07112014

Page 6

6

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

 Есімі елге елеулі Тағдырдың тарам-тарам жолдары мені бұл адаммен 1962 жылдың көктемінде табыстырған. Міне, содан бері 55 жылға таяу уақыт өтіпті. Бір институт қабырғасында тапжылмай қызмет етіп келемін. Ол кезде үлкендерге зер салып, сынай қарайтын жас кезіміз ғой. Сол сыни көзқарас кейін бірте-бірте сыйластыққа жетеледі. Сөйтіп, бұл адамның бүкіл саналы өмір жолында куəгердің біріне айналдым. Сол жылдар мені қандай ойларға жетеледі, нені ұқтырып, нені танытты? Əлденеше жылдар бойы сенімді серікке айналған əріптес інісі ретінде мен бұл кісінің қабілет-қарымын, болмыс-бітімін, азаматтық кескінін ең басты үш кезеңге бөліп əңгімелегенді жөн санадым. Неге десеңіз, бұл үш кезеңнің үшеуі де Əбекеңді жауынгер жан, тамаша азамат, үлкен ғалым, белгілі қайраткер етіп қалыптастырған белестер тəрізді!

Ерліктермен жазылєан єўмыр Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,

академик, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті.

Оның біріншісі – үлкен-кішіні түгел есеңгіретіп барып ес жиғызған Ұлы Отан соғысы. 17 жасар бала жігіт ел басына төнген қатерден қаймықпай, мыңдаған құрбыларының қатарында өзі тіленіп майданға аттанады. Соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, қан төгіп, даңқты жауынгер боп, ерлікпен елге оралады. Айтуға ғана жеңіл бұл жылдардың əрбір сəті ойлы адамға сан қилы оқиғаларды елестетер еді. Бір ғажабы, осынау қарапайым жанның сол жылдар туралы қайсыбіреулер сияқты төс қағып, міндет жасамайтыны. Əйтпесе, бес орденнің əрбіреуі жантүршігерлік ерлік туралы сыр шертерін кім біліп жатыр. 1941 жылы алған ІІІ дəрежелі «Даңқ» ордені, І дəрежелі «Отан соғысы» ордені, 1945 жылғы екі мəрте «Қызыл Жұлдыз» ордендері, əлденеше медалдары осының айғағы. Бұлар ерліктің жырын шертетін даңқты белгілер. Сұрапыл жылдардың əрбір сəтін шежіредей таңбалаған 12 медалдің жөні бір бөлек. Бұлар Əбекең өмірінің қиын-қыстау кезеңдері туралы сарнай жөнелер құжаттар. Екіншісі – соғыстан кейінгі бейбіт өмір тіршілігімен байланысты. Азыптозған, аш-жалаңаш елдің бейнеті мол, зейнеті аз тірлігіне белшеден бата жүріп, ол оқуын жалғастырды. Бейбіт күндер шуағына балқыған қайсыбір құрбылары сияқты бос қыдырысқа салынбаған Əбдуəли Туғанбайұлы шинелін иығынан тастамай жүріп университеттен білім алады. Сөйтіп, 5 жылды 3,5 жылда бітіріп, əуелі аспирант, сосын ғылыми қызметкер, кандидат, доктор, профессор, корреспондент-мүше, академик, ғылым қайраткері – міне, ол өтіп келген кейінгі өмір белестері. Оның əлемге əйгілі түрколог екенін, еңбегін бүкіл дүниежүзі бағалап отырған ғұламалығын айтып жату артық болар. Оны зиялы қауым түгел біледі. Тек қосарымыз – ғалымның бүкіл саналы өмірін Ана тілімізге бағыштап, оның қанат жайып қаулап өсуіне, мемлекеттік мəртебеге ие болуына орасан зор тер төгіп келе жатқаны. Ғылымды ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі тіпті бөлек. Тіл білімі саласындағы мамандардың өсіп-жетілуіне бас ие болып отырған да Əбдуəли Туғанбайұлы. Əбекең ғылым-білімге бет түзеп, ащы тер төккелі бері 55 жылдай болды. Бақсақ, ерлік майданда ғана емес, бейбіт өмір, белгілі кəсіпте де бола береді екен. Оның жүріп өткен əрбір жолы кейінгі ұрпаққа таптырмайтын өнеге. Қанша пысық болсаң да тағдыр бір басқа ғалымдық пен адамдықты, азаматтық пен имандылықты сирек береді. Оның қарапайым да кішіпейіл болмысынан өзгеде жоқ осындай қасиеттерді байқаймыз. Əбдуəли Туғанбайұлының үш бірдей тілді меңгеріп, солардың зерттеушісі, жоқшысы, сарапшысы болып отыруының өзі көптің көкейіне көп сырды ұялатпай ма? Бір жолы: «Осы сіз қай тілге жүйріктеусіз?» дегенім бар. Ол сонда біраз ойланып барып: «Қайсысын бұрын бастасам, сонымен еркін кете беремін», деді сабырмен. Иə, ол қазақ, ұйғыр, орыс тілдерінде еркін сөйлеп, еңбектерін осы тілдерде қатар əрі еркін жазады. «Тұлпар бой жасырады» демекші, Əбекең сонда да өзінің табиғи қарапайымдылығынан ешбір танған емес. Осы күні не көп, жарқылдақ көп. Бағзы бір ағайын кез келген əңгімені іліп əкетіп, кез келген тақырыпта жорғалай жөнеледі, алдыңды кес-кестейді. Содан да болар, көп жылтырақтың арасынан шын асылды табу оңайға түспей жататыны. Əбекеңнің ғылым жолындағы əуелгі табысы – «Қазіргі ұйғыр тілінің қос сөздері» деп аталатын кандидаттық диссертациясы. Бұған кезінде біреулер езу тартып, «өз тілінен неге қорғамаған» деп бетке шіркеу еткілері де келген. Ондайларға қырғыздың «Манасын» зерттеген Шоқан, Мұхтар, Əлкей тəжірибелерін айтсақ жеткілікті болар. Қашанда ернеуі толған ақыл астауынан сыртқа бір нəрсе ауыспай тұрмайды ғой. Əбекеңнің бүкіл түркі тілдерінің үздік

зерттеушісі қатарына қосылуы да оның осындай өзге жұртты алаламай, мəселені бар аумағымен алып қарастыратынынан. Əлемге əйгілі шетелдік ғұламалар – америкалық профессор Карл Менгес, неміс профессоры Гергард Дерфер, кеңес ғалымы Севортян, Тенишев т.т. оған, оның еңбектеріне берген бағасы аса жоғары. Бір ғажабы, жаныңда жүрген ақылпарасат иесін сырттағылар мақтағанда ғана бағалай бастайтынымыз бар-ау. Əбекең жалғыз ұйғыр емес, өзге туыс халықтардың ғылымына, мəдениетіне үлкен үлес қосып отырған жан. Түркі халықтары ішінен ол дайындамаған маман кем де кем. 600-ге таяу ғылыми ізденістер, оның ішінде 40-қа таяу кітап, ғылыми баяндама т.т. ғалымның бейбіт өмір жылдарында жасалған ерлігінің куəсіндей. Əбекеңнің қайраткерлік қажырын танытқан ең сүбелі де сапалы кезеңі – осы кейінгі 20-30 жыл шамасы. Біздің елде жаңсақ ұлттық саясаттың өте ұзақ дəурені жүріп, бет қаратпас болып тұрғандықтан қоғам дамуы мен тілдер дамуында кереғар сипат болғаны мəлім. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана емес, басқа да халық тілдері именшек күй кешіп, бұғып бақты. Ол құбылыс Əбекеңдей

Содан да болар, республикада Тіл жөніндегі заңға байланысты əңгіме үдеп берді. Міне, академик Əбдуəли Қайдардың əлемдік деңгейге шыққан ғалымдығымен пара-пар келетін адамшылық, кісілік, азаматтық қыры жарқ еткен тұсы осы. Тіл жөніндегі заңның нұсқасы көп болды. Соның ішінде өзгелерден бір демі артық деген қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, өнер адамдарының өзін жаңылтқан ойнақы нұсқалар аз емес-тін. Əсіресе, қазақ тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік мəртебе берілсін деген жоба жұтынып, иненің жасуынан өтіп кеткелі тұрған. «Қостілділік – достықтың қос қанаты» деген жылымшы тіркес миға салмақ түсіруге жоқ, жылтыраққа əуес көптеген ағайындардың аузынан шығып, биік мінберлерден естіліп жатты. Болар-болмас жылы қабаққа қағанағы қарық болып қуанып, үйренген қазақы психологияның шеңберінен шыға алмағандар: «Қазақтың тілін орыс тілімен теңестіріп қойса, екеуіне де мемлекеттік тіл деген мəртебе берсе, несі жаман?» – деп жалбақтады. Бірақ өмірде орын алып отырған, қалыптасып, əбден баттасқан жағдайды ой сарабына салуға олардың ақылы жеткен-

зейінді ғалымды бейтарап қалдыра алмады. Ол жөнінде Əбекең өз пікірін əрдайым ашық айтып келді. Ал сөзден іске, пікір айтудан күреске шығу 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін басталды. Сол 1986-1987 жылдары қазақ жеріне телегей теңіздей болып жатқан жаңа уақыт саясатының бір тамшысы осы Тіл білімі институты еді. Теңіздің дəмін тамшысынан білуге болады. Республикадағы саяси-əлеуметтік ахуал өте қиын болғаны баршамызға аян. Қазақстанға келген жаңа басшы Г.В.Колбин, əрине, дүрдараз болған халықтың бетін өзіне қаратудың жолын іздеді. Экономиканы күрт көтерем деу ақылға қонбайды. Ал халыққа ем берер, жүрегін жібітер бір іс керек-ақ. Содан болар, 1987 жылғы 3 наурызда қазақ жəне орыс тілдерін дамытуға ерекше көңіл бөлу жайлы қаулы дүниеге келді. Бірақ бұл ұлттық, тілдік мəселеге деген үстірт көзқарастан, тайыз пайымнан туған шара болатын. Рас, біраз жұрт қазақ сөздіктері шығатын болды, тілді дамытуды қолға алатын болдық деп əлдеқандай болып-ақ қалды. Шын мəнісінде, ол қаулы Мұзды мұхитқа тамған бір тамшы ыстық жас тəрізді еді. Одан ешнəрсе өзгере қоймасы кешікпей-ақ айқындала бастады. Арал теңізіндей тартылған қазақ тіліне шын жанашырлық жасайтын адам оған мемлекеттік мəртебе беріп, заңмен шегелеп тастауға тиісті-тін. Оны да Орталық Комитет пен институттың арасында сабылып жүрген Əбекең анық біліп отырды. Басқа республикаларда (Əзербайжан, Армения, Грузия, Латвия, Литва, Эстония) өз тілдерін мəртебелеп, заң қабылдай бастады. Осы самал бізге де жететініне ешкімнің күмəні болмады.

мен, табандылығы жетпей, дегбірі қашты. Оларды да түсінуге болады. Құдайдан мүйіз сұраймыз деп, құлақтан айырылып қалмаймыз ба деген жасқаншақ, əбден запы болғандық еді мұның сыры. Газет-журнал, радио-теледидардан пікірталас, тіпті, ашық айтыс жүріп жатты. Екі тілге қатар, мəртебе берілсе, бір саты алға ілгерілейміз деген алдамшы түсінік дендей бастады. Атақты ақын-жазушылар, арқалы ғалымдар осы шырмауға шатылып, қазақ тілінің халі тағы да мүшкілденуге шақ тұрады. Əрине, бұған көнуге болар ма еді, егер ана тіліміздің алқындысы ғана қалып тұрмаса, онымен бірге дəл осы Заң дүниеге келер болса, бұл анау-мынау емес, қазақ тіліне берілген ең соңғы, ақтық мұрсат болмақ. Міне, кім-кімге де дəл осы ащы шындық, басы ашық ақиқатты түсіну керек-тін. Ол төніп келген тажалға тайсалмай қараумен бірдей еді. Əбдуəли Қайдар дəл осы тұста өзінің жалғыз варианты – тек қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілуі, орыс тілінің ұлтаралық қатынас тілі болуы, басқа халықтар тілінің дамуына жағдай жасау позициясынан бір сəт толқыған жоқ. Г.В.Колбин: «Осы академиктер ақшаны не үшін алатынын білмеймін. Жолдас Қайдаров! Сізге айтылды емес пе, «Қостілділік – достықтың қос қанаты!» – деп. Бұдан артық сіздерге не керек? Қазақ тілін орыс тілімен теңестірсек болмай ма?!» – деп зекіді. Г.В.Колбиннің даусы қатты-қатты шыққан. Бірақ Əбекең қызбалыққа салынбай, өзіне тəн биязылықпен, тіл білімінің үлкен маманы ретінде, өмірдегі тілдер теңсіздігін қоса дəлелдеп, қарсы пікір айтқан. Г.В.Колбин сонда: «Жолдас, Қайдаров, сіз басы бұлғақтап жүрген ешкімнің есебінде

жоқ еркін суретші емессіз. Қалтасында партбилеті бар институт директорысыз», – деуге дейін жетті. Бұл ауыр күндер қазір ұмытыла бас тағанмен, жүрекке салмақ салып кетті. Академик Əбдуəли Қайдарды осы əңгіменің маңында жүрген адамдар кеше көрген жоқ. Ешқандай буынсыз жерге пышақ ұрмайтын, уəжсіз сөйлемейтін, ұсақ саясатшылдыққа жоламайтын, ар жолы, иман жолымен жүретін адам осы тұста неге сонша сіресті екен деп сонда басшылар да, қосшылар да ойлана бастады. Сол тұста біраз ғалымдар, жазушылар, өнер қайраткерлері қос тілділікке үн қос деген əңгімеге тартылды. Ол сөз жоқ, əркімді толқытты. Дегенмен, көпшілігіақ халық мүддесін ойлайтын мақалалар жариялай бастады. Ал Ə.Қайдардың мақалалары редакцияларда сарғайып, жарық дүниеден үмітсіз жатқан. Оның авторына мақалаңды жариялайық, тек, қостілділікке қол көтер деп телефон да соғылды. Мəселе бірді-екілі мақалада ма еді? Мəселе қазақтың тілі, тілмен бірге өзінің де я бар, я жоқтығында еді. Күндердің бір күнінде осы ұшы-қиырсыз күресте үнемі жалғыз келе жатқан Ə.Қайдарға филология ғылымдарының докторы, ұлты украин Александр Николаевич Гарковец қосылды. Одан соң Орталық Комитеттің хатшысы Ө.Жəнібековтің тапсырмасымен Идеология бөлімінің меңгерушісі, М.Жолдасбеков Ə.Қайдардың пікіріне саятын хаттардан шолу жасап, Г.В.Колбиннің алдына апарып тастайды. Жəне аз уақыттан соң бұрынғы екпін ауаны сəл бəсең тартқан, біріншіге идеология жөніндегі хатшы Ө.Жəнібеков былай дейді: «Геннадий Васильевич! Мнение большинства все больше и больше склоняется в пользу позиции академика Кайдарова. На предстоящей сессии мы как бы не оказались в гордом одиночестве…». Осыдан соң Г.Колбиннің қырыс мойны иіле бастаған-ды. КСРО Халық депутаттарының бірінші съезі өтті. Қазақстан басшылары алмасты. Сол ауыс-түйістен соңғы алғашқы жиналыстардың бірінде Н.Ə.Назарбаев қазақ тілінің жаншылып қалған жағдайын, оны көтеру үшін, қиындықтан құтқару үшін жеке өзіне ғана мəртебе беру керектігін, орыс тіліне еш тосқауыл жасамай, басқа тілдерге де кеңдік жасау керектігін шегелеп айтты… Бұл да болса уақыттың өз қазанында пісіп-жетілген құбылысы еді. Қазақша сөйлейтін, өз ана тілін қадірлейтін, өз ұлтын мақтан ететін, өз тарихы мен мəдениетіне жаны ауыратын саяси қайраткерлер легі келді. Соның нəтижесінде Ə.Қайдар секілді таразы адамдардың арқасында Одақта барынша əділетті, барынша кең, жан-жақты ойластырылған Қазақ КСР-інің «Тіл туралы» Заңы қабылданды. 1989 жылғы қазан айының 21-інде республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Оның тұңғыш президенті болып Əбдуəли Туғанбайұлы Қайдар сайланды. Ол халқының тағдыры үшін күресті. Халық оны дұрыс бағалап, өзінің əппақ үмітінен жаралған «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болуына бір кісідей қол көтерді. Ғылым. Ғалым. Ғылым, сірə, теңіздің табанында жатқан маржан болса, ғалым сол тұңғиықтан маржан ілем деген сүңгуір іспеттес. Асылға, маржанға кім қызықпайды, кім талап қылмайды?! Алайда, оған əркімнің шамасы, демі жете берген бе? Ішкі қуат, көрік демді адам болмаса маржан оңай ілінбейді, таптырмайды. Су түбі тереңдеген сайын ол қарауыта береді. Бар мен жоқты ажырату үшін көкірек көзі керек болар. Оған келгенде жаратылыс сараң. Ал Əбекеңдер сол тұңғиықта еркін жүзіп, інжу-маржанның өзін таңдайтын ғалымдар санатынан. Олай деуге негіз баршылық. Академиктің қаз-қатар алып келе жатқан ізденіс салалары шамамен былай болып келеді: тіл тарихы жəне этимологиялық ізденістер, түркі тілдеріндегі қос сөздердің жасалу жайы, лексика-грамматикалық түркі синкретизмдері, плеоназмдар, бөлінбейтін сөздердің өлі түбірлері… Осы секілді тақырыптар төңірегінде көп еңбектер жазылып, жарық көрді. Мақал-мəтел, фразеологизмдердің мағынасын ашу, қазақ тілінің этнологиялық лексикасын тереңдете зерттеу, этностар мен рутайпа бірлестігінің атауларын тарихилингвистикалық тұрғыда қарастыру, алтаистика проблемалары… Бұл тізбе де Əбекеңнің кең қамтып, түренді терең салып жасаған еңбектерінің бəрі емес. Оның сыртында алпыстан астам ғылым докторы мен кандидатына диссертация қорғатқаны жəне бар. Олар қазақ, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, якут, моңғол боп келеді. Жарық көрген еңбектері жеті жүздің үстінде. Оның бəрі де қиындықпен келген қымбат туындылар. Мұның бəрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Бəріне бағасын беру үшін соны жасаған адам жайлы айту керек. Ал өз басым Əбекең туралы осы уақытқа

дейінгі жазғандарымда, жұрт алдында айтқандарымда ойымды сарқа жеткізе алдым деуден аулақпын. Үлкен ғалым туралы мерзімді басылымдарда көп жазылды, əр қырынан көрсетілді, əлі де жазылып жатыр. Сірə, сол Əбекең туралы очерк, мақала, интервьюсұхбаттар ғалым портретінің шағын фрагменттері шығар. Мұндай тұлға туралы үлкен еңбек жазылмайынша мақсатқа жете алмаймыз. Осыны толықтыра алатын бір жай бар. Ол Əбекеңнің этимология бағытындағы еңбектерінің əлемдік аренадағы аса ірі түркологтар – ағылшын профессоры Джерар Клоусон (ХІІІ ғасырға дейінгі түркі тілдерінің этимологиялық сөздігін жасаған), мажар ғалымы, профессор Арман Вамбери («Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінің» авторы), советтік ғалым, профессор Эрванд Владимирович Севортян («Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінің» авторы) еңбектерімен терезесі тең аталуы. Академик Ə.Қайдардың ғылыми орбитасы кең де көлемді. Оның тіл тарихы, этимологиясы, яғни сөздер төркіні, мағынасы көмескі сөздер мен оның бөлшектері, түркі тілдеріндегі қос сөздер табиғаты т.т. толып жатқан проблемалар төңірегінде туған теориялық ойлары мен болжамдары, дəлелдемелері бүгінгі қазақ тіл білімінің мерейін бұрынғы одақтық жəне əлемдік сапаға, ғылыми биікке көтеріп отырған туындылар. Қазақ, ұйғыр, орыс тілдеріндегі бейнелі сөздер табиғаты, мақал-мəтелдер сыры, фразеологизмдер жайы да оның үнемі қадағалап қарастыратын объектісінің бірі. Осылар жайындағы түбегейлі ойларын түйіндеп, жұртшылыққа ұсынды. Ал қазақ тілінің этнолингвистикалық проблемалары жайында жинаған материалдары, фонетикаға, грамматикаға, ономастикаға, орфографияға жəне терми нологияға байланысты əлденеше зерттеулері өз алдына бір төбе əңгіме. Түркі-монғол тілдерінің өзара байланысы жайында да терең толғаныста пікір айта білетін ғалым, тіпті алтаистика (түркі, моңғол жəне жапон тілдері) проблемасы төңірегінде де тың ойлар өрбітіп жүр. Мұның сыртында əйгілі түркологтар өмірі мен творчествосы хақында тебірене жазған ғылыми очерктерінің де маңызы ерекше. Теоретик ғалымның көп жылғы ізденістерінің нəтижесі 1985 жылы Қазақ КСР-інің «Ғылым» баспасынан «Қазақ тіліндегі бір құрамды түбір мен негіздердің құрылымы» деген атпен орыс тілінде басылып шықты. Көлемі 20 баспа табақтан асатын бұл еңбек түркологияда ежелден қалыптанып тұрақтана бастаған беделді пікірлердің біразын сынға алып, батыл түйін жасайды. Ол қазақ тілі құрамында көне заманнан бері келе жатқан жеке сөздер мен өлі түбірлерді тірілтіп, түркі сөздер морфемасы, атомарлық лексика туралы тың ойлар айтады. Яғни тілдің əлгіндей бөлшектерін терең тексере отырып, оның эволюциялық даму жолын анықтайды. Ал 1986 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан «Түркологияға кіріспе» (М.Оразовпен бірге) еңбегі осы ғылым саласының табыстары мен жетістіктерін кеңірек əңгімелейтін алғашқы жинақы жұмыс болды. Бұл аталған екі еңбек те тез арада тарап кетті. Оны қазір таба алмайсыз. Жер-жерден, тіпті шетелдерден келіп жатқан өтініштер бұл зерттеулер сапасының қаншалықты екенінен хабар береді. КСРО ҒА академигі А.Н. Кононовтың, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі Э.Р. Тенишевтің, əйгілі түркологтар – швед ғалымы Гуннар Яррингтің, неміс ғалымы Гергард Дерфердің, америка ғалымы Карл Менгестің т.с.с. əлемге танымал ғұламалардың Əбекең еңбектеріне назар аударып, аса жоғары бағалағанын да мақтанышпен еске аламыз. Жасыратыны жоқ, əралуан қоғамдық қызмет атқара жүріп, соншама мол ғылыми туындыларды бірінен соң бірін толассыз беріп келе жатқан ғалым қаламының жүрдектігіне таң қаласың. Бұл, біздіңше үлкен білім иесінің еңбек сүйгіштігінің, ғылыми зейінділігі мен ерекше зердесінің нəтижесі. Ол қай кезде де, қандай жағдайда да неше алуан ғылыми идеялар құшағында, сан түрлі жоспар-жорамалдар əлдиінде жүреді. Осыдан байқалатынындай, Ə. Қайдар жарты ғасыр барысында екі тілді (қазақ, ұйғыр) түбегейлі зерттеп, ғылыми ойтолғауларын үш тілде (қазақ, ұйғыр, орыс) бірдей жазып келді. Бұл процесс күні бүгін де жалғасын тауып отыр. Басылған, жарияланған еңбектер көлемі 600 баспа табақтан асады, ал басылымға дайын тұрғаны да осы шамалас. Кең көлемде алып қарасақ (солай ету керек те) тіл білімінің сөз байлығы, сөз тану, сөз төркіні – этимология, жер-су, рутайпа, кісі аттары – ономастика, ғылым, білім, техника атаулары – терминология, тұрақты тіркестер – фразеология мен паремиология, сөз мағынасы мен мəнін айқындаушы – семасиология сияқты жеке-жеке салаларын қамтитын лексикологияны Ə.Т. Қайдар көптеген жылдар бойы қызыға да құныға да қарастырып, нəтижелі еңбектер туындатып келе жатқан саласы деп айтуға əбден болады. Біз білетін Əбекең міне осындай адам. Қадірлі зиялы қауым, сөйтіп, ол үш бірдей ерлік жолынан өтті. Олар жоғарыда атап көрсетілгендей – Ұлы Отан соғысында жасалған ерлік, екіншісі – бейбіт еңбек пен ғылым жолындағы ерлік, үшіншісі – таласқа түскен қазақ тілін мемлекеттік мəртебеге ие ету жолындағы қайтпас қайсарлық. Міне, осы аталғандардан ғалымның ерен тұлғасы өркештеніп көрініп тұрғандай емес пе? АЛМАТЫ.

Ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету ќадамы Астанада Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-елдердің қауіпсіздік жəне арнаулы қызмет органдары басшылары кеңесінің кезекті 37-ші отырысы өтті. Онда халықаралық террорлық ұйымдар тарапынан төнетін лаңкестік қауіптерге қарсы тұру аясында ТМД елдерінің қауіпсіздік жəне арнаулы қызмет органдарының ынтымақтастығын дамыту мəселелері қаралды. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз етуші халықаралық күштің негізгі бөлігі шығарылғаннан кейін Достастық елдері аймағында терроризмнің белең алу мүмкіндіктеріне қарсы күрес шараларын бірігіп қамдану мəселелері қарастырылды. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Арнаулы қызмет басшылары ТМД елдері арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығы мен өзара əрекет етуінің тиімділігін арттыру мəселелерінің кең саласын, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдар тарапынан болатын қауіп-қатерлерге қарсы əрекет етудің өзекті мəселелерін қозғады. Ресейдің қауіпсіздік қызметінің ұсынысы бойынша Кеңес мүшелері террористік актілерден көлік инфрақұрылымдары нысандарын қорғауды қамтамасыз ету мəселелерін де ортаға салды. Аталған ҚОБК отырысы барысында халықаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Достастық елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің ынтымақтастық тетігін одан əрі жетілдіру, көлік инфрақұрылымы нысандарының қорғалуын қамтамасыз ету жағдайы да назардан тыс қалмады. Бұдан басқа ТМД мемлекеттері қатысушыларының терроризмге қарсы орталығы қызметін жетілдіру тұжырымдамасы жобасы бойынша шешім қабылданды. Бұл жөнінде 2014 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ресей, Беларусь жəне Қазақстан аймақтарында «Жетісу-Антитеррор-2014» терроризмге қарсы жаттығулары туралы орталық жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Аталған оқу-жаттығу шараларының тəжірибелік кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі, Беларусь Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жəне Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері террорис тік ықтимал шабуылдардың алдын алу жəне болдырмау операциялары бойынша өзара əскери сынақ жаттығуларын жүргізген болатын. Шара барысында қатысушы мемлекеттердің террористік топтарға қарсы əбжіл қимылдайтын жедел топтарына күрделі тапсырмалар беріліп, əскери өнердің барлық түрінен арнаулы жаттығулар реті атқарылды. Далалық аумақтағы жəне қала жағдайындағы ісқимылдар, мемлекеттік мекемелерге басып кірген жəне кепілге кісі ұстаған жанкешті топтармен күрес, террористер мінген көліктерге, сондай-ақ, содырлар жасырынған əскери базалар мен үйлерге, террористердің радиоактивті қару сақтайтын қоймаларына шабуыл жасап, қанқұйлы əрекеттердің алдын алу секілді аса күрделі де жауапты операциялар тыңғылықты атқарылды. Мұндай біріккен антитеррористік əскери оқужаттығулар Қазақстан аумағында үш мəрте өткізілді. Бұл орайда айта кетер жайт, ТМДға қатысушы-мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызмет басшыларының кеңесі – арнаулы қызметтердің халықаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жəне басқа да келісілген қызмет салаларындағы өзара іс-қимыл жасауы мен əрекеттерін үйлестіру үшін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 1997 жылғы 28 наурыздағы шешімімен құрылған. ҚОБК – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің Достастық елдері арнаулы қызметтерінің құзыретіне кіретін мəселелер жөніндегі органы болып табылады. Кеңес алдындағы міндеттерді ескере отырып, ҚОБК-нің негізгі күші ТМД қатысушы-мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің терроризмге жəне экстремизмнің өзге де күш көрсету көріністеріне, тарансұлттық ұйым дасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығын одан əрі дамытуға бағытталған. Бұл ретте қол жеткізілген уағдаластықтардың, бірінші кезекте келісілген жедел-іздестіру шараларын өткізу саласындағы, тəжірибелік тетіктерін жетілдіруге айрықша назар аударылады. Кеңесте төрағалық етуді ҚОБК мүшелерінің келісілген шешімі бойынша Ресей ФҚК директоры жүзеге асырады. Аталған ҚОБК отырысында ТМД Атқару комитетінің жəне терроризмге қарсы орталығының делегациялары, сондай-ақ бақылаушылар ретінде Германия, Италия, Испания жəне Франция арнаулы қызметтерінің өкілдері қатысты. Сол сияқты мұнда 2015 жылға арналған ТМД терроризмге қарсы орталықтың шаралар жоспары талқыланды.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.