07032014

Page 8

8 (Соңы. Басы 1-бетте). А.Əйтімов бастаған ғалымдар тобы бұдан төрт жыл бұрын «Еуразиялық өзен аралығы» атты халықаралық қоғамдық қозғалыстың өмірге келуіне бастамашы бола білгені де бөлек бір əңгіменің еншісі. Осы шеңберде ҚазИИТУ кешенінде ғарыштық технологиялар мен автоматтандыру жəне радиоэлектроника мен салааралық технологиялар бағыттары бойынша ғылыми конференциялар мен конгрестер ұйымдастыру ісі дəстүрге айналып отыр. Осын дай интеллектуалдық байла ныс аясында Мəскеу мен Дубнаның, Сама ра мен Тольяттидің жəне Орынбор мен Саратовтың жетекші ғалымдары Қазақстан ның Орал қаласындағы ғылымбілім кешенінің оқу үрдісіне кеңінен тартылды.

www.egemen.kz

университетінің доценті В.И.Карпунин, Дубна қаласынан келген делегацияның жетекшісі профессор С.В.Кибальников, Мəскеудегі кешенді муниципалдық зерттеулер ғылыми-зерттеу институ ты директорының орынбасары В.И.Патрушев, қала тұрғызу қауым дастығы жəне қала теориясы бағытындағы университеттер мен ғылыми орталықтардың президенті А.М.Лола, тағы басқа да көрнекті ғалымдар бар. Сондайақ, олар Орал қаласында трансшекаралық конгресс жұмысына қатысып қана қоймай, студенттер мен магистранттар арасында шеберлік-сыныптары дəрістемелік жұмыстарын жүргізіп, арнайы сертификаттар тапсырып жүр. Студент жастарға, əсіресе, Л.А.Стрекалованың жұбайы екі дүркін Кеңес Одағының Батыры Г.М.Стрекаловтың зерттеуші ретінде бес мəрте басқа ға-

Еуразиялыќ ґзен аралыєы

Оралдаєы ЌазИИТУ єылым-білім кешенінде интеграциялыќ бастамалар кґп – Осы арқылы университетімізге зияткерлік инвестициялар құйылды. Электрондық коммерцияның дамуына мүмкіндіктер жасалды. Əсіресе, С.П.Королев атындағы Самара мем лекеттік аэроғарыш университе ті мен жасалған келісімшарттың орны тым айрықша деп санаймыз. Осы келісім негізінде біздің жоғары оқу орнының ғалымдары ғарыштық аппа раттар тікұшақтары иондық қозғалтқыштарының жаңа үлгілері мен жобаларын жасады. Бұған қоса, тікұшақ қозғалтқыштарының тарту жəне жылдамдық сипаттамаларын арттыру сонымен бірге, дыбыс тан жоғары жылдамдықтағы ұшақтар конструкциялық элементері төзімділігін көтеруге арналған бірнеше ғылыми жобалар өмірге келді. Оның бəрі де Самарадағы аэроғарыш университеті ғылыми ұжымы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Соның нəтижесінде Қазақстанның инновациялық жəне телекоммуникациялық университеті кешені Еділ-Жайық аралығындағы жетекші жоғары оқу орнындағы қауымдастығы құрамына қабылданды,– деді газет тілшісіне бұл жөнінде аталған ғылымбілім кешенінің басшысы А.Əйтімов. Иə, дəл осы арада Еділ мен Жайық аралығындағы жоғары оқу орындары арасында құрылған қауымдастық құрамына бұдан басқа Туполев атындағы Қазан мемлекеттік авиациялық зерттеу, Уфа мемлекеттік авиациялық-техникалық жəне Еділ бойының мемлекеттік телекоммуникациялық жəне ақпараттық университеттері енгенін де айта кеткен жөн. Бір сөзбен айтқанда, Еділ мен Жайық өзені аралығын қамтитын шекаралас аймақтардағы жоғары оқу орындары озық технология салалары бойынша көшбасшы болып табылады. ҚазИИТУ кешеніндегі инте грациялық байланыстар мен академиялық ұтқырлық мысалдары тек мұнымен шектелмейді. Осы кешен базасында өткізіліп жүрген халықаралық интеграциялық конгрестер Оралға Ресейдің орталық ғылыми мекемелері жəне Мəскеу мен Дубна университеттері ғалымдары мен аэроғарыш салалары жетекші мамандарының жиі атізін салуына ықпал жасады. Олардың арасында «Казкосмос» ұлттық компаниясының Мəскеу қала сын дағы өкілдігінің жетекшісі, ұшқыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры А.П.Арцебарский мен екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер Г.М.Стрекаловтың жұбайы Л.А.Стрекалова, Мəскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік

рышкерлермен бірге «Союз Т-3», «Союз Т-8», «Союз Т-11» «Союз ТМ-10» жəне «Союз ТМ-21» ғарыштық аппараттарында жасаған сапарлары жөніндегі əңгімесі үлкен əсер қалдырды. Аталған конгреске келген самаралық қаламгер В.В. Полетаева Байқоңыр мен Қызылорданы Қазақстанның жүрегі деп не үшін атағандығының тарихын: «Кеңес Одағы кезінде КСРО ең мықты жəне алдыңғы қатарлы ғарыштық держава болғандықтан, ғарыштық технологияларды жасақтаудың басы, яғни идеялық орталығы Мəскеу жəне сонда орналасқан аэроғарыштық зерттеудің конструкторлық бюросы болса, сол идеяларды жүзеге асыратын қолы ретінде Самараны айтқан болар едім, ал осы идеяны түпкілікті іске асырып өмір сыйлаған, жүрегі – Байқоңыр, ал Байқоңыр дегеніміз – Қазақстан», деп суреттеген еді. Ресейлік жазушы-журналист өзінің өмір бойы шығармашылығының негізгі бөлігі тек ғарыш тақырыбына арналғандығын айта келіп, алдағы уақытта «Байқоңырдың самаралық тарихы» атты кітабын жазуды жоспарлап жүргенін жеткізді. Əрі бұл еңбекті өз уақыты келгенде ҚазИИТУ студенттері үшін оқу-əдістемелік құрал ретінде қолдануға болатындығын айтып берді. Сондай-ақ, Оралда жастар мен студенттер арасында ғылым мен білімге деген құштарлықты насихаттап отансүйгіштікті тəрбиелеуге бағытталған «Байқоңырдың жұлдызды жолбастаулары» атты интеграциялық жобаның тұсауы кесілді. Бұл жобаның негізгі мақсаты – ғарыш ғылымы мен ғарыштық сапарларда үлкен жетістіктерге жеткен ерекше адамдардың өмір тəжірибесін жастар арасына тағылым, үлгі-өнеге ретінде ұсынып, сол адамдардың тамаша қасиеттерін баяндап беру арқылы білім беру мен тəрбиенің сапасын арттыру болып табылады. Отандық ғылым мен білімнің негізін қалаушы Д.И.Мен делеев пен М.В.Ломоносовтың ісін практикада жалғастырушы В.И.Вернадскийге арналып былтыр Орал қаласында өткізілген халықаралық форум биылғы 2014 жылы өз жалғасын тауып, ғарышқа алғаш рет жол салған Ю.А.Гагариннің 80 жылдығы мен Қазақстан тыңы тұңғыш рет игеріле бастағанына 60 жыл толу мерекесіне арналмақ. Міне, осылайша Қазақстанның инновациялық жəне телекоммуникациялар университетінде интеграциялық үдерістер жыл өткен сайын өзінің жаңа арнасын тауып келеді. ОРАЛ.

Тасымал алєа басып тўр «Астық-Транс» Қазақстан-Ресей бірлескен кəсіпорны 2014-2015 жылдың астық тасымалдау маусымында IT-ақпараттық қолдау бірыңғай порталы түрін пайдалануды көздеп отыр.

Порталда тапсырыс автоматты түрде беріледі. Кезең-кезеңімен тапсырыстың орындалуы бақыланады. Бастысы, онда тариф жайы ашық көрсетіледі. Тарифтік есеп жүргізу, тарифтік калькулятормен жүзеге асырылады. «Бұл қызмет түрі Қазақстан нарығындағы жаңа бастама. Тарифтің ашықтығы, вагонның қозғалысын бақылап отыру, құжаттарды барынша азайту мұның барлығы тапсырыс берушінің қысқа мерзімде жұмысын атқарып болуына көмектеседі. Жаңа астық тасымалдау кезеңіне дейін біріккен кəсіпорын бұл технологиялық мəселелерді толығымен шеше алады», дейді «Астық-Транс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Олег Рогачев. Былтырғы қыркүйекте құрылғалы бері БК республика іші мен шетелдік бағыттарға астық өнімдерін толассыз жөнелтуде. Өткен жылдың төртінші тоқсанында 1,3 миллион тонна астық тасымалдаса, оның 993 мың тоннасы экспортқа шығарылыпты. Ал ел аумағында 334 мың тоннасы тиісті жерге жеткізілген. Биылғы жыл басынан бері

бір миллион тонна астық тасымалданған. Болашақта бірлескен кəсіпорын вагон паркін 10 мың данаға жеткізуді көздеп отыр екен. Бұл вагондармен астық мол шыққан жылдары 12 миллион тоннаға дейін астық тасымалдауға болады. Айта кету керек, «Русагротранс» ЖАҚ Ресейдің Кеден одағы елдері аясындағы Қара теңіз астық бірыңғай пультінің ірі операторы болып табылады. Компанияның алдында тұрған басты міндет – қарқынды дамып келе жатқан Қазақ елінің аграрлық секторын арнайы мамандандырылған жылжымалы құраммен толыққанды қамтамасыз ету жəне теміржолмен астық тасымалдау технологияларын жетілдіру. Ел ішінде астық тасымалдау солтүстік өңірлерден оңтүстік, батыс облыстарға қарай жүргізіледі. Қазақстандық астық негізінен экспортқа ТМД елдері мен Еуроодаққа, Таяу Шығыс, Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Кавказ, Əзербайжан, Грузия да тұрақты тұтынушысы. «Егемен-ақпарат».

7 наурыз 2014 жыл

 Есімі елге елеулі

Ќазаќ спортыныѕ ќара нары Парламент Мəжілісінің депутаты, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» жəне ІІ дəрежелі «Барыс», «Ха лықтар достығы» ордендерінің иегері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Темірхан Досмұхамбетов өмірінің өнегелі тұстары көп. Бекболат ТІЛЕУХАН.

Алла тағала əу бастан нығмет берген, Темірхан Досмұхамбетов отыздың бел ортасында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанып, одан əрі Жоғарғы Кеңестің депутаты, екі мəрте Спорт жəне туризм министрі, екі мəрте Президенттің Іс басқармасының басшысы, Астана қаласының əкімі қызметтерін абыроймен атқарды. Темірхан Мыңайдарұлы – тəуелсіз Қазақ елінің аяғынан қаз тұрып, əлемге таныла бастаған тұсында қара нардай қайрат қылып, бейнет кешкен үлкен тұлғаның бірі. Елбасының қасында жүріп, Астана құрылысына білек сыбана араласты, жас қазақ мемлекетінің еңсесін көтеруіне атсалысты. Саясаттың қыр-сырына қанықты. Мемлекет жəне қоғам қайраткері дəрежесіне көтерілді. Енді біз Досмұхамбетов өмірінің өнегесі мол тұстарынан əңгіме шертіп көрейік.

Ўстазєа араша

Бұл өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүреді. 1975 жылы күтпеген жерден бапкері Асқар Асубаевтың басына бұлт үйірілді. Алматы денешынықтыру институтының күрес кафедрасында қызмет істейтін оның үш шəкірті бір милиция қызметкерін соққыға жығып, түрмеге түседі. Ол кез Кеңес Одағы Коммунистік партиясының дүркіреп тұрған шағы. Асқар Асубаев партия мүшесі болатын. Институттың партия ұйымы үш шəкірті бұзақылық жасаған жаттықтырушыны жиналысқа салып, бастауыш партия ұйымының жетекшісі Финогенова оған қатты шүйлігеді. Ол Асубаевты партия қатарынан шығару керек дейді. Ұстазының басына түскен жағдайды естіген Темірхан Досмұхамбетов оны ертіп, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы Қаркен Ахметовтің алдынан бір-ақ шығады. Ахметов – ұзақ уақыт қазақ спортын басқарған, елге танымал азамат. Болған оқиғаға қаныққан ол бірден Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысына телефон соғады. – Асқар Асубаев мықты балуандар баптап жүрген жаттықтырушы, – дейді Қаркен Ахметұлы аудандық партия комитетінің басшысына. – Ол шахматшы дайындап жүрген жоқ, айқасқа түсетін жігіттерді баулып жүр. Спортшылар қателікке ұрынған екен. Олар заң жүзінде жазасын алады. Шəкірттері үшін жаттықтырушыны қатты жазалаудың қажеті бола қоймас... Ұзамай Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бюро мəжілісі өтеді. Сонда Финогенова жаттықтыру шыны партия қатарынан шығару туралы ұсынысын тағы ортаға салады. Сол кезде аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы сөз сұрап, Асқар Асубаев шəкірттерінің аудан көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысатынын, əсіресе, көшедегі тəртіпті қадағалайтын ерікті халық сақшылары қатарында самбошылардың көп екенін айтып, жаттықтырушыны қолдап шығады. Өзге бюро мүшелері де Асубаевты партия қатарынан шығаруға келіспейді. Көптің пікірін асықпай тыңдаған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы жиналысты қорытып, нəтижесінде Асқар Асубаев партия қатарында қалумен қатар, институттағы жаттықтырушылық қызметін одан əрі жалғастырады. Міне, 26 жастағы жас жаттықтырушы Темірхан Досмұхамбетов қалалық партия комитетінің хатшысына жол тауып, ұстазына осылайша араша түседі.

Мəскеуді мойындату

Самбо күресінің отаны Ресей екені белгілі. Тұңғыш əлем чемпионы Давид Рудман негізін қалаған Мəскеудегі «Самбо-70» кəсіпқой мектебі күрестің осы түрінен ондаған жаһан жеңімпазын дайындады. Орыс мемлекетінің астанасында орналасқан атақты мектептің самбошылары 1977 жылы Темірхан Досмұхамбетов баптаған қазақ балаларына есе жіберіп қойды. Сол жылы Мəскеу қаласының ашық біріншілігінде оның төрт шəкірті чемпиондық тұғырға көтеріліп, қазақ балуандары командалық есепте бас бəйгені жеңіп алды. Мұндай биікке бұрын-соңды одақтас республикалардың ешқайсысы жетіп көрмеген еді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысыТемірхан Досмұхамбетов пен Монако князі, бобслейден 5 мәрте Олимпиада ойындарына қатысқан Альбер ІІ Сочидегі Қазақ үйінде.

– Қазақ университетінің балуандары Рудманның мектебінен басым түсті, деген хабар құлағыма тиісімен Досмұхамбетовтің жаттығу залына əдейі бардым, – дейді Асқар Асубаев сол күндерді еске алып. – Барсам, аядай ғана күрес залында жаттығу қызып жатыр екен. Жаттығу біткен соң Темірхан шəкірттерін ортаға жинап, əрқайсысына мінездеме бере бастады. «Сен осы бетіңнен танбасаң, əлем чемпионы боласың», деді тапалдау келген қара балаға. «Сен əлем чемпионы... сен Еуропа чемпионы... сен СССР чемпионы боласың». Осылайша бірнеше баланы кезек-кезек орнынан тұрғызып, бір жағы қайрап, бір жағы келешек күндерге үміттендіріп, жалынды сөз айтты. Ол тұста қазақ самбошылары Кеңес Одағын мойындата қоймаған еді. Бізден əлем, Еуропа чемпиондары шыға қоймаған кез. Досмұхамбетовтің сөзі сол кездегі мықты деген спорт мамандарының өзіне бос қиял болып естілуі мүмкін-тін. Қазір қарап отырсақ, Темірхан Мыңайдарұлы ұядай ғана залда қарадомалақ бауырларын баптап жүріп, жастығына қарамай күрес шыңына құлаш сермеген екен. Арада үш жыл өткенде, 1981 жылы 18 жастағы Айтжан Шаңғараев ересектер арасында Кеңес Одағының чемпионатын ұтып алып, Досмұхамбетовтің бапкерлік білігінің жоғары екенін дəлелдеді. Ол – самбодан КСРОның ересектер чемпионатын ұтқан бірінші қазақ балуаны. Айтжан одан əрі Еуропаны мойындатты, Əлем кубогын жеңіп алды. Оның өкшесін басып, əлем чемпионы Мəден Қалиеков шықты. Одан кейін дзюдо майданында Бостан Жаңбырбаевтың бағы жанды. Ол 1987 жылы Кеңес Одағы чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Одақ чемпионатының жүлдегерлері Қайрат Шаңғараев, Валентин Погодин, Владимир Мукамелов, Дүниежүзілік студенттер ойындарының жеңімпазы Зиядин Исабеков... Айтып-айтпай не керек, Досмұхамбетовтің ҚазМУ-дің шағын залында жаттығатын самбошылар командасы Қазақстан мен Кеңес Одағының айтулы жарыстарында сан мəрте топ жарды. Бұл команда 1979 жылы дзюдо күресінен Бүкілодақтық студенттер ойындарының жеңімпазы атанды. Иə, «Ұстаздан шəкірт озар», деген сөз осындайда айтылса керек. Бапкер бен шəкірттің бірін-бірі риясыз көңілмен сыйлағаны қандай жақсы. Темірхан Досмұхамбетов қандай биік лауазымға қол жеткізсе де, Асқар Асубаевтай ұстазынан ешқашан алыстаған емес. Қуанышында қасында болады. Ағасы қиналса, қолын созады. Сонау 1969 жылы басталған сыйластыққа əлі күнге дейін қылау түскен жоқ.

Ќаркен аєамен танысу

Темірхан Досмұхамбетовтің қазақ спортының сол кездегі басшысы Қаркен Ахметовпен танысуының өзі қызық болды. Əскерден жаңа келген жас жаттықтырушы ҚазМУ-дің күрес залында қырық шақты баланы күреске баулып жатқан. Бір кезде денесі тығыршықтай, дөңгелек жүзді кісі кілем шетіне келіп: «Əй, қайдасың?» деп еркінси үн қатты. Досмұхамбетов болса: «Жарты сағаттан кейін қолым босайды, сосын сөйлесейік», – деп жаттығуын жалғастыра берді. Арада жарты сағаттай уақыт

өткенде, əлгі кісі залға қайта кірді. Қасында университет денешынықтыру кафедрасының меңгерушісі Семен Либерман бар. Бойы сырықтай Семен Лазаревич тəпелтек, бейтаныс кісінің алдында елпеңдеп, əлсін-əлсін иіледі. – Сен қайдан боласың? – деді бейтаныс кісі мұны кілем шетіне шақырып. – Қостанайданмын, – деді жас жаттықтырушы саспай. – Қазақстандағы мықты жаттықтырушылардың бəрін білемін. Сені неғып білмеймін? – деді əлгі кісі жылыұшырай сөйлеп. – Білмедім. – Сен маған ұнадың. Сені көп адам жақсы жаттықтырушы дейді. Танысып қояйық, республикалық Спорт комитетінің төрағасы Қаркен Ахметов деген ағаң боламын. ...Қазақ спортының тарихындағы екі əйгілі басшы қарапайым ғана күрес залында осылайша танысып еді.

Шапаєат шуаєы

Ағайынды Нұрғожа, Айтжан, Қайрат Шаңғараевтардың аналарынан басқа арқа сүйер ешкімі жоқ-тын. Досмұхамбетов үшеуін де бауырына тартып, боз кілемде қатар баптады. Айтжан қазақ самбошыларынан бірінші болып Кеңес Одағының ересектер чемпионатында жеңімпаз атанумен қатар, КСРО халықтары спартакиадасында екі рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нұрғожа Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанып, одақтық ірі жарыстардың талай бəйгесін алды. Күрестің үш түрінен спорт шебері. Ал Қайрат болса, КСРО біріншілігінің екі дүркін жүлдегері. Əкелері ерте қайтыс болып, аналары теміржолда жұмыс істеген ағайынды үш балуан жас кездерінде тұрмыс тауқыметін көп тартты. Бұлардың жағдайын жан-тəнімен түсінген Темірхан балуандардың анасына ұлдарының тағдырын өзіне тапсыруын өтінді. Жəне мұнымен шектелмей, Қайратты бауырына басқысы келетінін айтты. Жүрегі нəзік ана шыдамай, жылап жіберді. Досмұхамбетов кішкентай Қайратты қолынан жетектеп, зайыбы Сəуле екеуі тұратын жатақханаға алып келді. Көңілдің кеңдігінен аядай бөлме үшеуіне тарлық жасаған жоқ. Арада үш ай өткенде, Қайрат анасын сағынып, үйіне қашып кетті. Ертеңіне ұстазынан ұялып, күрес залының табалдырығынан əрең аттаған. Ағасынан кешірім сұрады. Бапкері еш ренжіген жоқ. «Түсінемін. Бəрі жақсы болады», деді жұдырықтай баланы бауырына қысып тұрып. Кезекті КСРО чемпионаты қарсаңында Қайрат жол апатына ұшырап, жұлын омыртқасына зақым келді. Өмір мен өлім арпалысқа түскен алмағайып сəтте Темірхан ағасы тағы да көмекке келді. Білікті нейрохирург дəрігер тауып, шəкіртінің операциясының сəтті болуын тіледі. Сосын Қайрат аяғынан тұрып кеткенше, бір жыл бойы халін сұрап, жəрдем беріп тұрды. Күрес балаларды шыңдап қана қойған жоқ, оларға күнделікті азық болды. Досмұхамбетов шəкірттеріне студент асханасынан тамақ ішетін талон алып беретін. Жақсы күрескен балаларға өзі жатақханада тұрып жатса да, жалақысының жартысына кезек-кезек спорттық киім əпереді. Ал шəкірті Мəден Қалиеков əлем чемпионы болғанда шаттанғаны соншалық, жігіттерге дастарқан жаю үшін үстіндегі қымбат бағалы былғары курткасын арзан бағаға сатып жіберді.

Жолдасбековпен жїздесу Бір күні кафедра меңгерушісі Семен Либерман мен спортклуб бастығы Темірхан Досмұхамбетовті университет ректоры Өмірбек Жолдасбеков өзіне шақыртты. Ректорға барар алдында Семен Лазаревич: «Ректор сені университеттің Ыстықкөлдегі лагеріне директор етіп тағайындайды. Лагерьдің екі коттеджін жəне асханасын жөндеу керек. Сен ректордың алдына бірінші рет бара жатырсың. Ол кісі бірінші жолы ешкімнің қолын кері қақпайды. Құрылысқа қажетті материалды көбірек сұра», деп Досмұхамбетовке сметаны екі еседей артық жаздырды. Екеуі ректорға кірді. Жолдасбеков Досмұхамбетовке Ыстықкөлдегі лагерьге басшы құтаймай жүргенін, демалыс орнының студенттер мен ұстаздар үшін өте маңызды екеніне тоқталды. Сөзінің соңында ректор осы уақытқа дейін спорт клубын биік деңгейге көтерген Досмұхамбетовке өзінің зор сенім артып отырғанын жеткізді. Темірхан ректорға алғыс айтып, сметаны алдына қойды. Оны қолына алған Жолдасбеков: «Қызметке енді кіріскен жас маманның мені алдағаны жараспайды. Мен математикпін», деп шатырды жөндеу үшін неше шифер керектігін, шиферді қағуға қанша шеге қажеттігін табан астында санап шықты. Сөйтті де: «Мұны сен өз ойыңнан жазған жоқсың, – деп жанарын төмен салып, қысылып тұрған Досмұхамбетовке қарады. – Бұлай жаздырған Семен Лазаревич. Сіз неге жас маманды алғашқы күннен өтірік айтуға үйретесіз?!». Бір жылда Ыстықкөлдегі лагерь дің үш басшысы орнынан босап, төртінші басшы болып қызметке кіріскен Темірхан жергілікті қырғыз ағайындармен тіл табыспайынша, шаруаның алға баспайтынын жақсы түсінді. Шыны керек, алғашында бұл жерден береке тауып, жаңа ортаға сіңісіп кететініне сене қоймаған. Уақыт өте келе Ыстықкөл басшыларымен, өрт сөндіру, электр жарығы, техникалық бақылау, санэпидемстанса секілді қызмет орындары жетекшілерімен сыйласып, көл жағасындағы ипподромда мереке кездерінде самбо, дзюдо жəне бокстан шеберлік жекпе-жектерін ұйымдастырды. Досмұхамбетов лагерьде күрес секциясын ашты. Секцияға қазақ студенттерімен бірге жергілікті қырғыз балаларын да тартты. Содан бас тап, ыстықкөлдіктер қазақтарды сыйлайтын болды. ҚазМУ-дің Ыстықкөлдегі лагерін жеті жылдай басқарған Досмұхамбетов республикалық «Еңбек резервтері» спорт қоғамының төрағасы болып сайланды. Бұрын қатардағы спорт қоғамының бірінен саналған ұйым елдегі ең ірі əрі мықты спорт қоғамына айналды.

Тїйін Адам баласы тағдырына тəуелді. Темірхан Досмұхамбетовтің тағдырталайына қазақ спортының нардың белі қайысар жүгін арқалау жазылыпты. Сондықтан да болар, біз кейіпкері міздің негізінен спорттық өміріне қатысты сөз қозғадық. Ол кісінің саясаттағы жолы да талай əңгімеге арқау болары анық. АСТАНА.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.