мəрмəр таста 17 қаза тапқан сарбаздың аты мен тегі қашалған, ал ақ түсті таста Пшихавр шатқалындағы ұрыстың көрінісі келтірілген. Екі мəрмəр тастың табанында сарбаздың дулы ғасы жəне екі қызғалдақ орын алған. Төмеңгі табанында «1995 жылғы 7 сəуірде тəжік-ауған аймағындағы Пшихавр шатқалында ТМД елдерінің сыртқы шекарасын қорғау бойынша интернационалдық борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза болған Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі əскерлерінің 17 сарбазына арналған ескерткіш» деген қазақ, орыс жəне ағылшын тілінде жазылған жазу бар. Жас ұрпақ осындай ерлік баянынан үлгі алу керек. Монумент ашылып, гүл шоқтары қойылып, естеліктер айтылғаннан кейін əруақтарға арнап құран оқылып, ас берілді. ШЫМКЕНТ.

 Жағымды жаңалық

Бүгінде елімізде не көп – əнші көп. Теледидарды ашып қалсаң, 2-ден, 3-тен, 4-тен топ құрып алып, қызы бар, жігіті бар əн айтып жатқан қаракөздерімізден көз сүрінеді. Бір-бірінен айыра алмайтын халге жеттік.

Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Қазақтың дамыған көшпелі өркениеті барын танытып тұрған киіз үй салтанаты өзінің бүгінгі əсерін, қызық дəстүрінің молдығымен таңғалдыра түсті. – Əлем киіз үйдің қасиетін, оның ыңғайлылығын енді ғана біліп жатыр ғой. Маған мына киіз үйді 20 қанатты деп айтты, өте ауқымды екен. Бала кезімде киіз үйде болғаным есімде. Бұл үйде қазір кілемдер жоқ екен, ошақ та

Олар мемлекет тапсырмасын орындады

 Айтайын дегенім...

Оның сыртында барлық қалаауылдарда тойда əн салып нəпа қа тауып жүрген жергілікті өнер паздарымыз қаншама. 5-6 жастағы баладан бастап, қырма сақалдыларына дейін той-томалақтың «сəнін» келтіріп жүр. Ол аз болғандай, телеарналар күн құрғатпай əншілердің конкурсын өткізіп жатады. «Қазақстан даусы» дейсің бе, «Супер стар» дейсің бе, «Айгөлек» дейсің бе, не керек, толып жатыр. Құдды бір еліміз жаппай əншілікпен айналысып кеткендей. Халқының саны бізден он есе көп Ресейдің біз білетін оншақты əншісі бар. Топырлап сахнаны бермей жүргендерін көрмейміз. Кеңес үкіметі кезінде саусақпен санарлық қана өнерпаздарымыз болатын. Олардың барлығы да көпшіліктің ішінен өз дарынымен жарып шыққан, тума талант, нағыз жезтаңдайлар еді. Республика тұрмақ дүниежүзі мойындаған Күлəш, Ермек, Бибігүл, Розаның, өзі неге тұрады! Енді ше, əу дейтіндердің бəрі «жұлдызға» айналған заман

тартысы мен қолдарының қимылы, тіпті, көрермендерді сілтідей тындырып тұрды дерсіз. Ақырын бұрылып, көз қиығымыз бен қарағанда, ұшқан құсты қондырып, өтіп бара жатқанды орнында тоқтатқан қазақтың күйін тыңдап, алаңдағылар үнсіз құлақ тосып қалыпты. Киіз үйдің бөлекше келбетін тамашалаған жандардың жымиысын, ерекше əсермен суретке бейнеледі.

Ќўмкґлдегі ќуаныш Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Жуырда Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылында мемлекеттікжеке əріптестік негізінде жаңа балабақша пайдалануға берілді. «Күншуақ» атты заманауи балабақшаны Қадылбек Ахмадиев есімді ауыл кəсіпкері салып берген екен. Бүлдіршіндерді қуанышқа кенелткен балабақша барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. 50 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 22 жұмыс орны құрылып отыр. – Ауданымызда соңғы уақытта мемлекеттік-жеке əріптестік шеңберінде 10 балабақша пайдалануға берілді. Биыл Тұғыл, Қарғыба жəне Маңырақ ауылдарында тағы 4 балабақшаны аталған концессиялық бағдарлама негізінде салуды жоспарлап отырмыз. Бұрын жекеменшік балабақшалар жекелеген үйлерде ашылса, бұл балабақша тағанынан бастап жаңадан көтерілген алғашқы үлгідегі ғимарат, – деді Тарбағатай ауданының əкімі Ділдəбек Оразбаев. Аудан басшысы шалғайда жатқан шекаралық өңір болса да, Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде Тарбағатай ауданындағы ауылдардың əлеумет тік-экономикалық дамуы жылдан жылға жақсарып, халықтық инфрақұрылымдардың ел

игілігіне беріліп жатқанын, биыл бірқатар суармалы жерлер игеріліп, су арналары мен тоғандар жөнделетінін, оңтүстік өңірлерден қандас ағайындардың қоныс аударып, елге ел қосылып жатқанын атап өтіп, тұрғындарды алдағы президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Құмкөл ауылында былтыр 100 орындық Мəдениет үйі салынып, жаңа саябақ пайдалануға берілген болатын. Осы орайда Ұлы Отан соғысының ардагері,

Суреттерді түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

К

92 жастағы қария Шəріп Рахымжаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев, білім беру ісінің үздігі, зейнеткер Сəкен Көнекбаев, «Парасат» əжелер ансамблінің мүшесі, ардагер ұстаз Күлпəш Баймұқышева жəне тағы басқа құмкөлдік тұрғындар қуанышқа ортақтасып, ауыл тумасының игі ісіне ризашылықтарын жеткізді. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Егемен-ақпарат».

 Сəті түскен сұхбат Доната Д’Аннунцио ЛОМБАРДИ:

«Сезімге бґленген жан баќытты» «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында Дж. Пуччинидің «Богема» операсындағы Мими партиясын əйгілі опера əншісі Доната Д’Аннунцио Ломбарди орындамақ. Қойылым қарсаңында опера жұлдызымен əңгімелесудің сəті түскен еді.

– Доната Д'Аннунцио Ломбардидің шыққан шыңы, еңсерген биіктері туралы өз аузыңыздан естігісі келетін жанкүйерлеріңіз көп. – Торре дель Лагодағы Пуччини фестивалінде Мюзетта жəне Мими («Богема»), Чио-Чио-Сан («Мадам Баттерфляй»), Лю («Турандот») жəне Магда («Қарлығаш») портреттерін сомдағаным үшін «АІЬо d'Ого Риссinі» айтулы сыйлығының иегері атандым. 2013 жылы сан түрлі жетістігіме байланысты берілген «Gigle D′Oro» сыйлығының мəртебесі өз алдына бір төбе де, сол сияқты 2012 жылы Мария Стюарт жəне Антонина рөлдерін орындағаным үшін Бергамодағы Доницетти фестивалінде «Жыл əншісі» атағына қол жеткізгенім соңғы жылдардағы ең ірі жетістігім саналады. Париждегі Шатл театрының қамқорлығымен «Lec Victoires de la Musique Classique» сыйлығы вокалдық тұрғыдан таза орындағаным үшін берілген (Моцарттың шығармаларын орындады) марапат. Осылардың ішінде Катаниядағы опералық театрдың қамқорлығындағы сыншылардың арнайы марапаты – «Domenico Danzuso»-ны қымбат тұтамын. Тағы бір айрықша жүлде – Тостидің камералық əндерін Еуропада, Ла Скала театрында, Жапонияда жəне Америкада шырқағаным үшін Халықаралық Франческо Паоло Тости байқауының лауреаты атандым. – Қазақстанға алғаш рет табан тіреп отырсыз ба? – Иə, мұнда алғаш рет келуім жəне «Астана Опера» театрының мынадай керемет сахнасында əн шырқау əлемдік деңгейдегі барлық əншілер үшін арман десек, артық айтқандық емес. Осынау тамаша сəулет туындысы іспетті жəне Еуропаның классикалық стилінде үйлесімді өрілген ішкі əсемдік, ғаламат бояулар, дауысты қалтқысыз қалықтатар акустика кез келген санаткерді рухтандырып жібереді.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

көрермен арманын түсінуге болар. Қолөнершілердің шатырын аралап жү ріп, аталып өткелі отырған Қа зақ хандығының 550 жылдығы кейбір қазақтардың қиялына қанат бітіргенін аңғарғандай боласыз. Киіз үйлер құлпырып, өзінің сымбаты мен ерекшелігін таныта түсті.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Мұны көрген əріптестерімнің соншалық бір сүйіспеншілікпен жеткізген жаңалығын естігенде, онша мəн бере қоймаған екенмін. Енді мына керемет өзімді баурап əкетіп барады. Қиялымда биікке самғап ұшып бара жатқан сияқтымын. Əдетте ұзақ жұмыс адамды қатты шаршатып тастайды, ал мен сахнадан кейін өзімді қанатын қомдаған қыран құстай рухтанамын. Ірі сахналарда өнер көрсетіп жүрген барлық əріптестерімнің басына менің қазіргі осы қуанышымды берсін деп тілеймін. Бір жағынан «Астана Опера» саңлақтарға сара жол ашатын мүмкіндік қана емес, сонымен қатар жаңа достар, əріптестер табатын, өнер иесін тоқтап қалмай, əрі қарайғы белестерге тыным таптырмай ұмтылдыратын орта екен. Жастар көп. Ал жастар жаңалықты, жаңғыруды сүйеді. Сондықтан мен де бүл театрды жаныма жақын тұтып кеттім. Алыста жүргенде сағынатын шығармын. – Мими партиясы кез келгеннің оң жамбасына келе бермейді, бұл өте терең мағыналы, күрделі бейне дейді. Мұн дай алуан қырлы кейіпкерді шынайы сомдап шығу үшін əртістен қандай қасиеттер талап етіледі? – Мен Мимидің бейнесін Рудольфтің жырлары сомдайтын кейіпкер ретінде елестетемін. Менің кейіпкерім – əйел идеалының теңеуі. Джакомо Пуччинидің өзі музыкасында оның мінезін таза драма тілімен суреттейді. Мими ер азаматтың өміріндегі ең бақытты сəттердің бірін бейне лейді. Оның уақытпен бірге келмеске кеткен жастығы да өткінші. Ал, менің кейіпкерім Бодлердің өлеңжырындағы бей не лерге ұқсас. Көрермен символизм əлеміне тап болады. Мимидің əрбір сөзі жəне əрбір екпіні өмірдің қаншалықты тұрақсыз, бұл дүниенің мүлдем басқа – төзімділікке толы екенін көрсетеді. Əңгімелескен Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 10 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №535 ek

Profile for Egemen

08042015  

0804201508042015

08042015  

0804201508042015

Profile for daulet
Advertisement