Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №218 (28441) 7 ҚАРАША ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

 Айбын

Ўшќыштар Еліміздегі Əскери-əуе күштері армиялық авиация ұшқыштарының ұшу құрамы үнемі даярлық үстінде. Олар биылғы өткен жаттығу жиындарында машықтары мен біліктіліктерінің жоғары екенін дəлелдеді.

Елбасы ќабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Оралбай Əбдікəрімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, республиканың алдында тұрған таяу кезеңдегі əлеуметтік-экономикалық міндеттер жөнінде сөз қозғалды.

Бұдан бөлек, О.Əбдікəрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Президент поштасынан

Елді дамытудаєы рґлі аталєан хат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдығына арналған салтанатты пленумға қатысушылардан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Форумға Қытай, Түркия, Ресей жəне басқа да елдерден келген шетелдік қатысушылар өз хаттарында Қазақстан Президентінің тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елді дамытудағы маңызды рөлін атап өткен. «Республика Сіздің басшылығыңызбен саяси жəне экономикалық əлеуетін біртіндеп ұлғайта отырып, қуатты, қарқынды, əлемдік жəне өңірлік саясатта көрнекті орынды иеленген мемлекетке айналды», – деп жазады авторлар. Пленумға қатысушылар, сондай-ақ, Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарға жете алатынына сенім білдіріп, ел

астанасының табысты өркендеп келе жатқанына назар аударды. «Астана республиканың экономикалық, саяси жəне мəдени орталығына, ауқымды халықаралық іс-шаралар өтетін орынға айналды. Ірі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы Қазақстанның əлемдік аренадағы жоғары беделінің айғағы болып саналады», – делінген хатта. Соңында авторлар тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарды келісім мен сенім рухында қалыптастыру саяси тұрақтылықтың негізі болып отырғанын атап өткен.

Агроґнеркəсіп кешеніне серпін берген стратегия Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдерінен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында авторлар еліміздің қарқынды дамуын жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясының зор маңызын атап өткен. «Онда қойылған міндеттер агроөнеркəсіп кешеніне үлкен серпін берді. Биыл Қызылорда фермерлері күріштің əр гектарынан 50 центнерден өнім жинап, тəуелсіздік кезеңіндегі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді», – деп мəлімдейді диқандар. Авторлар өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру ісінде тамшылатып суару секілді заманауи агротехнология лар қолданылуда екенін, бұл бағыттағы жұмыстар əрі қарай да жалғасын табатынын айтқан. Аграрлықтар, сондай-ақ, облыстағы өзге салалардың дамуына да назар аударып, кіші Аралдың деңгейін көтеру арқасында балық өнімдерінің экспорты өскеніне

жəне оның ТМД ғана емес, Еуропа елдеріне де экспортталатынына тоқталған. Сонымен қатар, авторлар ауыл шаруашылығы өндірісін əрі қарай дамыту үшін елімізде жүзе ге асырылып жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының маңыздылығын атап өткен. Қазақстанның көлік əлеуетін тиімді пайдалану мақсатында салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізі ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу жəне алыс шетелдерге тасымалдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететіндіктен, саланың дамуына тың серпін беретін болады», – делінген хатта. Соңында хат авторлары еліміздің тəуелсіздігін нығайту ға жəне оны əрі қарай өркендетуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтқан.

Кеѕестіѕ кезекті отырысы

Алдағы күні Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын жəне еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жол дау ла рын іске асыру мəселелері, сондай-ақ, кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың ұйымдастыру-құқықтық аспектілері қарас ты рылды. Осы мəселелер бойынша Конституциялық Кеңестің, Ішкі істер

мен Білім жəне ғылым министрліктерінің ақпараттары тыңдалды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары уəкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысы жəне құқық қолдану қызметі барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

Көктемгі, жазғы, күзгі байқауларға авиациялық базалардың ұшқыштары мен Əуе қорғанысы күштері Əскери институтының курсанттары қатысты. Олардың алдына қойған мақсаты – бірінші сыныпты ұшқыш немесе штурман болу. Бұл – əрбір авиатордың арманы. Ұшқыштар сыныптық атақтың нағыз кəсіби маманы, білім-білігі жоғары деңгейдегі офицерге берілетінін бес саусақтай біледі. Бүгінде армиялық авиация жас ұшқыштармен толықтырылып отыр. Сол себепті, ұшқыштар мен штурмандардың сыныптық дайындығына айрықша назар бөлінеді. «Егемен-ақпарат».

Бюджеттегі берекесіздіктер Їкімет мїшелерініѕ мəлімдеуінше, біртіндеп жойылатын болады Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыға түсті. Сондай-ақ, депутаттар тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелеріне құрылған заң жобалары мен екі халықаралық құжатты да қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде алғашқы қаралған «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндамаларды Ұлттық экономика

министрі Ерболат Досаев, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жəне Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов жасады. Одан белгілі болғандай, 2014 жылы ІЖӨ-нің іс жүзінде өсуі 104,3 пайыз деңгейінде болжанса, бұл бұрынғысына қарағанда 1,7 пайыздық пунктке төмен. Бұл ретте, ІЖӨ-нің номиналдық

көлемі биыл 40 959,1 миллиард теңгені құрайды екен. Өнеркəсіп өнімдері көлемінің өсімі 2,7 пайыздан 0,8-ге төмендегені атап өтілді. Ал мұнай өндіру 83 миллион тоннадан 81,1 миллионға дейін қысқартылыпты. Тауар экспорты көлемі де азайып, 81,0 миллиард долларды құраса, бұл бұрынғымен салыстырғанда 5,3 миллиардқа аз. Тиісінше тауарлар импортының көлемі 48,6 миллиард АҚШ долларына қысқарып, бұрынғыға қарағанда 3,6 миллиардқа кем болып отыр. Мұнайдың əлемдік бағасы барреліне 95,0 АҚШ доллары деңгейінде сақталғандығын айта

Дін саласы

конфессияаралыќ ќатынастар мен ќоєамдыќ ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету ќаєидаттарыныѕ негізінде реттеледі Үстіміздегі жылғы 25 қазанда «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 3 жыл толды. Іс жүзінде елімізде дəл осы сəттен бастап дін саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа ережелер күшіне ене бастады. Осы уақыттың ішінде елімізде не өзгерді, дінге сенушілер мен діни ұйымдар жаңа реформаларды қалай қабылдады, дін саласында қандай мəселелер мен проблемалар өз шешімін тапты? Осы жəне басқа да сұрақтар бойынша біз Мəдениет жəне спорт вицеминистрі Марат ƏЗІЛХАНОВПЕН əңгімелескен едік. – Марат Алмасұлы, біздің білуімізше, сіз Мəдениет жəне спорт министрлігінде өзге бағыттармен қатар діни қатынастарды реттеу саласына да жетекшілік етесіз. Бұған қоса таяу уақытқа дейін осы саладағы уəкілетті органға тікелей басшы лық жасадыңыз. Ал нақты сұраққа көшетін болсақ, «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданған уақыттан бері қандай шаралар іске асырылды? – Ең алдымен, 2011 жылы діни қатынастарды

реттеу саласындағы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңның қабылдануы азаматтардың, қоғамның жəне жалпы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жасалған маңызды қадам болғанын атап өткім келеді. Елімізде, сондай-ақ, жаһандық деңгейде соңғы 20 жылда қоғамдық-саяси жағдайдағы түбегейлі өзгерістердің жүргені жаңа заңды əзірлеуге бірден-бір негіз болғаны баршамызға белгілі. (Соңы 2-бетте).

кеткен жөн. Бұл жерде инфляция 6-8 пайыз дəлізінде сақталып келеді. Сонымен, 2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 6107,4 миллиард теңге көлемінде айқындалса, бұл бұрын бекітілгендегіден 98,7 миллиард теңгеге азайғандығын көрсетіп отыр. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 65,5 миллиард теңгеге ұлғайтылып, 7 190,3 миллиард теңге сомасында белгіленген. Бюджет тік шығыстар 259,5 миллиард теңгеге қысқаратынын атай кеткен жөн. Қаржысы ең көп қысқарған Қаржы министрлігіне 70,8 миллиард теңге кем берілетін болса, Инвестициялар жəне даму министрлігі бойынша 45,8 миллиард теңге қысқаратыны белгілі болды.

 Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының штаб-пəтері Қазақстанда орналасады. Бұл шешім Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының барлық мүше мемлекеттері тарапынан қолдау тапты.  2014 жылдың соңында еліміздегі ІЖӨ-нің нақты өсімі 4,6%-ды құрайтын болады. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының өкілдері мəлім етті.  Қазақстан шетелге 4 мың тоннадан астам ет экспорттаған. Құс етін қоса есептегенде, бұл көрсеткіш 8 800 тоннаны құрайды. Ал 2016 жылы ірі қара етін экспорттау көлемін 60 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта Ұлттық қордан 120 млрд. теңге бөлінген.  Алдағы 5 жыл ішін де Алматы облысы аумағындағы 4-4,5 мың гектар аумаққа алма бағын өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы об лыс əкімінің орынбасары Ты нышбай Досымбековтің төрағалығымен өткен апорт өнімділігін қалпына келтіру мен дамыту бойынша арнайы жиында белгілі болды.  Қарағанды облысының экономикасына қосымша 2 млрд. доллар инвестиция тартылды. Бұл уағдаластыққа Біріккен Араб Əмірлікте ріндегі Қазақстан – БАƏ инвестициялық бизнес-форумында өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілді.  Өскеменнің шағын жəне орта бизнес субъектілері жыл басынан бері 100 млрд. теңгенің өнімін өндір ді. Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын жəне орта бизнес тің үлесі былтыр 16 пайызды құраған.  Ақтауда I, II топтағы арбадағы мүгедектер мен тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедек балаларды тасымалдауға арналған тегін такси жүреді. Арнайы автокөлік үйге дейін шақырылып, қажет болған жағдайда көмекшінің де қызметі ұсынылады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

 Оймақтай ой Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

(Соңы 2-бетте).

Инвестициялар тартудаєы ілкімділік

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында инвестициялық саясатты жүзеге асыру» тақырыбында брифинг болып өтті. Оған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, «KAZNEX INVEST» экспорт жəне инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Əсел Ерғазиева, Инвестициялар жəне даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Брифингте алдымен сөз алған Əсел Ерғазиева 2010 жылдан бастап, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі аралықта Қазақстанға келген ті келей шетелдік инвести циялар дың көлемі 114 миллиард дол ларды құрағандығын, бұл соңғы тоғыз жылда елімізге келген барлық тікелей шетелдік

инвестициялардың (196,2 миллиард доллар) 58 пайызына тең көрсеткіш екендігін айтып өтті. Сонымен, жаңа индустрияландыру бағдарламасы іске асырыла бастаған кезеңнен бас тап елімізге шетелдік инвестициялар көлемі ұлғая түскен. Атап айтқанда, ол оның алдындағы 18 жылдың ішінде тартылған инвестициядан көп болып шыққан. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: «Адам бол...» 4-бет

Ерліктермен жазылєан єўмыр 9-бет

Менеджердіѕ ќитўрќылыєы 12-бет


2

www.egemen.kz

Бюджеттегі берекесіздіктер

Їкімет мїшелерініѕ мəлімдеуінше, біртіндеп жойылатын болады (Соңы. Басы 1-бетте). Ал Білім жəне ғылым, Ішкі іс тер, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, Ауыл шаруашылығы министрліктеріндегі қысқарған сома 20 миллиард теңгенің ар ғы-бергі жағында болмақ. Ұлттық қордан 325,0 миллиард теңге қосымша тартылған нысаналы трансферттің 250,0 миллиарды «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ капиталдандыруға бағытталмақ. Ал «Ұлттық мұнай-химия паркі» ЕЭА мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА аумақтарында инфрақұрылым нысандарын салу үшін, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 49,0 миллиард теңге жұмсалатыны белгілі болды. Бұдан басқа, «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 25,0 миллиард жəне Астана қаласын дамытуға 1,0 миллиард теңге көзделген. Депутаттардың Үкімет мүшелеріне қойған сұрақтары да аз болмады. Сенатор Қуаныш Айтаханов əлемде мұнай бағасының түсуімен бензин құны да төмендеп келе жатқандығын алға тарта отырып, елімізде жанар майдың қымбаттауының себебін, сондай-ақ, Əзербайжанмен арада 6 мың тонна АИ92 бензинін Қазақстанға жеткізу туралы келісімшарт жа салғанын, оның қашан орындалатынын да сұрады. Екінші деңгейлі банктерге мемлекет тарапынан берілген қолдау қаржыларының қашан қайтарына да алаңдаушылығын білдірді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың жауабына қарағанда, отандық мұнай өңдеу зауыттарының шығарған өнімі ішкі рынокты қамтамасыз ете алмағандықтан, Қазақстан осылай істеуге мəжбүр. Ал егер сырттан тасымалданатын жанар-жағармайға деген бағаны төмендететін болса, онда «ҚазМұнайГаз» шығын көретін болады. Екінші деңгейлі банктерді қолдауға бөлінген 10 миллиард доллардың жайын сөз еткен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қазіргі таңда Халық банкі өз қарызынан құтылып қойғанын жеткізді. Ал БТА, Альянс жəне Темір банктерге қатысты сөзінде «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ»

АҚ осы банктердегі үлесін сату арқылы мемлекет қаржысын қайтаратын болады. Владимир Бобров өз сауалында бюджет қаржысын игермеу мəселесінің жылдан жылға өткірленіп келе жатқанын қозғады. Депутаттың есеп комитетінің деректеріне сүйеніп келтірген мəліметтеріне қарағанда, 2013 жылы игерілмеген қаржы 43 миллиард теңге болса, 2014 жылдың 9 айы ішінде оның көрсеткіші 93,5 миллиардқа жетіпті. Бұдан басқа, 38,5 миллиард теңге кейінге жылжытылған. Бюджет заңнамасын сақта маудан көптеген кемшіліктердің орын алып отырғандығымен келіскен Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бұл бағытта жұмыс жүргізіліп келе жатқандығымен бөлісті. Ал кейінге жылжытылған қаржы ұзаққа созылып кеткен жобаларды ары қарай қаржыландыра берумен байланысты екендігін алға тартты. Осылайша талқылаудан өткен 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Палата бұдан кейін «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабылдады. Жалпы отырыс қарауына енгізілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзе нінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару жəне пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдық құжат та сенаторлардың қолдауына ие болды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жəне де «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бой ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламент Мəжілісі мен Сенаты арасындағы келіс пеушілікті еңсеру жөніндегі келісу комиссиясының ұсынысы қаралып, оң шешімін тапты.

Инвестициялар тартудаєы ілкімділік (Соңы. Басы 1-бетте). Егер бізбен əріптестік қарым-қатынасқа түсіп жатқан елдерден кейін де қарастыратын болсақ, Қазақстанға Нидерландтан көбірек инвестиция келген екен. Оның көлемі 34 миллиард долларды құрайды. Бұл – индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған кезеңнен бері елімізге келген барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 30 пайызы. Сондай-ақ, елімізге Швейцарияның 9,8 миллиард доллар, АҚШтың 9,7 миллиард доллар, Қытайдың 8,9 миллиард доллар, Францияның 5,6 миллиард доллар, Ресейдің 5 миллиард доллар, Ұлыбританияның 4,9 миллиард доллар инвестиция салып отырғандығын атап көрсетуге болады. Əсел Ерғазиева осы ретте елімізге тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөнінде жұмыстардың бұрынғыға қарағанда əлдеқайда күшейтіле түскендігін баяндады. Мəселен, «шетелдік мекеме – орталық – өңірлер» (ҚР СІМ – ҚР ИДМ, KAZNEX INVEST – əкімдіктер) қағидаты бойынша шетелдік инвесторлармен жұмыс істеудің тікелей интеграцияланған жүйесі қалыптастырылған. Осы жүйе бойынша, Қазақстанның шетелде қызмет істейтін дипломатия өкілдері сол елдердегі инвесторлармен қарым-қатынас орнатып, елімізге инвестиция тарту жөнінде жұмыстар жүргізеді. Ортақ бір келісім байқалған жағдайда мұнан кейінгі əрекетке еліміздің орталық жəне салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялар мен холдингтер кіріседі. Мұнан кейін елімізге келген инвесторларды өңірлерге ертіп апарып, оларды қызықтыратындай жобалармен нақты таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, инвесторларды қызықтыру үшін оларға бірқатар жеңілдіктер жасалынған. Мəселен, салық жеңілдіктері ұсынылады. Егер инвестор еліміз үшін қажет деп отырған мəселеге қаржы салатын болсақ, оның жобаны жүзеге асыруға жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтеледі. Инвестициялар жəне даму министрінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы соңғы жылдары елімізге келіп жатқан тікелей шетелдік инвестициялардың салалар бойынша үлесі мемлекеттің көздеп отырған саясатына сəйкес оң өзгерістерге түскендігін атап көрсетті. Мəселен, соңғы төрт жарым жылда қаржы жəне сақтандыру қызметіне келіп жатқан инвестициялардың үлесі 22 пайызға дейін азайса, өңдеу өнеркəсібіне келген инвестициялар көлемі 6 миллиард доллардан 15,4 миллиард долларға дейін, яғни 2,5 есе өскендігін атап көрсетті. «ҚазАгро» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов осы маңызды құрылым шұғылданып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтып берді.

Холдингтің инвестициялық қоржынында жалпы құны 298,6 миллиард теңгені құрайтын 464 жоба бар екен. Осыларды жүзеге асыру барысында 14,7 мың жұмыс орны құрылған. Жоғарыдағы аталған жобалардың 348-і іске қосылып, 207,5 миллиард теңге игерілген. – Біздің инвестициялық жобаларымыз барлық облыстар бойынша жүзеге асырылуда. Олардың 75,1 пайызы аудандар бойынша орналасқан. Соның ішінде соңғы 9 айдың өзінде ғана біз еліміздің 24 ауданында инвестициялық жобаларды іске қостық. Егер жақсы жұмыс жүргізіп жатқан өңірлер жайына келетін болсақ, ең бірінші Ақмола облысын айтуға болады. Мұнда 63 жоба іске қосылып отыр. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында 40 жоба, Алматы облысында 39 жоба, Қостанай облысында 37 жоба, Оңтүстік Қазақстан облысында 30 жоба іске қосылды, – деп атап көрсетті Қайрат Айтуғанов. Сонымен қоса, қазіргі күні «ҚазАгро» холдингінде жаңа жобаларды бекітудің оң серпіні қалыптасып отыр. Мəселен, 2013 жылы 113 жоба бекітілді. Бұл – 2012 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе артық. Ал ағымдағы жылдың 31 қазанында биылғы жыл үшін бекітілген жобалар саны 111ге жетті. Демек, жыл соңына дейін бұл жұмыс одан əрі жалғасып, өткен жылдың көрсеткішінен асып түсетіні анық. Əдетте, ауыл шаруашылығы саласына инвестициялар тарту ісінің қиындыққа түсетіні белгілі. Өйткені, бұл салаға салынған қаржы өзін бірден ақтап кете қоймайды. Бірақ соған қарамастан, холдинг осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуге барынша ұмтылыс танытып отыр. Мəселен, агроөнеркəсіптік кешенге шетелдік инвесторларды тарту аясында холдингтің қолдауымен 3 жоба жүзеге асырылу үстінде, олардың жалпы құны 8 миллиард теңгені немесе 49,7 миллион долларды құрайды. Ақмола облысындағы 2000 бас ірі қара малына арналған 2 репродуктор-шаруашылық, Қостанай облысындағы 3000 бас ірі қара малына арналған репродукторшаруашылық осындай жобалар қатарына жатады. Сонымен қатар, Agravis AG неміс концернімен бірге қуаты 36,8 мың тоннаға дейін құрамажем əзірлейтін зауыт салынуда. АҚШ инвесторларының қаржысымен май өңдейтін зауыт салу жөнінде келіссөздер аяқталып, қажетті шарттар əзірленуде. Француз компаниясымен қолда бар мал бордақылау алаңын ұлғайту, болгар инвесторларымен көтерме сауда базарын салу, венгр инвесторларымен бірқатар ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Брифингте журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Олардың барлығына тиянақты жауаптар қайтарылды.

7 қараша 2014 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте). Дінді қоғамдық қатынастарда, əсіресе, экстремистік жəне лаңкестік мақсаттарда пайдалану ауқымының кеңеюі осы саланы құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттігін туындатты. Бұл ретте, заңнамаға өзгерістер енгізу халықтың, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының, соның ішінде халықаралық ұйым өкілдерінің сұранысы мен болжамдарын ескере отырып, жүзеге асырылды. Біз бұған дейін де атап өткеніміздей, қабылданған заң дін саласындағы жаңа құқықтық базаның басты құраушысына айналды. Бұл ретте заңды іске асыру үшін діни қатынастар субъектілері қызметінің түрлі бағыттарын реттейтін 15 заңға тəуелді нормативтік актілерді қабылдауды қамтамасыз еттік. Діни қызмет саласындағы ережелер белгіленіп, барлық рəсімдер ретке келтірілді. Миссионерлік қызметті, ғибадат үйлерін салуды, дінтану сараптамасын жүргізуді, ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни рəсімдерді өткізуге арналған орындарды белгілеуді, діни

Дін саласы

конфессияаралыќ ќатынастар мен ќоєамдыќ ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету ќаєидаттарыныѕ негізінде реттеледі

əдебиеттерді тарату орындарын жəне т.б. реттеу саласында нақты стандарттар бекітілді. Заң қабылданғаннан кейін, ең алдымен, діни бірлестіктерді қайта тіркеу жолымен еліміздегі конфессиялардың жіктемесін нақты анықтап алғанымыз белгілі. Қазір республикада 18 конфессияны білдіретін 3493 діни бірлестік қызмет атқаратыны мəлім. Оның ішінде объективті жəне дəстүрлі түрде ең ірі діни топтар – Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының (ҚМДБ) 2416 филиалынан құрылған ислам жəне Орыс православие шіркеуінің 310 бірлестігін біріктіретін православие конфессиялары болып табылады. Бір мезгілде тиісті лицензиялардың негізінде жұмыс істейтін діни оқу орындарының қызметі ретке келтірілді. Біз Білім жəне ғылым министрлігімен бірлесе отырып, діни қызмет саласының осы субъектілеріне де бақылау жасаймыз. Қ а з і р г і у а қы т т а ба р л ы қ д ін и құрылымдар қатаң түрде мемлекеттің заңнамасы шеңберінде қызмет етеді. Оның ішінде заңнаманың шеңберінде жүзеге асырылатын құдайға құлшылық ету, діни рəсімдер мен өзге де діни ісшараларды өткізу туралы заң нормаларын сақтау қамтамасыз етіледі. – Заңнамадағы жаңашылдықтарды қоғам қалай қабылдады? – Əлеуметтік ахуалға мониторинг жүргізу үшін, оның ішінде мемлекетте осы салада қабылданып жатқан шараларға байланысты біздің тарапымыздан тұрақты түрде əлеуметтанулық зерттеулер ұйымдастырылады. Халық арасында жүргізілген əлеуметтанулық сауалдамалар мемлекетте қабылданып жатқан заңнамалық шаралардың халық пен сарапшылар тарапынан қолдауға ие екенін, сондай-ақ, діни ахуалға да оң əсерін тигізетінін көрсетеді. Əлеуметтанулық зерттеулердің нəтижесі бойынша, халықтың 90%-ға жуық бөлігі мемлекеттің осы саладағы саясатын қолдайды. Ел тұрғындарының 80%-дан астамы республикадағы діни ахуалды тұрақты деп бағалайды. Іс жүзінде еліміздің аумағына экстремистік əдебиеттердің əкелінуіне жол бермес үшін маңызды тосқауыл қоюға мүмкіндік беретін дінтану сараптамасын жүзеге асырудың жаңа жүйесі жасалды. Соңғы 3 жылда 26 мың нысанға дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның ішінде 441 материалға теріс сараптама қорытындысы берілді. Қолданыстағы заңнамамен миссионерлік қызмет мəселесі реттелді. Мұндай қызметпен тек ресми тіркелген діни бірлестіктердің өкілдері мен міндетті түрде миссионер куəлігі бар азаматтар ғана айналыса алады. Шетелдік миссионерлер елге тек діни бірлестіктердің шақыртуымен ғана келе алады. Басқаша айтқанда, тіркелген діни бірлестіктердің тізімінде жоқ діни ағымдар елімізде миссионерлік қызметпен айналыса алмайды. Егер кімде-кім заңды айналып өтіп,

миссионерлік қызметпен айналысатын болса, оларға қатысты əкімшілік шаралар қолданылады. Мəселен, үстіміздегі жылдың 9 айының ішінде заңнама талаптарын бұзғаны үшін 123 əкімшілік іс қозғалып, нəтижесінде 87 адамға айыппұл түрінде жаза қолданылды. Бұл саладағы заң бұзушылықтар, негізінен, тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне қатысу, белгіленген орындардан тыс жерлерде діни əдебиеттерді тарату, сондай-ақ, заңсыз миссионерлік қызметпен байланысты орын алған. Іс жүзінде, осы аз кезеңде Қазақстанның діни саласында түбегейлі өзгерістер жүргізілді деп сенімді түрде айтуға болады. Ең бастысы, біз қазіргі таңда азаматтарымыздың көңіл-күйі мен санасынан оң өзгерістерді байқаймыз. – Азаматтардың санасы туралы сөз еткенде, сіз тек адамдардың заңнамаға деген қатынасын ғана айтпаған боларсыз? – Өте дұрыс байқағансыз. Барлығын заңмен реттеу мүмкін емес. Дін – элементтерінің бірі дінге сенушілерінің санасы болып табылатын қоғамдық феномен. Бүгінгі таңда қоғамда дінге деген қызығушылықтың арта түскені баршамызға мəлім. Оның ықпалы артып, қоғамдық өмірдің ауқымды бөлігін қамтып жатыр. Жалпы, дін қоғамда оң рөл атқарады. Алайда, кейбір жағдайларда діннің деструктивті мақсатта да қолданылып жатқанын елеусіз қалдыра алмаймыз. Біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің тұрақтылығы мен көркеюіне тікелей қауіп төндіретін дін атын жамылған жəне ашық діни-экстремистік ағымдардың қызметіне көз жұмып қарай алмаймыз. Діни-экстремистік топтардың идеологтары радикалды идеяларды ілгерілетуге, азаматтарымызды өз ықпалына тартуға тырысуда. Бұл ретте радикалдар тарапынан ықпал етудің барлық заманауи əлеуметтік жəне ақпараттық технологиялары пайдаланылуда. Мысалға, экстремистік топтардың идеологтары насихаттау жəне өз қатарына тарту мақсатында Ғаламтор мен танымал əлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Көбінесе, діни радикалдардың тарапынан жүргізілетін идеологиялық арбауына құндылықтық бағдары əлі қалыптасып үлгермеген психологиясы əлсіз жастар жиі ұшырайды. Осының салдарынан діни сенімге догмалық ұстаным түріндегі фундаментализм соңғы жылдары кейбір дінге сенушілер үшін қалыпты жағдайға айналуда. Діни радикализм кəпірлікті, өзге мəдениет пен қоғамдық өмір түрлерін, сондай-ақ, зайырлы мемлекеттік құрылымды қабылдамайтын шектен тыс пішін ретінде жеке азаматтарымыз үшін өмірдің бұлжымас етіп таңылған мақсатына айналып жатыр. Сондықтан біздің қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі қоғамда радикалды идеялардың таратылуының алдын алу болып табылады. Шын мəнінде, бұл азаматтарымыздың санасы мен ақылы үшін біздің жеңуге тиіс күресіміз екені даусыз. – Бұл бағытта министрлік тарапынан нақты қандай жұмыстар жүргізілуде? Біздің білуімізше, діни экстремизммен, радикализммен күресу Дін істері комитетінің, жалпы Мəдениет жəне спорт министрлігінің ерекшелігіне тəн келе бермейтін сияқты ғой. Сіздердің жұмыстарыңыздың мұндағы ерекшелігі неде? – Діни экстремизм жəне радикализм – бұл ортақ проблема. Бұл мəселемен белгілі бір құрылым ғана айналысу керек деп айтуға болмайды. Əр мемлекеттік орган, өзінің ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне байланысты, ортақ іске өз үлесін қосады.

Мəдениет жəне спорт министрлігінің жұмысы экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен олардың қандай да бір көріністеріне жол бермеу, ең алдымен, халықтың түрлі топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт – Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты тармақтардың бірі. Бүгін біз басқа мемлекеттік органдармен жəне қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, конфессияаралық келісімге, халық арасында діни жəне құқықтық сауаттылықты арттыруға, қоғамда толерантты діни сана мен радикалды идеологияға қарсы тұратын иммунитетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жəне мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Атап айтқанда, біз əкімдіктермен бірлесіп, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен, дінтанушылардан, теологтар мен дəстүрлі дін өкілдерінен құралған дін мəселелері бойынша 708 ақпараттық топтардың жұмысын қамтамасыз еттік. Оның жұмысына тартылған мамандардың жалпы саны – 4167 адам. Мысалы, тек үстіміздегі жылдың 9 айының ішінде ақпараттық топтардың күшімен 1 млн. 250 мың адамды қамтыған 15 мыңнан астам түрлі нысандағы шаралар өткізілді. 2013 жылы 500 ақпараттық топтың құрамындағы мұндай жұмыс 1,5 млн. адамды қамтыды. Тікелей министрлік тарапынан ғылыми-сарапшылар қауымдастығы өкілдерінен, мамандандырылған теологтардан, дінтанушылардан, ҚМДБ жəне мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылған республикалық ақпараттық топтардың жұмысы ұйымдастырылды. Жүйелі негізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мəселелері бойынша əкімдіктер мен өңірлік ақпараттық топтардың қызметін əдістемелік қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Тек үстіміздегі жылдың өзінде министрліктің Дін істері комитеті тарапынан басшылыққа алу үшін жəне жұмыста пайдалану мақсатында түрлі əдістемелік жəне ақпараттық материалдардың бірнеше ондығынан құралған толық кешені əкімдіктерге жолданды. Комитет жоспарлы негізде дін істері басқармалары мен əкімдіктер жанынан құрылған Дін мəселелерін зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ақпараттық топтар мүшелері мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мəселелерін жариялау саласында маманданып жүрген журналистер пулына арналған оқыту семинарларын өткізіп отырады. Үстіміздегі жыл басынан бастап Дін істері комитетінің базасында өңірлік дін істері басқармалары мен Дін мəселелерін зерттейтін орталықтардың 60 қызметкері біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Дін істері комитеті жанындағы БАҚ-та дін тақырыптарын жариялайтын əдістемелік кеңестің базасында БАҚ өкілдерін оқытуға бағытталған 4 семинар өтті. Облыстық, қалалық жəне аудандық ақпараттық топтар мен журналистер пулдары үшін əкімдіктер тарапынан дəл осындай жұмыстар жүргізілді. Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тəулік бойы қызмет ететін «114-қауырт желі» ақпараттықконсультативтік орталығының жұмысы ұйымдастырылғанын бұған дейін де атап өткен болатынбыз. 2014 жылдың 9 айы ішінде аталған орталыққа 500-ден астам қоңырау шалынған. Азаматтар мен олардың жақындарына консультативтік, құқықтық жəне психологиялық көмек көрсетіледі. Құқық бұзушылықтар

туралы шалынатын қоңыраулар туралы ақпарат бірден құқық қорғау органдарына жолданады. Алдын алуға бағытталған жұмыс шеңберінде дəстүрлі рухани құндылықтарды, оның ішінде тиісті əдебиеттерді басып шығару жолымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын да атап өтуіміз қажет. Осы мақсатта біздің министрліктің, сондай-ақ, əкімдіктер тарапынан да тиісті ағартушылық əдебиеттерді басып шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Мысалы, халықтың арасында, исламдық діни оқу орындары мен мешіттерге, сондай-ақ, түзеу мекемелерінің кітапханаларына таратуға арналған 41 кітап аталымының тізбесі анықталды. Жалпы таралымы 90 900 дананы құрайтын кітаптар басып шығару жоспарланып отыр. Біздің алдын алу жұмыстарымыздың тағы бірнеше жаңа бағыты туралы да айтып өтсем деймін. Атап айтқанда, көп еңбекті қажет ететін түсіндіру жұмыстары арқылы күмəнді шетелдік діни оқу орындарына білім алу үшін өздігінен шыққан қазақстандық студенттерді қайтару мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 41 адам елімізге қайтып оралды, тағы 26-сы мұндай шетелдік орталықтарға шығудың бұрыстығына көз жеткізді. Сондай-ақ, түзеу мекемелерінің жағдайында діни экстремизм мен терроризм үшін сотталғандардың арасында арнайы оңалту жұмыстары да ұйымдастырылды. Аталған жұмысқа сотталған адамдармен тұрақты түрде кездесулер мен сұхбат жүргізе тін ҚМДБ-ның тəжірибелі діни қызметшілері тартылған. Үстіміздегі жылы діни экстремизм мен терроризм үшін сотталған адамдармен жұмыс жүргізетін республикалық оңалту орталығы құрылды. Бұл жұмысқа өңірлік деңгейде деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсететін 28 жергілікті орталық қатысады. – Сіздердің ақпараттық жұмыстарыңызда Ғаламтор мен əлеуметтік желілер қалай қолданылады? Бүгінде көптеген жастарымыз үшін Ғаламтор желісі ақпараттың негізгі дереккөзіне айналғаны шындық қой. – Шынымен, бұл факторды ескере отырып, Ғаламтор кеңістігіндегі ақпараттық жұмысты біз жеке бағытқа бөлдік. Халықтың діни сауатын арттыру жəне радикалды идеяларға қарсы насихат жүргізу үшін біз қазіргі уақытта белсенді жұмыс істеп жатқан «E-Islam» мəдени-ағартушылық ғаламторпорталын құрдық. Үстіміздегі жылдың 3 тоқсанының ішінде порталда 6845 ақпараттық материал, оның ішінде 500 аудио-бейне материал, 2154 сұхбат пен мақала, 4428 жаңалық жарияланды. Порталдың базасында тұрақты түрде жетекші қазақстандық теологтар мен дінтанушылар тарапынан азаматтарымызға дін тақырыптарында кеңес беріліп отырады. Порталға күнделікті кіретін адамдар саны бойынша жалпы көрсеткіш 180 мыңнан астам адамды құрайды. Порталдың аудиториясы да күннен-күнге өсіп келеді. «Фейсбук», «В контакте» жəне т.б. осылар сияқты танымал əлеуметтік желілерде біздің сарапшылар тұрақты түрде белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізетін тиісті қауымдастықтар құрылған. Сондай-ақ, экстремистік сипаттағы сайттар мен ақпараттық материалдарды анықтау мақсатында Ғаламтор кеңістігіне мониторинг жүргізу жұмысы ұйымдастырылды. Өткен жылдың ішінде біздің тарапымыздан діни мазмұндағы 2 мыңнан астам Ғаламтор ресурстарының мазмұны зерделенді. 227 сайт пен 167 бейнематериал бойынша теріс сараптама қорытындысы беріліп, аталған материалдар сот тарапынан жабылды, елдің аумағына əкелінуіне тыйым салынуы үшін прокуратура органдарына жолданды. Осы жылғы қаңтар мен қазан айлары аралығында 7 мыңнан астам Ғаламтор ресурстарына талдау жасалып, оның ішінде заңға қайшы сипаттағы материалдарды қамтитын 177 Ғаламтор ресурсы мен «www.youtube.com» танымал бейнехостингінде орналасқан 92 бейнематериал анықталды. – Біршама жұмыс жүргізілгені анық байқалды. Əңгімеміздің соңында айтылғандарға тағы не алып-қосар едіңіз? – Жалпы, өзіңіз атап көрсеткендей, дін саласында біршама жұмыстар атқарылу үстінде жəне олар өте аз уақытта ұйымдастырылғанына қарамастан, өз нəтижесін беріп келеді, сондайақ, тиімділігі де біртіндеп арта түсуде. Біздің жұмысымыздың басты бағасының бірі – діни ахуалдың басым түрде қалпына келгені туралы айтып жатқан азаматтарымыздың оң пікірлері. Біздің ойымызша, осы кезеңде жұмыстың стратегиялық түрде дұрыс таңдау жасалған бағыттарын жұмыстың практикалық жағын жетілдіре отырып жалғастыру маңызды. Жалпы алғанда, қазір біз еліміздің конфессияаралық келісімге, жоғары мəдениетке жəне қоғамның сауатты болуына негізделген рухани байлығын сақтап, оны əрі қарай дамыту үшін барымызды салуымыз керек. Əңгімелескен Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан».


www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

3

 Жолдау жауапкершілігі

– Ақан Құсайынұлы, Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының жария етілгеніне он айға жуықтады. Осы уақыт ішінде қандай мəселелер қолға алынды немесе жүзеге асырылды? – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған мемлекетіміздің əлеуметтік-экономикалық жаңғыруы бойынша ауқымды жоспарларды нақты іске асырудың кезеңдері мен бағыттарын айқындап берді. Жол-

деңгейі, зейнетақы жəне жəрдемақы, медициналық көмектің кепіл дендірілген көлемі, сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың, жұмыс берушінің аталған стан дарттарды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін «Ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» заң жобасы талқылануда. Еңбек қатынастарын реттейтін бір қатар заң дар қабылданды. Солар дың бірі – «Кəсіподақтар туралы» Заң. Аталған жаңа заң бо йынша, өндірісті басқаруда кə сіп одақ тардың рөлін арттыру мен қатар, ұжымдық келісімшарттарды жасасу жəне оларды орын дауға тараптардың жауап тылығы жөнінде тармақтар нақ тыланды. Бұған қоса, осы жылдың бірінші жартысында денешынықтыру мен спорттың тиім ді жүйесін қа лыптастыру, спортшылардың дайындықтарына заманауи талаптар ды ескеру, денешынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік рет теу ді жақсартуға бағытталған «Денешынықтыру жəне спорт туралы» Заң қабылданды. Жəне де отандық құқық жүйесін жетілдіруге бағытталған

елдерге Қазақстаннан тауар өткізуде кедендік баж салығының алынғанын ескеру қажет. Қазақстанның географиялық орналасу жағдайы Еуропадағы мемлекеттерге жəне теңіздерге шығу мүмкіндігін шектейтіні белгілі. Демек, Еуразия құрлығының жартысын алып жатқан Ресей Федерациясының аумағын транзиттік мақсатта еркін пайдалану мүмкіндігін ұлғайтатындығын да ескерген жөн. Тұжырымдап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ біздің мемлекетімізге бір жағынан тиімді, екінші жағынан, бұл Одақ уақыттың талабына сəйкес ғаламдық экономиканың үдерісі мен сұранысынан туындап отыр. – Жасыратыны жоқ, үш мем лекет мүше болып табылатын Одақтың құрылғанын қолдамайтындар да бар. Сонда олар неден қауіптенеді? – Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы турасында, мемлекетіміздің тəуелсіздігіне қатысты əсері туралы күдіктер мен сын пікірлер еліміздің ақпарат кеңістігінде қызу талқыға түсуі заңды құбылыс деп ойлаймын. Бұл пікірталас екі түрлі себептен туындап отыр. Біріншісі – сая-

Президент стратегиясы – еліміздіѕ барлыќ саласын ќамтитын жаѕєырту жолы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитетінің төрағасы Ақан БИЖАНОВПЕН əңгіме.

дауда мемлекет пен қоғамға осы ғасырдың бірінші жартысында елімізді əлемде ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету міндеті де қойылып отыр. Қазақстан халқы құжатта аталған мəселелерді қолдады. Бүгінде алға қойылған сол міндеттерді орындау үшін аса ауқымды жұмы стар жүргізілуде. Еңбек ұжымдарымен жəне тұрғындармен кездесулерде, біз осының барлығына куə болып жүрміз. Қазіргі кезде қол жеткізілген бірқатар нəтижелерді атап өтуге болады. Мысалы, биылғы жылы əлемдік бəсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 144 мемлекет тің арасынан 4,42 ұпаймен тиімді дамудың екінші сатысынан инновациялық дамудың үшінші сатысының өтпелі бағдарында өзінің елуінші орнын сақтап қалды. Ал осы жылдың 9 айының қорытындысына келсек, ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға инвестицияның артуы 5,5 пайыз болып, мемлекеттің халықаралық қоры 104 млрд. АҚШ долларынан асты. Осы күндері əлемдік экономиканың нашарлауына жəне оның əсеріне қарамастан, бұл көрсеткіштер мемлекетіміздің орнықты, əрі тұрақты дамуының айғағы болып табылады. Жолдауда берілген тапсырмалардың бірі – инновациялық индустрия трендін күшейту еді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша машина жасау өнеркəсібі өндірісінің физикалық индексі көлемі 101,2 пайызды құрап, өндірістің жалпы көлемі 442,76 миллиард теңгеге жетті. Қазіргі кезде еліміздің өнеркəсіп өндірісінде машина жасаудың үлесі 4,1 пайыз болды. Жалпы, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ дарламасының төрт жы лының орындалуы барысында 650 жоба іске асты. Осылайша, қазақ стандық нарыққа Toyota, Hyundai, Chevrolet, Peugeot, Skoda, KIA, Ssang Yong халықаралық деңгейдегі компаниялар келді. Бүгінде шағын жəне орта бизнестің дамуына ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде 2 млн. 600 мың қазақстандық кəсіпкерлікпен айналысып жүр. Бұл еңбекке жарамды халықтың 31 пайызға жуығы болып табылады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы да белсенді іске асырылуда. Елімізде азаматтардың кəсіпкерлік бастамашылығын іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Билік деңгейлерінде мемлекет пен бизнес үнқатысуының толыққанды жүйесі қалыптасқан, бизнес-климатты жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұлар кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын кеңейтіп отыр. Халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту жəне адам құқықтарын кемелдендіру мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы, Парламенттің қарауында өмір сүру сапасының ең төменгі көрсеткіштерін қамтитын жалақы

бір қа тар заңдар қабылданды, оның ішінде сот жəне құқық қорғау жүйесі, қылмыстық сот жүргізу саласы, қылмыстық саясатты ізгілендіру мен əкімшілік құқықтық қатынастар жүйеге келтірілді. Мəдениет саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын əзірлеу барысында біздің комитет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылды. Аталған мəселеге байланысты Жолдау аясында «Мəдениет саясаты тұжырымдамасының əзірлену барысы жəне оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде дайындалып жатқан Мəдениет саясатының тұжырымдамасы жобасының маңыздылығы мен өзектілігі талқыланып, тұжырымдаманың мазмұнды бөлігі бойынша ұсынымдар əзірленген еді. – Еуразиялық экономикалық одақ біздің еліміз үшін, халқымыз үшін қаншалықты тиімді? – Қазақстан тəуелсіз мемлекет ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа кірді. Бұл Одақ жоға рыда айтып өткен ғаламдық эко номиканың даму үрдісі мен сұранысынан туындаған экономикалық бірлестік. Ғаламдық экономика бəсекеге негізделгенін ескерсек, бəсекеге төтеп беру үшін жұдырықтай жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Ақпараттық технология, машина жасау, агроөнеркəсіп кешені, туризм, сервистік қызмет көрсету салаларында Еуропаның, сондай-ақ, ОңтүстікШығыс Азия мемлекеттерінің жəне басқа да елдердің экономикасына бəсекелес болу үшін, əрине, əртараптандырылған экономика құруға тиіспіз. Ол адами ресурс болсын, табиғи ресурс болсын, барлығын жан-жақты ойластырып басқаруды талап етеді. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың тапсырмасына сəйкес, экономиканы əртараптандыру қолға алынды. Бұл ресурсқа тəуелділіктен арылуға бастама болатын жол екені айқын. Осы бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр, оны көпшілік күнделікті өмірде көріп-біліп, куə болып отыр. Экономикада халқы 50 миллионға жетпейтін елдің экономикасы тартымсыз деп саналады дейтін ұғым бар. Демек, біздің елде шығарылып жатқан автомашиналар 17 миллион қазақстандықтарға ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіретін 170 миллион халыққа бағытталған. 170 миллион адам дегеніміз, бұл тұтынушы нарық. Осы нарықта есемізді жібермей, бəсекелестікті қамтамасыз ету аса ауқымды əрі үлкен жұмысты қажет етеді. Біз ортақ экономикалық кеңістікке тек табиғи ресурстарымызды шығармайтынымыз анық. Сондықтан, біріншіден, 170 миллионға жуық адам тұратын кеңістікті түр лі тауарлармен қамтамасыз ету ге жол ашылып отыр. Осы орай да, аталған экономикалық кеңістікті отандық шағын жəне ор та биз неске ашылған нарық десе болады. Екіншіден, үшінші

си, яғни Кеңестік биліктің құра мынан 20 жылдан астам уақыт бұрын шыққан Қазақстан халқы үшін «экономикалық одақ» ұғымы «Кеңестік одақтың баламасы» деп қабылдануы мүмкін. Екіншісі – экономика саласына қатысты. Яғни, Ресей мен Беларусь елдерінің тауарлары Қазақстан нарығын жаулап алып, отандық өндірушілер тауарларының сұранысын төмендетеді деген себеп. Алайда, Қазақстан Одаққа тəуел сіз мемлекет ретінде еніп отыр. Ол дегеніміз, Қазақстанның экономикалық мүддесіне қайшы келетін кез келген ұсыныстың қабылдануы мүмкін емес. Ұлттық экономикаға қатысты қайшылықтар консенсус арқылы шеші летіндігін айта кеткен жөн. Сондықтан да еліміздің Ресейге экономикалық тəуелділігі артады деген пікір негізсіз. Бұл Одақтың саяси емес, экономикалық мақсатта құрылғанын баса айту қажет. Жуырда Парламентте Еу ра зиялық экономикалық одақ туралы шарт жан-жақты қаралды. Құжатта Қазақстанның тəуелсіздігіне нұқсан келетін нормалардың жоқтығын баса айтуымыз керек. Болашақта ұлттық экономикамызға қайшы келетін кез келген іс-əрекеттер орын ал ған жағдайда, Одақтан шығу тетіктері бар екенін ескерген жөн. Əрине, мұндай жағдай бола қоймас, ал Одақ экономикалық өркендеуімізге кең жол ашады деп үміттенеміз. Отандық шағын жəне орта бизнес саласы өндіретін тауарлардың бəсекеге қабілетті болуы кəсіпкерлердің қызметіне байланысты. Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің тауарлары еліміздің нарығына белсене енген жағдайда, бəсекелестік арта түседі. Бəсекелестіктің сапаны жақсартатындығы экономиканың басты қағидасы. Сондықтан бəсекеге қабілетті тауар өндіру, ол тауарларды Одақ нарығына шығару отандық бизнес өкілдерінің болашақта атқаратын жұмыстарының басты қағидаты болып қала бермек. – Ақан Құсайынұлы, Елбасымыз Парламенттің кезекті сессиясын ашардағы сөйлеген сөзінде депутаттық корпусқа бірқатар тапсырмалар берген еді. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? – Мемлекет басшысы Парламент тің кезекті сессиясының ашылуында депутаттарға биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басты мақсаты болып табылатын еліміздің əлемде ең

дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы жұмыстарды əрі қарай жалғастыру керектігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, Кəсіпкерлік жəне Азамат тық кодекстерді қабылдау, рұқсаттар мен ескертпелер беруді электронды жүйеге көшіру, ин весторларды ынталандыру, кəсіпкерлердің жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдайлар жасау, агроөнеркəсіп кешенін дамыту жəне басқа да мəселелер атап өтілді. Бүгінде Президентіміздің берген тапсырмаларына орай, Пар ла мент тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, Парламент Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Заңын қабылдады. Нəти же сінде төрешілдік араласудан жəне жемқорлықтан бизнес құрылымдарды қорғайтын рұқсаттардың саны екі есеге дейін азайды. Аталған құжат еліміздің рұқсаттама жүйесі жұмысының жандануына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Сондай-ақ, сот жүйесіне қатысты бірнеше заңдар қабылданды. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңы жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан əрі жеңілдету, төрешілдік рəсімдерді азайту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы да бар. Ал Парламенттің өткен сессиясында қабылданған Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құқықтық тұрғыдан жетілдірілуі мемлекет пен қоғам өмірінде ерекше маңызға ие. Бұған қоса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыстар да аяқталып қалды. Қазіргі кезде Парламентте «Қа зақ стан Республикасының кей бір заңнамалық актілеріне Қазақ стан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мəселелері бойынша өзгерістер мен то лықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралуда. Осы заң жобасының қабылдануы еліміздегі кəсіпкерліктің дамуына, кəсіпкерлік саласындағы өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен ұлттық кірістің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына жəне өзге де оң əлеуметтікэкономикалық нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару мен оның жүйесін жетілдіруге бағыт талған Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заң жəне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелеріне қатысты заңдар жақын арада Парламентте қабылданды. Аталған заңдар Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметтің кеңей тілген отырысында берген тапсырмаларына жəне Жарлы ғына сəйкес əзірленді. Бұл құ жаттар мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске

асыру үшін мемлекеттік органдар арасындағы міндеттердің аражігін ажырату, олардың функцияларын реттеуді, сондай-ақ, ең бастысы, ел игілігіне қызметті нəтижелі əрі жүйелі атқаруды көздейді. Аталған заңдардың қабылдануы елімізде бизнестің дамуына, инвестициялардың артуына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жақсаруына оң əсерін тигізетіні анық. Елбасымыз білім беру саласындағы мəселелерге қатысты тапсырмалар да берген болатын. Осыған сəйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама л ық актілеріне білім беру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жақында Парламентке келіп түсті. Онда студенттердің міндетті өндірістік тəжірибеден өтулері, сондайақ, дуалды оқу жүйесі ұғымы енгізілген. Сонымен бірге, құжат жобасында тегін техникалық жəне кəсіптік білім беру мемлекеттік кепілдік ретінде қарастырылған жəне жоғары оқу орындарына басқарудың белгілі бір деңгейін беру де көзделген. Осы арқылы халықаралық академиялық кеңістіктегі университеттердің бəсекелестігін күшейту көзделіп отыр. Жақында біздің комитет «Қазақстан Республикасындағы орта техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесі дамуының жай-күйі мен болашағы жəне оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету шаралары» деген тақырып бойынша ғылыми-тəжіри белік конференция өткізді. Онда кəсіптік-техникалық білім беру саласындағы басты мə селелермен қатар, міндетті өндірістік тəжірибеден өту, дуалды оқу жүйесіне қатысты негізгі мəселелер талқыланды. Соның нəтижесінде Үкіметке, бірқатар мемлекеттік органдарға, Ұлттық кəсіпкерлер палатасына осы мəселені жақсарту мен дамыту бойынша ұсыныстар жолданды. Жалпы, Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау, мемлекеттік саясаттың іске асырылуы үшін заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр деп айтуымызға болады. – Білім мен ғылым салаларында проблемалар аз емес. Сол өткір де өзекті мəселелер қалай шешілуде? – Қазіргі серпінді даму жəне əлемдік бəсекелестік жағдайында білім беруден сапа мен біліктілік талап етіледі. Сондықтан қазақстандық білім беру жүйесінің алдында заманауи əдістеме жə не білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың деңгейін арттыру, үш тілділік, кəсіптік-техникалық білім жəне басқа да сұ ранысқа ие мамандықтарға оқыту міндеті қойылған. Алдағы уақытта білім берудің барлық жүйесін сапалы түрде реформалау күтілуде. Оның түп негізі еліміздің білім беру салаларын əлемдік стандарттарға сəйкестендіруде жатыр. Осы арқылы жастарымыз теориялық біліммен қатар, жоғары технологиялық салалар бойынша өндірісте тəжірибеден өтетін болады. Ал «Білім туралы» Заңда мемлекеттік тапсырыс негізінде ме ди циналық жəне педагогика

мамандықтары бойынша білім алған жоғары оқу орындарының түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру белгіленген. Сонымен бірге, жоғары оқу орындарын профессор-оқытушылар құрамымен толықтай қамтамасыз ету көзделген. Үлгерімі жақсы студенттерді мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі ретінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шəкіртақы мөлшері 25 пайызға көбейтілмек. Бүгінде мұғалім мəртебесін көтеру мақсатында олардың біліктілігін арттыру мəселесі қолға алынуда. Соған байланысты заңнамалық түрде біліктілікті арттырудың ваучерлі-модульдік қаржыландыру жүйесі енгізіліп отыр. Назарбаев интеллектуалды мектептері жəне мұғалім дердің біліктілігін арттыру ұл т тық орталықтары жанынан мұға лімдердің шеберлік ор талықтары құрылды. Бұл орталықтарда мұғалімдер заманауи озық тəжірибе жетістіктеріне сəй кес жаңа бағдарламалар бойынша үш айлық арнайы қайта даярлаудан өтуге мүмкіндік алады. Тағы бір айта кететін мəселе, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, жетім балалар тəрбиеленетін білім беру мекемелерінің, балабақша тəрбиешілерінің, кəмелеттік жасқа толмағандардың бейімдеу орталықтарының, сондай-ақ, кəсіптік-техникалық білім беру мекемелері шеберлерінің негізгі лауазымдық еңбекақыларына 100 пайыз мөлшерінде қосымша төлем белгіленді. Мемлекеттік бі лім беруді жинақтау жүйесінің тетіктері дайындалып, ол бойынша тиісті заңдар қабылданды. Атап өту керек, үстіміздегі жылы ғылым саласына 50 млрд. теңге бөлінді, оның 32,4 млрд. теңгесі Білім жəне ғылым министрлігіне тиесілі. Қазіргі кезде 2014-2016 жылдарға арналған білім жəне ғылымды дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары дайындалды жəне ғылым саласындағы басты міндеттер айқындалды. Бүгінде қазақстандық ғылымның əлеуетін арттыруға қатысты берілген тапсырмалар аясында жүйелі оң өзгерістер байқалып отыр. Жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, ғылыми-зерттеу институтының негізінде кадрларды дайындау бағдарламасы əзірленді. Ғылымды дамытудың басты көрсеткіші – ғылымның нақты экономика секторымен өзара байланысы жақсара бастады. Енді 2020 жылға қарай ғылым саласына жұмсалатын қаржы көлемін ішкі жалпы өнімнің екі пайызына, ал 2050 жылға қарай үш пайызына дейін жеткізу көзделіп отыр. «Ғылым туралы» Заңға сəйкес, ғылымды басқарудың жаңа түр лерін іске асыру мен қаржы ландыру, оның дамуы ның оң нəтижелеріне əкелді. Халықара лық сарапшылар қатыс тыры ла тын ғылыми-зерттеулерге тəуелсіз сараптама жүйесі енгізілді. Соған байланысты Ұлттық ғы лыми-техникалық сараптама орталығы құрылып, онда ғылыми-зерттеулерді шетелдік

жəне отандық сарапшылар сараптамадан өткізеді. Сондайақ, ұлттық ғылыми кеңестер жұмыс істеуде, ол кеңестерде жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен коммерциялық құрылымдардың өкілдері Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының қорытындысы негізінде жобаларды іріктеуден өткізіп, оларды қаржыландыру жөнінде шешім қабылдайды. Əлеуметтік-мəдени даму жане ғылым комитеті «Парасат» холдингімен бірлесіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ғылыми-зерттеулердің тиімділігін құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру шаралары жəне олардың нəтижелерін еліміздің əлеуметтікэкономикалық жаңғырту үдерістеріне енгізу» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Жиында отандық ғылымды дамытудың келешегі мен бағыты жəне проблемалары талқыланып, Үкіметке тиісті ұсынымдар жолданды. – Он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу жөніндегі мəселенің көтерілгеніне көп болды... – Қазіргі кезде 12 жылдыққа кө шу мəселесі республиканың жүздеген мектебінде тəжірибеден өткені белгілі. Аймақтардан бізге келіп жатқан хаттардан бұл жобада көптеген проблемалар бар екендігі айқындалып отыр. Ең бастылары – ғылыми-əдістемелік құралдар жетіспейді, білім беру стандарты бекітілмеген, жаңа жүйеге сəйкес қойылатын талаптармен жұмыс істейтін мамандар аз, материалдық база жетілмеген. Осыған орай, он екі жылдық білім беру жүйесіне қатысты мəселелер осы жылдың 1 шілдесінде Үкімет отырысында тұжырымдамалы түрде қайта қаралды. Нəтижесінде «Білім туралы» Заңға жəне 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болды. Ал 2016 жылдан бастап 2027 жылға дейін он екі жылдық білім беру жүйесіне кезең-кезеңмен біртіндеп өту көзделуде. Соның барысында нормативті құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіледі. Он екі жылдық бастауыш білімнің жалпы міндетті стандарттары, оқу үдерісінің оқу-əдістемелік құралдары əзірленіп, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бастауыш мектептер үшін стандарттың апробациясы еліміздің 30 мектебінде (əр аймақта екі мектепке) келесі жылдан басталады, ал 2016 жылдан жаңа стандартты жалпы енгізу жүзеге асырыла бастайды. Бұған қоса, алдағы 2015 жылы он екі жылдық оқыту үлгісінің бағдарламасы бойынша оқулықтар мен оқуəдістемелік құралдары кешенді турде дайындалады, 2016 жылдан оларға сараптама жүргізіле бастайды. Осы жерде атап өтейін, 2016 жылдан бастап барлық жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады. Қорыта айтқанда, жүргізіліп жатқан жұмыстар «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асы рылу барысына оптимис тік тұрғыдан қарап, оның орындалуына деген сенімділікті нығайта тү седі. Сондықтан алдымызда тұрған ауқымды істерді жүзеге асыруға барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз қажет дегім келеді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».


4

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

 Таным

«Адам бол...» «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп...». Мынау монданақтай жер бетіндегі мұқым екі аяқты пенделерді ізгілік пен имандылыққа, бейбітшілік пен бірлікке, мейірім мен қамқорлыққа шақыратын жүздеген публицистикалық жинақтар мен афоризмдер топтамасы, кешегі кеңестік кезеңдегі «коммунизм орнатушылардың моральдық кодексі» секілді адамгершілікке, əділдікке үндейтін сан мыңдаған құжаттар кешені дəл осы бір ауыз сөздің қолына су құюға да жарамайтыны, мың мəрте əрлесе де орнын баса алмайтыны шындық. Оны айтқан – менің бабам Абай! Адамзаттың Абайы! Əсілі, Абай шығармаларының бетін ашарда, жалпы, Абай əлемінің босағасынан аттарда менің мақтанатыным да, жүрексінетінім де рас.

Абай жайлы еліміз бен жұртымыз білмейді, ұлылықты ұлықтай алмай жатырмыз, жас ұрпақ бойына бабамыз үндеген ізгіліктерді сіңіре алмаудамыз деп бет алды байбалам салу – əбестік. Тіпті, отар елдерінің жақсысын асырып, жаманын жасырғанды қойып, олардың ұлттық құндылықтарының өзін жоққа шығаруды сəнге айналдырған кешегі кеңестік дəуірдің өзіне де Абай атамыздың өкпесі жоқ шығар. 100 жылдығы мен 125 жылдығы Қазақстанда жақсы аталып өтілген. Десек те, ұлт мақтанының жалауы желбіреп, туы асқақтайтын кезеңдер керуені Тəуелсіздіктен бастау алады. Өз билігіміз өз қолымызға тиген соң өткен тарихымызға, əдебиетіміз бен мəдениетіміздің ойы мен қырына, олардың даму шежіресіне ұлттық көзқараспен қарап, кешегі күрең күндерде аттары ауызға алынбай, заттары жат болып кеткен, ошағы омақасып қалған тұлғаларымызды түгендей бастадық. Əр ұлттың рухын аспандататын, аруақтандыратын данасы мен дарасы, сөз бастаған шешені, қол бастаған көсемі болатыны аян. Ал қазақ ұлтының рухани байлығының сүбесі, ұлттық идеясы – Абай. Абай – қазақтың киесі. Сондықтан да егемендіктің таңы жаңа-жаңа атып, еліміз еңсесін көтеріп, тізесін тіктей алмай жатқан ереуіл кезеңнің өзінде-ақ осы ұлы мұраттарды темірқазық еткен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың 150 жылдық мерейтойын əлемдік деңгейде өткізуге күш салған. Президентіміз: «Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен пікірі тек айта жүрер əңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш болып қаланатын нақты іске айналса, тіптен құба-құп», дегенді құлағымызға құйған. Ұққанымыз қаншалық екен? Абай туралы оқырманға ділмəрсу – артық. Ол хақында көкірек көзі ояу, ұлттық құндылықтарымызға жүрегі ашық кез келген қазақ ұрпағының жадында, санасында біршама ақпараттар жинақталған шығар. Десек те... Абай, оның шығармашылығы, ғұмырлық ұстанымы, тек қандас ағайындары – қазақ қана емес, монданақтай жер бетінде қыбырлап, тірлік дəнін теріп жүрген күллі адамзат баласының болмысынан көрсемау деп армандап өткен, алайда, сол ізгі қасиеттерді ұрпақтар бойынан өз дəуірінде таба алмай, көре алмай, бармақ шайнап, қан түкірген өксікті күндері мен қасіретті түндері, көкірегінен жыр төгілген

жалаулы жылдары жайлы тым аз білетініміз, тағы да шындық. Ұрандауға бейім жұртпыз. Басқа ұлттарды былай қойып, көптеген қазақтардың өзі «Абай...Абай...» деген аламан ұранға елігіп, беталды даурыққаны болмаса, ол туралы тереңдетіп сұрай бастасаң, дəні мен мəні бар ештеңе айта алмай, жер шұқып қалатыны бар. Жер шұқу – ұялудың сыртқа шыққан көрінісі. Ұялу неге жаман болсын. Ұяты бар жан əлі кісілігін, адами қасиеттерін мүлдем жоғалтқан жоқ деген сөз. Шындық біреу: кемеңгеріміз жайлы білетініміз мардымсыз. Білгіміз келіп құлшынып, белсеніп тұрғанымыз да шамалы. Абай əлемінің қақпасы оның туып-өскен мекені Жидебайдан басталуы керек шығар. Абайдың мұқым қазаққа ортақ екені шындық. Десек те, ол хақында Қазақстанның басқа өңірлерін əңгімеге тиек етпей, ардақтымыздың отаны саналар Семейге түтін салып көрдік. Алаштың тұңғыш астанасы, Абайдың Меккесі мен Мединесі саналар Семей қаласы халқының жартысынан астамы іргесіндегі кемеңгердің кіндік жұртына – Жидебайға əлі күні атізін салмапты дегенге иланбайсыз, ə? Қазақ мұндайды: «Мал құлағы саңырау», деп аластап жатады. Біз осы олқылықтың орнын толтырғымыз келді. Тұтастай алғанда, «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның идеологиялық тегершігі саналатыны рас. Еліміздің бүгінгі таңдағы идео логия тəспірін де осы партия жазып отыр. Сондықтан, Абайға баратын тиімді жолдарды іздедік. Жалған ұрандардан, бір реттік шаралардан арылуға ты рыстық. Көзбояушылықтан қаштық. Сондықтан «Нұр Отан» пар тиясының Шы ғыс Қазақ стан облыстық филиалы республикалық «Киелі мұрамызға тағзым» мемлекеттік бағ дар ла масы негізінде «Абайды танып, біл» атты жобасын жасады. Мақсаттары мен мұраттарын белгі ледік. Оның тұсауы Абайдың Семейдегі республикалық қорықмұ ражайында кесілді. Ал ғашқы жиынында-ақ жаһандану деген тажалдың есігімізді қағып, рұқсат сұрап иілмейтінін, оның ру хани дүниелері таяз, ұлттық құн дылықтарынан айырылған, жұртын мəңгүрттік иектеген мемлекетті қылтанын қалдырмай жұтып қоятынын, сол себепті біздердің осынау зауалдан құтылудың сара жолдарын табуымыз керектігін, оны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткенін, ол

жол – кемеңгер Абай нұсқаған ізгілік пен бейбітшілік, бірлікбереке, имандылық, адамшылық жолы екендігін айттық. Жалаң сөзден, жадағай насихаттан нəтиже күту – əбестік. Сондықтан, жаңағы тұсаукесерден кейін іле-шала облыстағы партия филиалдары орынбасарларын, облыстық филиал қызметкерлерін түгелдей Абай еліне бастап шықтық. Көрсін, көңілдеріне түйсін, сонан кейін барып ауылдарында, аудандарында Абай жайлы насихат жүргізсін, əсіресе, ұлт болашағы – жастарды Абай тағылымымен тəрбиелеуге ықпал жасасын дегенді ниет еттік. Жергілікті жазушы, өңір шежіресімен шұғылданып жүрген ғалым Борис Шербаков арнайы тапсырыспен «Абай еліне саяхат» атты танымдық, тағылымдық кітапшасын дайындады. Жазба əрі бейнекөріністі нұсқаулық кітап Өскемен – Семей – Күшікбай асуы – Қасқабұлақ – Бөрілі – Еңлік-Кебек мазарын көктеп өтіп, Қарауылға барып атбасын бір-ақ тірейді. Бұл – жалаң карта-сызба емес. Ол – жүре-бара жол-жөнекейдегі тарихи орындар, ондағы Абайға қатысты оқиғалар хақында мол мағлұмат беретін, сыр шертетін нағыз жолсерігіңіз. Міне, осы біраз шаруалардан кейін-ақ Абай əлеміне саяхат жасаушы мектеп ұжымдарының, мекемелердің қатары молайды. Онан кейін Өскемендегі «Нұрлы саяхат» атты туристік фирма республика деңгейіндегі Абай еліне бағытталған туристік сапардың көшбасшысы болды. Алайда, еліміздің басқа облыстарынан осы фирмаға тапсырыс берушілердің саны соңғы кезде тым азайып кеткенін айта кетуіміз керек. Жалпы, Абай ұлылығын,

Жаѕаша сауда жайындаєы əѕгіме Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Кеше Астана қаласында Бөлшек сауда жəне тұтыну тауарларын дистрибуциялау жөніндегі I Азиялық «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION – 2014» бизнес-саммиті өтті. «Біртұтас экономикалық кеңістіктегі жаңаша сауданың жол картасы – Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға ұмтылыс» тақырыбында өткен саммиттің негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың, өндіруші компаниялардың, импорттаушылардың жəне бөлшек сауданың өкілдері арасында пікір алмасу, өзекті мəселелерді, соңғы үрдістерді талқылау жəне Азия аймағында жа ңа ша сауданы да мы ту үшін ұсыныстар əзірлеу болды. Шараға Сауда қызметін реттеу департаментінің директоры Серік Камали, Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі жанындағы инвестицияны арттыру агенттігінің директоры Алмас Сазбаков жəне əралуан елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары, БЭК департаменттерінің директорлары қатысты. Бизнес-қауымдастықты Қазақстанның, Ресейдің, Беларусьтің, Болгарияның, Индонезияның, Германияның, Пəкістанның жəне

де басқа елдердің ірі компанияларының өкілдері ұсынды, солардың ішінде «Мега Орталық Менеджмент» компаниясының бас директоры Сейітжан Есмағамбетов, «SCG London» компаниясының негізін қалаушы жəне оның директоры Клайв Вуджер, «Дордой» ассоциациясының негізін қалаушы Асқар Салымбеков, «METRO Cash & Carry» компаниясының басшысы Антон Ван Горп, «FAST Group» ком паниясының басқарушысы Стетой Феликс болды. Шара барысында «Азия аймағындағы халықаралық сауда. Тəжірибеде қай реттеулер біздің бизнесімізге еркін жəне əділ бəсекелестік үшін жақсы жағдайлар жасай алады?», «Өндірістің даму нүктесі жəне бөлшек сауда үшін жаңа мүмкіндіктер қайда: БЭК-тің перспективалы нарығы», «Мега аналитика: FMCG нарығындағы инновациялар», «Ұлттық өндірушілер жəне желілер», «Саудадағы жылжымайтын мүлік», «Табысты бөлшек бизнесі, стратегия жəне тактика», «Сəнді ритейл: бизнестің табыстылығы», «Əлемдік экономикада Ұлы Жібек жолын дамытудың тарихи жəне геосаяси алғышарттары» деген біршама тақырыптар жинағы талқыланды.

оның ғибраттарын насихаттау тал бесіктегі ана əлдиінен, онан кейінгі балабақшадан бастау алып жатса, нұр үстіне нұр болатыны рас. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ Абай жолын ұстанғанда ғана рухани, экономикалық асуларды бағындыра алады», деген қанатты сөзі төңірегінде əңгіме тарқатып көрелікші. Жұрты да, ұлты да иманнан жұрдай мемлекет екі дүниеде абырой жинап, дəулеті тасып байымайды. Елбасының жаңағы афоризмінде алдымен рухани дүниені ауызға алып отырғаны сондықтан. Абайдың абыздық, имандылық жолын ұстана алып жүрміз бе? Оның бүкіл шығармашылығы Адам бол деген ғаламдық ұлы мұратқа қызмет жасайды. Жер бетінде тек қыбырлап тірлік кешпей, артыңда ізгілік соқпағын қалдыр. Атың да, затың да тек жақсылықтармен көмкерілсін. Кейінгі ұрпақ сені үлгі-өнеге тұтсын. Үлкенге аға, кішіге жаға бол, халқыңа адал бала бол, сөйлеп кетсең, дана бол! Адам зат баласының тал бесік пен төрт құлақты бейіті арасындағы қысқа ғұмырын Өмір дейтін болсақ, сол бір қамшының сабындай уақыт бөлшегін тек осындай нақылдармен, кісілік қағидаларымен өрсе, дүниеге тек имандылық көзімен қараса, онда мынау монданақтай Жер бетінде қылмыс, аярлық, əділетсіздік, жəдігөйлік секілді алапес дерт болмайды дегенге үндейді оның даналығы. Ел ертеңі – жастар, бүгінгі мектеп партасында отырған тұлымды ұл мен бұрымды қыз. Сол қаракөздерді жаһандану атты жал мауыздың жат қылықтары мен бейəдеп əрекеттерінен

қалай арашалап қалсақ керек? Міне, Абай тағылымы, Абайдың имандылық мектебі дəл осы кезде қажет-ақ. Жобамыздың үлкен бір тарауы облыстың білім беру мекемелерінде Абайды оқытуға негізделген. Жалпы, осы үлкен шаруа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мəңгілік Ел» идеясынан бастау алады. Бір ғасырдан астам уақыт қазақ ғалымдарына тақырып болған, нан тауып берген, əлі де сандаған ғалымдарға жол ашатын Абай тақырыбы – мəңгілік. Мəңгілік Елді жасайтын да Абай сынды тұлғалар. Сондықтан, оқу орындарындағы шəкірттерімізге Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқытып, жаттату мүлдем аздық ететінін, оның астарына бойлатуға, ойлантуға үйрету қажет екенін түсінуіміз керек. Айтпай кетсем, аяулы ұстазым алдында, аруақ алдында күнəлі болармын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республикалық атаулы мектебі бар əйгілі ұстаз, бүкіл саналы ғұмырын Абай мен Мұхтар Əуезовке арнаған жарықтық Қанипа Бітібаева əпкеміз осы жобаның тұсаукесерінде: – Менің шəкірттерімнің ішінде Абай тақырыбынан докторлық диссертация қорғағандар да бар. Бұл ретте тек ғылыми жұмыстармен шектелуге болмайды. Абайды таныту төңірегіндегі шаруаларда шекара жоқ. Өскеменнің Орталық алаңына облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың қайраткерлігі арқасында Абай ескерткіші орнады. Сол алаңның қамшылар жақ бүйіріндегі үлкен гүлзарда, əсем өрнектелген үш бұрышты мəрмəр тас тұғырларға тағы да сол бабамыздың қара сөздері қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде басылған. Міне, дəл сол алаңда, дəл сол мүйісте тəрбиелік шаралар кешені өтіп жатуы шарт. Күн өткен сайын қылмыс көбейіп барады деп дабыл қағамыз. Асылық айтқандық емес, тіпті, түрмедегі қылмыскерлердің санасына Абай дың философиясын, оның нақылдарын сіңіре алсақ, қылмыс деңгейі түсеріне мен кепіл. Кеңестік кезеңде мұқым мекемелерде саяси сабақ деген жүретін. Соны неге жаңғыртпасқа? Бүгінде Қазақ станның облыстары мен аудан орталықтарының бəрінде дерлік Достық үйлері бар, соларда Абай оқуларын неге кесте бойынша өткізбеске. Қазақстанда тұратын барша этнос өкілдері тəлім-тəрбиесінің əліпби сабағын Абайдан бастап жатса. Осылар арқылы біз Елбасымыздың қазақ тілі барлық этнос өкілдерінің басын тоқайластыратын тіл болуы керек деген талабын да орындаған болар едік, – деп айтқаны бар. Санаға қонатын ұсыныс емес пе. Қазақтың қайраткер қызы Роза Баттал жас ұрпақ бойына Абай тағы лымдарын сіңірсем, қазақ баласын сол кемеңгер бабасы салған сара жолмен ғана жүргізсем деп арпалысқалы он бес жылдан асты. «Абай оқуларын» дүниеге əкелді. Жыл сайын Қазақстанның əр қиырынан жүздеген қаракөз шəкірт бақтарын, баптарын сынауға Жидебайға ағылады. Олардың арасында Абай мен Шəкəрімнің жүздеген өлеңдерін жатқа соғатын, қара сөздері мен даналық трактаттарын майын тамыза күмбірлететін тұлымды ұлдарымыз бен бұрымды қыздарымыз жетіп артылады. Абайды жаттаған жанның санасы мен болмысында кемеңгеріміздің нақылдары қалатыны, қоғамдағы қарым-қатынасында оның шешендік дəстүрі қалыптасатыны шын дық. Есейгенде де сондай

қағидаларды өміріне серік етеді. Мен білгенде, сол сайыстарда қара үзіп, алдан көрінген ұландары мыздың ешқайсысы жерде қалған жоқ. Биік мақсаттарды бағындырды. Ұлтының ұлылығын дəріптеуге зор үлестерін қосып жүр. Əнеу бір жылдары сол сайыстың бас бəйгесін жеңіп алған жерлесіміз Рүстем Қайыртай суырыпсалма ақындығымен алты алашқа аты шықты. Сандаған айтыстарда шашасына шаң жұққан жоқ. Бүгінде кісілігімен, кішілігімен, түсінігімен көзге түсіп жүрген қазақ азаматтарының бірегейі. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Алайда... Сол сайыстарда оза шауып бəйге алып жатқан зерек те зейінді жүлдегерлеріміздің қолына ұсақ-түйек, мардымсыз бірдеңе ұстатамыз. Қаржы жоқ деп аузымызды қу шөппен сүртеміз. Жастар ертеңіміз болса, инвестицияның көкесі елдің болашағына салынуға тиіс. Біздің телеарналарда шоулар көп. Бір сəттік көңіл аударарлықтар көбі. Шоу – екі дүниеде идеология жасамайды. Оларға қаржыны аямаймыз. Демеушілер де табыла кетеді. Ал Абай оқулары – тəрбие көзі. Абай – қазақтың рухани темірқазығы. Сондықтан, Абай жайлы дүниелерді «Мəдениет пен білім», «Қазақстан» сынды ұлттық телеарналар үнемі насихаттап жатса, ұлтымыздың ұтары көп. Ертеңіміздің ұпайы түгенделеді. Мемлекетіміздің іргетасы бекиді. Тіліміз бен діліміздің тұғыры асқақтайды. Тіпті, жаңағы телеарналарда Абай жайлы тұрақты бағдарламалар ұйымдастырып қойсақ, Қазақстанда ұлттық идеология жоқ деп кекесінмен күліп отыратын желбуаз саясаткерлердің аузына да құм құйылар еді. Абай төңірегінде көп айтуға болады. Өткенде кеткен есеміз де, өкінішіміз де жетерлік. Жетістіктеріміз де жоқ деуге болмас. Заманның жаңарғаны да, қоғамның тазарғаны да рас. Қазір елдің көк дөнен көңілі сөзден үркіп, көз алдындағы көріністерге көбірек тұрақтайтын болған. Қазақстанның барша қала көшелерінде, ірі-ірі күрежолдарымыздың бойларында, қала, ауылдарға кіреберіс ауыздарда ұлылықты ұлықтайтын, ұрпақтарымыздың санасына, жүрек теріне шым-шымдап иман дылық, ізгілік шəрбəтін құятын Абай данамыздың сөздері мен өлеңдері жазылған үлкенүлкен баннерлер ілініп тұрса, оқу орындарымыз бен мəдениет ошақтарымыздың қабырғаларын да сондай ғибратты сөздермен толтырсақ, ұтарымыз көп болар еді-ау. Абай атамыз Алланы, Адамды, Əділетті сүй деген ұстанымдарына ерекше екпін түсіреді. Неге десеңіз, болашақта Жер бетіндегі иманды қоғам осы үшеуінен бастау алады. Ұлы адам соны айтады. Соларды насихаттауды, соларды дəріптеуді тапсырады. «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын, Өлсең де өлмегенмен боласың тең», – деп кемеңгеріміздің өзі айтқандай, оның бүгінгі ұрпаққа қалдырған үлгі-өнегесін, еңбектері мен өнер мұрасын насихаттау, бойға сіңіру – тек қазақ баласының ғана емес, адамзаттың міндеті. Түсіпхан ТҮСІПБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

ӨСКЕМЕН.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту перспективасы» тақырыбында брифинг өтті. Онда Исламдық қаржыландыруды дамыту ассоциациясының төрағасы Ерлан Байдəулет Қазақстандағы исламдық қаржыландыру бойынша атқарылып жатқан істер туралы кеңірек əңгімеледі.

Ќазаќстандыќ Ислам банкі ашылады Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ерлан Байдəулеттің айтуынша, «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) əлемдік исламдық қаржыландыру сыйлығына Елбасыдан өзге, əлемге танымал ірі 3 саясаткер үміткер болған. Атап айтқанда, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Малайзия премьер-министрі Наджип Тун Разак жəне Түркияның бұрынғы үкімет басшысы, бүгінгі президенті Реджеп Тайып Ердоған есімдері бар. «Global Islamic Finance Awards» сыйлығы ислам банкингін дамыту жəне аймақтық жəне халықаралық деңгейлерде жеткен жетістіктері үшін беріледі. Іріктеу əдісі өте күрделі, өйткені ол шешім жай шешім емес, абсолютті объективті шешім болуы тиіс. Бағалау 200 балдық жүйе бойынша жүрді. Ал Елбасымыздың ең жоғары бағаға ие болуын біз күткен едік. Өйткені, Елбасының бұл саланы Қазақстанда дамытудағы еңбегі ерен. Келесі жылы бұл шара Қазақстанда, қыркүйек-қазан айларында

өтеді деген ойдамыз. Осы уақытқа дейін біз бірнеше шаралар ұйымдастырамыз деп отырмыз. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов те бір апта бұрын айтқан болатын, мамыр айында Қазақстанда IFSB саммиті өтетін болады. Бұл 184 мүшені біріктіретін ірі халықаралық ұйым. Оның 54-і əр елдердің орталық, жетекші банктері болып табылады. Олардың қатарында Жапония, Ұлыбритания сияқты елдердің орталық банктері бар. «Бүгінгі таңда біздің декларативті сипаттағы заңнамамыз ғана бар. Азаматтық кодексте «исламдық қаржыландыру» терминінен басқа ештеңе жоқ. Салықтық, операциялық құралдар секілді негізгі экономикалық дүниелер де жоқ, сондықтан келесі жылдың ортасына қарай шығатын жаңа заң барлық индустрияны дамытатын мықты құрал болмақ деп ойлаймын. Сонымен қатар, жаңа заңнамада бірқатар маңызды инвестицияларды тарту бойынша институттық негіз нақты көрініс таппақ. Жаңа заңда операциялық құралдар мен салықтық режім нақтыланбақ. Біздің негізгі

Берлинде ҚазақстанГермания ынтымақтастығының «жасыл технология» саласы бойынша Қазақстанның Германиядағы елшілігі мен Германия экономикасының Шығыс комитеті, сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы бірлесіп, «Энерготиімді өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Германияның министрліктері мен ведомстволарының, іскер, сараптамалық жəне ғылыми топтарының көптеген өкілдері қатысты.

Энергия тиімділігі ґмір салтына айналуы тиіс Іс-шараның басты мақсаты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көр месінің «Болашақтың энергиясы» жəне оның қосалқы тақырыбы – «Энерготиімді өмір салты» мəселесі сараланып, қуаттың тиімділігі мен өндірістік көрсеткіштерді табысты ету үшін энергияны пайдаланудағы сапаны жақсарту мəселелері талқыланды. Өз сөздерінде қазақстандық баяндамашылар конференция тақырыбының өзектілігін ескеріп, энергия көзінің дəстүрлі бастауларының азайып бара жатқанын жəне қайта толығуындағы күрделіліктерді тілге тиек етті. Жаһандық экологиялық ахуал əлемді таза тех нологиялар мен тұрақты жəне ұзақ мерзімді энергиямен қамтамасыз етудің шешімін іздеу мен даму болашағын ойлауға шындап мəжбүрлейді. ЭКСПО-2017 энергияның жаңартылмалы жəне баламалы бастауларындағы адамзат табысы бастауларының алаңына айналмақ. Өз кезегінде неміс тарапы Қазақстан өзін ең ірі халық аралық іс-шараларды табысты өткізуден тəжірибе жинақтаған жəне аймақтағы алдыңғы қатарлы басты ел ретінде көрсеткенін атап өтті. Осыған орай ГФР-дің ғылыми жəне іскер топтары Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде «жасыл технология» шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға даярлықтарын білдірді. Аталған іс-шара барысында тараптар өзара əрекеттестіктің одан арғы қадам дарын жоспарлап, болашақтағы іс-қимыл бағыт тарын осы ретте инновациялық шешім дердің көкей кестілігін талқылады. «Егемен-ақпарат».

мақсатымыз – тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ететін заңнаманы бекіттіру. Осы орайда қазіргі таңда Пар ламентте 3 пакет заңнама қарастырылуда», деді ол. Келесі жылдан бастап елімізде халал жоспарлы ипотекалық компания құру туралы жұмыстар да жоспарланып отыр екен. Алайда «пайызсыз несие» дегеніміз не? «Бізде халықтың 70-80 пайызы əлі күнге дейін оның мағынасын дұрыс түсінбейді. Оны екі мағынада қабылдау керек. Соның бірі – исламдық қаржыландырудағы жеңілдікті несие. Мысалы, Қарағанды облысында ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету жобасындағы исламдық қаржыландыруды айтайық. Ол пайызсыз жүргізілді, бірақ Ислам банкі өзі жұмсаған қаржысын ұстайды. Есептегенде 0,01 пайызды құрайды. Міне, ақылға қонымды үстеменің орын алуы деген осы. Кез келген экономикалық субъект рынокта жұмыс істесе, ол пайда табуға құқылы», деді ассоциация төрағасы. Ал келесі жылы елімізде екінші ислам банкі – «Zaman Bank» ашылмақ. Ол 2015 жылы жеке тұлғаларға қызмет көрсететін бола ды. Банк алдымен лицензия алып, кейін инвесторлар қатысуымен белгілі бір деңгейге дейін капиталсыздандырылады. Е.Байдəулеттің айтуынша, банк жеке тұлғаларға «пайызсыз» несие беретін болады. Алайда, пайыз бар, бірақ соншалықты сезінетіндей емес көрінеді. Өйткені, ислам банкингінде комиссия ұстап қалуға тыйым салынған. Қазір Ислам даму банкінде еліміздің 9 жобасы бар, соның 4 жобасы ауыл шаруашылығына инвестиция салуға, 3 жоба жол жобаларына жəне 1 жоба энергетика саласына бағытталса, тағы бір жоба Астана мектептеріндегі тамақтандыру жобасын қаржыландырмақ.


5

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

 Тарих. Тағдыр. Тағылым Бүгінде еліміз аумағында үлкен халықаралық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның атауы – «Түркілік геосаяси феномен: сабақтастықтың қайнар көзі». Көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбеков пен тарих ғылымдарының докторы Айман Досымбаеваның жетекшілік етуімен қолға алынған жоба аясында түркі халықтарының саяси, экономикалық, мəдени дамуының əлемдік тарихтағы орны салыстырмалы түрде талданып, қазіргі Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің қалыптасуына əсер еткен этногеографиялық феноменнің қыры ашылуда. Осыған байланысты Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының профессоры Айман ДОСЫМБАЕВАМЕН əңгімелескен едік. ғұрыптық ескерткіштері сақталған. Тас мүсіндерден, жартастағы петроглиф су рет терден, руналық жазулардан, ес кі қалалардың орындарынан көп мағлұмат алуға болады. Біз тас мүсіндерден бастап, олардың жерлеу дəстүрімен байланысты көптеген ескерткішін зерттедік. Шығыстағы көршіміз Қытай империясы ежелден түркі халықтарымен қандай қарым-қатынаста болғаны туралы да көп дерек бар. Тү р кі халықтарының тұрмысы, дүниетанымы, наным-сенімі туралы көптеген ақпарат кездеседі. Біз ескерткіштерге тарихи реконструкция жа са ғанда осы жазба деректерді пайдаланамыз. Содан кейін жазба деректерді талдаймыз. Түрік қағанатының бірінші астанасы Ыстықкөлде болса, Мерке Түрік қағанатының екінші астанасы болған. – Астана маңындағы археологиялық зерттеу жұмыстары қай кезде басталды? Зерттеу барысында қандай жұмыстар жүргіздіңіздер?

не істейсің?» десе: «Мен оларға алдымен мал сойып, құрбан шаламын, сосын сыйынамын», дейтін болған. «Содан кейін не істейсің?» десе: «Мен бүкіл өмірім туралы айтып беремін», дейтін көрінеді. «Ата-бабамды еске алған кезде, мен олардан, сен биіктегі Тəңірдің жанында жүрген бабамсың ғой, сондықтан енді бізге қамқор бол деп сұраймын», дейді екен. Олардың тағы бір ұғымынша, егер өздерінің ата-бабаларының əруақтарына сыйынып, өз жеткен жетістіктерін, бастарына түскен қиын дықтарын айтатын болса, олар еститін болған. Ал тарихи реконструкцияларға келсек, тас мүсінді ескерткіштердің географиялық ареалын зерттегенде, біз бұлардың Қара теңізде, Азовта өте көп екеніне көз жеткіз дік. Мəселен, Дон бойын да Е.Плетнева деген ғалым 1450 тас мүсінді зерттеді. Бірақ, Донецкіде тұра тын ме нің əріптестерім статистикаға кірмегендері əлі де көп екенін айтып жүр. Е.Плет -

Дала феномені

бірімен қандай байланысы бар екендігін жəне осы жерлерді орта ғасырларда мекендеген түркі халықтарының Еуропа, оңтүстік Орал, бүгінгі Түркия мемлекеттерінің құрылуына қандай үлес қосқандығын зерттедік. Татарстан мен Башқұртстандағы халықтардың Еуропамен байланыстарын сараладық. Түркі əлемі шығыста якуттардан бастап зерделенді, содан соң Алтайда хакас, шор деген халықтар, олардың тыныс-тіршілігі зерттеуден өтті. – Сіздер «Батыс Түрік қаға наты» де ген үлкен атлас шығарған едіңіздер. Бұл ғылыми жоба туралы не айтасыз? – Бұл атлас – халықаралық Һəм ғылыми еңбек. Оны жасаған авторлардың ара сын да Американың, Жапонияның, Түркияның, Болгарияның, Венгрияның ғалымдары бар. Олардың барлығы да түркі халықтарының мəдениетін, этностық тарихын, географиялық құрылымдарының таралуын зерттеді. Мəселен, Батыс Түрік қағанаты туралы мынадай мəлімет бар. Мекендеген жері – Іледе, Шуда, Таласта, бұл алғашқы мемлекеттік қағанат 552 жылы құрылған. Ғалымдар Алтайдан арғы беті Моңғолияға дейін Шығыс Түрік қаға на тының мекені болғанын, біздің қазақ жерінен бастап, Батысқа дейін Каспий теңізі, Волга, яғни Еділ өзені маңын мекендеген түркі халықтарының тарихын зерттеді. Ол үшін қандай деректерді пайдаланамыз? Мəсе лен, түркі халықтарының өз руни калық жазулары болды. Шетелге шығатын кезде руникамен бірге парсы тілі, соғды тілін пайдаланған. Ал қытай лармен қарым-қатынастарында қытай тілін қолданатын болған. Бұған қатысты көптеген ескерткіш бар. Мысалы, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінде қытай, брахми жəне түркі руникасы тілдерін, ал біздің қазақ жерінде руника мен соғды тілін, яғни екеуін де бірдей пайдаланған. Соғды тілі парсылардың тілі, яғни дипломатиялық тіл болған. Ал дерек ретінде олар қандай көздерден табылады? Олар жартастарда қашалған, таулардың етегінде, тастарда көп кездеседі. Батыс Түрік қағанаты 552 жылы құрылып, 6-8 ғасырларда үлкен мемлекет болған. Оның басталған əлемі Ертістен Сырдарияға дейінгі қазақ жері болса, кейін, яғни 10 жылдың ішінде Қара теңізге дейін жеткен. Ал негізінен түрік қағанаты VIII ғасырға дейін болды. Арнайы деректерде 744 жылға дейін деп те көрсетілген. Бірақ, əрі қарай да дəуірлей берген. Мəселен, қырғыздардың, өзбектердің, басқа түркі халықтарымен қарым-қатынасы қалай болды, қазақ халқы қалай, қай жерде қалыптасты, бұл қазақ этногенезіне қалай əсер етті, міне, осылардан хабар беретін деректер бар. Қазақ жерінде, мəселен, оңтүстікте, Таразда, Отырарда түркілердің

– Мен өзім Меркеде 25 жылдай ғұрып тық ескерткіштерді зерттедім. Ал бұл жерге келуіме Берік Əлібай деген азамат себепкер болды. Алғаш бізге бұл жер туралы айт қан сол азамат болатын. Содан соң біз ол кісінің ақпаратын пайдаланып, 2009 жылдың сəуір айында осы жерге келіп, ескерткіштерді көрдік. Бұл жердің аты – Қосбатыр. Кейін, біз осы туралы көп деректі қарадық. Археологияның негізін салған Əлкей Марғұлан да осы туралы жазған. А.Машанов Сілеті өзенінің жоғарғы жағында тұрған 3 тас мүсінді көріпті де, солардың суретін салған. Бұл туралы кейін Ə.Марғұлан осы жəдігер туралы Қазақ кеңес энциклопедиясында қалдырған жазба мұралар бар. Ол кісі Ерейментау өңірінде тас мүсіндер, балбал тастар бар екенін жазған. 2009 жылы осы балбалға паспорт жаса дық. Бұл жер – негізінен ғұрыптық кешен. Оған адамды жерлемеген. Екі бұрышта жылқының сүйектері табылды. Ал тастардың барлығын келген адамдар əкелген. Бұл жердегі тас мүсіндерде таңба бар. Олар – билік жүргізетін адамдардың таңбасы. Алғаш келген кезімізде ескерткіштердің кейбіреуін музейге алып кеткен, ал кейбіреуі сынып жатыр екен. Бұл жерде екі батырдың мүсіні тұр. Біреуінің қолында қанжар. Қосбатырда таңбалар бар. Екі таңба. Дөңгеленіп тұрған, жартылай доғал таңба. Соның үстінде домалақ іздері бар. Бұл таңбаларды, негізінен, қағандардың таңбасы деп айтады. Ондай таңбалар хакастарда да кездеседі. Оларды билік жүргізетін тайпалардың таңбалары деп айтады. Бізде археологиялық барлау деген болады. Ол – біздің жұмыстарымыздағы əдіс-тəсіл дердің бірі. Біз барлау жұмыстары аясында «Бұл жерлерде ерекше тас мүсіндер, балбал тастар бар ма?» деп жер гі лікті адамдардан да сұраймыз. Мəселен, 2009 жылдан бастап, қазіргі күнге дейін көп зерттеу жүргіздік. Əлі де жүргізіп келеміз. Ескерткіштердің мағынасына қарасақ, олардың көбісі – монументалдық ескерткіштер. Ежелгі дəуірде монументалдық өнерде ұлы ата-бабаларына тастан қашап, мүсіндерін жасайтын болған. Олардың сол қолында қару-жарақ, оң қолында ыдыс болса, құлақтарында сырғалары болған. Мұны не үшін көрсетеді? Мұндай ескерткіштерді ұлы адамдарға не үшін қояды? Осының бəрі арнайы ғылыми түрде зерттелді, зерделенді. Мəселен, Шығыс Түркістанда бір жазба деректер табылған. Оны Клим Кейт деген автор ағылшын тілінде жариялады. Мы салы, түріктерден: «Сен қайда бара жатырсың?» деп сұрасаң, ата-бабама барамын дейді екен. «Олар қай елде?» десе: «Олар тастан қашалған үйдің үстінде, яғни жанында тұр», дейді екен. «Сен онда

неваның айтуынша, орыс халқы этносының құрылуына түркі халықтары көп үлес қосқан. Олар оғыздарды «торки» дейді. Қыпшақтар да болған. Қыпшақтың арасында да көптеген тайпа, рулар бар екен. Баяғыда түркі бабалары Александр Невскийге де көмектескен. Ислам діні келгенде: «Сендер басқа тас мүсінді қашамаңдар, сендер Алла Тағалаға сыйынасыңдар», дейді екен. Мысалы, X-XI ғасырларға жататын бір хат бар. Онда Қыпшақ ханы Хорезм шахқа: «Сен бізге көмектесемін деп едің ғой. Хорезм шахтары өзінде ислам дініне кіріп отырған, ал қыпшақтар: «Жоқ, біз ата-бабамызға сыйынамыз бəрібір,

басты да болады. Бір басын кесіп тастаса, орнына екіншісі шығады. Бұл, негізі, қазақ даласынан келген тайпалардың түсінігінде солай айтылады. Олардың тотемдері – аждаһа. Аждаһа – судың иесі. Олар жылан басты жалау алып жүреді не қасқыр басты болып келеді. Қытай деректерінде түркі халықтарын «қағанның гвардиясы» дейді екен. Оларды «бөрілер» деп те айтатын болған. Бір миф бар: түріктердің қалай осы жерге келіп, түркі халқы болғаны туралы. Мəселен, бір үлкен соғыстан кейін бір ұл бала ғана тірі қалады екен. Оны нағашы ағасы: «Бұл бала тірі қалды ма, қалмады ма?» деп іздеп келіп, тауып алады. Ұл бала көл-

Тəңірге сыйынамыз», деп жазады екен. Тағы бір жазба деректер бар. Онда: «Тəңір деген кім?» десе, «Ол – көк» деп жазылған екен. Мына түркі халықтарының патшасына бір миссионер келеді екен. «Бізде де сол, Алла Тағала дегеніміз, осы көк. Ал сендер көресіңдер ме Тəңірді» дейді екен. «Жоқ, көрмейміз. Біз де көре алмаймыз Тəңірді», дейді екен. Міне, осылай жүріп, ислам діні бізге миссионерлік арқылы сіңді. Ол дəуірде қыпшақтардың көбісі Еуропаға кетіп қалады. Кетіп қалады да тас мүсіндерді орнатады. Сол жерлерде мұны айғақтайтын көптеген каталогтар бар. Ол кезде мүсіндер əйел адам мен ер адамға бірдей қойылып, орнатылады екен. Бізде қазір баба дейді ғой. Бұл «баба», «ата-баба» деген сөзден шыққан. Ал орыс деректеріндегі тас мүсіндерде «каменная баба» деп айтылады. Ол да «ата-баба» деген сөзден шық қан. «Баба яга» деген де сол. «Баба мен ағалар» дегенді білдіреді. Көп деректе басқа да қызық мəліметтер бар. Мысалы, түріктердің славяндармен қарымқатынастары төңірегінде. Аждаһа оларда жаман кейіпкер. Оның кейде үш басы болады. Кейде жеті

дің, я судың жағасында жатады. Сол кезде баланың төбесінен бір қарға аузына кішкене ет іліп алып, балаға беремін деп ұшып жүрген екен. Алматы облысында Қарғалы деген жер бар. Сол жерде əйел адамның мəйіті, сүйегі табылған. Ол əйел абыз əйел болған деседі. Жалпы, əйелдің рөлі қашанда үлкен болған. Мəселен, «Каргалинская диадема» деген бар. Музейлерде көшірмелері сақталған. Түпнұсқасы – Алматыдағы Орталық музейде. Онда осы аңыз, қасқыр туралы аңыз, содан кейін ұшып бара жатқан құс жаңағы əйелдің диадемасында бар. Көне мифтерде бір жағынан қасқырдың, бір жағынан басы қасқыр, денесі аждаһаның денесі сияқты образ бейнеленген. Сондай бір аңыздарға келетін суреттер де бар. Олар Дондағы Ростовта кездеседі. Кейін біз осыны зерттей келе, қасқыр – ол əйел адамның белгісі екеніне көз жеткіздік. – Сіздер тапқан ескерткіш, мүсіндер несімен ерекшеленеді? – Қазір біз жүрген Қарағайлы деген жердегі тас қоршаулардан шығысқа қарап тұрған батырлардың, көсемдердің мүсіндері табылды. Бір қаған мүсінінің биіктігі – 3 метр 30 сантиметр.

Олардың өз таңбалары бар. Таңбаларын да жан-жақты зерттеуге тырыстық. Ондай таңбалар хакастарда да бар. Хакастардың жазуы бойынша, лауазымды, билік жүргізетін адамдарға қойылатын мүсіндердің екі доғал бейнесіндегі өз таңбасы болған. Оны «князь таңбасы» дейді екен. Жалпы, біз осы жер ге 2009 жылы келгеннен бастап, көптеген ескерткіш таптық. – Бұл жердегі қола дəуіріне жататын ескерткіштер туралы не айтасыз? – Қола дəуірі – ең бірінші кезең. Яғни, ең ерте кезге жататын ескерткіштер – бұл қола дəуіріне жататын ескерткіштер. Олардың барлығы да ғұрыптық, жерлеу дəстүріне тікелей қатысы бар ескерт кіштер. Осыдан 4 мың жыл бұрын осы жерді мекендеген халықтар темірді де білмейтін болған. Сол себепті, мыс жəне қалайыдан қола өндіріп, пайдаланған. Ол кездің металлургия өндірісі де жақсы еді. Бұл дəуірдің ескерткіштері тек қана осы жерде, яғни Қарағайлының жанында емес, мына Торғайдың солтүстігіндегі өзеннің бойында да бар. Содан кейін Ерейментаудан əрі қарай солтүстік-шығыстағы жолда бірнеше ескерткіш табылды. Кезінде металлургия саласына маманданған ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл жер, яғни Орталық Қазақстан еліміздің металлургиялық орталығы болған екен. Осы мəселеге орай Орталық Қазақстан жерінде қола дəуірінің көптеген қонысында тағы да басқа ескерткіштер, петроглифтер қазақ ғалымдары тарапынан көп жылдар бойы зерттелген. Мысалы, мұндай қоныстардағы қазба жұмыстарының барысында көптеген бұйым табылды. Ал академик Əлкей Марғұлан өз зерттеулерінде бүгінгі Жезқазған, Теміртау, Екібастұз, Балқаш сияқты металлургия орталықтары сол кезеңдерде пайдаланылған деп жазған. Жалпы, бұл жерде қола дəуірінің 200-ден астам ескерткіші бар. Іштерінен əртүрлі əшекейлер шығып жатыр. Жерлеу ғұрпына келетін ескерткіштер де кездеседі. Біз ғұрыптық жерлеу дəстүріне қатысы бар бір қоршауды қаздық. Бұл жерде нағыз ханшайым жерленген екен. Оның сүйегі, шашбаулары, қоладан жасалған айнасы табылды. Сондай-ақ, бұл жерден моншақтар, білезіктер, сырғалар, əшекейлер табылды. Əрине, олардың кейбіреуі сынған. Бұлардың барлығы – қола дəуіріне жататын дүниелер. Сондай-ақ, бір ғұрыптық қоршаудың ішінен қойдың басы, малдың сүйектері, төрт құмыра шықты. Бұл ненің белгісі? Сол кезеңде адамдар «о дүниеге кеткенде де заттар керек болады, оларды пайдалануға болады, тамақ керек болады, о дүниеде де адам тұрады» деп ойлайтын болған. Сол үшін малды да сол жерге бірге жерлейтін болған екен.

Түркі кезеңінде, мысалы, ер адам болса, ер адаммен бірге оның атын, ат əбзелдерін, ер-тоқымын, бəрін қатар қойып жерлеген. Қола дəуірінде металлургия жақсы өркендеп, дамығанын айттым. Сондықтан, осы жерден қоланы балқытып, дайындап, алтынның құймалары секілді етіп, Түркияға, Қытайға, Батыс Сібірге дейін апаратын болған. Қола дəл осы жерден экспортқа дайындалып отырған. Кейін бұл жердегі көптеген қоныстар зерттел ген. Бірақ, біз əзірге бір ғана ортағасырлық қоныста зерттеу жұмыстарын бастадық. Орталық Қазақстанда қола дəуіріндегі халықтар арбаға мінетін болған. Сол дəуірдің тұрғындары арбаның үстінде Үндістанға дейін жеткен. Осылайша, Үндістанда олар Ригведа деген поэманы, Иранға барғанда Авеста поэмасын шығарған. Авеста Ригведадан 1 мың жыл жас. Ал Ригведа осыдан 4 мың жыл бұрын шыққан. Олар сол Ригведада өздерінің отаны туралы жазған. Ра (бүгінгі Еділ) өзенінен Байкалға дейінгі жер – отанымыз деп суреттеген. Міне, біз осыдан 4 мың жыл бұрын да əлем ашық болып, халықтар арасында тығыз қарымқатынас тар ор натылғанына көз жеткізе аламыз. – Сіздердің зерттеу нысандарыңызға ғұн дəуірі, ғұн дəуірін дегі ескерткіштер жататынын білеміз. Бұл туралы не айтасыз? – Иə, біздің зерттеу нысанымызға жататын екінші кезеңдегі ескерткіштер – ғұн дəуіріндегі ескерткіштер. Біз ғұн, хун десек, Еуропада гун деп атайды. Бұл жерде осы дəуірге де жататын ескерткіш өте көп. Осы өңірдегі ғұрыптық мүсіндердің негізгі бөлігін «Мұртты қорғандар» дей ді. «Мұртты қорғандар» – ғұндардың қорғандары. Біз осындай қорғандарды зерттеу кезінде олардың ішінен шыққан заттарды зерделейміз. Ақмола уезінде кезінде, дəлірек айтқанда, 1902 жылы Козырев деген тау инженері зерттеген бір қорғаннан көптеген əшекей шыққан. Бурабай шипажайы жанындағы бір қорғаннан ғұндардың ескерткіші табылып, оның ішінен көптеген алтын бұйымдар шыққан. Бір айта кетерлігі, əр кезеңнің өздерінің əшекей жасау əдістері болған. Олардың бірнеше түрі болса, формалары да ке зеңге байланыс ты өзгеріп тұрған. Біздің зерттеу жұмыстарымыз барысында сол дəуірдегі халықтардың басқа елдермен қарымқатынастары зерттелді. Біз бұған дейін Ақмола облысындағы Астра хан ауданында ғұн дəуіріне жататын бір қорғанды зерттедік. Енді осы Құмайда сол кезеңнің ескерткіштерін зерттеп жатырмыз. Жаңа айтқанымдай, ғұндардың көптеген ескерткіші бар. Біз оларды табамыз, құжатын жасаймыз: сызбасын, фотосуреттерін,

Абай ОМАРОВ (коллаж)

– Айман Медеубайқызы, сіздер қолға алған ауқымды жобаның мəн-маңызы мен мақсаты қандай? – Біздің жобамыздың аты – «Түр кілік геосаяси феномен». Бұл ауқымды жобаны қолға алғанымызға 3 жылдай уақыт болды. Осы уақыттан бері археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бұл халықаралық жоба болғаннан кейін түркологтардың бастарын қосып, солармен бірге қазақ жерінде түркі халықтарының мемлекеттілігі қалай құрылды, қандай түркі халықтары тұрды, басқа елдермен қандай қарым-қатынастар орнатты деген сауалдар төңірегінде көп ізденіп, еңбек еттік. Мысалы, бұл – ежелгі Түркістан жерінен басталып Еуропаға дейін жеткен, түркі халықтары мекендеген жер. Біз татарлардың, чуваштардың, якуттардың, алтайлықтардың, қазақ жерінде тұрған ғұн тайпалары мен түргештердің, қарлықтардың, қарахандықтардың бір-

топо графиялық жоспарларын, карталарын жасаймыз. Содан кейін барып, қазу жұмыстар жалғасады. Мəселен, осы жердегі бір ғұн дəуірінің қорғанын 2 жыл бойы екі-екі айдан ғана қазып, биыл ғана бітірдік. Көбісі тоналған. Бірақ, қазір ескерткіштерге қарап отырсақ, бұл нағыз Түркі қаға ны ның ордасы екеніне көз жеткіземіз. – Түркі кезеңі, оған қатысты ескерткіштер қалай зерттелді? – Бұл жерде 4 мың жыл бұрынғы кезеңді қамтитын қола, 2 мың жыл бұрын ғы дəуірді қамтитын ғұн дəуіріне жататын ескерткіштерден басқа, түркі дəуірінің де көптеген ескерткіштері бар. Себебі, өңірдегі көп ескерткіш түркі кезеңімен тікелей байланысты. Мəселен, мұнда 13 мүсін бар. Бір мүсін – сақтардың мүсіні. Содан кейін үлкен бір қоныс бар. Біз бұл қоныстағы зерттеулерді жаңадан бастадық. Қазба жұмыстар жүргізілген жоқ. Тек геодезиялық жұмыстары ғана. Қағандардың, батырлар мен көсемдердің осы дəуірге жататын тас мүсіндері, балбал тастар, ескерткіштер бар. Ал оларды зерттеу қажырлы еңбекті, талмай ізденісті қажет етеді. Мəселен, Самарқандта табылған моне та лардағы таңба ларды «Самарқанд қағанының таңбасы» дейді. Дулаттардың, түргештердің, он оқ тайпалардың да өз таңбалары бар. Түркі кезеңінде, кейінгі Шыңғыс хан кезеңдерінде де түркі қағандары осындай жерлерде, яғни осы маңайда қорық болсын деп айтады екен. Бұл жер біздің атабабаларымыздың аруақтарының жері болады. Жазба деректерде бұл мекен осындай болады, деген ақпарат, мəлімет өте көп. Содан кейін бұл жерлерде топонимдік атаулар бар. Мəселен, Құмай деген сөз, негізінен, Ұмай ананың символы. Ол – құс, яғни қасиетті құс. Кеңестік кезеңде де, оның алдында да осы түркі халқының тарихы аз зерттелді. Мысалы, түркі əлемінің, түркі халықтарының тарихын зерттеу кезінде біздің қолымызда кішкентай ғана кітап болатын «Қазақ ССР тарихы» деген. Ол үшін қуғынға Бекмаханов та түскенін білесіздер. Мысалы, «Сендерде тарих жоқ, ол ешкімге керек емес», деген сипаттағы түрлі сөздер жиі айтылатын. Ал бүгінгі күнге қарасақ, біз, мысалы, тек қана оңтүстікте ғана емес, солтүстікте де түркі заманынан хабар беретін белгілер мен деректердің бар екенін анықтап, тауып келеміз. Мен өзім 30 жылдай бойы түркі халықтарының тарихын зерттеумен айналысып жүрмін. – Сіздердің ғылыми топтарыңызда қанша маман жұмыс істейді? – Біздің ғылыми тобымызда 5-6 адам бар. Бұған қоса, жұмысшылар да жалдаймыз. Студенттер, оқушылар көмектеседі. Кейде 15-20 адамға дейін болады. Жылда бізге ғылыми жоба бойынша ақша бөлінеді. Біздің маман дардың басым көпшілігі – оқытушылар. Олардың кейбірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия уни верситетінен, Шығыстану университетінен, Тұран университетінен келгендер. Əңгімелескен Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.


6

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

 Есімі елге елеулі Тағдырдың тарам-тарам жолдары мені бұл адаммен 1962 жылдың көктемінде табыстырған. Міне, содан бері 55 жылға таяу уақыт өтіпті. Бір институт қабырғасында тапжылмай қызмет етіп келемін. Ол кезде үлкендерге зер салып, сынай қарайтын жас кезіміз ғой. Сол сыни көзқарас кейін бірте-бірте сыйластыққа жетеледі. Сөйтіп, бұл адамның бүкіл саналы өмір жолында куəгердің біріне айналдым. Сол жылдар мені қандай ойларға жетеледі, нені ұқтырып, нені танытты? Əлденеше жылдар бойы сенімді серікке айналған əріптес інісі ретінде мен бұл кісінің қабілет-қарымын, болмыс-бітімін, азаматтық кескінін ең басты үш кезеңге бөліп əңгімелегенді жөн санадым. Неге десеңіз, бұл үш кезеңнің үшеуі де Əбекеңді жауынгер жан, тамаша азамат, үлкен ғалым, белгілі қайраткер етіп қалыптастырған белестер тəрізді!

Ерліктермен жазылєан єўмыр Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,

академик, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті.

Оның біріншісі – үлкен-кішіні түгел есеңгіретіп барып ес жиғызған Ұлы Отан соғысы. 17 жасар бала жігіт ел басына төнген қатерден қаймықпай, мыңдаған құрбыларының қатарында өзі тіленіп майданға аттанады. Соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, қан төгіп, даңқты жауынгер боп, ерлікпен елге оралады. Айтуға ғана жеңіл бұл жылдардың əрбір сəті ойлы адамға сан қилы оқиғаларды елестетер еді. Бір ғажабы, осынау қарапайым жанның сол жылдар туралы қайсыбіреулер сияқты төс қағып, міндет жасамайтыны. Əйтпесе, бес орденнің əрбіреуі жантүршігерлік ерлік туралы сыр шертерін кім біліп жатыр. 1941 жылы алған ІІІ дəрежелі «Даңқ» ордені, І дəрежелі «Отан соғысы» ордені, 1945 жылғы екі мəрте «Қызыл Жұлдыз» ордендері, əлденеше медалдары осының айғағы. Бұлар ерліктің жырын шертетін даңқты белгілер. Сұрапыл жылдардың əрбір сəтін шежіредей таңбалаған 12 медалдің жөні бір бөлек. Бұлар Əбекең өмірінің қиын-қыстау кезеңдері туралы сарнай жөнелер құжаттар. Екіншісі – соғыстан кейінгі бейбіт өмір тіршілігімен байланысты. Азыптозған, аш-жалаңаш елдің бейнеті мол, зейнеті аз тірлігіне белшеден бата жүріп, ол оқуын жалғастырды. Бейбіт күндер шуағына балқыған қайсыбір құрбылары сияқты бос қыдырысқа салынбаған Əбдуəли Туғанбайұлы шинелін иығынан тастамай жүріп университеттен білім алады. Сөйтіп, 5 жылды 3,5 жылда бітіріп, əуелі аспирант, сосын ғылыми қызметкер, кандидат, доктор, профессор, корреспондент-мүше, академик, ғылым қайраткері – міне, ол өтіп келген кейінгі өмір белестері. Оның əлемге əйгілі түрколог екенін, еңбегін бүкіл дүниежүзі бағалап отырған ғұламалығын айтып жату артық болар. Оны зиялы қауым түгел біледі. Тек қосарымыз – ғалымның бүкіл саналы өмірін Ана тілімізге бағыштап, оның қанат жайып қаулап өсуіне, мемлекеттік мəртебеге ие болуына орасан зор тер төгіп келе жатқаны. Ғылымды ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі тіпті бөлек. Тіл білімі саласындағы мамандардың өсіп-жетілуіне бас ие болып отырған да Əбдуəли Туғанбайұлы. Əбекең ғылым-білімге бет түзеп, ащы тер төккелі бері 55 жылдай болды. Бақсақ, ерлік майданда ғана емес, бейбіт өмір, белгілі кəсіпте де бола береді екен. Оның жүріп өткен əрбір жолы кейінгі ұрпаққа таптырмайтын өнеге. Қанша пысық болсаң да тағдыр бір басқа ғалымдық пен адамдықты, азаматтық пен имандылықты сирек береді. Оның қарапайым да кішіпейіл болмысынан өзгеде жоқ осындай қасиеттерді байқаймыз. Əбдуəли Туғанбайұлының үш бірдей тілді меңгеріп, солардың зерттеушісі, жоқшысы, сарапшысы болып отыруының өзі көптің көкейіне көп сырды ұялатпай ма? Бір жолы: «Осы сіз қай тілге жүйріктеусіз?» дегенім бар. Ол сонда біраз ойланып барып: «Қайсысын бұрын бастасам, сонымен еркін кете беремін», деді сабырмен. Иə, ол қазақ, ұйғыр, орыс тілдерінде еркін сөйлеп, еңбектерін осы тілдерде қатар əрі еркін жазады. «Тұлпар бой жасырады» демекші, Əбекең сонда да өзінің табиғи қарапайымдылығынан ешбір танған емес. Осы күні не көп, жарқылдақ көп. Бағзы бір ағайын кез келген əңгімені іліп əкетіп, кез келген тақырыпта жорғалай жөнеледі, алдыңды кес-кестейді. Содан да болар, көп жылтырақтың арасынан шын асылды табу оңайға түспей жататыны. Əбекеңнің ғылым жолындағы əуелгі табысы – «Қазіргі ұйғыр тілінің қос сөздері» деп аталатын кандидаттық диссертациясы. Бұған кезінде біреулер езу тартып, «өз тілінен неге қорғамаған» деп бетке шіркеу еткілері де келген. Ондайларға қырғыздың «Манасын» зерттеген Шоқан, Мұхтар, Əлкей тəжірибелерін айтсақ жеткілікті болар. Қашанда ернеуі толған ақыл астауынан сыртқа бір нəрсе ауыспай тұрмайды ғой. Əбекеңнің бүкіл түркі тілдерінің үздік

зерттеушісі қатарына қосылуы да оның осындай өзге жұртты алаламай, мəселені бар аумағымен алып қарастыратынынан. Əлемге əйгілі шетелдік ғұламалар – америкалық профессор Карл Менгес, неміс профессоры Гергард Дерфер, кеңес ғалымы Севортян, Тенишев т.т. оған, оның еңбектеріне берген бағасы аса жоғары. Бір ғажабы, жаныңда жүрген ақылпарасат иесін сырттағылар мақтағанда ғана бағалай бастайтынымыз бар-ау. Əбекең жалғыз ұйғыр емес, өзге туыс халықтардың ғылымына, мəдениетіне үлкен үлес қосып отырған жан. Түркі халықтары ішінен ол дайындамаған маман кем де кем. 600-ге таяу ғылыми ізденістер, оның ішінде 40-қа таяу кітап, ғылыми баяндама т.т. ғалымның бейбіт өмір жылдарында жасалған ерлігінің куəсіндей. Əбекеңнің қайраткерлік қажырын танытқан ең сүбелі де сапалы кезеңі – осы кейінгі 20-30 жыл шамасы. Біздің елде жаңсақ ұлттық саясаттың өте ұзақ дəурені жүріп, бет қаратпас болып тұрғандықтан қоғам дамуы мен тілдер дамуында кереғар сипат болғаны мəлім. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана емес, басқа да халық тілдері именшек күй кешіп, бұғып бақты. Ол құбылыс Əбекеңдей

Содан да болар, республикада Тіл жөніндегі заңға байланысты əңгіме үдеп берді. Міне, академик Əбдуəли Қайдардың əлемдік деңгейге шыққан ғалымдығымен пара-пар келетін адамшылық, кісілік, азаматтық қыры жарқ еткен тұсы осы. Тіл жөніндегі заңның нұсқасы көп болды. Соның ішінде өзгелерден бір демі артық деген қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, өнер адамдарының өзін жаңылтқан ойнақы нұсқалар аз емес-тін. Əсіресе, қазақ тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік мəртебе берілсін деген жоба жұтынып, иненің жасуынан өтіп кеткелі тұрған. «Қостілділік – достықтың қос қанаты» деген жылымшы тіркес миға салмақ түсіруге жоқ, жылтыраққа əуес көптеген ағайындардың аузынан шығып, биік мінберлерден естіліп жатты. Болар-болмас жылы қабаққа қағанағы қарық болып қуанып, үйренген қазақы психологияның шеңберінен шыға алмағандар: «Қазақтың тілін орыс тілімен теңестіріп қойса, екеуіне де мемлекеттік тіл деген мəртебе берсе, несі жаман?» – деп жалбақтады. Бірақ өмірде орын алып отырған, қалыптасып, əбден баттасқан жағдайды ой сарабына салуға олардың ақылы жеткен-

зейінді ғалымды бейтарап қалдыра алмады. Ол жөнінде Əбекең өз пікірін əрдайым ашық айтып келді. Ал сөзден іске, пікір айтудан күреске шығу 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін басталды. Сол 1986-1987 жылдары қазақ жеріне телегей теңіздей болып жатқан жаңа уақыт саясатының бір тамшысы осы Тіл білімі институты еді. Теңіздің дəмін тамшысынан білуге болады. Республикадағы саяси-əлеуметтік ахуал өте қиын болғаны баршамызға аян. Қазақстанға келген жаңа басшы Г.В.Колбин, əрине, дүрдараз болған халықтың бетін өзіне қаратудың жолын іздеді. Экономиканы күрт көтерем деу ақылға қонбайды. Ал халыққа ем берер, жүрегін жібітер бір іс керек-ақ. Содан болар, 1987 жылғы 3 наурызда қазақ жəне орыс тілдерін дамытуға ерекше көңіл бөлу жайлы қаулы дүниеге келді. Бірақ бұл ұлттық, тілдік мəселеге деген үстірт көзқарастан, тайыз пайымнан туған шара болатын. Рас, біраз жұрт қазақ сөздіктері шығатын болды, тілді дамытуды қолға алатын болдық деп əлдеқандай болып-ақ қалды. Шын мəнісінде, ол қаулы Мұзды мұхитқа тамған бір тамшы ыстық жас тəрізді еді. Одан ешнəрсе өзгере қоймасы кешікпей-ақ айқындала бастады. Арал теңізіндей тартылған қазақ тіліне шын жанашырлық жасайтын адам оған мемлекеттік мəртебе беріп, заңмен шегелеп тастауға тиісті-тін. Оны да Орталық Комитет пен институттың арасында сабылып жүрген Əбекең анық біліп отырды. Басқа республикаларда (Əзербайжан, Армения, Грузия, Латвия, Литва, Эстония) өз тілдерін мəртебелеп, заң қабылдай бастады. Осы самал бізге де жететініне ешкімнің күмəні болмады.

мен, табандылығы жетпей, дегбірі қашты. Оларды да түсінуге болады. Құдайдан мүйіз сұраймыз деп, құлақтан айырылып қалмаймыз ба деген жасқаншақ, əбден запы болғандық еді мұның сыры. Газет-журнал, радио-теледидардан пікірталас, тіпті, ашық айтыс жүріп жатты. Екі тілге қатар, мəртебе берілсе, бір саты алға ілгерілейміз деген алдамшы түсінік дендей бастады. Атақты ақын-жазушылар, арқалы ғалымдар осы шырмауға шатылып, қазақ тілінің халі тағы да мүшкілденуге шақ тұрады. Əрине, бұған көнуге болар ма еді, егер ана тіліміздің алқындысы ғана қалып тұрмаса, онымен бірге дəл осы Заң дүниеге келер болса, бұл анау-мынау емес, қазақ тіліне берілген ең соңғы, ақтық мұрсат болмақ. Міне, кім-кімге де дəл осы ащы шындық, басы ашық ақиқатты түсіну керек-тін. Ол төніп келген тажалға тайсалмай қараумен бірдей еді. Əбдуəли Қайдар дəл осы тұста өзінің жалғыз варианты – тек қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілуі, орыс тілінің ұлтаралық қатынас тілі болуы, басқа халықтар тілінің дамуына жағдай жасау позициясынан бір сəт толқыған жоқ. Г.В.Колбин: «Осы академиктер ақшаны не үшін алатынын білмеймін. Жолдас Қайдаров! Сізге айтылды емес пе, «Қостілділік – достықтың қос қанаты!» – деп. Бұдан артық сіздерге не керек? Қазақ тілін орыс тілімен теңестірсек болмай ма?!» – деп зекіді. Г.В.Колбиннің даусы қатты-қатты шыққан. Бірақ Əбекең қызбалыққа салынбай, өзіне тəн биязылықпен, тіл білімінің үлкен маманы ретінде, өмірдегі тілдер теңсіздігін қоса дəлелдеп, қарсы пікір айтқан. Г.В.Колбин сонда: «Жолдас, Қайдаров, сіз басы бұлғақтап жүрген ешкімнің есебінде

жоқ еркін суретші емессіз. Қалтасында партбилеті бар институт директорысыз», – деуге дейін жетті. Бұл ауыр күндер қазір ұмытыла бас тағанмен, жүрекке салмақ салып кетті. Академик Əбдуəли Қайдарды осы əңгіменің маңында жүрген адамдар кеше көрген жоқ. Ешқандай буынсыз жерге пышақ ұрмайтын, уəжсіз сөйлемейтін, ұсақ саясатшылдыққа жоламайтын, ар жолы, иман жолымен жүретін адам осы тұста неге сонша сіресті екен деп сонда басшылар да, қосшылар да ойлана бастады. Сол тұста біраз ғалымдар, жазушылар, өнер қайраткерлері қос тілділікке үн қос деген əңгімеге тартылды. Ол сөз жоқ, əркімді толқытты. Дегенмен, көпшілігіақ халық мүддесін ойлайтын мақалалар жариялай бастады. Ал Ə.Қайдардың мақалалары редакцияларда сарғайып, жарық дүниеден үмітсіз жатқан. Оның авторына мақалаңды жариялайық, тек, қостілділікке қол көтер деп телефон да соғылды. Мəселе бірді-екілі мақалада ма еді? Мəселе қазақтың тілі, тілмен бірге өзінің де я бар, я жоқтығында еді. Күндердің бір күнінде осы ұшы-қиырсыз күресте үнемі жалғыз келе жатқан Ə.Қайдарға филология ғылымдарының докторы, ұлты украин Александр Николаевич Гарковец қосылды. Одан соң Орталық Комитеттің хатшысы Ө.Жəнібековтің тапсырмасымен Идеология бөлімінің меңгерушісі, М.Жолдасбеков Ə.Қайдардың пікіріне саятын хаттардан шолу жасап, Г.В.Колбиннің алдына апарып тастайды. Жəне аз уақыттан соң бұрынғы екпін ауаны сəл бəсең тартқан, біріншіге идеология жөніндегі хатшы Ө.Жəнібеков былай дейді: «Геннадий Васильевич! Мнение большинства все больше и больше склоняется в пользу позиции академика Кайдарова. На предстоящей сессии мы как бы не оказались в гордом одиночестве…». Осыдан соң Г.Колбиннің қырыс мойны иіле бастаған-ды. КСРО Халық депутаттарының бірінші съезі өтті. Қазақстан басшылары алмасты. Сол ауыс-түйістен соңғы алғашқы жиналыстардың бірінде Н.Ə.Назарбаев қазақ тілінің жаншылып қалған жағдайын, оны көтеру үшін, қиындықтан құтқару үшін жеке өзіне ғана мəртебе беру керектігін, орыс тіліне еш тосқауыл жасамай, басқа тілдерге де кеңдік жасау керектігін шегелеп айтты… Бұл да болса уақыттың өз қазанында пісіп-жетілген құбылысы еді. Қазақша сөйлейтін, өз ана тілін қадірлейтін, өз ұлтын мақтан ететін, өз тарихы мен мəдениетіне жаны ауыратын саяси қайраткерлер легі келді. Соның нəтижесінде Ə.Қайдар секілді таразы адамдардың арқасында Одақта барынша əділетті, барынша кең, жан-жақты ойластырылған Қазақ КСР-інің «Тіл туралы» Заңы қабылданды. 1989 жылғы қазан айының 21-інде республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Оның тұңғыш президенті болып Əбдуəли Туғанбайұлы Қайдар сайланды. Ол халқының тағдыры үшін күресті. Халық оны дұрыс бағалап, өзінің əппақ үмітінен жаралған «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болуына бір кісідей қол көтерді. Ғылым. Ғалым. Ғылым, сірə, теңіздің табанында жатқан маржан болса, ғалым сол тұңғиықтан маржан ілем деген сүңгуір іспеттес. Асылға, маржанға кім қызықпайды, кім талап қылмайды?! Алайда, оған əркімнің шамасы, демі жете берген бе? Ішкі қуат, көрік демді адам болмаса маржан оңай ілінбейді, таптырмайды. Су түбі тереңдеген сайын ол қарауыта береді. Бар мен жоқты ажырату үшін көкірек көзі керек болар. Оған келгенде жаратылыс сараң. Ал Əбекеңдер сол тұңғиықта еркін жүзіп, інжу-маржанның өзін таңдайтын ғалымдар санатынан. Олай деуге негіз баршылық. Академиктің қаз-қатар алып келе жатқан ізденіс салалары шамамен былай болып келеді: тіл тарихы жəне этимологиялық ізденістер, түркі тілдеріндегі қос сөздердің жасалу жайы, лексика-грамматикалық түркі синкретизмдері, плеоназмдар, бөлінбейтін сөздердің өлі түбірлері… Осы секілді тақырыптар төңірегінде көп еңбектер жазылып, жарық көрді. Мақал-мəтел, фразеологизмдердің мағынасын ашу, қазақ тілінің этнологиялық лексикасын тереңдете зерттеу, этностар мен рутайпа бірлестігінің атауларын тарихилингвистикалық тұрғыда қарастыру, алтаистика проблемалары… Бұл тізбе де Əбекеңнің кең қамтып, түренді терең салып жасаған еңбектерінің бəрі емес. Оның сыртында алпыстан астам ғылым докторы мен кандидатына диссертация қорғатқаны жəне бар. Олар қазақ, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, якут, моңғол боп келеді. Жарық көрген еңбектері жеті жүздің үстінде. Оның бəрі де қиындықпен келген қымбат туындылар. Мұның бəрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Бəріне бағасын беру үшін соны жасаған адам жайлы айту керек. Ал өз басым Əбекең туралы осы уақытқа

дейінгі жазғандарымда, жұрт алдында айтқандарымда ойымды сарқа жеткізе алдым деуден аулақпын. Үлкен ғалым туралы мерзімді басылымдарда көп жазылды, əр қырынан көрсетілді, əлі де жазылып жатыр. Сірə, сол Əбекең туралы очерк, мақала, интервьюсұхбаттар ғалым портретінің шағын фрагменттері шығар. Мұндай тұлға туралы үлкен еңбек жазылмайынша мақсатқа жете алмаймыз. Осыны толықтыра алатын бір жай бар. Ол Əбекеңнің этимология бағытындағы еңбектерінің əлемдік аренадағы аса ірі түркологтар – ағылшын профессоры Джерар Клоусон (ХІІІ ғасырға дейінгі түркі тілдерінің этимологиялық сөздігін жасаған), мажар ғалымы, профессор Арман Вамбери («Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінің» авторы), советтік ғалым, профессор Эрванд Владимирович Севортян («Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінің» авторы) еңбектерімен терезесі тең аталуы. Академик Ə.Қайдардың ғылыми орбитасы кең де көлемді. Оның тіл тарихы, этимологиясы, яғни сөздер төркіні, мағынасы көмескі сөздер мен оның бөлшектері, түркі тілдеріндегі қос сөздер табиғаты т.т. толып жатқан проблемалар төңірегінде туған теориялық ойлары мен болжамдары, дəлелдемелері бүгінгі қазақ тіл білімінің мерейін бұрынғы одақтық жəне əлемдік сапаға, ғылыми биікке көтеріп отырған туындылар. Қазақ, ұйғыр, орыс тілдеріндегі бейнелі сөздер табиғаты, мақал-мəтелдер сыры, фразеологизмдер жайы да оның үнемі қадағалап қарастыратын объектісінің бірі. Осылар жайындағы түбегейлі ойларын түйіндеп, жұртшылыққа ұсынды. Ал қазақ тілінің этнолингвистикалық проблемалары жайында жинаған материалдары, фонетикаға, грамматикаға, ономастикаға, орфографияға жəне терми нологияға байланысты əлденеше зерттеулері өз алдына бір төбе əңгіме. Түркі-монғол тілдерінің өзара байланысы жайында да терең толғаныста пікір айта білетін ғалым, тіпті алтаистика (түркі, моңғол жəне жапон тілдері) проблемасы төңірегінде де тың ойлар өрбітіп жүр. Мұның сыртында əйгілі түркологтар өмірі мен творчествосы хақында тебірене жазған ғылыми очерктерінің де маңызы ерекше. Теоретик ғалымның көп жылғы ізденістерінің нəтижесі 1985 жылы Қазақ КСР-інің «Ғылым» баспасынан «Қазақ тіліндегі бір құрамды түбір мен негіздердің құрылымы» деген атпен орыс тілінде басылып шықты. Көлемі 20 баспа табақтан асатын бұл еңбек түркологияда ежелден қалыптанып тұрақтана бастаған беделді пікірлердің біразын сынға алып, батыл түйін жасайды. Ол қазақ тілі құрамында көне заманнан бері келе жатқан жеке сөздер мен өлі түбірлерді тірілтіп, түркі сөздер морфемасы, атомарлық лексика туралы тың ойлар айтады. Яғни тілдің əлгіндей бөлшектерін терең тексере отырып, оның эволюциялық даму жолын анықтайды. Ал 1986 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан «Түркологияға кіріспе» (М.Оразовпен бірге) еңбегі осы ғылым саласының табыстары мен жетістіктерін кеңірек əңгімелейтін алғашқы жинақы жұмыс болды. Бұл аталған екі еңбек те тез арада тарап кетті. Оны қазір таба алмайсыз. Жер-жерден, тіпті шетелдерден келіп жатқан өтініштер бұл зерттеулер сапасының қаншалықты екенінен хабар береді. КСРО ҒА академигі А.Н. Кононовтың, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі Э.Р. Тенишевтің, əйгілі түркологтар – швед ғалымы Гуннар Яррингтің, неміс ғалымы Гергард Дерфердің, америка ғалымы Карл Менгестің т.с.с. əлемге танымал ғұламалардың Əбекең еңбектеріне назар аударып, аса жоғары бағалағанын да мақтанышпен еске аламыз. Жасыратыны жоқ, əралуан қоғамдық қызмет атқара жүріп, соншама мол ғылыми туындыларды бірінен соң бірін толассыз беріп келе жатқан ғалым қаламының жүрдектігіне таң қаласың. Бұл, біздіңше үлкен білім иесінің еңбек сүйгіштігінің, ғылыми зейінділігі мен ерекше зердесінің нəтижесі. Ол қай кезде де, қандай жағдайда да неше алуан ғылыми идеялар құшағында, сан түрлі жоспар-жорамалдар əлдиінде жүреді. Осыдан байқалатынындай, Ə. Қайдар жарты ғасыр барысында екі тілді (қазақ, ұйғыр) түбегейлі зерттеп, ғылыми ойтолғауларын үш тілде (қазақ, ұйғыр, орыс) бірдей жазып келді. Бұл процесс күні бүгін де жалғасын тауып отыр. Басылған, жарияланған еңбектер көлемі 600 баспа табақтан асады, ал басылымға дайын тұрғаны да осы шамалас. Кең көлемде алып қарасақ (солай ету керек те) тіл білімінің сөз байлығы, сөз тану, сөз төркіні – этимология, жер-су, рутайпа, кісі аттары – ономастика, ғылым, білім, техника атаулары – терминология, тұрақты тіркестер – фразеология мен паремиология, сөз мағынасы мен мəнін айқындаушы – семасиология сияқты жеке-жеке салаларын қамтитын лексикологияны Ə.Т. Қайдар көптеген жылдар бойы қызыға да құныға да қарастырып, нəтижелі еңбектер туындатып келе жатқан саласы деп айтуға əбден болады. Біз білетін Əбекең міне осындай адам. Қадірлі зиялы қауым, сөйтіп, ол үш бірдей ерлік жолынан өтті. Олар жоғарыда атап көрсетілгендей – Ұлы Отан соғысында жасалған ерлік, екіншісі – бейбіт еңбек пен ғылым жолындағы ерлік, үшіншісі – таласқа түскен қазақ тілін мемлекеттік мəртебеге ие ету жолындағы қайтпас қайсарлық. Міне, осы аталғандардан ғалымның ерен тұлғасы өркештеніп көрініп тұрғандай емес пе? АЛМАТЫ.

Ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету ќадамы Астанада Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-елдердің қауіпсіздік жəне арнаулы қызмет органдары басшылары кеңесінің кезекті 37-ші отырысы өтті. Онда халықаралық террорлық ұйымдар тарапынан төнетін лаңкестік қауіптерге қарсы тұру аясында ТМД елдерінің қауіпсіздік жəне арнаулы қызмет органдарының ынтымақтастығын дамыту мəселелері қаралды. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз етуші халықаралық күштің негізгі бөлігі шығарылғаннан кейін Достастық елдері аймағында терроризмнің белең алу мүмкіндіктеріне қарсы күрес шараларын бірігіп қамдану мəселелері қарастырылды. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Арнаулы қызмет басшылары ТМД елдері арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығы мен өзара əрекет етуінің тиімділігін арттыру мəселелерінің кең саласын, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдар тарапынан болатын қауіп-қатерлерге қарсы əрекет етудің өзекті мəселелерін қозғады. Ресейдің қауіпсіздік қызметінің ұсынысы бойынша Кеңес мүшелері террористік актілерден көлік инфрақұрылымдары нысандарын қорғауды қамтамасыз ету мəселелерін де ортаға салды. Аталған ҚОБК отырысы барысында халықаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Достастық елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің ынтымақтастық тетігін одан əрі жетілдіру, көлік инфрақұрылымы нысандарының қорғалуын қамтамасыз ету жағдайы да назардан тыс қалмады. Бұдан басқа ТМД мемлекеттері қатысушыларының терроризмге қарсы орталығы қызметін жетілдіру тұжырымдамасы жобасы бойынша шешім қабылданды. Бұл жөнінде 2014 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ресей, Беларусь жəне Қазақстан аймақтарында «Жетісу-Антитеррор-2014» терроризмге қарсы жаттығулары туралы орталық жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Аталған оқу-жаттығу шараларының тəжірибелік кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі, Беларусь Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жəне Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері террорис тік ықтимал шабуылдардың алдын алу жəне болдырмау операциялары бойынша өзара əскери сынақ жаттығуларын жүргізген болатын. Шара барысында қатысушы мемлекеттердің террористік топтарға қарсы əбжіл қимылдайтын жедел топтарына күрделі тапсырмалар беріліп, əскери өнердің барлық түрінен арнаулы жаттығулар реті атқарылды. Далалық аумақтағы жəне қала жағдайындағы ісқимылдар, мемлекеттік мекемелерге басып кірген жəне кепілге кісі ұстаған жанкешті топтармен күрес, террористер мінген көліктерге, сондай-ақ, содырлар жасырынған əскери базалар мен үйлерге, террористердің радиоактивті қару сақтайтын қоймаларына шабуыл жасап, қанқұйлы əрекеттердің алдын алу секілді аса күрделі де жауапты операциялар тыңғылықты атқарылды. Мұндай біріккен антитеррористік əскери оқужаттығулар Қазақстан аумағында үш мəрте өткізілді. Бұл орайда айта кетер жайт, ТМДға қатысушы-мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызмет басшыларының кеңесі – арнаулы қызметтердің халықаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жəне басқа да келісілген қызмет салаларындағы өзара іс-қимыл жасауы мен əрекеттерін үйлестіру үшін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 1997 жылғы 28 наурыздағы шешімімен құрылған. ҚОБК – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің Достастық елдері арнаулы қызметтерінің құзыретіне кіретін мəселелер жөніндегі органы болып табылады. Кеңес алдындағы міндеттерді ескере отырып, ҚОБК-нің негізгі күші ТМД қатысушы-мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің терроризмге жəне экстремизмнің өзге де күш көрсету көріністеріне, тарансұлттық ұйым дасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығын одан əрі дамытуға бағытталған. Бұл ретте қол жеткізілген уағдаластықтардың, бірінші кезекте келісілген жедел-іздестіру шараларын өткізу саласындағы, тəжірибелік тетіктерін жетілдіруге айрықша назар аударылады. Кеңесте төрағалық етуді ҚОБК мүшелерінің келісілген шешімі бойынша Ресей ФҚК директоры жүзеге асырады. Аталған ҚОБК отырысында ТМД Атқару комитетінің жəне терроризмге қарсы орталығының делегациялары, сондай-ақ бақылаушылар ретінде Германия, Италия, Испания жəне Франция арнаулы қызметтерінің өкілдері қатысты. Сол сияқты мұнда 2015 жылға арналған ТМД терроризмге қарсы орталықтың шаралар жоспары талқыланды.


ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Бўќтырма су ќоймасына кґпір салынады Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін өткел мəселесінің өткірлігі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Аталған жайт таяуда Күршім ауданының қоғамдық кеңесінің отырысында да талқыланған болатын. Күршім ауданының əкімі Алтайбек Сейітовтің айтуынша, Бұқтырмадағы өткел – аудан тұрғындары үшін стратегиялық маңызды мəселенің бірі. Облыс басшылығы өткел мəселесін паром сатып алу арқылы шешуді қарастырған. Алайда, аталған мəселе өзекті күйінде қалып отыр. – Біз өткел үшін жаңа теплоход сатып алу мəселесін көтердік. Ресейге барып, теплоходтардың тиімді нұсқаларын да таңдадық. Бірақ бұл кемелер өте қымбат тұрады. Ал тасымал шығынын

қоса есептегенде бағасы мүлдем аспандап кетеді. Сондықтан қолда бар теплоходтарды коммуналдық меншікке қайтару керек болды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей араласуымен мемлекеттің балансына 2 теплоход қайтарылды. Бүгінде оның бірі жұмыс істеп тұрса, екіншісі жөндеуден өтуде. Жақын арада пайдалануға беріледі, – деді Алтайбек Сейітұлы. Бұқтырма су қоймасындағы жүзу маусымы мамырдан қазан, қараша айларына дейін созылады. Күнделікті таңғы сағат 6.00-ден

кешкі 8.00-ге дейін кеме қос жағаға 15 мəрте қатынайды. Десе де, паром көктем мен қыс мезгілінде тоқтайды. Бұл уақытта ауданмен байланыс мұз үстіндегі өткел арқылы орнайды. Мұның өзі табиғаттың райына байланысты дүние. Оның үстіне мұз үстінде келе жатқандықтан адам өлімі, жүк пен көліктің суға батуы да орын алуы мүмкін. Сондықтан көпір мəселесі өте өзекті күйінде қалып отыр. 2013 жылдың 15 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының əкімдігі мен оңтүстіккореялық компания мемлекет-жекеменшік əріптестігі шеңберіндегі өзара əріптестік туралы меморандумға қол қойған болатын. Тараптар облыстық маңызы бар Үлкен Нарын – Күршім жолына шығу үшін Бұқтырма арқылы жаңа көпір өткелінің құрылысын бірігіп жүргізу жөнінде келісімге келген

еді. Бүгінде облыстық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автокөлік жолдары басқармалары мемлекетжекеменшік əріптестігінің өңірлік орталығымен бірге инвестициялық ұсынысты толық қарап шықты. Аталған көпірді концессиялық қаржымен жүзеге асыруды бекіткен соң концессиялық ұсыныс бірқатар сараптамадан өтуі тиіс, деген болатын жолаушылар көлігі жəне автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мира Нұрпейісова. Оның айтуынша,

автокөлік көпірінің ұзындығы 1300 метр, ені 13 метр болмақ. Көпір Бұқтырма су қоймасының Күршім ауданының Құйған ауылы маңындағы енсіз тұсына салынатын болады. Бүгінде аталған жобаның мөлшерлі көлемі 20 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайды. Жоба 2015-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Өткел мəселесінің өткірлігі туралы аудан тұрғындары, оның ішінде қоғамдық кеңес мүшелері де, медициналық қызметкерлер де айтып келеді. Міне, күршімдіктер көптен күткен осы мəселе оң шешімін таппақ. Өңір басшысы оңтүстіккореялық «POSKO e&c» жəне «TEC Simecheon» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Өс ке мен қаласындағы 300 орындық көпсалалы ауруханамен бірге Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының мəселелері де талқыланды. – Ұзындығы 2 шақырымға жетеғабыл көпір құрылысының құжаттары əзір. Енді тездетіп жұмысқа кірісу ғана қалды, – деді облыс əкімі. Ал 300 орындық аурухана құрылысының мəселелері Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінде жан-жақты қарастырылып жатыр. Айта кету керек, бұл жобалардың жалпы құны 230 млн. АҚШ долларын құрайды. Кездесуде «POSCO e&c» компаниясының ТМД елдері бойынша өкілі Хон Дан Кван өңір басшысына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіре отырып, «Біз заманауи емхана мен жаңа көпірдің құрылысы тезірек жүзеге асуы үшін бар күшімізді саламыз», деді. «POSCO e&c» компаниясы құрыш құю өндірісі мен түрлі өндіріс саласында əлемдегі жетекші құрылыс компанияларының бірі саналады. Бұл орайда «TEC Simecheon» инвестициялық компаниясының өкілі Хер Нам Чер де Шығыс Қазақстан облысымен əріптестік байланыс орнатуға дайын екенін атап өтті. Шығыс Қазақстан облысы. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.

Ґндіріс ґрге басуда

Қарағанды аймағында тоқтап тұрған кəсіпорындар жұмысы қалпына келе бастады Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл күнде өндірісті өңір өміріндегі жағымды бір өзгеріс, бұған дейін түрлі киындықтар мен кедергілерге байланысты істі тежеп қана қоймай, мүлдем тоқтатуға мəжбүр болып келген кəсіпорындардың біразы оны қайтадан оңалтып, істі ширатуға бет бұрып жатыр. Атап айтқанда, алды екі-үш жылдан бері осындай тығырыққа тірелген 27 өндірістік буынның 6-уының тынысы күннен-күнге кеңейіп келеді. Бұлардың қатарында Теміртау мен Шахтинскідегі «Бидай нан» ЛТД жəне Со», «Астана Power Ingeniring» ЖШС кондитерлік тəттілер жəне

кірпіш пен ұн өнімдерін шығаруды жандандыруға кіріссе, сондай-ақ, Сарандағы «Тау-кен Темір» ЖШС барит концентраты өндірісін дамытуды мықтап қолға алды. Жұмыс қалпына енген уақыттан жалпы өнім көлемін 700 миллион теңгеден асырулары жағдайлары жақсара түсуін көрсетумен бірге, олар орналасқан аталған шағын қалалардың 400 тұрғыны еңбекке қамтылуы жұртты қуантты. Артта қалушыдан алға ұмтылушылар сапына қосылушылардың санын тағы да 10 кəсіпорын толықтырмақтағы жергілікті өндірісшілер жолы жанып, қадамы қарыштауына жəне бір дəлел. Солардың ішінде керамикалық кірпіштер, дайын металл

бұйымдарын, синтетикалық жуу құралдарын өндіретін, металл өңдейтін «Keratek», «Темір, «Монета Дитердженте», «Ақ Төбе КТ» ЖШС зауыттары таяу арада толық қуаттарына көшеді. Ал жаңа жылдан бастап мұндай кəсіпорындардың қатары өскелі тұр. Болжам бойынша, мұның өзі өңір өндірісі көлемін 3-5 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көбінің тынысы əсіресе, моноқалалармен біте қайнасуы өзгерістер шырайын аша түсуде. Аймақтың өнеркəсіптік əлеуетін нығайтуға арналған осынау бағыттағы іс-шаралар барысы бақылауға алынып, қатты қадағаланып отыр. Қарағанды облысы.

Бесќоcпаєа газ тартылды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жыл өткен сайын өмірімізге оң өзгерістер екпіндей еніп, тұрмысымыз түзеліп келеді. Соның айқын дəлелі шағын ауылдарда да көгілдір отынның игілігін көре бастауы дер едік. Жақында Бестамақ ауылдық округінің Бесқоспа елді мекенінде салтанатты жағдайда газ құбырлары іске қосылды. Бұл ауыл Алға қаласынан 26 шақырым жəне облыс орталығынан 35 шақырым қашықтықта орналасқанымен бұған дейін көмір мен қи жағып келген болатын. Ауылда соңғы жылдары əлеуметтік нысандар салынып, халықтың тұрақтауына алғышарт жасалуда. Мұнда 60 орындық орта мектеп құрылысы жүргізілуде. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 70 миллион теңге бөлінген. Жаңа мектеп алдағы жылы пайдалануға берілетін болады. 1950 жылы салынған мектепте қазір 70-ке жуық бала оқиды. Ауылда іске қосылғанына үш жыл болған жаңа медициналық пункт жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы «Өңірлерді

7

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

дамыту» бағдарламасы аясында 1,1 миллион теңгеге ауылдың төрт көшесі жарықтандырылды. Бесқоспа ауылын сумен қамтамасыз ету жобасының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама да əзірленіп қойылыпты. Мұнда шағын жəне орта бизнестің 9 нысаны жұмыс істейді. Биыл ғана «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында «Ганиев» жеке кəсіпшілігі мал шаруашылығын дамытуға 3 миллион теңге несие алды. Ауылды газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 71 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Влад» ЖШС жүргізген. Енді осындағы 67 үй көмір мен қи жағып, күл шығарудан босатылады, көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Олардың қатарына медициналық пункт жəне қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан орта мектеп сияқты əлеуметтік нысандар да қосылады. Ауылға газ келуіне байланысты болған салтанатты жиынға бесқоспалықтар тайлы-таяғы қалмай жиналды. Бір бүйірдегі

шағын ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Аудан əкімі Асқар Шериязданов бесқос палықтарды құттықтап сөз сөйледі. – Бүгінгі таңда ауданы бойынша 10 елді мекен немесе жалпы тұрғындардың 76,1 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Он күннен кейін «Ақтөбе-Қобда» магистралды газ құбырының бойында орналасқан Маржанбұлақ жəне Қайыңдысай ауылдарында газ құбырларын іске қосу көзделуде. Өткен жылы газ құбыры жеткізілген Қарақұдық ауылына 2015 жылы ауылішілік газ құбырларының құрылысы жүргізіледі Сондайақ, Қарақобда, Ақай, Көлтабан, Көктоғай, Тікқайың ауылдарын газдандырудың техникалықэкономикалық негізде мелері əзірленуде. Осы жобалар жүзеге асырылған соң 18 елді мекендегі 35383 тұрғын көгілдір отынның игілігін көретін болады немесе көрсеткіш 88,4 пайызға дейін жоғарылайды, – деді əкім. Ақтөбе облысы, Алға ауданы.

Жўмыссызы жоќ ауыл Семейге іссапарға барғанымызда қаланың түбіндегі бір озық шаруашылық жайында естідік. Ол Семей қаласын, сонымен бірге Өскемен, Астана, Алматыға дейін өнімдерін шығарып, түгел аймақты көкөніспен қамтамасыз етіп отырған «Приречное» шаруашылығы еді. Көкөніс жүрген жерді көбінесе неміс, орыс, корей халықтарының өкілі басқарады ғой. Мына шаруашылық та сондайдың бірі шығар деп ойлағанбыз. Сөйтсек, олай болмай шықты. Құнарсыз жерде шаруашылығын гүлдендіріп, ең алдыңғы əлемдік технологияларды қолданып отырған өз қандасымыз Мұхит Тұмабаев есімді жігіт ағасы, іскер азамат екен. Израильдіктер сияқты, бонитеттік балы өте төмен жерден жоғары өнім алып отыр. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Семейдің түбіне орналасқан бұл кеңшар кезінде тек шошқа өсірумен айналысыпты. Ол кезде тұрғындар тегіске жуық неміс халқының өкілдері екен. Семейден 500 шақырым жерде орналасқан Үржар ауданындағы Елтай ауылының тумасы Мұхит Тұмабаев Семейдің зоотехникалық-малдəрігерлік институтын бітіріп, 35 жыл бұрын осында қызметке келгенде мамандар арасында бірде-бір қазақ жоқ екен. Бұрын шошқа көрмеген басым енді оны емдеп, арасында жүру деген бір азап болды. Оның үстіне шошқаға жемазық ретінде Семейдегі барлық «общепиттің» жуындылары мен қалдықтарын береді. Өзі шошқа болса, жейтін тамағы анадай болса – ол жердің иісінің қандай екенін өздеріңіз болжай беріңіздер. Қазақ баласына мұндай жерге шыдау мүмкін емес, тіпті, үйге келгенде де үстіңнен иіс шығып тұратын тəрізді. Бірақ, соған қарамай, «қазақтар жұмыс істей алмайды» дегізбейін деп намысқа тырысып, шыдап бақтым, дейді ол. Мұхаң тумысынан тиянақты, ұстаған дүниесін берік қармайтын жан екен. Егер сол жылдары жұмысына бей-жай қараған біреу болса, жұмысқа беріліп істейтін неміс тұрғындар оны бірден əшкерелеп, жағаға лақтырылған тесік қайықтай ығыстырып тастар еді. Жұмысты жаман істемеген болуым керек, айналасы бір жылда, 1980 жылы мені бас мал дəрігері қылып тағайындады. Бұл орынға бұрыннан істеп келе жатқан екі неміс əйелі таласқан еді, бірақ директор жас та болсам мені таңдады. Өйткені, жұмысқа көндігіп, таңертең ерте тұрып, кеш жатып, зыр жүгіріп жүремін. Сол ынталылығым ұнаған болуы керек. Жасыратыны жоқ, бұл сенімге қуанып қалдым. Содан жұмысқа бұрынғыдан да тиянақты болып, қатаң тəртіп енгізіп, мал қораларына ешкімнің мəшинесін немесе бөтен адамды енгізбеуді жолға қойдым. Еңбегім жанып, ауру азайып, мал басы көбейе бастады. Қысқаша айтатын болсам, осы жерде табан аудармай 11 жыл еңбек етіп, қабылдап алған 5 мың басты 35 мыңға дейін жеткіздік қой. Директорлық курсты оқып келген соң, 1991 жылдардың басында мені директор етіп тағайындады. Бұл кезде кеңшардың негізгі халқы – неміс өкілдері өздерінің атақоныстарына жаппай көше бастаған. Олардың орындарына қазақ тұрғындарын қабылдай бастадым. Шошқаның санын да азайтып, қазақтың ақбас сиырларын өсіруді қолға алдық, дейді ол.

Атыраудыѕ їздік тауарлары Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырауда өндірілетін отандық тауар көп. Əрине, сапалық деңгейі де жоғарлап келеді. Дегенмен, бəрін бірдей болмағанмен, тұтынушы қалауына ұнаған тауарларға қызығушылық əр кез артатыны даусыз. Тамыз айында өткізілген «Атыраудың үздік тауарлары-2014» аймақтық көрме-конкурсына 30-дан астам жергілікті тауар өндіруші кəсіпорын қатысқан болатын. Жақында қорытындыланған көрме-конкурстың нəтижесінде əр сала бойынша үздік тауарлардың иелері анықталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясының бірінші жүлдесі бұрғы қашауларын шығаруды қолға алған «Жігер мұнайсервис» серіктестігіне берілді. Осы номинацияда «РауанНалко» серіктестігі мен «Селбаева» жеке кəсіпкерлігі екінші жəне үшінші орындарды бөлісті. «Халық тұтынатын үздік тауар» аталымында «Уразбаева», «Кибаева» жеке кəсіпкерліктері мен «Жеті қыз» тігін ательесі үздік үштіктің қатарынан көрінді. Махамбет ауданындағы «Сарайшық», атыраулық «Тілекші» жəне «Наз-гүлім» (Қызылқоға ауданы) шаруа қожалықтарының өнімдері «Үздік азықтүлік тауары» номинациясының үздіктері болып танылды. – Биыл жетінші рет өткізілген көрме-конкурсқа қатысушы бизнес қауымдастығы өкілдерінің саны артып қана қоймай, сапалық тұрғыдан ілгерілеу анық байқалды. Бұл кəсіпкерлердің арасынан ең үздік тауар өндірушіні анықтап, лайықты бағалау да оңайға түспеді, – деді облыс əкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев. Атырау облысы.

Жекешелендіру келгенде алдымен кеңшарды тұтасымен ұжымға сатып алып, одан, 1993 жылы, заңды жолмен жұрттың пайларын жинап, жекеменшікке айналдырған екен. Ал бұл несие алуға мүмкіндік береді. Осы жылы Қазақстанда алғашқы болып голланд əдісімен картоп егуді қолға алады. 2,5 млн. доллар несие алып, 1996 жылдан бастап суару жүйесін жасап, Ертістен су тарттыратын қондырғылар орнатып алады. Балл бонитеті

12-13-тен аспайтын құнарсыз жерде көкөніс өсіру оңай емес, бірақ соған қарамай жақсы өнім ала бастайды. Əрине, бұл айтарға ғана оңай істер. Ел экономикасы барлық сала бойынша тұралап, кеше ғана жайнап тұрған кеңшарлардың көбі тарап, шашылып жатқан кезде жаңа бағытты игеру оңай ма? Бірақ директордың талмайтын қажыры, күндіз-түні шапқылап, аттан түспей тырмысқанына орай аққан тердің бағасы үлкен баққа айналады. Қазір «Приречное» десе сапалы көкөніс өнімдері көзге қатар елестейді. Біз барған кезде де (қыркүйектің басы) шашыраған су күн сəулесіне шағылысып, көкөністер техникалармен суарылып жатты. Танаптардың бəрі қолмен қойғандай түп-түзу етіп бапталған. Құтты озық шетелдердікіндей, бір кем емес. Картоптың сабақтары бұл уақытта дəрімен «өлтіріліп», топырақ пен судың құнары дəнге жіберіледі екен. Сөйтіп, гектарына 30 тоннадан сапалы картоп алынады. Оларды, жоғарыда айтқанымыздай, Семейдің сауда орындарына ғана емес, Алматы, Өскемен т.б. қалаларға жеткізетін жүк тасымалдайтын көліктері де бар.

Тұқымды үш жылда бір рет ауыстырып отырамыз. Ғылыми талаптарды орындап отырмасаң, жақсы нəтижеге жету мүмкін емес. Барлық жұмыстар ғылыми негізделген əдістермен атқарылады. Соның арқасында өнімділік еуропалықтармен бірдей, дейді директор. Шаруашылық, жалпы айтқанда, 1700 гектар жерді суарып, өнім алып отыр. Соның 40 пайызы көкөніс. Биыл соның 300 гектарына картоп, 58 гектарына сарымсақ, 34 гектарына сəбіз, 38 гектарына қырыққабат, 10 гектарына қызылша егіпті. Бұдан басқа шаруашылықтың 1500 бас асыл тұқымды қара малы бар. Негізінен қазақтың ақбас сиыры. Оларға қажетті жемазықты қолдан өсірмесе басқа жерден табу қиын. Сондықтан шаруашылық 270 га. жерге жоңышқа, 150 га. жерге жүгері, 150 га. жерге біржылдық шөп т.б. өсіреді. Жыл бойы алдымен егіп, одан суарып, одан дəрілеп, одан арам шөбін отап, одан ауырғанын емдеп т.т. тыным таппай еңбек еткеннің арқасында

құнарсыз жерден жыл сайын 7-9 мың тоннадай картоп, 2,5-3 мың тоннадай сəбіз, 2,5-3 мың тоннадай сарымсақ, 3 мың тоннадай қырыққабат жəне 600 тоннадай қызылша өндіреді. Сатқанынан қалғанын сақтайтын 14 мың тонналық қоймалары да бар. Енді екіншісін салуды қолға алмақ. Сондай-ақ 6 мың тоннадай сүрлем, 7 мың тоннадай сенаж, 3 мың тоннадай шөп, сабан, арпа, сұлы дайындайды. Шаруашылық осынау танаптардың бəрін ғылыми талаптарға сəйкес егіс орындарын жылда ауыстырып, оның үстіне минералды жəне органикалық тыңайтқыштарды орнымен пайдаланып отырғанның арқасында жоғары өнім алуға қол жеткізіп отыр. Жалпы, көкөніс өсірудің машақаты өте көп, онымен күнде айналыспасаң өсіру қиын. Мен күнде таңертең таңғы бестен тұрып, танаптарды атпен немесе велосипедпен аралап шығамын. Барлық жұмыстардың істелгенін өз көзіммен қадағалап отырамын. Олай болмаса, жақсы нəтижеге қол жеткізуге болмайды, дейді Мұхаңның өзі. (Соңы 8-бетте).

Зауытќа жас металлургтер келді Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында жастарды жұмысшылар қатарына қабылдау рəсімі өтті. Яғни, металлургтер қатары зауытқа жұмысқа келген колледж түлектерімен толықты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ал жалпы өндіріске жаңадан келген жастарды жұмысшылар қатарына қабылдау дəстүрі ферроқорытпа зауытында Зауыт жастар кеңесінің бастамасы бойынша бірнеше жыл бұрын басталды. Биылғы қабылдауға өндіріске еңбек етуге келген 68 жас қатысты. Құрметті қонақтар ретінде зауыттың ардагерлері, цехтар мен бөлімшелердің басшылары жəне жастарға еңбек қызметінің бірінші күндерінен бастап мамандықтарын игеруге көмектесіп жүрген тəлімгерлер

шақырылды. Зауыт директоры Сергей Прокопьев болашақ жас жұмысшыларды құттықтай отырып, Ақсудың металлургтері əрқашанда өздерінің мамандықтарын мақтан тұтатынын жеткізді. Жастарға еңбекте табыс, кəсіби өрлеу сəттіліктерін тіледі. Бүгінгі күн сендер үшін маңызды. Өйткені, сендер де биыл 20 жылдығын атап отырған Еуразиялық Топтың мүшелері болдыңдар. Атаəкелерің құрған кəсіпорынға келдіңдер, сондықтан сендер осы даңқты дəстүрлерді əрі қарай жалғастырады деп сенеміз, ал, біздің компания

дами бермек, деді кəсіпорын басшысы өз сөзінде. Жас жұмысшылар ата-аналары мен колледжде оқытқан ұстаздары алдында жұмыстарын сапалы орындап, өз мамандықтарын жетілдіретініне жəне қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтайтындарына сөз берді. Басшылық атынан оларға тілек хаттар табыс етілді. Жас маман Мейрамбек Ташибаев алып кəсіпорынның бір жұмысшысы атанғанын мақтан етеді. Өйткені, «Қазхром» – ферроқорытпа өндірісі жəне сапасы бойынша əлемдік көшбасшы болып табылады. Өндіріс қызметінің негіз гі бағыттары: хром жəне марга нец кенін өндіру, ферроқорытпа өндірісі. Үлкен өндірісті ұжымда еңбек ету қуантады, дейді ол. Жастармен қатар зауыттың тəлімгерлері де алғыс хаттар мен ақшалай сыйақыларға ие болды. – Елімізде еңбек адамының болашағы зор. Жұмысшы мамандығын қалаған сендер ертеңгі күнге сеніммен қарайсыңдар, – деді өз студент теріне Ақсу қара металлургия колледжінің директоры Федор Кисенков. – Енді сендер зауыттағы тəлімгерлердің сенімді қолындасыңдар. Біздің əр түлегіміз өз ісінің нағыз маманы болып, өз ұстаздарының сенімін ақтайды деп сенемін. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.

1


8

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

Еуразиялық Топтың құрамына кіретін (ERG) «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ электр стансасы 2014-2015 жж. күзгі-қысқы жағдайларындағы жұмысқа дайындығы құжатын алды. Құжат кəсіпорынның қысқы кездегі өзіне жүктелген сенімділігін дəлелдей алады.

ҮКІМЕТ

Станса ќысќа дайын Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Стансаның техникалық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша, бұл күндері қысқа дайын дық барысы тəуелсіз сарап шылардың келісімінен өткен көрінеді. Кəсіпорынның баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, дайындық мəселесін еліміздің Энергетика министрлігі де мақұлдапты. Сонымен қатар, атомдық жəне энергетикалық қа да ғалау комитеті тарапынан да ескертулер жасалмаған. Қазір «ЕЭК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен 22 дайындық іс-шара жоспарланды. Олардың ішінде №2, №1 энергоблоктардың орта жəне күрделі жөндеуі, Ақсу кентінің сорғы жəне жылу желі лерінің учаскесін ауыстыру, құрылғылардағы жөндеулер мен қайта құру, су жеткізгіш каналды тазалау, механикалық сүзгінің күрделі жөндеуі, тағы басқа жұмыстар тізбесі бар. – Қысқы мерзімдегі жұмысқа дайындалу дегеніміз тек жабдық ты төзімділікке жəне жоғары өнімділікке тексерумен ғана шектелмейді. Кəсіпорын

жұмысшылары жылдың қай мезгілі болмасын біліктіліктерін де шыңдауы қажет. Дайындық жыл бойы жүргізіледі. Біздің тұтынушыларымыз – өнеркəсіптік кəсіпорындар бұрынғыдай биылғы қыста да электр энергиясымен толық қамтылады, – дейді «ЕЭК» АҚ вице-президенті Марат Бүгібаев. Ал «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ Еуразиялық Топтың құрамына кіреді. Еліміздегі электр энергиясының 17 пайызын өндіреді. Екі құрылымдық бөлімшені біріктіреді, олар – «Шығыс» көмір кеніші жəне Ақсу электр стансасы. Көмір жəне электр энергиясын өндіреді. Стансада «Тарифті инвестицияға айырбастау» жүйесі жүргізілуде. Бұл жүйе электр энергиясын сатуда жəне электр стансанын қайта құру, жаңғырту жұмыстарына, жаңа негізгі қуаттардың құрылысына, тозған жабдықтың ауыстырылуына пайдаланылады. Осы «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатының шеңберіндегі өндірістің жаңғыртылуына жұмсалған салымдары бұрынғы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрілігімен жасалған

келісімде көрсетілген көрсеткіштерден едəуір жоғары. Өткен жылы Ақсу электр стансасы бойынша инвестициялар көлемі 10,4 млрд. теңге деңгейінде жоспарланған болатын. Іс жүзінде инвестициялық міндеттердің орындалуы 11,4 млрд. теңгені құрап отыр. Станса энергетиктері өнеркəсіптің дамуы, қуаттың көбеюі үшін зор үлес қосып келеді. Энергетикалық тиімділікті арттыру, активтерді жаңғырту жəне жаңарту – кəсіпорынның инвестициялық бағдарламаларының нақты көрсеткіштерінің бірі. Стансаның қуат қорын ұлғайту, жабдықтың сенімділігін жəне ұзақ жылдар бойы жұмыс жасауын арттыру, өндірістік жəне экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Мыса лы, қайта құрудың ауқымды бағдарламасы бойынша 8 блоктың 5 блогында кешенді жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда электр стансаның жалпы қуаты 2450 МВт құрап отыр. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.

ҮКІМЕТ

Игілікті істер Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы, Қазақстанда той көп өтеді ғой. Тойдың болғаны жақсы, əрине. Дегенмен, сол тойларда тағылымдық-тəлімдік дүниелерден басқа елдің есінде қалатын, кəдесіне жарайтын нəрсе жасалу керек деген ойдамыз. Жақында Қызылорда қаласының күні аталып өтті. Ал осы мереке елдің есінде немен қалады? Мерекеге орай Қызылорда қаласында бірнеше əлеуметтік нысандар мен тұрғын үй пайдалануға берілді. Мысалы, «Наурыз» шағын ауданында 140 орындық «Сыр самалы» жəне Қызылжарма кентінде 280 орындық «Сыр дидары» балабақшалары іске қосылды. – Биыл Қызылорда қаласының өзінде ғана 16 жекеменшік жəне 2 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді. Мұның барлығы да Елбасының бүлдіршіндерге, оқушыларға жасап жатқан үлкен қамқорлығының арқасында іске асып жатыр, – деді елдің қуанышына ортақтасқан облыс əкімі Қырымбек Көшербаев. – Бұдан бөлек, бүгін тағы екі дəрігерлік амбулатория ашылды. Оның бірі – Ж.Махамбетов ауылында, екіншісі Қызылжарма ауылдық округінде орналасқан. Соңғы 3 жылда өңірімізде 39 медициналық нысан берілсе, биыл 18 жаңа нысан халық игілігі үшін жұмыс істемек. Аймақ басшысы жаңадан ашылған дəрігерлік амбулатория ұжымына автокөлік кілтін табыстады. Осы күні Қызылордада 3 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 130 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын

тойлаушылардың қатарында – көпбалалы жəне жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен əлеуметтік жағдайы төмен ауылдық жерлерден көшіп келген отбасылар жəне жетімдер бар. «Қолжетімді тұрғын үйі2020» бағдарламасы аясында биыл Қызылорда қаласында барлығы 22 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 750 отбасы баспаналы болады. Осылайша, талай жыл баспана тауқыметін тартқан осынша адам үйлі болды. Бұл да еліміздің өркендеп-өсіп келе жатқанының бір көрінісі болса керек. Сонымен қатар, Ғани Мұратбаев атындағы

орталық стадион алаңында əлеуметтік спорт алаңқайы ашылды. Бұл спорт алаңы паркур, воркаутер, скейтбординг сынды спорттың түрлеріне қызығушылығы бар жастарды қолдау мақсатында салынып отыр. Спорт алаңқайдың ашылуына əлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин арнайы келіп қатысты. Ол облыстағы осындай өркенді өзгерістерге зор қуанышты екенін айтып, жастарды спортпен шұғылдануға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. ҚЫЗЫЛОРДА.

Жолаушы жолда ќалмайды Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Тиянаќтылыќ талап етілді Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы ағымдағы жылдың тамызында Жетісу жеріне жасаған жұмыс сапарында Алматы облысы əкімі лауазымына Амандық Баталовты, облыс əкімінің бірінші орынбасары қызметіне Махаббат Бигелдиевті тағайындап, қолда бар мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, өңір экономикасын өркендетіп, ел ынтымағына ұйытқы болу секілді бірқатар тапсырмалар бергені мəлім. Арада екі ай уақыт өтті. Нəтиже қандай ? Осы орайда кемшіліктерді ашық айтып, тоғыз айдың қорытындысын сараптау мақсатында өткен кеңесті Алматы облысының əкімі Амандық Баталов ашып, есепті баяндаманы өңір басшысының бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев жасады. «2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы саласында 283,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, картоп, көкөніс жəне тағы басқа бақша, жеміс-жидек дақылдары мен жүзім жинау науқаны аяқталды. Ағымдағы жылы бір миллион 50 мың тоннадан астам астық жинау жоспарлануда. Бүгінгі күнге орташа түсімділігі əр гектардан 21 центнерден айналып, 874 мың тонна астық бастырылды. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тексеру жəне түгендеу қорытындылары бойынша 505,5 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер анықталып, оның 467,8 мың гектар жері қайтарылғанымен, 37,6 мың гектары əлі пайдаланылмай отыр. Мал шаруашылығында шошқадан басқа барлық мал басының саны көбейді. Ұйғыр ауданында «ҚазРоссБройлер» құс фабрикасы жұмысын тоқтатуына байланысты, облыста құс саны екі миллион басқа азайды. Өнеркəсіпте 447,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өсім небəрі 0,2% құрады. Жаңа 42 нысанды іске қосу жəне жұмыс жасап тұрған 19 өндірісті кеңейту есебінен қосымша 1725 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде Индустрияландыру картасы аясындағы 488 жұмыс

орны Жамбыл ауданында «Сұңқар Алматы құс фабрикасы» жəне Қарасай ауданында «Kelun-Kazpharm» (КелунКазфарм) фармацевтика зауыты бар. Бірақ өнеркəсіп өндірісі Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Қаратал, Ескелді, Алакөл аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларында төмендеді. Жалпы, өнеркəсіп өндірісінің көлемі осы жылдың қыркүйек айында тамызға қарағанда 97,5% азайды. Өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда электр қуатын өндіру 9,3% кеміді. Жүйе құраушы алты кəсіпорынның өндірісі 15 млрд. теңгеге қысқарды. Экономиканың өсім нүктелері жеткіліксіз қарастырылуы жəне əкімдердің шағын жəне орта бизнестің дамуын сырттай ғана бақылап отыруы Ұйғыр, Сарқан, Қаратал аудандарында инвестиция көлемінің азаюына тіреді. Сонымен қатар, Қарасай ауданының Теректі ауылында, Іле ауданының Боролдай кентінде жəне Қаратал ауданының Үштөбе қаласында үш нысан əлі күнге дейін іске қосылмаған. Ақсу ауданының Арасан ауылында сумен қамту жүйесі жұмыс істемейді. Еңбекшіқазақ ауданының Қаражота ауылында жəне Есік қаласында 2012 жылы аяқталған нысандар пайдалануға бүгінгі күнге дейін берілмеген. Кеден төлемдері бойынша түсімдердің 87,5% азаюынан республикалық бюджетке түсетін түсімдер жоспары орындалмай қалды. Жұмысқа орналастыру мəселесі Қарасай ауданында жəне Талдықорған қаласында төмен. Зейнетақы аударымдарының ең төмен пайызы Ақсу (27,0%), Райымбек

(28,8), Балқаш (32,0), Кербұлақ (33,7) жəне Ескелді (38,7%) аудандарында. Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жүзеге асырылғаннан бері 3,8 млрд. теңгеге 1 мың 800 адам шағын несие алып, 1442 жұмыс орны құрылды. Алайда, бүгінгі күнге олардың қаншасы жұмыс істеп тұрғаны, жабылғаны, бар-жоқтығы туралы ақпарат жоқ, яғни бағдарламаның нəтижелілігі қадағаланбайды. Енді дəйектеме тізбелемей кеңестің күн тəртібіне қойылған мəселелерге, облыс əкімі өзі көрген жайттарға көшсек, Талғар ауданында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша мүлде жұмыс жүргізілмеген. Облыстағы əлеуеті ең жоғары Еңбекшіқазақ ауданында қайта өңдеу өндірісі 19,1 пайызға төмендегені жəне 2011 жылдан бері бірде-бір жоба жасалмағаны, «Сыбаға» бағдарламасының да тұралап қалғаны ше?.. Балқаш ауданы экономикасының тірегі күріш өсірудің тым төмендеп кеткені жəне аудан бюджетінің негізгі салық төлеушісі болған «Өтес Био Азия» фирмасының 2010 жылдан бері жұмыс істемей тұрғаны, сондай-ақ бұл ауданда шағын жəне орта бизнесті дамыту назардан тыс қалғаны, ол ол ма аудан əкімі өзі басқарып отырған аудан аумағы арқылы өтетін канал ұзындығын білмеуі өз алдына. Егер экономиканың негізгі секторларында бір пайыз да өсім жоқ болса, біз тапсырманы қалай орындаймыз. Сондықтан, бірінші кезекте Елбасы алдымызға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауға тиіспіз. Сөйтіп қолда бар мүмкіндікті ұтымды пайдалана отырып, мейлін ше республикалық бюджеттен қара жат сұрауды азайтып, жергілікті қар жы қорын толықтыра отырып, қажеттілікті өтеуге ұмтыламыз», деп атап көрсетті Амандық Баталов. Алматы облысы.

Биыл Жамбыл жеріне қар ерте түсті. Қыстың бұл хабары жамбылдықтардың дайындығын байқап, қамсыз жатқанын бір ширатып қояйын деген сықылды. Əрине, қысқа қам жасаудың сан түрлі саласы бар. Соның бірі – жол мəселесі. Еліміздің картасында жалпағынан жатқан Жамбыл облысына жолы түскен көлік жүргізушілері қыстың көзі қырауда Күйік асуы мен Қордай асуынан асып кеткенше Алласына сыйынып отырады. Қыс мезгілінде құдайдың құтты күні ақ түтек бораны ысқырып тұратын бір жағы Жуалы, мына жағы Қордай мен Мойынқұмның қойнауын қақ тіліп жатқан ұзақ жол нағыз азапқа айналуы мүмкін. Сондықтан жергілікті билік жолаушыны жолынан қалдырмау үшін қысқа қамды ерте бастайды. Əйтсе де биылғы дайындық қалай? – Жалпы алғанда, қысқа сақадайсай дайынбыз, – дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев. – Үстіміздегі жылы жергілікті

маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп-ұстауға 115,0 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде, облыстық маңызы бар жолдарға 80,0 млн. теңге жəне аудандық жолдарға 35,0 млн. теңге. Бұл қаражаттың 64,0 млн. теңгесі қаңтар, ақпан жəне наурыз айларында қардан тазалау жұмыстарына жұмсалса, қалған 51,0 млн. теңгесі қараша, желтоқсан айларына жоспарланған. Бұл жұмыстарды 24 мердігер мекеме жүргізеді. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар жолдарға қысқы мезгілге дайындалған арнайы техника құрамы 104 бірлік. Бұл басқарма өткен қыстан сабақ алып, биыл лезде қар басып қалатын телімдерді анықтапты, олар: Жуалы ауданындағы «Б.Момыш ұлы-Көлтоған-ҚошқаратаҚызтоған», Талас, Сарысу аудандары аумағымен өтетін «КүйікҚарабастау-Қаратау-ЖаңатасСау дакент», Шу ауданындағы «Төле би-Шоқпар» жəне Қордай ауданындағы «Отар-Сұлутөр-Көктөбе» автомобиль жолдары. Ауарайы бұзылған кездерде жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау жəне тиімді, жедел шаралар қабылдау мақсатында биылдан бастап кезекшілік ұйымдастырылып,

жол-көлік оқиғалары немесе жолда пайда болған тайғақтық жағдайлары жөнінде түскен хабарлар бойынша төтенше жағдайлар департаменті, ІІД-нің əкімшілік полициясы жəне барлық арнайы қызметтер шұғыл əрекет етуге дайын тұрады. Əйтсе де кемшілік те жоқ емес. Нақтырақ айтар болсақ, Сарысу жəне Қордай аудандары жергілікті жолдар мен көшелерді қардан тазарту жұмыстарына мүлдем қаржы қарастырмапты. Мойынқұм ауданы бойынша қысқы күтіпұстау жұмыстарына небəрі 1,0 млн. теңге қарастырылып, бүгінгі күнге дейін қызмет көрсететін мекеме анықталмаған. Жамбыл ауданы бойынша қызмет көрсететін «Жамбыл коммуналдық кəсіпорындар комбинаты» мекемесінде көктайғаққа қарсы материалдар ашық алаңға жинақталған, бұл өз кезегінде ауа райының суық кезеңінде жедел іс-шаралар атқаруға кері əсерін тигізеді. Негізі талап бойынша Жамбыл облысының жергілікті мəндегі автомобиль жолдарының 1 шақырымын қыс мезгіліне күтіп-ұстауға 150 мың теңге қарастырылу қажет. Бірақ қазіргі таңда бұл көрсет кіш облыстық жолдар бойынша

Жўмыссызы жоќ ауыл (Соңы. Басы 7-бетте). «Приречное» елді мекенінде 270 шаңырақ бар. Соның 200-дейінің адамдары агрофирмада еңбек етеді. Бірақ маусымдық жұмыстар кезінде бəрібір қол күші жетіспей, студенттерді шақырып немесе түрмедегілерді жалдауға тура келеді екен. Бұл ауылда жұмыссыздық деген атымен жоқ, керісінше, жұмысшы жетіспейді. Агрофирмада істемейтін отбасылардың иелері мектепте, ауылдық əкімдікте, амбулаторияда, поштада деген сияқты, əйтеуір бəріне де жұмыс жетіпартылады. Ауылда шаруашылық шалқып жатса, халық қосалқы шаруашылығын жүргізуге де құштар. Өйткені, жем, шөп т.б. жаздырып алуға болады. Сондықтан да «Приречныйда» мал өсіретіндер де көп. Бəрінің де тұрмыстары жақсы, көңілдері тетік. – Біздің халқымыз жұмыс істеуге ерінбейді, тек бір арнаға түсіп алса болды, əрі қарай қажымай-талмай еңбектене береді, немістерден кем емес. Əттең, сұранулары көп. Қазақтың жабдығы қалған ба, соларға сұрана береді жəне ондайдан келген соң қайтып арнаға түсе алмай, 2-3 күн шабандап қалады, басқасы жақсы, деп күледі Мұқаң. – 30 мың гектардай жайылымдық жеріміз бар, малдарымыз сол жерлерге бағылады. Қазір

жылқының санын көбейтуді ойлап жүрмін, өйткені оған деген сұраныс артып келеді. Қара малды күтетін малшыларымыз 92 бұзаудан берсе болды, қалғаны өзінікі. Еңбек шартында солай көрсетілген. Олар жыл бойы бізден 50-60 мыңдай аванс алып тұрады да жыл қорытындысы бойынша есеп айырысамыз. Жұмысқа алу шарты осындай. Басқа салаларда да солай. Сондықтан бəрі де жақсы нəтиже көрсетуге мүдделі. Осында тағы да бір жақсы істің басы қайыры лып отырғанын көрдік. Ол – көкөністі тегіс сыртқа сатпай, оны өңдейтін өндірістің қолға алынып отырғаны. Мұндай шешімге ол күтпеген жерден келіпті. Халық сарымсақтың үлкенін алмайды, сəбіздің кесілгеніне тыжырына қарайды, қызылшаның да қалыптан тыс күмпиіп кеткенін ұнатпайды. Мұндайларды не істеу керек? Кеңес Одағы болса малға бере салар еді, ал мына жерде өзіңнің маңдай тер, табан ақымен өндірілген дүниені өйтуге бола ма? Əрине, жоқ. Міне, осыларды фракционды технологияның көмегімен турап, кептіру арқылы өнімге айналдыратын əдіске көшіпті. Осы кептірілген көкөністерді дүкендерде халық көп алады екен. Өйткені, тураулы күйінде дайын тұрған көкөністерді ыстық сорпаға қайнатып жіберіп, борщты аз уақытта пісіріп алуға болады.

24 пайызды, аудандық жол дар бойынша 12 пайызды ғана құрап отыр. Жолдарды қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылған техникалардың жағдайына келетін болсақ, күтіп-ұстау жұмыстарымен айналысатын мекемелердің қолданыстағы техникалары ескіріп, үздіксіз қар тазалауға жарамай қалуы кездеседі, жаңа техникалармен жабдықталу деңгейі өте төмен. «Қыс мезгілінде ең қиын аумақ – Жуалы ауданындағы «Б.Момышұлы-Қызтоған» автомобиль жолының Қоңыртөбе-Көлтоған бөлігі. Екі жағында қалың өскен ағаштар қардың жол бойында 1,52 метрге дейін биіктікте жиналуына себеп болып, жолды тазалау жұмыстарын қиындатады. Осы тұрғыда орман шаруашылығы, табиғатты қорғау, экология салалары ағаш кесуіне қолдау көрсетіп, нақты шаралар қабылдамаса, бұл жолдың жабылып қалуы жалғаса береді. Жалпы алғанда, жыл сайын бұл саланы қаржыландыру көлемі ұлғаюда, бірақ алдағы уақыттарда бөлінетін қаржыны нормативтік қаржыландыру көрсеткішіне сəйкестендіруге ұмтылуымыз қажет», дейді Рахманқұл Тұрсынқұлұлы. Жамбыл облысы.

Мұндай идеялар, неше түрлі жаңа əдістер директордың басына ағыл-тегіл келіп жататын сияқты. Оның кейбірін көп шығып тұратын шетелдерге барған сапарларынан алып келсе, тағы біреулерін іскер жандар ұсынып жатады. Сондайдың бірін армян жігіттері айтыпты. Олар бөдене өсіріп, жұмыртқасын сатуды ұсынады. Ендеше, нақ сонымен өздерің айналысыңдар, мен орын, жемазық бөлдірейін деп бұл өндірісті де жолға қойыпты. Қазір емдік қасиеті жоғары осы жұмыртқаны өндіру қолға алынған. Мұқаң мемлекеттің Тұрақтандыру қорымен тығыз байланыста. Оларға тұрақты бағамен жыл сайын 6 мың тонна көкөніс сатуға келіскен. Өзімізге қамқор болып отырған Үкіметтен нені аяймыз, басқа жерге сатсам қымбатқа өткізе алатын болсам да елді қамтамасыз етуді қолға алған Тұрақтандыру қорына бергенім дұрыс емес пе дейді ол. Бəрі жақсы екен, дегенмен бір проблемалар да бар шығар деген едік. Оған сақтайтын қоймалардың сапасын еуростандартқа жеткізе алмай отырғанын айтты. Олардың сақтайтын орындары енді, керемет. Біз де болашақта соған жетуге тырысамыз, дейді Мұхит Тұрысханұлы. Міне, «егіннің ебін, сауданың тегін» тауып, еңбек етіп жатқан осындай бір азаматты көрдік. Ердің еңбегін елі де атаусыз қалдырмапты, қазір дің өзінде «Парасат», «Құрмет» ордендері төсінде жарқырайды. Мұқаң қалалық мəслихаттың депутаты ретінде қоғамдық жұмыстардан да қалмайды.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары:

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfin.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Инвестициялар және даму министрлігі

www.mid.gov.kz


9

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

ӨНДІРІСТІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ӨРКЕНДЕТЕДІ «Біз инвесторларды біздіѕ елімізге ґндіру мен ґѕдеудіѕ еѕ заманауи технологияларын жеткізу шартымен єана тартуымыз керек. Біз инвесторларєа еліміз аумаєында еѕ жаѕа ґндірістер ќўруєа айырбас ретінде єана біздіѕ шикізатты пайдалануєа рўќсат беруге тиіспіз»

Н.НАЗАРБАЕВ.

(2012 жылєы 14 желтоќсандаєы Ќазаќстан халќына Жолдауынан).

Алып алаѕ 2011 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев арнайы экономикалық аймақтарды басқаруды жəне олардың қызме тінің тиімділігіне бағытталған «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы» заңға қол қойған болатын. Содан бері елімізде 10 арнайы экономи калық аймақ шаңырақ көтерді. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2002 жылғы 26 сəуірдегі №853 Жарлығымен құрылды. Жалпы ауданы 2000 га. құрайтын ол Ақтау қаласының өнеркəсіптік аймағы аумағында орналасқан жекелеген алты жер учаскелерінен тұрады. «Ақтау теңіз порты» АЭА Қазақ стан Республикасының Маңғыстау облысында индустриялы-өнеркəсіптік кластер құру бойынша алғашқы қадамдардың бірі болып табылады жəне ол қазіргі заманғы жоғары өнімділікті, бəсекеге қабілетті өндірістерді жылдамдатып дамыту, инвестицияларды, экономика саласындағы жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатын көздейді. Сондай-ақ, «Ақтау теңіз порты» АЭА негізгі міндеті экспортқа бағдарланған жəне технологиясы жоғары өндірістерді құру үшін инвестициялар тартып, республика экономикасына капитал жұмылдыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Өңірде мұндай аймақтың құрылуы Маңғыстау өңірін дамыту үшін қосымша серпін жəне оны əртараптандыру үшін тиімді құрал. Маңғыстау өңірі тиімді географиялық жағдайы мен көлік инфрақұрылымының жəне логистикасының болуымен көзге түседі. Барлық аталған факторлар өңірді инвестициялар жағынан өте тартымды етеді, ал АЭА қатысушыларына берілетін салық жəне кеден преференциялары мүмкіндіктері нарықтың жоғары инвестициялық тартымдылығын қолдап отырады. Инфрақұрылымдық құрылыстарды мемлекет қаражаттары есебінен салу, жер учаскелерін кейіннен сатып алу құқығымен ақысыз 10 жылға жалға беру (ақылы жер пайдалану), əкімшілік кедергілерді азайту, тіркеу рəсімін жеңілдету мақсатында жұмысқа «бір терезе» қағидатын енгізу, сондай-ақ АЭА қатысушыларына қойылатын талаптар сақталған жағдайда мемлекеттік органдармен салық жəне кеден преференцияларын келісу, яғни корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын, жер салығын, жер үшін жалдау төлемін, импорттық тауарларға ҚҚС, кіргізілетін тауарларға кеден баждарын төлеуден босату «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында

өндірісті орналастырудың негізгі басымдықтары. Ал арнайы экономикалық аймақта тері бұйымдарын, электр аспаптарын, резеңке жəне пластмасса бұйымдарын, фармацевтикалық өнімдерді, электротехникалық жабдықтарды, құрылыс материалдарын шығару, химия жəне мұнайхимия өнеркəсібі, металлургия жəне қойма қызметі қызметтің негізгі түрлері болып саналады. Қазіргі таңда АЭА аумағында 30 қатысушы тіркелген болса, олардың арасында Франция, Англия, Сингапур, Норвегия, Əзербайжан, Ресей, Испания, Италия, Оңтүстік Корея сияқты елдердің компаниялары бар. Жүргізілген жұмыстың нəтижесі туралы айтқанда, көрсеткішке жүгінуге тура келеді, яғни салынған жəне игерілген инвестициялардың жалпы көлемі 25 млрд.теңгені құраса, тұрақты жұмыс орындарының саны 1 мың адамға жетеді, барлық кезең ішіндегі шығарылған өнімнің көлемі 204 млрд. теңге шамасында. Қазақстанның металлургия өнеркəсібі əлеуетінің маңызды бөлігі болып табылатын жəне мұнай-газ саласы кəсіпорындарына арналған 100% жергілікті құрамымен технологиясы жоғары соңғы өнімді ұсынатын «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ бастамашылық жасаған мұнай сортаменті құбырларын шығару жөніндегі жоба «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында пайдалануға енгізілген өндірістердің бірі болып табылады. «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ ArcelorMittal құбыр басқармасының құрамына кіреді жəне Қазақстандағы диаметрі үлкен болат құбырларды шығару жəне тотығуға қарсы қорғағыш бетін жасау жөніндегі жалғыз зауыт болып табылады. Қазіргі уақытта «Arcelor Mittal Tubular ProductsAktau» АҚ мұнай-газ жəне су құбыры жолдарына арналған диаметрлері 457 мм.-ден 1420 мм.ге дейінгі сапалы шиыршықтытігісті құбырларды шығарады. Елбасымыздың шақыруымен «Қашаған» мұнай-газ кен орнына қажет жабдықты жеткізуді жүзеге асыру мақсатында, Қазақ стан Республикасының аумағындағы жұмысты ұйымдастыру үшін 2003 жылы сингапурлық «KEPPEL» компаниясы келген болатын. Қазір «Сaspian Offshore and

Marine Construction» компаниясы деп аталатын компания өз өндірістерін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында орналастырған жəне Аджип КСО Қашаған теңіз жобасында құрылғыларды салуды жəне қазақстандық аумақтық суларда кемелер жұмысына қолдау көрсетуді жүргізуде. Стратегиялық тұрғыдан, компания Ақтау портымен көршілес. Компанияның ауыр өнеркəсіптік құрылыс жобаларын іске асыру үшін теңіз инфрақұрылымына айырықша рұқсаты бар. Верфь қызметінің негізгі түрлері, буксирлер мен жабдықтау кемелері сияқты теңіз модульдерін, құрылымдары мен бұрғылау қондырғыларын шығару, жобалау, салу, түрлендіру жəне жөндеу қызметтерімен айналысады. Сондай-ақ, өңірдің экономикасын дамытуда жəне бірқатар əлеуметтік мəселелерді шешуде АЭА аумағында орналасқан «Ақтау Полимер» ЖШС-нің оқшаулаушы жəне полиэтилен құбырларын шығару жөніндегі инвестициялық жобасының рөлі айтарлықтай. «Ақтау Полимер» ЖШС отандық өндіріс тік-сауда кəсіпорны, ол қорғағыш полиэтилен қабықшасы бар көбікті-полиуретанды жылу оқшаулауды қолданып жылу оқшаулау құбырларын, суға төзімді полиэтилен құбырларды жəне газ құбыр жолдарына арналған полиэтилен құбырларын шығаруға маманданған. 2011 жылы күзде пайдалануға берілген зауыт алдыңғы қатарлы технология негізінде «Қазақстан Республикасының индустриялықинновациялық дамуын жеделдету» бағдарламасының шеңберінде іске асырылды. Кəсіпорын өнімін тұтынудың негізгі саласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен Қазақстан экономикасының мұнай-газ саласы болып табылады. Зауыттың технологиялық желілерін жабдықтар шығаратын үздік шетел өндірушілері ұсынған. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да бес зауытты, соның ішінде үй құрылысы комбинаттарын, құрылыс материалдарын, сондай-ақ металл құрылғыларын шығару жөніндегі зауыттарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы ел экономикасын арттыру бағытында жаңа технологиялармен жұмыс жасайтын кəсіпорындар құру, инвесторлар тарту бағытында жұмысын жандандыра түсетін болады. Аймақтың сан алуан жұмыстарын төріне топтастырған алып алаңында тəуелсіз Қазақстанның келешегіне қызмет ететін іргелі жобалар қолға алына бермек. Əмірбек ТӨЛЕГЕНОВ, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы. Маңғыстау облысы.

Бастамашылыќ ќолдау жалєасады «С.Киров атындағы зауыт» АҚ-тың тарихы əріден басталады. 1928 жылы Мəскеуде радиоаспаптар шығаратын кəсіпорын ретінде құрылып, соғыс жылдары Петропавл қаласына көшірілді. 1992 жылға дейін күштік құрылымдар үшін радиоқабылдағыш қондырғылар, тұрмыстық радиоқабылдағыштар мен стереомагнитофондар құрастырып келді. Одақ ыдырап, еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін теміржолдың автоматты құралдарын жобалауға, жасауға, оларды жабдықтаумен, іске қосу жұмыстарымен, техникалық қызмет көрсетумен, теміржол көліктері үшін байланыс, қауіпсіздік жүйелерін, мұнай-газ кешеніне элек тротехникалық өнімдер жөнелтуге, сандық теледидарға арнайы өнімдер мен құралжабдықтар өндіруге маманданды. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысып, оның «Тұрғындар үшін үздік тауарлар» аталымы бойынша ірі кəсіпкерлік субъектілер ішінде үздік əлеуметтік жауапкершілікке ие кəсіпорын ретінде «Парыз» байқауының күміс жүлдегері атанды. Бүгінде еліміздегі іргелі кəсіпорында 800-ден астам адам еңбек етеді. Соңғы тоғыз жылдың ішінде өнім өткізу көлемі 67 есе өсіп, жеті миллиард теңгеге жетті. Орташа айлық жалақы жүз мың теңгенің төңірегінде. Бүгінде жүзден астам өнім түрлерін шығаратын болсақ, автоматика, телемеханика аспаптарына, теміржол

көлігінің қауіпсіздік жүйелеріне, Қорғаныс министрлігінің арнайы байланыс құралдарына, мұнай-газ жабдықтарына, энергетикалық кешен жабдықтарына тапсырыстардың артқанын байқауға болады. Көп жылғы қалыптасқан істəжірибемізге сүйене отырып əрі Мемлекет басшысының үдемелі ин дустриялық-инновациялық даму жөніндегі тапсырмаларын дəйектілікпен жүзеге асыру мақсатымен бірқатар озық жобалар игерілді. Олардың ішінде «Отау-ТВ» сандық теледидар қондырғысын жасауға үлкен басымдық беріліп отыр. Жыл өткен сайын тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отырған бұл тұтыну тауарларын шығару үлесі артып келеді. Осыдан 8 жыл бұрын Халық аралық электр-байланыс одағының ұйымдастыруымен жерүсті радиотарату қызметін жоспарлаудың аймақтық конференциясы шең берінде «Женева-06» келісіміне қол қойылып, сандық таратудың жиілік реттілігі белгіленген болатын. Сандық телевидениеге көшу мерзімін 2015 жылы аяқ тау белгіленіп, қатысушы мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстан да кірген еді. Президенттің Жарлығымен сандық телерадио тарату қызметін дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 2010 жылы ПремьерМинистрдің Қызылжар өңіріне жұмыс сапары кезінде біздің кəсіпорын еліміздегі сандық

телевидениенің техникалық құралдарын шығаратын базалық өндіріс орны болып белгіленді. Біз өз міндеттемелерімізді атқару мақсатымен 2011 жылы теледидарлық қабылдағыш өндірісінің конвейер желісін Оңтүстік Кореядан сатып алып, іске қостық. 40 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіл ді. Осы жылы ғарыштық қабылдағыштардың DVB-S2 SD жəне DBS2 ND стандарттарының алғашқы партиясы шығарылып, телерадиотаратудың ұлттық операторы «Қазақтелерадио» АҚ-қа сатылды. Сұраныстың көптігі ескеріліп, дилерлік жүйе арқылы еркін нарыққа шығару қамтамасыз етілді. Қазір бұл бағытта 110 дилер қызметі жəне жеке тұлғалар жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Қазтелерадио» АҚ-тың жергілікті бөлімшелері арқылы да сатылады. 2012 жылдан бастап ғарыштық қабылдағыштан, қолжетімділік картасынан жəне қабылдау антеннасынан тұратын құрылғы кешені өндіріске жолдама алды. Осы жылы жазда Елбасының қатысуымен DVB-T2 MPEG-4 сан дық форматтағы телеарналардың қосылуын қамтамасыз ететін ұлттық сандық телевидение жүйесі эфирге таралды. Бұдан кейін əуе қабылдағыштарының DVB-T2-N D стандарты игеріліп, 3,5 миллион адамның тамашалауына мүмкіндік туды. Көп жылғы озық технологиялық ізденістердің нəтижесінде 400 мың дана ғарыштық жəне əуе қабылдағыш

шығарылды. Бағасы қолжетімді. Сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем емес. Бұдан түйетін ой, осы заманғы электронды байланыс құралдарын шығару бəсекелестігіне білімімізді, жаңашылдығымызды қарсы қою арқылы төтеп бере алатынымызды тəжірибе анық байқатты. Инновациялық жоба аясында Қытаймен 3,5 миллион доллардың келісімін жасап, локомотивтердің қауіпсіздік қондырғысы кешенін жасап беруі осы сөзіміздің бір дəлелі болса керек. Қондырғының əрқайсысы 30 мың доллар тұрады. Демек, аспан асты елінің мамандарын халықаралық талаптарға сəйкес келетін сапа жайы қатты қызықтырып отыр деген сөз. Мұндай заманауи инновациялық бағдарламалар аз емес. 2014-2015 жылдары 34 жаңа жобаны іске асыру міндеті тұр. Сөз арасында бүгінгідей элек тронды техника заманында оның тілін жақсы түсінетін, терең игерген жастарға зор сенім артылып отырғанын айту орынды. Конструкторлар мен технологтардың бірлескен техникалық-ғылыми əлеуетін бірізділендіру мақсатымен арнайы техникалық департамент құрылған. Онда 80-ге жуық техникалық қызметкер еңбек етеді. Біз радиотехникаға бейім жастарды студент кезінен баулып, өндірістік тəжірибелерге тартамыз. Жұмысқа орналастырғаннан кейін тиісті əлеуметтік жағдайлар барынша жасалады. Алдағы уақытта да инновациялық ұшқыр жобаларға деген бастамашылық қолдау жалғаса беретін болады. Сəкен ƏБІЛМƏЖІНОВ, «С.Киров атындағы зауыт» АҚ-тың маркетинг жəне өткізу департаментінің директоры.

Солтүстік Қазақстан облысы.

«Ырыс» баєдарламасы бойынша бірінші несиелер берілді Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жаңадан қолға алынған «Ырыс» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлады осы ұйымның баспасөз қызметі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «ҚазАгро» Ұлттық басқа рушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қолжетімділігін арттыру. Ал қордың қолға алып отырған бұл жаңа жұмысы «Агробизнес-2020» салалық бағдарламаның аясында ірі қара малдың 50 жəне 100 басына арналған

сүтті-тауарлы фермаларды құру жəне кеңейту бойынша жобаларды қаржыландыруды көздейді. «Ырыс» бағдарламасы бойынша қаражат ірі қараның сүтті асыл тұқымды аналық мал басы мен қажетті техника, құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаевтың айтуынша, несиенің ең көп мөлшері – 60 млн. теңгеге дейін, мерзімі – 7 жылға дейін, сыйақы үстемесі – субсидиялауды есептегенде, жылына 4 пайызды, ал субсидиясыз – 11 пайызды құрайды. Қарыз алатын заңды немесе жеке тұлға төлеу қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын дəлелдеуі қажет. Атап айтқанда оның бюджетке салық жəне басқа да төлемдер бойынша, екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржылық институттарына мерзімі өткен берешегі

болмау керек. Сонымен қатар, малға қажетті инфрақұрылыммен (электр жəне сумен) қамтамасыз етілген, елді мекеннен тыс жер телімінде орналасқан сүтті-тауарлы шағын фермасы жəне жем-шөп базасы болуы тиіс. Сонымен қатар, бағдарламаға қосылған шаруашылықтағы малдардың санитарлық жағдайына да талаптар қойылатын болады. Қарыз алушының өзінің жеке меншігіндегі ірі қара мал аналықтары санының сатып алынатын мал басына ара-қатынасы 1:5 болуы қажет. Сүтті-тауарлы фермалардағы менеджмент жəне контроллингті ұйымдастыру негіздерін оқу туралы сертификаты немесе шаруашылықтың штатында зооветеринария саласының маманы болуы да талап етіледі. Əрине бұл талаптарды орындау қиын емес. Жоба бойынша сүтті тұқымды мал сатып алынады. Міндетті түрде

табындағы аналық мал басына 1:30 ара-қатынаста асыл тұқымды бұқаөндіруші болуы тиіс. Немесе қолдан ұрықтандыруды жүргізу туралы мамандандырылған ұйымдармен келісімшарт жасалынуы керек. Бүгінгі таңда қор тарапынан 260,1 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылып үлгерді. «Ырыс» бағдарламасы бойынша бірінші болып қаржыландырылған жобалардың ішінде – Солтүстік Қазақстан облысындағы «Таштан» ЖШС жəне «Айлана», Ақмола облысындағы «Үміт», Павлодар облысындағы «Дидар» шаруа қожалықтары бар. Жалпы, 2014 жылы отбасылық сүтті-тауарлы фермаларды құру жəне кеңейтуге «Ырыс» бағларламасы бойынша 1 млрд. 281 млн. теңге бөліну жоспарланған. 30 жобаны жүзеге асырудың нəтижесінде 2 мыңнан астам сүтті ірі қара мал сатып алынады деп күтілуде.


10

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

 Өңір өмірі

Жалаулы жылдар жетегіндегі ќала

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Өңірдің негізгі өндіріс о рын да ры ш о ғ ы р л ан ғ а н Степногор қаласының іргесі

қаланғанына 50 жыл толды. Осыған орай өнеркəсіпті шаҺарда бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Жарты ғасырлық жалаулы жылдар жетегіндегі қаланың

бай тарихы бар. Қазыналы аймақта қымбат кен орындары, алып подщипник зауыты жұмыс істейді. Кеңестік заманда негізінен уран өндірісі дамыған жабық қала стратегиялық міндеттерді атқарды. Əлеуметтік саланың серпінділігін де осы шаҺардан байқауға болады. Əсіресе, 1961 жылдан бастап соңғы үлгідегі тұрғын үйлер, білім ордалары мен балабақшалар, мəдени-спорттық ошақтар, сауда жəне тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері көптеп бой түзеді. 1964 жылы Соцгородок елді мекеніне Степногор атауы беріліп, жақын маңдағы ауылдар қалаға қарады. Ал, 1997 жылы Ақсу, Бестөбе жəне Шаңтөбе кенттері де

қаланың əкімшілік-аумақтық құрамына енгізілді. Шортанды ауданындағы Жолымбет кенішінің өндірістік табыстары да Степногормен байланыстырылады. Қазіргі таңда тəуелсіз еліміздің экономикалық əлеуетін арттыруда елеулі орын алатын Степногор облыстағы жалғыз моноқала саналады. Бұл шешім қаланың кешенді дамуына оң ықпалын тигізіп, жемісті нəтижелерін беруде. Оны мерекелік шаралардың жоғары көңіл күй ауанында өткізілуінен де байқауға болатын еді. «Қала күні» мейрамы осы мекенде тұратын 70-тен астам ұлт өкілінің ортақ ниет, жарасымды тілектерімен шырайланды. Мерекелік шаралардың «Қайырлы таң, Степногор!»

атты автошеруден басталуында үлкен мəн, болашаққа сенімділік сезімдері жатқаны анық. Жасауы жарасқан шеруде кешегі мен бүгінгінің машиналары жүріп өтуі, əр кезеңнің жетістіктері бейнеленуі 50 жылдық тарих көшін көз алдымызға елестеткендей толғанысқа бөледі. Ұрпақтар саябағындағы кең ауқымды бағдарламаға балалар қоғамдық қозғалысы көшбасшыларының «Қалаңа күлкі сыйла!» науқаны, батпырауық фестивалі өткізілді, сонымен қоса, «ЭКСПО-2017-ге қатысатын жастар» павильоны жұртшылық назарын аударды. Қала мектептерінің концерттік қойылымдарын «Гвардеец» əскери-патриоттық клубының тəрбиеленушілері жəне №6

мек теп гимназиясындағы жол қозғалысының жас инспекторлары алмастырды. Қала тұрғындарының салтанатты шеру-карнавалы шаһардың еңселі төріндегі Тутұғырды ашумен жалғасты. Желкілдеген көк жалауды көтеру құрметі Ақмола облысының əкі мі Сергей Кулагинге, Парламент депутаттарына, қаланың құрметті азаматтарына берілді. Мерекелік іс-шаралар «Горняк» мəдениет сарайындағы салтанатты жиналыспен жалғасты. Гала-концертке əйгілі қазақстандық əнші Парвиз Назаров, Астана қаласындағы Ұлттық музыкалық академияның қазақ ха лық аспаптары оркестрі, облыстық филармония жəне қаланың шығармашылық ұжымдары қатысты.

Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 349000 теңге. Кепілді жарна – 52350 теңге. 16-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі А 370 ЕХ, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 347000 теңге. Кепілді жарна – 52050 теңге. 17-лот. FORD FOCUS автомашинасы, мем. нөмірі А 395 DХ, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 909000 теңге. Кепілді жарна – 136350 теңге. 18-лот. FORD FOCUS автомашинасы, мем. нөмірі А 001 DM, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 908000 теңге. Кепілді жарна – 136200 теңге. 19-лот. FORD FOCUS автомашинасы, мем. нөмірі А 004 VP, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 909000 теңге. Кепілді жарна – 136350 теңге. 20-лот. Hyundai Elantra автомашинасы, мем. нөмірі B 105 CO, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 272000 теңге. Кепілді жарна – 40800 теңге. 21-лот. Chevralet Niva-2123 автомашинасы, мем. нөмірі В 819 BV, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Бастапқы (алғашқы) баға – 381000 теңге. Кепілді жарна – 57150 теңге. 22-лот. Chevralet Niva-2123 автомəшинасы, мем. нөмірі В 600 BT, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Бастапқы (алғашқы) баға – 271000 теңге. Кепілді жарна – 40650 теңге. 23-лот. Toyota Avensis автомашинасы, мем. нөмірі В 071 BV, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Бастапқы (алғашқы) баға – 636000 теңге. Кепілді жарна – 95400 теңге. 24-лот. Toyota Avensis автомашинасы, мем. нөмірі В 077 BV, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Бастапқы (алғашқы) баға – 727000 теңге. Кепілді жарна – 109050 теңге. 25-лот. Lexus RX 300 автомашинасы, мем. нөмірі 013 AH05, 1999 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Бастапқы (алғашқы) баға – 691000 теңге. Кепілді жарна – 103650 теңге. 26-лот. Chevralet Niva-2123 автомашинасы, мем. нөмірі В 996 BV, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Бастапқы (алғашқы) баға – 195387 теңге. Кепілді жарна – 29309 теңге. 27-лот. Toyota Camry автомашинасы, мем. нөмірі 356 AA05, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 36/42. Бастапқы (алғашқы) баға – 388813 теңге. Кепілді жарна – 58322 теңге. 28-лот. ВАЗ-21074 автомашинасы, мем. нөмірі В 839 AF, 2002 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 67/70. Бастапқы (алғашқы) баға – 198000 теңге. Кепілді жарна – 29700 теңге. 29-лот. ВАЗ-21102 автомашинасы, мем. нөмірі В 840 AF, 2002 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 67/70. Бастапқы (алғашқы) баға – 300000 теңге. Кепілді жарна – 45000 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға мына нысандар қойылады: 30-лот. ГАЗ-3102 автомашинасы, мем. нөмірі В 966 CS, 1996 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Балпық би к-сі, 37. Алғашқы баға – 214535 теңге. Бастапқы баға – 1072675 теңге. Ең төменгі баға – 117371 теңге.

Кепілді жарна – 32181 теңге. 31-лот. Volkswagen Passat автомашинасы, мем. нөмірі В 916 CS, 1989 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Балпық би к-сі, 37. Алғашқы баға – 135629 теңге. Бастапқы баға – 678145 теңге. Ең төменгі баға – 74202 теңге. Кепілді жарна – 20345 теңге. 32-лот. ВАЗ-21093 автомашинасы, мем. нөмірі В 630 CS, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Балпық би к-сі, 37. Алғашқы баға – 168021 теңге. Бастапқы баға – 840105 теңге. Ең төменгі баға – 91923 теңге. Кепілді жарна – 25204 теңге. 33-лот. ГАЗ-310290 автомашинасы, мем. нөмірі В 799 ВU, 1992 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Балпық би к-сі, 37. Алғашқы баға – 103950 теңге. Бастапқы баға – 519750 теңге. Ең төменгі баға – 56871 теңге. Кепілді жарна – 15593 теңге. 34-лот. Daewoo Nexia автомашинасы, мем. нөмірі В 793 СD, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Тəуелсіздік к-сі, 67Б. Алғашқы баға –147608 теңге. Бастапқы баға – 738040 теңге. Ең төменгі баға – 80756 теңге. Кепілді жарна – 22142 теңге. 35-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі В 010 СО, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Лесная поляна к-сі, 1. Алғашқы баға – 281037 теңге. Бастапқы баға – 1405185 теңге. Ең төменгі баға – 153754 теңге. Кепілді жарна – 42156 теңге. 36-лот. УАЗ-31519 автомашинасы, мем. нөмірі В 149 СО, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Лесная поляна к-сі, 1. Алғашқы баға – 174218 теңге. Бастапқы баға – 871090 теңге. Ең төменгі баға – 95314 теңге. Кепілді жарна – 26133 теңге. 37-лот. УАЗ-396259 автомашинасы, мем. нөмірі 277 АА05, 2003 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 36/42. Алғашқы баға – 100515 теңге. Бастақы баға – 502575 теңге. Ең төменгі баға – 54991 теңге. Кепілді жарна – 15078 теңге. 38-лот. УАЗ-31512 автомашинасы, мем. нөмірі 379 АА05, 1987 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 36/42. Алғашқы баға – 84073 теңге. Бастапқы баға – 420365 теңге. Ең төменгі баға – 45996 теңге. Кепілді жарна – 12611 теңге. 39-лот. ГАЗ-31105-100 автомашинасы, мем. нөмірі В 554 DЕ, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 38. Алғашқы баға –167437 теңге. Бастапқы баға – 837185 тенге. Ең төменгі баға – 91604 теңге. Кепілді жарна – 25116 теңге. 40-лот. Daewoo Nexia автомашинасы, мем. нөмірі В 578 DЕ, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 38. Алғашқы баға – 142520 теңге. Бастапқы баға – 712600 теңге. Ең төменгі баға – 77972 теңге. Кепілді жарна – 21379 теңге. 41-лот. Chevralet Niva-2123 автомашинасы, мем. нөмірі В 783 AC, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Алғашқы баға – 312238 теңге. Бастапқы баға – 1561190 теңге. Ең төменгі баға – 170824 теңге. Кепілді жарна – 46836 теңге. 42-лот. ГАЗ-3110 автомашинасы, мем. нөмірі В 275 DН, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Алғашқы баға – 220429 теңге. Бастапқы бағы – 1102145 теңге. Ең төменгі баға – 120596 теңге. Кепілді жарна – 33065 теңге. 43-лот. ГАЗ-31105-100 автомашинасы, мем. нөмірі В 432 DН, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Алғашқы баға – 288016 теңге. Бастапқы баға – 1440080 теңге. Ең төменгі баға – 157572 теңге. Кепілді жарна – 43203 теңге. 44-лот. ГАЗ-31105-100 автомашинасы, мем. нөмірі В 015 BV, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Алғашқы

баға – 291553 теңге. Бастапқы баға – 1457765 теңге. Ең төменгі баға – 159507 теңге. Кепілді жарна – 43733 теңге. 45-лот. ВАЗ-21213 автомашинасы, мем. нөмірі В 076 BV, 2006 жылы шы ғарылған, Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 113А. Алғашқы баға – 235640 теңге. Бастапқы баға – 1178200 теңге. Ең төменгі баға – 128917 теңге. Кепілді жарна – 35346 теңге. 46-лот. ГАЗ-31105-100 автомашинасы, мем. нөмірі В 025 BV, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Желтоқсан к-сі, 205. Алғашқы баға –292469 теңге. Бастапқы баға – 1462345 теңге. Ең төменгі баға – 160008 теңге. Кепілді жарна – 43871 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді жарна Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік есеп-шотына төленеді: KZ790705012170167006, Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, БИН 120340000064, БИК KKMFKZ2A, бенефициар коды – 11, КНП 171, мекеме коды – 2170167 (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Қатысушының талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін ( пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берге ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Аукционға қатысушылар аукционға бір сағат қалғанда аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион хабарламада көрсетілген уақытта басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреу белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреу жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреу ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сауда-саттық өткізілген күні Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алусату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізетілетін жер: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тəуелсіздік көшесі, 75, 211-бөлме. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты 8(7282) 27-07-12, 24-24-91 телефондары жəне www. gosreestr. kz сайты арқылы білуге болады.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» (местонахождение исполнительного органа: Карагандинская обл., г. Караганда, улица Ленина, 12) уведомляет своих участников, что в соответствии с решением правления товарищества, 25 ноября 2014 года в 11.00 часов по адресу: г. Астана, проспект Туран, 37, 13-этаж, состоится внеочередное общее собрание участников ТОО «Корпорация Казахмыс» Регистрация участников осуществляется 25 ноября 2014 года по указанному адресу с 09 часов 30 минут до 10 часов 45 минут. Список участников, имеющих право на участие в собрании, составляется по состоянию на 00 часов 00 минут 07 ноября 2014 года. В повестку дня включены вопросы: 1.О добровольной реорганизации ТОО «Корпорация Казахмыс» в форме выделения из него товарищества с ограниченной ответственностью «Maker (Мэйкер)», товарищества с ограниченной ответственностью «Разрез Молодежный», товарищества с ограниченной ответственностью «Разрез Куу-Чекинский» и передачи им прав недропользования и части имущества (прав и обязанностей) ТОО «Корпорация Казахмыс», связанных с правами недропользования; 2. Об утверждении плана выделения из состава ТОО «Корпорация Казахмыс» товарищества с ограниченной ответственностью «Maker (Мэйкер)», товарищества с ограниченной ответственностью «Разрез Молодежный», товарищества с ограниченной ответственностью «Разрез Куу-Чекинский»;

3. Об утверждении разделительного баланса; 4. Об утверждении устава ТОО «Maker (Мэйкер)» и определении лица, которое подпишет устав ТОО «Maker (Мэйкер)»; 5.Об утверждении устава ТОО «Разрез Молодежный» и определении лица, которое подпишет устав ТОО «Разрез Молодежный»; 6. Об утверждении устава ТОО «Разрез Куу-Чекинский» и определении лица, которое подпишет устав ТОО «Разрез Куу-Чекинский»; 7. Об определении лиц, которые будут являться участниками ТОО «Maker (Мэйкер)», ТОО «Разрез Молодежный», ТОО «Разрез КууЧекинский»; 8.О привлечении оценщика для определения стоимости долей участия в уставном капитале ТОО «Корпорация Казахмыс»; 9. Об избрании исполнительного органа ТОО «Maker (Мэйкер)»; 10. Об избрании наблюдательного совета ТОО «Maker (Мэйкер)»; 11. Об избрании исполнительного органа ТОО «Разрез Молодежный»; 12. Об избрании наблюдательного совета ТОО «Разрез Молодежный»;

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Мўсылмандыќ адамныѕ киімімен емес, иманды іс-əрекетімен айќындалады Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың елдің Қорғаныс кеңесінде діни саясат тұжырымдамасын талқылаған кезде діни ұстанымдар қырғыздардың ұлттық құндылықтарынан жоғары тұрмауы керек деген сөзі талайлардың көңілінен шыққаны анық.

Ақмола облысы.

Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 25 қарашада сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен республикалық меншіктегі нысандарды сатудың орындалуын сəйкестеңдіреді. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға мына нысандар қойылады: 1-лот. Toyota Camry автомашинасы, мем. нөмірі 051 CS05, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 728000 теңге. Кепілді жарна – 109200 теңге. 2-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі 028 CS05, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 350000 теңге. Кепілді жарна – 52500 теңге. 3-лот. Toyota Land Crauiser 100GX автомашинасы, мем. нөмірі B 007 BW, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 1909000 теңге. Кепілді жарна – 286350 теңге. 4-лот. Skoda Superb автомəшинасы, мем. нөмірі 032 CS05, 2008 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 873000 теңге. Кепілді жарна – 130950 теңге. 5-лот. ВАЗ-21101-125-51 автомəшинасы, мем. нөмірі 023 CS05, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 300000 теңге. Кепілді жарна – 45000 теңге. 6-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі 026 CS05, 2008 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 350000 теңге. Кепілді жарна – 52500 теңге. 7-лот. ВАЗ-21214-107 автомашинасы, мем. нөмірі 025 CS05, 2007 жылы шыға рылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 447000 теңге. Кепілді жарна – 67050 теңге. 8-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі 031 CS05, 2008 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 459000 теңге. Кепілді жарна – 68850 теңге. 9-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі 027 CS05, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 457000 теңге. Кепілді жарна – 68550 теңге. 10-лот. Lada-210994 автомашинасы, мем. нөмірі 047 CS05, 2008 жылы шыға рылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 498000 теңге. Кепілді жарна – 74700 теңге. 11-лот. Lada-210994 автомашинасы, мем. нөмірі 046 CS05, 2008 жылы шыға рылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 500000 теңге. Кепілді жарна – 75000 теңге. 12-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі А 368 ЕХ, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 348000 теңге. Кепілді жарна – 52200 теңге. 13-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі А 816 FB, 2008 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 348000 теңге. Кепілді жарна – 52200 теңге. 14-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі А 366 ЕХ, 2007 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Ескелді би к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 349000 теңге. Кепілді жарна – 52350 теңге. 15-лот. ВАЗ-21214 автомашинасы, мем. нөмірі А 369 ЕХ, 2007 жылы шыға рылған, Талдықорған қаласы,

ДҮБІРГЕ

13. Об избрании исполнительного органа ТОО «Разрез КууЧекинский»; 14. Об избрании наблюдательного совета ТОО «Разрез КууЧекинский»; 15. О порядке передачи прав недропользования, всех активов, прав и обязательств, связанных с получением, оформлением, реализацией прав недропользования по контрактам на недропользование, которые переходят в ТОО «Maker (Мэйкер)», ТОО «Разрез Молодежный», ТОО «Разрез Куу-Чекинский»; 16.Об участии ТОО «Корпорация Казахмыс» в юридических лицах; 17. Об органах ТОО «Корпорация Казахмыс»; 18. О совершении сделок. Дата проведения повторного собрания в случае отсутствия кворума на первом собрании – 26 ноября 2014 года. С материалами по вопросам повестки дня общего собрания участников можно ознакомиться по месту нахождения исполнительного органа ТОО «Корпорация Казахмыс».

Республика ақпарат құралдары таратқан президенттің сол кеңес тегі өткір пікірлері, сірə, сырттағылардың да назарын аударған шығар. Ол айтқан діни фанатизмге қарсы күресте батыл да шешімді шараларды жүзеге асыру керек деген талаптары көптеген елдерге, оның ішінде, əсіресе, Орталық Азия елдеріне тəн. Содан да қырғыз басшысының осынау шешімді пікіріне сол елдегілер де айрықша мəн беретіні заңды. Президенттің айтуына қарағанда, «исламдықты кеңінен енгізу идеясының арғы жағында қырғыздарды мəңгүрттерге айналдыру идеясы жатыр, бұл дегеніңіз, ұлттық дəстүрлерді жоюға соқтырады». «Егер Қырғызстанды арабтандыру жүзеге асса, біз олардың дəстүрлерін қабылдаймыз жəне солардың киімін киеміз, олардың тілінде сөйлейміз, – деді ол. – Сөйтіп, біз өзіміздің ұлттық ерекшелігімізден айырыламыз». А.Атамбаев мырза өз елінің дінге қатысты саясатын, ұстанымын айта отырып, имани исламның да, радикалды исламның да мəнін ашып көрсетті. Ол нағыз мұсылмандық адамның киімімен емес, оның иманды ісəрекетімен, ниетінің тазалығымен жəне жоғары адамгершілік мінезқұлқымен айқындалатынына

тоқталды. Со нымен қатар, ол адамдардың сапсиған сақал қойып, ұзын көйлек, кең дамбал киіп, намаз оқығанымен, мұсылман бола қоймайтынын айтты. «Керісінше, кейбір дамбал киген сақалдылар ұлы Жаратушының атын жамылып, адам шошырлық зұлымдық жасайтыны бар, – деді президент. – Кінəсіз адамдарды өлтіреді, қыздарды ұрлап, зорлап жатады». Қырғызстан президенті өз ойын қорытқанда, діни салаға байланысты мəселелерді талқылағанда əрқашан ұлттық мүдде жоғары тұруы керек деп тұжырымдапты. Сірə, бұл республика жұртшылығы тарапынан да кең қолдау тапқан. Басқаны былай қойғанда, кезінде ұлт тіліне шорқақтау деген кінə арқалаған «Ар-Намыс» партиясының көсемі Феликс Куловтың өзі, президенттің ұсыныстарын қолдай отырып, дəстүрлі діндерді дамыту, түрлі секталарға тосқауыл қою қажеттігін атап көрсетті, бұған қаржылай қолдау жасауды ұсынды. Қазір барлық жерде діни радикализм күшейіп тұр. Тіпті, бір елдер сол діни экстремизмнің шеңгеліне түсіп, өздерінің мемлекеттік тұтастығынан айырылу қаупінде. Содан да оған қарсы алдын ала шаралар белгілеу, оны əрқашан назарда ұстау айрықша маңызды. Қырғыз ағайындардың бұған көңіл бөлуі де барынша құптарлық. Осы жерде бұдан біраз бұрын Тəжікстан президенті Эмомали Рахмонның да осындай қадамдарға барғаны ойға оралады. Əсіресе, діни экстремизм етек алған аймаққа жақын елдер бейқам болмауы тиіс қой дейсің.

Есірткіні еркіне жібермейді Қазір Ұлыбританияда есірткі пайдалануды еркіне жіберу жөнінде айтарлықтай пікір таласы жүріп жатыр. Оған ең жоғары билік адамдары да қатысып отыр. Жұрт назарын аударған жай – елдің премьер-министрі Дэвид Кэмерон оған үзілді-кесілді қарсылығын білдірді.

Бұл – жай айтыла салған сөз емес, біраз нəрсе зерделеніп барып жасалған тоқтам. Алдымен елдің ішкі істер министрлігінің сарапшылары əзірлеген баяндама жарияланып, онда сол есірткіні саудалаудағы қатқыл ұстанымға күмəн келтірілген болатын. Бұл баяндаманы əзірлеуге сол ішкі істер министрлігінің орынбасары, либерал-демократ Норман Бейкер бастамашы болған. Содан кейін-ақ жеңіл есірткілерді, тіпті, барлық есірткіні еркіне жіберу керек, яғни заңдастыру керек деген пікір айтыла бастады. Міне, премьерминистр сонда өз пікірін қатқыл айтқан. Есірткіге қатаң тыйым салуға қарсылардың алға тосар уəжі: есірткіні еркіне жіберу жасырын есірткі бизнесін жоюға, сол есірткіге шалдыққандарды емдеуге көмектеседі-міс. Бұл жерде олар есірткіні еркіне жіберген Нидерланд, Португалия жəне Швеция елдерін мысалға келтіреді. Қаталдық адам еркін шектеу дегенді айтатындар да бар. Мұның өзі саяси күштердің күресіне де айналып бара жатқандай. Есірткіге қарсы күресті жұмсартуды либералдық демократтар партиясының көсемі вице-премьер Ник Клегг те қолдайтынын білдірді. Есірткіге қарсы соғыстың нəтижесі көріне қоймайды, бұл мəселені қатаң шаралармен шешеміз деген үстірттеу идеядан арылуымыз керек дегенді айтты. Бұдан біраз бұрын ол өзі пайдаланатын есірткіні сақтағаны үшін адамдарды жазалауға да қарсы шыққан. Ал қазір бұл елде өзінен

есірткі табылған адам жеті жылға сотталады. Премьер-министр өзінің орынбасарының пікіріне бірден тойтарыс берген. Елдегі жағдай сол күрестің нəтижесі, деді ол. Ал есірткіні еркіне жібергенде, қазіргі жағдайдың қандай боларын кім білер еді. Есірткі – кесапат. Содан да оған қарсы күрес борыш болуға тиіс. Консерватор премьер-министр өзінің үкіметтегі одақтасы либералдемократтардан қарсылық көріп жатқанда, оған оппозициядағы лейбористерден қолдау тапқаны да қызық. Оппозицияның «көлеңкелі кабинетінің» ішкі істер министрі Дайана Джонсон есірткіге қарсы күресті күшейтуді қолдайтынын білдірді. Есірткіге ерік берген Нидерландта наркомандардың тек 12 пайызы, ал Швецияда 25 пайызы ғана емделіп жатса, Ұлы британияда 60 пайызы емделеді екен. Содан да есірткіге ерік берген елдерді үлгі тұтудың ешқандай жөні жоқ. Сөйтсе де, Ұлыбритания парламентінде біраз депутаттар есірткіні пайдалануды заңдастыруды қолдайтындарын білдірген. Соған қарамай, премьер-министр Кэмеронның бұл мəселедегі қатқыл ұстанымы бұл елде ғана емес, сырттағы жұрттың да назарын аударып отыр. Əлемде бұл мəселеге көзқарас əртүрлі. Сол есірткінің исі шық қаны үшін де қатаң жаза қолданатын елдер бар. Тіпті, өлім жазасына да кесіледі. Ондай қаталдық артық та шығар. Бірақ бұл кесапатқа қарсы күресті бəсеңдетуге əсте де болмас. Айталық, ондай жағдайда біздегі Шу алқабындағы қарасора неге айналар еді? Көкнар егу ерікті болған заманда оңтүстік өңірдегі біраз ауылдарда көкнаршылар қатары айтарлықтай болғанын да көзіміз көрген. Тыйым салу сол кесапатқа тосқауыл қойды. Кесапатқа рақымшылдықпен қарау ағаттық.


www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

11

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Астана қаласының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 26 қарашада сағат 15.00-де Астана қаласы, Əуезов көшесі, 14-үй мекенжайында «Резерв» РМК балансындағы мемлекеттік республикалық мүлік нысандарын мүліктік жалға беру жөнінде тендер өтетіндігін хабарлайды Тендерге шығарылатындар: Лот №

Резервуар атауы

Резервуар көлемі

1 2 3 4 5

№11 №20 №21 №23 №26

(7500 тонна) (7500 тонна) (7500 тонна) (7500 тонна) (7500 тонна)

Мүлікті жалдау (жалға алу) ақысына ағымдағы жəне күрделі жөндеуге есептеулер, нысанға қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Бұл төлемдерді жалдаушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану жəне басқа да қызметтерге, немесе баланс ұстаушымен келісімшарт бойынша төлейді. Мүлікті жалға беру шартын жасау мерзімі одан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл. Тендер шарты: 1. Жалдау нысаны үшін жалдау ақысы бойынша ұсыныстар бастапқыдан төмен емес. 2. Жалдау нысанының қалыпты техникалық пайдалану жағдайының сақталуын қамтамасыз ету. 3. Резервуарларды пайдалану бейінін бүкіл жалдау мерзімі кезінде сақтау. Тендердің жеңімпазын таңдау өлшемі: Нысан үшін жалдау төлемінің ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлiк құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады. Қатысушылар ұсынған жалдау төлемінің сомалары сəйкес келген (тең болған) жағдайда, тендер комиссиясының шешімі бойынша тендерге қатысуға өтінімі бұрын тіркеген тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендер өткізу ережесі: Тендер өтетін күні отырыста тендер комиссиясы тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жария лайды. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу жəне ұсы ныстарды жариялау кезінде тендерге қатысушылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қатыса алады.

Орналасқан жері

Айлық жалдау ақысының бастапқы сомасы (теңге) Дизельді жанармай резервуарлары Өндіріс көшесі, 41 11 310 Өндіріс көшесі, 41 11 310 Өндіріс көшесі, 41 11 310 Өндіріс көшесі, 41 11 310 Өндіріс көшесі, 41 11 310

Тендердің қатысушысы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шартын орындау мен шарт жасау жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға өтiнiмдi; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарты бойынша ұсыныстарды; 3) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелерін немесе көрсетiлген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; жеке кəсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; 4) акционерлiк қоғамдар үшiн – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрменi; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн – серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрменi (серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi жүргiзiлген жағдайда); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар

Кепілді жарна (теңге) 11 310 11 310 11 310 11 310 11 310

құрылтай құжаттарын; 6) кепiлдi жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 7) салық органының қатысушының салықтық берешегi жоқ екенi туралы өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасын; 8) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынуы қажет. Өтінімді қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (жеке тұлға үшін, егер мұндай мөр бар болса) ұсынылған кезде жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 25 қарашада сағат 15.00-де аяқталады. Кепілді жарналар Астана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру депаратаментінің есептік шотына төленеді – ИИК KZ880705012170181006, СТТН 620300352948, БСН 120340010824, БЖК KKMFKZ2A, КНП-171, ММ коды ГУ 2170181, Банк – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазнашылық комитеті. Тендердің өткізілуі, тендерге қа тысу үшін өтінімдер мен тендерлік құжаттаманың топтамасын қабылдау мына мекенжайда жүр гізіледі: Астана қаласы, Əуезов көшесі, 14-үй, № 2 бөлме. Құ жат тарды қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады. Тендер өткізу жөнінде қосымша ақпаратты 8 (7172) 32-73-23, 32-89-20 телефондары немесе www.gosreestr. kz сайтынан алуға болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2014 жылғы 25 қарашада сағат 10.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылығы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады (өзгерістер мен толықтырулар есепке ала отырып) (бұдан əрі – Ереже). Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. ҚР ҚМ ҚК «Солтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 244,85 ш.м. əкімшілік ғимараттың бірінші қабаттағы үй-жайы. Орналасқан жері: СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Конституция к-сі, 35. Бастапқы (алғашқы) баға – 2 332 467 теңге. Бастапқы баға – 16 327 269 теңге. Ең төменгі баға – 1 166 234 теңге. Кепілді жарна – 349 871 теңге. 2. ҚР АШМ АӨК МИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 88 ш.м. 1980 жылы салынған гараж. Орналасқан жері: СҚО, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Ветеринарная к-сі, 1. Алғашқы баға – 709 600 теңге. Бастапқы баға – 4 967 200 теңге. Ең төменгі баға – 185 683 теңге. Кепілді жарна – 106 440 теңге. 3. ҚР АШМ АӨК МИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 20,7 ш.м. 1969 жылы салынған гараждың бір бөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл а., Новая к-сі, 20. Алғашқы баға – 148 100 теңге. Бастапқы (алғашқы) баға – 1 036 700 теңге. Ең төменгі баға – 50 000 теңге. Кепілді жарна – 22 215 теңге. 4. ҚР АШМ АӨК МИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 204,7 ш.м. 1971 жылы салынған өндірістік ғимарат. Орналасқан жері: СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Целинная к-сі, 13. Алғашқы баға – 2 405 000 теңге. Бастапқы баға – 16 835 000 теңге. Ең төменгі баға – 629 325 теңге. Кепілді жарна – 360 750 теңге. 5. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК теңгеріміндегі м/н Т 040 SP, 2002 ж.ш., Газ-3110-411 автомашинасы. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, 2-ші тұйық Универсальная көшесі, 8. Алғашқы баға – 35 900 теңге. Бастапқы баға – 251 300 теңге. Ең төменгі баға – 18 000 теңге. Кепілді жарна – 5 385 теңге. 6. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК теңгеріміндегі жалпы алаңы 96,4 ш.м. 1980 жылы салынған гараж. Орналасқан жері: СҚО, Ақжар ауданы, Талшық а., Сəдуақасов к-сі, 11. Алғашқы баға – 909 000 теңге. Бастапқы баға – 6 363 000 теңге. Ең төменгі баға – 55 000 теңге. Кепілді жарна – 136 350 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна (бенефициар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің (бенефициардың банкі) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ-нің КZ300705012170177006 депозиттік шотына енгізіледі, БСК ККМ ҒКZ2А, БСН 120240018658, КБЕ 11, белгіленген төлем коды 171. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақтылы түсу мақсатында қабылдау аяқталуға дейін үш күн кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының

осы Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүз еге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері бойынша Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алусату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34, 2-қабат, № 11 бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты 8 (7152) 46-05-84, 46-20-38 телефондары жəне www.gosreestr.kz арқылы білуге болады.

Акционерлердің назарына!

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (атқарушы органның орналасқан жері: Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ленин көшесі, 12) серіктестік басқармасының шешіміне сəйкес, 2014 жылғы 25 қарашада сағат 11.00-де Астана қ., Тұран даңғылы, 37, 13-қабат мекенжайында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 25 қарашада көрсетілген мекенжайда сағат 9.30-дан бастап сағат 10.45-ке дейін жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқылы қатысушылардың тізімі 2014 жылғы 7 қарашада 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады. Күн тəртібіне мына мəселелер енгізілді: 1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ні одан «Maker (Мэйкер)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «Молодежный разрезі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «Қушоқы разрезі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бөлу нысанында ерікті қайта құру жəне жер қойнауы құқығына байланысты, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалануын жəне мүліктің бөлігін (құқықтар мен міндеттер) оларға беру туралы; 2. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамынан «Maker (Мэйкер)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «Молодежный разрезі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «Қушоқы разрезі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бөлу жоспарын бекіту туралы; 3. Бөлу балансын бекіту туралы 4. «Maker (Мэйкер)» ЖШС жарғысын бекіту жəне «Maker (Мэйкер)» ЖШС жарғысына қол қоятын тұлғаны анықтау туралы; 5. «Молодежный разрезі» ЖШС жарғысын бекіту жəне «Молодежный разрезі» ЖШС жарғысына қол қоятын тұлғаны анықтау туралы; 6. «Қушоқы разрезі» ЖШС жарғысын бекіту жəне «Қушоқы разрезі» ЖШС жарғысына қол қоятын тұлғаны анықтау туралы; 7. «Maker (Мэйкер)» ЖШС, «Молодежный разрезі» ЖШС, «Қушоқы разрезі» ЖШС қатысушылары болып табылатын тұлғаларды анықтау туралы; 8. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің құнын анықтау үшін бағалаушыны тарту туралы; 9. «Maker (Мэйкер)» ЖШС атқарушы органын сайлау туралы; 10. «Maker (Мэйкер)» ЖШС бақылау кеңесін сайлау туралы; 11. «Молодежный разрезі» ЖШС атқарушы органын сайлау туралы; 12. «Молодежный разрезі» ЖШС бақылау кеңесін сайлау туралы; 13. «Қушоқы разрезі» ЖШС атқарушы органын сайлау туралы; 14. «Қушоқы разрезі» ЖШС бақылау кеңесін сайлау туралы; 15. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануды алуға, ресімдеуге, жүзеге асыруға байланысты жер қойнауын пайдалану құқын, барлық активтерді, құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы, олар «Maker (Мэйкер)» ЖШС-ға, «Молодежный разрезі» ЖШС-ға, «Қушоқы разрезі» ЖШС-ға өтеді; 16. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның заңды тұлғаларға қатысу туралы; 17. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС органдары туралы; 18. Мəмілелер жасау туралы. Бірінші жиналыста жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс өткізу күні – 2014 жылғы 26 қарашада. Қатысушылардың жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдармен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атқарушы органы орналасқан жерде танысуға болады.

«Көкшетаугидрогеология» АҚ Директорлар кеңесі осы арқылы «Банк ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-мен 45 000 000 теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыруды мерзімі 24 айға, сыйақы мөлшерлемесімен инвестициялық мақсатқа, сондай-ақ Банк анықтайтын шартпен өзге төлемдерді төлеуге, «Көкшетаугидрогеология» АҚға тиесілі жылжитын жəне жылжымайтын мүлікті «Банк ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ алдындағы өз міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде берумен ірі мəміле жасағандығы туралы өз акционерлеріне хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8 ( 7162) 41 00 04, 41 00 06, 41 00 12.

К сведению акционеров!

Совет директоров АО «Кокшетаугидрогеология» настоящим уведомляет своих акционеров о заключении крупной сделки с ДО АО «Банк ВТБ Банк (Казахстан)» дополнительного финансированя в размере 45 000 000 тенге, сроком на 24 месяца, на инвестиционные цели со ставкой вознаграждения, а также уплатой иных платежей на условиях, определяемых Банком, с представлением в качестве обеспечения своих обязательств перед ДО АО «Банк ВТБ Банк (Казахстан)» движимого и недвижимого имущества, принадлежащего АО «Кокшетаугидрогеология». Телефон для справок: 8 ( 7162) 41 00 04, 41 00 06, 41 00 12.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) БСН 990340003019 Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №883 Жарлығына сəйкес өзінің таратылғаны туралы хабарлайды. Кредиторлардың наразылықтары мен талаптары Астана қ., Сейфуллин көшесі, 37, тел.: 7 (7172) 90 93 53, 90 90 92, 90 93 02 мекенжайы бойынша хабарландыру жарияланған сəттен бастап екi айдан кешіктірілмей қабылданады.

Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) БИН 990340003019 сообщает о своей ликвидации согласно Указу Президента Республики Казахстан от 6 августа 2014 года № 883. Претензии и требования кредиторов принимаются не позднее 2-х месяцев с момента публикации объявления по адресу: г.Астана, ул.Сейфуллина, 37, тел.: 7 (7172) 90 93 53, 90 90 92, 90 93 02.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Канелұлы Сейдахметовке əкесі Канел Қасымұлы СЕЙДАХМЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогикалық ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері, білім беру саласына зор еңбек сіңірген ұстаз, университет ардагері Ғанибай АМАНҒОСОВТЫҢ дүниеден өтуіне байланысты оқу бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының кандидаты Ардақ Ғанибайқызы мен жақын туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

7 қараша 2014 жыл

 Тағзым

 «Егеменге» елден келді

«Орден таќќан» їй

Қойны тарихқа толы Алматы қаласында тағы бір айтулы оқиға өтті. Қазақтың көрнекті жазушысы Əзілхан Нұршайықов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Бұл шаһарда мұндай ізгі шараға сұранып тұрған тұлғалар, қоғам қайраткерлері жеткілікті. Қазіргі таңда оңтүстік астанада ескерткіш тақтаның 423-і ілініп тұрса, осындай қошеметке көпшілік тағы көптеген айтулы тұлғаны лайық көреді. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстанның халық жазушысы Əзілхан Нұршайықовтай қалам гер тұрған үйге құрмет тақта орнату үлкен парыз болатын. Жазушының өзі бір кездері: «Құрмет тақта ілінген үйлерді мен кеудесіне орден таққан адамдай көремін», дейді екен. Осылайша уақыттың көшінде əдебиеттің Əзағасы тұрған үй де «орден тақты». Сонымен, жуырда Құрманғазы көшесіндегі №90 үйдің маңына сүйікті жазушының көз көрген қаламдастары, қала берді қарапайым халық көптеп жиналып, бұл оқиға суреткердің оқырмандар жүрегінде сақталғанын тағы да айғақтады. Мемориалды тақтаның ашылу рəсімінде алғашқы сөз кезегін Алматы қаласы əкімінің орынбасары Зəуреш Аманжолова алды. Ол алдымен жазушының ғибратты ғұмырына қысқаша шолу жасап, шығармаларын дəріптей келе: «Əз-аға нағыз халық жазушысы еді. Өзінің бүкіл саналы ғұмырын халқының рухани тұтастығына,

тəуелсіздік тұғырының берік болуына арнады. Қаламгер азаттық дейтін киелі ұғымның қадіріне жетіп, қаламын қолынан тастамай, соңғы демі біткенше халқымызды ынтымақ пен бірлікке шақырып, тəуелсіз еліміздің тілеуін тілеп өтті. Елбасымыздың саясатына үнемі қолдау білдіріп отырды. Əзілхан Нұршайықовтың өнегелі өмірі, жарқын бейнесі, ғибраты мол шығармалары халқымыздың жадында мəңгілік қалары сөзсіз!» – деді. Осы оқиғаның тағы бір ерекшелігі, жазушының рухына көрсетілген қошемет Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, байтақ елдің əр шалғайындағы жазушының əріптестері де ескерткіш тақтаның ашылуына ортақтаса алды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Парла мент Сенатының депутаты Нұр лан Оразалин салтанатты оқиғаны жалғастырып: «Алматы дейтін ұлы қаланың əрбір көшесі, əрбір үйі уақыт өт кен сайын кешегі ұлы астанамыз болған,

бүгінгі рухани ке ңіс ті гі міздің орталығына айналған қа ланың көзіндей бай тарихқа айналып барады. Алматыны аралаған сайын қазақтың ғылымын, əде биетін, өнерін жасаған ХХ ғасыр көз алдымызға келеді. Бүгінгі Құрманғазы мен С.Мəуленов көшел ерінің қиылысында жаңа ғана орнатылған тақта сол кенен тарихымыздың ең бір есте қалатын, жанымызға шуақ ұялататын сəтінің көзіндей көрінеді. Бұл үйде Əзағаң – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты жəне «махаббаттың жыршысы» атанған, ұлттық прозада сан мыңдаған тиражбен тараған қарымды қаламгер тұрған», – деп өзімен 11 жыл көрші болған жазушы жайлы тамаша естеліктерді өрді. Əдебиеттің төрінен орын алған шығармалары туралы тебіреніспен толғады. Аяулы жазушының тұрған үйі бір бөлек, туған жері де бар ғой. Əзағаңның кіндік қаны тамған өлкеден – Шығыс Қазақстан облысы əкімдігі атынан арнайы делегацияны бастап келген Нұржан Қуантайұлы сөз алып, тұтас шаралар атқарып жатқан Алматы қаласы əкімдігі мен Жазушылар одағына алғыс айта отырып, жазушының туған жерінде əдебиетке қашанда үлкен жанашырлық танытып келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының əкі мі Бердібек Сапарбаевтың тікелей қолдауымен жазушы рухы алдында ұялмайтындай

тірліктер атқарылғанын баяндады. – Бұл шаралар əлі де жалғасуда. Қаламгер бақиға аттанғаннан кейін де бірнеше кітап жарық көр ді. Соңғы 2-3 жыл аясында Əзілхан Нұршайықовтың бір кітабы мен қаламгердің өзі жайлы естеліктер жинағы шықты. Өткен жылы Өскемен қаласындағы жаңа көшеге Əзілхан Нұршайықов есімі берілді. Өзінің туған жері Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы мектеп енді жазушының атымен аталады, – деді ақын Нұржан Қуантайұлы. Сол сияқты биыл жаз айында облыстағы жас журналистер арасында алғаш рет Əзілхан Нұршайықов атындағы байқау өткізілген жəне бұл дəстүрге айналмақ жайы бар екен. Осыдан кейін жазушымен 34 жыл бойы хаттар арқылы сырласқан, нəтижесінде эпистолярлық жанрда «Махаббат жыршысы» атты кітап жазған жазушы, журналист, Қазақстан Президенті сый лы ғының лауреаты Қайсар Əлім сөз алды. – Бұл үйде Əзағаң 26 жыл бойы өмір сүріп, еңбек етіпті. Осы кезеңде жазушы қаламынан 20 шақты кітап жарық көрген екен. Оның бəрін тізіп шығу мүмкін емес. Бірақ, «Өмір өрнектерінің» үш томын, өзінің естеліктерінің қос кітабын, бірнеше əдеби, əскери күнделіктерін айтсақ та жеткілікті шығар. Бұған 54 жыл отасқан адал жары Халима апамызға арнаған «Мəңгілік махаббат жыры» поэмасын қосып қоялық. Бұл осы үйдің қабырғасында қарасөзбен жазылған ғашықтық поэмасы еді. Кейін Əзағаң осы ыстық ұясынан он жыл бойы, бақилық болғанша, жалғыз өзі мұңға батып, сыңарынсыз шығып жүрді. Бұл үйде қазақ əдебиетінің небір майталман классиктері Əзағаң-Халима дастарқанынан дəм татып, мəре-сəре болып отыратын, əдебиеттің бүгіні мен келешегін əкелік қамқорлықпен талқыға салатын. Бұл үйге еліміздің шалғайынан оқырмандар асығыпаптыға жетіп, жазушы мейіріне бөленіп, қолтығына қолына түспей жүрген іңкəр кітабын қысып қайтатын. Бұл үйді жазушы тілеулестерінің хаттары басып кететін. Əр хатқа Əзағаң жан-жүрегін елжіретіп отырып жауап жазатын. Енді бұл үйде жазушының мол мұралы

 Талап жəне тəртіп

«Егемен Қазақстан».

Қазір техниканың дамыған заманы ғой. «Біреудің көзі жақсы, біреудің өзі жақсы» дегендей, жол полициясы қызметкерлері пенделікке салынып, кейбір ереже бұзғандарға «ерекшелік» жасап, «елжіреп» кетуі мүмкін. Ал жол қозғалысы ережесі мен қоғамдық тəртіптің бұзылуын өз уақытында тіркейтін заманауи техникалық құралдарды алдау мүмкін емес.

Мұндай құралдар «құда-құдағи», «ағасы-нағашы» дегенді мүлдем білмейді, көрсе де танымайды. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметіне қарағанда, электронды техникалардың осындай мүмкіндіктерінің нəтижесінде биылғы жылдың 10 айында 20 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы анықталып, мемлекет кірісіне 76 млн. 773 мың 815 теңге көлемінде айыппұл өндіріліпті. Одан бөлек, айыппұлдарды төлемегені үшін 3 524 автокөлік

автотұраққа орналастырылды. Сондай-ақ, бейнекамералардың көмегімен 100-ден аса қылмыс ашылып, 6 мыңнан жоғары қоғамдық тəртіптегі əкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті елімізде алғашқылардың бірі болып, полицейлерге құқық бұзушылардың кез келген заңға қайшы əрекеттерімен күресуге көмегін тигізетін ықшамды бейнетіркегіштер алды. Осының арқасында осы уақытқа дейін 2 712 құқық бұзушылық тіркеліп, айыптылар жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтер мен айыппұлдар есебінен облыс бюджетіне 554 млн. 569 мың теңге кіріс түсті. Бұл – 2013 жылға қарағанда 67 млн. 396 мың теңге артық деген сөз. Міне, осылайша электронды техникалар темірдей тəртіпті талап етіп, ереже бұзғандардың есін шығарып жатыр. Сондықтан, ең дұрысы – қайда жүрсеңіз де төбеден төніп тұрған бір «көздің» бар екенін ұмытпаңыз, ағайын!

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

АЛМАТЫ. Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

Мысыєын ќўтќарамын деп ґзі ќўлай жаздады Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай қаласының орталық көшелеріндегі көп қабатты бір үйдің көршілері əп-сəтте улап-шулады да қалды. Есіктің алдында өсіп тұрған биік ағаштың басында мысығын қолтықтаған əйел жыламсырап, өткен-кеткеннен көмек сұрайды. Жағдай былай болған еді. Мысығын серуенге шығарып жіберген əйел ауладан қарап таппайды. Мияулаған мысығының дауысын танып, аспанға қараса, марғауы есік алдындағы ағаштың ұшар басында отыр. Иесі мысығын əрі шақырады, бері шақырады, бірақ ол келмейді. Оның түсе алмай отырғанын түсінген иесі де ағашқа өрмелейді. «Сүйкімдісімен» ағаштың басында аман кездесіп, екеуі жерге түсейін деген əйелдің бойын қорқыныш биледі. Ағаштың жылтыр діңінен аяғы тайып кетсе құлайтынына көзі жеткен ол амалсыз екі бұтақтың арасында дірдектеп отырды. Төменде тұрған көршілердің де зəре-құты қалмады. Біреуі «аяғыңды былай соз» дейді, біреуі «олай соз» дейді. Күнде көріп жүрген ағаштың басына құс қонса көңіл бөлмейтін көршілер, мына жағдайдан кейін оның биіктігін енді байқағандай. Олар қолынан ештеңе келмеген соң, тоңып бара жатқан көршісі мен мысықтың амандығы үшін құтқарушыларды шақыруға мəжбүр болды. Құтқарушылар келіп, өрт сөндірушілер пайдаланатын төрт метрлік сатыны ағашқа сүйеп қойып, əйел мен мысықты аман түсіріп алды. Осылай екі кештің арасында мысығы иесіне бір пəлсапа меңзегендей: жоғарыға мысықша өрмелеу қиын іс емес екен, ал биіктен түсу қашан да оңай болмаған... ҚОСТАНАЙ.

Жамбыл облысы.

Меншік иесі:

кітапханасын ұрпақтары əспеттеп сақтап отыр. Сол пəтерді «Махаббат маздағы» деп аталатын əдебимұражайға айналдырса деген оқырмандар тілегін Алматы əкімдігіне жеткізгіміз келеді. Əзілхан Нұршайықов тұрған үйдің енді тарих еншісіне енгені – ұлтымыздың ұмытылмас оқиғасы болатынына сенеміз, – деді Қайсар Əлім. Осылайша тағылымды да əсерлі өткен жиында батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыз сөз алып, тумаса да туғаннан артық сыйластықта болған Нұршайықовтар отбасы жайлы сыр төкті. Ескерткіш тақтасының ашылу құрметіне ұйымдастырылған жиынға қаламгердің қос ұлы Арнұр, Жаннұр мен қыздары Жанар, Жанат қатысып, сүйікті немересі Дина Жансағымова атасы жайлы тебіреністі естелік айтты. Ал Əзағаның ендігі оқырмандары үшін айтарымыз, ел басына күн туған ауыр кезеңде қолына қару алып, елі мен жерін жаудан қорғаған, бейбіт заманға аяқ басқанда, қаруын қаламға айырбастап, еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты жырлаған классик жазушы Əзілхан Нұршайықов еді. Жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар» романы халқымыздың ең сүйіп оқитын кітаптарының біріне айналды. 1970 жылы алғаш жарық көргеннен бері бұл шығарма 10 рет қайтадан басылып шығыпты. Ал аты аңызға айналған қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының ғұмырынан алынған «Ақиқат пен аңыз» романы үшін Əзілхан Нұршайықовқа Мемлекеттік сыйлық берілген.

 Оқиға

Бейнекамера ешкімге «елжірей» алмайды Оралхан ДƏУІТ,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны Тəуекел Нұрбол редакцияға арыз алып келіпті. Оның мəтіні төмендегідей: «Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Алматы қаласының Сүйінбай даңғылындағы Баянауыл автосалонынан «Nexia» автокөлігіне несие рəсімдеу үшін «Kaspi Bank» менеджері Байсалбаев Нұржанға хабарластым. Ол: «Сенің зейнетақы қорыңдағы қаражатыңның жетпеуі себепті несие бағдарла масының базасы саған несие беруді қолдамауы мүмкін. Сол үшін бас тапқы жарнаға 350 мың төлейсің», деп түсіндірді. Сол күні «Astrum auto»

Менеджердіѕ ќитўрќылыєы

немесе аќша жымќырып ќалудыѕ астарында не сыр бар?

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшотына аталған сома қаражатты салдым. Нəтижесінде «Kaspi Bank», «Astrum auto» жəне мен үш жақты

Нұрболдың арызымен танысқаннан кейін, «жымқырып қалған 100 мың теңгесін қайтарып алған болса, оған бұдан басқа не керек екен» деген ой болды. Сөйтсек, мəселе тіпті басқада екен. Біріншіден, Нұрболдың бастапқы жарна ретінде салған

келісімшарт жасап, қол қойдық. Автокөлікке қол жеткізгеніме қуанып, үйге келгеннен кейін келісімшарттағы төлем кестесіне қарасам, бастапқы жарнаны 250 мың теңге деп көрсетіп қойыпты. Келісім бойынша 350 мың теңге салып (құжаттар бар), жемежемге келгенде 250 мың теңге деп, менің 100 мың теңгемді қайда жібергенін таба алмай дал болдым. Содан баяғы менеджер Нұржан Байсалбаевқа хабарластым. Ол: «Бұл менің қателігім, ешкімге айтпа. Мұны өзім дұрыстап беремін. Сенің артық төлеген 100 мың теңгеңді алдыңғы айлардағы автонесиеңді төлеу арқылы өтеп бере мін», деп сендірді. Мен оның айтқандарымен келістім. Сөзіне сендім. Арада бір ай мерзім өтті. Несиені төлеудің мерзімі келді. Бірақ Байсалбаевтан хабар жоқ. Оған хабарласып: «Уəде бойынша алғашқы айдың несиесін жаппайсың ба?» деп сұрасам, «менің қазір тиыным жоқ. Соңынан көмектесемін. Қазірше өзің төлей бер» деп сылтауратты. Банкпен келісімшарт, квитанция мен фискалдық чек Н.Байсалбаевтың қолында болатын. Мен бұл құжаттардың бəрін одан алып кеттім. Наурызбай батыр көшесіндегі «Kaspi Bank-тің» ғимаратына келіп, автонесие басқарма қызметкерлері Р.Əлиева деген азаматша жəне Бекжан (фамилиясын білмедім) деген азамат менің шағымымды тыңдап, сапа бөліміндегі Ерсін (фамилиясын білмедім) деген азаматқа алып барды. Менің жанымда əкем Абай Махамбетов

350 мың теңгесінен Н.Байсалбаев 100 мың теңгені қалай жəне неге жымқырып қалған? Екіншіден, банк менеджерінің бұл қитұрқылығы əшкере болғаннан кейін оған неге шара көрілмейді. Үшіншіден, автонесие басқарма басшысы Р.Əлиева мен басқа қызметкерлердің (Бекжан, Ерсін) бұл мəселені жылы жауып қоюға тырысқандары неліктен? Өзінің құқығының шектелгенін айтып Тəуекел Нұрбол «Kaspi Bank» басқарма төрағасы М.Ломтадзенің атына арыз жазады. Көп ұзамай «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының атқарушы директоры В.Кимнен «Сіздің өтінішіңізде жазылған уəждерді тексеру барысында банктің қызметкерлері тарапынан қандай да бір бұзушылықтар (нені бұзушылық? Ш.Ə.) анық талмады» деген жауап алған. Сонда банк тің білдей қызметкері өз клиентінің ақшасын көпе-көрнеу жымқырып қалса, оны өзі мойындаса, ешқандай бұзушылық (Кимнің сөзі) болмағаны ма? Айтпақшы, Нұрболдың əкесі Абайдың бізге құжаттардың көшірмесін ұсына отырып, үш жақты келісімшарттағы («Kaspi Bank» АҚ, «Astrum auto» ЖШС жəне Тəуекел Нұрбол Абайұлы) «Мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі мəтіндердің арасында сəйкессіздіктер болған жағдайда, орыс тілінде жазылған нұсқа басым болады» деген сөйлемді оқып шығып: – «Бұған сіз не айтасыз?» – деді.

Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

бірге болды. Біз арыз жазып отырғанымызда Р.Əлиева келіп, «автосалондағы 100 мың теңгеңізді менеджер Н.Байсалбаевтан 125 мың теңге қылып қайтартамыз. Арыз жазбаңыздар. Қазір тезірек авто салон ға барыңыздар», деп бізді асықтырды. Əкем екеуміз Н.Байсалбаевқа барсақ, ол тек 100 мың теңгені қайтарды. Р.Əлиева да, Н.Байсалбаев та бастапқы уəделерінен айнып қалды. Банк қызметкерлерінің өз жұмыстарына жауапсыз қарап, немқұрайлық танытқаны себебінен бір аптаға жуық сергелдеңге түстік».

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жолдыбай БАЗАР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №434 ek

Profile for Egemen

07112014  

0711201407112014

07112014  

0711201407112014

Profile for daulet
Advertisement